Билет тарих


Билет №1.1: Билет№24.2:Билет №10.3 1. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні: мақсаты мен міндеті, кезеңдерге бөлу Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» оқу пенінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу. Тарих – ол халықтың жады, ол біздің рухымызды көтеріп, болашаққа жол сілтейді. Отанымыздың тарихын оқу, зерттеу, бізге қай жерде туғанымызды, туған еліміздің қандай екенін, біздің туған жерге деген қатынасымызды, отанымыздың кешегісі мен бүгінгісіне көз жіберуімізге мүмкіндік туғызады. Қателіктер жібермеу үшін өз еліңнің тарихын білу керек. Тарихи оқиғалар тізбесін ғана емес, әкелер жерінің тарихының негізін, негізгі мағынасын білу керек. Тарих – ғылым ретінде көптеген маңызды мәселелерді шешеді. Гуманитарлық ғылымдар кешенінде ол басты орын алады. Ол Отан – ата мекеніміздің өткені туралы білім беріп қана қоймайды, сонымен бірге, тарихи таным – отан тарихына ортақтастық сезім қалыптастырады. Тарихты оқу - әр азаматта азаматтық көзқарас, ұлттық мәдениет қалыптастыруға және өз халқының салт дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді. Осының бәрі ұрпақтар сабақтастығын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. “Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу. Қазақстан тарихы пән ретінде студенттердін дүниетанымдарын, азаматтық позицияларының қалыптасуына зор ықпал етеді, яғни өз елінің, өз халқының тарихын білу патриоттық сезімдерді туғызады.
2. Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстан майдан арсеналы. 1941 ж. 22 маусымда таңертеңгі 3 сағат 30 минутта фашист әскерлері соғыс жариялаусыз КСРО-ға басып кірді. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды. Германияның жақтастары ретінде КСРО-ға қарсы соғысқа Румыния, Венгрия, Финляндия, Италия, Словакия және Хорватия қатысты. Испанияның Франко басқарған үкіметі мен Франсуздың Виши үкіметі Германияға көмекке еріктілерді жіберді. Кеңез Одағына шабуылға 190 дивизия, яғни Германияның қарулы күштердің 80 пайызы қатысты. Кеңес-Герман майданы екінші дүниежүзілік соғыстың басты майданына айналды. Фашистердің шабуылы Кеңес Одағын өте қиын жағдайға қалдырды. КСРО батыс шкаралық округтеріндегі 170 дивия орналастырған болатын. Танктер мен самолеттердің жалпы саны бойынша олар басқыншылардан басым болатын, бірақ Кеңес танктері мен самолеттерінің көпшілігі ескі еді. Қызыл армияның соғыс қабілеттігі соғыс алдындағы қырық мыңнан аса комондирлер мен саяси қызметкерлердің жаппай жазылуына байланысты едәуір әлсіреген болатын. Олардың орындары басқан жаңа кадрлардың қажетті дайындығы әскері тәжірибелері болмады. Гитлердің уәделеріне сеніп және Ұлыбританиямен соғысып соғысып жатқан Германия екі майданда бірдей соғыспайды деп есептеп, Сталин дайындалып жатқан фасиштік басқыншылық туралы келіп түсіп жатқан мәліметтерге сенбеді, оларды арандатушылық деп есептеді. Нәтижесінде Кеңес басшылығы мен командованиясы қапыда қалды. Кенес аэрандромдарына 22 маусым күні таңертеңінде кенет ауа ауа шабуылын жасаған неміс авияциясы кеңес авияциясының бірталай бөлігін істен шығарды. Немістің танкті және моторланғын дивизиялары авияциясының қолдануына сүйеніп, шапшаң түрде алға жылжыды. Кеңес әскерлері табанды қарсылық көрсетті, көп шығынға ұшырады, бірақ жауды тоқтата алмады. 1941 ж. Қысына қарай неміс әскерлері Балтық жағалауын, Молдовияны, Украинаны, Белоруссияны басып алып, Ленингратты қоршауға алды да, Москваға таяп келді. 1941 ж. Желтоқсанында Москва түбінде Кеңес әскерлері қарсы шабуылға шықты, Ұлы Отан со,ысы барысында бірінші рет ірі шабуыл операциясын ұйымдастырып, дұшпанды Москадан 100-200 км. әрі қуып тастады. 1942 ж. Көктеміндк неміс әскерлері шығыс майданда жаңа шабуылға шықты. Олар Қызыл Армияға Қырымда және Хорьков түбінде жіңіліс таптырды. 1942 ж. Жаз ортасында олар Сталинградқа (қазір Волгоград) және Кавказға шықты. Осы шептерде олардың шабуылына тойтарыс берілді. И. В. Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Әскери міндеттілерді әскерге алу өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Тарихи әдебиеттерде бұл соғыс «Ұлы Отан соғысы» деген атқа ие болды. Бүкіл кеңес халқы ортақ жауға қарсы күреске жұмылды. Алғашқы күндердің өзінде ақын В. Лебедев-Кумач пен композитор А. Александров жауға қарсы күресте көпке ортақ әнұранға айналған «Қасиетті соғыс» әнін шығарды.
3. Призиденттік билік тәуелсіз қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.
Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы оған түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады.
Президент — мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, барлық битлік органдарының келісімжді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар президент Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады.
Ол 18 жастан асқан азаматтардың жалпы және құпия дауыс беруі арқылы 5 жылдық мерзімге сайланады.
Президенттің өкілеттілігі:
жоғарғы бас қолбасшы болып табылады;
президенттің бұйрықтары мен қаулылары заңды күшке ие;
парламентті таратуға құқылы;
референдумдар мен парламентке сайлауды бекітеді және парламент сессияларын шақырады;
парламент қаьбылдаған заңдарға қол қояды және оларды қайта талқылауға жібере алады;
парламент келісімімен премьер-министрді және премьер-министрдің ұсынысы бойынша үкімет мүшелерін тағайындайды;
парламент келісімімен Ұлттық банктің төрағасын, бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитеттінің төрағасын қызметтеріне тағайындайды;
дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын, жоғарғы әскери басшыларды және Есептік комитет мүшелерін тағайындайды;
үкімет пен жергілікті билік органдарының қаулыларының күшін жоя аладым;
мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді;
халықаралық келіссөздерді жүргізеді және келісімшарттарға қол қояды;
төтенше және әскери жағдайды енгізеді.
Президент мемлекетке опасыздық жасағаны үшін парламенттің қос палатасы отырысының шешімімен орнынан алынып тасталынады.
Қазақстан президенті қызметі 1990 жылы 24 сәуірде тағайындалды, осы кезден бері бұл қызметте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған Нұрсұлтан Назарбаев отыр. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы алғашқы жалпы халықтық президент сайлауы нәтижесінде президент болып сайланды, ал 1995 жылғы референдум бойынша оның президенттік өкілеттігі тағы ұзартылды. Кейін ол 1999 жылғы кезектен тыс және 2005 жылғы кезекті президенттік сайлаулар нәтижесінда тағы да президент болып сайланды.
Атқарушы билік. Үкімет
Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады. Оның басында парламенттің келісімімен президент тағайындайтын премьер-министр тұрады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. 2014 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып Кәрім Мәсімов болып табылады.
Заң шығарушы билікЕң жоғарғы заң шығарушы орган — парламент, ол екі палатадан тұрады — Сенат пен Мәжіліс. Сенаттың қызмет ету мерзімі – 6 жыл, оны жарты құрамы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады. Сенаттың 47 мүшесінің 32-сі облыстардың, Республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың өкілетті органдарының мүшелерінен сайланады (әрбір әкімшілік аумақтан 2 адамнан), ал 15-ін ел президенті тағайындайды. Мәжіліс (107 депутат) жалпы сайлау нәтижесінде 5 жыл мерзімге сайланады: 98 – бірмандатты аумақ бойынша және 9 – Қазақстан Халықтары Ассмаблеясымен. Парламент президенттің ұсынысымен конституцияға өзгерістер енгізеді, бюджетті, үкіметтің бағдарламалары мен есептемелерін бекітеді (сенбушілік вотумын енгізу үшін әрбір палатадан берілген дауыстың үштен екісін жинау керек), заңдарды қабылдайды (берілген дауыстың үштен екісін жинаған кезде президент ветосынан асып өте алады), соғыс пен бітімгершілік сұрақтарын шешеді, референдумдарды енгізеді, халықаралық келісімдерді ратификациялайды және т.с.с. Сонымен қатар Сенат президенттің ұсынысымен Жоғарғы сотты белгілейді, президент тағайындаған бас прокурорды және Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасын бекітеді, жергіікті үкіметтік органдарды таратады.
Сот билігі
Сот билігінің жоғарғы органы болып Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңес болып табылады. Қазақстанда Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) соттар қызмет етеді. Сонымен қатар арнайы соттар да құрылуы мүмкін (әскери, салық). Сот төрелерін Жоғарғы соттың төрағасының келісімімен президент тағайындайды (облыстық және жергілікті соттарда — өкілетті органның ұсынысы бойынша). Барлық соттардың қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет есебінен жүреді. Конституциялық сот 15 адамнан тұрады. Оларды президент пен парламенттің қос палатасы әрқайсысы 5 адамнан тағайындайды. Олардың өкілеттіліктері 13 жылға созылады.
Жергілікті биік органдары
Әкімшілік жағынан Қазақстан 14 облыс пен республикалық маңызы бар 2 қалаға (Астана, Алматы) бөлінеді. Олардың әкімдерін президент тағайындайды. Биліктің өкілетті органдары — мәслихатты облыстар мен елді мекендерде жергілікті халық сайлайды.
Саяси партиялар
Толық мақаласы: Қазақстанның саяси партиялары1991 жылға дейін елде тек жалғыз коммунистік партия болды. Ол 1991 жылы таратылған КОКП құрамына кірген болатын. Қазіргі таңда елде конституцияға сәйкес көппартиялық жүйе енгізілген.
Билет №2.1. Билет №25.2. Билет №11.3 1.ХХғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы. Өнеркәсіптің дамуы. 19 ғасырдың басында Қазақстанның шаруашылық дамуында түбірлі өзгерістер қалыптасты. Теміржол құрылысы Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарының жаңа экономикалық қатынастарға тартылуын тездетті. 1893-1895 жылдары салынған ұзындығы 3138 км Сібір темір жолының 178 км Қазақстан шекарасын басып өтті. 1893-1897 жылдары салынған Рязань-Орал темір жолының 194 км Қазақстанның батысын басып өтті. Ұзындығы 1656 км Орынбор-Ташкент темір жолын салу патша үкіметінің шығыс аудандардағы ірі экономикалық шарасы болатын.Оның Орынбор-Кубек, Ташкент-Кубек бөлімдері 1906 жылдың қаңтарында пайдалануға берілді. Магистраль өтетін өңірлерде орналасқан қазақ шаруалары ығыстырылды. Қазақстанда 1902 жылы 8887 өндіріс орындарында 25392 жұмысшы еңбек етті. Соның ішінде 197 кен өндірісінде 18695 жұмысшы, ал 690 өңдеу өнеркәсібінде 7297 жұмысшы болған. Успен кеніші, Қарағанды көмір шахтасы, Риддер түсті металлургия өнеркәсібі, Спасск мыс қорыту зауыты сияқты ірі өнеркәсіп орнында 300-400 жұмысшы шоғырланды. 1902-1904 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолында 30 мың адам жұмысқа тартылған. 1905-1907 жылдардағы революцияның алғышарты – патша үкіметінің аграрлық саясаты болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру бұрынғыдан күшейді. 1853-1905 жылдары көшпенді қазақтардан 4 млн. десятина жер, ал 1906-1907 жылдары 17 млн. десятина жер тартып алынды. Келімсек шаруалардың арасында мүліктік айырмашылық болды. Батырақ – 1 десятина жері бар, өте кедей шаруа – 4 десятинаға дейін жері бар, кедей – 5-8 десятинаға дейін жері бар, шамалы орта шаруа – 10 десятинаға дейін жері бар, ауқатты орта шаруа – 15 десятинаға дейін жері бар, кулак – 15 десятинадан астам жері бар шаруа. Қазақстанның жеке аудандарында келімсек шаруалар арасындағы жікшілдік әр дәрежеде қалыптасты. Шымкент уезінде батырақтар мен кедейлер орыс шаруаларының 40%-ын құраған. Жетісу өңірінде батырақтар мен кедейлер – 28,3%, ал кулактар үлесі – 25% болған. 19 ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы патша өкіметінің ұлттық езуі мен қанау саясатына қарсылықтың басталуы үшін алғышарттарды қалыптастырды.
2.Сталиндік билік жүйесі және оның сипаты. Саяси қуғын – сүргін зардаптары
 20 ж. аяғында жағдайды ушықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцкишіл-зиновьевшіл оппозициямен және «оңшыл оппортунистермен» күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт-азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде көрініс тауып жатты. 1928 ж. аяғында «буржуазияшыл ұлтшылдар» деп аталғандардың – бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адам жалған айып тағылып, қамауға алынды. Олардың ішінде А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Х. Ғаббасов және басқалар бар еді. Құрамында М. Тынышпаев, Х. Досмұхамбетов, Ж. Досмұхамбетов, Ж. Ақпаев, Қ. Кемеңгеров және басқалары бар ұлттық интеллигенцияның (40 адамдай) басқа тобы 1930 ж. қыркүйек-қазанда қамауға алынды. Олардың ішінен 15 адам Ресейдің Орталық қаратопырақты облысына жер аударылды. Бұлардың барлығы 1937–1938 жж. жазаланды.
1920 ж. аяғы мен 1930 ж. басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыс шиеленісе түскен сайын Кеңеске қарсы зиянкес элементтер мен астыртын ұйымдарды іздеу кең өрістей берді. Шахталар мен кәсіпорындарда кездейсоқ авариялар болса, колхоздар мен совхоздарда мал өлсе, өрт және табиғи апаттар болса – бәрі де тап жауларының әрекеті деп түсіндіріліп, осыған сай халық жауларына және кеңеске қарсы деген бүлікші ұйымдар жөнінде қолдан жасалған қылмысты іс қозғалды. 1932 ж. Семейде, осы облыстың Абралы, Шыңғыстау және Қу аудандарында өмірде болмаған, орталығы Алматы болып табылатын астыртын «Қазақстан шаруалар партиясының» филиалы «ашылды». Алайда шаруалардың жаппай көтеріліс жасауына және ауылдар мен селоларда ашаршылықтан адамдардың өлуіне қарамай, бұл «іс» кең өріс алмады. Осы іс бойынша 20-дан астам адам жауапқа тартылды. 1933 ж. Қызылорда облысының Қармақшы ауданында «байшыл-ұлтшыл контррреволюциялық „Жайлас“ ұйымы әшкереленіп», жойылды. Бұл іс бойынша 55 адам қылмыстық жауапқа тартылып, оның 12-і атуға бұйырылды.
Осымен қатар партия ұйымдарын тазалау жүргізілді. Сенуге болмайтындардың немесе бір кезде қате жібергендердің бәрі қуылды. Олар негізінен троцкийшілердің, оңшыл және «ұлтшыл ауытқушылардың» қатарында болды немесе соларға жаны ашыды деп айыпталды.
КСРО жаңа Конституциясының жобасын талқылау осындай үрей және жанталас жағдайда өтті. Ол 1936ж. 5 желтоқсанда кеңестердің Бүкілодақтық VIII Төтенше съезінде қабылданды. КСРО-ның жаңа Конституциясы бойынша Қазақ АКСР-сы Одақтас Республика болып қайта құрылды. 1937ж. 12 желтоқсанда Қазақстан Кеңестерінің X төтенше съезі Қазақ КСР-ның Конституциясын бекітті. Республика Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді
3.Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы (1992 ж.): қазақ диаспорасының тарихы мен ахуалы.
 Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы.
1-ші құрылтай
1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының бірінші хатшысы Қалдарбек Найманбаев төрағаның бірінші орынбасары болып сайланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығын құрылтайға қатысушылар мына құрамда толық қолдады:
Нұрсұлтан Назарбаев — Төралқа төрағасы.
Қалдарбек Найманбаев — Төрағаның бірінші орынбасары.
Дәлелхан Жаналтай (Түркия), Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Сәрсенбаев — Төралқа мүшелері.
Құрылтай таңбасының авторы - суретші Бейсен Серікбай
2-ші құрылтай
2002 жылы келесі, 2-нші құрылтай Түркістанда өтті.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты.
Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайы ІІ-ші рет, 2002 жылдың күзінде Түркістан қаласында өткен құрылтайда тарихи отанына оралуды аңсап жүрген қандастарымыздың қатарының толығуы жайында сөз болды. Түркістан көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткерген қала болғаннан кейін әдейі таңдалса керек, оның алдында Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталған. Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден 400-ден астам өкіл қатысты. Бұл құрылтайда оралмандардың елге оралу мәселесі қаралып, көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды. 2003 жылы 5 мың отбасы, 2004 жылы 10 мың отбасы, 2005 жылы 15 мың отбасы елге көшіп келді, жылына 50-60 мың оралман оралады. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді.
3-ші құрылтай. 2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың 3-нші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді.
Құрылтайға алыс және жақын 32 шет мемлекеттерден, соның ішінде Ресейден, Қытайдан, Аустриядан, Чехиядан, Норвегиядан, Италиядан, Сингапурдан, Мысырдан, 300-ден аса өкіл, сондай-ақ Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы және Астана қалаларынан 200-ден астам өкіл қатысты.
Құрылтайда шетелде тұратын қазақ шетжұрты өкілдерін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ тарихи отанына инвестициялар орналастыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.
Бизнес байланысын нығайту, қазақ шетжұрты республиканың экономикасы туралы толығырақ ақпарат алуына ықпал ету, кәсіпкерліктің даму жағдайы, мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтардың өзара қарым-қатынас секілді мәселелер қаралды.
 

Билет №3.1: Билет№23.2.Билет№9.3
1. ХХғ басында Ресей үкіметінің Қазақстандағы аграрлық саясаты. Стольпин реформасы. Столыпиннің аграрлық реформасы – патшалық Ресейдегі шаруалар үлесіндегі жер иелігіне жасалған реформа. 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Осы реформаны жүргізуге ұсыныс жасаған Министірлі Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпиннің есімімен аталды. Стольпиннің аграрлық реформасында Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді. Шалғайдағы отар аймақтарға қоныс аударған шаруаларға үкімет тарапынан көмек көрсетілетін болды. Бұл іс Қоныс аудару басқармасына жүктелді. Қо-ныс аударушыларға шет аймақтарда жер бөлу жұмыстары жүргізілді. 1906 – 15 жылдары аралығында Қазақстанда қо-ныс аударушылардың пайдасына қазақтардың иеліктеріндегі 21 млн. десятинадан астам шұрайлы жер бөлініп, қазақтар шөлейт, тастақты жерге қоныстана бастады. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті.
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметік қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорын» (Переселенческий фонд) құру үшін Қазақ өлкесіндеп «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір казак отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіліп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. «Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақөлкесінде Орын-бор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасырдың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті. Ресейде аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейде аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер ұлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесінде ерекше көңіл белді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін бол-ды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді.Ресейде 1861 жылы басыбайлылықты жойғанымен жер мәселесі шешілмеді. Басыбайлылыққа қарсы шаруалардың қозғалысы жалғаса берді. Сондықтан шаруалардың назарын басқа жаққа аудару қажет болды. Екінші жағынан шаруаларды қазақ жеріне қоныстандыру арқылы отаршылдық саясатты жүзеге асыратын әлеуметтік күшті қазақ жеріне орналастыру қажет болды. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыруды заңдастыру үшін патша үкіметі 1867-68 жылдары қабылдаған әкімшілік реформасы бойынша қазақ жерін патша үкіметінің меншігі деп жариялады.Қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыруды ынталандыру мақсатымен патша үкіметі көптеген шара қолданып, жеңілдіктер жасады. Ресейден келетін шаруаларды қоныстандыру жұмысын ұйымдастыру міндетін орындайтын қоныстандыру басқармаларын жер-жерге орнатты. Қоныстандыру басқармаларының қарамағына қоныстандыру фондын орнатты. Патша үкіметі қазақтарды ата бабасынан келе жатқан қонысынан шөл, шөлейт жерге қуып тастап, құнарлы жерлерді қоныстандыру фондына берді. Сөйтіп Ресейден келген шаруаларды құнарлы жер күтіп тұратын болды. Көшіп келетін орыс шаруаларына патша үкіметі көп жеңілдік жасады. Шаруалардың көші-қон қаражатын үкімет өз мойнына алды. Келген шаруалардың шаруашылығын ұйымдастыруына үкімет қарыз берді. Көшіп келген шаруаларды кейбір жерлерде 5, кейбір жерлерде 10 жыл салықтан босатты. Осындай жеңілдіктер қазақ жеріне келушілерді көбейтті. 1905-7 жылғы революциядан соң патша министрі Столыпин аграрлық реформа қабылдап шаруаларға өзінің азғантай жерін сатып Шығыстағы ұлан байтақ құнарлы жерге көшуге ұлықсат берді. Бұл Қазақстанға орыс шаруалырының ағылуына әкеп соқты. ХІХ ғасырдың ақырында қазақ жеріне Қытайдан ұйғырлар мен дунгандар келіп қоныстанды. Қазақ жеріне басқа ұлт өкілдерінің көптеп келуі қазақтардың өз жеріне азшылық болып қалуының басталуына әкеп соқты.
2.Қазақстанның Майдандағы жанқиярлық ерліктері .
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болдыМосква шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Москва шайқасының тарихи маңызы: 
- Гитлершіл басқыншылардың Москва түбінде талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді, 
- Гитлердің қауырт соғыс жоспары «Блицкриг» біржола күйреді, 
- Қенес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алып, түбейгейлі бетбұрыс басталды. 
Ленинград шайқасы (1941ж.-1943 ж.-қантар).
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.
Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.
Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар: 
1. Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды. 
2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. 
3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхошысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады. 
4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артеллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.
Ленинград қоршауының аса қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезеніп отырды.
1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілірінің ойпікірін, сезімі мен аландатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.
Ленинград шайқасының тарихы маңызы 
- Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды, 
- Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды.
Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан).
1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.
Олар: Т.Бигелдинов, Л.Беда, И.Павлов, С.Луганский. Кеңес Одағы батырын алғандар арасында пулеметші М.Мәметова, мерген Ә.Молдағұлова, атқыштар С.Баймағамбетов, И.Новиков, қалқан бұзушы П.Миллер, минометші Қ.Спатаев, кавалерист М.Қатаев, сапер П.Гончар, торпедалы кеменің командирі Б.Ущев, атқыштар дивизиясының басшысы Ғ.Сафиуллин, Бауыржан Момышұлылар бар. Лейтенант Р.Қошқарбаев, Б. Чупрета, взвод командирі К.Метов, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Вицько, К.Волочев және т.б. КСРО ордендері мен медальдарының кавалерлері атағын алған.
3.Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауы «Қазақстан - 2030»: бағыттары мен мақсаттары (1997 ж.).
 1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:
1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
2. Реформаларды аяқтау.
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. "Қазақстан барысын” қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:
1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.
3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру.
5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.
7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.
Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.
ХХІ ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін "демографиялық апатқа” ұшырайды.
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудағы міндеттер:
1. Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту.
2. Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету.
3. Дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үлкен ерекше көңіл бөлу.
4. Әлуметтік проблемаларды үнемі шешіп отыру.
5. Саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай Қазақстанды қалыптастыру.
6. Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту.
7. Әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.
Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.
Мемлекет ең алдымен орта топтың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Село таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік пробемаларды шешуге ерекше көңіл беретін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады.
Қазақстан - өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.
Экономикалық стратегия.
Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.
Мемлекет белсенді роль атқара отырып, экономикаға араласы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы:
1. Үкіметке сауда мен өндіріске әкімгершілігі араласуын жою.
2. Жекешелендіру процесін аяқтау.
3. Орталық үкіметті және жергілікті өкімет орындары парасатты орындастыру.
4. Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру.
5. Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау.
6. Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қабілеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру және бүкіл өндіруші өнеркәсіп көлемі артады.
Тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету үшін өндірісті диверсификациялау қажет.
Билет 4.1.Билет №22.2.Билет№8.3
1. Бірінші орыс революциясының қоғамдық-саяси қозғалысқа әсері.
Бірінші орыс төңкерісі – Ресей империясында экономикалық және саяси дағдарыстың салдарынан 1905-07 ж. болған революция. 1905 ж. 9 қаңтарда Санкт-Петербургтегі "Қанды жексенбі" оқиғасынан бастау алған Б. о. р. кезінде елде демокр. республика орнату, помещиктердің жерін тәркілеу, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, ұлттық теңдікті қамтамасыз ету туралы ұрандар көтерілді. Төңкеріс жылдарында 24 мыңнан аса жұмысшылар ереуілдері, 18 мыңға жуық шаруалар көтерілісі болды.. Төңкерістің өрши түсуі Ресей патшасын 1905 ж. 17 қазанда манифест жариялауға мәжбүр етті. "Бостандық манифесі" атанған бұл құжат конституциялық монархияны заңды түрде бекітті, соның нәтижесінде біршама демокр. бостандық негіздері жүзеге асырылды. Мемлекеттік дума шақырылды. (қ. Бірінші Мемлекеттік Дума, Екінші Мемлекеттік Дума). Б. о. р. қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының өрлеу, жаңа сатыға көтерілу кезеңін бастап берді, ал саяси күрес болса, ең алдымен патшаға, отарлық билікке петиция (арыз-тілек) жазып тапсыру түрінде көрінді. Отарлық тәуелділіктегі Қазақ елінің мұқтажын білдірген арыз-тілектер Оралдан, Қарқаралыдан, Жетісудан, т.б. жерлерден келіп түсті. Жетісу облысының Лепсі у. қазақтары дайындаған петицияға 1000 адам, арнайы делегация арқылы Санкт-Петербургтегі үкімет орындарына тапсырылған Орал және Торғай облыстары қазақтары жазған петицияға 44 адам, ал Қоянды жәрмеңкесінде өмірге келген Қарқаралы петициясына 14,5 мың адам қол қойған еді. Осы жылдары қазақ зиялылары патша өкіметіне оппозицияда болған кадеттер партиясының тұғырнамасын жақтап, 1905 ж. желтоқсанда Орал қаласында "Қазақ конституциялық- демократиялық партиясын" құрды. Б. о. р. тұсында Ә. Бөкейханов, Б. Қаратаев, С. Жантөрин кадеттер партиясы құрамына кірді. Сондай- ақ, осы кезеңде "Автономияшылдар одағы" және "Ресей мұсылмандар одағы" атты ұйымдар құрылған болатын. Бұл ұйымдардың да қызметіне қазақ зиялылары атсалысты.Бірінші орыс революциясы қазақ өлкесінде социалдемократтардың алғашқы ұйымдарының құрылуына ықпал етті. Олар Қазақстандағы жұмысшы табының басын қосып патша самодержавиесіне қарсы күреске басшылық етті. Қазақстанда өз беттерімен саяси білімін көтерушілердің алғашқы марксистік үйірмесі Атбасар қаласында құрылды. Оны Оралдан жер аударылып келген жұмысшы А. Д. Ушаков 1896 жылы ұйымдастырған еді. XX ғасырдың бас кезінде марксистік үйірмелер Қазақстанның Орал, Ақмола, Петропавл, Қостанай, Семей сияқты басқа да бірқатар қалаларында пайда болды.
Ресейдегі революция Қазақстанда кәсіподақ қозғалысының пайда болуына да ықпал етті. Мұның өзі қазақ өлкесіндегі жұмысшылардың саяси санасының оянып, арта түскенін көрсетті. Мәселен, 1905 жылғы қараша айында Орал қаласында теміржолшылардың қазақ жеріндегі ең алғашқы кәсіподағы құрылды. Оның басы-қасында болып, тікелей басқарғандар Н. Смуров, Н.А. Покатилов және Н.И. Ульянов сияқты жұмысшылар еді. Теміржолшылардың ең ірі кәсіподағы Орынбор—Ташкент темір жолында құрылды. 1906 жылы оған 6 мыңдай адам мүше еді. Кәсіподақтар жұмысшылардың жұмыс берушілер алдындағы құқығын белсене қорғады.
Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.
 
2.XX ғас. 20-30 жж. .Кеңес үкіметінің білім мен ғылым саласындағы реформалары. Әдебиет ,, театр ж/е музика өнері. Бейбіт өмірге көшуге байланысты халықтың мәдени деңгейін жетілдіру, сауатсыздықты жою мен маман кадрлар дайындау қажеттігі туындады. Ел алдында мәдени құрылысты жүзеге асыруда бірқатар кедергілер тұрды; қажетті материалдық-техннкалық база жоқ еді, ұлт зиялылары да ат төбеліндей аз болатын.1921 жыл «Казграмчека» құрылды.  «Мәдени жорық», «Қызыл мүйістер», «Жұмысшы факультеттері» ұйымдастырылды. 1918 жыл  «Бірыңғай еңбек мектебі туралы Декларация» қабылданды.   1920-1921 ж«Сауатсыздықты жою қоғамдарында» 70 мыңнан астам азаматтар сауатын ашты. 1925 жылы республикада 2,7 мың мектеп болды.Жалпыға міндетті 7 жылдық білім енгізілді. 1935 жылы мектеп жасындағы балалардың 91%-ы оқыды.1940 жылы еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою ісі аяқталды.Қазақ тіліндегі оқулықтар жазылды. Мұндай оқулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. 
Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы:Қазақ кеңес әдебиеті фольклор дәстүріне сүйенді. Мәселен, Жамбыл Жабаев (1846—1945 жылдары) шығармаларында ел өмірінің айтулы оқиғалары көрініс тапты. Жаңа өмір мен кеңес адамдарын ақын Нұрпейіс Байғанин (1860—1945 жылдары) өзінің эпостық жырларына арқау етті. Иса Байзақов(1900—1946 жылдары) шығармашылығы нағыз халықтық мәнге ие болды.20—30-жылдар қазақ кеңе әдебиетінде проза, драматургия және әдеби сын сияқты жаңа жанрлар дамыған кезең болды. І.Жансүгіров «Жолдастар» романын жазды, С.Мұқанов «Байдың ұлы», «Достар», «Ботагөз» романдарын тудырды. Қазақ драматургиясын дамытуда Мұхтар Әуезовтің рөлі зор. Қазақ театр өнерінің дамуы оның есімімен тығыз байланысты.Қазақ әдебиетінің ұлттық ағымының өкілдері — Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, Ө.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, т.б. қуғын-сүргінге ұшырады. Осы жылдары қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдері — С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, т.б. да қудаланған болатын. Саяси қуғын-сүргін қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына айтарлықтай зиянын тигізді. Музыка өнері:.Халық арасынан талантты орындаушыларды іздеп тауып, кеңестік музыкалық ұжымдарға тарту үшін слеттер мен байқаулар өткізіле бастады. Қазақстанның көптеген аудандары мен облыстарында әншілер, ақындар, музыканттар байқауы тұрақты өткізіліп тұрды. 1922 жылы Қарқаралыда өткен байқауда бірінші орынды талантты әнші Ғаббас Айтпаев иеленді. 1924 жыды Петропавлда ірі ақын, сазгер әрі әнші Ыбырай Сандыбаев қатысқан слет өтті.Қазақ музыка мәдениетін зерттеу және насихаттау ісінде қазақ музыка фольклорын қажымай жинаушы сазгер Александр Викторович Затаевичтің(1869—1936 ) рөлі үлкен. Орынборға 1920 жылы келген ол 3 жыл ішінде 1500-ден астам қазақ әндері мен күйлерін жазып алды. Республика үкіметі А.В.Затаевичтің еңбегін жоғары бағалап, оған 1923 жылы 9 тамызда Қазақ АКСР-нің Халық әртісі атағын берді. Ол барлығы — 2300 шығарма жазып алған, оның ішінде ұйғыр, дүнген, өзбек, қарақалпақ, татар, корей ұлттық музыкалары да бар. «Қазақ халқының 1000 әні» деген алғашқы жинағы 1925 жылы Орынборда, ал «Қазақ халкының 500 әні мен күйі» деген екінші жинағы 1931 жылы Алматыда жарық көрді. Ол жинаған қазақ халқының бай музыкалық қазынасы дүние жүзі елдерін Қазақстанның өзіндік музыка өнерімен таныстырды. Театр өнері:20-жылдардың басында Қазақстандағы мәдени революция міндеттерін шешу барысында көркемөнерпаздар ұжымдары, халықтық театрлар өмірге келе бастады. Тұңғыш кәсіпқой қазақ театрын ұйымдастыру мәселесі 1925 жылы каңтарда Орынбор қаласында өткен I Жалпықазақтық съездекөтерілді. 1925 жылы сәуір айында Қазақстан Кеңестерінің V съезінде Қазақстанда тұңғыш кәсіпқой театр ашу туралы шешім шығарылды.1933 жылы Алматыда қазақ опера театрын даярлау үшін мемлекеттік музыкалық студия ашылып, оның негізінде кейін Абай атындағы академиялық опера және балет театры өмірге келді. Студия даярлаған «Айман-Шолпан» музыкалық пьесасы Айман рөлінде Күләш Байсейітова) тұңғыш қазақ опералары «Қыз Жібек» пен «Жалбырды» қоюға даярлық есебінде болды. «Қыз Жібек» операсын халық музыкасы негізінде Е.Брусиловский, либреттосын Ғ.Мүсірепов жазды.
3.Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі әлеуметтік - экономикалық қиындықтар және одан өту жолдары. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең - 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік,экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмаған-ды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның ой-қырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді. Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы – бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғарғы таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті. Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс – жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады.
Билет №5.1:Билет № 21.2.Билет№7.3
1.Қарқаралы петициясы
Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.
Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғары билік органдары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Онда мынадай жолдар бар еді: «Мал бағумен айналысқаны үшін қырғыздар сайлау құқығынан неге айырылуы тиіс? Сауда-саттықпен, егіншілікпен, балық аулаумен және басқа да кәсіптің түрлерімен айналысушылар сайлау құқығынан айырылып отырған жоқ қой!»
Қарқаралы петициясында жергілікті халықтың құқығы мен арабыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.
2.Қазақстандықтардың соғыс жылдарындағы еңбек майданындағы ерліктері. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болдыМосква шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Москва шайқасының тарихи маңызы: 
- Гитлершіл басқыншылардың Москва түбінде талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді, 
- Гитлердің қауырт соғыс жоспары «Блицкриг» біржола күйреді, 
- Қенес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алып, түбейгейлі бетбұрыс басталды. 
Ленинград шайқасы (1941ж.-1943 ж.-қантар).
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.
Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.
Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар: 
1. Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды. 
2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. 
3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхошысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады. 
4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артеллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.
Ленинград қоршауының аса қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезеніп отырды.
1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілірінің ойпікірін, сезімі мен аландатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.
Ленинград шайқасының тарихы маңызы 
- Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды, 
- Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды.
Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан).
1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.
Олар: Т.Бигелдинов, Л.Беда, И.Павлов, С.Луганский. Кеңес Одағы батырын алғандар арасында пулеметші М.Мәметова, мерген Ә.Молдағұлова, атқыштар С.Баймағамбетов, И.Новиков, қалқан бұзушы П.Миллер, минометші Қ.Спатаев, кавалерист М.Қатаев, сапер П.Гончар, торпедалы кеменің командирі Б.Ущев, атқыштар дивизиясының басшысы Ғ.Сафиуллин, Бауыржан Момышұлылар бар. Лейтенант Р.Қошқарбаев, Б. Чупрета, взвод командирі К.Метов, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Вицько, К.Волочев және т.б. КСРО ордендері мен медальдарының кавалерлері атағын алған.
3.Қазақстанның индустриялдық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы және оның жүзеге асырылуы, алғашқы табыстары.
 Бағдарламаның мақсаты: Экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.
Міндеттері:1.Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту.
2.Экономикалық басым секторларын дамытудың әлеуметтік тиімділігін күшейту және иновациялық жобаларды іске асыру.
3.Индустрияландыру үшін қолайлы орта жасау
4.Экономиканың басым салаларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету.
-иновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан 2014 жылға қарай төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізді
-7 триллион теңгеден кем емес ІЖӨ өсімі, нақтылы түрде ІЖӨ өсімі 15 %-ды құрады.
-ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 12,5% -дан төмен емес деңгейге дейін арттыру.
-Экспорттың жалпы мөлшерінде шикізаттық емес экспорт үлесін 40%-дан төмен емес деңгейге дейін арттырды.
-Өндіруші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 1,5 еседен кем емес мөлшерде арттырды.
Бағдарламаға енгізілетін экономиканы әртараптандыруды және технологиялық жаңартуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:
Қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды
Бизнес-ахуалды жақсартуды және иновациялар ағынын ынталандыруды
Жаппай технологиялық жаңартуды және ұлттық иновациялық жүйені дамытуды
Адами капитал сапсын арттыруды қамтамасыз етеді.
Экономикалық басым секторларды дамытуға мемлекет пен бизнес ресурсьарнын шоғырландыру, мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің интерактивті процесімен, мониторингтің қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді
Билет № 6.1: Билет №20.2.Билет№6.3
1. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі.
20ғ. Басындағы Қазақ зиялылары.Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (1866-1937) қоғам және мемлекет қайраткері,бұрынғы Семей обл,қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ауылында дүниеге келген, Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі,публицист ғалым,аудармашы. Ә.Бөкейханов Орта жүздің ханы Бөкейдің ұрпағы. Әкесі оның бала күнінде Қарқаралыға алып барып медресеге оқуға берген,алайда ол оқуды қанағат тұтпай қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепте оқиды. 1879-1886 жылдары Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте білім алды. 1886-1890 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде оқып, «техник» мамандығын алып шығады. 1890-1894 ж-ы Санк-Петербургтегі орман инс-ның экономика фак-де оқиды. Студент болып жүрген кезде саяси талас-тартыстарға белсене араласып,ұлт-азаттық қозғалыстарға қатсқан. Патша өкіметі кезінде қазақ елінің тәуелсіздік үшін күресін басқарды және Павлодарда, семейде бірнеше рет қамауда отырған. Ә.Бөкейханов алашорда үкіметінң төрағасы болып сайланды. Кеңес һкіметі мойындамады. Қазақтың егемендігі ел болуы үшін күресті. 1937 жылы ату жазасына кесілген.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) қазіргі Қостанай облысы ЖАНГЕЛДИН АУДАНЫ Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Үлт-азаттық қозғалыс жетекшісі,мемлекет қайраткері,ақын публицист,лингвист,қазақ әдебиетіің негізін қалаушылардың бірі,ғалым, ұлттық жазудың реформаторлары, ағартушы. Торғай мен Орынборда білім алғаннан кейін А.Байтұрсынов Ақтөбеде, Қостанайда, Қарқаралыда орыс-қазақ мектептерінде сабақ берген, 1909 ылы саяси белсенділігі үшін Семей түрмесіне жабылады. 1910 жылы Орынборға жераударылады және 1917 жылы ж-ға дейін сонда болады. Өзінің сенімді достары Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірге 1913 ж-дан бастап ұлттық «Қазақ» газетін шығарып,редакторы болды. Ресейде патша үкіметі құлағаннан кейін қазақ жерінде «Алашорда» үкіметін құру үшін бар күшін салды. Большевиктерді мойындамады, қарсы шықты. 1921-1928 ж-ы Қазақ халық ағарту институтында сабақ береді. 1929 жылы 2 маусымда алаш қайраткерлерімен бірге алматыда тұтқынға алынады.
Ресейдің солтүстік обл-на жер аударылды. Кейіннен босап шығып, бірақ қайтадан 1937 жылы қамауға алынып,атылады.
Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М.Тынышбаев оны үздік (алтын медальмет) аяқтайды. 1900 жылы оқушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия директоры М.В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп стипендия бөлгізуінің арқасында (ол шақта мемлекет есебінет оқу тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.
Халел Досмұхамедов (24.04.1883-1939) — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.
1883 жылы сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге кел­ген.
Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады.
Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен.
Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды.
1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б.Қаратаев, М.Бақыткереевтермен бірге сайланды
2.Шаруаларды күштеп ұжымдастыру.
Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер:
1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. 2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. 3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. 4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады. Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.Азық– түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан – ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай – кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1929 – 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386 адам, 3–10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды. 1930 жылы 30 мамырда республика үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді. Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 % - тен 3 % - ке кеміді. Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 % - і, жекешелердің 51,8 % - і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды: 1. 1930 жылы – 313 мың адам; 2. 1931 жылы – 755 мың адам; 3. 1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды. 4. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % - і жаппай қырылды.1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазылды.
Онда көтерілген мәселелер:
1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда. 2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда. 3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. 4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде. 1933 жылы наурыз айында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов Сталинге хат жазды. Азаматтық ерлігі жоғары және принципшіл адал Т. Рысқұлов өлкеде етек алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. «Сізден осы жазбамен танысып шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін» деп жазды. Одан әрі хатта көрсетілген деректер бойынша: Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда; Орта Волгада – 40 мың; Қырғыз жерінде – 100 мың; Батыс Сібірде – 40 мың; Орта Азияда – 30 мың; Қарақалпақ жерінде – 70 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл «аш адамдардың тамақ іздеп босуы.Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді. Ақтөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71 %). Жаппай ұжымдастыру, аштық әсері халықтың көбін көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 10 мың адам (281230 шаруа қожалығы). Қытай, Иран, Ауған жеріне т. б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары: 1930 – 1933 жылдары аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930 – 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.
Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы.1929 – 1931 жылдары Қазақстан жарінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалысы болды. Семей округі - халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 жылғы ақпан – мамыр аралығында Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарында толқулар болып өтті.Батпаққара көтерілісі бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы – көтерілісшілер – заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал – мүлкін қайтару, дін бостандығы, шаруаларға үдемелі табыс салығын салу, еріктілік ұстанымын сақтау, дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік сияқты талаптар қойды. Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8 – дивизия күшімен талқандалып, 75 адамды атуға, 172 адамды 2 -10 жылға соттауға, көбін Шығыс Сібірге жер аударуға үкім шығарды. Созақ көтерілісі табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді (басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. Көтеріліс Орта Азия әскери округі бөлімдерінің күшімен жанышталды. Күштеу әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.
Жазалау шараларының салдары: 1) 1929 – 1931 жылдары 5551 адам жауапқа тартылып, 883 – і атылды. 2) Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды.
Ұжымдастыру зардаптарына қарсы күрес.Коммунистік партия (XX ВКП(б) Орталық Комитеті 1932 ж. 17 қыркүйек – «Қазақстан ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы туралы» арнаулы қаулы алды. Онда колхоз құрылысында болған асыра сілтеушілік қатты айыпталды. Ф. И. Голощекин. І. Құрамысов қызметтерінен босатылды) кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға кірісті. 1. Күшпен жасалған «жасанды колхоздар» таратылды. 2. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер ұйымдастырылды. 3. Күштеп қоғамдастырылған мал – мүліктер иелеріне қайтарылды. 4. Отырықшы аудандарға Кеңес үкіметі 2 млн. пұт астық және 30 млн. сом ақша бөлінді. 5. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп, жүзеге асырыла бастады. 6. Малсыз шаруашылықтарына мал алуына көмек көрсетілді. 7. Совхоздардың біраз малын колхозшылардың жеке пайдалануына берілді. 8. Ф. И. Голощекин қызметінен (1933 ж.) босатылды.Қолданылған шаралар нәтижесінде 2-бесжылдық жылдарында колхоз, совхоздар нығая түсті. Республика егістіктерінде техника көбейді. Бірінші бесжылдықта – 9 мың трактор, екінші бесжылдықта – 24 мың трактор, 8 мың комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933–1937 жж.) – 200 - ге жуық совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында – отырықшы аудандарға 40 млн. сом қаржы бөлінді.Жалпы, феодалдақ қалдықтарды жою тұрғысынан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісіне оң баға берілсе, көшпенді халық мүддесінің ескерілмеуі ірі апаттарға әкелді.
3.Қазақстандағы жүргізілген әлеуметтік реформалар: Халықты еңбекпен қамту, зейнетақыны дәне жәрдемақыны арттыру, кедейшілікті еңсеру және т.б.
Халқымыздың әл-ауқатының артуы – ел экономикасының, дамуымыздың айнасы  екені жасырын  емес. Еліміз  күннен-күнге қарыштап  дамып, биік  арман  мақсаттар мен  мұраттарға  қол  жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз  адамдардың  санының  көбеюі - басты  проблема  күйінде  қалып  отыр. Еліміздегі жұмыссыздар мен  өз  бетінше  жұмыспен  айналысушыларға, табысы   аз   азаматтарға   көмек  қолын  созу  жөнінде  Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан  халқына биылғы Жолдауында  Үкімет пен  тиісті министрліктер мен  құзырлы органдарға тапсырма  берген болатын. Осылайша, Елбасының  тапсырмасымен еліміздің  еңбек  рыногындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты  жүзеге  асыру  үшін еңбек  әлеуетін  оңтайлы  пайдалануға мүмкіндік  беретін бұрын- соңды  болмаған  «Жұмыспен  қамту - 2020»  бағдарламасы әзірленген. Бұл бағдарлама «Нұр Отан» партиясында кеңінен  талқыланып, ағымдағы жылдың  31 наурызында Үкіметтің №316 қаулысымен бекітілген болатын. 
Осыған байланысты, Қаражал қаласының әкімдігінің 2011 жылдың 26 мамырында №116 «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі қалалық комиссия құру туралы» қаулысы қабылданды. 
Комиссия құрамына қаланың бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының, «Жәйрем-кең байыту комбинаты» АҚ және «Өркен» ЖШС өкілдері кірген.
Сонымен қатар, Қаражал қаласының әкімдігінің 2011 жылдың 01 маусымындағы №120 қаулысымен «Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің  «Қаражал қаласының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, әділет басқармасында тіркелді. Штаттық кестеге сәйкес мекемеде қызметкерлер саны 5 бірлікті құрайды.  
Халықты  жұмыспен  қамтудың 2011-2020 жылдарға  арналған  бағдарламасының  негізгі мақсаты- жұмыссыздар санын азайту,  олардың  тұрақты  және  нәтижелі жұмыс  орындарына  ие  болуына  жәрдемдесу  арқылы  халықтың табысын  арттыру болып  табылады.
Бағдарлама 3 бағыттан тұрады:
1-бағыт. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды, және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
2-бағыт. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
3-бағыт. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
Жұмыспен қамту  бағдарламасын  іске  асыру  үшін  бірінші  кезекте  халықты  оқытуға, жұмысқа  орналастыруға, тұрғылықты  жері  бойынша  өзінің  жеке ісін ашуды  ұйымдастырып,  осы  іске  жәрдемдесуге мән беріледі, ал  мұндай  мүмкіндіктер  болмаған  жағдайда, экономикалық өсу  орталықтарына  өз еркімен  көшулеріне  қолайлы  жағдай  туғызылады.
1 бағыт бойынша 2011 жылы Қаражал қаласында қатысатындар саны 6 адамды құрайды, бөлінген қаражат 1310 мың теңге.  
Бұл бағдарламаға қатысатындардың қатарына өз бетінше  жұмыспен  айналысушылар, табысы аз адамдар, жұмыссыз азаматтар және оралмандар жатады.
Төмендегі мамандықтар бойынша  кәсіптік даярлауға жіберіледі: 
1. Медбике, 1 орын, Жезқазған қаласының медицина колледжі. Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.
2. Техник-бағдарламашы, 1 орын, Жезқазған  қаласының индустриалды-гуманитарлық колледжі. Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.
2011 жылға Қаражал қаласының №10 кәсіптік  лицейінің базасында  қысқа мерзімге қайта  даярлау  курсына оқуға жіберіледі:
1. Автомобиль жөндеу  шебері,  3 орын. Оқу мерзімі 3 ай.
2. Автомобиль электршісі,  1 орын. Оқу мерзімі 3 ай.
Бағдарламаға қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш және Қағидаға сәйкес қосымша құжаттарын береді.  Жұмыс тобы үміткерлердің берілген құжаттарын қарап, Бағдарламаға қатысушыларды анықтайды. Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушылардың құрамына енгізілген адамдармен әлеуметтік келісім–шарт жасайды. 
Оқу орны бағдарламаға қатысушылардың  тұрақты тұратын жерінен тыс жердегі елді мекендерде орналасқан жағдайда, олардың мынадай шығыстары:
1)кәсіптік даярлаудан өтушілерге оқу орнына дейін және кері жол жүру үшін – бір оқу жылының ішінде төрт айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын мөлшерде,  қайта даярлаудан өтушілер мен біліктілігін арттырушыларға – оқу кезеңінде екі АЕК-тен аспайтын мөлшерде;
2) жатақханада тұрғаны үшін (тұрғын-үйді жалға алу шығыстарын өтеу) – тұру қызметтерінің ақысын төлеу туралы ұсынылған құжаттардың негізінде айына он АЕК-тен аспайтын мөлшерде өтеледі. 
Оқу орны жұмыспен қамту орталығымен келісім бойынша Бағдарламаға қатысушыларды:
1)    дәлелді себептерсіз қатарынан бес оқу күнінен артық босатқан;
2)    үлгерімі нашар болған немесе білімін аралық бақылау қанағаттанғысыз болған;
3)    білім беру ұйымының ішкі тәртібін бұзған жағдайларда оқудан шығарылады.
Бағдарламаға қатысушыны оқудан шығарған кезде: 
1)    білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган білім беру  ұйымдарына төлем бойынша қайта есептеу жүргізеді, бұл ретте төлем нақты ұсынылған қызметтердің көлеміне барабар жүзеге асырылады;
2) Бағдарламаға қатысушы әлеуметтік келісім–шарттың талаптарына сәйкес қызметтердің осы көлемінің құнын, сондай-ақ стипендияға, оқу орнына баратын жолына және тұруға төленген соманы бюджетке өтейді. 
Кәсіптік оқуды табысты аяқтағаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды жұмысқа тұруға жәрдемдеседі.
2 бағыт бойынша 2011 жылға Қаражал қаласына қаражат бөлінбеді.  2012 жылға 18000 мың теңге қаржы жоспарланып, Бағдарламаға қатысатындар саны 6 адамды құрайды.
Бұл бағыт шеңберінде мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетіледі:
1) кәсіпкерлік негіздерін оқыту (оқу орнына дейін және кері жол жүруіне және жатақханада тұруына немесе тұрғын үйді жалға алумен байланысты шығындарды өтеуге субсидия беру)
2) микрокредит беру;
3) Бағдарлама щеңберінде іске асырылатын жобалар үшін жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту және жайластыру;
4) консультативтік қызмет көрсету.   
Бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты - жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру. Кредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға берілмейді. Кредит беру мерзімі - 5 жылдан аспайды. Кредиттің ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды.
3 бағыт бойынша  2011 жылға Қаражал қаласына 72144 мың теңге қаржы бөлінді. Бағдарламаға қатысушылар саны 140 адамды құрайды.  Бұл Жәйрем кентінің Металлургтер көшесінің 37/1 үйін қайта қалыпқа келтіру. Жобалық сметалық құжаттар әзірленді. Бүгінгі күнде мемлекеттік сатып алу конкурсына хабарландыру жарияланды.
«Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасын іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезең -2011 жыл пилоттық жыл, екінші кезең - 2012-2015 жылдар – Бағдарламаны еңгізу кезеңі, 2016-2020 жылдар бағдарламаны толық ауқымда іске асыру кезеңі.
    Бұл бағдарлама халықтың әл-ауқатын арттыруға, жұмыссыздарды тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға өз нәтижесін береріне сеніміміз мол.
Билет №7.1: Билет № 19.2.Билет№5.3
1.XX ғ. Басындағы Қазақстан мәдениеті. Оқу ағарту-ісі
Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы және т.б., ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі мен маңызы. XIX ғ. 60-жылдары Қазақстанда бастауыш мектептердің ашылуы Ы. Алтынсариннің есімімен тығыз байланысты. 1867–1868 жылдардағы реформалардан кейін мұндай мектептер Қазақ өлкесінің көптеген аймақтарында жұмыс істей бастады. 1868–1869 жылдарды Орал облысында 24 орыс-қазақ мектебі, 2 екі сыныптық, 6 селолық 1 сыныптық, 14 жоғары сыныптық мектеп және 2 жекеше училище болды. 1877 жылға қарай Орал казак әскерінің 47 мектебінің бесеуі қыздар мектебі еді. Облыста 70-жылдардың басынан бастап мектеп ісі едәуір жандана түсті. Ер балалар және қыздар гимназиялары мен прогимназиялары, мұғалімдер даярлайтын семинария, ер балалар оқитын уездік приход училищелері, округтік әскери училище, станицалық және басқа да оқу орындары ашылды. 1883 жылы қазақ балаларын оқытуға арналған ер балалар интернаты облыс орталығы Семейде, уездік қалалар Павлодарда, Өскемен мен Зайсанда жұмыс істеді, ал қазақ қыздарын оқытуға арналған интернаттар Семей мен Павлодарда ғана болды. Сырдария облысындағы орыстарға арналған алғашқы мектептер 1860 жылы Райым (Қазалы) бекінісінде және Перовскіде (Қызылорда) ашылды. Жетісу облысының аумағында алғашқы мектептер 1868 жылдан бастап ашыла бастады. Верный және Қапал бекіністерінде приход мектептері құрылды. Облыстың қалған уездерінде 12 станицалық және поселкелік бастауыш мектеп болған еді. XIX ғ. Екінші жартысында болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептері мен медреселерде оқыды. Патша үкіметі Қазақ даласында мұсылман мектептерінің ашылуына жол бермеу үшін шаралар қолданды. Ол жергілікті отарлық органдар мен оқу бастықтарына мұсылман мектептерін қатаң бақылау жөнінде нұсқаулар мен ережелер жіберді. Қандай да болмасын шектеулерге қарамастан жер-жерде, әсіресе Қазақстанның ислам дінінің ықпалы күшті болған оңтүстік облыстарында мұсылман мектептері ашыла берді. Қазақ балалары жаздыгүні киіз үйлерде, ал қыстыгүні жертөлелерде оқытылатын. Бұл кезеңнің оқу құралы «Шариат-ул-иман» немесе «Иман-шарт» болды. Құран оқумен бірге, татар және араб тілдеріндегі кітаптар бойынша исламның негізгі қағидалары мен басты ғұрыптық ережелер оқытылды. Мектептерде көбінесе 8–17 жасқа дейінгі балалар білім алды. Медреселерде мектепте білім алған және өз білімін тереңдетуге тілек білдірген адамдар оқыды. Медресеге түскендер «талиб-улам» (білімге ұмтылушылар) немесе шәкірттер деп аталды. Олар Орта Азияға және Еділ татарларына жалпы белгілі оқулықтар мен оқу құралдары бойынша араб филологиясын және мұсылман діні құқығын, сондай-ақ діни философияға қатысты басқа да бірқатар пәндерді оқыды. Медреселердің «мұғалімдеріне» келетін болсақ, олар негізінен алғанда дін жолын ұстанушылардың ұсынысы бойынша тиісті үкіметтік органдар бекітіп, тағайындаған молдалар болды. Бұл молдалар мешіттерде діни қызмет атқара жүріп, медреселердегі істерді басқарды және шәкірттерді оқытумен айналысты. XIX ғасыр Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық ғасыр деп аталады. Білім мен мәдениеттің дамуына алдыңғы қатарлы орыс зиялылары үлкен ықпал жасады. 1847–1857 жылдарда украин ақыны Т. Г. Шевченко Қазақстанда айдауда болды. Қазақстан Орыс географиялық қоғамы бөлімшелерінің зерттеу обьектісіне айналды, мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді; өлкетану мұражайлары ашылып, ертедегі ескерткіштер, халықтың ауызша шығармашылығы және құқықтық заңдар, соның ішінде қазақтардың дағдылы құқығы зерделенді; орыс-қазақ мектептері мен кітапханалар ашылды. Қазақтар өз балаларына білім беруге ұмтылыс жасап, балаларын кадет корпустары бар Омбы мен Орынборға жіберу үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға деген жаппай ұмтылыс пен ықылас жағдайында Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин бастаған қазақ ағартушыларының тобы қалыптасты. Шоқан Уәлиханов (1835–1865). Аса көрнекті ағартушы, ғалым және зерттеуші Ш. Уәлиханов Құсмұрын бекінісінде туған. 12 жасына дейін Шоқан Құсмұрындағы жеке меншік мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. 1847 жылдың күзінде Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түсті. Кадет корпусында Шоқан Уәлиханов белгілі ғалым, географ және Азияны зерттеуші Г. Н. Потанинмен бірге оқып, достасып кетті. Ол орыс тілін тамаша меңгерді. Достоевский мен Ш. Уәлихановтың достық қарым-қатынастарын олардың түрлі уақытта жазысқан хаттары дәлелдейді. Ф. М. Достоевский өзінің хаттарында дос ретінде Шоқанға пайдалы кеңестер беріп, рухын көтеріп, оның алдына аса зор игі міндеттер қояды. 1853 жылы Шоқан кадет корпусын бітіргеннен кейін Сібір казак әскеріне қызметке жіберіледі. Көп ұзамай Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт оның қабілеттілігіне назар аударып, 1854 жылы Шоқан оған адъютант болып тағайындалды. 1855 жылы Ш. Уәлиханов Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарына қатысады. Бұл сапар қарапайым халықтың өмірін танып-білудің басы болды, олардың тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алуға мүмкіндік берді. 1856 жылдың көктемінде болашақтағы Шығыс зерттеушісінің өмірінде өшпес із қалдырған айтулы оқиға болды – ол аса көрнекті ғалым, белгілі географ П. П. Семенов-Тянь-Шанскиймен танысты. Сол жылы Шоқан Уәлиханов екі экспедицияға қатысты – біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі; екіншісі дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар. 1857 жылы Уәлиханов алатау қырғыздарына тағы да сапар шегеді, онда көшпелі қырғыз халқының өмірімен, тұрмысымен бұрынғыдан да жақсы танысып, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын тереңірек зерттеуге мүмкіндік алды. Осы жолы ол қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды. Ш. Уәлихановтың ғылыми қызметінің жаңа кезеңі 1858 жылғы Қашғарияға құпия сапары болды. 1859 жылдың күзінде Шоқан Әскери министрліктің шақыруымен Петербургке сапар шекті. Оның «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың көші-қондары туралы», «Сот реформасы туралы» жазба еңбектері бар. 1864 жылдың көктемінде Уәлиханов Черняевтің Оңтүстік Қазақстан аумағын Ресейге қосып алуды мақсат еткен әскери жорығына қатысады. 1864 жылдың жазында Верныйға қайтады. Содан соң албан руының аға сұлтаны Тезек төренің ауылына барып тұрады. Төренің қарындасына үйленеді. Сол кездің өзінде Шоқан өзін нашар сезініп, жорықтағы өмірдің ауыртпалықтарын көтере алмаса керек. Ол 1865 жылдың сәуірінде Алтынемел жотасының етегіндегі Көшен-тоған деген жерде Тезек сұлтан ауылында қайтыс болды. Ыбырай Алтынсарин (1841–1889). Аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысында туған. Әкесі ертерек қайтыс болып, атасы – Орынбор шекаралық комиссиясының әскери старшинасы Балғожа (Жаңбыршин) бидің қолында тәрбиеленді. 1850 жылы Ыбырай шекаралық комиссия жанынан қазақ балаларына арнап ашылған мектепке түсіп, оны алтын медальмен бітірді. Мектеп бітіргеннен кейін Алтынсарин үш жылдай (1857–1860) атасының қоластында кеңсе қызметкері, содан соң 1859 жылдың 1 тамызынан бастап Орынбор басқармасында тілмаш болып қызмет етті. 1860 жылы облыстық басқарма оған Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды да, өзін сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады. 1864 жылы 8 қаңтарда мектеп салтанатты түрде ашылды. 1868 жылы Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасып, содан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік судья міндеттерін қатар атқарды. Алтынсарин патша өкіметінің саясатына қарсы болды. 1879 жылы Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды. Қазақстанда қыз балаларға білім берудің басталуы да Ы. Алтынсариннің есімімен байланысты. 1888 жылы ол Ырғыз қаласында қазақ қыздарын оқытатын, интернаты бар мектеп ашып, патша әкімшілігінен интернаттары бар қыздар училищелерін ашуға рұқсат алды. Алтынсарин көзінің тірі кезінде төрт екі сыныптық орталық «орыс-қазақ» училищесін, бір қыздар училищесін, бес болыстық училище, орыс шаруаларының балаларына арналған екі училище аштырды. Ол орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» және «Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық» атты екі оқу құралын жазды, оларды Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалғаннан көп бұрын бастап, 1869 жылы аяқтады. Абай Құнанбаев (1845–1904). Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей облысының Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай тобықты руының старшыны болды. Алғашында ауыл молдасынан сабақ алған Абайды әкесі Семейдегі имам Ахмет-Риза медресесіне оқуға жіберді. АлайдаАбайдың қаладағы оқуын бітіртпей, әкесі оны қайтадан ауылға шақыртып алып, бірте-бірте дау-шарды тексеріп төрелік айтуға, келешектегі рубасының әкімшілік қызметіне үйрете бастады. Абай шешендік өнерінің түрлі тәсілдерін шебер меңгерді. Сот ісі қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан дағдылы құқығы негізінде жүргізілді. Ру тартысына еріксіз араласқан Абай даулы мәселелерді шешу барысында жөнсіздікке, әділетсіздікке және қатыгездікке, билеуші топ пайдасын көздеген талап, мүддеге қарсылық білдіріп отырды. 1886 жыл Абайдың өміріне үлкен өзгеріс әкелген жыл болды. Ол алғаш рет өлеңіне («Жаз») өз атын жазып, көркем шығармашылыққа толығымен ден қояды. Абай қаламынан өлеңдермен қатар, қара сөзбен жазылған ғибраттар, «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандары дүниеге келді. Абайдың мол әдеби мұрасында аудармалары елеулі орын алады.
2. Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі.
Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Бауыржан Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды» дей отырып, ол «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» тек біздің замандастарымызды ғана емес, адамгершілік, игілік сезімдер тұрғысынан болашақты да толғандыратын тақырып» деп өз ойын жалғастырды. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандықтардың майдандарға қатысуы.
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
3.Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы білім беру жүйесінің жаңартудың мақсаттары мен міндеттері..
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, "жалпыға білім беру" моделін "әр адамға таңдау бойынша білім беру" моделіне көшуге негізделген.
Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
 Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
20 ғасыр ортасында атақты ғалым В.М.Глушков: ЭЕМ желілері мен оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында техникалық жағынан жетілген елдерде информацияның басым бөлігі, бірінші кезекте, ғылыми-техникалық, экономикалық, саяси-әлеуметтік мәліметтер қағазсыз күйде – “ЭЕМ жадында саақталады. Соның салдарынан 21  ғасыр басында осындай информацияны пайдалана алмайтын адам 20 ғасыр басындағы оқи да жаза да алмайтын жанға ұқсас болады...”, - деген болатын.
Ақпараттық технологияларды практика жүзінде пайдалану жолында арнайы білім беру мақсатында жаңа пән – информатика сабағы соңғы 20 жыл көлемінде оқытылып келеді. Оның орта білім жүйесіндегі алатын орны қазіргі информациялық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізі  болып табылатын әлемнің ақпараттық – жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді. Осыған қоса қазіргі  кезде педагогикалық ғылым саласында да оның әдіснамасы (методологиясы) мен парадигмасын жетілдіруге қажет тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер болып жатыр.
Сондықтан мектептегі информатиканы оқытудың негізгі міндеті – ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін - өзі көрсету, дамыту құралы ретінде компьютелік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады. Осы мақсатты  жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды айдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің инфомациялық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады.
Оқушылардың білімі тереңдеп, өрістері кеңейген сайын олар одан кейінгі оқуын жалғастыру мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын болады. Бірақ ақпараттық технологиялардың жедел дамуына орай осы  пән көлемінің тұрақты түрде ұлғайып отыруына және оқыту сағаттарының жетіспеуіне байланысты бұрынғы білім беру аясында шешуге болмайтын мәселелер туындап келеді. Осы мәселе оқытылатын мәлімет көлемі мен оған бөлінетін сағаттар арасындағы сәйкессіздікке баса назар аударға негіз болып отыр. Бұл қайшылықты шешуге мүмкіндік беретін бір тәсіл – оқытуға керекті сағат санын арттырмай – ақ, күннен күнге ұлғайып отырған ақпарат көлемін игеруге мүмкіндік беретін жаңа білім беру технологияларын енгізу болып табылады.
Сағат саны жетіспей, оқу құралдары да тапшы болып отырған осы кезеңде білім беру бағдарламасын толық жүзеге асыру үшін мен жаңа оқыту технологияларына негізделген әдістемелік және дидактикалық материалдар жасап, соларды пайдаланып келемін. Оқушылардың білім алу процесін жетілдіріп,  оны игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық  тәсілдер балаларға ақпараттық  технологиялар жағынан терең білім алуға көмектесіп, кейіннен жоғары оқу орындарында да табысты түрде оқуға кепілдік береді.
Мұндай технологияларға Жобалар тәсілін, Модульдік оқытуды, бір мәселеге баса назар аударту (концентрированное обучение) арқылы оқыту, әркімді деңгейіне қарай жетілдіру (дифференцированное обучение) және тұлғаға бағытталған оқыту элементтері, ойы программалары мен тест арқылы тексеру істерін жатқызуға болады. Оқушылардың білімге деген ынтасын арттыра алатын біріктірілген немесе бинарлық сабақтар жаңа материалдарды тиянақты ұғып, оларды бекіту жолында жақсы нәтижелер беріп  келеді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру болып табылады.
Билет №8.1: Билет№ 18.2:Билет №4.3
1.Жұмысына қатысуы. Мемлекеттік Думаның Мұсылман фракциясы
Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов (Торғай облысы), А. Қалменов (Орал облысы), Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы) сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ.) мен Д. Тұндыт (Астрахан губ.) сияқты қазақ азаматтары да болды. Қазақ депутаттары думадағы мұсылман фракциясы құрамында қызмет етті. 1- Мемлекеттік думада ірі фракцияны кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық аймақтардың депутаттары да қолдады. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума патша жарлығымен таратылды.
II мемлекеттік Думаға қазақтардан 7 депутат сайланған. Олардың кейбіреулері (Ш.Қосшығұлұлы, А.Бірімжанұлы, Б.Құлманұлы) екі рет сайланды. Ал, Ә.Бөкей­ханұлы «Выборг үндеуіне» қол қойғандықтан өкімет оны қуғынға ұшыратып, қылмыскер атандырды, ал заң бойынша ол депутаттыққа кандидат бола алмады. Бұл Думада белсендірек болған қазақ депутаттары: Б.Қаратайұлы хат-хабарларды реттеу, ар-ождан бостандығы, ал М.Тынышбайұлы аграрлық комиссияға мүше болды. Яғни, Ресейдің 1-ші және 2-ші мемлекеттік Думаларына қазақтардан бар-жоғы 12 адам сайланған еді.
1. Әлихан Бөкей­ханұлы 1870 жылы бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Алаш қозғалысының жетекшісі, ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері. Қазақ халқының рухани көсемі, Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің төрағасы. 1-ші Думаға Семей облысынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі. Алдымен Қарқаралыдағы Зариф молда медресесінде оқығаннан кейін оны місе тұтпай қаладағы үшсыныпты бастауыш мектепке ауысады. 1889 ж. сол қаладағы қазақ балаларына арналған мектепті, 1890 ж. Омбыдағы техникалық училищені бітіреді. 1890-1894 жж. Санкт-Петербургтегі императорлық Орман институтының экономика факультетін аяқтайды. 1901 жылы императорлық Орыс Географиялық Қоғамының мүшесі болып сайланады. 1905 жылы қазақ даласында алғаш рет саяси талаптар жасап, 14,5 мың адам қол қойған Қарқаралы петициясының ұйымдастырушысы болды.
2. Мұхаметжан Тыныш­байұлы 1879 жылы бұрынғы Жетісу облысының Лепсі уезіне қарасты Мақаншы-Садыр болысындағы Жыланды тауының етегінде туған. Қоғам қай­раткері, қазақтың тұңғыш те­міржол инженері, тарихшы ғалым, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі. 2-ші мемлекеттік Думаға Жетісу облысынан сайланған. 1890 жылы Верный қаласындағы ерлер гимназиясына түсіп, оны алтын медальмен бітірген. Санкт-Петербургтегі I Александр атындағы Жол қатынасының инженерлерін даярлайтын инс­титутқа түскен. 1905 жылы осы қаладағы автономияшылар одағының 1-ші Құрылтайына қатысып, «Қазақтар һәм азаттық қозғалысы» деген тақырыпта баяндама жасаған.
3. Ахмет Бірімжанұлы 1871 туған. Алашорда үкіметінің мүшесі, қоғам қайраткері, Шақшақ Жәнібек батырдың ұрпағы, ағартушы-демократ Ыбырай Алтынсариннің туысы. Екікластық училищені, 1891 ж. Орынбордағы ерлер гимназиясын күміс медальмен, 1899 ж. Қазан университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. 1-ші және 2-ші мемлекеттік Ду­маларына Торғай облысы қазақ­тарының атынан сайланған.Орынбор, Ақтөбе уездерінде сот қызметкері, бітімгер судья болып қызмет істеген. 1906 жылы 2-шілде күнгі Дума отырысында қазақтар арасынан бірінші болып мінберден сөйлеген адам.
4. Сәлімгерей Жантөре­ұлы 1864 туған, 1-ші мемлекеттік Думаға Уфа губерниясынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, жоғары білімді, Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу университетінің физика-математика факультетінде оқыған. Губерниялық земствоның бас­тығы қызметін атқарған. Өзі Башқұрт жерінен депутат болып сайланса да, туған халқының мұң-мұқтажын қорғауға үлес қосты. Қазақ халқының болашақта орыс­танып кетуінен қауіптенген адам.
5. Алпысбай Қалменұлы 1860 жылы туған, I мемлекеттік Думаға Орал облысынан сай­ланған. Кадет партиясының мү­шесі, Орынбор гимназиясын бітіргеннен соң жоғары білім алған, Ішкі Орданы басқару кеңесінің мүшесі бол­ған. Хал­қының білім алып, оты­рық­шы болу істері оны үнемі толған­дырған. Ана тілінде мектептер ашылуын қолдаған.
6. Дәуіт Ноян Тұндыт 1860 жылы туған, I мемлекеттік Ду­маға Астрахань губерниясынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, ауқатты отбасында туып, патша лицейінен білім алған. Кейін жоғары оқу орнын бітірген. Мемлекеттік Дума мүшелерінің тізімінде жер иеленуші деп көрсетілген.
7. Темірғали Нұрекенұлы 1858 жылы туған, 2-ші мемлекеттік Думаға Семей облысынан сайланған. Бастауыш білімі бар, ауқатты отбасынан шыққан. Осы облыстағы Сәйтен әкімшілігінің болысы болған. Думаның мұсылмандар фракциясына енген. Өзі де көкірек көзі ояу, қажылық парызын өтеген, діни сауатты адам екен.
8. Тілеулі Аллабер­ген­ұлы 1856 жылы туған, 2-ші мемлекеттік Думаға Сырдария облысынан сайланған. Бастауыш білімі бар, бай адам болған. Думаның мұсылмандар фракциясының мүшелігіне өткен.
9. Шәймәрден Қосшығұлұлы 1869 жылы туған, 1-ші және 2-ші мемлекеттік Думаларға Ақмола облысынан сайланған. Ауыл молдасынан білім алған. Дума мүшелерінің тізімінде ауқатты, бай адам деп көрсетілген. Орыс тілін білмейтіндігі себепті 2-ші Думаның ресми тізіміне кіргізілмеген. Мұсылман фракциясында болған. Ел ішінде беделді кісі болып, өз қаражатына мектеп ашқан. Халықты қанаушылықтан, езгіден құтқарудың жолын іздеп, түрлі шараларға барған.
10. Бақытжан Қаратайұлы 1860 жылы туған, Әбілқайыр ханның шөбересі. II мемлекеттік Думаға Орал облысынан сайланған. Орынбор гимназиясын, ал 1890 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. Патшаның Әділет министрлігінің бұйрығымен Грузияның Кутаиси қаласына тергеуші болып барған. Бір қызығы, онымен Орал облысынан 18 отбасы бірге барады. Кеңес Одағы кезінде де түрлі қызметтер істеген. 1934 жылы 74 жасында дүниеден өтті.
11. Бақтыгерей Құлманұлы 1857 жылы туған, 1-ші және 2-ші мемлекеттік Думаға Астрахань губерниясындағы Ішкі Орда қазақтарынан сайланған. Ауқатты адам болған. Депутаттардың тізімінде жоғары білімді, шенеунік деп жазылған. Мұсылмандар фракциясының мүшесі.
12. Молда Тайынұлы 1-ші мемлекеттік Думаға Жетісу об­лысынан дәл оның тарайтын қарсаңында сайланған. Сондықтан болса керек, оның есімі ресми тізімге енгізіл­гені­мен, ол туралы басқа деректер та­былмауда.
Мұсылман фракциясы – Мемлекеттік думадағы мұсылман халықтары өкілдерінің парламенттік фракциясы (1906 – 1917 жылы).
Бірінші Мемлекеттік думадағы 436 депутаттың 36-сы мұсылман депутаттары еді. Олар бүкіл империя мұсылмандарының мүддесін қорғау мақсатында парламенттік фракция құрды. Төрағалыққа белгілі Әзірбайжан қайраткері Ә.Топчибашев, бюро құрамына М.Ралиев, С.Алкин, И.З. Зиятканов, А.Ахметов, Ш.Сыртланов және С.Жантөриндер бір ауыздан ұсынылды. Мұсылман фракциясы депутаттары Мемлекеттік думада құрылған жер, азаматтық теңдік, қаржы комиссияларының құрамына еніп, мұсылман халықтарының мүддесін қорғау жолында қызмет етті. Онда қазақ депуттары А.Бірімжанов пен А.Қалменов қазақ халқының мүддесін көздеді. Мұсылман фракциясы елдегі оппозициялық саяси күштермен бірікті. Олармен бірге Мұсылман фракциясы Мемлекеттік думаның құқын кеңейте түсуді, заң шығару ісімен қатар үкіметті де Мемлекеттік дума қолына тапсыруды талап етті. 1907 жылы ашылған Екінші Мемлекеттік думаға сайланған 518 депутаттың 35-і мұсылман халықтарының өкілдері болды.
2.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан халықтарды күштеп қоныс аударылуы. Депортация
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысына дейін де тоталитарлық жүйенің нақты орталығы болып келді. Себебі қазақ халқының ашаршылық жылдары, ұжымдастыру кезеңі, қуғын-сүргін уақытындағы демографиялық өзгеріске ұшыратқан кеңестік дәуірдің терең саясатының бір көрінісін – Ұлы Отан соғысы жылдарында басқа ұлт өкілдерін күштеп шоғырландыру арқылы тағы да жүзеге аса түскенін байқатады.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде гитлерлік әскер мен режимге жәрдемдесті деген сылтаумен Еділ бойындағы немістер, Солтүстік Кавказ, Қырым жағалауын мекендеуші біраз халықтар қудаланып, туған жерінен тыс, Қазақстан жеріне орналастырылды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында қала аймағы біршама өзгерді. Материалдық және өндірістік ресурстарды Алматыға шоғырландыру үшін 45 мың шаршы метр өндірістік алаңдар босатылып, қоныс аударған 26 мыңнан астам адам мен олардың отбасыларын орналастыру мақсатында үй-жайлар дайындалды. Қоныс аударушыларға баспана беру үшін үй алдындағы бастырмаларды, оқу орындарының сынып бөлмелерін, аулалар мен бақтарды пайдалануға тура келді. Қоныс аударушылар ұлттық белгілеріне қарай бір-біріне жақын орналасуға тырысты. Үлкен станицада еврей халқының мәдениет қайраткерлері, Клевер көшесінде украиндар, батыс жақ көшелерде беларусьтар, орталықта мәскеуліктер тұрды.
Кеңес өкіметінің күштеп қоныс аудару саясатына алдымен кәрістер ілікті. Бұл науқанның алғашқы кезеңі 1935 жылы жүзеге асты. Жапон өкіметі соғыс тұсында шекара маңындағы кәрістерге сенімсіздікпен елдің ішіне қарай көшірсе, Кеңес үкіметі де жапон армиясына жасырын қызмет атқарулары мүмкін деген күдікпен кеңестік кәрістерді жер аударды. Кәрістерді жер аудару науқанының екінші кезеңі, 1937 жылы жалғасты. Онда Қиыр Шығысты мекендейтін кәрістердің 98 454 адамы бар 20 789 отбасы көшірілді. Осы жылдың соңына қарай Әзірбайжан, Армян республикаларынан шекараға жақын орналастырылған күрд, армян, парсы, түрік халықтарының кейбір өкілдері Қазақстанға жер аударылды. 1940 жылы республикаға 102 мыңдай поляктар орналастырылды.
1941 жылы Кеңес-Герман соғысы кезінде халықтарды жер аударудан Кеңес өкіметі, тоталитарлық жүйе ерекше «тәжірибе» жинақтады. Кеңес Үкіметі Президиуымының 1941 жылы 28 тамыз қаулысында Еділ бойында тұрып жатқан немістерді қоныс аударуға ұйғарды. Осы қаулыдан кейін Ленинград аймағынан 96000 мың адам немістер мен финдерді жер аудару көзделіп, олардың 15000 адамын Қазақстанға жіберуге ұйғарылған.
1941 жылдың 6 қыркүйегінен басталған күштеп көшіруге бес күннің ішінде Мәскеу қаласынан және Мәскеу облыстарынан 8617 немісті және Ростов облыстарынан 21400 немісті Қазақстанның Қарағанды (8000 адам), Қызылорда (8000 адам), Оңтүстік Қазақстан облыстарына (10017 адам) жер аударды.
1941–1945 жылдары КСРО-да 1,4 млн-дай неміс ұлтының азаматтары тұрған. Кейін соғыс басталғаннан кейін бұл этнос жан-жаққа күштеп таратылды және неміс автономиясы жойылды. 1941–1942 жылдары Қазақстанға немістердің 1 209 430 адамы қоныс аударылды.
Алматыға қоныс аударған балалар эшелондары келді. Жүдеп-жадаған, жуырда ғана бастарынан кешкен сұмдықтардан естері әлі жыйылмаған, баспаналары мен үйлерінен айрылған, жараларын таңып алған жас балалар қаланың көшелерінен өтіп жатты. Қалаға қоныс ауған балаларға көмек ұйымдастырылды. Алматының актив – әйелдер жиналысы Қазақ республикасының бүкіл әйелдеріне үндеу тастады: «Әйел жолдастар, бұл балаларды аналық қамқорлыққа алып, аялау – біздің борышымыз. Ата-аналарын жоғалтқан балаларға және өз үйіндей мекен, аналық күтім табуларына көмектесейік!» — деп жазды. Қоныс аударған балаларға арнап, Кіші станциядан жақсы жағдайластырылған интернат ашылды. Оны жабдықтауға қаланың көптеген кәсіпорындары атсалысты. Оған айтулы тәрбиеші әйелдер бөлінді. Жүздеген балаларды балалар үйлеріне орналастырылды, жұмысшылар мен қызметшілер өз үйлеріне асырап алды. Шаумян атындағы артель коллективі қоныс аударған балалардың аяқ киімдерін тегін жөндеп беріп отыруды міндетіне алды; тігін фабрикасының жұмысшы әйелдері олар үшін бес жүз бұйым жинап берді.
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдарында Қазақстанға жер аударылған корей, шешен, ингуш, түрік, болгар, Қырым татарлары және басқа халықтар мен этникалық топтар өкілдері соғыс кезінде және соғыстан кейінгі жылдары республика халық шаруашылығының барлық саласында еңбек етіп, оның өркендеуіне өз үлестерін қосты. Соғыстан кейін ақпан-наурыз пленумы бойынша да келген халықтар тұрақтап, еліміз көп ұлтты мемлекетке айналды.
Жер аударылған халықтардың басым көпшілігі өз Отандарына оралды. Десек те, атамекендерінде орын алған жағдайлардан олардың біраз бөлігі Орта Азия мен Қазақстанда орнығып қалды
 Депортация (лат.deportatio - шығару) — мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады
 
3. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы
« Жеделдетілген эконмикалық жаңарту-үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасы. « Қазақстан-2020» стратегиялық басымдықтары
Жеделдетілген экономикалық жаңару Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясының 44 бабының 1 тармағына сәйкес, Елбасымыз өз жолдауы арқылы жылма-жыл халықты ішкі және сыртқы саясатымыздың басты бағыттарынан хабардар етеді. Тәуелсіздік алғанына 25 жыл болған мемлекетіміздің бүгінгі таңдағы басымдықтары мен жетістіктері Елбасының халыққа Жолдауында жан-жақты көрініс тауып келеді.Ең алғашқы Жолдауының бірінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2030-шы жылға дейінгі даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламаны ұсынғаны баршамызға белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті сол бағдарламаны жүзеге асыруда өткен жылдардағы атқарылған істерге баға беріп, болашақ атқарылар істің нақты нысаналарын көрсетіп берді. Мұндай ұсынысты отандастарымыз құптап қарсы алып, шетелдердің сарапшылары да дер кезінде жасалған батыл бастама ретінде бағалаған болатын.
Ғасыр тоғысында басталған тарихи құбылыстардың, әсіресе кешегі кеңестік кеңістікте өрбіп, бүгінгі өзгерістердің немен тынатынын білмей тұрып, тіпті, жуық болашақтың жай-жапсарын көзге елестету қиын екендігі түсінікті. Ол ендігі жерде тәуелсіз мемлекеттердің өз даму бағыттарын қаншалықты дұрыс таңдап алғандығына және оны қаншалықты табандылықпен жүзеге асырып жатқандығына байланысты болмақшы.
Осы орайда болашақ жолдауларға негіз болған «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы тек қазақстандықтардың ғана емес, күллі әлемдік қауымдастықтың да ойынан шыға алғанын барлық азаматтар біледі.Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында былай деп атап көрсетті: «Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім:«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ.Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жастың өзінде жеттік! Күні кеше Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит-соның айшықты айғағы. Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық.Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық«[1,2].
Елбасымыз қалыптасқан жағдайға қай жағынан да сын көзімен үңіліп, байыпты талдап, бүгін таңда қай шамада жүргенімізді өте дәл көрсетіп берді. Демократиялық нысандарымыз жетілдірілу үстінде. Тәуелсіздігімізді бүкіл-дүние жүзі түгел мойындады. Әркім өз пікірін айтып, уәжге тоқтап, көп ұсыныстың ішінен тиімдісін бірлесіп таңдап алып, ықтимал шешім қабылдауға ыңғайлы бәсекелік демократиясын отандық парламентшілдіктің түп қазық қағидасына айналдырдық.
Бірақ саяси жаңару басты мұрат бола алмайды. Жүргізіліп жатқан кешенді өзгерістер экономиканы түбегейлі жаңғыртқан күнде ғана өзін өзі, ақтаған іс боп шықпақшы. Онсыз әл-ауқатымызды арттырып, көсегемізді көгертіп, ұлттық қауіпсіздігімізді нығайта алмаймыз.
Беделді сарапшылардың пайымдауынша, макроэкономикалық өзгерістер бойынша ТМД елдерінің арасында алдыңғы шептеміз. Бірақ микроэкономикалық жандану жағынан өйтіп ауыз толтыра алмаймыз. Батыс Еуропаның ең жүрек жұтқан өкілдерінен жинақталған Солтүстік Америка бұған жарты ғасырдан астам уақыт жіберді. Германия мен Жапония да сырттан көмек пен қолдау көріп отырып, отыз жыл уақытын осыған сарп етті. Күнгей Шығыс Азия жолбарыстарына да осынша мерзім керек болды. Олардың ешқайсысы да нарыққа бейімділігін тап біздей жоғалта қоймаған елдер еді.
Бір кезде бәсекеден бойларын әдейі аулақ салған өндірісті түгелімен қайта жандаңдырудың атымен мүмкін еместігін, одан бері бір мән шықпайтынын түсіне бастадық. Халықаралық сұранысы мол шикізатымызды тұрақты валюта мен замануи технология базарына шығаратын жаңа бағыттар мен ықпалдастар тауып, сол арқылы бүгінгі бәсекеге төтеп бере алатын өз өндірісімізді қалыптастыруға тәуекел еткенімізге көп уақыт өте қойған жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті ел экономикасының дамуының басты бағыттары туралы былай деп атап көрсетті: «Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды. Ырыс — ынтымаққа жолығады, дәулет — бірлікпен толығады. Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз. Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады. Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді.Ішкі жалпы өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі — 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады. Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты. Ұлттық әл-ауқат-деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді.Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді».
Әлемдік тәжірибеге жұрттың бәрі жүгінеді. Бірақ әркім өзіне керегін іздеп жүгіреді. Біреулер сол арқылы осындай кезеңде өз тобы мен қауымының бағасын асырғысы келеді. Екінші біреулер өз ұлты, мемлекеті, мәдениетінің ерекше маңызын дәлелдегісі келеді. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында Елбасы ондай мақсат қуалаудан аулақ. Даусыз нәрсе-кез келген мәдениетте өнерге деген белсенділікті, әрекетшілдікті, еңбекқорлық пен ұқыптылықты, дәулет жиюды қастерлейтін қағидалардың молынан табылатындығы. Алайда олар, мәдениет түзілімінде, ұлт болып ұстанар құндылықтар жүйесінде әр елде әр қилы орындар иемденеді. Сол себепті-де олар бір мәдениеттің негізгі жұлын қағидасын құраса, екінші бір мәдениетте қосалқы қызмет атқарады. Осылай болғандықтан да, ондай қағидалар біреулердің ұлттық идеологиясына айналса, екінші бір жұрттардың ұлттық дүниетанымының әлі зерттеле қоймаған қалтарыс қабаттары болып саналады. Ондай жосықтар қазақ мәдениетінде-де аз ұшыраспайды.
Кез келген ертегімізде жалқаулық келеке етіліп, еңбекқорлық дәріптеліп жатады. Бірақ бұны ешқашан басты мұрат, өзекті қағидаға айналдыра қоймаппыз. Демек, осыған негізделген құндылықтар жүйесін жасақтап, соған лайық мінез-құлық қалыптастырмаппыз. Ол бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей, туа біткен ұлттық самарқаулығымыздан емес. Тарихи тағдырымыздан. Ал тарихи тағдырдың сыртқы факторларға да аз тәуелді болмайтыны белгілі. Оның үстіне қай халық та оп-оңай және тез арада ұлт болып қалыптаса салмапты. Оны дәлелдейтін деректер жеткілікті. Олардың бәрі-де экономикалық құнттылықтың объективті жағдайларға көбірек тәуелді екенін, аңғартады. Қиын жағдайлар эконо-микалық ыждаһаттылыққа көбірек итермелепті.
Демек, әуелден еңбекке бейім, не әуелден еңбекке енжар жаратылған халықтар болады деген пікір дұрыс емес. Кез келген қауым, бұдан әрі үйреншікті жолмен өмір сүріп, аман қала алмайтынына көзі жеткен сын жағдайдың бәрінде-де қажыр-қайратына шындап мінеді екен. Біздің қазіргі бастан кешіп жатқан кезеңімізді сондай сын кезеңге жатқызуға әбден болады. Ол үшін дағдарыстың салдарларын сипаттайтын көңілсіз статистиканы көлденең тартып жатудың қажеті шамалы. Бір біз ғана емес, қажет десеңіз, күллі адамзат ауыспалы кезеңде өмір сүріп жатыр. Бұған дейінгі ұстанып келген қағидаларымыз сыр білдіре бастады. Ондай әрі-сәріліктен не сырттан тап болған тосын пәрмен, не намысқа мініп, бар күш-қуатты тосын дағдарыстан тез арылуға тегіс жұмсай алатын өз жігеріміз ғана шығара алады. Ондай мақсатқа өз біліктілігіңмен жұмыла білу өзгелердің итермелегенінен әлдеқайда тиімді екенін әлемдік тәжірбие әлденеше рет дәлелдеп берген.
Латын Америкасы мен Африка -Азия елдері өткен ғасырда-ақ өркениетке күштеп көшіріле бастады. Бірақ екінші дүниежүзілік соғыстан соң ғана реформалар жолына түскен Оңтүстік-шығыс Азия мен Тынық мұхит елдері олардан әлдеқайда озып кетті. Өйткені олар батысеуропалық үлгілерді сол қалпында көшіре салмай,өз дәстүрлеріне лайықтап өзгерте білді немесе төл мәдиенеттерінен әлгілерден кем түспейтін баламалар тапты. Мәселен, жапондар экономикалық белсенділікті ұлттың ішкі құрылымының иерархиялық өзгешіліктерімен шебер үйлестіре білді.
Демек, жаңарудың рухани алғы шарттарын іздеу дегеніміз дәстүрді не қатаң қадағалау, не атымен жоққа шығару емес. Қолда бар мәдени-әлеуметтік мүмкіндіктерімізді бүгінгі талаптар тұрғысынан қайта зерделеп, қайта сараптау. Түптеп келгенде, кез келген мәдениеттен қоғам күш-жігерін жаңа өрелі міндетке жұмылдыруға негізгі арна болуға жарайтын ұтымды қағида тауып алуға әбден болады. Ол бұрын оқта-текте болмаса, көбіне еске түсе қоймайтын сирек қолданыстағы нақыл болуы да ғажап емес. Бірақ қоғам тағдырын шешіп тынатын жаңа міндет оны жаңа өмірлік идеологияның өзекті тініне айналдыра алады. Қоғамдық жігерді мұншама кең қарымда іске жұмылдыру үшін, ең алдымен, мақсат саралығы, бағыт айқындығы басты шарт болып табылады.
Сондықтан да, Елбасымыз жолдауда күшті және әлсіз жақтарымызды, ішкі және сыртқы дамумен байланысты үрдістерді мейлінше тәптіштей талдады. Ол Жолдауда ештеңені жасырып та қалмай, асырып та бағалаған жоқ. Мұндай, ағынан, ақтарыла сөйлеуге тек әуре-сарсаңға өз еркімен ұрынбаған, енді ол тығырықтан өз күшімен шығуға талаптанып жатқан мемлекеттің жетекшісі ғана құқылы. Бізді тәуекелге мінгізетін екі күш-табиғи байлығымыздың молдығы мен мәдени-әлеуметтік ахуалымыздың салауаттылығы. Рас, біздің мәдени-рухани құндылық жүйеміз әлемдік тәжірибенің өзекті қағидаларымен көп ретте үйлесе бермейді, бірақ оларды зерттеп үйренуге септігін тигізе алады. Әрине, кез келген қоғамның қандай түбегейлі өзгеріс тұсында да тапжылмайтын, сүйтіп, келесі өзгерістер кезінде негізгі рухани тірекке айнала алатын өзекті қасиеттері болады.
Осындай шешуші кезде тарихи ерік көрсетпекші тұлғалардан ерекше жауапкершілікті талап ететіні түсінікті. Естен шығармайтын бір нәрсе: бұдан былай ұлтты да, ұлттық мәдениетті-де баяғы бір кезде қалыптасып, енді сол қалыптан ешқашан тапжылмайтын, қатып-семген реликт деп қарау дұрыс емес, тарихи қалыптасқан этно-мәдени дербестік пен аумақтық тұтастыққа ие қауымның қалған дүниемен жарастықты өмір сүруіне жағдай жасайтындай боп, үзбей толығып, үзбей жетіліп, демек үзбей өзгеріп отыратын ылғи даму үстіндегі диалектикалық тірі құбылыс деп қарастырған дұрыс.
 
Билет №9.1: Билет№17.2:Билет №3.3
Қазақ саяси элитасының қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуі.
Қазақ зерттеушілері. XIX ғасырдың екінші жартысында білімді қазақтардың тұтас бір тобы туған өлкенің тарихы мен этнографиясын зерттеуге белсене араласты. Атап айтқанда, Ресей географиялык қоғамының Семейдегі бөлімшесінде Ә. Бөкейханов, Ш. Құдайбердиев, Ж. Ақбаев, М. Шорманов, С. Жантөреев, Б. Дауылбаев және басқалары жемісті еңбек етті.
Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңгыс Уәлиханов (1811—1901) өз ұлының ісін одан әрі жалғастырды. Ол Сібір әкімшілігіне қажетті тарихи-этнографиялық материалдар жинастырды. 1867 жылы Мәскеуге көрмеге қою үшін қазақтардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін ауқымды экспонаттар кешенін жіберді. Белгілі қазақ этнографы Мұса Шорманов (1819-1884) маңызды этнографиялық зерттеулер қалдырды. М. Шорманов Омбы кадет корпусында оқиды. Оқуын бітіргеннен кейін болыс, Баянауылсыртқы округының аға сұлтаны лауазымды қызметін атқарды. Орыс ар- миясының полковнигі шенін алады. Ол «Батыс Сібір қырғыздарының мал өсіру кәсібі туралы», «Қырғыздардың ұлттық дәстүрлері», «Павлодар уезінің қырғыздары туралы жазбалар» деген макалалар жариялады. Қазақтардың тарихы мен этнографиясын зерттеумен көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, М. Жұмабаев, К. Кемеңгеров, А. Сейітов және басқалар шұғылданды. Өз елінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге қатысу олардың халықтың аянышты ауыр халін неғұрлым тереңірек түсінуіне жәрдемдесті.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының атқарған қызметі.
Көрнекті қазақ ақыны, публицист, этнограф және ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Семей облысының Баянауыл сыртқы округында дүниеге келген. Бұхарадағы Көкілташ діни мед- реседе оқып, жоғары мұсылмандық білім алған. Бірнеше жыл туған өлкесінде мұғалімдік қызмет атқарып, қазақ балаларының мұсылманша сауатын ашқан. Ол 1872 жылдан бастап қазақтардың халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауға кіріседі. Осы мақсатпен Омбы, Павлодар, Семей, Петропавл, Атбасар сияқты тағы басқа да қалалардың маңындағы қазақ ауылдарын көп аралады.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен қатар өзі де көптеген поэтикалық шығармалар жазды. Оның «Исабек ишан», «Мұса Шорманұлы» сияқты жоқтау өлеңдерінде тарихи деректер көп кездеседі. 1893 жылы ол патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған өлеңдері мен мақалаларын жариялай бастады. 1907 жылы Қазан қаласында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағаннан көрген бір тамашамыз» атты үш кітабы басылып шықты. «Сарыарқаның кімдікі екендігі» еңбегінде тарихи нақты деректер негізінде, оның шын мәніндегі заңды иесі қазақтар екендігін ашып айтты. 1905 жылы 9 қаңтарда болған оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» өленін жазды. Ол осы еңбектері үшін патша үкіметі тарапынан қуғын-сүргінге ұшырады. Елден кетіп, Самарқанд, Бұхар жағына, Еділ мен Орал жағына барып бой тасалауға мәжбүр болды. Алайда қайда жүрсе де ауыз әдебиетінің үлгілерін жинауды жалғастыра берді.
Оның мақалалары алғашқы қазақ газеті «Дала уәлаяты» газетінде және «Айқап» журналында жарияланып тұрды. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға ынталылықпен кірісуінің арқасында көптеген құнды бірегей тарихи аңыздар, этнографиялық материалдар, хандар мен сұлтандардың, батырлар мен би, қожалардың шығу тектері туралы егжей-тегжейлі деректер біздің күнімізге дейін сақталып, аман жетті.
Мұхаммед-Салық Бабажановтың ғылыми қызметі.
М.-С. Бабажанов қазақтың алғашқы этнографтарының бірі болды. Бөкей хандығының аумағында дүниеге келген. Болашақ ғалым Орынбор кадет корпусында жан-жақты білім алды. Оны бітіргеннен кейін Ішкі Ордада бірқатар лауазымды әкімшілік қызметтер атқарды. 1862 жылы М.-С. Бабажанов Орыс географиялық қоғамының мүшесі болып сайланды және оның Үлкен күміс медалімен марапатталды. Оның «Нарын құмы туралы географиялық және этнографиялық деректер», «Ішкі Қырғыз ордасындағы саятшылық», т.б. құнды мақалалары жарық көрді.
Қазақтардың медицина саласындағы зерттеулері. XX ғасырдың бас кезінде медицина саласында да қазақ ғалымдары шыға бастады. Жұқпалы аурулардың таралып, өз отандастарының өлім-жітімге ұшырауы қазақ дәрігерлерін бейжай қалдырған жоқ. Олар өз халқының денсаулығын сақтауға барынша аянбай еңбек етті. Қазақтың алғашқы дәрігері, ғылым қайраткерлерінің катарында Мұхамеджан Қарабаев (1858—1928), Халел Досмұхамедов (1883-1937), ағайынды Асылбек және Мұсылманбек Сейітовтер және басқалары болды. Қазан университетінің медицина факультетін бітірген М. Қарабаев көп жылдар бойы Солтүстік Қазақстан аумағында жұмыс істеді. Ол Қостанай уездік дәрігері қызметін атқарды. 1907 жылы Торғай облысының Ырғыз уезінде жұқпалы бөртпе сүзек ауруына қарсы жүргізілген күресті басқарды. X. Досмұхамедов Санкт-Петербургтегі әскери-медицина академиясын бітіріп, денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етті. Ол Орал облысының Темір уезінде дәрігер болып істеді. Жалпыұлттық «Қазақ» газетінің бетінде оның «Ауру-сырқаулар жөнінде», «Жұқпалы ауру түрлері» сияқты тағы басқа да бірқатар мақалалары жарияланды. А. Сейітов Томск университетінің медицина факультетін бітіріп, әуелі Омбы Асылбек Сейітов. қаласында, одан соң Баянауыл мен Семейде жұмыс істеді. Семей облысында жұқпалы ауруларға қарсы жүргізілген шараларды басқарды. Оның медицина саласында жазылған мақалалары әлі күнге дейін ғылыми-практикалық маңызын жоғалтқан жоқ
2. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстандағы халық шаруашылығын қалпына келтіру Соғыстан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамда үстем болды. КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа тапталды. Қарапайым адамдар басқарудан шеттетілді. Коммунистік партияның билігі шексіз болды. Қоғамда тоталитарлық, авторитарлық жүйе үстем болды. Осының бәрі жеке адамның басына табынғандықтан пайда болған. Жоғары билік басындағылар тез арада коммунизмге көшу туралы жоспарларды құрастыра бастады. Коммунизмнің теориялық негізі жасалды. Мұның бәрі И. В. Сталиннің көрегендігі ретінде бағаланды. Республикада осылай қияли утопиялық көзқарас пайда болды. Коммунистік партия қияли коммунистік идеологияның мүддесін халықтың өмірі мен тіршілігінен жоғары қойды. Адам мүддесімен ешкім санаспады. Ауыл шаруашылығы Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Мысалы, ауыл шаруашылық техниканың жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы т. б. Партияның 1946 жылғы қаулысына сәйкес совхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылғын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда (76%) МТС-тер (машина-трактор станциялары) жұмыс істеді. Үкімет өзін қамтамасыз ете алмайтын ұсақ колхоздарды біріктіре бастады. 1952 жылы республикада 2047 колхоз жұмыс істеді. Республика ауыл шаруашылығы біршама жақсы дамыды. Дегенмен барлық халықты бірдей азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай, өнеркәсіптің шикізатқа деген сұранысын қанағаттандыра алмады. Ауыл шаруашылығы жоспарлы түрде жоғарыдан басқарылды. Халықтың әлеуметтік жағдайы Соғыстан кейін 1946–1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса ірі ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе онымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алып отырды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет өте арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы ешқандай мәліметтерде айтылмайды. Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру (1945–1950 жж.) II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылғына өте көп зиян әкелді. Соғыс зардаптары: 1710 қала, 70000 ауыл қирады, 32000 өнеркәсіп, 100000 ауыл шаруашылық кәсіпорны бүлінді және 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минск т. б. қалалардың көп бөлігі талқандалды. Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Себебі КСРО соғыста 27 млн. адамнан айырылды. Осыған байланысты Қызыл Армия қатарында демобилизация (әскерден босату) басталды. 1945–1948 жылдары Қызыл Армия қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. Соғыс жағдайына бейімделген ел экономикасының қайта құрылуы басталды. Сұрапыл жылдары соғыстың қажетін өтеп тұрған кәсіпорындар бейбіт тұрмыс өнімдерін шығара бастады. Қазақстан экономикасын бейбіт жағдайға бейімдеу көп қиыншылықтар тудырды. Соғыс жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар азат етілген аудандарға қайта көшірілді. Сонымен бірге білікті мамандар да қайтты. Соғыста жарты миллионнан астам адам қаза тапты, көбі мүгедек болып оралды. Мұның бәрі шаруашылқты қалпына келтіруді кешеуілдетті. Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге барынша көмек көрсетті. Сталинград, Ленинград, Киев қалаларын, көптеген қираған кәсіпорындарды қалпына келтіру барысында қазақстандықтар көп үлес қосты. Сонымен қатар Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге материалдық көмек көрсетті. Мысалы, 1945 жылы Украинаға 500-ге жуық трактор, ауыл шаруашылық техникасын; Ресей мен Белоруське, Украинаға 350000 қой, 22000 жылқы, 17500 сиырды тегін жіберді, 1946 жылы қабылданған 1946–1950 жылдарды қамтитын халық шаруашылығын дамытуға бюджеттен көптеген қаржы бөлінді. Үкіметтің қолдауымен және жұмысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында кәсіпорындар біртіндеп аяғынан тұра бастады. Теміртау металлургия зауыты, Ақтөбе Ферроқорытпа зауыты сияқты алыптардың қуаты артты. Екібастұз көмір кендері мен Маңғыстау мұнай кәсіпшіліктерінде жаңа құрылыстар салынды. Ауыр өнеркәсіппен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің қуаты артты. 1950 жылы 483 шақырымға созылған Мойынты-Шу теміржолы салынды. Байланыс, коммуникация жүйелері де дамыды. 1949 жылы Алматы автоматтық станция арқылы республиканың 56 қаласымен байланыстырылды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылғында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті. Қазақстан экономикасының бейбітшілік жағдайға сәйкес қайта құрылуы1946 жылғы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы 1946–1950 жылдар аралығын қамтитын халық шаруашылғын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық туралы Заң қабылдады. Бұл жоспарда қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға үлкен мән берілді. Ауыр өнеркәсіптің дамуына, жаңа темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Еңбекшілер қауымының қажырлы қайрат көрсетуінің нәтижесінде 1946–1951 жылдары республикада болат прокатын, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Бесжылдық жылдарында қара металлургия қарышты қадаммен дамыды. Теміртаудағы металлургия зауытында үй прокат станы мен екі мартен пеші, Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында кәсіпорынның үшінші кезегі іске қосылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын берді. Екібастұз алабында көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. Маңғыстауда мұнай кәсіпшіліктері қатарға қосылумен болды. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семейдегі илеу-сығынды зауыты, Қызылорда «Комсомолка» тігін фабрикасы өнім бере бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері зауыттарының құрылысы аяқталды. 50жылдардың басына қарай республикада 65 кәсіпорын болды. 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты-Шу темір жол төсемін қалау аяқталды. 1949 жылдың көктеміне қарай Алматыда елдің 56 қалаларымен байланыстыратын автоматтық станция қызмет істей бастады, радиоқабылдау және хабар беру, радио жүйесі 40-жылдармен салыстырғанда екі есе артты. Республиканың экономикалық өміріндегі өзгерістер маманданған жұмысшылар қатарының өсуіне ықпал етті. Егер 1945 жылы халық шаруашылғындағы жұмысшылар мен қызметкердің саны 1044 мың, олардың ішінде өнеркәсіпте еңбек ететіндер 304 мың болса, 1950 жылы олардың жалпы саны 1403,3 мың, ал өнеркәсіптегілер 366 мың адамға тең болды. Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп, олардың орнына ірі ұжымдық шаруашылықтар құру жүзеге асырылды. Колхоздарды ірілендіру шапшаң қарқынмен жаппай жүргізілді. Осының нәтижесінде республикада колхоздар саны азайды: 1945 жылы Қазақстанда 6737 колхоз болса; 1952 жылы олардың саны 2047-ге тең болды. Еңбекшілердің тұрмыс жағдайының өзгеруі. 40-жылдардың екінші жартысы мен 50-жылдардың басы КСРО азаматтарының басым көпшілігі үшін аса ауыр кезең болды. 1947 жылғы желтоқсанда карточка жүйесі және еңбекшілерді азық-түлік және өнеркәсіп өнімдерімен өлшеулі қамтамасыз ету жойылды. Сол жылы ақша реформасы жүзеге асырылды. Негізгі өнімдердің, нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, өнеркәсіп өнімінің бағасы арзандады. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшілердің жалақысы да өсті. Екінші дүниежүзілік соғыстың мүгедектеріне, соғыста қаза болғандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысының қаза болуына байланысты және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды. Көп балалы және жалғыз басты аналар жәрдем алып тұрды. Шипажайлар мен демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жеңілдіктермен жолдамалар берілді. Осы жылдары кезектен тыс жұмыс істеуге тиым салынды, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді. Мемлекеттік күрделі қаражат пен кооперативтік кәсіпорындардың және басқа ұйымдардың есебінен халық үшін тұрғын үйлер салу өрістеді. Жұмысшылар мен қызметкерлердің айлық жалақысы бір жарым есе ғана өсіп, 1950 жылы 64 сомға тең болды. Әуел бастан негізсіз жасалған, соған қарамастан насихат кеңінен пайдаланған арзандату саясаты халықтың басым көпшілігі тұратын ауыл есебінен жүргізілді.
3.Қазақстанның қазіргі кезеңдегі көші қон этнодемографиясы
1991 ж. бергі тәуелсіздік жылдарын қамтитын кезеңдегі көші-қон үдерістері өзіндік ерекшеліктерімен дамуда: КСРО-ның ыдырауы ғасырлар бойы Қазақстанға бағытталған көші-қонның нәтижесінде жиналған көші-қон әлеуетін елден сыртқа қарай бағыттады. 1989 ж. Бүкілодақтық халық санағы мен 2009 ж. Қазақстан Республикасы Екінші ұлттық халық санағы аралығындағы көші-қон динамикасындағы сандық және сапалық өзгерістер республика халқының этнодемографиялық дамудағы шешуші рөлді тұрғылықты ұлт – қазақтардың атқаруына мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында кеңестік кезеңде Қазақстанға келген көші-қоншылардың негізгі әлеуетінің өздерінің тарихи отандарына қайтуына және елден кеткен отандастарымыздың оралу көші-қонына орай республикадағы қазақтар үлесі 1989 ж. 39,7%-дан 2009 ж. 63,1%-ға өсті.
Билет №10.1: Билет №16.2:Билет №2.3
1.Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.
Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды:
1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. 
2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. 
3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.
Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері:
1. Жетісуда – Т.Рысқулов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, К.Мәмбетов, А.Қосаков. 
2.Төрғайда - Ә.Жангельдин,А.Иманов. 
3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев. 
4.Маңғыстауда–Ж.Мыңбаев. 
5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.
Салдары: 
-3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді. 
-161-і каторгаға айналды. 
-Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.
1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:
1. Көтеріліс бытыраңқы болды. 
2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді. 
3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 
4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды. 
5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады. 
6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады. 
7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.
Салдары: қазақтардың саны: 
- Қазақ өлкесінде – 446 мыңға; 
- Орта Азияда – 121,7 мыңға; 
- Астрахань губерниясында – 51,8 мыңға; 
- Россия империясында – 617,5 мыңға азайды.
Көтерілістің тарихи маңызы 
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті. 
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. 
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. 
4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті. 
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
10 Ақпан буржуазиялық – демократиялық ревалюциясы және патшалық жойылғаннан кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы.
2. Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы (1946-1953 жж.).
Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.
II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды.
Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
3. Қазақстан халқы Ассамблеясы: құрылуы мен мақсаттары. Ұлттық бірлік доктринасы (2009 жыл, қараша).
Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Ассамблеяның негізгі міндеттері
этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.
Доктринаны іске асырудың негізгі бағыттары:
Жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттерге сүйене отырып, Доктрина мемлекеттік ұлттық саясаттың мынадай негізгі бағыттарын көздейді.
қазақ халқының тарихи-мәдени мұраларын сақтауға, Қазақстан этностарының мәдениетін әрі қарай өзара байытуға бағытталған мәдени-ағарту мекемелердің жұмысын жандандыру;
Қазақстан этностарының тарихы мен мәдениеті туралы білімді кеңінен таратуға жәрдемдесу;
Қазақстанның әрбір этносының мәдениетін, тарихи мұрасын, дәстүрі мен ерекшеліктерін сақтауды қамтамасыз ету;
қазақ диаспорасы тұратын елдермен, сондай-ақ, қазақстандық этностардың тарихи отаны болып табылатын елдермен мәдениетаралық үндесу мен гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту қажет.
Осы шараларды жүзеге асыру Қазақстанның этномәдени саналуандылығын сақтау мен дамытуды, «Саналуандылық арқылы - бірлікке» формуласын әрі қарай іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Билет №11.1:Билет №15.2: Билет№1.3
1.  Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы.
Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан төңкерісі монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе, олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері "Алаш" партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 жылдың өзінде-ақ құруға әрекет жасалған "Алаш" партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді.күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.
2. Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Хрущевтің реформасы және оның тиянақсыздығы.  Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні  Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. Хрущев билікке келгеннен кейін қоғам өмірін демократияландыру бағытында әрекет жасады. 1956 жылы ақпанда партияның XX съезі өтіп, онда жеке басқа табынудың зардаптарын жою туралы мәселе қаралды. Бұл съезде сталинизм қылмыстары әшкереленіп, оның қуғын-сүргін саясаты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағаланды. Соған сәйкес Қазақстанда Т. Рыс-құлов, С. Асфендияров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Нұрмақов сынды қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар ақталды. Бірақ Алаш қайраткерлері ақтал-май қалды. Бұл Кеңес Одағындағы тоталитарлық әміршіл-әкімшіл жүйенің әлі де болса өз күшінде екенін білдірд
Тиянақсыз реформалар 1953-1964
 1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.
1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады.
Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.
1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.
1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.
Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.
1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га). 
2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. 
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. 
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. 
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті. 
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. 
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді. 
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды. 
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. 
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. 
5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.
6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды. 
7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. 
8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады. 
9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. 
10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
3. Нұрлы көш бағдарламасы және отандастардың ата жұртқа оралуы
Қазақстан Республикасының аумағындағы әлеуметтік – экономикалық жағдайлармен әрдайым өзгеретін көші-қон үдерісін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы «2» желтоқсан № 1126 қаулысымен 2009 – 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы бекітіліп оны іске асыру бойынша 2008-2010 жылдарға арналған іс шара жоспары қабылданды.
Бағдарламаның мақсаты өңірлерді демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамыту және Бағдарламаға қатысушылардың әлеуетін іске асыру мүддесімен этникалық көшіп келушілерді, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын және еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуы мен кірігуіне жәрдемдесу болып табылады.
Бағдарламаға қатысушылар
1) этникалық көшіп келушілер;
2) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтары;
3) елдің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
Бағдарламаға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелері Бағдарламаға қатысушылардың санаты мен қоныстандыру аймақтары бойынша сараланған әлеуметтік қолдау құқығына ие болады.
Әлеуметтік қолдау:1) этникалық көшіп келушілер үшін:экономиканың белгілі бір секторында тиісті білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі бар оралмандарды көшіп келу квотасына басымдықпен енгізуді;бейімдеу қызметтерін тегін көрсетуді (республикалық бюджет қаражаты есебінен);қоныстандыру осьтері бойынша сараланған біржолғы жәрдемақы төлемін, жол ақысы мен жүк тасымалдау шығыстарын өтеуді (республикалық бюджет қаражаты есебінен) қамтитын болады.
2) еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтары үшін:
кәсіптік даярлау және қайта даярлауды (жергілікті бюджет қаражаты есебінен);
3) Қазақстанның бұрынғы азаматтары үшін: тұрақты тұруға рұқсат беруді және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуын қамтитын болады.
Бағдарламаға қатысушылардың бәріне тұрғын үймен қамтамасыз етудің тең шарттары көзделеді.Аталмыш бағдарламаға қатысу үшін, өкілетті органның аймақтық органына жүгіну қажет. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақшы.Алматыкөші-қон комитетінің мәліметінше, Астанамен Алматы қалаларына «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша қоныстандыру жүргізілмеуі де мүмкін. Өйткенітұрғын үй қымбат, бөлінетін жер телімі тапшы. Ал нарық бағасынан төмен қақпен, әкімдік тарапынан берілетін жалдамалы пәтерлердің мәселесі әзір шешілмейтін түрі бар.Есесіне өзге облыстар бойынша қоныстандыру жүргізілмек. Әсіресе, облыс орталықтарында, жұмыс орыны жеткілікті қалаларда, шегкараға іргелес елді мекендерде, ауылдық елді мекендерге қоныстандыруға көңіл бөлінбек.«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшердекредитберіледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануғақаржы бөлінеді. 2009-2011ж арналған Нұрлы көш бағдарламасы ҚР көші қон саясатының 2007-2015ж арналған тұжырымдамасына сәйкес Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен әзірленді. Басты мақсаты этникалық көшіп келушілерді,шеттегі қандастарымызды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. Нұрлы көш бағдарламасы бойынша сырттан көшіп келушілерді негізінен Қазақстанның солтүстік,орталық және шығыс аймақтарына қоныстандыру жоспарланған. Осы бағдарлама арнап жергілікті бюджеттен 197 млрд тг қарастырылды.Үш жылда бұл бағдарлама бойынша 60мың отбасын  300мың адамды көшіріп алу жоспарланған болатын. 2009-2011 бағдарлама шенберіңде 2567 этникалық қазақ отбасына тұрғын үй берілген. 2,6 млрд тг жұмсалған 3223 пәтердің 622не ел қоныстанбаған. Ақмола обл. Красный Яр ауылында 138 екі пәтерлік тұрғын үй төменгі сапамен салынған. Бос тұрған құны 51,6 млн тг 18 пәтер тұруға жарамсыз,жөндеуді қажет етеді.СҚОда құны 42,0млн тг болатын бір пәтерлік 10 тұрғын үй құрылысы аяқталмады. 2009-2010ж Монғолиядан барлығы 1317 отбасы немесе 6271 адам Қазақстанға қоныс аударған. 2010ж бағд. бойынша 150 ден астам отбасы барлық жан саны  750-дей алам Монғолияның Баян Өлгей және Қобда аймағынан Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарына көшіп келді. Нұрлы көш бағд. жүзеге аспауының басты себебі жемқорлық болды.
Отандастардың ата жұртқа оралуы.КСРО құлағаннан кейін елімізде экономикалық дағдарыс күшейіп ,шетелдегі қандастарымыздың елге оралуы қиындық туғызды. Соған қарамастан Ресей,Украина,Өзбекстаннан Қазақстанға қазақтар келіп жатты.1989ж 16642 қазақ келді. 1992ж қарашада 24мың жуық оралмандар келді.Әрбір отбасына бір сиыр, 10 қой және ақшалай көмек беруге шешім қабылданды.Алайда шеттен келген қандастарымызды жұмысқа орналастыру,арнайы жеңілдіктер беру барлық жерде бірдей болмады.Келушілер қатарында қазақтар 59,1%,орыстар 25,7% .1991жылдан 1995ж дейнгі аралықта көшіп келген 137919 қазақтың басым көпшілігі 50,6% Ресейден,Тәжікстаннан, Кавказ өңірінен келді. Моңғолиядан,Ираннан,түркиядан,Қытайдан,Ауғанстаннан келген оралман қазақтар 49,4%. Жалпы Монғолиядан 1989 1999ж аралығында республикаға 43057 оралман келіп қоныстанған. Олардың көпшілігі Ақмола,Қарағанды,Павлодар және ШҚОдағы ауылдық жерлерге орналысты.Ираннан 2968,Түркиядан 1755 қазақ келді.
Билет №12.1.Билет №14.2.Билет №12.3
1. ХХ ғас.басындағы саяси партиялар: большевиктер, кадеттер,эсерлер, «Алаш» «Шуро-и-ислам», «шуро-и-иулемия»
Шура ислами» Түркістанның елеулі саяси ұйымы 1917 жылы 17 наурызда Ташкентте құрылған «Шура ислами» (араб тілінен аударғанда «Ислам кеңесі») болды. Оның құрамына ұлттық буржуазия мен зиялылардың, жер иелері мен мұсылман діни қауымының өкілдері енді. Ұйымды жадиттік ілімнің басшысы М. К. Абдурашидханов басқарды. Ұйымның жұмысында М. Шоқай, А.Кари, А.Темірбеков т.б. белсенді рөл атқарды. Партия жергілікті халықтың дәулетті топтарының мүддесін білдіре отырып, буржуазиялық Ресейдің құрамында Түркістан ұлттық-діни автономиясын құруды мақсат етті. . 1918 жылдың басында Түркістан Халық Комиссарлары кеңесі мен жергілікті кеңестер «Шура ислами» партиясын Кеңес үкіметіне қарсы әрекеттері үшін таратып жіберді.
«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. 1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады
Мақсаты: Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, Автономиялық ұлттық мемлекет құру.
Кадеттер партиясы: 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін Семейде,Петропавлда,Қостанайда, Оралда, Өскеменде, кадеттер партиясы құрылды. Мақсаты:Бөлінбей,біртұтас конституциялық монархия құру. Семйдеде кадет ұйымы «Свободная речь» газетін шығарып тұру.
Эсерлер ұйымы: 1917 жылы көктемде өлкеде эсерлер ұйымы құрылды. Мақсаты: «Жерді шаруаларға беру, жер-бүкіл халықтың меншігі, ұранын көтеру. Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптау.
2. Қазақстанда Тың және тыңайған жерлерді игеру.жетістігі мен зардаптары.
Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің әлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. 
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га). 
2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. 
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. 
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. 
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті. 
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. 
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді. 
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
3. Мәңгілік ел.
2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады. Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған
Билет №13.1.Билет №13.2:Билет №13.3
1. Алаш қозғалысы.Бірінші жалпы қазақтық съезі. (1917ж шілде). Ұлттық «Алаш» партиясының құрылуы: мақсаты мен міндеттері.
Бірінші бүкілқазақтық сеьзд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты.  Сеьзге қатынасушылар саны аса көп болмағанына қарамастан (20-дан астам адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ сеьздерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары болып саналғандары жалпықазақтық құрылтайға ұсынылған еді. Олар:
1. Мемлекеттік басқару формасы.
2. Автономия құру мәселесі.
3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясын құру.
5. Сот ісі.
6. Дін мәселесі.
7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.
8. Құрылтай жиналысын шақыру.
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.
10. Жетісудың ашыққан халқына көмек.
11. Халық ағарту ісі.
12. Земство
13. Әйел мәсселесі
14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сеьздіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.
Х. Досмұхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Ә.Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық сеьзд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай сьезіне дайындық және қазақтың  саяси партиясынын құру проблемаларына аударды.
Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Осы мәселе жөнінде сьезд қабылдаған қарарда былай делінеді: «Қазақ халқынаң өз алдына саяси партиясы болды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды сьезд исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократическая федеративная парламентарная республика құрылмақ. Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына жіберді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді.
Жаңадан құлған партия «Алаш» деген атқа ие болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сьезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмұхамбетов, Бөкейден Уәлихан Таңашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды.
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интелегенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері – М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов, т.б. кірді.
Олардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда социалистік идеологияны, таптық прициптерге негізделген күрес бағдарламассын қабылдаған жоқ, өйткені Алаш партиясы қайратерлерінің пікірінше сол кездегі қазақ қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді. Сондықтан да, олар өз күресін жалпыұлттық мүлдеге негізделген «қазақ халқын отарлық езгіден құтқару үшін» деген ұранныңң астында топтастыруға бағыт алды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы – бірінші жалпықазақтық сьезде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп түсінді.
Сьездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі  кейінірек, 1917 жылғы «ҚАЗАҚ» газетінде қарашаның 21-күні жарияланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты.
Сөз жоқ, бірінші жалпықазақтық сьезінде Алаш партиясының құрылғандығын жариялау оның дәстүрлі ұғымдағы саяси партия болып қалыптасуының алғашқы және аса маңызды қадамы болды. Алайда ол өзінің бірнеше айларға созылған қысқа ғұмырында шын мәнінде саяси партия ретінде қалыптасып үлгермеді. Ол құрылған 1917 жылдың шілде айында оның нағыз саяси партияға тән Жарғысы да, Бағдарламасы да болмады. Оның мүшелеріне партиялық билеттер берілгендігі жөнінде де архивте сенімді деректер кездеспейді. Осы күнге дейін Алашқа мүше болғандардың саны туралы айтылып және жазылып жүрген мәліметтер тек жорамалдар ғана. Мұны М.Дулатов ОГПУ-дің тергеушісіне 1929 жылы қарашаның 30-да берген жауабында растай түседі. Осы құжатта М.Дулатов былай дейді:
« Алаш партиясының жарғысын бекіткен сьезд болған емес. Газет арқылы жарияланған жобамен танысқанн және оны мақұлдағанның бәрі өзін партияның мүшесімін де санады – шын мәнінде нұсқау беретін қалыптасқан партия болған жоқ. Тек қана Құрылтай депутаттығына кандидаттар осы партияның атынан ұсынылды. Бұдан басқа партия тарапынан жасалған әрекет болған емес. Сондықтан да Алаш партиясы көпшілікке кең танылған Алашорданың көлеңкесінде қалды. ОГПУ-дің тергеушісіне 1929 жылдың 14 шілдесінде берген жауабында Мағжан Жұмабаев та Міржақыптың осы тұжырымына жақын пікір айтады. «Алашты, — дедйі Мағжан, — саяси партия деп санаған емеспін. Тек қана Алашорда үкіметі болды».
Демек,  Алашты саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға ауысу «кезеңін» бастан кешірген өтпелі саяси ұйым деп қарастырған жөн. Алаштың әдеттегі саяси партияға айналу процесі 1917 жылғы шілдеден сол жылдың соіына, яғни Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі құрылғанға дейін айтарлықтай қарқынмен жүргізіледі. Оның жергілікті комитеттері жекелеген облыстарда 1917 жылғы қазан-қараша айларында құрылғандығы жөнінде құжаттар да сақталған. Дей тұрсақ та, Совет өкіметінің орнауына байланысты, 1918 жылдың көктемінің соңы – жазының басында азамат соғысының басталуына орай Алаштың партия болып қалыптасуы аяқсыз қалды. Ал азамат соғысы жылдарында Алаштың, М. Дулатов дәл айтқанындай, «Алашорданың  көлеңкесінд қалғаны» тарихи шындық.
Алаш партиясының құрылуы қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға болды, өйткені ол тұңғыш ұлттық саяси ұйым еді. Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет атқарды. Бұл ең алдымен, партияның программасының жобасын дайындаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құру ісіне белсенді түрде кірісуден, қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына депутаттар ұсынып, оларды сайлау ісіне қажырлылықпен ат салысудан аса айқын көрінеді. Бұл әрекеттердің барлығы 1917 жылдың екінші жартысында жасалды.
2. 1964-1985 ж Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы.1964 жылы СОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партия басшылығы ауысты. Пленум Н.С. Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И. Брежнев, үкімет басына А.И. Косыгин тағайындалды. 60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүрпзілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК-І Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жа-ғынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бәрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бәрі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бес-жылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды. 60-жылдары Қазақстанда өнеркәсіп құрылысы кең көлемде жүрпзілді, бірақ республиканың экономикасы шикізаттық бағытта болғандықтан, негізінен өндіруші салалар ғана дамыды 1961-1970 жылдар арасында Қазақстанда 1709 жаңа кәсіпорын, сондай-ақ көпшілігі қайта жөндеуден өткізілген және жаңа техникамен жабдыкталған нысандар іске қосылды Қара металлургия алу Соколов-Сарыбай және Қарағанды комбинаттарында, Ермак темір балқыту зауытында, ал түсті металлургия алу Лени-ногор, Жезқазған, Павлодар, Өскемен комбинаттарында қарқынды дамы-ды. Бұл кезеңде Маңғыстау мұнай кені де маңызды мұнай аймағына айнал-ды. Ең ірі химия өнімін дайындайтын Қаратау тау-кен химия комбинаты бол-ды. Қазақстан сары фосфордың бұкілодақтық өнімінің 90%-ын, жемдік фос-фаттың 40%-ын, мыс, мырыш, қорғасынның 70%-ын берді. Республика хром өндіруден КСРО бойынша бірінші орын, ал көмір, шойын және марганец өндіруден ұшінші орынды иемденді. 1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аг-рарлықсаясат жасау мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылықенімдерінің бағасын өсіріп, жоспардан тыссатылуы үшін қосымша қаржы теленді, колхоз-дар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты өзгертілді. Аграрлық салаға шаруашылық есепті енпзу шаралары белпленді. Бұл шаралар жартылай сипатта жүрпзілгенімен, біршама алға жылжулар да көрініс берді. 1970 жылы өндірістің тиімділігін арттыру нәтижесінде енеркәсіп өнімдерінің өсу керсеткіші 70%-ды құрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 28%-ға өсті 60-жылдары, 70-жылдардың басында басталған реформалар бірте-бірте тежеле бастады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге аспады.
3.ҚР-ғы саяси партиялар мен қозғалыстар: бағдарламалары мен міндеттері.
1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.
1994 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның халықтық-кооперативтік париясы”, 1995 жылғы қаңтарда "Қазақстанның өрлеу партиясы”, 1995 жылдың басында "Қазақстанның аграрлық партиясы”, 1995 жылғы жазда "Қазақстанның демократиялық партиясы” құрылды.
1998 жылғы қарашада "Ақ жол” қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты: Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. "Қазақстан-2030” стратегиясын жүзегег асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау.
1999 жылғы қаңтарда "Отан” партиясы құрылды. Төарғасы – Т. Терещенко. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды.
1999 жылғы 14 қаңтарда "Қазақстанның отаншылар” партиясы құрылды. Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қарашада "Қазақстанның демократиялық таңдауы” атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны –15.
Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл жағдай республиканың өркендеуіне, қоғамның демократиялануына, реформаның тередеуіне, экономиканың және халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.
"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық Партиясы – саяси партия.
Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.
Төрағаның бірінші орынбасары – Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.
«Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар.
Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие.
2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.
Билет№14.1:Билет 12.2.Билет №14.3
1.Қазан төңкерісі және қазақ өлкесінің саяси өмірі. Қазақ өлкесін кеңестендіру ерекшеліктері
Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін
орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталд. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.
Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.
2. ХХ Қазақстанда 60 жылдарының екінші жартысындағы шаруашылық реформалар. Н.С.Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы сияқты пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді, оның ішінде келешегі жоқ тәжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру, жүгері егу т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқаудан өтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары көршілес республикаларға берілді, өлкелер құрылды. Көптеген қосалардың аттары өзгертілді: Ақмола – Целиноград атанды, Батыс Қазақстан облысы – Орал облысы болды. Хрущевтің жолсыздықтары мен жөнсіз қылықтарын ашық айтпаса да халық оған наразы болды. Сойтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін тубегейлі жақсарту қажеттігі кесіп жетілін келе жатты. Экономикалық мәселелерді шешуде субъектівизмде, валюнтаризмді жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті.
Елде қалыптасқан жағдайы түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шығұл шараларды 1964 жылы 14 қазанда болып өткен КОКП-ның пленумында қабылдады. Пленум Н.С.Хрущевті КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және КСРО Министралер Советінің төрағасы міндеттерінен босатты. Оның орнына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы етіп Л.И.Брежневті сайлады, ал Кеңес Өкіметінің басшысы етіп КСРО Жоғарғы Кенесі А.Н. Косыгинді тағайындады. Осының артынша партия, совет және басқа қоғам ұйымдарын 1962 жылы жүзеге асырылған өндірістік принцип бойынша бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық - өндірістік принцип бойынша құрылуын қалпына келтіру ісі қолға алынды. Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қателер де түзетіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформа дәйекті жүргізілмегеннің өзінде елдің экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады. Өнеркәсіптің дамуы.1965 жылы қыркүйекте КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Пленум өнеркәсіпті дамытуға арналды. Пленумда қойылған міндеттер: 1. Өнеркәсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару. 2. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру. 3. Кәсіпорындар дербестігін арттыру. 4. Шаруашылық есепті дамыту. 5.Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтаулары көбейту.
КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кәсіп орыңдары біріктірілді.60 жылдардын басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су – электір станциясы техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз көмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Ғылыми – техникалық жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы заводта жұміс технологиясы жақсартілді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді.Ауыл шаруашылық жағдай. 1965 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді. Республикада 1893 шаруашылық дәнді дақылдар өсіруге мамандандырылды, 1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап ауыл шаруашылық кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл кезде ауыл шаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар келе бастады. 1968 Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді.
3. Жастар саясаты. Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарынан бастап жас ұрпақтың ойдағыдай әлеуметтенуi мемлекет назарында болды және қала бередi.
Жастар келешегіміздің негізі ретінде өзінің білімімен еңбегімен,күш жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізе алуы тиіс. Жаңа Қазақстанды қалыптастыруды жастар жалғастыруы қажет. 2009ж 28 тамыз ҚР президенті ҚРң мемлекеттік жастар туралы концепцияны бекітті. Бұндағы басты бағыт азаматтылық,патриотизм,жастардың рухани адамгершілік қасиетін молайтуға көп орын берілді. ”Нұр Отан”, ”Жас Отан жастар қанаты”, ”Ауылдың гүлденуі, Қазақстанның гүлденуі” акциясын жүзеге асыру барысында Әрбір студент туған ауылына атты акция ұйымдастырды. Бұл акцияға 145 жоғарғы оқу орнынан 30500студент қатысты. Осыған 10млрд қаржы бөлінген.Облыстарда,Астана,Алматы қалаларында Ауыл жастары, ”Дипломмен ауылға ”жобалары жүргізілді.Ауыл жастары жалпыұлттық бастамасының іске асуына жалпы көлемі 10млрд 738млн тг соның ішінде 2009ж 2млрд 806млн, 2010ж 3млрд 379млн, 2011ж 4млрд 552млн тг болды.Қазір Қазақстанда жастар жұмыссыздығы 4%ға азайған. Бүгінде елбасы қолдауымен барлық облыстарда жастар саясатының бағдарламалары қабылданды.
2010-2012ж”Қазақстан жастары”бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама жеті бағытты қамтыды:
Жастардың еркіндігімен құқығын қорғау
Жас азаматтардың жан жақты білімі мен тәрбиесі
Әлеуметтік экономикалық қолдаумен қамтамасыз ету
Жастардың денсаулығын қорғау
Жастардың адамгершілік мәдени және рухани қалыптастыру
Жас отбасыларды қорғау
Жастар саясатының инфраструктурасын дамыту
Жастар саясатын дамытуға 2013ж 1,5млрд тг бөлінді.
Жастар саясатының негізгі бағыттары:
Жастардың құқықтарымен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету
Жастарға көмек беру,әлеуметтік қызметтер көрсету
Білім,еңбек,жұмыспен қамту саласында кепілдіктермен қамтамасыз ету
Жас таланттарды қолдау
Билет №15.1: Билет 11.2:Билет №15.3
1. Екінші жалпы қазақтық съезі (1917 ж. желтоқсан).Алашорда үкіметі.
Екінші жалпықазақ сиезі - 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алашорда үкіметін жариялаған сиез.
Бұл сиез Ресейде қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Сиез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, С.Досжанов, Е.Омаров оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты.[1]Сиезге Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстарынан және Бөкей Ордасынан барлығы 200-ден астам өкіл қатысты. Осының ішінде сиезге Б.Құлманов, Ж.Досмұхамедұлы. Ғ.Қараш, Х.Досмұхамедұлы, М.Шоқай т.б. белгілі тұлғалар арнайы шақырылды. Сиездің төралқасына Б.Құлманов (төраға), Ә.Бөкейхан, Х.Досмұхамедұлы, Ә.Кенесарин, Ғ.Қараш сайланды. Сиездің күн тәртібіне Сібір, Түркістан автономиясы һәм оңтүстік-шығыс одақ туралы, Қазақ автономиясы, милиция, Ұлт Кеңесі, оқу мәселесі, ұлт қазынасы, мұфтилік мәселесі, халық соты, ауылдық басқару, азық-түлік, т.б. мәселелер енгізіліп, маңызы зор шешімдер қабылданды.
Сиез әр аймақтан келген өкілдердің өз елдерінде болып жатқан оқиғалар жайлы ақпарат берулерінен басталды. Одан соң Құрылтай жиналысына сайлау жөнінде айтылды. Сиез жұмысына Башқұртстаннан Ахмет Зэки Уәлиди бастаған бірнеше қонақтар тілектестіктерін білдіріп, құттықтаулар айтты. Сиез Қазақ автономиясы мен милиция туралы Х.Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша «Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады» деген қаулы шығарды. М.Дулатов оқу мәселесі туралы арнайы баяндама жасап, комиссия құруды ұсынды. Сиездегі ең басты мәселе автономия мәселесі жөнінде Ғ.Ғаббасовпен бірге Түркістан автономиясы жөнінде М.Шоқай сөз сөйледі. Осы негізгі мәселеге байланысты сиез аса маңызды тарихи қаулы қабылдады. Онда: «Қазақ-қырғыз автономиясы - «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені - «Алаш» мүлкі болсын», «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлт Кеңесін құруға, мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы - 25 болып, он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алашордасының уақытша тұратын орны - Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алды» деген тарихи шешімдер болды. Бұдан соң Алаш автономиясын жариялау мәселесі көтерілді. Ол бойынша делегаттардың пікірінде келіспеушілік байқалды. Ресми жариялауды жақтаушылар: Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, А.Кенжин, У.Танашев, Ғ.Қараш, С.Досжанұлы және т.б. барлығы - 33 адам; ресми жариялауды тоқтата тұралық деушілер: Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, О.Алмасов, Х.Ғаббасов және т.б. барлығы - 42 адам, қалыс қалғандар - А.Шегіров, М.Шоқай, Ә.Кенесарин болды. Нәтижесінде, «ресми жариялауды сиез атынан сайланған қазақ-қырғыз ісін басқарушы 15 кісіге тапсыралық. Олар біздің Уақытша үкіметіміз (Алашорда) болсын» деген тоқтамға келді. Сиез Сырдария облысы қазақтарының сиезін шақыруды қажет деп тауып, өз араларынан Б.Құлманов, Т.Құнанбаев, М.Дулатовты өкілдер ретінде жіберу туралы шешім қабылдады.
Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Сиез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң (қосымшаны қараңыз), Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл сиез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады.
20ғ 50-80 ж мәдени өмірі.
ХХ ғасырдың ортасында жаппай жетіжылдық білім беруге көшу басталды. Бұл мектептердің білім беру мүмкіндіктерін елеулі түрде арттырды. Бірақ әміршіл-әкімшілдік жүйе жағдайында ұлттық мектептердің дамуы мен қалыптасуы кешеуілдеп қалды, соның нәтижесінде ұлттық топтардағы жастардың ана тілін меңгеру қа-жеттілігін қанағаттандыра алмады.
Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары бақылаусыз қалған көші-қон тасқыны тілдің және әлеуметтік-мәдени нысандардың жоғалып кету қаупінің пайда болуына ықпал жасады. Қазақ тілінің қолданылу аясы тарыла бастады: жеті жүзден артық қазақ мектебіндегі оқыту орыс тіліне көшірілді.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары орыс тілінің рөлін нығайту мен кеңейтуге бағытталған коммунистік режімнің саясаты өз жалғасын тапты. Елдегі көпұлтты халықтан бірыңғай жалпыға бірдей социалистік идеологиясы және бір тілде оқыту идеясы бар «кеңес халқы» деген жаңа тарихи қауымдастық құру мақсатқа айналды. Ал бұл саясат өз жағынан ұлтаралық қатынастардың барлық кешенді мәселелеріне кері әсерін тигізіп, ұлт-аралық татулыққа қауіп төндірді.
Сонымен бірге бақылаусыз көші-қон тасқыны Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық құрылымында қазақтардың үлес санын 30%-ға дейін құлдырау дәрежесіне жеткізді. Бұл туралы мұрағат және статистикалық деректер куәлік береді
3. Қоғамдық саяси даму 1991-2016.
Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан басталған демократиялық өзгерістер еліміздегі партиялық жүйені түбірімен өзгертті. Елімізде 70 жылдан астам үстемдік құрған бірпартиялық жүйе орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. Бұл егеменді Қазақстанға демократиялық өзгерістердің нәтижесінде келген саяси плюрализмнің нақты көрінісі. Мұратымыз демократия құру болғандықтан, еліміздегі партиялық жүйені жетілдіру, оны дамыту басты міндеттердің бірі болып табылады. Елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дүниеге келген жүздеген саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар ұлттық идея төңірегінде топтасты. Бірақ партиялардың көбі ұйымдық тұрғыдан әлсіз, бағдарламасы бұлыңғыр, қолдаушы тобы аз болатын. Он сегіз жылдан астам уақыттан бері біздің еліміздегі партиялар саны да бірде азайып, бірде көбейіп өзгеріп отырды. 2004 және 2007 жылдардағы Парламент Мәжілісіне, 2005 жылғы Президенттік сайлаулар да партиялық алаңда біршама өзгерістер алып келді. 2006 жылы 4 шілде де кезектен тыс өткен IХ съезде «Отан» партиясы «Асар», кейін «Азаматтық» партияларымен бірікті. Осы өзгерістердің нәтижесінде партия аты да «Нұр Отан» болып өзгертілді. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясы «Нағыз Ақ жол» партиясы ретінде Қазақстанның Демократиялық партиясынан бөліну нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірде дүниеге келді. 2006 жылы 10 қыркүйекте «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының негізінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) құрылды. 2009 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен ресми тіркеуден өткен он саяси партия қызмет жасауда. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады.

Билет №16.1.Билет №10.2: Билет №16.3
1.Қазақстан азаматтық қарсылықтық жылдарында (1918-1920). Ақтөбе майданы
Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес
Қазақстандағы азамат соғысы
Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды.
1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңтүстік өлкесінде сақталды. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері А.с-ның ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азамат соғысының тағдыры негізінен Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.
2. ХХғ 60-80жж. Қазақстандағы Экологиялық жағдайдың шиеленісуі. (Семей полигоны, Арал қасіреті)
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық жағдай күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Әлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» («холодная война») соғыс аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттер арасындағы жанталаса қарулану бәсекесі XX ғасырдың 2-ші жартасында дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды.
Қазақстан КСРО қорғаныс кешенінің ең ірі ядролық полигоны болды. Қазақстан жеріне осы және тағы басқа әскери қару-жарақ кешендерін салу барасында ешкімнің мүддесі ескерілмеді. Қазақстанда ең ірі Семей полигоны болды. Семей, Павлодар, Қарағанды облыстары түйіскен жерде орналасқан бұл полигон 8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонда алғаш рет ядролық қаруды сынады. Семей полигонда барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ өткізілді. Ол кезде полигонның халыққа, қоршаған ортаға деген зияны туралы еш нәрсе айтылмады. Полигонда өткізілген әрбір сынақтың адам өміріне келтіретін зияны өте көп болды. Адамдар арасында түрлі аурулар көбейді. өмірге келетін сәбилердін кемтар болып тууы жиіледі. Жер қыртыстары жарамсыз болып қалды.
1969 – 1970 жылдары Маңғыстау жерінде жер астында ядролық қару үш рет сыналды. Бұл сынақ халықтан жасырын түрде өткізілді.
70 жылдардан бастап Қазақстандағы тағы бір экологиялық апатты аймақ Арал теңізі болды. Ең алдымен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателік басты себептердің бірі болды. Сырдария, Амудария өзеңдері суларын мақта, күріш дақылдарын өсіруге қисапсыз пайдалануы Арал теңізінің тартылуын тездетті. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің де экологиялық жағдайы проблемаға айналып отыр.
3.Қазақстан Республикасының қазіргі замандағы сыртқы экономикалық байланысы, бағыттары.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік
қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б. 1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды. Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. 3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.
Қазақстан-Ресей байланыстары
1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:
1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау. 1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған “Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері:1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты. 2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті. 3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.
Қазақстан-Қытай байланыстары.
1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық) 1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды.
Қазақстан-АҚШ байланыстары. Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды. АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды. Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан). Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі. Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық. КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла басталды.1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде.
Билет №17.1: Билет№ 9.2:Билет№17.3
1. Кеңес үкіметінің «Автономиялық Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік республикасын құру туралы Декреті» (1920ж 26тамыз)
Қазақ Кеңес мемлекетінің құрылуы. Мәжіліс барлық Қазақ облыстарының басын бірікгіретін Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы декретгің жобасын талқылап бекітті. 1920 жылғы 26 тамызда РСФСР халық комиссарлары Советінің пред-седателі В.И.Ленин мен Советтердің бүкіл россиялық атқару комитетінің председателі М.И.Калинин Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы декретке қол қойды. Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:
1. Павлодар, Семей
3. Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінен тұратын Торғай облысы.
4. Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратын Орал облысы.
5. Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстың Красноводск уөзіндегі Адайлар мекендеген төртінші жене бесінші облыстар.
6. Астрахань губерниясының құрамында болып келген Бөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екінші Приморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.
"Известие ВЦИК" газетінің 1920жылғы 22 қазанындағы санында жарияланған 26 тамыздағы декреттің бірінші тарауына енгізілген қосымша Қазақ АССР-нің құрамына Орынбор қаласы мен оның маңындағы Покровский, Краснохолм, Илец, Шарлық, Исаев және Петровск аудандары қосылатындығы айтылды.
2. Қайта құру бағыты.
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.
Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды.
Қаулының кемшіліктері:
1.Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.
1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау. 2. Демократияландыру мен жариялылық. 3. Төрешілдікке қарсы қүрес. 4. Халықтық реформа жүргізу. 5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру. Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
3. ҚР тарихи танымды қалыптастыру саясаты
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 12 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.
Қазақ хандығының 550 жылдығы Мерейтойдың шығыны шамамен 23 млрд теңге ($124,19 млн) болады деп күтілуде. Қазақ хандығының 550 жылдығы Қазақстанның бүкіл аймақтарында тойланады. Ал маңызды іс-шаралар қыркүйек айында Жамбыл облысы, Тараз қаласында өтеді. Себебі осы аумақта хандықтың негізі қаланған деп есептелінеді. Тараздағы іс-шараларды өткізуге 13,47 млрд теңге жұмсалады. Бірақ, кейбір тарихшылар Жәнібек пен Керей хандардың мемлекетінің орталығы Алматыға жақын аумақта болған деп, мерейтой жоспарын сынға алды. Қазақ хандығының мерейтойын тойлау шеңберінде 1 млрд теңгеге 10 бөлімді «Қазақ елі» атты сериал мен осы атаулы 375 млн теңгеге анимационды сериал түсіріледі. Қазақ хандығы туралы деректі фильм түсіруге 250 млн теңге бөлінеді. Ілияс Есенберлинның «Көшпенділер» трилогиясын баспадан шығаруға 106,6 млн теңге бөлінеді. Таразда шығыны 506,8 млн теңге болатын театрланған қойылым болады. «Мәңгілік ел» тақырыбына ақындар айтысы өтеді. 550 жылдық құрметіне монумент тұрғызылады (501,8 млн теңге). «Тараз — ғасырлар куәсі» атты көрме өтеді. Қазақша күрес пен басқа да ұлттық спорт түрлерінен халықаралық турнир өтеді. Басқа да шығындар: «Ұлы көш» фильмі (150 млн теңге) түсірілуіне, «Тамгалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени табиғи қорық-музей құрылысына (100 млн теңге), «Керей-Жәнібек», «Қазақ елі» спекталі қойылуына және «Қазақ хандығы» балетіне (68 млн теңге), Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қалпына келтіру жұмыстарына (20,4 млн теңге) жұмсалады.
Билет №18.1:Билет№8.2:Билет№18.3
1. ЖЭС-т мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
РКП(б)-нің X съөзінің жаңа экономика саясаты (ЖЭС) және оның Қазакстан халқын ашаршылыққа ұшыратуы.Жер-су реформасын жүзеге асыру. 1920 жылдың аяғында Коммунистік партия жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС) әзірлеуге кірісті. 1921 жылғы ақпанның басында Ленин азық-түлік салғыртының орнына азық-түлік салығын енгізудің қажеттігін атап корсетті.жылдың 8-16 наурызында партияның X съезі өтті.В.И.Ленин Орталық Комитеттің есепті баяндамасы мен натуралды салық туралы баяндамасында салғырттан азық-түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа көшудің қажеттігін жете дәлелдеп берді.
Шетелдік интервенция мен азамат соғысынан кейінгі өлкедегі шаруашылық көріністері: 307 кәсіпорынның 250-і жұмыс істемеді. 2)1913 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе, көмір өндіру 5 есе қысқарып, мыс өндіру мүлде тоқтады. 3)Риддер кеніштері, Екібастұз көмір шахталары, Спасск байыту фабрикасы толық істен шықты.4)Өнеркәсіп өнімі 6,3 % болды.5)Егіс көлемі Оралда 2 есе, Жетісуда 3 есе қысқарды. 6)Мал саны 29,9 млн.-нан – 16,3 млн.-ға кеміді.
1921 жылы кеңес үкіметі еңбекшілер жағдайын жеңілдетуді ойластырды: 1)Азық-түлікті, отынды тегін босату; 2)Коммуналдық қызметтерді тегін көрсету; 3)Ақысыз асханалар ашу туралы декреттер қабылдау. \ Күйзелген шаруалар наразылық білдіре бастады: 1)Қостанай, Ақмола, Орал, Семейде көтеріліс ошақтары пайда болды. 2)1921 жылғы ақпан - 25 мың адамдық отряд Петропавлда Кеңес өкіметі органдарының үйін қиратты. 3)1921 жылғы наурыз - Оралда 10 мың бүлікші көтерілді. 4)Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия және кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты.
XX ғ. 20ж. ЖЭС-тің мәні – салғыртты салықпен ауыстыру. 1)1921 жылғы наурыз-сәуір – өлкеде салғырт салықпен ауыстырылды. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда аз болды. 2)1921 жылғы маусым – Орынбордағы өткізілген облыстық 1-құрылтай партия конференциясында Қазақстанда ЖЭС-ке көшу туралы айтылды. 3)Жаңа экономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды.
Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер. Азық-түлік салығы енгізілгеннен бастап шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты: 1)Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 2)6 және одан кем ірі қарасы бар қожалыктар салықтан босатылды.3)Бірыңғай заттай салық белгіленді.4)Салық мөлшері азайтылып, 1924-1925жылдары өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927-1928 жылдары өнімнің 1/13 бөлігі алынды. 5)1924 жылғы 1 қаңтар – ақшалай салық енгізілді. 6)Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті.
Салықтан жиналган каражатта: 1)Қорғаныс ісіне. 2)Халық ағарту ісіне. 3)Ауыл шаруашылығына. 4)Ірі өнеркәсіпке.
Ауылшаруашылық несиесі қоғамы көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3-5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924-1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды. \ Ауылшаруашылығындағы басты өзгерістер: 1)Егіс көлемі 1924 жылы – 2,1 млн.га, 1928 жылы- 4 млн.га-ға өсті. 2)Мал шаруашылығы 1924 жылы – 24,8 млн., 1928 жыл - 41 млн.-ға көбейді. 3)Шаруа қожалыктары 1924 жылы – 737мың, 1928 жылы-1 млн.333 мыңға жетті. 4)Астық өндіру 1924-1925 жылдары – 64618650 пұт, 1928-1929 жылдары – 240 млн. пұтқа артты. 5)103 коммуна, 650 ауылшаруашылық артелі, мақта өсіретін «Мақтарал» совхозы ( Оңтүстік Қазакстан) құрылды .
Өлкедегі кен өнеркәсібіне көңіл бөлінді. Түсті металлургияның басты ауданы Кенді Алтай. 1922 жылы ағылшын кәсіпкері Л. Уркварт Риддер мен Екібастұзды концессиялау туралы тиімсіз шарт жасап, ол қабылданбады. 1920 жыл – Шымкент сантонин зауыты салынды. 1923 жыл – Риддер қорғасын зауыты одақта өндіретін қорғасынның 40% -ын берді. \ Атырауды Доссор, Мақат мұнай кәсіпшіліктерімен жалғастыратын тар табанды жол салынды. 1927-1928 жылдар – Республика өнеркәсібін қалпына келтіру аяқталды.
ЖЭС кезінде сауданың маңызы артты. 1921 жылғы 24 мамыр – «Айырбас туралы» декрет жарияланды. Жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді1927 жыл - 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы- 30 млн. сомға жетті.
Басты жәрмеңкелер: а)Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл. Б)Ақмола губерниясында – Атбасар.с)Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір.в)Бөкей ордасында – Орда.
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері: 1)Күйзелген ауылшаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2)Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3)Өркениетті кооператорлар құрылысы ел шаруашылығының барлық саласын көтерді 4)Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. 5)ЖЭС – шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921-1929жж) .Бір ескерерлік жайт — ЖЭС-те бізге жақсылык әкелмеді. 1921 жылы күзде Лениннің өзі Арал балықшыларына хат жазып, орталыққа балық алғызды, Тіпті Ақмола, Семей губернияларынан 1921 жылы ашыққан неміс жұмысшыларына астық жөнелтіліп, оларды "таң калдырдық". 1921 жылы Мәскеу Қазақстаннан 1920 жылдың орындалмаған 20 миллион пұт астығын жинауға әрекеттенді. Бұған тек шаруалар ғана емес, осы әрекеттің жөнсіздігін түсінген кейбір Кеңес кызметкерлері де наразылық біддірді. Осыған қарамастан, 1921 жылы мамырда Мәскеу мен Ленинградтан Павлодарға 7 мың жұмысшы және 2,5 мың адамнан құралған бірнеше автоколонналар келіп түсті. Астық жоспарын орындату мақсатымен кейбір губернияларға зат айырбасын жасауға әртүрлі тауарлар да жіберілді. Бірақ Кеңес өкіметінен жүрегі шайлығып қалған шаруалар бұған сенбеді және ел ашығып жатқанда астығынан айырылғысы келмеді. Сондықтан олар астықты тііггі өнеркәсіп тауарларьша айырбастаудан да бас тартгы. 1921 жылғы 2-шіддеде Лениннің РК(б)П-ның Сібір және қазақ бюроларына жіберген телеграммаларында "шешуші шаралар қолданып, базарларды толық жабудан (шаруалар астығын сатгырмау үшін) тайсалмай, кең мөлшерде зорлап алмастыру жүргізіңдер" деп кеңес берді. Осылайша Кеңес өкіметі жоғарыда керсетілген жеңілдіктердің бәрін бірте-бірте жойып, іс жүзінде ескі "соғыс коммунизмі" саясатына қайта көшуге бет алды. Соның бір көрінісі — 1921 жылы 20-қарашадан бастап сұрақтарға жауап берерліктей. Бірақ Қазақстан топырағында бұл саясаттарға ортақ белгілер болғанын, яғни ең әуелі орталықтың мүддесі үшін азық-түлік күшпен экспро-приацияланғанын ашық айтатын уақыт жетті
2. Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев 
(1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.Әкесі Ахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген.Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.
1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісісаласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.
1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.
Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутатыболып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды.Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.
1956 жылдан бастап КОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.
Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде,өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.
Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.
Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент,Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды.Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыныңакадемигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.
Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993ж тамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды
 
3.Қазақстан Республикасының қазіргі замандағы сыртқы экономикалық байланысы, бағыттары.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік туралы Декларация жариялады, сөйтіп дүниежүзілік
қоғамдастыққа енуге мүмкіндік алды. 1992 жылы қаңтардан 9 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатты. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік республикасы таныды. 1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакистан, Канада, Швейцария т.б. 1999 жылдың басына қарай дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам диплоамтиялық және консулдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік және халыаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді. Республикамыздың сыртқы саясат ведомствосы ұлттық мүддемен жалпы адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.1992 жылы наурыздың 3-інде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі болып қабылданды. Осы жылы өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының трибунасынан ОБСЕ сияқты ұйымның Азияда да құрылуы туралы Н.Ә. Назарбаев өз ойын айтқан болатын. Бірақ, ол кезде оның бұл сөзіне онша сене қоймаған еді. Міне, арада 10 жыл өткеннен кейін 2002 жылғы маусымда Алматыда сенім әрекеттестік шаралар туралы саммиті өтті. Саммит жұмысына 16 мемлекет басшылары қатысты. Оның ішінде 7 ірі державалар- Қытай, Индия, Ресей, Иран, Түркия т.б. болды. Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады:1. ТМД, Азия, Европа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. 3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату.
Қазақстан-Ресей байланыстары
1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1995 жылғы 20 қаңтарда – Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларация жариялады, ал 1996 жылғы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:1. Екі ел арсындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
2. Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау. 1998 жылғы 6 шілдеде Мәскеуде ІІІ ғасырға бағдарланған “Мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы” Декларация жарияланды. Нәтижелері:1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты. 2. Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті. 3. Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылды.
Қазақстан-Қытай байланыстары. 1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық) 1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. Қазақстан-АҚШ байланыстары. Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды. АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды. Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан). Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі. Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық. КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла басталды.1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде.
Билет №19.1:Билет №7.2:Билет№19.3
1..1921-1922жж Жер – су реформасы және оның нәтижелері
Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.
1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.
1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.
1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.
Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.
Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.
Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосшы одағы» құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).
Оның міндеттері: 
1) Еңбек артельдерін құру. 
2) Кедейлерге жер беру. 
3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.
1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы:
1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды.
2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті.
4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.
Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы өзгерістер.
РК(б)П – ның X съезінен кейін енгізілген азық – түлік салығы біртіндеп жетілдіріле түсті, шаруалар өмірінде оңды жағдай қалыптасты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды. 6 және одан кем ірі қарасы бар қожалықтар салықтан босатылды. Көлік салығы мен ақшалай түтін (шаңырақ) салығының орнына біріңғай заттай салық белгіленді. Салық мөлшері азайтылып, 1924 – 1925 жылдары өнімнің 1/8 бөлігі алынса, 1927 – 1928 жылдары өнімнің 1/13 бөлігі алынды, ал 1924 жылғы қаңтардың 1 – нен бастап тек қана салықтың ақшалай формасы енгізілді. Үдемелі салықтың ауыртпалығы кулактар мен байларға түсті. Салықтан жиналған қаражаттар қорғаныс ісіне, Халық ағарту ісіне, ауылшаруашылығына, ірі өнеркәсіпті дамытуға жұмсалды.
Осы жылдары құрылған ауылшаруашылық несиесі қоғамы (кредит кооперациясы) көшпелі халыққа жеңілдікті шарттармен 3 -5 жылға несие берді. Мемлекет шаруаларға ауылшаруашылық машиналары мен жабдықтар сатып алуға несие берді. 1924 – 1925 жылдары республикаға әкелінген 415 тракторды кооперативтер мен коммуналар сатып алды.
Несие (кредит) кооперациясы қарызға тұқым беру, салық және басқа да экономикалық реттеу құралдары мемлекеттің еңбекші шаруалармен байланысын нығайтуға, өндіргіш күштерді қалпына келтіруге, ауыл мен қыстақ еңбекшілерінің еңбек белсенділігін арттыруға көмектесті.
Соның нәтижесінде: 
1) Егіс көлемі 1924 жылы – 2,1 млн. – ға, 1928 жылы – 4 млн. – ға өсті. 
2) Мал шаруашылығы одан да жоғары қарқынмен дамыды. 1924 – 1928 жылдары мал саны 24,8 млн. – нан 41 млн. – ға жетті. 
3) Шаруа қожалықтары 1924 жылы - 737 мың – нан 1928 жылы – 1 млн. 333 мыңға жетті. 
4) Астық өндіру 1924 – 1925 жылдары 64,618650 пұттан 1928 – 1929 жылдары – 240 млн. пұтқа артты. Осы уақытқа Қазақстанда 103 коммуна мен 650 ауылшаруашылық артелі болды. Оңтүстік Қазақстанда мақата өсіретін «Мақтарал» алып совхозы ұйымдастырылды.
Шаруалардың жіктелу процессі күшейді: 
1) Батырақ – кедей қожалықтары 2 есеге азайды. 
2) 1928 жылы шаруалардың ¾ бөлігі орташаларға айналды. 
3) Кулак – бай қожалықтар 6,6 % - ден 14,8 % - ға көбейді
2. Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсандағы көтеріліс: Себебі, сипаты, салдары, сабақтары.
 Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді КОКП-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [1] Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді. Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын төмендетуге зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды. Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар. Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты. Тарихи маңызы: Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды. Көне түркі даласын мекен өткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. Ал 1986 жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың бастауы болды. Ол жас жігіттер ар-намыс пен елдік рух жолында теңдікті талап еткен тегеурінді күш-қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың тәуелсіздік хұқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Міне, осы қанды оқиғадан кейін бес жыл өткен соң, Қазақстан тәуелсіздік туын тікті.
3. Президенттің рөлі.
Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы әуел бастан күрделі саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайларда қоғамдық қатынастарды біртіндеп және сонымен қатар жүйелі түрде реформалау арқылы жүргізілгенін айта келе, Қазақстанның ішкі мемлекеттік дамуда қол жеткізген нәтижелері, жоғары сыртқы саяси деңгейі оның Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көпқырлы қызметінің жемісі екендігін атап айтқан жөн. Елбасының сан қырлы қызметі арқасында Қазақстан егемендік алу және халықаралық деңгейде танымал болу мәселелерінен бастап ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге дейін өсу, өркендеу жолдарынан өтті. Мемлекет басшысының күш-жігерінің, оның батыл да көреген әрекеттерінің арқасында егемендікті сақтап қалып, оны орнықтырып қана қоймай, мемлекеттік дамудың көптеген бағыттары мен көрсеткіштері бойынша Қазақстан өз ұстанымдарын нығайта алды. Бүгінде жастар елімізде болып жатқан барлық қоғамдық, саяси-экономикалық іс-шараларға белсене атсалысады. Әрі ол заңды да. Өйткені, біз, яғни ел болашағы-жастар елдің ертеңі үшін жауаптымыз. Бұл орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Халқымыз дарынды ұлға, талантты қызға қай заманда да кенде болмаған» деген сөзі еріксіз еске түседі. Кез келген жас өз білімін туған елінің кәдесіне жаратып, мемлекет артқан үмітті ақтау керектігін айтқан Елбасымыз келешек ұрпақтың бейбітшілікте, татулықта, молшылықта өмір сүруі үшін қолдан келгенін жасап жатыр. Тәуелсіз Қазақстанның даму жолын жыл сайын Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына ЖОЛДАУЫНДА айқындап ашып басты бағыт-бағдар береді. Мұны да біз – қазақстандықтар Презиндентіміздің бізге деген қамқорлығы деп білуіміз қажет. Қазақстан дамуының басты бағытының бірі ол кәсіптік –техникалық білім беру саласы. Көкшетау қаласы №11-кәсіптік білім беру мемлекеттік мекемесі жыл санап қабырғасынан 300 жұмысшы кадрларын дайындап шығарып отырады. Біз мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып отырамыз. Оқушыларымызға жасалып жатқан жағдайлардың бәрі Елбасымыздың қамқорлығы.
Тәуелсіздігімізді алып, егемендігімізді бекіткеннен кейінгі еліміздің дамуы,оның әлем алдындағы беделінің өсуі Елбасы бастаған қазақ халқының қажырлы еңбегі екені баршамызға аян. Ғасырларға созылған мемлекеттіліктің даму эволюциясында ең ерекше заңды факт, ол Елбасының Қазақстанды халықаралық құқықтың субъектісі ретінде дүние жүзіне танытуы. Әрине тәуелсіздігін қайта жаңғыртқан қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының алғышарттары да тереңде жатыр.       
Билет №20.1: Билет №6.2:Билет№20.3
1. КСРО-ның құрылуы. Ұлттық-аумақтық межелеу.
Кеңес Одағы, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы, КСРО – бұрынғы Ресей империясы аумағының шегінде 1922 – 91 ж. болған мемлекет атауы. 1917 жылғы Қазан төңкерісі нәтижесінде коммунистер (большевиктер) мемл. билікті өз қолдарына алған соң, бұрынғы Ресей империясы құрамындағы неғұрлым дамыған ұлттық құрылымдар (Польша, Финляндия, Балтық теңізі жағалауы елдері) дербес мемлекет болып бөлініп шықты.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (КСРО немесе Кеңес Одағы) құру жөнінде Декларация қабылдады. Декларацияда КСРО-ға кіру теңқұқылық пен еріктілік негізінде жүзеге асырылады және Одақтан өз еркімен шығу құқы сақталады, әрі басқа да жаңадан құрылған республикалар одаққа өз еркімен кіре алады деп көрсетілді. Съезд КСРО-ны құру жөніндегі келісімшартты бекітті. Одақтың жоғарғы органын – КСРО Орталық Атқару Комитетін сайлады. ОАК-нің тең төрағалары болып М.И. Калинин, Г.И. Петровский, Н.Н. Нариманов, А.Г. Червяков сайланды. ОАК-нің 2-сессиясында Кеңес Одағының үкіметі – В.И.Ленин бастаған КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі құрылды. 1924 ж. 31 қаңтарда 2-Кеңестер съезі КСРО-ның алғашқы Конституциясын бекітті. 20 ғ-дың 20-жылдарының бас кезінен бастап, әсіресе, Ленин қайтыс болғаннан кейін, Кеңес Одағында билік үшін талас-тартыс басталды. Бұл күресте И.В.Сталин жеңіске жетті де, елде өзінің авторитарлық жеке билігін орната бастады. 1925 ж. Өзбекстан Кеңестік Социалистік Республикасы (Өзбек КСР-і), Түрікменстан Кеңестік Социалистік Республикасы (Түрікмен КСР-і), құрылды. 20 ғ-дың 20-жылдарының ортасынан бастап Кеңес Одағы жаңа экономикалық саясаттан бас тартып, елді күшпен индустриализациялау және ауыл шаруашылығын күшпен ұжымдастыру саясатын жүргізді. Коммунистік партия мемлекеттік билікті толық қолына алды. Елде қатты орталықтандырылған әрі милитаризацияланған тоталитарлық режим орнады. Бұл жүйе елді жедел түрде модернизациялауға және басқа мемлекеттердегі рев. қозғалыстарды қолдауға қызмет етті. Ауыл шаруашылығында шаруаларды зорлықпен ұжымдастыру және ұсақ меншік иелерін (кулактарды, орта шаруаларды, ауыл байларын, т.б.) тәркілеу халықты жаппай ашаршылыққа ұшыратты. Оған қоса зорлықпен отырықшыландырылған қазақ шаруалары айрықша қатты шығынға ұшырады (қ. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру). Бұл халықтың жаппай наразылығын туғызып, жер-жерде шаруалар көтерілістері басталды. Бірақ оларды үкімет әскерлері күшпен басып тастады. 1929 жылы КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бесжылдық жоспары жасалды. 1934 жылы алғашқы бесжылдық жоспарды мезгілінен бұрын орындау қорытындылары қаралып, 2-бесжылдық жоспар жасалды. Екі бесжылдық нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша КСРО Еуропада 1-орынға, әлемде (АҚШ-тан кейін) екінші орынға шықты. 1934 жылдың соңында КСРО бойынша жаппай саяси қуғын-сүргін басталды. Көптеген партия, мемлекет, қоғам, әскери, мәдениет қайраткерлері атылып кетті, миллиондаған тұтқындарды тегін жұмыс істету үшін еңбек лагерлері құрылды (қ. ГУЛАГ). 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның екінші Конституциясы қабылданып, бұрынғы ЗКФСР-дан бөлінген Әзірбайжан Кеңестік Социалистік Республикасы (Әзірбайжан КСР-і), Армения Кеңестік Социалистік Республикасы (Армения КСР-і), Грузия Кеңестік Социалистік Республикасы (Грузия КСР-і), РКФСР-ден бөлінген Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (Қазақ КСР-і), Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасы (Қырғыз КСР-і) құрылып, Кеңес Одағындағы одақтас республикалар саны көбейді. 20 ғ-дың 30-жылдарының аяқ кезінде елдің сыртқы саясатында үлкен өзгерістер болды. 1939 ж. кеңес-герман келісімшарты жасалынып, ол бойынша КСРО құрамына Батыс Украина мен Батыс Белоруссия, 1940 ж. Балтық теңізі жағалауы елдері, Бессарабия, Солт. Буковина зорлықпен қосылды. Осының негізінде 1940 жылы Молдовия Кеңестік Социалистік Республикасы (Молдовия КСР-і), Латвия Кеңестік Социалистік Республикасы (Латвия КСР-і), Литва Кеңестік Социалистік Республикасы (Литва КСР-і), Эстония Кеңестік Социалистік Республикасы (Эстония КСР-і) құрылып, Кеңес Одағы құрайтын одақтас республикалар саны 15-ке жетті. 1941 ж. жазда кеңес-герман соғысы басталды (қ. Ұлы Отан соғысы). Соғыс кезінде тұтас халықтар (балкарлар, шешендер, қалмақтар, қырым татарлары, карашайлар, месхет түріктері, немістер, т.б.) Қазақстанға, Орта Азияға, Сібірге жер аударылды. Соғыс аяқталғаннан кейін КСРО-ға Оңт. Сахалин, Куриль аралдары, Петсамо (Печенга) ауданы, Клайпеда, Кенигсберг (Калининград), т.б. территориялар қосылды. Соғыстан кейінгі жылдары саяси қуғын-сүргін қайтадан басталды (космополиттермен күрес, “Ленинград ісі”, “дәрігерлер ісі”, т.б.). Соғыс кезіндегі бұрынғы одақтастармен (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) арада бәсеке күшейіп, “қырғи-қабақ соғыс” ахуалы қалыптаса бастады. Әлемде екі жүйе (социалистік елдер мен капиталистік елдер) пайда болып, жанталаса қарулану күшейіп кетті. 1949 ж. Семей полигонында КСРО-да тұңғыш атом қаруы сыналды.
1953 ж. көктемде Сталин қайтыс болып, үкімет билігі үшін тартыс қайта басталды. Үкімет басына келген Н.С. Хрущев партияның 20-съезінде (1956) Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары жөнінде баяндама жасады. Саяси қуғын-сүргін құрбандары ақтала бастады. Қудалауға ұшыраған халықтардың РКФСР құрамындағы автон. құрылымдары қалпына келтірілді. Кеңес Одағы құрамында жоғарыда аталған 15 одақтас республикалардан өзге 20 автономиялық республика, 8 автономиялық облыс, 10 ұлттық округ болды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлінді. Қазақстан мен Батыс Сібірде тың және тыңайған жерді игеру қолға алынды. 1954 ж. алғашқы атом электрстансасы салынды, 1957 ж. Жердің жасанды серігі ұшырылды, 1961 ж. тұңғыш кеңестік ғарышкер орбитаға ұшып шықты. Бірақ бұл жұмыстардың барлығы тоталитарлық жүйе тәртібімен жүргізілгендіктен, ішкі қайшылықтары көп болды. Орыстандыру саясатының күшеюіне қарсылық ретінде ұлт республикаларында наразылықтар бой көрсетті. 1964 ж. Хрущев орнынан түсіріліп, билікке Л.И. Брежнев келді. Жаңа үкімет басшысы жүргізген реформалар ақырына дейін жеткізілмей, сәтсіздікке ұшырады. Экономика экстенсивті жолмен дамыды, елді милитаризациялау әрі қарай жалғасты. Көрші социалистік елдерде реформа жасау әрекеттері – Венгрия (1956) мен Чехословакияға (1968) қарулы әскер кіргізу арқылы басып тасталды. 1979 ж. Ауғанстанға Кеңес Одағы әскерлері кіргізілді.
Жанталаса қарулану одан әрі шегіне жетті. 1977 ж. қабылданған КСРО-ның үшінші Конституциясы елдің қоғамдық-саяси өміріне, әлеуметтік-шаруашылық тұрғыда дамуына серпін бере алмады. 1980 жылдың бас кезінде Кеңес Одағы экономикалық тоқырауға ұшырады. 1985 ж. билікке М.С. Горбачев келуімен бірге елде саяси-экономикалық реформалар басталды. Кеңес жүйесін реформалауға тырысу КСРО-ны дағдарысты жағдайға алып келді. Халықтың саяси белсенділігі бірден көтеріліп, ұлттық партиялар мен қозғалыстар пайда болды. Қазақстанда (қ. Желтоқсан көтерілісі), Балтық теңізі жағалауы елдерінде, Кавказ республикаларында халықтың жаппай бас көтерулері болып өтті. Экономика тұралап қалды, шахтерлердің, кеншілердің, мұғалімдер мен студенттердің, дәрігерлердің үкіметтің саясатына қарсы ереуілдері басталды. Кертартпа күштердің 1991 ж. тамызда мемл. төңкеріс жасау әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Кеңес Одағының бұдан әрі өмір сүруі мүмкін болмай қалды. 1991 ж. желтоқсанда Минск қаласында КСРО-ның бастапқы құрылтайшылары болған одақтас республикалар Беларусь, Ресей, Украина басшылары өздерінің КСРО-ны тарататындықтарын жариялады (қ. Беловеж келісімі). Сөйтіп, КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1991 ж. 21 желтоқсанда бұрынғы КСРО республикалары Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина Алматы қаласында өздерінің Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құратындықтары жөніндегі декларацияға қол қойды.
2. 1985-1991 Жылдардағы экологиялық және қоғамдық-саяси бірлестіктердің құрылуы және олардың қызметі.
80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.
1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.
1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.
1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.
1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.
Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды.
1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғалдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.
1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды.
Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.
90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.
 
3.«Қазақстан 2050» бағдарламасы: мазмұны, басты міндеттері.
Жаңа бағыт экономикалық саясатының мәні – түгел қамтитын экономикалық прагматизм, шын мәнінде бұл біздің бүгінгі көзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгерту. 2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуы тиіс.
Бәсекеге ең қабілетті салаларда біз отандық өндірушілер үшін жаңа нарықтық тауашалар қалыптастыру стратегиясын белсенді әзірлеуге тиіспіз. Елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады.Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Мемлекет өзінің рөлін өзгертуі тиіс.
Ел – Президенті 2050 жылға дейін елде атқарылуы тиіс дүниелерді нақтылады. Жаңа жоспар жеті бағыттан тұрады.
1. Түгел қамтитын экономикалық прагматизм
2. Кәсіпкерлікті қолдау
3. Әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік
4. Білім және кәсіби машық
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат
7. Жаңа қазақстандық патриотизм
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - бұл табыстылық, инвестиция қайтарымы және бәсекеге қабілеттілік принциптеріндегі жалпыны қамтитын экономикалық прагматизм. Бюджеттік саясаттың басты ұстанымы мүмкіндіктер шегінде ғана жұмсау және тапшылыққа, минимумға дейін қысқарту. Мемлекет салған қаржы табыс әкелуі тиіс. Бізге қорды еселей отырып, олардың сақталуын қамтамасыз ету қажет. Мемлекет басшысы – экономика мәселесінде мемлекет тұтас бір корпорация секілді қимылдауы тиіс екенін баса айтты. Ең бастысы, мемлекет жұмсаған әрбір теңгенің қайтарымы, пайдасы болуы тиіс. Екінші міндетке–кәсіпкерлікті қолдау. Кәсіпкерлік жаңа экономиканың қозғаушы күші. «Бізге, кең ауқымды жекешелендірудің екінші толқыны қажет. Бұл оңай қадам емес, өйткені, мемлекет пен нарық арасындағы жауапкершілікті қайта бөлісуді білдіреді. Бірақ, біз экономикалық өсімнің жоғары қарқынын сақтау үшін соған баруымыз керек».
Үшінші: әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік. Мемлекет азаматтарға ең төменгі әлеуметтік стандарт кепілдігін беруі тиіс,көмекке мұқтаж адамдарға ғана берілуі керек. Ана мен баланы қолдау жүйесін әлі де жетілдіру,денсаулық саласында бірыңғай медициналық қызмет сапасы стандартын енгізу,біздің медицинаның кадрлық, техникалық мүмкіндігін жақсарту.Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына – зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыз жандар мен науқас балаларға және тағы да басқа атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алады, деді Президент осы Жолдауында.
«Біз әйел затына – анаға, жарға, қызға, деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз. Біз ананы қорғап, қолдауымыз керек. Мені отбасында әйелдер мен балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету жайттарының көбеюі алаңдатады. Әйелді құрметтемеу, деген болмауы керек. Бірден айтайын, ондай зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс».Жаңа стратегияның бұл тармағында ұлт саулығына да көп мән берілген. Яғни, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың міндеті молайып отыр.Төртінші бағыт – білім мен машық. Қазақстан жұрты жаһандағы білімі жоғары ұлтқа айналуы тиіс. Бұл ретте жастар, дәл осы мәселенің қозғаушы күшіне айналуы керек. Бесінші міндет – мемлекетті нығайтып, Қазақстанның өз демократиясын дамыту. Алтыншы міндет–сыртқы саясат.Жетінші маңыз-қазақсандық патриотизм.«2050 жылға қарай, біз Қазақстанның кез-келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы, өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс».
Татулық, бірлік, ынтымақ. Біздің елдің ең басты құндылығына айналған татулыққа сызат түспеуі керек, деді Президент. Әрине, бұл ретте елге ұйытқы болып отырған қазаққа артылған жауапкершілік зор.
Бұл Жолдау алысқа меңзейді, 2050 жылды көздейді. Бұл Жолдаудың жүзеге асуына ат салысу әрбір қазақстандықтың міндеті. Болашағымыз айқын, жүзіміз жарқын болу үшін бүгіннен бастап еңбек етіп, Жолдауды жүзеге асыру баршамыздың міндетіміз демекпін
 
Билет №21.1. .Билет №5.2:Билет№21.3
1. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы. Қазақ зиялыларының қуғындала бастауы.
Қазақстанда социализмнің бұрмалануы 1925 – 1933 жылдары Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф. И. Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты. Ол «қазақ ауылы», Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «Кіші қазан» төңкерісін жасау қажет деген идеясын ұсынды. Голощекиннің бағыты елеулі қарсылыққа ұшырады, сол жағдайда ол И. В. Сталинге хат жазып, онда өлкелік партия комитеті бюросы бағытының өңін айналдыра баяндап берді. И. В. Сталин қысқа әрі мейлінше айқын жауап қайтарды, онда былай делінген еді: «Голощекин жолдас! Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда бірден – бір дұрыс саясат деп ойлаймын И. Сталин». Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.
Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты: 1) өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; 2) өлкені шикізат базасы ету.
Голощекин бұл идеясын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси бюро мүшелігіне кандидат А. А. Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.
Ірі саяси қайраткер және экономист Смағұл Садуақасов «Кіші қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның бағыты:
1. Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату. 
2. Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.
2.. Қазақстан Тәуелсіздік жолында. «Қазақ КСР-нің Егемендік туралы дикларациясы (1990ж)
1990 ж 25 қазан Қаз-ың Егемендігі туралы Дикларация қабылданды. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қаз-ан республиканың тәуелсіздігі жарияланды. 1 желтоқсанда Қаз-ан Республика президенті Н.Ә.Назарбаев сайланды. 17 желтоқсанда Демократиялық жаңару күні болып жарияланды. 21 желтоқсанда ТМД құрылды.1992 ж 2 наурызда БҰҰ мүшесіне кірді. Қ.Р. барлық мемлекеттермен өзара қатынас халықаралық хұқ принциптері бойынша құрады. Қ.Р. териториясы қазіргі шекараларында біртұтас,бөлінбейтін ж/е қол суғуға болмайтын територия болып табылады.Қ.Р. мемлекеттік тәуелсіздігінің негізін құрай отырып, тек қана соның меншігінде болады. Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды. 1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді. 1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты болып келеді.
1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ елінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда 17 баптан тұратын «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 ж. 16 қыркүйекте Декларацияның жобасы алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. Декларация бойынша Қазақ КСР-іне өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға құқық берілді. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды. Сонымен, Мемлекеттік егемендік Декларациясы – егемендікті білдіретін құр мәлімдеме ғана емес, шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат болып табылады. 1991 ж. 10 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы» «Қазақстан Республикасы» деп өзгертілді. Ал 16 желтоқсанда 7-сессияда « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Заңды қабылдау жөніндегі хабарды республика халқы қуана қарсы алды. Осы күні Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн жылда Тәуелсіздік күні мерекесі ретінде аталып өтіледі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін ең алғаш мойындаған мемлекет бауырлас Түркия елі болды. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқықтық мемлекет ретінде анықталды. Заңда: "Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, оны жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР халықаралық деңгейге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады", - деп жазылған. Тәуелсіздік жарияланғаннан соң, бұрынғы Қазақ Республикасының аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттың азаматтары біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Барлық азаматтар ұлтына, шыққан тегіне, қызметіне, мекеніне қарамастан тең құқықтар мен бостандықтарға ие болды. Көп ұзамай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің жетекші елдері таныды. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.                                                
 
3. Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын Тәуелсіздік күні қарсаңында жария етті. Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауы дер кезінде жарияланып отыр.
Елбасымыздың биылғы Жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды.
Ең бастысы, бұдан бұрынғы қол жеткізілген нәтижелер сараланып, енді осыдан соң тың міндеттерге бағыт беріліп, соны жүзеге асыруға бар күш-жігер жұмылдырылмақ. Ұлттық қордан 2015, 2016, 2017 жылдарға, әр жыл сайын үш миллиард доллардан қаржы құйылуы соның берік кепілдігі іспеттес.   
Әсіресе, әлеуметтік саладағы екі-үш ауысымды мектептерді жою, балабақшаны көбейту және тағы басқа мақсаттардың халық көңілінен шығып, қолдау табары сөзсіз. Ұлттық  қордан  2015-2016  жылдарға  180  миллиард теңге қаржының  жас  отбасылар  мен  пәтерге мұқтаж адамдарға үй салуға   бөлінетіндігі де  халықты бір  қуантып  тастады.
Жолдауда еліміздің жолдары ең негізгі байланыс өзегі болғандықтан, негізгі аймақтарды байланыстыратын автожолдарды жөндеу туралы тапсырмаларға да ерекше көңіл бөлінді.
Жастар мен жоғары білім саласының мемлекет назарынан тыс қалмайтынын айрықша атап көрсетті, жоғары оқу орындары тек ғылым-білім ғана емес, сонымен қатар жаңа инновациялардың ордасы болып, Отанымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуында мемлекетке қолғабыс тигізуі тиіс. Сонымен қатар қай істің де алтын діңгегі – жоғары сапалы кадрлар құрамы. Бұл орайда Н.Назарбаев қазір өзін-өзі жан-жақты ақтаған «Болашақ» бағдарламасын одан әрі жетілдіріліп, өркен жаятынын айтып, ел жастарының сенімін нығайтты.
Отанымыздың игілігі үшін, өсіп-өркендеуіне әрбір азаматтың, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің де қосар үлесі зор екенін, мемлекеттің гүлденуі және әлемдік деңгейдегі орнының жоғары тұруына бар күш-жігерімізді салып, жұмыс істеуіміз керек екенін нақтылап айтты.       
Еліміздегі тұрақтылық пен тыныштық Отанымыздағы осы жаңғыртулардың бәрінің іске асуына басты  негіз болып  табылады.                                                                                                  Сондықтан Елбасымыздың әр Жолдауындағы мемлекеттегі бірлікті сақтау, ұлттар татулығы мен ынтымағы, іргеміздің беріктігі жайындағы сөздері қашан да маңызын жоймайды. Демек, бәріміз де соған мүдделіміз, соны тілейміз, сол үшін еңбек етеміз.
Елбасы Жолдауына сәйкес, Қазақстандағы саяси-экономикалық, әлеуметтік жаңартулар жалғасын табады. Бұл дегеніңіз тағы да Отанымыздың нық тұрғанын баса көрсетіп, оның тыныштығы мен тұрақтылығына, іргесінің беріктігіне, бейбіт  өміріне кепілдік берілетініне ел сенімін нығайтты
Билет №22.1: Билет №4.2:Билет№22.3
1. 1918-1921 жж Қазақстандағы Әскери коммунизм» саясаты және оның мәні мен салдары.
 Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азақ-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.
«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады
 
2. Ксро-ның ыдырауы: себептері мен салдары.Тмд-ның құрылуы.
 КСРО ның ыдырауы және ТМД ның құрылуы. 1991 жылдың желтоқсаны ірі оқиғаларға толы болды.Олардың ең бастысы КСРОның ыдырауы.Желтоқсанның 8 күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекетінің басшылары өзара келісіп,1922 жылғы КСРОны құру туралы шарттың өз күшін жойғаны туралы жариялады. (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелердің тағы бірі келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. Осылайша дүниежүзіндегі аса ірі отаршыл империялардың соңғысы Кеңес Одағы құлады. Соның нәтижесінде Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Латвия, Литва, Молдава, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Эстония мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған бостандыққа қол жеткізді. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.
48-сұрақ«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы (1991 ж. 16 желтоқсан)1990 жыл, 25 қазан – «Қазақ ССР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылдандыДекларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда, республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет ҚазССР-інің егемендік құқығы жағдайы үшін принципиалды мемлекеттік-құқықтық нормалар бекітілді. Олар:Одақтың шешуіне берілген мәселелерді қоспағанда, ҚазССР территориясында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы;Одақтық Жоғары органдардың ҚазССР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілердің өз территориясында күшін жою құқы;ҚазССР-інің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жан-жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның территориясындағы барлық ұлттық байлықтар – экономикалық және ғылыми-техникалық әулеті туралы:Республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субьектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғары Кеңеске берілді. Президент Республика басшысы болып, жоғары атқарушы билікті иеленді. Ал, сот билігі Жоғары Сотқа берілді. Мемлекеттің әлеументтік негізін анықтауда таптық тұрғыдан қараудан бас тартты. Ресублика территориясында ядорлық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрлысы мен қызметіне тиым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеументтік – экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан жаңа Конституциясын жасау басталды. 1991 жыл, 1 желтоқсан – Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті.Қазақстан Республикасы тарихында халық алғаш рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Дауыс беруге құқылы 9 млн 960 мың азаматтың 88,42 пайызы сайлау уческілеріне келіп, сайлауға қатысты. Олардың 98,76 пайызы Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді. 10 желтоқсанда Республика сарайында Президенттің қызметке кірісуіне арналған ҚР Жоғары кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті. Қадірлі ақсақалдар Д.Снегин, Қ.Қожамияров, Э.Айрих, Ы.Қожахметовтер Елбасына шапан жауып, қарт ақын Шәкір Әбенов бата берді. Осылайша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл халық сайлаған алғашқы Қазақстан Республикасының Президенті мандатына ие болды. Бұл оқиға аталмыш тұлғаның әлеументтік ортада жоғары беделге ие екендігін аңғарты. Сайлау нәтижесі саяси-этникалық тұрғыдан республикамызда ұлтаралық татулықтың бекем екендігін көрсетті. Бүкілхалықтық бұл сайлау тәуелсіздік жолында қабырғасы қаланып келе жатқан мемлекеттің демократиялық бағытының айқан екендігін растады.Бұл сайлаудан шаруалар жерді, кәсіпкерлер бостандықты, еңбек ұжымдары экономикалық саясаттағы дұрыс бағытты күтті. Бұл орайда, Елбасының тұлғасы республика күштерінің бірлігін білдірді. Сонымен қатар, азаматтар дауыс беру арқылы өмірді жақсарту, экономиканың құлдырауы мен бағаның өсуін тоқтатуға бағытталған шешімдер қабылдап, кей жерлерде қатал шараларды қолдану қажеттігін, мемлекеттің өркендеуі және оның ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын мықты биліктің қажеттігін көрсетті. Осылай 1991 жылы 1 желтоқсанда елімізде халық қолдаған Президенттік биліктің есебі басталды. Бұл республика үшін құқықтық демократиялық мемлекеттің және азаматтық қоғам мүдделерін қорғауды көздейтін жаңа мемлекеттік институт болды.1991 жыл, 10 желтоқсан – «ҚазССР» атауы «Қазақстан Республикасы» болып өзгертілді.Елдің атауын өзгерту жай бір термин ауыстыру емес, өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезеңде республика өркениетті демократиялық қоғамды таңдағанын білдіреді. Бұл үшін бүкіл әлеументтік-экономикалық негізді түп тамырымен өзгерту керек болады. Осы мақсатта біртұтас идея қажет еді. Ол – егеменді демократиялық Қазақстан мемлекеті. Бұрынғы тоталитарлық жүйенің құрамында болған республика өміріне сай көне атаудан бас тарту осымен түсіндірілді. Өзін өзі жойған «советтік» және «социалистік» идеологиялық терминдер жалпы демократиялық құқықтық даму жолына түскен, көппартиялық және плюрализмі бар республика титулына қала алмайтын болды.Жаңа атау, өзінің мемлекет құру құқын жеңіп алған титулды, жергілікті қазақ ұлтының рөліне ерекше көңіл аудара отырып, ұлтаралық келісім бағытымен келе жатқан республиканың саяси-этникалық ерекшелігіне де жауап береді. Қазақстанды мекендеген жаңа бауырластық қоғамының қалыптасу бастамасы осылай қаланды. Осы сәттен бастап, «Қазақ Советтік социалистік Республикасы» атауын өзгерту туралы заңда айтылғандай, Қазақстан халқы өзін өзі билеу, адам құқы бостандығын баянды ету принциптерімен, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық көпқырлылығына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбіт өмірді сүйетін, құқықтық мемлекет құруға тиіс делінді.Осылайша, Қазақстан аумағында жоғары деңгейде дамыған саяси-этникалық өркениеттің құрылуы басталды. Онда қазақ ұлты қайта туады, оған кіретін ұлттар мен ұлыстар өзін еркін сезінетін болады. Іс жүзіндегі егеменді Қазақстанды әлемдік экономикалық және саяси кеңістікте белсенді әрекет ететін, халықаралық қатынастардың өзіндік субьектісіне айналдыру қажеттілігі айқындалды.1991 жыл, 16 желтоқсан – «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдандыДәл осы күні ҚР Жоғары Кеңесі «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Осы сәттен бастап, республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі анықтап, өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекетет құзіретін заңды тұрғыда рәсімдеді.Бұл заңды көп ұлтты бүкіл Қазақстан халқы күткен-тін. Бұл сан жылдар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келген жүздеген ұрпақтың арман-мүддесінің орындалуы еді. Осы тәуелсіздіктің нәтижесінде біздің республика БҰҰ-ға мүшелікке өтуге, өз еркімен халықаралық аренаға шығуға, басқаның нұсқауы бойынша емес, өз еркімен өркениетті түрде болашаққа қадам жасуға құқылы болды .Әрбір қазақстандық өз өнері мен қабілетін туған республикасына беруі керек, халықтың өмір сүру деңгейі көтеретін нарықтық экономикаға тезірек өтуге ықпалын тигізуі керек. Тәуелсіздік, егемендік статусты республика халықтарына Жаңа Конституцияны жасаумен байланысты сұрақтарға, азаматтық және миграциялық процестердің мәселелеріне жаңаша көзқарастың орнығуына мүмкіндік берді.Қазақ халқы тәуелсіздікке дейін ұзақ та қиын жолдан өтті. 1986 жылы желтоқсан айында тоталитарлық жүйенің орталығына қарсы наразылық білдіруге шыққан жастардың арманы да осы болатын. Осылай республиканың тәуелсіз ел болуына елдегі демократиялық бағыт себеп болды. Ал декларативті интернационализммен емес, ақиқаттығымен ерешеленетін мұндай мемлекетте қазақ халқы өзінің ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап қала алады. Осы құқықты иеленуге ол лайық болатын. Болашақ достыққа апаратын жолда барлық демократиялық күштер бірігеді. Бұл Қазақстан азаматы саналатын барлық ұлттар құқығының кепілі болмақ.
 
3.Халықаралық ұйымдардың негізгі мақсаттары:БҰҰ,ЕҚЫҰ,ШЫҰ,ДҚҰ,НАТО,МАГАТЭ,ЕО.
Қашан пайда болды,құрлымына қай елдер кіреді,қандай мақсатпен ұйымдастырылды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздікЖарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді: бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау; ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту; халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау; осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу. Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік.ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок (Ad hoc) ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Ұйым Салқын Соғыс кезінде Батыс — Шығыс форумы ретінде құрылған.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ) — 1996 жылы «Шанхай бестігі» деп атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген. 2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) [The Shanghai Cooperation Organisation] 2001 ж. 15 шілдеде Шанхайқаласында алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым. мақсаттары мынадай:мүше-мемлекеттер арасында өзара сенім, достық, тату көршілік қарымқатынастарды нығайту; саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру, қуат көзі, көлік, экологиялық және өзге де салаларда тиімді әріптестік шараларын дамыту; ортақ күш жүмсап аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, демократиялық, әділ және үтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнатуға жағдай жасау.
Еуропалық одақ (Еуроодақ, ЕО) - Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекетің экономикалық және саяси бірлестігі. Еуропалық одақ (ЕО) – халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург,Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған Солтүстік атлантикалық келісім ұйымы , НА́ТО (ағыл. - North Atlantic Treaty Organization, NATO; фр.Organisation du traité de l'Atlantique Nord, OTAN) - әскери-саяси одақ.1949 жылы 4 сәурде 12 мемлекет (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Белгия, Нидерланды, Люксембург, Канада,Италия, Португалия, Норвегия, Дания, Исландия) қол қойған Солтүстік Атлантикалық келісімшарты негізінде құрылған. Кейінірек НАТО-ға басқа да еуропалық мемлекеттер кірді. Қазіргі таңда НАТО-ға 28 мемлекет мүше болуда.1954 жылы Кеңес Одағы мүше болып кіруге сұранады, НАТО оған бас тартады.НАТО-ның негізгі мақсаты шартқа қатысушы мемлекеттердің саяси ынтымақтастық және ұжымдық қорғаныс негізінде тәуелсіздікті, егемендікті және демократиялық құрылымды сыртқы агрессиядан қорғау екендігі 1949 жылғы Вашингтон шартында жазылған, бұл ұстаным 1990 жылғы Лондон декларациясында қуатталған Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) – бұл ядролық технологияларды бейбіт пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың жетекші дүниежүзілік форумы. МАГАТЭ 1957 жылы БҰҰ-ның шешімімен 1954 жылдың 4 желтоқсанында құрылды, арнайы келісіммен байланысты БҰҰ жүйесіне кіреді, жыл сайын өзінің қызметі туралы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясына баяндама ұсынады және қажет жағдайда – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынады. МАГАТЭ жарғысы Нью-Йорктегі құрылтайшылық конференцияда 1956 жылдың 26 қазанында бекітілді және 1957 жылғы 29 шілдеде күшіне енді.
Билет№23.1: Билет №3.2:Билет№23.3
1.Ауылшаруашылығын күштеп ұжымдастыру: себебі, барысы, нәтижелері.
Қазақстанда ХХ ғасырдың 20-жылдарының аяғы мен 30-жылдардың басында БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің кезекті іс-əрекеттері ауылшаруашылық саласында «Ауылдағы партияның саясаты – бай-кулактарды тап ретінде жою жəне ұжымдастыру» деген ұранмен басталды.
Компартияның 15 съезде ауыл шаруашылығын ұжым/у бағыты жария/ы.
Негізгі ұстанымдар:еріктілік,дербестік,мат/қ мүдделік,ұжым/у сатыларына кезең-кезеңмен өту.
1930 жылы 5 қаңтарда БК(б)П Орталық Комитеті «Ұжымдастыру қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек шаралары туралы» қаулы қабылдады.  Қаулыда Орталық комитет жаппай ұжымдастыруды жүзеге асыру үшін елдің аудандарын үш топқа бөлді: Бірінші топқа осы ұжымдастыруға белгілі мөлшерде даяр деп есептелінген таза астықты аудандар жатты. Оларға  Орта және төменгі Волга, Солтүстік Кавказ аудандары кірді. Ол аудандарда  шаруа қожалықтарын социалистік жолмен қайта құруды 1931 жылдың көктемінде аяқтау белгіленді; Екінші топқа  елдің Украина, Орталық қара топырақты облыстар, Сібір, Орал, Қазақстанның  астықты аудандары жатты.  Бұл аудандарда ұжымдастыруды аяқтау мерзімі бір жылға ұзартылды, яғни шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды  1932 жылдың көктемінде аяқтау қажет болды; Елдің бүкіл басқа өлкелері мен облыстары үшінші топқа енді. Бұл жерлерде шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1933 жылдың көктемінде, яғни бірінші бесжылдықтың аяғына қарай аяқтау жоспарланды.  Көшпелі қазақ ауылдары осы үшінші топқа жатқызылды. Қазақстанда 1928 жылы шаруа қожалықтарының тек 2 проценті ғана ұжымдастырылса, 1930 жылы  50 проценті, 1931 жылдың қазанында 65 проценті ұжымдастырылды, яғни ұжымдастыру қарқыны жеделдетілді. 1931 жылы республикадағы 122 ауданның 78 ауданында ұжымдастырумен 70-тен 100 процентке дейін шаруа қожалықтары қамтылды. Шаруа қожалықтарын ұжымдастырудың жеделдетілген қарқыны күштеп жүзеге асырылды. Ұжымдастыруды жүзеге асыру барысында еріктілік, қоғамдастыру принциптері толық бұрмаланды. Ұжымдастыруға байланысты жүргізілген шараларда кімнің осы шараға қарсы екенін айқындау бірінші орынға қойылды. Кімде-кім қарсы болса, ол тіптен кедей шаруа болса да, тап жауы қатарына жатқызылды. Ұжымдастырылған шаруашылықтарға жұмыс күші болып саналатын малды ғана қоғамдастырудың орнына, барлық малды түгелдей алу шаралары жүргізілді. Күштеу, зорлық-зомбылық көрсету арқылы ұжымдастыру шаралары тездетілді. Күштеп ұжымдастырушылар қазақ қоғамындағы дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігін  мүлде еске алмады.  “Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын”,  “Қайдан тапсаң онан тап, қаптың түбін қақ”,  “Социализмде  сотқа тартылмаған адам болмайды” деген ұр да жық ұрандар  елдің түбіне жетті. үштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қарқынмен жүргізілді.  КСРО ОАК мен ХКК-нің 1930 жылы 1 ақпанда қабылдаған “Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы” қаулысы  негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды.  Шаруа қожалықтарынан бай-кулактарды бөліп алып,  оларды тап ретінде жою жүзеге асырылды. Бай-кулактарды үш топқа бөліп жазалады. Бірінші топқа контрреволюцияшыл белсенділер жатқызылды. Ондай топқа енген шаруалар бірден тұтқындалып, олардың ісі сотқа берілді. Екінші топқа ірі кулактар жатқызылды. Бұл топқа енген шаруаларды да бірден ұстап, солтүстікке немесе жаппай ұжымдастыру аудандарынан алыс аудандарға жер аударды. Ал, үшінші топқа кулактар отбасылары жатты. Оларды сол ұжымдастыру  аудандарындағы  колхоздар бөлген жерлерге  қоныстандырды. Енді осы шаралардың жүзеге асырылуы барысында жазалануға белгіленген топтармен қатар сол үкім шығарылып, жазаға тартылғандар  арасында орташалар,  тіптен кедейлер де  болған.  1928-1929 жылдарда бай-кулактар есебіне алынып жазаға тартылғандар, яғни қудаланғандар есебі 54 625 болды.  1931 жылы 5500 шаруа  бай-кулак ретінде аласталды. Ал енді 1928 жылғы тәркілеу кезіндегі қазақ қоғамындағы бай-феодалдар саны тек 696  ғана болғанын ескерсек, бұлардың да кімдер екені белгілі.  Бұл сандарды нақты деп айту қиын, себебі жауапқа тартатын органдардың саны өте көп болды. Мысалы, 1932 жылы Юстиция Халық Комиссары өзінің өте құпия хатында барлық жауапқа тартылғандардың бар болғаны 37,3 проценті кулактар екенін, ал қалғаны  қатардағы еңбекшілер екенін мойындаған. Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Халықтың саны азайып кетті 6,3 млн-2,1млн аштықткан қыр/ы.
Ауыл шаруашылық өнімдерін және малдарды күшпен алды. Мысалы, 1931–1932 жылдары Шұбартау ауданында малдың 80%-ы етке өткізілді. Балқаш ауданының халқына 297000 малға салық салынды, ал Балқаштың барлық малы 173000 ғана болды. Торғайдағы 1 млн. малдың 98 мыңы ғана қалды.
1932 ж көктем- Ұжымдастыру аяқтау белгіленді.
1929 ж – ІІ жартысынан бастап – Ұжымшар құрылысы жедел дамыды.
1929 ж – МТС-тер құрылды.
1929 ж – Республикада 56498 шаруа жауапқа тартылды. 34000 сотталды.
1929 ж – салғырт енгізілді
2. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы. «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы» (1991 ж.).
 Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.
Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.
Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.
КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.
Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.
3. Елбасы н.Ә. Назарбаевтың “Тарих толқынында” атты еңбегі
1999 жылы Н.Ә. Назарбаевтың “Тарих толқынында” атты еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбектің “Тарихтың шеңберлі және ұлттық зерде” бөлімінде ел тарихын автор 12 кезеңге бөледі.Еңбектің маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылды.
 Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын көтерген тамаша тарихи құжат, Елбасы мен ел тынысының қосылуын паш еткен саяси памфлет болды. Қайта құру жылдарының «жариялылық» кезеңінен бері зерттеле бастаған ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ беттері арқылы ұрпаққа жарық сыйлаған ТАРИХИ САНАНЫҢ қалыптасуы жаңа кезеңге жол ашты. Қазақ азаттық қозғалысы мен «Тұтас Түркістан» идеясының тарихы арқылы тамырымызды таныдық. Бұл жолда, 1931 жылы Түрік тарих қоғамын құрып, «Түрік тарихының басты бағыттары» деген бағдарламалық мәні бар еңбек жазған Ататүрік сынды, қазақ тарихымен тікелей айналысуға мәжбүр болған Елбасының «Тарих толқынында» атты еңбегі де үлкен мәнге ие болды. Тарихымызбен табысу арқылы «Тұтас түрік елі» идеясынан «Біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың ЕЛ АЗАТТЫҒЫ жолындағы ұлы күресінің мазмұнын ұғындық.
Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті.
Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады. Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді. Ғылыми іздестіру жұмыстары мен Н.Ә. Назарбаевтың қызметтестерінен жиналған деректердің негізінде Тарихи-мәдени орталықта болашақ Президенттің Орталық Қазақстанды дамыту бойынша қызметінің бағытында фото, дыбыс және бейне материалдарынан құралған көп құжат жинақталды. ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында Теміртау қаласы мен Қарағанды облысында болған экономикалық және әлеуметтік үдерістерді жан-жақты әрі шынайы баяндау, сондай-ақ осы жетістіктерде жас Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты үлесін мойындау «Халық тарих толқынында» бағдарламасын қалыптастыруда негізгі бағыттардың бірі болуы тиіс»,-деп атап өтілген мақалада. Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Мемлекет басшысының қызметін баяндау бойынша кешенді шараларды әзірленуде. «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы» және «Қарағанды облысында Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы туралы материалдар» атты екі кітап басылымға дайындалды, деп жазады Ж. Көлбаева. Бұл кітаптар Орталық Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени-экономикалық бейнесінің қайта құрылуы мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы бойынша Н. Назарбаевтың қызметімен байланысты оқиғаларды жария етуге негізделген. Сол жылдардағы құжаттар қарапайым еңбек адамының игілігі үшін бар күш-жігерін салған болашақ Ұлт көшбасшысының жеке үлесін айқындайтын көптеген фактілерді дәлелдейді.
Билет №24.1: Билет №2.2:Билет№24.3
1. Ұлт зиялыларының ұлттық мемлекет құру жолындағы іс-әрекеттері. Алаш қозғалысы. Алаш қозғалысының көшбасшысы –Ә.Бөкейханов
Алаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.
Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.
Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қ-ның басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды.
Бірінші орыс рев-сы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ к-ттерінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 ж. пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемл. тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті.
Елде тоталитарлық жүйе біржола орнағаннан кейінгі уақытта енді ол жаңа саяси жағдайға байланысты шетелдік эмиграция күшімен жүргізілді. Мұстафа Шоқайдың қызметі, оның басшылығымен Берлинде 10 жыл бойы (1929-39) шығып тұрған “Яш Түркістан” журналындағы материалдар соның айғағы еді. Негізгі мақсаты — ұлттық бостандық болған А.қ. көрші түркі, мұсылман халықтарымен күш біріктіруге тырысты. Сөйтіп, 20 ғ-дың алғашқы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30 жылдарға дейінгі тарихи кезеңді қамтыды. Кеңестік тоталитарлық билік алаштық атанған аға буын зиялылардың ең белсенді бөлігін, сондай-ақ олардың кеңестік-партиялық қызметтегі ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратып, жауыздықпен жазалады
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі әрі публицист ғалым, аудармашы. Ол 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7 – ауылында дүниеге келген. Әкесі оны бала күнінде Қарқаралыға алып барып, медресеге оқуға берген. Ол онда оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепті оқып шығады. 1879-1886 жылдары Қарқаралыдағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдары Омбыдағы техникалық училищеде оқып, «техник» мамандығын алып шығады. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқиды. Студент болып жүрген кезінде–ақ саяси талас-тартысқа белсене араласып, ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысты.Сол кездің өзінде «саяси белсенділігі үшін» патша жандармериясының қара тізіміне іліккен. Патша үкіметі билігі жылдарында қазақ елінің тәуелсіздік үшін күресін басқарды, сол үшін Павлодарда, Семейде бірнеше рет қамауда отырды. Кеңес үкіметін мойындамады. Қазақтың егеменді ел болуы үшін күресті, сол себептен 1937 жылы ату жазасына кесілген.
Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы болтаны күмәнсіз.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы мен рәміздері.
 Мемлекеттік құрылымы. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас (унитарлы) мемлекет. Мемлекет басшысы – Президент.
Қазақстанда бір ғана мемлекеттік билік бар – оған Парламент арқылы жүзеге асатын заң шығару билігі; орталық органдардан (министрлік, ведомстволар мен агенттіктер) және жергілікті органдардан (әкімдіктер) тұратын Үкімет – атқарушы билік және мемлекеттік соттар (Жоғарғы сот және жергілікті соттар) арқылы жүзеге асатын сот билігі кіреді.
Мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар көзі – халық.
Рәміздері. Н. Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Сонынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы — суретші Ш. Ниязбеков, елтаңбаның авторлары —
Ж Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Байрағы – бұл тік төртбұрышты көгілдір түсті, ортасында 32 сәулесі бар шашыраған күн, оның үстінен қалықтаған дала қыраны бейнеленген мата. Байрақтың тұтқасымен тұстас ұлттық өрнекті тік жолақ бар. Күн, сәуле, қыран және өрнек алтын түспен бейнеленген.
Қазакстан Республикасынын мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі - әнұран, мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін шығармашылық байқау жарияланды. Оған Қазақстан ақын, композиторлары қатысты. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М. Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева шығарған өлен сөзі бекітілді. Әуені — кеңестік кезеңде М. Төлебаев. Е. Брусиловский, Л. Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.
2006 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды. Заң жобасына талқылау барысында бірқатар депутаттар («Менін Қазақстаным») жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә.Назарбаевты ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутаттары жаңа әнұран мәтінінің авторлары Ж. Нәжімеденов пен Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан қолдады. Ал әні бұрынғы қалпында сақталды.
2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде кірді. Алғаш рет жаңа әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, Ақордада Президент Н.Ә. Назарбаевтың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды
3. Манифест "Әлем. XXI ғасыр" «Әлем. XXI ғасыр» Манифестінде көрсетілген Елбасының қарусыздану бағдарлама бастамалары әлемдік қоғамға қажетті, уақтылы және өте ахуалды болып табылады. Бүгінде әлемде қауіп төндіріп отырған қатерлі террористік топтардың пайда болуынан әлемдік қоғам үшін күннен күнге аппатты салдар туғызып әлем өте күрделі жағдайларға тап болуда. Сондықтан жаһандық қауіпсіздіктің жағдайын жасау үшін бүкіл адамзаттың күшін салу қажет. Қазақстан бірінші боп қарусыздықты енгізід және Украина мен Беларуссия бірге өз жер аумағында ядролық қарудан бастартып алғашқы үш елдің қатары болды. Ядролық қарусыз өмір сүруді таңдау Қазақстан үшін өмірлік маңызды. Әлемдегі төртінші ядролық әлеуеттен бастарту және Семей ядролық полигонын жабу туралы еліміздің басшысының шешімін халық өте жоғары бағалады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев ядролық өрістетпейге қатысты «Әлем. XXI ғасыр» Манифестінде бір қатар маңызды және негізгі жерлерін атап өтті. XXI ғасыр: соғыссыз әлем»бағдарламасы бойынша жаһандық стратегия үш басты қағидатты мазмұндауды талап етеді, біріншіден, қарудың жаңа түрлерін дайындауға тиым салу, екіншіден, ядролық қарудықң барлық түрін сынақтан өткізуге тиым салу, өйткені қару сынақтан өткізілмесе ол тиімсіз болады, үшіншіден, қысқартудың мүмкіндігінше ең жоғарғы жиынтық жұмыстарын жүргізу, бір жағынан ядролық қарудың қоры, екінші жағынан аталған қаруларды халық аралық террористік ұйымдар немесе басқа тұлғалардың қолына жетпеу үшін қорғау формасын құру, өйткені жаппай жою қаруларын қолданудан тек қана әскери нысандармен қосаазаматтық нысандарда зардап шегуі мүмкін.
Билет №25.1: Билет №2.1:Билет№25.3
1.Қазақстандағы индустриаландыру саясаты: себебі, сипаты, қарқыны, нәтижесі.
1925 жылғы желтоқсан - БК(б)П-ның XIV съезі белгілеген социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыру – халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы. Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бес-жылдығымен (1928-1932жж.) қатар келіп өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты: 1)Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі. 2)Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы. 3)Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90%-ы шаруалар.4)Жергілікті мамандардың жетіспеуі.5)ЖЭС тоқтатылып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы. 6)Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы.7)Әміршілдік-төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі. \ Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығының басымдылығы (84,4 %) сақталды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:а)Өлкенің техникалық - экономикалық жағынан артта қалуын жою.
Индустрияландыру – өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. 1)Акамедик Н.С.Курнаков Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлыктарын зерттеп, "ҚАКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы" деген тұжырым жасады. 2) Академик И.М.Губкин Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны - мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. 3)Инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жезказған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеді. \ 1927 жыл - Түркістан - Сібір темір жол магистралының құрылысы басталды. В.С.Шатов - құрылыс бастығы.Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов – Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының басшысы. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов (1894-1938жж) – РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы. Т.Рысқұловтың ұсынысымен комитет құрамына темір жол маманы, инженер М.Тынышбаев (1879-І937жж) енгізілді. Түрксібтің ұзындығы 266,5 шақырым болатын учаскелерінің бірі – Жетісу жолына тәулігіне 1500 м жол теселіп, 7 айда салынды. Құрылыс жоспарда белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті:• 1930 жылғы 28 сәуір - солтүстік және оңтүстік учаскелер Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды. Алғашқы поезды тұңғыш қазақ машинисі Көшкінбаев жүргізді. • 1931 жылғы қаңтар - Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. \ Түрксіб магистралы салынуының мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық маңызы: 1)Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды.2)Елдің шығыс аудандарының экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті. 3)Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды. \ Өлкеде болашақ өнеркәсіп тораптарының негізі қаланып, басқа республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды:Орталық Қазақстанның шикізат аймағы Оңтүстік Оралдың өнеркәсіп орындарын кенмен, металмен, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты. Мұнайлы Ембі Еділ мен Жайық арасында жаңадан құрылып жатқан «Екінші Баку» мұнай базасының бір бөлігіне айналды \ Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер: 1)Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады. 2)Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды. 3)Тау-кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді. 4)Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді. 5)Теміржол арқылы жүк тасымалдау 1913 жылғы деңгейінен 213 есе асып түсті.
\ Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары: а)Шаруаларға үстеме салықтар салу.б)Республикалардың барлық жинақталған қорларын мемлекеттік бюджетке қосу (тонау). в)Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидиялар мен дотациялар бөлу. г) Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру. Д)Жазалау саясатын қолдану. Е)Ұжымдастыру және аштықтан бас сауғалап қашқан қазақ шаруаларының еңбегін пайдалану. \ Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері: 1)Халық дәстүрі бұзылды. 2)Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады. 3)Лагерьлер жүйесі орнықты. 4)Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды. 5)Жергілікті мамандар дайындауға көңіл бөлінбеді. \
Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы: 1)Аграрлық республиканың индустриялды-аграрлық аймаққа айналуы. 2)Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағының өсуі.3)Ұлттық жұмысшы табының құрылуы.4)Инженер-техникалық зиялылардың қалыптаса бастауы.5)Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды.6)Көп ұлтты ұжымдар пайда болып, адамдардың туысқандығы нығайды.7)Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты.
2. КР конститутциялары (1993 -1995жж)
1993 жылғы қантардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның Құрамдас бөлімі еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жадайларына арналған тарау.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономиқалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді.
Конституцияның ерешеліктері:
1. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.
2. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды.
3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады.
4. Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді.
5. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүндесін қорғайды.
6. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы құқықтық мемлекет құру жолындағы жаңа реформаларға жол ашты. Конституцияның 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп тұжырымдалды. Құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту жолында Конституциялық заңдар да қабылдаңды.
1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасын президенттік баскару нысанындағы біртұтас мемлекет ретінде орнықтырды. Еліміздегі саяси реформалау 1997 жылдан тұрақты даму мен барлық мемлекеттік институттар жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталды. Осы жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды. Елбасының 1998 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында елді демократияландыру және саяси реформалау бағдарламасы ұсынылды.
1998 жылы 7 казанда № 284 «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. 1998 жылғы Конституцияға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер мемлекеттік билік жүйесіндегі өкілетті органның орны мен рөлін, маңызын нығайтты. Конституция ережелеріне енгізілген түзетулер еліміздің заң шығарушы органы қызметінің тиімділігі мен депутаттардың кәсібилігін арттыруға бағытталды. Осыған сәйкес, Парламенттің Конституцияға өзгерістер енгізу өкілеттілігі кеңейтілді. Сот жүйесін демократияландыру мақсатында алқа билер соты енгізілді. Осы өзгерістерге сәйкес, ауыл, село және поселкелік өкімдерді сайлау қарастырылды.
Конституциялық ережедегі өзгерістер мемлекеттік қызметшінің жасы алпыс жастан, ал ерекше жағдайларда алпыс бес жастан аспауға тиіс деген сөздер алынып тасталды. Президенттік лауазымға сайлау мерзімін 7 жылға дейін үзартты. 1999 жылдың 6 мамырыңдағы Конституцияға енгізілген толықтыруларға сәйкес саяси партияларға Парламент Мәжілісінен 10 депутаттық мандат берілді. Конституцияға өзгерістер енгізілуімен қатар кезектен тыс Президент сайлауы жарияланды.
3.Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны мен беделі.Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді. Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақты деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭқ, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді. 2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті, мұның өзі 2003 жылғы сондай көрсеткіштен 40% дерлік көп (Егемен Қазақстан, 12.01.2005). 2005 жылдың басында Қазақстанда тұтастай жарғылық қоры 250 миллион АҚШ долларынан асатын, Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын болды. Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы жылдары ондаған есе өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан және Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд. доллар жұмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды. Мұның өзі саяси-экономикалық байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт өмірді сақтауға кепілдік берді. 1998-1999 жж. белсенді дипломатиялық әрекеттер арқылы Қытай мен Қазақстан арасында тағы да жаңа маңызды уағдаластықтарға қол жетті. Ең алдымен шекараны нақтылау негізінен аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін білдірді. Қазақстан Президентінің Қытай мемлекетіне 2002 ж. желтоқсан айында жасаған сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындады. Екі мемлекет басшыларының кездесуі барысында 5 құжатқа қол қойылды. Оның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт” болып табылады. Сондай-ақ, бұдан басқа екі ел деңгейінде халықаралық ланкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күресте ынтымақтастық жөнінде, екі мемлекет арасындағы қауіпті әскери әрекетті болдырмау туралы және т.б. құжаттарға қол қойылды. Екі арадағы сауда-экономикалық байланыстар жылдан-жылға артып, 2004 жылы оның көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асты. Жалпы соңғы жылдары ҚХР басшыларымен

Приложенные файлы

  • docx 15826175
    Размер файла: 263 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий