Негізгі қорлардың экономикалық мәні


Негізгі қорлардың экономикалық мәні, олардың құрамы мен құрылымы
Негізгі капиталдың есебі және бағалау
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің түрлері және оларды жетілдіру
Негізгі капиталды қолданудың көрсеткіштері
Негізгі өндірістік қорлар дегеніміз өндірістік процесске ұзақ уақыт қатыса, өз заттық түрін сақтап, ал өз құнын өндірілетін бұйымға бөліктермен, пайдалану шамасымен біртіндеп (по частям, постепен) аударатын өндірістік қорлардың бөлігі. Олар күрделі қаражаттар арқылы орнын толтырады. Өндіріс процессіне қатысуына байланысты негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Негізгі өндірістік қорлардың жіктелуі:
ғимарат;
құрлыстар;
өткізгіш құрылғылары;
машиналар мен құрылғылар;
көлік құралдары;
өндірістік және шаруашылықтық құрал-сайман
Негізгі қорлар активті және пассивті бөлігінен тұрады. Активті бөлігі өндірістің маңызды бөліктеріне қызмет етеді және кәсіпорынның өнім өндіру бойынша өндірістік мүмкіндіктерін сипаттайды. Негізгі қорлардың активті элементтерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ғимараттар, құрлыстар, құрал-саймандар пассивті бөлікке жатады.Негізгі қорларды есепке алу және жоспарлау заттай және ақшалай түрде жүргізіледі. Заттай түрдегі есеп кәсіпорынның өндірісітік қуатын, өндірістік бағдарламаны жоспарлау үшін, құрылғының балансын құру үшін арналған. Осы мақсатпен құрылғының түгендеуі және құжаттауы, оның келіп түсуінің және шығуының есебі жүргізіледі.
Ақшалай бағалау негізгі қорлардың ұдайы өндірісін жоспарлау, тозуды және амортизациялық аударымдар мөлшерін анықтау үшін қажет. Негізгі қорларды бағалаудың келесі түрлері бар:
Бастапқы құн – НҚ сатып алу немесе жасауға кеткен барлық шығындар.
Ағымдағы құн – нақты күнге нарықтық бағасы.
Баланстық құн – батапқы құннан жинақталған тозу сомасы шегерілген құн.
Жою құны – қызмет ету мерзімі аяқталғанда НҚ жойғандағы саймандардың, темір қалдықтарының бағасы.
Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатынаса отырып, біртіндеп тоза бастайды. Тозу - бұл негізгі құралдардың заттай және моральдық сипатын және құндарын жоғалту процесі. Тозудың екі түрі бар моральдық тозу және табиғи тозу. Негізгі құралдардың табиғи тозуы оларды пайдаланудың және сыртқы факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады, Моральдық тозу активтердің ғылым мен техниканың дамуының нәтижесінде, оның жаңа талаптарына сәйкес келмеу процесін білдіреді.
Негізгі құралдардың бастапқы құны пайдалы қызмет мерзімі ішінде, яғни объект табыс әкелетін қызметін орындауға қабілетті уақыт кезеңінде, заңды түрде тағайындалған мөлшерге байланысты ай сайын амортизациялық төлемдер түрінде үлестіріледі. Амортизация дегеніміз негізгі құралдардың тозуының құндық көрсеткіші. Амортизацияланатын құн амортизациялық төлемдер түрінде субъект шығындарына пайдалы немесе нормативті қызмет мерзімі бойында жүйелі түрде үлестіріліп тұрады. Бухгалтерлік есеп стандарттарына байланысты амортизация әртүрлі әдістерді қолдана отырып есептелінеді:
құнды біркелкі (түзу сызықты) есептен шығару әдісі;
құнды орындалған жұмыс көлеміне пропорционалды түрде есептен шығару (өндірістік әдіс);
жеделдетілген есептен шырару әдістері:
а) қалдықты азайту әдісі;
б) құнды сандар сомасы бойынша есептен шырару (куммулятивтік әдіс).
Амортизацияны есептеу әдісі кәсіпорынның есептік саясатында анықталады. Негізгі құралдардың әрбір түріне амортазацияны есептеудің әр түрін қолдануға рұқсат етіледі, бірақ та негізгі құралдың бір түріне бір әдістен басқасын қолдануға болмайды. Негізгі қорларды қолданудың барлық көрсеткіштері үш топқа бөлінеді:
Негізгі қорларды қолданудың уақыты бойынша деңгейін көрсететін экстенсивті көрсеткіштер;
Негізгі қорларды қолданудың қуаты бойынша деңгейін көрсететін интенсивті көрсеткіштер;
Негізгі қорларды қолданудың факторларының бірігуін көрсететін интегралды көрсеткіштер.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы - өндірістік құрылғыны және аудандарды толық пайдаланып, алдағы технологияны қолдануды, өндіріспен еңбекті ұйымдастыруын жетілдіруін, өнімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуін ескере, уақыт бірлігінде заттық түрде жоспармен белгіленген номенклатура және ассортиментінде өнімді максималды мүмкіндікте шығару.Өндірістік қуаттылық өндіріс көлемі жоспарланатын бірлікте өлшенеді. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы алдыңғы қатарлы цехтардың, участкалардың өндірістің қуаттылығымен анықталады. Алдыңғы қатарлы цех деп өнім өндіруде негізгі операцияны атқаратындарды айтады.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын анықтайтын негізгі элеметтер болып келесілер табылады:
құрылғының құрамы және түрі бойынша саны;
құрылғыны қолданудың техника-экономикалық көрсеткіштері;
құрылғының жұмыс уақытының қоры;
кәсіпорынның өндірістік ауданы (негізгі цехтардың);
құрылғының нақты құрамында өнімге әсер ететін, алда болатын өнім номенклатурасы
Шикізаттық, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
Шикізаттың, пайдалы қазбалардың түсінігі және жіктелуі және оларды экономикалық бағалау
Шикізаттық база, оның бағыттары және дамуы. ҚР минералды-шикізаттық әлуеті
ҚР индустриалды-инновациялық даму жағдайындағы отын-энергетикалық кешен
Шикізатты таңдаудың экономикалық дәйектелуі
Шикізат – бұл шикі материалдар өнеркәсіптің өндіру салаларынан немесе ауыл шаруашылығынан алынған және олардың өндірісі еңбек шығынының бірінші деңгейінен өткен материалдың кейінгі өңдеуге б.с.
Шикізаттардың жіктелуі:
Пайда болуы бойынша шикізат материалдарының барлық түрлері 2 топқа бөлінеді: өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық шикізаттары.
Өнеркәсіптік өңдеуден өтетін барлық шикізат келесі түрлерге бөлінеді:
Біріншіден – минералдық, өсімдік және мол шикізаттары, су және ауа: Екіншіден - өнеркәсіптік өнімдердің жанама өнімдері және жасанды шикізат.
Өнеркәсіптің минералды – шикізат базасы.
Елдің экономикалық потенциалы өнеркәсіптің шикізат базасының даму деңгейіне байланысты болады. Ол келесілерден тұрады.
Геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде жер қойнауынан табылған минералды шикізат ресурстары;
Жеңіл және тамақ өнеркісібіне шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығының өнімдері:
Шикізат және материал ретінде өндіріске арналған химиялық өнеркәсіп өнімдері.
Өнеркәсіп салалары үшін шикізат болатын өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтармен мен екінші реттік ресурстар.
Қорлардың жіктелуі:
Қорларды игерілу және дайындығы деңгейі бойынша келесі категорияларға бөлінеді:
А ,В, С1, С2.
Маңызына қарай қорлар келесілерге бөлінеді:
Баланстық қорлар.
Баланстан тыс қорлар.
Кең орындарын экономикалық бағалау
Пайдалы қазба ресурстары өзара төмендегідей ажыратылатын көптеген кен орындарда шоғырланған:
А – пайдалы қазбалар қоры.
Б – Шикізаттың физика – химиялық құрамы.
В – Пайдалану шарттары.
Пайдалы қазбалардың жеке кенорындарының салыстырмалы экономикалық тиімділігімен жалпылайтын өндіруге, байытуға және шикізатты тасымалдауға кеткен шығындары табылады.
Шикізатты рационалды пайдаланудың негізгі әдістері:
Шикізатты таңдау.
Біріншілік өңдеу және байыту.
Кешенді пайдалану.
4. ҚР – жер қойнауын пайдалануды реттеу.
ҚР заңдары бойынша пайдалы қазбаларды өңдеу жұмыстарымен лизенциясы бар жеке және заңды түлғалар айналысады. Қазіргі кезде лицензиялар берілмейді.
Табиғатты пайдалану объектілерін басқару конкурстық негізде келісім – шартқа отыру негізінде болады. Бұл кезде мемлекет объектіні иелену және қолдану құқығын жеке немесе заңды тұлғаға береді ( объектіге қатысты белгілі бір жағдайларды орындағанда).
Негізгі талаптар:
өндіріс профилі мен өндірілетін өнім көлемін бір қалыпты деңгейде сақтап қалу;
келісім – шартта көрсетілген жұмыс орындарының санын сақтап қалу;
Қазақстанның минералды – шикізатты әлуетінің мәнділігі келесі жағдайларға негізделген.
табиғи ресустарды алу құрылымында минералды – шикізатты ресурстардың үлесі 75 % құрайды, таукен өндірісінің өнім өткізу нарығында сұранымға ие.
табиғатта минералды – шикізатты ресурстарды алу үшін үлкен қаражат көлемі К\К геолого – зерттеу жұмыстарына кеткен шығындар басқа табиғы ресурстарды өндеуге кететің шығындардан көп есе артық. Сондықтан пайдалы қазбаларды алу және өңдеу технологиясы осы қазбалардың орнының тау геологиялық жағдайларына тура пропорционал.
Кен жерлерінің өндірісін ұйымдастыру спецификасы еңбек ресурстарының үлкен Q – ы және инфрақұрылым объектілерінің орын алмасуын қажет етеді.
Минералды шикізатты потенциалдың қайта өндіріс мәселесі де актуалды. Қазіргі кезде жер қойнауын қолданушылар – шетел инвесторлары. Мемлекеттік минералды – шикізатты потенциалды қайта өндіру үшін қолданылатын экономикалық механизмі өнімді емес.
Минералды шиказатты потенциалын даму жолдары:
экстенсивті;
интенсивті.
Минералды шиказаттың потенциалының құрылымы: табиғи ресурстар айналымының ресурстық циклі. Минералды шикізат ресурсының айналымы –оларды алу мен толық жою арасындағы қозғалыс. Бәсеке қабілетті минералды шикізатты потенциалдың дамуы мен орын алмастыруға әсер ететін факторлар:
Табиғи
Экологиялық
Инфрақұрылымдық және технологиялық
Нарықтық

Приложенные файлы

  • docx 15722914
    Размер файла: 21 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий