Химия пәні


8 – сыныпқа арналған емтихан сұрақтары.

1 – билет
Химия пәні. Заттар және олардың қасиеттері.
KClO3 →О2↓СаО → Al2O3 реакциясын іске асыр.
3 моль литий азотпен әрекеттескенде түзілген литий нитридінің зат мөлшерін(моль) тап.
2 – билет
Таза заттар және қоспалар.
Мына айналымды жүзеге асыр: Cu → CuO → CuCl2.
96г күйені жаққанда түзілген көміртек(IV) окидінің (қ.ж) көлемі(л) қаншаға тең?


3 – билет
Физикалық және химиялық құбылыстар.
Мына айналымды жүзеге асыр: Na → Na2O → NaOH → NaHSO4 → Na2SO4 → SO3
Массасы 128г күкірттің зат мөлшерін тап.
4 – билет
Атомдар мен молекулалар.
Мына реакцияны жүзеге асыр: P → P2O5 → H3PO4 → Ca(PO4)2
Күкірт қышқылында оттектің массалық үлесі қанша?
5 – билет
Химиялық реакциялардың типтері.
Мына айналымды жүзеге асыр: Si → SiO2 → BaSiO3
Күйдірілген натрийдің 600г 30% - тік ертіндісінде еріген зат мөлшерін тап.
6 – билет
Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.
SO3 + Al2O3 → реакцияны теңестіріп, өнімін тап.
88г көмір қышқыл газының қ.ж алатын көлемін тап.
7 – билет
Қышқылдар. Құрамы. Алу жолдары.
NH3 аммиак газының ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын есепте.
280г темірмен тұз қышқылы әрекеттескенде түзілетін сутегі газының зат мөлшерін(моль) есепте.
8 – билетСудың химиялық қасиеттері.
480г магнийді жаққанда түзілетін магний оксидінің массасын есепте.
2 моль судың атом саны нешеге тең?
9 – билет
Оксидінің жіктелуі. Аталуы мен алу жолдары.
34г натрий нитратындағы молекула саны қанша?
70г темір мен күкірт әрекеттескенде түзілген темір(II) сульфидінің массасын есепте.
10 – билет
Негіздердің жіктелуі. Алынуы. Қасиеттері.
Мына айналымды жүзеге асыр: Ba → BaO → Ba(OH)2 → Ba(PO4)2
Фосфор(V) хлорідінің 0.77 моліндегі молекула саны қанша?
11 – билет
Тұздардың жіктелуі. Алынуы. Химиялық қасиеттері және қолдануы.
Мына реакцияны аяқта: CaO + ….. → CaSiO3
1кг сүтті ашыту үшін 10г ұйытқы қажет болса, түзілген ертіндінің массалық үлесін тап.
12 – билет
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіне сипаттама бер.
0.33 моль күкіртсутектің массасын есепте.
Күкірт қышқылының 300г 18% - ті ертіндісіндегі судың массасын тап.
13 – билет
Химиялық элеметтердің электртерістігі.
50г 4% ертіндідегі судың массасын тап.
2моль күкіртсутек күкірт(IV) оксидімен әрекеттескенде түзілетін күкірттін массасы қанша?
14 – билет
Атом ядросының құрамы.
1840 Х атомындағы протондар, нейтрондар саны қанша?
Мырыш түйіршігінде 8,1*1024 атомдар бар мырыштың зат мөлшері мен массасын тап.
15 – билет
Хлорсутек. Тұз қышқылы.
CO2 газының ауа бойынша тығыздығын тап.
760г магнийді жаққанда түзілетін магний оксидінің массасын тап.
16 – билет
Галогендер топшасына жалпы сипаттама.
CuO қосылысынағы мыстың массалық үлесі қанша?
2моль фосфорды тотықтыру үшін жұмсалатын оттектің зат мөлшерін тап.
17 – билет
Хлордың алынуы мен қолдануы.
2моль судың атом саны қанша?
10моль литий азотпен (қ.ж) әрекеттескенде түзілген литий нитридінің зат мөлшерін есепте.
18 – билет
Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы.
7г В2О3 зат мөлшері қанша?
Массасы 3,2г мыс(II) оксидін толық еріту үшін массалық үлесі 10%- тік күкірт қышқылының тығыздығы 1,066г(см3) қандай көлемі қажет екенін есептеңдер.
19 – билет
Оттектің жалпы сипаттамасы және табиғатта таралуы.
325г мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутектің зат мөлшерін есепте.
Н2СО3 затындағы көмірсутектің массалық үлесі қанша?
20 – билет
Оттектің физикалық қасиеттері. Оттекті алу.
Мына заттардың құрылымдық формулаларын жаз: Mn2O7 және N2O3.
Массалық үлесі 2.4% H, 39.1% S, 58.5% O – тен тұратын заттың молекулалық формуласын табыңдар.
21 – билет
Ауа – газдар қоспасы. Сутек. Сутектің табиғатта таралуы және алынуы.
Айналымды іске асыр: Fe2(SO4)3 → Fe(OH)3 → Fe2O3 → FeCl3
Массасы 126г азот қышқылын бейтараптау үшін мыс(II) гидроксидінің қанша массасы және мөлшері қажет екенін есепте.
22 – билет
Зат массасының сақтану заңы.
Берілген химиялық реакция теңдеулерін аяқта: NaOH + HNO3 → …. + ….
Массасы 124г натрий оксиді сумен әрекеттескенде сілтінің қандай массасы және қанша мөлшері түзілетінін есепте.
23 – билет
Атом – молекулалық ілім.
Тотығу – тотықсыздану реакциясын теңдеулерін жаз: MnO2 + HCl → MnCl2 + Cl2 + H2O
Массасы 50г марганец (IV) оксидінің тұз қышқылымен әрекеттескенде қ.ж - да қанша хлор алуға болады.
24 – билет 1. Химиялық реакциялардың типтері.
2. Мына заттардың құрылымдық формуласын жаз: H3PO4 және Al2(SO4)3
3. 200г суда 44.8л (қ.ж) хлорсутек ертілді. Осы алынған ертіндідегі HCl – дың массалық үлесі(%) есепте.25 – билет
Химиялық реакциялардың жылу эффектісі.
Тотығу дәрежесін анықтаңдар: H2S, N2, NaF, CaF2
Мөлшері 0.2моль натрий хлориді қанша моль күкірт қышқылымен ірекеттесе алатынын есепте.

Приложенные файлы

  • docx 15723638
    Размер файла: 23 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий