тарих экзамен


XX ғ.басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорын» (Переселенческий фонд) құру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. «Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға әзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді. Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетті. 1897 жылғы санақ бойынша Дала өлкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер негізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бұл облыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды. XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жүйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ ө
лкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды. Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді. XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсілорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал­ жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттаңыз
XX ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнеркәсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау-кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жуйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезеңде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. XX ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды кемір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Ісжүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. «Спасск мыс кеніші» акционерлік қоғамының төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ал төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно болды. Орыстық-Азиялық деп аталатын Риддер мен Екібастұз кеніштерінің корпорациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгері Уркварт қаржы салды. Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент темір жолының ұзындығы 1656 км құраса, ал онда істейтін жұмысшылардың саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Қазалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді. XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсілорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал¬ жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.
. 1905-1907жж біріншы орыс революциясының Қазақстанға ықпалы
1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды
II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары
Бірінші орыс революциясы қатаңдықпен басып тасталғаннан кейін патша үкіметі елде қуғын-сүргін шараларын жүзеге асыруға кірісті. 1907 жылы реакцияшыл сайлау заңы шықты. Ендігі жерде бұратана ұлттар, соның ішінде қазақтар да сайлау құқығынан айырылды. Патша үкіметі Қазақстанның байырғы халқы сайлауға қатысуға әлі дайын емес деп санады. Сондықтан да 1907—1917 жылдарда қазақтар Ресейдің Мемлекеттік Думасына сайланған жоқ. Патша үкіметінің бұл шарасы қазақ халқының ашу-ызасын туғызды. 1907 жылғы маусымда Ақтөбе, Петропавл, Костанай сияқты тағы да басқа қалаларда наразылық митингілері болып өтті. 1908 жылы Ә. Бөкейханов Выборг үндеуіне қол қойды. Ол үндеу II Мемлекеттік Думаның таратылуына қарсылық ретінде қабылданған болатын.
Келесі шақырылған Мемлекеттік Думаларда қазақ халқының мүдделерін Т. Седелъников, В. Недоносков, Н. Бородин, И.И. Космодемияновский, А. Виноградов, Н. Скалозубов сияқты орыс депутаттары белсене қорғады. Орынбор губерниясынан сайланған депутат Т.И. Седельников Мемлекеттік Дума мәжілісінде былай деп ашық айтты: «Жүздеген мың қырғыздар... мүлде жерсіз қалып отыр, ұлтарақтай ғана болмашы жері бар қырғыздардың саны кем дегенде миллионға жетеді». Қазақтардың жерге қатысты құқығын башқұрт Ш. Сыртланов, татар депутаты С. Максудов қорғады.
Закавказьелік депутат X. Мамедов III Мемлекеттік Думаның мінберінен бүкіл мұсылман фракциясының атынан сөйлеген сөзінде Ресейдің ішкі аймағынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударуды онда қазақтардың жерге қатысты занды құқықтары шешілгенге дейін тоқтата тұруға шақырды. Қазақтың белгілі саяси қайраткерлердің бірі Мұстафа Шоқай Думаға депутат болмаса да, III және IV Мемлекеттік Думалардағы мұсылман фракциясының құрамына кіріп, ондағы мұсылман депутаттардың назарын қазақтардың бастан кешіріп отырған ауыр халіне аударды.
Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.
Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.
1905-1907 жылдардағы революцияның жеңілуінің себептері:
1)Қазақ жұмысшыларының аздығы.
2) Қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы.
3) Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжиребесінің жеткіліксіздігі.
4) Жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы.
4. Қазақстанда патшалық аграрлық және қоныстандыру саясатына сараптама жасаңыз.
XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды.
Шаруаларды Қазақстан аумағына қоныс аудару себептері
Егер XIX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, ғасырдың екінші жартысынан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды.
Мұның бірқатар себептері болды. Біріншіден, 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Шаруалар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жаппай жерсіз қалды немесе ұлтарақтай шағын жерге ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен Сібір аумағына жаппай қоныс аударту шараларын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Екіншіден, Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағыдай онды нәтиже бермеді. Әскери қызметте жүрген казактар өлкедегі әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды қамтамасыз ете алған жоқ.
Оның үстіне Ресейдің жерсіз шаруаларын жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлары мен хаттары ол жақта қалғандарды еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға қызықтыра түсті.
Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы
1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады.
Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер көріп қайтушыларды (ходоқтарды) жіберді. Олар өздеріне қолайлы деген жерлерді таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септі. Жердің құнарлы екеніне көздерін жеткізген олар ұзақ мерзімді жалға алу жөнінде келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге шақырып, жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола бастады. Кейін ол жерлер өзінің бұрынғы иелерінен тартып алынып, қоныс аударып келген орыс шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді. Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс шаруаларының жағында болды.
Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери губернаторы Г.А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен «Жетісуга шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың әрбір ер азаматына 30 десятинадан жер телімі бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. Қоныс аударушы шаруаларға пайыздық өсімсіз қарыз берілді. 80-жылдардың ортасына қарай Жетісуда жер тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан жер телімдерінің мөлшерін 10 десятинаға кемітуге, әр түрлі жеңілдіктер беру мерзімін 5 жылға дейін қысқартуға тура келді.
1889 жылы «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Онда олардың қоныс аударуына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік мүлік министрлігінің рұқсаты міндетті түрде қажет болды. Ондай рұқсат патша үкіметіне «сенімді» және «елге еңбегі сіңген» құрметті адамдарға ғана берілетіні алдын ала арнайы көрсетілді. Бірақ қатардағы шаруалар бұл ережеге қараған жоқ. Олар өз еріктерімен жаппай қоныс аударуын тоқтатпады.
Шаруалардың Қазақ даласына қоныс аударуы 1891 жылдың көктемінен бастап ресми түрде тоқтатылды. Бірақ қоныс аударушылардың тасқынын тоқтату өте қиын болды. Оның үстіне, Ресейде құрғақшылық салдарынан астық шықпай қалды. Елде ашаршылық басталды. Сөйтіп шаруалардың Қазақстан аумағына өз еріктерімен қоныс аударуы одан әрі күшейе түсті.
Шаруалардың қоныс аудару қарқынының күшейе түсуі
1892 жылы Транссібір темір жолының құрылысы басталды. Ол Қазақстанның солтүстік өңірін басып өтті. Мұның өзі қазақтардың иелігіндегі жердің 4,2 миллион десятинасын қосымша тартып алуға жеткізді. Темір жол құрылысы шаруалардың қоныс аударуына неғұрлым ұйымдасқан сипат берді. Шаруалардың темір жол құрылысы аумағына (оның оңтүстігіне қарай 100 шақырым жерге дейін) қоныс аударуына Сібір темір жол комитеті де мүдделі болды.
Қоныс аударушы шаруалар адам тасуға бейімделмеген қолайсыз вагондарда тасып әкелінді. Петропавл және Омбы сияқты қалалардың темір жол торабы бекеттерінде ондаған мың қоныс аударушы шоғырланды. Олар ашық аспан астында жатты, кейде ауа райының қолайсыз күндерін де сонда өткізді. Азық-түліктің жетіспеушілігі мен дәрігерлік көмектің болмауы салдарынан адамдардың арасында ауру-сырқау көбейді, тіпті өлім-жітім де аз болған жоқ. Сондықтан да Омбы мен Петропавлда қоныс аударушылар пункттері мен аурухана барактары жедел түрде салына бастады.
1903 жылы «Сырдария, Фергана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Ол ереже бойынша жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса жаппай тартып алу көзделді. Тап сол жылы «Сібірге (Алтай округынан өзге) және Дала генерал-губернаторлығына қоныс аударушыларға үкімет атынан берілетін жәрдем түрлері туралы Ереже» бекітілді.
1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже бойынша жергілікті отаршыл өкімет билігіне шаруалардың Ресей империясының азиялық бөлігіне қоныс аударуына ешқандай кедергі келтірмей, рұқсат етуіне құқық берілді.
1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аймақтары еді. Оларды құрғандағы күктелген негізгі міндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық» жерлерді іздеп табу болды. Патша үкіметі қоныс аудару басқармаларына қазақтардың жерлерін тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгі отырған атамекенінен күштеп қуып шығуына толық ерік берді.
1870—1914 жылдар аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстарының аумағына 1,4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең жартысына жуығы (721 мың адам) Ақмола облысына жайғастырылды. Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды.
Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының қарсылығы
Бірінші орыс революциясынан кейін қазақ халқы патша үкіметі жүргізіп отырған отаршылдық саясатқа қарсы күресті күшейте түсті. Алым-салықтар төлеуден және міндетті борыштарды атқарудан ашықтан-ашық бас тартты. Отаршылдардың сенімді тірегі — әскер құрамаларына шабуыл жасау да жиілей түсті. Қазақтар мен келімсек орыс шаруалары арасындағы шиеленісті оқиғалар орын алды. Отаршыл өкімет билігінің органдары тарапынан ұлтаралық араздықты ұшықтыра түсу әрекеттері жиілеп кетті. Мәселен, 1914 жылғы 9 қазанда Жетісу облысының әскери губернаторы уезд бастықтарын жинап алып, оларға қоныс аударушы шаруалар қатарынан сенімді қарулы отрядтар құруды міндеттеді. Олар ел арасында шолғыншылық қызмет атқаруға тиісті болды. Жалпы жағдай шиеленісе қалған кезде олар өлкедегі мұсылман халқына қарсы соғысуға міндетті еді. Әскерилендірілген қарулы шаруалар қазақ ауылдарына шабуыл жасаумен айналысты. Олардың малдарын айдап әкетті. Ал ертерек келіп орналасып қалған шаруалардың көпшілігі ондай озбырлықты ашықтан-ашық айыптады. Өйткені өлкеде бұрыннан тұратын шаруалар жергілікті қазақтармен едәуір достасып, аралас-құралас байланыс орнатып та үлгерген еді. Олар бір-бірінің тілдерін, әдет- ғұрыптарын және салт-саналарын жап-жақсы біліп қалған болатын
Столыпин аграрлы реформасының нәтижесін анықтаңыз.
Столыпиннің 1906 жылғы аграрлық реформасы
Қазақ халқының занды құқығын мүлде елеп-ескермеудің бір белгісі қоныс аударушы шаруалар санының одан әрі арта түсуі болды. Бұл ретте жергілікті халықтың өкілдерімен алдын ала кеңесу, ақылдасу деген атымен болған жоқ. 1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Шаруалар қауымын ыдырату, оларды Қазақстанға қоныс аудару жөніндегі реформа Столыпиннің аграрлық реформасы деп аталды.
Бұл реформаның көздеген негізгі бағыты қоныс аударушы шаруалар қозғалысының кеңінен етек алуын қамтамасыз ету болатын. Шаруалардың шығысқа карай атап айтқанда, Қазақстан аумағына қоныстануға құқық берілді. Ал олардың бұрынғы жерлеріне қайтып оралуына елеулі түрде шек қойылды. Шаруаларды жер телімдерімен қамтамасыз ету қазақтардан тартып алынған жерлердің есебінен құрылған отаршылдық қоныс аудару қорынан жүзеге асырылды.
Жергілікті қоныс аудару мекемелері шаруаларға хутор салу үшін 45 десятинадан, егін егуге 15 десятинадан жер бөліп беруге міндеттелінді. Жер бөлумен айналысатын мекемелерге жергілікті халықтың жерін тартып алып, олардың жеріне келімсек шаруаларды орналастыруына рұқсат етілді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазақтардың егін суару құрылыстары да тартып алынды.
Шаруаларға ең құнарлы жерлерді іздеп тауып, көріп келетін адамдарды кедергісіз жіберіп тұру құқығы берілді. Шаруалардың темір жолмен жүруге де жеңілдіктері болды. Оның үстіне, патша үкіметі шаруалардың Қазақ жеріне емін-еркін қоныс аударуын кеңінен насихаттады. Мәселен, 1907 жылы Ресейдің орталық губернияларындағы шаруалар арасында осы тақырыпқа арналған 6,5 миллион дана кітапша мен парақша таратылған. Оларда үкімет шаруаларды Ресейдін азиялық бөлігіне неғұрлым көбірек қоныс аударуға шақырды. Ол басылымдарда Қазақстан мен Сібір аумағында қалай ыңғайлы орналасуға болатыны жөнінде практикалық ұсыныстар мен кеңестер берілді.
1917 жылға қарай жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45 миллион десятина жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын.
Жергілікті халық жағдайының нашарлай түсуі
Ішкі Ресейдегі шаруалардың Қазақстан аумағына қоныс аудару тасқыны мұндағы байырғы халықтың жерін жаппай тартып алуға ұласты. Қазақтар өздері ғасырлар бойы отырған ежелгі қоныстарын, ондағы қыстауларын, ата-баба зираттарын тастап, қиыр шеттегі әрі құнарсыз жерлерге көшуге мәжбүр болды. Отаршылдық саясат келімсек орыс шаруалары мен жергілікті қазақтардың арасында ғана емес, қазақтардың өз араларында да жанжалды дау-дамайлар тудырды.
Тартып алынған жерлердің ең жоғары мөлшері Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы неғұрлым құнарлы жерлер еді. Мәселен, қоныс аударып келген шаруалар қорына деп Омбы уезінде бүкіл жердің 52%-ы, Қостанай уезінде - 54%-ы, Ақмола уезінде - 73%-ы тартып алынды.
Мұның өзі көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды күйзелтті. Кедейленіп, қайыршыланған қазақтардың күнкөріс қамымен түрлі кәсіпшіліктерге, соның ішінде тау-кен өнеркәсібіне жұмыс іздеп кетуіне тура келді. Олар жатақтар деп аталды.
XIX ғасырдың аяғына қарай жатақтардың қалалар мен казактар поселкелеріне қарай ағылуы күшейді. Осыған байланысты патша үкіметінің жергілікті өкімет билігі Дала генерал-губернаторының алдына оларды бұрынғы тұрғын орындарына қайтару мәселесін қойды. Жатақтар аянышты хал кешті, бір күндік ұсақ-түйек жұмыстар атқаруға жалданып күн көрді. Ондаған мың қазақтар зауыттар мен фабриктерге, кен орындарына, тұз өндіру кәсіпшіліктеріне жұмыс іздеп кетті. Қазақстанмен көршілес Томск және Тобыл губернияларының аумағында 50 мыңға жуық қазақ билет бойынша тұрып жатты. Олардың көпшілігі маусымдық жұмыстар атқаруға жалданды. Іс жүзінде Батыс Сібірдегі қоныс аударушы орыс шаруаларының малын тақыр кедейге айналып, әбден қайыршыланған қазақтар бақты. Олар өздерінің жүрген жерлерінде түтін салығын да, жалгерлік жұмыс істеу үшін жиналатын алымдарды да толық көлемінде төлеп тұрды.
Күн көру, тіршілік ету және өздерінің жерлерін аман сақтап қалу мақсатымен қазақтар отырықшы өмір салтына көшуге мәжбүр болды. Оларды бұл жағдай да құтқара алмады. Дәстүрлі бақташылықтан бірден егіншілік кәсібіне көшу оңай тиген жоқ. Қазақтардың көпшілігінде егіншілікпен айналысуға қажетті құрал-саймандар болмады, тұқымдық дән де жеткіліксіз еді. Оның үстіне, жер өңдеудің дағдылы әдістерін де білмеді.
Столыпиннің агрардық реформасы қазақтардың мал шаруашылығын дағдарысқа ұшыратты. Аймақтағы демографиялық жағдайда өзгерді. Бір жағынан, қазақтардың, екінші жағынан, шаруалар мен казактардың арасындағы қарама-қайшылық шиеленісе түсті. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Куропаткин былай деп мойындауға мәжбүр болды: «Қырғыздар (қазақтар. - авт.) соңғы 30 жылда, әсіресе соңғы 12 жылда барлық жағынан да қыспаққа алынды. 1904 жылдан бастап тек Жетісу облысы бойынша ғана олардан бірнеше миллион десятина жер тартып алынды».
ХХ ғасырдың басында Қазақстанда халық білімінің дамуының ерекшеліктерін ашыңыз. Алекперов А., Сералин М., Шәкәрімнің, М.Көпеевтің ағартушылық қызметі.
XX ғасырдың басындағы алдынғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басхи мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды, әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық қазыналар үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өнірінде қызу қызмет жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады. Ұлттық «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдары мен басқаларының беттерінде олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды. Тіл мен әдебиетті дамыту ерекше бөліп көрсетілді. Қазақ тілі мен әдебиетінін дамыту проблемалары жөнінде араб графикасы нетізіндегі қазақ әліпбиінің тұңғыш талантты реформаторы, «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Жаңа әліпби» (1928) атты қазақтың тіл ғылымында ғана емес, бүкіл ғылыми түркітану әлемінде де жаңашылдық деп саналтан енбектердің авторы А. Байтұрсынов көптеген мақалалар жазды. «Қазақ» беттеріндегі еңбектерінде А. Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол өзінің қазақ және орыс мектептеріндегі оқыту проблемалары туралы ой-пікірлерін баяндай келіп, балаларды міндетгі түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етеді, «бастауыш мектептер миссионерлік саясаттан тыс болуға тиіс, яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санайды. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтеді. XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені қолданыстағы патша зандары көшпелі халықтың құқығына нұқсан келтірді, мұның наразылық туғызғаны табиғи нәрсе. Өз халқының ежелгі өз жеріндегі қасіретті жағдайы туралы толық хабардар болған олар патша өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік қажеттері туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді, бұл олардың халық бүқарасының құқықтық білімін кенейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен терендетуіне мүмкіндік берді. Қазақ зиялыларының қызметінде жер туралы мәселе өзекті орын алды. Олар өздерінің ғылыми және көсемсөздік мақалаларында, патшалық өкімет орындарына әр түрлі үндеулерінде патша үкіметінің қазақ халқының өмір жағдайларына сай келмейтін заң нормаларын әділ сынға алды.Қазақ қоғамының рухани саласында етек алған заңсыздыққа өз наразылытын білдіріп отырды. Патша шенеуніктері қазақ халқы зиялы өкілдерінің дүниежүзілік өркениет пен мәдениет жетістіктерін игеруіне мүдделі болмады. Бірақ халықтың ғылым мен мәдениетке тартылуына кедергі жасауға бағытталған шаралар күткендегідей нәтиже бермеді. Қазақ халқының білім алуға деген өскелен қажеттері патша үкіметін Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Верныйда және басқа қалаларда бірқатар оқу орындарын ашуға мәжбүр етті, оларда қазақтар оқып, бастауыш және орта мектеп көлемінде білім алды. Патша өкіметі «бұратаналарды» орта және жоғары оқу орындарында оқуға рұқсат етуге мәжбүр болды. Жоғарыда атап өтілгеніндей, қазақ жастары Қазан, Томск, С.-Петербург, Мәскеу, т.б. университеттерінде, техникалық және медициналық жоғары оқу орындарында білім алды. Өз халқын оятуда зор рөл атқарған қазақ зиялыларының тамаша шоқ жұлдызы XX ғасырдың басына қарай нақ сол буыннан қалыптасты. Олар өз халқын отаршылдық бұғауынан азат, өркениетті, дербес және тәуелсіз жағдайда көруді армандады. Қазақ зиялыларының өкілдері патша өкіметін дала өңірінде білім беру ісін неғұрлым жедел жүргізгісі келмегендігі үшін сынады, ал өздері отандық ғылымды қалыптастырудың алғышарттарын жасауға ұмтылды. Қазақ зиялылары ғылыми мақалалар, сөйлеген сөздері арқылы өркениетті елдердегі ғылым жетістіктерін насихаттауға, оның қажеттігін, қоғамды түбірінен өзгерте алатын құдіретті күшін дәлелдеуге ұмтылды. Олардың күш-жігері ізсіз қалмағанын атап өткен жөн. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары дәрігерлер, саясатшылар, судьялар, ақын-жазушылар болатын, бұл кезең қазақтың жан-жақты білімді азаматтары — Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқаларының қалыптасуымен ерекшеленді. М. Тынышбаев, Ә. Ермеков, X. Досмүхамедов және басқа Алаш азаматтары ғылыми зерттеулермен айналысты. Қазақстан ғылымының қаулап дамуы Кеңес өкіметі жылдарында болғанын теріске шығаруға болмайды, бірақ оның іргетасын нақ XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының талантты жас өкілдері қалаған еді.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.
10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел ау­зы­нан да, қағаз бетінен де жинау­мен айналысады.
1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. ша­һарларға сапарға шығады. Ол заман­да негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапа­рының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толық­тырады. Араб, пар­сы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өз­бек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.
Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түр­кістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауи­дің басындағы Әмір Темір сал­дырған көк күмбезін көреді. Онда да бір­сыпыра уақыт болып, бірнеше ға­лым­дармен танысады. Одан әрі Сыр өңі­рін аралайды. Майлықожамен жолы­ғады, жеті ата­сы­нан бері ақын­дық үзіл­меген дуана қожа Көшек, Кү­дері қожа тұқым­дарымен та­ны­сады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлы­тау мен Кіші­т­ауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қылған жұртты аралайды. Осын­дай екінші сапарына Мәшһүр Жү­сіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар шамасында шықса, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы
Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сарыарқаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тама­шамыз” ат­ты туын­ды­лары 1907 жылы Қазан қа­ласындағы Құсайыновтар баспаханасынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шық­қан 14 қалам ие­сінің шығар­ма­ларын цен­зура сот­қа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар.
Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгі­лерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгі­мелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы­ның аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгі­мелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шек­телмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жыр­ларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақын­дар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фоль­клорлық үлгі­лерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырла­рының 30-40 шақтысы топталған.
Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Са­йын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпос­тық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз­торғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжаз­басынан көшіріп алғанын бі­леміз. Ал “Алтынбас-Күмісаяқ”– 200 жол­дан тұ­рады дей отырып, бұл жыр үлгі­лерін жи­наған В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі бол­дық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жина­ғынан ала отырып, олардың бәрін қол­жаз­баның әр жеріне шашыратпай, бір же­ріне ғана топтастыра орналастырған. Сон­дай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жы­рының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар.
Зерттеуші ел арасынан түрлі ер­те­гілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақ­тар­ған Жаманбай”, “Баһырам патша ту­ралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты” , “ Ақтабан шұбырын­ды, Ал­қакөл сұлама”, “ Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Ала­ша хан”, “ 7 жасар Жел­кілдек”, “Ер Төс­тік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі пат­ша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б.
Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына қара­ғанда, мақал-мәтел­дер­ді жинаумен ай­налысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі, мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке-дара кез­деспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру керектігі аян.
Мәшһүр Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен, “Ұлбике қыз бен Кү­дері қожа ай­тысы”, “Ұлбике қыз бен Қа­рақалпақ Жан­кел ақын айтысы”, “Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа ай­тысы”, “Шоң, Торайғыр ақыны Орманшы Са­қау ақыны мен Қара­кесек қызы Тоғжан ай­тысы”, “Қалдыбай қожа мен Соқыр Шө­же айтысы”, “Соқыр Шөже мен Қаракесек ақы­ны Балта айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жа­нақ пен Най­ман Сабырбай айтысы”, “Қаракесек Қам­бар Жанақ пен Найман-Түбек ай­тысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Ор­маншы- Сақау ақын айтысы”, “Қу­ан­дық-Алтай бір ақыны мен Найман қызы Опан айтысы”, “Керей-Тұрлыбике ақыны Үрімбай ақыны мен Арыстанбай ақын айтысы”, “Айдабол-Күліктің Күлігінен шыққан Жамшыбай ақыны мен Найман-Түбек айтысы”, “Ақбала қыз бен Боздақ жігіт айтысы”, “ Қыз бен жігіт айтысы” тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен берілген.
Сондай-ақ қолжазба ішінде ақын айтыс­тың: “Қыпшақ Өске Тәтті қыз”, “Қолға түскен Алтай жігіт –Найман Опан қыз” айтысы 46 жолдан, “Шортанбай қожа мен Арыс­танбай ақын” айтысы 100 жолдан, “Шал мен қыз”, “Шөже мен Қалдыбай”, “Жа­нақ пен Түбек”, “Ұлбике мен Күдері” ай­тысы – 106 ауыз өлең, “Жанкел мен Ұлбике” айтысы – 100 ауыз өлең, “Заман қожа мен Осы қыз” айтысы – 50 ауыз өлең, “Тоғ­жан мен Сақау” айтысы – 78 ауыз өлең т.б. деген түрлерін қанша жолдан тұратынын дере­гімен де бірге берген.
Ақын қол­жаз­ба­ларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары т.б. бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат Сапақ датқа ақ­ын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғ­жан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын- Қам­бар Жанақ, Найман Сабырбай, Най­ман Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шор­танбай қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек Бал­та, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туын­дыларын қағазға түсірген.
Бұлардан басқа қолжазбаларда мы­надай мәліметтер берілген: “Хазірет Юсуф пай­ғамбар”, “Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған”, “Сары­арқа тарихы”, “Шоң, Торайғыр билер”, “Абылай аспаған са­ры бел”, “Қоқан хандары тарихы”, “Кіші жүз ұрандары мен рулары”, “Ша­ныш­қылы Бердіқожа батыр тарихы”, “Едіге мен Төле би”, “Көлеби батыр”, “Олжабай батыр тарихы”, “Абылай хан”, “Махамбет деген батыр шығыпты деп барып тапқан 92 батыр” турасында, қазақ шежірелері (Орта жүз тарихы, Мейрам сопы тарихы, Қуандық, Қаракесек, Найман, Қыпшақ тарихтары), “Барпық әңгі­мелері”, күлдіргі сөздер, “Қара­кесек пен төрелер ұраны” туралы, Мөңке би, Досбол би, Қожакент пен Өзкент, т.б. қал­алары турасында, “Ошақты Қоңырбай қалпе” әңгімесі, “Хазірет Нұхқа 370 жа­сында пайғамбарлық берілді”, діни нанымдар т.б., Сарман, Қиғара, Қосдәулет би­лер хақында, жыл басы туралы, Ор­ман­шы ақсары Шотана батыр жайындағы деректер орын алған.
Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп ма­те­риалдарды шолып қарай отырып, оның жи­наушылық еңбектерін саралауға бас­тай­тын мынадай ерекше­ліктерін жинақ­тап айтуға болады.
Бірін­шіден, Мәшһүр Жүсіп ерте­гінің, не аңыз­дың қысқартылған сұл­басын, шы­ғарма фабу­ласын берумен шектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы ай­тылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтып отырған.
Екіншіден, әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген. Әсіресе, сөздің дыбыстық әуез­ділігіне, өзара үнде­суіне көп көңіл бөлі­нетінін, дыбысталу сапа­сының сөз мағы­насына, сол арқылы шы­ғар­ма көр­кем­ділігіне пәрменді ықпал жасап оты­ратынын бағамдасақ, бұлай жазу қазақ тілін­­дегі сөздер фонетикасы тарихын жа­сау­да да елеулі рөл атқара­тынын дәйек­теуге бо­лады.
Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай ма­териалды кімнен қандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіп отырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи, этно­гра­фия­лық, т.б. мәні айрықша бола­тыны күмәнсіз.
Төртіншіден, ел тари­хын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген Мәшһүр Жүсіп жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқау­ла­рын қоса жа­зып отырған. Соңғы айтыл­ғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жа­зып алу­мен ғана емес, оларды сара­лап, белгілі бір тарихи жағ­дай, ел ахуа­лымен са­лыс­ты­рып отыр­ған зерт­­теушілік ең­бегін көрсетеді.
Мәшһүр Жүсіптің фоль­­клорист ғалым ретінде қалып­тасуының үш қай­нар көзі бар.
Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фоль­клор үлгі­лерінен тұ­ратын бай мұра­сын қабылдауы;
Екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін игеруі;
Үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялы­ла­рының әсері.
Ауыз әдебиеті мен фольклорлық үлгі­лерді жинау барысында Мәшһүр Жүсіп белгілі бір жинау принциптеріне сүйенген. Ол ақынның ағартушы-демо­кратиялық көз­қарасынан туындаған. Ең алдымен айтатын нәрсе, Мәшһүр Жүсіп фоль­клор­ды өзгер­туге, түзетуге жат­пайтын асыл мұра деп біл­ген, мәтінді сол қалпында хатқа түсіру шар­тын ұстанған. Сол себепті, Мәшһүр Жүсіп кімнен не алса да көрсетіп отырған.
Мәселен, “Әз Әйтеке би” әңгімесінде бір­неше мәтелдер шоғыры беріледі де, оның иесі, яғни жеткізушісі есебінде төрт Шө­ме­кейге қараның ханы бол­ғанын тілге тиек еткен.
Мұндай мысалдар ақын қолжаз­ба­сында көптеп кездеседі. Екіншіден, фоль­клорды тұрмыстың қажеті, елге білім, тәрбие беретін құрал деп білген. Сон­дықтан, әр мәтіннің шығу тарихын, айтылу жағ­да­йын, қалай та­ра­ғанын анықтап отырған. Мә­се­лен, Мәшһүр Жү­сіп жинаған “Малшы Алтай” әңгімесі. Мұнда Қуандықтың ба­ласы Алтай деген жігіттің Піс­пекбайдың жыл­қысын ерінбей, жалықпай тер төгіп, адал еңбегі арқасында жұттан шашау шығар­май аман алып шығуы баян­далады. Жылқышының таза көңіліне, адал­дығына т.б. қасиеттеріне тәнті болған бай оған өз қызы Байбикені қосады. Кейін Байбикеден туып, тараған ел “Жо­ғарғы Алтай” аталатындығы сөз болады.
Сондай-ақ, Байбике өлген соң, бай Алтайға екінші қызы Аққоянды да беріп, одан “Төменгі Алтай” деген ел тарай­тын­дығы баяндалады. Міне, көріп отыр­ға­ны­мыздай, адал еңбегі арқасында малшының да мұратына жеткендігін баяндай отырып, Мәшһүр Жүсіп өз заманындағы жастарға-осы іс-әрекетті үлгі ретінде ұсынады.
Жоғарыдағы деректерге қарағанда, Мәшһүр Жүсіп фольклорлық үлгілерді тек үлгі-өнеге, т.б. үшін ғана жинамаған тәрізді. Ав­тор сол нұсқалар арқылы өзіндік ой-топ­шы­лауларын да бірге беруге ты­рысқан. Яғни, фольклорды халықтың сана-сезімінің өзіндік көріну формасы деп бағалағандығын көруге болады. Ал, бұл Мәшһүр Жүсіптің жинау­шылық пен зерттеушілігінің бір арнада тоғысқандығын дәлелдейді. Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіптің фоль­клор­ды ауызша тарих, тарихтың көзі деп тануы. Бұған, мысал ретінде Абылай ханға қатысты 16 әңгімелер циклін келтіруге бо­лады. Мұнда ханның жас кезінен қайтыс бол­­ғанға дейінгі кезеңдері келтіріледі. Жал­пы бұл әңгімелерде қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын қалмаққа қарсы елдің бостандыққа, тәуелсіздікке күрес жолы сипатталған. Яғни, қиын қыстау кезде ел басына хан боп көтеріліп, өзінің сенімді билері мен батырларына сүйенген хан Абылайдың жаужүректілігі, да­налығы, ақылдылығы, тапқырлығы, ең бас­тысы, елдің бірауыздылығы, бірлігі, тату­лығы, ынтымақ­тығы, т.б. арқасында халықтың өз арманына, мұратына жет­кендігі айтылады.
Жинаушылықтың төртінші ұстанымы – фольклорды Мәшһүр Жүсіптің филология­лық тұрғыдан қарастыруы, яғни сөз өнері деп білуі. Ол фольклор­дың ел арасында ерек­ше мәртебеге ие екенін, қазақтың сөз өнерін аса жоғары қастер­лейтінін ба­рынша айқын көрсетуге ты­рысқан. Мәшһүр Жүсіптің халық ара­сында ең алды­мен ақын-жазушы ретінде таныл­ғанын ескерсек, онда оның фоль­клорды өз шығармаларына да арқау етіп отырғаны, сонымен бірге оны тіл бай­лы­ғының, сөз өнерінің, т.б. қайнар бұлағы есеп­ті бағалағаны анық.
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.
Өмірбаяны
Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Ресми ақталуы
1988 жылы Шәкәрім ақталып, оның өлмес, өшпес мұрасы халқына қайта оралды. Осы жылы ақынның “Жазушы” және “Жалын” баспасынан өлеңдер, ал “Өнер” баспасынан әндер жинақтары жарық көрді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерткіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. Мұның сыртында қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді.
Бүгінде осындағы екі бірдей жоғары оқу орнында – Семей педагогика институты мен Шәкәрім атындағы Семей университетінде шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Сол орталықтардың күшімен “Шәкәрім” және “Шәкәрім әлемі” атты екі бірдей журнал жарық көруде.
Семей педагогика институтындағы Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығында қазірде Шәкәрімнің тұлғалық экциклопедиясы дайындалуда. Мұның сыртында аталмыш орталықта Шәкәрім мұрасы туралы бүгінгі күнге дейін бес томдық еңбек дайын тұр.
Шығармашылығы
Бүркітін қолына қондырған Шәкәрім
«Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп («Анық асық әулие», «Шын сырым»), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»), 1905 жылы Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі танылады. Ол дін бұзушыларды қатты сынға алады. Шәкерім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы Құран сөздерін және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған:
«...және аятта: «Ей, мұсылмандар, пайдаланыңыз берген адал ырзығымнан», - деген», «Хадис: «Адал уәдесін бұзбаған иманның белгісі», - деген, «...адам өзін-өзі танымақ деген, жаратқан иесінің құны екенін һәм ғибадат үшін жаралғанын біліп, өзін-өзі тексеріп, зиянды істен қашып адал, пайдалы істі қылуға тырыспақ».
Сонымен қатар, Шәкерім шығармасында әділ, адал адам бейнесіне ерекше орын берілген:
«Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін», «Адамның адал ұлы болам десең, алдымен өзіңнің нәпсіңді жең», «Көп төбетке жетелі қайдан күшін, Құтқара алмай адалды пысады ішің», «Адаспайсың ақылды арлыға ерсең, Жолай көрме жылмайы сопы көрсең, Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың, Алданбайсың артынан ере берсең»; «Бір мезгіл: «Ой, тәңір-ай Адал жардың жолында өлгеннің арманы не?» - дегенде, тіпті, ер болып кетеді», «Адалға орын емес қазақ іші, Татты ғой соры арылмас таза кісі, Өзін асырар қазақтың өнері жоқ, Бірін-бірі талайлы бар жұмысы», «Адалдың әділ жолына, Ақырын басып жет, халық»;
Адал адамның адалдығының басы адал еңбек деу Шәкәрім шығармаларындағы адал іс-хәрекет, таза еңбек адамы мағынасындағы қолданыстары:
«Арсыз, арам айланы тастасалық, Адал іске талаппен бастасалық», «Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп, жаны үшін адамшылық ар сақтайды», «Талаптан адал істі істемекпіз, Тапсырдық бір Аллаһқа біз демекпіз», «Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар, Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек», «Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп, Таза ақыл косылса, Әлемнің таласын», «Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек, - Бұл төртеуін кім кылса, шын адам сол»;
Шәкәрім адал, халал мағынасында сөздерді тура және ауыспалы мағынада да қолданады:
«Адам мен еті адал хайуандардың бәрінің де сарқыты адал», «Халалға ойламайды шыдайын деп», немесе, «Мойныңа менің қаным халал болсын, Болма енді Қалқаманның қанына ортақ».
Ол орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалап, өз халқын дүние жүзілік озат мәдениетін игеруге тақырлы. Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады. Онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоунның «Том ағайдың балағаны» романын, Толстойдың «Үш сауал», т.б. әңгімелерін, А.С. Пушкиннің «Боран», «Дубровский» повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің «Ләйлі - Мәжнүн» дастанын назира үлгісімен жырлады. Шәкерім үнемі демократтық, халықтық, гуманистік-ағартушылық бағытта болды. Бұл орайла ол XX ғасыр басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Ақын кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.Көтеріліске шыққан халық пен жергілікті билік өкілдерін татуластыруға, қантөгісті
7. 1916 ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы.
1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс Халық бұқарасының арасында патша самодержавиесінің милитаристік саясатына наразылық өсе түсті.Ресейдің орталығындағы революциялық дағдарыстың пісіп-жетілуі ұлттық шеткергі аймақтарда,оның ішінде Қазақстанда де ерекше сезіле бастады.Ол жұмысшылардың ереуілдері мен басқа да бой көрсетулерінен көрінді.Осының бәрі патша саясатына наразы бұқараның ашық бой көрсетуіне әкеп соқпай қоймайтын еді. 1916ж 25маусым күні орыс емес «бқратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында қорғаныс құрлыстарын салу мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша,390 мың адам алу көзделді. Аталған Жарлық қазақ далысын өте ауыр жағдайға қалдырды.Тыл жұмыстарына жұмылдыру егін өнімдері мен пішін жинау,малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді.Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтарды шақыру қоеыс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұсқан келтірді. Іс жүзінде жұртшылық аштан қырылуға душар болды.Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып,Орталық Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды.Көтерілістің құлаш сермеуінен сескенген патшалықөкімет орындары 20 шілдеде шақыруды егін өнімдерін жинағанға дейін,ал 30 шілдеде 1916жылдың 15 қыркүйегіне дейін кейінге қалдыра тұру жөнінде хабарлады.Бірақ өкімет орындарына отарлық езгіге қарсы көтеріліс жалынын өшірудің сәті түспеді. Көтерілістің негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатты факторлары:отарлық езгінің күшеюі,еңбекшілерді аяусыз қанау,күшпен орыстандыру жөніндегі патша саясаты,ұлт араздығын қоздыру,еңбекші бұқараның соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы.Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады. Оның Торғай мен Жетісуда дала халқының танымал өкілдері,көпке белгілі жетекшілері Амангелді Иманов,Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин,Бекболат Әшекеев т.б. бастаған ірі орталықтары пайда болды. Қазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жарлығы Орынборға 1916жылғы 28 маусымда жетті.Торғай облысының әкімшілігі метрополияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз,бұлжытпай орындау жөніндегі шешім қабылдады.Алайда халық наразылығы күн санап өсе түсті.Қостанай,Ырғыз,Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды.Көтерілісшілер тау шатқалдарына топтасып,пошта бекеттеріне шабуыл жасады,темір жолды бұзды,болыстық басқармаларды талқандап,болыстарды өлтірді.Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды. Торғай уезінде Амангелді Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды.Көтеріліске дейін-ақ Амангелді даладағы халық бостандығын жақтаушы,орталық тәтіптің бітіспес қарсыласы ретінде танылған еді.Ол бірнеше рет те түрмеге де түсті,заңсыз сотталған жерлестерінің ісімен Петербургке де сапар шекті. 1916ж шілдеде Амангелді қазақ жасақтарын көтерілісшілердің бірыңғай сапына жинай бастады.Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас қолбасшысы – сардарбек,Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп,Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады.Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді.Сарбаздар ондық,жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді.Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды. Ақпан революциясының қарсаңында,Қазақстанның басқа облыстарында әскери қимылдар тоқтағанда,Торғай даласында жазалаушылар отрядтары мен көтерілісшілер арасындағы шайқастар жалғасып жатты.Ақпан төңкерісінің жеңісінен соң даладағы көтерілісшілер отрядтарының саны шұғыл өсті,ал 1917 жылдың соңында Амангелді Торғайды алды. Көтеріліс Жетісу өлкесіне кең тарады.Мұндағы өзгешелік жаппай бой көрсетулерге тек қазақ еңбекшілері ғана емес,басқа халықтардың өкілдерінің (ұйғырлар,дүнгендер,қырғыздар)де қатысуы еді. 1916-1917 жылдары көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып,ұлт-азаттық қозғалыс дәрежесіне дейін өсті.Ол патшаның әскери-басқыншылық саясатына,әрі белгілі дәрежеде даланың жемқор бай феодалдарына қарсы бағытталды.Бұл көтерілістің негізгі мақсаты ұлттық және саяси жағынан азаттыққа қол жеткізу,Қазақстанның барлық азаматтарына тең қарым-қатынас пен құрметті талап ету еді. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші қазақ шаруаларының қалың бұқарасы,сонымен бірге қалыптасып келе жатқан жұмысшы табының өкілдері,қолөнершілер болды.Көтеріліс сипаты жағынан ұлт-азаттық,соғысқа,патшаға қарсы көтеріліс болды.Антифеодалдық сипаты да бар еді. 1916 жылғы көтеріліс Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының ұлттық сана сезімінің өсуіне қуатты түрткі болды.Отарлық езгінің көп жылдарынан соң олар өздерін бірінші рет Ресей самодержавиесінінің отарлық экспансиясына қарсы қарулы күрес жүргізе алатын күш ретінде сезініп,ұлттық мүдделердің ортақтығын түсіне бастады. Қазақ даласынан ет, мыңдаған жылқы мен түйе майданға жіберілді. Соғысыт сылтау етіп, жұмыса «ерікті түрде» шаруаларды пайдаланды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске патшаның 19 жастан 43 жас аралығында еңбекке жарамды халықты майданның қара жұмысына алу туралы 25 маусымдағы жарлығы сылтау болды. Бұл қара жұмысқа Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам алу жоспарланды.1916 жылы шілде айының басында Қазақстанның барлық аймақтарында қарулы көтеріліс басталды. 1916 жылы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттыққа жету болды. Торғай облысы 1916 жылғы көтерілістің ірі орталықтарының бірі болды. Мұнда қазақтардың күресі ұзаққа созылды. Торғай даласындағы көтерілісшілердің саны 50 мыңға дейін жеткен. 1916 ж. қазан айында Амангелді бастаған көтерілісшілер Торғай қаласын қоршады. Көтерілісті талқандау үшін патша үкіметі генерал Лаврентьев басқарған тоғыз мың адамдық жазалаушы корпус жіберді. Патшаның жазалаушы әскерлері қазақ ауылдарын шауып өртеп, халықты қырғынға ұшыратты. Көтерілісшілер Торғайды ала алмағаннан кейін партизандық күреске көшіп, жазалаушы әскерлерге елеулі соққы беріп отырды. Торғай көтерілісі 1917 жылы Ақпан революциясына дейін созылды. Сонымен қатар көтерілістің ірі орталықтарының бірі Жетісу жері болды. Қазақстанның оңтүстігінде Қарқара аймағы халықтық революцияның ірі ошағы болды. 1916 жылы 11 тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін қоршап алды. Көтерілісшілер Кравченконың жазалау отрядын талқандап, жәрмеңкені басып алды. Лепсі уезінде, Меркеде, Әулиеатада, Мойынқұмда көтерілісшілер патшаның жазалаушы отрядтарына қарсы табанды шайқас жүргізді. Жетісудағы халық көтерілісін басып-жаншу үшін патша үкіметі құрамында 14 батальон, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы бір тұтас жазалау экспедициясын жіберді. Нашар қаруланған көтерілісшілер жеңілуге мәжбүр болды. Көтерілісшілердің көпшілігі Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Патшаның жазалаушы отрядтары қазақ ауылдарын шауып, өртеп халықты қырғынға ұшыратты. Көтерілістің жеңіліс табуының ең басты себептері оның бытыраңқылығы, жеткілікті түрде ұйымдаспағаны болды, әскери қарудың жеткіліксіздігі, руаралық тартыстар, жергілікті халықтар мен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар. Сонымен бірге ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады және қазақ феодалдарының сатқындығы. Біреулері әскери қызметке баруға шақырды, екіншілері патша үкіметімен келіссөз жүргізді. Трихи маңызы ретінде 1916жыл, көтеріліс қазақ халқының ұлттық сана – сезімінің өсуіне үлкен әсер еткенән айтуға болады. Сонымен қатар қазақ халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды.
8. 1917ж Ақпан төңкерісі кезіндегі Қазақстан
1917 жылы ақпанда патша үкіметін құлатқан буржуазиялық-демократиялық төңкеріс жеңіске жетті. Төңкерістің басты ерекшелігі қос үкімет (буржуазиялық Уақытша үкімет пен Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестері) болды. Қазақстанда да бұл жүйе пайда болды. Наурыз айында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары - облыстық, уездік, кейіннен болыстық, ауылдық, селолық, станицалық атқару комитеттері құрылды. Ұлттық интеллигенция өкілдері Ә.Бөкейханов Торғай облысының, М.Тынышбаев Жетісу облысының комиссарлары болып тағайындалды.Қазақстандағы екінші үкімет халық үкіметінің органдары ретінде пайда болған кеңестер болды. Онда негізінен, социал-демократтар, меньшевиктер мен эсерлер еді. Осындай жағдайда өлкедегі аграрлық, ұлттық, мемлекеттік құрылыс және т.б. өзекті мәселелерді шешу үшін либералдық-демократиялық қозғалыс жетекшілері облыстық съездер (Орынборда, Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде) өткізе бастады. Уақытша үкімет Қазақстандағы жағдайды реттеуге арналған бірқатар шаралар енгізді. Алайда ең маңызды жер мәселесі шешілмей, болашақта шақырылатын Құрылтай Жиналысына қалдырылды. Өлкеде бұрынғы ұлыдержавалық саясат жалғаса берді. 1917 жылдың көктем, жаз айларында жұмысшы, революциялық-демократиялық жастар ұйымдары, саяси партиялар құрылды. С.Сейфуллин басқарған "Жас қазақ" Ақмолада, Т.Рысқұлов басқарған "Қазақ жастарының революциялық одағы" Меркеде, "Жас жүрек" Спасск заводында т.б. Уақытша үкімет – Ақпан революциясының нәтижесінде Ресейде құрылған билік органы. Төртінші Мемлекеттік Дума мүшелерінен тұратын уақытша комитет пен Петроград жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің келісімі бойынша 1917 жылы 2 наурызда құрылып, оны князь Г.Львов басқарды. Уақытша үкімет Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы шақырылып, мемлекеттік басқару пішімі шешімін тапқанға дейін билік жүргізуі тиіс болды. Уақытша үкімет Ресей азаматтарының құқығында діни-нанымына, ұлтына қарай ешқандай шектеушілік болмайтынын жария етті. 5 наурызда Уақытша үкімет жергілікті өкімет органдарын құру туралы қаулысын шығарды. 1917 жылы 20 наурызда Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің ұйғарымымен Торғай облысының комиссары болып тағайындалды. Оның ұсынысымен Қостанай уезінің комиссары болып А.Бірімжанов, Торғай уезінің комиссары болып О.Алмасов, Ырғыз уезінің комиссары болып Ғ.Теміров бекітілді. 7 сәуірде Уақытша үкімет Түркістан өлкесін басқаруды қамтамасыз ететін Түркістан комитеті құрамын бекітті. Мемлекеттік Дума мүшесі, кадет партиясының өкілі Н.Н. Щепкин төрағалық ететін Түркістан комитеті құрамында М.Тынышбаев, С.Мақсұдов, А.Дәулетшин секілді жергілікті ұлттық қайраткерлер болды. Ресей деңгейінде Бүкілресейлік мұсылмандар съезі өткізіліп, онда мұсылман халықтарының Уақытша үкімет жағдайында мүддесін қорғайтын Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі құрылды. 17 маусымда Уақытша үкімет дала облыстарына земство енгізу жайлы қаулысын шығарды. Соған орай Орал, Ақмола, Семей, Торғай облыстарында земстволық мекемелерді құру қолға алынып, оларға қазақ өкілдерін енгізу жүзеге асырыла бастады. 7 шілдеде А.Ф. Керенский Уақытша үкіметтің төрағасы болып тағайындалды. Тамыз айының соңында Уақытша үкіметтен билікті тартып алу мақсатында Л.Г. Корнилов бастаған бүлік болды. Бірақ Уақытша үкімет басшысы Керенский жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің көмегіне сүйеніп, бүлікті басуға қол жеткізді. 1917 жылы 25 қазанда Уақытша үкімет Қазан төңкерісі нәтижесінде құлады. Билікке В.И. Ленин бастаған большевиктер партиясы келді де көп ұзамай елде Азамат соғысы басталды.
9. Қазақстандағы қос үкіметтің ерекшеліктер
Қазақстандағы қос өкіметтің орталық аудандарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері болды, бұл өлкенің отар ретінде әлеуметтік-экономикалық және саяси даму деңгейіне, оның көпұлттығы мен халқының құрамы негізінен ұсақ буржуазия өкілдерінен шыққандығына байланысты еді. Тап осындай жағдай Түркістан өлкесінде де орын алды. Мұнда патша өкіметі құлаған соң биліктің үш түрі орнады: олар – Кеңестер, Уақытша үкіметтің атқару комитеттері және мұсылмандар ұйымы. Егер алғашқы екі билік сырт жағынан қарағанда жергілікті халықтың мүддесіне онша жаны ашымай бұрынғы саясатты жүргізсе, ал ұлттық зиялылар басқарған оның соңғысы жергілікті тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді шешуге тырысты. Қосөкіметтің шын мәнінде қалыптасуы Ақпан төңкерісінің ішкі қайшылығын, елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың ауытқушылығын, барлық өкіметке немесе империалистік буржуазия мүдделерін және оның одақтастарын қорғаған Уақытша үкіметке немесе жұмысшылар мен еңбекшіл шаруалардың, яғни әлеуметтік және ұлттық жәбірленуден зардап шеккен елдің көп тұрғындардың төңкерістік-демократиялық өкіметі болып есептелінетін Кеңестерге ауысу шарасыздығын бейнеледі. Қазақстандағы қос өкіметте арнайы еркшеліктер болды: жерлердің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайымен шарттасылған ерекшеліктер, оның көпұлттық және негізінен шағын буржуазиялық тұрғындарымен, Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казак әскерлерінің орналасу ерекшеліктері. Қазақстан Кеңестері өздерінің пайда болған сәтінен бастап, әсіресе жұмысшылар және шаруалар депутаттарының Кеңестері интернационалдық болды. Оған орыстар, қазақтар, украиндар, татарлар, ұйғырлар, өзбектер және басқа халықтардың өкілдері кірді. Сарбаздар депутаттарының Кеңестеріне көбінесе орыстар, украиндар, аздап татарлар да енді. Қазақстан Кеңесінің жетекші рөлі көбінесе шағын буржуазиялық партияның, негізінде – әлеуметтік-төңкерістік партияның құрамында болды. Бұл большевиктердің әлсіздігі мен аздығы, жергілікті жұмысшылардың аз ұйымдасуы және саяси дүмбілездігі, Қазақстан дамуының әлеуметтік-экономикалық деңгейінің төмен болуымен түсіндірілді.
10. Алаш партиясының құрылуы және қызметі.
«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. 1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:1) Мемлекет билеу түрі;2) Қазақ облыстарында автономия;3) Жер мәселесі;4) Оқу мәселесі және т.б. 1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сәйкес Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Елдес Ғұмаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов дайындаған партия бағдарламасының жобасы он баптан тұрады. Олардың ең маңыздылары мыналар: І. Мемлекеттік қалпы.Алаш партиясы мемлкеттік құрылыс мәселесіне Россияның терезесі тең мемлекеттердің федеративтік одағы болуын, оған мүше болған әрбір мемлекеттер өзінің егемендік құқы бар (іргесі бөлек) болуымен бірге жалпы федеративтік одақ мүдделерін қорғауда «ынтымағы бір» болуын талап етті. ІІ. Жергілікті бостандық.Алаш партиясы бағдарламасының осы бабында екі түбірлі мақсат айқындалған: бірінші – Рессей Федеративтік мемлекетінің құрамдас бөлігі болуға тиіс қазақ автономиясы бүкіл қазақ халқы мекендеген жерге иелік етеді және тең құқықты федерация мүшесі ретінде оған нұқсан келген жағдайда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып бөлініп шығады. Екінші - өзінің нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы жалпы адамзаттық игіліктерді басшылыққа алып, әділдікке жақ, зорлыққа қарсы болады. ІІІ. Негізгі. Құқық. Рессей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік: хұқмет қызметкерлері, иесінен рұқсатсыз һәм кім табалдырығын аттаушылық, сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмаушылық, қылмысты болған адам судья бар жерде 24-сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып жабу. Кісі хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болу. IV. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен бөлек болады. Дін біткенге тең құқық.Кіру-шығу жағына бостандық. Муфтилік қазақта өз алдына болады. Неке,жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болу, жесір дауы сотта қаралады. V. Билік және сот. Әр жұртқа билік пен сот тұрмыс ыңғайына қарай болуы. Би және судья жергілікті жұрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі мен үкімі жергілікті жұрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың тергеуі – тексеруі мен үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылуы. Би мен судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік және сот жүзінде жұрт біткен тең болады; құдайдан соңғы күшті би мен судья болып, кімде болса, олардың үкіметіне мойын ұсынады. VI. Ел қорғау. Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмауы тиіс. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету керек. Әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндеттерін қазақ атты милиция түрінде атқару. VII. Салық мәселесі. Салық мал-ауқат, табысқа қарай, байға-байша, кедейге-кедейше әділ жолмен таратылуы керек. VIII.Жұмысшылар. Жұмысшылар закон панасында болуы керек. Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. Алаш партиясы жұмысшылар турасында социал демократтардың меньшевик табының бағдарламасын жақтайды. IX.Ғылым-білім үйрету. Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық және ақысыз болады. Жұртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқуы; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуы; оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;мұғалімдер, профессорлар өзара сайлаумен қойылуы, ел ішінде кітапханалар ашылуы керек. X. Жер мәселесі. Төтенше жиналыс негізгі заң жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілкті жұртқа берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі, бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесуі, сыбаға өлшеу – норма жерлердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалуы. Жер заңында жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалануы керек. Жердің кені, астығы, байлығы қазынаныкі болып, билігі земство қолында болу. Міне, осы Алаш партиясының тарихи бағдарламасының мәтіні осылай еді. Көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан терең осы бағдарлама жобасы 1917 жылғы қараша айының ортасында өткен Құрылтай съезінде өткен сайлауда Алаш партиясының үлкен табысқа жетуін қамтамасыз етті. Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек. Бағдарламаның антифеодалдық сипаты «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан байқалады. «Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік», заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.«Алаш» партиясының бағдарламасы:
-Басқару түрі;
- Автономия;
Азаматтың негізгі құқықтары;
-Дін ұстану туралы мәселе;
- Соттар туралы;
- Қорғаныс;
- Салық;
- Жұмысшы мәселесі;
- Халық ағарту;
- Жер мәселесі.Бағдарламадағы ең негізгі мәселе — жер мәселесі. Қазак жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс.1917 жылдың соңына карай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан Алаш партиясының жергілікті ұйымдары облыстық, уездік Қазак комитеттері, ал жергілікті сауатты, партиялық ниеттегі зиялылар партияның активі, тірегі болды. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде, ең алдымен, шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл аткарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында берілді. Екіншіден партияның ұйытқысы болған қайраткерлер 1917 жылы желтоқсанда қазак елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттігі өмірге келгенін жария етті. Осы съезде өмірге Алашорда — ұлттық Кеңесі үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең көп дауыс алған партия болды.
11. 1917ж.жаздағы саяси партиялар мен ағымдар
«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. 1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:1) Мемлекет билеу түрі;2) Қазақ облыстарында автономия;3) Жер мәселесі;4) Оқу мәселесі және т.б. 1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сәйкес Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Елдес Ғұмаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов дайындаған партия бағдарламасының жобасы он баптан тұрады. Олардың ең маңыздылары мыналар: І. Мемлекеттік қалпы.Алаш партиясы мемлкеттік құрылыс мәселесіне Россияның терезесі тең мемлекеттердің федеративтік одағы болуын, оған мүше болған әрбір мемлекеттер өзінің егемендік құқы бар (іргесі бөлек) болуымен бірге жалпы федеративтік одақ мүдделерін қорғауда «ынтымағы бір» болуын талап етті. ІІ. Жергілікті бостандық.Алаш партиясы бағдарламасының осы бабында екі түбірлі мақсат айқындалған: бірінші – Рессей Федеративтік мемлекетінің құрамдас бөлігі болуға тиіс қазақ автономиясы бүкіл қазақ халқы мекендеген жерге иелік етеді және тең құқықты федерация мүшесі ретінде оған нұқсан келген жағдайда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып бөлініп шығады. Екінші - өзінің нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы жалпы адамзаттық игіліктерді басшылыққа алып, әділдікке жақ, зорлыққа қарсы болады. ІІІ. Негізгі. Құқық. Рессей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік: хұқмет қызметкерлері, иесінен рұқсатсыз һәм кім табалдырығын аттаушылық, сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмаушылық, қылмысты болған адам судья бар жерде 24-сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып жабу. Кісі хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болу. IV. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен бөлек болады. Дін біткенге тең құқық.Кіру-шығу жағына бостандық. Муфтилік қазақта өз алдына болады. Неке,жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болу, жесір дауы сотта қаралады. V. Билік және сот. Әр жұртқа билік пен сот тұрмыс ыңғайына қарай болуы. Би және судья жергілікті жұрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі мен үкімі жергілікті жұрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың тергеуі – тексеруі мен үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылуы. Би мен судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік және сот жүзінде жұрт біткен тең болады; құдайдан соңғы күшті би мен судья болып, кімде болса, олардың үкіметіне мойын ұсынады. VI. Ел қорғау. Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмауы тиіс. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету керек. Әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндеттерін қазақ атты милиция түрінде атқару. VII. Салық мәселесі. Салық мал-ауқат, табысқа қарай, байға-байша, кедейге-кедейше әділ жолмен таратылуы керек. VIII.Жұмысшылар. Жұмысшылар закон панасында болуы керек. Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. Алаш партиясы жұмысшылар турасында социал демократтардың меньшевик табының бағдарламасын жақтайды. IX.Ғылым-білім үйрету. Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық және ақысыз болады. Жұртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқуы; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуы; оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;мұғалімдер, профессорлар өзара сайлаумен қойылуы, ел ішінде кітапханалар ашылуы керек. X. Жер мәселесі. Төтенше жиналыс негізгі заң жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілкті жұртқа берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі, бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесуі, сыбаға өлшеу – норма жерлердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалуы. Жер заңында жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалануы керек. Жердің кені, астығы, байлығы қазынаныкі болып, билігі земство қолында болу. Міне, осы Алаш партиясының тарихи бағдарламасының мәтіні осылай еді. Көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан терең осы бағдарлама жобасы 1917 жылғы қараша айының ортасында өткен Құрылтай съезінде өткен сайлауда Алаш партиясының үлкен табысқа жетуін қамтамасыз етті.
12.«Үш жүз» партиясының құрылуын және қызметін қарастырыңыз.
«Үш жүз» партиясы - Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. Партия мүшелері кейде өздерін «қазақтың социалистік партиясы» деп те атады. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Тоғысов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілхайыр Досов, Ысқақ Кабеков, Мұқан Айтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Тоғысов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы «Үш жүз» газеті, оған Тоғысов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Үш жүз алғашқыда Алаш партиясымен жақындасқысы келгенімен, кейін өкімет үшін күрес шырқай шегіне жетіп, таптық жіктелу үрдісі күшейген жағдайда «Үш жүз» іргесін Алаштан аулақ салып, большевиктер мен солшыл эсерлерге жақындай түсті. Қазан төңкерісі жеңіске жеткен соң Алаш партиясына қарсы ашық күреске шықты, оның оппоненті болды. Сөйтіп, топтары мен ұйымдары теміржол желілері бойындағы қалаларда, теміржол шеберханалары мен деполары орналасқан станцияларда құрыла бастады . Ең ірілері Петропавл ұйымының құрамында 147 адам, Оралда — 150 адам болды. Міне осылай, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ қоғамына жақын емес, таптық жіктелудің күшеюімен алғашқы қазақ партиялар мен қозғалыстар қалыптасты.
Оның бағдарламалық мақсат—мүдделерінің алғашқы кезде Алаштың программасынан көп айырмасы болған жоқ. Олар соғыс мәселесі жөнінде ғана Алаштан басқа позиция ұстады.
1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз» аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді. «Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ.
13.1917ж. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес билігінің орнауының ерешеліктері туралы айтыңыз.
Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикаларға жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын. 1917ж. қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысы- ның басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады.1917ж. желтоқсан – 1918ж. наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918ж. ақпанның орта кезінде көшті.Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі.Кеңес өкіметі 1917ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті.Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.
Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп [[революция |революцияшыл]] қайта өзгерістер үрдісіне түсірді.
74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығынкүштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды
14.Азаматтық соғыс кезіндегі Қазақстанды қарастырыңыз. «Әскери коммунизм» саясаты туралы айтыңыз.
Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.
Кеңеске қарсы күштер Орынбордан басқа Жетісу мен Оралда да топтасты. Бұл аймақта антикеңестік күштердің әлеуметтік базасын Жетісу мен Оралдағы қазақ әскерлері, көпестер мен саудагерлер құрады. Кеңес өкіметіне жергілікті алашордашылар да қарсы шықты.
Қазақстанда Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары, кезінде Ресейден қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай-шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды (кадеттер, эсерлер, ұлттық және діни саяси ұйымдар). Алашорда үкіметі азамат соғысының алғашқы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күштермен байланысып, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасқан Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшылығымен келісімге келуге ұмтылды.
1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңтүстік өлкесінде сақталды. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері А.с-ның ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азамат соғысының тағдыры негізінен Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.
Азамат соғысы жағдайында барлық материалдық ресурстарды, бірінші кезекте азық-түлікті майдан қажетіне жұмылдыру халықтың әр түрлі топтары арасында азық-түлікті тұтынудың жаңа әдісін енгізу қажеттігі туындады. Бұл күрделі міндетті шешу үшін Кеңес үкіметі Азамат соғысы басталысымен «әскери коммунизм» саясаты деп аталатын экономика саласында төтенше шаралардын тұтас жүйесін енгізді. «Әскери коммунизм» саясаты өндіріс пен бөлуді орталықтандырудың мемлекет қолына елдің қорғаныс мүдделеріне сай азық-түлік пен шикізат, өнеркәсіп өнімдерін т.б. ресурстарды шоғырландыру мен тиімді пайдалануды көздеді. Ірі кәсіпорындармен қатар орта, тіпті ұсақ кәсіпорындар да национализациялануы, астық монополиясы мен азық-түлік салғырты және жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілуі тиіс болды
«Әскери коммунизм» саясатының негізгі мәні азық-түлікті жоспарлы түрде болу болып табылды. Кеңес өкіметі В.И. Лениннің айтуы бойынша «шаруалардың өңдірген өнімінің өздерінін күнкөрістеріне жететін шағын бөлігінен басқасының бәрін армия мен өнеркәсіптің мұқтажы үшін мәжбүрлеу жолымен» [1]. алуға тиіс болды. Азық-түлік салғырты шаруалардан «артық өнімді» тартып алу үшін қарулы азық-түлік отрядтары мен армияға артықша құқық берді.1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды
15.Қырғыз (Қазақ) Ревкомның ҚазАКСР құрудағы дайындық қызметін сипаттаңыз
Автономия - (грекше: autos - өзі, nomos - заң, тәуелсіздік) - мемлекет аумағында жинақы, топтасып өмір сүретін әлеуметтік қауымдастыққа берілетін ішкі өзін-өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру. Мемлекеттік құрылым құрамында конституциямен бекітілген, салыстырмалы түрде тәуелсіз саяси субъектілердің өзінше қызмет ету құқы.
Большевиктердің радикалды әрекеттері, орталықтағы және шет аймақтағы, ұлттық элитаның өкілдерін, Құрылтай жинлысы¬ның шешіміне қарамастан, автономияны жариялауға итермеледі.
Азамат соғысы аяқталуы және контрреолюциялық кұштермен ақ гвардияшыларды талқандаумен байланысты Кеңес өкіметін қайта қалпына келтіру мәселесі ерекше орын алды.1919жылы маусым айында Кеңестердің ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты Қазақ кеңес автономиясын құру туралы арнайы мәселе қарады.Онда қазақ халқының қалың бұқарасымен тығыз байланыс орнайтын,мұндағы жаудан азат етілген аймақтарда саяси және шаруашылық жұмыстарды ұйымдастырып,өлкеде Кеңестердің құрылтай съезін шақыруға әзірлік жасайтын арнаулы орган құру туралы шешім қабылданды.Осыған байланысты 1919жылы 10шілдеде РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің декреті бойынша Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құрылды.Революциялық комитеттің бірінші құрамына С.Песткофский (төраға),А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғаншин, С.Мендешов, Б.Қаратаев кірді.Әртүрлі уакытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә.Әйтиев,С.Арғыншиев, А.Авдеев, Ғ.Әлібеков, Б.Қаралдин еңбек етті. Революциялық комитеттің жұмыс істейтін орталығы болып Орынбор қаласы белгіленеді.
Қырғыз революциялық комитетінің жанынан басқару салалары бойынша: еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру,денсаулық сақтау және халық ағарту,егіншілік,юстиция,пошта және телеграф,азық-түлік,жұмысшы-шаруа инспекциясы,халық щаруашылығы кеңесі сияқты бөлімдер мен бөлімшелер құрылды.
1920ж. 17 тамызында РК ФСР Халық Комиссарлары Кеңесі қазақ Республикасы жөніндегі РКФСР құрамына астанасы Орынбор қаласында болтаын “Қырғыз (қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады (В.И.Ленин, РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі М.И. Калинин қол қойған. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында «Қырғыз Автономялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылдады.
1920жылдың 4-12 қазанында Қазақстан Кеңстерінің құрылтай съезі болып өтті. Съезге Қазақстанның барлық губернияларынан 273делегат және Алтай губерниясы қазақтарының атынан 6 делегат қатысты.Делегаттардың қатарында 128 қазақ, 127орыс және басқа да ұлттардың 18 өкілі болды.Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті (төрағасы С.М.Меңдешев) және Халком Кеңесі (төрағасы В.Радус-Зенкович)сайланды.Съезд Қырғыз АКСР-і РКФСР-дің құрамына кіретін жұмысшылардың,еңбекші қазақ халқының,шаруалардың,казактардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлімдеді.Декларация Кеңестердің таптық мәнін белгілеп берді.Ол халықты ұлттық езушілік пен құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетінін жариялады.
Декларация Қазақстан еңбекшілерінің саяси құқықтарын Кеңестерді сайлау және сайлану құқығын,нәсілдік және ұлттық тегіне қарамастан,барлық азаматтардың тең құқықтығын,тегін білім алу құқығын,қазақ әйелдерінің тең құқықтығын, сөз,жиналыс , баспасөз, ождан бостандығын қуаттап , баянды етті.Азаматтардың еңбек ету,елін қорғау міндеттері де белгіленеді.
Кеңестердің Құрылтай съезі жер мәселесі жөнінде,экономикалық құрылыс туралы,әкімшілік мәселесі жөнінде,кеңестік заң органдары туралы, халыққа білім беру, денсаулық сақтау туралы және басқа мәселелер жөнінде шешімдер қабылдады.
Қазақ АКСР-і құрылуын және Кеңестердің құрылтай съезін шешімдерін еңбекшілер мақұлдап қарсы алды.Қазақтың Кеңестік ұлттық мемлекеттігін құрудың орасан зор тарихы маңызы болды.Жаңадан құрылған жас республика тез аяқтана бастады.Қазақ халқының басқа ұлттар мен қатар қалыптасу процесі күшейді.Оның Кеңес мемлекеті құрамындағы басқа халықтар мен достығы нығая түсті.
16.ҚАКСР құрылуы туралы айтыңыз және қазақ кеңес мемлекеттілігінің қалыптасуын сипаттаңыз (1920 – 1936жж.).
1920ж. 17 тамызында РК ФСР Халық Комиссарлары Кеңесі қазақ Республикасы жөніндегі РКФСР құрамына астанасы Орынбор қаласында болтаын “Қырғыз (қазақ) Кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады (В.И.Ленин, РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен Халық комиссарлары кеңесі М.И. Калинин қол қойған).
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытайменшектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.
Қазақ мемлекетінің қайта құрылуы. Қазақ АССР-І. 1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АССР-і құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті.
Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:
Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралыуездерінен түратын Семей облысы.
Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері менОмбы уөзінің бір бөлігінен тұратын Ақмола облысы.
Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінентұратын Торғай облысы.
Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратынОрал облысы.
Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстыңКрасноводск уөзіндегі Адайлар мекендеген төртінші женебесінші облыстар.
Астрахань губерниясының құрамында болып келгенБөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екіншіПриморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.
"Известие ВЦИК" газетінің 1920жылғы 22 қазанындағы санында жарияланған 26 тамыздағы декреттің бірінші тарауына енгізілген қосымша Қазақ АССР-нің құрамына Орынбор қаласы мен оның маңындағы Покровский, Краснохолм, Илец, Шарлық, Исаев және Петровск аудандары қосылатындығы айтылды. Міне осы территориялар жаңадан құрылған ҚазАКСР-нің құрамына кірді. Сырдария және Жетісу облыстары Түркістан АКСР-нің құрамында қала берді. Декретте бұл жерлер ҚазАКСР-дің құрамына оның халқының қалауы бойынша өте алады деген тармақ болды.Қазақ автономиясының құрылуы сөзсіз аса маңызды тарихи және саяси оқиға болды. Қазақ халқының автономия түрінде болса да, мемлекеттілігі қалпына келтірілді, оның территориясы белгіленді. Тіпті Сырдария, Жетісу облыстарындағы қазақтарды бірыңғай республикаға біріктірудің құқықтық негізі қаланды. Сондай-ақ В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған декретте ҚАКСР-дің орталық органдары Қазақ Орталық Атқару комитеті (ҚазОАҚ) пен Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі екендігі анықталды. Автономды халық комиссариаттарына: ішкі істер (почта және телеграф басқармасынсыз), әділет, халық ағарту, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жер шаруашылығы жатты. ҚазАКСР-і құрылған кезде барлығы 13 халық комиссариаты болды.
17. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) сипаттама беріңіз.
1921 жылдың 8 – 16 наурызда өткен партияның X съезі салғырттан азық – түлік салығына көшудің, жаңа экономикалық саясатқа (НЭП – ке) көшудің қажеттігін негіздеп берді.
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:
- Азық – түлік салығының енгізілуі.
- Сауда еркіндігі.
- Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.
- Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.
- Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.
- Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
Жаңа экономикалық саясаттың мәні – салғыртты салықпен ауыстыру болды
Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады.
Жаңа экономикалық саясат кезеңінде товар айырбасы мен товар айналымының маңызы артты. РКФСР Халық Комиссариаты Кеңесінің 1921 жылғы мамырдың 24 – індегі «Айырбас туралы» декретінде кооперативтік ұйымдар арқылы да, рыноктар мен базарларда да айырбас жасауға жол берілетіні атап өтілді. Сонымен бірге жеке саудаға рұқсат етілді. Жәрмеңке саудасы күшейтілді. 1927 жылы 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы – 30 млн. сомға жетті.
Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелері:
1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді.
3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді.
4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.
Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды (1921 1929 жж.).
18.Жер-су реформасының мәнін ашыңыз.
Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды - 1921 жылғы сәуірде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды, Нәтижесінде - Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды, Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді, 1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізілді, Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды, 1 млн десятинадан астам жер қоры құрылды, Ауылдарды Кеңес өкіметінің нығаюы мен қазақ еңбекшілердің мемлекеттік және шаруашылық құрылысын тарту кезінде ерекше роль атқарған - 1921 жылы Қосшы одағы құрылды, 1930 жылдан Кедей одағы болып өзгертілді, 1921-1922 жылдардағы жүргізілген жер реформасының маңызы - Отаршылдық аграрлық саясатқа қарсы соққы берді, Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті, Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.
Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдықсаясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.
•1921 жылғы сәуір – патша өкіметі кезінде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды.Нәтижесінде:
-Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.
-Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.
•1921 жыл –Жетісуда жер реформасы жүргізілді.
-Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды.
-1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.
1921-1922 ж.ж аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды.Реформаны жүзеге асырудағы қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушылар кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл-кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туындады.
•1921 жыл – «Қосшы одағы» құрылды (1930ж- «Кедей одағы»
атанды).
Жетекшілері: А.Асылбеков, Ә.Жангельдин, С.Меңдешев, С.Сейфулин,А.Розыбақиев т.б.1921 жылғы наурызда «Қосшы одағы ны» 17 мыңнан астам мүшесі болды.
Міндеттері:
-Еңбек артельдерін құру.
-Кедейлерге жер беру.
-Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.
1921-1922 жылғы дүргізілген жер реформасының маңызы:
•Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рол
атқарады.
•Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
•Қазақ аулындағы патриархаттық феодалдық негізді әлсіретті.
•Ұлттық келісімінің орнығуына жағдай жасады.
19.Орта Азия мен Қазақстандағы (1924ж.) ұлттық-территориялық межелеудің мәнін ашыңыз.
1924 жылғы ұлттық территориялық межелеуден кейін ҚазАКСР – ның құрамына қандай қазақ жерлері кірді. Ұлттық және территориялық межелеу нәтижесінде Түркістан АКСР – інің бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының біраз болігі Қазақ АКСР – інің құрамына өтті. 1924 жылғы қарашадан бастап осы облыстарды басқаруды ҚАКСР – інің өкіметі құр ған. 1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың басы аралығында Қазақ АКСР – іне қосылған жекелеген уездер мен болыстардың шекаралырын нақтылау одан әрі жүргізілді. Қарақалпақ автономиялық облысы кеңестерінің 1925 жылығы ақпанда Төркүде өткен бірінші Құрылтай съезінде Қарақалпақ автономиялық облысының құрылғаны және оның Қазақ АКСР құрамына енгізілгені заңды түрде рәсімделді. Межелеу барысында Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкен уездері, Әулиеата уезінің үлкен бөлігі, бұрынғы Сырдария облысының Ташкент жіне Мырзашөл уездерінің бір бөлігі Қазақстанға өтті. Сонымен қатар ҚАКСР –іне Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек уезнің Гиоргиев, Шу, қаранөкіс болыстыры қосылды. 1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті.Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қортындылыары шығарылды.Сонымен бірге жергілікті жерлерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.1922 жылы Кеңестер сайлауы өтті.Олардын құрамын жергіліктендіру іске асырылды.Бөкей,Орал,Ақтөбе,Семей губернияларында болытық атқару комитетері сайлануынын кейін,деппутатардың жартысынан астамы қазақтар болды.Бұқара арасында саяси жұмыс жүргізу мақсатында Қызыл керуен және жылжымалы қызыл отау сияқты жұмыстың жаңа түрлері пайдаланылды.ҚАКСР Орталық Атқару комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә.Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты.9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37ауылында,сондай-ақ Екібастұз бен Спасск зауытында болды.126 жиын, 420 әнгіме өткізді.Керуен Кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды.Мұнның озі ұлттық мемлекеттік нығайтуға ықпал етті.Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық –мемлекеттік жағынан 1924 ж жүргізілген межелеу респулика өміріндегі маңызды оқиға еді. Ұлттық жерлердің межеленуі нәтижесінде Түркістан АКСРнің құрамындағы бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері ҚазақАКСРіне қарайтын болды.Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың шақырымға, ал халқы 1 млн 468724 мың адамға өсті.Тұрғындары негізінен орыстар болып келетін Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді.Республика астанасы Қызылордаға (Ақмешітке) көшті.Қазақ жері мен халқын біртұтас қлт тық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және экономикалық маңызы болды.1925 жылы ақпанда жаңа өазақ жерлерінің бірігуіне байланысты Қазақстан облыстық партия комитеті өлкелік болып қайта құрылды.
20.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз, апатты нәтижесін анықтаңыз.
1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты.
Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.
Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.
Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.
Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер:
1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді.
2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.
3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.
4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.
Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.
Азық– түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан – ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай – кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1929 – 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386 адам, 3–10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды.1930 жылы 30 мамырда республика үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді.
Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 % - тен 3 % - ке кеміді.
Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 % - і, жекешелердің 51,8 % - і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды.
Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды:
1. 1930 жылы – 313 мың адам;
2. 1931 жылы – 755 мың адам;
3. 1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды.
4. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % - і жаппай қырылды.
1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазылды.
Онда көтерілген мәселелер:
1. Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда.
2. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.
3. «Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда.
4. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.
1933 жылы наурыз айында РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т. Рысқұлов Сталинге хат жазды. Азаматтық ерлігі жоғары және принципшіл адал Т. Рысқұлов өлкеде етек алған қасірет туралы шындықты ашып көрсетуден тайсақтамады. «Сізден осы жазбамен танысып шығып, бұл іске араласуды және сол арқылы аштан өлуге душар болған көптеген адамдардың өмірін құтқарып қалуды өтінемін» деп жазды. Одан әрі хатта көрсетілген деректер бойынша: Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда; Орта Волгада – 40 мың; Қырғыз жерінде – 100 мың; Батыс Сібірде – 40 мың; Орта Азияда – 30 мың; Қарақалпақ жерінде – 70 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл «аш адамдардың тамақ іздеп босуы.
Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді.
Ақтөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71 %). Жаппай ұжымдастыру, аштық әсері халықтың көбін көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 10 мың адам (281230 шаруа қожалығы). Қытай, Иран, Ауған жеріне т. б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды.
Аштық зардаптары:
1930 – 1933 жылдары аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.
Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930 – 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.
21.1931-1933жж. ашаршылық және оның демографиялық салдары туралы айтыңыз.
1980ж аяғы-1990ж басындағы тарихи-демографиялық мазмұндағы еңбектерде Қазақстан халқының нәубет жылдарындағы шығыны, оның себеп-салдары туралы мәселелер көтерілді. Бұлардың қатарына М.Қ.Қозыбаев, М.Х.Асылбеков, Ж.Б.Абылхожин, М.Б. Тәтімов, М.Н.Сдыков, В.В.Козина, А.Н.Алексеенконың еңбектерін жатқызуға болады.
1931-1933 жж ашаршылық, күштеп ұжымдастыру және оның демографиялық дамуға тигізген кері салдары М.Б.Тәтімов, Ж.Б.Абылхожин, М.Қ.Қозыбаевтардың бірігіп жазған мақаласында көтеріледі. Сол сияқты 1930-жылдардың басындағы нәубет барысында азайған халық саны туралы мәліметті алғашқылардың бірі болып М.Тәтімов өз еңбектерінің бірінде көрсетеді. Автор 1926 және 1939 жж санақ мәліметтерін салыстыра отырып, байырғы халықтың шығыны 2 млн. 635 мың адам деп көрсетеді. А.Н.Алексеенконың еңбектерінде ХХ ғасырдың 20-90 жж. республикадағы халықтың сандық өсімі мен ұлттық құрамы, қала мен ауыл халқының орналасуы, табиғи өсім және т.б. мәселелер жан-жақты көтеріледі. Ал М.Х.Асылбеков пен В.В.Козинаның еңбектерінде 1980ж аяғы мен 1990ж басындағы республика халқы санының өзгерісі, ұлттық, жыныстық-жастық құрамы туралы мәселелер талданады.
1931–1933 жылдардағы аштық. Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған хаты. Аштық жылдарындағы халық шығыны:1930 ж аштықтан 313 мың адам,1931 ж аштықтан 755 мың адам,1932 ж аштықтан 769 мың адам өлді. Ауыл халқының 40%-ын жоғалтты(1 млн750 мың адам).1 млн астам адам шетелге көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтқан жоқ.1931–1933 жылдары аштықтан 6,2 млн адамның 2,1 млн өлді. 1929 ж Қазақстандағы 40,5 млн малдан 1933 ж 4,5 млн ғана қалды.1932 жылғы аштық, оның себептері туралы мемлекет қайраткерлері Ғ.Мүсірепов, Қ.Қуанышев, М.Ғатауллин, Е.Алтынбеков, М.Дәулетқалиев Ф.И.Голощекинге хат жазды. Бұл хат «Бесеудің хаты» деп аталды. 1933 ж мемлекет қайраткері,сол кезде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған Т.Рысқұлов Қазақстандағы ұжымдастырудың зардаптары, елді жайлаған аштықтың себептері, халықтың тартып отырған қасіреті жайлы И.В.Сталинге ашық хат жазды.1930 – 1933 жж аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969ж ғана қалпына келді.Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930 – 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.
22.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдарындағы қазақ шаруаларының күресін және шаруаларға қарсы сталиндік режимнің қуғын-сүргін шараларын сипаттаңыз.
Ресми құжаттарға қарағанда 1929-31 жылдар аралығында Қазақстанда 372 шаруалар көтерілісі болған. Бұл көтерілістерге 80 мыңдай адам қатысқан.ОГПУ-дің саяси құпия бөлімінің 19жылы 1 желтоқсанда берген статистикалық мәліметіне қарағанда 1929ж 54, 1930ж 77, 1931ж болған көтерілістердің барлығын қосқанда 372 көтеріліс болған. Көтерілістірге 1921ж 3 топ, 351адам, 1930ж 85 топ, 1925 адам, 1931ж 80 топ,3192 адам қатысқан. Барлығы үш жылдың ішінде 196 көтерілістер жасаған. Аталған жылдары көтерілістерге барлығы 5468 адам қатысса керек. Кеңес үкіметіне қарсы 460 рет қастандық әрекеттері, колхоз және совхоз құруға қарсы 127 рет зиян келтіру оқиғасы ресми тіркелген.
Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы.1929 – 1931 жж Қазақстан жерінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалысы болды. Семей округі — халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 ж ақпан – мамыр аралығында Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарында толқулар болып өтті. Батпаққара көтерілісі бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы – көтерілісшілер – заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал – мүлкін қайтару, дін бостандығы, шаруаларға үдемелі табыс салығын салу, еріктілік ұстанымын сақтау, дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік сияқты талаптар қойды. Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8 – дивизия күшімен талқандалып, 75 адамды атуға, 172 адамды 2-10 жылға соттауға, көбін Шығыс Сібірге жер аударуға үкім шығарды. Созақ көтерілісі табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді (басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. Көтеріліс Орта Азия әскери округі бөлімдерінің күшімен жанышталды.Күштеу әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.Жазалау шараларының салдары:
1) 1929 – 1931 жж 5551 адам жауапқа тартылып, 883- і атылды.
2) Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды. Ұжымдастыру зардаптарына қарсы күрес.Коммунистік партия (XX ВКП(б) Орталық Комитеті 1932 ж. 17 қыркүйек – «Қазақстан ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы туралы» арнаулы қаулы алды. Онда колхоз құрылысында болған асыра сілтеушілік қатты айыпталды. Ф. И. Голощекин, І. Құрамысов қызметтерінен босатылды) кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға кірісті.
1. Күшпен жасалған «жасанды колхоздар» таратылды.
2. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер ұйымдастырылды.
3. Күштеп қоғамдастырылған мал – мүліктер иелеріне қайтарылды.
4. Отырықшы аудандарға Кеңес үкіметі 2 млн. пұт астық және 30 млн. сом ақша бөлінді.
5. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп, жүзеге асырыла бастады.
6. Малсыз шаруашылықтарына мал алуына көмек көрсетілді.
7. Совхоздардың біраз малын колхозшылардың жеке пайдалануына берілді.
8. Ф. И. Голощекин қызметінен (1933 ж.) босатылды.Қолданылған шаралар нәтижесінде 2-бесжылдық жылдарында колхоз, совхоздар нығая түсті. Респ. егістіктерінде техника көбейді. 1-бесжылдықта – 9 мың трактор, 2-бесжылдықта – 24 мың трактор, 8 мың комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933–1937 жж.) –200-ге жуық совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында – отырықшы аудандарға 40 млн. сом қаржы бөлінді. Жалпы, феодалдақ қалдықтарды жою тұрғысынан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісіне оң баға берілсе, көшпенді халық мүддесінің ескерілмеуі ірі апаттарға әкелді.
23.1920-1930жж. Қазақстанның индустриалды дамуының ерекшеліктерін көрсетіңіз. Түркістан-Сібір магистралі құрылысының мәнін ашыңыз.
Қазақстанды индустрияландырудың өзіндік ерекшеліктері болды,қиындықтарды жеңу өзгешеліктермен,сондай-ақ табиғи,экономикалық-техникалық қорлар деңгейімен де сипатталады.Бұл ерекшеліктер республиканың бүкіл индустриялық болмыс-келбетінде өз ісін қалдырды ,өнеркәсіпті құрылысты және транспортты дамытудың 20-жылдардың екінші жартысындағы және 30-жылдардағы ғана емес ,сонымен бірге Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының кейінгі кезеңдеріндегі де бағыттарын айқындауға ықпал етті .Қазақстанның индустриялық дамуының зерттеліп отырған кезеңіндегі кейбір ерекшеліктерін қарастырайық. 1.)Ол ең алдымен Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша ,сондай-ақ көптегенБасқа республикаларды жеке- жеке алғанлағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны.Егер кеңес одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса Қазақстан бойынша 7,8 есеге жетті. 2.)Индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы негшізінен жаңа құрылыстардың ,қайта құрылған Риддер мен Қарсақбайды қоспағанда тақыр жнрде кәсіпорындар тұрғызу есебінен жүзеге асырылды.Қазақстанда жағдайдың мұндай болу себебі ,Мәскеудегі ,Ленинградтағы,Донбастағы ,Харьковтағы немесе Днепр жағалауларындағы сияқты бүкіл елді индустрияландырудың құралына немесе тірек базасына айналған өнеркәсіпті аудандар мұнда болған жоқ. 3.)Аса ірі өнеркәсіптер-өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған ,шикізат пен электр қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ,өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара байланысты комбинаттар жаңа өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты .Өнім көлемі мен жұмыс күшінің құрамы бойынша сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп ,сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының орталықтарына айналды.4.)Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанда ауыр өнеркәсіп ,ең алдымен оның көмір мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамыды.Бұл салалар одақтық көлемдеБасты мамандандыру арқауына айналып ,бұдан кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды. 5.)Жоспарланған жол желілері түгел салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп,ұзындығы 6581 км-ге жетті. Түрксіб теміржолы - 1926-1931 жылдары салынған КСРО-ның ірі құрылыстарың бірі, Орталық Азия мен Сібірді қосатын темір жолы. 1941 жылы жолдың пайдаланымдық ұзындығы 2088,4 шақырымды құрады. Жамбыл – Қаратау, Көксу – Текелі жаңа желілері салынды. Бекеттік жолдардың толық ұзындығы 557 шақырымға тең болды. Соғыс жылдарында Қазақстан майданның қуатты арсеналына айналды. Соғыс еліміздің бүкіл теміржолдарының, соның ішінде Түркістан – Сібір магистралінің алдына әскери жүктердің үздіксіз тасымалдарын, майданға әскери эшелондарды, әскери техниканы, ал қорғаныс өнеркәсібі үшін көмір, металл және басқа да маңызды жүктерді уақытында жеткізуді ұйымдастыру бойынша жауапты міндет қойды. Түркістан - Сібір темір жолы, Түрксіб – 1927 – 1930 ж. Қазақстанда салынған темір жол торабы. 1926 ж. 26 қарашада БК(б)П ОК осы т. ж. торабын салу жөнінде шешім қабылдады. Ол Орт. Азияны, Қазақстанды және Сібірді өзара байланыстырып, халық ш-ның дамуына үлкен әсер ететін құрылыс ретінде салынды. Түркістан - Сібір Темір Жолы торабын Луговая бекеті. мен Семей қ. аралығындағы 1470 км-ге тарту жоспарланды. Құрылыс жұмыстары екі жақтан солт-нде (Семей) 1927 ж. көктемде, ал оңт-нде сол жылдың күзінде басталды. Құрылыстың қарқынды және сапалы жүруіне РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан құрылған, Т.Рысқұлов жетекшілік еткен Түрксіб құрылысына жәрдемдесу комитеті көп еңбек сіңірді.
Туркістан - Сібір Темір Жолы торабының салынуына М.Тынышбаев өзінің біліктілігімен елеулі үлес қосты. Магистраль өтетін жол бойы 20 ғ-дың бас кезінде де зерттелген еді. 1927 – 1928 ж. ол қайтадан зерттелді. Соңғы зерттеу барысында магистральдың бағыты өзгеріп, рельстік жолды қысқартуға, соның нәтижесінде бірнеше ондаған миллион сом қаржыны үнемдеуге мүмкіндік туды. Луговая – Бішкек – Алматы арқылы өтетін Қордай бағыты орнына жол Шоқпар асуы арқылы тартылып, 23 км қысқарды. Солт-те Лепсіге соқпай, Балқаш бағыты қабылданды, бұл жолды 73 км қысқартты. Жол қатынасы халық комиссариаты құрылысқа инженерлер мен техниктер жіберді, тек 1930 ж. қазанда өзге өңірлерден 668 маман теміржолшылар (паравоз машинистері, оның көмекшілері, слесарьлар, т.б.) келді. Түркістан - Сібір Темір Жолы Қазақстанда кәсіби теміржолшылар мектебін қалыптастыруға елеулі ықпал етті. Мұнда құрылысшылардың саны 1928 ж. 21 мыңға, 1929 ж. 40 мыңға, ал 1930 ж. 50 мыңға жетті. Құрылыста істегендердің басым көпшілігі жергілікті тұрғындар болды. Құрылыс жұмыстары 1928 – 29 ж. өте қызу жүріп, 1930 ж. 28 сәуірде Айнабұлақ ст-нда Оңт. және Солт. жақтардың жолы қосылды. Осы кезеңге дейін Түрксібте 12 млн. м3 жер қазылып, 1644 км негізгі және бекеттік жол салынды. Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал, т.б. өзендер арқылы темір көпірлер салынды. 1928 ж. Ертістің тар сағасында 11 күн ішінде 300 м-лік уақытша көпір, кейін 600 м-лік тұрақты көпір салынды. Туркістан - Сібір Темір Жолы жоспарлы мерзімнен бір жыл бұрын, 3 жыл 9 айдың ішінде аяқталды да, 1931 ж. 1 қаңтардан бастап тұрақты пайдалануға берілді.
24.1920-1930жж. Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайына сипаттама беріңіз.
1920 жылдары КСРО-да социалистік құрылыс мәселелері жөнінде терең идеялық-саяси күрес өріс алды. Бұл күрестегі басты мәселе - КСРО-дағы социалистік құрылыстың үлгісі жөнінде еді. Ол уақытқа дейін социализмнің екі үлгісі: бірі коммунизмге «секіріп өту» мүмкіндігі болған, шаруаларға одан әрі қысым жасау, күш қолдану мен террорға сүйенген әскери-коммунистік демократияны дамыту; екіншісі - өндірушілердің материалдық ынтасын арттыру қағидасына, тауар-ақша қатынастарын жан-жақты дамыту идеясына негізделген ЖЭС-тік үлгісі болған еді. Большевизм басшыларының қай-қайсысы болмасын индустрияландыруды, ауыл шаруашылығын кооперациялау мен мәдени революцияны жүзеге асырудың қажеттігіне еш күмән келтірмеді. Алайда олар социализм құрылысының қарқыны мен әдістері, пролетариат диктатурасының кеңес қоғамындағы әр түрлі таптар мен топтарға деген көзқарасы жөнінде әр қилы түсінікте болды. Бұл уақытта Лениннің өзінде де бұл мәселені шешуде қандай да бір аяқталған, жүйеге келтірілген ұстаным болған жоқ.Осындай жағдайда саяси өмірде біртіндеп мемлекет аппаратын алмастыра бастаған коммунистік партияның үстемдігі мен авторитарлық биліктің күшею тенденциясы өсе түсті. Қазақстанда автономияның жариялануы сөз жүзінде қалып, республика өзін-өзі іс жүзінде толық басқаруға қол жеткізе алмады. Өнеркәсіп орындары, темір жолдар, республиканың халық шаруашылығына қатысы бар нәрселердің бәрі Мәскеудің тікелей басқаруында болды. Демократияға жат сайлау заңдары қазақтардың басшылық қызметтердегі санын шектеп отырды. 1920 жылы қазақтар барлық өнеркәсіп жұмысшыларының бар-жоғы 17%-ын құрады. Бірінші облыстық партия конференциясының 163 делегатының тек 19-ы ғана қазақ болса, 1922 жылы Қазақстан партия ұйымдарындағы қазақтардың жалпы саны бар-жоғы 6,3%-ға ғана жетті.1920 жылы жергілікті халықтар коммунистерінің саяси хал-ахуалды ортаазиялық республикаларды бірыңғай Түркістан АКСР-іне біріктіру жолымен өзгерту, түркі халықтарының Коммунистік партиясын құру әрекеті орталық өкімет орындарының араласуымен сәтсіз аяқталды. Партияның өлкелік комитеті таратылып, реформаның Т. Рысқұлов бастаған бастамашылары партиялық және мемлекеттік қызметтерден кетуге мәжбүр болды. Өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындаған соң тек екі жылдан кейін ғана олар республика басшылығына қайтып оралды. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы. 1928 жылдан Кеңес өкіметінің басшылығына келген И.Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. 30-жылдардың басында сталиндік аппарат «миды шаюдың» неше түрлі әдістеріне кірісе бастады. Бұл мақсат үшін радио, газеттер, өнердің кез келген түрі белсенді түрде пайдаланылды. Барлық жерде еліктеуге болатын өзіндік «шамшырақтар» жасала бастады. Мысалы, жастарды Қиыр Шығысқа аттандыруда комсомол мүшесі Хетагурованың бастамасы, шахталардағы еңбек өнімділігін арттыруда Алексей Стахановтың т.б. есімі шебер пайдаланылды. «Ми шаюдың» шектен шыққан түрі қаза тапқан оралдық пионер Павлик Морозовтың есімін пайдалану болды. Идеологиялық қызметкерлердің қолымен өгей әкесін ұстап берген Павлик Морозовтың жалған бейнесі жасалды. Бұл жағдайда сталиндік насихат адамдарды сөз жеткізу мен ұстап беруге ашық итермеледі, оларды жалған қырағылыққа шақырды. Болуы мүмкін әр түрлі жаулардың тіміскі әрекеттерінен сақтандыруға шақырған плакаттар барлық жерде ілулі тұрды. Әркімнің жеке өміріндегі кез келген факті немесе абайсызда айтылған сөз жұмысшылар, студенттер мен оқушылардың жалпы жиналыстарының басты талқылайтын мәселесіне айналды. Елде адамдардың бір-біріне деген сенімсіздігінің, қорқыныш пен қорғансыздықтың ауыр жағдайы орнады.БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда өткен мәжілісінен кейін ұлттық идеялардың көріністерін неғұрлым қатаң қуғындау орын ала бастады. Ұлт зиялыларының өкілдері ұлтшылдық басмашылармен байланыс, Кеңес өкіметін құлатуға ұмтылғаны үшін айыпталды. Олар қуғын-сүргінге ұшырады. 1922 жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының барлық бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунистері республикадан Орталыққа шақыртылып алынды.Өлкедегі коммунистік күштерді бір партиялық ұйымға топтастыру шаралары жүзеге асырылды. 1924 жылы коммунистік партия қатарына республикадан 7 944 адам, оның ішінде 2000 қазақ мүшелікке өтті. 1925 жылы 1 желтоқсанда өткен РКП(б) Бүкілодақтық V конференциясынан кейін ауыл коммунистерінің қатары толығып, жергілікті партия ұйымдары қалыптаса бастады. Халықтың есінде 30 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамдардың өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі бақи қалды. Көлемі жөнінен теңдесі жоқ бұл қылмыстардың негізін Ресейдегі Қазан революциясы мен Азамат соғысы қалады. 1930 жылдары Кеңес елінде социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік жүйе толық орнықты. 20-жылдардың соңында жағдайдың шиеленісуі мен адамдардың бір-біріне деген жаппай сенімсіздігі басталды. Орталықтағы және ұлттық республикалардағы «троцкийшіл-зиновьевтік оппозициямен» және «оңшыл оппортунистермен» күрестің өсуі ұлт-азаттық қозғалыстың өкілдеріне қарсы қуғын-сүргін ұйымдастыру түрінде көрінді. 1928 жылдың соңында «буржуазияшыл ұлтшылдар» атанған «Алашорданың» бұрынғы қайраткерлерінің бәрі тұтқындалды. «Алаш» партиясының өкілдерін қылмыстық қудалау мақсатында кез келген айла-шарғы, құралдар пайдаланылды. Баспасөзде олардың атын қаралайтын мақалалар жарияланып, тікелей арандату әрекеттері жасалды, олардың отбасы мүшелері тұтқындалды. Мысалы, «Алашорда» мүшелеріне қарсы сот процесін бастау үшін 1922 жылы Шу жазығында өткен, ұмытылып кеткен Қаратай Әубәкіровтің ісі пайдаланылды. Бұл кезеңде Ж. Аймауытов, Ә. Байділдин, Д. Әділевтер атылып, қалғандары әр түрлі мерзімге түрмеге жабылды.
25. 1920-1930жж. білім, ғылым және мәдениеттің дамуының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Кеңес үкіметі өлкеде сауатсыздықты жою, яғни халықтың сауатын ашу мәселесін көтерді.Әсіресе ол үкіметтің 1929 жылы «Сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыс туралы» қаулысынан кейін өріс алды. Алайда қаржы мен мұғалімдердің жетіспеуі науқан барысында қиындықтар туғызды. 1926 жылы мектеп жасындағы балалардың 16 пайызы тартылса, 1935 жылы 91 пайызы тартылды.Кеңес үкіметі қазақстанда кеңестік ғылымның қалыптасуына жол ашты. Алғашқы ашылған ғылыми-зерттеу мекемелер:1922 жылы- Денсаулық халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялық лаборатория, 1924 жылы - өлкелік өсімдікті қорғау станциясы т.б. ашылды. 1932 жылы қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 15-86 лаборатория мен т.б. ғылыми орталықтар жұмыс істеді.20-30 жылдары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев шығармалары кеңінен қолданылды. Сонымен бірге кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасалды.Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды.С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Б.Майлин, И.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Әуезов т.б. қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері қалыптасты.Алайда кеңес саясаты таптық мүддені ұлттық мүддеден жоғары қойды.Мәдениетті екіге бөлді: буржуазиялық және пролетарлық. Сондықтан да қазақ мәдениетінің қалыптасқан тұстары ескі феодалдық құрылыстың қалдықтары ретінде қаралды.
26.С.Ж. Асфендияровтың тарих ғылымы мен денсаулың саласына қосқан үлесін ашыңыз.
Дүниеге келгені: 20.10.1889 Қайтыс болғаны: 1938 ж. ақпанның 25 Ұлты: қазақМансабы: көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, педагог Асфендиаров Санжар Сейітржапарұлы (20.10.1889, Ташкент –25.02.1938, Алматы) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, профессор, педагог. Әкесі [Сейітжапар] (Жағыпар, Сейітжағыпар) –сұлтан, Әбілқайыр ханның үлкен ұлы Айшуақ ханның ұрпағынан тараған патша әскерінің полковнигі шенінде отставкаға шыққан, жарты ғасырдан астам уақыт Түркістан өлкесінде қызмет еткен қазақ қайраткері, анасының есімі – Гүландам Қасымова (кейбір гипотезалар бойынша Кенесары Қасымовтың ұрпақтарынан тараған). Ташкенттегі реалдық училищені (1907), Петербургтағы әскери- дәрігерлік академияны 1912 жылы бітіріп шығады. Санжар онда әскери министрліктін теңіз ведомствосының стипендиясына оқып, 4 жыл қатардағы әскерде қызмет етуге міндеттелінді. Санжар өз әскери-медициналық қызметін Түркістан генерал-губернаторлығы мен Бұқара әмірлігінің шекарасындағы Термез мекенінде жергілікті лазаретте кіші дәрігер ретінде бастап, 10-шы Түркістан атқыштар полкына бекітілді. Артынан 9-шы атқыштар полкының аға дәрігер қызметкерінің міндеттерін уақытша атқарушы қызметіне ауысып, Самарқандта және Асхабадта шоғырланған атқыштар поктарында дәрігерлік қызметпен айналысады.1914 жылы тамызда Санжар 5-ші Түркістан атқыштар полкының аға дәрігері қызметінде І дүние жүзілік соғыстың Шығыс майданына аттандырылады. Осы майданда 1914 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында орын алған ұрыстарда Санжар жараланған және науқас болған сарбаздарға медициналық көмек көрсетумен айналысты. 1914 жылы желтоқсанда жоғары әскери басшылықтың өрескел қателіктерді жіберу салдарынан 5-ші Түркістан атқыштар полкы Лодзь (қазіргі Польшаның ірі қалаларының бірі, ол уақытта Шығыс Пруссия территориясында орналасқан) неміс қоршауына түсіп, басына ауыр жарақат алған Санжар жау тұтқынына түседі. Неміс тұтқынында Санжар патша үкіметі тағдырдың тәлкегіне тастаған мыңдаған жауынгерлердің қатаң тағдырына ортақтасып, күрделі санитарлық жағдайларда иммитацияланған лазареттерде медициналық қызметпен шұғылданып, Торн, Кутно, Александровка концентрационды лагерьлерінде бір жылға жуық уақыт өткізеді. 1915 жылдың аяғында Қызыл Кресттің тұтқындармен алмасу бағытында жүргізген қажырлы еңбегінің көмегімен, Балтық теңізі арқылы алдымен Щвеция, сосын темір жол арқылы Санкт-Петербургқа қайтып оралады. Астанада неміс тұтқынына амалсыздан түскен жауынгерлерді қатаң бақылауға алға, патшаның күзет орындары оларды сенімсіз элементтер ретінде қара тізімге қосты. Арнайы медициналық қараудан өтіп, денсаулығы нашар деп танылған Санжар Түркістан әскери-медициналық басқарманың резервіне жіберіліп, 1919 жылы қаңтардың басында Ташкентке қайта оралады. Ақпан революциясынан кейін Асфендиярұлы Термездегі жөне Бұхарадағы Кеңестердің жұмысына қатысады. Ташкент облыстық, ал онан кейін жұмысшылар мен жауынгерлердің округтік Кеңесіне сайланады. Ташкентте ол мұсылман жұмысшы депутаттарының алғашқы Кеңесінің ұйымына мүше болады. Каспий жағалауы майданындағы соғысқа қатысқан. 1917 жылы Бұхардағы мұсылман қозғалысына белсене араласты. Сол жылғы қараша айында Түркістан автономиясын жариялаған Мұсылман депутаттарының төтенше съезіне қатысты. 1918–19 жылы Аспандияров аштықпен күрес жөніндегі төтенше комиссиясының Сырдария облысы бөлімшесін басқарды. 1919 жылы Асфендияров — денсаулық сақтау халық комиссары, 1920 жылы Түркістан АКСР көгеріс су шаруашылығының халық комиссары болып тағайындалады. Сол жылы қыркүйекте Т. Рысқұловтың шақыруымен Ташкентке келіп, Түркістан АКСР-інің Денсаулық сақтау халкомы, жер халкомы, Денсаулық сақтау халкомы, Түркістан Компартиясы ОК-нің хатшысы қызметтерін атқарды. Ұлттық-аумақтық межелу тұсында (1924–25 жылы) Ортаазиялық Федерация құру идеясын ұстанды. 1924–25 жылы Қазақ АКСР-інің Өзбек АКСР-і үкіметі жанындағы өкілеті, 1925–28 жылы Мәскеуде – БОАК-нің Төралқа мүшесі, хатшысының (А. Енукидзенің) орынбасары, МГУ-дің профессор Н Нариманов атындағы Шығыстану институтының директоры болды. 1928 жылдан бастап ол Қазақстанда еңбек етті: Абай атындағы педагогикалық институты болып қайта құрылған Қазақ мемлекеттік университеттінің алғашқы ректоры (1928 – 31), Қазақ АКСР-і Денсаулық сақтау халкомы, Алматы медецина институтының ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры (1931 – 33) қызметтерін атқарды. Аспандияров осы институтта жалпы химия, биология, физика пәндерімен бірге анатомия, қалыпты физиология, ішкі аурулар, гистология, микробиология, фармакология, биологиялық-химия, гигиена бөлімдерін және хирург кафедралар ашты. Аспандияров жұқпалы аурулармен күреске, аурулар мен індеттердің алдын алу шараларына, халыққа ақысыз дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарын жолға қоюға көп еңбек сіңірді. Халық арасында жиі кездесетін туберкулез, шешек, оба, сүзек, тері ауруларына қарсы медецина көмек ісін ұйымдастырды. Орта дәрежелі оқу орындарында, қысқа мерзімді арнаулы курстарда әртүрлі буындағы медецина мамандарын көптеп даярлауға күш салды. Асфендияровтың қызметі әрқашанда Қазақстандағы және Орта Азиядағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістермен байланысты болды. Басқарушы қызметкер бола жүріп, ол тұрмыс ерекшеліктерін, Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті мөселесі жөнінде жақсы білетін еді. Осы қабілет-біліміне сай 1921 жылдан 1922 жылға дейін Асфендиярұлы Түркістан республикасының Мәскеудегі өкілі, сонымен қатар РСФСР Кеңхалкомы үлттық мәселе жөніндегі коллегиясының мүшесі болды. Тәжірибелі аграршы ретінде оны БОАК-тің жер бөлінісі жөніндегі Айрықша комиссиясының құрамына қосады. 1922 ж. Кеңестердің Бүкілресейлік X съезінің делегаты Асфендияров КСРО құру жөніндегі шешімді қолдады. 1923 жылы Асфендиярұлы Ташкентке қайта оралады, онда ол Халкомденсаулық пен Халкомжердегі қызметтерімен қатар, Түркістан Компартиясы ОК хатшысы болады. 1924 жылы — РКП (б) Ортаазиялық бюросы құрамына сайланады. 1925 жылы хатшының орынбасары және БОАК Президиумының мүшесі. Аспандияров Қазақстан тарихының күрделі мәселелерін зерттеген белгілі ғылым болды. Қазақ ұлттық мәдениет ғылыми-зертуғанинститутының тарих секторының меңгерушісі, КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы, кейін оның бөлімшесі орынбасары (1933 – 37) қызметтерін атқарды. Аспандияровтың Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы жөнінде ашық айтылған, орташылдықты әшкерелеген тарихи шығармаларын оқуға тыйым салынды. Аспандияров – жалған жаламен ату жазасына кесілді. Жұбайы Рабиға да ҚарЛАГ-та 5 жыл айдауда болды. Аспандияров 1958 жылы 26 мамырда ақталды. 1990 жылы Алматы медецина институтына Аспандияров есімі берілді. Мәскеуде жұмыс жасаған мерзімде Асфендиярұлының талантының жаңа қыры ашылды — оның тарих саласындағы белсенді ғылыми-ізденімпаздық қызметі ғалымның келешектегі шығармашылығын айкындап берді. Мәскеуде болған алғашқы күндердің өзінде-ақ КСРО ОАК жанындағы Шығыстану институтымен қызмет жасасады, МГУ-де сабақ береді. Бүл жылдарда Санжар шетел Шығысының өкілдерімен жиі кездеседі. Оның ғылыми еңбек сіңіргенінің айғағы 1927 жылы Шығыстану институтының директоры қызметіне жоғарылатып, МГУ профессоры деген атақ берілгені болып табылады. Ғұламаның өмірі мен қызметіндегі неғұрлым жемісті кезең — 1928–1937 жылдарға дейінгі Қазақстанда өткен мерзім. Бұл мерзімде ол республикадағы алғашқы оқу орындары мен ғылымын ұйымдастыруға көп күш салады. 1928 жылдан 1931 жылға дейінгі аралықта ол — Қазақтың педагогикалық институтының алғашқы ректоры. 1931 — 1933 жылдары Денсаулық сақтау ісінің халық комиссары, Қаз КСР оқу ісі халкомының орынбасары болып қызмет жасайды және бүгінде оның есімімен аталынатын Алматы дәрігерлік институтын басқарады. Санжар Қазақстанның академиялық ғылымының дамуына маңызды үлес қосты. 1931–1933 жылдары ол КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы төрағасының орынбасары болады, ғылыми консультация мен насихат комиссиясын, тарих-археология комиссиясын, қазақ создігі комиссиясын басқарады, ұлтгық мәдениет жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институты тарих секторының меңгерушісі болады. Ол — Қазақстан тарихы жөніндегі көптеген жұмыстың авторы, сондай- ақ қабілетті зерттеуші-филолог және жазушы. Шығыс халықтарының өмірі туралы «Әлем шатыры» деген повесть, қазақ ұлтының мәдениеті жөнінде мақалалар жазды. Алматыда Асфендиярұлы есімін мәңгілік есте қалдыру үшін көше, мен мемлекеттік медицина университетіне аты берілген.
27.Қазақстанға халықтардың депортациялануын айтыңыз.
Кеңес Одағындағы тоталитарлық жүйедегі жаппай қуғын-сүрпн кезеңіндегі негізсіз жазалау шаралары тек жекелеген адамдарға, дін иелеріне. әр түрлі әлеуметтік топтардың екілдеріне ғана емес, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік ұстанымы бойынша жекелеген халықтарға да қарсы қолданылды. Тоталитарлық жүйе жеке халықтарды саяси қуғындаудың депортациялау, яғни күштеп жер аудару әдісін қолданды. Жер аударылған халықтар реп-рессия зардаптарының барлық түрін бастан кешірді. Ол жөнінде 1993 жылы 14 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүрпн құрбандарын ақтау туралы» заңында көрсетілді. Жекелеген халыктарға мемлекет тарапынан әртүрлі қысымдар қолданылды: күштеп қоныс ауда-ру; арнайы қоныстарға орналастыру; күштеп жұмыс істету арқылы қүқықта-рын шектеу; ұлттық ерекшеліктері жағынан мемлекетке өте қауіпті, сенімсіэ халықтар деп тану. Бұл жерде мына деректен дәлел келтірсек, қаралып отырған мәселе әлде-қайда түсінікті болары сезсіз. Аудандық ІІХК бастығы жеткізген хабарлама-сында: «Кеңес Одағының фашистік Германиямен соғысына байланысты әр түрлі элементтер кеңес өкіметіне қарсы арандатушылық қауесет таратып жүр. Аудан бойынша кеңес екіметіне қарсы пиғылдағы элементтер: бүрын-ғы банды көтерілісіне қатысушылардан 93 адам, 936 кәріс және неміс», -деп атап көрсетілген. Мысалы, КСРО-ныңХКК мен БКП(б) ОАК-ның 1937 жылғы 21 тамыздағы қаулысында Қиыр Шығыс кәрістерінің қоныстарын аудару «өлкеге жапон тыңшыларын еткізбеу мақсатында» жүрпзілгенін айтады. Қиыр Шығыста тұратын кәрістер түр-түсі мен көлбеті жағынан ұқсастығына байланысты «жапон тыңшылары» деген желеумен жер аударылып, сенімсіз халық деп танылды. 1941 жылғы 28 тамыздағы КСРО Жоғары Кеңесі тералқасының «Еділ бойында түратын немістердің қоныстарын аудару» туралы жарлықта: «Мыңдаған лаңкестер мен тыңшылар бар, олар Германиядан келетін хабар бойынша жарылыстар ұйымдастыруды көздейді», яғни КСРО-ға қарсы бағыт-талған әрекет жасауда деп керсетілген. КСРО-дағы жаппай қуғын-сүрпн жылдарында 3 млн астам адам жер аударылды. «Сенімсіз халықтар» қоныстанған арнайы аудандар - солтүстік облыстар, Сібір, Орал, Орта Азия және Қазақ жері болды. Бұл халықтардың ең көп белігі Қазақжері мен Сібірге қоныстандырылды. Қазақстан Республи-касының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясында жасаған баяндамасында жер аударылғандардың санының 1 миллион 200 мың екендігі туралы дерек келтірді. Қазақ жеріне немістердің 38%-ы, шешен мен ингуштардың 83%-ы, кәрістөрдің59%-ы, балқарлардың55%-ы, қарашайлардың 58%-ы, гректердің 76%-ы, курдтардың 62%-ы күшпен қоныс аударылды. Қоныстанушылар іс жүзінде Қазақстанның барлық облыстарына орналастырылды және ІІХК-нің мынадай нұсқауларын орындады: «құпия тапсырмалар бойынша шет мем-лекеттің агенттерімен байланыс жасамау үшін «сенімсіз халықтарды» ше-гаралық аймақтарға орналастырмау»; «қашып кетпес үшін теміржолдардан алыс жерлерге орналастыру»; «бақылауға ыңғайлы болу үшін топтарымен орналастыру». Сонымен бірге олар әрдайым комендатураға барып, белп-леніп тұруы тиіс болды. Күштеп қоныстандырудың зардабы өлшеусіз еді, оны басынан еткізген-дер ешқашан ұмытпайды. Бұрын емір сүрген жерлерінде олар барлықдүние-мүлкін тастауға мәжбүр болды. Жүздеген мың «сенімсіз халықтарды», оның ішінде қарттар, әйелдер мен балаларды мал таситын немесе тауар таси-тын вагондармен әкелді. Егер жауапты адамдарға болмашы ғана наразы-лық білдірген жағдайда, сол жерде, тіпті пойыз жүріп келе жатып немесе аялдаған жерде, жазалайтын болған. Қазақстанда қоныстанушылар клубтар-ға, бос қалған мешіттерге, ат қораларға, шошқа қораларға, қоймаларға ор-наластырылып, мұндай орындар да жетпей қалғандары ашық аспан астын-да өздеріне жертөлелер қазып алды. Қоныстанушылар арасында эпидемия-лық жұқпалы аурулар - іш аурулары, қызылша, дизентерия кең тарап, оба және тырысқақ аурулары, бит басу күшеиіп кетті. Климаттың күрт ауысуы, өте ауыр тұрмыс жағдайы, нашар тамақтану, антисанитарлық жағдайда емір сұру қоныс аударушылар арасындағы өлімді кебейтіл жіберді. Бұл женінде ІІХК-ның қызметкерлерінің қүпия мәліметтерін­де: «Мұндай жағдайға жеткізуге болмайды, бұл - қылмыс», - деп жазған, Мұндай жағдайды жылқылар да көтере алмаған, сол себепті ІІХК қызметкер-лері жұмыс істеу үшін әлдеқайда төзімді өпздерді жіберулерін сұраған* Де-портациялық саясаттың қатал жағдайында Қазақжеріне ешбір дүние-мүліксіз көшіп келген халықтардың жан сақтауы тек қазақ халқының туысқандық көмегінің арқасында ғана мүмкін болды, Қазақ халқы аштық нәубеті мен сая-си қуғын-сүрпн қасіретін басынан еткерсе де, басын қауіп-қатерге тіге оты-рып, қолындағы соңғы нанымен бөлісіп, тағдыр тәлкепне түскен халықтарға ең қиын сәттерде қол ұшын беріп, баға жетпес көмек көрсетті. Зорлықпен кешірілген халықтар қилы заманда Қазақ өлкесінен пана тауып қана қойған жоқ, бастарынан қиыншылықтарды бастан өткізе отырып, өздері және ұрпақтары үшін екінші Отанын тапты. Олар ездерінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалды, кепұлтты Қазақ өлкесінен өзіне лайыкты орын тапты.
28.Ұлы Отан соғысының басталуын және жауға қарсы күшті мобилизациялауды сипаттаңыз.
Бірінші кезең (22 маусым 1941 ж.–18 қараша 1942 ж.) соғыс басталған уақыттан бастап кеңес әскерінің Сталинград түбіндегі шабуылының басталуына дейін аралық. Бұл КСРО-ға ең ауыр кезең болды.Шабуыл жасау мақсатында жауынгерлер мен әскери техникасын сақадай сай дайындаған неміс әскері біршама сәттілікке қол жеткізді. 1941 жылдың қараша айының соңына дейін қарсыласының күшіне төтеп бере алмаған кеңес әскері жауларына ұлан-ғайыр жерді тастап, артқа шегінуге мәжбүр болды. Осы аралықта олар көптеген жауынгерлерінен айрылып, із-түзсіз жоғалғандар саны көбейді, 5 млн.-ға жуық адам тұтқынға түсті, сонымен қатар мыңдаған танктер мен ұшақтарынан айрылды.1941 жылдың күзінде фашистік-неміс әскері бар күшін Мәскеуді жаулап алуға салды. Мәскеу үшін шайқас 1941 жылдың 30 қыркүейегінен бастап 1942 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасты. 1941 жылдың 5-6 желтоқсанында Қызыл Армия шабуылға көшіп, қарсыластың қорғаныс майданын бұзады. Фашистік әскер Мәскеуден 100-250 км-ге айдатылды. Мәскеуді жаулап алу жоспары іске аспай қалады, шығыстағы аяқасты соғыс жоспары құрдымға кетеді.Мәскеу түбіндегі жеңіс халықаралық үлкен мәнге ие болды. Жапония мен Түркия КСРО-ға қарсы соғысқа қатысудан бас тартты. Халықаралық аренада абыройға ие болған КСРО антигитлерлік коалиция құруға сеп болады. Алайда 1942 жылдың жазында кеңестік басшының қателігінен (ең алдымен Сталиннің қателігінен) Қызыл Армия Солтүстік-Батыс, Харьков түбінде және Қырымда ірі жеңілістерге ұшырайды. Фашистік-неміс әскері Волгаға – Сталинград пен Кавказға жетеді. Кеңес әскерінің осы бағыттардағы қажырлы қорғанысы, сонымен қатар ел экономикасын әскери жолға бағыттау, әскери шаруашылықты жөнге салу, жау тылындағы партизандық қозғалысты дамыту сияқты стратегиялық жұмыстар кеңес әскерінің шабуыл жасауына оңтайлы әсер етті.
Екінші кезең (19 қараша 1942 ж. –1943 ж. соңы) – соғыстағы түбірлі өзгеріс кезеңі. Қорғаныс ұрыстарында жауды әбден титықтатып, әлсіреткен кеңес әскері 19 қараша 1942 жылы Сталинград түбіндегі 300 мың адамы бар 22 фашистік дивизияны қоршап алып, қарсы шабуылға көшті. 2 ақпан 1943 жылы бұл топ жойылды. Осы уақытта жау әскері Солтүстік Кавказдан да қуылды. 1943 жылдың жазына дейін кеңес-германдық майдан тұрақтанды.Майданныңөздеріне ыңғайлы кескіндемесін пайдалана отырып, фашист әскері стратегиялық бастамасын қайтарып алу мақсатымен және Курск доғасындағы кеңес әскери тобын жаулап алу үшін 5 шілде 1943 жылы Курск түбінде шабуылға шығады. Қиян-кескі ұрыс барысында қарсыластың шабуылына тойтарыс беріледі. 23 тамыз 1943 жылы кеңес әскері Орел, Белгород, Харьковты жау қолынан босатады, Днепрге шығып, 6 қараша 1943 жылы Киевті босатады.Жаз-күз шабуылы кезінде қарсыластың жарты дивизиясы ойрандатылып, Кеңес Одағының бірқатар шекарасы босатылды. Фашистік одақтың ыдырауы басталды, 1943 жылы Италия соғысудан бас тартады.1943 жыл майдандағы жауынгерлік әрекеттерге түбегейлі өзгеріс әкелген жыл болып қана қоймай, кеңестік тыл жұмыстарына да өзгеріс әкелген жыл болды. Тылдың жанкешті еңбегінің арқасында 1943 жылдың соңында Кеңес Одағы Германияны экономикалық тұрғыдан жеңді. Әскери өнеркәсіп 1943 жылы майданға 29,9 мың ұшақ, 24,1 мың танк, 130,3 мың зеңбіректің барлық түрін берді. 1943 жылы Кеңес Одағы соғыс техникасы, қарудың негізгі түрлерін өндіруден Германияны біршама басып озды.
Үшінші кезең(1943 жылдың соңы – 8 мамыр 1945 ж.) – Ұлы Отан соғысынқорытындылаушы кезең. 1944 жылы кеңес экономикасы соғыс жылдарындағы ең биік белеске көтерілді. Өнеркәсіп, көлік қатынасы, ауыл шаруашылығы дами түсті. Әсіресе әскери өнеркәсіп тез көтерілді. Танктер мен өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар 1943 жылмен салыстырғанда 24-тен 29 мыңға көтерілді, ал соғыс ұшақтары – 30 мыңнан 33 мың данаға өсті. Соғыстың басынан 1945 жылға дейін 6 мыңға жуық кәсіпорын іске қосылды.1944 жыл Кеңес Қарулы Күштерінің жеңісімен есте қалды. КСРО-ның барлық шекарасы фашистік басқыншылардан тазартылды. Кеңес Одағы Еуропа елдеріне көмекке келді – Кеңес Әскері Польша, Румыния, Болгария, Венгрия, Чехословакия, Югославияны босатты, қарқынды ұрыспен Норвегияға дейін жетті. Румыния мен Болгария Германияға соғыс жариялады. Финляндия соғыстан шығып кетті.Кеңес Әскерінің сәтті шабуылдық әрекеттері одақтастарды 6 маусым 1944 жылы Еуропада екінші майдан ашуға итермеледі – генерал Д. Эйзенхауэрдың (1890-1969) басқаруымен англо-американдық жасақтар Францияның солтүстігіне, Нормандияға түседі. Бірақ кеңес-германдық майдан бұрынғышаЕкінші дүниежүзілік соғыстың басты және белсенді майданы болып қала берді.Қысқы шабуыл барысында 1945 жылы Кеңес Әскері жауды 500 км-ден астам жерге шегіндірді. Польша, Венгрия мен Австрия, Чехословакияның шығыс бөлігі дерлік жаудан босатылады. Кеңес Әскері Одерге шығады(Берлиннен 60 км). 25 сәуір 1945 жылы Эльбада, Торгау ауданында кеңес әскери жасағының америкалық және ағылшын жасақтарымен тарихи кездесуі болады.Берлиндегі шайқастар қиян-кескі және қажырлы сипатқа ие. 30 сәуірде рейхстагқа Жеңіс туы орнатылады. 8 мамырда фашистік Германияның қарсылықсыз тізе бүгу актісіне қол қойылады. 9 мамыр – Жеңіс күні болып белгіленеді. 1945 жылдың 17 шілде 2 тамыз аралығында Берлин маңы – Потсдамда КСРО, АҚШ пен Ұлыбритания үкімет басшыларының Үшінші конференциясы өтеді. Басшылар соғыстан кейін Еуропада бейбітшілік орнату, неміс мәселелері және басқа да сұрақтарға қатысты маңызды шешімдер қабылдайды. 24 маусым 1945 жылы Мәскеуде Қызыл алаңда Жеңіс шеруі өтеді.
29.Ұлы Отан соғысының алаңындағы қазақстандықтардың ерліктері туралы айтыңыз.
Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Ленинград шайқасы (1941ж.-1943 ж.-қантар)Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.
Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан).Сталинград майданың барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнде орналасқан Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т.б. Сталинградты қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г.Сафиулин, М.Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери бөлімдері жауды талқандау барысында көп үлес қосты. Мысалы, М.А.Баскаков басқарған батареяның 43 зенитшісі трактор заводын қорғап, жаудың 11 танкісін жойып жеберді. 36 зенитші қаза тапты, бірақ бір адам да шагінбеді. 1942 жылы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нуркен Әбдіров Боховская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына қүлатып, ерлікпен қаза тапты. 29 және 38-атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін заводттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 1943 жылы бұл дивизиялар 72 және 73-гвардиялық дивизияларға айналып, «Сталинград дивизиясы» құрметті атағына ие болды. Оңтүстік Қазақстандық жауынгері Толыбай Мырзаев «Павлов үшін» қорғауға ерлік көрсетті.116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жаунгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: 1.Барлығы — 11600 адам; 2.Қазақстандықтар — 497, оның ішінде қазақтар — 97; 3.Қазақ қыздары — 2. Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский. Үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алған: И.Н.Кожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесінің түлегі. Солдат ерлігі орденінің толық иегері — 142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар — 96638. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар. Міне, осылай Кеңес халқы мен оның Қарулы күштері бұдан 69 жылдан астам бұрын адам баласының қас жауы фашизмді осылай талқандады. КСРО-ның Ұлы Отан соғысында өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды, Европа халықтарын фашизмнің қанды шеңгелінен құтқарып, жеңімпаз халық атанды.
30.Ұлы Отан соғысы кезіндегі партизан қозғалысына қазақстандықтардың қатысуы (1941-1945жж).
Партизан қозғалысы – жау басып алған территорияда өз Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі және әлеуметтік өзгерістер жолындағы халықтық күрестің бір түрі; оған жау тылында қимыл жасаушы әскери бөлімдер де қатысуы мүмкін. Ұлы Отан соғысы кезіндегі партизан қозғалысы (1941-45) – совет халқының КСРО территориясын уақытша басып алған фашист басқыншаларына қарсы күресі. БК(б)П ОК партизан қозғалысына бағыт беріп, жау тылында жұмыс істеуші жергілікті партия ұйымдарына басшылық етті. Партияның ОК мен КСРО Халкомсовы 1941 ж. 29 маусымдағы Қарарында және БК(б)П ОК 18 шілдедегі «Герман әскерлерінің тылында күрес ұйымдастыру туралы» қаулысында жау басып алған аудандарда партизан қауымын ұйымдастырудың, астыртын жұмысын жүргізудің бағдарламасын көрсетіп берді. Соның нәтижесінде 1941 ж. күзінде жау басып алған жерлерде партияның 10 астыртын облыстық, 260 округтық, қалалық, аудандың комитеті, ал 1943 ж. 24 астыртын облыстық, 370-тен аса округтық, қалалық, аудандық комитеттері, 2 мыңға жуық астыртын комсомол ұйымы, комсомолдың 12 облыстық, 280-нен аса аудандық, қалалық комитеттері жұмыс істеді.Соғыстың басында партизан қозғалысын ұйымдастыру үшін совет тылынан арнайы дайындықтардан өткен коммунистер мен комсомолецтер жау тылына жіберілді. Мұнымен қатар әскери қызметкерлер мен чекистерден құралған топтар жіберу тәжірибесі кең қолданылды. Осындай арнайы топтардың негізінде партизан отрядтары пайда болды. Мұндай топтар әсіресе Украина мен Белоруссияның батыс аудандарында, Молдавия мен Балтық жағалауларында щор рөл атқарды. Партизан қозғалысының бүкіл халықтық, интернационалдық сипат алды. Мұнда ерлермен бірге әйелдер де, қарттармен бірге жастар да, көптеген өкілдердің өкілдері болды. Мәселен, Украина партизан отрядтары мен құрамаларына елдің 62 ұлтының өкілдері қатысты. Толық емес деректер бойынша, Украинада жергілікті және т.б. ұлттармен бірге 1500 қазақ, Ленинград және Смоленск облыстарында 500-дей, ал Беларуссияның 65 партизан құрамаларында 1500-ден астам қазақстандықтар болды.
31.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан экономикасының дамуының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Соғыс жылдарында армия мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде Қазақстанның ауыл шаруашылығы аса маңызды роль атқарды. 1941-1942 жылдары жаудың қоластында қалған аудандардан 1.2 млн. бас ірі-қара мал айдап әкелініп республикамыздың жер-жеріне орналастырылды, 1943 жылдан бастап осы малдар жаудан босатылған аудандарға кері қайтарыла бастаған. 1943-1944 жылдары 500 мың бас малды әкелген жерлеріне қайта жеткізіп берген.Соғыстың алғашқы айларында Қазақстанға өндірістік маңызы бар мекемелер көшірілу ұйымдастырылды. Қазақстан территориясына қысқа мерзім ішінде 142 мекеме еліміздің батыс аймағынан 532.506 адам көшіріліп әкелінді.Олар Қазақстанның түрлі қалаларына орналастырылды. Мысалы: Алматыға, Луганск. Ауыр машина жасайтын зауыт т.б. Семейге – Киев, Азовск, Артемов аяқ киім фабрикалары т.б. Атырауға-мұнай жабдықтары т.б. Ақмолаға-Орехов мотор жөндеу зауыты т.б. Шымкентте-Воронеждегі станок құрылысы зауыты (прессавтомат) т.б. Ақтөбеге рентген аппараттар зауыты. Республикаға көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың 107-ші қысқа мерзімде жұмысқа кірісті. Көшіріліп әкелінген басқа да кәсіпорындардың, әсіресе жеңіл және тамақ өнеркәсібі мекемелерінің жабдықтары жаңадан құрылып жатқан немесе Республиканың әр жерлерінде жұмыс істеп жатқан мекемелерге берілді. Мысалы, Ордженекидзедегі электроцинк зауыттың жабдықтары жаңадан Өскемендегі қорғасын зауыты жедел түрде іске қосылды. Жау қолында уақытша қалған аудандар босатыла бере шығысқа көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың көпшілігі соғысқа дейінгі бұрынғы орындарына қайта қайтарылды. КСРОның жау қолында қалған аудандарының көшішіріліп әкелінген кәсіпорындарды орналастырумен қатар Қазақстан өзінің машина жасау кәсіпорындарын құрып, ауыр өнеркәсібін одан әрі дамыту міндеттерін де шеше бастады.
Соғыстың алғашқы айларында Кеңестер мемлекеті соғысқа дейінгі жылдары салынған өндіріс қуатының көп бөлігінен айырылды. Бұл жағдаймен бір мезгілде мемлекет экономикасын әскери өмірге бейімдеу іс-шаралары жүзеге асырылды. Қысқа мерзім ішінде республика халық шаруашылығын соғысқа бейімдеп қайта құру қиын болды. Бірінші кезекте елдің қорғаныс мұқтажына жұмыс істейтін халық шаруашылығы материалдық және адам ресурстарымен қамтамасыз етілді. Халық шаруашылығы салаларында негізінен әйелдер, қариялар, жасөспірім балалар еңбектенді. Соғыс уақытының талабына сай жұмыс күні ұзартылды және еңбек демалыстары жойылды. Барлық азық-түлік пен шикізат қорлары майданға жіберілгендіктен халық азық-түлік және өнеркәсіп өнімдерімен белгіленген мөлшерде ғана қамтамасыз етілді. Соғыстың алғашқы күндерінде КСРО үкіметі жанынан эвакуация жөніндегі Кеңес құрылды. Ал, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі жанынан эвакуациямен келген халықты, өнеркәсіп орындарын орналастыру жөніндегі бөлімдер ашылды. 1941 жылдың жазынан бастап Қазақстанға көшірілген халықты әкелген эшалондар келе бастады. Қазақ Республикасына әсіресе, 1941 жылғы тамыз-желтоқсан айларында халық көп келді. 1941 жылдың аяғында тылға көшірілген 12 млн. халықтың 386492-сі Қазақстанға орналастырылды. Бұл көрсеткіш 1942 жылы 532,5 мыңға өсті. Жергілікті өкімет ұйымдары эвакуациямен келген халықтың мұқтажын қанағаттандыруға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Соғыстың алғашқы айларынан бастап Қазақстанға батыс аудандардағы өнеркәсіп орындары көшіріле басталды. 1941 жылы 28 қыркүйекте Ақмолаға ең алғашқы Мелитополь станок зауыты көшіп келді. Петров атындағы мұнай жабдықтарын жасайтын зауыт Гурьевке, Пархоменко атындағы шахта жабдықтарын жасайтын зауыт Қарағандыға көшірілді. Қазақстан территориясына көшірілген өнеркәсіптер жоспарлы түрде шикізат көздеріне жақын жерлерге орналастырылды. Ақтөбе ферросплавл зауыты Запорожье ферросплавл зауыты жабдығын, Өскемен қорғасын мырыш комбинаты, Орджаникидзе түрлі-түсті металл зауытын, Ворошилов ауыр машина жасау зауытын Алматы авторемонт зауыты қабылдады. Алматыдағы құрылысы толық аяқталмаған авторемонт зауыты Луганск ауыр машина жасау зауытын, республикамыздың оңтүстігі Украинаның 14 қант зауытын қабылдады. Өнеркәсіп орындарын көшірудің екі кезеңі болды: 1941 жылдың соңынан 1942 жылдың басына дейін, 1942 жылдың басынан күзіне дейін. 1941 жылдың күзінде Қазақстанға УКСР-нен, БКСР-нен, Ленинград пен Москвадан өнеркәсіп орындары көшірілді. Тек Украинадан 70 шақты зауыт, фабрика, электростанция, депо, механикалық шеберханалар келді. Олардың ішінде Қазанның ХХ жылдығы атындағы станок жасайтын зауыт, № 24 зауыттың Харьковтік ұшақ цехы, Днепропетровск вагон жөндеу зауыты, “Трансвязь” электромеханикалық зауыты, Пархоменко атындағы Луганск машина жасау зауыты, Киев ет комбинаты және т.б болды. Москва және Москва облысынан рентген, Дзержинский атындағы электротехникалық зауыт, Курчатовск мехзауыты, “Изолит” зауыты, “Красный факел” зауыты көшірілді. Тек Гурьев арқылы 1942 жылы тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанға 24 000 тонна әр түрлі өнеркәсіп жабдықтары көшірілді. Жеңіл өнеркәсіп орындары да Қазақстан, Орта Азия территорияларына көптеп көшірілді. Атап айтқанда, Киев, Азов, Артемов аяқ-киім фабрикалары негізінде Семей аяқ-киім фабрикасы, “Парижская коммуна” аяқ-киім фабрикасы негізінде Қарағанды, Қызылорда, Алматы аяқ-киім фабрикалары құрылды. Қазақстанға 53 жеңіл өнеркәсіп орындары көшірілді. 20 шақты машина жасайтын, металл өңдейтін, азлитражды двигатель, радиоприбор, таразы, тігін машинасын жасайтын зауыттар әскери жабдық, қару-жарақ шығаруға негізделіп қайта құрылды. Көшірілген өнеркәсіп орындарымен бірге республикаға 3200 тау-кен мамандары, 200 Донбасс шахтасының құрылысшылары, Воронеж, Луганскіден 2000 машина жасаушы мамандар, 1000 теміржолшылар, 7000-ға тарта инженер-техник мамандары қоныс аударды. Жау уақытша басып алған жерлердегі өнеркәсіп орындары Қазақстанға көшіріліп, орналастыру шаралары 6 айға созылды. Отанға төнген қауіп Кеңестер Одағының барлық ұлттары мен халықтарын тығыз біріктірді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап Қазақстан еңбекшілері жоғары ұйымшылдық көрсетіп, Отанының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін еңбектенуді басты мақсаты деп шешті. 1941 жылдың 16 тамызында БКП (б) ОК-мен КСРО ХКК Повольжье, Орал, Батыс Сібір, Қазақстан және Орта Азия аудандарына 1941 жылдың 4- тоқсанына және 1942 жылға арналған жоспарды бекітті. Бұл жоспар бойынша әскери техника, жабдықтар, оқ-дәрі өндіруді ұлғайту және металлургия, көмір салалары өнімдерін асыра өндіру, стратегиялық шикізат шығаруды арттыру көзделді. Өйткені 1941 жылдың өзінде жау КСРО территориясының көп бөлігін жаулап алды. Жаулап алынған территорияларда өндірілетін шикізат ендігі жерде Қазақстанда бірнеше рет көп мөлшерде өндірілді. Донецк, Москва түбіндегі көмір бассейндерінен көмір өндіру мүлдем тоқталды. Сондықтан соғыс мүддесіне көмір өндірудің барлық ауырлығы Қарағанды көмір бассейніне түседі. Қарағанды көмір бассейні соғыс жылдарында алдағы жылдармен салыстырғанда көмірді төрт есе артық өндірді. Соғыс жылдары 18 жаңа шахта ашылды. 1945 жылы конструктор С.С.Макаров әлемдегі ең алғашқы көмір комбайнын Қарағанды жерінде ойлап тапты. Қарағанды көмірі Орал, Орск-Халиловск, Поволжье өнеркәсіп орындарын, темір жол транспортын отынмен қамтамасыз етті. Соғыс жылдары мұнай өндіру 3 есеге көбейді. “Қазақстан мұнай” ұжымы тәулігіне 12 сағат жұмыс істеді. “Ақтөбе мұнай” ұжымы Жақсымай мұнай шығару объектісін жұмысқа қосса, Гурьев облысының мұнай құбырларында мұнай өндірісін арттыруды қолға алды. Ұжымдар арасында социалистік жарыстар кеңінен қанат жайып, жарысқа қатысқан 9340 мұнайшының 5800-і жұмыс нормасын 101-200%, 218-сі – 200-300 %, 23 мұнайшы 300 % асыра орындады. Ембі-Құлсары мұнай өндірісін басқарған мұнайшы инженер Сапы Өтебаев 1941 жылы 29 ұңғыны жұмысқа қосып, тәуліктік өнімді осы жылы соғысқа дейінгі көрсеткіштен екі есеге көбейтті. Соғыстың тек алғашқы жылы жаңа 4 мұнай өңдеу орындары жұмысқа қосылды. 1942 жылы неміс-фашистер әскері Волгаға шығып, Солтүстік Кавказ территориясын басып алуына байланысты, мұнай өнеркәсібінің жағдайы қиындады. Сондықтан Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті мұнай өндіруде Қазақстанға үлкен үміт артады. Ембі мұнайшылары 1942 жылы тәулігіне 2500 т. мұнай өндірсе, 1943 жылы – Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің тапсырмасын орындау барысында мұнай өндіруді 4500 тоннаға жеткізуді ұйғарды. 1943 жылы 18 мамырында Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті “Қазақстан мұнай комбинатында мұнай өндіруді жүзеге асыру шаралары” деген қаулы қабылдайды. Қаулы бойынша мұнай өндіруді барынша күшейту және комбинат жанынан барлау бөлімін ашу жолға қойылды. Нәтижесінде осы жылы Кавказ және Қазақстан мұнайын майданға жеткізу жолдары салынып, майдандар өз мерзімінде жанармаймен қамтамасыз етілді. 1943 жылы “Қазақ мұнай” ұжымы Мемлекеттік қорғаныс комитетінің Қызыл Туын 5 рет иемденіп, мұнай өңдеуде жоғарғы көрсеткіштерге жетті. 1944 жылы “Қазақстан мұнай комбинаты” ұжымы 15 рет Бүкілодақтық жарыстардың жеңімпазы аталып, 10 рет ОАК мен Қазақстан коммунистік партиясының Туларын иемденді. 1944-1945 жылдары бұл ұжым 11 рет Қорғаныс Комитетінің Туын иемденіп бүкілодақтық жарыстың 2,3- орындарын жеңіп алды. Соғыс жылдары қорғаныс өнеркәсібі үшін Қазақстан металлургтері күні-түні еңбек етті. Өндірілген 100 т. молибденнің 60 тоннасын Шығыс Қоңырат руднигі өндірді. Қазақстан соғыс жылдары Одақ бойынша өндірілген барлық қорғасының 85%, полиметалдың –70 %, висмуттің – 50%, вольфрамның 20% өндірді. Тоталитарлық тәртіптің қылмыстарының бірі – халықты депортациялау, яғни оның этноәлеуметтік және территориялық бірлігін күштеп бұзу болды. 30-шы жылдары жүзеге асырыла бастаған депортациялау науқаны екінші дүниежүзілік соғыс жылдары күшейе түсті. Негізсіз айыппен 1941 жылы поляктар мен 361 мың Волга бойының немістері шұғыл түрде көшіріліп, Қазақстанның 12 облысына жер аударылды. Қазақстанға жер аударылар алдында олардың мал-мүлкі толығымен тәркіленіп, өкімет тарапынан ешқандай көмек көрсетілмеді. Олар тек жергілікті халық тарапынан қолдау тапты. Кеңестік немістерге әкімшіл-әміршіл жүйе Отанын қорғауға рұқсат етпеді. Сондықтан қолына қару алып, фашистермен соғысу үшін көптеген немістер фамилияларын өзгерткен. Мысалы, Вольдемар Венцель Венцов деген фамилиямен соғысып, көптеген медальдар мен Қызыл Ту орденімен марапатталған. Павлодарлық П.Шмидт азербайжан тілін білгендіктен Али Ахметов деген атпен, Иван Гарвард Громов деген фамилиямен соғысқа қатысады. Соңғысы Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Оның есесіне 1942 жылдан бастап 15-60 жас аралығындағы немістер еңбек армиясына мобилизацияланады. Еңбек армиясы күшпен еңбек ету лагерлерінде тұрды және оларды ІІХК-ның қарулы әскер бөлімшелері күзетті. 1943-1945 жылдар аралығында республиканың 4 облысы мен 145 ауданына 507 мың карашайлықтар, балкарлар, шешендер, ингуштар, қалмақтар, 110 мың месхеттік түріктер мен күрдтер, 180 мың Қырым татарлары жер аударылады. Әкімшіл-әміршіл жүйе бұл халықтарды азаматтық құқықтарынан айырып, жойып жібере жаздады. Бұл фактілер Кеңестер мемлекетінде сөз жүзінде халықтар достығы, теңдігі туралы көп айтылғанымен, іс жүзінде ұлттық саясаттың бұрмалағандығын көрсетеді. Осындай халықтың жанқиярлық ерлігінің нәтижесінде кеңестік экономиканың өсу қарқыны соғыс алдындағы бес жылдықтар көрсеткіштерінен жоғары болды. Нәтижесінде тек 1942 жылдың өзінде КСРО Германиямен салыстырғанда танкті 3,9 есе, ұшақты 2 есе, артиллериялық қару-жарақты 3 есе артық өндірді. Ал, 1944 жылы кеңестік индустрия сөткесіне бір танк бригадасы мен полкін, 3 авиация полкін жабдықтауға жарайтын әскери техника шығарды. Оған Қазақстан экономикасы да өз үлесін қосып, соғыс өнімдерінің басым бөлігін өндіріп, уақытымен майданға жеткізіп тұрды.
32.Қазақстан дәрігерлерінің соғыс жылдарындағы қызметін қарастырыңыз.
Соғыс жылдарында майданда және госпитальдарда жұмыс істеуге 700 мың медицина саласының қызметкерлері шақырылды. Олардың 280 мыңы дәрігер, 11 мыңы фармацевтер, 57 мыңы фельдшерлер, қалғандары медбикелер және санинструкторлар болды. Бұған қоса медициналық оқу орындары оның ішінде Қызылордада орналасқан Симферопольден көшірілген Қырым медициналық институтын қосқанда 5 мыңнан аса дәрігерлер мен 17389 фельдшерлер оқу орындарын соғыс кезінде бітіріп көбісі майданға аттанды. Медицина қызметкерлері тылдағы госпитальдарда ғана емес, шайқас далаларында да қажырлы еңбегімен көзге түсіп, жаралыларды өлімнен құтқарып, өз өмірлерін қиып отырды. Тек 1941 жылдың өзінде 427 дәрігер, 611 фельдшерлер қаза тапты. Бұл кеңес әскерлерінің шегінген кезеңі болды. Осыған байланысты шегінген кезде көбісі мерт болып, із-түзсіз кеткендер қатарына ілінді. 1941 жылы 1273 дәрігер мен 1776 фельдшерлер із-түзсіз кетті. Соғыста бетбұрыс байқалды деген 1943 жылдың өзінде майдандардағы және тылдағы госпитальдарда 3556 дәрігер мен 7637 фельдшер қаза тапты. Ал қанша санитарлар алғы шепте, тылдағы госпитальдарды бомбалау кезінде қаза тапты. Ұлы Отан соғысы кезінде 117 госпиталь жау қолына түсті, 17 госпиталь қоршаудан шығу кезінде үлкен шығындарға ұшырағандықтан таратылды, 14 госпиталь із-түссіз кеткендер санатында. Бұлардың қатарындағы дәрігерлердің 41%, фельдшерлердің 43%, медбикелердің 100% әйелдер болды [2,306–309 б.]. Соғыс кезінде әскерге шақырылған медицина саласы қызметкерлерінің 200 мың дәрігері, жарты миллионға жуық орта медициналық қызметкерлері 1 миллион адамға лайықтап жасалған 6000 эвакогоспитальда әскери киім киіп, өздерінің отан алдындағы борышын өтеді. Олар 22326905 жаралы мен ауруларға көмек берді. Олардың 14685593-і жаралы болса, 7641312-сі аурулар болды. Госпитальдарға жараланып я сырқаттанып түскендердің 17157243-і, я 76,9% қайтадан әскер қатарына жіберілді. 3798158-і, я 17% әскерден босатылды немесе демалысқа жіберілді, 1371504-і, я 6,1% қайтыс болды. Жарақат алған жауынгерлердің 70,8% қолынан я аяғынан жарақат алғандар болды [3,244 б.]. 1352 күнге созылған бұл соғыста күніне 11398 кеңес әскерінің солдаттары мен офицерлері жараланып я қаза тауып отырған. Кеңес халқы да өз көмегін аямады, соғыс кезінде 5,5 миллион адам қан тапсырып донор болды. Ұлы Отан соғысының бастапқы айларында эвакогоспитальдар екі жүйеге бағынатын: Қызыл Армияның бас әскери-санитарлық басқармасына және Денсаулық Сақтау Халық комиссариатына, алайда 1941 жылдың қазанында бұл екі мекеменің эвакогоспитальдары Денсаулық сақтау Халық комиссариатына берілді. 1941 жылдың 10 қазанында Халық комиссарының орынбасары С. И. Миловидов басқарған эвакогоспитальдардың басқармасы құрылды. Осыған сәйкес Қазақстанда және облыс орталықтарында оның ішінде Қызылордада эвакогоспитальдар басқармасы құрылды. Госпитальдардағы жаралыларға сапалы ем жасау үшін әрбір госпитальда «госпитальдық кеңес» құрылды. Мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің жаралыларға көмегін реттестіріп отыру үшін «Жаралыларға және ауруларға көмек беретін жалпы одақтық комитет» құрылды. Комитет жұмысын ВКП(б) ОК хатшысы А. А. Андреев басқарды. Бұл комитет госпитальдар орналасатын ғимараттарды жөндеуге, отынмен қамтамасыз етуге, тағы басқа көмек беру істерімен айналысты. Мысалы осы комитеттің тікелей араласуының арқасында облыстық партия комитетінің шешімімен облыстағы үш госпитальға қосымша құрылыс материалдары беріліп, 1942 жылдың өзінде Жаңақорғандағы 3980 госпиталінде пештер қайта салынып, балшықпен емдеу бөліміне жылыту жұмыстары жүргізілді және госпитальге су торабы тартылды. Ал 3978 және 3979 госпитальдарында, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс көлемінде орналасқан елді мекендердің еңбекшілері әсіресе бақша дақылдарын өсіретін шаруашылықтар көбінесе өз еріктерімен госпитальдардағы жаралыларды өз әке-балалары сияқты көріп қауын, қарбыз, әңгелек, жүгері және бақша өнімдерінен дайындалған қауынқақ, қияр, помидор сияқты дақылдарды жаралыларға әкеліп тұрды. Қала мектептері мен орта және жоғары оқу орындарының білім алушыларымен оқытушылары госпитальдарға көмек жасау үшін бөліп алып, концерттер қойып, жаралылардың үйіне хат жазуға көмектесті және басқа да көмектерін аямады. Осындай жұмыла кіріскен жұмыс арқасында Қазақстан Халық Комиссарлар кеңесінің 1941 жылғы № 1829–821 қаулысына сай 1941 жылдың қазанына дейін Қазақстанда 6400 орындық эвакогоспитальдар жұмысын бастады. Қазақстан үкіметінің екінші тапсырмасына сәйкес 1941 жылдың соңына дейін тағы 5800 адамға орындар дайындалды. Бұған қоса санаториялар мен демалыс үйлерінің базасында 1941 жылдың соңына дейін 910 орындық 6 эвакогоспиталь ашылды. 1941 жылдың желтоқсанында Солтүстік Қавказдан 9150 орындық 20 эвакогоспиталь Қазақстанға көшірілді. Оның 1800 орындық үш госпиталі Қызылорда облысына орналастырылды.
33.Соғыс жылдарынан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне талдау жасаңыз (1946-1953).
II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.
Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты жалғастырылды. Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды:
-Төлқұжаттары болмады.
-Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.
Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды.
Халықтың әлеуметтік жағдайы .Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.
Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары:
1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.
2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды.
3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді.
4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді.
5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді.
6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.
Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.
34.«Жылымық жылдарындағы» Қазақстанның дамуының ерекшеліктерін анықтаңыз (1954-1964жж.).
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.
35.Тың және тыңайған жерлерді игерудің негізгі кезеңдерін жүйелеңіз. Себептері, жүру барысы, салдары.
Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шар.ғы үшін аса ауыр кезең болды.1946 жылғы 16қыркүйекте ауыл шаруашылығында қиын жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Оның нәтижелері : 1949 жылғы республика колхоздарына әр түрлі мемл-к ұйымдардың 214 млн сом қарызы , мал. техника және заңсыз алынған 540 мың га . жер қайтарылуы. Материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлінді. Мамандар дайындау жүйесі жөнге қойылды. МТС-тер қызметі 1946 ж-76% , 1950ж -95% ға өсті . 1948 жыл – республика ауылдарын жаппай электрлендіру басталды . Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп , ірі ұжымдық шаруашылықтар құрылды . 1945жылы – 6737колхоз ,1952жылы -2047колхоз. Мал саны өсіп , суармалы жер көлемі 16%-ға артты. Осыған қарамастан ,Ауыл шар\ның артта қалу себептері: Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі, жергілікті жағдайлармен есептеспей , жоғарыдан жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм” кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі, еңбекшілерді өндіріс құралдарынан, еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумында Азық түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. 1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко, екінші хатшылыққа Л.И Брежнев отырды. 1954 жылғы қаңтар- наурыз - КОКП ОК Пленумы “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” қаулы қабылдады. Осының нәтижесінде Қазақстанда көптеген жерлер игеріліп, ол жерден астық өнімдері өндіріле бастады.Тың жерлер игерілетін аймақтар:Қостанай,Ақмола,Солт.Қаз, Көкшетау,Торғай,Павлодар. Бұл жылдары Қазақстанда 25млн га жер жыртылды.1960ж аяғына қарай астық өндіру көлемі алдынғы жылдармен салыстырғанда 3,8 есеге артты. Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық өндіруден Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды.Жағымды құбылыстар:Қазақстан КСРОның негізгі астықты аймағына айналды, экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті,Қазақстан көп ұлтты респ.болды,еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті,жаңа жолдар мен елді мекендер көбейді. Жағымсыз құбылыстар: экологиялық жағдай ауырлады, мал шаруашылығы төмендеді, тың игеру экстенсивті әдіспен жүргізілді,жер-су аттары орысша аталды,республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді,тілдік және демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады,тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі тың игері басталғаннан кейін 20 жыл өткенде ғана құрылды.1954-1962 ж 2 млн адам келді.Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды.Қоғамдық өмірді демократияландыру үрдісі басталды.Шетке кеткен отандастарымыз елге қайта оралуға мүмкіндік алды. Мысалы КСРОға келген 350мың адамның 200мыңы Қазақстанға оралды.Мал шаруы ашылығының артта қалу себептері:күштерді ұжымдастырудың зардаптары,материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі,жайылымдық жерлердің қысқаруы.Басты себеп:әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің ауыл шаруашылығын жүргізудегі сауатсыз әрекеттері. Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).
2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Тың игерудің салдары : Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.
5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.
6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.
7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.
9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.
10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
36.ХХғ. 60-шы жылдарындағы шаруашылық реформаларының ерекшеліктерін көрсетіңіз. -------------------------------
37.Целиноградтағы (Ақмоладағы) 1979 ж. Оқиғаға талдау жасаңыз.
Целиноград оқиғасы — 1979 жылғы 16 — 19 маусымда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында болған әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы наразылық қимылдары.
Еділ бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшірілді (қ. Депортация). КОКП 20-съезінен кейін 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында таратылған көптеген автономиялы республикалар қалпына келтірілгенімен Еділ бойынан көшірілген немістер жөніндегі шешім қайта қаралмай қалды. Осыған байланысты жер аударылған немістер арасында тарихи отандары — ГФР-ға көшу мәселесі жиі көтеріле бастады. Бұл процесті тоқтату үшін кеңес өкіметі немістердің тарихи отанына оралуына шек қойды және Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды. Ол шешім 1979 жылғы көктемде КОКП ОК Саяси Бюросының мәжілісінде республика үкіметі мен Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз қабылданды. Бұл шешімнің конституцияға сәйкес келмейтініне қарамастан, Қазақ КСР-і үкіметі мен Қазақстан Коммунистік партиясы ОК елеулі қарсылық көрсете алған жоқ. Бұл автономиялық облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының біраз аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып белгіленді.
Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. 16 маусым күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілдерінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясына жол жоқ!” және басқа да ұрандар жазылған тақтайшалар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. Облыс басшыларының митингіні тез арада таратуға тырысқан әрекеті іске аспады. Митингіге қатысушылар шеп түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті. Облыстың және қаланың партия басшылығы тоталитарлық жүйенің дәстүріне сай әрекет жасай отырып, халықтың Саяси бюроның ойланбай алған шешіміне қарсы жасалған шеруі мен ашу-ызасын идеологиялық жұмыс дәрежесінің төмендігіне әкеліп саяды. Студенттер жатақханаларына “түсінік жұмысын жүргізу үшін” насихатшылар тобы жіберілді. Автономия құру туралы шешім болған жоқ деп мәлімдеп, облыс басшылығы КОКП ОК Саяси Бюросының автономиялы облыс құру жөніндегі жобасынан іс жүзінде бас тартты.
Келесі шеру 19 маусымда болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2-4 мыңдай адам қатысты. Шеруге қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды.
Целиноградтан кейін шағын митингілер мен шерулер Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті.Бұл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп, тіпті әкімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ. Алайда республика басшылығы және Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бұл шерулер туралы ақпарат таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Баспасөзде, партия активтері мен пленумдарда бұл оқиғалар туралы ештеңе айтылмады. Дегенмен, Целиноград наразылығы туралы қауесет халыққа тарап кетті және ол қазақтардың ұлттық сана-сезімінің оянуына үлкен әсер етті.
38.ХХғ. 70-ші жылдардың бірінші жартысы мен 80-ші жылдардағы тоқырау құбылыстарының өршуін түсіндіріңіз.
ХХ ғ. 70-жылдарының басында 60-шы жылдардың ортасында басталған экономикалық реформаның қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған бастапқы идеялары бұрмаланып және көп ұзамай реформаны жүргізу тоқтатылып, тарихымыздағы тоқырау кезеңі басталған болатын. “Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халық шаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32% жұмсалды. 15 жыл ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2 есе, ал машина жасау, химия өнеркәсібі сияқты салаларда 3 еседен астам артты. Энергетикада электр қуатын өндіру одан әрі шоғырланып, орталықтандырылды. 1975 жылы республиканың барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті. Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысына жуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволар республиканың шикізат ресурстарын өздеріне тасып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ, олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржы жұмсамады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сом жалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сом немесе 1 проценттен аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқа себептерге байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегі жекелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмалар орындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістік қуаттар кешігіп іске қосылды. Еңбек тәртібін бұзушылыққа жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске жеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндіріс орындары 1981 ж. 760 млн. сом, 1982 ж. – 1,0 млрд., 1983 ж. – 1,3 млрд., 1984 ж. –1,65 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жоқ. Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде капиталистік мемлекеттерден кейін қалу күшейе түсті. Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін өсіру ауыр өнеркәсіпте негізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да жұмысты атқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігі істен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалық көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін өндіріс орындары салынды. Бірақ, осыған қарамастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде ірі өнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың, зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріп отырды. Еңбекті, материал мен ақшаны көп жұмсаған кәсіпорын және оның басшыларының көрсеткіші жоғары бағаланды. Республика ілгерілеу қарқынынан айырыла бастады, шаруашылықтың барлық саласында іркіліс көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді. ІХ бесжылдықта жоспардың күрт төмендетілгеніне қарамастан өнеркәсіп көлемі 12,6%-ке орындалмады. Оныншы бесжылдық - 25%-ке, ал он бірінші – 3,6%-ке орындалған жоқ. Соның салдарынан қаралып отырған жылдарда ұлттық табыстың өсу қарқыны баяулап, 80-ші жылдардың бас кезінде экономикалық тоқырауға жақындатқан деңгейге дейін төмендеді. Мысалы, республика ұлттық табысын 60-70%-ке өсіру міндеті қойылса, ол іс жүзінде 36%-ке ғана орындалды. Республиканың көптеген шаруашылық қызметкерлері ұлттық байлықты молайту қамын ойламай, қайта белгілі бір салаға материал мен еңбекті, жұмыс уақытын көбірек жұмсап, оны қымбатырақ бағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің “жалпы саны” өскенімен, бірақ тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған басқа елдерге қарағанда өнімнің бір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да қуаттарды едәуір көп жұмсады. Мәселен, АҚШ пен Жапония өнімнің бір өлшеміне бізге қарағанда шикізат пен энергияны 30-40% кем пайдаланды. Елдің экономикасының ондаған жылдар бойы экстенсивті жолмен дамығаны көбінесе осы себептен еді. Өндірісті көлемі жағынан басымырақ өсіру идеяларында тәрбиеленген республика басшылығы үсті-үстіне жаңа шығындар жұмсау әдісімен әрекет жасады, отын, энергетика салаларын ұлғайтты, өндіріске табиғи ресурстарды жеделдете тартты. Мысалы, Маңғыстауда өндіретін мұнайдың және онымен қосылып шығатын газдың тек қана 8-10% ғана пайдаланылды. Аса ірі кәсіпорындар салу арқылы шикізат салаларын дамытуға бағыт ұстау ғылыми прогресс арқылы өркендейтін өндірісті тежеді, өңдеу, қайталап өңдеу, жаңа тауарлар шығару салалары баяу дамыды. Өндірістің теңестірілмеуі, әкімшілік арқылы басқарылуы жағдайында жылдық, тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айналды. 1981-1985 жылдары Қазақстанда әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Күрделі құрылыстарда бітпеген объектілер саны өсті, жоспарлы құрылыстардың орнына жоспардан тыс көптеген құрылыстар салынды, қосып жазу, құрылыс материалдарын талан-таражға салу көбейді. 70-жылдарда құрылыста бригадалық-мердігерлікті дамыту қозғалысы басталды. Оның негізінде жұмысшылардың өндірісте қорларды пайдалануда тәртіп орнату, еңбекақы төлеуде теңгермешілікті жою, неғұрлым көбірек дербестік алу жолындағы ұмтылысы жатқан еді. Бригадалық мердігерлікті сөз жүзінде бәрі қолдады және насихатттады, ал іс жүзінде мердігерлік әдіс көптеген нұсқаулар арқылы жоққа шығарылды. Тоқырау кезеңін қамтыған үш бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын 1965 жылдан басталған реформалау әрі жалғастырылды. Аграрлық салаға қаржыны көптеп бөлу, селоның әлеуметтік проблемаларын шешу, шаруашылық есепті енгізу, ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шаралары белгіленді. Осы бағытта тек 1971-1978 жж. ауыл шаруашылық саласына 58,2 млрд. сом бөлінді. Мұның нәтижесінде 1985 жылға дейін негізгі егін шаруашылығы жұмыстары – жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығы саласындағы жұмыстар 75-90% техникаландырылды. Алайда, ауыл шаруашылығы проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы шешу жолы тиісті нәтиже бермеді. Аграрлық секторда аса маңызды орын алатын жердің құнарлылығын арттыру, электрлендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын және өңдейтін кәсіпорындар жеткілікті дәрежеде салынбады. Сондай-ақ село еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық проблемалары шешілмей қалды, сөйтіп бұл салада күткен бетбұрыс болмады, нәтижесінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру тұрақсыз болды. Егістіктің шығымдылығы азайды, мал шаруашылық өнімдерін өндіру төмендеді. ХХ ғ. 70 және 80 жж. бірінші жартысында Қазақстанда халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде бірсыпыра істер атқарылды, жұмысшылар мен қызметшілердің орташа айлық табысы едәуір өсті. 70-жылдардың І-ші жартысында халық шаруашылығының өндірістік салаларында жаңа еңбек ақы белгіленді, ең төменгі жалақы 70 сомға жеткізілді. Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы көбейді, халықтың төмен айлық алатындары орташа айлық алатындар дәрежесіне көтерілді. Осы жылдары халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәрдем, зейнетақы және стипендия төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық сақтауға, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды. 1971 жылы колхозшылар үшін де жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленгендей зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді. 1972-1974 жж. соғыс және еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33%-ке көбейтілді, ал 1975 ж. Отан соғысының мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді. Алайда, бұл шаралардың халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді. Өйткені мемлекеттің және кәсіпорындардың бағаны көтеруі, тауарлар сапасының нашарлауы, тапшылықтың өсуі, еңбек ақы төлеудегі теңгермешілік және т.б. халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкеп соқтырды. Оған ақшаның құнсыздануы әсер етті, тек 1970-1986 жж. құнсыздану 20%-ке өсті. Әлеуметтік саладағы ең өткір проблеманың бірі тұрғын үй проблемасы болды. Халық санының өсуіне байланысты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аяғына дейін шешілмеді, оған үй салуға бөлінген қаржының азаюы себеп болды, тұрғын үй құрылысының жоспары орындалмады. Тек, 11-ші бесжылдықта ғана республикада 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмеді, мектеп, аурухана, балалар бақшасын салу жоспары орындалмады. Сөйтіп, тоқырау кезіндегі келеңсіз процесстер әлеуметтік саланы мықтап шарпыды. Әлеуметтік-мәдени саланы дамытуға қаржы бөлудің “қалдықтық принциптері” қалыптасты, яғни ол салаға таза өндірістік мақсаттардан артылған қаржы ғана бөлінді. Қорыта келгенде, 70-80-жылдары республика экономикасында тұтастай Одақтың халық шаруашылығына тән үйлесімсіздіктердің бәрі көріне бастады. Бұл ең алдымен басқарудың әміршіл-әкімшілдік әдістерінің әбден орнығуы еді. Экономикалық ынталандыруды жоққа шығара отырып, қалыптасқан жүйе экономиканы экстенсивтік даму жолында ұзақ ұстап қалды. Мемлекеттік меншіктің іс жүзінде ведомстволық меншікке айналдырылуы өндіріс қызметкерлерін құрал-жабдықтарынан алыстатуға алып келді. Еңбекақы төлеу жүйесі еңбектің нәтижесімен байланыстырылмады. Кәсіпорындардың ешқандай дербестігі болған жоқ. Халық шаруашылығы иесіздіктен, жаңа техника мен технологияны нашар енгізуден үлкен зиян шегіп жатты. Экономикалық ведомстволар түріндегі орталықтың әміріне бағыну республикадағы жағдайды одан әрі қиындата түсті. 80-ші жылдардың ортасында республика экономикасы дағдарыс жағдайына ұшырады.
39.Қазақстандағы қайта құру саясатына сипаттама беріңіз (1985-1991).
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы күрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды
Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы.
1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:
1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.
2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.
1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.
40.1986жылы 17-18 желтоқсанда Алматыдағы оқиғаны және оның мәнін сипаттаңыз.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды. Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.
41.Қазақстандағы экология мәселелерін қарастырыңыз: «Невад-Семей» қозғалысы, Арал теңізінің апаты, Балқаш көлінің жағдайы.
80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады. 1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. 1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды. 1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. 1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғалдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. 1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды. Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді. 90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.
42.«О государственном суверенитете Казахской ССР» Декларациясының мәнін ашыңыз.
Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды
43.1991ж. 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңның рөлін ашыңыз.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" ҚР Конституциялық заңына[9] қол қойды, заң бойынша ҚР Президентінің мәртебесіне және республиканың мемлекеттік билік органдарының барлық жүйесіне айтарлықтай өзгертулер енгізілді. Осы Заңға сәйкес ҚР-да мемлекеттік билік органдары оның заң шығарушы, атқарушы және сот болып бөлінулері қағидасынан келіп қүрылды. Республика халқының атынан сөйлеу құқығы ҚР Жоғарғы Кеңесі мен ҚР Президентіне берілді. Заң шығару билігін ҚР Жоғарғы Кеңесі жүзеге асырды. ҚР мен оның атқарушы билік органдарының басшысы Президент болып табылды. Сот билігі ҚР Жо- ғарғы Соты мен Жоғары төрелік сотына берілді. Конституцияны соттық қорғау жоғары органы ҚР Конституциялық Соты болып табылды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда қа­был­даған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конс­ти­ту­ция­лық заң тарихи құжат болды. Заң КСРО-ның құлауына байланысты қабыл­данды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Заң­ның кіріспесінде Қазақстан мемлекеті басшы­лық­қа алуға тиіс Қазақстан мем­лекетінің құқықтық принциптері баян­дал­ды. Оларға Жалпыға бірдей адам құқық­тары дек­ла­рациясында, халықаралық құ­қықтың жал­пы жұрт таныған өзге де нормаларында баянды етілген жеке адам­ның құқықтары мен бостандықтарының, қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқығының басымдығын мойындау, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру, бейбітшіл сыртқы саясатты жүзеге асыру, ядролық қаруды таратпау принципі мен қару­сыз­дану принципіне адалдығын мойындау жатады.«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституция­лық заң бойынша Қазақстан Республи­ка­сы тәуелсіз, демократиялық және құқық­тық мемлекет деп танылды. Тәуелсіз мем­лекет ретінде Қазақстан Конститу­ция­лық заңға сәйкес өз аумағында бүкіл өкімет билігін толық иеленеді, ішкі және сыртқы сая­сатты дербес белгілеп, жүр­гі­зеді. Демокра­тиялық және құқықтық мем­лекетті құру стратегиялық мақсат бо­лып табылады. Кон­ституциялық заңда мем­лекеттік тәуел­сіздіктің маңызды прин­ципі орнықтырыл­ды. Қазақстан Республикасының бүкіл ау­мағында оның Конституциясы мен заңда­ры қолданылады. Конституциялық заңның мұндай ережесі Кеңес Одағының құла­уы­мен және оның Конституциясы мен заңда­ры­ның Қазақстан аумағында қолданылуын тоқтатуымен түсіндірілді.
Қазақстан Республикасы мойындаған халықаралық құқық нормалары консти­ту­циялық заң бойынша қалыптасатын ұлт­тық құқықтық жүйенің бастау көзі болып табылады. Қазақстанның әлемдік қоғам­дас­тыққа кіруі үшін бұл ереженің зор ма­ңызы бар. Конституциялық заң мемлекеттік егемендіктің басқа бір маңызды принципін де орнықтырды. Қазақстан Рес­пуб­ли­касының аумағы қазіргі шека­ра­ларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын аумақ деп жарияланды. Мем­лекеттің басқа мемлекеттермен өзара қа­ты­насының негізгі принциптері оның тәу­елсіздігінің елеулі белгісі болып табылады.
Конституциялық заңда Қазақстан Рес­публикасы өзінің барлық басқа мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құ­қық принциптері бойынша құрады деп жазылды. Өзінің мемлекеттік тәуел­сіз­ді­гін басқа мемлекеттердің тануы үшін Қа­зақстан Республикасының ашық екені жа­рияланды. Мемлекеттік егемендіктің атал­мыш принциптері тәуелсіз Қазақстан қыз­­метінің негізіне алынды және алғаш­қы күннен бастап жүзеге асырыла бастады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституци­я­лық заңның бірқатар ережелері Қазақстан Республикасының халқы мен азаматта­ры­ның мәртебесіне арналды. Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген барлық ұлттар азаматтарының жиынтығы болып табылатын Қазақстан халқының ан­ықтамасы келтірілді. Атап айтқанда, бұл заңда «Тарихи тағдыр ортақтастығы қазақ ұлтымен біріктірген республиканың барлық ұлттарының азаматтары Қазақ­станның біртұтас халқын құрайды, бұл халық Қазақстан Республикасындағы еге­мен­діктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады, Қазақстан Республикасының Конститу­ция­сы мен заңдары негізінде тікелей де, сондай-ақ өзі сайлайтын мемлекеттік органдар арқылы да мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыратындығы» жазылды.Заң Қазақстан халқын таптарға бөл­мейді, қайта оны әлеуметтік тұрғыдан бі­р­ыңғай, тұтас құбылыс ретінде қарайды. Конституциялық заң мемлекеттік егемен­дік­тің маңызды элементін – өз азаматты­ғы­ның болуын баянды етті. Республика­ның барлық азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке жататынына, тегіне, әлеуметтік жә­не мүліктік жағдайына, шұғылданатын қыз­метіне, тұрғылықты орнына қарамас­тан бірдей құқықтарды иеленіп, бірдей міндеткерлікте болатыны мойындалды. Азаматтық тең құқылыққа қол сұғушы­лық­тың заң бойынша жазаланатыны ерек­ше атап көрсетілді.
44.КСРО құлауы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуын қарастырыңыз.
1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
Құрылымы
Мемлекеттер басшыларының кеңесі;
Үкіметтер басшыларының кеңесі;
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;
Экономикалық кеңесі;
Қорғаныс министрлерінің кеңесі;
Шекаралық әскер басшыларының кеңесі;
ТМД Экономикалық соты;
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы;
Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері;
ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясындағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері;
ТМД-ның Атқарушы комитеті. Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатынасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әрқайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы аймақтар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айта аламыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығы Азия – Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.
45.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін сипаттаңыз.
Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.
Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
46.1995жылғы Конституцияның негізгі ережелерін көрсетіңіз.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
1995 ж. ҚРКонституциясыоныңқұрылтайшысипатын білдіретін кіріспе сөзбасынан, және 9 бөлім бойынша топтастырылған 98 баптан тұрады:
1-бөлім. «Жалпы ережелер»мемлекеттік құрылыс негіздерін белгілейтін қағидаттарға арналған.
2-бөлім. «Адамжәнеазамат»жеке тұлғаның құқықтықмәртебесінің негіздеріне арналған, бұл бөлімдеадамменазаматтың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ азаматтық институтының негіздеріреттемеленеді.
3-бөлім. «Президент» бөлімінде президенттік басқару нысаны бекітіледі, бапқа сәйкес, президент биліктің бірде бір тармағына жатпайды, мемлекет басшысы, халықпен Конституция бірлігінің нышаны және кепілі болып табыладыжәнемемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіммен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
4-бөлім. «Парламент» заң шығару функцияларын жүзеге асыратын Парламенттіңжоғарыөкілетті орган ретіндегі құқықтықмәртебесін белгілейді, Парламент қызметініңұйымдастыру-құқықтық түрлерінжәне оның депутаттарының мәртебесін бекітеді.
5-бөлім. «Үкімет» Республикадағы атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет қызметінің негіздеріне арналған, Үкіметпен Премьер-министрдің құзыретін бекітеді.
6-бөлім. «КонституциялықКеңес» КонституциялықКеңестің құқықтық қағидасының негіздеріне арналған, оның негізгі функцияларының бірі Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру болып табылады.
7-бөлім. «Соттаржәнеәділсот»сот жүйесіне арналған, КонституциялықКеңеске нормативтік-құқықтық актіні конституциялық емес деп тану үшін жүгіну мүмкіндігін бекітеді. Бұл бөлімде Конституция анықтауменалдын алатергеуді сотпен прокуратурадан бөледі.
8-бөлім. «Жергіліктімемлекеттік басқару жәнеөзін-өзі басқару» 85-бапқа сәйкесжергіліктімемлекеттік басқарудыжергіліктіөкілеттіжәнеатқарушы органдар жүзеге асырады. 89-бапқа сәйкесҚазақстан Республикасындажергіліктіөзін-өзі басқару мойындалады, оның міндеті –жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу кезінде тұрғын халықтың дербестігін қамтамасыз ету.
9-бөлім. «Қорытынды және ауыспалы қағидалар» (90-98 баптар), жекелеген конституциялық дәлелдемелерді іске асыру рәсімін жүзеге асырады.1995 жылғы ҚР Конституциясынданегіз белгілеуші проблемалардың 3 блогы көрініс тапқан: 1) республиканың конституциялыққұрылысының негіздері, 2) жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздері, 3) мемлекеттік билік органдарының жүйесіжәнежергіліктіөзін-өзі басқару негіздері.
Конституция елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркін, елді «жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтарыменбостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтықжәне әлеуметтікмемлекет ретінде» нығайтуға ұмтылысын білдіреді[2].Демократияның үздік идеяларын бойына жинақтап, адамды оның құқықтарымен және бостандықтарымен жоғары қояды. Адамның құқықтары мен бостандықтары әрқайсысына туғаннан тиесілі, абсолюттік және ажыратылмайтын болып танылады, заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуын белгілейді
47.Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Н.Ә.Назарбаевтың орнын ашыңыз.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Н.Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды. Президент Н.Назарбаевтың көптеген бері қолға алып, практикаға енгізіп келе жатқан іргелі идеясы-Еуразиялық одақ құру. Бұл, әрине, бұрынғы Кеңестер Одағын тірілту емес. Еуразиялық одақ қос құрлықты мекендеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биіктікке көтеру. Алғашқы нәтижеге де қол жетті. 2000 жылдың күзінен бері бес мемлекеттің басын қосқан еуразиялық экономикалық одақ өміп сүріп келеді. ЮНЕСКО күнтізбесіне Абайдың 150 жылдық, М.Әуезов пен Қ.Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның 1500 жылдық мерейтойларының енуі, Париж бен Лондонда, Берлин мен Токиода қазақ арыстарының аттары құрметпен аталып, ән-күйлеріміз бұрынғыдай жалтаңкөзденбей, барынша еркін, қуанышты көңілде шалқуы мәдениетімізді, өнерімізді, ғылымымызды ғана түлетіп отырған жоқ, санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда. Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі – 1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» даму стратегиясы, екіншісі –елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді
48. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасаңыз.
Жекешелендіру үдерісі;
Тенге-ұлттық валюта;
1991-2005 жылдардағы экономикалық көрсеткіштер;
Республиканың өнеркәсіп объектілері;
Жер мәселесі;
Ауыл шаруашылығының саласы;
Экономиканың даму қорытындылары;
Республиканың өркениетті елге айналу жолындағы кезеңдері және экономиканы дамытудың белестері;
Нарықты экономиканы жандандырудың алғы шарттары.
Бүгінгі барлық басымдық экономикада жатыр.Қазіргі таңда Қазақстанның бұл саладағы бағыты-нарықтық экономика болып табылмақ.
Жекешелендіру дегеніміз-азаматтар ж\е заңды ұйымдардың мемлекеттен кәсіпорындарды, кешендерді, акционерлік қоғамдардың акцияларын мәдени- тұрсымтық объектілерді, мемлекеттік, соның ішінде ведомстволық, тұрғын үй қорын сатып алу.
Қазақстанда 272,5млн. гектар жер бар, оның 222,6 млн. гектары ауыл шаруашылығы жері, бұл Батыс Еуропаның барлық жерінің 60%. Конституцияға сәйкестендіріп жер қатынастары туралы ҚР Президентінің 1995жылғы 22 желтоқсандағы «Жер туралы» заңдық күші бар Жарлығы ж\е 2001 жылғы қаңтарда «Жер туралы» заң сияқты жаңа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.
Республиканың агроөнеркәсіп кешенінде экономикалық реформаға дейін 2100кеншар, 400 ұжымшар, 20-дан астам ет комбинаттары, сүт зауыттары, көптеген элеваторлар мен астық комбинаттары, жүнді бастапқы өндеуден өткізетін 3 фабрика, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Тек 1999 жылдан бастап қана экономиканың аграрлық секторына мемлекеттің қатысу факторының өсуі ауылшаруашылығы саласының дамуна мүмкіндік берді.
49. Қоғамның жаңа саяси моделін өтуін түсіндіріңіз?
Қоғамның саяси жүйесі - бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кәсіптік одақтар және басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді және қорғайды. Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған және өызмет ететін әлеуметтік ортасы арқылы анықталады:
1)       Еңбек нәтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан адамдардың ерекше тобымен бөлінетін әлеуметтік орта. Мұндай ортада меншіктің мемлекеттік және қоғамдық түрлері орын алады, өзіндік меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем болмайды. Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның экономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады; мемлекет идеологиясынан өзгеше ойлау басп- жаншылып отырады; мемлекеттік идеология, дін, мәдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билікте тек бір саяси партия болады.
2)       Әлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық өмірінің нарықтық – ақшалық негізіне, еркін кәсіпкерліктің тәжерибесі мен идеологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде мемлекет нарықтық  экономика үшін жағдайларды ұйымдастырушы ретінде көрініс табады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде партиялар билікті сайлау компаниларына қатысу арқылы жаулар алуға тырысады, құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына айналады.
3)       Әлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі- аралас түр, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси жүйелер бір әлеуметтік ортадан екінші әлеуметтік ортаға өту кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге әртүрлі мақсаттағы және мазмұндағы көптеген саяси институттардың араласуы тән болып келеді.
50. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жаңаруының кезеңдерін көрсетіңіз
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді.
Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.
51. Қазақстан Республикасының егемендігі жағдайында демографиялық дамуының ерекшеліктерін айқындаңыз
Қазақстанның тарихи демографиясының өзекті мәселелері ХХ ғ. 80-жж. бері арнайы зерттеліп, қарастырылып келеді. Еліміздің егемендік алуымен тарихи демографияның тарих ғылымының саласы ретіндегі орны бекіді. Қазақстан тарихындағы оқиғалардың халықтану саласына тигізген әсерінің барысы біршама талданды. Тарихи демографияның аймақтық саласы да дамуда. Соған қарамастан, кеңес дәуірі тұсындағы идеологиялық ұстанымға байланысты елдің әлеуметтік-демографиялық ахуалының нақты бейнесінен хабар беретін некелік жағдай, ажырасқандар, туу мен өлім-жітім мәселелері, олардың өзгерістері, ең алдымен оның этностық ерекшеліктері мәселелері әлі де толыққанды зерттелмегенін айту керек. Яғни, халықтың табиғи өсімі, денсаулық сақтау саласына қатысты демографиялық көрсеткіштердің өзгерістері, оның аймақтық ерекшеліктері, оның гендерлік аспектісі, республиканың әкімшілік-территориялық, шекаралық өзгерістерінің халықтану саласындағы орны зерттеуді күтіп тұрған өзекті мәселелердің қатарында. Қазіргі кезеңдегі индустриалдық және ауыл шаруашылығының кластерлі дамуының адам ресурсымен байланысын зерттеу де тарихи демографияның зерттеу нысандарының бірі. Мамандардың кәсіби құрамындағы, біліми деңгейдегі өзгерістерді көрсете отырып, оның әлеуметтік процестермен байланысты динамикасын анықтау, мамандар мен оларды даярлауды қажеттілікке негізделген сұраныспен байланыстыру мәселесіне көңіл бөлу және т.б. мәселелер.
52. «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан – 2050» даму стратегиясының мазмұнын ашыңыз.
«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.
Біріншіден, бюджеттік, салықтық және ақшалай-кредиттік саясатты жетілдіру бойынша мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс.
Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс, ол екі бағытта дамуы тиіс: бірінші жағынан, ұлттық экономиканы жаһандық ортаға енгізу, ал екінші жағынан, ел ішіндегі аймақтарға қарай қозғалу.
Үшіншіден, елдің өндірістік әлеуетіне салынған қайтарым деңгейін арттыру үшін мемлекеттік активтерді басқаружүйесін жаңғырту қажет.
Төртіншіден, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет, энергиялық қорларды өндіру және жаңа технологиялармен алмасу саласында ынтымақтастықты дамыту.
Бесіншіден,бізге үдемелі инновациялық индустрияландыру жаңа кезеңініңтолық бағдарламасын әзірлеуқажет, жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес өндірістік активтерді жаңарту қажет.
Алтыншыдан, дүниежүзілік өндірістік нарықтың көшбасшысы болуға септігін тигізетін, ауыл шаруашылығының ауқымды жаңғыртуы қажет.
Жетіншіден, елдің сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған су қорының жаңа саясатын әзірлеу қажет.
53. Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының «Нұрлы жол» бағдарламасының мәнін ашыңыз.
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.
Бағдарлама Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық өрлеуін қамтамасыз ету мақсатында хаб қағидатында тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін ықпалдастыру арқылы бірыңғай экономикалық нарық қалыптастыруға, сондай-ақ сыртқы нарықта конъюктураның нашарлауы жағдайында экономиканың жекелеген секторларын қолдау жөніндегі дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталған.
Атап айтқанда, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мемлекеттік бағдарламаның мына бағыттарының іске асырылуына жауап береді: шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй инфрақұрылы-мын нығайту, отандық өндірушілерді қолдау.
Экономиканың жекелеген секторларын, өңдеу өнеркәсібінің отандық экспортқа шығарушыларды қолдау жөніндегі шараларды іске асыру және басқа іс-шаралар өндірістің ағымдағы көлемін , қазіргі жұмыс орындарын сақтауды, сондай-ақ сыртқы нарықта конъюктураның нашарлауы жағдайында жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді.
Тұтас алғанда, инфрақұрылымды дамыту арқылы мемлекеттік инвестицияларды ұлғайту және кәсіпкерлікті қолдау арқылы Бағдарламаны іске асыру қысқа мерзімде экономикалық өсімге ықпал етіп қана қоймай, болашақта тұрақты өрлеуге алғышарт болады.
Міндеттері
1) тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылымды «нұрлы» қағидаты бойынша құру;
2) өндірістік инфрақұрылымды және туризм инфрақұрылымын дамыту;
3) Бірыңғай энергетикалық жүйесінің энергетикалық инфрақұрылымын күшейту;
4) Тұрғын үй мен коммуналдық қызметтердің, жылумен, сумен жабдықтаужәнесудың бағыттауы инфрақұрылымдарын жаңғырту (қайта жаңарту және салу);
5) азаматтар үшін тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру;
6) білім беру саласындағы инфрақұрылымды дамыту;
7) бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
8)Отандық машина жасау саласын қолдау;
9) Экспортты қолдау;
10) АӨК-тің субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
11) бизнестің Жол картасы жобаларын инфрақұрылымдық қамтамасыз ету - 2020;
12) Зертханалық базаларды дамыту арқылы өнім сапасының қауіпсіздігінқамтамасыз ету;
13) Қазақстанның аумақтарының зерттелу деңгейін ұлғайтуынболжамдық ресурстарының бағалауыменбірге қамтамасыз ету.
54. Жаңа геосаяси және геоэкономикалық жағдайындағы егеменді Қазақстанның орнын ашыңыз.
--------------------------------------------------------
55. Қазіргі кезеңдегі білім және ғылым саласында әлеуметтік реформалар мен өзгертулердің ерекшеліктерін анықтаңыз.
Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
20 ғасыр ортасында атақты ғалым В.М.Глушков: ЭЕМ желілері мен оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында техникалық жағынан жетілген елдерде информацияның басым бөлігі, бірінші кезекте, ғылыми-техникалық, экономикалық, саяси-әлеуметтік мәліметтер қағазсыз күйде – “ЭЕМ жадында саақталады. Соның салдарынан 21 ғасыр басында осындай информацияны пайдалана алмайтын адам 20 ғасыр басындағы оқи да жаза да алмайтын жанға ұқсас болады...”, - деген болатын.
Ақпараттық технологияларды практика жүзінде пайдалану жолында арнайы білім беру мақсатында жаңа пән – информатика сабағы соңғы 20 жыл көлемінде оқытылып келеді. Оның орта білім жүйесіндегі алатын орны қазіргі информациялық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізі болып табылатын әлемнің ақпараттық – жүйелік бейнесін жасау, ақпараттық орта мен адамның тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді. Осыған қоса қазіргі кезде педагогикалық ғылым саласында да оның әдіснамасы (методологиясы) мен парадигмасын жетілдіруге қажет тереңдетілген әлеуметтік өзгерістер болып жатыр.
Сондықтан мектептегі информатиканы оқытудың негізгі міндеті – ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін - өзі көрсету, дамыту құралы ретінде компьютелік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды айдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің инфомациялық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады.
56. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ
Қазақстан Республикасы халқы денсаулығының жай-күйі, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесiнiң дамуы соңғы он жылдықта оң үрдiстермен де, сол сияқты терiс үрдiстермен де сипатталды. Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштер - туу, өлiм-жiтiм, өмiр сүрудің орташа ұзақтығы тұрақтандыруға қол жеткiздi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтiк құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулi ұлғаюын оң өзгерiстер ретiнде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазiргi заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделi жөндеулер жүргiзуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгiзуге мүмкiндiк туғызды. Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде бiрқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдiстерге қол жеткізілді. Алайда республика халқының денсаулық жағдайы өлшемiнiң көптеген бөлігі қанағаттанғысыз болып отыр. Қазақстанда медициналық мекемелердің 80 % мемлекеттiк меншiкте болса, ал 20% жеке меншікте, демек, медициналық сұрақтарда мемлекет басты роль ойнайды. 17 миллион халқымен Қазақстанның нарық медициналық сыйымдылығы 500 миллион АҚШ долларының сомасына бағаланады
Қазақстан Республикасының медициналық мекемелерінде 2011 жылы барлық мамандықтардағы 62 239 дәрігер мен 159 870 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істеді. Дәрігерлердің жалпы санының 70%-дан астам бөлігін, орта медициналық қызметкерлер арасында – 85%-ын әйелдер құрайды.
Қазақстанда соңғы жылдары белгілi бiр медициналық-демографиялық өзгерiстер болды. Республикада халықтың саны 2011 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 49,6 мың адамға өстi.
Ұлттық спорт түрлері де жақсы жолға қойылған. Атап айтқанда қазақша күрес, тоғызқұмалақ, сайыс, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу, жорға жарыс, атан жарыс, асық ату, бестас сияқты спорт түрінен арнайы федерациялар құрылған. Ресми жарыстар өтіп тұрады. Тоғызқұмалақ ойыны Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында кейбір мектептерде пән ретінде оқытылады.
57) Қазіргі кезеңде Қазақстанның мәдениеттің дамуы туралы
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде рухани өмірдің  дамуына қатысты жағдайлар мүлдемге өзгерді. Монополистік идеология үстемдігі келмеске кеткен, демократия біршама қарқын ала бастаған кезде мәдени-рухани салалардағы жасалып жатқан шаралардың ауқымдық жағынан да, мазмұндық жағынан да үлкен өзгерістерге бет бұрып отырғанын айқын көруге болады.
Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы өзінің құнын жоғалтқан идеологиялық мәдениеттен гөрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар да ағылды [27].
Бұл келеңсіздік өз дәрежесінде республика көлемінде мәдени-рухани саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп келгенде, мыналар:
-Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету;
Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша көрініс тапқан:
-азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі;
-тарихи-мәдени мұраны қорғау;
-ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту;
-мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды бірдей пайдалану.
90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды.
Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады: Ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалды. Нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті.
Меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердің көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді.
Мәдениет дегеніміз- яғни бұл термин арабтың «маданият» қала, қалалық деген сөзінен енген. Мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығамашылығының жиынтығы. 
Қазақстанның қазіргі кездегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілдРеспубликаның бүгінгі өмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.
Этнопедагогика негіздерін өмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің барлық нүктелерінде жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлеріне сай тәрбиелеу жұмыстары жүргізілуде.
Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек.
Халық жазушысы О.Сүлейменовтың көп жылдық зерттеу еңбегінің нәтижесі болып табылатын,дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған көлемді еңбегі «Жазу тілі»кітабы жарияланды.
Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл бағдарламаның бірініші кезегі жүзеге асырылды.
Қазір ХХІ ғасыр. Нарықтық экономика, қатал бәсеке, ақпараттық технологияның қарыштап, жаһандану, мәдени, экономикалық үндестік деп жар салып жатқан дәуір.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда “архитектуралық ренессанс” басталды. (Астанада арх. К. Курокаваның бас жоспары бойынша /1934-2007/, Жапония) ел Президентінің резиденциясы «Ақ Орда» (арх. К. Монтахаев /1950-2009/, ҚР); Жасыл-сулы бақжолы (К. Курокава),  (Бейбітшілік пен келісім Сарайы («Пирамида», 2006) және «Хан Шатыр» орталығы (2010, арх. Н. Фостер, Англия); «Қазақстан» Орталық концерт залы (2009, арх. М. Николетти, Италия); «Нұр-Астана» мешіті (2005, арх. Ч. Хафиз, Ливан); Азиада -2011 бірнеше спорт кешендері тұрғызылды.
Елдегі ең жас музыкалық театр – Астана қаласындағы К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының  өмірбаяны 2000 ж. М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен  басталды.  Қаіргі кезде Қазақстанда 50 театр жұмыс істейді.
Қазақстан киноөнері  «Қазақфильм» – елдегі жалғыз кинокомпания, ол 1960 жылы Алматы кинохроника студиясының (1934) негізінде құрылды. Қазір Қазақстан жылына 30-40 көркем және деректі фильмдер, сондай-ақ мультфильмдер шығарады.
2006 ж. «Қазақфильм» “Халық таңдауы: Қазақ киносының алтын топтамасы” акциясын ұйымдастырды. Қалың көрермен қауымның іріктеуімен алынған 50 фильмнің 20-сы реставрацияланды.  Рейтинг көшбасшылары: «Абай» (А. Әміркұлов, 1995), «Бойся, враг, девятого сына» (В. Пусурманов, В. Чугунов, 1984), «Қан мен тер» (Ә. Мәмбетов, Ю. Мастюгин, 1978), «Жамбыл» (Е. Дзиган, 1955), «Аңызға айналған Шоқан» (А. Әшімов, Цой Гук Ин, 1984).
2011 ж. наурызында Алматы қаласында «Қазақфильм» Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай “Қазақстанның жаңа деректі киносы” атты фестиваль өткізді .
58) Қ. Р-ның сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтаңыз.
Тәуелсіз даму жыл-ғы Қ.Р-ң сыртқы саяси қызметін қарастырғанда негізінен Қ-ң көп елдермен қатынастарының шарттық- құқықтық базасының қалыптасқанын, әлемдік қоғамдастықтың елге деген сенімі мен құрметінің атап өткен абзал. Қ.Р-ң сыртқы саяси бағыттары ең алдымен еліміздің географиялық орналасуы ж/е оның ұлттық мүдделері сияқты ұзақ мерзімді сипаттағы факторлардың ықпалымен қалыптасты.
Қазақстан Ресеймен көп жоспарлы ынтымақтастыққа зор маңыз береді. Қ-Ресей екі жақты қатынастарында елеулі прогреске қол жеткізілді. 1988ж 6шіл-де Мәскеуде қол қойылған Мәңгі достық пен одақтастық туралы Декларация екі елдің болашағы үшін тарихи маңызы мәні бар, ол 21ғ-ға бағдарланған.
Қытаймен жоғары өрлеу бағытында дамып келе жатқан ынтымақтастық Қазақстан үшін маңызды рөл атқарады. Өзара сауда көлемі ұлғайып келеді, саяси байланыстар тұрақты түрде даму үстінде. Батыс Қ-нан Қытайға мұнай құбырын тартуға да маңызды мән беріледі. Мұнайдың әлемдік нарықтағы жағдаяты осы таңдаудың пайдалы екенін көрсетіп отыр.
АҚШ-мен көп жоспарлы ынтымақтастықтың Қаз. үшін зор стратегиялық мәні бар. Қаз-Американ қатынастары стратегиялық әріптестік деңгейіне шықты. Бүгінгі таңда АҚШ Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы б/т.
Герман бағыты ҚР Қазақстан-неміс капиталының мүдделері толық қамтамасыз етіп отыр.
Сауд Арабиясымен байланыстар барған сайын толыға түсуде. Бұл мемлекет басшысы Қаз-ның жаңа елорда – Астананы көркейтуге айтарлықтай көмек көрсетті.
59) ҚР-ның этносаралық қарым-қатынасына талдау жасаңыз. ҚХА құрылуы мен қызметі туралы.
Қазiргi әлем Қазақстанды кеңестiк елдердің ішіндегі саяси жүйесі берік, қоғамдық тұрақтылығы бар, этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынасы үйлесiмдi мемлекет ретiнде қарастырады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы Қазақстан халқына Жолдаyында: «Азаматтық қоғам және ұлтаралық келiсiм – бiздiң басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі бейбітшілік пен келісім, діндер мен мәдениеттердің диалогы әлемдік эталон ретінде мойындалды» дегенді айтады.
Этносаралық келiсiм - мемлекеттiк саясаттың негiзгi басым бағыты және Қазақстан қоғамының негiзiн қалаyшы құндылығы.  Ол егемен мемлекетiмiздiң тарихындағы бөлiнбес айрықша игiлiгі. Бұл құндылық негізінен орталық және  жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, Қазақстан халқының Ассамблеясы мен тиімді жұмысының арқасында қалыптасты.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанды моноэтникалық емес, көпұлтты мемлекет ретінде құрылымдап,  нәсiлдiк, этникалық, тiлдiк, дiни және өзге де  белгiлерiне байланысты кемсітуге жол бермеy туралы нақты ұстанымын айта кеткен жөн.  «Ұлттық идеяны бір ғана этникалық топтың еншісіне артып қою - сол этностың өзіне де де құрдымға әкетеді. Көптеген мемлекеттер этникалық көтерiлiстiң  позитивтi және негативтi салдарын дер кезiнде түсiнбегендiктен ұзақ мерзiмдi соғыс алаңына айналып кетті»
Қазақстандағы этносаралық келiсiмді нығайту саясатыны қазақ халқының діни және ұлттық дәстүрі негізінде жүргізіледі. Яғни асқан төзімділік, толеранттылық, сонымен қатар көршілес халықтарды мәдени дәстүрін жатсынбай қабылдау сияқты ерекшелігі бар. Этносаралық диалогтың мемлекеттік деңгейдегі саясаты ғана емес, қарапайым адамның күнделікті қарым-қатынасы негізінде болатын қоғамдық бастаманың діңгегі де осы.
Елiмiзде Қазақстан Халқының Ассамблеясының құрылyы ұлтаралық жағдайдың дұрысталyына айтарлықтай үлес қосты.  Қазақстан Халқының Ассамблеясы этносаралық және конфессияаралық келiсiмнiң стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыратын бiрегей орган болып есептеледi.  1995 жылы наyрыз кезеңiнде  Қазақстан Халқының Ассамблеясы  2007-жылғы Ассамблеяның алынyына дейiнгi аралықта консyльтативтi-кеңес орыны ретiнде қалыптасты. Ал жаңасы, яғни 2007 жылғысы үлкен статyсқа ие болып, Респyбликаның негiзгi заңында белгiлендi, сонымен қатар қиын кезеңнен өтiп мемлекеттiң стратегиясының бiрыңғай формасының төңiрегiнде әртүрлi механизмдер қабылданды.
Ассамблеяның қызметі
Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Қазiргi таңда Қазақстан халқының Ассамблеясы мемлекеттiк ресми органдармен бiрлесе отырып, жоспарланған превентивтi iс-шараларды өткiзедi:
- этносаралық қатынастың үйлесiмдiгi мен рyхани-мәдени өзара әрекеттi, қазақстандық патриотизмдi, қазақстандық бiрегейлiктi нығайтy мен қалыптастырy;
- демократияландыру мен азаматтық қоғам қалыптастыру ісіне қоғамның барлық бөлiгiнiң ат салысуы;
- Қазақстандағы  этносаралық қатынасқа сыртқы қауіптердің ықпалын жою.
ықпал етyшi факторларды атаy -эксперттерге ұсылған болатын.
60) Қазіргі Қазақстан саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар қызметін көрсет.
Қазақстанда қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық.Алдына қойған мақсаттарына қарай оарды былайша топтастыруымызға болады:
Экологиялық бағытты ұйымдар. Оларға жаттатындар «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті т.с.с.;
Тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал», «Әділет», «Ақиқат» және т.б.;
Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен», «Алтын бесік», «Шаңырық» және т.с.
Қазақстанда қоғамдық және саяси-қоғамдық қозғалыстардың дамуын 6 негізгі кезеңдерге бөліп көрсетуге болады:
– 1986 жылдың күзінен 1989 жылдың басына дейін (бейресми бірлестіктердің құрылуы, клубтық құрылымның дамуы);
– 1989 жылдың басы мен 1991 жылдың тамызы (көпұлтты және бірұлтты партиялардың, қозғалыстардың және ұйымдардың қалыптасуы);
– 1991 жылдың қыркүйегі мен 1998 жылдар аралығы (КОКП таратылуы, КСРО-ның күйреуі, тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы, дифференциацияның өсуі және республика азаматтарының саяси белсенділігінің дамуы, жаңа партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуы және тіркелуі);
– 1998 жыл мен 2002 жылдар аралығы (партиялық жүйенің ары қарай дамуы, сайлау заңына өзгерістердің енгізілуі, жаңа қоғамдық-саяси бірлестіктердің пайда болуы;
– 2002 жылдан 2007 жылға дейін («Саяси партиялар туралы» жаңа Заңның қабылдануына байланысты партиялық жүйе конфигурациясының өзгеруі, мемлекет пен БҰҰ ара-қатынастарының жаңа форматы);
– 2007 жылдан бүгінге дейін (ҚР Конституциясына түзетулердің енгізілуі, пропорционалды сайлау жүйесінің енгізілуі, «Саяси партиялар туралы» Заңға өзгерістердің енгізілуі).
Партиялық жүйенің қалыптасуының және дамуының жаңа кезеңі біріншіден, 2002 жылы саяси партиялар туралы заңның қабылдануымен, екіншіден, 2004 жылғы парламенттік сайлауға партиялардың қатысуымен байланысты болды.
2002 жылы 15 шілдеде Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» жаңа Заңы қабылданды. Заңда партиялардың қызмет ету тәртібінің жаңа шарттары бекітілді: партиялардың құрылу, қызметін уақытша тоқтату және мүлде тоқтату тәртіптерін құқықтық реттеу; партияны қаржыландыру; сайлау процесіне қатысу. Заңға сәйкес, азаматтардың, әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында білдіру және оларды қалыптастыру ісіне қатысу мақсатында олардың саяси еркін білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті бірлестігі саяси партия деп танылады .
Саяси партия саны бір мың адамнан кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. Саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін оның құрамында партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемінде жеті жүз партия мүшесі бар құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) атынан өкілдік ететін кем дегенде елу мың партия мүшесі болуға тиіс.
Депутаттық мандатқа бәсекелестік үшін конфигурациясын «Саяси партиялар туралы» жаңа заң анықтаған партиялық жүйе форматын құраған 12 саяси партия қосылды. Партиялар тіркеуден өткенде қатарында кемінде 50 мың адам болуының қажеттігі туралы заң нормаларының қолданысқа енуі, барлық партиялардың тіркеуден өте алмауына әкелді. Атап айтсақ, оппозициялық партиялар Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы, «Азамат» демократиялық партиясы, «Алаш» ұлттық партиясы, сондай-ақ «Қайта өрлеу», «Ел Дана», «Соотечественник» және т.б. қайта тіркеуден өте алмады
«Нұр Отан» ХДП-ның негізі болған «Отан» республикалық саяси партиясы алғашында мемлекет басшысының бастамаларын қолдау және Н. Назарбаевтың 1999 жылғы президент сайлауындағы үгіттеу штабының негізінде құрылған болатын. Бұл үшін Парламентте президенттің бағытын ұстанып, фракция рөлін атқаратын позитивтік саяси мағынасы бар толыққанды саяси құрылым құру қажет болды. «Отан» партиясының құрамына бұған дейін қалыптасқан билік партиялары – Қазақстан халықтар бірлігі партиясы, Демократиялық партия, Либералды қозғалыс, Әділеттілік партиясы мен «Қазақстан – 2030 үшін» қозғалысы кірді. Осылайша, «Отан» билік партиясы рөлін өз қолына алып, партиялық жүйенің «локомотиві» ретінде таныла бастады. Соған қарамастан, «Отан» партиясы өзінің саяси бағдарламасында әлеуметтік-демократиялық позицияны ұстанды.
Сонымен бірге, «Отан» партиясы толығымен қалыптасқан билік партиясы ретінде бұл қосылулардан соң әр түрлі деңгейдегі наменклатураның саяси бірігуінің нақты факторына айналды. «Отан» партиясының қызметінің бұл аспектісі өте маңызды деп танылады, өйткені, мемлекет басшысының есімімен байланысты билік партиясының болуы және оның маңызды саяси шешімдер шығарудың жалпымемлекеттік тетіктеріне атсалысуы ағымдағы биліктің әлеуметтік-саяси базасының ауқымдығын танытады.
Сонымен бірге, «Отан» партиясы толығымен қалыптасқан билік партиясы ретінде бұл қосылулардан соң әр түрлі деңгейдегі наменклатураның саяси бірігуінің нақты факторына айналды. «Отан» партиясының қызметінің бұл аспектісі өте маңызды деп танылады, өйткені, мемлекет басшысының есімімен байланысты билік партиясының болуы және оның маңызды саяси шешімдер шығарудың жалпымемлекеттік тетіктеріне атсалысуы ағымдағы биліктің әлеуметтік-саяси базасының ауқымдығын танытады.
«Отан» партиясының толыққанды президенттік партияға айналуы бірнеше кезеңде орындалғанын айта кеткен жөн.
Осы бағыттағы алғашқы айқын қадам 2004 жылдың наурызында өткен «Отан» партиясының VI съезінде жасалынды. Съезд барысында «Отан» партиясының экономикалық, әлеуметтік және саяс мәселелерді шешуге бағытталған электоралдық компаниясының жалпы стратегиясы жарияланды.
Бірақ, аталынған съездің негізгі мақсаты қалыптасқан жағдайға сай «Отан» партиясын модернизациялау мәселесі болатын. Осы съезде партияның төрағасы болып Н. Назарбаев сайланды. «Отанның» басшылығына келген Елбасы саяси алаңның кейбір жаңа субъектілері көрсеткісі келгендей «Отан» партиясының өз мүмкіндіктерін сарқымағанын білдіре келіп, саяси көшбасшы позициясынан түспейтіндігін көрсетті. Съезд «Отан» партиясы негізінде биліктің саяси, әкімшілік және экономикалық ресурстарының кейбір элементтерін біріктіру мүмкіндігі бар екендігін танытты. Осылайша, «Отанды» билік партиясы бейнесінен билік, бизнес және саяси элита мүдделеріне әсер етудің тиімді механизмі – «Президенттік партия» бейнесіне енгізуге қатысты талпыныс жасалынды. Осыдан соң, партияның құрамында өзгерістер орын алды, яғни, оның негізгі әрекет етуші тобы қатарына облыс әкімдері мен үкімет өкілдерінің кіруі «партия иерархиясын» күшейтіп, оны тұрақты және тұғырлы етті.
61) Назарбаевтың еңбектерін атаңыз және «Тарих толқынындағы халық» тарихи зерттеулердің президенттік бағдарламасының мазмұнын аш.
«Тәуелсіз белестер», «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі», «Қазақстан жолы», «Сындарлы он жыл», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Тарих тағылымдары және қазіргі заман» т. б. еңбектері бар Елбасының.
1999ж Н.Ә. Назарбаевтің «Тарих толқынында» деген кітабы жарыққа шықты. Бұл еңбегінде Елбасы барлығымызға бірдей тең құқылы ж/е мүмкіндіктері тең көп ұлтты мемлекет құрудамыз. Бұл ретте Конст-ң кепілі ретінде ел Президенті Қазақстанның барлық халқының алдында 130ұлт пен ұлыстар алдында жауапты, деп жазды. Кітап Қазақстанның өткені мен қазіргі тарихының: ұлттың өзіндік «Мінін» сақтау, Қазақ даласы Ұлы Түрік Елінің бір бөлігі, ұлттық мәдениеттің болашағы екендігі, Алаш мұрасы және қазіргі кезең, ұлттық ерекшелік, тоталитарлық ж/е ұлтық даму, Орталық Азиядағы тәуелсіз мемлекеттер ж/е тарихи тағылымы, тарих дөңгелегі ж/е ұлттық жады сияқты өзекті әрі түйінді мәселелерден тұрады.
62 .Қазақстан қоғамында тұрақтылық негізі ретінде дінаралық келісімнің қажеттілігін дәлелдеңіз.
Қазақстандағы діндер тағдырының Кеңес өкіметі кезінде атеистік бағытта тұншықтырылып келгені барлығымызға белгілі. Ал, тәуелсіздік алғаннан кейін жағдай өзгеріп, халықтың дінге көзқарасы мен наным-сенімі бостандық жолымен және құқық кепілдерімен дами бастады. Қазақстан аумағында бір де бір дінге артықшылықтар беріліп, басшылық позициясы қолданылмады, ешқандай дін мемлекеттік статусын иеленбеді, теократиялық мемлекет басқару дәстүріне ешқашан жол берілмеді, либерализм мен діни өзара теңдік қағидасы сақталуда. Сондықтан да Қазақстанда тұрақты конфессияаралық татулық пен келісім қалыптасып, өз негізін қалады. Алайда, автор дінаралық жанжалдардың болуына ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды қарастырады. Олар: діни мекемелердегі кадр мәселесі, өңірлік теңсіздік мәселесі, мемлекет пен діни бірлестіктердің арасындағы қарама-қайшылық мәселесі, коммерциялық әрекеттер мәселесі, миссионерлік қызмет мәселесі. Аталмыш мәселелерді шешудің жолдары ұсынылады:Біріншіден, белгілі-бір этникалық диаспораның тұтастай шоғырланған аймағында (Оңтүстік Қазақстан облысында - өзбектер, Алматы облысында – ұйғырлар және т.б.) діни бірлестіктердің жетекшілерін тағайындау механизмін қандай да бір этникалық, діни нанымдық немесе нәсілдік белгілерге байланысты жүргізбеу;Екіншіден, ислам елдерінен теологиялық білім алып келген мамандардың Қазақстандық діни жүйеге ықпалдастығын қамтамасыз ету;Үшіншіден, Қазақстанда өңірлік діни теңсіздіктің алдын алу мен діни диалектіні болдырмауды іске асыру;Төртіншіден, «Свидетели Иеговы», «Совет Церкей Евангельских Христиан-Баптистов», «Адвентисты седьмого дня», «Белые братья», «Церковь саентологии», «Свет» және т.б. дәстүрлі емес діндердің миссионерлік қызметін реформалаудың мемлекеттік тетіктерін іске қосу.Аталмыш мәселелерді халықаралық деңгейде шешу мен діни татулықты одан әрі нығайту мақсатында Қазақстан 2003, 2006, 2009 жылдары әлем және дәстүрлі діндердің үш бірдей съезін өткізіп, әлем өркениеті мен діндерінің арасында өзара бейбітшілік диалогын қалыптастырды. Осындай әлемдік мәні бар іс-шаралар мен елдегі этносаралық және конфессияаралық келісімдер Қазақстанның этносаясатын бекемдеп, қуатты да тиімді қылмақ. Үшінші бөлімнің «Этносаясаттағы тіл факторы» деп аталатын үшінші бөлімшесінде этносаяси процестерді жүргізудегі тіл факторының кейбір басымдықтары мен мәселелері зерттеледі. Тілдік сана-сезім этникалық сана-сезімнің негізгі белгісі болып табылады. Өйткені тіл тұлғаның және халықтың өзіндік бірегейленуінде анықтауыш рөлге ие. Тілдің табиғатында әлемнің этникалық картинасы құралып, қалыптасады. Тілдің тұжырымдық жүйесі, сөздік құрамы өз ішінде тек қана сөздерді ғана біріктіріп қана қоймайды, сонымен қатар әр этностың мәдени тұжырымдамалары мен оның дүниетанымын көрсетеді. Бұл жөнінде орыстың белгілі мәдениеттанушысы Г.П.Федотовтың айтқаны бар: «Тіл халықтың мәдениетін қалыптастыратын қанмен берілетін рухани бірлік пен ерекше құндылықтың патшасы ретіндегі этностың аты, есімі болып табылады» [9, б.15]. Тіл мәселесі қазіргі жағдайда этнос мәселесімен, халық тағдырымен, елдің елдігімен барабар мәселе. Тілсіз ел де, мемлекет те, этнос та жоқ. Сонымен қатар, халықты біртұтас, тастүйін мемлекеттілікті нығайтатын ұлы рухани күш, ол – халықтың ортақ тілі. Мемлекеттің қандай тілде сөйлеуінің аса маңызды саяси және тағдырлық мәні бар. Сондықтан Қазақстан тиімді тіл саясатын іске асыруға мүдделі. Қазақстан үшін тиімді тіл саясаты дегеніміз – елдегі саяси және этникалық тұрақтылықты сақтай отырып, қазақ тілінің толықанды дамуына қол жеткізетін саясат.Сол себепті, Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен этносаралық татулығын нығайтудың айқын жолы ретінде тіл мәселесін тиімді шешу этносаясат пен тіл саясатының маңызды міндеттерінің біріне айналып отыр. Себебі, мемлекеттік саясаттың бір-біріне ықпал етуші өзара салалық бағыттары ретіндегі этносаясат пен тіл саясатының бірегейленген жүйесі этносаралық және тіл қатынастарына қатысты мәселелерді тиімді шешудің негізіне айналуда. Полиэтникалық мемлекеттер жүйесіндегі тіл саясаты этносаралық мәселе жөніндегі мемлекеттік саясаттың тілдік аспектісі ретінде қарастырылады. Қазақстан полиэтникалық мемлекет болғандықтан, тіл саясатының екінші түрін өзіне басшылыққа алып, ондағы этникалық топтардың тілдерін сақтап қалуын, заңды әрі мәдени мүдделерін қамтамасыз етудің плюралистік және интеграциялық бағыттарын өзінің тіл саясатының негізгі кілтіне айналдырған. Ал, әлемдегі мемлекеттердің тіл саясатында кездесіп жататын ассимилияциялық және сегрегациялық бағыттарға Қазақстанның заң шеңберінде де, қызметтік іс-тәжірибесінде де орын жоқ. Сонымен, Қазақстанның тіл саясаты өз аумағындағы қолданыстағы барлық тілдердің қолданыс аясы мен ортасын қалыптастыру мен халықты мәдени бір арнаға жайғастыру арқылы этносаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған конструктивті-интеграциялық және демократиялық-интернационалдық әдіс-тәсілдердің идеологиялық кешені болып табылады. Осы кешенді кезең-кезеңімен жүзеге асыруды стратегиялық жоспарлаудың жалпыхалықтық нысаны ретінде «Тілдердің үш тұғырлығы» - этносаясат арнасындағы тіл мәселелерін салиқалы шешудің басты құжаты саналатын Елбасының жария еткен тіл стратегиясы. Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге этностық топтардың тілдік мүдделері ескерілген. Балабақшаларда қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украин, неміс тілдерінде 426 мың бала тәрбиеленуде. Жалпы білім беретін мектептерде дербес пән ретінде неміс, ұйғыр, корей, поляк, грек, армян және Қазақстан этникалық қауымдастықтарының өзге де тілдерін қосқанда, жалпы 15 ана тілінде 3 млн. оқушы білім алуда. Республикада жексенбілік мектептер мәдени-тілдік бірегейлікті сақтауға өте зор ықпал жасауда. Жыл сайын олардың саны өсе түсуде. Айталық, 1997 жылы 68 жексенбілік мектепте 12 этностың тілі оқытылса, қазір олардың саны 200-ге өсіп, 30-дан астам тілдер оқытылады [10]. Мұндай мектептердің этникалық жаңғыру мектептеріне қарай өзгеру үрдісі байқалуда. Ол тілді сақтап қана қоймай, сонымен бірге белгілі бір халықтың этникалық ерекшелігін де сақтауға жағдай жасайтын білім берудің өзіндік айрықша формасы. Тағы бір назар аударарлық жәйт, барлық этникалық сипаттағы мектептер оқу курстарына қазақ тілін өз еріктерімен, қысымсыз, жоғарыдан нұсқаусыз енгізді. Бұл жаңа заманның, жаңа тарихи жағайлардың мүдделеріне сай келеді. Сондай-ақ, өзге этникалық топтардың тілдерін Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқыту мақсатында 5В021000-«Шетел филологиясы» (жапон, парсы, үнді, корей, поляк, ұйғыр, өзбек, қытай және т.б. тілдер) мамандығы бойынша жыл сайын 120-дан астам білім беру гранттары қарастырылады.Қазақстандағы этносаяси процестердің тілдік даму ерекшелігі төмендегідей сомдалады: Біріншіден, полиэтникалық қоғамның әлеуметтік жағдайының тұрақты болуы;Екіншіден, этникалық топтардың тілдік бірегейлігін сақтап, түлетуін мемлекеттің қолдауы;Үшіншіден, отбасында, балабақша мен оқу орындарында өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруін жете жоспарлап, тиімді ұйымдастыратын идеологиялық құралдардың құрылуы;Төртіншіден, мемлекетқұрушы этнос өкілдері ретінде қазақтардың өзге этникалық топтардың мүшелерін өз айналасына топтастырудың жоғары моральдық, этикалық құндылықтарын игеруі. Бұл міндеттерді атқару үшін тиісті нормативтік база, саяси ерік-жігер сияқты барлық жағдайлар бар. Бірақ уақыт, төзімділік пен қоғамымыздың барлық мүшелерінің азаматтық ұстанымы, белсенді іс-қимылы қолдау білдіруі қажет.
63 Қазақстан және ТМД елдерінің қарым-қатынасын қарастырыңыз
«1991 жылы 15 наурызда Қазақ КСР-і Президентінің шақыруы бойынша Түркия Республикасының Президенті Тұрғыт Озал Қазақстанға тұңғыш рет ресми сапарымен келді. Осы сапар кезінде Н.Назарбаев пен Тұрғыт Озал Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасының  арасында ынтымақтастық туралы қол қойылған келісімде мәдениеттерінің, тілдерінің, рухани мұра мен дәстүрлердің ортақтығы біріктіретін екі ел халықтарының саяси сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялы, мәдени, гуманитарлы, хабарламалық және басқа салалардағы ұзақ мерзімді негіздегі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтіп, тереңдетуге ұмтылды».
Қазақстан мен Түркия арасында саяси, экономика, мәдени қатынасы тез дамып кетті. Бүкіл Түркия Республикасының Ата Түрік Мұстафа Кемал өзінің 10-жылдық тәуелсіздігінде сөйлеген сөзінен кейін 58 жылдан кейін қатынастық бастамасы еді. Бұл қатынас Түркияның 58 жыл бойы Қазақстанның тәуелсіздігін күткендігін, оған жақсы дайындалғандығын көрсетіп отыр. Екі Елдің арасында дипломатиялық достық, ынтымақтастық қарым-қатынастары орнатыла бастады. Бірақ айта кететін бір нәрсе 1992 жылы Стамбулда Түркі мемлекеттерінің бас қосуында Түркияның Президеті «Түркішілдік Одағын» құруға ұсыныс жасағанда Н.Назарбаев қол қоюды қарсылық білдірді Өзбекстан Президенті Ислам Каримовта бұл ұсыныстан қол қоюдан бас тартты.
Ал 1994 жылы екінші түрік мемлекетінің басшыларының бас қосуы болды. Бұл бас қосуда Н.Назарбаев түркі мемлекеттерінің Президенттеріне Еуразия одағын құруға ұсыныс жасады. «Н.Назарбаев бұл одақ әскери емес, мемлекеттер арасындағы дипломатиялық, экономикалық және мәдениеттер қарым-қатынастарың дамуы үшін еді».
 «Қазақстан мен Түркия арасында 9-жылдық дипломатиялық қарым-қатынаста 66 құжатта қол қойып, оның ішінде 49 мемлекет аралық құжатта қол қойылды».
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Түркия Республикасымен сауда-экономикалық қарым-қатынас кең қанат жайды. Екі елдің арасында сауда қатынасы 1992-жылы 30 миллион АҚШ доллары болса, 1997жылы-360 миллион АҚШ долларын құрады, ал 2000 жылы-460 миллион АҚШ долларын құрады.
Қазақстан территориясында Түркия кәсіпорындары Қазақстан кәсіпорындарымен бірлесіп жұмыс істеуде «Қазіргі кезде Қазақстанда қазақ-түрік бірлескен 321 кәсіпорындары бар».
Осы кәсіпорындар Қазақстанда қазіргі таңда ТМД елдерінің арасында ішкі өнім шығарудан бірінші болып отыр. Екі елдің арасында транспорт пен коммуникация қарым-қатынасы да дамып келеді.
«1995 жылы Түркия Президенті Сүлеймен Демирел мен Н.Назарбаев екеуі экономикалық ынтымақтастыққа келісім шартқа қол қойды.» Бұл келісім шартқа «негізінен Қазақстанның Каспийдегі мұнайын Түркияның территориясы арқылы Еуропа базарына шығару туралы келісім шартқа қол қойылды»
Сүлеймен Демирел екі ел арасында транспорт қатынасы туралы мынандай ұсыныстар айтты: Бұрынғы орта ғасырлық сауда жолы Жібек жолын қалпына келтіру, Иран мен түркіменстан арасындағы темір жол арқылы Түркия мен Қазақстан арасындағы темір жол қатынасын орнату. Кавказ территориясынан тас жол қатынасы және Каспий теңізі мен Волга ме Дон өзендері арқылы кеме қатынасын орнату туралы ұсыныс жасады.
Туысқан ел арасында мәдениет қатынасы дамуда. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін екі ел арасында мереке тойлар өткізу мен мәдени күндерін өткізу туралы келісімге қол қойылды. 1995-1996жылдары Түркия мен Қазақстан мәдениет күндері болды.Түркия қазақ халқының ақындары мен жжазушылардың мерей тойларын қарсы алды. Олар «Абайдың-150 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығының мерей тойлары және конферецияларда өткізілді».
«1996-1998 жылдары аралығында Қазақстан мен Түркия арасындакғы мәдени ынтымақтастықты дамыту жөніндегі хаттамада мәдениет министірі Т.Мамашев пен И.Қақарман қол қойды».
Түркия мемлекетімен мемлекетаралық кең көлемді қатынас орнату — Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірегейі. Бұл екі мемлекетті жақындастыратын басты фактор — екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы, этнолингвистикалық жақындығы, геосаяси және экономикалық алғышарттарының бірлікті бастаулары барлығы
64 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің шешу мәселесін атаңыз.
Қазіргі әлемде орын алып отырған жағдайлар мен ішкі мемлекеттік жағдайлар Қазақстанның қауіпсіздік мәселелеріне басқаша қарауға міндеттейді. Ұлттық қауіпсіздік мәселелері сыртқы саясат, қорғаныс, саяси тұрақтылық сұрақтары, әлеуметтік экономикалық дағдарысты құбылыстар, экологиялық және техногенді апаттар, мемлекет ішіндегі және жақын шетелдегі әлеуметтік, демографиялық, этникааралық мәселелер, қылмыс деңгейінің өсуі, есірткі саудасының ұлғаюы сияқты жаңаша қауіп қатерлермен қиындай түсті деуге болады.
 
Осының нәтижесінде 1998 жылы 26 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңының орнына 2012 жылы 6 қаңтарда жаңа «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы қабылданды. Өкінішке орай, бұл заңның Қазақстанның ішкі саяси мәселелерінің шиеленісуінен кейін ғана қолға алынғандығы, жалпы қауіпсіздік жүйесінің толықтай қамтамасыз етілмегендігіне назар аудартады. Жаңа заңның қабылдануына соңғы уақыттағы қауіп қатерлердің көрініс табуы әсер етті.
 
Аталған екі заңды өзара салыстыратын болсақ, 1998 жылы 26 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңында ұлттық қауіпсіздік «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі– елдің ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі» делінсе, 2012 жылы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңында былай анықтама беріледі: «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi – адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi». Бұл жердегі ерекшелік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің субъектілері нақтыланған. Бұл қатер төнген кездегі қауіптің бағытталу нысанын айқындауда маңызды.
 
Тұтастай алғанда қауіпсіздік жүйесіндегі төнетін қатерді алдын ала анықтаудың қажеттілігі басым. Аталған заңдарға жасалған сандық контент талдау бойынша ұлттық қауіпсіздік ұғымындағы маңызды келеседей айырмашылықтарды байқауға болады:
 
Негізгі ұғымдар 1998ж. заң бойынша 2013ж. заң бойынша
Қауіп                                  17 22
Қауіпсіздік 143 168
Ұлттық қауіпсіздік 94 107
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету 52 61
Ұлттық мүдде 14 18
 
Бұның себебін бірнеше факторлардан байқауға болады. Ең алдымен, 1998 жыл қарсаңында және одан кейін орын алған оқиғалар Қытай Халық Республикасымен шекараны делимитациялау, 1998 жылғы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәңгілік достық пен серіктестік туралы декларацияның қабылдануы, «Қазақстан- 2030» бағдарламасының қабылдануы және өзге де оқиғалар қауіпсіздік саласында белгілі бір тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік берді. Одан кейінгі уақытта 21 ғасырда әлемдік жағдай оның ішінде Қазақстанда жағдай күрделене түсті. Әлемдік тәртіптегі өзгерістер, ақпарат толқының жету жылдамдығының артуы, әлемдегі жүріп жатқан өзгерістер оның ішінде, Қырғызстандағы жағдайлар, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы «Араб көктемі», Еурозонадағы дағдарыс, біртұтас және тиімді аймақтық қауіпсіздік жүйесінің болмауы, аймақтық диспропорция нәтижесінде болуы мүмкін сепаратизм қаупі, Жаңаөзендегі және Маңғыстау облысындағы қарсылық қозғалыстары, Ақтөбедегі қылмыстық топ әрекеттері, жаңадан қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның қабылдануымен байланысты «Халифат солдаттары» радикалды исламдық тобы ұйымдастырған Атыраудағы, Тараздағы және Боралдайдағы террористік актілер жаңа 2012 жылғы заңның қабылдануына және ұлттық қауіпсіздік және қауіпсіздік мәселелеріне баса назар аударуға мәжбүрледі.
 
Экономикалық қауіпсіздік мемлекеттің жалпы ұлттық қауіпсіздік жүйесінің негізгі элементі болып табылады. 1998 жылы 26 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңында экономикалық қауіпсіздік: «экономикалық қауіпсіздік – Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен экономикалық тәуелсіздігіне қатер төндіретін ішкі және сыртқы жағдайлардан, процестер мен факторлардан қорғалуының жай-күйі» деп көрсетілсе, 2012 жылы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңда «экономикалық қауiпсiздiк – экономиканың орнықты дамуы және оның тәуелді болмауы қамтамасыз етілетін, Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі» делінеді. Яғни қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық экономикасының тәуелділігін болдырмау басты мәселе болып отыр, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекетімізге инвестиция тарту маңызды болды. Бұл мәселе шешілгеннен кейін ендігі кезекте оның салдарымен күресу келесі орынға шықты, яғни экономикалық қауіпсіздік мәселесі арта түсті деп атауға болады. 1998 жылғы заңда экономикалық қауіпсіздік сөзі 4 рет, ал 2012 жылғы заңда 9 рет қайталанады. 1997- 1998 жылғы әлемдік қаржылық дағдарыс, 2000 жылғы еуразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы декларацияның қабылдануы, жалпы экономикалық даму саласына басымдық беру экономикалық қауіпсіздікке, экономикалық мәселелерге назар аударуға итермеледі. Ал 2007-2010 жылдардағы әлемдік қаржылық дағдарыс, Қазақстандық өнеркәсіп салаларындағы өндіруші мен өңдеуші сала арасындағы диспропорция, аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуының диспропорциясы, халық кірісіндегі дифференциясының күшеюі экономикалық қауіпсіздікке одан әрі баса назар аудару керектігін көрсетті. Сонымен қатар, соңғы жылдары Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері үнемі күрделене түсуде, экономикалық қауіпсіздіктің қауіп қатерлерінің орнына келесі одан да қиынырақ және күрделірек жағдайдың болуын байқауға болады.
 
Қазіргі уақытта Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігіне төнер қауіп-қатер деңгейі жоғары. Бұл, ең алдымен, Қазақстанның тұрақсыздығына қатері -дайын ақпараттық өнімннің импортына тәуелділігі. 20 ғасырдың аяғында ақпарат кеңістігін, ақпарат алмасуын 21 ғасырдағы ақпарат толқынымен, ақпараттың таралу деңгейімен салыстыруға келмейді. Оның көрінісін мынадан көруге болады: 1998 жылғы заңда «ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі» деп көрсетілсе, 2012 жылғы заңда «ақпараттық қауiпсiздiк – елдің орнықты дамуы және ақпараттық тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін, ақпарат саласындағы нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен мүдделерiнің, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі» деп көрсетіледі, сонымен қоса ақпараттық инфрақұрылым – ақпаратты қалыптастыру, жасау, өзгерту, өңдеу, беру, пайдалану және сақтау техникалық құралдары мен жүйелерінің жиынтығы; ақпараттық кеңістік – жеке және қоғамдық санаға, ақпараттық инфрақұрылым мен ақпараттың өзіне де ықпал ететін, ақпаратты қалыптастыруға, жасауға, өзгертуге, өңдеуге, беруге, пайдалануға, сақтауға байланысты қызмет саласы деген негізгі ұғымдармен толықтырылған. 1998 жылғы заңда ақпараттық қауіпсіздік ұғымының 2 рет, 2012 жылы 5 рет қайталанғандығы қазіргі уақытта ақпараттық қауіпсіздік қауіп- қатерлері күшейе түскендігін көрсетеді. Атап айтсақ жағымсыз қоғамдық ой қалыптастыруға бағытталған дезинформация, мемлекеттік, қорғаныс, банктік, коммерциялық басқару салаларындағы қолданылатын байланыс каналдарының әлсіз техникалық қорғалғандығы, ақпараттық, телекоммуникациялық технологиялардың төменгі сапасы, ақпараттық ресурстардың санының артуы және жаңа технологиялық мүмкіндіктердің пайда болуы, БАҚ арқылы мәдени және идеологиялық экспансияның күшеюі сияқты мәселердің көрініс табуы ақпараттық қауіпсіздікті күшейте түсуді міндеттейді. Ақпараттық тәуелділіктің бағыныштылығы одан әрі артып келеді. Соған қарамастан отандық БАҚ-тан тарайтын ақпарат ресурстарының жеткіліксіздігі және ондағы таратылымның көп бөлігін ресейлік ақпарат екендігін байқай аламыз.
Келесі кезекте, 21 ғасырдағы шешімін табуы қиын мәселелерге айналған терроризм мен экстремизм мәселесін қарастырсақ. 1998 жылғы заңда террор ұғымы 2 рет, экстремизм ұғымы 1 рет кездессе, 2012 жылғы заңда террор ұғымы 10 рет, экстремизм ұғымы 5 рет қайталанып отырғанын көруге болады. Бұның басты себебін АҚШ тағы 2001 жылғы 11 қыркүйектегі қайғылы оқиғадан кейінгі әлемдік деңгейдегі терроризммен күрестің басталуынан, осы оқиғадан кейінгі «жаңа әлемдік түсініктің» пайда болуы, Ауғанстандағы жағдайлардың шиеленісуі, ел оңтүстігіндегі және батысындағы радикалды ислам топтарының жұмысының күшеюі, Қазақстандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның қабылдануымен байланысты «Халифат солдаттары» радикалды исламдық топ ұйымдастырған Атыраудағы, Тараздағы және Боралдайдағы террористік актілерден байқауға болады. Бұл мәселердің шешілуі мәселелерді қиындатуда аса өзекті. Сондықтан да бұл тарапта жаһандық қауіптер болғандықтан әлемнің ажырамас бөлігі ретінде Қазақстанды шет қалдырмайды.
 
Қорыта айтқанда, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» жаңа заңы ұлттық қауіпсіздіктің тиімді тетіктерін қалыптастыруға бағытталған. Соған сәйкес қазіргі таңдағы ұлттық қауіпсіздіктің қатерлеріне төтеп бердуен гөрі оны алдын-алу аса маңызды болып табылады. Қауіпсіздік саласындағы басты өзгеріс орын алып отырған тәуекел мен дабылдардардың қауіп-қатерлерге айналуы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күшейтуді байқатады. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етілуі - жаһандық жаңа шынайылықтарға жедел бейімделуді және ішкі саяси тұрақтылықты күшейту негізгі басымдық ретінде алынуы міндет.
 Пайдаланылған әдебиеттер
 1.Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік туралы заңы» 1998ж.
2. Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік туралы заңы» 2012ж.
65 Ұлтаралық келісімнің нығаюы мен этнодемографиялық үрдістерге талдау жасаңыз.
Қазақстанның полиэтникалық қоғамы қалай жасақталды, ондағы жүз отыздан астам этностың бас қосып, бір мемлекеттің аумағында тұрақтануына не себеп болды деген сауалдарға автор тарапынан жауаптар ұсынылады. Қазан төңкерісіне дейінгі, оның қарсаңындағы, азаматтық соғыс жылдарындағы, сонымен бірге отызыншы жылдардың ашаршылығы мен этникалық топтардың депортациялануы, жалпы демографиялық жағдай мен механикалық қозғалыстар жөнінде мардымды талдаулар мен деректер келтіріледі.Қазақстанның полиэтникалық қоғамға айналу процесі ұзақ тарихи кезеңдерді қамтиды. Қазақстан тарихында ол кезеңдер үшке бөлінеді.Бірінші кезең Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруімен байланысты. Нәтижесінде қазақтардың көшпенділіктен отырықшылыққа ауысуы арқылы өмір сүру стилі, құндылықты нормативтік жүйесі өзгереді. Осы кезеңде өмірлік маңызы бар құндылықтардың бастамашылары қазақ интеллигенциясы пайда болады.Осы кезеңде Қазақстанның солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс өңірлерін отарлаудың әскери-әкімшілік билігінің нәтижесінде славяндықтардың ареалы пайда болды. Олардың көшін казактар бастап келді. Жайық казак әскерінің құрамында славяндардан басқа башқұрт, түркімен, татар, қалмық, қарақалпақтар да болды.Екінші кезең Қазақстанның КСРО құрамына енуімен байланысты. Осы кезеңде Қазақстанның саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми салаларында жаңа бетбұрыстағы алғышарттар құрылып, жаңа интеллектуалдық мүмкіншіліктер пайда болады, нәтижесінде Қазақстан мемлекеттілікке қол жеткізеді.Екінші кезеңде Қазақстанның полиэтникалық құрамы жылдам қалыптасты. Оның негізі ретінде КСРО Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің 1924 жылғы 17 қазандағы «Отарлау мен көшірудің кезек күттірмес міндеттері туралы» қаулысын айтуға болады. Бұл құжаттың отарлаушылық маңызы КСРО аумағынан Қазақстанға адамдарды көшіріп орналастыру арқылы өңделмеген жерлерді шаруашылық айналымға енгізу еді. Бұл процесс екі бағытта жүзеге асырылды: бірі – халықты ерікті жолмен көшіру, екіншісі – күштеп көшіру. Шын мәнінде, ерікті деген болмады, екі акция да күштеп көшіру арқылы атқарылды. 1940 жылға дейінгі уақытта Қазақстанға 65 мың шаруа отбасы көшіп келді [2]. Оның ішінде Украинадан - 6478, Белоруссиядан - 2031, Воронеж облысынан - 1142, Курск облысынан - 1415, Рязанск облысынан - 574, Татарстаннан - 917, Чуваш республикасынан - 876, Мордовадан - 591, өзге де өңірлерден - 1068 отбасы көшіп келді [3].Үшінші кезең Қазақстанның тәуелсіздік алуымен және халықаралық қауымдастықтың субъектісі болуымен байланысты. Бұл кезеңде әрбір этникалық топтың еркін дамуына қол жеткізілді, этникалық ерекшеліктерін қайта түлетуге мүмкіндік туды. Кезінде елден еріксіз кеткен қандастарымыз елге оралуда. Қазақтың біріктіруші рөлін арқау ете отырып, елдің тұтастығы мен этносаралық келісімді сақтауда барлық әлеуметтік-экономикалық шаралар қабылданып, халықтың табиғи өсімі алға басып, балалардың дүниеге келуі артуда. Қазіргі таңда Қазақстанда жүз отыз алты этнос өмір сүреді. 2009 жылғы халық санағының қорытындысына сәйкес Қазақстан халқының саны 16402861 адамды құраса, оның ішінде қазақтардың саны – 10989916 (67 %), өзге этникалық топтар мүшелері – 5412945 (33 %) [4].Үшінші кезеңнің басты ерекшелігі сол, Қазақстандағы этникалық топтардың өзара келісімді, тату өмірін еліміздің жалпы ішкі саяси тұрақтылығымен және қоғамның топтасуымен ұштастыру арқылы елдік біртұтастықты дамыта беру. Бұл тәуелсіз Қазақстанның 2030 даму Стратегиясында Ел бірлігі доктринасында көрсетілген басты басымдықтардың бірі еді. Бірінші және екінші кезеңдерден құралған үшінші кезеңнің сарқылмас ерекшелігі – оның келесі кезеңге өтпестен, өзінің мәңгі тұрақтылығын сақтап қалуда. Үшінші кезеңнің сарқылмас күштілігі мен бой бермес қуаттылығы – оның егемендігі мен тәуелсіздігінде, Қазақ елінің достығы мен бауырмалдығында, өзара сыйластығы мен ынтымақтастығында. Тәуелсіз Қазақ елінің бүгіні мен нұрлы болашағы дәл осы үшінші кезеңде орын алмақ.«Қазақстан тәуелсіздігін тұрақтандырудың этнодемографиялық аспектісі» деп аталатын екінші бөлімнің екінші бөлімшесінде тәуелсіз Қазақстандағы этносаяси процестердің этнодемографиялық аспектісі қарастырылады. Қазақстан өз тәуелсіздігіне тірек болу үшін аумағының біртұтастығы мен бөлінбейтіндігін, халық игілігі мен қажеттілігіне арналған құқықтық, әлеуметтік, саяси-экономикалық даму үрдістерін қамтамасыз ету функцияларының алғышарты ретінде тұрақты этнодемографиялық ресурсты тиімді басқару қажеттігін автор ерекше атап өтеді. Халықтың демографиялық жағдайын тұрақты орнықтыру арқылы санын арттыру механизмінсіз мемлекеттің ішкі және сыртқы экономикалық жетістіктері мен саяси белсенділігі туралы мардымды қорытындылар шығару мүмкін еместігі, демография мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында үстемдік рөлге ие екендігі статистикалық және проблемалық мазмұны жағынан дәлелденеді. Қазақстан дамуындағы демографияның алатын орнын автор келесідей сипаттайды: біріншіден, демография мемлекеттік саясаттың орталық объектісі ретінде; екіншіден, көрші елдерден этнодемографиялық қысымды сезіп отырған Қазақстан жағдайында ұлттық қауіпсіздікті, егемендік пен аумақтық біртұтастықты қамтамасыз ету факторы ретінде; үшіншіден, қазіргі уақытта адам ресурсының сапасы мемлекеттің экономикалық дамуында маңызды роль атқаратындығын ескере отырып, экономикалық қауіпсіздікті айқындаушы фактор ретінде. 2009 жылғы халық санағы бойынша 16 402861 адам, оның ішінде қазақтар жалпы халық санының 67 %-ын құраса, орыстар 22 %-ын, өзге этникалық азшылық 11 %-ын иемденді [4]. Алайда бұл көрсеткіш аумағы жөнінен әлемде тоғызыншы орынды алатын Қазақстан үшін аз. Мемлекет азаматтарының саны неғұрлым артатын болса, соғұрлым оның аумағы толығып, нығыздалып, салмағы арта түседі, экономикалық секторда жаңа өндіріс күштері пайда болып, еңбек нарығында жаңа жұмыс көздері мен орындары ашылады, нәтижесінде мемлекеттің салық қоры қомданады. Бұл өз кезегінде мемлекеттің экономикасын алға бастырып, жаңа белестерге шығарады, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, елдің ішкі атмосферасы тұрақтана түседі. Осындай жаңарудан жаңаруға диалектикалық жолмен ауысу арқылы елдің тұрақтылығын сақтап тұру үшін халықтың денсаулығын жақсарта беру, білімі мен кәсібилігін жетілдіре беру қажет. Заманауи талаптарға сай Қазақстанда жүргізіліп жатқан салааралық реформалар мен атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы демографияны мемлекеттік саясаттың орталық объектісі екендігін танытады.Алайда, демографияны мемлекеттік саясаттың орталық объектісі ретінде қарастыру арқылы демографиялық процестерді тек мемлекеттік басқаруға ғана басымдық беру жеткіліксіз, сонымен қатар қоғамдық басқаруды да іске қосу қажет. Осы орайда автор демографиялық оң үрдістердің мызғымастығын қамтамасыз етудің екі тұтқасын айқындайды: а) мемлекеттік шаралар, б) қоғамдық қолдау.Демографиялық мәселелер жөніндегі мемлекеттік шаралар деп халық санының өсіміне әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және геосаяси тұрғыдан жағдай жасау арқылы табиғи және механикалық үдерістерді жүзеге асырудың жұмыс кешенін айтады. Мемлекеттің қарыштап дамуына тікелей әсер ететін демографиялық үдерістерді қоғамның қолдауы – азаматтардың халық санының өсуіне керағар әрекеттерді істеуден бас тартуы. Демографиялық ахуалды тұрақтандырудағы мемлекеттік шаралар мен қоғамдық қолдаудың тиімділігін арттыру бағытында құқықтық базаны жетілдіру, шетел тәжірибесін тиімді қолдану мақсатында халықаралық ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен қарымқатынасты дамыту, демография саласында мамандарды даярлау мен демографияны ғылым ретінде дамыту, БАҚ қызметінде демографиялық бағытты идеолгиялық қолдау, қоғамдық ұйымдарды туу процесін үдетудегі насихаттық жұмыстарға, шараларға тарту, халықтың денсаулығын жақсарту мен экологиялық жағымсыз құбылыстардың алдын алу, әлеуметтік, экономикалық реформаларды тиімді жүргізуді жалғастыру туралы ұсыныстар беріледі.
66 «Мәдени мұра» – «Мәдени жәдігер» мемлекеттік бағдарламаларының негізгі іс-шараларын атаңыз.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асырумақсатында Алматы облысы кітапханаларыбойынша2014–2016 жылдарға арналған іс-шараларЖОСПАРЫ
«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады».
Н. Ә. Назарбаев
К І Р І С П Е
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың инициативасы бойынша әзірленді.Бағдарлама тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеумен байланысты негізгі аспектілерді анықтайды, мәдени мұраны зерделеудің тұтас жүйесін жасауды, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер, жазба және ұлттық әдебиеттің ғасырлар бойғы тәжірибесін жинақтау, ғылыми және көркем сериялар құру бойынша, сондай-ақ тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру, мәдени мұра мәселелерін топтастыратын материалдық-техникалық, ғылыми-зерттеулерді дамыту мен нығайтуды қарастырады. Бағдарламаны әзірлеу мәдени құндылықтарымызды тиімді пайдалану және сақтау жөніндегі жұмыстарды жоспарлы қаржыландыру жолында мәдени мұра саласындағы қордаланған жағдайларға барынша белсенді, сындарлы түрде кірісу қажеттігімен негізделген.
М А Қ С А Т Ы
Облыс  кітапханаларында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар атқару арқылы насихаттау:
- «Мәдени мұра» қорын қалыптастыру;
- Мәдени – әдеби мұраларды сақтау және оны насихаттау;
- Сирек кездесетін және құнды әдебиеттерді насихаттау;
- Заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін дамыту;
- Тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері туралы әдебиеттерді насихаттау;
- Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасын оқып-үйрену;
- Жастарды мәдени құндылықтарды білуге және оны дамытуға баулу;
Қазақстанның «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев бастауымен құрылған. 2003 жылы мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның үлкен  мәдени мұрасын, мемлекеттік тілде гуманитарлы білім қорын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, ұлттық әдебиет пен жазудағы көпғасырлы тәжірибені біріктіруді зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған бағдарлама жасауды бұйырды.
Бағдарламаны жүзеге асыру 2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды: 2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы мәдениетке деген мемлекеттік қозғалысын анықтаған рухани және білім беру істерінің даму саласындағы негізгі құжат, стратигиялық ұлттық жоба болып кетті. Мұншалықты үлкен жобаны іске асыруды ТМД елдерінің ішінде алғаш бастаған Қазақстан.
«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу.
Программа реализуется по нескольким направлениям:
- ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру;
- археологиялық зерттеулер;
- қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстар;
- ұлттық әдебиет пен жазулар тәжірибесін ортақтастыру, кеңейтілген бейне және жұмыс қатарларын құру.
2004 жылдан – бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден – бастап тарих пен мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) – 2008-2011 жылдары реставрацияланған.
Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеу  жүргізілген. Шығыс Қазақстан облысындағы Шілікті мен Берел қорғандарындағы қазбалар, «скиф-сібір аң стиліне» немесе өнерге жататын табылған алтын бұйымдар әлемге әйгілі атақ алды (б.з.д. V-III ғғ.).
Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміздегі ескерткіштердің масштабты инвентаризациясы өткізілді және республикалық (218 объектов) және жергілікті (11 277 объектов) маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерінің Тізімі қабылданды.
Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, Өзбекстан, Армения, сонымен қатар АҚШ пен Батыс Еуропаға ғылыми-зерттеу экспедициялар нәтижесінде 5 мыңнан астам құнды тарихқа, этнографияға, Қазақстан өнеріне байланысты архивті құжаттар, қолжазбалар мен баспа шығарылымдары алынды.
Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш рет «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ тіліндегі толымды гуманитарлы білім беру қоры құру басталды. 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды, олардың арасында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты қайталанбас сериялар кездеседі.
Орта ғасырлардағы әуендерді терең зерттеулер жүргізілді, оның ішінде күйлер, терихи өлеңдер.Қазақтың  дәстүрлі әндерінің «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» антологиясы шығарылды. Бұл масштабы мен  қайталанбастығы бойынша ұлттық мәдениетт тарихындағы қазақ халық әндерінің түпнұсқалық орындауларын жинау, даярлау, өңдеу, реставрациялау, цифрлундіру мен CD-дискілерді шығару бойынша орасан зор еңбек.
Сәтті аяқталған шетелдік жобалар – Дамаскідегі Сұлтан Аз-Захир Бейбарс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарс мешітінің, реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық және кесенесін салу.
«Казахфильм» АҚ киностудиясы ұлттық мәдениеттің маңызды тарихи орындары мен мұралары туралы 20 деректі фильм түсірген. Бұл «Мәдени мұра» «Қорқыт. Күй тарихы», «Номадтардың музыкалық мұрасы», «Ежелгі Түркістан сәулет ескерткіштері», «Жүсіп Ата кесенесі», «Тамғалы петроглифтері» және басқалар циклындағы деректі фильмдер.
«Мәдени мұра» бағдарламасында саяхаттық кластерді дамытатын бағыттағы шаралар іске асырылады. Туристік маршруттарды құрғанда археологтардың кеңестері қолданылады.
Жыл сайын елімізде және шет елдерде тарихи-мәдени мұрамызды дәріптеу бағытында шамамен 200 шара ұйымдастырылады.
Жобаның масштабтылығын мұндағы қазіргі Қазақстанның бүкіл интелектуалды потенциалы қатысқаны көрсетеді: әдебиет пен өнет, философия, тарих пен этнография, тіл білу және т.б. академиялық институттар, Ұлттық кітапхана, еліміздің жоғарғы оқу орындары.
«Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстан тарихындағы теңдессіз гуманитарлы акция бола тұрып, қазақ халқының ұлттық рухани байлығын әлемге паш етті.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында
кітаптар басып шығару
2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамасымен негізгі приоритеті тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, реставрациялау, консервациялау және мұражайландыру болып табылатын «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама жасалып, қабылданды.
Бағдарламаны жүзеге асыру жылдарында тарихқа, археологияға, этнографияға, жаңа энциклопедиялық сөздіктерге байланысты 537 кітап бір жарым миллионнан астам тиражбен шығарылды. Олардың арасында: «Бабалар сөзі», құрамына Еуропа, Америка, Австралия, Африка, Азия мемлекеттерінің әдеби шығармашылығы кіретін «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы», «Әлемдік мәдениеттанушылық ойлар», «Экономикалық классика», «Әлемдік философиялық мұра» сериялары кездеседі.
Қазақ халқының философиялық мұрасының байлығын көрсететін барлық шығармалар мысалдарын біріктіру алғашқы әрекеті «Қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі филосовиялық мұрасы» болған. Қорқыт-атаның айтқан сөздерінен бастап Абай мен Шәкәрімнің көзқарастарымен жалғасатын Ұлы дала ұлдарының философиялық көзқарастары әлемдік гуманистикалық рухани мәдениеттің алтын қазынасы болып саналады.
Бұл басылымдардың әрқайсысы – ғалымдар, жазушылар, аудармашылар, архивистер, кітапханашылардың бірлескен еңбек нәтижесі.
АСЫЛ МҰРА
Қазақ халқының дәстүрлі әуені – рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойғы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген, үшінші мыңжылдықта ол ерекше тарихи маңызға, көркемдік те, мәдени де бағылылыққа ие болды.
Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндермен өмір сүрген. Әуенмен қазақтың бүкіл өмірі байланысты – ол тойларда, салт-дәстүрлер мен ырымда, күнделікті еңбекте және басқа жерлерде айтылады. Қазақ халқы таңқаларлық музыкалық дарындылығымен ерекшеленеді, әр отбасында дерлік жақсы ән айтатын немесе халық аспаптарында дарынды ойнайтын ең болмағанда бір адам табылады. Халық арасында былай дейді: «Құдай әрбір қазақты жаратқанда жүрегіне күйдің бір бөлігін сіңірген».
Ғасырлар бойы музыкалық мәдениеттің сақтаушысы да, оны көтере білген де халықтың өзі. Ұқыпты сақтап және жақсы дамыта келе ол ұрпайқтан ұрпаққа жеткізіп отырған.
Көптеген 18-19 ғасырларда қазақтардың  өмірі мен тіршілігін зерттеген ғалым-фольклористер, өздері басқа ұлт пен мәдениет өкілдері болса да, қазақ халқының ерекше ақындық, прозалық және музыкалық таланттарына, халықтың шығармашылыққа, қарқынды музкалық-ақындық импровизацияға қабілеттілігіне, халықтың музыкалық өнерге молынан қатысуына таң қалғанын қоймаған.
Қазақ халқының дарындылығы туралы Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша «Қазақ даласының Геродоты» А.И.Левшин былай деп тура айтқан: «Қазақтер адамның сазгер немесе ақын болып туылатынының бір дәлелі болып табылады». А.Эйгхорнның қазақтар музыкасы туралы өз еңбегінде жазғаны: «Қазақтың әндері көкке көтеріліп бара жатқан бүркіттей өктем де, ерікті. Олар кішкентай баладан қария шалдарға шейін, бойжеткен қыздардан үлкен апаларға шейін барлығы айтатын мызғымайтын халық игілігі». Қазақ халқының ән дәстүрлеріне таң болған танымал орыс ғалымы Г.Потаниннің жазғаны: «Мен үшін бүкіл қазақ даласы әндетіп тұрғандай».
Талантты жыраулар, ақындар, өлеңшілер, күйшілер, әншілер өнер тудыра отырып адамдарды «тамаша құпия» – музыкаға ортақтастырды. Ұлы далада намысшыл және рухани азат олар өз халқында патшалармен, әйгілі мемлекеттік қайраткерлермен және ірі қолбасшылармен бірдей құрметті болды.
Қазақ халқы өз тарихында бай музыкалық мәдениеттің өте бағалы негізін қалады. Қазақтардың ежелгі тұқымдары – көптеген номадтар өркениетінің тайпалары – бай аспаптық, аспаптық музыка, қазіргі заманғы дәуірге лайық жалғасын тапқан өзіндік музыкалды-ақындық салттар құрды.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама аясында «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күй, 1000 әні» («Вечные напевы: 1000 кюев, 1000 песен») қазақтың дәстүрлі әуендерінің Антология жобасы құрылды. Бұл өлшемі бойынша ұлттық тарихтағы түпнұсқалық орындаудағы әндерді жинау, дайындау, өңдеу, реставрациялау, цифрлік ету және оларды CD-дискілерге шығару боайынша теңдессіз еңбек. Қазақтың дәстүрлі музыкасының антологиясы - бүгінгі күнгі қазақ дәстүрлі музыкалық шығармаларының цифрлік тасымалдауыштағы жалғыз  толық жинағы. Жазбалардың көбісі қалың елге қолжетімсіз болатын, архив жұмысшыларынан басқа. Енді кез-келген қалаушы орындаудың классикалық мысалдарын тыңдай алады.
67 Қазақстан Республикасының жастар саясатының және рухани жаңару жолдарының ерекшеліктерін анықтаңыз.
ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Әрбір қоғамның, өрбір отбасьшың ертеңгі келбеті ондағы жастардың қалай өсіп? ержетуіне байланысты. Сондықтан, бүл мәселеге мән беру тұрмыстық-әлеуметтік көзқарас ғана емес, саяси салмағы бар үлкен міндеттердщ бірі деп атасақ, артық айтқандық емес. Кеше де солай болган, келешекте де солай бола береді Қазақ халқы да ежелден "ат тұяғын тай басар" жастарының жайына бей-жай қараған жоқ. Сондықтан да ата-баба мирас еткен намыстылық, имандылық, отанды сүю? ынтымақ пен бірлікті берік сақтау үрдісі әлсіреген жоқ, қайта жаңғырьш, одан әрі жажасын тауып отырды. Ата буынның үмітін бала буын ақтай білді Қысқасы, ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілді. Бүгінгі таңдағы жайлар мүлдем жауапты. Егемен елдің ертеңгі тағдыры, ең алдымен қазақты, барша Қазақстаңдықты тынымсыз ойландыруға тиіс.Оның басты өлшемі мынау: жастарымыз қалай өсіп келеді екен деген сауал. Олардың жан-дүниесінде қандай жасырулар бар? Не нәрсеге еліктейді, не нәрседен бой тартады? Ұлттық болмыстарға деген жанашырлықтары қандай? Міне, осы тектес сандаған сұрақтардың алдымызды кес-кестейтіні рас.Жастардың мүмкіндігіне қарай, қоғамдағы больш жатқан оқиғаларды өзін оқшау ұстамағаны жақсы. Өйткені, олар - елдің келепіегі. Ата жолын жалғастыратын мұрагер. Бүгінгі аяқталмай жатқан істерді мөреге жеткізетін солар. Сол үшін де жастарға белсенділік, сергектік пен, кәсібилік өте керек. Және мұндай болу жастар табиғатына жарасатын мінез. "Егер біз лаулап жаыбасақ..." деген тіркес бар. Сол тіркестің мағынасы әлі өз күшінде. Онда жастарымыздың саяси өмірге араласып, қатысьш түруы міндетті емес пе?Қолда бар дерекгерге қарап отырсақ, Қазақстан халқының басым бөлігі жастар дей аламыз. Ендеше, олар саясатта да шешуші рөл атқара алады. Себебі, жастар қоғамымыздың ең белсенді бөлігі. Барлық кезде осылай болған.Комсомол сжяқты ұйым болмаса да жастар саясаттан тыс өмір сүре алмайды. Азаматтық ұстанымын білдірмей тұра алмайды. Мәселен, Елбасы саясатын қолдаған митингі "Отан", "Азаматтық" партиялармен бірге "Талапкер" жастар қозғалысы да ұйымдастыруға белсене қатысты. Олар оң өзгерістерді қолдады, өз жүректерінің талғамымен бәрін таразылаған. Отанымыздың вркендеп, ілгері басуы жастар үшін де керек."Біз Елбасымен біргеміз!". Бұл тәубе ететін тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдарда ел жастары жиі қайталайтын жігерлі сөз. Жастар саясаты саласындағы алғашқы құжаттардың бірі "Қазақ ССР-індегі мемлекеттік жастар саясаты" Қазақ ССР заңы 1991 жылы бекітілген. Заң, жалпы, 5 тараудан, 25 баптан тұрады. Заңда көрсетілген басты бағыт Мемлекеттік жастар саясаты республикасының мемлекеттік өкімет және басқару органдары арқылы жастарды әлеуметтік жағынан дамыту мен олардың шығармашылық потенциалын мейлінше толық іске асыру үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси-праволық, ұйымдық жағдайлар жасау. Ал, 1995 жьшы жаңа Азаматтық кодекс дүниеге келді. Алғаш жаңа ұйым - Қазақстан жастарының конгресі қүрылды. Бұл өтпелі кезевде қоғамдағы саяси процестерге үлкен ықпал ететін күшті механизм болар деген үміт артып,2001 жылы Ақтау қаласында Қазақстан жастарының I Конгресі өтті. Ал, жылы Қазақстан жастарының II Конгресі Астанада жалғасын тапты.Бүл салаға Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың назар аударуы - жастар саясатынаүлкен демеу бола алады. Мұны Елбасының конгресте сөйлеген сөзіненбайқауға болады:"Біз өте шешуші, әрі жауапты кезеңде өмір сүріп отырмыз. Бүгінгі әлемде экономикалық проблемалар, ұлтаралық соғыстар мен жанжалдар, халықаралық терроризм деген қатерлер бар. Оған ғаламдық дертке айналған аштық, жалаңаштық, кедейлікті қосыңцар. Бүкіләлемдік банк мәліметтеріне сүйенсек, жер бетінде 1 млрд. 200 млн-ға жуық адам кемтарлықта, жоқшылықта өмір сүреді екен. Міне, осындай теңсіздіктен, кедейліктен терроризм мен түрлі жанжалдар туады. Дегенмен, осынау қауіп-қатерлерге қарамастан XXI ғасыр жаңару, өсу, адамзаттық құндылықтардың салтанат құру ғасыры. Бұл сендердің дәуірлерің! Прогресс қанша алға басқанымен қай кезде де адамзаттың негізгі құндылықтары – мәдениет, ілім-білім, спорт, еңбек болып қалмақшы. Совдықтан да біз ұлы тарихи миссияны орындаймыз. Жаңа мемлекет құрамыз. Ол ерікті, демократиялық, дамыған, бейбітшілік сүйгіш елге айналу үшін сендер де ез үлестерідді қосасыңдар!" (Жаңа ғасыр жастардың қолында.// Астана Ақшамы, 2002, 27 иіілде). Әрине, осындай сөзден кейін басты назарды жастарға аудару керек екеніне ешкім күмән келтірмесі анық. Қазіргі күігі Қазақстандағы жастар саясаты саласындағы басты қүжатгар "Қазақстан Республикасының жастар саясатының Тұжырымдамасы" бекітілді, Республикалық "Жастар" бағдарламасы қабылданды, Жастар департаменті құрылды. Осы барлық шаруалардың басықасында "Қазақстан болашағы үшін жастар қозғалысына мүше ұйымдар жүр. Олардың саны 1998 жылы онға жетпейтін, бүгінгі күні елуден абып отыр. Ал республикамыздағы жастар ұйымдарының саны 150-ден асып жығынады.Осы айтылып кеткен шаралардан кейін халқымыздың төрт миллионға жуық үлкен әлеуметтік тобын құрайтын жастардың қоғамымыздағы алып отырған орны мен олардың рөлін белгілейтін нормативтік құжаттың қабылдануы заңды құбылыс. Бұл нормативтік құжат - бүгінгі күнге дейін көптеген жастар ұйымдары талқьшаған ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі дайындаған "ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңның жобасы.Бұл Заңнан не тосуға болады? Ашығын айту керек, бұл заң жастардың барлық мәселесін шешіп тастай алмайды. "Мәселені шешпейтін болса, мұндай заңның керегі не?"-деген сұрақ та туындауы мүмкін. Бұған беретін жауап: жұмыссыздық, баспананың жоқтығы, жоғары білім алу жолдарының қиындауы, қоғамда қылмыстың етек алуы, нашақорлық пен маскүнемдіктің қанат жаюы. Сол себептен, бүл мәселелерді жастар үшін бөліп алып шешу мүмкін емес, қоғамның ажырамас бөлігі ретінде қарау керек. Ал барлық мәселені ысырып қойып, тек жастардың ғана мүддесіне назар аударайық деу үлкен қателік. Заң біздің мемлекеттің өзінің жастарына деген бетбұрысын көрсетеді.Тәуелсіздігіміздің онжылдығын абыроймен атап өттік. Енді әлеуметтік салаға ден қою - күн тәртібінде тұрған басты мәселе. Өйткені жүргізіліп жатқан реформалардың әрі қарай екпіндеуі осы реформаларды қолдайтын әлеуметтік базаны кеңейтуге байланысты. Ал, реформаларды қолдайтындардың санын қалай және кімдерді тартып көбейтуге болады? Әрине, жастарды. Заңның тағы бір мәселеге назар аударуда қолбағысы, біздің қоғамда зейнеткерлердің, мүгедектердің, өйелдердің өз құқықтарын қорғап, наразылық білдіруіне назар аударылды. Бүгінгі күні жастарға "Екі қолың бар,екі аяғың сау. Сенің бізден бірнөрсе күтуің қателік. Сен қалай да өз еліңнің патриоты болып, ештеңе сұрама. Сенсіз де мәселелер бастан асып жатыр" деген сөздер жиі айтылады. Бұл олардың өз елінен қашып, білімін және күш-жігерін басқа жерде сатуына өкеліп соктырады. Оның үстіне жастар наразылық білдірмесе, мәселе жоқ деп ойлау қате пікір. Жастардың наразылығы олардың маскүнемдік пен нашакорлықка бет бұруына, жастардың арасында қылмыстық жолға түскендердің пайда болуына, жас отбасылардың бала санын көбейтуден бас тартуына, реформаларға қарсы күштердің айтқандарына ілесуіне. осы секілді көптеген теріс өрекеттерден көрінеді.Бүгінгі күнге дейін жүргізіліп келе жатқан саясаттьщ аландататын тағы бір түсы: Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде республика азаматыньщ орта жасы 24-25 жас болатын, ал бүгінгі күні 30-дан асып кетті. Бұл ел ағаларын да аландататын жағдай. Өйткені мұндай қарқынмен енді 20-25 жылда қазақстандықтардың орта жасы 55-тен асып кетеді. Сонда жұмысты кім істейді? Кім бала туады? Кім қарулы күштерде қызмет етіп, Отанын қорғайды? Небәрі 4 тарауды құрайтын 18 бабы бар заң жобасының қоғам алдында тұрған мәселелерді шепіуге үлкен үлес косатын кұжат екенін осыдан көруге болады.Мінеи, жастар саясатын қолдайтын біраз құжаттарымыз бар? ал жастарымыздың бүгінгі жайы қалай? Жастарымыз қалай өсіп келе жатыр?Зерделеп қарасаңыз, бүгіндері жастарымыздың қамқарекеттерінде жаңа бір үрдіс байқалады. Ол өздері өмір сүріп отырған коғамға, яки күнделікті тұрмысына қанағаттанбағандықтан қайткен күнде де соны өзгертуге тырысушылық. Осының жолында қандай әрекеттерге болсын олар әзір.Қазақстандық қоғамдық түбегейлік қайта құрулар барлық өлеуметтік топтар, соның ішінде жастардың да басына түскен бір тұтас жүйенің құлдырауымен бірге жүреді. Бұл асу бір сәтте және барлық адамдар үшін бірдей болуы мүмкін емес. Қазақстандық модернизмнің айқын айғағы тек қана жас әрі қуатты "жаңа қазақтар" емес, сонымен бірге әлеуметтік жағдайы төмен адамдар, ал олардың ішінде каншама жасөспірімдер, балалар мен жастар бар. Жастар жұмыссыздар қатарын толықтыруда, жастар арасындағы қылмыстың көрсеткіштері өсуде. Қазіргі таңда айтарлықтай сұранысқа ие болмай жатқан мамандықтың көбейе түсуі жұмыссыздықтың өсуіне, жастардың бәсекелестігінің төмендеуіне, қоғамда өз орнын таба алмауына әкеліп соктыруда. Жұмыссыздар ішінде бүгінде жастар тобының алар орны өте үлкен.Соңғы жылдар ішіндегі экономикалық реформаларды талдау жастар арасындағы жұмыссыздықтың өсе түскендігін көрсетті. Сонымен бірге жастарды жұмысқа орналастыру да төмендеп кеткен. Ресми жағынан алғанда, жас еңбек ресурстарының саны айтарлықтай жоғары, бұл жұмыссыздардың өсе түскеңдігін болжауға мүмкіндік береді. Мұнымен бірге белгіленген жұмыс орындарына қабылдаудың қысқара түсуі жөне орта арнаулы оқу орындарына қабылдаудың азайғандығы байқалады. Ендеше оқу орнын бітірушілердщ көішгілігі жұмыссыз қалады деген сөз.Жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасындағы айырмашьшық өсе түсуде.Бүгінде жасөспірімдер мен қыздар ақысы төмен әрі біліктілігі төмен жұмыстарға қызықпайды, соған қарамастан жоғары оқу орындарыньщ басым көпішлігінің мамандар даярлау сапасы еңбек рыногінің талаптарына сай келмей отыр.Мүндай жағдайда жастар арасында әлеуметтік қорғансыздық сезімі өсетүседі және олар өздерінің өмірлік деңгейін кез келген жолдармен көтеругеұмтылады. ; \Нақты индустриалдық әлем, нарықтық заман тұрақсыздық пен әлеуметтік жөне жеке жағдайдағы тұйықталуға ұмтылдырады? білім алу, еңбек, жүйелі құндылық плюрализмінде бұрын болмаған кең көлемдегі таңдауды тудырады. Бүгіңде жоғары оқу орньш бітіруші мамандық тандау жұмыс іздеу және еңбектің сапалы нәтижелеріне тікелей жауапты болып отыр. Сонымен қатар қазақстандық қоғамның тоқырау жагдайы өлеуметтік дамуды қиындатады.Статистикаға қарасақ, бүгінгі жұмыссыздардың үш бөлігіне жас адамдар. Бес пайызы ғана оның мәнінде көркею үстіңце, ал үштен екісі кедейшілік тауқыметін тартуда немесе одан да қиын жағдайда. Көптеген жас отбасылар үшін балалы болу қол жетпес арман секілді, туу көрсеткіші өте төмен, соған қарамастан жастар арасындағы өлім деңгейі қарттармен салыстырганда екі есе жоғары.Тағы бір өткір мәселе - жастардың мүмкЬндіктері мен күш-қуаты бұл қоғамға қажетсіз болып отыр. Олардың өмірде ажынан тік тұруы өте қиын.Өтпелі кезең ұраншылдықты тудырады. Бүгіңде Қазақстан жастары, аға ұрпақ сияқты тұрақсыздық пен жайсыздықты бастан өткізуде, түрлі айтыс тартыстың көзі болып отыр.Жастар аға және орта ұрпаққа қарағанда уақыттағы түрлі жағдайлардағы деректер, пікірлер және больш жатқан уақиғалардағы сөйкессіздіктерді терең сезіммен, эмоциялы қабылдайды. Басқа жағынан алсақ, жастар үшін өткенмен қоштасу жеңілдеу, олар болашақтан үміткер. Бүгінгі бейбітшілік пен тұрақтылық, жаугерлік пен айтыс-керіс қарым-қатынастары ертенгі Қазақстан қоғамының болашағында жастардың қандай орын алатындығын көрсетеді.Сонуы жылдардағы экономикалық, өлеуметтік: және саяси қайта құрулар азаматтық қоғам, нарықтық экономика демократтық құқықтық мемлекетті дамытуға алғышарттар жасады. Бірақ, өгаелі кезеңдегі объективті қиындықтар, үкіметтің мемлекеттік органдарының қызметіндегі тұрақсыздық, реформаны жүзеге асырудағы қателіктер жастар арасында сенімсіздік пен көңіл қалуды туғызады.Егер де мемлекет болашаққа бағыт ұстаған болса, ол жастардың санасыңдағы өзгерістерсіз жүзеге аспайды. Бүгінгі жастар қандай құңдылықтармен тәрбиеленсе, болашақ та соңдай болмақ.Адам төзгісіз жағдайларда өмір сүріп жатқан және осыған лайық менталитетке ие болған жастар болашақты да осындай санамен құрады. Сондықтан да мемлекет жастардың санасын қалыптастыруға, нақты бағыттағы саналы күш-жігер жұмсауы тиіс. Жастар - қоғамның ең басты стратегиялық ресурсы. Тек қана құрылыс және өндірістік жобаларды қаржыландырьш қана қоймай, адамның жан-жақты соның ішінде мәдени-рухани әлеуметтік дамуына баса назар аудару қажет.Қазақстандағы жастар саясатының түп негізін қайта қарау қажет. Жастар саясатының екі түрі бар: біріншісі, мүгедек балаларға, қиын жағдайға ұшыраған жасөспірімдерге, жұмыссыздарга әлеуметтік көмек керсету және екіншісі, жас адам белгілі бір жағдайларда өз мәселесін өз шеше алатын, өзін-өзі қорғау бар. Әзірге біздің жастар саясаты негізінен бұған дейін жасалған қателіктерді түзетумен шектеліп келеді. Жастар саяси, экономикалъіқ, мәдени, құкықтык, әлеуметтік және күнделікті мәселелерін шеше алатындай жастар саясатынын концешщясын қайта қарау қажет.Жастар саясатының жүзеге асырылуында жастар өздерінің қоғамдық қүрылымдары арқвіі^тікелей атсалысуы кажет.Жастардың және қоғамдых үйымның қарым-қатынасы "әрііггестік қарым-қатынас бағдарламасы" ітрішшшінде қүрылуға тиіс: жастар өз бастамасы мен мүмкіндшгерін үсъшады, ал қоғамдық үйым нақты жағдайға байланысты қүкыктык, саяси, үйымдастыру-техникалық, қаражаттық жөне ақпараттык көмек көрсетеді. Басым бағдарламалар жастардың кәсіби, шығармашытык, р\"хаші өсуі және жастардың халықтық әлеуметтік қорғалмаған топтарына көмегі больш табылады.Соңғы екі жыл ішінде ішкі көші-кон есебінен 158 мың адамға кеміп кеткен ауыл жастарынан жағдайьша ерекше көңіл бөлген жөн.Мемлекетгік статистика дерекгеріне карағанда, ауылдық жерлерде 21,1 мың жүмыссыз жастар тіркелген. бүл бар.тшс жүмыссыз жастардың 31,2 пайызы.Бүгінде ауыл жастары тірішліксіз аралла қалғандай күйде, елі^іізде больш жатқан оқиғалардан хабарсыз. клхбтар мен кітапханалар жабылған, жүмыссыздық пен шарасыздык аші жастарын қоғамның "масыддарьша" айналдырды. Ал, байқап карасак. а\ъьтіан Қазақстанның мақтанышы болып табылатын Қ.Сәтбаев, М.Ә\тезов, Б.Моімышүлы және басқалар сияқты талантты, атақты адамдар шыкты емес пе?.Елбасыньщ нүсқауы бойьшша аллагы үш жыл катарынан ауыл жылы болып бекітілді. Енді, әсіресе, ауыл жастарына ерекше назар аударылар деген үміт бар. Ауыл жастары да мемлекетіміздің болашағы больш табьгаады. Біз олардьщ ішінен тек білімді жастарды ғана емес, сонымен қатар жан-жақты дарынды, тәрбиелі жастарды көруіміз керек. Сондықтан да мемлекет тікелей ауьшды колда\та тіііс. Біздің азаматтық міндетіміз үрпаққа отаньвіыз біреу іана екендігін, онъщ аты Қазақстан екендігін, ол көптеген үрпақтардың тері мен каны аркььты қүрылгандығью және оның болашаіы қазіргі жастардъщ колында екендігін жеткізуіміз больш табылады, өйткені қазақ халкының гасырлар бойғы арманын жүзеге асыру және XXI ғасырда алаңсыз өмір сүру солардың қолында.Әлемнің барлық алдыщы катарлы елдерінде жастар және балалар үйымдары мемлекеттік көмекгі пайдаланады. олардың маңызды әлеуметтік жобалары бюджеттен қаржыландырылады. Сондықтан да республжкадағы жастар қозғалысының бүдан әрі дамуы мемлекеттің қолдауынсыз аса қиын болмақ.Жастар жасык, та, жігерсіз де емес. Олар жетекші күшке де айнала алады. Жалпы, қазақ халқының саналық, рухани-интеллектуалдық потенциалы зор екеыін тарих дәлелдеп берді. Демек, қазақ жастарынасебебін көрмей, салдары арқылы ғана кейіс білдірудің, қүрғақ ақыл айтудың қажеті жоқ. Жастарға мүмківдіх беру керек. Жастарды рухтаңдырудың, ел ертеңін жасауға қатыстырудың жалғыз жолы - олардың қүбыланамасын осы бастан комсомодцық-шенеуніктік жолмен емес, шьшайы заманға сай белгілеп қана қоймай, қаржылық, әлеуметтік көмек арқылы жан-жақта мүмкінджтер тугызу.Ол жастарды әлеуметтік қорғауға және бүгінгі күні жастар алдында түрған бірқатар міндеттер мен мақсаттарды орыңдауға ықпал жасайды деп ойлаймъш.ӘДЕБИЕТ7. Абдирайымова Г. С. Социалъная работа с молодежью. Алматы, Қазақ университеті^ 2003.2. Кдрабалаев Е. Жастар қүқышна - толық кепілдік. // Заман-Қазақстан, 2002, 22ақпан.3. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Жоба. //Егемен Қазақстан, 2002, 14 мамыр.4. Жаңа ғасыр - жастардың қолында. // Астана Ақшамы, 2002, 27 шілде.5. 6. Жас ұрпақтың дүниета-нымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп,зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат-мүддеден де солай ма-ңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яки еліміздің егемендік алуы — тәуелсіздігіміз қанша-ма құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі ба-ғыт-бағдары, ізгі мүраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мүның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік үстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.Алдыңғы толқын — ағалардың кейінгі толқын — інілерге, ягаи ересек, егде кісілердің өскелең үрпаққа деген көзкдрасы қалай? "Қорқамын кейінгі жас бала-лардан" деген Абай атамыз сияқгы олар да күдікпен үрке кдрап жүрген жоқ па? Бүгіңде шау тарткан сол "ересектеріміздің" өзі күні кеше қандай еді? Үлы су-реткер Мүхтар Әуәзов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткіл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі — бүгінгі үрпақ қайда бармақ?Осынау сүрақтардың қай-қайсысы да айрықша ден қоюды қажет етеді және оларға түп-түгіл, ег-жей-тегжейі жауап беру, әрине, оңайға түспейді.Біз ешкімді енжар қалдырмайтын қызық та таң-ғажайып уақытта өмір сүріп отырмыз; қоғам өмі-рінде, адам санасында, жастар дүниетанымында жүріп жатқан орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас үшін таптырмайтын азыққа айналды. Дәл осы түста оқырман назарын мынаған аудара кеткім келеді: XX ғасырдың алпы-сыншы жылдарындағы жастар мен адамзат баласы естіп-білмеген неше алуан оқиғалармен басталған XXI ғ. — бүгінгі таңдағы жастар арасында, жер мен көктей демей~ақ қояйын, бірақ елең етерліктей айырмаіііылық еріксіз қайран қалдырады.Олар, шынында да, қандай еді? Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарындағы жастар "жарқын болашақ" — коммунизмді орнату идеясы-на алаңсыз сеніп өсті, олардың санасында күллі тіршілігіне деген қатынасты айқындайтын біртүтас күндылықтың негізі мықтап орныққан-ды. Дәлірек айтқанда, ол заманда жас үрпақгың рухани әлемі еңбек үсті|іде қалыптасты. Үжымдық өмір қауым-дастық қатынастың өзіне тән көрінісі, әрі сапалық белгісі, әрі принципі ретінде тек біріккен қоғамдық пайдалы еңбек жағдайында жүзеге асты.Бір жағынан, жастардың алдыңғы қатарлы от-ряды, анағүрлым белсенді және саналы бөлігі ком-сомол маңына топтастырылды; екіншісі, әлеуметтік түрғыдан енжар, әлі үйым ықпалына түсе қоймаған азын-шоғыр жасөспірім жеткіншектер ержетіп келе жатты. Е.М. Бабосов пен М.Х. Титма атап көрсет-кеніндей, қоғамдық белсенді топ өз қатарына тар-татын жекелеген жеткіншекке мынадай талаптар қоятын: т^акгы тапсырмалар алып отырады (бір немесе бірйеше), қоғамдық-саяси жүмысты және қоғамдық істі бәрінен де маңызды деп санауға тиісті. Ал әлгі енжар, сүлесок жастардың түрақгы қоғам-дық тапсырмасы болмайтын және олар үшін қоғам-дық-саяси өмірдің бары да, жоғы да бірдей еді [1].Жастардың моральдық бет-бейнесі ең басты шарт еді, әлеуметтік деңгейдің өлшеміндей бағаланатын, қоғамның бар сипатындай көрінетін. Сол жылдар-дағы жастар өздерінің еңбегі неғүрлым жемісті бол-са, соғүрлым жақсы өмір сүретіндіктерін жанымен үғынатын. Үжымдағы өзара көмек, сыйластық олар-дың адамгершілік өресінің аса маңызды көрсеткіші түғын. Социалистік қоғамда жас адамның түлға ретінде қалыптасуы — кісінің үжымдық форманың кең дамуын және оның тікелей ыкдалы жағдайын-да қалыптасуы шамамен осылай еді, мүның өзі оның кісілік келбетін көрсететін,Басқаларға қарағанда жастар әлеуметтік топ ретінде өзгеше қасиеттерге ие екені белгілі, Бүл не қасиеттер? Ең әуелі, олардың "рухының бей-мазалығы", болмысқа сын көзбен қарайтындығы, ешкімге кіріптар болғысы келмейтін "өзімшілдігі", ақиқаттан, тіпті қоғамнан іргесін аулақ салуға үмтылуы, саяқжүріп, қара басының қамын бәрінен биік қоюы. Яғни, көңіл деген — көк дөнен, өз ерік-жігерінен қиялы үшқыр.
68 Ұлы дала халықтарының дүниетанымы мен жаңа тарихи сананың қалыптастыру саясатының мәнін ашыңыз.
1. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ «Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім-тәрбие беру тұжырымдамасында» тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі қасиеттері бар азаматты тәрбиелеу деп белгіленген. Қазақ халқы, яғни біздің ата-бабаларымыз, тәрбиенің негізгі мақсаты сегіз қырлы, бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп санаған.Тәрбенің негізгі міндеттерінің (бағыттарының) ішінде патриоттық (елжандылық, ұлтжандылық) тәрбие ерекше орын алады. Патриотизм ұғымына енетіндер: - Адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғау, - Өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын және салт-дәстүрлерін сыйлауы. М.Шахановтың сөзімен айтсақ: Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала, Әр адамның өз анасынан басқа, Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада, Болуы керек құдіретті төрт ана: Туған жері-түп қазығы айбыны, Туған тілі-сатылмайтын байлығы, Туған дәстүр, салт-санасы тірегі Қадамына, шуақ шашар үнемі. Жаңа заманға жігер керек, талаптылық керек, басқа халықтан үйрену керек, ал ең керегі – ұлттық сана қалыптастырып, ұлттық намысы, ұлттық рухы жоғары, ұлтының тарихи-мәдени құндылықтарын бағалайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу керек. Біз ата дәстүріне сүйене отырып, халқымыздың өркениетті елдер қатарына жетукін армандаймыз. Ұлттық сезім мен ұлттық намысты, ұлттық рухты көтеру – бүгінгі таңның кезек күттірмес міндеті деп білеміз. Қазіргі кезеңде “қазақстандық отансүйгіштік” ұғымына зор мән берілуде. Көп ұлтты Қазақстан халықының отансүгіштік сезімін қалыпастыратын – азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Егемен еліміздің тәуелсіздігін сақтау ұлттық келісім, ішкі үндесім барша халқымыздың ынтымағы мен өзара жарасымдылығында. Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар – жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, туыстық сезімдерді ұялатып жатады. Бір сөзбен айтқанда, отансүйгіштік қасиетті ұғым. Қазақстандық отансүйгіштікке келсек, ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендейтін бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Бұл сезімнің мағынасы терең, аумағы кең, құдіреті күшті. Ол өз мазмұны, өз аясы бар, құдіретті күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бұл сезімнің оянып, бірте-бірте күш алып, саналы өзіндік мәні, өлшемі, мағынасы бар біртұтас сезімге ұласуы обьективтік шарттылықтарды қажет етеді. Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір – қасиетін ұққанда, тарихын, өткен жолын, қиындық мехнаттарын, рухын, тар жол, тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде, елдің басын біріктірген жат жұрттықтардан жерін, суын, даласын, тауын қанын төгіп қайсарлықпен қорғап алған ерліктерін сезіп білгенде ғана, соған деген мақтаныш сезімі оянады. Отаншылдық сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды. Соңғы уақыттарда басылым беттерінде «патриоттық тәрбие», «азаматтық тәрбие» ұғымдары қатар қолданылып келеді. Біздің көзқарасымызша, «азаматтық тәрбие» мен «патриоттық тәрбие» ұғымдары бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, бірін-бірі толықтырады. «Патриоттық тәрбие», «азаматтық тәрбиенің» бір бөлігі болып табылып, оны нақтылай және тереңдете түседі, жеке тұлғаның Отанды сүю, өз халқының өткеніне сыйластықпен қарау сияқты, азаматтың адамгершілік негізін құрайтын қоғамдық мәнді қасиеттерінің қалыптасуына себептігін тигізеді. Патриоттық тәрбие ұрпақтар сабақтастығының жалғасуына ықпал тигізуде де үлкен мәнге ие. Бұл бірінші кезекте жеке тұлғаның әлеуметтенуіне көмектеседі және әлеуметтік тұрғыдағы қабілеттіктерінің дамуына да тигізер ықпалы мол. Патриотизмның адамгершілік жақтарын борыш, саналылық, жауапкершілік сезімдері құрайды. Бұл-азаматтық қоғамның құқықтық мәдениетінің маңызды компоненттері. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы жағдайында жеке тұлғаның құқықтық мәдениеті үлкен мәнге ие, ол азаматтық және патриоттық тәрбиенің өзара байланысының нәтижесі болуы тіс. «Азаматтық тәрбие» де, «патриоттық тәрбие» де жеке тұлғаның қызығушы-лықтарын жүзеге асыру және олардың талап-сұраныстары мен мүмкіндіктері негізінде құрылуы қажет. Біз «азаматтық» және «патриоттық тәрбие» ұғымдары біріктірілуі тиіс деп санаймыз. Патриоттық тәрбиенің жүйелілік сипатына келетін болсақ, ол ең алдымен, тәрбие мен патриоттық сана-сезімнің жүйесі арқылы айқындалады. Жүйелі патриоттық сана тұрғысынан алғанда, патриоттық тәрбие тәрбиенің идеялық-саяси, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық және т.б. элементтерінсіз өмір сүре алмайды, патриоттық сана Отанды өркендету мен қорғауға ішкі даярлық пен қабілетті қалыптастыруға білгілі бір әлеуметтік- саяси бағыт береді. Сөйтіп, патриоттық тәрбие басқа тәрбиенің барлық негізгі бағыттарымен бірге жүзеге асырылады. Патриоттық тәрбиенің соңғы нәтижесі ретінде патриоттық сана өз Отанын өркендету жолындағы күресте, оны нығайту және қорғау жолындағы қызметті көрініп, өлшенеді, сөйтіп, сол арқылы тиісті ерлік, жауынгерлік және ұлттық дәстүрлер түзе отырып, олар кейіннен тәрбиелеуші факторға айналады. Патриоттық тәрбиенің жүйелілігі, біріншіден тәрбие объектісі-жеке адамның біртұтастығынан; екіншіден, отбасында, ұжымда, еңбек және әскери ұжымдарда патриоттық тәрбиенің сабақтастығы мен бірмәнді бағыттылығын талап ететін қоғамдық өмірдің барлық салаларының өзара байланысынан; үшіншіден, тәрбиенің негізгі принциптері мен жалпы заңдылықтарынан және төртіншіден, негізгі мұраты жеке адамды жарасымды және жан-жақты тәрбиелеу болып табылатын тәрбиенің неғұрлым жалпы жүйесіне патриоттық тәрбиенің ықпалдасуынан туындап жатады. Патриоттық тәрбие қоғамдық-саяси қызметтің күрделі, салыстырмалы дербес жүйелерінің барлық белгілеріне ие болады. Біріншіден, ол өзара байланысты құндылықтардың белгілі бір құрылымын иеленеді. Патриоттық тәрбие жүйесі кез-келген әлеуметтік жүйенің төрт негізгі топтарын қамтиды: материалдық, іс-әрекеттік, рухани, адами құндылықтар. Осы құндылықтардың болуы және олардың өзара байланысы жүйенің біртұтастығын және жаңа сапалық айқындылықты белгілейтін оның құрамдас бөліктерінің өзара іс-әрекеттестігінің әдісі ретінде, патриоттық тәрбие жүйесінің салыстырмалы түрде алғанда тұрақты құрылымының дербестігін айқындайды. Екіншіден, патриоттық тәрбие жүйесіне оның міндеттерінен көрінетін өзіндік белсенділік тән. Үшіншіден, патриоттық тәрбие дегеніміз - өзіне тән басқару тетігі, субъектісі мен объектісі, басшылық құралдары мен әдістері бар, өзін-өзі басқаратын жүйе. Саналы басқару – бұл жүйенің өзіне тән әрі қажетті сипаттама. Төртіншіден, патриоттық тәрбие дегеніміз – уақыт пен кеңістікте дамытып отыратын жүйе, оның өз тарихы және өзіне тән заңмен белгіленетін қалыптасу, қызмет атқару мен даму процестері бар. Кез келген жүйедегі сияқты патриоттық тәрбиеде де әрдайым өткеннің қалдығы, бүгінгі күннің негіздері және болашақтың нышандары болатыны жалпыға мәлім. Жүйенің негізгі функциясы жастарды ұлт-азаттық майданға, жауынгерлікке, қоғамдағы, халық дәстүрлеріндегі ескі қалдықтармен күресуге, жаңа Отанды құруға даярлау болып табылады. Бесіншіден, патриоттық тәрбие жүйесі оқшау емес, әлеуметтік тұрғыдан алғанда да, табиғи жағынан келгенде де басқа жүйелермен тығыз байланыста өмір сүреді. Мәселен, қоғам патриоттық тәрбиенің қызмет атқару мен даму процесіне елеулі ықпал жасай отырып, оның тәрбиелік жүйесін жаңғарту және толықтыру көзі болып табылады. Мұнсыз патриоттық тәрбие ойдағыдай дамып, қызмет атқара алмайды. Патриоттық тәрбие басқа қоғамдық жүйелермен тығыз байланыста болады. Оның жүзеге асуына макроорта мен микроортаның әсері мол. Яғни, патриоттық тәрбие оқшау өмір сүре алмайды. Ол күрделі, салыстырмалы түрде алғанда дербес, біртұтас, өзін-өзі басқарып отыратын, белсенді де дамушы жүйе болып табылады және тәрбиенің барлық негізгі бағыттарында жүзеге асырыла отырып, оны ұйымдастыруға кешенді тәсілді талап етеді. Кешенді тәсілдің негізгі идеясы - жеке адамның патриоттық қасиеттерінің барлық жиынтығын және патриоттық тәрбие ішінде де (мақсаттары, принциптері, бағыттары, құралдары, нысандары, әдістері және т.б.), сондай-ақ сыртқы жүйелерде де (тәрбие, экономика, саясат, идеология және т.б.) тәрбие процесінің өзара әрекеттестіктегі барлық элементтерінің нысаналы бірлігін қалыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады. Б.Момышұлы: «Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің тәуелді екенінді, мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды, жеке адамнын өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын барлық жағынан біріктіреді» - деп «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама берген. Патриотизмді дамытудың басты шарты, елдің бір жұдырық болып жұмылып, бірлік пен татулықты сақтауы. Құм, кесек, су, топырақты кез келген бала қалаған формасына келтіре алады. Егер де осыларды цементпен араластырсаңыз бетонға айналады. Енді оны бала түгілі жігіттердің өзі қолымен бұзып, үгіте алмайды. Енді кішкентай ғана құм түйіршіктер мен топырақты, судыбіріктіріп тұрған не нәрсе? Әрине, цемент. Осы тектес миллиондаған отандастарымызды бір-біріне байлап тұрған, бөлінбес бір Отан, ұлтқа біріктіріп тұрған патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік. Сол үшін ұлтымызды ұйыстырып, бірлігімізді сақтап тұрған патриотизм біз үшін өте маңызды, басты мәселе. Бірақ патриотизм жасанды болмаған жағдайда ғана өз жемісін береді. Патриотизмнің объектісі, қайнар көзі Отан. Ал оның мазмұны табиғаты, оның байлықтары, жері, тарихы, тілі, т.б. Сондықтан біздегі патриотизмде ұлттық мазмұн болуы шарт. Мысалыға, елімізде өмір сүріп жатқан өзге диаспоралар Абылайхан, Бөгенбай, Қабанбайды, Ахмет, Әлихан, Мұстафаны Отанын қорғаған батырлар ретінде тануы және өз қаһармандары ретінде қабылдаулары керек. Себебі өзге диаспоралар өмір сүріп жатқан Отан үшін құрбан болғандар, олардың да батырлары болып қабылдануы қалыпты жағдай. Өйткені оларға Отан болған жер үшін, өмір сүрулеріне жасалған жағдай үшін құрбан болғандарға құрмет көрсетуі азаматтық парызы. Патриотизмді халықтың табиғатына жақын, өмір сүру салтымен ұштастырғанда ғана ол сіңімді әрі әсері мол болады. Халқымыздың ғасырлардан бергі тарихы, қалыптасқан салт-санасы бар. Патриотизм сонымен үйлескенде ғана Қазақстан жетістікке жетеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимніне «Намысын бермеген қазағым мықты ғой» деп өзгеріс енгізгенінен байқауға болады. «Отан – отбасыдан басталады» дегендей отбасыдағы бірлікті нығайту мен ата-анасын сүюден бастауымыз керек. Бұрынғы ата-бабаларымызға қазіргідей арнайы патриотизм саясаты жүргізілмесе де Отанды қорғауда жанын-тәнін аямай, патриотизмнің керемет үлгісін көрсеткен. Себеп біреу, табиғаттан, ұлттық тәрбиеден берілген табиғи, ұлттық патриотизм. Жасандылық жоқ. Тарихымызда патриотизмге үлгі тұтар мысалдар өте көп. Мысалыға, жылқы үшін, яғни мал-мүлік үшін, әйел үшін соғыспаған ғұн бабаларымыз тек Отанын, жерін, атамекенін қорғау үшін ғана соғысқан. Патриотизмі қанымызда бар. Қазақ ешқашан бір үйде құл болып қызмет етпеген. Қазақ дегеннің өзі еркін, тәуелсіз деген мағына береді. Қазақ тарихын зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты патриот халық екенін айқын аңғаруға болады. Бұны қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов жақсы зерттеген және өзінің пат¬риоттық сезімін: “Менің патриот¬тық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды қадірлеймін”, – деген екен. Отаншылдық – елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Сондықтан Отаншылдықтың қайнар көзі адамгершілік қасиеттер болмақ. Отаншылдықтың іргетасы – ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл болады. Отаншылдықты рухани құбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен биліктің басқаруымен енгізу мүмкін емес. Н.Назарбаев: “Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс... Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн”- дейді. Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағының діңгегі десек те болады. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. 2. ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ-ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ Қандай да бір болмасын мәселені зерттегенде негізгі үш сұраққа жауап iздейміз. 1. Қашан пайда болды? 2. Қандай даму белестерiнен өттi? 3. Бүгiнгi жай-күйi қандай? Ұлттық идея тарихы да бұл сұрақтардан тыс тұра алмайды. Хронологиялық тұрғыдан келер болсақ, қазақстандағы ұлттық идеяның жасы – қазақ этносымен түйдей құрдас. Ол қазақтармен бiрге дүниеге келдi әрi тарих сахнасына да қазақтармен қол ұстаса көтерiлдi. Мұратсыз ұлт – ұлт болып қалыптасуы да, сақталып қалуы да мүмкiн емес. Ендеше ұлттық идеямыздың бес ғасырдан астам тарихы бар екен. Оның өзi бiрнеше дәуiрден тұрады. Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегiн мемлекеттiктi нығайту, этникалық территорияны қалыптастыру, бiрде тiлiн, бiрде тiсiн көрсеткен Ресей, Қытай, Жоңғар, Орта Азиялық мемлекеттермен оңтайлы қарым-қатынас орнату құрады. Кеңестiк Қазақстандағы ұлттық идеяның тарихы мен тағдырын бiр ауыз сөзбен айтар болсақ, ол – ұлтжанды тұлғалардың қасiретi мен қуғын-сүргiнге ұшырағаны, кешегi әралуан ұлттық идеяны әу бастағы тартымды мән-мағынасынан айырылған социалистiк идеяның алмастырғаны, ол – өз елiндегi, өз жерiндегi қазақтың күшпен таңылған саяси-идеологиялық тапшыл ұрандар мен адасулар әсерiнен қазақтан жатсынуға бет түзегенi. Ұлтын сүйген, рухы биiк ақын-жазушылар, ғалымдар, жекелеген тұлғалар туған халқының тiлi, дiнi, мәдениетi, жерi үшiн отқа күйiп, суға түскенмен, қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйе тiлге жеңiл, жүрекке жылы ұлттық идеяны түзуге де, халыққа ұсынуға да жеткiзбедi, көктей солдырды. А.Байтұрсынов: «Қазақ − жоқ iздеген халық»,- деген екен. Иә, ол замандағы қазақ баласы бiлiмнен, ғылымнан, өнеркәсiптен ала алмаған еншiсiн iздедi. Әлi де жоқ iздеп жүрмiз. Биiк технологиялардан кенже қалыппыз. Әлемдiк бәсекеге даяр емес екенбiз. Елбасымыз «Қазақтың сана-сезiмi өткендегi, қазiргi және болашақтағы – тарихтың толқынында өзiнiң ұлттық «МЕН» дегiзерлiк қасиетiн түсiнуге тұңғыш рет ендi ғана мүмкiндiк алып отыр… Бiрақ бұл мүмкiндiк қана: ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес, барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактiге айналуы қажет»,- деп жазуында өмiрлiк мәнi бар шындық жатыр. Армансыз адам – қанатсыз құспен тең,- дейдi халқымыз. Ендеше ұлттық идеясыз қала берек, қанатсыз ұлтқа айналарымыз сөзсiз. Ұлттық идеяны таппайынша елде жүрiп жатқан реформалар қарын тойдырудың ғана мiндетiн атқарып шығатындай көрiнедi. Алдымен бiзге қажет ұлттық идеяға қойылатын талаптарды пысықтап алу керек. Бiрiншiден, ол идея Ата Заңымызға қайшы келмеуге тиiс. Яғни нәсiлдiк, ұлттық, дiни, жыныстық кемсiту немесе дәрiптеуден алыс тұрғаны абзал. Екiншiден, ұлттық идея қазақстанның атын анықтап отырған қазақ халқының мұратын ұлықтаумен қоса, басқа диаспоралардың тарихи, дәстүрлi, этникалық ар-намысына тимейтiнi былай тұрсын, қайта соған қуат беретiн факторға айналуын қамтамасыз ететiн болсын. Үшiншiден, ұлттық идеяның хронологиялық бастапқы сәтi белгiлi болғанмен, бүгiн де, ертең де шексiз жүзеге аса беретiнiн баса көрсеткенi жөн. Ұлттық идея құндылықтары мен ұстанымдарын екi әлеуметтiк қауым арасында мейлiнше дәйектi бекемдеу қажет. Бiрi – бала бақшада тәрбиеленушi бүлдiршiндерден бастап, университет аудиторияларында отырған жастарға жеткiзуден ештеңенi аяуға болмайды. Бiздер болашақ мамандар мен зиялылар ұлттық идеяға қалтқысыз сеніп, санамызға, өмiр салтымызға сiңген ұлттық идеяныжеткізе алатынымызға еш күмән жоқ. Ұлттық идея барша халықтың күш-жiгерiн, iс-әрекетiн уақыт алға қойып отырған аса жауапты тарихи мiндеттi шешуге жұмылдыратын, баурап әкететiн күш болуын қалаймын. Ұлттық идеяның мән-мағынасын дәл қазiргi таңда «Қазақ елi. Азаттық. Бiрлiк» деген ұғым-түсiнiктер аша алады. Бiрлiктiң Ұлы күш екенiн халқымыз қапысыз ұққан. Бiрлiк жоқ жерде тiрлiк жоқ, деген ғой ол. „Сөздiң атасы – шындық, анасы – бірлік” деген ұлағатты сөздi Қаздауысты Қазыбек би айтқан екен. «Бiрiңдi, қазақ, бiрiң дос, көрмесең – iстiң бәрi бос», – деп ұлы Абай жырлаған. Қазақтың, барша қазақстандықтардың бiрлiгi тап қазiр ерекше мағынаға ие болып тұр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «жан-жақты дәйектелген экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару мiндеттерi ынтымақ-бiрлiк барда ғана жүзеге асады» деп дұрыс баға берді. Бұл мәселені қоғамдық деңгейде талқылау, бүгінде екі түрлі көзқарастың қалыптасуына түрткі болды. Мәселен, қазақстандықтардың бірнеше бөлігі ұлттық идеяның бүгінде қажеттілігі жоқ, себебі, әлеуметтік, саяси және т.б. идеялар мен идеологиялар уақыты өткен кеңестік кезеңде қалды, сондықтан да, нарық жағдайында саналы іс-әрекет пен индивидуализмге жүгінуі керек дейді. Ал қазақстандықтардың келесі бір бөлігі жалпыұлттық идеяны мүлдем жоққа шығарып, қандай да болмасын ұлттық негіздегі идея қауіпті және көпұлтты қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде өте зиян дейді. Олардың көзқарастары бойынша қандай да болсын ұлттық идея қандай да түрде болмасын бұқара санасында адамзатқа талай қасірет әкелген ұлтшылдық-ты тудырады.Бұдан өзгеше көзқарасты жақтаушылар, яғни, көпұлтты мемлекетте ұлттық идея тек бір ғана этностың немесе халықтың идеясы болып қала алмайды. Қазақстандағы көпұлтты мемлекет ретіндегі ұлттық идея мән-мазмұн жағынан жалпыұлттық идея болуы қажет. Ұлттық идея этникалық, мәдени, діни немесе басқа да тұтастық негізінде біріккен қандай да бір адамдар қауымдастығының ортақ ұстанатын түсініктері, идеалдары, стереотиптер, ұжымдық естеліктер мен құндылықтары болып табылады. Ұлттық идея негізінде, қазіргі әлемде этникалық немесе құрамы жағынан мультиэтникалық болып келген қауымдастықтың ұлттық бірегейлігі қалыптасады. Ұлттық бірегейліксіз, ұлттық идеясыз ұлт қалыптасуы мүмкін емес. Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты мақсаты - байырғы қазақ жерінде құрылған ұлттық мемлекетті сақтау және нығайту. Осы мақсатта: тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің баянды болуын қамтамасыз ету;қазақ ұлтының тарихи жадын, тілін, ділін сақтау мен жан-жақты дамыту, оның жаһандану заманындағы өзіндік ұлттық-мәдени ерекшелігін қалыптастыру және әлемге паш ету;елімізде тұрып жатқан барлық этностық топтардың өз тілі мен мәдениетінің дамуына шек қоймай, олардың барлығының ортақ Отаны - Қазақстан Республикасына адал қызмет етіп, оған деген сенімін арттыру қажет. Бұл үшін мемлекет пен қоғам өздерінің ерік-жігерін төмендегі негізгі міндеттерді атқару үшін жұмылдыруы керек: - Қазақстан Республикасы қоғамының негізгі ұлттық құндылықтарын қалыптастыру және дамыту; - қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік тіл деңгейіне жеткізіп, оны барша Қазақстан азаматтарын біріктіретін факторға айналдыру; - этносаралық және дінаралық саладағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара тиімді және пәрменді қарым-қатынастарын қамтамасыз ететін жүйені қалыптастыру. Қазақстан Республикасының бұл саладағы басты міндеті - оның тәуелсіздігі мен егемендігін, саяси және экономикалық дамуының тірегі болатын, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы білімді жаңа ұрпақ тәрбиелеу, ғылымды жан-жақты дамыту. Ол үшін: - ұлттық тарихты, зердені, рух пен мәдениетті терең насихаттайтын әр деңгейдегі, сан алуан технологиядағы жаңа буын оқулықтарын дайындау; - жоғары оқу орындарында оқытылатын гуманитарлық және техникалық мамандықтарға арналған мемлекеттік тілдегі оқу құралдары мен оқулықтардың сапасын арттыру; - арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы жасөспірімдер үшін қазақ және басқа тілдерде ұлттық ауыз әдебиетінің үздік үлгілерін, бай эпикалық мұрасын кеңінен насихаттайтын кітаптар, мультфильмдер, дискілер шығару; - 90-жылдардағы жабайы жекешелендіру кезінде жабылып қалған балабақшалар мен мәдени ошақтары желісін қайтарту және демографиялық үдерістерге сай қайта жаңғырту; - білім беру жүйесі жас азаматтардың қазақ тарихы мен мәдениетіне, мемлекеттік тіліне деген құрметін арттыруға, Қазақстан Республикасына, оның мемлекеттік рәміздеріне, құндылықтарына деген сүйіспеншілік сезімдер мен отансүйгіштік қасиеттерді өсіруге бағыттау; Ұлттық идеяның негізі-ұлттық сана-сезім, ұлттық патриотизм, әр халықтың ұлттық ойлау қабілеті, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр қоршауында сақтайтын негізгі рухани байлық. Ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы бала дүниеге келгеннен бастап отбасындағы ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Егер отбасында ұлттық тәрбие болмаса, балалардың ұлттық тұлға болып қалыптасуы сондай теріс тәрбиеге лайықтанып қалыптасады. Ұлттық өзіндік сана дегеніміз — этностық сананың жоғары, күрделіленген, жетілдірілген формасы. Ұлттық өзіндік сананы ұлттың өзінің әлеуметтік-этностық мәнін танып білуі, дүниежүзілік қауымдастық жүйедегі өзінің орнын және қандай орын ала алатынын, адамзат тарихындағы атқарып жүрген әрекеттік рөлін және оның қандайын атқара алатынын, адамзат жасап жатқан өркениетке қосқан және қоса алатын үлесін сезіп тұшынуы, сонымен қоса өзге халықтармен тең, еркін және тәуелсіз өмір сүрудің табиғи-тарихи құқығын түсінуі деп ұғуға болады. Ұлттық сананың қалыптасуына және оның дамуына екі тұрғыдан қарауға болады: біріншісі-сезімдік, түйсіктік, екіншісі-саналы теориялық. Біріншісі өз елін, халқын, ұлтын сыйлайтын, сүйетін алғашқы ыстық сезімнен туса, екіншісі өз елінің, халқының, ұлтының өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп, халық тағдырына, ұлт мәселелеріне мемлекеттік, елдік, тіпті дүние жүзілік тұрғыдан теориялық ұлттық бағыт-бағдарлама тұрғысынан қарап, аңғару арқылы болатын саналы ойдан туады. Ал, ұлттық сананың жасаушысы, қолдаушысы, қорғаушысы, сақтаушысы әрқашанда ұлттық интеллигенция, ұлттық зиялы қауым. 1. Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу. 2. Отанды, халқын, жерін,елін сүю. «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу. 3. Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы». 4. Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз». 5. Отбасы шежіресі және мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, отбасындағы кенже ұлдың ерекше рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру. Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі күнделікті сабақтың әрбір кезінде-ақ оқушы бойына сіңе бастайды. Елімізде ұлттық сананы қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) маңызы ерекше. Жаңа қазақстандық қоғамда жастардың теледидар мен радионы еркін пайдалануға мүмкіндік мол. Өскелең ұрпақ білім мен ұлттық тәрбие негіздерін өзінің ұлттық мектебінен алатыны сөзсіз. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» демекші, ата дәстүріміздің қалыптаса беруіне отбасы тәрбиесінің ықпалы зор. Әйтседе, күнделікті тірлікте ортақ тәрбие құралы – бұқаралық ақпарат құралдарын баса пайдаланып келеміз. Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай кезінде былай деген: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды». Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзатттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету арқылы жастардың бойында ұлттық сананы қалыптастыру басты міндетіміз болып қала бермек. Ұлт толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның ұлттық санасы, ұлттық құндылығы және ұлттық мүддесі болуы керек. Олай болса бүгінгі күні қазақтар өздерінің саяси тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғаннан бері, өткен жиырма жылдың ішінде ұлттық санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарын қадірлеп, ұлттық мүддесін қорғауда қандай жетістіктерге қол жеткізгенін білу үшін біз әуелі ұлттық сана, ұлттық құндылық, ұлттық мүдде деген сөздердің мағынасына талдау жасап, оның ұғымына түсінік беруіміз керек. Ұлттық сана дегеніміз сол ұлтты құрайтын халықтың әр адамының жеке тұрмыс-тіршілігінің сыртында өз ұлтының мүддесін, халқының тағдырын, ұрпағының болашағын ойлау қабілетінің ұлттық деңгейге көтеріліп, жалпы қоғамға тән ортақ сипатқа ие болған ұжымдық түрі, яғни ұжымдық сана. Ұлттық сана абстракты ұғым емес, ол ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халықтың бүкіл ғұмырнамасының, әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дәрежесі, яғни халықтың өзін өзі жете танып, түсінуі. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді. Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным-түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады. Өз ұлтыңа деген құрметтің көрсеткіші — ұлттық сана-сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Қазақ этносының өкілі болуды құдай маңдайыңа жазғаннан кейін, оны мамандық ауыстырғандай ауыстыру мүмкін емес. Өйткені, ауыстырмақ болып, басқа ұлттың мәдениетін қаншама бойыңа сіңірдім дегеніңмен, бәрібір сен сол ұлтқа кірмейсің, төлтумасы бола алмайсың. Қабылдамайды, реті келген тұста өгейлігіңді есіңе салады да тұрады. Мұндай жағдайды бастан кешірген жан кейін рухани дағдарысқа ұшырап, өмірінің соңы бақытсыздыққа айналады. Бұдан шығатын қорытынды – адам ата-анасын таңдай алмайтыны сияқты этносын да таңдай алмайды. Тағдырдың жазуы солай. Өзінің тәрбиесіздігінен, біліксіздігінен төл мәдениетін жатсынып, өзге мәдениеттің шапанының шалғайына жармасып жүргендер ерте ме, кеш пе, дағдарысқа ұшырап, Абай айтқан: “не ол емес, бұл емес, менің де күнім күн емес” күй кешеді. Асылы, дана халық “Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң” дегенді бекер айтпаса керек. Біздің міндет – үйіріне қосылуға талпынғандарды қолдап, барынша бауырмалдық көмек беру, ұлттық сананы қалыптастыру. Жалпы ұлттық сана төмен болса, халық халықтық қасиетінен айырылып, мылқау күш тобырға айналады. Мұндай кезде ұлттық мүдде жеке бастың пайдасының құрбандығы болып, ұлт, халық, намыс деген қасиетті ұғымдар тілде бар да, ділде (жүректе) жоқ, тек рухани алыпсатарлардың көпшілік көзін алдар құралы мен ұранына айналады. Қазаққа тән игілік пен ұлттық сана дегеніміз ол - әдептілік, бауырмалдық, қонақжайлылық, еңбекқұмарлық, ұрлық, қиянат жасамау, үлкенді сыйлау, тағы сондай сияқты.Қазақ ойшылдарының көзқарасындағы басты идея «атаның баласы болма, адамның баласы бол, жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Қазақ халқы баланы жамандықтан жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болуын, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі өң мен түрден ләззат ала білетін, һәм байсалды, ойламды, шымыр болып өсуін ұлт тәрбиесінің негізгі қағидасы етіп ұсынған. Ұлттық мүдде дегеніміз, сол ұлттың құрамындағы халықтардың (адамдардың) өздеріне тән халықтық рухани-мәдени және материалдық құндылықтарын сақтай отырып, ұлттың ілгері дамуын, өмір сүруін қамтамасыз етуді көздейтін негізгі нысаналы ортақ мақсаты. Сондықтан да ұлттық мүдде өмірдің бар саласында бірінші кезекте тұруға тиіс. Саясатта да, экономикада да, мәдениетте де, таным-талғамда да, қысқасы күнделікті жасалынатын іс-әрекеттің бәрінде де мәселенің ұлттық мүдде тұрғысынан шешілуі – елдің тұрақты өркендеуінің, мемлекеттігінің нығаюының басты кепілі болып табылады. Сол себепті де ұлттық мүддені қорғау — қоғам мүшелерінің бәріне бірдей ортақ қажеттілікке айналады. Бұл ретте ұлттық мүддені уақыт талабына сай белгілі бір нәтижелі мақсаттарға бағыттап отыратын пәрменді тетік мемлекеттік институттар болуға тиіс. Өкінішке қарай, бізде әзірге бұлай болмай отыр. Біздің қоғамда елдік мәселе ұлттық мүдде тұрғысынан шешілмей, тек қалайда табыс табу, пайда түсіру тұрғысынан ғана шешіліп келеді. Құндылықтар ұлттық бірлік, тірлік, жігер мен қайрат. Бұл жөнінде Абай алтыншы қара сөзінде қазақтың «Өнер алды бірлік, ырыс алды тірлік» мақалы төңірегінде ұлттық бірлік туралы ой толғайды. Абайдың айтуынша бірліктің негізі ат ортақ, киім ортақ, дәулет ортақтық емес. Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жолданып бірлік құрады. «Жоқ, бірлік-ақылға бірлік, малға бірлік емес»,-дейді Абай. Абайдың айтып тұрғаны дәстүрлі мәдениет дүниетанымындағы философиялык ой-толғамдармен тәлім-тәрбиелік үрдіс негізіндегі рухани құндылықтар. Бұл құндылықтар құндылықтардың ішіндегі ең құндысы. Бостандық-құндылық. Бостандық-өзінің жаның калаған нәрсені жасау. Бостандық - бұл еріктің бостандығы. Ерік-жігер-өзінің мәні жағынан әрқашанда еркінді ерік. Ұлттық идея ұлттық сананың негізі. Адам, коғам, өркениет жоғары игілікті идеяларсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Сол идеялар өзінің мәнділігін мәдени байлықтан іздейді. Мәдени байлық және жеткен жетістіктер ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, өткен дәуіріміздің құндылықтарының жиынтығы ретінде мәдени мұраға айналады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтуынша «ұлт тарихын түгендеу, ұлт руханиятын қайта түлету», «халық бірлігі мен ұлттық тарихты нығайту. Міне, ұлт санасындағы басты құндылық осы». Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілмен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар – белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру – ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандалылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару. Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов: «Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді» - дейді. Сырым Датұлы: «Мен ағайынды екеумін: бірі -өзім, екіншісі-халқым» - дейді. Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтар-дың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады.Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту – саналы процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет. Қазақ халқында ұлттық сананы қалыптастыратын факторларға мыналарды жатқызады: - халықтың басынан өткерген тарихы; - ұзақ жылдар бойы айналысқан шаруашылық түрі; - төлтума мәдениеті; - ақпарат алмасу тілі; - салттары мен дәстүрлері; - түрған жерінің табиғаты және климаттық жағдайлары; - діні; - әлеуметтік-демографиялық жағдайы. Ұлттық сананы қалыптастыруға тікелей ықпал ететін ұлттық тәлім-тәрбие десек, оның негізгі қағидалары: - ақылды, намысқор және көпшіл болу. Өнегелі және арманшыл болып өсу, айтқан сөзді тыңдау, адамгершіл, шыншыл және байсалды болу; - өскен ортаның ықпалдарына мән беру. Табиғат заңдылықтарын, жануарлар дүниесін, өсімдік жамылғысымен танысу; - ақылды, білімді болып өсу. Ақыл-ойды дамыту әрекеттері. Дамыта отырып тәрбиелеу үрдістері; - қонақжайлылық, сыпайылық, мейірбандылық, әдет-ғұрыптарды қастерлеу, үлкен адамдарды сыйлау, бата-тілектерді дәріптеу; - парасатты, қанағатшыл, елжанды және отансүйгіш болып өсу, қайратты, әділетшіл һәм адалдық қасиеттері бойына сіңірген тұлға болу; - тыйым сөздер мен ырымдарды сақтау және қастерлеу; - тәлім-тәрбиенің біртұтас этнокомплексті түрде жүргізілуі; - денсаулықты шыңдау және тазалықты (гигиенаны) сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру; - үлкенді өнеге тұту, кішіге ізет көрсету, ұлттық қазыналарды қастерлеу, өсиеттер мен аманаттарға назар аудару.
69 ХХІ ғасыр Қазақстанның ұлттық идеясы «Мәңгілік ел» бағдарламасына сипаттама беріңіз.
Тәуелсіздік таңы атып, егемен ел атанып, шекарамызды шегендеген сәттен бастап ұлттық идея мәселесі белсенді қолға алынды. Бұл тұрғыда көптеген ұсыныстар ортаға салынып, қоғамда қызу пікірталастар болғаны белгілі. Шын мәнісінде, ұлттық идея – ұлттың сол тарихи кезеңде өзін-өзі тануынан көрініс табатын ұлттық санада басымдыққа ие көзқарастар.  Ұлттық идея – туған жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып, халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы жүйеленген этностық сезім. Ол – ұлттың болмысы, психологиялық өзіндік ерекшелігі. Ұлт бар жерде ол да бар. Ұлтпен бірге өмір сүреді, жойылмайды, құбылып өзгермейді. Ол бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградация мен трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету, мемлекеттік деңгейде ұлттық идеяның негізін құрайтын түбегейлі құндылықтарды қайтару, осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру және ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-рухани мол мұраны игеру сияқты міндеттерді шешуді жүктейді. Қазақтың ұлттық идеясы туралы кезінде әртүрлі пікірлер айтылғанымен оның айқын тұжырымы қалыптасқан жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары көрініс берген ізденістер бір арнаға тоғыспай аяқсыз қалды. Міне, осы сәтте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жариялады. Президент өз сөзінде: «Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – «Мәңгілік ел» деді. Н. Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті.
Сонымен қатар, Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезі барысында: «Мәңгілік Ел» идеясы оқу бағдарламасына енуі керек. Бұл идея қазақстандық бірегейлік бағытындағы ең маңызды құжатқа, екінші конституцияға айналуы қажет. Осыны ұғынуға тиіспіз» деді. Расында да, біріншіден, «Мәңгілік ел» идеясын зерттеп, зерделеуде, насихаттауда һәм оқу үдерісіне енгізуде самарқаулыққа жол бермеу керек. Бұл орайда көзі ашық, көкірегі ояу әрбір отандасымыз үлес қосқаны абзал.
Екіншіден, ұлттық идеямызды балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерден бастап оқушыларға, білімгерлерге жете жеткізу үшін қажырлы жұмыс істеуіміз керек. Өскелең ұрпақтың санасына, өмір салтына сіңген құндылық пен сенім «Мәңгілік ел» орнатудың қозғаушы күші болары күмәнсіз.
Үшіншіден, келешегі кемел «Мәңгілік ел» идеясын Қазақстанның барлық аймақтарына жеткізу жұмыстың бір парасы ғана. Ол жаһандық ақпараттық, ғылыми кеңістіктен ойып тұрып орын алуы тиіс. Бұл орайдағы сүбелі жұмыстар отандық ғалымдар мен БАҚ өкілдерінің еншісінде.
Төртіншіден, қазақи рухы биік ұлттық идеяның қалыптасуында тарих пен мәдениет, әлеуметтік тәжірибелердің маңызы зор. Қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғырту бүгінгі мемлекеттен өзінің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық сипатта жүргізуді талап етеді. Бұл дегеніміз жаңа жаһандық демократиялық құндылықтардан бас тартпай, осы жаңашылдықты қалыптастыруда қазақтың дәстүрлі құндылықтарын жаңғырта отырып, ұлттық қорға сүйену.
Біздің қоғам өзінің ерекшеліктеріне қарай, гуманизм, патриотизм, төзімділік, адамгершілік, ұлтаралық сыйластық пен ашықтықты ұстанымдарын алға қояды. Бұл құндылықтар Қазақстандағы барлық ұлттар мен этностарды біріктіретін ұлттық идеяға негіз бола алады. Ал оны мектеп бағдарламасына енгізіп, жас ұрпақтың санасы сіңірудің маңызы зор екені бесенеден белгілі.
Қорыта айтқанда, Президент алға қойған зияткерлік реформасы – болашақтың біртұтас ұлты – Қазақстанды одан әрі дамытудың ұлы негізі, қоғамды Мәңгілік Ел ұлттық идеясы төңірегінде топтастыру әдісі. Елдің өркендеуі мен тәуелсіздігі, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік, әділдік, заңның басымдығы, отбасы және дәстүрлер – бұл құндылықтардың бәрі мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің тұғырлы іргетасы екені сөзсіз.
Мектептерде қазір «Мәңгілік Ел» таңдау пәні ретінде кіргізілген.,кабинеттер ашылып,оқушыларға осы идея туралы түсінік беріледі.
Мәңгілік Елдің 7 қадамы
1 қадам:
Мәңгілік Ел,- бұл Тәуелсіздік және Астана.
Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұта аламыз.
2 қадам;
Мәңгілік Ел-бұл Жалпыұлттық бірлік,бейбітшілік пен келісім.
Бейбітшілік пен келісімінің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыіжылдықтарға жалғасады.
3 қадам:
Мәңгілік Ел-бұл Зайырлы мемлекет және Жоғары Руханият
Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге қз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшхүр етуге мүмкіндік береді..Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жахандық үнқатысуын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.
4 қадам:
Мәңгілік Ел-бұл инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық өсім.
Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып,табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап,қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.
5 қадам:
Мәңгілік Ел-бұл Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы
Елдің барлық табыстары мен жетістіктері барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
6 қадам:
Мәңгілік Ел-бұл Тарихтың,Мәдениет пен Тілдің ортақтығы
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі,үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.
7 қадам:
Мәңгілік Ел-бұл Ұлттық қауіпсіздік және қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жахандық тұрғыдан қатысуы.
Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз..Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.
70 «Нұрлы жол – болашаққа апарар жол» Президенттің жолдауының мазмұнын ашыңыз.
НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ.. Менің тапсырмам бойынша Үкімет дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасауды аяқтады. Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын. Мен 2015 жылға арналған халыққа жаңа Жолдауымды осыған арнаймын. Ол контрциклды сипатқа ие болады және біздің экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады. Бұл нені білдіреді? Сыртқы нарықтардағы жағдай оңтайлылығымен ерекшеленіп, мұнай мен біздің экспорттық өнімдерімізге баға айтарлықтай жоғары деңгейде болған жылдары біз шикізат экспортынан түскен табыстарды Ұлттық қорға бағыттап келдік. Ұлттық қордың негізгі міндеттерінің бірі біздің экономикамыздың сыртқы естен тандырулар алдындағы орнықтылығын, оның ішінде, табиғи ресурстарға баға төмендеген жағдайда да, жоғарылату болып табылады. Осы жылдардың бәрінде шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды біз осы Қорға салып келдік. 10 миллиард долларды біз 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске бағыттадық. Қалған ақшаны ішіп-жеп және жұмсап қойған жоқпыз, сақтадық және көбейттік. Қазір біз осы резервтерді пайдалануға тиіс болатын кезең туындап келеді. Бұл қаржы қиын уақыттарды еңсеріп, экономикамыздың өсімін ынталандыруға көмектесетін болады. Бұл ресурстар қысқа мерзімдік шараларға арналмаған. Олар экономиканы әрі қарай қайта құрылымдауға бағытталатын болады. Нақты айтқанда, көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады. Ақпан айында Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жылдарға 500 миллиард теңгеден екі транш бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын мына мақсаттарға бағыттауды тапсырамын.
Бірінші. Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Екінші. Банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алу үшін 2015 жылы Проблемалы несиелер қорын қосымша 250 миллиард теңге көлемінде капиталдандыруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Үшінші. Жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту қажет. Осы мақсатта 2015 жылы «құрғақ порттың» бірінші кешені құрылысын аяқтауға, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және Атырау мен Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 81 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын.
Төртінші. Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.
Бесінші. ЭКСПО-2017 қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет. Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті - 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Құрметті қазақстандықтар! Экономиканы дамытуда жаңа сыртқы тәуекелдерді есепке ала отырып, бізге іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін жаңа бастамалар қажет. Жаңа Экономикалық Саясаттың Тұғыры мен бүгін жариялағалы отырған Инфрақұрылымдық дамудың жоспары болады. Ол 5 жылға есептелген және қатысуға 100-ден астам шетелдік компаниялар ниет білдіріп отырған ҮИИДБ-ны жүзеге асырудың Екінші бесжылдығына сәйкес келеді. Жалпы инвестициялық портфель 6 триллион теңгені құрайды, мемлекеттің үлесі - 15 пайыз. *** Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен. Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол - шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету - бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ. ***
Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Ол макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай - Батыс Еуропа; Астана - Алматы; Астана - Өскемен; Астана - Ақтөбе - Атырау; Алматы - Өскемен; Қарағанды - Жезқазған - Қызылорда; Атырау - Астрахань. Сондай-ақ, елдің шығысында логистикалық хаб және батысында теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастыру қажет. Батыс бағытта Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға Құрық портынан ауқымды паромдық өткел және Боржақты - Ерсай теміржол желісі ықпал ететін болады. Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей мен ЕО елдерінің «құрғақ» және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу мәселесін ойластыруды тапсырамын.
Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады. Осыған байланысты, біріншіден, жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымдар қалыптастыру жұмыстарын аяқтау керек. Үкіметке және әкімдерге оларды нақты жобалармен толықтыру бойынша жедел шаралар алу қажет. Екіншіден, өңірлерде ШОБ өндірісін дамыту мен қосымша инвестициялар тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтар салу мәселесін ойластырған жөн. Туризм үшін инфрақұрылым - жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі. Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. «Екібастұз - Семей - Өскемен» және «Семей - Ақтоғай - Талдықорған - Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.
Төртінші. ТКШ мен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. Инвестицияларға жалпы қажеттілік қаржыландырудың барлық көздерінен 2020 жылға дейін жыл сайын ең азы 200 миллиард теңге бөлгенде кем дегенде 2 триллион теңгені құрайды. Бүгін ТКШ-ны жаңғыртуға инвестициялар салуға Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ, жеке инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр. Ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтер ұсыну арқылы олардың барынша тартылуын қамтамасыз ету қажет. Тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін ондай жобаларды мемлекет қосымша қаржыландыруы керек. Осыған байланысты жылу- және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту қарқынын жеделдету үшін бюджетте қарастырылған қаржыға қосымша жыл сайын 100 миллиард теңге бағыттау ұтымды болмақ.
Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз.
Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл - апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл - біздің Сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Балалар бақшасының жетіспеушілігі - басқа мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс. Индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруды тапсырамын.
Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес. ШОБ-ты экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайызына ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырған жөн. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет. Құрметті қазақстандықтар! Әлемдік экономикадағы жағдай мынадай, дағдарысты жағдайларда алға қойған мақсаттарға қосымша қаржы ресурстарынсыз қол жеткізу айтарлықтай күрделі. Кезінде Ұлттық қордың не үшін құрылғанын қаперлеріңізге салғым келеді. Оның басты міндеті - тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғау. Дәл қазір біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс. Мен Ұлттық қордан 2015-тен 2017 жылға дейінгі кезеңге жыл сайын қосымша 3 миллиард долларға дейін бөлу жөнінде шешім қабылдадым. Үкіметке бір апта мерзімде Ұлттық қордан қаржы бөлу үшін тиісті шешім дайындауды және 2015 жылға арналған республикалық бюджет жобасында қажетті қаржыларды ескеруді тапсырамын. Сондай-ақ, Үкімет қажетті шаралар қабылдап, осы қаржылардың тиімді әрі оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етуі керек. Мен құрған комиссия қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалап, жеке өзіме баяндап отыратын болады. Әр теңге үшін қатаң сұрау болмақ. Барлық әкімдерге айрықша жауапкершілік жүктеледі. «Нұр Отан» осы жұмысқа белсенді араласып, барлық деңгейлерде қатаң партиялық бақылау орнатуы тиіс. Ұлттық қор инвестициялары экономиканың тиісті салаларында міндетті құрылымдық реформалар жүргізумен қоса-қабат жүруі тиіс. Ол үшін жобаларды халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Мәселен, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, ЕҚДБ және ИДБ қазірдің өзінде 90 басымдықты жобаға 9 миллиард доллар шамасында бөлуге дайын. Қаржыларды бөлу инвестициялық белсенділікті қолдауға, халықтың табыстары деңгейі төмендеуінің алдын алуға және жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыруға бағытталған. Нәтижесінде қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада экономиканың тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі. Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл туралы алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында нақты әңгіме қозғайтын боламыз. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз. Бүгінде табысты жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Әкімшілік реформа жүргізілді, Үкімет пен атқарушы биліктің жаңа құрылымы жұмыс істеуде. Әр министр не істеу керек екенін біледі. Біз басқарудағы қосарланушылық пен қажет емес буындарды жойдық. Әкімдер өкілеттіліктің қажетті деңгейіне ие болды. Өңірлерде бәрі бар - бағдарламалар, ресурстар, қаржы құралдары. Әркім өз жұмыс учаскесі үшін жауап береді. Тек білекті сыбанып, іске кірісу қажет. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. «Нұрлы Жол» цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер етеді. Жолдар - Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отырған. Біз Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүректен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты. Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді. Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады. Ал ең бастысы - осының бәрі болашақ ұрпақтың байлығы ретінде біздің жерімізде қалады. Құрметті қазақстандықтар! Алда үлкен де жауапты жұмыстар тұр. Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар - Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім - ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады - біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды. Біздің жастарымыз жаңа, тәуелсіз елде өсіп келеді. Бүгінгі буын 90-шы жылдардағы этносаралық соғыстар мен қақтығыстарды, күйреуді көрген жоқ. Сондықтан көпшілігі Қазақстандағы тұрақтылық пен қолайлы өмірді туғаннан солай болуға тиіс сияқты қабылдайды. Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік - ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік - ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық - күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен жастар - біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы! Алдағы жылы біз Конституцияны қабылдаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығын салтанатты түрде атап өтеміз. Осы даталарды атап өте отырып, бізге қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды. Қазақстан, тек алға атты біздің басты қағидатымыз тарихтың жаңа жауапкершілікті орамында жаңаша үн мен неғұрлым терең мағынаға ие болатынына менің сенімім мол. Баршаларыңызға біздің Отанымызды бұрынғыдан да зор биікке көтеретін жаңа шыңдарға қол жеткізуде табыстар тілеймін! Қадірлі халқым! Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы! «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді

Приложенные файлы

  • docx 15826067
    Размер файла: 272 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий