тарих жауап 1-101


Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері.
Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:
​ студенттерді қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен таныстыру;
​ проблемалық дәрістер әдісін қолдану жолымен студенттерді шығармашылық ойлауға жаттықтыру;
​ Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті проблемаларын анықтау;
​ бүгінгі тарих және тарих ғылымының рөлі, оның салалары мен бағыттары, тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саяси проблемалар туралы түсінік қалыптастыру.
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және курс міндеттері
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсы – 1 дүние жүзілік соғыс кезеңінен бастап Қазақстанның калыптасуын, дамуын, осы кезеңдегі Қазақстанның Отандык тарихтағы орнын және тарихи окиғаларды объективті түрде накты деректер негізінде карастырады. Курс теориялык біліммен қатар практикалық дағдылар беруге де міндет етіп, студенттердің тіл деректерін накты танып, сөйлеу, жазу мәдениетін жетілдіруді мақсат ете отырып, оларды ғылыми зерттеу жұмыстарына бейімдеуіне де назар аударады.
Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасуының, оның егемендігін нығайтудың, азаматтык пен отаншылдыкты тәрбиелеу. Мамандыққа катысты курстың міндеттері:
Согыстан кейінгі Қазакстанның әлеуметтік - экономикалық дамуын көрсету.
-19 60-70 жж. Казакстанның даму деңгейін сипаттау.
-1970-80 жж. токырау жылдарындағы саяси экономикалық дамудын ерекшеліктерін айкындау.
-Осы кездегі мемлекет басшыларының саяси портретін көрсету.
-1980 жж. ортасындағы кайта кұру бағытына талдау жасау.
Тәуелсіз Казакстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсету.
«Қазакстан - 2030» стратегиялык бағдарламасын оқып үйрену.
Қазақстан тарихының негізгі мәселелері бойынша тарихнама және дерекнама мәселелеріне шолу.
-КР - ның мемлекеттік реміздерін. тарихи фактлермен тарихи кұбылыстардың өзара байланысын ашып,тарихиокиғаларды салыстыру аркылы тарихи түсініктердің мәнін Ашу және оған талдау жасау;
-әртурлі деректерден накты акпаратттарды ала білу;
-аныктамалык және ғылыми әдебиеттермен, тарихи кұжаттармен және монографиялармен жұмыс icтey;
2) Қазақстандағы тәуелсіздік идеяларының тарихи эволюциясы
Кеше Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Тәуелсіздік толғауы» - идеялар тоғысы. Ол кісінің бірінші идеясы - жолды ашып берген идея - Қазақстан халқы Ассамблеясын құру. 1995 ж 1наурызда Президент жарлығымен құрылған.Ол бүгін бірегей институтқа айналып отыр. Баршамызды біріктіретін, баршамыздың басымызды қосатын ұйым болып шыға келді. Екінші идея - елордамызды Астана деп атауы. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. 1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді. Үшінші идея - «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол». Төртінші идея - «Мәңгілік ел». Бұл бізді болашақ мақсатымызға жеткізетін жол. Міне, біз осы идеялардың арқасында бүгінде әлемге танымал егемен ел болдық. Біздің тұрақтылығымыздан, бірлігімізден, ынтымағымыздан басқа елдер үлгі алатын болады», - дейді ол.

3) Түркі дәуірінің ойшылдары мен ғалымдарының еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы (Әбу Насыр Ал-Фараби, Қожа Ахмет Йасауи, М.Қашғари, Ж.Баласағұни, М.Х.Дулати, Қ.Жалайыри)
Әл-Фараби еңбегінің қазіргі Қазақстанда бағалануы
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді 
XX ғасырдың екінші жартысынан бері қарай Қазақстан ғалымдары ұлы ұстаздың бай мұрасын жинап, зерттеп тануға өз үлестерін қоса бастады. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл-Фарабидың елу шақты еңбегі бар. Олардың ішінде басқа тілге аударылмаған, ғалымдар арасында осы күнге дейін белгісіз болып келген: «Алмагеске түсініктеме» , «Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері» , «Астрология», «Китаб әл-мусики әл-кабир» секілді әрқайсысы бір-бір ғылымның шыңын көрсететін аса ірі туындылары бар.Мұның сыртында соңғы жылдары Қазақстанның Иранда алғашқы Төтенше және Өкілетті елшісі болған ғалым Мырзатай Жолдасбеков тауып әкеліп, Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің кітапханасына тапсырған Әл-Фарабидың қолжазбалары өз алдына бір пара қазына. Олардың көшірмесі бүгінде Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында сақтаулы.Көптеген көшелерге Әл-Фараби есімі берілген.Оның еңбектері қазіргі кезде түрлі ғылым салаларында қолданылады. Әл-Фараби бейнесі Қазақстанның ақшасында да бейнеленген.
Қожа Ахмет Йасауи еңбектерінің қазіргі Қазақстанда бағалануы
Қожа Ахмет Ясауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Ясы))
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі талай ғасырдан келе жатқан мұсылманшылықтың алтын бесігі болып табылады.Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады. «Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Қорық – мұражай алып жатқан жердің жалпы көлемі 90 га . Сегіз қырлы кесене, шығыс моншасы бар.Қорық : мұражай құрамына кіретін жиырмаға жуық археологиялық тарихи және сәулет ескерткіштерін қайта қалпына келтіру және оларды ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру «Казреставрация» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқаруда. Ахмет Йасауи ескерткіші Орта Азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған ең зәулім күмбезді қыштан соғылған ғимарат.
Ахмет Йасауи ғимаратының тағы бір ерекшелігі: Қазандықты қоршаған блоктар-залдар мен бөлмелер күмбезді мызғытпай ұстап тұратын тіреу іспетті.Қабырғаның қалыңдығын белгілегенде де үйдің берік тұруы көзделген. Үйдің қаңқасы түрліше қиыстырылғандоға немесе күмбез тәрізді элементтерден құралады. Бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан архитектурасында дамыған және сақталған. Қазақстанда Ахмет Йасауи атында кошелер және оқу орны бар.
Махмұд Қашғари еңбегінің қазіргі Қазақстанда бағалануы
Махмұд Қашқари ( 1029—1101) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. 
Қазіргі Қазақстанда Қашғаридың қалдырған еңбегі өте жоғары бағаланады. Ғалымның бұл кітабы ерте ортағасырлық түркі халқының энциклопедиясы іспетті. Онда өте бағалы, кейбір жағдайларда таптырмайтын XI ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпалары жайындағы мәліметтер енгізілген. Сөздік этноним, топоним, рулық терминдер, әр түрлі қызмет атаулары, апта күнтізбесі, дәрілік жабдықтар, астрономия, әскери, медициналық және т.б атауларды қамтыған. Сол кездегі түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этикалық нормалары мен құндылықтары айтылады. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Махмұд Қашғаридың түсіндірме сөздігі «Диуани лұғат-ат-түрік» бұл бүкіл түркі халықтарының тілтану энциклопедиясы іспетті. Мұнда алты мыңнан астам түркі сөздері мен жеке тайпаларға қатысты диалект сөздер бар.
Баласағұн еңбегінің қазіргі Қазақстанда бағалануы
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі- «Құтты білік» «Құтадғу білік» атты дидактикалық поэмасы. Бұл байырғы түркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы. Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери-іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл- бүтін бір тарихи кезеңнің мінез-құлқын бойына сіңірген, қоғам дық-саяси , әлеуметтік бітімі қанық моральдық-этикалық рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние.Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдардың дәстүрлі бірлігі «мен мұңдалап» тұрады.Баласағұн еңбектері арқылы біз тарихымызды білдік. Ол түркі халықтардың тарихы, өмірі, тұрмысы жайлы құнды деректер қалдырып кеткен.Кейбір ғылыми мекемелерге оның есімі берілген.
Мұхаммед Хайдар Дулати еңбегінің қазіргі Қазақстанда бағалануы
Бабырдың айтуы бойынша Дулатидың бойында энциклопедиялық білім болған.Ол барлық саяси оқиғалардың бел ортаснда жүрді.Мұхамед Хайдар Дулати Моғолстан , Орта Азия бөлігінің тарихын жете білген. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде ұлы ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған дәстүрлі «Дулати оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы жеті рет ұйымдастырылып өткізілді. Көрнекті ғалым тарихшы М.Х.Дулатиға арналған «І Дулати оқулары» Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы 1997 жылы 13-15 наурызда өтті. Конференцияға профессор-оқытушылар құрамы тарапынан жалпы саны 77 баяндама келіп түсті және оның нәтижесінде конференция материалдарының жинағы жарияланды.
Қадырғали Жалайыри еңбегінің қазіргі Қазақстанда бағалануы
Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған.
"Қадыр Әлі би еңбегінің қазақ халқының, қазақ хандығының қалыптасу процесін зерттеп білуде алатын орны ерекше, бұл мәселелерді анықтау барысында тарихшылар оған әлі талай рет оралатын болады, — дейді одан өрі М.Қойгелдиев. — Мәселен, Қадырғали бидің сол тұстағы қазақ елін "Алаш мыңы" атау себебі ғылыми әдебиетте әлі күнге дейін жан-жақты баяндалған емес... Аса маңызды тарауларының бірі — "Орыс хан дастаны". Бұл дастаннан біз басқа еңбектерде кездесе бермейтін мынадай фактілерді байқаймыз: біріншіден, Жәнібек ұлысының, яғни қүдіретті Алтын Орданың ыдырау барысы. Екіншіден, Фетка Науакрат салған алаңнан кейін Орыс ханның Алатау жаққа кетіп, сонда орын тебуі. Ал бұл Орыс хан қазақ хандары династиясының негізін қалаушы болғандығы мәлім. Үшіншіден, Қадырғали би бұл дастанында Жетісудың сол тұстағы (ХIV-ғасыр) қалаларын атап, әскерін сипаттап, елінің ірі, ержүрек келетіні туралы да айтқан" (38-бет). "Қазақ тарихы" журналының сол нөмірінде Қадыр Әлі еңбегінің "Орыс хан және оның ұрпақтары" деген тарауы берілген. Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қолдан қолға көшірілгенде көп қателер кеткені анық, сонда да оған әлі талай тарихшы айналып соғары сөзсіз.Шығыс жылнамашыларының, әсіресе, Рашид әд-Диннің, Әбілғазының, Хайдар Дулатидің, Қадырғали Жалайырдің тағы басқа ғалымдардың жазбаша еңбектерін оқып отырғанда ағайын-туғандар бақ-дәулет, атақ-даңқ үшін қаншама ғасырлар бойы өзара қырғын соғыстар ашқанына көз жеткізу қиын емес. Қадыр Әлі бидің еңбегі — бұл салада айрықша көзге түсетін інжу-маржан.
4) Ұлы Жібек жолы және оның орта ғасырдағы түркі халықтарының экономикалық және мәдени өміріндегі маңызы
Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды. Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Ұлы жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз.
( ұзындығы 7 мың шақырымнан астам). Бұл жол Орта Азия мен Қаз-н территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды:
Лазурит жолы: Бадахшан тауы-Иран-Месопотами-Мысыр-Сирия-Қытай.
Нефрит жолы: Жаркентдария-Шығыс Түркістан- Қытай.
Дала жолы (б.з.б. 1 мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы-Дон-Оңтүстік Орал-Ертіс,Алтай-Зайсан көлі (Геродот дерегі).
Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, 4 тармаққа бөлінеді:
1. Батыстан шығысқа бағытталатын жол.
2. Іле бағыты.
3. Еуропа бағыты.
4. Орталық ж/е шығыс Қаз-н.
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар:
Құлан, Ілебалық, Екіоғыз, Отырар, Шауғар қалалары.Хан жолы:Тараз қаласы-Талас өзені-Мойынқұм , Бетпақдала-Атасу өзені.
Тауар тасымалы.
Саудадағы басты тауар-жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған.
Жалақы мен қарызды жібекпен төленген. Ұлы Жібек жолымен алғашқыда Қытайдын жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Араб халифаты, Еуропа, Ресей таулары тасылды.
Ұлы жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер,тотықұстар, сұңкарлар т.б.
Жібек жолының маңызы.
Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Жалпы, Жібек жолымен 2000 жылдан астам уақыт бойы сауда керуендері жүрген. Жібек жолымен шығыстан будда, батыстан христиан діні таралған. Жібек жолы – сауда жолы ғана емес, көшпелі отырықшы халықтар мәдениетінің даму, таралу жолы.
5) Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістер және қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі
. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасу көздерін іздестіру өте қиын, мұның өзі Қазақстанның ежелгі тарихын, сонымен қатар онымен шектелген аумақты мекендеген, Еуразияның кең этно генетикалық үрдістеріне қатысқан тұрғындардың тарихын зерттеуімен тығыз байланысты. Еуразия - Солтүстік жартышарда орналасқан жердің ең ірі құрлығы. Еуразияға Еуропа мен Азияның бөліктері енеді.
Қазақ халқының шығу тегінің көптеген аспектілері ішінде келесі екеуі маңызды болып табылады: лингвистикалық және антропологиялық. Әрине, көне замандарда осы аймақты мекендеген жергілікті тұрғындар ортақ лингвистикалық және антропологиялық негіздерге ие болған. Қазіргі ұрпақтардағы генетикалық классификациялау негізінен лингвистикалық аспектіге сай келеді. Қазақстанның ежелгі тарихын үнді-еуропалық және түркілік деп үлкен екі кезеңге бөлуге болады.
Лингвистикалық жағынан алғанда, бүл кезеңдегі Қазақстанды ғана емес, сондай-ақ кең байтақ Еуразия аймағын мекен еткен адамдар үнді еуропалық тілдер тобының көне ирандық бұтағына енетін. Хронологиялық жағынан қарастырылушы кезең біздің эрамызға дейінгі III—I мың жылдықтарды қамтиды.
Палеоантропологиялық зерттеулер. (Антропологияның палеоантропология саласы қазбалы адамдар питекантроп, неандертальдықтардың дене типін зерттейді). Бүл зерттеулер қола дәуіріндегі Қазақстан аумағын мекен еткен ежелгі адамдардың сыртқы келбетін сипаттауға мүмкіндік берді. Бүл кезеңде кең байтақ территорияда ежелгі еуропеоидтердің түрлі нұсқалары кең таралды, бірақ олардың ішінде Андроновтық деп аталатын археологиялық мәдениеттің дала типтері басым болды. Сонымен қатар, шығыс-оңтүстік (Жетісу) және Батыс Қазақстан бөліктерінде шығыс Жерорта теңізі нәсіліне ұқсас тайпалар да мекен етті.
Сонымен, Қазақстанда көне замандарда шығыстық (азиаттық нәсілдік) ген іздері жоқ европеоидтік нәсілдің айқын нұсқалары өмір сүрді. Әрине, ежелгі Қазақстандағы европеоидтік бейне ерекше автохтонды болды, бет бейнесінің маңызды белгілері ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырды.
Ерте темір ғасырындағы Қазақстанның палеоантропологиясын зерттеу көрсеткендей, бүкіл аймақ тұрғындары бұрынғыдай қола дәуірінде белгілі болған европеоидтік нәсіл қасиеттерімен сипатталды.
Көне Қазақстанда монғолоидтік бет-бейне элементтері тым мардымсыз болды. Жалпы, скиф сақтары дәуіріндегі жергілікті тайпалардың дене бітімі осы аумақта осы кезеңнен алғаш байқалған шығыстық өкілдерге жатады.
Ерте темір ғасырында Батыс Қазақстан бөлігінде басқаша этномәдени бейне байқалады, мұнда скиф-савромат тайпаларының көшпелі бірлестігі мекендеді. Осы қауымның мәдени ошағы қазіргі Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарынан табылды. Археологиялық деректер бойынша, Қазақстан сақтары мен савроматтар арасында материалдық мәдениет пен өмір салты бойынша тарихи жақындық байқалады.
Б.э.д. I мыңжылдықтың соңында Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде сақ дәуіріндегі тайпалардың этникалық бірлестігін үйсіндердің жаңа тайпалық одағы ауыстырды, зерттеушілер мұны сақ мәдениетінің дамуындағы соңғы саты деп түсіндіреді. Сондықтан тайпалардың, сақ пен үйсіндердің бөлінісі біртұтас этникалық қауымның түрлі эволюциялық кезеңдерін бейнелейтін шарт болып табылады. Мұны палеоантропология деректері де дәлелдейді.
Б.э.д. екі мың жылдан аса уақытта Қазақстанды мекендеушілер антропологиялық жағынан алғанда, біртұтас морфо - физиологиялық ерекшеліктер негізіне ие болған. Бұл ерекшелік тұрақты болды және қазіргі қазақтардың ата-бабалық компоненттерінің генетикалық бейнесінде сақталып қалды. Осы бейнелі ерекшелік Қазақстанның қола және ерте темір ғасырындағы тұрғындарға тән болатын.
Қазақстанның палеоантропологиялық материалдарының көрсетуінше, қазіргі қазақтарға тэн бет-бейне екі үлкен нәсіл - автохонды еуропеоидтік және монғолоидтік нәсілдердің өзара күрделі әрекетінен, ХІҮ-ХҮ ғасырлардан кешіктірілмей түпкілікті түрде қалыптасып біткен. Мұның барлығы енді қазақ халқының антропологиялық құрамының бірыңғай болуын көрсетеді.
Қазіргі қазақтардың моңғолоидтік бет-бейнесі 70% үлесті құрайды. Қазіргі қазақтарды көлемді түрде кешенді антропологиялық жүргізілген зерттеулер танымдық ақпараттардан құралады. Мұның өзі этногенез мәселесін әзірлеудегі пәнаралық зерттеу деректеріне жатқызылады. Сөйтіп, мұның өзі Қазақстанның ежелгі және казіргі тұрғындарының генетикалық үрдісі мен этномәдени негіздерінің қалыптасу жолдарының ортақтығын, ежелгі қалыптасу көздерінің қалыптасу жолдарының ортақтығын көрсетеді. Ежелгі қалыптасу көздеріне ие бола отырып, қазақ халқы өмір сүруін нақты жалғастыра түсуде. Атап айтқанда, осы дәуірден бастап жергілікті популяциялар барлық генетикалық қоры мен фенотиптік бейне ерекшеліктерін қоса алғанда, біртұтас этникалық массив құрады. Бүкіл Қазақстан аумағында өзіндік мәдени қасиеттер мен қазіргі тіл негіздерін жасады.
Антропологиялық, этникалық және лингвистикалық сипатта қарағанда, қазақ халқы адамзат өркениетінің бірыңғай жүйесінде өзіндік орынға ие.
Ғылыми әдебиетте этнос ұғымы (яғни халық - тайпа, ұлыс, ұлт) ортақ сыртқы бет-бейнеге, тұрақты мәдениет ерекшелігіне және психикаға (тілді де қоса) ие тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы деп түсіндіріледі. Этностың қалыптасуы мен ары қарай оның бүтіндігінің сақталып қалуы үшін, оның мекендейтін территориялық тұтастығы маңызды орынға ие. Адамдарда оны басқа этностардан бөліп тұратын ортақ белгілері болуы үшін, олар бір-бірімен үздіксіз, ұзақ қарым-қатынас жасауы тиіс. Ал мұның өзі олардың жайғасуына, қалыптасу уақыты - консолидацияға (консолидация - ортақ мақсатта күресті күшейту үшін жеке адамдардың, топтардың, ұйымдардың бірігуі) байланысты.
ХҮ-ХҮІ ғасырларда қазақ халқы мен оның этникалық аумағының көпғасырлық қалыптасуы аяқталды, қазақтар кейінгі ғасырларда да осы аумақты мекендеп қалды.
ХҮ-ХҮІ ғасырларда қалыптасқан қазақ халқы мен Орталық Азияның басқа да түркі халықтары негізін түрлі тілде сөйлейтін сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ тайпа және халықтарынан бастап, найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат және Қазақстан аумағын сол кездері мекендеген басқа да тайпалар құрды. Олардың кейбіреулерінің түрлі кезеңде де өз мемлекеттері болды. Қазіргі қазақтарда бұрынғы көптеген тайпалар мен рулардың көне түркі атаулары сақталмай қалған.
Қазақстан аумағындағы этногенетикалық үрдістердің дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді. Антропологиялық деректер бойынша, этникалық даму үрдісінде ұзақ уақыт бойы еуропеоидтік тұрғындар типі сақталып қалды, ол кейіннен түрлі аймақтарда азды-көпті монғолоидтік жаққа қарай өзгеріске түсті. Тілдік жағдай өзгеріссіз қалған жоқ, көне тайпалар түрлі тілде сөйлегенімен, кейіннен олардың тілі осы аумақты ертеден мекен еткен түркі тілдес халықтар тіліне қарай ауысты.
Қазақстанда және Еуразияның далалы аумағында этникалық үрдістердің шешуші кезеңі б.д. I мыңжылдығының ортасынан бастап түркілердің батыс бағытында қоныстануымен байланысты. Қазақстан аумағында түркілер, әсіресе, бұғы, байрақты, бекті, қыбыр, түркеш, бұлақ, қарлұқ тайпалары оның бұрынғы мекендеушілері сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпақтарымен араласып кетті.
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Түркеш қағанаты (ҮІІ-УІІІ ғ.ғ.) Шу - Іле өзендері аралығындағы үлкен аумақтың тайпаларын біріктірді. Орталықтары Талас пен Суябта болды. Түркілер отырықшы - диқаншылық және қала өміріне көшті (бұған дейін бұл мәдениетті негізінен соғдылар ұстанған еді).
Батыс Алтай және Тарбағатайдан Жетісу аумағына қоныс аударған қарлұқ тайпалары федерациясы құрамына (УІІІ-Х ғ.ғ.) қарлұқтардан басқа көшпелі және жартылай көшпелі түркі тайпалары енді. Олардың ортақ атауы «қарлұқ» болды, атап айтсақ, тухси, шігіл, азкісі, дулу, халаджи, чаруқ, арғу, барысхан тайпалары кірді. Қарлұқ этносаяси қауымдастығында аздап моңғолдық белгілері бар еуропеоидтік нәсіл басым болды.
Оңтүстік Қазақстан аумағында оғыздар мемлекеті (ІХ-ХІ ғ.ғ.) қаңлы және қаңғар-печенек тайпаларын Сырдария алқабының этникалық тобына біріктірді. Оғыздардың антропологиялық бейнесі көбіне монғолоидтік түрде болды.
ҮІІІ-ІХ ғасырларда Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарын қимақ және қыпшақ тайпалары мекендеді. Қимақ саяси бірлестігіне көшпелі және жартылай көшпелі қыпшақ, эймур, қимақ, татар, баяндар тайпалары енді.
Қыпшақ тайпаларының мемлекеттік бірлестігі (ХІ-ХІІ ғ.ғ.) Ертіспен Оралға және Еділден (Волга) батысқа қарай алып аумақты мекендеген түркі тайпаларының этносаяси және шаруашылық - мәдени байланыстарына ықпал етті.
XII    ғасыр мен XIII ғасыр басында қыпшақтар, қарлұқтар сияқты ерте феодалдық типтегі халыққа қалыптасу жолында тұрды. Бірақ, кейінгі ғасырлардағы оқиғалар осы бір ірі этносаяси бірлестікті бөлшектеп жіберді. Шығыс қыпшақтары қазақ халқының, сондай-ақ қырғыз, өзбек, қарақалпақ, ноғай және т.б. қалыптасуына қатысып. сіңісіп кетті.
XIIIғ. басында Шыңғысхан монғолдарының қысымынан өзінің мемлекеттік - саяси бірлестігіне ие болған, ерте таптың этникалық қауымдастық деңгейіне жеткен түркі тілдес наймандар мен керейіттер Моңғолия мен Алтайда Шығыс және Оңтүстік-шығыс Қазақстанға қоныс аударды. Этникалық консолидацияның ары қарай біртіндеп дамуына монғол шапқыншылығы кедергі жасады. Тұрғындардың маңызды бөлігі қырып жойылды, құлдыққа әкетілді, Шыңғысидтердің жаулап алу жорықтарына тартылды. Қазақстанның қалған түркі тайпалары жаңа саяси бірлестіктер - Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстары құрамына енді.
Жаңа этникалық компонент - Қазақстан аумағына жылжыған монғол рулары мен тайпалары - жалайыр, қоңырат, маңғыт, барлас, баариндер қалыптаса бастады. Монғол жаулаушылары жергілікті халықты жайылымдардан ығыстырды. Феодалдық соғыстар мен өзара кырқыстар, ұлыстардың саяси ұсақталуы түркі рулары мен тайпаларының бөліну, қоныс аударуын күшейте түсті. Қазақстан аумағын моңғолдардың жаулап алуы жергілікті түркі тұрғындарының моңғолдық бет-бейнесінің күшеюіне әкелді. Алайда, моңғолдардың өзі кейіннен алып территория ішінде жұтылып, түркілерге сіңісіп кетті.
Монғол жаулап алушылығы Қазақстан аумағындағы этникалық үрдістердің барысына мол әсер етті. Аймақтағы этностардың даму барысын сапалы түрде өзгертті, жаңа этно-әлеуметтік қауымдардың қалыптасуына жол ашты.
Монғол қысымынан зәбір көрген қыпшақтардың бір бөлігі басқа аудандарға, Солтүстік Қазақстан, Батыс Сібірге қарай көшті. Мұның өзі жергілікті халықтың өз жерінде аз болуына әкелді. шаруашылық әлсіреді. Әсіресе, Жетісудағы қалыптасқан этносаяси құрылым монғол шапқыншылығынан қатты зәбір шегеді. Жергілікті тұрғындар ығыстырылды. Монғол ақсүйектері жаулап алған жерлерін ұлыстарға бөлді.
Жергілікті тұрғындарды «мыңдық» және «түменге» бөліп, көшпелі тайпаларды ұлыстарға ажыратып, монғолдар тұрғындарды араластырып жіберді. Жақын туыстық қатынастардың территориялық байланыстарға алмастырылуы көшпелі тұрғындардың халыққа бірігуін күшейтті.
6) Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. «Қазақ» этнонимі. Жүздер және олардың жер аумағы
Қазақ халқының қалыптасуы XY ғ. екінші жартысы мен XYI ғ. бас кезінде, тәуелсіз Қазақ хандығы қалыптасқан кезде аяқталды. Сөйтіп, халықтың қалыптасуының тағы бір жағдайы - өз мемлекетінің аты қалыптасты. Қазақ хандығында біртіндеп ру-тайпалық сана әлсіреп, жалпы қазақтарға тән этникалық сана күшейді. «Қазақ жері», «қазақ мемлекеті», «қазақ елі» деген түсініктер кең өріс алды. Этникалық тарихи-хронологиялық қалыптасудың үш түрі бар: ру-тайпа, халық, ұлт. Бұл әр бірлестікте өзіндік этникалық сана болады. Этникалық сана - бұл адамның өзін белгілі этникалық бірлестіктің мүшесі деп санауы. Халық болып қалыптасуының алғашқы кезеңінде қазақтарда халықтық этникалық сананың орнына ру-тайпалық сана басым болды. Мысалы: «Сен қай рудансың?» деген сұраққа жауап беруші ең алдымен өзінің руын, сосын тайпасын, сосын жүзін айтатын болған. Олар өзін қазақпыз деп, елден тыс шыққанда ғана айтады. «Қазақ» (этноним) деген атаудың шығуы туралы көп пікір бар. Ғылыми тұрғыдан жазба әдебиетте «қазақ» атауының пайда болуы туралы толық тұжырым жоқ. Енесейде табылған YIII ғасырдағы түрік ескерткішінде «қазғақ ұғылым» - «қазақ ұлым» деген сөз тіркесі кездеседі. IX-X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды  мекендеген үш қарлық тайпаларының жалпы «хасақтар» деген аты болған. Қарлықтардың қазақ этногенезіне тікелей қатысы болғаны белгілі. X-XI ғасырларға қатысты араб құжаттарында, сонымен бірге орыс жылнамаларында Қара теңіздің солтүстік шығыс жағалауындағы Касаг қаласы туралы, касагтар елі туралы деректер бар. Кейбір ғалымдардың пікірінше бұл жерде қазақтардың үлкен қонысы болған, олар  бірігіп, XI ғасырда Дон мен Днепр жағалауына орныққан. X ғасырда билік құрған Византия императоры Константин Багрянородныйдың айтуы бойынша, Кавказдың солтүстік–батысында «қазақтар елі» болды. Әзірбайжанның батысында бүгінгі күнге дейін Қазақ ауданы бар.  Ең алғаш  “Қазақ” сөзі  мұсылман жазба  деректеріндегі авторы белгісіз түркі-араб сөздігінде кездеседі. Ол сөздік мамлюктік Қыпшақ елінде құрылған деген болжам бар. Сөздік 1245 жылғы қолжазба түрінде жеткен  және 1894 жылы Германияның Лейден деген қаласында басылып шығарылған. Бұл сөздікте қазақ терминінің  «үйсіз»,  «кезбе»,  «қуғындалушы», «еркін» деген мағыналары берілген. Сонымен бұл сөздікте қазақ термині әлеуметтік мағынаға ие болып отыр.  Осылай руынан, тайпасынан бөлініп, өз заңдары бойынша өмір сүрген адамдар тобын атаған. «Қазақ» сөзінің осы мағынасынан шыға отырып, жоғарыда көрсетілген деректерде еркін, үйсіз-кезбелердің көрсетілген аудандарда қоныстануы туралы айтылған  деген  қорытынды  жасауға болады. XY ғасырдың екінші жартысында «қазақ» термині өзбек ханы Әбілхайырдан Шу мен Талас өңіріне көшкен тайпалар тобына бекиді. Жәнібек пен Керейдің Өзбек ұлысынан Жетісуға көшуі қазақ халқының этногенезінде шешуші рөл атқарды. Бірақ негізгі рөл халықтың қалыптасуында емес, оның қазіргі кездегі атауында болды. Үдере көшу қазақ халқының қалыптасуын айқындаған жоқ, тек қалыптасып келе жатқан үрдісті тездетті. Бұл үрдістің өтпелі сипатына «өзбек-қазақ» термині дәлел болады. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңі белгілі тайпалар топтарының көптеген факторлардың ықпалымен әр түрлі даму сатысында тұрған Шығыс Дешті-Қыпшақ тұрғындарынан бөліну үрдісімен сипатталады. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы түрлі хандықтарға қарап келген қазақ тайпаларын қазақ хандығына топтастырды. Қазақтың этникалық территориясын біріктірді, осы арқылы қазақтың халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды.
Қазақ халқымен «жүз» ұғымы тығыз байланысты. Жүз ұғымының пайда болуы туралы түрлі пікірлер бар. Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне қоныстанды. Қазақ халқы мекендеп, тіршілік жасаған жерлерде үш түрлі шаруашылық аймақ пайда болды. Осыған байланысты осы аумақта мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді. «Жүз» дегеніміз-тайпалар одағының аумақтық ірі бірлестігі. Қазақ халқы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден тұрады.
Ұлы жүзді Ақарыс деп атайды. Оның мекендеген жерлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендері, Сырдарияның жоғарғы ағысы, Алатау баурайы). Ұлы жүз құрамы Дулат, Албан, Суан, Сары үйсін, Сырғалы, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы, Қаңлы, Жалайыр сияқты рулардан тұрады.
Орта жүзді Бекарыс деп атаған. Оған: Арғын, Найман, Қыпшақ, Керей, Уақ, Қоңырат сияқты тайпалар енген. Бұл тайпалардың мекендеген өңірлері Орталық және Шығыс Қазақстан, Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл-Сарысу өзендерінің бойы, Алтай Тарбағатай таулары, Балқаш, Бетпақдалаға дейін созылып жатыр.
Кіші жүзді Жанарыс деп атайды. Оның құрамына Табын, Адай, Шөмекей, Жағалбайлы, Алшын, Шекті, Төртқара, Тама, Серкеш т.б. тайпалары жатады. Олардың мекендеген жері оңтүстігінде Сырдария және Каспий теңізінің жағалауы, солтүстігі Жайық, Ырғыз, Тобыл өзендерінің бойы
XX ғасырдағы қазақ жүздерінің орналасу аумақтары (жуықтап). Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Кіші жүз – (ж),территориясы – Батыс Қазақстан. Орта жүз – (қ/к), территориясы – Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан. Ұлы жүз - (қ), территориясы – Жетісу, Оңтүстік Қазақстан.
Халқымыздың тарихында жүздердің пайда болуы туралы да әр түрлі пікірлер бар. Жүздердің құрылуы туралы нақты деректер жоқтың қасы. Бұл жөніндегі тарихшылар пікірі де алуан түрлі. «Жүз» - сөзінің сандық ұғымына көңіл бөлетіндер(А.Левшин, А.Чулошников); «Жүз» - «әскери-тайпалық ұйымдастырудың триальды жүйесі деп түсіндіретіндер (Зуев, В.В.Востров, С.Мұқанов); «Жүз» - қазақ жерлерінің Шыңғыс хан балаларының ұлысына бөлінуімен түсіндіретіндер (М.Тынышбаев); «Жүз» - ежелгі юз тайпаларының екіге бөлінуімен байланыстыратын зерттеушілер (Қытайдағы қазақ тарихшылары); «Жүз» - шаруашылық, экономикалық және климаттық – географиялық жағынан бөлінген территориялар деп қарайтындар (В.В.Бартольд, Юдин). Қазақ хандығының аймақтық-әкімшілік құрлымының негізі жүздер болып табылады. Жүздер тайпалық - рулық бірлестіктерден тұрады. Қазақ халқы, негізінен, XV - XVI ғасырларда қалыптасқан Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүзден құрылады. Ұлы, Орта және Кіші жүздерге Қазақстанда ертеден мекендеген туыстас бірнеше тайпалар кіреді. Бұл тайпалардың әрқайсысының тарихы әріден басталады. Әрбір тайпаның, әр рудың өз ұраны, таңбасы болды.
Жүзге тек төре (Шыңғыс хан ұрпақтары), қожа (тегі арабтық), төлеңгіт (хан-сұлтандардың қызметшілері, нөкерлері) және кейбір топтар (мысалы, сунақ) кірген жоқ. Жүздік құрылым Қазақ хандығы кезінде сыртқы жаулардан қорғануға оңтайлы болды. Хан жарлығы, түрлі шешімдер жүзге, одан тайпаларға, одан руларға тез арада жеткізілді. Әсіресе, жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде жүздік бөлініс халықтың топтасуына, бірігуіне көп мүмкіндік берді. Әрбір жүз өздеріне тиесілі әскер шығарып, бүкіл ел басқыншыларға қарсы жұмыла көтерілді. XVIII ғасырдың басында әрбір жүзді жекелеген хандар басқарды. Қазіргі таңда тайпалық одақтардың алғашқы кездегі мәні жойылған. Елдің бірлігі бұзылады деп қазақ халқы жүзге, руға еш уақытта бөлінбеген. Өзара араздасуы, ру, тайпа арасындағы қырқысуларды данагөй ақсақалдар шешті. Халық арасында үш жүзге байланысты мынадай мақал тараған: « Ұлы жүзге қауға беріп, бауға қой, Орта жүзге қалам беріп, дауға қой, Кіші жүзге найза беріп жауға қой.» Бүгінгі таңда Ұлы жүз, Орта жүзбен Кіші жүз өкілдері әлемге тек біртұтас қазақ ұлты ретінде ғана танымал.
7 )Қазақ хандығының құрылуы.
Хандықтың құрылуы. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды.Қазақ хандығының нығаюы. Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының хандықтың территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалармен Шығыс Дешті – қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады.Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды:
1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді. 2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын.
3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті – Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілқайыр хан еді. 1468 жылы қыста ол қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа атанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілқайырдың қаза болуы қазақ хандығының ңығайуына және территорияның көлемінің кеңеуіне үлкен себеп болды. Ол өлгеннен соң, оның елігінде қиян-кескі феодалдық қырылыс басталып, хандық ыдырай бастады. «Өзбек ұлысының» шаңырағы шайқалды, ірі шиеліністер басталды. Оның қарамағындағы үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті –Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп, қазақ хандығының территориясын әлқайда кеңейіп, нығайды. Оған тұс-түсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.
XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани ханның Дешті –Қыпшақтан ығысып жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, әсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен қазақ хандығының жерін кеңітіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты. Бұрынғы дәуірлерде бытыранқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау қола ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында қолданылған «өзбек- қазақ» деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. «Қазақ» термині бірте-бірте Шығыс Дешті –Қыпшақ пен Жетісада қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниге еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын болды.
8) Н.Ә Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының ұлттық мемлекеттіктің бастауы ретінде бағалануы
«Тарихсыз болашақ жоқ. Ұлы далада күллі Еуразия құрлығын уысына ұстаған талай алып мемлекеттер болды. Алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген. Бүгінгі Қазақстан сол бабалардың заңды мұрагері. Адамзат тарихында қазіргі қалыптағы мемлекет үлгісі тек соңғы бірнеше ғасырда ғана пайда болғанын білеміз. Ал бұл кез біздің халқымыздың бостандықтан айрылып, бодандыққа түскен мезетіне тап келді. Көк түріктер мен Алтын орданың айбарын айтпағанда Қазақ хандығы біздің елдігіміздің түп тамыры», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Елбасы тәуелсіз Қазақстан еліміздің сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырғанын атап өтті. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы сонымен қатар, Қазақтың ұлттық тарихы – теңдессіз тарих екенін, ұлтымыздың тарихы Еуразия құрлығындағы ұлы өркениеттің жылнамасына өшпес таңбасын қалдырғанына да тоқталды. «Тарихи тамырларымыздың бірлігі бізді түркі тілдес халықтармен ешқашан іргесі бөлінбейтін бауырлас етті. Ұлы Түркі елі - қазіргі заманауи мемлекеттер Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Түркия елдерінің ортақ тамыры. Біздің мыңжылдыққа ұласатын шежіреміз бар, мақтаныш тұтатын бабаларымыздың тарихи ерліктері бар. Бөле-жара қарау мүмкін емес, рухани қазынамыз бар. Осының барлығы баршамызға ортақ мұра», - деді Н. Назарбаев. Бұл ретте Елбасы Тәуелсіздікті алу үшін қандай қажыр-қайрат керек болса, оны баянды етіп, ұстап отыру үшін одан да зор қажыр-қайрат керек екенін еске салды. «Ұланғайыр жері бар, ұлы мұраты бар, елі бар, бабалары жазған ұлы тарихы мен ұрпағы бар, көз тіккен ұлы болашағы бар менің халқым - Ұлы халық. Сол халықтың Тұңғыш басшысы болу бақыты маған тигеніне тәубә деймін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. «Табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау біздің ұрпақтың парызы. 21 ғасырдың сын-қатерінен төтеп беріп, ең дамыған елдердің біріне айналу біздің ортақ жауапкершілігіміз. Біз халқымыздың қаһармандық тарихын жасампаздық тарихына ұластырдық. Әлемдегі ең үлкен елу елдің сапына еніп, қазіргі күні ең қуатты отыз елмен иық тіресуге бет алдық. Рухы биік, еңсесі тік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңілік елдің мәртебесі асқақ болуы үшін бізде бәрі де бар. Ендеше, барды бағалап, дамыта білейік», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
9)Абылай саяси және мемлекеттік қайраткер
Орта жүз бен Ұлы жүздегі жағдай аз уақыт турақталғаннан кейін XVIII ғасырдың 40-жылдарының аяғына қарай тағыда шиелініске бастады. Қойтайшы Калдан –Серен қайтыс болған соң Жоңғарғарияда орын алған өзара қырқыс осы құдіретті державаның әлсіресеуіне және бүкіл аумақтағы саяси жағдайдың шиеленісуіне әкеп соқты. Қалыптасқан жағдайды пайдаланған қазақ даласының билеушіері де Жоңғария мен көрші мемлекеттердің істеріні белсене араласа бастады. Орта жүз бен Ұлы жүздің ресми ханы Әбілмәмбет болып қалғанына қарамастан, нақты билік бірте-бірте ықпалды султан Абылайдың қолына жинақтала берді, ол қазақ – жоңғар соғыстарының барысында қалыптасқан батырлар мен билердің үлкен қолдауын сүйенетін.
Абылай хан 1711 жылы қанішер Абылай ханның баласы Уәли султанның шаңырағында дүниеге келген. Оның азан шақырып қойған аты Әбілмансұр болатын. Жоңғарлар Түркестанды алып, Уәли султанды өлтірген кезде, 13 жасар бала мүлде панасыз қалады да, Әбілмансұр Ораз дейтін құлының арқасында жан сақтап, бұғанасы бекиді. Ұйпа – тұйпа болып жүргені үшін жұрт оны Сабалақ деп атап кеткен. Болашақ хан Әбілмансұр 1730 жылы ауыл адамдарымен бірге жоңғарларға қарсы шайқасқа қатынасып, өзінің асқан ерлігі, батылдығымен көзге түседі. Сөйтіп, Абылай 30-жылдардың аяғынан бастап, елдің саяси өмірінде тағдырлы соғыс және бейбітшілік проблемаларын шешкен көрнекті тұлғаға айналды. Сол арқылы Абылай бүкіл күш- қарайтын жоғарғы билікті нығайтуға және қазақ хандығын ұзаққа созылған саяси дағдырыстан шығаруға бағыттады. Қазақ руларының Абылай төңірегіне топтасуы оның Жоңғарияға қарсы белсенді де нысаналы қимылдауына көп жағынан көмектесті.Орта жүзде Абылай билігінің нығайюына елдің оңтүстік шекараларын нығайту жөніндегі белсенді қызметі себепші болды. 50-60 жылдардың басында қазақтардың қырғыздармен қатынастары ерекше шиеленісіп кетті. Алатаудың солтүстік жағындағы, Жоңғария құлағыннан кейін қазақтар да, қырғыздар да көз тіккен Ұлы жүздің қазақтары әділетті түрде оны өз мүдделерін қорғаушы деп біле бастады. Сонымен, 60-жылдардың аяғына қарай Абылай султан Қазақстанның көпшілігі бөлігінде жоғарғы билікті нығайтып алды. Орта жүз бен Ұлы жүз оған толық бағынды, Кіші жүздің көптеген билеушілерімен ол әулеттік қыз алысып, қыз берісу арқылы туыстық жағынан байланысты болды. Батыр хан мен Ералы султан оның одақтастары еді, тіпті Нуралы хан онымен санасуға мәжбүр болды. Әбден қартайған Әбілмәмбет ресми түрде жоғарғы билеуші болып қалғанымен, сол кезеңнің өзінде-ақ Абылай ресми хат алысқанда хан деп атала бастайды. Әбілмамбет қайтыс болғаннан кейін ғана Абылай 1771 жылы жалпы қазақ ханы болып жарияланды. Бұл бір тутас тәуелсіз қазақ хандығын сақтауға жасалған соңғы әрекет еді
10)Қоныс аудару саясаты (XIX ғ. 1870–1880 жж.)
XIX ғасырдың 70-жылдары орыс және украин шаруаларын қоныстандыру басталса, 80жылдары қарқынды жалғасты. Алғашқы қарашекпен қоныстары 1879 жылы Көкшетау уезінде пайда болдыЖетісу облысының әскери губернаторы Колпаковскийдің ұсынысы бойынша 1868 жылғы «Шаруплардың Жетісуға көшуі туралы Уақытша ережелер» қабылданып, ол 1883 жылға дейін қолданылды.1886 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының көші-қонды басқару ережесі қабылданды. Бұл құжат бойынша әрбір ер адамға 10 десятина жер берілді, қоныстанушылар 5 жылға дейін салықтан босатылды, кейін 5 жылда салықтың жартысын ғана төледі.«Ауыл тұрғындарын өз еріктерімен жаңа жерге көшіру және бұрынғы көшірілген топ-тар туралы арнайы ережесі» 1889 жылдың 13 шілдесінде қабылданып, қоныс¬тандыру тек алдын ала Ішкі істер министрлігінің және мемлекеттік жер иеліктері министрлігінің рұқсаты арқылы іске асырылды. Бірақ патша жаппай қоныс-тандыру үрдісін бақылай алмады. Шаруалардың өздігінен көшуі жалғаса берді. 1891–1892 жылдары егіннің шықпауынан орыс шаруалары еуропалық Ресейден шығысқа қашып, қазақ жерлеріне қоныснып алды.Ережеде қоныстанушылардың аудандары нақты Томск және Тобыл губерниялары, Жетісу, Ақмола және Семей облыстары деп көрсетілді. 1891–1892 жыл-дары заң Торғай және Орал об-лыстарына да тарады. Шаруалардың қоныс аударуы қазақ көшпелілерінің жерлерін тартып алу есебінен жүрді. Қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау Сырдария облысына да тарады.Қазақ жерінің Сібірмен және Приволжьемен темір жол арқылы жалғатырылуы, Қазақстанға орыс қоныс аударушыларына қолайлы жол аш-ты. Нәтижесінде орыс шаруалары құнарлы жерлерге қоныс-танса, қазақтар сусыз, нашар жерлерге көшірілді. Қазақ өлкесінің демографиялық жағдайы да өзгерді. 1897 жылғы жалпы санақ бойынша өз жерінде қазақтардың жалпы мөлшері 87,1%-ға кеміді. Қоныс аударушылар көбінесе стратегиялық маңызды аудандарға көшіріліп, мыл¬тықпен қару¬лан-ды¬рыл¬ды.
Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда жүзеге асырған əкімшілік реформалары қазақ елінің саяситəуелсіздігін біржола жойғанымен, бұл реформалар көп ұзамай-ақ патшалық əкімшіліктің қазақ қоғамының ішкі өміріне тереңдеп еніп, оны игеріп алып кетуге əлі де болса əлсіз екендігін көрсетіп берді. Мұны жақсы түсінген патшалық əкімшілік ХІХ ғасырдың 60-жылдарының орта тұсынан бастап Қазақстанды отарлаудың «ең сенімді» жолына түсті. Ол Орталық Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударту еді. Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан тарихнамасында бұл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады. І кезең ХІХ ғасырдың 70—80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды. ІІ кезең ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. ІІІ кезең 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды. Қазақстанға орыс жəне украин шаруаларын қоныстандыру ХІХ ғасырдың 70-жылдарының соңы 80-жылдардан бастап қарқынды жүргізілді. Қоныс аударудың алғашқы кезеңі өз еркімен қоныс аударған шаруалар қозғалысымен анықталып, патша үкіметі өз еркімен қоныс аударғандар жағдайын реттеу мақсатына бірқатар жеке заң-актілермен, нұсқаулар қабылдады. Онда көзделген мақсат — қоныс аударуды үкімет өз қадағалауына алып, оған көмек көрсету болды. Оған алдын ала дайындық шаралары жасалды. Мəселен, Жетісу облысы əскери губернаторы Колпаковский бастамасы бойынша Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы «Уақытша ереже» əзірленді. Бұл құжат 1868 жылдан бастап 1883 жылға дейін күшін сақтады. «Уақытша ереже» бойынша орыс қоныс аударушыларына (ерлерге) 30 десятина жер беру, 15 жылға алым-салық жəне түрлі міндеткерліктерден босату, 100 сом мөлшерінде көмек беру жəне басқа жеңілдіктер анықталып, көрсетілді. Қоныс аударған шаруалар жағдайына қатысты оларға жасалатын жеңілдіктер туралы жаңа ережелер ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан дайындалды. Оларда да жаңа келіп қоныс тебушілер үшін берілетін жеңілдіктер сақталды, тек жер мөлшері аздап төмендеді. Айталық, 1886 жылғы дайындалған: «Түркістан генерал-губернаторын басқару туралы Ереже» бойынша 10 десятина (ерлерге) жер беру, қоныс аударушыларды алым-салық жəне міндеткерліктен 5 жылға дейін босату, кейінгі жылдары алымды тек жартылай төлеу жеңілдіктері сақталды. Сонымен, қорыта айтқанда, орыс шаруаларын қазақ өлкесіне қоныстандыра отырып, қазақ халқын шаруашылыққа жарамды жерінен айыру процесімен бір мезгілде отарлаушы əкімшілік жүйесінің жаңа жағдайға байланысты одан əрі жетіліп, нығая түскендігін, сондай-ақ отарлау ісінің құрамды бөлігі қазақтарды орыстандыру, шоқындыру шараларының да жүйелік, мақсаттылық сипат алғандығын байқаймыз.
.
7. Қазақ хандығының құрылуы 14-15ғғ. Қахақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттердің саяси дамуының заңды нәтижесі
Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба  деректердің  бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда  сол кездегі саяси жағдайға байланысты  Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз  еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор. Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының  негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына  1457-жылдан кейін Керей  мен  Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне  қоныс аударуы мұрындық болды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған  қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары  (1465—1466)  билей бастады...». Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері,  Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді.  Ежелден осы алапты мекендеген  тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті.  Әбілхайыр хандығындағы аласапыран  соғыс салдарынан күйзелген  қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле  бастады.  Мұны көрген  Дешті-Қыпшақ  қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп  жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі  әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының,  Моғолстанның,  Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал  Әбілхайыр хан  болса өзіне қарсы  шығып,  Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген  тайпалардың  ағылып барып жатқанына  азуын  басып,  қылышын  қайрап отырды.  Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына,  яғни  батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы  кең  өріс-қонысты  керек  етті. Сонымен қатар  көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария  жағалауыңдағы  қалалармен  сауда-саттық  қарым-қатынасқа  қолайлы жағдай жасау  маңызды мәселеге айналды. Бұл  қарым-қатынастьң  оңалуына тек  көшпелі ел  ғана емес  отырықшы аймақтардағы  халықтар да  мүдделі болды.  Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында  үлкен тарихи міндеттер тұрды.  1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді). 2. Шығыс пен батыс  сауда керуен жолы үстіне  орнаған  Сырдария  жағасындағы  Сығанақ,  Созақ, Отырар, Яса  (Түркістан)  т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді. 3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық  территориясын біріктіру. Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл одақ  жоңғар тайшысы Амасанжының Моғолстанға және Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы шабуылдарынан  біріге отырып  қорғануға  мүмкіндік берді. 1468-жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Әбілхайыр хан өлгеннен соң  өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Әбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының  нығаюына және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды.  Өзбек ұлысының  үлкен бөлігі Керей  мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың  ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілхайыр ханмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары - Ахмет хан мен Махмұд хан,  батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және  Ноғай  мырзалармен одақтаса отырып  күрес жүргізді. Әбілхайыр ханның  мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза тапты.  Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте  Қазақ хандары Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті - Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XY-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты. Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды  Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге дәмелі болды.  Сыр бойы  калалары үшін Қазақ хандары өте  қажырлы қайрат жұмсады. Әбілхайыр ханның  немересі Мұхаммед Шайбани  Түркістан аймағына келіп,  Мұхаммед Мәзит Тарханды  паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан  Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы  — Созақ және  Сауран  қалалары  Қазақ хандығының  құрамына  кірді.
Қазақ хандығының құрылуы XIV – XV ғғ. Қазақстан аумағында ішкі әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің заңды нәтижелері болып табылды.XV ғ. ортасына қарай біртұтас тұрақты мемлекет қажет екендігі нақты түрде шыңына жетті, ол Қазақстанның қалыптасқан елдігінің этникалық аймағы мен тұрғындарының шаруашылық қызметінің ортақтығын қамтамасыз еткен болар еді.
XIV – XV ғғ. жергілікті халық мемлекеттілігінің дамуы Қазақстанның оңтүстігінде қалаларды, шаруашылықты және егін шаруашылығын біртіндеп қалпына келтіру негізінде, аймақта билік құрған Шыңғыс хан тұқымының қамқорлығымен болса да, жергілікті этникалық негізде феодалдық қарым-қатынастың дамуы жағдайында жүрді. Көптеген тайпаларды зорлықпен біріктірген монғол ұлыстарынан айырмасы — анағұрлым айқынырақ этникалық базаға негізделген мемлекеттілік орнады
Ақ орда, Әбілқайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай ордасы мемлекеттерінің құрылуы этникалық-біртекті феодалдық мемлекеттердің кейінгі генезисі үшін олардың — қазақ, ноғай, өзбек, ұйғыр елдігіне біршама тығыз бірігуіне жағдай жасады.
Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу және Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең байтақ аумағында әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің заңды нәтижелері болып табылды.
XIV — XV ғғ. көшпелі мал шаруашылығы, тұрғылықты егін шаруашылығы, қалалық және сауда-кәсіптік бағыттағы шаруашылық сияқты аралас экономикасы бар салалардың табиғи шоғырлануы негізінде біртұтас экономикалық аймақ құру аймақтың барлық жерін бір саяси құрылымға біріктіру жағдайын тудырды.
Көшпенді және тұрғылықты халықтың экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарын нығайту қазақ рулары мен тайпаларының этникалық бірігуіне, елдіктің құрылуының аяқталуына ықпал етті. Осы жағдайлар шын мәнінде қазақ мемлекеттілігін құрудың нақты себептері мен шарттары болып табылды.
Қазақ халқының жіктік бытыраңқылығын, саяси бірікпеушілігін түрлі мемлекеттік бірлестіктерде игеру Жәнібек пен Керей (Гирей) есімдерімен байланысты. Олардың әулеттік мүдделері, басқа Шыңғыс тұқымымен дала билігі үшін шайқасы, текті ақсүйектерден, сондай-ақ қатардағы еңбекші-малшылардан, егіншілерден шыққан болса да, халықтың әлеуметтік топтарының мүдделеріне сәйкес келді. Олар халықтың тәуелсіз мемлекет құруға талпынысын нақты түрде бейнеледі.
Керей мен Жәнібектің ұлыс адамдарымен моғол ханы Есен-Бұғыны билеп алу мақсатында қоныс аудару кезі Хижра бойынша 864 ж. немесе 1459 (1460) ж. сәйкес келеді
Өзбек Ұлысында бөліну неден туды? Керей мен Жәнібектің қоныс аударған кезі, көшпенді өзбектер басшысы Әбілқайырға мемлекетті қалмақтардың ойранынан қалпына келтіруге тура келген жылдарға сай келеді.
Бұл тәртіп салық төлеуге және ондаған міндеткерлік алуға тиісті қарапайым көшпенділерге үлкен ауыртпалық болып түсті. Осының бәрі құзырындағы азаматтардың негізгі бөлігінің күрт наразылығын тудырды және соңғы нәтижесі көптеген мал шаруашылығы қауымының көрші жерлерге қоныс аудару есебінен мемлекет халқының азаюы болды. Осындай, Өзбек Ұлысы ханының саясатына наразы адамдардан тұратын қоғамның басында Орыс хан ұрпақтары – Керей мен Жәнібек тұрды.
Одан әрі оқиға барысы көрсеткендей, Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтанның Моғолстан шегіне кетуі, Өзбек Ұлысында соңында билікті тартып алуды ойластыратын өзінше стратегиялық шегіну болды.
Есен-Бұғы Моғолстанның батыс бөлігін, Есен-Бұғы мен оның ағасы Жүніс иеліктері арасындағы Шу алқабында Қозы-Басы облысына икта ретінде берді. Жүніс ағасын Темір тұқымы Әбу-Саид қолдады [3, 48-б.].
1462 ж. Есен-Бұғы қайтыс болады және оның орнына Жүніс хан бекіді, ол өзінің қызын Жәнібектің ұлына беріп, Кереймен және Жәнібекпен қарым-қатынасын нығайтты. Керей мен Жәнібектің жақтаушылары ретінде «өзбек-қазақтар» немесе тек «қазақтар» есімі бекітілді. Орыс хан ұрпақтары мен Моғолстан шағатайлықтары арасындағы дәстүрлі одақтың басы [1, 324-б.].
Орталық және Оңтүстік Қазақстан халқының сансыз ағылып келуіне, сонымен қатар кейбір жергілікті рулар мен тайпаларды қолдауына байланысты Керей мен Жәнібек өз қамқоршысының — моғол ханының қалауын орындаушылар ретінде ұзаққа бармады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің айқындауы бойынша, «қазақ сұлтандарының билік құра бастауы Хижраның 870 жылынан басталды» [15], бұл 1465/1466 жылдарға сәйкес келеді. Батыс Моғолстан аумағында Шу-Іле алқабында және шектес аудандарда Жәнібек пен Керей тәуелсіз қазақ хандығының негізін құрды.
Қоныс аудару XV ғ. 50-жылдарының ортасынан бастап 60-жылдардың соңына дейін бір жарым он жылдық ішінде жалғасты. Қоныс аудару процесі 1468 ж. Әбілқайыр қайтыс болып, оның мемлекеті күйрегеннен кейін күшейе түсті. Жәнібек пен Керей, Моғолстан аумағы шектерінде өз мемлекетін құрып, айтарлықтай әскери күшке ие болып, Жетісуда берік тыл жасап, Дешті-Қыпшақ билігі үшін, қазақтар қоныстанған барлық аумақтарды біріктіру үшін Әбілқайыр ұрпақтарымен шайқасқа кірісті [4,152-б.].
Қазақ хандығын құру сипаты бойынша күрделі және уақыты бойынша ұзақ көп аспектілі процесс болды, онда саяси процестер этникалық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени процестермен бір мезгілде дамыды.
Жаңа хандықтың құрылуы қарастырылып отырған дәуір үшін қарапайым формула бойынша жүрді, соған сәйкес ғасырдың ортасында мемлекеттер сол немесе басқа әулетпен бірге пайда болып, ыдырады. Керей жасының үлкендігіне қарай бірінші хан болып сайланды (1465 – 1472 ж.ж.). Жәнібек 1472 – 1480 жж. биледі, ол қайтыс болғаннан кейін Керейдің ұлы — Бұрындық сұлтан хан болды (1480 — 1511 жж.).
XVI ғасырдың басында қазақ иеленушілерінің сыртқы саясатының негізгі желісі Сырдария маңындағы қалаларды игеру болды, олардың Қазақ хандығының батыс және оңтүстік-шығыс шеттеріндегі көршілерімен қарым-қатынастары осы арқылы анықталды.
Қазақ хандығының Билеуші басшы топтары Орта Азияның көрші облыстарында саяси оқиғалардың орбитасына барған сайын көбірек тартылды.
Шайбанилықтармен, енді Мауреннахр билеушілерімен күресті жалғастырады.
Мұхаммед Шайбаниге және оның мұрагерлеріне өздері жаулап алған темірліктер мемлекетін, Орта Азияда Шайбанилықтар мемлекеті үшін, осының алдында ұзамай Шайбанидің өзі көшпелі өзбектерімен темірліктер үшін қандай қауіпті болса, осындай қауіп тудыратын өздерінің солтүстік тумаластарынан қорғауға тура келді.
Егер бұрын жошылықтардың екі тармағы мен олардың жақтаушыларының қақтығыстары Өзбек Ұлысында алауыздық тудырса, ал қазір бұл жік-жікке бөлінген тумаластар арасындағы шайқасқа айналды, олардың әрқайсысы белгілі бір аумақта тұрды және белгілі бір мемлекет құрамына енді. Осылайша, XVI ғасырдың басынан бастап Орыс хан мен Әбілқайыр хан ұрпақтары арасындағы өзара қарым-қатынаста жаңа кезең басталады – сахарада біріншілік орын үшін күрестің әулеттік әдісіне саяси-экономикалық әдіс қосылды, олар осы күреске бітіспес сипат береді
Шайбанилықтар Қазақ хандығының күшеюіне және Сырдария маңында қазақ билеушілерінің билігін бекітуге жол бермеуге тырысты.Сырдария маңы және Қаратау аудандары батыс Жетісуда қазақ хандарының иеліктеріне жақын болды. Сырдария маңы қалалары сахара аудандары тұрғындары үшін сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары болды. Олар Қазақстан аумағында бұдан бұрынғы мемлекеттік құрылымның әкімшілік-саяси орталықтары болып табылды. Сырдарияның төменгі және ортаншы ағысындағы жерлер қазақтың көшпенді тайпаларына құнды қыстық жайылым ретінде қажет болды
XV ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сығанақ, Сауран қалалары енді. Сырдария маңы оазистері бөлігінің Қазақ хандығына қосылуы елдерді тұтастай біріктіру бойынша қазақ хандарының жетістік көзі болып табылды.
Қазақстанның ұлттық құқығының қалыптасу тарихы қазақ мемлекеттігінің – Қазақ хандығының пайда болу кезеңіне байланысты. Осы уақытта қазақ қоғамындағы қатынас «адат» қарапайым құқық нормалары арқылы реттелді. Құқықтық (санкцияланған) дәстүр – құқықтың анағұрлым көне түрлерінің бірі. Құқықтық дәстүр – тәртіп ережесі, ол көп рет қайталануына қарай әдетке айналады, ұрпақтан ұрпаққа беріледі және мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қорғалады. Тарихта, рулық құрылыс дәстүрлері өзгеріп, біртіндеп санкцияланған дәстүрлерге көтерілген көптеген оқиғалар белгілі. Рулық құрылыс кезінде ең көп таралған дәстүрлер «талио» принципі болды. «Талиона» принципі (talio, talioni латын тілінен) күшіне қарай қылмысқа тең жаза дегенді білдіреді. Қылмыстық жауапкершіліктің осы принципі әрбір ерте кластық қоғамда болған, сонда жаза келтірілген залалға тура сәйкес келетін (қанға – қан, жанға — жан). Біртіндеп осы дәстүрлер айыппұлға ауысты, ал айыппұл қоғамның топтарға жіктелу шамасына қарай дифференциалданған сипат алды. Белгілі болғандай, қазақ қоғамында дәстүрлер құқықтың негізгі көзі ретінде қызмет етті. «Адат» 1206 ж. Шыңғысхан Онон өзенінің жанында қабылдаған монғолдардың «Ясы» кодификацияланған қарапайым құқығының кейбір нормаларын қабылдаған . «Ясы» – әскери, азаматтық, әкімшілік сияқты жағымды заңдардың, оларды орындамағаны үшін жазалар бекітілетін, жиынтығы болып табылады.
Қазақ хандығы XVI ғ. бірінші ширегінде, әсіресе 1511 – 1518 (1523) жж. билеген Қасым ханның тұсында ең жоғары қуатқа жетті. Нақты түрде ол Бұрындық кезінде де билей бастады.
Жәнібектің ұлы Қасым 1445 ж. шамасында туған. Ол әдет-ғұрпын құрметтеген нағыз дала перзенті ретінде үлкендерге бағынып, Бұрындыққа бас иетін. Ол туралы атақты сұлтандар мен даңқты бахадүрлердің бірі және Бұрындық ханның атты әскерінің жол басшысы ретінде айтты. XVI ғ. басына қарай Қасым сұлтанның билігі нығайды, Қасым хандықтағы нақты билік пен инициатива өзінің қолында екенін көргенмен, көреген саясаткер ретінде ол сақ болды, төзімділікпен күте білді
1510 ж. Мұхаммед Шайбани Қасымның әскерлерінен Сығанақ түбінде тас-талқан соққыға жығылды. Қираған және шашыраңқы өзбектердің қалғандары Самарқандқа қашты. Осы жылдың аяғында Мұхаммед Шайбани Иран шахымен шайқаста Мерв түбінде Қорасанда қаза табады.
Хандықтың екі беделді адамының бақталастығы қуатты сұлтанның жеңісімен және өз беделін жоғалтқан ханды қудалаумен аяқталды. 1511 жылдың күзінен бұрын Бұрындық хан маңайындағылардың тобымен Мауреннахрға кетті. Хандықтағы жоғарғы билік Жәнібек ұрпақтарына көшеді, олардың ішінде бірінші болып Қасым таққа отырды
Касым хан, замандастары Бинаи, Ибн-Рузбихан, Бабур, Мұхаммед Хайдардың айтулары ойынша жылқыларды жақсы көрген, олардың білгірі болған, әскери талантымен, жеке батылдығымен ерекшеленген. Олардың айтқандары негізінде жоғары адамгершілік қасиеттері бар, еліктеуге тұрарлық адам бейнесі құрылады.
Хан заманының ұлттық құқық эволюциясы Қасым хан есімімен байланысты. Халық аңызында, Қасым «Қасым ханның қасқа жолы» заң ережелерінің бірінші жинағын жасаған, бұл метафоралық мәнде тура, басты жолы дегенді білдіреді Нақ өзі қазақтарды бір хандыққа біріктіріп, оны нығайта алды. «Тарих-и Рашиди»-да: «Қасым хан барлық Дешті-Қыпшақты, өз билігіне қаратты, Жошы ханнан кейін ешкім бұлай істей алмаған. Мысалы, оның әскер саны мың-мыңдаған (миллион) адамнан асып кетті. Ақыр соңында, 924 (1518) жылдан кейін ол мәңгілікке кетті» Қасым хан қазақ аумағының ұлан байтақ даласына өзінің үстемдігін бекітті, Жетісудағы билігін нығайтты, батыста оның билігінің астына Ноғай ордасы рулары мен тайпаларының топтары қоныс аударды. Хандық шекаралары батыста Жайық өзені бойымен, оңтүстікте, Сайрам уалаятымен қоса, Сырдарияға дейін кеңейді, солтүстік пен солтүстік-шығыста Ұлытаудан және Балқаш көлінен ары алысқа созылып жатты. Алғаш рет монғолдар жеңісінен кейін Қазақстан аумағында барлық рулар мен тайпалар, оның ішінде Жетісу бір мемлекетке бірікті. Оның тұсында Қазақ мемлекеті туралы батыс елдер де хабардар болды. Қазақ хандығының Мәскеу мемлекетімен елшілік байланыстары басталды.
Қазақ қоғамында XV — XVII ғғ. азаматтық және қылмыстық құқық арасында шектеу болған жоқ. Қылмыс деген ұғым жаман іс, күнә ұғымымен бірігіп кеткен. Қылмыстық құқықта кек алу заңы – қанды кек болды. Көптеген жағдайларда қанды кек құнмен алмастырылды. Кейбір қылмыстар үшін айыппұлдар салынды.
Қасым, Хакназар, Есім және Тәуке хандар Қазақ хандығының ұлт тарихына баға жетпес үлес қосқан көрнекті мемлекеттік қайраткерлері. Қазақ мемлекеттілігінің нығаюы, Қазақ хандығының сыртқы саяси ұстанымын орталық азия аймағында халықаралық қатынастар жүйесінде бекіту олардың есімдерімен байланысты. Халық арасында бүгінгі күнге дейін оларға, қазақтарды біріктіре, мемлекетті қаупсіздендіре және заң мен тәртіптің басымдығын бекіте алған мемлекеттік қайраткерлер ретінде ерекше құрмет сақталған.
8.Н.Ә Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығының ұлттық мемлекеттіктің бастауы ретінде бағалануы
«Тарихсыз болашақ жоқ. Ұлы далада күллі Еуразия құрлығын уысына ұстаған талай алып мемлекеттер болды. Алып кеңістікті ен жайлап, еркін билеп-төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген. Бүгінгі Қазақстан сол бабалардың заңды мұрагері. Адамзат тарихында қазіргі қалыптағы мемлекет үлгісі тек соңғы бірнеше ғасырда ғана пайда болғанын білеміз. Ал бұл кез біздің халқымыздың бостандықтан айрылып, бодандыққа түскен мезетіне тап келді. Көк түріктер мен Алтын орданың айбарын айтпағанда Қазақ хандығы біздің елдігіміздің түп тамыры», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Елбасы тәуелсіз Қазақстан еліміздің сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырғанын атап өтті. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы сонымен қатар, Қазақтың ұлттық тарихы – теңдессіз тарих екенін, ұлтымыздың тарихы Еуразия құрлығындағы ұлы өркениеттің жылнамасына өшпес таңбасын қалдырғанына да тоқталды. «Тарихи тамырларымыздың бірлігі бізді түркі тілдес халықтармен ешқашан іргесі бөлінбейтін бауырлас етті. Ұлы Түркі елі - қазіргі заманауи мемлекеттер Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Түркия елдерінің ортақ тамыры. Біздің мыңжылдыққа ұласатын шежіреміз бар, мақтаныш тұтатын бабаларымыздың тарихи ерліктері бар. Бөле-жара қарау мүмкін емес, рухани қазынамыз бар. Осының барлығы баршамызға ортақ мұра», - деді Н. Назарбаев. Бұл ретте Елбасы Тәуелсіздікті алу үшін қандай қажыр-қайрат керек болса, оны баянды етіп, ұстап отыру үшін одан да зор қажыр-қайрат керек екенін еске салды. «Ұланғайыр жері бар, ұлы мұраты бар, елі бар, бабалары жазған ұлы тарихы мен ұрпағы бар, көз тіккен ұлы болашағы бар менің халқым - Ұлы халық. Сол халықтың Тұңғыш басшысы болу бақыты маған тигеніне тәубә деймін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. «Табысқа тоқмейілсімей, кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау біздің ұрпақтың парызы. 21 ғасырдың сын-қатерінен төтеп беріп, ең дамыған елдердің біріне айналу біздің ортақ жауапкершілігіміз. Біз халқымыздың қаһармандық тарихын жасампаздық тарихына ұластырдық. Әлемдегі ең үлкен елу елдің сапына еніп, қазіргі күні ең қуатты отыз елмен иық тіресуге бет алдық. Рухы биік, еңсесі тік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңілік елдің мәртебесі асқақ болуы үшін бізде бәрі де бар. Ендеше, барды бағалап, дамыта білейік», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.9. абылай хан саяси және мемлекеттік қайраткер
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.
1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.
Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады.
Абылай жөнінде белгілі тарихшы  Алексей Левшин былай деп жазған: «Өзінің қадір-қасиетін жақсы түсінген ол- Абылай-жұртты ақыл-айласымен, сабырлы салмақтылығымен маңайына топтастыра білді. Жауын сұсымен де  күшімен де сескендіре отыра, ол өз қалауымен біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мәжбүр болғанымен шын мәнінде ешкім де бой ұсынбаған тәуелсіз басшы болды. Қарапайым халықтың Абылайға арқа сүйеп, оны хан көтеріп соңынан ілесуі тегіннен тегін болмаса керек. Оның шын мәнінде елдің қамын ойлаған пиғылы, халықтың бірлігін нығайтуға ұмтылуы қазақ хандарынан бұрын-соңды ешкім көрмеген абырой мен даңққа бөлеген. Өз билігін нығайту жолында күреске әсіресе, жергілікті хандардың, би-сұлтандардың билігін әлсірету үшін Абылай үш жүздің аға билеріне арқа сүйеген. Абылай хандық құрған тұста олардың ішкі және сыртқы саясатқа ықпалы өте күшті болған. Ұлы жүздің аға биі Төле би  Әлібекұлы, Орта жүзді билеген Қазыбек  Келдібекұлы, Кіші жүзден Әйтеке би Байбекұлы-Қазақстанның сол кездегі дарынды мемлекет қайраткерлері.Мысалыға Тәуке, Сәмеке, Әбілмәмбет сияқты хандардың үзеңгілес серігі, патша үкіметі мен Орта Азия қазақтарын Ресей құрамына қабылдау жөнінде Абылай жүргізген келіссөздерге делдал болған Қазыбек биді алсақ, ол тек ханның Орта жүзді басқарушы аға биі болып қана қоймай, өз заманының асқан дипломаты бола білген. Оның тікелей ықпалымен Абылай бірте-бірте Ресеймен жақындасу пиғылына ауыса бастаған. Шешендіктің, әділқазылықтың, төреліктің тәсілдерін шебер меңгерген Қазыбекті ұтқыр да, ұшқыр ой иесі болғаны үшін замандастары Қаз дауысты Қазыбек» — деп атаған екен
10.Ішкі ресейден орыс және басқа еуропалық тұрғындарды қазақ жеріне қоныстандыру ісі,экспедициялық зерттеу жұмыстарын жүргізу. Қоныс аударушыларға жасалған қолдау
XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстандышаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды.
Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы
1866 жылы Батыс Сібір бас басқармасы шаруалардың Қазақстан аумағына өз беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы қоныс аударушылар Сібірдің әр түрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл губерниясындағы Қорған және Есіл округтарындағы шаруалар болды. Олар Көкшетау округының аумағындағы Саумалкөл деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі казак станицаларына жайғасты. XIX ғасырдың 70-80-жылдарында олар жергілікті қазақтардың жерлерін жалға алып, өз беттерінше орналаса бастады.
Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары, әдетте, ең алдымен жер көріп қайтушыларды (ходоқтарды) жіберді. Олар өздеріне қолайлы деген жерлерді таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұқым септі. Жердің құнарлы екеніне көздерін жеткізген олар ұзақ мерзімді жалға алу жөнінде келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге шақырып, жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола бастады. Кейін ол жерлер өзінің бұрынғы иелерінен тартып алынып, қоныс аударып келген орыс шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді. Мұндай жағдайда облыстық отаршылдық билік әрқашан орыс шаруаларының жағында болды.
Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға қоныс аудару жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери губернаторы Г.А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен «Жетісуга шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жасалды. Онда қоныс аударушы шаруаларға бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың әрбір ер азаматына 30 десятинадан жер телімі бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. Қоныс аударушы шаруаларға пайыздық өсімсіз қарыз берілді. 80-жылдардың ортасына қарай Жетісуда жер тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан жер телімдерінің мөлшерін 10 десятинаға кемітуге, әр түрлі жеңілдіктер беру мерзімін 5 жылға дейін қысқартуға тура келді.
1889 жылы «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Онда олардың қоныс аударуына Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік мүлік министрлігінің рұқсаты міндетті түрде қажет болды. Ондай рұқсат патша үкіметіне «сенімді» және «елге еңбегі сіңген» құрметті адамдарға ғана берілетіні алдын ала арнайы көрсетілді. Бірақ қатардағы шаруалар бұл ережеге қараған жоқ. Олар өз еріктерімен жаппай қоныс аударуын тоқтатпады.
Шаруалардың Қазақ даласына қоныс аударуы 1891 жылдың көктемінен бастап ресми түрде тоқтатылды. Бірақ қоныс аударушылардың тасқынын тоқтату өте қиын болды. Оның үстіне, Ресейде құрғақшылық салдарынан астық шықпай қалды. Елде ашаршылық басталды. Сөйтіп шаруалардың Қазақстан аумағына өз еріктерімен қоныс аударуы одан әрі күшейе түсті.
Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру
Ресейде 1861 жылы басыбайлылықты жойғанымен жер мәселесі шешілмеді. Басыбайлылыққа қарсы шаруалардың қозғалысы жалғаса берді. Сондықтан шаруалардың назарын басқа жаққа аудару қажет болды. Екінші жағынан шаруаларды қазақ жеріне қоныстандыру арқылы отаршылдық саясатты жүзеге асыратын әлеуметтік күшті қазақ жеріне орналастыру қажет болды. Орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыруды заңдастыру үшін патша үкіметі 1867-68 жылдары қабылдаған әкімшілік реформасы бойынша қазақ жерін патша үкіметінің меншігі деп жариялады.
Қазақ жеріне орыс шаруаларын қоныстандыруды ынталандыру мақсатымен патша үкіметі көптеген шара қолданып, жеңілдіктер жасады. Ресейден келетін шаруаларды қоныстандыру жұмысын ұйымдастыру міндетін орындайтын қоныстандыру басқармаларын жер-жерге орнатты. Қоныстандыру басқармаларының қарамағына қоныстандыру фондын орнатты. Патша үкіметі қазақтарды ата бабасынан келе жатқан қонысынан шөл, шөлейт жерге қуып тастап, құнарлы жерлерді қоныстандыру фондына берді. Сөйтіп Ресейден келген шаруаларды құнарлы жер күтіп тұратын болды.
Көшіп келетін орыс шаруаларына патша үкіметі көп жеңілдік жасады. Шаруалардың көші-қон қаражатын үкімет өз мойнына алды. Келген шаруалардың шаруашылығын ұйымдастыруына үкімет қарыз берді. Көшіп келген шаруаларды кейбір жерлерде 5, кейбір жерлерде 10 жыл салықтан босатты. Осындай жеңілдіктер қазақ жеріне келушілерді көбейтті.
1905-7 жылғы революциядан соң патша министрі Столыпин аграрлық реформа қабылдап шаруаларға өзінің азғантай жерін сатып Шығыстағы ұлан байтақ құнарлы жерге көшуге ұлықсат берді. Бұл Қазақстанға орыс шаруалырының ағылуына әкеп соқты. ХІХ ғасырдың ақырында қазақ жеріне Қытайдан ұйғырлар мен дунгандар келіп қоныстанды. Қазақ жеріне басқа ұлт өкілдерінің көптеп келуі қазақтардың өз жеріне азшылық болып қалуының басталуына әкеп соқты.
Қазақстанға орыс шаруаларының қоныс аударуы, негізгі кезеңдері[өңдеу]
Оңтүстік Қазақстанды әскери отаршылдық жолмен өзіне қосып алған Ресей өзінің саясатын алыстағыны көздейтін саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып жүргізе бастады. Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін көші-кон ағымдарының отаршыл сипаты айқындала түсті.
Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы этнодемографиялық құрамының өзгеруіне қоныс аудару қозғалысы зор ықпал етті. Патша өкіметініңкөші-қон саясатының әлеуметтік-саяси салдары өте ауыр болды.
Қазақстан тарихында қоныс аудару қозғалысының кезеңдері туралы бір жақты пікір жоқ. Дегенмен қоныс аудару қозғалысын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарауға болады:
1861—1885 жылдар;
1886—1905 жылдар;
1906—1917 жылдар.
Қоныс аударудың бірінші кезеңі
Жүз мыңдаған орыс, украин, беларусь , Қазақстан және Орталық Азияға қоныс аударуы Ресейдің аграрлық саладағы саясатымен тығыз байланыста дамыды. Ресей самодержавиесі жер мәселесін помещик-дворяндардың пайдасына шешіп берді. Помещиктер шаруаларды «азат ету» барысында олардың бұрын пайдаланып келген жерінің басым бөлігін тартып алды. Себебі 1861 жылғы реформадан кейін помещиктер өз пайдасына шаруалардың реформаға дейін өңдеп келген жерінен үлес алуға құқықты болды. Кейбір губернияларда шаруалар жерінің 1/3, тіпті 2/5 бөлігін помещиктер тартып алды. Сонымен қатар жер үлесі үшін тым жоғары өтемдік төлемдер талап етілді. Жер тапшылығынан шаруалар помещиктерден, қазынадан жерді жалға алуға мәжбур болды.
Жер тапшылығының шиеленісуі, «азаттық» алған шаруалардың қайыршылық күйі, құрғақшылық, орта шаруалардың кедейленуі, өтемдік төлемдер мен салықтардың ауыртпалығы шаруалардың туған жерлерін тастап, Оралдың арғы жағынан жер мен «жақсы өмір» іздеп кетуге мәжбүр етті. Зерттеуші А.А.Кауфман қоныс аударудың басты себебін жаңа шаруашылық жүйесіне бейімделе алмаудан, жер құнарлылығының төмендігінен деп түсіндіреді. Ал шаруаларда топырақтың құнарлылығын тыңайтқышпен қайта қалпына келтіруге қаржы да, құрал-сайман да жоқ еді.
Әуелгі кезде патша үкіметі шаруалардың шет аймақтарға қоныс аударуына карсы болып, шектеулер койып көрді. Алайда 1891— 1892 жылдардағы Ресейдегі аштыққа байланысты өз бетімен еркін қоныс аудару көлемінің өсуіне орай, патша үкіметі қоныс аударуды заңдастырып, өз ырқында ұстауға тырысып бақты.
Жетісу облысының губернаторы Г.А.Колпаковскийдің басшы- лығымен 1868 жылы «Жетісуға шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша Ережелер» жобасын жасады. Ереже бойынша жан басына (ер адам) 30 десятина мөлшерде жер белгіленіп, 15 жылға алым- салықтардан босатылды.
Ал 1883 жылы қабылданып, 1885 жылы бекітілген Ережеде Жетісу облысына жаңа келушілер мен Шығыс Түркістаннан қоныс аударған үйғырлар мен дүнгендер үшін жаңа нормалар бекітілді. Енді жан басына берілетін жер үлесі 30 десятина емес, 10 десятина болып белгіленді, біркатар жеңілдіктер енді 3 жылға дейін ғана сақталды. Ресми деректер бойынша 1861—1885 жылдары Орал арқылы 300 мың қоныс аударушы келген.
Қоныс аударудың екінші кезеңі. Қазақстан тұрғындарының ұлттық құрамындағы өзгерістер
1889 жылғы 13 мамырдағы «Уақытша Ережеде» ауыл тұрғындары мен мещандарын Тобыл, Том губерниялары мен Жетісу, Ақмола, Семей облыстарына өз еркімен қоныстандыру белгіленді. Үкімет қоныс аударуға шектеулердің кейбіреулерін алып тастады. Дегенмен ресми түрде қоныс аударғандардан гөрі өз бетімен келгендердің ағыны үздіксіз арта түсті. Шаруаларды қоныстандыру Ақмола, одан соң Жетісу, Семей, Орал, Торғай облыстарында XIX ғасырдың 60-жылдарының ортасынан басталып, 1892 жылы Сібір темір жол комитеті құрылғанға дейін жалғаса түсті. Ақмола облысында 1870—1895 жылдары 87 шаруа қоныстары пайда болып, отырықшы халық саны шаруа-қоныс аударушылар есебінен 2 есеге артты.
XIX ғасырдың соңғы ширегінде Еуропалық Ресей мен Украинадан қоныс аударушылардың келуі есебінен халықтың ұлттық құрамы өзгерді. Қазақ, қырғыздармен бірге орыс, украиндар, татарлар, тәжіктер, турікмендер, башқұрттар, чуваштар, қараноғайлар, армяндар саны өсе түсті.
XIX ғасырдың 70-жылдарында орыстар мен украиндар барлық Қазақстан мен Қырғызстан тұғындарының 8%-ын (246,9 мың) құрады. Бұдан барлық облыстарда жергілікті тұрғындардың бірден-бір жоғары үлес салмағын анық байқауға болады.
1897 жылы Қазақстан тұрғындарының саны 4 млн 150 мың адамға жетті. Солардың ішінде қазақтар 3 млн 400 мың адамды құрады. Қалған 750 мыңдай адам басқа ұлт өкілдері болды. Орыс шаруаларының көбі Ақмола облысына қоныстанған. Сондай-ақ ең көп орыс және украин тұрғындары Омбы, Петропавл, Көкшетау, Қостанайуездерінде тіркелген. Торғай облысында да өзге ұлт өкілдерінің саны да айтарлықтай еді. Жетісу облысында басқа ұлт өкілдерінің үлес салмағының өскендігі әсіресе Верный, П HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9F%D1%96%D1%88%D0%BA%D0%B5%D0%BA&action=edit&redlink=1"ішкек, Пржевальск, Пішпек уездерінде ерекше байқалды. Ал Сырдария облысында орыстар мен украиндардың үлесі жалпы халық санынан ең төменгі деңгейде болды.
Өлкенің негізгі тұрғындары — қазақтардың үлес салмағы төмендеп, 1897 жылдары шамамен 81,7%-ға жетті. Ал орыстардың үлес салмағы жоғарыда көрсетілгендей — 10,9%-ға, украиндар — 1,9%-ға өсіп, татар, ұйғыр, өзбек сияқты ұлттардың да үлес салмағы арта түсті.
XIX ғасырдың 80-жылдарында Жетісуға Құлжа өңірінен ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударды. 1897 жылғы санак бойынша ұйғырлар мен дүнгендердің саны 71 мың (56 мың үйғыр, 15 мың дүнген) адамға жетті.
Қоныс аударудың үшінші кезеңі
Ресей экономикасындағы аграрлық дағдарыс патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясатын күшейте түсті. Қазақстан аумағындағы артық жерлерді есепке алу мақсатында Ф.Щербина, В.Кузнецов, П.Румянцевтің экспедициялары жұмыс істеді. Экспедициялардың барлығы көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы казак тұрғындарына қатысты жер көлемін азайтып, болыстардың иелігіндегі «бос жерлерді» есепке алумен айналысты.
Ресей орталығындағы аграрлық қайшылықтардан шығудың жолын Министрлер кеңесінің төрағасы П.А.Столыпин ойлап тапты. Ол 1906 жылы 6 қарашада шаруалардың қауымнан шығып, хутор HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A5%D1%83%D1%82%D0%BE%D1%80&action=edit&redlink=1"ға енуі туралы жарлық шығарды. Ол Ресейдің ауыл шаруашылығын дағдарыстан шығару үшін шаруалар қауымын таратты, сөйтіп қауымдық жерлерді кулактардың басып алуына жағдай жасады. Помещиктік жер иеленуді сақтауға тырысқан үкімет қоныс аударуға бостандық берді. Қоныс аудару саясатындағыбұл жаңа бағытқа көшуге 1905—1907 жылдардағы бірінші революция мен аграрлық толкулар өз ықпалын тигізді. Столыпиннің жарлығы негізінде шаруа өз үлесін сатып, еркін түрде басқа жаққа кетуге мүмкіндік алды. Осылайша Ресейдің орталық аудандарындағы әлеуметтік жіктелудің тереңдей түсуі күйзелген, жерден айырылған шаруалардың көші-қон ағымының кең қ HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%82"анат жаюына әкелді.
1905 жылы қоныстандыру мәселесін реттеу мақсатында қоныстандыру мекемелерінің Басқармасы құрылды. 1905—1917 жылдардағы мекеменің 12 жылғы қызметі нәтижесінде бір миллионға жуық қоныс аударушылар жерге орналастырылды.
1908 жылы қоныс аударушылар толқыны ең жоғары деңгейге жетті. Жылына 665 мың қоныс аударушы келді. Патша өкіметінің қоныс аудару саясаты қазақтардың шаруашылығына орасан нұқсан келтірді. Тек 1906—1915 жылдары Жетісу мен Сырдария облысындағы қазақтардан 2,5 млн десятина жер тартып алынып, қонысаударушыларға бөліп берілді. Қазақстанда тартып алынған жер XX ғасыр басында 17 млн десятина, ал 1917 жылға қарай 45 млн десятинаға жетті. Жүздеген жеке меншік хуторлар бой көтерді. Патша офицерлері, кулактар, көпестер көлемді жер төлімдеріне ие болды. 1905—1907 жылдардағы Ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық революциядан кейін үкімет барлық шектеуді жойып, барлық шет аймақтарға қоныс аударуға жол ашып берді.
Осылайша XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстан тұрғындарының көп ұлтты құрамының қалыптасуы белсенді түрде жүргізілді. Патша өкіметінің көші-қон саясатыәскери-казактық және әскери-әкімшілік отарлау саясатынан басталып, шаруалардың жаппай қоныс аударуына ұласты.
Барлық қоныс аударушылардың 56,2%-ы Ақмола облысына келуінен шаруалардың саны 6 есеге өсті. Халықтың жалпы санының өсуіне табиғи өсім емес, көші-қон қозғалысы күшті ықпалын тигізді. XIX ғасырдың соңында Украинадан ғана келгендердің рөлі арта түсті. 1906—1912 жылдары тек Украинадан барлығы 300 мың қоныс аударушылар келген. Жалпы алғанда, Қазақстан XX ғасыр басында көші-қон бойынша Сібір мен Қиыр Шығыстан кейінгі екінші орынға шықты.[1]Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы; шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т.б.), табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және жүйелеу.
Қазақстанда өлкетану патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспецидиялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі 18 ғасырдың 2-жартысында қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу үшін алғашында Солтүстік және Батыс Қазақстан, кейінірек Орталық Қазақстан аумағына экспедициялар ұйымдастырды.Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарына И.И. Лепехин, П.С. Паллас, П.И. Рычков, И.К. Кирилов, В.Н. Татищев, А.И. Левшин өз үлестерін қосты. Қазан төңкерісіне дейін 19 ғасырдада Қазақстанның ғылыми-танымдық Өлкетануында Орыс география қоғамының 1868 жылы құрылған Орынбор бөлімшесі жетекші орын алды. Бөлімше өлкенің географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба байлықтарын және статистикасын зерттеумен айналысты. Бұл бөлімшемен қатар Торғай статистика комитеті мен Орынбор ғылыми архив комиссиясы (1887) ашылды. Бұл өлкеде атқарылған жұмыстарға Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов, Б.Дауылбаев, Т.Сейдалин, С.Жантөрин, т.б. өз үлестерін қосты. Өлкетанудың тағы бір орталығы Орал қалысы болды. Онда Орал казактарының тарихы мен шаруашылығына, балық аулау кәсібі мен шаруалардың қоныстану мәселесіне көбірек көңіл бөлінді. Омбы қаласында жергілікті жерді зерттеушілер Ақмола статистика комитетінің жанындағы география қоғамның бөлімшесіне бірікті. Батыс Сібір Өлкетану қоғамдарына қазақтардан Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, т.б. белсене қатысты. 19 ғасырдың аяғында Батыс Сібір география қоғамы бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. Солтүстік Қазақстанды зерттеуде Өлкетану қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Ресей география қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді айналысты. Қоғамдарда Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, І.Қостанаев зерттеулер жүргізді. Жетісуға П.П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А.Н. Краснов, А.Ф. Голубев, М.И. Венюков экспедициялық сапарлар жасады. Сонымен қатар 1896 жылдан жұмыс істей бастаған “Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция” Ресейдің ішкі губернияларынан келетін шаруаларды қоныстандыру үшін өлкенің барлық уездерін табиғи-тарихи және шаруашылық-статистикалық жағынан зерттеуге баса көңіл бөлді. Ғылыми-танымдық материалдардың қорын жасауда, оларды жарыққа шығаруда облысы статистика комитеттері үлкен рөл атқарды. Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілдік реформаларға байланысты 1886 жылы статистика комитеті “Қазақтардың заңдық ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдарды” басып шығарды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда Өлкетанудың тұрақты ғылым мекемелері мен ғылыми-зерттеу интернаттары, қорықтар ұйымдастырылды. Өлкетану бойынша Қазақстанды зерттеу қоғамы аясында және Кеңес өкіметінің Қызыл керуен, Қызыл отау шараларының негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл кезеңде негізінен Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру, шикізаттың жаңа көздерін ашу, индустрияландыру, елдің бет-бейнесін түбірінен өзгерту, кеңестік шаруашылықтар мен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Өлкетануында Қ.И. Сәтбаев, Ә.Х. Марғұлан, т.б. қомақты еңбектер атқарды. Бірқатар тұрақты және маусымдық экспедициялар Қазақстанның жер қойнауын, өсімдік, жануарларын, жалпы табиғатын кешенді зерттеу және тарихи-археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен қатар жергілікті халықтың мәдениетін, тілін, өнерін, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен де айналысты. 1973 жылы Кеңес Одағы жергілікті халықтар өлкесінің тарихын, экономикасын, мәдениетін, табиғатын зерттеп білуге қатысты арнайы Бүкілодақтық туристік экспедициялар ұйымдастырылды. Туристік-өлкетану үйірмелері жұмыс жасады. Өлкетанудың жергілікті орталықтары ретінде тарихи-өлкетану мұражайлары, мәдениет үйлері, түрлі үйірмелер құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жергілікті жерлердегі Өлкетану мекемелерінің ісін жандандыру, бұрынғы жер-су атауларының шығу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп танымал емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға алу ісі қолға алынды. Жергілікті жерлерде облыс, аудан Өлкетану мұражайлары жұмыс істейді. Қазақстанның әр өлкесіне арнайы ғылыми-зерттеу экспед-ицияларын ұйымдастыру да ілгері дамуда. Өлкетанудың өзіндік атқаратын 3 функциясы бар: бірінші фунцкциясы - педогогикалық, білім беру орталықтарында оқыту және тәрбиелеудің эффектісін жоғарылату үшін қолданылатын дидактикалық әдіс ретінде; екінші функциясы - оқытулық, ол өлкетануды элементарлы мектеп географиясын оқытудағы базалық курс ретінде қарастырады; үшінші функциясы - ғылыми, ол өлкетануды барлық әдістерімен бірге географиялық зерттеудің жүйелік құрамы ретінде қарастырады. Өлкетанулық зерттеулерді жүргізудің өзіндік әдістері бар. Олар: экономикалық, тарихи, географиядлық, әлеуметтік, картографиялық, модельдеу арқылы, статистикалық, визуальді (байқау), анкеталық және сипаттау әдісі. 
Өлкетану түрлері
Өлкетанудың төмендегідей түрлері бар: Мемлекеттік, қоғамдық, мектеп және тарихи өлкетану. Мемлекеттік өлкетану –арнайы органдардың қатынасымен мұражай жұмысын ұйымдастрыу, әкімшіліктердегі, кітапханалардағы, ғылыми-зерттеу институттарындағы мәдениет пен ғылымға байланысты бөлімдердің жұмыстары.
Қоғамдық өлкетану –қоғамдық өлкетанушылардың, туристердің, қоғамдық ұйымдардың жеке адамдардың күшімен ұйымдастырылады. Олар өлке ерекшеліктеріне байланысты, өлке тарихы мен онда өмір сүрген белгілі адамдардың өміріне байланысты деректер жинау т.б. жұмыстармае айналысады
Мектеп өлкетануы –мектептердегі оқу бағдарламалары және олардан тыс атқарылатын туған өлкеге қатысты жұмыстар бойынша білімді жетілдіруге, сондай-ақ әртүрлі туристік өлкетану шаралары барасында түрлі тәрбие беруге байланысты жұмыстар.
Тарихи өлкетану –ол белгілі бір ауданның, облыстың, өлкенің тарихын, ондағы болған оқиғаларды, тарихи архитектуралық ескеткіштер мен олардың ерекшеліктерін оқып-танысумен айналысады.
Зерттеу нысандары
Өлкетанудың зерттеу нысандарын 4 топқа бөліп қарастыруға болады.
Өлкенің табиғатын, табиғи ерекшеліктерін, жеке компанеттердің (геология, жер бедері, ауа-райы, топырақ және өсімдік жамылғылары, жануарлар дүниесі т.б.) олардың өзгеру деңгейі мен сипатын, табиғатта жүретін үрдістерді зерттеу;
Өлкенің шаруашылығын, онда тұрып жатқан кәсіптік ерекшекліктерін анықтау;
Өлкенін және онда тұрып жатқан халықтарының тарихы жайлы деректер, экспонаттар жинау, көне қалалар қалдықтарын, тарихи ескерткіштерді оқып-тану және оларды халық тарихымен, тарихи кезеңдермен байланыстыру;
Халықтың этнографиялық немесе ұлттық ерекшеліктерін, демографиясын, топонимикасын зерттеу.
11. 1905 1907 жж революцияның қазақстандағы қоғамдық саяси өмірге ықпалы
1905—1907революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды
Бірінші орыс революциясының қазақ халқына тигізген ықпалы
1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.
Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.
Бірінші орыс революциясы және патша үкіметі отаршылдық саясатының күшейе түсуі
1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.
Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.
Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.
Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорын жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.
Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды

12. Уалихановтың ,Құнанбаевтың,Алтынсаринның ағартушылық қызметі
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.
Қызмет жолы
Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 1854 жылы кадет корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырымен таныс еді. Жас ғалым әйгілі профессор Березин бастырып шығарған "Тоқтамыс ханның жарлығы мен басқа да хан жарлықтары туралы еңбектерге тыңғылықты талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің бірі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастайды.Өсімдіктер әлемінің қолайлы жағдайды талап ететіні сияқты қоғам да өзінің кедергісіз дамуы үшін қолайлы жағдайды талап етеді. Алайда ғалым табиғат зандары мен қоғам арасындағы айырмашылықты ажыратып көрсетеді. Табиғаттың дамуы физикалық зандарға негізделсе, қоғамда олар әлеуметтік зандардың күшімен, яғни қоғамдық өмірдің әртұрлі жақтарымен, тайпалық организм өмірінің шарттарымен толығады.
Орынбор
1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторымен бірге Семей, Аягөз, Қапал арқылы Алматыға дейін келіп қайтады. Осы сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинай жүреді. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Сол сапардан кейін оның әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик шенін алады.
1856 жылы полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет "Манас" эпосының ең шұрайлы бөлігі "Көкетай ханның ертегісі" жырын жазып алады. Манас - халық даналығының туындысы, барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрпы жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы - дала Илиадасы" деп бағалады. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, оның қорытындысында Шығыс Түркістанның өткені мен бүгіні туралы зерттеулер жазады.
Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттейді. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған. Тарих, география саласындаы даңқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.
Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан елдердің аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жаксы білетін Шоқанға орыс зерттеушілері де қатты қызығып, оның көмегіне мұқтаж болатын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды.[1]Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С. Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. 1857 жылы П.С. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Кырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» жазып алды.
1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен өлім жазасына душар болған-ды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы Бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады.
Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-Петербургте ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатылды. Оны орыс патшасы II Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеуніктерінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді.
Петербургте болған кезінде (1859—1861 жылдары) Шоқан Уәлиханов әр түрлі әскери және ғылыми мекемелерде жұмыс істеді. Ол ресейлік шығыстанушылар мен дипломаттардың, жазушылар мен ақындардың сиынатын нағыз піріне айналды. Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркістанның карталарын жасаумен айналысып, қажымай-талмай еңбек етті. Шығыс елдерінің қолжазбаларын мұқият зерттеуді де жалғастырды. Оны Орыс географиялық қоғамы Шығыс тарихы туралы лекциялар оқуға шақырып тұрды.
Алайда Петербургтың ылғалды ауа райы оның денсаулығына жақпады. Денсаулығының нашарлауына байланысты Отанына оралуға мәжбүр болды. Ол Омбыға барып, даладағы жергілікті баскару ісін қайта ұйымдастыру жөніндегі шараларға қатысты. Оның негізгі ойлары «Қырдағы мұсылманшылық туралы», «Қырғыздардың көші-қоны туралы», «Сот реформасы туралы жазбаларда» баяндалады.1864 жылы Шоқан генерал Черняевтың Оңтүстік Қазақстанға жасаған әскери экспедициясына қатысады. Бірақ әскери қызметі ұзаққа созылмады, генералдың жергілікті халыққа шектен тыс қатыгездік жасауы салдарынан әскер қатарынан өз еркімен кетті.
Манас дастаныҚашғарияға сапары
1858 — 1859 жылдардағы Шоқанның Қашғарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қашғария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын. Саудагер ретінде Қашғарияға құпия барған Шоқан, өлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқарияға сапарынан «Алтышаһардың, яғни Қытайдың Нан лу уәлаятының шығыстағы алты қаласының жайы» атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді.
Қашғарияға сапарынан кейін Сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің арнайы шақыруымен Петербургте келіп, сонда бір жылдай тұрып ғылыми жұмыстармен айналысады. Алайда туберкулез ауруы меңдегендіктен Петербургтен елге, Сырымбетке оралады. Туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. «Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуніктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» деп жазады ол бұл туралы досы Достоевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмайды. Шоқан қарсыласынан көп дауыс алып жеңіске жеткенімен, генерал-губернатор оның халық арасында ықпалы мен беделі зор болып кетеді деп сескеніп, «науқасына байланысты қызметтен бас тартты» деген өтірік сылтаумен аға сұлтандыққа бекітпей қояды.
1864 жылы наурыз айында Шоқан полковник Черняевтің шақыруымен Әулиеата жорығына қосылады. Орыс империясының Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресей қарамағына бағындыру мақсатын көздеген бұл жорыққа аудармашы, жергілікті халықпен бейбіт мәмілегерлік келісімдер жасау үшін қатысқан ол, полковник Черняевтің Әулиеатаны (қазіргі Таразды) алу кезінде шәһар халқына жасаған жауыздығын көргесін, ренжіп, кейін қайтады. Содан Верный (қазіргі Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің ауылында (бұрынғы Талдықорған облысы, жазда Күреңбел жайлауы, қыс кезінде Алтынемел асуының күнгейі) тұрақтап қалады. Сонда Тезектің немере қарындасы Айсарыға үйленеді. Сөйтіп жүргенде ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан 1865 жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Көшентоған деген жерге қойылады.
Өлкетану өрісі
Ұлытау-Жезқазған өңіріне сапар шегіп, Алаша хан мазары, Жұбан ана кесенесі, Аяққамыр күмбезі секілді сәулет ескерткіштеріне сипаттма берген. Ер Едіге, Қойлыбай бақсы, Байғозы, Жаулыбай және Оразымбет (Оразай) батырлар жайлы құнды тарихи деректер қалдырған.
Шоқан және Достоевский
Шоқан және Абай
Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауыңа, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады. Бұл Абай мен Шоқанның ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін жас кезінен санаға сіңіріп, өшпес тағлым алуынан да, небір шешендер мен ақындардың тапқыр сөздерін естіп есуінен де, арғы түбі шығыс елдерінен таралған, араб, парсы, түркі тілдеріндегі қисса, дастан, аңыз, әпсана, ғазел мүлкін өздігінше ізденіп оқып, білімін байытуынан да, орыс және Европа кітаптары, соның ішінде олардағы фольклорлық нұсқалармен терең таныстығынан да көрінеді. Шоқан халық әдебиетін тарихты танудың аса бағалы ескерткіштері деп қараса, Абай көркемсөз байлығын жамағатты кәміл адамдық жолдарға баулып, тәрбиелеудің, жақсылықтарды өнеге етіп көрсетіп, зұлымдық, надандық атаулыны әшкерелеуің құралы санады. Абай осы мақсатты көздеп, езінің шығармаларында ауыз әдебиетінде қалыптасқан неше алуан нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді жаңғырта пайдаланды. Абайдың халық елеңдеріндегі дәстүрлі ұйқастар мен буындық өлшемдерді, арнау, толғау, жоқтау, жұбату секілді фольклорлық жанрларды қолдануы осыны көрсетеді. Шығыс фольклорындағы фабулаларға сүйеніп, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» тәрізді келемді туындылар жаратуы да ақынның жаһан халықтарының рухани қазынасын кең игергендігін дәлелдейді.
Шоқан мен Абайдың қазақ тарихы туралы толғамдары өткеннің тәжірибесін қорыту, халықтың сенімді болашағы үшін жол іздеу талабынан туған. Шоқан секілді Абай да шығыс пен батыстың тарихи шежірелерімен жақсы таныс болған, тарихи құбылыстарды бірі ғалым сипатында, екіншісі суреткер кезімен бағалап отырғанымен, бұрынғы замандардың қалдырған сабақтарымен мүддесіне тарату мұраттары жақын, халықты ғасырлар бойында тұмшалап келген қараңғылық тұманынан арылтып, өркениеттің даңғыл жолына түсіру қажеттіктері мәселелерінде екеуінің ойлары өте орайлас шығады. Шоқан өзінің тарихи-этнографиялық, фольклорлық еңбектерінде қазақ халқын көркейтудің амалы оқу-білім жүйесін жақсартуда деп көрсетсе, бұл аң бар Абай шығармаларының өзекті жемісіне айналған. Түрік халықтарының генетикалық, мәдени бірлігін, тарихи тағдырластығын айтқанда ұлы ойшылдар үні бірдей шығады. Мұның бәрін Шоқан мен Абай өмір кешкен дәуірдің тарихи-әлеуметтік мұқтаждары мен сауаптарының сабақтастығынан туындаған құбылыстар деп те қарауға болады.
Қазақ халқының тәуелсіздіктен айрылып, Ресейге бағынышты, кіріптар күн кешкен заманында қоғам көкжиегінде жарқырап шыққан қайраткерлердің қалдырған мұрасы өзінің тақырып кеңдігі, талдау тереңдігі, ойларының биіктігі жағынан 19 ғасырдағы әлемдік озық ескерткіштер қатарына қосылады
Шоқан Уәлиханов шығармалары
Шоқанның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор. Орыс географиялық қоғамы басып шығарған Шоқан шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Николай Иванович Веселовский:
«Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарық етіп шыға келгенде, орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті!» деп жазды.
Бірақ ол сол аз ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс әрекетімен дәлелдеп үлгерді.
Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған.
Психологияда қалдырған ізі
Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны — халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы мәселе еді. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этнографиясын зерттеген шовинистік рухтағы орыс ғалымдарының еңбектерінде халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы бар мәдениетіне қиянат жасалып, тіпті ұлттық психологиямызға күйе жағылып, екінші сорттағы халық деп келгені белгілі. Осындай келеңсіз көзқарасқа қыр жағдайында туған халқының ұлттық ар-намысын қызғыштай қорғап, қазақ халқын "тағы халық" деп қарау мүлде қате, бұл білместіктен айтылған сөз, халқымыз ертеден елдігі, өзіндік өнері бар, ылғи да көшіп-қонудың салдарынан оқу-білімнен кенжелеу қалса да, рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға ұмтылғыш, жаңалыққа бейім халық деп тебіренеді. Ол Шығыстың эпосына емес, индогермандық эпосқа ұқсайды", — деп ол түйіндей келе, ол қазақтардың рухани байлығын өркениеті аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды Шоқан қазақ ақындарының төгілдіре жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады.
Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халықтық психологиясын көрсететін белгілердің бірі — сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнері халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың белгісі деп санады. "Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы, — деп жазды ол, — бәрінен де артық көрініс табады. Өткенді қастерлеу мен аңыздардың молдылығы — терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл". Ғұлама ғалымның осы пікірлерін кең-байтақ өлкемізде болған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды. Шоқанның психологиялық пікірлерінің екінші бір арнасы оның дін жөніндегі толғаныстарымен астарласып жатады.
Ғұлама ғалым алғашқы адамның қиялы мен діни сенімдері оның табиғатқа тікелей қатынастарының бейнесі ретінде пайда болғандығын айтады. Шоқан қазақ халқындағы шамандық ұғымдардың шығу тегін түсіндіргенде де, оның психологиялық жақтарын ашқанда да, материалистік позицияны берік ұстады. Шоқан туған халқының әдет-ғұрпының түрлі жақтарын таңдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді де мейлінше сынап, олардың психологиялық астарларына үңіліп, осы айтылғандардың қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп қарады. Мәселен, осындай кінәраттың бірі барымта екендігін, оны жұрттың көпшілігі баюдың мал жинаудың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп жүргенін баса айтты. Ол мұндай "кәсіппен" айналысқан адамның еңбекке ынтасы болмайды, жан-жүйесі жұғымсыз, ұсқынсыз келеді. Белгілі бір кәсіппен айналысу уақытты, зор ынтаны керек етеді деп дұрыс тұжырымдады. Осылайша ол жастарды сұрқия кәсіптен бойын аулақ салуға шақырып, осынау жексұрын қасиеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта келіп, осы жаман әдеттің сайып келгенде қазақ даласында түрлі кәсіптің дамуына кедергі келтіретініне тоқталды
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен
Абайдың педагогикалық көзқарасының қалыптасуы
Абайдың педагогикалық көзқарасы қазақ жерінде патриархалдық-феодалдық қатынастар әлсіреп, капиталистік қатынастардың өмірге ене бастаған кезеңінде қалыптасты. Ақынның ағартушылық ой-пікірлерінің қалыптасуына игі әсер еткен табиғи арналардың алғашқысы - ақынның дүниеге келген ортасы, жас Абайдың бойына адамгершіліктің ізгі қасиеттерін ақ сүтімен қоса дарытқан ана мейірімінің қуаты. Кеудесі шежіре-тарих, аңыз-әңгімеге толы, халықтың салт-дәстүрлерін жетік білетін мейірбан әжесі Зере мен мінезге бай, тілге шешен анасы Ұлжан бала Абайды өз алдына бір бөлек рухани қазына бесігі болып тербетті. Талантты жастың өз бетінше ден қоя оқыған, құныға тыңдаған ауыз әдебиеті шығармалары туған халқының өмірі мен дәстүрін, арманы мен мұңын ертерек танып білуіне себепші болды. Өмір заңдылықтарын түсінуге игі ықпал еткен әке тағылымы да ақын бойында ұстаздық қасиеттің қалыптасуына үлкен әсер етті. Туған халқының рухани мұрасын жан-жақты игеріп, Батыс пен Шығыстың ғылыми ой-санасын сыншылдықпен бойына сіңіру арқылы Абай қазақтың қоғамдық ой-пікірін өзінің ағартушылық тұрғыдағы тұжырымдарымен байытты. Ақынның жастарды білім алуға, ғылымға, адамгершілікке үндеген педагогикалық топшылаулары шығыстың атақты ғүламалары Әлішер Науаи, Ғ. Дауани, әл-Фараби т. б. ой-пікірлерімен сабақтас, өзектес келеді. Ол орыстың алдыңғы қатарлы ойшылдары мен көрнекті педагогтарының маңызды тәлім- тәрбиелік ой-толғаныстарын өзіндік құнды қағидалармен толықтырып, кейінгі ұрпаққа ағартушылық жаңа дәстүр қалдырды.
Абайдың дүниетанымын зерттеушілер
Абайдың дүниетанымы зерттеушілер назарын аударып, оқырман қауымның рухани қазынасына айналды. Профессор Т. Тәжібаевтың еңбектерінде Абайдың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек тәрбиесі жайлы тұжырымдарына талдау жасалған. Ол Абайдың педагогикалық, психолиялық көзқарасын тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан жан-жақты ашып берді. Ақынның ағартушылық түрғыдағы ой-пікірлері туралы бірқатар зерттеулер жазылып, диссертациялар қорғалды. Абайдың педагогикалық көзқарасы мәселелерін арнайы тақырып етіп қозғамаса да М. О. Әуезов, Қ. Б. Жарықбаев, X. Сүйіншәлиев еңбектерінде ақынның ағартушылық тұжырымдары жайлы біршама құнды пікірлер ұшырасады. Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми- теориялық шығармалар жазып, тікелей педагогикалық қызметпен шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қарасөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі-өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады.[1]Жастарға үгіт
Ақын жастар тәрбиесінің сан қырына, оның өзекті салаларына баса назар аударды, жас ұрпаққа үміт артты, олардың жүрек сезімін оятып, өзінің көкейкесті мақсат-мұраттарына жұмылдыруға ұмтылды. Жастардың еңбек етіп, ғылым мен білімге ден қоюы, алда тұрған мақсаттарына жету жолында табандылық көрсетуі қажеттігі сияқты асыл қасиеттерді уағыздау - Абайдың бүкіл ақындық қызметінің негізгі де үзілмейтін идеялық- тақырыптық желілерінің бірі. Абай мектепте оқып жүрген қазақ балаларына үміттене қарап, елдің болашағы осылар деп қуанды. Елдің мешеулігін, халықтың қараңғылығын, надандықты әшкерелеп, жаңа өмірге бастар жол оқу-ағарту, адамның рухани жағынан азат болуы деп түсінді. «Адамның білімі, өнері - адамшылықтың таразысы» деп санаған Абай білімді барлық атақ, құрмет пен бедел, байлықтан жоғары қояды. Ақын адамның ең қымбат кезі - жастық шақты оқуға, ғылымға жұмсауды еске салады. Ойын-сауықты кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, білімдіден үйрен, үлгі ал, солардай болуға тырыс дей келе: «Дүние де өзі, малда өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз...», - деген тұжырым ұсынады.
Ескілікті сынауы
Абай оқу-ағарту ісінің дамуына кедергі жасап келе жатқан ескілік пен надандықты, қатаң жазалау тәртібіне негізделген түсініксіз тілдегі діни оқуды әшкере етті. Молдалардың діни қағидаларды жалаң, жаттанды әдіспен түсіндіріп, баланың сана- сезіміне, ақыл-ойына, өмір мен дүниені танып білуіне сенім тудыра алмайтынын, олардың діни оқудың толық мағынасын өз мәнінде жеткізбей жүргендерін қатты сынға алып, шынайы білімді меңгерудің әдіс-тәсілін терең ғылыми тұрғыда көрсетіп берді. «Отыз екінші сөзінде»: ... білім- ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектің өзін дәулет біл... білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттен...» деп, білімге ұмтылу, оқыған азаматқа еліктеу, іздену, талаптану сияқты қасиеттерді бойға дарыту арқылы оқып-білген сайын дүниені тани түсетінін, бұл таным ғалымдық жолды қалыптастыратынын атап өтті.
Ғылымды үйренушілерге
Ақын ел қамы үшін емес, өз қамы үшін, елді бірлестіру үшін емес, араздастыру үшін оқитын, ойында «я тілмаш, я адвокат болу» ғана жүрген пысықай жастарды сынап, ғалым болу үшін ғана емес, сол алған білімін туған халқының мәдениетін, экономикасын, сана-сезімін көтеру үшін жұмсауға шақырады. Ойшыл ақын ғылымды үйренушілерді екі топқа бөледі. Бірі - білімді ақиқатты тану, азамат болу үшін үйренушілер де, екінші - бақастық, яғни біреуден озу, артық болу мақсатын көздеушілер. Ақын ғылым жолын қалаған жастарға ғылымды жеке басының қамы, бақастық үшін емес, халқына адал қызмет ететін жан-жақты жетілген, білімді - «толық адам» болып шығу үшін үйренуге ақыл айтып: «үйреніп жеткенше осы да болады ғой деп тоқтамай, үйрене беру керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды», -деп, оларға тынбай талаптануға, үздіксіз ізденуге кеңес береді. Абай қазақ жастарын желөкпе, әр нәрсеге көрсеқызар болмай, өнерді үйренуге, табиғатты тануға, ғылыми көзқарасқа негізделген тиянақты білім алуға үндеді.
Оқыту методикасы
Ол оқу-ағарту саласындағы таптық, ұлттық және мүліктік шектеулерге қарсы шығып, оқытудың ана тілінде жүргізілуіне баса назар аударды. Сонымен қатар: «Орысша оқу керек... өнер де, ғылым да - бәрі орыста... Сен оның тілін білсең, көкірек- көзің ашылады», - деп, орыс тілін үйренуге де ерекше мән берді. «Балаңа қатын әперме, - дейді ақын замандастарына, - енші берме, барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет». Абай Отыз сегізінші сөзінде ғылымды әл- Фарабидің үлгісімен сала-салаға бөліп, ұстаздарға ғылым негізін жоспарлы және жүйелі түрде балаға түсінігіне ұғымды, қызықты, тартымды етіп оқытуға, білімді өмір талабымен ұштастыра білуге кеңес береді. Ақын ғақлияларында оқудың шәкірттердің ынтасын арттыратындай түсініктілігі мен ерікті, көрнекілігі жайлы құнды дидактикалық пікірлер айтты. Ол жеке адамның қалыптасуына оқу-ағарту ісін ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесімен тығыз сабақтастыра қарастырады. Ақын түсінігінде адамгершілік тәрбиені құрайтын қасиеттер: адам баласын сүю, адамдардың бір-біріне адал, мейірімді және бірлік, ынтымақта болуы. Ол адамгершілікке баулуда жастардың сол замандағы мінез-құлық олқылықтарын өз бойларынан іздетіп, олардан арылуға, өзін-өзі тәрбиелеуге өсиет етті. Жасөспірімдердің мінез-құлық, адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген Абай: «Тез үйреніп, тез жойма, Жас уақытта көңіл-гүл...» - деп, жас баланы тәрбиелеуді өте ерте қолға алып, олардың дақ түспеген санасына ізгі қасиеттерді еге білу қажеттігін ескертеді. Ол өзі өмір сүрген әлеуметтік ортада орын алған бес түрлі зиянды мінез-құлықтан адам боламын деген әрбір жасөспірімнің сақтануы керектігін ашық айтады. Адам өзіне-өзі сыншы болу керек: «Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен есеп ал», - деген Абай тұжырымы жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, олардың бойында өзіне деген берік сенімін қалыптастырады.
Достық пен жолдастық
Ойшыл ақын адамдар арасындағы адалдық пен сезім тазалығына негізделген шынайы достық пен жолдастықты жоғары бағалады. Достық бағзы заманнан бері адамзатпен бірге жасалып келе жатқан жасампаз ұғымдардың қатарына жатады. Ол туралы әр ұрпақ заман шындығы мен талабына орай ой қорытты. Абай Ғ. Дауанидың достықтың табиғаты мен негізгі өлшемі жайлы айтқан пайымдауларын жүйелі тұжырымдармен байытып, достықтың мәнін кең тұрғыдан терең түсіндіріп берді. «Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым, Етек басты көп кердім елден бірақ...» - деп, өзі ескерткендей, заманында достық пен қастықты, әділдік пен қиянатты басынан мол кешіріп, өмір талқысы ой салған Абай өзі қастерлеп, ардақтаған достық пен жолдастықты келер ұрпаққа өсиет етіп жеткізуді азаматтық борышым деп білді. Ақын әділетсіздік жайлаған феодалдық қоғамдағы достықтың өлшемі малы үшін, күні үшін жағымпазданып, екіжүзділік жасау деп түсінетін жалған достықты жеріне жеткізе сынайды. «Жаман тату казады өзіңе ор, Оған сенсең, бір күні боларсың кор...» - деп, жалған достықтың бет пердесін әшкерелеп, жастарды жағымсыз жалған қылықтан сақтандырады. Ақын нағыз адал, шынайы достықтың құдіретті күшіне терең талдау жасайды. «Жолдастық, сұхбаттастық- бір үлкен іс, Оның қадірін жетесіз адам білмес. Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас, Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес...», - деп, құрбы-құрдас, дос-жолдас болып жүріп, көзі жоқ жерде жолдасын жамандап, келеке ететін екіжүзді залымдарды сынға алып, оларға адал достық пен шынайы жолдастықты қарама-қарсы қояды.
Гуманизм, интернационализм принциптері
Ойшыл ақын жастарды адамгершілікке тәрбиелеуде гуманизм, отаншылдық және интернационализм принциптеріне достықты, әділеттілік пен мейірімділікті негізгі қазық етіп алды. Абайдың ұлттар достығы, интернационалдық тәрбие жайлы ойлары өз халқына деген сүйіспеншілік сезімінен туындады. Көршілес халықтардың озық дәстүрлеріне, жетістіктеріне үңіле қарап, соларды үлгі-өнеге тұтты. Озық ойлы ақыл-ой иелерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, жақсы тәлім-тәрбие үлгілерін батыл насихаттады.
Еңбекке баулу
Жастарды адамгершілік рухында тәрбиелеп, оларға ғылым мен білімге бастар жолды көрсете отырып, ақын бұл мәселелердің шешімі еңбекте деп білді. Ол еңбектің адам мен қоғам өмірінде алатын қызметіне зор мән берді. Абай шығармалары олардың әр түрлі кәсіпті еркін меңгеруіне ықпал етіп, еңбекті тиімді ұйымдастыру жолдарына баулыды. Ақын жастарды бойындағы күш-қуатын пайдалы еңбекке жұмсауға шақырды. Өз заманындағы еңбекке салғырт көзқарастың зардабын дәлелдеп, адам бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуында еңбектің атқаратын шешуші қызметіне талдау жасады. Жастардың айналысар кәсібінің аясы тарлығына тоқталып, өзімен көршілес халықтардың егіншілік пен қолөнерін, сауда жасауды, түрлі кәсіпті үйренуге үндеді. Ақын кейбір жастардың бойындағы еңбекке икемсіздігін, құлықсыздығын, жалқаулығын сынап, берекесіз адамның болашағы жоқтығын әрдайым еске салып отырады. Жастарға жеке басыңның қамын күйттеп кетпей, халқыңның жарқын болашағы үшін еңбек ет: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың», - деген өсиет қалдырды. Абай қалың бұқараны адал еңбекке үндеді, қулық-сұмдықпен, алдау-арбаумен, ұрлық-зорлықпен, еңбексіз тапқан мал мен мүліктің: «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы сықылды тез суалар...»- деп, ондай арзан дүниенің жұғымсыз екенін ұқтырды. Ол қалың қазақ жұртшылығын адал, қарапайым еңбекті қадірлей білуге, ерекше құрметтеуге және оны бағалай білуге үндеді. Жастардың әрбірінің айналысар кәсібі болуын, ол кәсіпке дағдылану машығының неғұрлым ертерек басталуын, жастық шақта еңбекке деген ұмтылыстық, икемділіктің тұрақты қасиетке ұласуын құптады. Еңбек етуге де өзіндік байлам, талаптылық пен берік табандылық сияқты қасиеттердің керектігін ескертті. Ақын әрбір жастың келешегінің нұрлы, болашағының жарқын болуы адал еңбегі арқылы жүзеге асатыны туралы терең педагогикалық тұжырым жасады.[2]Отбасындағы әке рөлі
Абай жастарды еңбекке баулуда күнделікті отбасы тәрбиесіне, ата-ананың жауапкершілігіне ерекше мән берді. Баланың болашағына жауапкершілік алдымен әкеге жүктелетінін ескертіп, әкенің ақылы мен ықпалы болмай адал еңбекке, мағыналы өмірге дұрыс баулу, жас жеткіншектің бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мүмкін емес екенін атап көрсетті. Сондықтан, баланы ұлағатты азамат - «толық адам» етіп тәрбиелеу үшін, ата-аналарының өздерінің сол дәрежеге сай, үлгілі, өнегелі болуын талап етті. «Басында әке айтпаса ақыл жарлық, Ағайын табылмаса ой саларлық. Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық?» - деп, ойын-сауықты қызықтап, өмірді белгілі бір мақсатсыз, бойкүйездікке салынып босқа өткізудің соңы өкінішке алып келетінін, қалайда ата-ананың ақылына көңіл бөліп, басшылыққа алуы керектігін еске салады. Ойшыл ақын әкенің ізгі қасиеттері - оның адамгершілігі, еңбексүйгіштігі, отбасы, жарына адал болуы деп есептеді. Әкенің отбасына, жарына деген сүйіспеншілік сезімі үй-ішін нұрландырып тұрса, Ері ақылды, қатыны мінезді боп, тату болса, үстіндегі үй райысқа айналып, бала жақсы мінезге, асыл қасиетке тәрбиелене алатынын атап өтті. Керісінше, ақын өз отбасынан суынып, ел көзіп, қыдырымпаздыққа салынған, өз үйінің шырқын бұзған, бала тәрбиесіне мән бермейтін әкелерді сынға алады.
Отбасындағы ана рөлі[өңдеу]
Абай бала келешегіне қамқоршы ұстазы - әке деп білумен қатар ұрпақ тәрбиелеудегі ананың орнын да ерекше бағалады. Өз анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің құшағында болып, қос мейірім бұлағынан сусындап өсуі оның ана қасиетін биік тұғырдан тануына игі әсер етті. Аналық мейірім арқылы берілетін нәзік те пәк адамгершілік асыл қасиетті ерекше қастерледі. Ананы өз баласының алғашқы, ең аяулы тәрбиешісі деп білді. Қыз баланың тәрбиесіндегі ана тәлімінің ықпалына Абай педагогикалық тұрғыдан жан-жақты талдау жасап, өрелі тұжырымдар айтты. Ол қыз балаларды жұбайлық өмірге балғын шақтан әзірлеу керектігіне назар аударады. Қыз күнінде ұқыпты, жинақы болып жүріп, тұрмыс құрған соң берекесі кетіп, салақ әйел атануы, әсіресе қаракетсіз өскен бай қыздарының жастайынан еңбекке етене баулынбағанынан деп білді. Сондықтан аналарға қыз бала тәрбиесінде ұлттық дәстүрді басшылыққа алуды ұсынды. Халық тәрбиесінде абзал аналар ес біле бастаған қыз балаларына іс тіктіріп, үй шаруасына үйреткен. Осындай аналарды Абай қатты құрметтеп, қалыңдық іздеген жігіттерге тәрбиелі ананың қызына көз салуды ескертті. «Жасаулы деп, малды деп байдан алма, Кедей қызы арзан деп құмарланба. Ары бар, ақылы бар, ұяты бар Ата-ананың қызынан ғапыл қалма», - деп, жар таңдағанда тәрбиелі, жақсы ананың перзентін малды болмаса да бағалай біл, өмірлік жолдас ет деген аса құнды пікір айтты. Бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін жинақтаған қыз балаларды болашақ көтерілер шаңырақтың берік қазығы деп есептеді. Болашақ отау құру мәселесінде қыз балалардың ақылды, білімді болуына ерекше мән берді. Ол өз қызы Күлбаданды қала мектебінде оқытумен қатар, қазақ қыздарының сауатты болуын қолдады. Ең болмағанда хат танып, оқу-жазуды игеруі керектігін ескертті, маңайындағы адамдардың қыз балаларының сауатын аштыртып, өлең-жыр көшіртіп, ән мен музыкаға баулыды.
Тұрмыс құрар жастарға
«Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме! Әйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей, көңіл берме!», - деп тұрмыс құрар жастарға қалындықты көркі мен сымбатына ғана қарап бағаламай, оның адамгершілік қасиетіне, ішкі жан дүниесіне, ақыл- парасатына, көргенділігі мен тәрбиелілігіне көңіл бөлу керектігін ерекше атап көрсетті. Абай болашақ отау құрушы жастарға жұбайлық өмірдің елеулі қиындықтары да болатынын, ол қиындықты жеңуге алдын ала әзірлеу керектігін ескертті. Некелескен жастардың бір-бірімен, отбасының басқа мүшелерімен, жора-жолдас, туған- туысқандарымен сыпайы қарым-қатынаста болуы, олардың елге қүрметті, саналы азамат дәрежесіне жетуі өздерінің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне байланысты екенін ашып көрсетті. Ақын некелік өмірдің табиғи тірегі мен құқықтық негізі - жастардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі деп білді. Абайдың түсінігінде тең құқылық - махаббат бостандығы. Сол бостандықтың жүзеге асуы - олардың некелесуі деп қарады. Сондықтан ол өзінің көптеген өлендерінде осы тұжырымын жария етті.
Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.
Ағартушылық еңбегі
Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады.
Мал, дәулеттің байлығы –
Бір жұтасаң, жоқ болар.
Оқымыстың байлығы–
Күннен күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып, жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
...Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай.
Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты.
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды.
"Өнер – жігіт көркі" деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды! – деп, жеткіншек ұрпаққа сенім артады.
Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті. Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері – туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.
Таулардан өзен ағып сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең, ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар ,
Өзеннен рақат тауып, басылады.
Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі суреттеген. Бүкіл тіршіліктің "өзеннен рақат тауып" жатқанын нақты сипаттау оқырман көңіліне жағымды сезім ұялатады. "Жаз" өлеңінде көктемгі табиғаттың келісті суреттері бар. "Ұшпақтың күн сәулесі жерге түсіп", "Аспаннан рақымменен күн төнгенде", "Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі", "Кеш болса, күн қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып", т.б. суреттер мен бейнелі сөздер Ыбырайдың табиғат көріністерін сезінуінің тереңдігін, суреткерлігін көрсетеді. Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен байланыста бейнелейді. Қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну, мал бакқан елдің қыстан қысылып шығып, жазда тынысының кеңуі, қуаныш-шаттығы көңілді әсерге бөлейді.
Бір малы шаруаның екеу болып,
Қыстаудан ауыл көшер алуан-алуан.
Күлісіп, құшақтасар, әзіл етер,
Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған.
Жүгіріп киік, құлан тау мен қырда,
Қуанып ықыласпен келген жылға...
Алыстан мұнарланған сағымдары
Шақырып, тұрар күліп: "Кел, – деп, – мұнда..." Бұл өлеңдер арқылы Ыбырай қазақтың жазба әдебиетінде табиғат лирикасын бастады. Оны кейін Абай әлемдік поэзияның биік деңгейіне жеткізді: Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. "Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа", – дейді. "Атымтай жомарт" әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. "Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады", – дейді ол. "Әке мен бала" әңгімесінде мынадай бір жай сөз болады. "Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған бір ескі тағаны көріп, баласына айтты: "Анау тағаны, балам, ала жүр", – деп. Бала әкесіне: "Сынып қалған ескі тағаны не қылайын", – деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі кайырылып, тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып: "Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың", — деді. Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде аз кездеспейді. Бұл – жақсы әдет емес. Сондықтан балалардың бойкүйез, жалқау болмауына, еңбекқор болуына Ыбырай ерекше мән берген. "Бай баласы мен жарлы баласы" атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген коғамдық, таптық көзкарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу аркылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді. Жазушының шығармаға жасы құрбы екі баланы алып, оларды бай мен кедейдің өкілі етіп суреттеуінің сыры да оның идеясынан айқын көрінеді. Жарлы баласы Үсен – тұрмыстың ауыртпалығын көре жүріп, ысылған еңбек адамы. Ауылдары көшіп кетіп, жұртта қалған екі баланың далада тамақ тауып жеуіне, ауылдың калай қарай көшкенін аңғаруына, түнде далада түнегенде ит-құстан сақтануына Үсеннің тапқырлығы мен еңбекқұмарлығы себеп болады. Ал бай баласы Асан – өмір үшін күресудің жолын білмейтін, шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жан. Кісі еңбегімен күн көріп, бейқам болып өскен бай баласының басына күн туғандағы дәрменсіздігін суреттеу арқылы жазушы келешек Үсендер жағында екенін аңғартады. Сөйтіп, жастарға өмірден еш нәрсе үйренбей, жалқау болып өскен бай баласындай болмай, қиыншылыққа төзімді, өнерге бейім, еңбек сүйгіш жарлы баласы Үсендей болып өсуді уағыздады. "Жаздың бір әдемі күнінде бір кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағашты көріп жүрді. "Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неліктен кисық біткен"? – деп сұрады баласы. "Ата-анаңның тілін алсаң, ана ағаштай сен түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз кетсең, сен де мына қисық ағаштай болып, бағусыз өсерсің. Мынау ағаш – бағусыз өз қалпымен ескен", – деді атасы. "Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой", – деді баласы. "Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, бұдан сен өзің де ғибрат алсаң болады, сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате жеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің", – деді. Ыбырай "Бақша ағаштары" атты әңгімесінде осылай деп жазды. Яғни тәрбиенің үлкен рөл атқаратынын көрсеткен. Соның бірі – талап. Талап етіп талпынбаса, адам баласы алға баспаған болар еді. "Талапты ерге нұр жауар" деген халық мақалы да өмір тәжірибесінен туған. Жастық шақ – жігер-қайраттың мол кезі, бойдағы жақсы қасиеттерді жарыққа шығарып қалатын кез, ол үшін талап керек. Талаптан да, өмірден керегіңді ал. "Талаптың пайдасы" деген әңгімесінде Ыбырай сол идеяны көтереді. I Петр патша шіркеуге барып ғибадат етіп тұрғанда, арт жақта бір баланың сурет салып тұрғанын көріп, қасына келіп, не салып жатқанын сұрағанда бала: "Сіздің суретіңізді салып жатырмын!" – дейді. Петр суретті көрсе, мәз еш нәрсесі жоқ екен. Бірақ ақылды Петр патша ол баланың суретке талабы бар екенің аңғарып, сурет салатын оқуға бергізеді. Кейін сол бала үлкен суретші болады. азушының бұл арадағы көздегені - жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қолы жеткенін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу. Мейірімділік баланың отбасына деген махаббатынан басталады. Әркім алдымен өз ата-анасын, туғандарын жақсы көреді, сыйлайды. Ыбырай ата-ана мен бала арасындағы осындай жылы қарым-қатынасқа ерекше мән береді. "Мейірімді бала" әңгімесінде 13 жасар қыздың әкесінің орнына, өз қолын кесуді сұрағанын жазады. Қыз: "Тақсыр, жұмыс істеп, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз", – дейді. Жазушы "Аурудан аяған күштірек” деген әңгімесінде аяғы сынған Сейіт деген бала, ауруы қанша батса да, анасын қиналтпау үшін қабақ шытпағандығы айтылады. "Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжем де қиналып, жыламасын деп жатырмын", – дейді ол. Алғашқы әңгімедегі қыз да, соңғы әңгімедегі Сейіт те шын мәніндегі мейірімді қылықтарымен ерекшеленеді, мұның негізінде жалпы адамды сүйетін жақсы сезімдер жатыр.
13.Қазақтардың ресейдегі бірінші және екінші думаға қатысуы
Мемлекеттік дума: мәні және қызметі. Мемлекеттік Думаның мәні мен мазмұнын түсіну үшін оның саяси өмірдегі қажеттіліктен туындағанын ескеру керек. Ресей Мемлекеттік Думасының өмірге келу мұқтаждығы өзінен өзі өсіпжетіліп келе жатты. Бірақ оның түпкілікті орнай алмағанын тарихтан білеміз. Ендеше ол қажеттіліктер неден туды. Алдымен соған жауап беріп көрелік. Ресейде Мемлекеттік Дума дүниеге келген кезде шаруалар елдегі халықтың басым көпшілігін құрады. Ал Ресейдің отарындағы қазақ даласының қалыптасқан саясиәлеуметтік болмыс пішіні бұл тұста төмендегідей еді. 1905 жылы қазақ даласындағы барлық халық саны 4442,8 мың болса, оның 10,3 процентін қоныс аударушы шаруалар, 6,3 процентін казактар, 83,4 процентін қазақтар құрады 180 . Яғни қазақ даласындағы ілкі отарлау саясатының салдарынан халық құрамының едәуір өзгергенін көрсетеді. Ресейдің ол шетімен бұл шетіне дейінгі жер жыртып, мал өсірген шаруалар мемлекеттің ең басты тіректерінің бірі, бүкіл елдің азықтүлігін дайындап, күн көрісін қамтамасыз етіп отырған бірденбір әлеуметтік топ болды. Сондықтан империядағы өзгерістерге демократиялық сипат беріп, дамыған елдердегідей патша билігін жоймайақ, Мемлекеттік Дума Ресейдегі сан жағынан ең көп шаруалардың мұңмұқтажын алғашқы кезекке қоймақшы болды. Шаруа үшін жердің ең маңызды мәселе екені әуел бастан белгілі. Сол себепті де Дума өзі өмірге келген сәттен бастапақ бұл мәселені өз назарынан тыс қалдыра алмады. Осылайша жаңа демократиялық басқару жүйесімен ескі қоғамдық құрылыс арасындағы тартыстың өзегі болып жер мәселесі тұрды. Патша ағзамның қол шоқпар үкіметі қарапайым халықпен түсінісе алмады, ортақ мәмлеге де келмеді. І Мемлекеттік Думаға сайлау біріншіден, партиялар мен әлеуметтік топтардың қақтығысын туғызды. Сайлау саяси билікке ұмтылған партияларға да либералдық ағым бағытындағы көңілкүйлерге де әскериполициялық қадағалаулар мен қуғындау тұрғысында өтті. 1906 жылы ақпанда Дала генералгубернаторы мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне саяси партияның қандайының қатарына болса да өтуіне тыйым салған бұйрық шығарды. 1906 жылы көктемде осы жағдайларды ескере отырып, большевиктер партиясы Думаға байкот жариялау туралы шешім қабылдады. Өйткені, төңкеріс үшін сайлау компанияларына қатынасудан гөрі саяси күрестің тереңдеп әрі қанат жаюы қажет еді. В.И.Лениннің сөзімен айтқанда «конституциялық болмас іспен жұбатудан (иллюзия), парламенттік ойыннан қауіпті ешнәрсе жоқ» 181 . Думаға деген белсенді байкотты Қазақстандағы социалдемократиялық ұйымдар қолдады 182 . Дума шақыру жөніндегі дайындық және үгіт жұмыстарында бірсыпыра олқылықтар орын алды. Сондықтан да, 1906 жылы 8ақпанда үкімет виттелік дума, булыгиндік думаның кебін кимес үшін арнайы бұйрық шығарады. Онда: Мемлекеттік Кеңес және Мемлекеттік Думаға сайлауға жалпы халықтың қатыспай қоюы немесе сайлауға қарсы әрекеттерге байланысты әкімшілік жаза қолданып, (4 ай мен 8 айға дейін) түрмеге жабу туралы айтылды 183 . Ал Ішкі істер министрі Дурновоны жаңа Думаның тағдыры қатты мазалады. Ол Дала генералгубернаторына былайша ескертті: «По имеющимся в МВД сведением, неблагонадежные элементы крайнего направления имеют намерения обратить преступную деятельность к тому, чтобы всеми способами мешать успешному созыву Государственной Думы. В сих видах революционеры намереваются оказывать свое вредное воздействие на предвыборные и подготовительные собрания. Предлагаю ныне же озаботиться принятием всех зависящих от Вас мер к ограждению порядка, спокойствия и свободы вышеупомянутых собраний…, чтобы все лица, которые возномереваются препятствовать правильному ходу выборов в Государственному Думу, были своевременно подвергаемы задержанию и привлекаемы к уголовной ответственности» 184 . Қазақ зиялылары, жалпы қарапайым халық Мемлекеттік Думаға сайлауға қандай дайындықтармен келді? 1905 жылғы саяси өрлеу, Думаға дайындық Ресей көлемінде, соның ішінде қазақ даласында да түрлі саяси шараларды ұйымдастырумен қатар жүрді. Отаршыл жүйемен күресте қазақ зиялылары басқа ұлт өкілдерімен қатар орыстың демократиялық күштерімен ықпалдасып қимыл жасауды түсініп, бұл шараларға белсене араласын, сол арқылы қазақ қоғамының алдында тұрған мәселелер мен оның шешілу жолдарын айқындауды көздеді. 1905 жылы 613қарашада Мәскеуде Ресей мемлекетінің жергілікті өлкелерден келген өкілдерімен қалалық қоғам қайраткерлері бірігіп съезд өткізді. Олар І Мемлекеттік Думаны Құрылтай жиналысына айналдырудың жолдарын қарастырды. Съезд Ресейдегі әрбір азаматтың ұлтына, тегіне, діни сеніміне қарамастан сайлауға және сайлануға құқықты екендігін мойындауды талап етті. Осы съезге Әлихан Бөкейхан қатысып, қазақ елінің атынан сөз сөйледі. Орал мен Алтай аралығын мекендейтін қазақ деген халықтың барлығын, өзінің сол халықтың перзенті екендігін айтты. «Осында сөйлеген поляк, латыш, малорос өкілдерінің сөзін тыңдай отырып, мен ескі кітапты оқығандай боламын. Бізде де қырғыз (қазақ — Ө.О.) тіліндегі мектептер қуғынсүргінге ұшырауда. Бізді де цензура аямай жаншуда. Мысалы, қазақ тіліне аударылған М.Крыловтың 46 мысалын бастыру үшін цензурадан рұқсат ала алмай сандалғаныма 13 ай өтті. Крестьян начальниктері (көбі бұрынғы ротмистрлер) қазақ тіліндегі істерді қарауға мойын да бұрмайды. 18ақпандағы бұйрықтан кейін қырғыздар жиналып, өз мұқтаждықтарын петицияға түсірген еді. Бірақ почта ол петицияны Петерборға жіберуден бас тартты. Мұнан соң петицияны жақын арадағы (400 шақырым) екінші бір қаладан жібермек болғанымызда, тағы да жаңағы оқиға қайталанды. Бұл да болмаған соң келесі бір (760 шақырым әрідегі) қаладан зорға дегенде жөнелттік. Қазақтың мұқтажы шаш етектен… Сайлау науқанының таяп қалғанын жадымда ұстап, мен әлгінде ғана «съезд жергілікті тілдерді шектеудің барлық түрі тыйылсын деп шешім шығаруы қажет» деген мырзалардың ұсынысын қуаттаймын» 185 деді. Автономистердің съезі осы жылы Петербургте қараша айында өтеді. Бұл съезге қазақтың белгілі саясиқоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышбайұлы қатынасып, баяндама жасады. Бұл кезде ол СанктПетербургтегі І Александр атындағы Жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институтының студенті болатын. Мұхамеджан Тынышбайұлы баяндамасында патшалық зорлықшыл тәртіпті ымырасыздықпен әшкереледі. Мұның өзі сол кездегі ең бір батыл әрекет еді. Ол отаршыл үкіметтің «қазақтардың тілін, салтдәстүрін, діни сенімін, жалпы ерекше болмысбітімін қуғындау, тағылық және айуандықпен жазалау арқылы ұлт ретінде жойып, бүтін өлкені орыстандырып жіберуді тоқтату керектігіне назар аударды. Әр түрлі әкімшілік шаралар, нұсқаулар мен ережелер арқылы қазақтарды заңнан тыс тобырға айналдырып, оларды өздерінің атақонысынан айыру саясатын көздегенін ашына айтып, ендігі уақытта халықта автономдық дәрежеде болса да еркіндік беруін талап етті 186 . Қазақ халқы Мемлекеттік Думаға сайлауға қатынасу құқығына 1906 жылдың ақпан айының соңғы күндерінде ғана мүмкіндік алды. Яғни империяға қараған әкімшілік аумағы бойынша сайлау қазақ даласында ең соңында өткізілді. Егер ол метрополияда үш жетінің ішінде (1906 жылдың 26наурызынан 20сәуіріне дейін) аяқталған болса, І Мемлекеттік Дума таратылған күні Жетісу облысында сайлау әлі өтіп те үлгерген жоқ еді 187 . Ал 1906 жылы 27 сәуірде Мемлекеттік Дума өз жұмысын бастап кеткенде Семей облысында болыстар өз сайлаушыларын енді ғана анықтаған болатын 188 . Негізгі таңдау алдындағы күрес қалаларда болды. Социалдемократиялық бағыттағы үгіт Петропавловск, Ақмола, Семей, Қостанай, Өскемен, Верный және басқа да қалаларда кеңінен өріс алды. Петропавловскіде жергілікті социалдемократтар меньшевиктер өкілін әшкерелеп, қолөнершілер мен қызметкерлердің жиналысына қатынасушыларды революциялық күресті жалғастыруға шақырды 189 . Ал мамыр айында социалдемократтар қалалық дума мекемесінің жанында ашықтанашық РСДРПның сайлаушыларға арнаған үндеуін таратты 190 . Сайлауды өткізбеу жөнінде сайлау компаниясының шешімі шықпай тұрыпақ, үлкен жұмысты Омбы партия комитеті жүргізді 191 . Олар «азаматтар үшін» 2000 дана үндеу таратып, онда «халыққа помещиктердің, чиновниктердің, полиция мен капиталистердің жеке билігі де, Мемлекеттік Кеңес пен Думаның да қажеті жоқ…» 192 делінген. Сайлау мәселесі Қостанай социалдемократтарының шығарған үндеулерінде де көрініс тапты. РСДРПның Оралдағы ұйымы Повольженің большевиктерімен тығыз байланыс орнатып, онда Думаға байкот жариялауға шақырған үндеулер мен үгітнасихат жұмыстарын кең ауқымда ұйымдастырды 193 . Сайлау науқанының қызып тұрған шағында РСДРПның Семейлік бөлімшесі бірнеше кәсіпорында үгіт жүргізіп, жұмысшыларды біртебірте жалпы қалалық ереуіл жасауға шақырды 194 . 1906 жылы қаңтарда Верныйдың социалдемократтары «қала халқына» арнап үндеу жариялады. Үндеуде Мемлекеттік Думаның қалың бұқара мүддесіне қайшы келетін жақтарын түсіндіріп, жалпы жұртшылыққа тең құқықты, төте, жасырын дауыс беру арқылы сайлайтын бүкілхалықтық Құрылтай жиналысын құру үшін күреске шақырды 195 . Социал демократтар жүргізген үгіт жұмысының І Мемлекеттік Дума сайлауын болғызбау жөніндегі ісәрекеттері Ақмола мен Торғай облыстарында сайлауға қатысушылардың белсенділігі өте төмендігімен байқалды. Ереже мен сайлау науқанының беталысы жаңа саясиидеялық бағыт ұстанған партияларды қалыптастыруды тездетті. Алғашқылардың бірі болып кадет партиясының филиалы құрылды — деп жазады сол кездегі тарихи деректер көзі 196 . Ол туралы нақты мынандай дерек бар. 1905 жылдың соңына қарай Орал қаласында өткен бес облыстық (Ақмола, Семей, Торғай, Орал және Жетісу) делегаттық съезі «Қазақ конституциялықдемократиялық партиясын» құру туралы шешім қабылдады 197 . Оралда шығып тұрған «Фікір» газеті оның 9 адамнан тұрған Орталық Комитетінің құрамын жариялады. Олар Б.Қаратай, Т.Бердіұлы, М.Бақыткерейұлы, И.Тоқтамбердіұлы, Х.Досмұхамедұлы, Н.Айтмұхамедұлы, М.Мұқанұлы, Т.Рахымбердіұлы және И.Дүйсембиндер еді 198 . Ал енді қазақ зиялыларының партия құру бағытындағы ісәрекеттері әсіресе 1906 жылы белсенді түрде байқалды. Сол жылы 10маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға депутат сайлайтын қазақ сайлаушыларының 150ден астам адам қатынасқан жиналысы болып өтеді. Жиналыста Павлодар үйезі Сейтен болысының меңгерушісі Темірғали Нұрекен төрағалық жасайды. Ол туралы «Семипалатинский листок»: «Әңгімені Ә.Н.Бөкейхан бастап, ол жиналысты «Народная свобода» партиясының бағдарламасымен таныстырып, отырғандар оған қосылу турасында қаулы қабылдады» 199 — деп жазды. М.Дулатұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да бас пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдік пен жолжоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары сенімсіз болып қалды» 200 — дегенді. Қазақ жастары Ресейдің орталық қалаларында оқып жүріп, қоғам өміріндегі өзгерістерге тығыз араласты. Мәселен, Әлихан жөнінде: «Орман шаруашылығы институтында оқып жүріпақ ол (Әлихан Бөкейхан — Ө.О.) студенттік ортада саясиқоғамдық белсенділік танытты. Марксизм туралы айтыс қызғанда ол экономикалық материализм туралы тезистерді бар күшін салып қорғады» 201 — деп жазды. Кадет партиясын құрушылар осы саяси ұйымға халықты тарту мәселесінде едәуір қызметтер жасады. Өлке халқы өз тарапынан саяси дүниетанымына орай қалаулыларын таңдай білді. Айталық, Ақмолада татар көпестері атынан партияда жоқ молда өтті, Петропавловскіде бір сайлаушы өзін прогрессивтік бағытты жақтайтындығын білдірсе, екінші біреуі өзін өнеркәсіпсауда партиясының өкілімін деп есептеген 202 . Жалпы алғанда, сайлау қорытындысында кадет партиясының үлес салмағы басым болды. 9 қалалық сайлаушылардың 4і социалдемократиялық партияның өкілдері болса, қалған бесеуі басқа саяси көзқарастағы немесе ешбір ағымға кірмейтіндер болатын. Ал енді, кадет партиясының қазақ мүшелерінің көзқарасында қандай мәселелерге басты назар аударылды? Олар бүтіндей Дала өлкесін қазақ елінің меншігі етіп бекітетін заң қабылдаудың қажеттілігін, ішкі Ресейден ағылған шаруаларды қоныстандыруды тоқтатып, байырғы тұрғын халық өкілдеріне теңдік беру һәм ана тілінде ұлттық білім ошақтарын (мектеп, медресе, университеттер) ашу сияқты патша әкімшілігіне жазылған петицияларда көтерілген талап тілектері қамтылған 203 . Қазақ конституциялықдемократиялық партиясы бағдарламасынан байқалғанындай жалпы ұлттық, демократиялық сипаттағы мүддені көздеген. Тарихта орын алып келгендей қазақ конституциялықдемократиялық партиясын ресейлік кадеттер партиясының жай филиалы немесе ұлттық буржуазияның таптық мүддесін мұрат еткен ұйым есебінде көрсету дұрыс емес. Әрі бұл тұста олардың ресейлік кадеттермен байланысын жоққа шығара алмаймыз. Бұл алғашқы саяси ұйым отарлық езгіге қарсы бұқара халықтың бостандық пен еркіндігіне барар жолдағы ұлттық, демократиялық мұраттарды көздеген дербес төл партия құру әрекеті ретінде бағалануға лайықты. Шаруа таңдаушыларының қатарына кімдер кірді деген мәселеге тоқталайық. Мәселен, Ақмола облысы бойынша ауыл мен деревняларда революциялық үгіттің жағдайы нашар болатын. Өкімет тарапынан болған қуғынсүргіндер, әскери жағдайлармен қатар жергілікті социалдемократтардың қатарының да аздығы өз әсерін тигізді. Ақмола облысында ауыл тұрғындары арасында конституциялықдемократиялық партия белсенді қызмет жасады. Омбы кадеттерінің арасында кең тараған «Степной голос» былай деп жазды: «местных интеллигентных силах лежит трудная, но почетная, обязанность приложить все усилия к тому, чтобы выборы в Государственную Думу во всех стадиях проходили не только вполне сознательно, но и дали бы заранее определенные результаты» 204 . Аты аталған газет кадеттердің бағдарламасын, әсіресе аграрлық мәселе бойынша ерекше тоқталып: «Кім Отанына игілік жасағысы келсе, сол сайлау кезінде «Народная свобода» партиясын қолдау керек» 205 — деп шақырды. Сондайақ, кадеттер большевиктердің Дума жөніндегі тактикасына қарсы ұсақ буржуазиялық саяси ағымдарды сайлау науқаны алдындағы күреске бірігуге шақырды 206 . Шаруалар оларды қолдамады. Үйездердегі жиналыстарда шаруалар партияда жоқтар тобынан көрінді. Сайлаудың соңғы сатысында Ақмола облысында халықтың басым көпшілігінің сайлауға қатыспау себептерін кадеттердің кесірінен деп ұғындырылды. Ал кадеттер болса, оны қоғам өміріндегі қалыптасқан қиыншылықтардан, халықтың Думаға, сондайақ «Народная свобода» партиясына сенімсіздігінен деп түсіндірді 207 . Кадеттердің жеңілуіне тағы да бір ықпал еткен жағдай ол төңкерісшіл социалдемократиялық партияның белсенді ісқимылы болатын. Әйтсе де, жергілікті социалдемократиялық күштердің тыңғылықты ұйымдаспауы да өз нәтижесін көрсетті. Думаға меньшевиктік бағытты жақтаушылар да енген еді. Өзінің бастапқы саяси күрес кезеңінде самодержавиелік билікті, оның отарлау саясатын өткір сынға алып, оған қарсы ашық та пәрменді оппозициялық күшке айналған «Народная свобода» партиясы жағында болу Әлихан Бөкейхан және басқа қазақ зиялыларына тактикалық тұрғыдан белгілі бір уақытқа дейін тиімді көрінгені тарихи шындық. Ол туралы Әлихан Бөкейхан 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «…Біздің қазақ орыстың түзу жолда жүргендерінің отына жылынып келген, империялық жүйе жағдайында «қазақ сияқты аз, кем жұрт мақсаты біреуге ілесіп жүріп болады. Өз бетімен қазақ жол аша алмайды» 208 — деп жазған еді. Торғай облысының сайлау науқанын шаруалар ашты. Олар жалпы 56 сайланушыны таңдау керек болды. Оның 47і орыны Қостанай үйезіне, қалғандары Ақтөбе, Торғай, Ырғыз үйездеріне бөлінді. Әсіресе сайлау Қостанай үйезінде қызу жүрді. Онда жергілікті билікке сүйенген кулактар өздеріне пайдалы үміткерлерді сайлауға жіберуге ықпал етпек болды. Бірақ ауыл кедейлері тарапынан бұл пиғыл үлкен қарсылыққа ұшырады. Басқа үйездерде көпшілік сайланушылардың құрамы қатардағы шаруалардан тұрды. Социалдемократтардың шаруалар қауымына ықпалы әр жерде әрқалай болды. 1906 жылы 30сәуірде Қостанай үйезінің Успенск болысының шаруалары патша үкіметінің заңына қарамастан Думаға екі депутатты таңдап, ашық сайлау жүргізді 209 . Қостанайлық мещандар шаруалармен және басқа да қоғам өкілдерімен біріге отырып, төмендегідей талаптілектер қойған: саяси тұтқындарға амнистия жариялау, өлім жазасын жою, аграрлық мәселені шешу, т.б. 210 . Кейбір жерлерде шаруалар тіпті сайлауға қатысудан бас тартқан. Кадеттер жержерлерде шаруалардың назарларын өздеріне аударуға тырысып бақты. Қазақ зиялыларының кадеттер партиясының тұғырнамасына жақын болуының бір себебі дін мәселесімен де байланысты. 1905 жылы Ресейдің мұсылман дініндегі халықтары арасында отарлық езгіге қарсы саяси одақ қалыптаса бастады. Әрі ол діни сипат алды. 19051906 жылдары мұсылмандардың бүкілресейлік үш съезі өтті. Үкімет орындарының келісім бермеуіне қарамастан, Петербургке 1523қаңтар аралығында ІІ бүкілресейлік мұсылмандар съезі «Ресей империясының мұсылмандарын жалпы мемлекеттік мүддеге орай, сондайақ патшалықтың күнделікті жағдайымен және болашақта тізе қосып қимыл жасау үшін бір саяси партияға бірігуге үндейтін» жарғысын бекітіп, «Мемлекеттік Думаға депутат сайлау мерзіміне дейін тым аз уақыт қалуына байланысты ішкі губерния мұсылмандарының осы сайлау науқанында «Конституциялықдемократиялық партиямен» ынтымақтаса әрекет жасауға шақырған ұсынысын қуаттаған қаулы қабылдады» 211 . Қазақ зиялылары саяси күрестегі діни фактордың рөлінің маңыздылығын түсінді. Соны есепке ала отырып енді ғана саяси күрес жолына түсе бастаған олар басқа халықтармен ынтымақтасып, одақтасуды дұрыс деп тапқан болатын. Торғай қаласы мен облысы көлеміндегі сайлау науқанында әлеуметтік топтардың, һәм партиялар арасындағы қызметі белсенді түрде көрінді. Ол туралы «Тургайская газета»: «Қостанай қаласының жұртшылығы сайлау науқанына қатысты… әлі күнге дейін соның белгісі сайлаушыларды шақырған түрлітүсті афишалар, әр түрлі партиялардың ұрандары үйлердің қабырғалары мен қақпаларында сақталған» 212 — деп жазды. Патша заңдарының халыққа қарсы бағытталған тұстары қалың бұқараның кейбір әлеуметтік тобына өзінің тиімділігін байқатты. Сайлау науқанының алғашқы сайысында Торғай қаласы мен облысында Қостанайдың 10 сайланушысының 4еуі саудагер, 4еуі мещандар болды. Олар жалға жер алып, адамдар жалдап өңдеп, өнім өндірушілер болатын. Қалған біреуі — молда, соңғысы — мещан старостасы. Ақтөбелік таңдаушылардың (выборщики) бірі — үйездік басқарма қызметкері, екіншісі — судья болса, Торғай мен Ырғыз үйездері саудагерлерді сайлады 213 . Сол кездегі құжаттар көрсеткендей барлық таңдаушылардың қандай партияның мүшесі болғаны жөнінде нақты деректер жоқ. Дегенмен де, таңдаушылардың көпшілігіне кадеттер идеологиясының әсерін байқау қиын емес. Сол кезде Торғай облысы әскери губернаторына Ақтөбе үйезінің шаруалар жетекшісі былай деп жазды: «Жергілікті халық арасында конституциялықдемократиялық партияның бағдарламасы кең тарады… Мемлекеттік Думаға осы партияның атынан үміткерлерді сайлау жөнінде үгіт жүргізіп бастады» 214 . Алайда, сайлау қорытындысында кадеттер ықпалының өте жоғары деңгейде болмағанын көрсетеді. Облыстық сайлау комиссиясының көрсетуі бойынша сайлау жиналысына келген 57 таңдаушының, 31і өз дауыстарын «Народная свобода» партиясын жақтаушы Н.Дыхничқа берген 215 . Халықтың неғұрлым демократиялық ойпікірге жақын тобы жергілікті өкімет тарапынан тікелей қысым көрді». Қостанай қаласының сайлаушылары сайлау науқанына наразылықтарын былайша білдірді: 1. Сайлау негізінен жергілікті әкімшіліктің ықпалымен, түрлі қасақана бұрмалаулармен өтті; 2. Полиция кандидатты қорқыта отырып, оларды тізімге кіргізді. 3. Кандидаттар әкімшілік тарапынан әлдеқайда бұрын тағайындалды; 4. Сайлаушылар тізіміне өлгендер де еніп кеткен; 5. Әкімшілік қараңғы халықты өздеріне қажет кандидатты жазуға мәжбүр етті… ерікті сайлау болған жоқ, әкімшілік зорлығы болды. …Ескі тәртіптің нышаны айқын сезіліп тұрды 216 . Осы тәріздес өкімет тарапынан болған бассыздыққа орай Торғай облысының басқа жерлерінде де арызшағымдар түсіп жатты 217 , облыстағы сайлаудың нәтижесінде қазақ ұлтынан депутаттыққа Ахмет Бірімжан өтті. Семей қаласында 1906 жылы қаңтарда «Народная свобода» партиясының бөлімшесі құрылды. Сайлау алдындағы 1906 жылғы 7мамырдағы мәжілісте кадеттердің бағдарламасы оқылып, талқыланды. Мамыр айының екінші жартысында кадеттер жеті мәрте жиналыс өткізді.
14. Ұлт зиялыларының қалыптасуы,құрамы,қоғамдық қызметі: Бөкейханов,Досмұхамедов,Байтұрсынов,Тынышбаев,Құдайбердіұлы
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан  1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/27_%D2%9B%D1%8B%D1%80%D0%BA%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D0%BA"қыркүйек 1937, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
Өмірбаяны
Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.
Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды.
1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны "техник" мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.[1]Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының елордасы Санкт-Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.
Қоғамдық-саяси әрекеттері
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейхан Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.
« HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9D%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D1%81%D0%B2%D0%BE%D0%B1%D0%BE%D0%B4%D0%B0_%D0%BF%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B&action=edit&redlink=1"Народная свобода» HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9D%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D1%81%D0%B2%D0%BE%D0%B1%D0%BE%D0%B4%D0%B0_%D0%BF%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B&action=edit&redlink=1"партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп-жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.
1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейхан өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды.
Абақтыдан шығып Санкт-Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейхан да солардың артынан аттанып, Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.
Әлихан Бөкейхан портреті, 1915 ж.
1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омичъ» және «Иртышъ» газеттерінде; 1908 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген меньшевиктік «Товарищъ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.
1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.
1911-14 « HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D0%B3%D0%B0%D0%B7%D0%B5%D1%82%D1%96"Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.
20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім-тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.
Бар күш-қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.
1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.
Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.
Алаш Орда
«Алаш» партиясының басшылары, 1917, солдан оңға қарай: Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Міржақып ДулатұлыОл Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады.
Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында Екінші жалпықазақ съезі Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.
1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.
Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.
1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
Сөз соңында, ғалым, Ә.Бөкейхан XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т.с.с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз.
Халел Досмұхамедов (24.04.1883-1939) — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы. 1883 жылы сәуірідің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге келген.
Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады.
Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен.
Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды.
1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Б.Қаратаев, М.Бақыткереевтермен бірге сайланды.
1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды.
1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды.
1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік — сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды.
Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге «Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері» атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді.
Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.
1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым — «Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін» жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді.
Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа өкіметтің жұмысына тартылады.
1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды.
Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды.
Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедов бір өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметерін ана тіліндегі оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге мәжбүр етті.
Ол «Табиғаттану», «Жануарлар», «Адамның тән тірлігі» (қазақша орысша жаратылыстану сөздігі), «Оқушылардың денсаулығын сақтау», «Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер», «Сүйектілер туралы» т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.
Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі — сингармонизм заңын зерттеді, «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы», «Шернияз шешен», «Алаш не сөз», «Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана», «Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі», «Диуани лұғат ат-түрік», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ әдебиетінің тарихы» сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай — Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды.
Сондай ақ оның қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, өзі соның редакторы болған.
1924 жылы Ресей ғылым академиясының Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланады, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты.
Өзі проректор болып істейтін, халқымыздың алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогика институтының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, оның бірінші проректоры болып тағайындалады. Қазақ педагогика институтының доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, осы оқу орнының профессоры болды.
Алайда, келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады.
1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып әуелі Мәскеу, кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді.
Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды
Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау университетіне, Алматы және Атырау қалаларындағы бір-бір көшеге есімі берілген
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/8_%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D1%82%D0%BE%D2%9B%D1%81%D0%B0%D0%BD"HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1937" HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/8_%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D1%82%D0%BE%D2%9B%D1%81%D0%B0%D0%BD"1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі
Қазақ тілінің негізін қалаушы ретінде
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының [8] әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. «Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Жалпы қазақ тіл білімін қалыптастырып, зерттеп, танып-білу тарихымызда Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» мен «Тіл құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.
Әдебиеттану
А. Байтұрсынұлы, 2005 2005"Қазақстан пошта маркасы,
Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның Қазақ газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Мәскеуде шығарды.
Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.
Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады.
Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады.
Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.
Мұхамеджан Тынышбаев
Алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхамеджан Тынышбаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы облысы Қабанбай ауданы) туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышбаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М.Тынышбаев оны үздік (алтын медальмет) аяқтайды. 1900 жылы оқушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия директоры М.В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп стипендия бөлгізуінің арқасында (ол шақта мемлекет есебінет оқу тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.
Ресейде болған жылдары
XX ғасырдың басында Ресейге ептеп батыс демократиясының лебі жетеді. Бұл осы империядағы зиялыларды оятты. Мысалы, 1905 жылы Ресей, Ә.Бөкейхан айтқандай, "тұңғыш және соңғы рет Еуропа болды". Яғни, сол жылы 17 қазанда патшаның манифесі жарияланып, елге біраз сөз, ой бостандығы берілтін. Ал, 1906 жылы Ресейде тұңғыш Мемлекеттік Дума шақырылды. Осындай тарихи оқиғалардың ортасында жүрген Мұхамеджан Тынышбаев саяси күрестің әліппесін үйрене бастады. Мұны жас қайраткер тез меңгерді. Оның саяси жетілгенін растайтын деректер аз емес. Мысалы, ол 1905 жылы қазақ сынды шет ұлттарды билеуде өкіметтің әскери тәртіптет арылып, азаматтық жолға түсуін ұсынған дәлелді хатын министрлер комитетінің төрағасына жолдаған. Сондай-ақ, сол жылы қарашада автономияшылардың бірінші сиезіне қатысып, «Қазақтар жәш азаттық қозғалысы» атты баяндама жасаған («Русский Туркестан», №1,1906). Баяндамасында М.Тынышбаев былай дейді: «Үкіметтің нені көздегені белгілі: біріншіден, жабайы да тағылық репрессияларымен және тіл, салт-сана, дін һәм руханият атаулыны орыстандырмақ; екіншіден, түрлі әкімшілік шаралармен, әкімдермен, ережелермен қазақты құқықсыз, заңнан тыс етпек; үшіншіден, оларды қаны сіңген, сүйегі көмілген өз жері пен айырып, шөл- шөлейт жерге қуып, өлім құшағына тапсырмақ. Міне, қазақ бұрынғы дербестігі мен еркіндігінің орнына, орыс бодандығына қантөгіссіз кіргендігінің ақысына жалғандығы. Қайраткердің осы рухтағы өткір мақалаларының бірі - «Қазақтың қазіргі жағдайы мен өмірге қажетті сұранымының жалпы сипаттамасы» деп аталады . Бұл М.Тынышбаевтың 1993 жылғы жинағына ел бей қалыпты. Мақалада автор халқының ауыр жағдайға тап болу себебін және одан құтылудың жөн-жобасын ұсынады. Осындай ашық пікірінен соң, патша тыңшылары Мұхамеджанның артынан аңду қояды.
Мұхаметжан Тынышбайұлы
Темір жолда жұмыс істеуі
М.Тынышбаев 1906 жылы елге келіп, біраз уақыт Жетісу теміржолын жобалау ісіне қатысады. I Мемлекеттік Думаның қуғындалғанынан хабардар ол ел құқына қажетті табанды қоғамдық-саяси жұмысымен көрінеді. Нәтижесінде 1907 жылы 28 жасында II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысы атынан депутат болып сайланады. Сөйтіп, енді ол биік саясатқа көтеріледі. Алайда II Думаны да патша қуғындап таратады. 1907 жылы 3 маусымдағы жарлығымен империя исі қазақ сынды шет ұлттарды (ресми жер иелігі жоқ ұлттарды) Думаға сайлану құқынан айырады. Бұл жағдай қазақ зиялыларының ашу-ызасын тудырғаны тарихтан мәлім (елді ояту рухындағы еңбектер осы кезден кешірек жариялана бастайды). Дума таратылған соң М.Тынышбаев қайта кәсіби қызметіне кіріседі. Енді ол Түркістан генерал-губернаторлығы қарамағындағы аймақтың теміржол құрылысына инженер ретінде атсалысады. 1907- 1914 жылдар аралығында Әмудәрия үстіне салынған көпір құрылысына, Ұрсат (Урсатьевск) - Әндіжан теміржол құрылысына жетекші маман, бас инжетер есебінде қатысады. Теміржол саласына байланысты еңбегін ғана парықтағанның өзінде М.Тынышбаев - Кіндік Азия көлемінде еленуге лайықты инженер-теміржолшы. 1914 жылы қайраткер Жетісу темір жол құрылысына қайта ауысады. Бұл жолы ол Арыс - Әулие ата учаскесінің басшысы және бас инжепері болып қызмет атқарды. Осы шақта инжетер Мұхамеджанға Ташкент Мұғалімдер институтына оқуға бармақ болып қаржыдан қысылып жүрген Т.Рысқұлов ұшырасады. Бұл 1915 жыл еді. М.Тынышбаев бір кезде өзі де осылай қиналғаны есіне түсіп, Тұрарға әжептәуір ақша ұсынады және мұндай керекті қаражатты кейін де адресіж салып тұратынын айтады. Екі азаматтың осы риясыз көңілі адал бауырластыққа ұласады
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.
Жеті жасында әкесінен жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.
15.Ғасыр басындагы қазақ ағартушылары ерекшеліктері, мақсаты , жеке тұлғалары
Байтұрсынов Дулатов
 XX ғасырдың басындағы аласапыран заманда Ресей империясы терең күйзеліске ұшырап, оның құрамындағы халықтарды ұлттық сана-сезімі өсіп, олар өзіндік мемлекет құру, төл мәдениеті мен тілін, әдет-ғұрпын сақтап қалу мәселелерін күн тәртібіне қоя бастады. Бұл көштен қазақ зиялылары да қалысқан жоқ. Қазақ халқы XX ғ. басында өз ішінен талай-талай дарынды, өз халқының бостандығын армандаған, сол үшін жан-тәнін берген азаматтарды тудырды. Солардың ішінен ерекше тұлғалар ретіндеЖ.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмүхамедов, М.Жұмабаевты атап өтуге болар еді. Аталған тұлғалардың көбі өз талпынысының арқасында жан-жақты білім алып, орыс және басқа тілдерді меңгеріп, шын шығармашылық деңгейге көтеріле білді, ал кейбіреулері Ресей жоғары оқу орындарын бітірді (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов т.с.с).
Кең түрде алғанда, аталған ұлы тұлғаларды қазақ халқының бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстың белсенді де абыройлы жетекшілері деп бағалауға болады. Осы жолда олар«Алаш» партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық сана-сезімін оятып, өз заманының дәрежесіне көтергілері келді. Олардың бәрі дерлік 1917 ж. болған екі революцияны да қабылдап, олар қазақ еліне шын бостандық, теңдік, бақытты өмір әкеледі деп ойлады. Бірақ олардың көбі қоғамды шынайы түрдедемократиялық реформалар арқылы өзгертуді қалады, 20-шы жылдардан басталған сұрапыл қантөгіс оларды қатты қынжылтты.
Бірақ өз өмірлерінің алдына төнген қауіпке қарамастан, халықты ағарту, оның өзіндік сана-сезіміндамыту ісін олар тоқтатқан жоқ. Өйткені олар халықтың болашағын көздеді, ертелі-кеш халық өз егемендігіне жететіне сенді және сол үшін қажымай-талмай, қолынан келгенінің бәрін жасады. Олар халыққа білім беру жолында мектептерде жұмыс істеп, неше түрлі оқулықтар мен газет-журналдарды, романдар мен өлеңдерді, пьесаларды шығарды, халықтан қалған тарихи мұраларды зерттеп, жарқын болашақты жақындату үшін, барлық қолдан келгенді жан аямай жасады.
Енді олардың философиялық көзқарастарына келер болсақ, негізінен, әңгіме саяси және құқтықфилософия төңірегінде өрбімек.
XX ғ.   ғұлама ойшыл, саясаткер А.Байтұрсынүлы (1873-1937 жж.) кейпі бүкіл сол кездегі ұлттық-демократиялық ағымдағы тұлғалардың бәрін бейнелегендей. Оқулықтың көлеміне байланысты, осы Ғұламаның еңбектерін көрсету арқылы оқырманның сол кездегі ой-пікір жөніндегі түсініктері қалыптасар деген ойдамыз.
Халықтың Жаңа дәуір келген кездегі аянышты да мұңды ахуалын терең ойға салып, оның бостандығынан айырылған себептерін ойшыл халықтың негізгі бөлігінің су қараңғылығы мен надандығынан, ұйқылы-ояу салғырттығынан, жоғарғылардың сатқындығы мен іріп-шіруі, патша өкіметіне ой-қамсыз беріліп қызмет етуінен т.с.с. себептерден көрді. Олай болса, көп уақыт «ұйкыда жатқан» халықты ояту керек, ол үшін басқа амал болмаса, оны «маса» сияқты шағу керек, ал М.Дулатовқа келсек, ол тіпті «Оян қазақ» деген ашық ұран тастаған болатын.
Мұндай жағдайда халыктың бостандыққа жетуі - алыста жатқан, стратегиялық мақсат-мұрат, ал сол кездегі нақтылы-тарихи жағдайға байланысты Ресей мемлекетінің шеңберінде Қазақстанның автономиялықдәрежесіне, өзін-өзі басқару мүмкіндігіне жетіп, халықты ағарту, мәдениетті жанарту арқылы көптен бері созылған халықтың ауруы қараңғылық пен еріншектік, енжарлықтан құтқару мақсатын койды.
А.Байтұрсынұлының ойынша, ондай жаңару жолына жетудің негізгі жолы - демократиялық үрдістідамыту, адам құқтарын сақтау, «Мемлекеттің Думаның» мүмкіншіліктері қандай шолақ болса да, бәрінзаңды жетілдіру арқылы жету деп есептеді. «Тағы да халық соты жөнінде» деген «Қазақ» газетінде 1911 ж. жарық көрген еңбегінде ол «Сайлау» деген ұғымның мән-мағынасын егжей-тегжейлі талдайды: олрулардың, я болмаса қалталылардың арасындағы тартыс емес. Өкінішке қарай, қарапайым халық дәл солай деп ойлайды. Соның нәтижесінде билікке тайыз, арсыз адамдар өтіп кетеді де, ойларына не келсе соны істеп, пара алып, жемқорлық жолына түседі. «Сондықтан халық сотына сайлағанда білімді, таза, әділетті, халыққа адал қызмет ететін адамдарды таңдай білу керек», - деп қорытады ұлы ойшыл. Бұл ойдың біздің қазіргі өмірімізге де тікелей қатынасы барын оқырман айтпай да түсінетін болар.
Қазақ жерін қазынаға өткізіп, одан жері жоқ орыс шаруаларына жер беруге байланысты, соның нәтижесінде әлеуметтік-саяси ахуал шиеленісе түсті.
А.Байтұрсынұлы жерді тартып алу, халық бостандығының жойылу себептеріне тоқтала келіп, көп жағдайда халықтың зардап шегуі оның надандығы мен заңдағы белгіленген өз құқтарын қорғай алмауында деген тұжырымға келеді. Сондықтан ол «Қазақ жерлерін алу тәртібі» заңын егжей-тегжейлі талдап, халыққа өз кұқтарының қандай екенін, жерлерін заңды жолмен қалай сақтап қалуға болатыны жөнінде айтады. «Жерді жалға алу жөнінде» деген мақаласында ойшыл қазақтардың құқтық надандығы мен келтелігінің нәтижесінде өз жерлерінен айырылып жатқаны жөнінде қамыға, қиналып жазады. Әрине, мұндай ағарту жұмыстары халықтыңоянуына, саяси-құқтық санасының өсуіне өзінің пайдасын тигізді.
Қазақ жерін отарлау барысында, мал жайылымы тарылса да, бұрынғыдай көшіп-қонып, мал бағып өмір сүргісі келген адамдарға ол жаңа ахуал өмірге келгенін, сондықтан жаңа шаруашылық түрлерін игеру керек екенін айтады. Қазақтар өмір-бақи мал баққаннан кейін, кейбіреулер біз оны жақсы білеміз, басқалар ол жөнінде бізге не айтады деп лепіреді, - дейді ойшыл. «Шынына келгенде, мал шаруашылығы өте төмен деңгейде, ол тек қана үлкен жайылым бар жерлерге икемделген. Жер көлемі қысқарған сайын, оның мүмкіндігі сарқыла түсуде», - деп қорытады ойшыл (қараңыз: Ақ жол. Алматы, Жалын,1991, 237-238-6.6.). А.Байтұрсынұлының бұл ойы осы уақытқа шейін өз маңызын жойған жоқ. Бүгінгі XXI ғ. басындағы қазақтың қойларының салмағы жақын арада қоянмен теңелетін болар, өсудің орнына құрып бара жатыр емес пе? Қазіргі тілмен айтқанда, экстенсивтік шаруашылық формаларын интенсивтікке аудармай, қазақ қоғамы басқа халықтармен терезесі тең қоғамға айналуы екіталай, - деп қорытады ұлы ойшыл. Бүгінгі таңдағы тоқтап тұрған көп өндіріс орындары осы ойды дәлелдейді. Егер біз тіпті жанкешті талпыныспен соларды іске қосып, қаншама энергия, шикізат, адам еңбегін жұмсағанның өзінде, ондағы ескі технологиялардың негізінде жасалған тауарларды кім алар екен? Сондықтан бүгін де, ғасырдың басындағы сияқты, жаңа технологияларды тезірек игеру мәселесі күн тәртібіндегі ең өзекті нәрсе емес пе?!
Қазақ өмір салтының күрт өзгеру барысында халықты аман сақтап қалу, оның саны мен күш-қуатын өсіру мәселесін талдаған да осы ағартушылар болды. М.Жұмабаев, М.Дулатов сияқты зиялылар оның тетігін қазақ әйелдерінің эмансипациясымен (теңдігімен) тығыз байланыстырады. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романдарында, М.Жұмабаевтың көптеген өлеңдерінде қазақ әйелінің аянышты жағдайы шынайы да нанымды суреттелген. Әрине, бүгінгі таңда қазақ әйелі - шынайы теңқұқты қоғамның мүшесі. Сонымен қатар «ұлттық дәстүрді» сақтап, «мұсылмандық жолына» түсіп, еркектерге көп әйел алуға заңды жол ашу керек деп лепірген надандар да біздің қоғамда жоқ емес.
А.Байтұрсынұлы халықты сақтап қалу мен оның санын өсірудің негізгі жолдарының бірі - сайын далада кең етек жайған жұқпалы аурулармен күрес деп біледі. «Ол үшін ғылыми білімі бар кәсіби дәрігерлердің көмегі қажет, неше түрлі халықты алдайтын бақсы-балгерлерден бас тарту керек. Қоғам өмірінде кең тараған аурулар жөнінде қызықты да қысқа көлемді кітапшалар жазылып, халық арасында таратылуы қажет», - дейді ұлы ойшыл. Бүгінгі өтпелі қоғамдағы халықтың ауыр жағдайына байланысты туберкулез, бруцеллез т.с.с. жұқпалы аурулар тағы да бас көтерген жағдайда, демократиялық үрдісті пайдаланып, медицина жөнінде күңгірт «білімі» бар мыңдаған жаңа бақсы-балгерлер пайда болды емес пе? Ол алға жылжу ма, әлде кері кетушілік пе, оны оқырман өзі-ақ шешер.
Ұлттық демократия бағытын ұстаған ойшылдар қоғам жаңаруы, түлеуінің қайнар көзін ұлттық интеллигенциядан (зиялылардан) көрді. Сондықтан А.Байтұрсынұлы зиялыларды бірлікке, олардың білімі мен жалпы мәдениет деңгейін көтеруге шақырады. Қазақтардың ұғымында адамның екі тілсіз жауы бар, ол - от пенен су, - дейді ойшыл. Үшінші жау, оның ойынша, зиялылардың арасында кең тараған-«менмендік», «көреалмаушылық», «алыс-тартыс», «бірліктің жоқтығы», «сатқындық» т.с.с. Шенді қуып, патша қызметшісінің жарқыраған түйме мен жапсырмасына ие болуға тырысу, өз халқына тәкаппарлықпен қарау, пара алу сияқты жоғарыдағылардың теріс қылықтарын ақын қатты сынға алады (Ақ жол., 213-6.). Ол зиялыларды халық мүддесіне жан аямай, ізгі ниетпен адал қызмет етуге шақырады. Зиялылар дүниежүзілік цивилизацияның қол жеткізген ғылым мен техника жетістіктерін игеріп және оларды мыңдаған жылдар бойы жиналған халықтың рухани байлығымен үйлесімді ұштастыруы керек. Бұл үндеу бүгінгі күнде де өз мән-мағынасын жойған жоқ сияқты.
Патша үкіметінің отарлау мен орыстандыру саясаты кеңес заманында да өз жалғасын тапты. Көреген ойшыл ол халықтың өз-өздігін (идентификация) жоғалту қаупін тудыруын байқап, оған барлық жан-тәнімен қарсы тұрды, халықтың ана тілі мен руханиятын дамытуға барынша атсалысты.
Сонымен қатар ол екінші қауіпті да көре білді. Ол қауіп қоғам жүйелі түрде түбегейлі өзгерістерге түскен кезде, Жаңа дәуірдің қойған Талаптарынан жасқанған ұлттық сана-сезім өзін сақтап қалудыавтаркиалық (өзіне-өзі жеткілікті) бағыттан көруге тырысуы, сол себепті өне бойы өткен «батырлық заманды» көксеуі, оны асыра бағалауы.
Өткен заман келмеске кетті, оны қайтару мүмкін емес, сондықтан алға кеткен халықтардың жетістіктерін игеріп, болашаққа қарай жігерлі де табанды ұмтылыс қажет (Ақ жол, 238-6.). Сонымен қатар бұл үрдіс халықтың өз болмысын жоғалтып, мәңгүрттікке жол салмауы керек. Ол үшін тек қана өз руханиятынасәйкес келетін (ал оның өзі - Абай мен Шәкәрім көрсеткен «нұрлы ақыл», «ар-ұждан») басқа цивилизациялардың құндылықтарын таңдап алу арқылы іске асуы керек. Сонда ғана ол өз жемісін бермек. Қандай ғажап ойлар!
Бүгінгі таңда XX ғ. басында өмір сүрген ойшыл-демократтардың асыл арманы - халықтың бостандығы мен егемендігі - іске асты. Олардың айтқан көп гуманистік-демократиялық идеялары бірте-бірте өмірге енуде. Президенттің халық алдына қойған «Қазақстан-2030» бағдарламасы 30-шы жылдардағы ұлттық интеллигенцияның қойған өзекті мәселелерін қамтып, оларды әрі қарай дамытты.
16.ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі қазақ газеті айқап журналы
Қазақ зиялыларының ең басты сіңірген еңбегі мынада: олар бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде аңғарды, қазақ қоғамын ілгері бастырудың амалдарын іздестірумен айналысып, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланды, халықты патриархаттық-рулық мешеуліктен арылтуға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогрестің, мемлекеттік тәуелсіздік алудың жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі тартыстар мен ізденістер жолы болтаны күмәнсіз.
Сондықтан бұл жолда жетістіктермен қатар, әрине, қателіктер де, жаңсақтықтар да болып отырды. Алайда кейіннен сталиндік идеологияның түсіндіргеніндей, оларды өз халқына деген қаскүнемдік көзқарас емес, қайта, өз халқының өмірін женілдету жолындағы күрестің табиғи қиындықтары туғызды. Қазақ зиялыларының ең басты ізгі мақсаты — халқына қызмет ету мақсатын «Алаш» жетекшілерінін бәрі Міржақып HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D1%96%D1%80%D0%B6%D0%B0%D2%9B%D1%8B%D0%BF_%D0%94%D1%83%D0%BB%D0%B0%D1%82%D0%BE%D0%B2"Дулатов Бутырск түрмесінен жазған хатында былай деп айқын баяндаған: «...Мен өзімнің құлдыққа түсіріліп, езгіге салынған бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді өз борышым деп санадым... Саяси саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай алмадым деп санаймын, ал қазір [[[Кеңес өкіметі]]не қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ ұлтың дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім ғана».
XX ғасырдың басындағы алдынғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басхи мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көмектесуге ұмтылды, әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық қазыналар үшін күресті. Қазақ зиялылары 1905 жылдан бастап осы мақсатта дала өнірінде қызу қызмет жүргізді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында білімге деген құлшынысты ояту, сауатсыздықты жою қажет екенін түсінді. Қазақ зиялыларының бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады. Ұлттық «Қазақ», «Қазақстан» газеттерінің, «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдары мен басқаларының беттерінде олар тек білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақталуына көмектеседі деп, қазақ халқын білім алуға шақырды. Тіл мен әдебиетті дамыту ерекше бөліп көрсетілді. Қазақ тілі мен әдебиетінін дамыту проблемалары жөнінде араб графикасы нетізіндегі қазақ әліпбиінің тұңғыш талантты реформаторы, «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Жаңа әліпби» (1928) атты қазақтың тіл ғылымында ғана емес, бүкіл ғылыми түркітану әлемінде де жаңашылдық деп саналтан енбектердің авторы А. Байтұрсынов көптеген мақалалар жазды. «Қазақ» беттеріндегі еңбектерінде А. Байтұрсынов балаларды мектептер мен медреселерде оқытудың маңыздылығын атап көрсетті. Ол өзінің қазақ және орыс мектептеріндегі оқыту проблемалары туралы ой-пікірлерін баяндай келіп, балаларды міндетгі түрде екі жыл қазақ тілінде оқытуды талап етеді, «бастауыш мектептер миссионерлік саясаттан тыс болуға тиіс, яғни әрбір халықтың өз тіліне, жазуына және дініне құқығы болуға тиіс» деп санайды. Сонымен бірге ол орысша сауаттылықты да үйрену қажет екенін атап өтеді. XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының қызметінде құқық проблемалары елеулі орын алды, өйткені қолданыстағы патша зандары көшпелі халықтың құқығына нұқсан келтірді, мұның наразылық туғызғаны табиғи нәрсе. Өз халқының ежелгі өз жеріндегі қасіретті жағдайы туралы толық хабардар болған олар патша өкіметіне қазақ халқының әлеуметтік қажеттері туралы хабар жеткізуге, оның құқықтық мүдделерін қорғауға тырысты. Олардың көпшілігі арнаулы заң даярлығынан өткендер еді, бұл олардың халық бүқарасының құқықтық білімін кенейтуіне, олардың құқықтық білімін байытуы мен терендетуіне мүмкіндік берді. Қазақ зиялыларының қызметінде жер туралы мәселе өзекті орын алды. Олар өздерінің ғылыми және көсемсөздік мақалаларында, патшалық өкімет орындарына әр түрлі үндеулерінде патша үкіметінің қазақ халқының өмір жағдайларына сай келмейтін заң нормаларын әділ сынға алды.Қазақ қоғамының рухани саласында етек алған заңсыздыққа өз наразылытын білдіріп отырды. Патша шенеуніктері қазақ халқы зиялы өкілдерінің дүниежүзілік өркениет пен мәдениет жетістіктерін игеруіне мүдделі болмады. Бірақ халықтың ғылым мен мәдениетке тартылуына кедергі жасауға бағытталған шаралар күткендегідей нәтиже бермеді. Қазақ халқының білім алуға деген өскелен қажеттері патша үкіметін Орынборда, Омбыда, Оралда, Семейде, Верныйда және басқа қалаларда бірқатар оқу орындарын ашуға мәжбүр етті, оларда қазақтар оқып, бастауыш және орта мектеп көлемінде білім алды. Патша өкіметі «бұратаналарды» орта және жоғары оқу орындарында оқуға рұқсат етуге мәжбүр болды. Жоғарыда атап өтілгеніндей, қазақ жастары Қазан, Томск, С.-Петербург, Мәскеу, т.б. университеттерінде, техникалық және медициналық жоғары оқу орындарында білім алды. Өз халқын оятуда зор рөл атқарған қазақ зиялыларының тамаша шоқ жұлдызы XX ғасырдың басына қарай нақ сол буыннан қалыптасты. Олар өз халқын отаршылдық бұғауынан азат, өркениетті, дербес және тәуелсіз жағдайда көруді армандады. Қазақ зиялыларының өкілдері патша өкіметін дала өңірінде білім беру ісін неғұрлым жедел жүргізгісі келмегендігі үшін сынады, ал өздері отандық ғылымды қалыптастырудың алғышарттарын жасауға ұмтылды. Қазақ зиялылары ғылыми мақалалар, сөйлеген сөздері арқылы өркениетті елдердегі ғылым жетістіктерін насихаттауға, оның қажеттігін, қоғамды түбірінен өзгерте алатын құдіретті күшін дәлелдеуге ұмтылды. Олардың күш-жігері ізсіз қалмағанын атап өткен жөн. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялылары дәрігерлер, саясатшылар, судьялар, ақын-жазушылар болатын, бұл кезең қазақтың жан-жақты білімді азаматтары — Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқаларының қалыптасуымен ерекшеленді. М. Тынышбаев, Ә. Ермеков, X. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=X._%D0%94%D0%BE%D1%81%D0%BC%D2%AF%D1%85%D0%B0%D0%BC%D0%B5%D0%B4%D0%BE%D0%B2&action=edit&redlink=1"Досмүхамедов және басқа Алаш азаматтары ғылыми зерттеулермен айналысты. Қазақстан ғылымының қаулап дамуы Кеңес өкіметі жылдарында болғанын теріске шығаруға болмайды, бірақ оның іргетасын нақ XX ғасырдың басында қазақ зиялыларының талантты жас өкілдері қалаған ед
"Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал.
1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин.
"Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына Ә .Ғалимов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.
Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.
1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.
«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.
XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.
17.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. Ұлт азаттық көтеріліс
Бірінші дүние жүзілік соғыс.
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар):
Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).
Антанта (Англия, Франция, Россия).
Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.
Соғыстың себептері:
Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.
Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.
Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.
Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:
1. 40899244 пут мақта 2. 38 мың шаршы аршын киіз 3. 3 млн. пут мақта майы 4. 229 мың пут сабын 5. 300 мың пут ет 6. 473928 пут балық 7. 70 мың жылқы 8. 12797 түйе алынды 9. 14 мың киіз үй салынды
Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты.
Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті.
Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.
Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.
Көтерілістің негізгі себептері:
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 6. Орыстандыру саясаты.
Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.
Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды:
1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. 2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. 3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.
Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері:
1. Жетісуда – Т.Рысқулов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, К.Мәмбетов, А.Қосаков. 2. Төрғайда - Ә. Жангельдин, А.Иманов. 3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев. 4. Маңғыстауда – Ж.Мыңбаев. 5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.
Жетісудағы көтеріліс.
1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.
Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:
1. қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті. 2. қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады. 3. котеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.
Ұлтаралық араздықты күшейту мақсатында Түркістан архиепископы православие халқын қазақ және қырғыз еңбекшілерін жазалауға шақырды.
Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу озені мен Ыстық көлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады.Жаркент уезінде котерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новиков қоныстарын басып алды.
Революцияның ірі ошағы-қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.
Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты.
Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.
Зардаптары: 1)Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2)мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды.
Төрғайдағы көтеріліс. Төрғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Төрғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Қөтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.
Төрғай облысының әскери губернаторы М.М.Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Төрғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Төрғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде кедей шаруаның отбасында тұған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен – ақ жоқшылық пен мұқтаждық көріп өсті.
Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Төрғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдары, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті.
1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Төрғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың келе жатқаны туралы деректер алғаннан кейін көтерілісшілер Төрғайды қоршауды қойып, қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батысқара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Төрғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды.
Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді...Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Төрғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.
Салдары: -3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді. -161-і каторгаға айналды. -Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.
1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:
1. Көтеріліс бытыраңқы болды. 2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді. 3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды. 5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады. 6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады. 7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.
Салдары: қазақтардың саны: - Қазақ өлкесінде – 446 мыңға; - Орта Азияда – 121,7 мыңға; - Астрахань губерниясында – 51,8 мыңға; - Россия империясында – 617,5 мыңға азайды.
Көтерілістің тарихи маңызы 1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті. 2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. 3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. 4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті. 6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
18.Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстан ықпалы
1917 жылдың басында Россияда революциялық жаңа толқын көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында оның ішінде Қазақстанда да сезіне басталды. 1917 жылы 27 ақпанда Россияда Ақпан буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Монархия құлатылып, Романовтар әулеті биліктен кетті. Бұл жағдайды Қазақстан халқы қуанышпен қабылдады. «Қанқұйлы Николай тақтан құлатылғанын білгеніміздегі біздің қуанышымызды айтып жеткізу қиын», - деп көрнекті мемлекет қайраткері Б.Алманов өз естелігінде айтты. Ә. Бөкейханов бастаған ұлттық демократия өкілдері буржуазиялық – демократиялық революцияны ұлттық қазақ автономиясын құратын сәт туды деп қуанышпен қарсы алды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Россиядағы сияқты Қазақстанда да кос (екі) үкімет орнады.
Уақытша үкімет (буржуазия үкіметі).
Жұмысшы шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі (советтер) құрылды.
Уақытша үкіметтің ұстаған бағыты-капитализмді дамыту.
Жұысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңесі бағыты – социализм құру.
Буржуазиялық – демократиялық Ақпан революциясының жеңіске жетуі өлкендегі еңбекшілердің саяси белсенділігін өсірді.
Қазақстанда Кеңестер 1917 жылы наурыз – мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының ізінше сәуір – мамыр айларында шаруа депутаттарының Қеңістері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды. Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты. Уақытша өкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі жергілікті халыққа қалай қараса, бұл да солай қарады. Дегенменде, Уақытша өкімет біраз шараларды жүзеге асырды: Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым-қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті. 1917 жылы қазақ өлкесінде әртурлі саяси партиялар мен ағымғардар (қозғалыстар) құрылды. «Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы негізінде 1917 жылы шілдеде құрылды. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады. 1917 жылы сәуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу, Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27 сәуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру мәселесі талқыланды. Осы съезде «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағытын бекітті. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер (конституцияшыл демократтар) ұйымы құрылды. Мақсаты: 1. Бөлінбес, біртұтас Россия, конституциялық монархия құру. 2. Қоныстандыру саясатын қолдау.
1917 жылы көктемде - өлкеде әсерлер (социал-революционерлер) партиясы құрылды. Мақсаты: 1. Жерді шаруаларға беру, жер-бүкіл халықтың меншігі ұранын көтерді. 2. Патша өкіметінің отырлау саясатын айыптау.
1917 жылы Ақпан революциясының тарихи маңызы: 1. Патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді. 2. Ұлт саясатында бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді. 3. Халықтың кейбір демократиялық бостандықтарға қолы жетті. 4.Буржуазиялық–демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы үшін алғы шарттар дайындады.
Кемшіліктері: 1. Ұлттық – аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды. 2. Отаршылдық басқару органдарын жоймады 3. Шаруаларға жер бермеді. 4. Империалистік соғысты жалғастырды
19. 1917-1920 жж Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
1917 жылдың көктемі мен жазында Қазақ өлкесінде жұмысшы және революцияшыл-демократиялық жастардың ұйымдары мен саяси партиялар құрыла бастады. Сол кезеңде Верныйда мұсылман жұмысшыларының одағы, Жаркентте жұмысшы одағы, Түркістанда мұсылман еңбекшілер одағы құрылды. Зиялы қауымды, оқушы жастар мен мұғалімдерді біріктірген астам қоғамдық ұйымдар құрылды. Олардың арасында Сәкен Сейфулиннің басшылығымен Ақмолада "Жас қазақ" ұйымы, Меркеде Тұрар Рысқұлов ұйымдастырған "Қазақ жастарының революциялық одағы", Омбыда Әбілхайыр Досов жетекшілігіндегі "Оқушы жастардың демократиялық кеңесі", Спасск зауытында "Жас жүрек", Петропавлда"Талап", Семейде "Жанар" ұйымдары белсенді қызмет атқарды. 1917 ж. 21-28 шілдеде Орынборда бірінші Жалпықазақ съезі болды. Оған Қазақ өлкесінің облыстары мен Ферғана облысы, Бөкей хандығы атынан қазақ өкілдері қатысты. Онда бірнеше мәселелер қаралды. Соның бірі "Алаш" партиясын құру еді. Партияның баспа органы "Қазақ" газеті Орынборда шығатын. Большевиктер тарапынан жабылғаннан кейін Семейдегі "Сарыарқа" газетіне ауысты.
"Алаш" партиясының бағдарламасы жобасы.
І. Мемлекеттік қалпы.
ІІ. Жергілікті бостандық.
ІІІ. Негізгі. Құқық.
IV. Дін ісі. 
V. Билік және сот.
VI. Ел қорғау.
VII. Салық мәселесі.
VIII.Жұмысшылар. 
IX.Ғылым-білім үйрету.
X. Жер мәселесі.
«Үш жүз» партиясы - Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. Партия мүшелері кейде өздерін «қазақтың социалистік партиясы» деп те атады. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Тоғысов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілхайыр Досов, Ысқақ Кабеков, Мұқан Айтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Тоғысов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы «Үш жүз» газеті, оған Тоғысов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Үш жүз алғашқыда Алаш партиясымен жақындасқысы келгенімен, кейін өкімет үшін күрес шырқай шегіне жетіп, таптық жіктелу үрдісі күшейген жағдайда «Үш жүз» іргесін Алаштан аулақ салып, большевиктер мен солшыл эсерлерге жақындай түсті. Қазан төңкеріHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%BD_%D1%82%D3%A9%D2%A3%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%96%D1%81%D1%96"сHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%BD_%D1%82%D3%A9%D2%A3%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%96%D1%81%D1%96"і жеңіске жеткен соң Алаш партиясына қарсы ашық күреске шықты, оның оппоненті болды.
(1917 жылы қарашада қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды. Алғашқы төрағасы М.Әйткенов болды. Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды. Партия орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы 1917 жылы екіге болінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К.Төгісов басқарды. «Үш жүз» партия мүшелері Кеңестерді қолдап, қазақтардың жеке мемлекет құру идеясын ұсынды: «Үш жүз» партиясы Көлбай Төгісовтың редакторлығымен «Үш жүз» газетін шығарды.)
20. 1917ж шілдедегі Жалпықазақ съезі мен оның Алаш партиясын құру туралы шешімі. парияның бағдармаласы
Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:1. Мемлекеттік құрылыс. 2. Қазақ автономиясы. 3. Жер мәселесі. 4. Халық милициясы. 5. Земство. 6. Оқу мәселесі. 7. Сот мәселесі. 8. Дін мәселесі. 9. Әйел мәселесі. 10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы. 11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі. 12. Қазақ саяси партиясы. 13. Жетісу оқиғасы. 14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.Х. Досмұхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Ә.Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық сеьзд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай сьезіне дайындық және қазақтың  саяси партиясынын құру проблемаларына аударды. Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Осы мәселе жөнінде сьезд қабылдаған қарарда былай делінеді: «Қазақ халқынаң өз алдына саяси партиясы болды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды сьезд исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократическая федеративная парламентарная республика құрылмақ. Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына жіберді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді. Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы сьездің қаулылары Учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ – аманат болады». Жаңадан құлған партия «Алаш» деген атқа ие болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сьезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмұхамбетов, Бөкейден Уәлихан Таңашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интелегенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері – М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов, т.б. кірді. Олардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда социалистік идеологияны, таптық прициптерге негізделген күрес бағдарламассын қабылдаған жоқ, өйткені Алаш партиясы қайратерлерінің пікірінше сол кездегі қазақ қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді. Сондықтан да, олар өз күресін жалпыұлттық мүлдеге негізделген «қазақ халқын отарлық езгіден құтқару үшін» деген ұранныңң астында топтастыруға бағыт алды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы – бірінші жалпықазақтық сьезде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп түсінді. бірінші жалпықазақтық сьезінде Алаш партиясының құрылғандығын жариялау оның дәстүрлі ұғымдағы саяси партия болып қалыптасуының алғашқы және аса маңызды қадамы болды. Алайда ол өзінің бірнеше айларға созылған қысқа ғұмырында шын мәнінде саяси партия ретінде қалыптасып үлгермеді.
Алаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды.
«Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағыты: соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді.
Петроградта революция жеңіске жетіп, Қазақстанда Совет өкіметін орнату процесі жүріп жатқан кезде, «Қазақ» газетінің 1917 жылы қарашаның 21-інде 251 санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жоба 10 бөлімнен тұрды:
  1. Мемлекет қалпы 2. Жергілікті бостандық 3. Негізгі хұқық 4. Дін ісі 5. Билік һәм сот 6. Ел қорғау 7. Салық   8. Жұмысшылар 9. Ғылым-білім үйрету 10. Жер мәселесі
Жобаны жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов. «Алаш» партиясына оның кіндік комитетінің айтқанын екі етпейтін, бұйрығын дәл орындайтын партияның программасын ұнатып, жөн көрген ондағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі ғана кіреді деген талап қойылған. «Алаш» программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шынынан қайтпайтын, жақындық, туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып сата алмайтын, шыншыл әділ, тура кісі ғана осы партияға мүше бола алады, — делінген. «Сыртын берсе іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, сөзіне ісін үйлестірмейиін, «Алаш» жолынан алып, айтысып – тартысуға жарамайтын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі «Алаш партиясына кірмейді. «Алаш» партиясына кіремін деген кісі осы айтылған шартттарды ойлап, толғап жүрегі қалайтын болса ған кіруі жөн» деген приципте тұрған.
21. Қазақстандағы 1917-1940жж мәдениеттің негізгі даму бағыттары. Қазақ кеңес зиялы қауымының қалыптасуы
Қазақстандағы (1917-1940 жж.) мәдениеттің даму бағыттары. Қазақ кеңес зиялы қауымының қалыптасуы
Мәдени салада Кеңкс өкіметі мынандай стратегиялық міндеттерді анықтап берді: Дәстүрлі өмір салтынан қол үзу; сауатсыздықпен күрес жүргізу және кеңестік білім беру жүйесін қалыптастыру; атеистік тәрбиені күшейту; мем-к және партия билігіне комм-к идеология рухында тәрбиеленген шенеуніктерді даярлау. Осы міндеттердің ең негізгісі - білім беруді дұрыс жолға қою болды.1919 жылы 26 желтоқсанда Халық Комиссарлар Кеңесі сауатсыздықты жою жөніндегі декретке қол қойды. Бұл мәселемен айналысатын арнайы 1920-1921 оқу жылында Қазақ өлкесінде 72232 адам оқитын 2412 сауатсыздықты жою пункттері жұмыс істеді. Ауылға жаппай мәдени-ағарту жорығы ұйымдастырылды. Сауатсыздықты жоюдың жылжымалы бөлімшелері жұмыс істей бастады, әйелдерді оқыту үшін "Қызыл отаулар" құрылды. Білім беру жүйесінің бастауыш, толық емес орта білім, орта бәләм беретін мектептері қалыптаса бастады. 1928 жылы қазақ әліпбиі араб графикасынан латын әліпбиіне ауысып, ұлттық дәстүріміз бен мәдениеттің дамуына үлкен кедергілер туғызды. Әліпбидің ауысуы қазақ тілі ғылымының дамуына да өз зардабын тигізді.Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып жіберуге бағытталған болышевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғары бірлестігі — кеңес халқы», сондай-ақ, «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалистік мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды. Шын мәнінде, ең алдымен, мәдени туындының мазмұны ұлттық болып табылады. Өйткені мәдени қайраткерлер өз шығармашылығында нақтылы ұлттық көкейкесті мәселелерді көтереді; қаңдай абстрактылы шығарма болғанымен, оның тамыры этностық фольклордан, халықтық педагогика, этика, дүниетанымнан нәр алады. Жоғарыдағы «социалистік» мазмұнды көмкерген ұлттық форманы Сталин тек тілге әкеп тіреген. Олай болса, өз ұлтының тарих-талғамын орыс тілінде жазған Ш. Айтматов пен О. Сүлейменовты қалайша ұлттық мәдениеттен аластаймыз. Әдеби тілден басқа әр этностың өзіндік рәміздері, таңбалары, музыка, театр, көркемөнер тілі бар. Әр этностың төлтума мәдениетіне үлкен нұқсан келтірген большевиктік «тәжірибелердің» бірі — ұлтаралық некелесуді дәріптеу. Әрине, табиғи-тарихи жағдайларда бұл — прогрессивті процесс, дүниежүзілік мәдени сұхбаттасу ағынының бір бұлағы. Әр түрлі этностардың, тіпті нәсілдердің араласуы нәтижесінде қазіргі әлемде көрнекті рөл атқаратын американдар, бразилиялықтар, мексикандар, үнділер сияқты халықтар қалыптасты. Этнобиологиялық және этноинтеграциялық тұтастануды оқшаулану деп түсінудің ауылы ақиқаттан алыс. Алайда Кеңес Одағында бұл процесс өктемділікпен жүргізіліп, империядағы басқа халықтарды орыстандыру саясатында өтті. Саяси-идеологиялық ұрандардың желеуімен 200-ден астам этностар араластырылып жіберілді. «Нәтижесінде жүзге тарта төлтума мәдениет мәңгілік жоқ болып, жұмыр жердің мәдени-рухани болмысы солғын тартты. Осынау жойқын да жойдасыз қасіреттің орнында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан төлтума мәдениетін әбден таптап, химералық күйге жеткен 300 миллион тобыр қалды; басқа ұлтпен некелескен 60 миллион дүбара қалды; 60 мың тірі жетім балалар қалды (тіркеуге алынғаны ғана); абақтының тұрақты тұрғындарының саны 20 миллионға жетті». (Тарақты А. Ауызша тарихнама — Қазақ, 36-бет). Шын мәнінде, Кеңес Одағы маргиналдар қоғамына айналды.Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік саясат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық мұсылман халықтарының «Деде Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын», «Шора Батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын діншіл және ақсүйектік деп жариялап, оларға тыйым салды. Халықтық мәдениетті қудалаудың сорақы бір көрінісі — домбыраны феодализмге апарып тіркеу. Тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясаты тек кеңестік ұлттарды «тазалаумен» шектелген жоқ. «Жаңа коммунистік мәдениетті қалыптастыру» дегенді басшылыққа алған партократия дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне тосқауыл жасады. Белгілі «темір пердемен» қоршалып қойылған КСРО-да таза пролетарлық мәдениет дәріптелді; бүкіл Батыс — буржуазиялық, ал Шығыс — ескішіл феодалдық деп жарияланды. Мұның бір дәлелі — Отан соғысынан кейін сталинизмнің жүргізген шаралары. «Космополиттік мәдениет», «империализм ықпалдарына түскен» ғылымдар қатарына кибернетика, генетика, тілтану т.б. қойылды.
22.Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея,ұлттық мемлекеттік қалыптасу эволюциясы
«Мәңгілік ел» - ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы.
«Мәнгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы. «Мәңгілік ел»- ежелгі түркілер мұраты. «Мәңгілік ел» - бабалардан мұраға қалған тарихпен суарылған қазақ халқының арманы. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; ұлы болашақ. «Мәңгілік елдің негізгі кезеңдері: ұлттық мемлекетті құру және халықты біріктіру идеясының пайда болуы; ұлттық мемлекетті қолдау үшін күрестер; халықты қорғаушылардың қасіреті. Елбасының мемелкеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі орны. Мәңгілік елдің құндылықтары:
1.Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана
2.Ұлттық бірлік, бейбітшілік және біздің қоғамдағы ынтымақтастық
3.Зайырлы қоғам және жоғары руханилық
4.Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өрлеу
5.Жалпыға бірдей еңбек ету қоғамы
6.Тарихтың, мәдениеттің және тілдің ортақтығы
7.Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуге жаһандық қатысуы
Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің тарихи маңызы.
Қалыптасқан «Мәңгілік Ел» ұлт-
тық идеясының барша Қазақстан халқы үшін маңыздылығы келесі ғылыми-
әдіснамалық қағидалар арқылы айқындалады. «Ұлттық идея» ұғымының мәні
мәселелері бойынша көптеген зерттеулерде төмендегі жайттар атап өтіледі:
- ұлттық идея қандай да бір халықтың, этностың немесе ұлттың өмір сүру
мәнін айқындайды. Өз болашағын құрайтын кез - келген мемлекет немесе қоғам
осы жағынан өз ұлттық идеясына сүйенуі қажет. Өз ұлттық идеясын мансұқ еткен
қоғам құриды, міндетті түрде өз жолынан таяды. Сол себепті ол дұрыс бағыт алса,
онда ұлт үшін шешуші, тарихи және жасампаз фактор болады ;
- нағыз ұлттық идея – бұл жетілу, әсіресе халықтың бүкіл рухани жетілу идея-
сы. Бұл идея – ерекше әмбебап идея. Осы тұрғыда ұлттық идея ұғымын халық
өмірін орнықтыру қағидасы ретінде қарастыруға болады. Бұл халық ақылына,
парасаты жанына сәйкес келетін өмірді орнықтыру қағидасы. Бұл қазіргі күні
жеткіліксіз өнімді іске асып жатқан өмірді орнықтыру қағидасы. Бұл қазіргі
буынның болашақ туралы сындарлы да айқын арманы және бұл ой-арман алдыңғы
ұрпақ өкілдерінің болашақ туралы армандарымен астасып жатыр. Бұл халықтың
өмір сүруін қамтамасыз ету принципі ретінде туған Жер, байлығын ұқыпты пайдаланумен байланысты;
- ұлттық идея халықты ұйыстыруға бағытталған дүниетанымдық сипаттағы
бағыттардың, құндылықтар мен мұраттардың кешені, қоғамның тұрақты
әлеуметтік - экономикалық дамуы, мемлекеттің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін
нығайту болып табылады. Ұлттық идеяны жай ғана ойдан жасауға болмайды.
Оның бөліктері ұлттың болмыс келбетін білдіретін ұлттық сана-сезімнің терең
қатпарында жатыр, оның мағынасы философияда, тарихта, ғылымда, поэзияда,
әдебиетте, музыкада, бейнелеу өнерінде, биде, халық тілінде ;
- тарих ұлттық идеясы мен идеологиясы бар мемлекеттің идеологияландырылмаған мемлекеттен анағұрлым күшті екендігін растайды. Идея жетістік
стратегиясы ретінде әсер етеді. Шығыс даналығы айтқандай: «егер қайда жүзеріңді
білмесең, онда саған ешқандай ілеспе жел көмектесе алмайды»
Осының бәрі айқын көрсеткендей, ұлттық идея ұлттық сана-сезімнің ерекше түрі бола отырып, қоғамның рухани өмірінің бөлігі ретінде мағына құрушы,
этносқалыптастырушы, құнды бағыт беруші және қоғамдық ұйыстырушы
қызметтерін атқарады. Оның негізінде ұлттың руханилығы, өз халқының тарихи келбеті мен шығармашылық актісіне сүйіспеншілік, оның рухани қуатына
сенім, оның рухани қабілеттілігі, халықтың өзіндік ерекше мәдениеті мен рухани міндетін, қоғамдық даму тереңдігі мен болашағын ұғынуы, тарихи жады мен
болашақ бейнесінің бірлігі жатыр.
Осыған байланысты отандық ғалымдардың ұлттық идеологиялар ұзақ өмір
сүріп, ұлттар осы мұраттар үшін өз «мені» үшін күресетіндігі, мұңсыз ұлт пен
оның тарихи өмірдегі болашағы туралы сөз қозғаудың мүмкін еместігі жөніндегі
көзқарастары әбден орынды
23 ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының қолбасшысы Ә.Н.Бөкейхановтың 150жылдық мерейтойының атап өтілуі
15 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара қазақтың және бүкіл түркі халықтарының көрнекті қоғам және саясат қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы және көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Конференция жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова, Алматы қаласының әкімі Б.Қ. Байбек, Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Н.М. Оразалин, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов және ғылым, білім, мәдениет қайраткерлері қатысты.
Іс-шараның шымылдығын түре отырып ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Әлихан Бөкейхановтың азаматтық ұстанымы мен өмірлік мақсаты Тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру болғандығына ерекше тоқталды. «ХХ ғасырдың басындағы қазақ тарихын зерттеген Оксфорд және Сорбонна университетінің профессорлары Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш қозғалысының қайраткерлері күрескен тарихи кезеңге «Мәдени ренессанс дәуірі» деген баға берген. Әлихан Бөкейханов – Сұлтанмахмұт ақынша айтсақ, «Қазақ үшін жүрек майын шам қылған» Ұлт қайраткері. Кезінде Әлихан Нұрмұхамедұлы: «Алған білімін өз халқының өмірімен бірлестіре алған адам ғана бақытты, оның жиған білімі баянды» деген келелі ой айтқан еді. Олай болса сол білікті білімді орнықтырар еліміздегі көшбасшы білім ордасы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті осындай ұлы тойдың басы-қасында болу мәртебесіне ие болып отыр», - деп конференция жұмысына сәттілік тілеп, құттықтау сөз кезегін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызына берді.Гүлшара Абдықалықова өзінің алғы сөзінде көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, журналист және этнограф Әлихан Бөкейханов өзінің бар саналы ғұмырын қазақ халқының азаттығы мен дамуына арнағанын атап өтті. «Ол «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының басшылығына келіп, ұлттық мемлекетті қайта жаңғырту қажеттілігі идеясының негізін қалап, мақсатқа жету жолдары мен негізгі міндеттерді айқындады. Ә.Бөкейханов кезінде қазақтың ұлт ретінде сақталып қалуын, оның ары қарай дамуы мен гүлденуін қамтамасыз ету мақсатындағы іс-әрекеттері ұлттық тарих шежіресіне алтын әріптермен жазылды. Бұл «Алаш» қозғалысы мен оның көшбасшысының ұлт тарихындағы рөлін айқындайды», - деп атап өтті.Конференция барысында «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы мұрасын тарату мен қалың көпшілікке дәріптеуге бағытталған баяндамалар оқылып, еліміздің тәуелсіздік алуына өлшеусіз үлес қосқан қозғалыс көшбасшыларының ерен еңбектері сөз болды. Ғалымдардың пікірінше, Президент алға тартқан «Мәңгiлiк Ел» идеясы «Алаштың» негізгі ұстанымы – қазақ бостандығымен тығыз үндесіп жатыр.Ә. Бөкейханов Абылай хан мен Кенесары ханның мақсаттары мен ұлы істерін ұлт тарихының жаңа ғасырындағы лайықты жалғастырушысы болды. Ол патшалық Ресей уақытында да, кеңес үкіметі кезінде де қазақтардың еркіндігі үшін күресті. Үш рет жазаға тартылып, 1937 жылы ату жазасына кесілді. Тек жарты ғасыр өткеннен кейін ғана жазықсыз жаладан ақталды.Ә.Бөкейхановтың озық ойлы идеялары оны Еуропа мен Азияның көрнекті саяси қайраткерлерімен бір деңгейге қойды. Сондай-ақ бүгінде оның 150 жылдық тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатқандығын атап өту керек.Конференция барысында «Алаш» қозғалысы туралы деректі фильм көрсетіліп, Әлихан Бөкейханов шығармашылығы мен «Алаш» қозғалысы туралы кітап көрмесі мен Мұхамеджан Сералиннің «Айқап» журналының жалғасы болып  саналатын басылымның тұсаукесер рәсімі өтті.
24.Қазан төңкерісі мен Қазақстанның саяси өмірі.Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан
Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикаларға жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп [[революция |революцияшыл]] қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығынкүштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды.
Қазақстан азаматтық қарама-қарсылық– 1917 – 1920 жылдары аралығында болған саяси-әлеуметтік оқиғалар. 1917 жылы ақпанда Петроградта жұмысшылар мен солдаттардың көтерілісінен кейін монархия құлап, республика орнады да, қоғамдық-саяси жағдай түбірімен өзгерді ( Ақпан революциясы). Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушыларға кешірім жариялады, оларды жазалау тоқтатылды. Сондай-ақ, көтерілісті жазалаушыларға да кешірім жасалды. Қоғамда азаматтық келісім орнатуға жағдай туғызылып, кең көлемде саяси бостандықтар берілді (сөз, баспасөз бостандығы, саяси партиялар құру, т.б.). Ә.Бөкейхан жетекшілік еткен интеллигенция өкілдері Уақытша үкімет құрамында жауапты қызметтер атқарып, ұлттық-демократиялық Алаш партиясын құруға кірісті. Көп кешікпей Уақытша үкіметтің жер-жердегі органдарымен қатар жұмысшы, солдат және шаруа кеңестері құрылды. Петроградта және Ресейдің орталық аудандарында қосөкімет орнады, ал Қазақстан көпөкіметтілік жағдайында қалды. Өйткені 1917 жылы наурыз-маусым айларында Қазақстанда билікке уақытша үкіметтің жергілікті органдары, кеңестер, жергілікті Алаш партиясын құрушылар, Жетісу, Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлерінің билеуші органдары, т.б. таласты. Саяси күштер топтала бастады. Атап айтқанда оңшылдарға негізгі мүшелері кадет партиясынан құралған Уақытша үкіметтің жергілікті комитеттері, казачество билеушілері жатты. Аралық (центристік) лагерьді қолдаушылар эсерлер болды. Солшылдарға большевиктер мен солшыл эсерлердің ықпалындағы жергілікті кеңестер жатты. Оларға майданның қара жұмысынан қайтқан қазақ жігіттері мен майдангерлер қосылды. Жер-жерлерде жұмысшылар мен оқушы жастардың қоғамдық-саяси ұйымдары құрылып, саяси мәселелерге араласа бастады. Мысалы, Верныйда Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы, Омбыда Бірлік, Петропавлда Талап, Семейде Жанар, Меркеде Қазақ жастарының революциялық одағы, т.б. құрылды. 1917 жылы 4 – 5 шілдеде Петроградта Уақытша үкімет большевиктер ұйымдастырған ереуілді қарудың күшімен басты. В.И. Ленин мен оның серіктерін тұтқындауға бұйрық берілді. 1917 жылы 11 шілдеде қосөкіметтілік жойылып, ресми билік түгелдей Уақытша үкіметке көшті. Алаш басшылары саяси жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты 21 – 26 шілдеде Орынборда бірінші жалпықазақ съезін шақырды. Съезде Алаш партиясы дербес саяси ұйым ретінде қайта құрылды. 1917 жылғы тамыз – қыркүйек айларында Орталық Ресейде Корнилов бүлігінің талқандалуы монархияшыл күштерді әлсіретті. Уақытша үкімет пәрменді әрекет жасай алмай беделінен айырылып қалды. Бүлікті басуда белсенділік көрсеткен большевиктер еңбекшілердің қолдауына сүйенді. Осы кезде өзін Қазақ Социалистік партиясы деп атаған Үш жүз партиясы құрылды. Оның көсемі К.Тоғысов, белсенділері Ш.Әлжанов, Ә.Досов, М.Әйпенов, т.б. болды. Көп ұзамай олар Алаш партиясының басты сынаушыларына айналып, большевиктер жағына шықты.
25. Қоқан автономиясының құрылуы. М. Шоқайдың қызметі
Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді.. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.
1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады) Ыстамбұлга аттанады.
26. Қазақ Аксрның құрылуы, оның құрамыга қазақ жерлерінің бірігуі. қырғыз акср ның территориялық аймағының жоғарыдан белгіленуі
Қазақ (Қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР құрамында құрылған автономилы қазақ республикасы.
Республика орталығы — Орынбор қаласы.
ТарихыӨңдеу1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ деп, ал қырғыздарды қырғыз не қара-қырғыз (кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы және Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі қабылданды. Республика астанасы - Орынбор қаласы деп жарияланды.
ВЦИК-тің 1921 жылғы 17 қантардағы Жарлығымен Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді.
Сондай-ақ, 1921 жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына өтті.
ВЦИК-тің 1924 жылғы 21 қазанындағы Жарлығымен бұрын Орынбор облысынан Башқұрт АКСР-ның құрамына өтіп кеткенТоқ-Сұран және Иманғұл аудандары Қазақ АКСР-ы құрамына қайтарылды.
1924 жылы Түркістан КСР-ның таратылуына орай, қазақтар шоғырланған Жетісу, Сырдария, Самарқанд облыстары Қазақ АКСР-ы құрамына кірді. Жетісу облысы аумағынан Қара-қырғыз автономиялы облысы құрылды.
1925 жылы республиканың батысында, Арал теңізінің оңтүстігінде Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АКСР-ы ішінен құрылды.
1925 жылдың сәуірінде республиканын орысша атауы Киргизкая АССР-дан Казакская АССР болып өзгертіліп, ел астанасы Орынбордан Қызылорда қаласына көшірілді
Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақстан) (қаз. Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan, қаз. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы, Қазақстан) — Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.
ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.[1].
ШекарасыӨңдеу1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен. солтүстік-бастысында - Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде - Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде - Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.
Ауданы және ХалқыӨңдеуАуданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы - 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша - 7 260,5 мың  адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) - 911,2 мың  адам болды.
Қазревком мүшелеріӨңдеуС.Мендешев (1882-1937)
Толық мақаласы: Сейітқали Меңдешұлы Меңдешев1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;
1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;
1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;
1937 жылы репрессия құрбаны болды.
Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)
Толық мақаласы: Жангелдин Әліби Тоғжанұлы1915 жылы коммунистік партия мүшесі;
1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;
1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;
1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.
А.Байтұрсынұлы(1873-1937)
Толық мақаласы: Ахмет Байтұрсынұлы"Алаш" партиясын құрушылардың бірі - "Қазақ" газетінің редакторы;
1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі;
1937 жылы репрессия құрбаны болды.
27. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-даАзамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет.Адамзат өзінің тарихи эволюциялық даму барысында мәжбүрлеудің тек екі балама жүйесін қалыптастырды. Біріншісі — адам еркіне әкімшілік ықпал ету және екіншісі — өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік бере отырып экономикалық мәжбүрлеу жүйесі. Олардың қатар өмір сүруі іс жүзінде мүмкін емес, өйткені әкімшілік жүйе мәжбүрлеудің экономикалық мүддесінің әсерін әлсіретіп шектейді, және керісінше оған экономикалық құралдарды енгізу әкімшілік жүйені билігіне нұқсан келтіреді.
«Әскери коммунизм үшін» саясаты өзінің меншік қатынастары құрылымдарын мемлекет қарауына орталықтандыру және экономиканы іс жүзінде, тіпті, милитарланған директивалық басқару сияқты негізгі принииптері арқылы мәжбүрлеулін басты үлгісін ұстанғанын білдірді. Мұны мемлекеттің бүкіл саясатының арқауына айналдыру халық шаруашылығының босансуы мен тоқырауына әкеп соқтырды.
Дағдарысты жағдайда большевиктер революциялық рухтағы романтиканың утопиялық догмаларынан амалсыз бас тартты. Ленин, партия басшыларының едәуір бөлігінің қарсы тұруына қарамастан, тарихи келісімге барды. Оның астарында меншіктін әр түрлі нысандарына қатысты барынша шыдамды саясат және тауар-ақша, нарықтық қатынастар факторлары мен басқа да экономикалық стимулдарды одан әрі мойындамаудын мүмкін еместігін сезіну бар еді. Қазақстандағы орын алған жағдай бүкіл елді қамтыған экономикалық және саяси дағдарыстың сыңайын танытты. Барлық жердегі сияқты Қазақстанда да халық шаруашылығын жүргізу саясатының мүлдем жаңа принципіне көшу қажеттігі айқын байқалды. Оның негізгі арқауы — «тауарсыздық» утопиясынан — нарықтық-экономикалық, тауарлық-ақшалай қатынасқа көшу идеясы еді.
28.Кіші қазан идеясы жəне оның қатерлі мазмұны.
1925 жыл Қазақстан халқы үшін саяси жаңалықтармен басталды. Қазақстан құрамына Сырдария және Жетісу облыстарының енуі, Орынбор қаласы мен губерниясының бөлініп шығуына байланысты республиканың әкімшілік құрылымына өзгерістер енгізілді. Ендігі уақытта Қазақ АКСР-і Адай уезі, Ақтөбе, Ақмола, Орал, Семей, Қостанай, Жетісу және Сырдария губернияларынан, Қарақалпақ автономиялық облысынан тұратын болды. Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің 1925 жылғы 9 ақпандағы шешімімен астана Орынбордан Ақмешітке көшірілді. Жаңа астанада 15—19 сәуір күндері өткен Қазақстан Кеңестерінің V съезі қазақ халқының тарихи есімінің патшалык билік тұсында бұрмаланып қырғыз» аталғанын ескеріп, халыққа өз атын қайтарды. Соған байланысты Қырғыз АКСР-і ендігі уақытта Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы аталатын болды. Республиканың жаңа астанасы Ақмешіт каласының аты (бұрынғы Перовск) Қызылорда болып өзгертілді.
Қазақ қоғамына алаш зиялыларының ықпалының артуынан қауіптенген орталық билік республикадағы саяси тәртіпті қатаң бақылауға алу жолына түсті. 1925 жылдың 29 мамырында И.В.Сталин партияның Қазақ Өлкелік Комитетінің бюро мүшелеріне «Ақ жол» газетінің саяси ұстанымына байланысты хатын жолдады. Онда И.Сталин өзінің «Ақ жол» газеті материалдарымен танысып, жарияланған материалдардың мазмұн жағынан шетелдерде жарық көріп жатқан Мұстафа Шоқай мақалаларымен сабақтас, жақын екенін айта келіп, мұндай сынға кеңестік басылымдарда орын берілуге тиіс емес деген тұжырымын білдіреді.
И.Сталин хатындағы екінші мәселе алаштық зиялылар жөнінде болды. Кеңестік басшы партияда жоқ ұлт зиялыларын саяси және идеологиялық қызметтерден біржола аластатуды ұсынды.
И.Сталин хатынан соң Қазақстандағы саяси билікке ұлттык кадрларды тек таптық тегіне қарап тарту кең етек алды. Сонымен бірге бұқара арасынан іріктелген қызметкерлердің өзін ұлттық сезімі мен ұстанымына байланысты жіктеу орын ала бастады.
1925 жылы жазда республика басшылығына Орталық Филипп Исаевич Голощекинді жіберді. Жергілікті жағдаймен танысып алған соң Ф.Голощекин И.Сталинге арнайы хат жолдап, онда ендігі уақытта басымдылық жалпыұлттық міндеттерге емес, қазақ ауылын кеңестендіруге, республика өмірінде коммунистердің үлес салмағын күрт арттыруға, басқару аппараттарын жергіліктендіруге, яғни қазақ бұқарасына қазақша қызмет жасауға, сондай-ақ «үлкен саясатқа» емес, қалың қазақ бұқарасаның күнделікті мұқтаждықтарын қанағаттандыруға берілмек екендігін тәптіштеп айтты. Ф.Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» концепциясы осындай тұжырымдардан тұрды және ол И.Сталиннің толық қолдауын алды.
Қазақстандағы кеңестік мемлекеттік автономия қызметіне ұлттық сипат, мазмұн беруге күш салған саяси топ (С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, т.б.) Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» бағдарламасын қазақ ауылында «азамат соғысын» тудыру әрекеті есебінде қабылдады. Қазақ қайраткерлері арасындағы келесі бір топ (О.Исаев, І.Құрамысов, Ғ.Тоғжанов, т.б.) ендігі уақытта басымдылықтың жалпыұлттық емес, таптық саяси мәселелерге берілгенін жөн санады. Республика өміріндегі саяси тартыс, негізінен, осы екі топтың арасында жүрді.
Ф.Голощекин бастаған саяси басшылық қазақ ауылын кеңестендіру жолында тұрған негізгі кедергі байлар табы деп түсінді. Сондықтан да 1926 жылы 20 мамырда «Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы» заң қабылдап, байларды мал жайылымынан айыру шарасын осы жылдың маусым және шілде айларында бастап кетті.
Шабындық және егістік жерлерді кайта бөлуде бірқатар қиындықтар кезікті: жерді өлшеу даярлықсыз жүргізілді, болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерде бұл шараның мақсаты мен мәнін толық түсініп, оны ақырына дейін жеткізуге мүдделі қызметкерлер аса көп байқалмады.
«Кіші Қазан» бағдарламасы аясында шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу арқылы қазақ ауылында тапаралық «майдан» ашудан үміттенген кеңестік басшылык бұл үміті ақталмаған соң, жаңа ауқымды да қауырт шараларды іске асыруды қолға алды.
29. қазақстанды индустрияландыру жолдары мен əдістеріне байланысты теориялық айтыстар
Қазақстан индустрияландыру кезеңінде 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.
Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді.
1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.
30.ұжымдастыру түрлері, əдістері, ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.
Бірінші дүниежүзілік соғыс, оның артын ала келген революциялық өзгерістер, бүкіл Кеңес елінің кеңістігін қамтыған азамат соғысы қазақ даласына да орасан зор ауыртпалықтар ала келді. 1916—1921 жылдар арасында аштықтан қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен көшіп кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. Бұл сол кезеңдегі қазақ халқының шамамен бестен бір бөлігі еді. Ал 1921— 1922 жылдардағы ашаршылық қазақ қоғамын біржолата тұралатып кетті. Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздардың санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын ұлғайтып жіберді. Жаңа ғана орнаған кеңестік билік күйзеліске ұшыраған қоғамның әл-ауқатын жөндеу және жақсарту қамына кірісудің орнына ең алдымен саяси мәселелерді шешуге басымдылық берді. Қоғамдық құрылыстың мұндай сипат алуы 1923 жылы 17—22 наурыз күндері Орынбор қаласында болып өткен Қазақ партия ұйымының III конференциясында анық байқалды. Ресей Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің өкілі Е.Ярославский мен Қазақ үкіметі төрағасының орынбасары А.Вайнштейн өздерінің баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде ендігі уақытта ұлттық мүддеге қатысты мәселелерге басымдылық беруден бас тартып, назарды бұқара халықтың таптық санасын көтеру ісіне бұруды талап етті.
Бұл іс жүзінде Қазақ елінің өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқару ісінде жергілікті ерекшеліктерді ескеру, мемлекеттік аппаратты қазақтандыру және басқа осы сияқты жалпыұлттық мәселелерді тым көп көтеруді тоқтату жөнінде орталықтан берілген нұсқау еді. Сонымен бірге ұлт мәселесінде «ұстамдылыққа» шакырған орталық, оның есесіне тапаралық қатынастар мәселесінде ымырашылдыққа жол бермеуге, қазақ кедейлерінің «әлі оянбаган таптық түйсігін» шайқап, оларды байларға қарсы қоюға үндеді. Бұл қазақ қоғамында үлес салмағы болар болмас (0,5%-ға да жетпейтін) байлар табына және олардың меншігіне «қызыл гвардиялық шабуылға» өтуге жасалған даярлықтың көрінісі еді.
Орталық пен оның Қазақстандағы өкілдерінің мұндай ұстанымына ашық қарсылық көрсеткен жеке қазақ басшылары аз болған жоқ. Солардың бірі — Смағұл Сәдуақасов қазақ қоғамындағы таптық қайшылықтармен тым әуестенушіліктің жағымды нәтиже бермейтіндігін, қазақ шаруаларының сол тарихи кезеңде таптық қанаудан емес, жұмыссыздықтан, шаруашылығын жандандыруға қажет қаржының жоқтығынан азап шегіп отырғандықтарына, яғни ендігі уақытта елдің революциялық сілкіністерге емес, бейбіт еңбекке мұқтаж екенін түрлі дәреже-деңгейде дәлелдеуге тырысты.
Сондай-ақ С.Сәдуакасов қазақ байларымен күресті төтенше революциялық шаралар арқылы емес, бейбіт әдіс-тәсілдер арқылы жүргізуді ұсынды. С.Сәдуақасов, Н.Нұрмақов, Ы.Мұстанбаев, Ж.Мыңбаев, С.Қожанов сияқты қазақ саяси қайраткерлерінің бұл ортак ұстанымын большевиктік басшылық социалистік құрылысқа қарсы көрсетілген жергілікті ұлтшылдардың қарсылығы ретінде қабылдады. Ал ұлт қайраткерлері болса ендігі уақытта мұндай ұстанымдарының ұлтшылдық пиғылдан емес, жергілікті өмір ерекшеліктерінен туындап отырғандығын, соған байланысты өздерінің шынайы интернационализм ұстанымынан ауытқымағандықтарын ылғи да дәлелдеп отыруға мәжбүр болды.
Қазақстанда ХХ ғасырдың 20-жылдарының аяғы мен 30-жылдардың басында БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің кезекті іс-əрекеттері ауылшаруашылық саласында «Ауылдағы партияның саясаты – бай-кулактарды тап ретінде жою жəне ұжымдастыру» деген ұранмен басталды. Көшпелі шаруашылық-мəдени қызметтің күрделі түрі ретінде, өзінің əлеуметтік ұйымдастырылуымен жəне көпдеңгейлі жүйелілік байланыстар кешенімен отырықшылық негізіндегі кеңестендіру үдерісіне дайын болмады. Соған қарамастан, астық дайындау науқанын көшпелі жəне жартылай көшпелі мал шаруашылығына пайдаланылатын жерлерді тартып алу арқылы іске асыру ұсынылды. 1931 жылы қыркүйекте БК(б)П Қазөлкелік комитеті мал шаруашылықты аудандарға міндеттер жүктеді: «ұжымдастыруды барынша жеделдету» жəне ТОЗ-ды айналып өтіп, қазақ ауылына колхоз құрылысының негізгі түрі ретіндегі ауыл шаруашылығы артелдерін енгізу. Колхоз құрылысын құрудағы қысым көрсету, қауіп төндіру, үркітіп-қорқыту, тəркілеу əдістерін қолдану «едəуір» нəтижелерін берді. Егер 1930 жылы республика бойынша колхоздар саны 7 мыңды құраса, оның 2 мыңнан астамы жайылымдық жерлерге орналасты. 1931 жылдың 1 маусымына қарай мал өсіретін шаруа қожалықтарында оның жалпы санының 44,1 пайызы ұжымдастырылды. Осылайша, жаппай күштеп отырықшыландыру үдерісі Қазақстанның халық шаруашылығын бұзу арқылы өндірісті ұйымдастыру қағидаларын (жайылымдарға қысым жасау, жайылымдардың қаңырап бос қалуы, қуаңшылықтың кеңінен өрістеуі) түбегейлі өзгертіп жіберді. Мұрағаттық құжаттар 1929–1934 жылдардағы ашаршылық пен сталиндік ұжымдастыру арасындағы сабақтастықты дəлелдейтін бұлтартпас айғақ. Дəл оның КСРО-да белең алуы 1932–1933 жылдардағы азық-түлік дағдарысын шарықтау шегіне жеткізді. 1929 жылдың аяғы мен 1930 жылдың басындағы жаппай ұжымдастыру кезінде аймақтардағы ашаршылық жəне оның салдарынан өлім-жітімнің көбейгені тіркелген. Оған 1929 жылы ауылдық жерлерде күштеп астық дайындау себепші болды. Олар елді индустрияландыруды жүзеге асыруға негіздер іздеген сталиндік басшылық бағытының тікелей нəтижесі еді. Ауыл шаруашылығы саласындағы большевиктік тəжірибе сəтсіз аяқталды, идеялық басшылары болса оның қайғылы салдары үшін бүкіл жауапкершілікті кеңестік биліктен ең көп жапа шегіп, ұрып-соғу мен қуғынға ұшыраған шаруалардың мойнына арта салды.
31. Ашаршылық 1930шы жылдағы демографияға əсері
Көшпелі Қазақ қауымы күшті жұт жылдары ғана болмаса, өзінің өткен ұзақ тарихында А-қа сирек ұшыраған. Тек “ақтабан шұбырынды...” сияқты жаугершілік жылдары, саны -ге дейін кеміген. Жаңа заманда Қазақстан тарихында екі алапат ашаршылық халық жадында қатты сақталған. Олардың алғашқысы — 1921/22 жылы болған ашаршылық Оның басты-басты екі себебі бар: алғашқысы — Ресейдегі Азамат соғысының кесірінен Қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы (қ. Азық-түлік отрядтары, Азық-түлік салғырты), екіншісі — табиғи апат, қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жұт. Респ-да 1920 және 1923 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санақтарының және Қазақстандағы жерге орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған профессор С.П.Швецовтың мәліметтері бойынша 1921 жылғы ашаршылықта Қазақстан халқы 30%-ке дейін азайған. Кейбір елді мекендерде нәубет халықтың 100%-ін қамтып, олар түгелдей дерлік босып, жолда, біразы атамекенінде қырылып қалды. Санақ материалдары 1921 — 1922 шаруашылық жылында Батыс Қазақстандағы шаруалар шаруашылықтарының 1920 жылмен салыстырғанда 23,8 процентке қысқарғанын, Ақтөбе, Торғай аймақтарында шаруашылықтардың үштен бірінің жойылып кеткенін көрсетеді. 1921 жылғы ашаршылық Батыс Қазақстан халқының 31,4 процентін алып кетті. Санақ материалдарының толық болмауы осы ашаршылық жылдарында қанша адамның қырылғанын нақты айтуға әлі де мүмкіндік бермей отыр. Екінші ашаршылық 1930 — 33 жылы болды. Оның себебі — Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т.б. ауыл шаруашылығы өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып табылады. 1926, 1937 және 1939 жылдардағы санақтар материалдарындағы олқылықтар осы А-тағы адам, басқа шығындар санын дәл анықтауға кедергі келтіріп, ғалымдар арасында әр түрлі пікірлердің өрістеуіне себеп болды. Дегенмен, осы А-та Қазақстандағы ауыл халқы санының кемуі туралы Қазақ АКСР халық шаруашылығы есептеу басқармасының әр түрлі жанама есеп-статистикалық құжаттар (салық есебі, мал есебі және т.б.), сондай-ақ 1937 жылғы Бүкілодақтық халық санағының алғашқы мәліметтеріне сүйенген ресми дерегі бар. Осы деректер бойынша Қазақстанның ауыл халқы 1930 жылдың 1 маусымынан 1933 жылдың 1 маусымына дейін 3 млн. 379,5 мың адамға кеміп кеткен. Егер бұл кемуден 1 млн-нан астам босқындарды шығарып тастасақ, 1930 — 33 жылдардағы аштық құрбандарының 2 млн. 200 мың адамнан асып түсетінін аңғарамыз. 1992 жылы осы мәселені арнайы зерттеген Қазақстан Республика Жоғарғы Кеңесі Төралқасының комиссиясы өзінің қорытындысында былай деп жазды: “Қазақ елі аштықтан және соған байланысты індеттерден, сондай-ақ табиғи өлім деңгейінің үнемі жоғары болуынан 2 млн. 200 мың адамнан, яғни барлық Қазақ халқының 48 процентінен айрылды”. Ашаршылықтан Қазақстанда қазақтардың үштен бірі ғана қалды. Негізінен жас балалар мен Әйелдер қырылғандықтан оның демогр. зардабы ауыр болды. Қазақтардың сан жағынан өсуін қатты тежеді. Кейіннен асыра сілтеушіліктің шын мәні саяси бүркемеленгенімен бұл А. “қызыл қырғын”, “голощекиндік геноцид” деген тарихи атқа ие болды. Голощекиндік геноцидтің Қазақ халқына алып келген шығыны әлем тарихында (процент есебімен) гитлершілдердің Еуропадағы еврейлерге жасаған сойқанымен пара-пар келіп, Кампучиядағы “қызыл кхмерлер” зардабынан асып түседі. 1932 мешін жылы болған бұл зұлмат 20-ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі болып саналады. Әр жылдың 31 мамыры күні Қазақстан халқы осы “қызыл қырғын” құрбандарын еске алады
32. Соғысқа дейінгі қазақ/ң қоғамдық-саяси өмірі. Қазақ КСР-нің құрылуы. 1937-38 жж. Жаппай қуғын сүргін
1)Сталинизм жазалау шаралары.
30 – жылдары КСРО – да социалистік қатынастар орнығып болды. Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс – құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетіліп жатты. 1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл — әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылды.
Одақтың ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын қолдану: жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, ату жазасы, КСРО – дан тыс жерлерге қудалау үшін ерекше комиссия құрылды.
Қазақстанда ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары: Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмұхамедов т. б. ұшырады.
Жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастырушы–нұсқаушылық бөлімнің меңгерушісі Н.И. Ежов зор «үлес қосты». Атап айтсақ 1927–1929 жылдары мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев республикадан аластатылды. Ж. Мыңбаев – Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қызметінен, С. Садуақасов – Ағарту Халық комиссары қызметінен, Ж. Сұлтанбеков – жер ісінің Халық Комиссары қызметінен алынды.
1937 – 1938 жылдары террор жаппай сипат алды. Осы жылдары репрессияға ұшырағандар:. Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқандар: Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтив, Н. Төреқұлов, Б. Алманов, С. Мендешев, С. Арғыншаев, А. Асылбеков т. б.
- Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері: О. Жандосов, Т. Жүргенов, К. Тәштитов, Н. Нұрмақов, А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов т. б.
- Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер: Т. Әлиев, С. Жақыпов т. б.
- Қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері: Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Аспандиаров, К. Жұбанов, М. Төлепов т. б.
- Орталықтан Қазақстанға жіберілген қызметкерлері: Л. И. Мирзоян, К. М. Рафальский, В. Н. Андроников т. б. Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты.
Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг (Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг, ЧСИР – отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь. Кейінннен ол «Алжир» — халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері. «Алжирде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап шекті. Қарағанды жеріндегі Осакаров ауданында орналасқан 25 поселок – обсервацияда Россиядан «халық жауы» ретінде жазалағандар орналастырылды.
1937 жылғы қыркүйек, қазанда Қиыр Шығыстан 110 мың корейлер, Әзірбайжан мен Армениядан 2 мың 400 отбасы жер аударылып Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына қоныстандырылды.
30–40 жылдар мен 50–жылдарда контреволюциялық қылмыскерлер туралы істерді негізінен сот органдары емес, ОГПУ алқасы «Үштіктер», ерекше кеңестер шешті.
101 мың Қазақстандық ГУЛАГ–қа жабылып, 27 мыңы атылды. Қазір де сол «халық жауларының» 40 мыңы ақталды.
Сталиншілдіктің басты қылмысы: 1) әміршіл — әкімшіл жүйені қолдану, 2) лагерьлер жүйесін құру, 3) халықтарды күштеп көшіру, 4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу (31 мамыр – Ұлттық қаза күні болып белгіленді).
Қазақ КСР – інің құрылуы.
1936 жылғы желтоқсанның 5–інде КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңын – КСРО Конституциясын қабылдады. Он бір Одақтас республикасының социалистік федерациясы құрамына автономиялы республикадан одақтас республика етіп қайта құрылған Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы да енді.
1937 жылдың наурыз айында Қазақстан Кеңестерінің Төтенше X съезі қабылдаған Конституциясында — Республикасының саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері:
- Республиканың экономикалық негізі – социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал – жабдықтарына социалистік меншік деп атап өтілді. Қазақ КСР – і КСРО құрамына ерікті негізде енді және мемлекеттік, экономикалық, мәдени құрылыс міндеттерін шешуде барлық құқықтарға ие болды. Қазақстан жалпыодақтық еңбек бөлісінде өз орнын алды.
1937 жылғы желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңестің сайлауы өткізілді. Оған республикадан 44 депутат сайланды.
1938 жылғы маусым — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Оған барлығы 300 депутат сайланды: 112 – сі жұмысшы; 116 – сы колхозшы; 152 – сі қазақ; 60 – сы әйел, оның 27 – сі қазақ әйелі.
1938 жылғы 15 шілде — Қазақ КСР – і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты. 1939 жылғы желтоқсан – жергілікті Кеңестерінің сайлауы өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды.
20 -30 жылдар кезеңінің қорытындысы:
Тиімді жағы:1. Қазақ халқының саяси теңдікке территориялық автономия құқығына қолы жетті.2. Индустриясы жедел дамыды.3. Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті.
Тиімсіз жағы:1. Экономика мен мәдениет саласында қол жеткен табыстар тым қымбатқа түсті.2. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.3. Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.
Қазақ КСР – і соғыс алдындағы жылдарда.
1939 жылы Коммунистік партияның XVIII съезі болып өтті. Онда КСРО – ның индустриялық қуатын кеңейту, қорғаныс қабілетін нығайту бағыты көрсетілді. Үшінші бесжылдықта (1938 – 1942 жж.) Қазақ КСР – іне көрнекті орын берілді, ол түсті металдар (мыс, мырыш, қорғасын) өндіру жөніндегі ірі базаға, көмір, мұнай өндіретін ауданға, сондай – ақ ауыл шаруашылығы (етті мал шаруашылығы, дәнді және техникалық дақылдар) дамыған ауданға айналуға тиіс еді.
1938 – 1941 жылдары іске асырылатын шаралар:1) Қарсақпай мыс балқыту заводын қайта құру мен кеңейту.2) Жезқазған мыс балқыту заводын салу.3) Алтайда түсті металлургияны дамыту.4) Ембідегі геологиялық жұмыстар мен барлау – бұрғылау ісін жеделдету шаралар қолданды.
Осы жылдары еңбек кітапшалары енгізілді, мемлекеттік сақтандыру тәжірибесі жақсартылды, 8 сағаттық жұмыс күнінен, 6 күндік жұмыс аптасына көшірілді.
1940 жылдың аяғында мемлекеттік еңбек резервтері жүйесі пайда болды. Әйелдер ірі өнеркәсіп жұмысшыларының 26,1 % -ын кұрады (1940 ж). Жаппай ерлер мамандығын меңгеру қозғалысы басталды: М. Д. Рогозина – ұңғылау машинасы, Р. Бүкірова – электровоз машинасы, Б. Досбаева – Байшонос мұнай кәсіпшілігінің аға операторы. 1941 жылы маусымда Батыс Қазақстан облысы Теректі МТС – те істеген П. Ангелинаның «Тракторды меңгеріңдер» бастамасын 26 мыңнан астам әйелдер тракторшы мамандығын меңгерді.
Тұрақты механизаторлар кадрлары қалыптасты, 116 мың маман даярланды. Соғыс қарсаңында Халық шаруашылығында 11 мыңнан астам инженер, техниктер еңбек етті. Стахановшылар мен өндіріс жаңашыларының қозғалысы өрістеді. Риддердегі алғашқы стахановшы – шахтер Б. Ықыласов болды.
Соғыс алдындағы жылдарда құрылыстарды салу жеделдеді. 1940 ж. басы – ұзындағы 806 шақырымдық Ақмола – Қарталы жолы 9 айға толмайтын мерзімде салынды. Бұдан басқа Атырау – Қандығаш, Қандығаш – Орск, «Шығыс Орамы» (806 км. Шығыс Қазақстан мен Семей облысы), Алматы – Сарыөзек, Жамбыл – Алакөл темір жолдары (2681 км.) салынды. 1938 – 1940 жж. 1,4 мың шақырым жаңа темір жол төселді.
Үшінші бесжылдықтың 3,5 жылындағы өнеркәсіптегі тасымал мен байланыстағы күрделі қаржы – 3,1 млрд. сом болды.
Республика өнеркәсібінің жалпы өнімі – 57,3 % -ға артты.
Түсті металлургия Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналып, түсті металлургия бойынша Қазақстан екінші орында болды. Бұл сала кәсіпорындары: Шымкент, Қорғасын, Балқаш мыс қорыту, Лениногорск, Зырянов полиметалл заводтары, мыс балқыту комбинаты, Ащысай, Қоңырат кеністері. Салынып жатқан құрылыстар: Ақтөбе ферроқорыту заводы, Текелі полиметаллургия, Жезқазған мыс балқыту комбинаттары.
Шымкент қорғасын заводының қорғасыны елдегі ең таңдаулы деп танылды. 1939 жылы завод ұжымы одақта 1 – орынды жеңіп алып, Ленин орденімен марапатталды.
Химия өнеркәсібі, радиохабары және радиоландыру жоғары қарқынмен дамыды.
Қазақстан Одақ көлемінде қорғасын өндіруден бірінші орын, Мұнай мен көмір өндіруден 6 – орынға шықты.
1940 жылы 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеп, индустрияның жалпы өнімі 1940 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 7,9 есе өсті. Олардың бірі Кеңес өкіметі жылдарында салынған еді. 1940 жылы Қазақстан Одақ бойынша: көмірдің – 4,2% -ін; мұнайдың – 2,2% -ін; қорғасынның – 87% — ін; мыстың – 21% — ін өндірді.
Соғыс алдындағы жылдарда Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті шикізат аймағы қалыптасты.
Соғыс алдындағы жылдарда колхоз құрылысы дамыды. 1940 жылы колхоз бен совхоздарда: 41 мыңнан астам трактор, 11,8 мың комбайн, 14 мың жүк автомобилі жұмыс істеді. Ауыл шаруашылық техникасы 330 МТС және 194 совхозға шоғырландырылды. 116 мың механизатор, тракторшы, комбайыншы даярланды. 1940 жылы жоғары және арнаулы орта білімі бар 4 мың 600 агроном, зоотехник, мал дәрігері, орманшы болған.
1938 – 1940 жылдары 1338 ТОЗ ауылшаруашылық артельдерінің жарғысын а көшіп, 6 мың 900 мыңға көбейді. Халықтық құрылыс әдісімен 100 мың колхозшы каналдар мен суландыру жүйелерін салуға қатысты. 1938 – 1940 жылдары 145 мың га – дан астам жаңа суармалы жер игерілді. Батыс Қазақстанда Орал – Көшім каналы салынды.
1940 жылы әлеуметтік – мәдени шараларға мемлекеттен бөлінген қаржы – 1 млрд. сомға жақындады. (1932 жылмен салыстырғанда 12,5 есе көп).
1938–1940 жылдары республикада тұрмыстық қызмет көрсету орындары салынды: 3100 – ден астам дүкен, 600 – ден астам асхана, ресторан, 200 жаңа емхана, 120 аурухана.
Үшінші бесжылдықтың жарты жылында тұрғын үй құрылысына жұмсалған қаржы – 876 млн. сом болды (екінші бесжылдықта 351 млн. сом болды).
1938 – 1940 жылдардағы шешілмеген проблемалар.
- Мал шаруашылығының дамуы артта қалды.
- Колхоз өндірісінде материалдық ынталандыру төмен болды.
- Ауылшаруашылық мамандары тұрақтамады.
- Колхоз өмірінде демократия жеткілікті дамымады.
- Тұрғын үй қоры социалистік құрылыс қорынан кейін қалды.
Сонымен, елде орын алған кейбір келеңсіз процестерге қарамастан, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы бүкіл тарихи даму барысымен соғыс жылдарында зор ауыртпашылықтың бір бөлігін өз мойнына алуға және Жеңіс ісіне елеулі үлес қосуға әзірленген еді.
2) Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды. Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалисттік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалды республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.
Ел басшыларыӨңдеуКоммунистік партияның қырғыз өлкелік комитетінің хатшылары:
30 Сәу. 1919 — Там. 1920 Станислав Станиславович Пестковский(1882 — 1937)
Там. 1920 — Қаңт. 1921 Иван Алексеевич Акулов(1888 — 1937)
Қаңт. 1921 — Шіл. 1921 Мұхаммед-Хафий Мырзағалиев(1887 — 1941)
Шіл. 1921 — 1921 Мария Михайловна Костеловская(1878 — 1964)
1921 — Қырк. 1924 Георгий Алексеевич Коростельев(1885 — 1932)
1924 — 19 Ақп. 1925 Виктор Иванович Нанеишвили(1878 — 1940)

3) https://prezi.com/m/rkyv7ojb29zr/1937-1938/
166306512001500
-62293553721000252476053721000-7835903705860002951480437959500-7245356715125002641600767842000
33) 1930-40 жж. Қазақстанға күштеп көшіру ксро-ның əкімщіл-əміршіл саясаты екендігін дəлелде
1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.
Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. Ал 1937—1938 жылдары немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді.
Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939—1940 жылдары Гитлер армиясының Полынаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940—1941 жылдары поляктардың осы бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. Дегенмен 1936 жылғы көшірілгендер мен 1940—1941 жылдары көшірілген поляк азаматтарының құқық жағынан айырмашылықтары болды. Соңғы келгендер «поляк осадниктері мен босқындары» ретінде өмір сүрді. Кеңес үкіметі КСРО аумағына келген поляктардан армия құрып, гитлерлік Германияға қарсы қою жағын да ойластырған еді. 1940—1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. Поляк-кеңес пактісіне қол қойылғаннан кейін олардың көп бөлігі Владислав Андерс бастаған поляк армиясының қатарында өскери қимылдарға қатысты. Андерс армиясына енгісі келмегендердің бір бөлігі Қазақстан аумағында қалды. Соғыстан кейін олардың көпшілігі еліне қайтқанымен, 30-жылдарда депортацияланған бөлігі қалып қойды.
Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір белсенді бөлігін 1935—1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. Жалпы, жаппай көшіріп-қоныстандыру екі кезеңнен түрды. Оның алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін созылды. жылдың қыркүйек айының соңынан бастап алғашқы эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Жапон «шпионы» деп жала жабылған корейліктерді қазақтар жанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты халдеріне түсіністікпен қарады, құшағын жайып қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын беруден тайынған жоқ.
1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге орналасқандықтан, тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару корей халқын өзінің тарихи отаны — Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білім, тіл, мәдениет саласында орны толмайтын шығынға үшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық корей тіліндегі мектептер, Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы корей педагогикалық институты жабылды, корей тіліндегі оқулықтар жойылды.
70 корей ұжымшарлары республиканың 8 облысында — Қызылордада, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық кәсіпшілігімен жөне ауыл шаруашылығымен айналысты.
КСРО-ның ұлт саясатында 30-жылдардағы қуғын-сүргінге иран ұлты да ілікті. Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан—қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облысына көшірілді. Кеңес азаматтығын алған 6 мың адам арнаулы қаулы негізінде 1710 шаруашылық (отбасы) Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарына, 300 шаруашылық Алматы облысы аудандарына орналастырылды.
Күрділердің Қазақстанға депортациясы да соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Кавказ өңіріндегі күрділердің аз бөлігі Ресей империясының қол астына карады. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан қүрамында 1923 жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғандығы белгілі. Алайда 1936 жылы күрділердің ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрділер Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды. Күрділердің озық ойлы демократиялық бөлігі түтқындалып, ату жазасына бұйырылды. Күрділерді көшірмес бұрын олардың дүние-мүлкі, малдары тәркіленіп алынды. Өздері НКВД-ның катаң бақылауында жүк вагондарымен әкелініп, облыс пен аудандарға бөліп орналастырылды.
30—40-жылдардағы халықтардепортациясы қоғамдық-әлеуметтік форманың жоспарлы акциясына, адам психикасына әсер ете отырып, халықты ұлттық тамырынан айыруды ойластырған тағылық эксперимент, ғаламды қайта құру тәжірибесіне айналды.
Күштеп қоныс аудару кезінде жол бойында және арнайы лагерьлер мен тұрақжайларда бұл халықтардың жартысына жуығы опат болды.
Оларды бір сәтте туған жерінен айырып, мал сияқты жүк вагондарымен Қазақстанға әкеліп, 24 сағаттың ішінде бүтіндей халықтарды көшіріп-орналастырып үлгерді.
Сталиндік куғын-сүргін кезінде осы халықтардың алдыңғы қатарлы зиялыларына қарсы «үлкен террор» жасалды, ұлттың бетке үстарлары тұп-тамырымен жойылды. Жер-жерлерде ұлттық мектептер, газет-журналдар жабылды.
34)
Еесектер арасында сауатсыздықты жою
Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.
1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.
Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.
1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.
Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.
1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)
халыққа білім беру ісі
1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.
1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.
20–30 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. 1934–1935 жылдары Қазақстанда 221 интернат жұмыс істеді
2) Әдебиет пен өнер онкүндігі (Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндіктері), мәдени-көркем шара. Қазақ әдебиеті мен өнерінің 1-онкүндігі 1936 ж. 17-27 мамыр аралығында Мәскеу қаласында өтті. Онкүндік қазақ әдебиеті мен енерін әлемдік деңгейге көтерген және барлық рухани қуаты мен болмысын танытқан тарихи оқиға болды. Мәскеу сахнасында «Қыз Жібек» пен «Жалбыр»опералары қойылды. ҚазЦИК атындағы (1944 жыдцан бастап Құрманғазы атындағы) ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен халық әндері мен билері, күйлер орындалды. Қазақ жазушыларының әңгіме, өлеңдері, пьесалары орыс тіліне аударылды. Әуезовтің «Татьянаның қырдағы әні» әңгімесі ықшамдалып, «Я, казахскую песню пою» деген атпен «Известия» газетінің 1936 жылғы 23 мамыр күнгі санында Вс. Ивановтың аударуымен жарияланды. Онкүндікке Ж. Жабаев, К. Әзірбаев, Ғ. Қалмағанбетүлы, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Мүқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Т. Жароков, А. Тоқмағамбетов, Ә. Тәжібаев қатысты. Әуезов «Қазақтың халық музыкасы мен театры» («Қазақ әдебиеті», 1936, 5 мамыр), «Ең дана заңды, ең жас мемлекет» («Социалды Қазақстан», 1936, 18 маусым), «Культура возрожденной страны» («Советское искусство», 1936, 11 мамыр), «Казахская музыка» («Известия», 1936, 21 мамыр) атты мақалаларында онкүндіктің маңызы мен оның өту деңгейіне, ұйымдастырылу барысына жоғары баға берді. Қазақ әдебиетінің Мәскеудегі 2-онкүндігі 1949 ж. 10-19 мамырда етті. Осы мәдени шараға орай С. Мұқановтың «Ботагөз», Ғ. Мүсіреповтің«Қазақ солдаты», Ғ. Мұстафиннің«Шығанақ» романдары орыс тіліне аударылды. Ал Әуезовтің «Абай» романының 1-2-кітабы Л. Соболевтің аударуымен «Советский писатель» және «Молодая гвардия» баспаларынан бір жылда қатар жарық көрді. Ұлы жазушы КСРО Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар бөлімінде және Мәскеу мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған әдеби кештерде сөз сөйледі. «Игілікті сапар» («Қазақ әдебиеті», 1949, 10 мамыр), «Онкүндіктен кейін» («Театр», 1949, № 7), «Ең зор бақыт» («Литературная газета», 1949, 24 желтоқсан) атты мақалаларында Әуезов өзінің осы әдеби онкүндіктен алған әсері мен түйген пікірлерін жазды. «Культура и жизнь» газетінде (1949 ж. 31 мамыр) жарияланған «Тамаша туынды» атты мақалада Әуезовтің «Абай» романына аса жоғары баға берілді. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі 3-онкүндігі 1958 ж. 12-21 желтоқсан күндері өтті. Бұл онкүндік - қазақ әдебиеті мен мәдениетінің әлемдік деңгейде көтерілгендігін дәлелдейді. Оған Қазақстанның жетекші өнер шаңырақтары мен мәдениет, ғылым қайраткерлері қатысты. Мәскеу қаласының әр түрлі театрларының сахнасында, Абай атындағы академиялық опера және балет театры М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» (либреттосы Қ. Жүмалиевтікі), А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» (либреттосы М. Әуезовтікі), Б. В. Асафьевтің «Бақшасарай фонтаны», қазақ драма театры Әуезовтің «Еңлік-Кебек», Ғ. Мусіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» («Ақын трагедиясы» деген атпен), Ә. Төжібаевтің «Жалғыз ағаш орман емес», орыс драма театры - Н. Ановтың «Мүрагерлер», Окулевичтің «Джордано Бруно», А. Николаеваның «Жолдағы шайқас» спектакльдерін көрсетті. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы Л. Соболевтің жетекшілігімен Мәскеу мемлекеттік әдебиет баспасынан жарық көрді. Бұл басылымға 1959 ж. Лениндік сыйлық берілді. Жазушы Мәскеу мемлекеттік университетінде, М. Горький атындағы Элем әдебиеті институтында, кітапханалар мен зауыт-фабрикаларда өткен кездесулерде сөз сөйледі. Онкүндік туралы «Үзілмес достық өреніміз» («Социалистік Қазақстан», 1958 ж. 12 желтоқсан), «Шабыт шалқары» («Литературная газета», 1959 ж. 23 желтоқсан), «Гүлденген бақта» («Правда», 1958 ж. 12 желтоқсан), «Отан, халық, партия» («Знамя», 1959 ж. №1), «Шығарма шаттығы» («Советский союз», 1959, N9 1) атты мақалалар жарияланды. Әуезов 1936 және 1958 жылғы әдебиет пен өнердің Мәскеуде өткен онкүндіктерін салыстыра келіп:
«Бұл оқиға біздің халқымыз, біздің мөдениетіміз өзінің алтын ғасырын басынан кешіріп отыр деп айтуға толық мүмкіндік береді»[1]деп жоғары бағалады.[2]35) ұлы отан соғысының басталуы. Республика өмірін соғыс қажетіне бейімдеу.
1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Соғыстың басталуы және оның сипаты туралы тарихи деректерге сүйенетін болсақ: Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж. 23 тамыз) Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді. 1940 жылдың орта кезеңінде-ақ (18 желтоқсан) Гитлер КСРО-ға басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрлықтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде (3-4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін«,— деп әскери комитетке өтініш берді. Қазақстаннан соғыс майдандарында 100-ге жуық ақындар мен жазушылар шайқасқан. Республика бойынша 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1196164 (1196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Қазақстан экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Өскемен қорғасын — мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді. Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді: 1.1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы; 2.1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді. Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украинадан Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. Қазақ КСР-не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды. Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркәсіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200-ге жуық шахтер, 2000-дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер-техниктер саны 700-дай болды. Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85%-ын, көмірден 18%-ын, молибденнің 60%-ын, октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді. 1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий -Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Соғыс жылдыры салынған құрылыстар: Мақат — Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы — Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б. Соғыс кезеңінде ауыл шаруашылығындағы жағдай төмендеді. Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-дың орнына 1942 жылы 75% -ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Бүкілодақтық социалистік жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз-келіншек қатысты. 1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. 1943 жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды. Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды
36) Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдердің ірі шайқастарға қатысуы және жанқияарлық ерліктері
Солтүстік Қазақстан жерінде жасақталған әскери және олардың ірі шайқастарға қатысу 11 Қазан 2013 356 0 Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын, бүкіл еліміздегі сияқты, Солтүстік Қазақстанның ұлдары мен қыздары да ата-ана туған туыс, дос-жарандарымен қош айтыса отырып отан ананы фашизм апатынан қорғау үшін майданға аттанды. Соғыстың алғашқы екі жылының өзінде ақ облыс әскери комиссариаттары 70 мыңнан атсам адамды Қызыл Армия қатарына шақырып үлгерді. Олар соғысқа не үшін бара жатқанын терең түсінді және басқыншы жауды жеңетіндеріне кәміл сенді. Осынау солтүстік қазақстандықтар барлық майданда болып, Ұлы Отан соғысындағы аса ірі шайқастарға, атап айтқанда Брест пен Смоленск түбіндегі, Москва мен Ленинград түбіндегі, Сталинград, Тула, Орелдағы, Курск доғасы мен Днепр, Белоруссиядағы, Шығыс Европа елдері мен Германиядағы, Манджурия мен Қиыр шығыстағы тағы басқа сұрапыл шайқастардың бәріне қатысты. Қурлықта да, теңізде де, әуеде де ерлік пен қаһармандықтың үлгісін көрсетті. Ұлы жеңіске үлкен үлес қосты. 17 адам Совет одағының Батыры атағына не болды Алайда бұл соғыстың бүкіл еліміз сияқты, солтүстікқазақстандықтарға да әкелген қайғы-қасыреті аз болған жоқ. Ол сан мыңдаған адамның жүрегіне жазылмас жара салды. Облыс бойынша 32 мың жауынгер соғыстан қайтып оралмады. Гитлерлік Германияның елімізге тұтқұйылдан соғыс бастағанын ести сала бүкіл кеңестер одағының халқы бар күш-жігерін Отан қорғау ісіне жұмылдырды. 1941 жылдың маусымында – ақ Петропавл қаласының барлық өндіріс орындарында, құрылыс мекемелері мен оқу орындарында мыңдаған еңбекшілердің қатысуымен митингілер мен жиналыстар болып өтті. Петропавлдықтар еліміз халықтары мен бірге қатыгез жаудан өз Отандарын қорғауға көтерілді.Сол уақытта болып өткен бір митингіге қатысушылардың қабылдаған шешімінде: «Біз партия мен үкімет шақыра  қалған сәтте-ақ, станоктардағы жұмыс орнымызды қолымызға қару алып, әскери қызметке ауыстыруға дайынбыз!», - деп жарияланды Соғыстың  алғашқы күндерінде-ақ қалалық әскери комиссариатқа жүздеген ерікшілерден майданға аттандыру туралы өтініштер келіп түсті. Бірінші болып Қызыл Армия қатарына әскери мамандығы бар, тәжірбиелі: запастығы командирлер мен саяси жетекшілер, коммунистер мен комсомол мүшелері шақырылды. Бір аптаның ішінде Петропавл қаласынан әскери авиацияға, танк және жаяу әскери бөлімшелеріне мыңдаған адамдар аттанып кетті. Қалалық партия мен комсомол комитеттерінің жолдамасымен көптеген коммунистер мен комсомол мүшелері әскери училищелер мен полк жанынан құрылған даярлау мектептеріне оқуға жіберілді. Петропавл қаласында жаңадан әскери бөлімшілер құрамалары құрыла бастады. Тез арада жеке атқыштар батальоны құрылып, іле-шала майданға аттандырылды. Ленинград қаласын қорғау Ұлы Отан соғысының тарихынан айрықша орын алды. Жау Ленинград қаласына бір миллионнан астам адамнан тұратын күшпен  шабуыл жасады, оларда 17 мыңнан астам зеңбірек пен миномет, 1500-дей танк және 2 мың самолет болды Ленинград 900 күн бойы қоршауда тұрды. Қаланың жүздеген тұрғындары мен қорғаушылары қаза тапты, олардың басым көпшілігі алғашқы ең ауыр ашаршылық күндерінде және қоршаудағы суық кезінде  көз жұмды. Осындай қиын-қыстау күн таяп, Ленинград қаласына қара бұлт төнген кезде  Ленинградтықтарға Қазақстанда жасақталған 310, 314-атқыштар дивизиясы көмекке барады. 310 атқыштар дивизиясы 1941 ж. шілде айында Ақмолада құрылған. Ал 314 атқыштар дивизиясы Петропавлда құрылып, қалада құрылған ең ірі құрама болып тарихта қалды. Дивизияның құрамына негізінен Петропавл қаласының өкілдері алынды. Өнеркәсіп пен транспорт орындары дивизияны материалдық ресурстармен, транспортпен, киім-кешекпен және тамақпен қамтамасыз етті. Дивизия құрамында Солтүстік Қазақстан облысының еңбекшілерінен басқа, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Павлодар облыстарының тұрғындары болды. Дивизия басшылығы мен саяси жетекшілер қалалық партия ұйымдарының көмегімен жауынгерлердің әскери жаттығуларына, саяси шыңдалып, патриоттық тәрбие алуына көп күш салды. Дивизия командирі генерал-майор А.Д.Шеменков еді. Дивизия штабын – полковник В.И.Кувшин, ал дивизия полктерін – А.А.Мироненко, В.П.Томашевич, Я.С.Скачков және П.Ф.Ивашко басқарды. Бұлар тәжібиелері мол, өз кезіне сай әскери дайындықтан өткен жандар еді. Дивизияның әскери комиссары болып М.М.Мартыненко тағайындалды. Ал оның саяси бөлімінің бастығы И.Куценко болды. Құрама штабының саяси бөлімінде және басқада әскери бөлімдерде саяси-тәрбие жұмысын жолға қоюға облыстан партия ұйымдары жіберген коммунистер мен комсомолецтер ерекше рөл атқарды. Жергілікті партия ұйымдары жаңадан жасақталып жатқан құрамаға 1800 коммунист пен комсомолецті жіберді Бұлар әскери тәртіпті нығайтып жауынгерлерді патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеу жолында орсасан зор жұмыстар жүргізді. Советтік Отанды қорғаудағы әр жауынгер мен командирдің міндеттерін терең түсіндіріп, оларды ауыр жылдарға төтеп беруге баулыды. 1941 жылғы 4 тамызда дивизия жасақталып болып, ендігі жерде  жауынгерлерді әскери өнерге  үйрету, соғыс жағыдайына жедел жаттықтыру жұмысы қызу қолға алынды. 1941 жылдың тамыз айының аяғында 314 атқыштер дивизиясы Солт-Батыс майданға аттандырылды. Тамыз айының аяғында Тихвин қаласының маңынан бір-ақ шықты.314-дивизияның бөлімдері Свирь өзенінің бойындағы Лодейное Поле қаласының маңына 7 қыркүйекте орналасып, генерал В.Д.Цветаевтің 7-армиясының құрамына қосылды. Бұл кезде жау Ленинградтың Ладога көлі маңындағы жалғыз ашық байланыс жолын кесіп тастауға ұмтылып қауіп төндіріп тұр еді. Оңтүстік жақтан неміс әскерлері шабуыл жасаса, солтүстіктен, Онега-Ладога мойнағы тұсынан фин әскерлері шабуыл жасады. Финдер Гитлердің одақтасы ретінде Россияның, көп жерін олжалағысы келіп еді. Бұл кезде финдер Лодейное Поле қаласының маңында Свирь өзенінен өтіп, Ладога көлінің оңтүстігінде шабуыл жасап келе жатқан өздерінің одақтасы- неміс әскерімен қосылғысы келді. Олардың бұл мақсатын жүзеге асырмау үшін совет командованиесі шұғыл шаралар қолданды. Свирь өзеніне таяу жердегі Заостровье станциясында эшелоннан түскен 314-дивизияның бөлімдері өзеннен өтпек болған фин әскерлерімен шұғыл түрде шайқасқа түсті. Ұрысқа кіріскен осы күндерде дивизияның полктеріне ұзындығы 130 километрлік шепте қорғаныс ұрыстарын жүргізуге тура келді. Кейіннен қыркұйектің аяқ кезінде өздерінің көмекке келген 21 және 114-дивизиялардың арқасында 314-дивизияның қорғаныс шебі 30 километр ғана болып қалды. Свирь өзенінің бойында Совет жауынгерлерінің фин әскерлерімен жүргізген табанды ұрыстары финдердің неміс әскерлерімен қосылуы жөніндегі жоспарын жүзеге асыртпай тастады. Сөйтіп финдерге қарсы бағытта яғни Ладога көлінің  оңтүстігінде ұрыс жүргізіп жатқан неміс корпусының жағдайын жақсарту үшін Свирь өзені маңында қайткенде де біздің әскерлердің шебін бұзып өтуді талап еткен неміс  командованиесінің дегені орындалмады. Дивизия бөлімдерінің бәрі бұйрықты бұлжытпай орындай отырып, ерекше табандылық көрсетті. Құрама басшыларының Солтүстік Қазақстан облысының еңбекшілеріне жолдаған есебінде көрсеткендей алғашқы бес айдың ішінде дивизияның 160-тан астам жауынгері мен офицерін шайқаста айрықша көзге түскені үшін-үкімет наградаларына ұсынды. Олардың ішінде 1941 жылғы 16 желтоқсанда өз денесімен жау пулеметінің үнін өшіріп, өз өмірін құрбан ету арқылы қарулас жолдастарын құтқарып қалған атқыштар бөлімінің командирі Н.И.Сафронов, телефоншы К.Қайықпаев, Пресновкада туып-өскен коммунист М.И.Ралдугин бар еді. Басқада құрамалар сияқты 314-дивизияда да 1941 жылдың күзінде мергендер қозғалысы кеңінен өрістеді. Оны бастаған Солтүстік Қазақстан Облысындағы Степан Разин атындағы ауыл шаруашылық артелінің бұрынғы колхозшысы, 1074-атқыштар полкының қатарындағы жауынгері Г.П.Зубаков болды. Бұдан кейінгі ұрыстарда құрама жауынгерлері ерлік көрсетіп отырды. Мысалы, бір жау шабуылына тойтарыс беру кезінде аға сержант Нарутдинов, жауынгерлер Жүсіпов, Қалиакпаров, капитан Мухамедшенов және басқа да ондаған жауынгерлер ерекше көзге түсті. Олар өз өмірлерін қия отырып, фашистердің шепті  бұзып өтуіне мүмкіндік бермеді. Бұл жөнінде соғыстан кейін неміс генералы К.Типпельскирх «Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы» атты еңбегінде фин армиясының немістердің тапсырмасын орындай алмағанын мойындайды. Ал екінші бір неміс генералы Бутлар естелігінде жоғарыда айтылғандарды қуаттай келіп: «Жазғы науқанның ортасында Свир өзеніне қарай финдердің шапшаң жылжығанына қарамастан бұл маңда неміс әскерлерімен қосылуының сәті түспеді» - деп жазды. 1944 жылы Ораниенбаунның оңтүстігінде 2-Екпінді армияның құрамында 314-дивизияның полктері шабуыл жүргізді. Дұшпанның табан тірескен қарсылығын баса отырып, дивизияның бөлімдері 1944 жылғы 1 февральда Кингисепп қаласын азат етіп,  Нарваға шықты. Құрамаға «Кингисепптік дивизия» деген құрметті атақ берілді. 1944 жылдың жазында Ладогадан фин шығанағына дейін Ленинград майданы әскерлерінің құрамында 314-дивизияда шайқас жүргізді. Мыңдаған петропавлдықтар Москва түбіндегі шайқаста даңқы шыққан 8-ші гвардиялық Панфилов дивизиясының сапында ерлікпен соғысты. Қала басшылығы дивизия командованиесімен тығыз байланыс орната білді. Құраманың делегациясы Петропавлға келіп, қала еңбекшілерімен кездесулер ұйымдастырып, жауынгерлердің ерліктері жайында әңгімелеп беріп отырды. Майдан мен тылдың осындай тығыз баери жаттығуларынлерді отан сүйгіш тікке баулуда орасан зор роль атқарды. Көптеген петропавлдықтар Ленинград, Сталинград майданында, Курск доғасындағы шайқастарда ерлікпен соғысты. 314-атқыштар дивизиясы Ленинград қаласын қоршаудан азат еткен соң 1944 жылдың күзінде Польша жерінде аяқ басты. Ол мұнда 1-Украина майданы әскерлерінің құрамында ұрысқа түсті. 1945 жылғы 14 январьда 314-атқыштар дивизиясы шайқаса отырып 248 километр ілгері кетіп, Нида, Бела, Черна, Брыница, Одер өзендерінен өтті, 18 қаланы, 26 темір жол станциясын және басқа да 263 елді мекенді жауан тазартты. 1945 жылдың наурыз айында 314-дивизия Козель (Козле) қаласын және Леобщюцті (Глубчище) шабуылмен алып, гитлершілдердің Оппелнь тобын талқандауға қатысты.Осы ұрыстан соң Солтүстік Қазақстандық құрама II  дәрежелі Кутузов орденімен наградталды. II  дәрежелі Кутузов өрденді 314-Кингиспптік атқыштар дивизиясы Чехословакияның Солтүстік аудандарында жорық жолын аяқтады. Қорыта айтқанда Солтүстік Қазақстанда құрылған бұл дивизияның жауынгерлері Ленинград қоршауын бұзу, Ленинград-Новгород және Прага бағыты сияқты шешуші операцияларға қатысты. Құрама бөлімдерінің бұл шайқастарда көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы Жоғарғы Бас Қолбасшының бұйрығында 7 мәрте атап көрсетілді
37) Кеңес одағының батыры атанған қазақстандықтар
Қазақстандықтардың ішінен ең алғаш Кеңес Одағының Батыры атағын алғаш ұшқыш П.Ф. Шевцов (1937, 22 қазан) Испанияда фашизмге қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін берілді. 1938 – 1941 жылдары жапон және фин соғысында көрсеткен ерліктері үшін С.В. Гуденко, Е.С. Чуйков, В.К.Булавский мен Г.С. Пулькин Кеңес Одағының Батыры атанды. Ұлы Отан соғысы жылдарында 500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атанды. Одан кейінгі уақытта да Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтар қатары біршама өсті. Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары– ең жоғары мемлекеттік марапатқа ие болған жауынгерлер (қ. Кеңес Одағының Батыры). Алғаш қазақстандықтар арасынан Кеңес Одағының Батыры атанғандар С.В. Гуденко, Е.С. Чуйков 1938 жылы Хасан көліндегі, В.К. Булавский, Н.Т. Видяшев, М.С. Зубарев 1939 – 40 жылдары қыста кеңес-фин соғысындағы шайқаста көрсеткен ерліктері үшін алды.
1941 – 45 жылдары Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы соғыс жылдарында қазақстандықтар ерлікпен шайқасып,
Украина үшін шайқаста 200-ге жуық,
РКСФР үшін – 70,
Белоруссияда – 50-ден астам,
Латвияда – 8,
Молдовада – 7,
Литвада – 6,
Эстонияда – 1,
Польшада – 47,
Венгрияда – 22,
Чехословакияда – 7,
Румынияда – 5,
Австрияда – 3,
Югославияда – 2,
Германияда – 63
және Жапонияға қарсы соғыста (Қиыр шығыста) – 3 жауынгер батыр атанды.
Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары арасында Қарулы күштердің барлық түрлері мен құрамаларының өкілдері, мамандары және қатардағы жауынгерден дивизия командиріне дейінгі әскери атағы бар адамдар болды. Солардың ішінде 100-ге тарта қазақ (сонымен қоса Кеңес Одағының Батыры атағын алған 11 қазақ республикадан тыс жерде туып, қарулы күштер қатарына сол жақтан шақырылған), 290 орыс, 86 украин, 8 татар, 7 өзбек, 3 мордва, 2 беларусь, бір-бірден тәжік, эстон, корей, лезгин, ұйғыр және еврей халықтарының өкілдері бар. Бұл жоғарғы атақты 4 адам (Т.Бигелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов) 2 мәрте алды. Қ. К. О. Б.:
38) Соғыс кезінде жеңісті жақындату жолындағы.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл  шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады. 1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан кейінгі уақытты қоса алғанда 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Көп деп айтуға да келмейді. Десе де еленбей қалған ерліктер ел жадынан ұмытылмақ емес. Еленбей қалғандары соңғы жылдары өз бағасын алып, айтылып, жазылып жүр. Соғыстан кейінгі онжылдықта жарық көрген зерттеулерден Ғ Əбішев, О. Малыбаев, А. Нүсіпбековтің еңбектерін атап өту қажет. Бұл еңбектерде Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің дамуы, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты баға беріліп, «Қазақстан – майдан арсеналы» деген қорытынды жасалды. Тарихшы ғалымдар бұл еңбектерінде мерзімді баспасөз материалдарымен қатар мұрағат құжаттарын кең қолдана отырып, еліміздің майданға қосқан үлесін саралап берді. Соғыстың қысылтаяң кезеңінде тыл еңбекші халқы кәсіпорын, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан ерлігін, «өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін болсын!» - деген игі ниетті асыл сезімін ешкім есінен шығармауы тиіс. 
39. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.
Совет Одағы Ұлы Жеңісін шабыттана жырлаған, XX ғасырдың Гомері атанған Жамбыл бастаған өдебиет пен онер қайраткерлерінің еңбектері де - өз аддына бір тебе. Осы кезде ұлы жазушы Мұхтар Әуезов "Абай" эпопеясының 1-кітабын жазып, аты елге жайылды. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Б.Бұлқышев, Ж.Саин, П.Кузнецов сияқты жазушылар, Шашубай, Нұрпейіс, Кенен сынды ақындар халықтар достығының жыршысы бодды. Республикамызға уақытша келген 90 жазушы (Алексей Толстой, С.Михалков, С.Сергеев-Ценский, Ф.Панферов, О.Форш, К.Паустовский, С.Маршак, М.Зощенко тағы басқалар), "Мосфильм" мен "Ленфильм", 23 театр мен музыкалық коллективтер жеңіс үшін еңбек етіл қана қоймай, қазақтың ұлттық өнерін жаңа жанрлармен, кәсіби шеберлікпен байытып, жан-жақты дамуына септігін тигізді.Қазақ совет поэзиясының алыбы Жамбыдцың "Ленинградтық өрендерім" деп аталатын мәңгі өшпес патриоттық шығармасын бүкіл еліміз толғана оқыды. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Аманжолов, Б.Бұлқышев, Т.Жароковтың, Қазақстанның басқа да жазушылары мен ақындары-ның соғыс көзіндегі жазған шығармалырының жігерлендірушілік мәні болды.Қазақ артистері майданның алғы шебінде 2 мыңға жуық концерт берді. Әдебиет пен өнерді, ғылымды дамытуда қазак мәдениет қайраткерлерімен достық қатынас жасаған орыс ғылымы мен мәдениетінің көрнекті өкілдері А.К.Толстой, СЯ.Маршак, КГ.Паустовский, Ф.И.Панферов, С.Н.Сергеев-Ценский, И.П.Бородин, Л.С. Берг, В.И.Вернадский, Н.Ф.Гамалея, Н.Д.Зелинский, Л.И.Мандельштам, Ю.А.Завадский, С.М.Эйзенштейн, Н.Д.Мордвин, В.П.Марецкая, Н.К.Чер-касов, С.С.Прокофьев, С.С.Туликовтың және басқалардың үлкен ықпалы болды.Соғыс жылдары Қазақстанға туысқан республикалардан 13 ғыльши мекеме, 19 театр, 30-астам жоғары оқу орны көшіп кедці. Аса қиын жағдайларға қарамастан 1941 жылы Алматыда шет тілдері институты, 1943 жылы Шымкент күрылыс материаддары технологаялық институты, 1944 жылы Алматы қыздар педагогикалық институты, Қазак физкультура институты ашыдды. Интеллигенция Отанға шексіз берілтендіктің өнегесін көрсетті. Ғалымдар Қазақстанның байлықтарын майдан қажеті-ңежаратты, жаңа қару-жарақ түрлерін ойлап шығарды, өндіріске жаңа технологиялық процестерді енгізді, жаралы жауынгерлердің басым көпшілігін тез арада сауықтырып қатарға қосты. 23 типті авиация, моторлы, теңдесі жоқ Т-34 танкісі, атақты "Катюшасы", жаңа артиллериялық қару-жарақтар, автоматты атыс қару түрлері т.б. совет ғалымдарының сол кезеңдегі жеңіске қосқан қомақты үлесі еді. Идеология майданының жауынгерлері Отанды қорғау туралы, халықтың жеңіске деген сенімін нығайтты, барлық күш-жігерін майданға көмек беруге жүмьщырылды, тыл мен майданның біршгін арпырды, тылда да, маңцанда да, партизан өлкелерінде хеңісті шындады. Орталық радио тәулігіне 18 сағат хабар дургізді. КСРО халықтарының 70 тіліңде, 28 шетел тілдерінде сұрапыл соғыстың барысы туралы ақиқатты хабарлады.Ұлы Отан соғысы кезіңде (1941-1945) Совет Армиясының жауынгерлеріне тылдағы еңбекші халықтың кемегін жеткізген делегациялар. Совет халқының фашист басқыншыларына қарсы күресіндегі майдан мен тылдың бірлігі Қазақстан еңбекшілерінің әскери құрамалармен және бөлімдермен байланысында тылдан майданға және майданнан тылға делегациялар жіберулерінен айқын көріңці. Республиканың таңцаулы адамдары, өндірістегі стахановшылар, озат колхоз-шылар Отанымыздың қаһарман жауынгерлеріне ел сыйлығын алып барып, туған Қазақстанның шын жүректен шыққан ыстық махаббат сезімін, қамқорлығын жеткізді. Алматы қаласы мен Алматы облысы еңбекшілері 1941 жылы желтоқсанда 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының жауын-герлеріне жаңа жылдық сыйлықпен делегация атгандырды. Делегаттар жауынгерлерді гвардиялық жоғары атаққа ие болуымен құттықтады, тылдағы жан қиярлық еңбек жайлы айтып берді. "Гвардияшылардың жүздерін шаттық сезім кернеді, - деп жазды делегаттар елге оралғаннан кейінгі берген есептерінде, - олар өздерінің туыстарына, таныстарына, жерлестеріне дән риза болды, тыл еңбеккерлеріне Қызыл Армияны қару-жарақпен, азық-түлікпен, киіммен үздіксіз қамтамасыз ететіндіктеріне сенімдері арта түсті. Біздер сөйлеп болған соңжауынгерлерге, командирлерге және саяси қызметкерлерге жаңа жылдық сыйлықтарды тарату басталды. Жауынгерлер үлкен қуанышқа бөленді. Олар біздің қолымызды қатты қысты, сол жерде, өздерінің өмірлерін әділ ісіміз үшін, Отанымыз үшін аямайтындықтары туралы серт берді...". Сыйлық тиелген эшелондармен Қазақстан делегациясы қоршаудағы Ленинградқа барды. 1942 жылы ақпан-наурызда Ленинград майданына қарағандылық делегация 24 вагон Ақмола облысының делегациясы 25 вагон азық-түлік жөнё киім-кешек әкелді. Қазақстан еңбекшілері 1943 жылы Қызьві Армияның юбилейі құрметіне Ленинградтың қаһарман қорғаушыларына арналған 65 вагон сыйлық жинадьг. Қазақстан делегациясын ленинградтықтар, жауынгерлер меи командирлер, Балтық теңізшілері мен партизандар ерекше ілтипатпен қарсы алды. Барлық жерде халық көп жиналған митингілер өтті. Ленинград радиосы Қазақстан майданды қару-жарақпен қамтамасыз етудегі ерлік еңбегі жайлы хабар таратты.Мәдени қызмет көрсету мақсатымен 1941 жылы Алматыда майдандық концерт бригадалары ұйымдастырылды. Олардың құрамында республиканың көрнекті әнші-актерлері К.Ж.Байсейітова, ЖЕлебеков, М.Ержанов, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омарова, Е.Өмірзақов, Ү.Тұрдықұлова, Ә.Ә.Үмбетбаев М.Абдуллин, Б.Артықова, Н.Әбішев, Ш.Бейсекова, Қ.Лекеров; бишілер Ш.Жиенқұлова, З.Розмұхамедова; домбырашы Л.Мұхитов болды. Орыс пен қазақ екі халықтың тарихындағы жарқын беттердің бірі Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО халық комиссалары кеңесінің шешімімен Алматыда біріккен орталық көркем фильмдер киностудиясы құрылып, Қазақстан киноматографтары ресейлік әріптестермен бірге жұмыс істеген шақты қамтиды.Ол Қазақстан кино өнерінің дамуындағы елеулі кезеңге жол ашып берді. «Мосфильм мен «Ленфильмнің шеберлері қазақ әріптестерімен ынтымақтаса жүріп, бірталай көркем фильмдер жасады. Атақты режиссерлар,ВШК оқытушыларыС.Эйзенштейін,С.Юшкевич, Г.Козинцев, Л. Трауберг актер шеберлігі бойынша сабақ жүргізді, кәсіби бай тәжірибелерін ортаға салды. Режиссер-педагогтар О. Пыжова мен Б.Бибиков, У.Шекспирдің пьесасы бойынша әзірлеген, басты рольдерде А.Айманов пен Х.Бокеева ойнаған «Асаға-түсау» спектаклі Қазақ драма театрының ең үздік жұмыстарының бірі болды 1944 жылы Н. Сац пен В.Розов қазақстандық өнер шеберлерімен бірлесе отырып құрған Қазақстандағы тұңғыш балалар мен жас өспірімдер театры көптеген тамаша артистер тәрбиелеп шығарды.Концерттік бригадаларды жазушылар Ә.Әбішев, Ғ.Мұстафин, Ғ.Орманов, ҚазССР Халкомсовы жанындағы өнер істері жөніндегі басқарманыц бастығы С.Е.Толыбеков, директор Ф.А.Ф.А-Кузьмич т.б. басқарды. Тыл мен майдан арасындағы байланыстың нығая түсуі үшін майданнан тылға келген делегациялардың да маңызы зор болды. 1942-1943 жылдары Қазақстанға майданнан 16 делегация, ал 1944 жылы 6 делегация келіп кетгі. Олардың ішіңце Қазақставда жасақталған 8-гвардиялық атқыштар, Сталинградтық-дунайлық 73-гвардиялық, 391-, 310-, 314-атқыштар дивизияларының т.б. әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлері бодды. Олар кәсіпорын-дарда, колхоз, совхоздарда, оқу орындары мен ғылыми мекемелерде болып, өз бөлімшелерінің жауынгерлік жолы, полктес жолдастарының ерліктері туралы айтып берді. 1943 жылы 10 ақпавда 391-атқыштар дивизиясының делегациясы "Казахстанская правда" газетіне қаһармандығы мен ерлігі үшін Ленин орденімен наградталған майдангер-қазақстандықтар дивизия санитары Сартанов, капитан Ивкин, сержант Кравченко, әскери дәрігер Сухарукова туралы мақала жазды. 1943 жылы сәуір-мамырда екі апта Алматыда және облыста "Киров" крейсерінің делегациясы болды, олар крейсер комсомолецтерінің Қазақстанның барлық жастарына арнаған хатьш ала келді. Қазақстан еңбекшілері делегацияларының майданға баруы әрі майдангерлердің тылға келіп кетуі, демалысқа келген Совет Одағынын, Батырларымен еткізілген кездесулер майдан мен тылдың байланысын бұрынғыдан нығайтты. Совет жауынгерлерін майданда қаһармандықпен соғысуға, тыл еңбеккерлерін жанқиярлық еңбекке жігерлендірді.
40. Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстан.
¥лы Отан соғысы аяқталғаннан кейін еліміэдің экономикалық жағдайы өте қиын болды. Жау қолында болған қалалар мен селолардың тек қирандылары ғана жатты. Кеңес Одағы байлығының үштен бірі жойылып кетті. 1710 қала, 70 мыңнан астам деревнялар мен селолар, көптеген зауыттар мен фабрикалар, шахталар, мыңцаған шақырым теміржолдар және т.б. істен шығып қалды. Соңғы тарихи деректер бойынша, Кеңес Одағынан соғыста 30 млн-ға жуық адам қаза болды Бұл елдеп адам ресурстарының тапшыл-ығына алып келді. Осынау қиындықтарға қарамастан қысқа мерзім ішінде халық шаруашылығын қалпына келтіру керек болды. Қазақстан халқы халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне белсене араласты. Ондаған қала-лар мен аудандарға туысқандық көмек жасады. Мыңдаған қазақстандық жұмысшылар мен мамандар Ленинград пен Сталинградта, Брянск пен Донбаста, Солтүстік Кавказда, Украинада, Белоруссияда және Кеңес Одағының басқа да аудандарында аянбай еңбек етті. Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы са-лағажұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақ-стан Кеңес Одағының әскери-енеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды. Қазақ жерінде әскери ендірістің, Семейдеп атом полигонының, басқа да әскери нысандардың құрылымдық жүйесі жасалды. Ақтөбе темір балқыту, Теміртау металлургиялық зауыттарының жаңа қуатты бөлімдері іске қосыл-ды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді. Балқаш мыс балқыту зауыты өнім шығаруды үлғайтты. Ембі бассейінінде - Қаратон мен Мұнайлыда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, 1950 жылы мунай өндіру соғыс-қа дейінп кезеңмен салыстырғанда 52%-ға өсті. Қаратау тау-кен химия ком-бинаты құрылысының бірінші кезегі аяқталды. 1954-1958 жылдары Қазақ-стан бойынша Өскемен, Актөбе, Шымкент, Қарағанды, Семей, т.б. ірі қала-ларда 730 өнеркәсіп орны мен цехтар құрылып, іске кірісті. Жеңіл өнеркәсіп саласында 65 кәсіпорын ел игілігі үшін жұмыс істеді. Бірәқ бұл Қазақстан экономикасындағы «Б» тобының артта қалуын білдіретін еді. Байланыс саласында Мойынты-Шу, Жамбыл-Шолақтау теміржолдары салынды. 1958 жылы Қазақстан аумағындағы барлық жолдар желісін бір жүйеге келтірген «Қазақ теміржолы» құрылды. Алматы қаласында автомат-ты телефон станциясы іске қосылды. 1960 жылы Қазақстан электр қуатын 1945 жылмен салыстырғанда 10,5 есеге көп ендірді. Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру ісі қолға алынды. Ол өндірістік күші аз және ұсақ шаруашылықтарды қосу арқылы жүзеге асырыл-ды. Бүл колхоздардың санын 1945-1952 жылдары 3 есеге қысқартып, 2047-ге дейін темендетті. Бұл кезеңде мал басы өсіп, суармалы егістік көлемі 16%-ға ұлғайды. Соғыстан кейінгі кезенде білім, ғылым және әдебиетпң дамуында бірқа-тар жетістіктерге қол жеткізілді. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы ашылды, оның ұйымдастырушысы әрі тұңғыш президенті Қ. Сәтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСР-ның Ғылым Академиясы жүйесінде 19 ғылы-ми-зерттеу институты жұмыс істеді. 1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабын жазып бітірді, ал 1949 жылы оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазақ әдебиетінде бұл жылдары С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Мил-лионер» және И. Шуховтың романдары, Т. Жароковтың шығармалары және т.б. құнды еңбектер жарық көрді. Соғыстан кейінгі жылдарда, бір өкініштісі, зиялы қауымға қарсы сталиндік қуғын-сүргін саясатының жаңа толқыны басталды. Ленинград пен Мәскеуде идеологиялық тапсырма непзшде қолдан жасалған «Ленинград ісі", «Дәрігер-лер ісі», ал Қазақстанда «Бекмаханов ісі» ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов талантты тарихшылардың бірі еді. Соғыс жылдарында белгілі ғалымдармен, тарихшылармен бірге ғылыми шығармашылық жұмыспен белсенді айналыс-ты. Мысалы, соғыс жылдары А. Кучкин, А. Панкратова, Б. Греков, Н. Дружи-нин сынды белгілі ғалымдар енген авторлық ұжымның құрамында «Қазақ КСР тарихын» жазуға қатысты. Бұл аса құнды еңбек 1943 жылы жарық көрді. 1947 жылы Е. Бекмаханов «XIX ғасырдың 2о10 жылдарындағы Қазақстан» атты іргелі ғылыми монографиясын дайындады. Алайда еліміздің идеоло-гия саласын басқарып отырған адамдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кетеріліске қатысты ғалымның көзқарасы ұлтшыл әрі саяси зиянды деп бағалады. Сол себепті 1952 жылы Е. Бекмаханов 25 жылға сотталып, тек И. Сталин өлгеннен кеиін ғана, 1954 жылы көктемде ақталды. Саяси айып тағылып, ғалымдар қатарында А. Жұбанов, Қ. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Қ. Мұхамедханов, жазушы Ю. Домбровский және т.б. қудаланды. Қ. Сәтбаев пен М. Әуезов саяси қысымның нәтижесінде еріксіз Қазақстаннан Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. 1949 жылдың 29 тамызы Қазақ жері үшін ең қасіретті күндердің бірі ретін-де тарихқа енді. Өйткені Семей полигонында ядролық бомбаға алғашқы сынақ жасалды. Семей полигонында 1964 жылға дейін ашық атмосферада атом бомбасына 113 сынақ еткізілді. 1964 жылдан бастап жер асты сынақ-тары өткізіле бастады. И. Сталин өлгеннен кейін (наурыз 1953 ж) Коммунистік партияның ОК-нің бірінші хатшысы болып Н. Хрущев сайланды Осы кезде Қазақстан Компар-тиясы ОК-нің бірінші хатшысы қызметінен Ж. Шаяхметов босатылып, оның орнына П. Понамеренко, екінші хатшылыққа Л. Брежнев, ал Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Д. Қонаев сайланды. Н. Хрущев билікке келгеннен кейін қоғам өмірін демократияландыру ба-ғытында әрекет жасады. 1956 жылы ақпанда партияның XX съезі өтіп, онда жеке басқа табынудың зардаптарын жою туралы мәселе қаралды. Бұл съезде сталинизм қылмыстары әшкереленіп, оның қуғын-сүргін саясаты адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп бағаланды. Соған сәйкес Қазақстанда Т. Рыс-құлов, С. Асфендияров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, Н. Нұрмақов сынды қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар ақталды. Бірақ Алаш қайраткерлері ақтал-май қалды. Бұл Кеңес Одағындағы тоталитарлық әміршіл-әкімшіл жүйенің әлі де болса ез күшінде екенін білдірді. 1954 жылы 23 ақпан мен 2 наурыз аралығында Компартия ОК пленумы болып, онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» женінде қаулы қабылданды. Бұл КСРО-да нан тапшылығын жою үшін жасалды. Астық мәселесін шешудің теориялық түрғыда екі бағыты болды: 1. Интенсивтік бағыт - экономиканы реттеудің нарыктық қатынасына көшу. Бірақ та бул социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Егер Кеңес Ода-ғында тың игеруге дейінп астық өндіруде гектарына 1 центнерден қосса, онда бул өнім бұкіл игерілген тың жерлердің енімімен пара-пар болар еді. 2. Экстенсивтік бағыт - астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңцады. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Оның 6,5 млн гектары, яғни 50%-ы Қазақстанда. Осы-лайша жаппай тың және тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары бір жыл ішінде Қазақ өлкесінде жаңа 337 совхоз құрыл-ды. Жаңадан құрылған совхоздардың атауларының өзі кеп жайтты аңғар-тып тұрса керек: «Мәскеу», «Ленинград», «Киев», «Ростов», «Одесса», «Кан-темировец», «Тамановец» совхоздары құрылды. Олар Ақмола, Кекшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды. 1954-1955 жылдары бүкіл Кеңес Одағы бойынша 29,7 млн га тың және тыңайған жер, оның ішінде Қазақстан бойынша 18 млн га, яғни 66,6% жер жыртылды. Тың және тыңайған жерді игеру нәтижесінде Кеңес Одағында жан басына шақ-канда 2 мың кг астық өндіру мүмкін болды. Ал дүниежүзілік тәжірибеде жан басына 1 мың кг астық жеткілікті болатын. Тың игерудің непзп қорытындысы - ол сол уақыттан осы кезге дейін Қазақ-стан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі. Сонымен бірге Қазақстан сырт елдерге экспортқа астық шығаратын елге айналды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары да болды. 1960 жыл-дарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеру үшін Қазақстанға КСРО-ның тек еуропалық бөлігінен 2 млн адам әкелінді. Республикада қазақ халқының үлесі 30%-ға дейін төмендеп, ұлттық тіл, салт-дәстүр мен халық-тың әлеуметтік институттарының жойылып кету қаупі туды. 1962 жылы Н. Хрущевтің бастамасымен солтүстік облыстар тың өлкесіне біріктіріліп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Егіншілік мәселесінен басқа мал шаруашылығын нығайту жолдары да қарастырылды. Елуінші жылдардың соңында Қазақстанда 36,4 млн-нан ас-там мал басы болды. Сонымен «Хрущев онжылдығы» (1953-1964 жылдары) бір жағынан, XX съездегі «Жеке басқа табыну мен оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдау арқылы саяси өмірді демократияландыру саясатымен ерекшеленсе, екінші жағынан, валюнтаристік және субъективтік шешімдер арқылы экономиканы экстенсивті жолмен дамыту әрекетімен тарихта қалды.
42. Бекмаханов ісі. 1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді.Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты. Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті. Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі. Бекмахановтың бастан кешкендері айтылғанда мәскеулік ғалым Анна Панкратованың есімі қатар аталады. 1941 жылы Мәскеуден эвакуацияланған ғалымдармен бірге «Қазақ ССР-інің тарихын» жазу үшін Қазақстан КП(б) орталық комитетіне хат жолдаған ол болашақ кітаптың ғылыми және идеялық мазмұнына артылатын жауапкершілікті өз мойнына алды («Вопросы истории», 54-б. №11, 1988 ж. ). Бұл еңбек жарыққа шыққаннан кейін Сталиндік сыйлыққа ұсынылғанымен, бәйгеден келмеді. Кітаптың сыйлықтан қағылуын ол Сталиндік сыйлық бойынша комитет мүшесі, СССР ҒА мүше-корреспонденті Алексей Яковлевтен және өзімен бұрыннан қырбай академик Евгений Тарледен көрді.Ермұқан Бекмахановтың Ташкентте түскен суреті, 1947 жылПанкратованың табандылығының арқасында бұл мәселе БКП(б) Орталық комитетіне дейін жетіп, «тарих ғылымындағы кейбір тенденцияларды қарастыру үшін» СССР ҒА тарих институтында 1944 жылғы мамырдың 29-ы орталық комитет хатшылары тікелей басқарған (оның ішінде Андрей Жданов пен Георгий Маленков болды) талқылау басталды. «Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс» деп аталатын тарауы тарихшы Бекмахановтың үлесіне тиген кітап осылайша алғаш рет талқыға түсті. Алайда бұл жиында жеңгендер де, жеңілгендер де болған жоқ. Тарле, Яковлев, Бушуев сынды ғалымдар «Қазақ ССР-інің тарихы» Ресейге қарсы ұлттық көтерілістерді дәріптеген, орысқа қарсы жазылған кітап» (Панкратованың хаты//«Вопросы истории», 59-б. №11, 1988 ж.) деп бағаласа да, жалпы алғанда мүлде теріске шығарылмады, тіпті кей тұстарда жоғары бағаланды. Қалай болғанда да, институт бұл жөнінде қандай да бір баға беретін қаулы да қабылдамады. Алайда осы кезде айтылған ішінара сындарды қазақтың кей ғалымдары ұмытпай, кейін де ұрымтал тұста пайдаланып отырды. Аталған кітаптағы тарауды әрі қарай жетілдіріп, іргелі ғылыми еңбекке айналдырған Бекмаханов 1943 жылғы маусымның 28-і кандидаттық диссертациясын қорғады. Бір жылдан соң «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. 1946 жылы күзде «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» деп аталатын монографиясын аяқтап, СССР ҒА ғылыми кеңесіне ұсынды. Сөйтіп қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы 1947 жылы аталған еңбегін жеке монография етіп шығарды. Осы сәттен бастап «тұңғыш доктордың» жолына түрлі тосқауылдар қойылып, «кітапта идеялық қате кеткен», «басқа ғалымның еңбегінен көшірілген» деген қисынсыз айып тағыла бастады. Бекмахановтың еңбегіне байланысты кереғар пікірлерден кейін 1948 жылғы ақпанның 28-і СССР ҒА тарих институты бұл кітапты мәскеулік мүйізі қарағайдай ғалымдардың талқылауына қайта салды. Ең әуелі қазақстандық тарихшылар Т.Шойынбаев пен М.Ақынжановтың арнайы жіберген айыптау пікірлері оқылды. Содан соң Қазақстаннан барған тарихшы ғалым Х.Айдароваға сөз берілді. «Бекмаханов алдына қойған міндетті орындай алмады, әдіснамалық тұрғыдан елеулі қателіктерге ұрынды, сөйтіп көтеріліске де, Кенесары Қасымовтың өзіне де мүлде дұрыс баға бермеді. Оның себебі автордың буржуазиялық және буржуазиялық-ұлтшылдық тұжырымдаманың шылауында кеткенінде, ал марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектерінен берілген үзінділерді көз алдау үшін ғана қолданды. «Материал жетіспеді немесе автор бұл кезеңді жете зерттемеді» деуге негіз жоқ» деген ауыр айыптаудан бастаған Айдарова «Бекмаханов барлығын әдейі, қасақана жазып отыр» деп көсілді. («Вестник АН КазССР», 36-бет, №3, 1948 ж.) Ермұқан Бекмаханов (ортада) Низами атындағы Ташкент педагогикалық институтының директоры Абдуллаевтың диссертация қорғауынан соң. Жылы белгісіз«1943 жылдан 1947 жылға дейінгі аралықта БКП (б) ОК-нің Башқұртстандағы, Татарстан мен Украинадағы, «Звезда» және «Ленинград» журналдарындағы идеологиялық мәселелер жөнінде аса маңызды шешімдері шықты, сондай-ақ Қазақстан КП (б) ОК-нің «Қазақ ССР тарихының» екінші басылымы туралы, «Қазақ ССР ҒА тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрскел қателіктер туралы» шешімдері, Жданов жолдастың осы мәселе бойынша айтқан сөзі, Ленин мен Сталиннің еңбектері ескерілмеді» деген Айдарованың пікірі Бекмаханов еңбегін жоққа шығарған ғалымдардың (әсіресе, қазақстандық ғалымдардың) негізгі желеуі қайда жатқанын анық көрсетіп берді. Ғылыми журналдың бас-аяғы жиырма екі бетін алып жатқан Мәскеудегі талқылау стенограммасынан Мәскеу ғалымдары қазақ әріптестерінің пікірлерін қостамағынан аңғару қиын емес. Айдаровадан кейін сөйлеген сегіз ғалым кемшілік деген жайларды атап өткенімен, Бекмаханов еңбегін егжей-тегжейлі талдап, аса жоғары бағалады. Андрей Кучкин «бар нәрсені жоқ деп отырған Шойынбаев пен Ақынжановтың пікірлеріне қайран қалып отырмын» десе (41-б), Николай Дружинин «сыншылар әуелі өз сындарына сынмен қарап алғаны жөн» деген кеңес берді (49-б). Тарихшы ғалым М.Рожкова «Е.Бекмахановтың еңбегі өзі қарастырған кезең бойынша аса құнды еңбек болып табылады, өйткені онда шаруашылық мәселелері, таптық қатынастар, таптық күрестер мен оған байланысты азаттық күрес кешенді түрде зерттелген» деген баға берді (50-б.) Талқылау соңында сөз алған Бекмаханов «еңбегінде таптық күрес те, феодалдық қанау да айтылғанын, маркстік-лениндік әдіснамадан ауытқымағанын» дәлелдеп шыққан.
43. 1940-1950 жж қуғын.
1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И.В.Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да біржолата талқандауды ұйғарды.1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да соттан тыс және сот органдары 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, ал 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937жылы республиканың Үржар, Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нүрсейітов, М. Ғатаулин т. б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. Алайда «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү.Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О.Жандосов, Т.Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі - мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын-сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялық қылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза - ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды.
Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне қарсы қойылған айыптауларды әділ, жан-жақты талқылайтын соттың қарастыруын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды. БОАК-нің 1919 жылғы 17 ақпандағы «Бүкілресейлік Төтенше Комиссия туралы» декретінің өзінде қарулы қарсылық (контрреволюциялық, бандиттік) көрсетілген жағдайда төтенше комиссияларға тікелей қару қолданып, жазалау әрекеттерін жүзеге асыру құқығынсақтаған ереже бекітілді.Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Негізінен көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың жалған ақпараттарына негізделген, Кеңес өкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыптау да кең тарады. Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық, ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысқан ұлттық ауытқушылық үшін айыптау да кең қолданылды. Көптеген адамдар террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады.«Әлеуметтік тапсырыс беру» мемлекеттік қуғындау-жазалау органдарын толық қуатымен жұмыс істеуге мәжбүр етті. Бұл жұмыстың көлемі ұлғайып, «тасқынды» сипатқа ие болды. БК(б)П ОК-нің саяси бюросы өз бастамасымен, республикалық және жергілікті партия, кеңес органдарының, НКВД өтініштерінің негізінде жекелеген аймақтардағы қуғын-сүргінге ұшырауға тиісті адамдардың шектеулі тізімін бекітті. Қызмет бабында өсуге, көрініп қалуға ұмтылушылықтың нәтижесінде республикалық және жергілікті органдар бұл тізімді кебейтуді ұсынған өтініштер білдірді.Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары.Қазақстан 20-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдары бұрын-соңды болмаған әлеуметтік сынақ жасаудың алып полигонына айналды. Мұнда бірінші рет феодализмнен капиталистік қоғамға соқпастан социализмге өтуидеясын жүзеге асыру әрекеті жасалды.30-жылдардағы Қазақстан жөніндегі саясат осындай сынақ мақсатында жүргізілді. Бүгінгі күннің көзқарасы бойынша ол мынадай перспективаларды көздеді:
саяси салада: қазақ халқының тілі мен тарихын жою, саяси тәуелсіздігі, шынайы егемендігінен айыру, Қазақстанда «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру;
әлеуметтік-экономикалық салада: Қазақстанды елдің шикізат базасы ретінде дамыту, қазақ халқын отырықшылыққа көшіру мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру;
ұлтаралық қатынастар саласында: ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық әлеуетін (күш-қуатын) «жақсарту».
Жалған халық жауларымен күрес концлагерьлердің құрылуына жағдай жасады (Қарлаг, Степлаг, АЛЖИР). Көптеген аудандар тікен сымдармен қоршалып, ол сақадай сай қаруланған әскермен күзетілді. Кейінірек атылған адамдарды жаппай жерлеген жерлер анықтала бастады. Сондай орындардың бірі Алматы түбіндегі Жаңалық ауылының жанынан кездейсоқ табылды. Мұнда 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар - М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, көрнекті ғалымдар - А. Байтұрсынов, С. Асфендияров т. б. мемлекет, қоғам қайраткерлері, шаруашылық басшылары мен өндіHYPERLINK "http://infourok.ru/go.html?href=http%3A%2F%2Fkk.wikipedia.org%2Fwiki%2F%25D3%25A8%25D0%25BD%25D0%25B4%25D1%2596%25D1%2580%25D1%2596%25D1%2581"рHYPERLINK "http://infourok.ru/go.html?href=http%3A%2F%2Fkk.wikipedia.org%2Fwiki%2F%25D3%25A8%25D0%25BD%25D0%25B4%25D1%2596%25D1%2580%25D1%2596%25D1%2581"іс озаттары сынды тоталитарлық тәртіптің мыңдаған құрбандары құпия жағдайда жерленді.50-жылдардың ортасында лагерьлерде қамалған жазықсыз адамдарға қатысты үкімдерді қайта қарау мен оларды жою жөніндегі процесс басталды. Қаза тапқандар мен атылғандар ақталып, түрмедегі еріксіздер бостандыққа шығарылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жаппай ақтау - 1920-1950 жылдар аралығында кеңес мемлекеті жүргізген қуғындау, жазалау саясаты асқан қаталдық, шектен шыққан зұлымдық тәсілмен жүргізілгендігін дәлелдеді. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының жалпы саны, ғалымдардың есептері бойынша, 3,5 млн адамды құрады. Алайда бұл сан да нақты емес, өйткені 20-40-жылдары тұтқындалған мыңдаған адамдардың тағдыры әлі күнге шейін белгісіз болып отыр.
44. 1946-1953 жж. Саяси өмір
II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды . Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді. 1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді. Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды. Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды. Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды. Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті. Ауыл шаруашылығы. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы, экономикалық заңдармен есептеспеу т.б. 1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді. Осы жылдарда ұсақ колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырылып, республикада 1952 жылғы қантарда 3670 колхоз қалды, немесе олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды. 1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірле- ндіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсті. Республикада тортінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89% -ға асып түсті. Ірі қара малдың, қой мен жылқының, жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті ірі қара мал 27 қой мен ешкі 70, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2,7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды. 1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді. Ауыл шаруашалық жарғысын (уставын) бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнге өнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жогарыдаң жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты жалғастырылды. Колхозшылардың еркін жүріп-тұруын шектейтін соғысқа дейінгі нормалар сақталды: -Төлқұжаттары болмады. -Ауылдық кеңестердегі тізімге тіркелді. Осындай қателіктер мен қиындықтарға қарамастан, шаруалар елді асырап отырды. Халықтың әлеуметтік жағдайы . Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті. Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары: 1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді. 2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды. 3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді. 4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді. 5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді. 6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды. Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.
45. И.Слатиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. партияның хх съезі. Н.Хрущевтің жылымылығы жылдарындағы Қазақстан
1956 жылы 14 ақпанда Москвада КОКП-ның ХХ съезі өтіп, онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп, талдау жасауға тырысты. “Жеке басқа табынушылық және оның салдары” туралы мәселе 25 ақпанда съездің жабық мәжілісінде көтеріліп, съезд өткен соң, жарты жылдан кейін, 30 маусымында “Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою” жөнінде қаулы қабылданды. Н.С.Хрущевтің ХХ съездегі «Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерелеу” туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989 жылы жарық көрді. Тарихта “жылымық” деп аталып жүрген 1954-1964 жылдары біршама басшылықтың ұжымдық принциптері енгізіліп, әміршіл-әкімшіл басқару жүйесі босаңси бастады. Қоғамдағы кеңес және қоғамдық ұйымдардың рөлі біршама өсті. Қоғамдық өмірді демократияландыруға бағытталған бұл шаралар біршама ой еркіндігін тұғызды. Нәтижесінде мыңдаған кінәсіз сотталған адамдар лагерлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды. 1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956 жылдары партия қатарынан шығарылған 5456 адам, Ұлы Отан соғысы жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243 коммунист ақталды. Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов, С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды. Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып, кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға берілген жоқ. Ұлттық республикалардың егемендігі жоққа шығарылып, экономика салаларында жалпы бағытты белгілеу, кадрларды тағайындау және тағы басқа көптеген мәселелер орталықтағы шағын топтың қолында қала берді. Қайта құрулар соңына дейін жеткізілмеді. Сталиннің өлімінен кейін жасалған іс-әрекеттің жартыкештігінің салдарынан бір жағынан депортацияға ұшыраған башқұрттар, қалмақтар, шешендер, ингуштар мен қарашайлықтардың автономиясы қалпына келтірілсе, ал, екінші жағынан қырым татарлары, немістер, месхет түріктеріне өз автономиясын қайта құруға әкімшіл-әміршілдік жүйе тиым салды. Әкімшіл-әміршіл жүйені мойындаған қазақ зиялыларына біраз кешірімдер жасалғанымен тоталитарлық тәртіп зиялыларды бақылауын тоқтатпады. Мысалы, 1953-1954 жылдары М.Әуезовтің “Ақын аға”, К.Шаңғыбаевтың “Намыс” және т.б. еңбектері басылымнан алынып, жариялауға тиым салынды. 1956 жылы 19 желтоқсанында КОКП Орталық Комитеті жергілікті партия ұйымдарына “Партия ұйымдарының бұқара арасындағы саяси жұмысын күшейту және жау элементтердің антисоветтік бас көтеруіне тыйым салу жөнінде” арнаулы жабық хат жолдады. Сөйтіп, тұтқындау науқанының жаңа кезеңі басталды. Саяси тұрғыда басқаша ойлаушылар қоғамның қайшылықтарын ашық айтқандары үшін қудаланды. Бір ғана мысал, 1956 жылы белгілі тарихшы Э.Н.Бурджалов “1917 жылғы наурыз-сәуір айларындағы большевиктердің тактикасы” аты мақаласы үшін қызметтен алынып, қудаланды. Ал, 1957 жылдың 3 айында ғана “Советтік шындықты бұрмалағаны үшін” және өткенді қайта қарағаны үшін 100-ден астам адам тұтқындалды. Мұндай келеңсіздіктер 60-шы жылдары да қоғам өмірінен орын алды. 1959-1960 жылдары 155 еңбектің жариялануына партия тарапынан тыйым салынды. 1960 жылы Қазақстан жазушылар одағы республика компартиясының төрағасына С.Торайғыровтың творчествосын қайта қарау туралы ұсыныс жіберді. Екінші жіберілген хатта Шәкәрім творчествосын қайта қарауға рұқсат сұрады. Бұған жауап ретінде республика компартиясы 1961 жылы Қазақстан жазушылар одағының қызметін қанағатсыз деп тауып, ұлт мәселесін көтерушілермен күресті жандандырды. Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде көтеру мәселесі өте маңызды болды. Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мәскеуге бағындырылды. Ақмола – Целиноградқа, Батыс Қазақстан – Орал облысына айналды. Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында, әсіресе, зиялылар мен жастар арасында түрлі наразылықтар туғызды. Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып, бүркемеледі. Осылайша, Теміртаудағы толқу кезінде тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тәтімов, М.Ауэзов бас болып “Жас тұлпар” атты ұйым құрды. Мақсаты – қазақ жастарының ұлттық санасын ояту. Мұндай ұйымдар кейінірек Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одессада, Ригада, Павлодарда, Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шымкентте және басқа жерлерде пайда болды. Қазақстанды орталықтан басқару ұлттық егемендікті толығымен шектеді. Әсіресе, экономиканың әскери сұранысқа сай бейімделуі қоғамға теріс ықпалын тигізді. 1949 жылы 29 тамызда Семей, Павлодар және Қарағанды облыстарында салынған ядролық сынақ полигоны орны толмас адам өмірі мен экологиялық және қаржылық шығын әкелді. 1963 жылға дейін полигонда ашық ауада 113 жарылыс жасалса, 1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін 343 сынақ жасалды. Н.С.Хрущев мемлекеттің “коммунизмге өтуіне байланысты” жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін, 1961 жылы Конституциялық комиссия құрылады. Бұл комиссияның жобалары 1977 жылы КСРО Конституциясын жасауда пайдаланды. Сол жылдардағы конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары із жүзінде жүзеге аспады. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды. Сонымен бірге Жоғарғы Кеңес тек бір палатадан тұрды, яғни балама болмады. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура органдары да орталыққа бағынды. Ал биліктің тармақтары: заң шығару, атқару, сот-тергеу, прокуратура Коммунистік партияға есеп беріп, бұйрық-жарлықтарын орындап отырған. Ешбір кеңестік заңда бұл процесс заңдастырылмағанымен, іс жүзінде әкімшіл-әміршіл жүйе билік құрды. Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді. КСРО Жоғарғы кеңесіне 20 мың адамнан біреу, облыстық кеңеске 5 – 8 мың адамнан – біреу, аудандық кеңеске 1000 адамнан – 1 таңдау негізінде жүргізілді. Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді, білмеді. Дауыс беру тек сөз жүзінде жүргізілді. Депутаттарды халық таңдамады, жергілікті әкімшілік органдар “тағайындады”. Сайлаған депутаттар өз міндеттерін білмеді. Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды. Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964 жылдың қазан айында аяқталды. КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И. Брежнев сайланса, ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды. Олардың ізін ала Қазақстан КП ОК 1- хатшысы болып Д.А. Қонаев сайланды. Соғыстың зардабы мәдениет саласының дамуында да үлкен қиыншылық тудырды. Республиканың интеллигенция өкілдері, мәдениет қайраткерлерінің соғысқа алынуы, мәдени мекемелер, оқу орындары мен мектептердің санының азаюы елдің мәдени даму үрдісіне кедергі келдірді. Аталған кезеңде дүниеге келген шығармаларда тек майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен ауыл еңбеккерлерінің өмірі бейнеленді. Олардың қатарына Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты”, Ә.Нұрпейісовтың “Курляндия”, С.Мұқановтың “Сырдария”, Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” еңбектерін жатқызуға болады. Сонымен қатар республика әдебиеті жазушылар Ә.Нұрпейісовтың, Т.Ахтановтың, Б.Момышұлының, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, ақындар Қ.Аманжоловтың, Х.Ерғалиевтің т.б. жаңа шығармаларымен байыды. М.Әуезовтің “Абай жолы” романы дүние жүзіне танылды. М.Төлебаевтың “Біржан мен Сара”, Брусиловскийдің “Дударай”, Қ.Қожамияровтың “Назугул” опералары Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді. 1946 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы ашылып, оның тұңғыш президенті болып Қ.И.Сәтбаев сайланды. Ғылым Академиясының толық мүшелері болып көрнекті ғалымдар – М.Әуезов, Ә.Бектұров, М.И.Горяев, А.Қ.Жұбанов, Н.Г.Кассин, Н.Т.Сауранбаев, мүше-корреспонденттеріне Н.О.Базанова, Р.А. Барукаев, Ә.Х.Марғұлан, М.И.Усанович және т.б. сайланды. 50-шы жылдардың аяғында Қазақстан Ғылым Академиясының жүйесінде 50 ғылыми зерттеу институты жұмыс жасады. 1958 жылы Орталық Қазақстанның комплексті металлогендік әрі болжамдық картасын жасағаны және оның методикасын зерттегені үшін ғалымдар: И.И.Бек, Р.А.Борукаев, Г.Ц.Медоев, Д.Н.Казанин, Қ.И.Сәтпаев және басқалары Лениндік сыйлыққа ие болды. Ал жоғарғы оқу орындарының құрамына тоқталар болсақ, 50-ші жылдары 13 институт: Семейде – малдәрігерлік-зоотехникалық және медициналық, Қарағандыда – медициналық, политехникалық және педагогикалық, Атырауда, Қостанайда, Шымкентте және басқа жерлерде педагогикалық институттар ашылды. Соғыстан кейінгі жылдарда мектепте білім беру ісі тоталитарлық тәртіптің ықпалынан шықпады. Партия, комсомол және пионер ұйымдары, мұғалімдер жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлқын қатаң бақылауда ұстады. Оқу-тәрбие процестерін саясаттандырумен қатар жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін жасанды жүргізу, оқушылардың оқуға немқұрайлы қарауы орын алды. Осының салдарынан 20 жылдың ішінде (1950-1970) қазақ мектептерінің саны 3891-ден 2577-ге дейін азайды, ал сабақ орыс тілінде жүретін орыс мектептерінің саны 1,5 мыңға көбейді. Қазақ тілі тек тұрмыстық қолданыс дәрежесінде сақталса, орыс тілі негізгі мемлекеттік тіл ретінде қолданылды. Кітаптардың 95 % орыс тілінде басылды, теледидар хабарларының 70 % эфирде тек орыс тілінде жүргізілді. Кеңестік тәртіптің бұл қылмысының нәтижесінде қазақ халқының ұлттық мәдениетінің аясы жылдан жылға тарылып, тіпті ұлттық территорияға қауіп төнген жағдайлар орын алды. Сонымен, қаралған жылдары республикада интернационализм түсінігі үстем идеологияға айналды. Ұлттық мәселелердің барлығы тек интернационалдық тәрбиені жақсарту арқылы шешіледі деген түсінік негізінде ұлыдержавалық шовинизм жатты. Ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана үстемдікке ие болып, көбірек дәріптелді. 46. Тың игеру, тың және тыңайған жерлерді игеру — КСРО-да (Қазақстан, Сібір, Орал, т.б.) 1954 – 1960 ж. жүргізілген науқан. КСРО бойынша жалпы 41,8 млн га жер жыртылса, соның 25,5 млн га-сы қазақ жері болды. Тың игеру нәтижесінде Қазақстан КСРО-дағы ең ірі астықты республикаларының біріне айналды. Тың игеру. Кеңес үкіметі тұсында ең көп тәжірибе жасалған сала – ауыл шаруашылығы. Жасалған реформалар аграрлық саланы дамытудың орнына, көбінесе үлкен қиындықтарға алып келді. Ауыл шаруашылығымен қазақ халқы тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан қазақ халқының басым бөлігі ауылдарда тұрғандықтан реформалардың зардабы бірінші кезекте қазақтарға тиді. Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің әлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды. Техникамен жабдықтау және малшыларды материалдық тұрғыда ынталандыру жұмысы жүргізілді. Еліміздегі 47 колхоз бен 225 совхоз ет өндіруге бағытталып қайта құрылды. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде мал шаруашылығының жағдайы біршама жақсара бастады. 1950 ж. басында колхоздарды ірілендіру нәтижесінде олардың саны республикада екі есе қысқарды. Сол себепті Қазақстан колхоздары материалдық тұрғыда жарақтанған ірі шаруашылықтарға айналды. Осы кезеңде шаруашылықты жүргізуде талантты ұйымдастырушылардың есімдері көпшілікке таныла бастады. Олардың еңбегін мемлекет жоғары бағалады. Мысалы, Алматы облысындағы «Алматы» колхозының бастығы Л.Манько, «Мичурин» атындағы колхоздың бастығы Қ. Әбдіғұлов Социалистік Еңбек Ері атанды. Ал, Талдықорған облысындағы «Жаңа талап» колхозының бастығы Н.Алдабергенов екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1950 ж. екінші жартысында МТС-тер таратылып, олардың қарамағындағы ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға берілді. Бұрынғы МТС-тер орнына республикада 213 машина жөндеу станциясы (МЖС) құрылды. Кейін олар «Казсельхозтехника» өндірістік–техникалық жабдықтау бірлестігінің құрамына енді. Мұндай қайта құрулар ауыл шаруашылығының дамуына кері әсерін тигізбей қойған жоқ. Оның материалдық–техникалық тұрғыда жабдықталуында тұрақтылық болмады. 1954 жылы 23 ақпан - 2 наурыз арлығында Компартия ОК кезекті пленумы болып өтті. Онда «Елде астық өндіруді ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы қаулы қабылданды. Жалпы, астық мәселесін шешудің екі бағыты болды: - интенсивтік бағыт, экономиканы реттеуде нарықтық қатынасқа көшу. - экстенсивтік бағыт, яғни астық өнімін тың жерлерді игеру арқылы арттыру жолы. Шаруашылықты нарықтық қатынастарға көшіру социализм идеологиясына қайшы келетін еді. Сондықтан, азық-түлік мәселесін шешуде Кеңес үкіметі осы екінші жолды таңдады. Қаулы бойынша тың игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Орал және Солтүстік Кавказ, Еділ өңірі. Бұл аймақтарда егіс көлемін арттыру көзделді. Қазақстанда тың игерілетін аймақтарға солтүстік облыстар енді. Кеңес Одағы бойынша 1954 жылы 13,4 млн гектар тың жерлер жыртылды. Оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектар, яғни барлық жыртылған жердің 50%. Ал жоспар бойынша Қазақстанда 1954-1957 жылдары егіс алқабының көлемі 2,5 млн га. артуы тиіс еді. Осылайша, жаппай тың игеру қозғалысы басталды. Тек 1954-1955 жылдары Қазақстанда жаңа 337 совхоз құрылды. Бұл совхоз атауларының өзі көп жәйтті аңғартып тұрса керек: «Москва», «Ленинград», «Киев», “Кантемировец”, “Тамановец” «Ростов», «Одесса» т.б. Жаңадан құрылған совхоздарда тұрғын үйлермен бірге жаңа мектептер, бала бақшалар, мәдениет үйлері, спорт алаңдары, кітапханалар салынды. Бұл республиканың әлеуметтік және мәдени дамуындағы оң істердің бірі еді. 1954 жылы тамызда КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» жаңа қаулы қабылдады. Осы қаулыға сәйкес ауыл шаруашылығының техникалық базасын нығайту ісі қолға алынды. Қазақстан совхоздары сол кезеңде 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды. КСРО Министрлер Кеңесі 1954 жылы қыркүйекте тың игерілген жерлерде темір жолдар мен автомобиль жолдарының құрылысын дамыту туралы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша Қазақстанда 2.600 шақырым автомобиль жолы төселуге тиісті болды. Тың игеру барысында Тобыл–Жетіқара, Есіл–Арқалық темір жолдары іске қосылды. Тың және тыңайған жерлерді игерудің үлкен зардаптары да болды. Билік басындағылар ғалымдардың пікірімен санаспады. Экология мен жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескермеуі үлкен зиян әкелді. Қазақстанның тың өлкелерінде жер эрозияға ұшырады. 1960 жылдарға қарай Қазақстанның тың өлкелерінде 9 млн га жер жел эрозиясына ұшырады. Тың игерудің рухани және демографиялық зардаптары да зор болды. Қазақстанға 1954-1962 ж. тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам келді. Сол себепті қазақ халқы өз жерінде азшылық жағдайына түсті. 1959 жылғы халық санағы бойынша республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 миллион 787 мың, яғни барлық халықтың 29 % ғана құрады. Тың игерілген облыстарда 700 қазақ мектебі жабылды. Енді қазақ балалары мектеп–интернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым көпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Бұл біріншіден, қазақ жастарының ұлттық тілі мен мәдениетінен қол үзуіне әкеп соқтырды. Екіншіден, Қазақ елінің елді-мекендері мен жер–су атаулары орысша атала бастады. 1962 жылы Н.Хрущевтің бастамасымен Қазақстанның солтүстік облыстарын тың өлкесіне біріктіріп, Ақмола қаласы Целиноград деп өзгертілді. Мұндай орыстандыру саясатынан қазақ халқын еліміздің тәуелсіздігі ғана құтқарды. Тың игеру кезінде құрылған совхоздарда жергілікті халықтың ерекшеліктері ескерілмей, кейбір қазақ ауылдарына да шошқа өсіруге нұсқау берілді. Қазақ ауылдарында шошқа фермалары ашылғанымен олар көп ұзамай жабылып қалды. Өйткені, қазақтар шошқа шаруашылығын жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты. Шошқа шаруашылығын дамыту мен жайылымдардың қысқаруы қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығына кері әсерін тигізді. Түйе мен жылқы шаруашылығы құлдырап кетті. Емдік қасиеттері белгілі қымыз бен шұбат өндіру ұмытыла бастады. Халық үшін ең ауыр тигені сол кезеңде Кеңес үкіметінің жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге тиым салуы болды. Тың игеру 1964 жылға дейін жалғасты. Оның негізгі нәтижесі: сол уақыттан осы кезге дейін Қазақстан халқын нанмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Сонымен бірге, Қазақстан астықты шет елдерге экспорттаушы елге айналды. Тың игерудің экологиялық және рухани зардаптары болғанымен, ол XX ғасырдың аса ірі экономикалық жобаларының бірі болды.
47. 1945-1965 Қазақстан білімі, ғылымы мен мәдениеті дамуының негізгі бағыттары
Соғыстан кейінгі уақытта мәдениет, еліміздің рухани жағдайы қатал сталиндік идеологияның қыспағында болды. Тоталитарлық режим бұл саланы өз дегенімен басқарып отырды.
Ағарту ісі. Соғыстан кейін қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру жолында кездескен басты кедергілердің бірі – қажетті мамандардың жетіспеуі.
1946 жылы коммунистік партия Қазақстанда жоғары және орта білім беру ісін дамыту шаралары жөнінде қаулы қабылдады. Қазақстанға көптеген білікті мамандар жіберіліп, білім беру ісіне қаражат бөлінді. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары мемлекетке қажетті 60000-дай маман даярланды. 1950 жылы республикада білім беру ісіне 146,5 млн. сом жұмсалды. Нәтижесінде көптеген жаңа мектептер мен интернаттар салынды. 1950 жылы Қазақ КСР-дегі мектептердің саны 9088 болды. Бұл мектептерде 1493000 оқушы оқыды.
1950 жылы республикада міндетті орта білім алу жүйесі енгізілді.
Ғылым. Халық шаруашылығын қалпына келтіру барысында негізгі қажеттіліктердің бірі ғылыми-зерттеу жұмыстары болды. 1946 жылы маусымда Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылды. Ғылым академиясының алғашқы президенті болып ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды. Қазақ КСР Ғылым академиясының жұмысын ұйымдастыру бағытында С. И. Вавилов, И. П. Бардин, А. М. Панкратова сияқты КСРО Ғылым академиясының белгілі ғалымдары көп еңбек сіңірді. Құрылған күннен бастап Қазақ КСР Ғылым академиясы көптеген аса күрделі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1946–1949 жылдар аралығында Ғылым академиясы 900-дей жаңалық ашты.
1950 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясы құрамында 50 ғылыми-зерттеу мекеме жұмыс істеді. Ғылым академиясының 19 ғылыми-зерттеу институтында 500 аспирант оқыды.
Әдебиет. Қазақ әдебиетінің соғыстан кейінгі жағдайы нашар болмады. Бірақ сталиндік идеология әдебиеттің дамуына кері әсерін тигізбей қоймады. 1947 жылы М. Әуезов «Абай жолы» роман эпопеясының екі кітабын аяқтады.
1949 жылы «Абай жолы» роман эпопеясы үшін ол мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бұл туынды – қазақ әдебиетінің аса үлкен жетістігі.
Соғыстан кейінгі жылдарда Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», С. Мұқановтың «Сырдария», М. Иманжановтың «Алғашқы айлар» романдары, Қ. Бекхожин мен Ғ. Ормановтың, А. Тоқмағанбетов пен Т. Жароковтың, Ә. Тәжібаевтың өлеңдер жинақтары жарық көрді.
Ғылым мен мәдениетке сталиндік қыспақ. Е. Бекмаханов ісі (1951–1952 жж.)
Соғыстан кейінгі жылдарда сталиндік тоталитарлық жүйе ғылым мен мәдениеттің дамуына белгілі мөлшерде кедергі жасады. Мысалы, коммунистік партияның қатал идеологиясы қоғамдық ғылымдарға қатты қыспақ көрсетті.
Қазақстан партия комитеті БК (б) П Орталық Комитетінің 1946 жылғы зиялы қауымды саяси қудалауға арналған қаулысын орындау мақсатында жұмыс істеді. Осыдан бастап көптеген зиялы қауымдардың, ғылым, мәдениет өкілдерінің саяси қудалауы басталды. 1947 жылы коммунистік партия Қазақ КСР Ғылым академиясыныңқұрамындағы Тіл және әдебиет институтына XIX ғасырға дейінгі қазақ әдебиетінің рухани мұрасын зерттеуге тыйым салды. Себебі бұл кездің мұралары «ескінің қалдығы» ретінде сипатталды. Қазақ КСР Ғылым академиясында, Мемлекеттік университетте, жазушылар қауымы өкілдері ішінен «халық жауларын», «бөгде ойлы адамдарды» іздеді.
М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, Қ. Жұмалиев, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан сияқты қазақстанның біртуар ұлдарына «ескіні жазушылар» ретінде негізсіз айыптар тағыла бастады. Белгілі ғалымдарға (А. Жұбанов, Б. Сүлейменов, Е. Ысмаилов, С. Кеңесбаев т. б.) әр түрлі жала жабылды. М. Әуезов, Қ. Сәтбаев сияқты ғалымдар біраз уақыт бойы қазақстаннан тыс жерлерді (Ленинград, Москва) мекендеді.
Е. Бекмаханов ісі. Ермұхан Бекмаханов Воронеж педагогика институтын бітірген тарихшы ғалым болды. Е. Бекмаханов 1943 жылы «Қазақ ССР тарихы» атты еңбек жазып, 1946 жылы докторлық диссертация қорғады. 1947 жылы диссертациясын «XX ғасырдың 20–40 жылдарындағы Қазақстан» тақырыбында монография етіп шығарды. Е. Бекмаханов бұл еңбектерінде 1837–1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы кең көлемде жазған болатын. Осыған байланысты Е. Бекмахановқа Ресейге қарсы көтерілісті жақтаған, Кенесары қозғалысын ақтауға тырысқан буржуазияшыл, ұлтшыл деген айып тағылды. 1950 жылдан бастап коммунистік партия баспасөз арқылы Е. Бекмахановты ашық айыптай бастады.
1951 жылы ҚазКСР-нің Жоғарғы соты Е. Бекмахановты айыпты деп тауып, 25 жылға бас бостандығынан айырды. Ол Гулаг лагеріне жазасын өтеуге жіберілді. Е. Бекмаханов 1954 жылы ақталып түрмеден босады. Оның бостандыққа шығуына А. М. Панкратова, А. П. Кучкин сияқты ғалымдар көп көмек көрсетті. Е. Бекмаханов ақталып шыққаннан кейін, өзінің ғылыми педагогикалық жұмысын жалғастырды. Е. Бекмаханов 1966 жылы қайтыс болды.
48. ХХ ғ. 70-80 жж. Басындағы республика экономикасы мен қоғамдық-саяси өміріндегі әкімшіл-әміршіл жүйе құбылысының кенңінен өріс алуы және салдары.
70-80-жылдары Қаэақстанның экономикасында шикізат өндіру басым-дыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақ-тас республикалардан әкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды. Экономикадағы дағдарыстық ахуалдың пісіп жетілуі өнеркәсіп өнімдерін шығарудың төмендеуі мен ұлттық табыстың азаюынан айқын көрінді. Егер 1970-1975 жылдары өнеркәсіп өнімінің жылдық өсуі 8,4% болса, 1980-1985 жылда-ры 3,8%-ға, ал ұлттық табыс осы жылдары 4,4%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді. Осындай жағдайда 1977 жылы КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылда-нып, онда Кеңес халқы «дамыған социализм» кезеңіне өтті деп жарияланды. Экономиканы әміршіл-әкімшіл басқару әдісі материалдық ынталандыру-ды жоққа шығарып, экстенсивті даму, мемлекеттік меншіктің үстемдігі, жұмыс-шыларды өнеркәсіп қүралдарынан алшақтату, орталықтың билеп-төстеу жағдайына алып келді. Қазақстан экономикасы 1980 жылдары дағдарысқа тірелді. Республикада егістік көлемі өте үлкен болды, тек астықтың өзі 25 млн га жерге себілді. Солай бола тұрса да, өнім жинаудың темендеуі тұрақты құбылысқа айналды. Мал шаруашылығының құс асыраудан басқа салалары кіріссіз шаруашылықтарға айналды. Егер 1970 жылы өзін-езі ақтай алмаған колхоз-дар мен совхоздардың үлес салмағы 15% болса, 1985 жылы бұл көрсеткіш 51%-ға жетті. Мысалы, қойдың саны 1971-1981 жылдары 3,4 млн басқа өссе, 1981-1985 жылдары өсу тоқтаған. Қой етін өндіру 1970-1985 жылдары 19%-га қысқарды, оның қоңдылығы да төмендеді. Дуние жүзіндегі ауыл шаруашылығына жарамды ең үлкен (603 миллион га) жері болса да, (мысалы, АҚШ-та ол 431,5 млн га, Канадада 78 млн га), Кеңес Одағы 1981-1985 жылдары әлемдеп ең ірі азық-түлік сатып алушы елге айналды. Бүл кезеңде КСРО жыл сайын шеттен 3,8 млрд долларға азық-түлік сатып алып отырды. 1985 жылы КСРО-дағы әрбір үшінші бөлке нан, әрбір екінші қораптағы макарон шет елдерден - АҚШ, Канада, Аргентина, Түркиядан сатып алынған астықтан дайындалды. 1970-1980 жылдары халықтың нақты табысы төмендеп кетті. Халық тұтынатын тауарлар тапшылығы өсіп, күні бойы дүкендерде кезекте тұру дағдыға айналды. 1985 жылы Қазақстанның орташа жағдайдағы тұрғыны көпшілік түтынатын тауар алу үшін екі-үш айлық жалақысын жұмсаса, ал қалған тоғыз-он айдың жалақысы тауар тапшылығына байланысты жұмсал-май қалды. 1985 жылы КСРО-да тауар үшін дүкендерде кезекке тұруға халық шаруашылығында жұмыс істейтін 35 млн адамның жылдық қорына жұмса-латын жұмыс уақыты шығындалған. Кеңес Одағында қоғамдық саяси өмірде «басқаша ойлауға» қысым көрсетілді. Оның нақты мысалы, О. Сүлейменовтың 1975 жылы шыққан «Аз и Я» деген кітабына тыйым салынды. Оған пікір жазған «Молодая гвардия», «Москва», «Звезда» және т.б. журнал беттерінде авторды идеологиялық талаптардан ауытқып кетті деп айыптады. Автордың езі идеологиялық қысымға алынды. 1979 жылғы Целиноград оқиғасы ұлттық қатынастардың шиеленісуінің және қазақ халқының мүддесімен санаспаған орталықтың өктемдік саясатының керінісі болды. СОКП ОК Саяси бюросы 1979 жылы көктемде Қазақстанда, орталығы Ерейментаүда болатын, неміс автономиялық  облысын құру туралы шешім қабылдады. Оған Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының немістер тығыз қоныстанған бірқатар аудандарын беру көзделді. Орталықтың бұл әділетсіз шешіміне қазақ жастары бірден жауап берді. Партия шешіміне қарсы Целиноградта, Атбасарда, Ерейментау және Көкшетауда бейбіт шерулер мен демонстрациялар болды. Міне, қазақ халқының осындай саяси белсенділігінен қаймыққан Компартияның ОК қабылдаған шешімін өзгертуге мәжбүр болды. КСРО сыртқы саясатта халықаралық беделін нығайту және Ауғанстанда саяси үстемдік орнату мақсатында 1979 жылы 27 желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес әскерін кіргізді. Бұл саясатқа жауап ретінде АҚШ Кеңес Одағына астық сатуға тыйым салып, Мәскеуде өтетін жазғы олимпиадалық ойындарға қаты-судан бас тартты. Б¥¥-да 104 мемлекет Кеңес Одағының Ауғанстанға қарулы күштерін енгізуге қарсы шығып, бұл қадамын айыптады. Кеңес әскерлерінің «шектелген контингенті», яғни 80 мың әскер Ауғанстанда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Ресми деректер бойынша, Ауған соғысында Кеңес Одағынан барлығы 13 мың адам қаза болды, 37 мың солдат пен офицер әр түрлі жарақат алып, мүгедек болып қалды, ал жүздеген жауынгер елге қайтып оралмады. 1982 жылы қарашада КОКП ОК Бас хатшысы Л. Брежнев қайтыс болғаннан кейін партия жетекшілігіне Юрий Андропов келді. Ол КеңесОдағын 1984 жылға дейін ғана басқарды. Ю. Андропов мемлекет басшылығына келгенге дейін КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін басқарған еді. Сол себепті оның басшылығы елдегі қоғамдық және еңбек тәртібіне ерекше маңыз беруден басталды. Ю. Андроповтың саясаты партиялық биліктің өз ішінде қатаң тәртіл орнату мен қоғамдағы парақорлық пен маскүнемдікке қарсы күрес жүргізу болды. Бірақ та белгіленген шаралар жүзеге аспай қалды. Себебі Ю. Андропов 1984 жылы ақпанда қайтыс болып, КОКП ОК Бас хатшылығына К. Черненко келді (1984-1985). Ол Ю. Андропов бастаған істі ескерусіз қалдырып, елді басқаруда әміршіл-әкімшіл әдістерге сүйенді. Сонымен 1970-1980 жылдардағы дағдарыс құбылысы қоғамдық өмірдің барлық саласында тереңдей берді.49. 1965-1985 жж. Қазақстанда халық шаруашылығының дамуы. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экстенсивті сипаты
1964 жылы СОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партия басшылығы ауысты. Пленум Н.С. Хрущевті партияның ОК-нің бірінші хатшылығынан босатты. Оның орнына Л.И. Брежнев, үкімет басына А.И. Косыгин тағайындалды. 60-жылдардың ортасында шаруашылық реформалары жүрпзілді. 1965 жылы қыркүйек айында партияның ОК-І Пленум өткізіп, онда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына, шаруашылық есепті дамытуға, экономиканы дамыту үшін материалдық жа-ғынан ынталандыруға көңіл бөлінді. Бұның бәрі сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде халық шаруашылық кешеніне жоспарлы экономиканы енгізген уақыттан бәрі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге алып келген еді. Бұл бес-жылдық тіпті «алтын бесжылдық» деген атқа ие болды. 60-жылдары Қазақстанда өнеркәсіп құрылысы кең көлемде жүрпзілді, бірақ республиканың экономикасы шикізаттық бағытта болғандықтан, негізінен өндіруші салалар ғана дамыды 1961-1970 жылдар арасында Қазақстанда 1709 жаңа кәсіпорын, сондай-ақ көпшілігі қайта жөндеуден өткізілген және жаңа техникамен жабдыкталған нысандар іске қосылды Қара металлургия алу Соколов-Сарыбай және Қарағанды комбинаттарында, Ермак темір балқыту зауытында, ал түсті металлургия алу Лени-ногор, Жезқазған, Павлодар, Өскемен комбинаттарында қарқынды дамы-ды. Бұл кезеңде Маңғыстау мұнай кені де маңызды мұнай аймағына айнал-ды. Ең ірі химия өнімін дайындайтын Қаратау тау-кен химия комбинаты бол-ды. Қазақстан сары фосфордың бұкілодақтық өнімінің 90%-ын, жемдік фос-фаттың 40%-ын, мыс, мырыш, қорғасынның 70%-ын берді. Республика хром өндіруден КСРО бойынша бірінші орын, ал көмір, шойын және марганец өндіруден ұшінші орынды иемденді. 1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аг-рарлықсаясат жасау мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылықенімдерінің бағасын өсіріп, жоспардан тыссатылуы үшін қосымша қаржы теленді, колхоз-дар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты өзгертілді. Аграрлық салаға шаруашылық есепті енпзу шаралары белпленді. Бұл шаралар жартылай сипатта жүрпзілгенімен, біршама алға жылжулар да көрініс берді. 1970 жылы өндірістің тиімділігін арттыру нәтижесінде енеркәсіп өнімдерінің өсу керсеткіші 70%-ды құрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 28%-ға өсті 60-жылдары, 70-жылдардың басында басталған реформалар бірте-бірте тежеле бастады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге аспады. Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енпзу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп енімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия енеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығара-тын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңцеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды. Кеңестік экономика непзінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан енеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мүддесін көздемеді, әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда (Семей полигоны мен Аралдың эко-логиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға, су келемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай гепа-тит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне әкеп соқты, соны-мен қатар онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсеткішінен 15 есе асып түсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мәселе өте күрделі болды. Қазақстан террито-риясыныңт 4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырыла-тын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715 ядролық жарылыстың 470-і Қаэақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған.50. 1965-1991 жылдардығы Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуындағы жетістіктер мен проблемалар
1965-1991жж.Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуындағы жетістіктер мен проблемалар.
Ғылымның дамуы мен гүлденуі табиғаттың шынайы заңдылықтарын үйренуге және оған қоғам мүшелерін тартуға тікелей байланысты. Кеңес Одағы жүйесінің күйреуі барысында республика ғылыми мекемелері дағдарыс жағдайында болды.
1996 жылы мемлекет ғылыми саланы қайта жаңғыртуға, академиялық ғылымның реформалық жолдарын анықтауға бет бұрды. Осы мақсатта Ғылым және жаңа технология министрлігін, Ұлттық академияны, ауыл шаруашылығы ғылыми академиясын біріктіру жүзеге асырылды. Сөйтіп, жаңадан Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы дүниеге келді. Қазақстанның дамудың жаңа жолына түсуі өз кезегінде білім алу жүйесіне ғана емес, мәдениет саласына да үлкен өзгерістер әкелді. Кеңестік кезеңде мәдениет пен білім мемлекеттің қосымша көмегін пайдаланатын.
мәдени саланы қаржыландыру мәселесі едәуір өзгеріске ұшырады:
-ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалды;
-нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше қаржы көздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті;
-меншік формасының өзгеруіне байланысты мәдени мекемелердід көпшілік бөлігі, атап айтқанда, кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. өзін-өзі қаржыландыруға көшірілді.
В начале XX в. на территории Казахстана продолжали организовываться новые научные учреждения. Весной 1902 г. состоялось открытие Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела РГО. Продолжали действовать Оренбургский, Западно-Сибирский и Туркестанский отделы РГО, проводившие огромную работу по изучению географии, истории и этнографии Казахстана. Туркестанскими учеными в 1899-1902 гг. изучено Аральское море, в 1903-1904 гг. - Балхашское озеро. Результаты Балхашской и Аральской экспедиций играют немаловажную роль и в наши дни.В 1902 г. выдающиеся русские востоковеды В. Бартольд, Н.Ве-селовский, И. Мелиоранский, С. Ольденбург, В. Радлов и другие основали Русский комитет для изучения Средней и Восточной Азии в историческом, археологическом и этнографическом отношениях. В сферу его деятельности входила и казахская степь. Казахстанские ученые. Огромный вклад в изучение истории и культуры Казахстана и Средней Азии внес В. Бартольд. К 1914 г. относится публикация одного из важнейших трудов В. Бартольда по истории и исторической географии Средней Азии - "К истории орошения Туркестана". Исследование обширного круга письменных источников - от древнейших до нашего времени - позволило ученому воссоздать не только историю искусственного орошения, но в значительной мере историю всего хозяйства Южного Казахстана, связанную с общеисторическим развитием науки.В 1902 г. была опубликована еще одна капитальная работа В.Бартольда по Казахстану - "Сведения об Аральском море и низовьях Аму-Дарьи с древнейших времен до XVII в.". Эта первая крупная публикация по историко-географическому циклу исследований, совокупность которых справедливо закрепила за их автором репутацию создателя исторической географии Средней Азии и Казахстана. Г. Потанин (1835-1920) - путешественник, фольклорист, исследователь Сибири и Центральной Азии. Г. Потанин совершил ряд путешествий по малоизученным областям Сибири и Центральной Азии, где собрал обширный материал по географии, ботанике, экономике и этнографии. По истории и этнофафии казахского народа он написал 50 статей, заметок и книг.Видным этнографом и экономистом был Алихан Нурмухамедулы Бокейханов. А. Бокейхан был одним из авторов работы "Киргизский край", вышедшей в 1903 г. Это издание представляло собой 18-томную энциклопедию "Россия. Полное географическое описание нашего отечества". Бокейханом была написана вторая часть книги "Население", посвященная истории казахов, развитию просвещения, издательского дела в крае, русскому завоеванию и колонизации. Перу А. Бокейхана принадлежит биография Абая Кунанбайулы, изданная в "Семипалатинском листке" в 1905 г. Многочисленные статьи на этнографические и экономические темы были опубликованы в газетах и журналах, выходивших в крае, в том числе и газете "Казак", в которой А.Бокейхан активно сотрудничал.Развитие медицины. Развивалась в начале XX в. и медицина Казахстана. Одними из первых казахских врачей были А.Айтбакин и М. Карабаев. Айтбакин написал научное исследование "Изменение кумыса при стерилизации и о составе стерилизованного кумыса", которое было удостоено серебряной медали. В Северном Казахстане работал врач Мухамеджан Карабаев. С 1888 г. Карабаев начал работу в должности Костанайского уездного врача, в 1907 г. возглавил борьбу с эпидемией сыпного тифа в Иргизском уезде.В 1909 г. окончил военно-медицинскую академию Халел Досмухамедулы, видный общественный и политический деятель Казахстана. В начале XX в. им был написан ряд статей для газеты "Казак,", в том числе "По поводу болезней" (1913 г.) и "Заразные болезни" (1914 г.). Развитие образования. В начале XX в. в Казахстане продолжала увеличиваться сеть русскоязычных и русско-казахских школ. По сравнению с 1897 г. их число к 1911 г. удвоилось. Однако население продолжало получать образование в мектебах и медресе, причем большинство их существовало на нелегальном положении. Значительным событием конца XIX-начала XX вв. было открытие "новометодных" учебных заведений. Сторонники "нового метода" стояли за реформу мусульманской школы, широкое внедрение светских дисциплин (географии, истории, естествознания, русского языка), новую методику обучения.Противники "нового метода" пользовались поддержкой колониальных властей и миссионеров. В начале XX в. в Казахстане движение за "новый метод" активизируется, охватив вначале большие города, а затем и крупные населенные пункты. Начиная с 1900 г. отдельные старометодные мектебы и медресе постепенно преобразовывались в "новометодные". Поскольку высших учебных заведений в Казахстане не было, многие казахи обучались в университетах и институтах Петербурга, Москвы и Казани. По неполным данным, в начале XX в. свыше 100 человек из числа казахов имели высшее образование. Начало XX в. - время расцвета казахской периодической печати. Если в конце XIX в. существовало всего два издания, то после 1905 г. появляется целый ряд новых газет и журналов. В 1907 г. группа казахской интеллигенции в Петербурге начала издавать газету "Серке", редактором был Абдурашид Ибрагимулы. Во втором номере этой газеты была опубликована статья М. Дулатулы "Наша цель". Царская охрана, усмотрев в ней прокламацию, направленную на "возбуждение казахского населения против всех представителей и органов правительства", закрыла газету. В марте того же года в Троицке вышла "Казак газетi", запрещенная после первого же номера. В 1911 г. в свет выходит первый номер журнала "Айкап", издававшегося в Троицке. Редактором и идейным вдохновителем журнала стал Мухамеджан Сералыулы, видный казахский поэт и общественный деятель. Журнал внес огромный вклад в развитие литературы и оформление казахского литературного языка, публиковал исследования по фольклору, этнографии, истории. Особая роль в развитии национальной прессы принадлежит газете "Казак", выходившей в Оренбурге и Тургае в 1913-1918 гг. под редакцией Ахмета Байтурсына. Основной заботой газеты был культурный подъем казахского народа, развитие казахского литературного языка и литературы. Много места уделялось работам А.Бокейхана по фольклору и А. Байтурсына о казахском языке и казахской литературе. С 1916 г. до конца 1917 г. в Ташкенте выходила еженедельная газета "Алаш", издаваемая Кульбаем Тогусовым. Газета была социалистического направления, хотя сильны были панисламистские и антирусские настроения. После Февральской революции 1917 г. выходит целый ряд новых газет и журналов различного толка. Культура. Начало XX в. - особый период в истории казахской литературы. Складывается современный литературный казахский язык, появляются новые стилистические формы, казахские писатели осваивают новые жанры. Один из выдающихся деятелей литературы начала XX в. - Ахмет Байтурсын. С 1895 г. Ахмет Байтурсын занимается педагогической и литературной деятельностью. Первыми его поэтическими трудами были переводы басен Крылова, сборник "Кырык мысал", выдержавший несколько изданий, был очень популярен среди казахов. В Оренбурге в 1911 г. вышел в свет сборник стихов А.Байтурсына "Маса". Его перу принадлежит также ряд статей о казахском языке, где он выступает за чистоту языка, освобождение его от русских и татарских слов. Ахмета Байтурсына можно назвать основателем казахского языкознания. Крупное явление казахской литературы начала XX в. - Мыржакып Дулатулы, известен как поэт и прозаик, он автор нескольких поэтических сборников и первого казахского романа "Несчастная Жамал" (1910). Роман вызвал огромный интерес у русских критиков и казахской общественности, выдержал два издания. Кроме оригинальных произведений, Мыржакып Дулатулы занимался переводами Пушкина, Лермонтова, Крылова, Шиллера. Особое место в казахской поэзии занимает творчество Магжана Жумабая (1893-1937 гг.). С его именем связано внедрение новых поэтических форм в казахское стихосложение. В 1912 г. в Казани вышел первый сборник его стихов "Шолпан". В начале XX в. начинается творческий путь талантливого казахского прозаика и драматурга Жусипбека Аймауытулы (1889-1931). Основные произведения созданы им в советское время, хотя в 1917 г. он уже сотрудничал в журнале "Абай". Одной из видных фигур казахской литературы начала XX в. был Султанмахмуд Торайгыров (1893-1920). В 1913-1914 гг. Торайгыров сотрудничал в журнале "Айкап", где печатает первые стихи и рассказы, тяготевшие в основном к теме социального неравенства. Тогда же он начинает работу над романом "Камар сулу". Большое развитие получает в начале XX в. философско-этическая литература, виднейшими представителями которой были Шакарим Куцайбердыулы, Жусуп Кобеев. Особая роль в развитии казахской философской мысли принадлежит Шакариму Куцайбердыулы (1858-1931). Шакарим, племянник Абая Кунанбайулы.Первым философским произведением был труд "Мусылман-шылдык, шарттары", вышедший в Оренбурге в 1911 г. В том же году была опубликована "Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских династий" - одна из первых работ по истории казахов. Однако Шакарим оставил нам не только философские и исторические труды, но и огромное количество стихов, поэм и прозаических произведений. Видным представителем философского направления казахской литературы был Жусуп Кобеев (1858-1931 гг.). В 1907 г. в Казани выходят сразу три его книги: "Увиденное мною удивительное явление в моей долголетней жизни", "Положение", "О том, чья земля Сарыарка". В них автор резко высказался против колониальной политики России, переселения крестьян в Казахстан, призывает казахов активнее включаться в политическую жизнь страны. Кроме чисто философских трудов, перу Кашимова принадлежит повесть "Печальная Мариям" (1914 г.), в которой автор осуждает обычаи бракосочетания, когда девушек выдают замуж без их согласия. В целом начало XX в. стало периодом особого расцвета казахской письменной литературы, впитавшей в себя лучшие черты казахской, восточной и европейской литературы. В это время закладываются основы современной казахской литературы, окончательно складывается литературный язык.Развитие устного и музыкального творчества. В начале XX в. продолжали развиваться и традиционные виды казахского искусства: устная литература и музыкальное творчество. Один из наиболее известных акынов начала XX в. - Балуан Шолак (Нурмагамбет) Баймурзин (1864-1919). Его песни получили широкое распространение в народе, многие из них популярны и сегодня. Певцами и композиторами были Ыбрай Сандыбайулы, Майра Шамсутдинова и др. Известными композиторами были Дина Нурпеисова, Казангап Тлепбергенов Начало XX в. - время расцвета казахской литературы и журналистики, время окончательного оформления современного литературного языка, появление казахской драматургии, первых казахских романов. Именно в этот период начинает складываться современная казахская культура.
51.Қазақстандағы қайта құру саясаты
Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы .
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мүндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.
Дағдарыстың себебі өте көп болды.
Саяси саладағы белгілері:
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі.
2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы.
3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі.
4. Заңдылықтың бұзылуы.
5. Жариялылықтың болмауы.
Экономикалық салаларда-дағдарыстың белгілері:
- Шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі.
- Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.
- Бақылаусыз басқару аппараты.
- Инфляция.
- Товар зәрулігі.
Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері:
- Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.
- Теңгермешілдік.
- Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.
- Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.
- Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.
- Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.
Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.
Қайта құру бағыты.
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.
Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы .
1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:
1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.
2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.
1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.
Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.
1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады:
1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы қүрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер.
80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.
Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.
Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.
52. Қазақстандағы желтоқсан оқиғалары
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды.
Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.
Оқыға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді.
Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.
Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды.
Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.
Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КСРО халық депутаттарының 1 съезінде ақын, қоғам қайраткері М.Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.
53.Кеңес одағының ыдырауы.ТМД-ның құрылуы.Мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңның қабылдануы.
1991жылдың желтоқсаны ірі саяси оқиғаларға толы болды.Олардың ең бастысы КСРО-ның ыдырауы еді.Желтоқсанның 8-і күні Минскіде бас қосқан 3 славян мемле-нің басшылары өзара келісіп, 1992 жылғы КСРО-ны құру туралы шарттың өз күшін жойғанын жариялады.Беларусь, Ресей, Украина 1922 жылғы Одақтық шартқа қол қоюшы, яғни КСР Одағының халықаралық субъектісі ретінде және геосаяси ақиқат тұрғысынан өзінің өмірінің өмір сүруін тоқтатқандығын мәлімдейміз деді.Қол қоюшылар дайындаған бұл құжатта КСРО заңдарының күшін жойғандығы, одақтық органдар-ң жұмысын тоқтатқандығы да атап көрсетілді.1991ж 13 желтоқсанда Ашхабадта Орта Азия республикалары мен Қазақс-ң жетекшілері бас қосты. Олар Минскіде қабылданған шешімдерді жақтайтындықтарын білдірді.Осылайша дүниежүзіндегі аса ірі отаршыл империялардың соңғысы-Кеңес Одағы құлады.Соның нәтижесінде АРМЕНИЯ, ӘЗІРБАЙЖАН БЕЛАРУСЬ ГРУЗИЯ ҚАЗАҚСТАН ЛАТВИЯ ЛИТВА МОЛДОВА ӨЗБЕКСТАН ТӘЖІКСТАН УКРАИНА ЭСТОНИЯ мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жеткізді. ТМД-ның құрылуы. Бұрын КСРО құрамында болған, кейін өздерінің тәуелсіздіктерін жариялаған республикалар- АРМЕНИЯ, ӘЗІРБАЙЖАН, БЕЛАРУСЬ, ҚАЗАҚСТАН , ҚЫРҒЫЗСТАН, РФ ,МОЛДОВА ,ӨЗБЕКСТАН ,ТӘЖІКСТАН, УКРАИНА басшылары Алматыда бас қосты. 21 желтоқсан күні аталған тәуелсіз мемлекеттердің жетекшілері тәуелсіз мемлекеттердің жаңа ұйымын құрғандары туралы хаттамаға қол қойды.Бұл жолы одақ сөзі достастық сөзімен алмастырылды.Алматыдағы кездесудің нәтижесінде ТМД дүние келді. Кеңес Одағы өмір сүруін тоқтатып, ресми құжатта айтылғандай «АРМЕНИЯ, ӘЗІРБАЙЖАН, БЕЛАРУСЬ, ҚАЗАҚСТАН , ҚЫРҒЫЗСТАН, РФ ,МОЛДОВА ,ӨЗБЕКСТАН ,ТӘЖІКСТАН, УКРАИНА РЕСПУБЛИКАЛАРЫ тең құқылы негізде және жоғары дәрежеде Келісуші ретінде ТМД-ғын құрды.» Хаттамаға аталған Республикалардың басшылары қол қойды.
1991 жылдың соңына қарай Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялауға болатын қолайлы жағдай қалыптасты.Дүгниежүзіндегі және бұрынғы КСРО-дағы саяси ахуал 1991 жылғы тамыз бүлігі және оны ұйымдастырушылардың бүлігі оны ұйымдастырушылардың жеңілуі, КСРО ның өмір сүруін тоқтатқандығы ТМД құрылуы осының бәрі Қазақстанның да тәуелсіздігің жариялануын тездетті.1991ж 16 желтоқсанда « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР-ның Конституциялық заңы қабылданды.ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.
54.Қазақ тілінің қолдану аясын тарылту. Ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктері мен олардың қайшылықты сипаты.
Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғаммен мемлекет құрылымындағы күрделіқұбылыс – тіл мәселесі болып табыладыүТіл ұлттық негізгі белгісі ретінде халықтық болмыс-бітімнің сақталуында шешуші рөл атқарды, оның рухани мәдениітінің бір бөлігі болып табылады, сондықтанда тіл өзіне деген құрметті талап етеді. Қазақ тілінде іс жүргізу мәселесін сөз еткенде, тағы да тарихқа тереңірек үңілуге туралы келеді. Бұл мәселе сонау 1920-30 жылдары оңды шешіліп, бірқатар тәжірибе жинақталғаны белгілі жайт. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы мен Халық Комиссарлары Кеңесі сол жылдарда конституциялық нормаларға сәйкес қазақ тілінде іс жүргізудің қалыптасуы мен дамуына жәрдемдесетін бірқатар қаулылар қабылдады: Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1921 жылғы 2 ақпандағы «Қазақ және орыс тілдерін республикалық мемлекеттік мекемелерінде қолдану туралы» декреті, 1923 жылғы 20 қарашадағы «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декреті қазақ тілінде іс жүргізудің алғашқы заңды құжаттары болды. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті КСРО Орталық Атқару Комитеті Ұлттар Кеңесі Төралқасының 1927 жылғы 26 тамыздағы мәжілісінде жасаған «Республика мемлекеттік аппаратын тұрғылықтандыру туралы» баяндамасында қазақ тілінде іс жүргізудің республикадағы жайын әңгімелеп, оны одақтық деңгейде мәселе етіп көтерді. Қазақ тілінде іс жүргізуді республикалық деңгейде дұрыс шешу мәселесі Қазақ өлкелік партия комитетінің 1929 жылы 11-16 желтоқсанда өткен V Пленумында қаралып, қаулы-қарарында ерекше көңіл бөлінді /2/. Алайда, ХХ ғасырдың 20-жылдары ортасынан бастап халықтардың тең құқықтығының принциптері, КСРО-дағы ұлттардың өз мәдениеті мен тілін дамыту құқығы шектеле бастады. Тіл саясаты өрескел бұрмаланып, оның орнына Сталиннің ұлттарды ұлттық рухани қазынасынан айыруды көздейтін «біртұтас кеңес халқын жасау» саясаты орнықты. Бұл бағыттағы жұмыстар жергілікті халықтың және Кеңес Одағында, соның ішінде қазіргі Қазақстан Республикасында тұратын ұлттық топтардың мүдделері ескерілмей жүргізілді. Заңсыздық пен зорлық-зомбылық көп ұлтты мәдениетке орасан зор нұқсан келтірді, мұндай келеңсіздікке қарсылық білдірген зиялы азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады, көбісі ату жазасына кесілді. Тіл мәселесінің мемлекеттік деңгейде талқыға түсіп, жұртшылық арасында жаппай саяси тақырыпқа айналуы республика көлемінде қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тануға себеп болды. Осы талаптар мен ұсыныстар нәтижесінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақ ССР-інің Тіл туралы заңын қабылданды.1920-1930 жылдар Қазақстан ғылым-ң қалыптасқан кезеңі болды.Өлкенің тарихы. Этнологиясы экономикасы зерттеле бастады және жаратылыстану ғылымының ірі орталықтары пайда болды. Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылып, оның секциялары-ң жұмысына Асфендияров,Затаевич , Қ.Жұбанов , А.Байтұрсынұлы, Ж.Аймауытов М.Жолдыбаев және басқа көрнеекті ғалымдар атсалысты.1935 жылы Геология және тарих секторлары құрылы.1932 жылы КСРО ғылым акадмиясын Қазақстанда құру жағдайы жасалды.ХХ басында қазақ әдебиеті жаңа сапалық деңгейге көтерілді.Азғана тарихи уақыт ішінде 200-ге жуық кітап жарық көрді.Орыс жазушыларының шығармалары аударылды.Бұрын соңды қазақ әдебиетінде болмаған жанрлар-романдар повестер новеллалар п.б Кеңес билігінің орнауы коммунистік идеологияға сай көркемөнердің орнығуына жол ашып берді.Орынборда Семейде Оралда Ақмолада және басқа қалаларда клубтар, халық үйлері, драма,театрлар п.б 1926 ж қаңтарда Қызылорда республикада алғашқы қазақ ұлттық театрі ашылды.Алғашқы премьералар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» «Абай» Мүсірепоовтиың «Қозы көрпеш –Баян сұлу» спектакльдерімен ашылды.Қазақ драма театры аз уақыт ішінде маңызаралық жетістіктерге жетті.1937 академиялық драма театры болып қайта құрылды.1933 ж Алматыда ұйғыр музыкалы театрі , 1937 жылы Қызылорда дада корей театрі,Шымкентте өзбек,Петропавлде татар театрі бой көтерді.1935 жылы Қазақ мемлекеттік филормониясы құрылды.Оны композитор Ахмет Жұбанов басқарды.Сонымен қатар опера және балет театрі , Бейнелеу, Кино өнері .Қазақ ұлттық кино өнерінің алғашқы туындыссы «Амангелді» көркем фильмі 1938 «Ленфильм» киностудиясында түсірілді. Партиялық-мемлекеттік құрылым қызметінің 70-80-жж. басындағы өзекті бағыты бұрынғыша ұлтшылдыққа, жершілдіктің көріністеріне және патриархалдық құрылысты дәріптеуге қарсы күрес болды. Өзгеше ойлаудың барлық түрі қудаланды. Өмір сүріп тұрған жүйенің идеологиясы мен жаттанды догмаларына сай келмеген өз көзқарастарын әдебиет пен өнер шығармаларында бейнелеген интеллигенцияның өкілдері қудалауға ұшырады. Мысалы, ақын О.Сүлейменовтың “АзиЯ” деген талантты кітабы осындай қасіретке ұшырады. О.Сүлейменовтың оппоненттері “Молодая гвардия”, “Москва”, “Звезда” және басқа журналдардағы мақалаларында кітаптың идеологиялық бағыты мен мақсатына күмән келтірді. Ол ұлтшылдық, пантюркистік шығарма және орысқа қарсы деп айыпталды.55.ҚР- ның қазіргі кезеңдегі сыртқы саясаты.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді.
Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
56.Экологиялық дағдарыстар. Арал қасіреті. Семей ядролық сынақ полигоны(1949-1991)
Арал теңізі суының тартылуы тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне үлкен экологиялық апат әкелді. Арал теңізінің суы үш есе азайып 80 шақырымға дейін ығысып, деңгейі 49м лік белгіге дейін төмендеді.Одан ұшып жатқан тұзды боран мыңдаған шақырымға дейінгі жер бетін басып, қоршаған ортаны әбден ластады, мұздықтарды ерітті, даланың шөбін егінді тұздандырды.Арал өңірінің шаруашылығы қатты зардап шекті . Бұрын балық шаруашылығымен айналысып келген мыңдаған адамдар жұмысынан айырылды.Халық тұрмысы мейліннашарлады. Соның салдарынан адам-ң денсаулығына зиян келді.Өкпе , ентікпе аурулары көбейіп балалар өлімі күрт артты.
1950 жылдардан бастап Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналды.Семей облысында орналасқан атом полигоны әлемдегі өзі тұрпаттас әскери объектілер-дің ішіндегі ең ірілерінің бірі болды. Батыс Қазақстандағы Капустин Ярда атом полигоны жұмыс істеп тұрды.Ресм мәліметтер бойынша Семей полионында 1949 жылдан 1963 жылға дейінгі кезеңде ауада әртүрлі 113 ашық жарылыс жасалған. 1964 жылдан 1989 жылдың 19 қазанына дейінгі аралықта қуаты 150 кт –ға дейін 343 жерастылық жарылыс жасалды.Кеңес еліндегі ядролық қару сынақ-ның 70 пайызға жуық Семей полигонында өткізілді, қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін орынардың саны 300-ге жетті. Семей ядролық полигонындағы жергілікті тұрғындарды медициналық тексеруден өткізгенде тұқым қуалайтын ауруға шалдығуына байланысты адамдарды, әсіресе, жасөспірімдердің арасында ерте қайтыс болу жиі кездесетіні анықталған. Сондай-ақ қатерлі ісік, сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуына байланысты ауруға шалдыққандар көп. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.
57.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еібегінің маңызы.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзімнің ішінде геосаяси кеңістік жүйесінен өз орнын табуы, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қалыптастыруы, сыртқы саяси басымдықтарының бара-бар жүйесін құруы және сыртқы саяси стратегиясының негіздерін қалауы тиіс болды. Көптеген шетелдік және отандық сарапшылар бұл міндеттер елдегі күрделі кезеңде оны Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқаруының арқасында ойдағыдай шешілді деп санайды. Н.Назарбаевтың ең жоғары деңгейде тікелей өзі орнатқан байланыстар отандық сыртқы саясаттың қалыптасуының маңызды міндеттерін шешуге көмектесті. Басты мақсат ретінде Президент Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қалыптастыру мен ұстап тұрудың жолдарын қарастырды. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси бағытының негізгі ұстанымдарын Президент 1992 жылы «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде айқындады, онда халықаралық аренада ҚР сыртқы саясатының бейбітшілік сүйгіш бағыты жарияланды: «Кез келген әскери жанжал апатты салдарларға әкеп соғатынын түсіне және өз жауапкершілігін сезіне отырып, бейбітшілікті сақтау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдықты мақсаты деп танимыз; саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға қол жеткізудің құралы ретінде соғысқа немесе әскери күштер қаупіне жол бермейміз; ядросыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды таратпау шартына қосылуға ұмтыламыз;  жаппай қырып-жоятын қаруларды бірінші болып қолданбау ұстанымын қуаттаймыз және осы міндеттемелерді барлық әлемдік қоғамдастық мемлекеттері қабылдауын жақтаймыз; белгіленген шекаралардың мызғымастығы ұстанымдарын, басқа мемлекеттердің ішкі ісіне араласпауды қолдаймыз».  Н.Назарбаевтың сыртқы саясат доктринасының жүйе құраушы элементі болған көпвекторлы саясат әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және ел үшін практикалық маңызы бар барлық мемлекеттермен достық және болжана алатын өзара қарым-қатынастарды дамытуды көздейді.
58.ҚР –ның рәміздері – туды, елтаңбаны, әнұранды бекіту.
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді.Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
ҚазақстанHYPERLINK "http://www.akorda.kz/kz/state_symbols/kazakhstan_anthem" HYPERLINK "http://www.akorda.kz/kz/state_symbols/kazakhstan_anthem"РеспубликасыныңHYPERLINK "http://www.akorda.kz/kz/state_symbols/kazakhstan_anthem" HYPERLINK "http://www.akorda.kz/kz/state_symbols/kazakhstan_anthem"МемлекеттікHYPERLINK "http://www.akorda.kz/kz/state_symbols/kazakhstan_anthem" HYPERLINK "http://www.akorda.kz/kz/state_symbols/kazakhstan_anthem"әнұраныБұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.
59.1993ж 28 қаңтарда қабылданған ҚР Конституциясының тарихи маңызын ашып көрсетіңіз.
1993 жылы қаңтардың 28-де тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясының талқылау және қабылдау жөніндегі жұмыстары аяқталған болатын. Сол күні Жоғарғы Кеңестегі 312 депутаттың 309-ы Қазақстанның тұңғыш Конституциясын қабылдау жөніндегі ұсынысты қолдап, дауыс берді және ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тұңғыш Конституцияның түпнұсқа мәтіні табыс етілді.Бірақ уақыт өте келе тұңғыш Конституцияның кейбір тұстары нарықтық қоғамдағы өзгерістерге сәйкес болмай шыққаны байқалып, екі жыл өткеннен кейін қолданыста жүрген қазіргі Конституция қабылданды. 1995 жылғы 30-тамызда жаңа Конституция өмірге келгеннен бері 1993 жылғы қаңтардың 28-інде қабылданған ҚР Конституциясының мәтіні мемлекеттік мұражайда сақталып тұр.Төрт бөлімнен тұратын Негізгі Заң 21 тарау 131 баптан тұрды. 1993 жылғы Конституция Президенттің позициясын айтарлықтай күшейтті. Бұл құжаттың қабылдануымен Президент тек қана мемлекеттің емес, сонымен қатар елдің атқарушы билігінің бірыңғай жүйесінің басшысы болды. Конституцияда Қазақ КСР-ның заңнамасына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Президенті мен Вице-Президентінің өз өкілеттіктерін кезекті президент сайлауына дейін сақтайтындықтары ерекше көрсетілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының президент лауазымына қатарынан ең көп екі мәрте сайлана алатыны туралы ережесі Қазақстан республикасының Президенті үшін-де күшінде болды. Президент Жоғарғы Кеңестің келісімін алып барып қана Премьер-Министр лауазымын және басқа мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларын бекітіп, қабылданатын заңдарға қол қоя алатын еді.1993 жылғы Конституция өтпелі кезеңнің ахуалын сипаттайтын құжат реттінде, жүріп жатқан реформаларға байланысты міндеттерді,, әлеуметтік –экономикалық және саяси мәселелерді шешуге бағытталды.Және де Негізгі заңда ҚР-дағы мелекеттік тіл –қазақ тілі екендігі, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі днп анықталды.Сонымен бірге басқа тілдерді де қолдауға, оларды қолдану аясының кеңіп, еркін дамуына кепілдік берілді.
 
60. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр конституциясын қабылдау
Конституциялық комиссияның қажырлы да ұзақ еңбегінің нәтижесінде 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі жариялы түрде дауыс беру арқылы түгелге жуық көпшілікпен Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды. Уақыт өте келе бұл Негізгі Заң өзінің әлсіз тұстарын көрсете бастады. Ал 1995 жылы 30 тамызда ҚР Президентінің жарлығына сай Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. 89,14% сайлаушылардың қолдауымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Қолданыстағы Конституцияда мемлекет адам құқықтарына шынайы кепілдіктер берген. Олар: әрбір азаматтың еңбек ету және кәсіпкерлікпен айналысу еркіндігі; заң бойынша мөлшермен тегін медициналық көмек алуға; тегін орта білім алуға; діни – сенім бостандығы; конкурстық негізде ақысыз жоғары білім алуға; әлеуметтік қамсыздандыру. Бүгінде осы конституциялық негіздер әрбір Қазақстан азаматының өмірінен берік орын алды. Қазіргі қолданыстағы Конституция адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын бекітіп, еліміздің азаматтарының құқық алдындағы теңдігін қамтамасыз етті. Бұл принциптер мемлекетіміздің экономикалық - әлеуметтік дамуына, іргесі мықты, азат ел құруға негіз болды.
93 пен 95 жылғы конституцияның айырмашылығы
Тұңғыш Конституция оның саяси маңыздылығына қарамастан көптеген түбегейлі мәселелерге жауап бере алған жоқ және қарама-қайшылықты болды. Жекелеген қағидалары қоғамда біржақты емес реакция ду туындатты. Қарастырылған мемлекетті ұйымдастыру ісі үшжақты билік синдромы мен ішкі қақтығыстардан қорғалған жоқ.
Жаңа Конституцияда адамдарды толғандырған сауалдарға жауаптар қамтылған. Ақыл-ойдың астан-кестең болып, билік тармақтары арасындағы үздіксіз дағдарыс кезеңі азаматтардың өз болашағына, өз балаларының болашағына, қоғам мен мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы мен жанжалсыздығына деген сенімі дәуіріне алмасты. Адам құқығының үстемдігі, сондай-ақ демократиялық, зайырлы, құқықтық әрі әлеуметтік мемлекет мұраттарымен байытылған жаңа конституциялық кеңістік біртіндеп қалыптасты. Ата заң үстемдігі елдің зайырлылығын кепілдендіреді, оның құқықтық жүйесін жат әрі қауіпті құбылыстардың кіруінен қорғайды. Негізгі заң идеологиялық әрі саяси көптүрлілікке, пікір алуандығы мен меншік формаларының теңдігіне, мемлекеттік тілді дамытуға, орыс және Қазақстан халқының басқа тілдерін қолдануға, халықаралық құқық ұстанымдары мен нормаларын құрметтеуге кепілдік береді. Адамдар мен азаматтардың конституциялық құқығы және бостандығы жиынтығы адам құқығы туралы халықаралық биллге сәйкес келеді әрі барлық азаматтардың тең құқылығына негізделеді. Бірлік пен биліктің бөлінуіне негізделген басқарудың президенттік формасы барлық тармақтағы органдардың бірлескен жұмысының ортақ нәтижесін - елдің өрлей дамуын қамтамасыз етеді.
61. Президенттің Қазақстан халқына алғашқы жолдауы «Қазақстан 2030»
1997 жылдың 10 қазанда ҚР Президентi Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған ең алғашқы Жолдауын жариялады «Қазақстан-2030». 2030 жылға қарай «Орталық Азия барысына» айналуды көздеді. Дамыған 50 елдің қатарына қосылу және соның жолында бар мүмкіндік пен ерік-жігерді жұмылдыру – Стратегияның ең басты мақсаты болды. Оның орындалу барысы кезекті жыл сайынғы Жолдауға дейін сарапталып отырды. Әр жылдағы халыққа арналған Жолдау «Қазақстан – 2030 » Стратегиясында көтерілген мәселелерден алына отырып, жеке дара кеңейтіле қарастырылып, уақыт талабына сай мақсаттарға қол жеткізу жолында міндеттер жүктеп отырды.
Жалпы, «Қазақстан стратегиясы-2030» төрт кезеңге бөлінді: 1997-2000 жылдар - дайындық кезеңі, 2000-2010 жылдар - бірінші кезең, 2010-2020 жылдар - екінші кезең және 2020-2030 жылдар - үшінші кезең. Осы кезеңдер аяқталған кезде Қазақстан дамыған елдер санатына енуі керек.
«Қазақстан – 2030» стратегиясы 7 бағыттан құралып, республиканың саяси-экономикалық, құқықтық-демократиялық, әлеуметтiк-мәдени және рухани дамуының ұзақмерзiмдi жоспарын қамтыды. 7 бағыт:
Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді, Қазақстан азаматтарының өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға саяды.
Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы: бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этникалық топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды.
Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергетикалық және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау.
Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды.
Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықаралық технологияларды, коммерциялық құпия және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергетикалық инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды.
Инфрақұрылым (көлік және байланыс): ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экономикалық өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған.
Кәсіпқой мемлекет: іске шын берілген және елдің негізгі мақсаттарына қол жеткізуде халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау. Бұл саладағы міндет осы заманға сай тиімді мемлекеттік қызмет пен нарықтық экономикаға оңтайлы басқару құрылымын құру, басты мақсаттарды іске асыруға қабілетті Үкіметті жасақтау, ұлттық мүдделердің сақшысы болатын мемлекет орнату.
Осы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін Президент Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларында ел алдындағы аса маңызды жаңа міндеттерді белгілеп отырды. «Алдымен – экономика, cодан соң – саясат» деген айқын жолмен ілгерілеп жүрдік. Стратегия-2030 қабылданған 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді. Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көлемі жағынан әлемнің 50 ірі экономикасының қатарына кірдік. 2006 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясын айқындаған болатын. Бұл межеге 2013 жылы жеттік. 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өсті. 1999 жылдан бастап ІЖӨ-нің жыл сайынғы өсуі 7,6%-ды құрап, алдыңғы қатарлы елдерді басып озды. Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетті. Қазақстан әуел бастан жан басына шаққанда тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі жағынан ТМД-да көшбасшы болды. Шикізат ресурстарынан түскен кіріс Ұлттық қорда жиналды. Осы жылдар ішінде халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем болып қала берді. Сөйтіп, 15 жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өсті. Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе азайып, жұмыссыздар саны екі есе қысқарды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 10 есе ұлғайды. Ұлт денсаулығын жақсарту, білім беру ісінде едәуір ілгерілеуге қол жеткіздік. Міне, бұл 2012 жылғы көрсеткіштер. Осылайша, «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы негізгі міндеттерді республика мерзімінен бұрын орындады. Жаңа сын-қатерлерді лайықты қабылдау үшін ендігі жерде 2030 стратегиясының аясы жеткілікті емес. Сондықтан Президент осы жылдың соңында «Қазақстан-2050» стратегиясын жариялайды.
62. Назарбаевтың « Нұрлы жолы- Қазақстандық даму жолы» негізгі құндылығы және бірегейлігі
2014 жылғы 11 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының толық мәтінін ұсынады.
НҰРЛЫ ЖОЛ - БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ   
Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда.  Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалын тап келеді. Нәтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және, тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда. Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тарапынан 2014 және одан кейінгі екі жылда әлемдік экономиканың дамуында болжам төмендеу жағына қарай қайта қаралғаны белгілі. Сондықтан кейбір позицияларды жедел түрде қайта қарап, сондай-ақ, алдағы кезеңдердің жоспарларына түзетулер енгізу қажет. Бізде ырғалып-жырғалуға уақыт жоқ. Бүгін айтылатын шараларды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыру керек. Біз теріс үрдістердің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды жедел қабылдауға тиіспіз. Бүгін менің тапсырмам бойынша Үкімет белсенді жұмысқа кірісіп кетті. Біз 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін қайта қарадық. Бұл дұрыс, өйткені, біздің экспорттық шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы бюджеттің кіріс бөлігіне қаржы түсуін төмендетуге алып келуде. Бірақ, соған қарамастан, Үкімет алдына оңай емес, алайда, нақты міндет - барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр. Дағдарыс жағдайларында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, экономикалық саясатты қайта бағдарлаулар жүріп жатыр. Қолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиіс. Мұндай тәжірибе бізде бұған дейін болған. Біздің 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы табысты шараларымызды еске алсақ та жеткілікті. Көріп отырғандарыңыздай, өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізуде. Және біз партияның тұғырнамасын бүгінгі күн шындығы тұрғысынан қарай отырып жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз. Менің тапсырмам бойынша Үкімет дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасауды аяқтады. Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын. Мен 2015 жылға арналған халыққа жаңа Жолдауымды осыған арнаймын. Ол контрциклды сипатқа ие болады және біздің экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады. Бұл нені білдіреді? Сыртқы нарықтардағы жағдай оңтайлылығымен ерекшеленіп, мұнай мен біздің экспорттық өнімдерімізге баға айтарлықтай жоғары деңгейде болған жылдары біз шикізат экспортынан түскен табыстарды Ұлттық қорға бағыттап келдік. Ұлттық қордың негізгі міндеттерінің бірі біздің экономикамыздың сыртқы естен тандырулар алдындағы орнықтылығын, оның ішінде, табиғи ресурстарға баға төмендеген жағдайда да, жоғарылату болып табылады. Осы жылдардың бәрінде шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды біз осы Қорға салып келдік. 10 миллиард долларды біз 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске бағыттадық. Қалған ақшаны ішіп-жеп және жұмсап қойған жоқпыз, сақтадық және көбейттік. Қазір біз осы резервтерді пайдалануға тиіс болатын кезең туындап келеді. Бұл қаржы қиын уақыттарды еңсеріп, экономикамыздың өсімін ынталандыруға көмектесетін болады. Бұл ресурстар қысқа мерзімдік шараларға арналмаған. Олар экономиканы әрі қарай қайта құрылымдауға бағытталатын болады. Нақты айтқанда, көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады. Ақпан айында Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жылдарға 500 миллиард теңгеден екі транш бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Басталған жобаларды аяқтау және аса өткір мәселелерді шешу үшін Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын мына мақсаттарға бағыттауды тапсырамын. Бірінші. Шағын және орта бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. Бұл тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Екінші. Банк секторын сауықтыру және «жаман» несиелерді сатып алу үшін 2015 жылы Проблемалы несиелер қорын қосымша 250 миллиард теңге көлемінде капиталдандыруды қамтамасыз етуді тапсырамын. Үшінші. Жаңа инвестициялар тарту үшін тиісті жағдайларды жақсарту қажет. Осы мақсатта 2015 жылы «құрғақ порттың» бірінші кешені құрылысын аяқтауға, «Қорғас-Шығыс қақпасы» және Атырау мен Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы  технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 81 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Төртінші. Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.    Бесінші. ЭКСПО-2017 қарсаңында бізге Астананың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы ойластыру қажет. Астана аэропорты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максималды өткізу қабілеті - 3,5 миллион адамға жетеді. Сондықтан оның әлеуетін ұлғайту үшін 2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 7,1 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Құрметті қазақстандықтар! Экономиканы дамытуда жаңа сыртқы тәуекелдерді есепке ала отырып, бізге іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін жаңа бастамалар қажет. Жаңа Экономикалық Саясаттың Тұғыры мен бүгін жариялағалы отырған Инфрақұрылымдық дамудың жоспары болады. Ол 5 жылға есептелген және қатысуға 100-ден астам шетелдік компаниялар ниет білдіріп отырған ҮИИДБ-ны жүзеге асырудың Екінші бесжылдығына сәйкес келеді. Жалпы инвестициялық портфель 6 триллион теңгені құрайды, мемлекеттің үлесі - 15 пайыз. *** Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Сондықтан, аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен. Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол - шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар теміржолмен, тасжолмен, әуе жолымен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету - бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ.        ***   Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Ол макроөңірлерді хабтар қағидаты бойынша қалыптастыру аясында жүзеге асырылатын болады. Оның үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен және макроөңірлерді магистаралды автомобиль, теміржол және әуе жолдарымен  шұғыла қағидаты бойынша өзара байланыстырады. Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын жүзеге асыру қажет. Бұлар Батыс Қытай - Батыс Еуропа; Астана - Алматы; Астана - Өскемен; Астана - Ақтөбе - Атырау; Алматы - Өскемен; Қарағанды - Жезқазған - Қызылорда; Атырау - Астрахань. Сондай-ақ, елдің шығысында логистикалық хаб және батысында теңіз инфрақұрылымын құруды жалғастыру қажет. Батыс бағытта Каспий порты арқылы экспорттық әлеуетті арттыруға Құрық портынан ауқымды паромдық өткел және Боржақты - Ерсай теміржол желісі ықпал ететін болады. Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей мен ЕО елдерінің «құрғақ» және теңіз порттарында терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу мәселесін ойластыруды тапсырамын. Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. Инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру құрылыс материалдарына, көліктік-коммуникациялық, энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін өнімдер мен қызмет көрсетулерге үлкен сұраныс тудырады. Осыған байланысты, біріншіден, жұмыс істеп тұрған арнайы экономикалық аймақтарда инфрақұрылымдар қалыптастыру жұмыстарын аяқтау керек. Үкіметке және әкімдерге оларды нақты жобалармен толықтыру бойынша жедел шаралар алу қажет. Екіншіден, өңірлерде ШОБ өндірісін дамыту мен қосымша инвестициялар тартуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтар салу мәселесін ойластырған жөн. Туризм үшін инфрақұрылым - жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі. Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энергетикада индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде үлкен жұмыстар жүргізілді. Соған қарамастан, магистралдық желілердің шектеулілігі елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының, орталық және шығыс облыстарында табиғи газдың тапшылығын туындатып отыр. Екі жобаға назар салу керек. «Екібастұз - Семей - Өскемен» және «Семей - Ақтоғай - Талдықорған - Алматы» бағыттарында жоғары вольтты желілер салу қажет. Бұл қазақстандық электр стансаларының елдің барлық өңірлерін теңдестірілген энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Төртінші. ТКШ мен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. Инвестицияларға жалпы қажеттілік қаржыландырудың барлық көздерінен 2020 жылға дейін жыл сайын ең азы 200 миллиард теңге бөлгенде кем дегенде 2 триллион теңгені құрайды. Бүгін ТКШ-ны жаңғыртуға инвестициялар салуға Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, сондай-ақ, жеке инвесторлар үлкен қызығушылық танытып отыр. Ұзақ мерзімді инвестициялық тарифтер ұсыну арқылы олардың барынша тартылуын қамтамасыз ету қажет. Тарифтердің айтарлықтай ұлғаюына жол бермеу үшін ондай жобаларды мемлекет қосымша қаржыландыруы керек. Осыған байланысты жылу- және сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту қарқынын жеделдету үшін бюджетте қарастырылған қаржыға қосымша жыл сайын 100 миллиард теңге бағыттау ұтымды болмақ.    Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. Агломерациялар қалыптастыру айтарлықтай тұрғындар ағынымен қатарласа жүреді. Бұл еңбек нарығы мен қалалардың инфрақұрылымына, соның ішінде, тұрғын үй қорына қысым туғызады. Сондықтан жалға берілетін тұрғын үй құрылысына көзқарасты қайта қараған жөн. Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспананы салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін қолжетімді ете түседі. Сондықтан 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңге сомасында ұлғайтамыз. Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл - апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешу. Бұл - біздің Сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Балалар бақшасының жетіспеушілігі - басқа мәселе. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс. Индустрияландыру бағдарламалары шеңберінде базаларында ғылымның экономика салаларымен және мамандар дайындаумен байланысы қамтамасыз етілетін 10 ЖОО анықталды. Осы мақсаттарға 2017 жылға дейін 10 миллиард теңге бағыттай отырып, осы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруды тапсырамын. Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге бағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес. ШОБ-ты экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайызына ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырған жөн. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет.   Құрметті қазақстандықтар! Әлемдік экономикадағы жағдай мынадай, дағдарысты жағдайларда алға қойған мақсаттарға қосымша қаржы ресурстарынсыз қол жеткізу айтарлықтай күрделі. Кезінде Ұлттық қордың не үшін құрылғанын қаперлеріңізге салғым келеді. Оның басты міндеті - тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғау. Дәл қазір біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс. Мен Ұлттық қордан 2015-тен 2017 жылға дейінгі кезеңге жыл сайын қосымша 3 миллиард долларға дейін бөлу жөнінде шешім қабылдадым. Үкіметке бір апта мерзімде Ұлттық қордан қаржы бөлу үшін тиісті шешім дайындауды және 2015 жылға арналған республикалық бюджет жобасында қажетті қаржыларды ескеруді тапсырамын. Сондай-ақ, Үкімет қажетті шаралар қабылдап, осы қаржылардың тиімді әрі оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз етуі керек. Мен құрған комиссия қаржының тиімді жұмсалуын қатаң қадағалап, жеке өзіме баяндап отыратын болады. Әр теңге үшін қатаң сұрау болмақ. Барлық әкімдерге айрықша жауапкершілік жүктеледі. «Нұр Отан» осы жұмысқа белсенді араласып, барлық деңгейлерде қатаң партиялық бақылау орнатуы тиіс. Ұлттық қор инвестициялары экономиканың тиісті салаларында міндетті құрылымдық реформалар жүргізумен қоса-қабат жүруі тиіс. Ол үшін жобаларды халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет. Мәселен, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, ЕҚДБ және ИДБ қазірдің өзінде 90 басымдықты жобаға 9 миллиард доллар шамасында бөлуге дайын. Қаржыларды бөлу инвестициялық белсенділікті қолдауға, халықтың табыстары деңгейі төмендеуінің алдын алуға және жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыруға бағытталған. Нәтижесінде қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада экономиканың тұрақты өсуі қамтамасыз етіледі. Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл туралы алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында нақты әңгіме қозғайтын боламыз. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз. Бүгінде табысты жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Әкімшілік реформа жүргізілді, Үкімет пен атқарушы биліктің жаңа құрылымы жұмыс істеуде. Әр министр не істеу керек екенін біледі. Біз басқарудағы қосарланушылық пен қажет емес буындарды жойдық. Әкімдер өкілеттіліктің қажетті деңгейіне ие болды. Өңірлерде бәрі бар - бағдарламалар, ресурстар, қаржы құралдары. Әркім өз жұмыс учаскесі үшін жауап береді. Тек білекті сыбанып, іске кірісу қажет. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Тек жол құрылысы арқылы ғана жаңадан 200 мың жұмыс орны құрылады. Ал бұл халықтың жұмыспен қамтылуын және табыстарының өсуін білдіреді. «Нұрлы Жол» цемент, металл, техника, битум, жабдықтар өндіру мен соған сәйкес қызметтер сияқты экономиканың басқа да салаларына мультипликативті әсер етеді. Жолдар - Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отырған. Біз Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүректен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты. Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді. Нәтижесінде ол әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты мен өмір сапасында көрініс табады. Ал ең бастысы - осының бәрі болашақ ұрпақтың байлығы ретінде біздің жерімізде қалады. Құрметті қазақстандықтар! Алда үлкен де жауапты жұмыстар тұр. Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар - Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім - ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады - біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды. Біздің жастарымыз жаңа, тәуелсіз елде өсіп келеді. Бүгінгі буын 90-шы жылдардағы этносаралық соғыстар мен қақтығыстарды, күйреуді көрген жоқ. Сондықтан көпшілігі Қазақстандағы тұрақтылық пен қолайлы өмірді туғаннан солай болуға тиіс сияқты қабылдайды. Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік - ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік - ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық - күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен жастар - біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы! Алдағы жылы біз Конституцияны қабылдаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығын салтанатты түрде атап өтеміз. Осы даталарды атап өте отырып, бізге қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды. Қазақстан, тек алға атты біздің басты қағидатымыз тарихтың жаңа жауапкершілікті орамында жаңаша үн мен неғұрлым терең мағынаға ие болатынына менің сенімім мол. Баршаларыңызға біздің Отанымызды бұрынғыдан да зор биікке көтеретін жаңа шыңдарға қол жеткізуде табыстар тілеймін! Қадірлі халқым! Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы! «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі. Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз. 2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел бірлігі - біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!
63. 2008 жылғы 6 ақпандағы ҚР президентінің қазақстан халқына «Қазқстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» жолдауының негізгі идеяларын түсінліріңіз
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылдың 6 ақпанындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында, қазақстандықтардың хал-ахуалын жақсарту мәселесі бірнеше қырынан қарастырылып, осыған байланысты маңызды міндеттері айқындалып, оларды жүзеге асырудың жолдары көрсетілген.
Бұл жолдауда мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсендіру қажеттігі баса көрсетілді. Осы орайда, бірнеше дамыту бағыттары айқындалды. Ауыл шаруашылығы мәселесіне келгенде, Елбасы бұл салаға инвестициялар тартуды ұлғайту қажеттігін жеке атап көрсеткен. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаратын секторларды күшейтудің маңыздылығы айтылған.
Жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесі секілді өмірлік маңызы бар мәселеге қатысты Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша нақты бағыттар атап көрсетілді. Халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру – мемлекеттік саясаттың басты бағыты. Әрине, Жолдауда Астана қаласын одан әрі дамыту іс-шараларын жүзеге асыру жолдары да айқындалған.
Президент Қазақстанның 2010 жылы бүкіл посткеңестік және ислам дінін ұстанушы мемлекеттер ішінде бірінші болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге қолжеткізуіне орай, Елбасы «Еуропаға жол» атты арнайы бағдарлама жасалатын мәлімдеді.
64. Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» еңбегңндегі негізгі идеяларды ашыңыз
Сындарлы он жыл— Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылы жазылған кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» жұмысында қарастырылатын негізгі мәселелерМемлекет басшысы бұл жұмысында қазіргі жаһандануға еніп бара жатқан дүниенің тіршілік үшін маңызды мәселелерін оз көзқарасы тұрғысынан қарастырып, оның жаңа ғасырда Қазақстанның дамуындағы бейнеленуін көрсетеді. Кітап фактілік материалдарға аса бай, соның негізінде автор адамзат қауіпсіздігіне төнетін қауіптерге ашық түрде баға беріп, қазіргі таңдағы мәселелердің шешілу жолдарын ұсынады.Кітаптың бірінші бөлімі «Қорқыныш империясы және террор риторикасы» деп аталып, мұнда қазіргі замандағы ерекше зор қауіптер - бүкіл өркениет әлеміне соғыс жариялаған халықаралық терроризм жайлы баяндайды. Кітап осы бір өткір мәселе ең алдымен белгілі бір күштер арқылы өзінің нақты саяси мақсаттарына қол жеткізу ретінде қаралады. Соның негізінде автор әскери әсер ету рычагтарынан басқа терроризммен күресте оған түрлі елдер арасындағы экономикалық дамудың теңсіздігін жеңу жөніндегі белсенді қызметті, сондай-ақ қазіргі кедейшілік мәселелерін шешуді, этностар аралық және конфессия аралық диалогтарды шешуді қажет деп есептейді.Екінші бөлімнің атауы «Дінде экстремизм жоқ» деп аталып, мұнда кейбір адамдардың санасында орнығып қалған «Ислам және терроризм» ұғымдарына түсінік береді. Кітаптың бұл бөлімінде айтылған ойлар қазіргі әлем халықтарының ұлттық ұстанымдарын жоюға алып келетін жаһандану салдарлары сияқты мәселелерді қамтиды. Мұның өзі тіптен де түсінікті, өйткені кейбір жеке елдер үшін дін өзінің этникалық және мәдени ерекшеліктерін сақтап қалу факторы болып қалуда.Автор конфессионалдық қауіпсіздікті біржақты түсінбейді, бір жағынан алғанда, ол - халықтар мен ұлттардың рухани күш-қуатын қолдау мен мемлекеттік кепілдік беру жүйесі. Басқа жағынан алғанда, қоғамдағы дінаралық келісім мен дін бостандығына төнген қауіпке қарсы әрекет ретінде ұғынылады.Дүниені қысылтаяңға келтіріп отырған шынайы қауіптер Қазақстаннан алыс жатыр деген ой, шынын айтқанда, аңғал ой деп есептейді автор. Республиканың геосаяси орналасуының өзі құрлық көлемінде болса да, болып жатқан оқиғаларға қатысты екендігіне негіз береді. Сондай-ақ Қазақстан мұнай мен газдың мол қорына ие, ал мұнай қайда болса, саясат пен алдын-ала айтып болмайтын жағдайлардың ықтималдылығы да сонда.Каспий - әлемдік энергетика үшін ғана маңызды аймақ емес, ол экономикалық және саяси мүдделердің тоғысу аумағы. Нұрсұлтан Назарбаев аймақты тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау жөнінде бірқатар бастамаларды ұсынады. Олардың қатарында «Каспийдегі тұрақтылық пакті» бар, соның негізінде Каспий жағалауы мемлекеттері арасындағы, Каспийдегі барлық геосаяси ойыншылар арасындағы қатынастардың әскери-саяси, экономикалық және экологиялық аспектілерін реттеуге болады.«Қауіпсіздік жолдары» деп аталатын қорытынды бөлімінде автор Орталық Азияда ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру мәселесіне деген көзқарасын білдіреді. Оны құрудан объективтілік қажеттілігіне қарамай, аймақтық әскери-саяси құрылымдар қызметінің он жылдық тәжірибесі осы міндетті іске асырудың төтенше күрделі екендігін көрсетеді. Автор түрлі тарихи кезеңдер мен қазіргі кезеңдегі аймақтық құрылымдар мен қауіпсіздік жүйелерінің кызметіндегі әлемдік тәжірибеге талдау жасайды.Қазіргі кезеңдегі қарама-қайшы әлеуметтік-экономикалық және саяси процестердің негізінде орын алатын модернизациялау мен жаһандандыру либералдық құндылықтардың бүкіл әлемде басты құндылыққа айналуына бағытталған. Оған «суық соғыс» аяқталған соң жасалған түбірлі геосаяси трансформация - екі полюсті әлемнен бір полюсті әлемге өту, АҚШ-тың әлемде сөзсіз басымдық танытуы да ықпал етуде.Әрине, жаһандану адамзат қоғамы эволюциясындағы қуатты әрі объективті процесс болып табылады. Соның туы астында жаңа әлем мен жаңа ғасыр көркейді. Одан ешбір қашып құтыла алмаймыз, бұрмалай да алмаймыз. Жаһандану жақсы болашақ тудырып қана қоймай, сондай-ақ адамзат үшін жаңа қауіптер де төндіреді. Мұның өзі көп жағынан өркениеттер мен халықтардың оның аяусыз унификациялау әсеріне қарсылық етуімен байланысты.Терроризм, сеператизм, экстремизм, нашақорлық осы жаһанданудың теріс, бірақ болмай қоймайтын
2003 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» кітабы жарық көрді. Бұл кітап кіріспе мен бес бөлімнен тұрады. Кіріспеде «Жалынның жады» деген тақырыпта Елбасының домна цехындағы жұмыс кезеңдері баяндалған. Кітаптың басты тақырыбы – терроризмнің қауіп-қатерінің таралуына дүние жүзі елдерінің бәрі дерлік бірігіп қарсы шығуының маңыздылығы
65 Астана қаласының Қазақстан Республикасындағы орны мен рөлін ашыңыз
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.
Астана қаласының Бас жоспары — Астана қаласының тіршілік-тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысының жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр
Бүгінгі заман қаласы-өзін қоршаған экономикалық кеңістікпен және табиғи ортамен алуан түрлі экономикалық - географиялық қарым-қатынастағы, демографиялық жолмен қалыптасатын , әлеуметтік - экономикалық күрделі жаратылыс. Антропоэкологиялық тұрғыдан алғанда - ол, ең алдымен, адам өз қолымен жасаған ортада оның тығыз қауымдастығы. Әлеуметтік-техникалық прогрестің көптеген белгілері осы "қала" ұғымымен астатыс жатыр , алайда қалаға шоғырланған өркениет адам баласына тек игілік сыйлай бермейді. Техногенді қалалық орта адамның әлеуметтік басты сапасы- оның денсаулығына зор әсерін тигізеді. Қарқынды қала құрылысы , соған орай тұрғындар санының артуы жылу мен су қорына, көлік пен коммуналдық инфрақұрылымға деген сұранысты үдете түседі, осыдан келіп ауаны ластанудан тазарту, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жиыстырып отырудың жүйелі жолын қарастыру мәселері туындайды. Табиғи ортаның басты көздері -су, ауа, жер атаулы, қалың көпірдің қолданысына түсіп, үлкен өзгеріске ұшырайды. Мұндағы басты мәселе , ауа мен су көзінің қашанда жаңарып , тазарып отыруы, табиғатты қоқысқа толтыратын қалдықтардың мөлшерін мүлде азайту ғана қала өмірін жақсартуға мүмкіндік әкеледі. Қаланың топырақ жамылғысы да ерекше күтімді қажет етеді.ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 8 сәуіріндегі №381 қаулысымен Астана қаласының болашақтағы дамуы ескеріліп, қала маңы аумағын қарқынды игеру жағдайына орай аумаққа Целиноград, Шортанды және Ақмола облысының Аршалы ауданы жерінің бір бөлігі және Вячеслав бөген іаймағы енгізілді.Астана қаласының аумағ ыҚР Үкіметінің 2000 жылдың 8 тамызындағы №432 жарғысымен Промышленный , Железнодорожный, Көктал, Интернационал, Мичурин кенттері мен Күйгенжар, Пригородный, Тельман атындағ ыауылдардың және Цилиноград пен Шортанды аудандары жерінің бөлігін қосу есебінен ұлғайтылды.Бүгінде Астана -71014 га (1998 ж. -25,8 мың га болған) аумақты алып жатқан ірі мегополис, соның ішінде Алматы ауданы- 46257 га; Сарыарқа ауданы 24757 га аумақты қамтиды. Тұрғынының саны 2007 ж. 574,4 мың адамнан асты.Бүгінгі таңда Астана - мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, ол жаңаны кейіптейтін , Қазақстанның динамикалық дамып келе жатқан жаңаруының, біздің тәуелсіз республикамыздың нышаны. Статистикалық деректер бойынша Астананың аймақтық жалп ыөнімі (АЖӨ) 2007 ж. 830,7 млрд теңгені құрады. Елдің жалпы ішкі өнімінің 10% Астана қаласының үлесіне тиесілі.
Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. 2013 жылдың 1 наурызындағы ақпарат бойынша халық саны - 783 471 адамды құрады. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.
Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.
Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000—2001 жылдары байқалды.
Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың, 2003 ж.- 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін көбейді.
Тарихы
Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. 1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
Өзін-өзі басқаруы
Мәслихат жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығының негізінде құпия сайлау арқылы қала халқымен 4 жылдық мерзімге сайланады. Астана қаласы мәслихатының құрамына бір мандаттық аймақ бойынша сайланған 25 депутат кіреді. Депутаттар арасынан сайланып, өз қызметтерін босатылған негізде атқаратын қалалық мәслихат хатшысы мен тексеру комиссиясының төрағасынан басқа қалалық мәслихат депутаттары өз қызметтерін босатылмаған негізде атқарады.
Сессияда қарастыруға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарастыру, мәслихат шешімдерін жүзеге асыруға әрекет жасасу және бақылау қызметтерін іске асыру үшін мәслихатта 4 тұрақты комиссия құрылған:
әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет және қаржы мәселелері жөнінде;
заңдылық, құқық тәртібі, депутаттың өкілдігі және этика мәселелері жөнінде;
шаруашылық құрылысы, экология, халыққа көлік, сауда және тұрмыстық-тұрғын үй қызметтерін көрсету мәселелері жөнінде;
әлеуметтік және ұлттық-мәдени даму мәселелері жөнінде.
Экономикасы
Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда.
Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.
1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді. Әлемнің 15 қаласы Қазақстан елордасының бауырлас қалалары болып табылады, олардың арасында Мәскеу, Берлин, Варшава, Минск, Киев, Анкара, Бангкок және басқалары бар.
Елорданың жаңа әкімшілік орталығында Бейбітшілік пен келісім сарайы мен «Пекин-Палас» бизнес-орталығының құрылысына дайындық жұмыстары басталды.
Тағы 10 нысан — жанар-жағармай құю стансасы, «Capital Forum» Ынтымақтастық және даму халықаралық орталығы, 6 қабатты медиа-орталық, сауда-демалыс кешені, халықаралық сауда орталығы,т.б. нысандар құрылысқа рұқсат алу және жобалау кезеңінде тұр.
2005 жылдың басынан бері барлығы 15 нысан тіркелді, оның ішінде 3 әкімшілік ғимарат, әлеуметтік мақсаттағы 4 нысан, 4 тұрғын үй, 4 инженерлік, көлік инфрақұрылымдары бар.
Ал, соңғы 6 айда Жоғарғы сот, муниципалдық 4 тұрғын үй кешені, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2 жатақханасы, т.б. нысандар пайдалануға берілді. ҚР Парламент Мәжілісі мен Сыртқы істер министрлігі ғимараттарының, «Ғашықтар» саябағының, «Президент-отель» қонақүй кешені мен Ислам орталығының ашылу рәсімі өтті.
Сенат мен Үкіметтің әкімшілік ғимараттары, «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып келеді. Дипломатиялық қалашық, цирк ғимараты, «Сол жағалау — Абылай хан даңғылы тас жолы мен Есіл арқылы көпірдің» құрылысы жалғасуда.
Есілдің сол жағалауын әкімшілік орталыққа айналдыру мақсатында құрылған «Астана — жаңа қала» экономикалық аймағында 141 нысан салынып жатыр. 2010 жылға дейін мұнда тағы 150 ғимарат бой көтеруі тиіс. Бұл құрылыс жұмыстары үшін 240 миллиард теңге қаржы жұмсалмақ. Арнайы экномикалық аймақ Елбасы жарлығымен жаңа Астана құрылысын қарқынды дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін құрылған-ды. Ол үшін Есілдің сол жағалауынан мың жарым гектар жер бөлінді. 2002-2007 жылдарға арналған арнайы бағдарлама жасалып, оған 240 миллиард теңге инвестиция тарту көзделді. Қазір құрылыс жұмыстарына 162 миллиард теңге құйылып, жаңа ғимараттар бой көтерді. Аймақ құрылған осы 3-4 жылдың өзінде 141 нысан тіркелсе, оның 49-ы толықтай салынып бітіп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2005 жылдың соңына дейін тағы 30 нысан іске қосылмақ.
Қаланың дәл жүрегінде орналасқан Бәйтерек мұнарасы жағаласындағы паркқа ұқсас ашық аланында ұдайы арнайы мерекелер өткізіліп отырады. 2010 жылы осы жерде Әкімшіліктің шақырумен Берлин қаласынан келген Аюлар достастығы көрмесінің таныстыру мерекесі өткізіле алынды. Осы көрмеде дүниенің 125 елінен 125 өнерпаздар жасап шығарған 125 көркемөнер уникаттары, бірбірімен татулықпен тыныш тұрып тұрған түрінде, көрсетілді.
Мәдениет және қоғам
Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді.
Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды.
Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда. 2001—2005 жылдар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға дейін (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттік) өсті. Олардың ішінде 25 БАҚ ағылшын, неміс, украин, татар тілдерінде шығады. Сонымен бірге мемлекеттік емес БАҚ-тар үлесін арттыру үрдісі байқалып отыр, бұл қазіргі уақытта 66 %-ды құрайды. Ақпараттық саясатты іске асырудың маңызды құралы мемлекеттік тапсырысты мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік БАҚ-қа да орналастыру болып табылады. Ақпараттық саясат медиажоспарларға сәйкес іске асырылады.
Спорт
Барыс (хоккей клубы)Қаланың назар аударарлық орындары
Сулы-Жасыл гүлзар — Астана орталығындағы жаңа көше.
АHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B_%D0%9E%D1%80%D0%B4%D0%B0_(%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%86%D0%B8%D1%8F)"қ-HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B_%D0%9E%D1%80%D0%B4%D0%B0_(%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%86%D0%B8%D1%8F)"Орда — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.
БHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D3%99%D0%B9%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA_(%D0%BC%D0%BE%D0%BD%D1%83%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82)"әйтерек — Астананың басты символы.
Тәуелсіздік Сарайы — мемелекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады
Бейбітшілік пен келісім сарайы — Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу үшін арналған ғимарат.
Хан-Шатыр — Астананың ең үлкен ойын-сауық орталығы.
Ү
66. «Қазақстан 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. ҚР президенті Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.
Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру» .
Осы стратегиялық мақсатқа жету үшін Н.Ә. Назарбаев келесі тапсырмалардың шешу қажеттілігін атап өтті:
Біріншіден, бюджеттік, салықтық және ақшалай-кредиттік саясатты жетілдіру бойынша мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс.
Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс, ол екі бағытта дамуы тиіс: бірінші жағынан, ұлттық экономиканы жаһандық ортаға енгізу, ал екінші жағынан, ел ішіндегі аймақтарға қарай қозғалу.
Үшіншіден, елдің өндірістік әлеуетіне салынған қайтарым деңгейін арттыру үшін мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту қажет.
Төртіншіден, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет, энергиялық қорларды өндіру және жаңа технологиялармен алмасу саласында ынтымақтастықты дамыту.
Бесіншіден,бізге үдемелі инновациялық индустрияландыру жаңа кезеңініңтолық бағдарламасын әзірлеуқажет, жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес өндірістік активтерді жаңарту қажет.
Алтыншыдан, дүниежүзілік өндірістік нарықтың көшбасшысы болуға септігін тигізетін, ауыл шаруашылығының ауқымды жаңғыртуы қажет.
Жетіншіден, елдің сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталған су қорының жаңа саясатын әзірлеу қажет.
Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау – ұлттық экономиканың жетекші күші.
Осы стратегиялық бағытты шешу аясында Н.Ә. Назарбаев елімізде бизнесті дамытудың аса мол мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Осыған орай, кәсіпкерлікті қолдаудың тетіктері жетілдірілді, бизнестің өсуіне кедергі жасайтын қателіктер жойылды. Сол себептен отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғайтын күші болу керек, ал экономикадағы кіші және ірі бизнестің үлесі 2030 жылға дейін кем дегенде екі есеге өсуі керек. Н.А. Назарбаевтың ойы бойынша тапсырма кешенін шешкен жағдайда орындалуы мүмкін болады.
Біріншіден, адам өзін бизнесте сынап көруіне, елде өткізіліп жатқан экономикалық өзгерістердің толық құнды қатысушысы болуға, кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруға, отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін жетілдіруге, ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің орта деңгейге көшуге қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға мүмкіндік жасау керек.
Екіншіден, мемлекеттік-жеке серіктестік қағидаттарында берік диалог құру үшін бизнестің нығайту жұмыстарын жалғастыру керек, ол жаңа стратегияны іске асыруда барлық кәсіпкерлердің қызығушылығы мен кең қамтылу мәселесін шешеді.
Үшіншіден, мемлекет өзінің рөлін өзгерту керек, стратегиялық емес кәсіпорындар мен қызмет көрсетулерді жеке қолға беретін кең ауқымды жекелендірудің екінші толқыны қажет.
Әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары – әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілік.
Осы стратегиялық бағытты орындау мақсатында Елбасы келесі мақсаттарды анықтады.
Біріншіден, мемлекет, әсіресе жаһандық дағдарыс кезінде азаматтарға төменгі әлеуметтік стандартқа кепілдеме беру қажет және экономика мен бюджет өсіміне тәуелді төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдемелерді орнату қажет.
Екіншіден, мемлекетәлеуметтік қолдауды тек бұған мұқтаж топтарға ғана көрсетуітиіс.Қоғамныңәлеуметтік жағдайы төмен топтарына атаулы қолдау көрсетудетолық жауапкершілікалу, әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, аналық пен бабалықты қорғау, оқыту бағдарламасын және жұмыссыздарды қайта даярлауды қамтамасыз ету, жұмыс берушілер мүмкіндіктері шектеулі адамдарды жұмысқа белсенді алу бойынша жағдай жасау.
Үшіншіден, аймақтарды дамытуда әлеуметтік үйлесімсіздік мәселелерін шешу бойынша жинақталу маңызды болып табылады, аймақтарды дамытуда басымды мәселелерді шешумен барлық мемлекеттік және салалық бағдарламаларды орындау қажет.
Төртіншіден, жұмыскерлердің мүдделерін шешуге бағытталған, еңбекпен қамту және төлеуді қамтамасыз ету саясатын жаңғырту қажет.
Бесіншіден, жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды бөлігі аналық және бала мәселелерін қорғау болып табылады, елімізде әйелдердің рөлін көтеру, оларға еңбекпен қамтудың икемді түрлерін беру және үйде жұмыс істеуге жағдай жасау керек. Қазіргі заманғы әйел мансап жасауға талпыну керек. Әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқаруларға белсенді қатыстыру қажет, әсіресе аймақтардағы жергілікті жерлерде. Әйелдердің бизнес ашу мен жүргізу үшін алғышарттар жасау керек.
Мемлекет пен қоғам жетімдерді асырап алу мен отбасылық типтегі балалар үйінің құрылысын қолдау керек. Балаларды тәрбиелеу – болашаққа деген едәуір салым болып табылады. Бұл мәселеде біз дәл осылай істеу керекпіз және балаларымызға ең жақсы білім беруге талпыну керекпіз.
Алтыншыдан, медициналық қызмет көрсетудің халықаралық сапасын енгізуді жылдам қарқынмен орындау керекпіз. Медициналық кластерлерді құру, жаңа медициналық технологияларды енгізу ауру мен өлім көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Білім және кәсіби біліктілік – қазіргі білім жүйесінің, кадрлерді даярлау мен қайта даярлаудың кілтті бағыттары.
Осы стратегиялық мақсатқа жету үшін, Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, біз дамыған, бәсекеге қабілетті, жоғары білімді ел болуымыз қажет, атап айтқанда қол жетімді және сапалы білім беруді, интеллектуалды мектептер мен дүниежүзілік деңгейдегі кәсіби-техникалық колледждердің дамуына көп көңіл бөлуіміз керек. Осының барлығы біздің жастарымызды жоғары білімді және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттіліктің одан әрі дамуы және қазақстандық демократияның дамуы.
Елбасының ойынша, бұл стратегиялық мақсаттың шешімі іс-шара кешенімен шартталады, оның ішінде:
— мемлекеттік жоспарлау мен болжамдау жүйесін одан әрі жетілдіру, жоспарлар мен бағдарламалар әзірлеуде мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту;
— басқарудың сауатты ортақтандырылуы, орталықтан үкіметтің аймақтық органдарына шешім қабылдау үшін қажетті ресурстар мен құқықтың берілуі;
— кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру;
— мемлекеттік апараттың бизнес-қоғамдастықтарымен өзара әрекет етудің жаңа жүйесін орнату, жекеменшік құқығының тұрақтылығына кепілдік беру, келісімдік міндеттемелердің қорғалуы;
— тәртіпсіздікке нөлдік шыдамдылық қағидатын қалыптастыру;
— жемқорлықпен қарсы күресте мемлекет пен қоғамның бірыңғай бағытын қалыптастыру;
— тәртіпсіздік пен жемқорлықты жою бойынша «нөлдік шыдамдылықты» қалыптастыру тапсырмасын орындау үшін құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыру.
 67.Н.Назарбаевтын «Қазақстандық жол» еңбегіндегі негізгі идеяны ашыңыз
2007 жылы Н.Назарбаевтың «Қазақстандық жол» атты жаңа кітабы жарық көрді. Кітапта Қазақстанның тәуелсіздік алған сәтінен бергі экономика және саясат саласындағы өзгерістеріне талдау жасалады.«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» стратегиялық жоспарлаудың маңызды құжатына айналады. Кітапта стратегия қалай және неліктен әзірленгендігі, оның қандай әсерге ұшырағандығы және жас мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында оның қазіргі күнге дейін қандай рөл атқарып отырғандығы жан-жақты түсіндіріледі.
Келесі бөлім кертартпа адамдармен табанды күресу арқылы 1995 жылғы қолданыстағы Конституцияның қалай жасалғанын баяндайды.
«Каспий үшін шайқас және мұнай шуы» бөлімінде Каспий жағалауындағы елдердің күрделі қатынастары айтылады.
Тағы бір таңбалы асу — ұлттық валюта - теңгенің енгізілуі. Бұл туралы «теңге — біздің тәуелсіздігімізді ң символы» тарауында айтылады.
Бұл бөлім біздерді 1992-1993 жылдарға қиын, әлеуметтік жағдайларға қайта оралтады.
Ол кезде Қазақстан бар күшімен рубльдік аймақта қалуға ұмтылды. Ең алдымен, экономикалық тұрғыдан рубль қалыптасқан экономикалық байланыстардың қызметін білдіретін.
Сонда да болса қиын шешім қабылдау, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуында ең маңызды қадам жасау қажет болды.
1992      жылдың көктемінде - ақ ұлттық валютаны енгізуді дайындау бойынша құпия комиссия құрылды. Қазақстанның ақшасы Англияда - «Харрисон және оның ұлдары» және «Томос де ру» компанияларында басып шығаруға шешім қабылданды.
1993      жылы 15 қарашада ұлттық валюта «теңге» айналымға енгізілді, өз алдына дербес валюта қаржы жүйесін, салық және кеден комитеттерін, ұлттық билікті қалыптастырудың алғы шарты болды.Елдің экономикасы қарқын алды, бірақ маңызды ауылшаруашылық секторы ақсап жатты Жер мәселесінің эволюциясы туралы, парламенттегі қиын пікірталастар туралы және оның үкіметке қарсы тұруы туралы арнайы бөлім баяндайды.Кітапта Қазақстанның қалай ғарыш державасына айналғандығы айтылады, Байқоңырды Ресейге жалға беру оқиғасы баяндалады.
Бүл шешім ғарыш кешенін сақтап қалуды ғана емес, сондай-ақ Мемлекеттік ғарыш бағдарламасын дамытуға да мүмкіндік берді. Сөйтіп, Байқоңыр ғарыш торабымен Қазақстан және Ресейді байланыстырады.
«Жаңа дәуірдің жаңа астанасы» атты соңғы бөлім ерекше толқумен жазылған. Мұнда Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени дамуындағы алыс асулардың қалай ашылғандығы, жаңа астананың жұлдызы қалай жарқырағандығы, Астананың Еуразия кіндігіне, қуатты экономикалық мегаполис пен рухани келісім орталығына айналуы туралы баяндалды.Бөлімде Президенттің өз жоспарын іске асыру үшін жүргізген күресі туралы көптеген қызықты деректер, куәліктер, болжамдар мен айғақтар келтіріледі. Бүгінгі күнде барлық күмәндар артта қалып қойды.
Жаңа астана шындыққа айналды, ол еліміздің мәдени, экономикалық және саяси өсу көкжиектеріне жол ашты.
Қазақстанның халықаралық беделін арттырды. «Біз астананы жоқтан бастап құрдық. Оның көшірілуіне байланысты барлық проблемаларды жүректен өткіздік. Бүл арман еді. Енді болса ол - әсем қала, Қазақстанның мақтанышы мен жүрегі», деп жазады Елбасы.
ҚР Президентінің жаңа кітабы - ең алдымен жастарға сабақ. Жауапкершілік, саяси көрегенділік, дау жүректік, жігерлілік сабағы.Қазақстандық жол - бұл тәуелсіз республиканы экономикалық және саяси күйреуден, әлеуметтік дағдарыстан гүлденуге, әлеуметтік тұрақтылық пен рухани келісімге әкелетін жол.
Кітап Қазақстандық патриотизмге, ұлттық қадір-қасиеттің жоғары сезіміне және ұлттық мақтанышқа тәрбиелейді.
68.Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары қазақстандық арманға жол»мақаласы
Қазақстан Президентінің ресми сайты Мемлекет басшысының "Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол" атты мақаласын жариялады.
Мақалада Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың 1 қаңтарынан "5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам" - Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңінің басталғанын еске салады. "Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз - ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады", - деп жазды Президент.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстандық арманмен аяқ басқанымызды, оның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан "2050" Стратегиясымен бара-бар екенін және өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам - Ұлт жоспарын жасаудан бастағанымызды жазды.
Назарбаевтың ойынша, реформалар Қазақстан экономикасы жаһандық экономикалық қиындықтардың күшті ықпалын сезініп отырған қазіргі кезеңде ерекше маңызды. Біз оларды экономикалық өсімнің сенімді қарқынын қалпына келтіру мен бүкіл халыққа берік әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің дағдарысқа қарсы кең ауқымды шараларының басты құрамдасы ретінде қарастырамыз.
Біздің бірінші реформамыз "Мемлекеттік қызмет туралы" жаңа Заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Екінші реформаның мәні тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталуы тиістігінде.
Назарбаевтың айтуынша, ауқымды жұмыс үшінші реформаторлық бағытқа - индустрияландыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша жаңғыртулар кешенімен байланысты.
Сонымен қатар, бизнесті қорғау мен кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетудің орталық тетігі болуы тиіс бизнес-омбудсмен институты нығайып келеді.
Президенттің мақаласында, Ұлт жоспарының экономикалық блогына кіретін шаралар біздің экономикамыздың өңдеуші секторына кем дегенде 10 трансұлттық корпорацияны тартуды қарастыратыны айтылған. Ұлт жоспарының үшінші бағытының темірқазық мәселесі тәуелсіз сот жүйесі, ағылшын тілін қолдану және инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу құқығымен жеке заң құзыреті қағидаты бойынша АСТАНА халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру болып табылады.
Ұлт жоспарында экономиканың бірқатар перспективалы секторларын дамыту бойынша шаралар қарастырылған. Бірінші кезекте ол электр энергиясы секторына және энергиялық тиімділіктің өсуіне қатысты. Бізге 2020 жылға қарай ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын 25 пайызға және ғасырдың ортасына қарай 50 пайызға төмендетуге қол жеткізу керек.
Назарбаев сонымен қатар, әлеуметтік жаңғыртуды ынталандырушылар, реформалар табысы, қоғамға есеп беретін ашық мемлекет, мемлекет функцияларын бәсекелесті ортаға және жергілікті өзін-өзі басқаруға беру және Ұлт жоспары жөнінде жазды.

69.Президенттің ел халқына жолдауы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін,бәсекеге қабілетті экономика үшін,бәсекеге қабілетті халық үшін»және оның маңызы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2004 ж., 19 наурызда «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, Бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн,Бәсекеге қабiлеттi халық үшiн » атты жолдауын жолдады. 2003 жылы бес мұнай-химия кәсiпорнының жұмысы қалпына келтiрiлдi. Балқашта мырыш, Атырауда полиэтилен құбырларын өндiретiн зауыттар, Каспий теңiзiндегi жағалау жұмыстарына көмек жасайтын инфрақұрылым пайдалануға берiлдi. Қостанай дизель зауыты iске қосылды. Қазақстан аса iрi әлемдiк форумдар өтетiн орынға айналды: Азиядағы өзара ықпалдастық және сенiм шаралары жөнiндегi кеңес, әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң бiрiншi съезi бiзде өттi. Қазақстан өзiнiң нысаналы дамуын “Қазақстан-2030” ұзақ мерзiмдiк Стратегиясына толық сәйкес жалғастырып келедi.Ендiгi жерде күн тәртiбiндегi мәселе әлемдiк қоғамдастықта Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы, бiздiң экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы және қазақстандық ғалымдардың, менеджерлердiң, бизнесшiлердiң, мамандардың, жұмысшылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы болып отыр.
Бұл мiндеттi шешу үшiн бiздiң экономикалық, сондай-ақ әлеуметтiк салаларда да еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзiрлеуге кiрiсуiмiз керек. 1. Бәсекеге қабiлеттi экономика Экономика бiздiң дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң барынша жоғары қарқынына қол жеткiзу – негiзгi мiндетiмiз болып қала бередi.Бiз бұған өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiземiз.Бәсекеге қабiлеттiлiкке мемлекеттiк қолдаудың қолайлы жағдайында емес, бәсекелестермен қатар күресте қол жеткiзiлетiнi баршаға мәлiм.
Елбасы Н.Назарбаев бұл ретте мемлекеттiк қолдаудың оңтайлы рөлi, бiр жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткiзуде, екiншi жағынан – инфрақұрылымды жасау және белдi салаларды дамытуға жеке меншiк секторды тарту жөнiнде белсене жұмыс жүргiзуде деп бiледи.Сондықтан, 2005 жылы экономиканы дамытудың негiзгi бағыттары мыналар болуға тиiс:
– экономиканы одан әрi ырықтандыру және жүйелi реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестiктi дамыту мен бюрократиясыздандыру;
– Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;
– Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;
– ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
– инфрақұрылымдарды дамыту.
Елiмiздегi агробизнестiң бәсекелестiк жүйесiн қалыптастыруды шешудiң мiндетi тұр. Ол үшiн заң актiлерiнiң, бiрiншi кезекте, Жер, Су және Орман кодекстерiнiң қалтқысыз орындалуын қамтамасыз ету қажет. Дәндi дақылдар нарығын реттеу жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тиiмдiлiгiн арттыру қажет. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеудi және өнiм сапасын арттыруды жаңғыртуға ерекше назар аударылғаны жөн. 
70.Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Индустриялдық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы,оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары
Қазақстан  Республикасы экономикасының инновациялық дамуы еліміздің дамуы үшін үлкен маңызға ие. Мемлекет басшысы да бұл бағытқа ерекше мән беріп отыр. Соңғы уақытта өткен бірқатар ірі іс-шаралардағы Елбасының сөйлеген сөздері инновациялық даму мәселесіне арналды. Президенттің осынау қолдауы бізге бүкіл инновациялық жүйені қайта құрылымдауға мүмкіндік беріп отыр. Алғашқы жетістіктер де жоқ емес.Соңғы бірнеше жылға созылған құлдыраудан кейін, 2010 жылдан бастап алғаш рет инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесінің өсуі байқалды, кәсіпорындардың технологиялық инновацияларға жұмсаған шығыстары 2 еседен астамға артып, 219 миллиард теңгеге жетті. Инновациялық белсенді кәсіпорындардың ең жоғары үлесі Жамбыл облысында – 7,8 пайызға, Қарағанды облысында – 7 пайызға, Шығыс Қазақстан облысында – 6,4 пайызға өсіп отыр. Ал Ақмола облысы (0,7 пайыз) мен Алматы облыстарының (0,9 пайыз) үлесі республикалық орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен.«Индустриялық-инновациялық қызметті мелекеттік қолдау туралы» заң жобасында инновациялық қызметті жүйелі қолдаудың заңнамалық негізі қаланды. Мысалы, жер қойнауын пайдаланушылардың табыстарының 1 пайызын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға міндетті аударуы туралы заң жобасында қарастырылған тармақ ірі бизнесті инновациялық қызметке тартуға мүмкіндік береді
Алғашқы кезеңде 2010-2014 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы қолға алынады. Әрине, ол жалғыз болмайды Индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімді 7 триллион теңгеге дейін жеткізуді көздейді. Және экономиканың басты салаларының ешбірінің кенжелеп қалмай, төрт аяғынан тең дамуын қамтамасыз етуге тиіс. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының 12-съезінде ел экономикасының алдағы бесжылдықтағы жедел индустриалды даму кезінде негізге алынатын жеті басым бағытын айқындап берген болатын:
1. Агроөнеркәсіп кешені.
2. Құрылыс саласы.
3. Мұнай өңдеу.
4. Металлургия.
5. Химия өнеркәсібі және фармацевтика.
6. Энергетика.
7. Көлік және телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту.
Инновациялық экономиканы дамыту, «Жасыл экономикалы» ел құру-бүгінгі таңда Қазақстан үшін дамудың басты ұранына айналып отыр. «Жасыл экономиканы» құру түрлі инновациялық жобаларды қажет етеді, ал бұл сәйкесінше инновациялық экономикамызды одан әрі дамытуға серпін береді. Мұның барлығы EXPO-2017 жобасының негізінде жүзеге асырылмақ. Құқық қорғау органдарына тән емес қызметтер жеке секторға берілді.Сот жүйесінде елеулі өзгерістер жасалуда.Сыбайлас жемқорлықпен бітіспес күрес жүріп жатыр.Қазіргі таңда халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі деп танылған.Тек 2 жылдың ішінде қылмыстық жауапкершілікке 40-тан астам республикалық деңгейдегі жетекші, облыстық және қалалық ауқымдағы 250-ден астам лауазымды тұлғалар тартылды, олардың арасында 39 әкім мен олардың орынбасарлары бар.
71.2011 жылгы 28 ақпандағы Қ.Р Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Жеделдетілген экономикалық жаңару үдемелі инновациялық индустрияландыру Бағдарламасының жалғасы».
1991 жылдың желтоқсанында, өзіміздің стратегиялық мақсатымыз ретінде орнықтылық пен табысқа жетуді таңдап ала отырып, біз әр жаңа кезеңнің дамуына жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыды.1994 жылы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім жеті жүз доллардан сәл ғана асатын.
2011 жылдың 1 қарашасына қарай бұл көрсеткіш 12 еседен артық өсіп, 9 мың АҚШ долларынан асып түсті.
Біз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетеміз деп есептеп едік.
Әлемдік тәжірибе тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткізе алмағанын көрсетеді.
Мысалы, егемен дамудың алғашқы жиырма жылында жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе, Малайзияда – 2 есе, Сингапурда – 4 есе, Венгрияда – 5 есе, Польшада 4 есе өскен.
2010 жылдың қаңтарында ел халқына Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жария етті.
Қазірдің өзінде оны жүзеге асырудың алғашқы жылының нақты қорытындылары бар.
Біз 152 кәсіпорынды іске қостық, 24 мыңға жуық қазақстандықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз еттік.
Бүкіл ел бойынша барлығы сегіз жүзге жуық әртүрлі өндіріс орны құрылды.
Біз химия және жеңіл өнеркәсіпті белсенді түрде қалпына келтіру мен дамыту үдерісін бастадық, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде серпіліс жасадық.
2014 жылға дейін жалпы құны 8,1 триллион теңгені құрайтын 294 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
161 мың тұрақты жұмыс орны және 207 мың құрылыс уақытына есептелген жұмыс орны құрылады.
Алғашқы индустриялық бесжылдықтың алғашқы жылының басты қорытындысы – экономиканың нақтылы секторының есебінен экономикалық өсуде елеулі құрылымдық өзгерістердің басталуы.
2020 жылға қарай біз мынандай көрсеткіштерге қол жеткізуге тиіспіз.
Ішкі жалпы өнім өсуі кемінде 30 пайыз болады.
Өңдеуші салалардағы өсім игеруші салалар деңгейінен асып түседі немесе соған жетеді.
Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30 пайызын құрайды.
Экономиканың шикізаттық емес секторына салынатын отандық және шетелдік инвестиция кемінде 30 пайызға артады.
Ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызды құрайды.
Халықтың саны 18 миллион адамға жақындайды.
Білікті мамандардың үлесі 40 пайызды құрайды.
Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендейді.
72.»Қазақстан-2020»стратегиялық жоспарының басымдықтары»
«Қазақстан – 2030» Стратегиясының келесі кезеңі – 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды. Ол дағдарыс кезеңінде бәсекелесуге қабілетті экономиканы қалпына келтірудің негізін салуға бағытталған. ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында мемлекеттік қызметте бес басты бағыт болады.  2020 – Стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыра бастаған алғашқы жылдар, әкімшілік шараларды жеңілдету, олардың айқындығын күшейту , отандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар бизнестерін жүргізу бағасын түсіру барысындағы белсенді іс-шаралардың бастамашысы болды. Болжам бойынша 2020 жылға қарай экономиканың шикізаттың емес секторында отандық және шетелдік инвестициялар 30 пайызға өседі. Қазақстан 2020 жылы әлемдік дағдарыстан біршама қуатты және бәсекеге қабілетті, экономикасы әртараптандырылған және халқы белсенді түрде жаңа экономикаға тартыла отырып шыныққан елге айналады.      2020 жылға қарай Қазақстан ел экономикасының шикізат емес секторларына қомақты шетелдік инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін қолайлы іскерлік ахуал қалыптасқан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарында болады. Экономика келесі экономикалық дағдарыстарға жақсы дайындықта болады. Қазақстан шектес елдермен және басқа да мемлекеттермен өзінің саяси және экономикалық байланыстарын нығайтады.      2020 жылға қарай ел әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адами ресурстарға, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады. Көлік инфрақұрылымы мен телекоммуникацияны қарқынды дамыту есебінен өзге әлеммен үзіліссіз байланыс қамтамасыз етіледі. Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен қызметтер көрсету саласы экономика құрылымында тау-кен өнеркәсібімен қатар лайықты орын алады. Әлеуметтік салада және қоршаған ортаны қорғау саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіледі.      2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты мәнде 2009 жылдың деңгейінің үштен бірінен жоғары өседі1. Экономиканы әртараптандыру жөніндегі жоспарларды табысты іске асыру есебінен экономиканың қайта өңдеу салаларының өсу көрсеткіштері 2020 жылға қарай өндіруші салалардың өсу көрсеткіштерінен жоғары немесе оларға тең болады.      Ойластырылған макроэкономикалық саясат жүргізу нәтижесінде 2020 жылға қарай алтын-валюта резервтерінің деңгейі (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін қоспағанда) үш айлық импорттан немесе (қандай көрсеткіштің жоғары болатынына қарай) ел экономикасының мемлекеттік және корпоративтік секторларының қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі) сыртқы борышының көлемінен төмен болмайды. Ұлттық қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30%-ын құрайды. Осы кезеңде инфляция жылына орта есеппен 5-8% деңгейінде сақталып тұрады. Айырбас бағамы саясаты қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігінің теңгерімін қамтамасыз етеді.      2020 жылға қарай табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8%-ға төмендейді. Халықтың әлеуметтік осал топтары, мүмкіндігі шектеулі адамдар, әйелдер, балалар мен жастар өздерінің барынша қорғалғанын сезінеді және өздерінің қоғамдағы мүмкіндіктерін кеңейте алады.      Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесiнде 2020 жылға қарай отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың үлес салмағы 9,7%-ға дейін және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың үлес салмағы 2,2%-ға дейін азаяды.      Балабақшадан университетке дейін сапалы білім беру бүкіл ел бойынша қолжетімді болады, халық денсаулығының жай-күйі айтарлықтай жақсарады. Денсаулық сақтау қызметтері әлемнің үздік стандарттарына сай болады. Қазақстандықтар барынша саламатты өмір салтын ұстанып, темекі шегетіндер мен алкогольді асыра пайдаланатындар саны азаяды. Қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолдану дәйекті және кезең-кезеңімен кеңейеді. Әртүрлі этностық топтар мен діни конфессия өкілдері ішкі тұрақтылық, қауіпсіздік, бейбітшілік пен келісім жағдайында өмір сүретін болады
73.ЭКСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы
«Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған. EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда. ЭКСПО-2017 көрмесінің әлеуметтік,экономикалық маңызы мынадай болмақ, біріншіден, еліміздегі техника саласының дамуы. Қазақстанда балама энергия көздерін пайдаланатын аймақтар бар. Мысалы, Алматы қаласының маңында жер асты ыстық сулары бар, Жоңғар қақпасынан жел энергиясын алуға болады және Байқоңырдың орналасу траекториясы күн энергиясын алуға қолайлы жер. Ендеше, болашақта энергиядан тапшылық көрмеу үшін «Болашақ энергиясы» атты көрменің бізге берері мол. Екіншіден, бізге түсетін, ақшалай пайда көрсеткіштерін жоғарыда жазған едім. Оны қуаттау үшін, өзге елдердің көрмеден алған пайдасын санап көрелік. 2000 жылы Шанхайда өткен көрмеден түскен пайда 12 млрд $ болса, Ганноверде өткен көрменің пайдасы 350 млн еуроға жеткен. Біздің мемлекетке-де айтарлықтай пайданың болары айдан анық. Үшіншіден, өзге елдермен достық қатынастарымыз нығаяды. Оның көрсеткіші ретінде, қазіргі уақытта Қазақстан Германия мемлекетімен көрмеге дайындықты бастады. Германия бізге құрылыс саласында тәжірибелерімен бөлісуде. Бұл инициативаны немістер бастаған еді. Соның төңірегінде елімізде жаңадан жұмыс орындары ашылуда. Астана қаласында қонақүйлер салынуда. Төртіншіден, көрме кезінде жастарымыздың көңілдері көтеріңкі болары анық. Неге десеңіз? Қазіргі таңда жастарымыз «Work and travel» бағдарламасы бойынша шетелге тіл үйренуге кетіп жатыр. Бұл бағдарламаға қыруар, ақша кететіні өкінішті. Ендеше, ЭКСПО уақытында тегін тәжірибеден өтуге мүмкіндік туады. Бесіншіден, ЭКСПО халықаралық көрмесі Қазақстанның мәртебесін күллі әлемге паш етеді. Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде Қазақстанның жеңісі бізге деген қызығушылықтың барын көрсетеді. Бельгияға 44 дауыс, Қазақстанға 104 дауыстыңберілгені халықаралық аренада үлкен қызығушылыққаие екеніміз және өзіміздің мүмкіндіктерімізді көрсетудің алғашқы қадамы болды. Біріншіден, бұл еліміз үшін үлкен абырой болмақ.
74.''Нұрлы жол-болашаққа жол''жаңа экономикалық саясаты
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты биылғы Жолдауының ерекшелігі оның экономикалық бағытқа басымдық беріле отырып жасалғандығында. Ендігі кезекте Н.Назарбаев жария еткен Қазақстанның «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясаты жүзеге
асырылады. Елбасы атап өткендей, жаңа саясат еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталатын болады. Дәстүрлі жолдаудың биылғы жылы не себепті ерте жарияланып отырғандығы туралы “Мен өзімнің үлкен тәжірибеме қарап, алдағы жылдары әлемде және біз үшін де жаһандық сынақтар болатынын күні бұрын сеземін. Әлемнің архитектурасы
өзгеретін болады. Бұл күрделі кезеңнен мемлекеттердің бәрі бірдей лайықты түрде өте алмайды,бұл шептен тек мықты, біріккен халықтар мен елдер ғана өте алады”, – деді Президент.
Жаңа экономикалық саясатты іске асыру үшін дайындық жұмыстарына баса мән берген жөн: ол үшін 3 жылдық бюджетке өзгеріс енгізіп, оларды Парламент арқылы өткізіп, арнайы бағдарлама дайындап, Үкіметтің тиісті қаулыларын шығару қажет. Мінеки, сол үшін де «Мен дайындық жұмысына 50 күн уақыт беремін. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс басталып кету керек»,
– деп Елбасы өзінің түсініктемесін берді. Бұл әрине, халықтан шыққан, шынайы халық көсемі, ірі саяси тұлғаның халықтың кемел болашағы үшін жасаған батыл қадамдарының бірі екендігі айқын.
Жолдаудың халықтың әл-ауқатын, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталып отырғандығы белгілі. 2007-2009 жж. экономикалық дағдарыстың бірінші кезеңі басталғанда Елбасының тапсырмасымен Ұлттық қор құрылған. Кезінде бұл идеяны дұрыс қабылдай алмаған да, түсінбеген де азаматтар болды. Ол қордың қажетсіздігі, бар қаражатты аймақтар немесе мемлекеттік органдар арасында бөлу тұрғысында ойлар айтылғандығы шындық. Бірақ, Елбасы
саяси батылдығының, көрегендігінің арқасында қорды сақтап қалды. «Кезінде Ұлттық Қордың не үшін құрылғанын қаперлеріңізге салғым келеді. Оның басты міндеті – тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және экономиканы сыртқы жайсыз жағдайлардан қорғау.
Дәл қазір біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді. Қазақстан өзге елдердің қателіктерін қайталамай, экономикалық өсім үшін ішкі қорын барынша тиімді пайдалануы тиіс», – деді Жолдауында.
Қазақстан Республикасы негізінен шикізатты экспортқа шығарады. Мұнайды экспортқа шығарудың нәтижесінде арнайы резерв қалыптасты. Елбасы «Осы жылдардың бәрінде шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды біз осы Қорға салып келдік. 10 миллиард долларды біз 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске бағыттадық. Қалған ақшаны ішіп-жеп және жұмсап қойған жоқпыз, сақтадық және көбейттік. Қазір біз осы резервтерді пайдалануға тиіс болатын
кезең туындап келеді. Бұл қаржы қиын уақыттарды еңсеріп, экономикамыздың өсімін ынталандыруға көмектесетін болады. Бұл ресурстар қысқа мерзімдік шараларға арналмаған. Олар экономиканы әрі қарай қайта құрылымдауға бағытталатын болады. Нақты айтқанда, көліктік,
энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады», – деп қаржыны қай салаға қалай жаратамыз деген сұрақтарға да нақты жауап беріп, негізгі бағытты айқындап берді.Ұлттық қордан экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін, басталған жобалар мен аса өткір мәселелерді шешу үшін бөлінген қаржының тиісті бағыттары бойынша қалай жұмсалуы қажет екендігін егжей-тегжейлі түсіндіріп
берді. «Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақтың иeci.
Сондықтан, аталғанжоспар орасан қаражат пен еңбекті, аса ауқымды жұмысты қажет етеді», – деп осы тұрғыда мемлекеттік органдар мен облыс әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
Елбасы назарынан білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту бағытына тоқтала отырып, «Бірінші кезекте, бұл – апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту
проблемаларын шешу. Бұл – біздің Сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі.
Үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл проблеманы 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын», – деді.
Апатты жағдайдағы және 3 аусымда оқытатын мектептер меселесі осы уақытқа дейін елімізде күрмеуі шешілмей келе жатқан проблемалардың бірі. Жамбыл облысын ғана алатын болсақ, 450 мектептің 21-і – апатты жағдайдағы мектептер, ал үшеуі – 3 аусымда оқытатын мектептер. Білім және ғылым министрінің орынбасары қызметінде жүрген кезімде Қазақстан РеспубликасыПарламенті депутаттарының алдында есеп берген кезімде: «Жылда жаңа мектептер салынып
жатыр, неліктен апатты жағдайдағы және 3 аусымда оқытатын мектеп саны азаймайды», – деген сауалды жиі еститінмін. Бұл тұрғыда бір мәселені ескеру керек, Қазақстандағы көп мектеп 80-жылдардың басында немесе ортасында салынған. Қазақта «Темір де тозады» деген сөз бар, уақыт өте келе бүгінде ол мектептердің де тозығы жеткен. Әрине, мұндай мектер Төтенше жағдайлар
министрлігінің санитарлық нормалары мен талаптарына сай келмейді. Апатты жағдайдағы мектеп санының азаймай тұрғандығының басты себебі де сондықтан. Елбасы Жолдауында берген нақты тапсырмалардың бұл проблемаларды оңтайлы шешуге бағыт-бағдар беретін болады.
Екінші бүгінгі таңға дейін шешілмей жатқан үлкен мәселе – мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамтамасыз ету. «Балабақшадағы орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын. Әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс», – деп атап өтті Н.Назарбаев. Қазіргі уақытта Жамбыл облысында балалар бақшасына орналастырылған бүлдіршіндер тек 70 пайыздан асып
отыр. Облыстағы 392 балабақшаның тек 25-і ғана (яғни, 6 пайызы) жекеменшік. Сондықтан да Елбасы жаңа балалар бақшаларын іске қосып, оған жекеменшік секторды осы салаға тартуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Себебі, мемлекеттік тапсырыс тек қана мемлекеттік емес, сондай-ақ жекеменшік бақшаларға да беріледі. Бұл шағын және орта бизнеске үлкен көмек беретіні
сөзсіз.
Ел Президенті Жолдауында берген ауқымды тапсырмалардың бірі Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі. «Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінде Ұлттық қордан ШОБ-ты қолдауға және несиелеуге ьбағытталған 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бұл 4,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. Бұл қаржыға сұраныс ұсыныстан 23 миллиард теңгеге асып түсті. Бизнесті 10 жылға бар-
жоғы 6 пайызбен несиелеудің бұрын-соңды болмаған шарты жасалды. Мұндай шарттар біздің елімізде бұған дейін болған емес. ШОБ-ты экономикалық өсімнің драйвері ретінде дамыту және оның үлесін 2050 жылға қарай ІЖӨ-нің 50 пайызына ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырған жөн. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін 2015-2017 жылдары жалпы сомасы 155 миллиард теңге несие желілерін АДБ, ЕҚДБ, Дүниежүзілік банк есебінен тиімді пайдалану қажет», – деді.
Елбасының тапсырмасы негізінде шағын және орта бизнесті қолдау, дамыту мәселесімен көп шаралар жасалып келе жатқан. Мысалы, несиелеу және 3-4 жылдың ішінде облысымызда іске асырылған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы. Бұл бойынша жұмысын жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге облыстық бюджеттен 3 млн теңге көлемінде гранттар бөлініп, олардың өзісін дамытуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берілген. Биылғы жылдың соңына дейін шағын және орта бизнес өкілдерін әр түрлі фискалдық органдар тарапынан тексеруді тоқтатып, мараторий жарияланған. Елбасы Жолдауындағы бұл бағыттағы берілген тапсырмалардың бизнес саласының өркендеуіне тың мүмкіншіліктер беретіні сөзсіз.
75.1999-2001жж қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттереі
2001 жылы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
міндеттері:
білім беру жүйесінің пәрменді заңдық және нормативтік базасын
қалыптастыру;
білім берудің сапасын жақсарту, білім берудің жаңа ұлттық үлгісін
енгізу;
білім сатыларының арасындағы сәйкессіздікті жою;
білімге қол жеткізуде экономикалық және аумақтағы теңсіздіктерді жою;
білім беру қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;
білім беру саласында мемлекеттік және аймақтық деңгейлердің арасында
жауапкершілікті жіті бөлу;
білім беру мекемелерін қаржыландыруды көпдеңгейлі және көпарналы
тәсілді қамтамасыз ету болып табылады.
Мектепке дейінгі білім беруде:
5-6 жастағы балаларды білім беру ұйымдарында міндетті мектепке
дейінгі даярлау.
Жалпы орта білім беруде:
      жалпыға бірдей сауаттылыққа қол жеткізу, мектеп жасындағы балаларды міндетті жалпы орта білім берумен толық қамтуды қамтамасыз ету;       орта білім беруді ақпараттандыру, мектептерді толық компьютерлендіру.       Бастауыш және орта кәсіптік білім беру саласында:       еңбек рыногының озыңқы қажеттілігіне және білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау.       Жоғары білім беру саласында:       ел азаматтарының кәсіби білім алуы үшін мемлекеттік білім гранттары мен несиелерінің жүйесін дамыту.       2001 жылы мектепке дейінгі балалар ұйымдарының саны 1158 бірлік, ондағы балалар саны 128,8 мың адам, соның ішінде мемлекеттік емесі тиісінше 139 және 8,6 құрайды. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы балалардың саны 2000 жылғымен салыстырғанда 5,8%-ға, соның ішінде мемлекеттік еместері - 1,2%-ға өседі.       2001 жылы республикадағы мемлекеттік жалпы орта білім беретін ұйымдардың саны 8176 бірлік (2000 жылғымен салыстырғанда өсу 1%), оқушылар контингенті - 3144,6 мың адам құрайды (2000 жылғымен салыстырғанда өсу 0,5%).       Мемлекеттік емес білім беру ұйымдары одан әрі дамытылады. Осы ұйымдардың болуы азаматтардың оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдау еркіндігі құқығын іске асыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік емес мектеп ұйымдарының 1999 жылғы 199-дан 2001 жылы 221-ге дейін өсуі жобалануда, олардағы оқушылардың саны 7%-ға өседі.       Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2001-2002 оқу жылында республиканың барлық мектептерін компьютерлендіруді аяқтау көзделеді.       Жалпы білім беретін мектептер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді даярлаудың және басып шығарудың мақсатты бағдарламасы бойынша 2000-2001 жылдары мемлекеттік, орыс, ұйғыр және өзбек тілдерінде 5-11 сыныптар үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді даярлау және басып шығару аяқталады.       Орта кәсіптік білім беруде мемлекеттік емес оқу орындарының саны 2000 жылғы 112-ден 2001 жылы 121-ге дейін артады, оқушылар саны 13,7%-ға өседі.       2001 жылға дейінгі кезеңде мемлекеттік азаматтық жоғары оқу орындарының саны 52-ден 34-ке дейін қысқаратын болады.       Мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының саны 1999 жылғы 111-ден 2001 жылы 126-ға дейін артады. Өсу негізінен жекешелендірілген мемлекеттік жоғары оқу орындарының есебінен жүргізілетін болады. 
76.Тәуелсіз Қазақстан спортшыларының жетістіктерінің маңызын ашыңыз
1996 жылы Атлантада өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан тұңғыш рет өз қоржынына 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль салып, алғаш рет бірден бірнеше медальді жеңіп алған. Қытайда өткен Олимпиада ойындарындағы спортшыларымыздың көрсеткен өнерлері де елеусіз қалды деп айта алмаймыз. Қазақстан үшін спорт саласындағы ең маңызды кезеңдердің бірі Лондондағы Олимпиадалық ойындар болды. Осы жарысқа дейін Қазақстан мұндай жоғары
жетістікке жеткен жоқ еді. Еліміздің «спорт» атты кітабының тағы да бір парағы жаңа оқиғағатолды. Олардың жетістіктерін қысқаша болса да, айтып кетпеуге болмайды.
Қазақстан құрама командасындағы 115 спортшының жетеуі алтын, бірі күміс және бесеуі қола медальдарымен марапатталып, 12-і жалпыкомандалық орынға көтерілді. Алғашқы алтын медальдің иегері Александр Винокуров болды. «Алдыңғы арба қайда домаласа, соңғысы сонда домалайды» демекші, Александрдың артынан бірнеше медаль қанжығамызға байланды. Зульфия
Чиншанло мен Майя Манеза, Светлана Подобедова мен Илья Ильин, Серік Сәпиев пен Әділбек Ниязымбетов, Даниал Гаджиев пен Марина Вольнова, Гюзель Манюрова мен Иван Дычко, сондай- ақ, Ақжүрек Таңатаров өнер көрсетті. Жеңімпаздарымызды салтанатты түрде қарсы алып, 1-орын алған спортшыға ел үкіметі тарапынан 100 мың АҚШ доллары, 2-орын алған спортшыға – 50 мың
АҚШ доллары, ал 3-орын алған спортшыға 30 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді.
77.2005-2010 жылдардағы ҚР -ның білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мазмұнын ашып көрсетіңіз
Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабілеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты Қазақстан халқына Жолдауына , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзiрлендi. Бағдарлама
бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың стратегиясын, негiзгi бағыттарын, басымдықтарын, мiндеттерiн және оны iске асыру тетiктерiн айқындайды әрi Қазақстан Республикасының заңнамасына, бiлiм беру жүйесiн басқару мен қаржыландыруға, құрылымы мен мазмұнына, кадр саясатына және әлеуметтiк саясатқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн негiз болып табылады.
Осы Бағдарламаны әзiрлеу жаңа экономикалық және әлеуметтiк-мәдени жағдайларда қазақстандық бiлiм беру жүйесiнiң алдында тұрған бiлiм беру сапасын арттыруға, стратегиялық мiндеттердi шешуге бағытталған түбегейлi қайта өзгертулердiң қажеттiгінен туындады.
Адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру,жеке тұлға мен қоғамның қажеттіктерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізiнде көп деңгейлi бiлiм берудiң ұлттық жүйесiн жаңғырту мақсаты болып табылады.
78.Инновациялық негіздегі жоғары білім беруді дамыту стратегиясының негізгі мазмұнын ашып көрсетіңіз
«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Инновация латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе "инновация" — бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады?Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Инновацияның өмірге енуі мектептің өзінің жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты.
Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі.
Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке түлғаның дамуы.
Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.
Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез келген инновациялық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының прогрессивті дамуына ықпал етуі керек. Бұл қызметті күнделікті тіршілік әрекеті мен психологиялық және тағы да басқа стресс сияқты нәрселерден құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы бойынша және ғылымның өзіне тән дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі керек.
Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері
мынадай:
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
79.Қакзақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасу міндеттеріне сәйкес ғылымның
дамуына және ҒТУ-ғылыми техникалық үдерісті басқаруға жаңа көзқарасты қалыптастыру ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз
Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық келісімнің нығаюы
Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы. Егемендік жағдайындағы алғашқы халық санағы, оның қорытындылары. 2009 жылғы Қазақстандағы халық
санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.
Біртұтас ұлт болашағының қалыптасу мәселелері. Қазақстан Республикасы Конституциясы. ҚР заңдары: «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тілдер туралы», «Мәдениет туралы». Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің біртұтастық тұжырымдамасы. Қазақстан ұлттық бірлігінің доктринасы. «Қазақстандық халықтың бірлігі мен тұтастығының нығаюы мен
дамуы тұжырымдамасының» мақсаттары мен принциптері.

Мемлекет Басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамына жиырма қадам» мақаласы. Нақты өнімді еңбек, бәсекеге қабілетті және күшті Жалпыға бірдей Еңбек Қоғамын құру – ҚР әлеуметтік жаңарту саясатының негізі. Мемлекеттік жаңғыртудағы Тұңғыш Президенттің бастамалары.
80.''Нұрлы көш'' бағдарламасының негізгі мазмұнын ашыңыз
Іске асыру мерзімі 2009-2011 жылдар
Бағдарламаның мақсаты өңірлерді демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамыту және Бағдарламаға қатысушылардың әлеуетін іске асыру мүддесімен этникалық көшіп келушілерді, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын және еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуы мен кірігуіне жәрдемдесу болып табылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
Бағдарламаға қатысушыларды экономиканың еңбек ресурстарына және серпінді жобаларды іске асыруға деген қажеттіліктерге сәйкес қоныстануын ынталандыру; Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау мәселелерін кешенді шешуді көздейтін жаңа тетіктерді әзірлеу және іске асыру;тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй сатып алуға кредит беру жолымен Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету; Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты жұмыспен
қамтылуын қамтамасыз ету; көші-қон процестерін басқарудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаға қатысушылар:
1) этникалық көшіп келушілер;
2) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтары;
3) елдің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сәйкес Солтүстік, Оңтүстік және Орталық аумақтық даму осьтері Бағдарламаға қатысушылардың негізгі орналастыру макроаймақтары болып табылатын болады. Бағдарламаға қатысушыларды макроаймақтардың ішінде қоныстандыру:
а) ұлттық және өңірлік деңгейдегі көшбасшы және тірек қалалардың айналасында. Өзіне тән экономикалық мамандануы мен дамыған жергілікті еңбек нарығы бар шағын серіктес қалалар желісін қалыптастыру қарастырылады.
Есеп бойынша көшбасшы және тірек қалаларда 45 серпінді жобаны іске асыру үшін кемінде 390 мың қызметкер қажет болады;
ә) шекараға іргелес елді мекендерде: халықтың санын тұрақтандыру үшін; шекараға іргелес ірі өңірлердің әкімшілік маңызын арттыру үшін және көршілес мемлекеттердің еңбек күші артық өңірлерінің тарапынан демографиялық қысымның (бытыраңқы сыртқы көші-қон) алдын алу үшін жүзеге асырылатын
болады;
б) даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде.
Бұл елді мекендердің әлеуеттік сыйымдылығы Солтүстік аумақтық даму осі бойынша - 342,2 мың
адамды, Оңтүстік ось бойынша - 898,6 мың адамды, Орталық ось бойынша - 77,7 мың адамды
құрайды.
81.Президенттің «Интелектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызы.Қазіргі білім беру моделі.
2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру.
Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы.Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, тыңнан шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады. Ол үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар керек.
2."Интеллектуалды ұлт" жобасының екінші аспекті - ғылымды дамыту және еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру. Ғылым инновациялық экономиканың негізі болуы тиіс.1990-шы жылдары біздің ғылыми институттар аса ауыр жағдайда қалды. 2000 жылдан бастап ахуал өзгере бастады.Соңғы бес жылда қазақстандық ғылымды қаржыландыру төрт есеге жуық ұлғайып, үстіміздегі жылы 18,5 миллиард теңгені құрады. Ғылымды дамытудың 2012 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.Осының арқасында Қазақстан жаһандық бәсекелестік рейтингінің "Инновациялық даму" индексі бойынша өзінің орнын 13 позицияға жақсартты.Бірақ қазақстандық ғылым әзірше біздің экономикамыздың нақты талабынан алыс жатыр. Сондықтан басқарудың моделін ғана емес, сондай-ақ ғалымдардың өздерінің қызметіне деген көзқарасын өзгерткен маңызды
3.Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек.
«Интеллектуалды ұлт» және «бәсекеге қабілетті ұлт» ұғымдары Қазақстандағы ұлттық модернизацияның басты категорияларына жатады. Ұлттық модернизация – өркениетті әлемдік қауымдастықтың озық талаптарына жауап беретін дамудың сапалық тұрғыдағы жаңа деңгейі.
Қазіргі білім беру моделі.Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 12 жылдық орта білім беруге көшуді қарастырады. Бұл қазіргі басымдықтарды ескеретін жаңа білім стандартын, 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын, оларды жүзеге асырудың бағыттарын айқындайтын әдістемелік қызметті жаңарту қажеттігін анықтады. Сол себепті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 681 қаулысымен бекітілген 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарының оқу-әдістемелік қамтамасыз ету тақырыбындағы бөлімінде 12 жылдық мектептегі оқытудың педагогикалық технологиялары бойынша «Мұғалім портфелі» материалдар пакетін әзірлеу және бекіту, 12 жылдық оқыту жағдайында білім беру ұйымдарында әдістемелік қызметтің моделін әзірлеу міндеттелген. 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.
1.  Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
3. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы  түбегейлі  өзгерістерді  күнделікті  оқу үрдісінде  берілетінтапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.
82.«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесі
Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары — индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады.
 «Серпін-2050»  әлеуметтік  жобасы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясында айқындалған  басымдықтарды  жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті  болмақ.  Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне  арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»  әлеуметтік  жобасын ұсынған  болатын.  Бұл жоба  «Серпін-2050» деп аталады. Негізі бұл жобаның екі маңызды тұсы бар. Біріншісі - экономикалық. Қазіргі таңда еліміздің 9 өңірінде бала туу деңгейі төмен және сыртқы жаққа көшіп-қону басым болғандықтан, кадр тапшылығы сезіле бастады. Бұл мәселенің өзектілігі жылдан-жылға ушығып барады. Алдағы жылдарда индустриялы инновациялық бағдарлама аясында іске қосылатын өндірістерде жұмыс күшінің тапшылығы айырықша байқалады. «Серпін-2050» жобасы арқылы сол өңірлерге халық саны көп облыстардан жастарды әкеліп, жергілікті оқу орындарында қажет мамандықтар бойынша білім беріп, сол жерде жұмысқа қалдыру арқылы кадр мәселесін шешу. Екінші маңызы -әлеуметтік проблемаларды шешу. Бағдарлама мақсаты – студенттерге білім берумен қатар, осы жерге тұрақтандыру, жұмысқа орналастыру.
Жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу – Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселе.
 Бағдарлама бойынша грант иегерлері стипендиямен, жолақысы және жатақханамен, киіммен және жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Бұл бағдарламаға бұрынғы жылдары мектеп бітіргендер де қатыса алады.Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтардың көпшілігін колледждер дайындап келеді. Мысалы:   тамақтандырудың техник- технологы, ақпарттар жүйесі,тау-кен технологиясы, темір жол, байланыс, көлік және коммуникация секілді өзге де салалар бар. Елімізде қазір автомобиль зауыттары көптеп ашылуда, осы зауыттарда колледж түлектері көлік құрастырушылар болып жұмысқа орналасуда. Жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу — Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі. Сондықтан, «Мәңгілік Ел Жастары — индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстандық жастардың, оның ішінде Оңтүстік аймақ жастарын кең көлемде техникалық-кәсіптік білім алуға және тұғыры биік тәуелсіз Отанымыздың аса маңызды индустрияландыру бағдарламасына қатыстыру мен тартуды мақсат етеді, жастарымызды дербес өмірге, бастамшыл еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін құрудың алғашқы қадамы болып табылады. 
83.ҚР тілдер туралы заңы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды.  Қазақстанның территориялық тұтастығының және ұлт мәдениетінің сақталуы мен дамуының  басты шарты - қазақ тілі болып табылады.
Осы Заң қасиетті қазақ жерін мекендейтін, қазақ халқының мәдениетін және ұлттық болмысын сыйлайтын әрбір азаматтың, оның конституциялық парызы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін меңгеруін және қазақ тілінің республиканың барлық аумағында толық көлемде қолданылуын, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді қолдану құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.  Осы Заңның 4-шi бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» - деп бекітілген. Сонымен бiрге, «Үкiмет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi» - деп көрсетiлген. Аталған Заңның 1-шi бабында диаспора деген терминге «өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық)» деген түсiнiктеме берiлген, яғни шет елдерде тұрып жатқан бiздiң қандас бауырларымыз. Қазақ халқы өзiнiң тарихи отанында тұрып ақ, ешқандай қуғын-сүргiнсiз ана тiлi мәселесiне келгенде диаспораға айналды. Тiл туралы Заң қабылданғаннан берi, оны жүзеге асыру үшiн Қазақстан Үкiметi бiрқатар қаулылар қабылдады. Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы басқалары. Бас-аяғы 4-5 жылдың iшiнде тiл жөнiнде 17 құжат қабылданыпты. Тiл туралы Заңның 24-шi бабында «Қазақстан Республикасының тiл туралы Заңының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың 1-шi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар ҚР Заңдарына сәйкес жауапты болады» делiнген.ҚР Ата Заңының 19-бабының 2-тармағында «Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқы бар» делінген. Соңғы жылдары әр түрлі этностардың мәдени бірлестіктері де өз тілдері мен салт-дәстүрлерін жаңғыртумен қатар, мемлекеттік тілді де меңгеріп жатыр. Қазір өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақша еркін сөйлейтін басқа ұлт өкілдерінің қатары өсті.
84.Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы;Жалпыға бірдей Еңбек қоғамына жиырма қадам»мақаласы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 3 шілде күні Астанада өткен Индустрияландыру күніне арналған телекөпір барысында сөз сөйлеп, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын жария етті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында еңбек адамның еңсесін көтеретіндігі жөнінде аталы сөздер айтып, әркімнің еңбек етуіне жағдай жасау мәселесі тиянақталып, Үкіметке осы міндетті орындау үшін 20 тапсырма бергені белгілі. Елбасының тапсырмасын орындау барысында өмірге келген «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасының халық үшін берер жақсылығы өлшеусіз. Еңбек адамына мұндай жағдай әлемді қаржылық дағдарыс шарпып тұрған сәтте ешбір елде жасалынған емес. Бұл жөнінде талай биік мінбелерден аузы дуалы азаматтар және шетел сарапшылары сан мәрте айтты. Жұмыспен қамту бағытында ешбір елде мұндай бағдарлама қабылдаған емес. Еңбек адамына жасалынған қамқорлықты пайдалана білу маңызды. Шынын айтқанда, қоғамда әлі өз орнын таба алмай еңбек етуге құлқы болмай жүргендер бар. Сондықтан да біздің басқарма жыл сайын бағдарламаны тұрғындар арасында түсіндіру, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу бағытында нақты шараларды жүзеге асыруда. Жұмыспен қамту бағыттары бойынша 3000 буклет, 2500 плакат және 570 әдістемелік нұсқаулар дайындап, барлық ауылдық округтерге жіберілді. Баспасөз беттерінде, телеарналарда, радио хабарларында басқарма қызметкерлері тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бағдарламаның мәні мен маңызын білмейтіндер де табылды. Сондықтан да басқарма қызметкерлері және осы бағытта жұмыс істейтін аудандық буындар тұрғындар арасында жиі болып, игі бағдарлама әркімнің еңбек етуіне жол ашқандығын нақты мысалдармен түсіндіруден жалыққан емес. Н.Ә. Назарбаев, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында »Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға облыста 6708,9 миллион теңге бөлу қарастырылған. Осы жылдың 9 айында ол қаржының 91,3 пайызы игерілді. Бағдарламаның аясында үстіміздегі жылдың 1 қазанына дейін 8599 адаммен әлеуметтік келісім-шарт жасалынды. Жыл соңына дейін олардың қатарын белгіленген жоспар бойынша 14 мыңға жеткізу қарастырылып отыр. Бұл бағдарламаға өз бетімен жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар тартылды. Сонымен бірге, табысы аз, мүгедектер де осы бағдарламаның шарапатын көруде. Осы бағдарламаға қатысушылардың 44,6 пайызы жастар болса, 48 пайызға жуығы әйелдер.  Үстіміздегі жылы 5482 адамды тұрақты жұмысқа орналастырдық»-деді.
85.ҚР-ндағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар Қазіргі Қазақстанның қоғамдық дамуына алдымен саяси плюрализмнің орнығуы мен дамуы тән. Бұл әртүрлі қоғамдық және саяси бірлестіктердің пайда болуы мен дамуына байланысты. Олардың көбі бұрынғы клубтардан пайда болған. Мысалы, 1988 жылдың жазында «Көк майдан» ассоциациясы пайда болды. Ол астана ауасын ластайтын және Сорбұлақ көлі плотинасының бұзылып кету қаупі сияқты мәселелерімен айналысты.
1989 жылдың сәуір–мамыр айларында студенттер мен басқа да жастар ұйымдары пайда болды. 1990 ж. Қаңтарында «Бірлік» тобы негізінде әскери–саяси ұйым мен тәуелсіз студенттер Одағы құрылды. 1990 жылдың көктемінен саяси партиялар мен саяси – қоғамдық қозғалыстардың пайда болу процесі басталды. Бұл кезде социал–демократия партиясы «Азат» азаматтық демократия қозғалысы сияқты бірлестіктер ұйымдастырыла бастады. 1990 ж. сәуір–мамыр айларында «Алаш» ұлттық партиясы, «Желтоқсан» ұлттық демократия партиясы құрылды. Ол кездегі ұйымдасқан саяси–қоғамдық құрылымдардың негізгі айырмашылығы, оларда Республиканың тәуелсіздігі туралы жаңа ұрандардың пайда болуы.Қоғамдық – саяси қозғалыстар – ол әлеуметтік, экокномикалық, саяси және рухани тілегі бір әрдайым қозғалыстағы көптеген адамдардың бірлестік тобы.Қоғамдық бірлестіктерді құру және жұмыс істеуінің негізгі принциптері мыналар: еріктілігі, мүшелерінің (қатысушыларының) тең құқықтығы, өзін–өзі басқару, заңдылығы, ашықтылығы.Қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдарБасқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады: 1) Экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар "Невада-Семей" қозғалысы, "Арал-Азия-Қазақстан" халықаралық қоғамдық комитеті, "Табиғат" комитеті, т.с.с.; 2) Тарихи - ағартушылық қоғамдар: "Мемориал", "Әділет", "Ақиқат" және т.б.; 3) Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: "Атамекен", "Алтынбесік", "Жерұйық" "Шаңырақ" және т.с.с.;Енді соңғы мәліметтер бойынша, бір ғана Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8 саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар, 16 жастар ұйымдары, әйелдер ұйымдары, 13 ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни бірлестікітер, 273 басқа да әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктер бар. Енді барлық облыстардың қоғамдық қозғалыстары мен бірлестіктерінің қанша екендігін ескерсек, түсінігіміз кеңейе түспек.
Жеке ұйымдар мен қозғалыстар."Азат" азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу."Әділет" тарихи-ағартушылық қоғамы - жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министрдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады.Қазіргі уақытта "Әділеттің" Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматыда жергілікті ұйымдары бар. Қоғам мүшелері 1500-ге жуық, негізінен студенттер және қоғам қайраткерлері."Ақиқат" тарихи-ағартушылық қоғамы 1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның мақсатының бірі - халықтың ескі әдет-ғүрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Алматы, Оңтүстік Казақстан, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында бөлімшелері бар. Қоғам жүмысына негізінен зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатынасады.
 Республикалық қоғамдық славян қозғалысы "Лад" 1993 жылы наурыз айында құрылды, 10 мыңнан астам мүшесі бар, орталығы — Астана қаласында. Қозғалыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында тұратын славян халықтарының тілін, мәдениетін, рухани өмірін гүлдендіру, республикада демократияны, азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын, бейбітшілікті, халықтар достығын дамыту, нығайту.Қазақстанның әйелдер одағы. Бұл қоғамдық ұйым 1991 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылу мақсаты - әйелдердің қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірдегі рөлін арттыру. Одақ республикадағы реформаны жақтайды. Соңғы 7-8 жылда бүл салада қыруар ұйымдастыру жұмысын атқарды. "Әйелдер қазіргі қоғамда" деген халықаралық конференция өткізді. Қазақстанның әйелдер одағы- Орталық Азия елдерінің халықаралық конгресінің мүшесі.Қазақстанның жастар одағы. Құрамында 500 мыңнан астам мүшесі бар. Одақтың мүшелері - Қазақстанның мамандары мен жас ғалымдарының ассоциациясы, жастар кәсіпкерлігін дамыту "Асар" ассоциациясы, спортшы балаларға көмек беретін "Алтын шабақ" қоғамы.Одақтың негізгі мақсаты - жас азаматтардың еркін дамуына жағдай жасау, олардың экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын қорғау, іске асыру.  Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы. Бұл -тіркеуден өткен қоғамдық ұйым. Негізгі мақсаты -Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу, оларға медициналық көмек көрсету, оларды құқықтық және әлеуметтік қорғау, олардың отбасына моральдық-психологиялық, материалдық көмек ұйымдастыру, соғыста қайтыс болғандардың атын, ерлігін мәңгілік есте қалдыру, жастарды патриоттық және интернационализм рухында тәрбиелеу Адам құқығы бюросы. Бұл қоғамдық ұйым адам құқығын іске асыру туралы қоғамдық бақылауды іске асырады, республикадан тыс жерлерге қоныс аударғысы келетін азаматтардың құқығын, республикадағы демократияның іске асырылуын қорғайды. Республикалық "Бірлесу" кәсіподағы және Қазақстанның тәуелсіз кәсіподақ орталығы. Қазақстан Республикасының "Бірлесу" кәсіподағы 1989 жылдың қараша айында үйымдастырылды. Оның қүрылтайшысы - экономиканың мемлекеттік емес секторының қызметкерлері"Невада-Семей" халықаралық ядролық соғысқа қарсы қозғалыс. Ұйым халықаралық "Невада - Семей -Морура - Лобнор - Новая Земля" ядролық соғысыңа қарсы бірлестікке кіреді. Қозғалыстың негізгі мақсаты - ядролық қаруды және соғысты адамзат өркениетінен аластау, ядролық сынақ жүргізілген аймақтар халқын экологиялық және әлеуметтік қорғау, табиғатты, адамды, мәдениетті қайта жаңғырту. "Арал-Азия-Қазақстан" халықаралық қоғамдық комитеті. Бұл комитет 1987 жылы белгілі ақын М.Шахановтың бастамасымен құрылып, республика жұртшылығы "оны мақұлдады. Оның мақсаты: Арал теңізі жағдайына, республикадағы экологиялық дағдарысқа қоғамдық пікірді аудару, Арал теңізін қалпына келтіру туралы жобалар мен бағдарламалар жасау.
86.Президен жанындағы консультативтік және кеңесші орган Қазақстан халқы келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.
Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитаралы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды. Асамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болды. Жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда кіші ассамблеялар құрудан басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне айналды. Шын мәнінде, ол ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болатын. 1995 жылы 16 ақпанда Президент Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді.Сонда, Ел басы республикадағы ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институт – Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құру қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды. Асамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші Ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40 ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері енді. Сессияда Қазақстан Президенті Н.назарбаев баяндама жасап, Ассамблеяның ұыймдастырушылық құрылымдары белгіленді. Ассамблея этномәдени бірлестіктерді құрамына біріктіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен кіші ассамблея мүшесі болып табылады. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды. 1995 жылы сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы республика тарихында алғаш рет Қазақстан республикасы Президентінің өкілеттілігін 2000 жылы 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтерді. Мұндай маңызды қоғамдық бастамадан кейін іс жүзінде Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастыратын белсенді қоғамдық институтқа айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы Конституцияның қабылдануына да үлкен қолдау білдірді. Бұл тарихи оқиғалар еліміздегі қоғамдық саяси және құқықтық ахуалға оң өзгерістер әкелгені баршамызға аян.
Ассамблеяның белсенді қызметінің нәтижесінде Қазақстандағы этностардың мәдени өмірі жандана бастады. Өйткені Ассамблея этникалық топтар арасындағы ұйымдастыру жұмыстарының орталығына айналды. Ассамблея органдарына мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты этномәдени орталықтардың мәселелері жедел шешімін тауып, кейбір өзекті мәселелер бойынша үкімет деңгейіндегі шешімдер қабылданады. Ассамблея Кеңесінің шешімімен этномәдени орталықтарға қаржылай және ұйымдастыру жұмыстары бойынша көмек көрсету мақсатында республикалық қор құрылған. Бұл қордың бөлімшелері әрбір облыстарда ашылды.Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық «Ақиқат» және «Мысль» журналдарының құрылтайшысы және де ассамблея жанынан шығатын «Достық - Дружба» журналы бүкіл елімізге таралады. Ассамблея ЕҚЫҰ-мен де тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясында 1996 жылдан бері 1 мамырда Қазақстан халқы бірлігі мерекесі ретінде атап өту идеясын туған еді.Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік. Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастырушы институт ретінде қалыптасып болды деп есептеуге толық негіз бар. Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді. Ассамблея өзінің құрылымы жағынан республикалық, облыстық және қалалық этномәдени орталықтарды біріктіретін ұйым болып табылады.Қазіргі заман тарихының жылнамасы Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің күнделікті қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше көңіл бөліп отыратындығын дәлелдейді. Күллі Қазақстан халқы мен еліміздегі әрбір этностың болашағы – Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін зор жауапкершілік.
87.Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі.Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы.
Қазақ елі өзінің тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында қарқынды дамып келе жатқан әлемдегі демократиялық елдердің біріне айналды. Бұл жетістіктерге еліміз қоғамдағы азаматтық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен бірге, ұлтаралық және дінБүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзатқауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты.  Ұлтаралық келісім моделі этностардың дамуы мен өзара қарым-қатынасына жүйелі әрі мақсатты түрде әсер етіп, одан белгілі бір нәтижелер алу үшін құрылады. Мұндай моделді құру өте күрделі әрі жауапты саяси іс. Өйткені, ұлтаралық қатынастар табиғаты өзінің құрылымы жағынан өте нәзік, сан қырлы. Ұлтаралық қатынастар саяси, идеологиялық, мәдени, экономикалық, әлеуметтік, тілдік және психологиялық процесстерге тығыз байланысты. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей; саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол: əлеуметтік-экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени дамуын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді. 
Саяси-құқықтық немесе конституциялық деңгей мемлекеттің ұлтаралық қатынастар саласын реттейтін заңнамалық актілер жəне ұлттық саясатты жүргізуге қатысты басқа да құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Ұлтаралық келісімнің құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы танылады.
Қазақстандық ұлтаралық келісім моделінің қалыптасуы мен дамуында Қазақстан Республикасының Конституциясы айқындаушы рөл атқарды. Оған 1991 жылғы 16 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық Заңы, 1993 жылғы Қазақстанның тұңғыш Конституциясы, қазір қолданылып отырған 1995 жылғы Конституция және 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда өзгерістер мен қосымшалардың енгізілуі кіреді. азіргі жағдайда ұлтаралық келісім моделінің формуласы Қазақстан Республикасының Конституциясындағы: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып…» деп басталатын жолдардан айқын көрініс тапқан. Осылайша еліміздің Негізгі Заңы бойынша Республика азаматтарының бірлігінің мызғымас ұстанымы қаланды. Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы.
Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда, мемлекеттік Тәуелсіздік туралы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей байырғы қазақ жерінде ұлттық мемлекеттілік құру мен нығайту және де басқа қағидаттарды негізге ала отырып, қоғам мен ұлтқа Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы ұсынылады.Ұлт Бірлігі Доктринасы - халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл - бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл - болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.Доктринаның қажеттілігі өмірдің өзінен, біздің жалпы тағдырымыздан, тарих логикасынан туындап отыр. Өйткені бірліксіз - Ұлт жоқ. Ұлтсыз - мемлекет жоқ. Ал, мемлекетсіз - болашақ жоқ.
Осыларды негізге ала отырып, Қазақстанның Ұлт Бірлігінің төмендегідей қағидаттары жария етіледі.
•I. «БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР»-     Ұлт бірлігін негіздейтін бірінші қағидат – әр азаматтың өзінің ортақ