Адам Сәні Какенов А.Н


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Адам СәніДайындады :1 курс студенты жалпы медицина факультеті 103 тобы Какенов Асқар Нурланұлы Тексерді:СӨЖ Семей қаласы мемлекеттік медицина университеті
ppt_yppt_yppt_y Жоспар:1.Кіріспе2.Негізгі бөлік3.Қортынды4.Әдебиеттер
style.rotation
style.rotation
Кіріспе:СәнСән ( франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.Стиль ( лат. Stylus) – мәнер, сипат, ерекшелік. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым - қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі. Еуропа халқынын Адам сәні Қазақ халқының ұлттық сәні Қазақ халқының ұлттық киімдеріҚазақ халқының киім – кешегі ұлттық, тұрмыстық және рухани мәдениеттің бағалы ескерткіштерінің бірі. Одан қазақтардың ұлттық ерекшеліктері, мәдени дәстүрлері, эстетикалық талғамы анық байқалады. Қазақ халқының ұлттық киімдері үшке бөлінген. Олар: бір киер киім, күнделікті киім, жұмыс киімдері. Бір киер киім деп жиындарға, той- думанға барғанда киетін сәнді киімді атаған.Бір киер киімдерге ашық түсті көйлек, камзол, шапан, үкілі тақия, сәукеле, бөрік т.б. жатады.Сәукеле - қызды ұзатқандағы киетін бас киім. Сәукелені арнайы ақ киізден жасап, сыртын қымбат матамен қаптайды, шетіне құндыз, кәмшат терісін айналдыра тігеді.Сәукелеге алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылады.Шапан – қазақ жерінде шапандар әр түрлі тігілген: сырмалы шапан, қаптал шапан, қыз – келіншектерге арналған қималы шапан. Сәнді шапандарды түрлі қымбат матадан тігіп, оларға түйме орнына асыл тастар орнатылған, күміс қапсырма тағылған. Кейде жағасына құндыз салынып әшекеленген. Қазақтың халық дәстүрі - сыйлы қонаққа “ шапан” жабу күні бүгінге дейін сақталып келеді. Мәсі – аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді.Тымақ – ерлердің бас киімі. Тымақтың төбесі шошақ, құлағы ұзын, артқы делегейі желкені жауып тұрады. Тымақ қатты аяз күндері суық жібермейді.






Қазіргі кездегі киім стилінің адам жасына байланысыЖас ұлғайған сайын әйелдер қауымының киімге ғана емес, өмірге де кзқарасы өзгере береді. Өмірдегі бағалы дүниелер мен қадірлейтін қасиеттерді түсіне бастайды. Сәннің артынан қууы да басылады. Тіпті 30-дан асқан кейбір әйелдер талғамсыз киіне бастайды екен.Адамдардың жасына қарай киінуі де өзгереді. 14-20 жас аралығыӨмірде өз ойын, өз стилін іздейтін уақыт. Бұл жаста өзіне ұнағанын киіп, кез келген стилмен екінші бір стилдегі киімді «құрастырып» кие береді. Сәнді трендтердің көрінісін бір киінгенде көрсеткісі келеді. «Сәнге айналған» алқаны мойнына асып алып, аяғына ашық түсті не тізеге дейін шұлық киюі де мүмкін. 20-25 жас аралығыБұл жаста өзіндік бағытты тауып не әлі де жетілу кезеңінде болады. Көптеген қыздар классикалық костюмдер киіп, өз жасынан әлдеқайда үлкен кқрінуі мүмкін. Жерге дейін төгіліп тұратын ұзындықтан тым қысқа белдемшелердің барлық түрін кие береді. Дәл осы жас аралығындағы қыздар сапалы косметика, киім мен ароматтарды тани бастайды. Сәнде болып жатқан әлемдік жаңалықтардан да хабардар болып жүреді. Әркімнің киіну стилі әр түрлі болады. 25-30 жас аралығыАқыл тоқтата бастаған жас. Бұл жастағылар шашын күнде бұйралап, қызғылт түсті барынша аз қолдануға тырысады. Қыздар жас келіншек болады. Әйелге тән нәзіктік орнап, арзан әшекейлердің орнын бағалы алтын, гаухарлар басады. Алдында айшықталған мақсаттары — отбасылық өмір, карьера мақсат болады. Бұл жастағы киіну стилі классикалық үлгіде болады. 30-40 жас аралығыАқыл тоқтатқан әйел, ана. Өз мүсінінің кемшіліктерін жақсы біледі, соған қарай киім таңдай алады. Киімдері түгелдей классикалық үлгіде болады және романтизмнен де біраз белгілер қосылады. Сапаға қатты мән беріп, тек сапалы киім, сапалы аяқ киім, сапалы әшекейді таңдайды. 40-50 жас аралығыБұл жаста әйел уақыттың тез өтіп жатқанын байқып, жас күнін жиі аңсайды. Шашын бұрынғысынша жайып жүрмей, иықтан түсірмей, қысқа етіп кеседі. Биік аяқ киім кигеннен гөрі жайлысын таңдағанды жөн көреді. Әшекейден қымбат көрінетін, үлкен тастармен көмкерілгенін тағады. Боянуы бұрынғыдай көзге ұрып тұратындай емес, білінер-білінбес боп өзгереді. Киімдерінің түсі күңгірт түске ауыса бастайды. Өз жасының киімі қалай болу керек екенін, үлгі көрсету керек екенін анық біледі. Қортынды: Қонақты түрінең қарсалады, сондықтан киген киіміміз әрқашан таза және қоғамға сай келуі тиіс. Өмірге деген сүйіспеншілігіңіз өзгермесін! Әдебиеттер:kk.wikipedia.org/...адам сәніwww.koshpendi.kz/index.phpmassaget.kz/alemtanu/syrly-alem/1012

Приложенные файлы

  • pptx 15723458
    Размер файла: 2 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий