емтихан пед тарих


І-тарау. Шетел педагогикасы мен мектептерінің тарихы
1.Алғашқы қауымдағы тәрбие. Тәрбиенің пайда болуы. Алғашқы қауымдағы тәрбие генезисі тұжырымдамасы.
Алғашкы қауымдық құрылыс кезеңі тапсыз қоғам болды. Адамдар өздерінің іс-әрекеттерін көпшілік болып топтасып, бірге атқарып отырған. Мұндағы тәрбие жас пен жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипат алды. Ұл балалар садақ тарта білді, аң аулауға көмектесті, қыз балалар үй жұмыстарына араласты, киім пішті, тұрмыстық салт-дәстүрлердің рәсімдеріне қатысты. Тәрбие-бұл қоғамдық өмірдің құбылысы. Ол адамның және адамзат қоғамының дүниеге келгенінен бастап пайда болды. Тәрбие қоғам қажеттілігіне байланысты. Ол ұрпақтар арасында сабақтастық байланысты қамтамасыз етеді. Тәрбиенің пайда болуы жөнінде әлемдік ғылымда бірнеше тұжырымдама ұсынылады. Ондай көзқарастың дәстүрлі түрлерінің біріне эволюциялық-биологиялық теорияны және психологиялық теорияны жатқызуға болады. алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбиенің пайда болуы антропосоциогенетикалық атты анайы кезеңінде пайда болды, социобиогенетикалық деңгейде әлеуметтік қызмет атқаратын жабайылық деңгейде қалыптасты. Алғашқы қауымдық өркениетте тәрбие рационалды-әлеуметтік деңгейде болды.
2.Тәрбиенің әрекеттің ерекше түрі ретінде пайда болуы.
Тәрбие жұмысы – жеке тұлғаның жан-жақты даму міндетін шешу мақсатында тәрбие ортасын ұйымдастыру мен тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетін басқаруға бағытталған педагогикалық әрекет. Ал оқыту – ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға бағытталған тәрбие әрекетінің түрі.
Білім беру мазмұнының проблемасымен айналысатын ғалымдар (В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин және т.б.) оқытудың білім мен іскерлік компонеттерінен басқа, адамның оқыту процесінде игеретін шығармашылық әрекет тәжірибесін және қоршаған ортаға деген эмоционалды-бағалы қатынасын жатқызады. Оқыту мен тәрбие жұмысының бірлігінсіз білім беру элементтерін жүзеге асыру мүмкін емес. Біртұтас педагогикалық процесс – ол «тәрбиелеп отырып оқыту» мен «оқыта отырып тәрбиелеу» бірігетін процесс (А.Дистервег).
Ал тәрбие жұмысы кез келген ұйымдастыру формасы ретінде нақты мақсатқа жетуді талап етпейді. Тәрбие жұмысында мақсатқа бағытталған нақты міндеттерді алдын-ала көруге болады. Тәрбие міндеттерін шешу тиімділігінің маңызды критерийі эмоция, мінез-құлық, іс-әрекетте көрінетін тәрбиеленушілер санасының өзгеруі.Тәрбие жұмысында жоспарлауға қоғамға, еңбекке, адамдарға, ғылымға, табиғатқа, заттарға, қоршаған орта құбылыстарына, өз-өзіне қатынасы кіреді. Оқу мақсаты іс-әрекетпен анықталады, яғни оқушының танымдық әрекетін тудырып, бағыттау.
Тәрбие жұмысында оқушылар әрекетінің нәтижелерін көрсету өте қиын. Дамушы жеке тұлғада педагогтың іс-әрекет нәтижесін көрсету өте қиын. Тәрбие жұмысында уақытымен кері байланысты бекіту мүмкін емес.
Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері кез келген мамандықтың педагогының іс-әрекетінде, яғни оның оқыту және тәрбие жұмысында көрінеді. Мысалы, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде өндірістік оқыту мастері іс-әрекетінде екі міндетті шешеді: қазіргі технология талаптарын және еңбекті ұйымдастыра отырып білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру, білікті жұмысшыны дайындап шығару. Сондықтан болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мақсаты біртұтас педагогикалық процесті басқаруға даярлауды қалыптастыру болып табылады.
3.Жанұяның пайда болуы. Жанұядағы бала тәрбиесі.
Жанұя, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Жанұя — болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моралдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-кұлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Жанұя тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Отбасы тәрбиесі тәрбиенің бұқаралық түріне айналды. Пайда болған үстем таптар(көсемдер, ақсақалдар) ақылой білімін дене еңбегінен бөлуге ұмтылады. Алғашқы білімнің негіздерін үстем таптар өздерінің қолдарынан жинақтап, оларға өз үстемдігін жүргізді.Отбасы тәрбиесінің нәтижелерін ру, тайпаның ақсақалдары бақылап отырды. Қыз балалар мен ер балалардың тәрбиесінде кейбір ерекшеліктер болды.Балалар ерлермен бірге аңшылықпен, балық аулаумен айналысты. Қыздарды үй шаруасына, әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге, ыдыс аяқ жасауға қатыстырылды.
4.Тәрбиенің ұйымдасқан формасының пайда болуы.
Тәрбие – адам қоғамында ғана болатын қоғамдық құбылыс, адамдардың саналы әрекеті. Ол алғашқы қоғамдағы еңбек пен материалдық өмір процесінде пайда болады. Қоғам дамуының алғашқы басқышы – рулық қоғамға дейін адамдар табиғаттың дайын заттарымен қанағаттанды, аң аулаумен шұғылданды. Адам қоғамының, адамның өзінің дамуында еңбектің әсері өте зор болды. Ф.Энгельс «Мемлекеттің, жеке меншіктің және семьяның шығуы» және «Маймылдың адамға айналуында еңбектің рөлі» атты еңбектерінде адамның өзін жасаған еңбек екенін дәлелдеді. Ф.Энгельс алғашқы дәуірде балалар ортақ, қоғамдық болды, өйткені жеке семья болған жоқ деп көрсетті. Сондықтан балаларды тәрбиелеу де алғашқы қоғам мүшелерінің коллективтік жұмысы болды.
Алғашқы қоғам тапсыз болды, соған сәйкес тәрбие де барлық адамдарға ортақ, бірдей болды. Алғашқы қоғамнң дамуының белгілі сатысында тек ер бала мен қыз балаларға берілетін тәрбиеде ғана кейбір айырмашылықтар кездеседі. Ер балалар ер азаматтармен бірге қару-жарақ жасауға, аң, балық аулауға қатысты, ал қыз балалар әйелдермен бірге тамақ әзірлеуге, киім тігуге араласты.
Рулық қоғамда балалар мал бағуға, егін егуге, қолөнеріне үйретілді. Осыған сәйкес тәрбиені ұйымдастыру қажет болды. Балаларды тәрбиелеу ең тәрбиелі адамдарға жүктелді. Ертегі, ойын және өлең ол дәуірдегі мінез-құлық тәрбиесінің құралына айналды. Әскери тәрбиенің алғашқы элементтері садақ ату, найзаласу, салт атқа міну т.б. шыға бастады.
Тәрбенің ең тәжірибелі адамдарға жүктеу, оның мазмұнының кеңеюі – рулық қоғамда тәрбиенің қоғамдық еңбектің бір саласына айнала басталғандығын көрсетеді.
Тәрбиенің пайда болуы, оның алғашқы қауым адамдарының еңбек іс-әрекетімен байланысы, Осы қоғамдағы тәрбиенің ерекшелігі,Жанұяның пайда болуы,Тәрбиенің ұйымдасқан формаларының пайда болуы,Жазудың және алғашқы мектептердің пайда болуы,Педагогикалық тәжірибе мен білімді жеткізудің жазбаша педагогикалық дәстүрі.
5.Ежелгі мектеп пен тәрбие. Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқу.
Таяу Шығыс жерiнде тұңғыш орнаған 300 жылдық Шумер мәдениетi оны өркениеттi ел ретiнде танытты. Содан кейiн, Шумер мәдениетi сақ аумағына ойысып, көне түрiк өркениетiнiң дамуына ықпалын тигiздi. Шумерлер тайпасы сақтардың азиялық тумасы б.з.д. 4-мыңжылдық соңында Тигр мен Евфрат алқабын игерiп, Қосөзенде Шумер мемлекетiнiң өркендеу кезеңiн басынан өткерді. Сөйтiп, шамамен олар жарты мың жыл өмiр сүрiп, үшінші мыңжылдықтың соңы мен екінші мыңжылдықтың басында Шумер мемлекетінің тiршiлiгi тығырыққа тiрелдi. Өйткенi, Шумер мемлекетiнiң жан-жақтан қоршаған жаулары – Месопотамия территориясына басып кiрiп, өздерiнiң жаңа астанасын Вавилон қаласына орналастырды. Вавилон мемлекетiнiң өркендеуi шумер халқының саяси тәуелсiздiгiн жойып, шумерлiк өркениеттi түгелдей, яғни шумер жазуына, өнерiне, әдебиетiне, бiлiм жүйесiне, дiн ұстанымдарына шағын өзгерiстер енгiзе отырып, игерiп алды.Жалпы айтқанда, шумерлер бiздiң заманымыздан бұрынғы 2500 жылдары Тигр және Евфрат өңiрiнде тiршiлiк жасап, соңында үздiксiз соғыс экономикасын, шаруашылығын төмендеткеннен кейiн Еуразия далаларына қоныс аударуға мәжбүр болғандықтан, олардың ұрпақтары сақтарға қосылып кеттi.
Ежелгі таяу және Қиыр Шығыс мемлекеттерінде тәрбие мен оқыту қалыптасу кезеңін бастан өткізді. Ежелгі Шығыс мәдениетіндегі қоғамдық құндылықтар жүйесінде адам ерекше орын алды. Сонымен, Қосөзендегі, Ежелгі Египеттегі, Үнді және Қытай секілді Ежелгі өркениет елдеріндегі мектепке төмендегідей сипаттама беруге болады
Ежелгі өркениет елдеріндегі мектеп:
Месопотамия (б.э.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықта), Барлық Шығыс мәдениетінің көш басшысы, оның территориясында Ур, Урук, Лагаш сияқты ертедегі классикалық мемлекеттердің өркениеті өте жоғары болған
Мектептерінде:
● барлық деңгейдегі хатшылар – эдубтер- тақта үйі, шумер және аккад тілдерінде оқу және жазуға даярлағанда олар тарих, география, геология, ботаника, математика, зоология, медицина, мифология, құқық және іс қағаздарын жүргізу, музыка, ән, әдебиеттерді оқып-үйренген.
● діни қызметкерлер- жазу, оқу, билер, музыка, әдеби сипаттағы жаттығулар. Көшіру, ақындық және діни мәтіндерді жаттау арқылы даярланды.
Египет және Қосөзен (б.э.д. ІІ мың жылдықтың 2 жартысы б.э.д. І мың жылдықтың І жартысы)
● мектептегі білім беру орнына тәрбиесі аясында жеке оқыту келді; білім беру орталықтары храмдар бола бастады.
Антикалық кезден бастап Шығыс пен Батыстың байланысуына және Батыс өркениетiнің қалыптасуына Шығыстың тигiзген әсерi орасан зор болды. Сол себептен де ертедегi Таяу Шығыстың білім беру практикасын тыңғылықты зерттеу дүние жүзi тарихи - педагогикалық үрдiстiң тұжырымдамасын жасауға негiз болды. Ертедегi Таяу Шығыстағы мемлекеттердiң экономикалық-шаруашылық өмiр тiршiлiгiнде б.з.д. II-I мыңжылдықта елеулi ілгерілеу байқалды. Осы кездерде мектептердiң пайда болып дамуы мемлекеттiң оған деген қажеттiлiктерiнен туындаған. Алғашқы кездерде Таяу Шығыстағы мемлекеттiк саяси жүйенiң қалыптасуына байланысты оның дамуына бiлiм ұйытқы құралы ретiнде қаралғандығын байқауға болады.

6.Ежелгі египет мектебі. Ежелгі Үндістандағы мектеп пен тәрбие.
Ежелгi Египеттегi патшалық кезеңде (б.з.б. 2800-2250 ж.ж.) отбасының тәрбие дәстүрi негiзiнде шенеунiктердi даярлау формасы тұрақты қалыптаса бастады. Тәжiрибелi шенеунiктер даярлауда қабiлеттi басшы болуға лайықты деген жеткiншектерден топ құрып, олардың басқару дағдысымен, құжаттар толтыру iстерiмен таныстырып, адамгершiлiк және рухани құндылықтарын қалыптастырып отырған.
Ежелгi Египеттегi мектеп бiлiм жүйесi екi басқыштан тұрды.
Бiрiншi саты – элементарлық мектеп. Осындағы кiшi жастағы балалар оқу мен жазуды игергеннен кейiн, бiрнеше жылдардан соң тәжiрибе жинақтаған жеткiншектер шенеунiктерге “көмекшi” ретiнде қабылданып, олар балалармен жүргiзген жұмыстарын қорытып, iс-тәжiрибелерiн мектеп “Ережелерiне” енгiзiп оқу материалдары ретiнде пайдаланды. Екiншi саты – ежелгi Египеттегi бiлiм берудiң жоғары сатысында арифметика мен геометрияға (жер ауданын есептеу, құрылыс материалдарының көлемiн анықтау, т.б.) ерекше көңiл бөлiнген. Египетте отбасы тәрбиесiнiң ықпалы басым болған. Мектептерде мұғалiмдi “әке”, оқушыны “ұлым” деп есептеу тәжірбиеге енген.
Ежелгi Египет мектептерінде оқушыларды жазалау тәрбие беру құралы ретiнде қаралған. Кейбiр деректерге қарағанда, мектептерде дүре соғу, ұру орын алған. “Ұл баланың құлағы арқасында, тек ұрған кезде ғана тыңдайды” деген ата-аналар арасында түсiнiк қалыптасқан..
Үндістанда б.з.д. бiрiншi мыңжылдықтың орта шенiнде отбасы – қоғамдық тәрбие дәстүрi қалыптасып, жоғары үш кастаның балаларын есею рәсiмiнен өткеннен кейiн мектепке қабылдайтын. Брахман баласы 8 жаста, кшатр 11 жаста, вайшы 12 жастан бастап бiр-бiрiнен айырмашылығы бар бағдарламалармен оқытылды.Мысалы, Брахман оқушылары толық бiлiм алу бағдарламасымен оқыса, кшатрлар әскери өнерге, вайшылар ауылшаруашылық жұмыстар мен қолөнерге бағдарланған толық емес бағдарламалармен оқыды. Оқу мезгiлi сегiз жылдан аспай, оқығандарын ауызша айтып беру, оқу мен жазуға үйретiлдi. Толық бағдарламамен оқыған брахман балалары поэзия мен әдебиет, грамматика мен философия, математика, астрономия пәндерiнен сабақтар алды. Мұғалiмнiң үйiндегi оқу отбасылық қарым-қатынас түрiнде ұйымдастырылып, оқушылар мұғалiмнiң отбасы мүшесi ретiнде есептелiп, отбасыаралық қарым-қатынастар ережесiне дағдыланды.Бiрiншi мыңжылдықтың ортасында (б.з.д.) ежелгi үндi өркениетiнде жаңа дәуiр басталды. Үндi мемлекетiнiң экономикалық, рухани өмiрлерiндегi өзгерiстер тәрбие мен оқытуға ықпалын тигiздi. Жаңа дiн – буддизм ежелгi үндi халықтарының өмiр-тiршiлiктерiне ауқымды өзгерiстер әкелді,
7.Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойлардың пайда болуы.
Ежелгі Қытай елінің педагогикалық дәстүрлерінің негізінде отбасылық- қоғамдық тәрбие жатыр. Кез келген отбасының өмірі сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер негізінде өтеді. Кжелгі Қытай отбасында белгілі бір этикалық нормалар сақталды. Қытай қоғамында жер бетіндегі адамгершілікті бақылап отыратын құдай бар деп есептелді.Тәрбиелік қатынастарының негізінде отбасының кіші мүшелерінің үлкендерді сыйлауы, құрметтеуі жатты.
Ежелгі Қытайда адам тәрбиесі туралы алғашқы ойларды Конфуций, Мэнцзы, Сюнцзы еңбектерінен көруге болады.
Конфуций (551-479жж.)- ежелгі заманда 3000 жуық оқушыдан тұратын мектеп ашты. Қазіргі уақытта Конфуций ғылым мен білімнің қорғаушысы ретінде құрметтеледі. Конфуций мектебінің оқыту әдістемесі оқушымен диалогтық қарым- қатынасқа құрылып, сабақта фактілер мен құбылыстарды талдау, салыстыру, образдарға еліктеу әдістері қолданылды. Конфуций“Әңгімелесу мен ой-пікірлер”(Лунь юй), “Дәстүрлер кітабы” трактаттарының авторы. Конфуцийдің тәрбиелік иделерының негізінде жалпы философиялық және әлеуметтік көзқарастар жатыр. Ол дұрыс тәрбие дегеніміз адам болмысының адамгершілік жетілуі деп көрсетті. Қоғамның тұрақтылығын тәрбие анықтайды деген дұрыс тұжырым жасады. Ол тәрбиеде қоғамның және табиғаттың ролін анықтауға тырысты. Адам табиғаты дұрыс тәрбие барысында идеалды адам тәрбиелудің материалы болады деді. Жан- жақты тәрбиеленген адам Конфуцийдің ойынша төмендегідей қасиеттерге ие болуы керек: адамгершілік, ақиқатқа деген ұмтылыс, әділеттілік, бай рухани мәдениет иегері және т.б. Конфуций Қытай мәдениеті мен білім беру саласының дамуына үлкен үлес қосты.
Ежелгі Қытай ойшылдарының бірі- Мэнцзы (Мэн Кэ) (372- 289 жж.). Ол тәрбие жоғары адамгершілікті адамды қалыптастыруы керек деп, шәкірт тәрбиелу үшін мектеп ашқан адамдардың бірі.
Сюнцзы (Сюань Куан) (298- 238 жж.) ол адам тумасынан қатал болады, тәрбие жағымсыз сапаларды түзетумен айналысады деді. Ол мектеп ашып болашақ Қытай азаматтарын тәрбиелумен айналысты.
Б.з.б. ІІ ғ.- б.з. ІІ ғ. ежелгі Қытайда конфуцийлік ілім ресми идеологияға айналып, білім беру мен тәрбие процесінің дамуына үлкен ықпал жасады. Бұл кезеңде қоғамда оқыған адам беделі жоғарылап, кәсіп бабында өсуге жол ашты.
Ежелгі Қытай адамзат баласының дамуына, білім беру саласының дамуына ықпал еткен өркениеттердің бірі. Қытайда алғаш рет философиялық ойлардың дамуы барысында тәрбие мен оқыту мәселесінің теоретикалық мәнін ашуға қадам жасалды.
8.Жерорта теңізіндегі Антикалық әлем тәрбиесі мен білім беру.
«Антика» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін ағартады. Алайда қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек — рим әлеміне қатысты айтылады.
Ежелгі Грекия тарихындағы басты оқиға грек-парсы соғыстары (б.з.д. 500-449 жж.). Осы дәуірде антикалық полис — архаика аяқталып, классикалық өркендеу кезеңі басталды. Грекия әлемге әйгілі ұлы философтар — Аристотель, Платон, Сократ және тағы басқа ірі тұлғаларды әкелді. Ғылымға материяның бөлінбейтін бөлшегі атаомды ұғымын енгізген Демокрит болды. Б.з.д У ғасырда әдебиеттегі негізгі жанр трагедия мен комедия пайда болды.
Ежелгі Рим мәдениеті б.з.д. І ғасырдың соңы мен біздің заманымыздың ІІ ғасыр – ертедегі империя дәуірі (принципат дәуірі) құл иеленушілік қатынастар дәуірінің өркендеуі. Рим мемлекеті Шығыс жерорта теңізі, Солтүстік Африка Еуропаның үлкен бөлігін өзіне қаратқан ірі империяға айналды. Рим мәдениетіндегі шарықтау шегіне жеткен мәдениеттің бірі ерте заманғы империя дәуірі әдебиеті. Ерте заманда портретті бейнелеу ерекше дамыды.
Бұл дәуірдің ең дарынды жазушылары, прозаның шеберлері Варрон мен Цицерон болды. Варронның (б.з.д. 116-127 ж.! ең әйгілі (Древности дел божеских и человеческих» атты шығармасы әрі тарихи, әрі географиялық, әрі діни энциклопедия болды. Ол сонымен қатар бірталай грамматикалық, тарихи-әдеби, философиялық еңбектермен қатар Римнің атақты адамдарының өмірбаянын да жазған.
Осы кезеңдегі әлемнің ойшылы, аса көрнекті қоғам қайраткері, от тілді, орақ ауызды, күміс көмей шешен, дарынды заңгер, философияның білгірі, тамаша жазушы ұлы ғұлама — Цицерон (б.з.д. 106-43) болды.
Тілінен бал тамған, лебімен отқа өртейтін әрі шешен, әрі философ Цицеронның негізінен соттарда сөйлеген 58 сөзі, 800-ден астам хаттары бар. Цицерон сол дәуірдегі философиялық идеялардың ықпалында болды. Грек мәдениетінің ықпалы рим философиясында да айқын аңғарылды
«Антик философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек филсофиясы; эллиндік грек философиясы. Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы – философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық фиософиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері бар. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.
9.Ежелгі Римдегі мектеп пен тәрбие.
Ежелгі Римнің көп ғасырлық тарихының дамуында отбасы мен мектеп тәрбиесі және білім берудің өзіндік тәжірибесі қалыптасты. Ұзақ уақыт Рим отбасында рулық қауымның тәрбие дәстүрі сақталған болатын, соған қарамастан үй тәрбиесінің сипаты ең алдымен Рим қоғамының әлеуметтік баспалдағынан отбасының қандай орын алатындығына байланысты еді.
Римде әйел белгілі құқыққа ие болды (мәселен, тұқым қуалау саласында), бірақ ерлер өз балалары мен әйеліне толық үстемдік етті.
4-5 жасқа дейін балалар мен қыздар отбасында бірге тәрбиеленді, содан кейін оларды бөліп тәрбиеледі. Қыздар анасының, қызметшілердің бақылауында болды. Олардың негізгі жұмысы тігіншілікпен айналысты, сонымен қатар саз өнеріне, биге үйретті, ауқатты үй ішінде грек тілін оқыды. Ер балалардың тәрбиесімен ер адамдар шұғылданды: әкелері, тәрбиешілер, кейде Грециядан шақырылғандар. Ер балаларды ерлердің айналысатын кәсібіне, ең алдымен қаруды қалай ұстай білуге үйретті.
Ауқатты емес үйдің балалары бастауыш білімді элементарлық мектептерде алды, олар ақылы, жекеменшік мектептер болды, оларға қыздар да қабылданды. Ауқатты ата-аналардың балаларын, тәртіп бойынша, үй мұғалімдері оқытты, ең алдымен грек тілі мен әдебиетіне үйретті.
Грецияның әсерімен грамматикалық мектептер пайда болды, онда 12 жастан 16 жасқа дейін бай, ауқатты ата-аналардың балалары оқыды. Оларға грек тілін, шешендік өнерін, әдебиет пен тарихтан кейбір мәліметтер берілді.
Римде шешеңдік мектептер ашылды, онда ауқаттылардан шыққан жастар жоғары ақыға грек тілінен, шешендік өнерінен, заңтанудан, математикамен, философиядан білім алды. Оларды жоғары мемлекеттік қызметке даярлады.
Рим империясының пайда болуымен (б.з.д II ғ.) императорлар грамматикалық пен шешендік мектептерді мемлекеттік мектептерге айналдырылды, олардың міндеті — императорлық өкіметке берілген шенеуніктерді тәрбилеу. Христиан діні мемлекеттік дінге айналған кезде мұғалімдік қызметке дін өкілдері тағайындала бастады. Отбасындағы және мектептердегі тәрбие бірте-бірте діни сипатқа ие бола бастады.
10.Ортағасыр дәуіріндегі тәрбие мен мектеп және педагогикалық ойлар.
Құлдық қоғамның ыдырауы және құлауы оны жаңа феодалдық құрылыспен алмасуына алып келді. Ол, алдындағы құлдық қоғаммен салыстырғанда прогрессивтік сипатта болды (себебі негізгі өндіргіш күш-шаруаның өз шаруашылығы болды, сондықтан да еңбекте қүлдарға қарағанда кейбір ынталылық танытты), бірақ феодалдық құрылыстың негізіне феодалдардың, дін иелерінің жерге жекеменшігі кірді. Феодалдық қүрьглыстың идеологиялық тірегі және ірі саяси күші католиктік шіркеу болды. Ол орта ғасырлық батыс еуропалық қоғам өмірінде ерекше рөл атқарды. Шіркеу бұқара халықты басып - жаншуды жақтап отырды.Католиктік дін иелері ертедегі мәдениетке қарсы болды: ғылымға, өнерге, мектепке. Монастырлардың жанында монастырлық мектептер, шіркеулерде — приходтьщ мектептер ашьщды. Ең алдымен ол мектептер діни адамдарды даярлады. Бүл мектептердің мүғалімдері — монахтар мен дін иелері ер балаларды христиан дінінің және адамгершіліктің рухында төрбиеледі, оларды оқуға және жазуға үйретті, олар үшін жат латын тілінде оқытты, қүдайға қүлшылық ету латын тілінде жүргізідді. Мүнда оқыту өте қиын, әрі үзақ болды. Балаларға үлгермегені және аз-кем тәртіпті бүзғаны үшін өте ауыр дене жазасын беріп отырды.Епископ соборы мен кафедрасының жанынан кафедралық немесе собор мектептері жұмыс істеді. Бұл мектептерде "жеті еркін өнер" деп аталатын пәндер жүргізілді: грамматика, риторика (шешендік өнері), диалектика (діни философияньщ алғашқы негіздері), арифметика, геометрия, астрономия, саз өнері. Собор мектептерінде жоғары лауазымды дін иелері даярланды.Феодалдар (рыцарлар) ерекше тәрбие мен білім алды, олар жеті "рыцарлық қасиеттерді" меңгерді: атқа міне білу, суға жүзу, найзаласу, садақ ата білу, аңшылық, шахмет ойнай білу, өлең шығару және орындай білу. Оқып, жаза білу міндетті болмады. Феодалдардың қыздары білімді үйде және әйелдер монастырларында алды, оларды діни рухта тәрбиеледі, оқуға, жазуға және қолөнеріне үйретті.XII- XIII ғ. Батыс Еуропада қолөнердің, сауданың дамуы жөне қаланың өсуі, негізінен мәдениеттің пайда болуына көмектесті. Қалалықтар феодалдық езгіге және католиктік шіркеуге қарсы күресті.Қалаларда қолөнершілер өз балалары үшін цехтық мектептер аша бастады, ал купецтер — гильдейлік мектептер үйымдастырды. Қала халқының күшімен ашылған бұл мектептерде ана тілінде оқуға, санауға жөне жазуға ерекше мән берілді. Ал мектептерде дін үстемдік ете алмады. Цехтық және гильдейлік мектептер кейін қалалық бастауыш мектептерге айналды, оқыту саласында шіркеудің үстемдігін әлсіретті және бұзды.
11.Византиядағы мектеп пен тәрбие. Тәрбие мен білім беру жүйесі. Византиядағы педагогикалық ойлар.
95 жылы Рим империясы Батыс және Шығыс (Византия) деп бөлінді. Византияны 1453жылы түріктер жаулап алды.4-5 ғасырларда антикалык педагогикалык дәстүр Византияға ыкпал етті. Оны Афина Академиясының жаңа Платон ілімін жалғастырушы және Кіші Азияның, Сирияның, Александрияның жоғары мектептерінде жүмыс істеген мұғалімдер дамытты. Платон ілімін дамытушылар тәрбие мен оқыту баланың рухани өміріне бағытталу керек деп санады. Төрбие баланың өзін-өзі жетілдіріп, өзінің жан дүниесін тануға көмектесетін жүмыстарды ұйымдастыру керек болды. Бұл жүмыстар діни тәрбиенің әдіс-тәсілдері арқылы жүргізілді.Педагогикалық ой-пікірлерге христиан діні де ықпал етті. Византияның дінді зерттейтін ғалымдары VI-XV ғасырларды діни тәрбие және оқытудың негізін қалаған көптеген ұсынбалар жазды. Мәселен, Авва Дорофей (VI ғ.) құдайды тану жолы мемлекеттік мектептер ашу деп, оған деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу арқылы әр адамның басканы жақсы көру сезімін тәрбиелеуге болады деген пікір айтты.Максим Исповедник (VII ғ.) адамды шағын дүние деп қарап, тәрбие арқылы оның аспан әлемімен ынтымағын, онымен жарасымды өмір сүруін тәрбиелеу керек деді. Адам мен аспан әлемі арасындағы үйлесімдікке жету үшін адам бойындағы жаман касиеттермен күресу керектігін жазды.Иоанн Дамаскин (675-753ж.) "Білімнің қайнар бүлағы", деген философиялық-педагогикалык еңбегінде жан-жакты, энциклопедиялык білімнің жақсылығы туралы көзқарасты дамытты.Византияның соңғы ірі ойшыддарының бірі Георгий Гемист Плифон (1355-1452ж.). Тәрбиенің мақсаты — жетілген адам тәрбиелеу деп санаған ол, жетілдіретін жолдың біріншісі- адамгершілік тәрбиесі, зұлымдықты жою деп түсінді. Бұл жолдан өту әр адамның өзін жетілдіруіне күш салуына және өздігінен білім алуына байланысты деген.ХІУ-ХУ ғасырлардағы Визнтияның педагогикасында клерикалдық бағыт күшейді. Бұл дәуірде монахтық бағыт кальштасты. Бұл бағыттың өкілдері ғылыми білімдерге батыл қарсы шығып жеке тұлғаны дамытатын және қалыптастыратын адамгершілік — діни тәрбие деп білді.
12.Ортағасырлық Шығыстағы мектеп пен тәрбие. Ортағасырлық Үнді және
Гупт империясы (Уғ) құлағаннан кейін орта ғасыр мәдениетінің элеменнттері Индияға да кедді. Қоғам кастаға бөлініп, халықтын кейбір топтары білім ала алмады. Тіпті үш жоғары кастаның балаларына да білім бірдей берілмеді. Ең жоғары каста брахманның балаларын діни кызметкер болуға әзірледі. Екі жоғары кастаның балаларын егінші болуға әзірлеп, оларға геофафия негіздерін, шет тілін, сауданы үйретті. Олар мектептен де, ата- аналарынан да үйренді.Білім беретін буддалық жүйенің демократиялык сипаты болды. Ол касталық айырмашылықтарға қарамады. Олар баланы үйде емес, монахтарға окытқызды. Будда монастырларында балалар 10-12 жастан бастап оқыды. Окушылардан тәртіп талап етілді, оны бұзғандарды монастырдан қуды. Оларға грамматиканы, лексиканы, медицинаны, философияны, логиканы окытты.Брахман және будда жүйелері бірігіп бірыңғай мәдени - білімдік жүйе жасалды.Бұл жүйе XI - XII ғасырда Индияның көп бөлігін мүсылмандар жаулап алғаннан кейін ыдырай бастады.Мұсылмандык педагогикалық түжырымдамаларда білімнің адамға пайдасы насихатталды. Ақиқат білімнің меңгерілуіне екі нәрсе кедергі жасайды: сөздердің нақты еместігі, ойдың анық айтылмауы. Төрбие мен оқытуда акиқат идеяларды білдіру үшін дәл сөз бен ойды табуға назар аударылды. Ол үшін логика пәніне ерекше орын берілді.Төрт түрлі мұсылман мектебі болды: құран мектебі, парсы мектебі, парсы тілі және құран мектебі, әдебиет мектебі. Мұсылмандар жоғары білімді медреселерде және монастырлық оқу орны — даргабта алды. Олар міндетті түрде араб тілін оқып үйренді. Бағдарламаға грамматика, риторика, логика, метафизика, теология, әдебиет, заң пәндері енді. Оқу көп ретте ауызша жүрді. Мектептерде ер адамдар оқыды, бірак, әрбір бай адам мүғалім шақыртып, өз қызын оқыта алатын болды.
13.Қытайдағы тәрбиелеу мен оқыту.
Гупт империясы (Уғ) құлағаннан кейін орта ғасыр мәдениетінің элеменнттері Индияға да кедді. Қоғам кастаға бөлініп, халықтын кейбір топтары білім ала алмады. Тіпті үш жоғары кастаның балаларына да білім бірдей берілмеді. Ең жоғары каста брахманның балаларын діни кызметкер болуға әзірледі. Екі жоғары кастаның балаларын егінші болуға әзірлеп, оларға геофафия негіздерін, шет тілін, сауданы үйретті. Олар мектептен де, ата- аналарынан да үйренді.Білім беретін буддалық жүйенің демократиялык сипаты болды. Ол касталық айырмашылықтарға қарамады. Олар баланы үйде емес, монахтарға окытқызды. Будда монастырларында балалар 10-12 жастан бастап оқыды. Окушылардан тәртіп талап етілді, оны бұзғандарды монастырдан қуды. Оларға грамматиканы, лексиканы, медицинаны, философияны, логиканы окытты.Брахман және будда жүйелері бірігіп бірыңғай мәдени - білімдік жүйе жасалды.Бұл жүйе XI - XII ғасырда Индияның көп бөлігін мүсылмандар жаулап алғаннан кейін ыдырай бастады.Мұсылмандык педагогикалық түжырымдамаларда білімнің адамға пайдасы насихатталды. Ақиқат білімнің меңгерілуіне екі нәрсе кедергі жасайды: сөздердің нақты еместігі, ойдың анық айтылмауы. Төрбие мен оқытуда акиқат идеяларды білдіру үшін дәл сөз бен ойды табуға назар аударылды. Ол үшін логика пәніне ерекше орын берілді.Төрт түрлі мұсылман мектебі болды: құран мектебі, парсы мектебі, парсы тілі және құран мектебі, әдебиет мектебі. Мұсылмандар жоғары білімді медреселерде және монастырлық оқу орны — даргабта алды. Олар міндетті түрде араб тілін оқып үйренді. Бағдарламаға грамматика, риторика, логика, метафизика, теология, әдебиет, заң пәндері енді. Оқу көп ретте ауызша жүрді. Мектептерде ер адамдар оқыды, бірак, әрбір бай адам мүғалім шақыртып, өз қызын оқыта алатын болды.
14.Қайта өрлеу және реформация дәуіріндегі педагогикалық ойлар.
Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизм, сөзсіз, прогрессивтік құбылыс болып табылады, бірақ ол салыстырмалы түрде тар шеңбердегі оқыған адамдардың идеологиясы болды және әлеуметтік шектеулі сипатта еді.Педагогтар-гуманистер дені сау, әртүрлі қызығуларды меңгерген, өмірге белсенді адамдарды төрбиелеу мақсатын қойды. Олар балалардың дене және ақыл-ой тәрбиесіне ерекше мән берді, шығармашылық белсенділігін, өзіндік іс-әрекетін дамытуға көмектесті, оларды терең біліммен қаруландырды.Қайта өрлеу дәуірінде математика, астрономия, механика, жағырафия, жаратылыстану ғылымдары жан-жақты дамуға мүмкіншілік алды. Бұл ғылымның әртүрлі салаларында ұлы жаңалықтарды табу мен ашу кезеңі болды: Еуропада кітап басып шығаруды ойлап табу, Американы, Индияға теңіз жолын ашу т.б. ұлы жаңалықтармен ерекшеленеді.
Қайта өрлеу дәуірінің педагогикалық ой- пікірлер өкілдері
Қайта өрлеу дөуірі педагогикалық ой-пікірінің көрнекті қайраткерлерінің бірі, француз жазушысы-гуманисі Франсуа Рабле (1494 - 1553) болды. Өзінің белгілі "Гаргантюа және Пантагрюль" атты романыңда ортағасырлық схоластикалық тәрбиені қатты сынға алды және оған бала үшін тәртіппен ойластырылған гуманистік тәрбиені, жан-жақты білім беруді, өз бетімен ойлауды дамытуды, шығармашылықты жөне белсенділікті қарсы қоя білді.
Адамзат рухының қайта өрлеуінің тамаша көрінісі болып табылатын жас ұрпақты еңбек іс-әрекеті үрдісіңде тәрбиелеу туралы ойды алғаш рет айтқан ағылшын ойшылы-гуманисі Томас Мор (1478 - 1535) болды. Ол білім беру теориясын еңбекпен байланыстыру идеясын ұсынды. Томас Мор өзінің белгілі "Мемлекеттің дұрыс құрылысы туралы және жаңа Қиял аралы туралы Алтын кітабында" (1516) еуропалық ойшылдардың ішінде алғаш рет екі негізгі және маңызды қағиданы ұсынды: адамзат қоғамының көркеюі үшін өкілдерінің ондай мүмкіншіліктері болмады, оларды феодалдар мен жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазия қатал қанап отырды.\
Гуманистердің айтуынша, оқыту үрдісі көрнекілікке негізделген болу керек және оқушылардың білімді саналы менгеруін қамтамасыз ету қажеттшігіне тоқталды. Гуманистер орта ғасырға тән таяқ тәртібін, жазалауды қатты сынға ала отырып, қарсылықтарын білдірді, балаларға ерекше көңіл бөлуге, жеке тұлға ретінде сыйлай білуге, құрметтеуге шақырды. Тәрбиенің феодалдық жүйесіне, догматизмге және балалардың ақьш-ой күш-жігерін басып-жаншуға қарсылық білдіре отырып, гуманистер өз кезеңі үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық талаптар үсынды. Бірақ гуманистік педагогика, басқа да қайта өрлеу дәуірі гуманизмінің барлық мәдени қозғалысы сияқты көпшілік бұқара халықтың мүддесі үшін күресімен байланысты болмады. Оның ықпалы тек ауқатты, үстем таптың балалары оқитын мектептерде кеңінен тарады.
15.Батыс Европа елдеріндегі мектеп пен тәрбие (XYII ғасырдың ортасы-XYIII ғасырдың аяғы).
ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырлардағы Еуропаның мәдени өміріндегі өзгерістер негізінен ағартушы элитаны тудырды, оларға жаңа ой салды. Ал қарапайым халық жаңа идеяларды қиындықпен түсінді, оны, шынайы қалпында қабылдауға шамасы келе бермеді, Ағартушылар өздерінің кітаптары, пьесалары ме мақалалары арқылы өз елдеріндегі қоғамдық пікірге елеулі оқиға ықпал ете алды. Олар абсолюттік билік тәртібін, шіркеулік қараңғылық пен сол заманғы білім беру жүйесін, адамгершілік азғындауды сунға алды. Сол кездің алдыңғы қатарлы адамдары өздерін ғылымда, білімде саясатта, қоғамдық іс - әрекетте, өнерде көрсетуге тырысты. Идеялары мен іс - әрекеті замандастары мен ұрпақтарының өміріне үлкен ықпал көрсеткен адамдарды ағартушылар деп атады.
Ағарту ғасырының білімді адамы – бұл кітаби мәдениет адамы. Оның өміріндегі білім дәстүрлерге қарағанда анағұрлым үлкен рөл атқарады. Ғалым, ойшыл, философ адамдарды халық ерекше құрметтеді. Олардың ғылыми және философиялық тақырыптағы әңгімелері зайырлы қоғамның белгісі деп саналды. Ғалымдарды ақсүйектер жиналатын арнаулы орындарға шақырып, зор ынтамен тыңдайтын еді.
ХІІ-ХІІІ ғ.ғ. Батыс Еуропада қолөнердің, сауданың дамуы және қаланың өсуі қалалық, негізінен светский мәдениеттің пайда болуына көмектесті. Қалалықтар феодальдық езгіге және католиктік шіркеуге қарсы күресті.
Қалаларда қолөнершілер өз балалары үшін цехтық мектептер аша бастады, ал купецтер – гильдейлік мектептер ұйымдастырды. Қала халқының күшімен ашылған бұл мектептерде ана тілінде оқуға, санауға және жазуға ерекше мән берілді. Ал мектептерде дін үстемдік ете алмады. Цехтық және гильдейлік мектептер кейін қалалық бастауыш мектептерге айналды, оқыту саласында шіркеудің үстемдігін әлсіретті және бұзды.
16.Жаңа дәуірдің басындағы педагогикалық ойлар. XYII-XYIII ғасырлардағы ағарту ісі жайлы педагогикалық ойлар.
ХVІІ-ХVІІІ ғғ. Батыс Еуропа елдеріндегі педагогика мен мектеп, адамзат тарихы үшін шешуші экономикалық және әлеуметтік жағдайларда дамып отырды. Феодализмнің әлеуметтік институттары мен идеологиясы тәрбие мен білім берудің, ғылым мен техниканың дамуына тежеу жасады. Ал, ол өз кезегінде қоғамның ілгері жылжуына мүмкіндік бермеді. Билік, білімі бардың қолында емес, байлығы бардың еншісінде болды.Осы қайшылықтар уақыт өте келе шиеленісе берді. Осы кезде жаңа қоғамдық және рухани құндылықтар қалыптасып, адам мен әлем тұжырымдамалары қайта қарастырыла бастады. Сословиелік мектепті сынға алуда үлкен үлес қосқан Ағарту кезеңінің өкілдері еді.Бұл уақытта тәрбие мен оқыту арқылы адам баласын дербес және тәуелсіз етуге, адамның рухани табиғатын жаңартуға бағытталған көптеген педагогикалық трактаттар жарыққа шықты. Педагогикалық проблема ғылыми зерттеулердің басымдылығына айналды. Жаңа педагогикалық ойлар педагогиканы зерттеудің жеке саласына айналдыруға, педагогикалық процестің заңдылықтарын табуға тырысты. Жаңа педагогикалық ойлар өзінің қорытындыларын эксперименталдық зерттеулер мәліметтеріне негіздеуге тырысты.Ағылшын ғалымы Фрэнсис Бэкон (1561-1626), ғылыми танымның мақсаты - бірізді эксперименттер негізінде табиғат күштерін меңгеру деп түсінді. Адамның табиғаттан үстемдігін жариялай отырып, оны сол табиғи ортаның бөлшегі ретінде қарастырды, яғни таным мен тәрбиенің табиғатпен үйлесімділігі принципін мойындады.Неміс педагогы Вольфганг Ратке (Ратихия) (1571-1635) оқытудың табиғатпен үйлесімділігін дәлелдеуге тырысты, оны қарапайым және белгіліден күрделі және белгісізге қарай дедукивтік қозғалыс ретінде қарастырды.В.Ратке «Всеобщее наставление» еңбегінде әрбір адамның бақытты өмір сүруі үшін білім қажеттілігін көрсете отырып, оны іске асыру үшін демократиялық білім беру мекемелерінің ашу маңыздылығын айтады. Ратке алғаш рет педагогика ғылымына “дидактика” терминін енгізді. Ол дидактиканың пәнін тұлғаны дамыту туралы ғылым ретінде кеңейтті.Жаңа заман педагогтары арасында чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) орны ерекше. Гуманист-философ, қоғамдық қайраткер, ол ортағасырлық ғылым мен мәдениетте, тәрбие мен білім беруде орын алған діни догмаларға қарсы күресте үлкен еңбегін сіңірді.Оның терең мазмұны бар педагогикалық еңбектері бүгінгі күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Олар: «Ұлы дидактика», «Ана мектебі», «Лабиринт света и рай сердца», «Всеобщий совет об исправлении дел человеческих» және т.б.
17.Француз революциясының педагогикалық идеялары мен мектеп жобалары.
ХVII ғасырдың ортасы мен ХVIII ғасырдың аралығында Англиядағы революция және ұлы Француз революциясы дәуiрi болып есептелiндi. Олардың жалпы еуропалықтар үшiн мәнi – жаңа заман қоғамның ұстаған бағыт-бағдары – бостандық, теңдiк және бауырластық адамның табиғи сұраныс құқығы деп есептелдi. Өйткенi, француз ағартушылары өздерiне тән зор сенiммен жаңа заманның, яғни мәңгi ақыл-сананың үстемдiк құру кезеңiн күттi. Француз ағартушыларының iшiндегi педагогикалық көзқарастарымен танымал болған К.А.Гельвеций (1715-1771) мен Дени Дидро (1713-1784) болды.К.А.Гельвецийдiң ойынша барлық адамдардың табиғи қасиеттерi тең рухани қабiлеттiкпен туады, адамды адам ететiн тек қана тәрбие дейдi. Азаматтардың барлығы бiрдей болатын тәрбиенiң бiртектi мақсат-мiндеттерiн анықтау, жан-жақты тәрбиелеу қоғам алдындағы басты парыз деп есептейдi. Осындай тәрбие арқылы бүкiл қоғамды дұрыс жолға саламыз, көпшiлiк адамдардың тұрмысын жақсартып, балаларын жаңа негiзде қалыптастырып, өз жеке басы мен ұлт қамқорлығын байланыстыра бiлетiн патриоттарды тәрбиелеймiз деген пiкiрдi ұсынды.Екiншiден, К.Гельвецийдiң педагогикалық идеясы балаларды сословиелiк тәрбие беру мақсатынан мүлдем өзгешiлiгiмен сипатталады және тарихи жағынан алғанда бұрынғылардан көп iлгерi екенiн байқаймыз.К.Гельвеций тәрбиенi шексiз құдiреттi, тек тәрбие арқылы әлеуметтiк құрылысты да өзгертуге болады деп есептедi. Дени Дидро өзiнiң “Гельвецийдiң “Адам” атты шығармасына жүйелi түзетулер” деген еңбегiнде тәрбиенi ерекше дәрiптеген, оның мүмкiндiгiн шектен тыс деп қарастырған. Гельвеций көзқарасын сынға алды. Ол тәрбиенiң адамға жасайтын ықпалына жете мән бермедi, адам табиғаты өзгермейтiн абстрактiлiк зат деген түсiнiкте болды.Гельвеций мен Дидро өздерiнiң педагогикалық еңбектерiнде схоластикалық оқу мен дiни үстемдiктердiң болашағы жоқ, сондықтан мектептердi дiннен бөлiп, тәжiрибеге негiзделген жаңа ғылым мен ақыл-ой тәрбиесiне бағытталып, жан-жақты адамды қалыптастыруы керек деп түйiндейдi. Мектеп діннен ажыратылып, мемлекетке берілуі қажет деп есептеді.Бұлар балаларға жаңа ғылымға негiзделген ақысыз бiлiм беру ұстанымдарын ұсынып, оқу материалдарының кеңейтiлген түсiнiктi жатық тiлмен берiлуiн талап еттi.
18.Мектепте білім берудің дамуының тенденциясы және оқу-ағарту мекемелерінің жаңа типтері.
Инновациялық үрдістерді олардың дамуындағы тенденциялары мен қайшылықтарды аша отырып талдау қажет. Инновациялық үрдістер - бүкіл әлемнің білім беру жүйесі дамуының негізгі және қажетті тенденцияларының бірі болып табылады.
Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін инновациялық үрдістер білім беруді және мектептегі оқу үрдісін жаңарта алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық үрдістерді игеру, жасау, қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр түрлі баспалдақтарында кеңінен қолдануда.
Қазiргi бiлiмнiң тенденцияларын талдай отырып, қазiргi әлемдегi бiлiмнiң келесi негiзгi даму тенденцияларын ерекшелеуге болады, олар:
- «Білім - үйрену»парадигмасының «білім - қалыптасу»парадигмасына ауысуы.
- Білімнің негізгі қоғамдық капиталға айналуы.
- Үздiксiз бiлiм алу тұжырымдамасының дамуы.
- Үйренудi бiртiндеп жекелендіру.
- Үйрену диверсификациясы Диверсификация жаңа білім мекемелерінің ұйымдастырылуымен, қоғамдық мекемелерге бiлiм беру функцияларының берілуiмен, оқытудың жаңа бағыттарының енгізілуімен және жаңа пәндердің енгізілуімен байланысты. Білім алушыларды қабылдау процедурасы, оқытудың әдіс-тәсілдері өзгереді. Бiлiм алуды басқару жүйесi, оқу орындарының құрылымы және олардың қаржылану тәртібі қайта ұйымдастырылады.
- Ғаламданудың бүкiләлемдiк үрдістерімен сәйкес бiлiмнiң ынтымақтастығы. Бiлiмнiң ынтымақтастығы, керiсiнше, ұлттық жүйелердiң жақындауына, оларда ортақ әмбебап тұжырымдар және компоненттердiң табылу және дамыуына бағытталған. Ынтымақтастық құралы ретінде білімгерлермен, оқытушылармен және зерттеушiлермен айырбас жасау, дипломдар және ғылыми дәрежелердi мойындау, бiлiмнiң жалпы стандарттарын құру болып табылады.
19.Я.А. Коменскийдің педагогикалық теориясы.
Педагогика тарихында Коменский – ең белгілі, аты әлемге танымал ірі тұлғалардың бірі. Өз дәуірінің алдыңғы қатарлы іліміне сүйене отырып, демократиялық сипаттағы және бұқара халықтың ағарту ісіне ұмтылысын бейнелейтін педагогикалық жүйені жасады. Коменский жалпыға бірдей оқыту, бірыңғай мектеп жүйесі, ана тіліндегі мектеп, жеңіл де және түсінікті оқыту үшін күресті. Коменский дидактика саласында алғашқы жаңашыл педагог-гуманист ретінде көптеген құнды прогрессивті дидактикалық идеяларды, қағидаларды және оқу жұмысын ұйымдастырудың ережелерін ұсынды (оқу жылы, каникулдар, оқу жылын оқу тоқсандарына бөлу, күзде бір мезгілде балаларды мектепке қабылдау, сынып-сабақ жүйесі, оқушылардың білімін ескеру, оқу күнінің ұзақтығы және т.б.). Ол алғаш рет сабақ теориясны терең талдап берді. Я.А.Коменский бүкіл дүние жүзінде педагогикалық ой-пікір мен мектептің дамуына орасан зор әсер етті. Оны жаңашыл педагог, дидактиканың ғылыми негізін салушы ретінде көптеген батыс елдері өздерінің мектеп ісін ұйымдастыруға және жаңартуға шақырып, тәжірибе алмасты (Англия, Швеция, Венгрия және т.б.). Оның оқулықтары көптеген шет тілдерге аударылды, оның ішінде ХҮІІ және ХҮІІІ ғ.ғ. Ресейде аударылды. Бұл оқулықтар алғашқы оқытудың 150 жылдан астам уақыт ең сапалы оқулықтары ретінде басқа прогрессивті педагогтардың оқулықтар жасау үшін үлгі болып табылды.Коменскийдің оқулықтары мен дидактика мәселелері жөніндегі ұсыныстары күні бүгінге дейін әртүрлі елдердің мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді. Коменский ұсынған дидактикалық қағидалар, жалпыға бірдей міндетті білім беру, мектепті демократияландыру, ана тілі, білім беру жүйесін жетілдіру бүгінгі күні де күн тәртібінен түспеген мәселелер болып табылады.
Еңбектері: «Ұлы дидактика», «Тілдер мен барлық ғылымдардардың ашық есігі», «Тілдердің жаңа әдісі».
20.Дж. Локк және Ж.Ж. Руссоның педагогикалық көзқарастары.
Джон Локк буржуазиялық отбасында өскен, адвокаттың баласы. Оксфорд университетін бітірісімен 1658 жылдан бастап, сонда сабақ берді, кейіннен жаратылыстанумен әуестенді, медицинаны зерттеді. Локктың философиялық көзқарастарының қалыптасуына Бэкон мен Декарттың шығармалары күшті әсер етті. Ол таным теориясын зерттей отыра, Бэкон негізін салған ағылшын материализмін ілгері дамытты.
Өзінің «Адам ақылы жөніндегі тәжірибе» (1690) деген негізгі философиялық еңбегінде елестеулер мен идеялардың адамның туысынан пайда болмайтындығын дәлелдеуге тырысты. Бала жаны, оның ойынша, табиғатынан ақ тақта сияқты тап-таза болады.
Өзінің педагогикалық көзқарастарын Локк «Тәрбие туралы ойлар»(1693) және «Ақылды тәрбиелеу туралы» педагогикалық еңбектерінде жан-жақты талдады.
Локк дене жазалауына қарсы болды,ол «құлдық тәртіп құлдық мінезді жасайды», - деп жазды, шектен шыққан тәртіпсіздік жасаған жағдайда ғана дене жағынан жазалауды қолданды.
Жан-Жак Руссо (1712-1778) Женевада, қолөнерші сағат жөндеушінің отбасында дүниеге келеді.Жүйелі білім алған жоқ, бірақ әрқашан да білімін жетілдіруге ұмтылған.
Еңбектері: 1758 жылы «Мораль туралы хаттар», осы жылы «Юлия немесе жаңа Элоиза», 1760 жылы «Қоғамдық шарт» және 1762 жылы «Эмиль,немесе Тәрбие туралы».
1762 жылы Руссоның «Эмиль немесе тәрбие туралы» деген романы басылып шығады. Бұл шығармада Руссо іріген феодалдық қоғамның шырмауынан арылып, бостандық алған жаңа адамды тәрбиелеудің жолын көрсетті.
Руссо тәрбиеленушінің өмірін төрт кезеңге бөлді: 1-ші кезең-туғаннан бастап 2 жасқа дейін, тіл шыққанға дейін.Бұл кезеңде баланың денсаулығы мен дене дамуына қамқорлық жасау керек. 2-ші кезең-2 жастан 12 жасқа дейін.Бұл кезеңде баланың сыртқы сезімдерін, дерексіз ұғымдарын дамыту керек.12 жасқа дейін адамгершілік тәрбие ең бастысы. 3-ші кезең-12 жастан 15 жасқа дейін-ой тәрбиесі,білімнің пайдасын басшылыққа алу керек. 4-ші кезең-15 жастан 17 жасқа дейін-«дауылдар мен құмарлық»кезеңі-жас адамның адамгершілік бейнесі қалыптасып қалған кезең.
21.К.А. Гельвецийдің педагогикалық мұрасы.
Гельвеций “Ақыл туралы” 1758 жылы шыққан кітаптың авторы ретінде танылды және реакцияның барлық күштерінде, үстем тап өкілдерінің тарапынан қудалауға ұшырады. Кітапқа тыйым салынды және өртеуге шешім алынды. Бұдан да жан-жақты өз идеяларын “Адам оның ойлау қабілеттіліктері туралы және оның тәрбиесі” кітабында дамытты. 1769 жылы жазылған бұл кітапты жаңа қуғындауды болдырмау мақсатында Гельвеций өзі өлгеннен кейін жариялау жөнінде өсиет жазды, ол кітап өзі өлгеннен екі жылдан кейін 1773 жылы жарық көрді.
Өзінің еңбектерінде Гельвеций алғаш рет педагогика тарихында адамды қалыптастыратын факторларды толық ашып берді. Сенсуалист ретінде барлық елестетулер мен ұғымдар адамдарда сезгіштік қабылдаулардың негізінде ұйымдасты және ойлауды түйсіну қабілеттілігіне теңеді.
Адамды қалыптастырудың негізгі факторы ол ортаның әсерін жоғары бағалады. Адам қоғамдық ортаның және тәрбиенің нәтижесі деп тұжырымдады. Гельвеций тәрбиені қоғамдық өмірді қайта құрудың құралы ретінде қате түсіндірді. Адамды қалыптастыру орта мен тәрбиеге байланыстылығы туралы материалистік тезис ұсына отырып, Гельвеций оны біржақты тұжырымдады.
Феодалдық мектептегі оқытудың схоластикалық әдістерін қатты сынай отырып, Гельвеций оқыту көрнекті болу керек және мүмкіншілігіне қарай баланың жеке тәжірибесіне негізделу керек, оқу материалы, оның айтуынша, шәкірттерге қарапайым және түсінікті болуы қажет.
Гельвеций барлық адамдар білім алуға құқылы, әйелдер ерлермен бірдей білім алуға тиісті деген болатын-ды.
Гельвецийдің айтуынша, барлық адамдар бірқалыпты дене бітімімен дамуға табиғаттан бірдей қабілеттіліктер мен мүмкіншіліктерді меңгереді.
Гельвеций қоғамдық тәрбиенің жанұя тәрбиесінен артықшылығын дәлелдеп берді.
Гельвецийдің пікірінше, бала дүниеге келгенде қайырымды немесе қатыгез болып тумайды, оған берілетін белгілі сапалар-қоғамдық орта мен тәрбиенің нәтижесі.
22.Мектептік білімнің даму тенденциялары және оқу мекемелерінің жаңа түрлері (типтері). (Педагог филантроптардың оқу-тәрбие мекемелері).
Инновациялық үрдістерді олардың дамуындағы тенденциялары мен қайшылықтарды аша отырып талдау қажет. Инновациялық үрдістер - бүкіл әлемнің білім беру жүйесі дамуының негізгі және қажетті тенденцияларының бірі болып табылады.
Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін инновациялық үрдістер білім беруді және мектептегі оқу үрдісін жаңарта алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық үрдістерді игеру, жасау, қолдану мәселелерін талдау және жүзеге асыру білім беру жүйесінің әр түрлі баспалдақтарында кеңінен қолдануда.
Қазiргi бiлiмнiң тенденцияларын талдай отырып, қазiргi әлемдегi бiлiмнiң келесi негiзгi даму тенденцияларын ерекшелеуге болады, олар:
- «Білім - үйрену»парадигмасының «білім - қалыптасу»парадигмасына ауысуы.
- Білімнің негізгі қоғамдық капиталға айналуы.
- Үздiксiз бiлiм алу тұжырымдамасының дамуы.
- Үйренудi бiртiндеп жекелендіру.
- Үйрену диверсификациясы Диверсификация жаңа білім мекемелерінің ұйымдастырылуымен, қоғамдық мекемелерге бiлiм беру функцияларының берілуiмен, оқытудың жаңа бағыттарының енгізілуімен және жаңа пәндердің енгізілуімен байланысты. Білім алушыларды қабылдау процедурасы, оқытудың әдіс-тәсілдері өзгереді. Бiлiм алуды басқару жүйесi, оқу орындарының құрылымы және олардың қаржылану тәртібі қайта ұйымдастырылады.
- Ғаламданудың бүкiләлемдiк үрдістерімен сәйкес бiлiмнiң ынтымақтастығы. Бiлiмнiң ынтымақтастығы, керiсiнше, ұлттық жүйелердiң жақындауына, оларда ортақ әмбебап тұжырымдар және компоненттердiң табылу және дамыуына бағытталған. Ынтымақтастық құралы ретінде білімгерлермен, оқытушылармен және зерттеушiлермен айырбас жасау, дипломдар және ғылыми дәрежелердi мойындау, бiлiмнiң жалпы стандарттарын құру болып табылады.
23.Батыс Европа елдеріндегі XIX-XX ғасырлардағы мектеп пен тәрбие. Жалпы көзқарас.
XVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бiрiншi жартысында Германияда философиялық қозғалыстың дамуына арқау болған басты бағдар – диалектиканы шындықты танудың теориясы мен әдiсi ретiнде түсiндi. Ғылым тарихында бұл қозғалысты “немiстiң классикалық философиясы” деп атады. Оның өкiлдерi (И.Кант, Ф.Шлейермахер, И.Финте, Г.Гегель) жаңа заман педагогикасының дамуына ерекше үлес қосты
Иммануил Кант (1724-1804) Кенигсбергтегi университетте профессор мiндетiн атқарып, философия және педагогика курстарына дәрiстер оқыды. Ол философияның мазмұндық мәнi – табиғат заңдылықтары тәрiздес адамдар ерiк-күйi бойынша заң нормаларын ұстап, өмiрде өз орнын табу, өзiн-өзi жетiлдiруге талпынуы тиiс деп есептеді. И.Кант адамның адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруда iшкi жан-дүниесiнiң ар-ожданын оятуға көңiл бөлдi.
И.Финте (1762-1814) болса педагогикалық тұрғыдан адамның жеке тұлғасы ешкімге тәуелсіз, белсенді болғанда қоғамға пайдасы мол тиеді деген пікірде болды. Оның пікірінше, білім арқылы ұлттық мәдениетті адам ұғынып түсінеді, сол арқылы жалпы адамзаттық мәдениетті игереді.
Ал, Ф.Шлейермахер (1768-1834) тәрбиенің дұрыс ұйымдастырылуы барысында үлкен мен кішінің арасында келіспеушілік болмайды деп санады. Педагогика болса, бұл “өнер” дей келе тәрбие мен оқыту мазмұндарын этикамен және саясатпен ұштастырады.
Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1770-1831) жеке тұлғаны қалыптастыру жайлы айтқанда адам тарихтың нәтижесі, ақыл мен өзін-өзі тану адамзат өркениетінің қызметінің жемісі деген қорытындыға келеді. Гегель тәрбиенің даму тарихы мен адамзат өркениеті тарихын диалектикалық байланыста қарастыруға талпынды. Тәрбие арқылы жеке тұлға қоғамдық мәдени өмірге белсенді қатысып, айналасын қоршаған ортамен қарым-қатынастар жасау арқылы қалыптасады деген пікірді дәлелдеді. Ол тәрбие мен оқыту мәселелерін тарихи және жүйелілік тұрғыда қарастырды, қоғамның еркін мүшесі білімді азамат қалыптастыруға ұмтылды, білім берудің элитарлық тұжырымдамаларына қарсы шықты. Тәрбиенің оқыту мен тәртіп сияқты жақтарын бөліп көрсетті. Оқытудың мақсаты- өзіндік ойлау қалыптастыру екенін айтты. Баланы отбасы мен мемлекет тәрбиелеуге міндетті деді.
Француз ағартушыларының тәрбие туралы ілімдері 1789-1794 жылдардағы төңкеріс қайреткерлері мен социал-утопистердің (Сен-Симон, Фурье, Оуэн) педагогикалық идеяларына күшті әсерін тигізді.
24.Философиядағы педагогикалық ойлар. Мектептердің дамуының негізгі бағыттары.
Педагогикалық теория дамуының ежелден-ақ маңызды факторы оның ғылымдық өрiстеуiне арқау болған əдiснамалық шарттар. Ғылым əдiснамасы бұл-табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негiз болған, əрi сол құбылыстардың теориялық түсiндiрмесiне шешiмдi ықпал етушi философиялық бастауидеяларжиынтығы. Ұзақ уақыт философияның бiр бөлiгi болған педагогика екi негiзгi философиялық əдiснама: идеалистiк жəне материалистiк тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды жəне қазiрде дамып отыр. Ежелгi грек философия-педагогикалық ой-пiкiр саласында идеалистiк бағытты ұстаған Сократ пен Платон адам дамуының шешушi факторы бiр табиғат екенiн мойындаса, материалистiк бағыттағы Гераклит, Демокрит жəне Эпикур адамның қалыптасуын басқаша түсiндiрiп, сыртқы ықпалдар мен тұрмыстық жағдайларға байланыстырады. Педагогикалық теорияның бұдан былайғыда етек алуында осы екi əдiснамалық бағыттың маңызы зор болды. Осының салдарынан батыстық педагогикада қазiргi кезеңге дейiн адамның дамуы мен тəрбие мəселелерi бойынша белгiлi бiр қауымдастықтың мүддесiн жақтаған идеалистiк ойшылдар бар. Солармен қатар оқыту жəне тəрбие теориясына елеулi үлес болып қосылған, əрi жалпы адамзаттық маңызға ие болған материалистiк идеялардың иелерi де баршылық.
Мектептердің дамуының негізгі бағыттары. Еліміздегі білім беру саласында қарқындап жүріп жатқан жаңалықтардан қалыс қалмай, мектептің оқу-тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Бұл мақсаттағы жұмыстарымызды анықтап алу үшін қазіргі жағдайымызға талдау жасауымыз қажет. Мектеп жағдайы туралы бастапқы деректер жинау, мектептің мықты жақтары мен дамытуға болатын салалары туралы білу мақсатында мектеп ата-аналары, оқушылары және педагогтар арасында сауалнамалар жүргізілді. Мектеп ата-аналарына арналған сауалнаманың мақсаты баланың мектептегі көңіл күйін, жетістіктерін, қаншалықты көмек көрсетілетіндігін, тәрбие беру сапасы , қажетті ақпараттарды алу мүмкіндіктерін анықтау және мектеп тәжірибесіне өзгерістер енгізу алдында ата-аналардың пікірлерін білу. Мектеп тәжірибесіне келелі өзгерістер енгізу алдында мектепті дамыту аймағын айқындаудағы оқушылардың пікірін білу мақсатында оқушылар арасында, бүгінгі мектептің жағдайына мұғалімдердің көзқарасын білу мақсатында мектеп педагогтары арасында сауалнамалар жүргізілді. Мектепті дамыту жоспары –ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымын дамытудың стратегиялық басымдықтары мен бағыттарын анықтайтын құжат.
Мектепті дамытудың стратегиялық жоспары сауалнамалар қорытындысында анықталған басты проблемаларды шешуге, берілген ұсыныстарды іске асыруға бағытталған. Олар:.
1) Мектептің даму жоспарын жасау кезінде оқушылардың және ата-аналардың пікірін ескеру.
2) Мектептің дамуына қолайлы жағдай жасау үшін қоғамдық ұйымдармен байланысты күшейту.
3) Озық тәжірибелерді енгізу мақсатында жүйелі жұмыстану.
4) Мұғалімдерді өз жұмыстарына талдау жүргізуге бағыттау.
5) Мұғалімдердің бірлесіп, ортақ проблеманы анықтап, білім сапасын арттыруда біріккен жұмыстарын жетілдіру.
6) Мұғалімдерді бөлінген көшбасшылық принциптеріне сай жұмыстарға тартып, қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктер туғызу.
25.XIX ғасырдың педагогика классиктері.
XIX гасырдың педагогика классиктері. Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы. Ыбырай Алтынсариннің көзқарастарынан бүкіләлемдік тәлім-тәрбиенің алатын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі класстық мектептердің меңгерушісіне жазған нұсқау хатында ол «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оөушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді...»
Абай Құнанбаев
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен «ғалия» сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық ой пікірлерге толы.
Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді.
Міржақып Дулатов
Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған ол 1897 жылы Торғайдағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, оны 1902 жылы бітіріп шыққаннан кейін алты-жеті ауылда бала оқытады. Кейіннен Омбы, Қарқаралы қалаларына барады, Петерборда шығатын «Серке» газетіне «Жастарға» деген өлеңін бастырады. Әмбебап ағартушының артына қалдырған рухани мұрасында кешегі көшпелі қазақ елінің әдет-ғұрпы, дәстүр салты, жол-жоралғысы, тәлім-тәрбиесі мен үлгі-өнегесі, өзіне тән этикалық, эстетикалық ұнам-талғамдары ұлттық колоритқа толы сан алуан нақты деркектермен безендіріле баяндалған.
26.И.Г. Песталоццидің, Ф.А. Вильгем Дистервергтің педагогикалық теориясы мен тәжірибесі.
Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы.(1790-1866)
Өзінің мақалаларында сол қоғамдағы байлармен кедейлердің қарама-қайшылығын көрсете білді және еңбекшілерді ізгіліктің және адамдарға деген сүйіспеншіліктің негізінде өзара көмектесу үшін бірігуге шақырды. Өзінің қызметі және “чиновниктерге сүйкімсіз” танылған мақалалары үшін Дистервегке сөгіс берілді. Халықтың арасында Дистервегтің беделі арта түсті. 1858 жылы ол депутаттар палатасына сайланды және онда өзінің белсенді күресін әрі қарай жалғастырды: өзінің кейбір парламенттік сөздерінде ол “ережелердің” зияндылығын дәлелдеді, діни тестілерді құрғақ жаттау балаларды топастыққа алып келетіндігін атап көрсетті.
Дистервегтің сөйлеген сөздері неміс мұғалімдеріне ерекше әсер етіп ғана қойған жоқ, сонымен қатар оны орыстың алдыңғы қатарлы қайраткерлері де қолдап, ерекше үн қостыДистервег жалыпадамзаттың тәрбе идеясын жоқтады. Ол педагогикалық проблемаларды шешуде сословиялық және шивинистік көзқарасқа қарсы күресті. Бұл талаптың дерексіздік сипатына қарамастан, бұл идея сол кезде өте қажет болды, себебі пруссия өкіметі дін мен монархизмге негізделген тар көлемдегі ескі сословиялық тәрбиені насихаттады Дистервегтің елеулі еңбегі оқытудың дамытушылық, тәрбиелік және білімділік идеяларын талдауы және негіздеуі болып табылады. Осы негізде ол өзінің дидактикалық қағидалары мен ережелерін құра білді, мұғалім өз шәкіртін, оның ерекшелігін, даму деңгейін, оның елестетулері мен ұғымдарының көлемін жақсы білуі қажет. Тек ғана осындай жағдайда қиындықты бірте-бірте және бірізді жеңе отырып, сабақты “табиғи жолмен” жүргізуге болады деді.
Песталоццидің педагогикалық теориясының маңызы. Ол өзінің бүкіл ғұмыры мен күш-жігерін кедей балаларын тәрбиелеу ісіне арнады. Ол сол кездегі шаруалардың қиыншылығын көре білді және оған көмектесуге мектеп және ағарту ісі арқылы, оны жақсарту арқылы қиындықтан шығудың жолы деп білді. Тәрбиенің алдына Песталоцци програссивтік міндет адамның бүкіл табиғи күші мен қабілеттілігін үйлесімді дамытуды ұсынды. Песталоцци элементарлық білім беру теориясын жасады. Ол теория ХІХ-ғ. Еуропада халық мектептерінің дамуына көмектесті, ол жеке пәндердің әдістемесін талдауды бастады, олар бастауыш мектептерде кеңінен қолданылды. Бұл теория догматикалық оқыту мен механикалық есте сақтауға қарсы күресте халық мектептерінің дамуына мүмкіншілік жасады. Ол дене, еңбек, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесі туралы өте құнды пікірлер ұсынды, бастауыш мектепте білім берудің мазмұнын кеңейтуге күш жұмсады, оны халыққа жақын, бұқара халықтың өмірі және қажеттіліктерімен тығыз байланысты етуге ұмтылды, балаларға еңек тәрбиесін беруге және өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлді.
Песталоцци алғашқы оқытудың жалпы негіздерін және бастауыш білім берудің жекеленген пәндердің әдістемелерін талдады. Көзқарасының тарихи шектеушілігіне байланысты ол оқушыларды біліммен қаруландыру және ақыл-ой күштерін дамытудың бірлігі үрдісі мәселесін дұрыс шеше алмады. Ол кей жағдайда ойлауды дамытуда механикалық жаттығулардың ролін асыра бағалады.
27.Қазіргі шетелдік мектеп және педагогика. Педагогикалық ойлардың дамуының негізгі бағыттары.
Соңғы жылдары отандық педагогика Шығыстың дәстүрлі тәрбие тәжірибесіне қызығушылық танытуда. Жапон және корей тәрбие жүйелерінен дәстүрлі қазақ тәрбиесіне ұқсас ортақ тұстарды табуға болады. Мәселен, жапондықтарда да, қазақтардағыдай, баланың барынша еркін немесе қағажу көрмей өсу кезеңі бес жасқа дейін созылады. Бұл жасқа дейін жапондықтар баласын «патшасындай» құрметтесе, бес жастан он бес жасқа дейінгі аралықта «құлдай» жұмсайды, ал он бестен асқан соң «теңдесіндей» араласады. Он бес жасқа келген бала өзінің міндеттерін нақты білетін және ережелерге мүлтіксіз бағынатын ересек адам ретінде саналады. Жапон тәрбиесінің парадоксы да осында қордаланған: балалық шағында барлығы рұқсат етілген баладан тәртіпті және заңға бағына білетін азамат өсіп шығады. Расында, бұл елде кішкентай балаларға барлығы рұқсат етіледі, алайда 5-6 жасқа қарай бала әртүрлі жағдайларда қалай әрекет етуді белгілейтін ережелер мен шектеулерге толы қатаң жүйеге тап болады. Оларға бағынбау мүмкін емес, себебі барлығы да осылай жасайды, сондықтан басқаша жасауға ұмтылу ел алдында абыройдан айрылуға және ортадан аластатылуға барабар. Жапондықтар топтық немесе тобырлық санаға бағдарланған, мұнда топ мүддесі (осы тұста – отбасы) жеке бас мүддесінен жоғары қойылады.Жапон дүниетанымының негізгі ұстанымдарының бірі – «бәрінің өз орны бар». Жапон тілінде, қазақ тіліндегідей, бір отбасының балаларын бір-біріне қатысты жалпылап атайтын атау жоқ. Мысалы, орыстардың «брат», «сестра» деген атаулары сияқты. Жапондықтар «ани» («аға»), «отоото» («іні»), «анэ» («апа», «әпке»), «имоото» («сіңлі») деп сөйлейді. Сондықтан үлкен-кіші, жоғары-төмен деген түсінік баланың санасында жүреді.Жапондықтар балаларына дауыс көтермейді, қол жұмсамайды. Баланы ертеден дамыту ойын жапондықтар біріншілердің қатарында айтқан болатын. Корей қоғамында да балалар мен жастардың тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, Кореяда да жеті жасқа дейінгі бала – құдайдың сыйы болып табылады. Балаларға отбасында барлық жан ықыласы мен материалдық мүмкіндіктер жұмсалады. Тіпті ата-аналар арасындағы қарым-қатынас бұзылғанның өзінде де, бұл балаларға ешқандай зиянын тигізбейді. Мектепке дейінгі жастағы баланы корейліктер өте еркін ұстайды. Алайда, мұндай тәрбие стилі бала мектепке барғаннан бастап күрт өзгереді: тәрбие қатаң, баланы мұғалімге, жалпы үлкендерге құрметпен қарауды талап ететін стильге ауысады. Жалпы корей тәрбиесі Конфуцийдің іліміне сай жүзеге асырылады: ата аналарын құрметтеу – адамның бойындағы ізгі қасиеттердің жоғарғысы болып саналады, сондықтан да бұл тәрбиенің негізгі міндеті деп түсініледі.Корей педагогикасына балаға қатаң талап қойып, одан сол талапқа сәйкес болуына баулу, сөзі мен жүріс-тұрысына жауап беруге, ерінбей еңбек етуге үйрету тән. Әлеуметтік өсіп-жылжудың корейлік жүйесі биікке жетудің тек бір ғана жолын құптайды, ол – білім арқылы. Әрине, корей тәрбиесінің осындай тұстары үлгі болуға лайық. Өкінішке орай, балаға асыра қысым көрсетудің теріс жақтары да жоқ емес: оның адамның бірегей шешім қабылдау қабілеттілігін төмендететіні белгілі.Сонымен, шетел білімін алу үшін өзіңді танып-білу және жетілдіру мақсатында оның тұжырымдамаларын зерделеу қажет.
28.Оқу мен тәрбиелеудің мектептегі тәжірибиесі. Оқу мен тәрбие жүйесін реформалау.
Білім беру жүйесіндегі жүргізіліп отырған реформалау — қазіргі күннің талабы.
Реформалауды жүзеге асырудың жаңа бір сипаты, ол қазіргі уақыттағы оқыту мен тәрбие беру процесіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу болып отыр. Оқу — тәрбие процесіндегі жаңа педагогикалық технология дәстүрлі оқыту процесін мүлдем жоққа шығаруға болмай, керісінше, оны дәстүрден тыс әдіс-тәсілдермен, жаңа мақсат-міндеттермен байыту болып табылуы керек.
Жаңа педагогикалық технология дегенді — тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы деп түсінетін болсақ, ол — педагогикалық жүйенің басты мақсаты: жан-жақты дамыған немесе өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру;
29.Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқу.
Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқу.
Одан әрі тарихи дамудың нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс жаңа қоғамдық формация – құлдық қоғаммен ауысты. Ертедегі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.Ертедегі Индияда мектеп ашыла бастады. Мыңдаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді.Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап өкілдерінің қолында жинақталған.Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларыноқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады.Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді. Ертедегі Индия тарихы ені дәуірге бөлінеді: дравид-арийлік және будда дәуірі. Индия жартыаралының б.э.2-мыңыншы жылдықтың бірінші жартысына дейін жергілікті халықтың давид тайпаларының өркениеті Екі өзеннің арасындағы алғашқы мемлекеттердің мәдени деңгейіне сәйкес келеді. Тәрбие мен оқыту жанұялық-тектілік сипатта болды, жанұяның ролі ерекше болды.Ертедегі Индиядағы тәрбие мен оқытудың дамуына касталық құрылыс өзіндік із қалдырды. Тәрбие мен оқытудың инезисінің екінші негізгі жағдайларының біріне діни идеологияның (буддизмнің) әсері болды.Индияда әлеуметтік жағынан үстемдік еткен каста-брахмандар болды. Әрбір адам өзінің адамгершілік, ақыл-ой және дене сапаларын дамыту қажет болды. Брахмандарда ең негізгі сапалар интеллеутуалдық артықшылыққа, екінші каста – кшатрийлер – мықтылық пен ерлікке, вайшьилер – еңбек сүйгіштікке және шыдамдылыққа, ал шудралар – құлшылық етуге ерекше мән беріледі.Идеялық тәрбие беруге тек ғана жоғарғы касталардың мүмкіндігі болды. Тәрбиенің мақсаты - ақыл-ой дамуы, рухани тәрбие, дене жағынан жетілу, табиғатқа, сұлулыққа сүйіспеншілік, өзін-өзі меңгеру және ұстамдылық.Ертедегі Индияда ерекше қасеитті және сонымен бірге оқу кітабі болып табылатын “Бхагавадгита” (б.э.д. 1-мыңжылдықта) ерекше атауға болады, шәкірттерді тәрбиелеу және оқыту мазмұны мен жолдарының үлгілері ұсынылды.Басқа да алғашқы адамзат өркениеттері сияқты Ертедегі 30.Ежелгі египет мектебі. Я.А. Коменскийдің педагогикалық теориясы.Я.А. Коменскийдің көзқарастарына жалпы сипаттама.
Ежелгі Египетте мектеп пен тәрбие баланы ересектік әлемге дайындады. Тәрбие мен оқыту отбасында жүзеге асты, онда қыздар мен ұлдар бірге тәрбиеленді. Ұлдарға арналған жеке арнайы мектептер тек ауқатты отбасылар үшін ғана мүмкін болды. Отбасы тәрбиесінде әке беделі жоғары болды. Ежелгі Египетте адамгершілік тәрбиесі моральдық өсеттерді жаттау арқылы іске асырылды. Оқыту отбасының іс- әрекет түріне байланысты мамандыққа дайындау мақсатын жүзеге асырды. Ежелгі Египетте мектеп отбасылық институт ретінде пайда болды. Сондықтан әке өзінің мамандығына баласын үйретті, баласы кейін оның орнын басты.
Білім алу көп еңбекті талап етті. Мектептегі сабақтар таңертеңнен кешке дейін жүргізілді. Тыңдамағандарды қатаң жазалады.Ежелгі Египетте төмендегідей мектеп түрлері болды:1. Отбасылық мектептер2. Храм жанындағы мектептер3. Патша сарайы жанындағы мектептер4. Жазғыштар, қолөнершілер мектептері
Педагогика тарихында Коменский – ең белгілі, аты әлемге танымал ірі тұлғалардың бірі. Өз дәуірінің алдыңғы қатарлы іліміне сүйене отырып, демократиялық сипаттағы және бұқара халықтың ағарту ісіне ұмтылысын бейнелейтін педагогикалық жүйені жасады. Коменский жалпыға бірдей оқыту, бірыңғай мектеп жүйесі, ана тіліндегі мектеп, жеңіл де және түсінікті оқыту үшін күресті. Балаларды ерте жас кезінен бастап, мүмкіншілігі келетін еңбекке баулу қажеттігін атап көрсетті.Коменский - өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға. Ол тәрбиенің мақсаттары туралы, оқытудың мазмұны туралы мәселелерде ортағасырлық діни көзқарасқа бой ұрды. Бірақ оның жүйесі тұтас алғанда прогрессивтік сипатқа ие болып табылады. Негізгі педагогикалық мәселелерді алдыңғы қатарлы, ал кейде тіпті өз дәуірінің материалистік теориясының және мектебінің озық тәжірибесі рухында шеше білді.Коменский дидактика саласында алғашқы жаңашыл педагог-гуманист ретінде көптеген құнды прогрессивті дидактикалық идеяларды, қағидаларды және оқу жұмысын ұйымдастырудың ережелерін ұсынды (оқу жылы, каникулдар, оқу жылын оқу тоқсандарына бөлу, күзде бір мезгілде балаларды мектепке қабылдау, сынып-сабақ жүйесі, оқушылардың білімін ескеру, оқу күнінің ұзақтығы және т.б.).Белгілі дидакт ретінде Коменский оқытудың өміршеңдігі, реализмі қағидасын ұсынды, гуманизм және табиғатқа сәйкестік талаптарынан туындай отырып, балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескертуді, көрнекілікті қолданудың негізінде таным қабілеттіктерін дамытуды талап етті, оқытудағы қызығу, зейін, есте сақтау мәселелерін талдады және оқытудың негізгі қағидаларын және ерекшелерін айқындап берді.Ол алғаш рет сабақ теориясны терең талдап берді.Я.А.Коменский бүкіл дүние жүзінде педагогикалық ой-пікір мен мектептің дамуына орасан зор әсер етті. Оны жаңашыл педагог, дидактиканың ғылыми негізін салушы ретінде көптеген батыс елдері өздерінің мектеп ісін ұйымдастыруға және жаңартуға шақырып, тәжірибе алмасты (Англия, Швеция, Венгрия және т.б
31.Ұлы чех педагогының негізгі педагогикалық идеялары (табиғатқа сәйкестілік принципі, демократиялық және гуманистік идеялары, мектептің ана тілінде болуы). «Ұлы дидактика» еңбегін талдау. Я.А. Коменскийдің идеяларының мектеп педагогиканың дамуындағы маңызы.
Педагогика тарихында Коменский – ең белгілі, аты әлемге танымал ірі тұлғалардың бірі. Өз дәуірінің алдыңғы қатарлы іліміне сүйене отырып, демократиялық сипаттағы және бұқара халықтың ағарту ісіне ұмтылысын бейнелейтін педагогикалық жүйені жасады. Коменский жалпыға бірдей оқыту, бірыңғай мектеп жүйесі, ана тіліндегі мектеп, жеңіл де және түсінікті оқыту үшін күресті. Балаларды ерте жас кезінен бастап, мүмкіншілігі келетін еңбекке баулу қажеттігін атап көрсетті. Я.А.Коменский оқу мен тәрбие жүйелерiн құруда таным үрдiсiне байланысты екi жақты көзқарасты ұстанды. Оның түсiнiгiнше ақиқатты танудың бiр бағыты – логикалық ақыл-ойға негiзделген түсiнiк, оның көзi – дiни сенiм. Ақиқаттың екiншi бағыты – табиғатты тану, ол тiршiлiктiң, байлықтың көзi, табиғатты қорғап, сақтай бiлу үшiн бiлiм қажет. Я.А.Коменскийдiң педагогикалық көзқарастарына қарай және қайта өрлеу дәуiрiндегi гуманистiк бағыттың әсерiмен орта ғасырлық мектеп жүйесiн сынға алып, мектептегi оқу-тәрбие жұмыстары балаға сүйiспеншiлiк пен адамгершiлiк шеберхана орталығы болғанын қалаған. Я.А.Коменский “Ұлы дидактика” деген еңбегiнде адамды табиғаттың бiр бөлiгi ретiнде қарап, оны тәрбиелеу мен оқыту табиғи қабiлетi мен қасиеттерiн дамытуға бағытталуы тиiс деп кеңес бередi.Бұл талап тәрбие мен оқытудың жалпы ұстанымы ретiнде саналып, кейiн “табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” деп аталды Бұл кiтапта оқу iсiне қойылатын дидактикалық талаптар жеке-жеке сараланған: оқушыларды бiлiм алуға ынталандыру; оқу материалдарын бiртiндеп күрделендiру; тұрмысқа, шаруашылыққа қажеттi бiлiмдердi беру; бала табиғатын ескерiп, шамасы келетiн оқу материалын оқыту; игере алатын оқу материалын саналы түрде қабылдауға жағдай туғызу; материалдарды түсiндiруде баланың өмiрден алған сезiмдерiне, түйсiктерiне сүйену арқылы оқу тәрбие жұмысын жандандыру.“Ұлы дидактиканың” педагогикалық ойды және жаңа мектептiң оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттырудағы маңызы – дидактикалық ұстанымдардың жүйеленуiнде. Олар оқытудың көрнекiлiгi, саналы оқу, оқытудың жүйелiлiгi, түсiнiктiлiгi, сатылы оқу, оқушының жас ерекшелiктерiн ескеру, оқытудың негiздiлiгiнен тұрады.Бұл дидактикалық ұсынымдардың әрқайсысының өзiндiк ерекшелiктерi бар. «Ұлы дидактика» төмендегідей 4 дидактикалық сұраққа жауап береді: Қалай жақсы оқып, тәуір оқуға болады Оқыту мен оқудың жеңілдігі Оқыту мен оқудың негізділігі Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері.
32.Дж. Локктың педагогикалық көзқарасы және Ж.Ж. Руссоның педагогикалық теориясы. Джон Локктың педагогикалық теориясының негізгі ерекшеліктері. «Тәрбие жөніндегі ойлар» еңбегінің негізгі идеялары. Ағылшын-философ педагогының дене және адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен құралдары. Ж.Ж. Руссо бойынша жас кезеңдері олардың әрқайсысындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Ж.Ж. Руссоның табиғи және еркін тәрбие теориясының мәні.
ХVII ғасырда Англиядағы революциялық қозғалыстың қарқындап тұрған кезiнде жаңа заманның ұстаған бағыт-бағдары схоластикалық оқу жүйесiн сынға алып, баланың табиғи бейiм қабiлеттерiн дамытуға назар аударды. Осындай тарихи жағдайлар Джон Локктың (1632-1704) саяси-әлеуметтiк, философиялық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына әсер еттi. Ол Оксфорд университетiн бiтiрiсiмен 1658 жылдан бастап сол оқу орнында оқытушылық қызмет атқарды. Кейiннен жаратылыстанумен айналысып, медицинаны зерттеп, ғылыми жұмыстармен шұғылданды.Д.Локктың философиялық көзқарасының қалыптасуына Бэкон мен Декарттың шығармалары әсер етiп, таным теориясын зерттеп, табиғат дүниесiндегi нақты құбылыстарды тану тұрғысынан сенсуалистiк жолды ұстанды.Д.Локктың сенсуалистiк философиясы схоластикалық және дiни уағыздардағы елестеулер мен идеяларға және адамгершiлiк қасиеттердiң адамның туысынан пайда болатындығы жайлы көзқарасқа қарсы тұрды. Оның дәлелдеуiнше, идеялар және мемлекеттi билеу қабiлетi туғаннан болмайды, қайта адамның дамып жетiлуiндегi тәрбиеге байланысты. Сөйтiп, Локктың көзқарасы өз кезiнде прогресшiл мәнге ие болды.Бiрақ Д.Локктiң философиясы дуалистiк ерекшелiгiмен сипатталынады. Оның ойынша сыртқы тәжiрибемен бiрге ақылдың өзiндiк әрекетi болып саналатын iшкi тәжiрибе де болады. Ол объективтiк дүниенiң бiздiң санамызда елестеуi ақиқат-шындық бола алмайды деп күмәнданады.Д.Локктың педагогикалық көзқарастары “Тәрбие жөнiндегi ойлар” және “Ақылды тәрбиелеу туралы” атты еңбектерiнде ашылған. Оның пiкiрiнше, тәрбиенiң мақсаты өз жеке басының iсiн ойластырып, жүйелеп орындайтын, өз мүддесiн iске асыруда бар мүмкiндiктерiн қосатын ақсүйектердiң балаларын тәрбиелеу. Ақсүйектердiң жас ұрпақтарына тәрбиенiң бiр саласынан ғана тәрбие бермей, дене және адамгершiлiк тәрбиелері берiлуiн қолдады.Д.Локк мектептердегi оқу-тәрбие жұмыстарына көңiлi толмай, қайта мектеп оқушыларды терiс мiнез-құлыққа итермелейдi, сондықтан ақсүйек баласының үй тәрбиесiнен бiлiмдерi мен дағдылары мектептен артық деп санаған.Ол дене тәрбиесiн ерекше бағалаған, “мықты дене, мықты рух” болса, дене күшi мықты, ауа-райының құбылысына бейiм, қатаң режимге тәрбиелеудiң қажеттiлiгiн айтып, баланы ерлiкке және табандылыққа үйрететiндiгiн ескертедi.
33.Француз философ-материалистері К.А. Гельвеций және Д.Дидроның педагогикалық идеялары. К.А. Гельвеций мен Д. Дидроның адам тұлғасы және тәрбиесінің мәніне көзқарастары.
Француз ағартушыларының iшiндегi педагогикалық көзқарастарымен танымал болған К.А.Гельвеций (1715-1771) мен Дени Дидро (1713-1784) болды.Гельвеций "Ақыл туралы” 1758 жылы шыққан кітаптың авторы ретінде танылды және реакцияның барлық күштерінде, үстем тап өкілдерінің тарапынан қудалауға ұшырады. Кітапқа тыйым салынды және өртеуге шешім алынды. Бұдан да жан-жақты өз идеяларын "Адам оның ойлау қабілеттіліктері туралы және оның тәрбиесі” кітабында дамытты. 1769 жылы жазылған бұл кітапты жаңа қуғындауды болдырмау мақсатында Гельвеций өзі өлгеннен кейін жариялау жөнінде өсиет жазды, ол кітап өзі өлгеннен екі жылдан кейін 1773 жылы жарық көрді. Өзінің еңбектерінде Гельвеций алғаш рет педагогика тарихында адамды қалыптастыратын факторларды толық ашып берді. Сенсуалист ретінде барлық елестетулер мен ұғымдар адамдарда сезгіштік қабылдаулардың негізінде ұйымдасты және ойлауды түйсіну қабілеттілігіне теңеді.Адамды қалыптастырудың негізгі факторы ол ортаның әсерін жоғары бағалады. Адам қоғамдық ортаның және тәрбиенің нәтижесі деп тұжырымдады. Гельвеций тәрбиені қоғамдық өмірді қайта құрудың құралы ретінде қате түсіндірді. Адамды қалыптастыру орта мен тәрбиеге байланыстылығы туралы материалистік тезис ұсына отырып, Гельвеций оны біржақты тұжырымдады.Осындай тәрбие арқылы бүкiл қоғамды дұрыс жолға саламыз, көпшiлiк адамдардың тұрмысын жақсартып, балаларын жаңа негiзде қалыптастырып, өз жеке басы мен ұлт қамқорлығын байланыстыра бiлетiн патриоттарды тәрбиелеймiз деген пiкiрдi ұсынды. Екiншiден, К.Гельвецийдiң педагогикалық идеясы балаларды сословиелiк тәрбие беру мақсатынан мүлдем өзгешiлiгiмен сипатталады және тарихи жағынан алғанда бұрынғылардан көп iлгерi екенiн байқаймыз. француз философы Гельвеций: «Адам қоршаған орта, нәсілдік және тәрбиеге байланысты біртұтас әсерлердің нәтижесінде қалыптасады. Соның ішінде аса маңыздысы – тәрбие» -деді. Дени Дидро – ХҮІІІ ғ.француз материалистерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі. Бұл бағыттың барлық өкілдері сияқты, табиғатты түсіндіруге материалист болды, ал қоғамдық құбылыстарды байымдауда идеялист болды. Ол дүниенің материалдығын мойындады, қозғалыс материядан бөлінбейді, дүниені тануға болады, дінге қарсы болды.Материалистік сенсуализмнің бағытын ұстана отырып, Дидро білімнің қайнар көзі түйсіктер деді. Ол "дүниені көзқарас билейді” дей келіп, қоғамды өзгертудің жолы революция емес, ағарту ісін насихаттау, жаңа заңдар шығару, дұрыс қойылған тәрбие арқылы деп қате түсіндірді. Өзінің тәрбие туралы ойларын Гельвецийдің "Адам туралы еңбегіне біржүйелі түзетулер” деген негізгі еңбегінде айтқан болатын-ды.Дидро Гельвецийдің тәрбиенің құдіретті күші туралы және адамдарда дара табиғи ерекшеліктердің болмайтындығы туралы тұжырымдарына қарсы шықты. Дидро баланың табиғи ерекшеліктері мен қабілеттерін мойындады.Дидроның айтуынша, егер де тәрбиеші балаға табиғаттан берілген жағымды нышандарды дамытуға ұмтылса және жағымсыз қасиеттерді тұншықтырса, сол уақытта тәрбие жұмысында жақсы нәтижеге жетеді деп дәлелдеді.
34.К.А. Гельвецийдің негізгі педагогикалық идеялары. Д.Дидроның педагогикалық көзқарастарына сипаттама. Француз материалистерінің ағартушылық идеяларының маңызы.
Өзінің еңбектерінде Гельвеций алғаш рет педагогика тарихында адамды қалыптастыратын факторларды толық ашып берді. Сенсуалист ретінде барлық елестетулер мен ұғымдар адамдарда сезгіштік қабылдаулардың негізінде ұйымдасты және ойлауды түйсіну қабілеттілігіне теңеді.Гельвеций "Ақыл туралы” 1758 жылы шыққан кітаптың авторы ретінде танылды.Жан-жақты өз идеяларын "Адам оның ойлау қабілеттіліктері туралы және оның тәрбиесі” кітабында дамытты.Гельвеций барлық адамдар білім алуға құқылы, әйелдер ерлермен бірдей білім алуға тиісті деген болатын-ды.Гельвецийдің айтуынша, барлық адамдар бірқалыпты дене бітімімен дамуға табиғаттан бірдей қабілеттіліктер мен мүмкіншіліктерді меңгереді. Гельвеций қоғамдық тәрбиенің жанұя тәрбиесінен артықшылығын дәлелдеп берді. Гельвецийдің пікірінше, бала дүниеге келгенде қайырымды немесе қатыгез болып тумайды, оған берілетін белгілі сапалар-қоғамдық орта мен тәрбиенің нәтижесі.Материалистік сенсуализмнің бағытын ұстана отырып, Дидро білімнің қайнар көзі түйсіктер деді. Ол "дүниені көзқарас билейді” дей келіп, қоғамды өзгертудің жолы революция емес, ағарту ісін насихаттау, жаңа заңдар шығару, дұрыс қойылған тәрбие арқылы деп қате түсіндірді.Өзінің тәрбие туралы ойларын Гельвецийдің "Адам туралы еңбегіне біржүйелі түзетулер” деген негізгі еңбегінде айтқан болатын-ды.Дидро Гельвецийдің тәрбиенің құдіретті күші туралы және адамдарда дара табиғи ерекшеліктердің болмайтындығы туралы тұжырымдарына қарсы шықты. Дидро баланың табиғи ерекшеліктері мен қабілеттерін мойындады.Дидроның айтуынша, егер де тәрбиеші балаға табиғаттан берілген жағымды нышандарды дамытуға ұмтылса және жағымсыз қасиеттерді тұншықтырса, сол уақытта тәрбие жұмысында жақсы нәтижеге жетеді деп дәлелдеді.Материалистер-философтардың табиғатқа көзқарастары дүниені жаратқан құдайдың жоқтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік берді. Француз материалистері дінге және католиктік шіркеуге қарсы белсенді күресті. Бірақ олар діннің таптық тамырларын және мәнін түсінбеді, олар негізінен адамдардың надандығынан туындайды, осы зұлымдықты жою ағарту ісін және ғылыми білімді тарату арқылы жоюға болады деп есептеді. “ХҮІІІ ғасырдағы ұлы ойшылдары” және олардан бұрынғылар да қоғам дамуында идеалистік көзқарасты ұстанды ХҮІІІ ғ.барлық ағартушылар сияқты олардың айтуынша, “дүниені көзқарас билейді” деген болатынды, демек, көзқарасты өзгерту өзінен кейін дүниені өзгертеді, дүние ағарту ісін тарату және заңдылықты жақсарту арқылы өзгерді, әлеуметтік революция жолымен емес.
ІІ-тарау. Ресей тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогика
1.Х-ХYII ғасырлардағы Ресейдегі тәрбие мен білім беру. Ағарту ісінің дамуының бастау алуы. Ресейде христиандықты қабылдау және мектептер дамуының басталуы.
X-XIIIғ.ғ. ежелгі Русь педагогикасында екі мәдениет болды: тіндік мәдениет және христиандық, кітаптық. Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі. Бастауыш білім беру қоғамдық-практикалық жүйе формасында ұйымдастырылды. Бастауыш оқытуды сауат ашу шеберлері жүргізді. Олар барлық сословие өкілдерінің балаларының сауатын ашты. Оқу, жазу, есепке және кәсіпке үйрету түрінде жүргізілді. Сауат ашу үшін арнайы тақталарға әріптер ойылып жазылды. Бастапқыда балалар әріп танып, жазып, сонан кейін діни мәтіндерді оқуға жаттықты. Х-ХI ғ. ғ. ертедегі Русьте барлық сословие өкілдері арасында жазу кеңінен тараған еді. Сол кезеңде Киев Русі сауаттылық жағынан Орталық және Батыс Еуропамен бір деңгейде болды. Князь сарайлары, боярлар үйлері мен монастырларда 140 мыңға тарта кітап қолжазбалары сақталды. Ярослав Мудрый Киевтегі София соборында кітапхана ашты. Ол кітапханадан бізге жеткен ХI-ХIII ғасырларындағы қолжазбалардың саны 500-ге жуық.Римнен таралған христиан идеясы шығыс славяндардың көптәңірлі дүниетанымымен және адамгершілік идеалдарымен үйлесім тапты, өйткені ол дүниетаным олардың рулық-тайпалық құрылымына жақын да түсінікті болатын. Христиандық дүниетаным біртіндеп славяндардың санасына сіңіп, бұрынғы көптәңірлі дүниетанымымен біте қайнасып кетті.
2.Шіркеулік-діни педагогика. Баланың жанұядағы тәрбиесі. Оқытудың типтері. Өсиет (жанұялық тәрбие бойынша нұсқаулар). Туысқандық мектептер, академиялар.
ХI-ХII ғасырларда Киев мемлекетінің қолдан жазылған бірнеше діни-моральдық уағыздар жинағы пайда болды. Мысалы, “Святослав жинағы” кітабында грек патшасының балаларына арналған өсиеті беріледі. ХI ғасырдағы “Владимир Монамахтың балаларына өсиеті” – алғашқы педагогикалық ескерткіштердің бірі. Онда мемлекет қайраткері Монамах балаларына қалай өмір сүру туралы кеңес береді. Балаларынан Отанын сүюді, оны жаулардан қорғауды, еңбексүйгіш, ержүрек батыр болуды талап етеді. Ол балаларында адамгершілік, ерлік, қамқорлық қасиеттердің болуын қажет деп санады. Үлкенді сыйлау, жетім-жесірге қамқор болу керектігін көрсетті. Монамах балаларынан білімді игеруді, оқуды талап етті. Орыс жеріндегі ХIV- XVI ғ.ғ. мемлекеттің экономикалық дамуы тәрбие мен білім беруге мейлінше ықпал етті. Баланы өмірге даярлау отбасында жүргізілді. Ата-аналар балаларына отбасында өмірге қажетті еңбек дағдыларын меңгертті. Балаларды әр сословие өзінің дәстүрлі кәсібіне үйретті. Кәсіпті меңгеру атадан балаға беріліп отырды. Кей кездерде балаларға белгілі бір кәсіпті үйрету үшін сол сословиенің шеберіне баласын шәкірттікке беріп отырды.Туысқандық мектептер жеке меншік те, отбасылық та емес, қоғамдық мектеп болды. Бұл мектептер діни-шіркеулік қызмет атқарды. Онда барлық діни рәсімдер қадағаланып, құдайға күнделікті құлшылық ету талап етілді. Сонымен бірге шіркеу жарғысын қадағалау, шіркеу оқуларына қатысу, топтасып діни ән айтуға жаттығу міндеттелді. Діни “Киелі” кітаптар оқытылып, грек-латын тілдері және православиелік тұрғыдан қажетті делінетін “жеті түрлі өнер” үйретілді. Бауырластық мектептер білім деңгейін көтеру үшін кітаптар жинады.
Бауырластық мектептердің ішінде ерекше сипатқа ие болған Львов бауырластық мектептері болды. Олар басқа бауырластық мектептерге мұғалім даярлады.
1615 жылы Киевтегі бауырластық мектеп Киев-Могилев коллегиумы, сонан кейін академия болып аталды.
3.ХYIII ғасырлардағы Ресейде ағарту, мектеп және педагогика.
1687 жылы Мәскеудегі ең бірінші жоғары оқу орны - эллин-гректік, кейіннен славян - грек - латын академиясы болып ашылды. Академияны ашуда білімді ағайынды Лихудылар үлкен еңбек сіңірді. Олар жоғары сыныптарда риторика және философиядан сабақ берді, грек, латын тілінде грамматика мен риторикадан оқулықтар құрастырды. Кейіннен олар Новгородта славян-грек-латын училищесін ашты. Осының үлгісімен XVIII ғасырдың басында Новгород жерінде 14 грамматикалық мектеп ашылды. Мәскеу академиясы Киев академиясының үлгісімен құрылды. Оның ашылуына еңбек сіңірген Симеон Полоцкий (1629-1680) болды. Ол латын тілді мектепті қолдады. С.Полоцкий өзінен кейін бірнеше оқу кітаптарын “Псалтырь”, “Славян тілінің әліппесі”, т.б. қалдырды. Ол табиғатқа сәйкестік ұстанымын қолдады. Ресей XVIII ғасырдың басында ортағасырлық тығырықтан шығып, өзінің экономикасын, саясатын, мәдениетін дамытуды көздеді. Оған білімді мамандар - офицерлер, теңізшілер, артиллеристер, инженерлер, дәрігерлер, ғалымдар, үкімет қызметкерлері, мұғалімдер қажет болды. Осыдан білім саласын жетілдіру қажеттігі пайда болды. 1731 жылы Санкт-Петербургте дворян балаларын әскери және мемлекеттік қызметке даярлайтын алғашқы кадет корпусы ашылды. Бұл мектепте әскери даярлықпен бірге жалпы білім берілді. Онда 4 сынып болды. Әр сыныпта оқу екі жылдан төрт жылға созылды (барлығы 10-12 жыл) Алғашқы екі сыныпта жалпы дәрежелі білім берілді (әдебиет, математика, тарих, жағрафия оқытылды). Жоғары сыныптарда арнаулы пәндер оқытылды. Сонымен қатар атқа салт мініп жүру, қылыштасу, би, музыка өнерін үйренуге көңіл бөлінді. Кадет корпусында оқыған жастар не әскери қызметке, не мемлекеттік қызметке қажетті мамандық алатын болды. III ғасырдың басында әскери адамдар мен теңіз мамандарының балаларын оқытатын армия мен флоттың төменгі басшылық құрамына қызметкерлер, кеме жасау және жүргізу мамандарын даярлау қажеттігі туды. 1698 жылы Преображенск полкінің жанынан артиллерия мектебі ашылды. Онда сауат ашу, есепке үйрету, артиллериялық іске баулу жүргізілді. 1721 жылы ондай мектептерді әр әскери полкте ашу жайлы бұйрық берілді.
4.Халықтық педагогика құралдары. Білім беру және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі.
Халықтық педагогика - халық арасындағы тәрбиенің мақсаты мен міндетін халық арасында үстем болған көзқарастардан, тәрбие мен оқытудың халықтық құралдары мен іскерлік, дағдыларының жиынтығынан керінетін эмпириялық педагогикалық білімдер мен халық бұқарасы тәжірибесінің алаңы. Халықтық педагогикалық зерттеудің көзі педагогика мазмұнды және сол бағыттағы ауыз әдебиеті, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие материалдары, ойындар, ойыншықтар, халықтық және жастар мерекелері, отбасылық тәрбие тәжірибесі т.б Халықтық педагогикаға кемшіліксіз тәрбиелеумен қатар, оған қол жеткізудің жолдары мен құралдары енеді. Халықтық педагогика құндылықтары өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында ұрттық сананы қалыптастыруға жаңа оку-тәрбие үдерісіне бағыттауға, оның бойында әлемдік мәдениетте өз ұлтының, этностың рөлі туралы тусінігін дамытуға көмектеседі. Халықтық педагогика - ол ұлттың мәдени сызығын өзінде сақтаған, әдістері және тәрбие дағдысы, өзіндік халықтың жиналу және басқа этностардың салты.
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады. "Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді:
• адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";
• заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
• құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";
• тән саулығы - "дене тәрбиесі".И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.
5.Тұңғыш мемлекеттік тәрбие-білім мекемелері. Халықтық тәрбие және халықтық мектеп.
Петрдің алғашқы бастамасы мемлекеттік мектепте бұқара халықтардың балаларын оқыту үшін - цифирлік мектептер ашуынан басталды. Ол мектеп патша жарлығымен 1714 жылы 10-15 жас аралығындағы бұқара халықтың балаларынан мемлекеттік қызметтің төменгі деңгейіне қызметкер даярлауды көздеді. Негізінен онда әскери қызметке, завод және кеме жасайтын жұмысшылар даярланды. Цифирлік мектептер кәсіби мамандыққа арналған даярлық кезеңі болып саналды. Оқу мазмұнында сауат ашу, арифметика, бастапқы геометрия қамтылды.
1701 жылы Мәскеуде артиллерия-инженер мектебі, 1703 жылы Мәскеу инженер мектебі, 1719 жылы Петербург артиллерия мектептері ашылды. Мәскеудегі математика және навигация ғылымдары мектебі сол кезеңдегі алдыңғы қатарлы мектеп саналды. 1707 жылы Петр I-нің жарлығымен түрлі келеңсіз жағдайларды болдырмау, оқу сапасын арттыру мақсатында оқушыларды қатаң жазалау шарасы енгізілді. 1715 жылы бұл мектеп Петербургке көшіріліп, Теңіз академиясы деп аталды. Сондай-ақ, І-Петр тұсындағы мектепті ұйымдастыру ұстанымдары: мектептердің мемлекеттілігі, кәсібиліктің энциклопедиялық біліммен ұштасуы, оқу жоспарларында математика, навигация және теңіз ғылымдарына ерекше орын берілді, зорлықпен оқыту және қатаң режим орнатылды. Ертедегі словяндар қауымдық құрылыс жағдайында өмір сүрген барлық басқа халықтар сияқты, қауымда балаларды өмірге даярлай отырып, өлкелеу ұрпақты тәрбиеледі.Жанұяда және рулық қауымда балаларды адамгершілікке тәрбиелеумен айналысты, оларды салт-дәстүрлерді орындауға, құдайға құлшылық етуге, қаумының аға мүшелерін сыйлауға, бұрынғы өткендерді қастерлеуге үйретті. Балаларға адамгершілікке тәрбиелеуде шығыссловяндардың оның бай ауыз әдебиеті ерекше роль атқарады: ертегілер, өлеңдер, батырлар жырлары. Бұл – халықтың ауыз әдебиеті, халықтық педагогиканың үлгілері.Ертегілер, батырлар жырлары балаларды еңбекті сүюге, оларды ортасына деген сүйіспеншілікті, адамдар мен табиғатқа деген жақсы қатынастарды, қанаушыларға деген жеккөрушілікті тәрбиелейді.Орыстың ұлы классик – педагогі К.Д.Ушинский ертегілер туралы былай деп жазды: “Ол халық-ауыз әдебиеті шығармаларынан” орыс халық педагогикасының алғашқы және ғажап талпыныстарын көрсетеді.
6.ХIХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі білім беру және тәрбиелеу. Оқу-тәрбие мекемелері.
19ғ. бірінші жартысында Ресейдің ішкі жағдайы ең алдымен дами түскен капитализмің әсерімен крепостнойлық құрылыстың ыдырауының күшею үрдісімен сипатталды.Патша өкіметінің қоғамдықпікірге жекелеген, кейбір шектеулі жеңілдіктер беруі ғасырдың басында декабристер көтерілісі талқандалғаннан кейін азат ету және кез –келген прогрессивті қозғалысты басып-жаншу өрескел шаралармен өзгертілді. Алдыңғы қатарлы қоғамдық пікірге осындай шектеулі жеңілдіктерге мәжбүрлік еткен 1804жылғы мектеп реформасы болып есептеледі,бірнеше қалаларда университеттердің және арнаулы орта және жоғары оқу орындарының ашылуы.1802жылы алғаш рет халық ағарту министрлігі ұйымдастырылды. «Халық ағарту ісіінің ережелері» жарияланды.Бұл ережелер негізінде Ресейде жаңа мектеп жүйесін енгізу қарастырылды. Барлық Ресей алты оқу округыне бөлінді.Әрбір округтімемлекеттік чиновник-оқу округінің попечителі басқарды. «Халық ағарту ісінің бастапқы ережелері» негізінде 1804жылы «Университеттердің қарамағындағы жоғары оқу орындарының жар,ысы» жарияланды. Осы жарғы бойынша, халыққа білім берудің төмендегідей жүйесі үсынылды:
1.Оқушыларды уездік училищелерге даярлау;
2.Оқушыларға діни тәрбие мен элементарлық сауаттылық беру.
Оқу жоспарына «Құдай заңы», «дәстүрді үйрету», оқу,жазу, арифметиканың алғашқы төрт амалы, үй шаруашылығы туралы қысқаша түсінік, табиғат шығармалары, адам денесі,денсаулықты сақтау құралдары туралы түсініктер беру енді.
Оқу мерзімі уездік училищелерде екіжылдық деп белгіленді. Олардың оқу жоспарына «құдай заңы», «адамдар мен азаматтардың лауазымдары туралы» кітапты оқу, «Ресей грамматикасы», орыс тарихы, геометрия,физика,т.б. енгізілді.
Гимназияның оқу жоспарына «құдай заңы» енгізілмеді,.Бұл 1804 жылғы жарғыға алдыңғф қатарлы орыс зиялыларының ықпалының нәтижесі болып табылады.Университеттерді сайланған кеңестер басқарды, профессорлар сол сияқты ректорды, декандарды сайлады. Оларға ғылыми қоғамдар құруға, типография ұстауға, газет-журнаал,оқу және ғылыми әдебиетті басып шығаруға рұқсат етілді.
7.Педагогикалық теориялар және оларды білім, тәрбие беру тәжірибесінде жүзеге асыру.
XIX ғасырдың60–шы жылдарындағы Ресейдегі революциялық қозғалыс саяси, экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларын қамтыды. Орыс философиясы мен әдебиеті, музыкасы, бейнелеу өнері, ғылымы бұл кезеңде дамудың жоғары сатысына көтерілді.
Педагогикалық қозғалыс сол кездегі қоғамдық қозғалыстың бір бөлігін құрады. Крепостнойлық тәрбиені қатты сынау, сословиелік мектепке қарсы ерте мамандандыруға қарсы күрес, жалпы білім беру және әйелдерге білім беру үшін күрес, баланың жеке басын сыйлау, ескі діни оқуға, құрғақ жаттау мен жазалауға қарсы күрес, халық мектептерін көптеп ашуды талап ету, жоғары мектептің дербестігі - міне, осылар прогресшіл педагогика өкілдері көтерген басты мәселелер болды. Прогресшіл педагогтар азаматтық қоғам орнату үшін ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесіне баса назар аудару керек деп есептеді. Халыққа білім беру ғана олардың саяси құқыққа қол жеткізуін қамтамасыз етеді деп көрсетті.
1859 жылы Санкт-Петербургте педагогикалық кеңес құрылды. Кейіннен ол Петербург педагогикалық қоғамы болып аталды. Оның жұмысына К.Д.Ушинский, В.Я.Стоюнин, В.И.Водовозов, Д.Д.Семенов, Я.Я.Герд, т.б. көптеген педагогтар мен әдіскерлер қатысты. Көптеген қалаларда педагогикалық қоғамдар пайда бола бастады.
Еңбекші бұқараның мүддесін жақтайтын педагогиканың өкілдері прогресшіл революцияшыл-демократиялық бағытта болды. Бұл бағыттың ең көрнекті өкілдері Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, т.б. еді. Бұл бағыт жалпыға бірдей оқуды енгізуді, мектепті демократияландыруды, қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтығын қамтамасыз етуді талап етті. Олар патша үкіметінің мектепті қайта құруға мүмкіншілігі бар деп түсінді; әйелдерге білім беруді қолдағанымен, олардың еркектермен бірдей тең құқықты болуына қарсы болды; халықтық мектеп ашуды қолдағанымен, жаппай оқуға тартуды қажет деп санамады; ескі оқуға қарсы бола отырып, балаларға адамгершілік тәрбие беруді жақтаумен бірге, оларды жазалауды жоққа шығарған жоқ, тек оны белгілі дәрежеде шектеу керектігін айтты.
Бұл екі бағыттың арасында аралық жағдайды ұстанған, бірақбуржуазиялық-либералшыл педагогикалық бағытқа біршама жақын көзқарастағы педагогтарға буржуазиялық-демократияшыл бағыттың өкілдері жатады. Олардың қатарында К.Д.Ушинскийді (1824-1870) , оның шәкірттері В.И.Водовозовты (1825-1886), Н.Ф.Бунаковты (1837-1905), т.б. атауға болады. Бұлар белгілі қоғамдық құрылыстың көлемінде мектептің жағдайын жақсартуға, мәдени және адамгершілік жағынан адамдарды тәрбиелеуге болады деп есептеді. Олар сонымен бірге педагогика мен тәрбиеде халықтық идеяны жақтады, шетел мектеп жүйесін қабылдауға және оған бас июге қарсы болды.Буржуазиялық-демократияшыл бағыттағы педагогтар орта білім берудегі ертеден қалыптасып қалған классикалық бағытқа да қарсы болды.
8.К.Д. Ушинский – ғылыми педагогиканың негізін салушы.
К.Д.Ушинский теориясының басты идеясы - халықтық тәрбие беруге саяды, ол халықтың шығармашылық қабілеті мен күшіне сенім арту қажеттілігін және олардың білім алуға құқы болуы керектігін айтты.
Оның халықшылдық идеясы ұлттық тұрғыдан шектелу дегенді білдірмейді. Өзге халықтардың жетістіктерінің пайдасын жоғары бағалай келіп, ол халықтық білім беру негізінің мықтылығына тоқталады. Мектеп ісін басқаруда қоғамдық ой-пікір мен халықтық идеяны басшылыққа алудың маңызын көрсетеді. Осы ұстаным тұрғысынан К.Д.Ушинский ер балалар мен қыздарға жалпы білімді ана тілінде беру керек дегенді баса айтты.Орыс мектептерінде халықтық ұстанымды сақтау үшін орыс тілінің алдыңғы пәндер қатарына шығарылуын талап етті. Ана тілінде оқыту баланың сөзді түйсініп, сезіну, түсіну қабілетін, дүниетанымын арттырады, сөз құпиясын ашады (“кез келген білім - ана тілге оранған болуы тиіс”) деді. Халықтық принцип еңбекпен тығыз байланысты, бұл жеке тұлғаны дамытудың негізгі факторы, баланы еңбекке баулу арқылы халықтың өміріне терең бойлап, оны мейілінше түсініп, сезінуіне болады деп түсіндірді.
К.Д.Ушинский тәрбиені “тарихты жасаушы” деп қарастырды. Адам тәрбие пәні болса, ал педагогика адам тәрбиелеуді жан-жақты қарастыру үшін оны терең зерттеп білуі тиіс. Адамды физиологиялық және психикалық тұрғыдан зерттеп, қоғамдық ортаның “уақыт рухын”, оның мәдениеті мен қоғам идеалының ықпалын - “бағытталмаған тәрбие” ықпалын ескеру керек деп санады.
Педагогика “бағытты тәрбиені” ұйымдастыру үрдісінде адам туралы ғылым жетістіктерін қолданады, оны К.Д.Ушинский “антропологиялық” деп атады: философия, саясиэкономия, тарих, әдебиет, психология, анатомия, физиология, т.б.
Оқыту үдерісінде мұғалім оқушыларға білім беріп, дағдыны қалыптастырса, ал оқушылар білім мен дағдыны меңгереді.
Көрнекті педагог оқыту үдерісінде екі кезеңге бөлді. Бірінші кезеңде - білімді белгілі бір жүйеге келтіру. Ол үшін зат пен құбылысты біртіндеп қабылдау керек; оларды салыстырып, ортақ қасиеттерін табу шарт; алғашқы ұғымдарын қалыптастыру; ол ұғымдарды жүйеге келтіру. Екінші кезеңнің мәні - алған білімі мен дағдысын қорытып, бекіту.
Оқыту үдерісі негізгі дидактикалық ұстанымдарға негізделуі тиіс: саналылық пен белсенділік, көрнекілік, бірізділік, түсініктілік, беріктік.
К.Д.Ушинский оқытудың сабақтық-сыныптық жүйесіндегі жетекші рөлді мұғалім атқарады, сабақтың әр түрлі өтуі оның мақсатына байланысты екендігін айтты.Сабақты даярлау және оны өткізу мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен алдын ала дайындығын қажет етеді деді. Сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптары: жоспарлау, жаңа тақырыпты түсіндіру, сабақтың гигиенасы. Сыныптық-сабақтық жүйені толықтыратын оқушылардың үй тапсырмаларын орындау қызметі - өздігінен жұмыс жасау деп санады.
К.Д.Ушинский екі деңгейлі дидактика туралы ілім жасады: жалпы дидактика оқытудың басты ұстанымдары мен әдістерін зерттейді. Ал жеке пән дидактикасы оқыту ұстанымдары мен әдістерін нақты пән аясында зерттейді; әмбебап дидактика - оған жинақтау және талдау идеяларын қолдану жатады; жекелеген дидактикаға – оқыту теориясы мен әдістемесі, баяндау, зертханалық-практикалық жұмыс, жазба жұмыстар, кітаппен жұмыс, т.б. қосылады.
9.Л.Н. Толстой, Н.И. Пироговтың педагогикалық көзқарастары
60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л.Н.Толстой халық ағарту саласында қоғамдық-ағартушылық қызметпен қызыға айналысты. 1859 жылы Ясная Полянада шаруа балалары үшін мектеп ұйымдастырды, 1861-1862 ж.ж шақырылған мұғалімдермен бірге онда сабақ берді. Оның ынтасымен Ясная Полянаға жақын жерлердегі болыстарда көптеген бастауыш ауыл мектептерін ашты. Л.Н.Толстойдың педагогикалық көзқарасы.
Л.Н.Толстой педагогиканы және сол кездегі орыс, шетел мектептерін қатты сынға алды. Ол педагогика, оның ішінде неміс педагогикасы мектеп өмірінен алшақ, педагогикалық тәжірибе оның негізі болып табылмайды, онда формализм, бірсарындылық басым екендігін атап көрсетті.
Л.Н.Толстой халық мұғалімінің негізгі сапаларына педагогикалық еңбекке және балаларға сүйіспеншілік, сонмен қатар педагогикалық өнер немесе “талантты” жатқызды.
Оның педагогикалық ілімінің жағымды жақтарына балаға деген сүйіспеншілік, баланың жеке басына құрметпен қарау, балалардың шығармашылығын ояту және дамыту ептілігі, әрбір жеке оқушының ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдау жатады.
Н.И. Н.И.Пироговтың педагогикалық мұраларындағы басты идея тәрбие арқылы өзін-өзі тану, жалпыадамзаттық тәрбие мен жалпыадамзаттық білім беру болды. Оның пікірлері “Өмір мәселелері”, “Болу және болуға тырысу”, т.б. еңбектерінде Ришель лицейіндегі салтанатты жиында сөйлеген сөзінде (1857) көрініс тапты:
Н.И.Пирогов мектеп жүйесін сатылы болу керек деп санады. Бастауыш 2 жылдық мектептен кейін, екі типті 4 жылдық прогимназия (орталау мектеп), онан кейін тағы екі типті 3-5 жылдық оқу мерзімі бар гимназия, одан кейін жоғары мектеп (университеттер, жоғары оқу орындары) болуы керек деп санады.
Н.И.Пирогов әйелдерді оқыту, олардың құқын қорғау мәселесін қолдағанмен де, олар отбасында күйеуін қолдап, балаларын тәрбиелеумен айналысуы тиіс деп есептеді.
Н.И.Пирогов жоғары мектепке қатысты жазған мақаласында университеттік білімді қайта құру керектігін, онда ғылым қызметкерлері мен профессорларды даярлау, оқыту мамандықтың тар аясында емес, жалпыадамзаттық бағытта болуы керектігі жайлы мәселелерді көтерді.
10.П.Ф. Лесгафтың антропологиялық принипі.
Адамның физиологиялық дамуына байланысты ғылым жетістіктерін ескере отырып, педагогикалық теорияны жаңарту идеясын жүзеге асырған Петр Францевич Лесгафт (1837-1909) болды.
Оның пікірінше, тәрбиелі адам саналы және ақылды болуы тиіс. Ондай адам өз іс-қылығына сын көзбен қарап, өткен мен болашақтың тәжірибесін пайдалана алады. Өзінің іс-әрекетінің және бақылаған құбылыстың себеп-салдарын түсінеді. Ақыл-ойы дамыған адам өзінің қара басының мүддесінен жоғары көтеріліп, қоғамды жетілдіруге қызмет етуі қажет.
П.Ф.Лесгафт биология саласындағы атақты ғалым, педагог, ірі қоғам қайраткері. Ол дене тәрбиесінің даму тарихын және оның теориясын жазды. Ол дене тәрбиесінің басты ұстанымдары мен жағдайларын зерттеді.Оның үйретуінше, дене жаттығулары мінез бен ақыл-ой қабілетін дамытатын бірізді, тізбекті болуы қажет. Дене қозғалыстарының жүйесі баланың табиғи дамуына сәйкес келіп, бұлшық еттердің бүкіл тобын қамтуы керек. Дене жаттығулары дене шынықтыру мұғалімінің ұқыпты түсіндіруі арқылы жүргізілуге тиіс деді.
Лесгафт адам дамуын 5 кезеңге:
- қимыл-қозғалысы реттелмеген (жас нәрестеге тән);
- рефлексті-тәжірибелі (сөйлегенге дейінгі);
- шынайы еліктеу - ( мектепке дейінгі кезең);
- идеялы еліктеу (20 жасқа дейін);
- сындарлы-шығармашылық (ересек өмір кезеңі) кезеңдерге бөледі.
Лесгафт әр кезеңнің өзіне тән тәрбие түрі болады, алдыңғы үш тәрбие кезеңінде төменгі факторларға: тазалық сақтау; тәрбиешінің оқушылар алдындағы сөзі мен ісінің бірлігі; тәрбиеленушіге ешқандай қысым көрсетпей, баланың жеке басын құрметтеу факторларына айрықша назар аудару қажет деп есептейді.
11.Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы.
Халыққа білім беру қайраткерлері және I Жалпыресейлік халықағарту сьезі (1918). Мектеп ісін басқаруды Кеңес үкіметі большевиктік партияның көрнекті қайраткерлері А.В.Луначарский мен Н.К.Крупскаяға жүктеді.
1918 жылы оқу-ағарту жөніндегі мемлекеттік комиссияда А.В.Луначарскийдің және Н.К.Крупскаяның басқаруымен “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже” және “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі ұстанымдары” атты құжатты даярлау жұмысы жүргізіліп, 16 қазанда аталған құжаттар жарияланды. Осы құжаттың екіншісі “Бірыңғай еңбек мектебі туралы декларация” деген атпен халыққа тарады. “Декларация” мектептің саясатпен байланысты болуын кеңес педагогикасының ең негізгі ұстанымы ретінде атап өтті.
Анатолий Васильевич Луначарский (1875-1933), Халық ағарту комитетін 1929 жылға дейін басқарып, коммунистік тәрбие беру идеясын насихаттап, мектепті қайта құру мәселелерімен белсене айланысты. Оның негізгі ұстанған идеясы жас ұрпаққа қоғам мүддесіне сай білім беру және тәрбиелеу болды.
Халықағарту комиссариатының белгілі қайраткерлерінің бірі - Надежда Константиновна Крупская (1869-1939). Оның негізгі идеясы жас ұрпаққа коммунистік тәрбие беру болды. Н.К.Крупская еңбек тәрбиесіне жалпы және политехникалық білім беруге, мектепке дейінгі және мектептен тыс тәрбиеге, оқыту мен тәрбие мазмұнына арналған көптеген педагогикалық еңбектер жазды.
Ол еңбек тәрбиесін политехникалық білім берумен ұштастыру қажет деп санады, политехникалық білімнің жалпы білім негізінде берілуін талап етті. Политехникалық білім беруге Н.К.Крупская тірі табиғатты, материалдардың технологиясын, өндіріс құралдарын, олардың тетігін, энергетиканы білу, сонымен қатар экономикалық қатынастардың жағрафиялық негізін білу жатады деп санады. Политехнизм жеке пән емес, - деді ол, - барлық пәндерді оқытуда сол пәндердің (физиканың, химияның, жаратылыстың, қоғамтанудың) материалдарын іріктеп алу арқылы берілетін білім: ол пәндер бірімен-бірі байланысты тәжірибемен ұштастырыла оқытылуға тиіс, әсіресе оқыту еңбекпен байланыстырылуы керек деп есептеді.
Жаңа мектепті құрудың алғашқы жылдарында мұғалімдер мен оқушылардың тәжірибелік ізденістеріне шектеу қойылған жоқ. Оқу ісін ұйымдастыруға мұғалім мен оқушылар тең құқықпен белсенді түрде өздері қатысуы тиіс болды. Мектептегі оқытудың негізіне еңбек тәрбиесі алынды. Мектептегі еңбек тәрбиесі ең бірінші маңызы зор мәселе ретінде қаралумен бірге, оқушылардың дене және эстетикалық тәрбиесіне де ерекше назар аударылды, политехникалық білім беру мәселесін қолға алу керектігі атап көрсетілді.
Балалармен гуманистік, яғни ізгілік қатынас құру мақсатында мұғалім мен оқушы арасындағы сыйластық қарым-қатынас үлгісін орнатуға көңіл бөлінді.
Бірыңғай еңбек мектебін бір нұсқадағы ғана мектеп деп түсінбей, олар ұстанатын жалпы идеялар бірлігін талап етумен бірге, жергілікті аймақтың жалпы және айырықша ерекшеліктерін ескеру қажеттігі айтылды.
1920 жылы Оқу-ағарту халық комиссариаты кеңес мектебінің оқу жоспарын жариялады. Бұл оқу жоспарының ерекшелігі әр түрлі оқу пәндерін оқытуға назар аударылды. Орыс тілі мен әдебиеті, математика пәндерін оқытуға сағат көбірек бөлінді. Сонымен бірге, алғашқы оқу жоспарының басты кемшілігі - оның орындалуы міндетті болмады, ол тек үлгі ретінде ғана ұсынылды.
Орыстан өзге халықтардың балалары үшін ұлттық мектептер құрыла бастады.
12.С.Т. Шацкий, П.П. Блонскийдің педагогикалық көзқарастары.
1)П.П.Блонский (1884-1941) – 200-ге тарта педагогикалық, психологиялық және философиялық еңбектердің авторы.П.П.Блонский өзінің педагогикалық көзқарастарын «Халық мектебінің мақсаттары мен міндеттері” (1916) атты еңбегінде ұсынды. Кеңестік мектептерде оның сол көзқарастары мейілінше дамытылды. Оның еңбегіндегі елеулі жаңалықтар:
•оқыту мен тәрбие беру ісін баланың жас ерекшелігіне лайықтап ұйымдастыру;
•баланың жеке басын құрметтеу, баланың талабы мен ынтасын ескеру;
•ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесін жан-жақты жүргізу;
•еңбек тәрбиесі мен политехникалық білім беру.
Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі П.П.Блонский еңбектері негізінен педагогика ғылымының политехникалық білім беру негіздерін анықтауға арналды. Оның “Еңбек мектебі“ және т.б. еңбектерінде оқыту мен тәрбиелеудің көкейтесті ұстанымдары сақталды, ол:
•еңбекке оқытудың жалпы білім берумен тығыз байланысын қамтамасыз ету;
•жалпы және политехникалық білім беруді ғылым табыстарымен байланыстырып жүргізу;
•білім беруді баланың жас және жеке бас ерекшеліктеріне лайық ұйымдастыру.
П.П.Блонскийдің мектепке дейінгі педагогика, адамгершілік және жыныстық тәрбие мәселелеріне арналған еңбектерінің де маңызы зор болды. Ол мектептегі педагогикалық үдерісті баланың жас және жеке бас ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырудың маңызына ерекше мән берді.
2)С.Т.Шацкий өз еңбектерінде адам өміріндегі балалық шақтың маңызын, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын, әр жас кезеңінің оқу-тәрбиедегі мәнін - балалық шақтың құнды ұстанымдарын анықтауға арнады. Бұл ұстаным бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда баланың дүниені сезінуін, оның ішкі жан дүниесін ескеру керектігі баса айтылды. Еркін тәрбие беру тұжырымдамасын ұстанған педагог, баланы биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі санағандықтан, білім және тәрбие беру үдерістерінде оның биологиялық жағын ескеру, баланың тиімді дамуын қамтамасыз ететініне назар аударды:- ортаның қоятын талабы заңды, сондықтан оқу-тәрбие үдерісінде ортаның ықпалын ескеру шарт; - оқу-тәрбие үдерісі тұлғаны жан-жақты дамытуға бағыт беріп, оларды әлеуметтік өмірдің тар аясына салмауы тиіс.С.Т.Шацкий мектеп ортаны өзгертуге қатысуы қажет деп санайды. Тұлғаның шығармашылық дамуына ортаның теріс ықпалы байқалатын болса, онда оқу-тәрбие үдерісін арнайы ұйымдастырылған ортада жүргізу қажеттігін ұсынды. Еркіндік ұстанымына құрылған оқу-тәрбие үдерісі мемлекеттік мектептерден өзгеше болуы тиіс, мектепішілік жұмыста білімді бағалаудан, емтиханнан бас тарту, қайырымдылыққа негізделген орта құру, баланың күш-қуаты мен мүмкіндігіне сенім арту, оқыту талаптарының табиғи болуы, балаларға ешқандай тәндік жаза мен моральдық қысым көрсетілмеуі, оқушылардың оқу әдістері мен мұғалімдерді таңдауына ерік берілуі керек деп есептеді.Оқуды еркіндік ұстанымына негіздеуді ұстанған педагог мектепті үкімет бақылауынан босату керек деді. Еркін тәрбие тұжырымдамасы бала тәрбиесіндегі әлеуметтік ортаның ықпалы күшті деп ескертеді.
13.А.С. Макаренконың тәрбие жүйесі және педагогикалық қызметі.
А.С.Макаренко (1888-1939) ең алғашында педагогика ғылымына тәжірибелі педагог ретінде келді. Ол 1917-1918 ж. ж. мектеп ісін меңгеруші, 1920 жылы Полтава түбіндегі балалар колониясын (кейіннен М.Горький атындағы колония) басқарды. 1925-1935 ж. ж. Харьковтегі Дзержинский атындағы колонияда қызмет атқарды. Осы кезеңдерде оның ұстаздық тәжірибесінен туындаған «Ұстаздық дастан”, «Мұнара үстіндегі тулар”, «Ата-аналарға арналған кітап” атты еңбектері жарық көрді. А.С.Макаренко тәрбие үдерісі ең алғашында педагогикалық жобалаудан басталуы керектігін айтты.А.С.Макаренко тәрбиенің басты мақсаты - белсенді, өмірлік ұстанымдарды жүзеге асыру деп санады. Оқушының көңіл-күйі көтеріңкі, сергек, күреске әзір тұратын, сүйе білетін және бақытты болуға ұмтылуы керек деп түйіндеді.А.С.Макаренко ұжымды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтады, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, барлық ұжым мүшелерінің іс-әрекет жасауы, бірлігі, ұжым мүшелерінің өз арасында міндеттерін анықтауы, бұл міндеттерді әр қайсысының ұқыпты орындауы; қатаң түрде орнатылған тәртіптің болуы, оны ұжым мүшелерінің сөзсіз орындауы; өз мүшелері үшін ұжымның жеке адамдарының бүкіл ұжым алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, өзара бағына білу. Белгілі педагог еңбектің зор пайдасы адамның психикалық, рухани дамуына әсер етуінде деп түсінді. Еңбек тәрбиесінің міндеттері: балаларды еңбекті өзімнің азаматтық борышым деп сүйе білуге үйрету, қоғамдық өнімді еңбекке қатынасуға даярлау. Бұл тәрбиені іске асырудың негізгі жолы балалардың өзін тікелей еңбекке араластыру деп санады.А.С.Макаренконың отбасы тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды. Ол «Ата-аналар кітабы”, «Балаларды тәрбиелеу лекциялары” атты еңбектерінде ата-аналар арасында жүргізілетін педагогикалық жұмыстарға ерекше тоқталады, отбасында балалар өмірін дұрыс ұйымдастыру қажеттігіне назар аударады
14.Халық ағарту комиссариатының алғашқы тәжірибе мектептері.
Халыққа білім беру қайраткерлері және I Жалпыресейлік халықағарту сьезі (1918). Мектеп ісін басқаруды Кеңес үкіметі большевиктік партияның көрнекті қайраткерлері А.В.Луначарский мен Н.К.Крупскаяға жүктеді. 1918 жылы оқу-ағарту жөніндегі мемлекеттік комиссияда А.В.Луначарскийдің және Н.К.Крупскаяның басқаруымен “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже” және “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі ұстанымдары” атты құжатты даярлау жұмысы жүргізіліп, 16 қазанда аталған құжаттар жарияланды. Осы құжаттың екіншісі “Бірыңғай еңбек мектебі туралы декларация” деген атпен халыққа тарады. “Декларация” мектептің саясатпен байланысты болуын кеңес педагогикасының ең негізгі ұстанымы ретінде атап өтті.Анатолий Васильевич Луначарский (1875-1933), Халық ағарту комитетін 1929 жылға дейін басқарып, коммунистік тәрбие беру идеясын насихаттап, мектепті қайта құру мәселелерімен белсене айланысты. Оның негізгі ұстанған идеясы жас ұрпаққа қоғам мүддесіне сай білім беру және тәрбиелеу болды. Халықағарту комиссариатының белгілі қайраткерлерінің бірі - Надежда Константиновна Крупская (1869-1939). Оның негізгі идеясы жас ұрпаққа коммунистік тәрбие беру болды. Н.К.Крупская еңбек тәрбиесіне жалпы және политехникалық білім беруге, мектепке дейінгі және мектептен тыс тәрбиеге, оқыту мен тәрбие мазмұнына арналған көптеген педагогикалық еңбектер жазды. 1918 жылы I Жалпыресейлік халық оқу-ағарту съезінде жаңа мектептің бағытын айқындайтын құжаттардың “Бірыңғай еңбек мектебінің ережесі” және “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі ұстанымдары” деп аталған құжаттардың жобалары қабылданды. Осы құжаттардың негізінде мектепті қайта құру ұстанымдары мен оқудың жаңа мазмұны қарастырылды, оларда:
•жергілікті басқару органдарынан мектеп ісін тікелей қолға алу талап етілді; етілді;
•мектепте өзін-өзі басқаратын орган (мектеп кеңестерін) құру, оның құрамына педагогтар, оқушылар, ата-аналардың өкілдерін қамту көзделді;
•жергілікті жердің жағдайын ескеретін, үлгі ретінде (міндетті емес) оқу бағдарламалары енгізілді;
•ғылым негіздерінен оқулықтар дайындалды, қолданыста бар оқулықтарды пайдалануды ұсынды;
Алайда бұл құжаттарда балалардың білімін күнделікті тексеріп отыру, үйде орындауға тапсырма беру, емтихан тапсыру міндеттелмеді. Жаңа мектепті құрудың алғашқы жылдарында мұғалімдер мен оқушылардың тәжірибелік ізденістеріне шектеу қойылған жоқ. Оқу ісін ұйымдастыруға мұғалім мен оқушылар тең құқықпен белсенді түрде өздері қатысуы тиіс болды. Мектептегі оқытудың негізіне еңбек тәрбиесі алынды. Мектептегі еңбек тәрбиесі ең бірінші маңызы зор мәселе ретінде қаралумен бірге, оқушылардың дене және эстетикалық тәрбиесіне де ерекше назар аударылды, политехникалық білім беру мәселесін қолға алу керектігі атап көрсетілді.Балалармен гуманистік, яғни ізгілік қатынас құру мақсатында мұғалім мен оқушы арасындағы сыйластық қарым-қатынас үлгісін орнатуға көңіл бөлінді. Бірыңғай еңбек мектебін бір нұсқадағы ғана мектеп деп түсінбей, олар ұстанатын жалпы идеялар бірлігін талап етумен бірге, жергілікті аймақтың жалпы және айырықша ерекшеліктерін ескеру қажеттігі айтылды.1920 жылы Оқу-ағарту халық комиссариаты кеңес мектебінің оқу жоспарын жариялады. Бұл оқу жоспарының ерекшелігі әр түрлі оқу пәндерін оқытуға назар аударылды. Орыс тілі мен әдебиеті, математика пәндерін оқытуға сағат көбірек бөлінді
15.Ш.А. Амонашвилидің гумандық-тұлғалық технологиясы. Орта және жоғары мектептің даму тенденциялары. Қазіргі жағдайда үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесін дамыту мәселелерінің сипаты.
Ш.А.Амонашвилидің гумандық-тұлғалық технологиясы. Орта және жоғарғы мектептің даму тенденциялары. Қазіргі жағдайда үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесін дамыту мәселелерінің сипаты.
Ш.А.Амонашвилидің тұлғалық-ізгілендіру технологиясы оқушының
жеке тұлғалық қабілеттерін аша отырып, тәрбиелеу мен дамытуды, оның жүрегіне жол табуды, танымдық күшін дамыту мен қалыптастыруды, білім мен қабілетті тереңдететін және кеңейтетін жағдайлар жасауды, өзін-өзі тәрбиелеуді мақсат етеді. Танымдық оқуды, жазбаша сөйлеу қызметін дамытуды, лингвистикалық сезімді, қызметін жоспарлауды, шетел тілінде сөйлеуді, рухани дүниесін байытуды, әлемнің сұлулығын танытуды көздейтін бұл технология барлық жағдайлар арқылы ізгілендіре оқытуды негізге алады. Ш.А.Амонашвилидің технологиясы оқушының қызметін бағалауды бірінші орынға қояды. Сандық бағалаудан гөрі сапалық бағалауға (білім алушының істеген әрекетіне мінездеме беру, нәтижесін шығару, өзін-өзі бағалау мен сыйлауға үйрету) айрықша мән береді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында (12, 27, 28, 29, 30 - баптарда), «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Білім туралы», «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы», «ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы», «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында және т.б. маңызды құжаттарда жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, ден-саулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру – білім беру жүйесінің басты міндеттері болып табылады.
16.Н.И. Пироговтың педагогикалық қызметі. Н.И. Пирогов бойынша жалпы адамзаттық тәрбиесінің мәні. Н.И. Пирогов бойынша халықтық тәрбие жүйесі. Мұғалім үшін оқытудың ережелері. Тәрбиенің мәні, мақсаты және принциптері туралы түсінік.
Пироговтың негізгі педагогикалық статьялары
1856ж.-Өмір мәселелері. Басты идеясы –жалпы адамзаттық білім беруді қорғау.
1858ж.-Балаларды денелік жазалау - қамшымен ұру антипедагогика-лықтың көрсетеді.
1859ж.-Киевтік оқу округінің гимназияларына оқушылар туралы ережелердің негізгі бастамалары.
Киев оқу округі бойынша гимназия оқушылардың қылықтары және жазалаулары туралы ережелердің орындалуы туралы есебі. Балаларды денелік жазалауға қарсы болып, бірақ бұл сұрақта бірізділік танытпады. Оның ойынша практикада жазалауды қолдану керек.
Педагогикалық көзқарастарЖалпыадами тәрбиені, елге қажетті азаматты тәрбиелеп шығару деген идеясын негізгі деп есептеді. «Тәрбие-адам болуға әкелу керек» деген 3.Ана тілінде тәрбиелеу және білім беру.Ана тілі жек көрушілік «ұлттық сезімді масқара етеді»4. Ол кәсіби білімнің жалғасының негізгі –мағыналы жалпы білім деп санады.5. Жоғары мектептерде үлкен оқытушылпрды шақырады, студенттермепрофесорлар әңгімелерін одан әрі жалғастыруды ұсынады.6.Жалпы зайырлы білім беру үшін күресті.7. Баланы жеке тұлға ретінде сыйлауға шақырады. 8. Жоғарғы мектеп автономиясы үшін күресті.
Дидактикалық ойлары
-Мұғалімдер білім беруде ескі, догматикалық әдістерді тастап жаңа пайдаланулары керек.Оқушылардың ойларын дамыту және тәуелсіз жұмыс жасай алуға дағдыландыру-ға үйрету.Мұғалім баяндап тұрған материялына зейінін аударту және қызығушылық тудыру керек.Сыныптан сыныпқа көшіру жылдық үлгерім бойынша жүргізіледі.Ауыстыру емтихандарында кездейсоқтық және формализімнің белгілері бар.Сословиялік кәсіби білім беруге сынилығы Сословиелік мектепте және ерте утилитарлы кәсіби ілімге, қарсылық білдірді. Балаларға ерте, мерзімінен бұрын мамандандыруға қарсылық көрсетті. Балалардың адамгершілік тәрбиесін тежейді, олардың ой-өрістерін тарылтады деп есептеді.Мектептердегі казармалық тәртіпті, балаларға деген немқұрылай қарым-қатынасты қолдамады.
Н.И. Пирогов бойынша халыққа білім беру жүйесі.
Қарапайым (бастауыш) мектеп
(2 жыл): арифметика, грамматика. Классикалық прогимназия (жалпы білім беретін сипаттама. Реалды прогимназия
Пирогов елдегі жексенбілік мектептерді ұйымдастырушылардың алғашқыларының бірі болды, оны құруды қажеттік деп тапты. Пирогов жобасы сословиелік мектепте қарсы бағытталған. Оның барлық білім беру бірыңғай мектеп ұстанымы бойынша құрылған
17.К.Д. Ушинский педагогикалық қызметі мен мұрасы. К.Д. Ушинский жеке тұлғаны қалыптастыру факторы ретінде еңбек тәрбиелік мәні туралы. Оқытудың дидактикалық негіздері. К.Д. Ушинский мұғалім және оның дайындығы туралы.
Педагогикалық іс-әрекет 1854ж.-Гатчинскжетім балалар институтінің инспекторы.
1857-1858ж.ж.-мақалалары: педагогикалық әдебиеттерінің пайдасы туралы, қоғамдық тәрбиенің халықтық негізі туралы, қоғамдық тәрбиенің халықтық негізі туралы, мектептің үш элементі.
1859ж.-Смольный игі(ізгі) қыздар институтының инспекторы.
1861-ж- орыс тілі хрестоматиясы.Балалар әлемі.
1860-1870ж.ж.- халық ағарту әкімшілік журналы Мақаласы: Ана тілі, мұғалім семинариасының жобасы.
1862ж.-Смольный институт жұмысынан босатылды.
1867-1869ж.ж.-«Адам тәрбие құралы ретінде» атты пед.-псих. Шығарма.( пед. антропологиялық шығарма
Ушинскийдің дидактикасы Шама жетерлік принципі оқу материалы оқушы шамасына сай болуы керек.Бірізділік принципі –пәнді игеру біртіндеп жүру қажет. Жеңілден қиынға, алдынғы материал кейінгі материалға негізделуі керек.Көрнекілік принципі –балалар ойлауы –көрнекі бейнелік болу қажет.Меңгерудің ұғынушылық,негіздемелі және беріктік принципі –игерілген материалды балалар түсініп ұғыну қажет. Материал бекітіліп қайталану керек. Мұғалім білімнің беріктігін сақтау тиіс
Оқытудағы сабақ және әдістері:
1.Класс оқушыларының тұрақты құрамы.
2. Қатаң сабақ кестесі .
3. Жекелік оқу жұмысымен қатар, класс оқушыларымен жаппай оқу жұмысын ұштастыру
кезендегі оқу жұмысының түрлері:жаңа білімді хабарлау;Жаттығу-лар;қайталау-лар білім есебі; жазбаша жұмыстар;
Сабақта қолданылатын тәсілдер:Оқушының өзіндік жұмысы ;оқу жұмысын ауыстыру және әдістері-нің әр түрлілігі;түсіндірмелі оқу;оқытудың дыбысты әдісі
Оқулықтары: Ана тілі - әліппед-ен алғашқы оқу. Басты зейін – балалар ойлауы мен қоршаған әлем жөнінде қордың дамуына орыс тілінің маңызы. Балалар әлемі – (3-4 жыл оқыған) оқушы-ларға. Жара-тылыс-тану және геогра-фия білімдері-нің мәлімет-терін хабарлау.
Ушинский мұғалім туралы: Мұғалім тек пән мұғалімі емес,сонымен қатар тәрбиеші де болуы қажет.өз мамандығын сүю; тәрбиеісіне жауапкершілікпен қарау;білімді адам болуы; педагогика және психологияны білуі;педагогикалық шеберлікті және педагогикалық тактіні игеру.
18.Л.Н. Толстойдың педагогикалық қызметі мен көзқарастары. Л.Н Толстойдың халыққа білім беру, тәрбие және мектепке көзқарасы. «Ясная Поляна» мектебінің ескерткіштері. Л.Н. Толстойдың бастауыш оқыту және халық мектебі теориясын дамытудағы педагогикалық еңбектерінің маңызы.
Педагогика, тәрбие және оқыту мәселелері Л.Н.Толстойдың практикалық және теориялық қызметінде ерекше орын алады.
60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың әсерімен Л.Н.Толстой халық ағарту саласында қоғамдық-ағартушылық қызметпен қызыға айналысты. 1859 жылы Ясная Полянада шаруа балалары үшін мектеп ұйымдастырды, 1861-1862 ж.ж шақырылған мұғалімдермен бірге онда сабақ берді. Оның ынтасымен Ясная Полянаға жақын жерлердегі болыстарда көптеген бастауыш ауыл мектептерін ашты. Ясная Поляна мектебінің жұмысы басқа негізде құрылды, сол кездегі орыс және батысеуропалық мектептерден түбірімен өзгеше негізде құруды жоспарлады.Бұл мектепке тән ерекшелікң баланың жеке басын басып-жаншитын құралдардың болмауы, керісінше, толық еркіндік, баланың шығармашылық күшіне терең сене білу, оларға ізгілікпен қарау, білімге деген олардың сұранысы мен қызығуын қанағаттандыру туралы әруақытта да қамқорлық жасау. 1862 жылы Ясная Поляна мектебінде полицияның жүргізген тінтуінен кейін Ясная Поляна мектебі өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Толстой да педагогикалық қызметін біржола тоқтатып, “Соғыс және бейбітшілік” романын аяқтауға кірісті. 1870 жылы Толстой тағы да педагогикалық қызметке оралды (романмен жұмыс аяқталғаннан кейін). Осы кезде Толстой “Әліппе” атты алғашқы оқыту үшін оқу кітабын құрастырды, кейін “Жаңа әліппе” жарық көрді және сауат ашуға оқытудың жалпы мәселелерін талдайтын “Оқу кітабын” құрастыруға ерекше көңіл бөлді. 70-жылдары Толстой балаларды тағы да Ясная Поляна мектебінде шәкірттерді қайта оқыта бастады, шаруа мұғалімдер семинариясының жобасын жасады. Толстойдың 60-жылдардың бас кезіндегі педагогикалық ізденістерінде тәрбие баланың жеке басына жасалған қатыгездік болып табылады, сондықтан да оған жол беруге болмайды, тек ғана білім берумен ғана, демек, үлкендердің балаларға берілетін білімімен ғана шектеу керек дегенді айтты. Бірақ ол шаруалар мектебінде оқуға, жазуға, арифметикаға және т.б. тек ғана оқытып ғана қойған жоқ, сонымен қатар тәрбие жұмысын жүргіздіЛ.Н.Толстой мұғалім туралы былай деді: “Егер мұғалім жеке басында өз ісіне сүйіспеншілікті және оқушыларына сүйіспеншілікті ұштастыра білсе, ол нағыз мұғалім”. Л.Н.Толстой мұғалімнің шығармашылық қабілеттігіне, оның педагогикалық шеберлігіне педагогикалық ізденістеріне ерекше мән берген болатынды. Толстойдың жан-жақты педагогикалық қызметінде орыс, педагогикалық ой-пікірін және Ресейдің төңкеріске дейінгі мектебін байытқан көптеген жағымды жақтары мен құнды тұстары мол болды.
19.А.С. Макаренконың педагогикалық қызметі. Ұжым- тәрбиенің негізгі факторы. ХХ ғ ортасындағы ұлы педагогтың теориясы мен тәжірибесіндегі еңбек тәрбиесі. А.С. Макаренконың идеяларын қазіргі мектепте қолдану.
А.С.Макаренко (1888-1939) ең алғашында педагогика ғылымына тәжірибелі педагог ретінде келді. Ол 1917-1918 ж. ж. мектеп ісін меңгеруші, 1920 жылы Полтава түбіндегі балалар колониясын (кейіннен М.Горький атындағы колония) басқарды. 1925-1935 ж. ж. Харьковтегі Дзержинский атындағы колонияда қызмет атқарды. Осы кезеңдерде оның ұстаздық тәжірибесінен туындаған «Ұстаздық дастан”, «Мұнара үстіндегі тулар”, «Ата-аналарға арналған кітап” атты еңбектері жарық көрді.А.С.Макаренко тәрбие үдерісі ең алғашында педагогикалық жобалаудан басталуы керектігін айтты. Ол жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыруды екіге бөліп қарастырды. Бірінші, барлық тұлғаларға ортақ сапалар және екінші, оқушының жеке даралық сапасын қалыптастыру үшін оның қабілеттері мен бейімділіктерін ескеру керектігін көрсетті.А.С.Макаренко теориясының өзегі коллектив (ұжым) туралы ілім болды. Ол педагогикаға ”коллектив” деген терминді ендірді, коллективтік тәрбиені ұйымдастыру теориясының негізін қалады. Мектеп коллективінің маңызын барынша жоғары бағалап, коллективтің даму кезеңдерін үшке бөліп, оған сипаттама берді:
бірінші кезең, педагог ұжым мүшелеріне талап қойып, оның орындалуын қадағалайды;
екінші кезең, балалар арасынан белсенділер тобы бөлініп, өз еріктерімен түрлі жұмыстарға қатысады, педагогтың қойған талаптарына қолдау көрсетеді;
үшінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқару деңгейіне жетіп, түрлі оқу-тәрбие, шаруашылық, мәдени мәселелерді шешуге қатысады, ұжым атынан әр оқушыға міндет жүктеледі.
Тәрбиеші ұжымның даму кезеңін ескеруіне байланысты тәрбиеленушілерге тиімді ықпал жасау әдістерін таңдай алады.
А.С.Макаренко ұжымды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтады, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, барлық ұжым мүшелерінің іс-әрекет жасауы, бірлігі, ұжым мүшелерінің өз арасында міндеттерін анықтауы, бұл міндеттерді әр қайсысының ұқыпты орындауы; қатаң түрде орнатылған тәртіптің болуы, оны ұжым мүшелерінің сөзсіз орындауы; өз мүшелері үшін ұжымның жеке адамдарының бүкіл ұжым алдындағы жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, өзара бағына білу.
20.В.А. Сухомлинскийдің педагогикалық көзқарастарының негізгі қағидалары. В.А. Сухомлинский жеке тұлғаны және ұжымды қалыптастыруда өзін-өзі тәрбиелеудің ролі.
В.А.Сухомлинскийдің шығармашылығы әрбір жыл өткен сайын біздің елімізде, сол сияқты шетелде ғылыми және педагогикалық жұртшылықтың тарапынан бірден-бір ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл кездейсоқтық емес. Оның талдаған педагогикалық жүйесі педагогика ғылымын жаңашылдық идеялармен және қағидалармен тек ғана байытып қойған жоқ, теорияға, сонымен қатар білім беру және тәрбие тәжірбиесіне ерекше үлес қосты және отандық педагогикалық ой-пікірдің дамуына белгілі революциялық кезең болды.
Педагогке философ сияқты, оның танымдық қағидалары, педагогикалық сенімдерін қалыптастыру үшін ондаған жылдарды қажет етеді. В.А.Сухомлинскийдің көптеген жылдары осыған кетті.
В.А.Сухомлинскийдің рухани күш-жігері мен талантының шарықтаған кезінде 1970 жылы 2 сентябрьде дүниеден озды. 1942 жылы Москва маңында алған ауыр жарақаты із-түссіз кеткен жоқ, кейін ол біліне бастады.
В.А.Сухомлинский – гуманистік дәстүрлердің лайықты ізбасары болып табылады. Павлыш мектебінде жазалаусыз тәрбие бүкіл педагогикалық ұжымның педагогикалық қағидасы болып табылады. “Он жыл мен, - деп жазды В.А.Сухомлинский,- өзімнің тәрбиеленушілерімді жазалаусыз тәрбиеледім және олар белгілі адамдар болып шықты”.
В.А. Сухомлинский жеке тұлғаны және ұжымды қалыптастыруда өзін-өзі тәрбиелеудің рөлі
В.А. Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Коллективтің құдіретті күші» баяндалады. В.А. Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А. Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарастырылады.
В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде еліміздің педагогикалық жұртшылығы мен көптеген шетелдерде белгілі және кеңінен тараған “Балаға жүрек жылуы”, “Азаматтық қалыптасуы”, “Коллективтің құдыретті күші”, “Павлыш орта мектебі”, “Мұғалімдерге жүз кеңес”, “Мектептің жас мұғалімімен әңгіме” т.б. кітаптарын ерекше атауға болады.
ІІІ-тарау. Қазақстан тарихындағы тәрбие, мектеп және
педагогикалық ой-пікірлер
1.Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (YI-ХY)ғ.ғ. дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер.
Тарихтан белгілі көне түркілер ұрпағы – қазақтардың этногенезі туралы сөз қозғасақ, олар жоғарыда айтылған Енисей жазба ескерткіштеріндегі мәліметтерге қарағанда және көне Қытай, Ұйғыр, Моңғол жазбалары бойынша арғы тегі Моңғол тектес Ғұндар мен Үнді-Иран тектес Қыпшақтар мен Сақтардың, түркі тектес Үйсін, Қаңлылардың қосындысынан пайда болған Еуразия даласының көшпенділері екені байқалады. Қазақтың этногенезінде Керейттер мен Наймандардың, Арғындар мен Қоңыраттардың, Алшын, Жаппас, Шектілердің де болғанын тарих дәлелдеп отыр. Ол жөнінде атақты тарихшы В.В.Бартольд, Л.Н.Гумилев, Х.Арғынбаев, Ә.Марғұлан т.б. еңбектерінде дәйекті дәлелдер келтірілген. Қазақ хандығы ХҮ ғ. орнағанымен қазақ ұлтының аты одан әлдеқайда ерте ҮІ ғ. өзінде-ақ төңіректің төрт бұрышына белгілі болған. Ол жөнінде М.Шоқайдың, түрік профессоры З.Ұ.Тоғанның, фольклорист-ғалымдар: Ә.Диваев, Ә.Қоңыратбаевтың, тарихшы-ғалымдар М.Х.Дулатидің, Ш.Уәлихановтың, А.Н.Бернштамның, М.Ақынжановтардың зерттеу еңбектерінде айтылған. Ал қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі – халық педагогикасынан, оның ауыз әдебиеті үлгілері мен тұрмыс-тіршілігімен байланысты туындаған салт-дәстүрінен, ұлттық музыкасы мен өлең-жырларынан, қолөнер түрлері мен ұлттық ойындарынан бастау алған.Ұлттық мәдениеттің ұрпақ тәрбиелеудегі ерекшелігін зерттеу ісімен ғылыми педагогиканың бір саласы этнопедагогика айналысады. Этнопедагогиканың мақсаты – жастарға халықтық салт-дәстүрлер мен ұлттық мәдениет түрлерінен білім, білік, дағдыларды меңгерте отырып, олардың ұлттық сана-сезімі мен дүниетану көзқарасының қалыптасуына ықпал ету.
2.Қазақ халқының педагогикалық мәдениетінің даму тарихы. Қоғамдық процестің (ежелгі түркілердің жазба ескерткіштері, Әл-Фараби мұрасы, Алтын Орданың құлау дәуіріндегі ойшыл ақындардың туындылары) пайда болуының бастапқы кезеңдері мен қайнар көзі.
Алғашқы педагогикалық ілімнің пайда болып, қалыптасу кезі. ҮІІ-ХҮ ғ.ғ (орхон-енесей жазба ескерткіштері, Әл-Фараби мұрасы, Алтын Орда құлау дәуіріндегі ақындар –ойшылдардың ілімі қазақтың халық педагогикасын құрайды) Ең алғашқы жазба түрлеріне орхон-енесей немесе ертедегі түрік жазбасын жатқызамыз. Тасқа ойып жазылған бұл деректер бізге ертедегі көшпенділердің тұрмысы, өмірі, мәдениеті туралы мәліметтерді жеткізді. ІХғ ауызша ежелгі түрік дәстүрлері аты аңызға айналған Қорқыт ата есімімен байланысты болса, ІХ-Хғ педагогикалық ілім қазақ даласының ұлы Әбу-Насыр Әл Фараби есімімен жалғасады. ХІІІғ басында Орта Азия мен Қазақстан жеріне Шыңғысхан әскерлері кірді. Көп ұзамай-ақ бұл аумақтар Алтын Орда қол астына өтті. Фараби Отаны Отрар –орта ғасырдағы мәдени орталық болып гүлденген қала ( мұнда обсерватория, кітапхана, медресе, керуен-сарай болды) қарсылық көрсеткенімен 6-айдан кейін ол да құлады. Сөйтіп Отрардағы Александрия кітапханасынан кейінгі бай кітапхана өртеніп кетті.
3.Қазақ халық педагогикасы. Ислам. Мұсылмандық мектептер мен медреселер. Мұсылмандық мектептер мен медреселердегі білім беру мақсаты, мазмұны. Оқыту әдістері. Орта ғасырлардағы исламдық педагогикалық ойлар.
Қазақ халқының тарихында ерекше жағдай болды. ХҮ ғасырда (қазіргі Тараз облысының терр) Шу өзенінің алқабында ертефеодалдық типтегі - бірінші қазақ хандығы құрылды. Астанасы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы құрылып, қазақ халқы ислам дінін қабылдағаннан кейін Түркістан сияқты қалаларда мешіттер жанынан медреселер ашылды. «Медресе» –араб сөзі, орта және жоғары оқу орны деген ұғымды білдіреді. Медресе тек мұсылмандық оқу үйрететін орталық қана емес, сонымен қатар мәдени орталық та болды. Мұнда атақты ақындар, ағартушы-демократтар білім алған. Медресе жанында ірі кітапханалар жұмыс істеген. Медресені бітірушілерге арнайы құжат берілген. Медресеге сабақ беруге молдалар Орта Азиядан, Бухарадан, Хивадан шақырылған..Медреседе діни сабақтан басқа заң тарихы, шешендік өнер, этика, философия, медицина сияқты ғылымдар оқытылған. Медреседен дәріс алған шәкірттер ауылдық жерлерге барып балаларды оқытқан. Оқушылар күзде және қыста оқыған. Оқыту мерзімі -4жыл болған. Оқыту үрдісі- Құран кітабынан «Иманшарт» пен 28 әріптен тұратын араб әліппесін жаттаудан тұрған. Сонымен қатар 1789жылы Орынбор қаласындағы мешіт жанынан «Хұсайния» медресесі, 1825жылы Орынбордағы татар мектебі негізінде Неплюев кадеттер корпусы ашылған. Кадет корпусының алғашқы тәрбиеленушілері Ішкі Орда қазақтарының балалары болды. 1851жылы Орынбордағы кадет корпусын 8 қазақ жігіті бітіріп шығады.
4.Ұлы Дала ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері (Қорқыт Ата, Қ.А. Иассауи).
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасырлық данышпандары – Қорқыт Ата, Қ.А.Иассауи қазақ жерін әлемге мәшһүр етті. Қорқыт Ата тағылымы. ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата – ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мен өлім мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестіреді Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Сол себепті де “Қорқыт ата шығармаларын” “Қорқыт Ата кітабы” деп атайды. “Қорқыт Ата кітабы”- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдық-танымдық идеяалар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. Қорқыттың есімін көшпенді түркі тайпалары ежелден қастерлегеҚожа Ахмет Яссауи (1094-1167 ж.ж) өмір сүрген Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы. Ахмет Яссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфиджап (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында. Қазақ жерінің ортағасырлық мәдениетінің дамуында Яссауи жазған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы). Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған.
5.ХY ғасыр мен ХIХ ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер.
Бұл кезеңде халықтың ақын-жыраулары пайда болды. Қазақ поэзиясында жырау-ақынның ерекше ежелгі түрі. Көшпелі тұрмыс және шетел басқыншыларының шабуылы жағдайында жыраулар көптеген жауапты қызметті атқарған болатынды: өзінің ақылды, жалынды сөзімен жауға қарсы рулардың күшін біріктіруге шақырды, олар көп жағдайда тайпалардың көсемдері, батырлары, тайпалық жасақшылардың қолбасшылары болды... Бұл кезеңдегі белгілі жыраулардың ішінен Асан Қайғы, Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз, Сыпыра жырауларды және т.б. ерекше атауға болады. Жыраулардың шығармашылығы олар өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланысты ХҮ-ХҮІІ ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын-жыраулар поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-санасын, ой-өрісін, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Өйткені жыраулар толғауларынан халықтың не бір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші, келер ұрпаққа айтар өсиеті, тәрбие тағылымы өзекті орын алады. ХҮ ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде ерекше өзіндік қолтаңбасын қалдырған қазақ-ноғай поэзиясының көш басшыларының бірі болған Қазтуған –жырау – ел қамын жеген, халқы қастерлеп өткен көшпенді қазақ тайпалардың әскер басы, ру көсемі болған қазақ тарихында белгілі батыр қазақ жырауларының көрнекті өкілдерінің бірі. Ол өзінің туып-өскен ата-мекені Еділ өзенінің Каспийге құлар жеріндегі сағаларының сұлу табиғатын, қазақ жерінің ғажайып көрінісін туған өлкесінің перзенті ретінде тамаша поэзия тілімен суреттей білген. Қазтуған толғауларының ұрпақ тәрбиесінде тәлімдік-тәрбиелік мәні ерекше.
6.Қазақ жырауларының (Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұхар жырау) жырларының тәрбиелік-қолданбалы және идеялық-эстетикалық мәні.
Асан қайғы — XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына "қайғы" деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен, Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған. Асан қайғы — кептеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы.. Әділдікті адамгершіліктің ақ туы тұтқан Асан ата “Әділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, Ақылдының белгісі – өткен істі қумаса” деп айналасындағы ел жақсысына келелі кеңес беріп, үлкен ой салады.
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Оның шығарм-нан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикөлі түсініктер көрініс тапқан Шалкиіз жырау ғүмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізеді. Турашылдығымен, әділдігімен, даналығымен ел алдында беделді болады. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді Онвң шығармаларында адам бойындағы бойындағы жаман қасиетті сынап,ел ішіндегі мықтылардың халыққа көрсеткен қысымын сынға алған.Ол халықты Отан сүйгіштікке шақырған.Бұқар жырау(1693—1787 жылдары). Оның туған жері — Жиделі Байсын өлкесі. Дәл туған жылы белгісіз, мөлшермен, XVIII ғасырдың соңғы ширегі. Руы — арғын. Б9кар жырау 1702 жылы Бұхарадағы Кекілташ медресесін бітіріп, бірнеше тілде еркін сөйлейтін дәрежеге жетеді. Әсіресе парсы, араб тілдерін жетік үйреніп шығады. Бұкар жырау шындықты бетке айтатын батылдығымен де дараланады. Бұқар Жырау шығармаларында замандар бойы мысқалдап жиналып,ақыл-ой таразысынан өткізілген өмір тәжірибесінің, ұлттық тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспетті нақыл-ғибрат сөздер мол..Жиембет Бартоғашұлы ((1570-1575) жылдар шамасында туып, 1643 жылы дүниеден қайтқан). Қазақтың аса талантты жырауы, биі әрі жеңімпаз батыры. Ол Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан шыкқан. Талай ұрыс, шайқастарға катысып, ерлік көрсетеді. Ханның жауынгер жасағын баскарып, жеңімпаз қолбасшы болады. Ол сонымен бірге Еңсегей бойлы Ер Есімнің кіші жүз еліндегі ең бір беделді бас биі ретінде танылады.Оның шығармаларының мәні ,адами қасиетке,шыншылдыққа,бірлікке шақырған.
7.Орыс емес халықтардың ағарту ісіндегі патша саясаты. Алғашқы орыс-ұлттық мектептер.
Қарастырып отырған к езеңде қазақ жері Ресейге толық қосылып болғандығын білеміз. Патша өкіметінің отарлау саясатының жағымсыз жақтарымен қатар оның прогрессивтік мәні орасан зор болды. Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқының мәдениетінің дамуына орыс мәдениетінің прогрессивтік ықпалының күшеюіне көмектесті. ХІХ ғасырдың орта кезінде Ресейдің өзінде ерекше әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің болғандығы белгілі. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресей тарихында сословиелік крепостниктік тәрбие жүйесіне қарсы бағытталған педагогикалық ой-пікірінің жетістіктері кезеңі болып табылады. 60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс Ресейді мекендеген орыс емес басқа халықтардың педагогикалық ой-пікіріне ерекше ықпал етті.Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысында әртүрлі типтегі орыс-қазақ мектептері ашылды. Орынбор орыс-қазақ мектебі қазақ балаларына арналып, 22 тамызда 1850 жылы салтанатты түрде ашылды. Мектепке 50 бала қабылдады. Ерекше атап өту керек, сол кездегі оқу орындарына тән мектепте белгілі тәртіп орнатылды, атап айтқанда: оқу жылының ұзақтығы белгіленді, оқу мерзімі 7 жыл, мектепке оқушыларды қабылдау (әрбір 2 жылда), жазғы демалыс уақыты (15 маусымнан 15 тамызға дейін); сабақтартардың кестесі және тәрбиеленушілердің демалысы енгізілді, емтихандардың ережелері жаслады.1813 жылы Омбыда Сібір казактарының әскери училищесі ашылды, ал 1927 жылы Орынборда-Неплюев әскери училищесі жұмыс істеді. Ақмола, Семей облыстары қазақтарының балалары үшін Омбы қаласында орыс мектебі ашылды. Мектептің құрылымы мен ішкі мазмұны Орынбор мектебіндей болды. Мектеп негізінен төменгі басқару аппараты үшін қазақтардың арасынан кадрлар даярлау мақсатын қойды.
8.ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер. Мұсылмандық мектептерді реформалау. Жаңа әдістік мектептер мен медреселер.
1.Қазақ халқы ерте заманнан-ақ білімді ,сауатты болуға ұмтылған, надандық пен топастықты әжуа етіп, күлкіге айналдырған. Әрбір ата-ана баласына әдептілікті үйреткен, сауатты да білімді болуға баулыған. Бұған мысал ретінде қазақтар арасында «Қара күш бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген мақал кеңінен тараған. ХІХ-XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және зайырлы бағытта жүргізілді. XIX ғасырдың орта кезіне дейін қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оларды негізінен молдалар оқытты. Оқу ата-аналарының қаржысы есебінен жүзеге асырылды. Мұсылмандар мектебінде негізінен ер балалар оқыды.Мұсылмандық метептерді реформалау.Халық арасында медреселердің беделі күшті болды. Олар молдалар мен мектеп мұғалімдерін даярлады. Оқу мерзімі 3—4 жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия, математика, медицина, тарих, тіл білімі (лингвистика) және астрономия жөнінде де едәуір хабардар болып шықты. Діни оқу орындарының басты қызметінің бірі жастардың бойына әдептілікөнегесі мен адамгершілік қасиеттерді дарыту болды. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс тілінің негіздерін үйрету енгізілді. Медреседе бірнеше сынып бөлмелері болды. Олар шәкірттер тұратын, дәрет алып, жуынып-шайынатын, сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер еді. Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40-тан асқан адамдар ғана қабылданатын. Олардың медресені бітіргені туралы дипломының болуы талап етілетін. Кейіннен патша үкіметі мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867—1868 жылдардағы әкімшілікреформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкіметі мұсылмандардың оқу орындарын ашықтан-ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Омбы, Семей, Орал, Ақмола қалалары халыққа білім беру орталықтарына айналды. Қазақстандағы орыс тілді халықтың арасында сауатсыздардың пайызы тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық санағы айқын көрсетті. Атап айтқанда, халықтың 8,1 пайызын ғана сауатты деуге болатын еді. Соның ішінде ерлердің 12 пайызы, ал әйелдердің 3,6 пайызы ғана хат таныды. Орысша сауат ашқан қазақтардың пайызы бұдан да төмен болды. Ал мұсылманша оқып сауат ашқан дала қазақтарының саны өте көп еді. Бірақ олардың қанша пайызының сауатты екеңдігі халық санағын өткізу кезінде есепке алынбады.
9.Ш. Ш. Уалихановтың көзқарасында білім беру, оқыту және тәрбиелеу жүйесіне байланысты мәселелер.
Шоқан Уәлиханов (1835-1865 жж.). Шоқан Уәлиханов (шын аты- Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (қараша, 1835, Құсмұрын бекінісі, қазіргі Қостанай облысы, сәуір, 1865, Алтынемел, қазіргі Алматы облысы) – қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ. Омбының кадет корпусын бітірген (1853), Петербург университетінің тарих-филология факултетінде лекция тыңдаған (1861-1862 Аз өмірінде Ш. Уәлиханов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихына, географиясы, этнографиясы, фольклорына және қоғамдық-саяси құрылысына арналған көптеген құнды еңбектер қалдырды. Қазақстан географиясында – балқаш пен Алакөлдің бұрын бір тұтас су айдыны болғандығы және Жоңғар қақпасынан соғатын Ебі желі туралы ғылыми деректерді алғашқы келтіруші де сол. Ол Березиннің «Хан жарлығына» рецензиядан кейін Жалайыридің «Жәми-ат-тауарихын» зерттеп, оның негізі тарауларын алғаш рет орысшаға аударды, ондағы Шығыс терминдерінің сөздігін жасады. «Шайбани-наме», «Шежре-и түрік» Абулғазы тунындылары негізінде теориялық мәні зор «Қазақтың шежіресі» атты еңбек берді..Шоқан мемлекеттік жауапты істермен айналыса жүріп, халықты оқу-ағарту ісіне шақыруды үнемі есінде берік сақтаған. Халықтың келешегі тек оқу-ағарту, мәдениет ісімен байланысты деп қараған. Шоқан 1862 жылы өзінің досы Ф.М.Достоевскийге жазған бір хатында Атбасар округіне ағасұлтан болуға талпынғанын, өкімет қаржысымен орыс-қазақ мектептерін ашып, балаларды тегін оқытпақ болғанын білдіреді.Шоқанның алдына қойған басты мақсаттарының бірі – өз халқының өмірін жете зерттеп, кең даласы мен дархан халқын, өзіндік көне мәдениетін берісі орыс, әрісі еуропа жұртына таныстыру еді. Шоқан өз халқының ар-намысын қызғыштай қорғап, қазақ халқын “тағы халық” деп қарау мүлде қате, теріс түсінік дей келіп, өз халқының тарихын мәдениеті ерте танылған елдермен сабақтастыра зерттейді. “Біздің халықтың бай және поэзиялық құны жоғары, реалистік әдебиеті бар. Ол шығыстың эпосына емес, индогермандық эпосқа ұқсайды…”. Қазақтар да бәдәуилер сияқты жаратылысынан өлеңші және ақын” дейді.
10.Ы. Алтынсариннің педагогикалық ой-пікірлері.
Ыбырай 1857 жылы Орынбордағы жетіжылдық орыс-қазақ мектебін үздік бағамен бітіріп, әуелі атасы Балғожа биге хатшы, кейін Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1864 жылдан өмірінің ақырғы күніне дейін (алғашқыда Торғайда мұғалім, кейін уездік басқарманың мектеп инспекторы болып) оқу-ағарту саласында аянбай еңбек етеді. Ол діннің өзін тәрбиенің құралы деп қарады. Ы.Алтынсарин алдыңғы қатарлы орыс педагогтарының оқу құралдарын басшылыққа ала отырып, қазақ ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлеріне негізделген екі төл оқу құралын (“Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”) 1879 жылы жазып бастырып шығарды. Ол қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу ісіне ең басты мәселе деп қарады.. Хрестоматияға енгізген шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабар беру принципі көзделсе, екіншіден, оқушыларды адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттерді олардың бойына дарыту көзделді, үшіншіден, жастардың, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруге тырысты. Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында дүнияуи мектептер ашу, оқушыларға арнап тұңғыш оқулықтар жазумен бірге, мектептің материалдық базасын күшейтуге баса зер салды. “Мектеп дегеніміз шын мектепке ұқсас болуы үшін оған қаржыны көбірек бөлу керек… Өйткені мектеп – білім берудің басты құралы” деп қарады. Ол оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді ұялатуға бар күшін жұмсады. Халқы үшін жар құлағы жастыққа тимей, оқу-ағарту жолында аянбай еңбек еткен Ы.Алтынсариннің ғылыми және әдеби еңбектерінің бүгінгі жастарға берер ғибраты мол асыл мұра.
11.А. Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары. Қазақстандағы мектеп пен педагогика (20-30жж.).
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен бірге ұлы ойшыл педагогы.Оның поэтикалық шығармалары мен “ғақлия” сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерге толы Ол қазақ халқының саяси-экономикалық және мәдени жағынан артта қалушылығы – оның феодалдық-патриархалдық қатынасынан, рулық талас-тартыс етек алған көшпелі тұрмысынан деп қарайды. “Күнде ұрлық, күнде төбелеспен күн кешкен” алты бақан алауыз елінің “жақсыларына” налыған Абай “малыңды жауға, басыңды дауға” салып, өміріңді қор қылмай татулас, бірлесіп ел боп “егіннің ебін, сауданың тегін” үйрен, “жан аямай кәсіп қыл” деп өсиет айтты. Ол қазақ ауылындағы тап тартысын көре білді, сол таптық қанаудан құтылудың жалғыз жолы оқу, ағарту мәселесі деп қарады.. Ол оқудағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты. Жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды. Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салады. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін терең түсінген ол: “Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет… өнер де, ғылым да орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі…” – деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті. Абай бас қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болды. Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің он тоғызыншы қарасөзінде “Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді”, – деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай “сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді” дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған әлеуметтік орта әсерінен өзгеріске енеді, ол іс-әрекет арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Абай жастардың белгілі бір мамандықты игеруін қуаттайды.. Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана “Атаның баласы болма, адамның баласы бол… жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін” деген гуманистік ой-пікірді қуаттауы еді. Қазақстандағы мектептер.1744 жылы Орынборда татар мектебі ашылды, онда әскери лауазымды адамдардың балалары оқыды. Бұл мектепті бітіргеннен кейін кеңсе қызметкерлері, кеден ісі чиновниктері және аудармашылар мамандықтары бойынша қызмет атқарады. Осы мақсатта 1786 жылы Омбыда «азиялық мектептің» негізі қаланды. 1836 жылы «азиялық мектеп» жабылып қазақ балалары үшін мұсылман мектебі ашылды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан қалаларында әскери училищелер ұйымдасты, оған қазақ ақсүйектері мен байларының балалары қабылданды. 1813 жылы Омбыда Сібір казактарының әскери училищесі ашылды, ал 1927 жылы Орынборда-Неплюев әскери училищесі жұмыс істеді. Орынбордағы Неплюев атындағы кадет корпусы 1844 жылы ашылса, Омбы кадет корпусы 1847 жылы ашылған болатын-ды.
12.ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс. Ұлттық мәдениет және ана тілде оқытатын мектептер ашу туралы ойлар Білім беру мен тәрбиелеу мәселелерін баспасөз беттерінде талқылау. Этнопедагогика және этнопсихология мәселелерін қарастыру.
1920-1930 ж.ж. еліміздің экономикалық және мәдени-әлеуметтік өмірінде болған ұлы өзгерістер мен ілгерілеулер ғылым мен мәдениеттің, оқу-ағарту ісінің өркен жаюына мүмкіндік туғызды. Көптеген арнаулы орта және жоғары оқу орындары ашылып, ғылым мен мәдениеттің әр саласынан білікті маман кадрлар көбейді. Ғылымның сан-саласын қамтитын ғылыми-зерттеу институттары ашылып, оларға басшылық жасайтын орталық – Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы құрылды. Академцентрдің жұмысын қазақтың көрнекті педагогі Ахмет Байтұрсынов басқарады. Олар жаңа құрылған Кеңестік мектептерге оқу-әдістемелік құралдары мен пән бағдарламаларын жасау ісімен айналысты. Бұл іске Қ.Жұбанов, Т.Шонанов, С.Аманжолов сияқты тілшілер, М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, Б.Майлин сияқты әдебиетшілер, С.Аспендияров сияқты тарихшылар, Ғ.Қарашев, Ш.Әлжанов, Ә.Сыдықов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Н.Құлжанова сияқты педагог ғалымдар тартылды. 1933 ж. Академцентрдің негізінде ҚСРО Халық ағарту комиссариаты жанынан педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты құрылды. Оның тұңғыш директоры болып ҚазПИ-дің профессоры Ш.Әлжанов тағайындалды..Біраз жылдық тоқыраудан кейін 1950-80 жылдар аралығында Ә.Сыдықов, Р.Г.Лемберг, А.П.Нечаев, Т.Тәжібаев, Е.Бекмаханов, Ә.Сембаев, Ә.Қоңыратбаев, Ш.Кәрібаев, С.Қожахметов, М.Ғабдуллин, Б.Мадин, Т.Сабиров, М.Мұқанов, Е.Суфиев, С.Балаубаев, А.Темірбеков, Қ.Жарықбаев т.б. ондаған көрнекті педагог ғалымдар педагогика, психология саласында қомақты еңбектер жазып қалдырды. Сөйтіп, қазақстандық төл педагогика, психология ғылымдары қалыптасты.Солардың ішінде тұңғыш педагогика, психология және әдістеме ғылымдарына сүбелі үлес қосқан А.Байтұрсынов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектеріне арнайы тоқталуға тура келеді.Этнопедагогика (ұлттық дәстүр)Әр халықтың ғасырлар бойы мысқылдап жиналып, бейне бір арнасы кең өзендей асқар таудай болып қалыптасқан өзіне тән салт-сана, дәстүрлері болады. Бұл салт-сана, достүрлер сол халқықтың адам тәрбиесі, адамгершілік дүниеге, өмірге көзқарасы мен рухани күйінен туған. Сол үшін де ол халықтың жан дүниесінің айнасы, ұрпақтарының кәдір тұтар мұрасы болып қалады.Этнопсихология- әрбір халықтың рухани әрекетінің ( миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, дін, т.б. ) жемісін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдерін, әртүрлі этникалық қауымдастыққа жататын адамдардың психологиялық өзіндік бейнеленуі туралы ғылым. Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінрек Батыс Еуропа елдерінде ( Лацариус, Штейнталь, Вундт т.б.) пайда болды.«Этнос» гректің – etnos – тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда «халық» терминінің орнына «этнос» термині орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі – «тайпа», «ұлыс» (народность), «ұлт» ұғымын түгел қамтиды.
13.А. Байтұрсыновтың қоғамдық, ұйымдастырушылық және ғылыми-педагогикалық қызметі. Ана тілде оқытатын бастауыш мектептер туралы идеялар. Оқыту мәселелері, ұлттық рухани мәдениет және мектеп қажеттері.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 ж.) өмір сүрген белгілі қоғам қайраткері, ғұлама түрколог, жазушы, публицист, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолы қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Ақкөл жағасындағы Сарытүбек деген жерде басталып, қазақ шаруасының әулетінен дүниеге келеді. Ахмет Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім – ғылымның дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады.А.Байтұрсыновтың алғаш ағартушылық ой-пікірлері сонау 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде (Байтұрсынов 5 жыл бойы осы газеттің жауапты редакторы болған) жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастайды. А.Байтұрсынов - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. Әрі қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол – қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Әмбебеп ағартушының артына қалдырған рухани мұрасында кешегі көшпелі қазақ елінің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, жол-жоралғысы, тәлім-тәрбиесімен, үлгі-өнегесі, өзіне тән этикалық, эстетикалық ұнам-талғамдары ұлттық колоритке толы сан алуан нақты деректермен безендіріле баяндалған. Ұстазы Ыбырай Алтансариннің оқу ағарту мәселесіне байланысты идеяларын әрмен қарай дамыта келіп, ол да А.Байтұрсыноа сияқты оқу-тәрбие мәселесіне ғылыми тұрғыдан қарауға, атап айтқанда оқытудың жаңа тәсілдеріне, шәкірттердің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән береді.Табиғатынан тәлімгерлік қасиеті мол жазушы қазақ арасында көбінде көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, өнерге, зерек, дарынды балаларды оқытып-тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарларына үңіледі. Кімде-кім өзінің табиғатынан не нәрсеге шеберлік барлығын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге көрінеді.Халқымыз егемдікті аңсап жатқан қарбалас шақта жас өркендерді жерге шырылдап түскен кезден есейіп, есі кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жарып қана қоймай, олардың ұлттық рухен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан мейлінше сусындауына ерекше көңіл аударуымыз қажет.А.Байтұрсынов - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. Әрі қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол – қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Алаш өкіметі мен партиясының басшыларының бірі болғаны белгілі. Ол 1920 жылдардан бастап жаңа өкіметке де аянбай қызмет істейді. 1922-1926 жылдары Орынбордағы қазақтың ағарту институтында оқытушы болады.
14.М.Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастары. Тәрбие мақсатын, тәрбие процесінің құрылымын жасау, тәрбиенің негізгі бағыттарын анықтау, педагогика пәнін және оның негізгі категорияларын қалыптастыру. Тәрбиені гумандандыру идеясы және гуманды тұлғаны қалыптастыру. Дене тәрбиесі мәселелері.
Мағжан Жұмабаев - қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі. 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған.Мағжан Жұмабаевтың ақындық өнерді өзінің қысқа өмірінде асқан шабытпен жырлап нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқан асуларынан өлшеусіз нәр алған бір туар әмбебап зиялы қайраткер болды. Оның қаламынан сондай-ақ көптеген әңгімелер мен мақалалар, оқу құралдары мен оқулықтар мен («Бастауыш мектепте ана тілі» - 1923, «Сауатты бол» - 1926), зерттеу еңбектері туды. Мағжан 1922 жылы «Педагогика» атты (Ташкент, Орынбор) ғылыми еңбек жазды. Бұл еңбек – Қазақстанда алғаш рет ана тілінде жарық көрген оқу құралы. Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі. “Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегiс берiлсе, оның тәрбиесi түгел болғаны. Бала берiк денелi болса, түзiк ойлайтын, дұрыс шешетiн, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемi түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиренiп, жақсылықты жаны тiлеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы… Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиенi дұрыс орындасын…”– деу арқылы М.Жұмабаев тәрбие мақсатын айқындап бередi. Педагогика пәнін М.Жұмабаев 5-ке бөледі: 1. Жалпы педагогика. Адамның дене һәм жан күштерін тәрбие қылу жолдарын көрсетеді. 2. Дидактика. Оқытудың негізгі жолдарын көрсетеді. 3. Методика. Оқытудың негізгі жолдарына негіздеп, белгілі бір пәнді қалай оқыту жолдарын көрстеді. Мысалы, мектепте қазақ тілі пәнін қалай оқыту керек екендігін үйрететін пән -қазақ тілінің методикасы деп аталады. 4. Мектепті басқару. Бұл пән мектеп қалай салынуға, қалай басқарылуға тиісті, сынақтарға шәкірттерді қалай бөлу керек, оқу уақытын қалай белгілеу керек. Міне осылар сықылды мектеп құрлысы жолдарын көрсетеді. 5. Педогогика тарихы. Түрлі заманда түрлі тәрбиеге адамзат қалай қараған, қандай жолдармен жүрген, тәрбие дүниесінде қандай білімпаздар өткен, олар қандай жаңа жолдар тапқан. Педогогика тарихы осыларды баяндайды.
15.Ж.Аймауытовтың педагогикалық іс-әрекеттері. Ж. Аймауытовтың еңбектеріндегі жалпыадамзаттық тәрбие және кәсіби білім беру, бастауыш мектептер үшін оқу пәндерін таңдап алу, оқушыларды артық жүктемеден арылту мәселелері. Негізгі педагогикалық түсініктер мен дидактикалық категориялар, әдеттер мен дағдылардың мінез-құлықтың қалыптасуына әсері, оқушылардың ойын, санасын және қабілеттерін дамыту. Интернационалдық тәрбие мәселелері.
Ұзақ жылдар бойы « Ұлтшыл әдебиет өкілі» деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж.Аймауытов жазушылығымен қоса, қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдарының саласында қалам тартып, құнды-құнды ғылыми зерттеу еңбектерін жазумен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен дараланған тұлға. Оның туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Ж.Аймауытов «адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... Адам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіруі сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен» дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын: дене тәрбиесі және жан (рух) тәрбиесі болып бөлінетіндігін атап көрсетеді. Аймауытов балаға әсер ететін нәрсе медресе (мектеп) және тәрбиеші (мұғалім) деп санайды.
Ж.Аймауытовтың педагогика ғылымы саласындағы жүйелі ой-пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылған “Тәрбиеші жетекші” атты еңбегінен жақсы байқалады. Бұл еңбекте Аймауытов “Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі – дидактикаға ғылыми анықтама берген. Ж.Аймауытов білім негіздерінің ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келе: “Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Оның “Психология” , “Жан жүйесі және өнер таңдау” “Тәрбиеге жетекші” (1924), “Комплексті оқыту жолдары”, “Жаңа ауыл” дейтін еңбектері бар.
16.С. Көбеевтің педагогикалық мұрасы. Отбасындағы бала тәрбиесі. Білім беру мен тәрбиелеу процесіндегі практикалық дағдылар, балалардың оқуға қызығушылығын қалыптастыру. Еңбек тәрбиесі мәселелері.
Спандияр Көбеев (1878 — 1956) — қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiр үшiншi ауылда — қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1912 жылы Спандиярдың «Үлгілі бала» атты кітабы шықты. Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді. С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек.С.Көбеев жасөспірімдерді оқыту, тәрбиелеу процесінде мұғалімнің басшы рөл атқарады деді. Оның ойынша, халық мұғалімі бүқара арасына тек білімді ғана таратып қана қоймай, сонымен қатар қоғамның ынтасын сол өнер-білімге аударуға міндетті. Білім берудің сапалы болуы,-деп жаздыС.Көбеев оқытудың мазмұны,мұғалімнің әр балаға жеке-жеке дұрыс қарап, әрекет ете білуінде. Баланы тани білу, оның бейімділігін, еркін білу, балалар дүниесімен тығызараласу, оны жаңа дүние үшін күреске қажетті сапаларымен, біліммен қаруландыру-осы қасиеттердің барлығын мұғалім меңгеругетиісті. С.Көбеев оқыту мен тәрбие процесін диалектикалық бірлікте қарады. Адамды тәрбиелеуде С.Көбеев еңбекке үлкен мән берді. Ол еңбекпен ғана өмір сүру үшін ғана қажетті құбылыс емес, сонымен бірге аса пәрменді тәрбие құралы деп
.
17.Н.Құлжановтың мектепке дейінгі бала тәрбие теориясы мәселелері. Мектепке дейінгі бала тәрбиесінің мақсаты мен мазмұны, балалардың жас ерекшелігін ескеру. Тәрбиенің табиғилық принципін, көзқарасын қалыптастыру. Мінез-құлықтың, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек тәрбиесі, рухани және дене тазалығы.
Қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында көшпелі қазақ отбасында дүниеге келген. (1887-1934). Ол журналист-публицист, педагог-тәлімгер, екі тілде бірдей жазатын аудармашы.Н.Құлжанованың белсене араласуымен 1924 жылы Орынборда “Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу” атты педагогикалық жинақ, нұсқау кітабы жарық көрді. Кейіннен “Әйел теңдігі” журналында осы ізгілікті іс әрмен қарай жалғастырылды. Журнал беттерінде қазақ бала бақшаларының озат тәжірибелері, онда жүргізіліп жатқан түрлі тәрбие жұмыстарының жай-жапсары, мақсат-міндеттері жайлы көптеген мақалалар жарияланды. Осы журналдың мектепке дейінгі тәрбие бөлімін басқарған Н.Құлжанова осынау көшпелі қазақ елінде бұрын-соңды болып көрмеген бала тәрбиесінің жаңа түрін аяғынан тәй тұрғызуға себепші болды. Нәзипаның тәлім-тәрбиелік пікірлері медицина ғылымымен сабақтасып жатады. Автордың “Бала күтімі”, “Баланың өміріне күннің сәулесі, таза ауа аса қажет”, “Баланың аурулары” т.б. мақалаларында тәрбиені бала жөргегінен бастауды ұсынады.
Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбиенің басты бағыттарын “Тән саулығы”, “Баланың сырт сезімдерінің дамуы”, “Нәрсенің түр-түсін тану”, “Дененің қимылын түзету”, “Шеберлігін көтеру”, “Баланың білімін арттыру”, “Бала тілінің шеберленуі”, “Еңбекке машықтандыру”, “Көпшілдік және еңбек”, – деп бұлардың әрқайсысына жеке-жеке сипаттама берді. Ол ересектер мен сәби, бөбектер арасындағы қарым-қатынас мәселесіне де ерекше көңіл бөледі: “Балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі, негізі – баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы. Сұрағына жауап бермей “мазамды алма” деп, үнемі баланың бетін қайтару арқылы білуге құмарлығының негізін жоғалтып жіберуге болады”, – дей келе, автор бала ойынының айналаны тани-білу құмарлығымен ұштасып жататындығын ескертеді.
18.Тәрбие әдістерін жасау. ХХ ғасырдың 40-60 жылдарында Қазақстандағы педагогикалық теорияның дамуының негізгі мәселелері.
1. Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалык; өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады. Қазіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған жіктелісі бар, олардың біреулерінің тәжірибелік, ал екіншілерінің теориялық маңызы басымырақ.Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина жәнеВ.С.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылады.
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
• Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
19.Р.Г. Лембергтің ғылыми мұрасындағы педагогика мәселелері. Р.Г. Лембергтің дидактикалық мұрасындағы білім берудің мазмұны, сабақ құрылымы мәселелері. Р.Г. Лемберг еңбектеріндегі оқыту әдістері, оқушылардың өзбетіндік-танымдық оқу іс-әрекеті және педагогика тарихы мәселелері.
Р.Г. Лембергтің дидактикалық мұрасындағы білім берудің мазмұны, сабақ құрылымы мәселелері. Р.Г. Лемберг еңбектеріндегі оқыту әдістері, оқушылардың өзбетіндік-танымдық оқу іс-әрекеті және педагогика тарихы мәселелері.Лемберг Раиса Григорьевна (1888-1975) - ғалым-педагог. профессор (1925), Қазақстан ғылымының еңбегі сіңірген қайраткері (1957). 1937 ж. бастап өмір бойы Қазақстанда қызмет етті. 1938 ж. бастап ғылыми-педагогикалық іс-әрекетін Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында жүргізді. Лемберг Раиса Григорьевна - Қазақстандағы бірінші профессор-әйел.Оның негізгі еңбектері дидактика мәселелеріне, оқыту әдістеріне, ұй тапсырмаларын ұйымдастыру әдістемесіне, оқушылардың дербес жұмысының ерекшеліктеріне арналған. Оқыту және тәрбие процесінің бірлігіне зор мән берді, педагогиканың теориясы мен тарихы мәселелерін зерттеді. Р. Г. Лембергтің тұжырымдауы бойынша, егер сабақты өткен оқу материалын ұзақ уақыт сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау, түсіну белсенділігі төмендейді. Сол үшін жаңа оқу материалын сабақтың бастапқы кезеңінде, демек, оқушылардың таным қабілеттерінің белсенділігі жоғары жағдайында, шаршамай, тың отырған уақытында өту ұсынылады. Бұл құптарлық ұсыныс. Осы үлгіні әсіресе, жоғары сыныптарда кеңірек қолданған дұрыс болар. Себебі, оқушылардың оқу жұмысы жоғары сыныптарда күрделі болып келеді. Сөйтіп, олардың оқу материалын тиянақты меңгеруінде түсіндіру және оны пысықтау, бекіту жұмыстарына айрықша мән берген жөн болар. Сабақта жаңа оқу материалын жақсы меңгерген оқушы әрине үй тапсырмасын дұрыс өз дәрежесінде орындап келуіне ешкім-нің де шүбәсі болмас деп ойлаймыз. Мұндай жағдайда үй жұмысын тексеруде арнайы уақыт бөлу, мүмкін қажет емес болуы шарт, оны басқадай жолдармен немесе оқушылардың өздеріне тапсыруды да қарастырған жөн болмақ. Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағды-ларын тексеру, бақылау сабағының құрылымы 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақ-тың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу. Тексеру, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру. Оқушылардың өзіндік жұмыстары. Оқушылар білімдері, іскерліктері мен дағдыларын бағалау. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.
20.А.И.Сембаевтың мектептің тұтас тарихы және кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы педагогиканы жасауы. Қазақ-ұйғыр, орыс-қазақ мектептерінің даму тарихы. Мектепті құру кезеңдері, олардағы білім беру мазмұны және мұғалім кадрларды даярлау мәселесі.
Сембаев Ібнияұлы қазақ мектебінің тарихын тұңғыш зерттеген ғалым (1905-1989).1905 жылы Жезқазған облысы, Шет ауданында Қарабұлақ аулында туған. 1931 жылы Абай атындағы Қазақтың Мемлекеттік Педагогикалық институтының химия факультетін бітірді. Педагогикалық жұмысты 1925 жылы мектепте мұғалімдіктен бастады. Одан кейінгі жылдары қазақ ССР Оқу Министрлігінің әдіскері, Қазақтың ауыл шаруашылық институтының оқытушысы, әрі директоры болды. Қазақ ССР-ы Оқу Министрі, әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі және проректоры, қызметін атқарды. Қазақ ССР Оқу Министрлігі жанындағы Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры және институт жанындағы үйлестіру Кеңесінің меңгерушісі болды.1966 жылы Ғылым докторы дәрежесін, 1967 жылы профессор атағын алды. Ол ССР Педагогикалық ғылымдар академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Сембаев Ә. I. Қазақ Совет мектебінің қалыптасуын зерттеуге үлкен еңбек сіңірген ғалым. Оның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрді.Ол үлкен қоғам қайраткерлері бола жүріп, Қазақ-стандағы педагогика ғылымының өркендеп өсуіне қазақ-ұйғыр, орыс-қазақ мектептеріне байланысты К. Д. Ушин-скийдің, Н. К. Крупскаяның педагогикалық мұраларын жан-жақты зерттеген ғалым.
21.Т. Тәжібаевтың педагогикалық көзқарасы мен идеялары. Ауыл балаларының тәрбиесі туралы.
Тәжібаев Төлеген - қазақтың тұңғыш психолог ғалымы, академик (1910-1964).1910 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, 9-ауылда туған. 1928 жылы Шымкенттегі Педагогикалық техникумды, 1935 жылы Москвадағы Н. К. Крупская атындағы Коммунистік тәрбие академиясын бітірді. Еңбек жылын 1938 жылы Абай атындағы педагогикалық инсти-тутының педагогика және кафедра меңгерушісі қызметпен бастаған 1957-1961 жылдары Үндістандағы СССР елшілігінің кеңесті-өкілі болды. Ал, 1961 жылдан әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің педагогика және психология кафедрасының профессоры және меңгерушісі қызметін атқарады.938 жылы педагогика ғылымының кандидаты, 1962 жылы педагогика ғылымының докторы дәрежесіне ие болды. 1954 жылдан Қазақ ССР ғылым академиясының академигі Т.Тәжібаев Қазақ ССР педагогика қоғамының президенті, жоғары және арнаулы орта білім Министрлігінің педагогика және психология саласындағы ғылыми-әдістемелік кеңесінің төрағасы т.б. қоғамдық жұмыстар атқарды.Т. Тәжібаев жауапты қоғамдық, мемлекеттік қызметтер атқарумен бірге, зор ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның К. Д. Ушинскийдің психологиялық көзқарасы туралы зерттеулерінің зор ғылыми маңызы болды. Ол жас ғалым-психологтарды даярлауда көп еңбек сіңірді. Тәжібаев Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің, оқу-ағарту ісінің дамуы және мектептер тарихын, Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педагогикалық көзқарастарын жан-жақты зерттеген ғалым.«ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы оқу-ағарту ісімен педагогикалық ой-пікір дамуы», «Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағарту ісі мен мектеп», «Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы педагогикалық ой пікірлердің дамуы» атты зерттеулері көлемді, әрі маңызды зерттеулер қатарынан саналады. Оның мақалаларында қамтылған мәселелерле ана тілімізде психология ғылымының қалыптасуы мен дамуына, психологиялық терминдердің бір ретке келуіне елеулі үлес қосты.Ең алғаш Қазақстандағы психологиялық терминологиясының ғылыми жүйесінің негізін қалады.
22.Халықтық педагогика негіздерін қолдану. Баланы отбасында еңбекке тәрбиелеуді психологиялық тұрғыдан қарау. Дене тәрбиесінің негіздері. Саналы тәртіпті тәрбиелеу, оқушылардың өзін-өзі басқару мәселесі. Тәрбие әдістері мен құралдары. Тұтас педагогикалық процесс жайлы идеялар. Оқытудың тиімділігін арттыру, оқушылардың білімін есепке алу және бағалау, дидактикалық принциптер мәселелері. Педагогика тарихы мәселелерін оқу.
Халық педагогикасымен айналысушылар қоғам дамуының алғашқы сатыларында–ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандығын, мақсатқа сай тәрбиелеудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді. Қазақ этнопедагогиксының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап–ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі. Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен сымбаттылыққа қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану өте маңызды. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезімін нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез – құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манера, дене қимылы, т.б. А.С. Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берілген. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П. Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой – бәрі сұлу болу керек«Педагогика тарихы» ғылым ретінде. Педагогика тарихы тәрбиенің, мектеп және педагогикалық теорияның әр түрлі тарихи кезеңдерде, ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі, дамуын зерттейтін ғылым ретінде.Педагогика тарихының негізгі ұғымдары: тәрбие, білім беру, оқыту, ағарту, білім беру жүйесі, мектеп, педагогикалық ой, педагогикалық идеялар, педагогикалық көзқарастар, педагогикалық теория, этнопедагогика, халықтық тәрбие.
23.Қ. Бержановтың педагогикалық мұрасы. Қазақ ұлттық мектептерінің даму тарихы, осы дамудағы қазақ және орыс мұғалімдердің ынтымақтастығы.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Бержанов Қазақстан педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым-ұстаз. Ол 1924 жылы Батыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданында дүниеге келген. Ата-анадан ерте жетім қалған ол балалар үйінде тәрбиеленеді. Бержанов 1943 жылы орал қаласында орта мектеппен қоса, музыка мектебінің скрипка класын да үздік бітірелі.Қ.Бержанов 1951жылы ірі ғалым Р.Г. Лембергтің жетекшілігімен «Қазақстан мұғалімдерінің қоғамдық және мәдени ағартушылық қызметі тарихының» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ол диссертациясында «Совет үкіметінің алғашқы жылдарында Қазақстан мұғалімдерінің әлеуметтік ағартушылық рөлі, олардың қызметінің ерекшелігі, мұғалім кадрларын дайындау жолы» туралы мәселелерді зерттейді.Қ.Биржанов ондаған монографиялық еңбектердің авторы. Олардың ішінде «Қазақстан мұғалімдерінің қоғамдық және мәдени ағартушылық қызметі», «халық ағарту саласындағы орыс-қазақ ынтымағы». «Педагогика тарихы», «Тәрбие мен білім берудің бірлігі», «Қазіргі педагогиканың актуалды мәселелері т.б.» ғылыми еңбектерін ерекше атауға болады. «Оқу-ағартудағы орыс-қазақ ынтымақтастығы» атты еңбегінде автор қазақ даласының тұңғыш ашылған қазақ мектептері мен Орынбор, Омбы қалаларында ашылған әскери шендегі офицерлерін сөз етеді. Ал «Тәрбие мен білім берудің бірлігі» деген еңбегінде тәрбие, білім беру, оқыту ұғымдарының бір-бірімен байланысы, мән-мағынасы жағынан теориялық тұрғыдан баяндайды. Автор жастарға білім беру ісін тәрбие ісімен тығыз байланыстыра жүргізуді қуаттап «Жастарға біліммен қарулана отыра, олар бұрынғы ұрпақтардың тарихи тәжірибесін меңгеруді, онсыз қоғамның дамуы болмақ емес. Білімді меңгеру үстінде адамның көзқарасы мен нанымдары қалыптасады. Тәрбие мен білім бірін-бірі Қазақстанда оқу тәрбие ұйымдарының негiзiнен, eкi түрлi жүйесi қалыптасқан.Оның бiрi ерте заманнан берi өмip сүрiп келе жатқан мұсылманның конфессиондық дiни мектептерi, ал екiншiсi –патша өкіметі қазақ балаларына арнап ұйымдастырған орысша оқытатын мектептерi болатын. Мектептердiң бұл eкi жүйесi мен түрлерiнiң алдына қойған мақсаттары мен мiндеттерi, бағдарламалың материалдарының ғылыми-практикалық деңгейi, сабақтарының түрлерi мен мазмұндары, шәкiрттердi оқыту әдicтерi мен қолданатын көрнекi құралдары, мектеп үйлерi мен жабдықталуы, оқулықтары мен кемекшi кұралдары, ұстаздарының бiлiм дәрежелерi, дүние танымдары мен көзқарастары бiр-бiрiнен түгелдей өзгеше болатын. Себебi, орта ғасырларда қалыптасқан о дүниелiк танымдарды уағыздайтын дiни мектептер мен осы дүниелiк өмip қажетiн етеуге арналған деректердi оқытатын орыс мектептерi, бiр-бiрiнен тым алшақ, әpi бiр-бiрiне барынша жат оқу-тәрбие жүйелерi едi. Оның үстіне патша өкіметі оларды әдейi шағыстырып отырды. Сондықтан, олар бiрiгiп, бiр бағытта оқу-тәрбие жұмыстарын жүргiзе алмады. Бiрi жастарды Шығыс халықтарының мәдени және рухани мұраларының табыстары мен таныстырса, екiншiсi -батыс халықтарының, оның iшiнде орыс мәдениетi мен ғылымының табыстарымен таныстырып, тәрбиеледi.
24.ХХ ғасырдың басындағы қазақ педагогикасы және оның дамуына орыс педагогикалық ғылымының ықпалы.
Қазақ халқының абзал ұлдарының бірі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең беделді көшбасшысы А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениеті, тәлім-тәрбие оқу ісі тарихына сіңірген орасан зор еңбегінің тарихтан өшпес орын алатынын бүгінгі демократия мен әділеттілік салтанат құрған дәуірде өмір шындығы дәлелдеп отыр. Осы жылдары Ахмет Байтұрсыновпен бірлесіп, Міржақып Дулатов «Қазақ газетін» шығаруға ат салысады. 1920 жылдардан бастап жаңа өкіметке де аянбай қызмет істейді. 1922-1926 жылдары Орынбордағы қазақтың ағарту институтында оқытушы болады. 1922 жылы екі бөлімнен тұратын «Есеп құралын», 1924 жылы «Қирағат» кітабын қазақ кітаптарының библиографиялық көрсеткішін бастырады. Ж.Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт-бағдарын 1918 жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми қоғамдық «Абай» атты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов: «... қазақ сахарасында мыңнан жалғыз алысып, жапа шеккен ұлы ағартушы Абайдың көздеген мақсатты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді» -деп жазады. Ол Абай ұстаған ағартушылдық жолды тыныс-тіршілігінің негізгі арқауы етіп алады. Ж.Аймауытов «адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... Адам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісітонауы, өлтіруі сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен» дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын: дене тәрбиесі және жан (рух) тәрбиесі болып бөлінетіндігін атап көрсетеді.Соңғы кезеңде Қазақстан ғалымдары Құбығыл Жарықпаев пен Серғазы Қалиевтың бірлесіп жазған «Национальные аспекты обучения и воспитания в Казахстане» атты еңбегінде қазақтың ұлттық тәрбиесі жөнінде мәселелер қарастырылған. Қазақ халқының тағылымдарының тәрбиелік мәні жайлы құнды пікірлер айтылған.С. Ұзақбаева мен К.Қожахметованыңэтнопедагогикалық білім беру мазмұнында: этнопедагогикалық білім беру қазіргі жағдайда халықтың аса бай тәрбие беру тәжірибесін шығармашылықпен пайдалану шеберліктері мен дағдыларына ие болу және халықтың рухани мәдениетіне бағалы көзқарас процессі мен нәтижесі деп көрсетілген.Этнопедагогикалық білім берудің мақсаты –ұлттық сана-сезімді, мәдениеті мен дәстүрлеріне көзқарасты қалыптастыру болып табылады.
25.Егеменді Қазақстандағы мектеп және педагогика (1992 жылдан қазіргі күнге дейін).
1991 жылы жаңа үлгідегі мектептер мен арнайы орта оқу орындары ашылды: лицей, гимназия, техникалық-кәсіптік мектептер, колледждер.1995 жылы Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға міндетті тегін орта білім алу жарияланған болатын.2003 жылы Қазақстанда 8160 мемлекеттік жалпы білім беру мектебі жұмыс істеді, олардың ішінде қалалық – 2016 және ауылдық – 6144.1996 жылдың аяғында шетелдік отандастарымызды қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама құрылды. Мұнда тарихи отанына оралған оралмандарды оқыту және қайта оқыту кіреді.1997 жылы республика мектептерін компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету мақсатында Орта білім беру жүйесін информатизациялау мемелкеттік бағдарламасы қабылданды.Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру белсенді жүріп жатыр: 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасыдағы білім беруді дамыту, 2004-2010 жылдарға арналған ауыл территориясын дамыту. Жаңа редакцияда «Білім туралы» Заң және 2008-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ғылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, бұл осы аталған саланың жүйелі дамуын қамтамасыз етеді. «Жалпы білім беру мектептері үшін оқулықтар және оқу-әдістемелік жинақ дайындау және шығару туралы» бағдарлама компьютерлік, жаңа технологияларды енгізуді қарастырады. Қазақстан білім беруді дамыту индексінде әлемнің 129 елі ішінен 1-ші орынды иеленді («Теңсіздікті жою: басқарудағы маңызды рөл» жаппай білім беру мониторингі жөніндегі 2009 жылғы ЮНЕСКО-ның жетінші Дүниежүзілік баяндамасының деректері бойынша);2010 жылдың 11 наурызынан Қазақстан орталық-азия мемлекеттері ішінде бірінші болып еуропалық білім беру кеңістігінің толық қанды мүшесіне енді (Болон процесі).2009-2010 оқу жылында 7576 жалпыға білім беру мектебі жұмыс істеді, оларда 2 486 303 бала білім алды. 1991 жылмен салыстырғанда педагогтардың саны айтарлықтай жақсарды. 1991 жылы мектептерде – 270228 педагогтар жұмыс істеді, олардың ішінде 178634 (66,1%) жоғары білімі бар, 70695 (26,16%) – орта кәсіптік, 11929 (4,2) % - аяқталмаған жоғары білім, 9432 (3,3%) – жалпы орта білім.Орта кәсіптік білімі бар педагогтар саны 1991 жылмен салыстырғанда 13,56% қысқарды.
26.Бастауыш, орта және жоғарғы мектептің даму тенденциялары.
Бастауыш Мектеп — білім беру жүйесінің алғашқы сатысы. 1917 жылға дейін Қазақстандағы білім берудің бағыттарына сәйкес Бастауыш Мектептердің құрылымдық жүйесі әр түрлі болды (қара Мектеп, Ауылдық мектептер, Бастауыш халық училищелері, т.б.). Олардағы оқу мерзімі 1—2, 3—4, 5—6 жылдық еді. 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап Кеңес Одағы елдерінде жаппай міндетті бастауыш білім беру ісі қолға алынды. 1919 жылдан жұмыс істеген 2—3 жылдық Бастауыш Мектептер 1941 жылы 4 жылдық болып өзгерді 1960 жылдан бастап жаппай орта білім алуға көшу Бастауыш Мектептің құрылымдық жүйесін, негізгі мақсатын түбегейлі өзгертті. Бастауыш Мектеп жалпы білім беретін орта мектептің құрамындағы бастауыш сыныптарға айналды. Оқу мерзімі 3 жылдық болды. Кейбір аз қоныстанған елді мекендерде ғана Бастауыш Мектеп дербес күйінде қалды. Оқу жоспарына математика, табиғаттану, көркем жазу, ана тілі, орыс тілі,, еңбек пәндері енгізілді. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, ғылыми-техникалық жетістіктер, педагогикалық, психологиялық ғылымындағы іргелі зерттеулер ықпалымен Бастауыш Мектептің оқыту мазмұны күрделі өзгеріске ұшырады. 1990 жылдан бастап Бастауыш Мектептің жаңа оқу бағдарламалары жасалды. Оқу мерзімі қайтадан 4 жылдыққа ауысып, оқыту мазмұны тәуелсіздік рухының талабымен қайта жасалды. ҚР-ның “Білім беру туралы заңында” орта білім берудің сатылары: бастауыш (1—4 сыныптар), негізгі (5—9 сыныптар), жоғарғы (10—11 сыныптар) болып нақтыланды.Орта мектеп– жалпы не арнаулы орта білім беретін оқу орны. Орта ғасырлардағы еуропалық Орта мектептерде діни және “жеті салалық классикалық өнер” атты білім түрлері сатылана оқытылды. Қайта өрлеу дәуірінде қоғам дамуының жаңа талаптарына сәйкес түрлі типтегі гимназия, колледж, пансионаттар мен арнаулы (әскери) училищелер пайда болды. Орта ғасырлардағы Орта Азия елдерінде, оның ішінде қазақ даласында медреселер кең тарады. Соғыстан кейінгі жылдары жалпы білім беретін еңбек политехникалық мектептері, жалпы және арнаулы орта білім беретін техникумдар мен училещелер құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жалпы орта білім Орта мектептерде бастауыш, негізгі және жоғары сатылар бойынша, кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждерде күндізгі және кешкі оқыту түрінде беріледі. Кәсіптік мектептер мен колледждерде кәсіби біліммен қатар жалпы орта мектептің жоғары сатысының бағдарламасы да оқытылады.Жоғары мектеп – жалпы немесе арнаулы орта дәрежелі білім негізінде жоғары білімді мамандар даярлайтын оқу орындарының жалпы атауы.Оларда әр түрлі өнеркәсіптер мен құрылыстар, жол қатынасы, байланыс бөлімдері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, т.б. салалардағы практикалық, педагогикалық немесе ғылыми қызметке мамандар даярланады. Жоғары мектепке университеттер, политехникалық және салалық (инженерлік, ауыл шаруашылығы, экономикалық, медициналық, заң, педагогикалық, көркемөнер, т.б.) институттар, академиялар, жоғарғы училищелер, т.б. жатады. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, беретін білімнің көлеміне, даярланатын мамандардың біліктілік деңгейіне қарамай, толық орта білім негізінде мамандыққа даярлайтын кез келген оқу орны Жоғары мектеп болып есептеледі. Сондықтан бірқатар елдерде Жоғары мектеп қатарына тек жоғары оқу орындары ғана емес, сонымен бірге техникумдар мен арнаулы орта оқу орындары дәрежесінде кадрлар даярлайтын оқу орындары да жатады.17 – 18 ғ-лардағы өнеркәсіп пен мәдениеттің зор қарқынмен дамуы университеттердің және маманданған жоғары мектептердің ашылуына ықпал етті 2001 ж. 5 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 8 Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе берілді. Олар:1. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті; 2.Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;3. Қазақ ұлттық аграрлық университеті;4. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті; 5.С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;6.Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 7. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы8. Қазақ ұлттық музыка академиясы.
27.Қазіргі оқу-тәрбие орындары. Қазақстан Республикасы Конституциясының білім беру жөніндегі аспектілері, Қазақстан Республикасының Білім заңы, Қазақстан Ресубликасының Жоғарғы білім беру Заңы, білім берудің мемлекеттік стандарттары.
ҚРның Білім беру туралы заң— республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң.1999 жылғы 7 маусымда қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.ҚР Білім туралы жаңа Заңы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.ҚР жоғарғы білім беру жүйесіТәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды: 1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар); 2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар); 3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар); 4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең).Мемлекеттік білім стандарты ҚР “Білім заңына” сəйкес елімізде білім стандарттары қабылданған.“Стандарт” түсінігі латын сөзі негізінде қабылданып, “үлгі”, “өлшем” деген мағынаны аңдатады. Білім стандарты мəн-мағыналық тұрғыдан сауат, білімділіктің мемлекеттік өлшемі ретінде қабылданып, қоғамдық мұратқа орайластырылған, əрі нақты тұлға мен білім жүйесінің мүмкіндіктерін ескерген сол мұратқа жету негізгі белгі - талаптар (параметры) жиынтығын қамтиды.Стандарттау сонымен бірге білім саласындағы көптеген жаңашыл қадамдарға байланысты қажет болып отыр. Атап көрсететін болсақ, олар:1) мектеп оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына өтуі;2) көптеген мектептердің құқықтық дəрежесінің өзгеруі;3) тың оқу жоспарларының енгізілуі;4) мектептердің оқу пəндері мен олардың игерілу көлемін өз қалауымен таңдауы;5) баламалы оқулықтардың қосылуы;6) оқудың жаңа технологияларының жасалуы; көп деңгейлі жəне жіктемелі оқуға өту.
28.Тәрбие мен оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары және оларды топтау. Тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары.
Оқытудың жеке тұлғаға бағдарланған технологиялары. Кез-келген оқыту технологияларының негізінде белгілі бір оқыту теориясы жатады. Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың басты мақсаттарының бірі – оқушылар білімінің дербес модельдерін іске асырудың бір мезгілде жүргізілуі. Бұл үшін әрбір оқушыға барлық оқу пәндерін меңгерудің өзіндік білім алу өрісін жасау мүмкіндігі беріледі Жеке тұлғаға бағытталған білім беру технологиялары 3 топқа бөлінеді: * «Дәстүрлі мектеп технологиясы»- ББД (білім, білік, дағдыға) бағытталған технологиялар; * «Дамыту мектебі технологиясы» - құзыреттілікке бағытталған технологиялар; * «Әлеуметтік мектеп технологиясы»-әлеуметтік технологиялар.
(Т. Шамованың классификациясы бойынша)
Қазіргі таңда оқыту үрдісінде жеке тұлғаға бағдарланған төмендегідей білім беру технологиялары қолданылады. -В. Шаталовтың тірек белгілері негізіндегі оқыту технологиясы;-П. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы; -В. Фирсовтың саралай оқыту технологиясы;-Ш. Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы;-Л. Заньковтың және Д. Эльконин- В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;-В. Монаховтың оқыту үрдісін жобалау технологиясы;-М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы;-Ж. Қараевтың деңгейлік саралап оқыту технологиясы; -Г. Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы т.б. Тәрбие мен оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары Жалпы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған . Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:- ойын арқылы оқыту технологиясы;- проблемалық оқыту технологиясы; - тірек сигналдары арқылы оқыту;- деңгейлік саралап оқыту; - міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы; - бағдарламалап оқыту технологиясы; - оқытудың компьютерлік технологиясы; - дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы; - дамыта оқыту технологиясы; - модульдік оқыту.
29.Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметі. Ы. Алтынсариннің негізгі педагогикалық идеялары. Оқытудың дидактикалық негіздері. Ы. Алтынсарин мұғалім және оның дайындығы туралы қазақ халқының ұлы педагогының педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесі.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінде белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленеді.Балғожа би өзінің немересі Ыбырайды орысша оқытып, әкімдік қызметке даярлау мақсатында 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының жанынан қазақ балалары үшін ашылған орыс-қазақ мектебіне оқуға берді. Ыбырай 1857 жылы Орынбордағы жетіжылдық орыс-қазақ мектебін үздік бағамен бітіріп, әуелі атасы Балғожа биге хатшы, кейін Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1864 жылдан өмірінің ақырғы күніне дейін оқу-ағарту саласында аянбай еңбек етеді.Ауыл-ауылдарды аралап, халықтан қаржы жинап, Торғайда, Ырғызда, Тобылда, Қостанайда орыс-қазақ бастауыш мектептерін ашады. Қостанай, Торғай, Ақтөбе өңірінде қолөнер училищесін, қыздар пансионатын, Красноуфимскіде мұғалімдер мектебін ашып, бар күш-қайратын, ақыл-парасатын халық ағарту ісіне жұмсайды.Ы.Алтынсарин алдыңғы қатарлы орыс педагогтарының оқу құралдарын басшылыққа ала отырып, қазақ ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлеріне негізделген екі төл оқу құралын (“Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”) 1879 жылы жазып бастырып шығарды. Ол қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу ісіне ең басты мәселе деп қарады. “Халық үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын көбейту арқылы қазақ қоғамының мешеулігін жоюға болады, сондықтан жастарды оқытып-тәрбиелеу ісінен артық еш нәрсе жоқ”,— деп ой түйді. Хрестоматияға енгізген шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабар беру принципі көзделсе, екіншіден, оқушыларды адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттерді олардың бойына дарыту көзделді, үшіншіден, жастардың, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруге тырысты. Ыбырайдың қазақ халқының салт-дәстүрлерін зерттеудегі мақсаты — дәстүрдің озығы мен тозығын ғылыми түрде талдап, өзінің көзқарасын білдіре отырып, мән-мағынасын ашу, озық дәстүрді тәрбиенің құралы ету болатын. Қазақтың салт-дәстүрін жан-жақты зерттеп, жинақтаумен бірге, әр ауыл мен болыс сайын мектеп ашып, мектеп жанынан монша, кітапхана салып, қайтсем қазақ елін мәдениетті елдердің қатарына жеткіземін деп арпалысқан Ыбырай “қазақ халқы деген оқу-білімге сусап отырған халық, әттең, бұл іске оқыған адамдардың жаны ашымайтыны есіңе түскенде, кейде күйінесің” деп, ел билеуші орыс әкімдеріне қатты реніш білдіреді.
30.А. Байтұрсыновтың педагогикалық қызметі. А. Байтұрсыновтың қоғамдық, ұйымдастырушылық және ғылыми-педагогикалық қызметі. А. Байтұрсынов бастауыш мектептің типтері туралы. Ана тілінде оқыту туралы. А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұралары.
Ахмет Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. “Әліпби”, “Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен айналысты. Қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб алфавитін жетілдіру, терминдер туралы ғылыми өресі биік еңбектер жазды. Оның 1926 жылы Баку қаласында өткен түркологтардың Бүкілодақтық І съезіне қатысып, араб, түркі тілдері мен сол тілдерде қолданылатын әліпбилер туралы баяндама жасауы, бірнеше комиссияның жұмысын басқаруы, Қазақстан Оқу-ағарту халық комиссариатындағы, баспа ісін басқарудағы жұмыстары оның қоғамдық, мәдени-ағартушылық, ғалымдық қызметінің алуан арналы қомақтылығын танытады.А.Байтұрсынов өзінің ұстазы ұлы Абай салған жолмен орыс әдебиетінің мысалшыл классигі И.А.Крыловтың туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петерборда бастырып шығарып, оқулық ретінде ұсынды.А.Байтұрсыновтың ағартушылық ой-пікірлері 1911-1915 жылдары шыққан “Айқап” журналы мен 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан “Қазақ” газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастады. Ол өзінің 1913 ж. “Қазақ” газетінде жарияланған “Оқу жайы” атты мақаласында мәдениетті елдермен мәдениетсіз, оқу-білімсіз елдерді салыстыра келіп, “Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның бар байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. Мұның себебі бұл заманда не нәрсе болмасын машинаға айналды. Адам баласын көкке құстай ұшырған, суда балықтай жүздірген ғылым. Дүниенің бір шетінен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған да ғылым. Отарба, откемелерді жүргізген ғылым” деп өнер мен ғылымның жасампаздық күшін паш ете келеді де, қазақтың басқа жұртқа жем болуының, теңдіктен құр алақан қалуының басты себебін А.Байтұрсынов оқусыз надан қалуынан деп санайды.Балаларға білім берудің бірінші сатысы- бастауыш мектеп. А.Байтұрсынов осы білім көзінің алғашқы сатысына ерекше назар аударады. «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 9 мамырдағы санында «Бастауыш мектеп» атты мақаласы жарияланды. Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болу керек деген мәселе қойып,сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл мектептерінің жай-жағдайы мәз емес екендігіне тоқталады.Қазақ бастауыш мектептерінде оқу бағдарламалары мен оқулықтардың, оқу құралдары, тіпті оқу тәртібі дегендердің жоқтығын,мұғалімдердің жетіспейтіндігін айтады. Ол бастауыш мектеп 5 жылдық болу керек дей келіп, халық сауатын ана тілінде ашқаны абзал, атап айтқанда, бастауыш мектеп 5 жылдық болсын, алғашқы 3 жыл ана тілінде, кейінгі 2 жылда орысша оқысын деген ұсыныс білдірген
31.М.Жұмабаевтың педагогикалық қызметі. М. Жұмабаевтың тәрбие мақсаты және тәрбие процесінің құрылымы туралы. М. Жұмабаевтың көзқарастарындағы халықтық принциптер.
М.Жұмабаев 1893жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, «Молодежный» совхозында дүниеге келген.Орташа ауқатты отбасынан шыққан.Ауыл мұғалімдерінен хат танып, сауат ашады.Педагогикалық қызметі.1912 жылы Қазан қаласында «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді.1 922 жылы Ташкентке келеді де, орыс-қазақ тілдері мен әдебиеттерінен Қазақ-Қырғыз институтында сабақ береді.1927жылы Қазақстанға қайтып оралып мұғалімдік қызмет атқарады.1929жылы Қызылжар қаласында тұтқындалып, 10 жылға кесіледі.1936 жылы Қызылжарға келіп техникумда сабақ береді.1937 жылы желтоқсанның 30 күні Алматыда тұтқындалады.1938 жылы 19 наурызда халық жауы деген жала жабылып нақақтан атылады. Мағжан Жұмабаев (1893-1938) әрi лирик ақын, әрi аудармашы, әрi ұстаз-ғалым Мағжан Жұмабаев ондаған поэма, жүздеген лирикалық өлеңдерiмен бiрге, оқытушылық қызметтi атқара жүрiп, тұңғыш педагогикалық оқулықтар жазып қалдырды. Ол жазған “Бастауыш мектепте ана тiлi” (1925), “Сауатты бол” (1926), “Педагогика” (1922) атты оқулықтары педагогика және әдiстеме ғылымдарына қосқан тың үлес болып саналады.«Педагогика» оқулығын ұлттық психология және тәрбие кітабы десе де боларлықтай.Өзінің «Педагогикасында» тәрбиені төрт түрге бөледі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесі. «Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны.Балам адам болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын»-дейді әдіскер педагог.Мағжан айтқандай тәрбиедегі мақсат-баланы ұстаздың дәл өзіндей етіп, қорқытып, тәрбиелеуінде емес, қазіргі және болашақ өмірге сайма-сай тәрбиелеуінде».Халық педагогикасын, ұлттық тәрбиесі Мағжан жалпы педагогикасының ең түпкі тамыры, негізі етіп қояды. Осыған орай ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы-ұлт тәрбиесі»-деп тұжырымдама жасайды.М.Жұмабаев әр ұлттың өз мектебі, өз тілі, төл оқулығы, мәдениеті мен тәрбиесі болу керектігін сол кездің өзінде меңзеген.
32.Педагогика пәнінің құрылымы және оның негізгі категориялары (ұғымдары).
Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци. Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.
33.Р.Г. Лембергтің педагогикалық ойлары және қызметі. Р.Г.Лембергтің педагогикалық қызметі. «Дидактикалық очерктер» еңбегінің дидактикалық идеялары. Р.Г. Лембергтің жұмысындағы педагогика тарихы мәселелері.
Лемберг Раиса Григорьевна (1888-1975) - ғалым-педагог. профессор (1925), Қазақстан ғылымының еңбегі сіңірген қайраткері (1957). 1937 ж. бастап өмір бойы Қазақстанда қызмет етті. Лемберг Раиса Григорьевна - Қазақстандағы бірінші профессор-әйел.Оның негізгі еңбектері дидактика мәселелеріне, оқыту әдістеріне, ұй тапсырмаларын ұйымдастыру әдістемесіне, оқушылардың дербес жұмысының ерекшеліктеріне арналған. Оқыту және тәрбие процесінің бірлігіне зор мән берді, педагогиканың теориясы мен тарихы мәселелерін зерттеді.1924 жылы А.И.Герцен атындағы мемлекеттік педагогикалық институтында профессордың қызметін атқарады.1931 жылы педагогика кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалады.1938 жылдан бастап Р.Г.Лемберг өз өмірінің 40 жылын Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында педагогика кафедрасында өткізді.1940 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында педагогика кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды. Осы жұмысты ол 1963 жылға дейін атқарды. Оның қаламынан шыққан 100-ге тарта ғылыми еңбек жарық көрді. Бұл еңбектер педагогика ғылымы мен халық ағарту ісінің өзекті мәселеріне арналды.Р.Г.Лембергтің ғылыми еңбектерінің ішінде төмендегідей монографиялық еңбектері мен кітаптарын ерекше атауға болады. «Кеңес мектебіндегі сабақ», «Дидактикалық очерктер», «Сабақ жүргізу туралы мәселе», «Оқушы білімін есепке алу және оны бағалау», «Қазақстанда педагогика ғылымының дамуы»т.б.Р.Г.Лембергтің «Дидактикалық очерктері» (1964) атты еңбегінде сабақтың жаңа құрылымына жан-жақты психологиялық-педагогикалық талдау жасалады. Ғалым сабақта оқушылардың ойлау әрекетінің белсенділігін арттырудың тиімді жолдары мен әдістерін қарастырады.

Приложенные файлы

  • docx 15825945
    Размер файла: 149 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий