д тарих шпор


1.(11)Батыс Еуропадағы феодалдық қатынастардың даму жолдары
Феодалдық құрылыстың тағы бір ерекшелігі -феодалдар атақ-лауазымы бойынша бірнеше сатыға бөлінді. Ол бөліну тарихта феодалдық саты деп аталды. Ең жоғарғы баспалдақта басты феодал - королъ тұрды. Ол жоғарғы сот және әскердің қолбасшысы міндеттерін де атқарды. Келесі баспалдақта корольдің бағыныштылары герцогтер мен графтар болды. Герцогтер мен графтардың қол астына жүздеген деревнялар қарады. Олардың билігінде үлкен өскер отряды болды. Графтардан кейінгі баспалдақта олардың бағыныштылары - барондар мен виконттар түрды. Олар жиырма-отыз деревняны басқарып, сол деревнялардан шағын әскер бөлімін жасақтауға мүмкіндік алды. Барондар ұсақ феодалдардың - рыцарълардыц мырзасы еді. Ал рыцарьлар әлі рыцарь атағын ала қоймаған қатардағы жауынгерлердің мырзасы атанды. Мырзалардың бір-біріне сатылы бағыныштылығы әр елде әр түрлі болды. Мысалы, Германияда феодалдық сатының баспалдақтарында тұрғандардың бәрі өздерін төменнен жоғары қарай корольге бағыныштымыз деп есептеді. Ал Францияда «менің бағыныштымның бағыныштысы маған бағынышты емес» деген қағиданы ұстанды. Бірақ барлық елдердегі феодалдық сатыға ортақ тәртіптер де болды. Ол - соғыс бола қалған күнде әр бағыныштының қажетті қару-жарағымен өз мырзасының қол астына барып сапқа тұру міндеті еді. Шаруалар феодалдық сатыға кірмеді. Сатыға тек феодалдар, яғни мырзалар мен бағыныштылар ғана кірді.Шаруалардың міндеті сатыдағы феодалдарды азық-түлік, киім-кешекпен қамтама-сыз ету болды. Сонымен, ІХ-Х ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде жер иеленушілер өздерінің меншігіндегі жер мөлшері, тәуелді адамдары мен әскери қызметкерлерінің саны бойынша жікке бөлінді. Сөйтіп феодалдардың белгілі бір дәрежеде бір-біріне бағыныштылық жүйесі құрылды. Феодалдық саты деп аталатын Бұл жүйе феодалдық қатынастарды нығайту мақсатына қызмет етті. Феодалдар өз иеліктеріндегі шаруашылықты басқаратын ұйымдастырушылар болды. Жекелеген аймақтардың, елдердің қуаттылығы шаруалардың күнделікті тіршілігін басқаратын феодалдардың іскерліктеріне, ұйымдастырушылық қабілеттеріне байланысты еді. Халқы алдында беделі күшті, шебер басшы - феодалдардың шаруашылығы өркендеп, дами түсті. Феодалдар, әрине, өздері тікелей егін егіп, мал баққан жоқ. Бірақ шаруалардың жұмысты жақсы істеуін ұйымдастыру, бақылау да оңай емес еді. Феодалдар шаруалардың есебінен байып отырды, бірақ олар арамтамақ болған жоқ. Олар мырзалар мен олардың бағынышты шаруаларының, тіпті бүкіл елдің қамын ойлады. Әрине, феодалдардың арасында қулары мен сұмдары да болды. Бірақ елді, жерді адал, еңбекқор, іскер феодалдар көркейтті. Феодалдар тек шаруашылықты ұйымдастырушы ғана емес, шаруалар феодалдық сатыға кірмеді.
2.(12) 1867-1868 ж Жапониядағы революция және Сегунаттың құрылуы
Жапонияда,1867-1868 ж болған оқиғалар, оның анализі мен орны елдің дамуында маңыздылардың бірі, тіпті актуалдылық мен маңыздылығы біздің уақытта да сақталған жапон тарихи ғылымында талқыланатын тақырыптың бірі болды. Ол үшін тиімді, нақты түсінікте қызығушылық білдірген жаңа өкіметтің қамқорлығында жұмыс жасаған тарихшылардың дворяндық сопылық мектебі Мэйдзидің оқиғаларының тарихын зерттеу ертеректе басталды. Бұл тарихшылардың тенденциозды концепциясы «осэй фукко»(императорлық билікті қалпына келтіру) қарама қайшылыққа сегунаттық жүйенің «озбырлық» мәні, императорлық биліктің «заңдылығы», оның шығу тегінің көрнектілігі және жапон даму жолының ерекшелігін алға тартқан, Мито және Кокугаку мектебінің дәстүрінен шықты. Бұл концепцияға сай, 1867-1868 ж оқиғалардың мәні билеуші лагерьдің екі тобының күресіне апарылады-сегун мен елде болып жатқан саяси процесс «Мэйдзи исин» (жаңарту, Мэйдзидің қалпына келуі)-ге атауын бнрген императорлық үй, қоғамдық экономикалық өзгерістер бағынушы мағынаға ие ретінде қарастырылды. Мэйдзи тарихын, әсіресе оның қоғамдық экономикалық аспектілерін зерттеу мен сонымен қатар түрлі тарихи бағыттардың буржуазды ғалымдары айналысты- Хондзе Эйдзиро(1888-1973), Цугия Такао (1896ж дүниеге келген) және т.б.
Бірақ Мэйдзидің мәселелерінің маңызды зерттеуі Жапон тарихи ғылымында қоғамдық тарихи процестердің оқиғаларына ғылыми тұрғыдан жақындасу, зерттеудің марксистік лениндік әдістемесімен марксистік мектеп қалыптасты.Мэйдзи мәселелеріне назар жапон капитализмінің табиғатын айқындауды, қоғамның қоғамдық даму деңгейін зерттеуді қажет еткен сол кездегі қоғамдық және жұмыс қозғалыстарының дамуының тәжірибелік тапсырмаларымен анықталды. Жапониядағы генезис мәселелері мен капитализмнің дамуын зерттеу 1932ж мамырынан бастап «жапон капитализмінің даму тарихы бойынша очерктер» жұмысының топтамасын шығара бастаған марксист ғалымдарды біріктірді. Тарихи материалды зерттеуге марксистік әдістемелік жақындаудың бірыңғайлығына қарамастан бұл ғалымдардың арасында(Норо Эйтаро, Хани Горо, Ямада Моритаро, Хаттори Сисо, Хирано Еситаро) жапон капитализмінің генезисі мен Мэйдзидегі оқиғалардың мәніне біркелкі көзқарас болмады. Тарихшылардың бір тобы 1867-1868ж оқиғаларды буржуазды революция деп қарастырса, ал екіншісі абсолюттік тәртіптің құрылу процесі деп қарастырды. Кеңестік историография, Мэйдзи исин сипаты мен мағынасы жайлы, бұл оқиғалардың класстық мәні мен алғышарттары жайлы сауалды объективті және мұқият зерттей отыра, оларды аяқталмаған буржуазды революция деп қарастырады. 1870ж кейінгі дүниежүзілік тарихтың маңызды ақпараттардың мәліметтерін құрастырып, В.И.Ленин «Революционды қозғалыстар» деген бөлімінде былайша белгілеген: «1868-1871: Жапония (революция мен өзгерістер)».
Нақ осы 1867-1868ж революцияның аяқталмаған сипатын, буржуазды өзгерістердің шалағайлығын анықтады.
Кеңестік тарихшылар жапон тарихи және статистикалық материалдардың зерттеулері негізінде Мэйдзи оқиғаларын дайындағандардың басты күші болып апаттылық пен бытыраңқылыққа қарамастан елді антифеодалдық шаруашылық революцияға алып келген шаруа көтерілістері болды.
Мэйдзи өзгерістерінің сипатын анықтау үшін Жапониядағы 1867-1868ж капиталистік өндірістің даму деңгейін анықтау үлкен мәнге ие. Сол себептен, кеңестік тарихи ғылымда маңызды орынға капитализм генезисінің экономикалық және қоғамдық аспектілерін зерттеу ие. Е.М.Жуков, А.Л.Гальперин, Х.Т.Эйдус, П.П.Топех, Д.И.Гольдберг, А.Н.Хейфец, И.Г.Поздняков және т.б жұмыстары «жабық» Токугавтық Жапониядағы капитализмнің дамуын көрсетеді. Феодалды қатынастың консервациясын тудырған, елдің «жабылуы» жақсы рөлге де ие болды: отарлық құл болушылықтан құтылған, шетелдік капиталдың енуіне бөгет жасаған елде ақырын және ұдайы түрде капиталистік тәртіптің өскінінің дамуы жүріп жатты.
3.Рим республикасының қалыптасуы. Сервий Тулий.
Римде еркін халықтың басқа жігі «Плебейлер»де пайда болды. Сервий Тулий плебейлерді халық жиналысына қатыстырған. Сырттай ескі трибаларға бөлуді сақтай отырып, трибаларды ежелгі ру одағынан территориялық бөлініске айналдырады. Ол бұрын әкімшілік округтары ғана болған төрт территориялық трибалар құрды. Кейін мұндай трибалар саны өсіп б.э.д. 1 ғасырда 35 –ке дейін жетті.Азаматтардың куриялары бойынша ежелгі жиналысымен қатар плебейлерді Рим жасағының қатарына да ресми жіберуге жол берген Сервий Туллий жауынгерлерді иналысы центуриаттық комиссиялар құрды. Жауынгерлер мүліктік белгілеріне қарай 5 топқа бөлінді. 1 топқа 100мың жез ассыларға бағаланған байлар жатты, екінші тапқа жеңілдеу қару жарақпен шығатын адамдар,3,4 топтарға жұпыны ауқаттары бар әскерде жеңіл қаруланған адамдар жатқызылды. Сервий Туллиәй реформасының әлеуметтік мән жайын сипаттай келіп Ф Энгельм былай деп көрсетеді. Римде болып келген патша өкіметі таралудан бұрын ақ жеке туысқандық түйіндерге ыңғайланып келегн ежелгі қоғамдық құрылыс талқандалды. Ал оның орнына территориялық бөлінуге және мүліктік айырымдарға негізделген жаңа шынайы мемлкеттік құрылыс орнатылды. Жұртышылық өкімет билігі мұнда әскери міндетті азаматтардың қолына жинақталып тек құлдарға қарсы емес әскери қызметтен шектелген пролетариийлерге қарсы бағытталды. Сервий реформалары Рим патрийцилерінің арасында наразылық туғызды. Реформаның күйреуі Тарквиний Суперб Сербийді өлтіруімен аяқталды.
4. Палестина мәселесінің мәнін ашу. Афрат кезеңіне сипаттама
Палестина мемлекеті, Батыс Азияда орналасқан. Жер аумағы 6,2 мың км². Халқы 2,1 млн. (1995). Тұрғындары арабтар мен еврей қоныстанушылары. Ресми тілі – араб тілі. Мемлекет билігі Уақытша әкімшілік қолында. Әкімшілік орталығы – Ромула. Діні – сүнниттік ислам мен иудаизм.
Палестина жерлері Жерорта теңізінің шығыс жағалауын алып жатыр. Жері таулы, үстіртті. Климаты ыстық, жерортатеңіздік. Жазы құрғақ, қысы жылы, жаңбырлы. Шөлден ыстық, құрғақ “хамсин” желі соғады. Орташа температурасы жазда 27 – 30ӘС, қаңтарда 7 – 12ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшемі 500 мм. Оңтүстігіне қарай кесіп өтетін Иордан өзені Өлі теңізге құяды. Табиғаты өте жұтаң. Кішірек ағаштар мен бұталар ғана өседі.
Палестина жерін алғашқы адамдар ежелгі палеолит дәуірінен бастап мекендеген. Б.з.б. 3-мыңжылдықта ханан тайпалары қоныс тепті. Б.з.б. 18 ғасырда Палестинаны жаулап алған гиксостарды 16 ғасырда египеттіктер талқандап, аймаққа саяси ықпал жүргізді. Осыдан үш ғасыр кейін Палестина аумағын ежелгі еврей тайпалары жаулап ала бастады. Б.з.б. 12 ғасырда Палестина жағалауын филистимдіктер (“Палестина” атауы ежелгі еврейше пелиштим – филистимдіктер дегеннен шыққан) басып алды. Б.з.б. 11 ғасырда Палестинаның қалған аумағында ежелгі еврей тайпаларының Израиль-иудей патшалығы құрылды. Б.з.б. 928 ж. ол солтүстікте Израиль патшалығы, оңтүстікте Иудей патшалығы (б.з.б. 928 – 586 ж.) болып екіге бөлінді. Б.з.б. 722 ж. Израиль патшалығын Ассирия патшасы Саргон ІІ басып алды. Б.з.б. 587 – 86 ж. Иудей патшалығын Вавилон патшасы Навуходоносор ІІ өзіне қаратты. Парсылар Вавилон жерін жаулап алған соң Палестина аумағы Ахемен әулеті, 332 ж. Александр Македонский мемлекеттерінің құрамына кірді. Б.з.б. 3 – 2 ғасырларда алдымен Египеттегі Птолемей әулетінің, кейін Сириядағы Селевки әулетінің қол астында болды. Б.з.б. 142 ж. Палестина жерінде Хасмонейлер мемлекеті құрылды. Б.з.б. 63 ж. Рим протектораты орнатылды. 395 жылдан Византия құрамында болды. 640 ж. Палестинаны арабтар жаулап алды. 1-крест жорығының (1095 – 99) нәтижесінде жаулап алынған Палестина аумағында Иерусалим корольдігі құрылды. 1187 ж. Египет сұлтаны Салах әд-Дин крест тағушыларды талқандап, Палестинаның негізгі бөлігін кейін мәмлүктер билеген Египет құрамына қосты. Палестинаны 1516 ж. түріктер жаулап алды. 1832 – 41 ж. Палестина Египет патшасы Мұхаммед Әлидің қол астына қарады. 19 ғасырдың ортасында Суэц каналының ашылуына байланысты Палестинаның стратегиялық және экономикалық маңызы артып, Еуропа мемлекеттерінің бұл ауданда өз ықпалын орнату жолындағы бәсекесі шиеленісе түсті. Палестина үшін күресте Еуропа мемлекеттері еврейлердің сионизм идеологиясын пайдаланды. Олар әр түрлі елдердегі еврейлерді Палестинаға қоныстандыруды қолға алды. 1-дүниежүз. соғыс барысында Палестинаны ағылшындар басып алды. Англия да еврейлердің осында келуіне барынша жағдай жасады. Сионистік ұйымдар мен отарлық трестер Палестинадан әр түрлі концессиялар ашып, шұрайлы жерлерді сатып алды, кейін бұл жерлерден арабтарды (феллахтар) күшпен қуып шықты. Сионистер мен ағылшындардың Палестинадағы отарлау саясатына арабтардың наразылығы күшейіп, бірнеше рет қарулы көтеріліс (1920, 1929, 1933, 1936 – 39) болды. 1939 ж. Англия Палестинада 10 жылдан кейін біріккен еврей-араб мемлекетін құру туралы жобасын ұсынды. Оған екі жақ көнбеді. 2-дүниежүз. соғыстан кейін де еврейлер өз мемлекетін құру жолындағы әрекеттерін тоқтатпады. 1947 ж. ағылшын үкіметі Палестина туралы мәселені БҰҰ-ға тапсыруға мәжбүр болды. 1947 ж. 29 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы ағылшын мандатын жою, ағылшын әскерлерін Палестинадан әкету және оның аумағында тәуелсіз араб және еврей мемлекеттерін құру туралы шешім қабылдады. Иерусалим БҰҰ-ның басқаруындағы өз алдына арнаулы әкімш. болып бөлінді. Бас Ассамблеяның осы шешімінің негізінде 1948 ж. 14 мамырда Палестина аумағының бір бөлігінде Израиль мемлекеті жарияланды. Бірақ Палестинадағы араб халқы өз алдына мемлекет құра алмады. Бұл жағдай кейін араб-израиль соғыстарын тудырды. 1964 ж. Палестинаны азат ету ұйымы (ПАЕҰ) құрылып, оның басшысы Ясир Арафат Израиль басып алған Палестина аумағын азат ету күресін бастады. 1974 ж. Рабаттағы араб саммиті ПАЕҰ-ны Палестина халқының жалғыз заңды өкілі ретінде мойындады. ПАЕҰ Кэмп-Дэвид келісіміне қарсы шықты. 1988 ж. ПАЕҰ тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылғанын жариялады. 1997 ж. Израиль мен ПАЕҰ арасында жасалған келісім бойынша Палестинаның автономия ретіндегі құқы танылды. 2001 жылғы АҚШ-тағы лаңкестік оқиға мен 2003 жылғы Ирактағы АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдерінің әскери қимылдарына байланысты Палестина мәселесі шиеленісіп кетті. 2005 ж. ПАЕҰ басшылығына келген М.Аббас Палестина мәселесін шешуді қолға алды. Палестина экономикасының дамуына Израиль әскерінің елдегі басқыншылық әрекеттері кері әсер етуде. Палестина тұрғындары күнкөріс үшін Израильге, Парсы шығанағы елдеріне жұмыс істейді. 1990 ж. Парсы бұғазындағы дағдарыстан кейін көпшілігінің елге қайтуына тура келді.
Елде екі ақша бірлігі – израиль шекелі, иордан динары жүреді. 1992 ж. Қазақстан мен Палестина арасында дипломаттық қатынас орнады. Алматы қаласында Палестина елшілігі ашылған.
5.(47) Карл Мартеллдің бенефециалық реформасы
Майордом Карл Мартелл 715-741 жылдары корольмен санаспай-ақ өз билігін жүргізді. Оның билігі кезінде араб әскерлері Испаниядан өтіп, Галлияға шабуыл жасады. Бірақ оларды франктер 732 ай жылы Пуатье түбінде талқандады. Арабтар тарапынан төнген қауіп Карл Мартелді күшті атты әскер құруға итермеледі. Атты әскер қатарына қабылданғандар майордомнан тұрғылықты шаруаларымен қоса жер үлестерін алды. Ол жерден түсетін табыска иесі өзіне ат пен қару-жарақ сатып алуға міндетті еді.Алғашында жер жауынгердің меншігіне мәңгілік емес, тек әскерде қызмет атқарып жүрген кезінде ғана берілетін. Кейін ол жер үлестері әкеден балаға мұра ретінде берілетін болды. Сөйтіп оның балалары да әскери қызметті жалғастыруға міндеттенді. Атты әскерлеріне жер үлестіру үшін Карл шіркеу иеліктерінің біраз бөлігін тартып алды.Карл Мартелдің жерді сыйлыққа үлестіріп беруі Еуропада жаңа қоғамдық құрылыс - феодализмнің қалыптасуының бастауы болды.
Франк мемлекетінде Карл Мартеллдің бенефициялық реформасының мәні мынадай болды. Бұрын Мировингтер әулеті жерді аллод ретінде толық жеке меншік етіп силыққа берген болса енді оның орнына феодалдық жер иеленудің жаңа шартты формасы орнатылды. Бұл бенефеция сыйлық деп аталды. Бенефеция белгілі бір қызметтерді атқару үшін көбінесе атты әскер қызметін атқару шарты бойынша сыйлық ретінде берілді. Жерді сыйлыққа беретін адам қайтыс аболса, бенефеция меншік иесіне мұра ретінде қалып отырған. Бұл реформаны жүзеге асыра отырып КарлМартелл өзінің саяси мақсаттарына жетуді көздеді. Кароль жерлерін аллодтарды бенефециямен алмастыру үшін және бүлікшіл феодалдырды таққа отырғызуды көздеді. Жаяу әскердің соғысқа жарамды мықты әскер құруды жүзеге асырды. Реформаны жүзеге асыру барысында орталық үкіметтің позицияларын нығайтуға тырысты және ішінара істеді. Реформалардің әлеуметтік нәтижелері маңызды болды. 1. Ұсақ және орташа феодалдарды қалыптастырды.2. жерді сыйлыққа берудің феодалдық жер менігін нығайтып шаруаларды одан әрі крепостнойларға айналдыра берді. 3. Бенефеция таратушы мен алушы арасында вассалдық қарым өатынас орнатылды. Қорыта айтқанда бұл реформа сәтті аяқталды және феодалдық қоғам құруда белсенді болды.
7)(12) Саманидтердің сыртқы саясаты.
Саманидтер - 875-999 ж.ж. Орта Азия мен Иран жерінде билік құрған династия. Саманидтер династиясы өзіне ірі-ірі территориялар: Әмудариядан солтүстікке қарай орналасқан Мауеренахр мен Хорасан аумақтарын біріктірді. Ол қалалардың арасында Бұхара, Самарқандық соғды, Уструшан, Шаш Илақ, Ферғана, Кеш, Насаф сияқты экономикалық, саяси, мәдени жағынан озық қалалар да болды.
Самани мемлекетінде билік еткен парсы әулеті (819 — 999). Арғы аталары Саман Худат, Балх маңындағы (Солт. Ауғанстан) Саман елді мекенінен. Араб үстемдігіне қарсы Рафи ибн Лейстің көтерілісін (806 — 10) басуда көрсеткен көмегі үшін Саманның балалары мен немерелері 819 ж. Мауераннахрдың ең маңызды қалалары мен уәлаяттарына басқарушы болып тағайындалды. Халиф Мамун Саманның немересі Нұхқа Самарқанды, Ахмедке Ферғананы, Яхьяға Шаш пен Усрушананы берді. Олар алғашқы кезде Хорасан басқарушылары Тахир әулетінің вассалы болды. 873 ж. Тахир әулеті құлағаннан кейін, Самани Әулеті толық дербестікке ұмтылды. 875 ж. Насыр І Самани Мауераннахрды толық бағындырды. 900 ж. оның мұрагері Исмаил Самани (892 ж.) және басқа да Самани Әулеті өкілдері Хорасан әмірі Әмір ибн Лейс Сафари әскерлерін талқандап, Хорасанды, Солт.-шығыс Иранды бағындырды. Мемлекеттің астанасы Бұхар қ., бұдан басқа экон. маңызды орт-тар: Самарқанд, Нишапур, Мерв, Үргеніш, Герат, Балх, Ғазни қ-лары болды. Самани Әулеті билеген тұста Орт. Азияның Хазариямен, Иранмен, бұлғарлармен, Қытай және Русьпен сауда байланыстары дамыды. Қалаларда медреселер, мешіттер, түрлі ғимараттар салынды. Бұхара өзінің ең бай кітапханасымен аты шықты. 997 — 99 ж. Бұхарды түріктердің басып алуына байланысты Мансұр ІІ-нің тұсында Самани Әулеті билік жүргізуді доғарды
Исмаил Ибн Ахмед Самани (849, Ферғана) – Бұхар ханы, Саманилер әулетінің өкілі. 874 жылы ағасы І Насрдың тапсыруымен Бұхара қаланан басып алып, аймақтың билеушісіне айналды. 892 жылы ағасынан кейін таққа отырып, Орта Азиядағы Саманилер әулетін 907 жылға дейін билейді, Исмаил Ибн Ахмед Самани орта билікті күшейту саясатын жүргізген. 11 ғасыр басына дейінгі Самани әулетінің соңғы билеушілері Исмаил ибн Ахмедтен тарайды. Исмаил Ибн Ахмед Самани 893 жылдың көктемінде Аббасилық халиф Мутадидтен инвеститура алады. Осы жылы оның Таразға жорығы басталады. Бұл кезде Тараз өңірі қарлұқтардың билігінде болатын. Қарлұқ ханы Базыр Арслан ханның әкімш. БаласағұнБаласағұнда орналасты да, Таразда оның інісі Оғұлшақ Қадыр хан билік жүргізеді. Қарлұқ қағанаты мен Саманилер әулеті билеген мемлекеттің шекаралары сол тұста Исфиджаб өңірінде түйісті. 840 жылы Исфиджабды Нұх ибн Аса жаулап алып, қала сыртында үлкен қорған салдырған. Исфиджаб Саманилер әулетінің солтүстіктегі бекінісі қызметін атқарды. Араб халифатының мойындауы мен қолдауы Исмаилды ислам дінін түркі тайпалары арасында таратуға мәжбүр еткен. Саманилер билеушісі 893 жылы Таразға аттанады. Деректерде Исмаилдың қанша әскері, Тараз билеушісінің қанша күшті болғаны, ұрыстың қалайша жүргізілгені жөнінде мәліметтер айтылмайды. Исмаил әскері Таразды жаулап алғаннан соң, қала билеушісі Оғұлшақ өзінің резиденциясын Қашғарға көшіреді. В.В. Бартольд ортағасырлық авторлардың мәліметтеріне сүйеніп Тараз үшін шайқаста 10000 адам қаза тауып, 15000 адам тұтқынға алынғанын айтады. Цифрлар әсіре айтылса да, қала үшін ауыр шайқастар болып, екі жақтан да көп санды әскерлер қатысқан деп болжам айтуға болады. Исмаил Тараз қаласындағы басты шіркеуді мешітке айналдырады. Тараз өңірі Исфиджаб аймағының құрамына енгізіледі. Тараз қаласы 10 ғасырда мұсылман саудагерлерінің түріктермен сауда жасайтын және мұсылман әлемінің шекаралық пункті қызметін атқарады.
8)(20) Көпұлтты Еуропалық империялардың ыдырауы (салыстырмалы түрде талдаңыз)
Османлы Империясы (1299-шы жылдан 1922-ші жылға дейін) (Көне Османлы түрікшесі нде: دولت عالیه عثمانیه (Devlet-i Âliye-yi Osmâniyye), Жаңа Османлы түрікшесі және қазіргі түрікшеде: Osmanlı Devleti немесе Osmanlı İmparatorluğu. Замандастары оны Түрік империясы немесе Түркия деп те атаған. Тағы мынаған қараңыз: Османлы мемлекетінің басқа аттары) – көп ұлтты және көп дінді түрік мемлекеті. Өзінің шарықтау шыңында (16-шы – 17-ші ғасырлар) ол үш құрлыққа жайылып, Оңтүстік-шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың басым бөлігін билеген; батыстағы Гибралтар бұғазынан (ал 1553 жылы тіпті Гибралтардың ар жағындағы Морокконың Атлант жағалауына дейін) шығыстағы Каспий теңізі мен Парсы шығанағына дейін, солтүстіктегі Аустрия мен Словакияның шекаралары мен Украинаның бөліктерінен оңтүстіктегі Судан, Эритрея, Сомали мен Йеменге дейінгі аумақты қамтып жатқан.
Бұл империя алты ғасыр бойы Шығыс және Батыс дүниелерінің қарым-қатынас жасасуының бел ортасында болып келді. Құдіретінің шарықтау шыңында Османлы империясы 29 аймақтан тұрып, оған бағынышты Молдавия, Трансильвания және Валахия княздіктері алым-салық төлеп тұрды. Бүгін Ыстамбұл деген атпен белгілі Констанинополис қаласын өз астанасы етіп алған Османлы империясын көп жағынан бұрынғы жерортатеңіздік өркениеттердің, атап айтқанда Рим және Византия империяларының исламдық мұрагері деп атауға болады. Османлылар да өздерін Рим және Ислам дәстүрлерінің жалғастырушылары деп, яғни «мәдениеттердің бірігуі» арқылы «бүкіләлемдік империяның» билеушілері деп қарастырды.
9)(57)Хетт мемлекеті.
Хетт патшалығы — б.з.б. 18 — 12 ғасырлар аралығында Кіші Азияда өмір сүрген ежелгі мемлекет. Б.з.б. 20 — 19 ғасыларда құрамына хетт, хатти этникалық топтары кірген кішіазиялық саяси бірлестіктердің (Канес, Хаттусас, Бурушханда)— 14 ғасырдың бас кезінде лувиялықтар мен хурриттер мекендеген негізінде құрылған. Хетт патшасы Куссар Анитастың кезінде (шамамен б.з.б. 18 ғасыр) оған дейін Ассирияға бағынған кіші азиялық елді мекендердің өзара бірігуі басталды. Ол Нес, Хеттусас қалаларын басып алып, Куссарды астанаға айналдырды. Ежелгі хетт әулетінің негізін салушы Лабарна (б.з.б. 17 ғ-дың бас кезі) Хетт патшалығының аумағын кеңейтті. Лабарнаның мұрагері Хаттусилис Қ-нің кезінде (б.з.б. 17 ғасырдың ортасы) Цальпа мен Кіші Азияның оңтүстік-шығысындағы бірқатар облыстар басып алынды. Ол астананы Хаттусасқа көшірді. Хаттусилис Қ-нің ұлы Мурсилис Қ-нің тұсында Хетт пирамидасының әскери қуаты ең жоғары өрлеу шегіне жетті. Онан кейінгі 100 жылдай кезең өзара қырқысу соғыстары мен сарай төңкерістеріне толы болды. Хетт заңдары қабылданғанға дейін (шамамен б.з.б. 16 ғасыр) Хетт патшалығы үш негізгі бөліктен: орталық Хаттусас болған орталық облыстан, Кіші Азияның оңтүстік-батысындағы Лувий мен солтүстік-шығысындағы Палдан құралды. Б.з.б. 15 оңтүстік облыстардың рөлі күрт күшейді. Жаңа патшалық деп аталған кезеңдегі (б.з.б. 14 ғасыр — 12 ғасырдың бас кезі) хетт патшалары хуриттер болды. Суппилилумас Қ патша (б.з.б. 14 ғасырдың басы) ұзаққа созылған соғыстан кейін Миттанияны талқандап, Угаритті тәуелділікке түсірді. Кейінгі патшалар Мурсилис ҚҚ билік еткен уақыттан (б.з.б. 14 ғ-дың соңы) Хаттусили ҚҚҚ-ге дейін Хетт патшалығы мен Египет Таяу Шығыстың екі қуатты державасы ретінде Сирияны иемдену үшін өзара соғысты. Б.з.б. 13 ғасырдың соңы мен 12 ғасыдың бас кезінде Хетт патшалығына Ахиява мен Арцава кірген мемлекеттер одағы қарсы шықты. Билеушілер әулетінің өзара қырқысу соғыстары, шеткері облыстар мен одақтас патшалардың оның құрамынан шығуы мемлекеттің ыдырауына әкеп соқты. Хетт патшалығы мүлдем жойылуына Кіші Азиядағы “теңіз халықтарының” шығысқа қарай қоныс аударуы да түрткі болды. Хетт патшалығы Ежелгі Шығыста, әсіресе, Кіші Азияда 600 жыл бойы жетекші мемлекет болып, бұл аймақтың дамуында үлкен рөл атқарды. Үздіксіз соғыстар хеттердің қорғаныс сәулет өнерінің дамуына жағдай жасады. Осы кезеңде сарайлар мен ғибадатханалар бой көтерді. Бұл архитектуралық ескерткіштер терезелерінің кеңдігімен ерекшеленді. Сәулет өнері жұмысы мүсін және бедерлеумен тығыз байланыста болды. Ежелгі хетт өнері шығыс халықтары өркениетінде үлкен із қалдырды. Хетт патшалығының саяси құрылымы да күрделі болды. Патша жеке облыстарды басқару үшін жергілікті әкімдерді тағайындады. Жер иеліктерін алғандар белгілі бір шаруашылық міндеттерін немесе әскери қызмет атқаруға тиіс болды. Құлдар бүкіл халықтың шамалы бөлігін құрады. Құлдар мен ерікті хеттердің арасында ерекше жер үлестері берілген әскери тұтқындардың әлеуметтік тобы болды. Патша шексіз билік құрып, ол құдаймен қатар қойылды. Хетт патшалығы жойылғаннан кейін мемлекетті құраған жергілікті тайпалар кейіннен келіп қоныстанған халықтардың құрамына сіңіп кетті.
10) (58)Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан
1939 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталған күні вице-король Линлитгоу Үндістанды соғысқа қатысушы ел деп жариялап, британдық үнді әскерлерін әр жақтағы майданға аттандыра бастады. Оның құрамында 1,5 млн үнділіктер болды. Бірден «Үндістанды қорғау туралы» заң бекітіліп, елде әскери тәртіп орнатылды. Осыған орай арнайы салықтар салынды, қорлар ұйымдастырылды. Ереуілдерге шерулерге жол бермейтін болды. Баспасөз бақылауға алынды. 1940 жылы қазанда Ганди жекелеген сатьяграха жүргізу туралы шешімін жария етті. Оны қалың жұрт қолдай түскенде отапршылдар жазалау әдісіне жүгініп, отансүйгіш үнділіктерді қамауға алды. 1942 жылы тамызда ҮҰК-ке итыйм салынды. М. Ганди, Дж. Неру, В. Патель, т.б. ұсталды. Бірақ елде оған қарсы жаппай ереуілдер мен толқулар басталды
1947 жылы үздіксіз қанды қақтығыстардан соң британдық Үндістан екі тәуелсіз доминионға — Үнді одағы (индуистер) мен Пәкстанға (мұсылмандар) бөлінді. Тәуелсіз Үндістанның бірінші премьер-министрі болып Үнді ұлттық конгресі партиясының өкілі Джавахарлал Неру сайланды. 1950 жылы Үнді одағысіз Үндістан Британ достастығы құрамындағы Үндістан Республикасына айналды. 1962 жылы Қытай арада шекара жөнінде қысқа мерзімдік соғыс болып, Үндістан жеңіліс тапты. 1965 жылы Үндістан Пәкстанмен соғыста Кашмирді өзіне қалдырды. 1966 жылы сайлауда премьер-министр болып Дж. Нерудың қызы Индира Ганди сайланды. 1971 жылғы соғыста Үндістан Пәкстанды жеңіп, Шығыс Пәкстанға тәуелсіздік алуға көмектесті. Шығыс Пәкстан өз атауын Бангладеш деп өзгертті. 1984 жылы үкімет әскерлері Амритсардағы Алтын храмды сикх күштерінен тазартты. Көп ұзамай қаза тапты. Оған өштескен сикх оққағары көп ұзамай Гандиді атып өлтірді. Премьер-министр болып Гандидің ұлы Раджив Ганди тағайындалды. Ол да 1991 жылы сайлау науқаны кезінде адам өлтірушілердің қолынан қаза тапты. 1998 жылы Үндістан бес жер асты ядролық сынағын өткізді. Бұл дүниежүз. бейбітшілік күштерінің наразылығын тудырды. 1999 жылы Үндістан ядролық сынақтарды тоқтату жөніндегі жан-жақты келісімге қол қоюға уәде берді. Кашмир жөнінде бейбіт келіссөздер өткізуге Пәкстан үкіметіне ұсыныс жасалды.
13. Александр македонский
Александр Македонский (патшалық құрған мезгілі б. з. б. 336 – 323) – әлемге аты мәшһүр қолбасшылардың бірі. Оның жорықтарының қазақ даласына байланысты тұстары жайында «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» атты кітапта жазылған. «Жалғыз ғана қазақ арасында емес бүкіл Шығыс әлемінде Ескендір Зұлқарнайын деп аталып кеткен кісі – македониялықтардың әйгілі қолбасшысы Александр Македонский. Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македонский» деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн («Қос мүйізді») аталыпты. Осы Зұлқарнайын, яғни Македонский патша да қазақ даласын жаулап алуға құмар болған көрінеді. Ол қол астындағы жауынгерлерге қарағанда әлденеше есе көп әскері бар Дарий патшаны күйрете жеңген соң өзі жаулап алған жерлердің көбінде қала тұрғызып, грек-эллин мәдениетін енгізе бастайды. Оның күл-талқан етіп жойып жіберген қаласының бірі Кир қаласы – Кирополис. Осы қаланың қай тұста екені, яғни нақтылы орны қайда екені ғалымдардың арасында әлі күнге дейін дау туғызып келеді. Дегенмен көпшілік ғалымдар оны қазіргі Қоқан қаласының маңында немесе Ходжент қаласының орнында болған деген тұжырымға тоқтайды. Қазіргі кезде анықтама деректерде осылай көрсетілген. Македонский осы өзі жаулап алған Азия аймағында тез арада-ақ өз есімі берілген онға жуық қала тұрғызыпты. Соның бірі Александрополис немесе Александрия-эсхата (Шеткі Александрия). Ғалымдар осы қаланы да Ходжент қаласының маңынан немесе дәл орнынан іздейді Македонскийдің жорығына байланысты оның соңғы рет өтіп, тауы қайтқан соң шегінген өзені жөнінде тарихи жазбалар бар. Солардың үшеуінің авторлары Арриан (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген грек ғалымы), Аммиан Марцелин (330 – 400 жылдар шамасында өмір сүрген тарихшы) мен Квинт Курций (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген Рим жазушысы). Македонский жорығының бағытын күрт өзгертіп, Орталық Азиядан Кавказға қарай сүйреп жүрген осы Квинт Куций. Ол Македонскийдің өткен өзенін Танаис (Дон) деп жазады да ПарапамизустыКавказ деп көрсетіп, Каспийді Азов теңізімен шатастырады. Курцийдің осы қателігін (сол сияқты Македонский тарихшыларының да қателігін) кезіндеСтрабон дәл айтып берген болатын. Біріншіден, Квинт Курций еңбегі ақыл-уағыз айтуға бағышталған көркем шығарма. Македонский жорығы мұнда мысал үшін келтіріліп отырады. Екіншіден, ол Македонскийдің бейнесін өз деңгейінен әлдеқайда жоғары көтеру үшін Донға апарып, Еуропаны да жаулап алып еді деген ұғым туғызғысы келеді. Оның үстіне Кавказды атап отырғаны баяғы ежелгі дүние тарихында от иесі Прометейдің сол заманда жердің шеті саналатын Кавказ тауында құрсауланып тасталғанын есте сақтау керек. Осылайша Македонскийдің абыройын артқыза түспек болған. Дәл осындай қатені Македонский тарихын жазған тарихшылардың ішінде Арриан да жіберген. Ол өз еңбегінде бұл өзеннің Дон емес екенін дәлелдей отырып, атын Танаис деп жазып, бастау алатын жерін Кавказ таулары деген. Ал кей жерлерінде өзеннің атын бірде Орксантес, бірдеОксиартес деп те атаған.
14. 1-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар. Версаль-вашингтон келісімшарты
Соғыстың қортындысы. 1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта мемлекеттерінің талабы- мен Германия жеңілгендігін мойындап, бітімге қол қоюға келісті. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды.
1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығары лып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары ара- сында келісімге келу үшін Париж қаласында халықаралық кон­ференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден деле- гаттар қатысты. Францияның премьер-министрі Жорж Клеман­со, ағылшын премьер-министрі Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ президенті Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады.
Париж конференциясының алдында соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы, әлемдегі өзгерістерді ескере отырып, дүниені қайта құру мәселесі тұрды:
- халықаралық қатынастағы өзгерістерді ескере отырып, жаңа принциптерді қалыптастыру;
- ірі капиталист! к елдер арасындағы дүниежүзілік ықпалды реттеу;
- Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу.
Ірі державалық елдер бұл мәселелерді Париж конференциясында өз мүдделеріне ыңғайлы шешу үшін күрес жүргізді. АҚШ-тың конференциядағы негізгі мақсаты - дүниежүзілік әлемде өзінің үстемдігін қалыптастыру болды. Бірақ бұған Париж конференциясында Франция мен Англия басшылары қарсылық жасады. АҚШ-тың мұндай саясат жүргізуіне оның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық дамуы негіз болды. Соғыстан кейін Франция мен Англияның экономикасы күйзеліске ұшырап, экономикалық даму жағынан АҚШ-тан артта қалды. Соғыстың ауыртпалығын Франция мен Англия көтерді. АҚШ соғысқа тек 1918 жылы ғана кірісті. Соғыста АҚШ-тың 50 мың адамы өліп, 230 мың адам жара- ланған. Соғыс жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсібі 335 млрд. доллар таза пайда келтірді. 1919 жылы АҚШ дүние жүзінде көмірдің 50% өндірді; автомобильдің 85% шығарды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ дүниежүзінде қаржы саласында толық үстемдік алды. Шетелдердегі инвестициясы өсіп, Канада мен Латын Америка елдерінде 7 млрд. Доллар, Еуропа елдерінде 18 млрд. долларға жетті. АҚШ президенті В. Вильсон: «Дүниежүзіне кім көп ақша берсе, сол ел әлемде билік жүргізуі қажет» - деген болатын. Сөйтіп, АҚШ дүниежүзілік үстемдік жасау үшін күрес жүргізді. Бұл саясатты іс жүзіне асыру үшін АҚШ президенті Париж конференциясына «14 пункттен» тұратын бағдарламасын әкелді. Бағдарламаның мазмұны төмендегідей болды:
- Антанта елдерінің арасындағы жасырын келісімдерден бас тарту;
- дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерде еркін жүзу;
- барлық кедендік кедергілерді жойып, халықаралық «ашық есік» және «ашық қол» принципін сақтау;
- отар елдердің мәселесін әділетті шешу;
- қару-жарақты қысқарту;
- Германиямен және оның одақтастарымен әділетті келісімдер жүргізу;
- дүниежүзілік дау-жанжал мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасын құру.
Париж конференциясында АҚШ Президенті В.Вильсонның бейбітшілік сүйгіш саясатты білдірген «14 пункттен» құрылған бағдарламасына Франция мен Англия басшылары қарсы шықты.
«14 пункттен» тұратын бағдарламаның мазмұнынан АҚШ- тың экспанциялық саясаты анық көрінді. Бұл бағдарламадағы АҚШ саясатының мәні дүниежүзілік әлемде үстемдік жүргізу екенін түсініп, Франция мен Англия Париж конференциясында АҚШ саясатын әшкерелеп, Вильсонның бағдарламасын қабылдамады. Бірақ оның Ұлттар Лигасын құру бағдарламасын Кле­мансо мен Ллойд-Джордж қолдап, халықаралық қатынастағы дау-жанжал мәселелерді шешуде айтарлықтай рөл атқаратын ұйым құруға келісті.
Версаль келісімі. Соғыстың қорытындысын баянды ету үшін жеңген елдер Париж конференциясында Германия және оның одақтастарымен келіссөздер жүргізуге кірісті. Париж қаласындағы айналы Версаль сарайында Германия мен жеңген елдер арасында келіссөздер басталды.
Бұл келіссөздер барысында Германияның жер мәселесі қаралды. 1870-1871 жылғы Франция-Пруссия соғысында Герма- нияға берілген Эльзас және Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысы 15 жылға Ұлттар Лигасының қарауына берілді. Польшаның батыс жері Померания мен Познань қайтарылды. Данциг (Гданьск) қаласы ерікті қала ретінде Ұлттар Лигасына басқаруға берілді. Бельгия Эйпен және Мальмеди аудандарын қайтарып алды. Данияға Шлезвиг қайтарылды. Версаль бітімі бойынша Германия жерінің — бөлігінен айырылды.
Екіншіден, Рейн өзенінің сол жақ жағалауы түгелдей 15 жылға одақтастар әскерлерінің бақылауына өтті. Германия Рейн өзені бойынан өз әскерлерін әкетуге келісті. Германияға 100 мың әскер ұстауға рұқсат берілді. Германия өзінің соғыс-теңіз флотынан айырылды. Үшіншіден, Версаль келісімінде Германияның соғыс шығындарын өтеу (репарация) мәселесі қаралды. Бұл мәселені шешу үшін репарациялық комиссия құрылып, 1921 жылы аталмыш комиссияның шешімімен Германия 226 млрд марка төлеу керек болды. 1921 жылы мамыр айында Германия 132 млрд. марка төлейтін болып келісті. Репарациялық төлемнің 52%-ын Франция, 22%-ын Англия, Италия - 10%, Бельгия - 8%- ын алатын болды.
Төртіншіден, Германияның отарлары туралы мәселе қаралды. Африкадағы Германияның отарлары Танганьика, Тогоның батысы және Камерунның бір бөлігі Англияға берілді. Намибия
- Британияның доминионы Оңтүстік-Африка Одағына өтті. Тогоның шығыс бөлігі, Камерунның көп бөлігі және Руанди, Берунди Францияға берілді. Германияның Тынық мұхиттағы отарлары Жапония мен Англияға өтті. Мариан, Каролин және Маршалл аралдары Жапонияға берілді. Қытайдағы Шаньдун түбегі Жапонияға қайырылды. Австралия мен Жаңа Зеландияға Жаңа Гвинейдің шығыс бөлігі, архипелаг Самоа берілді.
1919- 1920 жылдардағы Германия және оның одақтастары- мен болған келіссөздер Еуропа мен Азия картасына көптеген өзгерістер әкелді.
Біріншіден, Еуропадағы Австро-Венгрия империясы құлады. Париж конференциясында Антанта елдері тәуелсіздік алған Чехословакия, Польша, СХС (Серб, Хорват және Словен) корольдігін мойындады. Жер өзгерістерін бекітті. Истрия түбегінде Триест қаласы, Оңтүстік Тироль Италияға берілді. Батыс Белоруссия мен Батыс Украина Польшаға, Трансильвания және Буковина Румынияға тиісті болды.
Екіншіден, 1919 жылы қарашаның 27 күні Болгария мен жеңген елдер арасында Нейя келісімі болды. Батыс Франция Грецияға беріліп, Эгей теңізіне Болгария шыға алмайтын болды. 2566 кв. км жер Югославия (СХС) корольдігіне қайтарылды. Болгария 2 млрд. 250 млн. марка репарация төлейтін болды.
1919 жылы 10 қыркүйекте Сен-Жерменде Австриямен келісімге қол қойылды. 84 мың км2 жері 6,7 млн халқымен Австрия Республикасы құрылды. Келісім бойынша Австрияның Герма- нияға және басқа елге бірігуіне тыйым салынды. 1919 жылы наурыз айында Венгрия мен Трианон келісімі жасалды. Бұл келісім бойынша Венгрия Австрияны мойындады. Румынияға Трансильвания мен Баната берілді. Хорватия - Югославияға, Словакия және Закарпат Украинасы - Чехословакияға берілді.
1920 жылы 10 тамызда Севр қаласында Түрік мемлекетімен келісімге қол қойылды. Түрік Республикасының жері Кіші Азия бөлігі мен Стамбул қаласы және Фосфор бұғазымен шектелді. Измир қаласы Грецияға өтті. Шығыс Араб елдеріндегі Па­лестина, Трансиордания және Ирак Англияға, Сирия мен Ливан Францияға берілді. Батыс Армения жері түріктердің мандаттық билігінде қалды. Күрдістан - түріктерге берілді. Фосфор мен Дарданелл ұлы державалардың халықаралық комиссиясының бақылауында қалды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Версаль және басқа бітімдер жүйесі халықаралық қатынастағы жаңа саясат - империалистік елдер арасындағы қатынастардың жаңа бағытта дамуына әкелді. Жаңа халықаралық жүйенің ерекшеліктері:
Империалистік елдер арасындағы қайшылықтарды келіс- сөздер арқылы шешуге келісті;
Қару-жарақты қысқарту;
Халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасы құрылды;
Версаль бітімі империалистік елдердің агрессиялық саясатын тежеді;
Кеңестік Ресейге қарсы «Санитарлық кардон» саясатын ұстады.
Батыс Еуропа елдері ХХ ғасырдың 20-жылдарында Кеңес Одағын елшілік негізде мойындауға мәжбүр болды;
Халықаралық қатынаста жаңа Кеңес Одағының сыртқы саясаты қалыптасып, жаңа халықаралық қатынасқа өзгерістер әкелді.
Версаль келісімінің барысында АҚШ үкіметінің саясаты жеңіліс тапты, бірақ АҚШ өзінің дүниежүзін билеу саясатынан бас тартпай, Вашингтон конференциясын шақырды.

15. Буржуазиялық идеологияның пайда болуы. Италия қайта өрлеу. 14-15ғғ
Қайта өрлеу дәуірінің бастау алып, алғаш дамыған жері Италия елі болды. Осы кезде Италия экономикасы дамыған, айналасындағы елдермен сауда –саттығы күшейген бай да өркендеген мемлекет еді. Италия қалалары банктердің қалтасы қалындап, өнеркісібі қарыштап өркендеді. Елдегі саяси, рухани-эстетикалы қөзқарас жаңаша қалыптасып, өзгеше сипат алды. Бұрынғыдай діни «бәрі де құдай күшімен болады.»-деген көзқарас біртіндеп әлсіреп, бәрі де адам күшімен, ой-өрісінің жемісімен атқарылатын жете түсінуге ойысты. Адамдер өздеріне, өздерінің ақыл-парасатына сенді, сондықтан ғалымға деген, айналадағы табиғатпен әлемнің тұңғиық тылсымдарын білуге деген құштар арта түсті. Тек өздеоіне сеніп, рухының көтерілуі сол кездегі адамдарға өмірді өзгеше түсінуг, ғылым мен өмірге барынша ден қоюға жол ашты.
Қайта өрлеу дәуірі туғызған қайтаткерлер жан-жақты білім алған ғылым мен мәдениеттің сан-салаларынан хабары мол, шын мәнінде сегіз қырлы, бір сырлы жандар болды. Олар көптеген тілде сөйле, айларға тіпті жылға созылатын саяхаттардан жалықпады. Әлемді шарлап, қоғамда, табиғатта болып жатқан сан алуан құбылыстарға зер сала қарады, олардың заңдылығын, өзара байланыстарынтүсіндіруге тырысты. Шапшаң дами бестаңған ғылым мен техниканы өз қызметтеріне жаратты. Қайта өрлеу дәуірі суретшілері анатомия, археология, математика, философиямен терең шұғылданды. Сөйтіп ренесанс шеберлері көркемдік мәнң терең реалистік өнер үлгілерін болашақ ұрпақтарға тарту етті.
Жалпы, Италмияның Қайта өрлеу дәуірі, негізінен екіге бөлінеді, XV ғасырдағы алғашқы қайта өрлеу, ал кейінгі XVI ғасырдағысы жоғарғы қайта өрлеу дәуірі деп аталады. Ерте немемесе алғашқы қайта өрлеу дәуірінің негізгі дамыған кіндігі, орталығы-Флоренция болды. Ол кейіннен XVI ғасырда Римге ауысты, сонымен қатар Венеция да үлкен роль атқарды.
Ең бірінші негізгі, түбірлі өзгеріс сәубет саласында болды. Сәулетшілер Италияда етек жайған романдық және готикалық стилден біржолата бас тартты. Антикалық сәулеттің бағыты мен, соның әсерімен күмбнзді сарай-ғимараттар, діни ғибадатханалар тұрғызу әдетке айналды. Сол кездегі сәулет өнерінің негізгі үлгісі антикалық Римдегі Пантеон болды.
Қайта өрлеу дәурінің ең атақты ғисараты -Әулие Петр күмбезі (Римде). Бұл ғимаратты жүз жылдан астам уақыт бойы тұрғызды. Құралысқа басшылық ткен ондаған жобасын жасаған сәулетшілер Браменте (1444-1514) мен Микеланджело есімдерін ерекше айтуға болады.
Күмбездің бір ерекшелігі –сәулетші Микеланджело ғажап ойластырған 132 метрлік биіктіктегі өте зор күмбезі. Сонымен қатар күмбез өзінің ғаламат есепке құрылған тепе-теңдігімен, айналамен жымдасқан сәйкестігімен адамды тәнті етеді.
Қайта өрлеу дәуірі ғимараттырды бағаналармен, пелястрлармен, арыстан басы сәби мүсіндермен (путти), гүлден жасалған гипсті гүлдестелермен көмкерілді. Терезелерінің жоғарғы ернеулері жартылай арка түрінде жасалатын болды.
Осы кезеңде,м әсіресе сңғат өнерінің бұрын –соңды болмаған биігіне көтерілжі. Қайта өрлеу дәуірі өнерінің алғашқы қарлығыштарының бірі –XIV ғасырда өсір сүрген готиканы бюастан өтукізіп, жаңа ағымға жол ашқан ұлы суретші Джотто (1270-1330) болды. Суретші Флоренция маңындағы Веспиньянода дүниеге келді. Кедейшіліктің зардабын көрген көп балалы смьяда өмір сүрді. Бірде сол кездегі суретші Чимабуэ Флорениядан Веспиньяноға саяхатттап келген кезде, жло жирегінде теңкиіп жатқан жылтыр қара тастың бетіне шимайлап сурет салып жатқан жалаңаяқ, талдырмаш баланы көреді. Баланың суретіне зер сала қарайды, қараған сайын қайран қалады. Ақыры Джоттоны Чимабуэ өзіне шәкірт етіп алады. Джотто күндіз-түні тыным таппай еңбектеніп, ұстазынан мол білім алады. Сонымен қатар ол Флоренциядағы Әулие Мария Новелла шіркеуіндегі бейнелеу өнерімен жан-жқты, терең танысад. Римде жүріп «Новичелла» атты мозайкалық шығармасын жазады.
Джоттоның атағын шығарған еңбегі – «Иуда ишараты» жұмсы. Ол сонымен қатар сәулетші де болды. Өзінің басқаруымен салынған 84 метрлік әппақ мәрмәр тастармен көркемделген Кампанша ғибадатханасы осы күнге дейін сақталған.
Осы дәуір суретшісі, мүсіншінің бірі -әйгілі Донаттемло (1386-1466). Ол да Флоренцияда дүниеге келген. Ауқатты семьядан шықса да жоқшылықты, жетімдікті көп көрген ( әкесінен ерте айырылған). Әйгілі мүсінші Лоренцо Гиберти шеберханасында мүсін өнерінен тәлім алып, жұмыс істеген. Оның атын шығарған шығармасының бірі – Давид мүсіні. Бұл кейіпкер еврейлердің інжіл- діни кітабынан алынған. Аңыз бойынша Саул патшаның еліне қырық күн бойы қырғын салған, өзін ешкім жеңбеген қанішер Голиаф деген сұсты батыр болады.
Донателло шығармасына арқау болған осы аңыздағы Давид ерлігі шынайы қалпында мүсінделген.
Тыр жалаңаш бейнелеу Қайта өрлеу дауіріндегі өнердің айрықша жаңалықтарының бірі еді. Осы дәстүрді бір ғасыр өткен соң атақты мүсінші, әрі суретші Микеланджело одан әрі дамытты.
Алғашқы ( ерте) қайта өрлеу дәуірінің мүсіншісі, өнер тарихында өзінің ізін қалдырған шебердің бірі – Андреа дель Верроккью ( 1435-1488). Ол Донателлоның шәкірті жолын жалғастырушысы болды. Оның атақты жұмыстарының бірі – аттылы мүсін ескерткіші - әскери қолбасшы, полковник Коллеониге тұрғызылған шығармасы (Венецияда). Верроккьюдің бұл жұмысы өзінің ұстазы Донателлоның осы тектес аттылы мүсіні – Гаттемеллат мүсінінен біраз ерекшелігі бар. Верроккьюдің ескерткіш мүсіні өте тәкаппар, айбынды,өзінің қатыгездігімен көзге түседі, ал Донателло кейіпкері байсалды, салмақты кейіпте бейнеленген.
Қайта өрлеу дәуірінің алғашқы қарлығашы – Джоттодан кейін бір топ талантты сұңғатшы суретшілер өмірге келді. Олар өздерінің жұмыстарында көбінесе табиғатқа деген құлшыныстарын білдірді, кеңістік, жарық пен көлеңке байланыстарын бояу арқылы беруді меңгерді. Сонымен қатар адам мен табиғат құбылысын керемет жымдастыра, байланыстыра білді. Сол кездегі белгілі қылқалам шебері Мазаччл болды. Мазаччо қажымай-талмай жұмыс істеп, өнердің тылсым сырларын Джоттодан үйренді. Ол ұлы суретші Джотто болған жерлердің бәрін аралап, оның шығармашылығымен түпкілікті, жан-жақты танысады. Сонымен қатар ол мүсінші Донателло мен сәулетші Брунелескимен шығармашылық байланыста болады, солардың ақыл-кеңестерін зердесіне тоқып өселі.Мазаччо шығармашылығының өзіндік бояуын танытқан тұс – Бранкаччи капелласын көркемдеу тұсы. Фллренциядағы көне шіркеуді білмейтін жан ілуде біреу болатын. Осындағы екі фресканы Мазаччо 1427 жылы ешбір көмекшілерсіз жалғыз өзі салады. Оның біріншісі – « Жұмақтан аластату», ал екіншісі – « Динарий ғаламаты» жұмыстары. Мазаччо шығармалары бейнелеу өнерінде жаңа дәуірдің көш басшысы іспеттес. Бранкаччи капелласы Италия суретшілерінің көптеген ұрпақтары үшін тәжірибе мектебі болды. Боттичелли, Леонардо, Рафаэль, Микеланджело сияқты атақты өнер шеберлері осында жиі келіп, көп уақыттарын Мазаччо фрескаларымен танысуға арнады, оның жұмысынан үлкен рухани шығармашылық күш алды. Мазаччо өте қысқа өмір сүрді. Ол 1428 жылы Римде қайтыс болып, не бәрі 28 жыл ғұмыр кешті, бірақ өмір тарихында өшпес із қалдырды.
Барокко сәулет өнерінің туған Отаны-Рим болды.Бұл жаңа өнер ағымы шіркеу құрылыстарында кеңінен қолданылды.Соның бір айғағы-Римдегі Санта-Сусанна шіркеу ғимараты.Ғимарат екі қабатты, қанатты фасадтан тұрады.Фасадтағы жартылай діңгегтер мен пиластрлерден құралып, жоғарғы жағын үш бұрышты фронто»маңдайша шатыр»қамтиды.Ұзыншақ төменгі яруспен енсіз шағын жоғарғы ярус бір-бірімен екі бүйірінде»волюта»деп аталатын сәулеттік әшекеймен жалғасады.Барокко сәулет ғимаратының тән тағы бір ерекшеліктер, оның керегелері біресе ішіне кіріп,тіресе сыртқа шығып, түрлі иірімді «қозғалысты қимыл»жасап, түрлендіріп жасалатындығында.
Осындай түрлендіріліп тұрғызылған сәулет ғимаратының шебер жобалаушысы атақты Франческо Борромини (1599-1667)болды.Сәулетшінің ғимараттарына тән нәрсе, қабырғаларының құбылмалы жасалуы еді.
Барокко заманында сәулетшілердің сәулеттік айшығы валюталар болды.
Олар фасадтар мен терезе жақтауларына қолданылды. Барокко ғимараттары әр түрлі шым-шытырық роспистермен, мүсіндермен көмкерілді. Кереге мен төбедегі сұңғат шығармалары алданыш кеңістік ұғымын тудыратын.
Барокко заманында мүсін өнері дамып, сәулет өнерінің бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасты. әр түрлі мүсін бейнелері сарай, бөлме ішін әсемдеуге, үйдің фасадтарын көркемдеуге қолданылды. Бұл мүсіндер орта ғасырдағыдай белгілі бір тақырыпқа құрылмады, олар тек әсемдік ролін атқарды. Сонымен қоса сәулет өнерінің толықтырушысы болып табылды. Сая бақтар мен сая жолдар ежелгі аңыздарға құрылған мүсіндермен көмкерілді. Мүсін тұғырлармен безендірілген неше түрлі фонтандар өмірге келді.ондаған жырдар бойы кейінгі толқын суретшілерге үлгі бола білді.
ХI ғасырдың орта шенінде француз монах-шежірешісі Рауль Глабер жұрағаттарына шұбарланған латын тілмен мынадай жастық шақ естелігін арнады: «1000 жылдан кейін, көп ұзамай шіркеулер салу қайтадан басталады және мұның өзі барлық жерде дерлік қолға алнуда, бірақ негізінен бұл іс Италия мен Галлияда кең өріс алып жүргізілуде. Оларды тіпті ешқандайқажеті болмаса да салды, өйткені әрбір христиан қауымы көршілерінен гөрі анағұолым әсем шіркеулер салу үшін жарысқа түсуге асыққан. Тегінде, дүние өз өне бойын шіркеулердің ақ жасауына орау үшін өзінің ескі-құсқысын сілкіп тастағандай болады».
Ол бір қатал, қатерлі, сонымен бірге, жасамраз да дәуір еді. Ол феодализмнің ең жоғары дамудәуірі болатын, демек, оны ізденіс дәуірі емес, әлументтік ұйымның тұрақты формаларын табу дәуірі, жасанды немесе кездейсоқ емес, ұлттық сана-сезімнің оянуынан табиғи түрде туған жаңа мемлекеттік құрылымдар дәуірі деп түсінген жөн. Иә ол енді ізденіс дәуірі емес, бір-бірімен қосылмай орта ғасырлардың бас кезіндегі дүниетанымға әсер еткен ағымдар мен тығыз қарым –қатынастардың және дәстүрлердің қандай да бір синтезін жас Европа тапқан уақыт еді.
Синтез өнерден де табылады. Оның сол кездегі жалпы дамуына тоқталмаса бұрын, бұл синтездің мәнін Францияда туып, ерекше гүлденген роман мүсін өнерініңмысалымен көрсетелік. Эллададан соң іле-шала Ежелгі Рим мүсіндеуді аса мәнді өнерлердің бірі санап, оған мейлімше өзіндік саңыз берген. Орта ғасырлардың бас кезіндегі өнер болса оюға, қолапайсыз үлкен сызықшалы әшекейге әуестенген еді, сондықтан да каролинг дәуірінің жетістіктері өз бетінше ұзаққа бара алмаған.
Роман стилінде ою-өрнек пен бейнелеу негіздері өзара сәйәшекейлі геометриялықтың, қарапайым бейнелеу мен өте шарттылықтың, ою-өрнектің нәсіктігі мен шомбал, тіпті, кейде дөрекі монументтіліклің үйлесуінде еді. Мысалы, жекеленген образдар жасауда романдық пластика түр өзгертуге ішінара ғана денқойды, бырақ олардыүйлестіру үшін ол мүсіндік композицияның сәнділігі мен негізгі идеялық мазмұнын арттыру мақсатында өмірлік шындықты сөсіз құрбан етеді. Мұндай бағыныштылық әсте ойдан шығарылған емес, қайта сол кездегі көркемөнер творчествосының жалпы идеялық ұмтылысына бәрінен де жақсы жауап беретіндей мейлінше табиғи жағдай екенін де атап өтуіміз керек.

16. Италиядағы фашизм қалыптасуы
«Фаши ди комбаттименто» тобы шовонистік бағыттағы Бенито Муссолинидің партиялық газеті «Аванти» дің баспасымен және әлеуметтік лидерлердің бірі болып 1919 ж құрылды. Муссолини социалистермен 1914 жылдың аяғында қатынасты үзіп, одақтастарын жақтап 1 ши дүниежүзілік соғысқа қатысқан италияны қолдады. Муссолинидің жақтастары – жериеленушілер, қызметші, жұмысшы және бұрынғы майдангерлер. Бұл топқа сонымен қатар жолы болмағандар, ультранацианолистер және кеңестік Ресейдегі оқиғаларды талқылап, Социалистік париядан көңілдері қалған солшыл экстремистер. Қозғалысқа өздерін алданып қалдым деп санаған әскерге бармаған жастар да қатысты. Итальяндық фашизм мемлекет пен ұлтты оның барлық мүдделерін елге бағындыру идеясымен қалыптасты. Кез*келген әлеуметтік конфликттер басып жанышталып отырды. Өзінің басекелесінің қысымымен Муссолини төңкеріс, қозғалыстар басылғанша билікті өз қолына алуды шешті. 1921 жылы қарашада фашистік париядағы өзі басқарп отырған қозғалысты қайта құрды. Италиядағы саяси жағдай шешуші әрекетке қолайлылық жасады. Социалистік партия екіге бөлініп, 1921 ж қаңтарда оның қатарынан щығып кеткен экстремистер Коммунистік пария құрды. 1921 ж сәуірде Франческо Нитти дің орнына келген пример-министр Джолитти депутаттар палатасын таратып жіберді.
Озбырлықтың тұтануы, биліктің әлсіздігі және парламенттің өз жұмысын білмеуі елдегі ебдейсіз жағдайды одан әрі күшейтті. 1922 жылы 28 қазанда фашистер үміттенген «Римге жорығын» бастады. Бірнеше мың қаракиімділер Солт және Орталық Италиядан станаға қарай бет алды. Кейбір ауытқулардан соң пример министр Лумджи Факта королге елге әскери жасақ кіргізу керектігін айтты. Алайда король бұл ұсынысты азаматтық соғыстан қорғану мақсатымен қабыл алмады.король виктор эммануил ІІІ пример минстр етіп Муссолиниді сайлады.
ХХ ғасырдағы Италияның тарихын фашиз кезеңі және екінші дүниежүзілік соғыстағы батырлар мен құрбан болғандар бейнелейді.
Сонымен бірге италия соғыс нәтижесіне қанағаттанбады. 1919-1920 жж елде фабрикалармен Кеңестердің ұйымдарын басып алған «қызыл екіжылдық» өте шықты. Бірақ жұмысшылардың көтерілісі басылды. Елде оңшылдардың ықпалы өсті. 1919 ж Италияның фашистік партиясы құрылып, 1922 жылы каракиімділердің Римге жорығынан кейін және королге өз талаптарын койған соң басында Бенито Муссолини тұрған диктатураны орнатып, олар билікке келді.
17. Византиялық, ерте антикалық және кейінгі ортағасырлық авторлардың ғұндар туралы деректері
18. ХІХ ғасырдағы Ирандағы европалық державалардың саясаты
Иранда бір уақытта экономикалық тәуелділікпен қоса, саяси тәуелділікте пайда бола бастады, әсіресе капиталистік Англия мие Патшалық Ресейдің арасында кең тарай бастады. Патшалық Ресейдің Иранға саяси ықпалының басты күші – 1879 жылы құрылған персидтік казак бригадасы еді. Шахтың сұрануымен Тегеранға Ресей Патшалығынан подполковник Домантович келді. Бұл бригада Ресей үлгісімен жасалған дивизия, полк, гвардия сияқты топтарға бөлінді. Иранның әскерлері Ресей бригадасы үлгісімен қайта құрылды. Кейіннен бұл бригада шах гврдиясында басты рөл атқарды. Патшалық Ресей Тегеранда өз үстемдігін жүргізуді көздеді, яғни Ресейдің мақсаты – саяси ықпалын орталықтан басқарып, өзінің билігін нығайту болды. Осымен қоса Патшалық Ресей өзінің консулдарын, банктер салуды жоспарлап отырды. Ал Ағылшын мемлекеті Ресеймен бәсекелесте Иранның басқару жүйесінің әлсіреуін көздеді. Сол кездегі хандыққа таласып жатқан шейх Хазаляны қолдап, биліктің әлсіреуіне өз көмегін тигізді. XIX ғасырдың аяғында Англия өзінің әскерлерін Иран территориясына, шығыстағы Белуджистанды және Систанның жаулап ала бастады. Белудждік сардалар – тайпа көсемдері ағылшындардан әр ай сайын қару алып тұрды. Бұлар Иран билігіне салық төлемеді және ашық түрде қарсыласты. Ағылшындар Персидтік ағымда өзінің билігін құрды. «Қарақшыларға қарсы күрес» , «Құл сатушыларға қарсы күрес» деген сылтаулармен Персидттік ағымда өзінің әскери-теңіз күштерін қоныстандырды. Жергілікті араб шейхтері Ағылшындарға тәуелді болды. Сонымен қатар «Мәңгілік бейбітшілік» сақтап, барлық сұрақтармен Ағылшындардың резиденциясында Керзонның басқаруымен шешілді. Өзінің саяси ықпалын Шаханшахтық банк мұнай компанияларын, жолдар мен су және теміржол компаниялары, телеграф жүйелерін салды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Иранға бельгейліктер көптеп келе бастады. 1898 жылы Иран үкіметі үш бельгейлік шенеуніктерді Наусқа шақырды. Олар еуропалық үлгідегі кеден басқаруын ұйымдастыру керек еді. 1902 жылдың аяғында кедендерде отыздан астам шенеуніктер орналасқан еді. 1904 жылы Наус – Ирандағы кеден генералдық директорлық, кейіннен министрлік почта есебінде тағайындалды. Сонымен қатар бұл пост – басты паспорттық басқару мен мемлекеттік кеңестің құрамында болды. Бірақ бельгейлік шенеуніктер ағылшындар мен орыстардың қолындағы қуыршақ қана еді . XX ғасырдың басында Иран Ұлттық тәуелсіздігін жою алдында еді, яғни 1905-1911 жылдардағы революция кезінде Англия мен Ресейдің жартылай отарында еді. Шах, министрлер, губернаторлар мен феодалдық хандар империалистік державалардың қуыршағы еді.
21. Ежелгі Үндістан өркениеті
Ежелгі Үндістан – адамзат өркениетінің жоғары деңгейдегі мәдениетінің ежелгі ошақтарының бірі.Үнді мәдениеті мен ғылымы б.з. дейінгі IV –IIғ.ғ. – б.з. VІІІ ғ. өркендеді. Осы кезеңде есептеудің ондық жүйесі, цифрлерді жазу түрі (кейінірек өзгертілген түрде араб цифрі деп аталған) жасалды. Квадрат және куб түбірлерді шығару, “р” санын есептеу (3.1416…), арифметикалық және геометриялық прогрессиялар, тригонометрия мен алгебра негіздері белгілі болған. Ежелгі үнді астрономдары Жердің шар тәрізді екендігін білді, оның өз осінің бойымен айналатындығын болжады. Химияны білу қышқылдар, бояулар, дәрілер, иіс су, цемент, тұздар жасауға, металдарды білу сынаптан күрделі аппараттар дайындауға мүмкіндік берді.Б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықтың аяғы - І мыңжылдықтың басынан бізге ежелгі үнді діни әдебиеті –Веда ескерткіштері жеткен. Шамамен б.з. дейінгі 800 жылы пайда болған упанишадтар индоарийцтердің діни түсініктерінің дамуында келесі қадам болып табылады. Эпикалық әдебиеттің негізгі ескерткіштері “Махабхарата” мен “Рамаяна” болды, олар б.з. бірінші ғасырларында санскритте жазылған, бірақ олар б.з. дейінгі IV ғасырда пайда болған.Үндістанның ежелгі тарихының көптеген құпиясы ашылмаған. Алайда б.з. дейінгі ІІ мыңжылдықта шыққан ескі әдебиет көздерінде құл иелену қатынастарының дамуы туралы айтылады. Үндістанның б.з. дейінгі VI ғасырдағы қоғамдық-мемлекеттік құрылысын бейнелейтін «Ману заңдарында» қоғамдық еңбек бөлінісі, билеу мен бағынышты болу қатынастары жазылған.Әлеуметтік шығу тегімен және сипатымен ескерілген ежелгі үнді қоғамын қатты дифференциация тұйық қоғамдық топтарды қалыптастырумен аяқталды: сословиелер бойынша – варналар (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер, шудралар), кәсіптік қызметі бойынша – касталар (олар 3,5 мың). Брахмандар атақты абыздар руының өкілдері болды, олар құдайлармен байланыс жасап, мемлекетті басқарды. Кшатрийлер деп әскери ақсүйектердің өкілдерін атаған. Қос варна қоғамның пұрсатты тобын құрады. Еңбекші халық вайшьилер мен шудралар варнасына кірді. Вайшьилер шаруашылық қызметпен шұғылданды: егіншілікпен, қолөнермен, саудамен. Шудралардың үлесі – басқа касталардың мүшелеріне қалтықсыз қызмет ету. Олар құқықсыз болды және жеке меншігі болған жоқ.Дін қоғамдық теңсіздікті ақтау үшін пайдаланылды. Құдайлар иерархиясы қаланды. Олардың ішінде жоғарғылары – Брахма (Ғаламды жасаушы), Вишну (оны сақтаушы), Шива (оны бұзушы).Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі — Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті. Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.Үнді-будда мәдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: «Үнді мәдениеті — жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар — діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады»Б.з.б. VI ғасырда үнді елінде, кейіннен дүниежүзілік дінге айналған, будда діні қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты — Сиддхартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзіне тарады, оның жүрегінің тазалығы, өз-өзіне сенімділігі, парасаттылығы мен салмақтылығы, бүл қасиетті ананың қадір-қасиетін арттыра түсті. Көне Үндістанда астрономия мен математика жоғары бағаланған. «Ноль» белгісі мен санаудың ондық жүйесін ойлап тапқан да үнді ғалымдары болатын. V—XII ғасырларда Ариабхатта (V ғ.), Брахмагупта (VII г.), Магавира (IX ғ.), Бхаскара (XII ғ.)сияқты дарынды математиктер мен астрономдардың мерейі үстем болды. Халықтық театр қойылымдары өте ежелгі заманда пайда болып, әр түрлі әдет-ғұрыптар, ойындар мен билер орындаудан құралады. Халықтық театрдың көптеген формалары шамалы ғана өзгерістермен осы уақытқа дейін келіп жетті. “Рамаяна”, “Махабхарата” эпикалық поэмаларының мазмұнын сахнада бейнелеу көпшілік халықтық театрлық қойылымдардың негізі болып табылады. Мұндай театрларда өнер көрсететін актерлердің мәнерлеп оқу, би, пантомима, әншілік, кей жағдайда цирк артисінің шеберлігінен хабары болуы керек. Үнді халықтық театрларының спектакльдерінде сюжеттің біраз бөлігі актерлердің ойынымен ғана емес, әңгімелеу арқылы да түсіндіріледі. Арнайы сахналық алаңның, декорация мен құрал-жабдықтардың мол болуы да шарт емес. Дәстүрлі театрдың ең жарқын әрі көркемдік құралдарының бірі — бидің көптеген стильдері мен жергілікті түр өзгерістерінің болуы.
22. Еуропалық Одақ және Қауіпсіздік мәселесі
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (бұдан әрі — ЕҚЫҰ) – бұл құрамына Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін біріктіріп отырған, қауіпсіздік жөніндегі ірі аймақтық ұйым. Ұйымның негізгі мақсаты – аймақта жанжалдардың болуын алдын алуға, дағдарыстарды реттеуге, жанжалдардың зардаптарын жоюға бағытталған.
ЕҚЫҰ бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, адамның негізгі бостандықтарымен қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерге арқа сүйейді. Қауіпсіздік айқындамасы ретінде шекаралардың қорғалуы, әскери қатердің төндірілмеуі, саяси және экономикалық тұрақтылық, адам құқықтарының сақталуы, қоршаған ортаны қорғау қарастырылады. Бұл ұйымның қауіпсіздік және қақтығыстардың алдын алу мәселелеріне кешенді көзқарасы жер-жердегі құрылымдар мен институттардың тиімді жүйесіне негізделген. Керек деп тапқан кезінде ЕҚЫҰ қақтығыс ошақтарын қару-жарақтың күшімен де өшіре алатынын осы жылдар ішінде бірнеше рет көрсетіп үлгерді. Бұрынғы Югославияның елдерін бомбылау солай болды, әсіресе 2001 жылы Македония жеріндегі соғыс қимылдары тұсында халықаралық күштер дер кезінде килікті, Таулы Қарабахтағы қанды қырғын да ЕҚЫҰ тарапынан «осыдан қоймасаңдар көресіні көресіңдер» деп ескертілгеннен кейін тоқтатылды. Бірақ ондай шаралар тек жағдай бақылауға көнбей, шектен шығып бара жатқанда ғана қолданылады. Жалпы, ЕҚЫҰ-ның басты құралы – саяси диалог. 1996 жылғы Лиссабон, 1999 жылғы Ыстамбұл саммиттерінде қабылданған «XXI ғасырдағы Еуропа үшін жалпы және толық қауіпсіздік моделі» мен «Еуропа қауіпсіздігінің хартиясы» осындай жолмен қабылданған. Негізінде ЕҚЫҰ-ның басты ерекшеліктерінің бірі оның шешімдерінің қашанда тек консенсус арқылы, яғни бірауыздылық жағдайында ғана қабылданатындығында.
Ұйым өзінің негізгі міндеттерін шешудің және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты құралдары ретінде мыналарды жатқызады:
Ø Қару-жарақтың таралуына бақылау;
Ø Жанжалдардың алдын алу бойынша дипломатиялық күш-жігер;
Ø Сенімді қарым-қатынас және қауіпсіздікті қалыптастыру жөніндегі шаралар;
Ø Адам құқықтарын қорғау, демократиялық институттарды дамыту;
Ø Сайлауларды бақылау;
Ø Экологиялық және экономикалық қауіпсіздік.
ЕҚЫҰ-мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастыққа келетін болсақ, Қазақстан ЕҚЫҰ мүшелігіне 1992 жылдың 30 қаңтарында Прагада өткен Сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісінде қабылданды, мұның өзі біздің еліміздің осы ұйымның орасан әлеуетін пайдалануына мүмкіндік берді, бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау, жанжалдарды реттеу және бітімгершілік операцияларын үйлестіру мақсатындағы Қазақстанның күш-жігеріне де жол ашты.Біздің еліміз үшін 1994 жылғы желтоқсандағы Будапешт қаласында өткен саммит өте маңызды. Ол мынадан көрінді: саммитте үш ядролық держава – Ресей, АҚШ және Ұлыбритания – Қазақстанның қауіпсіздік кепілдіктері туралы меморандумға қол қойды. Меморандумда біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігін құрмет тұту, оған қатысты күш қолдану саясатын пайдаланудан бас тарту, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасы ядролық қару қолданылатын шабуылға ұшыраса немесе шабуыл қаупінің объектісіне айналса, онда Ресей, АҚШ және Ұлыбританияның Қазақстанға тиісті көмек көрсету жөнінде шұғыл іс-шаралар қолданатындығы сияқты міндеттемелер айтылды
23. (27) 15 ғасырдағы Осман Империясы
XI ғасырдың аяғына қарай Кіші Азияда қуатты мемлекет Түрік Осман империясы құрыла бастады. XI ғасырда қыпшақтар күшейіп, оғыздарды ығыстырды. Оғыздардың басым көпшілігін құраған салжұқтар Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға көшіп кетуге мәжбүр болды. Салжұқ Тоғрыл-бек Хорезмді, Иранды, Әзірбайжанды, Күрдістан мен Иракты басып алып, өз билігін орнатты. 1071-1081 жылдар аралығында салжұқтар Кіші Азияны жаулап алды.Оғыздардың Қынық тайпасынан шыққан әскербасшысы, Салжұқтың немересі Тоғрыл-бек 1040-1060 жылдары Кіші Азияда Салжұк түріктерінің мемлекетін құрды. Монғолдар шапқыншылығынан кейін ыдырап кеткен Салжұқ мемлекетінің орнына 1299 жылы желтоқсанда Осман түріктерінің мемлекеті келді. Оның негізін 1220 жылы Сырдария маңынан қоныс аударған түріктердің басшысы Ертоғрылдың баласы Осман сұлтан (1258-1326) қалаған еді. XIV ғасырдың екінші жартысында Осман империясы көрші елдерге жорықтар ұйымдастыра бастайды. 1352-1354 жылдары түріктер Дарданелл жағалауын, Галлиполь және бірқатар калаларын басып алады. Бұдан кейін осман түріктері Балкан түбегінде тұрып жатқан оңтүстік славян тайпаларынан құрылған Болгар патшалығы мен Серб мемлекетіне қарсы соғыс бастайды.1363 жылы сұлтан I Мұрад Андрионопольды алады да, өз астанасын сонда көшіреді. Андрионопольды жаулап алуы Балқан түбегіндегі славян мемлекеттерін бағындырудың негізгі базасына айналады. Бұл кезде Балқан түбегіндегі Болгар және Серб феодалдық мемлекеттері өзара қырғи қабақ болып, бытыраңқылықты бастан кешіріп жатқан еді.
1389 жылы түріктер Сербияға шабуыл жасайды. Шешүші ұрыс 15 маусымда Косово даласында болады. Серб королі Лазарь мен түрік сұлтаны I Мұрадтың арасында болған шайқаста түрік әскерлері ірі жеңіске жетеді. Серб сарбазы Милош Обилич I Мұрад отырған шатырға кіріп келіп, оның ту сыртынан қанжар салып өлтіреді. Соғыста Лазарь тұтқынға түсіп, өлтіріледі. Балқан түбегін бағындыру I Мұрадтың баласы Иылдырым Баязит (1360-1403) кезінде жалғасты. Соғыс майдандарында көрсеткен ерлігі үшін оған Иылдырым (Найзағай) деген ат берілген. Түрік әскерлері Баязит сұлтанның басшылығымен бөлшектеніп кеткен болгардың Тырнова патшалығын бағындырады. Балқан түбегіндегі славяндар айтарлықтай қарсылық көрсете алмайды. Содан соң түріктер Византия мемлекетінін; астанасы Константинопольге жорық бастайды.
1453 жылы сәуірдің басында II Мехмед сұлтан 200 мың түрік әскерімен Константинополь қаласын қоршайды. 1453 жылы 29 мамырда түрік әскерлері Константинополь қаласын жаулап алады. Византия мемлекетінің соңғы императоры Константин XI Палеолог (1444-1453) шайқас үстінде қаза табады. Константинопольдің құлауы Византия империясының өмір сүруін тоқтатты. Константинополь Стамбул (Истанбул) атымен Осман империясының астанасына айналдырылды. Түркия Осман империясы болып жарияланады. Осман түріктері XIV-XVII ғасырдың бірінші жартысында ұлы империя құрды. Түрік иелігіне қараған халықтар өз қожаларына тікелей тәуелді болды. Түріктер Балқан түбегіндегі жаулап алған жерлерін әкімшілік-басқару жағынан санжакқа (облыстарға) бөлді. Санжактарды түрік сұлтаны тағайындаған бейлер басқарды. Балқан түбегіндегі жер түрік сұлтанының иелігіне көшті. Түрік жерінен шаруаларды көшіріп әкеліп, оларға жер бөлді. Феодалдық жер иелігі – спахи, ал мешіт иелігіндегі жерлер – вакуф деп аталды. Балқан түбегіндегі халықтарға өте ауыр мемлекеттік салықтар салынды. Жер салығы – харадж енгізілді. 5 - 7 жастағы ер балаларды Түркияда тәрбиелеп, әскери янычар құрамдарына алып отырды. Шаруалар спахилік жер иесінің меншігі болды. Түрік иелігі орнаған жерлердегі халықтарды «райя» деп атады. «Райя» деген сөз «мал» деген мағынаны білдірді. Харадж салығы кәпірлерге (христиан дініндегі адамдарға) салынатын салық еді. Үшір салығы - өнімнің түсімінен алынатын салық (оннан бірі) түріне жатты. Шаруалар жергілікті өкіметтің рұқсатынсыз өз үлесін тастап ешқайда кете алмады. Дін жағдайы өте ауыр болды. Болгар, Серб жеріндегі христиан шіркеуіне тыйым салынды. Ислам дінін қабылдағандарға жеңілдіктер жасалды. Ежелгі славян тайпаларынан бері сақталып келген мәдениет орындары жабылды. Балкан түбегінде Осман империясы мұсылмандандыру саясатын жүргізді. Болгар, серб халықтары діни езгіге қарсы ұлт-азаттық құреске шығып отырды. Осман империясы орта ғасырдағы әскери-феодалдык құрылымдағы мемлекет болды. Империя уәлаяттарға (облыстарға) бөлінді. I Сүлейман (1520-1566) кезінде Осман империясы 21 уәлаяттан құрылды. Уәлаяттар санжактарға бөлінді. Уәлаяттарды бейлер басқарды. Олар санжактарға да билік жүргізді. Ол азаматтық және әскери басқару түрінде жүргізілді. Бұлар сонымен бірге өз аймақтарында ірі жер иелері болды. Феодалдық иерархиялық жүйеге кірді. Осман империясында coт жуйесі де болды. Сот жұмысын мұсылман қазы (кадилар) жүргізді. Сот ісін жүргізу орталықтандырылып, жоғарғы сот уәзірдің қолында болды. Діни бағыттағы сот істерін - шейх-уль-ислам жүргізді.
Осман империясы 4 әлеуметтік топтан тұрды:
1) Рухани феодалдар;
2) Әскери феодал;
3) Көпестер мен қала тұрғындары;
4) Шаруалар. Қала тұрғындары мен шаруалардың құқықтары шектеулі болды.
Түркияда жер мемлекет меншігі саналды. Жердің едәуір бөлігі феодалдарға уақытша меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер лен деп аталды. Леннің иелері сипахилер болды. Олар сұлтанның атты әскерінде қызмет атқарып, өздерінің лендерінің мөлшеріне сәйкес жорыққа белгілі бір оскер шығаруға міндетті болды. Жоғары әскер басшылары мен шенеуніктер неғұрлым ірі лендерді - хассаларды алып отырды. Халықтың ендігі бір бөлігі - феодалдық тәуелді шаруалар өздерінің жер үлестерін мүрагерлікпен пайдаланды. Еңбекке жарамды, ересек христиан ер адамдар сұлтанның қазынасына ақшалай салық – харадж, жизия төлеп тұрды. Барлық халыққа салынатын ақшалай салық испандже деп аталды.
24.(28) Германиядағы фашизмнің дамуы
Өткен ғасырымыздың жиырмасыншы жылдарының басы мен қырықыншы жылдарының ортасында фашизм сияқты ұйымның пайда болуы адамзат алдына көптеген күрделі сауалдарды қойды. Бұл сауалдарға жауап табу мәселесі күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Фашизм - XX ғасырдағы контрреволюцияның туындысы. Ол демократиялық қозғалыстың көтерілуіне қарсы бағытталған реакция. Қоғамның қайшылықтары шиеленіскен кезде үстем тап бұрынғы нағыз реакцияшыл тәжірибелерін жинақтай отырып, қайшылықтан шығу жолын іздейді. Сондықтан бұл шараларды жүзеге асыруда оларға ұйымдасқан күш керек. Ол күш - адамзаат баласын бүрын тарихта болмаған алапат қырғын әкелген фашизм еді.
Фашизм - диктатураның басып-жаншу мен құрту жолынан басқа шарасы қалмаған кезде пайда болады және оның негізгі ұйымдастырушысы ролін атқарады. Фашизм - интернационалдық құбылыс. Неліктен ол Еуропада пайда болды? Себебі, Еуропа демократиялық, революциялық қозғалыстың орталығы болды. Германиядағы фашизмнің «таптық формасы» белгілі бір тарихи жағдайда қалыптасты. Ол қозғалыстар мен революция дәуіріне қарсы реакция және коммунистік партиялардың дамуына жауап ретінде пайда болды. Германия мен италиядағы фашизм әлемді революциялық жарылыстар тітіркендіріп түрған кезде, яғни Еуропа экономикалық, әлеуметтік жүйедегі билігінен әлсірей бастаған кезде туды. Фашизм қоғамның дағдарысы мен жоқшылық бұқараның ашу-ызасын тудырған жағдайда дамыды. Оның қозғаушы күші - қара ниетті, шовнистік көзқарастардағы топтар болып табылады. Батыста соғыстан кейінгі уақытта Гитлердің жеке басына деген қызығушылықтың өскенін айта кету керек. Батыстағы ірі капитал иелері жас ұрпақты тұңғиыққа итермелеп, Гитлерді «күшті жеке адам» ретінде көрсетеді. Сондыктан Гитлердің адамзат тарихына қанша зиян кетіргенін анықтау өте қажет. Бұл мәселеніі шешу үшін Гитлер құрған фашистік өкіметтің саясатын, оның агресиялық мэнін, халыққа қарсы әрекет жасағанын талдау қажет. Көптеген адамдар мен болашақ үрпақ Гитлер қылмыскер, немесе кісі өлтіргіш болды ма, ол итті, немесе Вагнердің музыкасын сүйді ме деген мәселеге бейжай қарайды. Бәрінен де маңыздысы ол қалай өкімет басына келді және оның істеген ісіне кім мүмкіндік берді? Міне, осыны аяғына дейін анықтап алу тарих ғылымындағы маңызды да күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Диплом жұмысының тақырыбы да осы мақсаттан туды. Германиядағы фашистік диктатураның алғашқы тәжірибесін талдай келіп, ИККИ XIII пленумы (1933 жылғы қараша-желтоқсан) фашизмге түпкілікті ғылыми анықтама берді. Ал, коминтерннің VII конгрессі оны одан әрі тереңдетіп, фашизмге толық талдау жасады. Міне, осы құжаттар тарихнамадағы осы мәселеніің бұдан бұлайғы мазмұнын анықтады. 1934 жылы Р.Пальм Даттың «Фашизм және социалистік революция» деген еңбегі ағылшын тілінде басылып шықты. 1935 жылы оның толықтырылған орысша нүсқасы басылды. Бұл халықаралық фашизмге теориялық талдау жасауға тырысқан бірінші ғылыми еңбек болды. Еңбектің құндылығы сол, онда фашизм еңбектің өне бойына империализмнің жалпы экономикалық және саяси мәселелерімен байланыстырылды. Алайда, ол мемлекеттік-монополистік капитализмге өту міндетті түрде фашизмге әкелді деп жалған пікір айтты. Кейбір еңбектерде герман фашизмнің ерекшелігі бірінші кезекте қаралып, оны монополистік реттеу, әскери экономиканың қарыштап дамуы, әскери шараларды жүзеге асыру сияқты күрделі міндеттерді орындаудағы фашистік диктатураның ролі басым көрсетіледі. Осындай еңбектің бірі - 1960 жылы шыққан Г.Л.Розановтың монографиясы. Ол фашистік диктатураның ішкі, сыртқы саясатын жан-жақты талқылады. Автор бірінші кезекте фашистік террордың мемлекеттік жүйесінің пайда болуын ашып көрсетті, фашизмді өкімет басына әкелеген герман монополистерімен өзара қарым-қатынасын қарастырды.
1967 жылы А.А.Галкиннің өте маңызды зерттеуі пайда болды. Ол капиталистік қоғамдағы фашизмнің әлеуметтік-экономикалық және саяси орынын ашып көрсетті, фашизмнің әр түрлі әлеуметтік топтарға көзқарасын, қатынасын талдады. А.А.Галкин орта топтардың фашизмнің әлеуметтік сүйеніші болғанын көрсетті, фашистердің ұзақ уақыт бойы оларды өздеріне пайдаланудың әлеуметтік-экономикалық және саяси себептерін анықтады. Алпысыншы жылдардың екінші жартысынан бастап герман фашизмі тарихының алғашқы сатылары белсенді түрде зерттеле бастады. Гитлер партиясының алғашқы кездегі тарихын, оның пайда болуының алғышарттарын зерттегендердің бірі - Д.С.Давидович/4/. Герман фашизмі қалыптасуның алғашқы дәуірін зерттеуге А.С.Бланктің бірнеше еңбегі арналған/5/. Ол фашизмнің пайда болуының қозғаушы күштерін, нацистік партияның қалыптасуын, шамамен жиырмасыншы жылдардың ортасына дейінгі уақытты қамтып көрсетеді. Автор нацизмнің рухани тірегіне, идеологисының қалыптасуы мен әдістеріне, таралуына, оның белгілі бір әлеуметтік топтарға әсеріне көп көңіл бөлді. Фашизмнің пайда болуы туралы мәселеге және оның тарихнамасына көп көңіл бөлген автор - Л.Ю.Рахшмир/6/. Ол фашизмнің пайда болуын жеңілдеткен әлеуметтік-экономикалық жағдаймен қатар «рухани күш» берген факторларды атайды. Фашизмнің бүқаралык базасын сақтап қалудағы үгіт-насихат жұмыстарының әдістері мен диктатураны күшейтуге бағытталған шараларын, фашистік тәртіптің құлауының саяси мәселелерін қарастырған Г.Н.Горошкова болды/7/.
Герман фашизмінің тарихындағы үлкен мәселеніің бірі - аграрлық саясат пен шаруалардың жағдайы. Бұл мәселемен негізінен монографиялары жетпісінші жылдардың соңында жарияланған А.Аникеев айналысты. Бұл еңбектерде бүрынғы Герман Демократиялық Республикасының мемлекеттік архивінің, Дрезденнің жер туралы архивінен материалдар кіреді. Ол фашистік үкіметтің аграрлық саясатының нәтижесінде әр түрлі шаруа топтарының жағдайы қандай болғанына талдау жасайды/8/. 1978 жылы СССР Ғылымдар академиясы жалпы тарих институтының ғалымдары дайындаған «История фашизма в Западной Европе» деген еңбек шықты/9/. Онда бүкіл Батыс Еуропа елдеріндегі фашистік қозғалысқа талдау жасалған. Жинаққа Г.С.Филатов, Л.И.Пищберг, Г.Н.Горошкова, В.Д.Ежов, И.И.Жигалов, Б.Р.Лопухов, С.П.Пожарская, И.К.Шириня еңбектері кірді. Фашистік тоталитарлық мемлекеттердің құрылуы және дамуы, оның саяси жүйесі туралы мәселе Ж.Желеевтің еңбегінде зерттелген/10/. Гитлердің жеке басы, психикалық ауруы шетелдік зерттеуші Эрих Фроммның еңбегінде талданды.
25. (31)Батыс Рим империясы және ғұндар
IV ғасырда Рим империясы әлсірей бастады. Оның бірнеше себептері болды. Ең басты себеп - құлдар еңбегінің тиімсіздігі еді. Құлдар өнімді көп өндіруге мүдделі болмады. Еңбегіне ақы алмай, тек тамағы үшін ғана ауыр жұмыс істеуге мәжбүр болған құлдар қасақана еңбек құралдарын бүлдіріп, зиянкестік жасады, жұмыстан жиі бас тартты.
Билік басындағыларды, әскерді азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыру үшін халыққа салынатын салық мөлшері жылдан-жылға өсе берді. Сөйтіпөкіметке қарсы тек құлдардың ғана емес, карапайым қала халқы мен шаруалардың да наразылығы күшейе түсті. Құлдар мен қарапайым еңбекші халық шіркеуге де сый-сыяпат, зекет ретінде алым-салықтар төлеп тұрды. Тойымсыз дінбасыларға деген наразылық қалың бұқара арасында күпірлер қозғалысын туғызды.
Қатты күйзеліске ұшыраған Батыс империяға Герман тайпалары - вандалдар,вестготтар (батыс готтар), остготтар (шығыс готтар), ағылшын-сакстер, франктер және тағы басқалар шабуылдарын күшейтті. Бұл тайпалардың қоғамдық даму деңгейі біркелкі емес еді. Кейбіреулері отырықшылық өмір сүріп, егіншілікпен шұғылданса, екіншілері мал шаруашылығымен айналысып, қоныс аударып отырды. Германдық тайпалардың негізгі шаруашылық ұясы қауым болды. Қауым мүшелері топқа бөлінбей, жерді бірлесіп өңдеді. Германдықтарда мемлекет болмады. Қауымдарды сайланып қойылатын көсемдер басқарды. Дау-дамай, талас-тартыстарға ру ақсақалдары қазылық етті. Тайпалар өзара соғысып, бірін-бірі бағындырып отырды. Соғыс кезінде батырлығымен көзге түскен тайпа көсемі әскербасы болып сайланатын.
IV ғасырдың аяғынан бастап германдық тайпалар Батыс Рим империясына басып кіріп, қоныстана бастағаны сендерге «Ежелгі дүние тарихынан» белгілі. Оларды шығыстан көшпелі ғұндар ығыстырған болатын. 378 жылы Адрианополь қаласы маңында германдық вестготтаримператор Валенттің өзі басқарған Рим әскерін талқандады. Осы жеңілістен кейін Империя оңала алмады. 410 жылы Аларих бастаған вестготтарРимді басып алды. Вестготтарқаланы үш күн бойы тонады. Бірак олар Римде тұрақтап қала алмады, азық-түлік қоры таусылды, оның үстіне Империя тұрғындары варварларға қарсы күресін тоқтатқан жоқ еді. Сол себепті вестготтарОңтүстік Галлияға өтіп кетті. 418 жылы Оңтүстік-Батыс Галлияда Вестгот корольдігі пайда болды.
429 жылы вандалдар ғұндармен бірге келген аландармен коса Солтүстік Африкаға өтті. вандалдарды король Гейзерихбасқарды. Ол Солтүстік Африканың едәуір бөлігін басып алып, 429 жылы Вандал корольдігін құрды. V ғасырдың аяғына карай ғұндардың ығыстыруымен Рим империясының жеріне басып кірген франктер - Галлияда, остготтар - Италияда, ағылшын-сакстерБритания аралдарында өз мемлекеттерін құрды. 476 жылы Батыс Рим империясы әскербасыларының бірі Одоакр (Өдекер)Герман тайпаларынан құрылған әскермен көтеріліске шықты. Ол императорды тақтан құлатып, жер аударды. Одоакр өз жауынгерлеріне және көмекке келген құлдарға байлардан тартып алынған жерлерді бөліп берді. Осы жыл тарихта құл иеленушілік құрылыстың жойылу жылы деп саналды.
IV-V ғасырлардағы ғұндар
476 жылы құл иеленуші Батыс Рим империясының құлады. Оның құлауына ғұндардың себепкер болғаны белгілі. Осы ғұндардың кім болғанын, қайдан, қашан келгендерін тағы да естеріңе сала кетейік. Себебі олар түркі халықтарының арғы аталары деген пікір айтылып жүр. Қалай болғанда да олар бізге жақын халық болған.
Б.з.б. 50-жылдары Қытайдан жеңіліп, ғұндардың бір бөлігі Орал тауының оңтүстігіне коныс аударған. Ал IV ғасырдың 70-жылдарығұндардың Батысқа қарай жаппай жөңкіле көшуі басталды. Олардың осы Батысқа қарай жылжуы тарихта «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталды.
Ғұндар Еуропаға келіп, рулық қоғамда өмір сүріп жатқан Герман тайпаларын батысқа қарай ығыстырды. Осы ғұндардың Одоакр(Өдекер) деген батыры Герман тайпаларының әскерін басқаратын. Сол әскермен ол 476 жылы күл иеленуші Батыс Рим империясынбасып алып, құлдықтың жойылғандығын жариялады.
Сөйтіп 476 жыл құл иеленуші қоғамның жойылып, феодалдық қоғамға көшу жылы деп саналады. Аттила (Еділ) басқарған ғұндардың 451 жылы Рим әскерін талқандады. Олар сол кездегі озық технологияның арқасында жеңді. Ол технология - ер-тоқымның үзеңгісі болатын. Ал рим әскері ол кезде үзеңгіні пайдалануға көшкен жоқ еді.
26.(32) Ұлы Француз революциясы . Адам мен азамат құқық декларациясы
Француз революциясы, Ұлы француз революциясы, Француз төңкерісі — 1789 — 1794 жылдары Франциядағы феодалдық-абсолюттік құрылысқа ауыр соққы беріп, капитализмнің дамуына жол ашқан буржуазиялық-демократиялық көтеріліс. 18 ғасырдың соңында Францияда жаңадан қалыптасып келе жатқан өндіргіш күштер мен ескі феодалдық өндірістік қатынастардың арасындағы қайшылықтар шиеленісе түсті. Елдің эконикалық жағдайын мемлекеттік қазынаның сарқыла бастауы, сауда-өнеркәсіптік дағдарыс, құрғақшылық әрі қарай ауырлатып, 1788 — 1789 ж. аса қиын ахуал қалыптасты. Оның алдын алу мақсатымен король Людовик XVI 1789 ж. 5 мамырда Версальда Бас Штаттарды шақырды. Оған ақсүйектерден 300, діни мекемелерден 300, үшінші сословиеден (қарапайым халық) 600 депутат қатысты. 1789 ж. 17 маусымда үшінші сословиенің депутаттары өздерін бүкіл ұлттың өкілдері деп мәлімдеп, өз жиналыстарын ұлттық, ал 9 шілдеден — Құрылтай жиналысы деп жариялады. Өкіметтің бұл жиналысты қуып тарату әрекеті халық көтерілісіне әкеп соқты. Король Бас штаттарға жиналыс өткізуге тыйым салғаннан кейін үшінші сословиеден шыққан депутаттар мен оларды қолдаушылар сол кезде бос тұрған Әулие Яков шіркеуіне жиналып, саяси мәселелермен айналысты. Сондықтан Яков шіркеуіне жиналғандарды халық-яковиншілер деп атады. 1789 ж. 14 шілдедегі Бастилияға тікелей шабуыл жасау Француз революцияның бастамасы болды. Феодалды-абсолюттік құрылысқа қарсы күресте буржуазия, шаруалар мен қала кедейлері бірігіп кетті. Бұл бірлік 1789 ж. 26 тамызда Құрылтай жиналысы қабылдаған “Адам және азамат құқықтарының Декларациясынан” көрініс тапты. Онда ұлт жоғ. өкімет билігінің қайнар көзі ретінде жарияланды. “Адамдар ерікті және құқығы жағынан тең болып қала береді” делінді. Сөйтіп, феодалды артықшылықтар мен үстемдіктерге соққы берілді. Сөз, баспасөз, дін ұстау, жиналыс бостандықтары жарияланды. Жеке меншік мызғымас және қасиетті құқық ретінде танылды. Негізгі саяси құқықтар алдымен салық төлеушілерге берілді. Француз революциясының бірінші кезеңінде (1789 ж. 14 шілде — 1792 ж. 10 тамыз) билік ірі буржуазия мен фельяндар деп аталған либерал ақсүйектерге тиісті болды. Негізінен буржуазия өкілдерінен тұратын астаналық әкімшілік құрылды. ОлПариж коммунасы деп аталды. Оның басшылығымен 1792 ж. 10 тамызда көтеріліске шыққан халық жеңіске жетіп, король тақтан түсірілді. Ұлттық Конвентке сайлау белгіленді. Француз революциясының екінші кезеңінде (1792 ж. 10 тамыз — 1793 ж. 2 маусым) саяси билік Құрылтай жиналысының орнына сайланған Заң шығару жиналысына көшті. Ол жиналыста Жиронда департаментінен шыққан депутаттар үстем түсіп, Ұлттық Конвентте көпшілік орынды иемденді. 1792 ж. 22 қыркүйекте Конвент Францияны республика (бірінші республика) деп жариялады. Конвент залындағы жоғ. орындарға революцияны соңына дейін жеткізуді мақсат еткен депутаттар отырды. Бұл топ “тау” деп аталды. Оны М.Робеспьер, Ж.П. Марат, Ж.Ж. Дантон, Л.Сен-Жюст, т.б. басқарды. “Тау” якобиншілер клубында басымдыққа ие болып, жирондистерді клубтан шығарды да, Париж Коммунасындағы жетекші күшке айналды. “Таудың” талабы бойынша 1793 ж. 21 қаңтарда Людовик XVI корольдің басы кесілді. Революцияның онан әрі жалғасуын тоқтатып, халықты бейбіт еңбекке жұмылдырмақ болған жирондистердің әрекеті 1793 ж. 31 мамыр — 2 маусым аралығындағы халық көтерілісіне әкеліп соқты. Оның нәтижесінде якобиншілер диктатурасы орнады. Бұл Француз революциясының соңғы, үшінші кезеңі (1793 ж. 2 маусым — 1794 ж. 27/28 шілде) болды. Билікке ие болған топ басқа әлеум. топтардың талап-тілектері мен мүддесін ескермей, тек өз мақсатттарын жүзеге асыруға тырысты. Бұл әрекет әділеттілік, ерік, бостандық, теңдік ұғымдарымен сыйыспады. 1793 ж. жазда бүкіл өкімет билігі М.Робеспьер басқарған Қоғамдық құтқару комитетіне көшті. Өкіметке наразылық білдірушілерді жазалау үшін Жалпы қауіпсіздік комитетті құрылды. Сауда жасау еркіндігіне шек келтіріліп, өз бетімен сауда жасаушылар “алыпсатарлар” ретінде айыпталды. Революцияның қас жауы деп есептелген корольдің әйелі Мария Антуанетта өлтіріліп, елде революциялық лаңкестік жүргізілді. Ашынған шаруалар мен жұмысшылар ақсүйектер мен байларды өлтіріп, байлықтарын өзара бөлісіп алуға кірісті. Бұл “барып тұрған якобиншілер” байлардан астықты күшпен тартып алуды, саудагерлерге қарсы лаңкестікті күшейтуді талап етті, кедейлерді Конвентке қарсы көтеріліс жасауға шақырды. Халықты арандатушылық әрекеттерге итермелегені үшін Қоғамдық құтқару комитеті “нағыз якобиншілердің” басшыларын соттап, өлім жазасына кесті. Бұл якобин диктатурасының халық бұқарасы алдындағы беделінің түсуіне себеп болды. Қоғамды өндіріске, бейбіт еңбекке жұмылдырудың жолдарын көрсете алмаған якобиншілер енді Конвенттегі “самарқаулар” деп аталған жаңа буржуазия өкілдеріне қарсы күрес жүргізді. “Самарқаулар” лаңкестікті бәсеңдетуді, рев. диктатура тәртібін тоқтатуды, Англиямен тез арада бітім жасауды талап етті. Олардың басшылары да “сатқын” деп айыпталып, 1794 ж. сәуірде өлтірілді. Бірақ якобиншілердің саяси беделі нығаюдың орнына, керісінше әлсіреп кетті. 1794 ж. 9 термидорда (27/27 шілдеде) “самарқаулар” мен оларды жақтаушылар жеңіске жетіп, М.Робеспьер бастаған “барып тұрған якобиншілердің” 22 басшысы өлтірілді. Тез әрі оңай жолмен “тартып алып, бөліп беруге” бейімделген диктатура халықты өндірісті ұйымдастыруға, жаңа құндылықтар жасауға жұмылдыра алмай, экон. процестердің дамуына кедергі келтіргендіктен құлады. Дегенмен, Француз революциясы Францияда капит. қатынастардың дамуына жол ашты.
29.(35) Германиядағы гуманизм
Германияда гуманизм идеялары XV ғасыр ортасыңа қарай тарай бастады және оларды негізінен прогрессивтік интеллигенция мен жоғары оқу орындарының ұстаздары қолдады. Немістің жаңғыру мәдениетінің қалыптасуында экономикалық факторлар: тау-кен өндірісінің дамуы, кітап бастыру ісінің жолға қойылуы мен тоқыма өнеркәсібінің қарышты қадамы айрықша рөл атқарды. Шаруашылық саласына тауар-ақша қатынастарының еркін енуі және Германияның жалпы Еуропалық нарықтық процестерге араласуы адамдардың сана-сезімін өзгертті. Сонымен қатар саяси ыдыраңқылық жағдайларындағы Германияның өзінде де католиктік шіркеуге, оның озбырлық әрекеттеріне қарсылық күшейе түсті. Сондықтан да, шіркеуді қайта құру жолындағы күрес неміс жерінде қарқынды жүргізілді. Осы орайда Мартин Лютердің Библиянынеміс тіліне аударуы — Германиядағы Қайта жаңғыру дәуірінің бастамасы болды. Бұл аударма жүмысы 20 жылға созылды және осыдан кейін іле-шала Библия (Ӏнжіл) ағылшын, француз және т.б. тілдерге де аударылды. Библияның неміс тіліне аударылуы — немістің ортақ әдеби тілінің қалыптасуына да әсерін тигізді. Германиядағы Қайта жаңғыру дәуірі Реформациямен (католиктік шіркеуді реформалау жолындағы қозғалыспен) тығыз байланысты болды. Реформация жолындағы бұл қозғалысты Мартин Лютердің өзі басқарды.
Еуропаның басқа бір елі — Испанияда Қайта жаңғыру дәуірі басқа елдерге қарағанда қарама-қайшылықтарға толы болды. Мұнда гуманистер католицизм мен католиктік шіркеуге қарсы шыққан жоқ, өйткені оған Испанияда қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай өз әсерін тигізді.
Немістің гуманистік әдебиетінің белгілі өкілдерінің бірі — Иоганн Рейхлин (1455—1522 жылдары) — «Письма темных людей» деп аталатын атақты сатиралық шығарманың авторы. Ол бұл еңбегінде ғылыми атақтары бар магистр мен бакалаврлардың қара ниетін айыптап, қоғамдық өмірді сынға алды.Нидерланддағы Қайта жаңғыру мәдениетінің алыбы Эразм Роттердамский (1496—1536 жылдары) болды. Ол өзін «әлемнің азаматымын» деп атады. Эразмның «Есерсоқтықты мақтаған сөз», «Үйдегі әңгіме» сияқты өмірдің сан-саласын қамтитын сатиралық шығармалары Германияға, Францияға, Испанияға, Англияға кеңінен тарады. Ол өз шығармаларында корольдер менкнязьдердің, феодалдардың саяси озбырлықтарын әшкерелеп халыққа қайғы-қасірет әкелетін соғыстарды сынға алды. Бұл түста Нидерландның ұлттық гимнінің авторы Филип Альхонде, суретшілер Питер Брейгел (1525—1569 жылдары), Франс Хале(1580—1660 жылдары) және т.б. баға жетпес туындылар берді. Нидерландның мәдени өмірінің басты ерекшелігі — қалаларда ғана емес, сонымен қатар, шағын деревняларда да риторикалық қоғамдардың құрылуы болды. Бұл қоғамдардың мүшелері өлең, ән, пьеса, әңгіме шығарудан өнер сайысына түсетін болды. Мұндай риторикалық қоғамдар халықтың мәдени дәрежесінің көтерілуіне үлкен үлес қосты.Дюрер Альбрехт (1471-1528). Ол Германияның алдыңғы қатарлы суретшілерінің көшбасшысы болды. Альбрехт Германияға, Нидерландға, Италияға көп саяхат жасап, бұл елдердегі шеберлердің жетістіктерімен танысты. Ол неміс суретшілерінің ішінде дарынымен, терең білімділігімен, ізденімпаздығымен, мүрат айқындығымен көзге түсті. Дюрер суретші, инженер әрі сәулетші болды, көне тілдерге жетік әрі ақын еді. Басу станогы табылғаннан кейін суреттерді көбейтуге және оларды көп адамның пайдалануына мүмкіндік туды. Суретшілер суретті ағашқа ойып жасады немесе оларды мыс пластинкаға қышқылмен түсірді, одан кейін оған бояу жағып, қағазға басты.Дюрер бала кезінен басылымдарды безендірумен әуестеніп, гравюрамен айналыса бастады. Ол жасаған бейнелер Германияда халықтың реформация қарсаңында етек алған мазасыз көңіл күйімен үндес болды. Сондықтан да Дюрердің гравюрасы мен картиналары көпшілікке қатты ұнады. Дюрер аса үлкен портрет шеберлерінің бірі болды. Дюрердің таңдаулы гравюраларының бірі «Төрт салт атты» деп аталады. Онда тәңірдің жер бетіндегі адамзаттың үштен бірін жазалауға жіберген - Індет, Соғыс, Ашаршылык және Ажал кейпіндегі салт аттылар бейнеленген. Салт аттылар жолындағының бәрін таптап, қырып-жойып келеді. Қаланың бір бай әйелі мен священник ат тұяғының астында қалған. Бір жақта тозақ тажалы епископты жұтып жатыр. Аттылының біреуі садақ тартып, ал екіншісі жалаң семсермен жайпап барады. Көтерем аттың үстінде ақ шашы желбіреген кусүйек шал - Ажал. Ажалдың қолында үш тармақты сүңгі. Аты ауыздығымен алысқан бір салт атты - нақ орта тұста. Оның жүзінен аянышты азап, өршіген өшпенділік, бұл тартпас құлшыныс аңғарылады. Қанатты періште салт аттыларға жол көрсетуде. Тәңір найзасы көкті тілгілеп, күн көзін түйдек-түйдек бұлт жапқан. Жер бетін түнек басқан. Жарқ еткен сәуле нүрландырғандай осынау бейнелер қара түнектен айқын елес береді. Голландияда өнердің көркеюі буржуазиялық революцияның жеңісіне байланысты болды. Енді картинаға тапсырысты бұрынғыдай шіркеу емес (протестант храмдарында бұрын икон болған жоқ), өз үйлерін әшекейлеуге тырысқан қала байлары берді. Оларды туған табиғаттың бейнесі, үй жиһаздары, тұрмыстық шағын көріністер қызықтырды. Голландияда сурет өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт сияқты түрлері өркендеді.
33. Ежелгі Қосөзен өркениеті (Шумер Аккад)
XIX ғасырдың соңғы ширегінде Тигр және Евфрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге «Шумер өркениеті» деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының «фәлсафалық мәйегі», ілгерілеу мен дамудың қайнар бүлағы деп дәріптелді.
Жер бетінде алғаш өркениетті қауым, іргелі мемлекет құрған шумерлердің мәдениеті дүниежүзілік мәдени ошақтардың бірі Египет мәдениетіндей өте жоғары болды. Бірақ Ніл аңғарында үш мың жыл бойы бір-ақ халық қоныстанып, бір-ақ қана мем¬лекет Ежелгі Египет қоныстанса, ал Қос өзен бойында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сияқты түрлі мемлекеттік құрылымдар тарих сахнасында бірінен кейін бірі алмасып тұрды, түрлі халықтар өзара сауда-саттық жасаумен қатар, өзара әскери қақтығыстарға да жиі барып түрды, соның салдарынан қалалар мен әсем ғимараттар күл-талқан болып қирады да. Бірақ мұндай қақтығысқа қарамастан бұл мемлекеттердің мәдени гүлдену процесі тоқтап қалған жоқ.
Оған дәлел, Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И. Грозный сияқты аса көрнекті шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон мәдениетінің негізін қалаушылар бо¬лып саналады. Ал шумерліктердің өздері, олардың ата-бабаларын Қос өзен өңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шығыстан келген.
Ғалымдардың айтуынша, бүл келгендер «тау тұрғындары», «малшы көшпелілер» болып есептелсе керек. Шумердің 3100— 2800 жылдардағы халқы туралы белгілі ғалым JI. Вулли: «Дәл осы кезеңде бүлардың халқының басым көпшілігі келімсектерден құрылғаны анық. Әр түрлі себептермен келген олар бүл елдегі халықтардың игере алмай отырған биік мәдениетін өркендетуге белгілі дәрежеде эсер еткен болса керек», — деп жазады.
Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Адамзат тарихындағы алғашқы «алтын ғасыр туралы» поэмасы шумер елінің топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды, дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар «Месопотамия — архивтер отаны» деп тегіннен-тегін атамағанын атап өткіміз келеді, өйткені мүнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер — ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының түңғыш күнтізбегін жа¬саған да осы шумерліктер.
Өз заманында іргелі мемлекет құрған шумерлер айналасы тас дуалды әдемі қалалар салудың тамаша үлгісін көрсете білді. Қалада патша сарайы, дін ордалары, қалалық әкімшілік, шеберхана, мектеп, базар, түрғын үйлер тәртіппен түзіліп, шаһардың сәулетіне сәулет қосты.
Дүние жүзіндегі алғашқы жазуды ойлап табу да осы дарынды халықтың үлесіне тиген. Шумерлер сына жазуын ойлап табумен қатар, оның жетілген оқулықтарын, грамматикасын жaсады. Шумер елінде мектептер мәдениет пен білім ошағына айналды. Бір таңқаларлық жағдай дінтану оқу бағдарламаларына енгізілмеген. Оқушылар негізгі пәндер — шумер тілі мен әдебиетімен қатар, математика, астрономия, грамматика сияқты ғылым салаларын оқумен шұғылданған.
Мектептерде шәкірттердің білімін сараптайтын сынақ жүйесі болды, медицина, сот істері бір ізге қойылды, сәлемхат жазба түріндегі елшілік қарым-қатынас, келісім шарттарға ерекше мән берілді, қазыналық кіріс-шығыс есебі мұқият жүргізілді. Әдебиет пен өнер өркен жайды. Адамзат қауымының тұңғыш әдебиет үлгісі, сына жазу арқылы бізге келіп жеткен даңқты «Гиль-гамеш туралы аңыз» қасиетті шумер елінде дүниеге келді. Бұл тамаша дастанда адам өмірінің мәні мен маңызы туралы мәселе көтеріліп, өлім мен өмірдің арақатынасы жайында фөлсафалық толғаулар айтылады. Шумер мәдениетін зерттеген шетел ғалымдарының айтуынша, шумер мемлекетінің бірнеше қалалары болған. Солардың ішінде Ур-Уч қаласы (қазіргі Ирак Республикасының Варка қаласы) негізгі бас шаһар болып саналады. Сондай-ақ шумерлердің Ларса, Лагаш, Умма, Аратта, Шу-руппақ сияқты бір-біріне жапсарлас орналасқан қалалары да болған. Қос өзеннің байырғы түрғындары — шумерлердің діни наным- сенімдері де, мифологиясы да жан-жақты дамыған. Өз қүдайла- рын «діңгір-тәңір» деп атаған шумерлер өлемнің жаралуының басын «Ан-Ки» деп білген. «Аны» — аспан, «Киі» — жер, демек олар көк иесіне «Ан» деген, ал жер иесіне «Ки» деген атақ бер- ген. Шумерлер адамзат тағдырын шешетін 50-ден астам қүдай бар деп есептеген. Олардың біразының аты белгілі: Ан, Ан-Ки, Ан-Лил, Ереш-қигал, Инанна, Нурур-Саг, Мама, Мами, Уту, Марту, Ие, Мардук, Шамаш және т.б. Осы орайда Шумер мәдениетіне байланысты ғалымдардың бүлтартпас деректерімен дәлелденген ақиқат бар. Ол әлемге ізгілік жолын сілтеген киелі кітап «Тәуратқа» байланысты ақиқат. Өйткені, теологтар Төурат пен Ӏнжілді қүдай сөзі, не болмаса қүдай сөзін қаз-қалпында жеткізген пайғамбарлар уағызы деп түсіндірсе, ғалымдар оны көне дәуір адамының үшқыр ойының жемісі деп бағалады. Шындығында солай шығар, бірақ Қос өзен бойынан табылған жазба деректерге қарағанда иуда және христиан дініне бастау болған Тәураттың-шумерлердің мифологиясы аңыздары мен дастандарының көшірмесі екендігі айқындалып отыр. Бұл жағдай шумерлер өркениетінің мәртебесін өсіріп, шоқтығын биіктете берері сөзсіз. Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вави¬лон болды. Б.з.д. II мыңжылдықтың ортасында Хаммурапии патшаның тұсында (б.з.д. 1792—1750 ж. патшалық қүрған) Вави¬лон қаласы бүкіл Шумер және Аккад облыстарын өзінің қол астына біріктірді. Хаммурапидың кезінде екі метрлік тас діңгекке сыналап жазылған атақты заңдар жинағы өмірге келді. Хамму- рапи заңдарында Қос өзен алқабының ежелгі түрғындарының шаруашылық өмірі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғүрыптары және дүниетанымы кеңінен көрініс тапты. Бір кездерде қуатты Вави¬лон патшалығы мен және үлы Ассирия державасы туралы деректер өткен ғасырға дейін тек Библиядан, сондай-ақ Геродот- тың жөне тағы да басқа көне заман авторларының еңбектерінен ғана белгілі болатын. Ал Мосулдағы француз консулы Поль Эмиль Ботта Қос өзен бойында таңқаларлық археологиялық жаңалық ашып, осы бір үлы мөдениеттің көмескі жақтарын айқындауға жол салып берді.
30. (36)АҚШ «жаңа бағыт » саясаты
1929 жылы АҚШ-та экономикалық дағдарыс басталады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең бай ел АҚШ-та дағдарыстың басталуына не себеп болды? Бұл сұраққа жауап беру үшін дағдарыстың қалай басталғанына және АҚШ экономикасының даму ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Экономикалық дағда- рыстың басталуына 1929 жылғы Нью-Йорк қаласындағы қор биржасындағы оқиға себеп болды. Бұл былай болған еді. 20- жылдарда Нью-Йорк қор биржасында дүниежүзінде сатылатын акция (қағаз ақшаның) мол қоры болды. Оның мөлшері 1927 жылы 27 млрд болса, 1929 жылы 87 млрд долларға жетті.Әлеуметтік қайшылық өсті. 1929-1932 жылдарда жұмыссыздардың саны 17 млн адамға жетті. Жұмыссыздық 30- жылдардағы АҚШ-тың күнделікті өміріндегі қалыпты көрініске айналды. Жұмысшылардың жалақысы 60% -ғақысқарды.АҚШ-тың ауыл шаруашылық саласы дағдарыс жылдарында көп зардап шекті. Ауыл шаруашылық өнімдері артық шыға- рылып, өтпей қалды. Ауыл шаруашылық тауарларының бағасы үш есе арзандап кетті. Бұл фермерлердің жағдайын күйзелтті. Дағдарыс жылдарында 900 мың фермерлік шаруашылық қысқартылды. 1929-1933 жылдарда АҚШ-тың банк жүйесі айтарлықтай дағдарысқа жетті. Осы жылдарда 5800 банк жабылды. Миллиондаған американдықтар өздерінің банкке салған жинақтары- нан айрылып, қайыршылық жолға түсті. Демократиялық партияның сайлау қарсаңындағы үгіт-наси- хат жұмысы халық арасында жандана түсті. Олар экономикалық дағдарыс жылдарындағы республикалық партияның саясатын күн санап әшкерелеп жатты. Демократиялық партияның сайлау бағдарламасы еңбекші халық алдында жаңа реформалық бағытты ұсынды. Демократиялық партия АҚШ президенттігіне Нью-Йорк штатының губернаторы Франклин Делано Рузвельт- тің кандидатурасын ұсынды.Ф.Рузвельт сайлау алдында өзінің жаңа экономикалық реформасын ұсынды. Реформаның негізгі бағыты миллиондаған кедейленген халықтың мүддесін қорғау деп түсіндірді. Рефор- маның жаңа ұраны тарихта «жаңа бағыт» деп аталды. Ф.Рузвельттің жаңа бағытын американ қоғамы онша түсіне алған жоқ. Сондықтан бірден саяси қайраткерге айнала алмады. Бірақ та сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысының бары- сында, экономикалық дағдарыстан шығудың жолы мемлекеттік тұрғыдан реттеу екенін түсіне бастады. Мемлекеттік реттеу - экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден-бір жолы екенін сайлаушылар да түсініп, Ф.Рузвельттің саяси беделі өсе бас¬тады. Сайлаушылар алдында сөйлеген сөзінде Ф.Рузвельт елдегі азаматтық құқықтың сақталуын, оған мемлекеттік жауапкершілікті күшейтуі керектігін айтып отырды. 1932 жылы қыр- күйек айының 23-і күні Сан-Франциско қаласында сөйлеген сөзінде «экономикалық жоспарлау» идеясын ұсынды. ХХ ғасырда американдықтар үшін тәуелсіздік Декларациясына өзгерістер енгізудің қажеттілігін айтты. «Әрбір адам өмір сүруге құқықты, сондықтан үкімет әрбір адамға еңбек етуге, еңбегінің нәтижесін көре білуге көмектесуі керек, қоғам байлығы халық үшін қызмет жасауы қажет» - деді. Америка мемлекеті халық- тың әлеуметтік мақсаты үшін жұмыс атқаруы керек, әрбір адамды қорғау үшін мемлекеттік әлеуметтік жүйе қалыптасуы қажет екенін айтып отырды. Жаңа бағыт саясатының негізгі мәні - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реформа жүргізу екенін сайлаушылар алдында сөйлеген сөздерінде әр уақытта ескертіп отырды. Республикалық партияның сайлау бағдарламасы халық алдында сенімсіздік тудырып, демократиялық партияның өкілі Ф.Рузвельттің беделі өсті. Ол либералдық реформа саясатын батыл жүргізуді талап етті.1928 жылы қазан айында АҚШ-та президенттік сайлау өтті. Сайлау қорытындысында демократиялық партия өкілі Ф.Руз- вельтті қолдап 22,8 млн сайлаушылар дауыс берді, республика- лық партия өкілі Гуверге 15,8 млн сайлаушылар дауыс берді. Ф.Рузвельт жеңіске жетті. Демократиялық партия АҚШ конгресінің екі палатасында да көпшілік орын алды. 1933 жылы наурыз айының 4-і күні Ф.Рузвельт президенттік қызметіне кірісті.Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты. 1933 жылы наурыз айының 9-ы күні Рузвельт үкіметі АҚШ парламентінің арнаулы сессиясын шақырып, «жаңа бағыт» саясатын жүзеге асыру үшін жаңа заңдарды қабылдады. Жаңа бағыт саясатының бірінші кезеңі 1933-1934 жылдарда жүзеге асуы қажет болды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты АҚШ-тың қаржы-экономикалық дамуында корпоративтік құрылымын нығайту болдыСөйтіп, АҚШ-та банк жүйесіндегі реформа арқылы 25 мың банктен, бар болғаны 15 мың банк қалып, мемлекеттен көмек ала ала бастады. 1934 жылы доллардың алтын баламасын 40% арзандатты. Банк жүйесінде мемлекеттің ықпалын күшейтіп, қаржылық қорды нығайтты. Мемлекет толық қаржы-банк жүйесін өз қолына алды. Коммерциялық банктердегі халық салымын биржаларда сатуға тыйым салды. Банктердің акцияларына мемлекет қатал бақылау жасады. Сөйтіп, қаржы-банк жүйесі толық мемлекеттің бақылауына көшті.Әлеуметтік-экономикалық салада 1933 жылы маусым айының 16-ы күні жаңа заң қабылдады. Бұл ұлттық өнеркәсіпті қайта құру заңы (НИРА) деп аталды. Жаңа заң бойынша өнеркәсіпті қайта құру үшін мемлекет бақылау жасап, өндірілген өнім мөлшері мен бағасын анықтап отыратын болды. Өнеркәсіп иелері корпоративтік бизнес жасауға еркіндік алды.НИРА заңдарының негізгі бағыты жұмысшы табының әлеуметтік саласын қорғау болды. Бұл заңның 7а-бабында жұмысшылар кәсіподақ ұйымдарына бірігуге болатынын, сонымен қатар ұжымдық бірлестік келісімдерін жасауға толық құқықтарын белгіледі. Өнеркәсіп иелерімен келісім-шарттарын жасап, жалақы және жұмыс күнін белгілеуге мүмкіндік алды.1933 жылы елде 1 млн адам ереуілге қатысты. 1934 жылы ереуілге 1,5 млн адам шықты.Рузвельттің «жаңа бағыт» саясатының негізгі қорытындысы қалай аяқталды? Мемлекеттің өнеркәсіп саласында белсенді араласуы дағдарыстан шығуға мүмкіндік жасады. Өнеркәсіп өнімдері 1929 жылғы өндірілген деңгейдің 80% жетті. 1933 жылы өнеркәсіп өнімдері 63% жеткен болатын. Жұмыссыздықты азайтқанымен, ол толық жойылған жоқ. 1935 жылы АҚШ-та 7 млн адам жұмыссыздар қатарында болды. «Жаңа бағыт» саясаты қалай десек те АҚШ-тың экономикалық дағда- рыстан шығуына көмектесті. ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы АҚШ-тағы «жаңа бағыт» капитализмді сақтап қана қойған жоқ, мемлекеттік реттеу арқылы капитализмнің жаңа жолмен дамуы- на мүмкіндік жасады. Буржуазиялық реформа капитализмнің жаңаша дамуына жол ашты. Ал Еуропа елдері - Германия мен Италия корпоративтік жолмен дамуға көшті. Мемлекеттік реттеу идеясы жаңа бағыт саясатының негізгі бағыты болды.
34. Дж.Нерудің ішкі және сыртқы саясаты
1939 жылы қыркүйекте Үндістан 2-ші дүние жүзілік соғысқа тартылды. Соғыс халыққа орасан зор ауыртпалық түсірді. Кейбір аймақтарды аштық жариялады соғыстың аяғында Үндістан мен ағылшын имперализмі арасында экономикалық және саяси қайшылық күрт шиленісті. 1946 ж. басында армияда флот пен авиацияда ағылшындарға қарсы толқулар болып өтті. Ағылшын үкіметі 1946 ж. көктемде Үндістанға доминон статусын беруге мәжбүр болды. 1947 жылы 15 тамызда Үндістан жерінде тәуелсіз жаңа 2 мемлекет Үндістан мен Пакистан доминондары құрылды.
Ү.Ұ.К-ң жетекшісі Дж Неру тәуелсіз Үндістан үкіметінің премьер министрі болып тағайындалды.Тәуелсіздікке жеткеннен кейінгі алғашқы жылдары Үнді үкіметі елдің бөлінуінен туған экономикалық қиыншылықтардан арылуға бағытталған шараларды жүзеге асыра бастады. Бірте- бірте өзіндік өндіру базасы жасалды, транспорттық жұмыс қайта құрылды. Жаңа жерлерді игеру үшін трактор шығарыла бастады. 1947- 1949 жылдары әкімшілік аппаратын үндістандыру негізінен аяқталды,Шаруалар мен жұмысша тобының күресі нәтижесінде бірқатар провинцияларда үкімет демократиялық реформалар жүргізуге даярлық жасады. 1948 жылдан бастап жер реформасының жобасы белгілене бастады. Сол жылы жалақыны тұрақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру т.б. жаңа заңдар қабылданды. 1949 жылы 26 қарашада жаңа конституция қабылданды, конститутция бойынша Үндістан республикасы жарияланды. 1952-53 жылдардан бастап штаттардың үкіметтері аграрлық реформа туралы заң шығару жиналыстарында заңдарды іске асыруға кірісті. Бұл заңдарға сәйкес помещиктер жерінің негізгі бөлігі сатып алынды. Жер арендасы туралы заңдар помещиктердің аренда товарларды қанауын тежеді. 1945,1956 жылдардағы үкімет декларацияға сәйкес, ауыр және энергетикалық өнеркәсіптердің негізгі салалары негізінен мемлекеттік сектор құрылды. Сонымен қатар мемлекет және меншік кәсіпкерлерге финанс көмегін көрсетті. Елде экономикалық дамытудың бес жылдың жоспары қабылданды, жоспарда секторды дамытып Үдістанды индистрияландырудың мақсаты көзделді.Коммунистердің және оларды қолдайтын топтардың ықпалы күшейді. Парламент пен штаттардың заң шығару жиналыстарының алғашқы жалпыға бірдей сайлауларына /1951 жылдың соңы, 1952 жылдың басы/ мандат саны жөнінен ҮКП ҰҮК дан кейін екінші орынға , екінші жалпы сайлауларда алғашқыдан екі есе көп дауыс берді. Халықаралық қатынас саласында Неру үкіметі әскери- саяси блоктарға қосылмақ саясатын жүргізді. Кеңес одағымен және басқа да елдермен достық экономикалық және саяси ынтымақтастық орнатты. Азия мен Африкадағы отарлау және жаңа отарлау саясатына батыл қарсы мықты Үндістан үш сферада ядралық қаруды сынауға тыйым салу туралы Москва шартына қол қойды. 1961 ж. Үндістан әскерлері. Гоаны, Даман мен Диуды португал отаршыл дарынан азат етті. Сол жылы Пондимери, Каринал, Лизон, Маэ француз отарлық үстемдігінен басталды. Бұрынғы отарлық кезеңде шешілмей қалған мәселелердің салдарынан 1965 жылы күзде Үндістан мен Пакистан арасында жанжал шықты да қарулы соқтығысқа ұласты. Бұл Үндістанның экономикалық және саяси жағдайын қиындатты. Кеңес үкіметінің бастамасының нәтижесінде Талекент декларациясына қол қойылды. Бұл декларация Үндістан мен Пакистан арасындағы даулы мәселелерді реттеуге негіз жасап берді.
Джавахарлал Нерудің осы кітаптарындағы Үндістандағы түрлі халықтар өкілдерінің мызғымас ұлттық бірлігін көксеген мұраттарын жүзеге асырудың жолдарын баян ететін пайымдары қандай бағалы десеңізші.Билік тізгінін ұстауды тағдыр пешенесіне бұйыртқандарға да арнап айтылған пікірлері жоғары лауазымдағыларға таптырмас ғибрат шығар.
37. (55)Араб халифатының қалыптасуы
Араб халифаты — халифалар басқарған араб-мұсылман мемлекеттерінің Еуропа елдеріндегі атауы. Мұхаммед пайғамбар Батыс Арабияда құрған мұсылман қауымы (Умма) Араб халифатының ең алғашқы түп негізі болды.
632 — 56 жылдардағы халифаттың астанасы — Медине қаласы Араб жорықтарының бірінші кезеңінде халифаттың құрамына Ирак, Иран түгел дерлік, Кавказ сыртының басым бөлігі, Сирия, Палестина, Египет кірді, ал екінші кезеңінде оған Солт. Африка, Пиреней түбегінің көп бөлігі, Орта Азия, Табарстан, Джурджан (Горган), Синд қосылды. Халифат тұсында ислам дінінде сунниттер мен шииттердің, хариджиттердің алғашқы діни-саяси ағымдары және түрлі халифаттар (Омейя әулеті халифаты (929 — 1031), Аббас әулеті халифаты (750), Фатима әулеті халифаты (909 — 1171), Кордова халифаты), Сасани, Тулуни, Әли әулеті, Тахир әулеті, Самани әулеті т.б. билеген мемл-тер мен жергілікті әмірліктер пайда болды. 1258 ж. Хулагу хан бастаған монғол әскерлері Бағдадты алып, Аббас әулетінен шыққан соңғы халиф Мұстасимді өлтіргеннен кейін А. х. мемл. ретінде жойылды. Халифат– халифтар басқарған, құқықтық жүйесі исламның сүнниттік тармағына негізделген мемлекеттердің жалпы атауы. Алғаш Батыс Арабияда 632 – 56 жылы Мұхаммед Пайғамбардың басшылығымен құрылған. Қазақстаннан халифат құрамына кейбір оңтүстік аймақтар (Фараб, Испиджаб, Яссы, — халифалар басқарған ортағасырлық араб мемлекеттері. Мұсылман теократиясына негізделді. Халифаттың түпкі негізі 7 ғасырларда Батыс Арабияда Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) құрған мұсылман қауымы —умма болды. Арабтардың жаулап алулары нәтижесінде халифат Арабия түбегін, Иран, Иракты, Орталық Азия мен Кавказдың көпшілік бөлігін,Сирия, Палестина, Египет, Солтүстік Африка, Пиреней түбегінің басым бөлігін, Синдтіқамтыған орасан зор мемлекетке айналды (қ. Араб халифаты Арабтардың Орталық Азияға жорықтары). Омейя әулеті (661 — 750) мен Аббас әулеті (750 — 1258) кезінде халифат құл иеленушілік және патриархалдық тәртіптер сақталған, феодалдық қатынастар басым дамыған мемлекет болды. 7 — 10 ғасырларда халифатта дүниежүзілік мәдениеттің дамуында маңызы зор болған жарқын да сан алуан мәдениет қалыптасты (қ.Араб мәдениеті). 9 ғасырда құрамына кірген мемлекеттердің экономикасының дамуының әркелкілігі, аймақтар арасындағы шаруашылық байланыстардың әлсіздігі, жер-жердегі халифатқа қарсы көтерілістер, билеушілердің өзара тақ таласы мемлекеттің ыдырауын және іс жүзінде дербес ұлттардың құрылуын тездетті. 10 ғасырдың 1-жартысынан бастап Фатима әулетінің (909 — 1171), Испанияда Омейялар (929 — 1031) мен Аббастардың Халифаттары өмір сүрді. Фатима әулеті халифтері өз қолдарына діни, зайырлы биліктерді қатар шоғырландырды. Аббас әулеті халифтары 945 жылы Бағдадты Буилер жаулап алғаннан кейін зайырлық биліктен айрылды. 1055 жылы Бағдадтағы Буилер билігін салжұқтар алмастырды. Салжұқтардың біртұтас мемлекеті ыдырағаннан кейін (1118) Аббас әулеті Тигр мен Евфрат алабында жаңа Халифат құрды. 1258 жылы Бағдадты моңғолдар басып алғаннан кейін Халифат мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Алайда Египетті 1517 жылы түріктер жаулап алғанға дейін Аббас әулеті халифтері Каирде тұрып, өздерінің діни беделімен жергілікті сұлтандарды және басқа да мұсылман елдерінің билеушілеріне ықпал етті, оларға қаржы жағынан көмектесті. Кейін түрік сұлтандары өздерін халифтер деп атай бастады. Олар мұны Египетті жаулап алғаннан кейін Аббас әулетінің соңғы өкілінен мұраға алғандықтарымен түсіндірді. Түрік Халифатын 1924 жылы наурызда республикаТүркия жойды.
38.(56) Германияның біріктірілуі. Отто фон Бисмарк конст
XIX ғ. 50 жж. Германия капиталистік дамудың жолына нық аяқ басты. Өнеркәсіп төңкерісі жеделдеді. Ел өнеркәсібінің қарқынды дамуына басты кедергі Германияның бытыраңқылығы болды.
1857 ж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Германияда Ұлттық қозғалыстың жандануына әсерін тигізді. Осындай жағдайда 1857 ж. Пруссия королі IV Фридрих-Вильгельм жүйке ауруына шалдығуына байланысты принц Вильгельм (1861 ж. король) өкімет басшылығына либералдарды тартып, азды-көпті реформалар жүргізе бастады. Күші артқан буржуазия 1859 ж. өзінің саяси партиясын – Ұлттық одақты құрды. Корольүкіметі, юнкерлер (консерваторлар) буржуазияның күші мен ықпалын мойындауға мәжбүр болған еді. Палатаны тарату, 1861 ж. қайта сайлау буржуазиялық депутаттар өкілдерін бұрыңғыдан да күшейтті. Ел ішінде үкіметке қарсы толқулар басталды. Монарх үкіметі дағдарыс жағдайына келді.
Осындай шиеленіс кезеңінде 1862 ж. қыркүйекте король үкімет басшылығына князь Бисмаркті тағайындады. Парламенттің қарсылығына қарамастан, король сенімін арқалаған Отто Бисмарк армияны реформалауды жүзеге асыра бастады.
1850 ж. соңы – 60-жылдары Германияның бірігуіне қолайлы халықаралық жағдай қалыптасты. Габсбургтер әулетінің империясы (Австрия имп.) құлдырау жағдайына жетті. 1859 ж. Франция-Италия одағынан жеңілуі оны әлсіретті. Ресейдің Қырым соғысында жеңілуі, ішкі қиыншылықтар он «Еуропа жандармы» ретінде саяси аренадан кетірген еді. Франция 60 –жылдары Мексиканы өзіне қаратпақ болған сәтсіз жорығынан қолы кесіліп, шырмалды. Ал Англия болса құрлықта ұлы мемлекеттерсіз Пруссияға қарсы тұра алмайтын еді.
Бисмарк осы сәтті кезеңді елдің ұлттық мәселесін шешуде пайдалана білді. Германияны біріктіру жолындағы басты кедергі Австрия империясы еді. Германияның кішігірім мемлекеттері Пруссиядан қорыққандықтан Австрияны қолдайтын.
1863 ж. Дания королі немістер мекендейтін Шлезвиг және Гольштейн аймақтары мәңгілікке Данияның құрамына кіреді деп жазылған Конституция жариялады. Езілген неміс туысқандарын азат ету ұранын желеу қылып Бисмарк 1864 ж. Данияға соғыс жариялап, ол соғысқа үлкен ептілікпен Австрияны да тартты. Данияның әскери күшін оп-оңай жеңіп, одақтастар Шлезвиг пен Гольштейнді тартып алды. Осы екі аймақты басқару мәселесі екі елдің арасындағы жанжалға себеп болды. Бисмарк осы шиеленісті соғысқа ьұластыру мақсатын көздеді, өйткені ол Австрияны күйретпейінше, Германияны біріктіру ісінен аластата алмайтынына көзі жеткен еді. Бірақ соғысты бастамас бұрын ол қолйлы халықаралық ахуал дайындап алды. Франция императорына Бельгия мен Рейннің сол жағалауындағы аймақтарды беруге уәде етті. Ал Италияға Австрияның қол астында қалған Венецияны қайтарып беруге уәде беру арқылы өзіне одақтас етіп соғысқа тартты.
1866 ж. Пруссия әскерлері Саксония, Ганновер, Гессен-Каасель жерлеріне басып кіріп, Австрияға соғыс жариялады. Австрияның үлкен әскері Пруссия мен Италияға қарсы екі майданға бөлінуге мәжбүр болды. 3 шілдеде Чехияның Садово қыстағы түбінде Пруссияның әскері австриялықтарға күйрете соққы берді. Австрияға жақтасқан кішігірім гермен мемлекеттерінің әскері де талқандалды.
Германияның толық бірігуіне Франциядағы II империя басты кедергі болды. III Бонапарт Оңтүстік Герман мемлекеттерінің Одаққа қосылмауын, Рейннің сол жағалауын өзіне қосып беруді талап етті. Өз тарапынан Бисмарк Францияны күйретпей, Германия толық біріге алмайтынын жақсы түсінетін. 1870 ж. Испания тағына мұрагерлік шиеленісін сылтау қылып, III Наполеон Пруссияға соғыс жариялады. Француз армиясына күйрете соққы берген Бисмарк Пруссия басшылығымен Гермен империясын құрды, сонымен елдің толық бірігуі аяқталды. 1871 ж . қаңтарында француз корольдерінің салтанатты сарайы Версальда Германия империясы жарияланып, Пруссия королі I Вильгельм император болып, ал Бисмарк рейхсканцлер болып тағайындалды.
39. Жаңа патшалалық Дәуірінедегі египет
Жаңа патшалықтың құрылуы Гиксостарды жеңгеннен кейінгі қайта гүлденген Египет мемлекеті жаңа патшалық деп аталды. Ол 5 ғасырдан аса (б.з.д. 1584-1071жж) өмір сүрді. Бұл уақыттарда 18,19 және 20 сыншы династиялар үстемдік құрды. Жаңа патшалық кезеңі ең жпқын көршілермен ғана емес, сондай ақ неғұрдым алысьағы Азияның Африканың елдерімен және Еуропаның (Крит-Микен әлемі) кей елдермен де қатынастардың кеңейіп дами түмуіне байланысты шаруашылықтың барлық салаларындағы үлкен өзгерістермен сипатталады. Египет экономикасы қола өңдеу енді елеулі көлемде ұлғая түсті, бұның өзі шеттен мыс әкелуді, сондай ақ қорғасын мен қалайы жеткізуді талап етті. Темір ле қолданыла бастады бірақ ол тыс сирек негізенен сәндік бұйымдар үшін қолданылатын еді. Ауыл шаруашылығында эжәне қолөнерінде көптеген құралдар мен жетілдірулер пайдаа болды. Сыртқы саясатта мүліктік жіктеліс процесінде жаулап алу жорықтары және сонымен байланысты сауда үлкен рөл атқарды. І Яхмос шегінген гиксостарды өкшелей отырып Палестинаға басып кіріп, Шарухен қамалын басып алды. Бұл тек бастамасы еді. І Тутмос өзінің жеңімпаз жорықтары мен Евфрат өзеніне дейін, ал оңтүстікте – Нілдің үшінші шоңғалына дейін жетті. Египет патшасы 4 Аменхотеп дін реформасын жүргізді. Ол фивы храмдарының иеліктерін кәпескелеп, амонға табынушыларды қудалады, оның орнына Атонға ( күн шеңбері құдайына) табынушылықты орнатты. Жаңа астана Ахитатон салынды. Эхнатон «Атонның сүйіктісі» деген ат қабылдаған 4 Аменхотеп қарсылықтарды тойтарып, өз мақсатына жету жолында көп күш жұмсады. Алайда ол өлісімен ақ ең жақын достары мен туыстары ескілікті қолдаушы абыз топтарымен келісімге келу жолдарын ізди бастады. Эхнатонның Тутанхамон жас күйеубаласы таққа отырысымен ескі тәртіпті орната бастады.
40. Иран- Ирак соғысы
Саддам тәртібінің ИИР-на таңған соғысы - дүние жүзі тарихында өте сирек кездесетін соғыстардың бірі. Бұл соғыста толықтай қаруланған армия мен жігерлі революцияшыл жастар бір-біріне қарсы тұрды. Иранның жігерлі жастары нық сеніммен Саддамның қаруланған армиясы мен оның қолдаушыларына қарсы табандылық танытты.Біз 1980 жылы Иран халқының Саддам тәртібінің әскери басқыншылығына қарсы қасиетті қорғанысты бастаған күндерінің қарсаңында тұрмыз. Қасиетті қорғаныстың 31 жылдығы Таяу Шығыс аймағында үлкен өзгерістер болып жатқан жағдайда келіп жетті.Соңғы отыз жыл ішінде осы аймақта орын алған өзгерістер мен ондағы АҚШ сияқты отаршыл күштің саясаттарын нақты да терең зерттей келіп, Иран жастарының Саддам армиясының ауқымды шабуылының бетін қайтаруын Таяу Шығыстағы халықтық қозғалыстарға айтарлықтай әсер еткендігін көруге болады. 1979 жылы 11-ақпанда Иран Ислам революциясының жеңіске жетуі Таяу Шығыс аймағында терең өзгерістердің басталғандығын көрсетті. Иранның диктатор патшасы Мұхаммад Реза Пехлеви үкіметі құлатылғаннан кейін АҚШ пен Батыс блогының бірқатар елдері өздерінің Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс аймағындағы ең маңызды одақтастарының бірінен айырылды.АҚШ пен оның одақтастары диктатор билеушіге қарсы шыққан Иран халқының көтерілісін басу үшін барлық әдіс-тәсілдер мен қастандықтарды қолданып бақты.
Шекаралық аудандардағы лаңкестік және сепараттық топтарға қолдау көрсету, қоғамда үрей тудыру үшін көрнекті революцияшыл тұлғаларға, тіпті қарапайым халыққа қарсы лаңкестік әрекеттер жасау мен экономикалық санкциялар қабылдау – осының барлығы АҚШ пен оның еуропалық және аймақтық одақтастарының Иран Ислам революциясына соққы беру үшін жасаған шаралары болып табылады.
Бірақ Иран халқы Иран Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің(р.) жетекшілігімен бұл қастандықтардың барлығын бейтараптандырды. Осы жолда Ислам революциясының көптеген көрнекті күрескерлері мен қарапайым халқы Вашингтонның қолдауына сүйенген лаңкестердің қолынан қаза тапты.
Иран Ислам революциясымен күресуде сәтсіздікке ұшыраған АҚШ ИИР-на соққы беру үшін әскери жоба жасауға кірісті. Үнемі Ираннан мұнайлы Хузистан облысын бөліп алуды көздеген Ирактың бұрынғы диктаторы Саддам АҚШ-тың бұл жобасын орындауға жағдай жасады.
Саддам Батыс пен Шығыстағы екі алпауыт елдің қолдауына сүйеніп, 1980 жылы 22 – қыркүйекте құрлық, әуе және теңіз арқылы ИИР-на шабуыл жасады. Сол заманның екі алпауыт державасы АҚШ пен Кеңес одағының өзара қарым-қатынасы қайшылыққа толы болғанымен, олар ИИР-на қатысты толықтай ымыраға келген еді.
Шындығында, Иран халқы тек Саддам тәртібінің армиясымен соғысқан жоқ, үлкен әскери машинаға қарсы тұрды. Бұл әскери машина Парсы шығанағындағы араб билеушілерінің мұнайдан түскен ақшасы мен Шығыс пен Батыс блоктарындағы мемлекеттердің қару-жарақтарына сүйенген еді.
Ал Иранда ол кезде исламдық республиканың іргесі қажетті деңгейде бекімеген еді. Революцияға қарсы элементтер саяси- экономикалық және әскери салаларға еніп кетіп, Ирактың қаруланған армиясына қарсы тұрған Иранның батыл жастарының қасиетті қорғанысына кедергі келтіріп отырды. Осы тұрғыдан алып қарағанда Саддам тәртібінің ИИР-на таңған соғысы - дүние жүзі тарихында өте сирек кездесетін соғыстардың бірі. Бұл соғыста толықтай қаруланған армия мен жігерлі революцияшыл жастар бір-біріне қарсы тұрды.
Ирак армиясын Исламдық республиканың жерінен шығарудағы Иранның жігерлі де мұджахед жастарының жеңістері Саддам тәртібін қолдаушылардың алаңдаушылығын тудырды. Сөйтіп олар осы тәртіпке бұрынғыдан да көбірек қолдау көрсетуге мәжбүр болды. Өйткені олар үшін осы соғыста Иранның жеңіске жетуі қабылдауға тұрмайтын жағдай еді.
Сауд Арабиясында орналасқан АҚШ-тың Авакс тыңшы ұшақтары Ирак армиясына көмектесуге кірісті және ИИР-ның қарулы күштерінде орын алған титтей қозғалыстар жайлы Саддам тәртібіне мәлімет беріп отырды. Франция үкіметі теңіз объектілерін нысанаға алуға бағытталған бірнеше супер стандтарттағы стратегиялық ұшақты Саддам тәртібіне жалға берді.
Германия, Англия мен Голландия үкіметтері Ирактың химиялық қару шығаратын зауыттарын қажетті материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Кеңес одағы өзінің алыс қашықтыққа ұшатын ұшақтары мен зымырандарын Иран қалаларын нысанаға алу үшін Саддам тәртібіне берді.
Бұл елдерден басқа Батыс пен Шығыс блоктарына жататын Чехословакия, Румыния мен Австриядан бастап, сионистік тәптіпке дейін Иракты өздерінің жеңіл әрі жартылай ауыр қару-жарақтарымен қамтамасыз етіп отырды.
Майданның екінші жағында ИИР әртүрлі экономикалық және әскери санкцияларға ұшыраған еді. Иранның тіпті әскери құрал-жабдыққа жатпайтын суға түсу киімі мен тікенекті сымды иеленуге де қақысы болмады. Бірақ бұл тең емес соғысқа ерекше сипат берген нәрсе – Иранның батыл жастарының Аллаға сенуі мен жетекшінің соңынан ере білуі еді. Иран Ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейни Саддам тәртібінің ИИР-на таңылған соғысының ерекшеліктері жайлы: "Біздің соғысымыз - біздің мектебіміздің барлық зорлық-зомбылыққа қарсы соғысы. Біздің соғысымыз - капитализм мен коммунизм дүниесіндегі барлық теңсіздіктерге қарсы исламдық соғыс. Біздің соғысымыз - исламдық елдердегі қамсыз билеушілер мен байлардың сауық-сайрандарына қарсы жалаңаяқ соғыс. Бұл соғыста қару-жарақтың қай түрі болса да қолданылады. Бұл соғыс белгілі бір шекарамен шектелмейді. Бұл соғыс үй-жай, жеңіліс пен жетіспеушілік, кедейлік пен аштық дегенді білмейді. Бұл соғыс - сенім соғысы. Бұл - революцияшыл сенім құндылықтарының зорлық-зомбылық, сауық-сайран мен лас ақша әлеміне қарсы соғысы. Біздің соғысымыз – халыққа қарсыларға қарсы тұруға бағытталған қасиетті құндылықтар соғысы",-деді.
Дін мен Отанды қорғауда Иран халқының ержүректігі мен батылдығы жайлы хабарлар Иранның аясында шектеліп қалмады.
Батыс елдері БАҚ-ның ИИР-ның келбетін әлемдік қауымдастыққа бұрмалап көрсетуге тырысқанына қарамастан, Отанды қорғаудағы ирандық жастардың ержүректігі туралы хабарлар әлемнің азаттық сыйлаушы қозғалыстары үшін үлгіге айналды.Иранға таңылған сегіз жылдық соғыс Иран халқының бірігуі мен қозғалысының екінші толқынын тудырды. Олар азат өмір сүру үшін өте үлкен құн төледі. Олар нық сенімге сүйеніп, өз күрестеріне рухани мағына берді. Соғыстың сансыз қиындықтары арасынан ар-ұждан, иман, махаббат, батылдық, амал-айла мен жанкештілік бой көтерді.
Иранның оңтүстік және батыс шекаралары ежелден-ақ осы елдің пәк ұлдарының құрбандыққа шалынатын жеріне айналғанымен, олардың асқақ рухы мен берік сенімі бұл жерлерді қасиетті орынға айналдырды.
Егер ИИР-на таңылған соғыста Батыс пен Шығыс алпауыттары Саддам тәртібіне қолдау көрсетпегенде, сегіз жылдан кейін Ирак армиясының Иранның жігерлі жастарына қарсы тұруға күш-қабілеті болмаған болар еді және Ирак халқы Саддамның диктаторлық тәртібінен тезірек құтылар еді.
Таңылған соғыс келтірген шығыны мен Иранның ондаған мың адамының жанын қиғанына қарамастан, берекеге толы болды. Бұл соғыс Иран халқына өз-өзіне сенімділік пен әлемнің барлық үстемшілдеріне қарсы тұру үшін табандылық таныту сезімін сыйлады.
41. (43) Варварлық корольдықтың п.б
Варварлар корольдігі жаңа феодалдық мемлекеттердің қалыптасуына негіз болды. Ол мемлекеттердің ішіндегі ең қуаттысы 486 жылы Солтүстік Галлиядақұрылған Франк мемлекеті еді. Оны салий франктерінің меровей руынан шыққан көсемі Хлодвиг басқарды. Хлодвиг барлық франк тайпаларын кол астына біріктіріп, Римнің карамағындағы көрші Галлияның құнарлы жеріне жорыққа аттанды. 486 жылы Суассон қаласының маңында франктер римдіктерді талқандап, Солтүстік Галлияны басып алды. Бұдан соң Хлодвиг вестготтарданГаллияның оңтүстігін де жаулап алды. Сөйтіп Рим империясының осы провинциясының орнына өзінің корольдігін құрды.
Галлияны жаулап алған франктер бұрынғы жер иелерін орындарынан қуған жоқ, бос жатқан жерге ғана қоныстанды. Жаулап алушылардың билігін мойындаған римдік және Галлиялық байлар аз уақыттың ішінде франк ақсүйектерімен араласып, туыстасып кетті. Франк мемлекетінің халқы латын және герман тілдерін араластырып сөйледі. Осы аралас тіл кейін француз тілінің негізін құрады. Жазу саласында тек латын тілі қолданылды. Хлодвигтің тұсында осы тілде франктердің ең алғашқы coт саласындағы заңдары жазылды. Ол «Сали ақиқаты» деп аталды. Ол заңдар бүкіл мемлекет аумағындағы бірыңғай тәртіпті нығайтуға үлес қосты. Франктердің заңы бойынша қылмыстың көпшілігі ақшалай айыппен өтелетін. Адамдар заң алдында тең болмады: адам өлтіргендігі үшін салынатын айып мөлшері кімді, кандай адамды өлтіргендігіне байланысты әр түрлі болды. Франктің өмірі галлдар мен римдіктердің өмірінен кымбат бағаланды. Жауапқа тартылған адамның кінәсі дәлелденбесе, оны «құдай сотына» салатын. Мысалы, жалаңаш қолмен қазанда қайнап тұрған судан сақина алуға мәжбүр етілді. Егер кінә тағылып отырған адамның қолы көп күймесе, ол адамның ақ екендігінің белгісі деп саналды. Сондықтан оған құдай жақ болып отыр деген тұжырым жасалатын.
42. (44) Қытайдағы синьхай рев.
Синьхай революциясы (1911 — 13), Қытайдағы монархиялық билікке қарсы бағытталған. 19 ғасырдың аяғында Қытайдың шетелдіктерге жартылай отар ел болуы Синьхай революциясының шығуына себеп болды. Синьхай революциясын дайындауда Туньмэнхуэй революция ұйымының рөлі зор болды. Көтеріліс Қытайдың ай календары бойынша синьхай айында басталды. 1911 жылы 10 қазанда Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы Учан қаласында әскери бөлімдер көтеріліс жасады. 11 қазанда Учанда республикалық басқару енгізіліп, Хубэй провинциясында әскери үкімет құрылды. Шет мемлекеттердің қарсылығын тудырмау мақсатында оларға Цин үкіметі кезінде қол жеткізілген “ерекше құқықтарын” сақтауға кепілдік берілді. 18 қазанда батыс державалары “бейтарап” саясат ұстанатындықтарын жариялады. Хубэйдің ізінше басқа провинцияларда да көтерілістер болып, қарашаның аяғында Оңтүстік, Орталық, Солтүстік Қытайдың 15 провинциясында Цин әулетінің үстемдігі құлатылды. Революция қозғалыс Қытайдың ұлттық аймақтары Сыртқы Моңғолия, Шыңжаң және Тибетті де қамтыды. Цин үкіметі Солтүстік армияның қолбасшысы Юань Шикайға оңтүстікке қарсы соғыс қимылдарын жүргізуді тапсырды. 1911 жылы 29 желтоқсанда провинциялар өкілдерінің жиналысы Сунь Ятсенді Қытай Республикасының уақытша президенті етіп сайлады. 1912 жылы 12 ақпанда Цин әулетінің соңғы императоры Пу И тақтан бас тартып, елді басқаруды Юань Шикайға берді. 14 ақпанда ол революцияшыл оңтүстікпен келісімге келіп, уақытша президент қызметін иеленді. Ятсен президенттіктен бас тартатындығын мәлімдеді. Жаңа үкіметтің құрамы Юань Шикай жақтастарынан белгіленді. Осыны пайдаланған ол өзінің жеке диктатур. тәртібін құруға тырысты. 1912 жылы тамызда жаңа саяси Гоминдан (Ұлттық партия) партиясы құрылды. Осы жылдың аяғында болған сайлауда Гоминдан парламентте көп орынға ие болғанымен олардың билікке араласуына Юань Шикай өкіметі мүмкіндік бермеді. Сунь Ятсен 1905 жылы елдің басқа да ірі ұйымдарын біріктірген Қытайдың жаңару қоғамын құрады. Ол биліктің республикалық формасын орнату, әлемде бейбітшілік орнату, жерге деген құқықтың теңестірілуі және тағы басқа мәселелерді қозғаған бірнеше бөлімнен тұратын бағдарламасы бар ұйым болды. Бұл ұйым "Тунмынхой" деген атақ алды ("Союзная лига")/1/. Ұйымнның ашылу салтанатында Сунь Ятсен өзінің "үш ұлттық принципін" жариялады. Яғни,
1.Национализм принципі.
2.Халық билігі принципі.
3.Халықтың әл-ауқаты принципі.
"Үш ұлттық принцип дегеніміз не? " Үш ұлттық принцип деген - бұл мемлекетті құтқару принципі. Ал принцип дегеніміз не?. Принцип бұл -идея, сенім, күш. Әдетте, қандай да бір мәселені зерттеу барысында идея туындайды, содан кейін идея негізінде сенім туындап, ол кейін күшке айналады, содан соң барып принцип анықталады. Үш ұлттық принципті біз неге мемлекетті құтқаратын принцип деп атаймыз? Өйткені, үш ұлттық принцип Қытайды халықаралық қатынаста теңдікке әкеледі, сонымен қатар әлемде өз орнына сәйкес саяси және экономикалық теңдікке жеткізеді. Сондықтан біз үш ұлттық принципті мемлекетті құтқару принципі дейміз. Осы тұста Қытайдың жағдайы оны құтқаруға дейін нашар ма деген сұрақ туындайды. Егер біз Қытайды құтқару керек десек, біз үш ұлттық принципке сенуіміз керек. Бұл принципке деген ұғым сенім Қытайды құтқара алатын күш тудыруы мүмкін.
„Біз хандықтар өз мемлекетіміз бар тек қана билікті өз қолымызға алғанда ғана айта аламыз, кері жағдайда мемлекет болса да Қытай мемлекеті болмайды: ондай болса ойланайықшы: Біздің мемлекетіміз, біздің билігіміз кімнің қолында?
,,Мин императоры Тайцзу монғолдарды қуып, Қытай мемлекетін жариялағанын еске түсірейікші. Ұлттық революция ол кезде аяқталған, ал елді басқару жүйесі Хань, Тан немесе Сун динялари кезіндегіге ұқсас болды. Үш жүз жылдан кейін қайта шетелдіктердің басқыншылық жасау себебін саяси құрылыстан іздеу керек. Сондықтан да, саяси революция біз үшін өте қажет.
Осы халықтың әл- ауқаты принціпін дүниеге келтірген себептерге келейік.
Сунь Ятсен болашақ Қытай республикасының конституциясын жаңа принцип бойынша жасамақ болды. Яғни, биліктің бес тармағын атап көрсетті:
1 .Атқарушы билік2. Заң шығару билік
З.Сот билігі4. экзаменационды
5 .Бақылаушы билік(контрольдық) Сондай-ақ, Сунь Ятсен мемлекттік басқарудың кестесін салып көрсетті: "Нацонализм-ұлттың өмір сүруі мен мемлекеттің алға жылжуының қазына байлығы. Бүгін Қытай бұл байлықты жоғалтып алды менің насихатымның себебі осы мәселені зерттеу және халыққа жеткізу..."
Токиода шығарылған "Минь Бао" газетіндегі "нацонализм" принципін насихаттауға қарсы шықандар былай деді: "Маньчжурларға Мин династиясы билеп тұрған кезден ақ жоғарғы әскери және азаматтық шендер берілген және маньчжурлардың Мин династиясын құлатуын - тек династия ауысуы, биліктің бір династиядан екінші династияға ауысуы- мемлекеттің құлауын
Үш ұлттың принципке негізделіп жасалған саяси бағдарламасы Қытайды құтқарудың бірде-бір жолы болды. Бұл принциптерді ұлттық революцияның жалғасуында басшылық жасауға болды. Ұлттандыру принциптің 2 жағы бар:
Бүкіл Қытайдың ұлттық азат етілуі, Қытай территориясындағы барлық ұлттың теңестірілуі.
Бірінші жағы бойынша ұлттандыру принциптің мақсаты - қытай ұлтын әлемдегі ерікті және тәуелсіз ұлттқа айналдыру Синхай революциясына дейін маньчжур қытайдағы бүкіл ұлттың ішінде билеуші орында тұрды, ол ұлы державаның императоры елді өз шырмауында ұстады. Сондықтан национализм принципі маньчжурдың қорлау саясаты мен империяның қытайды бөлшектеу саясатына бағытталды. 1911 жылы революциядан кейін маньчжур саматымен болған ұлттық қозғалыс барысында, олардың халықта қанауы аяқталды, бірақ, империялық державалар бұрынғысынша қытайды қолдарында рұхтауда, енді мәселе елді бөлшемектеу туралы емес, оны бірігіп басқаруды ойлады. Халық деп адамдардың біріккен немесе ұйымдасқан тобын айтады. Ал, билік дегеніміз-күш, жігер. Күшті мемлекетті Қытайда "лецян"-"ұлы держава" деп атаған. "Халық билігі", "халық" және "билік" сөздерінен құралған, бұл халықтың саяси күшін білдіреді. "Халық билігінің қайнар көзін табуда бізге кезеңдерді анализ жасауымыз қажет; бірінші кезең-бұл адамзаттың жануарлар мен күресу кезеңі, бұл кезде билік болған жоқ, тек күш қолдану болды; екінші кезең-адамның табиғатпен күресу кезеңі, бұл теократия болған кезең; үшінші кезең - адамның адаммен, мемлекеттің мемлекетпен, ұлттың ұлтпен күрескен кезеңі яғни автократио болған кезең; төртінші кезең - халық өз монархтарына қарсы күреске мемлекеттің ішкі күресі кезеңі.
45.Ежелгі Қытай өркениеті
Б.з.б. 6 – 3 ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде Қытай философиясы пайда болды. Қытай халқы жаратылыстану және техникалық ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген маңызды ғылыми- техникалық жаңалықтар Қытайда басқа елдерден (соның ішінде Еуропа елдерінен де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған (компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ-дәрі жасау, кітап шығару, тағы басқа). Математика Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ дами бастаған.
Ең көне жұлдыздар каталогін (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғасырда Ши-Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда б.з.б. 720 жылы жазылған. Б.з.б. 138 – 126 жылы Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың елдің батыс жағындағы халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және «Ұлы Жібек жолы» арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты.
Сун дәуірінде (960 – 1279) Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үнді-қытаймен және оңтүстік аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда кеме жасау, теңіз қатынасы өрістей бастады. Медицина тарихы Қытайда 3000 жылға созылады. Медицинадағы ең көне кітап – «Нэйцзин» Қытай медицинасының дамуында үлкен рөл атқарды. Тұңғыш «фармакология» кітабы Қытайда жазылды.
Инемен емдеу әдісі Қытай медецина әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі. Қытай дүние жүзінде бірінші болып селитраны оқ-дәрі жасауға пайдаланды. 16 ғасырда Қытайда оқ-дәрі шығарыла бастады. 3 – 5 ғасырларда фарфор өндіру игерілді. Б.з.б. 6 ғасырда дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол 13 ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс – Қытай қорғаны. Қытай халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан аса зор үлесі – қағаз жасау (2 ғ.).
Кітап шығару тарихы Қытайда 5 – 6 ғасырларға саяды. Қытайда кітапты 2 түсті баяумен басу 1340 жылы жүзеге асырылды. 20 ғасырдың басына дейін Қытайда оқу жүйесі ертедегі классик. конфуцийшілдік діни кітаптарды оқытуға негізделіп келді. 1902 – 03 жылы оқу жүйесінде тұңғыш реформа жасалып, еуропалық үлгідегі мектеп жүйесі қалыптасты. 1953 жылдан негізгі ғылыми бағыттардың бірі ядролық физика мен энергетика саласындағы зерттеулер болды. 1964 жылы қазанда Қытайда тұңғыш рет ядролық құрылғы сыналды (жер бетінде). Ал 1967 жылы маусымда бірінші рет термоядролық құрылғы сыналды.1966 жылы кезекті атомдық сынау кезінде басқару тетігі бар ракета қолданылып, ол бірнеше жүз километр қашықтыққа ұшты. 1970 жылы Қытай бірінші рет Жердің жасанды серігін (ЖЖС), ал 1971 жылы 2-ЖЖС-н ұшырды.Ежелгі қытай философы Конфуций тамаша музыканың мемлекеттік құрылысқа игі әсері тиетіндіктен оның арнайы құрылымдық сипаты болу керек деп тұжырымдаған. Дәстүрлі қытай оркестрінде 100-ге тарта музыкалық аспаптар қолданылады. Олардың негізгілері: шекті – сэ, цинь, пипа, ху (эрху, сыху, баньху); үрмелі – сяо, пайсяо, шэн; соқпалы – барабан, шылдырмақ қоңыраулар, тағы басқа Қытайдың театр өнері «байси» («жүз ойын-сауық») ойын түрінде пайда болған. Б.з.б. 2 – 1-мыңжылдықтың жазба ескерткіштерінде «чан-ю» («әнші актер»), «пай-ю» («қуақы», «комик») деген терминдер кездеседі. Тан дәуірінде (7 – 10 ғасырлар) ән мен бидің сахналық жаңа түрі – дацюй пайда болды. 8 ғасырдың орта шенінде Тан императоры Сюань-цзунь сарайының жанынан музыканттар мен бишілер, әншілер дайындайтын «Алмұрт бағы» («Лиюань») атты театр мектебі құрылды. 17 – 19 ғасырларда көптеген жергілікті театрлар: банцзы, цинь-цян, юэцзюй, тағы басқа құрылды.
19 ғасырдың орта шенінде осы театрлар негізінде пекиндік муз. драма (цзинси) театры дүниеге келді. Қытай театрының негізгі сипаттары осы цзинсида толық қамтылған.
46.Дэн сяопин реформалары
Әлемдік экономиканың тарихында ХХ ғасырдың соңғы ширегінде бұрын-соңды болмаған дамудың таңғажайып үлгісі тіркелді. Ол – Қытайдың қарқынды экономикалық дамуы немесе «Қытай ғажайыбы». Оның бастауында тұрған Дэн Сяопин «қытайлық ерекшелігі бар социализм» ұстанымымен саясат сахнасына шықты.
Дэн Сяопин Қытайды аграрлы-индус¬триялық ел ретінде дамытуды мақсат етті. Сондықтан, ел экономикасын қорғаныс өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, ғылым және өнеркәсіп деп негізгі төрт секторға бөліп жаңғырту қолға алынды. Әсіресе, бұқара халықтың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұратынын ескере отырып, ауыл шаруашылығын құлдыратпай реформалауға баса назар аударылды. Реформаның ауылдан басталуы сол кезеңдегі уақыт талабы болатын. Өйткені, ол кезеңде қытайлықтардың 80 % ауылдық жерлерде тұратын еді. Дэн Сяопин «Қытайдың тыныштығы, экономиканың дамуы ең алдымен ауыл¬дың дамуына, шаруалардың әл-ау-қаты артуына тәуелді» деді. Ауыл шаруашылығында бұрын қалыптасқан «халық коммуналарының» орнын отба¬сылық еңбекке негізделген шаруа¬шылықтар басып, олар жоспарлы-нарықтық ұстанымға көшті. Ірі жер иеленуші латифундистердің туындауы мен еңбекті қанауына тосқауыл қойылып, егінші-малшылардың жерді теңдей иеленуі мен пайдалануы ойластырылды.
1980 жылдың 20 қазанында Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) Орталық комитеті арнайы шешім қабылдап, ресми түрде әлеуметтік-экономикалық жүйені реформалауға көшті. Сөйтіп, қытайлық социалистік экономика – «мазмұнында жоспарлау элементі бар тауарлы экономика» деп анықталды. Бұл тұрғыда Дэн Сяопин: «Неге осы нарық туралы сөз болса, бірден капитализм туралы әңгіме қозғалады да, жоспарлау десе – социализм дейміз? Жоспарлау мен нарық – тәсілдер. Егер бұл тәсіл өндіргіш күштерді дамыту үшін пайдалы болса, неге оны қолданбасқа» – деген еді. Бұл ұстаным өзінің дұрыстығын дәлелдеп, қарқынды экономикалық дамуға серпін берді. Сонымен қатар, Дэн Сяопин қытайлық даму стратегиясының үш қадамын айқындады: бірінші қадам – халықтың қарны тоқ, киімі бүтін болатындай деңгейге қол жеткізу; екіншісі – ХХ ғасырдың соңында ІЖӨ төрт есеге өсіру; үшіншісі – жаңа ғасырдың 30-50 жылы ішінде орташа дамыған елдердің деңгейіне қол жеткізу. Осылайша, Қытай бірте-бірте бай, мықты, демократиялық және өркениетті социалистік елге айналады деген ұзақ мерзімді жоспар жасалды. Осы жерде айта кетерлік жәйт, ІЖӨ 2000 жылы төрт есеге – 2800 млрд. юаньға өсіру жоспарын Қытай 1994 жылы 2905,4 млрд. юань көрсеткішпен асыра орындап, мерзімінен бұрын қол жеткізді. Жалпы, Дэн Сяопин прагматик саясаткер ретінде танымал екенін айта кету қажет, оның айтқан мына бір сөзі бүкіл әлемге танымал: «Ақ мысық па, қара мысық па маңызды емес, егер ол тышқан ұстай алатын болса, онда ол жақсы мысық». Сол сияқты, социализм бе, нарық па, бәрібір, ең бастысы – елдің дамуына игі ықпал етсе болғаны. Осылайша, әлемде теңдесі жоқ «бір ел, екі түрлі жүйе» қалыптасты.
1984 жылдың қазан айынан бастап қытайлық экономикалық жаңғырудың екінші кезеңі – қалалардағы экономикалық жүйелерді реформалау басталды. Төрт ірі қала – Шэньчжэнь, Чжухай, Сямынь, Шаньтоу – арнайы экономикалық аймақтар болып жарияланып, төменгі салық режиміндегі еркін нарыққа көшті. Мысалы, Шэньчжэнь осыдан 30 жыл бұрын Гонконгқа жақын орналасқан теңіз жағасындағы шағын ғана балықшылардың қаласы болса, қазір ол 10 миллион тұрғыны бар ірі қалаға айналған Оңтүстік Қытайдың экономикалық орталығы саналады. Сонымен қатар, шағын бизнес пен жеңіл өнеркәсіпке, тұрмыстық техникалар мен машина жасауға барынша қолдау жасалды. Билік тарапынан бизнес өкілдеріне кедергі жасауға толық тосқауыл қойылды. Керісінше, жергілікті билік өкілдері өздерінің аймағында ашылған шағын-орта бизнес өкілдері мен кәсіпорындарға барлық қолайлы жағдайлар жасады. Несие саясаты да мемлекеттің қатаң қадағалауына алынды. Мысалы, банктік несиені ең көп дегенде 4-5 % сыйақымен беру арқылы қаржы секторы да әлеуметтік әділеттілікті сақтай отырып, Қытайдың үйлесімді экономикалық дамуына өз үлесін қосты. Бұл үрдіс әлі күнге дейін жалғасуда.
Дэн Сяопин 1985 жылы нарықтық социализмнің бастауында тұрып мынадай қағиданы қытайлық қоғамда нықтап бекітті: «Құрлықтық Қытай социалистік жүйені қолдайтын болады және жалған жолға – капиталистік жолға бұрылып кетпейді. Социализм мен капитализмді бір-бірінен айыратын ерекшеліктердің бірі – социализм жалпы гүлденуді біл¬діреді, халықтың табыс табу бойынша бай-кедей болып полярға бөлініп, жіктелуіне жол бермейді. Жасалған байлық алдымен мемлекетке тиесілі, сосын барып адамдарға жетеді; сондықтан да, жаңа буржуазияның жоқ жерден туындауы мүмкін емес. Мемлекетке түскен пайда адамдардың әл-ауқатын жақсартуға жұмсалады, аз бөлігі ұлттық қорғанысты нығайтуға, ал, қалған бөлігі – экономиканы дамытуға, білім беру мен ғылымға, халықтың өмір сүру сапасы мен мәдени өрлеу деңгейлерін көтеруге бағытталады».
1988 жылдың екінші жартысынан бас¬тап қытайлық ғалымдар «социалистік тауарлы экономиканың» орнына «социалистік нарықтық экономика» ұғымын қолдануды ұсынды. «Социалистік нарықтық экономика» жағдайында мемлекет экономиканы макроэкономикалық құралдар арқылы басқарып, әкімшілік ықпал етуді барынша тежеп, соның арқасында, Қытайдың біртұтас ұлттық нарығының құрылуына игі ықпал етті. Дегенмен, Қытай кереметінің негізін салған Дэн Сяопин 1989 жылы ресми түрде барлық лауазымынан өз еркімен бас тартуды ұйғарды. Оған бір жағынан, 1989 жылғы 15 сәуір мен 4 шілде аралығында КСРО-дағы қайта құрулар сияқты Қытайдағы саяси жүйені түбегейлі реформалауды көксеген студенттердің Тяньаньмэнь алаңында ұйымдастырып, аяғы қантөгіске ұласқан наразылық бас көтерулері себепші болды. 1992 жылдан бастап «жолдас Дэн» саясаттан кетті, бірақ, өмірінің соңына дейін Қытайдың рухани көшбасшысы болып қалды. Дэн Сяопин Қытай саясатында бұрын дәстүрге айналған өле-өлгенше билік басынан кетпеу әдетіне тосқауыл қойып, өзінен кейінгі билеушілерге үлгілі өнеге көрсетіп, партиялық билік алмасуының оңтайлы жолын салып берді. Өмірлік лауазымдылықты күшінен қалдырып, мемлекет басшысын таққа екі кезектен артық отырмайтын етіп белгілеп кетті. Яғни, екі бесжылдық жоспарды жүзеге асырып, он жыл елді билеген лауазымды тұлға өзінен кейін ізбасар дайындап, ерікті түрде билікті «қолдан қолға» өткізуі тиіс. Сонымен қатар, қызмет салаларында зейнеткерлік жасқа жеткендердің демалысқа кетулері қатаң бақылауға алынып, қарт кадрлардың жастарға орын беруіне, отыз бен қырық жас аралығындағы қабілетті жастардың жаппай жауапты қызметке өсуіне мүмкіндік жасалды.
1989 жылы ҚКП төрағалығына уақытша келгендей болған Цзян Цзэминь 1993 жылы ҚХР төрағасы болды. Ол Дэн Сяопин бастаған реформаларды одан әрі жалғастырды. 1993 жылы Қытайдың ІЖӨ өсімі 10% емес, тіптен, 13% дейін артып кетті. Мұндай жәйтке ҚХР үкіметі қатты алаңдаушылық білдірді, өйткені, экономиканың қатты қарқынмен дамуы түрлі жағымсыз зардаптарға әкелетін қатерлі құбылыс саналады. Қытай «помо жиңжи», яғни, «көбік экономикалық дамудың» қаупінен сақтануда бай көршісі – Жапонияның тәжірибесіне сүйенді.
50 Метрополия және отар түсінігі
Метрополия (гр. metropolіs, meter – ана және polіs – қала) – мемлекет орталығын білдіретін ұғым. Бастапқыда метрополия деп отар аймақтарға ие ежелгі грек қалалары (полистер) аталды. 19 – 20 ғасырлардың 70-жылдарына дейін отаршыл империялардың орталығы Метрополия деп аталып, негізінен, үлкен қала орталықтары, олардың айналасындағы мекендер, сондай-ақ астаналық қалалар қамтылды. Қазіргі кезде дамыған елдерде Метрополия деп қаланың негізгі нысандары орналасқан басты ауданын айтады
Отар - [лат. colonia - қоныстану] - жергілікті халықты тұралатып, қанаумен жүргізілетін, күшті державаның артта қалған ел мен халыққа аумақтық бақылау орнату саясаты әрі іс-әрекеті. Батыс еуропалық отарлау саясаты өзінің қалыптасу кезеңінде әлемдік экономиканың аса күшті даму тетігіне айналды, өйткені, отар елдер метрополияларда капиталдың жинақталуына және олардың тауарларын өткізуге қолайлы нарық туғызды. Сауданың бұрын-соңды болмаған кеңеюі нәтижесінде әлемдік нарық қалыптасты, ал, экономиканың қыз-қыз қайнауы Жерорта теңізінен Атлантикаға ойысты. Көптеген еуропалық портты қалалар (Лиссабон, Севилья, Лондон және т.б.) сауданың күшті орталықтарына айналды. Еуропаның аса бай қаласыАнтверпен болды, онда сауданың толық еркіндігі тәртібінің арқасында ірі көлемдегі халықаралық сауда және несие шаралары жүргізілді. Сауданың дамуы жеке банктермен қатар Бүкіл Еуропада кеңінен таралған қоғамдық банктердің құрылуына қолайлы жағдай туғызды. ХIХ-ХХ ғғ. басында әлемнің аумақтық бөлінісінен кейін әлемдік отарлық жүйе - ең алдымен Африка, Оңтүстік- Шығыс Азияның отар, тәуелді елдеріне әлемдік державалардың үстемдік жүйесі қалыптасты. Негізгі отарлаушы елдерҰлыбритания, Испания, Франция, Ресей, Германия, АҚШ, Бельгия, Италия, Жапония болды.
49.б.з.д. 4-3 ғғ парсы деректері
Авеста - ежелгі Орталық Азияда, Иранда, Әзірбайжан, Ауғанстан жерінде таралғанЗаратуштра ілімінің қасиетті жазбалары жинағы.
Авеста Зороастра дінінің қасиетті кітабы, Иран жерінде Аршак дәуірінен басталған және әсіресе Сасанилер кезінде бірнеше діни реформалар барысында қалыптасқан қағида болып табылады. Авестаның мәтіні көне парсы тілінен өзгеше және бірқатар белгілері бойынша неғұрлым кейінгі шығыс иран (соғды, хорезм, сақ және т. б.) тілдеріне жақын көне иран тілінде жазылған. Бастапқыда шамамен 1000 жыл бойы ауызша беріліп келген Авеста мәтіні, Сасанилер кезінде қалыптаскан парсы (арамей әліпбиі негізінде) әліпбиімен, содан соң соның негізінде жасалған фонетикалық жазбамен тұңғыш рет бір ізге салынған болса керек. Бізге дейін жеткен Авеста мәтіндерінің мерзімі ерте дегенде XIII ғасыр деп белгіленеді және ол бастапқы мәтінінің жартысына жетпейді. Сақталған Авеста мәтіні мынадай бөліктерден тұрады: «Тағзым ету» яснасында арабтар жаулап алғаннан кейін қуғын көрген құдайлар мен батырлар тізіп келтіріледі және жалпы алғанда кейінгі кезде, ең алдымен зороастралық қауымдардың қажеттері үшін жазылған, алайда өте ертедегі мәтіндер, атап айтқанда, Гаталар — дәстүрді Заратуштраның өзіне апарып тірейтін салтанатты әндер, соңдай-ақ бірсыпырадешталар (Хом- яшт, Срош-яшт және басқалар) да бар. Виспрат («әділет салмағы») — яснаға рәсімдік косымша. Видевдат («Дәулерге карсы заң») — зороастрашылардың күнделікті мінез-құлқы туралы, негізінен кейінгі кезде жазылған, бірақ өте ежелгі заманнан келе жатқан фрагменттер де бар өмір салттың, мәтіндер мен бұйрықтардың жинағы. Яшталар («ән-ұрандар») — өте ежелгі дәуірден, кейде үнді-иран қауымы дәуірінен келе жатқан және Орта Азия мен оған жапсарлас жатқан Иран мен Ауғанстанның ертедегі тұрғындарының рухани өмірін зерттеу үшін көп ақпарат беретін құдайлардың ән-ұрандары. Ғылымда «Авеста тілі» деп аталатын көне тілде біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда хатқа түсірілген. Сасани әулеті заманында (3 – 7 ғасырлар) Авеста 21 кітаптан құралған. Біздің заманымызға соның төрттен бірі ғана жетті. Олар екі нұсқадан тұрады. 1-нұсқасы әр түрлі кітаптардағы мінәжаттар. 2-нұсқасы дінге, құқыққа, табиғатқа, дүние жаратылысына байланысты әуендерден, дұғалардан, ән-ұрандардан тұрады. Бұл Шығыс халықтарының көпшілігінің тарихына, мәдениетіне, дініне, ауыз әдебиетіне қатысы бар ортақ жәдігерлік. Авестаны зерттеген ағылшын ғалымы Мэри Боис: «заратуштрашылдықтың негізін қалаған Заратуштра – көшпелі Азия даласының, ұлы Еділдің шығыс жағын мекендеген тайпалардан шыққан» деген. Василий Бартольд, Александр Маковельский, Александр Бернштам, Әлкей Марғұлан авестаны жасауға сақ, скиф, ғұн, қаңлы тайпалары қатысқандығын айтады. Авеста – Заратуштра (грекше - Зороастра) пайғамбардың рухани ілімі мен құдайға құлшылық ету уағыздары. Мазмұны 2 мың жыл ішінде (біздің заманымыздан бұрынғы 3 – 1 мыңжылдықтар арасы) қалыптасқан.[1]
Кіші және үлкен авеста
Кіші Авеста — көлемі шағын мәтіндер жинағы, ол кейде ежелгі дүниенің діни-философиялық білімдерінің тарихын зерттеу үшін едәуір ынта-ықылас туғызады. Мәтіндерінде өз зерттеушісін күтіп тұрған аса бай дерек болғанымен, Авеста деректері сақ кезеңіндегі Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге біршама аз тартылды. Ортаңғы Иран ескерткіштері — парфяндар тілінен бастап, «ортаңғы кезең» дейтін иран тілдеріндегі эпиграфиялық және нарративтік деректемелер осылай аталады. Парфяндардың, ортаңғы парсы, соғды, хорезм, бактрия тілдері мен тіл деректемелерде нашар куәландырылған басқа да бірқатар тілдер соған жатады. Арамей жазбасының ерекше түрінде және парфяндардың ортаңғы парсы және соғды тілдерінің өзге де диалектілерінде жазылған манихей дінінің ескерткіштері де соған қосылады. Тарихшы үшін мына шығармалар мейлінше маңызды:
•Бундахишн.«Әлем» — зороастрашылардын ғарышнама және Ғаламның кұрылысы туралы түсініктері айтылған өте көлемді шығарма. 
•Денкарт.«Наным негіздері» — зороастралық діни ілімнің бізге дейін жетпеген Авеста бөлімдері тізіп келтірілген және қайталап айтылған көп томды энциклопедиялық баяндама.
•Арда-Вираз-иамак — Александр Македонский жаулап алғаннан кейін құлдырап кеткен зороастралық наным туралы дұрыс түсінік алу үшін Вираз Әулиенің жұмақ пен тозаққа саяхаты жөніндегі шығарма. Тегінде, кейінгі Сасанилер дәуіріндегі зороастризм реформацияларының бірін бейнелейтін өте қызықты шығарма.
•Панд-намак-и Зардушт — «даңқты Зороастра кітабы» — зороастралық мектепте оқытылған діни ілімнің негіздері.
•Қар-намак-и Ардашир-и Панакан — Сасанилер әулетінің билік басына келуінің аңызға айналған нұсқасы айтылған ақсүйектік шығарма.
Ортағасырлық иран тілдеріндегі басқа мәтіндер сияқты, ортаңғы парсы мәтіндеріне де Орта Азия мен Қазақстан тарихшылары зор ынта қояды, өйткені онда дәуіріне сай, яғни алдыңғы орта ғасырдан XII — XIII ғасырларға дейінгі түпнұсқалық жазба деректер келтірілген. Оларда түріктер, эфталиттер, осы аймақтағы басқа да халықтар мен оқиғалар туралы деректер бар. Алайда осы кезге дейін бұл деректер өте нашар тартылып келді, мұның өзі бірінші кезекте иран тілдерінің фонотикасына өте нашар бейімделген арамей жазбасымен жазылған ортағасырлық мәтіндердің қиындықтарына байланысты.[2]
Авестаның көп бөлігі жоғалған, ұмытылған. Ғалымдардың болжамынша, 1/7 бөлігі ғана біздің заманымыздың III ғасырында Аршак әулеті дәуірінде жинақталып, кітап етілген. Көптеген ғалымдар авеста Иранда Сасани әулетінен шыққан I Хосроу шаһ тұсында жазылған деп есептейді. Шындығында ол бұл дәуірде қасиетті саналғанымен, ұмытылған тілде жазылған. Көпшілік түсіне алмағандықтан діндарлар оны сол кездегі әдеби тіл – паһлауий тіліне аударып, көп түсіндірмелер қосқан. Аударманың көлемі өте үлкен болғандықтан діндарлар күнделікті пайдалану үшін Кіші Авестаны жасады. Оған Үлкен Авестадан іріктеп алынған дұғалар кірді. Авестаның барлық діндерге, бүкіл дүниежүзілік өркениетке үлкен әсері болды.
Мысалы, қазақ халқы жыл басын Наурыздан бастайтыны осының бір көрінісі. Көне Ресейде де 14 ғасырға дейін осылай болған. Қостанай, Орынбор, Челябі облыстары шекараларының түйіскен жерінде 1987 ж. табылған көне Арқайым қаласы бұдан 4 мың жыл бұрын түгелдей Веда мәдениетінің үлгісімен салынған. Заратуштраның отаны осы маң деген болжам бар. Өз елі мойындамай қуғынға салған соң, Заратуштра оңтүстікке бет алып, Парсы (Иран) жеріне келеді. Бұл елдің патшасы Виштаспа Заратуштра ілімін қабылдап, оны мемлекет көлемінде бекітеді. Оның дүние жүзі өркениетіне әсері 1,5 мың жылға созылды. VII ғасырда арабтардың Иран мен Орта Азияны жаулап алуы нәтижесінде Авеста мәтіндері бірте-бірте жойылып, көпшілігі ұмытылды. Бүгінгі таңда авеста тауды паналаған парсылар мен Үнді жеріне (Бомбей) ығысқан заратуштра дінін тұтынушылар арасында ғана сақталған.
Бехистун сына жазуы — Парсы патшасы Дарий І өзінің жеңістерін тарихта қалдыру үшін Ирандағы Керманшаһ—Хамадан жолының бойындағы жартасқа б.з.б. 516 ж. жаздырған жазулар. Бехистун сына жазуы екі бөліктен тұрады: жоғарғы жағында көтеріліске шыққан дұшпандарын аяғына жығып тұрған Даридің бейнесі, оның айналасында және төменгі жағында көне парсы, элам, вавилон тілінде 14 қатар етіп жазылған жазулар бар. Қар, жаңбыр суынан қорғау үшін жартастың төменгі жағы шабылып, тік қашалған. *1837 ж. парсы қызметіндегі ағылшын офицері Генри Роулинсон арқанға байланып тұрып, 50 м биіктіктегі Бехистун сына жазуының көшірмесін алды. Сөйтіп сол уақытқа дейін сыры белгісіз болып келген сына жазуды басқа сына жазулармен салыстыра оқуға мүмкіндік туды.
•1846 ж. Роулинсон Лондондағы Корольдік Азия қоғамына сына жазуды оқу кілтін тапсырды. Алайда, сына жазудағы әр белгінің бір сөз болып оқылуы, кейде әр түрлі мағына беруі ғалымдар арасында сенімсіздік туғызды. Француз елшісі Э. Боттаның Күйінжікте жүргізген қазбалары кезінде табылған қыш тақтаға жазылған сына жазу сөздіктері мен оқулықтары Бехистун сына жазуын оқуды жеңілдетті.
•Тек 1857 ж. Лондонда ағылшын ғалымдары Роулинсон мен У.Тальбот, неміс-француз ғалымы Ж. Опперт және ирландиялық Э. Хинкстің жаңадан табылған сына жазуларды бір-бірінен бөлек, бірақ бір мағынада оқуы таластың тоқтауына себеп болды. Бехистун сына жазуы тек парсы тарихының ескерткіші ғана емес, ол мыңдаған жылдар бойы сырын ішке бүккен сына жазуды оқуға мүмкіндік берген адамзат тарихындағы маңызы зор ескерткіш. Бехистун сына жазуында сақ тайпаларының құрылымы туралы құнды деректер сақталған
48 (6). Кемал Ататүрктың саяси портркті және саясаты
1918-1923 жылдардағы Кемал бастаған революция сұлтан билігін біржолата жойды.Азаттық күресте жеңіп шыққан Түркия буржуазиясы өз билігін тұрақтандыруды қолға алды.1923 ж сәуір айында Республикалық халықтық партия құрылды.Партияның төрағасы М.Кемал паша парламеттік сайлауда жеңіп,үкіметті басқарушы күшке аналлды.1923 жылы 23 қазанда Түркия Республикасы жарияланды.Бірінші президенті М.Кемал паша болды.Сакария жеңісінен кейін М.Кемалға маршал шені ен қазы деген атақ берілді.1923 жылы 13 қазанда мемлекеттің астанасы Анкараға көшірілді.Діншілдер билігін мұқату үшін 1924 жылы 3наурызда халифат жойылып,халиф әулеті елден қуылды.Бұл кезде М.Кемал елді аралып, халықпен кездесіп,митинг жиылыстарды сөз сөйлеп,жаңа конституция жариялау әрекеттеріне кіріскен еді.1924 жылы 20 сәуірде Түркия мәжіліс жаңа Конституциясын жариялады.Конституция демократиялық тәртіпті бекітті.азаматтырдың жеке басының еркіндігі,жеке меншік қауіпсіздігі ,сөз,пікір баспасөз,жиналыс, және ұждан, бостандығы қорғалады деп жарияланған.
1924 жылы конституция республика президентіне билік еркінігін берді.1920-1930 жылы Кемал үкіметінің реформалары елдің мәдени және тұрмыс жағдайына үлкен өзгерістер енгізді.діни мектептер жабылып, азаматтық мектептер ашылды,шариғаттық сот орнына азаматтық сот орындары енгізілді.1926 жылы азаматтық заң жинағы қаылданды.Бұл заң негізінде көп әйел алуға,бір адамның қалауы бойынша ажырасуға тыйым салынды.Азаматтық некелесу тәртібі,әйелдердің еркектермен тең құқықтығы жарияланды.1925 жылы еуропалық киім кию,араб әліпбиімен латын алфавитіне көшу жүргізілді.Түрік әйелдеріне сайлау құқығы беріліп, оларға мәдени,қоғамдық, саяси өмірге қатысуға жағдай жасалды.1934 жылы мәжіліс фамилия енгізу заңын жариялады.сол жылы 24 қарашада түркияның Ұлы халық жиналысы М.Кемалға Ататтүрк деген фамилия берді.
Экономикалық салада Кемал үкіметі этатизм (мемлекет) саясатын жақтады.Экономика дамуы мемлекет қамқорлығына алынып, мемлекет қаржыларының көмегімен өнеркәсіп орындары, темір және тас жолдар,порттар салынды.Ұсақ жіне орта жеке меншік кәсіпорындардың дамуына да қолдау жасалды.Мемлекеттің саясаты қолдау ниетімен орталық банк,сумер банк,этибанк мемлекеттік банктер ашылды.1925 жылы заң негізнде ашар салығы (өзіндік салығы) жойылып, түрік шаруалары біркелкі ақша салығын олейтін болды.бұл заң ауылдағы ескі феодалдық әдеттердің сақталуына тежеу болып, түрік шаруаларының тауар ақша қатынастарына көшуіне жеңілдік туғызды.
Мұстафа Кемал Ататүрк, Ғази Мұстафа Кемал-паша (түр. Mustafa Kemal Atatürk; 1881 — 10 қараша 1938) — Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті.
Мұстафа Кемал Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарып жүрген кезінде өзін дарынды қолбасшы ретінде көрсете білді. Кейінірек ол Анадолы және Палестина майдандарында әскери ұрыс қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде атақ-даңққа ие болды. Осман империясының соғыста жеңіліп, Антанта тарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан кейін, Мұстафа Кемал Түрік ұлттық қозғалысын бастады. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласты. Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырған соң, ол Антанта мемлекеттері жіберген әскерлердің бетін қайтарып, олардан басым түседі.
Сыртқы интервенциялық күштерді қайтарғаннан кейін Мұстафа Кемал Түркия өмірінің саяси, экономикалық және мәдени жақтарына терең өзгерістер енгізуге бағытталған реформалар бастайды. Ол реформалардың басты бағыттары Кемалдың саяси идеологиясында баяндалған. Ататүріктің ұстанған көзқарасы бойынша Түркия мемлекеті осы заманғы,демократиялық және зайырлы ұлттық мемлекет болып құрылуы тиіс болатын.
52.(60) Шарль де Гольдің ішкі және сыртқы саясаты
Шарль Андре Жозеф Мари де — француз генералы, мемлекет қайраткері. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Француз ұлт азаттық қозғалысының көсеміне айналды. Бесінші Республиканың негізін қалаушы және оның тұңғыш президенті (1959—1969).Париждегі Жоғары әскери мектепті бітірген. I дүниежүзілік соғысқа (1914-1918) қатысқан. II дүниежүзілік соғыс басталғанда полковник шенінде 5-Франция армиясының танк бөлімшелерін басқарды.1943 жылы маусымда Голль Алжирде қүрылған Франция ұлттық азат ету комитетінің тең төрағасы болып сайланды. 1944 ж. маусым айында бүл комитет Франция Республикасының уақытша үкіметі болып қайта қүрылып, 1944 ж. тамыз айында азат етілген Париж қаласына көшіп келді. II дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан соң Голль Францияда президенттік басқару үлгісін орнықтыруға күш салды. Бұл жоспары қарсылыққа үшыраған соң 1946 ж. биліктен кетіп, келесі жылы "Франция халқының бірлестігі" партиясын құрды.1953 ж. партияны таратып, саясаттан шеттеп кетті. 1958 ж. Алжирдегі әскери бүліктен кейін Франция үкіметі аса қиын жағдайда қалып, парламенттің көпшілік болігі Голльді үкіметті басқаруға шақырды. Оның басшылығымен жаңа Конституция қабылданды (1958). Осы Конституция негізінде өткен 1958 жылғы 21 желтоқсандағы сайлауда Голль республика президенті болып сайланды.1965 ж. жаңа 7 жылдық мерзімге қайта сайланды. Ол билік жүргізген кезеңде парламенттің билігі шектелді, президентке қосымша өкілеттіктер берілді. Голльдң түсында Франция атом қаруын жасап, ядролық державаға айналды.1969 ж. өткен референдумнан кейін биліктен кетті. Францияның сыртқы саясаты Шарль де Голльдің үлттық дербестік жөне үлттық мүдде принциптерінің негізінде құрылды. Де Голль атлантикалық саясаттан бас тартуды жақтап, халықаралық қатынастағы екіполюстік саясатқа қарсы күресті. Батыс пен Шығыс елдері арасында өзара келісімдер жүргізу арқылы шешімге келуге болатынын ай- тып, кез келген дау-жанжал мөселелерді бейбіт жолмен реттеуге шақырды. Бүл саясат француз-кеңес қарым-қатынастарын жаңа деңгейде жүргізуге жол ашты. АҚШ-тың “қырғи-қабақ” саясатын толық қолдамай, бейбіт қатар өмір сүру саясатына қарай ауыса бастады. Халықаралық қатынастағы екіполюстік саясатта бөсеңдеу кезеңі басталды. Екі ел арасындағы үкіметтік деңгейдегі қарым- қатынастардың арқасында экономикалық-сауда байланыстарының кең түрде жүруіне жол ашылды. 1960 жылы Н. С. Хрущевтің Францияға сапары барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізуге қол жеткізілді.
Франция отарлық саясатының күйреуі. Шарль де Голльдің сыртқы саясатта шешуге тиіс негізгі мөселелерінің бірі Алжирге төуелсіздік беру болды. 1958 жылы Франция отар елдерінде рефе­рендум өткізіліп, олар төуелсіздік жолды таңдады. Бүған Франция Үкіметі қарсы болған жоқ. Көптеген елдер “Француз ынтымағынан” шықты. 1958 жылы 1 қазанда Германия төуелсіз мемлекет болды. 1960 жылы Батыс жөне Экваторлық Африкадағы 14 француз отар елі өз төуелсіздігін жариялады. 1958 жылы Алжирде үлт-азаттық соғыс басталды. Алжирде 1 миллион еуропалық болды. Олар Ал­жир халқына төуелсіздік беруден бас татты. Алжирді Францияның бір бөлігі ретінде санады.
54. АҚШтағы екі партиялық жүйе
АҚШ-та екi негiзгi саяси партиялар бар: демократиялық және республикалық. Басқа партиялар олармен әлсiн-әлсiн бәсекелеседi, бiрақ олардың жетiстiгi тұрақсыз. Екi озып келе жатқан партиялардың бағдарламалары сабырлылықпен бейнеленедi, жиiрек олардың ұстанымдарындағы қандай болмасын сұрақ бойынша белгілі айырмашылық жоқ. Бұл партиялардың әрқайсысында керiтартпа және либералды болып есептелетiн қанаттары бар. Мысалы, керiтартпа демократтар олардың бақталастары-республикашыларға қарағанда нәсiлдiк сұрақтарда үлкен кертартпалықты айқындайды; либералды демократтар либералды республикашыларға қарағанда экономикалық сұрақтарда радикалды болып келеді. Партиялар әрбiр төрт жыл сайын президенттiк сайлауларда күреседi. Президент пен вице-президентті сайлауда сайлаушылар нақтылы кандидатты қолдайтын, сайлаушылар алқасының жүйесi деп аталатын алқаны таңдайды. Әр штатта сайлаушылар әрбiр сенатор мен конгресс өкiлдеріне дауыс бередi.
АҚШ-та құрылған екі партияның біреуі, Американың демократиялық партиясы (DemocraticParty), америкалық саяси партия Республикалық партиямен бірге 1790 жылы Томмас Джефферсон негізін қалап, 1828 жылы құрылған. Мартин Ван Бюрен (АҚШтың сегізінші Президенті) және кейбір саясаткерлер, соның ішінде Томас Джефферсон (АҚШ-тың үшінші Президенті) және Эндрю Джексон (АҚШ-тың жетінші президенті және 1828 жылы осы партия атынан сайланған АҚШтың бірінші Президенті) партияның негізін қалаушылары болып табылады. Ерте демократтар бағдарламаларының негізгі тармағы ретінде "Штаттар құқығы" туралы ереже болды. Олардың пiкiрi бойынша, барлық дерлiк саяси өкiлеттiктерді штаттардың үкiметтерiне тапсыруы керек болды.
19 ғасырдың 30-шы жылданың ортасында Демократиялық партияда құл иеленушiлер мен оларға қатысты солтүстiктiң iрi буржуазия бөлiктері ықпалы көбейді. 1861-65 жылдары болған азаматтық соғысқа дейін Десократиялық партия кандидаттары көп жағдайда сайлауларда жеңіп, партия ұзақ уақыт өкiмет басында болды. 19 ғасырдың 50-шы жылдардың ортасына таман Канзас-Небраска заң жобасының қабылдануы мен құлдық туралы сұрақ бойынша күрестiң асқынуына байланысты Демократиялық партияда солтүстiк және оңтүстік демократтар болып топтар құрылды. Жаңа республикалық партияның жетiстiктерi (1854ж негізі қаланды) мен 1860 жылы Президент орынына А.Линкольнді сайлау Десократиялық партия қатарында бөлiнуіне мүмкiндiк туғызды. Демократиялық партияның өте кертартпа оңтүстiк топтауы 1860-61 жылдары көтерiлiстің бас ұйымдастырушы болды және құлиеленушiлiк конфедерацияның жасауын (оңтүстiк демократтар - диксикраттар(француз атауынан он доллар купюраның азамат соғысына дейiнгі оңтүстiкте үндеуi ) осы уақытқа дейiн Демократиялық партияның оң топтауларын құрайды). Азамат соғысы кезіндегі құлиеленушiлiк конфедерацияның қирауы елдегi Демократиялық партияның ықпалын шынымен жойды.(1861-65-шi жылдардағы АҚШтағы азамат соғысы және оңтүстiктiң қалпына келтiруiн қара). Азамат соғысынан кейiн және әсіресе империализм мерзiмiнде Демократиялық партия мен Республикалық партия аралығында айырмашылық кемдеу болып қалыптасады. Екi партия да монополистiк капитал партияларына айналып кеттi, монополисттердің ерiгiн бiлдiре бастады. Республикалық партияларда да, Демократиялық партияларда да монополисттердің бастаушы топтардың күштi позициялар бар.
Демократиялық партия мен республикалық партияның арасындағы айырмашылықтар нивелирленді, дәстүр бойынша демократтар керiтартпа жөнге салынған республикашыларға қарағанда либералды құндылықтардың жақтаушылары, күштi әлеуметтiк саясаттың және экономиканың мемлекеттiк реттеуiнiң жақтаушылары болып есептелді. АҚШтағы екi партиялы жүйе шарттарында Демократиялық және республикалық партия өкiметте бiрін-бiрi ауыстып отырады. 20 ғасырда Демократтардың өкiлдерi болып Вудро Вильсон(1913-1921 ), Франклин Рузвельт және Гарри Трумэн(1933-1953 ), Джон Кеннеди және Линдон Джонсон(1961-1969 ), Джимми Картер (1977-1981 ), Билл Клинтон (1993-2001 )президент болды.
Монополистiк капиталдың мүдделерiн қорғай отырып, екi партия тұрғындардың әртүрлi топтарына шағымданады, әр түрлi әлеуметтiк топтарға арқа сүйейдi. Егер республикалық партия басқаруы өздерінің iрi капиталмен байланыстарын жасыру керек деп санамаса, онда Демократиялық партия басқаруы әлеуметтiк демагогияны алғыр қолданып, бұл байланыстарды жасырып қалуға тырысады, өзiн "Кiшкентай адам" мүдделерiнiң қорғаушысына бередi, (тресттерге қарсы заңдардың қатал орындалуына сөз беруi, т. б.) iрi капиталға баса-көктеулерді кейде қолданады, кертартпа кәсiподақтардың басымен ынтымақтасады. Дәстүр бойынша Демократиялық партия "Цитаделі" ретінде АҚШтың Оңтүстiк штаттары болып есептеледi. 1861-1933 жылдары тек қана екі президент Демократиялық партияға жатты - Кливленд (1885-89 және 1893-97) және В.Вильсон (1913-21 ) . 1921-33 жылдары өкiметте республикашылар тұрды. 1932 жылғы президенттiк сайлауда Демократиялыұ партияның кандидаты Ф.Д.рузвельт (1933-45жж. президенті) жеңдi. Соғыстан кейiнгі уақытқа, 1953-61 жылдарын (Эйзенхауэр үкiметі) қоспағанда, Демократиялық партия өкiметте - Г.Трумэн үкіметі (1945-53), Дж.Кеннеди үкіметі (1961-63), Л.Джонсон үкіметі (1963) болады.
Демократиялық партияның тұрақты мүшелiгi болмайды, оған мүшелік сайлауда оның кандидаттарына дауыс беруiмен және партияның материалдық көмегiмен анықталады. Партия сөзiнің меншiктi мағынасы штаттарда, қалалар мен графтықтарда жұмыс iстейтiн басқарма мен функционердердің әр түрлi лауазымдардан тұратын оның аппараты болып табылады. Төрт жылда бiр рет кандидаттарды президент пен вице-президент орындарына сайлататын партия съездiн шақырады, сонымен бiрге партиялық бағдарламаны (платформаны) қабылдайды. Съездер аралығында
Соғыстан кейінгі мерзiмде Демократиялық партида түбегейлi құрылымдық өзгерiстер белгiледi. Демократиялық партияның негiзгi топтаулары ретінде; орталық, диксикраттар (ерекше кертартпа қайраткерлерден тұратын топ) және "Либералды қанат" саналады. Партияда ең үлкен ықпалмен ең алдымен Солтүстiк-Шығыс iрi монополиялар бөлiгiнiң мүдделерi шағылатын орталық топтауы пайдаланады. Алғыр әлеуметтiк демогогияға бейiмдi (жұмыссыздықты құрту, жұмыскерге қарсы заңды өзгерту, әлеуметтiк сақтандыруды кеңейту, тұрғын-үй құрылысы, фермерлерге қарыздар беру және т.б.сөз берулер).
Демократиялық партияның тұрақты мүшелiгi болмайды. Сайлауда дауыс берушілердің барлығы партия мүшелерi болып есептеледi. Қаржыландыру көздері - партия ұйымдарын iрi корпорациялар мен кәсiпкерлер рөлінде шығатын өте жомарт сыйлықтар берушiлерден тәуелдi ететін жарналар болып табылады. Төрт жылда бір рет президента пен вице-президенттiң орынына кандидатты қоятын съезд жиналады. Съезден сырттай басшылық етушi қайраткерлердiң тар тобының арасында күрес жүреді, ал съезд оның қабылдаған шешiмдерiн бекiтедi. Партия басқармасын ештеңеге мiндеттемеген және сайлаушылар дауыстарын тарту жалғыз мақсатпен сайлау алдындағы платформа съездбен қабылданады. Съездер арасындағы үзiлiстерде партия машинасымен Ұлттық комитет басшылық етедi. Ресми жетекшi ретінде президент (егер партия оппозицияда болса) немесе соңғы сайлаудағы президент орынына тағайындалған кандидат болып табылады. Партия ұйымдары орындары сайлау компанияларын өткiзумен шұғылданатын әр түрлi лауазымдардағы кәсiби саясаткерлердің ептеген аппараттарынан тұрады. Штаб-пәтер - Вашингтонда. Ресми белгi - есектiң суретi (1874 жылы сайлау науқанында американдық карикатурист Томас Наст Республикалық партияны пiл түрiнде , ал Демократиялық партияны есек түрiнде суреттегенде пайда болды).
53. Токугава сегунатының сыртқы және ішкі саясаты

Токугава сегунатының саяси тарихы
Токугава династиясының (1605-1867) 15 сегундары
Эдо кезеңінде Токугава династиясының 15 сегундары кезегімен басқарды. Олардың біріншісінің қызметі- Токугава Иэясу, династияның басшысы- бірінші жіне екінші бөлімдерде толығымен қарастырылады. Енді ізбасарларына келсек, олардың ішінде тікелей ұрпақтары және шеттегі ұрпақ бұтақтарының өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері данышпан адамдар болды және мемлекеттік ақылмен ерекшеленді, бірақ арасында қолынан түк келмейтін, еріксіз басшылар да болды.
2-ші сегун Хидэтада 1605-1623 жж аралығында формальды басшылық етті, бірінші 10 жыл ішінде ол әкесімен бірге басқарды, кейін өзі 1632 жылға дейін билікте қалды.
Иэясу, Сумпу жұмыстарынан шығып, үлкен мәртебеге ие адам огосе атағына иемденді. Хидэтада сегун болып, өз әкесінен сабақ алды. Жапония тарихында алдында кездескендей- биліктің екі жүйесі қалыптасты- Хидэтада, ұйымдастыру істерімен айналысатын басты сферасы, және Иэясу, осы өмірімен байланыс істерімен айналысатын маңызды сферада қызмет етті. Осы уақытқа дейін, биліктің екі жүйелік басқарудан айырмашылығы, бұл жолы екі басшылар бір-біріне жақын туыстар болды. әкесінің өлімінен кейін, бүкіл билік баласына өтті. 1592жылы Кореяға жапондық әскери экспедиция басталды. Алты жыылға созылған авантюрлық соғыс Жапонияның жеңілгенімен аяқталды. Бұл 1598ж 18 тамызында соғыс бітпей тұрып қаза тапқан Хидэеси өміріндегі ең үлкен сәтсіздік болды. Осы уақытта Токугава Иэясу өзінің білгіштігін күшейтті, Эдоны тірі қалаға айналдырды. Өзінің беделіне, әсеріне, күшіне қарай ол Жапониядағы екінші адам болды. Ол өз қыздарын сәтті күйеуге шығарып, осы туыстық қатынастармен беделді феодалдармен өз одағын мықтап бекітеді. Саясм маневр жасау техникасын жақсы игеріп, өзінің сақтығы мен бақылау қасиеттерін пайдаланып, Иэясу билік үшін күресте , өз сәттілігіне сеніп, келесі қадамдарына мықты дайындалды. Оның уақыты Хидэесидің өлімінен кейін келді. Жаңа 1603ж Токугава Иэясу император үйінен, қызметшілерінен, монастр, ғибадатханалар мен даймелердің басшыларынан қалыпты жаңа жылдық құттықтауларды алды, оның ресми түрде сегун титулын иемденбегеніне қарамастан, іс соны алу жолында болды. 1602 жылы ақпанда император ауласы саналы түрде Иэясу «Минамото үйінің басшысы» деп жариялауға дайындық жасай бастады.Аула жағынан бұл жай ғана формалдық болы, өйткені атты әскери билік Иэясуға тиесілі болды.
Ода Нобунага, Тоетоми Хидэеси сегун титулын иемденбеді. Иэясу олардың өз шежірелі күші болды . Ол аулаға өзінің ата бабалары Миномото үйімен Нитта жанұясы арқылы байланыста болғанын жеткізді. Бұл жағдайға қатысты тарихшылар арасында күмән болды Токугаваның Миномото үйіне қатыстылығының куәлігі, құжаттарға кейін енгізілген өзгертулердің нәтижесі деп есептеуі. Бірақ 1603ж қаңтарда, осындай сыпайы сұрақтар кадр артында қалды және император ауласының ресми өкілі Иэясуды император оны сегун деп тағайындау ниеті жайлы хабардар етеді.
12 ақпанда оны сегун деп жариялау және придворлық мәртебе удайдзин (оң министр), бұрынғымен салыстырғанда мәртебесі жоғары (найдайдзин ішкі министр) беру салтанаты өтті. Сол үшін ауланың ресми делегациясы Киотодан жақын жердегі Тоетоми Хидэеси сарайында болған Иэсяуға жолықты. Күн жауынды және күңгірт болатын, бірақ ауланың делегациясының келуі кезінде аспан шайдай ашылды. Баубақшадан өтіп, сарайдың кіреберісінің алдында тоқтаған сарайдың өкілеттігі екі мәрте «ранг жүргіземіз» деп хабарлады. Содан кейін делегация екі топқа орналасқан верандаға жіберілді. Делегацияға қартадам жоғарылатып отырған Иэясуға императорлық жарғылар болған сандықшаны ұсынды. Осылайша, Иэясудың сегун атануы болды. Әміршінің сол уақытта шын билігі болмағанына қарамастан, Иэясу мақсатты және қиын жұмысты бастан өткерді, соның нәтижесінде әмірші толығымен саяси өмірден алынып тасталды. Оның саяси беделі сегундарға енді қажет болмады. Олардың орналасуындағы айырмашылықтарды сол уақытта Жапонияға келген шетелдіктер де байқады: олар әміршіні микадо, сегунды- котэй (екі сөзде жапон тілінде «әмірші» дегенді білдіреді, бірақ микадо- өте көне атақ). Сол арқылы олардың Жапония өміріндегі рөлдерінің айырмашылықтарын атап өтті. Микадо діни рәсімнің басшысы болды, ол жоғарғы абыз қызметін атқарып, өзін жердегі қызметтермен қолрамады, ал сегун елдегі жоғары билікті жүргізді. Токугава Иэясу көп уақыт сегун болмады- 1605 жылы мамырда ол өзінің ұлы Хидэтаданың пайдасы үшін атақтан бас тартады. Сол арқылы сегун күзет орны Токугава үйімен бекітілді. Иэясу Сумпуға кетіп, жалғыз, тарихты оқып, көне заман білгіштерімен сөйлесу арқылы уақытын өткізеді. Алайда ол биліктен тек формальды түрде кетті.
51. (59) 11-15ғ Византия
 Орта ғасырдағы Византия (325-1453) - Батыс тарихшылары XIX ғасырда Шығыс Рим империясы атауының орнына Византия империясы деген атау берген. Византия халығы өздерінромей деп атады. Византия елордасы Константинополь қаласы болды, император Юстиниан I заманда ірі қала болды, империяның Византия, Византия империясы – 395 – 1453 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет. Алғашында «Ромейлер империясы» деп аталған. Византия атауын зерттеуші ғалымдар енгізген. «Византий» (грекше Byzantіon) деген Босфор бұғазы жанындағы біздің заманымыздан бұрынғы 680 жылы іргесі қаланған ежелгі грек қаласы. 324 жылы Рим империясының астанасы осы қалаға көшті де, 330 жылдан бастап Константинополь, ал 1453 жылдан бері Стамбул деп аталды. Астана Константинопольге көшкеннен кейін Рим империясы біртіндеп Батыс және Шығыс бөлікке бөліне бастады. Толық бөліну 395 жылы жүзеге асты. Византия құрамынаБалқан түбегі, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет, Киренаика, Месопотамия, Армения, Эгей теңізіндегі аралдар (Кипр, Крит, Родос, т.б.), Қырым түбегі кірді. Халқының этникалық құрамы әр түрлі (гректер, дактар, копттар, фракийліктер, сириялықтар, еврейлер, армяндар, грузиндер, тағыда басқа) болды. 4 – 6 ғасырлар аралығында халқының саны елу миллионнан алпыс бес миллионға дейін жетті. Экономикада, саяси өмір мен мәдениетте гректер үстемдік құрды. Византия тарихы шамамен үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде (4 – 7 ғасырлардың ортасы) өкімет билігі императордың қолында болды. Ол күшті армия мен флот ұстап, өз шекараларын қорғап, тіпті басқыншылық соғыстар жүргізді. Византия Еуропадағы ең дамыған мемлекетке айналып, саудагерлер Батысқа Шығыстың қымбат тауарларын апарып, қатты байыды. Әсіресе, император Юстинианның тұсында (527 – 65) мемлекеттің әскери қуаты артып, төңірегіндегі ұсақ мемлекеттерді өзіне қосып алды. Ол шіркеуге қолдау көрсетіп, сол арқылы Батыс пен Шығыс Рим империяларын қайтадан біріктірмекші болды. Ұлы Жібек жолына үстемдік жасау мақсатында Иранға қарсы Түрік қағанатымен әскери одақ құрылды. Кейбір түркі тайпалары Византия әскеріне қызметке тұрып, Кіші Азияға, Кавказға, Балқан түбегіне қоныстана бастады. Бірақ Юстинианның мұрагерлері билікті ұстап тұра алмады. 7 ғасырдың аяғында Юстиниан тұсындағы ел аумағының үштен бірі ғана қалды. Екінші кезеңде (7 ғасырдың ортасы – 13 ғасырдың басы) Византия бірте-бірте грек-славян мемлекетіне айналды. Жерінің кішірейгеніне қарамастан, ол Жерорта теңізіндегі ең қуатты державалардың бірі болды. Бірақ 1204 жылы крестшілер Константинопольді басып алғаннан кейін, Византия біртұтас мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты.Үшінші кезеңде (1204 – 1453) Византияның крестшілер жаулап алған бөлігінде Латын империясы (1204 – 61) құрылды. Қалған бөліктерінде Никей империясы (1204 – 61), Трапезунд империясы (1204 – 1461), Эпир мемлекеті деген тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Олар Латын империясына қарсы үздіксіз соғыс жүргізді. Онда Никей империясы шешуші рөл атқарып, 1261 жылы Михаил VІІІ Палеолог Константинопольді басып алып, Византияны қалпына келтірді. Бірақ Трапезунд пен Эпир мемлекеттері оған қосылмай, дербестіктерін сақтап қалды. 14 ғасырдың басында түріктер Византияның Кіші Азиядағы иеліктерін толығымен басып алып, Балқан түбегіне шабуылдаумен болды. Олар 1453 жылы жиырма тоғызыншы мамырда Константинополь қаласын басып алды. 1461 жылы түріктер Трапезунд империясын да басып алғаннан кейін, Византия империясы өзінің өмір сүруін тоқтатады. Оның территориясы толығымен Осман сұлтандығының құрамына енді. Византияның архитектурасы мен бейнелеу өнері адамзат мәдениетінің дамуына зор әсерін тигізді. Мұнда құрылысы жағынан күрделі, еңселі ғимараттар бой көтерді. 9 ғасырдан бастап крест күмбезді ғибадатханалар пайда болды. Бейнелеу өнері бояуларының ғажайып әсерлілігімен, бейненің әрі дәл, әрі мәнділігімен ерекшеленді. Сонымен бірге икона салу өнері (иконопись) және кітап көркемдеу ісі де өркендеді. Мүсін өнері, тас, піл сүйектерін әрлеу де кең қанат жайды. Ақсүйектер арасында орган музыкасын тыңдау дәстүрге айналды. Кейіннен Византия мәдениетінің кейбір элементтері христиан дінімен бірге Шығыс Еуропа елдеріне ауысты. арабтардың жорығынан кейін қол астында тек Грекия жерлері мен Анадолы түбегі қалды.

Приложенные файлы

  • docx 15826016
    Размер файла: 142 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий