ТАРИХ 2017


ХХ ғғ. Басы Ресей империясында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі мен Қазақстанда отарлық саясат қай салада пәрменді жүргізілді? Аграрлық салада, Себебі аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты болатын
Патшалық Ресей Қазақ өлкесін бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлді, олар қандай аудандар? Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу
Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын басқармалар қалай аталған? Қоныстандыру басқармалары немесе қоныс аудару қоры
ХХ ғғ. Басындағы Қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеліп соқтырған жағдай не?
Қоныстандыру баскармалары әрбір қазақ отбасына 15 десятина жер үлесін алуга құқылы деген ереже енгізіп, ал қалган жердің барлыгы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдык жер қорына берілетін болды.
XX ғ. басында Қазақстанда өнеркәсіптің қай түрі жақсы дамыды? Тау-кен өнеркәсібі
П. Столыпиннің аграрлық реформаны жүзеге асыруда қандай мақсаттарды көздеді?
А)Ресейдегі жерге мұқтаж орыс шаруаларының наразылығының қазақ жеріндегі шұрайлы жерлерге қоныс аудару арқылы бәсеңдету
Б) Отар елдерде үкіметке тірек болатын әлеуметтік топты қалыптастыру
В) Қазақ өлкесінде орыстандыру саясатын барынша күшейту
Г) Барлығы дұрыс
П. Столыпиннің аграрлық реформасының Қазақ жеріндегі демография және топономикаға әсері қандай?
А) Қазақ өлкесінің барлық аудандарында Қазақтар саны күрт кеміп келімсектер (орыстар) саны артты.
Б) Орыс шаруалары жаппай қоныс аудару барысында Қазақ өлкесінде мыңдаған жаңа селолар пайда болды.
В) Елді мекен атаулары жаппай орысша атала бастады.
Г) Жауаптардың барлығы дұрыс.
ХХ ғ. Басында (1905 жазда) Қазақ зиялылары патша өкіметіне Қазақ халқының мұң мұқтажын жеткізген өтініш (петиция) хаты қалай аталады? Қарқаралы петициясы
1905 жылғы ақпанда патшаның бейбіт демонстрацияға қару қолдануы Қазақ өлкесіне қалай әсер етті? Түркістан, Перовск, Жусалы, Шалқар елді мекендерінде еңбекшілердің наразылықтары ұйымдастырылды
9.1 Төмендегі жауаптардың бұрысын табыңыз
Петербург демонстрациясын пайдаланған Қазақ зиялылары тез арада тәуелсіздік алуды ұйымдастырды
«Қанды жексенбі» өлеңінің авторы? Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
«Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағының» құрылған кеніші? Успен кеніші
Міржақып Дулаттың 1910 жылы Қазанда жарық көрген романы? «Бақытсыз Жамал» романы
Ұлттық манифест деп аталған «Оян Қазақ!» кімнің еңбегі? Міржақып Дулат
1909 жылы А. Байтұрсынұлының Семей абақтысына қамалуының себебі? Оған тағылған айыпта Халық арасында автономия идесын таратты деп көрсеткен
Төмендегі еңбектердің қайсылары А. Байтұрсынұлына тиіс емес? «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген» (бұлар емес жауабы)
ХХ ғ. Басында Ұлттық интеллигенция көш басшысы болып танылған лидер? Әлихан Бөкейханов
Бүкіл империяны қамтыған наразылықтарды тоқтату үшін патша үкіметінің жасаған қадамы? Азаматтық бостандықтардың мызғымас негіздерін енгізу мәнифесі және Мемлекеттік Думаға сайлау өткізу шешімі
Саяси бостандықты «манифест бойынша патша өз еркімен беріп отырған жоқ, одан күшпен тартып алынды» деп атап көрсеткен Қазақ зиялысы? Ж.Ақбаев
Шәкәрім Құдайбердіұлының 1911 жылы жарық көрген шығармасы? «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» кітаптары
Шәкәрім Құдайбердіұлының ғашықтық поэмасы? «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр»
Қарқаралы оқиғасын ұйымдастырушыларға қарсы патша үкіметінің іс әрекеті не болды?
А) Ұйымдастырушы басшыларын қуғындауға алды
Б) Ұйымдастырушылар өз орындарынан еріксіз басқа аудандарға ауыстырылуы
В) Ұйымдастырушы жетекшілерінің бірі Ж.Ақбаевтың Якутияға жер аударылуы.
Г) Жауаптардың ешқайсысы дұрыс емес
І. Мемлекеттік Думаға Қазақ өлкесінен қанша депутат сайланды және қаншауы Қазақ ұлтынан? 9 депутат, 4 қазақ 5 орыс
І. Мемлекеттік Думаға Қазақ өлкесінен сайланған Қазақ зиялылары кімдер?А.Бірімжанов, Ә.Бөкейханов, А.Қалменов, Б,Құлманов
ІІ. Мемлекеттік Думаға Қазақ өлкесінен қанша депутат сайланды және қаншауы Қазақ ұлтынан? 14 депутат, 6 қазақ
ІІ. Мемлекеттік Думаға Қазақ өлкесінен сайланған Қазақ зиялылары кімдер?Ш.Қосшығұлов, Т.Нұрекенов, Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, М.Тынышпаев, Т.Алдабергенов
ІІ. Мемлекеттік Думаға сайланған Қазақтар қай фракцияға кірді? Мұсылман фракциясы мен думадағы кадеттерге
1907 жылы ІІ. Мемлекеттік Дума депутаты Шәймерден Қосшығұловтың шығарған газеті? Серке
1911 – 1913 жж. Орал қаласында 16 саны ғана жарық көрген газет? Қазақстан газеті
Төмендегі шығармалардан қайсысы Б. Майлиннің еңбегіне жатпайды? «Шұғаның белгісі», «Азамат Азаматыч», «Жалбыр», «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай», «Қызыл жалау», «Қоңсылар» (бұлар емес)
1911 – 1915 жж. шыққан «Айқап» журналы Қазақстандағы саяси ой-пікірдің қай бағытына басымдық танытты? Аграрлық демократиялық идея
1911 жылы басылған А.Байтұрсыновтың «Маса» өлеңдер жинағының негізгі идеясы? Оқуға, өнер-білімге шақыру, еңбек етуге үндеу
1912 – 1918 жж. шыққан «Қазақ» газетінде Қазақ халқының ұлттық қозғалысы жетекшілерінің қарастырған басты мәселелері?
А) Аграрлық мәселеде жерге мемлекеттік меншіктің күшін жою
Б) Жерді Қазақтардың меншігіне беру және жер сатуға тиым салу
В) Өлкенің коғамдық саяси өмірін дамыту саласында либерал-демократиялық бағыт қоғамының эволюциялық дамуын жақтау
Г) Жауаптардың барлығы дұрыс
«Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті өз беттерінде жалпы ұлттық идеялар мен Қазақ халқының мүдделерін көрсете білді ме? Иә
ХХ ғ. Басында қандай басылым ағарту мен білім идеяларын насихаттады? Айқап
Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстан экономикасына тигізген әсері? Әскери салық 3 сом 84 тиын; Салық мөлшері 3-4 есе кейбір жағдайларда 15 есеге дейін өсірілді; Орыс шаруашылықтарына жұмыс істеуге мәжбүрледі; Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерін көлемін артқызып, күштеп тартып алды; Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дағдарысы;
«Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ, Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып қанын төгетін сорлы халық болар» деп өз ойын ашық білдірген зиялы? Ә.Бөкейханов
Н.Төреқұловпен Т.Жаманмұрыновтың бастамасымен тыл жұмысына алынған Қазақтардың құрған саяси ұйымы? Еркін дала
1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріс кезеңінде патша өкіметінің Қазақ халқына жүргізген саясаты?
Төмендегі жауаптардың қайсысы дұрыс емес? Дұрыс емес: Соғыс жағдайында болған патшалық Ресей, Қазақтардың Ұлттық мемлекет құру идеясына келісті.
1916 ж. Ұлт-азаттық көтерілістің негізгі факторлары? Отарлық езгінің күшеюі, ұлттық езгінің күшеюі, Салықтың өсуі, әлеуметтк теңсіздік, шаруашылықтың күйзелісі, қазақ болыстарынң сатқындық әсері
Төмендегі жауаптардың қайсысы дұрыс емес?
ІІ. Николай патшаның 1916 ж. 25 маусымдағы «Реквизициялау» туралы жарлығы?
Төмендегі жауаптардың қайсысы дұрыс емес? 19 жаспен 43 жасқа дейінгі «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмыстарына
1916 жылы солдат жұбайларының толқуы болған қала? Орынбор облысы Ақбұлақ мекені, Лепсі, Верный уездері, Зайсан.
1916 ж. Стихиялық қозғалыстар бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып Ұлт-азаттық көтеріліске айналды, себебі не?, Төмендегі жауаптардың дұрыс бұрыстығын анықтаңыз?
Бүкіл Орта Азияны қамтыды. Қырғыздар, өзбектер, тәжіктер,түрікмендер тыл жұмысына алынды.Саяси талаптар қойды:Патша үкіметі жойылсын, соғыс тоқтатылсын. Хандықтар құрылды.
Стихиялы сөзінің мағынасы? Жоспарсыз, ұйымдаспаған
Верный уезінің Жайылмыш болысындағы көтерілісті басқарған кім?Бекболат Әшекеұлы
Ұзынағаш маңында Жайылмыш болысының көтерілісшілері мен жазалаушы отряд арасындағы соғыс нәтижесі? Тамыз айында 5 мыңнан астам жасағы бар көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, Қарқара жәрмеңкесін басып алды
Мерке учаскесінде (Құрғаты болысында) көтерілісшілер отрядына басшылық еткен кім?Ақкөз Қосанұлы
1916 жылғы көтеріліс жайлы жазылған "Тар жол, тайғақ кешу" еңбегінің авторы? С.Сейфуллин
1916 ж. Жетісу жеріндегі көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін 300 мыңнан астам Қазақтар мен қырғыздар қайда қоныс аударуға мәжбүр болды? (Батыс) Қытайға
«Бұратана» халықтардың мағынасы және не үшін қолданылған? Мәдени даму жағынан артта қалған деген мағынаны білдіреді. Патша үкіметі бұл халықтарды кемсіту үшін қолданған. Оларға қазақтар, орта азия және сібір халықтары жатқызылған.
Тосын, Майқарау, Сарықопа және Наурызым болыстарын қамтыған көтерілісшілердің басшысы кім? Шолақ Оспанов
Нияз бидің немересі Ә.Жанбосынов қай уездің ханы болып сайланды? Торғай уезінің
Торғай уезінде көтерілісшілердің «сардарбегі» болып тағайындалған кім? Амангелді Иманов
Торғай уезінде көтерілісшілердің «рухани көсемі» болған кім? Әліби Жангелдин
Кейкі Көшкінбаев бастаған арнаулы мергендер тобы қай көтерілсте орын алды? Торғай уезінде
1916 көтерілістің негізгі қозғаушы күші кімдер? Халық бұхарасы
1917 ж. 27 ақпанда Петроградта болған оқиға? Буржуазиялық демократиялық революция
1917 ж. «Ресейдегі барша халыққа Ағайындық, Теңдік, Бостандық күні туды» деп үндеу тастағандар? Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов
Ұлт зиялылары Ақпан революциясын құптап Уақытша үкіметпен оның комиссарларын не үшін қолдады? Болашақта ұлттық автономияға қол жеткізуді ойлады.
1917 ж. Ұлт зиялыларының мұрындық болуымен облыстық, уездік және болыстық Қазақ комитеттерінің құрылу мақсаты? Төменде көрсетілген жауаптардың бұрысын табыңыз? Уақытша үкіметтің билік орындарында қазақ халқының мүддесін қорғайтын осы Қазақ комитеттері. (50-51 бет)
1917 ж. жазға қарай Қазақстан жерінде қалыптасқан үкіметтерді атаңыз? Уақытша үкімет, кеңестер , қазақ комитеттері (буржуазия)
Шура-исламилықтар (Ислами кеңес) құрылып жатқан үкіметтердің қайсысын қолдады? Уақытша үкіметтің саясатын
Шура-исламилықтар (Ислами кеңес) Түркістанның қандай жолмен дамығанын қуаттады? Демократиялық жолмен
Серәлі Лапиннің жетекшілігімен 1917 жылы құрылған партия? Шура-Улема
1917 ж. 26-29 қарашада Қоқанда өткен ІҮ Төтенше өлкелік мұсылмандар съезінде құрылған Автономия? Түркістан Мухтарияты (авт.)
Түркістан (Қоқан) Автономиясы үкіметінің төрағасы? М.Тынышбаев –>Мұстафа Шоқай(cол ашты)
1917 ж. 15 шілдеде Қазақ жұмысшыларының қатысқан Ташкент мұсылмандары Кеңесі Атқару комитеті басшысы? Асфендияров
1918 ж. 6-9 қаңтарда Түркістанда өткен Сырдария облыстық съезінде қабылданған қаулы? Сырдария облысының қазақтары Алаш автономиясының құрамына қосылсын деген қаулы қабылдайды
1918 ж. Түркістан өлкесі Кеңестерінің Ү. съезі нәтижесінде құрылған Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына енген Қазақ жерлері? Жетісу және Сырдария облысттары
Өздерін Ресейдегі төңкерісшіл партиямен тізе қоса әрекет жасайтындығын білдірген Қазақстандық ұйым? «Жас қазақ» (4-том 98 бет)
Ақмоладағы «Жас Қазақ» ұйымының жетекшісі? С.Сейфуллин
Әулиеата уезінің Мерке ауылындағы «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» ұйымының жетекшісі? Т.Рысқұлов
Қазақ зиялыларының шұғыл түрде «Жалпықазақ құрылтайын» өткізу шешіміне итермелеген мәселе не? Кадеттер басқарып отырған уақытша үкіметтің шын мәнінде Қазақстанда патшалық самодержавиенің саясатын жалғастыруы Уақытша үкімет, өз жолын анықтау немесе басқа да езілген ұлттардың тағдыры сияқты Қазақ халқының мүддесімен санаспауы Ресейдегі «екінші үкімет»- Петроград Кеңесінің де Қазақтардың автономия алуына қарсы шығуы
І. Бүкіл Қазақ съезі қай жылы, қайда өтті? 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда
І. Бүкіл Қазақ съезінде алға тартылған ұстанымдарды атаңыз? Біріншісі, А.Байтұрсынов пен М. Дулатовтың «Тәуелсіз автономия құру» идеясы. Екіншісі, Ә.Бөкейханов пен Ж.Ақбаевтың «аймақтық ұлттық автономия құру туралы» ұсынысы.
І. Бүкіл Қазақ съезінде көпшіліктің қолдауымен алынған шешім не? «Ресей Федеративтік демократиялық, парламенттік республикасында» қазақ ұлттық-аумақтық автаномиясын құру,(қазақ тұрмысына арналған сот құру, әйел еркек теңдігі, Алаш партиясын құру)
І. Бүкіл Қазақ съезінде қабылданған қаулы? Төмендегі жауаптардың бұрысын табыңыз?
Тәуелсіз автономия құру туралы шешім
«Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының бұқара жұртшылық мойындаған көсемі? Ә.Бөкейханов
І. Бүкіл Қазақ съезі қай қалада өтті. Орынборда
1917 ж. 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланған хабарлама?Алаш партиясының бағдарлама жобасы жарияланды
1917 ж. 5 – 13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен құрылтай? 2 Жалпықазақ съезі
Ғалымдар Алаш партиясын қай сипаттағы партия деп есептейді? Ұлттық демократиялық сипаттағы алғашқы партия
ІІ. Бүкілқазақ құрылтайында халықтың қауіпсіздігі мен жерінің тұстастығы жайында шығарған шешімі? Қазақ автономиясын жариялау,ұлттық қазынасын жасау, әскер құру,Алаш орда үкіметін құру.
«Бостандықтың жауы – большевизммен күресу» мақсатынында «Алашорда» үкіметінің қаулысы? Ұлттық қарулы күш халық милициясын құру
«Ғылыми және практикалық білімнің жиынтығын бойына сіңірген халық қана айбарлы да бай болады» деп санаған Алаш зиялысы? А.Байтұрсынов
Төмендегі бейнелерден «Алашорда» зиялысына жатпайтын тұлға?
Төмендегі бейнелерден «Алашорда» зиялысын табыңыз?
«Үшжүзшілер» большевиктермен одақтасып кімдермен күресті? Алаш(Алашорда)
1917 ж. Қазақстандағы ұсақ-буржуазиялық социалистік партия? Алаш партиясы
Ресей империясын қамтыған «Азамат соғысының» шығу себептері? Төмендегі жауаптардың екі дұрыс нұсқасын табыңыз.
А) Қазан төңкерісі мен Ресейде Кеңестерге қарсы қарулы қарсылық
Б)АҚШ, Англия, Франция, Германия, Жапония сияқты елдердің Ресейдің ішкі ісіне араласуынан «Азамат соғысы» басталды. кеңес үкңметіне қарсы болды.
Қазақстанда «Азамат соғысының» алғашқы ошағы және қалай басталды? Қазақстандағы Азамат соғысының ең алғашқы ошақтарының бірі 1917 жылдың қарашасында Орынбор(Жетісу, Орал) қаласында пайда болды. 
Қазақстанның ақ гвардияшылар басып алған жерлерінде партизан қозғалыстары мен халық көтерілістері кеңінен өріс алды. Партизан қозғалысының ірі ошағы? Ақмола, Жетісу мен Семей облысы
Қазақстандағы Азамат соғысы тарихынан өшпес орын қалдырған партизан қозғалысының атауы? (Атбасар уезіндегі Мариновка селосы). «Тау қырандары»
Азамат соғысы жылдарындағы қызылдардың жеңісінің себептері түсіндіріңіз? Кеңес өкіметіне қарсы күштер ұйымдасып, бірлесіп қимыл жасай алмады Кеңес өкіметі тарапынан ұлттардың өзін-өзі билеу құқығының сөз жүзінде болса да мойындалу Кеңес өкіметінің орта шаруалармен одақ құруы және Қазақстанға қоныс аударуды тоқтату мәселесі қойылуы
А.Байтұрсынов бастаған алашордашылар қызылдар жағына шығуынан
Қазақ зиялылары «Азамат соғысы» соңында Кеңес үкіметімен не үшін ымыраға келу жолдарын қарастырды?
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы қай өкіметтің жеңісімен аяқталды?Кеңес үкіметі
«Әскери коммунизм» саясаты қай соғыс кезінде енгізілген төтенше саясат? Азамат соғысы
1920 жылдары Кеңес үкіметі орнағанан кейін қабылданған жаңа даму саясаты қалай деп аталды? ЖЭС
Голощекиннің "Кіші Қазан" бағытына қарсы шыққан жазушы мемлекет қайраткері? Cәдуақасов
Аштықтан арығы жетіп тұра алмаған шал-кемпір, жас бала қамаулы қалпында қорада өлді деген зобалаң кезең қай кез? 1932-1933
1928 жылы 27 тамыздағы Қазақстандағы үкімет қаулысы? Бай шаруашылықтарды тәркілеу туралы
1929 ж. Қазақ халқының ғасырлар бойы Ұлттық дәстүрі мен мәдениетінің дамуына үлес қосқан дүниеден айрылуы? Сералин
Коммунистік партия ХХ ғасырдың 30 жылдарында Қазақстанда «Мәдени революция» жасау арқылы нені көздеді? Социализмді орнату
Қазақ АКСР-ы қай жылы одақтас республика болып құрылды? 1936 жылы 5 желтоқсан
1936 ж. Қазақ АКСР-ы қандай атпен қайта құрылды? ҚазКСР
1931-33 жылдары ұжымдастыруға қарсы көтеріліске қатысқандарды тергеу үшін құрылған ерекше құзыреті бар сот? Үштік сот
1938 жылы 17 шілдеде Қазақ ССР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалған кім? А.Қазақбаев
1950 жылы КСРО-ның «Бейбітшілік туралы заңына» қол қойған бірінші қазақ? Жұмабай Шаяхметов
1947 ж. шыққан Бекмахановтың монографиясы? «ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан»
1953-55 жылдары ГУЛАГ жүйесі кімнің бастамасымен жойылды? Хрущев
Хрущев басшылығы тұсында жүргізілген «реформалау» кезеңі тарихта қалай аталады? Жылымық кезені
«Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Автономиялы Республикасын құру туралы» тарихи Декрет қай жылы жарияланды?  (1920 жылғы 26 тамызда)
Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің астанасы? Орынбор
Орынбор ........................... астанасы? Қырғыз АКСР
Дұрыс жауапты бос орынға жазыңыз
1920-1924 жылдары Қырғыз (қазақ) АКСР-нің астанасы? Орынбор
1920 ж. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің Орталық Атқару Комитетінің төрағалығына сайланған? Мендешев
Түркісібті салу қай жылы басталды?1927 жылы сәуірде
Түркісібті салу қай жылы аяқталды? 1930 жылы 25 сәуірде
1927 – 1931 жж. аралығында 100 000 адамды қамтыған құрылыс? Түркісіб
1923 ж. 22 қарашасында Қырғыз (Қазақ) АКСР ОАК-нің декреті? Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу
Голощекиннің Қазақстандағы саясаты? Сталиндік бағыт; Асыра сілтеу болмасын аша тұяқ қалмасын;Кіші қазан
Қазақстандағы «Кіші қазан» саясатын жүргізген? Ф.И.Голощекин
«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» кімнің саясаты? Голощекин; совет үкіметі
Республиканың басшы қызметкерлері тобының 1932 жылғы шілдеде жазылған «Бесеудің хаты» кімге арналды? Голощекинге
Сталиндік қуғын-сүргін қандай және қанша кезеңнен тұрады? 3 кезеңнен, репрессия
Кеңес өкіметі Чосон (Корея) Таңғы Самал Елі тұрғындарын Қазақстанның қай аймақтарына орналастырды? Қызылорда, Алматы
1940 жылы жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған поляк халқы қайда орналастырылды? Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Тайынша
КСРО-ның 1941 жылы 26 тамызда Неміс автономиясы таратылып халқы қайда көшірілді?
1944 жылы 8 наурызда Қазақстанға көшіріліп әкелінген халық? Шешен-ингуш, қалмақ, қарашай
Генерал-майор И.В.Панфилов 316 атқыштар дивизиясын басқарып шайқасқа қатысты? Мәскеу қорғанысы
316 атқыштар дивизиясы қайда құрылды? Алматыда
1941 ж. жазылған "Ленинградтық өренім" жырының авторы?Жамбыл Жабаев
Қазақ АКСР-нің құрамына кірмей қалған жерлерді көрсетіңіз? Жетісу, Сырдария
Қазақстанда алғашқы плутоний атом бомбасы қай жылы сынақтан өткізілді?
Қазақстан жерінде қанша сынақ алаңы (полигон) болған? 2 Капустин Яр мен Семей
1955 жылы 12 қарашада Қазақстан басшыларының қарсылығына қарамастан К.Ворошилов қай ауданды Өзбекстанға бергізді? Бостандық ауданы
Бостандық ауданы 1955 жылы 12 қарашада қай республикаға берілді? Өзбекстан
Тың және тыңайған жерлерді игеру кімнің идеясы? Хрущев
1986 ж. Қазақстан компартиясының желтоқсан Пленумында қандай мәселе қаралды? Колбин сайлануы, ұййымдастыру мәселесі
Г) Заңдылық пен құқықтық тәртіптің бұзылуы жайында.
Қазақ КСР-ң Қазақстан Республикасы болып аталған уақыт? 1991 жылы 10 желтоқсан
Қазақ КСР-інің Тіл туралы заңы қай жылы қабылданды?1989 жылы 22 қыркүйекте
1960-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарған кім? Қонаев
Н.Ә.Назарбаевтің еңбек жолын бастаған қала? Теміртау
КСРО «Бұрқасын операциясын» қайда сынады?
Желтоқсан көтерілісінің құрбандары? Ләззат Асанова Ербол Сыпатаев , Рысқұлбеков , СабираАрал мәселесін көтерімін деп «Желтоқсан оқиғасының» шындығын жайып салған? М.ШахановТөменде көрсетілген жауаптар арасындағы бірінші оқиға?
Төменде көрсетілген саяси карта?
Қазақ халқынан шыққан алғашқы ғарышкер? Тоқтар Әубакіров
1990 жылы сәуірде енгізілген билік лауазымы? Президент
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақ тарихындағы ең айтулы оқиғаның бірі? Қазақ КСР Президентінің сайлауы
1991 ж. 2 қазанда Қазақ тарихындағы ең айтулы оқиғаның бірі? Тұңғыш қазақ ғарішкері қарышқа ұшты Тоқтар Әубакіров
1994 ж. шілде айында Қазақ тарихындағы ең айтулы оқиғаның бірі? Екінші қазақ ғаышкері Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты
Қазақстан Республикасының Қорғаныс Комитеті мен Ішкі Істер Әскері қай жылы құрылды? 1992
7 мамыр қандай күн? Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан Отан қорғаушылар күні
ҚР тұңғыш Қорғаныс министірі? Сағадат Нұрмағамбетов
Конститутция бойынша ҚР Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы? Президент
Қазақстан халықтары Ассамблеясы қай жылы құрылды? 1995 жыл 1 наурыз
БҰҰ-ның Бас хатшысы болған Кофи Аннан Қазақстан халықтары Ассамблеясына қандай баға берген? Кіші БҰҰ
Қазақстан халықтары Ассамблеясының І сессиясы қай жылы ашылды? 1995 жыл 24 наурыз
1992 ж. қыркүйек – қазан айларында Алматыда өткен ісшара? Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы
2002 ж. 23 қазанда Түркістанда өткен айтулы ісшара? Дүниежүзі қазақтарының 2-ші құрылтайы
Дүниежүзі Қазақтарының ІІІ. Құрылтайы қай жылы қай қалада өтті? 2005 Астана
ҚР Тұңғыш Конститутциясы қай жылы қабылданды? 1993 жылы
ҚР Жаңа Конститутциясы қай жылы қабылданды? 1995 жылы
Демократиялық Президенттік басқару түрі бекітілген Ата заң? Конституция
1992 ж. 2 наурызда қандай ұйымға мүше болды? БҰҰ
Қазақстан халықаралық құжат – Хельсинки шартына қай жылы қол қойды? 1992 8 шілде
Н. Назарбаевтің Жарлығымен 1991 ж. 29 тамызда? Семей полигоны жабылды
«Шанхай Бестігіне» кіретін елдер? Қазақстан, Қырғыстан Тәжікстан, Қытай, Ресей
«Шанхай Бестігі» қай саммитте ШЫҰ атанды? 2001 ж. маусымда "Шанхай бестігінің" бес жылдығына орай мүше-мемлекеттер басшылары және  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D0%B7%D0%B1%D0%B5%D0%BA%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" \o "Өзбекстан" Өзбекстан президенті Шанхайда кездесті. Осы кездесуде  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D0%B7%D0%B1%D0%B5%D0%BA%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" \o "Өзбекстан" Өзбекстан құрылымға енді. Ӏлешала  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%B0%D0%BD%D1%85%D0%B0%D0%B9" \o "Шанхай" Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру жөніндегі  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D0%BA%D0%BB%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F" \o "Декларация" Декларация жарияланды
«Шанхай Бестігінің» ШЫҰ атануы? 2001
1998 ж. 1 қаңтардан бастап қандай Заң күшіне енді? Зейнетақы
1994 ж. Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. Мүше мемлекеттер? Қазақстан, өзбекстан, қырғыстан, тәжікстан
1994 ж. сәуірде Қазақстан мен ҚХР арасындағы келісім? Шекара бекіту
Қазақ елінің атауларын ретіне қарай тізбекте? Хандық, АКСР, КСР, Республика
1991 ж. 1 желтоқсанда елімізде өткен айтулы оқиға? Сайлау, Н.Ә.Назарбаев жеңіске жетті 98,78 %
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақ тарихындағы маңызды тарихи қай құжатты қабылдады? ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституция
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін ең бірінші таныған ел? Түркия
1991 жылы соңына дейін Қазақстанды қанша ел таныды? 18
1992 жылдың ортасына дейін РеспуРеспҚазақстанды қанша ел таныды? 30-дан астам
1999 жылы Қазақстанды қанша ел таныды? 150
1991 ж. 21 желтоқсанда Ел Астанасында қандай кездесу ұйымдастырылды? ТМД
1991 ж. 21 желтоқсанда Ел Астанасында өткен кездесуде қандай құжатқа қол қойылды? ТМД құру
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) қай жылы құрылды? 1991ж., 21 желтоқсан
1992 ж. 4 маусымда Қазақстан Республикасын айшықтайтын нелер бекітілді? Рәміздер (ту мен елтаңба)
1992 жылы 11 желтоқсанда Қазақ Елінде бекітілген? Әнұран
2006 ж. қаңтарда еліміздегі ең айтулы оқиға? Жаңа әнұран
1993 ж. 5 қарашада шыққан Президент Жарлығы? Ақша тұрақтандыру
1993 ж. 15 қарашадағы Елбасының Жарлығы? Теңге айналымға енгізілді
1995 ж. 12 желтоқсанда Елбасы қай жарлыққа қол қойды? Наградалар туралы заң
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жоладуы қай жылы жарияланды? 1997 жылы 1 қазан
«Қазақстан-2030» бағыт саны? 7
1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімімен Елімізде қай қалаға «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы берілді? Астана
Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – «Ақорда» сөзінің шығуы? Ғұндардың...
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтетін сарай? Бейбітшілік және келісім сарайы
Мемлекеттік ресми іс-шаралар өтетін сарай? Тәуелсіздік сарайы
«Қaрaғaны қaлың өскен жер» мaғынaсынaн шыққaн Еліміздегі қала? ҚарағандыҚызылорданың ескі атауы? Ақмешіт
Ақмешіт қаласының атауын өзгерткендер және қала атауы? Қызылорда
1995 ж. 3 шілдеде Елбасының қабылдаған шешімі? Тәуелсіздік ескерткішін орнату
ҚР Президентінің Жарлығымен «Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»? 1997
2000 ж. ЮНЕСКО деңгейінде мерейтойы аталып өткен ісшара? Түркістанға 1500 жыл
ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен ең бірінші ТМД елі?Қазақстан
ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен ең бірінші түркі елі?Қазақстан
ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен ислам кеңістігіндегі ең бірінші? Қазақстан
ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен ең бірінші азиялық ел?Қазақстан
EXPO 2017 қай қалада өтеді? Астана
2017 ж. Түркі әлемінің астанасы болып шешілген еліміздегі қала? Түркістан
Қазірігі Қазақстан территориясының аумағы қай Қазақ хандары тұсында қалыптасты? Қасым хан
2015 ж. Елімізде және әлемге танытылған айтулы іс шара? Қазақ хандығының 550 жылдығы
Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға, 82 қаласы болған Республика? Қазақ КСР
Тәуелсіз Қазақстанның елордасы болған қалалар? Алматы Астана
Қазақстан Республикасы бүкіл жер шары көлемінің қанша %-ын құрайды? 2%
Қазақстан Республикасы Азияның %-ын құрайды? 6.1%
Қазақстан құрлықта қай елдермен шектеседі? Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғыстан, ТүркменстанҚазақстан теңіздерде қай елдермен шектеседі? Иран, Әзірбайжан
Н.Назарбаевтың "Бейбітшілік кіндігі" кітабі жарық көрген жыл?2001 жылы
Н.Назарбаевтың "Тәуелсіздік белестері" кітабі жарық көрген жыл?2012 жылы
Н.Назарбаевтың "Тарих толқынында" кітабі жарық көрген жыл?1999 жылы
Назарбаевтың "Тарих толқыны" атты кітабында қандай тарихи оқиғаларға орын берген? Қазақ хандығы
Төмендегі еңбектер мен авторларды сәйкестендіріңіз?
Әрбір дұрыс жауап 1 балл (4 баллдық жүйе)
Төмендегі еңбектер мен авторларды сәйкестендіріңіз?
Әрбір дұрыс жауап 1 балл (4 баллдық жүйе)

Приложенные файлы

  • docx 15825804
    Размер файла: 39 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий