18.Х. Ерғалиев поэмаларындағы тарихи тұлғалар


Х. Ерғалиев поэмаларындағы тарихи тұлғалар
Хамит Ерғалиев Атырау облысының Махамбет (бұрынғы Новобогат) ауданында дүниеге келген.
Мұнай рабфагін бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетіне (1939) оқуға түскен. Бірақ аяқтауға мүмкіншілігі болмай, Ұлы Отан соғысына аттанған. Соғыстан соң республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде, Қазақстан Жазушылар одағында, Қазақтың Мемлекеттің Көркем әдебиет баспасында қызметтер атқарды.
1959 жылдан өмірінің ақырына дейін бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысқан.
Баспасөз бетіндегі алғашқы өлеңі 1936 жылы жарияланған. Содан бері қырықтан астам төл кітаптары мен аударма жинақтары жарық көрген «Әке сыры», «Үлкен жолдың үстінде», «Оралдағы отты күн», «Біздің ауылдың қызы», «Құрманғазы», «Күй дастан», «Жас ана», «Ақырап», «Аңыз ата», «Біздің ауылдың қызы», «Үлкен жолдың үстінде», «Сенің өзенің», «Қаһарман хикаясы», «Жылдар, жылдар», «Қыз-қисса», «Суыт жүріс» және «Ұлы кек», «Дүние теңселгенде», «Шыңдағы сұлу» атты дастандар т.б. жиырмаға жуық поэманың авторы. Шығармалары түгелдей дерлік орыс тіліне аударылып, Мәскеу баспаларынан бірнеше кітабы жарық көрген. Әңгімелері мен публицистикалық мақалалары, очерктері де кітап болып басылған. Х.Ерғалиевтың поэмалары үнемі сюжетті болып келе бермейді.
Ақынның шығармашылығы, негізінен, бірнеше салаға бөлінеді. Атап айтқанда, олар лирикалық өлеңдері, дастандары, публицистикалық шығармалары мен аудармалары. Бұл арада атап айтатын нәрсе – Хамит Ерғалиев жақсы қалыптасқан лирик болуымен қатар оқырманға, ең алдымен эпик ақын ретінде кеңінен танылады. Ақынның ірі туындыларының бірі – «Құрманғазы» (1958) поэмасы. Екі бөлімнен тұратын бұл поэма қазақтың көрнекті күншісі, тарихи тұлға, күй атасы Құрманғазыға арналады. Кейіпкер өмір сүрген замандағы қазақ даласының өмір шындығын әр қырынан алып, жан-жақты суреттеген оқиғалардың тарихи сипаты басым. Поэмада бүкіл дәуір тынысы ашылып, қат-қабат қоғамдық тарихи қақтығыстар бой көрсетеді. Мұның өзі шығарманың эпикалық сипаты мен тарихилығын тереңдете түсетін жағдаяттар. Әлеуметтік тартыс, характерлер қақтығыстары поээманың қызығылықты оқылуынаықпал жасайтын көркемдік факторлар. Лекілдеп төгіліп отырған шумақтар ұлы күйшінің басынан кешкен ауыр ахуалдарды дәл бейнелеп отырады. Мысалы:
Темір тор, биік қамал, қара құлын,
Қояр ма үлкен жанын жара қылып?!
Әрине, жүр надзиратель сап-сарыла.
Иыққа суық қару-жарақ іліп, [1.118] -
деген шумақта уақыттың ызғарлы көрінісі айқын танылады.
Шығарманы оқу барысында ақынның бұл күрделі дүниеге осылайша үлкен дайындықпен, зерттеушілік парасатпен келгенін аңғару қиын емес. Ұлы тұлғаны көркем шығарманың кейіпкеріне айналдыру, оны жан-жақты сомдау, бір ауыз сзбен айтқанда, мұндай ірі көркемдік қадамның авторға жауапкершілік жүктейтіні даусыз. Көркем сөз шебері ретінде осы талапты жақсы сезіне отырып, ақын тиісті үдеден шыға білген.
Жас Құрманның өмірге деген көзқарасы, болып жатқан әділетсіздік атаулымен күресі поэмада драмалық сипатта беріледі.
Ақынға ұлы күйшінің қуатты шығармалары шабыт бергендей, күрделі, түйінді тұстарда тартынбай, төгіп-төгіп жіберді:
Сөз берді домбыраға жыласын деп,
О да бір торға түскен лашын деп.
Саудаға көздің жасын салатұғын
Обадай осы да бір рас індет.
«Танып қал, табиғатым, құлағымды!»
Ішінен түйді қазақ бұл ұғымды.
Шалқыта «Балбырауын» күйін татып,
Шаттыққа душар етті ұлығыңды.
Қадала талай ұлық көп қарады,
Ызғарлы бұған деген леп бар әлі.
Бір ғана бейтаныс жан ынтызардай,
Күйшіні сұқты сөзбен жеп барады... [1.216-217]
Түрмеде жатқан Құрманның туған анасы Алқааға жолығу сәті де әсерлі суреттелген. Баласын қайтару үшін оның жағынан тартып жіберген Алқа ананың әрекеті әдепкіде тосын көрінуі де ықтимал. Бірақ оқыс қимыл бас кейіпкердің характерін ашуға ғана емес, оның келешекте күтіп тұрған ірі күрестерге түсуіне де себеп, тірек болғандай. Жалпы, Құрманғазы бейнесі қазақ халқының басындағы сол бір күрделі кезеңмен атастырылып, жымдастырылып берілген. Ұлы күйшінің өмірі қазақ халқының рухани қасіретінің нышанындай болып та көрінеді.
«Құрманғазының» екінші бөлімінде шынайы ақындық серпінмен жазылған тараулар көпшілік. Мұнда Құрманғазының қуғын-сүргінге, қауіп-қатерге, қайға-қасіретке толы шырғалаң өмірінің ізін қуған сюжеті бізді әрқилы жай-жағдайдың кепілі етеді. Ең қызығы: бұдан біз ұлы композитордың бәріміз білетін күйдің туу себебін, терең сырын түсінеміз. Мұндай кезеңдердің салқын қанмен, селқос, сепінсіз жазылуы мүмкін емес. Ақынның екінші бөлімде көсіле де серпіле түсу себебі сондықтан болу керек» дейді академик М.Қаратаев осы поэманың екінші бөлімі жөнінде.
Жас Құрманның өзі сүйген қызы Әуеспен арақатынасы да оқырман жүрегін ауыртатындай драмалық күйде бейнеленген. Екеуінің қарым-қатынасында моральдық емес, рухани тартыс нышаны молдау. Сонымен бірге поэмада жас Дина мен Айжанның өнерпаз достары Қазанқаптың, Қашағанның, түрмеде бірге болған орыс жолдасы Лавочкиннің бейнелері өзіндік сипаттармен есте қаларлық деңгейде жасалған.
Эпикалық шығармадағы қоғамдық-әлеуметтік тартыстарды ушықтырып тұрған, әрине, Құрманғазыға қырын қарайтын жағымсыз жандар. Атап айтқанда, олар алаяқ Ақбаев, қарақшы Төремұрат, пасық бай Дөңбай, Орынбор генерал-губернаторы Перовский, Құрманғазының қауіп-қатерге, қайғы-қасіретке толы өмірінде ауыр да шытырман оқиғалардың аз кезеспегендігінің поэмада білеміз. Ақын өз кейіпкерінің өнер қырларын, шығармашылық әлемін осындай оқиғалар легінде ашады. Атақты «Сарыарқа», «Адай», «Төремұрат», «Көбік шашқан», «Қайран шешем», «Айжан қыз», «Перовский маршы» және т.б. күйлерінің қалай, қандай жағдайда өмірге келгенін суреттейтін тұстар тебіреніске толы. Поэмадағы заманның ауыр көріністері ел ішінде етек алған әділетсіздік пен қиянат оқырман қабылдауына жеңіл әсер етпейтіні анық. Құрманғазы сияқты ұлы өнерпаздардың өскен ортасы еріксіз күрес алаңына айналғаннын оқырман айқын сезіне алады. Х,Ерғалиевтың атақты поэмасы осындай көркемдік табыстар тұрғысынан да ұтып тұрғаны сөзсіз.
Ақынның көркемдік эстетикалық тұрғыдан назар аударуға татитын шығармаларының бірі – «Күй-дастан» (1970) поэмасы.
Туындыда ақын көрнекті қоғам әрі өнер қайраткері, академик, композитор Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылық сынын әр қырынан алып бейнелуді мақсат етеді. Поэма бірден көзін жаңа тырнап ашқан сәби Ахметтің бесіктегі кезін суреттеуден басталады да, оның есейіп ер жеткен кезеңдерін баяндап отырады. Шырайлы поэтикалық шығармнаың өзегіне негіз болатын жағдаяттар – композитор өміріндегі елеулі қоғамдық және шығармашылық кезеңдер. Ақын композитордың тұлғасын музыкалық әлеммен тығыз баланыста бейнелей отырып, оның рухани өмір жолдарын әсерлі суреттейді. Шығрама біртұтас леппен жазылған. Оның идеясы бас кейіпкердің қоғамдық өміріндее алатын орны да айқын. Зор пафоспен аяқталған поэмада тек ұлы композитордың образы ғана жасалып қоймайды, қазақ музыкасының тылсым құдіретін ашуға, өзіне тән шаттық табиғатын танытуға да талпыныс жасалады.
Оның саяси лирикасы өз кезінде жас ұрпақтың қалыптасуына, отанға елге деген сүйіспеншілігін нығайтуға елеулі қызмет етті десек, артық айтқандық емес.

Приложенные файлы

  • docx 15709509
    Размер файла: 18 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий