dbzh_shpor_bbzhd


1.Деректер базасының даму тарихы.Деректер базасын баскару теориясы дербес пан ретiнде шамамен алганда XXгасырдын 50 жылдарынын басыннан берi дами бастады.Жаксы тасiл iздеудiн белсендi аректi жане акпарат колемiнiн курт осуi,60 жылдардын басында «Деректер корын баскару жуйелерi»(ДКБЖ) деп аталатын арнайы программа комплексiн куруга акелiп сокты.ДКБЖ жалпы ерекшелiгi-онын деректердiн озин енгизу жане сактау гана емес,сонымен катар онын курылымын сипаттайтын процедурасы бар.ДКБЖ баскаруында болатын жане онда сакталатын деректер жазбасымен камсыздандырылган файлдарды,деректер банкi деп атады,содан сон «Деректер коры» деп атады.
2.Деректер базасындағы реляциялық модельдің негізі.Мәліметтердің реляциялық моделі қазіргі уақытта кең таралымға ие болды және барлық қазіргі МҚБЖ мәліметтердің осындай түрде берілуіне бағытталған.Реляциялық модельді өз мәліметтерінде қамтитын (кесте түрінді)мәліметтерді қарастырудың ерекше әдісі және олармен жұмыс және әрекет жасау тәсілдері (байланыстар түрінде) ретінде бейнелеуге болады. Реляциялық модель үш концептуалдық элементтің болуын жорамалдайды: құрылым,тұтастық және мәліметтерді өңдеу, айта кететін жағдай, басқа көптеген реляциялық емес модельдерде осы элементтерден тұрды. Бұл элементтерде кейінгі түсіндірулер үшін қажет болатын арнайы ұғымдар бар, оларды қысқаша түсіндіріп өтейік.Кесте мәліметтердің тікелей «сақтаушысы» ретінде қарастырылады.Реляциялық жүйелерде кестені қалыптасқан дәстүр бойынша қатынас деп атайды. Кестенің жолын кортеж десе, бағанын артибут деп атайды. Оған қоса артибуттардың бірегей атаулары (қатынас шеңберінде) бар. Кестедегі котежднр саны кардинальды сан деп аталса, атрибуттар саны-дәреже деп аталады.Қатынас үшін бірегей идентификатор қолданылады, яғни мәндері бір уақытта бірдей болмайтын бір немесе бірнеше атрибуттар, мұндай идентификаторды алғашқы кілт деп атайды. Домен дегеніміз осы немесе басқа атрибут үшін мүмкін біртекті мәндердің жиынтығы болып табылады. Сонымен, домен ретінде аталынған мәліметтер жиынтығын қарастыруға болады, бұл жиынтықтың құрамдас бөліктері логикалық бөлінбейтін бірліктер (домен ретінде, мысалы, мекеменің қызметкерлерінің фамилияларының тізімі бола алады, алайда кестеде барлық фамилиялар болмауы да мүмкін) болып табылады.Реляциялық жүйелерде кестені қалыптасқан дәстүр бойынша қатынас деп атайды. Кестенің жолын кортеж десе, бағанын артибут деп атайды. Оған қоса артибуттардың бірегей атаулары (қатынас шеңберінде) бар. Кестедегі котежднр саны кардинальды сан деп аталса, атрибуттар саны-дәреже деп аталады. Қатынас үшін бірегей идентификатор қолданылады, яғни мәндері бір уақытта бірдей болмайтын бір немесе бірнеше атрибуттар, мұндай идентификаторды алғашқы кілт деп атайды.
3.Деректер базасындағы реляциялық модель. өріс, жазбалар. Алғашқы кілт.Мәліметтер қорының реляциялық үлгісі.Реляциялық үлгі мәліметтерді кесте түрінде көрсетуге ыңғайлы үлгі болып табылады.Кез-келген желілік немесе иерархиялық сұлбаны екі өлшемді кестелер түрінде көрсетуге болатыны теория жүзінде дәлелденген.Математикалық пәндерде «кесте» түсінігіне «қатынас» (relation) түсінігі сәйкес. Осыдан үлгінің реляциялық үлгі аты шыққан. Мәліметтер қорына қатысты қолданғанда «реляциялық МҚ» және «кестелік МҚ» синоним болып табылады.Реляциялық үлгінің негізгі артықшылықтарының бірі – ол оның біртектілігі. Барлық мәліметтер бірдей форматта, кестелерде сақталған жазба ретінде қарастырылады. Кестедегі әрбір жазба – атрибуттар көмегімен сипатталған немесе нысандар арасындағы қатынас түрінде көрсетілген өмірдің бір нысаны.МҚ-ның кестесіндегі бағананы теориялық әдебиеттерде атрибуттар деп атайды, ал техникалық әдебиеттерде жиірек өріс деп атайды. Жолдарды теориялық әдебиеттерде кортеждер деп атайды, ал техникалық әдебиеттерде жазба деп атайды.Нақты кортеждің бір мәнді идентификациясы үшін қолданылатын атрибут немесе атрибуттар жиыны қатынастың алғашқы кілті немесе жай кілтдеп аталады.
4. Берілгенді жобалау кезеңдері. Нормалау. Жобалау кезеңдері.МҚ жобалау кезінде оның мақсаттарын және оған қойылатын талаптарды анықтау қажет. Нысандар типі бойынша және арасындағы байланыстар бойынша топталады (студент-сессия, оқытушы-пән және т.б.). Бұл кезеңнің соңында "маңыз-байланыс" үлгісі түріндегі концептуалды үлгіні аламыз. Осы қарастырғандардан төменде қарастырылатын кезеңдер туындайды, яғни ақпараттық жүйенің мәліметтер қорын жобалау процесі осы кезеңдерге бөлінген:1) Концептуалды жобалау – мәліметтерге қойылатын талаптарды жинау, талдау және өңдеу. Ол үшін келесі шаралар орындалады:- пәндік облысты зерттеу, оның ақпараттық құрылысын оқу;-ақпараттық нысандар мен олардың арасындағы байланыспен сипатталатын, қолданушыға қажетті мәлімет фрагменттерін анықтау;- барлық ақпараттан үлгі құрастыру және біріктіру.2)Нысандарды нормалау. Нысандарды нормалау кестелерді нормалау процесіне ұқсас және алдында қарастырылып өткен.Нормалау процедурасы.Кестелерді 3НФ (НФБК) түріне келтіру процедурасын қарастырайық. Функционалдық тәуелділіктер – кез-келген кестедегі бірінші реттік кілт бір мағынада кез-келген өрісті бейнелейтіндей тәуелділік болу керек. «Бір факт бір орында» деген принцип кесте ішінде басқа функционалдық тәуелділіктер болмауы керек дегенді айтады. Нормалау мақсаты да тура осы және басқа функционалдық тәуелділіктерді жою
5.Бірінші қалыпты форма.Қалыпты формалар (ҚФ) әдісін қолданып МҚ-н жобалау итерациялық процесс болып табылады және қатынасты белгілі бір ережелер бойынша 1-ші қалыпты формадан одан гөрі жоғары қалыпты формаға біртіндеп өткізу болып табылады. Әр қалыпты формада ФТ табылады. Жалпы 5 қалыпты форма бар:1ҚФ , 2ҚФ, 3ҚФ – күшейтілген Бойс-Кодд формасы, 4ҚФ, 5ҚФ. Бірінші қалыпты форма (1ҚФ). Қатынас 1ҚФ-да дейді, егер оның атрибуттары қарапайым болса, яғни жалғыз мән қабылдайды. Бастапқы берілгендер қатынасы 1ҚФ-да болатындай құрылуы керек. Оқытушылар қатынасында ФИО, Топ, Пән – құрмалас кілт бар, олар жалғыз мән қабылдайтын болғандықтан 1ҚФ-да. 1.5.б-сурет бойынша Стаж – Стаж-қ – Каф – Қызметі – Жалақы атрибуттары ФИО – кілттік өрістен бөлшекті ФТ екендігі көрінеді. Бұл ФТ келесіні көрсетеді:1.Қатынаста айқын және айқын емес шамадан тыс қайталанулар бар.2.Шамадан тыс қайталану салдарынан жөндеу кезінде проблемалар туындайды.Сондықтан, бұл проблемалардан құтылу үшін 2ҚФ-ға өткізген дұрыс.
6.Екінші қалыпты форма.Қалыпты формалар (ҚФ) әдісін қолданып МҚ-н жобалау итерациялық процесс болып табылады және қатынасты белгілі бір ережелер бойынша 1-ші қалыпты формадан одан гөрі жоғары қалыпты формаға біртіндеп өткізу болып табылады. Әр қалыпты формада ФТ табылады.Жалпы 5 қалыпты форма бар:1ҚФ , 2ҚФ, 3ҚФ – күшейтілген Бойс-Кодд формасы, 4ҚФ, 5ҚФ.Екінші қалыпты форма (2ҚФ). Қатынас 2ҚФ-да дейді, егер ол 1ҚФ-да болып, оның әрбір кілттік емес атрибуты кілттік атрибуттардан толық ФТ болса. 1ҚФ-дан 2ҚФ-ға өткізу «жоғалтусыз декомпозициялау» әдісімен орындалады. Оны проекциялау әдісі дейді. Мысалы R(A,B,C,D,E,…) қатынасы бар болсын. Шамадан тыс қайталануы бар C – D ФТ-тен құтылу үшін оны екі қатынасқа декомпозициялаймыз: R1(A,B,C,E,…) және R2(C,D). Сонда R2 қатынасы C,D атрибуттарына R қатынасының «жоғалтусыз проекциясы» болады.1.6.-суретте Оқытушылар қатынасының 2 қатынасқа декомпозициялануы көрсетілген. Мұндағы R1, R2 қатынастарында оқытушылардың аты-жөнінің (ФИО) қайталануын тоқтатты. Бірақ R2 қатынасында айқын емес шамадан тыс қайталану әлі бар, енді одан құтылу үшін 3ҚФ-ға өткізу керек.
7.Үшінші қалыпты форма.Үшінші қалыпты форма (3ҚФ). Қатынас 3ҚФ-да болады, егер ол 2ҚФ-да тұрып, оның әрбір кілттік емес атрибуты кілттік атрибуттардан транзитивті емес ФТ болса.R1 қатынасы Оқытушылар МҚ-ң 2ҚФ-сы.R1 қатынасында транзитивті тәуелділік жоқ болса, R2 қатынасында транзитивті тәуелділік бар:ФИО – Қызметі – Жалақы.ФИО – Жалақы – Қызметі.ФИО – Стаж – Стаж-қ.Транзитивті ФТ шамадан тыс қайталануды туындатады. Одан құтылу үшін R2 қатынасын бірнеше қатынастарға бөлшектейміз: R3, R4, R5 қатынастары 1.7.-суретте көрсетілген. R3 қатынас R4 қатынасы 3ҚФ-ғы R3, R4, R5 қатынастары Олардың әрқайсысы 3ҚФ-да. R3 қатынасында Қызметі атрибутының орнына Жалақы атрибутын қойып жаңа қатынас құруға болады. Оларда шамадан тыс қайталану жоқ болса, осы этаптан кейін МҚ-ң жобалануы аяқталуы керек. Егер қатынаста тағы да шамадан тыс қайталанулар бар болса, онда күшейтілген Бойс Кодд 3ҚФ-ға (БКҚФ) өткізу керек.
8.Нормалау процедурасы.Кестелерді 3НФ (НФБК) түріне келтіру процедурасын қарастырайық. Функционалдық тәуелділіктер – кез-келген кестедегі бірінші реттік кілт бір мағынада кез-келген өрісті бейнелейтіндей тәуелділік болу керек. «Бір факт бір орында» деген принцип кесте ішінде басқа функционалдық тәуелділіктер болмауы керек дегенді айтады. Нормалау мақсаты да тура осы және басқа функционалдық тәуелділіктерді жою.Екі мүмкін болатын нұсқасын қарастырайық.Нұсқа 1. Кестеде DK, EК өрістерінен тұратын құрама бірінші кілт және А, В және С өрістері болсын. А өрісі функционалды түрде құрама кілттің EК өрісіне тәуелді, 4-суретті қараңыздар. Бұл жағдайда EК өрісі бар (бірінші реттік кілт ретінде) және А өрісі бар қосымша кесте құрастыру ұсынылады . А кілттік емес өрісі бастапқы кестеден жойылады. Онда DK, EК, В, С өрістері қалады.Нұсқа 2. Кестеде бірінші реттік кілт СК, А және В өрістері бар. А өрісі функционалды түрде СК кілтіне және В кілттік емес өрісіне тәуелді. Нормалау кезінде ВK (бірінші реттік кілт ретінде) және А өрістерінен тұратын қосымша кесте құрылады.. А өрісі бастапқы кестеден жойылады және онда СК және В өрістері қалады. СК, А, В СК, В + ВК , А Қарастырылған кестелерді декомпозициялау ережелерін қолдануды қайталай отырып, НФБК формасында емес кез-келген кесте үшін НФБК формасында болатын және басқа функционалдық тәуелділіктері жоқ қарапайым кестелерді алуға болады.3 кестеде көрсетілген Деканат қатынасын нормалау үшін келтірілген тәсілдерді қолданайық.Деканат қатынасындағы тәуелділіктерді анықтайық.Деканат қатынасының құрама бірінші кілті ретінде Студенттің аты-жөні, Пән өрістерінің жиынын қолданайық. Мұнда бірдей фамилиялылар болмайды деп қабылдайық. Бұны кейінірек түзетуге болады. Әрбір студент оқу жоспарының пәндері бойынша емтихан және рубеждік бақылау тапсырады және бағаланады, яғни Баға және Күні өрістері пән атымен бірдей жүреді. Яғни Студенттің аты-жөні және Пән өрістері құрама бірінші кілт болады.Есеп беру түрі, Сағат саны, Оқытушының аты-жөні, Лек өрістерінің әрбіреуі – құрама бірінші кілттің тек Пән өрісінен функционалдық тәуелділікте, Студенттің аты-жөні өрісіне тәуелді емес.Жоғарыда көрсетілген 1-нші нұсқаға сәйкес Деканат кестесінің декомпозициясын жүргізейік. Пән, Есеп беру түрі, Сағат саны, Оқытушының аты-жөні және Лек өрістерін бөлек Оқу жоспары қатынасында көрсетейік, 8-нші кестені қараңыз. Онда Пән өрісі бірінші реттік кілт ретінде көрсетілген.8 кесте – Оқу жоспары қатынасы
Бастапқы Деканат қатынасынан Есеп беру түрі, Сағат саны, Оқытушы және Лек өрістері жойылады. Қатынастың қалған бөлігін Сессия қорытындысы қатынасы деп атайық, 9 кестені қараңыз.9 кесте – Сессия қортындысы қатынасы
Оқу жоспары қатынасын толытырып көрейік. Пән кілттік өрісіндегі мәндер қайталанатыны көрініп тұр, бұл қателік. Пәннің коды атты жаңа бірінші реттік кілт құрамыз, Сессия қорытындысы қатынасындағы Пән өрісін де Пәннің коды өрісіне өзгертеміз.10 кесте – Оқу жоспары қатынасы
Енді Есеп беру түрі және Сағат саны өрістері кілттік өріс пен қатар Пән кілттік емес өрісіне де тәуелді. Кестені 2-нші нұсқауға сәйкес декомпозициялаймыз және екі жаңа кесте аламыз.11 кесте – Оқу жоспары қатынасы
Оқу жоспары қатынасында Лек өрісі артық, өйткені әртүрлі пән үшін бір мәнді бірнеше рет енгізу керек. Сонымен қатар Лек өрісі Пән кілттік емес өрісіне тәуелді. Бұл кемшілікті жою үшін бөлек поле Лектер кестесіне апару керек және Студенттер саны бойынша ЕГЖ, курстық жұмыс және емтихандағы жұмысының сағатын есепке алатын өріс қосамыз. 13 кесте – Лектер (фрагменті)
Бұл декомпозиция арқылы біз бастапқы кестені нормаланған кестелер жиынына түрлендірдік. Барлық алынған кестелер НФБК формасына келтірілген. Алынған МҚ-ның мәліметтер сұлбасы 5-суретте келтірілген.
9.Кестені 3НФ келтіру. Өрісті анықтаудың бірегейлігі.Нормалау процесі бұл – мәндерді қайталау және олардың қарама-қайшылығын болдырмау мақсатында бастапқы кестені бірнеше жаңа кестелерге бөлу. Нормалау мақсаты әрбір факт бір орында ғана жазылатын мәліметтер қорын алу. Нормалау деңгейлері нормалы форма бойынша анықталады. Егер кестенің әрбір ұяшығында атомарлы, бөлінбейтін мән орналасса, онда кесте бірінші нормалы формада деп айтады, қысқаша 1НФ деп жазады.1НФ-ға қосымша келесі нормалау деңгейлері анықталады: екінші нормалы форма (2НФ), үшінші нормалы форма (ЗНФ).Екінші нормалы форма Егер кесте 1НФ-да болса және оның бірінші реттік кілтке кіретін барлық өрістері құрама кілт бола алатын бірінші реттік кілтпен функционалдық тәуелділік те болса, онда кесте екінші нормалы формада (2НФ).Үшінші нормалы форма. Егер кесте 2НФ-да болса және оның бірде бір кілттік емес өрісі басқа кілттік емес өріспен функционалдық тәуелділікте болмаса, онда кесте үшінші нормалы формада (3НФ).МҚ-ның кестесіндегі бағананы теориялық әдебиеттерде атрибуттар деп атайды, ал техникалық әдебиеттерде жиірек өріс деп атайды. Жолдарды теориялық әдебиеттерде кортеждер деп атайды, ал техникалық әдебиеттерде жазба деп атайды.Өрістердің арасындағы екі түрдегі тәуелділікті анықтаймыз: функционалдық (бірмағыналық) және көп мағыналық.Функционалдық тәуелділік қарастырылатын кестедегі өріс мәндерінің арасындағы «бірдің-бірге» типтегі байланыс түріне жатады.Көп мағыналық тәуелділік. Көп мағыналық тәуелділік кезінде кестенің көп мағыналы бір өрісі сол кестенің басқа өрісін білдіреді (бірінші өрістің әрбір мәніне екінші өрісітің бірнеше мәні сәйкес келсе).
10.Инфологиялық моделдің көмегімен ДБ жобалау.Маңыз және байланыстар. «Маңыз және байланыс» үлгісі негізінде МҚ-ын жобалаудың тағы бір әдісін қарастырайық. Келесі анықтамалары: Маңыз (Сущность-entity) – бұл басқа нысандардан өзгешелігін табатын қандай да бір әдіспен анықталатын нысан. Мысалдар: нақты бір адам, студент, мекеме, оқиға және т.б. Маңыздар жиыны (entity set) – бір типтегі маңыздар жиынтығы (бірдей қасиеті бар). Мысалдар: барлық адамдар, студенттер, мекемелер, мейрамдар және т.б. Кез-келген пәндік облысты байланысқан маңыздар жиыны ретінде көрсетуге болады.Маңыз (нысан) атрибуттар жиынымен анықталады. Олар осы маңыздар жиынының барлық даналарының қасиетін сипаттайды. Мысалы, студенттер жиынын қарастырайық. Олардың әрбіреуін атрибуттар (қасиеттер) көмегімен сипаттауға болады: сынақ кітапшасының нөмірі, аты-жөні, туған күні, тобы. Сондықтан, «Студент» (Студент) маңызы келесі атрибуттардан тұра алады: «№ зачетной книжки» (Сынақ кітәпшасының №), «Ф.И.О студента» (Студенттің аты-жөні), «Дата рождения» (Туған жылы), «Группа» (Топ) және т.б.Маңыз кілті - бұл берілген маңызды тура анықтайтын бір және көп атрибуттар. Біздің мысалда «Студент» (Студент) маңызының бірінші реттік кілті «№ зачетной книжки» (Сынақ кітәпшасының №) атрибуты бола алады, қалған атрибуттардың мәні қайталанады. Байланыстар жиыны (relationship set) – маңыздар арасындағы қатынас.
11. Мән және байланыс. Байланыс жиыны: біреу біреуге, көп біреуге, біреу көпке, көп көпке.«Маңыз және байланыс» үлгісі негізінде МҚ-ын жобалаудың тағы бір әдісін қарастырайық. Келесі анықтамалары: Маңыз (Сущность-entity) – бұл басқа нысандардан өзгешелігін табатын қандай да бір әдіспен анықталатын нысан. Мысалдар: нақты бір адам, студент, мекеме, оқиға және т.б. Маңыздар жиыны (entity set) – бір типтегі маңыздар жиынтығы (бірдей асиеті бар). Мысалдар: барлық адамдар, студенттер, мекемелер, мейрамдар және т.б.Кез-келген пәндік облысты байланысқан маңыздар жиыны ретінде көрсетуге болады.Маңыз (нысан) атрибуттар жиынымен анықталады. Олар осы маңыздар жиынының барлық даналарының қасиетін сипаттайды.Мысалы, студенттер жиынын қарастырайық. Олардың әрбіреуін атрибуттар (қасиеттер) көмегімен сипаттауға болады: сынақ кітапшасының нөмірі, аты-жөні, туған күні, тобы. Сондықтан, «Студент» (Студент) маңызы келесі атрибуттардан тұра алады: «№ зачетной книжки» (Сынақ кітәпшасының №), «Ф.И.О студента» (Студенттің аты-жөні), «Дата рождения» (Туған жылы), «Группа» (Топ) және т.б.Маңыз кілті - бұл берілген маңызды тура анықтайтын бір және көп атрибуттар. Біздің мысалда «Студент» (Студент) маңызының бірінші реттік кілті «№ зачетной книжки» (Сынақ кітәпшасының №) атрибуты бола алады, қалған атрибуттардың мәні қайталанады.Байланыс (relationship) - это бірнеше аңыздардың арасында орналасқан қауымдастық. Байланыс мысалдары:- әрбір «Студент» (Студент) қандай да бір топта оқығандықтан, «Студент» (Студент) және «Группа» (Топ) нысандарының арасында «учится» (оқиды) байланысы болады;- студенттердің біреуі топ басшысы болғандықтан «Студент» (Студент) және «Группа» (Топ) арасында екінші «руководит» (басқарады) байланысы болады.График түрінде сұлбаларда нысандар (маңыздар) тіктөрбұрышта көрсетіледі, ал байланыстар ромбта, 8 суретті қараңыздар.МҚ жобалау әдістемесінде ұсыныс бар екенін айта кеткен жөн. Ол ұсынысқа сәйкес, маңыздар зат есіммен, ал байланыстар етістіктермен көрсетіледі, бірақ бұл міндетті емес. Байланысты зат есіммен көрсетуге болады, ары қарай солай істелінеді. Сонымен қатар, маңыз деп нені, байланыс деп нені санау анықтамасы жоқ. Осыдан, байланыстың да тарибуттары болуы мүмкін.Байланыстар жиыны (relationship set) – маңыздар арасындағы қатынас. Келесідей байланыс дәрежелері болуы мүмкін:а)бірдің-бірге (белгіленуі 1:1). Бұл бір міндеттегі нысанға тек бір міндеттегі нысан ғана сәйкес екенін білдіреді. «Студент» (Студент) және «Группа» (Топ) арасындағы «руководит» (басқарады) байланысы осындай, шындығында да бір староста тек бір ғана топты басқара алады.б) бірдің-көпке (1:К). Бұл жағдайда бір міндеттегі нысанға басқа міндеттегі бірнеше нысан аәйкес келеді. «Студент» (Студент) және «Группа» (Топ) арасындағы «учится» (оқиды) байланысы осындай. Әрбір топта бірнеше студент оқуы мүмкін, ал студент тек бір топта ғана оқи алады. Мұндай түрдегі байланыс 8 суретте келтірілген.в) Көптің-бірге (К:1). 1:К байланысына ұқсас.г)Көптің-көпке (К:К). Бұл жағдайда нысандардың әрбіреуіне басқа нысанның бірнеше данасы сәйкес келуі мүмкін.
12. Жобалау кезеңі. Концепциялы жобалау. Маңыздардың нормалауы.МҚ жобалау кезінде оның мақсаттарын және оған қойылатын талаптарды анықтау қажет. Нысандар типі бойынша және арасындағы байланыстар бойынша топталады (студент-сессия, оқытушы-пән және т.б.). Бұл кезеңнің соңында "маңыз-байланыс" үлгісі түріндегі концептуалды үлгіні аламыз.Осы қарастырғандардан төменде қарастырылатын кезеңдер туындайды, яғни ақпараттық жүйенің мәліметтер қорын жобалау процесі осы кезеңдерге бөлінген:1) Концептуалды жобалау – мәліметтерге қойылатын талаптарды жинау, талдау және өңдеу. Ол үшін келесі шаралар орындалады:- пәндік облысты зерттеу, оның ақпараттық құрылысын оқу;-ақпараттық нысандар мен олардың арасындағы байланыспен сипатталатын, қолданушыға қажетті мәлімет фрагменттерін анықтау;- барлық ақпараттан үлгі құрастыру және біріктіру.2)Нысандарды нормалау. Нысандарды нормалау кестелерді нормалау процесіне ұқсас және алдында қарастырылып өткен.
13.Деректер базасының жобасын жасау.ERWIN ортасында реляциялық деректер базасын жобалау.Мазмұндауды электронды сауалнама жүйесінің деректер базасын ERWIN арқылы жобалау мысалында қарастырайық.Мәселенің қойылымы: Жоғары оқу орындарында әлеуметтік сауалнама жүргізу білім беру сапасын бағалаудың қосымша әдістерінің бірі болып табылады. Сауалнама білім беру үрдісін ұйымдастырудың деңгейін және университеттің құрылымдық бөлімдернің қызметтерін бағалауда шынайы мәлімет алу мақсатында жүргізіледі және мұндай әлеуметтік зерттеудің нәтижелері мамандардың кәсіби қызметін бағалау үшін пайдаланады.Ақпараттық жүйе жобалаудың алғашқы кезеңі автоматтандырылатын мәселені формалдық сипаттау, ақпараттық жүйенің толық және қайшылықсыз функционалдық жжәне ақпараттық моделін құру болып табылады. Бұл мұнымен айналысатын мамандарға жоғарғы кәсіби шеберлік талабын қоятын көп еңбекті қажет ететін ұзақ мерзімді, логикалық күрделі жұмыс.Деректер қорын жобалаушының ыңғайлы және мықты құралмен жабдықтау үшін базаны жобалау реляциялық үлгі термині емес, тақырыпты концептуалдық моделі терминінде орындалады.Концептуалдық моделдің екі түрі қолданылады: Семантикалық модель мәселеге қатысты нақты маңыздардың мәні мен байлансын көрсетеді;Нысанға бейімделген модель мұнда тақырыпқа қатысты ұғымдар реляциялық кестелер арқылы емес, нысан арқылы кескінделеді.Электронды сауалнама жүйесінің концептуалдық моделін деректерді моделдеудің кең таралған CASE құралы PLATINUM фирмасының Erwin бағдарламасы арқылы жобалау әдісіне тоқталсақ, бағдарламаны START\ PLATINUM Erwin EPX 3.5.2 | PLATINUM Erwin 3.5.2 нүсқауы арқылы іске қосуға болады.
14. Мәліметтер қоры теориясы туралы түсінік.Мәліметтер қоры (МҚ) – қандай да бір білім облысындағы (металлургия, білім, кәсіпорын, энергетика) нақты өмірдің нысандары жайлы мағлұматтардың жиынтығы.Ақпараттық жүйелерді жасаумен байланысты ең күрделі жіне жауапкершілік есептердің бірі мәліметтер қорларын жобалау болып табылады. Осы есепті шешу нәтижесінде мәліметтер қорларының мазмұны, оның болашақ пайдаланушыларына тиімді мәліметтерді ұйымдасьырудың әдісі және мәліметтерді басқарудың инструменталды құрылғылары анықталу керек. Мәліметтер қорының құрылымын нақты жобалауда семантикалық модельдеу әдісі қолданылады.Бұл әдісте мәліметтердің құрылымы олардың мағынасы сүйемелденіп модельденеді.Мәліметтер қорларын жобалау нәтижесінде модельденетін тақырып аймақтың концептуалды сұлбасы ER-диаграммасы пайда болады.Мәліметтер қорының жобасы өңделгеннен кейін оны белгілі мәліметтер қорларын басұару жүйесінде МҚБЖ іске асыруын бастауға болады.Қазіргі кездегі мәліметтер басқару ақпараттық технологиялар реляциялық мәліметтер қорларын басқару жүйелерін қолдануда негізделген.
15. Мәліметтер қорының негізгі ұғымдары.МҚБЖ (СУБД) – программалар кешенінен тұратын мәліметтер қорын басқару жүйесі.Нысан – өмірде бар және басқалардан ажыратылатын қасиетке ие (кәсіпорын, студент, оқытушы). Нысандар бұл тек қана материалды заттар емес, ол абстрактты түсініктер: оқиғалар, шешімдер, нормалар.Атрибут немесе мәлімет – қандай да бір нысанды сипаттайды және сандық, мәтіндік және басқа да күйі болуы мүмкін.Кодтау. Атрибуттардың мәніндерінің тізімін жиі жағдайда кодтайды. Кодтауды бір тектес, ыңғайлы болу үшін, енгізу қателігін болдырмау үшін қолданады. Мысалы, «Тула з-ты», «тула зауыты», «Тула зауыты» адам үшін бірдей мағынада, ал ДК үшін әртүрлі мәліметтер болады. МҚ-нда фото немесе сайттарға сілтеме орнатуға болады. Егер ұяшыққа ештеңе жазылмаса оны бос деп санайды (мәні Null), Null мәнін пробел белгісімен (оның коды 32) немесе нөлмен (оның коды 48) шатастыруға болмайды.МҚ желілік, иерархиялық немесе кестелік (реляциялық) құрылымда болуы мүмкін.Желілік құрылым 1-суретте келтірілген.Желі түйіндерінде мәліметтер орналасады. Мұндай мәліметтер қорын автоматтандыру қиын.
16. МҚ-ның архитектурасы.Мәліметтерге қол жеткізу әдістерінің дамуының маңызды аспектісі келесі идея болып табылады: пайдаланушылармен қабылданатын мәліметтердіңт логикалық құрылымы мен олармен әрекеттесуді компьютерлік жабдықтар талап ететін мәліметтерді физикалық көрсетуден бөліп тастау. МҚБЖ-ның жасалуын зерттейтін ғылыми процесінде әр түрлі іске асрулар ұсынылды. 1978 жылы америкалық АНСИ (Американский национальный андартный институт) институты мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің жалпы құрылымын ұсынды. Бұл құрылым үш деңгейлі архетиктура деген атұа ие боды: мәліметтер қорының қарастыратын абстракциялаудың үш деңгейі. Бұл құрылымның үш деңгейі келесілер: концептуалды, сыртқы және ішкі деңгейлер. Ұсынылған мәліметтер қорларын ұйымдастырудың үш деңгейлі жүйесі ең тиімді болып табылады. Мәліметтер қорының логикалық сұлбасын анықтайтын деңгей- концептуалды деңгей болады. Физикалық деңгей-сыртқы ақпаратты сақтау құрылғылары орналасқан файлдардағы мәліметтер. Мәліметтер қорына көзқарасты анықтайтын мәліметтер қорының құрылымды деңгейі- ішкі деңгей деп аталады.
17.Жергілікті мәлеметтер қоры.Мәліметтер қоры (МҚ) – ақпаратты сақтауды және ыңғайлы да жылдам қатынас құруды қамтамасыз етеді.Ол нақтылы бір ереже бойынша ұйымдасқан әр түрлі сипаттағы мәліметтер жиынтығы болып табылады. МҚ мен қолданбаның өзара орналасуына қарай жергілікті және қашықтатылған деп бөлінеді. Жергілікті МҚ-мен операциялар орындау үшін жергілікті МҚ қолданылады. МҚ-ғы мәліметтерді өңдеуші қолданбаны құру кезінде МҚ-ң орналасуы анағұрлым әсер етеді.Осыған орай, қолданбаның келесі түрлерін айырады:- жергілікті МҚ қолданатын қолданбалар бірдеңгейлі (бірзвенолық) деп аталады, себебі қолданба мен МҚ біртұтыс файлдық жүйені құрайды;-қашықтатылған МҚ қолданатын қолданбаларды екідеңгейлі (екізвенолық) және көпдеңгейлі (көпзвенолық) деп бөледі. Екідеңгейлі қолданбалар клиенттік дәне серверлік бөліктерден тұрады;-Көпдеңгейлі (әдетте үшдеңгейлі) клиенттік және серверлік бөліктерден басқа қосымша бөліктерден де тұрады. Мысалы, үшдеңгейлі қолданбаларда клиенттік бөлік, қолданба сервері және МҚ сервері бар;
18. Қашықтықтағы мәліметтер қоры.Мәліметтер қоры (МҚ) – ақпаратты сақтауды және ыңғайлы да жылдам қатынас құруды қамтамасыз етеді.Ол нақтылы бір ереже бойынша ұйымдасқан әр түрлі сипаттағы мәліметтер жиынтығы болып табылады.МҚ мен қолданбаның өзара орналасуына қарай жергілікті және қашықтатылған деп бөлінеді. ал қашықтатылған МҚ-мен жұмыс жасау үшін клиент-ерврлік қолданбалар қолданылады. МҚ-ғы мәліметтерді өңдеуші қолданбаны құру кезінде МҚ-ң орналасуы анағұрлым әсер етеді.Осыған орай, қолданбаның келесі түрлерін айырады: жергілікті МҚ қолданатын қолданбалар бірдеңгейлі (бірзвенолық) деп аталады, себебі қолданба мен МҚ біртұтыс файлдық жүйені құрайды;-қашықтатылған МҚ қолданатын қолданбаларды екідеңгейлі (екізвенолық) және көпдеңгейлі (көпзвенолық) деп бөледі. Екідеңгейлі қолданбалар клиенттік дәне серверлік бөліктерден тұрады; ;-Көпдеңгейлі (әдетте үшдеңгейлі) клиенттік және серверлік бөліктерден басқа қосымша бөліктерден де тұрады. Мысалы, үшдеңгейлі қолданбаларда клиенттік бөлік, қолданба сервері және МҚ сервері бар;
19.Мәліметтердің модельдері.Базада сақталған деректердің логикалық құрылымын деректерді өрнектеу моделі н/е деректер моделі д.а.МҚ қандайда бір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын мәліметтер тұрады. Деректер моделінің негізгі түрлері: иерархиялық, тораптық, реляциялық, постреляциялық, көпөлшемді және нысанаға-бейімделген модельдер.Деректер моделін анықтау-нақты тақырыпта қарастырылатын барлық бизнес-әрекеттерге қатысы бар деректерді жинақтау және жүйелеу әдісі болып табылады.Деректердің моделін дайындау өңделетін ақпарат ағымын талдаудың бірден бір мықты құралы және реляциялық деректер базасын құрудың негізі болып саналады.Дербес компьютерге арналған қазіргі уақыттағы МҚ-ы реляцилық болып табылады.Реляциялық үлгі атауы XXғ. 70ж. IBM фирмасының қызметкерлері Эдгар Кодд ұсынған relation (қатынас) ағылшын терминінен пайда болған. Реляциялық МҚ қатынастармен байланысқан кестелер жиынтығы құрайды.Реляциялық үлгінің жетістіктері: қарапайымдылық, құрылымының иілгіштігі, компьютерде жүзеге асыру жеңілдігі, теориялық сипаттамасының бар болуы.
20.Мәліметтердің иерархиялық моделі.Иерархиялық модельде мәліметтер арасындағы байланысты реттелген граф (немесе тармақ) көмегімен сипаттауға болады. Қандай да бір программалау тілінде иерархиялық МҚ-ның құрылымын сипаттауға мәліметттердің «тармақ» типі қолданылады. Мәліметтердің «тармақ» типі ПЛ/1 және Си программалау тілдеріндегі «құрылым»-ға, және Паскаль тіліндегі «жазу»-ға ұқсас. «Тармақ» типі құрама болып табылады. «Тармақ» типі өзіне ішкі типтерді (ішкі тармақты) қамтиды. «Тармақ» типіне кіретін элементарлық типтердің әрқайсысы қарапайым немесе құрама «жазу» типі болып табылады. Қарапайым жазу типі бір ғана типтен, ал құрама «жазу» типі қандай да бір типтердің жиынтығынан тұруы мүмкін. Иерархиялық мәліметтер қоры «жазу» типті экземплярдан тұратын «тармақ» типті мәліметтердің экземплярының реттелген жиыны болып табылады. Типтердің арасындағы туыстық қатынас жазулардың арасындағы қатынасқа ауысады. Жазулар өрісі мәліметтер қорының негізгі мазмұнын құрайтын сандық немесе символдық мәндерді сақтайды. Иерархиялық мәліметтер қорындағы барлық элементтерді тексеру әдетте жоғарыдан төмен немесе солдан оңға қарай жүргізіледі. Иерархиялық мәліметтер қорында келтірілген терминологиядан басқа да терминология қолданылуы мүмкін. Мысалы, IMS жүйесінде «жазу» ұғымын «сегмент», «МҚ-ның жазуы» ұғымын «тармақ» типінің бір экземплярына қатысты барлық жазулар жиынтығын түсінеміз. Компьютер жадында иерархиялық мәліметтердің физикалық орналасуын ұйымдастыру үшін төмендегідей әдістер тобы қолданылады:• жадының тізбектеле үлестірілуі бойынша сызықтық тізіммен берілуі (адрестік арифметика, сол тізімдік құрылым),• байланысқан сызықтық тізіммен берілуі (көрсеткіштер мен анықтамалықтарды пайдаланатын әдіс).Иерархиялық ұйымдастырылған мәліметтерді манипуляциялаудың негізгі операциялары:• МҚ-ның көрсетілген экземплярын іздеу;• бір тармақтан басқа тармаққа көшу;• тармақ ішінде бір жазудан басқа жазуға ауысу;• көрсетілген орынға жаңа жазуды қою;• ағымдағы жазуды өшіру және т.б.Мәліметтердің иерархиялық моделінің жетістігіне компьютер жадының тиімді пайдаланылуы мен мәліметтермен жасалатын негізгі операциялардың орындалу уақытының көрсеткіштері жатады.Мәліметтердің иерархиялық моделі иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс істеуге ыңғайлы болады. Күрделі логикалық байланыстармен ақпаратты өңдеудің қиындығы иерархиялық модельдің кемшілігі болып табылады. Мәліметтердің иерархиялық моделіне МҚБЖ-ң салыстырмалы түрде шектеулі ғана саны негізделген, олардың ішінен шетелдік IMS, PC/Focus, TeamUp және Data Edge және Ресейлік Ока, МИРИС және ИНЭС жатқызуға болады.
21.Мәліметтердің желілік моделі.Мәліметтердің желілік моделі желілік құрылымның мәліметтерін ұсынуға және оларменамал әрекет жасауға арналған мәліметтер моделі.Желілік модельдер әр түрлі файлдардағы жазбалар арасында күрделілеу қатынастарды сүйемелдеді.Желілік модельдің негізгі объектілері келесі:мәліметтер элементі,мәліметтер агрегаты,жазба,мәліметтер жиыны.Мәліметтер қорын басқаратын жүйе көмегімен пайдаланушыға қол жеткізуге болатын минималды ақпараттық бірлік мәліметтер элементі болып табылады.Модельдегі жалпылаудың келесі деңгейіне мәліметтер агрегаты сәйкес.Модельде агрегаттардың екі типті анықталған:вектор типті агрегат жіне қайталанатын типті агрегат.Мәліметтер агрегатының аты болады,жүйеде осы ат бойынша агрегатқа қатысу болады.Нақты ортаның объектілерінің кейбір класын модельдейтін агрегаттар жиыны яғни мәліметтер элементі жазба деп аталады.
22.Мәліметтердің реляциялық моделі.Барлық мәліметтер жатық және тік жолдардан тұратын кестелерді реляция деп,олардың моделін реляциялық модел деп атаймыз.Рляциялық модель жиындар теориясы мен предикаттар логикасынан шығатын математикалық принциптерде негізделген.Реляциялық модель мәліметтерді көрсету әдісін,мәліметтірді қорғауәдістерін және мәліметтермен орындалатын операцияларды анықтайды.Реляциялық модельдің аты ол кестелер арасындағы қатынастарды көрсететін болғандықтан деген пікір дұрыс емес.Керісінше реляциялық моделдің аты оның негізінде болатын қатынастардан пайда болады.Реляциялық модель негізінде келесідей түсініктемелер болады:мәліметтер типі,атрибут,домен,бастапқы кілт,қатынас.
23.Мәліметтердің постреляциялық моделі.Постреляциялық модель мәліметтердің постреляциялық моделі кестенің жазбаларында сақталған мәліметтердің бөлімбеушілік шектеуін алып тастайтын кеңейтілген реляциялық моделә болып табылады.постреляциялық модель көп мәнді,яғни мәндерді ішкі мәліметтерден құралған өрістерден тұрады.
24.Мәлімттердің объектілі бағытталған моделі.Объектіге бағытталған модль объектіге бағытталған модедль тармақталған түрінде беріледі.Объектіге бағытталған деректер қорының логикалық құрылымы сырттай иерархиялық деректер қорына ұқсас.
25.Мәліметтердің көпөлшемді моделі.Көп өлшемді модель.Қордағы мәліметтерді берудің көп өлшемді тәсілі реляциялық модельмен бірге пайда болды, бірақ осы уақытқа дейін нақты жұмыс істейтін көп өлшемді МҚБЖ өте аз болды. 90-шы жылдардың ортасынан бастап, бұл модельге қызығушылық жаппай етек алды. Бұған реляциялық тәсілдің негізін салушылардың бірі Э.Коддтың 1993 жылы жазған программалық мақаласы түрткі болды. Онда OLAP (Online Analitical Processing-жедел аналитикалық өңдеу) класындағы қойылатын 12 негізгі талап тұжырымдалған. Олардың ішіндегі ең маңыздысы көп өлшемді мәліметтерді өңдеу мен концептуальды беру мүмкіндіктерімен байланысты. Көп өлшемді жүйелер шешім қабылдаумен талдау жүргізуге арналған ақпараттарды жедел өңдеуге мүмкіндік береді.Ақпараттық жүйелер тұжырымдамасының дамуында төмендегідей екі бағытты бөліп көрсетуге болады:• жедел (транзакциялық) өңдеу жүйесі;• аналитикалық өңдеу жүйесі (шешім қабылдауды сүйемелдеу жүйесі).Көп өлшемді МҚБЖ ақпаратты интерактивті аналитикалық өңдеуге арналған МҚБЖ болып табылады. Енді көп өлшемді МҚБЖ-де пайдаланатын негізгі ұғымдарға тоқталайық: мәліметтердің болжанатындығы, тарихилығы және агрегаттылығы.Мәліметтердің агрегаттылығы-ақпаратты жалпылаудың әртүрлі деңгейінде қарастыруды көрсетеді. Ақпараттық жүйелерде пайдаланушы үшін ақпаратты берудің даралылығы оның деңгейіне тәуелді болады: талдаушы,пайдаланушы-оператор, басқарушы, жетекші.Мәліметтердің тарихилығы мәліметтердің және олардың өзара байланысының жоғары деңгейдегі тұрақтылығын, сондай-ақ, уақытқа байланыстылығының міндетті болуын қамтамасыз етеді.
26.Реляциялық мәліметтер қоры. Негізгі концепциялары.Реляциялық мәліметтер қоры - өзара байланысқан кестелерден тұрады.Кестелер файлдарда сақталып, нақты бір каталогқа орналастырылады. Әрбір 66 кестелер өріс-бағандардан, жолдар-жазбалардан тұрады. Байланысқан кестелер:негізгі және тәуелді болып байланысады.Бір кесте біреумен негізгі байланыста болады да, екінші біреумен тәуелді болып байланыста болуы мүмкін.Реляциялық мәліметтер қорының (МҚ) басқа модельдерден ерекшелігі–пайдаланушы қалай істеу керектігін емес, оған қандай мәліметтердің қажет екендігін көрсетеді. Осы себепті реляциялық жүйелердегі МҚ бойынша орын ауыстыру және навигация процестері автоматты түрде болады, бұл міндетті МҚБЖ-да оптимизатор атқарады. Сонымен оптимизатор мәліметтердің қандай кестеден таңдалып алынатынын, мұндай кестелерде ақпараттардың қаншалықты көп екендігін, жазбалардың кестеде физикалық реті қандай екендігін және олардың қалай топтасқандарын және т.б. анықтай білуі қажет.Сонымен қатар, реляциялық МҚБЖ каталог қызметінде атқарады.Каталогта МҚ құралған барлық объектілердің – кестелер, индекстер, триггер және т.б. сипаттамалары сақталады. Бұл бүкіл жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне өте қажет, себебі оптимизатор өз жұмысында каталогта сақталынатынақпаратты пайдаланады. Каталогтың өзі де кестелер жиынтығы болып табылады, сондықтан МҚБЖ ерекше әдістер мен тәсілдерге сүйенбей-ақ,дәстүрлі құралдарды пайдалана алады.Реляциялық жүйелерде кестені қалыптасқан дәстүр бойынша қатынас деп атайды. Кестенің жолын кортеж десе, бағанын артибут деп атайды.Оған қоса артибуттардың бірегей атаулары (қатынас шеңберінде) бар. Кестедегі котежднр саны кардинальды сан деп аталса, атрибуттар саны-дәреже деп аталады.Қатынас үшін бірегей идентификатор қолданылады, яғни мәндері бір уақытта бірдей болмайтын бір немесе бірнеше атрибуттар, мұндай идентификаторды алғашқы кілт деп атайды. Домен дегеніміз осы немесе басқа атрибут үшін мүмкін біртекті мәндердің жиынтығы болып табылады. Сонымен, домен ретінде аталынған мәліметтер жиынтығын қарастыруға болады, бұл жиынтықтың құрамдас бөліктері логикалық бөлінбейтін бірліктер (домен ретінде, мысалы, мекеменің қызметкерлерінің фамилияларының тізімі бола алады, алайда кестеде барлық фамилиялар болмауы да мүмкін) болып табылады
27. Реляциялық алгебра.Реляциялық алгебра-бір немесе бірнеше қатынастар негізінде берілген қатынастарды өзгертпей басқа қатынасты құруға мүмкіндік беретін амалдардың теориялық тілі Амал нәтижесі іштестірілген өрнекті құруға мүмкіндік беретін басқа амал үшін операнда ретінде қолданыла алады(реляциялық алгебраның тұйықтығы).Реляциялық алгебра барлық корртеждар бір команда арқылы өңделетін тіл болып табылады.Амалдар жиынын анықтаудың бірнеше варианттары бар. Негізгі бес амалы: Таңдау; Проекциялау; Декарттық көбейтінді; Біріктіру.
28.Реляциялық алгебрадағы негізгі амалдар.Реляциялық алгебра барлық корртеждар бір команда арқылы өңделетін тіл болып табылады.Амалдар жиынын анықтаудың бірнеше варианттары бар. Негізгі бес амалы: Таңдау; Проекциялау; Декарттық көбейтінді; Біріктіру.Осы амалдар негізінде төмендегідей басқа амалдарды алуға болады: Айырма; Қосу; Қиылысу; Бөлу.Таңдау және проекциялау – унарлы, қалғандары – бинарлы амалдар.Таңдау предикат(R) – Таңдау амалы берілген шартты(предикатты)қанағаттандыратын R қатынасының кортеждарынан тұратын қатынасты анықтайды.Проекциялау Патр1,…,атрn(R) – Проекциялау амалы атрибуттары атр1, …атрn болатын және тек унарлы кортеждан құралған қатынасты анықтайды (нәтижеден қайталанатын мәндер алынып тасталынады).Декарттық көбейтінді RS – Декарттық көбейтінді амалы әрбір R қатынасындағы кортежға бір S қатынасындағы кортежді конкатенацияның(яғни жалғастыру) нәтижесі арқылы анықталатын жаңа қатынасты анықтайды.Айырма R-S -Айырма амалы S қатынасында жоқ R қатынасындағы кортеждар кірістірілген жаңа қатынасты анықтайды. Мұнда R және S қатынастары үйлесімді болуы керек.Қосу амалы Егер қолданушыға берілген шартты қанағаттандыратын декарттық көбейтіндінің белгілі бір бөлігі ғана керек болса, негізгі амалдардың бірі қосу амалы қолданылады. Қосу амалының бірнеше түрі бар:тета – қосу;нақты қосу;сыртқы қосу;жартылай қосу.
29.Қатынастар және олардың түрлері.Әмбебап қатынас (кесте)МҚ жобасын қатынастарды нормалау әдістемесін қолданып құруға болады.Деканат мәліметтер қорын құру қажет болсын. Онда студенттердің барлық жоспарланған пәндер бойынша емтихан тапсыруы көрсетілуі керек. Сонымен қатар, МҚ оқытушының сағат түріндегі жұмысы ескерілуі керек. Пәндік облысты талдау нәтижесі бойынша рубеждік баға және емтихандық баға қатысты пәнді бірнеше тәуелсіз атаулармен көрсету қажет. Мысал, ТОЭ орнына ТОЭ-лекция, ТОЭ практика, ТОЭ зертханалық деп жазу керек.Сонымен, МҚ-ндағы негізгі өрістер: Студенттің аты-жөні, Пән, Есеп беру түрі, Баға, Тапсыру күні, Сағат саны, Оқытушының аты-жөні, Студенттер легі. Деканат кестесінің бұл түрі әлі қатынасқа жатпайды, өйткені оның кейбір өрістері басқа өрістерге тәуелді, тек Студенттің аты-жөні, Пән өрістері ғана тәуелсіз. Оларды құрама бірінші реттік кілт ретінде ал3 кесте – Деканат әмбебап қатынасы (фрагмент)
30.Мәліметтер қорын жобалау.Мәліметтер қоры (МҚ) – қандай да бір білім облысындағы (металлургия, білім, кәсіпорын, энергетика) нақты өмірдің нысандары жайлы мағлұматтардың жиынтығы.МҚБЖ (СУБД) – программалар кешенінен тұратын мәліметтер қорын басқару жүйесі.Нысан – өмірде бар және басқалардан ажыратылатын қасиетке ие (кәсіпорын, студент, оқытушы). Нысандар бұл тек қана материалды заттар емес, ол абстрактты түсініктер: оқиғалар, шешімдер, нормалар.Атрибут немесе мәлімет – қандай да бір нысанды сипаттайды және сандық, мәтіндік және басқа да күйі болуы мүмкін. Кодтау. Атрибуттардың мәніндерінің тізімін жиі жағдайда кодтайды. Кодтауды бір тектес, ыңғайлы болу үшін, енгізу қателігін болдырмау үшін қолданады. Мысалы, «Тула з-ты», «тула зауыты», «Тула зауыты» адам үшін бірдей мағынада, ал ДК үшін әртүрлі мәліметтер болады. МҚ-нда фото немесе сайттарға сілтеме орнатуға болады. Егер ұяшыққа ештеңе жазылмаса оны бос деп санайды (мәні Null), Null мәнін пробел белгісімен (оның коды 32) немесе нөлмен (оның коды 48) шатастыруға болмайды.МҚ желілік, иерархиялық немесе кестелік (реляциялық) құрылымда болуы мүмкін. Желілік құрылым 1-суретте келтірілген.Желі түйіндерінде мәліметтер орналасады. Мұндай мәліметтер қорын автоматтандыру қиын.
31.Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері.Артықшылық және қарама-қайшылықӘмбебап қатынасты қолданғанда екі мәселе туындайды:- мәліметтер артықшылығы. Кестедегі өріс мәндері бірнеше рет қайталанады, мысалы, Дисциплина, ФИО студента;- потенциалды қарама-қайшылық. Мысалы, ТОЭ зер. пәнінің сағаттар санын өзгерту қажет болса, онда түзету үшін осы пән жайлы ақпараттары бар барлық жолдарды тауып, олардың бәрін өзгерту керек. Сонымен қатар, мұндай кестені толтырғанда кездейсоқта бір мәнді әртүрлі жазып қою мүмкіндігі бар, мысалы: «ТОЭ зер.» және «ТОЭ зер». Көрсетілген мәселелерді кестелерді нормалау арқылы шешуге болады.Нормалау процесі бұл – мәндерді қайталау және олардың қарама-қайшылығын болдырмау мақсатында бастапқы кестені бірнеше жаңа кестелерге бөлу. Нормалау мақсаты әрбір факт бір орында ғана жазылатын мәліметтер қорын алу. Нормалау деңгейлері нормалы форма бойынша анықталады.Егер кестенің әрбір ұяшығында атомарлы, бөлінбейтін мән орналасса, онда кесте бірінші нормалы формада деп айтады, қысқаша 1НФ деп жазады.Мысалы, Класс өрісінде «10 б» жазбасының мәні атоммарлы емес, сондықтан класс нөмірі және класс символын әртүрлі өрістерде жазу қажет.1НФ-ға қосымша келесі нормалау деңгейлері анықталады: екінші нормалы форма (2НФ), үшінші нормалы форма (ЗНФ).Функционалдық және көп мағыналық тәуелділік.Өрістердің арасындағы екі түрдегі тәуелділікті анықтаймыз: функционалдық (бірмағыналық) және көп мағыналық.Функционалдық тәуелділік. 1 кестеде Фирма, Өнім коды өрістері бірмағыналы функционалды түрде Санағыш кілтіне тәуелді. 2 кестеде Тауар өрісі функционалды түрде құрама кілтке тәуелді (Кілттік өріс 1, Кілттік өріс 2). Функционалдық тәуелділік қарастырылатын кестедегі өріс мәндерінің арасындағы «бірдің-бірге» типтегі байланыс түріне жатады.Көп мағыналық тәуелділік. Көп мағыналық тәуелділік кезінде кестенің көп мағыналы бір өрісі сол кестенің басқа өрісін білдіреді (бірінші өрістің әрбір мәніне екінші өрісітің бірнеше мәні сәйкес келсе).Мысал ретінде 4 кесте фрагментін қарастырайық. Бұл кестеде көп мағыналық тәуелділік бар Пән-Оқытушы. Математика дәрістер пәнін бірнеше оқытушы жүргізеді (Усов И. И., Петин К. К.), сәйкесінше олар емтихан қабылдауға қатыса алады. Есеп беру түрі және Оқытушы өрістерінің арасында функционалдық тәуелділік жоқ, бұл ақпарат артықтығына әкеледі. Бұл кестеге лекциялық және практикалық сабақтарды жүргізетін тағы бір оқытушының фамилиясын енгізу үшін кестеге рубеждік бақылау және емтихан үшін екі жаңа жазба енгізу қажет болады. 4 кесте – Бақылау қатынасының фрагменті
32.Мәліметтер қорымен жұмыс жасау құралдары.Мәліметтермен жұмыс жасау үшінмәліметтер қорын жобалап, жасаған жеткілікті емес. Мәліметтерге қол жеткізу, оларды өңдеу мүмкіншіліктері болу қажет. Сондықтан пайдаланушыға ыңғайлы түрде мәліметтермен жұмыс жасауға негізделген арнайы бағдарламаны-« клиенттік қолданбалы» жасау керек. Жалпы кезде бір мәліметтер қорымен әртүрлі қолдабалының көп деген саны жұмыс жасауы мүмкін. Бір мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын қолданбалыларды қарастырған кезде олар параллельді және бір-бірінен тәуелсіз жұмыс жасай алады деп есептелінеді. Бірнеше қолданбалылардың бірлестірілген мәліметтер қорымен келісілген жұмыстарын (әр қолданбалы басқалардың өзгерістерін есепке алып, өзі дұрыс орындалуы керек) МҚБЖ қамтамасыздандырады.
33.Мәліметтер жиыны – кестелер жиынтығы және мәліметтер қорына кіретін процедуралар және басқа да объектілер. Мәліметтер қоры – қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның бөліміндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Мәліметтер қоры (МҚ) – қандай да бір білім облысындағы (металлургия, білім, кәсіпорын, энергетика) нақты өмірдің нысандары жайлы мағлұматтардың жиынтығы. МҚБЖ (СУБД) – программалар кешенінен тұратын мәліметтер қорын басқару жүйесі. Нысан – өмірде бар және басқалардан ажыратылатын қасиетке ие (кәсіпорын, студент, оқытушы). Нысандар бұл тек қана материалды заттар емес, ол абстрактты түсініктер: оқиғалар, шешімдер, нормалар. Атрибут немесе мәлімет – қандай да бір нысанды сипаттайды және сандық, мәтіндік және басқа да күйі болуы мүмкін. Кодтау. Атрибуттардың мәніндерінің тізімін жиі жағдайда кодтайды. Кодтауды бір тектес, ыңғайлы болу үшін, енгізу қателігін болдырмау үшін қолданады. Мысалы, «Тула з-ты», «тула зауыты», «Тула зауыты» адам үшін бірдей мағынада, ал ДК үшін әртүрлі мәліметтер болады.
34.Мәліметтер көзі.(источник данных; data source) – 1) мәлеметтерді оқу құрылғысы; әдетте, мәлңметтер жинауға арналғананалогтық немесе цифрлық құрылғы; 2) коммуникациялық жүйелерде – мәліметтерді жөнелтетін терминалдық құрылғы. 3) Windows жүйесінде «жылжытып алып барып, қалдырып кету» операциясында көшірме алуға арналған мәліметтер көзі.
35. Байланысқан кестелермен жұмыс. Байланыстар жиыны (relationship set) – маңыздар арасындағы қатынас. Келесідей байланыс дәрежелері болуы мүмкін: а)бірдің-бірге (белгіленуі 1:1). Бұл бір міндеттегі нысанға тек бір міндеттегі нысан ғана сәйкес екенін білдіреді. «Студент» (Студент) және «Группа» (Топ) арасындағы «руководит» (басқарады) байланысы осындай, шындығында да бір староста тек бір ғана топты басқара алады. б)бірдің-көпке (1:К). Бұл жағдайда бір міндеттегі нысанға басқа міндеттегі бірнеше нысан аәйкес келеді. «Студент» (Студент) және «Группа» (Топ) арасындағы «учится» (оқиды) байланысы осындай. Әрбір топта бірнеше студент оқуы мүмкін, ал студент тек бір топта ғана оқи алады. Мұндай түрдегі байланыс 8 суретте келтірілген. в)Көптің-бірге (К:1). 1:К байланысына ұқсас. г)Көптің-көпке (К:К). Бұл жағдайда нысандардың әрбіреуіне басқа нысанның бірнеше данасы сәйкес келуі мүмкін.
36. SQL тілінің негіздері.Қолданушы МҚ-нан мәліметтер алу үшін SQL тілінің көмегімен сұраныс құрады. Сұраныс нәтижесі қолданушының компьютер-клиентінде көрсетіледі. SQL тілі мәліметтерді тек басқаруға мүмкіндік береді, өйткені онда экрандық интерфейсті құру құралдары жоқ. Бұл интерфейсті құру үшін C, C++, Pascal тілдері және есептерге-негізделген xBase, Informix 4Gl, Progress тілдері қызмет етеді. Программаның соңғы мәтініне SQL тілінің операторларын қосады, олар программа орындалған кезде МҚ-ның серверіне беріледі. Сервер мәліметтерді басқарады. SQL-сұраныстарды орындау нәтижесі қолданбалы программаға қайтып келеді (қажеткерге). Қажеткердің ары қарай жұмысы (мәліметтерді көрсету, ретке келтіру) қолданбалы программа арқылы жүреді. Қажеткерлер саны бір серверге 20-ға дейін жетуі мүмкін.
37.SQL функциялары.SQL тілінде қолданылатын негізгі функциялар:-Статистикалық функциялар:• AVG() – орташа мән;• MAX() – ең үлкен мән;• MIN() – ең кіші мән;• SUM() – қосынды;• COUNT() – мәндердің саны;• COUNT(*) – нөлдік емес мәндердің саны;- Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар:• UPPER(Str) – Str символдық жолды жоғарғы регистрге айыстыру; • LOWER(Str) – Str символдық жолды төменгі регистрге айыстыру;• TRIM(Str) – Str жолының бастапқы және соңғы бос орындарын өшіру;• SUBSTR (Str FROM TO) – Str жолынан, өзі симводардан тұратын, n1 жолынан бастап, n2 жолымен аяқталатын ішкі жолды бөліп алу; • CAST(<Expression> AS <Type>) – Expression өрнегін Type типіне келтіру;-Дата және уақытпен жұмыс істейтін функция:• EXTRACT(<Элемент> FROM <Өрнек>) – дата және уақыт мәндерінен тұратын өрнектен, сәйкес көрсетілген элементтен мәндер алу; дата және 87 уақыт элементі ретінде YEAR, MONTH. MINUTE және SECOND элементтерін көрсетуге болады.
38.Мәліметтерді анықтау (Data definition) – сіз өзіңіздің мәліметтер қорыңызда қандай ақпараттар сақталынатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін,сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз.Кейбір жағдайларда сіз, сонымен қатар, мәліметтерді тексеру форматы мен критерийін бере аласыз;
39.Мәліметтер қорына енудің реляциялық әдіс.SELECT операторы.Мәліметтерді таңдау.Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялық МҚБЖ болып үшке бөлiнедi.Кез-келген мәліметтер қоры деректердің реляционды моделіне негізделеді.Мәліметтердің реляционды моделінің негізінде қатынастар (relation - ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр. Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады.Реляционды мәліметтер қоры – бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі.Мәліметтер қорына енуді TDataSet класы қамтамасыз етеді.Кестедегі МҚ-ның орнын DataBaseName қасиеті анықтайды. МҚ-на амалдар орындау үшін МҚ-на енудің екі әдісі қолданылады:1. Навигациялық әдіс;2. Реляциялық әдіс.Енудің навигациялық әдісі деп мәліметтер тобының әр жеке жазбасын өңдеуді айтады. Ол локальді МҚ-на немесе қашықтықтағы шағын МҚ-на қолданылады. Енудің навигациялық әдісінде әрбір мәліметтер тобының ағымдағы жазбасында көрінбейтін көрсеткіш болады. Көрсеткіш реакцияланатын немесе жою операциялары орындалатын жолды көрсетеді. Енудің реляциялық әдісі жазбалар тобын өңдеуге негізделген. Егер бір жазбаны өңдеу қажет болса да, негізінен жазбалар тобы өңделеді және олар бір жазба ретінде қарастырылады. Енудің реляциялық әдісі SQL сұранымдарға негізделген.Таңдау (белгілеу, ерекшелеу) (Выбор (выделение, маркирование; selecting) Windows ортасында — жұмыс үстелінің кез келген объектісіне тышқан меңзерін алып барып, оны шерту операциясы. Осылай белгіленген объект түсі өзгеріп ерекшеленеді. Объектілерді белгілеу пернелер арқылы да жүргізіледі, ол үшін жебелік бағыттауыш пернелер арқылы белгіленген көмескі сигнал бір объектіден екіншісіне біртіндеп жылжытылады. Мәліметтерді жылжыту, көшіру, жою осы белгіленген объектілер арқылы (тек солар үшін) жүзеге асырылады. Келесі бір объектіні белгілеу оның алдындағы белгілеуді алып тастайды; Реляциялық алгебрада — кортежді берілген қатынаста сұрыптаудың арнайы операциясы.Мәліметтерді таңдау (Выбор данных; data selection) — мәліметтер жиынынан берілген шартқа сәйкес келетін ішкі жиынды бөліп алу.
40.Мәліметтер қорына енудің реляциялық әдіс.Мәліметтерді сұрыптау.Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялық МҚБЖ болып үшке бөлiнедi. Кез- келген мәліметтер қоры деректердің реляционды моделіне негізделеді.Мәліметтердің реляционды моделінің негізінде қатынастар (relation - ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр. Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады.Реляционды мәліметтер қоры – бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі.Мәліметтер қорына енуді TDataSet класы қамтамасыз етеді.Кестедегі МҚ-ның орнын DataBaseName қасиеті анықтайды. МҚ-на амалдар орындау үшін МҚ-на енудің екі әдісі қолданылады:1. Навигациялық әдіс;2. Реляциялық әдіс.Енудің навигациялық әдісі деп мәліметтер тобының әр жеке жазбасын өңдеуді айтады. Ол локальді МҚ-на немесе қашықтықтағы шағын МҚ-на қолданылады. Енудің навигациялық әдісінде әрбір мәліметтер тобының ағымдағы жазбасында көрінбейтін көрсеткіш болады. Көрсеткіш реакцияланатын немесе жою операциялары орындалатын жолды көрсетеді. Енудің реляциялық әдісі жазбалар тобын өңдеуге негізделген. Егер бір жазбаны өңдеу қажет болса да, негізінен жазбалар тобы өңделеді және олар бір жазба ретінде қарастырылады. Енудің реляциялық әдісі SQL сұранымдарға негізделген.Мәліметтер сұрыптау.Мәліметтер жиынының сұрыпталған жазбаларымен жұмыс істеу ыңғайлы болады. Сұрыптау жазбалардың анықталған өрістері бойынша өсі реті немесе кему реті бойынша сұрыпталады.Сұрыптау бағыттаy ағымдағы индекстің ixDescending параметрі анықтайды, қалыпты жағдайда қосылмаған болады және сұрыптау мәндерініғ өсу реті бойынша орындалады. Егер ixDescending индексінің белгісі қосылған болса, онда сұрыптау мәндердің кему реті бойынша орындалады. Жазбаларды сұрыптауды орындалатын индексті қою, IndexName немесе IndexFieldNames қасиеттерінің көмегімен орындалады. IndexName қасиетінің мәні негізінде, оны құрғандағы индекс аты көрсетіледі. IndexFieldNames қасиетін пайдалану барысында сәйкес индекстердің өріс аттары көрсетіледі. Жазба сұрыпталатын өріс IndexName қасиеті арқылы қойылады.
41.Мәліметтер қорына енудің реляциялық әдісі. Мәліметтерді іздеу.Мәліметтер қоры (МҚ) – қандай да бір білім облысындағы (металлургия, білім, кәсіпорын, энергетика) нақты өмірдің нысандары жайлы мағлұматтардың жиынтығы.Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялық МҚБЖ болып үшке бөлiнедi.Кез- келген мәліметтер қоры деректердің реляционды моделіне негізделеді.Мәліметтердің реляционды моделінің негізінде қатынастар (relation - ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр. Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады.Реляционды мәліметтер қоры – бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі. Мәліметтер қорына енуді TDataSet класы қамтамасыз етеді. Кестедегі МҚ-ның орнын DataBaseName қасиеті анықтайды. МҚ-на амалдар орындау үшін МҚ-на енудің екі әдісі қолданылады:1. Навигациялық әдіс;2. Реляциялық әдіс.Енудің навигациялық әдісі деп мәліметтер тобының әр жеке жазбасын өңдеуді айтады. Ол локальді МҚ-на немесе қашықтықтағы шағын МҚ-на қолданылады. Енудің навигациялық әдісінде әрбір мәліметтер тобының ағымдағы жазбасында көрінбейтін көрсеткіш болады. Көрсеткіш реакцияланатын немесе жою операциялары орындалатын жолды көрсетеді.Енудің реляциялық әдісі жазбалар тобын өңдеуге негізделген. Егер бір жазбаны өңдеу қажет болса да, негізінен жазбалар тобы өңделеді және олар бір жазба ретінде қарастырылады. Енудің реляциялық әдісі SQL сұранымдарға негізделген.Мәліметтерді іздеу МҚБЖ – бағдарламалық жабдық, оның көмегiмен МҚ (мәлiметтер қоры) құрылады, соның негiзiнде ақпаратты iздеу жүйесi (АIЖ) құрылады және жұмыс iстейдi. Ақпаратты iздеу жүйесi дегенiмiз – мәлiметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетушi бағдарламалар.Мәліметтерді іздеуді беттің ерекшеленген ауданындағы немесе бүкіл бетте жасауға болады. Басты қосымшасының Редактрлеу тобында Табу және ерекшелеу батырмасын шертіп және Табу командасын таңдаңыз.
42.Есеп берулермен жұмыс. Есеп беру компоненттері.Форма құрылғаннан кейін енді кезекте есептер жасалынады.Есептерді де екі режимі бар :Конструктор режимі және Шебер режимі көмегімен жасалынады.Есеп беруді шебер көмегімен жасайық.Ол үшін шебер көмегімен жасау режимін басамыз.Есептер терезесі пайда болады,ол терезеден бірінші беттен екінші бетке көшу керек. Ол үшін терезеден бірінші беттегі мәліметтерді екінші бетке >/>> батырмаларын басу арқылы жүргізіледі.Көшіргеннен кейін Келесі/Далее түймешігін басу керек. Түймешік басылғаннан кейін топтастыру терезесі ашылады.Топтастырғаннан кейін Келесі/Далее түймешігін басу керек.Келесі терезеге сұрыптау тәртібін таңдау терезесі ашылады.Тәртібін тандағаннан кейін Келесі/Далее түймешігін басамыз.Осыдан кейін макеттің түрін таңдау терезесі ашылады.Макет таңдалғаннан кейін көрініс стилін таңдаймыз.Барлығын жасап біткеннен кейін басылымға ат беріп сақтаймыз.Сақталған басылымды ашқан кезде яғни барлық мәліметтер шығады.Есептерді құру – барлық деректер қорын ,сонымен қатар деректер қоры объектілерін жеке – жеке өзімізге ыңғайлы етіп баспаға беру үшін қолданылатын объект болып табылады.Есеп беру –мәлiметтердi баспадан шығаруға арналған.Есеп беру – қағазға басып шығаруға арналған, мәлiметтердi көрудiң ерекше формасы. Мәлiметтер қорын баспаға шығармастан бұрын, қағаз бетiнде қандай түрде бейнеленетiндiгiнжәне қандай жазбалар мен өрiстер енгiзiлетiндiгiн қарастыру керек. Есеп берудi кез-келген бiр кестеден, сұраудан  қарауға  болады.
43.Қарапайым есеп беру.Құжаттардың күнделікті жұмыста қолданылатын белгілі түрлері бар.оларды алу үшін отчет деген объекті жасау керек.Отчеттерді формалар сияқты Мастер режимін қолданып жасауға болады.Топтары бойынша студенттердің тізімдерін алу керек болсын. боладыОтчеттер терезесінде Создать батырмасын басып,жаңа отчеттер терезесін көреміз.Осы терезеде Студенты кестесін және Конструктор режимін таңдаймыз.Таңдалынған кесте негізінде отчетты құру терезесі пайда болады.Вид менюден Сортировка и группировка батырмасын басып,ИндексГруппы,Номерстудента өрістері үшін По возрастанию сұрыптау ретін беріңіз.Студенттердің ортақ тізімі топтарға бөлінуі керек,сондықтан Индекс группы өрісі бойынша Группировка тәртібін беріңіз:осы терезеде Свойства группы қасиеттер тізімінде Заголовок группы және Примечание группы жолдарында Да вариантты таңдаңыз.Отчеттің кестелік бөлігін жасау үшін Номер Студента,ФиоСтудента,Год рождения өрістерін Область данных бөлігіне орнатыңыз.Барлық элементтердің өлшемдерін,олардың орналасуын реттеңіз.Отчет макетін дайындау үшін конструктор режимінде сұраныс құрып Ведомость атымен сақтап қойыңыз.
44. BDE Administrator программасы.BDE Administrator – нақты компьютерде мәліметтер қоры драйверлері мен параметрлерін, псевдонимін қондыру үшін қолданылатын утилита.BDE псевдоним арқылы көрсетілген мәліметтер қорына сәйкес драйвер табады. Драйвер – бұл қандай да бір анықталған типті мәліметтер қорымен қалай хабарласу керек екенін көрсететін көмекші программа. Егер BDE-ның мәліметтер қорын басқару жүйесіне сәйкес келетін өзінің драйвері бар болса, онда BDE мәліметтер қорымен және ондағы қажет кестемен байланысады, қолданушы сұранысын өңдейді және қосымшаға өңдеу нәтижесін хабарлайды.BDE Microsoft Access, Fox Pro, Paradox, dBase сияқты мәліметтер қорына өздігінен ене алады.Егер BDE-нің өзінде қажет мәліметтер қорын басқару жүйесінің драйвері болмаса, онда ODBC драйвері қолданылады. ODBC (Open Database Connectivity)- бұл BDE функцияларына аналогты DLL, бірақ Microsoft өзінің офистік өнімдеріне ODBC қолдануын қосқан соң және ODBC үшін барлық мәліметтер қорын басқару жүйесі драйверлер қосылғандықтан, Borland фирмасы ODBC-ты қолдануға мүмкіндік беретін BDE қосты.Шындығында ODBC арқылы жұмыс жасау BDE-ге қосылған мәліметтер қорын басқару жүйесінің өз драйверіне қарағанда жәй жүргізіледі.Бірақ ODBC-пен қатынасқа байланысты Delphi масштабы үлкейіп, қазір Delphi кез-келген мәліметтер қорын басқару жүйесімен жұмыс жасай алады.BDE SQL- сұраныстардың стандарт тілін қолдайды, ол Sybase, Microsoft SQL, Oracle, InterBase сияқты SQL- серверімен мәліметтер алмасуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік клиент/сервер платформасында жұмыс кезіндекеңінен қолданылады.
45.Database Desktop утилитасы.Delphi құрамына кіретін Database Desktop утилитінің көмегімен кесте құрылады. Database Desktop утилитасы мәліметтер қорымен жұмыс істеуде қажетті барлық әрекеттерді жүзеге асырады.Ол әр түрлі форматтағы мәліметтер қоры кестелерін құруды,қарап шығуды және өңдеуді қамтамассыз етеді.Сонымен қатар,утилита сұранысқұру жолымен ақпараттарды таңдауды орындауға да көмектесді.Жаңа кесте құру үшін Tools мәзірінен Database Desktop командасын таңдап, Database Desktop жүктеу. Database Desktop утилитасының шыққан терезесінен File мәзірінен New командасын таңдау керек және шыққан тізімнен Table – құрылатын файлдің типін таңдау қажет.Сосын Create Table ашылған сұхбат терезесінде құратын кестенің типін таңдау.Нәтижесінде кестенің жазбаларының құрылымын анықтайтын Create Paradox Table сұхбат терезесі ашылады.
46. МҚ-ның типтері.Қорда сақталған мәліметтер анықталған логикалық құрылымда болады,басқаша айтқанда мәліметтер қорын басқару жүйелерін (МҚБЖ) қолдайтын кейбір мәліметтердің берілуінің моделі (мәліметтердің моделі) сипатталады.Классикалық түрге келесі мәліметтер моделі жатады:• иерархиялық,• желілік,• реляциялық.Мұнымен қатар, соңғы жылдары келесі мәліметтер модельдері пайда болды және практикаға белсенді түрде ене бастады:• постреляциялық,• көпөлшемді,• объектіге-бағытталған.Басқа мәліметтер моделіне негізделген, белгілі моделдерді кеңейтетін барлық мүмкін болатын жүйелер жасалынуда. Бұлардың қатарына объектілі-реляциялық, дедуктивт–объектілі-бағытталған, семантикалық, концептуальдық және бағытталған моделдерді жатқызуға болады. Бұл модельдердің кейбірі мәліметтер қорын, білім қорын және программалау тілдерін интеграциялау үшін қызмет етеді.Кейбір МҚБЖ бір уақытта бірнеше моделдерді қолдай алады. Мысалы,ИНТЕРБАЗА жүйесінде қосымшалар үшін мәліметтерді манипуляциялауға желілік тіл қолданылады, ал пайдаланушы интерфейсінде SQL және QBE тілдері қолданылад
Деректер базасының даму тарихы.
Деректер базасындағы реляциялық модельдің негізгі.
Деректер базасындағы реляциялық модель. өріс, жазбалар. Алғашқы кілт.
Берілгенді жобалау кезеңдері. Нормалау
Бірінші қалыпты формасы.
Екінші қалыпты формасы.
Үшінші қалыпты формасы.
Нормалау процедурасы.
Кестені 3НФ келтіру. Өрісті анықтаудың бірегейлігі.
Инфологиялық моделдің көмегімен ДБ жобалау.
Мән және байланыс. Байланыс жиыны: біреу біреуге, көп біреуге, біреу көпке, көп көпке.
Жобалау кезеңі. Концепциялы жобалау. Маңыздардың нормалауы
Деректер базасының жобасын жасау.
14. Мәліметтер қоры теориясы туралы түсінік.
15. Мәліметтер қорының негізгі ұғымдары
16. МҚ-ның архитектурасы.
17. Жергілікті мәліметтер қоры.
18. Қашықтықтағы мәліметтер қоры.
19. Мәліметтердің модельдері.
20. Мәліметтердің иерархиялық моделі.
21. Мәліметтердің желілік моделі.
22. Мәліметтердің реляциялық моделі.
23.Мәліметтердің постреляциялық моделі.
24.Мәліметтердің объектілі-бағытталған моделі.
25. Мәліметтердің көпөлшемді моделі.
26.Реляциялық мәліметтер қоры. Негізгі концепциялары.
27.Реляциялық алгебра.
28.Реляциялық алгебрадағы негізгі амалдар.
29.Қатынастар және олардың түрлері.
30.Мәліметтер қорын жобалау.
31.Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері.
32.Мәліметтер қорымен жұмыс жасау құралдары.
33.Мәліметтер жиыны.
34.Мәліметтер көзі.
35. Байланысқан кестелермен жұмыс.
36. SQL тілінің негіздері.
37. SQL функциялары.
38. Мәліметтерді анықтау.
39.Мәліметтер қорына енудің реляциялық әдісі. SELECT операторы. Мәліметтерді таңдау.
40.Мәліметтер қорына енудің реляциялық әдісі. Мәліметтерді сұрыптау.
41.Мәліметтер қорына енудің реляциялық әдісі. Мәліметтерді іздеу.
42.Есеп берулермен жұмыс. Есеп беру компоненттері.
43.Қарапайым есеп беру.
44. BDE Administrator программасы.
45. Database Desktop утилитасы.
46. МҚ-ның типтері.

Приложенные файлы

  • docx 15706511
    Размер файла: 62 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий