политология жок жауаптар


16. Парсонстың "жүйе және жүйешіктер" ұғымын түсіндіріңіз, әрбір жүйешіктің ерекшеліктерін сипаттаңыз. Т. Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясы және оның саяси жүйе теориясының дамуына әсері. Д. Истон және Г. Алмонд саяси жүйе теориясының негізін қалаушылар ретінде, тұжырымдамаларының ерекшеліктері. К. Дойчтың саяси жүйе теориясы. Саяси жүйелердің заманауи түсіндірмелері, саяси жүйенің дербестігі туралы теріс бағалардын алдын алу. Саяси жүйелердің жүйешіктері: институционалды, нормативті, идеологиялық, коммуникативті, мәдени. Саяси жүйенің негізгі қызметтері. Саяси жүйенің легитимділік жағдайы. Саяси тұрақтылық, оның алғышарты және оған жету тәсілдері. Абсолютті, статистикалық және динамикалық тұрақтылық. Саяси қатер, қатердің тетіктері. Т. Парсонстың пікірінше, әрбір әрекет, қимылдың өзін-өзі ұйымдастыратын белгілі жүйесі, оның шартты белгілері (символдары) бар. Олар: мысалы, тіл, құндылықтар, іс-әрекеттің, белгілі бір нормативтік ережеге сәйкес, яғни іс-әрекеттің, қоғамда қабылдаған нормаларға, құндылыққа тәуелді болуы. «Әлеуметтік іс-әрекет» теориясының ең негізгі ұғымы – «әрекеттер жүйесі». Т. Парсонс әрекеттер жүйесіне әлеуметтік болмыстың, шындықтың (социальная реальность) алуан түрлі деңгейлерін, олардың бір-бірімен өзара белгілі бір байланысын жатқызады. Әрбір жүйе дұрыс іс-әрекет, қимыл, қызмет атқару үшін жүйенің құнды тұрпатын сақтау; интегация құрылымы, мақсатқа жету (целедостижение), бейімделу (адаптация) сияқты 4 шартты ескеру қажет. Басқаша айтқанда, бұл өзгермейтін (инвариантный) функционалды мәселелер жиынтығы. Ол әрбір жүйеде және оның бөліктерінде шешіліп отыруы керек. Т. Парсонстың қандай да бір теориялық құрылымын алмайық, оның әрқайсысында қайталанып отыратын ой өзегі, басты пікірі (леймотив) болады. Ол - әлеуметтік жүйенің тұрақтылығын көрсететін құрылым және оның зерттеу механизмі. Осы міндетті ойдағадай шешуге Т. Парсонстың екінші теориясы, яғни «құрылымдық – функционалды талдау» бағытталған. Бұл теорияға сәйкес қоғам және оның жеке жүйелерінің белгілі бір функцияларды орындауы қарастырылады. Т. Парсонстың құрылымдық – функционалды талдау теориясын онан әрі жетілдіру жолдарын іздеді. Ол жаңа эволюциялық емес тұжырымдамасын түйіндеді. Онда ол қоғам құрылымының жіктелуіне басты назар аударады. Ал, қоғам құрылымының дифференциациялануы деп Т. Парсонс әрбір кезеңге сәйкес қоғам құрылымының күрделенуін түсінген. Ол құрылымның күрделенуі қоғамның және оның жүйелерінің тұрақтылығын азайтады деп қорытынды жасайды.
19. М. Вебер, К. Мангейм, Э. Дюркгейм ұсынған: "саяси идеологиялардың" мәдени трактовкаларының ерекшеліктерінің мазмұнын ашып түсіндіріңіз. Идеология дегеніміз - биліктің қолдауымен іске асырылатын идеялар жиынтығы. Идеология мемлекет, саяси билік үшін қоғамды, азаматтарды бір мақсатқа жұмылдыру үшін пайдаланатын құрал. Идеология ұғымын ғылыми айналымға, әдебиетке енгізген француз ғалымы, философы Дестют де Треси (1754-1836 жж.). Кейінірек идеология деген түсінікті терең зерттеген неміс ғалымы Карл Манхейм болды. Неміс саясаттанушысы М.Вебер де идеология проблемаларын теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуге бірнеше еңбектерін арнады. Осы ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша - идеология мемлекеттің, саяси топтардың, жеке тұлғалардың қоғам мен әлеуметтік топтар алдындағы мақсаттарын іске асыру үшін қолданылатын көзқарастар жүйесі. Жалпы идеология туралы түсінік ерте заманда пайда болды. Мысалы, Аристотель идеология деген түсінікті “энтелехия” деп атаған. Энтелехия – мүмкіндікті шындыққа айналдыратын ізденушілік деп ұлы ойшыл анықтама береді. Идеология проблемаларын зерттеуші, ғалым К.Манхеймнің ойынша: “идеология -- ол қоғамдық қарым-қатынастарға көзқарас қалыптастыратын Құрал, Әрбір адамның іс-қимылы ойдан басталатыны баршаға мәлім. Адамзаттың саяси өмірінің дамуы да саналы адамдардың ой-пікірлеріне, ұсыныстарына, идеяларына негізделеді.Идеялардың негізгі көзі, бастауы ғалымдардың ой-пікірлері мен тұжырымдамалары. Мысалы, кезінде идея ретінде ұсынылып, кейін идеологияға, теорияға айналған Конфуцидің мемлекеттік билік пен халық арасындағы теңгергіштік заңы, Аристотельдің орташылдық, орта таптық концепциясы, Гоббстың антиэтатизм принципі, Монтескьенің билікті бөлу туралы заңы және т.б. Солардың ішінде бүкіл адамзаттың дамуына үлкен өзгерістер әкелгендері либералдық, консервативтік, реформистік, социал-демократиялық идеологиялар.
30. Саяси мәдениеттің саясаттанудың ғылыми категориясы ретіндегі ерекшеліктерінің мән мазмұнын ашып түсіндіріп беріңіз. «Әлеуметтену» деген ұғымды ХІХғ.аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологы Г.Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтену деп тұлғаың әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын айтады. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саяаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымды ойлап шығарды. Г.Алмонд, С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдалынылады.Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелерді өз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды. Саяси әлеуметтену мәселесі ХХ ғасырдың 50-жылдары кеңіненн көтерілді. Оған себеп болған батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік, әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардыңқажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм, билікке жаппай қарсы шығу және т.б көбейді. Саяси әлеуметтену процесі 3 негізгі мәселені шешуге бағытталады: -қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу; - қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етугежәне шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау; - саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту. Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады. Саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барыында адам қоғамның толық қанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.  
31. Саяси әлеуметтену үрдістеріне анықтама беріңіз. Саяси әлеуметтену үрдістерінің адам өміріндегі маңыздылығын, қажеттілігін дәйектеңіз. Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі — өнегісінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді. «Әлеуметтену» ұғымын ХІХғ. Аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы, психологі Г.Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтану ұғымы негізінде «саяси әлеуметтену» деген ұғымды ойлап шығарды. Г.Алмонд, С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелердіөз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды. Саяси әлеуметтену мәселесі ХХ ғасырдың 50 жылдары кеңінен көтерілді. Оған себеп болған Батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының  дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік әлі жойыла қоймаған, саяси билік  адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм (саясатқа селқос қарау), билікке жаппай қарсы шығу және т.б. көбейді.
Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады: 1.Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу; 2.Қоғам  мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау; 3.Саяси мәденеиттің элементтерін өзгерту.
Адамның саяси әлеуметтенуі үхдіксіз өмір бойы жалғасады. Әлеуметтік –саяси тәжірибе жинақтауына қарай оның саяси белсенділігінің түрі әрқашан өзгеріп немесе бекіп отырады. Сондықтан да саяси әлеуметтенудің маңызы зор болып табылады. Сонымен саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, олардың өзінің рухани ішкі  дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси  іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барысында адам қоғамның толыққанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.
Саяси үрдістердің адам өміріндегі маңыздылығы жоғары және адам өмір бойы оған қатысушы болып табылады. Әлеуметтанушы ғалымдар адамның саяси әлеуметтенуінің 4 кезеңін көрсетеді: 1.саясаттану, яғни балдырғанның ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын ұғынуы; 2.жекелеу. Мұнда бала  саяси билікті президент, полицеский тұлғасы арқылы жекелеп сезінуі; 3.дәріптеу, яғни саяси қайраткелерге тек жақсы қасиеттерді таңу; 4.институционалдандыру, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, иесіз институттар арқылы (партия, парламент, әскер және т.б.) қабылдау.
Адамдардың саясатқа араласуы мен оған етер әсері әр түрлі келеді. Сондықтан ғалымдар саяси әлеуметтенуді мынадай типтерге бөледі: үйлесімді, гегемонистік, плюралистік, дау-жанжалдық. Саяси әлеуметтенудің үйлесімді түрі адам мен билік институттарының арасында адам сияқты қолайлы психологиялық қатынастар қалыптасқанда пайда болады. Мұнда құқықтық тәртіп орындарына, мемлкетке, өзінің азаматтық міндеттеріне  құрметпен қарайды. Жеке адам мен билік органдары арасында сыйластық туындаған саяси мәселелерді өзара келісім арқылы шешетін жағдай қалыптасады. Бұл үшін әдетте мәдени біртектес орта, дамыған демократиялық дәстүр, азаматтық қоғам болуы керек. Мысалы, мұндайға АҚШ,Ұлыбритания елдерін жатқызуға болады. Саяси әлеуметтенудің гегемонистік түрі өзінің саяси және әеуметтік жүйесінен басқа жүйелерге жат көзбен қарап, оларды жақиырмайды. Мұнда саяси әлеуметтену бір таптық, діннің немесе идеологияның негізінде қалыптасады. Саяси әлеуметтенудің бұл түрі жабық саяси жүйеге тән. Мысалы, оған бұрынғы КСРО-ны, қазіргі Солтүстік Кореяны жатқызуға болады. Саяси әлеуметтенудің плюралистік түрінде адам басқа азаматтардың, олардың құқығы мен еркіндігін, тедігін мойындайды, құрметтейді. Мұнда өзінің бұрынғы саяси көзқарасын өзгертіп, басқа саяси құндылықтарды басшылыққа алуы әбден мүмкін. Оған Еуропа Одағы елдері мысал бола алады.Саяси әлеуметтенудің дау-жанжалды түрі топаралық күрес, қарама-қайшы мүдделер негізінде қаланады. Мысалы, Ауғаныстан елін алсақ, онда пұштындар, өзбектер, тәжіктер және т.б. әрқайсысы өз салт-дәстүрлерін, өз ұлтының құндылықтарын жоғары қойып, әр түрлі тайпалардың бастары бірікпеуде. Соның негізінде әлсін әлі дау-жанжал туып, ел ішінде кикілжің көбеюде. Саяси әлеуметтенудің типтерін қарастырғаннан кейін біздің қазіргі Қазақстан Республикасының азаматтарының саяси әлеуметтенуін қай типке жатқызуға болады деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Оның басын ашып айту әзір қиын. Өйткені біз өтпелі кезеңде тұрмыз. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі гегемонистік саяси әлеуметтенудің түрінен бас тарттық. Ал дәстүрлі либералдық құндылықтарды игергеніміз жоқ, олар бойымызға сіңген доқ. Оған көше қою да оңай шаруа емес. Себебі көптеген отбасылар жұмыссыздықтың көбеюіне байланысты күнделікті күн көрістің қамымен жүр. Балаларды саяси әлеуметтендіру тұрсын, жалпыға бірдей оқу орнына беру кейбір отбасына оңайға түспеуде. Бұрыңғы жастар ұйымы өз жұмыстарын тоқтатты. Олардың орнын басарлық ұйымдар әлі туа қойған жоқ. Көппартиялықтың аты бар да, заты шамалы.  Сайлау кезінде  болмаса, саяси әлеуметтендірумен жүйелі шұғылданып жатқан олар жоқ. Нарықтық экономика кезінде ақпарат құралдары қаржының тапшылығынан жарнамаларды жариялауға көбірек көңіл бөлуде.
32. Саясаттанудың ғылыми категориялық аппаратына сипаттама беріңіз, ерекшеліктерін талқылаңыз. Саясаттану - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XXғ. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A1%D0%B0%D1%8F%D1%81%D0%B8_%D2%AF%D1%80%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80&action=edit&redlink=1" \o "Саяси үрдістер (мұндай бет жоқ)"үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді. Ал пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады.
Саясаттанудың категориялық аппараты - саясаттанудың үрлістерін зерттеу мақсатында құрылған әдістер, құралдар және атқаратын функцияларының жиынтығынан тұрады. Саясаттанудың әдістемелік функциялары: практикалық, түсіндірушілік, болжам жасаушылық, аксеологиялық, тәжірибелік және т.б.
- Түсіндірушілік. Теориялық – танымдық (гносеологиялық) міндет – ол әлеуметтік - саяси және экономикалық дамудың, қоғам өміріндегі қайшылықтың объективті үрдістерін ашады, саяси оқиғаларға баға береді.
- Реттеушілік міндет - адамдардың саяси процеске ықпалын, оларды саяси оқиғаларға қатысуын қамтамасыз етеді.
- Болжамдық міндеті – ықтимал салдарларды қарастыруға және саясатты дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді.
- Дүниетанымдық міндет – жалпы адамзат пен таптар мүдделерінің арақатынасын барабар бағалауға және саяси өмірдегі өзінің орнын анықтауға мүмкінік береді.
- Құндылық (аксеологиялық) міндеті – саяси институттарға , саяси құрылысқа, режимге, саяси болмыстың мәніне баға береді.
Саяси ғылымның да кез келген басқа ғылым сияқты теориялық тәсілдері мен әдістері болады. XХғ. ортасынан бастап саяси зерттеулердегі негізгі әдістер болып дәстүрлі әдіс пен эмпирикалық әдіс саналады. Дәстүрлі әдіске саясаттанушылар тарихи, заңдық, институционалдық әдістерді кіргізеді. Тарихи әдістер саяси оқиғаларды сипаттауға, өткен саясатты бағалауға; заңдық әдістер конституциялық принциптер мен құқықтық кодекстерді зерттеуге баса көңіл бөлінеді. Институционалдық әдістің олардан айырмашылығы — ол саяси институттардың қызметіне талдау жасауға баса зейін салатын нормативтік-құқықтық тәсілдің басым болуымен сипатталады.Эмпирикалық әдісті саясат ғылымына американдық зерттеушілер енгізді, олар өздерінің назарын нақты эмпирикалық деректерді: индивидтер мен әлеуметтік топтардың мінез-құлқын нақты талдауға аударды. Бихевиоризмге (ағылш. Веһаұіог - мінез-құлық) ерекше тоқтау әр түрлі өбістерді қолдануға әсерін тигізді, бұлар: статистикалық, сандық құжаттарды талдау, бақылау, сұрау жүргізу, эксперимент. Соңғы кезде саясаттануда герменевтика (түсіндіру теориясы) маңызды рөл атқара бастады, мүнда саяси символиканың тілін зерттеуге, ұғымдық аппарат қолдануға негізделген, нақты тіл шегінде жүзеге асырылатын, субъектінің саяси құбылыстарды қабылдау шегі мен саласын силатғайтьш саяси тұжырымдамалар қалыптастыруға баса назар аударылады. Саясаттанулық зерттеулер методологияларына сонымен қатар анализ және синтез, абстракциялау, жалпылау, индукция жөне дедукция, аналогия, модельдеу және социологиялық әдістер және нақты процедуралар жиынтығы тәрізді әдістер кіргізіледі.Саясаттанудың аппаратының молдығы саясаттың күрделі феноменінің теориялық көрінісін және саяси оқиғаларды сараптау, болжау сияқты праксеологиялық (нәтижелік) стратегияларды қамтамасыз етеді. Саясаттану ғылымының категориялы аппараты қоғамдық білім жүйесінде маңызды орын алады. Ол қоғамның саяси жүйесінің өмір сүруін және даму тәсілдерін сипаттай отырып, саясат дүниесіне көзқарасты әзірлейді. Бұл қырынан алғанда, саясаттану адамды қолда бар саяси ілімдердің жиынтығымен, олардың мәдениеттегі орнымен таныстырады, индивидті және оның саясат дүниесінде атқаратын рөлін сипаттайды, құнды саяси идеалдар мен принциптердің мазмұнын ашады және түсіндіреді.
42. Қазақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлін сипаттап беріңіз. 2011 жылғы Елбасы сайлауы экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолына түскен елімізде орныққан ұлтаралық татулық пен тұрақтылыққа негізделген саясатты барша қазақстандықтардың жаппай қолдайтындығын айқын дәлелдеді. 4 желтоқсанда біздің халқымыз өзінің болашағы үшін дауыс берді, бұл болашақтың формуласы өте қарапайым: тұрақтылық пен жаңарудан - өркендеуге. Қазірдің өзінде көп нәрсеге қол жеткізіп, біз тағы бір стратегиялық міндетті - таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына шығару міндетін қойдық. Осы мақсатқа жету барысында біздер, яғни Қ.Р азаматтары кәсіпкерлікті дамытуға, шағын және орта бизнесті, ішкі сұранысты кеңейту мен нығайтуға қолдау білдірудегі мемлекеттік саясаттың жаңа, рынокқа бағынған тетіктерін ұсына отырып, мемлекет салық режімін индустриялық саясаттың көптеген құралдарының бірі ретінде ғана пайдалануға тиіс екенінімізді білуіміз қажет. Бұл стратегияның негізіне ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және жаһандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған. Қазіргі кезде біздің басты міндетіміз инфляциямен күрес. Ол - несие-ақша саясатының басты мақсаты. Біз өзіміздің шетелдегі әріптестеріміздің бұған дейін байқап көрілген ұсыныстары мен кеңестеріне арқа сүйей отырып, валюта саясатын басқарылатын ырықтандыру есебімен инфляция өсуінің келеңсіз салдарын барынша төмендету мақсатында нақты айырбас бағамының қажетті икемділігін қамтамасыз етуге тиіспіз. Біз мұнай мен газды өндіріп қана қоймай, Норвегияның үлгісі бойынша елді мұнай-сервистік кластерге айналдыруға тиіспіз. Мұндай кәсіпорындардың негізінде рынокқа керекті жаңа индустриялар мен жаңа технологиялар дамуы тиіс. Ал өңірлік корпорациялар сараптамалар мен капитал тартуда, жаңа рыноктар игеру мен жаңа жобаларды іске асыруда жарысып көрсін. Бүкіл әлем осылай жұмыс істейді. Біз де солай жұмыс істеуге тиіспіз. Біз мақсатты орта мерзімді және ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруға кірісуіміз керек. Мен олардың алғашқысына ет экспорты үшін фермерлік конгломераттар құруды; халықаралық қатысумен тұқым мен дақылдарды инновациялық өндіру жөніндегі биотехнологиялық орталықтар құруды; Қазақстанды халықаралық ақпараттық айлақ ретінде дамытуды; ауылшаруашылық және авиация өнеркәсібінде қосалқы бөлшектер, мүмкіндігіне қарай, ақырғы өнім өндіру үшін бірлескен кәсіпорындар құруды және көптеген басқаларын жатқызар едім. Ұзақ мерзімді жобалар - бұл халықаралық қатысумен органикалық химия, телекоммуникация индустриясы салаларында индустриялық конгломераттарды дамыту; ауыр мәшинелер және жабдықтар өндірісін дамыту; ғарыштық индустрия орталығын құру. Біз серпінді секіріске қол жеткізу үшін бізге сондай-ақ бәсекелі және ашық авиация индустриясын дамытуға жағдай жасау керек. Көлік инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекеттің белгілі бір кепілдіктері жағдайында жеке меншік секторды тарту жөнінде жағдайлар туғызу қажет; технологиялық жағынан көлік инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ететін халықаралық несие институттарымен бірлескен жобаларды іске асыруымыз керек. Әлеуметтік саланы одан әрі жедел жаңартудың неғұрлым басым бағыттары мыналар болып табылады: тұрғын халықтың анағұрлым "осал" топтарын атаулы әлеуметтік қолдауды дамыту,Әлеуметтік көмек жүйесін нарық жағдайларына сәйкес келтіру,Қоршаған ортаны қорғау, Денсаулық сақтау саласындағы қызметті ұйымдастыруда осы заманғы қағидаттар мен үлгі-қалыптарға көшу. Таяуда Legatum халықаралық инвестициялық тобының зерттеу институтының Legatum Prosperity Index рейтингінің 2010 жылғы қорытындысы жарияланды. Әлемнің 110 елін басты тоғыз индикатор: макроэкономикалық көрсеткіштері, білім мен денсаулық сақтау деңгейі, демократиялық институттардың дамуы, бизнес және инновация, үкіметтің тиімді жұмысы, қауіпсіздік, әлеуметтік капитал және жеке бас бостандығы тұрғысынан сараптайтын рейтинг биыл елімізге 50-орын беріп отыр (былтырғы көрсеткішіміз – 76 орын). Legatum институты өз бағамдарының негізіне БҰҰ-ның Адам дамуы баяндамасын, Әлемдік банктің, Gallup агенттігі, ОЭСР, ДСҰ тәрізді беделді ұйымдардың баяндамалары мен көрсеткіштерін негізге алады. 2010 жылғы рейтинг бойынша, алғашқы орындарды тиісінше Норвегия, Дания және Финляндия иемденіп отыр. АҚШ 10-орында, Қытай 58 орында, Кедендік одақтағы әріптестеріміз: Ресей – 63, Беларусь 54-орында. Legatum институтының бұл рейтингін, негізінен, халықаралық инвесторлар басшылыққа алады.
47. Елді жаһандық қаржыэкономикалық дағдарыстан алып шығудағы
өндіріс пен индустрия саласындағы потенциалды арттырудың рөлін түсіндіріңіз. Қазақстан дағдарысқа жедел ден қойып, алдын алу шараларын іске асыруға шұғыл кіріскен дүниежүзіндегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Дағдарысқа қарсы жоспарға ұлттық қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау, тұрғын үй құрылысын қолдау мен үлескерлер проблемаларын шешу, шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, инновациялық жобаларды жүзеге асыру сияқты бағыттар енді.  Қаржылық тәртіпті бұзушылардан дағдарыс кезеңінің заңдары бойынша қатаң сұрау болуы тиіс. Басым емес шығыстардың барлығы - әкімшілік, инвестициялық және басқалары нөлге теңестірілуге тиіс Қазақстандықтарды жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру қажет. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 140 миллиардтан астам теңге бөлінеді. Жұмыспен қамту стратегиясын қоса қаржыландыру сондай-ақ жергілікті бюджеттерден де бөлінеді. Осының арқасында кемінде 350 мың қазақстандық жұмыспен қамтамасыз етіледі.Ең алдымен, коммуналдық желілерді – сумен, жылумен қамту, энергетика және кәріздер нысандары мен желілерін қайта жаңғырту және жаңарту қажет. Автомобиль жолдарын реконструкциялау мен жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңалау, қалалар мен елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыру керек. Бұл мақсатқа нысаналы трансферттер бөлінуге тиіс. Аудандық мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару органдары ретінде бұл қаражатты қайда жұмсайтынын өздері шешуі тиіс. Өндіріс пен индустрия саласындағы жобаларды қаржыландыру мен іске асыруды жалғастыру.
Маңызды жобалар қатарында Атырау мұнай-химия кешенінің, Мойнақ су электр станциясының, Екібастұз 1-ГРЭС-ін, Екібастұз 2-ГРЭС-інің үшінші энергиялық блогын, Балқаш жылу электр станциясының құрылысын салу, кеңейту мен жаңғырту, сондай-ақ «Бейнеу – Бозой - Ақбұлақ» газ құбырын, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізін қайта жаңғырту бар. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ел үшін маңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экспортты әртараптандыру міндеттерін шешуге бағытталады.Экспортқа мамандану болашақта 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруды және таяудағы бес жылда ішкі жалпы өнімді 8 пайыз шамасында қосымша өніммен қамтамасыз етеді.Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды. Инфрақұрылым (көлік және байланыс):ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған. Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2050 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге алып келеді.
Кәсіпорындардың дамытуын циклдік ескертетін факторлар. Табиғи қорлар және ресурсты сақтау бұл экономикалық дамыту және бәсекеге түсе алатындықтардың факторлары1. Шикізат қорларын қолданудың ықшамдау потенциалы; 2. Ресурсты сақтау бұл экономикалық дамыту және бәсекелеске қабілетті факторлары. Шикізат қорлардың тиімді қолдануы және қоғамның дамытуын қор сақтаушы түрдің өсетін өзара әрекеттесуі өндірістік қатынастардың батыл жақсартуын қажеттілікпен анықталады және шикізат қорлары экономиканың қажеттігінің ұтымды өсуін тенденциямен бейнеленетін заңды процесс болып табылады. Бұл қажеттіліктер олардың өндірісін реттейді, сәйкесінше өсе, үнемдеуді потенциалын да үлкейтеді. Шикізат қорлардың өндіріс және тұтынуын өсуді бүгін тасысады, жергілікті емес, барлығына ортақ сипат, дүниелік шаруашылықтың дамытуын тенденция болып қалыптасқанында.
48. Елді жаһандық қаржыэкономикалық дағдарыстан алып шығудағы мемлекеттік саясатың басты бағыттарын түсіндіріңіз. Қазақстанды жаһандық қаржыэкономикалық дағдарыстан алып шығудағы мемлекеттік саясатың басты бағыттары: Бірінші. Фискалдық саясат.Салық және тариф саясатын реформалау сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюға және кәсіпкерлікті, бизнес пен халықаралық сауданы дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.Біз салықтардың жиналуын ұлғайтуға, салық салу құрылымын жеңілдетуге және салықтар санын шектеуге тиіспіз. Бизнес мүддесі тұрғысынан жеке тұлғалар үшін табыс салығының белгіленген ставкасын енгізу және Салық кодексін жеңілдету мүмкіндігін зерттеу керек.  Екінші. Несие-ақша саясаты. Инфляциямен күрес - несие-ақша саясатының басты мақсаты. Біз өзіміздің шетелдегі әріптестеріміздің бұған дейін байқап көрілген ұсыныстары мен кеңестеріне арқа сүйей отырып, валюта саясатын басқарылатын ырықтандыру есебімен инфляция өсуінің келеңсіз салдарын барынша төмендету мақсатында нақты айырбас бағамының қажетті икемділігін қамтамасыз етуге тиіспіз. Үшінші. Экономиканың отын-энергетика және өндіруші секторлары тиімділігінің жаңа деңгейін ұйымдастыру.Мұнай-газ кешенімен тікелей байланысты, қосылған құн дәрежесі жоғары салалардың озық дамуына жағдайлар туғызу керек.Әрбір кен орны тұрмыстық қызмет саласынан бастап ең осы заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуге дейінгі кәсіпкерлікті дамытудың әлеуетті базасы ретінде қарастырылуы тиіс.Біз мұнай мен газды өндіріп қана қоймай, Норвегияның үлгісі бойынша елді мұнай-сервистік кластерге айналдыруға тиіспіз.  Мемлекет елде және шетелде біздің мұнай компанияларымыздың қызметін кеңейтуіне қолдау білдіруі тиіс.Төртінші. Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру.  Мемлекет экономикадағы сұранысты ынталандыратын жағдайлар жасай алады және жасауға міндетті, бірақ та өндірісті өзі ұйымдастыруға немесе бақылауға тиіс емес. Мұны рынок істейді.Экономиканың салауатты жеке сұраныс бар салаларында мемлекет бәсекелес ортасын дамыту және рынокты монополияландыруға жол бермеу үшін қажетті реттеуші рөлін ғана атқаруға, ал ондай сұраныс жоқ жерлерде оны жасауға жәрдемдесуі тиіс.Бесінші. Кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекетті қолдау.Кәсіпкерлікті дамытуға, шағын және орта бизнесті, ішкі сұранысты кеңейту мен нығайтуға қолдау білдірудегі мемлекеттік саясаттың жаңа, рынокқа бағынған тетіктерін ұсына отырып, мемлекет салық режімін индустриялық саясаттың көптеген құралдарының бірі ретінде ғана пайдалануға тиіс екенін ескерген жөн. Бәсекелестікті дамыту кәсіпкерлікті дамыту үшін басымдыққа айналуы тиіс.Алтыншы. Әлеуметтік даму мен кәсіпкерліктің өңірлік корпорациялары.Мемлекеттік саясат шағын және орта бизнестің жұмыстың айқын жағдайларында шағын бизнес үшін тапсырыс беруші және "локомотив" рөлінде бола алатын әртараптандырылған, қаржы жағынан тұрлаулы ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық үшін әкімшілік және нормативтік алғышарттар туғызуды көздеуі тиіс.Қоғамдық мүдделер мен пайда табатын қызметті үйлестіретін бірнеше ірі өңірлік холдингтер құруға болады. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын мұндай жекеменшік корпорациялар - өңірдің Әлеуметтік дамуы мен кәсіпкерлігінің қоры немесе корпорациясы - өңірдің даму мүдделері тұрғысынан активтерді басқара алады, жобаларға бастамашы болып, қосымша инвестициялар тарта алады. Олардың қызметінің басты бағыты - өңірде пайда табатын ұзақ мерзімді негізде шағын және орта кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтеріне деген сұранысты туғызу.Жетінші. Нарықтық қағидаттар негізінде экономикалық өзара ықпалдастықты дамыту. Қоғамда келісім-шарттық қатынастарды дамытудың және жеке меншік институтын нығайтудың маңыздылығы даусыз. Бірақ та олардың кері кетпеушілігі үшін қосымша заңнамалық, әкімшілік шаралар және даулар мен арбитраждық ресімдерді тәуелсіз қарау жүйесінің дамығаны керек.Экономикаға мемлекеттің қатысу тиімділігін біз мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлерінің өкілеттіктерін шектеуді және оңтайландыруды, мемлекеттің экономиканы бақылауын төмендетуді көздейтін әкімшілік реформалар есебінен арттыруға тиіспіз. Сегізінші. Рентабельді емес кәсіпорындарды нәрлендіру және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру.Біз өзімізге жұмыс істеп тұрған рентабельді емес кәсіпорындарды "есептен шығару" мүмкіндігін бере алмаймыз. Бірақ та оларды "қағидат үшін" қаржыландыру да - ысырапқорлық.Әлеуетті түрде перспективалы кәсіпорындар жаңа бизнестерді дамыту үшін негіз болуы тиіс. Оларды қайта құрылымдау және "ширату" керек. Үкімет мұндай кәсіпорындарды дағдарыстық басқаруға қатысу мүмкіндігін қарастыруға міндетті. Егер қажет болса, белгілі бір кәсіпорындарды сатып алып, оларды Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар желісінің басқаруына берудің орындылығын қарастыруға міндетті.Мұндай кәсіпорындардың негізінде рынокқа керекті жаңа индустриялар мен жаңа технологиялар дамуы тиіс. Ал өңірлік корпорациялар сараптамалар мен капитал тартуда, жаңа рыноктар игеру мен жаңа жобаларды іске асыруда жарысып көрсін. Бүкіл әлем осылай жұмыс істейді. Біз де солай жұмыс істеуге тиіспіз.Тоғызыншы. Аумақтық даму. Біз экономикалық және әлеуметтік жаңарудың "локомотивтері" болуға қабілетті дамыған өңірлік орталықтарда экономикалық қызметті шоғырландыруға, заңнамалық, экономикалық және әкімшілік шаралар жүйесін қарастыруға тиіспіз.Дамыған өңірлік орталықтардың әлеуетін ортақ теңдестірілген өңірлік даму мен тоқыраған өңірлердің дәуірлеуіне пайдалану үшін бізге жаңа көші-қон саясаты керек.Оныншы. Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді қамтамасыз ету.Қазақстан экономикасының одан әрі өсуі, ең алдымен, сыртқы сауда және конъюнктура факторларымен айқындалатын болады.
40. Пропорционалды сайлау технологияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардыңжеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.
Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:
дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);
қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.
Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мәжілісінің он депутатын, партиялық тізімге сәйкес пропорционалды өкілдіктер жүйесі бойынша және біртұтас жалпы ұлттық округтің аумақтары бойынша сайлауда қолданылады. Мәжіліс сайлауы өткеннен кейін ОСК дауыс беруге қатыскан сайлаушылар санының жеті және одан да көп пайызын алған партияларды анықтайды. Осыдан кейін партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы онда — біртұтас жалпы ұлттық округтің аумағы бойынша бөлінетін депутаттың мандаттар санына бөлінеді. Бұл нәтиже таңдап алынған алғашқы бөлінді сан (квота) болып табылады. Әрбір саяси партия жинаған дауыстардың саны квотаға (жеке санға) бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік — партиялық тізім кұрған тиісті саяси партия алатын депутаттын мандаттар саны болып табылады. Депутаттық мандаттар кандидаттарды тиісті партиялық тізімге орналастырудың ретінде қатаң бөлінеді. Партиялық тізімдерді құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық мандаттарды бөлудің нәтижесінде сайланған депутат мерзімінен бұрын шығып калған жағдайда, оның мандаты HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9E%D1%80%D1%82%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%81%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D1%83_%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D1%81%D1%81%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Орталық сайлау комиссиясы (мұндай бет жоқ)"Орталық сайлау комиссиясының каулысымен сол партиялық тізім бойынша сайланған келесі кандидатқа беріледі. Тиісті партиялық тізімде кандидаттар калмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесі сайлауына дейін мандат бос калады. Саяси партияны тарату немесе саяси партиядағы мүшелігін тоқтату осы партияның партиялық тізімі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Приложенные файлы

  • docx 15730825
    Размер файла: 45 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий