Тарих экзамен


1-билет
«ҚҚЗТ»пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз
2-билет
Қазақстанның ұлттық бірегейлігі мен мәдени тұтастығы жолындағы бағыттарды сипаттаңыз
3-билет
Зияткер қоғамның жасампаз тұлғасын қалыптастырудағы тарих ғылымының алатын орнын көрсет
4-билет Қазақстанның қазіргі заман тарихын Ұлы дала тарихымен сабақтастығын баяндаңыз.Тəуелсіздік жылдары Қазақстан тарихы қайта жазылып, ұлттық жəне мемлекеттік мүдде тұрғысынан қайта зерттелуде. Кеңестік кезең жылдарында солақай саясаттың негізінде бұрмаланып жазылған келеңсіз тарихи тұстары қай та қарастырылынып, ақиқат тұрғысынан жаңаша зерделенуде. Сонымен бірге, азаттық жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері басты назарда болып отыр. Қазіргі уақытта тарих ғылымы кеңестік дəуірдегі таптық методологияның шеңберінен шығып, зерттеудің жаңа бағыттары анықталып, тарихтың ақтаңдақтар беттері қайта ғылыми негізде зерделенуде. Қазақ тарихы Түркі өркениетінің ажырамас бөлігі ретінде зерттеліп, дала тарихындағы көшпелілердің орны айқындала түсуде. Қазақстан мемлекеті Еуразиялық идеяның жалғастырушысына айналды. Бірнеше ғасырлар бойы тағдырдың тауқыметті қасіретінен көз ашпаған қазақ халқы өз тарихында тұңғыш рет өз тарихын өзі жасап қана қоймай, сол жаса ған деректерін тарих ғылымының талаптарына сай: жинау, жүйелеу, саралау, тасқа басып жариялау жəне деректанулық талдаудан өткізу арқылы өзінің объективті тарихын жазу мүмкіндігінеде ие болып отыр. Кезінде өзінің төлдеректерін жинауға, жүйелеуге, шашау шығармай сақтап, өз тарихын жазуға мүмкіндігі болмаған халқымыз, бүгінде, ақпараттар, яғни деректер тасқынының астында қалып отыр. Уақыт ерекшелігіне сай қоғамның аса үлкен жылдамдық пен дамуы, бұрын ғасырлар бойы болмайтын маңызды тарихи оқиғалар тізбегінің көз алдымызда үз дік сіз өтіп жатуы, сол оқиғалар бейнеленген деректер тасқынының пайда болуына алып келді.Үстіміздегі жылдың 5 маусымында Елордамыз — Астана қаласында Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоара лық жұмыс тобының кеңейтілген мəжілісі дəлірек айтсақ, жалпыұлттық кеңесі өткізіліп, отандық тарих ғылымы, дүние жүзі тарихы, соның ішінде Қазақстан тарихы туралы зерделі мəселелер көтеріліп, дəйекті сын айтылып, болашақта ұлттық тарихты зерттеу жəне оқыту түйіткілдері жан-жақты қарастырылды. Халқымыздың тəуелсіз Қазақстан Республикасы атты мемлекет құрып, ұлттың азаттығын сақтай білуі бүгінде қаншалықты маңызды болса, сол мемлекеттің шынайы да танымды тарихын жазып, келер ұрпаққа жеткізе білуде соншалықты маңызды. Өйткені, тарих — ұлттың жады. Танымды тарихы жадында жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен қатар терезесі тең өмір сүре алады. Тарихын қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарайды. Демек, ғылыми негізде жазылған танымды тарих — ұлт тəуелсіздігінің, ұрпақ тəуелсіздігінің кепілі. Бұл шара тəуелсіз ел тарихындағы қазақ тарихына, Қазақстан тарихы туралы мəселе көтерген тұңғыш мəжіліс болды. Тарих ғылымы қоғамның тарихи танымы мен тарихи санасын қалыптастыруы арқылы дəріптеу қажет. Əсіресе, тарихи тақырыптарға жазылған еңбектер арқылы халықтың тарихи санасын қалыптастыруға ықпал жасау керек. Ол үшін, ел ертеңі жастарды өз бетінше жеке көзқарастарын қалыптас тыруда тарихи шығарма лардың алатын орны ерекше. 
5-билетXX ғасырдың басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңызXX ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін түрлі ағымдардың өзара қақтығыс, күрес кезеңі болды. Бір жағынан, ескі, күні өткен феодалдық қатынастар өзінің барлық даму қуатын тауысып, қоғамдық өсіп-өнуде кедергіге айналса, екінші жағынан, оларды ауыстыра аларлық жаңа қоғамдық қатынастар әлсіз күйде еді. Елдегі мұндай ауыр жағдайды ресейлік империализмнің отарлау және орыстандыру саясаты терендете түсті. Осындай жағдайда қазақ елінің болашағы үшін қоғамдық күреске жаңа саяси-әлеуметтік күш-ұлттық интеллигенция араласа бастайды. Барлық көрінісі жағынан қазақ қоғамы үшін өтпелі кезең болған сол уақытта тарих сахнасына көтеріліп, бас-аяғы жиырма жылға созылған қысқа мерзім ішінде өшпес із қалдырған бұл ұлт зиялылары кімдер еді, олар еліміздің тарихында қандай орын алмақ. Бұл тақырыпты зерттеу қажеттілігі бүгінгі қоғамдық өмір сұранысынан соған сай таным құралы ретінде тарих ғылымының табиғи болмысынан туындайды. Біз Ресей империясына, оның қүрамдас бөлігі Қазақстанға 1917 жылы большевиктер ұсынған даму жолының сәтсіз аяқталғандығының куәсі болып отырмыз. Бүгінде біз осының дұрыс-бұрыстығын анықтауға міндеттіміз. Ірі ғалым лингвист, әдебиет зерттеушісі, тюрколог қазақ зиялыларының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) аса көрнекті қоғам қайраткері еді.А.Байтұрсынов «Қырық мысал», «Маса» секілді өлендер жинағын шығарған, халқының арман тілегін, өкініш-күйінішін әдемі сөз нақылына түсіре білген, өзіндік өмір бағыты бар қазақ зиялысы еді. Оның «Қазақ», «Айқап» басылымдарында жарық көрген «Қазақ жерін алу туралы», «Низам», «Қазақ һәм 4-ші дума», «Жауап хат» (Жанша Сейдалин мырзаға), «Шаруа жайынан», «Досмайыл қажыға ашық хат», «Губернатор өзгертілуі», «Земство», «Бас қосу турасында», «Бұл заманның соғысы» атты мақалалары ғасыр басындағы қазақ ақыл-ойының биік шыңы болды. Қазақ қоғамының дамуында ұлттық сана-сезімнің толысып жетілуінде XX ғасыр басы ерекше есте қалады. Азаттықты ту етіп көтерген алаштың белгілі ұлдары өз күрес теорияларында халқымыздың өткен күрес жолдарының тарихи тәжірибелерін байытып жаңа кезеңге пайдалана білді.  Жалпы, XIX ғасыр мен XX ғасырдың басы қазақ қоғамында азаттық ой-пікірлердің дамуында ерекше кезең болғаны анық.
6-билетXX ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруының алғышарттарын атаңыз
 ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт.Алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді.
Қазақтың елдігі мен тұтастығын аңсаған Алаш қайраткерлерінің идеясы бүгінде іске асты. ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарының басында тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы қаланды. Олардың еліміздің тәуелсіздігін ту етіп, ХХ ғасырда Қазақ елін өз алдына дербес те егемен мемлекет ретінде көргісі келген ізгі де жасампаз ниеттері тек ХХ ғасырдың соңында ғана жүзеге асты.Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» дейді. Бүгінде  халқымыздың қажырлы еңбегінің арқасында әлеуметтік әл-ауқатымыз артып, инновациялық даму жолына түстік. Ұлт болып ұйысып алдымызға қойған мақсаттарға жетуде қастерлі тәуелсіздіктің құны жолындағы құрбандарын ұмытпай, оларды үлгі ету арқылы күш-қайратқа және рухани бірлікке ие бола аламыз. Алаш ардақтыларының аманатын ұлықтау мақсатында жұдырықтай жұмылып, түрлі маңызды іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.
7-билетҚазақстанның қазіргі заман тарихын дүниежүзілік тарихи оқиғалар аясында қарастырыңыз
Қазақстанның қазіргі заман белімінің тағы бір маңызды проблемасы XVI ғ. ортасы XX ғасырдың бас кезі аралығындағы қазақ-орыс қатынастары. Бұрынғы тарихнамада бұл проблема кеңес уақытындағы «қосылудан» бастап, «құрамына ену» деген сияқты терминдер бойынша әр түрлі бағаланды. Ал, шындық факті сол, Қазақстан халықаралық жағдайдағы аса күрделі қақтығыс салдарының езінің саяси тәуелсіздігінен, мемлекеттік егемендігінен айырылды. Дүниежүзілік тарихта өзгерістер болып жатты, қалыптаса бастаған дүниежүзілік байланыстар мен ұлғая бастаған рынок адамзатты дүние жүзіне белгілі жеке мемлекеттердің сауда жолдарын иемденуге ұмтылу фактісіне куә етті. Мұның өз кезегінде сол елдердің дүние жүзі бойынша сауда да, соғыс пен өнеркәсіпте бәсекелестігін туғызды. Осындай жағдайда Орталық Азия елдерінің   тағдыры   басқаша   қалыптасты.   Тамыры   тереңнен,   жалпы адамзатқа  ортақ  жөргектен басталатын  гүлденген  дала  өркениеті  бар Қазақстан, өзінің ұлы көршілері сыртқы саясатының объектісіне айналды. Бір   орталықтанған,   абсолюттік   монархиясы   нығайған,   дипломатиялық жағынан азиялық халықтарды бағындыру және әскери экспедиция жасау тәжірибесі бар Ресей өз назарын қазақ жеріне аударды, бұл жер ол үшін «бүкіл адамзат елдері мен жерлеріне кілт, әрі дарбаза болуы» тиіс еді
8-билет
Қазақстанның қазіргі ұлттық идеясының тарихи бастауларын білудің маңызын ашыңыз
9-билет
Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі мен қызметі туралы баяндаңыз
10-билет
Бірінші орыс ревалюциясының қоғамдық-саяси қозғалысқа әсерін талдаңыз
11-билет
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз
16 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.
Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.
Көтерілістің негізгі себептері:
1.Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 6. Орыстандыру саясаты.Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол -өнершілер болды.Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанғаөтіп кетуге мәжбүр болды.Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды.
12-билет
Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграцияның алғашқы толқыны
Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Орталық Азиямемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға,Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 млн адам. Қазақ диаспорасы шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қазақ диаспорасы жартылай этникалық, мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этн. азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ. Қазіргі кезде әртүрлі мәліметтер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 200 000-нан 2 000 000 адамға дейін. Қытайда тұратын қазақтардың саны туралы әртүрлі мәлімет көздері бір-біріне сәйкес келмейді. Отбасында үш баладан бес балаға дейін болатын қазіргі Қытай аумағында тұратын қазақтардың санын дәл анықтауға кедергі жасайтын факторлардың бірі – отбасылардағы балалар санын шектейтін Қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясаты. Осыған байланысты халықтың көп бөлігі тіркелмеген. Сол сияқты Қытайда тұратын халықтың жалпы саны туралы дәл статистикалық мәліметтің жоқтығы да қиындық туғызады1998 жылы Қазақстанға Ауғанстаннан келген босқындардың көп бөлігі (230 адам) жіберілді. 1999-2000 жылдары тағы 573 қазақ оралды. Ауғанстанда 21 000 қазақ бар. Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясының ақпаратына сәйкес 374 адам тарихи отанына оралуға тілек білдірген. Ауған қазақтарының көбі сауатсыз, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ. Ауғаныстан қазақтарының тарихы, этнографиясы, тілі мен діні, жалпы тыныс-тіршілігі жүйелі түрде зерттелмей келеді.
13-билет
Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетіңіз
1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан 1917 жылғы ақпанда патша өкіметін құлату Ресей мен оның ұлттық шет аймақтарындағы саяси күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Ақпан революциясының нәтижесінде қосөкімет қалыптасты, бір жағында буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша үкіметі пайда болса, екінші жағында жұмысшы және солдат депутаттарының мүддесін көздейтін Кеңестер құрылды. Қосөкіметтің мәні мынадай болды: нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады. Соңғысының үміті — әлеуметтік жағынан төменгілердің тікелей қолдауына сүйене отырып, билікті революция арқылы басып алу еді. Ресей мен Қазақстанның саяси өмірінде соңғы үрдіс басымдыққа ие болды.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82" \o "Мемлекет" Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы туралы хабар (негізінен жеделхат түрінде), Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі Президиумының халыққа жолдауы Қазақстанға 1917 жылы наурыздың 2-3-інде келіп жетті. Уақытша үкімет те, Петроград Кеңесі де алғашқы кезде бір-бірін жарыса толықтырумен болды. Мұның өзінше қисынды жағы бар еді. Уақытша үкімет қажетті заңды өкілеттіктері бар жоғарғы мемлекеттік жалпыхалықтық сайланған органның еркін білдіретін таза қызметтік аппарат ретінде әрекет етті. Мұндай жағдай жергілікті жерлерде, шет аймакқтарда әлі де билікке ие, жазалаушылық қабілетінен айырыла қоймаған көне (патшалық) бюрократиялықбасқарудың қарсылығын бірден басты.Петроград Кеңесінің Президиумы өз кезегінде халықтың қажетті қолдауына ие болды, губерниялар мен уездерге тікелей халықтық үкімет - Кеңестерді құруға шақырған жедел хаттар жіберді. Мұндай әрекет революцияның жеңісін бекіте түсу үшін қажет болды, өйткені бұл ақпан жеңісін сақтап қалуға және буржуазияның барлық биліктерін шектеуге белгілі мөлшерде жағдай туғызатын еді.Петроградтан тараған нұсқаулар жер-жерде, оның ішінде Қазақстанда да қозғалыстың ерістеуіне себепші болды. Бір жағында буржуазиядық элементтер әрекет етсе, екінші жағында революциялық-демократиялық күштер қимыл жасады. Олар соған сәйкес Уақытша үкіметтің жергілікті құрылымдарын атқарушы (азаматтық) комитеттер мен революциялық билік органдары — Кеңестер құрады. Орталықтағы сияқты жергілікті жерлерде де Кеңес қайраткерлерінің атқару комитетінің құрамына немесе керісінше атқару комитетіндегілердің Кеңес құрамына кірген фактілері жиі кездесіп отырды. Лениннің бағалауы бойынша мұндай «екі диктатураның ғажайып жымдасуының өзіндік себептері болуымен қатар, ізінше шиеленісті жайтқа түрткі болды, себебі саяси селбесушілердің ел мен Қазақстанды дамыту болашағы туралы түсініктері барынша алшақ еді.
14-билет
Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасу эволюциясын қарастырыңыз
Жаңа заман еуропалық мәдениеті Еуропа үшін жаңа заман (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік өркениеттің қарыштап алға басып, қоғамның барлық салаларында түбегейлі өзгерістердің белең алғандарға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғасыр ғылыми революцияның даму қарқыны өте жоғары болды. Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты
 Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс
Кеңестік ұлттық-мемлекеттік құрылыс үлгісін қолдану Ресей империясының ұлттық аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Коммунистік партияның ұлттық бағдарламасына сәйкес бұрынғы отар халықтардың мемлекеттілігін құру мәселесі тұрды.
Осыған дейін айтылып кеткеніндей, коммунистік партияның ұлттық саясатының негізгі принциптерін Қазан революциясының жеңісінен бұрын-ақ В.И. Ленин теориялық жағынан тұжырымдап берген болатын. Бұл саясаттың басты қағидасы ұлттың бөлініп шығуға және жеке мемлекет құруға дейін өз даму жолын өзі анықтау құқығын талап ету болып табылды. Мәселенің бұлайша қойылуы қа билік үшін жүргізген күресіне ттастай қолдау көрсетуіне жағдай туғызды. Алайда большевиктер билікті жеңіп алғаннан кейін В.И. Ленин ұлттардың шыныменен өз даму жолын өзі анықтауын, Ресейден бөлініп шығып, тәуелсіз мемлекет құру құқығын аяғына дейін жеткізгісі келмеді, бұл мәселені шешуге бірінші кезекте социализм үшін күрескен еңбекшілердің мүддесі тұрғысынан қарау керек дегенді баса атап көрсетті. Ал бұл ұлттық мемлекеттілік — халықтың барлық топтары үшін қызмет ететін мемлекет емес, жұмысшылар мен шаруалар мемлекеті, яғни таптық мемлекет дегенді білдірді.
Казак улттык мемлекеттиликтин кайта калпына келуи
1919 жылғы 10 шілдеде Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет құрылды. Құрамы: Астрахань губерниясының қазақтар тұратын бөлігі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары.
Ол өлкедегі ең жоғарғы əскери-азаматтық басқарма болып саналды. Қазревком басшысы – С.Пестковский. Мүшелері – В.Лукашев, Ə. Жангелдин, А.Байтұрсынұлы, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, С.Сейфуллин, В.Радус-Зенькович, А.Авдеев, Б.Қаратаев, Ə.Əйтиев, Ə.Əлібеков, С.Арғыншиев, Х.Ғаббасов, Т.Седельников.
Қазревком міндеттері:
1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу.
2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мəдени құрылыс үшін жағдай жасау.
3. Кеңестердің Құрылтай съезін əзірлеу.
Қазревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды. Қазревкомның органы – “Ұшқын” газеті шығарылды.
1920 жылғы 9 наурызда өзін “Қазақ елінің үкіметі” деп атаған Алашорданы тарату туралы Қазревком шешімі қабылданды.
1920 жылғы 20 тамызда “Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” декрет шықты. Астанасы – Орынбор қаласы (1920-1924жж).
1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өткізілді. РКФСР құрамындағы Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды. Қазақ халқының ұлттық мемлекетінің шаңырағы қайта көтерілді.
Жоғарғы өкімет органдары сайланды:
1. Орталық Атқару Комитеті, төрағасы – С.Меңдешев.
2. Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы – В.Радус-Зенькович.
“Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы” қабылданды.
Қырғыз (қазақ) әcкери-революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты. Отаршылдық пиғылдағылар Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты. Басқа біреулер республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосуды көздеді.
Орынборды Қазақстан құрамына енгізудің маңызы зор болды. Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін А.Байтұрсынұлы мен М.Сералин жан-жақты дəлелдеді. Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстары Қазақстан құрамына енгізілді. Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Ə.Ермеков, М.Сералин ол жерлердің ежелден қазақтікі екенін дәлелдеді.
ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар:
1. Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.
2. Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері жəне Омбы уезінің бір бөлігі.
3. Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері.
4. Орал облысы – Орал, Ілбішін Темір, Атырау уездері.
5. Маңғыстау уезі, Закаспий облысы Красноводск уезінің 4,5-адай
болыстары.
6. Астрахань губерниясының бір бөлігі (Каспий теңізінің солтүстік шығысы).
7. Бөкей Ордасы жəне Каспий теңізі жағасындағы округтерге жақын жатқан болыстар.
1921 жылы Ақмола жəне Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-іне берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік жағынан межелеу барысында қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды.
Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Əулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі, Самарқан облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады.
Республика аумағы – 2,7 млн. шаршы шақырым (1/3-дей кеңейді).
Халқы – 5 млн. 230 мың (1 млн. 468 мыңға көбейді). Қазақтар – 61,3% (1926 ж. санақ). 1925 жылғы сəуірде Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезінде “қырғыз-қазақ” атауы берілді.
1924 жылы астана – Қызылордаға, 1929 жылы Алматыға көшірілді.
15-билет
Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктерін талдаңыз
Қазақстанда кеңес билігінің орнауы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кеңес өкіметі Қазақстан аумағында бір кезеңде орнамады. Бұл көптеген объективті жағдайларға байланысты болды.
Барлық демократиялық ұйымдар мен жұмысшы, шаруа және солдат, қазақ және мұсылман депутаттары Кеңестерінің, социалисттік партиялардың, қала Думаларының 1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте өткен өлкелік съезі Түркістан өлкесінде жаңа үкімет- Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің адамдық құрамы жарияланды. Алайда онда мұсылман халқының бірде-бір өкілі болған жоқ.
1917 жылдың қазанынан 1918 жылғы наурыздың басына дейін Кеңес өкіметі байтақ Ресейге өз билігін орнатып үлгерді. Қазақ даласында Кеңес билігін алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады. 1917 жылғы қазанда жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Перовск (Қызылорда) Кеңесі өкімет билігін өз қолына алды. Сол жылы қарашада билік Әулиеата, Черняев қалаларында Кеңестің қолына көшті. Орынборда атаман А.Дутов басқарған қазақтардың офицерлер корпусы, Ә.Бөкейханов басқарған Алашорда үкіметі, эсерлер және меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті.
1917 жылғы желтоқсанда Балтық теңізшілері азық-түлік отрядының қолдауымен Қостанайдың жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін өз қолына алған болатын. 1918 жылғы қаңтарда болған Қостанай Кеңестер съезі бүкіл уезде Кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды. 1918 жылдың басында Ақтөбеде, Орынборда және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі орнады.
Ақмола даласы мен Есіл бойындағы Атбасар, Қызылжар (Петропавл), Көкшетау қалаларында кеңес өкіметі орнауына Батыс Сібірдің Уақытша Революциалық Комитеті ықпал жасады. Батыс Сібір Кеңестерінің 3-съезі барлық жерде-Атбасар, Қызылжар және Көкшетауда өкімет билігінің Кеңестер қолына көшкені туралы қаулы қабылданды. Ақмола ревкомы Уақытша үкіметтің жергілікті органдары құлатылып, Кеңес өкіметі орнатылғанын хабарлады. Қызыл гвардия отрядның қолдауымен жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Павлодар Кеңесі де 1918 жылдың қаңтарында өкімет билігін өз қолына алды.
Өкімет билігі үшін тайталасқа түскен күштердің арақатынасын ескере отырып, Семей большевиктеріне көмекке Новониколаевскіден (Новосібір) өкілдер келді. Ревкомның басшылығымен қызыл гвардия отрядтары құрылып, Кеңеске қайта сайлау өткізілді. 1918 жылғы ақпанның 16-сынан 17-сіне қараған түні Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына көшті, мұның өзі Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда, Шығыс Қазақстанның өзге елді-мекендері мен ауылдарында Кеңес өкіметінің орнатылуын қамтамасыз етті.
1918 жылғы қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі күшпен орнатылды. Қазақтардың офицерлер мен кулактадан тұратын әулетті тобы, Жымпитыдағы Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесі, Төменгі Еділде жинақталған күштердің қалған бөлігі большевиктерге қарсы шықты. 1918 жылғы наурыз айында қалада жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңестерінің обылыстық съезі болып, онда Орал обылысында өкімет билігінің обылыстық Кеңес атқару комитетінің қолына көшкені, казатардың әскери үкіметі мен Алашорда үкіметінің таратылғаны туралы шешім қабылданды. Алайда қарулы күштердің болмауынан Орал Кеңесі бұл шешімді орындай алмады. Наурыздың 28-інен 29-ына қараған түні контрреволюциялық күштер төңкеріс жасады. Атқару комитетінің 60-қа жуық мүшесі қамауға алынып, олардың көпшілігі ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапты. Кеңес өкіметі Оралда азамат соғысы жылдарында ғана біржола орнатылды. Астрахан губерниясының құрамында болған Бөкей ордасында Кеңес үкіметі 1917 жылғы желтоқсанда жарияланған болатын.
Жетісуда таптық күштердің тең еместігінен соғыс жағдайы туындады. 1918 жылғы наурыздың 2-сінен 3-іне қараған түнде жұмысшылар , майдангерлер және солдаттар және екінші Жетісу казак полкінің революциялық пиылдағы жауынгерлері көтеріліс жасады. Көтерілісшілер бекіністі, қарі қоймасын басп алды, банкті, поштаны, телеграфты қолына қаратып, юнкерлер мен Алашорда милициясын қарусыздандырды. Верныйда Кеңес өкіметі жеңіске жетті. 1918 жылғы наурыз айының ішінде бүкіл Жетісу облысында Кеңес өкіметі толық орнады.
Большевиктердің алғашқы шаралары
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауына байланысты бұрынғы буржуазиялық-помещиктік мемлекеттік аппаратты қирату және жаңа өкімет органдарын құру басталды. Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, қоныстандыру басқармалары, болыстық земство басқармалары, болыстық және ауылдық старшындар институты, билер соты таратылды. Жер-жерде контрреволюциялық газеттер шығаруға тыйым салынды. Ауылдық, қыстақтық шаруа кеңестері, Халық шаруашылығы кеңестері, аудандық жер-су комитеттері құрылды. Жазға салым барлық болыстарында шаруа кеңестері жұмыс істеді.
Кеңестердің атқару комитеттері жанына денсаулық сақтау, әділет, қаржы, ағарту, жер және өнеркәсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес өкіметі жауларының қарсылығын туғызды. Банктердің, пошта-телеграф мекемелерінің шенеуніктері оған бағынудан бас тартып, жұмысты тоқтатты
16-билет
Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және “Алаш”қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз
ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңдеуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополияның дүлей қысымы мен зорлығына төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Тұтас Түркістан, ислам идеясы төңірегіне топтасқандар да осы тағдырды кешті. Өлкенің экономикалық мешелдігі, шикізат көзіне айналғаны, сан жағынан басым кедейлердің социалистік популизмге көзсіз сенгені өз рөлін ойнады. Большевиктердің қолдауымен саясат сахнасына көтерілген радикалды зиялылар шоғырының ұлт мүддесі үдесінен шығуға мүмкіндік алдық деген қуаныштары да ұзаққа бармады. Үздіксіз қуғын-сүргін, кәмпеске мен күштеп ұжымдастыру, 1931-1933 жылдарғы аштық кімнің кім екеніне көздерін жеткізсе, 1937 жылғы «үлкен террор» Алаш зиялысымен қоса радикалды ұстанымдағылардың өздерін баудай түсірді. Халқына қызмет етудің коммунистік нұсқасын таңдағандар – ұлтымыздың аяулы перзенттері неліктен және қалайша қателескенін қоғамдық-гуманитарлық саладағы ғалымдарымыз егжей-тегжейлі зерделегені абзал.
Большевиктік билік қазақ халқына қисапсыз қасірет әкелетінін Алаш басшылары 1917 жылы-ақ ескертті. Қазан төңкерісін «найзаның үшімен, айбалтаның жүзімен болған» зорлық актісі ретінде қабылдаған Ә.Бөкейхан, обалы нешік, әу бастан қазақ жұртын бас амандығын қамтамасыз  етуге шақырды. «Есік  алдынан дауыл, үй артынан жау келді! – деп дабыл қақты ол. – Алаштың баласы, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда, басыңа бір қиын іс келді! Ақсақал аға, азамат іні, от басы араздық дауды қой; бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!». Бірақ Алаш көсемінің сақтандыруынан қорытынды шықпады. Большевиктер Алаш үнін тұншықтыру үшін күш қолданумен қатар Қазақ автономиясы идеясын өз пайдасына ұтымды жарата алды. Ақиқатына келгенде, қазаққа мемлекеттік құрылымы автономиядан төмен мәртебені ұсынуға жол қалмады. Соның өзінде үрдісті үш жылға созды. 1920 жылы құрылған Қазақ АКСР – і түрі жағынан  ұлттық мемлекеттік құрылым көрінгенімен, мазмұны, өкілеттігі, миссиясы бойынша қуыршақ  мәртебесінде қалғанын тарих тағылымы сан рет дәлелдеді.
17-билет
Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлердің еңбектерінің тарихи маңызын көрсетіңіз
«Алаш» партиясының, Алашорда өкіметінің құрылуы мемлекет үшін қажетті саяси, әлеуметтік, экономикалық және құқықтық атрибуттарды қалыптастыруды қажет етті. Алаш қайраткерлері бұл салада да өнімді еңбек етті. Олардың қазақ ұлтын ұйыстырудағы, оятудағы бірнеше жылдық пәрменді әрекеттері көрініп жатты. Мемлекеттің іргесін қалау мәселелері Ә.Бөкейханның, М.Шоқайдың, Ж.Досмүхамедұлының, М.Дулатовтың, Б.Құлмановтың, Ғ.Бірімжановтың, Ж.Ақбаевтың, М.Тынышбаевтың, Ж.Сейдалиннің, У.Танашевтың,Х.Ғаббасовтың, А.Тұрлыбаевтың, Ы.Жайнақовтың т.б. атқарған істерінен айқын аңғарылып жатты. Алаш қайраткерлерінің облыстық, уездік сиездер, жалпықазақ сиездерін үйымдастыруы, сол тұстағы Уақытша өкіметпен келіссөздері, бағдарлама дайындауы, қаулы-қарарлар қабылдауы - олардың қаншалықты дәрежеде саяси өте сауатты қайраткер болғандықтарын көрсетеді. Алаштықтар Қазақстанның сол тұстағы шаруашылық жайын саралай отырып, соған орай экономикалық дамудың бірқатар жолдарын да көздеді. Бір қызығы, сол кезеңде олар Қазақстанның астанасы жөнінде де орынды мәселе көтерді. Айталық, 1917 жылы Семейді «Алаш астанасы» деп жариялап, оған «Алаш» деген атау берді.
Алашорда мен Түркістан мұхтарияты жетекшілері арасындағы мәселеде олардың арасында бірлік болмады немесе әрқайсысы өздерінше дербес мемлекет ретінде өмір сүргілері келді деудің реті келіңкіремейді. Өйткені біріншіден, олар қазақ елінің тәуелсіздігі жолында бір бағыт ұстанды, екіншіден, олар ортақ мүдде төңірегінде ұйыса алды. Оған М.Шоқай, М.Тынышбаев т.б. Түркістан қайраткерлерінің Алаш сиездеріне қатысуы, М.Дулатов, Т.Құнанбаев сияқты Алаш өкілдерінің Сырдария қазақтарының сиезіне арнайы баруы, бірлікке шақыруы, ақпан төңкерісінен соң Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, М.Дулатов бірлесіп үндеу жариялауы т.б. ірілі-үсақты байланыстар тарихы бізге Алаш пен Түркістанның мызғымас бірлігін айғақтайды. Үшіншіден, егер кеңестік билік казақ даласында орнамағанда, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері қалайда бірігіп, туған елінің тәуелсіздігін ту етіп, Қазақ мемлекетін қүрар еді. Бұлайша ой қорытуымызға сол дәуірдегі сыртқы саяси жағдайлар да, қазақ тұрмысының ішкі қоғамдық қажеттіліктері де мүмкіндік береді. Сондықтан да тарих жүзінде оларды дербес нысан ретінде қарағанымызбш, өткен ғасырдың басында ең ұлы идея - ұлт бостандығын көтерген екі ірі қозғалысты, Алашорда мш Түркістан мүхтариятын бөлуге әсте болмайды.
18-билет
Қырғыз(Қазақ) АКСР-нің территориялық аймағының "жоғарыдан" белгіленуі туралы баяндаңыз.
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925-1936)
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақстан) (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan, қаз. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы, Қазақстан) — Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1925_%D0%B6%D1%8B%D0%BB" \o "1925 жыл" 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.
Шекарасы.1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен. солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.
Ауданы және Халқы.Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың.  адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 тыс.  адам болды.
Қазревком мүшелері
С.Меңдешев (1882-1937)
Толық мақаласы: Сейітқали Меңдешұлы Меңдешев1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;1937 жылы репрессия құрбаны болды.
Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)
Толық мақаласы: Жангелдин Әліби Тоғжанұлы1915 жылы коммунистік партия мүшесі;1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.
А.Байтұрсынұлы(1873-1937)
Толық мақаласы: Ахмет Байтұрсынұлы"Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы.1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі.1937 жылы репрессия құрбаны болды.
19-билет
Ф.И.Голощекннің "Кіші Қазан" идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз
Ф.И.Голощекин және "Кіші қазан” революциясы. Қазақстанға Ф.И.Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді.Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы-80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.
Сараптылар берген баға бойынша революцияға дейінгі кезендегі шаруалар отарлауы көзінде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 миллион 150 мың адам көшіріліп әкелді. Ұжымдастыру көзінде КСРО-ның кіндік аудандарынан Қазақстанға кулак деп танылған 250 мың шаруа жер аударылды.Соғыс алдындағы жылдарда елдің түкпір-түкпіріне, негізінен европалық бөлігінен өнеркәсіптік құрылыс салуға деп 1 миллион 200мың адам көшірілді.      
Екінші жағынан алғанда, сталиндік қылмысты коллективтендірудің сұмдық салдарынан бір жарым миллионға таяу қазақтар қаза тапты. 1930-32жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО-дан шет елдерге мүлдем көшіп кетті. Қазақстан халықтары үшін жаппай жазалау саясатының қасіретті сипатын көрсететін екі деректі келтірейік. 1930 жылы республикада 5 миллион 873 мың адам тұратын-бұл осында көшірілгендердің жалпы санымен бірдей дерлік.Ал 1933 жылға қарай халықтың саны 2 миллион 493 мың адам ғана болды.
Халықтарды күштеп көшірудің салдарынан республика халқы 1 миллион 500 мың адамға көбейді. Соғыс көзінде Қазақстанға 350 мың адам көшірілді. Тыңға 1,5 миллион адам келді, ал жабық әскери объектілер мұның үстіне 150 мың адамды қабылдады. Осының бәрі басқа ведомстволардың жұмыс күшін «ұйымдастырып жинауын» және біздің республикаға өз бетімен көшіп келгендерді есептемегеннің өзінде.
Сол ғасырдың басынан бері ғана Қазақстанға 5 миллион 600мың адам көшіріліп қондырылды, соның ішінде жер аударылғандар мен көшірілгендерді есептемегенде, 3,5 миллион адам соңғы 40-50 жылдың ішінде келді.
Сонымен бір мезгілде сталиндік қылмысты ұжымдастырудың сұмдық  салдарынан 2,5 миллиондай қазақ опат болды. 1930-1932 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО шегінен біржола көшіп кетті. Жазалаушы саясаттың Қазақстан халықтары үшін алапат сипаты болғанын көрсететін екі цифрді келтіруге болады: 1930 жылы республикада 5 млн. 873 мың адам тұратын. Сол жылдары Қазақстанға соншама адам көшірілд.Бірақ 1933 жылға қарай онда халық саны небары 2млн.493 мың адам болды.

20-билет
Көшпелі және жартыдай көшпеліқазақ шаруалары қожалықтарынкүшпен отырықшылыққа көшірудің задаптарын талдаңыз
Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру–Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар,яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды.Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мәселе Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты әңгіме болып, онда «Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы қабылданды. Онда қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің жанынан Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе осы комитеттің ақпанда болған мәжілісінде арнайы қаралды. Бірінші бесжылдықта 380 мың қазақтың көшеплі және жартылай көшпелі қожалықтарын отырықшыландыру көзделді. Алайда, шын мәнінде, осы кезеңде нақты отырықшыланғандар 70,5 мың ғана қожалық болып шықты. Бұл отырықшыландыруға тиісті қазақ қожалықтарының 17,6 % ғана еді.Осы мақсатпен жергілікті жерлерде Қазақстан одақтағы көшпелі халықтар арасындағы отырықшыландыру пионері болуы тиіс ұсыныс та белең алды. Алайда, мұның ешқайсысы да одақтық үкімет тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Орталық бұл жылдары жаппай ұжымдастыру шараларын жүргізуді алғашқы орынға қойды. Республика басшылығының ұжымдастыруды отырықшыландыру негізінде жүргізу туралы ұсыныстары қабылданбай, керісінше «жоғарыдан» отырықшыландыру ұжымдастыру негізінде жүзеге асыру талап етілді.Ағашпен қамтамасыз ету жоспарлары орындалмай, жаңа құрылыстар бар болғаны 25 -30 % құрылыс материалдарымен ғана қамтамасыз етілді. Ағаш дайындайтын одақтық мекемелер Қазақстанға арнап ағаш тасымалдауға немкетті қарады.
21-билет
Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер-ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екенін дәлелдеңіз
Ұжымдастыру жылдарында Қазақстанда дәстүрлі мал шаруашылығы күйреп, малынан айырылып, баспанасыз әрі аш қалған қазақтар еріксіз үкімет саясатына бас иді.Сондықтан колхозға мүшелікке жаппай еріксіз кіріп жатты. Ұжымдастыру жылдарында қазақ ауылының мәдени-әлеуметтік жағдайы нашапрлап кетті.Оның ақтаңдақ беттерін ашу қысқа мерзімде бітетін іс емес.ХХ ғ.20-80-ші жж. Қазастан ауыл шаруашылығының ерекшеліктері, жер саясаты, күштеп ұжымдастыру және оған қарсы халық наразылықтары мен көтерілістері жөнінде көптеген еңбектер жарияланды. Бұл тұрғыда Ә.Бөкейханов,Т.Шонанов зерттеулері өте маңызды. Таптық тұрғыдан бұл мәселені Ғ.Тоғжанов та баяндады. Кеңістік тарихнамада Қазақстандағы 20-30 жж.О.Сексенбаев өз зертеулерінде Жетісу өлкесіндегі жер туралы занның кеңес дәуірінде қалай жүзеге асқанын баяндаса,А.Д.Дауылбаев еңбегінде ауыл шаруашылығының Жетісу өңіріндегі жалпы жағдайы баяндалған. Алайда олар кеңестік идеология аясынан шыға алмады.Ә.Б.Тұрсынбаевтың зертеуінде үш революция тұсындағы қазақ ауылы көрсетіліп, шаруашылық эволюциясы мен әлеуметтік құрылысы, Жетісу өңіріндегі ұжымдастыру барысы сипатталды. Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін алғаннан кейін жазылған зерттеу жұмыстарының отандық тарихнамада алатын орны ерекше, Бұл еңбектердің құндылығы сонда, оларда Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихына мұрағат қойнауларында ондаған жылдар бойы құпия сақталып, ғылыми айналымға түспеген құжаттар негізінде шынайы баға берілген. Мысалы, Ш.Әбілхожиннің зерттеулерінде кеңестік аграрлық реформалар нәтижесінде ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру зардаптары және оған қарсы халық наразылықтары қарастырылған. Қазақстандағы, оның ішінде Жетісу өлкесіндегі жаппай ұжымдастыру және оған қарсы халық көтерілістерін егжей-тегжейлі зерттеген ғылымдардың бірі Ә.Тұрсынбаев. Автор жаппай ұжымдастыру қарқынының жедел өсуін, халық көтерілістерін Алматы округінің Биен- Ақсу және Іле аудандарының мысалында көрсетеді. Сол сияқты К.Н.Нүрпейісовтің қазақ шаруалары туралы бұрынғы кеңестік кезіндегі және соңғы жылдардағы зерттеулері ХХ ғ. 20-30 жж. туралы көп мәлімет береді.Ғалым Т.Омарбековтың «Зобалаң», «Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері», «ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстан қасіреті» зерттеулерінде сталиндік-кеңестік кезеңнің қайшылықты тұстарының көлеңкелі, бірақ тарихымызда ұзақ жылдар бойы «жабық» болып келген мәселелері жаңа, егемен елдің тарихы тұрғысынан қарастырылған. Бұл еңбектерде біз талдап отырған мәселенің де тұстары көрсетілген.Жаппай ұжымдастыру мәселесін біршама тереңірек зерттеген Ж.Жұмабеков, Б.А.Төлепбаев еңбектері–талдауға тұрарлық. Алайда авторлардың еңбегінде сталиндік-голошокиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің күштеп ұжымдастыру барысындағы өрескен әрекеттеріне қарсы халық наразылығы, көтерілістің шынайы мәні ашылған.Авторлар мұндай өткір де қайшылықты мәселелерді айналып өтіп, күштеп жүргізілген революцияның шаралар мен науқандарға қарсы бағытталған халық көтерілістері «бандиттік», «қарақшылық» түрінде сипатталды. Сөйтіп, зерттеушілер тарихи шындықты ашудан ауытқып, қатып-сірескен методологияллық негіздерді басшылыққа алады. Жаппай ұжымдастырудағы осындай методолгиялық қателіктер Қазақ ССР тарихының төртінші томында және Г.Ф.Дахшлеигер, К.Нүрпейісовтың «История Крестьнства советского Казахстана» атты зерттеулерінде орын алған.
22-билет
Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз
Қазақстан 20-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдары бұрын-соңды болмаған әлеуметтік сынақ жасаудың алып полигонына айналды. Мұнда бірінші рет феодализмнен капиталистік қоғамға соқпастан социализмге өту идеясынжүзеге асыру әрекеті жасалды.
30-жылдардағы Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынадай перспективаларды көздеді:
саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру;
әлеуметтік-экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;
ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық әлеуетін (күш-қуатын) «жақсарту».
Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады (Қарлаг, Степлаг, АЛЖИР). Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар - М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, көрнекті ғалымдар - А. Байтұрсынов, С. Асфендияров т. б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіріс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандарықұпия жағдайда жерленді.
50-жылдардың ортасында лагерьлерде қамалған жазықсыз адамдарға қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталды. Қаза тапқандар мен атылғандар ақталып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа шығарылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай ақтау - 1920-1950 жылдар аралығында кеңес мемлекеті жүргізген қуғындау, жазалау саясаты асқан қаталдық, шектен шыққан зұлымдық тәсілмен жүргізілгендігін дәлелдеді. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының жалпы саны, ғалымдардың есептері бойынша, 3,5 млн адамды құрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткені 20-40-жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры әлі күнге шейін белгісіз болып отыр.
23-билет
Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтар
1918 жылы 21 наурызда Орынборда Кеңестердің бірінші Торғай облыстық съезі басталды. Съезде жергілікті басқару жүйесі, әлеуметтік мәселелер жайында қаулы қабылданды. Бұл съездің қаулысы бойынша Алаш қозғалысының үнқағазы «Қазақ» газеті жабылды. 1918 жылы 20 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңестерінің V съезі болды. Бұл съезде құрамында Жетісу облысы бар Түркістан автономиялы Кеңестік Социолистік республикасы жарияланды. Ұлтаралық қайшылықтар саясатын жоюда шұғыл шаралар белгіленді. Верныйда орыс – қазақ қатынастарын реттеу жөніндегі комитет құрылды. (Комиссардың орынбасары Т. Бокин) қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын реттеу жөніндегі комитет жұмыс істеді (Комиссардың орынбасары А. Розыбакиев.) Кеңес үкіметі өлкедегі ірі өнеркәсіпті, банктерді, тасымал жолдарын мемлекет қарамағына алды. Кәсіпорындарда 8 сағаттық, шахталар мен кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді. Капиталистер мен патша чиновниктерінің иелігіндегі 3,5 млн десятина жер кедей шаруаларға бөлініп берілді. Большевиктер «жоғарыдан» коммуналар мен ауылдарды көбейтуді жүзеге асырып, орташаларды социализмге күштеп енгізбек болды. 1918 жылы сәуірде Петроградта Семей облысына 200 отбасы орыс жұмысшылары көшіп келіп, ауылшаруашылық коммуналарын ұйымдастырды. 1918 жылы 17 мамырда «Суландыру жұмыстарына 50 млн. сом қаржы бөлү туралы» декрет қабылданды. Қазақстанда осы жылдары мәдени құрылыс бағдарламасы жүзеге асырылды:- Мектептерде ана тілінде тегін оқыту енгізілді.- Ақмола халыққа білім беру бөлімінің бастығы С. Сейфуллин болды.- Бөкей облысының халыққа білім беру комиссары С. Мендешев болды. Қазақ АКСР – ін құруға әзірлік жұмыстары жүргізіліп, Ә. Жангелдин Қазақстан Кеңестері құрылтай съезін шақыруды әзірледі. Алайда, қазақ АКСР – ін құру дайындықтары шетелдік интервенция мен азамат соғысының басталып кетуінен тоқтап қалды. Елде азық – түлік дағдарысы тереңдеп, азық – түлік диктатурасы енгізілді. Сібірге, Ақмолаға, Семейге, Қостанай уезіне азық – түлік отрядтары атандырылды. Олар Петроград және басқа орталық аудандарға 6 млн. пұт астық жіберді. Түркістан республикасының ашыққан халқына 200 вагон астық көмек берілді. Экономикалық саясатта ақшасыз товар айырбасы басты орын алды: көтерме – бөлшек сауда жойылып, азық – түлік комитеттері 1918 жылы көктемде Семейде, Ақмола облыстарында құрылды. 1918 жылы наурызда Торғай облыстың Кеңестер съезі болды. Онда: базарларда, көшелерде, пәтерлерде жеке саудаға тыйым салу қарастырылды. Саудагерлер тауарлары тәркіленіп, өздерін ауыр жұмыстарға жіберілді. Халық шаруашылығының негізіне теңдей бөлу ұстанымын алған әскери – коммунистік саясат белгілері пайда болып, қанаушыларды байлығынан айыру, жеке меншікті жою әдісі енгізілді. Пролетариат диктатурасы және революциялық күштеу арқылы социализм орнату мүмкіндігі туралы бұрмаланған түсінік орнықты.
24-билет
Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуын көрсетіңіз
Большевиктер партиясы, социалистік талаптармен қатар демократиялық институтардың Ресей мемлекетінің ерекшеліктеріне сай болуын жақтаған социалист- революционерлер партиясы (эсерлер) құрылды. Қазақстанның Ресей бодандығына өтуіне байланысты хандық билік жойылып, қазақ қоғамының өмірі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге ұшырап, аймақ капиталистік қатынастар ауқымына тартылды. Алайда империя отарындағы Қазақстанның орталықтан шалғай орналасуы, көшпелі өмір салты қазақ халқын Ресейдегі саяси өмірден алыс етіп, саяси белсенділік танытуға кедергі келтірді. Әйтседе Ресей қалаларында білім алып, орыстың алдыңғы қатарлы мәдениеті мен саяси ықпалын сезінген қазақ зиялылары кейбір оппозициялық партиялардың ықпалымен Қазақстанда саяси ой-пікірді дамытып, демократиялық идеяларды насихаттай бастады.
25-билет
Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуал.
Өлкенің қоғамдық-саяси өміріне бағыт-бағдар берген бірінші бүкілқазақ партия конференциясы 1921ж. маусымда болды. Ол елдегі экономикаық жағдаймен қатар қоғамдық-саяси өмірдің мәселелерін қарастырып, ауылда социалистік құрылысты жүзеге асыруды міндеттеді. Осы міндетті жүзеге асыру үшін ең алдымен кеңестерді құру мәселесін қолға алды. 1921 жыллы Қазақстан Орталық Атқару Комитеті кеңестерге сайлау ережесін бекітті. Осы ереже бойынша селолық, ауылдық және қалалық кеңес депутаттарының мерзімі 6 ай болды. Губерниялық, уездік және болыстық атқару комитеттері 6 айға, ал ҚОАК-ті(Қазақстан Ораталық Атқару Комитеті)- 1жылға сайланды.
Республикадағы Кеңес үкіметін құру үрдісі өте қиын жағдайда жүрді. Большевиктер үшін капиталистік елдер қоршауында тұрып социализмді экономикасы артта қаллған елде жүзеге асыру өте күрделі болды. Сонымен қатар социализм идеясы қазақ қоғамынажат еді. Осыған қарамастан Кеңес үкіметі тұтас Ресей аумағындағы халықтарды біріктіруге күш салды. 1922 жылы 30 жетоқсанда Мәскеуде КСРО Кеңестерінің бірінші съезі болды. Съезд ең жоғарғы заң шығарушы орган КСРО ОАК сайлады. Қазақстан КСРО құрамына РКФСР құрамындағы автономиялық республика болып енді.
Кеңес үкіметі өлкеде сауатсыздықты жою, яғни өлке тұрғындарының сауатын ашу мәселесін көтерді. Әсіресе, ол үкіметтің 1929 жылы «Сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыс туралы» қаулысынынан кейін кең өрістеді. Алайда, сауатсыздықты жою шаралары қаржы тапшылығы, мұғалмдердің, оқулықтар мен оқу құралдарының жетіспеуі сияқты үлкен қиыншылықтарға тап болды. Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ісі қоллға алынды. 1928-1929 оқу жыллында 4397 бастауыш, 142 жетіжылдық, 29 екінші сатыдағы мектептер жұмыс істеді.
20-30 жылдары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармалары кең көлемде пайдаланылды. Кеңес үкіметі ұлттық әдебиеттің орнына кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптассуына жағдай жасады. Осы кезде социалисттік әдебиеттің негізі қаланды. С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Б.Майлин, Т.Жароков, И.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов және т.б. кеңестік қазақ прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты.
Алайда, Кеңес үкіметі таптық мүддені ұлттық мүддеден жоғары қойды. Сталин басшылығымен қазақ зиялыларына тағыллған айыптау айдарлары «ұлтшылдықпен» шектелмеді. Қазақ зиялыларына қарсы бағытталлған айыптаулардың ішінде большевиктердің Алаш зиялыларына қарсы бағытталған күресі ең қатал және ымырасыз болды. Егерде 1920 жылдардың орта кезіне дейін большевиктер Алаш зиялыларына қарсы күресте әртүрлі айыптаулармен ғана шектеллсе, одан кейінгі кезеңде ол өте қаталл жаппай саяси қуғынға ұласты.Моның нәтижесінде 1928-жылдың аяғында қазақтың ірі ағартушылары, әдебиетшілері, әртүрлісаладағы зияллыларды және Алашорда қайраткерллері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, және т.б., барлығы 44 адам құғындалып, тұтқындалды.
Сонымен, қорыта айтқанда, 20-жылдың аяғы мен 30-жылдары әкімшіл-әміршіл большевиктік тәртіп қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында үстем болды. Әсірісе, Қазақстанда бұл тәртіптің өте ұсқынсыз, қатыгез формалары ұжымдастыру мен 1937-1938 жылдардағысаяси репрессия кезеңдерінде күш алды. Елде большевиктер басшылығымен халыққа қарсы жаппай «үлкен террор» ұйымдастырылды.
26-билет
Кеңес Одағының Батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз.
Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашисттерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында: Ғ.Жұматов, В.Фурсов, К.Тұрдиев, Ш.Шолтырев, К.Иманқұлов, Е.А.Качань т.б жаумен жан аямай шайқасып,ерліктің үлгісін көрсетті. 1941жылы 24маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939-1940 жылдырдағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды. Мәскеу түбіндегі шайқас(1941жылы 30 қыркүйек-1941жылы 6 желтоқсан). Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына Мәскеуге апаратын негізгі өзекті жолдың бірі-Волоколамск тас жолын қорғау тапсырылды.Мұнда Б.Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосекова разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В.Г.Клочков «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты.Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ Мәскеуді қоғау тарихына панфилловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П.В.Вихров, М.Ғабдуллин, автоматшылар Т.Тоқтаров, Р.Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды. Ленинград шайқасы(1941ж.-1943ж. қаңтар). Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 316-атқыштар дивизиясы 1941ж 9 қыркүйек және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге қатысты.Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар: 1.Султан Баймағанбетов-жау дзотын кеудесімен жауып,батыр атанды; 2.Қойбағаров- ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп,ержүректілік көрсетті; 3.Д.Шыныбеков- Ориенбаум алғы шебінде ерлік көрсеткен 48-атқыштар дивизиясының мергені.
Кеңес Одағының Батыры- Кеңес Одағында 1934-1991 жылдары Отан үшін ерекше ерлік көрсеткен адамдарға берілген ең жоғарғы атақ.Соғыс жылдарында 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.Кеңес Одағының Батыры атанғандар: И.В.Панфилов, Б.Момышұлы,М.Ғабдуллин, Т.Тоқтаров, В.А.Андреев, Л.И.Беда, П.Т.Приллин, Т.К.Абилов, В.Г.Козенков, И.И.Корнев, И.В.Кутурга,М.А.Пупков, С.А. Батеньков, П.Ф.Железняков, А.Нақыпов, А.С.Егоров және т.б.
27-билет
Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз.
Соғыс Германия мен оның одақтастарының жеңілуімен аяқталды. Басты соғыс қылмыскерлері Халықаралық сотта жазаларын алды. Екінші дүниежүзілік соғыс өзінің ауқымы мен зардаптары жөнінен ХХғасырдағы ең ауыр әскери қақтығысы болды, 6 жылға созылған бұл соғысқа 1,7 миллиардтан астам халқы бар 60-тан аса мемлекет қатысты. Соғыс 22 миллион шаршы шақырым жерді қамтыды. Соғысқа қатысушы едердің қарулы күштерінің қатарына 110 миллион әскер болды, 60 миллионнан астам адам қаза тапты.
Фашистер бұрын-сонды болмаған қатал қырып жою саясатын жүргізді. Фашистік идеология еврей халқына қатысты ерекше қастандық саясат ұстап, 6 миллион еврейді қырып тастады. Соғыстың басты қорытындысы-әлемдік өркениетті құрып кетуден аман аллып қалуы, адамзатқа қас нәсілшілдік фашистік идеологияны жою болды. Соғыс милллиондаған адамдардың санасы мен ой-өрісіне ықпал жасады, енді олар соғысты болдырмау, әлемдік өркениетті сақтау, адам құқығын қорғау мәселесіне неғұрлым белсенді түрде араасатын болды.
28-билет
Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптарын талдаңыз
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда КСРО-да экологиялық жағдай күрделі проблемалардың біріне айналды. Бұл проблемадан Қазақстан да тыс қалған жоқ. Әлем тарихында «қырғи қабақ соғыс» («холодная война») соғыс аталған империалистік мемлекеттер мен социалистік мемлекеттер арасындағы жанталаса қарулану бәсекесі XX ғасырдың 2-ші жартасында дүниені шарпыды. Бұл бәсекеде басты орында АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды.
Қазақстан КСРО қорғаныс кешенінің ең ірі ядролық полигоны болды. Қазақстан жеріне осы және тағы басқа әскери қару-жарақ кешендерін салу барасында ешкімнің мүддесі ескерілмеді. Қазақстанда ең ірі Семей полигоны болды. Семей, Павлодар, Қарағанды облыстары түйіскен жерде орналасқан бұл полигон 8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонда алғаш рет ядролық қаруды сынады. Семей полигонда барлығы 500-ге жуық ядролық сынақ өткізілді. Ол кезде полигонның халыққа, қоршаған ортаға деген зияны туралы еш нәрсе айтылмады. Полигонда өткізілген әрбір сынақтың адам өміріне келтіретін зияны өте көп болды. Адамдар арасында түрлі аурулар көбейді. өмірге келетін сәбилердін кемтар болып тууы жиіледі. Жер қыртыстары жарамсыз болып қалды.
1969 – 1970 жылдары Маңғыстау жерінде жер астында ядролық қару үш рет сыналды. Бұл сынақ халықтан жасырын түрде өткізілді.
70 жылдардан бастап Қазақстандағы тағы бір экологиялық апатты аймақ Арал теңізі болды. Ең алдымен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателік басты себептердің бірі болды. Сырдария, Амудария өзеңдері суларын мақта, күріш дақылдарын өсіруге қисапсыз пайдалануы Арал теңізінің тартылуын тездетті. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің де экологиялық жағдайы проблемаға айналып отыр.
29- билет
Е.Б.Бекмаханов, Қ.И.Сәтбаев, Б.Сүлейменов және т.б. ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз
Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген «Қазақстан XІX ғасырдың 20-40 жылдарында» деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады. 1950 жылы «Правда» газетіндегі «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыпталды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті «Правда» газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, «Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады». Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылы 4-желтоқсанда 25 жылға сотталды.
Е.Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А.Жұбанов, Х.Жұмалиев, Б.Шалабаев, Б.Сүлейменов, Е.Смайлов, жазушы Ю.Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә.Марғұлан, Ә.Әбішев, С.Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды.
1948 жылы «космополитизммен», яғни шетел мемлекетерінің мәдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды. Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей, О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес әдебиетшілері – Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов ұлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Академиясының президенті Қ.Сәтбаев «Едіге батырға» алғысөз жазғаны үшін «ұлтшыл» атанса, М.Әуэзов 1945 ж. жарық көрген «Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очерті» еңбегінде Абайды «феодалдық ақындар Шортанбай, Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегені үшін» қудаланады. Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін, Москваға қоныс аударуға мәжбүр болды. «Космополиттер» қатарына белгілі шығыстанушы, академик В.В.Бартольд та енгізілді. Оған «араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары көтерген» деген мағынадағы кінә тағылды. Сонымен қатар 1946 жылы А.Маметованың «Абай Құнанбаев» атты әдеби еңбегіне де космополиттік деген кәні тағылып, басылымнан алынды. 1952 жылы баспадан С.Мұқановтың «Балуан Шолақ», С.Мұқанов алғысөз жазған Қ.Аманжолов пен Х.Бекхожиннің «Батырлық эпосы», Қ.Сатыбалдиннің «Әлия», М.Хакимованың «Мәншүк» еңбектері қайтып алынды.
30-билет
Барлық саладағы «кеңестік цензураның» күшеюінің адамдар санасына тигізген кері әсерлерін талдап көрсетіңіз
31-билет
Жоғарғы және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы мен оның маңызын талдаңыз
1920 – 30 ж. республика мектептерінің оқу базасын күшейтуге мемлекет тарапынан орасан мол қаржы жұмсалды. 367 мектеп жаңадан салынып, 361-і күрделі жөндеуден өткізілді. Осы жылдары бастауыш мектептер саны 333-тен (1926) 1864-ке (1930) жетті (оның 1231-і қазақ мектебі), оқушылар саны 215,1 мыңнан 320,1 мыңға жетті (оның 124,9 мыңы қазақ). Алайда қазақ қыздарын оқуға тарту әлі де өз дәрежесінде болмады. Бастауыш мектепте оқитындардың 11%-ы ғана қазақ қыздары еді. 1928 ж. ҚазОАК-нің 3-сессиясы бұл мәселеге ерекше тоқталып, қазақ қыздарын оқуға көптеп тарту туралы арнайы қаулы қабылдады. Бұл жылдары қазақ орта мектептерінің саны аз еді. Мыс., 1927 – 28 ж. республикада үш-ақ орта мектеп (Ташкент, Орынбор, Қызылорда) болды. Оқушылардың көбі 7 жылдық мектепті бітірісімен техникумдар мен ФЗО-ларға кетіп жатты. 1929 ж. республиканың ежелден ғылым, әдебиет, мәдениет тілі болып келген араб әліпбиінен латыншаға көшуі оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен соққы болып тиді. Араб әліпбиімен шыққан мәдени бай мұралардың көбі отқа өртелді. 1940 ж. латын әліпбиінен кириллицаға көшу елдегі ағарту ісін тағы көп жылға шегеріп тастады. 1937 ж. қазақ бастауыш мектептерінің саны 537-ден 1190-ға, орта мектептер 11-ден 48-ге, орталау мектептер 143-тен 237-ге жетті. 1940 – 41 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерге 1 млн. 145 мың 993 оқушы тартылды. Оның 441 мыңы қазақ балалары еді. Бұл 1925 жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Оқуға тартылған қазақ қыздарының саны 20 мыңға артты, мұғалім кадрларының сапасы жақсарды. Мыс., 1940 ж. жалпы білім беретін мектептерде 44597 мұғалім қызмет етті, оның 17,5 мыңы қазақ әйелдері еді. 1945 – 60 ж. мектептердің, оларда оқитындардың саны күрт өсе бастады. 1960 ж. жалпы білім беретін 10363 мектеп жұмыс істеді, онда 1 млн. 814 мыңнан астам оқушы білім алды. 1954 ж. тың игеру науқаны кезінде елде 1960 жаңа кеңшар орнап, жүздеген жаңа мектеп салынды. 1960 ж. республика бюджетінен оқу-ағарту ісіне 2 миллиард сомға таяу қаржы жұмсалды. Қазақстанда төл оқулықтар жасау мәселесі мықтап қолға алынды. Бұл іспен Е.Бекмаханов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, А.Ысқақов, Т.Қордабаев, Ә.Маманов, М.Балақаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, т.б. республикаға белгілі ғалымдар айналысты. Алайда бұл жылдары оқу-ағарту саласында жаңа мәселелер де туындады. Орт. Қазақстанға Ресей, Украина, Молдова, Беларусь республикаларынан тың көтеру науқанымен мыңдаған отбасылардың қоныс аударуына байланысты көптеген қазақ мектептері жабылып, аралас орыс-қазақ немесе таза орыс мектептеріне айналдырылды. Соның салдарынан Қазақстанда 700-ден астам қазақ мектебі жабылды, қазақ тіліндегі газет, журнал, кітап таралымы құлдырап кетті. 600 мыңнан астам қазақ баласы орыс мектептерінде оқуға мәжбүр болды. Мың жарымнан астам аралас орыс-қазақ мектептері пайда болды. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі орыс тілін 1-сыныптан бастап оқыту жөнінде қаулы алды. Бұл қазақ тілінің рөлін төмендетіп жіберді. 1960 – 70 ж. арасында оқу мазмұнына ірі өзгерістер енгізілді. Мектептерді 7 жылдықтан 8 жылдыққа көшіру ісі 1962 – 63 оқу жылында аяқталды. Жаппай 8 жылдық білім беруді іске асыру заңы оқудың сапасына кері әсер етті, талап төмендеп кетті. Оқушылардың білімге ынтасы кеміді. Орыс тілін оқытуға ерекше көңіл бөлініп, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында сабақ түгелдей орыс тілінде жүргізілгендіктен қазақ мектептеріндегі оқушылардың саны кеми түсті. 1980 – 90 ж. елімізде халыққа жаппай орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі 6 жастан бастап оқыту болды. Сондай-ақ ауылдық жерлердегі шағын мектептер мәселесін шешу, бастауыш мектепке алдын ала даярлау, жаппай орта білім беруге көшу, мектепаралық оқу шеберханаларын ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді
32-билет
Н.Хрущевтің «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.
33-билет
КСРО мен Қаз КСР арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтарға талдау жасаңыз.
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты. Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. 12-бесжылдықта (1986-1990 жж.) республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді. Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған талаптардың деңгейінен көп төмен жатты. Оның негізгі себебі басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің икемсіздігіне байланысты еді. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша – 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында 1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.Бұл Декларацияда негізінен мына мәселелерге мән берілді: КСРО мен ҚазКСР арасындағы қатынас келісім-шарт негізінде жүзеге асады; Республика әкімшілік-аумақтық құрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени-ұлттық құрылыстарға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді; Республика өз аумағында Қазақ КСР заңдарын бұзатын КСРО заңдарының қолданылуын тоқтатуға құқылы;Қазақстанның өз шекарасындағы аумағына қол сұғылмайды, бөлінбейді және оның келісімінсіз өзгертілмейді; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз оның аумағында басқа мемлекеттердің әскери құрамалары, олардың әскери базалары орналаса алмайды; Қазақстан өзінің дербес ішкі әскерін, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік органдарын ұстауға құқылы. Қазақ КСР халықаралық қатынастарда дербес, өзінің мүдделеріне сай сыртқы саясатын жүргізеді. Декларацияның жаңа одақтық шарт жасасу және Қазақ КСР жаңа Конституциясын қабылдау үшін негіз болып табылатындығы туралы арнайы бапта көрсетілді. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. 1991 жылдың ортасынан-ақ  Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды. 1990 жылы желтоқсанда төрт республика – Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива көтерді, Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды. 1991 ж. 18-21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі» бұл жұмысты үзіп жіберді. КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, КСРО премьер-министрі В.С. Павлов, КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы В.А. Крючков, КСРО Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т. Язов, КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Бұл іс жүзінде Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс еді. Осы кезде Қырымда (Фороста) болған КСРО президенті М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастаған ТЖМК мүшелері оны өз қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін. Тамыз бүлігінде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені сақтап қалу көзделді. Тамыздағы мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартты. Ол КСРО-ның күйреуін және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. КОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті. 1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мәлімдеме қабылдады.. Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада қабылдаған Қазақ КСР-ның “Қазақ КСР-нда мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы” Заңы бойынша берілді. 1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін  бүкілхалықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды. Республикада көптеген өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды; Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті ұйымдастырылды;
34-билет
1955,1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуына тарихи көзқарасты талдаңыз
Атамекенінен айрылған қазақтардың қайта оралуы кеңес дәуірінде де орын алғанын айтумыз керек. Соның ішінде 1950-жж. Қытайдан қайта оралған репатрианттарға ерекше тоқталуға болады.1950-жж. ортасында КСРО-ның саяси өміріндегі «жылымық» жылдарында Қытайдың Шыңжаң аймағынан КСРО-ға, соның ішінде Қазақстанға 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалысына қатысқандарды жазалау экспедициясының әскери қимылдарынан қашқан, кеңес өкiметiнің қысымына шыдамай ел асқан, 1921–1922 жж. мен 1929–1933 жж. ашаршылық жылдарында шетелге өтiп кеткен бауырларымыздың және олардың ұрпақтарының бір бөлігі атамекеніне қайтты. Екі ел арасында кеңес азаматтарын қайтару туралы арнайы келісім болған жоқ. Бірақ, 1954 ж. КСРО мен Қытай арасындағы қарым-қатынас туралы жасалынған 10 жылдық келісім-шарт «кеңес азаматтарының» КСРО-ға қайтуына жол ашты. Сонымен бірге, КСРО Министрлер кеңесі 1954 ж. 16 сәуірде № 751–329 ерекше құпия жарлығы бойынша маусым–тамыз айларында Қытай Халық Республикасындағы «кеңес азаматтарын» тың жерлерді игеруге көшіру туралы, 1955 ж. 17 қыркүйекте №1701 «Шекарадан тыс жерлердегі кеңес азаматтарын репатриациялау және оларды КСРО-да еңбекпен қамту» туралы қаулы қабылдайды. Осы қаулылар негізінде Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен т.б. аудандарынан қазақ, ұйғыр, дүнген, орыстар қайта оралады.1955 ж. Қытайдан қоныс аударған репатрианттар ресми құжаттарда «кеңес азаматтары» деп аталды. «Кеңес заматтары» деп аталу тарихына келсек: 1930-жж. Қытайдағы кеңес консулдықтарының жанынан құрылған Үрiмшi, Құлжа, Шәуешек, Алтай және Қашқарда орналасқан «Кеңес мұғаджарлар қоғамының» өкiлдерi мен олардың сенiмдi агенттерi 1945 ж. қаңтарда Шығыс Түркiстан ислам жұмхұрияты (республикасы) құрылғаннан соң, Кеңес Одағына қайтамын деген адамдарға кеңес азаматтарының паспортын үлестiреді. Олардың арасында 1916-1933 жж. арасында Қазақстаннан қашқан қазақ, ұйғыр, дүнген,  өзбек, орыс және т.б. ұлт өкілдері болды. Кезiнде «кеңестiк тазалау», «бай-кулактарды тазалау» деген желеумен жүрген кеңестiк саясаттың салдарынан қуғыншылыққа ұшырап,  шекара асқан қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкiлдерiне де 1950-жж. қайта оралу мүмкіндігі туды. Олардың шекарадан өткендiгi туралы белгiсi бар-жоқтығына қарамастан, тууы туралы куәлiгiн алып кеткендердi сол құжат негiзінде, ал, құжаты жоқтарды тiлектерi бойынша «кеңес азаматы» деген тiзiмге тiркедi. Сонымен бiрге, КСРО-дан бармағанымен КСРО-ға, Қазақстанға кетемiн дегендерге де мөр басылған Кеңес Одағы азаматының паспортын берген. Тiптi, паспорттарды қоржынға салып жүрiп, кез-келген жерде үгiтке ерген адамдарға үлестіріп, «кеңес азаматы» ретінде тiзiмге алған оқиғалар да кездескен. Осылайша, Қытай жерінде «кеңес азаматтары» деген контингент пайда болды . 1954 ж. КСРО мен Қытай арасында жасалынған 10 жылдық келісім–шарт «кеңес азаматтарының» КСРО-ға қайтуына жол ашты. Олар заңды түрде 1955 ж. жаппай Қазақстанға қайта бастады.1955 ж. Қытайдан келген «кеңес азаматтарын» қабылдау арнайы тәртіппен жүргізілді. Олар Хоргос станциясынан Сарыөзекке жіберіліп, одан ары қарай Іле, Аягөз және Отпор станциялары жанынан құрылған 3 қабылдау-бөлу пункттері арқылы қабылданды. Әрбір қабылдау, бөлу пунктін ауыл шаруашылығы, кеңшар және құрылыс пен көлік министрліктерінің одақтық және республикалық көлемдегі өкілдері басқарды. Оларға көмекші ретінде әрбір облыс орталықтары мен аудандардан есепшілер мен техникалық қызметкерлер бөлінді. Қабылдау арнайы жоспар мен график бойынша жүргізілді. Барлық пункттерде сауда орындары ашылып, дәрігерлік және мәдени қызмет көрсету ұйымдастырылды. Көшіп келген «кеңес азаматтарына» көмек ретінде: отбасы басшысына 3000 сом, мүшелеріне 600 сомнан қайтарылмайтын көмек ақша берілді. Әрбір отбасы мемлекеттік банкіден жеке үй құрылысы үшін 15 мыңға дейін, мал сатып алу үшін 3 мың сом көлемінде несие алуға құқылы болды.Сонымен, 1955 ж. тікелей өзіне қатысты мәліметтерді саралар болсақ, Қазақстан кеңшарларына 240 отбасы (39467 адам, соның iшіндегi еңбекке жарамдысы 13508 адам) көшiп келдi. Сондай-ақ, ұжымшарларға қоныс аударған «кеңес азаматтарының» саны 2529 отбасы (16016 адам, оның 8407-сi еңбекке жарамды, 1261-і еңбекке жарамсыздар мен қарт кiсiлер, 8 жасқа дейiнгi балалар – 3835 адам, 8 жас пен 16 аралығындағы балалар – 2515 адам) болды [3]. Қытайдан келген «кеңес азаматтары» негiзiнен, жұмыс қолы жеткiлiксiз және мал шаруашылығымен айналысатын Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының ұжымшар, кеңшарларына жiберiлдi. Сол сияқты, құрылыс пен көлік салалары бойынша да орналасты.Қоныс аударушыларды қабылдаған шаруашылық басшылары жылы қабақ танытып, оларды жұмыс орындарымен, қолайлы баспанамен қамтамасыз етуге тырысып бақты. Мүмкіндігі барлары жаңа үй берсе, жоқтары ескі үйлерді жөндеуге немесе жаңадан үй салуға қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге көмектесті. Әр шаруашылық келісілген шарт бойынша, тиесілі малын, ақшалай көмегін беріп, өзінің экономикалық күш-қуатына қарай отын-су, азық-түлікпен қамтамасыз етуге тырысты. «Бір қой егіз туса, бір түп жусан артық өседі» дегендей аштан өліп, көштен қалмаудың жағдайлары жасалды. Тіпті, тұрғылықты адамдарға жетпейтін болғандықтан, тек қоныс аударушыларға ғана қолда бар азық-түлік т.б. қажетті заттарды берген шаруашылықтар да болды. Бұл тұрмыстық қиындықтар көріп жатқан жергілікті тұрғындардың арасында наразылықтар тудырып, Қытайдан көшіп келуші «кеңес азаматтарына» суық қабақпен қараған жағдайларға әкелді. Яғни, барлық жерлерде Қытайдан келушілерге деген көзқарас бірдей емес еді.Көшіп келушілердің басынан өткізген қиыншылықтар мен кедергілерге келетін болсақ, онда ауыртпалық әуелі азды-көпті білімі бар азаматтардың басына түскенін байқаймыз. Қайсыбір шаруашылық басшылары көшіп келушілердің ішіндегі малшы, бақташы, механизаторларын іріктеп алып, қалғандарынан ат-тонын ала қашқан да кездері болды.Қытайдан «кеңес азаматтары» 1955 ж. 1-сәуірінен ұйымшылдықпен келе бастаса, сол жылдың қыркүйек айында Республикалық Қоныс аудару басқармасына қоныс аударушыларды қабылдаудан бас тартқан және орнығу кезіндегі келеңсіздіктерге душар болғандардың реніші мазмұнындағы хаттар көптеп түсе бастады. Мұрағат құжаттарына сөз берсек, Қазақстанға көшіп келушілердің негізгі қатынас тілі – орыс тілін білмегендіктен тұрмыста, жұмысқа орналасуда, дәрігерлік көмек қабылдауда, білім алуда және т.б. байланысты бірқатар қиыншылықтарды басынан өткізгенін байқаймыз. Мұрағаттардан қоныс аударушылардан үкімет органдарына шағымданған құжаттары кездесті. Тек, 1955 ж. өзінде Қазақ КСР кеңшарлар министрлігіне қоныс аударушылардан арызданған 280 хат түскен.Керісінше, Қазақстанға көшіп келгеннен соң, не несие алмай, не үй салу қаракетін жасамай, барғысы келген жаққа рұқсатсыз кетіп қалғандар мен жергілікті жерлердегі тәртіпсіздіктерге себеп болған жағдайлар да болды. Елдің солтүстік аудандарына жіберілгендері оңтүстікке, әсіресе, Алматы, Талдықорған облыстарына, орыс ұлты өкілдерінің Ресейге көшіп кету оқиғалары орын алды. Өз ұлтының өкілдері жинақы орналасқан жерлерге көшіп кетіп, бастапқы орналастырған жерінде тұрақтамаған репатрианттар да кездесті. Несиені алған соң орналастырған жерінде бекімей қашып кеткендер, кейіннен оларды милиция органдары арқылы таба алмаған немесе кейбір репатрианттардың кері Қытайға жіберуді сұраған жағдайлар да болды.Репатрианттардың бір тобы кеңшарлар мен ұжымшарларға және көлік жолдары мен өндіріс орындарының құрылысына тартылды. Қытайдан келген «кеңес азаматтары» Қазақстанның барлық облыстарына бөлінді. Жоспарлы түрде белгілі бір елді мекендерге жинақы орналастыру шаралары жүргізілгенімен, уақыт өте, қайта оралған қазақтар, негiзiнен, Алматы, Талдықорған, Семей және Шығыс Қазақстан облыстарына шоғырланды.1960-жж. кеңес–қытай қарым-қатынасы шиеленіскенге дейін екі жақта қалған туыстар арнайы виза мен ресми куәліксіз бір-бірімен араласып тұрды. Қытай егіншілері кеңестік жерлерден келіп шөп, отын-ағаш дайындап, балық аулайтын. Шыңжаңда Орта Азиядан шыққандардың автономиялық уездері мен болыстары болатын . 1962 ж. жағдай өзгерді. Солжылы Қытайдың Іле-Қазақ автономиялық облысынан өткендердің саны 100 мың болды (көпшілігі қазақтар мен ұйғырлар). Шекара жабылады.Осы жылдардағы қазақтардың тарихи отанына көші-қонына тарихшы, ғалым З. Қинаятұлы: « … біріншіден, ата жұртқа оралған көштің бастауы, екіншіден, империал-коммунистік аса қатаң жүйені өзіне мойынсұндырған күрделі құбылыс», – деп баға бере отырып, – ол көштің легінде келгендер өкіметтен бір басының сыйуынан өзге ештеңе күтпеген. Олар саяси идеологияның қатаң бақылауында жүріп-ақ, қазақтың этномәдениетіне өзіндік үлес қосты»,- деген тұжырым жасайды .Партиялық және үкіметтік органдар репатрианттарды қабылдау еңбекпен қамтамасыз ету, орналастыру және тұрмыстық жағдайларын реттеу мәселесін мейлінше қатаң қадағалауға тырысты. Қытайдан оралғандардың негiзгi бөлiгi ауыл шаруашылығы салалары бойынша орналастырылды. Репатрианттар, негізінен, еңбек күшін қажет ететін, мал шаруашылығымен айналысатын совхоздары көп облыстарға жіберілді. Мұрағат құжаттары, ең алдымен, ауыл шаруашылығына қатысты мамандық иелерінің қабылданғанын, басқа мамандық иелерін де осы сала мамандықтары бойынша жұмыспен қамтамасыз еткендігін айтады. Бірақ, көбіне арнайы мамандықтары бойынша орналастыруға тырысты. Қоныстанушылардың көпшілігі шопандар, малшылар, құрылысшылар болды. Мамандығы бойынша орналаспағанына, үй-тұрмыстық жағдайының нашарлығына, несие мен медициналық көмек алудағы қиыншылықтарға және тағы басқа кедергілерге байланысты наразылықтар болды.Қытайдан көшiп келгендерге арнайы жеңiлдiктер жасалынды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1962 ж. 24 мамырдағы № 380-51 қаулысы негiзiнде әрбiр келген адамға 40 сом мөлшерiнде (қайтарылмайтын) көмек 1 сом тәулiк ақы және азық-түлiк, өнеркәсiп товарлары беріліп, көмек көрсетiлдi.1963 ж. 18 қаңтарда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінiң «ҚХР-нан келген азаматтарға тұрғын үй және тұрмыстық жағдайын жақсарту туралы» арнайы қаулысында облыстардағы совхоз директорларына қоныстанушыларды бiрiншi кезекте үймен қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен бірге репатрианттарға сатуға 5400 т. ұн, 225 т. қант, жылы киiмдер: жылы кеудеше, 20 мың шалбар, 24 мың пар қолғап, 24 мың пар етiк т.б. бөлiндi. Мәселен, 1961-1963 жылдары бiр Алматы облысынын  колхоздары мен совхоздары 10030 отбасын қабылдады. Яғни 45094 адам, оның 21 мыңы еңбекке жарамды болып келдi. Ұлттық құрамына келетін болсақ, келгендердiң 60%-ы қазақтар, 35%-ы ұйғырлар, қалғандары дұнған, татар, орыс, өзбек. 1962 ж. Гвардейск өндiрiстiк Басқармасының «Жоламан» совхозына ҚХР-нан 78 отбасы орналасқанмен, еңбек ақының төмендiгiнен және тұрғын үй жағдайының нашарлығынан бұл жерден 28 отбасының кетуiне тура келген [6]. ҚХР-нан келген көші-қоншыларға жағдай жасамаған шаруашылықтар да болды. Мысалы, Қызылорда облысының көптеген совхоздарында жекелеген шаруашылық басшыларының бюрократтық тұрғыда қатынас жасауының салдарынан, оралмандарды орталықтан алыс, елсiз жерге орналастырып мән бермеген. Нәтижесiнде Қазалыдағы Көларық бөлiмшесiне келген 12 отбасының 11-сі совхоздан кетуге мәжбүр болған. Сондықтан ҚХР-нан келген азаматтардың көбiсi басқа облыстарға барып орналасты. Дегенмен 1964 жылдың аяғына қарай репатрианттарға мәдени-тұрмыстық жағдай жасау жақсара түстi.Қытайдан келген репатрианттардың көпшiлiк бөлiгi бiрден еңбекке араласып кеттi. Мысалы, Алматы облысы Панфилов ауданында Калинин колхозында Мауленовтер отбасы шопан қызметiн атқарып, әр 100 саулықтан 118 қозы алған, аудандық кеңес депутаттығына сайланған. Мұндай мысалдарды көптеп келтiруге болады.Тарихи әдебиеттерде 1950–1960-жж. Қытайдан қайта оралған қазақтардың саны туралы мәліметтер әр түрлі. Репатрианттардың саны туралы қазақстандық, шетелдік тарихшылардың пікірлері де әр басқа. Сондықтан, бұл мәселеге орай өз ойымызды айтар болсақ, мұрағат құжаттарын саралай отырып, 1954–1963 жж. Қытайдан 268371 репатриант қайта оралды деп есептейміз:1954 ж. 2461 адам Қытайдан ұйымдасқан түрде келді. Келесі 1955 ж. мен 1963 ж. аралығында барлығы 199269 адам ұйымдасқан түрде, ал, 1962 ж. сәуір айында 66841 адам өз бетінше Қытайдан Қазақстанға оралды. 1962 ж. келгендердің ішінде 16135 әйел, 27375 бала, 13121 жалғыз бастылар тіркелді [7]. Барлығын қосар болсақ, репатрианттар саны 268371 адам болып шығады. Қабылданған репатрианттардың көбiсi басқа республикаларға да барып орналасты. Мысалы, 1954–1965 жж. ҚХР-нан келген 47569 отбасы (259398 адам) республиканың 14 облысына орналастырылды, 1849 отбасы (8984 адам) басқа республикаға жiберiлді [8]. Оларды шегеріп тастасақ, 1954–1965 жж.Қытайдан Қазақстанға барлығы 259, 4 мың репатриант келді деп есептейміз.Қытай Халық Республикасынан келген қандастарымыздың негiзi ауылдық жерлерге орналасты. Олардың Қазақстанға қайта оралуы 1960–1962 жж. Қазақстандағы халық өсіміне негіз болған «демографиялық» жарылысқа әсер етті деп айта аламыз.Бүгінде қазақстандықтардың саны –16 776 мың адам [9]. Қазақстандағы қазақтардың саны 11 миллионға жетіп қалды. Қазіргі Қазақстандағы қазақтардың 2 млн.-нан астамы ХХ ғ. саяси-экономикалық, әлеуметтік катаклизмдердің нәтижесінде орын алған демографиялық апаттар кезінде шетелге кеткендердің ұрпақтары. 1950-жж. екінші жартысынан 1963 ж. аралығында Қазақстанға қайта оралғандар өсіп-өнуі негізінде 1 миллионнан асқан болса, Қазақстанға келген отандастарымыздың квотадан тыс өз бетінше келгендермен қосқанда 1 миллионнан асты. Сол себепті, 2009 ж. санақта 10098,0 мың адам болған қазақтардың шамамен алғанда 2 миллионнан астамы қайта оралған қазақтар болады (Қазақстандағы қазақтардың 19,8%ы).Сонымен,  Қытайдағы қазақтардың тарихи отанына қайтуының ХХ ғасырдағы тәжірибесі бұл үдерістің стихиялы түрімен бірге, жоспарлы шараларының да жүргізілгенін көрсетеді. Этникалық қазақтарды қазақстандық қоғамның  ажырамас бөлігіне айналдыруды мақсат еткен еліміз үшін отандастарымызды тарихи отанына қайтаруды демократиялық, құқықтық және әділдік негізінде жүргізу  мемлекеттік, ұлттық-стратегиялық маңызы басым бағыт болып табылады. Жетістігі мен шешімін күтіп тұрған мәселелері бар бұл үдеріс жалғасын табары сөзсіз.
35-билет
Ауыл шаруашылығын басқару мен ұйымдастырудың өмірге жақын жаңа түрлерін енгізуге бағытталған біржақты бастамалар және олардың сәтсіздіктерін ашып көрсетіңіз
Қазақстан Республикасы егемендігін алған жылдан бастап аграрлы реформалар жасай  бастады. «Жер реформасы туралы» және «Шаруа (фермер) қожалықтары туралы» заңдар қабылданды. 1992-1997 жылдары «Кәсіпорындар туралы», «Жол туралы», 2003 жылы «Жер кодексі» заңы, сонымен қатар көптеген ауылшаруашылығын қайта қалыптастыру бойынша нормативтік және құқықтық құжаттар қабылданды. Мндай ресми құжаттар  агро өндірістік, экономикалық және еңбек қатынастарының түбегейлі өзгеруіне бағытталды, агроөнеркәсіп өндірісінде жеке меншік бағыттың жедел қалыптасуына, шаруашылықтың жаңа түрлерінің құрылуына құқықтық тұрғыдан негіз болып табылады.Келешекте агроөнеркәсіп экономикасының дамуы жоғарыдағы қабылданған заң құжаттарын іс-жүзіне асыру дәрежесіне тікелей байланысты. Агроөнеркәсіп өндірісінің келешектегі экономикалық өсуі, олардың өндірісті кооперация негізінде дамытып, дайын өнім дайындау, бұларды сақтау, өңдеу және өңделген дайын өнімдердің сатылуын жақсы жолға қоюға байланысты.Агроөнеркәсіп өндірісін кооперация негізінде дамыту, ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтары  мен шағын, маманданбаған, шаруа(фермер) қожалықтарының тауар өндірісін ғылыми ұйымдастырудың ең ескі түрлерінің  бірі күйінде қалып келеді.Дамыған шетел өндірістерінде кең тараған кооперативтердің бірі ауыл шаруашылық кооперациясы. Оларда табысы мол кооперация қызметін атқарушы кәсіпорындар ішінде, азық-түлік өнімдерін өндіру, өңдеу және өңделген дайын өнімдерді сататын кооперативтер көптеп ұйымдастырылған.Кооперативтер малды сатып алып, етін қайта өңдейді, ішкі және сыртқы  нарықта ет және ет өнімдерінің сатылуын ұйымдастырып қадағалайды.Ауыл шаруашылық коорперациясының өзіне тән ерекшеліктері төмендегі бағыттармен жүзеге асады:— өндірістік кооперативтерге мүше болу еркін және кооператив мүшелерінің экономикалық мүддесіне негізделінуі керек.
- Шаруашылық кооперативтерін басқару жүйесі тұрғыдағы демократиялық келісушілікке қарай өзін-өзі басқару туындайды.-Коорперация мүшелері қажетті деңгейде табыспен қамтамасыз етіледі.Тауар өндірушілердің кооперация негізінде бірлесуі, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұрмыс жағдайының тез арада жоғары деңгейге көтерілуіне, қолайлы жағдай туындайды. Мұндай бағыттар мен шаралар Дания елдері кооператив қозғалысындағы тәжірибеден көруге болады.Алғашқы ауыл шаруашылық кооперативтері Данияда ХІХ ғасырдың соңында басталса, содан бері олар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосуда. Оларда, кооперативтер арқылы өндіріс, жоғарғы деңгейде, тұрақты дамуы қалыптасты.Дания кооперативтері қазіргі кездерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, шикізатты өңдеу және сатудан басқа, өндіріске құрал-жабдық, саймандарды үлестіру, несие беру, сақтандыру тағы басқа қызметтерді атқарып келеді.Ауыл шаруашылық кооперациясы Израил агроөнеркәсіп кешенінде де маңызды орында. Бұл елдің табиғи ресурстары, әсіресе су мен егін егетін жері тапшылықта болғанымен, олар агроөнеркәсіп өндірісін интенсивті жүйеде жүргізу арқылы ауыл шаруашылығын, жоғары табысты салаға айналдырды. 80 пайыз ауыл шаруашылық өндірісі, бұл жерде, екі кооперативтік құрылым: Киббуца және Машаваларда жүргізілуде.Біріншісі, жеке жанұяға қатысты шаруашылықтардың өндірістік, тұтынушылық, әлеуметтік, қоғамдық қызметтерін бірге ұйымдастыру мақсатында, толық коммуна түріндегі, кооперативтік бірлесу болса, екіншісі, бір топ жеке шаруашылық(фермер) қожалықтары өнімдерін сату және өндірістік құрал-жабдық, саймандарды сатып алу мақсатында, кооперация негізінде бірлескен. Израил агроөнеркәсіп өндірісінде, әр жылғы ауыл шаруашылық өнімінің экспортқа шығарылуы орта есеппен 1,5 млрд. АҚШ долларын құрайды. Бұлардың тәжірибесін үйрену Қазақстан агроөнеркәсіп өндірісін дамытуға зор әсер етеді.Қазақстанның меншіктіктің көп түрлілігі жағдайында, ауыл шаруашылығын кооперация негізінде дамыту, аграрлық сектордың жаңа сапада қайта қалыптасуына алып келеді.Біздің пайымдауымызша өндірістік кооперативтер басқа да құқықтық ұйымдастыру түрлерімен қатар, ауыл шаруашылық кәсіпорындары деңгейінде немесе шаруа (фермер) қожалықтарының бірлесуі негізінде құрылуы, яғни көлбеу кооперациялық бірлесуі арқылы дамуы керек.Қазақстанның салалық және аймақтық ерекшеліктеріне тән кооперативтік шаруашылықтар арасында тік байланысты кооперация құрылымдарын (ауыл шаруашылық және тұтыну кооперативтерін) дамытуға болады.Ауыл шаруашылық кооперативтері, шаруашылық өнімдерін: астық, мақта, сүт, ет және тағы басқа өнімдерді үлкен көлемде өндіруде, толық кешенді технология жүйелерін пайдалану бағытын өз уақытында ұйымдастыру керек. Олар кооперациялық бірігу негізінде, арнайы, қажетті, өнімділігі жоғары техника, технологияларды өз уақытында сатып алып, өндіріске білікті ауыл шаруашылық мамандарды қатыстыру арқылы, өзіндік құны төмен, бәсекелестікке жауап берерлік сапалы өнім шығаруға мүмкіншілік туғызар еді.Шаруа (фермер) қожалықтары мен тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылықтары өнімділігі жоғары, арнайы техника мен машиналарды алуға, білікті ауыл мамандарының қызметінен пайдалануға қаржылық мүмкіншіліктері жоқ. Сондықтан қазірше қолда бар, ескі техникалардың қуатын толық және тиімді пайдалана алмауда. Себебі, шағын ұйымдардағы, техникаларды пайдаланатын жер және өндіріс көлемі  өте төменгі дәрежеде және шағын аймақтарға орналасқан.Бұның барлығы, өндірісте қол еңбегі үлес салмағының артуына, өнімнің өзіндік құны деңгейінің жоғары болып, сапасыз өнім өндірілуіне әкеп соқтырады. Олардың өндірген аз мөлшердегі ауыл шаруашылық өнімін, қаладағы тұтынушыларға жеткізу, сату, олар үшін, үлкен шығын және қиыншылыққа айналуда, себебі алып-сатушы қызмет атқаратын делдал кәсіпкерлер мен кәсіпорындар, көп көлемде, көтерме бағада, арзан өнім сататын, сенімді, ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындармен жүргізгісі келеді.Жоғарыда да айтылғандарды қорыта келгенде:- агроөнеркәсіп өндірісінде кооперациялау процесін дамыту, кең көлемде арнайы техника, технологияларды бірлесе пайдаланып, нарықтың сұраныс талабына сай, бәсекелік үстемділігі жоғары өнім өндіруге мүмкіншілік тудырады;- Тік байланысты өндірістік кооператив құрылымдары өндіріс айналасына тез түседі ауыл шаруашылық өнімдерін өз уақытында өңдеп, соңғы тұтынушыға қажетті дайын өнімдерді сатып, өнімдерді арнайы қондырғылар орнатылған көліктердің тасымалдауға, яғни, өнімнің төгіліп-шашылмауына, бұзылмауына қол жеткізеді;— Ауыл экономикасын дамыту бағдарламасына сай, мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп өндірістеріне берілетін несие, кепілдікке қоятын өндірістік құрал-жабдықтары мен жері бар, сенімді, ірі кооперативтік кәсіпорындарға  бірінші кезекте берілуі қарастырылады;—  Ауыл шаруашылық кооператив құрылымдары, нарық жағдайында, тауар өндірушілерді, монополистерден және сенімсіз делдал сатып алушылардың кері іс — әрекетінен қорғайды;— Агро өнеркәсіп кооперативтік шаруашылықтар, айналасындағы өндірістік құрал-жабдықтарды, техника мен технологиялар қуатын толық өз уақытында пайдалануына, білікті ауыл мамандарының қызмет атқаруына мүмкіндік туғызады.Келешекте Қазақстанның аграрлық саясатында ауыл шаруашылық өндірісінде кооперацияны дамыту, стратегиялық басымды бағытқа айналуы қажет. Агро өнеркәсіп өндірісінің кооперация негізінде дамуы шаруашылықтарда өндіріс тиімділігін артыруға жаңа мүмкіншіліктер ашады және жалпы агроөнеркәсіп кешенінде экономикалық өсуді қамтамасыз етеді.Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларының барлығында да еліміздің ауыл шаруашылық өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері оның назарынан тыс қалған емес.Бұл саланың дамуына ел Президентінің баса назар аударатыны түсінікті де. Елде жүзеге асырылған экономикалық реформа жылдары күйзеліске, қиындыққа аса қатты ұшыраған саланың бірі, әрине, ауыл шаруашылығы өнеркәсіп кешені болды.Президент жолдауында үстіміздегі жылы (2005 жыл) ауыл шаруашылығы өндірісінг дамытуға республикалық бюджеттен 57,9 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінетіні атап көрсетілген және бұл редордтың сан делінген. Осыған байланысты Президентіміздің тапсырмасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметімен әкімдіктер ауыл шаруашылығын және тұтастай агроөнеркәсіп кешенінің алдағы уақытта одан әрі дамуын айқындайтын еліміздің аграрлық азық-түлік саясатын әзірлеуі қажет.Президент жолдауында «Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң қабылдау қажет делінген. Бұл өте орынды және дер кезінде үкімет алдына қойылған міндет.Біздің пікірімізше Қазақстан Республикасының Парламенті аталған заңнан басқа тағы екі заң қабылдаса тіпті жол болар еді. Оның біріншісі «Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіптік өндірісті кооперациялау және интеграциялау (бірлестіру) туралы», екіншісі «Қазақстан Республикасындағы шаруа қожалықтары, ірі ауыл шаруашылық  кәсіпорындары және агро фирмалар туралы» болса. Сонда Жер Кодексін басшылыққа ала отырып Республикада әртүрлі шаруашылық нысандарын өндіріс тиімділігін арттыруға себебі тиетіндей етіп ұйымдастыруға жеңілдік тауар еді.Президент жолдауында бүкіл дүние жүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты отандық ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігі айтылған. Бұл да толғағы жеткен мәселенің бірі екендігі даусыз. Осыған байланысты елімізде өнеркәсіптің ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін саласын шапшаң дамытудың маңызы ерекше және ол кезек күттірмейтін мәселе. Сапасы жоғары, бағасы төмен дайын өнім шығармай бәсекеге түсе алмайтынымыз белгілі. Қазақстанда астық, мақта, жүн, т.б. сияқты шикізаттар баршылық. Мәселе осы шикізаттардан тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларының басын ауыл шаруашылығымен біріктіре отырып сапасы жоғары, бәсекеге қабілетті өнім шығара білуде бұл жерде жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін, олардың кәсіпорындарында жаңа техника мен озат технологияны енгізу үшін инвестиция табу қажеттігі туындайды. Бұл іске шетелдік компаниялар мен кәсіпорындарын тарту міндеті тұр.Ауыл шаруашылығы құрылымын қайта құру мен аграрлық реформаның негізгі бағытының  бірі – фермерлікті дамыту. Қазіргі кезде шаруа (фермер) қожалықтары ауылдағы негізгі  азық-түлікпен қамтушы ғана емес, сондай-ақ, негізгі жұмыс орны, отбасы табысының қайнар көзі болып табылады.Ауыл шаруашылығы саласында шағын аграрлық бизнес шаруа қожалықтарының дамуымен сипатталады. Алматы облысында шаруа қожалықтары 90 жылддардан бастап белсенді дами бастады. Статистикалық мәліметтер бойынша Алматы облысында шаруа қожалықтарының саны 1990 жылы 38 ғана болса, 2004 жыл басында 39374 болып отыр. Қазіргі кезде облыстағы шаруа қожалықтарындағы ауыл шаруашылығына арналған пайдалы жер 2437,5  мың гектарды (бөлінген жердің 86,5%-і ) егістік жер– 569,9 мың гектарды (23,4%) алды. Фермерлердің үлесімі ауыл шаруашылық пайдалы жерінің 17 пайызы және егістіктің 53 пайызы тиесілі болды.Облыс жұртшылығының 70 пайыздан астамы ауылдық жерлерде қоныстанған. Демек, облыстық әлеуметтік – экономикалық жағдайының дамуы ауыл шаруашылығы саласының тұрақтануы мен жандануына тікелей байланысты. Аграрлық сектордың дамуында мемлекеттік қолдаулармен қатар шаруашылықтардың  арасындағы өзара интеграциялық байланыстардың қалыптасуымен дамуы елеулі роль атқарады. Экономикалық механизмдердің нарық қызметіндегі негізгі элементтері мен тетіктерінің жетілмеуі және тауарды тарату жүйесіндегі ірі интеграциялайтын субъектілердің дамымауының салдарынан салынған қор қайтарымы мен тауар қозғалысы бәсеңдейді және өндірісті кеңейтуді айтпағанның өзінде, жай ұдайы өндірісті тоқтатады. Қашанда біріккен өндіріс жүйесі, бытыраңқы ұсақ түріне қарағанда басым түсетіні белгілі. Яғни, өндірісті кооперативтік шоғырландыру жағдайы бұл орайда тиімдірек. «Кооперация» терминінің өзі латынның «cooperatio»  сөзінен шыққан, «ынтымақтасу», «бірлесіп жұмыс істеу» дегенді білдіреді. Кооперация теориясының негізін салушылардың бірі,  экономист – ғалым А.В.Чаяновтың кооперация дегеніміз  —  шаруаның еңбегін жеңілдету және оның өмірін жақсарту деген-ді. Ол кооперацияның көмегімен шаруалардың жағдайын түзеу және жаңа ғылыми жетістіктерді шаруа игілігіне айналдыруды ұйымдастыру мәселесін басты нысан ретінде қарастырған. Бұл мәселе бүгін де маңызды болып отыр. Ауылды өркендетуде кооперативтік негіздерді қолдану осыған жауап бере алады.Әлемдік тәжірибеде аграрлық өндірісті кооперация процесі арқылы дамыту кең өріс алуда.Ауыл шаруашылығы  кооперативінің кең тарауының мәні жеке жер меншігіне негізделген ұсақ фермерлік шаруашылықтармен әртүрлі қызмет түрлері жүйесінде ірі өндірісті коодинациялаудың тиімді формасы болып табылады.Кооперацияның фермерлерді тарту себебі, еркін әріптестік жағдайында олар өздерінің толық шаруашылық дербестігін, басқарушылық шешім қабылдау үшін жауапкершілігін сақтайды. Кооперативтер фермерлердің қызығушылығын қорғау функциясын атқарады және агроөндіріс кешеніндегі экономикалық мықты әріптестермен нарықтық байланыс жүйесінде бәсекелестік қабілет деңгейін арттырады.ЕО елдерінде фермерлік кооперативтер дайын азық-түлік өнімдерінің бүкіл көлемінің 60 пайызына дейін қамтамасыз етеді әрі фермер шаруашылықтарын өндіріс құралдарымен жабдықтайды, олар өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін дайындауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асырады. АҚШ-та кооперативтер елде өндірілген барлық тауарлы ауыл шаруашылық өнімдерінің 30 пайызын рынокке шығарады және ауыл шаруашылығына өндіріс ұралдарының 25%-ына дейін жеткізілім жасайды.Алматы облысында ауыл шаруашылығы жер көлемі жағынан аз шаруа қожалықтарының саны басым, яғни ұсақ шаруашылықтардың өнім беру көлемі де шамалы болатыны белгілі. Кезінде ірі шаруашылықтар тартылғанда біреу үлкен, бәз біреулері алақандай ғана жерге ие болды. Ауылда – жермен, малмен шұғылданып өскенімен жеке шаруашылықтың иесі болып, оны дөңгелетіп кету оңай емес. Фермер – экономист, есепші, агроном, зоотехник сияқты бірқатар мамандардан хабардар болу керек. Әйтпесе шет елдердегідей фермерлер арнайы кеңес беретін немесе қызмет көрсететін кооперативтерге бірігуі қажет.Осындай Шаруашылықаралық кооперативтерге шаруа (фермер) қожалық иелерінің көзқарастарын білу мақсатында, Алматы облысының жекелеген аудандарындағы )Балқаш, Қарасай, Райымбек, Іле, Кербұлақ т.б.) 40 шаруа (фермер) қожалықтарына 2005 жылдың сәуір-мамыр айларында кооперацияны дамыту туралы көзқарастарына сауалнама жүргізілген болатын.Сауалнама жүргізілген шаруа қожалықтары иелерімен сұхбаттасқанда олар: «іріленіп, бірінің жоғын бірі толтырып, іс қылғанға не жетсін. Бір жағынан қорқыныш та жоқ емес, ол бірігуде – совхоздарды бөлген кездегідей момын шаруа тағы да ескісінен де айрылып қалмай ма? Жерін игере алмай жалға бергендердің алшақтаған алпауыттан ақысын ала алмай, басын соғып қалғанын көзіміз көрді. Осы орайда істің жөнін сұрап, мәселенің мәнін түсіндіретін бір орын – фермерлердің орталығы немесе ауылда бір маманы болса деп ойлайсың. Ауыл әкімі ондаған жүздеген фермерлермен бас қатырып отыра ма? Оған кейбіреулерінің уақыты, ұлқы жоқ. Кейбірі істің мән-жайын өздері де білмейді» — дейді шаруа адам.Кооперацияға сұралған фермерлердің 81,8 пайызы оң көзқарас білдіреді, ал 18,3 пайызы бұл процеске қатысқысы келмейтіндер болып шығады. Шаруашылықаралық кооперативтерді құруға келісетіндершамалы және орташа жер үлестері бар фермерлер болып отыр. Яғни, фермерлерде жер учаскелерін ірілендіру қажеттілігі мен арнайы білімдерінің (бұл топтағылардың 87,7%  орта және арнайы білім алғандар) жоқтығы фермерлік шаруашылықтар кооперациясын ұруға итермелейді. Фермер аралық кооперативтерге бірігуге келіспейтіндерге келетін болсақ, мүлде жас фермерлердің үлесі басым, жер үлесі үлкендеу шаруашылықтар, жалпы айтқанда тек өз күштеріне сенетіндер.Әртүрлі шаруашылықаралық кооперацияның маңыздылығын шаруа (фермер) қожалықтарының иелерінің бағалауы бойынша жасалған талдауда фермерлер аса көңіл бөлген ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау бойынша шаруашылық кооперациясы (70% сұралғандардың 5 балдық баға берген), ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу бойынша Шаруашылықаралық кооперация (64%), техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша шаруашылықаралық кооперация (49%), техниканы бірігіп пайдалану бойынша шаруашылықаралық   кооперациясы (44%) болды.Әрине, өз жеке шаруашылығына өзі ие болғысы келетін шаруашылықтарға кооперативтерге бірігу сенімсіздік туғызуы мүмкін. Бірақ жеке шаруаның үздіксіз өндіріс (өндіру, өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау) жүйесін жасауға шамасы келе бермейді. Сондықтан да шаруалар кооперацияға біріккені тиімді. Бұл ерікті бірлестік және ол біреудің күштеуімен ұйымдастырылмайды. Тек оның тиімді жақтарын дәлелдеп шаруа қожалықтарына түсіндіру қажет. А.В.Чаянов былай деп тұжырымдайды: «коорператив – ең алдымен одаққа кіргеннен кейін жойылып кетпейді, бұрынғысынша сақ шаруашылық ретінде қала береді. Олар тек өздерінің кейбір жұмыс бөлігін (өнімді өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау), бірлесіп атқаратын одақтық ұйымға бірігеді». Яғни, өнімді өндіру бір бағытта, бір жобамен, бір жерден ұйымдастырылады.Ауыл шаруашылығы экономика мәселелері туралы әдебиеттерді талдай отырып, келесідей қорытындылар жасауға болады, атап айтар болсақ, кооперацияға соңғы кезде көп көңіл бөлінуінің себебі, бұл әріптестік өзара қарым-қатынастағы шаруашылықтандырудың ең әділетті жүйесі болып табылады. Шаруашылықтандырудың акционерлік принципінде лидердің реформасында мүліктің ең төмен бағалауының есебінен қомақты капиталды жекешелендіріп алуға мүмкіндігі бар. Бұл тенденция, әсіресе, агроөнеркәсіп кешенінің өңдеуші өндірістерінде және қызмет көрсету салаларында кездеседі. Соның нәтижесінде ауылдық тауар өндірушілер бұл объектілерді жоғалтып алды. Яғни, кооперация принциптері бойынша кооперативте ешкім ешқашан кооператив мүшелерінің есебінен байи алмайды.Агроөнеркәсіп кешені салаларының арасындағы өзара координациялық байланысының ажырауының салдары еңбек нәтижесін бөлуде әділетсіздікке әкеп соқтырды, яғни ауылдық тауар өндірушілер өнім өндіру циклында 213 шығын жұмсап, тұтыну бағасы бойынша 113-і ғана пайда табады. Ал кооперацияда жұмсаған еңбегіне сәйкес экономикалық нәтижені бөлуді қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық кооперациясы – ұсақ  тауар өндірісінің бөлінбейтін серігі болып табылады. Жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарының әрекеттері дәлелдегендей, қазіргі жағдайда олардың тиімді қызмет жасауы құқықтық дербестігін сақтай отырып, өздерінің материалдық-техникалық және еңбек ресурстарын кооперациялағанда ғана жүзеге асады. Шаруашылықтандырудың кооперативтік жүйесі тұрақты жүйе. Мысалы, Германияда соңғы төрт жылда 20 мың әртүрлі коммерциялық құрылымдар банкроттыққа ұшыраған, бірақ олардың ішінде бірде бір кооперативтер болмаған. Ауыл шаруашылығы, агросервис, өңдеу және өткізу  салаларының арасындағы өндірістік байланыстың бұзылуы салдарынан барлық агрөнеркәсіп кешенінің салаларына зор нұқсан келтірілді. Бұдан келіп баға диспаритеті, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне монополизм, кәсіпорындардың шығынмен жұмыс жасауы және тағы басқа негативті жағдайлар етек ала бастады.Сондықтан да ауылдағы экономикалық проблемаларды шешуде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің, агросервистік кәсіпорындардың, өңдеуші өнеркәсіптердің және сауда ұйымдарының күштерін біріктірудің маңызы зор. Әрине, «дала-дүкен»  циклына бірден біріктірудің жағдайы келмес, бірақ бұл кешенде еңбектің соңғы нәтижесі – тұтыну бағасын қалыптастыратын ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және өткізу қызметтері көрініс табады. Ғалым – экономистердің көзқарастарымен бөлісе отырып, көп укладты экономика жағдайында ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту үшін, оның нақты формаларын жасап, енгізу керек:
Ауыл шаруашылық несие коорперативтері туралы, ауылдық    сақтандыру туралы, жеке қосалқы шаруашылық азаматтары туралы заңдар;Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері және ауыл шаруашылық тұтыну кооперативтерінің үлгілік жарғысы;Агроөнеркәсіп кешеніндегі аймақтық деңгейдегі кооперациялық және интеграциялық құрылымдардың дамуына қолдау жасау туралы заң;Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алудың тұрақты деңгейін қамтамасыз ету, шикізаттарды аймақтық азық-түлік қорына сатып алу, осы сатып алғандарды кооперативтік және интеграциялық құрылымдар бойынша дер кезінде тарату және жеткізу мақсатында экономикалық және тағы басқа жеңілдіктерді ұсыну.Еліміздегі кооперацияны дамытуда кооперациялық қайта құру жолымен өткен елдер тәжірибесіндегі жағымды және жағымсыз жақтарын ескеру керек. Осыны негізге ала отырып кооперативтік қозғалыстың жалпы шарттарын құруға болады:
Агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік потенциалын және ауылдағы ірі өндіріс технологиясын сақтау;
Шаруаның рынокка шығуы бойынша шешімдік шаралар қолдану;
Әрбір кооператив мүшесінің жеке меншік (жер, мүлік және капитал меншігі)  қызығушылығын таратуын қамтамасыз етуі;
Шаруашылықтандыру мен меншік формасынан тәуелсіз барлық кооператив мүшелері үшін экономикалық және тең құқықтық бәсекелестік жағдайы құрылуы керек;
Кооперативтерге кірген шаруаларға одан еркін шығуына кепілдік беруі қажет.Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, ауыл шаруашылық кооперативтерінің облыстық және аудандық байланысында, кооперативтік жүйенің жоғары басқару органдарын құруға асықпаған дұрыс. Олардың құрылуы жоғарыдан емес, төменнен біріншілік кооперативтерден басталуы керек, сонда ғана оларда өмірлік қажеттілік пайда болады.Кооперация – бұл қазіргі кездегі ауылдағы аграрлық реформаның маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар кооперациялық жүйе нарықтық экономика жағдайына толық сәйкес келеді.  
36-билет
Экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын талдаңыз
Әскери обьектілер, ірі өнеркәсіп пен энергетикалық комплекстердің салынуы, қоршаған ортаға үлкен шығын әкелді. Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F" \o "Радиация" Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
37-билет
Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктермен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз
Қоғамдық өмір дамуындағы демократиялық және төрешіл бағыттар күресі әсерінен туындаған саяси жүйенің қайшылықты, күрделі сипаты сыртқы саясатқа да қайшылықты сипат дарытты. 70-жылдардың бас кезінде әлемдегі саяси ахуалдың жұмсаруы, халықаралық шиеленістің бәсеңдеуі тән болды. 1973 жылы Вьетнамдағы соғыс аяқталды. Хельсинкиде жалпыеуропалық кеңестің шақырылуы барлық бейбітшілік сүйгіш күштердің қомақты табысына айналды. Еуропалық 33 мемлекеттің, АҚШ пен Канаданың басшылары қол қойған қорытынды актіде мемлекетаралық қатынастар жаңа айқындамалар тұрғысынан реттеліп, мемлекеттердің адам хұқын қорғау жөніндегі күш-жігері біріктірілді. Өзгерістер жағдайында Қазақстан өзінің халықаралық байланыстарын нығайтуға мүмкіндік алды. Өзге елдермен мәдени және экономикалық қатынастар күшейе түсті. Алдыңғы бесжылдықтарда Қазақстан кәсіпорындары өндіретін тауарларды сыртқа шығару ұлғая түсті. Алайда Қазақстаннан шетке шығарылатын өнімдер тізімі технологиялық жаңалықтардан емес, негізінен шикізаттық қуат көздерінен, мәселен, түсті металдардан, хром кені мен темір балқытпаларынан, жұқа болат тақталарынан, мұнайдан, т.б. тұратын еді. Қазақстан металл кесетін станоктарды, жол құрылысы жабдықтарын, электровоздарды, жиһазды, киімді, тағам өнімдерін, электр тауарларын, т.б. сырттан тасыды. Қазақстанның шетелдермен мәдениет саласындағы байланысы қарқынды дамыды. Қазақстандық жүздеген маман әлемнің көптеген елдерінде – Иракта, Египетте, Үндістанда, Монғол Халық Республикасында, Финляндияда, Ауғанстанда жұмыс істеді. Ғылыми байланыстар да сирек құбылыс болған жоқ. Қазақ КСР Ғылым академиясы шетелдердің ғылыми мекемелерімен бірлесе отырып, 31 проблема мен жеке тақырыптарды зерттеуге қатынасты. Химия ғылымдары институтының қызметкерлері өздерінің чехословакиялық және болғарлық әріптестерімен берік қатынастар орнатты. АҚШ, Франция, Италия ғалымдарымен байланыс жүзеге асырылды. Қазақстанда кеңес-сирия достығының күндері, Францияның КСРО-дағы күндері өткізілді. Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік ұлт аспаптары оркестірінің әртістері, КСРО халық әртістері Е.Серкебаев пен Б.Төлегеновалар Францияның музыка сүйер қауымын өздерінің қайталанбастай тамаша әуез өнерімен тәнті етті. Қазақ операсы мен балетінің, көркемсурет пен графикасының, қолданбалы өнерінің шеберлері Еуропа, Азия, Африка елдерінде өнер көрсетті. Алайда сыртқы саясат саласындағы қарыспа шешімдер, біліктілік жағынан төмен және шала ойластырылған идеология мемлекетаралық қатынастарды қалыптастыру жолында көптеген тастүйін кедергілердің бой көрсетуіне себепші болды. Екі әлеуметтік-саяси жүйе арасындағы текетірестіктің өрши түсуіне шынайы дүниені айқын тануға бөгеті мол «дұшпан бейнесі» дейтін түсінік май тамызды. «Саяси күрестің күшеюі» туралы жолнұсқа (тезис) орнына «идеологиялық күрестің күшеюі» дейтін екінші бір жолнұсқа келді. Осының салдарынан екінші жақ та әскери күшін еселей өсіріп, қарулануға жұмсалатын қаржы көлемін үсті-үстіне ұлғайта түсті. Әскери шығындардың негізгі ауыр салмағы екі аса ірі мемлекетке – АҚШ пен КСРО-ға түсті. Бұл шығындар ең алдымен осы екі мемлекеттің азаматтарын тұралатар жүкке айналды. Ұлы мемлекеттік тәкаппарлық жанталаса қарулануды күшейтуге, ядролық мүлік қоймасын жаңарта жасақтауға сүйреді. Қазақ халқының ұлы перзенттері Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов дүниеге келіп, өсіп-өнген жерлерде, яғни Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен тұсында орналасқан Семей ядролық полигоны Қазақстан жерін молынан қамтыды. Ядролық заряд мұнда алғаш рет 1949 жылғы тамыздың 29-ында сыннан өткізілді. Ғалымдардың пікірі бойынша, әрбір эксперементтік қондырғы мен оны жер астында сынақтан өткізу құны орта есеппен 30 миллион сомға тең. Әскерлер ұзақ жылдар бойы жұмған аузын ашпай, кейіннен полигонның жергіліктің халықтың денсаулығына бәлендей зияны жоқ деп мәлімдесе де полигон айналадағы табиғатқа, адамдардың денсаулық жағдайына аса қатерлі еді. Дәрігерлер мен фельдшерлерге рактан, лейкоздан және ионданушы радиацияға байланысты туындаған басқа да аурулардан қайтыс болғандарға дәл диагноз қоюға тыйым салынды. КСРО Денсаулық сақтау Министрлігі бұл аймақта медициналық зерттеулер жүргізуге де тыйым салды, ал әскери дәрігерлер жүргізген тексерістердің нәтижесі аса құпия сақталып, ядролық полигон әрекеті салдарынан келген зардап көлемі туралы мәліметтер жасырын ұсталды. Адамдарға деген осыншалық безбүйрек көзқарас салдарынан полигон маңайында тұратын халықтың әр түрлі ауруларға шалдығуы жиілей бастады. Сәуле ауруының нышандары, мәсеплен, Семей облысында Абай ауданының, Қарағанды облысындағы Егіндібұлақ ауданының тұрғындарының бойынан көптеп кездесті. Бірақ полигонның халықтың денсаулығына төндіріп отырған қатері туралы оқта-текте үн көтергендердің дабылы естілусіз де ескерусіз қалып жатты. «Империалистік қатерден» үрейленген мемлекет қарулануды жалғастыра берді. 1969-1970 жылдары Маңғыстау облысының аумағында да халықтан жасырын түрде кен жыныстарында үш бірдей жерасты ядролық сынағы өткізілді. Саяси және идеологиялық жағдайдың ушығуына социалистік достық одақ елдері ішіндегі күрделі қарым-қатынастар да әсер етті. Қытай Халық Республикасы өзінің «қытайлық ерекше» жолын іздестіре бастады. Оның үстіне ҚХР-дың Кеңес Одағымен қарым-қатынасы 1960 жылдардың ортасынан бастап салқын тартқан еді. Екі ел арасындағы экономикалық, саяси өзара байланыстар айтарлықтай шектелді. 1964 жылы әскери қарама-қарсылық күшейе түсті. Екі мемлкеттің де шекарасына сан жағынан орасан зор әскер әкелінді. Мысалы, кеңес шекарасындағы қытай әскерлерінің саны 1967 жылы 400 мың адамға жетті. Кеңес әскерлері болса Монғолияға қарай жылжып, Қиыр Шығыс пен Забайкальеге орналастырылды. 1969 жылғы масуымның 13-і Даман аралығында екі ел арасында әскери қақтығыс болып, оның барысында екі жақтан да көп адам қаза тапты. Дәл екі айдан соң тамыздың 13-, Семей облысындағы Жалаңашкөл бойында келесі ірі әскери қақтығыс болып, адамдар тағы да шығынға ұшырады. Кеңес басшылығы Қытай ядролық объектілеріне алдын-ала ескерту соққыларын беру жоспарын жасай бастады. Ядролық соғыс қауіпті шынайы сипат ала бастады. Бұл қатер КСРО мен Қытай басшыларын келіссөз жасауға мәжбүр етті. Қыркүйектің 11-і Пекин әуежайында А.Н. Косыгин мен Чжоу Эньлай арасында болған кездесу ядролық жанжалды болдырмауда шешуші рөл атқарды. Соғыс қауіпі жойылды, бірақ бұдан КСРО мен ҚХР арасындағы қатынас жақсарып кеткен жоқ. Екі ел ұзақ уақыт бойына бір-біріне қырғи қабақ қарап келді. 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың бас кезінде Кеңес Одағында қос қабат қайшылықты жағдай қалыптасты: оның бұрын-соңды еш уақытта дәл осындай аса қуатты қорғаныс қабілеті болып көрмеген еді, бірақ нақ осыған байланысты соғыс қатері, ядролық шабуылға ұшырау қауіпі бұрынғыдан да анғұрлым ұлғая түсті. Бұл кезде әлемдік социализмнің даму қамқорының бәсеңдеуі байқалды. Әлеуміттк-экономикалық және саяси салаларда қолайсыз бетбағыттар пайда болып, тереңдей түсті. Шығыс еуропа елдерінде орныққан тотолитарлық құрылыстар саяси басшылық пен мемлекеттік басқару функцияларын бір уысқа шоғырландыра келіп, бірті-бірте өзін халық бұқарасына қарсы қойды. Бұған, мәселен, Польшада болып өткен оқиғалар айғақ бола алады. Мұнда 1956 жылдан 1980 жылға дейінгі аралықта төрт рет дау-жанжал туындады. Ол поляк Біріккен Жұмысшы партисяның нақ өзі мен оның әлеуметтік тірегі болып саналатын жұмысшы табы арасында өрестеді. Бұл тоңтерістік әкімшіл - әміршіл жүйенің теориясы мен идеологиясының дағдарысқа ұшырағандығының белгісі еді. Алайда мұндай «дабылдардың» бірді – біріне лайықты жауап берген жоқ. Жаңартуға ұмтылыстар оппортунизм, ревизионизм, яки «капитализмге қайта оралу» деп бағаланды. Мұнда ел басқару жүйесін сақтап қалудың барлық құралдары, тіпті әскери жағдай енгізу де түгел қолданылды. Қасарыспа қасаңдық пен идеологиялық шалықтау шылауында қалған КСРО мен социолистік қосын елдері басшыларының басым көпшілігі қоғамдық құрылысты түбегейлі өзгерту міндеттерін шешу биігіне өре жеткізе алмады. Идеологиялық қысым көрсету мен әр түрлі жазаларға ден қою социализм дәуіріндегі рухани өмірдің басты нышандарына айналды
38-билет
Қайта құру мен жариялылықтың экономикаға әсерін талдаңыз
1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды.  М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.
 Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады
39-билет
Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы турылы баяндаңыз。
ХХ—шы ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде ұлттық саяси партияларының алғышартының қалыптасып, одан әрі дамуы қазақ халқының ұлт—азаттық қозғалысының маңызды кезеңі болып табылады. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақ халқын рухани жағынан да отарлады: тілінен, ділінен бірітіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды. Бұл жөнінде М.Дулатов 1907 жылы жазған " Қазағым менің, елім менің" атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: " ...ең алдымен қазақ халқы — Ресейге тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады.... Өздеріңіз көп жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып—соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді.Сөйтіп Қазақстанда ең алдымен отаршылдыққа қарсы ұлттық сұраныстарға жауап беруге бағытталған идеялар, одан туындаған қозғалыстар мен саяси партиялар құрыла бастады.Қазақ ұлтының демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерлеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешігіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан—жақты экспансиясының тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгі мен әр түрлі петициялар арқылы талап—тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік думаның сайлауына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты. Сондықтан да 1905–1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған Ресей қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп, нақтылы іс—әрекеттерге барды. Олар, атап айтқанда
қазақ қауымын ең болмағанда уездер мен болыстар шеңберіндегі жүйесін қалыптастырудың отарлық сипатын өзгертуді талап етті.
Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. “Партия” деген сөз латын
тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік, билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етгі. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламентгер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшьшықтар шиеленіседі. Осыған байланысты сая-си партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзак тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Всбср саяси партиялардьщ дамуында мынадай кезендерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар.
Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы—олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаған болатын). Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды. Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі — олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. Өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартгы. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызметт. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды
40-билет
Кеңес одағының ыдырауы және ТМД-ның құрылуы туралы баяндаңыз
1922 жылдың желтоқсан айында Украинаның, Белоруссияның, Теріскей Кавказ және Ресей Федерациясы Кеңестерінің республикалық съездері өтті. Олар большевиктердің қысымымен республикалар одағының құрылуын жақтаған шешімдер қабылдады және Бүкілодақ Кеңестерінің І съезіне делегаттар сайлады. Осы уақытта Қиыр Шығыс Республикасы таратылып, Ресейге қосылды.
1922 жылдың 30 желтоқсанында Мәскеу қаласында Бүкілодақ Кеңестерінің І съезі өтті. Съез төрт республика: Ресей, Теріскей Кавказ федерациялары мен Украина және Белоруссия бірігіп, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құрылуы туралы қаулы шығарды және КСРО құрылғаны туралы Декларация мен Шарт қабылдады.
Бірақ, «халықтар достығының салтанаты» орнаған көпұлтты федерация орнына Кеңес Одағы біртіндеп әкімшілдік-әміршілдік басқару системасы қалыптасқан, тоталитарлық сипаты бар коммунистік империяға айналды. КСРО құрылған кезде федерацияда терезесі тең болады деген одақтас республиклар барлық жағынан Мәскеуге бағынып, онсыз бір жөнді мәселені шеше алмайтын қуыршақ құрылымдар болып қала берді. «Социалистік интернационализм» принципі негізінде бір тілде сөйлейтін, бір идеологияға және бір орталыққа бағынған «кеңес халқын» құрамыз деген Одақ басшыларының әрекеті XX ғасырдың 70 жылдары сәтсіз аяқталды. Ең соңында экономикасы ішкі және сыртқы жағдайы, ұлттық саясаты тығырыққа тірелген Кеңес Одағы 1991 жылы ыдырап, оның кеңістігінде 15 тәуелсіз мемлекет пайда болды. КСРО-ның ыдырауындағы басты себеп – ол 1986 жылдары Қазақстанда басталып,Украина, Латвия, Литва, Эстония, Грузия және Әзірбайжанда жалғасын тапқан ұлт-азаттық қозғалыс болды деп айтуға болады. Кеңес Одағының ыдырауы тарихи заңдылыққа бағынған үрдіс, өйткені көп ұлтты империялар қандай саясат жүргізсе де уақыты жеткенде ыдырауға мәжбүр болды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.
1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

Приложенные файлы

  • docx 15826095
    Размер файла: 127 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий