диктант 6 сынып коктем


Астана қаласы № 56 мектеп-лицейі
Сабақ жоспары
Пән аты : Қазақ тілі
Тақырып : Диктант. Көктем (6 сынып )
Өткізген : Бахыбай Айгерім
Астана 2015 жыл
Күні : 06.02.2015 жыл
Сынып : 6 «Г»
Пән аты : Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : Диктант. Көктем
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Өткен грамматикалық тақырыптардан алған білімдерін тексеру, емле мен тыныс белгілері ережелерін сақтап сауатты жазуын арттыру;
Тәрбиелік : Бір-біріне бөгет болмай, жазба жұмысын жазудағы тәртіпті қатаң сақтауға баулып, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық : Оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту арқылы қазақ сөздерін дұрыс жазуға үйрету. Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың типі : білімді тексеру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері : сұрақ-жауап, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс.
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі :
Сәлемдесу;
Түгендеу;
Оқу құралдарын тексеру.
Жаңа сабақ :
Көктем
Көктем кешігіп шықты. Шығуы да қызық болды. Наурыздың соңын ала төпеп жауған қардан соң жұрт : «Ойпырмай, биыл көктем шықпайтын шығар, мынадай қардан кейін күн тағы да суытпаса неғылсын?» - деп отырғанда, күн ойда жоқта жылынып сала берді.
Күн жылынысымен, қыс бойы үйге қамалып зеріккен кемпір-шалдар шуаққа шығып, қауқылдасып отыратын болды. Балалар да шуақта ойнайды. Шуаққа адамдар ғана емес, жануарлар мен жәндіктер де шықты. Көк аспаннан әрілі-берілі сусылдап ұшқан құстардың шуылы кейде төбеден, кейде аспанның алыс түкпірінен құлаққа талып жетеді.
Тесіліп еріген қар астынан көрінер-көрінбес болып әлжуаз көктер қылтиып келе жатты. Даланың қоңыр салқын, дымқыл желінен жасқанып, дірілдеп, олар да көктемге, өмірге соншалық құштарлықпен бойын созып ұмтылды. (Т. Нұрмағамбетов,107 сөз)
Үйге тапсырма:
Ережелерді қайталау, «Көктем» тақырыбына ой толғау жазу.
Пән мұғалімі : Ж. Е. Әбілқақова
Машықкер: А.Е.Бахыбай

Приложенные файлы

  • docx 15679001
    Размер файла: 18 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий