тарих 150


«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні және курстің мақсаты.
Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты болып келеді.
Тарих - ғылым бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с. Тарихи ғылымдарға халықтардың тұрмыс-салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т.б. зерттейтін археологияның да қатысы бар.
Тарих объектіні зерттеу бойынша ендік жағынан да бөлінеді: әлем тарихы (бүкіл әлем тарих немесе жалпы тарих), континенттер тарихы (мысалы, Азия және Африка тарихы), жеке елдердің, халықтардың немесе халық топтарының тарихы (мысалы, Ресей тарихы).
Тарихи пәндерге тарихи деректерді зерттейтін деректану және тарихшылардың көзқарастарын, идеялары мен концепцияларын суреттеу мен талдау мақсатындағы, сонымен қатар тарихи ғылымның дамының заңдылықтарын зерттейтін тарихнаманың да қатысы бар.
Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы» оқу пәнін қазіргі тұрғыда түсіну. Тарих, тұлға, мемлекет. Тарих және өркениет. Отан тарихының функциялары мен принциптері. Қазақстан тарихы дүниежүзі тарихының контексінде. Ұлттық тарихтың приоритеттері. «Қазақстан Республикасының тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы».Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу. Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі әдістері. Отан тарихын зерттеуге жаңа тұжырымдамалық тұрғыдан қарау.«Қазақстан тарихы» пәнінің деректері мен әдебиеттері. Отан тарихын зерттеудің ерекшеліктері. Қазіргі кезеңде Қазақстанның ұлттық тарихы проблемалары маңызының арта түсуі.
Тарих ғылымының методологиясы.
Тарих методологиясы – (грек тіл. methodos – әдіс, таным жолы logos – сөзі) – тарих ғылымының әдістемелік таным туралы пәні және тарауы болып табылады. Әдістеме – тарихи зерттеудің құралы ретінде пайдаланылады. Әдістемелер арқылы тарихшы жаңа білім алып, оқиғалар туралы мәліметтерді нақтылайды. Осылайша, бастапқыда ХІХ ғасырда «методология» тарихи зерттеу әдістері мен тәжірибесінің негізінде қолданысқа енген. Бұл термин ең алғаш неміс тарихшыларының еңбектерінде қолданысқа еніп, кейінірек арнайы оқу пәні ретінде жүргізілген.
Қазіргі заманда «методология» ұғымы бастапқы мағанадағыдай ғана аясы тар емес, тарихи танымның жалпы негізін құрайды. Мәселен, ресей тарихнамасында «методология» термині ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында университеттік оқыту жүйесі мен ғылыми зерттеудің тәжірибесінде пайда болды. Бұл методологияның құрамды бөлігі ретінде тарих философиясы да аталып жүр.
Бір сөзбен айтқанда, тарих методологиясы нақты тарихи зерттеу тәжірибесінің теориялық көрінісі ретіндегі әдістемелер, ұстанымдар, ғылыми тарихи түсініктер және т.б. Тарихшының зерттеу жұмысының тәжірибесін баяндай отырып, методология танымға жетелейтін ойға мүмкіндіктер береді. Демек, методология тарихи зерттеуде жеке және жалпы проблемаларға сараптама жасайды. Бірақ, кез-келген проблемаға нақты жауапты даярлап тұрмайды. Оны қарастырудың, зерттеудің жолдарын көрсетеді.
Тарих ғылымында методология мен метод бір біріне тәуелді емес. Бұл методология мен методтың өз алдына жеке танымдық формалары бар. Мәселен, методология жеке зерттеу әдістеріне қоданылмайды. Зерттеу жүйесінде техникалық әдістерді методология емес, метод деп қарастырған жөн. Ал, методология міндеті ғылыми мәселелерді шешуге жалпы теориялық ұстанымдар көрсету болып табылады. Бұл жалпы ғылыми қарым-қатынас сипатын көрінісін байқатады .
Қазақ елінің тарихына қатысты өз пікірін білдірген қазақ зиялысы А. Байтұрсынов былай деп жазған еді: «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел, қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады». Демек, Отан тарихын тарихшылар өз дәрежесінде зерттеу үшін тарих ғылымының теориясы мен методологиясына баса назар аударуы қажет.
Методологияның мақсаты - бүкіл әлем тарихының методологиялық және теориялық проблемалары туралы түсінікке ие болу. Пәнді зерттеудің міндеттері - біріншіден, қазіргі тарихнамадағы бүкіл әлем тарихының теориялық және методологиялық проблемаларын зерттеу, ХХ ғ. және ХХІ ғ. басындағы бүкіл әлем тарихының дамуының жетекші тенденцияларын анықтау. Екіншіден, тарих философиясының проблемаларын, тарихи сана мен тарихи естелік, тарихи даму түсінігін, әмбебап тарихты талдау. үшіншіден, бүкіл әлем тарихы теориясы мен методология проблемасын: бүкіл әлем тарихының пәнін, тарихи таным мен тарихи теорияны, жалпы тарихи теория, тарихи заң мен заңдылықтар мүмкіндіктерін, бүкәл әлем тарихының, тарихи деректер мен фактілердің, тарихи түсініктемелердің кезеңделуін қарастыру.
3.Тарихи танымның әдістері.
Кіріспе. Тарихи үрдіс және тарихи таным теориясының ғылыми және оқу пәні ретіндегі қалыптасуы. Тарихи теория – тарих білімінің ерекше формасы. Тарихи таным және тарихи үрдіс теориясы - тарих ғылымдары жүйесінің іргетасы. Тарихи білімнің мәні, жалпы даму тенденцияларя мен заңдылықтарығ ғылыми және әлеуметтік статусы. Тарихи үрдіс – тарих философиясының пәні. Пәннің оқыту объектісі және әдістер жүйесі. «Тарих» түсінігінің көп мағналылығы. Пәннің категориялық аппараты: әдіс, методология, тарихтың философиясы, историософия, эпистемология, танымның әдістері, тарихи таным, тарихи үрдіс, тарихи теория, өркениет, мәдени-тарихи жүйе, тарихи сана.
Тарихи таным. Тарихи танымның ерекшелігі. Тарихтың позитивтік методологиясындағы субъект пен объектінің арақатынасы. Қазіргі замандағы батыс философиясындағы субъект пен объект мәселесі. Тарихи таным – ғылыми таным. Тарихи танымдағы объект пен субъектінің диалектикасы. Әлеуметтік құбылыстарды танудың ерекшеліктері. Тарихи танымның ментальдық және идеологиялық деңгейлері..
Тарих ғылымының пәні. Тарих пен идеологияның арақатынастары және өзара ықпалы. Тарих және саясат. Тарих ғылымының саяси функциялары және әлеуметтік статусы. Тарихи тәжірибе және бүгінгі заман. Тарих ғылымындағы өзектілік және көкейкестілік. Тарих және қоғамдық сана. Тарих ғылымы және тарихи сана. Тарихи сананың құрылымы.
Тарихи танымның әдістері. Жалпы ғылыми әдістер: болмысты танудың жалпы методологиялық принциптері, ғылыми танымның жалпы логикалық әдістері, эмпирикалық әдістер, теориялық әдістер. Пәнаралық әдістер. Арнаулы тарихи әдістер. Тарихи зерттеудің методологиясы, әдістері және әдістемесінің арақатынасы. Тарихи әдістің мазмұны мен мәні. Жүйелілік тұрғысынан қарау. Құрылымдық-функционалдық әдіс. Сандық әдістер.
Тарихи танымның негізгі методологиялық принциптері. Тарихилық принципі – болмысты танудың жалпы методологиялық принципі. Тарихилық принципінің негізгі идеялары. Неопозитивизм және тарихилық. Қазіргі кезеңдегі тарихи ойлар жүйесіндегі тарихилық принципінің өзгерістері.Тарихилық принципінің танымның методологиялық принципінің танымның методологиялық принциптері жүйесіндегі орны
4. Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері
Деректану ғылымына сүйене қарастырсақ, Қазіргі Қазақстан тарихының деректеріне Қазақстан республикасының тәуелсіздігі туралы заңының қабылдануы және жаңа мемлекеттік рәміздердің енгізілуі. Қазақстан Республикасының алғашқы Президентін жалпыхалықтық сайлау. Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануы. Ұлтаралық жарасымдылық пен саяси турақгылықты сақтау бағыты. Ұлтаралык қатынастар. Ұлттык мәдени орталықтардың құрылуы. Дүниежузі қазақтарының 6ipiнші Құрылтайы (1992ж. қазан). Қазақстан халықтарының форумы мен Ассамблеясы.
Қазақстанда кеңестердің таратылуы. 1995ж. Қазақстан республикасының Конституцисының қабылдануы және Қос палаталы парламенттің сайлануы.
Қазақстан республикасыньң Конституциясына енгізілген толықтырулар, өзгерістер және мерзімінен бұрын президенттік сайлау (1999ж. қаңтар). "Қазақстан 2030" ұзақ мерзімді приоритеттер мен стратегиялық мақсаттардың айқындалуы. Үшінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасының Парламентінің Мәжілісіне сайлау.
Қарулы күштерді құру және модернизациялау. Қазақстан Республикасының қуатты, әpi тиімді әскери, әye және соғыс теңіз күштерін құруга бағыталган шаралары.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуінің негізігі кезеңдері. Көп салалы экономиканың қалыптаса бастауы. 90-жылдардың басындағы экономикалық дағдарыстың ушығу жағдайындағы Қазақстан. Бағаның ымырашылдығы және бірнеше мәртеге көтерілуі. Республика түрғындарының өмірлік деңгейінің төмендеуі, экономикалық жағдайдың нашарлауы. Қазақстан сомдық аймақта.
Ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі. Несие-қаржы жүйесі, Ұлттыұ Банктің құрылуы, құнды қағаздар нарығының қалыптасуы. Акционерлік кәсіпорындардың өcyi. Қазақстан Республикасының Валюта және Алмас, дербес Алтын қорларының құрылуы. Жаңа экономикалық жүйені қалыптастыру барысындағы қиыншылықтар мен қайшылықтар.
Мектепке деінгі білім беру мекемелері мен орта мектептер жүйесіндегі жағымсыз кұбылыстар. Жеке мектептер мен ЖОО-ның пайда болуы. Оқу орындарын лицензиялау мен аккредитациялау жуйесін енгізу. Орта, орта кәсіптік және жоғары білім беру жүйелерін реформалау. Қазақстан ғылымы. Академиялық ғылыми орталықтардың қызметіндегі өзгерістер.
Денсаулық сақтау жуйесінің нарықтық экономика жағдайына өтуі. Денсаулық сақтау жуйесінің нарықтық экономика жағдайына өтуі. Қазақстанның ТМД елдерімен тендік принципінде қатынастарын қайта құру. Ресей және ТМД елдерімен өзара сенімді және тең қатынастар қалыптастырудағы алғашқы қадамдары. Еуразиялық Одақ құру идеясы. Орталық Азия елдерімен өзара тиімді жаңа сападағы қатынастардың қалыптаса бастауы. Ресей-Казакстан экономикалық ынтымақтастық құжаттарына қол қойылуы. Азия елдерінің кауіпсіздігі жөніндегі халықаралық кездесу. Шанхай келісімі.
Қазақстан ядролық қарусыз аймаққа айналу жолында. Ұлттык Ядролық Орталыктың құрылуы. Байқоңыр туралы келісім. Біріккен Ұлттар Үйымының Қауіпсіздік кeңeci тұрақты мүшелерінен қауіпсіздік және территориялық тұтастық жөнінде кепілдік алу. Kөршi мемлекеттермен шекара белгілеу. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Үйымына (БҰҮ) және басқа да халықаралық ұйымдарға қабылдануы. Әлемдік қауымдыстықтың Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін мойындауы.
Қазақстанның Халықаралық экономикалық және қаржылық үйымдар жұмыстарына араласуы. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.
Қазақстан Республикасының Ұлттык қауіпсіздік жүйесінің және әскери қорғаныс доктринасының жасалынуы. Республиканың бейбітшілік миссиясына қатысуы. Дүниежузілік діндер съезі. Қазақстан халқы Ассамблеясы. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. "Қазақстан 2050" стратегиялық бағдарламасы. "Мәңгілік ел" ұлттық идеясы барлығы Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері болып табылады.
5.Траихқа формациялық және өркениеттілік көзқарас
Формациялық теория - әлемдік тарихи-әлеуметтік өсу бірізді кезеңдер алмасуымен - қоғамдық-экономикалық формациялар түрінде сипатталған Карл Маркс теориясы. Жалпы әлемдік тарихта К. Маркс мұндай төрт (немесе бес) формацияларды анықтаған: алғашқы қауымдық, феодалдық (азиялық), капиталистік және коммунистік. Формацияның құрылымдық діңгегі - өндіруші күштердің және өндірістік қатынастардың диалектикалық өзара қарым-қатынасы, өз кезегінде ол сәйкес саяси қондырманы (мемлекет) және қоғамдық сана түрлерін (идеологияны, мәдениетті, дінді және тағы басқа) қалыптастыруға себепкер болады.
Осы уақытқа дейін жалғыз мүмкін және ғылыми көзқарас ретінде формациялық танылды. Басты критерийлері әлеуметтік-экономикалық белгілер (қоғамдық-экономикалық формация) болады. Осы көзқарасты қолдаушы өкілдерінің пікірі бойынша, қоғамдық дамудың шешуші факторы базис (өндірістік қатынастардың типі) және мемлекет пен құқықтың сай типтері болады. Экономикалық базистердің типтеріне байланысты мемлекеттің келесі типтерін анықтайды: құлиеленуші, феодалдық, буржуаздық, социалистік.
Бұл типологияның жағымды жақтары:
1. мемлекетті әлеуметтік-экономикалық факторлардың негізінде бөлу идеясының өзі өнімді, олар шын мәнінде қоғамға әсер етеді;
2. мемлекеттің дамуының этаптылығын, табиғи-тарихи сипатын көрсетеді.
әлсіз жақтары:
1. ол көбінде біржақты, артық бағдарламалануымен сипатталады, ал тарих саннұсқалыжәне әр қашан да оған сызылған сызбаларға сәйкес келе бермейді;
2) рухани факторлар дұрыс бағаланбайды (діни, ұлттық, мәдени және т.б.).
Мемлекеттің типологиясының көңіл аударуға тұрарлық өркениеттік көзқарас.
Өркениеттік көзқарас бойынша жіктеудің негізгі өлшемі ретінде руханилыќ белгілер - мәдени, діни, ұлттыќ, психологиялыќ ерекшеліктер алынады. Осы көзқарасты демеуші өкілдерінің бірі
ағылшын тарихшысы А. Тойнбидің пікірі бойынша, өркениет – діни, ұлттық, георграфиялық және өзге де белгілердің жинақталуымен ерекшеленетін қоғамның тұйықтылығы. А. Тойнбидің пікірінше, 21 өркениеттен тек еңбекті бөлу негізінде өмірді игере білген, әлеуметтік ұқсау базасында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыра білген, статистикалық жағдайдан динамикалық жағдайға көше білген және сол арқылы адамдардың қызмет түрлерінің барлығында рухани бастауды дамыта білгендері (мысырлық, қытайлық, ирандық, сириялық, мексикандық, батыстық, қиыр шығыстық, проваславиелік, арабтық және т.б.) ғана сақтала алды.
Бұл типологияның жағымды жақтары:
1. мәдениет факторлары белгілі бір жағдайларда мәнді ретінде анықталған;
2. қандай да бір өркениеттің ерекшеліктерін сипаттайтын рухани өлшемдер көлемінің кеңеюіне байланысты мемлекеттің «жерге жақындаттырылған» типологиясы пайда болады.
әлсіз жақтары:
1. әлеуметтік-экономикалық факторлар дұрыс бағаланбайды;
2. істің негізі бойынша бұл мемлекеттен гөрі қоғамның типологиясына көбірек келеді.
6. Қазақстанның қазіргі заман тарихының периодизациясы
Қазақстан тарихы да дүние жүзі тарихы сияқты үлкен төрт кезеңге бөлінеді.
Ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. дейін), Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI – XVII ғғ.) Жаңа замандағы Қазақстан (XVII – XIX ғғ.), Қазіргі заманғы Қазақстан (XX ғ.).
Ең ұзақ кезең – Ежелгі Қазақстан тарихы, ол бір миллион жылға жуық уақытты қамтиды.
Ежелгі Қазақстан – тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуіріне бөлінеді.
Тас дәуірі барлық құралдар тастан жасалған дәуір.
Қола дәуірі барлық құралдар қоладан жасалған дәуір.
Темір дәуірі барлық құралдар темірден жасалған дәуір.
Қазақстанда ең алғашқы адамдар мұнан бір миллион жылдай бұрын пайда болған. Мұндай жаңалықты ашқан археолог Хасен Алпысбаев. Ол 1957 жылы Жамбыл облысының Талас ауданындағы Қаратаудағы Тәңірқазған, Бөріқазған деген үңгірлерден ең ежелгі өмір сүрген адамдар тұрағын тапты.
Алғашқы адамдарға жеке-жеке жүріп өмір сүру қиын болғандықтан топтасып жүретін болды. Осыдан бірте-бірте ру пайда болды. Көп уақыт өткеннен кейін бірнеше ру тайпаға бірікті.
Біздің жыл санауымызға дейін-ақ Қазақстан жерінде сақтардың, ғұндардың, сарматтардың ірі-ірі тайпалары болды.
Біздің жыл санауымыздың бас кезінде қазіргі Қазақстан жерінде үйсін, қаңлы, ғұн және басқа да ірі тайпалардың мемлекеттері болған.
Біздің жыл санауымыздың бас кезінде-ақ Қазақстан жеріндегі халықтардың сол заманға лайық шаруашылығы, кәсібі болды.
Оларда мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, қолөнер кәсібі, металл қорыту, аң аулау т.б. дамыды.
Шаруашылықтың арасында мал шаруашылығы басым дамыды. Бұған Қазақстан жері қолайлы болды.
Қой, жылқы өсіруге көп көңіл бөлінді. Олардан кейін көп өсірілген түйе. Сиыр аз өсірілді.
1960-жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына (Алматыға таяу) жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен.
Марқұмға кигізілген бас киімнің, бешпенттің, етегінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ: аттың, барыстың, тау текенің, құстардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай.
Біздің заманымызға дейін II ғасыр мен б.з. XV ғасыры аралығында Еуропа мен Азияны байланыстыратын «Ұлы Жібек жолы» қызмет істеді. Ол Қазақстан жерімен өтті.
ІХ ғасырда арабтар Орта Азия мен Қазақстанның біраз жерін басып алды. Осыдан бастап Қазақстанға ислам діні тарай бастады.
1218 жылы Қазақстан жеріне моңғол шапқыншылығы басталды.
1219 жылғы қыркүйекте моңғол жаулаушылары Отырар қаласын қоршады. Ұлы Отырар шайқасы басталды. Қаланы қоршауға қала басшысы Қадырхан басшылық етті.
XV ғасырда қазақ халқы қалыптасып болды. Оның негізін құраған Үйсін, Қоңырат, Керейт, Маңғыт, Қыпшақ, Найман, Арғын, Байұлы, Әлімұлы, Дулат және басқа да көптеген рулар мен тайпалар.
XV ғасырдың 50-60-жылдарында Қазақ хандығы құрылды. Оған ұйтқы болған, алғашқы қазақ хандары деген жоғары атаққа ие болған Жәнібек пен Керей.
Қазақ хандығы тез ұлғайды. XVI ғасырдың басында оның жер көлемі едәуір кеңейіп, халқының саны бір миллионнан асты.
Қазақ хандығының – мемлекетінің XVI – XVII ғасырларда ұлғайып, нығаюына үлес қосқан: Қасым хан (1511-1523), Ақназар хан (1538-1580), Есім хан (1598-1628), Тәуке хан (1680-1718).
Орта ғасырлардағы Қазақстанның атақты қалалары: Түркістан, Отырар, Тараз, Сауран, Сайрам (Испиджаб) т.б.
Орта ғасырлардағы белгілі тарихи-мәдени ескерткіштер: Ахмет Иассауи мазары (Түркістанда), Айша-Бибі мазары (Тараз қаласының жанында), Бабаджа қатын (бұл да сонда), Жошы Хан күмбезі, Алаша хан күмбезі (Орталық Қазақстанда).
Қазақстан жеріндегі ортағасырлық ғалымдар: Әбу Насыр әл-Фараби (870-950 жж.), Жүсіп Баласағұн (ХІ ғасыр), Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр), Ахмед Иассауи (ХІІ ғасыр), Өтейбойдақ Тілейқабылұлы, Мұхамммед Хайдар Дулати, Жалайри Қосынұлы (ХV-ХVI ғғ.)
Орта ғасырларда Қазақстанда басқа да көптеген ғалымдар болған. Бұған бір ғана Отырарда Әбу-Насыр әл Фарабиден басқа да онға жуық әл-Фарабилер болғаны дәлел
XVI ғасырдың соңынан бастап 1755 жылға дейін қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық, тәуелсіздік үшін шайқасты. 1755-жылы Жоңғар мемлекеті біржола жеңілді, тарихтан аты өшті.
Жоңғарларға қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылар: хандар – Тәуке, Әбілқайыр (Кіші жүз ханы), Абылай; билер – Төле, Қазыбек, Әйтеке; батырлар – Қабанбай, Бөгенбай, шапырашты Наурызбай.
1731-1917 жылдар аралығында Қазақстан Ресей империясы қоластында болды. Кіші жүз «еркімен» қосылды, қалған жердің бәрін жаулап алды.
Ресей империясы Қазақстанда екі жүз жылдай отарлау саясатының барлық қитұрқы әдіс, тәсілдерін қолданды, қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің дамуына барынша кедергі жасады.
Қазақ халқы Ресей отаршылдарына қарсы, азаттық алу үшін үш жүздей рет қозғалыстар, көтерілістер, наразылықтар ұйымдастырды. Олардың ең ірілері ХІХ – ХХ ғасырларда болды.
Патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы 1836-1838 жылдары Исатай мен Махамбет, 1837-1847 жылдары Кенесары хан, 1916 жылы А. Иманов, Ә. Жангелдин, Ә. Жанбосынов т.б. басшылық еткен, ұлт азаттық қозғалыстар болды.
ХІХ ғасырдағы қазақтың белгілі ағартушы ғалымдары: Шоқан Уәлиханов (1835-1865), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889), Абай Құнанбаев (1845-1904)
1917 жылы Қазанда Қазақстанда Кеңес Өкіметі орнады, ол өкімет 1990 жылға дейін өмір сүрді.
ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында қазақ халқының бақытты келешегі, ұлттық тәуелсіздігі үшін күресуші үлкен зиялы топ қалыптасты. Олардың басшылары: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқаев, Міржақып Дулатов, Тұрар Рұсқылов, Мұхамеджан Тынышбаев т.б. болды.
1920-жылы Қазақ Автономиялы Кеңес Социалистік Республикасы, ал 1936-жылы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы құрылды.
1941-1945 жылдардағы Отан соғысында асқан ерлік көрсеткені үшін 500-дей Қазақстан Кеңес Одағының батыры атағын алды. Бұл жоғары атақты Л. И. Беда, С. Д. Луганский, Т. Ж. Бигелдинов, И. Ф. Павлов екі мәрте алды. Әлия мен Мәншүк Кеңестік Шығыс Қыздарынан алғаш реет Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзін Егеменді Республика деп жариялады.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда Президент сайлауы болды. Президент болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзін тәуелсіз Республика деп жариялады.
1992 жылы Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы өтті.
1995 жылы Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды
7. М.Хрохатың ұлттық қозғалыс типалогиясы туралы концепциясы
Ұлт концепциясы, ұлтшылдық және ұлттық қозғалыс ұғымын қазіргі чех тарихшысы М.Грох жарыққа шығарған, оның өзіне бірнеше кезеңдер жатқызып, дамуын көрсетіп берген. Алғашқы оның жұмысы 1961 жылы жарияланды. Алғашқы жетістіктері туралы жазылған монографиясы 1968 жылы және
1971 жылдары жарық көрген. Соңғы «Ұлттық қозғалыс және буржуазиялық революция» атты зерттеуі монография ретінде 1981 жылы жарық көрген. Ен маңыздысы, толық жинақ ретінде бұл концепция 1985 жылы халыққа ұсыныл ды. Өзгертілген немесе қайта өңделген жинағы қосымша мақала түрде аналитикалық және статистикалық материалдарымен 1968 жылғы кітабынан аклынған. Жеке ұлттардың тарихы туралы мақаласы нақты дәлелдемелерімен 1971 жылғы зерттеулерінен алынды.
Э. Хобсбаумның айтуынша, 1985 жылғы монографиясы «Жаңа кезеңдегі ұлттық азаттық- қозғалысты оқыту» жаңашылдығын анық көрсете білді. Аталған барлық еңбектері компаративті негізде жазылған. Барлығына шынайы биографиялық және сандың мәліметтерді, біріншіден, әлеуметтік құрылымға күрделі шешім жасау үшін қолданды. Бұл кітаптар жалпы халықтардан жоғары бағаға ие болды, ерекшелігімен талқыға түсті. Сонымен қатар сынға да түсті.
М. Грохтың зерттеуінің ерекшеліктері кең көлемде таралып, «марксистік-ортодоксальдіден» бастамасымен салыстырғанда көптеген кемшіліктер болып, «мемлекеттік-мәдениеттілік» талқыға ие болып, екі негіздегі «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырлардағы ұлы мифтер» -марксизм мен ұлтшылдықтар деп бөлген.
Грохтың концепциясының негізі – ұлт трактовкасынан , әсіресе «тарихи пайда болуы - әлеуметтік қажеттіліктің компонентінен» құралған. Бұл ақиқаттық түсінік, көптеген ғұлама ұлттық теоретиктердің ұсынысымен аталып кеткен. Кейде Х. Кон және оның ізбасарлары ұлтшылдықты алғашқысы деп шешсе, ал ұлтты оның жалғасы, яғни ұлттың пайда болудың жемісі деп айтса, ұлтшылдықты ұлттық ерік және ұлттық сенім деген.Тағы бір жаңа ұғымды енгізуші неміс тарихшысы Е. Лемберг болды.
Е. Лембергтің зерттеуінде ұлтты қалыптастыруда ерекше орында объективті қатынас болып отыр. Яғни, ұлтшылдықтан кейін екінші орынға объективті қатынасты қойып отыр . Бұл теориясын 60-70 жылдары Батыс Европаның тарихшыларының ұсынысымен дәледеніп, дұрыс деп шешкен. «Ұлтты ыдырату – ұлттық қозғалыстың негізіндегі пайда болған феномина» терең тамырында Э. Геллнер айтуынша, белгілі тарихи жағдайларға байланысты мемлекет пен мәдениет бірігіп ерекше форма пайда болып жатады делінген.
Сонымен, М. Грох ұлтты «үлкен әлеуметтік топ, әртүрлі қатынастағы негізді біріктіруші» дейді. Оған экономикалық, аймақтық, саяси, діни, мәдени, лингвистикалық түрлерге бөлген. Ұлттың қалыптасуына экономикалық қатынас
ерекше роль атқарады деген. Сонымен қатар, «Ұлттық рыноктағы айырбастау қатынасының дамуы» трактовкасын жазған.
8. Жадидшілдік Ресейлік мқсылмандардың ағартушылық идеологиясы
Жәдитшілік (араб.: جادىيدىيييا — «жаңа») — 19 ғ. екінші бөлігінде пайда болған, 20 ғ. басында кең тараған қоғамдық-саяси және діни қозғалыс. Мұсылман әлемінде, әсіресе Ресей түркі тілдес мұсылман зиялы қауымының озық бөлігінің өкілдері арасында кең тараған. Ресей империясының түркі халықтарының ағарту үдерісіне және жалпы халықтарының дамуына үлкен
тарихи рөлін ойнаған. Жәдиттердің халықты ағарту, өзгерістер мен дамыту үшін еңбек ету, демократиялық құқықтар үшін күрес, бір жағынан исламды сақтау, екінші жағынан Еуропаның жақсы жақтарын алу — түркі тілдес мұсылман халықтарының дамытуында үлкен үлес еді. Жәдиттердің еңбегі бекер емес еді.
Халық ағарту
Ысмайыл Ғаспыралының жаңа оқу тәсілінің насихаттандыру толқынында пайда болып, әр қарай дамып кеткен. Жәдиттердің негізгі ұстанымдарының бірі — мұсылман мектептерінде балаларды жаңа бағдарлама бойынша оқыту. Мысалы, араб әліпбиін үйреткенде, дыбыс тәсілімен (әр әріпті белгіленетін дыбысына сай) оқыту, бұрыңғыдай әріп құрастырушылық тәсілімен оқытпау. Жәдиттердің пікірі бойынша, жаңа тәсілін пайдаланып, әліпбиді үйрену жеңілірек, демек жұрттың көбірек адамы сауатты бола алады. Білім беру кейбір өзгерістерінің арасында мектептерде сәкі орындықтарын, тақталарын, карталарын пайдалану, кейін әл-Каһирада, Қазанда немесе Ыстамбұлда басып шығарылған жаңа оқулық кітаптарын пайдалану, балаларды сыныптарға бөлу, ал оқу уақытын сабақтарына бөлу еді. Оқу бағдарламасына кейбір зайырлы ғылымдары, мысалы, тарих, жағрапия енгізілген еді. Шынында да, бұрын тәсілі бойынша сауатын ашу үшін үш жыл керек болса, жаңа тәсілі бойынша соған бір жыл-ақ жеткен еді. Осындай оқу тәсілін «төте оқу» деп атаған еді.
Жәдиттер мектеп жүйесін түбегейлі өзгерткісі келді, бірақ білім беру сипаты діни көзқарастарының негізінде қалдырғысы келді. Осылайша, жәдиттер дінді білім беруінен бөлмеген, бірақ білім беру саласында да, кейін басқа тұрмыс салаларында өзгерістер үшін болған. Бұл жәдиттердің көзқарастары керітартпа қағидаларымен қайшылықта еді.
Саяси көзқарастары
Жәдиттер ерлердің мен әйелдердің құқықтарын теңдігі үшін күрескен. Мұсылман қоғамында жеке адамның билігі емес, мәжілістің билігі жөн деп ойлаған. Осылайша, жәдиттер Ресейде парламентаризм үшін күресуге басталды, ақырында Ресей патшаның, Османлы империясының сұлтанының, Бұқар әміршісінің езгісіне қарсы болып кетті, тіпті монархияны жойып, республиканы орнатуы жөн деп ойлаған. Осылайша, жәдиттер қозғалысы саяси қозғалысына айналып кетті. Жәдиттердің пікірі бойынша феодалдық тұрмысын өзгеріп, ұлттық буржуазиясын қарқынды дамытуы басталады. Осылайша, большевиктермен көзқарасынан, жәдиттер — «буржуаздық-демократиялық ұлтшылдар» деп саналады. Шынында, жәдидтер ұлттық буржуазиясын қамын ойлаған, феодалдық тұрмысын жойып, буржуазия билеген Еуропадан түркі тілдес халықтары кем еместігін көрсеткісі келген. Шынында да, олар демократтар еді, өйткені, демократия өзгерістері дамыту үрдісіне үлес қосады деп ойлаған еді. Жұрттың қамын ойлады. Шынында да, өз ұлттың сүйіп, оны көтергісі келді. Исламнан да бет бұрмаған, исламды хақ діні ретінде ұстаған. Бірақ та Еуропадағы тұрмыстың жақсы жақтарын өз елінде енгізгісі келген еді. Жәдиттердің арқасында империяда «бұратана халықтар» есептелетін түркі тілдес халықтарының газеттері, журналдары пайда болған. Кітаптарды басып шығаруының мүмкіндігі туғызылған. Арабша оқуға үйрену жаңа тәсілінің арқасында көбірек адамдардың сауаты ашылды. Ұлттық рухы көтерілді. Кейін, жәдиттер саясатқа үлкен үлес қосуын бастады. Мысалы, «Алаш Орданың» азаматтары, Қоқан автономиясында, Бұқар Халық Кеңес Республикасында, Хорезм Халық Кеңес Республикасында, Әзірбайжан Демократиялық Республикасында билігінде тұрған зиялылар не өздері жәдиттер еді, не жәдитшілік әсеріне түсіп, «төте оқудың» арқасында оқып шыққан, білімді адамдар болып кеткен. Жәдитшілік тұраншылық идеясының серігі болып кетті. Кейбір жәдиттер, мысалы, Айни, кейін большевик болып кеткен. Басқалары, керісінше, керітартпа мұсылмандармен қосылып — панисламист, діни экстремист, баспашы болып кетті.
Қайраткерлер Жәдитшілік ең жарық тұлғасы Ысмайыл Ғаспыралы еді. Еділдегі татарлардың арасында жәдидизмні Мұса Бигиев, Әбдінәсір Құршауи таратты. Кейін, жәдитшілік идеялары қазақ даласына және Түркістанға, Орта Азияға келген. Мұстафа Оразай, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатұлы жәдитшілік
толқыны арқасында өз потенциалын көрсете алған. Өзбек халқы арасында М. Бехбуди, А. Авлони, И. Рахматуллаев, М. Расули, Комил Хорезми, Ы. Абиди, З. Фахриддин-заде деген жәдиттердің аттары қалған. М. Акмулла, М. Уметбаев, Р. Фахретдинов, З. Расулев та жәдитшілік «жарық жұлдыздары» болып саналанады. Жәдитшілік өзбек коммунисті Ходжаевқа да, Әзірбайжан Демократиялық республикасының мемлекеттік қайраткері Мамед Эмин Расул-задэге де әсер етті. Жәдитшілік «Алаш», «Мұсават» тағы басқа ұлттық партияларының идеологиясына әсер етті. Ал жәдидтердің өз партиясы да еді, бұл «Иттифок-и муслимин» еді.
9.Қазақстандағы Жадидшілдік мектептер мен медреселер
XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер мен медреселер қоғамның өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жадидшілдер болды. XX ғасырдың бас кезінен бастап жаңа әдістемелік мектептер пайда бола бастады. Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қооғам қайраткері И. Гаспринский болды.
Жадидшілдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты басқа да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Жаңа әдістемелік мектептерде білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді, оларда қажетті оқұ құралдары мен жабдықтары жеткілікті болды. Оның үстіне, оқыту әдістемесі де әдеқайда тиімді еді. Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдістемелік мектеп 1900жылы Түркістан қаласында ашылды. Ондай мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа әдістемелік мектептерде білім алып шыққандар болатын. Мәселен, Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б. Майлин, Орынбордағы «Усмания» медресесінде Қ. Болғанбаев және басқалары оқыды. Абай Құнанбаев та Семейдегі Ахмет Риза медресесінде жаңа әдістемелік оқыту метродикасын жақтаушы ұстаздардан дәріс алған болатын.
Алайда жаңа әдістемелік мектептер елге кең көлемде тарай алмады. Патша үкіметі жаңа әдістемелік мектептердің ашылуына барынша қатты қарсылық көрсетті. Себебі ондай мектептерді панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп білді. Соның салдарынан 1917 жылы Қазақстан аумағына 100-ге тарта ғана жаңа әдістемелік мектеп бар еді.
10. XXғ басындағы мұсылмандардың реформаторлық қозғалыстары
ХХ—шы ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде ұлттық саяси партияларының алғышартының қалыптасып, одан әрі дамуы қазақ халқының ұлт—азаттық қозғалысының маңызды кезеңі болып табылады. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақ халқын рухани жағынан да отарлады: тілінен, ділінен бірітіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды. Бұл жөнінде М.Дулатов 1907 жылы жазған " Қазағым менің, елім менің" атты мақаласында былай деп ашына жазған еді: " ...ең алдымен қазақ халқы — Ресейге тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады.... Өздеріңіз көп жазбай байқап отырғандай... чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып—соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді... . ... енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет—ғұрыптарымызға, біздің молдаларға да тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды.... .... енді бұл чиновниктер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып қазақтардың суымен шұрайлы жерлерін тартып әперуде. Чиновниктерде арқалаған олар өздеріне жайлы қазақ жерлерін еркін иемденуде.... Бұлар сорлы қазақтарды ұрып—соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде ..." [1, 30 б.] Сөйтіп Қазақстанда ең алдымен отаршылдыққа қарсы ұлттық сұраныстарға жауап беруге бағытталған идеялар, одан туындаған қозғалыстар мен саяси партиялар құрыла бастады. Қазақ ұлтының демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерлеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешігіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан—жақты экспансиясының тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгі мен әр түрлі петициялар арқылы талап—тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік думаның сайлауына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты. Сондықтан да 1905–1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған Ресей қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп, нақтылы іс—әрекеттерге барды. Олар, атап айтқанда қазақ қауымын ең болмағанда уездер мен болыстар шеңберіндегі жүйесін қалыптастырудың отарлық сипатын өзгертуді талап етті. Қазақ интеллигенциясының қоғамдық—саяси қызметінің тағы бір бағыты Ресейден Қазақстанға орыс мұжықтарын көшіру ісін басқаратын аударушылардың қоныс аударушы мекемелерінің қызметін тоқтату үшін саяси күрес жүргізуге арналды. Үшіншіден, ұлттық—либералдық қазақ интеллигенциясы қоғамының саяси өміріне өзін өкімет пен дергілікті халық бұқарасын байланыстыратын күш ретінде көрсетуге ұмтылды[1, 38 б.]. Қазақстанның көпұлтты мемлекет ретінде тарихи дамуының негізгі ерекшелігі, оның жергілікті халқының түркі тілдес халықтардан құралуы еді. Мұсылмандар ынтымақтастығы идеясы мен олардың санасындағы ұлт—азаттық қозғалыстағы " дін бірлігі" түрік халықтарының бір туғандығы туралы, олардың тарихи тағдырының ортақтығы туралы ұғымдар тығыз байланысты болып табылады. ХХ ғасыр басында панисламизм және пантүркішілдік ұлт—азаттық қозғалыстардың идеясына айналып, тегі мен тағдыры бір түрік халықтарын жақындата түсті. ХХ ғасыр басында түрік халықтарының ұлт—азаттық күресіндегі негізгі бағытын таңдау бірігу негізіне — олардың исламға (исламшылдыққа) немесе олардың түрік қауымдастығына (түрікшілдікке) бет бұруымен тікелей байланысты болды. Пантүркішілдік, панисламизм Ресейде ХІХ ғ. 80—шы жылдарында татар интеллигенциясының мәдени—либералдық қозғалысы ретінде өмірге келді. Оның теориясының қалыптасуы мен таратылуы қырым—татар ағартушыларының қоғамдық және ғылыми қызметтерімен тығыз байланысты. Пантүркішілдіктен шыққан " жадидшілік" екі идеяның — ағартушылық пен діннің бірігуін білдіреді. Жадидшілдіктің негізін салған Исмаил Гаспаринский (1851–1914) 1883 жылы Ресейдегі мұсылмандар " тіл, идея, әрекет жағында да бірігу керек" деп атап көрсетті. Оның ізбасары Жүсіп Ақшора түркi тілінде сөйлейтін ұлттар бірігіп, бірлікке келген " ұлт одағы" болып құрылуы керек дегенді ортаға салды. 1917 жылы қазан төңкерісінен кейін түркiшiлдiктi жақтаушылар Ресейде қуғынға ұшырап, көпшілігі Түркияға кетті. Сөйтіп, бұл идея түрік зиялыларының қолына өтіп, жаңа Түркияны қайта гүлдендірудің рухани тірегіне айналды. Қазақстанға панисламизм мен пантүркішілдік идеясы ХІХ ғ. соңында келді. Бұл идеяның жақтастары дін басылар, буржуазия және интеллигенция өкілдері болды. Қазақстандағы жадидшілер жаңа әдісті мектептер ашып, онда жаратылыстану, тіл, әдебиет сияқты зайырлы пәндер басым жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырды. Ресейдегі панисламизм қозғалысының жақтастары жалпыресейлік мұсылман съездерін ұйымдастырып өткізіп отырды. Оған қазақтардан да депутаттар қатысты: І мұсылман съезі — 1905 ж., ІІ мұсылман съезі — 1906 ж., ІІІ мұсылман съезі — 1907 ж. өтті. 1905 жылы «Бүкілресейлік мұсылман одағы» (Иттифак муслимин) құрылып, оған қазақ дін басылары да мүшелікке кірді. Ақпан революциясынан кейін 1917 жылы осы идеялар негізінде біраз саяси партиялар сахнаға шықты. Мысалы; "Шура—ислами«(Ислам кеңесі), «Шура—улема» (Діни қауым кеңесі). ХХ ғ. басында әлемнің күшті империялардың түркі халықтарының бірігуінен немесе ислам дініндегілердің бір ұранның астына жиналуынан алаңдағаны сонша, ендігі жерде бұл идеялар мүлдем жат атаулар қатарына қосылды. Сол үшін де түрікшілдікті " пантүркизм" , исламшылдықты " панисламизм" деп атады. 1905 жылдардағы ресейлiк революциядан соң өрлеу алған жалпыресейлiк мұсылмандық қозғалыстар, бiрiншiден, Мемлекеттiк Дума деңгейiнде түркi және басқа мұсылман халықтарының ең өзектi саяси және әлеуметтiк мәселелерiн қоюға, оларға отаршыл билiктiң назарын аударуға мәжбүр етті. Екiншiден, татар, қазақ және басқа мұсылман елдерiнiң ұлт—азаттық қозғалысының ширауына қолдау жасап, дем берiп отырды [2, 35 б.]. Ә. Бөкейхановтың 1910 жылғы жарияланған " Қырғыздар" атты әйгілі мақаласындағы ой тұжырымдары Петербург қаласында А.И. Костянекийдің редакциясымен жарық көрген " Формы национального движения в современных государствах" деген еңбекке енді. " ... Қырғыз халқының арасында, — деп жазады Ә. Бөкейханов осы мақалада — саяси партиялар әлі пайда болған жоқ... орыстандыру саясатының ауыртпалығын көтерген басқа шет аймақтардың халықтарындай, қырғыз халқы да үкіметке қарсы пікірде және орыстың оппозициялық партияларына көңіл қояды. Жақын болашақта... қырғыздар арасында қалыптасып келіп екі саяси бағытқа сай екі саяси партия құрылуы мүмкін. Оның бірін ұлттық—діни бағыттағы деп айтуға болар, ал оның мақсаты қырғыздарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі қырғыз келешегі кең мағынадағы батыс мәдениетін енгізуге байланысты деп есептейтін бағыт. Бірінші бағыт мұсылман—татар партияларын үлгі тұтар, екінші оппозициядағы орыс партияларын, атап айтқанда, халық бостандығы партиясын үлгі етпек..." [1, 35б.]. Сөйтіп, 1905–1907 жылдардағы революция кезінде қазақ қоғамында қазақ интеллигенция қатарында ұлт мәселесі жөніндегі идеялар пайда бола бастады. Бұл жылдары қазақ интеллигенциясы тарапынан Ресей жеріндегі саяси партияларды қазақ жеріне тарту жұмыстары жасалды. Мәселен, 1905 жылы Кадет партиясының бастауыш ұйымын құру жүргізілді, І—ІІІ бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайлары өтіп, " Мұсылман партиясы қоғамының" құрылуы басталды. І Дүние жүзілік соғыстың басталуы мен шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізе бастауы 1913 жылы А. Байтұрсыновтың " Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды" деп жазғанымен дәл келіп, ұлттық мүддені көтеру мәселесі алға шықты. 1916 жылғы ұлт—азаттық революция, қазақ интеллигенциясының либералдық—демократиялық зиялылар тобы мен социал—демокртатяилық тобы болып бөлінуіне әкеліп, алғашқы ұйымдар мен қозғалыстардың басталуына тудырды. 1917 жылы 27 ақпанда Ресейде буржуазиялық—демократиялық төңкеріс болып, монархия құлады. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы қуанышпен қарсы алды. Қазақтар самодержавиенің құлатылуын құттықтап, бұл фактіге өздерінің сан ғасырлық күресінің нәтижесі, 1916 жылғы ұлт—азаттық қозғалыс мақсаттарының қанағаттандыруы деп қарады. Ақпан төңкерілісі патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясаты саласында өзінің жалпы азаматтық мұраттарды—бостандықтарды, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді. Революция туралы Қазақстанда ұлттық—демократиялық қозғалысынң басшылары қуанышпен қарсы алды. Кадет ұйымы Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде құрыла бастады. Олардың ұлттық мүддеге байланысты ұстанымдары жоғары айтылған мақалада айқын көрініп тұр. Кадет партиясныың мақсаты: бөлінбес біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру, қоныстандыру саясатын қолдау еді. Кадеттер басқа саяси партиялармен солдат казармаларында еңбекшілерді соғысқа қарсы, бүкіл үкімет билігінің жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің қолына көшу жолында митингілер мен пікір сайыстар өткізді. 1917 жылдың көктемінде өлкенің ірі қалаларында, уездердің көпшілігінде, болыс орталықтарының бір бөлігінде Эсер (СР) партиясының ұйымдары құрылды. Осы ұсақ буржуазиялық партияның " жерді оны өңдейтіндерге беру керек" , " жер бүкіл халықтың меншігі" деген ұрандары, Түркістандағы съезде патша өкіметінің отарлау саясатының айыптауы оның уақытша табысқа жетуін қамтамасыз етті. 1917 жылғы жазға қарай барлық кеңестер солардың қолында болды [3,35 б.]. Халықтың ауыр жағдайын шешу үшін өлкеде бірнеше съездер өткен болатын. 1917 жылғы мамыр айында өткен Ташкенттен өткен эсерлер партиясының Түркістан өлкелік съезд іс жүзінде Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халқына ұлттық автономия беруге қарсы шықты. Осыған мазмұндас сәуір айында Омбы қаласында өткен Батыс Сібір эсерлерінің конференциясында да қабылданды [1,109 б.]. Сонымен қатар қазақ өлкесінде діни сипаттағы партиялар құрылды. 1917 жылғы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде, кейін сол жылдың 17–20 қыркүйегінде өткен Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінен кейін Иттифок—муслимин (мұсылмандар одағы) партиясының құрылғанын жариялады. Бұл парттия тұңғыш мұсылман партиясы Түркістан федералистердің партиясы болды. Сол сияқты 1917 жылы 14 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде Шура—ислами ұйымы құрылды. Бұл ұйым ұлттық—демократиялық бағытта саяси күштері Алаш партиясымен қарым қатынаста болды. Мәселен, 1917 жылы " естеліктерден үзінділер" атты М. Шоқайдың естеліктерінде өлке зиялылары мен діни қызметкерлердің қоғамдық—саяси өмірге араласу, әр түрлі саяси ұйымдардың пайда болуы, Қоқан автономияның құрылуы оның Кеңес үкіметімен арақатынсы, ұлттық мүдделерді көтеру туралы деректемелік мәні зор мәліметтер молынан кездеседі. Онда Алаш қайраткерлерінің батыс және шығыс топтары жетекшілерінің қозғалыстың Түркістандық басшылар тобымен байланысты мен өзара қатынасын ашып көрсететін мәліметтер де бар. Сөйтіп, 1917 жылдың 22 қарашасында Шура—ислами Қоқан қаласында өткен Бүкіл Түркістандық төтенше ІV съезінде кеңес үкіметін мойындамау мен Түркістан автономиясын құру туралы шешім қабылдайды. Түркістанда ұлт бағдарламасын нақты іске асыру нәтижесі айқындала түсті. Империялық ойлаумен шовинистік көзқарас ұлғаю, ұлттың өзін—өзі билеу идеологиясын большевиктердің жете бағаламауын айқындады. 1918 жылы қаңтарда Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болып ұйғарды. 5—ші ақпанда Қоқан қаласы шабуылмен алыр өртелді. Ресей республикасындағы құрамындағы аймақтың автономия идеясын ұсынды. Съезд " Түркістан федерациялық республикасы" парламенттік республика негізінде құрылуға тиіс деп белгіледі. Құжаттарға талдау жасау көрсеткендей, Шура—ислами сияқты, Шура—улема де Түркістанды Ресейден бөлудің сеператтық иядеяларынан аулақ болды. Көрнекті дін заңның белгілері басшылық жағдайға ие болған бұл саяси ағымдар шариғат пен әдет негіздерін қорғаумен қатар, адамзат қоғамының демократиялық нормаларын да қорғады. Бұл саяси ағымдар мен солардың негізінде иттифок—и—муслимин партиясының балама бағдарламалық идеялар ұсынғанын және патша үкіметіне қарсы біртұтас демократиялық блокка қосыла алатынын аңғармау қиын емес.
11. Ұлттық интеллигенция және оның XXғ басындағы қоғамдық-саяси қызметі
12. Қазақ ұлттық интеллигенциясы және оның XXғ басындағы Қазақстандағы саяси өміріндегі орны.
Халқымыздың өткен жолы мен оның рухани түлеуін тану құралы ретіндегі тарихи ғылымының көкейкестілігі, мән-мағынасы күрт кеңейіп, толыға түсуде. Отандық тарихнамада тарихты бұрынғысынша түсінуден арылып, оны қайта қарап, соны талдау жасау белең алып келеді. Зерттеушілерге ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезеңі ерекше ынта-ықылас туғызатыны даусыз. Ресейде капиталистік қатынастардың дамуы орталықтағы ғана емес, сонымен қатар бүкіл отарлық шет аймақтардағы өмір салаларында да- экономикада, мемлекеттік құрылымда, мәдениетте ғаламат өзгерістерге жеткізді. Жаңа экономикалық укладтың объективті заңдарының ықпалымен қазақтың қоғамдық санасында елеулі өзгерістер орнығып, ұлттық интеллигенция қалыптаса бастады.[1] Кеңес үкіметі кезінде қоғамдық ғылымда үстем болып келген таптық көзқарас ұғымы әрбір адам мен әрбір халықтың жеке өзінің бостандығы, бүкіл адамзат мәдениетіндегі жетістіктерге еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адам баласына тән өркениетті игеру жолында құжырлылықпен күрескен ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ интеллигенциясының қызметін объективті зерттеуге кедергі жасады. Қазақ интеллигенциясының қалыптасу тарихы, осы процестің тарихи-мәдени алғышарттары бір жақты қарастырылды. Қазақ интеллигенциясы алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің ықпалымен қалыптасып, дамыды деген сыңаржақ қағида орын алды. Қазақ интеллигенциясын қалыптастырудағы ұлттық рухани бастау-көздер, қоғамда орын алған әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайлардың ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ интеллигенциясының жеңе легінің пайда болуы мен оның нақтылы іс-әрекетіне жасаған әсері зерттеушілер назарынан тыс қалды. Ал Алаш қозғалысының пайда болуына ұйтқы болып, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің белсенді қайраткерлері болған Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан ұлт зиялылары "халық жаулары" деген жалған жалалармен айыпталып, олар туралы айтуға да жазуға да ресми түрде тыйым салынды. Осынау күрделі тарихымыздың кезінде зерттеуге тыйым салынған "ақтаңдақ" беттерін саралау бүгінгі күн тарихшыларының алдындағы үлкен міндеттердің бірі. Демек, қарастырылып отырған тақырыбымыз арнайы ғылыми зерттеу объектісі болуға әбден лайық, тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі
13. XXғ басындағы қазақ интеллигенциясының мұсылмандық қозғалыстарға қатысуы
Қазақ ұлтының демократиялық интеллигенциясының жетекшілері, біріншіден, патшалық Ресейдің халықты қорлайтын отарлау саясатының мәнін әшкерлеуді және қазақтардың этнос ретінде сақталып қалуы үшін оның келешігіне қатер төндіріп отырған патша үкіметінің өлкені кеулеп бара жатқан жан—жақты экспансиясының тоқтатуды мақсат етті. Екіншіден, олар заң шығарушы және басқарушы үкімет органдарының алдына кадеттер ұсынған үлгі мен әр түрлі петициялар арқылы талап—тілектер қою демонстрациялар мен шерулер ұйымдастыру, мемлекеттік думаның сайлауына белсенді түрде араласып, парламентке халық өкілдерін өткізу үшін күресуді мұрат тұтты. Сондықтан да 1905–1907 жылдары қазақ интеллигенциясы кадеттер ұсынған Ресей қоғамын реформалау талаптарын жүзеге асыру жолында жүргізілген саяси науқандарға қатынасуда айтарлықтай белсенділік көрсетіп, нақтылы іс—әрекеттерге барды. Олар, атап айтқанда қазақ қауымын ең болмағанда уездер мен болыстар шеңберіндегі жүйесін қалыптастырудың отарлық сипатын өзгертуді талап етті.Қазақ интеллигенциясының қоғамдық—саяси қызметінің тағы бір бағыты Ресейден Қазақстанға орыс мұжықтарын көшіру ісін басқаратын аударушылардың қоныс аударушы мекемелерінің қызметін тоқтату үшін саяси күрес жүргізуге арналды. Үшіншіден, ұлттық—либералдық қазақ интеллигенциясы қоғамының саяси өміріне өзін өкімет пен дергілікті халық бұқарасын байланыстыратын күш ретінде көрсетуге ұмтылды.Қазақстанның көпұлтты мемлекет ретінде тарихи дамуының негізгі ерекшелігі, оның жергілікті халқының түркі тілдес халықтардан құралуы еді. Мұсылмандар ынтымақтастығы идеясы мен олардың санасындағы ұлт—азаттық қозғалыстағы " дін бірлігі" түрік халықтарының бір туғандығы туралы, олардың тарихи тағдырының ортақтығы туралы ұғымдар тығыз байланысты болып табылады. ХХ ғасыр басында панисламизм және пантүркішілдік ұлт—азаттық қозғалыстардың идеясына айналып, тегі мен тағдыры бір түрік халықтарын жақындата түсті.ХХ ғасыр басында түрік халықтарының ұлт—азаттық күресіндегі негізгі бағытын таңдау бірігу негізіне — олардың исламға (исламшылдыққа) немесе олардың түрік қауымдастығына (түрікшілдікке) бет бұруымен тікелей байланысты болды. Пантүркішілдік, панисламизм Ресейде ХІХ ғ. 80—шы жылдарында татар интеллигенциясының мәдени—либералдық қозғалысы ретінде өмірге келді. Оның теориясының қалыптасуы мен таратылуы қырым—татар ағартушыларының қоғамдық және ғылыми қызметтерімен тығыз байланысты. Пантүркішілдіктен шыққан " жадидшілік" екі идеяның — ағартушылық пен діннің бірігуін білдіреді. Жадидшілдіктің негізін салған Исмаил Гаспаринский (1851–1914) 1883 жылы Ресейдегі мұсылмандар " тіл, идея, әрекет жағында да бірігу керек" деп атап көрсетті. Оның ізбасары Жүсіп Ақшора түркi тілінде сөйлейтін ұлттар бірігіп, бірлікке келген " ұлт одағы" болып құрылуы керек дегенді ортаға салды. 1917 жылы қазан төңкерісінен кейін түркiшiлдiктi жақтаушылар Ресейде қуғынға ұшырап, көпшілігі Түркияға кетті. Сөйтіп, бұл идея түрік зиялыларының қолына өтіп, жаңа Түркияны қайта гүлдендірудің рухани тірегіне айналды.Қазақстанға панисламизм мен пантүркішілдік идеясы ХІХ ғ. соңында келді. Бұл идеяның жақтастары дін басылар, буржуазия және интеллигенция өкілдері болды. Қазақстандағы жадидшілер жаңа әдісті мектептер ашып, онда жаратылыстану, тіл, әдебиет сияқты зайырлы пәндер басым жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырды.Ресейдегі панисламизм қозғалысының жақтастары жалпыресейлік мұсылман съездерін ұйымдастырып өткізіп отырды. Оған қазақтардан да депутаттар қатысты: І мұсылман съезі — 1905 ж., ІІ мұсылман съезі — 1906 ж., ІІІ мұсылман съезі — 1907 ж. өтті. 1905 жылы «Бүкілресейлік мұсылман одағы» (Иттифак муслимин) құрылып, оған қазақ дін басылары да мүшелікке кірді. Ақпан революциясынан кейін 1917 жылы осы идеялар негізінде біраз саяси партиялар сахнаға шықты. Мысалы; "Шура—ислами«(Ислам кеңесі), «Шура—улема» (Діни қауым кеңесі).ХХ ғ. басында әлемнің күшті империялардың түркі халықтарының бірігуінен немесе ислам дініндегілердің бір ұранның астына жиналуынан алаңдағаны сонша, ендігі жерде бұл идеялар мүлдем жат атаулар қатарына қосылды. Сол үшін де түрікшілдікті " пантүркизм" , исламшылдықты " панисламизм" деп атады. 1905 жылдардағы ресейлiк революциядан соң өрлеу алған жалпыресейлiк мұсылмандық қозғалыстар, бiрiншiден, Мемлекеттiк Дума деңгейiнде түркi және басқа мұсылман халықтарының ең өзектi саяси және әлеуметтiк мәселелерiн қоюға, оларға отаршыл билiктiң назарын аударуға мәжбүр етті. Екiншiден, татар, қазақ және басқа мұсылман елдерiнiң ұлт—азаттық қозғалысының ширауына қолдау жасап, дем берiп отырды.Ә. Бөкейхановтың 1910 жылғы жарияланған " Қырғыздар" атты әйгілі мақаласындағы ой тұжырымдары Петербург қаласында А.И. Костянекийдің редакциясымен жарық көрген " Формы национального движения в современных государствах" деген еңбекке енді. " ... Қырғыз халқының арасында, — деп жазады Ә. Бөкейханов осы мақалада — саяси партиялар әлі пайда болған жоқ... орыстандыру саясатының ауыртпалығын көтерген басқа шет аймақтардың халықтарындай, қырғыз халқы да үкіметке қарсы пікірде және орыстың оппозициялық партияларына көңіл қояды. Жақын болашақта... қырғыздар арасында қалыптасып келіп екі саяси бағытқа сай екі саяси партия құрылуы мүмкін. Оның бірін ұлттық—діни бағыттағы деп айтуға болар, ал оның мақсаты қырғыздарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ.Екіншісі қырғыз келешегі кең мағынадағы батыс мәдениетін енгізуге байланысты деп есептейтін бағыт. Бірінші бағыт мұсылман—татар партияларын үлгі тұтар, екінші оппозициядағы орыс партияларын, атап айтқанда, халық бостандығы партиясын үлгі етпек..." Сөйтіп, 1905–1907 жылдардағы революция кезінде қазақ қоғамында қазақ интеллигенция қатарында ұлт мәселесі жөніндегі идеялар пайда бола бастады. Бұл жылдары қазақ интеллигенциясы тарапынан Ресей жеріндегі саяси партияларды қазақ жеріне тарту жұмыстары жасалды. Мәселен, 1905 жылы Кадет партиясының бастауыш ұйымын құру жүргізілді, І—ІІІ бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайлары өтіп, " Мұсылман партиясы қоғамының" құрылуы басталды.І Дүние жүзілік соғыстың басталуы мен шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізе бастауы 1913 жылы А. Байтұрсыновтың " Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды" деп жазғанымен дәл келіп, ұлттық мүддені көтеру мәселесі алға шықты. 1916 жылғы ұлт—азаттық революция, қазақ интеллигенциясының либералдық—демократиялық зиялылар тобы мен социал—демокртатяилық тобы болып бөлінуіне әкеліп, алғашқы ұйымдар мен қозғалыстардың басталуына тудырды.1917 жылы 27 ақпанда Ресейде буржуазиялық—демократиялық төңкеріс болып, монархия құлады. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы қуанышпен қарсы алды. Қазақтар самодержавиенің құлатылуын құттықтап, бұл фактіге өздерінің сан ғасырлық күресінің нәтижесі, 1916 жылғы ұлт—азаттық қозғалыс мақсаттарының қанағаттандыруы деп қарады. Ақпан төңкерілісі патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясаты саласында өзінің жалпы азаматтық мұраттарды—бостандықтарды, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді. Революция туралы Қазақстанда ұлттық—демократиялық қозғалысынң басшылары қуанышпен қарсы алды.
Кадет ұйымы Ақпан төңкерісінен кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде құрыла бастады. Олардың ұлттық мүддеге байланысты ұстанымдары жоғары айтылған мақалада айқын көрініп тұр. Кадет партиясныың мақсаты: бөлінбес біртұтас Ресей, конституциялық монархия құру, қоныстандыру саясатын қолдау еді. Кадеттер басқа саяси партиялармен солдат казармаларында еңбекшілерді соғысқа қарсы, бүкіл үкімет билігінің жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің қолына көшу жолында митингілер мен пікір сайыстар өткізді.1917 жылдың көктемінде өлкенің ірі қалаларында, уездердің көпшілігінде, болыс орталықтарының бір бөлігінде Эсер (СР) партиясының ұйымдары құрылды. Осы ұсақ буржуазиялық партияның " жерді оны өңдейтіндерге беру керек" , " жер бүкіл халықтың меншігі" деген ұрандары, Түркістандағы съезде патша өкіметінің отарлау саясатының айыптауы оның уақытша табысқа жетуін қамтамасыз етті. 1917 жылғы жазға қарай барлық кеңестер солардың қолында болды [3,35 б.]. Халықтың ауыр жағдайын шешу үшін өлкеде бірнеше съездер өткен болатын. 1917 жылғы мамыр айында өткен Ташкенттен өткен эсерлер партиясының Түркістан өлкелік съезд іс жүзінде Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халқына ұлттық автономия беруге қарсы шықты. Осыған мазмұндас сәуір айында Омбы қаласында өткен Батыс Сібір эсерлерінің конференциясында да қабылданды .Сонымен қатар қазақ өлкесінде діни сипаттағы партиялар құрылды. 1917 жылғы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде, кейін сол жылдың 17–20 қыркүйегінде өткен Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінен кейін Иттифок—муслимин (мұсылмандар одағы) партиясының құрылғанын жариялады. Бұл парттия тұңғыш мұсылман партиясы Түркістан федералистердің партиясы болды.Сол сияқты 1917 жылы 14 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде Шура—ислами ұйымы құрылды. Бұл ұйым ұлттық—демократиялық бағытта саяси күштері Алаш партиясымен қарым қатынаста болды. Мәселен, 1917 жылы " естеліктерден үзінділер" атты М. Шоқайдың естеліктерінде өлке зиялылары мен діни қызметкерлердің қоғамдық—саяси өмірге араласу, әр түрлі саяси ұйымдардың пайда болуы, Қоқан автономияның құрылуы оның Кеңес үкіметімен арақатынсы, ұлттық мүдделерді көтеру туралы деректемелік мәні зор мәліметтер молынан кездеседі. Онда Алаш қайраткерлерінің батыс және шығыс топтары жетекшілерінің қозғалыстың Түркістандық басшылар тобымен байланысты мен өзара қатынасын ашып көрсететін мәліметтер де бар.
14. I және II ші Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарының қатысуы
Қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы
Қазақтардың саяси сана-сезімінің елеулі түрде өскенін қазақ зиялы қауым көшбасшыларының Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуынан көруге болады. 1905 жылғы тамызда II Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің қысымымен империяның заң шығарушы және өкілетті органы ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды.
Бірақ ол манифест бойынша Ресей империясының бір қатар халықтарының, соның ішінде Орта Азиямен Қазақстан халықтарының да сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болып шықты. Жергілікті билік органдарына сайлау науқанының алғашқы күнінен бастап-ақ қазақтарды «көшпелі және қаңғыбас бұратана халық» ретінде сайлауға үзілді-кесілді қатыстырмауға айрықша нұсқау берілді. Мұның өзі қазақтардың арасында бұрқ ете қалған наразылықпен ашу-ыза тудырды. Жергілікті халық өздерінің өкілдерін Ресейдің Мемлекеттік Думасына қатыстыруды батыл талап етті. Өлкенің бүкіл аймағын түгел қамтып өткен қуатты наразылық толқыны патша үкіметін халықтың талабына құлақ асуға мәжбүр етті. Сонымен қазақтар сайлауға қатысатын болып шықты.
1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынан — Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан — Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан — Алпысбай Қалменұлы, Астрахан губерниясынан – Бақтыгерей Құлманов, Ақмола облысынан – Шәймерден Қосшығұлұлы, Семей облысынан — Әлихан Бөкейхановтар сайланды. Бұлардың барлығы да сауатты, халықтың сый-құрметімен сеніміне бөленген зиялы азаматтар еді. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небары 73-ақ күн жұмыс істеді. Депутаттардың көтерген бастамалары көңілінен шықпай, риза болмаған II Николай Думаны таратып жіберіп, қайтадан сайлау туралы жарлыққа қол қойды.
Ресейдің 1907 жылғы II Мемлекеттік Думасының құрамына бұлжолы Қазақстаннан мына азаматтар сайланды: Ақмола облысынан — Шәймерден Қосшығұлұлы, Торғай облысынан – Ахмет Бірімжанов, Семей облысынан – Темірғали Нүрекенов, Сырдария облысынан – Тілеулі Алдабергенұлы, Жетісу облысынан — Мұхамеджан Тынышбаев, Орал облысынан — Бақытжан Қаратаев, Астрахан губерниясынан — Бақтыгерей Құлманов. Алайда бұл Думаның да қызметі ұзаққа созылмады, небары 104 күн ғана жұмыс істеді.
II Мемлекеттік Думада қазақ депутаттары кадеттермен жақындасып, мұсылмандар фракциясының тобына кірді. Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы басқа да халықтардың өкілдерімен бірге, ішкі Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару үрдісін тоқтатуды талап етті. Б. Қаратаев II Мемлекеттік Думада Ресейден шаруаларды Қазақстанға қоныс аудару саясатының қазақтар үшін өте жағымсыз, ауыртпалықты болып отырғаны туралы арнайы баяндама жасады. Ол өзінің жалынды сөзінде былай деп атап көрсетті: «Сіздер мынадай сұмдық жағдайды түсінуге тиіссіздер: бүгінгі таңда қоныс аударушы орыс шаруаларына жер телімдерін беру үшін қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныс жерлерінен ғана емес, жекеменшік баспаналарынан да қуып шығарып жатыр».
Қазақ депутаттар өз халқының заңды құқығын қорғап жоғары билік орындарына бір қатар үндеулерде жазды. Мәселен, Мемлекеттік Думаның депутаттары Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Т. Нүрекенов, Ш. Қосшығұлұлы 1907 жылғы наурызда өздерінің жасаған мәлімдемесінде былай деп жазды: «Көшпелілердің бірден-бір күнкөріс көзі — мал шаруашылығы, ал олардың Азияның шетсіз-шексіз кең даласында бір жерден екінші жерге үздіксіз көшіп-қонып жүруі әлде бір жанға жайлы, қызығы мол бос серуен құру емес, табиғаттың қиындықтарын жеңе отырып, өмір сүру болып табылады».
Дума депутаттарының арасында көрнекті қоғам қайраткері Сәлімгерей Жантөренің есімі ерекше аталады. Ол Санкт-Петербург университетінің заң факультетін және Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірген болатын. Алғашқыда судья болып қызмететті, кейін бірнеше жыл бойы уездік және губерниялық земствоны басқарды. 1903 жылы Уфа губерниясынан Думаға мүше болып сайланды. Сәлімгерей Жантөре өзіндік ұлттық ерекшеліктері ескерілетін халық мектептерін ашу мәселесіне көп көңіл бөлді. Ол Мемлекеттік Думада кеңінен танылды. Башқұрт халқының атынан депутат болып сайланса да өзінің туған халқы қазақтардың проблемаларында ешқашан есінен шығарған емес.
II Мемлекеттік Думаның таратылуы және оның қазақтар үшін салдары
Бірінші орыс революциясы қатаңдықпен басып тасталғаннан кейін патша үкіметі елде қуғын-сүргін шараларын жүзеге асыруға кірісті. 1907 жылы реакцияшыл сайлау заңы шықты. Ендігі жерде бұратана ұлттар, соның ішінде қазақтар да сайлау құқығынан айырылды. Патша үкіметі Қазақстанның байырғы халқы сайлауға қатысуға әлі дайын емес деп санады. Сондықтанда 1907—1917 жылдарда қазақтар Ресейдің Мемлекеттік Думасына сайланған жоқ. Патша үкіметінің бұл шарасы қазақ халқының ашу-ызасын туғызды. 1907 жылғы маусымда Ақтөбе, Петропавл, Костанай сияқты тағы да басқа қалаларда наразылық митингілері болып өтті. 1908 жылы Ә. Бөкейханов Выборг үндеуіне қол қойды. Ол үндеу II Мемлекеттік Думаның таратылуына қарсылық ретінде қабылданған болатын.
Келесі шақырылған Мемлекеттік Думаларда қазақ халқының мүдделерін Т. Седелъников, В. Недоносков, Н. Бородин, И.И. Космодемияновский, А. Виноградов, Н. Скалозубов сияқты орыс депутаттары белсене қорғады. Орынбор губерниясынан сайланған депутат Т.И. Седельников Мемлекеттік Дума мәжілісінде былай деп ашық айтты: «Жүздеген мың қырғыздар... мүлде жерсіз қалып отыр, ұлт арақтай ғана болмашы жері бар қырғыздардың саны кем дегенде миллионға жетеді». Қазақтардың жерге қатысты құқығын башқұрт Ш. Сыртланов, татар депутаты С. Максудов қорғады.
Закавказьелік депутат X. Мамедов III Мемлекеттік Думаның мінберінен бүкіл мұсылман фракциясының атынан сөйлеген сөзінде Ресейдің ішкі аймағынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударуды онда қазақтардың жерге қатысты занды құқықтары шешілгенге дейін тоқтата тұруға шақырды. Қазақтың белгілі саяси қайраткерлердің бірі Мұстафа Шоқай Думаға депутат болмаса да, III және IV Мемлекеттік Думалардағы мұсылман фракциясының құрамына кіріп, ондағы мұсылман депутаттардың назарын қазақтардың бастан кешіріп отырған ауыр халіне аударды.
15. Мемлекеттік Думаның мұсылмандық фракциясы. Жер мәселесі және қазақ депутаттары А. Бірімжанов пен Б. Қаратаевтардың сөйлеген сөздері.
Қаратаевтардың сөйлеген сөздері
Қазақстан халқының саяси ой-өрісінің дамуында Мемлекеттік Думаға сайлау жүргізу науқаны маңызды рөл атқарып, онда қазақ зиялыларының көптеген өкілдері белсенді қызметімен көрінді. Мысалы, 1905 жылдың 6 тамызында Мемлекеттік Дума жөніндегі патша Манифесі қазақ еліне де депутат сайлау құқығын берген болатын. Бірақ, бұл құқықтың жартыкештігі байқалды. Өйткені, депутаттарды сайлау барысында ұлттардың арасалмағы есепке алынбады. Сондықтан, қазақ зиялылары мұндай әділетсіздікті түзетуге біршама әрекет жасап көрді. Нәтижесінде, қазақ халқы Мемлекеттік Думаға әр облыстан бір депутаттан ғана сайлау құқығына ие болды. Сөйтіп, Қазақстаннан бірінші Мемлекеттік Думаға барлығы 9 депутат, оның ішінен 4 миллион қазақ халқынан 4 депутат: Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов және Б.Құлманов сайланды. Олар Дума жұмысына мұсылман депутаттары фракциясы құрамында қатынасты. Бұл фракцияның заң жобасы ретінде дайындаған ең басты құжаты аграрлық мәселеге байланысты еді. Мұсылмандар фракциясы жер мәселесіндегі аграрлық тұжырымдаманы мұсылмандар партиясының бағдарламасы негізінде ұсынды. Ал барлығы 72 күн ғана жұмыс жасаған бірінші Мемлекеттік Дума 1906 ж. 9-шілде күні үкімет шешімімен таратылды. Дәл сол күннің кешінде Думадағы оппозицияның 182 өкілі (кадеттер, трудовиктер, меньшевиктер) Выборг қаласында (Финляндия) жиналып, Манифест дайындап, оған өздерінің қолдарын қойды. Олардың арасында Ә.Бөкейхановта бар еді. Сол үшін ол келесі Думаға  сайлану құқығынан айрылып қана қойған жоқ, сонымен бірге жауапқа тартылып, абақтыда отырып шығады. Сөйтіп, халық бұқарасының назарын алаңдату үшін шақырылған бірінші Мемлекеттік Дума оның үміттерін ақтамады, ал оның мінберін партиялар ө змақсаттарына пайдаланды.
Бақытжан Қаратаевтың 1907 жылы ІІ Думада сөйлеген сөзі
Депутат мырзалар!
Қырғыз-қайсақ халқының атынан бұл мінбеден ешкім сөйлеген жоқ: соған қарамастан, мемлекетіміздегі шиеленісіп отырған аграрлық мәселені шаруаларды Далалық облыстар территориясына, Семей және Жетісу облыстарының территориясына қоныс аудару арқылы шешкісі келетіндер бар. Әсіресе оң жақ қатарда отырған ағайындарымыз аграрлық дағдарысты шаруаларды Орта Азияға көшірту жолымен жоюға құштар. Олардың көзқарастарын Парламентке егіншілік пен жерге орналастыру ісінің бас басқарушысы князь Васильчиков, сондай-ақ Министрлер Кеңесінің төрағасы Столыпин таратып отыр. Алайда осы уақытқа дейін Мемлекеттік Дума делегаттарының бірде-бірі дәл қазір азиялық облыстар ішінде шаруаларды қоныстандыратын басы артық жер бар ма, басымызды қатыра-қатыра шаруаларды қоныс аударуға тәуекел ете алатындай Далалық облыстардың барлық бөліктері жаратылыстық-тарихи, шаруашылық-статистика, топырағы мен ауа райы жағдайлары тұрғысынан зерттеліп болды ма деп сұраған жоқ, ол туралы біле де қоймас. Жергілікті халықтың мүдделерімен есептеспей келген қоныстандыру қалай дегенмен де әділетсіздік болып табылуға тиіс. Ол қашанда күштінің әлсізді қанауы деп қабылданбақ. Сөз жоқ, қырғыздар, яғни қырғыз-қайсақ деп аталатындар - әлі дамудың төменгі сатысында тұрған қауқарсыз халық, сол себепті де олармен ортақ тіл табысуға болады және оларға зорлық көрсетудің ешқандай жөні жоқ. Біз, қырғыз-қайсақтар, Россияда қатты ушығып отырған аграрлық мәселе шұғыл шешім қабылдауды талап етенінін терең түсінеміз. Біздің шаруа бауырларымыздың жерге мұқтаждығын жақсы сеземіз, егер басы артық жеріміз болса, оларға біз ризашылығымызбен ығысып орын беруге әзірміз. Ал мәселенің түйіні Далалық облыстар территориясының әлі күнге дейін жаратылыстық-тарихи, шаруашылық-статистикалық тұрғыда жете зерттелмегендігінде. Бүгін біздің жолдасымызға депутат Темеренков Азияда ұшы-қиырсыз жер бар, шаруаларды сонда қоныс аудартып, осылайша жер жетімсіздігін жоюға болады дегенді айтты. Шын мәнінде, белгілі ғалым Щербина Далалық облыстардың солтүстік уездерін, атап айтқанда, Тоғай, Ақмола және Семей облыстарының жері құнарлы уездерін ғана зерттеген, бірақ Щербина олардың оңтүстігіндегі уездерін барлай алмады. Егер ауа райы мен топырақ жағдайларының барлығы тұтастай зерттелген болса, онда Далалық облыстардың оңтүстік уездерінде топырақ сорлы, құмды, кеуіп қалған сор дала болғандықтан, басы артық жердің өте аз екені жайында ешқандай күмәнсіз қорытынды жасаған болар едік. Осы кезге дейін бәрі қырғыздар көшіп-қонып жүрді-міс деген түсінікпен келеді. Жоқ, мырзалар, қырғыздардың көшпелілері де, отырықшылары да бар. Далалық облыстардың солтүстіктегі құнарлы уездерін, міне, ондаған жылдардан бері отырықшы қырғыздар жайлап, егін егіп келеді. Олардың кейбіреулері шымнан, енді біреулері кірпіштен, үшіншілері қызыл кірпіштен үй салып алған, бір сөзбен айтқанда, олардың өз тұрмыстарына сай тұрғын үй мен қора-қопсылары бар. Осынау отырықшы қырғыздар үшін егін егу - тұрмыс түзеудің ең негізгі көзі, ал олар мал өсірумен де айналысады десек, ол тұрмыс түзеудің қосымша көзі болып табылады. Далалық облыстарға қоныс аудара отырып, іс жүзінде осы қырғыздарды өздері мекендеген жақсы жерлерінен, жылы ұяларынан қуып шығумен айналысуда.
Думаның төрағасы:
- Шешен мырза, он минут уақытыңыз бітті.
Қаратаев:
- Мырзалар, осыған дейін сіздердің ешқайсыларыңыз Далалық облыстарға қоныс аудару жайы туралы ауыз ашқан жоқсыздар. Бәлкім, Мемлекеттік Дума дархандық танытып, менің сөзімді ақырына дейін тыңдар. Мырзалар, менің шаруаларды Далалық облыстарға қоныс аудартудың жай-күйі жайындағы баяндамамды аяқтауыма мүмкіндігім қалмады, дегенмен менің айтарым - Мемлекеттік Дума өздері Ішкі Россиядағы помещиктер мүдделерін, осынау 130 мың помещиктің мүддесін қорғау үшін шаруаларды қоныстандыру арқылы қорлап отырған қырғыз-қайсақтардың әрдайым шаруалардың жерге деген мұқтажын қанағаттандыру мақсатымен жеке иеліктегі жерлерді күштеп тартып алу ниетіндегі барлық оппозициялық фракцияларға аянышпен қарайтынын есте ұстайтын болсын. Дегенмен бүгінгі таңда шаруаларға орын босату үшін қырғыздарды жерлерінен ғана емес, олардың тұрғын үйлерінен көшіріп, қуып шығып жатқанын түсініңіздер. Орыстың қарапайым еңбекшілері мен зиялылар қауымы жерімен қоса, үйінен, қора-қопсысынан қуылып жатқан сорлы қырғыз-қайсақтарды жәбірлеп жатқандарға қарсы шығып, қамқор қол ұштарын береді деп сенемін. Менің қолымда мұны дәлелдейтін қыруар деректер тұр, бірақ, өкінішке қарай, сөзімді аяқтай алмадым («Орал өңірі», 1990, 8 желтоқсан).
Сондай-ақ Дума отырыстарының арасында Б.Қаратаев «Жерге орналастыру және егіншілік» басқармасына барып, өкіметтің қазақ өлкесіндегі жүргізіп отырған жер саясатының көшпелі қазақтарға үлкен зиян тигізіп отырғанын, Дала өлкесіне орыс шаруаларын қоныстандыруды тоқтату қажеттігін айтады. «Айқапта» жарияланған «Қазақ жері хақында» деген мақалада: «1907 жылдың наурыз айында ІІ Мемлекеттік Думаның депутаттары Қаратаев, Бірімжанов, Қосшығұлов һәм Нүрекенов бас министр Столипинмен, жер министрі дәрежесіндегі князь Васильчиковқа жолығып жер мұқтажын айтып сөйлейді.
Қазақ депутаттары Қаратаевқа сөз тізгінін беріп еді, ол айта-айта келіп, былай дейді: «Қара шекпенділерді переселениеден тоқтату керек, Азиатск облыстарындағы қазақ жерлерін өлшеп, жақсысы қанша, жаманы қанша екенін білу керек, көшпелі һәм отырықшы қазақтарды жақсы деген жерлерге орналастыру керек, одан соң артық жерлер болса, переселение пайдасына шығару керек. Жаман жерлерін ешкім қызғанбайды». (Айқап», 1911, №11).
ІІ Мемлекеттік Думаның аграрлық комиссиясының құрамында М.Тынышпаев пен Б.Қаратаев болды.
Бақытжан Қаратаев Думаның аграрлық заң жобасын жасауға араласады. Қазақ өлкесіндегі жер саясатына байланысты отырыстарда сөз сөйлейді. Ол Думаның 39-пленарлық мәжілісінде аграрлық мәселені талқылауға қатысты. 16 мамырда мінбеден қазақ жерінде басы артық жердің жоқтығын, бар болса да, бұл жерлердің табиғи жағдайы қоныстандыруға келмейтіндігін, қоныстандыру басқармасы бұл жағдайлармен санаспаса, қазақ шаруашылығы күйзеліске ұшырайтынын ашып айтады.
Б.Қаратаев өзімен пікірлес депутаттар сияқты қазақ халқының әлеуметтік және экономикалық мұқтаждықтары шешіледі деп үміттенді. Өкінішке қарай, Дума алдына қойған жер мәселесіне қатысты істері ешқандай да қолдау таппады. Сондықтан да Б.Қаратаев елге құр қол қайтпас үшін Дала ережесіне қатысты мақалаларды, қазақтарға қатысты әртүрлі циркулярды жинады. Сөйтіп, үлкен үмітпен бар талабын хат түрінде Думаның мұсылман фракциясына тапсырды.
Бұл Дума да 1907 жылы 3 маусым күнгі заң бойынша таратылды. Думаның таратылғанына қарсылық білдірген жиналыстар, митингілер күніге өтіп жатты.
Жаңа ІІІ Мемлекеттік Думаға сайлау заңы түбірімен өзгертілді. «Бұратана халық» деп аталынған қазақ депутаттары патша үкіметіне үрей туғызды. Сондықтан да қазақ халқын сайлау құқығынан мүлдем айырды. Думада 82 депутаттың орны кеміді. («Қазақстан заңдары», 1998, №4, 43-45 беттер).
Депутаттықтан кейін де халық үшін күресіп өткен Қаратаевтың елім деп еңіреген хан-сұлтанның қасиетті тұқымы екенін өзі ұйымдастырып, отырықшылар ауылын салғаны да дәлелдейді. Ол 1910 жылы Орал облысындағы Жымпиты уезінің Шідерті болысында сегіз көшпенді ауыл адамдары үшін жер кестіріп алып, әрі диқан, әрі малшы тірлігін үйлестіре жолға қойған отырықшылар поселкесін салған.
Ондағы мақсат - нақты бір жер алып, жер игеріп, сауда-саттықтың қыр-сырын үйретіп, оқу-ғылымға бағыттау еді. Әрине, отырықшылық бар жерде ғимараттар бой көтеріп, жер игеріліп, сауда-саттық, ғылым дамитыны белгілі. Ол сонау Мысыр елін, Грек, Рим жұртын мысал етіп, халықты жерге орнықтыруға бағыттады.
Бақытжан Қаратаев 1911-1914 жылдарда Ордада, Оралда және Астраханьда шығарылған демократиялық бағыттағы «Қазақстан» газетіне жан-жақты жәрдемдесіп және онда өз мақалаларын да жариялап отырған. Оның мақалалары қазақ еңбекшілеріне, зиялыларына терең ой берген, парасатты ақылға шақырған, халқы үшін қамқорлық болған үгіттер болды. «Қазақстан» газетінде жарияланған «Азаматтарға бір-екі ауыз сөз» деген мақаласында Бақытжан «Балуан бірді, білімді мыңды жығады» деген ойды кең мағынада түсіндіре отырып, халқын ағартушылыққа, білімге шақырған.
16 Қазақ депуттаттарының Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясына қатысуы
XX ғасырдың бас кезінде қазақ өлкесінде мұсылман қайраткерлерінің әрекеті жандана түсті. Олар исламның ықпалын күшейту арқылы қазақтарды патша үкіметінің орыстандыру және шоқындыру саясатына қарсы тұруға үгіттеді. Діни қайраткерлердің осындай қозғалысы әсіресе Петропавл, Көкшетау, Ақмола және Семей қалаларында елеулі түрде кеңінен тарады. Көкшетау қаласында молда Наурызбай Таласов ерекше белсенділік танытты. Ол халық арасында Науан хазірет деген атпен кеңінен белгілі болды. Науан хазірет халықты патша үкіметіне қарсы күреске шақырды, оған қарсы үгіт таратты. Патшалық билікке қарсы жазылған хаттар ел арасындағы ықпалды да беделді қазақтарға арнайы жолданды. Ондай хаттардың авторы таза діни уағыздарға қоса қазақ қоғамындағы көптеген әлеуметтік маңызы бар мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен салт-санасына қысым көрсетуді жою, қазақ тілінің кеңінен қолданылуына еркіндік беру, қоныс аударушы орыс шаруаларының ағылып келуін тоқтату, шаруалар бастықтары деген лауазымды қызметті жою мәселелерін көтерді.
1902 жылы Көкшетау қаласына Омбыдан арнайы келген дін таратушы осындағы жергілікті халықты христиан дініне енгізу мақсатын көздеді. Ол тіпті «Тауратты» қазақ тіліне аудартып ала келген. Алайда әлгі діни қызметкердің әрекеттері жергілікті мұсылман халықтың ашу-ызасын тудырды. Жергілікті ықпалды діни қайраткерлер Науан хазірет, Шәймерден Қосшығұлов және басқалары Омбыдан келген миссионерді тез арада қуып шыққан. Бұл оқиға жергілікті жандармерия тарапынан діни қайраткерлердің қуғын-сүргінге ұшырауына себеп болған. Науан хазіретпен Шәймерден Қосшығұловтар Шығыс Сібірге, бір қиянда жатқан Якутияға жер аударылған.
1903 жылдың көктемінде Ақмола облысына қарасты Көкшетау уезіндегі сегіз болыстың қазақтары Ресей империясы Ішкі істер министрінің атына мына төмендегі мазмұнда хат жазды: «Біздің атам заманнан бері мекен деп келе жатқан жерімізді қоныс аударып келген шаруаларға тартып алып беріп, бастықтар бізді құнарсыз жерлерге қуып шықты... «Құранымызды», қасиетті кітаптарымызды нәжісті жерлерге лақтырды, медреселерімізді жауып тастады. Біз бүйтіп шариғаттан бастартқаннан гөрі өлімге бас тіккенімізді артық көреміз».
1904 жылғы ақпанда Көкшетау уезінің бастығы молда Құдияр Рыстаевтың қазақтарға жолдаған осындай бір хатын қолға түсірді. Онда ол халықты патша үкіметіне қарсы белсенді күреске шақырып, былай деген: «Біздің әкелеріміз хан Кенесары Қасымовтың сенімді серіктері болған еді. Қасиетті дініміз жолында ер жүрек азаматтар ретінде қолымызға қару алып, өлгеніміз әлдеқайда артық».
1905 жылы мұсылман діни қайраткерлері Төменгі Новгородтағы және Петербургтағы мұсылмандардың Бүкілресейлік съездеріне қатыса бастады. Мұсылмандардың съезінде «Иттифак-әл-Муслимин» (Мұсылман одағы) атты Бүкілресейлік мұсылмандар партиясы құрылды. Жаңа партияның Орталық Комитеті құрамындағы 15 мүшенің екеуі қазақ болды. Олар Сәлімгерей Жантөреұлы мен Шәймерден Қосшығұлұлы еді.
Патша үкіметі отаршыл билікке қарсы шыққан халықты аяусыз жазалауға көшті: тінту жүргізді, түрмеге қамады, жер аударды, мешіттер мен медреселерді жауып тастады. Мұның өзі жергілікті халық тарапынан қатты наразылық туғызды.
17. XX ғ. басындағы қазақ басылымдары.
Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. XIX ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Санкт-Петербургте редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді.
Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаметжан Сералин болды. Журнал өдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектеп- терге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы: Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалары да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Газет беттерінде Ә. Бөкейхановтың ауыз әдебиеті мен А. Байтұрсыновтың қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі еңбектеріне көп орын берілді.
1913 жылы қыркүйектен Петропавловскіде татар және қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газеті шыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К. Тоғысов басшылық жасаған апталык «Алаш» газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін әр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады: маусым айынан бастап Семейде «Сарыарқа» апталық басылымы, «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Оралда - «Ұран» газеті, Ташкентте пантүріктік жене жәдит бағытындағы екі басылым - бас редакторы Мұстафа Шоқай болған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті, Ақмолада «Қазақ газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шыға бастады.[1]
20-30-шы жылдардағы оқу-ағарту ісімен мәдениет мәселесі тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі мәселе. Мұның басты себебі, осыған байланысты ресми мәліметтердің өзара кайшылықта болуы дер едік. 20-30-шы жылдардғы ұлт зиялылардың ағартушылық қызметі арқылы тоталитарлық жүйесі қарсылығының ерекше түрі болғандығын көрсетуі біздіңше құптарлық пікір деуге болады. Кеңес заманында қазақтарда қазан революциясына дейін оқығандар болған жоқ деген тезис белең алып келгені баршаға мәлім. Ал шын мәнінде тарихи шындық басқаша болған. Профессор Х.Әбіжановтың статистикалық мәлім еттеріне сүйеніп жасаған мына мәліметгеріне сүйенсек, XX ғасырдың басында қазақ өлкесінде қазақтардан 3000-дай мұғалімдер, 600-ге жуық ауыл шаруашылық мамандары, ал 30-ға жуық қазақ азаматы жоғарғы медицина мамандық алған. Қазақтың ұлттық интелегенциясынын өсіп-өркендеуі қиын тарихи жағдайда жүрді. Бір жағынан уақыты өткен ескі қоғамдық қатынастар аяқтан тартып, мешеуліктен шығуға кедергі жасаса, екінші жағынан отарлық езгі, патшалықтың «әскери-полицейлік» тәртібінің күшейуі қазақ елінің алдағы болашағын күмәнді етті. Ақыры 1917 жылы Ақпан төңкерісі жеңіп, патша тақтан түсті. Қазақ демократиялық зиялылары бұл хабарды қуанышпен қарсы алып, ендігі жерде қазақ халкының бостандығын қамтамасыз ететін сәт жақындады деп сенді. Осыған байланысты, сол кездегі халықтың көңіл күйін А.Байтұрсынов былайша сипаттайды; «Қазақтарға Ақпан Төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, Қазан (әлеуметтік) Төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз көрінді». Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбур болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкеріске деген мұндай қатынасы әбден табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ал бірініден бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруына және екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді. Міне осылайша қазақ зиялылары Ақпан төңкерісінің нәтижесінде ұлттық-азаттық қозғалыстың негізі мәселелері - ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, мәдениетті өркендетуге және басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік туады деген сенімде болды. Осы орайда оқу-ағарту саласына ерекше көңіл бөлген ең алдымен Түркістан Республикасы Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың, сонымен бірге Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Санжар Асфандияровтардың атқарған қызметтерін атап өткен орынды.
18 «Қазақ»газеті мен «Айқап» журналдарының қазақ халқының ұлттық сана сезімінің қалыптастырудағы рөлі.
Тарихи деректерге қарағанда, «Қазақ» деген атаумен қазақ газетін шығаруға ресми рұқсат Ахмет Байтұрсынұлына 1905 жылғы желтоқсанның 9-ы берілген. Ал апталық «Қазақ» газетінің алғашқы саны 1913 жылғы ақпанның 2-сінде жарық көрді де, 1915 жылдан аптасына екі рет шығатын болды.Газет қолдан қолға, ауылдан ауылға өтіп, тозып жетіп жыртылғанша оқылды. Оны сол заманда Дала және Түркістан уалаяттарына немесе 9 облыс және 1 губернияға бөлінген (Қыр баласы. Қазақ. «Қазақ» газеті, 1913 жыл, № 8) Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жұрт жаздырып алды.«Қазақ» газетін метрополияның Киевтен Қазанға, Санкт-Петербургтен Томскіге дейінгі университеттерінде білім қуып жүрген қазақ студенттері жаздырып оқығаны туралы деректер кездеседі. Аз уақыт ішінде «Қазақ» 5 миллионға жуық көшпенді халықтың көпшілігі білетін басылымға айналды.
Алғаш жарық көрген күнінен бастап «Қазақ» газеті қазақ даласының қоғамдық-саяси және мәдени өміріне бес жылдан ұзақ жападан-жалғыз қызмет етті.Оған қоса өзінен бұрынғы басылымдардың бірі де жаңа газетпен не сапасы, не көтерген тақырыптарының сан-салалығы, не таралымы жағынан тең келе алмады. Бірінші жылы 3 мың таралыммен шығып тұрған «Қазақтың» таралымы, Оксфорд университеті зерттеушілерінің мәліметіне қарағанда, көп кешікпей 8 мыңнан асып жығылды. Бұл өзінен бұрынғы басылымдардың бәрін қосқанда да көп болады.Ал «Қазақ» газеті мен оның құрылтайшыларының көздеген түпкілікті мақсаты – қазақтың ұлттық мемлекеттігін қайта көтеру және Әлихан Бөкейхан өзінің «Қазақтар» очеркінде атап өткендей, қазақтың ұлттық салт-дәстүрі негізінде «батыс мәдениеті жүзеге асырылуға тиіс» болатын.
Алдына міне осындай мақсат-мүдделерді қойған «Қазақ» газеті мен оның құрылтайшылары мақсаттарына монархиялық билік дәуірінде қантөгіссіз күрес жолымен жетуге ұмтылды.
«Айқап» журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтар айынан бастап шыға бастаған. Оның шығарушысы, редакторы – демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин еді. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пай жинап жүріп шығарады.«Айқап» журналы патша үкіметінің саясатын насихаттайтын журнал емес, қазақтың мүддесін көздейтін, оның жоғын жоқтайтын журнал болды,«Айқап» журналы қазақтың алғашқы баспа көрген, ресми әрі кәсіби журналы болды деп біледі. Оның айтуынша, Айқап журналы арқылы қазақ алғаш рет баспа бетінде өз ойын айта білді.«Айқап»  журналы қазақ әйелдерінің қоғамдағы орнына да жан-жақты  тоқталды. «Адам баласының тәлім-тәрбиесі анадан ауысады, бүкіл адамзатты тәрбиелеуші –ана» деп, олардың үйдегі, семьядағы атқаратын рөлін өте жоғары бағалады.Журналдың  көп көңіл бөлген  мәселелерінің бірі-әдет-ғұрып, салт-сана мәселесі еді.  Журнал  қазақ тіршілігіндегі әдет-ғұрыптың кемшілік, кері кеткен жақтарын сынай  отырып, елді жақсылыққа , озық ойға, болашаққа шақырды.Жалпы алғанда журнал қазақ елін білімге, өнерге шақырды, оқыту сапасын жақсарту  мен білім беруді белгілі программаға сүйене жүргізу керектігін сөз етті:  «Біздің қазақ баласына не қылса да басқа жұрттарға теңелу хақында біраз кеңес « деген мақалада (1911,№ 5, 4-6 беттер) оқыту   ісін дұрыс жолға қою үшін көптеген шараларды жүзеге  асыру керектігі айтылады.Сонда-ақ қазақ шәкірттерінің хал-жағдайының тым нашар екендігіне тоқтала отырып журнал оларға көмектесуге шақырған көптеген мақала-хабарды да басып отырды. Білім беру мәселесін шешу үшін оқу құралдарын  шығару, қазақ тілінің әліппесін жасау, жазу жұмысын бір ережеге бағындыру туралы бірсыпыра мақалалар жариялады.
19. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы: негізгі кезеңдері, қозғалыс ошақтары, жетекшілері
20. Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары, олардың қызметі
Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.
Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.
Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.
Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.
Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.
1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді.
Патшалық Ресейдің XX ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.
ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ–қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс–украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.
1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық–зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.
Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40, 899, 044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн пұт мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді.
Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алымсалық жинауы өсті, халықтар арасындағы ұлттық бөлунішілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыспісіп жетілді.
Соғыс ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднитінде, Орынбор –Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.
Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды.
Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы таптар арасындағы қарама–қарсылық, бір–біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды.
1916 жылғы ұлт–азаттық көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды. Жағдайдың шиеленісуіне байланысты 1916 жылғы 20 шілдеде генерал Куропаткин Түркістан өлкесінің генерал–губернаторы болып тағайындалды. Ол кезде орасан зор аймақты түгелдей халық революциясының от–жалыны шарпыған еді. Мәселен, шілденнің 12–сінде Верный уезі Қорам болысының 68 жігіті А. Абдурасуловты, ал шілденің 16–сында көтерілісшілер Құрам болысының болысын өлтірді. Тамыздың 3 – інде Асы өзенінің аңғарында көтерілісшілердің 2 мың адамнан тұратын отряды уезд бастығының көмекшісі Хлыновскийдың отрядына шабуыл жасады . Тамыздың 6 – сында самсы аңғарында Ботбай, Шығыс және Батыс Қастек, Тайторов, Ырғайты болыстарының 5 мың адамдық көтерілісші жігіттері жазалау торядын қоршап алды. Сол күні Самсы станасасы көтерісшілердің қолында болды,тамыздың 8 – нде Ақсу жайлауында қазақ – қырғыз сьезі өтті. Олар Қордай көтерілісшілерін қолдауға, нарындықтарға ұран тастауға, қазақ көтерілісшілері көмекке өздерінің қарулы жігіттерінің жартысын жіберуге шешім қабылдады. Қазақ және қырғыз еңбекшілері қимылдары патша әкімшілігін мазасыздандырмай қоймайды.
Генерал Куропаткин «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», «Лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын» пайдалануға бұйрық берді.
Өз кезеңінде Жетісу болысының генерал – губернаторы М.А. Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдасытру үшін казак станциаларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді. Мұнымен шектелмей, генерал Куропаткинің тамыздың 12 – сіндегі нұсқауы бойынша қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактары қаруландырылды.
Жазалау отрядтарының жанынан, облыстың уездік қалаларында әскери дала соттары құрылды.
Азғана уақыт ішінде көтеріліс Шу өзені мен Ыстықкөлге жаспарлас жатқан бүкіл аумақты қамтыды. Көтерілісшілер Қастек тауы өңіріне, Үлкен және кіші Кебен, Асы, Шілік, Сусамыр өзендерінің аңғарына, Талас өзенінің жоғарғы ағысына топталды. Олар телеграф желілерін қиратып, почта стансаларына, болыс ауылдарына шабуыл жасады.
21. Қарқаралы петициясы
Петициялық қозғалыстың басталуы
Қазақ халқының өз құқықтарын қорғау жолындағы күресінің өзіндік ерекшелігінің бірі алуан түрлі петициялар (өтініш-талаптар) жолдау болды. Ондай петициялар 1902-1907 жылдары жазылып, жоғары билік орындарына жолдана бастаған еді. Оларда қазақ халқын христиан дініне енгізу саясатын тоқтату, мұсылман оқу орындарын құруға қажетті жағдайлар жасау, молдалардың қызметіне кең жол ашу жөнінде нақты талаптар қойылды. Ондай алғашқы петициялар жолдаудың бастамашылары алғашқы кезде дін қызметкерлері болды. Уақыт өте келе жағдай өзгере түсті. Бірінші орыс революциясы жылдарында петициялар жазуды қазақ қоғамының сауатты, зиялы өкілдері өз қолдарына алды.
Петициялар уезд бастықтарына, әскери губернияларға, генералгубернаторлардың, Ішкі істер министріне, тіпті Ресей императоры II Николайдың атына да жолданды.
Петициялар Қазаннан, Оралдан, Лепсіден, Қарқаралыдан және басқа да жерлерден жөнелтіліп жатты.
Қарқаралы петициясы
Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.
Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғары билік органдары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Онда мынадай жолдар бар еді: «Мал бағумен айналысқаны үшін қырғыздар сайлау құқығынан неге айырылуы тиіс? Сауда-саттықпен, егіншілікпен, балық аулаумен және басқа да кәсіптің түрлерімен айналысушылар сайлау құқығынан айырылып отырған жоқ қой!»
Қарқаралы петициясында жергілікті халықтың құқығы мен арабыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.
Мемлекеттік шенеуніктер жоғары билік орындарына талап-тілектер айтып, петиция жолдаушыларды барынша жек көрді. Мұны Семей облысы әскери губернаторынын Дала генерал-губернаторының атына 1905 жылғы 19 маусымда жазған хатынан көруге болады: «Кырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды».
Қарқаралы петициясынын мәтіні Ресей патшасының атына ғана жолданып қойған жоқ. Петицияның көшірмелері «Сын Отечества» және «Русские ведомости» сияқты орталық газеттерде жариялануы үшін олардың редакцияларына да жіберілді.
1905 жылғы 22 шілде күні петицияның бір нұсқасын Темірғалы Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын. Петицияның мазмұны қазақ қоғамының XX ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі проблемаларын толық қамтыды
22. Отандық тарихнамадағы қазақ интеллигенциясының көтеріліске қатысу мәселесі
Ұлттық интеллигенция өкілдері қоғамдық-әлеуметтік ойға мұрындық болды, экокномика, ауыл шаруашылығы мәселелерін сөз ете отырып, жер мәселесін шешуге ұйытқы болды. Олар қазақтың оқыған зиялы қауымын бір ойдың, бір мақсаттың төңірегіне ұлт-азаттығын алу үшін күресуге жұмылдыра білді. «Алаш» партиясы мен қозғалысы тарихының проблемаларын, сондай-ақ оған қазақ ұлттық интеллигенциясының қатысуын талдап түсіндіруде М. Құл-Мұхаммедтің зерттеулері ерекше манызға ие . Қазақстан тарихындағы «ақтандақтарға» жататын 1929-1931 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың проблемалары алғаш рет Т. Омарбековтің зерттеуінде . жоғары ғылыми баға алды. Оның «20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті: көмекші оқу құралы» ғылыми еңбегінде күштеп ұжымдастыру мен байларды тәркілеу саясатының ауыр салдарлары алғаш рет жан- жақты ашып көрсетілді . М. Қойгелдиевтің Т. Омарбековпен бірлесіп жазған «Тарих тағылымы не дейді?» деген еңбегі шаруалар көтерілісіне, қазақтардың қоныс аударуына және 30-жылдардағы аштық оқиғаларына арналды. Қазақ интеллигенциясының қалыптасу процесі соңғы ғасырлар аралығында жеделдей түсті . Ол мезгіл жағынан Ресейдегі азаттық қозғалыспен тұспа-тұс келді және оның ықпалында болды. Әсіресе күшті әсер еткен оқиға 1905-1907 жылғы Ресейдегі тұңғыш революция. Осы оқиғаның әсерінен қазақ қоғамының рухани және саяси өмірінің оянуы, ұлттық сананың сезіле басталуымен көзге түсті.Ал ұлттық сананың оянуы қазақ интеллигенциясының қалыптасуының тікелей нәтижесі болды. Дәл сол тарихи бет бұрыс кезеңінде интеллигенция арасынан топ жарып суырылып шыққан аса талантты ақындар , жазушылар, тарихшылар, журналистер, қоғам қайраткерлері біршама болды. Олар қоғамдық сана- сезімнің , мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосты. Қазақстанның егемендігі мен тәелсіздігі тарих сахнасынан шеттетілген қазақ зиялыларының ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қызметі мен саяси күресін терең зерттеуді қажет етеді. Қазақ зиялыларының күрес тәжірибесін , ел үшін жасаған үлкен қызметін байыпты талдау мен са-раптау.Айналысқа түспеген құжаттармен тарихи деректерді қолдану арқылы тарих ақтаңдақтары ақиқатын көрсету зерттеу тақырыбының өзекті мәселесі. Қазақ зиялыларының тарихтағы орны мен рөлін көрсету негізінде өткен тарихи кезеңді түсіну мен талдау өзекті мәселесінің басты нысанасы. Қазақ демократиялық интеллигенциясының ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық саяси қызметін зерттеудегі шын мәніндегі жаңа кезең 80-жылдардың соңына қарай басталды. Оған жол ашып берген сол кездегі бүкіл Кеңестер Одағын қамтыған қайта құру процесі. Сталиндік жазалау құрбаны болған қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасы 1988 жылдан бастап жарық көре бастады.
23 .Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері
Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толады. Бұл көтерілісті бастауға Орта Азия мен Қазақстан және басқа көптеген облыстарда бұратаналарды «Армияның соғыс жүргізіп жатқан аудандарында қорғаныс құрылыстары мен әскери құрылыстарды салуға алу» туралы патшаның 1916 жылғы 25-ші маусымдағы жарлығы сылтау болды. Жарлық бойынша еңбекке жарамды 19-дан 31 жас аралығындағы азаматтардың бәрін қара жұмысқа алу көзделді.
 Бүгінгі таңда ұлт-азаттық көтерілістер мен қозғалыстардың тарихын тың мұрағат құжаттары негізінде кешенді түрде зерттеуді, жаңаша тұрғыдан зерделеуді жүзеге асыру қажет. Негізінен алғанда тарихымызда көңіл бөлетін мәселелер аз емес. Солардың бірі де бірегейі қазақ елінің тарихындағы отарлау заманында тіні ешқашан үзілмеген, сабақтаса өрілген азаттық үшін 300-ден астам көтеріліс ұлы дала төсін шарпыған екен. Ал қазіргі жаһандану дәуірінде азаттық қозғалысы барысында халқымыздың ұлттық мемлекеттік идеясы төңірегінде топтастыру формалары мен әдістері, осы жолда ұланғайыр қызмет атқарған тарихи тұлғалардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы мағлұматтарды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу еліміздің ішкі, сыртқы саясатына толықтай сай келеді.
Төл тарихымызда жан-жақты қарастырылатын түйінді мәселелердің бірі осы – тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихы, оның себеп-салдарлары, тактикасы жөнінде тереңірек зерттелуі қажет. Тарихымызда «феодалдық-монархиялық қозғалыстар», «сұлтандар көтерілісі», «шаруалар көтерілісі» қатарына жатқызылып келген көтерілістер отарлық езгіге қарсы қозғалыстың тарихын жаңа методологиялық тұрғыдан зерттеудің ғылыми маңыздылығы мен өзектілігін айқындай түседі. Сондай-ақ бұл көтерілістердің тарихын тек мектептер мен жоғары оқу орнындарында ғана емес, сонымен қатар  әскери оқу орындарында да кеңінен әрі тереңірек оқытылса деген де пікіріміз бар. Себебі болашақ елін қорғайтын ұландар үшін бұл аса қажетті деп білеміз. Ұлы дала қолбасшылары мен сарбаздарының ұлан байтақ қасиетті туған жерін қорғауда небір айла-тәсілді қолданғанын көпшіліктің біле бермейтіндігі де рас. Олардың соғыс тактикасының өзі арнайы зерттеуді қажет ететіндігі сөзсіз. Себебі, Түркістан өлкесін түгел шарпыған бұл көтерілістен қазақ даласының Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарындағы ұлт-азаттық көтерілістің өзіндік ерекшелігі болды. Ол халықтық партизандық соғыс тактикасы еді. Көтерілісшілерге туған даласының кеңдігі, көшпелілердің жер жағдайын жақсы білуі, ірі ұйымдасқан топтармен жазалаушы отрядтарға тосыннан соққы беруімен ерекшеленді. Көтерілісшілер саны мысалы Зайсан уезіндегі әр топта 1 мың, Өскемен уезінде 3 мың, Ақмола уезінде 30 мың, Алексеев уезінде 10 мың, Ерейментауда 5 мың, Атбасар уезінің Ұлытау қонысында 7 мың, Қосағашта 2 мыңға жеткен (Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане. Сборник документов и материалов. Изд-во АН СССР, 1960. с.490-491(786)).Торғай облысындағы Амангелді Иманов бастаған көтерілісті басу үшін Қазан әскери округінен жіберілген генерал Лаврентьев әскери басшылыққа жіберген хабарламасында: «Көтерілісшілердің іс-қимылы партизандық соғыс тактикасы негізінде құрылған»,-делінген. Бұл хабарлама көтерілісшілер өздеріне дейінгі батыр бабаларының әскери-соғыс өнерін жетік білген деген пікірге жетелейді.
Жазушы Л.Соболев көтерілісшілер туралы шыншылдықпен былай деп жазған болатын: «Ол әскер, аңыз-ертегілерде жырланатындай – ауыл ұсталары соққан найза, қылышпен, білтелі мылтықпен, садақпен және жебемен қаруланған  таңданарлықтай әскер еді. Амангелді осы ортағасырлық әскерді зеңбіректері мен магазинді винтовкалары бар жазалаушы отрядтарға қарсы бастады» (Правда газеті, 5 қазан, 1940 жыл).
   Сонау Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары-ақ бұл мәселеге ерекше көңіл бөлініп, үкімет тарапынан қолдау тапқан. Оның мысалы 1926 жылы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 10 жылдығын үкімет тарапынан атап өту қарастырылды. Осы айтулы датаны өткізу комиссиясының төрағасы орнына қол қойған О.Қ.Жандосов мұрағат қорларында сақталған материалдарды басшылыққа ала отырып «Кенесары Қасымұлы, Қаратай Нұралыұлы, Қайыпқали Есімұлы, Исатай Тайманұлы міне осылар қазақ халқының бостандығы мен азаттығы жолында қаза тапқан күрескерлер»,- дей келіп, 1916 жылғы көтерілістің 10 жылдығына орай тура келген 1806 жылы Қаратай сұлтан бастаған көтеріліске 120 жыл, 1826 жылы Қайыпқали Есімұлы бастаған көтеріліске 100 жыл, 1836 жылы Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліске 90 жыл толғанын, 1916 жылғы көтеріліске халық батыры Исатай Тайманұлының ұрпақтарының қатысқанын назардан тыс қалдырмайды және Қаратай сұлтанның ұрпақтары да ата-бабадан қалған игі дәстүрді табанды түрде жалғастырып келе жатқандығын баяндайды (Қызылорда облысы мемлекеттік мұрағаты, 1-қор, 2-тізбе, 402-іс, 479 п.).
   1926 жылы Қазақ өлкелік партия комитеті мұрағаттардағы құжаттар бойынша Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс, революция және азамат соғысы жылдарындағы материалдарды жинаққа енгізуді төмендегідей рет бойынша жинақтауды қатерге берді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, Ақпан революциясынан Қазан революциясына дейінгі уақыт, Ақпан, Қазан революциялары және ұлттық мәселелер, азамат соғысы (Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты,141-қор, 1-тізбе, 6297-іс, 15 п.).
1916 жылғы қазақ даласындағы көтеріліс туралы мұрағат материалдары негізінде С.Асфендияров, Т.Рысқұлов, М.Тынышпаев сынды ұлт зиялылары құнды еңбектер жазғаны белгілі.  Қазақ зиялыларының өзі де сол кезде бұл оқиғаны маркстік-лениндік теория тұрғысынан ғана қарап, қайшылыққа ұрынып, бірлі-жарым ағаттыққа жол бергенімен, бұл еңбектер күні бүгіне дейін өз құндылығын жойған жоқ.
С. Асфендияров 1931 жылы 16 сәуірде Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы О. Исаевқа жазған хатында бір топ профессорлармен бірге Орталық мұрағатта болып, материалдармен танысып және тарихи құжаттарды пайдаланудың жәй күйін білу мақсатында болғанын баяндай келіп, танысқан материалдарды екі санатқа бөліп көрсетеді (Қазақстан Республикасы Орталық мемлекетік мұрағаты(ҚРОММ), 30-қор, 1-тізбе, 994-іс,12п.). Бірінші санатқа өздерін қызықтырған тарихи материалдарды, ал екінші санатқа қалған материалдар, яғни пайдалы қазбалар қорын жатқызады. Ғалым бірінші санаттағы мұрағатта сақталған материалдардың тарихи маңызына тоқтала келіп, патша үкіметінің отаршылдық саясаты, қоныстандыру саясаты, Қ.Нұралыұлы, И.Тайманұлы, К.Қасымұлы көтерілістері, 1916 жылғы көтеріліс, азамат соғысы, тарих шежіресінде Қазақ АКСР-ның құрылуы туралы материалдарды ұжымдық және жеке зерттеуге болатындығын ескерте отырып, бұл материалдардың көпшілігінің баспасөзде әлі жарық көрмегеніне ерекше назар аударады. Бірақ патша үкіметі кезінде К.Қасымұлы көтерілісі (Н.Середа) және Қазақ даласын, Жайық бойын жаулап алу туралы (П.И.Рычков, А.И.Левшин) жеке еңбектердің жарық көргендігін жоққа шығармайды. Аталған авторлардың еңбектерінде тарихи оқиғалардың жан-жақты зерттелмегені және болашақта қазақ халқының тарихын оқытуда оқу құралы ретінде пайдалануға болмайтындығын сол кезеңде-ақ атап көрсетеді (Ресей Федерациясы мемлекеттік мұрағаты, 5325-қор, 9-тізбе, 2674-іс.   п. 49).Мұрағат қорында 1916 жылғы көтеріліске қатысты материалдардың аздығына көңіл бөліп, жинақталған естеліктердің өзін топтастырған жағдайда да тарихи материалдық құжаттар шығарудың мүмкін еместігін дөп басып айтады.
1940 жылдың қазан айында Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі арнайы өткізген мәжілісте мұрағат деректері бойынша Қазақстандағы білім беру тарихын және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер туралы жинақтар шығаруды қолға алуға байланысты оған дайындық жұмыстарының барысы туралы арнайы  хабарлама тыңдалды (ҚРОММ, 54-қор, 1-тізбе, 611-іс, 5-7 пп.). Бірақ та аталған ғылыми басылымдарды шығару жоспары бірнеше кедергілерге кездесті. Біріншіден, шығарылатын жинақтарға қаражат жетіспеді; екіншіден, мұрағат қорларындағы қажетті құжаттар тәртіпке келтірілмеді; үшіншіден, өз ісін жетік білетін маман мұрағатшылар тапшылығы қол байлау болды (ҚРОММ, 54-қор, 1-тізбе, 611-іс, 49-51пп).
 ХХ ғасырдың 20-шы жылдары-ақ Х.Досмұхамедұлы ұлт-азаттық қозғалыс тарихын «бірыңғай ағым» теориясы тұрғысынан қарастырып, оның түгелдей отарлық езгіге қарсы бағытталғандығы жөнінде қорытындыға келді. Сонымен қатар ғалым патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатының әдістерін ашып көрсетуге ерекше мән берді. Х.Досмұхамедұлының ұлт-азаттық қозғалыс тарихын «бірыңғай ағым» теориясы негізінде қарастыруы Кеңес өкіметінің саясатына «сәйкес» келетін-ді. Себебі алғашқы жылдары халықтың сана-сезіміне ықпал ету мақсатында патша үкіметінің «бұратана» халықтарға жүргізген саясатын жан-жақты әшкерелеу еді. Кейін И.Сталиннің 1941 жылы партиялық баспасөзде Ф.Энгельстің «Орыс патшалығының сыртқы саясаты» деген еңбегі жөнінде жарияланған ашық хатынан кейін, яғни Кеңес өкіметінің сыртқы саясатының революцияға дейінгі Ресейдің ұлы державалық, аннексиялық саясатымен «сабақтастығы» туралы тұжырым жасалуына байланысты орын алған идеологиялық қыспақ жағдайында, шын мәнінде Сталиннің хаты патшалық Ресейдің отарлық саясатын ақтауға, орыстан өзге халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстарын мансұқтауға жол ашты.
Дегенмен де, 1960 жылы А.В.Пястовский Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы көтеріліс отар халықтардың (Қытайдың, Парсының, Оңтүстік Америка одағының және басқалардың) импералистік езгіге қарсы барған сайын өрши түскен революциялық күрестерінің бір буыны болғандығы сөзсіз деген, - соны пікір айтқан болатын (Восстание 1916 года в Средней Азии и Казахстане. Сборник документов и материалов. Изд-во АН СССР, 1960. с.19).
...Өлке тарихындағы осы айтулы оқиғаға тоқтала кетсек. Бұл көтеріліс өлкемізді де шарпыды.  Дина Нұрпейісова ұлы Жұрымбайды 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша қара жұмысқа шақырылғанда «1916 жыл»(Набор) атты күйін шығарғаны белгілі.
Атырау өлкесінде халық батыры Исатайдың немересі Өтепқали Дүмбаянұлы(1846-1928) бастаған көтеріліс болғаны белгілі. Өтепқали қазақша-орысша оқыған, сауатты болған. Ол Теңіз маңы округіне қарасты 15-ші болыстың старшыны қызметін атқарды. Өлкедегі патшаның «зілді бұйрығына» бірден қарсы шығып, халықты «қара жұмысқа» барудан бас тарту туралы насихат жұмыстарын кеңінен жүргізді. Өтепқалидың маңына жақын ауылдардан жиналған сарбаздардың саны екі мыңға жетті. Өтепқали бастаған қозғалыстың орталығы Ақай шұраты болды. Байлардың жасаған тізімдері жойылып, өкімет өкілдеріне бағынбау кеңінен өріс алды. Көтерілісті басу үшін дала төсіне Астраханнан жазалушы әскер шығып, қатаң жазалау шаралары қолға алынды.
Көтеріліске қатынасқаны үшін Астрахан түрмесіне 70-тегі Өтепқали Исатаев және оның серіктері Н.Кентаев, Б.Жанбаев, И.Төлебаев, М.Маутенов, С.Меңдешов пен Н.Залиев қамауға алынды. Өтепқали Дүмбаянұлы түрмеде көптеген қиыншылықтарды бастан кешіп, 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін ғана босап шықты. Батырдың немересі 1928 жылы Мыңтөбеде жерленді.
 Көтерілістің куәгері С.Меңдешов сол кездегі Бөкей Ордасы еңбекшілерінің жағдайын кейіннен былай деп баяндады: «Дала халқынан олардың келісімінсіз алдын-ала кесіліп қойылған бағамен орасан көп мал жинап алынды. Патша армиясы қарамағына  киіз үйлер мен киіз де алынды. Қазақ батырақтары мен кедейлерін кулактар шаруашылықтарында, кәсіпорындарында жұмыс істеуге «өз ықтиярмен алу жүріп жатты».
Өлкеміздегі бұл тарихи оқиға қатысты құжаттардағы қара жұмысқа алу және көтеріліс туралы мәліметтер Астрахан, Саратов, Орынбор қалаларындағы мұрағаттар қорында сақталғаны белгілі. Сондықтан да өлке тарихына қатысты тың мәліметтерді іздестіру алдағы уақытта тарихшы мамандардың үлесінде деп білеміз.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс – бүкіл қазақ халқының жігерін жаныған айтулы көтеріліс ретінде тарихта қалды.
24 Ресейдегі ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның демократиялануына әсері
1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ə.Бөкейханов: “Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет” деген үндеу жолдады. Ұлт-азаттық қозғалыс басшылары ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінің тарихи маңызы: патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мəлімдеді. Кемшіліктері: ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады.
1917 жылғы наурыз, сәуірде әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Қазақстанда да қос өкімет орнады. Орал, Верный, Ақмола, Əулиеата, Семейде қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері құрылды. Уақытша үкімет реформашыл жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Ол ипериялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады. 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының дін ұстануына, ұлтқа байланысты құқықтарын қандай да болсын шектеудің күшін жойды. Уақытша үкімет “бұратана жұмысшы жасақтарын” Отанына қайтару туралы шешім қабылдады.
Революциялық пиғылдағы жұмысшылар Кеңес арқылы Верный, Семей, Екібастұзда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізуге, Кеңестердің бағдарламасына помещиктердің жерін тәркілеу туралы талаптарды қосуға күш салды. Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді.
Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым- қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. Олар туған жерлеріне түрлі партиялардың мүшесі болып оралды. 1917 жылдың шілдесінде Верныйда “Қара жұмысшылар одағы” құрылды.
Сергиопольде 800 майдангер солдатпен тыл жұмысына алынған қазақтар “Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын” ұйымдастырды. Петропавлда “Жас арбакештер одағы” құрылды. Тыл жұмысшыларының бұқарасы Уақытша үкіметке қарсы оппозицияның әлеуметтік тірегіне айналды.
Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлт азаттығы идеясын таратушы, ұлттық сананы оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Ол күресті Ресей либералдық-демократиялық қозғалысының қайраткері, бұрынғы кадет партиясының мүшесі болған Ә.Бөкейханов басқарды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ə.Ермеков, Ж.Ақбаев, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов оның пікірлес серіктері болған. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, эволюциялық-конституциялық жолмен автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды.
1917 жылғы сəуірдегі Жетісу облыстық съезінде қаралған мəселелер:
− Халықты азық-түлікпен жабдықтау;
− Өзін-өзі басқару;
− Сот ісін жүргізу;
− Салық салу;
− Білім беру жəне ағарту ісі;
− Аграрлық мəселе;
− Босқындарды Қытайдан қайтару;
− Қазақ-орыс қатынастарын реттеу. Съезд “Облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу қажет” деп шешті.
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. Қаралған мəселелер:
− Мемлекеттік басқару формасы;
− Қазақ облыстары автономиясын құру;
− Жер мəселесі;
− Халық милициясын құру;
− Білім беру;
− Сот ісі;
− Рухани-діни мəселе;
− Жетісудың ашыққан халқына көмек ұйымдастыру;
− Қытайдағы 83 мың қазақ босқыны туралы.
”Алаш” саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. Қазақ облыстары ұлттық-аумақтық автономия алуға тиіс деген қарар қабылданды.
1917 жылы мамырдағы мұсылмандардың Бүкілресейлік съезінде Ресейдің мемлекеттік құрылыс формасы мен әйелдер мәселесі қызу талқыланды. Қаралған мəселелер:
− Көп əйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық.
− 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу.
− Міндетті жəне тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беруді енгізу.
250 молданың қарсылығына қарамастан “Мұсылман əйелдері саяси жəне азаматтық құқықтары жағынан ерлермен тең болуға тиіс” деген қарар қабылданды.
1917 жылғы қыркүйекте тұңғыш мұсылман партиясы − Түркістан федералистер партиясы құрылды. 1917 жылы Әулиеата мен Меркеде “Қазақ жастарының революцияшыл одағы” құрылды. Ақмолада “Жас қазақ” ұйымы жұмыс істеді.
1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Қазақстанның солтүстік облыстарында кадеттер ұйымы жұмысын жандандыра түсті. Кадеттер бөлінбес біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны қалыптастыру саясатын жақтады. Семейде кадеттер ұйымы “Свободная речь” газетін шығарып тұрды. Кадет партиясына мүше болған Ə.Бөкейханов бұл бағдарламамен келіспейтіндіктен, партия қатарынан шықты.
1917 жылғы көктемде өлкеде эсерлер ұйымы құрылды. “Жер оны өңдейтіндерге берілсін”, “Жер − бүкіл халықтың меншігі” ұрандарын көтерді. Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптады. 1917 жылдың жазына қарай Черняев Кеңесінен басқа барлық Кеңестер эсерлердің қолында болды. Сонымен қоса казак партиясының бөлімшелері Орал, Атырау, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семейде жұмыс істеді.
25. Қазақстандағы қосүкімет және оның ерекшеліктері
Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан төңкерісі монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.
Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, эсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды. 
Ақпан төңкерісі жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды.
Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан төңкерісінен басталған саяси тұрақсыздық Қазан төңкерісіне ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды.
26. Қазақ комитеттерінің құрылуы, олардың қоғамдық-саяси қызметі
Қазақ халқының дербестікке, еркіндікке ұмтылысының балғын қадамы, оянған ұлттық сананың нәтижесі іспетті Қазақ комитеттері Ақпан төңкерісінен кейінгі кезеңде Уақытша үкіметтің ресми органдарымен қатар дүниеге келді.
1917 жылдың ақпан мен желтоқсан айларының аралығында өзінің шарықтау шегіне көтерілген ұлт-азаттық қозғалыс тарихында өзіндік орны бар қоғамдық ұйым – Қазақ комитеттері өз ұлтының жоған жоқтап, азаттық үшін күрестің мол ауыртпалығын өз мойнына алған қазақ интеллигенциясының белсенді қоғамдық қызметі нәтижесінде өмірге келді.
Орыс өкіметінің Қазақстандағы отаршыл саясатының меммендік дертіне шалдыққан переселен орыс жұртымен үзеңгілесе ұйым құрғанда қазақ зиялылары тек бір нәрсені – жалпыұлттық мүддені қорғауды басты мақсат етіп қойды.
Алайда осы уақытқа дейінгі ғылыми әдебиетте Қазақ комитеттері және онымен қатар өмірге келген басқа жұрттардың ұйымдарының бәріне де өз елдеріндегі ұлттық қозғалысқа «тапсыз», «жалпыұлттық» сипат бергендіктері осы мақсатта жалпыұлттық атқару комитеттерін құрғандықтары кінә болып табылады.
Қазақ комитеттерінің құрыла бастағандығы туралы алғашқы хабарларды «Қазақ» газеті таратты. Газеттің 1917 жылғы 17 наурыздағы санында Орал қаласының ел өкілдері 10 наурызда жиналып елдің тыныштығын, бүтіндігін сақтау үшін облыстық Қазақ комитеттерін ашқандығы және оның өкілдері Дәулетшах Көсепғалиев, Ғабдолла Әлібеков, екінші дума депутаты Б. Қаратаев Орал облыстық азаматтық комитетіне ағзалыққа сайланғандығын жариялайды.
27. «Алаш» партиясы: бағдарламасы, әдісі.
Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған.[2] Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавасының қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.
1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақсъезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:
• 1) Мемлекет билеу түрі;
• 2) Қазақ облыстарында автономия;
• 3) Жер мәселесі;
• 4) Оқу мәселесі және т.б.
Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында [6]. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды [7]. Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да айтылған.
28 Ә. Бөкейханов – алаш қозғалысының көшбасшысы, XX ғасырдың көрнекті қайраткері.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIXғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
Өмірбаяны
1866 ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә. Н. Бөкейханов есімі берілді.
Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей — Батыр — Мырзатай — Нұрмұхамед — Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат түтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879–1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886–1890 жылдар аралыгында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890–1894 жылдар аралыгында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факуль- тетінде оқыды. Мүнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы түрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.
Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IVМемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.
Алаш Орда Ә. Бөкейхановтың Жаза кесіміОл Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа аутономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір аутономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ аутономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады. Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі.1919 ж. большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 ж. екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Ә. Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына жазасына кеседі. 1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
29 А. Байтұрсынов –мәдени қайраткер және көрнекті саясаткер
Ахмет Байтұрсынов — қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы-ғалым, ұлт ұстазы.1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.Әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады.
Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, «Қырық мысал» жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою-ернек әкелген «Маса» жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.
1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.
Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық «Алаш» партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады.
Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалык жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.
Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым. 1872 жылы Торғайдың Ақкөл жағасындығы (қазір Қостанай бол. Жангелдин ауд.) Сарытүбек жерінде туған. 1884 жылы ауыл мектебін, 1891 жылы Торғайдағы орыс-қырғыз училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіріп, өз бетінше көп білім жиған. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездерінің мектептері мен училищелерінде мұғалім болады. 1909 жылы патша өкіметінің шет ұлттарға қарсы әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін Семей абақтысына жабылады. Мұнда ол 1910 жылдың басына дейін отырады.
1910-1913 жылдары ағартушы қатаң бақылау жағдайында болады. 1913-1917 жылдары әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. Осы шақта ағартушы ұлттық Алаш қозғалысын жандандыруға атсалысады. Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады.
І съезде негізгі мәселелер бойынша хатшы болса, ІІ съездің шақыру комиссиясына енді. 1917 жылы 14 желтоқсанда Орынборда Алаш партиясының Торғай облыстық комитеті ашылып, қайраткер төраға (Ә.Бөкейхан) орынбасары болып сайланады. Ұлт кеңесі құрылатын ІІ съезде Оқу-ағарту комиссиясын басқарады. 1919 жылы ұлттың болашағы үшін кеңестер шебіне шығып, Өлкелік әскери төңкеріс комитетінің мүшесі болады. 1920-1921 жылдары Халық ағарту комиссары қызметін атқарады.
1920 жылы ол басында «Ұшқын» газетінің, кейіннен аты «Еңбек туы» боп өзгерген осы басылым жалғасының алқа мүшесі болды. Осы жылы желтоқсанда Әлихан, Смағұл, Жүсіпбек, Хайретдиндермен бірге «Қазақстан» мемлекеттік баспасының сарапшылар алқасына енді. 1921-1922 жылдары Қазақ халыққа білім беру институтында (КИНО) ұстаздық етеді. 1922-1925 жылдары ХАК Ғылым комиссиясын басқарады. 1926-1929 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика институтында, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік педагогика институтында қызмет атқарады. Ағартушы қайраткер ғалым, жаңа отандық ғылымның көшбасшысы ретінде қалыптасты. Әдеби қызметі де қайраткерлігімен біртұтасып кеткен.
30. «Үш жүз» партиясы, бағдарлама тезисі, әдісі.
Үш жүз» саяси партия .1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз» аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді. «Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылы құрылған саяси ұйымдардың бірі «Ислам жолындағылар кеңесі» («Шуро-и-Ислам») болды. Орталығы Ташкент қаласында құрылған бұл ұйымның қызметі жалпы Түркістан өңіріне ықпалды болды, сондай-ақ оның басшылығында Мұстафа Шоқай, Сералы Лапин болды.
31.«Алаш» және «Үш жүз» ұлттыұ саяси партиялары. Олардың бағдарламалық құжаттарының негіздері
«Үш жүз» партиясы - Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. Партия мүшелері кейде өздерін «қазақтың социалистік партиясы» деп те атады. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Тоғысов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілхайыр Досов, Ысқақ Кабеков, Мұқан Айтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Тоғысов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы «Үш жүз» газеті, оған Тоғысов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Үш жүз алғашқыда Алаш партиясымен жақындасқысы келгенімен, кейін өкімет үшін күрес шырқай шегіне жетіп, таптық жіктелу үрдісі күшейген жағдайда «Үш жүз» іргесін Алаштан аулақ салып, большевиктер мен солшыл эсерлерге жақындай түсті. Қазан төңкерісі жеңіске жеткен соң Алаш партиясына қарсы ашық күреске шықты, оның оппоненті болды.
«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов.
Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған.[2] Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавасының қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.
32 «Шура-и-Ислами», «Шура-и-Улема» мұсылмандық партиясы
«Шура-и ислам», , Ислам кеңесі - 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым.Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У.Танашев, Жақып Ақбаев, Зәки Уалиди Тоған, Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Шура-и ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. 1917 жылы шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Шура-и исламға мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ә.Сәтбаевты, Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан У.Танашевты, Жетісудан Б.Мәмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады. Шура-и ислам 1917 жылы шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар сиезін өткізуді ұйымдастырды. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді.
Жаңа ұйымның бағдарламалық ережелерінің негізгі авторларының бірі ташкенттік «Шуро-и-Улеманың» басшысы Серәлі Лапин болды.
«Шуро-и-Улема» ұйымының идеялық нұсқаулары, сол «Шура-и-ислам» сияқты Түркістан халықтарының саяси өзін-өзі анықтауы қажеттігін мойындауға негізделді. Сонымен қатар, исламдық принциптерге және құндылықтарға ерекше, артықшылықты мән берді.
«Шуро-и-Улема» өкілдерінің пікірінше, түркістандық қоғамды алдағы қайта ұйымдастыру тек Шариғат заңдары бойынша қатаң орындалуы тиіс болды.
Думаның әрбір отырысында дерлік «Шуро-и-Улема» тобы және «Шура-и-ислам» өкілдері жиі қолдау көрсеткен жалпыресейлік демократиялық ұйымдардың өкілдері арасында қызу айтыс-тартыс болды.
33.1917 жылғы қазан төңкерісі. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауы
Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикаларға жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.
Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп [[революция |революцияшыл]] қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығынкүштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылықсалдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылымқайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды.[1]1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс. Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды. Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917 жылы ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкерісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады. Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқай тағайындалды. Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар Қазақ газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар:
Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы;
Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру;
Халықтар арасында тең құқықтық орнату;
Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару;
Елдегі билік және сот туралы;
Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру;
Халықтың табысына қарай салық салу;
Жұмысшылар туралы;
Ғылым және білім туралы;
Жер мәселесі.
Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917 жылы 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылығымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату. Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады. Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады. Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды. Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917 жылы қазаннан 1918 жылы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады. Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917 жылы 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысының басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жолмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады. 1917 жылы желтоқсан – 1918 жылы наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның орта кезінде көшті. Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918 жылы көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласыЖетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі. Кеңес өкіметі 1917 жылы наурыз айында Жаркент, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылы наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.
Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақстанның Солтүстік-Шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланғыан Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:
ескі мекемелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;
Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;
шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;
ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;
төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;
кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;
заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;
кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;
облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды;
жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.
1918 жылы Көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрамында Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей Ордасы Астрахан губерниясы қарамағына кірді. Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. 1918 жылы 23 наурызда Орал қазақ-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Ресейдегі азамат соғысының өрістеуіне Антанта елдері дем берді де, олардың көмегімен Сібірдегі Чехословак корпусының әскерлері бүлік шығарды. Бүлікшілер Сібір қалаларымен бірге Қазақстанның солтүстіктегі қалалары Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алып, Кеңес органдардан қамауға алды. 1918 жылы жазында Кеңес елі үшін ең басты майдан – Шығыс майданы болды. Бұл бағытта ақтармен 4-ші армия ұрыс жүргізді. Осы жылдың жазында қазақ ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында құрылды. Бөкей ордасында қазақ атты әскер полкі Қызыл армияның құрамдас бөлігі болды. 1918 жылының аяғы мен 1918 жылының басында Әліби Жангелдин мен Амангелді Имановпен Торғайда екі атты әскер эскадроның, әскери оқу және пулемат топтарын, Ырғызда атты әскер құрды. Ақтөбе майданына 1918 жылы Әліби Жангелдин бастаған экспедиция Мәскеудан көп қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізді. Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919 жылы 22 қаңтарында Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан мен Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді. 1919 жылы көктемде Фрунзе бастаған қызыл әскер отрядтары Қазақстанның Солтүстік аудандарында Колчак әскерлеріне қарсы күрес жүргізді. Қазақстанда Колчактың тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. Ақмола, Семей облыстарында партизандық қозғалыстар өрістеді. Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында Жетісу майданы
1918 жылы тамыз және 1919 жылы қазанның орта кезіне дейін ақ гвардияшыларға қарсы табанды күрес жүргізді. Осы аймақтағы қорғаныс орталығы болған Черкасское селосын атауға болады. 1919 жылы орта кезінде Қызыл армияның шабуылдарының нәтижесінде Колчак әскерлері екіге бөлінді. Олардың бір бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға қарай шегінеді. Қызыл армияның Түркістан майданы 1919 жылы тамыз айының екінші жартысында Колчактың «Оңтүстік армиясын» біржолата талқандады. Осының нәтижесінде Түркістан майданының әскер бөлімдері Солтүстік Жетісуға жеткізліп, мұндағы қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1920 жылы наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік майданы жабылады. Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі «соғыс коммунизмі» саясатын жүзеге асырды. Оның негізгі мәні-кеңес елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізіледі. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Кеңес өкіметінің осы саясатына наразы шаруалар көтеріліске де шығып, көпшілігі жаңа өкіметке қарсы ақтардың жағында соғысы. Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920 жылы аяғында 999 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 778 артель, жерді бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік (ТОЗ) құрылды.
1919 жылы 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет туралы» декрет қабылданды. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды. 1920 жылы 30 сәуірде РК/б/П Орталық комитеті Қырғыз(Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы болды.
34. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауының қиыншылықтары мен ерекшелігі
Кеңес өкіметі Қазақстан аумағында бір кезеңде орнамады. Бұл көптеген объективті жағдайларға байланысты болды.
Барлық демократиялық ұйымдар мен жұмысшы, шаруа және солдат, қазақ және мұсылман депутаттары Кеңестерінің, социалисттік партиялардың, қала Думаларының 1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте өткен өлкелік съезі Түркістан өлкесінде жаңа үкімет- Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің адамдық құрамы жарияланды. Алайда онда мұсылман халқының бірде-бір өкілі болған жоқ.
1917 жылдың қазанынан 1918 жылғы наурыздың басына дейін Кеңес өкіметі байтақ Ресейге өз билігін орнатып үлгерді. Қазақ даласында Кеңес билігін алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады. 1917 жылғы қазанда жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Перовск (Қызылорда) Кеңесі өкімет билігін өз қолына алды. Сол жылы қарашада билік Әулиеата, Черняев қалаларында Кеңестің қолына көшті. Орынборда атаман А.Дутов басқарған қазақтардың офицерлер корпусы, Ә.Бөкейханов басқарған Алашорда үкіметі, эсерлер және меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті.
1917 жылғы желтоқсанда Балтық теңізшілері азық-түлік отрядының қолдауымен Қостанайдың жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін өз қолына алған болатын. 1918 жылғы қаңтарда болған Қостанай Кеңестер съезі бүкіл уезде Кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды. 1918 жылдың басында Ақтөбеде, Орынборда және Торғай уездерінде Кеңес өкіметі орнады.
Ақмола даласы мен Есіл бойындағы Атбасар, Қызылжар (Петропавл), Көкшетау қалаларында кеңес өкіметі орнауына Батыс Сібірдің Уақытша Революциалық Комитеті ықпал жасады. Батыс Сібір Кеңестерінің 3-съезі барлық жерде-Атбасар, Қызылжар және Көкшетауда өкімет билігінің Кеңестер қолына көшкені туралы қаулы қабылданды. Ақмола ревкомы Уақытша үкіметтің жергілікті органдары құлатылып, Кеңес өкіметі орнатылғанын хабарлады. Қызыл гвардия отрядның қолдауымен жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Павлодар Кеңесі де 1918 жылдың қаңтарында өкімет билігін өз қолына алды.
Өкімет билігі үшін тайталасқа түскен күштердің арақатынасын ескере отырып, Семей большевиктеріне көмекке Новониколаевскіден (Новосібір) өкілдер келді. Ревкомның басшылығымен қызыл гвардия отрядтары құрылып, Кеңеске қайта сайлау өткізілді. 1918 жылғы ақпанның 16-сынан 17-сіне қараған түні Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына көшті, мұның өзі Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда, Шығыс Қазақстанның өзге елді-мекендері мен ауылдарында Кеңес өкіметінің орнатылуын қамтамасыз етті.
1918 жылғы қаңтарда Оралда Кеңес өкіметі күшпен орнатылды. Қазақтардың офицерлер мен кулактадан тұратын әулетті тобы, Жымпитыдағы Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесі, Төменгі Еділде жинақталған күштердің қалған бөлігі большевиктерге қарсы шықты. 1918 жылғы наурыз айында қалада жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңестерінің обылыстық съезі болып, онда Орал обылысында өкімет билігінің обылыстық Кеңес атқару комитетінің қолына көшкені, казатардың әскери үкіметі мен Алашорда үкіметінің таратылғаны туралы шешім қабылданды. Алайда қарулы күштердің болмауынан Орал Кеңесі бұл шешімді орындай алмады. Наурыздың 28-інен 29-ына қараған түні контрреволюциялық күштер төңкеріс жасады. Атқару комитетінің 60-қа жуық мүшесі қамауға алынып, олардың көпшілігі ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапты. Кеңес өкіметі Оралда азамат соғысы жылдарында ғана біржола орнатылды. Астрахан губерниясының құрамында болған Бөкей ордасында Кеңес үкіметі 1917 жылғы желтоқсанда жарияланған болатын.
Жетісуда таптық күштердің тең еместігінен соғыс жағдайы туындады. 1918 жылғы наурыздың 2-сінен 3-іне қараған түнде жұмысшылар , майдангерлер және солдаттар және екінші Жетісу казак полкінің революциялық пиылдағы жауынгерлері көтеріліс жасады. Көтерілісшілер бекіністі, қарі қоймасын басп алды, банкті, поштаны, телеграфты қолына қаратып, юнкерлер мен Алашорда милициясын қарусыздандырды. Верныйда Кеңес өкіметі жеңіске жетті. 1918 жылғы наурыз айының ішінде бүкіл Жетісу облысында Кеңес өкіметі толық орнады.
Большевиктердің алғашқы шаралары
Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауына байланысты бұрынғы буржуазиялық-помещиктік мемлекеттік аппаратты қирату және жаңа өкімет органдарын құру басталды. Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, қоныстандыру басқармалары, болыстық земство басқармалары, болыстық және ауылдық старшындар институты, билер соты таратылды. Жер-жерде контрреволюциялық газеттер шығаруға тыйым салынды. Ауылдық, қыстақтық шаруа кеңестері, Халық шаруашылығы кеңестері, аудандық жер-су комитеттері құрылды. Жазға салым барлық болыстарында шаруа кеңестері жұмыс істеді.
Кеңестердің атқару комитеттері жанына денсаулық сақтау, әділет, қаржы, ағарту, жер және өнеркәсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Бұл шаралар Кеңес өкіметі жауларының қарсылығын туғызды. Банктердің, пошта-телеграф мекемелерінің шенеуніктері оған бағынудан бас тартып, жұмысты тоқтатты.
35. 1917 жылғы қазан оқиғасына жаңаша баға
. Тұтастай алғанда КСРО-дағы Қазан революциясы мен Азамат соғысы тарихнамасының мәселелері, ұзақ жылдар бойы академик И.И. Минц тұрақты жетекшілік еткен КСРО ҒА-ның «Ұлы Қазан социалистік революциясының тарихы» кешенді проблемасы жөніндегі ғылыми көнесіне топтасқан бірқатар ғалымдардың жұмыстарында, сондай-ақ КОКПОК жанындағы Марксизм-ленинизм институты қызметкерлерінің енбектерінде нақты көрініс тапты.
Қазан революциясы мен Азамат соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихнамасының проблемалары жайлы бірқатар арнайы зерттеулер жүргізілді. 3. А. Алдамжаровтың монографиясы. осылардың бірі болып табылады. Бұл еңбек аталған проблема бойынша 1918-1982 жылдары жарияланған жұмыстардың үлкен бөлігін зерттеу, жалпылау және оларға сыни талдаулар жасау негізінде жазылан. Онда маркстік-лениндік әдіснама шеңберінде, өлкеде Кеңес окіметін орнату мен нығайту тарихын танып білудегі бірізділік, Қазақстан аумағында жаңа қоғамдық кұрылыстың тууы туралы білімнің үздіксіз өсуі бейнеленген. Г.Ф. Дахшлейгердің, С. Бейсембаевтың, П.М. Пахмурныйдың және В.К. Григорьевтің монографияларында «В.И. Ленин және Қазақстандағы Қазан революциясы» тақырыбына, сондай-ақ Кеңес өкіметінің жеңісі жолындағы бұкара халықтың күресіне партиялық басшылық мәселесіне арналған әдебиеттерге тарихнамалық талдаулар жасалды.
С.М. Кенжебаевтың, С.З. Зимановтың, К. Нүрпейісовтін тағы басқалардың зерттеулерінде кеңестік және 1917—1920 жылдардағы Қазақстандағы ұлттық-мемлекеггік кұрылыстың жекелеген тарихнамалық және дереккөздік проблемалары қарастырылды. Қазақстанда Кеңес билігін орнату мен нығайту проблемаларын тарихнамалық тұрғыдан зерттеумен салыстыра карағанда, өлкедегі Азамат соғысынын тарихнамасы арнайы зерттелген жоқ. С.Н. Покровскийдің, А.С. Елагиннің монографияларының кіріспе тарауларында, Ә.С. Тәкеновтің, В.К. Григорьевтің жекелеген жұмыстарында 1918—20 жылдардағы азамат соғысы жөніндегі әдебиеттерге тарихнамалық шолулар беріледі.
Қазақстандағы партизандық қозғалыстар туралы монографияның авторы П.М. Пахмурный өзінің кітабының бірінші тарауын «Қазақстандағы партизандық қозғалыс тарихнамасының кейбір мәселелері» деп атап, мұнда ол бұл мәселенің тарихы бойынша 1965 жылға дейін жарияланған жұмыстарды талдау мен оларға баға беруге байланысты сәтті талпыныстар жасады. Өкінішке орай, 60-жылдардың екінші жартысынан бастап республикада мұндай жұмыстар іс жүзінде жүргізілген жоқ, мұны өлкедегі партизандық қозғалыстар тарихы туралы байыпты зерттеулердің болмағандығымен, ал барлары өзінің саны мен мазмұны жағынан тарихнамалық жалпы қорытындылар жасауға жарамағандығымен түсіндіруге болады.
1917 жылғы революция мен одан кейінгі Азамат соғысының тарихын зерттеудегі бетбұрыс, кеңес кезеңі тарихының басқа проблемаларындағыдай, КСРО-дағы демократиялық үрдістердің әсерімен зерттеушілер оқиғаларға кешенді және объективті талдау жүргізудің мүмкіндігін алған 80-90-жылдар соңында жасалды. Бұл кезең отандық тарихтың қандай да бір кұбылыстарын түсіндіруде партиялық-таптық ұстанымдардан бас тартуға негізделген жаңа тұғырнамалық сипаттағы зерттеулердің өмірге келуімен ерекшеленеді. Мәселен, проблемаларды тарихнамалық және дереккөздік негізде зерттеуге М.К. Қозыбаев пен І.М. Қозыбаевтар айтарлықтай үлес қосты. Өз жұмыстарында М.К. Қозыбаев, басқа да мәселелермен қатар, зерттеушілер назарын «біздің саяси доктринаға көзқарасымызды үшінші дүние елдерінің отаршылдыққа қарсы күресінің құрамында» және Алаш партиясының нақты іс-әрекеттері негізінде анықтау қажеттілігіне аударды.
І.М. Қозыбаев өзінің кітаптарында Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанның тарих ғылымы басып өткен жолды жаңаша түсіндіруге тырысты. Бұл ретте автор тарихи оқиғалар желісін нақты тарихи жағдайлармен өзара байланыста қарастырады, тарих ғылымы мен саясаттың өзара ықпалдастық сипатын ашады, қоғамдық ғылымдардың тежелу тетігінің туындау себептерін және оның көрініс табу түрлерін талдай отырып, ғылымдағы өзгерістердің даму динамикасын көрсетіп берді. Осы көзқарас тұрғысынан, І.М. Қозыбаев өлкедегі Қазан төңкерісі мен Азамат соғысының тарихы жөніндегі жекелеген еңбектерге талдау жасап өткен. Жоғарыда аталған ғылыми еңбектерді және мақалалардың, кітапшалардың, монографиялардың, тақырыптық жинақтардың (бірінші кезекте Кеңес өкіметі үшін күрес пен Азамат соғысына катысушылардың естеліктерінен тұратын) жеткілікті мөлшерін оқып, зерттеу негізінде «Қазақстандағы Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы» тақырыбын тарихнамалық тұрғыдан игеруді, біздің ойымызша, төрт кезеңге: бірінші — 20-30-жылдар, екінші - 40-50-жылдар, үшінші - 60-80-жылдарға белуге болады.
Жоғарыда айтылғандай, 80-жылдардың соңынан, Кеңес кезеңіндегі Қазақстан тарихының маңызды мәселелерінің тұтас бірқатарын жаңа көзқарастар тұрғысынан қайта қараумен байланысты, Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихнамасының сапалық жаңа кезеңі басталды. Бұл, ең алдымен, Алаш һәм Алашорда қозғалысының тарихына қатысты. Кеңестік тарихнамада Алаш тарихы 20-жылдардың соңынан бастап, іс жүзінде қазақ халқының XX ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалысы тарихынан алынып тасталды. Қазан төңкерісі мен Азамат соғысынын тарихы жөнінде кеңестік кезеңде жарияланған жұмыстардың барлығы да Алашорда қызметін тек теріс жағынан ғана қарастырды. Алайда бұл жұмыстарда кұнды фактілік материалдар бар және олардың авторлары ресми идеологияның арнасынан шықпауға мәжбүр болғанын естен шығармаған жөн.
Кеңестік кезеңде, тарихнамадан, бірінші кезекте Алаш қозғалысына қатысушылардың өздерінің, ең алдымен оның көсемдерінің енбектері сырт қалды. Әйтсе де қоғамдық-саяси дамуға жасалған талдаулар мен Қазақстандағы ұлттық және мұсылмандық қозгалыстар перспективасы ғасыр басында Ә. Бекейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, М. Шоқайдың және басқалардың енбектерінде көрініс тапты.
Айта кету керек, 20-жылдардағы жарияланымдарда XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихын зерттеу бойынша объективті тенденциялар байқалды. А. Байтұрсыновтың, А. Кенжиннің, Г. Сафаровтың, Т. Рысқұловтың және басқа да бірқатар авторлардың жұмыстарында, ұлт-азаттық қозғалысты нақты-тарихи көзқарасқа негіздей зерттеушілік, 1917 жылға дейінгі қазақ зиялыларының объективті рөлін жеке ерекшеліктерді ескере отырып түсіндіру басты орын алды. Басқарушы биліктің саяси диктатының күшеюіне байланысты 20 -жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдардың басында тарихи зерттеулер үшін беті ұрысты кезең туды. «Алашорданың буржуазиялық-ұлтшылдық идеологиясымен» күрес — Алаш тарихын зерттеудегі большевиктік партияның айқындаушы ұстанымына айналды. Осы кезде, 30-жылдардың басына дейін, Алаш қозғалысының Ақпан төңкерісіне дейінгі «объективті-революциялық рөлі» және «оның кейінгі контрреволюциялық қайта жанғыруы». туралы тезис басты қағида болып қабылданды. А.К. Бочаговтың, Е. Федоровтың, П. Галузоның және басқалардың жұмыстарындағы, сондай-ақ «Алаш-Орда» құжаттар жинағындағы. Алаш һәм Алашорда тарихы дәл осы үрдісте талданды.
1933 жылы Қазақ марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтында «Алашорданың контрреволюциялық мәнін ашып көрсету және оның қазақ халқының тарихындағы жиренішті, жексұрын рөлін түпкілікті жою» деген айдармен арандатушы пікірталас өткізілді. «Алаштың революцияға дейінгі кезеңдегі объективті-революциялық рөлі» туралы қағиданы толығымен теріске шығару проблеманы зерттеу әдіснамасындағы айқындаушы көзқарас етіп алынды. 1935 жылы С. Брайнин мен Шафироның «Алашорда тарихы туралы очерктер» деген жұмысының жариялануы өлкедегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихын көрсетуде таптық әдіснаманың түбегейлі орныққанына куәлік етті.
40 - және 80-жылдардың ортасы мен соны аралығындағы кезең бұрынғы бағалаулар мен қорытындылардың ізін қуушылықтың айқын көрінісімен сипатталды. Ұлт-азаттық күрес тарихына қатысты деректемелер ауқымының кеңейгеніне қарамастан, аталған проблеманы қарастырудың жалпы жағдайы ғылыми ойлаудың тоқырағанын көрсетті. Алаш қозғалысы тарихын зерттеудегі түбірлі өзгерістердің көрініс табуы 80-жылдар соңы мен 90-жылдардың бас кезіне саяды. Бұл ретте төмендегі жағдайларға көңіл аудару қажет: аталмыш кезеңде хронологиялық жағынан осы дәуірге жататын сапалық екі уақыт межесін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі (1991 жылға дейінгі) — дәстүрлі маркстік-лениндік әдіснамаға тән тұғырнамалық және теориялық қағидалармен сипатталады. Объективті жаңа көзқарастар кеңістігіне шығуға деген ықылас пен талпыныстың өрлеуіне қарамастан, Алаш тарихын бағалауда, тұтастай алғанда, тарихнаманың әдіснамалық сапасында оң өзгеріс байқалған жоқ.
1991 жылдан Алаш пен Алашорда тарихын зерттеудің жаңа кезеңі басталды. Бұл ретте қазірге дейін үстем болып келе жатқан әдіснамалық императивтердің (кесімді талаптардың) ғылыми негізінің жоқтығын сезіну мен жаңа теориялық аппараттарды және неғұрлым жетілген тұғырнамалық құралдарды меңгеру қажеттілігі өзінен-өзі түсінікті. Зерттеушілік ойдың жандануы мен деректемелік негіздердің кеңеюі жарияланған жұмыстардың сапасына оң ықпал етті. Проблемалық мақалалар, ғылыми конференциялар мен семинарлардағы, «Дөңгелек үстелдегі» пікірталасты материалдармен бірге, жалпы тұрғыдан зерттеуші, монографиялық сипаттағы еңбектер, энциклопедиялық сөздіктер, оқулықтар, оқу құралдары, құжаттық-деректі басылымдар, қозғалыс көсемдерінің шығармалар жинақтары .жарық көре бастады. Олардың едәуір бөлігі қазақ тілінде шықты. К. Нүрпейісовтің, М. Құл-Мұхаммедтің, М. Көйгелдиевтің, Т. Омарбековтің, В. Григорьевтің, Т. Кәкішевтің, С. Аққұлықлының, А. Сармұрзинның және басқалардың ғылыми жұмыстарында Алаш тарихының әр алуан аспектілері көрініс тапты. Көптеген жарияланымдардың жекелеген тұлғаларға арналуы Ә. Бокейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Ж. Ақбаевтың, А. Ермековтің, М. Тынышбаевтың, М. Шоқайдың және басқа да көптеген қайраткерлердің өмірі мен қызметінің белгісіз беттерін ашып көрсетуге, Алаш қозғалысының әлеуметтік табиғатын танып білуге, оның саяси бағдары мен мүмкіндіктерін зерделеуге жағдай туғызды.
Ү. Сұбханбердинаның «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттері туралы библиографиялық түсіндірме көрсеткішінің (1993), Ө. Әбдімановтың «Қазақ газеті»кітабының (Алматы, 1993) жарық көруі аталған проблеманың деректемелік негізінін кеңеюіне қосылған елеулі үлес болды.
«Алаш» партиясы мен қозғалысы тарихының проблемаларын, сондай-ақ оған қазақ ұлттық интеллигенциясының қатысуын талдап түсіндіруде М. Құл-Мұхаммедтің зерттеулері ерекше манызға ие. Қазақстан тарихындағы «ақтандақтарға» жататын 1929-1931 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың проблемалары алғаш рет Т. Омарбековтің зерттеуінде. жоғары ғылыми баға алды. Оның «20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті: көмекші оқу құралы» ғылыми еңбегінде күштеп ұжымдастыру мен байларды тәркілеу саясатының ауыр салдарлары алғаш рет жан- жақты ашып көрсетілді. М. Қойгелдиевтің Т. Омарбековпен бірлесіп жазған «Тарих тағылымы не дейді?» деген еңбегі шаруалар көтерілісіне, қазақтардың қоныс аударуына және 30-жылдардағы аштық оқиғаларына арналды.
Монографиялық зерттеулердің пайда болуы аталған проблеманың тарихнамасында сапалық жана кезеңнің туғанын айғақтайды. Д.А. Аманжолованың «Қазахский автономизм и Россия: История движения Алаш» (М., 1994), К.Н. Нүрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда» (А., 1995), М. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» (А., 1995), «Движение Алаш» құжаттар мен материалдар жинағы (А., 2004, 2005) және басқалар ұлт-азаттық қозғалысының тарихына, қоғам дамуының бетбұрысты кезеңдеріндегі қазақ зиялыларының рөлі мен орнын анықтауға қатысты жаңа көзқарастың қалыптасқанын аңғартты.
36. «Ресей халықтарының деклорациясы» және Кеңес үкіметі басшылығының «Ресей мен барлық Шығыс халықтарының еңбекші мұсылмандарына» жолдауы
Ресей халықтарының құқықтық декларациясы - ұлттық мәселелер бойынша кеңестік үкіметтің бірінші заңды актісі. ешегі келмеске кеткен КСРО-да бір ғана коммунистік идеология болғаны, атеизмнің айды аспанға шығарғаны біз айтпасақ та мәлім. Бірақ бұл КСРО-да Ислам болған жоқ деген сөз емес.
Мәселен, КСРО кезінде Алматыда қазіргі Орталық мешіт тұрған орында тауықтың күркесіндей  бір ғана мешіт болғаны мәлім. Бірде КСРО басшысы Леонид Брежнев Дінмұхамед Қонаевқа телефон соғып, Алматыны көргісі келген атақты боксшы Мұхамед Әлиді қабылдауын өтінеді. Мұхамед Әлидің намазхан екенін білетін Қонаев Брежневке: «Құрметті, Леонид Ильич! Мұхамед Әлидің намаз оқитынын білемін, ал Алматыдағы мешітіміз тауықтың күркесіндей ғана шап-шағын әрі өте жұпыны, құрметті қонаққа көрсетуге өте  ұят. Сондықтан Мұхамед Әлидің Ташкентке барғаны дұрыс» депті. Осылайша, атақты боксшы  Ташкентке барып, намаз оқыған.Бұл – Қазақстандағы Исламның сол кезде қаншалықты құлдырағанына бір ғана  мысал. Қожа-молдаларды қамшымен қойдай қуған кешегі қызыл өкімет алғаш құрылған кезінде, момақандық танытып, қой терісін жамылған қасқырдың кейпінде болыпты. Оған 1917 жылы қарашада Кеңес билігінің «Шығыс пен Ресейдің барлық еңбекші мұсылмандарына» жолдаған төмендегі жолдауы дәлел болады: «Жолдастар! Бауырлар! Ресейде ұлы өзгерістер орын алуда! Осы ұлы өзгерістер қарсаңында біз Ресей мен Шығыстың барлық жұмысшылары мен күйсіз, кәріп мұсылмандарына үндеуімізді жолдаймыз.Ресейдің мұсылмандары, Қырым мен Еділ бойындағы татарлар, Сібір мен Түркістанның қырғыздары мен сарттары, Кавказдың шешендері мен тау халықтары, барлық мешіттері мен ғибадатханалары бұзылғандар, Ресейдің қанаушылары мен патшалары тарапынан діни наным-сенімдері мен дәстүрлері қорлауға ұшырағандар! Бұдан былай сіздердің діни наным-сенімдеріңіз бен дәстүрлеріңіз, ұлттық және мәдени ошақтарыңыз еркін және оған қол сұғылмайды деп жарияланады». Осылайша, кеңес билігі осы жолдау арқылы мұсылмандар тарапынан үлкен қолдау  тапқан. Сол кезде «күн көсем» Ленин КСРО  үшін ислам факторының маңыздылығын жоғары атап көрсетіп, «Бұл – әлемдік мәселе, мұнымен қалжыңдауға болмайды, бұл істе мың мәрте мұқият болуымыз керек» деген екен.
37.Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920).
1918 жылыжаздатөңкеріскеқарсыкүштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарыныңкөптегенаудандарын, соңынанЖетісуоблысыныңбірқатараудандарынбасыпалып, Кеңесөкіметінқұлатты. КеңесөкіметіБатысҚазақстанныңкейбіраудандары мен оңтүстікөлкесіндесақталды. Қазақстандаазаматсоғысының Ақтөбе (немесеСолтүстікТүркістан), Орал және Жетісу майдандарықұрылды, олардағысоғысәрекеттеріА.с-ныңірімайдандарындағы, еңалдымен Колчак әскерлерінеқарсықұрылғанШығысмайдандағықимылдарғатығызбайланыстыжүргізілді. СондықтанҚазақстандағыазаматсоғысыныңтағдырынегізіненҚызылАрмияныңШығысмайданындағыкүресінетәуелдіболды. Қазақстанжеріндегісоғысқимылдарыөзкезегінде Кеңес еліндегіжалпыжағдайғаәсеретті. Қазақстаназаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басыпалғанаудандардажасақталғанпартизандықжасақтарқұрамында да азаматсоғсынақатысуғамәжбүрболды. Қазақстандағышешушісоғысқимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяковт.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылықетті. Торғайдалаларында “ақтарға” қарсыкүресте А. Иманов, БатысҚазақстанда Хамит Чурин, БейсенЖәнекешевт.б. көзгетүсті. Ал ӘлібиЖангелдиназаматсоғысықызужүріпжатқанкезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталғанқару-жарақкеруенін Түркістан майданынажеткізді.1920 жылдыңкөктеміндеҚазақстандағыазаматсоғысыКеңесөкіметініңжеңісіменаяқталды.
38. «Әскери коммунизм» саясаты, оның Қазақстандағы жүзеге асырылуының ерекшелігі
«Әскери коммунизм» саясаты: Большевизмнің «тауарсыздық» утопиясының Қазақстандық практикасы мен ақиқаты Ленин социалистік революцияның стратегиялық мақсатын «бүкіл өндіріс құрал-жабдықтарын халық игілігіне берумен» байланыстырды.[1]. Ф. Энгельс өндіріс құралдарының нақты иесін атап көрсеткен еді. «Пролетариаттың билікті басып алуымен, — деп жазды ол, — бәрінен бұрын өндіріс кұралы мемлекеттік меншікке айналады».[2].
Өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекеттің қарамағына беру идеясы большевиктік революцияның алтын арқауы болды. Ол жүйелі түрде толық жүзеге асырылды. Жер қоры сияқты, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымдары мен банктер түгелдей дерлік мемлекет меншігіне айналдырылды.
Қазақстанда 300-ден астам өнеркәсіп орны мемлекет меншігіне берілді. Олардың қатарында Спасск мыс балқыту және Шымкент дермене зауыттары, Қырғыз тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамының қорғасын-мырыш зауыты, Риддер кеніші кәсіпорындары, Екібастұз және Байкоңыр көмір кені орындары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері бар. Орынбор-Ташкент және Жетісу теміржолы, Арал теңізі, Ертіс пен Жайық өзендеріндегі кемелер мен барлық сауда флоты, Қазақстан қалаларындағы Орыс-Азия, Еділ-Кама, Сібір сауда банктері капиталымен қоса және банк бөлімшелерінің объектілері де мемлекет меншігіне жатқызылды.[3].
Ленин Қазан революциясы қарсаңында-ақ: «Буржуйлардан тартып алынған өндіріс құрал-жабдықтарына бүкілхалықтық демократиялық басқаруды ұйымдастырмайынша капитализмді тізе бүктіру мүмкін емес...», — деген болатын.[4]. «Бүкілхалықтық басшылықты» жүзеге асыру мақсатында жұмысшы бақылауы енгізілді, ал елдің экономикасын жоспарлы түрде басқару, оның халық шаруашылығы мен қаржысын бір орталықтан ұйымдастыру үшін кен өкілетті директивалық орган — Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесі құрылды.
Демек, үш басымдық – мемлекет меншігіне алу, орталықтандыру және директивалық жоспарлау экономикалық саясатта мемлекет бағдарын дәл айқындайтын болды.
Алайда көп ұзамай мұндай идеология өнеркәсіптін қирауына әкеліп соқтырды. Соңғысы бюджетке түсетін салық түсімдерінің ең маңызды көздерінің бірі болып табылатындықтан, ондағы орасан зор тапшылықты тек станокта басып шығару арқылы ғана жабуға болатын еді.
Өнеркәсіп және қаржы саласындағы күйзеліс жағдай
Өнеркәсіптегі және қаржы саласындағы күйзелісті жағдайды, 1918 жылдың көктемі мен жазындағы аса ауыр азық-түлік тапшылығын, сондай-ақ енді басталған Азамат соғысын алға тартып, большевиктер ақталуға, тіпті өздері қалаған тауарсыз утопиясын жүзеге асыру жөніндегі экспериментін барынша ұтымды түсіндіруге тырысты. Ол бойынша коммунистік өндіріс пен болу деп аталатын принципке тікелей көшу жағдайы қарастырылды. Мұндай саясат «әскери коммунизм» деп аталды. Осы идеологияның ауқымында нарық пен тауар-ақша қатынастарын толықтай тұншықтыру, экономикалық институттар мен ынталандыру тетіктерін экономикадан тыс директивалық-болу жүйесімен ауыстыру, өндіріс пен бөлуді орталықтандыру көзделінді. Қарапайым тілмен айтқанда, мұның өзі экономикалық өмірді толықтай билік қыспағында ұстауды, оның барлық саласына бірдей қатаң мемлекеттік бақылау орнатуды, социалистік теңгермешілік әдістін еңгізілуін білдіреді.
Мұндай саясат, экономикалық организмді сауықтыруға тіпті де ықпал ете алған жоқ, еңбек тиімділігін көтеруге емес, қайта оны құлдыратуға жеткізді, онсыз да соғыс жылдарының ауыртпалығымен күйі қашқан өндірісті онан әрі аздырып-тоздырды. 1920 жылғы өнеркәсіп санағының деректері бойынша Қазақстанда 891 кәсіпорын жұмыс істемеді, жұмысшылардын жылдық саны 1913 жылғы 20 мыңнан 1920 жылы 8 мыңға дейін азайды.[5].
Ауыл шаруашылығында «әскери коммунизм» саясатының жиынтық бейнесі ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың салғырттық жүйесі түрінде көрініс тапты. Азық-түлік салғырты жөніндегі большевиктік науқанды селолық кедейлер комитеттері (кедейлер комитеттерінің саны Қазақстанда онша көп болған жоқ) мен шаруалар өндірген өнімдерді (ең бастысы, астықты) «революция пайдасына» күштеп жинап алатын қарулы жұмысшылар отрядтары жүргізді.
Астыққа мемлекеттік монополия мен салғырт ісі Қазақстанда 1920 жылдан бастап кең көлемде жүзеге асырылды. Осы жылдың басында салғырт (ет салымы) әдісі мал шаруашылығында да кеңінен қолданыла бастады.
Мәселен, 1921 жылы Батыс Қазақстанның Орал және Бөкей губернияларында салғырткқа қатысты азық-түлік дайындау органдарының шаруалардың қолындағы малын тартып алуы 120 және 112%-ды құрады.[6]. Бұл жоғарғы көрсеткіш партия органдарының осы фактілер туралы берген есептерінде айтылғандай, тіпті де «малшылардың революциялық құштарлығымен» емес, «пролетариат өкілдерінің» революциялық қыспағымен түсіндіріледі.[7].
Егін өсіретін шаруашылықтардан астық бір дән де қалдырылмастан түгелімен тәркіленді. 1920 жылы мамыр айының ортасында азық-түлік комитеттері азық-түлік диктатурасын орнату, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау мен оны бөлуге мемлекет монополиясын орнату туралы жасырын партиялық нұсқау алды.
Шаруаның көктемгі тұқым себу науқаны аяқталысымен, РКФСР үкіметі декрет шығарды (1920 жылғы 20 маусымда), сол декретке сәйкес Сібірдің және Қазақстанның соған шектес азык-түлік салғырты. 1920-шы жылдар аумақтарындағы астық өсіру шілері әскери тәртіппен астық бастыруға және «артық» астықтарының барлығын тапсыруға міндеттелді.
Осы нұсқау бойынша 1920-1921 жылдардағы азық-түлік дайындау науқанында Сібірдегі аудандардан 110 млн пұт көлемінде азықтық жем алынды, онын 35 млн пұты, яғни үштен бірінен астамы Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарының мойнына түсті. Және бұл 1920 жылғы астықтың өнімділігі айтарлықтай төмен болған кезде жүзеге асырылды.[8].
«Әскери бұйрықты» орындауға Халық Комиссарлары Кеңесі Кәсіподақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесіне (ВЦСПС) қарасты Әскери азық-түлік бюросының 6 мың азық-түлік отрядтарын, 9,3 мың азық-түлік дайындау армияшыларын, Орталық Ресейдің, Мәскеудің, Петроградтың, өнеркәсіпті Оралдың ашыққан губернияларының 20 мың жұмысшылар мен шаруаларды жіберді. Сонымен бірге «пролетариат өкілдеріне» мынадай нұсқау берілді: «Артық астығы бар және оны астық құю пункттеріне тасып апармаған барлық адамдар халық жаулары деп жарияланып, Революциялық сотқа берілсін және кемінде 10 жыл түрмеге отырғызылсын, бүкіл мүлкі тәркіленіп, қоғамнан біржолата қуылсын...» (В.И. Ленин).[9].
Батыс Қазақстанда да ақылға сыймайтын тапсырмалар белгіленді. Астық шығып жарытпаған Орал губерниясында 1920 жылы салғырт бойынша 1,5 млн пұт астық тартып алынды, соның салдарынан мұнда азық-түлік тұтыну тапшылығы 2—2,5 млн пұтқа жетті.[10]. Қазақстанның барлық аймағындағы жағдай осындай еді. Елдің әр түрлі өңірлеріндегі азық-түлік жағдайы туралы жазбасында Лениннің Қазақстанға сілтеме жасай отырып: «Астық шаруалардан түгелімен сыпырылып алынды. Түк қалған жоқ...» деуі тегін емес. Рас, бұл арада ... көсем сұрақ белгісін қояды, шамасы күдіктеніп, мүмкін ұраларды тағы бір сүзіп шығуға болмас па екен деді ме екен?
Соғыс жылдарының салдары, осы кезеңге тап келген табиғат ауыртпалығы (құрғақшылық және т.б.) және ұтымсыз экономикалық саясат ауыл шаруашылығында жаппай сипаттағы қирап, құлдырау үрдісін тудырды.
Егіс алқабы 1914 жылмен 1922 жыл аралығында 2 еседен астамға (3,6 млн десятинадан 1,6 млн десятинаға дейін) қысқарды, астықтың жалпы өнімі 3 еседен астам азайды.[11].
Мал шаруашылығы саласы да өте ауыр жағдайда қалды. 1914 жылдан 1922 жылға дейін ірі қара малдың саны 2,1 млн басқа, жылқы 2 млн басқа, қой-ешкі 6,5 млн басқа дерлік және түйе 300 экономикалық салдары күйзеліске ұшыраған Батыс Қазақстан (Орынбор губерниясы, Ақтөбе облысы, Бөкей Ордасы) өңірі мен Ақмола облысының бір бөлігін де апатты азық-түлік жағдайына әкеп соқтырды. Бұл өңірлерде eric алқабы 1917 жыл мен 1921 жыл аралығында 55%-ға дейін қысқарды (бір шаруашылықта орта есеппен 5,5 десятинадан 2,7 десятинаға дейін). Өірде азық-түлік тұтыну тапшылығы 10,7 млн пұтты құрады. 1,4 млн адам аштықтан қырылу шегіне жетті.[12]. Аш адамдарға көмек көрсетудің қолға алынуына қарамастан (тек америкалық АРА көмек ұйымының өзі Батыс Қазақстанда көптеген адамдарды, ең алдымен балаларды құтқарып қалды, оларға асханалар мен жүрек жалғайтын пункттер ашты) осындай төбе құйқанды шымырлататын апаттан мыңдаған, тіпті он мыңдаған адам құтыла алмады.
Ауылдар мен деревнялардағы наразылық
Мемлекеттің күштеу саясаты ауылдар мен деревняларда наразылықты одан әрі өршітті. Тұтас алғанда кейбір жағдайларда билік орындары жүргізген әкімшілік террорға өштесу, ашық бүлікке және шаруалар тарапынан қарулы қарсылыққа ұласты. 1920 жылы Қазақстанның көптеген өңірлерінде «Коммунистерсіз кеңестер үшін», «Азық-түлік салғырты жойылсын!», «Коммунистік азық-түлік диктатурасы жойылсын!» деп ұрандаған көтерілісшілер шеруі бұрқ етті. Көтеріліске шыққан шаруалар мұнда отрядтар мен «көтерілісшілер армияларын» құрды. 1920 жылы Семей облысы мен Павлодар уезінде большевиктерге қарсы ірі наразылық шеруі ұйымдастырылып, олар 10 мың адамдық «Көтерілісші халық армиясы» бақылауында болды. 1921 жылғы ақпанда «Сібір шаруалары одағы» бастаған көтеріліс Батыс Сібір өңірі мен Солтүстік Қазақстан аудандарын қамтыды: оған қатысушылар саны 30 мың адамға жетті. Көтерілісшілер уақытша болса да Петропавл және Көкшетау қалаларын басып алды. Қостанай губерниясы аумағында сан жағынан айтарлықтай қомақты «Шаруалардың жасыл армиясы» әрекет етті,бұрынғы Ресейдің қызыл шаруалар армиясы (РККА) дивизиясының командирі А. Сапожков басқарған, өздерін «Әділетті Қызыл армия» деп атаған қарулы отрядтар Батыс Қазақстанда бүлік шығарды. Ашықтан-ашық көтеріп, шаруалардың қарулы қарсылығына ұласқан наразылықтар Қазақстанның басқа губернияларына да таралды.[13].
Осы қимылдардың бәрін билік аяусыз қанға бояп басты және кейін Бүкілодақтық Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның (ВЧК) есептерінде ол банды-кулактардың әрекеті ретінде бағаланды. Осыған орай, атап өткен жөн, шынында да көтерілісшілермен айқын қылмысты элементтердің де ауыз жаласқаны жиі кездесті, сондай-ақ бірқатар жағдайларда өзінің стихиялы бүліктік сипаты бойынша тұйыққа тіреліп, адамдарды әбден ашу-ызаға булықтырған шаруалар қарсылығы мүлдем ақтауға болмайтын қатыгез әрекеттерге ұласты. Дегенмен мынаны да мойындау керек: көтерілістердің әлеуметтік негізі жаппай сипатта және шаруаларға ғана тән болды, ал оның себебі ауылдың тауар өндірушілерін барып тұрған қаталдықпен кемсіткен «әскери коммунизм» саясатына деген ащы наразылықта еді.
«Азық-түлік майданын» ашып және оны орындауға қарулы «азық-түлік армиясын» аттандыра отырып, Кеңес үкіметі шағын азаматтық соғыспен құтылды, осылайша әскери жағынан ұтқанмен, саяси жағынан ұтылды.
Сөйтіп, 20-жылдардың басында Қазақстанда қалыптасқан жағдай елді қамтыған экономикалық және саяси дағдарыстың жалпы бейнесін ашып көрсетті. Бұл арада да, барлық жердегі сияқты экономикалық қатынастарды қалпына келтіру, жаңа шаруашылық саясатына көшу қажеттігі айқын көрінді.
Оның үстіне большевиктер «әскери коммунизм» саясаты уақытша, азаматтық соғыс жағдайында амалсыз жүргізілген саясат деп үнемі сендіргенмен, ол аяқталғаннан кейін де «тікелей таза социалистік формаға көшу, таза социалистік теңгермешілік» бағытын одан әрі жалғастыра берді.[14]. Бұдан баяғы сол экономиканы өктемдікпен мемлекет билігіне алу және оның барлық буындарына, өзінің мәні бойынша милитарландырылған басқару әдісін қолдану саясаты айқын көрінеді.
Ірі және орташа өнеркәсіпті барынша «қоғамдастырумен» шектеліп қоймай, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесі (БХШК) 1920 жылдың аяғында, ұсақ қолөнер шеберханаларын қоса алғанда, шағын өнеркәсіп орындарын (жұмысшыларының саны 10-нан немесе 5-тен асатын, бірақ механикалық двигателі бар) мемлекет меншігіне алуды жүзеге асыру үшін қатаң мерзім (бір ай ішінде) көрсетілген нұсқау шығарды.[15]. Іле-шала әлі қаз тұрып үлгермеген шағын кәсіпкерлік үшін нақ төбеден ұрғандай осы нұсқау «соғыстағыдай тездікпен, соғыстағыдай жігермен, соғыстағыдай тәртіппен» (Лениннің сөзімен айтқанда) жүзеге асырыла бастады.
Экономикадан тыс директивалы-бөлу жүйесін кеңейтуге 1920 жылдың соңы мен 1921 жылдың басында Кеңес өкіметі шығарған коммуналдық (пәтерге, электр жарығына және т.б.) қызмет көрсету төлемдерінің күшін жою туралы, халыққа тамақты және көпшілік қолды тауарларды тегін беру туралы декреттер де «қызмет етті».
Еңбекке ынталандыру ретінде ақшалай жалақы емес, оның орнына коммуналдық қызмет, транспорт, киім, аяқ киім, азық-түлік т.б. үшін карточкалық «паек» беріле бастады. Еңбектің денеге күш түсіретін ауыртпалығы бойынша оның нормасы, бұл ретте оның шекті мөлшері жіктелместен, үш санатқа бөлінді. Осыған жатқызылған, мысалы, паекпен жабдықтаудың 3-санатындағылар, олар жұмысты саналы түрде атқарды ма, кәсіби шеберлігі жоғары ма, жоқ әлде керісінше ме, оған қарамастан «көшке ергеннің баршасы» бірдей сыйлық алды, яғни еңбек өнімділігіне ынталандырылмады, олардың көрсеткіштері «тедестірілген» мәнде ескерусіз қалды.
Паекті болу кезінде басты назар елдегі материалдық ресурстардың барынша шектеулігіне аударылды. Осы ретте мұны азық-түлік паегі туралы декретке байланысты В. Лениннің мына жазбасы дәл сипаттай алады (1920.27. 04). Бұл арада, атап айтқанда былай деп анық жазылған: «Өнеркәсіпті емес қалаларда кеңестік кәсіпорындар мен мекемелерде жұмыс істемейтін адамдарды айқын бөліп шығарамыз, оларға берілетін паекті қысқарту керек (не өз бақшаңды күтіп-бақ, не кеңес кәсіпорындарына немесе кеңес мекемелеріне жұмыс істеуге бар). Кімде-кім кеңестік кәсіпорындарда, не кеңес мекемелерінде жұмыс істемесе, біз оларды асырап отырмаймыз» деп көрсетеді.[16].
Дегенмен, азық-түлікпен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылаудың аса қырағылығына және таптық рухтағы большевиктік «ұтымдылыққа» қарамастан, мемлекеттің жабдықтауына көшірілген халық контингенті тез қаркынмен өсті (1920 жылы мемлекет бағымында 38 млн адам болды). Бұл жағдай шаруалардан алынатын азық-түлік салғыртының одан әрі өсірілуіне алып келді (ауқымы жағынан елдің бүкіл аумағында Кеңес өкіметі белгілегеннен бірнеше есе асып кетті), күн сайын ұлғайып бара жатқан тұтыну қажеттілігіне ілесу мүмкін болмады. Соның нәтижесінде, РК(б)П X съезінде атап көрсетілгендей, жұмысшының азық-түлік нормасы ең төменгі күн-көріс денгейінен 2 еседен астам төмен құлдырады.[17].
Мемлекеттің халықты азық-түлікпен жабдықтауға қабілетсіздігі (тіпті ең төмен «әркімге бір паектен» принципі бойынша) большевиктер көсемдері қатарынан утопиялық идеяларға көбірек ұрынған радикалдарды шығарды. Мәселен, Мәскеу РК(б)П комитетінің 1920 жылғы қаңтардағы отырысында сөйлеген сөзінде Л. Троцкий партиялас жолдастары алдында мынадай оймен бөлісті: «Адам бойындағы азық-түлік табуға кететін қуаттың 80%-ы туралы мен айтқан қағиданы түбірімен өзгерту қажет. Тамақты қоғамдық тамақтану орындарында ішуіміз керек дегенді теріске шығаруға болмайды, яғни OAK төрағасынан бастап ең жас жұмысшыға дейін, бізде есепте тұрған кеңес қызметкерлері зауыттар мен мекемелердегі қоғамдық асханаларда күштеп тамақтандырылуы тиіс. Бұл тек 80%-ы паек табу үшін жасалатын жеке жағдайларды үнемдеу шарасы ғана емес, сонымен бірге еңбек арқылы қоғамдық тәрбиелеудің мықты мектебі де болар еді. Біздің бүкіл жағдайымыздан туындайтын спартандық тәріздес салтты енгізуіміз қажет.
Біріншіден, жұмысқа келмей қалу деген мүлдем дерлік жойылады. Үстел басында қоғамдық пікір қалыптасады. Кім жұмысқа шықпай қалады, ол тамақтан айырылады».[18]. Сөйтіп тіпті физиологиялық функциялардың өзін «қоғамдастыру» туралы мәселе күн тәртібіне қойылды.
Отынға төленетін коммуналдық ақы дажойылды, басқа да елеулі факторлармен бірге (соғыстан кейінгі күйзеліс) отын дағдарысы күшейді, бір-қатар мұнай және көмір кәсіпшіліктерінің (Доссор, Ембі, Екібастұз, Қарағанды) қалпына келтірілгеніне қарамастан, отын дағдарысы сол қалпында сақталды.
Оны шешуге талпыныс үйреншікті әдістерге: 18 жастан 45 жасқа дейінгілерді жаппай жұмысқа тарту (нақ осындай жолмен Семей облысында отындық ағаш, Перовскіде сексеуіл, Гурьев уезінде қамыс пен тезек әзірленді), қала халқын «отын майданына» жұмылдыру, елдегі барлық көлікті отын тасуға жегу (осындай шарадан кейін Ақтөбе губерниясы уездерінің бірінде шаруалардан тартып алынған барлық арбалар мүлдем жарамсыз болып қалған) әдісіне сүйенді.
Кеңес өкіметі «азық-түлік армияларымен» (адам саны 80 мыңға дейін) бірге, шаруашылық мәселелерін «әскери» жолмен шешудің құралы қызметін атқарған еңбек армиясы деп аталғандарға (армия, батальон, майдан, ұрыс, әскери-жедел міндеттер және т.б. терминдер осыдан кеп шықты) да үлкен үміт артты.
Бірінші Революциялық Еңбек армиясы Л. Троцкийдің тікелей нұсқауымен Шығыс майданның 3 Орал армиясы негізінде 1920 жыддың қаңтарында құрылды. Осы армияға берген өзінің бұйрығында Л. Троцкий оның міндетін: «...Армияның қолбасшысынан бастап қатардағы ең жас солдатына дейін алдында қарапайым, бірақ белгілі бір міндет — отын жару, астық дайындау, отындық ағаш пен астықты темір жолға тасып жеткізу міндеттері тұрғанын есінде сақтауы тиіс» деп атап көрсетті.[19].
Л. Троцкий бұл арада армиядағы еңбек өнімділігі деңгейінің төмендігіне қатты қынжылыс білдірді, осыған байланысты бастықтар «бөлімдерге олардың командирлері мен комиссарлары арқылы белгілібір сабақ үйретеді», ал «сабақ үйренбесе командалық және комиссарлық құрамды жауапкершілікке тарту қажеттігін» ескертті. Троцкийдің ұстанар сенімді әдісі «тәубесіне келтірудің қатал жолы» — ату екендігін еске алсақ, қуғын-сүргіннің ауқымды табиғатын көз алдымызға елестетуге болады.
Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің В. Ленин қол қойған қаулысымен (1920 жылғы сәуір) Еділ бойы округі мен Түркістан майданы бөлімдері негізінде Екінші Революциялық Еңбек армиясы құрылды.[20]. Оған да отындық ағаш пен азық-түлік дайындау, ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу, халықты еңбекке жұмылдыру және күш-көлік арбаларын ұйымдастыру және т.б. тапсырылды. Алайда оның ең басты міндеті ретінде Александров Гай—Ембі [21]. теміржолын тарту белгіленді (Орал-Ембі мұнайлы ауданы бұл кезде сұйық отын алынатын бірден-бір кең көзі болатын; осында орталыққа тасып жеткізілетін 10 млн пұттан 14 млн пұтқа дейін мұнай қоры жинақталды).
Бұл арада Ембі мұнай құбырын салуға және ондағы мұнай қорын тасуға өкіметтің жұмылдыруымен тартылған бүкіл халықтың да «еңбек армиясының жауынгерлері» бастан кешкен жағдайғатап болғанын айтқан жөн. Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен (әрине, Ленин рұқсат еткен) «мұнайды күш-көлік арбамен жеткізуді ұйымдастыру бағытында жұмыс істейтін барлық адамдарды тұрақты әскери қызметке тартылғандар деп есептеу» жүктелді, барлық жұмысшылар мен қызметшілер сияқты «мұнай құбырын салуға тартылғандар... жұмылдырылғандар болып табылады» деп есептелді (1920 жылғы сәуір).[22]. Демек, Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің «Сібірдің Түркістанның және шалғайдағы басқа да өңірлердің орыс емес азаматтарын Қызыл Армия қатарына шақыру туралы» қаулысына (1920 жылғы мамыр) (әртүрлі шовинистер бұған қарсы шығып, мұның практикаға енгізілуінің айтарлықтай қиын болғанын байқаймыз) дейін де Орал-Ембі мұнайлы ауданымен іргелес аймақта тұратын қазақ тұрғындары «тұрақты әскери қызметке» (бүгінгі түсінікпен айтқанда шағымдану арқылы, құрылыс батальонына) өз еріктерінен тыс тартылды.
Мемлекеттің өктемдігі қызметі ауыл шаруашылығында да кең етек алды. Өкімет аграрлық өнімдерді дайындаудың барлық түрлеріне (жүннен жылқы қылына дейін) орнатылған қатаң монополияға да толық қанағаттанбады. Шаруа шаруашылықтары саласына командалық қол сұғу басталды. Тұқым себу, жер өңдеу, астық жинау және т.б. сияқты таза өндірістік жұмыстар мемлекеттің бақылауына көшті.
Соз жоқ, әзірге шаруа меншік иесі болып тұрғанда және жеке шаруашылығын жүргізіп отырғанда, оның үйреншікті тіршілігіне бақылау жасау оңайға түскен жоқ еді, өйткені шаруашылық жүргізуші субъектінің әрекеттерін тек экономикаға негіздеу тетігін енгізу арқылы ғана тиімді болатын.
Алайда большевиктер бұл арада да мемлекеттің күшіне сенді, оның үстіне «ол ала алмайтын ешқандай қамал жоқтығын» (И. Сталин) талай реталға тартып, «пролетариат диктатурасы» ретінде өзін даралап көрсетуін жалғастыра берді.
Көп ұзамай тұқым себуші комитеттер үлгісіндегі әр түрлі құрылымдар (әр түрлі аумақтық денгейдегі тұқым себушы комитеттер) құрыла бастады, тұқым себу мен астық бастырудың, астық салғыртының және т.б. мемлекеттік жоспарлары бекітілетін болды. Шаруаға тұқымды қашан себуге, қашан жинап алуға және астықты қайда тапсыруға Адам ата мен Хауа ана заманынан бергі кезеңде, шамасы, тұңғыш рет Кеңес елінде бұйрық берілген болар. Кеңес өкіметі нақ осындай өнеге көрсетті. Қазақстанның ауылдары мен деревнялары мемлекеттік өктемсудің иіріміне бата берді. Шенеуніктер іс жүзінде «тұқым себу апталығы», «астық бастырудың қызыл он күндігі» сияқты таусылып болмайтын террорлық әрекеттер ұйымдастырып, ауылдар мен деревняларды «аграрлық майданның» құрсауына алды.
Қоғамның перманентті революциялық серпілісі мен бұқара халықты ынта-жігеріне ден қоюды көздейтін осындай барлық идеологиялық іс-шараларды халық ідітей жеккөрушілікпен қабылдады. Алайда «миссионерлер ізінше жазалаушылар келер» дейтіннің өзі болды да шықты. Бұйрықты тыңдамағандар дереу қатаң жазаланды. Қорқыныш шаруаның бойын билеп алды,оның шаруашылық жүргізуге деген ынтасы судай басылды. Ауылдар мен қыстақтар өз өмірін  мемлекеттік кабинеттерде регламенттелген тіртіппен құратын болды. Оның есесіне шенеуніктерге тұқым себу, астық бастыру, басқа да азық-түлік салғырттарын орындау туралы әр түрлі есептер жазу жұмыстары көбейді. Етек алған науқандар туралы аз да болса түсінік қалыптастыру үшін оның кейбір мысалдарын келтіре кетейік.
Алматы уездік тұқым себу комитетінің уәкілетті өкілі өз рапортында дән ризашылықпен былай деп жазды: «Тұқым себу комитеті ұйымдастырылған күннен бастап жұмыс қызу жүргізілді және тұқым себу науқанына дайындық басталды. Халық 10-15 және 20 аула бойынша бірікті. Қолданыстағы және жылжымайтын мүлік, еңбекке жарамды күштер мен тұқым есепке алынды, ұсталарды, ағаш шеберлері мен доңғалақ жөндеушілерді жұмылдыру болыстар бойынша өткізілді, жұмылдыру бойынша болыс тұрғындарына арналған мүліктерді түзету (автордың мәтінінде осылай. —авт.) жұмысы қолға алынды, ал болыс тұрғындары өздеріне бөлінген алқаптарға тұқым септі. Болыс тұрғындары кеңседегі жұмысына байланысты тиісті тұқымдарын себуге мүмкіндігі болмаған барлық қызметшілерге арналған алқаптарға да тұқым септі». <rer> Советское строительство в аулах и селах Семиречья. 1921-1925 жж. Сборник документов и материалов Часть I. А.-А., 1957, 66-67-6.</ref>.
Жетісу облыстық комитетінің тезистерінде былай деп атап көрсетілді: «... Біз алқаптағы барлық астықты жинап алуға, оның бәрін уақытында, кешіктірмей 100% бастыруға, күздік дақылдарды облыстық тұқым себу комитетінің тапсырмасы бойынша, барлығын салғыртқа сәйкес 100% себуге міндеттіміз. ...Осы үлкен үш тапсырманың бәрін бірдей ойдағыда орындау үшін .., облыстық комитеттің қаулысымен барлық облыс бойынша «азық-түлік айлықтары» жарияланды, яғни облыстағы бүкіл өндіргіш күш, адамдар, көлік күші, сондай-ақ бүкіл жылжымайтын жиын-терім материалдары (кеңес шенеунігінің үйреншікті болмысы. — авт.) тұқым себу науқаны уақытында жүргізілуі үшін және күзде алқапта (алқаптың тіпті де ұжымдық шаруашылықтікі емес, олардың нақты иесі бар екенін, бәрін де солар үшін облыстық комитеттің дағарадай мекемелерінде отырғандар шешетінін көреміз. — авт.) бірде-бір масақ қалмайтындай етіп толық пайдаланылуы тиіс». Дәл осы жерде де шаруаны қалай жұмыс істеуге үйретеді: «Астық екі рет тасымалданбасын (әуелі шөмелеге, содан кейін қырманға), бірден қырманға жеткізілсін және астықтың ысырабын азайтындар, құрғақ дән таза бастырылады, ол ысырапты үнемдеуге көмектеседі» [23].
«Пролетариат диктатурасы дегеніміз қанаушы тапты жаншу құралы» ұранымен большевиктер халықтың бүкіл тобын езіп-жаншитын машинасын іске осты. Егер халықтың бір тобы үшін мемлекет олардан экономикалық қатынастардың бүкіл құрылымдары мен меншігін тартып алуы арқылы көзсіз басыну объектісі болып шыға келсе, басқалары экономикадан тыс мәжбүрлеудің (жалпыға бірдей еңбек ету борышы, еңбекке жаппай жұмылдыру және т.б) құрбандығына айналды. Пролетарлық мемлекеттің қалыптасып келе жатқан «әлеуметтік әділетсіздігі» туралы коммунистік партияның теоретиктерінің бірі Н.И. Бухарин былай деп жазды: «Пролетарлық мәжбүрлеу өзінің бүкіл болмысы бойынша, атып тастаудан бастап еңбекке деген борышын сездіруге дейін... азаматтың қанын сығып алу болып табылады».[24]. «Әлеуметтік-таптық әділеттік қоғам» орнату үшін шеберханалар ретінде ЧК-ның түрмелері, азаптау лагерьлері мен шет-шеті жоқ Далиган «еңбек майдандары» қызмет етті.
Мұқтаждық пен қасіретті бүкіл халық сезінді (әрине, партия-кеңес қызметкерлерінен басқа) — мұның өзі «большевиктік тендіктің» мәнін іс жүзінде түсінудің алғашқы нәтижесі еді. Мемлекет «еркіндік патшалығының алтын қақпасына» апаратын жолды өз кезегінде оған деген өшпенділік, ашу-ыза, кек, жеккөрушілікпен жауып тастады.
«Аса мәртебелі жұмысшы табы» қоғамының жасампаздық рөлі мен мәртебесі, оның «әлеуметтік артықшылығы» жайлы большевиктер ұрандатумен болды, содан кейін оны өзінің билік етуші мүддесі мен мақсаттарына пайдаланды.
Большевиктік насихат қоғамды әр түрлі әлеуметтік жікке бөліп, оларды арасындағы алауыздықты өршітгі. Мәселен, «орақ пен балғанын біртұтас және мызғымас одағы» ретінде өзінің таптық көзқарасының дұрыстығына берік сенген жұмысшы, солдат және еңбекші шаруалар мемлекеті отындық ағаш дайындауға және басқа да ауыр қара жұмыстарға «буржуазиялық» интеллигенцияны салып қойды. Соның нәтижесінде оның көптеген өкілдері моральдық террорға шыдай алмай Отанын тастап кетті.
«Кедей-бай», «Кеңес өкіметіне шын берілген немесе қарсы», «белсенді немесе енжар» принциптері бойынша әлеуметтік топтар ішіне бөліну мен ажырасу рухы себілді, мұның өзі аз да болса сақталып келе жатқан топ аралық тұрақтылық пен тепе-тендікті тас-талқан етті, дәстүрлі ынтымақты-топтасқан қатынастардың аражігін ашып жіберді.
«Революциялық батылдықпен» экономикалық зандылықтарды белден басып, мейлінше тиімсіз нарықтық емес даму жолын қолдан жасап, тауар-ақша қатынастары мен сауда-саттық факторларын көзге ілмей, сөйтіп елдің экономикалық өмірін ортағасырлық томаға-тұйық натуралды шаруашылыққа оралтып, большевиктер тауарсыз утопияны іс жүзіндегі мемлекеттік саясат деңгейіне көтерді. Қоғам осы тәжірибесі үшін қатты зардап шекті (оның біріншісіне ұқсас келесі көрінісі — ұжымдастырудан кейін елдің адымын алпыс жыл бойы тұсады және алғашқысынан да көп құрбандыққа ұшыратты).
Алайда өкімет халық алдында қандай да бір өкініш білдірген жоқ. Тек партия жиналыстарында «қалайда жақсы және тез атқаруға тырыстық», «коммунизмге даңғыл жол жоқ», «құрбандықсыз революция болмайды» (жарқын болашақ үшін құрбандықтың қайсысына болсын төзуге шақырған большевиктік даурықпа үранды кеңес халқының бүкіл ұрпағы үнсіз мойындады) деген сияқты ақталу сипатындағы сөздер айтылды.
Ленин: «Біз тиянақтап есептеп алмастан, ұсақ шаруалы елде өндірісті қайта құрып, дамытуды және өнімді бөлуді пролетарлық мемлекеттің тікелей жарлықтары арқылы коммунистік тұрғыдан жолға қоймақшы болдық, немесе солай деп жорамалдадық» деп жазды.[25]. Есептер орасан зор қателіктерге ұрындырды. Елде экономикалық, әлеуметтік және саяси дағдарыстар белең алды. «Әскери коммунизм» саясаты мен оның тауарсыз утопияға сүйеніп жүзеге асырылуының ең басты қорытындысы, міне, осы.
39. Төтенше өлкелік IV сьезд. Түркістан Автономиясының құрылуы
1918 жылғы тарихи әділетсіздік әлі ескерілмей жүр
Тарихымызда Түркістан автономиясы туралы аз жазылады дей алмайсыз. Сандаған жылдар бойына, яки коммунистік өктемдік кезеңінде жазылғандардың ақиқатынан гөрі кісі сенгісіз, қорқыныштылау аңызы басым болғаны баршаға белгілі. Ондай аңыздардың бәріне ортақ жайт - Түркістан өлкесіндегі автономияны ағылшын империалистері күштеп құрған құрылым дейтін жала. Қазір санамызды қасаң қағидалардан қадари-хал арылтып жатсақ та, тарихымызда әлі күнге толық аршылмай жатқан ақтаңдақтар аз емес. Сондай ақтаңдақтардың бірі - биыл құрылғанына 105 жыл толатын Түркістан автономиясының тарихы мен трагедиясы. Белгілі ғылым, тарихшы Қамбар Атабаевтың еліміздің тарихынан елеулі орын алатын, түркі халықтарына ортақ ең алғашқы демократиялық Түркістан автономиясын қоғамдық құбылыс ретінде жан-жақты қарастырған мақаласын оқырмандарымыздың назарына ұсынып отырмыз.
Кезінде әр түрлі баспасөз беттерінде кеңінен айтылғанымен, бірақ белгілі себептерге байланысты, ұзақ уақыт бойы дұрыс бағасын ала алмаған тарихи оқиғалардың бірі - «Түркістан автономиясы» тарихы еді. Бұл мемлекеттік құрылым Түркістан генерал-губернаторлығы шеңберінде (онда қазақ халқының жартысына жуығы мекендеген) 1917 жылдың қараша айында, 4 өлкелік төтенше жалпы-мұсылмандық съездің шешімімен, Қоқан қаласында дүниеге келді. Ол туралы кезінде ұлттық «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы» сияқты газеттермен қатар, сол жылдары Ташкентте шығып тұрған орыс тіліндегі басылымдар да съезд жұмысы аяқталысымен, 1 желтоқсаннан бастап оның қорытындысына арналған көптеген мақалалар жариялады. Бұдан съезде қабылдаған шешімнің, тек жергілікті мұсылман халқы үшін емес, орыс тілді оқырмандар үшін де Түркістан өлкесіндегі үлкен қоғамдық-саяси оқиға ретінде қабылданғанын көреміз. Ерікті ойлар органы (Түркістанның социал-демократиялық ағымдағы партияларының органы - Қ.А.) «Туркестанский вестник» газеті «Түркістан автономиясы» туралы мүмкіндігінше толық ақпарат беру, съезд жұмысымен өлке тұрғындарын кеңінен таныстыру, оның шешімінің заңдылығын дәлелдеу және әр түрлі жаладан қорғау сияқты көптеген жұмыстар атқарған. Олай дейтініміз, газет бетінде съезд бюллетені, қабылдаған қаулылары, халыққа үндеуі, редакцияның съезд шешімдерін толық қолдайтындығы туралы мақаласы, халық қолдауын көрсететін материалдар жарияланған және де газет большевиктер тарапынан жүргізілген съезге жала жабу әрекетіне қарсы белсенді күрес жүргізген. Халық комиссарлар кеңесінің органы, большевиктік «Туркестанские ведомости» газеті «Түркістан автономиясы» туралы съезд шешімін жоққа шығару, маңызын төмендету, заңсыздығын дәлелдеу мақсатында бірнеше мақалалар жариялады. Бір-біріне қарама-қарсы, бірақ «Түркістан автономиясы» туралы мәлімет беретін, оның әр түрлі қырларын ашуға көмектесетін деректер көзі ретінде осы екі газетті алып отырмыз. Ондағы мақсатымыз, «Түркістан автономиясының» тарихын жан-жақты зерттеу емес, оның қоғамдық құбылыс ретінде, сол аталған басылымдарда бейнелеу дәрежесін айқындау, оларда салынған ақпараттарды деректанулық талдаулар арқылы автономия тарихына байланысты мәліметтер алу, олардың шынайылық дәрежесін айқындау. Мысалы «Туркестанский вестник» 1917 жылғы 9 желтоқсандағы санында Қоқан қаласында өткен жалпымұсылмандық съезінің бюллетенін жариялады. Онда: «Қазан айының соңынан бастап дайындық жүргізілген 4-ші өлкелік төтенше жалпымұсылмандық съезд қарашаның 26-сы мен 29-ы аралығында Қоқанда өтті. 26 қарашада мандаттары тексерілген және бекітілген жиналғандардың саны 203 адамға жетті. Күндізгі сағат 12-де, жиналғандардың көңілдерінің көтеріңкі жағдайында ұйымдастыру бюросының мүшесі және өлкелік мұсылмандар кеңесінің өкілі, азамат Мұстафа Шоқаев съезді ашық деп жариялады. Шоқаев бұл жиынды съезд деп санала ма, жоқ, жәй кеңес пе деген мәселені дауысқа салды. Көпшілік дауыспен, 1 адам қарсы, бұл жиынды толық өкілетті съезд деп шешті. Съездің 10 пункттен тұратын бағдарламасы бекітілді.break--><!--pagebreak-->
Кешкі отырыста азамат Шоқаев қысқаша Ресейде және Түркістанда қалыптасқан саяси және экономиқалық жағдайларға тоқтай келе.... «Түркістанда қантөгіс арқылы орнаған Кеңес өкіметі мұсылмандармен қандай да болмасын формада өлкені бірігіп басқарудан бас тартып отырғанын, сондықтан мұсылман халқының өз тағдырын өз қолына алу қажеттігін айтты», - деп жазылған ("Туркестанский вестник", 1917 год. № 21, 9 декабрь.)  Сол газеттің 1 желтоқсандағы 15-санында, «Түркістан автономиясы» деген атпен көлемді мақала жарияланды. Онда съезд жұмысына жергілікті мұсылмандар өкілдерінен басқа, қалалық өзін-өзі басқару органдарынан, кейбір демократиялық ұйымдардан, ұлттық және діни топтардан өкілдер қатысқаны айтылған. Одан әрі мақалада съезде қабылданған Түркістан тағдыры үшін аса маңызды қаулылардан үзінділер келтірген. Мысалы съезд 26 қарашада қабылдаған қаулысында «4-ші төтенше жалпымұсылмандық өлкелік съезд Түркістанды мекендеген халықтардың, Ресей революциясы үндеуінің негізінде, өзін-өзі билеуге деген еркінен шыға отырып, Түркістанды Ресей федеративтік демократиялық республикасымен бірлікте, территориялық автономия деп жариялайды және Түркістанды мекендеген аз ұлттардың құқы барынша қорғалады деп салтанатты түрде мәлімдейді. Түркістан автономиясының формасын анықтауды, қысқа мерзімде шақырылуға тиіс құрылтай жиналысының ықтиярына қалдырады», - деп айтылған. Қарашаның 27 күні қабылданған қаулыда «Түркістан автономиясының» көршілерімен қарым-қатынасының негізгі принциптері көрсетілген. Түркістанның халық өкіметін ұйымдастыру туралы съездің 28 қарашадағы қаулысында «Бұдан былай Түркістан өлкесі «Түркістан автономиясы» деп аталды. Өкімет билігі Түркістан құрылтайын шақырғанға дейін «Түркістан Уақытша Кеңесіне» және «Түркістан халық басқармасына» беріледі» - деп көрсетті. (Туркестан автономиясы. «Туркестанский вестник», 1917 год. № 15, 1 декабрь.). Сонымен қатар, қаулыда өкімет құрамы, оның облыстар бойынша нақты саны белгіленді. Атап айтатын бір жайт, съезд шешімімен жергілікті емес халықтар өкілдеріне өкімет құрамындағы орынның үштен бір бөлігінің берілгендігі. 29 қарашада барлық демократиялық нормаларға сай, съезд Түркістан халық қалаулыларының құқы туралы арнаулы қаулы қабылдады. Онда: «1917 жылдың 28 қарашасында Қоқанда мұсылман халқы «Түркістан автономиясына (Түркістан Мұхтариятына) адалдығын білдіріп, өздерінің қалаулары үшін өмірлерімен жауап беретіндігін айтып, ант еткенін ескере келе, төртінші төтенше жалпы мұсылмандық өлкелік съезд қаулы етеді: - съезд сайлаған 54 адамнан тұратын Түркістан Уақытша Кеңесінің және 12 адамнан тұратын Түркістан халық басқармасының мүшелерінің құқына ешқандай қол сұғуға болмайды деп жариялайды; - олардың қай-қайсысына да болмасын қарсы бағытталған қандай да болмасын күш көрсетушілік, бүкіл он миллион Түркістан халқына қарсы жасалынған әрекет деп бағаланады; - съезд өзінің қалаулыларының қасиетті құқын күзетуді және қорғауды халықтың өз қолына тапсырады», - делінген. («Туркестанский вестник», 1917 год. № 15, 1 декабрь.). Газеттің меншікті тілшісі өзінің Қоқаннан жолдаған хабарында съезд Түркістан халық милициясын құру және автономияның қаражат мәселесін шешу мақсатында Түркістанның ұлттық фондын құру туралы шешімдер қабылданғандығын айтады. Сөйтіп, кезінде оқырмандарына өлкеде болған үлкен жаңалық ретінде газет таратқан бұл ақпарат, бүгінгі күні аса маңызды тарихи дерек міндетін атқарып отыр. Олай дейтініміз, бұл хабарламадан Түркістанда орнаған жаңа өкімет билігінің, демократияның барлық талаптарына сай, өркениеттілік жолымен жарияланғандығы айқын көрінеді. Біріншіден, «Түркістан автономиясы» ұйымдастыру бюросы алдын ала жүргізген дайындықтардан соң, халық тапсырған заңды мандаттар иелерінің қатысуымен, өлкенің тұрғын халқының 98 пайызын құрайтын мұсылмандар съезінде жарияланды. Екіншіден, өкімет мәселесін, оның формасын түпкілікті шешуді, қысқа мерзімде шақырылуға тиіс, халық атынан шешім қабылдауға толық құқылы Құрылтай жиналысының үлесіне қалдырды. Үшіншіден, съезде ұйымдастырылған бақылаушы және атқарушы органдарға «уақытша» деген статус берілді. Олардың автономияны басқарудағы күнделікті жұмыстарымен қатар, басты міндеті - өлке көлеміндегі ең жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын Құрылтай жиналысына сайлауды ұйымдастыру және оны шақыру деп көрсетілді. Төртіншіден, жергілікті емес халықтардың құқының жан-жақты қорғалатынына кепілдік берілді. Бесіншіден, «Түркістан автономиясы» сол кездегі Ресей орталығында өкімет билігін өз қолына зымияндықпен алған Халық Комиссарлары Кеңесінің 1917 жылдың қараша айындағы «Россия мен шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына» деген үндеуіне сай, Ресей Федеративтік демократиялық республикасымен бірлікте деп жариялады. Осының бәрі, сол кездегі Ресей империясында және Түркістан өлкесінде қалыптасқан жағдайда, өкімет билігі туралы күрделі мәселенің және сол арқылы жергілікті халықтың өз тағдырын өз қолына алуының, бейбіт және демократиялық жолмен шешілгендігін көрсетеді. Сондықтан, «Түркістан автономиясы» бұрынғы Түркістан генерал-губернаторлығы территориясында орнаған бірден-бір заңды өкімет еді деп сеніммен айтуға болады. Оның тағы бір айқын дәлелі, жергілікті мұсылман халықтарымен бірге, Түркістанды мекендеген жергілікті емес ұлттардың, демократиялық ұйымдардың, діни және әлеуметтік топтардың съезд шешімін толық қолдауы және оны мойындауы. Мысалы жоғарыда айтылған «Туркестанский вестник» газеті, сол көрсетілген санындағы өз мақаласында былай деп жазды: «Ташкент. 1 желтоқсан. Қоқандағы өлкелік жалпымұсылман съезінде... Түркістанды ұлы Россия Федерациясының территориялық автономиялық бөлігі ретінде жариялаған қаулы қабылданды. Бұл қаулы халық Комиссарлар Кеңесінің... соңғы, мұсылман халықтарын өздерінің мәдени және қоғамдық өмірлерін ұйымдастыруды өз қолдарына алуларына шақырған үндеумен сай келеді.!--pagebreak--><!--pagebreak-->
Съездің шешімін қарсы ала отырып, мұсылман бауырларымызға өзін-өзі басқару, бірлік және халықтар теңдігі сияқты ұлы мақсаттарды тез және қиындықсыз іске асыруларына тілектеспіз». («Туркестанский вестник», 1917 год. № 15, 1 декабрь.). Бұл редакцияның атынан жазылған бас мақаланы сол кездегі газеттің демократиялық көзқарастағы, қалыптасқан жағдайды жете түсінген орыс тілді оқырмандарының пікірі деп қарауымызға болады. Олар мұны Түркістан сияқты бай өлкені Ресей құрамында сақтап қалудың бірден бір демократиялық жолы деп білді. Сол сияқты «Түркістан автономиясын» қолдайтындығы туралы еврей социал-демократиялық жұмысшы партиясының органы - «Поолей-цирон», грузин қауымдастығы, Ташкент адвокатурасы, Ташкент учительдер одағы т.б. ұйымдар мәлімдемелер жасады. Түркістан өкіметі жарияланғаннан кейінгі күндердегі басылымдарды оқып отырып, «газет - өмір айнасы» деген қағиданың дұрыстығына көзіміз тағы бір рет жеткендей болды. Өйткені оның беттерінен Түркістан халқының да, автономия басшыларының да оларды қолдаушылардың да, Түркістанның оңайшылықпен бостандыққа жете алмайтындығын жақсы түсінгендігін және қауіптің қай жақтан төнгенін сезгендігін айқын көруге болады. Халықтың өз өкіметін қорғауға дайын екендігін көрсетуге, жаңа ғана құрылған үкімет басшыларының түркістандықтарды өз маңына топтастыруға, демократиялық күштердің реакцияға жол бермеуге жанталаса әрекет жасауы соның көрінісі емес пе? «Туркестанский вестник» газетінің 5 желтоқсандағы 18-санында 1 желтоқсанда қабылданған, Түркістанның уақытша үкіметінің мүшелері қол қойған үндеуі жарияланды. Онда «Түркістан автономиясының» құрылу себебін, мақсатын, принциптерін және міндеттерін айта келе, төтенше өлкелік мұсылмандар съезінің атынан Түркістанның барлық азаматтарын: «мұсылмандарды, орыстарды, еврейлерді, жұмысшыларды, солдаттарды және шаруаларды, өлкені мекендеген барлық тайпаларды және халықтарды, жергілікті және қалалық өзін-өзі басқару органдарын, саяси, қоғамдық және жекеменшік мекемелерді Түркістан халық өкіметінің маңына топтасуға және оған тапсырылған аса ауыр міндеттерді атқаруға өз көмектерін беруге шақырды. Үндеу: «Бұғаудан босаған Түркістанның өз жерінің қожасы ретінде өз тарихын өзі жасайтын сағаты соқты!», - деп аяқталады. Үндеуге автономиялық Түркістан уақытша үкіметінің мүшелері: Тынышбаев, Шоқаев, Ходжаев, Юргули-Агаев, Махмудов, Оразаев, Шагиахмедов және Герцфельд қол қойған. Түркістан бостандығына төнген қауіптің күннен-күнге күшеюі, қасиетті өлкеге себілген демократия ұрығының өнбей жатып аяққа тапталу қаупінің артуы Түркістан халқын көшеге шығуға, сөйтіп еркін білдіруге мәжбүр етті. Сондай шаралардың бірі Тәшкентте, ескі қалада өткен 50 мыңнан астам адам қатысқан митингі туралы «Туркестанский вестник» газеті 8 желтоқсандағы 20-санында: «Шешендер ерекше толқу үстінде, жылап тұрып әділетсіздіктің, заңсыздықтың аяқталғанын, Түркістанды мекендеген барлық халықтардың теңдік және өзара қатынасы жағдайында жаңа өмірдің басталғанын айтты», - дей келе, митингіге қатысқандар бір ауыздан қабылдаған қаулыда: «Біздер мұсылмандар... Түркістан автономиясының жарияланғандығын толық қолдаймыз және Қоқанда съезд қабылдаған қаулыларға қосыламыз... Барлық мұсылмандарды Түркістан автономиясының үкіметі маңына топтасуға, еркін Түркістанның туысқан халықтары арасында азамат соғысына, бекер қантөгіске жол бермеу мақсатында барлық мүмкін болған бейбіт жолдармен өлкенің іс-жүзінде автономия алуына көмектесуге шақырамыз» делінгенін жазды. Бірақ, Түркістанның бостандыққа ұмтылуы елдің бәріне бірдей ұнаған жоқ. Кеңес өкіметі, большевиктер партиясы өздерінің автономияға қарсы көзқарастарын, дұшпандық пиғылдарын баспасөз арқылы ашық білдірді. Сондықтан съезд шешіміне төнген қауіп негізсіз емес еді. Қарашаның басында Түркістан өлкесінің орталығы Тәшкент қаласында күш қолдану арқылы, өкімет билігін тартып алған большевиктер, өлкеде тағы бір өкіметтің өмірге келгендігімен келісе алмады. Алғашқы күндерден бастап-ақ тек қарудың күшіне сүйенген большевиктік өкімет, бұрынғы заңды иелерінен тартып алып, Халық комиссарлары кеңесінің органдарына айналдырған «Туркестанские ведомости» газетінің 1917 жылғы 2 желтоқсандағы 185-санында, «Түркістан мұсылмандарының жоғары форумының шешімі туралы, «К автономии Туркестана» - деген мақала жариялады. Түркістан халқының тарихы үшін аса құнды құжат болып табылатын бұл мақаладан, большевиктер партиясының екіжүзді саясатының мәнін айқын көруге болады.!--pagebreak--><!--pagebreak-->
Онда: «Ресейді мекендеген ұлттарға өзін-өзі басқару құқығын беру туралы Халық Комиссарлар Кеңесінің Декретін өлкелік жалдамалы баспасөз, бұратана халықтардың жаңа өкіметке деген қарсы қозғалысын туғызу мақсатында арсыздықпен бұрмалап жеткізуде. Нәтижесінде Қоқанда «төтенше жалпымұсылмандық өлкелік съезд «Түркістан Уақытша Кеңесі» мен «Түркістан халық басқармасы» басқаратын «Түркістан автономиясы» дегенді жариялады.  Бұратана халықтардың өзін-өзі басқару және тәуелсіздік жолындағы жасаған барлық қадамдарын қолдай отырып, Халық Комиссарлар Кеңесі халық еркін бұрмалауға ешқандай да жол бермейді. Халық Комиссарлар Кеңесі ұлттардың өзін-өзі басқару құқы туралы декретті пролетарияттық қалың мұсылман бұқарасын жыртқыштарға талату үшін қабылдаған жоқ» делінген. Өзінің мазмұны жағынан екіжүзділіктің, арсыздықтың нақты үлгісі болып табылатын бұл деректе, Түркістанның өздерін-өздері жариялаған жаңа билеушілері: «...түземдіктердің өзін-өзі басқару және тәуелсіздік жолындағы жасаған барлық қадамдарын қолдай отырып.... Халық Комиссарлары Кеңесі сендерге билікті еш уақытта бермейді», - деп ашықтан ашық жариялаған.  Мұндай шын ниетін бүркемелеудің тұрпайы әрі ебедейсіз тәсілін большевиктер ертеңіне тағы қайталады. Аталған газеттің 186-санында жарияланған мақалада олар съезге тікелей жала жабуға, оның маңызын жоққа шығаруға, заңсыздығын дәлелдеуге тырысты. Олар енді: «Тек бір нәрсе анық, түземдік еңбекші халық съезге делегат сайлауға қатысқан жоқ, демек, съезд ешқандай дәрежеде Түркістанның демократиялық түземдік халық бұқарасының еркін білдіре алмайды. Мұсылмандар автономияны тек қана жұмысшы және солдаттар депутаттарының Кеңестерінен ғана ала алады... Сондықтан олар барлық езілген ұлттардың өзін-өзі басқару құқы үшін күресуші, революциялық демократиямен - жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттарымен бірге болулары керек», дейді. Сол күндердегі түркістандық басылымдардан большевиктердің арсыздығы жағынан теңдесі жоқ бұл екі мақаласы, М.Шоқайдың сөзімен айтсақ, «... пролетариатсыз» және «пролетариат» деген сөзді ешкім естімеген», Түркістанда кеңес өкіметінің «.... мұсылмандардың «қалың пролетарлық бұқарасын» түркістандықтардан құтқармақ ниеті, өлке тұрғындарының жаппай ашу-ызасын туғызғанын көруге болады. Мысалы газеттер митингілерде, демонстрацияларда, жергілікті съездерде түркістандықтардың Қоқан съезінің шешімдерін қолдап, большевиктерге қарсы наразылық білдіргендігі туралы көптеген хабарлар жариялаған. Мысалы «Туркестанский вестник» газетінің 6 желтоқсандағы 19-санында, большевиктердің жоғарыдағы екі мақаласына терең талдау жасаған, газет қызметкері Ю.Пославскийдің көлемді мақаласы жарияланған. Мақалада комиссарлардың съезд туралы да, Орталықтың үндеуі туралы да, көп нәрсені білмейтіндігін, съездің түркістандықтардың шын еркін білудің бірден-бір мүмкін жолы, Құрылтай жиналысын шақыруға жасалынған нақты және қажетті алғашқы қадам екендігін айта келе, автор, большевиктер мақалаларының мәнін, олардың түпкі мақсатын өте дәл көрсетіп берді. Сондықтан, өмірдің өзі дұрыстығын дәделдеп берген, Ю.Пославскийдің Түркістан демократтарының ойын білдіретін осы мақаласынан түпнұсқалық үзінділер келтірейік: «....лицемерными, по существу своему глубоко реакционными и империалистическими ссылками на «самозванность» съезда, на «фальсификацию» народной воли, официальный орган так называемого совета народных (русских) комиссаров Туркестанского края, слишком неудачно прикрывает корыстное желание ничтожной вооруженной кучки завоевателей попользаваться захваченной властью для своих, ничего не имеющих общего с задачами всей русской революционной демократии, целей. Вы хотите знать всего мусульманского народа Туркестана - так способствуйте созыву в кратчайший срок Туркестанского учредительного собрания, представив в нем мусульманам число мест, соответсвующее их численности, и вы узнаете истинную и непреклонную волю Туркестана. Одно можно сказать уже сейчас: насильникам и убийцам в нем не будет места» - десе (Пославский Ю. Воля Туркестана к самоопределению. «Туркестанский вестник», 1917 год. № 19, 6 декабрь.), сол газеттің 9 желтоқсанда жарияланған телеграммаларда: «Мұсылман еңбекшілерінің екінші Ферғана облыстық съезі ... мұндай өсек-аяң таратушы газеттердің халықтар арасында алауыздық тудыратын айта келе қаулы етеді: осы тақырыпқа байланысты большевиктік қаражүзділік газеттердің арандатушылық мақалаларына наразылық білдіреді және салтанатты түрде еңбекші мұсылмандар қолдан келген барлық шараларды пайдаланып автономиялы Түркістанның Уақытша өкіметін қолдайды. Мұсылман ұйымдарының облыстық кеңесінің төрағасы Мирза Азмедов» делінген. Өкінішке қарай, большевиктер партиясын халықтың жаппай наразылығы да, демократиялық күштердің қарсылығы да тоқтата алмады. Көп ұзамай, 1918 жылдың 11 ақпанында зеңбіректің күшімен Түркістан Уақытша өкіметі қуылып таратылды, оның орталығы болған Қоқан қаласы талқандалды. Сөйтіп бұрынғы Ресей империясы сияқты, Түркістан өлкесіне де азамат соғысы күштеп таңылды. Нәтижесінде қасиетті Түркістан жерінде ұзақ жылдарға созылған большевиктік диктатура орнады. Осылай Түркістан халқының заңды құқы, талап-тілегі, арман-мақсаты, бәрі де аяққа тапталды.
Сонымен кезінде баспасөз бетінде жарияланған мақалаларды тарихи дерек көздері ретінде талдау, «Түркістан автономиясының» жариялануын өлкенің объективті саяси-экономикалық дамуының заңды қорытындысы екендігін айқын көрсетсе, керісінше, большевиктердің Түркістанда өздерінің шексіз үстемдігін орнатуы Түркістан табиғатына жат, ешқандай демократиялық нормаларға сыймайтын, зорлықшыл әрекет екендігін көрсетті. Оны кеш те болса, өмірдің өзі дәлелдеді. Халық бұқарасынан тірек таппаған биліктің мәңгілік бола алмайтындығын тарих тағы бір рет көрсетіп берді.
Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.
40. Екінші Жалпықазақ «Алаш» партиясының сьезі. «Алаш» Автономиясы. «Алаш Орда» Үкіметі
Алаш Автономиясы. «Алаш» қозғалысы 1917жылыдың соңында партиялық құрылыс проблемасынан ұлттық автономия құру әрекетіне көшті. 1917жылы желтоқсанда ОРынборда «Алаш» партиясының Екінші Жалпықазақ съезі болып өтті. Съезде қазақ халқының саяси тағдырына қатысты маңызды құжаттар қабылданды. Негізгі мәселе автономия мен оның үкіметін құру жайныда болды. Съезде «Алаш» атауымен қазақ автономиялық үкіметінің құрылғаны жөнінде мәлімдеді. «Алашорда» деген атпен уақытша халықтық кеңес – үкімет құрылғанын жариялады. Қазақ зиялылары үкіметтің атауын ұлт тарихындағы «Алтын Орда » »Ақ Орда» »Көк Орда» нұсқасымен ұқсас қойды. Съезде қазақ автономиясының құрамына Бөкей Ордасы, ОРал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары, Закаспий облысы мен Алтай губерниясының қазақтар мекендейтін аудандары енуге тиіс екені жөнінде де қабылданды. Алашорда автономиясының орталығы СЕмей қаласы болып жарияланды. Алашорда үкіметін Әлихан Бөкейханов басқарды. Алашордаға «қазақ тұрғындарының атқарушы билігін қолға алу» міндеттелді.192 1 жылы күзде «бұрынғы алашордалардың контрреволюциялық ұйымның анықталғаны» жайлы хабарлар жайында. Партияның көпке танылған басшысы Ә.Бөкейханов жұмыстан бостылды. М.Шоқай шетелге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. Оның себебі Большевиктер партиясы өз позицияларының күшеюіне қарай басқа қозғалыс өкілдерін жоққа шығару оларды қудалау тактикасына көшті.
Екінші Жалпықазақ «Алаш» партиясының сьезі- 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.
Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Төрағасы — Б.Құлманов.
Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:
Сібір автономиясы;
Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
Қазақ-қырғыз автономиясы;
Милиция туралы;
Ұлт кеңесі;
Ұлт қазынасы;
Мүфтилік мәселесі;
Халық соты;
Ауылды басқару және
азық-түлік мәселесі.
Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң (қосымшаны қараңыз), Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады.
41«Алаш Орда»:азаматтық қарсыластықтағы орны мен рөлі
Кеңес өкіметі де барлық ұлттардың теңдігін жариялады, бірақ ол оның әлеуметтік негізін шектеді. Қанаушыларға жатқызылған, бұрынғы құрылысқа қызмет еткен адамдар, сондай-ақ діни ұйымдардың қайраткерлері барлық құқықтарынан айырылды. Алашорданын бағдарламасы қазақ халқының өмір сүруінің ғасырлар бойы қалыптасқан әдістерін күрт,
тез арада қиратпай, экономикалык, әлеуметтік, құқылык өмірдің тарихи ерекшеліктерін ескере отырып, қоғамды демократиялық жолмен кайта құру бағдарламасы ретінде кептеген жылдар бойы іріктеліп, калыптасқан еді. Ұлттык қозғалыс идеологтарының бірі М. Дулатов сонау 1911 жылдың өзінде былай деп жазды: «Бір халықтың тұрмысын түп-тамырынан бұзып өзгертуі (көшпенділіктен отырықшылыққа. отырықшылықтан көшпенділікке шыккан секілді) оңай іс емес. Хауіпті дертке ғалым тәуіп қанша керек болса, бұл мәселенің түйінін шешугеде сонша білім керек. Өлгенді тірілту мүмкін болмаған кесілді, бұл туралы өзгеріс қате пікірмен болса, түзетуге болмайды.»
Алашорда қайраткерлері сепаратистер болған жоқ. Олар реалистік тұрғыдан ойлайтын, сол бір жағдайдағы Ресейдің қазақ халқы үшін рөлі мен маңызын түсінетін адамдар еді. Ресеймен бірлік бағытын Алашорда қайраткерлері берік те дәйекті жүргізді. Алашорда большевиктік идеологияға негізделген жоқ, оның алғашқы кезде Кеңес өкіметіне қарсы шыққаны табиғи нәрсе болатын. Егер Алашорда қайраткерлері Кеңес өкіметіне қарсы шыкса, бұл ешбір жағдайда да олар революцияның жаулары болды деген сөз емес.
Бұл олардың өз партиясының, өз пікірі бойынша, өз халқының игілігіне бағытталған бағдарламасына адал берілгендігін білдіреді. Партия мен әлеуметтік топтарға бөлмей, өз халқының мүдделерін қорғады. Сондықтан олар өз халқына жау бола алмайтын еді, ал оларды большевиктер солай етіп көрсетуге тырысты. Мұның өзі кейіннен Кеңес өкіметінің бұрынғы Алашорда қайраткерлерін жазалауының басты себептерінің бірі болды. 1920 жылы Алаш Орда үкіметі құлағаннан кейін, Алаш көсемі Ә. Бөкейханов өз жақтастарына арнап үндеу тастайды. «Біз жеңілдік, бірақ ұлттың санасын оятып, мүддесін қорғауымызды бір сәтке де тоқтатпауымыз керек . Ол үшін, большевикттер партиясының қатарына өтіп Кеңес органдарына жұмысқа кіріп, күресімізді  астыртын жүргізуіміз керек»,- дейді. Осыдан кейін Алаш Орда үкіметінің мүшелері мен олардың ұстанымын  қолдайтын жақтастары Кеңес үкіметіне түрлі қызметке кіреді. Ал оларды осы қызметтерге тартқан Н.Нұрмақов, Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин сынды Қазақстандағы Кеңес үкіметінің басшылығындағы ұлт қайраткерлері, жаңа толқын саясаткерлері болатын. Қазақ зиялыларының сол кезеңде Қызыл империя орталығының саясаты кесірінен ұлттық мемлекет құру жолында Алаш Орда үкіметі мен партиясын құрғандар және большевиктік партия мен социализм идеясына сенген қайраткерлер арасында саяси көзқарастарына қарай екі жікке бөлінген еді.
42. Кеңес үкіметі және Алаш Орда мен Қоқан автономиясының басшыларының тағдыры
Кеңес одағының құрылуы -1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде солдаттар мен төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы жер-жерде құрылған Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестеріболды. 1917 ж. 3 – 24 маусымда Санкт-Петербургте Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің бірінші бүкілресейлік съезі өтті. Съезге бүкіл елдегі 305 Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары кеңестерінен, олардың 53 аймақтық бірлестіктерінен, 34 әскери бөлімнен – барлығы 1090 делегат қатысты . Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
1.Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және Слтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
2.Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
Алаш Орда үкіметі- Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді. Ұлт зиялысы Алаш Орда басшысы Ә. Бөкейхановты жұмысынан шығарып жіберіпа,ауыр жаза қолданды. Ұлт қайпһраткерлері ақын жазушыларға «хал
Түкістан автономиясы, Қоқан автономиясы, Түркістан мухторияти – 1917 ж. 28 қарашада Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік құрылым.. Осы съезде оның Уақытша үкіметі мен заң шығарушы органы – Түркістан ұлттық кеңесінің құрамы сайланды. Уақытша үкіметінің төрағасы (премьер-министрі) болып М.Тынышбаев сайланғанымен, көп ұзамай оның бұл қызметтен бас тартуына байланысты төрағалыққа Мұстафа Шоқай тағайындалды. Әлемге аты мәлім қоғам қайраткері, саясаткер, ақиқат жолына бас тіккен, азаттық үшін тағдырдың азабы мен мазағын қатыспай көтерген, әділеттен басқа досы жоқ, адалдықтан басқа жолы жоқ Мұстафа Шоқайдың біртұтас Түркістан мемлекетін құрудағы қызметі, қайғысы, қасіреті, мақсат – мүддесі кешегі кеңес үкіметі кезінде құлып астындағы құпия болды. Күллі түрік миллетінің туыстық бірлігін сақтап, Түркістан автономиясын құру тұрғысындағы М.Шоқайдың жанкешті қызметін кеңес идеологтары жаулық әрекет сипатында көрсеті. М. Шоқайдың бүкіл өмірінің мәні мен мағынасы, арманы осы егемендік, өлмес рух елімен қайта табысты. Заман озады, өмірден тозбайтын ештене жоқ. Зат та, жер мен көк те, адамның аты да ескіреді М. Шоқай шетелге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды.
43. Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері
Шет елдік тарихнамадағы 1916 жылғы көтерілісті зерттеудің жаңа тәсілдері Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.
Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.
Патшалық Ресейдің XX ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.
44. 1916 жылңы ұлт-азаттық көтерілісі қазіргі заманғы тарихнамада.
1916 жылы таптық және ұлттық езушіліктің, соғысқа деген өшпенділіктің күшеюі жаппай құбылысқа айналды. Соғыс елдегі жалпы-ұлттық дағдарыстың пісіп-жетілу процесін тездете түсті. Соның жарқын бір көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын дерлік қамтыған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі болды. Көтерілістің шығуының басты себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтар мен алымдардың өсуі, еңбекшілерді қанау, өлкенің қазақ және басқа бұрыннан тұрған жергілікті халықтары жөнінде царизмнің жүргізіп жатқан орыстандыру саясаты, соғысқа байланысты қалың халық бұқарасы жағдайының күрт нашарлап кетуі, міне осыған алып келді. Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы армияның тыл жұмыстарына Қазақстанның, Орта Азияның және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жасқа дейінгі “бұратаналық” еркек халықтарын шақыру жөніндегі жарлығы тікелей сылтау болды. Мемлекет әжетіне еріксіз алынғандарды әрекеттегі армия қимыл жасап жатқан аудандарда қорғаныс құрылыстары мен әскери байланыс жолдарын салу жұмыстарына пайдалану жоспарланды. Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан – 87 мың адам еріксіз алынуға тиісті болды. Шілденің басында Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Халық қаһарының соққысын алдымен тылдық жұмыстарға баратындардың тізімін тікелей жасаушы болыс басқарушылары, ауыл ағамандары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі қызметкерлері алды. Қазақтардың метрика куәлігінің жоқтығын пайдаланып, олар тізімге жасы нешеде екеніне қарамай, өз беттерінше кедейлерді енгізіп, ал байлардың балаларын пара бергені үшін шақырудан босатып отырған. Тізімдер жасау жүйесі іс жүзінде осындай жаппай парақорлық пен қызмет бабын теріс пайдаланушылық туғызады.
1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алды. Империализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында Амангелді Иманов пен көтерілістің басқа басшылары халықты өз уақытында Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары мен Наурызбай Қасымовтар бастаған тәуелсіздік жолындағы күреске көтерді. Кенесары Қасымовтың басшылығымен болған ұлт-азаттық қозғалысынан кейін бірінші рет 1916 жылғы көтеріліс кең байтақ өлкенің барлық аймақтарын қамтып, бүкілқазақтық сипат алды. Көтеріліс отарлауға және империалистік саясатқа қарсы бағытта өрбіді. Халықты ұлттық және саяси азат ету жолындағы көтерілістің таптық жағы екінші кезектегі мәселе болып қалды.
45 ЖЭС және Қазақстандағы жүзеге асырылуы. Жер-су реформалары
Жеке меншік капиталға мемлекет несие, баға мен тариф саясаты саласында кәсіпкерлік секторға қатысты қаржылық және еңбек құқығы нормалармен ашықтан-ашық кемсітілген әлеуметтік-таптық акциялары арқылы да тұрақты қысым жасады. Салынатын салықтың саны мен көлемі ұлғайтылды. Салықтардың құрылымы (табыс-кәсіпшілік, мүліктік салықтар, акциздік және мөр алымдары, жергілікті салықтар және т.б.) жылдан-жылға күрделене берді, салық ауқымы ретсіз өсіп, олардың ауыртпалығы арта түсті. Тек жалақы берілген 1924—1925 жылдары ғана меншік иелері кірісінің жартысына жуығын салық жұтып қойды. Осындай жағдайда кәсіпкерлер сенімсіздік пен болжай алмаушылық сезімінде болды, олардың арасында міне-міне жаңа шектеуші декрет, тыйым салатын кезекті нұсқау шығады деген қанқу сөздер үнемі айтылып жүрді, осы ретте ола тек ресми хабарлар ғана басылатын партиялық газеттердің ең қызығушылары және тұрақты оқырмандарына айналды.
1921 жылғы наурызда БОАК «Азық-түлік және шикізат салғыртын нақты салықпен ауыстыру туралы» декрет қабылдады. ЖЭС аясында жүзеге асырыла бастаған түбегейлі шаралар халық шаруашылығына бірден әсер етті. Оны анық көріне бастаған қалпына келу үрдісінен байқауға болады. Мәселен, 1925 жылдың аяғына қарай өнеркәсіп өнімдерін өндіру денгейі 1920 жылмен салыстырғанда 5-6 есе өсті және соғысқа дейінгі мөлшердің шамамен үштен екі бөлігіндей денгейге жетті. Өнеркәсіп орындарының 1921 жылғы 17%-ының орнына 60%-ы іске қосылды. Теміржолдардың қалыпты жұмыс істей бастауы экономиканың ойдағыдай жолға қойылуының көрінісі болып табылады. Ескі теміржолдарға қоса жаңадан салынған тармақтар: Петропавл - Көкшетау, Славгород — Павлодар және Омбы теміржолының Семей учаскесі теміржолдары жедел пайдалануға берілді. Су жолы қатынас көлігіне «жан кіргізілді», оның жұмысы әсіресе Ертіс, Сырдария, Жайық өзендерінде айқын қалыпқа келе бастады.
46 Кирревкомның құрылуы және құрамы. Кирревкомның мақсаты мен жоспары.
Казревком мемлекеттік билік және мемлекеттік басқарудың жоғарғы органының барлық міндетін атқарды. Оның халыққа білім беру, жұмысшы-шаруа инспекциясы, ішкі істер, қаржы, пошта және телеграф, әділет, әлеуметтік қамсыздандыру, жер бөлімдері, әскери істер жөніндегі қазақ өлкелік комиссариаты, еңбек ету міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі комитеті болды.
Казревком 1919 жылғы 10 шілдемен — 1920 жылғы 10 қазан аралығында 15 ай қызмет етті. Ол құрылған күнінен бастап Құрылтай съезін шақыру жөніндегі бар жұмысты өзі атқарды. Казревкомнын іс-қимыл ерекшелігі сол кез үшін алғашқы кезектегі әскери-саяси проблеманың маңыздылығынан туындады, өзінің бар мүмкіндігін, күш-жігерін өлкеде Қызыл армияның жеңісін қамтамасыз етуге жұмсауы тиіс болды. Казревком мүшелері Қызыл армия бөлімдерімен бірге қалалар мен елді мекендерді ақтардан азат етуге қатысты және жергілікті жерлерде Кеңес өкіметі аппаратын құруға көмектесті, Қазақстанда соғыс қимылдарын жүргізіп жатқан Шығыс, Түркістан және басқа майдандар мен бөлімшелердің жауынгерлерін барлық керек-жарақтармен қамтамасыз етуге атсалысты.
Казревком Казақ автономиясын қүрғанға дейінгі қолына барлық жоғары әскери және азаматтық билікті шоғырландырған орган болды. Қазревком өлкедегі үкіметтің функцияларын атқарды. Оның төрағасы С.Пестковский, мүшелері: Ә.Жанкелдин, Б.Қаратаев, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, А.Байтұрсынов, Б.Каралдин т.б. Алашорда тараған соң, оның кейбір мүшелері
Кеңес өкметінің жұмысына тарт Казревкомның салалар бойьшша бөлімдері болды. Кейін бүл бөлімдер халық комиссариаттарьш құруға негіз болды. Казревком кұрамында мынадай бөлімдер қызмет істеді: халық ағарту, жүмысшы-шаруа инспекциясы, ішкі істер, қаржы, почта, юстиция, әлеуметтік қорғау, жер бөлімі, әскери іс жөніндегі комиссариат, еңбек міндеткерлігі туралы комитет. Казақстанда облыстар мен уездерде құрылған жұмысшылар, шаруалар және солдаттарылып Қазревкомның кұрамына өтті.
47 ҚазАКСРнің құрылуы. Қазақ жерлерінің ҚазАКСРнің құрамына біріктірілуі.
48 Қазақ кеңестерінің құрылтай сьезі. «Қырғыз (Қазақ) АКСР-і еңбекшілерінің заңдық декларациясы»
ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАСЫ (ҚазАКСР) – 1920 – 36 жылдарғы кеңестік автономиялық мемлекеттік құрылым. 1919 ж. 10 шілдеде В.И. Ленин “Қазақ (қырғыз) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет құру туралы” декретке қол қойды. Ревком құрамына С.С. Пестковский, Б.Қаратаев, Ә.Жангелдин, А.Байтұрсынов, С.Меңдешов, Ә.Әйтиев, т.б. енді. 1920 ж. 30 тамызда Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК құрамында “Автономиялық қазақ (қырғыз) Социалистік Кеңес республикасын құру туралы” декрет қабылдады. Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал обл. және Каспий обл. мен Астрахан губ-ның қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қ. болып белгіленді. 1920 ж. 4 – 12 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Оған 273 делегат қатынасты. Съезде Қазақ АКСР-дің ОАК сайланып, ХКК құрылды. 1921 ж. соғыс коммунизмі саясатының орнына жаңа экон. саясат енгізілді. 1921 – 22 ж. жер-су реформалары жүргізіліп, 470 мың га-дан аса жер қазақ шаруаларына қайтарылды. 1924 ж. 5 – 10 қаңтар аралығында өткен Қазақ АКСР Кеңестерінің 4-съезінде республика конституциясының жобасы талқыланды. Кеңестік Орта Азия республикаларын ұлттық-межелеу нәтижесінде Жетісу және Сырдария облыстарының қазақ аудандары Қазақ АКСР-ге қосылды. Патша әкімш. енгізген “киргиз” деген атау 1925 ж. сәуірде жойылып, қазақтар өзінің тарихи атын қайтарып алды. Ел астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Орынбор губ. РКСФР-ге өтті. Жаңа әкімш. бөлік бойынша Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Семей, Орал (құрамына Бөкей обл. уез дәрежесінде кірді) облыстарынан және респ. үкіметке тікелей бағынатын Қостанай округі мен Адай уезі, сондай-ақ, Қарақалпақ автономиясы облысы кірді. 1928 ж. Қосшы одақтары нығайтылып, 300-ден астам ұжымшар (колхоз), 5 кеңшар (совхоз) құрылды, губерниялар мен уездер таратылып, округтер мен аудандар құрылды. 1929 ж. 13 округ (Адай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Гурьев (қазіргі Атырау), Қарқаралы, Қызылорда, Қостанай, Кереку (қазіргі Павлодар), Қызылжар (қазіргі Солт. Қазақстан облыстары), Семей, Сырдария, Орал) құрылды. 1929 ж. мамырда ел астанасы Алматыға көшірілді. 1929 ж. жаппай ұжымшарға бірігу қозғалысы басталды. Ол байлар мен кулактарды тап ретінде жою, кеңестік озбырлық тұтатқан көтерілістерді қарулы күшпен басу және көшпелі халықты отырықшыландыру науқандарымен қатар жүргізілді. 1928 – 37 ж. республикада 1–2 бесжылдық жоспарлары бойынша 200-ге жуық ірі өндіріс орындары салына бастады. Олардың ішіндегі ірілері Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту з-тары болды. КСРО-дағы 3-көмір бассейні атанған Қарағанды және Алтайдағы кен орындары тез дамыды. Жедел түрде Түрксіб т. ж. іске қосылды. 1932 ж. бұрынғы округтер таратылып, орнына 6 облыс (Алматы, Ақтөбе, Бат. Қазақстан, Қарағанды, Оңт. Қазақстан, Шығ. Қазақстан) құрылды. 1936 ж. КСРО-ның жаңа конституциясы бойынша ҚазАКСР одақтас республикаға айналды.
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы   Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді. шекарасы 1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен. солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекаралас жатты.
. 1920 ж. 26 – тамызда – кеңес үкіметі «Қазақ АКСР» – ын құру туралы Декрет шығарды
1920 ж. 4 – қазанда Орынбор қаласындаҚырғыз ( Қазақ ) АКСР-інің Құрылтай съезі болды.
Қазақ АКСР – і жарияланды
Съезде қазақ кеңестік мемлекеттілігін құрудың негізгі қағидаларын Конституциялық негізде анықталған «Қазақ АКСР –і еңбекшілері құқықтарының декларациясы» қабылданды.– Қазақстан еңбекшілері үшін кең саяси құқықтарды бекітті– Азаматтардың еңбектері бекітілді
1920 – 1924 ж. – Орынбор Қазақ АКСР – інің астанасы болды.
Қазақ АКСР – і құрамынаСемейПавлодар , Семей , Өскемен , Зайсан және Қарқаралы уездеріАқмолаАтбасар , Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері , Омбы уезінің бір бөлігіТорғайҚостанай , Ақтөбе , Ырғыз, және Торғай уездеріОралОрал , Ілбішін, Темір және Атырау уездеріМаңғыстау уезіЗакаспиий облысы , Красноводск уезінің 4 және 5 болыстарыАстрахан губерниясының бір бөлігіБөкей ордасыТеңіз жағасындағы болыстар
1926 жылғы санақ бойынша – республика аумағы – 1\3 – ге кеңейіп , 2,7 млн. шаршы шақырым– халқы – 5 млн. 230 мыңға жетті– қазақтар 61, 3 % – ын құрады.1924 ж – Қазақстанның астанасы Қызылордаға көшірілді1929 ж. – Алматыға ауыстырылды1925 ж. 15 маусымда – Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і деп аталатын болды.
1920      ж. 26 тамызда Кеңес үкіметі РСФСР Құрамында Автономды Қырғыз (Қазақ) Кеңес Социалистік Республикасы туралы Декрет шығарды.
1920 ж. 4 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. Съезд республиканың Орталық Атқару комитеті мен Халық комиссарлары кеңесін сайлады. Сейтқали Меңдешев (1812-1937) ОАК төрағасы, В. А.Радус - Зенькович Қаз АКСР ХКК төрағасы болып сайланды.
Қабылданған «ҚазКСР еңбекшілерінің құқықтары Декларациясында қазірден бастап негізгі қатынас РСФСР құрамындағы ұлттардың өзара сенімі мен түсіністігі негізіндегі бауырластық қатынас» болып табылады делінді.
Декларация ҚазАКСР құрылуын конституциялық тұрғыдан жариялады, мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару органдарын, жер саясатын, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерін, сайлау жүйесі мен оның қағидаларын, сот қызметін ұйымдастыру жүйесін белгіледі.
 Қазақ АКСР құрылуы
 Азамат соғысы большевиктерге шет халықтардың ұлттық мемлекеттілігі идеясымен санаспауға болмайтындығын тағы бір рет көрсетіп өтті.
Коммунистік партия мен Кеңес өкіметі Кеңестік бастауларда Қазақ автономиясын құру бойынша дайындық жұмыстарын бастады.
1919      жылы 10 шілдеде В.И.Ленин Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөнінде революциялық комитет құру туралы Декретке қол қойды. Мұнда Қазревком өлкенің Жоғары әскери азаматтық басқармасы ретінде бекітіледі делінген.
Декрет оның мақсаты мен міндеттерін белгіледі:
контрреволюция мен интервенцияға қарсы күрес;
өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай құру;
Қазақстанда Кеңестердің құрылтай съезін дайындау.
Ревком қарамағында Астрахань губерниясының қазақ аумақтары мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары болды. Қазревкомды Пестовский Станислав Станиславович басқарды (1882-1943 ж.ж.). Ревком құрамына Лухашев, Жангелдин, Байтұрсынов, Тунғанчин, Меңдешев, Қаратаев және т.б. енді.
Қазревком мен оның органдары жергілікті орындарда Қазақ даласында Кеңестерді ұйымдастыру, ұлттық интеллигенцияның жат пиғылды өкілдерін Кеңестік құрылысқа тарту жұмыстарын жүргізді. 1920 ж. 9 наурызда «Қырғыз үкіметі» деп өзін атаған Алаш Орданы жою туралы шешім қабылдады. Қазревком органы - «Ұшқын» газеті шығарылды.
1920      ж. 26 тамызда Кеңес үкіметі РСФСР Құрамында Автономды Қырғыз (Қазақ) Кеңес Социалистік Республикасы туралы Декрет шығарды.
1920 ж. 4 қазанда Орынборда Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. Съезд республиканың Орталық Атқару комитеті мен Халық комиссарлары кеңесін сайлады. Сейтқали Меңдешев (1812-1937) ОАК төрағасы, В. А.Радус - Зенькович Қаз АКСР ХКК төрағасы болып сайланды.
Қабылданған «ҚазКСР еңбекшілерінің құқықтары Декларациясында қазірден бастап негізгі қатынас РСФСР құрамындағы ұлттардың өзара сенімі мен түсіністігі негізіндегі бауырластық қатынас» болып табылады делінді.
Декларация ҚазАКСР құрылуын конституциялық тұрғыдан жариялады, мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару органдарын, жер саясатын, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерін, сайлау жүйесі мен оның қағидаларын, сот қызметін ұйымдастыру жүйесін белгіледі.
49 Қазақстан Кеңестерінің учредительдік сьезі. ҚазССРнің құрылуы.
қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.
Мемлекеттік құрылысы[өңдеу]
Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалисттік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалды республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.
Ел басшылары[өңдеу]
Коммунистік партияның қырғыз өлкелік комитетінің хатшылары:
30 Сәу. 1919 — Там. 1920 Станислав Станиславович Пестковский(1882 — 1937)
Там. 1920 — Қаңт. 1921 Иван Алексеевич Акулов(1888 — 1937)
Қаңт. 1921 — Шіл. 1921 Мұхаммед-Хафий Мырзағалиев(1887 — 1941)
Шіл. 1921 — 1921 Мария Михайловна Костеловская(1878 — 1964)
1921 — Қырк. 1924 Георгий Алексеевич Коростельев(1885 — 1932)
1924 — 19 Ақп. 1925 Виктор Иванович Нанеишвили(1878 — 1940)
Халқы[өңдеу]
Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар (5522 мың), украиндар (933 мың, олар негізінен солтүстік облыстардағы игерілген тың және тыңайған жерлерде, сондай-ақ қалаларда тұрған), татарлар (288 мың), өзбектер (216 мың), белорустар (198 мың), ұйғырлар (121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген), корейлер (82 мың, көбінесе Алматы облысы және Қызылорда облыстарында), дүнгендер (17 мың) т. б. халықтар. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2,5 есе өскен.
Республика халқы табиғи өсім және өнеркәсіптің қызу қарқынмен өркендеуіне, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердің игерілуіне байланысты басқа республикалардан көшіп келген халық есебінен өскен. Халқының табиғи өсімі жағынан (1972 жыләр мың адамға шаққанда 17,2 адамға өсті) Қазақ КСР басқа одақтас республикалардың көбінің алдында келді (КСРО-да орта есеппен 9,6 адам).
Республика бойынша халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келген. Алайда халықтың орналасуы бірқалыпты емес болған. Қазақ КСР-ның оңтүстігіндегі тау бөктерлерінде, суармалы егіншілік дамыған шұраттардағы кей жерде халықтың тығыздығы 1 км-ге 100 адамнан асқан; сондай-ақ солтүстігінде де біршама жоғары деуге болған: қара топырақты орманды дала және дала өңірінде 1 км²-те 20 адамнан келген. Өнеркәсіп күшті дамыған қалалар мен аудандарда да халық едәуір тығыз орналасқан болатын. Ал Қазақ КСР-ның батыс, орталық; оңтүстік бөліктеріндегі орасан зор көлемді шөл және шөлейтжерлерде, бұған керісінше, халық сирек қоныстанған; бұл өңірлерде халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,4-1,8 адамнан аспаған.
1972 ж. республиканың тұрғындарында 4971 мың адам (1940 жылдан 5,4 есе көп), оның ішінде өнеркәсіпте 1095 мың, құрылыста 568 мың, ауыл шаруашылығында 1002 мың, транспорт пен байланыста 588 мың адам жұмыс істеді. Шаруашылықтың барлық саласындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің 48%-і әйелдер болды. Кеңес өкіметі тұсында, социал қоғам құрылысының барысында, қала мен ауыл халқының ара қатынасы өзгерді. Қазақ КСР -да жаңадан 200-ден астам қала және қ. т. поселке пайда болды. Қазан революциясына дейін 50 мыңнан артық халқы бар бірде-бір қала болмаған еді, 1974 ж. мұндай қалалардың саны 27-ге жетті, 100 мыңнан артық халқы бар 16 қала болды, оның ішінде 2 қаланың халқы 500 мыңнан асты (Алматы 813 мың. Қарағанды 559 мың). Орталық Қазақ КСР -да Қарағанды, Теміртау (192 мың), Балқаш (80 мың), Жезқазған (74 мың), Маңғыстауда — Шевненко (89 мың), Солтүстік Қазақ КСР-да —Рудный (105 мың), Ермак, Арқалық, Екібастұз, Оңтүстік Қазақ КСР-да — Қаратау, Кентау, Текелі секілді ірі индустрия орталықтары құрылды. Ескі қалалардың халқы да өсті: Алматыда 1926 ж. 45,4 мың халық тұрса, 1974 ж, 813 мың болған, Шымкентте 284 мың, Семейде 265 мың, Өскеменде252 мың, Павлодарда 228 мың, Таразда 228 мың, Ақтөбеде 170 мың.
50 Орта Азияның ұлттық-территориялық бөлінуі: себебі, салдары.
Қазан төңкерісі жеңіске жеткеннен кейін саяси билік басына келген кеңесе өкіметі қазақ халқына өзін-өзі билеу құқын, ұлттар теңдігін, саяси және әлеуметтік-экономикалық тәуелсіздікті беретінін мәлімдеумен болды. Өлке тұрғындары бұл жағдайға өзінің бостандығы тұрғысынан қарап, автономиялар құра бастайды. Осы уақытта ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселесі көбірек талқыланып, большевиктер партиясы ұлт саясатының негізгі принциптері ретінде Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі мен егемендігін, соымен қатаролардың дербес мемлекет құрып, Ресейден бөлінуге дейінгі құқығын жариялады. Негізінде, бұл тек кеңестік ұлт республикаларын құру үшін сөз жүзінде айтыцлған болатын.
Қазан төңкерісін және Қазақ мемлекттілігін кеңестік негізде құруды қабылдамаған Алаш қайраткерлерінің ұлттық мемлекеттілік туралы идеялары мен саяси қызметі кеңес өкіметі тарапынан қарсылыққа ұшырағаны нақыты дәлел бола алады. Солай  болса да саяси жағдайда алдыңғы қатарлы қайраткерлердің ұлттық мүдде жолындағы жүргізген саяси күресін кеңес дәуірінде де жалғастырды. Олар кеңес өкіметіне қызмет ете отырып, ол өкіметті жергілікті халықтың билігіне айалдыруға тырысты.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихында аса зор тұлға болған саяси қайраткерлердің бірі Т.Рысқұлов еді. Ол жиырмасыншы жылдары Түркі халықтарының саяси тәуелсіздігі үшін күрес жүргізді. Т.Рысқұловтың Түркістан Республикасындағы қызметі негізінен «Түрік идеясының» өмірге келген және оның өз идеясын жүзеге асыру жолында ымырасыз күрескен кезеңі болып табылады.
«Шығыс халықтары коммунистік ұйымдарының І съезі қабылдап, РКП (б) ҮІІ съезі бекіткен шешімге сәйкес, 1919 жылы 14-31 наурыз аралығында Ташкент қаласында өткекн ТКП ІІ конференциясы... ТКП ОК жанынан Мұсылман Бюросын құру туралы шешім қабылдады... Оған төраға болып Т.Рысқұлов сайланды» /141, 212б./.
Мұсылман бюросы – бұл Түркістан өлкесіндегі РКП (б) мұсылман ұйымдарының белсенді жоғарғы басқару органы болды. Осы аралықта Түркістан Республикасының барлық облыстары, уездері мен қалаларында Мұсбюроның жергілікті ұйымдары құрылды. Мұсбюроның қызметін ұйымдастырумен қатар Т.Рысқұлов Түркістан Республикаксының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тұрмыстық мәселелерін шешумен айналысты.
Т.Рысқұлов ұлт бостандығы, өзін-өзі билеу мәселесін табындылықпен қорғай отырып, жергілікті мұсылман халықтары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар олардың өкілдерін саяси қызметке, жаңа жағдайда ел басқаруға тарту ісімен айналысты. Мұсбюро Түркістан Компартиясының мұсылман мүшелерін біріктірген секция 1919 жылдың соңына қарай біртіндеп мемлекеттік құрылымға айнала бастады. Ұлт өкілдерінің мемлекеттік құрылыста үлес салмағы арта түсті.
Т.Рысқұлов пен ол басқапрып отырған Мұсбюроның саяси беделінен қауіптенген Орталық өкімет орындары 1919 жылы 8 қазанда Түркістанда ұлы орыстық шовинистік саясатты іске асыру үшін Түрпкістан ісі бойынша комиссия құрды. Оның құрамына Ш. Элиава, М. Фрунзе, В.Куйбышев,Ф.Голощекин және Я. Рудзутак мүше болып кірді /142/.
Түріккоммисияның негізгі міндеті – Түркістанда коммунизм принциптерін орнықтыру болатын, олар жергілікті халықтардың өмір сүру жағдайларының ерекшеліктерімен санаспай, Орталық Ресейде жүргізіліп жатқан коммунистік шараларды Түркістан халқына зорлап енгізуге тырысты. Ұлт мәселесінде жергілікті ұлт өкілдерінің өзін-өзі билеуіне сенім көрсетілмеді.
Осындай жағдайда Т.Рысқұлов басқарған Мұсбюро Түркістан Республикасы жергілікті халықтарының егемендігін жүзеге асыру үшін, тұрғындардың негізгі басым бөлігі түркі тілдес халықтар болуына орай «Түрік халықтарының Республикасы» атты ұлттық мемлекет құруға бекінді. Осы уақытта Т.Рысқұлов «Түрік идеясы» қарастырып, оны нақтылы түрде жүзеге асыру үшін күресті.
1920 жылы маусымда Т.Рысқұлов түркі халықтарының саяси тәуелсіздігін талап етті. 1920 жылы 16 маусымда В.И. Лениннің коммунистік Интернационалдың ІІ конгресіне арналған «Ұлт және отар мәселелері жөніндегі тезистердің бастапқы нобайына» /143, 369б./ байланысты Башқұрт, Татар және Қырғыз (Қазақ) республикаларының ұлт қайраткерлері өз ұсыныстары мен ескертпелерін негізге ала отырып В.И. Ленинге хат жолдайды/144/.
Оған, Түркістан Республикасынан Т.Рысқұлов пен Н. Ходжаев, Қазақстаннан А. Байтұрсынов пен Ә. Ермеков, Башқұртстаннан З.Валидов пен Х. Юмағұлов қол қойғаны хаттың түпнұсқасында сақталып қалған. Т.Рысқұлов бастап қол қойған осы құжатта ұлт қайраткерлері: «бүкіл осы қасірет бір ғана жағдайда: егер Ресейдің шығысында құрылған осы қуыршақ республикалардың бұратана еңбекшілеріне партиялық, шаруашылық және әскери ұйым салаларында өз инициативасын танытуға мүмкіндік жасалатын болса ғана шешіле алады... Көмек қажет, бірақ зорлық-зомбылық болмасын» - дейді.
Т.Рысқұловтың 1920 жылы көтерген бұл мәселелері Алаш қайраткерлері мен М.Шоқайдың талабымен үндесіп жатыр деп айтуға болады. Ол Түркістанда саяси-мемлекеттік егеменді республика құрып, Республиканың жеке негізгі заңы – конституциясын жасауды көздеді.
Сол кездегі қазақ зиялы қауымын мазалаған ақты мәселелердің өзектілерінің бірі – жер-су мәселесі және саясат еді. Себебі сол кезеңде Қазақстандағы отаршылдық құйтұртқы сипат алып қазақтарды қанау, қырып-жою насихатта бүркемеленіп ерекше тәсілдер жасала бастаған еді. Бұл туралы кезінде қазақтың ұлы күрескері М. Шоқай көрегендікпен көрсетіп кеткен еді.
1925 жылы 10 маусымдағы Қазақ өлкелік партия комитеті Бюросының шешімімен И.Сталин мен РКП (б) ОК нұсқауы басшылыққа алынып, Губерниялық комитеттерге ұлттық баспасөзге басшылық және онда ұлттық партияда жоқ зиялыларды пайдалану тәртібі туралы хаттар жолданды. Жергілікті партия ұйымдарына жергілікті баспасөзге басшылық бойынша үгіт-насихат бөлімдерінің қызметін күшейту тапсырылды.
Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Ф.Голощекиннің тағайындалуы кездейсоқ құбылыс емес еді. Ол өзіне бірін-бірә жоққа шығаратын екі принципті: халықтардың жеке бөліну және ортақтандырылған мемлекет идеясын ұстана отырып, ұлттық мәселені сталиндік тұрғыдан түсінудің жоғары үлгісін көрсетті. Құрылып жатқан біртұтас мемлекеттіліктің барлық талаптарына сай Қазақстанның бірінші басшысының алдына республикада орталықтың тілегін жедел мүлтіксіз орындауға бейім мемлекеттік аппаратты құру міндеті қойылды.
Ф. Голощекин бастаған топтың осындай мақсатқа жету жолына ұлттық зиялылар, әсіресе партияда жоқ және оған іштей қарсы бөлігі кесе көлденең тұрып, қарсылығын астыртын байқатуға тырысты. И. Сталин қазақ зиялыларымен жиі кездесіп, олардың ұлттық мемлекетті құру талаптарын ұғынған соң кейбір қазақ қайраткерлерінің іс-әрекеттерінен «буржуазиялық» зиялылардың жікшілдігін көрді. Сондықтан да, Сталин осы «буржуазиялық зиялылоардың» қазақ қоғамының дамуына ықпал етуге тиіс емес деп ұйғарып Голощекинге оларға қарсы күрес жүргізу міндетін жүктеді. Ол партияның басшылығымен Кеңестердің билігін түпкілікті орнықтыру, сөйтіп қазақ бұқарасын алашордалық зиялыларының ықпалынан аулақтату, осы мақсатқа «күш-жігерді аямай, құрбандықтардың алдына тоқтамай» жету үшін екіжүзділікпен жала жабу тәсілін қолданып қазақ зиялыларының жаппай жазалау науқанын бастады.
Сол кездегі құжаттар мұны нақты айғақтайды. Мәселен, НКВД қызметкерлерінің ұлт қайраткерлеріне таққан айыбы мынадай болды: «С.Меңдешов 1918 жылдн Алаш-Орда деп аталатын буржуазиялық-ұлтшылдық ұйымға қатысып, кеңес үкіметіне қарсы белесене күресті.  Бөкей даласындағы қарулы көтеріліске қатысты, сонан кейін буржуазиялық-ұлтшылдық ұйымның құрамына кірді. Бұл ұйымның мақсаты Қазақстанды КСРО-дан бөліп әкету» /145/.
Голощекин өзінің сөйлеген сөздерінде топтық күресті ауыздықтау қажеттігі туралы айтқанымен, іс жүзінде оны қоздырып отырды, ал оның нәтижесін біріншіден өз пайдасына жарату және орталыққа қарсы патриоттық күштердің ұстанымын әлсірету үшін; екіншіден, өз кезінде Т.Рысқұлов атап өткеніндей, кез-келген өзіндік сынға қысым және партия ұйымдарымен жұртшылықтың назарын саясаттағы көптеген қателердің түп тамырының ашылуынан аулақтату үшін пайдаланды /146, 99б./.
Осындай пікірдің дұрыстығын тарихи деректер де айғақтайды. Голощекин Қазақстанның бірінші басшысы лауазымына келген бірінші күнінен бастап кеткенге дейін ұлттық зиялыларға, бірінші кезекте оның бетке ұстар өкілдеріне қарсы жұмыстың осы әдісіне сүйене отырып, күрес жүргізді.
1928 жылы қыркүйекте Қызылордаға келгенде Голошекин өзінің Қазақ өлкелік партия комитетінің басшысы болып тағайындалғандығына қарсы топ бар, оны сол кездегі республика партия ұйымының екінші хатшысы С.Қожанов басқарады және оған «Еңбекші қазақтың» бас редакторы С.Сәдуақасов пен КазЦИКтің төрағасы Ж.Мыңбаев кіреді-мыс деген қауесетті таратады. Ал іс жүзінде ұлттық зиялылардың ішінде жақтырмағандар болғанмен, ешқандай да Голощекинге қарсы топ болған жоқ еді. Мұндай қауесетті тарату оған, ең алдымен, республика басшылығындағы аса ықпалды және қабілетті қайракерлерді қудалау үшін қажет болды: осы тәсілмен әсіресе отаршылдыққақарсы күресті шынайы жақтаушы, 1921-1923 жылдары Түркістандағы жер-су реформасы кезінде кеңінен танылған, халық алдында беделі зор Сұлтанбек Қожановқа қарсы жала жабу тәсілі қолданғаны айқын болды.
Кейін Мәскеуге Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы ретінде келген Голошекин С.Қожановты атқарып отырған қызметінен босатқызып, оны Мәскеуге Орталық комитеттің қарамағына жіберткізеді. Оның орнына Ежовкеліп, Мәскеуге жұмысқа ауысқанға дейін бірінші хатшының бас кеңесшісі болды. С.Қожановтың өзі мұндай ауыстырулардың астарында не жатқандығын жақсы түсінді. Бұл сол кезеңде республикадағы ұлтшылдық пиғылдағы қайраткерлермен күресте қолданылған әдістердің бірі еді.
Тарихи әділеттік тұрғысынан қарастырсақ: біріншіден, зиялылардың ұғымында жарияланған Қазақ автономиясының басқа ұлт өкілінің бірінші басшы болып тағайындалуымен ешбір қисынға келмейді, екіншіден, осы тағайындалу өктем тәртіпке тән әдістермен, атап айтқанда, орталықта келісімсіз және жергілікті жердегі көзбояушылық, демократиялық талқысыз жасалды.
Қазақ өлкелік партия комитеті бюросының мәжілісінде оған ОК шешімі туралы хабарлағанда, ол қаймықпастан: «Москва мені, әрине, іс үшін емес, ерігу үшін шақырды» - деді/147, 100б./.
1922 жылы 22 наурызда Ташкентте жауапты қазақ зиалыларының қатысуымен Түркістан орталық атқару комитетінің жанындағы қазақ-қырғыз бөлімінің мәжілісі өтті. Онда Түркістан орталық ақару комитеті мен Түркістан халық комиссарлары комитетінің Қазақстандағы өкілі Иса  Тоқтыбаевтың баяндамасы тыңдалды. Баяндама негізінде қабылданған қаулыда Жетісу мен Сырдария облыстарын Қазақстанға қосудың кешеуілдете тұрудың себептері көрсетілді. Олар: 1) Түркістандағы жер реформасын аяғына дейін апару; 2) Қазақстанның астансын Орынбордан көшіру; 3) Қазақстанда кеңес жұмысынажергілікті халық адамдарын кеңінен араластырып, отаршылдықтың қалдықтарын жоюға қол жеткізу/147, 100б./. Осындай шарттар орындалған жағдайда ғана Түркістан қазақтарының Қазақстанға қосылуы тиімді деп көрсетілді.
Осы талаптар аяғына дейін жүзеге аспай жатып-ақ, 1924 жылы Орта Азия республикаларын ұлттық-территориялық межелеу жүргізілді де, Жетісу мен Сырдария облыстары Қазақстанға қаратылды. Түркі дүниесіне өзгеріс әкелген бұл жағдай да талас-тартыс пен қарама-қайшылықтарға толы болды. Бөліну мен бірігу процесстері әр-түрлі бағытта жүріп жатты. 1924 жылы 10 наурызда Ташкентте өткізілген кеңесте Түркістан Коммунистік париясының Орталық комитетінің хатшысы А.Рахымбаев «Түркістанның ұлттық территориялық межеленуі туралы» деген тақырыпта баяндама жасады. Ол Орта Азияны ұлт республикаларына жіктеуді дұрысеп бағалады. Оны Н.Айтақов, С.Асфендияров, Қ.Атабаев сияқты қайраткерлер қолдады. Ал Орта Азиялық экономикалық кеңестің төрағасы М.С. Паскуцкий мен С.Қожанов межелеу ісіне келіспеді. Олар экономикалық және саяси-әкімшілік жағынан біртұтас Орта Азия Федерациясын құруды жақтады. Орта Азия республикаларын межелеу жөніндегі Территориялық Комиссияның 1924 жылы 17 тамыздағы пленумында, кейін Түркістан республикасының басшы ұйымдарының 1924 жылы 14 қыркүйек айында болған біріккен Пленумында С.Қожановтың Орта Азия Федерациясы туралы талаптарына тойтарыс берді. Сол уақытағы қазақ зиялылары қинаған мәселенің күрделісі – шекара бөлінісіне қазақтардың шала әзірлікпен келуі еді. С.Қожановтың «Дау тоқталып, іс басталсын» атты мақаласын осы жағдайдың дәлелі ретінде қарауға болады. Онда «Осы күнге дейін бір болып келген, шаруа жағынан жігі ашылмаған Түркістан енді тозып, төрт-бес мемлекет болып отыр. Басқалар Орта Азия шаруа бірлігін жасап, бірден бөлініп кетпестен, шаруа істерін бір жөнмен жүргізбек болып отырғанда, Орта Азиядан қазақ облыстары шықты саналып отыр. Арқа сүйеу болатындай Қазақстанның шаруа байлығының да, билеу түрінің де шамасы белгілі, Жетісу мен Сырдария шаруа жағынан, әлі де болса, Қазақстаннан гөрі, Орта Азия мемлекеттеріне байланысты» - деп көрсетеді /148/.
Сол уақытта Орта Азия республикаларын болғанын ұлттық-территориялық тұрғыдан межелеу маңызды мәселе екендігін мұрағат құжаттарынан көруге болады. Сол кезеңдегі нақты дерек ретінде «Қырғыз (қазақ) территориясын Түркістан КССР құрамына біріктіру мен Орта Азияны мемлекеттік-ұлттық мәселесі негізінде біріктіру туралы» құжаттан көруге болады. Онда көрсетілген мұрағат құжат деректерінде:
«1. Орта Азия территориясын ұлттық принцип бойынша межелеп қарастыру қалайда дау-дамайға ұлағыса әкеліп соғуы тиіс болса да сол кездегі көп тайпалы ТССР, Бұқара және Хорезм территориясындағы қырғыздар иеленіп отырған жерлерді бөліп алып, біртұтас болған КССР құрамына енгізуі әсіресе, кезіндегі Түркістан республикасын, ендігі КССР-дегі қырғыз (қазақ) облыстарын біріктіру дер кезіндек, кеінге қалдыруғак болмайтындай әрі мемлекеттік қажеттілігі болуы және бұған дейін бұл мәселені шешуді күтіп отырмай-ақ, оны жүзеге асыру талабы туындаған болатын.
2. Болашақ ҚССР шекарасын анықтаудың негізінде КСРО-да белгіленген тәжірибеге сәйкес үш принцип алынды:
І. Ауданның табиғи-тарихи жағдайының біртектілігі.
ІІ. Оның экономикалық ерекшелігінің біркелкілігі.
ІІІ. Халықтың ұлттық-мәдеи және тұрмыс жағдайының біркелкілігі. Мұндағы соңғы принцип жетекші роль атқарды.
Сонымен қатар алғашқы екі мәселе ұлттық-мемлекеттік құрылымды тіркегенде әдетте қосымша маңызды деп есептелінеді де  тек шектен тыс ерекше жағдай болғанда ғана айқындаушы маңызға ие бола алады»/149, 107б./.
Түркістан мен Қазақстан республикаларының ішкі мүмкіндіктерін жан-жақты саралаған қазақ зиялылары Орта Азияны межелеу тұсында қазақ халқы қандай жағдайда қолайлы жлды таба алады деген сауалға жауап іздестірді. Бірінші кезекте астананы Орынбордан қалың қазақтың ортасына көшіру қажеттігі қозғалды. Себебі «мемлекет асатааның жұртшылығына сүйеніп істемесе, бас хүкіметтің ісі оңбайды» - деп білдірді /150, 107б./.
Астана туралы мәселенің негізінде үміткер қалалар қатарында Ақтөбе, Ақмола, Ақмешіт, Әулиеата, Семей, Шымкент қалалары аталған еді. Қорытысында Орталық Атқару Комитеті астананы Орынбордан Ақмешітке көшіруге қаулы қабылдады.
Астананы көшіру ісіне С.Қожановтың өзі тікелей басшылық жасады. 1925 жылы сәуір айында Қазақ Орталық атқару Комитетінің кезектен тыс Ү съезі өткізілді. Съездің негізгі күн тәртібіне Қазақстан үшін сол кезде аса маңызды болып отырған мәселенің біріншісі, қырғыз деген атауды алып тастап, бұдан кейінгі құжаттарда тек қазақ деп жазуды, екіншіден, астананың Ақмешіт деген атын өзгертіп, қаланы Қызылорда деп атауды ұсынды.
Сонымен Қазақстан мемлекетінің территориясы, шекарасы және астанасы айқындалып, бодандық қыспақта халқы қырылып-жойылып, ауыр азапты бастан өткізсе де, өз билігі қзінде болмаса да тарихи тұрғыдан аса зор жеңіске қол жетті. Ол біртұтас территориясы белгіленген шекарасы нақтыланған, астанасы бар республика атын заңды түрде алған ел санатында аталатын болды. Мұның өзі ХХ ғасыр басындағы М.Шоқай, Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Б. Қаратаевтар бастаған қазақ саяси элитасының жүргізген күресінің нәтижесі болса, Кеңес өкіметі орнаған уақыттан бастап Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаевтардың атқарған қызметтерінің де нәтижесі болды. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің іргетасы, осылай, ХХ ғасырдың басында қаланған еді.
Ұлттық саяси элитаның біз қарастырған хронологиялық межедегі ұлттық мемлекеттікті қайта қалпына келтіру жолындағы күресі – қазақ тарихында жете көңіл аударып, арайы зерттеуге лайық мәселелердің бірі.
ХІХ ғ. бірінші жартысында патша өкіметінің хандық билікті әлсіретіп жойып жібергеннен кейін, қазақ даласында Ресейге қолайлы әкімшілік басқару жүйесі енгізілді. Бұл процесс кезінде қазақ еліне заңсыздық, адам құқын аяққа басу, ұлттық езгі мен мемлекеттілікті жою сияқты көріністерді енгізді.
Дегенмен де, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында орын алған қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде Ресей империясында мұсылмандық қозғалыс өріс алды. Бірінші және екінші Мемлекеттік думаға сайланған қазақ өкілдері мұсылман фракциясына кіріп, отаршылдық езгідегі қазақ халқының мүддесін қорғап, азаматтық құқын қамтамасыз етуде күрес жолдарын іздестірді. Осы мұсылмандық қозғалысқа ат салысқан қазақ саяси элитасы, ұлттық бостандыққа жету жолындағы күресте мемлекеттілік мәселесін негізгі мәселелер қатарында қарастыра отырып, сол аймақтағы халықтардың құқықтарын қорғай алатындықтарын көрсете білді.
Қазақ қоғамы үшін Ақпан революциясының жеңісі рухани сілкініске алып келген оқиға болды. Осы кезеңнен бастап жергілікті қазақ зиялылары қоғамдық-саяси қызметке араласуларына мүмкіндік алды. Төңкеріс нәтижесінде бостандыққа қол жеткізген қазақ жұрты ұйымдық жағынан бірігіп, мемлекеттік басқару істеріне араласа бастады. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы мен Қазан төңкерісі аралығындағы кезең – демократия кезеңі болып табылады. Сонымен қатар, осы кезеңде қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің тарихындағы мемлекеттілік мәселесі тұтастық маңызға ие болып, идеялық тұрғыда Алаш идеологиясының қол астына біріктірілді.
Қазақ өлкесінде большевизм қыспапғына қарамастан қазақ саяси элиатасы өз мүдделерін қорғай білді. Олар мемлекеттілікті көздеп, Алашорда үкіметі мен Түркісатан (Қоқан) автономиясын алып шықты.
Большевиктік басшылықтың бүкіл Ресей империясының аймағында біртұтас мемлекеттілікі құруын шағын халықтарды экономикалық және саяси жағынан тәуелді ету, немесе керек жағдайда жоюға бағытталған әрекеттеріне қазақ саяси элитасы қарсы шықты.
Большевиктер идеологиясы ұлттық мәселелерді шешу таптық мәселелерді шешуден туындайды деп біржақты пікірде болды. Бұл жолды И.Сталин өзі қолдаған. 1923 жылы ұлттық республикалар мен облыстарының жауапты қызметкерлерімен өткен РКП (б) ОК-нің Кеңесінде М.Сұлтанғалиев арқылы «татар ұлтшылдығын» талқылатқан халықтардың болашақ көсемі «Түркістанды үлгілі республикаға айналдыру» міндетін қойып, «қырғыз ұлтшылдығына» қарсы күресті күшейте түсті.
Бұл уақытта бүкіл қазақ баспасөзін партияда жоқ қазақ зиялылары ұстап тұрған еді және олар жаңа қоғамға қатысты өздерінің дұшпандық көзқарасының бар екендігі хақында күмән келтіретіндей ешбір сылтау берген жоқ. Солай бола тұрса да, Сталиннің хаты олардың қызметін шектеу үшін нұсқау болды.
Қазақстан тарихындағы 30-шы жылдардағы қасіреті Орталықтың озбырлық саясатының нәтижесі. Қазақ халқының мүддесін орталық елемеді, нәтижесінде Ақпан революциясынан кейінгі ұлттық мемлекет құру, ұлттық дәрежедегі жеке мәселелерін дербес шешу жолындағы жетістіктерінің тамырына балта шабылды.
Патша өкіметінің ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы хандық мемлекеттілікті жоюға бағытталған әкімшілік-құқықтық реформаларының нәтижесінде және Кенесары ханның хандығы жойылғаннан кейін қазақ мемлекеттілігі жойылды. Ол туралы мәселе тек ХХ ғасырдың басында ғана қайта көтеріледі. Бұл жерде қазақ саяси элитасының бірінші және екінші Мемлекеттік Думадағы қызметін атап өтуіміз керек. Бұл қазақ саяси элитасының алғаш тәжірибе жинаған саяси күрестің майданы еді.
Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі аралығындағы саяси элитаның қызметі кең құлаш жайып, Алашорда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясы құрылған еді. Алайда билікке ұмтылған большевиктер бұл уақытша болса да, өмір сүріп, мемлекеттілігімізді қысқа мерзімге болса да жаңғыртқан Алашорда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясын жойып жіберді.
Большевиктер тұсында саяси элита Қазақстан территориясын қалыптастыру жолында маңдай тер төкті. Бұл күрестің нәтижесінде қазіргі Қазақстан территориясы межеленді. Сондай-ақ астана қазақ халқы басым, қазір Қызыорда деп аталатын Ақмешітке көшірілді.
Бүгіндегі тәуелсіздігіміз бен ұлан-байтақ жерімізді – сол ХХ ғасырдың бірінші ширегінде өмір сүріп, ұлттық мүддесін өзгеріп отырған жағдайға икемдеп қорғай білген саяси элитамыздың қайратты да жігерлі саяси күресінің нәтижесі деп білуіміз керек. Демек, қазіргі мемлекттілігімізді алуымызға ХХ ғасырдың басындағы қазақ саяси элитасының маңызы зор болып отырғанына көзіміз жетіп отыр.
Сонымен қатар, бұл мәселе әлі де болса терең, мұқият әрі тыңғылықты зерттеуді қажет ететіндігі де күмән туғызбайды. Себебі,  қазіргі күнде, заман талабына сай жаһандану үрдісі белең алып мен Елбасымыздың халықты әлемдік бәсекеге қабілеттілікті арттыру міндеттерін шешуге жұмылдырып отырған кезінде ХХ ғасырдың басындағы саяси элитаның тәжірибесі бізге көп септігін тигізер еді. Ал бұл үшін осы бағыттағы зерттеулердің әлі де көптеп шығатынына күмән туғызбайды.Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/193951 Қазақстан одақтық республика дәрежесінде. ҚазССР-нің Конституциясының қабылдануы.
52 XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы мәдени құрылыс.
Ересектер арасында сауатсыздықты жою
Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.
1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.
Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.
1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.
Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.
1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)
Халыққа білім беру ісі
1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.
1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.
20–30 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. 1934–1935 жылдары Қазақстанда 221 интернат жұмыс істеді.
ғыстың алдында республика мектептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбеев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев, Л. И. Довранская, Н. В. Волков т. б. білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды.
Кәсіптік білім беру ісінің дамуы
1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды.
1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институты ашылды.
1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды.
1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды.
1934 жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-технолог кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды.
1931–1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орындарының саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды.
Ғылымның дамуы
XX ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан ғылымы қалыптасып, дами бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған «Қазақстанды зерттеу» қоғамы көп үлес қосты. Бұл қоғамда Қ. Жұбанов, С. Аспандияров, Ж. Аймауытов, А. В. Затаевич, А. Байтұрсынов, Ә. Диваев, А. П. Чулошников сияқты ғалымдар еңбек етті. 1926 жылы М. Е. Массон Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
Н.Г. Кассин, С. С. Неустроев, М. П. Русаков, А. Е. Ферсман, Р. А. Барунайов сияқты геолог ғалымдар қазақ жерінің табиғи ресурстарын зерттеуде ірі табыстарға жетті. Қарағанды, Екібастұз көмір қорлары, Ембі мұнай қоры анықталды.
1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасы құрылды. Бұл базаның құрамында 1935 жылы тарих және геология секторы, Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты құрылды.
1935 жылы КСРО Ғылым академиясы Кенді Алтай түсті металын, Жезқазған мысын, Орал-Ембі мұнайын зерттеуге арналған сессия өткізді. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның одақ көлемінде көмір қоры жөнінен бірінші орын алатыны анықталды.
1935 жылы профессор С. Аспандияровтың еліміздің тарихы жөнінде «Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы» атты ғылыми еңбегі жарық көрді.
А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Сейфулин, С. Мұқанов бастаған әдебиеттанушылар лингвистика, тіл білімі және әдеби зерттеулер бойынша ғылыми еңбектер жазды.
Қазақ КСР-де ғылымды дамыту жолында С. М. Вавилов, В. Л. Камаров, А. Н. Смаилович (түрколог), А. Д. Архангельский (геолог) есімді академиктер мол үлес қосты.
1940 жылы Қазақстанда 57 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді. Бұларда 1700-ге жуық қызметкер еңбек етті. 1939 жылы елімізде ғылыми істерге жұмсалатын күрделі қаржы 14,4 миллион сомға жуық болды.
Соғыс қарсаңында КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы құрылды.
Қазақ Кеңес өнерінің дамуы
XX ғасырдың 20–30 жылдарында Алматы, Орал, Петропавл, Семей, Ақмола, Қостанай қалаларында түрлі деңгейдегі мәдениет мекемелері жұмыс істеді.
А. В. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 жылы), «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» (1931 жылы) деген еңбектерін жазып, қазақ музыкасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. А. В. Затаевичке 1932 жылы Қазақ АКСР-ның халық артисі атағы берілді.
1922 жылы Қарқаралыда халық жыршылар бәйгесі өтті.
1924 жылы Москвада өткен халықтар музыкасының концертіне Петропавл педучилищесінің қазақ хоры қатысты. Хорды И. В. Коцых басқарды.
Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев 1925 жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы, 1927 жылы Францияның астанасы Париждегі концерттерге қатысып, Батысқа қазақ әнінің құдіретін танытты.
1926 жылы Қазақстанда алғашқы ұлттық қазақ театры сол кездегі астана Қызылорда қаласында ашылды. Театрдың алғашқы директоры актер, режиссер Жұман Шанин болды. Театр ұйымдастыру ісіне Ә. Қашаубаев, И. Байзақов, Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, Қ. Жандарбеков, Е. Өмірзақов, Қ. Бадыров көп еңбек сіңірді. М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы – театрда алғаш қойылған пьеса. Бұдан басқа театрда Ж. Шаниннің «Арқалық батыр», Б. Майлиннің «Шаншар молда», С. Сейфулиннің «Қызыл сұңқарлар», М. Әуезов пен Л. Соболевтың «Абай», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесалары, Д. А. Фурмановтың «Бүкіл», Шекспирдің «Отелло», Н. В. Гогольдің «Ревизор», «Үйлену» қойылымдары сахнаға шығарылды.
1937 жылы бұл театр қазақ академиялық драма театры аталды.
1930 жылы Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Ақтөбе қалаларында театрлар ашылды.
1933 жылы Алматы қаласында ұйғыр музыкалық драма театры ашылды. Бұл театрда А. Садыров пен Ж. Асимовтің ержүрек ұйғыр қызын бейнелейтін «Анархан» пьесасы және т. б. қойылды.
1937 жылы Қызылорда қаласында Корея театры ашылды. Мұнда Д. И. Дон-Имнің «Чуп-хан-дан» музыкалық драмасы қойылып, көпшіліктің көңілінен шықты.
Сонымен қатар азамат соғысы кезінде және басқа да қиын-қыстау жылдары Ә. Жангелдин басқарған отрядта, Түркістан атқыштар дивизиясы мен бірінші кеңестік қазақ атты әскер полкінде жылжымалы театрлар жұмыс істеді.
Онда Ж. Аймауытовтың «Ел қорғаны», Р. Мәлібаевтың «Әдет күңі», М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Бәйбіше-тоқал», Е. Ерданаевтың «Мылқамбай» сияқты пьесалары қойылды.
30 жылдары қазақ киносының дами бастаған кезі болды. Осы кезде Алматы қаласында жұмыс істеген «Востоккиноның» бөлімшесі «Жайлауда», «Түрксіб» сияқты деректі фильмдер мен «Қаратау құпиясы», «Жұт», «Дала әндері» сияқты дыбыссыз көркем фильмдерді түсірді.
1934 жылдан бастап республикада хроникалы фильмдер студиясы жұмыс істей бастады.
1938 жылы республикадағы алғашқы дыбысты фильм «Амангелді» фильмі қойылды. Бұл фильмді «Ленфильм» киностудиясы түсірді.
1934 жылы Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры ашылды. Мемлекеттік музыка театры болып ашылған бұл театрда М. Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклі 100 реттен астам көрсетілді.
1934 жылы А. Жұбановтың жетекшілігімен Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды.
1936 Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясы құрылды.
1938 жылы мамырда Москвада өткен қазақ өнері күндерінде «Жалбыр», «Қыз Жібек» опералары қойылып, Күләш Байсейітова бастаған әншілер ән шырқады. К. Байсейітова КСРО халық артисі атағына ие болды.
Әйгілі суретші П. Г. Хлудов қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі болды. Алғашқы қазақ суретшісі Әбілхан Қастеев – Хлудовтың шәкірті. Ә. Қастеевтің «Амангелді» картинасы – қазақ бейнелеу өнерінің озық туындыларының бірі.
1930 жылдары Қазақстанда мәдени ағарту орындары жұмыс істей бастады.
1934 жылы Алматыда кітапхана техникумы, Орал, Семей, Өскемендегі педагогикалық техникумдар жанынан кітапхана бөлімдері ашылды.
1939 жылы республикада 3304 кітапхана жұмыс істеді. Соғыс қарсаңында республикадағы мәдениет үйлерінің саны 5237-ге жетті.
Соғысқа дейінгі жылдарда Қазақстан мәдениеті осындай зор жетістіктерге жеткенімен, сталиндік бюрократиялық жүйе мәдени рухани салаға орны толмас шығын әкелді.
Әдебиеттің дамуы
XX ғасырдың 20–30 жылдарында қазақ әдебиетінде Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жұмабаев бастаған ақындар мен жазушылардың орны ерекше болды.
С. Сейфуллин — «Қазақ жастарының марсельезасы», «Көкшетау», «Советстан» шығармаларының авторы. 1927 жылы Қазан революциясы, азамат соғысы жайында «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романын жазды.
М. Жұмабаев «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» т. б. дастандарын жазды.
С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын, «Ботагөз» романын жазды.
І. Жансүгіров «Құлагер», Б. Майлин «Азамат Азаматыч», И. Байзақов «Құралай сұлу», Ғ. Мұстафин «Өмір мен өлім», Ж. Аймауытов «Қартқожа» туындыларын осы кезде жазды. Б. Жәнікешов, Б. Ізтөлин – азамат соғысы жылдарындағы белгілі ақындар.
Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», Ж. Аймауытовтың «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», Б. Майлиннің «Жалбыр», М. Әуезовтің «Түнгі сарын», «Айман-Шолпан» сияқты туындылары қазақ драматургиясының ірі табыстары ретінде белгілі болды. Қазақ әдебиетінде кеңестік басқа ұлт өкілдерінің де алатын орны ерекше. Мысалы, қазақ жеріндегі ұжымдастыру жөнінде Мате Залка «Тұман тұмшалаған ауыл» атты романын жазды.
20–30 жылдардағы қазақ әдебиетінде аударма ісі де ерекше орын алды.
Алаш қозғалысының жетекшісі Ә. Бөкейханов аударма ісінің шебері болды.
А. Байтұрсынов И. А. Крыловтың шығармаларын, Ж. Аймауытов М. Ю. Лермонтов пен А. С. Пушкиннің, Ғ. Тоқай Ф. Шиллердің шығармаларын;
М. Жұмабаев М. Горький мен Г. Гейненің, Гете мен Д. Мамин-Сибиряктың, В. Ивановтың шығармаларын аударды.
Ж. Аймауытов «Интернационалды» аударды.
Ж. Жабаев пен Н. Байғаниннің, Ш. Қошқарбаевтың т. б. ақындардың өлеңдері мен дастандары қазақ поэзиясын одан әрі дамытты.
XX ғасырдың 20–30 жылдарында Ә. Тәжібаев, Қ. Аманжолов, Ә. Сәрсенбаев, Д, Әбілов, Қ. Бекхожин, Ж. Саин, Т. Жароков бастаған жас буындар әдебиет саласында белгілі болды.
Сталиндік бюрократизм, жазалау шаралары, репрессия қазақ әдебиетіне орны толмас шығын әкелді. Мысалы, жазықсыз жолмен М. Дулатов түрмеге қамалып, 1935 жылы қайтыс болса, А. Байтұрсынов 1937 жылы атылды.
XX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.
Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.
XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады.
Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің«Шахнамасынан» «Рұстем-Зұхраб» поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторыболды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.
XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері- Ахмет Байтұрсынұлы болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Санкт-Петербургтежарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.
А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз Қазақ газетінің редакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.
Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропа мәдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. Лермонтов, А. Чехов, В. Короленко, Л. Толстой, А. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді.
Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығын терең зерттеді, бірінші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілініңтынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.
XX ғасырдың бас кезінде талантты қазақ жазушысы әрі драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылық жолы басталды. Ол ауыл мектебін бітіріп, білімін орыс-қазақ мектебінде жалғастырды, 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсті. Оның негізгі шығармалары кеңестік уақытта жазылды. Дегенмен Ж. Аймауытов 1917 жылдың өзінде «Абай» журналының жұмысына да араласты.
Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыққа үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып тұрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шықты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.
Қазақ баспасөзінің қалыптасуы.
Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. XIX ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Санкт-Петербургте редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді.
Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаметжан Сералин болды. Журнал өдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектеп- терге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы: Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалары да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Газет беттерінде Ә. Бөкейхановтың ауыз әдебиеті мен А. Байтұрсыновтың қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі еңбектеріне көп орын берілді.
1913 жылы қыркүйектен Петропавловскіде татар және қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газеті шыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К. Тоғысов басшылық жасаған апталык «Алаш» газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін әр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады: маусым айынан бастап Семейде «Сарыарқа» апталық басылымы, «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Оралда - «Ұран» газеті, Ташкентте пантүріктік жене жәдит бағытындағы екі басылым - бас редакторы Мұстафа Шоқайболған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті, Ақмолада «Қазақ газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шыға бастады.[1]20-30-шы жылдардағы оқу-ағарту ісімен мәдениет мәселесі тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі мәселе. Мұның басты себебі, осыған байланысты ресми мәліметтердің өзара кайшылықта болуы дер едік. 20-30-шы жылдардғы ұлт зиялылардың ағартушылық қызметі арқылы тоталитарлық жүйесі қарсылығының ерекше түрі болғандығын көрсетуі біздіңше құптарлық пікір деуге болады. Кеңес заманында қазақтарда қазан революциясына дейін оқығандар болған жоқ деген тезис белең алып келгені баршаға мәлім. Ал шын мәнінде тарихи шындық басқаша болған. Профессор Х.Әбіжановтың статистикалық мәлім еттеріне сүйеніп жасаған мына мәліметгеріне сүйенсек, XX ғасырдың басында қазақ өлкесінде қазақтардан 3000-дай мұғалімдер, 600-ге жуық ауыл шаруашылық мамандары, ал 30-ға жуық қазақ азаматы жоғарғы медицина мамандық алған. Қазақтың ұлттық интелегенциясынын өсіп-өркендеуі қиын тарихи жағдайда жүрді. Бір жағынан уақыты өткен ескі қоғамдық қатынастар аяқтан тартып, мешеуліктен шығуға кедергі жасаса, екінші жағынан отарлық езгі, патшалықтың «әскери-полицейлік» тәртібінің күшейуі қазақ елінің алдағы болашағын күмәнді етті. Ақыры 1917 жылы Ақпан төңкерісі жеңіп, патша тақтан түсті. Қазақ демократиялық зиялылары бұл хабарды қуанышпен қарсы алып, ендігі жерде қазақ халкының бостандығын қамтамасыз ететін сәт жақындады деп сенді. Осыған байланысты, сол кездегі халықтың көңіл күйін А.Байтұрсынов былайша сипаттайды; «Қазақтарға Ақпан Төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, Қазан (әлеуметтік) Төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз көрінді». Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбур болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкеріске деген мұндай қатынасы әбден табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ал бірініден бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруына және екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді. Міне осылайша қазақ зиялылары Ақпан төңкерісінің нәтижесінде ұлттық-азаттық қозғалыстың негізі мәселелері - ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, мәдениетті өркендетуге және басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік туады деген сенімде болды. Осы орайда оқу-ағарту саласына ерекше көңіл бөлген ең алдымен Түркістан Республикасы Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың, сонымен бірге Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Санжар Асфандияровтардың атқарған қызметтерін атап өткен орынды.
53 Қазақстандағы өндірістік модернизация: жүзеге асудағы қиыншылықтары мен ерекшеліктері
54 Қазақстандағы индустрализация: кеңестік үлгі.
Қазақстанда индустрияландыруға бағыт алу. 1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс болды. 1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда өнеркәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы негізінен алғанда Ресей аумағындағы ескі өнеркәсіп орындарын қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларын жасауға жұмсалды.
1926 ж. 27—30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. Қазақстан экономикасында әлі де болса ауыл шаруашылығы негізгі сала болды. Оның үлесіне жалпы шаруашылықтық өнімнің 84,4 пайызы тиетін және халықтың 90 пайызы ауылды жерлерде өмір сүретін еді. Осындай жағдайда бұрынғы ұлт аймақтары , оның ішінде Қазақстан да бар, Ресей төңірегіне — метрополияға топтастыру саясаты жалғаса берді. Кеңес үкіметінің индустрияландыру барысындағы орашолақ, біржақты саясаты сол кездің өзінде Троцкий, Бухарин, Зиновьев сияқты саясаткерлердің қарсылығын тудырған болатын.
Қазақстанда индустрияландыру жайында қызу пікірталас болды. Олар мынандай бағыттарға қарастырылды:
Бірінші бағытты жақтаушылар — Қазақстан экономикасының орталыққа тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады.
Екінші бағыт — Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.
Үшінші бағыттағылар — қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. Олар көшпелі өмір — қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы, ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ерекшелігі.
Төртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән келтірді. Қазақтармен “өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындай алмайсың”, “өндірісті қазақтандыру пайда бермейді”, “қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді”, “қазақ бәрібір жұмыс істемейді, ол қайтсе де далаға қашады” және т.б. деп санады.
Голощекин бұл бағытты 1927 ж. ұсынып, 1930 ж. мамыр-маусым айларында Алматыда өткен VІІ Бүкілқазақтық партия конференциясында тағы да қайталады. Орталық Комитеттің Саяси бюросының мүшелігіне кандидат А.Андреев VІ Бүкілқазақтық партия конференциясында: “Біз КСРО-дағы индустрияландыру мәселесіне әрбір республиканың өз ауыр индустриясын құру, әрбір республиканы бас-басына индустрияландыру жолымен жүрмейміз”,— деп, Кеңес үкіметінің шет аймақтарды орталыққа бағындыру, тәуелді ету саясатын ашық мәлімдеді.
С.Сәдуақасовтың индустрияландырудың отаршылдық бағытына қарсы күресі. Индустрияландырудағы голощекиндік бағыттың біржақты отаршыл бағытын айқын көре білгендердің алдыңғы қатарында тағы да С.Сәдуақасов тұрды. Ол: “Егер империалистік орыс буржуазиясы шет өңірлерден тек шикізат талап, фабрикалар мен зауыттарды өз қолтықтарының астына орналастырған болса, социалистік өнеркәсіп шаруашылықтың қажеттілік жағдайына орайластырылып дамытылуы қажет.”, — деп көрсетті.
Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен сипаты. 1928 жылдың 1 қазанынан шартты түрде басталатын бірінші бесжылдық жылдарында Қарсақбай, Риддер сияқты кәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтын кені және т.б. қайта қалпына келтірілді. Өңдеу өнеркәсібінің Семей тері, кірпіш, Петропавл ет комбинаты сияқты байырғы түрлері жөнделіп, қайта іске қосылды. Ал бес жылдың ішінде жаңадан салынғандары: Іле ағаш тілу, Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Ақтөбе фосфор тыңайтқыштары, Орал мен Алматыда ет комбинаттары, Гурьевте (қазіргі Атырау) балық консервілеу комбинаты, Мерке, Жамбыл және Талдықорғанда қант зауыттары ғана болды. Олардың өзі негізінен шағын аумақты қамтамасыз етуге бейімделген кәсіпорындар еді.
Кеңес үкіметінің басшылары да патша заманындағыдай Қазақстанға бай шикізат көзі ретінде қарады. Табиғат байлықтарының күрделі ошақтарын табу мақсатында бірінші бесжылдық жылдарында КСРО Ғылым академиясы кешенді ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Академик Н.С.Курнаков басшылық еткен Орталық Қазақстандағы геологтар мен геофизиктер тобы Қазақстан Республикасы “Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы” болып табылады деген тұжырым жасады. Ал Орал-Ембі аймағын зерттеген академик И.М.Губкин бастаған топ оның мұнайға аса бай екенін дәлелдеді. Кеңес үкіметі осы байлықтарды пайдалануға баса көңіл бөлді. Соның барысында соғыс басталғанға дейінгі кезеңде Қарағанды шахталары, Ембінің мұнай кәсіпшіліктері, Алтай мен Ащысай кәсіпорындары қайта жабдықталып, Зырянов, Риддер полиметалл, Балқаш пен Жезқазған кен-металлургия комбинаттары салынды.
Түрксіб темір жолын салу. Индустрияландыру кезіндегі Қазақстандағы ең күрделі құрылыс — Түрксіб темір жолын салуды аяқтау болды. Патша үкіметі Қазақстанды жаулап алу барысында, әскери-стратегиялық мақсатта Орынбор-Ташкент бағытында темір жол салып, оны қазіргі Алматы арқылы Семеймен жалғастыруды көздеді. Бұл елімізді қоршай отырып, тұқырта ұстауды және 1928 ж. желтоқсанда БК(б)П ОК мәжілісінде Түрксіб жұмысшыларының тұрмыс жағдайы туралы мәселе арнайы қаралды. Ал 1929 жылғы қаңтарда өткен жиналыста құрылыстағы бұқаралық және мәдени-ағартушылық жұмыстар туралы мәселе талқыланды. 1929 ж. 3 мамырда КСРО ХКК Түрксіб құрылыс басқармасының есебін тыңдады. Кеңес үкіметі құрылыстың оңтүстік және солтүстік бөліктерін 1930 ж. аяқтап, 1932 ж. пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.
Түрксіб құрылысының бастығы болып В.С.Шатов тағайындалды. Оны РСФСР Халық комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов басқарды. Құрылыс жұмыстарына бірнеше ұлт өкілдерінен құралған 100 мыңдай адам тартылды. Қысы-жазы, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан еңбек еткен олар, сөз жоқ, ерліктің үлгісін көрсетті. Әсіресе қиын да күрделі қара жұмыстар қазақ еңбекшілерінің еншісінде көбірек болды. Соның нәтижесінде патша заманында тәулігіне орта есеппен 150 метр ғана салынатын Жетісу темір жолын салу Кеңес заманында 1500 метрге дейін жетті. Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал және т.б. өзендерден өтетін көпірлер де жылдам салынды. Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдан екі жыл бұрын, яғни үш жылда салынып бітті. Құрылыстың бірінші кезеңінде солтүстікте 155 км, келесі кезеңінде — 185 км, ал 1929 ж. — 432 км ұзындыққа темір жол төселді. Бұл жұмыс жылдамдығы күніне орта есеппен 2,5 км деген сөз еді. 1927—1929 жылдары оңтүстіктен ұзындығы 506 км жол жасалды. Түрксібтің оңтүстік және солтүстік бөліктері 1930 ж. 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша пайдалануға берілді. Ал 1931 жылдың қаңтарынан бастап тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Жалпы ұзындығы 1445 километрге созылған бұл темір жолдың ел өміріндегі маңызының зор екенінде дау жоқ. Мәселен, 1929/30 шаруашылық жылдары 1928/29 жылдармен салыстырғанда Қазақ жерінде өндірілген тас көмір — 1,4 есе, мұнай — 1,3 есе, мыс кені — 2,5 есе, түсті металл кендері — 2,3 есе көп өндірілді. Түрксібтің салынуымен республикамыздағы жүк тасымалы 1928 жылғы 2902 мың тоннадан 1932 ж. 8888,4 тоннаға дейін, яғни 3 еседен астам өсті. Әсіресе құрылыс материалдарын тасу — 10 есеге, тас көмір мен кокс — 8 еседей, мұнай өнімдері — 2 есеге артты.
Қазақстан металлургиясы. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстан КСРО-дағы республикалар арасында металлургия бойынша екінші орынға шықты. Мәселен, Шымкент қорғасын зауыты КСРО-дағы қорытылған қорғасынның 73,9, ал Балқаш зауыты елімізде балқытылған мыстың 51, Қарағанды бассейні көмірдің 90 пайызын берді. Қазақстан мұнай өндіру бойынша да Ресей мен Әзірбайжаннан кейінгі үшінші орында тұрды. 1930 жылдың басында республикадағы екпінділер саны 10 мыңнан асты. Әсіресе Т. Күзембаев, Ә.Мұрынбаев, М.Сағымбеков, С.Өтебаев, Б.Нұрмағамбетов, З.Табылдинова, А. Сафин және тағы басқа қазақ еңбеккерлері еңбек даңқына бөленді.
55 Қазақстандағы индустриализацияның жүзеге асу жолдары жайындағы пікірталас
Алғашқы екі көзқарас өміршен болмағандықтан соңғы екеуінің арасында күрес өрістей түсті. Үшінші ұстаным жақтастарының бірі К. Сарымолдаев «Қазақстан алдында да, бүкіл Одақ алдында тұрған міндеттер тұр, сондықтан ортақ міндеггерден оқшауланатындай Қазақстанның сондайлық «артықшылығы» жоқдеп есептеді. Айта кету керек, К. Сарымолдаев өлкелік партия комитеті басшылығының, оның бірінші хатшысы Ф.И. Голощекиннің жаңсақ ұстанымы шеңберінен шыға алмады. Ф.И. Голощекин: «Алып құрылыстар республика өнеркәсібіндегі басты буын емес, бастысы - жергілікті ұсақ және орта өнеркәсіпті дамыту», - деп мәлімдеді.
Ұсақ және орта өнеркәсіпті, негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін кәсіпорындарды дамытудың, содан келіп, КСРО-ны индустрияландыру жағдайында республика өнеркәсібінің шикізаттық бағыт-бағдарын қалыптастырудың қажеттілігі мен дұрыстығын БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің және автономия үкіметінің атынан Ф.И. Голощекин, О. Исаев, К. Сарымолдаев т.б. насихаттады және мұны жүзеге асыруға әрекеттенді.
Көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың және басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар екендігіне, сондай-ақ жергілікті мекендерде республиканың аграрлық жағдайына сәйкес жұмыс күштерінің жетіп-артылатынына қарамастан, Ф.И. Голощекин: «Біздің даму сипатымыз бойынша және КСРО-ның жалпы міндеттеріне сәйкес, жергілікті ерекшеліктеріміз бен міндеттерімізге орай Қазақ АКСР-і ортақ бесжылдыққа одақтық онеркәсіптің мал және егін шаруашылығы өнімдерін дайындайтын шикізат базасыретінде кіруі керек», — деп сендірді.
Осы ұстанымға сүйене отырып, Ф.И. Голощекин: «КазАКСР-і көлеміндеті индустрияландыру дегеніміз — ауыл шаруашылығының бұдан мәдениеттірек түрлеріне, оның тауарлылығын арттыруға, ел ішінде тұтынуға және одақтық өнеркәсіпті қамтамасыз етуге арналған өнім көлемін ұлғайтуға қаржы құю. «Осы кәсіпорындар үшін біз қаржы және күш-қуат» таба аламыз», — деген тұжырым жасады.
Ірі саяси қайраткер, Қазақстан өнеркәсібін экономикалық мақсатты сара бағытпен дамыту пікірін қолдайтын басты тұлғаның бірі - С. Сәдуақасов VI партконференцияда республика индустриясының шикізаттық бағыт-бағдары туралы пікірдегі Ф.И. Голощекинге қарсы шықты. Ол: «Өнеркәсіп мәселесі — қазақ кедейінің тағдыры, қазақстандық кедей тағдыры ауылмен ғана емес, қаламен де байланысты, өйткені XII съездің өзінде-ақ ұлттық шеткі аймақтарды тек шикізат аудандарына айналдыруды көздеген патшалық үкіметтің қарғыс атқан мұрасынан құтылуымыздың қажеттігі жайлы айтылды»,— деп дәлелді пікірлер айтты. С. Сәдуақасов: «Қай жерде тері болса, сол жерде тері зауыттары, қай жерде жүн болса, сол жерде жүн жуу және шұға фабрикалары салынсын», — деп республика өнеркәсібін экономикалық сара жолмен дамытута шақырды.
Өз пікірін дәлелдеу үстінде С. Сәдуақасов Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту үшін бірқатар елеулі қиындықтарға қарамастан, барлық жағдайлар бар екендігін көрсетті, оның пікірінше, «шикізат қана емес, жұмыс қолдары мен отын да бар», «Қазақстанның, Өзбекстанның, Түркіменстанның миллиондаған кедейлері болса», сондай-ақ «Қазақстанның көпмиллиардты тас көмір және мұнай қоры бар», ал байланыс жолдарына келер болсақ, деп атап өтті ол, жаңа «теміржол құрылысы да — индустрияландыру мәселесінің бір бөлігі».
Осындай көзқарастары үшін С. Сәдуақасов Қазақстан Компартиясы мен республика үкіметінің тарапынан ғана емес, бүкілодақтық деңгейде де сыңаржақ, әділетсіз сынға ұшырады. Оның көзқарастары бұрмаланып, Қазақстанда тұйық шаруашылық құруға, республиканы КСРО-дан бөліп әкетуге ұмтылушылық ретінде бағаланды, ал өзі «ұлтшыл-уклонист» деп жарияланды.
56 Ф. Голошекиннің «Кіші Қазан» революциясы. 1928-1930 жж. төтенше жағдай.
Ф.И.Голощекин және "Кіші қазан” революциясы. Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.
Ф. И. Голощекин орнынан алынды. Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген кателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айырықша назар аударылды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ, мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан бұліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақ этносының бұрынғы санын калпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялык өсудін арқасында, яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты.
Сараптылар берген баға бойынша революцияға дейінгі кезендегі шаруалар отарлауы көзінде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 миллион 150 мың адам көшіріліп әкелді. Ұжымдастыру көзінде КСРО-ның кіндік аудандарынан Қазақстанға кулак деп танылған 250 мың шаруа жер аударылды.Соғыс алдындағы жылдарда елдің түкпір-түкпіріне, негізінен европалық бөлігінен өнеркәсіптік құрылыс салуға деп 1 миллион 200мың адам көшірілді.
Екінші жағынан алғанда, сталиндік қылмысты коллективтендірудің сұмдық салдарынан бір жарым миллионға таяу қазақтар қаза тапты. 1930-32 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО-дан шет елдерге мүлдем көшіп кетті. Қазақстан халықтары үшін жаппай жазалау саясатының қасіретті сипатын көрсететін екі деректі келтірейік. 1930 жылы республикада 5 миллион 873 мың адам тұратын — бұл осында көшірілгендердің жалпы санымен бірдей дерлік. Ал 1933 жылға қарай халықтың саны 2 миллион 493 мың адам ғана болды.
Халықтарды күштеп көшірудің салдарынан республика халқы 1 миллион 500 мың адамға көбейді. Соғыс көзінде Қазақстанға 350 мың адам көшірілді. Тыңға 1,5 миллион адам келді, ал жабық әскери объектілер мұның үстіне 150 мың адамды қабылдады. Осының бәрі басқа ведомстволардың жұмыс күшін «ұйымдастырып жинауын» және біздің республикаға өз бетімен көшіп келгендерді есептемегеннің өзінде.
Соның нәтижесінде ғасырдың басынан бері ғана Қазақстанға 5 миллион 600 мың адам көшіріліп қондырылды, соның ішінде жер аударылғандар мен көшірілгендерді есептемегенде, 3,5 миллион адам соңғы 40—50 жылдың ішінде келді.
Сонымен бір мезгілде сталиндік қылмысты ұжымдастырудың сұмдық салдарынан 2,5 миллиондай қазақ опат болды. 1930-1932 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО шегінен біржола көшіп кетті. Жазалаушы саясаттың Қазақстан халықтары үшін алапат сипаты болғанын көрсететін екі цифрді келтіруге болады: 1930 жылы республикада 5 млн. 873 мың адам тұратын. Сол жылдары Қазақстанға соншама адам көшірілді.Бірақ 1933 жылға қарай онда халық саны небары 2млн.493 мың адам болды.
57 Қазақстандағы ауыл шаруашылығын жаппай коллективтендіру: әдісі, қадамы және оның әлеуметтік, экономикалық салдары.
Ауыл шаруашылығын коллективтендіру , ауыл шаруашылығын ұжымдастыру — КСРО-да ұсақ, жеке шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы ауыл шаруашылығын мемлекет мүддесіне толық бағындырып, қайта құрудың теориясы мен практикасы.
Ұсақ тауарлы шаруашылықтарды кооперациялау идеясын ғыл. коммунизмнің негізін қалаушылар Карл Маркс, Ф.Энгельс ұсынған болатын. Қазан төңкерісінен (1917) кейін құрылған Кеңес империясының экономикалық даму жолын таңдау мәселесінде үкімет пен партия басшылары екі топқа бөлінді. Олардың алғашқысы — Бухарин тобы (Н.И. Бухарин, А.Н. Рыков, М.П. Томский) экономикалық жүйеде әлі де көп жылдар нарықтық қатынас түрі шешуші тетік болып қала береді деп санады. Екінші топты нағыз сталиншілдер: В.В. Куйбышев, В.М. Молотов, А.А. Андреев, Л.М. Каганович, С.М. Киров, А.И. Микоян, Г.К. Орджоникидзе және т.б., бел алып келе жатқан тоталитарлық тәртіп басшылары құрады. Бұлар берік сенімге және күштеуге сүйену жолымен күрделі экономикалық мәселелерді партиялық-мемлекеттік жүйе шеше алады деген көзқарасты ұстанды және “жарқын болашаққа” жету үшін едәуір құрбандықтардың болуын орынды санады. Алғашқы бухариндік балама жолды кейде толық, кейде ішінара сол кезеңнің ірі экономистері Н.Д. Кондратьев, Н.П. Макаров, В.В. Новожилов, А.В. Чаянов, Л.Н. Юрьевский және т.б. қолдады. Қазақ ұлттық интеллигенциясының көрнекті өкілдері Ә.Н. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Әлімхан Ермеков, М. Дулатов, М. Шоқай және т.б. Қазақстандағы дәстүрлі мал шаруашылығымен айналысатын халықтың эволюциялық дамуын сақтауды жақтады.
Шаруаларды өндірістік кооперацияларға тарту процесі Қазан төңкерісінен кейін іле-шала басталды. Оны бір жағынан мемлекеттік қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер (машина-трактор стансалары), екінші жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы шешу көзделді. 1928 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда 41 кеңшар мен 1881 ұжымшар болды. Ұжымдық шаруашылықтардың 76-ы ауыл шаруашылығы коммунасы, 1215-і ауыл шаруашылығы артелі, 590-ы жерді бірлесіп өңдеу серіктестіктері еді.
Бұл міндетті шешу жолдарын белгілеу үшін ОК-тің Саяси Бюросы арнайы комиссия ұйымдастырды. Оның құрамына Қазақстаннан Ф.И. Голощекин енгізілді. Осы комиссия дайындаған жоба Саяси Бюро мәжілісінде қаралып, соның негізінде БК(б)П ОК 1930 жылғы 5 қаңтарда “Коллективтендірудің қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек беру шаралары туралы” қаулы қабылдады. Онда Қазақстан коллективтендіруді 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтауы тиіс болып белгіленді. Бірақ Қазақ өлкелік партия коммитеті 1929 жылдың желтоқсан айында-ақ ұжымдастыруды егіншілік аудандарында ғана емес мал шаруашылығы аудандарында да жеделдетуге нұсқау беріп қойған еді. Жаппай коллективтендіру науқаны басталардан бұрын 1926 - 1928 жылдары Қазақстанда “Кіші Қазан” науқандарын, яғни ауылды кеңестендіруді, шабындық және жайылымдық жерлерді қайта бөлуді, ірі мал иелерін тәркілеуді қатыгездікпен белсенді жүзеге асырған Қазақ өлкелік партия к-тінің 1-хатшысы Голощекин жаппай ұжымдастыруда да Қазақстанға тән ерекшеліктерді ескермеді. Бүкіл Одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың 80 процентке жуығы (4236 мың адамды біріктіретін 706 мың жеке, ұсақ шаруашылық) Қазақстанда болатын. Ұжымдастыру үшін оларды алдымен жерге орналастыру және жаппай отырықшыландыру керек еді. Бұл екі күрделі процесс (отырықшыландыру мен ұжымдастыру) шұғыл түрде қатар жүргізілді. 1930 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында ғана ұжымдастырылған шаруа шаруашылықтарының саны бұрынғыдан екі есе асып кетті.
58 Қазақстандағы ауыл шаруашылығын коллективтендіру: халық қасыреті
Көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларды зорлап отырықшыландыру жоспары алғашқы бесжылдықта (1932 жылдың соңына дейін) сәтсіздікке ұшырады. Қазақстанда 400 мыңның орнына 70,5 мың шаруа қожалығы ғана отырықшыланды. 1933 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан шаруашылықтарының 67,3 проценті, ал 1937 жылдың 1 шілдесінде 97,5 проценті ұжымдастырылды. Күштеп ұжымдастырудың және жоспарлы түрде жаппай отырықшыландырудың зардаптары өте ауыр болды. 1929 - 1933 жылдары аралығында Қазақстандағы мал басының саны 16 есе азайды. Мұның соңы қазақ халқының ашаршылыққа және жаппай босқыншылыққа ұшырауына ұрындырды(Ашаршылық, Босқыншылық).
59. 1931-1933 жж. аштық. Қазақстандағы шаруалардың кеңестік жүйеге қарсы шығуы.
1931—1933 жылдардағы ашаршылық
Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.
Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысов пен Кахианидің, Исаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты.
Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О.Жандосов мынадай мәлімет берді: «Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім... Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, оларды жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім, Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда аштықтан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді».
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыруға қарсы болған шаруалардың қарулы көтерілістері мен баскөтерулерінің тарихын зерттеу ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғы 30 жылдардың басынан басталады. Т.Омарбековтың монографиясында ХХ ғасырдың 20–90 жылдарында Қазақстандағы 1920–1930 жылдары орын алған әлеуметтік—экономикалық үрдістердің негізігі мәселелері бойынша: «кіші Қазан» саясаты, байлардың мүліктерін кәмпескелеу, көшпелі халықты отырықшыландыру және ұжымдастыру, 1931–1933 жылдардағы аштық туралы жарық көрген әдебиеттердің бірқатар кешеніне кеңінен тарихнамалық шолу жасалынған. . Сонымен қатар 30 жылдардағы Орталық Қазақстан өңіріндегі Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау көтерілістері туралы мұрағат деректерімен толықтырылған біршама толыққанды деректер берілген. 2002 жылы жарық көрген Т.Алланиязовтың еңбегінде Қазақстандағы 1929–1932 жылдардағы шаруалар көтерілістерінің тарихы бойынша әдебиеттердің методологиялық және деректанулық негіздерімен қатар шаруалар көтерілістері тарихын зерттеу үрдісіне кеңейтілген сипаттама берілген. Отандық тарихнамада 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістері 1930 жылдардан 1980—жылдар аралығында тыйым салынған тақырып болды. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесінің түрлі аспектілерін қарастырғанда отандық тарихшылар осы қауіпті тақырыпты айналып өтуге тырысты. Тек 90 жылдардың басында ғана Қазақстандағы 1929–1931 жылдардағы шаруалар көтерілістерінің тарихын обьективті зерттеу мүмкіндігі туды. Академик М.Қ.Қозыбаев Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесі, қазақ шаруаларының қарулы көтерілістерінің тарихын тарихшылар экономист, заңгер, тіл білімі мен әлеуметтанушы мамандармен бірлесе отырып кешенді түрде зерттеу қажеттігін баса атап өткен болатын. 1980 жылдардың соңындағы қоғамдық өмірді либералдандыру жағдайында қазақ халқының тарихи өткеніне деген қызығушылық арта түсті. Қазақстандағы ұжымдастыру мәселелері бойынша концептуалдық жағынан алғанда барынша жаңа болып Ж.Абылхожин, М.Қозыбаев пен М.Тәтімовтардың мақаласы табылды. Мақалада 1928–1929 және 1929–1930 жылдарда үш округ бойынша (Ақмола, Петропавл және Семей) осындай дайындау науқандарымен қатар жүрген қуғын—сүргін саясатының көлемін сипаттайтын статистикалық материал берілген. Қазақстандағы ұжымдастырудың сипаты, мазмұны және зардаптары туралы ғылыми білім 1992 жылдың желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумы Комиссиясының Қорытындысының жарық көруімен біршама кеңейді. 1992 жылы жарық көрген «Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства» деген кішігірім жинақтамада «Шаруалар толқулары» деген арнайы бөлім бөліп қарастырылды. Бұл бөлімнің құндылығы сонда, 1989 және Ғылыми айналымға 1929–1931 жылдардағы Қазақстанның бірқатар аудандарында болған қарулы көтерілістердің мақсаттары мен қозғаушы күштері, сипаты туралы құнды фактілік материалдар 1929–1932 жылдардағы Қазақстандағы шаруалардың қарулы көтерілістерінің тарихын зерттеудің ағымдық нәтижелері автормен арнайы зерттеуде жалпыланды, онда хронологиялық бірізділікпен он бірдей барынша ірі қарулы көтерілістердің себептері, сипаты мен мазмұны берілді. Олар: Тақтайкөпір, Бостандық, Батпаққара (1929 ж.), Созақ, Ырғыз, Қарақұм, Өскемен және Зырян, Шұбартау, Балқаш, Шоқпар (1930 ж.) және Адай (1931 ж.) көтерілістері. Нан және ет дайындаудың сталиндік бағытының салдары мен мәнін талдау, ірі байлардың мүлкін кәмпескелеу саясаты мен оның нәтижелері, қозғаушы күштері, күштеп ұжымдастыруға қарсылық көрсетудің сипаты мен формалары, отырықшылыққа күштеп көшіру, қаақ шаруаларының тағдыры, күштеп ұжымдастырудың демографиялық салдары—міне, негізгі сұрақтардың осындай шеңбері Т.Омарбековпен нақты қойылды және обьективті тұрғыда қарастырылды.
60 Кеңес үкіметінің аграрлық және жер-су саясаты.
Ресейдің орталық аудандарынан, әсіресе сталиндік реформа кезеңінде шаруалардың қоныс аударуы Орта Азия мен Қазақстанды отарлаудың құрамды шарттарының бірі еді. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты барысында келімсек орыс шаруалары жергілікті тұрғындардан орасан зор егістік жерлерді сөздің тура мағынасында басып алған еді. Тек 1916 ж. өзінде Жетісу мен Сырдария облыстарында қоныстанушы шаруалардың қолында 2659 млн. десятина жер болды. Жергілікті тұрғындардың жерін тартып алу 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу барысында ерекше жыртқыштықпен жүргізілді. Жазалаушылардан қашқан тұрғындардың иесіз қалған жерін иемденумен бірге, шұрайлы егістік жерлерді жазалау шараларын қолданып, қорқыт- үркіту тәсілдері арқылы да иелену кең өріс алды. Осылайша жерді басып алу келімсек шаруалар тарапынан 1920 жылға дейін жалғасып келді. Патша әкімшілігінің тікелей қамқорлық жасауы нәтижесінде орыс және жергілікті шаруаның жер иеленуге деген құқында теңсіздік көзге ұрып тұрды. Жер-су реформасы қарсаңында ауыршаруашылығындағы пайызға келсек, орыс шаруалары барлық дақылдар егістігінің тең жартысын иемденді және жергілікті тұрғындармен салыстырғанда жермен 15 есе артық қамтамасыз етілді.
Міне, осындай теңсіздік жағдай Оңтүстік Қазақстан егінші дихандарын бұрынғы тартып алынған жерлерді қайтаруды талап етуге итермеледі. Басшы органдар кеңес үкіметінің беделін көтеру мақсатында бұл талаптарды түсіністікпен қабылдады. Әйтсе де, билік құрылымдары реформа барысында басқа да саяси-экономикалық міндеттерді іске асыруды ойлады. Осылайша, орыс қоныстанушыларының жерлерін тартып алумен бірге монастырь, шіркеу вакфтық жерлер, гвардия офицерлерінің иеліктері, басқа да жергілікті қанаушылардың еңбексіз шаруашылықтарындағы жерлері жерге орналастыру қорына өтуі тиіс болды. Кәмпескеленген жер, жерсіз және жері аз шаруалар арасында еңбек нормасына сай бөліну жоспарланды.
Кеңес Өкіметі осы саясат арқылы өз беделдерін көтеруді көздеді. Біріншіден, отаршылдықтың қалдығын жойып, жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болса, екіншіден «ауылшаруашылығы пролетариатының» мүддесіне қызмет жасаған болып, тап күресінің өртін тұтатып жіберу еді. Реформа барысында Кеңес өкіметінің жергілікті органдары бұл міндеттерді іске асыра алды.
Түркістан кеңестерінің IX сьезі шешімдері негізінде ТАКСР Жер Халық Коммиссариаты «Республикада жерге орналастыру жұмыстарының жоспарын» жасады. Соған сәйкес жер-су реформасы Оңтүстік Қазақстанның барлық уездерін қамтыды.
Жер-су реформасы 1922 жылдың күзінде аяқталады деп есептелінді, себебі 1922 жылдың 18 шілдесінде РК(б)П ОК Ортаазиялық бюросының пленумында Түркістандағы жер су реформасы аяқталды, алдағы уақытта барлық жер аудару, қоныс аудару дегендер тоқтатылатындығы туралы атап көрсетілді. Түркістан өкіметінің 1922 жылдың 5 қыркүйегіндегі қаулысымен «Республикадағы жерді еңбекпен пайдалану туралы негізгі заңның» күшіне енуіне байланысты жер-су реформасы аяқталды. Дегенмен, Қазақстандағы жерге орналастыруға байланысты жұмыстар бұрынғы бағытымен жүргізіле берді. Қазіргі заманғы тарихи тәжірибе тұрғысынан бағалар болсақ, облыстағы 1921-1922 жж. Жер-су реформасы және одан кейінгі жерге орналастыру акциялары жерсуды пайдаланудың патриархалдық-феодалдық қатынастардың дәстүрлі түрлерін түбірімен өзгерте алмады. Қазақ ауылдарындағы жерге қауымдық меншікке бұл шаралар елеулі ықпал жасаған жоқ. Түркістан Компартиясының VI сьезінде бұл мәселеге: «Жер реформасы бұратана тұрғындардың таптық жіктелуі және Кеңес үкіметі мен компартияның әлеуметтік базасын кеңейту тұрғысынан аса ірі саяси тиімділікке қол жеткізгенімен, шаруашылық тұрғыдан әлдеқандай елеулі нәтиже бере қойған жоқ» деп орынды баға берілді.
Патша өкіметінің отарлық саясаты барысында жергілікті халықты қанауға негізделгендіктен жаңа қоғамда Қазақстан үшін аграрлық мәселе бәрінен де маңызды еді. Кеңестердің Бүкілресейлік II сьезінде қабылданған жер туралы декреті жерге жеке меншік құкын жойып, барлық помешиктік жерлерді национализациялау және кәмпескелеу міндетін белгілеуі осындай түйінді мәселелерді шешуге тиіс болды.
Жер туралы декреттің мазмұны кейін 1918 жылдың ақпанында қабылданған «Әлеуметтендіру туралы заңмен» толықтырылды. Онда Жер туралы декреттегі сияқты жеке меншікті жою, жерді национализациялау негізіне баса мән берілді. Осы жерді ерекше атап өтетін мәселе, Кеңес үкіметі осы заңнамалық құжаттар арқылы патшалық тәртіптен мұра болып қалған отаршылдық және феодалдық сипттағы түйінді мәселелерді шешуге идеологиялық негіз қалады. Соған сәйкес бұрын тартып алынған помещиктердің қоныстанушы және Сібір, Орал, Орынбор, Жетісу казак әскерлері мен қазақ байларының иелігіндегі жерлер халыққа қайтарыла бастады.
Осыған сай Кеңес үкіметі орнағаннан соң іле-шала өткізілген кеңестердің уездік және губерниялық сьездері күн тәртібіне ең негізгі етіп жер мәселесін қойды. Ол сьездердің шешімдерінде Жер туралы декреттің ережелері басшылыққа алынып, жерге мемлекеттік меншік пен суды ұлттық ерекшелікке қарамастан шаруалардың теңдей етіп пайдалану қағидасының бірлігі, өзгермейтіндігі тағы да қуатталып жатты.
Салыстыру үшін мынадай деректерге нгазар аударайық: 1918 жылдың наурызында өткен Торғай облыстық сьезінде мынадай шешім қабылданды: «Ауылшаруашылығы қолданысындағы, орман, су және өндірістік пайдаланудағы жер жалпыхалықтық жер қоры болып табылады... біздің облыс аумағындағы еңбекшілер теңдей, толық мызғымас жер құқына ие... Алдағы уақытта Торғай облысы аумағындағы жерлер еңбекші қырғыз (қазақ) және орыс тұрғындары арасында әділетті бөлуге жатады».
Осы жылдың наурызында өткен кеңестердің Ақтөбе облыстықсъезінде барлық жер ұлттық бөлінісіне қарамастан «еңбекшілердің пайдалануына өтеді» деп атап көрсетті. Сол сияқты Жетісу облаткомының «Жерді национализациялау» туралы қаулысында ( 1918 ж.6 маусым) барлық жер жалпыұлттық игілік деп, ал оны бөлудің негізгі қағидасы теңгермешілік деп жарияланды.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарда атқарған жер қатынастарын қайтақараған маңызды шараларының бірі патша өкіметі мен қазыналық тиесілі мемлекеттік жер меншігін жою болды. Соған сәйкес бұрын қоныстандыру басқармалары иелігіндегі жерлер, атап айтқанда қазыналық жерлер, жоғарыда аталған басқарманың бос жатқан учаскелері, қазынаға, отарлық басқарма аппаратының шенеуніктеріне, шіркеулер мен монастырьларға тиесілі жерлер национализацияланып, Жер туралы декретке сәйкес жалпыхалықтық игілік деп жарияланып, еңбекші шаруалардың пайдаланылуына берілді.
Осы жерде атап көрсететін бір маңызды мәселе, Ресей деревнясында пәрменді қолданылған жерді мемлекет меншігіне алу түрлеренің бірі ретінде жеке меншік жерлерді кәмпескелеу қазақ белсенділері тарапынан да қызу қолдау тапты. Осылайша ірі бай шаруашылықтарын кәмпескелеу және олардың жерін, малын, құрал-сайманын тартып алу алғаш рет қолданылды. Бұл шаралар Қазақстан аумағында жүргізілген кәмпескенің алғашқы толқыны болды және кейіннен кеңес үкіметінің ауылдағы аграрлық мәселелерді шешудегі күнделікті практикасына айналды. Бұл шаралар 1928 жылғы тамыздағы «Бай және жартылай феодал шаруашылықтарын кәмпескелеу туралы» ҚазОАК қаулысының міндеттерін іске асыруда, одан соң ауылшаруашылық өнімдерін дайындау науқанында, БК(б)П ОК «Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы кулак шаруашылықтарын жою туралы» қаулыға сәйкес жаппай ұжымдастыру науқаны да көрініс тапты.
Осы кезде қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстанның оңтүстігінде 1921-1922 жж. жер-су реформасы атауымен қазақтарды жерге орналастыру науқаны қызу жүргізілді. Қазақстанның оңтүстігінде жер мәселесі барынша өткір қойылды. Патша үкіметінің отарлау саясаты барысында Сырдария мен Жетісу губернияларында 1917 жылға дейін қазақ халқынан 5501438 десятина қолайлы жер тартып алынып, осы территорияда 444 казак станицалары мен қоныс аударушылар поселкілері орналасты. Ондағы жер «Әрбір орыс шаруасына 3.7, ал әрбір көшпелі шаруаға 0.21 десятина немесе 15 есе кем» бөлінді. Жер бөлудегі мұндай әділетсіздік жоғары деңгейдегі саяси жиындарда талқыланды. «... Жетісу облысы қырғыз кедейінің жері болмаса және 125 десятина жері 15 жалшысы бар орыс кулагы одан жоғары тұрса, ол қырғызға интернационализмнің жақсы екендігін және кеңестік билікті қолдау керек екендігін қанша айтқанымен, ол оны түсінбейді. Ол кеңес билігін тек осы кулак арқылы таниды». Мұндай көңіл-күй ізсіз кетпеді.
Түркістан АКСР Кеңестерінің IX съезі және Түркістан коммунистік партиясының V съезі қалыптасқан жағдайды ескеріп жерсу реформасын жүргізу туралы директива жасап, оны қабылдады. Оны іске асыруда мынандай шаралар белгіленді: қоныс аудару басқармасы жоспарлаған немесе қырғыздардан (қазақтардан) өз бетінше тартып алынған барлық жерлерді қазақтарға қайтару, қоныс аударушыларға еңбек үлесі көлемінде ғана жер қалдыру. Сонымен бірге көшпелі шаруашылықтарды біртіндеп отырықшылыққа айналдыру үшін оларға жайылымдық жерлермен бірге егістік жерелер де бөлу; барлық кулак ұйымдарын жою, кулактарды қарусыздандырып, реэммиграция жүйесін қолданып, оларды өкіметтің жергілікті ұйымдарына және шаруашылық құрылысына қандай да болмасын ықпал жасау мүмкіндігінен айыру сияқты саяси мәні зор шаралар белгіленді. Бай шаруашылықтарынан жермен бірге тартып алынған 1517 мініс көлігі, 87 түйе, 1409 қашар, 133 есек, 1042 сиыр жеке және ұжымдық шаруашылықтарға берілді. Диқандардың кедей топтары оларға қосымша мынадай ауылшаруашылық құралдарын алды, олар: 562 ағаш соқа, 341 мала, 105 арба, 307 қамыт, 1536 күрек, 2059 орақ, 289 шалғы.
Реформа нәтижесінде, «1916 жылғы көтерілістегі жеңілістен соң және уақытша өкімет билігі кезеңінде жергілікті халықтан тартып алынған 232891 десятина жер қазақтар мен қырғыздарға қайтарылды». Жалпы, Жетісудың (қазақ аудандары) және Оңтүстік Қазақстанның жергілікті және орыс тұрғындарын жермен қамтамасыз ету қорына қазыналық жерлер мен офицерлік учаскелері, сонымен бірге қамтылмаған қоныстану учаскелері есебінен 1 млн. десятина жер қосылды. Осылайша Оңтүстік өңірлерде жер-су реформасы 1922 жылдың жазында аяқталды. Жер-су реформасы Қазақстандағы түйінді аграрлық мәселелердің бәрін шеше алған жоқ, тек 7000 отбасы ғана орыс кулактарынан тартып алынған жерлерге ие болды. Дегенмен, жер-су реформасының халық шаруашылық саласында жетістігі аз болғанымен, оның сол кездегі Қазақстан жағдайында саяси маңызы орасан зор болды және аса ірі революциялық шаралардың біріне айналды. Содан да осы реформа барысында орын алған кемшіліктер аймақта кейінгі жылдары іске асырылған агралық саладағы өзгерістердің бағыты мен сипаттарына елеулі әсер етті.
Біздің пікіріміз, саяси догмалардан тәуелсіз интеллектуалдық тарихтың жетістіктерін басшылыққа алып, кеңес өкіметінің аграрлық саясатының: бірінші кезеңі: 1921-1922 жж. аралығын қамтиды.Себебі Қазақстанның оңтүстік облыстарында Түркістан – республикасында Жер-су реформасы барынша пәрменді жүргізілді. Бұл кезең негізінен 1922 ж. күзінде аяқталды. РК(б)П Орта Азия бюросының 18 шілде 1922 ж. Пленумында жер реформасы аяқталды деп есептеліп, алдағы уақытта жер аудару мен қоныстандырудың бәрін де тоқтату қажеттігі атап өтілді. Бұл шешім Түркістан Республикасы өкіметінің 5 қыркүйек 1922 ж. «Түркістандағы жерді еңбекпен пайдалану туралы Негізгі заң» деп аталатын қаулысы арқылы заңдастырылды. Осы қаулыдан кейін жер мәселесі төңірегіндегі алашапқын қарбалас біршама бәсеңдеді.
Бірінші кезеңде жүргізген жер-су реформасының Оңтүстік Қазақстандағы қорытындысы мынадай болды: 1921 ж. мемлекеттік жер қорына барлығы 1722626 десятина жер, оның 205059 десятинасы қоныстанушылар поселкелерін жоюдан, 85107-сі еуропалық қоныстардан пайдалану нормасынан артық болғандығы үшін қайтарылды, 1321720-сы бос жатқан және қоныстандыру қорын жоюдан түскен еді. Бұл әрине, аз жұмыс емес болатын. Соның ішінде мемлекеттік жер қоры ұйымдастырылып, оған бөлінген 232.311 десятина жердің 163мың десятинасы 1916 ж. көтеріліс жеңілген соң жерінен айрылған 3523 көшпелі (қазақ) қырғыз шаруашылықтарының отырықшылануына барлығы 8523 шаруашылық, 203 мыңы 1332 шаруалықтың қыс қыстауы есебін, ал орыс шаруаларына (барлығы 54 шаруашылық) 0,5 мың дес. жер бөлініп берілді.
Осындай нәтижеге қарамастан 1921-22 жж. аграрлық реформаның саяси сипаты басым болғандығын атап көрсетуге болады. Өйткені Қазақстанда кеңес билігін орнату агралық мәселені шешпейінше мүмкін емес еді. Реформаның екінші ерекшелігі – отаршылдыққа қарсы бағытталып, жергілікті халыққа өз жерін қайтарып, тарихи әділеттілікті қалпына келтірумен сипатталады. Мысалы, реформа барысында Қазақстанның оңтүстігінде 1921 ж. еуропалықтардың 8084 шаруашылығы жер аударылып, нәтижесінде 232321 дес., ал 1922 ж. 48700 дес. жер жергілікті халыққа қайтарылды. Жетісу облысында 1921 ж. жергілікті тұрғындардың 4500 шаруашылығына 148 мың десятина жер қайтарылды. Осы жылдары Ертіс және Жайық өзендерінің сол жағаларындағы казак әскерлеріне берілген миллиондаған гектар шұрайлы жерлер де қайтарып алынды. Т. Рысқұлов 1921-1922 жж. жер-су реформасының ең басты қорытындысын жергілікті халықты қырып жоюдың тоқтатылуы деп бағалады. Сонымен бірге ол өз тұжырымында реформа айтарлықтай экономикалық тиімділікке қол жеткізбегендігін айтып, оның екі кемшілігін атап көрсетеді: 1) реформаның ұлттық ұрандармен өтуі. 2) оның нәтижелерінің шаруашылық тұрғыда нығайтылмауы, реформаның саяси жағы экономикалық мүддеден басым түсіп жатқандығы.
Бұл жерде Т. Рысқұловтың сол кезде биліктің жоғары эшалонында қалыптасқан ресми пікірді білдіріп отырғандығын ескеруіміз қажет. Өйткені, олардың есебі бойынша Қазақстандағы жер-су реформасы Ресей губерниясындағы сияқты ең алдымен таптық сипат алуы тиіс болатын. Әйтсе де, «осы жауапты шараны іске асыруда белсенділік танытқан С. Қожанов» бастаған жергілікті қызметкерлердің басым бөлігі жер-су реформасын, сонымен бірге өлкедегі революцияға дейін жер саясатында орын алған әділетсіздіктерді жою құралы деп түсінді. Басқаша айтқанда, олар жерсу реформасына тек таптық қана емес, сонымен бірге ұлттық сипат та беру бағытын ұсынды».
Жалпы, 1921-1922 жж. Түркістан мен Қазақстанда жүргізілген жер-су реформасының саяси сипаты басым болды, дегенмен ол патша үкіметінің саясатындағы әділетсіздіктерді жойып, отарлық езгідегі жергілікті ұлттардың жерге деген құқын қалпына келтіру науқанының басты қағидасы болған еді. Осындай саясат арқылы еңбекші бұқара арасында сенімге ие болған большевиктер таптық мүддені жер реформасының екінші кезеңінде алдыңғы орынға шығарылды.
Жер реформасының бірінші кезеңінде жерге ең алдымен байырғы халықты орналастыруға басымдық берілген болса, Мәскеудің қалтқысыз сенімі мен берік қолдауына сүйенген Ф. Голощекин VI Өлкелік партия конференциясында Қазақстанда жерге орналастыру процесін ұлттық негізде емес, таптық негізде жүргізу туралы шешім қабылдатты. Оның «Кіші Қазан» деп отырғаны бір ғана әлеуметтік саяси науқаннан 1926-1927 жж. шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу әрекеті болып табылады – дей келіп Т. Омарбеков Ф. Голощекин бұл науқанның күштеп ұжымдастыру мен зорлап отырықшыландыру шараларына ұласып кететінін алдын ала жоспарлай да, болжай да алмағандығын» атап көрсетеді.
61 Саяси қуғын сүргін. Қазақстандағы Сталиндік лагерлер.
Карлаг, яғни, Қарағанды еңбекпен түзеу лагері - ГУЛАГ архипелагы құрамындағы ең ірі азап аралы. Ол кезінде Қазақстанның орталығында солтүстігі мен оңтүстігіне шейін 300 шақырым, шығысынан батысына шейін 200 шақырым ұлан-ғайыр жерді алып жатқан. Ал сыртқарғы Ақмола және Балқаш бөлімшелерін қосып есептегенде, Карлагтың ауқымы Францияның жер көлемімен теңеcеді. Қарағанды лагері ауқымына, құрылымдық жүйесінің күрделілігіне және Мәскеуге ғана тікелей бағынған әлеуетіне қарай «мемлекет ішіндегі мемлекет», ал азаптау құралының күштілігі жағынан «Даладағы тамұқ» деген атқа ие.
Тарих ғылымының докторы Дүйсетай Шаймұхановтың пікірінше, Карлаг сталиндік саяси қуғын-сүргіннің адам айтқысыз аюандықпен жүргізілген азалы тарихы: «Карагандинский лагер сол 1931 жылдан бастап 1956 жылға дейін Карлаг болып келді. 1956 жылдан бастап лагерлер қалды, бірақ, Карлаг деп аталмайтын болды. Ең алғашқы 1932 жылдың басында 22 мың адам болды мұнда. 22 мың адамның 87 проценті қазақтар болды. Кейін Карлагтың тұтқындарының саны өсе бастады. 1931-1956 жылдар арасында Карлагта 1,5 миллион адам болып кетті. Мен өзім көп жерді аралаған адаммын. Бухенвальдті көрдім, Освенцимді көрдім. Бұлардың тәртібі осы Карлагтың тәртібімен бірдей болды ғой. Мысалы, қой бағып жүрген әйелдерге қасқыр шапқандағы, бір екі-үш қойды жарып кеткен. Сол үшін лагердегі бүкіл әйелдерді жинап әкеп, жаңағы әйелдерді солардың көзінше атып тастаған. Мінеки, бір қой үшін, екі қой үшін. Освенцимдегі, Бухенвальдтағы озбырлықтардың бір түрі деген сөз бұл».Лагердің мақсаты – социализм құрудың сталиндік бағдарламасын жүзеге асыру үшін тұтқындардың тегін еңбегін жаппай пайдалану еді. Сол 1,5 миллион тұтқынның дені «халық жауы» деген айыппен сотталғандар немесе cолардың отбасы мүшелері ретінде бас бостандығынан айырылғандар. Тұтқындар арасында әлемдік деңгейдегі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, бұрынғы партия-кеңес қызметкерлері, шала сауаттылар мен әліпті таяқ деп білмейтін сауатсыздар да болыпты.«1937 жылы ноябрь айында Мәскеуден жоспар келеді, Қазақстанға. 5 мың адамды соттау керек, соның екі мыңы жоғары жаза алу керек – атылуы тиіс, ал 2 мыңы ұзақ мерзімге сотталу керек деген нұсқаумен. Содан келедідағы, жаңағы 5 мыңды облыстарға бөледі. Содан кейін Қарағандыдағы белсенділер не істеу керек? Колхозшы ма, малшы ма, сауатты ма, сауатсыз ба - жоспарды орындау керек. Әлгі комитеттің адамдары көп соттаса қызметі өседі, атақ-дәрежесі өседі, жалақысы өседі. Сонда мына 4-бөлімше мен 9-бөлімшенің арасында кәдуілгідей социалистік жарыс болған. Бұл документтерде бар, аспаннан алып отырған жағдай емес» дейді профессор Дүйсетай Шаймұханов.Қарағандыдан 40 шақырым Спасск деген жерде бауырластар қорымы бар. Онда негізінен соғыс тұтқындары жерленген. 1941 жылы Карлагта соғыс тұтқындарының арнаулы лагері ашылып, көптеген ұлттардың 40 мыңға жуық өкілдері әкелінген. Толық емес деректерге қарағанда, олардың 7 мыңы лагерде көз жұмған.Қарағандыға жақын Ақтас кентінің тұрғыны Тэцуро Ахико Кеңес Одағының әскері Оңтүстік Сахалинді басып алған 1945 жылы қолға түсіпті. Оған дейін Жапонияның Хонго қаласындағы әскери мектептің тыңдаушысы болған 14 жастағы жасөспірім 10 жылға сотталып, Қарлагтың Ақтастағы қонысынан бір-ақ шығады. Тэцуро Ахико кезінде Карлагтың бір қонысы болған Ақтаста содан бері тұрып жатыр. Ол тұтқында өткен жылдарының бір елесін былайша әңгімелейді: «Тұтқындарды мал құрлы көрмейтін. Саптан бір қадам шалыс бассаң табанда атып тастайтын. Мұндай сұмдық күн сайын болып жататын. Тіпті, шылым тартқысы келіп жерден темекінің тұқылын көтермек болған тұтқындарды тарс етікізіп ата салатын».Карлагтың әкімшілік орталығы, Қарағандыдан 35 шақырым жердегі Долинкада 4 жасқа дейінгі балаларға арналған «Мамочкин дом», қазақшалағанда, «Анашымның үй» атты арнаулы мекеме жұмыс істеген. Долинканың бір шеті сол сәбилердің қорымына ұласады. Көп ұзамай жермен-жексен болып тегістеліп кеткен қорымның ауқымын анықтау мүмкін емес. Тұрғындар бертінде салынған шеткі үйлердің зираттардың үстіне тұрғанын айтады. Қорымның екінші жағы өзен суымен шайылып, жарлауыттанған жағаға тіреледі. Өткен ғасырдың 90 жылдарына дейін көктемгі су тоғысы кезінде өзен бетінде қалқыған сүйектер үйреншікті көрініс болыпты.«Мұнда қанша сәбидің қырылғаны туралы нақты дерек жоқ. Бірақ, балалардың баудай түскен кездері аз болмаған. Архивтер әлі толық ашылған жоқ. Ал, қолда бар анықтамалық құжаттарға қарағанда, 1943 жылы ғана 450 бала бір мезгілде өкпе қабынуынан қырылып қалған» дейді Долинка мұражайдың меңгерушісі Марина Ивановна Кушникова.Людмила Константиновна Гирковая бүгінде Долинкада тұрады. Әкесі 1937 жылдары «халық жауы» деген айыппен Латвияда сотталып, атылып кеткен. Анасы «халық жауының» әйелі ретінде алғашқыда абақтыға, кейіннен Карлагқа жөнелтіледі, сәби жасындағы екі ағасы балалар үйілеріне алынады. Өзі абақтыда туған ол жоғарыда аталған «Анашымның үйі» атты сәбилер мекемесінде болғандардың бірі. Кейіннен ата-анасы толық ақталған Людмила Константинова: «3-4 жастағы сәбилердің ойында не қалады дейсіз? Бірақ, бәрібір жадыңа өшпестей болып таңбаланатын айрықша сәттер болады екен. Мысалы, біздерді топтап орманға серуенге шығаратыны есімде. Жерден кесіртке не қоңыз сияқты бір нәрсе көрсек жалма-жан ауызға салып, акулаша жұта салатынбыз. Аштықтан бұралған соң солай еткен шығармыз деп ойлаймын қазір. Бізге су берілмейтін, өйткені, іш ауруы асқынып тұрды. Өзімінің де өлім аузынан қайтқанымды білем. Кейіннен анамнан естігенім, сол кезде сәбилер жүз-жүздеп шетінеп жатыпты. Дұрыс күтім болмаған соң, солай болады да. Көзімді жұмсам да әлгі бір көрініс әлі де көз алдымда тұрады» дейді.Профессор Дүйсетай Шаймұхановтың айтуынша, Карлагтың балалар үйлерінде болғандардың лагерге анасына еріп барғандары да, анасының құрсағында барып, дүние есігін ашқандары да бар. Карлагтың айрықша бөлімшелерінің бірі - АЛЖИР, тарқатып айтқанда, «Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмоладағы лагері» деген ұғымды білдіреді. Карлагтағы ең үлкен балалар үйі де сонда болған. Ал, жалпы Карлаг бойынша некесіз туған балалардың саны 1937-1946 жылдар аралығында 1500-ден асқан екен. Бұл дерек ақын Серік Ақсұңқарұлын да бейжай қалдырмапты: «Репрессия жылдары АЛЖИР-де балалар бақшасы болғаны да анықталып отыр. Шешелері белгілі, әкелері белгісіз тірі жетімдердің басын қосқан осы балалар бақшасының маңдайында «Бақытты балалық шағымыз үшін Сталинге рахмет!» деген қызыл матаға жазылған ұран ілулі тұрған екен. Қайда екен сол қызыл мата көнерген, Қайда екен сол ұраншылдар өлермен. Сталин жоқ, бірақ, күнде көшеден Сталиннің балаларын көрем мен.Жүреді олар өз-өзінен күйініп, Халқын көрсе қамшысын иіріп. Тастады да сар кителді сыпырып, Еуропаша шыға келді киініп.Есіл-дерті кресло - тақ қана, Жан-жағына көз тастайды сақтана. Галстугы, ақ көйлегі болғанмен, Жүректері баяғыдай қап-қара.Керек оған керең ұрпақ жетесіз, Құл боп көрші, майдай жаға кетесіз. Ананы да абақтыға қамап ап, Баланы да туғызады некесіз.Қайда екен сол қызыл мата көнерген, Қайда екен сол ұраншылдар өлермен. Сталин жоқ, бірақ, күнде көшеден Сталиннің балаларын көрем мен».Зерттеушілер Карлагтың әлі де ашылмаған құпиялары жеткілікті екенін айтады. Өйткені, сол құпиялардың толық ашылуын қаламайтындар да баршылық. Осы бір азап лагерінің тарихын алғаш зерттеуші, профессор Дүйсетай Шаймұхановтың өзі жұмыс барысында белгілі бір шектеулерден аса алмағанын айтады: «Архив құжаттарымен емін-еркін жұмыс істей алмай келеміз. Ескі әдетінше, мынау не ақтарып отыр дегендей, қауіпсіздік мекемесінің адамдары жаныңнан кетпейді».Карлагтың архиві кезінде Долинкадағы бас әкімшілік кеңсенің астында болыпты. Дүйсетай Шаймұханов архив құжаттарының бір бөлігі 1961 сол ғимараттың жанында өртелінгенін айтады. Кезінде тұтқындардың күшімен аса берік етіліп салынған аталмыш ғимараттың өзі бұдан екі жыл бұрын бір кәсіпкерге сатылғанымен, әлгі кәсіпкер оны бұзып, құрылысқа пайдаланбақ ниетте болғандықтан кейін ғимарат қайтарылып алынған екен. Алайда, мемлекеттік мүлік жөніндегі облыстық комитет жақында Карлагтың бас ғимаратын екінші рет саудаға шығарған кезде, мәселеге мәдениет қызметкерлері араласып, ғимаратты сақтап қалды. Қазіргі уақытта Карлаг қасіретін жадынан шығармаған жұртшылық өкілдері оны тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу бағытында жұмыстар жүргізуде. Айтпақшы, сөз болып отырған ғимарат соғыс жылдарынан кейін тұтқындар арасында «Карлагтың рейхстагы» деген кекесін атқа ие болыпты.
62 Ұлы Отан соғысының басталуы. Гитлерлік Германияның жоспарындағы Қазақстан.
63 Ұлы Отан соғысының басталуы. Республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру
64 Әскери-экономиканы құру. Өдіріс пен тұрғындарды Қазақстанға эвакуациялау
1. Соғыстың басталуы, оның сипаты.
Соғыстың басталуы.
Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.
«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.
Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.
Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті.
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.
Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.
Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды).
Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.
Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді: 1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы; 2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.
Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.
Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авициация жасау заводы, Урюпа етконсерв заводы, Дзержинский атындағы электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3 Александр радио заводы, С. Орджоникидзе атындағы механика заводы т. б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан көшірілген 40 завод орналастырылды.
Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина ККС – інен Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.
Қазақ КСР – не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.
Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркісіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200– ге жуық шахтер, 2000– дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер саны 700 – дай болды.
Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 % - ын, көмірден 18 % -ын, молибденнің 60 % - ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.
1942 жылы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемі – кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді.
1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық – түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий – Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.
Соғыс жылдыры салынған құрылыстар:
Мақат – Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы – Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б.
1944 – 1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:
Текелі қорғасын – мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту фабрикасы. Ақмола ауылшаруашылық машина заводы. Алматы вагон жасау заводы, Атырау мұнай өңдеу заводы. 1941 – 1945 жылдары барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 % - ке өсті.
Ауыл шаруашылығындағы жағдай төмендеді.
Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-ң орнына 1942 жылы 75% -ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Бүкілодақтық социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз – келіншек қатысты.
1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. 1943 жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды.
Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару – жарақпен, оқ – дәрімен, азық – түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.
Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға айналды. Георгий Хайдин мыңдықщылар қозғалысының жетекшілері А. Семиволос мен И. Янкиннің әдісін қолданған республикадағы үздік бұрғылаушы болды. Соғыс жылдарында Ы. Жақаев, Ш. Берсиев, Б. Самжүрекова, Ким Ман Сам, В. П. Кривич, И. Я. Кудлай есімдері бүкіл елге әйгілі болды.
3. Майдандағы қазақстандықтар.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден, тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 – 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды.
Ленинград шайқасы (1941ж.-1943 ж.-қантар).
Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 316-атқыштар дивизиясы (1941 ж. 9 қыркүйек) және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.
Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тұлы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.
Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар: 1. Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды. 2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. 3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхошысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады. 4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артеллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.
Ленинград қоршауының аса қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезеніп отырды.
1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнап, онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілірінің ойпікірін, сезімі мен аландатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.
Ленинград шайқасының тарихы маңызы - Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды, - Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды.
4. Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж.)
Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты.
1-Украин майданы учаскелерінің бірінде біздің жауынгерлік қатарымызға фашистік танкілер лап қойды. Жаудың біраз танкісі қиратылды, бірақ фашистік танкілер ілгері ұмтылуын тоқтатпады. «Жолбарыс» танкісінің қарсы алдынан сапер Абдолла Усенов қарсы жүріп, кеудесіне танкіге қолданылатын минаны қысып, қаймықпай шынжыр табан астына құлады, сұмдық жарылыс жер сілкіндірді.
Әрқайсысы 200-ден астам жауынгерлік ұшу сапарын жасап, бірнеше жүз фашистерді жоқ қылған шабуылшы ұшқыштар: Талғат Бигельдиновке, Леонид Бедаға және Павловқа, соңдай-ақ 37 ұшақты және топтасып жүргізілген ұрыстарда жаудың тағы 6 ұшағын (самолет) атып түсірген Сергей Луганскийге екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар-қазақ қыздары: пулеметші Мәншук Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.
1945 жылдың қысқы операцияларда кеңес әскерлері жаудың «Солтүстік», «Орталық», «Висла», «Оңтүстік» армиларының ірі топтарын талқандады. Қызыл Армия Польшаны азат етуді аяқтап, Венгрияны және Чехословакияның едәуір бөлігін азат етті, Венаны алып, Шығыс Пруссияға кірді, Одер және Нейсе өзендеріне шығып, Померанияға, Брандербург пен Силезияға тереңдеп енді.
1945 жылғы сәуірдің 16-ында Берлин операциясы басталды. Оған 3,5 млн.-ға жуық адам, 52 мың зеңбірек пен миномет, 7750 танкпен өздігінен жүретін зенбірек, 10800 ұрыс ұшағы қатысты. Балтық теңізінен Судет тауларына дейінгі 700 км-лік өңірде ұрыс қимылдары жүргізілді. Батыл қимылдар жасап, Кеңес әскерлері мамырдың 2-інде Германияның астанасы Берлинді толық бақылауына алды. Берлин операциясы барысында Кеңес жауынгерлері ержүректілік, ерлік және жоғары шеберлік көрсетті.
Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті.
Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Толық емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор қүрметке ие болды.
-1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. -1945 жылғы 8 мамыр-фашистік Германияның тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойылды. -1945 жылғы 9 мамыр-Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғыс аяқталды.
1945 жылғы 9 тамыз-одақтастық міндеттемелерге сәйкес КСРО соғыстың соңғы ошағы Жапонияға қарсы соғыс басталды. Қиыр шығыста Жапониянияға қарсы соғысқа аттанған әскери бөлімдер арасында қазақстандық құрамалары да болды. Тынық мұхит флоты әскери-әуе күштерінің 12-шабылдаушы авиация дивизиясының звено командирі,көкшетаулық Михаил Янко 1945 жылғы тамыздың 10-ында Гастэллоның ерлігін қайталады.
Жапонияға қарсы шайқастарға Ақтөбеде құрылған 74-жеке теңіз атқыштар бригадасының негізінде ұйымдастырылған 292-атқыштар дивизияның жауынгерлері Кеңес Қарулы Күштері дәстүрінің даңқын шығарды. Забайкалье сонан соң 1-Қиыр Шығыс майдандары әскерлерінің құрамында қазақстандық 129-миномет полкі шайқас жүргізді. Қазақстан минометшілері батылдық және ерлік көрсеткені үшін 2027-жауынгерлік ордендер мен медальдарға, соның ішінде 14 адам «Кореяны азат еткені үшін», 234 адам «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарына ие болды.
Қызыл Армияның Қиыр Шығыстағы соғысы 24 күнге созылды.
1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония жеңілгендігі туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: 1.Барлығы-11600 адам; 2.Қазақстандықтар-497, оның ішінде қазақтар-97; 3.Қазақ қыздары-2.
Екі мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский.
Үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алған: И.Н.Кожедуб- Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі.
Солдат ерлігі орденінің толық иегері-142 қазақстандық. Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар-96638.
Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 мың) қазақстандықтар.
Тарихи маңызы. 1) Гитлерлік Германия мен империяліктік Жапонияны жеңуде негізгі еңбек сіңірген Кеңес халқы. 2) Кеңес халқы өз Отанының бастандығы мен тәуелсіздігін сақтап қалды. 3) Кеңес халқы өзінің ерлік күресімен Европаның халықтарын фашистік езгіден құтқарып қалды.
65 Жекелеген ұлттарды Қазақстанға депортациялау
Кеңес Одағындағы тоталитарлық жүйедегі жаппай қуғын-сүрпн кезеңіндегі непзсіз жазалау шаралары тек жекелеген адамдарға, дін иелеріне. әр түрлі әлеуметтік топтардың екілдеріне ғана емес, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік ұстанымы бойынша жекелеген халықтарға да қарсы қолданылды. Тоталитарлық жүйе жеке халықтарды саяси қуғындаудың депортациялау, яғни күштеп жер аудару әдісін қолданды. Жер аударылған халықтар реп-рессия зардаптарының барлық түрін бастан кешірді. Ол жөнінде 1993 жылы 14 сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүрпн құрбандарын ақтау туралы» заңында көрсетілді. Жекелеген халыктарға мемлекет тарапынан әртүрлі қысымдар қолданылды: күштеп қоныс ауда-ру; арнайы қоныстарға орналастыру; күштеп жұмыс істету арқылы қүқықта-рын шектеу; ұлттық ерекшеліктері жағынан мемлекетке өте қауіпті, сенімсіэ халықтар деп тану.
Бұл жерде мына деректен дәлел келтірсек, қаралып отырған мәселе әлде-қайда түсінікті болары сезсіз. Аудандық ІІХК бастығы жеткізген хабарлама-сында: «Кеңес Одағының фашистік Германиямен соғысына байланысты әр түрлі элементтер кеңес өкіметіне қарсы арандатушылық қауесет таратып жүр. Аудан бойынша кеңес екіметіне қарсы пиғылдағы элементтер: бүрын-ғы банды көтерілісіне қатысушылардан 93 адам, 936 кәріс және неміс», -деп атап көрсетілген.
Мысалы, КСРО-ныңХКК мен БКП(б) ОАК-ның 1937 жылғы 21 тамыздағы қаулысында Қиыр Шығыс кәрістерінің қоныстарын аудару «өлкеге жапон тыңшыларын еткізбеу мақсатында» жүрпзілгенін айтады. Қиыр Шығыста тұратын кәрістер түр-түсі мен көлбеті жағынан ұқсастығына байланысты «жапон тыңшылары» деген желеумен жер аударылып, сенімсіз халық деп танылды. 1941 жылғы 28 тамыздағы КСРО Жоғары Кеңесі тералқасының «Еділ бойында түратын немістердің қоныстарын аудару» туралы жарлықта: «Мыңдаған лаңкестер мен тыңшылар бар, олар Германиядан келетін хабар бойынша жарылыстар ұйымдастыруды көздейді», яғни КСРО-ға қарсы бағыт-талған әрекет жасауда деп керсетілген.
КСРО-дағы жаппай қуғын-сүрпн жылдарында 3 млн астам адам жер аударылды. «Сенімсіз халықтар» қоныстанған арнайы аудандар - солтүстік облыстар, Сібір, Орал, Орта Азия және Қазақ жері болды. Бұл халықтардың ең көп белігі Қазақжері мен Сібірге қоныстандырылды. Қазақстан Республи-касының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясында жасаған баяндамасында жер аударылғандардың санының 1 миллион 200 мың екендігі туралы дерек келтірді.
Қазақ жеріне немістердің 38%-ы, шешен мен ингуштардың 83%-ы, кәрістөрдің59%-ы, балқарлардың55%-ы, қарашайлардың 58%-ы, гректердің 76%-ы, курдтардың 62%-ы күшпен қоныс аударылды. Қоныстанушылар іс жүзінде Қазақстанның барлық облыстарына орналастырылды және ІІХК-нің мынадай нұсқауларын орындады: «құпия тапсырмалар бойынша шет мем-лекеттің агенттерімен байланыс жасамау үшін «сенімсіз халықтарды» ше-гаралық аймақтарға орналастырмау»; «қашып кетпес үшін теміржолдардан алыс жерлерге орналастыру»; «бақылауға ыңғайлы болу үшін топтарымен орналастыру». Сонымен бірге олар әрдайым комендатураға барып, белп-леніп тұруы тиіс болды.
Күштеп қоныстандырудың зардабы өлшеусіз еді, оны басынан еткізген-дер ешқашан ұмытпайды. Бұрын емір сүрген жерлерінде олар барлықдүние-мүлкін тастауға мәжбүр болды. Жүздеген мың «сенімсіз халықтарды», оның ішінде қарттар, әйелдер мен балаларды мал таситын немесе тауар таси-тын вагондармен әкелді. Егер жауапты адамдарға болмашы ғана наразы-лық білдірген жағдайда, сол жерде, тіпті пойыз жүріп келе жатып немесе аялдаған жерде, жазалайтын болған. Қазақстанда қоныстанушылар клубтар-ға, бос қалған мешіттерге, ат қораларға, шошқа қораларға, қоймаларға ор-наластырылып, мұндай орындар да жетпей қалғандары ашық аспан астын-да өздеріне жертөлелер қазып алды. Қоныстанушылар арасында эпидемия-лық жұқпалы аурулар - іш аурулары, қызылша, дизентерия кең тарап, оба және тырысқақ аурулары, бит басу күшеиіп кетті.
Климаттың күрт ауысуы, өте ауыр тұрмыс жағдайы, нашар тамақтану, антисанитарлық жағдайда емір сұру қоныс аударушылар арасындағы өлімді кебейтіл жіберді. Бұл женінде ІІХК-ның қызметкерлерінің қүпия мәліметтерінде: «Мұндай жағдайға жеткізуге болмайды, бұл - қылмыс», - деп жазған, Мұндай жағдайды жылқылар да көтере алмаған, сол себепті ІІХК қызметкер-лері жұмыс істеу үшін әлдеқайда төзімді өпздерді жіберулерін сұраған* Де-портациялық саясаттың қатал жағдайында Қазақжеріне ешбір дүние-мүліксіз көшіп келген халықтардың жан сақтауы тек қазақ халқының туысқандық көмегінің арқасында ғана мүмкін болды, Қазақ халқы аштық нәубеті мен сая-си қуғын-сүрпн қасіретін басынан еткерсе де, басын қауіп-қатерге тіге оты-рып, қолындағы соңғы нанымен бөлісіп, тағдыр тәлкепне түскен халықтарға ең қиын сәттерде қол ұшын беріп, баға жетпес көмек көрсетті.
Зорлықпен кешірілген халықтар қилы заманда Қазақ өлкесінен пана тауып қана қойған жоқ, бастарынан қиыншылықтарды бастан өткізе отырып, өздері және ұрпақтары үшін екінші Отанын тапты. Олар ездерінің ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалды, кепұлтты Қазақ өлкесінен өзіне лайыкты орын тапты.Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/110466 Қазақстандықтар –Кеңес Одағының батырлары
Келесі жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толады. Бұл ұлы жеңіс ұлтымыздың жадында мәңгі қалмақ. Соғысқа қатысушылар ерлігі еш ұмытылмас. Батыс шекарада алғашқы соққыны күтіп алған сарбаздар ішінде отандастарымыз да болған. Жауды жеңу үшін барын аямай, жеңісті жақындату жолында қаза болды. Соғыстың соңғы күндерінде де Қазақстаннан шыққан жауынгерлер алдыңғы шепте болған. Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев та бәрінің есінде қалды.
Брест қамалын қорғаушылар арасында шекарашылар – Қ.Абдрахманов, В.Лобанов, атқыш Қ.Иманқұлов, пулеметші Е.Качанов, минометші В.Фурсов, зеңбірекші Ғ.Жұматов болған. Қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Сааремаа аралы, Мурманск, Одесса және Севастополь қалалары үшін болған шайқастарға қатысқан.
Сондай-ақ Қазақстаннан майданға аттанғандардың ішінде партизандық күреске белсенді араласқандары да бар. Тек Ленинград облысындағы партизандық қозғалыстың өзінде 220 қазақстандық болған. Смоленск облысында – 270, Украина мен Белорусияда – 3000-нан астам жауынгер партизан болып жауға қарсы шайқасқан. Олардың ішінде И.С.Арыскин, А.Жұмағалиев, К.Ғ.Омаров, З.У.Хұсанов, Г.Акмолинский, Т.Жангелдин, Ж.Саин, У.Оразбаев және т.б. болған. Партизандық топтардың Ғ.Ахмедияров, Қ.Қайсенов, Н.Морогов, А.Олексенко, С.Төлешов, В.Шаруда секілді басшылары болса, А.Егеров, Н.Зебницкий және Ф.Озмительге Кеңес Одағының батыры атағы берілген.
Ұлы Отан соғысының 11600 жауынгері Кеңес Одағының батыры алса, оның 497-і қазақстандық болған. Қазақстандықтар ішінен Кеңес Одағы батыры атағын ең бірінші болып 19-шы танк дивизиясының генерал-майоры К.А.Семенченко алды. Батыр атағын екі мәрте алған 4 қазақстандық бар. Олар: Т.Бигелдинов, Л.Беда, И.Павлов, С.Луганский. Кеңес Одағы батырын алғандар арасында пулеметші М.Мәметова, мерген Ә.Молдағұлова, атқыштар С.Баймағамбетов, И.Новиков, қалқан бұзушы П.Миллер, минометші Қ.Спатаев, кавалерист М.Қатаев, сапер П.Гончар, торпедалы кеменің командирі Б.Ущев, атқыштар дивизиясының басшысы Ғ.Сафиуллин, Бауыржан Момышұлылар бар. Лейтенант Р.Қошқарбаев, Б. Чупрета, взвод командирі К.Метов, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Вицько, К.Волочев және т.б. КСРО ордендері мен медальдарының кавалерлері атағын алған.
Соғыстың шарпыған жалынын тоқтату жолында көптеген азаматтар қаза болды. Бірақ олардың алып берген жеңісін кейінгі ұрпақ бағалауда. Аспан әрдайым ашық болу үшін барлық күштерін сарп еткен азаматтарға мың да бір алғыс. Ұлы жеңіс кейінгі ұрпаққа аманат! 
67 Ұлы Отан соғысы майданындағы Қазақстандықтар
30-шы жылдардағы әлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және халықаралық қатынастарын шиеленістірді. Бұл жағдай әлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі – Германияда орнаған фашистік тәртіп еді. Батыс мемлекеттері тарапынан ұйымдасқан  қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашисттік мемлекеттер – Германия мен Италияның милитаристік Жапониямен әскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды.
Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаны жаулап алуымен басталды. Франция мен Англия Германияға қарсы соғыс ашқанын хабарласа, КСРО осы жылы Германиямен 10 жылдық бейбіт келісімге қол қойды. Бұл құжат тек 1989 жылы алғаш жарияланды. Құпия келісімге сай 1939 жылы Германия мен КСРО Еуропадағы билік жүргізу аймақтарын бөліп, жаулап алу шараларын бір мезгілде бастайды. Осының нәтижесінде Германия Польшаны басып алғаннан кейін, Кеңестер Одағына Польшаның 12 млн. халқы орналасқан 200 000 шаршы км. жері өтті. Кейінірек бұл территория Украина, Белоруссияға қосылды. 1940 жылы Германия Францияны басып алғаннан кейін Литва, Латвия, Эстониядағы мемлекеттік билікті Кеңестер Одағы иеленіп, Литва, Латвия, Эстония Кеңестік Социалистік Республикалары құрылды. Қызыл Армия Прибалтикаға кіргеннен кейін Кеңестер үкіметі Румынияға бұрын Ресей империясының құрамында болған Бессарабия территориясын қайтару туралы ультиматум жіберді. Нәтижесінде Буковина мен Бессарабияның жарты бөлігі Украина КСР-іне, Бессарабияның қалған бөлігі Молдавия КСР-не берілді.
Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксенбург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бельгияны жеңгеннен кейін негізгі күштер  талқандалды. Нәтижесінде Франция Германиямен бейбіт келсімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мәжбүр болды.
Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды аяқтаған фашистік Германия бастапқы міндеттерінен бас тартып, Кеңестер Одағын басып алуға  дайындықты бастайды. Басып алған мемлекеттердің экономикалық, әскери ресурстарын өз мүдесіне пайдаланып, әбден күшейген фашистік Германия Кеңестер Одағына  қарсы соғысты аз уақытта жеңіспен аяқтауына күмәнсіз сенді. Ал, Сталин және оның төңірегіндегілер 1939 жылғы келісімге сеніп, Германия тарапынан соғыс қаупін күтпеді.
КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса” жоспары 4 әскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды. “Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Москваға бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған “Онтүстік тобы” Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік Германияның Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында Қазақстанға үлкен мән берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл территорияны славян халықтарынан тазарту және түрік-моңғол халықтарын жою көзделді. Сонымен қатар фашистік Германияға қызмет ететін Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру жоспарланды.
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік әскери күш бейбіт уақыт жоспарына сай орналасқандықтан соғыс қимылдары басталған территорияға тартылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінін 70% - 5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе, артиллериядан – 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында  Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудын алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті. 
Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан территориясында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты. Әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Москва бағытындағы негізгі жолдардың бірі – Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады. Москва түбіндегі шайқаста әсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған бөлімше – 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8-ші гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік танықтан 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза  тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Москва түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
И.В.Панфилов дивизиясы құрамында  жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. М.Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойында ерлікпен қорғады. Шайқас нәтижесінде немістер шегінуге мәжбүр болды. Москва түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев және т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл  шайқасқа қазақстандық 238-ші дивизия, 19-шы атқыштар бригадасы да қатысты.
“Барбаросса” жоспары жүзеге аспағаннан кейін 1942 жылы Германия Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдады. Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады. Сталинград пен Кавказды басып алу операциясына фашистер құпия дайындалып, оған “Блау” деген ат қойды. Фашистер бұл жерлерді жаулап алуға үлкен мән берді. Өйткені фашистерге басып алған мемлекеттер территорияларынан мұнай тасу қолайсыз болғандықтан, Кавказ мұнайына үлкен үміт артты. Тағы бір себеп – фашистер Кеңестер Одағының Қара теңіздегі порттарын басып алып, одақтастары – Англия, АҚШ-пен байланысын үзуді көздеді. Сонымен қатар Сталинград қорғаныс өнеркәсіптері көп шоғырланған шикізат көзіне бай орталық болды. Сондықтан фашистер бұл бағыттағы соғыс қимылдарының сәтті аяқталуына үлкен мән берді.
Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда – 69, ал қыркүйекте – 81 дивизия аттандырды. Күш тең болмады. Өйткені кеңестік қолбасшылар жау шабуылын Москва бағытында күтіп, негізгі әскери күшті осы бағытқа шоғырландырды. Өйткені ”Блау” бойынша, Кеңес барлаушыларын жалған жолға түсіріп, шабуыл Москва бағытында қайта жанданады деген ақпарат таратылған еді. Сталинград бағытындағы шайқастарға төмендегідей  қазақстандық  әскери құрылымдар қатысты: 292-ші атқыштар дивизиясы ретінде қайта құрылған 74-ші Аралдық  атқыштар бригадасы, 387-ші атқыштар дивизиясы, 27-ші атқыштар кейінгі 72 гвардиялық дивизия, 75-ші атқыштар кейінгі 3-ші гвардиялық атқыштар бригадасы. 3-ші атқыштар бригадасы Сталинград түбідегі шайқаста 5 мың фашисті жойып, 3 мың фашист офицері мен жауынгерлерін тұтқынға алды. Сонымен бірге, бұл шайқасқа 81-ші атты әскер дивизиясы, 152-ші атқыштар бригадасы, 129-ші миномет полкі мен 196-ші жеке көпір құрылысы  батальоны қатысты.
1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н.Әбдіров өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жерге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Әбдіров, минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды. Сталинградта қаланы жаудан қорғауда ерлік танытқан қазақстандықтар құрметіне “Казахстанская” аталған көше бар. Бірнеше айға созылған Сталинград шайқасы 1943 жылдын басында жаудың жеңілуімен аяқталды. Сталинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты.
1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция жоспарлады. Бұл операцияға “Цитадель” деген ат беріп, жан-жақты дайындалды. Осы жылы Германияның әлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып, дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде болды. Сондықтан Германия бұл операцияның сәтті аяқталуына бар күшін салып, одақтастарын сақтап қалуға тырысты. “Цитадель” операциясына фашистер 900000 әскер қатыстыруды жоспарлады. Шайқасқа іріктелген фашистік дивизиялар: “Рейх”, “Ұлы Германия”, “Фикинг”, “Адольф Гитлер” және  т.б., барлық танктердің 70%, барлық ұшақтардың 65% тартылды. 5-ші шілдеде басталған Курск шайқасы шілденің аяғында кеңестер әскерінің жеңісімен аяқталды. Курск иіні мен Днепр шайқастарына көптеген қазақтандық әскери құрылымдар қатысты. Тек Курск иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 123 қазақстандық Ұлы Отан соғысы Батыры  атағына ие болды.
1944 жылы Германияның жеңілетіні белгілі болғаннан кейін, ендігі жерде соғыс қимылдарын Кеңес Одағы бақылауға алды. Осы жылы Кеңес үкіметі “Берлин” операциясын бастайды. Бұл операцияның мақсаты – неміс фашистерін Кеңестер Одағы територриясынан қуып, Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды.
“Достық көмек” идеологиясын жамылған Кеңестер Одағы болашақта азат  еткен мемлекеттер саясатына араласуды, тіпті кейбір мемлекеттерді өз бақылауында ұстауды көздеді. Өйткені басты жауы – Германияны  жеңгеннен кейін, Кеңестер Одағы әлемдік билікке талпынып, социалистік мемлекеттер жүйесін құруды  жоспарлады.
Шығыс Еропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті. Шығыс Пруссия территориясын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар – В.А.Андреев, Л.И.Беда, П.Т.Брилин, Т.К.Абилов, В.Г.Козенков, И.И.Корнев, И.В.Кутурга және т.б.
Словакия территориясын жаудан азат етуге 4-ші Украина майданы құрамында қазақстандық 8-ші атқыштар дивизиясы қатысты. Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8-ші атқыштар дивизиясының құрамындағы 62-ші артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен, 151-ші Карпат полкі 3-ші дәрежелі Кутузов орденімен, 310-шы атқыштар полкі 3-ші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.
72-ші және 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиялары Венгрия, Оңтүстік Чехия, Австрия территорияларын жаудан азат етуге қатысты. Австрия астанасын жаудан азат етуде алматылық Пупков М.А. Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сонымен қатар Австрияны азат етуші 105-ші гвардиялық дивизия жауынгерлері: А.Мудрагель, Г.Сливных, Ж.Аминов қаһармандықтарымен көзге түсті.
Прага операциясына 118, 88, 314, 8-ші атқыштар, 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы қатысып, бұл операцияда 992-ші алматылық авиация полкі асқан ерлік көрсетті. Бұл полк  екінші дәрежелі Б.Хмельницкий және 3-ші дәрежелі Суворов ордендерімен  үш мәрте марапатталды. 992-ші полк  7642 рет жауға шабуыл жасап, 816 бомба тастап, 3 ұшақты, 19 зенитті батареяны, 1000 автомашина, 2 көпірді және т.б. жойды. Прага операциясы барысында 52-ші армия құрамындағы алматылық 556-ші эскадрилия ерлікпен көзге түсті. Бұл эскадрилия тұтқиылдан 4050 шабуыл жасап, 2350 мәрте жау территориясын бомбалаған. Құрамындағы 14 адамның 10-ы үкімет тарапынан марапатталады.
Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2, 8, 5-ші әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқастардағы  ерлігі үшін  С.А.Батеньков пен П.Ф.Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. Ұшқыштар: Т.Я.Бигелдинов, И.Павлов, С.Д.Луганский және Л.И.Беда 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.  Олардың қатарын 56 жыл кешігіп барып, 1941 жылдың 26-шы маусымында, соғыстың бесінші күні-ақ аты аңызға айналған батырлық капитан Гастелло экипажының ерлігі емес, капитан А. Масловтың экипажынікі екендігі айқындалып, осы экипаж құрамындағы Б. Бейсекбаев 1998 жылы Ресей Батыры атағын алып, толықтырылды. Берлин операциясына қазақстандық 118-ші, 313-ші атқыштар дивизиялары және  209-ші атқыштар полкі  қатысты.
Берлин ратушасын алуда 118-ші атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К.Маденов, ал көше шайқастарында И.Б.Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р.Қошқарбаев ерлік танытты. Айтпенбет Нақыпов Одерден Петерсфельд қаласына дейін танкпен келеді. Соғыстан кейін  Нақыповтың танкі қала алаңына ескерткіш ретінде қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.
Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Мысалы, Қарағандының әскери комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары - Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы – Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Раскова басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004-ші жылы Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Сафарбекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, Ленинград майданында аса ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-жеке әйелдер ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды.
Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына да белсене қатысты. 1941 жылы КСРО ОАК мен БКП(б) ОК-нің 1941 жылдың 29 маусымындағы дерективасында жау басып алған территорияларда жау армияларының бөлімшелерімен күресу үшін партизан отрядтарын құру көзделді. Осы жылдың 18 шілдесінде БКП(б) ОК “Германия әскерінің тылында күрес ұйымдастыру” туралы қаулы қабылдап, партизан қозғалысын ұйымдастырды. 1941 жылдың жазынан бастап жау тылында жабдықтала бастаған партизан ұйымдары құрамындағы жауынгерлер саны 1943 жылдың соңында 1 миллионға жетті. 1942 жылдың мамырында Қызыл Армия мен партизан қозғалысының ұштасуын қадағалайтын Орталық, кейінірек республикалық және облыстық партизан қозғалысы штабтары құрылды.
Енді партизан қозғалысы қатарында жаумен шайқасқан қазақстандықтар құрамына тоқталайық. Украина территориясындағы партизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шайқасты. Атап айтсақ, М.И.Шукаевтың партизан отряды құрамында 79 қазақ, Ұлы Отан соғысының Батыры С.А.Ковпактың партизан отрядында 70 қазақстандық болды. Ленинград облысы территориясындағы партизан бірліктері құрамында 220, ал Белоруссия территориясында 1,5 мыңға тарта  қазақстандықтар жаумен шайқасты. Қазақстандық партизандар жаумен шайқаста үлкен ерлік танытты. Мысалы, 1941 жылы Киев облысы, Македон селосында жасырын партизан орталығы құрылады. Бұл орталыққа соғысқа дейінгі жылдары Павлодар облысында оқытушы қызметін атқарған Қасым Қайсенов  коммунистік жолдамамен жіберіледі. 1942 жылы Қ.Қайсенов Чапаев атындағы партизан отрядтарының командирі сайланып, Украина территориясында жаумен шайқаста үлкен ерліктер көрсетті. Қ.Қайсеновпен қатар Украина территориясында Қарағанды облысынан Д.И.Сагаев, Талдықорған облысынан П.С.Шленский, Қызылордадан – Байдаулетов, Шымкент облысынан – Ж.Омаров, алматылық – А.С.Егоров және т.б. қазақстандықтар әртүрлі партизан құрылымдары қатарында шайқасты. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке “Халық Қаһарманы” атағы берілді.
Белоруссия территориясын жаудан азат етуге де қазақстандық партизандар үлкен үлес қосты. Тек 1941 жылы Брест облысындағы Старосельск орманында 9 қазақстандық партизан жаумен шайқасты. Белоруссия территориясында ерлікпен шайқасқан отандас партизандар: Ф.Озмитель, Ғ.Омаров, Н.Қайсеитова, Н.Салықов, Х.Исмағұлов, Н.Сыдыкова, М.Стрельников, И.А.Булаев, И.Данияров, И.А.Ерещенко, К.Темирханов, Е.Балабеков, Т.Жұмабаева және т.б. Смоленск облысында құрылған партизан бірлестіктерінің құрамы 45 ұлт өкілінен тұрды. Соның ішінде 2-Кляжнянск партизан бригадасында 19, С.Лазо атындағы партизан полкінде 40, ерекше партизан бірлестігі “Тринадцать” құрамында 48 қазақстандық болды. Смоленск облысында  қазақстандық партизандар А.Шарипов, Ж.Агадилов, И.Өтебаев, М.Мұқанов, А.Төлегенов, Қ.Ахметов және т.б ерлікпен көзге түсті.
Жаумен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін қазақстандық партизандар әр түрлі мемлекеттік марапаттарды иеленді. А.С.Егоров пен Ф.Ф. Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстың кейінгі жылдары орталық партизан штабының шешімімен тәжірибелі партизандарды шетел мемлекеттері территориясына аттандырды. Оларға партизан отрядтарын ұйымдастыру тапсырылды. Осы мақсатпен Қ.Қайсенов Румыния мен Чехословакияны, ал А.С.Егоров Словакияны, С.О.Төлешов, Н.Супронов, Сарсенгалиев, А.Г.Акимин – Польшаны жаудан азат етуге ат салысты. Жүздеген қазақстандық соғыс тұтқындары Франция, Италия, Бельгия, Югославия, Греция және т.б. Еуропа мемлекеттері халықтарының азаттық күресіне белсенді қатысты. Соңғы мәліметтерге сай, тек Франция, Бельгия, Италия территорияларындағы партизан құрылымдары қатарында 180 қазақстандық болған.
Соғыстың алдында Розенберг идеясы бойынша, Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік Иран, Ауғанстан территорияларын біріктіріп ислам пан-түріктік “Гросс Туркестан” немесе “Пантуркестан” мемлекетін құру көзделеді. Бірақта  “Гросс Туркестан”  идеясы  жүзеге аспады. Оның орнына рейх 26 жаяу батальон, 111 рота және жүк тасушылар колоннасынан түратын Түркістан  легионын құруды жоспарлады. 1942 жылы құрылған Түркістан легионы құрамында неміс әдебиеттерінде 1 миллион, тарихшы Раух 650 000 адам, ал қазақстандық мамандар 180 000 - 250 000 адам болған деген мәлімет береді. Түркістан легионын қолдаушы қазақ зиялысы – М.Шоқай Түркістан легионы құрамындағы әскери құрылымдарды қажет деп таппаған. М.Шоқай фашистер лагерінде зардап шеккен жандарды қайтадан майданға жіберу адамгершілікке жатпайды, керісінше, оларды Германия зауыт-фабрикаларына жіберіп, болашақ Түркістан мемлекетіне маман-кадрларды даярлау идеясын ұсынады. Өкінішке орай, М.Шоқай 1941 жылы 27 желтоқсанда қайтыс болып, бұл идеясы жүзеге аспайды. Фашистер Түркістан легионы құрамындағы бір батальонды 1942 жылы алғаш рет Воронеж майданы маңында қызыл Армияға қарсы соғысқа қатыстырады. 193 легионер соғыспай Қызыл Армия жағына шығып кетеді, ал батальон басшысы Бақыт Байжановты фашистер тұтқындайды. Өйткені легион  құрамына әскери тұтқындардың басым бөлігі фашистік концлагерлерден шығу мақсатымен ғана кірген. Олардың көбі жергілікті партизандармен байланысып, фашистерге қарсы партизан қозғалысы  құрамында соғысады. Майданға түскен жағдайда Қызыл Армия жағына өткен. Өкінішке орай, бұл жағдай ескерілмеген. Отанында олар “РКФСР Қылмыстық істер кодексінің” 58-1 б, 58-3, 58-9, 59-10, 58-11 баптарымен жазаланып “сатқын” деген лақапқа ие болып, үрім-бұтақтарына дейін қудаланды. Француз тарихшысы Клод Дельпла түркістандықтар партизандық қозғалыстарға көптеп тартылып, үлкен ерліктер танытты дейді. Ал, неміс тарихшысы Патрик фон Мюллер олардың қиын тағдырын аяп, свастика мен қызыл жұлдыз арасында қалғандар деген сипат береді.
Қорыта келе, Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда  6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Сталиндік тәртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тәжірибесін пайдаланып, арнайы құрылыс батальондарын да  құрды. Бұл батальондар Орта Азия және Қазақстанның жергілікті халқынан және құғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан әскери комиссариат арқылы  еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша әрбір төртінші  қазақстандық қорғаныс және майдан объктілеріне тартылған. Республиканың мобилизациялық деңгейі тіпті Германиядан да жоғары болды, Германия халқының 12% мобилизацияланса, Қазақстанда халықтың 24% мобилизацияланған. Мобилизацияланған халықтың 50-60% қазақ ұлтынан еді. Қорғаныс, көмір, ауыр өнеркәсіп жұмысшылары соғысқа тартылудан босатылса, Қазақстан тұрғындары түгелімен дерлік армияға шақырылды. Өйткені Қазақстанда шаруалар басым болды.
Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мәліметтерде соғыстан оралмаған  қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқардардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, татар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі.
Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста  қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді. Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/84768 Қазақстандықтардың Москва үшін шайқасқа қатысуы.
Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан).
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 – атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар («28 панфиловшы») тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков «Россия кең – байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай – ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
316 – дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 – гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Москва шайқасының тарихи маңызы: - Гитлершіл басқыншылардың Москва түбінде талқандалуы жау әскерлерінің рухын түсірді, - Гитлердің қауырт соғыс жоспары «Блицкриг» біржола күйреді, - Қенес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алып, түбейгейлі бетбұрыс басталды. - 
69. Сталинград түбіндегі неміс-фашист басқыншыларын талқандау, және оған Қазақстандықтардың қатысуы.
Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан).
1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.
1943 жылғы желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен шектесті (Каспий теңізінен Александров – Гайға дейнгі 500 км.)
1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.
Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайнақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс қүрылыстары салынды.
Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты Батыс Қазақстан жерінде 70-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн. сом шығын келтірілді.
Сталинград майданың барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнде орналасқан Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т.б. Сталинградты қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.
Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г.Сафиулин, М.Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери бөлімдері жауды талқандау барысында көп үлес қосты. Мысалы, М.А.Баскаков басқарған батареяның 43 зенитшісі трактор заводын қорғап, жаудың 11 танкісін жойып жеберді. 36 зенитші қаза тапты, бірақ бір адам да шагінбеді. 1942 жылы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нуркен Әбдіров Боховская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына қүлатып, ерлікпен қаза тапты. 29 және 38-атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін заводттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 1943 жылы бұл дивизиялар 72 және 73-гвардиялық дивизияларға айналып, «Сталинград дивизиясы» құрметті атағына ие болды. Оңтүстік Қазақстандық жауынгері Толыбай Мырзаев «Павлов үшін» қорғауға ерлік көрсетті.
Сталинград түбінде қазақстандықтар К.Сатпаев пен А.А.Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын батыры атағына ие болды.
116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жаунгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды. 11 жауынгер 300 фашистке қарсы шайқасып, түгел қаза тапты (араларында Лениногорскілік комсомол Кәміл Хузин болды). Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың 11 батырының төбесі» деп аталады. Қазақстандық Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі Еділ жағасындағы ірі операцияларда шешуші роль атқарды. Сөйтіп, 1943 жылғы қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км. жерге қуылды.
Сталинград шайқасының жарығы маңызы.
Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды. -Екінші дуниежүзілік соғыстағы түбегейлі бет бұрысқа шешуші үлес қосты. -Қызыл Армия стратегиялық инициативаны берік қолға алды. -Гитлерлік Германияның тағдырының шешілу ұақытын жақындата түсті. -Еділдегі (Волгадағы) шайқас бүкіл дүниежүзілік тарих шежіресіне ұмытылмас ерлік беттерін қосты.
70 Қазақстан - фронт арсеналы. Тыл еңбегіндегі Қазақстандықтардың ерлігі.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл  шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.
Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін  ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны әйелдер, қариялар және балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбышев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана – Анар Садықова – жұмыс істесе, Семей облысы, Абай ауданының “Шолақ еспе” артелінде 70 жасар қария – Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра орындады. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев  1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш.Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады.
1942 жылы 450 мың гектар тың және тыңайған жер жыртылып, егін салатын жер ауданы 17%-ке өсті. Осы жылы Қазақстанда 6809 колхоз болды, оларда  еңбек етуге жарамды 4912001 ерлер, 593407 әйелдер еңбектенді. Нәтижесінде 1942 жылы Қазақстанда егін жақсы шығып, республика бойынша 84,3 млн. пұт астық жиналды. Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Семей облыстары астық жинау жоспарын 102,2-тен 114,9-ке асыра орындады. 1943 жылдан бастап республикада егін егісі қысқара бастады. 1940 жылы егістік 6808,6 мың га болса, 1945 жылы 6039,9 гектарға кеміді. Себебі 1943 жылдан бастап жаудан азат етілген жерлерге егін салу жандана бастады. Керісінше, картоп, бау-бақша өнімдерін егетін жер көлемі жылдан-жылға өсті. Бұл өнімдер 1940 жылы 214,2 мың гектар егістікке егілді. Сондықтан 1944 жылы колхоздар мен совхоздар мемлекетке 1943 жылмен салыстырғанда 18,2 млн пұт қант қызылшасын, 7 ц. көкөніс, 150 000 ц. мақта артық өткізді. Бұл жылдары республиканың барлық колхоздары мен совхоздары жоспарларын орындаумен шектелмей, асыра орындауға бар күштерін салды. Мысалы, Қарағанды облысының Осакаровка ауданы 1943 жылы 1944 жылмен салыстырғанда мемлекетке 2 млн. пұт астық артық тапсырды.
Соғыс жылдары бір адам майданға кеткен бірнеше адам орнына жұмыс істеу қозғалысына, жұмыс өнімділігін арттыру барысында мемлекет тарапынан ұйымдастырылған әртүрлі жарыстарға қазақстандық малшылар да көптеп тартылды. Мысалы, 1942 жылы бүкілодақтық малшылар жарысынан қазақстандықтар бірінші орын алды. Сандық көрсеткіш бойынша 1942 жылдың соңында мал басы 1,5 млн. немесе 1942 жылдың басындағы көрсеткіштен 17%-артты. Мал басын өсіруден Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстары алда болды.
Соғыс жылдары колхозшыларға қарсы тоталитарлық тәртіп тарапынан көптеген шаралар жүзеге асырылады. 1941 жылдан бастап әрбір колхоз-совхоздарда жергілікті саяси бөлімдер құрылып, олар ауыл шарушылық жоспарларының орындалуын қадағалап, жоспарын орындай алмаған шаруаны жазалап отырды. Сонымен бірге 1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12-16 жас арасындағы жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын орындамаған жасөспірім  қылмысты ретінде жазаланды. Осыған қарамастан халықтың патриоттық серпіні тоталитарлық жүйе тәртіптерінен жоғары тұрды.
Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп  тұрды. Мысалы, Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Москва түбіндегі майданға танк колоннасын  жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды. Шымкент комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан қолдап, жиналған 11 650 мың сомға жасалған 45 танк 1942 жылдың қыркүйегінде “Қазақстан комсомолы” деген жазумен Сталинград майданына жөнелтілді. Жүздеген оқушылар егіс алаңдарында жұмыс істеп, металл қалдықтарын жинап, “Қазақстан пионері” фондына 4 млн. сом ақша жинады. Бұл ақша “Қазақстан пионері” атты коллонаны жабдықтауға жұмсалды. С.И.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті студенттерінің ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орындарының студенттері “Кеңестік студент” деген танк колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша жинады. Танк колонналары мен ұшақ бөлімдерін жасақтауға Республикада 480 млн. жуық ақша жиналып, Қорғаныс Комитетіне тапсырылды. 1943 жылы Алматы қаласында С.Луганскиймен кездесу ұйымдастырылып, бұл кездесуден кейін Алматы жастары 400 мың ақша жинап, батырға жаңа ұшақ сыйлады. Сондай-ақ, соғыс жылдары жинаған қаржыға  И.Павловқа, Н. Добровольскийге, Р.Бекетовке арнайы ұшақтар, Кеңес Одағының батыры Қ.Сыпатав атындағы су асты қайығы жасалынды. Республика тұрғындары өздерінің жеке  жинағынан майдан қорына 4,7 млн. сом ақша беріп, 20-дан астам құрамалар мен әскер бөлімдерін шефке алып жауынгерлерге 2 млн. астам жылы киім, 1600 мың сомның сыйлығын жөнелтті.
Сонымен қатар қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті. Қазақстан жаудан азат етілген Орал облысының 10 қаласын, 35 ауданын, Лениград облысының 12 қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге көмектесті. Сол сияқты Москва, Курск облыстары, Солтүстік Кавказ, Белоруссия, Украина және т.б. республика тұрғындарына көмектесті. Қазақстан комсомолдары қамқорлыққа алған Сталинградта трактор зауыты мен “Красный октябрь” зауытын қалпына келтіру жұмыстарына 1943 жылы 1439 қазақстандық комсомол аттанды. Түрксіб теміржолшылары батыстағы темір жолдарды қалпына келтіру үшін 20000-нан астам мамандарды жіберді.
Жауды жеңуге республиканың зиялы қауым өкілдері де үлкен үлес қосты. Олардың қатары Кеңес Одағының батыс аудандарынан уақытша көшірілген ғылым мен өнер қайраткерлері негізінде толықтырылды. Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылым институттары көшіп келді. Олардың ішінде КСРО Ғылым Академиясының физиология институты, Украина Ғылым Академиясының физика-механика институты, Москва, Ленинград, Киев институттары болды. Осы жылдары Қазақстанда И.П.Вернадский, В.А.Обручев, И.И.Мешанинов, А.И.Бах, Л.С.Берг, А.Е.Фаворский, Б.Д. Греков, С.Н.Бернштейн және т.б. атақты ғалымдар жұмыс істеді. Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 100-ден аса жазушылар уақытша көшіп келді. Олардың ішінде А.Толстой, С.Маршак, С.Михалков, К.Паустовский, М.Зощенко, О.Форш, С.Сергеев-Ценский, Л.Квитко сияқты атақты  жазушылар болды. Соғыс жылдары партизан-ақын Ж.Саинның топтамасы, Қ.Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңызы”, М.Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясының бірінші кітабы, С.Мұқановтың “Өмір мектебі”, Ғ.Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”, Ғ.Мұстафиннің “Шығанақ” повесі, Ж.Жабаевтың “Ленинградтық өренімі” дүниеге келді.
Сонымен бірге Қазақстанға 20-дан аса театрлар мен музыкалық мекемелер, өнер қайраткерлері көшірілді. 1941-1945 жылдары Алматының біріккен орталық киностудиясында кеңес киноматографиясының алтын қорына енген фильмдер түсірілді. Олар: “Секретарь райкома”, “Они защищает Родину”, “Воздушный извозчик”, “Два бойца”, “Фронт”, “Жди меня”, “Парень из нашего городка” т.б. Соғыс жылдары Қазақстанда 500-ге тарта кино қызметкерлері мен әртістер еңбектенді. Мысалға, С.Эйзенштейн, Ф.Эрмлер, Г.Рошаль, Э.Тиссе, Н.Черкасов, Г.Александров, С.Васильев, И.Пырьев, Л.Орлова, Н.Крючков, В,Марецкая және т.б. Орталық киностудия қызметкерлерімен бірігіп, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, А.Тәжібаевтің қатысуымен “8 - ші гвардиялық”,  “Абай өлеңдері”, “Жауынгер ұлы”, “Саған, майдан”  фильмдері түсірілді.
Соғыс жылдары КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық бөлімінде астрономиялық обсерватория, тіл, әдебиет пен тарих, химия-металлургия, топырақтану мен ботаника, зоология және өлкетану институттары ашылды. Қ.И.Сәтпаев бастаған қазақстандық ғалымдар қара, түсті және жиі кездесетін металдарды, тау пайдалы қазбаларын, су және гидроэнергетикалық ресурстарды соғыс қажетіне қолдану бағытындағы ғылыми жұмыстар жүргізді.
Соғыс жылдары Қазақстанға жоғарғы оқу орындары көшіріліп, көптеген орыс - қазақ, қазақ-украина мектептері, балалар үйі мен интернаттар ашылды. Олардың ішінде – Москва авиация институты, Москва түсті металл және алтын институты, біріккен Украина мемлекеттік университеті болды. Сонымен бірге соғыс жылдары Алматы мемлекеттік  шет тілдер институты, Шымкент технологиялық институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ашылды.
Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.   Источник: http://e-history.kz/kz/contents/view/849© e-history.kz
71 Қазақстандықтардың Берлин операциясына қатысуы
Берлин Операциясы — Ұлы Отан соғысы барысындағы аса ірі шабуыл операцияларының бірі. 1945 ж. 16 сәуір мен 8 мамыр аралығын қамтыды. Оған Қазақстанда жасақталған үш атқыштар дивизиясы мен бір артиллерия, екі атқыштар полкі қатысты.
Одер мен Нейсе бойындағы майданда фельдмаршал Ф. Шернер басқарған “Орталық” армия топтарының бір бөлігі мен генерал-полковник Г. Хейнрицидің “Висла” армиясынан қалған жауынгерлік топтар қорғанып жатты. Олардың 1 млн-ға жуық адамы, 10400 зеңбірегі мен минометі, 1500 танкісі мен шабуылдық техникасы және 3300 әскери ұшағы болды. Бұған қоса Берлинде 200-ден астам фольксштурм батальондары (жастары 16-дан 60-қа дейінгі ер адамдардан құралған халық жасағы) жасақталды. Олардың қатарында 200 мыңға тарта адам болды. Герман әскері тұрғын халықты қатыстыра отырып, Берлинді қорғау үшін 20 — 40 км-ге дейін созылатын үш бағыттық қорғаныс шептерін құрды. Мұнымен қатар сыртқы, ішкі және қалалық айналма қоршау-қорған шептері жасалды. Бұларға 2062 мың солдаты мен офицері, 42 мың зеңбірегі мен минометі, 6250 танкісі мен шабуылдық техникасы және 7500 әскери ұшағы бар кеңестік әскер қарсы шықты. Тыл қызметі әскерлерге күнделікті және ұрысқа қажеттіліктердің бәрін жеткізіп тұрды. Олардың атқарған жұмыс көлемін бір ғана цифр арқылы елестетуге болады: бұл операция барысында жұмсалған оқ-дәрілерді тасу үшін 11635 вагон керек болды. Берлин операциясы үш кезеңде өтті.
Бірінші кезеңде (16 — 19 сәуір) 1-Беларусь майданының әскерлері маршал Г.К. Жуковтың қолбасшылық етуімен жаудың үш бірдей бағыттағы қорғаныс шептерін түгел бұзып, Берлинді солтүстік және оңтүстік-шығыс жақтарынан орап алуға жағдай жасады. Маршал И.С. Иван Степанович Конев басқарған 1-Украина майданының әскерлері Нейседегі жау қорғанысын бұзып, Ширейге шықты да, Берлинді оңтүстік жағынан қоршауға мүмкіндік алып берді. Маршал К.К. Рокоссовскийдің 2-Беларусь майданы әскерлері Одер өзенінің батыс және шығыс екі жақ саласын бірдей басып алды.
Екінші кезеңде (19 — 25 сәуір) 1-Беларусь майданы әскерлері Берлиннің солтүстік, сонан соң оңтүстік және шығыс шеттеріне, 1-Украина майданы жауынгерлері оңтүстік және оңтүстік-батыс шет аймақтарына басып кірді. Нәтижесінде алдымен жаудың франкфурт-губан, ал 24 сәуірде берлиндік топтары қоршауға алынды. Ертесіне Торгау ауданында, Эльба бойында 5-гвардиялық армия мен 1-американдық армия әскерлерінің кездесуі болды. Бұл кезде 2-Беларусь майданының әскерлері Одердің шығыс жағынан өтіп, жау күштерін қыспаққа алды да, олардың оңтүстік бағытта қарсы шабуылға шығу мүмкіндігін жойды.
Үшінші кезеңде (26 сәуір — 8 мамыр) кеңестік әскерлер франкфурт-губен тобын, ал 2 мамыр күні берлиндік топты жойды. Соңғы топпен шайқас қиян-кескі жағдайда өтті. Қаланың әрбір ғимараты қарсыласу торабына, бекініске айналып кетті.
Жау метроны әскери күштердің маневр жасауы үшін, ал жер асты қатынас жүйелерін — шабуылшы диверсанттар мен ұсақ жауынгерлік топтарды тылға жіберіп отыру үшін кеңінен пайдаланды. Қалалық көше шаршылары мен жекеленген ғимараттарды атқыштардан, саперлер мен артиллеристерден арнайы біріктіріліп жасақталған шабуылшы отрядтардың, топтардың күшімен алуға тура келді. 30 сәуірде Берлинді қорғаушы әскерлер бірнеше бөлікке бөлініп тасталды. Рейхстагқа шабуыл жасау құрметіне ие болғандар қатарында қостанайлық 151-атқыштар бригадасы негізінде 1943 жылдың соңында құрылған 756-атқыштар полкі да бар еді. Осы полктің 1-батальоны 30 сәуір күні үшінші шабуылдан кейін Рейхстаг ғимаратына алғашқылар қатарында енді. Бірінші қабаттың терезесіне лейтенант Р. Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Г. Булатов бірінші болып ту тікті. Сағат 22-ден 50 мин. өткенде Рейхстаг күмбезіне 756-полктың барлаушылары М.А. Егоров пен М.В. Кантария жеңіс жалауын орнатты. Бірақ ғимарат ішіндегі шайқас мұнан соң да бір жарым тәулікке созылды. 2 мамыр күні бүкіл Берлин қаласының әскери күштері қаруларын тастады. 5 мамырда қаланың шет аймақтарынан батысқа қарай шепті бұзып өтуге әрекеттенген ұсақ топтары жойылды. Екі күннен соң үш майданның әскерлері Эльба алабында ағылшын-американ әскерлерімен кездесті. 8 мамыр күні сағат 22-ден 43 минут өткенде Берлин қаласы жанындағы Карлсхорст деген жерде германдық қолбасшылар өкілдері үзілді-кесілді тізе бүгу туралы актіге қол қойды.
Берлин операциясы кезінде кеңестік әскерлер 78291 адамынан айрылды, 274 184 адамы жаралы болды, контузия алды. Жау жағы жаяу әскерлерден тұратын 70 дивизиясынан, моторлы техникалы 23 дивизиясынан айрылды, 480 мың адамы тұтқынға алынды. Берлин операциясындағы ерліктері үшін қазақстандық 26 адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ал шабуылшы-ұшқыш Т. Бигелдинов бұл атаққа екінші рет ие болды. 38 жерлесіміз 1-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталып, бұл награданың үш дәрежесінің де толық иегерлері атанды.[1]72 Қазақстандықтардың фашистік Германияны жеңудегі үлесі
1941 жылы маусым айының 22-де таңғы сағат төртте КСРО-ның батыс шекарасында жарқылдаған от сәулелері байқалып, тез арада көбейіп қызылды – жасылды болып, батыс жақтан келген ұшақтар аэродромды соғыс қаруы тұрған қоймаларды қалаларды бомбалап астан-кестең етіп гитлерлік германия Отанымызға соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес мемлекетінің батыс шекарасында соғыс осылай басталды. Бұл соғыс КСРО тарихына Кеңес елінің Ұлы Отан соғысы деген атпен енді. Өйткені соғысты бастаушылар осы мемлекетті жоюды мақсат етті. Ал кеңес халқына өз елін, мемлекетін, халқының тәуелсіздігін сақтап қалу жолында осы соғысты жеңіспен аяқтау үшін бүкіл ел, бүкіл халық қатысты.Осы соғыстың қарсаңында Қазақстанның халҚы алты миллионнан астам еді, олардың бір миллион екі жүз мыңдайы әскер қатарына шақырылды. Қазақстандықтар фашистердің опасыздықпен жасаған шабуылын қатаң айыптады. Қазақстан Республикасы еңбекшілері өздерінің жиналыстарында Кеңес үкіметінің «Барлығы да майдан үшін, барлығы да жеңіс үшін» деген үндеуін бір ауыздан қолдайтындықтарын білдірді. Дұшпан мен тікелей шайқасуға өз еріктерімен тілек білдіргендер күн сайын әскери комиссариаттардың алдына өздерінің «Фашистердің айуандығына қанымыз қайнады, бізді соғыстың алдыңғы шебіне жіберуіңізді сұраймын» деген арыз өтініштерімен соғысқа баруға топ болып келе бастады. Қазақстанға жалпыға бірдей әскери істі оқыту өріс алды. Республикада екі миллионнан астам адам әскери мамандық алды. Соғыстың өте-мөте қиын болған алғашқы кезеңінде жасақталып, үйретіліп майданға жіберілді. Бұл құрамалар мен бөлімдер интернационалдық құрамда жасақталды. Мысалы Қазақстандық 36-дербес атқыштар бригадасының құрамында отыздан астам ұлттардың жауынгерлері болды. Шайқастағы армия қатарына бір миллион бір жүз тоқсан алты мың бір жүз алпыс төрт Қазақстандық қосылды.Қазақстан компартиясының соғысқа дейінгі құрамынан 82251 коммунист, Республика комсомолының 241996 жастар майданға аттанды. Бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да шаруашылықтың барлық саласы соғыс мақсатына лайықталып қайта құрылды. Көптеген өнеркәсіп орындары соғысқа қажетті өнімдер шығаруға кірісті. Бірқатар кәсіпорындардың жабдықтары салынып жатқан өнеркәсіп кешендерінің құрылысын аяқтауға пайдаланылды. Мысалы Ақтөбе ферроқорыту заводының жаңа құрылыстары Запарожье ферро қорыту заводының аяқталмаған құрылысы мен жабдықтарын алды. Алматыдағы автомобиль жөндеу заводының аяқталмаған құрылысы Луганск ауыр машина жасау заводының цехтары үшін база болды. Республиканың оңтүстігіндегі тамақ өнеркәсіптерінің жаңа құрылыстары Украина пен басқа салалар пайда болды. Шымкент қорғасын зауытының өнімі тікелей оқ жасайтын зауыттарға жіберілді. Қарағанды шахтерлары, Ембі мұнайшылары соғысқа байланысты тапсырмаларды орындауға кірісті. Олар Отан қорғау қорына мыңдаған қажетті әскери техникаларды азық – түліктерді өндіріс шикі заттарын тоқтаусыз майданға қажетті әскери техникаларды тоқтаусыз майданға жіберуге аянбай еңбек етті. Соғыста жауға қарсы атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстан қорғасынынан жасалды. Республика тасымалы үздіксіз жұмыс істеп, Қазақстан тылын майдан мен және елдің өнеркәсіпті аудандарымен байланыстырып жиырма мыңнан астам жүрдек поезд жөнелтілді. Тылда командалық кадрларды даярлау жоғары қарқынмен жүргізілді. Негізінен жау уақытша басып алған аудандар мен майдан маңындағы жерлерден көшіріліп әкелінген жиырма жеті әскери оқу орындары соғыс жылдарында он алты мың офицерлерді дайындап шығарды.
73 Соғыс жылдарындағы Қазақстанның ұлттық білімі мен мәдениеті
Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.  Совет Одағы Ұлы Жеңісін шабыттана жырлаған, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бастаған өдебиет пен онер қайраткерлерінің еңбектері де - өз аддына бір тебе. Осы кезде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов "Абай" эпопеясының 1-кітабын жазып, аты елге жайылды. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Б.Бұлқышев, Ж.Саин, П.Кузнецов сияқты жазушылар, Шашубай, Нұрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жыршысы бодды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы (Алексей Толстой, С.Михалков, С.Сергеев-Ценский, Ф.Панферов, О.Форш, К.Паустовский, С.Маршак, М.Зощенко тағы басқалар), "Мосфильм" мен "Ленфильм", 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіл қана қоймай, қазақтың ұлттық өнерін жаңа жанрлармен, кәсіби шеберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді.
Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбыдцың "Ленинградтық өрендерім" деп аталатын мәңгі өшпес патриоттық шығармасын бүкіл еліміз толғана оқыды. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Б.Бұлқышев, Т.Жароковтың, Қазақстанның басқа да жазушылары мен ақындары-ның соғыс көзіндегі жазған шығармалырының жігерлендірушілік мәні болды.
Қазақ артистері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді. Әдебиет пен өнерді, ғылымды дамытуда қазак мәдениет қайраткерлерімен достық қатынас жасаған орыс ғылымы мен мәдениетінің көрнекті өкілдері А.К.Толстой, СЯ.Маршак, КГ.Паустовский, Ф.И.Панферов, С.Н.Сергеев-Ценский, И.П.Бородин, Л.С. Берг, В.И.Вернадский, Н.Ф.Гамалея, Н.Д.Зелинский, Л.И.Мандельштам, Ю.А.Завадский, С.М.Эйзенштейн, Н.Д.Мордвин, В.П.Марецкая, Н.К.Чер-касов, С.С.Прокофьев, С.С.Туликовтың және басқалардың үлкен ықпалы болды.
Соғыс жылдары Қазақстанға туысқан республикалардан 13 ғыльши мекеме, 19 театр, 30-астам жоғары оқу орны көшіп кедці. Аса қиын жағдайларға қарамастан 1941 жылы Алматыда шет тілдері институты, 1943 жылы Шымкент күрылыс материаддары технологаялық институты, 1944 жылы Алматы қыздар педагогикалық институты, Қазак физкультура институты ашыдды. Интеллигенция Отанға шексіз берілтендіктің өнегесін көрсетті. Ғалымдар Қазақстанның байлықтарын майдан қажеті-ңежаратты, жаңа қару-жарақ түрлерін ойлап шығарды, өндіріске жаңа технологиялық процестерді енгізді, жаралы жауынгерлердің басым көпшілігін тез арада сауықтырып қатарға қосты. 23 типті авиация, моторлы, теңдесі жоқ Т-34 танкісі, атақты "Катюшасы", жаңа артиллериялық қару-жарақтар, автоматты атыс қару түрлері т.б. совет ғалымдарының сол кезеңдегі жеңіске қосқан қомақты үлесі еді. Идеология майданының жауынгерлері Отанды қорғау туралы, халықтың жеңіске деген сенімін нығайтты, барлық күш-жігерін майданға көмек беруге жүмьщырылды, тыл мен майданның біршгін арпырды, тылда да, маңцанда да, партизан өлкелерінде хеңісті шындады. Орталық радио тәулігіне 18 сағат хабар дургізді. КСРО халықтарының 70 тіліңде, 28 шетел тілдерінде сұрапыл соғыстың барысы туралы ақиқатты хабарлады.
Ұлы Отан соғысы кезіңде (1941-1945) Совет Армиясының жауынгерлеріне тылдағы еңбекші халықтың кемегін жеткізген делегациялар. Совет халқының фашист басқыншыларына қарсы күресіндегі майдан мен тылдың бірлігі Қазақстан еңбекшілерінің әскери құрамалармен және бөлімдермен байланысында тылдан майданға және майданнан тылға делегациялар жіберулерінен айқын көріңці. Республиканың таңцаулы адамдары, өндірістегі стахановшылар, озат колхоз-шылар Отанымыздың қаһарман жауынгерлеріне ел сыйлығын алып барып, туған Қазақстанның шын жүректен шыққан ыстық махаббат сезімін, қамқорлығын жеткізді. Алматы қаласы мен Алматы облысы еңбекшілері 1941 жылы желтоқсанда 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының жауын-герлеріне жаңа жылдық сыйлықпен делегация атгандырды. Делегаттар жауынгерлерді гвардиялық жоғары атаққа ие болуымен құттықтады, тылдағы жан қиярлық еңбек жайлы айтып берді. "Гвардияшылардың жүздерін шаттық сезім кернеді, - деп жазды делегаттар елге оралғаннан кейінгі берген есептерінде, - олар өздерінің туыстарына, таныстарына, жерлестеріне дән риза болды, тыл еңбеккерлеріне Қызыл Армияны қару-жарақпен, азық-түлікпен, киіммен үздіксіз қамтамасыз ететіндіктеріне сенімдері арта түсті. Біздер сөйлеп болған соңжауынгерлерге, командирлерге және саяси қызметкерлерге жаңа жылдық сыйлықтарды тарату басталды. Жауынгерлер үлкен қуанышқа бөленді. Олар біздің қолымызды қатты қысты, сол жерде, өздерінің өмірлерін әділ ісіміз үшін, Отанымыз үшін аямайтындықтары туралы серт берді...". Сыйлық тиелген эшелондармен Қазақстан делегациясы қоршаудағы Ленинградқа барды. 1942 жылы ақпан-наурызда Ленинград майданына қарағандылық делегация 24 вагон Ақмола облысының делегациясы 25 вагон азық-түлік жөнё киім-кешек әкелді. Қазақстан еңбекшілері 1943 жылы Қызьві Армияның юбилейі құрметіне Ленинградтың қаһарман қорғаушыларына арналған 65 вагон сыйлық жинадьг. Қазақстан делегациясын ленинградтықтар, жауынгерлер меи командирлер, Балтық теңізшілері мен партизандар ерекше ілтипатпен қарсы алды. Барлық жерде халық көп жиналған митингілер өтті. Ленинград радиосы Қазақстан майданды қару-жарақпен қамтамасыз етудегі ерлік еңбегі жайлы хабар таратты.
Мәдени қызмет көрсету мақсатымен 1941 жылы Алматыда майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Олардың құрамында республиканың көрнекті әнші-актерлері К.Ж.Байсейітова, ЖЕлебеков, М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омарова, Е.Өмірзақов, Ү.Тұрдықұлова, Ә.Ә.Үмбетбаев М.Абдуллин, Б.Артықова, Н.Әбішев, Ш.Бейсекова, Қ.Лекеров; бишілер Ш.Жиенқұлова, З.Розмұхамедова; домбырашы Л.Мұхитов болды.
             Орыс пен қазақ екі халықтың тарихындағы жарқын беттердің бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО халық комиссалары кеңесінің шешімімен Алматыда біріккен орталық көркем фильмдер киностудиясы құрылып, Қазақстан киноматографтары ресейлік әріптестермен бірге жұмыс істеген шақты қамтиды.Ол Қазақстан кино өнерінің дамуындағы елеулі кезеңге жол ашып берді. «Мосфильм мен «Ленфильмнің шеберлері қазақ әріптестерімен ынтымақтаса жүріп, бірталай көркем фильмдер жасады. Атақты режиссерлар,ВШК оқытушыларыС.Эйзенштейін,С.Юшкевич, Г.Козинцев, Л. Трауберг актер шеберлігі бойынша сабақ жүргізді, кәсіби бай тәжірибелерін ортаға салды. Режиссер-педагогтар О. Пыжова мен Б.Бибиков, У.Шекспирдің пьесасы бойынша әзірлеген, басты рольдерде А.Айманов пен Х.Бокеева ойнаған «Асаға-түсау» спектаклі Қазақ драма театрының ең үздік жұмыстарының бірі болды 1944 жылы Н. Сац пен В.Розов қазақстандық өнер шеберлерімен бірлесе отырып құрған Қазақстандағы тұңғыш балалар мен жас өспірімдер театры көптеген тамаша артистер тәрбиелеп шығарды.
Концерттік бригадаларды жазушылар Ә.Әбішев, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, ҚазССР Халкомсовы жанындағы өнер істері жөніндегі басқарманыц бастығы С.Е.Толыбеков, директор Ф.А.Ф.А-Кузьмич т.б. басқарды. Тыл мен майдан арасындағы байланыстың нығая түсуі үшін майданнан тылға келген делегациялардың да маңызы зор болды. 1942-1943 жылдары Қазақстанға майданнан 16 делегация, ал 1944 жылы 6 делегация келіп кетгі. Олардың ішіңце Қазақставда жасақталған 8-гвардиялық атқыштар, Сталинградтық-дунайлық 73-гвардиялық, 391-, 310-, 314-атқыштар дивизияларының т.б. әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлері бодды. Олар кәсіпорын-дарда, колхоз, совхоздарда, оқу орындары мен ғылыми мекемелерде болып, өз бөлімшелерінің жауынгерлік жолы, полктес жолдастарының ерліктері туралы айтып берді. 1943 жылы 10 ақпавда 391-атқыштар дивизиясының делегациясы "Казахстанская правда" газетіне қаһармандығы мен ерлігі үшін Ленин орденімен наградталған майдангер-қазақстандықтар дивизия санитары Сартанов, капитан Ивкин, сержант Кравченко, әскери дәрігер Сухарукова туралы мақала жазды. 1943 жылы сәуір-мамырда екі апта Алматыда және облыста "Киров" крейсерінің делегациясы болды, олар крейсер комсомолецтерінің Қазақстанның барлық жастарына арнаған хатьш ала келді. Қазақстан еңбекшілері делегацияларының майданға баруы әрі майдангерлердің тылға келіп кетуі, демалысқа келген Совет Одағынын, Батырларымен еткізілген кездесулер майдан мен тылдың байланысын бұрынғыдан нығайтты. Совет жауынгерлерін майданда қаһармандықпен соғысуға, тыл еңбеккерлерін жанқиярлық еңбекке жігерлендірді.
74 Тарих ғылымындағы Ұлы Отан соғысының даулы мәселелері.
Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаға шабуылымен басталды. КСРО-ны жеңгеннен кейін фашистер Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан аумағында Гросс-Түркістан рейхкомиссариатын құру, ал Қазақстанның Орталық, Солтүстік, Солтүстік Шығыс аудандарында Қарағанды, Новосібір және Кузнецк «Индустриалды облыстарын құру жоспары болды». Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды (арсенал – күш-қуат, қару-жарақтар қоймасы).
1941–1945 жылдары барлығы 480 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және өндіріс орындары салынды. Республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 пайызға өсті, бұл соғыстың алдындағы төрт жылдағы өнімнен 2 пайыз жоғары болды. 1941–1945 жылдары Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа азық-түліктер, өнеркәсіп үшін шикізат берді.
Соғыс жылдарында Кеңес Армиясының қатарына 1 млн 200 мыңнан аса қазақстандықтар шақырылды, 20дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да әскери бөлімдер құрылды. Майданға 14,1мың жүк және жеңіл автомобильдері, 1,5мың шынжыр табанды трактор, 110,4мың жылқы жіберілді.
Жүздеген мың қазақстандықтар ерлігі үшін ордендермен және медальдармен марапатталып, қазақстандық 500-ден астам жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды, оның ішінде екі қыз – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова болды. Төрт қазақстандық Т. Бигельдинов, С. Луганский, И. Павлов, Л. Беда екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Рейхстагта Р. Қошқарбаев жеңіс туын тікті. Соғыстан кейін Батыр жұлдызы көрнекті әскер басшысы Б. Момышұлына берілді.
1933 жылы Германияда фашистік партия сайлауда жеңіске жетеді, оның жетекшісі Адольф Гитлер елде қатал тәртіп орнатты. Гитлерлік Германия өзінің соғыс жоспарын 1939 жылы бастады. 1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польша жеріне басып енуімен Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Германия 1941 жылы өзінің басты қарсыласы деп есептеген КСРО-ға аяқ тіреді. Біздің әдебиетімізде бұл Ұлы Отан соғысы деген атпен белгілі.
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында Герман әскері КСРО-ның батыс шекараларына ене бастады. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды, ол жоспар бойынша КСРОны 3–4 айда жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізат, адам ресурсына айналдырмақшы болды.
Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО бойынша 11600ден астам адам ерлігі ұшін Кеңес Одағының Батыры атағын алса, соның 497-і қазақстандықтар, ал 97 қазақтар болды. Ұлы Отан соғысы жылдары ең алғаш Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық жауынгер К. А. Семеченко (1941 жылы 22 шілде) еді. Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері 18 жасар Ж. Елеусізов еді. 1941–1945 жылдары майдан шебінде соғысқа қазақтың 100-ге жуық ақын-жазушылары қатысты. Қасым Қайсенов, Әди Шәріпов сынды қаһарман партизандар жау тылында аянбай шайқасты. Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 4101 мыңы қазақстандықтар. 1710 қала типтес мекен, 70 мыңдай ауыл-селолар қирады.
1945 жылы 9 мамырда Кеңес қызыл армиясы Германияның астанасы Берлин қаласының төбесіне Жеңіс туын тікті.
75 М. Шоқай. Түркістан легионы
Соңғы уақыттарда, атап айтқанда Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығы кең көлемді тойланып жатқанда, тәуелсіздік тарихының символ тұлғасы Мұстафа Шоқайға жала жабушылық көбейе бастады. Олар Шоқай сынды қазақ халқының мақтанышы болған тарихи тұлғаға нацисттермен бірге істескен, әсіресе Түркістан легионын құрып берген сатқын деген жала жабуға күш жұмсауда. Мұның шындыққа ешқандай қатысы жоқ екенін деректер көрсетіп отыр. Біз бұл мақалада Шоқай және Түркістан легионының қалай құрылғандығына деректер негізінде жан жақты тоқталамыз.
ІІ. Дүниежүзілік соғыс кезінде Гитлердің нацистік партиясының басқаруындағы Германияның соғысқұмарлығы Шоқайдың Париждегі күнделікті өмірінің толықтай өзгеруіне себеп болды. Неміс армияларының Польшаны басып алуы Еуропада соғысқа жетелейтін керістікті жағдайдың тууына жол ашты. Мұнымен тек Шоқайдың ғана емес, бүкіл Еуропа елдерінің, әсіресе Германияға көршілес Франция халқының тұрмыс-тіршілігі астаң-кестең болды. Осыған мезгілдес неміс армиясы мен кеңес армиясы жаулап өзара бөлісіп алған Польшаның астанасы Варшавада “Прометей Одағының” жұмыстарының тоқтап қалуы заңды еді. Алайда әлі соғысқа араласпай бейбіт жатқан Францияның өзінде аласапыран жағдай қалыптаса бастады. Соғыс қаупіне байланысты бұл елдегі босқындардың барлық шығармашылық іс-қимылдары тоқтап қалды. Олардың ішінде Шоқайдың 1929 жылдан бері үздіксіз шығарып келе жатқан “Яш Түркістан” журналы да бар еді.
Жи-жиі Париждегі Ұлттық Кітапханаға барып, әсіресе саяси тарих пен философия туралы кітаптарды оқыды. Осы кітаптар арқылы Германия мен кеңестердің діттеген мақсаттарын және мұнда қаншалықты табысқа қол жеткізе алатындықтарын болжауға тырысты. Әсіресе екі мемлекеттің басшылары, атап айтқанда Гитлер мен Сталиннің әлемдік билік құмарлықтарының адамзатқа қандай ауыртпалықтар әкелетіндігі туралы сауалдың жауабын іздеп шарқ ұратын.
Шоқайдың ойынша олардың екеуі де адасқан озбырлар еді. Олар жаратылысынан саясат пен зұлымдықта бір-біріне тең түсетін. Олардың арасындағы дара айырмашылық – біреуінің нацист, ал екіншісінің интернационалист болуы еді. Басқа бір сөзбен айтқанда Гитлер тек неміс халқының атасы, ал Сталин болса халықтардың атасы еді. Шоқай бұлардың бірінің ажалы екіншісінің қолынан болады деген ойда еді. Егер олар әлемді билеу үшін ауызбірлігі жасайтын болса, онда оларға ешкім қарсы тұра алмас еді. Бірақ Шоқай олардың достықтарының өткінші екендігіне сенді.[1]Ал Парижде үнемі кездесіп тұрған Ресейлік босқындарының көпшілігі қаланы тастап кеткен болатын. Олардың көбі Франция мен Германия арасында бұрқ етуі ықтимал соғыстан бас сауғалап Португалия арқылы Америка Құрама Штаттарына қарай аттанған еді.[2]Соғыс қаупін Шоқай да сезіп жүрді. Алайда Францияны тастап кетуді ешқашан ойламады. Өйткені ол қиын-қыстау күндерінде өзіне құшағын ашқан Францияны туған отаны деп есептеді. Сондықтан оның пікірінше, соғыстан қорқып Францияны тастап кетуге болмайтын еді.[3]Ол елде бір соғыс өрті шыға қалған жағдайда оның қиыншылықтарына француз халқымен бірге төзуге тәуекел етті.[4]Сөйтіп Шоқай Францияда қалды. Өйткені, онын жүрегінде Франциянын ерекше орны бар еді. Ол оның отаны еді. Франция ол үшін шынында да бостандықтар, теңдіктер және бауырластықтар елі еді. Ол 1941 жылы 27 желтоқсанда көз жұмғанда тек қазақ халқы үшін емес, француз халқы үшін де құрбан болды деуге негіз бар. Өйткені сол кезде жансауғалап АҚШ-қа кетіп қалғанда нацисттерге тұтқын түспей аман қалар еді.
Ақырында соғыс Францияаға шашырады. 1940 жылы сәуір айында алдымен Данияға және соңынан Норвегияға шабулдаған неміс армиясы мамыр айында Бельгия мен Голландияны жаулап ала бастады. Енді соғыс Францияның шекараларына таяды. Франция қосындарын неміс шабулдарына қарсы Мажинода шоғырландырып қорғаныс шебін құрды.[5]Осындай жағдайда Парижді тастап, Бордо қаласына кетуге дайындық жасаған достары бірге кетуге қайта ұсыныс жасаса да, Шоқай оған келіспеді. Өйткені ол қандайда бір қасіретке душар болатын болса да, Парижден кетпеуге бел байлаған еді. Неміс басқыншылығына қарсы қолданған дара сақтық шарасы – архиуі мен онша құны жоқ акцияларын бір банктің сейфіне сақтау болды.[6]Бір күн күтілмеген бір шақыру алды. Бір неміс өкімет қызметкері кездесу үшін өзін Берлинге шақырып жатқан еді.[7]Бұл шақырту Шоқайды қатты алаңдатты. Өйткені немістердің өзін Берлинге не үшін шақыртқандықтарын түсіне алмады. Немістер Польшаны басып алмас бұрын “Прометей Одағы” жұмыстары кезінде нацисттерге қарсы екенін айқын көрсететін мақалалар жазған еді. Сондықтан ол нацисттерге қарсы екендігімен танылған болатын. Сол себепті немістердің бұл кездесуде өзінен не сұрайтындықтарын немесе қандай салада пайдаланытдықтарын жорамалдап білгісі келген еді. Бірақ ешқандай бір қорытындығыға келе алмады. Екінші жағынан шақыртуды қабылдамай кездесуге бармайтын болса, Францияны қол астында ұстап тұрған немістер керек болған жағдайда оны өз ықтиярынсыз-ақ Берлинге алғыза білетін еді.[8]Сонымен Шоқай Берлинге келді. Берлинде өзін шақыртқан неміс өкіметтік қызметкерлері Шоқайға Кеңестердің әскери күші туралы мәлімет сұрауға шақырғандарын айтты. Бірақ Шоқай бұл туралы ешқандай мағлұматы жоқ екендігін, кеңестердің тек Түркістан аймағының ғана  қызықтыратынын, кеңестер туралы одан артық ешнәрсе білмейтіндігін айтты. Шоқай Берлинде бір апта болғаннан кейін Парижге оралды. Енді көңілі орнына түскен еді. Өйткені немістердің өзімен ешқандай жұмысы қалмаған еді.[9]Бірақ бұл тыныштық ұзаққа созылмады. Осы кездесуден шамамен екі ай өткен соң, атап айтқанда 1941 жылы 22 маусым күні Германия Кеңестер Одағына қарсы соғыс ашты. Сөйтіп Шоқайдың өмірінің ең тыныш және жайбарат күндері аяқталды.
Ол осы хабарды әрі тебіреніспен және әрі таңданыспен қарсы алды. Сонда алғаш ойына оралған неміс армиясында жас офицерлердің қарт офицерлерге басым түскені болды. Өйткені Шоқай Берлинде жүрген кезінде неміс армиясында Кеңестер Одағына қарсы соғыс ашып-ашпау туралы тартыс болып жатқандығын естіген болатын. Жас офицерлер ағылшындармен болған шайқастарда ұшыраған жеңілістердің орнын большеуиктерге қарсы соғыста жеңіске қол жеткізіп толтыруды жақтады. Ал қарт тәжірибелі офицерлер болса, күш-қуаты туралы жеткілікті мағлұматтары жоқ Кеңестер Одағымен соғыспау керектігін алға тартты.[10]Шоқай үшін немістердің кеңестерге қарсы соғыс ашуы күтпеген уақиға еді. Дегенмен ол мұны Түркістанның Мәскеудің бұзауынан құтылуына оңды әсер етеді деген пікірде еді. Сондықтан қатты тебіреніп, толқыды. Жұбайымен Париж орталығына бара жатып жол бойы дамылсыз сөйледі. Аракідік қолдарын аспанға көтеріп жазу жазған секілді ым-белгілер жасады.[11]Зайыбының айтуынша Шоқай маңызды шешім қабылдар алдында кезінде үнемі осылай ететін еді. Шоқай бұл жағдайды пайдаланып қалу керектігін және бұл үшін жиналып мәселені талқылау керектігін айтып жатты.[12]Осындай ойларға шомылған Шоқай мен жұбайы қала орталығына жасаған серуендерінен үйлеріне қайтты. Үйлеріне кіргеннен сәл ғана уақыт өткен соң үш неміс әскері келіп Шоқайды тұтқынға алды. Сол күні Парижде тұтқындалған жалғыз ол емес еді. Парижде тұрып жатқан кеңестерге қарсы орыс босқындарының алда келген өкілдері де тұтқындалды. Олардың барлығы Компиен лагеріне қамалды.[13]Негізінде бұл лагерьді абақтыдан гөрі немістердің үкіметтік қызметкерлерінің білімін арттыру лагері деуге болады. Лагердегі жұмыстар Ресейлік босқындардың кеңестер туралы мәліметтерінен пайдалануға бағытталды Немістер осы мақсатта босқындар арасында Кеңестер Одағы туралы конфренциялар мен талқылаулар ұйымдастырды. Шоқай да лагерьде Түркістан туралы бір баяндама жасады.[14]Шоқайдың Түркістан туралы баяндамасы тыңдаушыларға өте ұнап, осы тақырыпта тағы бір баяндама жасауы сұралды. Шоқай мұны шын ықыласпен қабыл алды. Бірақ лагерьде екінші баяндаманы жасайтындай ұзақ уақыт қала алмады. Өйткені Шоқайдың баяндамасын жалғыз тұтқындар ғана емес, лагерьдің неміс басшылары да ұнатқан еді. Олар кеңестерге қарсы мұндай бір баяндаманы радио арқылы түркістандықтарға қарата жасауын сұрады.[15]Жалпы алғанда Шоқай бұл ұсынысқа оң қарағанмен радиодан сөз сөйлеуге бірден келісе қоймады. Өйткені оның ойынша, Түркістанның жергілікті халықына арнап сөз сөйлеу мен Түркістаннан тыс жерде шетелдіктерге баяндама жасау арасында үлкен айырмашылық бар еді. Түркістандықтарға өз отаны туралы баяндама жасайтын кезінде бар нәрсеге өте мұқият болып, әсіресе өлкенің саяси шындықтары туралы қателіктерге бой ұрмауы керек еді. Олай болмаған жағдайда баяндаманың пайда орнына зиян келтіруі мүмкін еді.[16]Сол себепті немістерге тұтқынға түскен түркістандық әскерлермен кездесіп олардың ұлттық мәселелердегі ой-пікірлерін біліп алу қажет еді. Содан кейін ғана түркістандықтарға арнап бір баяндама жасауға болар еді.[17]Шоқай Берлинге қарай аттанбас бұрын екі күнге үйіне соқты. Берлин сапары үшін керекті дайындықтарын жасады. Түні бойы жазу машинкасымен жазу жазды. Ол таңертең ертемен Парижге кетті. Келгеннен кейін тағы да жазды.[18]Ол шілде айының орталарында Парижден Берлинге қарай әскери көлікпен жолға шықты.[19]Шоқай Берлинге бара жатқанында кеңес дәуірінде өскен түркістандық жастармен алғаш рет кездестіндіктен өте толқып тұрған еді. Бұл кездесулер, әсіресе 1922 жылдан бері шетелде Түркістан туралы жазған мақалаларындағы тұжырымдарының дұрыс бұрысын анықтауға мүмкіндік беретін еді. Сол мақалаларында Түркістаннан шалғай жерде, Еуропаның кіндігінде тек кеңес баспасөзінде орын алған мәліметтерге сүйене отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасаған еді. Түркістанға бара алмағандықтан, олардың қанша дәлдікпен айтылғанынан бейхабар еді. Тұтқындармен сөйлескен кезінде осы мәселені анықтауға тырысатын еді. Сондай-ақ немістерге тұтқынға түскен түркістандықтардың толықтай кеңес жүйесінде білім алып өскен жастар болуы да оны қызықтыруда еді. Сол тәрбиенің түркістандық жастарды қандай сипатта қалыптастырғанын байқау мүмкіншілігіне қол жеткізетін еді.[20]Шоқай әсіресе олардың өзі туралы не ойлайтындықтарын білгісі келді. Бірақ жастардың өзі туралы білетініне күмәнді еді. Ол бұл туралы ойларын былай ортаға салады: “…Тұтқындармен кездесетін болғандықтан толқып тұрмын. Олармен түсінісетін ортақ бір тіл таба аламыз ба? Алайда сол жастар мен туралы еш нәрсе  білмейді. Еш нәрсе де естімеді. Менің шетелдегі іс-әрекеттерімнен де бейхабар. Сондықтан да өте толқып тұрмын.”[21]Бірақ Шоқай Берлинге келгенінде соғыс тұтқындарымен бірден кездесуге мүмкіншілігі болмады. Лагерлерге барып аралау үшін алты апатадай күтуіне тура келді.[22]Шоқайға лагерлерді көріп қайту үшін неліктен дереу рұхсат берілмегендігі туралы қолымызда ешқандай дерек жоқ. Дегенмен, бұған немістер басып алған кеңес территорияларын басқару туралы НСДАП[23] мен Сыртқы Істер Министрлігі арасындағы билік тартысының себеп болғандығы даусыз.
Кеңестерге соғыс ашпастан бірнеше ай бұрын аталған екі мекеме бір-бірінен хабарсыз Кеңес Одағына басып кіру жөніндегі дайындық жұмыстарына бастады. Бұл тұрғыда алғашқы жұмыстарды НСДАП-тың Сыртқы Саясат Кеңсесі бастатты. 1941 жылы 31 наурыз күні бұл кеңсеге қарасты “Шығыс Мәселелері Орталық Саяси бюросы” құрылды және оның төрағалығына Альфред Розенберг тағайындалды. 1941 жылы 20 сәуір күні Шығыс Еуропа аймағы мәселелерінің орталық атқару қызметкері деген лауазым аты алған Розенберг өзінің жұмыс тобын жасақтай бастады. Соның алғашқы қызметкерлері арасында профессор Герхард фон Менде мен Георг Лейбрандт секілді есімдер орын алды.[24]Сонымен Розенберг неміс армиясы басып алатын кеңес жерлеріндегі болашақ неміс билігінің жоспарларын жасай бастады.[25]Розенберг басшылығындағы бюроның ресми бір мекемеге айналуы соғыс басталғаннан кейін, Шоқайдың Берлинге аяқ басқан күндерге сәйкес келді. 1941 жылы 16 шілде күні Гитлердің қатысуымен бір маңызды жиналыс өткізілді. Бұл жиналыста Кеңестер Одағынан басып алынған аймақтармен айналысатын жаңа бір министрліктің құрылуы мен өкілеттіліктері туралы шешім қабылданды. “Басып Алынған Шығыс Елдері Министрлігі” деген ат берілген осы жаңа министрлікке ертеңіне Розенберг министр болып тағайындалды. Сөйтіп Шоқайдың аралауға тілек білдірген тұтқын лагерлерінен жауапты болған және қысқаша Шығыс министрлігі (Остминистериум) деп аталған бұл жаңа министрлік 1941 жылы 17 шілдеден бастап өз жұмсына бастады.[26]Шығыс Министрлігінің ұйымдық құрылысы ауқымды және қызық сипатта еді. Саясат, экономика және әкімшілік секілді үш негізі бөлімнен тұратын министрліктің саяси бөлімі тақырыбымыз тұрғысынан көбірек маңызды болғандықта ол туралы тоқталамыз. Бұл бөлімнің басына “министрал директор” яғни министірге тікелей бағынатын директор деген лауазыммен Розенбергтың жақын қызметтес жолдасы Лейбрандт тағайындалды.Саясат бөлімі де өз ішінде он салаға бөлінді. Олар төмендегідей болатын:
1.  Жалпы саясат, бастығы – Сыртқы Істер Министірлігінен Отто Бройтигам,
2.  Остланд,[27]бастығы – Сыртқы Істер Министірлігінен Петер Клайст,
3.  Украина, бастығы – СС Обер-фүрер[28]Вилгельм Кинкелн,
4.  Ресей,[29]5.  Кавказ,[30]бастығы – фон Менде,
6.  Мәдениет,
7.  Қоныстану,
8.  Баспасөз,
9.  Жастар ісі,
10. Әйелдер ісі.[31]Соғыстан алдыңғы кезеңде Германияның Сыртқы Істер министрлігі де кеңестерге қарсы жүргізілетін соғысқа байланысты дайындық жасады. Бірақ бұл жөнінде НСДАП-тың да жұмыстар жүргізіп жатқандығынан бейхабар еді. Екі мекеме арасындағы осындай байланыссыздық уақыт өте келе бәсекеге айналды. Бірақ дайындықтарына бұрыннан бастаған және Гитлердің қолдауына ие Розенберг басып алынатын кеңес территорялары турасында өкілеттік алуда Сыртқы Істер министрлігін қатардан шығаруда табысты болды.
Қолда бар деректер Германия Сыртқы Істер министрлігінің Кеңестер Одағын жаулап алуға бағытталған алғашқы ұйымдық жұмыстарын 1941 жылдың сәуір айында бастағандығын көрсетеді. Сол айда министрлікте басып алынатын кеңес жерлері мәселесімен айналысатын бір Ресей комитеті құрылды. Бұл комитеттің төрағалығына елшілік кеңесшісі Георг Гросскоф тағайындалды. Бірақ Ресей комитетінің жұмыстары НСДАП-тың Шығыс мәселелері Орталық Саяси бюросының жұмыстарынан артта қалды. Өйткені одан бұрын жұмыстарына бастаған аталмыш бюро Кеңестер Одағы жөніндегі мамандардың көпшілігін өз құрамына жинап алған еді. Осы себепті Гросскофтың фон Менде мен Лейбрандт секілді мамандарды Ресей Комитетіне алу ұмтылысынан бір нәтиже шықпады. Сондықтан Гросскофтың жұмыстары жаулап алынатын Украина, Кавказ және Қырым секілді аймақтарда құрылатын неміс әкімшілік органдары үшін Сыртқы Істер Министрлігі қызметкерлерінен басқарушы кадрлардың тізімін дайындаудан әріге бара алмады.[32]Гросскофтың Ресей Комитетінің міндеттері мен жауапкершіліктерінің аясы Кеңестер Одағымен соғыс басталғаннан кейін белгіленді. Соғыс басталғаннан бір апта өткеннен соң Вернер Отто фон Хентиг кеңестердің оңтүстік-шығыс халықтарының (кауказдықтар, қырғыздар, татарлар тб.) мәселелерінен жауапты қызметкер болып тағайындалды.[33] Ресей Комитеті сондай-ақ “Винета” Шығыс кеңсесінің үгіт-насихат істерінің бір бөлімін міндетіне алып, Кеңестер Одағының орыс емес халықтарына қатысты брошүралар дайындай бастады. 1941 жылдың 16 тамыз күнгі бір құжаттан аңғарылғанындай, Ресей Комитеті кеңес армиясынан тұтқынға түскен татар, өзбек, қазақ секілді шығыс халықтарына арнап “Шығыс Түрік” атты бір брошура дайындауға кірісті. Мұны Сыртқы Істер министрлігі Ресей Комитетінде жұмыс істейтін қазандық Ғалимжан Идриси жасады.[34]Қорытындылай келе, мынаны айтуға болады: Шоқай шілде айының ортасында Берлинге келген кезде[35]тұтқындармен жүздесу мәселесінде билік таласына тап болды. Шамасы Шоқайдан радио арқылы түркістандықтарға қарата сөз сөйлеуін сұраған Шығыс министрлігі де, Ресей Комитеті де емес еді. Шоқайға мұндай өтініш жасаған нацистік өкіметтің Үгіт-Насихат Министрлігіне қарасты “Винета” ұйымы болуға тиіс. 1941 жылдың көктемінде листоука, брошура және грампластинкалар арқылы кеңестерге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін құрылған “Винета” ұйымы радио хабарларымен айналысатын еді. Соғыстан бір аптадай бұрын орыс, украин, кавказ және түрік-татар халықтарының он шақты өкіліне қызыл армия қатарындағы жауынгерлерді әскерден қашуға шақырған үндеулерді оқытып, грампластинкаларға жазды. Бұл пластинкалар кейіннен радиодан жарияланды.[36]Міне осы жағдай бізді Шоқайдан түркістандықтарға қарата радиодан сөз сөйлеуін сұраған мекеменің “Винета” ұйымы болуы тиіс деген қорытынды шығаруға жетеледі. Бірақ Шоқай мұнда сөз сөйлемес бұрын түркістандық тұтқындармен кездесуді қалады. Ал мұндай кездесуді іске асыратын “Винета” ұйымы емес еді. Кездесуге рұхсатты беретін өкімет органы Шоқай Берлинге келген кезде жаңа белгіленіп жатқан еді. 17 шілде күні Шығыс Министрлігінің құрылуымен бірге кеңес тұтқындары жөніндегі билік Гросскофтан Розенбергке өтті. Сонымен Шоқай Берлинде Гросскоф басқаруындағы Ресей Комитетінің түркістандық тұтқындарға жауапты қызметкері фон Хентигтен емес, Розенбергтің Шығыс министрлігінің кеңестік түркі халықтарынан жауапты қызметкері фон Мендеден рұхсат алатын болды. Ал Шығыс министрлігінің болса тұтқындар мәселесінде Ресей Комитетіне қарағанда басқаша жоспарлары бар еді. Шоқай бұл жоспарлардың жүзеге асырылуын күтуге мәжбүр еді.
Негізінде Шығыс министрлігінің соғыстың бастапқы кезеңінде тұтқындарға қатысты ешқандай жоспары жоқ еді. Олардан жәрдем отрядтарын жасақтау болса еш ойға алынбаған еді. Нацисттер тек тұтқындарды кейбір ережелер бойынша бөлумен болды. Тұтқындар арасында анықтаған коммунисттік партияның жоғары лауазымды басшылары мен жоғары дәрежедегі мемлекеттік қызметкерлерін, еврейлер мен азиялықтарды өлтіріп тастап отырды. Сонымен қатар азиялық мұсылман тұтқындардың сүндетті болуы оларды еурейлермен шатастыруларына себеп болды. Сондықтан, мыңдаған тұтқын өлді.[37]Шынтуайтына келгенде кеңес армиясынан тұтқынға түскен түркі тектес және кавказдық мұсылман әсерлерді неміс армиясында немесе қандай да бір ресми қызметте қолдану нацистік идеологияға қайшы еді. Өйткені нацисттердің адамдарды нәсілге қарай  бөлу категориясы бойынша татарлар мен Орта Азияның түркі халықтары “төменгі сатыдағы азиялықтар тобына” кіретін. Олар нацисттердің пікірі бойынша слауяндардан да төмен нәсілге жатады. Тіпті олар адамнан да төмен жек көрінішті бір мақұлық (untermensch) еді.[38]Осы себепті неміс-кеңес соғысының бас кезеңінде немістерден кеңес тұтқындарын пайдалану туралы ешқандай ой жоқ еді. Бұл пікір соғыс басталғаннан кейін ғана қалыптаса бастады.
Бұл арада Германияның Кеңестер Одағына шабул жасауы басқа елдердегі украин, кавказ, түркі тектес Ресейлік босқындарды да қозғалысқа түсірді. Олардың жүректерінде Германияның соғыста жеңіске жетуінің отандарының кеңестік бодандықтан құтылатындығы туралы үміт оты жанды. Осы себепті босқын жетекшілері арасында кеңестердің жеңілісін жеделдету және отандарының саяси келешегін қалыптастыру жұмыстарында белсенді рөл атқару үшін неміс өкіметімен біргестесу ынтасы оянды.[39]Осы мақсатта әртүрлі елдердегі неміс елшіліктеріне өтініштер түсті. Аталмыш өтініштерде неміс өкіметіне кеңестерге қарсы соғыста ерікті түрде жәрдем етуге дайын тұрғандықтары аталып өтілді. тілегі білдірілді. Олар неміс өкіметінен бұл көмектің қарымтасында елдерінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуін сұрады.[40]Екінші жақтан кеңес армиясы қатарында соғысып жатқан кейбір орыс емес әскерлердің соғыспастан немістерге өз еркімен беріліп жатқаны байқалды. Кеңес армиясында олардың көпшілігіне орыс тілін білмегендіктері үшін екінші сорттағы әскер ретінде қаралуда еді. Олардың бір бөлігі әскери жаттығу көрместен тіпті қолына қару берілместен майданға жіберілген еді. Немістерге өз еркімен берілген әскерлердің қатарында кеңестік режимге қарсы әскерлер де болды.[41]Босқын жетекшілерінің неміс армиясына жәрдемші болу өтініштері және кеңес армиясы қатарындағы кейбір жауынгерлердің неміс армиясына бүйірлерінің тартуы неміс армиясы құрамында кеңестік әскерлерден ерікті көмекші отрядтар жасақтау пікірін туғызды. Бұл пікір Шығыс министрлігі, Қарсы Барлау және Сыртқы Істер министрліктері тарапынан қолдау тапты. Бірақ бұл пікірдің алғаш рет кімнен қашан және келгендігі белгісіз.[42]Осындай дамушылықтарға байланысты Шығыс министрлігі тамыз айында тұтқындармен айналысатын бір комиссия құрды. Бұл комиссияның басына НСДАП-тың “СА” полкінен штрумбанфүрер Гейбель тағайындалды. Бастапқыда бұл комиссияға тұтқындармен ұлттарына қарай айналысу үшін жеті адам кірді. Татар, башқұрт және фин тұтқындар үшін Ахмет Темир, Түркістанның өзбек, қазақ, қырғыз және түрікмен тұтқындары үшін Уали Каүм, солтүстік кауказдықтар үшін Али Кантемир, азербайжандар үшін Мехмет Бей,грузин және армиян тұтқындар үшін екі кісі және Мұстафа Шоқай белгіленді. Мұсылман және түркі тектес тұтқындармен байланысты қызметкерлердің төрағасы болып тағайындалған Шоқай өзіне көмекші және аудармашы ретінде Уәли Каюмды таңдады. Комиссия мүшелеріне міндеті тұтқындарды ұлтына қарай анықтау және тұтқындармен сөйлесіп мәлімет жинау қызметі жүктелді.[43]Тұтқын комиссиясы алғашқы жұмысына бастау үшін 26 тамыз күні Ганофер маңындағы Өрбке және Берген-Белсен тұтқын лагерьлеріне қарай жолға шықты. Шоқайдың Берлинде бір жарым ай жатып тебіреніспен күткен кездесулері ақырында жүзеге асты. Бірақ лагерьлерге жеткенінде Шоқай күтпеген бір жағдаймен кездесті және бұл оның көңілін су сепкендей басты. Лагерьлерде тұтқындар қиын жағдайда өмір мен өлім арасында арпалысып жатқан еді. Азық, сусын және баспана тапшылығы ең жоғары деңгейде еді. Бұл аз болғандай неміс әскерлерінің нацистік әсіре нәсілшілдіктен туындаған қан-құйлы зұлымдығына тап болып жатты. Нацистік әскерлер әсіресе татарлар мен түркістандық тұтқындарды қит етсе атып тастаудан тайынбайды. Бұл жағдайларға куә болудын Шоқайға ауыр тигені соншалық, оларды көргенше өліп кеткенді артық санады. Кейіннен жұбайына жасырын түрде жіберген хатында[44]соғыс тұтқындарының жүрек сыздатар ауыр жағдайын егжей-тегжейлі баяндады. Оның айтуынша, неміс әскерлері тұтқындарды мазақ ететін және ұнамсыз болмашы бір әрекеті үшін атып тастайтын еді. Аштық әбден өзекке түскен әскерлер өлген жолдастарының жүректері мен бауырларын жеп тірі қалудың амалын жасауда еді. Жұбайына жолдаған хатында Шоқай өзі куә болған мұндай жан түршігерлік көрініс алдында өзінің адам екендігінен ұялғандығын атап өтті.[45]Осылайша Шоқай лагерлердегі алғашқы күннен-ақ нацисттермен бірге кеңестерге қарсы Түркістанның саяси құқтары үшін күресудің мағынасыз және тіпті зиянды екендігін аңғарды. Соған қарамастан өзі де тұтқын сипатында болғандықтан, тұтқын комиссиясындағы қызметін жалғастыруға мәжбүр болды. Бірақ өз қалауынан тыс атқаратын бұл қызметіндегі басты мақсаты – неміс армясының Кеңестер Одағына қарсы жүргізіп жатқан соғысында жеңіп шығуын қамтамасыз ету емес, тұтқындардың ауыр жағдайын біршама да болса жақсарту болды. Ол бүкіл жұмыс уақытын, тіпті өмірінің қалған бөлегін осы мақсатқа арнады.
Шынында да соғыстың алғашқы апталарында тұтқындардың жағдайы сұмдық ауыр еді. Өйткені бастапқыда лагерлерде жиналған жүз мыңдаған тұтқындардың мәселелері мен қатар кеңестік шығыс халықтарынан шыққан тұтқындардан көмекші отрядтар ұйымдастыру ісі де ойластырылмаған еді. Бұл кезеңге байланысты жасалған зерттеулер де лагерьлерде азық-түлік жеткіліксіздігі мен барактардағы денсаулыққа зиянды лас жағдай салдарынан, сондай-ақ нацисттердің нәсілшілділдігінен туындаған зұлматынан мыңдаған тұтқынның өлім құшқанын растайды.[46]Шоқай тұтқын лагерьлерінде кездерінде көптеген мұсылман тұтқынның орынсыз нақақ атылып тасталынуына кедергі болды. Әсіресе сүндетті болуларына байланысты мұсылман тұтқындарды немістердің еврей деп ойлап, атып тастау оқиғаларының азаүында елеулі рөл атқарды.[47]Шоқай бір жолы лагерьлерді аралап жүргенінде отыз бес мұсылман тұтқының тек қана сүндетті болғандықтары үшін атылайын деп тұрғандығын көрді. Ол дереу бұл іске араласып, әскерлерді ажал аузынан арашалап қалды.[48]Сондай-ақ алдағы уақыттарда да бұған ұқсас қателіктерге жол бермеу үшін бұл мәселе жөнінде неміс басшыларын хабардар етуге тырысты. Шығыс министрлігі, Неміс Қарулы Күштері қолбасшылығы және СД өкілдері қатысқан бір жиналыста мұсылмандардың сүндетке отырғызу дәстүрі туралы мағлұмат берілді. Бұл мағлұматты кімнің бергендігі туралы ешқандай дерек болмаса да, Шоқайдың бұл жиналыстың өткізілуінде үлкен ықпалы болуы әбден мүмкін. Неміс ғалымы Мүхлен 1941 жылдың тамыз айынан бастап сүндетті болғандықтары үшін мұсылмандарды атып тастау оқиғаларының сейеуілдегенін айтады.[49]Шоқайдың тұтқындардың ауыр жағдайын жақсарту туралы қолында ешқандай билік жоқ еді. Қолынан келер тек шара – немістердің басшылық орындарына баяндама хат жіберіп, бұл жағдайдың жақсартылуын сұрау ғана еді. Қуә болған уақиғаларының әсерінде қала отрырып ауыр сындарды тілге тиек еткен бір баяндама дайындады. Онда былай деді: “Сіздер, немістер, өздеріңізді Еуропаның ең өркениетті және мәдениетті халқы ретінде көресіздер. Егер сіздердің мәдениеттеріңіз менің осы көргендерім болса, мен де сіздерге тұтқындардың басындағы дәл сондай ауыртпалық және апатпен әдіре қалуларынды тілеймін.[50] Сіздер ХХ-ғасырда, Шыңғыс ханның ХІІ-ғасырда жасағынан да бетер іс жасап жатырсыздар.” Ол бұл баяндамасын Уәли Қаюмға неміс тіліне аудартып тиісті офицерлерге тапсырды. Баяндаманы алған офицер Шоқайға ойын шектен тыс батылдықпен білдіргенін айтты. Бұған Шоқай “Егер сіз осыған байланысты мені атып тастайтын немесе дарға асатын болсаңыздар мен дайынмын. Мұндай өркениетті қоғамда өмір сүргеннен өлгенді артық санаймын. Мен осы сұмдық көріністерге байланысты өмірге деген құлшынысымды жоғалттым” деп жауап қайтарды.[51]Шоқайдың лагерь шарттарының жақсартылуы жолындағы ескертулері мен ұмтылыстарының зая кетпегендігін деректер анықтауда. Зерттеуші Мүхленнің айтуынша, 1941 жылдың тамыз айынан бастап кеңестік мұсылмандарының топ-тобымен өлім оқиғалары айтарлықтай дәрежеде азайды.[52]Легионда болған атқарған бір тұтқын Шоқайдың лагерьлеріне келіп кетуінен кейін жағдайларының жақсарғандығын атап өтеді. Шоқайдың аралап кетуінен кейін лагерьде тұтқындардың тазалық үшін монша мен душ мүмкіншіліктерімен көбірек қамтамасыз етілді және тағамдары жақсартылды.[53]Шоқай тұтқындардың лагерьлердің ауыр шарттарына төзе алулары үшін көңіл-күйлерінің көтерінкі болу керектігін жақсы түсінді. Бұл үшін ең алдымен тұтқындарға өзінің қолында ешқандай билік жоқ екендігін және немістердің нацистік идеологиясының зұлымдығынан туған өз үміціздігі мен пессимизмін көрсетпеуге тырысты. Содан кейін олардың көңіл-күйлерін көтеру үшін біле тұра өтірік айтып, жалған уәделер берді. Марияға жазған хаттарының бірінде былай дейді: “Менен жәрдем күткен маған үміт артқан осы бақытсыз байқұс жандарға ешқандай көмек көрсете алмағандығыма байланысты жан азабын шегудемін; мен оларға көмектесуге уәде берудемін және оларды жұбату үшін біле тұра өтірік айтамын.”[54]Шоқайдың бұл мәселеде аз да болса табысқа жеткендігін тұтқындардың бірінің естелігінен байқаймыз. Шоқай барған тұтқын лагерьлерінің бірінде болған және соғыстан кейін Қазақстанға қайтқан Мақсұт Нәбиев естелігінде осыған байланысты былай дейді: “Бір қазақ зиялысы келіп, түркі тектес тұтқындардың барлығын бір жерге жинады. Оның сол кезде не айтқаны дәл есімде жоқ. Бірақ сөздері жүрегімізге жылы тиді. Айтқан пікірлері ұнады. Оның қарапайым кісі еместігі, өте мәдениетті жан екендігі көрініп тұрған еді. Кейіннен білдік, ол кісі Мұстафа Шоқай екен.”[55]Бұл арада Шоқай тұтқындармен өткізген кездесулерінен Түркістанның саяси жағдайын білуге мүмкіндік тапты. Сан жылдар шетелде босқында жүріп Түркістандағы кеңес билігі туралы жасаған тұжырымдары мен сындарында жаңылыспағандығына көз жеткізді. Оларда әсіре кетпеген еді. Қайта кем жазған еді.[56]Тұтқын комиссиясының Ганофер маңындағы Өрбке және Берген-Белсендегі жұмыстары 1941 жылдың 27-28 тамыз күндері арасында екі күн жалғасты. Бұл жерде жұмыстарын бітірген комиссияның келесі аялдамасы Шығыс Пруссиядағы лагерьлер еді. 1941 жылдың 6-25 қыркүйек күндері бұл жерде орналасқан жеті лагерьді аралады. Олар: 1.Торн, 2. Просткан, 3. Сувалки, 4. Шируиндт, 5. Метзикен, 6. Погеген, 7. Ебенроде лагерлері еді.
Комиссияның үшінші жұмыс аймағы Польша мен Ұкраинадағы лагерьлер болды. 7 қазан мен 30 қараша күндері арасында жасалған бұл сапарда бес лагерьдегі тұтқындармен жүздесілді. Ол лагерьлер: 1. Лемберг, 2. Ярослау, 3. Кочановка, 4. Деба, 5. Самош еді.[57] 
Тұтқын комиссиясы өз жұмысын жалғастырып жатқан кезде нацистік өкіметтің жоғарғы басшылықтарында тұтқындардан көмекші отрядтардың жасақталуына деген қарсылықты бәсендеткен дамушылықтар болып жатты. Бұл мәселеде Германияның Анкарадағы елшісі Франц фон Папен маңызды рөл ойнады. Папен Түркияның бейтараптығын Германияның пайдасына бұзып, соғысқа қатыстыру үшін жанталасуда еді. Бұл мақсатын іске асыру үшін Түркияның саяси қайраткерлері мен зиялыларының түрікшілік сезімдерін қозғалысқа түсірмек болды. Папенмен етене жақын байланыс орнатқандар бұрынғы әскери генералдер еді. Олардың бірі Әнуар Пашаның інісі – Нури Паша (Киллигил) еді. Папен қыркүйек айында Нури Пашаның Берлинде Германия Сыртқы Істер министрлігінің қызметкерлерімен кездесуін қаматамасыз етті. Бұл кездесудің хаттамаларына қарағанда, Нури Паша мұсылман және түркі тектес соғыс тұтқындарынан жеке отрядтар жасақталуын және бұл мәселеде өздерінің қол ұшын беретіндіктерін айтты.[58]Соғыс тұтқындарынан легиондар құру пікіріне Гитлердің келісімін алуда да Папен маңызды рөл атқарды. Папен ұзақ уақыттан бері басқа екі түрік генералымен де жақын қарым-қатынас орнатып жүрді. Олардың бірі – Стамбул Соғыс Академиясының қолбасшысы (командирі) генерал Али Фуад Эрден, ал екіншісі – “Жумхуриет” пен “Сон Поста” газеттерінің ұлтшыл жазушысы, зейнеттегі генерал Хүсни Әмир Эркилет еді. Папен олардың 1941 жылы қазан айында Берлинге сапар шегуін қамтамасыз етті.[59]Германияның кеңестерге қарсы соғыста жеңіске жететіндігіне сенген екі генерал басып алынатын кеңес территориясының түркі халықтары тұратын өлкелерінде ұлттық мемлекеттер құрылуын жүзеге асыруды көздеді. Олар сол мақсатқа жету үшін неміс өкіметімен біргестесуді жөн көруде және керек болған жағдайда Түркияның да Германиямен бір сапта соғысқа қатысуын қамтамасыз етуге тырысуда еді. Сондай-ақ кеңес тұтқындарына жақсы қаралуын, олардан бір армия құрылуының пайдалы болатындығы туралы пікірді жақтауда еді.[60]Эрден мен Эркилет пашалар Берлинде Сыртқы Істер министрлігі қызметкерлерімен кездескеннен кейін соғыстың шығыс майданына сапар шекті. Сол жерде олар Гитлердің қабылдауында болды.[61]Бұл қабылдауда екі паша Гитлерге өз пікірлерін білдірді. Гитлердің бұл екі пашамен болған кездесуден үлкен әсер алғандығын айта аламыз. Өйткені зерттеушілер Гитлердің тұтқын әскерлерден көмекші отрядтар жасақталуына осы кездесуден кейін келісім бергендігін айтады.[62]Осылайша неміс өкіметінің жоғары лауазымды басшыларының шығыс халықтарынан көмекші отрядтар жасақтау мәселесіндегі қарсылықтары жойылып легиондарды ұйымдастыру барысында алғашқы жұмыстар жасала бастады. Розенберг мұсылман және түркі тектес тұтқындардан көмекші отрядтар жасақтау жөніндегі жобасын желтоқсан айының басында Гитлерге ұсынды. Гитлер жобаны бекітіп, 1941 жылы 22 желтоқсан күні неміс қарулы күштері құрамында түркістандықтардың, армяндардың, грузиндердің және кавказ мұсылмандарының легиондарын құру туралы бұйрық берді.[63]Легион жобасына Шоқайдың қалай қарағандығы туралы өз жазбаларында қандай да бір мағлұмат кездеспейді. Солай бола тұрса да, Шоқайдың бұл жобаға жылы қарамағандығын, сондай-ақ бұл жобадан тыс қалуға тырысқандығын айта аламыз. Өйткені Шоқайдың бұл жобаға қатыспауы үшін маңызды себептер еді. Олардың ең бастысы шығыс халықтарын төменгі адамдар ретінде көрген нацистік идеология келеді. Нацисттер әсіресе Шоқайдың қаншама жылдар саяси құқтарын қорғау жолында күрескен қазақ, қырғыз, өзбек және татар секілді халықтарды төмен көрді. Бұл көзқарас нацистік биліктің ең жоғарысындағы Гитлерден бастап, нацистік партияның ең төменгі сатысындағы қарапайым мүшесіне дейін, нацисттердің барлығының бойында кездесетін. Гитлер де осы көзқарасты қолдаған баяндамалар жасайтын. 1941 жылы 11 желтоқсан күні Райштагта сөйлеген сөзінде Гитлер соғыста большевиктер жеңген жағдайда, Еуропаның бейбітшілігін монғолдар мен татарлар белгілейтінін және мұның бүкіл Еуропа үшін үлкен бір апатқа ұрындыратынын атап өткен еді.[64]Гитлердің бұл сөздері нацисттердің монғолдар мен татарларды дос емес, дұшпан ретінде санайтындықтарын ашық түрде көрсетеді.[65]Гитлерде Түркістан халықтарын қорлау шамадан тыс болатын. Оның пікірінше Германия кеңес территориясына билігін жүргізер болса, Орта Азияның түркі халықтарымен ешқандай да қарым-қатынас жасалмайтын еді. Тек оларды неміс ықпалы астында ұстап отыру мақсатында жыл сайын бір топ қырғызды неміс астанасына саяхатқа алып келуге болатын еді. Бұдан басқа олармен ешқандай да бір байланыс орнатуға болмайтын еді.[66]Ал шындығында Шоқай бір саяси қайраткер ретінде халқын төмен көретіндермен біргестесіп ынтымақтастық жасай алмас еді. Шоқай үшін халқының намысын қорғау барлық нәрседен жоғары тұратын. Большевиктерге қарсы саяси салада талай жылдар бойы бірге күрес жүргізген Керенскийден ат құйрығын кесісіп жолдарын айырудың ең басты себебі – оның басқаруындағы “Дни” газетінде түркістандық әйелдерді орангутанға балаған бір мақаланың жариялануы еді. Бұл теңеу Шоқай үшін адам төзбес қорлау еді. Алайда нацисттердің барлық Түркістан халқын қорлауы бұдан да бетер еді. Мұндай қорлауға Шоқайдың шыдауы мүмкін емес еді. Елін мұндай пиғылдағы адамдардың қолына өткізу үшін Шоқай КСРО-ға қарсы соғыса алмас еді.
Нацисттердің Кеңестер Одағындағы түркі халықтарына ешқандай саяси құқ беруге ынталы емес екендіктері сол кезеңде басқалардың да назарынан қаламды. Қырымда демократиялық ұлттық басқару жүйесінің құрылуы үшін жеті ай бойы Берлінде кездесулер өткізген М. Үлкүсал ақырында нацистермен одақтасудың Қырымның мүддесіне қайшы екендігін аңғарды. Үлкүсалдың пікірінше немістер жаулап алған кеңес территориясының түркі өлкелерінде демократиялық құқтар беруді жақтамайтын еді. Большевиктер секілді нацисттер де түркі елдерін отарлауды мақсат етті. Үлкүсал немістердің мұны орыстардан да анайы және жедел түрде жүзеге асыратынына көрсетеді. Онын пікірінше, немістердің басқаруы кеңестік түркі тілдес халықтар үшін қожайын ауыстырудан басқа ештеңе емес еді.[67]Сондықтан бүкіл күресін Түркістан тәуелсіздігіне арнаған Шоқайдың Гитлердің нацистік партиясымен саяси салада қандай да бір біргестікке баруы мүмкін емес еді.
Шоқайдың өзі де нацистік нәсілшілдіктің түркі-татар халықтарын қорлаған көзқарастарының салдарына тап болды. Бір жолы тұтқын лагерьлерін аралап жүргенінде азиялық болғаны үшін өзін төмен көрген бір гитлершіл әскер өзіне жол бермегендігін желеу етіп шапалақпен тартып жіберді.[68]Бұдан да ауыр оқиғаға Шоқай Берлин көшелерінің бірінде душар болды. Жолда кездескен бір эсэсшіл есерсоқ Шоқайға тиісіп, қол көтерді. Фон Менденің мұралары арасында сақтаулы “Кавказ Саясаты” атты басылмаған бір еңбектте келтірілуінше, ол жігіт дереу тұтқындалып жауапқа тартыды. Ол таяу арада төменгі адам туралы бір кино тамашалағанын және солардың алғаш кездескен өкіліне жек көрушілік сезімін көрсеткісі келгендігін айтты. Осы оқиғаға байланысты бір үкіметтіқ қызметкер Шоқайдан кешірім сұрады.[69]Шоқайды нацисттермен біргестесуден аулақ болуына түрткі болған нәсілшіл идеологиядан басқа тағы бір маңызды себеп – легион жобасы қабылданған тұста Германияның Орта Азия саясатының әлі белгіленбеуі еді. Шоқай тұтқын лагерьлерінде қандай мақсатқа қызмет етіп жүргендігін білмегендіктен абыржулы еді. Шоқай осыған байланысты мазасыздығын жасырмастан маңайындағыларға жиі-жиі айту жүрді. Желтоқсан айының орталарында Ғалимжан Идриси Үлкүсалға Шоқайдың келешек туралы еш нәрсе білмейтіндігін айтып шағымданып жүргендігін айтты.[70]Расында да желтоқсан айында соғыстың басталғанына шамамен алты айдан артық уақыт өтуіне қарамастан нацисттік өкімет жаулап алынған кеңес жерлерінің болашағы туралы саясатын әлі белгілемеген еді. Бұл мәселе туралы неміс өкіметі төңірегінде басты екі көзқарас талқыланып жүрді. Біріншісі КСРО-ны тұтастай неміс отарына айналдыру еді. Бұл көзқарас кеңестік республикаларда жергілікті халықтарға басқаруда ешқандай да бір билік құқы танымауда еді. Барлық билік неміс басшыларының қолында болатын еді. Ал екінші көзқарас болса, Кеңестер Одағын автономиялық әкімшілік аймақтарға бөліп, жергілікті өкілдерге билік беруді жақтады. Бірінші және қатаң көзқарасты Шығыс Министрлігі, ал екінші идеяны болса, Сыртқы Істер Министрлігі жақтады.[71]Дегенмен екі көзқарастың ешбірінде нацистік басшылықтың Түркістанға тәуелсіздік беру ниеті байқалмайды. Нацистердің Түркістанға беруді ойлаған ең байсалды деген саяси құқтарының өзі, кеңестер берген құқтармен салыстыруға да тұрмайды. Алайда Шоқайдың саяси күресінің негізгін Түркістанның толық тәуелсіздігі құрады. Ол бұдан басқа ешқандай да бір саяси мақсатты қабылдамақ емес еді.[72]Нацистермен біргестеспеуіне тағы бір себеп ретінде, Шоқайдың жеке қасиеттерін айтуға болады. Ол қан төгіспен соғысқа әрқашан қарсы болды. Саяси күресті үнемі бейбіт жолмен, яғни пікір жолымен жүргізуді жақтаған ол соғыс пен қаруды еш ұнатпайтын. Сондықтан оның әскери жасақтарға қолбасшылық етуі мүмкін емес еді. Шоқайда соғыс пен соғыс униформасын жек көретіндігі соншалық, әлемде армия аты берілген қандай да бір мекеменің болуының өзін қаламады. Сонымен қатар бейбітшілік пен тәртіпті сақтау үшін әскер мен полиция секілді қарулы күштердің керек екендігін де мойындайтын. Дегенмен мұндай мекемелердің бірінде қызмет атқарғысы келмейтін. Әлемде соғыссыз, бейбіт тіршілік орнауы үшін адамдардың не істеуі керектігі туралы ұзақ толғанатын. Ақырында адамдзаттың ол деңгейге көтеріле көтеріле алмайтындығы және мұның бір утопия екендігі туралы қортындыға келетін.[73]Қорытындыла айтар болсақ, Шоқайдың Түркістан легионына қатысудан үзілді-кесілди бас тартты. Шоқайдың “Яш Түркістан” журналын шығаруында ұзақ жылдар бойы жанқияарлықпен көмектескен Тахир Чағатайдың жұбайы Саадет Чағатай да осындай пікір айтады. Чағатай Шоқайдың немістердің тұтқын жерлестерін орыстарға қарсы өз шептерінде соғысуға ынталандыру туралы талаптарына келіспегендігін атап өтеді. Оның айтуынша, Шоқай мұндай бір іс-қимылға үлес қоспайтынын ашық түрде білдірді. Шоқай немістерге түркі кеңестік тұтқындарды майданға жібермеуге кеңес берді. Оның орнына оқуларын аяқтамай жатып, кеңес армиясы қатарында соғысқа айдалып, тұтқынға түскен жастарды білім алуларын жалғастырулары үшін оқуға жіберулерін, ал басқа тұтқындардың болса майдан тылында жұмыс істетілуін ұсыныс етті.[74]Шоқай жұбайына жазған соңғы хаттарының бірінде, мұндағы жағдайдың өзін қанағаттандырмағандығын және бірнеше күн ішінде Парижге қайтатындығын мәлімдеді.[75]Шоқай бұған ұқсас тағы бір хатты Стамбулдағы Тахир Чағатайға да жіберді. Хатында былай деді: “Бұл жердегі кездесулерім аяқталды. Парижге қайтуға шешім қабылдадым… Германияда бізді қызықтыратын мәселелер туралы мағлұмат алғың келсе, бұл жұмыстарға тікелей араласып жүрген Уәлиге хат жаз. Осы қысқа хатты бұрынғы досымыз Вичи арқылы почтаға салғызып отырмын. Парижге оралғаннан кейін жазатын егжей-тегжейлі хатымды күтерсің.”[76]Бұл хат Шоқайдың легион жобасына келіспегендігін, сонымен қатар енді тұтқын комиссиясындағы қызметін тастап Парижге қайтуға бет алғандығын бізге айқын көрсетеді. Егер Шоқай Парижге орала алғанда, Чағатайға жазатын хатында бәлкім де Түркістан легионы туралы ой-пікірлерін ашық түрде жазатын еді. Бірақ Парижге қайту Шоқайдың пешенесіне жазылмаған еді.
Тұтқын комиссиясы барған Польшадағы Ченстохав лагері Шоқай аралаған соңғы лагер болды. Комиссия келген кезде лагерде сүзек ауруы шыққан еді. Соған қарамастан комиссия тұтқындармен кездесулер өткізді.
Комиссия сүзек эпидемиясының артуына байланысты тұтқындардан бөлініп карантинге алынды. Комиссия мүшелері екі апта бұл жерде карантинде қалды. Карантин кезінде комиссия мүшелерінде ауру белгілері көрінбегендіктен лагерьден қайтуларына рұхсат берілді.[77]Шоқай ендігәрі тұтқын лагерінде жұмыс істеуді қаламады. Ченстахов лагері Шоқайдың барған соңғы лагері болды. Бұл жерден жұбайына жолдаған хатында былай деді: “Жұмыстар қызықты емес, тұтқындарды санау ғана. Тез арада бұл жұмыстан босану керек және карантинде қамалып қалмауым керек.”[78]19 желтоқсан күні комиссия Берлинге оралды. Шоқай Берлинге келгенінде ыстығы 40 градуске көтерілген еді. Ол сүзек ауруы деген күмәнмен Виктория ауруханасына жатқызылды. Бір апта бойы көрген емі еш нәтиже бермей, 1941 жылы 27 желтоқсан күні қайтыс болды.[79]Неміс ресми қызметкерлері өлім себебі ретінде Ченстохав лагерінде жұқтырып алған сүзек ауруын көрсетті. Бірақ жұбайы Мариядан бастап оның жақын достары оның өліміне күмәнмен қарады.[80]Шоқайдың өліміндегі сырлар басқа ұзақ мақаланың тақырыбы. Шоқай 1942 жылы 2 қаңтар жұма күні Берлиндегі түрік шәйіттері зиратына жерленді.[81]Сонымен қорыта айтқанда Мұстафа Шоқай Түркістан легионы және басқа мәселелерде фашисттермен ешқандай біргестескен емес. Тіпті оларға қарама қарсы бағытта болды. Сондықтан оған сатқын деушілік үлкен әділет сіздік, білімсіздік, жала жабушылық, тіпті тарихқа қиянат болып табылады. Мұстафа Шоқай Қазақстан және Орта Азияның тәуелсіздігі жолында өзін құрбан еткен нағыз халық қаһарманы. Қазақстан және Орта Азия елдерінің тәуелсіздігінің 20 жылдығында Шоқайға үлкен құрметпен қараған жөн.
76 Соғыстан кейінгі Қазақстан экономикасы: негізгі мәселелері және даму үрдісі
2-дүниежүз. соғыс жылдары (1941–45) республика алдына айрықша қиын, кезек күттірмейтін және бір-бірімен байланысты міндеттер қойылды. Бұл КСРО-ның батыс аудандарынан көшірілген өнеркәсіп орындарын қабылдау, оларды тиісті жерлерге тездетіп орналастыру, өнім өндіруді кідіріссіз жолға қою болатын. Экономиканы түгелдей соғыс жағдайына бейімдеу, өндіріс қуаттарын үнемі арттыру, майданды барлық керекті заттармен қамтамасыз ету қажет болды. Республика бұл мәселелерді ойдағыдай шешті. 1941 жылдың 4-тоқсанында және 1942 жылдың басында Орта Азия мен Қазақстанға көшірілген 250 кәсіпорынның жартысынан астамы (142) Қазақстанға орналастырылды. Көшірілген және жаңадан салынған з-ттар мен ф-каларды іске қосу нәтижесінде жұмыс істеп тұрған негізгі қорлардың өндірістік қуаты біршама артты. Жаңа өнеркәсіп салалары пайда болды, олар: қара металлургия, мұнай өндіру, а.ш машиналарын жасау, станок жасау, кен және шахта жабдықтарын өндіру, сығымдағыш-автомат шығару, шағын литражды моторлар, прокат, құбырлар, сымдар, жасанды талшық жасау, т.б. Мата, жүн иіру, тоқыма заттар, шұлық, метиз-фурнитура, айна, кондитер, жеміс-консерві, темекі және шай өлшейтін өндірістер жұмыс істеді. Соғыс жылдарында Ақтөбе ферроқорытпа з-ты, Қазақ металлургия з-ты, Текелі полиметалл комб., Қарағанды көмір шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Гурьев (қазіргі Атырау) мұнай айыру з-ты, кен байыту ф-калары, кеніштер, Қаратау кен-химия комб., электр ст-лары, жеңіл және тамақ өнеркәсібі орындары, жүздеген км т. ж. желілері іске қосылды. Түсті металлургия өнімдерінің маңызы артты, мыс өнімдерін өндіру 1,5 есе өсті. Қазақстан ел қорғанысына аса қажетті қорғасын беретін негізгі базаға айналды. Қысқа мерзім ішінде мыс пен қорғасын қақтамаларын өндіру игерілді. Балқаш жұмысшылары мыс өндіруді 10 есе, молибденді 20 есе, түсті металл қақтамасын 2 есе арттырды. Ақтөбе ферроқорытпа з-ты мен Жезді марганец кеніші ел қара металлургиясының қажеттерін едәуір дәрежеде қанағаттандырып отырды. Қазақ металлургия з-ты 1944 ж. желтоқсанда тұңғыш рет болат берді. Республика майдан мен тылды көмірмен, мұнаймен, түсті және қара металдармен жабдықтау жөніндегі жетекші базалардың біріне айналды. Елді көмірмен жабдықтайтын кен орнының бірі ретінде Қарағанды көмір алабын дамытуға баса назар аударылды. Соғыс кезінде Қарағанды кеншілері 34 млн. т-дан астам көмір өндірді, Оңт. Оралға берілетін кокстелетін көмір көл. 90% өсті. Қазақстанның мұнай өндірісі бүкіл соғыс жылдары майданды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етті. Гурьев мұнай айыру з-ты іске қосылуына байланысты әскери техника жоғары октанды бензинмен және сапалы жағар маймен қамтамасыз етіле бастады. Қазақстанның отын және металлургия өнеркәсіптері жоғары қарқынмен дамыды. Соғыс жылдарында Қаратау кен-химия з-ты (1944), Қарағанды синтет. каучук з-ты (1943), Қостанай жасанды талшық з-ты, Гурьев (Атырау) мұнай айыру з-ты (1945) салынды. Алматы ауыр машина жасау з-ты, Шымкент пресс-автоматтар з-ты, Целиноград (Астана) “Қазақ ауыл шаруашылық машинасы”, Орал арматура з-ттары жалпы одақтық маңызға ие болды. Армияны киім-кешекпен және соғыс жабдықтарымен, ал халықты күнделікті тұтыну заттарымен жабдықтаған жеңіл және тамақ өнеркәсібінің маңызы ерекше. Маман жұмысшылар мен қызметкерлердің соғысқа кетуіне байланысты кәсіпорындарды жұмыс күшімен қамтамасыз ету қиындай түсті. Әйелдерді, жас жеткіншектерді, қарт кісілерді жұмысқа тартуға тура келді. Қазақстанда соғыс жылдары 102 мың жас жұмысшы тәрбиеленді. 1945 ж. өнеркәсіп өндірісінде істейтіндердің саны 255,4 мың адамға жетті. Соғыстың алғашқы жылында қорғаныс қорына республика халқынан түскен ақша мөлш. 700 млн. сомнан асты. Соғыс кезіндегі қиындықтарға қарамастан 1945 ж. мұнай өндіру 1940 жылмен салыстырғанда 1,3 есе, көмір – 1,7, электр энергиясын өндіру 1,8 есе артты. Соғыс жылдарында республикада а. ш. салалары тез дамыды. 1942–43 ж. а. ш. дақылдарының егіс көл. 1 млн. га-дан астам ұлғайды. Қазақстан ауылдары мен деревнялары зор жігермен еңбек етті. Республика шаруашылықтары мемлекетке 5839 мың т астық, оның ішінде 3568 мың т бидай, 241 мың т картоп, 174 мың т көкөніс, 1389 мың т қант қызылшасы, 323 мың т мақта, 738 мың т мал мен құс етін, 1146 мың т сүт, 64 мың т жүн өткізді.
Көлік пен байланыс жүйесін дамыту жөнінде қыруар жұмыстар жүргізілді. Республика аумағында т. ж-дың пайдалану ұз. 1631 км-ге, жүк тасымалы 5,7 млн. т-ға жетті. Уралды көмірмен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарған Қарталы – Ақмола (Астана) т. ж. желісі қатарға қосылды. Гурьев (Атырау) – Қандағаш, Жамбыл (Тараз) – Шолақтау т. ж. желілері пайдалануға берілді. Күрделі құрылыс көлемі ұлғайды. 2-бесжылдықта барлық салалар бойынша 721 млн. сом күрделі қаржы игерілсе, 4 жарым жыл ішінде (1941 – 46) 981 млн. сом игерілді.
Соғыстан кейінгі бесжылдықтарда (1946 – 60) Қазақстан экономикасы бейбіт жағдайға көшіріліп, қандай да болсын халық ш. мәселелерін шеше алатын, одақтың негізгі а. ш. базаларының біріне айналды. Жаудың басып алуынан (оккупациядан) зардап шеккен және өнеркәсіптің соғысқа дейінгі дәрежесіне 1949 жылдың аяғында ғана жеткен аудандардан Қазақстан халық ш-ның өзгешелігі сонда, ол қалпына келтіру кезеңіне соқпай, бұрынғысынша ұдайы өндіріс негізінде дамыды. Қазақстан бұл аудандарға металл, отын, шикізат қорларын, құрылыс материалдарын, жабдық, азық-түлік, асыл тұқымды мал, т.б. жөнелтіп тұрды. 4-бесжылдықта (1946 – 50) өнеркәсіптің “А” тобы салаларын және а. ш-н өркендету үшін республикада барлық күрделі қаржының тиісінше 40,2%-ы және 14,2%-ы пайдаланылды. Одақтық өнеркәсіптің жалпы өнімінің 1940 – 50 ж. өсу қарқыны 173% болса, Қазақстан өнеркәсібінің өсу қарқыны 232%-ға жетті. Кәсіпорындардың саны 4 мыңға жетті. Осы жылдары Қазақ металлургия, Балқаш мыс қорыту, Балқаш кен-металлургия з-ттары, Лениногор (Риддер) қорғасын комб., Шымкент қорғасын, Өскемен қорғасын-мырыш, Ақтөбе ферроқорытпа з-ттары мен Ақтөбе химия комб., Жамбыл (Тараз) суперфосфат з-ты, мұнай өндіретін Қаратон және Мұнайлы кәсіпшіліктері, т.б. кәсіпорындар салынып, өндірістік қуаттары кеңейтілді. Машина жасау және метал өңдеу өнеркәсібі негізінен қайта құрылды. Т. ж-дың пайдаланылатын бөлігінің ұзындығы Қазақстан аумағында 1940 ж. 6,6 мың км болса, 1945 ж. 8,2 мың км-ге, 1950 ж. 8,4 мың км-ге, 1960 ж. 11,5 мың км-ге жетті. Өзен және автомоб. көлігі жедел дамыды. Жүк тасымалы 1950 ж. 1945 жылмен салыстырғанда 1,9 есе артты. Республиканың 21 қаласында автомоб. қатынасы орнады. 1950 ж. мемл. және кооп. бөлшек сауда тауар айналымы 1940 ж. деңгейінен 48% өсті. Тұрғын үй құрылысының қарқыны жеделдетілді. Қала мен жұмысшы қыстақтарының тұрғын үй қоры 5 млн. м2-ден астам өсті, ауылдық жерлерде 100 мың м2 үй салынды. 1946 ж. оқу-ағарту, денсаулық сақтау, әлеум. қамсыздандыруға бөлінген қаржы 1013,2 млн. сом болса, 1950 ж. 1734,9 млн. сомға жетті, яки 70%-дай көбейді.
Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру.
II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.
Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.
Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.
Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б.
1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.
Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті.
Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты жалғастырылды.Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды: -Төлқұжаттары болмады. -Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді.
Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды.
Халықтың әлеуметтік жағдайы .
Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.
Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары: 1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. 2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды. 3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді. 4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді. 5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді. 6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.
Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды. 
77 Тың және тыңайған жерлерді игеру бағыты: мақсаты және себебі
Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің әлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау және малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды. Осы кезеңде шаруашылықты жүргізуде талантты ұйымдастырушылардың есімдері көпшілікке таныла бастады. Олардың еңбегін мемлекет жоғары бағалады. Мысалы, Алматы облысындағы «Алматы» колхозының бастығы Л.Манько, «Мичурин» атындағы колхоздың бастығы Қ. Әбдіғұлов Социалистік Еңбек Ері атанды. Ал, Талдықорған облысындағы «Жаңа талап» колхозының бастығы Н.Алдабергенов екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1950 ж. екінші жартысында МТС-тер таратылып, олардың қарамағындағы ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға берілді. Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы (МЖС) құрылды. Кейін олар «Казсельхозтехника» өндірістік–техникалық жабдықтау бірлестігінің құрамына енді. Мұндай қайта құрулар ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық–техникалық тұрғыда жабдықталуында тұрақтылық болмады. 1954 жылы 23 ақпан - 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумы болып өтті. Онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Жалпы, астық мәселесін шешудің екі бағыты болды: - интенсивтік бағыт, экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа көшу. - экстенсивтік бағыт, яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады. Қаулы бойынша тың игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік Кавказ, Еділ өңірі. Бұл аймақтарда егіс көлемін арттыру көзделді. Қазақстанда тың игерілетін аймақтарға солтүстік облыстар енді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. Ал жоспар бойынша Қазақстанда 1954-1957 жылдары егіс алқабының көлемі 2,5 млн га. артуы тиіс еді. Осылайша, жаппай тың игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды. Бұл совхоз атауларының өзі көп жәйтті аңғартып тұрса керек: «Москва», «Ленинград», «Киев», “Кантемировец”, “Тамановец” «Ростов», «Одесса» т.б. Жаңадан құрылған совхоздарда тұрғын үйлермен бірге жаңа мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлері, спорт алаңдары, кітапханалар салынды. Бұл республиканың әлеуметтік және мәдени дамуындағы оң істердің бірі еді. 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды. КСРО Министрлер Кеңесі 1954 жылы қыркүйекте тың игерілген жерлерде темір жолдар мен автомобиль жолдарының құрылысын дамыту туралы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Қазақстанда 2.600 шақырым автомобиль жолы төселуге тиісті болды. Тың игеру барысында Тобыл–Жетіқара, Есіл–Арқалық темір жолдары іске қосылды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің үлкен зардаптары да болды. Билік басындағылар ғалымдардың пікірімен санаспады. Экология мен жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескермеуі үлкен зиян әкелді. Қазақстанның тың өлкелерінде жер эрозияға ұшырады. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елді-мекендері мен жер–су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Мұндай орыстандыру саясатынан қазақ халқын еліміздің тәуелсіздігі ғана құтқарды. Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені, қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Халық үшін ең ауыр тигені сол кезеңде Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.
Түсіндірме сөздік
Тың игеру – бұрын егін шаруашылығына қолданылмаған жерлерді егістік алқаптары үшін жырту.
Топырақ эрозиясы– жердің құнарлы, қара топырақты қабатының жыртылғаннан кейін сумен шайылуы немесе желмен ұшырылу құбылысы.
Әлеуметтік құрылым – адамдардың еңбек ету әрекетіне қарай топтарға бөлінуі және олардың материалдық хал ахуалы.
Тарихи тұлғалар
Хрущёв Никита Сергеевич
Хрущев Никита Сергеевич (1894, Ресей, Курск губ. - 1971, Мәскеу) - мемлекет және қоғам қайраткері. Еңбек жолын 1908 жылдан Донбасстың шахталары мен зауыттарында жұмысшы болып бастаған. 1918-20ж. Азамат соғысына қатысып, онан кейін Донбасс пен Киевте шаруашылық және партиялық қызметте болған. 1929ж. Мәскеу Өнеркәсіп академиясын бітірген. 1931 жылдан Мәскеуде партия қызметінде, 1935-38ж. БК(б)П Мәскеу облыстық және қалалық комитеттерінің І-хатшысы, 1938-47ж. Украина Коммунистік Партиясы ОК-нің І-хатшысы қызметін атқарған. 1941-45ж. Ұлы Отан соғысы жылдарында бірқатар майдандардың Әскери Кеңестерінің мүшесі болған. Генерал-лейтенант дәрежесі берілген (1943). 1947ж. БК(б)П Мәскеу партия комитетінің І-хатшысы қызметінде болады. 1953 жылдың наурызынан СОКП ОК хатшысы, қыркүйектен бастап І-хатшысы, яғни, Кеңес Одағының жетекшісі болды. Сонымен бірге 1958-64ж. КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметін қоса атқарған.
Н.Хрущев Кеңес Одағын басқарған кезде бірқатар демократиялық реформаларды жүзеге асыруға талпыныс жасалды. 1956ж. СОКП XX съезінде Сталиннің жеке басына табынудың зардаптары туралы мәселені көтеріп, сталиндік саясатты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс ретінде бағалады. Сталиндік қуғын сүргіннің құрбандарын ақтау шараларын жүргізуге жол ашып берді. Ол Кеңес Одағында тың игеру саясатын жүзеге асырды. Алайда, Н.Хрущевтің демократиялық реформалары жартылай ғана орындалуымен ерекшеленді. Өйткені, ол өз қызметінде субъективизм мен волюнтаризмге жол берді. Сол себепті де, 1964ж. қазанда СОКП ОК-нің Пленумы Н.Хрущевті мемлекет пен Коммунистік партия жетекшілігінен кетуге мәжбүр етті.
78 Қазақстандағы целинаның жүзеге асырылуы: жетістігі, қателігі
Қоғамдық, өмірдің барлық жақтарын қайта құру біздің арғы және бepгi тарихымызды ой елегінен өткізіп, орын алған проблемаларды алдыңғы қатарға шығаруға мүмкіндік берді. Біздің заманымыздың ең өткір де үлкен проблемаларының бipi - халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету еді. КОКП-нің 27 съезінде осындай ұйғарым жасалып, артынан ол 28 съезде тағы қайталанды. Алайда дүние жүзінің алтыдан бip бөлігінде осындай мүмкіндікті жүзеге асыруда Коммунистік партия барынша дәрменсіздік танытты. Сөйтіп, КПСС Маркстің сөзімен айтқанда «халықтың ең бipiншi қажетті сұранымын» шеше алмай тарихи аренадан табан тайдыруға мәжбүр болды.
Дүние жүзі бойынша көлемі ең үлкен құнарлы жерлерге ие бола тұрып, елді нансыз, азық-түліксіз калдыруға КОКП-ға оншалықты «даналық» қажет емес еді. Әттең, қоғамымыз аграрлық саясатты дұрыс жүргізе білмеудің нәтижесінде бүгінгідей тығырыққа тірелді. Ғалымдар осынау дағдарыстың сырын анықтау үшін ауыл шаруашылығын дамытудың тарихына, соның ішінде 1954-1964 жылдарға назар аударуда. Бұл кезең кеңес елінің тарихындағы «Тың эпопеясы» жылдары деп аталды.
Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру тақырыбы Советтік тарихи әдебиетте кең орын алды. Әcipece, осы тақырып аясында IPI монографиялық зерттеулер, ұжымдық еңбектер, ғылыми-практикалық конференциялар, мерекелік салтанаттар көбейді. Осы жөнінде көптеген кандидаттық және докторлық диссертациялар корғалды, сонымен бipгe көркем әдебиет пен кинематография да оған көп көңіл аударды. Бip сөзбен айтқанда, елдің бәpi даң-ғаза, құрғақ сөзге әуес бола бастады.
В.В. Докучаевтың айтқандарына суйене отырып, Мәмбетәлі Сердалин өз еңбегінде «Егер Россияның Европалық далаларын қалай болса солай жыртып тастаудың зардаптары осындай болса, онда Сібірдің ұлан-байтақ шалқар даласын жырту қандай қатерлі зардаптарға әкеліп соғар екен» деп жазған еді. Мәмбетәлі Сердалин қазақ даласының мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы екенін және оның өнімін eгic аймақтарының өнімімен тығыз байланыстыра отырып, зор табысқа жетуге болатынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген [1, 75 б.].
Қазақ зиялыларының тағы да бip аса көрнекті өкілі Әлихан Бөкейханов (1887-1937 жж.) Та осыны ескерткен. 1910 жылы Петербургтен шыққан «Қырғыздар» (Қазақтар) атты еңбегінде: «Егер қазақ даласына шаруаларды асығыс түрде қоныс аударуды жалғастыру тоқтатылмаса, онда таяу арада тың жерлер түгел жыртылып тынады. Ал, мұндай тыңсыз дала айтақырға айналып, одан өнім алынбайды »деп жазған болатын. Алайда, қазақ ғалымдарының алысты болжай білетін көрегендік пікірімен де, болжауымен де ол кезде және одан кейін Советтік дәуірде де келісіп, санасқан ешкім болмады.
Қазақстан жерінде соғыс әрекеттері болған жоқ, әйтсе де оның зардаптары сезіліп тұрды. Әcipece бұл жағдай ауыл шаруашылығында айқын білінді. Бұл саладағы соғысқа дейінгі деңгей тек 50-ші жылдары ғана өз дәрежесіне жетті. Бipaқ ол елдің азық-түлік пен шикізатты тұтыну қажетін өтей алмады. Сондықтан үкімет «ауыл шаруашылығындағы жағдайды түзеуге ден қойды. Мәселен, 1950 жылы партиялық-үкімет комиссиясы құрылды. Оған колхоздарды қаржыландыруды жақсарту мәселесін қарау ұсынылды.
1952 жылы басқа комиссия мал шаруашылығындағы жағдайды жақсартуға көңіл бөлді. Аталмыш комиссиялардың жұмыс нәтижесі КСРО Жоғарғы Кеңесінің cecсиясында талқыланды (тамыз 1953 ж.). Үкімет экономиканы сауықтырудың ойластырылған шарасын ұсынды. КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы Г. Маленков халық тұтынатын тауарларды өндіруді ұлғайту үшін ауыл шаруашылығын көтермей болмайды деген тұжырым жасады. «Біздің басты міндетіміз, - деді ол, - қысқаша мерзім ішінде ауыл шаруашылығындағы колхоздар мен совхоздардың артта қалушылығын жойып, оны тез аяғына қоя отырып, шаруашылықтарды нығайту, колхозшылардың еңбек күнін көбейтіп, оларға ақша бөлуді ұлғайту». Баяндамада астық мәселесі маңызды деп танылып, оны өндіруді көбейту мақсаты қойылды. Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері КОКП Орталық Комитетінің 1953 жылғы 3-7 қыркүйек айында болған Пленумында да қаралды [1, 80 б.].
Саланың жағдайын сараптай келіп, пленум ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде жаңа көзқарас қалыптастырды. Алдымен ауыл шаруашылығына күрделі қаржы бөлуді ұлғайту көзделді. Пленум сонымен қатар алғаш рет социалистік шаруашылықты жүргізудің негізi ретінде қызметкерлерді материалдық қаржыландыру принципін шаруашылық табысымен байланыстырды [1, 80 б.]. Қаулыға сәйкес ферма мен егістіктен өндірілетін өнімдерді сатып алу бағасы бірнеше есе өсті. Шартты міндеттемеден тыс сатылатын өнімдердің бағасын колхоздар үшін күрт көтерілді. Мұның өзi колхоз экономикасын нығайтты. Жеке шаруашылықтан алынатын өнімнің көлемі азайтылды, қаржы салығы төмендетілді, тағы басқа тәуip шаралар белгіленді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруашылығын дамытуға әжептәуір жол ашты. Әйтсе де көптеген зерттеушілер Хрущевтің бастамасы оның табансыздығының арқасында өз мақсатына жетпеді деп есептейді. Мәселен мұндай көзқарас И.Росинов пен Н.Тюринде қалыптасқан.
Қойылған міндетті орындау көп күш жұмсауды қажет eттi. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін әміршілдік-әкімшілдік жүйенің барлық күш-қуаты icкe қосылды. КОКП Орталық Комитетінің, ақпан-наурыз Пленумының (1954 ж.) Шешімдері республикалардың Орталық Комитеттерінің облыстық, қалалық және аудандық партия ұйымдарының жиналыстарында талқыланды. Насихат пен үгіт құралдарының барлық түpi кеңінен, пәрменділікпен пайдаланылды. КОКП Орталық Комитеті Қазақстанның «Тың және тыңайған жерлерді игеруге аттануға» шақырған барлық совет халқына арналған үндеу қабылдады. Тың игеру дәуіріндегі Қазақстанға жаппай қоныс аудару дүмпуі 60-шы жылдардың ақырына дейін созылып, тоқтамады. Соның дәлелі ретінде Қазақстанның облыстары бойынша көрсеткіштер кестесі төмендегідей:
Кесте 1.
Қазақстан Республикасының облыстар бойынша халық саны (жыл басында, мың адам)
  1954 1959 1965
  Барлығы Соның ішінде ауыл тұрғындары Барлығы Соның ішінде ауыл тұрғындары Барлығы Соның ішінде ауыл тұрғындары
Қазақстан Республикасы 7355,4 4284,6 9809,8 5242,6 11771,6 6266,4
Ақтөбе 330,9 189,7 401,0 226,6 512,3 291,9
Алма-Ата 375,3 350,5 946,1 748,2 602,3 524,5
Шығыс Қазақстан 641,9 317,7 734,9 340,5 796,3 346,7
Гурьев 231,5 99,5 287,8 126,0 277,0 123,6
Жамбыл 469,6 316,0 561,6 360,0 704,3 425,9
Қарағанды 542,8 114,3 1018,7 221,3 1007,8 185,0
Қызылорда 297,9 171,0 327,3 175,1 410,7 198,8
Көкшетау 349,7 256,9 493,3 370,6 588,7 421,4
Қостанай 408,7 313,2 710,7 522,9 848,1 554,4
Павлодар 328,2 249,1 455,0 323,5 614,2 383,5
Солтүстік Қазақстан 385,5 257,1 457,0 300,6 544,6 361,2
Семей 407,6 224,6 520,2 292,0 649,9 372,4
Орал 309,8 217,9 381,2 267,8 476,3 349,8
Целиноград 391,3 210,7 637,1 379,4 744,7 391,1
Шымкент 804,5 532,6 921,4 588,1 1110,7 689,5
 
Көріп отырғаныңыздай, Республика бойынша халық саны жылдан жылға артып, 11771,6 тұрғынды көрсетсе, жекелей Орал облысы бойынша да барлығы 166,5 мың адамға, ал ауыл тұрғындары 131,9 мың адамға өсімі байқалады [5, 62 б.]. Бұл елімізге қоныс аударушылардың санының айтарлықтай жылдан жылға өсіп отырғанын дәлелдейді. Тың жерлерді игерудегі жеткіліксіз жұмысшы күшi Совет Армиясы қатарынан босатылған жауынгерлер есебінен де толтырылды. Сонымен қатар, мемлекет батыс аймақтардан тыңға қоныс аударған отбасыларына көмектесуге мол қаражат бөлді. Кейбір совхоздарға комсомолдарының шақыруына үн қосып, 1954 жылдың күзінде тың игеруге тағы да 60 мың жас әйелдер мен қыздар келді. Алғашқы екі жылда ғана Қазақстанның тың жерлеріне 200 мыңнан астам отбасы қоныс аударды [6, 267 б.]. Бұл көрсеткіштер тың жерлерді игеруге де айтарлықтай өзгерістер әкелді.
Кесте 2.
Тың жерлерді игеру, шаруашылықтың барлық түрі бойынша (мың га)
№   1954 1955 1956 1957 1958 1959 1960
Қазақстан Республикасы 8531 9436 1908 1064 1877 1020 1648
1 Ақтөбе 446 695 177 122 129 116 116
2 Алма-Ата 148 383 212 123 69 32 35
3 Шығыс Қазақстан 84 131 46 17 37 32 15
4 Гурьев 7 16 10 2 12 1 -
5 Жамбыл 118 283 120 64 41 14 22
6 Қарағанды 242 560 181 81 78 55 92
7 Қызылорда 16 19 13 14 18 4 5
8 Көкшетау 1428 928 44 51 124 39 120
9 Қостанай 1710 2103 185 180 339 125 471
10 Павлодар 1021 1185 406 46 394 187 259
11 Солтүстік Қазақстан 759 270 13 18 155 40 75
12 Семей 283 387 118 104 79 135 121
13 Орал 560 506 134 75 99 77 57
14 Целиноград 1644 1734 155 118 283 138 236
15 Шымкент 65 236 94 49 20 25 24
 
Кестеден көріп тұрғанымыздай, тың және тыңайған жерлерді игеру Орал облысы бойынша 1954 жылы алтынша орында болса, 1956 жылы жетінші, ал 1960 жылы тоғызыншы орынға ығысып, тың игеру бұл аймақта жылдан жылға азайғандығын көрсетті. [5, 64 б.]. Дегенмен бұл біз үшін тиімді ме, тиімсіз болды ма, себебі бұл кезде облыстар арасында жаппай жарыстар орын алып жатты, болжам түрінде қалмақ.  
Тың игерудің шаруашылықты жүргізудегі тиімділігі қаншама мадақталып «дәлелденгенімен», оған орасан зор күрделі қаржы жұмсалды. Республиканың ауыл шаруашылығына алғашқы екі жылдың ішінде ғана 6105 миллион сом қаржы жұмсалды. Бұл төртінші бесжылдықта жұмсалған барлық қаржыдан төрт есеге жуық көп [4, 75 б.]. 1954-1958 жылдары Қазақстанда 337 жаңа совхоз ұйымдастырылды. Мемлекет оның құрылысына 10814 мың сом жұмсады. Өндірістік негізгі қор 1953 жылғы 276 миллион сомнан 1965 жылы 2,6 миллиард сомға дейін немесе 10 еседен астам өсті [10, 17 б.].
Тың игеруге ауқымды материалдық қор бөлінді. Республиканың басқа ауыл шаруашылық аудандарының есебінен тыңга құрылыс материалдары, техника үсті-үстіне жөнелтілді. 1953 жылмен салыстырғанда 1956 жылы тыңға әкелінген тракторлардың саны 213 пайызға, комбайндар 232 пайызға артты. Осыған орай техниканың жалпы саны да молайды. Егер 1958 жылы республикада 40 мың трактор болса 1960-шы жылдың басында 156,2 мынға, немесе төрт есе, ал комбайндар 4,3 есе көбейді. Осыншама есе техниканы кем алған басқа аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуының мешеулеп қалуы хақ.
Осыншама «қуатты күштің» бос жатқан тың алқаптарына тұтқиылдан шабуылға шығуын Л.И. Брежнев өз еңбегінде былайша түсіндіреді: «Тың жерлердің астығы шұғыл қажет болды», дей келе пікірін одан әpi жалғастырып, «социализмді нығайта отырып, уақыттың алдын орау үшін совет адамдары көп нәрсені бұрын түк жоқ жерден бастады. Партия тыңды игеруге шақырылғандарға: онда қиын, тіпті өте қиын болатынын, алда ауыр шайқастар тұрғанын, ал қандай шайқастың да ерлікті керек ететінін ашықтан ашық айтты »[4, 76 б.]. Расында да тың игерушілердің өмірінде қиындыққа төтеп беретін IC қимылдар бастан асатын. Тыңға шабуыл ешқандай дайындықсыз шұғыл басталды. Қара топырақты құнарлы аймақтармен бipгe көк қауданы желкілдеген шұрайлы жайылымдықтар да қыраттар да, тіпті сортаң жерлер де өткір түрен жүзіне ілікті. Интернационалдық комсомол-жастар екпінді бригадалары жазушы Шерхан Муртазаның cөзiмен айтқанда «қазақ даласының бүкіл ішек қарнын ақтарды». Майдандағы соғыс дабылдарының мәліметтері сияқты жүздеген, мыңдаған миллиондаған гектар жер жыртылғаны туралы даурықпа рапорттар қарша борады. 1954 жылы тапсырмадағы 6,3 миллион гектардың орнына 8,5 миллион гектар жер жыртылды.
Осыдан кейін-ақ, сабырлық жасап, алды-артын пайымдап, аялдауы қажет еді, бipaқ, халықтың күткен үмiтi ақталмады.
Тың игерудегі өрескелдіктерді тың игерушілердің өздері де мойындайды. 1954 жылы «Ленинград» совхозына жолдамамен келген Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері В. Кириченко былай деп жазады: «Тыңды игеруге айтылған сынды дұрыс қабылдау керек. Сол кездегі әміршілік-әкімшілдік жүйенің басшылырына орай асығыстық, істі ойластырмай шешу орын алды »[1, 86 б.] . Өздерінің өмірлеріне, тағдырларына ciңiciп, шeшyшi рөл аткарған тыңды бағындырушылардың қазіргі кезеңдегі әділ сын көзбен жасалған тарихи талдауға қарсылық білдіретіні әбден түciнiктi. Әрине, тың игеру тарихындағы қажырлықты, жанқиярлық күресті, табандылықты ешкім жоққа шығармайды. Егістікке жарамды құнарлы жерлерді игерудің тиімділігі де күмәнсіз. Мәселе, қысқа мерзімнің ішінде ұлан-ғайыр 25 миллион гектар жердің іріктеліп сұрыпталмастан қатарынан тасталқаны шығарылып жыртылуында, оның әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және экологиялық зардаптарға қиындыққа ұрындыруында. Тың жерлерді игеруді қауырт жүргізу саясатының қыр-сырын баяндаудан бұрын халық белсенділігінен туған игі бастамаларға да тоқтала кеткен жөн.
Тыңға келген мыңдаған саналы еңбеккерлердің жігерлі еңбегінің нәтижесінде пайдалы игі істер туындады. Оның бipi - студенттердің кұрылыс отрядтары. Салыстырмалы түрде қарастыра кетсек, мұндай отрядтардың бірі Костанай облысы Таран ауданында құрылды. Аудан жастары 1954 жылдың күзінде игі бастама көтерді. Олар республиканың барлық еңбекшілерін мәдени-ағарту мекемелерінің жаңа құрылыстарын салуға, жөндеуден өткізу, қызметін жақсартуға көмектесуге үндеу тастады. Тарандықтардың бастамасы кең қолдау тапты. 1955-1956 жылдары селолық жерлерде 17 мәдениет үйі, 450 клуб, 300 кітапхана, 50 оқу үйі, 500-ден астам қызыл мүйіс, 10 стадион мен спорттық алаңдар салынып, 230 елді-мекенге радио және 130 елдімекенге электр жүйелері тартылды [7, 94 б .].
Тың игеру жылдарында совхоз жұмысшылары мен колхозшылар селолық мектептерді өз қамқорлығына алды. Олардың саны Республиканың кейбір облыстары бойынша өсімді көрсеткенімен, 1953-54 жылдары Республика бойынша 9407 болса, Орал облысы бойынша 558 мектеп болды, 1960-61 жылдары 526 мектеп, ал 1965-66 жылдары 518 мектепті құрады. Бұл басқа облыстармен салыстырғанда Алматы қаласынан кейінгі төменгі көрсеткіштер. 1957 жылға дейін олардың көмегімен 2828 оқу шеберханасы, 1700 пәндік кабинет жабдықталды. Совхоздар мен колхоздарда 3 мыңнан астам окушылардың өндірістік бригадалары мен участоктары ұйымдастырылды. Тұрғын үй құрылысы да кеңейді. 1954-1955 жылдары республиканың тың аймағында 853 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Жаңа поселкелер орнығып, автомобиль жолдары төселіп, астық қоймалары бой көтерді.
Тың туралы жазылған еңбектерде ауыл шаруашылық өнімдерінің, алдымен астық өндірудің артқандығы тілге тиек етілді. Расында да өciм бар. Егер жалпы Қазақстан бойынша бұрын (1949-1953 жылдары) мемлекетке орта есеппен жылына 111 миллион пұт астық тапсырса, тың игеру жылдарында (1954-58 жылдары) 521,4 миллион пұттан, Орал облысы бойынша 1954 жылы 57,3 мың, 1955 жылы 52, 5 мың, 1956 жылы 611,2 мың, 1957 жылы 301,9 мың, 1958 жылы 821,9 мың тонна астық өткізді [3, 49 б.]. Әcipece, 1956 жылы барлығы 1,483 миллион пұт астық жинап, мемлекетке 1 миллиард пұт астық тапсырған Қазақстан диқандары ең жоғары көрсеткішке жетті. Бipaқ келесі жылдары астық өндіру кеми бастады. 1963-64 жылдары астық өндіру 1953 жылғы мөлшерден сәл ғана асты. Осы кезден бастап еліміз шетелдерден, АҚШ, Канада, Аргентина, Франция сияқты мемлекеттерден астық сатып алуға кірісті [1, 87 б.].
Тың игеруді қарқынды жүргізуге асыққан мемлекет басшылары алда шешуші қиын күрделі мәселелердің туындайтынын түсінбеді. Жұмысты ғылыми түрде терең зерттеу негізінде жүргізудің орнына өктемдікке жол берілді. Табиғатты қорғау тарихи ескерткіштерді сақтау жөнінде ешқандай шара қолданылмады. Н. Хрущев тыңды бағындыру күресінде наполеондық арандатушылық бағытты: «ең бастысы майдан ашу, кейінгісін көре жатармыз» принципін ұстанды. Сондай-ақ тың жер дұшпан шебі ретінде қаралып, жаппай шабуылға шығуға шақырылды. Тың игеру дәуіріндегі жиі қайталанатын тұжырымдар: «Тыңға шабуыл», «Тыңды бағындыру», «Тыңды бас идіру» сияқты ұрандардан құралатыны да тегін емес.
Тыңға шабуыл жасауға шақырушыларды жолдың, астық қоймаларының жоқтығы да имендірмеді. Маңдай тepi төгіліп, өсірілген диқан астығының жүздеген мың тоннасы қырмандарда, дестелерде, жаңбыр мен қар астында жатып, іріп-шіріп, шығынға ұшырады. Шаруашылықты жүргізудегі бойға сіңген қырсыздықтың, салғырттықтың салдарынан күн сайын 15 мың трактордың сынып босқа тұруы сияқты бей-берекетсіздікті есепке қоссақ, тың игерудің бағасы да айқындала түспек.
Keңес тарихнамасында тыңдағы өндіргіш күштерді пайдаланудың ұтымдылығы ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасының дамып өсуін зерттеумен алмастырып жүр. Зерттеуші В.И. Куликовтың, С. Ковальскийдің және X. Мадановтың монографияларында, сондай-ақ Б. Қайымовтың «Тың игеру аймақтарындағы астық шаруашылығы» еңбегінде тың өндірісіндегі қаржы қорының қайтарымы мәселелері көтерілмейді. Ал, шын мәнінде жұмсалған қолдағы бар қорға шаққандағы өндіріс өлшемі бұрын да бірте-бірте кеміген, әлі де кеми түсуде. 1961-65 жылдармен салыстырғанда 1976-78 жылдары қор қайтарымының коэффициенті тың совхоздарында 0,70-тен 0,43-ке дейін азайды. Көптеген зерттеушілер тың өндірісінің әлеуметтік тиімділігін талдағанда адам өмipiнің орташа ұзақтығы, балалар өлімі, кадрлардың тұрақтамауы, қылмысты істердің көбеюі, жасырын жұмыссыздық, жергілікті тұрғындардың көңіл-күйі, маскүнемдіктің таралуы, табиғат экологиясы сияқты аса маңызды мәселелер ұмыт қалдырылады [1, 90 б.].
Жерді талан-таражға салу орны толмас шығынға ұрындырды. Ғалымдардың eceбi бойынша тыңды игеру жылдарында топырақтың сапалы қыртысының 15-20 пайызы, ал кей жерлерде 23 пайызға дейін бүлініп, құнарсызданған. Қaзip бұрыңғы тың игерілген аймақтардағы жердің құнарсыздануы 35 пайызға дейін жеттi, оны қалпына келтірудің сәті әлі күнге дейін түскен жоқ [1, 90 б.]. Егерде «игерудің» осы қарқынынан айрылмасақ алдағы ондаған жылдардан кейін тыңның басты байлығы жеріміз де түгелдей құнарынан айрылып тынбақ еді. Сонда біз кейінгі ұрпағымызға қандай қазына қалдырмақпыз.
Елуінші, алпысыншы жылдардағы жел эрозиясыпың етек алуы eгін шығымдылығын да күрт кемітті: 1954-58 жылдары әр гектардан 11,4 центнерден (Орал облысы бойынша 5,1 центнер), 1959-63 жылдары 6,1 центнерден (Орал облысы бойынша 5,7 центнер ) астық бастырылды [2, 88 б.]. Осыған орай арамшөптерді химикаттармен отеу және егістікке тыңайтқыштар себу жұмыстары қолға алынды. Егер 1960 жылдары Батыс Қазақстанның шаруашылықтарында 5,8 мың тонна минералдық тыңайтқыштар пайдаланылса, 1969 жылы 247,7 мың тонна немесе 44 есе көп минералдық тыңайтқыш бөлінді [9, 43 б.].
Әрине, минералдық тыңайтқыштарды пайдаланбайтын бip де бip ел жоқ. Мәселен, ғылыми зерттеулердің негізінде қоршаған ортаға табиғатқа зиянын тигізбей тиімділікпен пайдалана білуде. Амал не, алпысыншы, жетпісінші жылдарда тың аймақтарында тыңайтқыштарды бей-берекетсіз пайдаланудың салдарынан табиғаттың өсімдігі мен жәндіктеріне орасан зор зиянын тигізіп, апатқа ұшыратты.
Н. Хрущев парды мойындамауымен қатар көпжылдық шөп егуге егінді тікелей орып жинауға да тыйым салды. Ал оның ececiнe жүгері өсірудегі құлшынысы жұртшылыққа мәлім. Tiптi, ол солтүстік шеңберге дейін жүгepi өcipyмeн шұғылдануды жақтады. Әрине, жүгері жергілікті табиғи ерекшеліктер ескеріліп, агротехника сақталып, өcipce аса пайдалы дақыл. Не пайда, мұнда да «дала аруын» өcipyгe аттаныс науқаны басталып бей-берекетсіздік белең алды. Н. Хрущевтің 1957 жылғы 22 мамырдағы сөйлеген тағы бip сөзіндегі «Таяу жылдарда еліміздің әр тұрғынына шаққанда ет, сүт, май өндіру жөнінде АҚШ-ты қуып жетеміз» [10, 14 б.] Деген ұраны да icкe аспады.
Осының бәріне қоса «Тың дәуірінде» ұйымдастыру жұмысында да тұрақсыздық қалыптасты. Мысалы, ауыл шаруашылығы министрлігінің үстіне совхоздар министрлігі, жергілікті жерлерде совхоздар тpеci, өлкелік басқару салалары құрылды. Облыстық партия және совет органдары салалық негізгі байланысты өнеркәсіптік және селолық болып екіге бөлінді. Селолық аудандар ipiлендіріліп территориялық басқармалар ұйымдастырылды. Айналасы бес-алты жылдың ішінде колхоздар екі мәрте бipiктipілiп, ірілендірілді де, ақыры олар совхоздарға айналдырылды. Машина-трактор станциялары ажыратылды. Мұндай ұйымдастыру жаңалықтары еліміздегі экономикалық немесе әлеуметтік қажетіліктен туындамады, қайта әкімшілдік-әмipшiлдiк әдіспен жүзеге асырылды да, дамуға кepi әсерін тигізді. Халық «қымбатты Никита Сергеевичтің» толып жатқан реформаторлық жұлқынысынан әбден жалығып қажыды.
Енді мәселенің ең бастысы - адамдар туралы. Демек осы кезде «бәpi де адам үшін» деген ұран көтерілді емес пе! Алайда тыңға шабуылды бастаған еліміздің және республиканың басшылары халықтың мүддесін назардан тыс қалдырды. Алды-арты ойластырылмаған тың майданы бұқараның, әcipece жергілікті тұрғындардың өміріне, тұрмысына қиындықтар туғызды, республика бойынша 25,4 миллион гектар жердің жыртылуы жайылымдықтың шұғыл азаюына, жеке меншіктегі малдарды өсіруді тежеуге әкеліп соқты. Мысалы ұсақ мал өсіру қарқыны шаруашылықтың барлық категориясында үш есе азайды, жылқы саны 1916 жылғы 4340 мыңнан 1961 жылы 1158 мыңға азайды, ал түйенің саны 1928 жылға қарағанда сегіз есе кеміп, небары 140 мың қалды. Жергілікті тұрғындарды дәстүрлі тағамынан (қымыз, айран, тұз, сары май және басқа) айырып шектеу Қазақстандағы ядролық каруды сынаумен тұстас келді [1, 93 б.]. Мұның өзі халықтың денсаулығына әсер етті, алпысыншы жылдардың басында республикада өкпе ауруына, бруцеллезге, лейкемияға және онкологиялық ауруларға шалдығушылардың қауырт көбеюінің де ceбeбi міне осыдан.
1965 жылдан бастап Қазақстан өзінің бидайының әр тоннасын 65 сомнан, ал қара бидайын 60 сомнан сататын болды. Дәл осы дақылдар Өзбекстанда, Грузияда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда, Арменияда, Түркіменстанда едәуір қымбат - 90 және 85, ал РСФСР-дың және Украинаның қаратопырақсыз аудадарында, Белоруссияда, Прибалтика республикаларында - [. 4107 б] 130 да 130 еді. Яғни, соңғылар мемлекетке өздерінің бидайын бізге қарағанда, екі есе қымбатқа сатып, қыруар пайда тапты. Ал Қазақстан бидайының сапасын мақтағанда, елдің бәрі алдына жан салмады. «Олай болса, Қазақстан астығы мемлекетке неге арзан бағамен сатылды? Егер оған деген одақтық сұраныс өте жоғары болса, оны басқа республикалар «ауыстыра алмайтын болса», оны неге қымбатқа сатпады? Сапалы астықтың өзіндік құнының төмен болғаны үшін әрине, Қазақстан диқандары неге тек қана мадақтау мен барынша құрметтеуге ғана лайықты болды? »- Деп, орынды сұрақ қояды зерттеуші Т.Омарбеков [8, 122 б.].
Қорытындылай келсек, төмендегідей ой түюге болады. Тың жерлерді игеру тақырыбы ол туралы әдебиеттің көптігіне қарамастан, әлі де одан әpi зерттеуді, әділ талдауды талап етеді. Тың игеру тарихын баяндауда әсірелеушіліктен, ұрандатушылықтан, тек табысын ғана мадақтап көрсетуге еліктеушіліктен, үстіртіктен арылу қажет.
Тың жерлерді игерудің негізгі мақсаты - қысқа мерзімде шығынды неғұрлым аз жұмсап, кеңес халқын мол астықпен қамтамасыз ету болды. Ал ол үшін жоспар бойынша әр гектардан орта есеппен 14-15 центнерден астық бастыру қажет еді. Бұл белгіленген жоспар 1992 жылға дейін бip де бip рет орындалмаған еді. Мысалы, 1961-1965 жылдары әр гектардан 6,1 центнерден (КСРО бойынша - 10,2 ц.) Астық жиналды. И.В. Русиновтың тұжырымы бойынша кеңес елінде өсірілген дәнді дақылдардың әр гектарының шығымдылығын 1 центнерге арттырғанда бүкіл тың игерудің нәтиже көрсеткішінің өтеуге толық болар еді деген есебімен келісуге әбден болады. «Тың игеруге жұмсалған күрделі қаржы, - дейді ол, - ұқыптылықпен ойластырып жұмсалса, аз күш жұмсап алға қойылған мақсатты орындауға болар еді» [1, 95 б.].
Бұл арада біз тыңның тиімді нәтижелерін жоққа шығаруды көздеп отырғанымыз жоқ. Тың игерудің арқасында Қазақстанның экономикасы біршама нығайды, жаңа совхоздар, элеваторлар пайда болды, егін алқкабы молайды. Тың жерлер игерілмесе, 90-шы жылдардағыдай 32 миллион тонна мол астық жинап алу қолдан келер ме еді жоқ па белгісіз. Мәселе сол жетістіктердің құны мен құтында, зардабы мен залалында.
Тың игеру науқанынан кейінгі қазақ жерінің хал-ахуалына тоқтай келіп , президентіміз Н.Назарбаевтың: «жер құнары азып, атамекен тозып кетті. Кербез сулы Көкшетаудағы сексен көлдің сәні азайып, айдынды Аралымыз тартылды. Абай туған Шыңғыстауды қырық жыл бойы Семей атом полигонындағы сынақтар сілкінтіп тұрды, Сарыарқаның шалғыны азып, жер жанаты Жетісудың жайлауы жүдеді »деп атап көрсетуі өте орынды. Әрине еліміздің «тың эпопеясы» тұсында басынан кешкен қиыншылығы, жеріміздің кешкен қacipeтi мен мехнатына Қазақстанға келген тың игерушілер кінәлі емес. Оған сол кездегі саясатты туғызған мемлекеттік жүйе кінәлі .
Қазақстандағы тың жерлерді игеру идеясы экономикалық қажеттіліктен ғана туған жоқ. Ол патша үкіметінің коллониалдық саясатын одан әрі жалғастыру шарасы болып табылады. Әрине, ресми түрде тың игеру патриоттық және интернационалдық міндет деп асқақтата насихатталды.
Никита Сергеевич тағы бip жарқын сөзінде (шарықтаған шақ болар) «тың эпопеясының» түпкі мақсат-мүддесін төмендегіше пайымдайды. «Егер патша өзінің әдістерін қолданып, бұл аймақты ұзақ мерзім ішінде адамдарға толықтыра алмаса, бiз советтік әдіспен толықтырдық» . Иә, бұл одан әpi түсіндіруді қажет етпейтін тұжырым.
Соңғы айтарымыз, бүгiнгi күні кейбіреулер қазіргі әлеуметтік ұлттық қайшылықтар ушығып тұрған шақта өткендегі кемшіліктерді көтерудің қажеті не деген сауал қоюы да мүмкін. Бұл жерде айтарымыз, тарихымыздың бұрмаланып көрсетілуі қоғамымыздағы бүгінгi дағдарысқа тікелей қатысы бар. Қазipгi нарықтық экономикаға көшу, осыған байланысты меншіктендіру процесi қазақ халқы үшін 20-30-шы жылдардағы қоғамдандыру, жаппай ұжымдастыру қacipeттi cүpгiнiнeн оңай түспейтінін ескерту қажет. Караңызшы, қазақ жерінің ең шұрайлысы, суының ең мөлдірі патша үкіметінің отаршыл саясатының екпінді жалғасы болған «тыңды бағындыру» сергелдеңінің нәтижесінде кімнің қолында қалды? Керісінше, жергілікті халықтың басым көпшілігі шөл далада орналасқан, оның ішінде артта қалған 70 селолық аудан бар. Міне, осы жағдайларды ескермесек бүгiнгi таңда қазақ халқының басынан кешкен қacipeті қайталанбауына кім кепілдік бола алады. Сондықтан да өткендегі кемшіліктерді қайталамау үшiн Қазақстанның табиғи байлығын неғұрлым тиімділікпен пайдалану, көзделген қaзipгi кезеңде тарихымызға әділ баға беру аса қажет. Бұл бүкіл республиканың ауыл шаруашылығын тығырыққа тіреген әкімшілдік-әміршілдік жүйенің тұзағынан құтылудың бірден бip айқын жолы.
79. ХХ съезд КПСС. Начало десталинизации.
Смерть И.В. Сталина (5 марта 1953 года) стала рубежом двух эпох в жизни нашего государства. К этому моменту в руководстве страны были представлены два направления: линию на сохранение сталинского курса без принципиальных корректировок отстаивали В.М. Молотов, Л.Н. Каганович, Н. Булганин, К.Е. Ворошилов; линию на реформирование тоталитарной системы, смягчение политического режима поддерживали Л.П. Берия, Г.М. Маленков, Н.С. Хрущев.
Однако Л.П. Берия был настолько одиозной фигурой, что, с одной стороны, страх перед ним и, с другой , опасность установления новой диктатуры заставили Н.С. Хрущева, Г.М. Маленкова, Г.К. Жукова и др. принять радикальные меры по его устранению от власти: летом 1953 года он был арестован, снят со всех постов, осужден и вскоре вместе с несколькими "соратниками" расстрелян.
В сентябре 1953 года первым секретарем ЦК КПСС был избран Н.С. Хрущев. Главой правительства стал Г.М. Маленков. Первые практические шаги нового руководства были направлены на ликвидацию очевидных преступлений сталинского режима и определение мер по реформированию страны.
Процесс десталинизация происходил постепенно, а в борьбе с наследием сталинизма поначалу применялись сталинские методы. Так, Берии был вынесен смертный приговор как шпиону зарубежных спецслужб и врагу коммунистической партии и советского народа. После проведенной реорганизации КГБ и МГБ были расстреляны основные помощники Берии.
Поворотным пунктом в истории страны стал ХХ съезд КПСС (февраль 1956 г.), который сопровождался разоблачением преступлений Сталина и его окружения, началом массовой реабилитации репрессированных, определенной критикой диктаторских методов управления. Съезд внес также изменение в идеологическую концепцию партии: прозвучал отказ от идеи диктатуры пролетариата и был провозглашен тезис об общенародном государстве.
Политические и экономические просчеты предшествующих десятилетий были объединены понятием культ личности Сталина.Н.С.Хрущев выделил четыре проблемы, связанные с этим явлением:
- нарушения законности и массовые репрессии;
- просчеты и субъективные решения Сталина в годы Великой Отечественной войны;
- нарушение принципа коллективности партийного руководства;
- действия Сталина, направленные на возвеличивание своей роли в истории партии и государства.
После XX съезда начался процесс реабилитации репрессированыхв 1930-х - начале 1950-х гг., который принял впоследствии массовый, повсеместный характер. Миллионы людей, признанные невиновными, вернулись из лагерей и ссылок.
Были восстановлены в правах целые народы, пострадавшие в сталинское время (например, возвращена упраздненная в годы войны национальная автономия балкарского, чеченского, ингушского, калмыцкого и карачаевского народов)
Изменение настроений в обществе.ХХ съезд изменил всю политическую атмосферу в стране. Под его влиянием произошел сдвиг в общественном сознании на всех его уровнях: историческом, идеологическом, социально-психологическом, нравственном. Начавшийся процесс десталинизации оказал влияние на развитие общественной мысли, на ее освобождение от догматических стереотипов. При этом он затронул и саму партию. Впервые стала возможной критика первых лиц в государстве, в связи с чем была поколеблена вера в непогрешимость верховной власти. Начался стихийный рост активности снизу.
Однако, венгерские события 1956 г. и последовавшая вскоре попытка смещения Н.С. Хрущева в 1957 г. подтолкнули советское партийное руководство к корректировке общего политического курса, смысл которой заключался в свертывании начавшегося процесса демократизации. Начались проработочные кампании в области идеологии под видом встреч с интеллигенцией, откровенная и скрытая травля инакомыслия.
В связи с началом преследований московской интеллигенции зародилось диссидентское движение, представителями которого были В.Буковский, Б. Галанскови др. В обществе произошел спад критической волны, все реже поднимался вопрос о культе личности. После обнародования содержания закрытого доклада Н.С.Хрущева было принято решение временно прекратить его обсуждение. Начались уголовные преследования за клевету на советскую действительность.
В целом, несмотря на противоречивый характер, преобразования в жизни советского общества, связанные с эпохой Хрущева, были значительными и представляли собой один из самых важных периодов в истории СССР с точки зрения модернизации. Однако в ходе ее не был поставлен вопрос о коренном преобразовании самой административной политической системы.Частичными изменениями удалось выявить новые социальные ресурсы развития, но они оказались невелики, и в начале 60-х гг. в социально-политической системе вновь обозначились кризисные явления.
36. XX съезд кпсс и начало процесса десталинизации
Состоявшийся в конце февраля 1956 г. XX съезд КПСС явился поворотным пунктом в истории страны. К этому времени стала очевидной необходимость решительно порвать с прошлым, сказать правду о массовых репрессиях, вскрыть причины глубоких деформаций в советском обществе. Съезд, и особенно секретный доклад на нем Н. С. Хрущева “О культе личности и его последствиях”, оказал огромное влияние на сознание людей, на развитие общественной мысли. Он дал толчок процессу обновления общества, развенчания социальных мифов сталинизма, положил начало освобождению общественного сознания от догм и идеологических стереотипов. В докладе Хрущева был дан психологический портрет Сталина как политического деятеля, который отличался властолюбием, жестокостью, недоверием, подозрительностью, мстительностью. Приводились факты необоснованных репрессий, расправ с видными партийными и государственными деятелями, преследования членов их семей. Осуждая .преступления Сталина, докладчик, однако, не вскрыл природу авторитарной власти. Разоблачение культа личности Сталина осуществлялось людьми, которые сами были соучастниками многих злодеяний. Несвободен был в своих оценках и поступках и сам Хрущев, решившийся на такой смелый шаг. Поэтому разоблачение культа личности во второй половине 1950-х гг. сводилось лишь к ликвидации —да и то неполной — наиболее негативных сторон тоталитарного режима. Весной и летом 1956 г. в стране происходило очень важное событие — массовое освобождение почти всех политических заключенных из лагерей и мест “вечной ссылки”. Одновременно началась реабилитация большинства погибших в 1937—1955 гг. узников лагерей и тюрем. Была восстановлена национальная автономия балкарского, чеченского, ингушского, калмыцкого и карачаевского народов, упраздненная в годы войны. Часть законодательных функций властных структур была передана из центра на места. В целом же процесс начальной десталинизации отличался противоречивостьй. Очень часто попытки выйти за пределы прежних взглядов решительно пресекались. В частности, когда в Москве, Ленинграде, Киеве возникли кружки студенческой молодежя, ставившие своей целью глубокое осмысление политического механизма советского общества, их участники были арестованы и осуждены
80 Жеке басқа табынуды айыптау. Қоғамдық-саяси өмірдегі « De-десталинизация».
Жеке басқа табыну — саяси немесе діни билік иерархиясындағы жоғары мәртебелі (лауазымды) адамды асыра дәріптеу, оның атқаратын рөлі мен міндетті қызметін шектен тыс жоғары бағалау. Саяси кайраткерге тәнірдей табынып, шектен тыс ұлықтау.[1]
Жеке басқа табыну, көбінесе, авторитарлық және тоталитарлық жүйедегі мемлекеттерге тән, әйтсе де аракідік демократиялық мемлекеттерде де кездеседі (мысалы, Шарль де Голь басқарған шақтағы Франция). Авторитарлық және тоталитарлық мемлекеттерде жеке басқа табыну жалпыға бірдей ортақ, “бірден-бір ақиқат” идеология арқылы жүзеге асырылады. Мұндай идеологияның көсемдеріне пайғамбарлар мен көріпкелдерге тән қасиеттер таңылады.
Жеке басқа табынудың негізгі тірегі — мемлекет басшысын ұлттың асыраушысы ретінде қабылдайтын патриархалдық сана және “әділ патшаға” үміт артуға негізделген бодандық саяси мәдениет болып саналады. Жеке басқа табынудың пайда болуының басты себебі қоғамдағы билік тармақтарының түгелімен бір адамның қолына шоғырлануы, сол арқылы адамдар тағдырының өз іс-әрекетінен гөрі басшылықтың оң қабақ көрсетуіне (қайырымдылығына) тәуелділігі. Саяси тұлғаға жан-жақты тәуелділік қалың бұқара санасына сіңісті болып, жүйелі түрде идеологиялық өңдеуден өте келе “құдіреті күшті” басшының алдында халықты құлдық сезімде ұстап, жарамсақтық, жағымпаздық психология қалыптастырады.
Жеке адамдардың азаматтық құқықтары аяққа тапталып, халықтың өзін-өзі басқару мүмкіндігі ескерусіз қалады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да осындай жағдай қалыптасты. Жеке басқа табынудың соңы әр түрлі ауыр зардаптар әкелетіндігіне қарамастан, оның белгілері кейбір дамушы мемлекеттерде (Ирак, Солтүстік Корея, Куба, т.б.) әлі күнге дейін сақталып отыр
Жеке басқа табыну — саяси немесе діни билік иерархиясындағы жоғары мәртебелі (лауазымды) адамды асыра дәріптеу, оның атқаратын рөлі мен міндетті қызметін шектен тыс жоғары бағалау. Саяси кайраткерге тәнірдей табынып, шектен тыс ұлықтау. Жеке басқа табыну, көбінесе, авторитарлық және тоталитарлық жүйедегі мемлекеттерге тән, әйтсе де аракідік демократиялық мемлекеттерде де кездеседі (мысалы, Шарль де Голь басқарған шақтағы Франция). Авторитарлық және тоталитарлық мемлекеттерде жеке басқа табыну жалпыға бірдей ортақ, “бірден-бір ақиқат” идеология арқылы жүзеге асырылады. Мұндай идеологияның көсемдеріне пайғамбарлар мен көріпкелдерге тән қасиеттер таңылады. Жеке басқа табынудың негізгі тірегі — мемлекет басшысын ұлттың асыраушысы ретінде қабылдайтын патриархалдық сана және “әділ патшаға” үміт артуға негізделген бодандық саяси мәдениет болып саналады. Жеке басқа табынудың пайда болуының басты себебі қоғамдағы билік тармақтарының түгелімен бір адамның қолына шоғырлануы, сол арқылы адамдар тағдырының өз іс-әрекетінен гөрі басшылықтың оң қабақ көрсетуіне (қайырымдылығына) тәуелділігі. Саяси тұлғаға жан-жақты тәуелділік қалың бұқара санасына сіңісті болып, жүйелі түрде идеологиялық өңдеуден өте келе “құдіреті күшті” басшының алдында халықты құлдық сезімде ұстап, жарамсақтық, жағымпаздық психология қалыптастырады. Жеке адамдардың азаматтық құқықтары аяққа тапталып, халықтың өзін-өзі басқару мүмкіндігі ескерусіз қалады. Мысалы, бұрынғы КСРО -да осындай жағдай қалыптасты. Жеке басқа табынудың соңы әр түрлі ауыр зардаптар әкелетіндігіне қарамастан, оның белгілері кейбір дамушы мемлекеттерде (Ирак, Солтүстік Корея, Куба т.б.) әлі күнге дейін сақталып отыр. 20-жылдардың ортасынан орнаған қатаң әміршіл-әкімшілік жүйе 40-50-жылдары әрекет ете берді. Саяси жүйеге адам еркіндігін басып-жаныштау, оның құқықтарын жоққа шығару, еңбек адамдарын өндіріс құрал-жабдықтарынан жатсындыру сияқты қолайсыз құбылыстар тән болды. Жетекші күш - Коммунистік партия болып, оның басшылығымен өмір сүріп отырған жүйенің барлық басқа буындарының (Кеңес мемлекетінін, кәсіподақтардың, комсомол, кооперативтер мен басқа да қоғамдық ұйымдардың) жүмысы үйлестірілді. Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді шеше отырып, Коммунистік партия халық шаруашылық және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық ұйымдардың міндеттерін орындауды өз қолына жинақтап, оларды дербес әрекет етуден айырды. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай білуімен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. Өмір сүріп отырған саяси жүйе өзінің дербес дамуына қабілетсіз екендігін көрсетті. Кеңес қоғамын дамытудың соғыстан кейінгі жоспарлары сталиндік антидемократиялық, социализмнің тоталитарлық үлгісімен үйлесіп кетті. Майдан мен тылда, соғыстың барлық ауыртпалығы мен қиыншылығын көтерген халық соғысқа дейінгі кезеңдегі халықтан басқаша еді. Қоғамдық өмірдің бейбіт жағдайының орнығуына байланысты қүндылықтарды қайта бағалау орын алды. Замандастардың санасында әлеуметтік бағдарламаларға бет бұрудың қажет екендігін түсіну айқын біліне бастады. Алайда қоғамдық сананың барлық деңгейінде сезіле бастаған қоғамдық жаңарудың кешенді бағдарламаларына өтуге тұрақты әлеуметтік-саяси құрылым бөгет жасады. Сонымен бірге өте ауыр соғыстағы жеңіс соғыстан кейінгі кезеңде басшылықтың қолданыстағы саяси жүйенің тиімділігіне деген сенім қалыптастырды, ал көпшілік басшылар баскарудың әкімшілік әдістерінің өзін-өзі ақтайтындығына сенімді болды. Сталинизм идеологиясы 40-жылдар мен 50-жылдардың басында өзінің шырқау шегіне жетті. 1939 жылы болған БК(б)П XVIII съезінің құжаттарында жазылғансоциализм құрылысын аяқтаудың соңына карай ел коммунистік қоғам кұруға өтеді деген тезисті Ұлы Отан соғысыаяқталған соң, теориялық жағынан талқылау жалғаса берді. 1946 жылғы наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында бүл тезис партияның жетемшілікке алатын тұжырымдамасы ретінде жарияланды. Соғыстан кейінгі онжылдық - КСРО-дағы 1920-1940 жылдардағы өмір шындығына қасад көзқарастың жалғасы еді. «Жеке басқа табыну» деген сөз тіркесінің өзі соңғы ғасырда өмірге келді. Бірақ, құбылыс ретінде ол ғасырлар қойнауынан келе жатыр. Алғашқы қауымдық құрылыстан кейінгі өркениетті қоғамға өте бастаған кездің өзінде-ақ жеке басқа табынудың алғашқы белгілері байқалды. Адамдар тастан жасалған пұттарға, жануарларға, табиғат құбылыстарына табына бастады. Құдайларды ойлап тауып, оларға ат берді. Осылайша дін өмірге келді. Кезінде сталиндік конституция деген КСРО-ның Ата Заңы болған. Ол халықаралық құқықтық сараптаманың бәрінен мүдірмей өткен. Бірақ сол конституция тұсында 2 млн 700 мың қазақ қырылды. Голощекин 130 мыңнан астам қазақ зиялысын абақтыға жаптырып, 25 мыңын атқызып тастады. Абақтыға қамалған 130 мыңның 30 мыңдайы ғана тірі аруақ болып елге әрең жеткен. Міне жеке басқа табынушылық зардаптары мен тақсіреті осындай.
81 Қазақстан «хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964)
Қоғамдық – саяси өмір.
50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.
КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.
Бюрократ көсемдер биліктен кеткенімен, олардан мұраға қалған әміршіл-әкімшіл жүйе жойылмады.
1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.
1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Кәрістердың, немістердің, қырым татарларының, месхіт түріктерінің қүқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.
Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады. 1957 жылы М.Елікбаев партия қатырынан шығарылып, жындыханаға тығылды. Н.С.Хрущев басқарған кезде де бюрократиялық жүйе өзгермеді. 1959 жылы болған КОКП–ның XXI съезінде Н.Хрущев социализмның толық жеңгені, енді коммунизмге аяқ басқаны туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым жасалды.
Республиканың индустриялық дамуы.
Соғыстан кейін қалпына келтірілген өнеркәсіп 50-жылдардан кейін жаңа өзгерістерді қажет етті.
Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш тепловоздар Қарағанды темір жолының Ерейментау депосында пайда болды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, Соколов – Сарыбай комбинатының алғашқы кезектері, Өскемен таукен жабдықтарын шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі т.б.
1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.
1960 жылы қазақ КСР теміржолынаң ұзындағы 11,42 км. болды. 1958 жылы Қазақ КСР-де Қазақ теміржол басқармасы құрылып, республикадағы барлық теміржол осы басқармаға бағындырылды. 1951-1955 жылдар аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған Қарағанды металлургия заводы Қазақстан мен Орта Азияны, Сібір мен Оралды темір өнімдерімен қамтамасыз етті. Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. 1960 жылы Қазақстанда 10,5 млн. кВт/сағат энергия өндірілді. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша «Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен ведомстволардың көпшілігі таратылды». Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. Экономикалық әкімшілік аудандарда халық шаруашылығы кеңестері (совнархоздар) құрылды, өнеркәсіп пен құрылысқа тікелей осылар (совнархоздар) басшылық етті. Сөйтіп, реформа негізінде 1) экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына халық шаруашылығы кеңестері ұйымдастырылды. Сонымен баскарудың екі түрін көруге болады.
Орталықтандырылған басқару Территиориялық басқару
2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері
1957 жылғы реформаның кемшіліктері :
1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді.
Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді.
Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.
Ауыл шаруашылығы
1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді.
Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды.
1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов (1948-1954 жж.) қызметінен босатылды. Бірінші хатшылыққа– П.Пономаренко (1954-1956 жж.), екінші хатшылыққа – Л.И. Брежнев (1955-1956 жж.) сайланды.
1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.
Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп, оларға көптеген жеңілдектер жасалды: дүние-мүлкімен тегін көшірілді, әр отбасына 500-1000 сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді, 10 жылдық мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді, оның 35%-н мемлекет төледі. Бұдан басқа да материалдық, азық-түлік т.б. көмектер берілді. Тың игеруге келгендер ауылшаруашылық салығынан босатылды.
1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.
1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.
Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;
1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).
2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.
3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.
4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.
5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.
6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.
7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.
8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.
Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.
Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.
1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.
2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.
3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.
4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.
5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.
6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.
7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.
8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.
9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.
10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.
82 «Жылымық». 1953-1964 жылдардағы реформалардың жүзеге аспауының себептері
1953-1964 жылдары КОКП ОК-нің бірінші хатшысы және Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.С.Хрущев тұсында ауыл шаруашылығының қатаң басшылығынан, орталық жоспарлауды колхоздар мен совхоздардың тәуелсіздігімен ұштастыруға бағытталған талпынушылық байқалды. Оның негізі 1953 жылы КОКП ОК-нің қырқүйек Пленумының шешімдері болып табылады. Ұлттық табыс ауылдық жерлердің пайдасына бөліне бастады, салық саясаты өзгерді, ауыл шаруашылық өндірісін сатып алу және дайындау бағалары көтерілді. Сталиндік қатаң бақылаудан бас тарту көп ұзамай-ақ өз нәтижесін бере бастады.
Бірақта бұл кезеңдегі аграрлық саясат тұрақты болмады. 1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды. Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қолдай қоймады. Осыған байланысты, 1954 жылы 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов, 2-ші хатшы Л.И.Афонов босатылып, олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко және Л.И.Брежнев сайланды. Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға ұшырап, үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1-ші хатшылары ауыстырылды. Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады. Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғалым Академиясының тарих, археология, этнография институтын, тіл және мәдениет институтын, Кеңестік жазушылар Одағын “ұлтшылдардан” тазалау саясаты тоқтатылды. 1953 жылы мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар, жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі, Сталиннің жеке басына табыну мәселелері төңірегінде алғашқы пікірлер айтыла бастады. Кезінде ОГПУ, НКВД-ні басқарып, әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді. “Үштіктер”, “Бестіктер”, “Ерекше кеңес” жойылып, ГУЛАГ МҚК-не берілді. Л.П.Берияның қылмыстық іс-әрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды. Бірақ бұл - әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын.
Сотталған адамдар бұрынғыша лагерлерде отырды, ал адам құқығының аяққа басылуына Сталиннің өзі сияқты қатысы болған көптеген саяси қайраткерлер жоғарғы өкімет орындарында отыра берді. 1954 жылы Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы республикадағы қоғамдық өмірге үлкен әсерін тигізді. Тың жерлерді игеру науқаны барысында кадрлар өрескел түрде алмастырылды. Он жылдың ішінде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші хатшысы алты рет өзгертілді. Бірінші хатшы Ж.Шаяхметовтің орнына КСРО мәдениет министрі П.Понаморенко тағайындалды. Ал үкімет басындағы Н.Оңдасынов орнына Д.Қонаев келді. 1955-1957 жылдары Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарған Л.И.Брежнев П.Понаморенконың орнына көтерілді. Кейінгі басшылар: Н.И. Беляев (1957- 1960), Д.А.Қонаев (1960-1962), И.Юсупов (1962-1964) болды. Бұл науқан барысында тағайындалған басшылардың көбі қазақ тарихын, ұлттық табиғи ерекшеліктерін білмейтін. Сондықтан науқан нәтижесі экологиялық, демографиялық, рухани зардаптар алып келді.
1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. “Жеке басқа табынушылық және оның салдары” туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің ХХ съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу” туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді.
Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл- әміршілдік жүйе тиым салды.
Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тәртіп зиялыларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953-1954 жылдары М.Әуезовтің “Ақын аға”, К.Шаңғыбаевтың “Намыс” және т.б. еңбектері басылымнан алынып, жариялауға тиым салынды.
1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара арасындағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз- сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы” аты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бұрмалағаны үшін” және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, ұлт мәселесін көтерушілермен күресті жандандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде көтеру мәселесі өте маңызды болды.
Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мәскеуге бағындырылды. Ақмола – Целиноградқа, Батыс Қазақстан – Орал облысына айналды.
Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында, әсіресе, зиялылар мен жастар арасында түрлі наразылықтар туғызды. Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып, бүркемеледі. Осылайша, Теміртаудағы толқу кезінде тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тәтімов, М.Ауэзов бас болып “Жас тұлпар” атты ұйым құрды. Мақсаты – қазақ жастарының ұлттық санасын ояту. Мұндай ұйымдар кейінірек Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одессада, Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шымкентте және басқа жерлерде пайда болды.
Қазақстанды орталықтан басқару ұлттық егемендікті толығымен шектеді. Әсіресе, экономиканың әскери сұранысқа сай бейімделуі қоғамға теріс ықпалын тигізді. 1949 жылы 29 тамызда Семей, Павлодар және Қарағанды облыстарында салынған ядролық сынақ полигоны орны толмас адам өмірі мен экологиялық және қаржылық шығын әкелді. 1963 жылға дейін полигонда ашық ауада 113 жарылыс жасалса, 1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін 343 сынақ жасалды.
Н.С.Хрущев мемлекеттің “коммунизмге өтуіне байланысты” жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін, 1961 жылы Конституциялық комиссия құрылады. Бұл комиссияның жобалары 1977 жылы КСРО Конституциясын жасауда пайдаланды.
Сол жылдардағы конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары із жүзінде жүзеге аспады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір палатадан тұрды, яғни балама болмады. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура органдары да орталыққа бағынды. Ал биліктің тармақтары: заң шығару, атқару, сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп беріп, бұйрық-жарлықтарын орындап отырған. Ешбір кеңестік заңда бұл процесс заңдастырылмағанымен, іс жүзінде әкімшіл-әміршіл жүйе билік құрды. Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді. КСРО Жоғарғы кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстық кеңеске 5 – 8 мың адамнан – біреу, аудандық кеңеске 1000 адамнан – 1 таңдау негізінде жүргізілді. Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді, білмеді. Дауыс беру тек сөз жүзінде жүргізілді. Депутаттарды халық таңдамады, жергілікті әкімшілік органдар “тағайындады”. Сайлаған депутаттар өз міндеттерін білмеді. Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды.
Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдың қазан айында аяқталды. КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И. Брежнев сайланса, ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды. Олардың ізін ала Қазақстан КП ОК 1- хатшысы болып Д.А. Қонаев сайланды.
Бұрынғы Кеңестер Одағы, оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады: 1) 1954-1955 жж. 2) 1956-1958 жж. 3) 1959-1965 жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік обылыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды. Әміршіл-әкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан, тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса, 1955 жылдың соңына қарай олардың саны 631-ге жетті. Ал 1958 жылдың ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға, МТС-тар жөндеу станцияларына айналдыра бастады. Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге республикалардан 640 мың адам көшіріліп әкелініп, Қазақстанда 18 млн. га. тың жер, немесе бұрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60,6% игеріліп, республикадағы егістік көлемі 22,4 млн. гектарға жетті. Осының арқасында 1956 жылы Қазақстан алғаш рет миллиард пұт астық алып, Ленин орденімен марапатталды. Қазақстанның әр азаматына өндірілетін астық 2 мың кг. жетті. Оның үстінде тың астығы сапалы болғандықтан негізінен экспортқа шығарыла бастады.
Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның ХХ съезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет – астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды. Осыған сай 60-шы жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың және тыңайған жер көлемі 25 млн. гектарға жетті. Бірақта тың игерудің алғашқы жылдарында қол жеткен табыс одан әрі ұштасып кете алмады. Өйткені, жаңадан игерілген тың жерлер 60-шы жылдардың ортасына қарай өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын, осының салдарынан әрбір гектардан жоспарланған 14-15 ц. астық орнына 1954-1958 жылдары 7,4 ц. жиналса, 1961-1964 жылдары – 6,1 ц., ал 1964 жылы – 3,1 ц. ғана астық алынды. Осы кезден бастап еліміз АҚШ, Канада, Аргентина, Франциядан астық сатып алуға кіріседі.
Қазіргі таңда экономистер тың және тыңайған жерлерді игермей-ақ, астық өндіру кезіндегі астықты аудандардағы әр гектардан 1 ц. өсірсе, бұл тың игеру нәтижесімен теңескен болар еді,- деген пікірде. Оның үстіне тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты елдегі демографиялық жағдайды одан әрі күрделендіріп, бұрынғы Кеңестер Одағының Европалық бөлігі үшін де, Қазақстан үшін де тиімсіз сипатта болды. Өйткені, сол кездің өзінде-ақ Одақтың европалық бөлігінде жылдан жылға селолық жерлерде тұрғындар саны азайып, ал біздің республикамызда керісінше, өсіп отырған болатын. Осы ерекшеліктер ескерілмей, онсызда саны кеміп отырған европалық аудандардан тек 1954-1962 жылдары ғана Қазақстанға 2 млн. астам адам көшіріліп әкелінді. Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің, Украинаның және т.б. республикалардың бірқатар аудандарында мыңдаған селолар бос қалды. Екінші жағынан 20-30-шы жылдары жергілікті тұрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін салдарынан күрт кеміген қазақ халқы, енді тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты, 1959 жылы санақ бойынша алатын үлесі 30%-ке дейін төмендеп кетті.
Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани, ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді. Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп, қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің, баспасөздің саны күрт төмендеп кетті. 3 мыңнан астам елді мекеннің аты өзгертіліп, тарихи ұлттық санаға шек қойылды.
Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас экологиялық апаттарға, мал жайылымының күрт қысқаруына алып келді. Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы (гомусы) шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдарынан 18 млн. га астам жер эррозияға ұшырады. Қалыңдығы 1 см. қара топырақтың (гомус) қалыптасуы үшін, кем дегенде 2-3 ғасыр уақыт керек еді. Жайылым азаюы салдарынан ұсақ мал өсіру қарқыны 3 есе азайды, жылқы 1916 жылы 4 340 мың болса, 1961 жылы – 1158 мыңға дейін, ал түйе 1928 жылғы санынан 8 есе кеміді.
60-шы жылдардағы ауыл шаруашылығының жағдайы қайтадан ауырлап, өзінің өсу деңгейін тоқтатқан болатын. Себебі, жаңадан игерілген жерлер өз мүмкіндіктерін сарқыды, колхозшылар мен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің материалдық жағдайы төмен болғандықтан еңбекке ынтасы болмады. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өз деңгейінде қаржыланбады, ауыл шаруашылығы өнімін сату бағасы реттелінбеді. Жер өңдеу мәдениетін, топырақ құнарлығын көтеру, сумен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойылмады. Мал бағу, егін салу барысында жергілікті жердің географиялық, климаттық ерекшеліктері мүлдем ескерілмеді.
Тың игеру барысында орын алып отырған кемшіліктердің бірқатары КОКП ОК 1965 жылдың наурыз, 1966 ж. мамыр пленумдарында ашылып, оларды жоюдың шаралары белгіленді. Ауыл шаруалышығының берік негізін жасау, жоспарлауды жақсарту, колхоздар мен совхоздарда шаруашылық есепті енгізу, еңбектің материалдық және моральдік қызығушылығын ұштастыру міндеттері қойылды. Егістіктің зоналық тиімді пайдалану жүйесі, тың өндіруге бейімделген техникалар ендіріле бастады. 1966-1970 жылдары республика ауыл шаруашылығын дамытуға 5,5 млрд. сом қаржы бөлінді. Осының арқасында 8-ші бесжылдықта ауыл шаруашылық өнімі 54% өсіп, Қазақстан Кеңестер Одағының өзіндік ерекше ауыл шаруашылық ауданына айналды. Оның үлесіне Одақтағы ауыл шаруашылығы өнімінің 11% тиді. Мемлекеттік қорға республикадан әрбір 4-ші тонна жүн, 12-ші тонна ет және 5-ші тонна астық түсті.
50-ші жылдардың екінші жартысынан кейінгі жылдардағы Қазақстанның индустриялық дамуының негізгі бағыттары 1956 жылы өткен КОКП-ның ХХ съезінде қабылданған халық шаруашылығын дамытудың 6-шы бесжылдық, 1959 жылы ХХІ съезде қабылданған 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық және 1966 ж. XXІІІ съезде қабылданған 8-ші бесжылдық жоспарлармен б