тарих билеттер


1-билет
1.Маңғыстау жеріндегі Шақпақата, Қаратаудағы Арыстанды өзенінің бойындағы ескерткіштер. Жымбыл облысынан 5 мыңға жуық тас құралдар табылған тұрақтар: Бөріқазған, Шабақты Орталық Қазақстан жеріндегі жүзі түзу қырғыштар мен қайықтас пышақ қырғышт ар табылған тұрақ:Семізбұғы. Орталық Қазақстандағы 6 метр тереңдіктен табылған 300-ге таяу тас құрап шыққан көне мекен:Батпақ. «Саналы адам » алғаш рет Францияның Кро-Моньон үнгірінен табылған. Шамамен 40-35 мың жыл бұрын өмір сүрген.
2.1854 ж Қазан қаласында баспадан шыққан Қ.Жалайыридың «Жылнамалар жинағы» 15-17 ғ-дағы қазақ тарихы жайындағы өте маңызды шығарма болып табылады. Шах-Махмұд Шорастың «Тарих» атты еңбегінде қазақ хандары Бұйдаш, Хақназар, Тәуекел, Есім, Жәңгір кезіндегі, 16-17 ғ-дағы қазақ-монғол қарым-қатынастарының тарихы баяндалады.
3.Жоңғарларға 17-18 ғ-да Жоңғария, Тарбағатай және Іленің бас жағында өмір сүрген батыс моңғол тайпалары жатады. 1710 ж қазақ жүздерінің белгілі өкілдері Қарақұм маңында бас қосып, жоңғарларға соққы берудің мүмкіндіктерін талқылайды.1711 ж жоңғарларға қазақ даласына тағы шабуыл жасағанда, қазақ батырлары тізе қосып, жауға айтарлықтай тойтарыс берді.1718 ж Аякөз өзені бойында қалмақтар қалың қолы осы маңдағы найман және жалайыр тайпаларының қоныстарына баса көктеп кірді.1723 ж қазақбилеушілері арасындағы өзара алауыздықты пайдаланған жоңғардың қалың қолы қазақ жеріне тұтқиылдап баса-көктеп кірді.
2-билет
1.Мезолит кезеңінің үлкен жаңалығы ұсақ жаңқа тастап жасалған құралдар ұзындығы 1-2 см-дей болатын микролиттердің және садақ пен жебенің жасалуы еді.
2.Салт дәстүр дегеніміз- халықтың жөн-жоралғылардың, ұстанымдардың жиынтығы. Салт-дәстүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршіліғінен, қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, I дүниетанымынан туындайтын модени құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді. Қазақ әдет-ғұрыптарын олардың қоғамдағы атқаратын қызметіне қарай отбасылық және қауымдық-қоғамдық ғұрыптар деп үлкен екі топқа бөлуге болады. Отбасылық ғұрыптарға баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіру, Кыз ұзату және өлген адамды жәнелту жатады. Қауымдық-қоғамдын ғұрыптарға бүкіл қауым болып өткізетін, жалпы қоғамдық мәні бар әдет-ғұрыптарды жатқызуға болады. Мысалы, наурыз тойы, құрбан айт, ораза айт, ас беру, т.б. Қазақтың шаруашылыққа, тұрмыс-тіршілікке байланысты әдет-ғұрыптары да бір төбе. Қазақ әдет-ғұрыптарын отбасылық және қауымдық-қоғамдық деп бөлуді шартты түрде ғана түсіну керек. Өйткені отбасылық ғұрыптар мен қауымдық- коғамдық салт-саналар өзара астасып, араласып жатады. Отбасылык ғұрыптар кейде қоғамдық сипат алады, ал бүкіл қауым аткаратын, Катысатың ғұрыптар әр отбасында көрініс табады. Шашу. Бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Әдетте, шашуға кұрт, ірімшік, өрік, кейіннен қант, компит пайдаланылған. Шашуды жаңа түскен келінге, алғаш босаға атаған күйеуге, түсауы кесілген балаға, алғаш атқа мінген балаға,т.б. жақсылықтарға шашады. Шашудың мәні -жақсылық, молшылық, кұт-береке тілеу. Сүйінші-қуанышты хабарды, алдымен, бірінші болып жеткізген адамның алатын сый-қәдесі. Қуанышты хабар жеткізуші «Сүйінші, сүйінші!», — деп жұртка естірте хабар бере келіп, сүйіншісіне не беретінін де алдын ала сұрап алады. Хабардың маңызына, сүйінші берушінің қолының ашықтығына қарай сүйінші көлемі орқалай болады. Көрімдік-қандай да болсын бір жаңа дүниені алғаш көрсеткенде көрімдікті ұйымдастырушының алатын сый-қәдееі. Мысалы, қазақ алғаш көрген келінге, күйеуге, нәрестеге, ботаға, жаңа киімге, әшекей затқа, жаңа отауға көрімдік береді. Отбасылық салт-дәстүрлер. Бала дүниеге келген күні шілдехана жасалады. Шілдехана жасаудағы бірінші мақсат-дүниеге келген баланың қуанышына кішігірім дастархан жайып сауық өткізу болса, екінші мақсат жаңа ғана дүниеге есігін ашқан сәбиді түрлі жамандықтардан (жын, шайтан) қорғау. Түнімен ән салынып, ойын-сауық құрылып бала жатқан жерге ондай пәле жоламайды деп есептеген. Сондықтан кейбір өңірлерде шілдехананы шілде кузет деп атаған. Ат қою. Қазақ балаға атты әр түрлі ырымға сүйеніп қойған. Мысалы, баласына соған тартсын деп бір жақсы адамға ат қойғызған, немесе жақсы адамның атын қойған. Мысалы, Абылай, Абай, Шокан, т.б. белгілі, даңқты адамдардың атын берген. Немесе Алдаберген, Қүдайберген, Тілепалды деп қойған. Мұндай аттарды ұзақ күткен, әулие-әнбиелердің басына түнеп тілеп алған балаларға қоятын. Қазақ кейде баласына жағымсыз да ат коятын. Мысалы, Күшікбай, Боқбасар, Қасқырбай, т.б. Әдетте, Мұндай атты баласы тұрмай, шетіней берген соң ата-аналары тіл-көз тимесін деп қоятын. Қазақта тілеулі аттарда болған, мысалы, Ұлболсын, Тоқтасын, Тұрсын, т.б. Бесікке салу рәсіміне, негізінен, әйелдер шақырылады. Баланы бесікке салу сол ауылдағы сыйлы бәйбішеге тапсырылатын. Бесікті бала атасына тартып өссін деген ниетпен атасының шапанымен, тонымен, атка тақымы мықты болсын деген тілекпен аттың жабуымен жапқан. Бала дүниеге келгеніне 40 күн толғанда қырқынан шығарады. 40 күнге дейін балаға тіл-көз тимесін деп сырт адамға көрсетпеген. Қырқынан шығаруға да көрші-қолаң, туыстардың әйелдері келеді. Бұл күні баланың қарын шашын (туғандағы шашы), тырнағын алады, 40 қасық суға шомылдырады. Бала жүруге талпынғанда оның тұсауын кесу рәсімі жасалады. Түсау кесуге де, негізінен, үлкендер жиналады. Баланың аяғын ала жіппен, не койдың тоқ ішегімен түсайды да, бала жүрейін дегенде түсауды пышақпен кесіп жібереді. Баланың аяғын ала жіппен, тоқ ішекпен түсауда мән бар. Қазақта ала жіп касиетті, адалдықтың белгісі саналған. Өзінің адалдығын білдіргісі келген жан «біреудің ала жібін аттағаным жок» дейді. Бұл бала адал болып.
3. Қазақ-орыс қатынастарының ертеден келе жатқан тарихы бар. Ресей, Қазан (1552 ж.), Астрахан (1556 ж.) хандықтары және Еділ бойы халықтардың қосылуымен орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы қатынастар күшейе түсті. Ресейдің басты мақсаттарының бірі Орта Азия және Үндістанмен сауда қатынасы жолдарының қауіпсіздігін күшейту, Шығыс елдерімен байланысын бекіту болды. Қазақ даласы толық азиялық елдерге апаратын жол саналды.
Қазақ хандығы Ресеймен байланыс жасап, жоңғрарлармен және азиялық хандықтарымен күресте одақтас болуға тырысты.
XVIII ғасырдың басында Ресей империясы оңтүстіккешығатын жерлерді іздеуге арнайы әскери экспедициялар жасады. Бірақ бұл экспедициялар сәтсіз аяқталып Ресей үкіметі бейбіт дипломатиялық жолмен байланыс жасауға көшеді.
Ресей дипломатиясы қазақ-орыс қатынастарының жандануына жағдай жасады. Ресей тарапынан Тәуке ханның атына хат жіберді онда негізінен даулы мәселелерді келісім арқылы шешу жолдары қарастырылды. XVIII ғасырдың басындағы Бекболат Өкешев және лентинент Буриевтің басшылығымен Ресейге барған Қайып ханның 1716 жылдың казанындағы Никита Белоусовтың елшілігі, 1717 жылдың аяғындағы Б. Брянцевтің елшілігі, 1718 жылдың қазанындағы Шабу және Бағадур елшіліктері қазақ-орыс қатынастарын жақсартты.
XVIII ғасырдың 20-жылдарында казақ-орыс қатынастары белсенді түрде жүре бастады. Әбілқайыр ханның бастауымен Кіші жүздің көптеген тайпалары Жайыққа жақындап, одан әрі оң жақ жағаға шығуға тырысты. Бұл жағдай орыс бодандығындағы башқұрттар және қалмақтармен жаугершілікке әкеп соқты. Шекаралық келіспеушіліктерді реттеу мақсатында Кіші жүз басшылары 1726 жылы Ресейге елшілік жібереді.
Әбілқайыр ханның бірінші жіберген елшілігі нәтижесіз аяқталып, екінші рет (1730 ж.) елшілік жібереді. Ондағы мақсаты — Орта Азияда, қазақ халқы арасында өзінің ықпалын нығайтуды ойлады. Кіші жүздің Ресейге қосылуынан (1731-1732) кейін «қазақтарды орыс бодандығында ұстау және оларды басқару» жөніндегі жоспар жасалынды, сонымен қатар башқұрт жерлерін қорғау, сауда қатынастарын жүргізу үшін Орынбор қаласын салу жоспарланды. Ресей мен Қазақстанның арасында сауда байланыстарын орнатуға қолайлы жағдайлар орныға бастады. Қазақ ұлыстарына Ресей саудасы үлкен қажеттілік еді. Түркістан, Ташкент өңірінен айрылған қазақтың көпшелі ұлыстары үшін рынок аса қажет болды. [7;515]
XVIII ғасырдың 40-жылдарының аяғында Орынборда 150 сауда дүңгіршектері және қоймалары салынды, ал 1754 жылы қазақтарға және азиялық көпестерге арналған күзде, қыста және жазда сауда жасайтын арнайы орындар ашылды. Сонымен қатар бұған ұқсас сауда орындары Семей, Жөміш, Троицк жерлерінде де салынды. Бұл тұрақтар алғашқыда бекініс ретінде тұрғызылып, кейіннен Ресей мен Қазақстанның арасында сауда орталықтарына айналды. 1750 жылдары Ресей империясы мен қазақ елі арасындағы сауданың өсу қарқыны байқалды.
Қазақстанның экономикасында Семей, Орск (Жаманқала), Гурьев, Орал (Теке), т.б. бекіністер маңызды рөл атқарды. Ортаазиялық және Шығыс Түркістанның көпестері көп мөлшерде мақта-маталар, ыдыстар, көкөністер, кілемдер, қару-жарақ, нан және күріш әкеліп отырды. Көшпелілердің отырықшылыққа көше бастауына сауданың дамуы себеп болды. Енді көшпелілер қалалардағы және елді мекендердегі сауда орталықтарына, жәрмеңкелерге бара бастады. Жердің тарылуы, бекініс шептерінің көптеп салынуынан, соғыс ауыртпалығынан қазақтардың шаруашылығында мал саны күрт азайып кетті, ол көшпелілікті құлдырауына әкеп соқтырды.
XVIII ғасырдың бас кезі орыс мемлекеті нышюының және империялық кезеңге өтудің басы болып саналды. Ол XVIII ғасырдың 20-жылдарынан бастау алған Қазақ хандығы мен Ресейдің белсенді саяси байланыстарының дамуымен сипатталды. Жоңғарлардың шабуылынан кейін (1717-171 және 1723-1727 жылдар) қазақтың көптеген тайпалары ғасырлар мекендеген жерлерінен кетуге мәжбүр болды. Бірқатар тайпалар Әбілқайыр ханмен бірге Жайық өзенінің оң жақ жағалауына көшуге әрекет жасады. Осы жерде олар Ресей бодандығындағы қалмақ, башқұрт елдерімен қатар қоныстанды. 1726 жылы Кіші жүз өзінің шекара келіспеушіліктерін реттеу үшін Ресейге елшілік жібергенін айттық. Ел арасындағы сауда-дипломатиялық қатынастардың дамуы Ресейге де пайдалы екендігі I Петр заманында-ақ белгілі болды.
Билер мен сұлтандардың көпшілігі «орыс бодандығы» туралы естігілері де келмеді. Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды.
Бухгольц Экспедициясы(1714 — 20), Солтүстік-шығыс  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" \o "Қазақстан" Қазақстанның  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%80%D1%82%D1%96%D1%81" \o "Ертіс" Ертіс өзені бойына  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%B9" \o "Ресей" Ресейдің әскери бекіністерін салу үшін ұйымдастырылған.Қазақ HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B" \o "Қазақ" даласын отарлау мақсатында 1714 жылы 22 мамырда Петр I Шығысқа лейб-гвардия подполк.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%91%D1%83%D1%85%D0%B3%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D1%86&action=edit&redlink=1" \o "Бухгольц (мұндай бет жоқ)" И.Д. Бухгольц басқарған арнаулы әскери экспедицияны аттандыру туралы жарлыққа қол қойды. Қарулы экспедицияның жасақталуына Батыс Сібірдің бірінші генерал-губернаторы князь М.П. Гагариннің “осы өлкеде құм-алтын шашылып жатыр” деген лақабы да түрткі болды. 70 зеңбірекпен жарақталған 3 мыңға жуық солдаты бар жасақ  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D0%BE%D0%B1%D1%8B%D0%BB_%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Тобыл қаласы (мұндай бет жоқ)" Тобыл қаласынан шығып, 1716 жылы Ертіс жағасында  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D0%BC%D0%B1%D1%8B" \o "Омбы" Омбы,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%AF%D0%BC%D1%8B%D1%88%D0%B5%D0%B2&action=edit&redlink=1" \o "Ямышев (мұндай бет жоқ)" Ямышев, 1717 жылы  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%96%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%BD%D1%81%D0%BA&action=edit&redlink=1" \o "Железинск (мұндай бет жоқ)" Железинск, 1718 жылы Семей, 1720 жылы Коряков (Павлодар),  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D1%81%D0%BA%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0%BD" \o "Өскемен" Өскемен бекіністерін салды. Соңынан Үлбі, Верблюжский, Чернорецский,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9E%D1%81%D0%BC%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%B6%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9&action=edit&redlink=1" \o "Осморожский (мұндай бет жоқ)" Осморожский,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A1%D0%B5%D0%BC%D0%B8%D1%8F%D1%80%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9&action=edit&redlink=1" \o "Семиярский (мұндай бет жоқ)" Семиярский, т.б. форпост-қамалдар орнатты.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%BE%D2%A3%D2%93%D0%B0%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%80" \o "Жоңғарлар" Жоңғарлармен арпалысып жатқан қазақтар Ресейдің бұл басқыншылық әрекеттеріне қарсылық көрсете алмады. Аталмыш бекіністер кейін Ресейдің  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D1%80%D1%8B%D0%B0%D1%80%D2%9B%D0%B0" \o "Сарыарқа" Сарыарқаны, Ертіс бойы мен Алтайды түгел басып алуына қолайлы жағдай туғызған  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%81%D1%96%D0%BB" \o "Есіл" Есіл, Кузнецк,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%96%D0%B1%D1%96%D1%80" \o "Сібір" Сібір, қазақтар “ HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D0%B0%D1%81%D1%96%D1%80%D0%B5%D1%82_%D0%B1%D0%B5%D0%BB%D0%B4%D0%B5%D1%83%D1%96&action=edit&redlink=1" \o "Қасірет белдеуі (мұндай бет жоқ)" Қасірет белдеуі” деп атаған “ HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D1%89%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D3%A9%D0%B7%D0%B5%D0%BA&action=edit&redlink=1" \o "Ащылыөзек (мұндай бет жоқ)" Ащылыөзек”, т.б. әскери шептердің құрылуына мүмкіндік берді.
3-билет
1.Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері андроновтар мәдениеті деп аталады.Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіші Андронова деген елді мекеннің маңынан табылған. Сол себепті елді мекеннің атына байланысты қола мәдениеті «Андроновтар мәдениеті» деп аталып кетті. Андроновтар мәдениеті Орал өзенінен Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібірден Памир тауларына дейінгі аралықта тараған.
2.16-17 ғасырларда қазақ хандығы халқының құрамы негізгі екі топтан тұрды. Олар ақсүйектер мен қарасүйектер. Екі топтың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқықтық жағынан да айырмащылықтары болды. Сұлтандар деп аталатын Шыңғыс ұрпақтары мен шығу тегі араб саналатын қожалар ақсүйектерге жататын. Олар қоғамдағы ең ықпалды саяси күш еді. Қазақ қоғамының қалған топтары мен жіктерінің бәрі – әмірлер, бектер, билер, батырлар қарасүйектерге жатты.
Қарапайым адамдарға байланысты – қараша, қара кісі,құл-құлтан, шаруа атаулары қолданылды. Қазақ қоғамында мүліктік жағдайда қарап бай, кедей деп бөлу орын алды. Қазақтардың ірі байларының ондаған арбалы үйлері, жүздеген түйесі, сан мыңдаған қойы мен жалқысы болған.
16-17 ғасырларда қазақ қоғамының көпшілік бөлігі мал өсірумен айналысқан жартылай көшпелі малшылар еді. Оларды шаруа деп атады. Сөйтіп хандық кезіндегі қазақ қоғамы бір-бірімен жан-жақты тығыз байланысты үстем тап өкілдері мен төменгі әлеуметтік топтардан құрылған мемлекет болды.
3. Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.
Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.
Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.
1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербургке келді.
Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.
1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.
Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.
Екішіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.
Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.
Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды
қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.
Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған сипаттары ғана орын алды.
А. Тевкелев бастаған елшіліктің Кіші жүзде болуы[өңдеу]
Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731 жылғы 30 сәуірде Санкт-Петербургтен А.И. Тевкелев бастаған елшілікті жіберді. Оған Кіші жүздің билеушілерін Ресейдің кол астына қалай өткізуі керектігі жөнінде жан-жақты нұсқау берілді. Кіші жүздің ат төбеліндей билеуші тобын қалағанынша дүние-мүлік беріп, тікелей сатып алу жағын да қарастырып көруді тапсырды.
Ол үшін 1 миллион орыс рубліне дейін жұмсауға рұқсат етілді. Әбілқайырға императрица Анна Иоанновнамың атынан қымбат бағалы сыйлықтар — болат қылыш, бұлғын ішік, екі түлкі тымақ, шұға маталар мен басқа да сыйлықтар беру көзделді.
Бірақ оларды Құран ұстап ант берілгеннен және құжатқа кол қойылғаннан кейін ғана тапсыру қарастырылды. Дипломатиялық тапсырмамен келгендердің құрамында башқұрттың ықпалды старшины әрі батыры Таймас Шайымов тa болды.
Бұл дипломатиялық тапсырмамен келген елшілік, сонымен қатар барлау мәліметтерін де жинауға — жер бедерін суреттеуге, қазақтардың тілі, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрлері туралы мәліметтер жинақтауға тиіс болды. Елшілік сондай-ақ қазақтардың империя кол астына өтуі қабыл алынған кездегі көңіл күйінің қандай болғанын да білуі тиіс еді. Тевклевке казақтардың ең жақын көрші халықтары туралы да деректер жинау тапсырылды.
Қазақ хандығын Ресейге қосып алуға деген ерекше мүдделіліктің болғаны Ресей императоры I Петрдің мына бір сөздерінен айқын аңғарылады. Ол былай деп жазған еді:
“'Бір миллион сомга дейін қыруар көп шығын жұмсайтын болсақ та, оны тек бір жапырақ қағаз арқылы Ресей империясының құрамында ұстау керек, өйткені ол, қырғыз-қазақ ордасы... бүкіл Азия елдерінің қақпасын ашатын кілт.”
Әбілқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы[өңдеу]
Кіші жүздегі қазақ ақсүйектерінің едәуір бөлігі Ресейдің кол астына өтуге үзілді-кесілді қарсы болды. Олардың Ресейдің қол астына өту туралы сөзді естігілері де келген жоқ. Жергілікті жерде айқындалғанындай, Ресейдің қол астына өту туралы шешім Әбілқайыр ханның жеке өзінің бастамасы бойынша қабылданған болып шықты.
Оппозициялық көңіл күйдегі көптеген қазақ билеушілері Ресеймен екі арадағы келіссөздерді болдырмай, ашықтан-ашық үзіп тастауға тырысып бақты. Ресей елшілерін өлтіріп жіберуге әрекет жасағандар да болды. Сондықтан да дипломатиялық тапсырмамен келген елшілерді қорғау ісі Әбілкайырдың өз ұлы Нұралы сұлтанға сеніп тапсырылды.
Қазақ билеушілері негізінен алғанда сенімді де тиімді одақтас іздеп табу мүддесін басшылыққа алды, ол одақтастар олардың бостандығына озбырлық жасап, қол сұқпайтын болуы керек деп үміттенді.
Орынбор («Қырғыз-қайсақ») экспедициясының қызметі
Кіші жүз қазақтарының шекара аймағындағы жерінде патша үкіметінің жағдайын нығайтып, бекіте түсу үшін 1734 жылы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Оны I Петрдің сыбайлас жақын серіктерінің бірі И.К. Кириллов басқарды. Ал оның көмекшісі қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен заңдарын жақсы білетін тілмаш А. Тевкелев болды. Кейінірек қырғыз-қайсақ экспедициясы Орынбор экспедициясы деп аталды. Оның құрамындағы 2700 адамның 2500-і әскери қызметшілер еді. Экспедицияға үкіметтің берген тапсырмасы Кіші жүздің жағдайын жан-жақты зерттеу болды. Атап айтқанда, олар табиғи ресурстарды зерттеумен, жер бетінің картасын түсірумен айналысты.
1735 жылы Әбілқайыр ханның өтініші бойынша Орынбор қаласының негізі қаланды. Қазақ ханы дала төсінде әлдебір бүліншілік оқиғалары бола қалса, сол бекініс-қамалда бой тасалауды көздеген болатын. Қамал Ор өзенінің Жайыққа қүяр жерінде салынды.
Кейін ол Ор бекінісі деп аталды. Орынбор бекінісі Ресей аумағының ішкі жағына ауыстырылды. Орынбор Батыс Қазақстан аумағын отарлаудың стратегиялық орталықтарының біріне айналды. Ол Ресейдің еуропалық бөлігі мен қазақ даласынын, Орта Азияның аралығындағы ірі сауда орталығы қызметін де атқарды.
Кириллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясының бастығы болып В.И. Татищев тағайындалды. Әбілқайыр ханның
Патша үкіметінің Орал шекаралық шебін нығайтуы және жер дауының шиеленісуі
Қазақтарды өзінің қол астына алғаннан кейін патша үкіметі бекіністер салуға қызу кірісті. Оның бұл әрекеті шекара аймағындағы жер дауын бірден өршітіп жіберді.
Біріншіден, XVIII ғасырдың 30—40-жылдарында әскери бекіністері бар Үй шекара шебі салынды, ол Жоғарғы Жайық бекінісінен Звериноголовская бекінісіне дейінгі 770 шақырымға созылды.
Екіншіден, патша үкіметі 1734 жылдан бастап қазақтардың Жайық өзенінің оң жақ өңірінде көшіп-қонып жүруіне қатаң тыйым салды.
Үшіншіден, 1742 жылы патша үкіметі қазақтардың Жайық өзеніне, Жайық қалашығына, сондай-ақ салынып жатқан бекіністерге жақын келуінің өзіне қатаң тыйым салды.
Мұндай қатаң шектеулер мен тыйым салулар содан кейінгі жылдарда да жалғаса берді. Мұның бәрі де көшпелі қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын нашарлата түсгі. Сөйтіп қазақтар салынып жатқан шекара шебіне дүркін-дүркін шабуыл жасауды жиілетті. Мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар дағдарысты қиын жағдайда калды, көшпелілердің кедейленіп, қайыршылану үрдісі басталды.
4-билет
1.Қазақстан территориясы жаңа тас дәуірінде «неолит», неолит төнкерісі?
Тау өңдеу жоғары деңгейде көтерілген кезең; неолит.
2. Әбілқайыр хандығы, хандық биліктің нығаюы және мемлекеттік құрылымы?
Әбілқайыр хандығы батасында-Жайық, шығысынды-Балқаш, оңт-Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы, солт-Тобыл жне Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатыр. Әбілқайыр кезінде хандық ішінде жер үшің тартыс кшейтіп тұрды.
3. XVIIIғ Қазақстан мәдениеті?
Дәстүрлі мал шаруашылығы жағдайында материалдық мәдениет, негізінен, жылқыны ұстайтын құрық, арқан, теріден және жылқының жал-құйрығынан жасалатын әртүрлі тұсаулар мен шідерлер, құлындар мен боталарды және қозыларды байлауға арналған әртүрлі арқандар мен ноқталар, сондай-ақ құдықтан су тартатын қауға, науа, мал суғаруға қажетті астаулар көшпелі мал шаруашылығының қажеттілігіне сәйкес жетіліп отырды. Қазақ шеберлері ердің ағаш сүйегін өңдеуде және оны күміспен немесе алтынмен қаптап түрлі түсті бағалы тастармен бедерлеуде асқан шеберлік көрсетті. Қазақ шебері дамып, ер мен әйелге арналған киім кешектер жақсара бастады. Ерлер шашаын тақырлап алдырып, басына тақия немесе тебетей киетін. Теріден жасалатын шапан киеді. Әйелдер басына тастармен безендірілген сәукеле және малдын жүні немесе мақта матадан және жібектен жпслатын киімдерді киетін. Мал шаруашылығы қазақтың ішетін тамағына да, ыстық-аяқтарына да үлкен ықпал жасайды. Сүттен әртүрлі технологиямен қатық, айран ашыту, іріген сүттен іркіт дайындау, одан сүзбе, құрт, сықпа тәрізді тағам түрлерін жасау кеңінен таралған
5-билет
1. Неолит тұрақтарының ең көнесі; б.з.б 5 мыңжалдаққа тән. Қазақстан аумағында 500-ге тақау неолиттік тұрақтар белгілі. Олар; Шығ.Қ. жерінде-Ует-Нарым. Сол.Қ. жерінде-Теньки. Орт.Қ. жерінде-Қарағанды, Зеленая Балка. 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару және жкрлеу орындары табылған өңір-Жез қазған. Қвзвлорда облысы жерінде таюбылған тұрақ Сексеуіл, т.б.
2. Атын Щрданың ыдырау барысында Еділ тен Жайық аралығында құрылған мемлекеттік бірлістік. Орданың орталығы іргесі Хғ-да қалаған Жайық бойындағы Сарайшық қаласы. Алтын Орда қолбасшысы Ноғайға «1260-1306ж.ж» қараған рулар ноғай елі атанған Алтын Орданың іргесін қалаған. Ноғайдан кейін Едіге. Орда Едігенің кезінде Алтай Ордадан оқшаулаған бастайды. Едігенің баласы Нұраддиннің кезінде «1426-1440ж.ж» өз алдынажеке мемлекет боласды.
3. Қазақстандағы хандық биліктің жойылуы - 1822 және 1824 жылдары патша укіметі Орта жүз бен Кіші жүздегі хан билігін жойды. Қазақтар өзінің мемлекеттілігінен осылайша айырылды.
XIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша үкіметі Қазақстандағы хан билігін жоятын уақыт келіп жетті деген қорытынды жасады. Бұған салмақты негіздер де, қажетті бірқатар алғышарттар да жеткілікті деп санады.
Біріншіден, қазақ хандары дала тұрғындарының басым көпшілігінің алдында өздерінің беделінен айырылып қалды. Жергілікті байырғы халық патша үкіметі тағайындаған хандарды баяғыдай дербес ел басқарушылар деп емес, көбінесе Ресей империясының кәдімгі көп шенеуніктерінің бірі ғана деп қабылдады. Оның үстіне, тап сондай дәрменсіз билеушілердің саны да көбейіп бара жатты. Патша үкіметі әр жүздің (Кіші жүз бен Орта жүздің) бұрыннан бар хандарының қатарына жаңа хандарды қосып отырды. Мәселен, 1812 жылы Кіші жүздің Жайықтың оң жақ бетіндегі қазақтарға Бөкей сұлтан өз алдына жеке хан болып шыға келсе, 1815 жылы Орта жүзде Уәли ханмен қатар және Бөкей сұлтан да хан болып тағайындалды.
Екіншіден, бұл кезде патша үкіметі Кіші жүзді де, Орта жүзді де бірнеше әкімшілікке бөлшектеген еді. Мұның өзі патша үкіметінің көшпелі қазақтарды басқаруына өте қолайлы болып шықты. 1788 жылы Ертіс бойындағы қазақтардың сұлтан Сұлтанбек басқарған бір бөлігі Ертіс өзенінің оң жағында «мәңгілік көшіп-қонып жүру» құқығына ие болды. Сөйтіп Орта жүз бірі Ертістің оң жағалауы, екіншісі Ертістің сол жағалауы болып екіге жарылды. 1801 жылы Жайықтың оң жағалауында Кіші жүзден бөлінген Ішкі Орда құрылғанын айттық. Оның үстіне, 1808 жылғы ашаршылық кезінде Кіші жүздің 20 мыңға жуық қазағы башқұрт кантондарының аумағына уақытша көшірілді. Бір кездегі біртұтас жүздердің арасында ендігі жерде ешқандай да еркін байланыс жасау мүмкіндігі қалмады, өйткені ондай байланыс жасауға қатаң тыйым салынды.
Үшіншіден, XIX ғасырдың бас кезінде Шыңғыс ұрпағы бірқатарының патша үкіметінің әкімшілігіне белсенді қарсылық білдірген оқиғалары көбейіп кетті. Ал ақыр соңында, патша үкіметі Франциямен соғыс аяқталғаннан кейін жеткілікті әскер күші мен адам ресурстарына ие болды. Мұның өзі оның тәуелсіз қазақтардың заңды билігін — хан билігін біржолата жоюға итермеледі. Өйткені хан билігінің сақталуы патша үкіметінің өлкені шаруашылық тұрғысынан кең көлемде отарлауына кедергі келтірген еді.

Приложенные файлы

  • docx 15825680
    Размер файла: 41 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий