қазіргі жаратыстану концепциясы пәні


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
СӨЖ: «Қазіргі жаратылыстану концепциялары» пәні және оның әлеуметтік маңызы. Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы
Орындаған:Қарасаева А.А
Топ: АиУ 17-1А
Тексерген: Уршеева Б.И
Алматы,2017
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары пәні» және оның әлеуметтік маңызы. Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы
Жоспары:
1.Қазіргі жаратылыстану концепциялары пәні,оның әлеуметтік маңызы
1.1.Қазіргі жаратылыстану концепциялары пәні жайлы түсінік беру.
1.2. Қазіргі жаратылыстану концепциялары пәні мен оның маңыздылығын ашып көрсету
1.3.Қорытынды.
2.Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы
2.1.Ғылыми дүниетану ерекшеліктері дегеніміз не?
2.2.Ғылыми дүниетану ерекшеліктері мен құрылысына тоқталу
2.3.Қорытынды.
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары пәні» және оның әлеуметтік маңызы
Кіріспе
Қазіргі жаратылыстану концепциясы - Қазақстан Республикасы университеттері гуманитарлық және техникалық факультеттерінің оқу жүйесінде ендірілген жаңа пәндер қатарына жатады. Бұл пән болашақ маманға жаратылыстану мен гуманитарлық салаларға біріккен  мәдениеттен бөлуге келмейтін тұстарына жүйелі қосымша мәліметтер беріп, бізді қоршаған шексіз Әлемнің құрылымы туралы саналы көзқарастың қалыптасуына әсерін тигізеді.
Біздің жаңа капиталисттік дәуірімізде көптеген құбылыстар  ғылыми методологияға сәйкес қалыптастырылып отыр. Әрине адамзат еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыруға әлі қол жеткізе қоймаса да, дегенмен ғылыми қағидалар қазірдің өзінде еңбекте қолдануда. Осыған сәйкес бұл қағидаларды қолдану үшін, ең алдымен оларды  білу қажет – себебі дамып келе жатқан капиталистік өндіріс жаңа табиғи ресурстарды, технологиялар мен машиналарды  еңгізуді талап етіп отыр. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін капиталистік қоғамның өндіргіш күштері ретінде қазіргі заманғы ғылыми концепцияларды білу қажет.
Сонымен, концепция дегеніміз не? Ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып теориялар, заңдар, модельдер, гипотезалар, эмпирикалық тұжырымдар болатындығы белгілі. Әрқайсысының өз мәні, мағынасы бар, бірақ бұл түсініктерді бір ғана “концепция” сөзімен ақ біріктіруге болады. Яғни “концепция” термині белгілі бір көзқарастардың жүйесі, белгілі бір құбылыстардың, процестердің түсінігі, белгілі бір туындының басты ойы ретінде түсінілуі. Энциклопедиялық сөздікте концепция ( латынның «conceptio» - түсіну, жүйе дегенді білдіреді) іс-әрекеттің түрлі бағыттарын, белгілі бір құбылыстарды түсіну тәсілі.
“Қазіргі жаратылыстану концепциялары” - жоғарғы білім беру жүйесіне енгізілген жаңа оқу пәні. Жоғары оқу орындарының гуманитарлық мамандықтарының студентгеріне арналған бұл пәнді оқу оларға не үшін керек деген сұрақтың тууы әбден мүмкін. Бүл сұраққа XX ғасырдағы аты әйгілі ағылшын философы Карл Поппердің мынадай сөздері жауап бола алады: “ Біздің заманымызда жаратылыстану ғылымдарына қызықпаған ешбір адам білімді деп саналмайды. Адамдық іс-әрекеттерді танып білу үшін электрді немесе стратиграфияны оқып- үйренудің қандай маңызы бар деп дау айтқан адам өзінің адамдық іс-әрекеттерді мүлдем түсінбейтінін көрсетеді. Шынында, ғылым - электр және т.б. туралы жеке-дара фактілердің жиыны ғана емес; ол біздің заманымыздың ең маңызды рухани дамуының бірі. Бұл дамуды түсінуге әрекеттенбеген адам озін адамзаттың іс-әрекеті тарихындағы аса маңызды құбылыстан тыс қалдырады...” (К. Поппер. Открытое общество и его враги. Т.2, М., 1992) Сонымен, қазіргі жаратылыстануды оқу не үшін керек екен ? Біріншіден , мәдениетті адам болу үшін салыстырмалылық теориясынан, генетикадан, экологиядан, социологиядан және басқа ғылымдардан хабардар болу керек. Екіншіден, біздің заманымызда көптеген нәрселер қазіргі ғылыми-техникалық прогреске, ғылыми методологияға сэйкес құрылады . Біздің елімізде еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру, әрине, әлі алыс болашақ, дегенмен бір қатар қызметтерде ғылыми принциптер қазірдің өзінде-ақ орныға бастады, ал оларды қолдану үшін тиісті білім қажет. Үшіншіден, кез келген мамандық үшін қажетті білімдер әйтеуір бір деңгейде дүниенің жаратылыстану-ғылыми бейнесімен тығыз байланысты. Енгізіліп отырған жаңа оқу пәнінің қажеттілігін негіздеуге осы келтірілген дөлелдер әбден жеткілікті болса керек. Енді жаңа оқу пәнінің атауы туралы бірер сөз. Ғылымның, ғылыми зерттеулердің нәтижелері тәжірибелік қорытындыларда, зандар мен теорияларда, гипотезаларда (ғылыми жорамалдарда) т.б. тұжырымдалады. Келтірілген сөз, терминдердің өз мазмұны, анықтамасы болғанымен, олардың бәрін “концепция” деген бір сөзбен біріктіруге болады. Интернационалдық сипатқа ие болған “концепция” деген латын тілінің сөзі табиғат кұбылыстары мен процестері жайлы белгілі бір түсініктерді, ой-пікірлерді, көзқарастар жүйесін білдіреді екен. Сондықтан ол созді қазақш алауды ң реті де, керегі де болмағандықтан, оны интернационалдық ғылыми термин ретінде қолдану орынды.
Негізгі бөлім
Жаратылыстану - адамзаттың рухани мәдениетінін айырғысыз қүрамдас бөлігі. Оның қазіргі заманғы негізгі ғылыми қағи д ал ар ы н , дүни еге к ө зк а р а с ты қ ж әне методологиялық пайымдауларын білу кез келген қызмет саласындағы мамандар үшін қажетті мәдени даярлықтын бір түрі болып табылады. Қазіргі кезде білімнің жеке салалары — жаратылыстану, әлеуметтік, гуманитарлық және техникалық ғылымдар бір-бірінен байланыссыз ез алдына табиғат, қоғам және адам жайлы біртүтас ғылыми білім бере алмайды, дүни енің біртүтас ғылыми бейнесін қалыгітастыра алмайды. Дүниенің ең жалпы зандылықтары туралы ғылым деп саналатын философия да жаратылыстану ғылымдарының көмегінсіз өзі ғана бүл міндетті орындай алмайды. Философиялық дүниеге көзқарастың озі де табиғат туралы ғылымдар аш қан ғылыми жаңалықтарды біртүтас білімге біріктіруші дүниенің біртүтас жаратылыстану-ғылыми бейнесіне (көрінісіне) сүйенуі тиіс.
Қазіргі заманғы ғылымның дамуының маңызды бір зандылығы — ғылыми білімдердің интеграциясы (бірігуі) мен дифференциациясы (жіктелуі) болып отыр. Интеграция мен дифф еренц иац ия п роц естерінің бірлігі осіресе ж араты лы стан у, әл еум еттік ж ән е гу м ан и тар л ы қ ғылымдарының шекарасында әсіресе айқын көрініп отыр. Табиғатты танып білу барған сайын адам мен қоғамды танып білумен үштасып келеді. Сөйтіп, мұның бәрі білім беру саласында гуманитарлық жоғары оқу орындарына “Қазіргі жараталыстану концепциялары” деген жаңа оқу пәнін енгізу қажеттігін тудырды.
“Қазіргі жаратылыстану концепциялары” курсында табиғатты танып білудің дүниеге көзқарасты қ ж әне методологиялық проблемаларын оқу студенттердің дүниеге ғылыми көзқарасын және теориялық ойын қалыптастыруға, жаратылыстану-ғылыми білімдерін өздерінің болаш ақ мамандығына байланысты қызметінде методологиялық жетекші ретінде қолдана білу қабілетін қалыптастыруға комектесуі тиіс.
“Қазіргі жаратылыстану концепциялары” оқу пәнінің жалпы мазмүны туралы кәсіптік жоғары білім берудің Мемлекеттік білім стандартында (өлш емінде-двт.) былай делінген: жаратылыстану және гуманитарлық мәдениеттер, олардың өзара бірлігі, ғылыми әдісі, ғылыми танымның ерекшелігі мен қүрылымы, ғылымның даму логикасы мен зандылықтары. Дүниенің қазіргі заманғы жаратылыстану- ғылыми бейнесінің ерекшеліктері. Материя қүрылымының структуралык деңгейлері, микро-, макро- және мегадүниелер, дүниенің қазіргі ғылыми көрінісіне байланысты кеңістік пен уақыт үғымдары, сақталу заңдары , табиғаттағы динамикаық жөне статистикалық зандар, ірі процестерде энергияның айналу заңы, химиялық системалар, химиялық процестер энергетикасы, заттың реакцияласу қабілеті; эволюциялық химия; материя қүрылымының биологиялық деңгейінің ерекшеліктері, тірі системалардың эволюциялық принциптері, даму және көбею зандары, тірі организмдердің коп түрлілігі — биосфераның қүрылыстық және орнықтылық негізі; генетика және эволюция; биосфера — адам — ноосфера; адам: физиология, денсаулық, табиғатпен өзара қарым- катынасы; адам — табигаттың перзенті, антропогенез проблемалары, а^ам — биоәлеуметтік жан; тірі және өлі табиғатгағы өздігінше үйымдасу; универсалдық эволюционизм принципі, жануарлар психикасынан адам санасына өту диалектикасы. Бұл сүрақтардың бәрі дүниеде тіршіліктің табиги жолмен ш ыққандығының ғылыми дәлелі болып табылады.
“Қазіргі жаратылыстану концепциялары” пәнін оқытудың қажеттілігінің тагы бір кезек күттірмейтін себебі бар. Ол - соңғы кезде біздің елімізде түрліше ғылымға жат жалған білімдердің барған сайын кең етек алуы. Олардың қатарына астрологияны, магияны (сиқырлы қты), эзотерикалы қ, мистикалық және басқа жалган мазмүнды ілімдерді жатқызуга болады. Соңгы 10-12 жылдың ішінде ол жалган ілімдер біртіндеп, бірақ айтарлықтай табанды түрде адамдардың санасынан жаратылыстану-ғылыми түсініктерді ығыстырып, олардың орнын жалған қағидалармен, діни уағыздармен толтыруда.
Қазіргі кезде “паранаука” деген жалған ғылымньң окілдері адамдардың сана-сезімін улаңдыру үшін, сөйтіп қоғам өміріне өз ықпалын жүргізу үшін кез келген ілімді, ж оққа сенуді уағыздайтын мистикалық түсініктерді де пайдалануға шақырады. Олардың копшілігі қазіргі заманғы қоғамда дүниеге ғылыми көзқарас пен кез келген аңыз, ертегінің атқаратын қызметінде айырма ж оқ деген пікірді дәлелдеуге тырысады. Сөйтіп, іс ж үзінде дүниеге козқарасты қ плюрализмді уағыздайды. Мысалы, күнде таңертең теледидар арқылы оқылатын діни уағызда бір қазак молда бал арасының, қүмырсқаның т.б. әрекетінде “саналылык” бар, оны құдай солай жаратқан деп “дәлелдеуге” тырысты немесе адамды күдай бір уыс топырақтан жаратқан деп уағыздайды. Қажет болса, бүл сияқты фактілерді ондап-жүздеп келтіруге болады. Сондықтан адамдардың, оның ішінде ертеңгі жас мамандардың жаратылыстану-ғылыми біліміне негізделген ғылыми көзқарасын қалыптастыру бүгінгі танда аса маңызды істің біріне айналып отыр. Ғылым, білімнің тарихына кез жіберсек, тек дүниеге ғылыми көзқарасы бар, ғылыми білімдерге берік сенетін адамдар ғана бүл сияқты діни-догматикалық ой-пікірге, жалған уағыздарға табанды түрде қарсы түра алатынын көреміз. Мысал үшін тарихы 10-15 ғасырға созылған орта ғасыр дәуірін алсақ та болады. Бүл дәуірде қоғамның рухани омірінің барлық салаларына діни идеологияның бүтіндей үстемдік жасауы жаратылыстанудың барлық салаларына, философ ияға да өз әсерін тигізбей қоймады: ғылым, философия іс жүзінде дін иелерінің, шіркеудің қызметшісіне айналды, яғни діни қағидалар мен догмалардың сөзсіз ақиқаттығын дәлелдеп негіздеуі тиіс болды. Ф.Энгельстің айтуынша, “жаратылыстану, юриспрунденция, философия ғы лы м дары ны ң м азм үны ш іркеу ілім інің талабы на сәйкестендірілді. Христиан дінінің үйретуінше, қүдай дүниені “жоқтан жасады”, қүдайдьщ қүдіреттілігі дүниенің болмысын анықтап берді. Ислам дінінің қашдасы бойынша, алла тағала адамды бір уыс топырақтан жаратыпты, т.т. Ол дәуірде жаратылыстану ғылымдарының өкілдері қудалауға түсті. Құдай идеясына кайшы келетін ғылыми ой-пікір айтқандар инквизиция сотына тартылды. Сондай аса ірі жаратылыс зерттеуші италиян ғалымы Джордано Бруноны отқа өртеп жіберді, ғылыми пікіріңнен қайтпасаң, сені де өртейміз деп, Галилейді қорқытты, т.т. Бүл сияқты зорлық-зомбы лыққа қарамастан, қоғам дамуында “қайта өрлеу” деп аталатын жаңа дәуір туды. Қайта өрлеу дәуірі жаңа гуманистік қоғамдық идеяларды тудырды, ал жаңа экономикалық-әлеуметтік өзгерістер мен ғылыми-техникалық жаңалықтар адамдардың дүниеге кезқарасын, адамның дүниеде алатьш орныжайлы түсініктерді езгертті. Қазіргі өтпелі дәуірде адамдардың ақыл-ойында, қоғамдық санасында ақыл-ой анархизмі (интеллектуалдық анархизм) деп атауға болаты н қүбы лы с етек алып отыр. Бүл қүбылыстың кеңінен тарауына теориялық негіз болып отырган - батыс европалық жөне американдық постмодернизм деген ф и л о со ф и ял ы қ ко н ц еп ц и я ж ән е п о с тп о зи ти в и стік философияның кейбір өкілдері. Мәселен, постпозитивизмнің бір ірі өкілі - американдық философ П .К.Ф ейерабенд теориялық және методологиялық плюрализмді жақтай отырып, қазіргі заманғы ғылымды “анархистік” тұрғыдан сынайды. Ғылымды анархистік эпистемология (гносеология — таным теориясы) түрғысынан сынай келе, ол ғылымды дінмен, аңызбен, сиқырлықпен (магия) т.б. тепе-тең деп, айырмасы жоқ деп қарастырады”. Әрине, ақыл-ойдың қол жеткен барлық бүрынғы білімдері сияқты, шын гылым да қазіргі заманғы адам санасына үздіксіз теріс эсерін тигізуші жалған білім, ілімдермен ешбір келісе алмайды. Ғылыми дүниетанымды елемеу жеке адамның омірінде қауіп-қатерлді нәтижелер тудыруы мүмкін. Мәселен, түрлі ауру, кеселдерді гылыми түрғыдан емдейтін медицинаға сенбей, надан тәуіптерге қаралудың салдарынан адамның оліп кету фактілері толып жатыр. Ал егер қоғамда саяси окімет жалган гылыммен одақтасса, яғни жалган ілімді саяси окімет қолдайтын болса, онда мүның келтірер зияны үшан-теңіз болмақ. Мысалы, инквизиция, діни фанатизм, фашизм, кибернетика мен генетика ғылымдарын қудалауға салу т.б. дәл осындай мақсатқа қызмет етеді. Сондықтан ғылым мен ғылыми көзқарасты жақтаушылардың жалған ілімге немқүрайды қарауы дүние жайлы жалған көзқарас, түсініктердің үстемдігіне жол беретін кешіргісіз қате болып табылады. Ал біз Қазақстанда орнатуга тиісті капиталистік қоғам қүру ісі гылыми білімге, техника мен технологияга негізделуі тиіс. . Қазіргі заманныц гылымы мен гылыми-техникалық прогресінің бастамасы ХУІІғ. капиталистік өндіріспен бірге пайда болып, содан бері бірге дамып келеді. Олай болса, Қазақстан үшін жаңа қоғам болып табылатын капитализмді, буржуазиялық қүрылысты орнатуға тиісті жас үрпақ ж араты лы стану ж әне гум анитарлы қ м әдениеттердің жетістіктерімен қаруланған, діни соқыр-сенімге қарсы түра алатын білімді де ғылыми сенімді адам болып осуі тиіс.
Қорытынды
Жаңадан енгізіліп оты рган “ Қазіргі жаратылыстану концепциялары” пәнінің курсы жастарда, студенттерде д ү н и еге дәл сон дай гы лы м и к ө зқ а р а с т ы , сен ім ді қалыптастыруға тиіс — олар табиғат қүбылыстары мен процестеріне іштей тән зандылықтар мен себептерді, даму заңдылықтарын, Бүкіл әлемнің, Адамның ішкі мөнін дүрыс түсіне білуі тиіс. Атап айтқанда, физика, химия, биология, математика және басқа жаратылыстану ғылымдардың негізгі ғылыми түсініктерін біліп, осы күнгі жаратылыстану дамуының негізгі бағыттары мен ағымдары жайлы хабардар болуы тиіс. Бүл пәнді оқы п білудің нәти жесінде студенттер жаратылыстану саласында оздерінің дүниеге көзқарастық ой-пікірлерін дәлелдеп, негіздеуге үйренуі тиіс, сөйтіп, алған білімдерін болашақ қызметінде қолдана білуге үйренуі қажет. Ж аңа оқу курсының методологиялық озегі эволюциялық- синергетикалық парадигма деген зерттеу теориясы болып табылады. Ол теорияның мәні сол — материалдық дүниенің қайсыбір қүбылыстары мен процестерін қарастырғанда универсалдық эволюция мен оздігінше үйымдасу әдістерін табиш біріктіру қажет болады. Бүндай әдісті қолдану тамаша нәтиже беретіндігі В.И.Вернадский, П.Тейяра де Шарден деген т.б. табиғат зерттеушілердің еңбектерінде толық дәледденген. Бүл өдісті меңгеру студенітерге үздіксіз дамушы дүниенің диалектикасын біртүтас процесс түрінде үғынуға комектесетіні сәзсіз. Қайсыбір проблемалардың мәнін ашып корсеткенде жаратылыстануды да философиямен жене басқа да қоғамдық ғылымдармен біріктіріп қарастыру қажет болады, ейткені осылай қарастыру арқылы ғана дүниенің алуан түрлілігі мен бірлігін көрсетіп, біртүтас дүниеге көзқарасты қалы п тасты руға болады . К урсты оқы ту бары сы нда ж араты лы стану ғы лы м дары ны ң дамуына қоғамдык,- әлеум еттік м әдениет ж ағдайлары ны ң қандай ы қпал жасайтынын айтпасқа болмайды, ойткені жаратылыстанудың зерттеу нөтижелері қоғам өміріне әйтеуір бір дөрежеде эсер етпей қоймайды. Жоғарыда айтылған методологиялық жөне әдістемелік принциптерді басшылыққа ала отырып жасалған “Қазіргі ж ар аты л ы стан у к о н ц е п ц и я л а р ы ” курсын ың оқу программасы на сәйкес оқу қүралы ны ц томендегідей құрылымы орынды деп есептелді. Бүкіл курс торт тарауға болінді.
“Жаратылыстанудың ғылым мен мәдениет системасындағы орны” деген бірінші тарауда ең алдымен жалпы ғылымның не екенін, яғни ғылым дүние таным процесінің формасы екенін, ғылыми танымның ерекшеліктері мен қүрылымын, білімнің ғылымилығының критериін (анықтауышын) қарастырып, содан кейін ғылымның түрлеріне кошу орынды деп шешілді. Осыдан кейін ғылыми білімнің бір саласы ретінде жаратылыстанудың шығуы мен даму заңдылықтары қарастырылады, ғылыми революцияның мәні мен тарихи түрлері ашып көрсетіледі. Бірінші тараудың келесі тақырыптары: ж араты лы стануды ң адамзатты ң материалдық жөне рухани мәдениетінің системасындағы орны, жаратылыстану-ғьшыми мәдениет пен гуманитарлық мәдениетгің бірлігі мен өзара байланысы т.б. Бірінші тараудың қоры ты н ды лауш ы тақ ы р ы б ы - д ү н и е н ің қ а зір гі жаратылыстану-ғылыми көрінісінің ерекшеліктері.
Екінші тараудың озекті мәселесі - “Дүниенің ғылыми бейнесінің (корінісінің) физика-химиялық концепциялары”. Мүнда қаралатын мәселелер: дүниенің физикалық қүрылымы (м акродүни е) туралы к л асси к ал ы қ ж араты лы стан у к о н ц еп ц и я л ар ы , д ү н и е н ің ато м іш іл ік қү р ы л ы м ы (микродүние) туралы қазіргі физикалық концепциялар, дүниенің Бүкіләлемдік қүрылымы (мегадүние) туралы қазіргі астрономиялы қ және косм ологиялы қ концепциялар, материяның атом-молекулалық қүрылымы туралы химиялық концепциялар және дүниенің қазіргі заманғы ғылыми бейнесіндегі кеңістік пен уақыт үғымдары.
Материя қүры лы м ы ны ң биологиялық деңгейінің ерекшеліктері үшінші тарауда қарастырылады. Мүндағы лекция тақырыптары: тірі материяның үйымдасуы мен биологиялық қүрылым деңгейлерінің концепциялары, биологиялық эволюцияньщ принциптері, биосфера, ноосфера және адам концепциялары қарастырылады. Бүл тарауда эволюциялық теорияныц философиялық проблемаларына, тіршіліктің пайда болу және эволюциялык формаларына ерекше көңіл болінеді, тіршілікті жаратушы бар деген жөне басқадай ғьшыми емес көзқарастардың қисынсыздығы ашып корсетіледі. Осы тарауда қысқаша экологиялық проблемалар және оларды шешу мәселелері соз болады. Оқу қүралының соңғы IV тарауында курстың логикалық қорытындысы ретінде адам жаратылыстану-ғьшыми танымның объектісі ретінде қарастырылады. Мүнда, атап айтқанда, адамның табиғи пайда болуы мен дамуына байланысты адам табиғаттыц перзенті ретінде қарастырылып, адамды жаратушы бар деген креационизм теориясына және басқа гылыми емес теорияларға дәлелді сын беріледі. Бұл тараудағы “Адам — биоәлеуметтік ж ан” деген тақырыпта адамның екі жақты табиғаты ашып корсетіліп, бірақ ол негізінен қоғамдық (әлеуметтік) жан екендігі баса корсетіледі. Адамды адам еткен қогамдық ецбек екендігі жайлы дәлелді, негізді мәліметтер келтіріледі. Тараудыц және сонымен бірге бүкіл пәнніц ец соңгы тақырыбының негізгі арқауы жануарлардыц психикасынан адамның санасы мен сойлеу тіліне өтудің диалектикалық жолы ашып корсетіледі. Жерде адамның пайда болуы табиғаттың жасампаздығьшың шыңы десе де болады.

Адам табиғат жасаған бірден-бір саналы, өзінің өткенін, қазіргі шағын және болашағын ойлайтын ақыл-ойлы жан. Бүл жағдай адамды Жер бетінде тіршілікті сақтауға, қорғауға аса мұқият болуға міндеттейді. Табиғат адамға ақыл-ой бергенде өзінің болашақ тағдырына, Жердегі тірі мен өлі табиғатгың тағдырына жауапкершілікпен қарасын деп берген болар! Бұл құрал қазақ тіліндегі бірінші оқу қүралы болғавдықтан ж ән е м ү н д а н е гізін е н ш етел д ік и сто ч н и к тер пайдаланылғандықтан, кітаптың соңывда бұл пәнге қатысты аса маңызды терминдер мен үғымдардың түсіндірме сөздігін берген орынды деп шешілді
Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы
Кіріспе
XX ғ. — ғылым ғасыры десе де болады. Ғылымның қазіргі қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отыр, сол себепті де қазір “білім” деген үғымды көбінше “ғылыми білім” деген үғыммен тепе-тең үғым деп түсінеміз» Ал, шынында да солай ма? Әрине олай емес. Адам білімінің көптеген түрлері ғылыми емес. Мәселен, күнделікті түрмыста қалыптасқан білім, діни білім, бірдеңеден алатын эстетикалық эсер т.б. ғылыми білімге жатпайды. Ал ғылыми зерттеулер, ізденістер арқылы алынатын білімдердің мазмұны мен сипаты мүлде басқаша. Ғылыми білімінің мазмұны мен сипатын, мәселен, күнделікті тәжірибеде қалыптасқан тұрмыстык білімдерден ажырату үшін ғылым деген не екенін, оның мазмүны кандай екенін білу қажет. Ғылым дегеніміз адамның ш ы нды қ дүние жайлы қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы (жүйесі). Демек, ғылыми дүниетану қызметінің басты мақсаты шындық жайлы акиқат білімге қол жеткізу екен. Ол білім не үшін керек? Ол болашақ өндірістік іс-өрекетке қолданып, практикалык қызметті ілгері дамыту, жетілдіру үшін, сойтіп барған сайын шындық дүние заттары мен қүбылыстарын оз мақсат-мүддесіне сәйкес меңгеру үшін қажет. Бүл ғылымның өндіргіш күш ретіндегі қоғамдық-әлеуметтік функциясы (қызметі) болып саналады. Ғылымның екінші бір функциясы — мөдени-дүниеге козқарастық функциясы. Бүл соңғы жайлы кейінірек арнайы әңгіме болады. Сойтіп, ғылым, жалпы алғанда, дүниетану процесі болып табылады екен. Бірақ, ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы үйымдастырылған теориялык таным процесі болып табылады. Ол — теориялық білімдер жүйесі. Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп саналады. Ертедегі гректер ғылымның негізін салушы болуының себебі оларды ң ғы лы ми ф актілер мен техн и кал ы қ жаңалықтарды кебірекжинақтауында емес, ойлау процесінің, таным процесінің, логикасы мен мазмүнына жан-жақты назар аударуында, зертгеуінде болды. Ертедегі грек ойшылдары фактілерді, ой-пікірлерді, жаңалықтарды жай жинақтап қана қойған жоқ, оларды негіздеп дәлелдеумен айналысты, бір білімді екіншілерінен логикалық жолмен ойша қорытып шығарумен, сөйтіп оны жүйелі, негізді және анық-айқын білім жасаумен айналысты. Сонымен бірге ескерте кеткен жөн, олар тек делелдеуге дағдыланып қана қойған жоқ, сондай-ақ дәлелдеу процесін талдай келе дәлелдеу теориясын жасады — Аристотельдің логикасы сондай теория еді. Басқаш а айтқанда, ретсіз жинақталған бүрынғы тәжірибелік білімдер мен мәліметгерді т ә р т іп к е к ел тір у д ің әд іс і ан ы қ тал д ы . Б үл нағы з методологиялық жаңалық еді. Дәл осы сияқты, жаңа методологиялық әдіс XVII ғасырда — Жаңа заманда ғана жасалды, өйткені ғылыми зерттеушілер тәжірибелік (эксперименттік)-математикалық әдістің дүние танымдағы маңызын осы кезде түсініп, осының негізінде классикалық жаратылыстану дүниеге келді. Ертедегі грек ойшылдары жасаган логика (дүрыс ойлаудың зандары мен формалары жайлы ілім) танып білуге тиісті шындық дүниенің өзіне тікелей қатысты емес, ол дүние жайлы ойлауга қатысты болды, ягни ғылыми талдаудың объектісі тікелей дүние заттары мен қүбылыстары болмай, олардың ойша бейнелері — абстракция, үғым, пікір, сан, сапа, заң, т.б. болды. Сөйтіп, материалдық дүниеге қарағанда оның идеалдық бейнесі (дүниесі) әлдеқайда жүйелі логикалық және занды түрде ретке келді. Білім, сөйтіп, материалдық дүниеден “жоғарырақ” түргандай болып, өзіндік айтарлықтай дербес болмысы бар теория саласын қүрды. Антик гылыми жасап берген сондай жүйелі теориялық білімнің бірінші мысалы ретінде Евклид геометриясын алуга болады. осындай жаңалықтардың арқасында антик заманының мәдениеті, ғылым-білімі, қы сқа тарихи мерзімнің ішінде тамаша математикалық теориялар (Евклид, Архимед, т.б.), космологиялық моделъдер>(Аристарх Самосский, Птоломей т.б.) жасап, физика, биология т.б. болащақ гылымдар үшін қүнды-қүнды идеяларды тұжырымдады.
Негізгі бөлім
Алайда, ең бастысы сол, нағыз гылыми білімнің бірінші үлгісі сынақтан отті, оны гылыми емес білімдерден айырып түратын негізгі ерекшеліктері коршді. Олар мыналар: 1) ғылыми білім жүйелі, соңдай-ақ оны басқа бшімдерден логикалық жолмен қорьггып шығаруға болады; 2) ғылыми білімнің объектісі тікелей шындық дүние заттары мен құбылыстары емес, идеялық объектілер, яғни олардың ойдагы бейнелері; 3) ғылыми білімнің мазмүны оны танып білуші адамның (субъектінің) мақсат-мүдцесіне тәуелсіз, объективтік ақиқат болуы тиіс; 4) ғылым қайталанушы қүбылыстарды ғана зерттейді, жеке- дара заттар мен қүбылыстарды ғана емес, белгілі бір топқа, класқа жататын затгар мен қүбылыстардың бәріне тән жалпы зандылықтарды іздейді, т-л-. Ғылыми танымның қүрылысына келсек, өзі өмір сүріп келе жатқан екі жарым мың жылдан бері ғыльТм жүйелі түрде үйымдасқан, өзіндік айқын қүрылысы бар күрделі қүбылысқа айналғанын атап айтпасқа болмайды. Ғылыми білімнің негізгі элементтері мыналар: а) дәл анықталған фактілер; ә) бір топ фактілердің жиынтығына қолданылатын жинақтаушы зандылықтар; б) шындық дүниенің бірқатар қүбылыстарын түсіндіруші зандылықтар системасын біріктіретін теориялар; в) бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып табылатын дүниенің ғылыми корінісі (картинасы); мүнда озара үйлесімді теориялардың бәрі біртүтас системаға (жүйеге) біріктіріледі» Ғылымның сенімді негізі — әрине анықталған фактілер. Егер факті дүрыс анықталган болса (бақылау, эксперимент, гексеріп көру арқылы), онда ол сөзсіз ақиқат болғаны. Бүл ғылымның эмпириктік, яғни тәж ірибелік негізі. Тәжірибеде байкалган фактілердің үқсастығы, бір түрлілігі тікелей байқалған күбылыстардың жалпы эмпирикалық заңы, ортақ қасиеттері бар екендігін көрсетеді. Алайда, ғылыми зерттеу мүнымен аяқталмайды. Бүл ғылыми танымның тек бірінші деңгейі (сатысы) ғана деп саналады. Ғылыми таны мны ң тек бүл эм пирикалы қ деңгейінен кейін келетін теориялық деңгейін айыра білу қажет. Бүлардың арасындағы айырмашылық, ерекшелік зерттелуге тиісті нақты материалды жалпылаудың түрлерінің ерекш еліктеріне байланысты. Ғы лымның мақсаты — заң ды лы қтард ы ашу. Ал заң, заң д ы л ы қ деген ім із қүбылыстардың арасындагы жалпы, мәнді, қажетті, түрақты, қайталанбалы байланыстар, яғни шындық дүниенің қайсыбір қүбылыстар тобына, класына қатысты жалпылық. Заттар мен қүбылыстардың бойындағы ж алпы лық абстракциялау жолымен аны қталады , яғни олардың әрқайсысына тән жекеше, ерекше белгі, қасиеттерге назар аудармай, жалпы, ортақ белгі, қасиеттерді ойша боліп алу арқылы іске асады. Абстракция деген латын тіліндегі сөзді қазақш аласақ, “коңіл аудармау” дегенді білдіредіі. Логика деген ғылымда қарастырылатын формалды-логикалық жалпылау әдісі осы абстракциялау әдісімен іштей байланысты. Алайда, абстракцияның көмегімен жалпылаған кезде кез келген жалпы белгі, қасиетті ала салмай, қүбылыстардың ішкі табиғатын ашып көрсететін мәнді жалпы белгісін алу қажет. М әселен, ертедегі грек ойшылдары “адам” деген үгымға анықтама бергенде “Адам дегеніміз екі аяқты, қауырсынсыз жануар” деп анықтапты. Әрине, барлық адамдардй екі аяқ бар, бірақ сонымен бірге қүстар да екі аяқты емес пе! Адамның ішкі табиғатын ашып беретін жалпы мәнді белгісі еңбек қүралын жасауга қабілетіілік және осының негізінде тарихи қалы птасқан ойлауга және сөйлеуге қабілеттілік қой. Олай болса, танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлерін бір-бірінен ажыратып түратын негізгі ерекшелік — заттар мен қүбылыстардагы мәнді жалпылықты табу арқылы зандылықты ашудың тәсілінде екен: тәжірибелік (эмпирикалық) жалпылауда тек сыртқы ортақ белгілерді ғана анықтауга болады екен, ал ішкі мәнді белгілерді ашуга, дәлелдеуге танымның тек теориялық деңгейі гана мүмкіндік береді.
Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері: Ғылымның күрделі творчестволык іс деп саналуының бір себебі сол, онда тәжірибеден теорияга кешетін тікелей еткеліжоқ. Оның гылыми жолы — сапыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты жалпы әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы. Ғылыми таны м ны ң аталған деңгейлерінің зерттеу объектілері бойынша да озара айырмашылықтары бар. Танымның тәжірибелік деңгейінде зерттеудің объектісі тікелей табиғат және қоғам қүбылыстары мен затгары болса, ал теория тек идеяландырылған объектілермен (материалдық нүкте, идеалды газ, абсолютті қатты дене т.с.с.) жүмыс істейді. Бұл зерттеу объектісі не? — деген сүраққа жауап берсе, ал сонымен қатар ол қалай зерттеледі деген де сүрақ бар. Екінші сүраққа жауап беру үшін ғылыми зерттеудің аталған деңгейлершде қандай өдіс-төсілдер қолданылатынын білу қажет. Бүл жагынан да олардың елеулі өзгешеліктері бар. Эмпириктік деңгбйде қолдайылатын негізгі әдістер: бақылау, баяндау, сипаттау, өлшеу, эксперимент т.б. Ал теория болса, аксиомалық өдісті, системалық, қурылымдық функционалдык, талдау, математикалық моделін жасау әдістерін т.б. пайдалануғатырысады. Ғылымның басқа коғамдық сана формаларынан (мөселен, діннен, өнерден) басты бір айырмашылығы сол, ондажаңа білімді қорытып шығарудың әдіс-тәсілдері, яғни ғылыми әдіс (метод) шешуші роль атқарады. Ғылыми білімнің даму тарихы бүл пікірді толық растайды. XVII ғасырда, яғни классикалық жаратылыстанудың туу дөуірінде, ағылшын ғалымы Ф .Бэкон мен француз ғалымы Р.Декарт ғылымды дамытудың бір-біріне қарама-қарсы екі методологиялық п р о грам м асы н : эм п и р и к т ік (и н д у к ц и я л ы қ ) ж ән е рационалистік (дедукциялық) әдістерін түжырымдады. Бүл методологиялық өдістер таным процесінде маңызды тарихи роль атқарды. Біріншіден, олар толып жатқан нақты ғылыми зерттеулердің іске асуына комектесті, екіншіден, ғылыми танымның қүрылысын дүрыс анықтауға жол ашты. Оның қүрылымы екі этажды үйге үқсас екенін көрсетті. Теориямен айналысатын “жоғарғы этаж” эмпирикалық “томенгі” этаждың үстінде түрғанымен, бірақ бірінші этажсыз ол томен қүлап түсер еді, ал, керісінше, екінші этажсыз үй салынып біткен қүрылыс болып есептелмес еді. Бүл қарапайым теңеуден келіп шығатын қорытынды: ғылыми фактілерді жинап беретін индукциясыз дедукциялық одіс ақи қат теори ялы қ қоры ты нды ж асай алмас еді, ал дедукциялық әдіссіз индукция ықтимал ғана білім берер еді. Сондықтан қазіргі заманғы ғылыми танымда бүл екі әдіс өзара бірін-бірі толықтыра отырып, диалетикалық бірлікте қолданылады. Біздің заманымыздағы ғылыми білімнің стандартты қүрылыс моделі, шамамен, мынадай тізбек түрінде іске асады: тәжірибелік (эмпириктік) фактіні анықтау — алғашқы эмпирикалық қорытынды - бүл қорытындыға сәйкес келмейтін фактілерді іздеу, табу — жаңаша түсіндіру схемасы бар теориялық гипотеза (жорамал) үсыну — байқалған барлық фактілердің негізінде күрылган гипотезадан логикалық қорытынды шығару (дедукция). Ал бүл соңғы ақиқат теориялық қорытынды болуы тиіс, ойткені расталған гипотеза теориялық зацға айналады. Ғылыми білімнің мүндай моделі гипотетикалық-дедукциялық деп аталады. Қазіргі заманғы ғылыми танымныц копшілігі дәл осы тәсілмен қүрылады.
Танымның (білімнің) ғылымилығыныц критерийі:Теория шындық дүниенің белгілі бір саласыңдағы заттар мен қүбылыстардыц арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастары жайлы біртүтас түсінік беретін 17 үшін ақикат болуы тиіс, алайда, ақиқат білімнің бері бірдей теория бола бермейді, мәселен, күнделікті түрмыстык білімдер ақиқатты білдіргенімен, бірақ теориялық білімге жатпайды. Білімнің ғылымилығын көрсететін критерийі (олшеуіші) не? — деген сүраққа ең алдымен — практика деп жауап беруіміз керек, ойткені, таным процесінің негізі, мақсаты — п ракти калы қ қы зм ет. Ғы лы ми білім ең алдымен практикалық қызметке, материаддық игіліктер өндіру ісіне қызмет етеді, олай болса, ғылыми білімнің акиқаттығының, оны ң ғы лы милы ғы ны ң бірінш і өлш еуіш і, критерийі практика болып табылады. 'Б ірақ білімнің бәрі бірдей сезім мүшелерімен тікелей қабылдау немесе эксперимент арқылы тексеріле бермейді. Ғылыми білімнің копшілігі басқа жолмен қорытылып шығарылады жоне акиқаттығы, ғылымилығы анықталады. Ғылыми білімнің негізгі ерекшеліктері ғылыми зерпеулердің объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты. Мөселен, атом іш ілік микродүние немесе галактикадағы мегадүние қүбылыстарын және т.б. коптеген процестерді күнделікті тәжірибеде немесе ондірісте қолдану арқылы тексеру мүмкін емес. Ғылым ондай білімдердің ғылымилығын негіздеудің басқа айрықша әдіс-гөсілдерін қалыптастырды — ол қайсыбір білімдердің ақиқаттығын ақиқаттығы бүрын негізделген басқа білімдерден қорытып шығарып негіздеу жолы, әдісі. Білімді қорытып шығарудың бүл логикалық әдіс-төсілдері бір білімнің ақиқаттығынан екінші білімнің ақиқаттығын негіздеуді ғана қамтамасыз етпейді, сондай-ақ оларды бір- бірімен байланыстырып, бір жүйеге келтіреді. Сондықтан, білімдердің жүйелілігі мен негізділігі - ғылыми білімді күнделікті түрмыстық білімдерден айырып түратын басты мәнді белгілерінің 6ipiJ Ғылым тарихында жалған ғылыми идеяларды нағыз ғы л ы м н ан ай ы ра білу үш ін б ірн еш е п р и н ц и п тер түжырымдалған. Солардың бірі верификация принципі деп аталады. Латынша verificatio — дәлелдеу, растау деген созден ш ы ққан бүл принцип бойынша қандай бір үғым, пікір болм асы н тікелей тәж іри беде расталса ған а, яғн и эмпирикалық жағынан тексеруге болса ғана ақиқат деп мойындауға болады, ал егер тәжірибеде тексеруге болмаса, онда ол ақиқат болмағаны. Верификация принципі ғылыми білімді ғылымға жат, жалган білімдерден бірден айыруға мүмкіндік бергенімен, бірақ таза теориялық идеялардан түратын ғылыми білімдер үш ін оны ң пайдасы ж оқ. М үндай жағдайда білімнің ғылымилығын негіздеу үшін XX ғасырдағы ірі ағылшын философы К.Поппер бекерлеу принципі дегенді ұсынды. Бүл принцип бойынша тек логикалық жағынан бекерлеуге болатын білімді ғана ғылыми деп тануға болады. Мәселен, ағаш басынан жерге қанш а алма үзіліп түссе де ол дүниежүзілік тартылыс заңы ны ң ақиқатты ғы н толы қ дәлелдеуге жеткілікті негіз бола алмайды, ал үзілген алманың біреуі ғана жерге түспей, әрі қарай аспанға үш ып кетсе болғаны, мүның өзі ол заңның жалғандығын көрсетеді дейді “бекерлеу принципі” . Сондықтан теорияның ақиқаттығы мен ғылымилығын дәлелдеуде ол теорияның бекерлеу әрекеті мүмкіндігінше негізді болуын талап етеді,- дейді Поппер. Бекерлеуте болмайтын теория ғылыми болмайды. Мәселен, дүниені қүдай жаратқандығы жайлы теорияны бекерлеу мүмкін емес, олай болса, ол ғылыми емес. Білімнің ғылымилығына бүлайша қараудың бір тәуір жағы да бар: кез келген білімге өзгермейтін абсолютті ақиқат деп қарауға болмайтынын, оған сын көзбен қарау қажеттігін білдіреді. гБілім тарихи озгермелі, ақиқат салыстырмалы екендігін мойындай отырып, ғалымдар сонымен бірге нағыз ғылымды ғылымға жат ілімдерден айыру онша қиы н еместігін^ол үшін ғылымилықтың белгілі бір өлшемі мен нормасы, ғыльіми ойлаудың ішкі бірлігін білдіретін түрақты ережелері болуын атап көрсетеді. Ертедегі Греция заманынан бері қарай қалы птасқан ғылыми ойлаудың осындай нормасы — рационализм деп аталатын дүниетану өдісі.^Ойлаудың рационалды қ эдісі бойынш а, ғылыми білім мынадай методологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс: а) жалпылық, яғни нақты уақыт, орын, субъект т.б. жекеше фактілерге тәуелсіздік; ә) қайшылықсыздық немесе дөйектілік (бүларды білімдер ж үйесін түж ы ры мдайты н дедукци ялы қ ойлау тәсілі қамтамасыз етеді); б) түсіндіру әдіс-төсілдерінің қарапайымдығы; в) алдын ала болжау күш інің болуы. Кез келген білімнің ғылымилық деңгейін көрсететін ең жалпы талаптар (анықтауыш нормалар) міне осылар.^
.Ғылым ұғымының классификациясы: Ғылым дегеніміз адамның объективтік дүниені танып білуге және оны озгертуге бағыггалған іс-әрекетгерінің тарихи қалыптасқан формасы екендігі жоғарыда айтылды. Олай болса, ғылым ең алдымен ш ындық дүниені танып білудің нотижесінде қалыптасқан, бір жүйеге келтірілген теориялық білімдер системасы (жүйесі) екен. Ал шындық дүние — алуан түрлі, алуан салалы,О л ең алдымен табиғатқа және қоғамға бөлінеді, ал табиғатты өз алдына қарастырсақ, онын озі алуан түрлі салалардан түрады. Сол сияқты қоғам өмірінің салалары да толып жатыр.
Қорытынды
Ғылым деген жалпы ұғым, сыртқы дүниенің осындай сансыз коп салаларының заттары мен күбылыстарының жалпы зандылықтарын, байланыстары мен қатынастарын т.б. бейнелеңціретін толып жатқан білімдер системасы болып табылады. Ол система көптеген ғылыми білім салаларынан (жеке ғылымдардан) түрады. Кез келген білім, ғылым саласына қойылатын екі сүрақ бар: нені зерттейді және қалай зерттейді? Бүл жерде бізге қажеттісі әрбір ғылым нені зерттейді деген сүрак^Қазіргі заманғы ғылымдар күрделі білімдер системасын қүра отырып, ең алдымен мынадай теориялық білім салаларына бөлінеді: жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, гуманитарлық және т.б. Жаратылыстану болмыстың басты бір бөлігі болып табылатын табиғат қүбылыстары мен заттары жайлы, олардың себепті байланыстары мен заңдылықтары жайлы ғылымдардың тобы. Оларға ф изика, химия, биология, математика, астрон ом и я ж эн е т.б. к ір е д і^ Т аб и ғат заттары мен қүбылыстары адамның санасына, іс-әрекетіне тоуелсіз оз зандары бойынша өмір сүреді, адам оларды тек танып біле алады, сойтіп оз мүддесіне сәйкес іс-өрекетінде қолдана алады. ‘'Қогамдык, гылымдар болмыстың екінші бір болігі болып табылатын қоғам ом ірінің заңды лы қтары , қоғам ды к қүбылыстар мен процестердің себепті байланыстары мен қатынастары жайлы білімдер системасы* Адамдардың табиғатпен екі арада және озара орнататын ондірістік, энергетикалық, информациялы қ қарым-қатынасының нәтижесінде болмыстың жаңа шындығы (түрі) — қоғам омірі жасаладь}. Оның ғылыми таным процесінің объектісіне айналу себебі — оның ерекше өзіндік зандары бар, сол зандарға сәйкес қоғам омірі реттеліп отырады. Олай болмай, әрбір адам оз бетінше әрекет ететін болса, онда ол іс-әрекеттен ештеңе шықпас еді, адамдар табиғаттың дүлей күштерінің қүрбаны болып кетер еді. ;Қ оғам омірі алуан түрлі күрделі қүбылыстар мен процестердің жиынынан түрады. Олардың да оз озгешеліктері мен зандары бар. Сондықтан оларды зерттейтін дербес қоғамдық ғылымдар бар. Олар — экономикалық, әлеуметгік, техникалық, гуманитарлық, антропологиялық және т.б. ғылымдарі Экономикалық ғылымдар — қоғам өмірінің және дамуының негізі болып табылатын материалдық өндіріс жайлы, оның дамуы мен ішкі қүрылысы жайлы білімдердің системасы болып табылады. А дамдардың тарихи топтасуы ны ң, қауымдасуының микро және макро үйымдасу ерекшеліктері мен зандарын зерттейтін ғылымдар социологиялық гылымдарды к ү р ай д ы (д ем о гр аф и я, эт н о гр а ф и я , тар и х , ж еке социологиялық ғылымдар және т.б.). Техникалық гылымдар — жеке адамдар мен бүкіл адамзат омірдің түрлі салаларында колданатын қүрал-саймандардың жүйесі — техниканың зандарын және оларды жасаудың өдіс-тәсілдерін зертгейді. Техника табиғатга жоқ, тек адамның қолы мен, ақы л-ойы м ен ж асалаты н айры қш а қүрал- саймандардың жиыны. Оның да заңдары бар. Қоғамда техникалық прогресс іске асу үшін ол заңдарды оқып- үйреніп, белгілі бір техникалық мамандықты, косіпті меңгеру қажет. Гуманитарлық гылымдарга қогамдық қүндылықтарды зерттеудің нәтижесінде қол жеткен білімдерді жүйеге келтіруші ғылымдар жатады. Қ огам ды қ қүн д ы лы ққа жататындар: мақсат-мүдделер, ойлаудың ережелері мен нормалары, қатынас жасау мен мінез-қүлы қ нормалары, белгілі бір іс-әрекеттер мен белсенділіктердің жеке адам, топ жөне бүкіл адамзат үш ін пайдалы лы гы немесе зияндылыгы туралы үгымдар және т.б. Гуманитарлық ғылымдардың қатарына жататындар: философия, этика, эстетика, заң гылымдары, дінтану, тіл-әдебиет ғылымдары және т.б. Адамның табиги биологиялық жоне әлеуметтік қасиеттерінің ерекшеліктері мен бірлігі жайлы гылымдар ант ропологиялы қ гылымдар то б ы н а ж атад ы . О лар: философиялық антропология, мөдениет антропологиясы, педагогика, криминология, медицина гылымдары жэне т.б/, Жеке гылымдарды топтастырудың баска да белгілері бар. Мэселен, зерттеу әдісіне қарай, қүбылыстар мен затгардың мәнін ашып корсету деңгейіне қарай (эмпириктік және теориялық деп т.т.) болінеді. Ал антропологиялық гылымдар тобын біріктіретін ортақ негізі — адам болмысы, оның тарихи типтері мен болашагы және т.б. жақтары. Атап айтқанда, адам дегеніміз: а) таным процесін тікелей іске асырушы субъект, танымның мақсаты мен программасын белгілеуші, озінің таным процесінің барысын қадагалаушы; ә) озінің және бүкіл адамзатгың қажетгерін қанағатгандыру үшін гылым ашқан жаңалықтарды пайдаланушы; б) адамзат үрпақтарының ғылыми таным қызметін үдайы жетілдіруші; в) ғылымның маңызын, оның мақсаттарын айқындап, алдағы уақыттағы даму мақсатын болжаушы.

Приложенные файлы

  • docx 15723879
    Размер файла: 42 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий