Экономикалық теория пәні


Экономикалық теория пәні
бұл адамдардың шексіз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды тиімді пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.Экономиканы зерттеу деңгейлері: микроэкономика - бұл жеке бизнесті, жеке фирманың іс-әрекетін талдайды; макроэкономика - бұл біртұтас жүйе ретінде жалпы мемлекеттік экономика деңгейін зерттейді; мезоэкономика – бұл микро және макроэкономика арасында: аймақ, аудан, облыс, қала бойынша зерттелінеді; мегоэкономика – бұл бүкіл әлемдік экономика жағдайын қарастыратын бөлім
 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМНІҢ ПӘНІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Экономикалық теория курсының қисыны және құрылымы
Экономикалық теорияның пәні
Экономикалық теорияның қызметтері және зерттеу әдістері
Экономикалық санаттар және заңдар
 
Экономикалық теория курсының қисыны (логикасы) және құрылымы.
Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туындайды. Ежелгі дүниеде экономикалық ой-пікірлер Египет, Қытай, Үндістан, Гректін ойшылдары Ксенофонт, Платон, Аристотель тәрізді ғұламалардың еңбектерінде пайда болған. «Экономия» терминін бірінші рет Аристотель ғылыми айналымға енгізген. Ол екі грек сөзінен құралған: «ойкос»- үй, шаруашылық, «номос»- ілім, заң деген мағынаны білдіреді. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырда экономикалық ойлар ғылым ретінде қалыптаспады. Оның себебі, ол заманда тауар- ақша қатынастары, нарық дамымады. Экономикалық білім алғашында жалпы ғылымның бөлек элементтері ретінде қалыптасты. Экономикалық теорияның өз бетімен дамуы ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда капиталистік қатынастардың туындау дәуірінде басталды. Алғашқы өз алдына қаланған мектеп-меркантилизм. Оның негізгі өкілдері: Т. Мен, У. Стаффорд, А. Монкретьен, Кольбер. Олар қоғамдық байлықтың негізгі ақша, алтын деп білді. Байлық – ол біріншіден барлық затты, қызметті сатып алуға мүмкіндік беретін алтын. Оның негізінен сыртқы сауда әкеледі. Ендеше алтынды елге енгізу қажет, ал елден шығаруға еш болмайды, сондықтан айналым саласын ғана зерттеу қажет. Бірақ сауда қоғам байлығын, адамдардың әл- ауқатын көтеретін күш емес. Оның себебі айналыс сферасында тек қана құн формасы ауысып тұрады, жаңадан құн жасалмайды. Меркантилистердің осы осалдығын экономикалық теорияның ғылым ретінде дамуындағы екінші бағыт – физиократтар мектебінің өкілдері байқады да қоғамдық байлық өндірісте пайда болатындығын дәлелдеді. Бірақ олар өндірістін ішінде өнімдісі ауылшаруашылығы деп түсінді. Физиократтардың өндіріске көңіл бөлуі үлкен жаңалық болды.
Олардың негізгі өкілдері– француз экономисі Франсуа Кенэ (1694-1774ж.) және Анн Роберт Жак Тюрго (1727-1781ж.).
Экономикалық теорияның келесі бағыты – классикалық саяси экономия. Оның өкілдері қоғам байлығы жалпы өндірісте пайда болатындығын өздерінің еңбектерінде айқын көрсетті. Бұл бағыттың негізгі өкілдері: У.Петти, П. Буагильбер, А.Смит, Д.Рикардо. Классикалық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады. Осы ой пікірдің қалыптасуы өндірістін қоғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан- жақты дамытты.
Экономикалық теорияның барлық тарихи жолында оны идеологияландыру мәселелері тұрды. Меркантилистер көпестердің мүдделерін көрсетсе, классиктер – жаңа туындап келе жатқан капиталистердің мүдделерін қорғады.
Экономикалық теорияны ең ашық идеологияландырған марксистер болды. Олар өздерінің теориялық көзқарастарында жұмысшылар табының мүдделерін ашық қорғады. Сондықтан, олардың экономикалық ғылымын жұмысшы табының саяси экономикасы деп атайды. Олардың теориясының басты жорамалы– өндіріс құралдарына қоғамдық меншік пен жұмысшылар мүддесі негізінде барлық экономикаға орталықтандырылған жоспарлау басшылығын орнату болатын. Бұл бағыт XIXғ. алғашқы жартысында қалыптасып, XXғ. алғашқы ширегінде Лениннің еңбектерінде дамыды.
Маркстік теорияға қарама- қарсы бағыт XIX ғ. 70жылдарында дүниеге келген маржинализм болды. Өкілдері: У.Джевонс, К.Менгер, Л.Вальрас, Дж. Кларк. Олар экономика ғылымының мақсаты шектеулі ресурстарды бөлудің тиімді әдістері мен шаруашылықты ұтымды жүргізудің әдістерін іздестіруде деп таныды. Маржинализм өкілдері «саяси экономия» ұғымының орнына «экономикс» ұғымын енгізді. Сонымен қатар шекті өнім, шекті пайдалылық, шекті шығын, шекті табыстар ұғымдарын пайдаланып экономикалық құбылыстарды түсіндірді.
Қазіргі заманғы экономикалық ғылым негізгі екі бағытта жүреді: неоклассикалық және кейнсиандық.
Бірінші бағыт ХІХғасырдың 70-жылдарында пайда болды. Оның ең көрнекті негізін қалаушылардың бірі Альфред Маршалл(1842-1924) болды. Неоклассикалық доктрина ХХғасырдың 30-жылдарына дейін кең тарады, бірақ оны ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнстің (1883-1946) атымен аталған экономикалық ағым (кейнсиандық) «ығыстырып» шығарды. 1929-1933 жылдардағы Ұлы депрессиядан кейін, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге нарық қабілетті емес екенін, әлеуметтік мәселелердің дұрыс шешілуін мемлекеттік реттеу қажет екенін көрсетті. Неоклассиктер мен кейнсиандықтардың арасындағы айтыстағы түйінді мәселе- мемлекеттің экономикадағы рөлі болды. Неоклассикалық бағытты қолдаушылар экономиканы тиімді дамыту үшін, экономикаға мемлекеттің араласуы шектелуі тиісті деп есептеді. Кейнсиандықтар керісінше, нарық экономикасынын мемлекеттің бақылауымен және макрореттеудің белсенді көмегімен дамытуға болады деп есептеді. Сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешуде институционалды- әлеуметтік бағытқалыптасты. Оның өкілдері: Т.Веблен, У.Митчелл, Д.Гэлбрейт, М.Вебер. Бұл теорияға сәйкес экономикалық даму сипаты тек нарықтың өзі ғана емес, тұтас экономикалық институттардың жүйесі.
Қазіргі кезеңде «экономика» термині үш негізгі мағына мен анықталады:
Біріншіден, экономика – бұл адамдардың шаруашылық іс-әрекетімен және өндіріспен байланысты қоғамдық қатынастар жиынтығы. Қатынастардың сипаттамасы, меншік формалары және шаруашылықты жүргізу мен өнімнің бөліну принциптері бойынша экономика бөлінеді: құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және социалистік, нарықтық және әкімшілік-әміршілік типтеріне.
Екіншіден, экономика– бұл жеке шаруашылық немесе өндірістік жүйе (жеке қаланың, облыстың, аймақтың, мемлекеттің немесе мемлекет топтарының экономикасы). Мысалы, басқаша айтқанда, Көкшетау қаласының экономикасы, Солтүстік-Қазақстан аймағының халық шаруашылығы, Қазақстан экономикасы және т.б.
Үшіншіден, экономика – бұл қоғамның шаруашылық өмірінің белгілі бір саласын зерттейтін ғылыми және оқыту пәні. Мысалы, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, еңбек экономикасы және т.б.
Келтірілген үш мағынаның негізі бойынша осы терминнің нақты анықтамасын беруге болады. Экономика– бұл адамдардың өз өмірлерін материалдық жағдаймен қамтамасыз етуінің іс-әрекеті.
Экономикалық теория барлық экономикалық ғылымдардың жалпы теориялық және методологиялық негізі болып табылады, себебі экономикалық теорияда экономиканы зерттеу әдістері, олардың жалпы бағыттары, негізгі терминдер мен түсініктер анықталады.
Нақты экономикалық ғылымдар қоғам өмірінде жеке салалардың шаруашылық іс-әрекетін зерттейді (ұлттық шаруашылықтың белгілі бір сала экономикасын, мемлекет экономикасы тарихын, экономикалық ілімдер тарихын және т.б.).
Сонымен, егер, экономикалық теория қоғамның шаруашылық негізін және экономиканың жалпы қағидаларын зерттесе, ал басқада экономикалық ғылымдарда жеке салалардың нақты шаруашылық іс-әрекетінде осы теориялық негіздер мен қағидалар көрініс табады (өнеркәсіпте немесе ауыл шаруашылығында және т.б. салаларда).
Экономика ғылымына «саяси экономия» ұғымын алғаш рет еңгізген меркантелист мектебінің өкілі А.Монкретьен. Ол 1615ж. «Саяси экономия трактаты» деген еңбегінде экономикалық мәселелерді қарастырған. Саяси экономия қоғамдық шаруашылықтың даму заңдары туралы ғылым деп жариялады. Саяси экономия- бұл таптық ғылым. Ол белгілі бір таптың мүддесін қорғайтын экономикалық қатынастарды зерттейді. «Экономикс» түсінігі экономикалық ғылымда «экономикалық теория» түсінігімен жақын, бірақ, нарық шаруашылығын зерттейтін бұл ғылым, яғни, мұнда зерттеу объектісі тек нарық жүйесіне тіреледі.
Экономикалық теория пәні, қызметтері және зерттеу әдістері
Қандай да болсын ғылымның өз пәні болады, яғни зерттеудің өзіндік маңызды тақырыбы болуы қажет. Экономикалық теорияның зерттеу көзі – ол қоғамның шаруашылық, өндірістік өмірі, игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде туындайтын адамдар арасындағы байланыстар мен қарым- қатынастар. Экономикалық теорияның нақты мағынасы мынадай сұрақтардан құралады: өндіріске қандай ресурстар қажет; шаруашылық процесс қалай жүргізіледі; экономикаға ақша не үшін қажет; көптеген адамдардың экономикалық іс- әрекетін қалай үйлестіру қажет; нарық механизмі дегеніміз не және ол еркінсіз баға мен бәсекесіз қоғамда пайда бола ала ма; дағдарыс, жұмыссыздық, инфляция қандай себептерден пайда болады және олармен қалай күресу керек?
Бірақ ғылым- бұл міндетті түрде іздену. Шаруашылық аясында– бұл әлеуметтік- экономикалық тиімділіктің ең жоғары деңгейіне жету жолдарын іздестіру. Адамдар өзідерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндіріспен айналысады. Бірақ та, қажеттіліктер де халық саны өскен сайын оларда жаңарады және адамдардың сұранысы да өседі. Өндірістің ресурстары шектеулі болғандықтан, оларды қолдануда өзіндік қиындықтар мен өзекті мәселелер туындайды.
Сонымен, әлеуметтік- экономикалық тиімділіктің мағынысы - бұл қоғамның ең аз ресурстар шығынымен қажетті өмір сүру игіліктерді өндірудің ең жоғары деңгейіне жету.
Сондықтан, экономикалық теория пәні- бұл адамдардың шексіз қажеттілігін барынша қанағаттандыру үшін материалдық игіліктерді өндіруде қолданылатын шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануды зерттеу.
Экономикалық теорияның қызметтері және зерттеу әдістері.
Экономикалық теория ғылымы мынандай қызметтерді атқарады:
ü танымдық (бұл қоғамның экономикасын оқытуға және түсіндіруге арналған);
ü әдіснамалық (бұл экономикалық ғылымның барлық жүйесі үшін теориялық және әдіснамалық базасы болып қызмет етеді);
ü білімдік (бұл адамдардың экономикалық мәдениетінің қалыптасуына көмектеседі);
ü тәжірибелік (бұл қоғамның дамуының экономикалық жолын көрсетіп, адамдардың мақсаттарына тәжірибе жүзінде қызмет көрсетуі тиісті).
Экономикалық теория басқа кез- келген ғылым сияқты танымның әртүрлі әдістерін өзінің зерттеулерінде келесі әдістерін қолданады:
а) синтез және анализ әдісі- әлеуметтік- экономиканың пайда болуы бөліктері және тұтастай өзара байланысы мен өзара тәуелділігі бойынша зерттеуді қарастырады. Бұл әдіспен экономикалық теорияны шаруашылық жүйесін екі әр түрлі деңгейде қарастыратын микро- және макроэкономикаға бөлу логикалық байланысты. Сондықтан, микроэкономика осы жүйенің жеке элементтерімен істі болады. Ол бөлек фирмалардың, үй шаруашылығының, өндірістің, бөлек өнімнің бағасын және экономикасын зерттейді. Макроэкономика шаруашылық жүйесін тұтастай зерттейді немесе агрегаттар деп аталатын экономикалық бірлікті, мысалы ұлттық экономиканы зерттейді. Макроэкономика синтездің әдістеріне негізделіп және жиынтықты , агрегатты көрсеткіштермен жұмыс істейді: жалпы ұлттық өнім, табыс және т.б.
б) ғылыми абстракция әдісі- жеке, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап оның мәнің, маңызын ашу, яғни заттардың негізгі, мәнді қасиеттерін ажыратып алып бөліп көрсету жатады (ғылыми түсінік беру);
в) тарихи және логикалық әдістер- құбылыстардың пайда болып дамып және бірін- бірі орын басқан тізбекті түрде талдау мен зерттелініп отырған құбылыс мәнін ұғынып жорамалдау;
г) математикалық модельдеу-экономикалық теорияны тәжірибеде пайдалану үшін экономикалық- математикалық модельді қолдануды талап етеді. Бұл тәсілді қолдану белгілі- бір мерзімде экономикада не болатынын, қабылданған шешімдердің нәтижелерін нақты айтуға мүмкіндік береді;
д) индукция- жеке құбылыстар мен оқиғалардан логика арқылы жалпы қағидалар қалыптастыру, дедукция- жалпы қортындылар негізінде экономикалық құбылыстардың, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктерін сипаттау;
е) материалистік диалектиканың әдісі- олардың дамуы мен өмірде бар, пайда болуының ішкі байланыстарын сипаттайтын, объективті талдаудың негізінде ғылыми мәселелерді шешу;
Позитивті экономикалық әдіс субъективті бағалау пікірлерден тәуелсіз болады. Ол адамның билігі мен ой- санасынан тәуелсіз адамдардың экономикалық мінез- құлықтарындағы ғылыми ой- пікілерін қалыптастырады. Керісінше, белгілі бір экономикалық қатынастарға немесе белгілі бір экономикалық теорияға сүйене отырып нормативті экономикалық әдісэкономиканың қандай болуы туралы немесе қандай нақты саяси ұсыныстар беру керек екендігі туралы адамдардың бағалау ой- пікірлеріне жүгінеді.
Экономикалық санаттар және заңдар
Қоғамдағы экономикалық процестерді адамдардың қоғамдық әрекеттері, заңдары немесе экономикалық заңдар басқарады. Экономикалық заңдар- бұл экономикалық ұғым ретінде санада қалыптасқан құбылыстардың себеп- салдарлы байланыстары. Сонымен бірге экономикалық заңдар адамдардың экономикалық іс-әрекеті мен қатынастарын білдіреді. Олар объективті және адамдардың санасы мен еркінен тыс тәуелсіз жағдайда пайда болып, жүзеге асады. Өздерінің әрекет ету сипатына қарай экономикалық заңдар мынадай топтарға бөлінеді:
ü жалпы- барлық тарихи дәуірлер үшін сипатты (мысалы, уақытты үнемдеу заңы, тұтынудың өсуі туралы заң және т.б.);
ü ерекше немесе арнаулы- нақты белгілі бір шаруашылық жүргізу нысанына тән (мысалы, құлдық кезіндегі бөлу туралы заң, социалистік экономияны жоспарлы дамыту туралы заң және т.б.)
Экономикалық санат- қандай да бір пайда болудың мәнін сипаттайтын ғылыми түсінік. Бұл- экономикалық өмірдің жалпы мәнін көрсететін логикалық түсінік. Олардың нақты өндірістік- ұйымдастырушылық- экономикалық қатынастарды көрсететін объективті сипаттамасы болады.
Экономикалық санаттар объективті экономикалық заңдардың мазмұнын құрайтын тұрақты себепті- салдарлы байланыстарды анықтауға қызмет етеді.
Экономиканы зерттеу төрт деңгейде жүргізіледі:
· Микроэкономика- жеке фирма, жеке сала, немесе жеке отбасының іс- әрекетін зерттеу.
· Медиум, немесе мезоэкономика – ұлттық экономиканың белгілі- бір ішкі жүйелерінің немесе халық шаруашылық салаларының іс- әрекеті мен заңдарын зерттейді.
· Макроэкономика- жалпы қоғамның экономикасын, немесе оның негізгі құрамдарын (жалпы мемлекет, жалпы үй шаруашылығы секторы және жалпы жеке сектор) қамтиды.
· Мегаэкономика- бұл жалпы әлемдік экономиканың әрекет ету механизмдері мен заңдарын зерттейді.
·
Экономикалық саясат және оның мақсаттары
Экономикалық саясаты жасауда экономикалық теория әр қашанда қолданылады. Экономикалық саясат - бұл экономикалық мәселелерді шешуде және олардың құралдарын жүзеге асыруда жүргізетін мемлекеттің іс-әрекеті. Экономикалық теорияның зерттеулері мен тұжырымдары экономикалық саясаты жүзеге асыруға бағытталған, стратегиялық экономикалық болжау және әртүрлі бағдарламаларды жасап шығару үшін қолданылады. Экономикалық саясаттың міндеттерінің жүзеге асырылуы экономикалық жүйенің өзгеруіне, оның жетілдірілуіне әкеледі де, ал ол өз кезегінде экономикалық теорияның дамуында, жаңа ғылыми білімнің нақты қосылуында көрініс табады.
Экономикалық саясат мынадай мақсаттарға жетуге бағытталады:
· Еңбекке кажеттілігі және қабілеті бар адамдарды толық жұмыспен қамтамасыз ету.
· Бағалар деңгейінің тұрақтылығын сақтау.
· Экономикалық тиімділік: ең аз шығын мен өнімділіктің ең жоғары деңгейіне жету.
· Адамдардың өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін экономикалық өсуге жету.
· Экономикалық еркіндік: кәсіпкерлер, еңбеккерлер мен тұтынушылар өздерінің экономикалық іс- әрекетін жоғары деңгейдегі еркінділікпен жүргізуі қажет.
· Табыстардың әділ бөлінуі: адамдар абыройлы өмір сүру үшін өздерінің еңбегіне лайықты еңбекақы алуы қажет.
· Әлеуметтік- экономикалық қамтамасыз ету: мемлекет еңбекке жарамсыз, қабілеті жоқ, ауру, қартаң, жетім адамдардың өмір сүруін қамтамасыз етуі қажет.
 
ТАҚЫРЫП 2 ЖӘНЕ 3. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНСТИТУТТАР: МЕНШІК ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК.
Экономикалық қорлар (ресурстар) және өндіріс факторлары
Өндіріс және ұдайы өндіріс
Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері, проблемалары
Экономикалық қорлар (ресурстар) және өндіріс факторлары
Қоғамның тіршілік етуі үшін өндіріс процесі қажет. Экономикалық игіліктерді өндіру үшін ресурстар, яғни қоғамның әлеуметтік мүмкіндіктері өндіріс процесінде қолданылады. Ресурстар – бұл материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау процесінде пайдалануы мүмкін әртүрлі өндіріс элементтерінің жиынтығы. Оның мынандай түрлері бар:
1) табиғи ресурстар- адамдардың күнкөріс көзі ретінде пайдалынылатын табиғат элементтері;
2) материалдық ресурстар- өндіріс процесінде өңдеуге, қайта өңдеуге арналған элементтердің кешені;
3) еңбек ресурстары- халықтың еңбекке жарамды бөлігі;
4) қаржы ресурстары- шаруашылық жүргіуші субьектілер мен мемлекет жасақтайтын ақшалай кіріс.
Өндіріс процесінде бастапқы ресурстар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделеді, игіліктердің жасалуы жүзеге асады.
Қажеттілік– бұл адамдардың белгілі- бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы.Игіліктер қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар болып табылады.
Нақты өндірісте әрекет жасауға жұмсалған ресурстарды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі экономикалық теорияда төрт өндіріс факторлары белгіленген: еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет.
 
 
Қоғамдық өндірістің екі жағы бар: өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар
 

 
Жұмысшы күші дегеніміз- адамның еңбекке қабілеттілігі. Ал еңбек дегеніміз- адамның саналы іс- әрекеті болып табылады.
Өндірісті ұйымдастыруға жұмысшы күшінің болуы жеткіліксіз. Оған қоса өндірістің заттық факторлары – өндіріс құрал- жабдықтары керек. Өндіріс құрал-жабдықтары – бұл еңбек заттары мен еңбек құралдарының жиынтығы. Өндірістік қатынастар- бұл материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну кезінде пайда болатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Өндіріс процесі өндіргіш күштер арқылы жүзеге асады. Өндіргіш күштер дегеніміз - бұл өндірісті ұйымдастыру үшін пайдаланатын жұмыс күші мен өндіріс құралдарының жиынтығы.
Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:
1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.
2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.
Қажеттілікті қанағаттандыру барысында қоғамдық өндіріс екі сфераға бөлінеді:
Кіріспе
Қоғамдағы экономикалық қатынас – күрделі ұғым. Бір жағынан, олар адамдардың табиғатқа қатынасын, адамның табиғатпен өзара әрекетпен көрсетеді. Бұл қатынас табиғи ресурстарды рационалдық пайдалану бойынша.
Оларды техника-экономикалық қатынас ретінде белгілеуге болады. Басқа жағынан экономикалық қатынас – бұл қатынас  өндірістің факторларына меншік ретінде анықталатын (өндірістік қатынас) адамдар арасындағы қатынас. Бұл әлеуметтік – экономикалық қатынас.
Техника-экономикалық және әлеуметтік экономикалық қатынас экономиканың екі жағынан бірлігін бейнелейді. Бұл бірлік ұйымдастыру – экономикалық қатынаспен бекітілген, яғни барлық экономика мен оның бөлек бөліктерімен ұйымдастыру және басқару жүйесі.
Экономикалық жүйе – бұл қоғамның белгіленген тұтастықты, қоғамның экономикалық құрылымын бейнелеуші өзара байланысты  экономикалық элементтер жиынтығы; өндіріс туралы жинақталатын қатынас бірлігі, бөлу, айырбастау мен тұтыну, экономикалық игілік.
Экономикалық жүйеден тыс сипаттамасы экономикалық заңдылықты жүзеге асырушы экономикалық қатынас пен институтты ұдайы жарыққа шығара алмас еді, экономикалық құбылыстар мен процестердің  теориялық мәнін түсіну  үйлеспеуі мүмкін.
 
Экономикалық жүйе
 
Экономикалық ғылым тарихы көрсеткендей экономикалық жүйе топтастырылуы түрлі белгілер (критерий) негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл көптік негізінде экономикалық жүйе қасиетінің  объективті  көптүрлілігі жатады. Бұл байланыста қазіргі қоғамды үйренуге экономикалық әдебиетте құралған екі тәсілге көңіл бөлу тұрарлық: бұлар формациялық және өркениетті.
Әрбір елдің экономикалық жүйесі бар. Бұл жүйе бір-біріне тәуелді әр түрлі компоненттерден тұрады.
Экономикалық жүйе — бұл материалдық, рухани игіліктер мен қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстардың ерекше реттелген жүйесі.
Экономикалық жүйе көп факторлы. Олардың ішінде оның дамуына әсер ететін:
— елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі: шаралар жүйесі;
— меншік құрылымы;
— ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер;
— мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.
Бұл факторлар келесі 3 құрылымға топтастырылады:
Шаруашылық құрылымы — бұл шектеулі ресурстарды қолдануға байланысты материалды-техникалық база элементтерінің өзара әрекеті.
Әкімшілік (ұйымдық) құрылым — лауазымды тұлғалардың шектеулі шаруашылық ресурстарды іске жаратуға байланысты заңды түрде құжатталған құқықтары мен міндеттерінің жиыны.
Ақпараттық құрылым алғашқы екі құрылымның қызметі жайлы алынған мәліметтерді топтастырады және таратады.
Меншік формасына байланысты аталған құрылымдардың жиынтығы әр түрлі сипатқа ие болады: патриархалдық, ұсақ тауарлы, мемлекеттік және т.б. Бір елде бірнеше сипатты бір мезгілде қатар орын алуы мүмкін. Бұл жағдай экономикалық жүйенің өзінің қарама-қарсы және толқынды қозғалысына әкеледі. Осылайша, егер елде мемлекеттік сипат күшейе бастаса, ұлттандыру процесі жүруде деп білеміз. Керісінше, жеке шаруашылықтық сипат алғы кезекке шықса, орталықтандыру орталықсыздандырумен алмастырылады.
Қазіргі заманғы әлем әрқасысы ұзақ тарихи даму процесінің нәтижесінде қалыптасқан сан алуан экономикалық жүйелердің болуымен сипатталады. Оларды қандай да бір критерий негізінде топтастырып, жіктеуге болады. Қоғамның тарихи даму процесін әр экономист өзінше түсінетін болғандықтан, олардың таңдап алған критерийлері де біркелкі емес. Әр түрлі көзқарастар негізінде құрылған экономикалық жүйелерді классификациялаудың кейбіреулерін қарастыралық.
I. Формациялық көзқарас — Маркстік теорияға тән. Маркс үш мүшелік классификацияны қорытып шығарды.
Алғашқы (архаистік) құрылыс — алғашқы қауымдық және азиаттық өндіріс әдістерінен тұрады. Бұл топтағы көңіл аударатын азиаттық өндіріс әдісі. Оның негізі патриархалдық шаруашылық шегінде қала отырып, рыноктың көмегінсіз, өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін үй өнеркәсібі мен жерге ұжымдық меншікке негізделген «шығыстық қауым».
Экономикалық оқшауланған қауымдардың күш-куатын табиғатты ірі көлемде игеру мен қорғаныстың қажеттігі өз қолына әскери және экономикалық билікті біріктіріп ұстаған деспоттық мемлекеттердің туындауына әкелді, яғни олар жерге меншікті тартып алып, рента, қосымша өнімді және т.б. иемденді. Азиаттық өндіріс әдісі көптеген халықтарға болғанмен, ол ұзақ уақыт бойы тек Азия   елдерінде сақталынып келді (XX ғ. басына дейін). Оның ұзақ сүруінің себебі — суармалы жер шаруашылығымен айналысатын қауымның сақталуы.
Азиаттық өндіріс әдісінің мәселесі соңғы екі жүз жыл бойы пікірталасты тақырып болып қалуда.
Екінші ірі формацияны Маркс екінші реттік, яғни жеке меншікке (құлдық, басыбайлылық, капитализм) негізделген деп атады.
Үшіншісі — жеке меншікті жоюға негізделген, екі сатылы формация. Маркстің пікірі бойынша, коммунизм дәуірі «оңшыл    гуманизм»  дәуіріне дейін өсуі керек деп тұжырымдайды.
Өндірістік қатынас жүйесі өзімен бірге саяси, құқықтық, идеологиялық, ұлттық, отбасылық және басқа да қоғамдық қатынастар мен институттарды көрсететін базис қондырмасы ретінде қатысады.
Өндірісті бірліктегі тәсілі мен қондырмасымен өзара әрекеті қоғамдық-экономикалық формацияны құрайды. Адамзат дамуының тарихи жүрісі өзімен бірге қоғамдағы формацияның  жүйелі ауысымын көрсетеді: алғашқы-қауым, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік  және  коммунистік.
Өндіріс әдісі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар жүйесінің жиынтығы ретінде әрекет етеді. Қатынастар сипаты өндіріс құралдарына меншіктің үстем формасы арқылы анықталады. Әр жүйенің материалдық өндірісінің даму    деңгейі тұрақсыздығына көңіл бөлінеді. Бұлар ерте ме, кеш пе әйтеуір өндіріс тиімділігінің деңгейі анағұрлым жоғары болатын келесі жүйеге ауысуы тиіс.
Формациялық теорияның негізгі жағдайлары:
Табиғи-тарихи үрдіс қоғамдық-тарихи формациялардың   бірізділікті ауысымы түрінде дамиды;
Материалдық өмірдің рухани өмірді ығыстыруы;
Өндірістік қатынастар қоғамның базисі болып табылады, құрылғы базиске қарағанда туынды сипатқа ие болады;
Класстар қоғамның негізгі бірлігі және тарих субъектісі болып, ал класстар арасындағы күрес – класстардың өзара әрекеттесуінің басты формасы болып табылады.
Формациялық теория негізгі іс жүзіндегі философиялық түсінудің үлкен салымы болып табылды. Соның көмегімен адамзат тарихы оқиғаның аралас жиынтығы ретінде емес, оның ішкі даму заңдарымен қисынды жүйесі түрінде алдымызда жатыр. Сонымен бірге бұл теория кемшіліктер ретінің күшіне  қоғамдық дамудың жан-жақты теориясы ретінде танысуы мүмкін.
Бұл, өзінің дамуында барлық жақтар мен халықтардың міндетті түрде  бес арқылы формациядан өтуі туралы бекітуге қатысты, сондай-ақ өндіріс құралдарының меншік иесі мен меншіктік емес қатынастың арасында антогонистикалық сипаттамаға шектен тыс акцентіне қатысты.
Формациялық әдіс тарихи дамудың  түсінігін жеңілдікке және бұзылған ұғымға апарады, оны төменнен жоғарғы саты бойынша қоғамның өтуін бір мәнді  түрде  көрсетеді. Әр қоғамдық-экономикалық формациялық болып өткенімен салыстырғанда сапалы дамудың жоғарылау сатысына ұсынылады. Сондықтан К. Маркстің коммунистік формациясы қоғам дамуының жоғарғы сатысы өркениеттік әдіс өндірістік-экономикалық фокторлармен емес, барлық материалдық және рухани мәдениет элементтерінің жиынтығымен қоғамдық дамудың түрлі  кезеңдердің  бөлінуін басшылыққа алады. Сондықтан ол үшін қоғамдық байлық емес, адам дамуының акцентіне тән.
II. Өркениеттік көзқарас әлемдік тарихты біртіндеп өркениеті ауысып отыратын біртұтас планетарлық тарих ретінде зерттеуді ұсынады. «Өркениет» сөзі латынның «цивилис» азаматтық, қоғамдық сөзінен шыққан. Бұл термин мәдениеттің дәрежесі мен деңгейін бағалау үшін қолданылады (мысалы, антикалық, азиаттық, европалық).
Бұл көзқарас адамзат тарихының негізгі мәселелерінің өзара байланысы мен тәуелділігін күшейту және жалпы адамзаттық құндылықтардың таптық, ұлттық құндылықтар алдында басымдылығын ұғыну мақсатында қалыптасты.
Бұл теория өз дамуының бастапқы сатысында тұр. Оның басты  мәселесі жүйені құрушы  белгілерді  іздеу.  Кейбір авторлар осындай белгілер ретінде еңбек өнімділігін жаңа сатыға көтеретін өркениет   төңкерістерін қарастыруды ұсынады.
Алғашқы өркениет төңкерісі ауыл шаруашылықтық болды (шамамен 6-8 мың жылдар бұрын). Келесісі — өнеркәсіп төңкерісі (300 жыл бұрынғы). Қазіргі төңкеріс ғылыми-техникалық болып табылады (XX ғасырдың орта шені). Ол халықты адамның қажеттіліктерін өтеу сферасына (сауда, қызметтер, көлік білім, ғылым, мәдениет, басқару және т.б.) бейімдейді.
Кейбір экономистер жеті өркениетті бөліп қарастырады: неолиттік (тас ғасыры) — 30-35 ғасырлық; шығыстық — құл иеленушілік (қола ғасыры) — 20-23 ғасырлық; антикалық 12-13 ғасырлық (темір ғасыры); ерте феодалдық — 7 ғасырға созылған; бастапқы индустриалдық — 4,5 ғасырлық; индустриалдық — 2-3 ғасыр; кейінгі индустриалдық, немесе информациялық қоғам (қазіргі дәуір). Өркениеттік көзқарас таптық шарттамалардан аулақ болғандықтан қазіргі кезде басқаларға қарағанда кеңінен таралған, оның артықшылығының өзі осыдан көрінеді. Сонымен қатар, өркениеттік көзқарасқа сүйене отырып, әр түрлі елдер мен аймақтардың даму ерекшелігін, оларды өзіндік ерекшеліктерінен айыра отырып, бір жалпы схемаға сыйғызуға тырысады; өркениет көзқарасының қауіптілігінің өзі осыдан көрінеді.
Адамзат қоғам дамуының тарихы бір ізді тарихи саты емес, қоғамның белгілі бір жағдайының кезеңі бөлінеді. Өркениеттік әдіс тарихи үрдістің үзілмейтіндігін көрсетеді, оның қозғалысы өзара  байланысты және сабақтастығында, рухани және материалдық құндылықтың қалыптасуын білдіреді, олардың дамуын қоғам дамуында көрсетеді. Тарихтың кезеңдеуінің өркениеттік әдіс шотландық философ Адам Фергюсонмен (1723-1816) алғаш рет дайындалды. 1768 жылы шыққан «Адамзаттың қоғам тарихының тәжірибесі» деген кітабында ол адамзаттың  тарихын үш кезеңге: жабайылық, тағылық және өркениеттілік деп бөлді. А.Фергюсон ұсынған кезеңдену негізінде материалистік белгілер жатты: шаруашылық қызмет пен меншіктік түрдің дамуы. А. Фергюсон жабайылықты жеке меншіктің әдеттегідей жоқ кезеңі ретінде аңшылық-шаруашылық кезеңі ретінде сипаттады; тағылықты – жеке меншіктің пайда болуының мал шаруашылығы, яғни әлі заңмен бекітілмеген ретінде; өркениетті – жеке меншіктің үстемшілігімен егін шаруашылық кезеңі ретінде сипаттады.
Бұл бөліністі Льюис Генри Морган (1818-1881) өзінің жұмысында пайдаланылды, бірақ әр кезеңді сатыға (төмен, орта және жоғары) бөліп нақтылай  түсті және алғашқы қауымның даму белгілерін айқындады. Льюис Генри Морган топтастыруында жүйелі этникалық кезеңдер басым белгілейтін прогрес көрсеткіші ретінде мәдениеттің бөлек материалдық және рухани пайда болуы алынды (отты пайдалануды үйрену, жебе мен садақты ойлап табу, қыша өндірісін енгізу және т.б.).
Қазіргі әдіс-тәсіл өркениетті ішкі (экономикалық) және сыртқы (экономикалық емес) факторлар бірлігінің тарихи туындаушы қоғам өмірінің пайда болудың өзіндік тәсілімен сипатталатын қоғамдық жүйе ретінде қарастырады. Экономикалық емес факторлар болып әлеуметтік  мәдени (ұлттық, діни, этникалық және т.б.), әлеуметтік-саяси, сондай-ақ табиғи-климаттық географиялық және басқа фокторлар қатысуы мүмкін.
Осындай себеппен экономикалық жүйені зерттеуге өркениетті жақындау ерекшелігі талдаудың көпшаралығы, белгілердің көптігі, олардың тар экономикалық өлшеуіштерге енбейтіндігі болып табылады. Өркениеттік  жүйелердің бірнеше топтастыруды бөлуге болады:
Бірінші, біліктілік қоғамның индустриалдық дамуының  дәрежесі бойынша біліктілігімен сәйкес келеді. Ол индустрияға дейінгі (традициялық) өркениет, индустриалдық (экономикалық) өркениет, индустриалдықтан кейінгі (экономикалықтан кейінгі) өркениет түрлеріне ие.
 
Қоғам  сатыларыБелгілері Индустриалдық(дәстүрлі) қоғам Индустриалдық
(экономикалық) қоғам Индустриалдықтан кейінгі (экономикалықтан кейінгі)
Өндіріс қор-ң типі Еңбектің қол құралы Машина Информатика
Жетекші сектор Ауыл шаруа-ғы Индустрия Ғылым
Детерминация типі Еңбекке сыртқы  экон-қ еріксіз тарту, дәстүрлер Материалдық (ақшалай) стимул Шығармашылық
“Қоғамдық адал”типіДәстүрлі  “патриархаттық адам” “Экономикалық адам” Әлеуметтік-шығармашылық “әлеуметтік адам”
 
III. Қоғамның индустриалдық даму деңгейінің критерийлерін қолданатын басқа жіктеуге сәйкес 3 экономикалық жүйелер бөліп қарастырылады: индустриалдық, кейінгі индустриалдық және жаңа индустриалдық. Соңғысының «ақпараттық қоғам» дейтін тағы бір атауы бар.
IV. Негізінде өндіріс құралдарына меншік формасы мен шаруашылық қызметін басқару әдісі сынды екі критерий жатқан тағы бір жіктеулер бар. Бұл екі белгінің негізінде әкімшіл, рыноктық және аралас экономика деп бөліну жүреді.
Дәстүрлі экономика – бұл ежелгі, көне замандағы экономика. Ол дәстүрге негізделеді. Еңбек сипаттары, қарапайым, қол еңбегі. Қажеттіліктер – қарапайым. Қазақстанда ауыл және мал шаруашылығы – дәстүрлі.
Әкімшіл-әміршіл экономика классикалық саяси-экономикалық еңбекқұн теориясына негізделген. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізгі — мемлекет меншігі, себебі бәрі мемлекет қолында. Сол себептен сол кезде қоғам дамуы бюрократия, монополия (бір сатушы) қолында болады. Мемлекеттендіру жоғары қарқынмен жүргізілді.
Нарықтық экономика – экономикалық, адамның еркіндігі әркім өзі, жекеменшік қатынастары табысқа, пайдаға ие болу. Бәсекелік орын алды.
Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық.
а) дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықтады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.
ә) еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. «Тұлға өзінің барлық материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалылығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін қолмен, мақсатқа қарай бағыттайды және оның ойыңда бұл болғандай емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды-ақ жиі қызмет жасайды».
Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін (либералды) нарықтық экономиканың негізін қалаушы А. Смит болды. Ол нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес серігі — артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып келеді. Экономикалық дағдарыстар тарихын зерттеуі көрсеткендей, олар 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8-10 жылда қайталанып отырады. Дағдарыс кезінде саудада тоқырау басталады, нарыққа өтпейтін өнімдер мөлшері толып кетеді, қолма-қол акшалар айналымнан жойылады, зауыт пен фабрикалар тоқтатылады және жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға созылады және экономика бүлінеді.
б) әкімшілдік-әміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілік-әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етеді. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: «Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық-жоспарлы реттеумен алмастырылады»[1].
Әкімшілдік-әміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда артықшылығы мынада: ол ашық түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым құлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезеңде елдің материалдық, еңбектік және ақша қорларын ірі халық шаруашылығының міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады және жұмылдырады. Сондықтанда жоспарлау жүйесін қоғамдық меншікке негізделген социалистік елдер ғана емес, жеке меншікке негізделген кейбір капиталистік елдерде қолданады. Айталық, екінші дүние жүзілік соғыс кезеңінде бұл гитлерлік Германияда байқалды. Экономиканың ауқымды салалары мен барлық салалары орталық жоспарлау және соғыс ұйымдарының тікелей бақылауында болды. Осы кезеңдерде Англия мен АҚШ-да дәл солай жүзеге асты[2].
Әміршілдік-әкімшілдік экономиканың олқылықтары мынадан байқалады.
Біріншіден, барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократтық инстанциясы арқылы шешу қажет болды. Олардың келісімін алуға көп уақыттың кетуі — барынша кедергі болып табылады. Мұндағы басты мақсат — жаңа өнімді шығару қажеттілігі, жаңа техника мен технологияны ендіру болмақ. Ал келісімге кеткен уақыт бұған кедергі жасайды.
Екіншіден, кәсіпорын жоспарының орындалуы туралы тұтынушы алдында емес, жоғары жақтағы орталық ұйымдар алдында есеп береді. Кәсіпорын есебі бұрыстау, боямалы ақпараттан құрылады. Сондықтанда орталық ұйымдар экономика және тұтынушылардың қажеттілігі туралы көбіне нақты көзқараста бола алмайды.
Осының барлығы әкімшілдік-әміршілдік экономиканы тиімсіз етеді және оны әртүрлі тапшылықка алып келеді.
в) қазіргі нарықты экономика аралас экономика ретінде болуда.
Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика — бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» — дейді.
Аралас нарықтық экономика теориясынын түп тұлғасы болып «конвергенция» теориясы (авторы — Нидерланд экономикалық мектебінің профессор-экономисі Ян Тинберген) және «жаңа индустриалды қоғам» теориясы (авторы — Гарвард институтының профессор-экономисі Джон Кеннет Гэлбрейт) жатады. Дж.Гэлбрейт «жаңа индустриалды қоғамды» аралас экономиканың ерекше бір типі ретінде қарастырып оның нарықты және жоспарлы жүйеден тұратынын айтқан.
Аралас экономикада «нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті анықтайды, олай болса, мемлекет нарықты салық салу, шығынмен реттеп отырады» — деп жазған болатын Пол Самуэльсон.
Әлеуметтік аралас нарықтық экономика теориясынын негізін қалаушы герман экономисі, Фрайбург университетінің профессоры Вальтер Ойкен (1891-1950 жж.) болып табылады. Оның тұжырымдамасының құрамдас болігі: әлеуметтік қорғаудың толығырақ жүйесін мүмкіндігі келгенше нарықтық экономикаға қол жеткізу негізінде жасау болмақ. Бұл тұжырымдаманың ұраны мынау: «… адамды экономикалық, саясатқа емес, экономикалық саясатты адамға бейімдеу».
Аралас әлеуметтік бағытталған экономикалық саясатқа емес экономикаға мысал ретінде «швед моделі» жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4%-ы мемлекеттің қолдануында болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы әлеуметтік мақсатқа бағытталады.
Іргелі әлеуметтендіру қорытындысы мынада: «өндірістің қызметі көбінесе жеке кәсіпорынға жүктеледі, себебі бәсекелестік негізде іс-әрекет жасайды. Ал, жоғарғы деңгейде әмір сүру қызметін қамтамасыз ету (барлық әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде мынадай саланы — жұмыссыздық, әлеуметтік сактандыру, білім, көлік, байланыс, ғылымды қосқанда) мемлекетке жүктеледі»[3].
Экономикалық жүйенің жалпы кезеңдері
Өндірістік күштер
Табиғи (табиғи ресурстар, физ. мүмкіндік және т.б. Қоғамдық (өндіріс қаражаты, еңбекті бөлу және т.б.) Жалпыға ортақ (ғылыми, білімі мәдениет және т.б.)
Өндірістік қатынастар
Әлеуметтік- экономикалық (меншіктік қатынасы және кірістерді бөлу) Ұйымдастырушылық-экономикалық (тәжірибе алмасу, маркетинг, менеджмент және т.б.) Техника-экономиканың (табиғатқа адамның қатынасы)
Ресурстар Еңбекті қоғамдық бөлу Еңбек процесі және оның сәті
Өндірістің еңбектік, табиғи қорлар, ақпараттық және т.б. Өнімдерді дайындауда өндірісті мамандандыру Еңбек мәні, еңбек қоры, еңбек
Өндірістік мүмкіндіктер Нәтижелер Тиімділігі
Шектеулі ресурстар таңдауы Материалдық – заттың өнім және қызметтер Нәтижелер мен шығындар қатынасы
Экономикалық жүйенің элементтері
Әр экономикалық жүйеде өзіне тән өндірістік қатынастар мен өндірістік күштері болады. Өндірістік қатынастар ұдайы өндірістің (ҰӨ) әр сатысына тән қалыптасады.
 
ҰӨ = Ө + Б +ҚБ + Т (Ұдайы өндіріс = Өндіріс + Бөлу + Қайта бөлу + Тұтыну)
ӨК = ЖК + ӨҚ (Өндіріс күштері = Жұмыс күші + Өндіріс құралдары)
 
Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарының орны
Меншік қатынастары әр экономикалық жүйедегі қатынастардың ішінде ең негізгі болып жүйенің қатынастарының мінездемелерін анықтайды. Меншік дегеніміз – құрал-жабдықтарды және солардың көмегімен өндірілген өнім нәтижелерін иемдену және пайдалану туралы экономикалық-қоғамдық қатынастар. Меншікті екі жағынан сипаттауға болады – экономикалық және құқықтық жағынан. Экономикалық жағынан, меншік ол — зат емес, ол – қоғамның сый-сыяпатын білдіретін қоғамдық қатынастар. Ал құқықтық жағынан, меншік дегеніміз – зат, затқа деген адамның қатынасы.
Меншік құқығының экономикалық теориясының алғашқы өкілдері ол – Нобель лауреат сыйлығына ие болған американдық Чикаго университетінің профессоры Рональд Коуз және Лос-Анджелес университетінің профессоры Алчеар. Бұлар тек меншік ұғымын пайдаланбай, меншік құқығы дегенді енгізді. Ресурстар өз басына меншік емес. Бұларды иемдену және пайдалану – “меншік шоғыры”.

Приложенные файлы

  • docx 15723417
    Размер файла: 46 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий