Лингвистикалық зерттеу әдістерінің пәні мен ныс..


Лингвистикалық зерттеу әдістерінің пәні мен нысаны
Жоспар:
Лингвистика терминінің мәні
Лингвистикалық зерттеу әдісі
Жаңа қолданыстар – лингвистикалық зерттеудің нысаны ретінде
Лингвистика ұғымы
Лингвистика (глоттология, тіл білімі) — предлингвистикадан, микролингвистикадан және металингвистикадан құралатын тіл туралы ғылым. Әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Адамзаттың сөйлеу тілі Тіл білімінің негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Адамдар арасындағы өзара түсінісу құралы саналатын кез келген тіл адамзат үшін, қоғам үшін қызмет етеді. 1980 жылғы мәліметтерге қарағанда дүние жүзінде 5661 тіл бар, олардың 1400-ден астамы бұл күнде өлі тілге айналған, 4200-і жеке, дербес тілдер. Тіл білімі күнделікті қолданыста жүрген тілдерді қарастырады. Адамзат баласы ерте заманнан-ақ өзіне ең қажетті құрал – тілдің ерекшеліктерін білуге, ұғуға тырысқан. Соның нәтижесінде тіл туралы ілім пайда болған. Адамның сөйлеу тілі Тіл білімінің ғана үлесі емес, ол – психология, физиология, логопедия, т.б. ғылымдардың қарастыратын саласы. Тіл білімі жалпы және жеке болып бөлінеді, оны осылайша бөлу, зерттеудің мақсаты мен нәтижесінен туындайды. Нақты бір тілдің (мысалы: қазақ) немесе туыстас тілдердің (мысалы: алтай, түркі тілдері) мәселелерін зерттеу жеке Тіл білімінің үлесіне тиеді, ал жалпы адам баласының тілі, тіл элементтерінің өзара қатысы, тілдің даму себептері мен бағыттары, т.б. жайттар жалпы Тіл білімінің зерттеу нысаны болып табылады. Фундаменталды (іргелі) Тіл білімінің тілдің қазіргі жай-күйін, бұрынғы өткен тарихын зерттейді, негізгі мақсаты – тілге ғылыми талдау жасау емес, тілдің бүгінгі, кешегі күйін зерттеп, тәжірибе жүзінде бақылау. Нормативті Тіл білімі фундаменталды Тіл білімі жинақтаған зерттеулер негізінде жасалып, тілдің қоғамдық қызметі, стиль тармақтарының қолданылуы, тілдік нормалардың қалыптасуы мен өзгеруі, тілдің біркелкі қалыптасқан нормаларын қолдану шарты, т.б. мәселелерді қарастырады. Қолданбалы Тіл білімі тіл нормалары толық қалыптасқан жағдайда ғана жүзеге асады, ол тілдік нормаларды таратып қана қоймай, оны жетілдіре түседі, тұрақтандырады. Тіл білімі мен басқа да ғылымдардың тоғысуы нәтижесінде лингвистиканың жаңа салалары дүниеге келді. Тіл білімі мен әдебиеттанудың байланысы негізінде стилистика ғылымының негізі қаланды.
Лингвистикалық зерттеу әдісі
Лингвистикалық әдістер - тіл білімі қолданылымын зерттеу амал-тәсілдерінің жүйесі. Қазіргі таңда тіл білімі дербес өрбіген ғылым ретінде өз тәсіл-әдістеріне кең өpic ашты (белгілі бағытпен тілдің мәселелерін зерттеп, тіл-тілдегі құбылыстардың өзіндік заңдылықтарын айқындау; белгісіз сырларын, өзгерістерін дәл анықтау, ашу т. б.) Лингвистикалық әдістердің жалпы және жеке түрлері ажыратылады. Жалпы лингвистикалық әдістер тілдің теориялық зерттеу тәсілі мен әдістерінің жиынтығын құрайды. Олар белгілі бір лингвистикалық теория мен ортақ әдістемеге сүйенеді (мысалы, салыстырмалы-тарихи әдіс, сипаттама әдісі). Жеке лингвистикалық әдістер тіл аспектілерін зерттеуде белгілі бір теориялық қондырғыларға сүйенетін жекеленген тәсілдер, әдістемелер мен операциялардың жиынтығын құрайды. Олар көмекші техникикалық құрал, аспап ретінде қолданылады (мысалы, компонентті талдау, статистикалық талдау, эксперимент т. б.).
Зерттеу объектісі бойынша лингвистикалық типологияға төменгі бөлімдер енеді:1) генетикалық типология;2) құрылымдық типология;3) ареалды типология;4) салыстыру типологиясы.
Генетикалық типология салыстыратын тілдердің гентикалық ортақтылығын ескере отырып, диахрониялы, сондай-ақ синхрониялы генетикалық туыстас тілдер жүйелерін салыстырумен айналасады. Бұл жағынан генетикалық типология жеке лингвистикалық сипатқа ие.Генетикалық типологияның негізгі мақсаты-туыстас тілдерде материалды тепе-тең бірліктерді анықтап табу. Типологиялық изоморфтық этикалық деңгей бірліктердің материалды ұқсастығына негізделеді. Этикалық деңгей бірліктерінің ұқсастығы этикалық деңгейдің материалдық бірліктерінің тепе-теңдігіне тәуелді болып табылады. Басқаша айтқанда, генетикалық типологияға тереңдік-беткі тепе-теңділікке тән. Ол тарихи ортақтастығын ескере отырып, тиісті материалдық элементтердің негізінде біріккен түрлі тілдердің жүйелерінде сәйкес лингвистикалық бірліктердің таралу дәрежесін зерделеумен айналысады.
Құрылымдық типология – типологиянынң негізгі құрамдас бөлігі – барлық, генетикалық немесе ареалдық шектеулерден тыс нақты тілдер фактілерін жүйелеумен және түгендеумен, ортақ тілдік әмбебаптарды табумен айналысады.Өз операцияларын типтік нышандарды анықтаумен аяқтайды. Ол лингвистикалық типологияның генетикалық және басқа бөлімдерінің мәліметтерін пайдалана алады. Құрылымдық типологияның түпкі мақсаты – тілдердің әмбебап қасиеттерін табу.Құрылымдық типологияның пәнін анықтайтын факторлар:а) жүйелік жақындыққа индиффенренттілік;ә) генетикалық жақындыққа индиффенренттілік;б) зерттелетін тілдердің салаларының немесе санының шектеусіздігі, яғни салыстырылатын тілдер санының ашықтығы;в) ареалды шектеусіздік;ғ) терең-беткі тепе-теңдіктің болу немесе болмау мүмкінділігі;д) этика-эмикалық тепе-теңдікке бейтараптылық;е) салыстыруға атомарлық және деңгей аралық жолдың мүмкіндігі;ж) тіл-эталонның қатысты шексіздігі;з) типологиялық операциялардың аяқталуы.
Ареалды типология белгілі бір аумақта немесе ареалды тілдік қасиеттердің таралу және жақындық тұрғысынан тілдік жүйелерді салыстырумен айналысады. Ареалды әдіс тілдердің өзінің және олардың сыртында тұрған мәдениеттердің өзара жерінің немесе оларға үшінші тілдердің ықпалының әсерінен құрылған ортақ элементтерді анықтау мақсатында туыстық дәрежесіне қарамастан тілдердің туыстуасуын қарастырады. Тілдердегі алмасқан элементтер, тілдік жалғаулықтар, қос тілділік осындай зерттеудің объектісі болып табылады. Лингвистикалық әдебиетте тіл білімінің осы бөліміне арналған түрлі терминдер бар: «ареалды лингвистика», «лингвистикалық география» т.б. Ареалды типологияның зерттеу шеңберіне төмендегі мәселелер енеді: а) диалекттер мен диалектілік шектеулерді зерделеу; ә) диалектологиялық карталар жасау; б) туыстас және туыстас емес тілдер жүйелерінде жекелеген белгілердің таралуын зерделеу; б) жекелеген тілдік өзгерістерді тіркеу және олардың таралуын зерделеу; в) жекелеген тілдік өзгерістерді тіркеу және олардың таралуын анықтау; г) неологизмдерді, архаизмдерді анықтау; ғ) тілдер-субстраттарды зерделеу; д) ауысқан түрлі жіктерді зерделеу; е) түрлі тілдердің өзара ықпалын зерделеу және басқалары.Белгілі бір ареалда немесе мемлекетте тілдік қатынас, дүбара тілдер және басқалары ерекше қызығушылық тудырады. Ағылшын тілі варианттарының (Шотландияда, Ирландияда, Америкада, Азияда, Африкада) табиғатын, сол сияқты Pidgin English (Қытайда, Австрияда, Океанияда, Гавай аралдарында), Kroo English, Fanagalo English, Taki-Taki English типті дүбара тілдерінің мәртебесін анықтауға және басқаларына байланысты проблемалар даулы жағдайларға жатады.
Ареалды типологияның негізгі модификациялаушы факторлары:а) іс-әрекет саласының ареалды шектеулігі;ә) генетикалық жақындыққа индифференттілік;б) жүйелік жақындыққа индифференттілік;г) тіл-эталонның шектеулігі;ғ) терең-беткі барабарлықтың болу мүмкіндігі;д) салыстыруға стомарлық жол т.б.
Салыстырмалы типология мазмұн жоспарының таңдап алынған ортақ бірліктің тіларалық нварианттарын тілдердің шектеулі санын (екеуден) қарастырады және әртүрлі генетикалық топтар тілдерінің типологиялық ұқсастығын анықтайды. Оның тілдердің шектеулі саны жүйесіндегі кейбір ортақтықты немесе изоморфтықты бөлуге болады. Салғастырырылатын тілдер санының шектеулігінен салыстырмалы типология лингвистикалық әмбебаптарды таба алмайды. Алайда тілдердің шектеулі саны жүйелерін зерделеу негізінде алынған нәтижелерді құрылымдық типология лингвистикалық әмбебаптарды одан әрі табу үшін пайдаланылуы мүмкін. Өз кезегінде тілдік құрылымды «атомдау» жолымен алынған құрылымдық типология мәліметтерінің салыстырмалы типологияда корреспонденттендіруші құралдарды табу кезінде пайдаланылуы ықтимал. Салыстырмалы типология тілдік құбылыстардың әр түрлігіне қарамастан жеке әр тілдің жүйесін жасайды. Салыстыру типологиясының корреспонденттеуші құралдарын табу көп ярусты болуы мүмкін, ал құрылымдық типология изоморфтық құбылыстардың бір ярустылығынан басталады.Екі немесе одан көп тілдердің жүйелерін салыстыру жеке әрбір салғастырылатын тіл жүйесінің бұрыннан белгілі материалында құрылады. Мұнда әр деңгей бірліктерінің өзіне тән ерекшеліктері жеке де, басқа деңгей бірліктерімен өзара қатынаста да ескеріледі. Бір уақытта бірнеше тілдерде түрлі шағын жүйелерді салыстыруға болады. Мұндайда екі тіл жүйелерін салғастыру бастапқы үрдіс болып табылады. Әдетте екі топтан немесе семьядан өкілдер ретінде екі тіл таңдалып, одан әрі тілдердің саны ұлғаяды.Салыстырмалы типология қосарлы мақсатты-теориялық және қолданбалы (немесе оқу) мақсатты көздейді.Салыстырмалы типологияның модификациялаушы факторлары:а) генетикалық туыстыққа индифференттілік;ә) жүйелік жақындыққа индифференттілік;б) салыстыруға ұғымдық немесе контенсивтік жол;в) салыстырылатын тілдер санының шектеулігі;г) салыстыруға деңгейаралық жол;ғ) инварианттардың аралық тілділігі;д) типологиялық операциялардың қатысты аяқталуы;е) тіл-эталонның минимальдылығы;ё) салыстырылатын тілдер жүйелерінде тиісті бірліктердің терең-беткі тепе-теңдігіне индифференттілік.
Салыстыруға байланысты характерология және контрастты лингвистика сияқты пәндер бөлінеді. Олардың және типологияның айтылып өткен бөлімдерінің арасында айқын қарама-қайшылық жоқ. Профессор Д.Буранов сондай әрекет жасап көрген.
Жаңа қолданыстар – лингвистикалық зерттеудің нысаны ретінде
Окказионализмдер тіл білімінің әр түрлі саласында – лексикология мен семасиологияда, сондай-ақ көркем мәтін тілін лингвистикалық талдау ыңғайында қарастырылып келеді.
Қазақ тіл білімінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына ауқымды мәселелерді зерделеу, қазақтың рухани мұраларын әлемдік деңгейде салыстыра саралау, ұлттық шеңбер мен әлемдік деңгейді байланыстыра қарастыру, зерттеу нысанының басқа ғылым түрлерімен байланысын ашу сияқты міндеттер қойылды. Осы орайда окказионализмдерді жазушының шеберлігі арқылы пайда болған қолданыстар ретінде зерттеу керектігі назарға ілінеді. Осы тұрғыдан келгенде, окказионал қолданыстарды тілдің динамикалық жүйесінің белсенді процесінің бірі ретінде қарастыру аса маңызды.
Ғалымдар тарапынан негізі қаланған бұл мәселе алғашқыда жекелеген жазушылардың тіл ерекшеліктерін айқындау, сараптау тұрғысынан, сонымен қатар әдеби тілмен арадағы байланысын анықтау тұрғысынан қарастырылып, кейін жалпы теориялық және тәжірибелік ізденістерге ұласты.
Бүгінгі күні ғылымда жеке автордың қолданысында пайда болған жаңа сөздерді атауда бірізділік жоқ деуге болады. Бұл мәселенің қазақ тіл біліміндегі көрінісіне келер болсақ, Р.Сыздықова «тосын сөздер» десе, ғалым Х.Нұрмұханов «Сөз және шеберлік» зерттеу еңбегінде потенциалды сөздер мен окказионалды сөздердің ара-жігін ажыратып, окказионализмдер контекст қалауына орай тек бір ғана қолданымдық болып қызмет атқаратын сөздер деп сипаттама береді. А. Алдашева «авторлық жаңа сөздер немесе индивидуальды-авторлық сөздер» деген атауды пайдаланған. Л.Еспекова «окказионализм», Г.Мұратова «окказионал сөздер» деген атауды ұсынады.
Тіл біліміне «окказионализм» деген терминді ең алғаш енгізген Н.И.Фельдман.
Окказионализмдер лингвистикалық зерттеу нысаны ретінде өзінің басқа тілдік деңгейлермен салыстырғанда қарқынды даму нәтижесінде өзгерістерге көбірек ұшырайтын тілдік жүйенің бөлігі болып табылады. Жаңа сөздің пайда болуы мен лексикалық құрамының өзгерісіне, оның өсуіне байланысты мәселелерді зерделеу қандай да бір тілдің дамуындағы үрдісті, сөзжасамдық жүйенің қарқынды қасиеттерін анықтауға, белгілі бір шамада сөздіктің әрі қарай өсуін болжауға, оның өзгерістерінің лингвистикалық және экстралингвистикалық себептерін зерделеуге мүмкіндік береді.
Окказионал бірліктерді лексемдік деңгейде зерделеу олардың әр түрлі аспектілерінің зерттеу бағытын айқындауға көмектеседі. Окказионалды сөзжасам мәселелерін қарастыруда орыс тіл білімінде Н.И.Фельдман, Е.А.Земская, И.С.Улуханов, Э.И.Ханпира зерттеу еңбектерін арнаған.
Қазақ тіл білімінде окказионализмдердің сөзжасауыштық қасиеттері жайлы Г.Мұратова мен Л.Еспекова да өз еңбектерінде айтып кетеді.
Тіл білімінде окказионал қолданыстардың лингвистикалық болмысын анықтауға, олардың құрылымдық семантикалық ерекшеліктеріне сай классификациялау талпыныстары жасалынып келеді.
Окказионализмдерді жасауда экстралингвистикалық себептердің де қалыс қалмайтынын естен шығармауымыз қажет. Себебі, дүниені, әлемді ұлттық негізде танудың ең басты себепшісі – экстралингвистикалық фактор. Алайда, біздің ойымызша бұл автордың саналы түрде сол тілде сөйлеуші үшін кездейсоқ (кенет) тұлғамен ерекше бірлік жасауға бағытталған шығармашылық әрекеттің қажеттілігінен шығады.
Жаңа қолданыстарды тіл білімінің лексикология саласынан алып терен түрде ашып түсіндірілсе, студенттерге, оқушыларға окказионал қолданыстардың мағынасы түсініктірек болар еді. Жоғарыда аталып өткен ғалымдардың зерттеулерін студенттерге түсіндіруде басшылыққа алып пайдалануға болады. Мұл мәселеге байланысты біраз материалдар бар деп айтуымызға болады.

Приложенные файлы

  • docx 15723577
    Размер файла: 26 kB Загрузок: 3

Добавить комментарий