тарих билет сурак-жауап


1-Билет
Алғашқы адамдардың кәсібі.
1867-1868 жж. «Уақытша ереже» мен 1886-1891жж. «Ережелердің» арасындағы өзгерістер.
Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының баскиімі мен Қарғалы шатқалынан табылған тәтіде бейнеленген ортақ белгілерді және айырмашылықтарды анықтаңыз?

Жауаптары:
Алғашқы адамдардың кәсібі.
Алғашқы адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар баспана жасауды,тамақ пісіруді білмеді. Жаңбыр мен жабайы аңдардан қашып, үңгірлерді паналады. Жер бетінде, ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әр түрлі жеміс-жидектерді терді.Жеуге жарамды тамырларды қазып алды.Құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталады. Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталады. Алғашқы қауымдағы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды, олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдар мен жабайы жылқыларды,үңгір аюларын аулады. Аңдарды үркітіп, жарға қарай куатын. Үркіткен аңдар адамдардан қорқып,терең жарға құлады.
Еңбек құралдарын, тас өңдеу техникасын,бұйымдардың жетілдірілуін зерттеген археологтар тас дәуірін үш кезеңге бөледі.Палеолит-ежелгі тас ғасыры,мезолит-орта тас ғасыры және неолит-жаңа тас ғасыры. Бұл үш кезеңнің әрқайсысы өзінен бұрынғыдан неғұрлым жетілдіре жасалған еңбек құралдарымен ерекшеленеді.
2.1867-1868 жж. «Уақытша ереже» мен 1886-1891жж. «Ережелердің» арасындағы өзгерістер.
1867-1868жж. реформалар «Уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, 80-90жылдарға дейін қолданылды. 1886-1891жж. «Ережелер» 1867-68жж. «Уақытша ережелерді» аздаған өзгерістермен заңды тұрғыда бекітті.Сондықтан, ереженің атауындағы «уақытша» сөзі алынып тасталды.
1. Аумақтық өзгерістер: ІІ Александар патша 1867ж. 11-шілде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы, 1868ж.21-қазан «Торғай, Орал, Ақмола ,Семей облыстарын басқару туралы «Уақытша ережелер» жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағындырылды. Олар- Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына - Ақмола, Семей, Орынбор генерал-губернаторлығына - Орал, Торғай, Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді.1870ж.Маңғыстау приставтығы -Кавказ әскери округына, ал 1872ж. Бөкей ордасы-Астрахан губерниясына қарады.
1886ж.2-маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже» бекітілді. Ол бойынша үш генерал-губернаторлық қалды, бірақ Түркістан генерал-губернаторлығынан Жетісу облысы шығарылып, Батыс-Сібір ген-губ-на берілді. Түркістанға Ферғана, Самарқан облыстары еніп, енді үш облыстан тұрды. 1891ж. 25-наурызда «Ақмола, Семей,Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы Ереже» бекітілді.Ол бойынша 1891ж. Орынбор мен Батыс-Сібір генерал губернаторлығы біріктіріліп, Дала генерал губернаторлығы деп аталды. 1891-1897жж. аралығында оның құрамында 5 облыс болды, ал 1897ж. Дала генерал губернаторлығынан Жетісу облысы шығарылып, қайтадан Түркістан генерал губернаторлығына берілді. Нәтижесінде, 1897ж. екі генерал губернаторлық төрт облыстан тұратын болды.
1890жылғы «Закаспий облысын басқару туралы Уақытша ереже» бойынша Закаспий облысы 5 уезден тұрды: Мерв, Теджент, Ашхабад, Маңғыстау,Красноводск .
2. Басқарудағы өзгерістер: 1867-1868жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды (генерал-губернаторлықты генерал-губернатор, облысты - әскери-губернатор,уездді- уезд бастығы, болысты-болыс, ауылды- ауыл старшыны басқарды). 1886-1891жж. ережелер бойынша генерал-губернаторлықтарды басқаратын генерал-губернаторлардың билігі күшейтіліп, дара билеушіге айналды. Яғни, шексіз билік берілді. Облыс орталықтарында- полицейлік басқармалар, уездік қалаларда –полицейлік приставтықтар сияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқығы жағынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл, әрине қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан айырылды.
3. Сот жүйесіндегі өзгерістер: Халық дәстүрі мен ислам қағидаларына сүйенген халық соты қатаң түрде билік орындарының бақылауында болды. Оның ішінде, христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін әртүрлі міндеткерліктер атқарудан бас тарту қылмыстары билер сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне берілді. 1867-1868жж. ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты. Билердің төтенше съезі тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе облыстық басқарма құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болатын. Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметі уездік начальник тарапынан қатаң бақыланып отырылды.
4. Салық жүйесіндегі өзгерістер:1867-1868жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал губернаторлындағы қазақтар 3 сомнан, Түркістан генерал губернаторлығындағы қазақтар 2 сом 75 тиыннан төлеп келді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды. Ал, 1886-1891жж. ережелер бойыша, түтін салығына земстволық алымдар қосылды. Олардың мөлшері жылдан-жылға өсіп отырды. Земстволық салық жергілікті әкімшілікті ұстауға, көпір, жол жөндеу мен дайындауға жұмсалды. Әрбір қазақ шаңырағы мынадай мөлшерде салық төлеп тұрды: түтін салығы- 4 сом, земство салығы -1 сом 25тиын, қоғамдық салықтар (жеке салықтар) -1 сом 25 тиын, мектептерге-50 тиын, барлығы -7 сомды құрады. Отырықшы аймақтарда жер салығы белгіленіп, жер өңдеуші салықты ақша түрінде күзде төлеуге тиіс болды.
1868 (210-бап) және1886 (270бап)- жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді.
Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының баскиімі мен Қарғалы шатқалынан табылған тәтіде бейнеленген ортақ белгілерді және айырмашылықтарды анықтаңыз?
Екеуіне де ортақ белгілер:
Екеуі де Жетісу жерінен табылған.
Сақтар мен үйсіндердің түсінігінше, өлген адам қайта тіріледі деп сенген. Сондықтан да адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деп, тірі кезінде пайдаланған заттарының бəрін қоса көмген.
Екеуінде де «Аң стилі» мәдениетіне жатады. Яғни сақтар мен үйсіндердің бас киімдерінде жануарлардың бейнелері салынған. Атап айтқанда екеуінде де қанатты жолбарыстар, қанатты тұлпарлар, құстар бейнеленген. Онда қанатты тұлпарлар күннің белгісі ретінде салынған.
Екеуінің де басты тақырыбы- әлем бейнесі, әлем туралы түсінігі, діни наным-сенімдері мен өмірге деген көзқарасы бейнеленген.
Екеуінде де ою-өрнектер үш бөліктен тұрады.
Айырмашылықтары:
Есік обасынан табылған алтын киімді адам б.з.б. V – ІV ғасырларда, ал Қарғалы шатқалынан табылған үйсін адамы б.з.б. ІІ – І ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.
2-Билет
Адамзат баласының пайда болуы.
Патшалық Ресей және Кеңес империясының Қазақстандағы отарлау саясатының зардаптарын салыстырыңыз және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңыз.
Есік қорғанынан табылған алтын адаммен Шілікті қорғанынан табылған алтын адамның ортақ белгілері мен айырмашылықтарын анықтаңыз?

Жауабы:
1.Адамзат баласының пайда болуы.
Адамзат баласының пайда болып, қалыптасу үрдісі ежелгі дүниенің барлық аймағында бірдей жүрді. Адам баласы жер бетіндегі басқа тірі жәндіктер сияқты ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесінде қалыптасты.Ежелгі дүние деп адамдардың пайда болып қалыптасқан Жер шары бөліктерін атайды.Адам баласының шығуы мен қалыптасуы бүкіл жанды дүниенің, өсімдіктердің пай да болуы, тарихи дамуы сияқты қарапайымнан күрделіге қарай жүрген. Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан көп айырмашылығы болды. Олар ірі маймылдарға ұқсас келді, терісін қалың түк басты, қолдары аяқтарынан ұзын еді. Қолымен жеміс терді, заттарды ұстау, соғу, жер қазу сияқты қарапайым жұмысты орындай алатын. Алғашқы адамдар қабыландай жылдам, арыстандай епті, аюдай күшті болмады. Бірақ ол еңбек құралдары арқылы өздерінің күш-куатын, шапшаңдығын еселеп арттыра алды. Қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар-оның алғашқы еңбек құралдары еді. Солардың көмегімен тамақ тауып жеді. Алғашқы еңбек құралдары негізінен тастан жасалды. Олар өте қарапайым болатын. Ғалымдар алғашқы адамды «епті адам» деп атайды. «Епті адам» Африкадағы Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған. Ол осыдан 1 млн 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Алғашқы адамның бірі питекантроп деп аталады. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан 1891 жылы табылды. Ол мөлшермен бұдан 1 млн жыл бұрын өмір сүрген. Адамзат дамуында бұдан кейінгі сатыда синантроп тұрады. Солтүстік Қытайда табылуына байланысты оған «қытай адамы» деген ат берілген. Синантроптар бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп пен синантропты «тік жүретін адам» деп атайды.Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. Ол Германия жерінен табылды. Оның бойы орташа, денесі мығым, белі еңкіштеу, маңдайы тайқы, қабақ сүйегі шығыңқы келді. Неандерталь баланың сүйегі Өзбекстанның Тесіктас деген үңгірінен де табылған. Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Олар тастан, сүйектен, ағаштан құрал жасай білген. Отты өз керегіне пайдаланған.
2. Патшалық Ресей және Кеңес империясының Қазақстандағы отарлау саясатының зардаптарын салыстырыңыз және ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңыз.
Ресей үкіметі ХVІІІ-ХХ ғасырларда Қазақстанда классикалық үлгідегі отарлау саясатын жүргізді. Патша үкіметінің отарлауда қолданған әдістері- әскери, экономикалық, саяси, демографиялық, мәдени. Соған сәйкес, отарлау саясатының зардаптары барлық салаға әсерін тигізді:
Ұқсастықтары:1.Экономикалық зардаптары: Қазақстан патшалық Ресей экономикасы үшін ұзақ уақыт шикізат көзі, өнім өткізетін нарық, арзан жұмысшы қолы, алым-салық алып отыратын аймақ болды, қазақ жерінің жер асты, жер үсті байлығы Ресейге тасылып әкетіліп, шұрайлы жер, өзен-көлді пайдалану құқын да өздеріне қалдырды. Кеңестік кезеңде де патшалық отарлау әрі қарай жалғасын тапты. Голощекиндік индустрияландыру жылдарынан бастау алған Қазақстанды «орталықты шикізатпен қамтамасыз ететін аймақ» ретінде қалыптастыру және Қазақстанда «ірі, орта емес, ауыл шаруашылығымен байланысты ұсақ кәсіпорындар салу» бағыты 50-80 жылдары жалғасын тауып, өнеркәсіптің «Б» тобына (өңдеуші) қарағанда «А» тобы (өндіруші) дамытылды.
2. Демографиялық зардаптары: Патша үкіметі кезінде отарлау ісіне әскерилер, казактар, орыс помещиктері мен шаруалары, орыс қоғамының басқа да сословиелері белсене атсалысты. Отарлаушы әкімшілік жаппай қоныс аударуға, әсіресе ішкі губерниялардағы жерсіз шаруаларды кеңінен тартты. Олар биліктің жергілікті жердегі тірегіне айналды. Патша үкіметі славяндық элементтерді көбейте отырып, жергілікті халықты ассимиляцияға ұшыратуды көздеді. Оларға қазақтың шұрайлы жерлері тартып алынып беріліп, салық т.б. әлеуметтік салада жеңілдіктер жасалды. Қазақ өз жерінде отырып, жерден тарлық көрді.Кеңес үкіметі тұсында жаппай қоныс аудару саясаты соғысқа дейінгі және соғыс жылдарындағы депортация, тың игеру, өнеркәсіп орындарын салумен қатар жүріп, славян тектестер және әр түрлі ұлт өкілдері келіп Қазақстанды «ұлттардың қайнаған қазанына» айналдырды. Қазақ өз жерінде аз ұлтқа айналды. Оның тілдік, әлеуметтік, рухани саладағы зардаптарын әлі күнге дейін көріп келеміз.
3. Рухани зардаптары: Патша үкіметі орыс емес ұлттарды, соның ішінде қазақтарды орыстандыру және шоқындыру саясатын жүргізді. Мешіт, медресе, мұсылмандық мектеп салу ісіне қысымшылық көрсетіліп, жоғары оқу орындары атымен болған жоқ. ХІХ ғасырдан бастап ақырындап алфавитті өзгерту бағытында жұмыстар жасалды. Орыс мектептері көбейтіліп, медреселерде орыс тілін оқыту міндетті болды. Дегенмен, патша үкіметі бұл бағытта өз мақсаттарына толық қол жеткізе алмады. Рухани салада патша үкіметі қол жеткізе алмаған мақсаттарға кеңес өкіметі қол жеткізе алды деп айтуға болады. Кеңестік дәуірде қазақ мектептерін мүлдем азайту, орыс мектептерін көбейту, жоғары оқу орындарының көпшілігі орыс тілінде оқытуы, маман-кадр мен маманданған жұмысшыны шеттен алдыру, Қазақстанда дайындамау, алфавитті екі рет өзгерту, атеизм саясаты нәтижесінде дінге мүлдем тыйым салып, дінсіздендіру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрді ескіліктің қалдығы ретінде жою қазақ халқын рухани құлдыратып, тамырынан үзді.
4.Саяси отарлау зардаптары: Патша үкіметі қазақ халқын мемлекеттіліктен айыру мақсатында 1822,1824 жылы алдымен Орта және Кіші жүзде хандық билікті жойды, 1867-1868 және 1886-1891жж. ережелер бойынша бүкіл қазақ жерін қамтитын реформалар (аумақтық, басқару, сот, салық) арқылы қазақ халқын саяси тәуелсіздіктен толық айырып, отарға айналдырды. Кеңес өкіметі қазақ жерінде белгілі-бір дәрежеде кеңестік негізде мемлекет құрғанмен, 1991 жылға дейін Ресейге тәуелділік, отарлық жағдайы өзгерген жоқ. Қазақ мемлекетінің өзін-өзі саяси, экономикалық, тіпті мәдени жағынан басқару құқы орталыққа тәуелді болып келді.
Жер мәселесі: Патша үкіметі заң тұрғысынан алғаш рет 1868 жылғы «Уақытша ережеде» қазақ жерін Ресей мемлекетінің меншігі деп жариялады, сөйтіп қазақ халқын жер пайдалану құқынан айырды. 1886, 1891 жылғы ережелерде арнайы жерге байланысты баптар енгізіліп, енді «көшпелілер иемденген жерлер, оның бар байлығы, оның ішінде орманы мемлекеттік меншік болып саналады» делінді. Нәтижесінде, қазақ жерін көптеп тартып алып,қоныс аударушыларға берілді. Кеңес өкіметі тұсында да белгілі-бір дәрежеде қазақ мемлекетінің тұтастығына қол сұғылып отырды, орталық қазақ жерін өз қалауынша өзге одақтас респубикаға беріп жіберіп отыру әрекеттері кездесті (Ресей, Өзбекстан т.б.).
Айырмашылықтары:Жер мәселесі: Дегенмен, кеңестік кезеңде жер мәселесінде қазақ халқының мүддесіне сәйкес өзгерістер жүргізілді. Кеңес өкіметі орнаған соң патша үкіметі кезіндегі тартып алынған жерлер қайтарылып, заң бойынша қазақ мемлекетінің меншігі деп жарияланды, шекаралар анықталды.
Қуғын-сүргін: Патша үкіметі кезінде көбінесе қазақ жері саяси айып тағылған зиялыларды жер аударатын аймақ ретінде пайдаланылып, қазақ азаттық күрес өкілдерін, саяси айыптыларды қара жұмысқа айдау, абақтыға отырғызу сияқты жазалау түрлері қолданылып, саяси қызметіне тыйым салды, бірақ жаппай жазалау саясаты қоданылмады.Кеңестік дәуірде зиялыларды жаппай жазалау(ату жазасы) арқылы, қазақ халқын рухани әлеуетінен айырды деуге болады.
3. Есік қорғанынан табылған алтын адам мен Шілікті қорғанынан табылған алтын адамның ортақ белгілері мен айырмашылықтарын анықтаңыз?
Екеуіне де ортақ белгілер:
Екеуі де сақ дәуірінің лауазымды тарихи тұлғалары болған.
Екеуінің де киімдері таза алтыннан жасалған және жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деп, тірі кезінде пайдаланған заттарының бəрін қоса көмген.
Екеуінің де басты тақырыбы- әлем бейнесі, әлем туралы түсінігі, діни наным-сенімдері мен өмірге деген көзқарасы бейнеленген.
Екеуінде де «Аң стилі» мәдениеті жақсы дамыған. Яғни пайдаланған заттары мен киімдерінде жануарлардың бейнелері салынған. Атап айтқанда екеуінде де қанатты жолбарыстар, қанатты тұлпар құстар бейнеленген.
Айырмашылықтары:Есік қорғанынан табылған алтын адам б.з.д. V-ІV ғасырларда өмір сүрген сақ ханзадасы болса, Шілікті қорғанынан табылған алтын адам б.з.д. VІІІ-VІІ ғасырларда өмір сүрген сақ патшасы әрі Қазақстан жерінде табылған Алтын адамдардың ең көнесі деп есептеледі. Есіктен табылған жәдігердің үстіндегі алтын бұйымдар жұқа фольга түрінде киімге тігілген әшекей. Бұл өлген адамға арналған киім. Яғни жерлеу рәсімінде қолданылған ритуалдық киім. Ал Шілікті алтын адамының киімі тірі кезінде киген киімі. Ол ритуалдық киім емес. Оның киіміндегі алтын бұйымдар жұқа фольга түрінде емес, құйма алтыннан жасалған. Сонымен қатар Есіктен табылған алтын адамның сырт киімдері кезінде қалай көмілсе, сол күйінде бізге аман жеткен. Яғни бұл оба тоналмаған. Ал Шілікті алтын адамның обасы тоналған. Ондағы патшамен бірге қойылған ірі заттары: алтын тәжі, семсер, қанжар, асатаяғы және киімдерінің біраз бөліктері ұрланған. Есік обасын тарих ғылымдарының докторы Кемал Ақышев зерттесе, Шілікті обаларын Әбдеш Төлеубаев зерттеген.
3- Билет
Рулық қауымның шығуы.
Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және Алаш қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз.
Қазақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші) орналасу аймақтарын картаға белгілеңіз.

Жауабы:
1.Рулық қауымның шығуы.
Бірлесіп аң аулау,жыртқыш аңдарға қарсы тұру,ортақтасып от жағу-адамдарды топтастырды. Адамдар тобы бірте-бірте туысқандардың ұжымына-рулық қауымға айналды. Бұл шамамен «саналы адамның»шығу уақытына сәйкес келеді. Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды. Алғашында ұжымдағы барлық жұмыстарды аналар атқарды.Үңгірлерді тазалап күтті, тамақ дайындады,жеуге қажетті жеміс-жидектерді терді. Бұл ұжымдағы аналардың беделін арттырды. Рулық бөлініс те аналардың үстемдігімен анықталды. Әрбір қауым өз аумағында мекен етті. Рулық қауымның барлық мүшелері өзара тең есептелінді. Жер,баспана,еңбек құралдары бәріне ортақ саналды. Барлығы бірлесіп орманда аң аулады, балық ұстады,ортақ жайылымда мал жайды. Қауымның ішкі жұмысын теңдей бөлісті. Әйелдер мен балалар жеміс-жидек жинады, еркектер ор қазды, егістік жерді тазалады, жыртқыш аңдарды аулады. Қауымның жеке мүшесіне тиісті мүлікті, мысалы, найзаны кез келгені пайдалана алды. Ру ішіндегі тіршілік пен әрекетке қатысты мәселелерді жалпы жиналыста шешті. Жалпы жиналысқа ересек адамдардың бәрі-еркектер мен әйелдер түгел қатысты. Әрқайсысы өз пікірін білдірді. Жалпы жиналыс ақсақалдарды сайлады. Оған рудың барлық мүшелері сыйлайтын ең ақылды,ер жүрек,құрметті адамдар таңдалды. Ақсақалдар даулы мәселелелрді шешті, аң аулайтын, мал жаятын жерлерді бөліп берді. Ру әрбір мүшесінің мүдделерін қорғады. Бірнеше ру бірігіп, шаруашылық мәселелелрін бірлесіп шешті. Мұндай рулық бірлесулерді басқаратын көсемдер сайланды.
2.Қазақ зиялыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және Алаш қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз.
Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы – ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы болды. Бұл қозғалыстың басында қазақ зиялылары тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы Ресейде басталған революция қазақ зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себеші болған жағдай- уақытша үкіметтің басқа шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық-зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ еліндегі асқынған жер мәселесі шешілмеді, казак әскері, қарулы солдаттар мен қоныстанушылардың панасыз жергілікті қазақ халқының үстінен жүргізген озбырлығы өрши түсті. Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттық мемлекекеттілік туралы мәселе талқылауға түсті. Осы мәселені қамтыған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5-желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Нәтижесінде, «Алаш» автономиясы дүниеге келіп, елді бүліншіліктен қорғау мақсатымен Алашорда аталған Ұлт Кеңесі құрылды. Оған 25 адам мүше болды. Төрағасы-Ә.Бөкейханов. Бүлінушліктен қорғау үшін бірден милиция құруға шешім қабылданды. Одан өзге ұлт қазынасын құру, оқу-ағарту жүйесін қалыптастыру т.б. шаралар арқылы ұлттық мемлекеттің шаңырағын көтеруге тырысты. Алаш қозғалысы Қазақстанда ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. бас кезіндегі қоғамдық-саяси жағдай және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Алаш қозғалысының алдына қойған мақсаты- қазақ халқын отарлық езгіден азат етіп, тәуелсіз мемлекет құру мен қазақ қоғамының дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету, өркениетті елдер қатарын қосу болды.
3.Қазақ жүздерінің (Ұлы, Орта, Кіші) орналасу аймақтарын картаға белгілеңіз.
Ұлы жүз тайпаларының негізгі таралған аймағы – Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Шу, Талас өңірлері, Қаратау, Сырдрияның орта ағысы.
Орта жүз тайпаларының жайлаған аймағы –Орталық, Шығыс Солтүстік Қазақстан, Сырдың орта ағысы аймағы.
Кіші жүз қазақтарының жері -бүкіл Батыс Қазақстан аймағын алып жатыр.
Жүздердің шығуы туралы деректер:Жүздердің шыққан уақыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.
Ш.Уәлихановтың пікірі бойынша, «Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай одақтар құрған»
Н.А.Аристовтың ойынша «жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан»
В.В.Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды» -деп септейді.
4-Билет
Орта тас ғасырының ерекшелігі.
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Шағатай ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.

Жауабы:
1.Орта тас ғасырының ерекшелігі.
Мезолиттің хронологиялық шеңбері-б.з.б. 12-5 мыңыншы жылдықтар аралығын қамтиды. Жалпы,Қазақстан жерінде мезолит ескерткіштері аз табылған. Палеолиттің аяғы мен мезолиттің басында үлкен табиғи-климаттық өзгерістер орын алды. Жер бетін басып қалған мұз еріді, қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптаса бастады. Мезолит заманының үлкен жаңалығы-микролиттер, яғни ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар пайда болды. Микролит деген сөздің мағынасы-ұсақ тас. Мезолит заманның тағы бір басты жаңалығы садақ пен жебенің жасалуы. Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Бұрыңғы найзаларға қарағанда садақ аңшылықтың рөлін арттырды. Аңшылық осы кездегі адамдардың негізгі кәсібінің біріне айналды. Себебі мезолитте мамонт, мүйізтұмсық сийяқты ірі және табын-табын болып жүретін аңдар жойылып кетті. Бұрын тобымен жүретін аңдарды ұраға жығып, қаумалап ұстау әлдеқайда жеңіл еді.Енді некен-саяқ, жеке жүретін бұғы, қабан сияқты аңдарды қуып аулау қажет болды. Оған уақыт та, күш-қайрат та көп кетті. Мезолит заманының тұрғындары бір жерде ұзақ тұрақтап мекендемеді. Үнемі жайылымын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. Мезолиттік аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің жағалауларын мекендеді. Қазақстан аумағындағы жиырмадан астам мезолиттік тұрақтар белгілі. Олар баспананы жеңіл қос сыйяқты ағаштан айқастырып құрып, оның үстін аң терісімен жапты. Осындай қабырғалары терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр болатын баспана Есіл өзенінің аңғарында табылған.
2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
1980 жылдың аяғы-1990 жылдың басындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы реформалар әртүрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктерді құруға ынталандырды.1991ж. 27 маусымда «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ КСР Заңы қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» Заңдары, 2002 жылы Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңы қабылданды. Біртіндеп елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш», Қазақстанның социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның Социалистік партиясы, Қазақстанның Республикалық партиясы және «Лад» республикалық славяндар қозғалысы, «Азат» Қазақстанның азаматтық қозғалысы, «Единство» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы т.б. құрылды.
Айырмашылықтары: Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени салаларға байланысты көзқарастарын білдіретін, мүдделерін қорғайтын бірлестіктер. Олар қоғамдағы белгілі-бір проблеманы шешу үшін құрылып, сол проблема шешімін тапқан жағдайда өз жұмыстарын тоқтатуы мүмкін. Ал, ұйым кей жағдайда өзге мәселені көтеру үшін жұмысын жалғастырып немесе партия болып қайта құрылады. Партия –саяси ұйым, оның мақсаты билікке қол жеткізу. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші буын қызметін атқара алады. Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс. Партиялық жүйе қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту үрдістерінде маңызды рөл атқарады.
Ұқсастықтары:Қандай салада құрылмасын ең алдымен халықтың мүддесін көздейді, қоғамдағы белгілі-бір мәселелерді шешуге бағытталады. Оны алдарына қойған мақсаттары мен партиялардың бағдарламаларынан аңғаруға болады. Қоғамдық қозғалыстар да, саяси партиялар да қоғамда түрлі көзқарастарды, көптүрлілікті, демократияландыруды дамытуға үлестерін қосады.
Маңызы:Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
3.Шағатай ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
Шағатай – Шыңғысханның екінші баласы. Оған Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері берілген. Ұлыстың орталығы – Алмалық қаласы, Шағатайдың жазғы ордасы Іле өзені бойындағы Құяш деген жерде болған. Ұлысқа Шығыс Түркістанның жерлері де кірген.
5-Билет
Мыс-тас ғасырының ерекшелігі.
Әбу Насыр әл-Фарабидің екінші ұстаз аталуының мәнін түсіндіріңіз және атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталыңыз.
1920-1924 жылдары Қазақ АКСР-ң құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картаға белгілеңіз.
Жауабы:
1.Мыс-тас ғасырының ерекшелігі.
Энеолит сөзі - мыс-тас ғасыры дегенді білдіреді. Бірақ металл тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең негізгі құрал ретінде пайдаланылды. Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды: еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі калыптасты. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың - егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі еді. Бірақ, энеолитте бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Өйткені теселі егіншілік адамды тамақпен толық камтамасыз ете алмады. Сондықтан бұл тайпалардың мал шаруашылығымен де, аң және балық аулаумен де айналысуына тура келді. Ал мал шаруашылығымен шұғылданғандардың көп бөлігі егіншілікпен мүлдем айналыспады. Мал бағу егіншілікке карағанда өнімді көп беретін. Мыс-тас ғасырының ескерткіштері. Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші - Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды. Үйлердің кабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ортасына ошақ орнатылған. Қазба жұмыстары барысында тастан жасалған кұралдар - садактың ұштары, найзалар, пышақтар мен балталар табылды. Сүйектен жасалған ине, біздер және қыштан жасалған бұйымдар да ұшырасты. Жылқы сүйектері өте көп табылды. Ботайлықтар жылқы малын қолға үйреткен. Энеолиттік ескерткіштер Маңғыстау жерінде де табылды. Шебір елді мекені маңынан тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған. Шебір тұрағының тұрғындары теңіз моллюскаларының қабықтарын моншақ етіп таққан. Шебірліктер негізінен аң аулаумен айналысқан.
2. Әбу Насыр әл-Фарабидің екінші ұстаз аталуының мәнін түсіндіріңіз және атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталыңыз.
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) Отырар (Фараб) ойшылдарының ішіндегі ең атақтысы, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған тұлға. Әл-Фарабидің «әлемнің екінші ұстазы» аталуының екі себебін атап көрсетуге болады: біріншіден - ежелгі гректердің ғылыми мұраларының көпшілігі араб аудармалары арқылы ортағасырға жеткені мәлім, соның ішінде грек ғалымы,философы Аристотельдің еңбектерін, ондағы идеяларды әл-Фараби еңбектері арқылы ғана түсінуге болады. Ол, ең алдымен, грек ғылымын, оның философиясын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн-Халиканның айтуына қарағанда, Әл-Фараби Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, «Риторикасын» екі жүз рет оқып шығыпты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген. Екіншіден –Аристотель өзінің жан-жақтылығымен танымал және ғылыми білімдерді жеке-жеке салаларға бөлген ғалым ретінде белгілі болса, әл-Фараби де философ, музыкант, математик ғалым ретінде дүниеге көзқарасы жағынан өз заманының озық ойлы адамы болды. Яғни, ғылымға қосқан үлесі мен еңбегі жөнінен көптеген замандастары мен одан кейінгі ұрпаққа үлгі, бағдаршам болып келеді. Ибн Хаукаль өз еңбегінде әл-Фараби жайлы: «Ол –аса ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ» деп баға берген.
Әл-Фараби мұралары: Әл-Фараби ғылымды өз бетінше зерттеп, үлкен табыстарға жеткен ұлы тұлға. Ол метафизика, тіл білімі, логика, география, этика т.б. ғылым салаларын қамтитын 160-қа жуық трактаттар жазып қалдырған. Педагогика, психология, эстетика мен музыка, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Аристотельдің еңбектерін зерделей отырып, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары»,«Бақытқа жету»,«Ақындықтың мәні туралы» т.б. философиялық туындылар жазған. Әл-Фараби музыка саласында да «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка ғылымы туралы пікірлер» т.б. іргелі еңбектер жазған. Бірқатар музыкалық аспаптарды жетілдірген. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында ізгі мемлекеттің болуы, ондағы халықтың жағдайы басшысына байланысты деп, қоғамды қалай басқару керек деген мәселеге көңіл бөлген. Әл-Фарабидің логика мен медицина, ғарышнама мен анатомия,философия, заң ғылымы сияқты ғылым салаларына қосқан жаңалықтары әлемге әйгілі.
3.1920-1924 жылдары Қазақ АКСР-ң құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картаға белгілеңіз.
1920 жылы 4 қазанда Қазақ АКСР-і құрылды. Қазақ жерінің байырғы жерін бір республикаға біріктіру мақсатында арнаулы комиссия құрылып, республиканың шекарасын белгілеумен айналысты.
1920жылы 22 қыркүйекте БОАК жаңа декретпен Қазақ АКСР құрамына Орынбор губерниясын қосты. Декрет бойынша Қазақ АКСР құрамына- Семей, Ақмола,Торғай, Орал облыстары, Маңғыстау уезі, Закаспий облысындағы Красноводск уезіндегі 4,5 Адай болыстары, Астрахан губерниясының Синеморье болысы, Бөкей Ордасы, бірінші және екінші Приморский округының қазақтар қоныстанған аймақтары енгізілді. Қазақ АКСР-нің қарамағында 1920 жылғы дерек бойынша 1871239 шаршы версті(1,07км) құрады. Бірақ қазақ жерін аумақтық жинау Қазақ АКСР-нің құрылуымен аяқталмады. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан АКСР-і құрамында, Семей мен Ақмола облыстары Сібір ревкомының қарамағында болды.
1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан Қазақ АКСР-не берілді. Сондай-ақ Ертіс пен Жайық бойындағы казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақтарға қайтарылды.
1924 жылы Орта Азиядағы кеңестік республикаларды ұлттық-аумақтық межелеу нәтижесінде Қазақ АКСР-і құрамына 1млн 468 мың халқы бар Сырдария (Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент, уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі) Самарқан облысы, Жизақ уезінің қазақтар тұратын болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Орынбор губерниясы Қазақстан құрамынан шығарылды. Республика аумағы 1/3-ге кеңейіп, 2,7 млн шаршы шақырымға жетті. 1925 жылы Кеңестерінің бүкілқазақстандық V съезінде, Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і деп өзгертілді.
6-Билет
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан.
Ғұндар мен монғолдарың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілерін анықтаңыз.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткен тармақтарын және ортағасырлық қалаларды белгілеңіз.

Жауабы:
1.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан.
Бірінші дүниежүзілік соғыс екі әскери-саяси топтарға жіктелген елдердің экономикалық және қоғамдық жағдайын шиеленістіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар шалғай жатқан Қазақстанның да дамуына зардабын тигізді. Ең алдымен өзінің шаруашылық ерекшеліктеріне қарай өлкенің майданды және елді шикізат, азық-түлікпен қамтамасыз етудегі рөлі мейлінше күшейді. 1914-1916 жылдардың арасында тек Түркістан өлкесінен 2 089 мың тонна мақта, үш жүз мың пұт ет, жетпіс мың жылқы, он үш мыңға жуық түйе, тіпті он төрт мыңға жуық киіз үй алынған. Соғыстың бірінші жылында тек Жетісу облысынан майдан мұқтаждығына жіберілген мал мен мал шаруашылығы өнімдерінің құны отыз төрт миллион сомға жетті.
Соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі – шаңырақ салығының көбеюі. 1914 жылы қазақтардан жиналатын осы әлеуметтік ауыртпалықтың мөлшері 600 мың болса, 1917 жылға қарай 1 миллион 200 сомға ұлғайды.
Соғыстың ауыр зардаптары сонымен қатар шаруашылықтың әр салаларында айқын байқалды. Әсіресе кен өндірісі, Қазақстанның орталық аудандарындағы көмір, батыста мұнай өндіру құлдырап кетті. Ембі (Жем) өңірінде мұнай өндіру соғыстың бірінші жылының өзінде 265 560 тоннадан 1915 жылы 80 мың тоннаға дейін кеміп кетті.
Еске алатын бір жағдай, соғыстың қанды шайқастары мыңдаған адамдарды жалмап, аз да болса өндірістік мамандығы бар онсыз да саны аз маман жұмысшылардың майданға аттануын қажет етті. Бұл жағдай дамып келе жатқан өндіріс орындарында кәсіпқой жұмысшылар үлесінің күрт төмендеуіне себепші болды.
Соғыстың тауқыметі еңбекшілердің хал-ахуалынан ерекше байқалды. Әсіресе XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында шетелдік капиталистердің бақылауында болған өнеркәсіпте жұмысшылардың жағдайы мейлінше ауырлады. Ешқандай бақылау болмаған, әсіресе ауыр қара жұмысқа пайдаланылатын өндіріс орындарында жұмыс мерзімінің ұзақтығы 12-14 сағатқа созылды. 12-14 жастағы жеткіншектердің еңбегін қанау үйреншікті іске айналды. Күніне еңбегі үшін төленетін 20 тиын олардың не тамағын немесе басқа қажетін қанағаттандыруға жетпейтін.
Соғыс кезіндегі қымбатшылықтың артуы әсіресе қаладағы өндіріс орындары жұмыскерлерінің хал-жағдайын тым төмендетіп жіберді: ұнның бағасының тіпті 70%-ға, қанттың – 50%-ға, сабынның 200%-дан астам қымбаттауы, сонымен бірге күнделікті өмір қажетін өтейтін бұйымдардың қымбаттауы еңбекшілердің наразылығын туғызды. Қоғамдық дағдарыс біртіндеп әлеуметтік тартысты да тереңдетті.
2.Ғұндар мен монғолдарың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілері.
Екеуіне де ортақ белгілер:
Екеуі де әскери жүйе бойынша 3 әкімшілік аймаққа бөлінген. Олар: Оң қанат, Сол қанат және Орталық қанат. Әскерлері түмендерге бөлініп, әр түменде 10 мың атты әскерден болды. Әр түмен мыңдықтарға, жүздіктерге, ондықтарға бөлінді. Екеуіде соғыс кезінде тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолданған. Екеуінің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды. Екеуі де көшпелі халық. Екеуі де басқыншылық бағытты ұстаған далалық күшті атты әскерлі империяға айналды. Олардың жақсы ұйымдастырылған, қатаң әскери тәртіпке бағынған тұрақты әскері болған. Мемлекеттің ішкі- сыртқы күрделі мәселелерін шешуде олар осы әскер күшіне сүйенеді. Мемлекетте әскери шен жүйесінің құрылуы (бас қолбасшы, қолбасшы, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы), азаматтардың бәрінің бірдей әскер қатарына шақырылуға міндетті болуы, шақырылғандардың әскери бастықтарына сөзсіз бағынуы, әскердің үнемі жауынгерлік рухта болуы үшін жүйелі әскери жаттығулардың жүргізіліп тұруы – бәрі бұл екі мемлекетке ортақ.
Сонымен қатар бұл мемлекеттерде беделді және халыққа аса танымал батырлардың болғаны рас. Әйтпесе, қаншама соғыстар мен қорғаныстарда батырлардың арқасында жеңіп шығатыны белгілі.
3.Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткен тармақтарын және
орта ғасырлық қалаларды белгілеңіз.
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтардан басталып, Италияның Рим қаласымен аяқталады.
Жетісу жерінен Шығысқа шығатын Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған.
1. Оңтүстік-батыс Жетісу бағыты: Тараз – Алматы – Шелек – Сүмбе- Жаркент арқылы шығысқа шықты.
2. Солтүстік-шығыс бағыт: Алматы –Қапшағай –Шеңгелді – Алтынемел- Дүнгене – Қойлық қалаларын басып өтіп, Алакөл жанымен Жоңгар қақпасы арқылы Қытайға шықты.
3. Үшінші бағыт: Тараздан шығып Сарқан жері арқылы – солтүсік-шығыс Қазақстанға бет алады. Бұл жол Құлан – Хантау – Балатопар- Айнабұлақ бекеттерін басып өтеді.
Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын қақпасы. Жібек жолы Жетісу арқылы тартылған бағыттармен Таразда түйісіп, Испиджабқа келіп екі тармаққа бөлінеді.
1. Отүстік-батыс бағыт: Испиджаб- Шаш –Самарқан – Бұхара қалалары арқылы Батысқа шығады.
2. Екінші бағыт: Испиджаб–Шымкент –Отырар – Түркістан – Сауран – Сығанақ –Баршынкент. Баршынкенттен жол екіге бөлінеді, біріншісі –Хорезмге бағытталды, екіншісі – Жанкент –Арал теңізінің солтүстігі- Каспий теңізінің солтүстік-шығысы арқылы батысқа бет алды.
Отырар – керуен жолдары торабында орналасқан қала. Отырардан шыққан бір жол – Шауғарға, екіншісі – Васидж қаласына барған. Васидждан шыққан жол –Сырдың бойымен жоғары өрлеп –Сүткент арқылы Шашқа, екнішісі төмен қарай – Жент қаласына жеткен.
Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалардың дамуына әсері:
Қазақстан аумағындағы қала мәдениеті дамуының екінші кезеңі (ІХ-ХІІІ.ғ.)қала өмірінің ең қарқынды өркендеуімен сипатталады. Бұл ретте жаңа дін –ислам мен Ұлы Жібек жолының бойымен жүрген сауда-саттық басты рөл атқарды. Ұлы жібек жолының бойындағы қалалар қазақ халқының құрамына кірген түрік тілдес ру-тайпалардың отырықшы ел болуына, тұрақты мекен-жай салып, қоныстануына зор пайдасын тигізді.
7-Билет
XІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі
Геродоттың «Тарих» пен Страбонның «География» еңбектеріндегі деректердің ұқсастығын талдаңыз.
Жошы ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.

Жауабы:
1.XІХ ғасырдың 50-жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі
XIX ғасырдың ортасы Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды отарлауын кеңейтуіне қарсы, сонымен қатар Хиуа хандарының өктемдігіне қарсы бағытталған антифеодалдық ірі көтерілістерімен белгілі болды. Қазақ елді мекендерінен жиналатын көптеген алымдар онсыз да кедей елдің жағдайын қиындатып жіберді. Оған қоса, Хиуа феодалдарының өздерінің саяси ықпалын күшейтуге тырысуына қазақтар қарсылық көрсетті. Сонымен қатар Хиуа ханының ұлы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында көптеген қамал тұрғызуы - халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің тууына себеп болды.1843 жылы халық қолдауымен Жанқожа батыр Хиуа бекінісін құлатты. 1845 жылы оның қолы жақсы қаруланған екі мыңдай хиуалықтарды жеңіп шығып, батырдың даңқы үш жүзге тарады.
Хиуа ханы Жанқожа батырдың өсіп келе жатқан даңқ-беделінен қауіптеніп, ескі әдісті колдануға көшті. Батырға оның Кіші жүз ішіндегі саяси қарсыластарын айдап салды. Хиуалықтар бұл аймақта орыс әскери бақылау пункттерін салуға қарсылық білдірді. 1847 жылы Хиуаның Райым бекінісін жойып жіберуге тырысқан әрекеті сәтсіз аяқталды. Қазақтарды құнарлы жерлерінен біртіндеп ығыстыру саясаты көтерілісшілердің қатарын көбейтті. 1856 жылдың жазында Жанқожаның қасына екі мыңдай қарулы топ жиналды. Жаңақала ауданы көтерілісшілердің ошағы болды.
Көтеріліске Арал теңізі маңындағы көшпелі ірі рулар: кішкене шектілер, шөмекейлер, төртқаралар, қарасақалдар, және т.б. белсене қатысты.
1856 жылы желтоқсанның аяғында батырдың батыл қимылының арқасында Қазалы порты қоршауға алынды. Көтерілісшілер мен Булатов басқарған топ арасында қарулы қақтығыс басталды. Жанқожа басқа да жасақтардың қолдауына сүйену үшін, отаршылдыққа қарсы қозғалыс басшыларының бірі Есет Көтібарұлына сенімді өкілін жіберді.
Патша үкіметі күштерді біріктірмеу үшін, генерал- майор Фитингоф басқарған ірі топты қарсы жіберді. Казактар майор Булатовтың жазалаушы отрядымен қосылып үлгерді. Сөйтіп саны және қару-жарағы жағынан қазақ батырларының күшінен асып түсті, ал Жанқожа батырдың сол кезде мыңдай ғана сарбазы бар еді.
1856 жылы Жанқожа батырдың туы астында 1500 адам, 1857 жылы - 5 000 адамға дейін болды. Жанқожа көтерілісі тек 1860 жылы жаншылды. Патша әскерлерінің ізіне түсіп қуғындауы Жанқожаны Арал маңынан бірте- бірте шегінуге мәжбүр етті.
2.Геродоттың «Тарих» пен Страбонның «География» еңбектеріндегі деректердің ұқсастығын талдаңыз.
Геродот- грек тарихшысы. Б.з.б.484-425жж. өмір сүрген. Геродоттың «Тарих» еңбегі б.з.б.Vғ. 40-30жж. жазылған.
Страбон-грек тарихшысы және географ. Б.з.б.64- б.з.24жж. өмір сүрген. Еңбегі- «География».
Ұқсастықтары:
Екі автор да ежелгі грек тарихшылары, сондықтан олардың еңбектеріндегі ұқсастық та заңды.
1.Скиф атауы туралы: Геродот сақтарды – азиялық скифтер деп атайды, Страбон- «дай, сақ, массагеттен басқаларын ортақ атпен скифтер дейді» деп жазады.
2.Екі автордың да еңбектерінде – сақ, массагет тайпалары жайлы және олардың географиялық орналасуы көрсетіледі. Геродот, массагеттерді Каспий теңізінен шығысқа қарай, Сырдарияның (Аракс) арғы жағына орналастырады. Страбон да «Скифтерді Каспий теңізінен бастап, көбіне –«дайлар» деп атайды. Олардың шығысында орналасқан тайпалар массагеттер мен сақтар» деп көрсетеді.
3.Геродот пен Страбонның еңбектерінде сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы соғысы баяндалады. Геродот: «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, семсер және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі» деп сипаттаса, Страбон: «Массагеттер Кирге қарсы соғыста өздерінің ержүректілігін көрсетті, оларды көпшілік мақтайды» деп жазды.
4. Екі автордың еңбектеріндегі массагеттердің өмір салты, тұрмысы, наным-сенімі жөніндегі ақпараттар өте ұқсас деуге болады.
Геродот: «Массагеттердің киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас.
Олар егін екпейді, үй малдарын және өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді.» деп жазса, Страбон: «Жазық жерде тұрғанмен, олар егіншілікпен айналыспайды, көшпелілер. Скифтер сияқты малшылықпен және балық аулаумен күн көреді» дейді.
5.Геродот пен Страбонның еңбектерінде массагеттердің әскери өнері туралы мәліметтер де ұқсас болып келеді. Геродоттың айтуынша: «Олар ат үстінде және жаяу да соғыса береді. Соғыстың екі тәсілін жетік меңгерген. Найза, қылышпен қаруланған, садақты жақсы атады, бәрі шетінен құралайды көзінен тигізетін мерген келеді десе, Страбон: «Олар ат құлағында ойнайды және тамаша жаяу жауынгерлер; садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киеді» деп жазады.
6. Массагеттердің сауыт-сайманы, қару-жарағы туралы деректер:
Геродот: «Олардың найзасының ұшы, жебе және қылышы мыстан жасалған, баскиімдері мен белдіктері, ер-тұрмандары алтынмен әшекейленген. Сонымен қатар, олар аттардың сауытын да мыстан жасайды. Темір мен күмісті пайдаланбайды, себебі бұл металдар олардың елінде өте аз, ал алтын мен мыс керісінше өте көп» деп жазса, Страбон: «Шайқас кезінде алтын белдік тағады, аттың ауыздығы мен ер-тұрмандарын алтыннан жасайды. Күміс олардың елінде болмайды, темір аз, бірақ мыс пен алтын көп кездеседі» дейді.
7.Массагеттердің наным-сенімі туралы ақпараттар:
Геродот: «Құдайлардың арасынан күнге табынады, оған жылқыны құрбандыққа шалады. Бұл құрбандықтың мәні: «құдайлардың жүйрігі күн болса, жануарлардың жүйрігі жылқы»- дегенге саяды» деп жазады.
Страбон: «Құдай деп олар күнді есептейді және жылқыны құрбандыққа шалады» деп көрсетеді.
3.Жошы ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
Жошы ұлысы. Жошы – Шыңғысханның үлкен баласы. Оның ұлысына шығысы Ертіс өзенінен батысы Еуропа жерлеріне дейінгі ат тұяғы жететін жерлердің барлығы қарайтын болды. Көрсетілген жерлердің ішінде қазақ жерінен бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ жері, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік-шығыс бөліктері қарады. Ұлыстың орталығы кейбір дректергеқарағанда, Ертіс бойында деп жазылса, ал басқа бір деректерде Сарысу мен Кеңгір өзендерінің құйылысында делінеді. Шамасы, соңғы дерек шындыққа жақын. Өйткені, Жошының күмбезі осы өзендердің бойында тұр.
8-Билет
Алғашқы адамдардың діни көзқарастарының қалыптасуы.
Астананың Ақмолаға көшірілуінің тарихи маңызы.
Үгедей ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.

Жауаптары:
1.Алғашқы адамдардың діни көзқарастарының қалыптасуы.
Ертедегі адамдар табиғаттан бөлініп шыққаннан кейін, қоршаған табиғаттан өздерінің қандай айырмашылықтары бар екенін түсінбеді. Олар өсімдік пен жануарлардың түрлерін, іздері мен кылықтарын айыра алғанымен, көптеген нәрсені түсіндіре алмады. Дауыл қайықты аударып, балықшылар мерт болғанда, найзағай баспанаға түсіп, үйлер өртенгенде, адамдар оның себебін білмей аң-таң болған. Әрине, бұл құбылыстардың бәрінің табиғи себептері болғанымен, адамдар оның себептерін білмеген. Діни түсініктердің пайда болуын біз неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқаймыз. Олар өлген адамын белгілі бір ғүрыппен жерлеген. Адамды ұйықтап жатқан сияқты бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салған. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінген. Содан соң жерленген адам маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған. Өте ерте заманғы жерлеу ғүрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Қызыл түс қанның түсі. Ал қан жанмен байланысты екенін ертедегі адамдар білген. Мұндай сенімді анимизм дейді. Ең көне сенімге тотемизм де жатады. Адамдар өздерін белгілі бір жануардан таралдық деп есептеген. Мысалы, киік, бұғы, жолбарыс т.б. Сол аңдарды ата тегіміз деп сыйынған. Адамдар табиғаттың дүлей құбылыстарынан өздерін сақтау үшін әр түрлі тылсым әрекеттер де жасаған. Мысалы, құлшылық етіп сыйынған, құрбандық шалған, билеген, жалбарынған, қорғайды деп тұмар таққан. Осының бәрін магиялық әрекеттер дейді. Адамдардың түсінігі бойынша, жер мен судың, орман мен таудың иелері болған. Сондықтан оларға кұрбандық әкеліп тұруға тырысқан. Табиғаттан тыс күштер әлемді билеп тұрады, олар үрлесе, дауыл тұрады, қаласа, аңдар басқа жаққа ауып кетеді деп сенген. Адамдар оларды әруақтар (рухтар), ал орасан зор күш иесін қүдайлар деп атаған.Адамдардың наным-сенімі кәсіптің түріне тәуелді болды. Егіншілер егіннің, малшылар табынның өз құдайлары болады деп есептеді.
2. Астананың Ақмолаға көшірілуінің тарихи маңызы.
Жаңа астана туралы бастаманы президент Н.Ә.Назарбаев көтерді.1995жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» Жарлығы бойынша, ел астанасы Ақмолаға көшетіндігі туралы шешім қабылданды.1997 жылы 10 желтоқсан Президенттің Жарлығымен және Парламенттің қаулысымен Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.1997 жылы астана Ақмолаға көшірілді.1998 жылы маусымда салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Астананы ауыстырудың аса салмақты экономикалық, демографиялық, саяси себептері болды. Біріншіден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындады. Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразия құрылығының орталығы болып табылады. Екіншіден, қауіпсіздік мәселесі де еске алынды.Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің ортасында орналасуы тиіс. Үшіншіден, Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ақмола еліміздің географиялық орталығында, тоғыз жолдың торабында орналасуымен экономиканы басқаруға да, коммуникациялық байланыстарды жүзеге асыруға тиімді. Халық пен өндіргіш күштердің республика аумағы бойынша бір жақты орналасуын біртіндеп түзеу, солтүстік пен орталық өңірлерде шетелдік тың жаңалықтарды, өндірістерді, озық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды әрі өңдеуші ауыл өнеркәсібінің кең желісін қауырт өркендету іс жүзінде мүмкін болады. Бұл Қазақстанның өнеркәсіптік даму деңгейін арттырмақ, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға және жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Төртіншіден, Қазақстанның солтүстігінің экономикасын көтеріп, демографиялық ахуалды ұлт мүддесі тұрғысынан оңды бағытта өзгертуге қызмет етеді. Кеңестік дәуірдегі астаналар: Орынбор- 1920-1924жж, Қызылорда-1924-29жж., Алматы-1929-1997жж.
3.Үгедей ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
Үгедей ұлысы. Үгедей – Шыңғысханның үшінші баласы. Оған Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қараған. Ол ұлы хан атағын алғаннан кейін Орхонда, Қарақорымда тұрған.
9-Билет
Сібір қазақтары туралы Жарғы.
Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар.
Қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістердің болған уақытын дұрыс реттік жүйемен кестеге толтырыңыз. (Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс, К.Қасымұлы, Ж.Нұрмұхамедұлы, С.Датұлы, Бөкей Ордасындағы көтеріліс)
27209751206500
27209751206500
27209751206500
27209751206500
Жауабы:
1. Сібір қазақтары туралы Жарғы. Мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдын бірінші жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған Сібір қазақтарының Жарғысы елеулі рөл атқарды. Бұл реформаның тарихи алғышарттары Қазақстандағы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қалыптасқан әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты. Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билеу жүйесінін әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген қазақ хандары патша өкіметінің билеп-төстеу саясатына ойдағыдай қарсылық ұйымдастыра алмады. 1781 жылы Орта жүз ханы Абылайдың дүние салуына байланысты таққа отырғызылған оның үлкен ұлы Уәлидің катыгездігі халықтың наразылығын туғызды. 1815 жылы патша үкіметі оған қосарлап екінші ханды -Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін кажет етті. Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийдің декабристермен жасырын байланыста болған Г. С. Батеньковтың мәлімет-кеңестеріне сүйене отырып дайындалған "Жарғының" басты мақсаты -Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету еді. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл - 50-70 шаңырақтан, болыс - 10-12 ауылдан, округ - 15-20 болыстан құралды.
Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том және Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, ал 1839 жылы Омбы болды. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге жіктелді. Бұлар - Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аякөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарағай (1834 ж.), кейінгі 40-50-жылдарда қүрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері еді. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Сөз жүзінде округті билеу аға сұлтанның қолына берілсе де, патша өкіметінің іс шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізуі, сол аға сүлтандардың рөлін әлсіретіп, оларды сырттай бақылап отыруға мүмкіндік жасады. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор әскери шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтанды хан сияқты ақ киізбен көтеретін. Біртіндеп аға сұлтан бар болғаны Омбы облыстық басқармасының сойылын соғушы отаршылдық биліктің тірегіне айналды. Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс сайлау мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыс сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнын інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы басатын. Болыстық сүлтандар Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша 12-класқа жататын шенеуніктерге теңелді.
Ауыл старшындары да аға сұлтан секілді үш жыл сайын сайланатын. Болыстық сұлтандарға бағындырылған болыстық старшындар құқықтары жөнінен Ресейдегі селолық старосталармен теңестірілді.
"Жарғы" бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту. Қылмыстық істер империя заңдары негізінде округтік8616950-252730008702040-344170008735695-402590008775065-457200008857615448691000886650565849500 приказда каралды. Істі алдын ала тексеруге қазақ биімен қатар бір орыс шенеунігі қатыстырылды. Қазақтардың талап етуі бойынша қаралатын істер жергілікті ескі заң бойынша шешілетін. Округтік приказ шешімдерді қайта қарауға құқылы болды.
Кейін Сібір казақтарын билеу Шекаралық басқармаға жүктелді. Оның төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылатын. Шекаралық басқарма Батыс Сібір губернаторына бағындырылды, оның төрағасы шетелдермен келіссөз жүргізу қүқығына ие болды. Жалпы алғанда, 1822 жылғы "Жарғы" Қазақстанның бай өлкесін шаруашылық жағынан игеруге қолайлы алғышарт жасады; екіншіден, патшалы Ресейдің отаршыл саясатын кеңейте түсуге жол ашқаны тез арада байқалып қалды.
2.Адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөніндегі көзқарастар. Ол туралы өзіңнің жеке көзқарасың? Қай пікірді қолдайсың?
Бүгінде адамзат баласының Жер бетінде пайда болуы жөнінде көптеген көзқарастар бар. Көзқарастарды үш топқа бөлуге болады. Біріншісі –діни, идеалистік жолмен түсіндіру. Бұл ұғым бойынша, дүниені, соның ішінде адамды, құдай жаратты деу. Екіншісі – әсіресе кейінгі кезде көп айтылып жүрген әлемдік гумоноидтар жөніндегі көзқарас. Ол бойынша, адам баласы Жер бетіне басқа ғаламшардан келген. Үшінші пікір – адамзат баласы жер бетіндегі бүкіл тірі жәндіктер сияқты, ұзақ және біртіндеп дамудың нәтижесінде пайда болып, қалыптасқан дегенге саяды.
Ч.Дарвиннің ілімі бойынша, бүкіл жанды дүниенің, өсімдіктердің пайда болуы, тарихи дамуы қарапайымнан күрделіге қарай, дамудың төменгі сатысынан жоғарыға қарай жүріп отырған. Адамзат баласының пайда болып, қалыптасуы және дамуы жөніндегі пікірлердің ішіндегі осы эволюциялық теория бүгінде көп талқыланатын көзқарас саналады. Дегенмен қазіргі заманғы ғылымның дамуы, ғалымдардың зерттеулері бұл теорияға күмән туғызып отыр. Адамдар бұл мәселелерге өзіндік жеке көзқарас тұрғысынан баға береді.
3.Қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістердің болған уақытын дұрыс реттік жүйемен кестеге толтырыңыз. (Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс, К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс, Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған азаттық күрес, С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі, Бөкей Ордасындағы көтеріліс)
С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі
27209751206500
Бөкей Ордасындағы көтеріліс
27209751206500
К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
27209751206500
Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған азаттық күрес
27209751206500
Маңғыстау түбегіндегі көтеріліс
10- Билет
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы.
«Қозғалыс», «ұйым», «партия» үғымдары. Қозғалыстың партиядан қандай ерекшеліктері бар? «Нұр Отан» және «ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы). Құрылған уақытын, алдына қойған мақсатын, сипатын салыстырыңыз.
ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
Інжу Вақфтық жерлер Сойырғал, иқта Шаруалардың мүліктік жерлері Жауабы:
1.Алтын Орда мемлекетінің құрылуы. Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы ірі мемлекеттердің бірі. Жошы ханның баласы Батый ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекет болды. Орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай-Батуда болса, кейін Сарай-Берекеге көшірілген. Алғашқы кезде Алтын Орда деген ұғым болмаған. Орыс деректерінде бұл атау тек ХVI ғасырдың аяғында пайда болған. Шыңғысхан және оның ұрпақтары туралы жазылған «Шыңғыснама» шежіресі сақталған. Осы шежіреде мынадай аңыз бар. Шыңғысхан Жошы ханнан туған өзінің Батый, Ежен, Шайбани деген үш немересіне алтын босағалы «Ақ орда», күміс босағалы «Көк Орда», болат босағалы «Боз Орда» тіккізген. Алтын босағалы ордаға Батыйды кіргізіп, Жошының орнына хан сайласа керек. «Алтын Орда» деген атау осыдан шыққан тәрізді. Сөйтіп Жошы ұлысының орнына алтын босағалы Ақ Ордаға кіріп, таққа отырған Батыйдың басқаруымен Алтын Орда мемлекеті құрылған.
Жазба деректерде басқа да түсініктер бар. Бір деректерде Жошы ұлысының қарамағындағы жерлер ғана «Алтын Орда» деп аталса, ал екіншісі бір деректерде Батый хан мен оның мирасқоры Беркенің иелігіндегі Еділ бойы мен Кавказдың терістік жағын «Алтын Орда» деп аталған. Жалпы «Алтын Орда» болып аталғанымен, оның өзі жеке-жеке ұлыстарға бөлініп жатқан. Олардың арасында байланыс өте нашар болған.
Батый хан-Алтын Орданы құрушы монғол ханы. 1227-1255 жылдары Алтын Орданы билеген.
Мұсылман деректерінде Батый хан әділ адам болғандығы айтылады. Ол мұсылман елдеріне қамқорлық жасап, оларға мешіт салдырып, діни-әдет ғұрыптарды жүргізуге көмектесіп отырған. Соңдықтан да ол мұсылмандардың ең жақын қамқоршысы деп есептелген. Парсы тарихшысы Жунейни Батый ханның әділдігі туралы былай деп жазған: «Оның ордасына саудагерлер барлық жерлерден келіп жатты. Олар түрлі тауарлардың барлығын алғызып, оның үстіне бағаны артығымен төлетіп отырған».Ал орыс жылнамаларында Батый ханның Алтын Орданың экономикалық қуатын арттырып, қалалық өмірдің жандануына ерекше көңіл бөлгені айтылады.
2.«Қозғалыс», «ұйым», «партия» ұғымдары. Қозғалыстың партиядан қандай ерекшеліктері бар? «Нұр Отан» және «ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы). Құрылған уақыты, алдына қойған мақсаты, сипатына салыстыру жасаңдар.
Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени саланың біреуіне байланысты көзқарастарын білдіретін бірлестіктер. Олар қоғамдағы белгілі-бір проблеманы шешу үшін құрылып, сол проблема шешімін тапқан жағдайда өз жұмыстарын тоқтатуы мүмкін. Ал, ұйым кей жағдайда өзге мәселені көтеру үшін жұмысын жалғастырып немесе партия болып қайта құрылады. Партия –саяси ұйым, оның мақсаты билікке қол жеткізу. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші буын қызметін атқара алады.Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.
«ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы)- Қазақстан Коммунистік партиясының ыдырауы нәтижесінде құрылды. ҚХКП-ға ҚКП-дан 15 мың адам мүшелікке өтті. 2004 жылы сәуірде ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. Партияның мақсаты –қоғамда шынайы халық билігін, терең адамгершілік, еркіндік және ғылыми-техникалық жаңғыру негізінде дамыған экономика, әлеуметтік әділеттілік орнату.2012жылғы мәжіліс сайлауында 7 мандатты иеленді. Сипаты –халықтық-коммунистік, коммунизм идеясына адалдық таныта отырып, нақты жағдайда әлеуметтік әділетті қоғам құруға қол жеткізуді мақсат етеді.
«Нұр-Отан» Халықтық-демократиялық партиясы құрылып, оның құрамына «Қазақстанның азаматтық партиясы» мен «Қазақстанның аграрлық партиясы» және «Асар» партиясы кірді. Мақсаты- Қазақстанның дамуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Партия қоғамдық институттар мен мемлекеттік органдар күшін біріктіріп, әлемдік экономикалық дағдарыстың әсерін болдырмау, дағдарыстан кейін де дамуды қамтамасыз етуді көздейді. 2013ж. қазанда «Нұр-Отан» партиясының ХVсъезі болып өтті. Съезде- «Нұр-Отан» партиясының саяси доктринасы «Нұрлы болашақ жолында» қабылданды. Сипаты- халықтық-демократиялық, халықты өзін-өзі басқаруға қатыстыра отырып, қоғам мен мемлекет арасында үйлесімді қатынасқа қол жеткізу.
3.ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
Інжу Шыңғыс ұрпақтарының жасау ретінде алған жерлері.
Вақфтық жерлер Дін иелерінің жерлері
Сойырғал, иқта Әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға адал қызмет істегендерге берілген жерлер
Шаруалардың мүліктік жерлері Отырықшылық аудандардағы егіншілік жерлер
11-Билет
С.Датұлы бастаған көтерілістің алғышарттары мен себептері.
Адам баласының биологиялық даму эволюциясы мен әлеуметтік ұйым формалары қалыптасуын сәйкестендіріңдер. Эндогамия, экзогамия деген ұғымдарды ажыратыңдар.
Қыпшақ мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.
Жауабы:
1.С.Датұлы бастаған көтерілістің алғышарттары мен себептері
XVIII ғасырдың 70 – 80-жылдары елдің экономикасына кіші жүздегі хандық биліктің әлсіреуі, орыс помещиктерінің, Жайық казак әскерлерінің зорлық-зомбылығы, ішкі өзара тартыс халықтың жағдайына нұқсан келтірді. Шекаралық істер комиссиясы да патша үкіметінің нұсқаулары жүзеге асуын қамтамасыз етуді бақылады. Казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысымы, алауыздықтың күшеюі, кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді. Көшпенділердің жайылымдарын өз қалауынша бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы ханның салық саясатының да зардапты салдарларының болғандығын атап өткен жөн. Осындай жағдайда тарихи аренаға Пугачев қозғалысына қатысушы, батыр, шешен Сырым Датұлы шықты. Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы үн қосты. Көтерілістің басты қозғаушы күші –қазақ шаруалары, старшындар, билер, ру басшылары болды. Сырым батырдың соңынан ерушілердің саны туралы нақты мәлімет жоқ. Жалпы алғанда көтерілісшілер саны 3 500 адам деп айтады. Бірақ көтерілісшілер санының одан көп болғандығы да анықталуда
С.Датұлы бастаған халық қозғалысының алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және казактарға қарсы соққы беру болды.
2.Адам баласының биологиялық даму эволюциясы мен әлеуметтік ұйым формалары қалыптасуын сәйкестендіріңдер. Эндогамия, экзогамия деген ұғымдарды ажыратыңдар.
Адам баласының биологиялық эволюциясы: австралопитек (б.з.б.2,6 млн жыл), питекантроп(б.з.б.1 млн жыл), синантроп (б.з.б.500-200мың жыл), неандерталь(б.з.б. 200-35мыңжыл), кроманьон (б.з.б. 40-30мың жыл). Адам баласының биологиялық эволюциясы ең соңғы деректер бойынша мынадай жолмен іске асқан. Біздің арғы тегіміз гоминидтер – адам тектес маймылдар. Солардың ең бір жақсы зерттелген өкілі –австралопитектер.
Олар тек Африкадан табылған, бұдан 6-1 млн жылдар бұрын өмір сүрген. Осы австралопитектердің кейініректегі (2,8- 2,4млн жыл бұрын) түріне хомо хабилис деген атау берілген. Бұл «қабілетті адам» дегенді білдіреді. Хомо хабилистер Африкадағы Олдувай шатқалынан табылған. Адамның осы түрімен бірге ең алғашқы кездегі тас құралдар табылған. Мөлшермен бұдан 2 млн жыл бұрын хомо хабилистен хомо ергастер (әрекетшіл адам) және хомо еректус (тік жүретін адам) дамып шықты. Бұл адамдар бұдан 500 мың жыл бұрынғы заманға дейін өмір сүрді. Соңғы кезеңде бұлар Еуропаның оңтүстігі, Азияның көпшілік аумағына қоныстанды. Көне адам эволюциясындағы бұдан кейінгі түр гейдельберг адамы. Олар б.з.д. 600-150 мың жылдықтар мөлшерінде өмір сүрген. Соңғы көзқарастар бойынша неадертальдықтардың (б.з.д.130-30мыңжылдықтар) бүгінгі адамдардың дамуына тікелей қатысы жоқ. Бұрын бүгінгі адамға ең жақыны деп есептелетін. Мөлшермен бұдан 40-30 мың жыл бұрын Еуропа жеріне келген гейдельберг адамдары бәсекелестік күрес нәтижесінде олардың тұқымын мүлде құртып жіберген.
Әлеуметтік ұйым формаларының қалыптасуы. Ежелгі адамдардың әлеуметтік ұйымы ұзақ даму жолынан өтті. Бірінші формасы – алғашқы адамдардың тобыры. Австралопитек, питекантроп, синантроп адамдары тобыр болып өмір сүрді. Тобыр- өзара қандас туыстас жандардан құралды және де эндогамиялық ұжым болды. Эндогамия дегеніміз- ұжымның ішінде некелік қатынастарға рұқсат беру ғұрпы. Адамдар тобыры ұжым ретінде бірлікте ұзақ өмір сүре алмады, жиі тарап кетіп отырды. Бір тобырдың адамдары екінші тобырға қосылып, нәтижесінде біртіндеп қандас туыстығы жоқ адамдар тобы құрылды. Адамзат баласының ішкі қатынастарында экзогамия ғұрпы пайда болды. Экзогамия дегеніміз- туыстас адамдардан құралған ұжымның өз ішінде некелік қатынастарға тыйым салу ғұрпы. Уақыт өте келе неке тұрақты сипатқа еніп, адамдар ұжымнан рулық қауым сатысына өтті. Бұл әлеуметтік ұжымның келесі бір формасы болды. Ру саналы адамға (кроманьон) сәйкес келеді.
3.Қыпшақ мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.
Хандық биліктің орталығы «орда» деп аталды. Ордада хандық өкіметті билеушілер тұрды. Әскери басқару жүйесі бұрыннан қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша, оң және сол қанат болып бөлінді. Күші беделі басым оң қанаттың ордасы Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласының орнында болса, ал сол қанаттың орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласында орналасты. Әскери басқару жүйесінің екі қанатқа бөлінуі оң қанаттың батыстағы, сол қанаттың шығыстағы билікті мықтап ұстап отыруы үшін жасалған еді.
12 – Билет
1916 жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зиялыларының саяси көзқарастары.
Қазақ қоғамындағы «ақсүйек» және «қарасүйек» ұғымдарының мағынасын түсіндіріп салыстырыңыз.
Қарахан мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.

Жауаптары:
1.1916 жылғы патша өкіметінің жарлығына Қазақ зиялыларының саяси көзқарастары.
Жергілікті патша әкімшіліктің анықтамасы бойынша, қазақ даласында біреуі — жұмысшылар бергісі келмейтін, екіншісі — бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды. Байлар мен ауыл старшындары патша Жарлығын жақтап шықты.
Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымы басқа бағыт ұстанды. Олар қазақтарды Ресей мемлекетінің бодандары, Отанның перзенті деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы: "Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып, мемлекетті қорғауға лайық еді, қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз", — деп жазды. Әлихан Бекейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы өздері қол қойған үндеуде екі баламаны алға тартты: "Бірі — барса, алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды, екіншісі — "бармаймын" деп қарсылық қылса, елге зор бүліншілік келеді.
Қазақ зиялылары өкіметке қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан соң жүзеге асыруды ұсынды. Бұл орайда олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда өз халқының тағдырын жеңілдетуден және ұлттық автономия құрудан үміттенді. Олар: "қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады" деп қауіптенді. «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар", — деп жазды олар 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында. Қазақ халқының либералдық-демократиялық ойшыл өкілдері отаршыл империямен парасатты ымыраластық тәсілін жүргізуді, халықтың амандығын және оның этностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады. Тарих осы бағыттың дұрыс болғанын дәлелдеді.
Ұлт-азаттық қозғалысқа революцияшыл-демократияшыл зиялылардың Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин, С.Меңдешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов сияқты өкілдері де қатысты. Күрес барысында әлеуметтік жанжалдарды шешу де әр түрлі топтардың белгілі бір көзқарастары сынақтан өтті.
2. Қазақ қоғамындағы «ақсүйек» және «қарасүйек» ұғымдарының мағынасын түсіндіріп, құрамын салыстырыңыз.
Дәстүрлі қазақ қоғамының қатаң иерархиялық құрылымы болды: ол ақсүйекке және қарасүйекке бөлінді. Шыңғыс ұрпақтары жоғары үстем топты – ақсүйекті құрады. Сұлтандар жүздер жүйесіне кірмеді, қоғамнан жоғары тұрды. Шыңғыс ұрпақтарының балалары сұлтан лауазымына ие болды, яғни өз құқықтары мен артықшылықтарға ие болды. Хандық таққа қатысты құқық Шыңғыс ұрпақтарында ғана сақталды.Олар халықтың таңдаулы тобы болып қалып, ешқандай міндеткерліктерді (әскериден басқа) алмады. Олар тән жазасынан құтқарылып, билер сотына тартылмады.
Ақсүйекке – қожалар мен сейіттер де жатты. Шыңғыс ұрпақтары оларды Жошы мен Шағатай ұлысында ислам ресми дін болып танылған, ХІVғ. артықшылығы бар топ деп таныды.Сейіттер – Мұхаммед пайғамбардың ұрпақтары. Олар әулие болып есептеліп, өлім жазасына кесілмеді. Қожа –алғашқы араб басқыншылары мен араб миссионерлерінің (VІІІғ.)ұрпақтары. Қожалардың Шыңғыс ұрпақтары мен сейіттерден айырмашылығы – олардың ортақ шежіресі жоқ. Қожаларға күш жұмсауға рұқсат етілмеді. Олар сұлтандар мен сейіттер сияқты тұйық оқшауланған бекзаттық топты құрады. Халықтың барлық қалған бөлігі қарасүйек деп аталды. Бұл қазақ қоғамының негізгі және көп санды бөлігі. Қарасүйек өкілдерінде ақсүйекке қарағанда жекелеген рулар мен тайпаларға бөліну сақталды. Қарасүйектің әр өкілінің қоғамдық жағдайы оның руы мен тайпасының артықшылық деңгейімен анықталды. Қарасүйек қауымының өз арасында бірнеше жоғары саналатын топ бөлінді. Бұлар билер мен батырлар болды. Би-әкімшілік және сот істерін атқарды. Батыр –жеке ерлігі немесе соғыста әскери іс-қимылдарды білгірлікпен басқарғаны үшін берілетін құрметті атақ. Мұндай атақты қоғамның шыққан тегіне қарамай кез-келген еркін мүшесі ала алды. Көшпелілерде сонымен қатар құлдар болды. Шығу көзі –тұтқын және құл саудасы.
3.Қарахан мемлекетінің астаналарын картаға белгілеңіз.
Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып, Шығыс және Батыс - екі иеліктен (хандыктан) тұрды. 1. Шығыс хандық Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістан жерін алып жатты. Орталығы Баласағұн қаласына жақын жатқан Орда (оны Қара Орда немесе күз Орда деп атаған), кейін Қашғар каласы болды. 2. Батыс хандық Мауераннахрды биледі. Орталығы алғаш Үзкент, кейін Самарқан қаласы болды.
13- Билет
Ақпан революциясының Қазақстанға әсері.
Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеуді салыстырып, ұқсастығын анықтаңыз.
Қаңлылардың археологиялық ескерткіштерінің (Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетісасар) орналасқан аумақтарын картаға белгілеңіз.

Жауабы:
1.Ақпан революциясының Қазақстанға әсері.
1917 жылғы ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы, ұлттық-демократиялық қозғалыстың басшылары қуанышпен қарсы алды. Қазақтар патша билігінің құлатылуын құптап, оны өздерінің ғасырлар бойы жүргізген күресінің нәтижесі, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысында алға тартқан мақсаттарының қанағаттандырылуы деп таныды.
Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ә.Бөкейханов Минскіден былай деп сәлем жолдады: "Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін — басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет. Құрылтай жиналысы сайлауына әзірлену керек. Бірлік пен елдік жолында күресіңдер!.."
Ұлт-азаттық қозғалыстың басшылары демократияның, бостандық пен теңдіктің орнатылуына байланысты ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады. Қазақ зиялыларының басым көпшілігі осындай көзқараста болды.
1917 жылғы наурыз, сәуір айларыңда әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Жекелеген қалаларда (Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде, Әулиеатада) қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері пайда болды. Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Қазақстанда да қос өкімет орнады.
Ресейде капитализм дамуының кенже қалып, соның салдарынан буржуазияның қуатты экономикалық және саяси күш болып қалыптаспағанын ескерген Уақытша үкімет реформашыл жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Алайда монархияның қойнауынан шығып, көп жағынан буржуазия мен помещиктердің саяси және экономикалық мүдделерін білдірген Уақытша үкімет Ресейді қайта өрлетудің нысаналы бағдарламасын ұсына алмады. Ол империялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады. 1917 жылғы 20 наурызда ол Ресей азаматтарының белгілі бір дін ұстануына немесе ұлтқа жататындығына байланысты құқықтарын шектеуді жойды. Уақытша үкіметтің бұл шешімі осынау ұлан-ғайыр өңірде ұлттық келісім орнатуға бағытталған еді.
«Уақытша үкімет» бұратана жұмысшы жасақтарын Отанына қайтару туралы шешім қабылдады. Жергілікті жерде демократиялық күштерді топтастыру үрдісі жүріп жатты. Революциялық пиғылдағы жұмысшылар Кеңес арқылы 8-сағаттық жұмыс күнін енгізуге (Верный,Семей, Екібастұз) Кеңестердің бағдарламасына помещиктердің жерін тәркілеу туралы талаптарды қосуға күш салды.
1917 жылғы Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді, ұлт саясаты саласында өзінің жалпы азаматтық мұраттарды-бостандықты, халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді. Сөйте тұра,ол шет аймақтардың халқына ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды, отаршылдық басқару органдарын жоймады. Ол аймақтарда ұлтаралық қатынастарды реттеу жөнінде жалтақ қадамдар ғана жасап, орын алып келген шиеленісті сол арқылы ғана бәсеңдетуді көздеді.
2.Л.Г. Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеуді салыстырып, ұқсастығын анықтаңыз.
Тарихи дәуірлеудің алғашқы нұсқасын жасаған америкалық этнолог Льюис Генри Морган адамзат баласы тарихын –жабайылық, тағылық (варварлық), және өркениеттік (цивилизация) деп үш кезеңге бөлді. Жабайылық кезеңде адамзат қалыптасу үдерісінен өтіп, өзара қатынас құрды – сөйлеу тілі пайда болды, отты игерді, балық аулауды үйренді, садақ пен жебені пайдаланды. Тағылық кезеңде адамзат баласы құмыра жасауды, егін егу мен мал бағуды үйренді, темірді пайдалануды меңгерді. Ал, өркениет кезеңі тарихта жазу-сызу шыққаннан басталады. Л.Г.Морган адам баласы тарихын эволюциялық даму тұрғысынан қарастырып, тарих кезеңдерін материалдық өндірістегі белгілі-бір жетістіктермен байланыстырды.
Адамзат тарихының ең көне дәуірін кезеңдерге бөлуде археологиялық деректер пайдаланылады. Археологиялық дәуірлеу адамзаттың еңбек құралдарын неден жасағанына байланысты бөлінеді. Тас дәуірі (б.з.б. 3млн немесе 2,6 млн - 3мың жылдық)- палеолит (3 немесе 2,6млн -12мың жылдық), мезолит(б.з.б.12-5 мың жылдық), неолит (б.з.б.5-3 мың жылдық) болып бөлінеді, бұл дәуірде құрал-саймандар тастан жасалған. Бұдан соң адамдар еңбек құралдарын жасауда мысты пайдалана бастады. Бұл өтпелі кезеңді энеолит – мысты тас дәуірі (б.з.б.3000-1800ж.) деп атайды. Одан кейінгі кезеңде құрал-сайман қоладан жасалды. Оны қола дәуірі дейміз (б.з.б.2-1 мыңжылдық).Б.з.б. VІІІғ. адам баласы темір қорытуды үйреніп, одан құрал-сайман, қару-жарақ жасай бастады. Бұл тарихта темір дәуірі, дәлірек айтсақ, ерте темір дәуірі (б.з.б.VІІІғ.-б.з.VІ ғ.) деп аталды. Л.Г.Морганның тарихты дәуірлеуі мен археологиялық дәуірлеудің ұқсастығы кезеңдердің бір-бірінен айырмашылығы еңбек құралдарының бірте-бірте жетілдіріле түсуі мен адам баласының соған сәйкес даму деңгейінің өсіп отыруы.
3.Қаңлылардың археологиялық ескерткіштерінің (Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетісасар) орналасқан аумақтарын картаға белгілеңіз.
Ғалымдар қаңлылар туралы жазғанда, көбіне археологиялық қазба жұмыстарының қорытындыларына сүйенеді. Қазірге дейін археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген корымдар мен коныстарды тапты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттері деп атады.
Қауыншы мәдениеті - Ташкент төңірегіндегі көгалды аймақта, Отырар-Қаратау - Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралықта тараған. Ал Жетіасар - Қуаңдария мен Жаңадария аңғарларын алып жатыр.
14- Билет
1.Қазақ атауының шығуы.
«Қазақ» сөзінің шығу төркіні туралы сан алуан ғылыми болжамдар мен көзқарастар бар. Нақты дәлелденген пікірлер әлі де айтылған жоқ.
Көне түрік тіліндегі деректерге қарағанда «қазақ» деген атауы Орхон-Енесей жазбаларындағы «қазақ оғлұм» деген сөздегі «ғ» әрпінің түсіп қалуы нәтижесінде тұрақтаған. Алайда түрік тілінің заңдылықтары бойынша бұл пікір де қолдау таппады. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзі «мықты», «берік», «алып» мағынасын берген.
2. Мемлекеттік Дума мен қазақ зиялыларын не байланыстырады? ХХғ. басындағы «Қазақ кадеттері» деген кімдер?Түсініктеме беріңіз.
3.1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша қазақ жерінде құрылған генерал-губернаторлықтар мен олардың құрамына кірген облыстарды карта бойынша белгілеңіз және бұл реформалардың зардаптарын анықтаңыз.

Жауабы:
2.Мемлекеттік Дума мен қазақ зиялыларын не байланыстырады? ХХғ. басындағы «Қазақ кадеттері» деген кімдер?Түсініктеме беріңіз.
Қазақ елі өзінің отарлық езгідегі халін түсіне бастауы мен ұлт зиялыларының нақты әрекетке көшуі 1905 жылғы алғашқы орыс революциясымен тікелей байланысты. Ресейдегі азаттық қозғалыстың өрлеуі барысында қазақ қоғамына жеткен тарихи жаңалықтардың бірі -1905ж. 6-тамызда шыққан манифест. Манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығы берілді. Ұлт зиялылары Мемлекеттік Думаны империяның Қазақстандағы саясатына, әсіресе жер мәселесін шешуге ықпал жасау құралы ретінде бағалады. Сондықтан, оның жұмысына белсене араласты.
І Мемлекеттік Дума жұмысына Қазақстаннан 3 депутат қатысты. Олар- Алпысбай Қалменов (Орал облысы), Әлихан Бөкейханов (Семей облысы), Ахмет Бірімжанов (Торғай облысы). Дума отырысында А.Бірімжанов, А.Қалменов сөз сөйлеп, қазақ елінің мәселелерін көтерді. Аграрлық мәселе бойынша құрылған комиссия құрамына қазақ депутаттарынан өкіл енгізуді сұрады.
ІІ Думаға қазақтардан 5 депутат сайланды- Орал облысынан –заңгер Б.Қаратаев, Жетісу облысынан –инженер М.Тынышбаев, Бөкей Ордасынан –заңгер Б.Құлманов, Сырдария облысынан –саудагер Т.Алдабергенов және Семей облысынан – қажы Т.Нұрекенұлы. Дума жұмысында қызу пікірталас тудырған мәселе тағы да аграрлық және қоныс аудару мәселесі болып шықты. Қазақ зиялылары Ресейден Қазақстанға орыс шаруаларын қоныс аударуды тоқтатуды талап етті. Қазақ зиялылары ІІІ және ІV Думаға сайлану құқығынан айырылғанымен, Мұсылман фракциясының жұмысына қатысу арқылы белсенділік көрсетті және азаттық үшін ауыр күрес жолында белгілі-бір тәжірибе жинақтады.
Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халқының мүддесі тұрғысынан үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттілігін айқын аңғарды. 1906ж. 10-маусымда Семей қаласында Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау үшін өкілдер жиналысы өтті. Ә.Бөкейханов жиналғандарды «Халық еркіндігі»( кадеттер) партиясының бағдарламасымен таныстырып, жиналысқа қатысқандардың аталған партияға қосылатындығы жөнінде қаулы қабылдады. Қазақ зиялыларының бағдары Ресейдегі кадет партиясының қызметімен ұштасты. Сондықтан «қазақ кадеттері» аталды. Бірақ, қазақ кадеттерінің бағдарламасы орыс кадеттерінен өзгеше болып, мынандай талаптар қойылды: қазақ жерін бүтіндей қазақ елінің меншігі деп жариялайтын заң қабылдау, Ішкі Ресейден көшіп келушілер легіне тежеу қою, қазақ жұмысшыларына еркіндік , теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу т.б.
Бірақ, бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ, өйткені оған қажетті алғышарттар әлі пісіп-жетілмеген еді.
3.1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша қазақ жерінде құрылған генерал-губернаторлықтар мен олардың құрамына кірген облыстарды карта бойынша белгілеңіз және бұл реформалардың зардаптарын анықтаңыз.
1867ж. 11-шілде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы Уақытша ереже», 1868ж.21-қазан «Торғай, Орал, Ақмола ,Семей облыстарын басқару туралы «Уақытша ереже» бекітілді. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағындырылды. Олар- Батыс-Сібір (орталығы – Омбы қаласы), Орынбор (орталығы- Орынбор қаласы), Түркістан (орталығы – Ташкент қаласы) генерал-губернаторлықтары. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына - Ақмола, Семей облыстары, Орынбор генерал-губернаторлығына - Орал, Торғай облыстары, Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді. 1870ж. Маңғыстау приставтығы -Кавказ әскери округына, ал 1872ж. Бөкей ордасы- Астрахан губерниясына қарады.
Зардаптары: 1867-1868жж. ережелер бойынша бүкіл қазақ жерін қамтитын реформалар (аумақтық, басқару, сот, салық) арқылы қазақ халқын саяси тәуелсіздіктен толық айырып, отарға айналдырды. Қазақтарды метрополиядан бөлек арнайы даярланған заңдар бойынша (1867, 1868) басқарды. Бұл заңдар қазақтарды ең негізгі құқықтарынан айырды, біртіндеп орыс тіліне, христиан дініне, салт-дәстүріне көшуге мәжбүрледі. Қазақ қоғамындағы барлық сословиелер (сұлтан, қожа, би т.б.) село тұрғындарына теңестірілді. Қазақ ауылында мешіт салу үшін генерал-губернатордың рұқсаты керек болса, шіркеулер тұрғызуға мемлекеттің өзі мүдделілік танытып,қолдау көрсетіп отырды.
1. Патша үкіметі қазақтардың дәстүрлі қоғамын күйретті. Болыстар мен уездерді құру кезінде рулық ерекшеліктер ескерілмеді.
2. Қазақ даласын билеуге жіберілген генерал-губернаторларды патшаның өзі бекітті және ол шексіз билікті иеленді. Қазақтар оларды «жарым патша» деп атады. Сұлтан тобын басқару жүйесінің орта және жоғарғы буынынан толық ығыстырып шығару қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды. Қазақтарға болыс, ауыл старшыны сияқты ең төменгі қызметтер тиді. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкімшілік қызметтерге барар жолы заң жүзінде біржола жабылды. Төменгі биліктегі болыстардың сайланып қойылуы Қазақстанның бүкіл аумағын руаралық кескілескен қақтығыстар сахнасына айналдырып жіберді. Сайлауда дауысты сатып алу кең тарады және болашақ болыстар орыс үкіметіне жалтақтап, олрадың қолшоқпарына айналды.
3. Дәстүрлі билер сотының құқықтары елеулі түрде қысқартылып, тек төменгі буындағы жүйелерде қызмет етті, оның өзінде шектеулі түрде.
4. Патша үкіметі заң тұрғысынан алғаш рет 1868 жылғы «Уақытша ережеде» қазақ жерін Ресей мемлекетінің меншігі деп жариялады, сөйтіп қазақ халқын жер пайдалану құқынан айырды Нәтижесінде, қазақ жерін көптеп тартып алып, құнарлы жерлер қоныс аударушыларға берілді. Қазақстанды Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.
5. Жаңа міндеттер мен алым-салық түрлерінің еселеп енгізілуі қазақтардың материалдық жағдайын нашарлатып жіберді. Түтін салығы бұрынғы1 сом 50 тиыннан 3 сомға көтерілді. Әр түрлі қажеттерге жұмсау үшін «қара шығын» деп аталатын қосымша салық салынды.
15-Билет
Түркеш қағанатының саяси жағдайы.
1979 жылғы «Целиноград оқиғасы» мен 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасының» себептері мен нәтижелерін салыстырыңыз.
ХІІІ –ХV ғғ. салық түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
Тағар Құшыр Қалан Зекет Жауабы:
1.Түркеш қағанатының саяси жағдайы. Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат жиырма әкімшілік аймаққа бөлінді. Аймақтар 7 мыңнан әскер жинады. Үшлік өзін қаған етіп жариялаған күннен бастап елдің саяси - әкімшілік басқару ісіне ерекше назар аударған. Қаған 706 жылы қаза болды. Билік үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас – тартыс басталды. Оны Шығыс Түрік қағанатының қағаны Қапаған пайдалануға тырысты. Сұлу қаған (715 – 738 ж.) билікке келгеннен кейін түргештер қайта күшейеді. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған орданы Талас қаласына көшіреді.Сұлу қаған шығыстағы жағдайын әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық арқылы да дұрыс жолға қоюға тырысқан. Осы жолда қағанның 717 жылы Тан империясына барып қайтуы сәтті сапар болды. Ол шығыстағы өзіне қауіп төндіріп отырған Шығыс Түрік қағаны Білгенің қызына үйленеді. Сөйтіп қаған шығыстағы саяси жағдайын күшейтеді. Ендігі мәселе, батыстағы басты жау арабтар еді. Қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың күресін пайдаланып, оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты. Мәселен, Самарқан, Бұхара тұрғындарымен күш біріктіріп, бұл қалалардан арабтарды қуып шыққан . Қаған Тоқарстандағы арабтарды да біржолата талқандау үшін 737 жылы ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, арабтарға ойсырата соққы берді. Алайда жеңіске қуанған тоқарлықтар мен түргеш әскерлері ертерек тарап кеткен еді. Мұны пайдаланған арабтар шағын әскерімен қалған Сұлу қағанға күтпеген жерден шабуыл жасап, жеңіліске ұшыратады. Еліне оралған Сұлу қаған Навакет қаласында өз қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза болған. Оның шайқастарға тікелей қатысуына әрі ылғи жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған «сүзеген», «мүйізді қаған» деп ат қойса керек. Сондықтан арабтар Сұлу қағанмен ашық майданда соғысудан сескенген. Ал Сұлудың әскербасысы Кули шор 720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып, жеңіске жеткен. Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болған. Оның билігі бар болғаны бір – екі жылға созылған. Бұл кезде сары және қара түргештердің арасындағы күрес 20 жылға созылып, қағандықтың саяси және әкімшілік жағдайы мүлде әлсірейді. Қағандықтың мұндай жағдайын біліп отырған Қытай империясы Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан) әскерлерін Жетісуға аттандырып, 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты (Ташкент) алып, оның әмірін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады. 751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген араб әскерлерімен түргештер бірлесе отырып, қытай әскерлеріне күйрете соққы берді. Аман қалған қытайлар Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Мұндай шайқастардан кейінгі ел ішіндегі қиын жағдайды өз пайдасына шешуге әрекет жасаған қара түргештердің тарханы Жыпыр 749 – 753 жылдары қағандықты өз қолына алды. Бірақ оның билік құрған кезінде де жағдай жақсара қоймады. Жікке бөлінушілік тоқтамайды, бұрынғыдан да ушыға түседі. Талас-тартыс жылдан – жылға шиеленісіп, Түргеш қағандығы біржолата әлсірейді. Бұл сәтті Атлах шайқасына қатысқан қарлұқ тайпасының көсемдері пайдаланып, 756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, билікті өз қолдарына алды.
2.1979 жылғы «Целиноград оқиғасы» мен 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасының» себептері мен нәтижелерін салыстырыңыз.
Ерекшеліктері: 1979 жылғы 16-19 маусымдағы Целиноград оқиғасы –Қазақстанда (Қарағанды, Көкшетау, Павлодар обл. аумағы) неміс автономиясын құруға қарсы ереуіл.
1986 жылғы 16-18 Желтоқсан көтерілісі –Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің ыдырауын бастап берген, сондай-ақ Қазақстан халқының мемлекеттік тәуелсіздігін батыл көтерген оқиға. Целиноградтағы шеруге 16-маусымда бірнеше жүздеген адам қатысса, 19 -маусымда бірнеше мыңнан асты деп есептеуге болады. Желтоқсан көтерілісінде 17 желтоқсан кешке қарай жиналғандардың саны 20-30 мыңға жетті. Мақсаты жағынан,Целиноградтағы шеруге қатысушылар-«Қазақстан біртұтас!», «Неміс автономиясына жол жоқ!» деген ұрандар көтеру арқылы, қазақ жерінің бірлігін, тұтастығын сақтауға ұмтылысын көрсетті.1986 жылғы Желтоқсанда бейбіт шеруге шыққандардың- «Ұлт саясатының лениндік принциптерін сақтауды талап етеміз!», «Ешқандай ұлтқа артықшылық берілмесін!», «Әр республикаға – өзінің басшысы!» т.б. осы мазмұндағы ұрандары тоталитарлық жүйе жағдайында өз пікірін ашық айтудан қалған халықтың саяси еркіндікке, сондай-ақ мемлекеттік дербестікке ұмтылысын айғақтады. Целиноград оқиғасы, Целиноград қаласы мен облыстың басқа да елді мекендерін қамтыды. Өрескел құқық бұзушылыққа жол берілген жоқ. Шеруге қатысушылардың кейбіреулері әкімшілік жолмен жазаланды. Желтоқсан көтерілісі кезінде өрескел құқық бұзушылық пен әділетсіз, қатаң жазалау орын алды. Алматы (8,5 мың адам ұсталып, 2401-уақытша қамау орындарына жеткізіліп, қалғандары қала сыртына апарып тасталды,1,7 мыңнан аса адам дене жарақатын алды, сот үкімімен 99 адам түрлі мерзімге, екі адам өлім жазасына кесілді) қаласынан басқа, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Жамбыл, Шымкент, Талдықорған қалаларында, Шамалған, Сарыөзек елді мекендерінде бой көрсетулер болып өтті. Оларға 2,5 мыңнан астам адам қатысып, 281-і ұсталып, 20-дан астамы түрлі мерзімдерге сотталды.
Целиноградтағы оқиға 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің алғышарты болды.
3.ХІІІ –ХV ғғ. салық түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
Тағар Әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық
Құшыр Мал өсірушілерден жиналатын негізгі салық.
Қалан Жер көлеміне байланысты салық
Зекет Мал салығы
16-Билет
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі.
«Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.

Жауабы:
1.Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі. 1725 жылы шабуылын үдеткен жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды. Оңтүстік ауданның елді мекендері мен дәстүрлі керуен саудасына нұқсан келді. Қазақ жерінің ұзақ жылдар бойы жоңғар қолында қалып қою қаупі төнді. Осындай жағдайда халық арасынан шыққан батырлар туған өлкені азат етуге шақырған жалынды үндеу тастады. Жан-жаққа алып қашқан рулардың басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы біртұтас әскер ұйымдастыруда әсіресе қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Қазақтың үш жүз жасақтарының басқыншыларға қарсы 1726 жылдан бастап біріккен қазақ жасақтары тізе қосып кимылдауға кірісті. 1726 жылы (кейбір деректерде 1728 жылы) Торғай даласында Сарысудың орта ағысы алқабында, Бұланты өзенінің жағасында біріккен қазақ жасағы жоңғарларға ойсырата соққы берді. Зеңбіректермен және мылтықпен қаруланған жоңғардың қалың қолы қазақ батырларының біріккен күшіне төтеп бере алмады. "Қара сиыр" деген жерде болған қанды шайқас қазақ-қырғыз және басқа халықтардың 60 мыңдық қолының толық жеңісімен аяқталды. Қалмақ жасақтары тас - талқан болған сол жер кейіннен "Қалмақ қырылған" деп аталып кетті. Бұл жеңістің қазақ халкының рухын көтеруде орасан зор маңызы болды. Жеңіске жігерленген қазақ руларының үш жүз біріккенде ғана жоңғар қаупінен құтылу мүмкіндігіне сенімі күшейді. Ендігі мақсат - қазақ жерін түгел жаудан тазартып, елдің тәуелсіздігін толық қалпына келтіру еді. "Қалмақ қырылған" шайқасы, негізінен, Қазақстанның солтүстік-батыс өңірін азат етті. Елдің бірқатар аудандарында, соның ішінде Жетісу өңірінде әлі де жоңғарлар үстем болатын. Қауіп-қатер әлі де жойылмады. Қазақ жерінің шетел басқыншыларынан түбегейлі тазаруы үшін әлі де болса табанды күрес қажет еді. Қазақ билеушілерінің шешімімен жоңғарларға қарсы шайқасқа қолбасшылык жасау Әбілқайырға жүктелді. Көрнекті ұйымдастырушы хан халыққа бас болып, белді батырларды өз туының астына шоғырландыра білді. Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының етегіне барлық қазақ жасақтары жиналды. Осы жер жау қолындағы Жетісуды азат етуге аттануға жақын еді. Бұл мәліметтерге қарағанда, қазақ жасақтары жүздік негізінде ұйымдастырылған сияқты. 1730 жылдың көктемінде Балқаш көлінің оңтүстігінде, Аңырақай түбінде (калмақтардың аңырауы, боздауы), Әбілқайырдың басшылығымен үш жүздің ортақ әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Осы қырғын ұрысқа Әбілқайырдың қарсыластары Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да белсене қатысты. Қазақ қолы үлкен жеңіске жетті.Тарихта "Аңырақай шайқасы" деп аталып кеткен бұл тарихи оқиға - қазақ халқының шеттен келген басқыншыларға қарсы күресінде ерекше орын алады. Қазақ әскерінің тегеурініне шыдамаған жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінеді. Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңінде қазақ хандары арасында туған алауыздық жоңғарларды толығынан талқандауға кері әсерін тигізді. Ұлы жүздің ханы Болаттың өлімінен кейін Әбілқайыр мен Сәмеке аға хан деген атаққа таласып, жаңа ғана түбірлі жеңіске жеткен халық жасағының ішінде іріткі туғызды. Әбілқайыр Кіші жүздің әскерін бастап Қазакстанның солтүстік-батысына қайтып оралса, Сәмеке Орта жүздің жасағын бөліп әкетті. Сырдария алқабына шегінген Ұлы жүздің әскері қайтып оралған жоңғардың жаңа қолына қарсылық көрсете алмады. Оңтүстік Қазақстанның осы өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды. Сөйтіп, ірі феодалдардың арасындағы бақталастық жоңғар тепкісінен толық құтылуды кешеуілдетті. Халықтың бостандық үшін күресі аяғына дейін орындалмады. Әйтсе де қазақ елі өзінің дербестігін сақтап қала алды. Жоңғар қаупінің жойылмауы, ел билеушілерінен қазақ жерін сыртқы қауіптен құтқаратын басқа да дипломатиялық, саяси жолдарды іздеуді талап етті.
2.«Андронов» мәдениеті мен «Беғазы-Дәндібай» мәдениетін салыстыра отырып,талдау жасаңыз.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі –Андронов мәдениеті (б.з.б.ХVІІІ-ХІІғғ.). Ал б.з.б. ХІІ-VІІІғғ. яғни соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты. Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы – Орталық Қазақстан. Ә.Х.Марғұланның кезеңдеуі бойынша Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке - Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады.
Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы –Нұра кезеңі; ә)кейінгісі –Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосынан табылған, сондықтан осы селоның атымен аталады.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті: Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.
Андронов мәдениетіндегі жерлеу орындары: а) Нұра кезеңінің жерлеу орындары кішігірім қазандай жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Қоршау пішімі әртүрлі-дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы түрінде кездеседі. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты, тас сандықты –циста деп атайды.
ә)Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төрт бұрышты қоршаулар болып келеді. Қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған, тас сандықтар-циста жоқ. Кейде жер қабір, кейде ағаш рама түрінде де кездеседі. Бұл кезеңде қос қабір(бір қоршау ішіне) немесе көп адамды бір зиратқа жерлеу кездеседі.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жерлеу орындары: үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Қабырғаларына екі қатар болып қаланған тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі, сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып қалаған.
Андронов мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: а) Нұра кезеңінде көбінесе адамның сүйегін жартылай өртеп қойған, кейбір зираттарда адамды өртемей қою ғұрпы да кездеседі.ә) Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеу ғұрпы сирек кездеседі.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің адамды жерлеу ғұрпы: үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл- осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты.
Ыдыс жасау ерекшеліктері: Андронов мәдениетінің Нұра кезеңі қыш ыдыстарының иіні дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас, Атасу кезеңі ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ыдыс жасау ерекшеліктері:ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес болып томпайып келген, түбі тегіс. Құмыра өрнектері –тарақ жүзді, үзік сызықты үш бұрышты, ұштаған таяқшамен салынған және батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер кездеседі.
3.Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
Бұл суретте Арал теңізінің проблемасы бейнеленген.Арал теңізі суының тартылуы тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріне үлкен экологиялық апат әкелді.
Арал теңізінің суы үш есе азайып, бұрынғы жағалаудан кей жерлерде 80 шақырымға дейін ысырылып, деңгейі 49 метрлік белгіге дейін төмендеді. Теңіздің құрғап қалған табанының өзі 30 мың шаршы шақырымға жетті. Одан ұшып жатқан тұзды боран мыңдаған шақырымға дейінгі жер бетін басып, қоршаған ортаны әбден бүлдірді, мұздықтарды ерітті, даланың шөбін, егінді тұздандырды. Оның құрамында минерал тыңайтқыштардан қалған химиялық ұлы заттар да мол болды.
Арал өңірінің шаруашылығы да қатты зардап шекті. Бұрын балық шаруашылығымен айналысып келген мыңдаған адамдар жұмыстан айырылды. Елді мекендер каңырап бос жатты. Халық тұрмысы мейлінше нашарлады. Соның салдарынан адамдардың денсаулығына катты зиян келді. Өкпе, ентікпе аурулары бірден көбейіп, балалар өлімі күрт жоғарылады.
17-Билет
XVIII ғ. екінші жартысындағы Қазақ-орыс сауда байланыстары.
Мезолит пен неолит шаруашылығындағы айырмашылықтары.
Көшпелі мал шаруашылығының шығуына әсер еткен негізгі себептерді кесте бойынша толтырыңыз.
Көшпелі мал шаруашылығы
25565107620001949450157480Себептері
00Себептері

255714529400500117157510985500330771514414500175260044386500-47942544386500398145044386500
Жауаптары
1. XVIII ғ. екінші жартысындағы Қазақ-орыс сауда байланыстары.
XVIII ғасырдың ортасында Ресейде болған сарай төңкерістері және шаруа қозғалыстары елдің көрші мемлекеттерімен сауда байланыстарын әлсіреткендігі анық. Солай бола тұрса да қазақ-орыс шаруашылық байланыстары, әсіресе керуен саудасы өзінің дамуында бірқатар нәтижелерге жетті. Орынбор қаласы осы кездегі белгілі бір дәрежедегі сауда айналымының орталығы болды. Анықталған мәліметтерге қарағанда, 1745 - 1759 жылдары қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген мал басының жалпы құны 1 миллион сомның шамасында бағаланған. Орынбор қазақ-орыс саудасының дамуына бірқатар жағдайлардың кері әсер еткендігі де белгілі: патшалы Ресейдің казақ жерін біртіндеп басып алуының барысында жайылымның тарылуы, Ресей билігіндегі Еділ калмақтарының, Сібір, Жайық казактарының күш көрсетіп, қазақтардың малын айдап әкетіп отыруы, бірқатар казақ руларының, соның ішінде Кіші жүз руларының алыста жатқан Қытай мемлекетімен сауда жасауға ұмтылуы; Кіші жүз сұлтандарының бір бөлігінің (Орта жүзді айтпағанда) әлі де болса Ресей билігін мойындауға қарсы болуы; қазақтардың ақша- тауар қатынастарымен шала таныстығын пайдаланған орыс көпестерінің қазақ малшыларының тауарларын төмен бағалауы, тағы басқалар. XVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ-орыс саудасының біршама белгілі орталықтары – Жәміш, Железинск, Омбы, Семей, Өскемен, Бұқтырма бекіністері болды. Қазақстанды отарлауда Ресейдің әскери тірегі ретінде қалыптасқан Ертіс бойындағы, Шығыс Қазақстандағы бекіністер біртіндеп әскери сипатын жоғалтып, сауда орталықтарына айнала бастады. Бұл, әсіресе Жоңғария құлағаннан кейін ерекше, айқын сипат алды. XVIII ғасырдың ортасында Ертіс бойындағы бекіністерде керуен сарайларының салынуы, баж салығын тексеретін, жинайтын арнайы мекемелердің ұйымдастырылуы, саудагер мейманханаларының ашылуы, казақ даласында біршама тыныштық орнауы Қазақстанның Орта Азия хандықтарымен, Ресеймен сауда көлемінің өсуіне, тауардың түр-түрінің көбеюіне мүмкіндік жасады. Қазақтардың жиі саудалайтын тауарлары: мал, малдың терісі, киіз, т.б. болды. Жылдан-жылға саудамен арнайы айналысатын қазақ саудагерлерінің де саны өсе берді. Айырбас саудасының ірі орталықтарының бірі - Семейде XVIII ғасырдың 60-жылдарының соңы - 70- жылдарының басында 330-ға жуық казақ көпестері сауда жасап тұрған. Ал Жәміш бекінісінде бір ғана 1765 жылы 350 қазақ, соның ішінде Қаз дауысты Қазыбек пен Абылай жіберген 158 саудагер болған.Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды. Бұхар, Қоқан қазақ саудагерлерінің сұрауымен айырбас сарайларын кеңейтті. Ресейдің ішкі губернияларынан және Сібір қалаларынан айырбасқа әкелінетін басты орыс тауарлары: шойын және темір қазан, шелек, шұға, барқыт, қалайы, қант, нан, т.б. сияқты көшпенділердің күнделікті өмір қажеттеріндегі тауарлар болды. Орта Азия көпестерінің айырбастайтын басты заттары да қазақтарға баяғыдан таныс дүниелер: алаша, барқыт, кыжым, қамқа, жылтыр мата, әр түрлі жемістер, т.б. еді. Ташкент, Бұхар, Қоқан және Қашқар көпестері жиі келетін сауда орталығы - Қызылжар (Петропавл) қаласы. Осы қала Екатеринбург, Түмен, Тара, Курск, Қазан, т.б. қалалардан келетін көпестердің ірі сауда-саттық орталығына айналды.
2.Мезолит пен неолит шаруашылығындағы айырмашылықтары.
Қазақстан аумағындағы мезолит дәуіріндегі алғашқы тұрақты 1948 жылы археолог А.А.Формозов ашты. Кейінірек 1970-1980жж. ғалымдар В.Ф.Зайберт, В.Н.Логвин, А.Ю.Гиндиндер археологиялық зертеулер жүргізді. Бүгінгі күнге дейін мезолит дәуірінің жиырма ескерткіші табылған. Мезолит тұрақтары санының аздығы, адамдардың тұрмысы мен өмірлерінің өзгеруімен байланысты. Мезолит дәуірінде ауа-райы өзгеріп, мұздықтар еріп, күн жылынды. Баяу қозғалатын жануарлар жойылып, жылдам жүгіретін, ұсақ аңдар пайда болды, адам саны да көбейді. Палеолитте адамдар бір орында ұзақ тұрса, мезолитте олар мекен еткен жерлерін үнемі ауыстырып отырады. Адамдар бір тұрақта бір немесе екі маусым тұрақтайтын. Сонымен қатар б.з.б. 8 мыңжылдықта климаттың бірден жылуы басталды, ұзақ уақытқа тұрақтау үшін жылы үйлер салудың қажеті болмай қалды. Қазақстаннан неолит кезеңінің шамамен 600 (800) ескертіші белгілі. Олардың көбінің мәдени қабаты жоқ, бұлар адамдардың уақытша тұрақтары.Негізгі белгілері бойынша неолит ескерткіштері бір-біріне өте ұқсас және бір мәдени-тарихи топқа жатады. Дегенмен, табылған құралдардың, керамикалық ыдыстардың түрлеріне, олардың жасалу техникасының кейбір ерекшеліктеріне, шаруашылықты жүргізу сипатына қарай Қазақстанның неолиттік мәдениетін ғалымдар бірнеше аймақтық топтарға бөліп көрсетеді.Олар: Солтүстік-батыс Қазақстандағы неолиттік мәдениеттің ерекшелігі- пластикалық тас өндірісінің басым болуы және ыдысты әшекейлеуде геометриялық өрнектер көбірек болды. Арал, Шығыс және Оңтүстік-шығыс Қазақстанның ерекшелігі - әр түрлі құралдардың көп табылуы, геометриялық өрнектер кездеспейтіндігі, керамика- Оңтүстік-Орал (Ресей) және Андронов мәдениетіне ұқсас келеді.
Балқаштың солтүстігі мен Бетпақдала аймағының ерекшелігі-онда кремнийден жасаған ұсақ құралдар көп кездеседі, геометриялық формадағы құралдар өте аз, керамика мүлдем жоқ. Орталық Қазақстанның солтүстік аймақтар тобының ерекшелігі – тұрақтары мен кремний құралдар солтүстік Қазақстан аймағына ұқсас, кескіш құралдар өте аз, шаруашылықтың негізгі түрі-аңшылық. Жезқазған өңірінің ерекшелігі- 150 тұрақ, көне қорымдар мен обалар табылды.
Шығыс-Қазақстан аймақтық тобының ерекшелігі- қоныстар құралдарға өте бай, олар көбіне еңбек құралдары және құрамалы құралдар. Керамикалық бұйымдар мен қырғыштар оймышты өрнектермен көмкерілген.
Мезолит пен неолит шаруашылықтарының айырмашылығы: мезолитте- жеке аңшылық пайда болды, малды қолға үйрету мен дәнді-дақылдарды егу басталды.Неолитте- мал шаруашылығы мен егіншілік қалыптасты, сонымен қатар-тоқымашылық, киім тігу, қыш ыдыс жасау (керамика) пайда болды, тас құралдарды өңдеу жоғары деңгейге көтерілді.
3.Көшпелі мал шаруашылығының шығуына әсер еткен негізгі себептерді кесте бойынша толтырыңыз.
Көшпелі мал шаруашылығы
25565107620001949450157480Себептері
00Себептері

255714529400500117157510985500330771514414500
-479425268605Табиғатта құрғақшылық болып, жауын-шашын азайды. Егіншілік пен шұғылдану қиындады.
00Табиғатта құрғақшылық болып, жауын-шашын азайды. Егіншілік пен шұғылдану қиындады.
1752600268605Металл ауыздықтың шығуы жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады.
00Металл ауыздықтың шығуы жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады.
3981450268605Мал басының өсуі, оның үстіне қыста да тебіндеп жайылатын жылқы мен қой санының көбеюі жайылым ауыстырып, көшіп отыруды қажет етті.
00Мал басының өсуі, оның үстіне қыста да тебіндеп жайылатын жылқы мен қой санының көбеюі жайылым ауыстырып, көшіп отыруды қажет етті.

18- Билет
«Қазақ» атауының шығуына байланысты пікірлер.
Тұңғыш қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей және Жәнібек пен тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың орны мен қызметі арасындағы сабақтастықты көрсетіңіз.
Ноғай Ордасының аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.


Жауабы:
1.«Қазақ» атауының шығуына байланысты пікірлер.
«Қазақ » сөзінің шығу төркіні туралы алуан түрлі ғылыми болжамдар мен көзқарастар бар. Бірақ әлі де нақтылы, толық дәлелденген пікір айтыла қойған жоқ.
Дегенмен ол пікірлер мен болжамдардың кейбірі көңіл аударуға тұрарлықтай. Көне түрік тіліндегі деректерге қарағанда, «Қазақ» деген атау Орхон, Енисей жазбаларындағы «қазақ» сөзі «мықты», «берік» алып мағынасын береді.
Шығыс Дешті Қыпшақта «қазақ» атауы 1X – X ғасырларда әлеуметтік мағынада қолданылса, XI – XІІ ғасырларда осы аттас этникалық әлеуметтік топтардың болғандығы байқалады. XIІІ ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб –қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне «еркін» , «кезбе» деген түсіндірме берілген. Бұл аймақта «қазақ» сөзі Алтын Орда мен Египеттің арасындағ байланыс кезінде қыпшақтардың келуіне байланысты пайда болуы мүмкін.
«Қазақ» сөзі XIV ғасырдағы хорасан түркімендері арасында да кездеседі. Тарихшы Б.Е. Көмековтың айтуы бойынша, «қазақ» сөзі бұлардың арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді. Сырдарияның орта бойындағы оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы өзара байланыс X ғасырдан басталады. Демек, түркімен жеріне қыпшақтардың «қазақ» болып барған кездері шамамен XI ғасырдан басталуы мүмкін. XIІІ ғасырға дейін олардың этникалық сипат алуы да ғажап емес.
Сонымен «Қазақ» сөзі көне түрік дәуірінде пайда болып, XIII ғасырларға дейін бостандық сүйгіш еркін адамдар деген мағынада қолданылып келген. Жоғарыда жазылғандай, оның мағынасы өзінің ханына немесе қожасына риза болмай, басқа жерге ауып кетіп, өз еркімен жүрген, бастары бос, ерікті адамдарды білдірген. Бұл сөз XIVғасырдан бастап этникалық мағынаға ие бола бастайды. Оны Рузбиханның өзбек ұлысында үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі, ержүректері қазақтар екені жайлы хабарынан байқауға болады. Ақыр соңында Өзбек үлысынан немесе Әбілқайыр хандығынан Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақ аталып жүрген тайпаларымен бөлініп көшкенде, оларға алғаш "өзбек-қазақ" деген ат тағылған еді. Кейіннен XV ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының құрылуына байланысты "қазақ" атауы біржола этникалық сипатқа ие болды.
2.Тұңғыш қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей және Жәнібек пен тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың орны мен қызметі арасындағы сабақтастықты көрсетіңіз.
Қазақ жерінде ежелгі дәуірден бастап- сақ, ғұн, үйсін, қаңлы сияқты мемлекеттіліктер, орта ғасырларда- Түрік, Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Қимақ, Қыпшақ т.б., монғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңдерде Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы болды. Ал, Қазақ хандығының құрылуы – «жаңа мемлекеттік жүйенің» басталуы болды. Қазақ халқы қалыптасуға бет бұрған кезеңде халықтың тұрақты өмірі мен тіршілігін, атамекеннің тұтастығын, дамуға деген талпынысын қамтамасыз ете алатын жалғыз фактор – мемлекет тұтастығының болуы еді. Мұндай қоғамдық сұранысты дер кезінде түсінген Керей мен Жәнібек сұлтандар болды. Яғни, олар тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаушылар. ХІХ ғасырда қазақ елі өзінің тәуелсіздігінен айырылып қалды, ХХ ғасырдың басынан кеңес өкіметінің теперішін көрді. Шын мәніндегі тәуелсіздікті қалпына келтіру тек 1991 жылы ғана мүмкін болды. Екі ғасыр бодандықтан кейінгі жас тәуелсіз мемлекеттің басында тұңғыш президент -Н.Ә Назарбаев тұрды. Керей мен Жәнібек хандарға жаңа мемлекеттің негізін қалау мен оны дамыту міндеті тисе, Н.Назарбаевқа тәуелсіздік алған жас мемлекеттің іргетасын қалап, оны сақтау, дамыту міндеттері тұрды. ХVғ. Қазақ мемлекеті мен ХХғ. Қазақ мемлекетінің және олардың басшыларының алдында алдымен, шекараны нығайту, халықтың әлеуметік-экономикалық жағдайын қамтамасыз ету мен дамыту, ел ішінде тұрақтылықты сақтау, оңтайлы ішкі және сыртқы саясатты жүргізу сияқты ортақ, ұқсас саясат пен тарихи мақсат, міндеттер тұрды. Президенттің бүгінгі ел алдына қойған мақсаты - Қазақстан мемлекеттігін нығайту мен әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Бұл «2050 – Стратегиясын» орындауға бастар жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, күшті мемлекет, дамыған және либералды қоғам қалыптасуы үшін елдің алға қарай 40-50 жыл бойы тұрақты қозғалысы қажет» деуі, қазақстандық қоғам үшін түбегейлі өзгерістер уақыты келіп тұрғанын көрсетеді.
3.Ноғай Ордасының аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның солтүстік–батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Орданың алғашқы алып жатқан жері Еділ мен Жайық өзендерінің жазық алқабы болды. Ноғайлар солтүстік-шығысында Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батысында Қазан қаласына, ал оңтүстік-батысында Арал мен Каспий теңізіне дейін көшіп-қонып жүрген.Орданың орталығы Жайық бойындағы Сарайшық қаласы болған.
Қаланың іргесі Х ғасырда қаланған. Алтын Орда дәуірінде Сарайшық қаласы Кавказ бен Қырымды Қарақорым, Қытаймен байланыстырған. Қала ХІІІ-ХV ғасырларда дәуірленген. Кейін Алтын Орда күйреп, қала әлсірегнімен Ноғай Ордасының астанасына айналып, қайта көркейді. Қасым хан тұсында Қазақ хандығының біраз жылдар бойы астанасы болды. 1580 жылы Дон, Еділ казактарының Жайық бойына шапқыншылық жасу салдарынан Сарайшық қаласы біржолата қирады. Сарайшықта Алтын Орданың, қазақ және ноғай хандары жерленген.
19- Билет
Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылдануы.
Қазақ жеріне жасалған монғол және жоңғар шапқыншылығының себептері, ондағы ортақ ұқсастықтарды талдаңыз.
Әбілқайыр хандығының жер аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.

Жауабы:
1.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының қабылдануы.
1990 жылдары Қазақстанда күн өткен сайын мемлекеттік егемендікті жариялауды талап етушілер күшейе бастады. Қоғамдық қозғалыстар 1990 жылғы қазан айында айрықша белсенділік көрсетті. Күн сайын Жоғарғы Кеңес үйінің алдында таңертеңнен кешке дейін саяси митингілер өтіп жатты. Ал Алматы қалалық партия комитеті үйінің алдында жастар пикет ұйымдастырып, аштық жариялады.Олар Қазақстанның тәуелсіз ел болуын, жастарға қатысты әлеуметтік мәселелердің дереу шешілуін, Кеңес Армиясын тез арада реформалауды талап етті. Республикадағы саяси жағдайдың шиеленісуіне Қазақстанның әр түрлі аудандарында құрыла бастаған казачество ұйымдарының қазақ халқының намысын қорлайтын әрекет ретінде бағаланып, оған қоғамдық қозғалыстардың бірлесе соққы беруі үлкен түрткі болды. Осындай жағдайда Жоғарғы Кеңестің сессиясындағы бірқатар айтыс-тартыстардан кейін, бұрынғы кеңестік республикалардың соңғыларының бірі болып «егемендік шеруіне» Қазақстан да қосылды. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылады. Мемлекетте егемендіктің жариялануы-республика өміріндегі аса маңызды саяси оқиға болды. Егемендік туралы құжатта Қазақстанның алдағы уақытта ұстанатын бағыттары белгіленді. Орналасқан аумағына, қойнауына, суына, басқа да табиғи ресурстарына республика ерекше меншік құқығын жариялады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері көрсетілді. Халықаралық қатынастардағы мәселелерді шешуді республиканың дербестік танытатыны айқындалды. Сонымен қоса,бұл құжаттың шын мәніндегі мемлекеттік егемендікке толық жауап бере алмайтын жақтары да болды. Олар ең алдымен декларациядағы “одақты сақтауға ” қатысты баптардан көрініс тапты. Ол кезде қалыптасқан саяси жағдайында Орталық билік органдарының өкілдері бұрынғы одақтас республикалардың егемендік шеруіне салқын, қарады. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдануының тарихи маңызы зор болды. Бұл республиканы толық тәуелсіздікке бастап апаратын шынайы қадам еді. Бұл кезде республиканың өз ішінде мемлекеттік билік органдарының құрылымдарында өзгерістер болды. Жоғарғы Кеңес жергілікті өзін-өзі басқару туралы, заң қабылдады.Республиканың қаржыландыру, материалдық-техникалық және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы әрекет мүмкіндіктері молайды. Одақтас республикалармен тікелей байланыстар жүзеге асырыла бастады. Тұтас парламенттік аппарат құрылды.
Егемендік Қазақстан Президентіне еркін қимылдауға жол ашты. Экономика саласында орталықтың рұқсатынсыз шетелдермен тікелей байланыс жасала бастады. Халықаралық қатынаста Семей атом полигоны жабылуының маңызы зор болды.
Қазақстан Президенті Қазақ КСР-нің Қауіпсіздік кеңесін құру жөнінде, Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақстан үкіметінің құзырына беру туралы, Қазақ КСР-нің алтын және алмас қорын құру жөнінде, Казақ КСР-нің сыртқы экономикалық қызметінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жарлықтар шығарды. Бұл әрекеттер, жалпы алғанда, одақтық министрліктердің үстемдігін жойып, республиканың шын мәніндегі тәуелсіздігіне жол ашты.
Егемендік жариялаған бұрынғы одақтас республикалар енді өзара тікелей байланыстарға шыға бастады. Қазақстан 1990-1991 жылдар ішінде Беларуспен, Әзірбайжанмен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресеймен, Украина елдерімен экономикалық шарттар жасасып, өзара достық және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды
2.Қазақ жеріне жасалған монғол және жоңғар шапқыншылығының себептері, ондағы ортақ ұқсастықтарды талдаңыз.
Қазақ жеріне монғол шапқыншылығының себептері:Монғол мемлекеті құрылғаннан кейін соғыс әскери олжа ретінде, жаңа жайылымдар алу мақсатында байлыққа ие болу құралы, сонымен бірге монғол қоғамын біріктіру құралы ретінде қызмет етті. Бұл саясатта Қазақстан мен Орта Азия жеріне жорық, жоспарланған басқыншылықтың жалпы үрдісіндегі бір бөлік қана болды. Шыңғысханның жоспары бүкіл Азия мен Шығыс Еуропаны жаулап алу болды. Ол өзінің үлкен ұлы Жошының үлесіне «Монғол атының тұяқтары тиетін» Ертістен батысқа дейінгі әлі бағындырылмаған елдер мен барлық жерді алдын-ала берді.
Қазақ жеріне жоңғарлардың қызығу себептері: Қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен оңтүстік, оңтүстік-шығыстағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Қазақстанды жаулап алу арқылы, өз хандығының шекарасын нығайту, бағынған халықтан қосымша алым-салық алу көзделді және қазақтарды құл етіп ұстаудың мүмкіндігін де қарастырды. Қазақ жерін жаулап алу арқылы Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтармен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, Қытай сияқты алып империяның қыспағына түскенін айта кету керек.
Қазақ жеріне жасалған монғол және жоңғар шапқыншылығының себептеріндегі ортақ ұқсастықтар: Экономикалық мүдде, Орталық Азияны басып өтетін керуендік сауда жолдарын өз бақылауында ұстап, одан түсетін олжаға ие болу. Шыңғысхан үшін бүкіл Орталық Азияны жаулап алу Иран, Ауғанстан, Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа елдеріне жол ашатын еді және де солай болды да.Ал, жоңғарлар Жетісу мен Сырдария өңірін басып алу арқылы, Ресей,Сібір, Орта Азиямен байланыстыратын сауда жолдарын бақылауда ұстауды көздеді, одан әрі Ауғанстан, Иран мен Закавказьеге жол ашылады деп үміттенді. Екеуі де жаңа жайылымдар басып алуды көздеді, сонымен бірге өз мемлекеттерін нығайту, билік ауқымын ұлғайту, күшейту саясатын қосуға болады.
3.Әбілқайыр хандығының жер аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
ХV ғасырдың 20-жылдарында Ақ Орданың ыдырауына байланысты Жошы әулетінің арасында феодалдық қырқыс басталады. Қазақстанның орталық,батыс және солтүстік-батыс аудандарында тәуелсіз иеліктер пайда болады. Осы тәуелсіз иеліктер тайпаларының билеушілерінен қолдау тапқан Әбілқайыр тартыста жеңіп шығып, 1428жылы хан сайланады. Әбілқайыр-Жошы ханның бесінші ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Шайбани ханның ұлысы Батый ханның тұсында құрылған. Жазба деректерде Батый ханның Шығыс Еуропаға жасаған жеті жылдық жорығы кезінде Шайбани да онымен бірге болған. Жорықта көрсеткен жақсы қызметі ушін Батый хан Шайбани ханға қосшы етіп, найман, бұйрық және қарлұқ тайпаларын берген. Олар Орал тауының бөктеріндегі Тобыл, Ырғыз, Жайық өзендерінің аралығындағы кең-байтақ жерлерді жайласа, ал қыста Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерінің бойында, Сырдарияның төменгі ағысында қыстаған. Осы көрсетілген жерлерде Шайбани ұлысы өмір сүрген.
Осы ұлыстың билігі Әбілқайырдың қолына тигеннен бастап хандықтың саяси беделі көтеріледі. Әбілқайыр жастайынан жетім қалып, Жұмадық ханның қолында өскен. Хан оны жас кезінен жорықтарға өзімен бірге алып жүрген. Жұмадық хан маңғыттарға шабуыл кезінде қаза болып, 16 жасар Әбілқайыр тұтқынға түседі. Бірақ маңғыт билерінің шешімі бойынша тұтқыннан босатылады. Сол жорықта ерлігімен көзге түскен Әбілқайырды 17 жасында, 1428 жылы екі жүзден астам ақсүйек-шонжарлар хан сайлайды. Тарихи жазба деректерде бұл жаңа құрылған хандықтың аты "Өзбек ұлысы", "Өзбек хандығы", немесе "Шайбани ұлысы", "Әбілқайыр ұлысы"-деп аталады. Ал ұлыстың алып жатқан жері мен халқының басым көпшілігі қыпшақтар болғандықтан оны "Қыпшақ хандығы" деп те атаған. Алайда Әбілқайырдың қырық жылдан астам хан болуы "Әбілқайыр хандығы" деген атауды қалыптастырған.
Әбілқайыр хандығы батысында – Жайық (Орал), шығысында – Балқаш, оңтүстігінде – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде –Тобыл және Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты.
20- Билет
Патшалық Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты.
Көне тарихты кезеңдеудің –археологиялық және геологиялық тәсілдерін салыстыра сипаттап, сәйкестендіріңіз.
Оғыз мемлекетінің жер аумағын картаға белгілеңіз.

Жауабы:
1.Патшалық Ресейдің жер мәселесіндегі отаршылдық саясаты.
XVIII ғасырдың 50-60-жылдары патшалық Ресей үкіметі Қазақстанды тәуелді ете түсу үшін әр қилы шараларды іске асыруға тырысты. Жайық, Сібір, Орынбор казак әскерлерінің ұйымдастырылуынан Ертіс, Есіл және Жайық бойындағы ғасырлар бойы көшпенді мал шаруашылығының өрісі болған өңірлерге казақтардың көз алартуы орыс-қазақ байланыстарын шиеленістіре түсті. Ресейдің билеуші топтарының көздеген мақсаты шұрайлы, суы мол жерден қазақтарды ығыстыру, біртіндеп казактарды осы аудандарға орналастыру еді.
Петербург билеуші топтарының арнайы нұсқауларында патша үкіметінің отарлау саясаты ашық жарияланды. 1756 жылы қыркүйек айында қабылданған шешімде Жайық жағасына жақын жерде қазақтардың малын жаюға алғаш рет ресми шек қойылды. Ал 1757 жылғы желтоқсан айының аяғында Кіші жүз ханы Нұралыға тапсырылған орыс үкіметінің шешімімен қазақтарға Жайық өзенінен мал айдап өтуіне тыйым салынды. Ертіс пен Жайық жағасына мал жаю үшін қазақ феодалдарының орыс әкімшілігіне аманат тапсыруы міндеттелді.
Сөйтіп қазақ феодалдары ғасырлар бойғы жайылымдарын пайдалану құқығынан айырылды. Осындай ауыр жағдайға жол ашқан бір себеп - ресейлік отаршыл- әкімшіліктің жекелеген қазақ ақсүйектерінің арасындағы алауыздықты пайдаланып керек болған жағдайда ахуалды өршітіп отыруы болды. Кіші жүз ханы Нұралы мен Батыр сұлтан арасындағы келіспеушілік нәтижесінде Петербург билеушілері Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерді казактарға оп-оңай тартып әперді. Ең құнарлы жер орыс помещиктері князь Юсупов пен граф Безбородконың қолында қалды. Жайық казактары Еділ мен Жайықтың аралығындағы жерге қазақтардың бұрынғыдай көшіп-қонуына мейлінше қарсылық білдірді. Олар қазактардың малы Жайықтан Еділге қарай өткенде шепті басып, жайпап кетеді дегенді сылтау етті. Патша әкімшілігінің Орынбор өлкесіндегі өкілдері де қазақтардың өз жерін еркінше пайдалануына жасанды шек қойылып отырғандығын мойындады.
Алайда 1757 - 1758 жылдары Орынбор өлкесін басқарған П.И.Рычков пен А.И.Тевкелев Жайық бойында қазақтардың мал жаюға шек қойған үкімет талабын ресми түрде іске асырудың орынсыз екенін түсінді және аманат алу арқылы қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуіне рұқсат берді. Ал Орынбор губернаторы А.Г.Давыдов қысым көрсетуден таймады.
Далалық және құмды аудандарға ығыстырылған қазақтардың жағдайы ауырлап кетті, жұт пен қыстың суық айлары Кіші жүз қазақтарының шаруашылығы мен күнделікті өміріне бақытсыздық әкелді.Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарындағы қазақтардың жағдайы да ауырлады. Ертістің оң жағасындағы шұрайлы жерді Сібір губерниялық басқармасының қолдауымен өздеріне қаратып алған бекініс коменданттары әр түрлі айламен Орта жүз феодалдарын бір-біріне қарсы қойып, құнарлы, суы мол жерге казақтардың мал жаюына қарсылық білдіріп отырды. Ресей бекіністерінен алғашында 10 шақырым кейіннен 50 шақырым жерге дейін қазақтардың мал жаюына тыйым салған патша үкіметі жергілікті халықтың иелігін өз қалауынша пайдалануға тырысты.
Орыс-казактардың санын көбейту үшін осы өңірге Ресейдің әр түкпірінен қылмыскерлерді, жерсіз шаруаларды, тіпті алыстағы Доннан, Башқұрт жерінен 1760 жылы казактарды әкеліп қоныстандырды. Тек 1799 жылғы қараша айында император I Павелдің жарлығына сай Орта жүз қазақтарына 45 000 отбасын өз иеліктеріне - Ертістің оң жағасына қайтадан қоныстандыруға және олардың мал жаюына рұқсат етілді.
Сонымен XVIII ғасырдың орта шеніндегі Қазақстанның саяси-экономикалық дамуында бірқатар жаңа өзгерістер қалыптасты. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарамастан қазақ-орыс сауда байланыстары дамыды. Қазақстанның шет елдермен қатынастары өзара тиімді жағдайда өркендеді. Алайда патша үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануына шек қоюы орыс-казак шаруаларын қоныстандыра бастауы олардың жерін басып алу шараларының бастамасы болатын.
2.Көне тарихты кезеңдеудің –археологиялық және геологиялық тәсілдерін салыстыра сипаттап, сәйкестендіріңіз.
Көне тарихты кезеңдеудің бірнеше түрі бар.Оның ішінде ең көп қолданылатыны- археологиялық және геологиялық тәсілдер арқылы кезеңдеу. Жер және адамзат тарихын геологиялық кезеңге бөлу бойынша шамамен 67 млн. жылдай бұрын кайназой дәуірі басталды. Осы дәуірде жер бетінде сүтқоректі жануарлар, құстар, өсімдіктер пайда болды. Кайназой дәуірі үштік және төрттік кезеңдерге бөлінеді. Адамзат баласының тарихы осы төрттік кезеңмен байланысты. Төрттік кезеңді кейде антропоген яғни адамзат баласы пайда болған кезең деп те атайды. Төрттік кезең екі дәуірге бөлінеді.
1. Плейстоцен -жер бетін мұз басқанға дейінгі және мұз басқан дәуір.
2. Голоцен –жер бетін басқан мұз біртіндеп еріп қайтқан дәуір.
Археологиялық дәуірлеу бойынша адамзаттың ежелгі тарихы үш дәуірге бөлінеді – тас, қола, темір. Тас дәуірі- б.з.б. 3млн немесе 2,6 млн - 3мың жылдық. Палеолит- 3 немесе 2,6млн -12мың жылдық. Палеолит екі кезеңнен тұрады: ерте палеолит (б.з.б. 3 немесе 2,6 млн.-40мың жылдық) және кейінгі палеолит( б.з.б. 40-12мың жылдық). Ерте палеолит үш кезеңге бөлінеді: олдувай (б.з.б. 3 немесе 2,6 млн.-40мың жылдық), ашель (б.з.б.800-140мыңжылдық), мустье (б.з.б.140-40мыңжылдық). Мезолит- б.з.б.12-5 мың жылдық, неолит-б.з.б.5-3 мың жылдық. Өтпелі кезең(энеолит) -б.з.б.3000-1800ж. Қола дәуірі - б.з.б.2-1 мыңжылдық.Ерте темір дәуірі -б.з.б.VІІІғ.-б.з.VІ ғ.аралығын қамтиды.
Геологиялық дәуірлеу бойынша плейстоцен толығымен –палеолит және жартылай мезолитке сәйкес келеді. Ал голоцен-неолит заманына сәйкес келеді.
3. Оғыз мемлекетінің жер аумағын картаға белгілеңіз.
IX ғасырдың аяғы X ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі ағысында Оғыз мемлекеті құрылды. Орталығы осы өзеннің бойындағы Янгикент жаңа Гузия қаласы болды.
Түрік-тілдес оғыз тайпалары ерте орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген. VII ғасырда Батыс Жетісуды мекендеген оғыз тайпалары түрік қағандығын құрамында болған. Батыс Түрік және Түркеш қағанаттары құлап Жетісуда Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойында ығысқан.
Алғаш оғыздар бұл аймаққа келіп орналасып бастағанда жергілікті печенегтердің қарсылығына тап болады. Ақыр аяғында олар жеңіліп, батысқа қарай жылжуға мәжбүр болған. Ал Махмуд Қашғаридің сөздігінде оғыздардың Жетісу және Ыстық көл мен Шу өзеннін аралығында басқа да түрік тілдес тайпалармен қатар тұрғандығы жазылған. Тек қарлұқтардың күшеюіне байланысты олардың қысымына шыдамаған оғыздар Сырдарияның бойына барып қоныстанған.
21- Билет
Абылай ханның Ресей және Қытаймен қарым-қатынасы.
Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз.
Үйсін тайпаларының қоныстанған аумағын картаға белгілеңіз.

Жауабы:
1.Абылай ханның Ресей және Қытаймен қарым-қатынасы.
Географиялық жағынан екі ірі мемлекеттің қыспағында болған Қазақ хандығының билеушісі Абылайдың басты мақсаты - мемлекет дербестігін қалай да сақтап қалу еді. Дипломатиялық шаралардың шебері Абылай, хан болып сайлануға дейін де, Тарбағатай таулары, Алтай сеңгірі, Зайсан көлінің шығысына қарай жатқан тарихи қазақ жерін қайтаруда қыруар күш-жігер жұмсады. Жоңғария тарихи сахнадан мүлде жоғалып, оның жерін басып қалған Маньчжур-Цин билеушілері Абылаймен келісе отырып жаңа шекара белгіледі. 1760 жылы қытайлар Тарбағатай тауы маңында көшіп-қонып жүрген қазақ руларын батысқа қарай ығыстырып тастауға күш салды. Осындай жағдайда Абылай Цин әулеті билеушілерімен арадағы қайшылықтарды өзара тиімді нәтижелермен шешуге күш салып отырды.1757-1760 жылдары казақ елінің дербестігін, жер аумағының бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай Пекинде Қытайдың да билігін мойындайды. Бір жағынан Абылай 1740 -1742 жылдары Ресейге ант берумен қатар Қытайдың билігін қабылдауын дипломатиялық шешім деп бағалады. Абылай сонымен қатар Орта Азия елдерімен байланысын дамытуға да кепіл болді. XVIII ғасырдың 70-жылдарының басында Абылай бірқатар соғыстарда Ходжент әміршісіне, Ташкент бегіне соққы берді. Қазақтар жоңғарлармен соғысып жүргенде өзбек бектеріне ауып кеткен Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ және басқа бірнеше қалаларды Абылай күшпен қайырып алып, қазақтардың билігіне қаратты. Олар тиесілі алым-салығын төлеп тұруға міндеттелді. Қазақстанның халықаралық жағдайы жақсара бастады. 1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салды. Қазақ хандығында қалыптасқан дәстүр бойынша өлген билеушінің ұлы Әбілпайызды емес, халық арасында зор беделге ие Абылайды ақ киізге көтеріп, хан сайлады. Белгілі саяси қайраткерді үш жүздің өкілдері Орта жүздің ханы ғана емес, барлық қазақтың билеушісі деп тануы оның Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі, халықтың басын біріктірудегі рөлін, Ресей және Қытай мемлекеттерімен дұрыс дипломатиялық қатынас орнатып, іс жүзінде елдің дербестігін сақтап қалғандығын мойындауы еді. Дегенмен, Ресей үкіметі біріккен Қазақ мемлекетінің өркендеп-дамуына құштар болмаса да, 1778 жылдың 24 мамырында Орта жүздің ханы етіп Абылайды бекітті. Абылай өзіне берілуге тиісті ханға лайықты символды қабылдауға Орынбор немесе Троицк қалаларына барудан бас тартты. II Екатерина оны Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы грамотасын патша өкілдері арқылы ханның туған ауылына жеткізді. Абылай хан қазақ хандығын билеуде бірқатар жаңа өзгерістерді заңдастырды. "Есім ханның ескі жолында", "Қасым ханның қасқа жолында", атақты даналар Қазыбек және Төле билердің қатысуымен қабылданған Тәуке ханның "Жеті жарғы" заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай мойындамады. Ірі ұлыстарды билеуге хан өзіне жақын сұлтандарды тағайындады. Сот істерін шариғат ережелеріне сай жүргізетін билер қызметіне Абылай шек койды. Өз сарайында топтасқан халық батырларының қолдауына сүйеніп, Абылай ойлаған жоспарын қиындықсыз іске асырып отырды. Өзіне қарсы тұрғандарды ханның қатыгездікпен басып тастағандығы да айғақ.
Хан сонымен қатар қазақ елінің шаруашылық құрылымына да өзгерістер енгізуге тырысты. Қазақтардың Ертіс пен Есілдің бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін шаруашылығын дамытуын қолдады. 1761 жылы императрица II Екатеринаға жолдаған хаттарының бірінде ағаштан үй тұрғызу үшін бірнеше ұста және 200-300 пұт астық жіберуді сұраған. Петропавлға жақын жерде, Көкшетауда, Ертіс өңірінде, кейінірек Ақтөбе маңайында, Ой (Уйская) шебіне іргелес ауданда қыстақтары болған Абылай қазақтар үшін егін шаруашылығымен айналысудың да маңыздылығын жете түсініп, қазақ халқының дәстүрін, мәдениетін дамытуға тұрақты көңіл бөлді.
2.Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарын салыстырыңыз.
Түрік қағанаты 603 жылы Шығыс (Монғолия) және Батыс (Орталық Азия мен Қазақстан) болып екіге бөлінді. Батыс Түрік қағанаты 603 жылы ежелгі үйсін мемлекетінің жерінде құрылды. Батыс қағанаттың орталығы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды. Аумағы: Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жер, Алтай, Сібір, Әмудария, Еділ, Жайық өзенінің төменгі ағысы аралықтарын қамтыған. Құрамына Шығыс Түркістан, Самарқанд, Кеш, Бұқара сияқты отырықшы-егінші аймақтар да енді. Шығыс Түрік қағанаты (Екінші Түрік қағанаты) 682 (683) жылы Қытаймен күресте өздерінің тәуелсіздіктерін Монғолия жерінде қалпына келтірді. Екінші Түрік қағанатын құрушыларды «түркі-қыпшақ» деп атады. Сол кездегі ескерткіштердегі жазуда «түркі-қыпшақ елу жыл ел биледі» дейді. Мемлекеттің орталығы – Ханғай таулары. Батыс шекарасы Алтай тауларымен шектесті. Батыс Түрік қағанатының Шығыс Түрік қағанатынан айырмашылығы екіншісінің халқы, негізінен көшпелі, жартылай көшпелі болатын. Ал, Батыс Түрік қағанатының көпшілік халқы отырықшы,егін егумен, қолөнер, саудамен айналысты. Сондықтан, әлеуметтік құрылымы күрделі, Шығыс Түрік қағанатымен салыстырғанда қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамығандығымен ерекшеленеді. Мысалы, Батыс Түрік қағанатында мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі қағаннан бастап ру-тайпа басшыларына дейін 28 дәрежелі лауазым иелері болған. Қағаннан кейін екінші адам ұлық болды.Үшінші билік қаған руынан шыққан –шад, одан кейінгілеріне -тегін, елтебер деген лауазымдар берілген. Бұл лауазымдар мұрагерлікпен беріліп отырды.
Шығыс Түрік қағанатының жұрты «көк түрік», Батыс Түрік қағанатының жұрты «он оқ бұдын» -«он оқ елі» деп аталды. «Он оқ бұдын» елінің оң қанаты (5 нушиби) мен сол қанаты(5 дулу) арасындағы 16 жылға созылған билік үшін күрес қағандықтың іргесін шайқалтты.Бұған 657 жылы Жетісуда өз билігін орнатуға тырысқан Қытай экспансиясы қосылды.Таң империясының басқаруы ширек ғасырдан астам уақытқа созылды. Көк түріктер құрған Екінші Түрік қағанатын 744-745 жылдары Орхон ұйғырлары мен қарлұқтар талқандады.
3.Үйсін тайпаларының қоныстанған аумағын картаға белгілеңіз
Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар - Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз ізін қалдырған. Қазақ халқының калыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады.Үйсін атауы қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жакты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы, батысында Шу Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты.
22-Билет
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұлтаралық қатынастар.
Түрік дәуірі. «Түрік» атауы туралы пікірлер.
Қарлұқ мемлекетінің жер аумағын картаға белгілеңіз.

Жауабы:
1.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұлтаралық қатынастар. Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтар өмірінің интернационалдану барысы мейлінше күшті жүргізілді. Тұрғындарды жаппай көшірудің салдарынан шығыста тұтас өнеркәсіп державасы пайда болды. Республика 532 мың көшірілген адамдарды қабылдады. Ембі кәсіпшіліктерінде, Кенді Алтайда, Қоңырат, Текелі кеніштерінде жүздеген шешендер мен ингуштар еңбек етті. Жауынгерлер арасында тәрбие жұмысын жүргізу, ұлт тілдерінде майдандық газеттер мен журналдар шығару, ұлттық әскери бөлімдер құру ұлттық қатынастарды нығайтуға көмектесті. Сонымен бір мезгілде ұлтаралық қатынастарға өз ықпалы мен зор әсерін тигізе білген режимнің тұтас халықтарды күштеп көшіру, зорлық-зомбылықтың барлық элементтерін қамтыған еңбек колонияларын құру сияқты қылмысты әрекеттері белең алып отырды. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап әкелінген болатын. Еділ бойындағы Неміс автономиялық республикасы өмір сүруін тоқтатып, 360 мыңнан астам неміс Қазақстанға әкімшілік жолмен көшірілді. Немістерді соғысушы армиядан шығару туралы бұйрық берілді. Соғыс жылдарында қалмақтар, қарашайлар, ингуштар, шешендер, балкарлар, қырым татарлары, месхет түріктері де нақ осындай жағдайға ұшырады. Жекелеген адамдарға немесе адамдар тобына ғана емес, бүкіл халыққа күдіктене қараған большевиктік билік иелері оларды соғыс кезінде жау жағына шығып кетеді деп ойлады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті ІІІ Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы мәліметтері зорлықпен жер аударылғандардың саны 2 млн 464 мыңға жуық адам болғанын айғақтайды.Аталған режимнің қаталдығы және этносаралық қақтығыстарға итермелеген саясаты қарапайым адамдардың адамгершілік қасиеттерін жойып жібере алмады.Соғыс Қазақстан халқына үлкен сын болды: онда социалистік құрылыстың бұрмалануы да, соғыстың сұрапыл сындары да, жанға батар шығындар мен жеңіс қуанышы да, кескілескен шайқастардағы ерлік те, еңбекпен өткен күнделікті өмірдің қарапайьш ұлылығы да өз көрінісін тапты.
2.. Түрік дәуірі. «Түрік» атауы туралы пікірлер.
«Түрік дәуірі» VІ-ХІІІғғ. аралығын қамтиды.Бұл кезең немесе қазақ мемлекеттілігінің түркілік кезеңі деп аталады. Өйткені, бұл кезеңде этникалық құрамы түркі тілдес тайпалардан тұратын, түркі тілінде сөйлейтін, наным-сенімі ортақ мемлекеттер (Түрік, Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қарахан, Қимақ, Қыпшақ) бүгінгі қазақ жері мен түркі тілдес тайпалардың жерінде құрылып, өмір сүрді.
Көне түркі тайпалары – Орталық Азиядағы, одан тыс жатқан кейінгі түркі тілдес халықтардың ататегі. Бұл тайпалар бүкіл түрік халықтарының тілінің, әдет-ғұрып, салт-саналарының, дүниетанымының қалыптасуына әсер етті. Түрік дәуірі қазақ этногенезі мен мемлекеттілігінің, материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасып дамуында ерекше басым орын алады.
«Түрік» этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында 542 жылдары аталады. Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған.
Түркі жазуының құпиясын ашқан даниялық ғалым Вильгельм Томсон қытайша «ту-кю» деп аталған халық «түріктер» екендігін дәлелдеді.
Ғылымда «түрік» атауы туралы пікірлер көп. Академик А.Канонов – «ту-кюе» (түркіт) сөзін - дулыға (дулыға сияқты таудың етегін мекендеген, ол тау – Алтай тауы) деп аударылады дейді. Француз ғалымдары Клапрот, Ремюза бойынша – «ту-кюе» (тақия) – бас киім деп аталады. Қытайтанушы Бичурин ,Шмидт – «ту-кюе» сөзін монғолдың –дудига сөзімен байланыстырып - дулыға деп аударған, бірақ олар, қытай деректеріндегі «ту-кюе» түркілер емес монғолдар деп есептеді.
Н.Аристов – «ту-кюе» (терк-түріктің өз сөзі,атау содан шыққан)-дулыға деген мағына береді, керісінше ,қытайша аты ту-кюе деген тұжырымға келеді.Бастапқы кезде түрік деген сөз түркітілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Кейін түрік деген атау саяси мәнге ие болып, олардың қол астында болған өзге де тайпалар да атала бастады.
3.Қарлұқ мемлекетінің жер аумағын картаға белгілеңіз.
Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қытай деректерінде карлұктардың бұлак руы Алтай тауының баурайын мекендейтіндігі хабарланады.Ал VII ғасырдағы басындағы кытайдың Таншу әулеттік хроникасында қарлұқтардың түрік тілдес тайпалардың бір тармағы екендігі, олардың құрамында бұлақ, жікіл, ташлық деген тайпалардың бар екендігі көрсетілген. Бұл деректер қарлұқ тайпасының Түрік қағанатының құрамында болғандығын, түріктер батысқа қарай жылжығанда олармен бірге аттанып, Орта Азия жерінде дейін барғандығын аңғартады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық. Арабтарға қарсы күрескенде Орта Азияның Тоқарстан жеріндегі қарлұқтар мен түргеш қағаны Сұлудың бірге соғысқаны белгілі. Бұдан Қарлұқ қағанаты құрылғанға дейінгі-ақ қарлұқ тайпаларының Орталық Азия жерінде өмір сүргендігі аңғарылады. Ал Күлтегін жазуындағы Қарлұқтарды қырып, басып алдық деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түрік қағанатының құрамында да болғандығын білдіреді.Шамасы осы жеңілістен кейін қарлұқтардың және бір толқыны Жетісуға қарай жылжиды. Қарлұқтардың Жетісуға қарай жылжудағы және бір себебі Ұйғыр қағанатынан жеңілуі еді. Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан ірі тайпалар одағы – қарлұқтар Түргеш қағанатының әлсіреген жағдайы пайдаланып, 756 жылы билікті қолдарына алып , өздерінің мемлекетін құрды. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды.
23- Билет
1868-1869 жж. Орал, Торғай облыстарындағы отарлық езгіге қарсы азаттық күрестері.
Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Батпақ ескерткішін салыстырып, қай кезеңге жататынын анықтаңдар.
«Қасым ханның қасқа жолы» бойынша енгізілген ережелерді кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
27209751206500
27209751206500
27209751206500
27209751206500
Жауабы:
1.1868-1869 жж. Орал, Торғай облыстарындағы отарлық езгіге қарсы азаттық күрестер.
Әкімшілік-басқару реформалары жекелеген маңызына қарамастан, қазақ даласында отаршылдық езгіні тереңдетті. Жаңа бекіністер салуға көшпелі шаруалардың жерлері тартып алынды, салықтар көбейіп, патша шенеуніктері мен отаршылдық басқару қызметіне көшкен феодалдық топтар қысымы бұқараның онсыз да ауыр жағдайын шиеленістірді. Өсімқорлық саудамен айналыса бастаған ақсүйектер күнкөрісінің барысы еңбекшілерге әкімшілік басқару жағынан қысымды үдетті. Мал-жайымен көшпелі өмір сүрген кедейлерге "Уақытша Ереженің" жерді пайдаланудағы жаңа қағидалары тіпті қолайсыз еді. Қазақ даласы бойынша барлығына міндетті (әрине, ауқаттыларды қоспағанда) шаңырақ салығы енгізілді. 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілген бұл салық әсіресе әлеуметтік қорғансыз жандарға тіпті ауыр еді. Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиынға көтерілген салық қазақ шаруаларының басым көпшілігін ауыр жағдайға душар етті. Патша үкіметінің осы салықты бай мен кедейге бірдей дәрежеде төлетуге шешім қабылдағанын ескерсек, шаруалар халінің қиын болғанына көз жеткізу қиын емес.
Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі деп жариялап, оны аумақтық негізде пайдалану ғасырлар бойы қалыптасқан көшпенділердің көзқарасына жат болды. Қыстау мен жаздық қоныстардың әр түрлі әкімшілік-аумақтық басқару органдары қарамағында қалуы рулар арасын шиеленістірді.Патша үкіметі отарлық саясатының осындай және басқа ауыртпалықтары 1868-1869 жылдары Орал мен Торғай облыстарын қамтыған қазақ шаруалары күресінің тұтануына себепші болды.
1868 жылдың желтоқсан айы мен 1869 жылдың қазан айы аралығындағы Орал мен Торғай өңіріндегі көтерілістер отаршылдыққа қарсы бағытталды. Айта кететін бір жайт, бұл халық қозғалысын басқарғандар ежелгі жеңілдіктерінен айырылған ру басылары еді. Олардың басым көпшілігі халықтың ашу-ызасын өз мүдделеріне ұтымды пайдаланды. Қаруланған қазақ шаруалары патша үкіметінің отарлық саясатына, әлеуметтік қысымына қарсы бас көтерді. Әлсіз ұйымдасқан жасақтар патшаның жазалаушы бөлімдеріне тайынбай қарсы шықты. Мысалы, 1869 жылы мамырдың 6-сы күні Орынбор шебінен жіберілген, фон Штемпель басқарған 200 атты және бір рота жаяу әскерден тұратын топқа Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі маңында көтерілісшілердің 20 мың әскермен шабуыл жасады. Жеті күн бойы шаруа жасақтары қоршауында қалған жазалаушылардың жағдайы қиындап азық-түлігі және жем-шөбі таусылған олар әскери шепке қайтып кетуге мәжбүр болады.
Бұл көтерілістің сонымен қатар антифеодалдық сипаты да бар. 1869 жылдың наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы 41 рет шабуыл жасады, оған жалпы саны 3 мың көтерілісші қатысты.
Торғай және Орал облыстарындағы бұқаралық сипат алған көтеріліс жергілікті отаршыл басқару жүйесін және Петербург сарайын шошындырады.
Орал облысындағы азаттық күресті жаншуға бірқатар ірі әскери күш жіберілді. Подполковник Рукин, граф Комаровский және генерал-губернатор Н.А.Веревкин бастаған мұздай қаруланған жазалаушылар қазақ ауылдарын оқтың астына алып, қолға түскендерді аяусыз жазалады. Көтерілістің жеке құрамаларына басшылық еткен сұлтан Ханғали Арсланұлы,билер Дәуіт Асауұлы, Мұңайтпасұлы, молдалар Рысқұлұлы, Досұлы, т.б. солқылдақтықтың салдарынан шаруалардың үмітін ақтамады. Нашар қаруланған, араларында ауызбірлік болмаған, түпкі мақсаттарын жете түсінбеген Орал, Торғай шаруаларының қозғалысы жеңіліске ұшырады.
2. Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Батпақ ескерткішін салыстырып, қай кезеңге жататынын анықтаңдар.
Қазақстан аумағында палеолит кезеңі ескерткіштерінің екі түрі табылған.Бірінші түрі-бірнеше мәдени қабаттардан тұратын ескерткіштер. Оларды тек археологиялық қазбалар барысында зерттеуге болады. Осындай ескерткіштерге Қаратаудағы Ш.Уәлиханов есімімен аталған көп қабатты қоныс Түркістан маңындағы Қосқорған, Қарағанды облысындағы Бетпақ пен Шығыс Қазақстандағы Шульбинка жатады. Екінші түрі - ашық жер бетінде орналасқан ескерткіштер.
Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ: Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыстанды мекенінен табылған қалыңдығы 7метр, мустье кезеңіне жататын тұрақтардың ең күрделісі. Ежелгі адамдар бұл тұрақты бірнеше рет қоныстанған. Қазба жұмыстары кезінде қоныстың әр түрлі қабатынан үшкіртас және құрал жасаудан қалған тас сынықтар табылған. Әсіресе, өте жақсы өңделген қырғыштар көп кездеседі.
Батпақ тұрағы: Орталық Қазақстан жерінен табылған кейінгі палеолитке жататын ең көрнекті ескерткіштердің бірі. Оның мәдени қабаты жер бетінен 6 метрдей тереңдіктен табылған. Тұрақтың жас мөлшері – б.з.б. 30-25 мыңыншы жыл.Бұл жерден барлығы 300-дей тас құралдар шықты. Табылған құралдар сопақша келген қырғыштар болып табылады. Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ пен Батпақ тұрағы мустье және кейінгі палеолиттің ең көрнекті ескерткіштеріне жатады, бірнеше мәдени қабатты ескерткіштерге жатады, сол заман адамдарының өмірі, тұрмысы туралы көрнекі ақпарат бере алады.
3.«Қасым ханның қасқа жолы» бойынша енгізілген ережелерді кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
Қасым хан мемлекеттің қоғамдық өмірінде қарама-қарсы қайшылықтарды болдырмау үшін бір қатар заңдар шығарды. Оның «Қасым ханның қасқа жолы » деген атаумен осы күнге дейін ел аузында айтылып келеді. Қасым хан Қазақ хандығының қоғамдық өміріне лайықсыз ескі заңдарды алып тастап, сол кездегі заманның талабына сай жаңа құқықтық заңдар шығарған. Қасым хан сол бойынша мемлекеттік билік жүйесін орнықтырып, күшті мемлекет құрды. Академик Ә. Х. Марғұланның айтуына қарағанда елдегі саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде заң туған. Бұл заңға мына ережелер енген:
Мүлік заңы(жер дауы, мал-мүлік дауы);
Қылмыс заңы(кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық істеу);
Әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан,ердің құны, тұлпар ат):
Елшілік жоралары(майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, ибалылық, әдептілік).
Жұртшылық заң (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл)
24- Билет
Ғұн мемлекетінің құрылымы.
Жоспарлы экономика мен нарықтық экономика арасындағы ерекшеліктер. Қазақстан Республикасын нарықтық қатынастарға көшірудегі орын алған қиыншылықтарға сипаттама беріңіз.
ХІХ ғасырдағы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістердің аумақтарын картаға белгілеңіз.

Жауабы:
1.Ғұн мемлекетінің құрылымы.
Ғұндар бірлестігіне шыққан тегі әр түрлі тайпалар мен этникалық-саяси құрылымдар кірген. Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылып: сол, орталық оң қанатқа бөлінген. Мемлекеттің Шаньюйден кейінгі басты тұлғалары «түменбасы» деп аталатын бекзадалар болды. Бұлар шаньюйдің ұлдары, інілері немесе жақын туысқандары еді. Олар 24 руды басқарған. 24 түменбасын шаньюй тағайындаған. Олардың әрқайсысында 10000-нан атты әскер болған. Түменбасы мыңбасын, жүзбасын және онбасын тағайындай алды. Бұлардың әрбіріне көшпелі тұрғындарымен қоса белгілі бір аумақ белгіленген. Ер азаматтардың бәрі белгілі бір жасаққа тіркеліп отырған. Олар әскери жаттығулармен шұғылданып, қару-жарақ, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған. Империяның басқару тобы ру-тайпа ақсүйектерінен құралды. Барлық бекзадалар «Аспанға, Жерге, ата-баба аруағына және көктегі тәңірге арнап құрбандық шалу үшін» жылына үш рет шаньюйдің алдына ақсақалдар кеңесіне жиналған. Жиналғандардың бәрі шаньюйдің туысқандары болатын. Олар мемлекеттік істерді талқылады.Қытай дерегінде ғұндардың күш-қуаты туралы: «ғұндардың құдіреттілігі сондай, олардың елшісі қолындағы шаньюйдің сенім таңбаларымен көрші елдерге барды, ол елдер бір мемлекеттен екінші мемлекетке шығарып салып, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрды...» деп жазылған.
2.Жоспарлы экономика мен нарықтық экономика арасындағы ерекшеліктерді талдаңыз. Қазақстан Республикасын нарықтық қатынастарға көшірудегі орын алған қиыншылықтарға сипаттама беріңіз.
Жоспарлы экономика:
1. Меншік түрі: мемлекеттік (қоғамдық) меншік
2.Бәсекелестіктің болмауы, еркін бәсеке орнына өндірістер арасында социалистік жарыс, қозғалыстардың орын алуы
3.Жеке кәсіпкерлікке жол берілмеу
4.Экономиканы мемлекеттік жоспарлау, жопарлаудың бесжылдықтар түрінде болуы
5. Экономиканың барлық тетігі мемлекеттің қолында болуы, мемлекеттік қаржыландыру шетелдік инвестицияның тартылмауы т.б.
6. Бағаны мемлекеттің тағайындауы
Нарықтық экономика:
1. Меншік түрі: көп түрлі меншік
2. Еркін бәсеке
3. Жеке кәсіпкерлік
4. Нарықтық экономика
5.Экономиканы бір орталықтан жоспарламау
6.Еркін баға
Нарықтық қатынастарға көшудегі орын алған қиыншылықтар:
Экономиканы әміршіл-әкімшіл басқарудан нарықтық жүйеге көшу аса қиын әрі күрделі болып шықты. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалды. 1992 жылға дейін Ресеймен бір экономикалық кеңістікте болғаны жағдайды қиындата түсті. Тұтынушылық рынок мәселесі барынша шиеленісті азық-түлік, киім-кешек жетіспеді, алыпсатарлық пен жемқорлық өрістеді. 1992 жылғы 6 қаңтардан бастап баға босатылды. Еркін баға енгізілуімен тауарлардың барлық түрі бірден қымбаттады. Тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің жаппай қысқаруы кей реттерде мемлекеттік кәсіпорындардың толық тоқтатылуы бағаның күрт жоғарылауына әкеліп соқты. Азық-түлік пен өндірістік тауарлар бағасының өсуіне ықпал факторлар - энергия ресурстары бағасына бақылаудың алынуы, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу құнының өсуі, сонымен бірге көтерме бағаның алты есе өсуі болып табылады. Жұрттың жалақысы түгелдей азық-түлік алуға кетті. Күрделі тұрмыстық, мәдени және шаруашылық техникалары бағасы қымбат болғаны соншалықты көпшілік оларды сатып ала алмады. Тұрмыс жағдайының нашарлауы тұрғындардың наразылығын тудырды. Осындай жағдайда экономикада түбегейлі өзгерістер қажеттілігі туындады.
3. ХІХ ғасырдағы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістердің аумақтарын картаға белгілеңіз
1.1847-1858жж. Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс-Кіші жүз, Арал теңізінің солтүстігі,Жем бойы
2. 1843-1851жж. және 1856-1857жж. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс-Кіші жүз, Сыр бойы
3.1868-1869жж. Орал (Ырғыз, Елек уезі), Торғай(Орал, калмыков уезі) көтерілісі- Кіші жүз
4. 1870,1873жж. Маңғыстау көтерілісі- Кіші жүз
ХІХғ. Қазақтардың тәуелсіздік үшін күресі орыс отаршылдығы өзімен бірге ала келген қоғамдық өзгерістерге қарсылық ретінде көрінді. Ал, шын мәнінде, бұл қазақ халқының ұлт-азаттық күресі, сонымен бірге екі өркениеттің арасындағы қақтығыс еді.
Ұлт-азаттық қозғалыстардың барысында отаршыл үкімет жойып жіберген хандық билікті қалпына келтіру әрекеті байқалды. Көтерілісшілер өздерінің ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілік белгілерін қайта жаңғыртты
25- Билет
1. Қазақ КСР-нің құрылуының тарихи маңызы.
2.Ғұн көсемі Аттила мен қыпшақтан шыққан Бейбарыс сұлтанның тарихта алатын орны.
3. Қазақ хандығының басқару жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
1
27209751206500
2
27209751206500
3
27209751206500
4
27209751206500
5
27209751524000
6
27209751206500
7
Жауабы:
1.Қазақ КСР-нің құрылуының тарихи маңызы.
1920-1930 жылдардағы тарихи даму кезеңінің қорытындылары Кеңес елін мекендейтін басқа халықтар сияқты қазақ халқының да қайшылықтар мен қиындықтарға толы каһармандық жолдан өткенін көрсетті. Қазақ халқының аумақтық автономия құқығына қолы жетті. Оның индустриясы қауырт дамыды, халықтың әлеуметтік құрылымы өзгерді. Мәдениет пен білім беру саласында да табыстар болды.
Сонымен қоса экономика мен мәдениет салаларында қол жеткен табыстар өте қымбатқа түскен еді. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты. Елді индустрияландыру Қазақстан экономикасының орталық құрылымын нығайтқанымен, шын мәніндегі адамға еркіндік беру, оның жеке басын сыйлау, өмірін қадірлеу жағына ешкім бойлап бара алмады. Қазақ КСР-і Орталыққа толық бағынышты күйде болды.
1936 жылғы КСРО Конституциясында «Әр одақтас республиканың өз еркімен КСРО құрамынан шығып кету құқығы сақталатыны» туралы бап болды. Бірақ ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға қорғаныс, аумақ, шекара мәселелерін шешуге, егемендіктің белгілерін айғақтайтын өзге маңызды шаралармен айналысуға одақтас республиканың құзіреті болмады. Тарихтың бұдан былайғы даму барысы формалды одақтың ұлы державалық гипер мемлекетке айналып бара жатқанын көрсетті. Егер Кеңестер Одағы өзінің ішкі қайшылықтарының пісіп жетілуінен және дүниежүзілік өркениеттің сырттай қысымымен, демократиялы Батыс елдері ұсынған экономикалық жарыс пен қаруланудың соңына түсу қарқынына шыдай алмай, толық күйреуге ұшырамағанда Қазақ Кеңес Республикасы тоталитарлық жүйенің ажырамас бір бөлігі болып қала берер еді.
Формалды түрде болса да, Қазақстанның одақтас республика мәртебесін алуының тағдыр шешерлік маңызы осы тұстан көрініс берді: Кеңестер Одағы ыдырағанда оның құрамында болған өзге одақтас республикалармен бірге Қазақстан да мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.
2. Ғұн көсемі Аттила мен қыпшақтан шыққан Бейбарыс сұлтанның тарихта алатын орны.
Ғұн көсемі Аттила мен сұлтан Бейбарыстың өміріндегі ұқсастықтар олардың түркілік тегі, қазақ даласымен байланысы және шет жерде билікке келулері мен ержүрек жауынгер, дарынды қолбасшы, қаһарлы ел билеушілер ретінде тарих бетінен өз орындарын алуы болып табылады.
Аттила(Еділ) (400-453жж.) - ғұн билеушісі. Батыс ғұн ұлысы- ғұндардың Еуропада құрған мемлекеті. Батыс ғұн ұлысының негізі ІІ ғасырда Каспий теңізінің жағалауында, қазіргі қазақ жерінде қаланды. Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпалардың басын біріктіріп, әскери соғыс қуаты күшті мемлекетке айналды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін құрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті. Оған Днестрден Римге дейінгі, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі жерлер бағынды. Еділ патшаның кезінде Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті. 451 жылы Галлиядағы Каталаун даласында Аттила жауынгерлері римдіктердің, франктердің т.б.біріккен күштерімен шайқасты. Ғұндардың тарихтағы рөлі Еуропаны римдіктерден азат етіп, құлиеленушілік құрылысты құлатып, жаңа дәуірдің – орта ғасыр дәуірінің басталуына жол ашты. Еуропа халықтарының қалыптасуына ықпал етті.
Сұлтан Бейбарыс (1225-1277жж.)- Қыпшақ жерінде туған, әкесі-Жамақ, анасы-Әйек. Жас кезінде 800 динарға қыпшақ даласынан Египетке құлдыққа сатылған. 1260 жылы Египеттің төртінші сұлтаны ретінде билік басына келіп, 1277жылға дейін 17 жыл билік құрған. 1262 жылы Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым-қатынас орнату үшін өз елшісін жіберіп, екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнаған.Египет сұлтандары бүкіл араб әлемін монғол шапқыншылығы мен кресшілер жорықтарынан аман алып қалды.
3. Қазақ хандығының басқару жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
1.Ауылдық басқару. Бұл қазақ халқының ең бірінші қоғамдық басқару жүйесі болып табылады. Бұл ұйым туыстас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құралады. Ауылды басқаратын адамды ауылнай немесе ауылбасы деп атаған. Ондай адамның ауыл ішінде беделі күшті білгір, тәжірибелі және ауқатты адам болуы керек. Оның атқаратын басты міндеттері: ауылдастарының шаруашылықтарын басқару, көші-қон уақытын белгілеу, ауыл ішіндегі дау-жанжалдарды әділ шешіп отыру.
2. Ата-аймақ. Қазақ хандығының бұл ұйымы бір атадан тараған, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралады. Ата аймақты басқаратын адамды “ақсақал” деп атады. Ауылбасылары «ақсақалмен» кеңесіп, оның шешімін мүлтіксіз орындап отырды. Ақсақал ата-аймақ ішіндегі неке мен отбасы, мұрагерлік пен енші т.б. мәселелерді шешуге құқылы болды. Жеті ата арасындағы дау-жанжалды реттеп, кінәлі жағын жазалады.
3.Рулық басқару. Ру он немесе он бес аймақтан құралатын болған. Руды басқаратын басшыны ру биі немесе рубасы деп атады. Руға өз қасиетімен,не аталарынан мұрагерлікпен жеткен адам билік етті. Рубасы ақсақалдарын жиып алып, оларға ақыл-кеңес берді, жоғарыдан келген жарлықтар мен бұйрықтарды орындатып отырды. Өзінің рулық аймағында кездесетін даулар болса, оны әділдікпен шеше білді. Рубасы көпті көрген білікті, тәжірибелі адам болды. Сондықтан да рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты болған.
4.Ұлыстық билік. Ұлыс бірнеше рудан құралды. Әр ұлыс өз жерінен жаугершілік жағдайда он мыңдық жасақ шығара алды. Ұлыстың бас билігі, сыртқы саясаты және әлеуметтік өмірге басшылық, ұлыс сұлтанның немесе ханның қолында болған. Ұлыс басы хан немесе сұлтандар, билер кеңесіне сүйенген. Билер ірі-ірі кеңестерде не жиындарда ұлыстың намысын қорғады. Ұлыс билеушісіне елдің ішкі-сыртқы жағдайына қатысты қабырғалы ақыл кеңес беріп отырған. Сұлтандар әдетте хандар мен ақсүйектер әулетінен шықты. Көбінесе хандар өздерінің ұлдарын және туыстарын ұлыстарға сұлтан етіп тағайындайтын болған.
5.Жүздік билік. Жүз бірнеше ұлыстардан құралды. Сондықтан жүздің басшысы, қызметі би атағының ең биік деңгейі. Қазақ жүздері шамамен алғанда XV-XVI ғасырларда тайпалардың одағы негізінде жер жағдайына байланысты қалыптасты. Қазақтың бұл үш жүзі бүгінгі таңдағы алып жатқан кең-байтақ жерімізді сыртқы жаудан қорғап, бізге қалдырды. Біздің қасиетті борышымыз сол жерді өз қалпында сақтап, Отанымыздың ұлтжанды азаматы болу. Үш жүздің билері мемлекеттік мәселелерді шешуде ханға көмектесіп, ақыл-кеңес беріп отырған. Жүздің биін орда би деп атаған.
6.Хандық билік. Хандық үш жүзден құралды. Қазақ хандығының билігі Ұлы ханның қолында болды (Түркі дәуірінде оны қаған деп атаған). Хан елдің сыртқы саясатын өз қалауымен жүргізді. Ал елдің ішкі өмірінде билер шешпеген даулар мен ұлы сұлтандары арасындағы жанжал бойынша ғана хан алдына барып жүгінетін. Кез келген дауға хан қатынасса да, қатынаспаса да жауапкердің есебінен кесілген мал мен мүліктің он пайызы ханға тиесілі болған. Басқа елдермен арадағы елшілік, құдандалық (қыз беру, алу), жауапкершілікпен бітім тікелей ханның, не ұлыс сұлтанының басшылығымен жасалған төре тұқымының ішкі әулеттік даулары хан алдында шешілген. Ал қара қазақ баласының дауын кез келген төре шеше алған.
7.Құрылтай (немесе Мәслихат ). Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі. Ел басына ауыр күн туғанда күрделі мәселелерді талқылауға үш жүздің баскөтеретін азаматтары түгел қатынасады. Мұндай кезде “Жарғының” талабы бойынша азматтардың бесқаруы сай болу керек. Құрылтайдың немесе мәслихаттың кеңесінде көрші елдермен соғысу немесе одақ құру т.б. бойынша шешімді бекітпеу мәселесі қаралған.
26- Билет
1. Сақтардың тәуелсіздігі үшін күресі.
2. «Қарқаралы петициясының» халық толқуындағы рөлі.
3.Түркеш қағанатының аумағын картаға белгілеңіз.

Жауабы:
1.Сақтардың тәуелсіздігі үшін күресі.
Б.з.б. 530 жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді. Бұл кезде сақтардың билеушісі Томирис еді. Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін келіп, өз елшілерін Томириске жібереді. Бірақ Томирис “әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ” деп жазды Рим тарихшысы Помпей Трог. Сақ патшайымы Томирис келіссөз жүргізуден бас тартады. Парсы патшасы Кир сақтардың жеріне басып кіреді. Геродоттың сипаттауынша,”Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып,қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі” .Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б.з.б. 519 жылы парсылар қайта шабуыл жасайды. Бұл жорықты Дарий патша басқарады. ”Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым”деген Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында айтылады. Сақтарды Скунха атты көсемі басқарады. Скунха соғыста жеңіліп,парсы әскері Сырдариядан өтеді. Бұл шайқаста Шырақ сияқты жауынгердің арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды. Алайда ұзақ жылғы соғыста сақтардың біраз жері парсылардың қол астына қалып қойған еді. Олар алым-салық төлеп, парсылармен бірігіп соғысуға өз әскерлерін жіберіп тұрды. Мысалы,б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасында парсы әскерінің құрамында гректерге қарсы сақ жауынгерлері соғысты. Сақтар парсы әскерлерімен қосылып, Египеттегі, Грекиядағы соғыстарға қатысты.
Б.з.б. 4 ғасырда гректер сақ жеріне қауіп төндірді. Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған грек әскерлері Орта Азияға басып кіріп, Сырдария өңіріне қарай аттанады. ”Жеңілмейтін әскер”атанып келген Александрдың қалың қолына сақ тайпалары қарсы тұрып, олардың алға жылжуына кедергі жасаған. Грек-македон басқыншыларына қарсы күресті Спитамен атты сақ басқарды. Ол македон әскеріне 3 жыл бойы қарсы партизан соғысын жүргізді. Ежелгі грек тарихшысы Арриан қолбасшы Александр Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтарға қалай шабуыл жасағаны туралы жазады. Бұл шабуылдан грек әскеріне қауіп төніп, олар қырғынға ұшырай жаздады. Күннің ыстығы, сақтардың жиі-жиі қолайсыз шабуылдары мен соғысу тактикасы гректерді әбден әлсіретті. Сөйтіп,Александр Македонскийдің Сырдарияның арғы жағынан мекендейтін сақ тайпаларын бағындыру үшін жасаған жорығы сәтсіз аяқталды. Сақтар оның Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеп тастады.
2. «Қарқаралы петициясының» халық толқуындағы рөлін анықтаңыз.
ХХғ. басында отарлық жағдайда тұрған өзге де ұлттар (үнді, қытай т.б.) отарлаушы империяның күшті құрылымына қарсы тұра алу үшін –«күш қолданбай қарсыласу», «өзін-өзі күшейту», бейбіт шеру, байкот жариялау сияқты әдістер қолдана бастады. Халықты қырғынға ұшырататын көтеріліс түріндегі қарулы әдіс өзін-өзі ақтамады. Ұлттық мүмкіндіктерді ортақ мақсаттарға жұмылдыра алатын, жаңа күрес тәсілдерін тиімді пайдалана алатын әлеуметтік күш- ұлт зиялылары еді. Олар ХХғ. басында жаңа күрес әдістерін –ұлттық құндылықтарды қорғау тұрғысынан халық ағарту ісін алға тартып, газет-журнал, кітап басып шығаруды қолға алды. ХХғ. басынан (1902ж.)бейбіт күрес әдістері ретінде, талап-тілектерді жазбаша түрде талап ету – петиция әдісі қолданыла бастады. 1905 жылы Семей облысы, Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде атақты «Қарқаралы петициясы» дүниеге келді. Оны Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақпаев сияқты зиялылар (42 адам) ұйымдастырды. Оған 14,5 мың адам қол қойды. Арыз-тілекте сол тарихи кезеңдегі қазақ азаттық қозғалысының алдында тұрған негізгі міндеттер бағдарламалық (11 пункт)деңгейде баяндалды. Жер мәселесі, халықтың білім алу мүмкіндігі, дін еркіндігі, әкімшілік басқару ісін қайта қарау, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, қоныстандыру саясатын тоқтату, Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру т.б. өмірлік маңызды мәселелер қойылды. Қарқаралы петициясы- ХХғ. бас кезіндегі Қазақстанның саяси өміріндегі аса маңызды кезеңдердің бірі болды. Қарқаралы петициясында қазақ қоғамының өмірлік маңызды, өткір проблемалары нақты да қысқаша тұжырымдалған түрде баяндалды. Қазақ халқының саяси сана-сезімінің оянып, күшейе түскенін көрсетті. Мұның өзі халықтың құқықтарын қорғауға қабілетті екенін айқын көрсетті.
3. Түркеш қағанатының аумағын картаға белгілеңіз.
Қағанаттың жері Орта Азияның Оңтүстік шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы Суяб қаласы болды. Халқының құрамы түрік тілдес тайпалардан тұрды. Түргештер туралы алғашқы деректер «Күлтегін» ескерткіштерінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары VI ғасырда Шу, Іле өзендері аралығындағы үлкен аймақты мекендеді және Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды.
27- Билет
1.Сақтардың мәдени мұралары.
2.1921-1922жылғы және 1930-1932 жылдардағы Қазақстандағы аштықтың зардаптарын салыстырыңыз.
3.Батыс Түрік қағанатының жер аумағын картаға белгілеңіз.

Жауабы:
1.Сақтардың мәдени мүралары.
Сақтардан көптеген ескерткіштер қалды. Олар Сырдария,Талас, Шу, Іле өзендерінің бойында, Алатау бөктерінде, Қырғыстан жерінде кездеседі. Сақ обаларынан табылған бұйымдар ежелгі грек ғалымдары айтқан мағлұматтарды дәлелдейді. Археологтар Қызылордадан 300 шақырым жерде Шірік-Рабат қаласына қазба жұмыстарын жүргізді. Ол қыратта орналасқан. Қаланың орталығында күзет мұнаралары бар қамал (цитадел) салынған. Қала қамалдары қалың қабырғалармен қоршалған. Археологтар цитадел орталығынан жебенің қола ұштарын, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл табылған заттар б.з.б. 4-2 ғасырларға жатады.
Археологтар қазба жүргізген тағы бір қала Бәбіш- Молда. Бұл қаланың да қамал қабырғалары және айналдыра қазылған орлары болған. Археологиялық дерктерге қарағанда қала тұрғындары егіншілікпен айналысқан. Қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған.
Сақтарда қолөнер ісі өте жақсы дамыған. Қолөнер шеберлері қауым мүшелеріне қажетті бұйымдарды жасады. Зергерлер алтын, күмісті балқытып, қалыпқа түсірумен айналысты. Олар аттың ер-тұрманы мен тұрмыстық мүліктерді әшекейлеп, асыл тастардан көз салынған алқа, сақина-сырғалар, өңіржиектер мен әсем белдіктер жасаған. Ұсталар қару-жарақ соқты, оларды алтынмен аптаған. Сақтарда ағаш оюмен қатар ілгек, таға, түйме сияқты заттарды жасайтын сүйек өңдеу қолөнері де дамыған.
2.1921-1922 және 1930-1932 жылдардағы Қазақстандағы аштықтың зардаптарын салыстырыңыз.
1921-1922 жылдардағы аштықтың зардаптары: Қазақстандағы жеті губернияның бесеуі аштыққа ұшырады. 1921ж. жазда БОАК-тың Декретімен Орал, Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай губерниялары аштық жайлаған аудандарға жатқызылды. Аштыққа індет қосылды. Кейбір жерлерде жұттан малдың 80% қырылуына әкелді. Аштықтың солтүстік-батыс аудандарға таралуына табиғи апат қана емес, орталықтан жасақталған азық-түлік отрядтарының ауыл шаруашылық өнімдерін күшпен тартып алулары себеп болды. Ақмола, Семей губернияларынан 4 млн пұттан астам астық және 24,5 мың пұт май жинап алынды. Жинап алынған ет, астық, май өнімдері алдымен – Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратовқа жіберілді. Соның салдарынан аштықтан аман аудандардың халқы ашыға бастады. 1922 жылдың маусымына қарай Батыс Қазақстанда аштыққа ұшырағандар мен аурулардың жалпы саны 82%-ына дейін жетті. Республика халқының 1/3 бөлігін аштық жайлады, ашыққандар 1921 жылдың қарашасында 1 млн. 508 мың болса, 1922 жылдың наурыз айында 2 млн. 303200 адам болды. Аштықтан тұтас ауылдар қырылып, халықтың саны азайды, 700 мыңнан астам адам Қазақстаннан тысқары аймақтарға көшіп кетті. Осы кезеңде 1 млн-ға жуық адам аштықтан, суықтан, аурудан қаза тапты.
1930-1932 жылдардағы аштықтың зардаптары:
1) Республикамызда 1929 ж. -40,5 млн. мал болса, 1933 ж. -4,5 млн. мал қалды.
2) 1 млн-ға жуық адам - басқа жаққа көшіп, босып кетті, 600 мыңы оралған жоқ, бұл жағдайды тарихта «қызылтабан шұбырынды» деп бағалайды.
3) Демограф М.Тәтімовтің дерегі бойынша халық саны 1931 жылы 5 450 мың қазақ болған, оның 2,3 млн. қырылды десе, тарихшы Т.Омарбековтің айтуынша 1931 жылы 4 836 мың қазақ болса, оның 2,230 мыңы аштық құрбаны болды деген деректер береді. Жалпы, соңғы кезде демографтардың табиғи өсімді ескере отырып есептеуі бойынша 1930 жылы қазақтардың саны 3845,4 мың адам. Аштық құрбаны болған адамдардың саны- 1 млн 798,4 мың адам.Сол кездегі қазақ халқының 46,8% -ын құрайды. Ал халық шаруашылығы есептеу басқармасының (ХШЕБ) келтіруі бойынша 1930 жылы Қазақстан тұрғындарының саны 5873 мың болған, 1934 жылы 2681,9 мың адамды құрады. Қазақтар өздерінің тарихи отанында ұзақ жылдар азшылық жағдайына түсті, сандық мөлшері жағынан 1926 жылғы деңгейін тек 1966 жылы ғана, 40 жылдан соң қалпына келтіре алды. Бұл жағдай қазақ халқы үшін «ұлы жұт» деп аталады.
3.Батыс Түрік қағанатының жер аумағын картаға белгілеңіз.
Түрік қағанаты 603 жылы Батыс, Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың алып жатқан жері анықтала бастады. Батыс қағандық оңтүстік – шығысында Іле, Шу өзендерінен бастап, солтүстік – батысында Еділ мен Кубань өзенінің төменгі ағысына дейін, ал солтүстік – шығысында Есіл мен Ертіс өзендерінің жоғарғы ағысы аралығын алып жатты. Ал оңтүстік – батысында Тарым, Әмудария өзендеріне дейінгі аймақты қол астына қаратты. Батыс қағанаттың орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты.
Қағанаттың негізгі этникалық – саяси ұйытқысы «он тайпа» он – оқ бұдун тайпалары мекендеген Қаратаудың шығыс баурайына Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар ол түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядан басып алған отырықшы егіншілік алқаптарына да үстемдік етті.
28- Билет
1. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
2. «Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары.
3. 1891 жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлықтың құрамына кірген облыстарды картаға белгілеңіз.

Жауабы:
1.Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған. Осы мәдениетке жататын үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Әдетте үйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған. Ішкі және сыртқы беттеріне тастың тегіс жағы қаратылған.
Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі - обалар. Андрондықтардың ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай корғандары биіктеу болып келеді және ұсақ киыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қакпақтастармен бекітілген.
Бұл мәдениетке жататын қыш құмыралардың ернеуі тік, бүйірі шығыңқы, түбі тегіс болып келеді. Беғазы-Дәндібай құмыралары әр түрлі өрнекпен безендірілген. Тарақ жүзді және үзік сызықты үшбүрышты өрнектер көп кездеседі.
Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист-ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды. Ә.Х.Марғұлан және оның шәкірттерінің зерттеулері нәтижесінде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сыры ашылды.
2. «Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары
«Алаш партиясы» 1917 жылы21-26 шілде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Партия 1917 жылы 5-қазан «Алаш» деп аталды. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партияның бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21-қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрді. Жетекшісі: Ә.Бөкейханов болды, партияны құруға А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. алаш зиялылары атсалысты. Бағдарлама 10 пункттен тұрды (мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мәселесі).
«Үш жүз» партиясы 1917 жылы қараша айында Омбы қаласында құрылды. Төрағасы – Мұқан Әйтпенов, орталық комитет құрамы Көлбай Тоғысов, Ысқақ Қабенов кірді.«Үш жүздің» бағдарламалық тезистері шашыраңқы болды. Онда еңбекшілердің талаптарын ескеретін пункттер: қазақ шаруаларына жер беру, отырықшы өмір салтына ауысу, мектеп ашу, тұрғындар арасына білім тарату т.б. енгізілді. Бұған қоса «Үш жүз» заңдар жинағын құқық пен шариғатты негізге ала отырып құруды ұсынды. Олардың ойынша, Құранның қатал пункттерін алып тастап, оның некеге, отбасына, мұраға қатыстыларын қалдыру керек деп жазды.
К.Тоғысовтың басшылыққа келуімен «Үш жүз» партиясының саяси бағдары өзгерді. Кеңес өкіметіне сенім білдірді.
Айырмашылықтары:
«Алаш» партиясының сипаты - ұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін білдірді.
«Үш жүз» партиясының сипаты – социалистік партия, олар еңбекші халықтың мүддесін білдіріп, кеңес өкіметін қолдады. Әлеуметтік құрамы – Омбының қала кедейлерін, шеберлерді, жәмшіктерді, бақташыларды біріктірді.
«Алаш» партиясының мақсаты – тәуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру болды.
«Үш жүз» партиясының мақсаты - түркітілдес халықтардың біртұтас автономиясын – Түркістан Федерациясын құруды ұсынды. Алаш автономиясын - «контрревоюциялық автономия» деп сынады.
«Алаш» партиясының баспасөз органы- «Қазақ» газеті болды
«Үш жүз» партиясының баспасөз органы – «Үш жүз» газеті, 1917ж. желтоқсаннан Петропавл қаласында шыға бастады.
1918 жылдан бастап Кеңес билігі платформасында мығым тұрған «Үш жүз» «Алашқа» қарсы белсенді күрес жүргізді.
3. 1891 жылғы ереже бойынша қазақ жерінде құрылған генерал - губернаторлықтың құрамына кірген облыстарды картаға белгілеңіз.
1891 жылы наурыз айының 25-інде «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы» Ережелер бекітілді. Бұл жаңа заңға сай Қазақстанды әкімшілік – аумақтық жағынан басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді.1891 жылғы 25 наурызда қабылданған «Ережеге» сай Ақмола облысы, Торғай облыстары төрт уезден құралды. Ақмола, Семей және Жетісу облыстары Дала генерал- губернаторлығы құрамына кірді. Үш облыстың негізгі әкімшілік орталығы (облыстардың жеке орталықтарын есептемегенде) Омбы қаласы болды. Бұл өзгерістер отаршылдық басқармасының рөлін мейлінше күшейітті, генерал – губернаторларға шексіз билік берді. Қазақстандағы облыстық басқару сатылары Ресейдің орталығындағы губерниялық басқармаларға теңестірілді. Жетісу және Орал облыстық әскери губернаторлары, сонымен қатар осы өңірлердегі казак әскерінің үкімет тағайындаған атаманы болып есептеледі.
29- Билет
1.Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы саяси қызметіне баға беріңіз.
2.Қытай саяхатшысы Чжан Цянь мен Шоқан Уәлихановтың сапарын салыстыра сипаттап, мақсатын, ерекшеліктерін атаңдар.
3.Қазақстан аумағындағы неолит дәуірінің тұрақтарын картаға белгілеңіз.
Жауаптары:
1.Кенесары Қасымұлының біртұтас қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы саяси қызметіне баға беріңіз.
Кенесары Қасымұлы үш жүздің басын қосып, Ресей империясына қарсы тұрды. Ол қазақ жеріндегі біртұтастықты сақтап қалуға тырысты. 1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзі басқарды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган - өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Кенесары хандықты өзінің сенімді адамдары - жасауылдар арқылы басқарды. Жасауылдар сот ісімен, шаруашылық мәселелерімен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-салық жинаумен және әскери істермен айналысты. Жасауылдар сонымен қатар орталық өкімет билігі берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлініп, тиімді пайдаланылуын бақылады, халықтың көңіл күйін де қадағалады. Хан билігі қызметінің оңды нәтижелері ретінде оның қол астындағы халық арасында алауыздық пен барымта алу жойылды.
Ханның алым-салық және сауда-саттық саясаты Кенесары ең алдымен алым-салық төлеудің тәртібін ретке келтірді. Мал өсірушілер -зекет, ал диқандар - ұшыр төлейтін болды. Патша әскерлерімен соғысты одан әрі жалғастыру қосымша материалдық және қаржы шығындарын қажет етті. Сондықтан алым-салықтың да қосымша түрі енгізілді: халықтан киім-кешек, қару-жарақ, ат әбзелдерін жинау қолға алынды. Салық жинауда халықтың жағдайы жеке-жеке ескерілді. Меншігінде малы 40 бастан аспайтындар алым-салықтан босатылды. 40-тан 100 басқа дейін малы барлар бір малдан, ал 100 бастан артық малының әрбір 40 басына бір малдан төлеп тұратын болып белгіленді.
Қарулы күштердің құрылуы. Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары әскері жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Ерлігімен ерекше көзге түскен сарбаздардың қатарынан жүзбасылар мен мыңбасылар тағайындалды. Кенесары құралайды көзге ататын мергендерден іріктеп, мергенбасы басқаратын ерекше жасақ құрды. Орыс армиясының үлгісі бойынша хан өз әскерлеріне ерекше айырым белгілерін енгізді.
Хан сарбаздарынан шайқас тактикасы мен әскери өнердің амал-тәсілдерін меңгеруді талап етті. Көтерілісшілерді әскери өнерге үйретумен орыстың, татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет еткен тәжірибелі солдаттары айналысты. Хан армияда қатаң тәртіп орната білді. Мәселен, сатқындық жасаған немесе әскери күзетте ұйықтап қалған сарбаздар өлім жазасына кесілді. Әскери тәртіпті бұзғандар қатаң жазаланды, қару-жарақ арнайы қоймаларда сақталды.
Кенесары барлаушылардың қызметін де шебер пайдаланды. Олар көтеріліс басшысына патша әскерлерінің қашан және қайда бет алатынын алдын ала хабарлап отырды. Кенесары әскерінің тыл қызметі де жолға қойылды. Ол көтерілісшілерді азық-түлікпен, жемшөппен қамтамасыз етті.
2.Қытай саяхатшысы Чжан Цянь мен Шоқан Уәлихановтың сапарын салыстыра сипаттап, мақсатын, ерекшеліктерін атаңдар.
Қытайда б.з.б. ІІІ ғасырдың соңында құлаған Цинь патшалығының орнына келген Хань әулетінің императоры У-ди жаңа жерлер басып алу мен сауда жолына ие болу үшін Батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылды. Сол мақсатта алдымен батыс өңірдегі халықтар жөнінде материалдар жинақтады. Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәлімет император У-ди (б.з.д. 140-87жж.) Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяньнан алынды. Қытай жазбаларындағы «Батыс өңір» деген жерлер қазіргі Шыңжың (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды. Чжан Цянь екі рет Батыс өңірде болып қайтты.
Чжан Цянь бастаған елшіліктің мақсаты:
Чжан Цянь бастаған елшілікке ғұндарға қарсы Жетісудағы үйсіндермен одақ жасау міндеті жүктелді. Ол елшілік барысында жергілікті халықтың шаруашылығына, әскери күштеріне, қару түрлеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне дейін назар аударып, жазып алып отырды. Оның жазбаларын б.з.б. 145-86 жж. өмір сүрген тарихшы Сыма Цян жүйеге келтіріп, өзінің «Тарихи жазбалар» атты еңбегіне енгізді.
Ерекшелігі:Чжан Цян бастаған елшілік Үйсін мемлекетімен ресми түрде дипломатиялық, құдандалық қатынас орнатты.
Б.з.б.138 жылы Чжан Цянь «Батыс өңірге» алғаш келді. Ол: «Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты. Мол сыйлық-тартулар ұсыну арқылы үйсіндерді шығыстағы атамекеніне көшіріп әкелуге, оларға ханшамызды ұзатып, күнбимен құдандалық байланыс орнатып, ғұндарға қарсы қолдануға болады», - деп жазды. Қытай императоры б.з.б.119 жылы Чжан Цяньды тағы да үйсіндерге атандырды. Нәтижесінде, елшіліктер алмасып, туысқандық некелік қарым-қатынас орнатылады. Б.з.б.107 (106-105жж.) жылы Қытай ханшасы асқан салтанатпен үйсін күнбиіне ұзатылды. Өз тарапынан үйсіндер қалыңмал ретінде 1 мың жылқы берген.
1858-1859 жылдары Шоқан Уәлиханов атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің барып қайтуының сәті түспеген еді. Тек, орта ғасырда М.Поло, ХVІІғ. иезуит Гоес, ал Шоқанның алдында неміс ғалымы Р. Шлагинтвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге сапары қайғылы аяқталып, өлім жазасына кесілген болатын.
Шоқанның Қашғар саяхатының мақсаты:
Жартылай отарлық жағдайға түскен Қытайды экономикалық жағынан өз мүддесіне пайдалануға Ресей барынша тырысты. Еуропалық отаршылдарға қарсы Қытай «жабық саясат» ұстады. Шығыс Түркістандағы Қашғария да еуропалықтарды өз еліне кіргізбеді. Шоқан бұл сапарға Ресей империясы тарапынан жіберіліп, Қашғарияны жан-жақты зерттеп қайтуы тиіс болды.
Шоқан бұл сапарға ғалым ретінде асқан зор қызығушылық танытты, ол Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті, географиялық жағдайы жайлы бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхара) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Шоқанның бұл еңбегі көп кешікпей Германияда және Англияда неміс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.
Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады.
Шоқанның Қашғар сапарының ерекшелігі:
Шоқан Қашғария сапарына Әлімбай саудагердің атын жамылып, өз зерттеулерін құпия жағдайда жүргізуге мәжбүр болды. Аса қиын жағдайда өз өмірін қатерге тіге жүріп зерттеп қайтты.
3.. Қазақстан аумағындағы неолит дәуірінің тұрақтарын картаға белгілеңіз.
Қазақстанда табылған неолиттік ескерткіштер негізгі белгілері жағынан бір-біріне ұқсас.Арал өңірінен:найзаның тас ұштары,жалпақ пышақтар, екі жүзді де өңделген жебе ұштары табылды.Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек кездеседі. Балқаштың солтүстігінде шақпақ тастан жасалған ұсақ құралдар: тілікшелер, жаңқалар, нуклеустар және жебе ұштары көп кездеседі.Орталық Қазақстанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан үй малының сүйектері табылған. Жезқазған өңірінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылды. Жерлеу орындарының үстіне тас үйген. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамды басын солтүстік-батысқа қаратып шалқасынан жерлеген. Бұл-неолит дәуірі адамдарының өзіндік дүниетанымы, о дүниеге деген сенімі болғандығының куәсі.
30 – Билет
1.«Андронов» мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай» мәдениеттеріне сипаттама жасаңыз.
2. Қасым хан мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар.
3. Сақтардың қоныстанған аймақтарын картаға белгілеңіз.


Жауабы:
1.Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне сипаттама жасаңыз.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі –Андронов мәдениеті (б.з.б.ХVІІІ-ХІІғғ.). Ал б.з.б. ХІІ-VІІІғғ.,яғни соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты. Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы – Орталық Қазақстан. Ә.Х.Марғұланның кезеңдеуі бойынша Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке - Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады.
Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы –Нұра кезеңі; ә)кейінгісі –Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андронов селосынан табылған, сондықтан осы селоның атымен аталады.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті: Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.
Андронов мәдениетіндегі жерлеу орындары: а) Нұра кезеңінің жерлеу орындары кішігірім қазандай жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Қоршау пішімі әртүрлі-дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы түрінде кездеседі.Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты, тас сандықты –циста деп атайды.
ә)Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төрт бұрышты қоршаулар болып келеді. Қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған, тас сандықтар-циста жоқ. Кейде жер қабір, кейде ағаш рама түрінде де кездеседі. Бұл кезеңде қос қабір (бір қоршау ішіне) немесе көп адамды бір зиратқа жерлеу кездеседі.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жерлеу орындары: үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді. Қабырғаларына екі қатар болып қаланған тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі, сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып қалаған.
Андронов мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: а) Нұра кезеңінде көбінесе адамның сүйегін жартылай өртеп қойған, кейбір зираттарда адамды өртемей қою ғұрпы да кездеседі.ә) Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеу ғұрпы сирек кездеседі.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің адамды жерлеу ғұрпы: үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл - осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты.
Ыдыс жасау ерекшеліктері: Андронов мәдениетінің Нұра кезеңі қыш ыдыстарының иіні дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас, Атасу кезеңі ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ыдыс жасау ерекшеліктері:ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес болып томпайып келген, түбі тегіс. Құмыра өрнектері –тарақ жүзді, үзік сызықты үш бұрышты, ұштаған таяқшамен салынған және батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер кездеседі.
2.Қасым мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар.
Таққа отырмастан екеуі де қазақ елі арасында танылған даңқты жауынгерлер болды. Ішкі жағдайы екеуі де заң арқылы реттеуге тырысты. Екеуі де «Жарғы» заңын күшейткен. Қасым ханның «Қасым ханның қасқа жолы»заңдар жинағында: мүлік заңы, қылмыс заңы, егіншілік жоралары, жұртшылық заңы қарастылған. Тәуке ханның «Жеті жарғысында»: жер дауы, үй іші мен бала тәрбиелеу, ұрлыққарлық, бір халық пен басқа ру арасындағы дау, ұлтын жаудан қорғау, құн дауы, жер дауы қарастырылған. Екеуінің де сыртқы саясатындағы ортақ белгі Ресеймен саудасаттық дипломатиялық қарымқатынастың жасалуы. Территориялар үшін күрес жүргізілді; Екеуі де қайтыс болған соң, қазақ жері алауыздықтан, тұрақсыздықтан әлсірей бастайды.
3.Сақтардың қоныстанған аймақтарын картаға белгілеңіз.
Ғалымдар Қазақстанның ертедегі тұрғындарының қоныстанған жерлерін анықтады. Олардың бір тобы Жетісуда, Тянь-Шань тауларында,Сырдария өзенінің орта ағысында тұрды. Оларды шошақ бөріктілер – сақ-тиграхауда деп атаған. Тайпалардың екінші бір тобы Арал бойы мен Сырдарияның төменгі ағысын мекен еткен. Теңіздің арғы жағындағы сақтар - сақ-парадарайа деген. Олардың оңтүстігінде сақ-хаумаваргалар қоныстанған. Ғалымдардың пайымдауынша мұндай атау оларға хаома сусынына байланысты берілген.
Тиграхауда сақтары осы күнгі Ташкент қаласы аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген. Жетісу алқабы “шошақ төбелі сақтардың” жиі қоныстанған орталығы болған. Осы”шошақ төбелі сақ” деген атау ұзақ уақыт сақталған. Күні кешеге дейін қазақ халқы өздерін “шошақ төбелі қазақпыз” деп атап келген.
Арал теңізінің солтүстік-шығыс жағасын мекендеген сақ тайпаларын жазба деректерде дайлар, аргиппейлер, исседондар деп атайды. Бұл тайпалар Қазақстанның Орал тауының оңтүстік өңірлерінде, Солтүстік, Орталық аймақтарында мекендеген.

Приложенные файлы

  • docx 15825482
    Размер файла: 787 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий