Бт1601 Аманбаева айжан


Бт16-01 Аманбаева Айжан (519c)
6-СӨЖ.
Микроорганизмдердің коррозия түзу қасиеті.
ЭССЕ – 500 сөз
Жоспар:
Кіріспе:
Негізінен коррозия ұғымы туралы түсінік.
Негізгі бөлім:
Оның түрлері және оларға қысқаша сипаттама.
Микроорганизмдердің коррозия түзу қабілеті.
Коррозия тудырушы микроорганизмдермен күресу шаралары.
Қорытынды бөлім:
Коррозия - қоршаған ортаның әсерінен метал бетінің бүлінуі. Конструкциялық материалдардың термодинамиялық орнықсыздығы себебінен бұл кез келген материалдың қиратулары болып табылады.
Негізінен микроорганизмдердің маңызды қасиеті бұл – спора түзушілігі,себебі олар қоршаған ортадағы кез келген өзгерістерге төтеп береді. Аэробты жағдайда өсірілген B. Megaterium sporulate деген бактерия түрі спора түзуге қабілетті. Споралардың қарқынды пайда болуы клетканың стационарлы фазада популяцияның вегетативті өсуімен тікелей байланысты болып келеді.
Жалпы коррозияның түзілуіне ең алдымен микроорганизмдер әсер ететінін біз білеміз. Кернеу қатарының орта шенінде жемірілуге баяу ұшырайтын металдар орналасқан. Олардың біразы, мысалы  Mg, Zn, AI, Cr, Ni жемірілуге төзімді, себебі металдардың бетінде оксидтен тұратын өте жұқа қабықша пайда болып, металдарды қоршаған ортамен жанасудан сақтап тұрады. Адамдар темірдің таттануын жиі кездестіреді, жемірілген темірдің бетін кеуек қоңырқай тат қабаты басады. 
Коррозияның түрлері
Жемiргiш орталардағы түрлері бойынша:
газдық коррозия
атмосферлық коррозия
литолардағы коррозия
электролиттегі коррозия
жерасты коррозиясы
биокоррозия
Тат –  құрамы тұрақсыз өзгеріп отыратын зат. Ылғалды ауада темір бұйымдарының таттанып, бүлінетінін күнделікті тұрмыста жиі кездестіреміз. Темірдің таттануы оттектің және ылғалдың әсерінен болады.Оның химиялық теңдеуі:
2Fe + 2H2O +O2  2Fe(OH)2
 Сонымен қатар металдардың және олардың құймаларының қоршаған орта әсерінен микроорганизм коррозиясы негізгі 2 типке бөлінеді:
Электрохимиялық коррозия
Химиялық коррозия
Электрохимиялық коррозия деп - электроөткізгіштікке ие сұйық электролиттермен электрохимиялық әрекеттесу нәтижесінде металдардың өздігінен бүлінуін айтамыз. Мұндай электролиттерге су, қышқылдардың судағы ерітінділері, сілті, еріген тұзарды жатқызуға болады. Электрохимиялық коррозия көптеген металдардың термодинамикалық тұрақтылығының төмендігі және олардың иондық қалып кезінде металлдың өтуге ұмтылысы болып табылады. Электролит температурасының өсуіне байланысты коррозия жылдамдығы кейде он немесе жүз есе өсуі мүмкін.
Химиялық коррозия — электр тогын өткізбейтін ортаның әсерінен пайда болады. Ол металдардың әртүрлі бейэлектролиттермен, газдармен, сұйықтармен әрекеттесуінен жүреді. Бұған газ құбырларының, зымыран қондырғыларының түрлі тетіктері ұшырайды. Металдарды жоғары температура өңдегенде, химиялық жемірілу жүруі мүмкін.
Катодта жүрілетін процесс ортаға байланысты болады.
Қышқылдық ортада катодта:
2H+ + 2e- H2
Сілтілік немесе бейтарап ортада:
O2+2H2O+4e- 4OH-
Ал металл бетіндегі процесс:
Men- + nOH- = Me(OH)n
1)Коррозия – тотығу-тотықсыздану процесі:
235839032131000 Mt - ne- Mtn+
Коррозия процесі жүретін ортаны коррозионды немесе агрессивті орта дейді. Коррозия процесінің физикахимиялық негізі бұл металдардың тотығуы және коррозионды орта құратын заттардың тотықсыздануында: 2)Тотықтарғыштар: O2, Cl2, SO2 , CO2 және т.б



Болат Орташа жылдамдықтағы коррозия
х10-3(г/дм3 H) Коррозия
12X20H2T
12X13Г18Д
09Г2С
12Ч18Н10Т
11,25
5513,69
178,40
3,20 Ортаңғы
Бірқалыпты
Ойық
Шұңқыр

Күресу шаралары:
Коррозияға қарсы өнімдер, өз кезегінде саңрауқұлақтар арқылы шоғырланған пероксидтің енуін ынталандырады. Металл құрылымдырына зақым келтіретін сутегі ферменттерінің факторы болып табылады. Мұндай ферменттер каталаза-оксидоредуктазаны қамтиды, пероксидаза өнімдерін негізінен белгілі бір түрі яғни ферменттер жойылады. Көптеген полимер материалдарын жою тотығуды төмендету процестерінің реакциялар жиынтығы болып саналады. Терминалды тотығудың қышқылдану нәтижесінде мұнай өнімдерінің құрамына кіретін алкандар жойылады.осылайша коррозия алдын алуға болады.
Жалпы тақырыбымды қорытындылай кетсем, яғни ең бастысы біз микроорганизмдердің темір, болат, мыс сынды ауыр металдарды коррзияға ұшыратуға қабілетті екендігін білдік. Ол ғана емес ол түрлі заттарды топырақ немесе бензин тәрізді химиялық қосылыстарды да коррозияға ұшыратуға қабілетті болып келеді, Сонымен қатар оның түрлерімен онымен күресу жолдарын, қалай пайда болады осынын барлығына жалпылама сипаттама жасай кеттім. Көптеген микроорганизмдердің түрлері белсенді коррозиялық агенттер болып саналады. Коррозия процесіндегі микроорганизмдердің рөлі электрондардың ферментативті трансформациясы, коррозиялық алмасу өнімдерін босату, дифференциалды аэрация жұптарын қалыптастыру арқылы катодтың деполяризациялын жеделдету мақсаты болып табылады. Шарттарға байланысты микробиологиялық коррозия механизмі аталған процестердің біреуі немесе олардың комбинациясы арқылы түсіндіріледі.


Приложенные файлы

  • docx 15688776
    Размер файла: 431 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий