Атмосфераның негізгі қасиеті және оның экологиялық мәні. Литосфераның экологиялық функциялары СРС


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Жалпы гигиена, экология және тағам гигиенасы кафедрасы

Тақырыбы: «Атмосфераның негізгі қасиеті және оның экологиялық мәні. Литосфераның экологиялық функциялары»
Орындаған: Майлыбекова А.
103 топ ОЗТексерген: ______________
Қарағанды- 2009 ж
Жоспар:
Кіріспе
Атмосфера ауасы
Литосфера
Таза ауа — тіршілік кепілі
Су - тіршілік тірегі
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Атмосфера бірнеше қабаттан — тропосфера, озон, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосферадан тұрады. Әрбір қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік ныщаны болады. Әсіресе, тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.
Атмосфера тіршілік ортасы. Ауаға тұрақты өмір сүргенмен, құрлықта тараған барлық ағзалардың тіршілігі онымен тығыз байланысты. Атмосферадан осімдіктер кұн сәулесін, оттекті және қоректікке пайдаланылатын көмір қышқыл газын алады.
Республика жағдайында атмосфераның ластануына өнеркәсіптередің техникалық жағынан маманднуы нашар. Яғни, ескірген технологиялық процестер нәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан зор көп мөлшерде бөлінеді әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті уы кездеседі. Олар негізінен күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, зот оксиді, күкіртті сутегі, аммиак және әртүрлі қатты және сұйық заттар .
Атмосфера ауасы
Атмосфера -бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан оның сапасы, тазалығы адамзат үшін еш-нәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Оның массасы 5,157 т.тең. Жер шарын 80 км биіктікке дейін құрамында 78 % азот, 21% оттек, 0,03 % көмір қышқыл газы, 0,04 % аргон және 0,93 % басқа газдар бар ауа қабатты қоршайды.
Сонымен бірге жоғары да біз көрсеткен құрамдағы ауа эволюциялық даму кезіңде тірі ағзалардың әсіресе, фотосинтез процесін өткізетін жасыл өсімідіктердің әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Басқаша айтқанда, тірі табиғат құрған бұл орта -жер бетіңдегі тіршіліктің өмір сұруіне қажетті компоненттердің ең бастысы болып есептелінеді.
Бүгінгі таңда атмосфера ауасының тазалық сапасы бұрынғы кезден ауытқуда. Оның негізгі себептері ауаға адамның іс әрекетінен болатын әртүрлі газдардың шығарылуы. Оларды біз ауаны ластағыш заттар дейміз.
Негізінен атмосфераның адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Атмосфера бүкіл әлемді таза ауамен қамтамасыз ете отырып, тіршілікке қажетті газ элементтерімен (оттегі, азот, көмірқышқыл газ, аргон т.б.) байытады және жерді метеорит әсерлерінен, кұн және ғарыштан келетін түрлі зиянды сәулелерден қорғайды, зат және энергия алмасуларды, ауа райының қызметін реттеп, жалпы жер шарындағы тұрақтылықты үйлестіріп отырады.
Бірақ, адам баласы ұшін орасан зор пайдалы ауа бассейні соңғы жылдары күрделі өзгерістерге ұшырап отыр, ең бастысы ауаның ластануы. Атмосфера ауасының сапалық күйінің көрсеткіштері оның ластану дәрежесі болып саналады.
Егер атмосфера ауасында ластағыш заттардың шекті мөлшері концентрациясы қалыпты құрамнан асып кетіп сай келмесе, онда ауаны ластанған деп санайды.
Ластағыш заттардың негізгі көздері өнеркәсіп, автокөліктер, зауыт, жылу энергетиксы, соғыс қаруларын сынау, космос корабльдері мен ұшақтар т.б.
Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты болуы жалпы ауа бассейнінің тепе теңдгіне әсер етеді. Мәселен, оттегі тірі органимздер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете отырып, топырақ пен судағы бүкіл химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен адамдар тұншыға бастайды. Оның өндіруші көзі жасыл өсімдіктер әлеміндегі үздіксіз жүріп жатқан фотосинтез процесі. Көмір қышқыл газының да ауадағы шекті мөлшері көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан ауа құрамындағы негізгі екі газдың тепе теңдік мөлшері қатаң сақталуы тиіс.
Республика жағдайында атмосфераның ластануына өнеркәсіптередің техникалық жағынан маманднуы нашар. Яғни, ескірген технологиялық процестер нәтижесінде құрамында қатты және сұйық бөлшектері бар газ тәрізді заттар орасан зор көп мөлшерде бөлінеді әрі осы химиялық қосылыстар өте қауіпті уы кездеседі. Олар негізінен күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, зот оксиді, күкіртті сутегі, аммиак және әртүрлі қатты және сұйық заттар .
Қазақстан жағдайында көптеген қалалардың ауа бассейні автокөліктерден шығарылатын зиянды заттармен ластанып отыр. Мәселен, автокөліктердің бөлінетін заттар қалалар бойынша Қостанай 119,4мың.т. Оңтүстік Қазақстан 87,3мың т. Алматы 85,0мың т. Павлодар 747,7мың.т Көкшетау 53,6мың т. көрсеткішке жетіп отыр. Автокөліктерден бөлінетін көміртегі оксиді барлық шығарылатын заттардың 70-80% алып отыр.
Соңғы 2000 жылдың мәліметі бойынша Өскемен қаласының ауасында күкірт диоксиді және фенол, формальдегид, азот диоксиді қалыпты деңгейден 1-4ПДК ға жетіп отыр. Сол сияқты ауаның ластануы Ақтау, Теміртау, Шымкент Тараз қалаларында өсе түсуде. Қазақстан жағдайында ауа бассейнінің ластануы көбінесе қтаң континентальды ауа райында да байланысты. Жауын шашын мөлшері өе аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Оның үстіен үнемі соғып күшті желдер біркелкі емес. Мәселен, Алматы, Шымкент, Зырян қалаларының ауа бассейндерінде табиғи ауа ағыстары болмайды, соның есебінен қалалар үнемі қалың зиянды улы тұмшамен оранып жатады.
Ауа бассейнінің құрамында ауыр металдардың болуы да өте қауіпті. Әсіресе, қорғасын, мырыш, сынап мөлшері үнемі бақылауға алынады. Ауыр металдармен ауаның ластануы республика бойынша жоғары болмағанымен жекеленген қалалар бойынша жағдай аз емес. Мәселен, қорғасын көрсеткіші Лениногорде 17ПДК, Балхашта 8, Шымкентте 6 есе болып отыр. Атмосфера ауасын ластайтын заттардың мөлшері дүние жүзі бойынша жылына 200млн тоннаға жетіп отыр. Алғ, оның құрамы 20 химиялық элементтен тұрады. Соның ішінде қорғасын мен мырыштың ауада таралуы және онымен адамдардың улануы жиі байқалуда.
Сондықтан, ауаға зиянды заттардың шығарылуын реттеу, технологияны жетілдіру, өндіріске қалдықсы және аз қылдықты технологияны енгізу мен шығарынды заттарды қайта өңдеп пайдаға асыру бүгінгі күннің қатаң талабы болмақ.
Литосфера (барлық тірі организмге керекті минералдық элементтермен қамтамасыз ететін экосистемалардың тағы бір ірі компоненттерінің бірі - Литосфера;) (тау жыныстары).
Литосфера - Жердін қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалындығы 10 километрден 40 километрге дейін жетеді. Ал астыңғысы базальттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 километрдей. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді тағы бір ерекше қабат - биосфера қоршап тұрады. Ол тірі организмдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның экологиялық дамуына сәйкес қалыптасады. Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау жоталарының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатыр. Өсімдіктер әлемі мен жан-жануарлар дүниесінің кейбір түрлері жердің ең биік нүктесіне дейін таралған. Мысалы, шау қарға дейтін дала құсының бір түрі Эверстің (Гималай тауының) басында 8 километрге жететін шындарда тіршілік етеді. Сол жер оның атам заманнан бергі табиғи мекені.
Осімдікте органикалық дүниеге енгізетін калий, кальций, азот, фосфор, күкірт, темір, марганец тағы басқа элементтер топыраққа тау жыныстарының мүжілу үрдісі арқылы қосылады.
Жердің қатты қабатының (16 км тереңдікке дейінгі химиялық құрамы әр тұрлі). Онда бәрінен де оттек көп (50% жетеді). Кремний оның жартысыңдай. Аллюминий 7%, ал темір 4% шамасыңда кездеседі. Магний, калий, кальций, натрий масса бойынша 10 % орын алса, ал қалған 80 элементтің меншігіне тек 3-3,4% қана тиеді.
Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 километр биіктікке дейін жетеді. Оңда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың озон қабатында да өсіп-өнеді. Озон қабаты 20-25 километр биіктікте кездеседі. Ол жерді қоршаған экран сияқты. Адам баласына, жануарлар дүниесіне зиян келтіретін космостық және күннің әсірекүлгін сәулелерінің осы озон қабаты тұтып қалады. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды.
Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000-3000 метрге дейін тереңдікке жетеді. Олар анаэробты бактериялар. Жердің 6-8 метр төменгі қабатында микроорганизмдер мол болады. Гидросферадағы биосфераның шегі 11 километрге дейінгі терендікке жетеді. Тынық мұхиттың терең қойнауы 11 километрден асатынын білеміз. Теңіз жануарлары және өсімдіктері (қызыл, жасыл, қоңыр балдырлар) ұшін су өте қолайлы орта. Ол таза, мөлдір болғаңдықтан күн сәулесі оның 200 метр тереңдігіне дейін тарайды. Бұдан кейінгі судың қабаттарын мәңгілік қараңғылық басып тұрады. Мұңдай қабаттарда да тіршілік ететін организмдер болады.
Таза ауа — тіршілік кепілі
Адам әрекеті тек жер бетіңдегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасап зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді және жер бетіне шегеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орньша мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне соңцықтан да газ немесе қатгы зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам денсаулығы үшінде, тіршілік үшінде үлкен мән алады.
Осы уақытга ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат баласының аддында тұрған ұлкен проблемалардың бірі.
Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратыны анықталып отыр, Мысалы, қалалардың ұстін, 2000-2500 м биіктік көлемінде, әр түрлі газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не тұман екені, не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады. Осындай көрініс Алматы қаласына тән құбылыс. Осындай құбылыстардан қала ішіне күн сәулесінің ультра күлгін сәулесі жетпейді. Осыған байланысты қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру таратын микробтар көбейіп кетеді. Олар неше тұрлі көз, тері өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Әсіресе тұмау адамдарды әбден әлсіретіп жібереді. Арнаулы түрде жүргізілген деректер бойынша, жаз айларында күн сәулесінің 20 дан 50 процентіне дейін қала үстіндегі қарақошқыл көрініс тұтып қалатыны анықталды. Қарақошқыл көрініс күн сәулесінің спектрлік құрамын өзгертеді. Алматы ұстіңдегі кұн сәулесінің құрамыңда тек 0,5 процент ультракүлгін сәуле бар екені анықталды, ал тау бөктерлеріндегі ультракүлгін сәулелердің мөлшері 20 %-ке жететіні белгілі болды.
Өнеркәсіп орындары атмосфераны әр түрлі газдармен және ұзақ қалқып жүретін майда шаң-тозаңдармен де ластайды. Әсіресе миллиондаған тонна көмір мен мұнайдың жануы негізінде пайда болатын көмір, қышқыл газының көлемі аса үлкен. Халықаралық зерттеулердің қорытындылары бойынша, бұл газдың көлемі жылына 0,3-0,5 процент өсіп отыратыны анықталды. Ал оның табиғи мөлшері 0,003%. 1958 жылдан бері оның көлемі тағы да 1,13 процентке өсті. Егер ауаның көмір қышқыл газымен толықтырылуы жақсы нәтижеге бермейтіні белгілі. Егер көміркышқыл газы жинала берсе, онда күн сәулесінің энергиясы жерге жетпей биосферадағы сулар қатып қалып мұзға айналады, яғни, мұз дәуірі қайтадан оралуы мүмкін деген болжам бар. Ал екінші көзқарсқа тоқталатын болсақ, онда ауада көмір қышқыл газының мөлшері көбейеді де, жер бетіндегі энергия космос кеңістігіне тарамай қалады, ауаның температурасын жоғарлатып жібереді Сол себептен жер бетіңдегі мәңгі қарлар мен мұздар еріп кетіп теңіздер мен мұхиттардың сулары көбейіп, деңгейлері көтеріледі, яғни жер бетін топан суы басып кетеме деген ғылыми болжам бар. Қазіргі кезде ауаның жылынуын көпшілік біледі. Оның күңделікгі радио-телевизор хабарлары айтып жатады. Газет-журналдардан оқып жатырмыз 0,04 процентке дейін С02 жиналуы ғалымдардың болжауы бойынша, дұние жұзінде тірі организмдерге қолайсыз «парниктік эффект» дейтін құбылысты тудырады. Климат мұлдем өзгеріп кетеді жылдық орташа температура 0,8-3 градусқа дейін өседі.
Ауада кейінгі кезде оттектің азаюы байқалып отыр. Өйткені оны көптеген организмдер, неше тұрлі транспортар пайдаланады. Бір автомобиль 1000 километрдей жол жұргенде бір адамның бір жыл ішінде дем алуға жұмсайтын оттектің мөлшеріндей оттекті жояды. Жағылған бір тонна таскөмір 10 адамның бір жылда тыныс алатын оттекті жояды. Тек қана жанар маймен таскөмір ағаш, торф, газ жанғанның өзінде жер жұзіңдегі оттектің сұрапыл көп бөлігі жанып, тіршілік дүниесінен жойылып жатады. Бұл жолдарды ойлаудың өзі қорқынышты.
Атмосфераның түтін және газ қосындыларымен ластануы адам денсаулығына зиянды құбылыстар туғызады. Бұл құбылыс әсіресе метеорологиялық жағдайдың әсерінен ауа сирек алмасатын қалаларда жиі кездеседі оны смог деп атайды. Ағылшын сөзі -тұман деген мағна береді.
Жер шарының аса ірі қалаларыңда «фотохимиялық тұман (смог)» тұзілу үрдісі жылдан-жылға, қарай өсіп отыр. Фотохимиялық туман (улы қосылыс) өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне, сондай-ақ, адамзат баласына өте үлкен зиян келтіру де. Осы жағдайларға сәйкес, шет еддің мемлекеттерінде және біздің республикамызда атмосфералық ауаны қорғау мақсатында автомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру, нейтрализатарлар орнату, газбен электр қуатымен жүретін электромобильдерді шығару проблемалары туып отыр. Сонымен бірге сутек отындарын пайдалану және жанар майлардың альтернативті тұрлерін жасау проблемаларын шешу жолдары зерттелуде.
Ауаның жер бетіңдегі қабатын автомобиль және өнеркәсіп газдары мен түтіннен тұратын қалың тұман басады. Кұн сәулесі жиналған газдарды (фотохимиялық реакция) ыдыратып, әр тұрлі улы қоспалар тұзеді, Ол кезде адамдардың көзі ауырады, өкпесін улы газ толтырады, ұздіксіз жөтеліп тынысы тарылады. Бұл орасан үлкен күйзелікке ұшыратады, жүздеген, мындаған адамдардың өмірін алып кетеді. Міне, 1952 жылы аса зардапты Лоңдонның тұтіңді тұманы туралы американ ғалымы Л.Баттонның жазғанын төмендегі тараулардаң оқисыздар.
Ортаны қоргау агенттігі 1984 жылы Америка Құрама Штаттары конгресіне "Ауаның ластануынан болатын экономикалық зиян" деген баяндама әзірледі. Зиянның жалпы көлемі орта есеппен алғанда жылына 2, 3 миллиард доллар болган. 1990 жылы ол көлем 16,9 миллиардқа жеткен.
Атмосфера ластануына зардабы сан алуан, әрі өте салмақты болып келеді. Күн радиациясының интенсивтілігін шұғыл төмендейді Күн сәулесі энергиясының 40-50 процентке жуығын Нью-Йорк және басқада ірі қалалардың атмосферасы сіңіріп тұрады. Бағалы өнімнің көптеген мөлшері жоғалады. Егер біздің еліміздің (ТМД-елдерінің) барлық цемент заводтарында жетілдірілген тозаң ұстағыш қондырғылар орнатылған болса, олар өнеркәсіп ұшін жыл сайын 2 миллион тоннаға дейін цемент материалдарын сақтаған болар еді. Шаң-тозаң жер бетіне шөгеді де оны ластайды. Нью-Йоркте ғана бір шарпш километр территория айына 26 тонна күйе жиналатыны туралы гылыми деректер біздің қолымызда бар.
Планетаның радиоактивті элементтер мен ластануы (улануы) — саналы және сауатты адамдарға белгілі.
Қолда бар ғылыми деректерге Қарағанда, Невада штатындағы полигонда 1957 жылдан бастап ядро кондырғыларынаң 200-ден астам жер астында жарылып сыналған. Барлық сынаулардың ұштен бірі радиоактивтік элементтердің атмосфераға енуімен байланысты. Атом қаруының сынагы жүргізілетін Невада шөлінде 540 шаршы километрдей алаң уланып кеткен. Аляскадағы атом жарылыстары мұхит суларының радиоактивтік төгінділермен уланған. Бұл кемінде 66 жыл сақталынады деп ғалымдар тұжырым жасайды.
Атом энергетикасы дамып келеді. Мұның өзі радиоактивті заттардың ағуы болмауына ғалым-физиктер, атом саласындағы мамаңдар кепілділік бере алмайды. Ғалымдар атап көрсеткен дей, ядролық технологияның соның ішінде «бейбітшілік» мақсатында ең кұрделі проблемасы - жоғары активтік заттардың қалдықтары - цезий-137, стронций-90 және басқаларын сақтауда болып отыр. Қазір Америкада осындай қалдықтардың 340 мың тоннасы жинақталған. Бұлардың қоймасы сенімді деп айтуға болмайды. Ричленде, Вашингтон штатында ғана соңғы 15 жыл ішіңде осындай ағып кету 16 рет болган. Сыртқы ортаға 1400 тонна радиоактивтік қалдықтар түскен.
1971 жылы Америка сенаторларының бірі былай деп жазды: «Бір елде жыл сайын өңдірілетін радиоактивті қалдықтардың бары бір проценті ғана айналаны қоршаған ортаға тұссе, радиоактивтік қараулану ауқымы жағынан кезінде Хиросимаға тасталған 100 атом бомбасының жарылыс зардабымен тең түседі. Бірақ атом энергиясы жөніндегі комиссия қалдықтардың қалған 90 қауіпсіз етіп жерлей ала ма?»
Құрлықты радиоактивті зарарлаудан қорғай отырып, мұхитты ластаиды. Коптеген қалдықтарды бетон контейнерлерге салып бітеп, мұхиттың ең терең жерлеріне тастаиды. Контейнерлердің беріктігі мен бұлар тасталатын теңдік қауіпсіздікті біраз уақытқа қамтамасыз етеді. Бірақ қанша уақытқа? Мұны ешкім білмейді.
Цирконий-93-тің радиоактивтік ыдырау кезеңі миллион жылдай, ал цезий-137 тікі ұш миллион жылдай болады т.б. Өзімізді радиоактивтік қалықтардан қауіпсіз ете отырып, кейінгі ұрпақтарымыз ұшін біз мейлінше қисапсыз да қауіпті қалжыңға басып отырған жоқпыз ба? Бұлар қашан да болсын контейнерлерден сөзсіз шығып, терең сулы мұхит шұңғылдарына шығып кетуі мұмкін гой.
Басқада тастаңдылар бар. Олар радиоактивті емес, алайда өте қауіпті тұтынушы өзіне-өзі қызмет ететін магазиннен сіз кұні бұрын олшеніп, целлофан қапшыққа орап салынып қойылған конфеттерді сөреден аласыз. Сіз өзіңіздің ұлыңызға сыйға тартатын плюш аюда синтетикалық молдір қапшыққа мұқият оралып, сырты әсем бантпен байланған. Шампунь немесе ваннаға арналған қылқан сұйығы жұмсақ пластик флакондар сатылады. Біздің тұрмысымызда товарды көріктендіретін химиялық ыдыстар биосфераға түседі де, оны ластайды.
Су - тіршілік тірегі
Сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде-бір мемлекет жоқ. Тіпті теңіз суын қорғау зиянды заттарды шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жонінде халықаралық келісімде жасалған.
Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың топырақтың ластануы ең ақыргы шегіне жетті Әсіресе бұл проблема халық оте жиі орналасқан оңдірістік аудаңдарда тым ұлкен орын алып отыр. Улы заттар бұл орыңдардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мыңдаган километр алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер шарының алыс тұкпірлеріне қауіп тудыруда.
Кейінгі жылдарда ластайтын қалдықтардың кәдімгі тұрлеріне жерді радиоактивтік заттардың улау қаупі қосылды. Ал оның зияңды әсерлері жердің тек белгілі аймағымен ғана шектелмейді.
Судың ластануына әсіресе онеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті. Қалдықтардың химиялық құрамының әр тұрлі болуыңа сәйкес, олардың тигізер әсеріде әр тұрлі. Мысалы, мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуын қиындатады. Ұй тұрмысында және өнеркәсіпте өте коп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас.
Сондай-ақ, ол судың оттекті бойына сіңіру қабілетін төмендетеді және органикалық заттарды ыдырататын бактерияларды құртып, балықтарды улайды. Өңдеу кезіңде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш, мыс, қорғасынның әр тұрлі тұздары мен көмірді кокстеу кезіңде пайда болатын фенол, цианидтер нағыз ретіңде әсер етеді. Еңді біреулері (қышқылдар мен негіздер) судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зияңды микроорганизмдердің ара қатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болсада суда бұрын болмаған (немесе аз мөлшерде ғана кездесетін) бейтаныс қосыңдылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір суретін организмдерге қауіпті.
Суға түскен органикалық заттардың ыдырауы ең алдымен аэробтық (оттекпен тыныс алатын) микроорганизмдердін қатысуымен жүреді. Бұл ретте көбіне зиянсыз қарапайым заттар түзіледі. Әрине бұл процесс органикалық қоспалар белгілі мөлшерде түскенде ғана қалыпты жүретіні белгілі.
Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуга өте көп мөлшерде оттек жұмсалады. Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады және сондай ақ, ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық микроорганизмдердің санының артуынша жағдай жасайды. Бұл жағдайда тұзілетін заттардың сапасы бөлек. Оңца метан, амиңдер, күкірт және фосфор улы қосындылары пайда болып, су саси бастайды. Отгектің азаюы мен улы қосындылардың көбеюі бірінші кезекте балықтардың қырылуына, онан кейін су өсімдіктердің шіруіне әкеп соғады. Сөйтіп, бұл тіршілік ортасы - су біртіңдеп кедейленеді.
Ең ақырында судың ластануының зардаптарын адамның өзі және оның шаруашылық қажеттері тартады. Әзірде тұщы су қорының басты көзі өзен болып есептелінеді. Ал оларды органикалық және минералдық қоспалардан тазарту - өте қиын және қымбатқа тұсетін іс. Осы ретте адамның денсаулығына келетін қауіп мөлшері үлкен. Себебі ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту системалары да суда кездесетін кейбір затгардан толықтай тазартады деп айту қиын.
Судың ластануы өнеркәсіп салаларына да үлкен зиян келтіреді. Онда кейбір химиялық заттардың көп болуы суда сүзу қондырмаларына, химия, қагаз жасау және тамақ өнеркәсіптеріне пайдалануға жарамсыз етті. Сондықтан да мұндай сулар алдымен қосымша өндеуден өтіп, өнеркәсінке пайдаланылады да, артынан оған тағы да бірнеше улы заттар (жаңа технолошя негізінде) қосылып, өзенге жіберіледі.
Тущы судың ластануы - қоғам алдында тұрған үлкен проблема. Оның зардаптарының тіршілік үшін және адамның өз денсаулығы үшін қаншама ауыр жүк екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Соңдықтан да қазірде барлық елдерде суды тазарту мәселесі бірінші басты проблема ретінде саналады. Ал қазақ жеріңдегі суларды тазарту проблемасы зор роль атқарады.
Өнеркәсіп қалдықтарымен теңіз суларды да қатты ластануда негізінен алғанда ол әр түрлі қалдықтарды көметін орынға айналған. Әрине, теңізге түсетін заттардың көлемінен теңіздердіі көлемі әлде неше есе артық, онда жүретін физикалық жәю биохимиялық процестерің нәтижесінде бұл заттар тез арадаг зиянсыз қалыпқа өзгереді деп айта алмаймыз. Бірақ кейбір теңі: аймақтарының, әсіресе, құрлық жағалауларының қайта ластануы үлкен зиян келтіретіні белгілі.
Мысалы, Солтұстік Америка мен Европаның әйгілі жаға-жайлары (пляждары) жағалауға жақын орналасқан қалалардың қоқыстармен ластанатыны белгі болды.
Теңіз суларының ластануы сонымен бірге суда тіршілік ететін организмдердің ара қатнастарын бұзып, зияңды тұрлердің көбеюіне жол ашады. Өзеннің құтылар ағысында улы заттардың артуы тұщы суға улдырық шашуға шығатын балықтардың көтерілуіне кедергі жасайды.Егер басқа химиялық заттар теңіз суларында біраздан кейін тазаланады деуге болады, ал басқа қалдықтардың биологиялык жолмен тазалануы мұмкін емес. Өйткені ластанған суларк қосындыларды ыдыратын микроорганизмдер қырылып қалады. Жоғарыда ескерткендей мұнай су бетін ұлпек қабықпен жауып. ауа жібермейді және өте жай ыдырайды. Осы себепті ол барлык мемлекеттерді де ойландыратын ірі мәселеге айналды. Осы уақытта сол ұшін танкерлерді жуға жуындыны жағалаудан 50 милт жақынға төгуге тиым салынған. Әйтседе де, жағалаулардын ластану жылдан-жылға артып келеді, себебі мұнай көбіршіктері әдетте толқындармен жағалауға жиналады және кейінгі уақытта мұнай қисапсыз көп мөлшерде өсіп кетті.
Теңіз суларын мұнай қалдықтарымен ластауда негізгі рөлді танкерлер атқарады. Қалдықтар суға кеме резервуарларың жуғаңда немесе олар апатқа ұшырағанда құйылады, әсіресе, ірі танкерлердің күйреуі аса қауіпті. Бұл уақыт асуға 200-300 мың тоннадай мұнай өнімдері теңіз суларына ақтарылып, орасан зор алқапқа жаиылады. Оның әсері барлық тірі организмдерге бірден қауіпті.
Қолданылған әдебиеттер:
Ү.Н.Кенесариев, И.Ж.Жақашов .Экология және халық денсаулығы
Ж.Жатқанбаев. Экология және биосфера негіздері
Ж.Ақбасова. Экология
З.М.Молдахметов, А.М.Ғазалиев, С.Д.Фазылов. Экология негіздері

Приложенные файлы

  • docx 15723428
    Размер файла: 41 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий