Тарих шпор эгзамен


18-19ғас бірінші жарт Қазқстан мәдениетіҚазақ халқының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.Рухани мәдениеті: Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: “Көшен-Қарауыл шежіресі” (ХVІІІ ғ.), “Жәңгір хан шежіресі” (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүздің шежіресі” және т.б. Қазақтардың XVІІІ-XІX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің күйі қоғамның экономикалық даму деңгейімен анықталды. Оның даму барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда-саттық, көрші халықтардың ықпалының маңыздылығы да аз болған жоқ.
18-19ғас орыс ғалымдарының қазақ даласын зерттеуіҚазақстан орыстың атақты ақыны Александр Сергеевич Пушкинге ерекше әсер етті. 1833 жылы ұлы ақын Пугачев көтерілісінің болған жерлеріне сапар шекті. Соның барысында Орал мен Орынборға да тоқталып өтті. A. С. Пушкинді қазақтардың ауыз әдебиеті қатты қызықтырды. Ол қазақ халқының тарихына, оның мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіне аса қызығушылық танытты. Сол жылы А.С. Пушкин Орал қаласында болғанда қазақтың «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» эпосының бір нұсқасын жазып алды. Ол өзінің «Капитан қызы» атты әйгілі повесінде Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісін суреттеумен қатар қазақ халқының өмірі мен тұрмысын да, олардың сол оқиғаларға қатысын да баяндайды. Ұлы ақынның бұл повесі орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауымының өкілдері арасында, әсіресе ориенталистер арасында қазақ халқына деген орасан зор қызығушылық тудырды.Қазақстан аумағында Ресейдің аса белгілі ғалымдарының бірі Владимир Иванович Далъ сегіз жылға таяу, 1833—1841 жылдары тұрып, еңбек етті. В.И. Даль қарапайым көшпелі халықтың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне көп көңіл бөлді. Ол өзінің хаттарының бірінде былай деп жазды: «Тағы дa көшпелілік салтында тұрып жатырмын. Бұл дегеніңіз рақат өмір! Тіпті одан кеткім де келмейді». Қазақтармен қызыға әңгімелескен В. Даль халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасын зерттеуге кірісті. Оның соншалықты зор құштарлықпен еткен еңбегінің арқасында қазақтардың XIX ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы құнды материалдар жазылды. В. Даль қазақтар өмірінен «Майра», «Түнгі күзетші» сияқты бірнеше әңгіме және «Бикен мен Маулана» атты повесть жазды. 1845 жылы «Бикен мен Маулана» повесі Парижде француз тілінде жарияланды. Еуропаның қарапайым оқырмандары қазақ деген халықтың бар екенін сол хикаят арқылы танып білді.
1822-1824ж.ж Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар. 1822 жылы орыстың белгілі мемлекет қайраткері Сперанскийдің басшылығымен “Сібір қырғыздары” туралы жарғы, 1824жылы “Орынбор қырғыздары” жөніндегі жарғы құжат негізінде патша үкіметі қазақ жерін басқару тәртібі жөніндегі заң шығарды. Осы заң бойынша Орта жүз бен Кіші Жүз хандықтары жойылды.Әр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды және оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, әр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды.әкімшілік бөлініс қазақтардың дәстүрлі жер қатынасын күйретті де – рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де әсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына, омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді және егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі болды.Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір әкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей және Өскемен уездері Том губерниясына берілді.1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш категорияға бөлінді:қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, билікке бағынбау);арыз-шағымдар («қазақтардың әдет-ғұрып заңдары» бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер);облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.).Сонымен қатар Жарғы салық жүйесін енгізді, ол бойынша әр қожалық өкіметке 100 бас малдан 1 бас мал салық төлеуге тиіс болды. Жарғыны қабылдаған қазақтар бірінші бес жылда салықтан босатылды.1824 ж. Жарғы бойынша құрамында төраға, төрт кеңесші және төрт ауқатты қазақтан тұратын шекаралық комиссия құрылды.1822 ж. Жарғыдан айырмашылығы Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап аға сұлтандарға дейін сайланбайтын болды, оларды шекаралық комиссияның ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы тағайындады.
1867-1868,1891ж Қазақстандағы патша үк әкім-терр реформасыОтарлау саясатының ежелден қалыптасқан ескі тәсілдерінің бірі – отарлаушы елдің ішкі қуат көзі – этникалық тұтастығынан айырып, қандас, бауырластар арасына іріткі салу мақсатымен патша өкіметі енді қазақ даласын билеудің аға сұлтандық жүйесін жойып, оның орнына сатылап бағындыру жүйесіне негізделген мемлекет аппарат құрды. Бұл мақсатты патша өкіметі 1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы жүзеге асырды. Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады. XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласы екі облысқа бөлу жоспарланды. Бұл ұсыныс қабылданбады. 1865 жылы Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды. 1865 жылы 5 маусымда II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б. Әкімшілік басқару жүйесін құру ісіне Ш.Уәлиханов өз пікірлерін ұсынды: халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру.Әлеуметтіқ – экономикалық жаңалықтар енгізу.Алайда Ш.Уәлиханов ұсыныстары қабылданбай, комиссия мүшелері ірі феодалдармен ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.1867 жылғы 11 шілдеде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. 1868 жылы 21 қазан – «Төрғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді. Реформа нәтижесі. 1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. 2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).4) Отарлық басқару күшейді.5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды. 6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды. 1867-1868 жылдардағы реформалар екі жыл мерзімге тәжірибе түрінде уақытша енгізілген болатын.Алайда, бұл «тәжірибе» жергілікті халыққа теріс әсер етуі ықтимал деген қауіппен 20 жылдан астам уақытқа созылды. Тек XIX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының бас кезінде ғана отарлық өкімет орындары өлкеде әкімшілік, сот реформаларын енгізуді аяқтауға кірісті. 1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Төрғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарканд және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана - 5, Самарканд - 4 уезден турды. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал– губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал– губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Төрғай және Жетісу облыстары кірді. Жетісу облысы 1897 жылы қайтадан Түркістан генерал – губернаторлығының қарауына берілді. Өлке шеңберінде генерал – губернаторға шексіз билік берілді. Басқару аппараты – кеңсе, әскери губернаторлар өздеріне бағынышты облыстық басқармаларымен қоса генерал – губернаторға бағынды, ал облыстық басқармаларға жалпы жиналыс және кеңсе кірді. 1891 жылғы «Ереже» бойынша Ірі облыстық орталықтарда (Верный, Орал, Петропавл, Семей) полиция басқармасы құрылды, ал уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылар мен ауыл старшындарын бекіту әскери- –губернатор құзырында болды. Сот құрылысы. XIX ғасырдың аяқ кезіндегі Қазақстанда 1886 және 1891 жылдардағы Түркістан және Дала өлкелерін басқару туралы «Ережелер» бойынша жүзеге асырылды. Түркістан және Далалық өлкелерінде жалпы империялық соттар жүйесі - әлемдік (мировой) судьялар, облыстық соттар және жоғарғы (сенат) сот инстанциясы қалыптасты. Соттардың төтенше съезі әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды және өлкелік құқығы берілген орыс чиновнигінің қатысумен өткізілді. Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын. Сонымен 1886-1891 жылдардағы сот ісіндегі өзгерістер «Ережелерде» әкімшілік, сот істерінің жүйесі бекітілді. 1891 жылғы «Ережеде» сот істері 17 баптан құрылды. Сот жүйелері Россиядағы үлгімен құрылды. Халық (билер) соты үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғайтың, жергілікті мұсылмандардың ісін қарайтын ең төменгі сот буыны болды. Патша өкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы оған ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әр турлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1844 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сомға жетті. Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.
1916ж. ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы. Қазақ даласынан ет, мыңдаған жылқы мен түйе майданға жіберілді. Соғысыт сылтау етіп, жұмыса «ерікті түрде» шаруаларды пайдаланды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске патшаның 19 жастан 43 жас аралығында еңбекке жарамды халықты майданның қара жұмысына алу туралы 25 маусымдағы жарлығы сылтау болды. Бұл қара жұмысқа Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам алу жоспарланды.1916 жылы шілде айының басында Қазақстанның барлық аймақтарында қарулы көтеріліс басталды. 1916 жылы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттыққа жету болды.Торғай облысы 1916 жылғы көтерілістің ірі орталықтарының бірі болды. Мұнда қазақтардың күресі ұзаққа созылды. Торғай даласындағы көтерілісшілердің саны 50 мыңға дейін жеткен. 1916 ж. қазан айында Амангелді бастаған көтерілісшілер Торғай қаласын қоршады. Көтерілісті талқандау үшін патша үкіметі генерал Лаврентьев басқарған тоғыз мың адамдық жазалаушы корпус жіберді. Патшаның жазалаушы әскерлері қазақ ауылдарын шауып өртеп, халықты қырғынға ұшыратты. Көтерілісшілер Торғайды ала алмағаннан кейін партизандық күреске көшіп, жазалаушы әскерлерге елеулі соққы беріп отырды. Торғай көтерілісі 1917 жылы Ақпан революциясына дейін созылды.Сонымен қатар көтерілістің ірі орталықтарының бірі Жетісу жері болды. Қазақстанның оңтүстігінде Қарқара аймағы халықтық революцияның ірі ошағы болды. 1916 жылы 11 тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер Қарқара жәрмеңкесін қоршап алды. Көтерілісшілер Кравченконың жазалау отрядын талқандап, жәрмеңкені басып алды. Лепсі уезінде, Меркеде, Әулиеатада, Мойынқұмда көтерілісшілер патшаның жазалаушы отрядтарына қарсы табанды шайқас жүргізді.Жетісудағы халық көтерілісін басып-жаншу үшін патша үкіметі құрамында 14 батальон, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы бір тұтас жазалау экспедициясын жіберді. Нашар қаруланған көтерілісшілер жеңілуге мәжбүр болды. Көтерілісшілердің көпшілігі Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Патшаның жазалаушы отрядтары қазақ ауылдарын шауып, өртеп халықты қырғынға ұшыратты.Көтерілістің жеңіліс табуының ең басты себептері оның бытыраңқылығы, жеткілікті түрде ұйымдаспағаны болды, әскери қарудың жеткіліксіздігі, руаралық тартыстар, жергілікті халықтар мен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар. Сонымен бірге ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады және қазақ феодалдарының сатқындығы. Біреулері әскери қызметке баруға шақырды, екіншілері патша үкіметімен келіссөз жүргізді. Трихи маңызы ретінде 1916жыл, көтеріліс қазақ халқының ұлттық сана – сезімінің өсуіне үлкен әсер еткенән айтуға болады. Сонымен қатар қазақ халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды.
1917 ж. Қазан төңкерісі. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.Уақытша үкіметтің  халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін”  деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды. 1917 ж. 24 қазанда Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда скери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.  Көтеріліс В.И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс *жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи,эволюцияның даму жолын күштеп қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді.Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды. Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917 жылы қазаннан 1918 жылы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады. Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917 жылы 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын. 1917 жылы желтоқсан – 1918 жылы наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның орта кезінде көшті.  Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылы наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті. Қазантөңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар: ескі мекмелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;
1917ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстан. Уақытша үкімет саясаты 1917 жылы ақпанда патша үкіметін құлатқан буржуазиялық-демократиялық төңкеріс жеңіске жетті. Төңкерістің басты ерекшелігі қос үкімет (буржуазиялық Уақытша үкімет пен Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестері) болды. Қазақстанда да бұл жүйе пайда болды. Наурыз айында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары - облыстық, уездік, кейіннен болыстық, ауылдық, селолық, станицалық атқару комитеттері құрылды. Ұлттық интеллигенция өкілдері Ә.Бөкейханов Торғай облысының, М.Тынышбаев Жетісу облысының комиссарлары болып тағайындалды.Қазақстандағы екінші үкімет халық үкіметінің органдары ретінде пайда болған кеңестер болды. Онда негізінен, социал-демократтар, меньшевиктер мен эсерлер еді. Осындай жағдайда өлкедегі аграрлық, ұлттық, мемлекеттік құрылыс және т.б. өзекті мәселелерді шешу үшін либералдық-демократиялық қозғалыс жетекшілері облыстық съездер (Орынборда, Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде) өткізе бастады. Уақытша үкімет Қазақстандағы жағдайды реттеуге арналған бірқатар шаралар енгізді. Алайда ең маңызды жер мәселесі шешілмей, болашақта шақырылатын Құрылтай Жиналысына қалдырылды. Өлкеде бұрынғы ұлыдержавалық саясат жалғаса берді. 1917 жылдың көктем, жаз айларында жұмысшы, революциялық-демократиялық жастар ұйымдары, саяси партиялар құрылды. С.Сейфуллин басқарған "Жас қазақ" Ақмолада, Т.Рысқұлов басқарған "Қазақ жастарының революциялық одағы" Меркеде, "Жас жүрек" Спасск заводында т.б. Уақытша үкімет – Ақпан революциясының нәтижесінде Ресейде құрылған билік органы. Төртінші Мемлекеттік Дума мүшелерінен тұратын уақытша комитет пен Петроград жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің келісімі бойынша 1917 жылы 2 наурызда құрылып, оны князь Г.Львов басқарды. Уақытша үкімет Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы шақырылып, мемлекеттік басқару пішімі шешімін тапқанға дейін билік жүргізуі тиіс болды. Уақытша үкімет Ресей азаматтарының құқығында діни-нанымына, ұлтына қарай ешқандай шектеушілік болмайтынын жария етті. 5 наурызда Уақытша үкімет жергілікті өкімет органдарын құру туралы қаулысын шығарды. 1917 жылы 20 наурызда Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің ұйғарымымен Торғай облысының комиссары болып тағайындалды. Оның ұсынысымен Қостанай уезінің комиссары болып А.Бірімжанов, Торғай уезінің комиссары болып О.Алмасов, Ырғыз уезінің комиссары болып Ғ.Теміров бекітілді. 7 сәуірде Уақытша үкімет Түркістан өлкесін басқаруды қамтамасыз ететін Түркістан комитеті құрамын бекітті. Мемлекеттік Дума мүшесі, кадет партиясының өкілі Н.Н. Щепкин төрағалық ететін Түркістан комитеті құрамында М.Тынышбаев, С.Мақсұдов, А.Дәулетшин секілді жергілікті ұлттық қайраткерлер болды. Ресей деңгейінде Бүкілресейлік мұсылмандар съезі өткізіліп, онда мұсылман халықтарының Уақытша үкімет жағдайында мүддесін қорғайтын Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі құрылды. 17 маусымда Уақытша үкімет дала облыстарына земство енгізу жайлы қаулысын шығарды. Соған орай Орал, Ақмола, Семей, Торғай облыстарында земстволық мекемелерді құру қолға алынып, оларға қазақ өкілдерін енгізу жүзеге асырыла бастады. 7 шілдеде А.Ф. Керенский Уақытша үкіметтің төрағасы болып тағайындалды. Тамыз айының соңында Уақытша үкіметтен билікті тартып алу мақсатында Л.Г. Корнилов бастаған бүлік болды. Бірақ Уақытша үкімет басшысы Керенский жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің көмегіне сүйеніп, бүлікті басуға қол жеткізді. 1917 жылы 25 қазанда Уақытша үкімет Қазан төңкерісі нәтижесінде құлады. Билікке В.И. Ленин бастаған большевиктер партиясы келді де көп ұзамай елде Азамат соғысы басталды.
1920-1930ж Қаз-ғы білім мәдениет және ғылымЖаңа мектептер ашу Кеңес өкіметінің алғашқы айларында-ақ қолға алынды. 1918 жылдың 21 қаңтарында РКФСР ХКК-нің «Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату» туралы Декреті шықты. Қазақстанда мектептерді басқару жергілікті кеңестердің қолына көшті. 1921 жылы 18 қаңтарда Орынборда халыққа білім беpy жөніндегі Бірінші алпықазақтық конференция болып, онда республикадағы халыққа білім беру ісін ұйымдастыру міндеттері айқындалды.Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар:мектеп үйлерінің жоқтығы;арнаулы білімді маман мұғалімдердің жетіспеуі;2-3 ауысыммен оқыту;ұлттық тілдегі оқулықтардың жетіспеуі, ескі, революцияға дейінгі оқулықтарды пайдалану;көшпелі қазақ ауылдарында мектептер ашу ерекше мәнге ие болды.20—30 жылдары Ж.Аймауытов, А.Байтүрсынов, М.Жүмабаев, Ш.Қүдайбердиев шығармалары кең көлемде пайдаланылды. Ақын М.Жүмабаевты замандастары өте жоғары бағалаған. Оның поэзиясы өзінің нәзіктігімен, жаңашылдығымен, адам жанының тазалығы мен сүлулығын терең меңгергендігімен ерекшеленді. М.Жүмабаев өзінің шығармаларында жалпы адамзаттық қүндылықтарды, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілікті жырлады.Кеңес үкіметі үлттық эдебиеттің орнына кеңестік эдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасады. Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды. С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Б.Майлин, И.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мүқанов, Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, Ғ.Орманов жэне т.б. кеңестік қазақ прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты.1925    жылы кэсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы қазақ драма театры ашылды. Оны Ә.Қашаубаев, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқүлов, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков сняқты, кейін қазақ театр өнерінің майталмандары болғандар үйымдастырды. Әнші Ә.Қашаубаев Париж, Франкфурт-на-Майне сияқты Еуропаның ірі қалаларының концерт залдарында өз өнерін көрсетті. Соғыс қарсаңында республнкада қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, республнкалық орыс драма театры, қазақ мемлекеттік опера жэне балет театры, үлт аспаптар оркестрі, снмфониялық оркестр, республикалық қуыршақ театры жүмыс істеді.
1920-1930ж Қаз-ғы қағамдық саяси өмір 1920—1930 жылдары партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық және мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ рухани саладағы мекемелер мен ұйымдар қызметі арқылы жаңа кеңестік сана қалыптастыру ісіне бағытталды. Мәдени саясат дегеніміз — түпкі мақсаты. Біртұтас социалистік мәдениет қалыптастыру үшін партия, бір жағынан — шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге, екінші жағынан — халықтың жалпы білімі мен мәдени деңгейін көтеруді ұсынды. Мұндай көзқарас әр түрлі ұлттық мәдениеттер қызметінің өрісін айтарлықтай тарылтты. Көп ұлтты мемлекеттің рухани саласын бірегейлендіру беталысы кейінірек ондағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді.мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді.1919—1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі;жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі;қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.
19-20ғ Қаз мәдениетіҚазақтың XX ғасырдағы мәдениеті. Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын XX ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақ мәдениеті XX ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс Азия орталығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт-азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді. Алайда Қазақстандағы толқулар тек орыс революционерлерінің ықпалымен болды деу жаңсақ пікір. Бірде-бір ресейлік саяси ұйым мен белгілі қайраткерлер империяны таратып, басқа ұлттарға азаттық әперу туралы мәселе көтермеді. Социал-демократтардың өздері Шығыс халықтарының оянуына панисламизм, пантюркизм айдарын тағып, күдіктене қарады. Мәселе, сонымен бірге Ресейдің халықтары әр түрлі өркениеттерге жататындығында. Батыс христиандарына жақын эстондар мен араб-парсы әлеміне түбірлес өзбек, қазақтардың арасында ортақ мәдени негіз тым аз еді. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. XX ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі — «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол түңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». (Оян, қазақ! 10-бет). Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов бодандықтан көреді. Екі ғасырдың арасында қазақ мәдениетінде пайда болған бір құбылыс кейін өріс алған маргиналдықтың көбеюі. Бұл жерде әңгіме ұлттық мәдениеттен алыстап, үстемдік етіп отырған жат өркениетке қызмет еткендер туралы болып тұр. Болыстар мен тілмаштар, әкімшіліктің маңайындағы неше түрлі пысықтар көптеген жағдайларда «мәңгүрттік» қасиеттерге ие болып, ұлттық мәдениеттен қол үзе бастады.
19-20ж Қазақстандағы аграрлық және қоныстандыру саясатыМәселені зерттеуде маңызды құжаттар санатынан XIX ғ. аяғы XX ғ.басында іске кіріскен қонысаудару басқармасының зерттеулерін атаймыз. Ф.Щербинаның жетекшілігімен Торғай облысының Ақтөбе және Қостанай уездері 1898-1899жж. зерттелді. Торғай облысының уездерін екінші рет зерттеу Қонысаудару басқармасының бастамасымен 1904-1910жж. жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері «Материалах по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные Статистический партией Тургайско-Уральского переселенческого района»деп аталатын еңбекте жарияланып, сондай-ақ Ырғыз, Темір, Ақтөбе уездері бойынша жекелеген томдар жарық көрді. Жерге орналастыру және Егіншілік Бас басқармасы 1914 жылы қонысаудару басқармасының қызметін көрсеткен және Далалық өлкеге қоныс аударған шаруалардың Европалық Ресейдегі шаруаларға қарағанда ауылшаруашылық машиналарымен жақсырақ қамтамасыз етілгені жөнінде салыстырмалы деректер келтірген «Азиатская Россия» еңбегі жарыққа шықты Сонымен бірге XXғ. басында патша үкіметінің отаршылдық саясаты, аграрлық және қоныстандыру мәселелері ұлттық интелегенция өкілдерін толғандырған өзекті мәселердің бірі болды. Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышпаев еңбектерінде бұл мәселеге ұлттық мүдде тұрғысынан қаралды [8]. Шаруа бастықтарының қазақтарды басқаруда кең құққа, зор өкілеттілікке ие болғандығы туралы Міржақып Дулатов өткен ғасырдың басында былай деп жазды. «Біздің қазақты көптен билеп келе жатқан үйез, крестьянский начальник, пристав секілді төрелер жұрт ісі түгел бұлардың қолында: тұр десе тұрады, жат десе жатады. Кристиянский начальник қазақтың қандай приговорларын бұзуға ерікті», - деп жазды [9,71-б.]. Т.Шонанұлы Ресейдің отарлау саясаты, шаруалардың қоныстануы, қонысаударудың қазақ қоғамына тигізген зардаптары нақты деректермен көрсетті[9]. Революцияға дейінгі орыс тарих ғылымында шаруа бастықтары институты емес, орыс шаруаларын басқарудың кейбір аспектілері, шаруалардың құқықтары және земстволық басқарушылардың қызметінің ерекшеліктері зерттелді
1979ж Ақмоладағы оқиға Тәуелсiз Қазақстан тарихында әлі де лайықты бағасын алмаған, жер тұтастығын сақтап қалуға өлшеусіз үлес қосқан оқиғалардың бірі – 1979 ж маусымындағы Целиноград оқиғасы. Патшалық Ресей тұсында Еділ бойында қалыптасқан неміс автономиясы Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында таратылған болатын. Сталиннің саясатымен немістер автономиясынан айырылып, басым бөлігі Қазақстанға жер ауды. Ал соғыстан кейінгі жылдары немістердің бұған дейінгі автономиясына қайта қоныстануына еш рұқсат болмады. Әйтсе де сыртқы һәм ішкі күштердің араласуынан бұрынғы автономияны қайтарып беруді талап еткен кеңестік немістер ол болмаған жағдайда әлемдік картадағы екі неміс мемлекетінің біріне үдере көшу мәселесін күн тәртібіне қоя бастады. КСРО аумағында да Тәуелсіздік үшін күресуге, ұлттық мүдде үшін текетіреске барып, жеңуге де болатынын 1979 жылы Целиноград жұртшылығы бірінші болып әйгіледі. Ендеше, 86-жылғы Желтоқсан оқиғасының тамырын да осымен байланыстыруға болатын секілді. Осы тұста Целиноград оқиғасының тарихи маңызы әлі де ашылағанын, Тәуелсіздік тағылымы бойынша оқиғаға толық баға берілмегенін еске салған орынды. Біздің де сұранатынымыз осы.
1986ж 16-17желт оқиғасыҚайта құру жылдарындағы Қазақстандағы елеулі оқиғаның бірі Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі болды. Халықтың, әсіресе жастардың көтерілуіне 1964 жылдан 1986 жылға дейін үздіксіз басқарған Дінмұхамед Қонаевтың зейнетті демалысқа шығып, оның орнына Қазақстанға белгісіз Ресейдің Ульяновск облысын басқарған Колбинді тағайындалуы түрткі болды. Сол кездегі әміршіл-әкімшіл жүйе қазақ халқының мүддесін ескермеді, онымен санаспады. 17 желтоқсан күні жастар алаңға қолдарына плакаттар алып, бейбіт демонстрацияға шықты. Ол плакаттарда «Лениндік ұлт саясаты жасасын!», «Әр халықтың өз ұлттық көсемі болуы керек», «Ешқашандай ұлтқа артықшылық берілмесін» деген сияқты ұрандар жазылған еді. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөгіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығарылды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.
20ғ 70-80ші ж Қазақстан. Тоқырау құбылыстарының өршуіЖалпы КСРО-да халық шаруашылығын бiртұтас кешенге айналдыру бағдарламасы жасалып, одақтас республикалардың экономикасын жалпы одақтық көлемде орталықтандырылған басқарумен ұштастыру, республикалар арасындағы еңбек бөлiнiсiн тереңдету көзделдi. Осыған орай республикада өнеркәсiптiк өндiрiстi аумақтық жағынан ұйымдастырып, аймақтардағы өндiргiш күштердi кешендi түрде дамытуға ден қойылды. Сан алуан табиғи байлықтарды қарқынды түрде халық шаруашылығы айналымына қосу, өндiрiс құрал-жабдықтары өндiрiсiн басымырақ дамыту, республиканың жергiлiктi жағдайлары мен ерекшелiктерiн ескере отырып жалпы одақтық және аймақтық мүдделерге сай келетiн өнiмдер өндiруге мамандандыру мiндетi алға қойылды. 1985 жылы республиканың қоғамдық, жалпы өнiмi 1960 жылмен салыстырғанда 3,9 есе артты. Материалдық өндiрiстiң басқа салаларының да даму деңгейi жоғары болды. Өнiм өндiрудiң жалпы көлемi өнеркәсiпте 5 есе, ауыл шаруашылығында 1,7 есе, материалдық-техникалық жабдықтауда — 2,9, құрылыста — 3,4, көлiк пен байланыста — 4,6, сауда мен қоғамдық тамақтандыруда — 4,5, өнiм дайындауда — 2,4 есе өстi. Аса бай табиғат қорлары негiзiнде өнеркәсiп халық шаруашылығы кешенiнде жетекшi орынға ие болды. Iрi кәсiпорындар, жаңа шахталар пайда болды. Ұлы тоқырау (ағыл. Great Depression) — 1929 жылы басталып 1939 жылға дейін созылған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс. Дағдарыстан шығу әлемде 1945 жылға дейін созылды. Сондықтан 1930-шы жылдыдарды жалпы Ұлы тоқырау жылдары деп аталады.Зардабы:1. Өндіріс XX ғасырдың басы деңгейіне дейін төмендеп кетті,яғни 30 жыл кейін шегінді;2. Нарықтық экономикамен дамыған индустриалды елдерде жұмыссыздар саны 30 млн. жеттi;3. Фермерлермен ұсақ саудагерлердің,орта таптың өкілдерінің жағдайы төмендеді. Олардың көбі кедейшіліктің шегіне жетті;4. Бала тууы кенеттен төмендеп кетті. АҚШ аумағында 25%-дан 90 %ға дейін балалар аштықтан азап шекті;5. Коммунистік, оңшыл экстремистік (фашистік) партиялардың жақтаушылары көбейіп кетті. Мысалы Германияда үкімет басына Национал-социалистік неміс жұмысшылар партиясы)келді.
20ғас 20-30ж индустриялды даму. Түркістан-Сібір министральнын құрылысы 1925 жылы партияның ХІҮ съезіне елді индустрияландыруға бағыт алуға шешім қабылданды. ндустрияландыру бағыты елімізде завод, фабрикалар салумен, өнеркәсіпті дамытумен байланысты.Қазақстандағы индустрияландыру жыл-дарындағы үлкен құрылыстардың бірі Түркістан-Сібір темір жолы болды. Құрылысы 1927 жылы басталған темір жол 1930 жылы аяқталды. Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасының орынбасары Рысқұлов, темір жол инженері Тынышпаев темір жолды салуда елеулі қосты. Индустрияландыру жылдары Риддер полиметалл, Қарсақбай мыс қорыту комбинаттары іске қосылды. Балхаш мыс қорыту заводы Шымкент қорғасын заводы жұмыс істей бастады. Жезқазған мыс қорыту, Текелі полиметалл комбинаттары, Өскемен мырыш заводы салына бастады. Қарағанды өңірі ірі көмір аймағына айналды. Ембі мұнай кәсіпшілігі қарқынмен жұмыс істей бастады. Сондай-ақ республикадағы химия өнеркәсібінің тұңғышы Ақтөбе химия комбинаты салынды.Индустрияландыру саясатындағы ерекшіліктер:-Өлкедегі шикізат көздері жоғары қарқынмен игерілді-Білікті жұмысшы мамандар,інженер-техник қызметкерлер сырттан, негізінен Ресей мен Украинадан әкелінді-Урбандалу саясаты күшті жүріп,қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар,қала халқы көбейді-Жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың үлесі артты. Сонымен қатар елімізді индустрияландыруда қателіктер де жіберілді. Қазақстан-дағы индустрияландыру тек шикізат өндіруге бағытталды. Қазақстанда салынған заводтардың барлығы шикізат шығарды. Шикізат Республика-дан тасып әкетіліп, дайын өнім Ресей заводта-рында шығарылды. Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері: Халық дәстүрі бұзылды. Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады. Лагерьлер жүйесі орнықты. Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды. Жергілікті мамандар дайындауға көңіл бөлінбеді.Республикадағы өнеркәсіптің бұлай қалыптасуына Смағұл Сәдуақасов сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Сәдуақасовтың айтуынша республикадағы шикізат басқа жаққа тасылмай, шикізат алынған жерде өңделіп, дайын өнім шығарылуы тиіс болды. Бірақ оны Голощекин сияқтылар ұлтшыл деп айыптап, республикадан кетуге мәжбүр етті.Индустрияландыру саясатын жүзеге асару нәтижесінде өлкенің экономикалық даму үрдісіне толық өзгерістер әкелінді.Бұрынғы кезде жетекші орында тұрған ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырады.Өйткені халық шаруашылығының жетекші саласы етіп өнеркәсіп өндірісі белгіленді. Халық шаруашылығының барлық саласы әкімшіл-әміршіл басқару жүйесіне бағынды.Өлкенің бұл кездегі өнеркәсіп өндірісінің дамуы шын мәніндегі индустриялық даму жолымен жүргізілмеді.Кеңес өкіметі республиканы тек шикізат көзі етіп пайдаланды.Осылайша өлкені экономикалық тұрғыдан отарлау саясатын одан әрі жалғастырды Туркістан - Сібір Темір Жолы торабының салынуына М.Тынышбаев өзінің біліктілігімен елеулі үлес қосты. Магистраль өтетін жол бойы 20 ғ-дың бас кезінде де зерттелген еді. 1927 – 1928 ж. ол қайтадан зерттелді. Соңғы зерттеу барысында магистральдың бағыты өзгеріп, рельстік жолды қысқартуға, соның нәтижесінде бірнеше ондаған миллион сом қаржыны үнемдеуге мүмкіндік туды. Луговая – Бішкек – Алматы арқылы өтетін Қордай бағыты орнына жол Шоқпар асуы арқылы тартылып, 23 км қысқарды. Солт-те Лепсіге соқпай, Балқаш бағыты қабылданды, бұл жолды 73 км қысқартты. Жол қатынасы халық комиссариаты құрылысқа инженерлер мен техниктер жіберді, тек 1930 ж. қазанда өзге өңірлерден 668 маман теміржолшылар (паравоз машинистері, оның көмекшілері, слесарьлар, т.б.) келді. Түркістан - Сібір Темір Жолы Қазақстанда кәсіби теміржолшылар мектебін қалыптастыруға елеулі ықпал етті. Мұнда құрылысшылардың саны 1928 ж. 21 мыңға, 1929 ж. 40 мыңға, ал 1930 ж. 50 мыңға жетті. Құрылыста істегендердің басым көпшілігі жергілікті тұрғындар болды. Құрылыс жұмыстары 1928 – 29 ж. өте қызу жүріп, 1930 ж. 28 сәуірде Айнабұлақ ст-нда Оңт. және Солт. жақтардың жолы қосылды. Осы кезеңге дейін Түрксібте 12 млн. м3 жер қазылып, 1644 км негізгі және ст-лық жол салынды. Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал, т.б. өзендер арқылы темір көпірлер салынды. 1928 ж. Ертістің тар сағасында 11 күн ішінде 300 м-лік уақытша көпір, кейін 600 м-лік тұрақты көпір салынды. Туркістан - Сібір Темір Жолы жоспарлы мерзімнен бір жыл бұрын, 3 жыл 9 айдың ішінде аяқталды да, 1931 ж. 1 қаңтардан бастап тұрақты пайдалануға берілді.
Абай ҚнанбаевАбай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құндыАбай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.Абай өзінің өлеңдерін бала кезінен жаза бастады. Бірақ ол ақын ретінде алғаш рет XIX ғасырдың 80-жылдарының орта кезінен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан «Жаз» («Жаздыкүн шілде болғанда...») деген өлеңін жариялаған болатын. Абай — «Ескендір», «Масғүд», «Әзім әңгімесі» поэмалары мен этикалық-философиялық еңбегі «Қара сөздерді» жаздыҚара сөздері 45, Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-əңгімелер, өлең–жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз жəне де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерін– сұлтандарын бағындыра алғанын жəне де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мəлімгер, күйші екенін айтқанымыз жөн. Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уəлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты -Əбілмансұр. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады. XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен жəне Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ əскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мəжбүр болды. Абылай қазақ əскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі əскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санасуға мəжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі – мықты орталықтанған билікке бағынуында жəне де халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сұлтан жəне де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылайдың тұтқындағы екі жылдай уақыт ішінде өзінің қадыр–қасиетін жоғалтпай жоғары ұстауы, сөз жүйесіндегі тапқырлығы мен батылдығы жауларын таңқалдырған. ХVІІІ ғ. 50-шы жылдары Жоңғар мемлекеті саяси дағдарысқа ұшырап, əлсіреп, ыдырай бастады. Бірақ, Абылай хан ол елді қырып шапқан жоқ. Себебі Қытай империясымен Қазақ елінің арасында буферлік рөл атқарған Жоңғар хандығының мүлдем жойылуы неге əкеліп соғатынын Абылай жақсы түсінген. Сондықтан да ол қалмақ халқының Қытай басқыншыларына қарсы ұлт–азаттық күресін қолдады. XVІІІ ғ. 70-шы жылдары Түркістан аймағында тұратын қазақтарды қырғыздар шауып, мал-жандарын айдап əкетіп отырды. Қазақтар Абылайдан өздерін қорлықтан құтқарып, қорғауды талап етеді. 1779 жылы Абылай əскерлері қырғыздарды талқандап, басшысы – Садырбаланы тұтқынға алады. Қырғыздар келісімге келіп, бітім жасауды өтінеді. Абылай хан мемлекеттің, қазақ халқының жағдайын шұғыл түзеді. Жау қуылды, халық өз жерінде емін – еркін тұрмыс құрды, бірлікке, ұйымшылдыққа негізделген хандық билігі құрылды. Солай бола тұрса да Абылай хан көзі тірісінде Қазақ елінің мемлекетінің тұрақты болуының тарихи жағдайын жасап үлгермеді. 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін еліміздің тұтастығы ыдырап, Қазақстан тəуелсіздігінен айырыла бастады. Абылай кезінде қазақ хандығының саяси жəне экономикалық жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке,
Ақ орда және Моғолстанға Темірдің жорықтары Әмір Темірдің Моғолстанға жорықтары – Әмір Темірдің 14-ғасырдың соңғы ширегінде Моғолстанға жасаған жаулаушылық жорықтары. Әмір Темір өзінің Шағатай ұрпағының бұрынғы иеліктерінде бір орталыққа бағынған қуатты мемлекет құрмақшы болған мақсаттарына кедергі жасай алатын Моғолстанды әлсіретуді міндет етіп қойды. Ол жиырма жыл бойы Шу мен Талас өңіріне және Жетісуға үздіксіз шапқыншылықтар ұйымдастырып, оны Дешті Қыпшаққа, Хорезмге, Таяу және Орта Шығыс елдеріне жасаған жорықтармен кезектестіріп отырды. 1371 – 72 ж. Әмір Темір Моғолстанға әскер аттандырды. Бұл жорық кезінде Әмір Темір әскері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін жетіп, көп тұтқын мен мол олжа түсіріп қайтты. 1375 ж. жасалған жорық кезінде Әмір Темір әскері Талас алабы арқылы жүріп, Ілеге дейін жетті. Шарын өз. шатқалында Әмір Темір әскерінің Жаhангер бастаған алдыңғы қосынының Қамар ад-Динмен шайқасы болды. Қамар ад-Дин әскері осы шайқаста жеңіліс тауып, қашып құтылуға мәжбүр болды. 1376 жылдың көктемінде Әмір Темір Моғолстанға Қамар ад-Динге қарсы 30 мың әскермен әмір Сасы-Бұғаны, Әділ-шахты және басқа әмірлерін аттандырды. Бірақ әмірлері Моғолстанға жорық жасамай, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, бүлік шығарады. Олар Моғолстанға Қамар ад-Динге барып, оны Әмір Темірдің Мауераннахрда жоқтығын пайдалануға, сөйтіп Әмір Темірге қарсы қимылдарында өздерін қолдау үшін әскер жіберуге шақырды. Алайда, Мауераннахрға қайтып келген Әмір Темір Қамар ад-Динді Нарын алқабында жеңіліске ұшыратты. Әмір Темір Қамар ад-Динді 1377 ж. екі рет: біріншісінде – Қаратау етегінде, екіншісінде Шу алқабынан Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында талқандады. Әмір Темірдің 1383 ж. жасаған жорығы кезінде де Моғолстан әскері ойсырай жеңілді. Қамар ад-Дин болса осы кезде Жетісудың солт-не кетіп үлгерген еді. Ол кейіннен Дешті Қыпшақтағы Тоқтамыс ханға барып, онымен Әмір Темірге қарсы бірлесе күресуге келіседі. 1389 ж. Әмір Темір Моғолстанға жаңа жорық ұйымдастырды. Оның бұл кезде Моғолстандағы басты қарсыластары Енге төре мен Қызыр-Қожа хан еді. Әмір Темір әскері Моғолстанға Қаратауды теріскей бетінен айналып, содан соң Шу өз-н бойлай жүріп өтті. Іле өз-нен өткеннен кейін Аягөзге жетіп, онда Әмір Темір өз әскерін екі бөлікке бөлді. Әмір Темірдің өзі Тарбағатайдың батыс жағына бет алды. Омар-Шайх әскердің екінші тобымен Көбік өз-не дейін жетіп, онда үлкен шайқаста Енге төренің әскерін талқандады. Қызыр-Қожа хан Шығыс Түркістанға барып паналап, көп ұзамай ол жерден де қашуға мәжбүр болды. 1390 ж. Әмір Темір Самарқанға оралуға бет алды. Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары сол тарихи кезеңде Оңт.-Шығыс Қазақстанның экон. және демогр. жағдайына теріс әсер етті. Әмір Темірдің қайтыс болуы Моғолстанды түпкілікті бағыну қатерінен сақтап қалды.
Ақ Орда мемлекеті ХІІІ-ХҮ ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда  мемлекеті өмір сүрді. Ол - монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ Орданың негізін қалаушы – Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226-1280 жж.Астанасы – Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы). Халқы – түрік тілді тайпалар.Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуераннахр билеушісі әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі.Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Алғашқы ханы –  Сасы Бұға (1309-1315), мұрагері – Ерзен хан (1315-1320). Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІҮ ғ. 2-ші ширегінде Ерзен мен Мүбәракқожа тұсында басталды. Мүбәракқожа хан (1320-1344 жж.) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуге тырысты.Орыс ханның кезінде (1361-1376 жж.) Ақ  Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ақ Орда Орыс хан тұсында едәуір нығаяды.1374-1375 жж. Сарай-Беркені, Қажы-Тарханды (Астрахань) алып, Кама бұлғарларын бағындырады. Ол өзінің қайтар жолында Алтын Орданы жаулау кезінде өзіне көмекке келмеген Жошы әулетінің бірі Маңғыстау аймағының билеушісі Түй-Қожаны өлтіреді. Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жібереді. Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері оның әскерлерін талқандады. Бұл соғыста Орыс ханның баласы Құтлық Бұқа қаза болды. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да Орыс ханның ұлы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді, тек төртінші жорығынан кейін ғана Тоқтамыс Ақ Орда тағына отырды. Ақ Орданың әскери күшіне ие болған Тоқтамыс 1380 жылы Алтын Орданы алды. Сөйтіп, ол бір мезгіл (1380-1395 жж.) Ақ Орда мен Алтын Ордаға хан болды. ХІҮ ғ. аяғы – ХҮ ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. Ақ Орданың әлсіреу себептері: Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары және ішкі тартыстар.Саяси жағынан іс жүзінде дербес, экономикалық жағынан тәуелсіз болған,  сыртқы саясатта өзіндік бағыт-бағдары, билеуші хандарының әулеттік жөн-жосығы бар Ақ Орда мемлекеттік бірлестігі ХІҮ-ХҮ ғғ. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Түркістан жеріндегі этникалық топтардың, тайпалар мен халықтардың бастарын қосып, біріктіруде маңызды рөл атқарды. Кейін Ақ Орда мемлекеті  Қазақ хандығының құрылуына негіз болды.
Алаш париясының құрылуы және оның бағдарламасы. «Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. 1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:1) Мемлекет билеу түрі;2) Қазақ облыстарында автономия;3) Жер мәселесі;4) Оқу мәселесі және т.б. 1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сәйкес Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Елдес Ғұмаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов дайындаған партия бағдарламасының жобасы он баптан тұрады. Олардың ең маңыздылары мыналар: І. Мемлекеттік қалпы.Алаш партиясы мемлкеттік құрылыс мәселесіне Россияның терезесі тең мемлекеттердің федеративтік одағы болуын, оған мүше болған әрбір мемлекеттер өзінің егемендік құқы бар (іргесі бөлек) болуымен бірге жалпы федеративтік одақ мүдделерін қорғауда «ынтымағы бір» болуын талап етті. ІІ. Жергілікті бостандық.Алаш партиясы бағдарламасының осы бабында екі түбірлі мақсат айқындалған: бірінші – Рессей Федеративтік мемлекетінің құрамдас бөлігі болуға тиіс қазақ автономиясы бүкіл қазақ халқы мекендеген жерге иелік етеді және тең құқықты федерация мүшесі ретінде оған нұқсан келген жағдайда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып бөлініп шығады. Екінші - өзінің нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы жалпы адамзаттық игіліктерді басшылыққа алып, әділдікке жақ, зорлыққа қарсы болады.ІІІ. Негізгі. Құқық. Рессей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік: хұқмет қызметкерлері, иесінен рұқсатсыз һәм кім табалдырығын аттаушылық, сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмаушылық, қылмысты болған адам судья бар жерде 24-сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып жабу. Кісі хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болу.IV. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен бөлек болады. Дін біткенге тең құқық.Кіру-шығу жағына бостандық. Муфтилік қазақта өз алдына болады. Неке,жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болу, жесір дауы сотта қаралады.V. Билік және сот. Әр жұртқа билік пен сот тұрмыс ыңғайына қарай болуы. Би және судья жергілікті жұрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі мен үкімі жергілікті жұрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың тергеуі – тексеруі мен үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылуы. Би мен судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік және сот жүзінде жұрт біткен тең болады; құдайдан соңғы күшті би мен судья болып, кімде болса, олардың үкіметіне мойын ұсынады. VI. Ел қорғау. Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмауы тиіс. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету керек. Әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндеттерін қазақ атты милиция түрінде атқару.VII. Салық мәселесі. Салық мал-ауқат, табысқа қарай, байға-байша, кедейге-кедейше әділ жолмен таратылуы керек.VIII.Жұмысшылар. Жұмысшылар закон панасында болуы керек. Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. Алаш партиясы жұмысшылар турасында социал демократтардың меньшевик табының бағдарламасын жақтайды. IX.Ғылым-білім үйрету. Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық және ақысыз болады. Жұртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқуы; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуы; оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;мұғалімдер, профессорлар өзара сайлаумен қойылуы, ел ішінде кітапханалар ашылуы керек.X. Жер мәселесі. Төтенше жиналыс негізгі заң жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілкті жұртқа берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі, бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесуі, сыбаға өлшеу – норма жерлердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалуы. Жер заңында жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалануы керек. Жердің кені, астығы, байлығы қазынаныкі болып, билігі земство қолында болу. Міне, осы Алаш партиясының тарихи бағдарламасының мәтіні осылай еді. Көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан терең осы бағдарлама жобасы 1917 жылғы қараша айының ортасында өткен Құрылтай съезінде өткен сайлауда Алаш партиясының үлкен табысқа жетуін қамтамасыз етті. 
Асфендияров Асфендиаров Санжар Сейітжапарұлы (20.10.1889, Ташкент –25.02.1938, Алматы) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, профессор, педагог. Әкесі Сейітжапар (Жағыпар, Сейітжағыпар) –сұлтан, Әбілқайыр ханның үлкен ұлы Айшуақ ханның ұрпағынан тараған патша әскерінің полковнигі шенінде отставкаға шыққан, жарты ғасырдан астам уақыт Түркістан өлкесінде қызмет еткен қазақ қайраткері, анасының есімі – Гүландам Қасымова (кейбір гипотезалар бойынша Кенесары Қасымовтың ұрпақтарынан тараған). Ташкенттегі реалдық училищені(1907), Петербургтағы әскери- дәрігерлік академияны 1912 жылы бітіріп шығады. Санжар онда әскери министрліктін теңіз ведомствосының стипендиясына оқып, 4 жыл қатардағы әскерде қызмет етуге міндеттелінді. Санжар өз әскери-медициналық қызметін Түркістан генерал-губернаторлығы мен Бұқара әмірлігінің шекарасындағы Термез мекенінде жергілікті лазаретте кіші дәрігер ретінде бастап, 10-шы Түркістан атқыштар полкына бекітілді. Асфендияровтың қызметі әрқашанда Қазақстандағы және Орта Азиядағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістермен байланысты болды. Басқарушы қызметкер бола жүріп, ол тұрмыс ерекшеліктерін, Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті мөселесі жөнінде жақсы білетін еді. 1990 жылы Алматы медецина институтына Аспандияров есімі берілді.
Батыйдың Батысқа жорығы. Алтын Орданың құрылуы, және құлдырауы кезеңінде (ХІІІ-ХҮ ғғ.).Алтын Орда (1236 – 1242 жж.). Жеті жылдық жорықтан орналған кейін Батый орталығы төменгі Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы Сарай – Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астанасы Сарай – Беркеге көшірілді..Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Алтын Орда өзін билеген хандары: Батый 1242 – 1256 (1259) жж., Берке 1257-1266 жж., Мөңке-Темір 1266-1280 жж., Туда Мөңке 1280-1287 жж., Төле Бұқа 1287-1291 жж., Тоқты 1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек 1342-1357 жж. тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Алтын Орда ХШ - XIV ғасырлар аралығында күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекет ретінде беделі өсіп, көрші елдермен қарым-қатынасы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды. Осы кезендерде Алтын Орданың қол астындағы жерлерде, әсіресе Батый сарайы, Берке сарайы, Керчь, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты кенттерде қолөнер, ғылым, әдебиет салалары өсті. Оған біріншіден түрік текті ру-тайпалар мен халықтардың медениеті, әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әл-Бируни, Ас-Сығанақи, ибн Исқақ, Фирдауси, Низами, Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани тәрізді ғалымдар мен ақындардың мұраларын пайдалану мен ілгері дамыту оң әсерін тигізсе, екіншіден көрші елдер мәдениетін үйренудің ізгі ықпалы болды.Бірақ Феодалдық қатынастар дамыған сайын Алтын Орданың ішкі –сыртқы қатынастары асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алады.1380 жылы Куликов даласындағы зор шайқаста Алтын Орданың Мамай бастаған қалың қолын орыс князьдерінің жеңуі Алтын Орданың құлауын тездетті.XIV ғ. аяқ шенінде, яғни 1391 – 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпестей етіп екі рет күйрете соққы берді. Осыдан соң ол бірте – бірте ыдырай бастады. XV ғасырдың басында Тоқтамыс хан мен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы одан әрі қажытты. XV ғ бірінші жартысында онан бұлғарлар, казан (1445 жылы) мен Қырым (1449 жылы) бөлініп шықты. XV ғ ортасына қарай Астрахань, Сібір хандықтары, Ноғай Ордасы құрылды. 1480 жылы орыс князьдіктері моңғолдардан толық тәуелсіздік алды. Қорытып айтқанда, езілген халықтардың моңғолдарға қарсы үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар мен феодалдық тартыстар, хан тағына таласқан күрестер, сыртқы соғыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті бірте–бірте ыдырап, ақырында құлады.Алтын Орда алғашқы кезде Монгол империясының бір бөлігі болды, сөйтіп, әуелгі кезде монғолдың үлы ханына қарайтын, бірақ Батый хан (1242—1256) өзін тәуелсіз билеуші ретінде үстады. 1260 ж. Монгол империясы тәуелсіз үлыстарға бөлінді. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256—1266) түсында дербес мемлекетке айналды. Ол елді басқарған кезде Алтын Орда Монгол империясынан біржолата бөлінді. Одан кейінгі Мөңке-Темір хан (1266—1280) түсында Алтын Орда түңгыш рет өз атынан теңге қүя бастады. XIII гасырдың 80- жылдары Алтын Ордада беклербек Ногайдың есімімен байланысты дагдарыс басталды. Ногай Шыңгысханның бір үрпагы ретінде Батый мен Берке кезінде мемлекеттегі екінші адам болды. Оның ниеті өзінің дербес мемлекетін құру еді. Ол өзіне Дунай, Днестр, Днепр бойындагы елдерді багындырып алды. Тоқты хан кезінде (1298— 1312) алауыздық өзара күреске үласып, 1300 жылы Ногай жеңіліс тапты, содан кейін гана Алтын Орданың бірлігі қайтадан қалпына келтірілді. Өзбек ханның (1312—1342) жэне оның баласы Жәнібектің (1342—1357) түсында Алтын Орда барынша күшейді. 1312 жылы Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Орыс княздықтары Алтын Ордага тәуелділіктерін мойындап, үлы ханның қолынан «князь» атагын алып, алым-салық төлеп түрды. Бірақ билеушілердің хан тагына таласып, өзара қырқысуының салдарынан Жәнібек хан қайтыс болганнан кейін Алтын Орданың қүлдырауы басталды. 1357—1380 жылдары ондаган хан ауысады. Сөйтіп, бүл жылдар Алтын Орда тарихында «¥лы дүрбелең кезеңі» деп аталады. 1380 жылы Алтын Орданың уақытша бнлеушісі Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаган орыс әскерінен жеңіледі. Жошының үрпагы Тоқтамыс хан Мамайдың әлсірегенін пайдаланып, Алтын Орда билігін тартып алады. Өз билігін әскери жеңістермен ныгайту үшін ол 1382 жылы Мәскеуге жорық жасап, оны талқандап, өртейді. Ол сонымен қатар Мэуераннахр мен Кавказдың ар жагына бірқатар жорықтар жасайды. Тоқтамыстың кезінде (1380—1395) Алтын Орда уақытша күшейеді. Бірақ XIV г. соңында Әмір Темір Алтын Ордага бірнеше рет жорық жасап (1389, 1391, 1395 жж.), оны ойрандап кетеді. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Осы соққыдан ол оңала алмайды. XV ғ. орта кезінде Алтын Орда қүлайды. Ол Сібір хандығы, Ноғай Ордасы, Қазан хандығы, Қырым мен Астрахан хандықтарына бөлініп кетеді.
Бөкей ордасыБөкей хандығының құрылуы - 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845 жылға дейін өмір сүрді. Бөкей хандығының қазақтары орыс шаруаларының және казактардың жан-жағынан қоршауы жағдайында өмір сүрді, олар Жайықтың сырт жағындағы тайпалас туыстарынан бөлініп қалды. Сондықтан да уақыт өте келе олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде бірқатар елеулі өзгерістер қалыптаса бастады. Ондай жаңалықтардың енгізілуіне көбінесе Жәңгір ханның өзі бастамашы болды.1-мұнда аймаққа басшылық етудің кейбір өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады2-Ішкі Ордада жер учаскесін жеке меншікке беру кеңінен орын алды.3-Бөкей хандығы қазақтарының арасында жерді жалға беру кеңінен орын алды. Жердің жетіспеушілігінен қазақтар жылжи-жылжи көршілес Астрахан губерниясының аумағына дейін шығып кетті, Каспийдің жағасына дейін барып жетті. Қазақтар Каспийдің жағасындағы бос жатқан жер телімдерін жалға ала бастады.4-жердің сатылуы мен сатып алынуы, жерді қауымдасып пайдалану жүйесінің бұзылуы қазақтардың жаппай отырықшы өмір салтына көшу үрдісін күшейтті.5-Бөкей хандығында, Кіші жүздің басқа бөлігіндегіге қарағанда оның бір айырмашылығы — оңда сауда-саттық қызу қарқынмен дамыды. 1832 жылы Жәңгір хан Бөкей хандығының өз жәрмеңкесін ұйымдастырды. Ол жылына үш рет ашылып тұрды, ханның қол астындағы халық өздерінің малын тиімді айырбастауды және сатуды үйренді
ҒТП және 20ғас шаруашылықҒылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып, машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ ол теологиялық-схоластикалық қасаңдыққа қамалып, өндірістік амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды. Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады. Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан зерттеуге жетеледі. Тісті дөңгелектер қозғалысының теориясы, ауа теориясы, су қысымы туралы, қарсыласу мен үйкелу туралы ілімдер пайда болды. Яғни, мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон, Э.Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты. Осының өзі ғылыми-техникалық прогресстің жаңа, екінші кезеңіне айналып, ғылым мен техника бір-бірін аса қарқынды дамуға ынталандырып отырғандығымен ерекшеленді. Ғыл.-зерт. қызметінің теориялық шешімдерді техникалық нұсқаға жеткізуге құзырлы арнаулы буындары: қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жасалымдар, өндірістік жетілдірулер үрдісі қалыптасты. Ғылыми-техникалық іс-әрекет адам еңбегінің ең ауқымды, ажырамас бөлігіне айналды.Ғылыми-техникалық прогресстің үшінші кезеңі қазіргі заманғы ғыл.-тех. революция жетістіктерімен байланысты. Оның ықпалымен техниканы дамытуға арналған ғыл. пәндердің аясы кеңи түсуде. Тех. міндеттерді шешу ісіне тек электроншы инженерлер мен компьютерші мамандар ғана емес, сондай-ақ биологтар, физиологтар, психологтар, лингвистер, логиктер де белсене қатысады. Ғылым техниканы үздіксіз революцияландырушы күшке айналды. Ал техника болса, ғылымның алдына тың талап, тосын міндет қою әрі оны күрделі эксперименталды жабдықтармен жарықтандыру арқылы алға тартып келеді. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогресстің ерекше қыры – тек өнеркәсіпті ғана емес, сондай-ақ қоғами тұрмыс-тіршіліктің, т.б. көптеген салаларын: ауыл шаруашылық, көлік қатынасын, байланыс аясын, медицина мен білім беру ісін, қызмет көрсету түрлерін қамтитындығы. Ғылыми-техникалық прогресс әлеуметтік прогрестің негізі болып табылады. 60-жылдардың ортасында кеңес экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше саланы - енеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы A.Н.Косыгин бастаған реформашыл күштер экономиканы басқарудағы әкімшілдікті сынай отырып, өнеркәсіпті басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды ұсынды. Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен ене бастап, қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылдады. Мұның соңынан осындай қаулылар мен заңдарды республикалық басқару органдары қабылдады. Осыған сәйкес өзгерістер Қазақ КСР Конституциясының мәтініне де енді. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың совнархоздары таратылды. Республикада бірқатар одақтық-республикалық салалық министрліктер (түсті металлургия, геология, мелиорация мен су шаруашылығы т. б.) құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-кағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді.
Ғұндар. Ғұндар (Б.з.б.- IVғ. б.з.IIIғ) I. Саяси тарихы. б.з.б. IV ғ - дан Моңғолия территориясын жауынгер ғұн тайпа-ы мекендеді. Ғұн-р тур. ең алғаш рет б.з.б. III ғ. аяғында Қытай жазб-да п.б. Б.з.б. 209ж. ( III ғ.- аяғы) Л.Гумилев-ң дерегі бой-ша қолбасшы Мөде ғұн тайпа-н біріктіріп, мем-кет құрған. Мем-кет басында шексіз дара билікке ие болған шаньюй тұрды. Көне түркі тілінде тәңірқұты деген ұғым. Ғұн мем-ң құрамына 24 ру кірген.3 қанатқа бөлінген. Маңызды мәселе-р жылына 3 рет жиналатын ақсақал-р кенесіңде талқылаған. Ғұндар қытай-мен 300 ж-дай соғысқан.Б.з.б. 55 ж. Ғұн-р солт. және Оңт. боп 2-ге бөлінді. Оңт. Ғұн-ды қытай-р, ал Солт ғұн-ды Чжи-Чжи бастап Жетісудағы Талас өзен-ң бойына келіп қоныстанды. Ғұн-р мен қаңлы-р әскери одақ құрып, үйсін-қытай одағына қарсы соғысты. Ғұн-р жеңілген соң, қаңлы-мен одағы үзілді. Ғұн-р Талас бойына 2 қала салып, бекінді. Бұл қала-ға қытай-р шабуыл жасап, толықтай қиратты. Чжи бастаған 2 мыңдай ғұн-ды өлтіріп, қалған-ын құлдыққа сатты. Осылайша, ғұн-р-ң 1-ші келуі (Қаз-ға) сәтсіз аяқталды.Ғұндар-ң 2-ші келуі- б.з.б. 93 ж. болды. Осы жолы ғұн-р тоқтамастан көшіп, Европаға жетті. Ғұн-ң осы көшін тарихта «Халықтар-ң ұлы қоныс аударуы» д.а. Ғұн-ң ұлы патшасы – Аттила (Еділ) Европаны дүр сілкіндіріп, Рим империясын құлатты. 451 ж. Каталау даласында үлкен шайқас болды. 453 ж . Аттила қайтыс болған соң, Европадағы ғұн мем-ті ыдырады. Аттила-ң жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті. Аттила-ң жорық-ы тур деректі рим тарихшысы Прискі-ң еңбек-нен оқимыз. Ғұн жорық-ң тарихи маңызы: 1) Құл иеленуші құрылысты құлатты. 2) Европаны римдік-ден азат етті. Аттила тур еңбек-р VI ғ-дан бастап әлі күнге дей. жазылуда. Ең көрнектісі – Джзуппе Верди «Аттила» операсы.Қытайдың <<Жылнама >> атты байырғы кітабында айтылған <<тұрағы жоқ,үйі жоқ ғұндар бәле болды ғой>> деуі ғұн-ң шабуылынан қорғану амалы еді,Н,А,Машкин ертедегі Римннің тарихы атты еңбекте 375-376 ж қазақстан даласынан келген ғүндар римдіктерге қатты қауіп төндірді. Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда мекеденген. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.
Дешті қыпшақ (ІХ-ХІ). Қыпшақтар ҮІІІ ғасырда Ертіс бойын, Шығыс Қазақстан далалары мен Алтай тауының баурайларын мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі. ХІ ғасырда Қимақтардың әлсіреуіне байланысты үстемдікке ие болды. ХІІ ғасырда Ертістен Еділге дейінгі ұлан байтақ территорияны иеленді.Қыпшақтардың этникалық құрамы 7-8ғғ құрыла бастаған. Қыпшақ бірлестігіне қимақ, оғыз, құман, ежелгі башқұрт,қаңлы,қарлұқ,жікіл тайпалары енген.Ең беделді тайпа бөрілер болды.Қыпшақ мемлекетінің саяси негіздері қыпшақ және куман тайпаларының едәуір топтарының шығыс Дешті Қыпшақта орталықтан аулақтау ниеттерімен жасаған қоныс аударуынан кейін Хі ғ. ортасында нығайды. Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Олар елбөрілі руынан шыққан. Әскери-әімшілік жағынан қыпшақ хандары ертедегі түріктердің дәстүрлерін ұстап, екі қанатқа бөлінді. Оң қанат, ордасы – Жайық өзені маңында Сарайшық қаласы. Бұл қанатты елбөрі руынан шыққа хан басқарған.  Сол қанат, ордасы – Сығанақ қаласы.Оның ханы қайыұран руының өкілі болған. Оң қанат саяси жағынан мықты деп есептелді. Үстемдік еткен ақсүйек топтарының қатаң иерархиялық жүйесі – хандар, тархандар, югурлар, басқақтар, бектер, байлар болды.ХІІ ғ. соңында қыпшақтар дағдарыс кезеңін бастан өткізеді. Қарақидандар мен Хорезмге қарсы күрескен Сығанақ иелегі, хорезмдіктерге тәуелділікке түседі. 1182 жылы Алып қара Ұран хан хорезмшахқа өз ұлы Қадыр Бугу бастаған елшілік жіберіп, Қара қидандарға қарсы одақ туралы бітімге отырады. Дәл осы жылы қара қидандарға шабуылдар жасалынып, Тараз және оның маңы қидандардан азат етіледі. Бірақ кейінірек одақтастар өзара жауласып, 1195 жылы хорезмшах Текеш Қадыр Буке ханға қарсы жорыққа шығады. Нәтижесінде қыпшақ ханы жеңіске жетеді. Бірақ Қадыр Буке хан мен немере інісі Алып Дерек арасында қайшылықтар пайда болып, ол қыпшақ хандығын әлсіретеді. ХІІ ғасырда Қыпшақ хандары мен Хорезм шахының арасында Сырдария бойындағы сауда-экономикалық маңызды аймақтар үшін соғыстар басталып алма кезек жеңістермен аяқталып жүрді. 1215 жылы Жент және Сығанақ аудандарында қатты жеңіліс тауып, солтүстікке ауа көшті. Кейін монғол шапқыншылығына төтеп бере алмай тарих сахнасынан кетті.
Дінаралық келісім Дінаралық келісім – ел бірлігінің негізгі бір тұғыры. Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтіп тұратындығынан хабардармыз. Тұңғыш рет Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезі 2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шақырылған болатын. Аталмыш съездің мақсаты – діндер мен мәдениеттер арасындағы жаһандық диалогты баянды ету, діни қауымдар арасындағы өзара түсіністік пен құрметті тереңдетіп, нығайту, араздық пен экстремизм идеологиясына қарсы тұра алатын толеранттылық пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру және діндер, мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты өрістетуді көздеген барлық халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен ықпалдасу болып табылады. Съез бүгінгі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлердің жаһандануы заманында діндер мен өркениеттер арасындағы ғаламдық диалогты ілгерілету саласындағы ізашарлардың бірі болып, өзара түсінік пен құрмет мәдениетінің орнығуына сүбелі үлес қосып отыр. Съездің әр отырысы ислам, христиандық, иудаизм, индуизм, буддизм және басқа діндердің жетекшілері мен көрнекті өкілдері қатысуымен өтеді. Бұл еліміздегі барлық мұсылман, христиан, т.б. діни бірлестіктердің өзара келісіммен, бірлікпен жұмыс жасап жатқандығының айғағы. Оңтүстік Қазақстан облысында барлық дін өкілдерінің бірлестіктерін кездестіруге болады. Бір кездері бізде де діни бірлестіктер жаңбырдан кейін шыққан саңырауқұлақша қаптап кетіп еді
Әбілхайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті). 15 ғ 20- жылдарында Ақ орданың ыдырауына байланысты Жошы әлеттерінің арасында феодалдық қырқыс басталды. Қазақстанның орталық, батыс, солт.батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болды. Осы иеліктердің бірі Әбілқайыр хандығы. Билеушісі Әбілқайыр Жошы ханның 5- ші ұлы Шайбанидің ұрпағы. Әбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен. Әбілқайыр 17 жасында яғни 1428 ж 200 ден астам ақсүйектердің қолдауымен хан болады.Тарихи жазба деректерде жаңа құрылған хандықтың атауы «Өзбек ұлысы», «Шайбани ұлысы», «Әбілқайыр хандығы » деп аталады. Әбілқайыр өзі 40 жыл билік еткен соң хандықты Әбілқайыр хандығы деп аталады. Хандық 92 баулы ру- тайпадан тұрған. Әбілқайр хан жас болсада жалғыз қзі елді дамытуға коп күш салады. Алдымен өзінің қарсыласы Махмұд- Қожа ханды жеңеді. 15 ғасырдың 40- жылдары Балқаш өңірінің терістік батысын өз иелігіне қосады. 1431 жылы Тоқа- Темір ұрпақтарына қарсы соғыста Әбілқайыр жеңіске жетеді. Одан кейін Батый ханның астанасы болған Орда – Базарды жаулап алып өзінің астанасы етеді. Әбілқайыр хан 1446 жылы Атбасар маңында Мұстафа ханды тас талқан етіп жеңеді. Бұл жеңістің нәтижесінде ол Қаратау аймағындағы Сығанақ, Созақ, Аққорғна, Аркөк, Үзкент сияқты маңызды қалаларды басып алады. Осыдан бастап хандықтың астанасын Сығанақ қаласы етіп бекітеді. Қаланың орналасқан жері Орта Азия мен Дешті Қыпшақ арасындағы тоғыз жолдың торабы еді.Әбілқайыр ханның ендігі алға қойған мақсаты ОРта Азияның атақты қалаларын басып алу болса, одан соң Жетісудағы Моғолстанға шабуыл жасау еді. Ханның бұл ойы 1446 жылы Самарқанды алумен іске аса бастайды.Алайды бұл ұзаққа созылмайды , Хандықтың ішінде алауыздықтар кобейіп кетеді. Халқының арасында әлеуметтік- экономикалық теңсіздік шиеленісе түседі. Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек ашық қарсылық корсетпесе де іштей Әбілқайырды қолдаған жоқ.Әбілқайыр 1456-145- ж.ж. Сығанақ түбінде Үз- Темір тайшы бастаған ойраттардан жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болған. Әбілқайыр жеңілістің себебін ішкі алауыздықтар мен қайшылықтарлың шиеленісуінен көріп, мемлекетті күшті қылуды қарастырады. Өзі күмәнданған ақсүйектерді жазалайды. Бұл одон сайын наразылықты туғызып Керей мен Жәнібек Жетісуға кошіп кетеді. Әбілқайыр оларды жазаламақ болып 1468 жылы Моғолстанға жорыққа аттанады. Жорық кезінде Әбілқайыр Алматы маңындағы Аққыстауда қайтыс болады. Хандық мүлде әлсіреп ыдырай бастайды. Халқының бір бөлігі Орта Азияға кетсе, бір бөлігі Қазақ хандығына қосыоады. Нәтижесінде Көшпелі Өзбек мемлекеті тарих сахынасынан жоғалады.
Әбу Насыр әл-Фараби Ұлы түрік ғалымы Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қашқари және олардың түрік мәдениетіне қосан үлесі. Отырар(Фараб)ойшылдарының ең атақтысы,топ жарғаны-«Шығыстың Аристотелі»атанған ұлы ғұлама Әбунасыр әл-Фараби(870-950жж.). Араб,парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда,әл-Фараби 870жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар)қаласында,отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.Әл-Фараби алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған.Әл-Фараби логика,әуез,астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. сонымен қатар педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терең зерттеп,мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан.Әбунасыр метофизика,тіл білімі, логика, география, этика,т.б.ғылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазып қалдырыпты. Махмұд Қашқари-түркі халқының XIғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі.Ол Жүсіптің замандасы. Махмұд Талас-Шу алқабындағы Барысхан қаласында туған. Бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз,ғалымдар оның атақты шығармасы «Диуани лұғат ат-түрік»(«Түркі сөздерінің жинағы»)1072немесе 1078жылдары жазылған деп шамалап жүр. Бұл «жинақ» «орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы» деп атауға тұратын шығарма,сол кездегі тайпалар туралы нақты материалдардан құрастырылған үш томдық әйгілі еңбек Жүсіп Баласағұни(1015-1075жж.).-XIғасырдағы аса көрнекті ғалымдардың бірі.Толық аты-Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни.Ғалым өзінің атақты дастаны «Құтадғұ білік»еңбегімен белгілі.Ғалым еңбегінде түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық-саяси өмірі,әдет-ғұрпы,наным-сенімдері туралы мағлұматтар береді. Жүсіптің басты көңіл бөлген мәселесі-мемлекеттің саяси- қоғамдық және мәдени мәселелері болған.Ол өзінің еңбегінде: «Арабша,тәжікше кітаптар көп,ал бұл-біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы»,-деп,түркі тіліндегі кітаптардың жоқтығын айтады.Бұл кітап ел арасында тез тарап,авторы тірі кезінде-ақ абыройлы атаққа ие болған . Тәжік дәрігері әрі философы Әбу Әли ибн Синаның «Анатомия мен физиологияға кіріспе», «Дәрігерлік ғылымның ережелері» («Канон врачебной науки») еңбектері өте құнды. Бүл еңбектерінде анатомия мен физиологияны жүйелеп, қосымша мәліметтермен толықтырған. Кітап латын тіліне аударылып, 30-дан астам рет кайта басылып шыққан.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс. Хиуа және Қоқан хандықтарының үстемдігіне қарсы Сырдария көтеріліске шыға бастады.Мұндағы қазақтардың көтерілісін Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарды.Көтерілістің негізгі себебі Хиуа ханы Мұхаммед Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында қамалдар тұрғызуы. Барысы:1856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л. Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал- губернаторы В. А. Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті.1857 ж. қаңтарында көтерілісшілер мен Фитингофтың отряды арасында шешуші шайқас болып өтті. Жанқожада 5000-ға дейін қарулы салт аттылар болғанына қарамастан, шайқас барысында көтерілісшілер жеңіліске ұшырады. Шайқастан кейін Фитингоф көтерілісшілерді ізінде түсіп қуа бастады, оларды Сырдарияның оң жағалауына, демек Хиуа хандығының шебіне өтуге мәжбүр етті. Жанқожамен бірге 20 шақты ауыл көшіп кетті. Хиуа хандығының жерінде Жанқожа Хиуа ханы немесе Бұхара, немесе Қоқан басқарушылары тарапынан өзіне одақтастар табуға әрекеттенді, бірақ оған мұның сәті түсе қоймады. Қазақтардың Жанқожа Нұрмұхамедов қолбасшылық еткен көтерілісі осылай аяқталды.Көтерілісшілердің жеңіліске ұшырауына олардың нашар қарулануы мен мешеу тактикасы, бір жердің шеңберінен аспауы, ескі ортағасырлық тәртіптерге сүйенуі себепші болды.Жазалаушылық шаралар ауылдарда тонаумен сабақтасты. Мысалы, тек мүйізді ірі қарадан 21400 мал тартып алынды және тұтас алғанда жазалаушылардың қолдарына түсірген малдарының жалпы саны бұрынғы қай кездегіден де үш есе көп болды.Тарихи маңызы Оңт.Қазақстанды қоқан тепкісінен босатып, Ресей құрамына кіруіне алғышарт жасады.
Жоламан Тлендиев бастаған көтеріліс Бұл ұлт азаттық күресті ұлтымызға есімі кеңінен белгіліЖоламан Тіленшіұлы батыр бастаған. Жоламан қолбасшының әкесі − ТіленшіБөкенбайұлы, атасы – Бөкенбай қазақ халқына батырлығы мен мәрттігімен есімдерітаныс тұлғалар. Міне, осы жолды қуған ұрпағы да кең даладағы қазақ халқының бірбөлігін бастап отаршыл елге қарсы үлкен күрестердің бірін басқарды. Бүгінгітаңда тәуелсіз ел атанып отырғанымыз осы ұлы бабаларымыздың арқасы десек артықайтпағанымыз. 1822-1824 жылдары Ресейдің бекіністеріне жүзден асашабуыл жасалып қазақтар өз тәуелсіздіктерін сақтап қалуға тырысты. Осындайқарқынмен ұлтымыз елімізді отарлау саясатын біраз уақытқа тежеу мүмкіндігіналды. Сол кезде Ресей үкіметі ежелден қазақ даласында қалыптасып қалған хандықбиліктің көзін жоймақ болған еді. Сонымен қатар, өз әкімшілік реформаларыненгізіп толықтай билікті қолдарына алмақ болды. Ал, Жоламан батыр бастағанкөтерілістің арқасында орыс халқының ойға алған мақсаттарының орындалуларыбіраз қиындыққа ұшырап. біршама уақыт кейінге қалдырылған болатын. СондықтанБатыс Қазақстанда орын алған көтеріліс ұлтымыздың тәуелсіз ел болу жолында өзсептігі мен әсерін молынан тигізді. Қазіргі таңда азат ұрпақ ата-бабаларымыздыңсол заманда жасаған ерліктерін еш уақытта ұмытпақ емес. Бұл көтеріліс кейінқазақ тарихында үлкен қозғалыстардың бірі болып саналатын Кенесары Қасымұлыбастаған топқа қосылуымен де ерекше. Осы арқылы Ресей үкіметінің толығымен Азияелдерін басып алуға жол бермеуімен ел тарихында жоғары бағаға ие болды. Жалпы,Жоламан Тіленшіұлы қолбасшылық еткен көтеріліс еліміздің біртұтас ел болыпқалыптасуы мен азат ел атануда үлкен роль атқарғаны анық.
Жоңғар агрессиясының басталуы. «Ақтабан шұбырынды». Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі барысындағы өте елеулі оқиға — Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылғы көктемде Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде болды. Шайқасқа Кіші жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылық етті. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты.Аңырақай шайқасы дәстүрлі жекпе-жек ұрысқа шығудан басталды. Оған жоңғар жағынан әскербасы Шарыш, қазақ жағынан жас батыр Сабалақ (болашақ Абылай хан атанған Әбілмансұрдың жасырын аты) шықты. Сабалақ қарсыласына «Абылай! Абылай!» деген жауынгерлік ұранмен атой сала ұмтылды. Жекпе-жекте қазақ батыры жеңіп шықты. Мұның өзі қазақ жауынгерлерін арқаландырып, олардың жігеріне жігер қосты. Жау жағының берекесі қашып, қатты абыржыды.Жоңғарлардың рухы төмен түсіп кетті. Осы жекпе-жек шайқастан кейін Сабалақ Абылай атанып кетті. Аңырақай шайкасында қазақтар жоңғарларға естерінен тандыра күшті соққы берді. Шайқас даласында жоңғарлардың есеңгіреген, жеңіліске ұшырап, аңырап қалған жері Аңырақай деп аталып кеткен кәрінеді.Үш жүздің хандары мен сұлтандары бұрынғы алтыбақан алауыздықты қойып, күш біріктірудің арқасында қаһарлы жауға жұмыла күресіп, тамаша жеңіске жетті. Бұл жеңіс үш жүздің күш-жігер біріктіруінің әбден қисынды әрі заңды нәтижесі болды. Жүз жылдан астам уақытқа созылған қазақ-жоңғар соғысында түбірлі өзгеріс жасалды, енді біржола түбегейлі жеңіске жететін күн де жақын қалды. Жоңғарлар қазақтардан тартып алған жерлерін алды-артына қарай алмай, тастай қашты. Олар бұдан былай қазақ жеріне шапқыншылық жасамауға ант ішті.Қазақ жасақтарының кезекті тамаша жеңіске жеткеніне қарамай, жау жағы әлі де күшті, әлі де қауіпті еді. Сондықтан да бүкіл қазақ халқының ұзақ уақыт бойы жоңғарларға қарсы жанқиярлықпен күрес жүргізе беруіне тура келді.
Жоңғарларға қарсы күресте қазақ батырлары.
Жылымық жылдарындағы ҚазақстанКСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.
Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс (1836-1838 жж.) ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары аралығындағы отарлау саясаты қазақ еңбекшілері үшін өте ауыр жағдайға әкеліп, екі бірдей қанауға түсірді. 1837 жылдағы Кіші жүз қазақтарына түтін салығын енгізу, ол сұлтандар мен билер әртүрлі сылтаулармен қазақ кедейлерінен салық алып тонап отырды. Сол сияқты ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарының екінші жартысында Бөкей ордасының ханы Жәңгір старшиналардың әлеуметтік билігін тежеп, жерлерін тартып алып, өзінің тума-туыстарына үлестіріп беріп, Ордадағы қазақ кедейлеріне ханның салығы көбейді, салықты төлеу, қарапайым күн көріс ауырлады. Осының барлығы қазақ халқының ашу-ызасын келтіріп, отарлық саясатқа және қанауға қарсы шығып, ұлт-азаттық қозғалыстың кең етек ала бастауына әкелді.ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары арасында Кіші және Орта жүз даласында Ресей империясының отарлық саясатына қарсы өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ халқының ұлдары Исатай мен Махамбет болды. 1835 жылы Жәңгір хан Адай руына Қарауыл Қожаны тағайындап, бұл өңірде тұрған старшиналар мен ауылды бағындырды. Соның ішінде 1812 жылдан Беріш руының старшыны болып келген Исатай ауылы да кіреді. 1837 жылы қыркүйектің 16 күні Исатай мен Махамбет Қарауыл Қожа ауылына шабуыл жасап, кедейлердің өшін алып, қозғалыс бүкіл Бөкей ордасына кең жайыла түсті. Бұны естіген Орынбор генерал-губернаторы Перовский, Ордаға Покатилов бастаған Жайық казактарының құрамын жібереді. Олардың мақсаты Исатайды тұтқындап Орынборға алып кету еді. Бірақ Исатайды қолға түсіре алмайды. Қазан айының бас кезінде Исатай хан ордасына келіп 12 шақырым жерге келіп орналасады. Екі жеті хан ордасына шабуыл жасамай, ханмен хат алысып, өзінің талаптарының орындалуын күтіп жатады. «Хан ордасына келген кезде Жәңгір хан уақытты ұту үшін Исатаймен келіссөз жүргізе отырып, Орынбордан көмек сұрайды. Қазан айының 17 күні Перовский Орынбордан подполковник Генсті Бөкей ордасына аттандырды. Подполковник Геке Орынбордан шығып Орал қаласына келеді. Полковник Меркульевке әскери казактарды алып Исатайдың ауылына шабуыл жасау керек екенін білдіреді, бұл кезде Исатай ауылы Теректі-Құмда болатын. Бұл кезде Исатай ешқандай шара қолданбай хан ордасын қоршап жатқан болатын. Жалпы Исатай мен Махамбет соғыссыз ханды көндіруді ойлаған. Полковник Меркульевтің әскери құрамдары қараша айының 7-күні Исатайдың ауылына келіп, ауылын ойрандап, Исатайдың семьясын тұтқындайды. Бұл хабар Исатайға жеткеннен кейін бір түнде хан ордасынан шығып ауылына көмекке кетеді.Қарашаның 8- күні Исатай әскері Меркульев жасақшыларын қоршап, ауылдарының адамдардын босатуын талап етеді, егер босатпаса, онда соғысатынын айтады. Қоршауда отырған Меркульев күштің тең емес екенін біліп, Исатайдың талаптарын орындап, өзі хан ордасындағы Генске қосылуға кетеді. Сөйтіп орыстардың әскери құрамдары соғыссыз беріліп, Исатай әскері жеңіске жетеді. Халық қозғалысының мәні өзгереді. Исатай мен Махамбет бастаған халық қозғалысы тек қана ханға қарсы емес, ханды қолдап отырған Орынбор әкімшілігіне қарсы күреске шығады. 1837 жылы қараша айының 15 күні Тас-Төбеде болған соғыста күштің тең болмауы себепті Бөкей ордасындағы Исатай мен Махамбет бастаған халық қозғалысы жеңіліс табады. Тас-Төбе шайқасынан кейін Бөкей хандығындағы қозғалыс жеңіліс тауып, оның басшылары Исатай мен Махамбет жасырынып жүріп, Жайық арқылы Кіші жүз жеріне өтіп кетуге күш салады. Жайық казактары бірнеше рет қолға түсіруге әрекет жасайды. Исатай мен Махамбет бастаған халық қозғалысы Кіші жүзге өткеннен кейін де тоқтамайды. Кіші жүзде Хиуа ханының қолдауымен орыстарға қарсы күреске шығады. Исатай Кіші жүзде 2000 қол жиып, Кіші жүздегі Орыс патшасының қолшоқпары болып жүрген Баймұхаммед Айшуақовқа қарсы күреседі.Осы кезде Кіші жүзде Жоламан Тіленшіұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс кең етек алып, Торғай және Елек өзені бойындағы Кенесары қозғалысына қосылуға бағыт алған болатын. Сондықтан Орынбор генерал-губернаторы Перовский соғыс министрлігімен келіспей, маусымның 28 күні подполковник Генсті шақырып, әскери құрам құрып, далаға баруға бұйрық береді. Осы шайқаста Исатай ерлікпен қаза табады.Қазақ халқының ер жүрек батыры Исатай Тайманұлы өлгеннен кейін халық қозғалысы жеңілді. Исатайдың досы Махамбет Өтемісұлы аман қалған достарымен Хиуа хандығына өтеді. Одан кейін Орынбор әкімшілігі қолға түсіріп Орынборда соттап, Атырау өңіріне жібереді. Орынбор әкімшілігі сотының үкіміне риза болмаған Баймұхаммед жігіттері 1846 жылы қыркүйек айында Махамбетті үйінде отырған жерінде қонақ болып келіп өлтіріп кетеді.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс (1837-1847 жж.) Көтерілітің басты мақсаты: қазақ елінің патшалы рессейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау,қазақ жерлерін бекіністермен окруктік билеу арқылы отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.Көтеріліс бүкіл үш жүзді түгел қамтып,ұлт азаттық сипат алды. 1837ж қар. Кенесары Петропавл қаласына шыққан Ақтау бекінісі қазақтарының тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметне ашық қарсылық білдірді. 1838ж 26мамыр Кенесары сарбаздаы Ақмола бекінісіне шабуыл жасап өртеп жіберді. 1838ж жазы мен күзінде орта жүз қазақтары Кенесары тобына жинақталды. 1838ж күзінен қозғалыс кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленіш ұлы қосылды. 1841ж Кенесары тобы Ташкетке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды. Патша үкіметі көтеріліске қарсы шаралар ұйымдастыра бастады.1841ж Орынбор генерал –губернаторлы Обручев әскері жіберілді. 1842ж 27 мау. –І Николай старшина Лебедептің 300казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді. 1843ж тамыз сұлтан Жантөреұлы, Айшуақ полковник Генс Бизанов бастаған 5мыңдық топ ұйымдастырылды. Омбы және Қарқара маңында жазалаушылардың қосымша тобы жасақталды. Кенесарының басын кескенге 3мың сом белгіленді. 1843ж 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасып , қазақ сарбаздары шегінді.1844ж көтер. Сұлтан Жантөреұлы тобын қоршап , 44сұлтанды мерт қылды. Дуниковскийдың тобы Жантөреұлына көмекке баруға батылы жетпеді,сұлтанның аман қалған тобы Тобыл өзеніне қарай шегінді. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін старшина Леведев Орынборға шақырылып сот жазасына тартылды. 1847жыл Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары жыл Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанымен бірге қаза тапты.Көтеріліс жеңілуінің негізгі себептері-Ресей билеушілерінен жеңілдік алған ақсүйектердің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.Тарихи маңызы Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс, ХІХ ғ 1 жартысындағы Ресей азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі,Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті,Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байланыстылығын көрсетті.
КСРО құлдырауы және ТМД қалыптасуы1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белорусь басшылары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО құру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республикалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды. Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді. КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінің басшысы Президент болып табылады.
Қаз зам білім мен ғылымның дамуы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында білім саласында көптеген жайсыз жағдайлар орын алды. Сол себепті ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» даму стратегиясында білімді дамытуға екерше көңіл бөлді. Білім беру жүйесінің 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған даму стратегиясы және әрбір білім дамуынң кезең-кезеңін қамтитын стратегиялық жоспарлары дайындалды. Негізінен білім беру реформасы 1991 жылдан басталып, бірнеше кезеңде жүріп жатыр. Қазақстан білімі жүйесінің құқықтық негізін қалыптастыру негізінде 1992 жылы «Білім туралы», 1993 жылы «Жоғарғы білім туралы» заңдар қабылданды. Оқу қаржылай қолдау көздері іздестірілді, баламалық білім мекемелері ашылды, Білім комитеті құрылды, оқу орындарын ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етіп, мұғалімдер үшін көптеген ғылыми-педагогикалық журналдар шығарылды. Дарынды балалармен жұмыс жасайтын «Дарын» республикалық ғылыми- тәжірибелік орталықтары ашылды.1999 жылы 23 тамызда ҚР Үкіметі «Алтын белгі» туралы ереже бекітті. Білім жүйесін ақпараттандыру мақсатында ҚР Үкіметі «ҚР-ның бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарын ақпараттандыру бағдарламасын» бекітіп, білім мекемелері жаңа ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілді. Ауылдық білім мекемелерін жақсарту мақсатында мектептер материалдық-техникалық жағынан жақсартылып, компьютерлендірілді. Және қалалық білім ордалары секілді ғаламторға қосылды. 2009 жылы 1 қыркүйектегі «100 мектеп» бағдарламасы бойынша 25 мектеп, 58 жаңа балабақша пайдаланылуға берілді. Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес ҚР Тұңғыш президентінің интеллектуалдық мектептері ашылды. Жоғарғы оқу орындарында көптеген өзгерістер енгізілді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінде, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде,Қазақ Ұлттық техникалық университетінде және т.б. білім берудің көп сатылы құрылымы енгізілді. Және де осы университеттер жоғары білімімен ерекшеленетін.1993 жылы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Болашақ» халықаралық степендиясы белгіленді. Бұл бағдарламаның арқасында қазақстандық студенттер Ұлыбритания, Германия, Франция, АҚШ елдерінің жоғарғы оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болды. 2001 жылы 9 шілдеде «Ғылым туралы» заң қабылданды. Қазақстан ғылымының кадрлық қорын 2002 жылы 2400 ғылым докторлары, 10000 ғылым кандидаттары құрады.2005 жылы Білім және ғылым министрлігі қарамағында – 55 ғылыми ұйым болды.2007 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ғылымға бөлінетін қаржы 7 есе көбейді.Ғылымды дамыту мақсатында ҚР Үкіметінің қаулыларымен ірі ғылыми-техникалық бағдарламалар бекітілді.
Қаз Рес мем нышандарыМемлекеттік нышандар әрбір мемлекет дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Олар халық менталитетінің, тарихының, мәдениетінің көркемдік бейнесі. Ел азаматтарының мемлекеттік нышандарды қастерлеуінен, адамдардың өзін қаншалықты сол мемлекеттің азаматы ретінде сезінетінін, оның болашағына сенетінін, оның патриоты болып табылатынын көрсетеді.Нышандарды зерделеу мемлекет, оның уағыздайтын құндылықтары, тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы туралы көп мәселені білуге мүмкіндік береді.Қазақстанда үш түрлі басы бүтін мемлекеттік нышандар бар, олар елтаңба, ту, әнұран. Нышандар бүгінгі ұрпақпен өмірден өткен ұрпақтың арасын байланыстырушы, уақыттың үзілмес жігін куәландырады. Олар халықтың ұлт ретінде бірігуін көрсететін естеліктің куәгері. ХХ жүзжылдықтың аяғында тарих сахнасында Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін қалыптастырды. Осы шақта жаңа ресми нышандарды әзірлеу ерекше маңызды болды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы тік бұрышты көгілдір түсті мата сол жағында ұлттық өрнек нақышталған, ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнелері, көгілдір түс халықтың мәдени –этникалық бірлігін және мемлекеттің мызғымастығын, байлық пен береке (күн), мемлекеттік билік пен әлемдік өркениетке талпынысын білдіреді. Өрнек ұлттық колорит ерекшеліктерін көрсетеді. Ту Қазақстан Республикасы Президенті резиденциясының ғимаратында, Парламент және Үкіметтің, министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беруші: Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және өзге де соттардың, Бас Прокуратураның, Ұлттық ғылым академиясының, мәслихаттардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мекемелерінің ғимараттарында тігіледі немесе орнатылады. Аталған ғимараттарда мемлекеттік ту үнемі болуы керек. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының көгілдір түсті бетінде шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар (тірек) шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның дөңгеленген кейпі тіршілік пен мәңгіліктің нышанын білдіреді. Шаңырақ отбасылық береке, бейбітшілік пен тыныштық белгісі. Шаңырақтың үш күлдіреуіші үш жүздің бірлігін, алтын қанатты мүйізі бар жүйріктер елін қорғай алатын қазақтың тыныштықты қалайтынын білдіреді. Бес тармақты жұлдыз бес құрылықтың бірлікке ұмтылысын көрсетеді. Елтаңбаның алтын және көгілдір түсі Қазақстанның көпұлтты халқының ашық-жарқын болашағын, әлемнің барлық халықтарымен достықта және бірлікте өмір сүруін қалайтынын меңзейді. Мемлекеттік ту мен елтаңба ұлттық валютада, әскери белгілерде бедерленген. Мемлекеттік нышандар отандық әуелайнерлерде де бейнеленген. ӘнұранСөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов Нұрсұлтан НазарбаевӘуені: Шәмші Қалдаяқов Әнұран адамдардың өз мемлекетіне деген ерекше сезімін оятады. Онда халықтың тарихы, оның жанының кеңдігі мен байлығы, алған бағыты көрініс табады.
Қаз террит діни жүйе. Ислам дінінің таралуы. Арыстан баб және Ахмет Яссауи Жібек жолымен діни идеялар да кең таралып отырған, ал миссионерлер өз дінін тіпті теңіздің арғы бетіндегі елдерге барып таратқан. Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Қытайға буддизм келген, Сирия мен Ираннан, Аравиядан - христиан діні, сосын барып ислам жеткен. Қытайға буддизм Индиядан Орта Азия мен Қазақстан арқылы барған. Бұл әрекет б.з. бұрынғы 1 ғ. басталған. Шығыс Түркістан мен Қытайға будда дінін таратуда соғдылар, қаңлылар көп еңбек сіңірген. Түріктер 6 ғасырдан бастап буддизмнің қатты ықпалын өз бастарынан өткізген. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда буддизм едәуір дәрежеде кең тараған. Будда ескерткіштері Шу алқабының Ақбешім, Қызылөзен, Новопокровск, секілді қала жұрттарынан кездесті: олар ғимараттар, монастырьлар, мүсіншелер, шіркеулер. Қазақстан жеріне және Орталық азия территориясына мұсылмандық идеялардың енуі б.з.д VII-VIIIғ. анықталады. Қазіргі Қазақстан аумағында ислам дінінің тарауы бірнеше ғасырға созылған үрдіс. Алғашында жана дін оңтүстік аудандарға енді. Х ғ. Соңында жетісу мен Сырдарияның отырықшы халықтарының арасында тұрақталды. Ислам дінінің жергілікті халықтар арасына енуі бейбіт жолмен жүрді және халықты қыспаққа алмады. Исламды түрлі ұлттар мен түрлі тап өкілдері өз еркімен қабылдады. Ислам дінінің ХVІІ ғ.б. таралуы моңғол шапқыншылығы әсерімен тежелді, бұл шапқыншылық Орта Азия мен Қазақстанға діндік тәстүрлі діндері бар жаңа халық топтарын (түрлі түркі) моңғол тайпалары әкелді. Көптеген қалалар қиратылып, ғылыми –мәдени орталықтар тоналып, мешіт-медреселер күл-талқан болды. Алайда, жергілікті мәдени-рухани дәстүрлер кейін қиыншылықтарда жеңіп, уақыт өте келе қайта жаңғырды. Моңғол басқыншылары ислам дінін қабылдап, түркі тіліне көшті. Берке хан (1255-1266) тұсында Алтын Орданың мұсылмандықты қабылдауынан кейін ислам діні нық тұрды. Бұл үрдіс келесі хандармен (Тудеменгу, Өзбек) жалғасын тапты. Ислам дінінің көшпенді ақсүйектер арасында кең тарауы, (оның) мұсылмандық дін ілімінің барша қоғам таптарында нық орныққанын білдірмейді. Қарапайым халық ата-бабаларынан қалған діни түсінігін ұзақ сақтады. Ислам діні XVғ. Жәнібек және Керей сұлтандары негізін салған қазақ хандығының ресми діні болды. Қазақ халқының қалыптасуы кезінде исламның енуі хандар билігінің нығаюына және әртүрлі қазақ руларының бір этникалық топқа бірігуіне ықпал етті.Қазақ хандығының халқы ханафиттік мазхабтын сүнниттік ислам бағытын ұстанмен қоғамдық және жеке өмірде тәңіршілдік және шаманизм элементтерін исламмен араластыра қолданған. Аймақтағы ислам дінінің нығаюы пұтқа табынушылықты ығыстырмады. Діни синкритизм, яғни пұтқа табыну мен ислам дінінің үйлесімі қалыптасты. Осылайша, қазақ даласында исламға дейінгі наным-сенім элементтерін қамтыған халықтық ислам кең дамыды. Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген. Ахмет Йасауи Халқымыздың руханиятына үлкен әсер еткен ортағасырлық ақын,философ,дін уағыздаушы.Ортағасырлық Орталық Азия мұсылмандары үшін аса жауапты кезең болатын.Ахмет Йасауидің туған жылы белгісіз,1166жылы өлген,XII ғасырдың өкілі.Жасаған жасын өлген жылынан шегеріп тастап,зерттеушілер оны 1093жылы дүниеге келген деп жобалайды.Түркістан маңында туып,ер жеткен соң,Түркістан қаласында өзінің шығармашылық,діни қызметін бастаған. Қожа Ахмет Яссауи ата-анасынан ерте айырылған,бірақ өте талапты,дарынды жас түркі елінің атақты шейхтары Арыстанбаб және Жүсіп Хамаданидан тәлім,білім алады.Кейін білімін Бұхарадағы діни орталықтарда жалғастырып,діндар адам болып Йасы қаласына оралады.Ахмет Йасауидің қаламынан туған көлемді шығарманың бірі-«Диуани хикмет»-«Даналық кітабы».Ол оғыз-қыпшақ тілінде жазылған.Сонымен Қожа Ахмет Йасауи-XIIғасырда өмір сүрген үлкен философ,ғұлама ойшыл,ақын,мейірімге,кішіпейілділікке уағыздаушы діндар бүгінде халқымыздың қасиетті әулиесіне айналып отыр.
Қаз эк мәселесі. Невада-Семей Арал тең Балқаш көліЭкологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемаларға экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраны ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. уы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.
Қазақ АКСР-ның құрылуы. 1919 жылы 10 шілдеде РСФСР Халық Комиссарлар кеңесі «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы» декрет қабылдады. Ол өлкедегі ең жоғарғы әскери – азаматтық басқарма болып саналды. Казревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань губерниясының шығыс бөлігі кірді. Казревком төрағасы С. Пестковский болды. Мүшелері: А. Байтұрсынов, Ә. Жангельдин, Ә. Әйтиев, Б. Қаратаев, С. Сейфуллин, С. Мендешов, М. Сералин, В. А. Радус – Зенькович, А. Авдеев т. б.Казревкомміндеттері:1.Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу; 2.Өлкеде мемл;шаруашылық,мәдени құрылыс құру; 3Өлке кеңестерінің Құрылтай съезін әзірлеу 1920 жылы 26 тамызда «Қырғыз (қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет жарияланды . Орынбор қаласы – астана (1920 – 1924 жж.). Территориясы – Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасының құрамына енгізілген болатын (1918 ж). Халқы – 5 млн.-ға жуық адам.Қазақ АКСР–нің құрылуының тарихи маңызы:1)Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі 2)отаршылдыққа қарсы күрес нәтежиесі 3)Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам
Қазақ жүздері: территориясы, тайпалық құрамы. Жүздер қалыптасуының ғылыми түсінігі Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз,Кіші жүз.[1]Жүздік құрылым туралыДәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз. Жүздердің шыққан уакыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, "Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған". Н.А.Аристовтың ойынша, "жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан".В. Бартольд: "Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды", — деп есептейді.М. П. Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: "Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты", — дейді.С. Аманжолов: "Қазақ елі, жері үш жүзге моңғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді", — деп есептейді.Шығыстанушы Т. И. Сұлтанов жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: "XVI ғасырдыңекінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан", — деген болжам айтады.Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың "жүз" деген сөзін арабтың "джуз" — бір нәрсенің "басты бөлігі", "тармақ" деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректерінде жүздер жөніндегі жанама мәліметтер XVII ғасырдың ортасына қарай кездеседі. Махмүд бен Уәлидің 1634—1641 жылдарда жазылған еңбегінде: "Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Баһадүр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады... ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап алды, ол әрі Йүз-Орда ретінде де белгілі", — дейді. Осы деректе кездесетін йүз (жүз) сөзін кейбір зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді.М. С. Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері этноәлеуметтік ағзаның жоғары санаттарының бірі. "Этноәлеуметтік организм" деп этностық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз.Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:а) ішкі аумақтық тұтастық;ә) этностық туыстық;б) шаруашылық-мәдени бірлік;в) саяси басқару ортақтастығы.Осы ішкі белгілердің мәнін аша түсейік. Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптаскан аумағы бар. Мысалы, Ұлы жүздің таралған аймағы — Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Орта жүздікі — Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан; Кіші жүздікі — Батыс Қазақстан. Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп есептейді. Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік-диалектілік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады. Жүздер сонымен қатар басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Әр жүздің өз төбе билерінің болғанын білеміз. Хандық заманда әр жүз өз хандарын сайлап отырғаны белгілі.Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды. Тыныштық замандарда ішкі этностық байланыстардың, қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты. Дегенмен бұдан қазақ жүздерінің арасында саяси, шаруашылық-мәдени, этностық байланыстар болмады деген түсінік тумауы керек. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын, отырықшы не жартылай отырықшы ру-тайпалардың арасында өзара айырбас, сауда қатынастары жиі болды. Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлыққатынастар да өркендеді.Ішкі шекаралас аудандарда жер дауы, жесір дауы мәселесі де болып тұрды. Сондықтан жүздердің ішкі шекаралық аудандары қазақ халқының өзара мәдени, тілдік, тұрмыстық, шаруашылық бірлігіне дәнекер болған алтын көпір, үзілмес желі қызметін атқарды. Ал ел басына күн туған жағдайда, сыртқы жаулардан қорғану мәселесінде қазақ жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Ол кезде "мынау бәлен жүздің жері, елі" деп бөлінбеді, бүкіл қазақ жері, қазақ елі үшін қай жүздің баласы болсын, жанын қиюға даяр тұрды. Қазақ жүздерінің ішкі бірлігінің, жалпықазақтықпатриотизмнің, елдіктің озық үлгісін біз Жоңғар шапқыншылығы оқиғаларынан көреміз. Мұндай мысал көптеп саналады. Қазақ жүздерінің қордаланып қалған ішкі, сыртқы мәселелері жүздердің басы қосылған құрылтайларында, жиындарында шешіліп отырды.Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап кездеседі. 1731 жылы қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп хабарлайды: "... қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтканда: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден (Үлкен орда, Орта орда, Кіші орда) тұрады".Үштік бөлініс қазақ жерін мекендеген көне тайпалардан келе жатқан дәстүр. Сақтар: тиграхаудау хаомаварға және парадарайя болып үш бөлікке бөлінген. Көне үйсіндерде, көне түркі-моңғол көшпенділерінде үштік одаққа бөлінудәстүрі болған. Бұдан біз, жалпы, үштік бөлініс қазақтардың арғы тектерінің дәстүрінде бар екенін көреміз.Кең-байтақ қазақ жерінде мұндай үлкен одақтар құру саяси, әскери-қорғаныс, шаруашылық-ұйымдастырушылық, басқару қажеттіліктерінен туындаған. Мұндай одақтар қазақ жерінде қыпшақтар заманын бастап құрылған болуы керек. Ал мұндай жүздік одақтарға бөлінудің аякталуы қазақ халқының құрылуы кезеңімен сәйкес келсе керек.
Қазақ жүздернің Ресей имп құр кіруі Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербург/Петербургке келді.Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.Екішіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындардықайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған сипаттары ғана орын алды.1-ші кезеңҚазақ хал-ң тарихында XVIII ғ-ң басы аса бір ауыр кезең болды. Тәуке хан 1718ж. қайтыс болған соң қазақ жүз-і арас-ғы саяси ж/е шаруа-қ байл-тар әлсіреп, билеуші топ-р арас-ғы алауыздық-р барған сайын үдей түсті. Т.хан тұсында бір орт-қа бағ-ған Қазақ ханд-ғы саяси бытыраңқылыққа ұшырады. Тәукеден кейін Қазақ х-ғы іс жүзінде жеке-жеке хандық-ға бөлінді. Осы кезеңде Қазақ х-ң сыртқы жағд. да, шиеленісе түсті.2-ші кезең.Ресей имп-ы қазақ жерін отарлау саясатын барган сайын күшейтгі. Шекаралық өкімет бил-сі ИИ.Неплюевтің "бөліп ал да билей бер" принципіне нег/ген идеялары мен жоспарлары қолданысқа кірді. Қазак руларьшын Жайыкқа, Жайық калашыгы мен бекіністерге жақын жерлерде көшіп жүруіне тиым салу туралы 1742 жылы 19 қазанда жарлық шыюгы.3-кезеңXIX ғ. 20-50-і жж. 19ғ 20-30ж Ресей ОртАзия мен Қ/да өз ықпалын одан әрі нығайтуды басты міндеті деп санады.Қ/ң Ресей мен ОртАзия,Қытай арасында орн/ы Қ/ды отарлауды тездетті. Осы мақсатпен 1822ж «Сібір қырғыз/ы туралы» авт Сперанский, 1824ж «Орынбор қырғыз/ы туралы» авт Эссен жарғы қаб/ды.4-кезеңҚаз-ң Ресейге қосылуына көптеген саяси-эконом-қ аяғы шарт-р б-ды. Орыс үкіметі өзі-ң шекарасын Шығыста ұлғайтқысы келді. Ресейде мемлекет-к билік-ң күшейуімен қатар Шығыс мемлекет/рімен, керші жатқан халық-рмен сауда айырбас жасауға және өзге де қарым-қатынас.рды дамытуға мүмкіндік туды.Қаз-ң Ресейге бодандығы ХVIII ғ. 30-шы ж.ж басталып, ұзақ және күрделі үрдістен кейін ғана XIX ғ-ң 60 жж. аяқталды.
Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы деклорация. Қ-н тәуелсіздік жолында 1 кезеңі: 1989 – 1990 ж. 2 кезеңі: 1990ж 25 қазан – 1991ж желтоқсан. 3 кезеңі: 1991ж 16 желтоқсан – 1992ж.4 кезең: 1993ж – 1995 ж. 5 кезең: 1995ж наурыздан жаңа кезең басталды. Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ елінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда 17 баптан тұратын «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысыл таяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 ж. 16 қыркүйекте Декларацияның жобасы алғаш рет бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.ДекларациядаҚазақКСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этносөкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Декларацияда: "Қазақ КСР-іРеспублика үлесіне сәйкес жалпы одақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. Декларация бойынша Қазақ КСР-іне өз ішкі әскерлерін, мемлекеттікқауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауғақұқық берілді. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды.Сонымен, Мемлекеттік егемендік Декларациясы – егемендікті білдіретін құр мәлімдеме ғана емес, шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат болып табылады 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сөйтіп, Қазақстан 260 жылға созылған отарлық бұғаудан құтылып, өз алдына дербес мемлекет құруға мүмкіндік алды.
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі. XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы шиеленісті. Тәуке хан өзара тартыстарды уақытша тыйып, тыныштықты қалпына келтірген еді. Алайда сұлтандардың өз алдына оқшауланып, билік үшін күресуі көп ұзамай бірлікті бұзды. Қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты құбылыстар етек алды: көшпелі ұжымдар арасында ынтымақ болмады, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік үшін ішкі саяси күрес күшейді. Ал бұл жағдайды көршілер дереу пайдаланды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп – Жоңғар хандығы тарапынан төнді. XVIII ғасырдың басында жоңғарлардың негізгі тайпалары: торғауыттар мен дербеттер Тарбағатай, Монғол Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысын, хойттар Қара Ертіс салалары мен Қобда өзенінің алқабында, ал Іле өзенінің орта және жоғарғы салалары бойында чоростар, Жоңғар Алатауының беткейлерінде хошоуттар мекендеді. Жоңғар экономикасының негізі мал шаруашылығы болды. Мал басының өсуімен, жер көлемін кеңейту мақсатында жоңғарлар Қазақ хандығы территориясына шапқыншылықты жиілетті. Сонымен бірге жоңғарлар Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда-қолөнер орталықтары шоғырланған қалаларды басып алуды көздеді.
Қазақ халқының қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:Көне заман- б.з.д. VIII- б.з V ғ.ғӘуелгі орта ғасыр- VI-X.Орта ғасыр-X-XIII.Кейінгі орта ғасыр- XIV-XV.Кейінгі орта ғасыр-XV-XVIҚазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі- Б.з.б. I мыжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне баланысты.Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдайды өзгертті.Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі-X-XII ғасырларда өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты.XIII ғасырдың басында Шыңғс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды.XIII-XIV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті.XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың тілі-түркі тілі, антропологиялық типі-монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы.Шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік.Тайпалар мен халықтардың бірігуінің маңызды кепілі-шаруашылық пен шаруашылық байланыстардың дамуы б.т.Қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XVғ.ғ аяқталды.Саяси жағынан шшыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.XV ғ-дың екінші жартысы –XVI ғасырда негізгі этникалықбірігуі,халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.XV-XVII ғ-р- Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді
Қазақ халқының материялдық мәдениетіҚазақ халқының тіршілік-тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер-тұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды.Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді.Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленді.Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңейтті. XVI-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуда Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рөл атқарды. XVI-XVIII ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т. б. жыраулар.Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары да («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.Бұл кезде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен, Орта және Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз араласып отырды. Мұның өзі араб-мұсылман мәдениеті мен ғылымының таралуына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мектептер мен медреселер ашылып, оларда оқу араб-парсы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жазуда араб әліп-биін тұтынды. Мектептер мен медреселерде ғылымның әр түрлі салалары "дін ілімі, математика, логика, философия) бойынша білім беріліп, Шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен таныстырылды. Мұның бәрі қазақ халқының жалпы дамуына, бүкіл қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне игі ықпал жасады.Сонымен, XVI-XVIII ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байланысты еді.
Қазақ халқының рухани мәдениеті.
Қазақ хандығының әлеуметтік және саяси құрылымы XVII-XVIII XVI-XVIII ғасырларда қазақ хандығында халықтың әлеуметтік құрамы феодалдық қоғамның таптық құрылымын бейнеледі.Қазақ хандығы негізгі екі топқа феодалдар тобымен қарашаға қарапайым адамдар тобына бөлінді.Феодалдар тобы Шыңғыс ұрпақтарынан ру мен тайпа ақсүйектерінен, хандар мен сұлтандардан құралды. Бұларға патриархтық феодалдық топтың мұнан басқа өкілдері әмірлер немесе бектер, билер, байлар, батырлар да жатты. Халықтың қарапайым көпшілік бөлігі мал өсіруші шаруалар мен егінші шаруалар т.б еді. Бұлар жеке өз еңбегіне негізделген шаруашылығы бар ұсақ өндірушілер болды. Шаруалар жұмыс істеу және салық төлеумен қатар көптеген міндеткерлікті де өтеді, олар хандар мен сұлтандарға сойыс беруге, қонақ етіп күтуге, әскерлерді соғыс жабдығы мен қамтамасыз етуге тиісті болды. Кедейлер бай шонжарлардың малын бақты, үй қызметшісі жұмысын атқарды. Егіншілікпен айналысқан шаруалар өз шаруашылығын феодалдардың қыстауының маңында жүргізді. Кедей шаруалар феодалдың жерін жыртып егінін егіп, шөбін шауып жаздай күтіп, күзде жинап теріп қамбасына кіргізіп берді. Мұсылман дінбасыларының жоғарғы топтары ишандар, имамдар, қожалар да жоғарғы топқа жатты. Молдалар да артықшылық дәрежеде болды. Батырлар-қазақ жасақтарын бастаған қолбасшылар, ержүрек адамдар. Ақсақалдар-жасына байланысты құрметке бөленген адамдар. Құлдар-құқықсыз әлеуметтік топ. 1628 жылы Есім хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәңгір хан болған. Оның тұсында ойрат-жоңғарларының көсемі Батыр қонтайшының күшейген кезі еді. Олар қазақ хандығына бірнеше рет жорық жасады. Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтасып, Жоңғар феодалдарының шабуылына қарсы күресті. Жәңгір хан тұсында ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас – біріншісі 1635 ж., екіншісі 1643 ж., үшіншісі 1652 ж. болған.1643 жылы екінші шайқаста қазақтар жеңіп шықты. Осы жылдың қысында Батыр қонтайшы қазақ жерлеріне шабуыл жасайды, ол сәтсіздікпен аяқталады. Бұл шабуылға Жәңгір 600 адаммен аттанады. Ұрыс бітуге жақындағанда 20 мыңдай әскермен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс батыр Жәңгірге көмекке келеді. Қонтайшы шегінуге мәжбүр болады. Одан кейін ол жан-жақты дайындалып 1652 жылы қайтадан қазақ даласына аттанады. Осы шайқаста Жәңгір қаза табады. Бұл дәуірде қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр еді. Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар мен бақталастық өршіді.Ал Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында қазақ хандығының бірлігі күшейе түсті. Ол бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға күш жұмсады.Феодал шонжарларының өкілдері мен билерден құралған «хандық кеңестің» және «билік кеңесінің» рөлін арттырды. Жыл сайын Ташкент қаласының түбіндегі Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан құрылтайын ашып отырды. Тәуке хан беделді билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектерді, сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы үлкен даулар билер кеңесінде, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер алдында шешілетін болды.
Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық шекараны межелеу және қазақ жерлерн біріктіру 1924ж Ежелгі заманнан бері қазақтың жері саналатын оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы өңірлер (Сырдария және Жетісу облыстары) әр түрлі объективтік және субъективтік себептермен 1918 жылғы желтоқсанда жарияланған Алаш автономиясының, сондай-ақ 1920 жылғы қазанда құрылған Қазақ АКСР-і құрамына енгізілмеді.. Олар Түркістан өлкесінің құрамында қалды, ал кейін 1918 жылдың көктемінде құрылған Түркістан АКСР-і құрамына кірді. Азамат соғысының аяқталуы және 1922 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құрылуы елде ұлттық-мемлекеттік құрылыс процесін одан әрі дамытуға оң ықпал етті. Ұлттық-аумақтық мемлекеттік құрылымдарды құрушы халықтардың, оның ішінде ҚазақАКСР-інің басшылары мен жекелеген өкілдері Орталықтың алдына қайсыбір халықтың ұлттық-мемлекеттілігі аясында бүкіл этникалық аумаққа бірлесуі (қайта бірігуі) туралы мәселе қоя бастады. Бұл проблема Орта Азия мен Қазақстанда да күрделі сипат алды. Осымен бірге көп ұлтты Түркістан АКСР-ін бөлу және өзбектердің, түркімендердің, тәжіктердің, қарақалпақтардың, қырғыздардың ұлттық-мемлекеттік құрылымдарын құру туралы мәселе де күн тәртібіне қойылды. Орта Азиядағы әлеуметтік-экономикалық даму процесі ұлт болып ұйысумен бірге Орта Азия халықтарының ұлттық мемлекеттілігін құру үрдісін де күшейтті. 1924 жылғы қаңтарда Қазақ АКСР-інің үкіметі іс жүзінде Жетісу және Сырдария облыстарының қазақ аудандарын Қазақстанға қосу туралы мәселе көтерді. Орта Азияны межелеуге Түркістанның барлық тұрғылықты халықтары мүдделілік танытты. 1924 жылғы 31 қаңтарда РК(б)П ОК-нің Ұйымдастыру бюросы межелеу туралы мәселені алдын ала қарап, РК(б)П ОК-нің хатшысы Я. Рудзутаққа Ташкентте осы мәселе бойынша кеңес өткізуді тапсырды. Кеңес 1924 жылғы 10 наурызда өтті. Онда «Түркістанды ұлттық-аумақтық межелеу туралы» Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы А. Рақымбаев баяндама жасады. Өз баяндамасында ол Орта Азияны ұлттық-аумақтық межелеу қажеттігінің басты себептерінің бірі ретінде Түркістан АКСР-ін, Хорезм, Бұхар халық республикаларын қамтыған өңірде ұлтаралық қатынастардың ұшығып отырғанын атады. 1924 жылдың жаз айларында Орта аз бюросы кешенді күрделі мәселелермен айналысты, сөйтіп аумақты, сонымен бірге материалдық-қаржылық құндылықтарды бөліске салумен, сондай-ақ жаңа әкімшілік аудандастыру принциптерін белгілеумен байланысты біраз қиындықтарды еңсерді. Межелеуге жатқызылған барлық аудандарда, мұрағат құжаттарының бірінде айтылғандай, «ерекше құштарлықпен және адамдардың мейлінше мол және ықыласты қатысуымен» ]. қайсыбір халықтар өкілдерінің қызу жиналыстары өткізілді. Осындай талқылаулардың барысында Түркістан АКСР-інде тұратын қарақалпақтар Хорезм республикасының Ходжейлі облысындағы отандастарымен бірігу және Қазақ А КСР құрамында Қарақалпақ автономиялық облысын құру қажеттігі туралы айтты. Ұлттық-мемлекеттік межелеуге жатқызылған республикаларда мәселені талқылау ресми деңгейлерде де жалғасты. Мәселен, Бұхар халықтық Кеңестік республикасы кеңестерінің 1924 жылғы 19 қыркүйектегі бесінші құрылтайында: «Бұхар халықтарының ерік-жігерін білдіре отырып, Түркістан мен Хорезмнің өзбектерімен бірге Өзбек Кеңестік Социалистік Республикасын құруға келісім білдіреміз. Құрылтай Өзбекстан мен Түркістанның КСРО құрамына кіру қажеттігін бірауыздан қолдайды» деген қаулы қабылданды.10 күннен кейін Бүкілхорезм Кеңестерінің бесінші құрылтайы нақ осындай қаулы қабылдады. КСРО ОАК-нің 1924 жылғы 27 қазандағы екінші сессиясында Орта Азияны ұлттық-аумақтық межелеу мен «ұлттардың өзін-өзі басқару принципі бойынша» құрамындаТәжік АКСР-і кіретін Өзбек КСР-ін,Түркімен КСР-ін және РКФСР құрамында Қарақырғыз автономиялық облысын құру туралы қаулы қабылданды.
Қазақстан 2050«Қазақстан 2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында  «Қазақстан – 2030» стратегиясының негізгі қорытындылары шығарылып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы 2050 жылға дейінгі жаңа стратегиялық бағыттары белгіленген болатын. Жолдауда айтылғандай, біздің ендігі міндетіміз – қол жеткенді сақтай отырып, ХХІ ғасырда ұлттық экономикамыздың өсуін, орнықты дамуды жалғастыру.Елбасы Жолдауда жаңа ғасырдың жаһандық 10 сын-қатеріне айрықша тоқталды. Олар Қазақстан үшін де, әрбір өңір үшін  де жаңа табыстарға жету жолында  мұқият ескерілуі керек.Биылғы Жолдау мемлекет дамуының 2050-ші жылға дейінгі даму стратегиясын белгілеуімен ерекшеленеді деп есептеймін.«Біздің басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде беделді қоғам құру» деп атап көрсетті.«Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің  қатарында болуға тиіс» деп меже қойды  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.Осы тұрғыда  аудан бойынша нақты істерге тоқталар болсақ, өңірдің өсіп, дамуы үшін елді мекендерді газдендіру, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бойынша инвестициялық жобалар жоспарлы іске асырылуда. Осы орайда алға қойылып отырған міндет — бюджет қаражатын өз мүмкіндігіміз шегінде ғана  шығындау және тапшылықты барынша қысқарту, бюджет қаражатының ысырап болмауын басты назарда  ұстау. Жергілікті бюджеттің кіріс болжамын орындау, қосымша салық базасын  кеңейту жөнінде биылғы жылғы жұмыстарға талдау жасап, нақты ойластырылған шараларды белгілеу керек.Ауыл шаруашылық саласында мал тұқымын асылдандыру жөніндегі жұмыстарды жандандыру – маңызды іс. Үстіміздегі жылы бірнеше шаруа қожалықтары басқа облыстардан асыл тұқымды бұқалар сатып әкелді. Шағын мал бордақылау алаңдары жобасын іске асыруға ниет білдірушілер бар. Сонымен бірге ауданда ауыл шаруашылығы  өнімдерін өндіру, өңдеу жұмыстары кенже қалып отыр. Аққыстау селосындағы сүт өңдеу цехы, жылыжай цехы, көкөніс қоймасы жобаларының толық аяқталмауына байланысты кәсіпкерлерден аталған жобаларды жүзеге асыру сұралады. Ауданда егін өсіру жердің құнарсыздығына байланысты жолға қойылмай келеді. Алға қарай бұл мәселені де мамандармен бірлесіп, қолға алуымыз қажет деп есептеймін. Күні бүгін көкөніс түрлері толықтай басқа жерлерден тасымалданып әкелінеді. Бұның өзі оның бағасының жоғары болуына әсерін тигізуде.Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама бойынша алға қарай кәсіпорындар ашудың мүмкіндіктері қарастырылуда. Жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлау еңбек нарығына бейімделген жүйе бойынша жүргізілуі керек. Елдің барлық аумағында сапалы да қолжетімді медициналық қызмет көрсету, білім беру саласына басымдылық бере отырып, жетілдіру міндеттері қойылды. Дәрігер кадрларды дайындау, басқа жерлерден кадр тарту, оларды тұрақтандыру үшін әлеуметтік пакеттерді іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізу міндеті тұр.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының ата заңы. Ағымдағы Конституция күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және  баптан тұрады.Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993ж 28қаңтарда қабылданған болатын.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.Конституция құрылымыI бөлім. Жалпы ережелеII бөлім. Адам және азаматIII бөлім. ПрезидентIV бөлім. ПарламентV бөлім. ҮкіметVI бөлім. Конституциялық кеңесVII бөлім. Соттар және сот төрелігіVIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруIX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Қазақстан территориясын Моғолдардың жаулап алуы және оның салдары. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды. 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды.1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгедей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды.Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіресіп қарсыласты. Бірақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары да қырғынға ұшырайды. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді.Жаулап алынған ұлан-ғайыр жерді Шыңғысхан төрт ұлына үлес-енші ретінде төрт ұлысқа бөліп берді.Жошыға - Ертістен-Оралға дейін, оңтүстігінде Каспий, Арал, Амударияның төменгі ағысы, Сырдария өңірі кірді.Шағатайға - Жетісу, Шығыс Түркістан, Мәуреннахр тиді.Үгедейге - Батыс Монғолия, Тарбағатай аймағы.Төлеге -  Монғолияның өз басы тиді.Бұл ұлыстардың бәрі Қарақорымдағы (Монғолиядағы) Шыңғысханға бағынышты болды.
Қазақстан халықтарының депортациялануы
ҚАЗАҚСТАН,ТАРИХ,ПӘНІ,ТАРИХ, ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ : Тарих латын тілінен аударғанда, өткен оқиғалар жөніндегі әңгімелер, зерттелген, анықталған туралы баяндау. Бірақ, тарих тек қана өткен туралы әңгіме ғана емес, ол нақты оқиғалардың жүйелі дамуы мен өзгеруін зерттейтін ғылым. Сонымен бірге өткен оқиғалар қорытындылай келе, оларға әр адамның, халықтың, жалпы адамзаттың қызығушылығын туғызады. Сол себептен біз өткенді терең білгіміз келеді. Тарих – ол халықтың жады, ол біздің рухымызды көтеріп, болашаққа жол сілтейді. Отанымыздың тарихын оқу, зерттеу, бізге қай жерде туғанымызды, туған еліміздің қандай екенін, біздің туған жерге деген қатынасымызды, отанымыздың кешегісі мен бүгінгісіне көз жіберуімізге мүмкіндік туғызады. Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді. Тарих - ғылым бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с. Тарихи ғылымдарға халықтардың тұрмыс-салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т.б. зерттейтін археологияның да қатысы бар. Тарих объектіні зерттеу бойынша ендік жағынан да бөлінеді: әлем тарихы (бүкіл әлем тарих немесе жалпы тарих), континенттер тарихы (мысалы, Азия және Африка тарихы), жеке елдердің, халықтардың немесе халық топтарының тарихы (мысалы, Ресей тарихы). Тарихи пәндерге тарихи деректерді зерттейтін деректану және тарихшылардың көзқарастарын, идеялары мен концепцияларын суреттеу мен талдау мақсатындағы, сонымен қатар тарихи ғылымның дамының заңдылықтарын зерттейтін тар2 “Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - сонымен бірге жас ұрпақтың тарихи құбылыстар мен оқиғаларды зерделеуіне, бағалауына, оларға нақты баға беруге тәрбиелеу. Өз халқыңның өткенін, оның мәдениетін зерделеу, жастарға құндылық бағдарын анықтауға мүмкіндік береді, яғни тарихтың тәрбиелік маңызы өте зор. Келешекте өмір сүріп, күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын, өз шыққан тегін, ата бабаларының тарихи тәжірибесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін білу керек.
Қазақстанда ЖЭС. Жер-су реформасыАзамат соғысы кезінде Қазақстанда национализацияланған 307 кәсіпорынның 230-ы жұмыс істемеді. Шегініп бара жатқан казак бандылар, патша әскері Қазақ жерін тонап, қиратты, халықты қырғынға ұшыратты. Жезқазған мен Успенск рудниктерін су басып Ембі мұнай кәсіпшіліктері қиратылды. Сол кездегі елдің экономикасын көтеру үшін 1921 ж. наурызда коммунистік партияның Х съезіне әскери коммунизм саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу белгіленді.Жаңа экон. саясаттың белгілері: - Азық - түлік салығының енгізілуі. - Сауда еркіндігі. - Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру. - Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту. - Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру. - Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. Жаңа экон. саясаттың мәні - салғыртты салықпен ауыстыру болды. Шаруалардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл - селолардың қалалармен байланысты нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апарып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алдыЖаңа экономикалық саясат аз уақыттың ішінде үлкен табыстарға жеткізді.Бұл саясат 1929 жылға дейін қолданылды. Ал кейіннен Сталин ауыл шаруашылығын бір ғана колхоздық меншікке айналдырды.Жаңа экономикалық саясат кезінде қазақ еңбекшілерін мемлекеттік шаруашылық құрылысқа тартуда 1921 ж. Ораз Жандосовтың басшылығында құрылған «Қосшы» одағы үлкен роль атқарды. «Қосшы» кедейлерге жер бөліп беруге қамқорлық жасады, еңбекшілердің саяси сана-сезімін, мәдени дәрежесін көтеру жөнінде көп жұмыс жүргізді.Жаңа экон. саясаттың нәтижелері: 1. Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді. Жер – су реформасы. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды. 1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді. 1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды.1921-1922 жылдары аграрлық қайта құрулар нәтижесінде 300 мың адам Қытайдан Қазақстанға оралды. Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды. Сөйтіп, 1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді. Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосы одағы» құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).Оның міндеттері : 1) Еңбек артельдерін құру. 2) Кедейлерге жер беру. 3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру. 1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы:1) Еңбекшілерді социалстік құрылысқа тартуда үлкен роль атқарды.2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті.4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.
Қазақстанда ұжымдастыру және оның нәтижесі 1931-1932ж ашаршылық1927 жылы партияның ХҮ съезінде елді ұжымдастыруға бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді.1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады.Қазақстандағы ұжымдастыру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы ұжымдастыру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады.Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Ұжымдастыру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті.Қазақстандағы ұжымдастыру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты. Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды.Зорлап ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында басталды.Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында, Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда, Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты. 5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды. Қазақстанда ашаршылық зардабынан 2 млн. 220 мың адам қайтыс болды. Демек, «Ақтабан шұбырынды» заманынан берi өткен 210 жыл бойы тiрнектеп жиналған халық саны екi-ақ жылдың iшiнде оталып түстi. Қазақтың кең даласы күңiренiп қалды. 616 мың байырғы жұрт шетелдерге көшiп кетiп, қайта оралмай қойған шұбырындыларға айналды. Ал 414 мыңы көшiп кетсе, жiберiлген қателiктi түзету науқанында қайта оралған босқындар болды. Республикада 1927 жылдан бастап 1953 жылға дейiн 103 мың адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам атылған. 1928-1930 жылдары Қазақстанда, әсiресе, солтүстiктегi аудандарда егiн шықпай қалды, астық тапшылығы көбейдi. Ал 1929-1930 жылдардың қысы да қоғамдық малды қынадай қырып салды. Астық жинау, ет дайындау жөнiндегi жоспарлар өсе түспесе азайған жоқ. Мұның бәрi шаруаның тұрмысын күйзелте бердi.Дегенмен, халыққа, әсiресе, қазақ халқына ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру, көшпелi халықты бiрден отырықшыландыру жөнiндегi соқыр саясат, тым ауыр тидi. Ф. Голощекин, О. Исаев, I. Құрамысов, Г. Голюдов, Е. Ерназаров қазақ сахарасында «Кiшi Октябрьдi» жүзеге асыру ниетiмен әуелi 700 жуық байдың бар малын тартып алды.Қалың ел көшiп келе жатқан жолындағы қонған жерiне күштеп қоныстандырылды. Не суы, не нуы, не баспанасы жоқ шөлде мал түгiлi адамдар қырыла бастады. Қалада да, далада да алба-жұлба, аш-жалаңаш босқындар көбейiп кеттi. Баяғы қоғамдастырылған 40 миллион мал жем-шөбi, су-суаны, күнделiктi күтiмi болмағандықтан жаппай ақ сүйекке ұшырап, 1932 жылдың аяғында оның 4 миллиондайы ғана қалды. 1931-1933 жылдардағы ғаламат қырғын қазақ халқының тарихында қалған қайғы-қасiрет - ащы шындық. Кейiн анықталған ресми деректерге қарағанда, қызыл қырғын кезiнде Қазақстанда тұратын және қонысынан ауып көршiлес өлкелер мен республикаларға барған қазақтардың өлгендерiнiң саны 2,3 миллионға жеткен. Бұл 1930 жылы Қазақстанда тұрған бүкiл қазақ халқының санына шаққанда, орта есеппен 52-53 пайызын құрайды.
Қазақстандағы миграциялық, демографиялық процестер Миграция ерекше феномен ретінде ғылыми бөлінісінен бастап,әйтеуір бір контекстіде-экономикалық немесе әлеуметтік ,тарихи немесе мәдени демографиялық немесе этникалық тұрғыдан қарастырылып келген еді.Бұл кездейсоқтық емес.Өйткені миграциялық процестер бір жағынан бір немесе бірнеше қоғамда болып жатқан өзгерістермен тығыз байланысты және осы мағынада алғанда оның әржақты дамуының өлшемі болады. Сыртқы миграция немесе білікті мамандардың кетуі,Қазақстан үшін экономикалық және демографиялық тұрғыдан да жағымсыз. Көптеген себептерге байланысты елден негізінен ғалымдар,бизнесмендер, өнер адамдары ,заңгерлер, архитекторлар,мұғалімдер,инженерлер тағы басқа сала мамандары кетуде.Олардың шетелдерге кетуі Қазақстан экономикасына жағымсыз әсер етуде және келешекте де әсер Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Демография адам популяциясын оның көлемі мен құрылымына сәйкес, яғни жынысы, жасы, отбасылық жағдайы және этникалық шығу тегі бойынша, сондай-ақ, осы популяцияның туу, өлу және миграция коэффициенттеріндегі өзгеруі тұрғысынан статистикалық зерттеу. ететін болады.Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография, т.б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді. Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу әдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі; когорт әдісі (адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу); потенциалды демография әдісі, т.б. демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылым қорытынды жасау қажет.
Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы. Әскери коммунизм саясаты1918 жылдың көктемінде азамат соғысы басталды. Ресейдегі ақгвардияшылардың басшылары Қазақстандағы Кеңес үкіметіне қарсы Чехославак корпусының бүлігін ұйымдастырды. Бұл бүлік Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанды қамтиды.. Қазақстандағы ақтар қозғалысының басты тірегі Орал, Сібір, Орынбор және Жетісу Казак әскері еді. Дутов әскерлері 1918 жылы 3 шілдеде Орынборды басып алып, Қазақстан мен Орта Азияны Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Азамат соғысы басталған кезде Қазақстандағы Кеңес өкіметіне қарсы батыста атаман Дутовтың әскерлері солтүстікте адмирал Колчактың әскерлері, Жетісуда атаман Анненковтың ірі әскери топтары күресті. Ақгвардияшылармен күресу үшін Қазақстанда Орал майданы, Ақтөбе майданы, Сотүстік Жетісу майданы құрылды. Қазақстан жеріндегі ақгвардияшыларға қарсы ірі соғыс операцияларын Фрунзе, Тухачевский, Чапаев сияқты белгілі қолбасшыларымен қатар Иманов, Жангельдин секілді талантты командирлер басқарды. Азамат соғысы басталғаннан кейін «Алашорда» басшылары Самарадағы құрылтай жиналысы комитетімен, Орынбордағы атаман Дутовпен және Омскідегі Колчакпен байланыс орнатты. Мұндағы «Алаштықтардың» мақсаты осылардың көмегімен қазақ халқына автономия әперу еді. Ақгвардияшылардың көмегімен батыста, Торғайда, Қостанайда, Семейде, Алаш атты әскерлер полктерді құрылып, Қызыл Армияға қарсы күресті. 1919 ж. жазында Шығыс майдандағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге қажетті жағдай жасады. 1919 ж. аяғында Қазақстанның негізгі территориясы ақгвардияшылардан босатылды. Ақгвардияшылардың қалдықтарымен бірге атаман Дутов пен атаман Анненков Қытайға қашты. Азамат соғысы жылдарында қазақ халқының жағдайы өте ауыр болды. Атаман Анненковтың жендеттері тарихта болмаған, бұрын-сонды адамзат баласы естімеген неше түрлі зұлымдықтарды істеді. Анненковшылар Аягөзге келгенде қаланың тең жартысын өртеп, 800-ге жуық адамды дарға асып, атқан.. Сонымен бірге азамат соғысы жылдарында Қызыл Армия жауынгерлерінің де халқымызға істеген зияны аз емес. «Соғыс коммунизм» саясаты (1918 – 1921 ж. наурыз).Бұл қуаңшылықпен қоса ашаршылықтың себептерінің бірі азамат соғысы жылдарында Совет өкіметі жүзеге асырған «соғыс коммунизм» саясатының елдің халық шаруашылығына аса ауыр соққы болып тигенін және ашаршылықтың кең өрістеуіне себепші болғанын айтуымыз керек. «Соғыс коммунизм» саясатының шарттарына сәйкес азамат соғысының алғашқы екі жылында 1918-1919 жылдары жау басып алмаған және азат етілген Қазақстанның оңтүстік, орталық, солтүстік, батыс аудандарынан миллиондаған мал басы мен қаражат, азық-түлік, киім-кешек халықтан ешбір ақысыз мемлекет пайдасына алынып отырды. Бұл шешімдер национализациялау, конфискациялау сияқты айқай-шу ұрандары арқылы жүргізілді. Міне, осындай жағдайлардан кейін 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-ына қарайтын жеті губернияның бесеуінде Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Бөкей губерниялардың тұрғындары аштыққа ұшырады. Аштықтың болуы көптеген ауруларды туғызды. Емдеу орындарының жетіспеушілігінен аштыққа ұшырағандардың көпшілігі қаза тапты. Республиканың денсаулық сақтау халық комиссариатының мәліметтері бойынша 1921 ж. қараша айынан 1922 ж. шілдесіне дейін Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында аштықтың салдарынан 37, 657 адам өлген. 1921 ж. бүкіл Қазақ АКСР-і бойынша 128 мың бала ата-анасынан айырылып балалар үйіне орналастырылса, ал олардың саны 1922 ж. наурызына дейін 480 мыңға жеткен. Қазақстанның қуаңшылыққа, аштыққа ұшыраған губернияларында мал басы күрт азайды. Семей мен Орал губернияларында 1917 ж. 5 миллиондай мал болса, 1922 жылы 2 миллиондай ғана мал қалды. Сонымен бірге азамат соғысы аяқталған соң еліміздің халықтары бейбіт құрылысқа көшіп, халық шаруашылығын қалпына келтіруді қолға ала бастады.
Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі (1946-1965ж)Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа оралды. Соғыстан кейінгі жылдарда елдегі қоғамдық-саяси өмірде жұрттың ой-пікіріне қатаң бақылау орнату, коммунистік идеологияның ықпалын күшейтіп, басқаша ойлаумен күрес жүргізу, демократияны барынша шектеумен сиппатталды. Елде Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Қоғамдық ғылымдар өте күрделі жағдайда дамыды. 1946ж.14 тамызда «Звезда», «Ленинград» журналдары БК(б)П қаулысы оның одан әрі дамуына қиындық келтірлі. Қаулы бойынша Қаз. Партия комитеттері өз жұмыстарын жолға қоюға тиіс болды. Қаз.КП ОК-нің «Қазақ КСР ҒА-ның Тіл,әдебиет инст-ң жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулымен Ысмаилов, Жұмалиев, Мұқанов, Мағұлан ұлтшылдықпен оны таратуға қатысты деп айыптады. 1937 жылдардағы репрессия жалғасып, Ленинград пен Мәскеуде «Ленинградтық іс», «Дәрігерлер ісі» қолдан жасалып, Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. 1947 жылы шыққан Ермұхан Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» деген еңбегі буржуазияшыл ұлтшыл еңбек деп жарияланды. 1950 ж. «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақаласында Бекмахановтың кітабын айыптады. Осы мақаладан кейін Бекмаханов Ғылым академиясынан шығарылды. 1952 жылы 4-желтоқсанда25 жылға соттады. 1954ж. Көктемде Сталин қайтыс болғаннан кейін ақталды.Сондай-ақ республиканың көрнекті ғалымдары А. Жұбанов, Жұмалиев, Б. Сүлейменов, жалған саяси айыптармен жазаланды. Әбішев, Аманжолов, Бекхожин, Бегалин және басқа жазушылар буржуазиялық ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Осындай қуғындаудан кейін ғалым Қ. Сәтбаев пен жазушы М. Әуезов Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды.
Қазақстанның ресейге қосылуы. Оң Қаз терр қоныстандыру саясаты. XIX ғасырдың басында оңтүстік қазақ қоныстары үш орта азиялық халықпен-Бұқар,Хиуа ж.е Қоқанмен шектесіп жатты.Ұлы жүздің көп бөлігі ж/е орта жүздің оңтүстіктегі тайпалары Қоқан хандығының езгісінен зардап шекті, ал Қазақстанның оңтүстік –батыс бөлігі Сырдарияның төменгі ағысы,Маңғышлақтың оңтүстігі Хиуа бақылауында болды. Қоқандықтардың тәуелділігіне түскен қазақтар бірқатар салықтар төледі. Шексіз салық ,қанау мен тонау ж/е қырып жою қазақтардың Қоқан мен Хиуа хандықтарына қарсы көтеріліске шығуға әкелді. Орыс әскерінің Орта Азияға жақындауы қоқандықтарды көтерілісшілермен тіл табысуға мәжбүр етті.1860 жылы күзде Қазақтар қоқандықтармен бірігіп, Жетісу өңірін орыс отрядтарынан босатуға тырысты.Қоқан хандығы орыс бекінісі Верныйға қарсы 12 мыңдық әскер аттандырды. Оған қазақтар мен қырғыздар қосылды.Көптеген билер мен старшындар,енді қоқандықтар жағына өте бастады.Қазақтардың жекелеген жасақтары Сұраншы би,Диқамбай батыр,Кенесары ханның ұлдары басқарды.Бұл қосылған әскер саны 22 мың адамды құрады. Мұсылман әскері 20 қазан күні Қарақастек түбінде орыс отрядымен кездесті Қоқан мен қазақ әскерлерінің жорығы үлкен жеңіліспен аяқталды.Патша үкіметі Сыр бойын,Түркістан ж.е Ташкент өңірлерін бағындыру үшін 1864 жылдың басында әскери жорық ұйымдастырды.Олар Мерке,Әулеата,Түркістанды басып алды. Бірақ Шымкент түбінде жеңіліс тапқан соң шегінуге мәжбүр болды.1864 жылы қыркүйекте Түркістаннан Генерал Черняев, Әулеатадан подполковник Лерх әскерлерді бастап Шымкент қаласын қайта қоршап алды.Осылайша барлық Қазақстан аумағы Ресей құрамына өтеді. 1865 жылдан бастап Қазақ даласы Ресейдің ішкі колониясына айналады.Қазақ даласын жаулап алуға жүз жылдан артық уақыт жұмсаған Ресей орта Азияны үш жылда тізе бүктірді.
Қазақтардың көшпелі шаруашылығыҚазақ хандығының нығаюы, Қазақ хандығының экономикалық және мәдени өмірі Оңтүстік Қазақстан тарихымен тығыз байланыста болды. Соңғы орта ғасырларда қала мәдениеті мен отырықшы –егіншілік мәдениет қазақтың этникалық аумағының нақ осы, бірден бір ауданында сақталып қалды. Қазақ жерінің табиғи-географиялық ерекшеліктеріне қарай қазақтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Көшіп-қону бағыттары жыл маусымына байланысты өзгеріп отырды. Маусымдық жайылымдарды (олар: көктеу-көктемгі кеш, малдың төлдеу кезі, онда жүн қырқу жүргізіледі; жайлау-жазғы көш мамыр аяғы, маусым басы; күздеу-суық басталысымен тамық соңына көшеді; қыстау-қысқы көш, қар жауып мұз қата бастағанда) алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Әрбір ру белгілі бір аймақ шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды. Қазақтар негізінен қой, жылқы, түйе өсірген. Қазақ шаруашылығында мүйізді ірі қара аз болған, өйткені ол жыл бойы бағуға әсіресе қыс кезінде тебіндеп жайылуға нашар бейімделген. Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды. Олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Осыған байланысты тері өңдеп, киіз басуды, оларды түрлі түске бояуды білген. Қазақ хандығы аумағының түрлі аудандарында егіншіліктің дамуы әр түрлі болды. Кейбір аудандарда егіншілік зор маңызға ие болды. Бұл ең алдымен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария өзеніне қатысты еді. Қазақтар аң аулаумен де айналысқан. Аң аулаудың бірнеше түрлері болған: құс салған, тазы ит қосып аулаған т.б. Соның ішінде қыран құстармен аң аулау басым болды.
Қазіргі замандағы Қаз-дағы денсаулық сақтау Қазакстан Республикасының ең негізгі көрсеткіштерінің бірі қатаң және тұрақты түрде денсаулық сақтау жүйесі саласының өсуі, ол халықтың тұрмыс жағдайының да өсуімен қатар, барлығы біріккен, дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйе,қол жетуге мүмкіндік , уақытылы, сапалы және дайын медициналық көмек көрсету жүйесі. 1991 жылдан 2000 жылға дейін денсаулық сақтау жүйесінің барлық көрсеткіштері бойынша күрт төмендеу байқалды. 1999 жылы аурухана және ауруханалық төсек орын саны 1991 жылмен салыстырғанда 2 есе қысқарды, дәрігерлер мен орташа медициналық қызметкерлер саны, тиісінше, 22,3% және 44,5%-ға қысқарды. Қазіргі уақытта денсаулық сақтаудың жалпы жағдайы жақсарды, халыққа медициналық қызмет көрсетудің қазіргі заманға лайықты негізі салынуда, медициналық кадрлар саны өсуде.2007 жылы Республиканың денсаулық сақтау жүйесі 119,6 мың төсек орындық 1055 ауруханамен толықты, дәрігерлер мен орташа медициналық қызметкерлер саны, тиісінше, 59,4 және 130,0 мың адам құрады. Мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру салық пен әлеуметтік шығындар, ҚР-ң және жергілікті бюжет бар. 2008ж қорытындысы бойынша жергілікті бюжеттің салыстырмалы тығыздығы 67,9% құрады; республикалық бюжет-32,1% 2004-2005 ж аралығында жыларалық өсу денсаулықсақтау жүйесінің қаржылану көлемі 3,6 есеге өсті; Ақысыз медициналық көмек көрсету көлемі -3сеге; 1тұрғын есебімен-3,3 есе. 2010 ж денсаулықсақтау жүйесінің қаржылану көлемі 4% аса, мемлекеттік қаржыландыру көлемі шамамен 4миллиард АҚШ долларына тең болады.денсаулықсақтау жүйесінің жылдамдатылған масштапты өсуінде Қазақстан жүйні және бағытты түрд саяси, технологияны, интелектуалды, инфрақұрлымды жүйені, денсаулықсақтауды және бәсекелестікке қаблетті жақсартуда.
Қазіргі кездегі Қаз мәдениетінің дамуы90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды, концерттік ұйымдарды, кино өнері мекемелерін, мәдениет және демалыс парктерін, т.б. қамтыды. Мәдениет министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 1995 жылы мәдени- ағарту мекемелері – 180 мыңдай мәдени шара өткізіп,оған 24 миллиондай адам қатысқан. Театр сахналары мен музыкалық ұжымдар репертуарларында Қазақстан тақырыбы басымдыққа ие болды. Абай Құнанбаев атамыздың 150 жылдық мерекесі құрметіне 156 жаңа қойылым көрсетілді.Тәуелсіздіктен кейінгі 3-4 жыл ішінде жиырмадан астам қазақ тіліне арналған оқулықтар мен оқу құралдары оқырманға берілді.меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердід көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді.Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын алуға болады. Бұдан бұрынғы идеологиялық жүйенің күйреуі рухани өмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды.XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды. Қазақ халқының ең көне ауызекі өнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық қайта дамыды.Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық мәдениет пен өнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150 жылдығының аталып өтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең көлемде мерекеленуі тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек.
Қазіргі кездегі Қаз экономикалық дамуыҚазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7% мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда – 8,2%). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.
Қазіргі кездегі Қаз-ғы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстарҚазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды."Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы сая¬си партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады.Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ға¬сырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:1. Аристократиялық үйірмелер.2. Саяси клубтар.3. Көпшілік партиялар. Қазіргі Қазақстанның қоғамдық дамуына алдымен саяси плюрализмнің орнығуы мен дамуы тән. Бұл әртүрлі қоғамдық және саяси бірлестіктердің пайда болуы мен дамуына байланысты. Олардың көбі бұрынғы клубтардан пайда болған. Мысалы, 1988 жылдың жазында «Көк майдан» ассоциациясы пайда болды. Ол астана ауасын ластайтын және Сорбұлақ көлі плотинасының бұзылып кету қаупі сияқты мәселелерімен айналысты. Бірінші рет көпшілік ұйымдара да пайда бола бастады. Солардың бірі халықаралық антиядролық «Невада–Семей» қозғалысы. Бұл ядролық сынақтарды тоқтатуда ұлкен рөл атқарды. 1988 ж. соңында «Мемориал» қозғалысымен бастауымен, оның бөлімшелері Алматы, Ақмола, Семей, Петропавловск қалаларында құрылған болатын. Халықаралық қоғамға айналған оның мүшелері Сталин кезеңінде қуғын сүргінге ұшырағандар туралы тарихи–архив жұмыстарымен айналысып және оларға қайырымдылық көмек көрсетті.
Қайта құру жылдарндағы Қазақстан 1985-1991 1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады:1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау. 2. Демократияландыру мен жариялылық. 3. Төрешілдікке қарсы қүрес. 4. Халықтық реформа жүргізу. 5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Қаңлылар(б.з.б. II-II ғ. – б.з. V ғ) Саяси тарихы. Оңт. Қ-ды мекендеген иран тілдес тайпа. Қаңлы-р тур. дерек-ді қытай жазб-нан және ирандық-ң қасиетті кітабы «Авестадан»кездестіреміз. Б.з.б. 138 ж қаңлы еліне қытай императоры Удидің елшісі Чжань-Цянь келіп, 13 жалдай саяхаттап қайтты. Оның жазб-на сүйеніп, тарихшы Сыма – Цянь кітап жазды. Ондағы дерек-де: «қаңлы-р саны -600 мың, түтін саны- 120мың, жауынгер-р саны- 120 мың». Қаңлы-р б.з.б. 46-36ж-ры ғұндармен одақтасып, қытай-мен соғ-қан. Қаңлы-р Сол-гі көрші-і сармат-р мен алаң-ды тәуелділікте ұстаған. Ұлы Жібек жолы бақылауында ұстап, Қытай, Рим, Кушан, мем-мен сауда және егіншілік қатынаста болған. Қоғам-қ құрылысы. Қаңлы мем-кеті 5 иелікке бөлінген. Иелікті кіші хан-р басқарған, олар жоғары бас ханға бағынған. Бүкіл елді оыс кіші хан-ға бағ-тын ру, тайпа басшы-ры-көсем-р басқ-ған. Билік мұрагерлік жолмен берілген.. Астанасы – Битянь. Ғалым-ң пікірінше, Түркістанға немесе Таразға жағын жерде орн-н. Салық жинау жүйесі қалыптасқан. Қоғамда мұндай адам-ң дәрежесі арта түсті. Қарапайым халық, қатардағы малшы-р, егінші-р қолында байлығы мен билігі бар адам-ға тәуелді, яғни бағ-ты болды. Олар, қолында билігі бар адам-р, ақсақал-р, әскери көсем-р еді. Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді.
Қарақытай мемлекеті Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді.1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады.Қазақстан және Орта Азия(1213 жылға дейін). Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады.Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы - Елюй-Чжилугу - таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.
Қарахан мемлекеті Қарахан мемлекетінің құрылуына Қарлұқ одағының ыдырауы себеп болды. 840 жылы Қарлұқтың қағаны Қадырхан өлген соң оның екі баласы билікке ұмтылды. Базар Арслан хан Баласағұнды, ал Оғұлшақ Таразды билей бастады. Кейін Саманид ибн Ахмет Таразды басып алғаннан соң Оғұлшақ Қашғарға кетуге мәжбүр болды. Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра хан (915-955 жж.) Қарахан әулетінің негізін салды.  Ол ислам дінін қабылдаған соң саманилермен арадағы байланыс пайдаланып, Баласағұнның билеушісін құлатып,  942 жылы Боғра хан өзін қаған деп жариялады.960 жылы оның баласы Мұса мемлекеттің діні етіп ислам дінін, астанасы етіп - Қашғар қаласын белгіледі. Мұса өлген соң билік Әли Арслан мен Хасан ханға тиіп, екеуінің өзара қырқысуына ұшырады. Х ғасырдың аяғында Қарахан мемлекеті шығыс және батыс иеліктер болып екіге бөлінді. Жетісу мен Шығыс Түркістан шығыс иелікке,  ал Мәуреннахр батыс иелікке кірді. Шығыс иеліктің орталығы – Қашғар, ал батыс иеліктің орталығы - Үзгент кейін Самарқант қаласы болды. Кейін екеуі екі мемлекетке айналды. Мемлекет басшысы - хақан болды.Хақанның ең жақын көмекшісі және кеңесшісі-уәзір, сонымен қатар сарай адамдары, сарай күзетінің басшысы, есік қорушылар, қазынашылар, аспаздар, хат жүргізушілер, емшілер болды.Шенеуліктердің негізгі бөлігі сарай ақсұйектерінен құрылды. Хатшылар бітікші деп аталды.  Ал егіншілікпен айналысатын отырықшы аудандарды-әкімдер мен бектер басқарды.Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік саяси институт әскери-лендік жүйе болды. Хандар өздерінің туысқандары мен жақындарына ауданның, аймақтың немесе қаланың халқынан бұған дейін мемлекеттің пайдасына алынып келген салықтар алуға құқық берді. Мұндай тартулар „иқта” деп аталды, ал оны ұстаушы араб терминімен муқта немесе иқтадар деп аталды.Х ғ. аяғында қарахандықтар арасында, атап айтқанда Али мен Хасан ұрпақтары арасында өзара қайшылықтар пайда болады. Өзара араздықты Орталық Азиядағы көшпелі қидан тайпалары ұтымды пайдаланды. 1017 жылы қидандар Жетісуға басып кіріп, Баласағұнға дейін жеткен. Бірақ Туған хан оларды шығысқа шегінуге мәжбүр етіп, үш айлық қудалаудан кейін тас-талқанын шығарады. 1130 жылы селжұқ сұлтаны Мәлік шахпен шайқаста жеңіліп Қарахан мемлекеті тарих саханасынан кетті.Шаруашылығы. Бұл мемлекетте көшпел және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, оның ішінде жылқы өсіруге баса назар аударылды. Қарахан мемлекетінде хандар мен сұлтандар туыстары мен жақындарының пайдасына “ихта” деген салық жинады. Ихтаның бірнеше түрі болды: жер сыйлықтары, әскери ихта, еңбек түріндегі ихта.Араб графикасының негізінде жаңа түрі жазуы пайда болды.Қарахандар дәуірінде әлемге әйгілі “Диунани лұғат ат-түрік”, “Құтадғу білік”деген Махмұт Қашғаридің, “ Құтты білік” деген 1069 жылы Жүсіп Баласағұнның еңбектері дүниеге келді.
Қарлұқтар мемлекеті Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
Қасым және Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы. Қасым сұлтанның ел iшiнде беделi күштi болған. Қасым ханның кезiнде хандыктын саяси жағынан болсын, алеуметтiк- экономикалык жағынан болсын дамығандығы белгiлi. Қасым 1411 жылы хан болды. Онын қарамағындағы аскер саны 300 мыңга жуық едi- дейді. Ал тарихшысы М.Х.Дулати: Касымнын букiл Дештi Кыпшак даласына билiк жургiзгенiн, оның халкы санының миллионнан астам болғандығын айтады. Жошыдан кейiн бұл жұртта одан ұлы хан болған емес дейді. Онын шығарған заңдары "Касым ханның қасқа жолы".. Осы заң арқылы ол елді мін шығармай басқарған. Алгашкы кезде ханның орталығы Сырдарияның бойындаrы Сығанак каласындаболған.Кейін түркістанды жаулап алған соң Тұркістан болды. Қасым хан өзінің өмірінің сонгы кезiн Сарайшыкта өткізді. Қасым Орта Азия хандарымен. Едiл бойындағы елдермен, Батыс Сiбiр хандығымен, Ресеймен сауда-саттық, жане дипломатиялык байланыстар жасаған. XVI ғасырдың басында қазақ ханы Касым ханның сырткы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы калалард болды. Бул күресте Қасым хан Мауереннахр билеушiсi Шайбани хан мен және оның ұрпактарымен токтаусыз күрес жургiздi. Сырдария бойындағы шурайлы жерлер мен калаларда билiк жургiзу үшiн күресін жалғастыра бердi. Мұхаммед Шайбани хан қаза болғаннан кейiн, хан ұрпақтары арасында хандык билiкке өзара талас басталды. Осы жаrдайды пайдаланған Касым хан шабуылға шығып, Сайрамды өзiне қаратты. Осыдан соң Ташкенттi билеп тұрган Шайбани ұрпағы Сүйiнiш қожаға қарсы аттанды. Бірақ Ташкент каласының түбiндегi ұрыс сәтсіз болып, хан кайта оралады. Қасым хан Мұхаммед Хайдардың деректерiнде 1518 жылы қайтыс болган. Алайда, орыс деректерiне қараганда 1521 жылы кыста Сарай каласында қаза болған.Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсiз, дербес мемлекет есебiнде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгiлi болды. жер көлемi ұлғайды. Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы, Сыр бойындағы қалаларды косып алды. Онтустік шығыста Жетiсу жерінің басым бөлiгi Шу, Талас, Қаратал, Iле өзендерінің алкабы қарады. Солтүстік және солтүстiк шығыста Ұлытау мен Балкаш көлiнен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейiн жеттi. Солтүстiк батыста Жайык өзенiнің алабын қамтиды. Miнe осындай кең-байтақ қазақ жерiн қамтып жаткан Қасым ханның халкының саны да бiр миллионнан асқан. 16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едәуір жылжытты. Қазан мен Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол астына кірді. Башқұрт және Сібір хандықтары Ресей құрамына енгеннен кейін, ноғайлар Қазақ хандығының солтүстік-шығысына ығыса бастады Ноғай одағы ыдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Оған қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлегі Қазақ хандығына келіп қосылды. деректерде Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған. Бұрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығына өтті. Бұл жағдай Қазақ хандығының солтүстік-батыс және солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. 1563 жылы Сібір хандығының билігіне келген Көшім хан Қазақ хандығына дұшпандық саясат ұстанды. Осындай күрделі жағдайларда Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті шайбанилық Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен одақтық келісім-шарт жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы жиіледі. Қазақ хандығы нығайа түсті. Бірақ Хақназар ханды 1580 жылы Абдолла ханның қарсыласы Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын өзінің адамын жіберіп өлтіртті. Қадырғали Жалайырдың айтуынша «Оның да атағы мен абыройы туралы көп айтылады .
Қимак мемлекетті Қалыптасуы, тайпалық құрамы қоныстануы. Күйреген Батыс Турік қағанат.ң орнына көшпелі және жарт. көшпелі туркі тілдес тайпа/ қазіргі Қаз.н аумағында құдіретті 3 мем.т:Жетісуда – Қарлұқ,Сырд.ң орта және төменгі ағысында – Оғыз,Солт.Шығыс.Орт.Қаз.да – Қимақ қағ.ты құрылды. IX ғ.соңы-қимақ тайпасы.ң атымен Қимақ қағ.ы құр.ды. 840 ж Орт. Монғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған кірген тайпалардың бір бөлігі (Эймур,Байандур,Татар) Қимақтарға қосылды.Жеті тайпалы Қимақ қағ.ң негізі осы кезде қалыптасты.X ғ. Бас.да Қимақ мем.і құр.да 12 тайпа болған. Астаналары – Қимақия (Ертіс бойы),Карантия(Алакөл жағасы) Қимақтар құрамы 7 тайпадан тұрған. Ең атақтылары: қимақтар мен қыпшақтар. (парсы тарихшысы Гардизи) Тайпа/ы: эймур, байандур, татар, ланиқаз,ажлар,имек,қыпшақ.Қимақ/ тарихы.ң ерте кезеңі Янмо тайпасымен байланысты.ол Батыс Түрік/ арасында 7 ғ. болған оқиғаға орай,Қытай деректерінде аталып өтеді.Синолог/ янмо тайпасы мен имек тайпасы екеуин бір тайпа деп есептейді.Имек термини Кимек атауы.ң фонетикалық бір түрі.8ғ екінші жартысы мен 9ғ бас кезінде Кимек тайпа/ы 3 бағытқа :Солт.батысқа – Оңт.Орал жағына,Оңт.бағытқа – Сырдария мен Оңт.Қаз.ға , Оңт.ке – Жетісудың Солт.-Батысына қарай қозғалады.766-840жж Кимек/ Батыс Алтай , Тарбағатай мен Алакөл ойпаты.ң жер/ін жайлап,Оғыз/ң теріскей шебіне дейін жетеді.9ғ аяғынан 11ғ бас. дейін кимек/ қалыптасқан мем.т болды.11ғ.басында кимек/ біртіндеп ыдырай бастады.Құлауының 2 себебі болды:1.өзін-өзі билеуге,өз мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хан/ының кимек/дің орталық билігіне бағынбауына бай.ты ішкі себеп,2.11ғ қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпа/ының қоныс ауд.ң ықпалымен болған сыртқы оқиға. 11ғ тайпа/.ң қоныс ауд.ң нег.себебі- 916ж Солт.Қытайда Қидан/.ң Ляо мем.ң құр.уы еді.Осы мем.ң жері.ң батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпа./ң одан әрі ығысуына әкеліп соқты.11ғ 2 жартысында Сырд.я өзені бойындағы ,Арал.ң Батысы мен Каспиий.ң Солт.өңіріндегі оғыз жерін басып алған қыпшақ/ айтарлықтай күшейіп,бұрынғы қимақ-қыпшақ орн.н нег.айм.та күші мен қуаты жағынан алдыңғы орынға шықты.Қимақ/осы оқиға./ кезінде өзі.ң саяси жетекшілігінен айрылып қана қоймай,қыпшақ.ға тәуелді болып қалды.Осылай қып./ Қимақ мем.ң мұрагері болып қалды.Бұдан былай қимақ/ қыпшақ тайпа/.ң құрамына еніп,қыпшақ деп аталды./.Қимақ/.ң басты шар.ғы – мал ш.ғы .Кыста Жайық пен Жем арасын қыстап,жазда Ертіс жағасын жайлады.Орта ғасыр автор/ы қимақ.ң жылқы,қой,ешкі,сиыр,түйе өсіргенін айтады.Олар.ң шар.да жылқы,қой өсіру ерекше маңызды болды.Қ.р аң аулаумен де айналысқан.
Қола дәуіріндегі Қазақстан.Қола дəуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Евразия даласында қола алу тəсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Қазақстан жеріндегі қола дəуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мəдениеті – ғылымда Андронов мəдениеті деп аталады. Бұл дəуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді жəне Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мəдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мəдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мəдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мəдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан 4 зор территорияға тарағанын анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мəдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі:1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – 1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ.2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ.3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы – Орталық Қазақстан. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер-петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса қабір табылып зерттелген. Ертедегі Нұра кезеңінде жерлеу салтында кремация (мəйітті өртеу) басым болған. Келесі – Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Андроновшылар шаруашылығы Қола дəуірінде кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген. Мысалы, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылған, ал Успен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Сол кездің өзінде-ақ мал өсіру, қарапайым егіншілік және кең кәсібінің бастамасы мәлім болатын. Ұлан-ғайыр далалық аймақта осы материалдық игіліктерді шығаратын негізгі өндірістер прогресінің шамамен бір деңгейлес болуы Андронов мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктерінің қалыптасуына, қоғамның әлеуметтік жағдайына жақын түрлеріне жеткізді.Беғазы - Дәндібай мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. IX - VIII ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Беғазы және Дәндібай ескерткішкешендерін алғаш зерттеп, Беғазы - Дәндібай мәдениеті атауын ғылыми айналымға енгізген акад. Әлкей Марғұлан. Беғазы - Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысындаҰлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра,  Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен. Бұл кезде одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Осы кезеңде бұл өңірде ірі елді мекендер (Кент, Бұғылы, Шортанды-бұлақ, Қарқаралы, ,Ұлытау, т.б.) пайда болған. Тұрғын үй құрылыстары әр түрлі. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4 - 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен, мал ш-мен айналысқан. Беғазы - Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне (күн, от, су, т.б.) табынған. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, т.б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған.
ҚР 1995ж кост нег ережелеріҚазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.Конституция құрылымыI бөлім. Жалпы ережелерII бөлім. Адам және азаматIII бөлім. ПрезидентIV бөлім. ПарламентV бөлім. ҮкіметVI бөлім. Конституциялық кеңесVII бөлім. оттар және сот төрелігіVIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқаруIX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
ҚР сыртқы саясаты Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен 2 жакты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан баска аймактың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр.
ҚР этносаралық қарым қатынасы. Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуы Қазақстан Республикасының Конституциясында да еліміздің көп этникалық құрамынан туындайтын ұлтаралық қарым-қатынасты реттеуге және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған нақты нормалар бекітілген болатын. Бұл ережелер ұлттық саясатты жүргізуде бүгінгідей нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етті. Этностарды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды.Асамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болды.Жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда кіші ассамблеялар құрудан басталды. 1995 жылы 16 ақпанда Президент Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді.Сонда, Елбасы Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құру қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды.Ассамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші Ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40 ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері енді. Сессияда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев баяндама жасап, Ассамблеяның ұыймдастырушылық құрылымдары белгіленді.Ассамблея этномәдени бірлестіктерді құрамына біріктіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен кіші ассамблея мүшесі болып табылады. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды.Қазақстан халқы Асамблеясы сан алуан этностарды азаматтық тұрғыда топтастырудың қуатты құралдарының біріне айналды. Ассамблеяның белсенді қызметінің нәтижесінде Қазақстандағы этностардың мәдени өмірі жандана бастады. Өйткені Ассамблея этникалық топтар арасындағы ұйымдастыру жұмыстарының орталығына айналды. Ассамблея органдарына мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты этномәдени орталықтардың мәселелері жедел шешімін тауып, кейбір өзекті мәселелер бойынша үкімет деңгейіндегі шешімдер қабылданады. Ассамблея Кеңесінің шешімімен этномәдени орталықтарға қаржылай және ұйымдастыру жұмыстары бойынша көмек көрсету мақсатында республикалық қор құрылған. Бұл қордың бөлімшелері әрбір облыстарда ашылды.Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық «Ақиқат» және «Мысль» журналдарының құрылтайшысы және де ассамблея жанынан шығатын «Достық - Дружба» журналы бүкіл елімізге таралады. Ассамблея ЕҚЫҰ-мен де тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді Қазақстан халқы Ассамблеясында 1996 жылдан бері 1 мамырда Қазақстан халқы бірлігі мерекесі ретінде атап өту идеясын туған еді.Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік. Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастырушы институт ретінде қалыптасып болды деп есептеуге толық негіз бар. Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді Ассамблея өзінің құрылымы жағынан республикалық, облыстық және қалалық этномәдени орталықтарды біріктіретін ұйым болып табылады.Қазіргі заман тарихының жылнамасы Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің күнделікті қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше көңіл бөліп отыратындығын дәлелдейді. Күллі Қазақстан халқы мен еліміздегі әрбір этностың болашағы – Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін зор жауапкершілік.
Қ-тан тереториясындағы тас ғасыры – адамзат тарихындағы ең ұзақ мәдени-тарихи кезең. 3 кезеңге (ежелгі, орта, жаңа) бөлінеді. Шамамен б. з. б. 1 млн. 800 мың – 8/7 мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Т. д. ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарынан кездеседі. Аймақтар тарихының ертедегі кезеңін зерттеу, әдетте, сонау адамзат қалыптасу тарихынан, яғни алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен басталады. Бұл кезде, яғни тас дәуірінде ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуы мен алғашқы дамуы орын алған. Палеолит дәуірінің алғашқы ескерткіштері Батыс Қазақстан облысының аймағында 2001 жылы тарих және археология орталығымен (М.Н.Сдықов, ААБисембаев) және Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институтының тас дәуірі ескерткіштерін зерттеу бөлімімен бірлесе жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде анықталды. (О.А.Артюхова., Г.Т. Бексеитов). Аса үлкен қызығушылық туғызған, Шалқар I мекенінен табылған 20 данадан құраған топтама (коллекция) болды. Олардың арасында: жапырақ пішіндес найза ұшының дайындығы, әмбебап құрал (қырғыш, ұрғы), екінші беті бұдырлы, дөңес қырғыш, тісті құрал-сайман. Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар.Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда Құдайкөл, Жаман айбат, Обалысай тұрақтары, батыс Қазақстанда -Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас. Мезолит - Қазақстанда аз зерттелді. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды. Мезолит тұрақтары -Қарағандыда - Әлімбек, Көкшетауда - Виноградовка, Қостанай маңында - Дачная, Маңғыстауда - Қызылсу және т.б. Жаңа тас ғасыры-неолит - бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мыңжылдық-2 мың жылдық басы. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды. Ескерткіштері -солтүстік Қазақстанда, Есіл өңірінде - Атбасар мен Торғай үстірті -маханжар неолиттік мәдениет; оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы. Атырауда Шатпакөл; Құлсары 1-5; Маңғыстауда Бозащы түбегі (Шебір), орталық Маңғыстауда Түйесу (Сенек 1,4).Энеолит - адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Ботай мәдениеті облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың аты. Б.з.б. 3-2 мыңжылдық. Ботай мәдениетін зерттеген Зайберт В.В. Бұл жерден 158 тұрғын үй жұрты табылды, сазбалшық, сүйектен жасалған ыдыстар, әшекейлер табылды. 70000 жылқының сүйегі табылды.
Моғолстан мемлекетіМоғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды. Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады. 14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы. Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты. Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді. 1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады. 1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды.
Н.Ә.Назарбаев еңбектеріН.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:«Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983),«Стальной профиль Казахстана» (А., 1984),«Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления» (А., 1988),«Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия развития Казахстана как суверенного государства» (А., 1992),«Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку» (М., 1992),«Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана» (А., 1993),«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),«Евразийский союз: идеи, практика, перспективы» (М., 1997),«Тарих толқынында» (А., 1997),«О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997),«Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002),«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),«Сындарлы он жыл» (А., 2002),«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
Найман және керей ұлыстары.  Наймандардың, керейлердің ертеректегі мемлекеттері Орталық Азияның шығысында – Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатынасы бар.Ғалымдар “найман” терминінің мәні  “сегіз” деген сөзді білдіреді деп болжам жасайды. ғылыми әдебиеттегі жаңа мәліметтер олар түркі тілдес болды дегенді дәйектейді.  Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы, ұлыстардың құрылуымен қатар жүрді. “Ұлыс” деген сөз ол кезде “халық” деген ұғымды білдірді, әрбір ұлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың өкілі – хан басқарды. Ұлыстарды басқару және оның ішкі жұмыстарын, салық жинауды арнаулы шерби атағы бар адамдар жүргізген. Наймандар XІ ғасырдың бас кезінде христиан дінінің несториан бағытын ұстанған. Бұл наймандардың ерте феодалдық кезеңде басқа мемлекеттермен  және халықтармен этно-мәдени байланыста болғандығын дәлелдейді. XII ғасырдың аяғы - XIII ғасырдың басында Найман хандығы екіге бөлініп, оны Инанчтың екі ұлы: Даянхан мен Бұйрық хан басқарды. 1204 жылы моңғолдар Даянханды, 1206 жылы Бұйрық ханды талқандады. Ал 1218 жылы моңғолдар наймандарды талқандап, қашып кеткен Күшілікті ұстап алып, Бадахшанда өлтірді. Сөйтіп, XIII ғасырдың басында бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу моңғолдардың қол астына кірді.Керейлер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер Х ғасырдың бас кезіне жатады. Олар түрік тілді және моңғол тілді жұрттан құралады. Керейлердің батысында – наймандар, солтүстігінде -меркіттер, шығысында -татарлар, оңтүстігінде -таңғұттар тұрады.Керей тайпаларының екі ордасы болған, солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында, ал оңтүстік ордасы Хуанхе өзені бұрылысының теріскейінде тұрған. ХІІ ғасырдың 50 – ші жылдарында керейлердің Қытаймен арадағы қатынасы шиеленісті. Қытайларға қарсы керейлердің күресін бастаған Маргуз – хан тұтқынға түсіп, азаптап өлтірілді. Одан кейін елді Худжар Бұйрық – хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті. Тоғырыл ханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері – Темучин (Шыңғыс хан) мен Жамуха – тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болған. 1180 жылдары Тоғырыл Тимучинге қолдау көрсетіп, 1183 жылы керейлер мен моңғолдар Қытаймен одақтаса отырып, татар әскерін талқандады.Бірақ1203 жылы керейлер мен бұрынғы одақтасы моңғолдар арасында соғыс өрті бұрқ ете түсіп, ол керейлердің жеңілісімен аяқталды. Тоғырыл мен оның  ұлы Сангум қаза тапты. Керейлердің бір бөлігі қолбасшы Қайранбайдың бастауымен Солтүстік–Батысқа, яғни Ертіс өзенінің орта ағысына қарай қашты. Ал басым бөлігі Моңғол мемлекетінің құрамына енді.Жалпы алғанда, моңғол шапқыншылығы Орталық Азияның этникалық процесіне үлкен әсер етті, соның салдарынан көшпелі халық орасан зор аймаққа көшіп–қонды. Моңғолдардан жеңілген наймандар мен керейлер біртіндеп қалыптасып келе жатқан түркі халықтарына, оның ішінде қазақ халқына араласып кетті.
Ноғай Ордасы Ноғай Ордасы құрамында Алтын Орданың ыдырауы,Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның Солтүстік –батысында Ноғай ордасы құрылды.Ноғай орданың алғашқы аумағы Еділ мен Жайық өзендерінің арасы Орданың негізгі халқының құрамы маңғыттар болды.Олармен бірге қоңрат, найман, арғын, қаңлы, алшын, қыпшық,тама т.б түркі тілдес тайпалар болды.Ноғай Ордасының Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғайдың есімімен аталған.Бірак Ноғайдын кейін бұл ел ешбір тарихи деректерге ұлыстық дарежеде кездеспейді.Тек 14ғ соңғы кезінде Едігенің уакытында Ноғайлардың аты шыға бастайды.Едіге Ноғай елін Алтын Ордадан оқшаулата бастайды.Едігенің баласы Нұраддиннің кезінде (1426-40) Ноғай ордасы өз алдына жеке мемлекет болып Алтын Ордадан бөлініп шығады.Орталығы Сарайшық қаласы болған.Едіге негізінен Алтын Ордада хандардың кеңесшісі болған.Едіге 14ғ 90жылдарында Тоқтамыс ханмен үздіксіз соғысумен болады.Оның басты себебі біріншіден билік үшін күрессе екіншіден Ноғай Ордасының беделін көтерп шекарасын ұлғайту үшін соғысады.Едіге Алтын Ордада Темір Құтлық ханның кезінде беделі бик болып оның кеңесшісі болады ж/е оған аға-әмір-беклір бек деген атақты береді.Бірақ Темір Құтлықтың баласы Темір ханның кезінде Едіге мен арада қарама қайшылық туады.Екеуінің арасында соғыстар болады.Едіге Тоқтамыстың ұрпақтарымен үздіксіз соғысуы нәтижесінде, Тоқтамыстың Қадырберді деген баласымен соғыста Едіге қайтыс болады. Кейбір деректерде 1419 жылы қаза болған дейді. Осыларға қарап отырып Едігенің ел билеуге уақыты да болмағанын көреміз. Едіге қайтыс болған соң орнына Ғази бек болады. Ол бірақ өте қатал болғандықтан оны 1428 жылы әмірлер өлтіреді. Маңғыт елі біраз нашарлап, Едігенің балалары жан жақа бытырап кетеді. Осы кезде билікке Едігенің кіші ұлы Нұраддин келеді. Ьіне осы кезде және Нұраддиннің баласы Уақас бидің кезінде Ноғай ордасы болып толық бекінді. Уақас биден кейін оның бауыры Аббас Ноғай ордасының бегі болады. Мұның кезінде 1446 жылы Сырдария бойындағы қалалар алынып ол Үзгент қаласында билік жүргізген. Орда өмірінде Мұса мырза Жанбыршы бидің атқарған қызметтері зор болған. 16 ғ 2- жартысында Ноғай ордасы ыдырай бастайды. 1550жылы Қазан, Астрахан хандықтары Ресейге қосылуына байланысты Ноғай ордасы бірнеше иелікттерге болініп кетеді. Ыдырау кезінде халқының біраз болігі Кіші жүздің құрамына енген. Ал тағы бір болігі Ресейге қосылып кетеді. Осылайша Маңғыт елі тарих бетінен жоғалды.Н. о. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. 
О. Игельстром реформасы Кіші жүздегі хандық билікті жоюға тырысу. Игельстром реформасы (1786) – Кіші жүзді басқарудың 1786 жылы Екатерина ІІ қуаттаған жобасы.1775 жылғы реформаға сәйкес О.А. Игельстром далалық жерлерді жалпыимпериялық негізде басқару мақсатында, Кіші жүзде хандық басқару жүйесін жоюды көздеген жоба ұсынып, патшайымның мақұлдауынан соң ол “Игельстром Реформасы” деп аталды. Бұл жоба бойынша негізгі билік шекаралық комиссияның орнын басатын шекаралық сотқа берілуі тиіс болды. Оның құрамына патша шенеуніктері мен басқа да жергілікті қауым өкілдері кірді. Орынбор губерниясы басқару кеңсесінің бақылауында болатын жаңа әкімшілік органдар – расправалар құрудағы Ресей өкіметінің мақсаты ең алдымен сұлтандарды басқару ісінен шеттету болды. Расправаларды алғаш құрған кезде көптеген беделді старшындар оның құрамына енуден бас тартты. Сондықтан патша әкімшілігі енді “бас старшын” деген атақ енгізді. Дегенмен расправалардың Кіші жүзді басқару ісіне араласуына сұлтандар қарсылық білдірді. Ресей үкіметінің Кіші жүзде расправалар құру жолымен хандық билікті жою жөніндегі шаралары нәтижелі болмады. Игельстром реформасының сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – дәстүрлі басқару түрін жоюдың алғышарты қалыптасуында болатын. Расправалардың басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүздердегі ықпалды сұлтандар қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмтылды. 1789 жылғы Француз революциясынан шошынған патша үкіметі Игельстром реформасын туғызған наразылықтардың монархиялық басқару негізін шайқалтуы ықтималдығын ойлап, Игельстром реформасын аяғына жеткізуден бас тартты.
Оғыздар мемлекеті Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында 9-10ғғ. Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Әйгілі М.Қашқаридің сөздігі “Диуани-лұғат-ат-түрік”бойынша Оңтүстік Қазақстанның жерінде, әсіресе Ыстықкөл мен Шудың орта бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, яғма, чігіл, имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі белгілі.Осыған қарағанда оғыздардың алғашқы отаны Жетісу болғандығына күмән жоқ.Алайда 8ғ. екінші жартысынан бастап қарлұқ тайпаларының күшеюіне байланысты оғыздар Сырдарияның орта және төменгі бойына ауа бастаған.Сөйтіп 9ғ. Аяғында осы аймақта оғыз тайпаларының бірлескен одағының нәтижесінде патриархалды-феодалдық мемлекет құрылады.М.Қашқари оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін жазады. Х ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы Янгигент немесе жаңа Гузия деп аталған. Янгигент кимек даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл және Нұра бойларына баратын керуен жолының үстінде болды. Ертедегі феодалдық мемлекеттер сияқты Оғыздар мемлекеті тұтас топтасқан мемлекет болған жоқ. ІХ-ХІ ғасырларда Оғыз мемлекетінің басшысы «жабғу» деген атағы бар жоғарғы билеуші болған. Жабғудың билігі, ресми түрде патшалыққа сайланып қойылған деп есептесе де, мұраға қалып отырды.Оғыз жабғыларының орынбасарларын күл-еркін деп атаған.Жабғы мемлекетінде оғыз әскерлерінің бас қолбасшысы “сюбашы” деп аталды.10ғ. аяғында орыс деректерінде оғыздардың 965ж. Киев князі Святославпен одақтасып хазарларды және князь Владимир 985ж. Оғыздармен келісе отырып, Еділ,Кама бойындағы бұлғарларды талқандағаны туралы айтылады.Оғыздардың жер үшін жүргізген ұрыстарының көп жағдайда сәтті болуы, олардың саяси беделін де көтере түскен. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік табиғаты жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды. Х-ХІ ғасырлар шебінде Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырай бастайды. Алым-салықтардың жиілей түсуіне оғыз тайпалары наразылық білдіріп, көтеріліс жиілей түсті. Х ғасырдың орта кезінде келген Әш ханның басқаруына қарсы жүргізілді. Осы наразылықты сезген Жентке жақын жерге келіп орын тепкен салжұқ көсемдері пайдаланады. Көп ұзамай салжұқ көсемдері Жентті басып алады, бірақ ұзақ ұстап тұра алмайды. Осы уақытта Әли ханның мұрагері Шахмәлік өкіметі күшейіп шыға келеді. Шахмәлік тұсында 1041 ж. оғыздар Хорезмді басып алады. Деректемелер бойынша Шахмәлік салжұқтардың қолынан мерт болған соңғы оғыз жабғуы болған. Сан жылдар бойы жүргізген соғыстарының нәтижесінде оғыздар әлсіреп, қыпшақ тайпаларының соққыларынан кейін құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары қыпшақтардың тегеурінен Шығыс Европаға, Кіші Азияға кетті. Біразы Мауреннахрдың Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына өтті. Кейін келе Дешті қыпшақ түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетті.Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт,түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарын қалыптастырушы түріктердің бірі болды.
Отан соғысы жылдарындағы майдандағы Қазақстандықтар Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар Кеңес әскерлерінің қатарында жауға қарсы соғысты. 1 миллион 200 мың жерлесіміз Кеңес әскерлерінің қатарында болды. Соғыстың алғашқы айларында қазақстандықтардан 238, 310, 114, 316, 387 және 391 атқыштар дивизиясы құрылды. Қазақстандықтардың ерлік істері сол кездегі астанамыз Москваны қорғауда ерекше көрінді. Республикада жасақталған 316 атқыштар дивизиясы астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғау тапсырылды. Генерал-майор Панфилов басқарған дивизия өзіне берілген тапсырманы абыроймен ақтап шықты. Осы соғыста Панфиловтың өзі де қаза тапты. Аға лейтенант панфилофшы Бауыржан Момышұлы Москва түбіндегі ұрыста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Сонымен қатар Москваны қорғауда ерекше ерлік көрсеткені үшін панфиловшылар Вихревке, Мәлік Ғабдуллинге, Төлеген Тоқтаровқа, Рамазан Амангельдиевке Кеңес одағының батыры атағы берілді. 1941 жылы желтоқсан айында Москва түбінде неміс әскерлері алғаш рет жеңіліске ұшырады. Москва түбіндегі ұрыстың үлкен тарихи маңызы болды. Бұл соғыс неміс әскерлері жеңілмейді деген дақпыртты жоққа шығарды. Кеңес әскерлерінің Москва түбіндегі жеңісі басқа халықтардың да фашизмге қарсы көтерілуіне мүмкіндік берді.1942 жылдың шілде айынан 1943 жылдың ақпан айына дейін созылған Сталинград шайқасы Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыстың бастамасы болды. Бұл ұрыста Германия 1,5 млн. адамнан айырылды. Генерал-фельдмаршал Паулюс бастаған 22 неміс дивизиясы талқандалып, тұтқынға түсті. Сталинград шайқасында қазақстандық 38 атқыштар дивизиясы болды.Сонымен бірге қазақстандықтар жау тылындағы партизан соғысына да белсене қатысты. Олар Украинадағы, Белоруссиядағы, Ленинград облысындағы партизан қозғалыстарына қатысты. Партизан қозғалысының қатарында Ғұсман Ахмедияров, Әди Шарипов, Жұмағали Сайн, Жангелдин, Омаров тағы басқалар болды. Қасым Қайсенов Украинадағы партизан отрядтарының бірін басқарды.Жалпы алғанда қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының барлық майдандарына қатысып ерекше ерлік өрсетті. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Олардың 100-і қазақ.Олардың қатарында Шығыстың қос жұлдызы аталған Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, жаудың пулеметін кеудесімен жапқан Сұлтан Баймағамбетов, жанып бара жатқан самолетін жаудың үстіне түсірген Нүркен Әбдіров және тағы басқалар бар.Ерекше ерлік көрсеткені үшін 4 қазақстандыққа 2 рет Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Олар: Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда, Иван Павлов. 1945 жылы май айында Берлиндегі рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақстандық Рахымжан Қошқарбаев еді.
Сақ тайпалары туралы деректер:жіктелуі, қоныстануы және шаруашылық қызметі.Б.з.б І мыңжылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер-сақтар. Сақ тайпалар одағы б.з.б VII-IV ғасырларда құрылды. Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңт.Сібір тайпалары және Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген киф тайпаларымен ұқсастығы болды. Сақ тайпаларының негізгі 3 тобы болды:*Парадарайа (Теңіздің ар жағындағы сақтар) *Тиграхауда(Шошақ бөрікті сақтар)*Хаумаварга(Хаома сусынын дайындайтын сақтар). Қоғамдық құрылысы: Сақ қоғамында халықтың 3 тобы болған.Олар: жауынгерлер, абыздар, қауымшыл сақтар Осы жіктердің әрқайсысының өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге қызыл және сары-қызыл, абыздарға-ақ, қауымшыл сақтарға-сары мен көк түстер тән еді. Сақ көсемдері мен патшалары жауынгерлер тобынан сайланған. Патшалардың белгісі жебелі садақ болды. сақ әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да елдермен бірдей қатысып, ерлік көрсетіп отырған. Б.з.д VI-V ғасырлардың өзінде-ақ сақтардың қоғамдық құрылысының сол заманғы прогрестің неғұрлым жоғары сатысына көтерілгендігін, оған экономикалық және саяси алғышарттардың болғандығын көрсетеді.Сырдария,Іле,Талас,Лепсі және т.б өзендер аңғарларында көптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. мысалы: Жуантөбе қорымы-300 обадан,Берікқара қорымы-500 обадан, Кетпен-Төбе алқабында700 обадан тұратын қорымдар табылған. Жазба деректері: Сақ бірлестігі туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) Антик дәуірінің авторлары(гректер)-Геродот,Страбон,Ксенофонт,Птоломей және т.б. 2) Ахеменидтер әулетінен(көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы т.б.) Парсы жазбалары "Сақ" атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды "Азиялық скифтер" деп атайды. Парсы сына жазбаларында хаомаварга сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы деп айтылған, олар грек деректерінде амюрьгий сақтары деп аталды.Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі аталған:*Гректер-Азиялық скифтер; *Парсылар-Құдіретті еркектер;*Ирандықтар-Жүйрік атты турлар Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біреуі басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған.Түйе шаруашылығы да кең дамыды.Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды. Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған. Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда мекеденген.
Сақ тайпаларының мәдениеті Мәдениеті: Сақ мәдениеті- орт.жіне Алд.Азияның мәдениеті мен өнер жетістіктерінің бірі болды. Сақтар Алтай,Сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен сауда байланысын жасады.Шығыс Қаз. мен Жетісу аралығында ішкі сауда қалыптасқан. Б.з.б 7 ғасырдан бастап Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігінде "аңдық стиль" деп аталатын өнер пайда болды. Басты тақырыбы-аңдар мен аңыздағы қиял-ғажайып бейнелерді суреттеу. "Аңдық стиль" дәстүрімен сақтар Алдынғы Азия мен Иранға жасаған жорықтары кезіде танысқан. Осы жерден алғаш рет "өмір ағашы" атанған арыстан бейнесі тараған. Жылқы- күн және отпен байланыстырылды. есік қорғанынан табылған патшаның бас киімінде бейнеленген қанатты аттар-күннің қозғалысын білдіреді. Қабан бейнесі- күн күркіреу құдайы. Сақтарда зергерлік өнер жоғары дәрежеде жетілдірілді. Әсіресе ағаштан ойып жасалған бейнелер мен бұйымдарды алтынмен аптау ісі кең тарады. Зергерлік өнердің тамаша туындылыры Есік және Шірік-Раббат қоныстарынан табылды.
Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі Көтерілістің алғышарттары:-Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі;Орыс помещиктері Жайық казак әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі. 1782-1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.1782 ж-ғы 27желтоқсан- патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:-Су көздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға алғанда ғана рұқсат етілді.-Казактар жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салынды.-Жалға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды.Міне осы белгілер көтерілістің негізгі себебі болды. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты. Көтеріліс аумағы: Еділ - Арал теңізі. Көтеріліс басшысы - Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы(1742-1802).1792ж Сырым Рессей империасына қарсы ашық күрес жарялады . қазақ фео.ң бір бөлігі батыр топтарының шоғырланған ауылдары және батырдың жоспары Орынбор әкімшілеріне хабарлап отырды. Патша үкіметінің Жем, Ойыл бойында бекіністер түрғызуы да көтеріліске кері әсер етті . сырымның көтеріліыке орта жүзге шекаралас аймақтағы қазақтарды тартуы іске аспады. 1791ж маусымда Сырымның көтеріліс мәселелерін талқылау үшін старшындар сьезін шақыру талабы орындалмады. Карасногорск бекінісіне шабуылы нәтижесіз болып, партизандық күрес әдісіне көшті. Күрес уақытша бәсеңдеді. 1794ж Ералы хан қайтыс болып 1795ж Есім хан болып сайланды.1796-97ж қысқы жұт болып ханның салықты өайта көтеруі көтерілістің қайта өрлеіне себепші болды. 1797ж 17наурызда Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді. Хан өліміне Сырымның жеке басының қатысы болмады. Хан отбасының Орал қазақ әскер пана сұрауы , атаман Донсковтың көтерілісті басу үшін негіз болды. 1797ж күз полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады. Сырым тобы Ойыл өзені бойына кетіп жазалаушыларға ұстатпады. Есім ханның қазасынан кейін ақсүйектер тобы патша үкіметінен жаңа ханды тағайындауды өтінді. Сұлтан старшындарының бір бөлігі Қаратайды қалады. Сырым тобы хан сайлауда халық пікірін тыңдауды талап етті. Елдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс . руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді . патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді . қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып 14ж созылды.
Тәуекел және Есім хан тұсындағы Қазақстан 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды. Тәуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел ханның бас тартуының себебі , Абдолла әуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартады. Тәуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды. Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды. 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мәуереннахрдың солтүстігінде шоғырланды. Бұны білген Тәуекел Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді. Бірақ Тәуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталады. Тәуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды. 1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Тәуекел ханның бұндағы мақсаты Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру және 1588 жылы орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немере інісі,Оразмұхаммедті тұтқыннан босату болды. 1595 жылы елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда орыс патшасы Тәуекел ханға Қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына алатынын» уәде етті .Тәуекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ. 1595 жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келді. Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды. Бұл кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді болды. Сондықтан ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады. 1597 жылы Бұхар хандығында ішкі тартыс, онда ықпалды адамдардың қолдауымен Абдолланың ұлы Абдылмомын әкесіне қарсы шықты. Осы қырқысты пайдаланып, Тәуекел Ташкент қаласының түбінде Абдолла ханның әскерін талқандады. Осы орайды пайдаланған Тәуекел хан жүз мың әскермен Мәуераннахрға басып кіріп, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Бірақ Бұхараны қоршау кезінде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды Есім хан (1598-1628 (1645) ж.ж. билік құрған) Шығайұлы Есім хан – Қазақ хандығының ханы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайдыОйраттардың бір жағынан Ембі, Жайық, Еділ бойындағы ноғайлармен шарпысуығ екінші жағынан орыс қақтығысуы Есім хан саясатының ықпалды болуына елеулі жағдай жасады. Ақырында үш жақты соғыстың өздеріне қырғын таптыратынын сезген ойрат әміршілері Есім ханның үстемдігін мойындап, тату көршілікте тұру мақсатында ұсыныс жасап, елшілерін жіберуге мәжбүр болады.Хандығының шекарасын кеңейте түсу саясатын мұнда да батыл жүргізіп бағады . Ташкент пен оның төңірегінің түгелдей қазақтардың иелігі екенін ресми түрде мойындайды.Бұдан кейін Есім хан Моғолстан ханы Әбдірахымның қызы Падшахқа үйленіп, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахымға беріп, қарсы құда болу арқылы оны өзінің жақтасы етіп, соның көмегімен өзіне опасыздық жасаған Тұрсын ханды талқандап, дара билікке қол жеткізеді.Есім ханның билігі тұсында халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі Есім хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы екенін де естен шығармаған абзал. Қоныс-тұраққа, мал-мүлікке, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты туындайтын дау-шардың шешімдері осы кезде сараланды.Есім хан дүние салған соң қазақ хандығының тағына Жәңгір хан (1645-1652) отырды Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. . Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді.Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627-жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді.
Тәуке ханның заңдарыТәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз Жеті жарғы» жеті заңнан құралды: 1. Жер дауы заңы 2. Отбасы - неке заңы 3. Әскери заң 4. Сот заңы 5. Қылмысты істер заңы 6. Құн заңы 7. Жесір дауы заңы. Тәукенің тұсында «Жеті жарғы» деген атаумен әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Сөйтіп, қазақ халқының тарихында ірі құқықтық өзгерістер енгізді. «Жет жарғы» сол заманға сай құқықтық құжат қана емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш. Бұл көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".)Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады.Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді.Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда - қарлұқтар қалды.
Түрік, Батыс түрік қағанаты.Түрік қағанаты (552 – 590) – Орталық Азиядағы түркі тайпалары құрған ортағасырлық мемлекет. Алғаш қытай жылнамаларындағы “Тукюә” (түрік немесе қажыр қайраттылар) деген атпен белгілі болды. Атау алғашында саяси мағынада қолданылып, кейіннен этн. мағына иеленді. Аңыз бойынша оған тайпа көсемдерінің бірі Ашина басшылық жасаған. Олар әуелі Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді.Түрік қағанаты Түрік Қағандығы-ның қоғамдық өмірінде әскери іс маңызды орын алды. Түріктер мал ш-мен, аңшылықпен айналысты. 460 ж. көктүріктер Жужан қағанатының қол астына қарады, сөйтіп, олар Шығыс Түркістаннан Алтайға көшірілді. Олар Жужан қағанатына темір және металл бұйымдардан алым-салық төлеп отырды. Түркінің дулу (дулат) тайпасының басшысы Ағын шадтың ұлы Бумын әуелі теле түріктерімен, сосын бұрын Шығыс ғұндар құрған Вэй мемлекетіне елші аттандырып, олармен құдандалық, сауда-саттық және әскери-саяси қарым-қатынастарға орнатты. Осындай дайындықтардан кейін Бумын көктүріктерді бастап 552 ж. жужандардың негізгі күшін (бұл оқиға тарихта “темір қарушылар көтерілісі” деп аталады) талқандады. Жужан қағаны Анахуан өзін-өзі өлтірді де оның ұлы Яньлочен бастаған туыстары Қытайдың Цинь мемлекетіне барып бас сауғалайды. Бұрын жужан билігінде болған түркі тайпалары енді Бумын төңірегіне шоғырланып, 552 ж. ол өзін “ел қағаны” деп жариялады. Қрі тайпа басшылары шад, қағанның ұлдары мен інілері “тегін” лауазымына ие болды. Қрі ұлықтар жабғу, құшлы, уор, елтебер, тудын, іркін, жағунда, тархан, т.б. 28 дәрежеге жіктелді. Билік мұрагерлік жолмен жалғасты. Мемлекеттің халқын қара бодын құрады. Сарбаздары бөрі деп аталды. Ел ордасы Орхон өз. бойындағы өтукси қойнауында болды. Алтын ұшты жебе мен балауыз мөр куәлік ретінде қолданылды.Бумыннан кейін билікке баласы Ыстық Қара хан (553 – 554) келді. Бумыннан інісі Истеми баїадүр лауазымын алып, 100 мың қолмен батыс майданға аттанды. Ол әуелі Жетісу, Сырдария бойын бағындырып, 563 – 567 ж. ақ ғұндар мемлекетін талқандап, Түрік Қағандығы-ның батыс шекарасын Шашқа (Ташкент) дейін жеткізді. Истеми түріктердің батыстағы он ірі тайпа бірлестігін біріктіргені үшін “Он оқ будун қағаны” деп аталды. Бірақ ол ресми қаған сайланған емес. Мұқан қаған (554 – 572) билеген кезең Түрік Қағандығы-ның дәуірлеу кезеңі болды. Қағандықтың шекарасы шығысында Ляодуннан Каспий т-не дейін, Оңт. Моңғол құмынан Байкал к-не дейінгі жерді алып жатты. Мұқан қаған Түрік Қағандығы-на Қытайдың Ци және Чжоу мемлекеттерін бағынышты етіп қойды. Нәтижесінде тек Чжоу мемлекеті ғана Түрік Қағандығы-на жыл сайын 100 мың топ тарғын торқа төлем төлеп тұрды. Осы кезде Түрік Қағандығы атты әскерлерінің саны 100 мыңға жетті. Көрші мемлекеттерге 370 рет елші аттандырып, Қытайға барған түркі елшілерінің саны кей жылдары мың адамға дейін жеткен. Мұқаннан кейін оның ұлы Табар қаған таққа отырды. Ол қытайлармен ынтымақтастық жағдайда тұрып, елдің саяси басқару жүйесіне өзгеріс енгізді. Ағасына нистадэрфу лауазымын беріп, елінің сол қанатын, інісі Бөле ханға оң қанатын басқартты. өзі орт. билікте қалды. Бұл көшпенді жұртты басқарудың дәстүрлі жолы болғанымен ақсүйектер арасындағы билік үшін күреске алып келді. Шаболио қа-ғанның тұсында қазіргі Орт. Моңғолияны мекендеген тайпалар Дату, Або хандардың басшылығымен бірнеше дүркін бас көтерді. Шаболио қаған қытайлардың көмегімен көтерілісті басып, Або ханды қолға түсірді. Бірақ бас көтеру мұнымен тоқтамады. Қытайдың Сун әулеті билеушілері мұндай тұрақсыздықты шебер пайдаланып, тайпа билеушілерін бір-біріне айдап салып отырды. 587 – 590 ж. Түрік Қағандығы-нда үш билеуші (Чулоху, Дулан, Дату) алмасты. Елде саяси тұрақсыздық пайда болды. Ақыры 590 ж. Түрік Қағандығы Батыс Түрік қағандығы (Орта Азия) және Шығыс Түрік қағандығы (Орт. Азия) болып екіге бөлініп, біртұтас мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Түрік Қағандығы дүйім түркілердің басын біріктірген ғұндардан кейінгі екінші мемлекет болды. Мемлекет ретінде не бары 38 жыл өмір сүрді. Бірақ дербес мемлекет ретінде тарихта өшпестей із қалдырды. Түрік Қағандығы-ның мемлекеттілік тәжірибесін кейін Батыс Түрік қағандығы, Шыңғыс хан бастаған түркі-моңғол мемлекеті қайталады. Түрік Қағандығы мемл. басқару жүйесі, өзіндік қолтаңбасы бар жазу мәдениетін қалдырды. Қағандықта өзіне тән қылмыс ережелері болды.Батыс Түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелді болды. Билік түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болған еді. Батыс қағанатының орталығы Суяб (Жетісу) болды. Аумағы Қаратаудың Шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқант, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Айдхой) отырықшы егіншілік мұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы – қаған жоғарғы билеушісі әскербасы болды. Алғашқы кезде қаған тағына мүрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатына шұмұқ (ашна) фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп өзара күрес тудырып бұзылып отырды. Қаған мемлекетінің ішкі және сыртқы істеріне басшылық етіп, дәулеттік шонжарларға сүйеніп ру басшыларын сайлады. Қағанатта қоғамдық экономикалық қатынастардың дамуы Евразияның басқа аудандарындағы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығуы арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.Мемлекетте қағаннан кейінгі адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар – ябғу, шад және елтебер - қаған руының өкілдеріне тиесілі еді. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тарқандар атқарды. Бектер – тайпа бастықтары мен өкілдері – жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болған. Мал өсіретін ерікті қауым мүшелері қағанаттың қарауында болған. Бағыныштылық әрқашан алым-салым төлеумен қатар жүріп отырған. Бағындырылған тайпалардан құлдар тобы қалыптасқан. Түріктердің көрші тайпаларға шапқыншылық жасауының себебінің бірі құлдар алу болған. Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан, Батыс түрік қағанатында топтардың құрылуы және ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық.Жегуй қаған(610-618жж.) мен оның інісі-Түн жабғы қаған(618-630жж.)билеген кезде қағанаттың күш-қуаты арта түсті.Тохарстан мен Ауғанстанға жасаған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік батысына дейін кеңейтеді.Батыс Түрік қағанаты мал және егін шаруашылығымен шұғылданды.Қалаларда сауда –саттық кеңінен өрістеді.7 ғасырдың ортасына қарай он алты жылға (640-657) созылған қағанат ішіндегі өзара тартыс,тайпалар арасындағы соғыс қағанатты әлсіретеді.Осыны пайдаланған Таң империясы Жетісуды басып алып, онда таққа өз адамын отырғызады.Түріктер мен Таң империясы арасындағы үздіксіз соғыстардың нәтижесінде түргештер күшейіп, 8 ғасырдың басында Жетісудағы билікті өз қолдарына алады.
Тұңғыш президент Н.Ә. НазарбаевРеспублика тұрғындарының ішінде сайлау құқығы барлардың 88.23% - ы дауыс беруге қатысып олардың 98.78%-і Н.Назарбаевты жақтап шықты. Желтоқсанның 10-ы күні Н.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдап, ҚР-ның халық сайлаған Президенті ретінде ресми іске кірісті. Өмір Президент Назарбаев алдына күрделі міндеттер қойды: Қазақстан экономикасының бір жақты шикізаттық өндірушілік бағыты. Соның әсерінен өзгелерге қатты тәуелділігі өнеркәсіпті қалалардағы экономиканың негізгі тұтқаларына негіз болып отырған топтардың қысымы, нарық қатынастары тудырып отырған қиындықтар, т.б.Президент болып сайлағаннан кейін ол ұлтаралық татулық үшін бар жігерін жұмсады. Көп ұлтты Қ. жағдайында бұл ең басты нысана еді. ҚР президентінің айтуы бойынша “мемлекеттің негізін салушы болып табылатын және мен үшін жеке басының өнегесі мен үлгіге айналған аса көрнекті 2 қайраткерді ерекше атап айтқым келеді. Ол әлде қашан өмірден өткен Франция президенті Шарль Де Голль, сондай-ақ қазірде күйлі қуатты өмір сүріп жатқан Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Ю. ” Біз үшін экономикалық нарықтық моделін құру кезінде экономикалық шаралардың жан-жақты ойластырылған пакетін жасап қана қоймай, оларды саяси ерік-жігер және дербестігімізді нығыйту арқылы соларды дәйекті түрде жүзеге асыру мәселесі тұрды. Жүргізіліп жатұан түбірлі өзгерістердің мәнін ой елегінен өткізіп, одан кейінгі даму тенденцияларын алдын-ала көре білу, ондаған миллион адамдардың мүддесіне сай келетін неғұрлым тиімді қайта құру стратегиясын таңдап алу қажет болды. Оның үстіне мұны қысқа мерзімге жасау керек еді, тарих қзақ сонар зерттеулер мен ой қорытуларға уақыт қалдырмады, әлем екпіндігін күшті қарқынмен өзгеріп жатты. Ал бізге тек экономикалық жүйені ғана емес, жалпымемлекеттік құрылымды да, оның ең түпкі негізінен бастап, тіпті әрбір Қ.дықтың ой өрісіне дейін осыған бейімдеу қажет болды. Және де осымен бірге,былайша айтқанда,біз барлық қалған әлемді “қуып жетушінің”жағдайында болдық. 2 топтағы біздің көптеген кадрларымыз бұл өзгерістердің болмай қалатынын түсінбеді, қаншама жылдар бойы барша әлемге жабық болып келген біз жаһанданудың төндіретін қаупін толық мәнде көз алдына келтіре алмадық. Сонымен бірге,оның мүмкіндіктерін де ескермедік. Бізде ашық әлемде “өмір сүру тәжірибесі деген болмады” . Сингапур премьер министрінің 1991 ж.лекциясы біз үшін ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияны жасау кезіндегі бағыт-бағдар берді. Өз даму жолымызды табу үшін неге қол жеткізсек дейміз,бізге соны айқындап алу қажет болды.
Тың және тыңайған жерлерді игеру:себептері, жүру барысы, нәтижесіТың жерлердің игерілуі 1954 жылы басталды. 1954 жылы наурызда КОКП Орталық Комитетінің пленумында «Астық өндіруді арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Тың игеру, астық өсіретін егістік көлемін арттыру, негізінен, Орал мен Сібірде, Солтүстік Кавказ бен Қазақстанда жүргізілді.Тың игеруге келгендер ауыл шаруашылық салығынан босатылды.1954–1959 жылдар аралығында Қазақ КСР-де тың және тыңайған жерлерді игеру мақсатында 20 млрд-қа жуық сом жұмсалды.Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. Астық өндіру көлемі жөнінен Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты елге айналды. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени обьектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. Тың игерудің салдары. Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, Мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.Ең алдымен Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954–1955 жылдарда Қазақстанға келген 650000 тың игерушінің 150000-ы ғана механизатор болды. Нәтижесінде көптеген тәртіп бұзушылықтар, қылмыстар етек алды. Мал шаруашылығыКоммунистік партияның жүргізген солақай саясатының кесірінен Қазақстан мал шаруашылғының дамуы баяу жүрді. Көптеген мал жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналып кетуі де мал шаруашылығының артта қалу себептерінің бірі болды.1955 жылы болған КОКП Орталық Комитетінің пленумында мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстанда мал шаруашылығына көңіл бөлінгендіктен, 225 совхоз және 47 колхоз мал өнімдерін, яғни ет, сүт өндіретін шаруашылықтар ретінде өзгертілді. Мал шаруашылығы үкіметтің жасаған көптеген шаралары нәтижесінде жақсара бастады. Малшылар еңбегі арқасында мал шаруашылығы ілгері басты.Шаруашылықтың бар ауыртпалықтарын көтерген малшылар өз еңбегі нәтижесінде үлкен табыстарға жете білді.
Үйсін, Қаңлы мемлекеттіҮйсін-р б.з.б. IIIғ – б.з. IVғ. Саяси тарихы. б.з.б. II ғ-дан бастап қытай жазб-нда бат-ғы көрші-р үйсін-р тур дерек-р кездеседі. Үйсін қытайша «аспан елі» деген ұғым.Қытай-ң сипаттауы бойынша үйс-р «аққұбаша, сары шашты». Антропологиялық жағынан еуропоидтық. Б.з.б. II ғ-да үйсін-р Жетісуға қоныс аударды. б.з.б. 138ж Қытай императоры Уди-ң елшісі Чжань – Цянь үйсін және қаңлы ел-ін 13 ж-й аралап, дер-р жинап қайтты. Сол дерек-р бой-ша Қытай тарихшысы Сымя–Цянь кітап жазды. Ондағы дере-р: 1)Үйсін-р астанасы – Ыстықкөл бойындағы Қызылаңғар ). Ол қаз-гі Ыстықкөл мен Іле өз-ң оңт жағ-на сал-ған бекіністі қала екен. 2)жоғары билеушісі – гуньмо. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды.3)халқы-ң саны – 630 мың 4)түтін саны – 120 мың 5)әскер саны – 188 800 мың 6)Байлар-ң жылқысы 5 мыңға дейін жетеді. Байлар жылқы-ына таңба салған. Үйсін мем-ті Бат, Орт, Шығ болып 3-ке бөлінген. 3 бөлік-ң басшысын – «бек» деп атайды. Үйс-р Қытай-н, Орта Азия-ң ғұн,қаңлы, ұйғыр тайпа-мен, Енисей қырғ-мен қар-қат жасаған. Еділ бой-ғы ел-мен сауда қат-сын орн-қан. Қыз алып, қыз беру арқ кейбір көрші-мен татулық байл жасаған. Сыртқы қауіпсіздігін нығайту үш. ғұн-мен бірнеше рет одақ құрған. Үйсін-де таптық қоғам болған. Мем-кет құру дәрежесіне жеткен.
Ұлы Жібек жолы. Мәдениеттің дамуы. Ұлы Жібек жолы VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Ұлы «Жібек Жолы» —ежелгі және орта ғасырларда Шығыс пен батысты байланыстырып, жерорта теңізінен қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Үлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз(620-630ж.ж) Б.з.б ІІІ-ІІ ғ.ғ - жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған. Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып дамыды. Олар-Лазурит жолы-Нефрит жолы-Дала жолы. Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған,.«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. .Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері. Саудадағы басты тауар-жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Кейін бұл жол арқылы Үндістан,Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды.Ұлы жібек жолымен ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Сондай-ақ бұл жолдың бойымен дін таралды. Буддизм-Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңт.Қаз және Жетісуда кең тарады. Жібек жолымен ІІІ ғасырда Иранда пайда болған манихейлік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы "Екі негіздің қасиетті кітабында" жазылған. Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды. Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан жандана бастаған кезі б.з.б. II ғ. ортасында бастаған. Қытай императоры У-Ди 138 жылы Батыс елдеріне қарай аттандырған елшілік 13 жылдан кейін оралған. Міне, осы елшілік оларған кезден бастап Қазақстан, Орта Азия жеріне және батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шыға бастаған. Бұған керісінше, Батыс елдерінен Қытайға қарай елшіліктер шыққан. Сауда жолына байланысты дипломатиялық қарым-қатынасты 568 жылғы Түрік қағанаты мен Византия мемлекетінің арасында болған келісімдерден толық байқауға болады. Екі ел саудаға байланысты Иранға қарсы одақ құрған. Елшіліктердің пайда болуы халықаралық сауданың дамуын күшейтеді. Алғашқы кезде қытай жібегі елдердің елшіліктері арасында және патшалар үшін аса бағалы тауар болып, ақша немесе құнды сыйлық орнына жүрген. Мәселен, Иран шахына Қытай императорының атынан жібектен жасалған әшекейлі киімдер жіберілген. Сонымен Ұлы Жібек жолының мемлекеттер арасында сауданың дамуына ғана емес, олардың арасындағы саяси қарым-қатынастың дамуына да тарихи ықпалы зор болды.Материалдық және рухани мәдениеті (VІ-XII ғғ.). Ежелгі түріктер мәдениеті сақтардан бастау алып одан кейінгі ғұн,үйсін,қаңлы,сармат,қыпшақ тайпаларының мәдениетімен ұласып жатыр.Түрік мәдениеті қазіргі қазақ мәдениеті нің бастамасы, діңгегі десек те болады. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтарда мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Соңғы жылдары Есік маңынан табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі жоғары болғ,анын аңғартады. Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі тайпалық бірлестіктер – үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мәдениеті деп аталады. Атақты тарихшы С.П.Толетов кезінде археологиялық және жазба деректерге сүйене отырып, бұл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті сол кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсетті. Ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас – Орхон ескерткіштері (VІІІ ғ.). Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түрік» дәуірінде сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон – Енисей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген.Көне түріктер Тәңірмен қатар Жер,Суға да мінәжат еткен.Бұл олардың тіршілік көзі болуымен байланысты болса керек.Түркілер өздерінің діни наным –сенімінде ата-бабалар әруағына табынды,олардың о дүниелік болғаннан кейін де өмір сүретініне сенді.Сондықтан жерленген адамдардың тірі кезінде пайдаланған заттарымен,мініс аттарымен бірге қоятын әдет-ғұрыптары қалыптасты. Түркілер нанымының басты бір түрі-отқа табыну болды.Мұндай әдет-ғұрып адам бойындағы ауру немесе жаман пиғылды «шайтан»әрекеттері болса,оны отпен аластап тазарту қажет деп түсінді.Түріктердің нанымы бойынша Көктен кейінгі желеп-жебеуші әйел тәңірісі-Ұмай ана.Ол отбасы мен бала-шағаны қорғаушы. Олардың дініндегі негізгі құдайын Тәңір деп санаған, аспан құдайы. Түріктер ұстанған дін, шаманизмнің әлде бір формасында болды. Оны біз бүгінгі күндері Сібір немесе Бурят моңғолдарынан көреміз. Ол олардың мәдениетімен қатар жүріп отырады, бірақ онымен ешқашан бірікпеген. Шаманизмге негізінде өсімдік пен жануарларға, сонымен қатар тау тау, өзен, көлдерге күш берген анимизм жатты. Түрік хандары және олардың билеушілері әр түрлі діндерге назар аударып, түрлі діндерге сеніп, кейде бір сеніммен келесісіне өтіп отырған немесе әртүрлі сенімдерді араластырған.
Ұлы отан соғысының басталуы. Жауға қарсы күшті мобилизациялау. 1941 жылдың 22 маусымы – біздің тарихымыздағы ең қайғылы күн, Ұлы Отан соғысының басталған уақыты. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.Ұлы Отан соғысының төрт жылы- 1418 күні мен түні - халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылып, өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жанын қиды...Германияда өкімет басына фашистердің келуі және олардың Еуропадағы агрессияшылдық іс-әрекеттері Кеңес Одағы мен гитлерлік Германияның арасында соғыстың болмай қоймайтындығын айқын көрсетті. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес-герман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса- көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс басталды. КСРО-ға қарсы соғысқа Германияның одақтастары - Румыния, Венгрия, Италия, Словакия, Финляндия қатысты. Гитлершілдердің жағында соғыска кіруге Жапония, Болгария, Түркия, Испания дайын тұрды. Бұл жағдай Қызыл Армияны Қиыр Шығыс пен Закавказьеде ірі әскери құрамаларын ұстап тұруға мәжбүр етті. Ұлы Отан соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор кеңістікте жүргізілгенімен, соғыс қимылдары кеңес елінің аумағында өтті. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірісті. 1930 жылдардағы әскерилерді қудалау соғыстың алғашқы күндерінде сәтсіздіктерге ұшыратты.И. В. Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Әскери міндеттілерді әскерге алу өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Тарихи әдебиеттерде бұл соғыс «Ұлы Отан соғысы» деген атқа ие болды. Бүкіл кеңес халқы ортақ жауға қарсы күреске жұмылды. Алғашқы күндердің өзінде ақын В. Лебедев-Кумач пен композитор А. Александров жауға қарсы күресте көпке ортақ әнұранға айналған «Қасиетті соғыс» әнін шығарды.
ҰОС жылд Қаз экономикасыБиыл миллиондаған адамдар өз өмірлерін құрбан еткен Ұлы Жеңіске 65жыл толғалы отыр. Соғыс жылдарында Қазақстан экономикасы өте маңызды экономикалық және саяси маңызға ие болды оның себебі. КСРО-ның батыс аймақтарын гитлерлік армияның оккупациялауына байланысты Сібір мен Қазақстанның сол кездегі еліміздің маңыздылығын күрт көтеріп жіберген болатын. Соғыс жылдарында армия мен халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде Қазақстанның ауыл шаруашылығы аса маңызды роль атқарды. 1941-1942 жылдары жаудың қоластында қалған аудандардан 1.2 млн. бас ірі-қара мал айдап әкелініп республикамыздың жер-жеріне орналастырылды, 1943 жылдан бастап осы малдар жаудан босатылған аудандарға кері қайтарыла бастаған. 1943-1944 жылдары 500 мың бас малды әкелген жерлеріне қайта жеткізіп берген.Соғыстың алғашқы айларында Қазақстанға өндірістік маңызы бар мекемелер көшірілу ұйымдастырылды. Қазақстан территориясына қысқа мерзім ішінде 142 мекеме еліміздің батыс аймағынан 532.506 адам көшіріліп әкелінді.Олар Қазақстанның түрлі қалаларына орналастырылды. Мысалы: Алматыға, Луганск. Ауыр машина жасайтын зауыт т.б. Семейге – Киев, Азовск, Артемов аяқ киім фабрикалары т.б. Атырауға-мұнай жабдықтары т.б. Ақмолаға-Орехов мотор жөндеу зауыты т.б. Шымкентте-Воронеждегі станок құрылысы зауыты (прессавтомат) т.б. Ақтөбеге рентген аппараттар зауыты. Республикаға көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың 107-ші қысқа мерзімде жұмысқа кірісті. Көшіріліп әкелінген басқа да кәсіпорындардың, әсіресе жеңіл және тамақ өнеркәсібі мекемелерінің жабдықтары жаңадан құрылып жатқан немесе Республиканың әр жерлерінде жұмыс істеп жатқан мекемелерге берілді. Мысалы, Ордженекидзедегі электроцинк зауыттың жабдықтары жаңадан Өскемендегі қорғасын зауыты жедел түрде іске қосылды. Жау қолында уақытша қалған аудандар босатыла бере шығысқа көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың көпшілігі соғысқа дейінгі бұрынғы орындарына қайта қайтарылды. КСРОның жау қолында қалған аудандарының көшішіріліп әкелінген кәсіпорындарды орналастырумен қатар Қазақстан өзінің машина жасау кәсіпорындарын құрып, ауыр өнеркәсібін одан әрі дамыту міндеттерін де шеше бастады.
ҰОС кез партизандар Ұлы Отан соғысы тарихында партизан қозғалысы маңызды орын алады. Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағының батыры атағы 11527 жауынгерлер, партизандар мен астыртын қимыл жасағандарға берілген екен. Оның 194-і осы атақты екі мәрте алғандар. Партизандар жау гарнизондарына шабуыл жасап, соғыс техникасын, көпірлерді, қару-жарақ қоймаларын жарып, байланыс желілерін істен шығарды, жаудың әскери эталондарын қиратты. Осының бәрі жаудың ілгері жылжуына мүмкіндік бермей, қыспаққа алды. Партизан отрядтарымен қатар қалалар мен селоларда, аудан орталықтарында ірі теміржол станцияларында, кәсіпорындарда астыртын әскери топтар құрылды. Астыртын топтар алғашында үш-он адамнан құралса, кейін адам санының көбеюіне байланысты өзара бірігіп үлкен ұйымға айналды. Соғыс жылдарында жау тылында 6200 партизан отряды мен астыртын әскери топ қимыл жасады, олардың құрамында 1,1 млн. аса партизан болды. Ленинград облысындағы партизан отрядтарының құрамында 220 қазақстандық ерлікпен күресті. Белоруссияда шайқасқан 65 бригада мен отрядтар құрамында бір жарым мың қазақстандық болған. Кеңес Одағының екі мәрте батыры С.А. Ковпактың партизан құрамасында 70-тен астам қазақстандық болды.Украинадағы партизандық құрамалар мен отрядтарда 1500 қазақ ерлікпен шайқасқан. Жаулап алынған аймақтарда қалып қойған шығысқазақстандықтар партизан отрядының құрамына кіріп, немесе өздері партизан қозғалысын ұйымдастырған. Партизандар қозғалысына 70 жерлесіміз қатысқан. Қасым Қайсенов - Шығыс Қазақстан облысының түлегі. 1941 жылдың қараша айында жау тылына жіберіліп, 1942 жылдың көктемінен партизан отрядын басқарған. Кейіннен Украинада шайқасқан Чапаев атындағы партизан құрамасын басқарған. Қасым Қайсенов пен оның отряды әсіресе, 1943 жылдың 20-22 қыркүйегінде Совет әскерлерінің Днепрді алу кезінде оң жағалауды ұстап тұруда ерекше көзге түскен. Қасым Қайсенов 1944 жылдың соңына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыниядағы партизан жорықтарына қатысқан. Тарихта Полтава мен Киев облыстарында партизан қозғалысын ұйымдастырушы ретінде қалды. Қасым Қайсенов - "Халық қаһарманы" атағын алған. І дәрежелі Ұлы Отан соғысы, "Богдан Хмельницкий", "Ұлы Отан соғысы" ордендерімен, "Чехословакия партизаны" атағы, көптеген медалдармен марапатталған.Тағы бір жерлесіміз Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының түлегі Григорий Гнидин Белоруссия өлкесіндегі кескілескен шайқастарға қатысқан. Төрт рет жараланса да қатарға қосылып отырған. Григорий Гнидин Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, бірінші дәрежелі “Отан соғысының партизаны” медалімен марапатталып, бригада командирінен 12 рет алғыс алған.Партизан қозғалысына қатысқандар: лениногорлық Василий Яковлевич Абакумов, Марқакөлдің Орловка ауылынан Николай Павлович Устинов, Серебрянкадан Иван Дмитриевич Федоренко, Анна Никифоровна Пашкевич, Ұланнан Бұтабай Кентбаев, Жаңа Соградан Константин Яковлевич Трокин, Өскеменнен Иван Николаевич Павленко мен Павел Александрович Новиков, Катонқарағайдан Григорий Семенович Свинухов т.б. Кеңес партизан қозғалысының штабы Польша, Чехословакия, Венгрия т.б. елдердің партизан қозғалысына үлкен көмек көрсетіп отырды. Біздің мыңдаған жерлестеріміз партизан қозғалысында өз парыздарын қаһармандықпен орындап, Жеңіс жолында жанқиярлықпен күресті.
ҰОС кезіндегі дәрігерлерСоғыстан кейінгі жылд 1936 және 1940 жылдар аралығында 534 студент дәрігер мамандығына ие болды. Ұлы Отан соғысы жылдары мамандарды дайындау жылдамдатылған қарқында жүргізіліп, осы кезеңде 2000 дәрігер дайындалып шығарылды. Олардың көпшілігі майдан даласына, тылдағы госпитальдар мен басқа да медициналық мекемелерге аттанды. Емдеу факультетінің майданнан қайтқан көптеген жауынгерлері ғылыммен айналысып, денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушылары болды. Олардың ішінде Б.А.Атчабаров, Д.С.Архангельский, С.Р.Карынбаев, Ф.И.Гзуля, К.К.Макашев, Н.И.Кучин, А.А.Терликбаев, А.Р.Чокин, Е.Ф.Сидоренко, М.И.Брякин, И.П.Беклемишев т.б. бар. Институтта білім алушылар арасынан Маншүк Маметова мен Владимир Иванилов Кеңес Одағының Батыры атағынына ие болды. Олардың есімдері емдеу факультеті студенттері қатарына мәңгілікке тіркелген. Оларды мәңгі еске сақтау мақсатында университетте Даңқ аллеясы орнатылды. Жыл сайын оларды еске алу мақсатында соғыс ардагерлері университетімізге жиналып, студенттермен кездесу өткізіп тұрады.
Шоқан УәлихановШоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835 —1865) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Шыңғыс Уәлиұлы Уәлиханов (1811, Уәли ханның Сырымбеттегі ордасы – 1895, Сырымбет қонысы) – Көкшетау округінің аға сұлтаны, Абылай ханның немересі, Уәли ханның ұлы, Шоқан Уәлихановтың әкесі.[1] Полковник және Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның қоғам қайраткері. Ауыл мектебінен бастауыш білім алған соң, шешесі Айғанымның айтуымен Омбы әскери училищесінде білім алған. Училищені майор шенінде бітіріп, Аманқарағай (1834 – 44), Құсмұрын (1844 – 53), Көкшетау (1857 – 68) округтерінің аға сұлтаны болған. 1853 – 57 ж. Омбы облысы Сібір қазақтары басқармасында кеңесші болды. Қазақтардың қалыптасқан қоғамдық және шаруашылық тұрмыс-салтын қайта құруға ат салысты. Кенесары Қасымовтың ұлт-азаттық қозғалысына қолдау көрсетті. Уәлиханов оқу-ағарту және ғылымның рөлін жоғары бағалады, ғалымдармен, саяхатшылармен, декабристермен жақын қарым-қатынас орнатып, Орыс географиялық қоғамының ғалымдарына қазақ халқы мен даласы жөніндегі ғылыми, этногр. материалдар жинауға көмектесті. Уәлихановтың жинаған жәдігерлері мен мәліметтері Мәскеудегі көрмеге қойылып, С-Петерургте өткен шығыстанушылардың 3-Конгресінде көрсетілді. 1868 ж. полковник шенінде отставкаға шықты. Этнографиялық топтама үшін жинаған жеке заттары Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы және Гамбург мұражайларында сақтаулы. Қалтқысыз қызметі үшін Ресейдің бірнеше орден, медальдарымен марапатталған.
Ыбырай АлтынсаринЫбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткеріЫбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.. Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен, – деп жазды. Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім". "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.

Приложенные файлы

  • docx 15825941
    Размер файла: 203 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий