ӘЛЕУМЕТТІК-МЕДИЦИНАЛЫҚ МӘНІ ЗОР АУРУЛАР МӘСЕЛЕЛ..


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

ӘЛЕУМЕТТІК-МЕДИЦИНАЛЫҚ МӘНІ ЗОР АУРУЛАР МӘСЕЛЕЛЕРІ  Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасыПрофессор Биғалиева Раихан Қаирақбаевна ДӘРІС ЖОСПАРЫ: Халық денсаулығын қорғаудың басымдылық бағыттарын таңдаудың критерилері.Халық аурулығы құрылымындағы алғашқы орын алатын аурулардың класстары.Халық өлім көрсеткіштерінің негізгі себептері.Созылмалы жұқпалы емес аурулардың медициналық-әлеуметтік мәселелері.Жұқпалы аурулардың медициналық-әлеуметтік мәселелері. Халықтың емдеу-профилактикалық ұйымдарға қаралу мәліметтері мен өлім көрсеткіштерін қолдану ауру класстары мен нозологиялық түрлерін медициналық-әлеуметтік рангілеу жүргізуге мүмкіндік берді. Қан айналым жүйесі аурулары. Жүрек қан тамыр ауруларына көбіне еңбекке қабілетті жастағы адамдар жиі шалдығады, бұл осы топтағы ауруларының уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздық көрсеткішіне әсері зор . Қатерлі ісіктер. Қатерлі ісік ауруларымен аурулық көрсеткішінің салыстырмалы төмен деңгейіне қарамастан олардан өлу көрсеткіші жоғары. Жарақаттар. Өліммен аяқталатын, мүгедектікке, уақытша еңбекке жарамсыздыққа алып келетін жарақаттардың артуы маңызды мәселе, ол қоғамға орасан зор әлеуметтік және экономикалық шығын әкеледі. Тыныс ағзаларының аурулары ТАА халықтың медициналық көмекке қаралуының негізгі себебі болып табылады. Психиканың бұзылулары және мінез-құлқының бұзылыстары Психиканың бұзылулары және мінез-құлқының бұзылыстары маңызды медициналық-әлеуметтік мәселелер арасында негізгі орын алады. Жұқпалы және паразитарлы аурулар Жұқпалы және паразитарлы аурулар бірнеше жыл бұрын өлім көрсеткішінің ішінде негізгі орында болса, қазіргі кезде кейінгі орындардың бірінде. Туберкулез 90-жылдардың басында туберкулезбен аурушылдық және өлім көрсеткіштері жоғары болды. Қазақстанда өткен ғасырдың 80 жылдары қол жеткізген туберкулезбен ауру көрсеткішінің төмендеуі 90 жылдардың басында туберкулезден өлім көрсеткішінің артуымен, ал 1995 ж бастап тіркелген аурулықтың өсуімен алмасты.

Приложенные файлы

  • ppt 15722583
    Размер файла: 117 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий