Сәулет шпор


Сәулет ұғымы. Ғимараттар мен имараттар классификациясы.
Сәулет дегеніміз – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беретін кешенді көркем өнер.
Ғимараттарға қойылатын талаптар.
Ғимараттың ұзақ мерзімге жарамдылық дәрежесіне қарай, ғимараттардың құрылым элементтерінің пайдалану қасиеттерін сақтау және сапасын жоғалтпауды айтады.
Ғимараттарды осы талап бойынша 4 дәрежеге бөледі:
1. пайдалану мерзімі 100 жылдан жоғары
2. пайдалану мерзімі 50-100 жыл
3. пайдалану мерзімі 20-50 жыл
4. пайдалану мерзімі 20 жылдан кем.
Бірыңғайлық(типизация).Үлесім(унификация).Бірыңғай модульдік жүйе.
Бірыңғайлық деп-ең жақсы техникалық және үнемділік жағынан жаппай құрылыста бірнеше рет қолдануға арналған кейбір құрылымдардың және ғимараттардың шешімінің талдауын әзірлеуін және қолданылуын айтады. Ғимараттарға арналған үлгілердің саны және құрама бөлшектердің көлемі шағын болу керек,өйткені үлкен көлемде біркелкі бұйымдарды дайындау және олардың монтажын жүргізу оңай. Ол құрылыстың бағасын төмендетуге және салу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Үйлесім - көлемі және қалпы жағынан біртұтас типтік бөлшектердің көп нұсқаулық түрлерін шағын санды белгілі үлгілерге әкелу үдерісін айтады. Сонымен қатар, бөлшектердің және құрылымдардың көлемін қоса олардың негізгі қасиеттерін үйлестіреді.
Бірыңғай модульдік жүйе(БМЖ)
БМЖ-ғимараттардың құрылымдық элементтерінің және көлемді жоспарлы өлшемдерінің басты модульдік негіздегі жабдықтар мен құрама құрылымдардың өлшемдермен үйлесімділігін анықтайтын ережелер жиынтығы болып табылады. Негізгі модуль(М)-100мм қолданылады. Ал ірі элементтер үшін көлемді туынды М-дер 6000,3000,1500,600,300,200 мм белгіленуі сәйкесінше 60М,30М,15М,6М,3М,2М. Ұсақ элементтер үшін бөлшекті М-дер 30,2010,5,2,1мм сәйкесінше белгіленуі 1/2М,1/5М,1/10М,1/20М,1/50М,1/100М. М-дік жүйе өлшемдердің 3 түрін қарастырады: номиналдық,құрылымдық және табиғи (нақты) өлшемдер.
Номиналдық өлшем-координаттық осьтердің аралығы
Құрылымдық өлшем-бұйымның жобалық өлшемі
Табиғи-бұйымның нақты өлшемі
Ғимараттардың құрылымдық сұлбалары
Ғимараттардың тік көтеруші құрылымдарының кеңістікте өзара орналасуы (бойлық көлденең) және түйілісу (қиылысу) құрылымдық жүйелерінің нұсқаларын ғимараттың құрылымдық сұлбалары деп атайды. Құрылымдық сұлбаларды ғимаратты жобалаудың бастапқы кезеңінде көлемдік жобалау шешімдеріне байланысты таңдалып алынады. Қаңқасыз ғимараттарды жобалағанда төмендегі құрылымдық сұлбалар қолданылады:
а) Аз қадамды көлденең көтеруші қабырғалар, ішкі көтеруші қабырғалар қиылысқан түрде орналасуы.
б) Көлденең көтеруші қабырғалар мен жекеленген бойлық көтеруші қабырғалардың 4,8-7,2 м-ге дейінгі қадам өлшемдері бойынша алмасып орналасуы.
в) Көлденең қабырғалардың үлкен қадамы бойынша сирек көлденең көтеруші қабырғалар және жекелеген көтеруші қатты қабырғалармен орналасуы.
г) Бойлық сыртқы көтеруші қабырғалар және ішкі көтеруші қабырғалар мен сирек орналасқан көлденең қабырғалар.
г) Бойлық сыртқы қабырғалар және сирек орналасқан көлденең диафрагмалармен орналасуы.
Қаңқалы ғимараттарда негізгі элементтерді жобалағанда төмендегі сұлбалар қолданылады:
а) Бойлай орналасқан беларқалы
б) Көлденең орналасқан беларқалы
в) Беларқасыз
Азаматтық ғимараттардың аражабын элементтері, жабын тақталары түрлері, жобалау өлшемдері
Ғимараттардың түрі мен қызметтік мақсатына байланысты көтеруші элементтерінің материалы ағаш, болат, темірбетон арқалықсыз және құрама түрде болады. Практикалық жобалаулар кезінде аражабынтақталарын төмендегі өлшемдері қолданылады:
Біртұтас темірбетон тақталарының өлшемдері:
L=2,4; 3; 3,6; 4,2; 4,5; 6 м
b= 1; 1,2; 1,5; 1,8; 2,4; 3; 3,6; 4,2 м
h=0,12, 0,14, 0,16 м
Қуысты аражабын тақталарының өлшемдері:
L=2,4; 3; 3,6; 4,2; 5,4; 6; 6,3; 9; 10,5; 12 м
b= 1; 1,2; 1,5; 1,8; 2,4; 3; 3,6; 4,2 м
Ұзындығы 9м-ге дейін болғанда, h=0,22м, L=12м болғанда, h= 0,3м
Қабырғалы аражабын тақталарының өлшемдері:
L=2,4; 3; 3,6; 4,2; 4,2; 5,4; 5,7; 6; 6,3; 6,6; 7,2; 9; 10,5; 12 м
b= 1; 1,2; 1,5; 1,8; 2,4; 3; 3,6; 4,2 м
Ұзындығы 6м-ге дейін болғанда h=0,3м, Ұзындығы 9м болғанда, h=0,4м, Ұзындығы 12м болғанда h=0,6 м
Тақта ұзындықтарының нақты өлшемдері көрсетілген мәнінен 30мм-ге,ал ені нақты мәнінен 10 мм-ге қысқартылып белгіленеді.
Аражабындардың және едендердің түрлері мен тағайындалуы.
Аражабындар ғимараттардың жалпы орнықтылығын қамтамасыз етуде үлкен рөль атқарады және олардың элементтерінің қабырғалармен немесе бөлек тіректермен қосылу жүйесіне байланысты соңғыларының көтеруші қабілетіне ықпал етеді.Аражабындар келесі белгілері бойынша топталады: ғимаратта орналасу орны бойынша: жертөле үсті, қабат аралық, шатырлы; конструкциясы бойынша: негізгі элменті төсенгіштер мен жабынның басқа элменттері төселінетін арқалықтары болып табылатын арқалықты ғимараттың вертикальды көтеруші тіректеріне немесе ригельдерге және арқауларға сүйенетін көтеруші плиталардан немесе төсеніштерден тұратын плиталы; көтеруші капительмен вертикальды тірекпен байланысқан плитадан тұратын арқалықсыз: материалы бойынша: құрама темірбетонды, тұтас құймалы темірбетонды, ағаш және болат арқалықтар бойынша аражабындар.Аражабындардың пайдалану сапаларын анықтайтын маңызды талабы қатаңдық деп аталады. Қатаңдық нормалармен тағайындалған шектерден асатын жылжуларды болдыртпайды.
Аражабындардың жеткілікті дыбыс изоляциясы болуы қажет. Осыған байланысты әртүрлі дыбыс изоляциялық қасиеттерімен аражабындардың қабатты конструкциялар қолданылады.
Жылуқорғау талаптары шатырлы және жертөле үсті аражабындар үшін қойылады. Аражабындардың көтеруші қабырғаларға түйіскен жерлеріндегі конструкциясына ерекше назар аудару қажет, себебі қолайсыз жағдайларғаұшыратуы мүмкін, қабырғаларда «суық жалақтары» пайда болуы мумкін.
Аражабындар өртке қарсы талаптарды қанағаттандыруы қажет.
Арақабырғалар,терезелер мен есіктер.
Арақабырға - жекелеген бөлмелердегі күрделі қабырғалар арасында жататын ғимараттағы іргелес үй-жайды бөлетін ішкі қоршалған құралым.
Арақабыргаларды ағаштан, кірпіштен, пластмастан, шлакобетоннан, керамикадан, гипс плиталарынан жэне т.б. материалдардан жасайды. Бөлме аралық арақабырғалардың қалыңдығы 50-180 мм құрайды. Олар ірі қабырғаларды немесе ұсақ элементі болуы мүмкін.
Терезе (окна) - бөлмені жарықтандыруға және желдетуге арналған әйнектелген құралым. Құрылыс тәжірибесінде терезе блоктары жиі қолданылады.
Терезе блоктары терезе жақтауынан, терезенің шыныланған элементтері бекітілген жақтаудан және терезеалды тақтайынан тұрады. Терезе блоктары терезе ойықтарына орнатылады. Кей жағдайда (қабырғалық қабырғаларда) жақтаулар жақтаусыз орнатылады және тікелей ойық еңісіне бекітіледі (оларға алдын ала салынған, алып-салмалы бөлшектерге ілінеді).
Терезелік жақтаулар саңылаусыз (ашылмайтын) және жармалық (ашылатын) болуы мүмкін. Терезенің өлшемдері мен оның суреттеріне байланысты жақтаулар бір, екі, үш және одан көп жармалардың санына ие болуы мүмкін. Жармалар терезенің бүкіл биіктігі бойына немесе қысқартылған болуы мүмкін, сонда терезенің жоғарғы бөлігі саңылаусыз және ашылатын етіп орнатылатын фрамуга түрінде шешіледі.
Терезе түрлері МСТ бойынша беріледі. Бір жактаулы терезелердің минималды ені - 600 мм, ал екі жактаулы терезелер ені - 900 мм, 1100 мм, 1300 мм болып келеді. Терезе жақтаулары ағаштан, темірден және пластмассадан жасайды.
Есіктер - есіктер ғимараттың қасбетінің сәулеттік шешімінде және оның интерьерінде маңызды қызметін атқаратыны белгілі. Есіктер бөлмелерді бір-бірімен көріністік жағынан да, акустикалық жағынан да қажетті шамада оқшаулауы.
Ал сыртқы есіктерде (ғимаратқа көше жақтан кіреберістер, балконға, баспалдақтан пәтерге, кіреберістер) қажетті жылулық-техникалық сапалары болуы тиіс. Есіктердің өлшемдері өздері орналасқан бөлменің қызметіне сәйкес болуы тиіс және қажетті өткізушілік қабілеттілікті (адамдардың өтуі, заттарды тасымалдау) қамтамасыз етуі керек. Есіктер бөлмелердің қызметтеріне байланысты санылаусыз (ДГ/СЕ - маркалы) және әйнектелген (ДО/ӘЕ - маркалы, мөлдір жэне күңгірт шынылы), етіп жасалады.
Баспалдақ.
Ғимараттардың қабаттарын қосатын құрылымдық элемент. Еңіс белдеуінен, қабаттық (қабатпен бір деңгейдегі) және аралық (қабатаралық) баспалдақ алаңшасынан тұрады.
Баспалдақтар негізгі немесе алдыңғы, қызметтік немесе көмекші болып бөлінеді. Қызметтік баспалдақтар жертөлемен хабарласу үшін, төбе жабынға қосымша сыртқа шығудың жолы болып табылады.
Баспалдақ маршы - ек баспалдақ пар қатарынан тұратын баспалдақ құралымының бір бөлігі.
Көлбеу арқалық - баспалдақтың алаңшалары арасында салынған көлбеу арқалық, оған өз кезегінде баспалдақ сатылары төселеді. Өндірістік үй құрылысында жиналмалы баспалдак маршы толығымен темірбетоннан жасалады және олар да көлбеу арқалық деп аталады.
Еңіс баспалдақ - көлденең еңістік бұрышы 60-тан 75-ке дейін болатын баспалдақ.
Тік баспалдақ - көлденең еңістік бұрышы 75-тен астам болатын баспалдақ.
Сыртқы өрт баспалдағы - өрт сөндіру бұйрықтарының жеке құрамын және өрт сөндіру - техникалық кұралдарды ғимараттың немесе имараттың төбесіне шығаруға арналған баспалдақ.
Жасалынатын материалына байланысты темірбетонды, ағаш және болатты болып бөлінеді. Жасалуына байланысты құрамалы және тұтас құймалы темірбетон баспалдағы болып бөлінеді. Қазіргі уақытта құрамалы баспалдақтар көп қолданыста. Әрбір баспалдақ марштан және алаңнан тұрады. Марш негізінен сатылардан жиналған құралымды құрайды. Сатылар - көлбеу аркалыққа немесе тетивке асылады.
9. Ғимараттардың құрылымдық сұлбалары
Ғимараттарды жобалау негіздері. Құрылымдық сұлбалары.
Құрылымдық сұлбалар туралы түсінік.
Қаңқасыз және қаңқалы құрылымды ғимараттар, ерекшеліктері.
Ғимараттардың тік көтеруші құрылымдарының кеңістікте өзара орналасуы (бойлық көлденең) және түйілісу (қиылысу) құрылымдық жүйелерінің нұсқаларын ғимараттардың құрылымдық сұлбалары деп атаймыз. Құрылымдық сұлбаларды ғимаратты жобалаудың бастапқы кезеңінде көлемдік жобалау шешімдеріне байланысты таңдалып алынады. Қаңқасыз ғимараттарды жобалағанда төмендегі құрылымдық сұлбалар қолданылады:
а) Аз қадамды көлденең көтеруші қабырғалар, ішкі көтеруші қабырғалар қиылысқан түрде орналасуы.
б) Көлденең көтеруші қабырғалар мен жекеленген бойлық көтеруші қабырғалардың 4,8-7,2 м-ге дейінгі қадам өлшемдері бойынша алмасып орналасуы.
в) Көлденең қабырғалардың үлкен қадамы бойынша сирек көлденең көтеруші қабырғалар және жекелеген көтеруші қатты қабырғалармен орналасуы.
г) Бойлық сыртқы көтеруші қабырғалар және ішкі көтеруші қабырғалар мен сирек орналасқан көлденең қабырғалар.
г) Бойлық сыртқы қабырғалар және сирек орналасқан көлденең диафрагмалармен орналасуы.
Қаңқалы ғимараттарда негізгі элементтерді жобалағанда төмендегі сұлбалар қолданылады:
а) Бойлай орналасқан беларқалы
б) Көлденең орналасқан беларқалы
в) Беларқасыз
10.Іргетастар және олардың құрылымдық сұлбалары.
Негіз деп ғимараттар мен имараттар салмағын кабылдайтын іргетас астындағы топырақ қабатын айтады. Негіз табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
Жаратылыс қалыптастырған негіздік - табиғи негіз, ал әртүрлі тәсілдермен тығыздалған, бекітілген немесе топырақты жекелей алмастыру жолымен табиғи топырақтың қасиеттерін жасанды түрде өзгерту арқылы жақсартылған негіздік — жасанды негіз деп аталады.
Іргетас (фундамент) - ғимараттың және имараттың (неғізінен жерасты) бөліғі, олар жүктеменің ғимараттан (имараттан) табиғи немесе жасанды негізғе берілуін қамтамасыз етеді. Іргетастың жоғарғьі бөлігін іргетастың беті, ал жүктемені негізге беретін төменгі жазықтығын іргетастың табаны деп атайды. Әдеттегідей оның ең аз тереңдігі 500 мм кем болмау керек.
Іргетестар келесі түрлерге: таспалы іргетас, діңгекті іргетас, тұтасіргетас қадалы үшін қадалы дайындау іргетас болып бөлінеді. Іргетас дайындау үшін кесек тас, кесек тас қосылған бетон, ағаш, күйдірілген кірпіш, т.б. материаолдар қолданылады.
Таспалы іргетас – көтергіш қабырғалардың астында жолақтар (оның ішінде үзбелі) немесе айқас таспалар түріндегі орналасқан құралымдар (мысалы: өзін-өзі көтеретін қабырға астында орналасқан іргетас).
Таспалы іргетастың екі түрі болады: монолитті және құрама.
Монолтитті таспалы іргетасты жасау үшін біріншіден тарншеяға арматуралық каркасты орнатып, содан кейін онын үстіне бетон қуяды.
Ал құрама таспалы іргетасты жасаған кезінде темірбетон блоктарды бір бірімен цемент және арматуралумен бекітеді.
11. Таспалы іргетас.
Көтергіш қабырғалардың астында жолақтар немесе айқас таспалар түріндегі орналасқан құралымдар (мысалы: өзін-өзі көтеретін қабырға астында орналасқан іргетас).
Таспалы іргетастың екі түрі болады: монолитті және құрама.
Монолтитті таспалы іргетасты жасау үшін біріншіден тарншеяға арматуралық каркасты орнатып, содан кейін онын үстіне бетон қуяды.
Ал құрама таспалы іргетасты жасаған кезінде темірбетон блоктарды бір бірімен цемент және арматуралумен бекітеді
12. Қадалы іргетас.
Жүктемені берік топыраққа беруге арналған құралым. Өз кезегінде қадалардан және оларды біріктіретін ростверктен тұрады.
Олардың көлденең қима тұрақгы (цилиндр және призма), ауыспалы (конус және пирамида турінде) келеді.
Қадалардың ұшын байланыстыратын мұндаи арқалық топтама деп аталады
13. Діңгекті іргетас.
Биіктігі бойынша бір немесе бірнеше кемері болатын шаршы немесе тіктөртбұрыш пішінді болатын жеке тұрған іргетас;
14. Шатыр. Итарқалық құрылым.
Шатыр жабынның құрылымы.
Ғимараттың жоғарғы қоршаушы қүралымы. Ол екі бөліктен оқшаулағыш қабаттан (шатырдан) және осі қабатқа түсетін қардың, желдің және шатыр салмағын қабырғаларға немесе қаңқаға тарататын көтерғіш бөліктен (ниарқалардан, фермалардан, жүгіртпелерден, қабырғалардың және т.с.с.) тұрады.
Ғимараттардың төбежабыны шатыр құрылымды еңістікті және жазық немесе шатыр құрылымсыз деген түрлерде болады.
Еңістік өлшемі бұрыштық шамамен жіне пайыздың өлшемімен немесе қатынас түрінде көрсетіледі.
Шатырлар еңіс формасы бойынша болады: біреңісті, екіеңісті, төртеңісті немесе вальмалы, жартылай вальмалы.
Итарқалық шатыр жабынның көтеруші құрылымы жабынның торлама итарқалық құрылым деп аталады.
Итарқалық құрылымдар қиғаш тірелген және аспалы деген екі негізгі топқа бөлінеді.
15. Итарқалық құрылымның элементтері.
Қиғаш тірелген итарқаның негізгі элементтері көлбеу орналасқан 1-2 немесе одан да көп аралықты (пролет) арқалықтар. Ауа қашықтықтары 5-8м. Екі немесе бірнеше тіреу бағанасы бар ғимараттарда көлбеу итарқалы құрылымдар қолданылады. Итарқаның қадамы 0,8-1,2м. Итарқаның беріктігі және орнықтылығы үшін тіреулер мен жүгіртпелер арасында сүйемелдеуші қиғаш тіреулер орнатылады. Сүйемелдеуші тіреулер итарқа аяғының жүктемесінеде қолданылады. Итарқаның тіреу арқалық қашықтығы (арқалықсыз болғанда 5-5,5м аралығында қалады). Арқалық ұзындығы екі аралықты болса 8м дейін болады.
Келесі суретте екі еңісті сүйелмелі итарқасы бар шатыр бейнеленген. Ондағы қүралымдар: 1 - шатыр аражабыны, 2 - мауэрлат, 3 - итарқа аяғы, 4 - торлама (обрешетка), 5 - кобылки. Мауэрлат - итарқаның төменгі бөліктеріне сүйеу болатын және ғимараттың шатырынан түсетін жүктемені таратуға арналған білеу. Тас қабырғаның үстіне орналасады.
17. Климаттық аудандар.

Климаттық аудан Қаңтар айындағы ауаның орташа айлық температурасы, °С Шілде айындағы ауаның орташа айлық температурасы, °С шамасы hcмм 
I  -14 бастап, -28 төмен  0 бастап, 21 дейін  25,0 
II  -3 бастап, -20 дейін  8 бастап, 21 дейін  20,0 
III  -5 бастап, -20 дейін  21 бастап, 27 дейін  15,0 
IV  -12 бастап, 6 дейін  21 – 31 жоғары  7,0 
27. Тұрғын үй бөлмелерінің қызиеттік құрамы, олардың стандарттық өлшемдері.
Ғимараттардың ішкі бөлмелерінің жобсын жобада берілген дереккөздерінен және құрылыс нормаларынан алынады. Қоғамдық ғимараттар ішкі бөлмелердің салыстырмалы түрде орналасуына байланысты көлемдік жобаласу сызбалары қабылданады: 1) дәліздік сұлба орналастырғанда бөлмелер дәліз бойымен бір жағында немесе екі жағында болады. Мысалы, мектеп балабақша; 2) анфиладты сұлба – мұнда дәліз жоқ, бөлмелер өзара тіркелген және қосарланған түрде орналасады, мұражайлар, дүкендер; 3)центрикалы – негізгі ортақ бөлменің маңында кіші бөлмелер, қызметтік бөлмелер орналасады: театрлар, цирк, ойын+сауық орталықтар; 4) залдық сұлба – бұл процесті біріңғайлығы бойынша 4 түрімен орналастыру мақсатында қолданылады. Мысалы, сауда базары, көрме; 5) секциялық сұлба – бұл бөлмелердің жекеленген оқшауланған түрде орналасуы. Мысалы, тұрғын үй пәтерде орналасу; 6) аралас сұлба - залдық, центрикалық және анфиладтық сұлбалар интерьер композициясын қалыптастырады.
30. Ғимараттарды жобалауға қойылатын негізгі талаптар.
Ғимараттарға қойылатын негізгі талаптар.
1) Функционалдық орындылығын (ғимараттың мақсатында толық фитнес);
2) беріктігі;
3) тұрақтылық;
4) төзімділік 50-100 жыл;
5) Жауапкершілік
7) өртке төзімділік;
8) операциялық талаптар - ғимаратта еңбек және тұрмыстық жағдайларын құру;
9) экономика (Жұмыстың материалдары мен әдістерін ұтымды таңдауына байланысты);
10) Сәулет - көркем талаптар.
 Кез келген ғимараттың қанағат қойылатын негізгі талаптар болып табылады:
функционалдық дұрыстығы, яғни құрылыс жұмыс, демалыс немесе ол ниеттелген басқа процесі үшін ыңғайлы болуға тиіс;
Техникалық мүмкіншіліктің, яғни сенімді зиянды ауа райының (төмен температура, жауын, жел) адамдарды қорғау үшін ғимарат жасалуы тиіс. , Яғни күшті бол әр түрлі сыртқы әсер төтеп (мысалы, ғимарат мекендеушілерінің, машиналар мен жабдықтарды жүктеме). Берік, яғни уақыт өте келе өзінің қасиеттерін жоғалтқан емес;
Сәулет - көркем қасиеттер, яғни құрылыс, келбеті, психологиялық жағдайы мен адамдардың санасында оң әсерін тартымды әдемі болуы тиіс;
Осы жағдайда ең сапалы өнімдер алу үшін еңбек, уақыт пен ақшаны ең төменгі шығыстардың бұл сипатталады экономикалық орындылығы, пайдалы алаңы. Сонымен қатар, құны-тиімділігін талап (құрылыс үшін) қайталанбайтын шығындарды, сондай-ақ өзінің арнаулы мақсаты бойынша ғимараттың мерзімі ішінде операциялық шығындарды ғана емес, қолдану керек. Ғимараттың жобалау ескере барлық осы талаптарға жиынтығын алынуы тиіс. Сондықтан, осы талаптарды туындайтын жеке тапсырмалар бір-бірінен оқшау, жалғыз шешу мүмкін емес. Жоба мақсатына, салуға және пайдалануға техникалық және эстетикалық сапасы мен тиімділігін арттыру үшін ғимараттың толық пайдалануды қамтамасыз ету үшін барлық талаптарға сай үйлестірілген және өзара шешімдер нәтижесі болуы тиіс. 
31. Азаматтық ғимараттардың жіктелуі.
Азаматтық ғимараттар тұрғын және қоғамдық болып бөлінеді.
Тұрғын үй құрылысына мыналар жатады:
- пәтер үй;
- жеке үй;
- үй шаруашылықтары;
- жатақхана - адамның ұзақ мерзімді тұруы үшін;
- қонақ үй - қысқа мерзімді тұру үшін;
- мектеп-интернат.
Қоғамдық ғимараттарға мыналарды жатады:
Арнайы Ғимараттар:
- адам қызметінің барлық түрлері үшін
- мектеп;
- балабақша;
- аурухана;
- дүкендер және т.б.
2. Мемлекеттік немесе ірі мәдени құндылықты ғимарат:
- театрлар;
- мұражайлар;
- құрылыс мемлекеттік органдар;
- мәдениет сарайлары;
- спорттық нысандар
Қабат саны бойынша ғимараттар блінеді:
- аз қабатты (2-қабат.);
- орташа биіктікті (3-5 FL.);
- жоғры биіктікті (6-9 FL.);
- биік ғимарат (10-25 FL.);
- өте биік ғимараттар (25-тен астам FL.)/34. Шатыр жабынның қызметі және түрлері.
Шатыр - ғимараттың жоғарғы қоршаушы қүралымы. Ол екі бөліктен оқшаулағыш қабаттан (шатырдан) және осі қабатқа түсетін қардың, желдің және шатыр салмағын қабырғаларға немесе қаңқаға тарататын көтерғіш бөліктен (ниарқалардан, фермалардан, жүгіртпелерден, қабырғалардың және т.с.с.) тұрады.
Ғимараттардың төбежабыны шатыр құрылымды еңістікті және жазық немесе шатыр құрылымсыз деген түрлерде болады.
Еңістік өлшемі бұрыштық шамамен жіне пайыздың өлшемімен немесе қатынас түрінде көрсетіледі. Шатырлар еңіс формасы бойынша болады: біреңісті, екіеңісті, төртеңісті немесе вальмалы, жартылай вальмалы.
Итарқалық шатыр жабынның көтеруші құрылымы жабынның торлама итарқалық құрылым деп аталады.
Шатырсыз төбелер (төбежабындар) және (желдеткіш ауалық қабатшалары жоқ) — бір қабатты қабырғалардың, ұяшықты немесе жеңіл бетондардан жасалатын; тиімді жылу ұстағышы бар темірбетон қабырғалардың жасалған; жылу ұстағышты төкпелеуі және жабын асты орамды материалдардан тұтастырғышы бар көп қабатты құралымды құрылыс салу барысында жасалатын төбелер.
Төбежабын - ғимаратты атмосфералық жауыншашыннан қорғайтын шатырдың жоғарғы элементі. Көтергіш құралымдар үстіне немесе жылуұстағыштар үстіне (шатырсыз төбелерге) төселетін су оқшаулағыш қабаттан және негізден (торламадан, тұтас төсемеден, тұтастырғыштан) тұрады.
36. Шатыр құрылымының сұлбасы.
Келесі суретте екі еңісті сүйелмелі итарқасы бар шатыр бейнеленген. Ондағы қүралымдар:
1-итарқа
2-шатыр жабын қабықшасы (кровля)
3-итарқа аяғы
4-тік тіреу
5-қиғаш тіреу
6-сыртқы қабырға
7-тіреу немесе ішкі қабырға (баған)
8-шатыр асты жабын
Итарка аяғы деп екі тіректегі көлбеу арқалықтар айтады. Олардың жоғарғы ұштары ат тәрізді жүгірпеге тіреледі, ал төменгі ұштары жүктемені мауэрлатқа береді. Итарқаға өлшемдері 180*200, 140*160, 160*180.
41. Қаңқасыз ғимараттардың құрылымдық сұлбалары.
Қаңқасыз ғимараттарды жобалағанда төмендегі құрылымдық сұлбалар қолданылады:
а) Аз қадамды көлденең көтеруші қабырғалар, ішкі көтеруші қабырғалар қиылысқан түрде орналасуы.
б) Көлденең көтеруші қабырғалар мен жекеленген бойлық көтеруші қабырғалардың 4,8-7,2 м-ге дейінгі қадам өлшемдері бойынша алмасып орналасуы.
в) Көлденең қабырғалардың үлкен қадамы бойынша сирек көлденең көтеруші қабырғалар және жекелеген көтеруші қатты қабырғалармен орналасуы.
г) Бойлық сыртқы көтеруші қабырғалар және ішкі көтеруші қабырғалар мен сирек орналасқан көлденең қабырғалар.
г) Бойлық сыртқы қабырғалар және сирек орналасқан көлденең диафрагмалармен орналасуы.

42. Қаңқалы ғимараттардың құрылымдық сұлбалары.
Қаңқалы ғимараттарда негізгі элементтерді жобалағанда төмендегі сұлбалар қолданылады:
а) Бойлай орналасқан беларқалы
б) Көлденең орналасқан беларқалы
в) Беларқасыз

43. Аражабындар және олардың түрлері.
Аражабындар ғимараттардың жалпы орнықтылығын қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады және олардың элементтерінің қабырғалармен немесе бөлек тіректермен қосылу жүйесіне байланысты соңғыларының көтеруші қабілетіне ықпал етеді.
Аражабындар келесі белгілері бойынша топталады: ғимаратта орналасу орны бойынша: жертөле үсті, қабат аралық, шатырлы; конструкциясы бойынша: негізгі элменті төсенгіштер мен жабынның басқа элменттері төселінетін арқалықтары болып табылатын арқалықты ғимараттың вертикальды көтеруші тіректеріне немесе ригельдерге және арқауларға сүйенетін көтеруші плиталардан немесе төсеніштерден тұратын плиталы; көтеруші капительмен вертикальды тірекпен байланысқан плитадан тұратын арқалықсыз: материалы бойынша: құрама темірбетонды, тұтас құймалы темірбетонды, ағаш және болат арқалықтар бойынша аражабындар.
Аражабындар беріктік, яғни оларға әсер ететін тұрақты және уақытша күштерді қауіпсіз қабылдау, талаптарын қанағаттандыруы қажет.
Аражабындардың пайдалану сапаларын анықтайтын маңызды талабы қатаңдық деп аталады. Қатаңдық нормалармен тағайындалған шектерден асатын жылжуларды болдыртпайды.
Аражабындардың жеткілікті дыбыс изоляциясы болуы қажет. Осыған байланысты әртүрлі дыбыс изоляциялық қасиеттерімен аражабындардың қабатты конструкциялар қолданылады.
Жылуқорғау талаптары шатырлы және жертөле үсті аражабындар үшін қойылады. Аражабындардың көтеруші қабырғаларға түйіскен жерлеріндегі конструкциясына ерекше назар аудару қажет, себебі қолайсыз жағдайларғаұшыратуы мүмкін, қабырғаларда «суық жалақтары» пайда болуы мумкін.
Аражабындар өртке қарсы талаптарды қанағаттандыруы қажет.
Бөлмелердің тағайындалуына байланысты аражабындарға арнайы талаптар да қойылуы мүмкін: су өткізбеушілік (сан. түйіндердің, душтардың, моншалардың аражабындар үшін); жанбауы (өртке қауіпті бөлмелерде), ауа өткізбеушілік (төменгі қабаттарда зертханалар, қазандықтар орналастырғанда).
46. Қабырғалардың түрлері және тағайындалуы.
Қабырғалар ғимараттардың маңызды конструкциялық элементтері болып табылады. Қабырғалар келесі талаптарды қанағаттандыруы керек: берік және орнықты болуы; ғимараттың өртке тұрақтылық дәрежесіне сәйкес болуы; жану тобы мен өртке тұрақтылық шегі нормадан төмен болуы; бөлмелердегі қажетті температуралы-ылғалдық режимді ұстауды қамтамасыз ету; жеткілікті дыбысизоляциялық қасиеттерінің болуы; экономикалық үнемді, яғни материалдар шығыны мен аудын бірлігінің салмағының, еңбек пен жабдықтардың шығындарының аз болуы; сәулеттік-суреттік шешімдеріне жауап беруі керек.
Қабырғалар келесі белгілері бойынша топталады: орналасуы бойынша: сыртқы және ішкі; жұмыс сипаты бойынша: сүйенетін жабу немесе жабын конструкцияларынан күштерді қабылдайтын көтеруші; жоғарыда орналасқан қабырғалардан күштерді қабылдайтын өзін көтеруші; тек қана қорғау функциясын орындайтын ілмелі; конструкциясы және тұрғызу әдісі бойынша қабырғалар төрт топқа бөлінеді: ұсақтүйірлі элементтерден (кірпіштен), ірі тастардан (блоктардан), тұтас, іріпанельді; қолданылатын материалдар тегі бойынша: тасты, ағашты, синтетикалық материалдар.
Кірпіштен қалау. Калау дегеніміз арасындағы жіктері құрылыс ерітінділерімен (әктасты-цементті, цементті-сазды немесе цементті) толтырылатын бөлек тастардан (табиғи немесе жасанды) орындалатын конструкция. Қалау беріктігі тас пен ерітінді беріктігіне, тастар арасындағы вертикальды жіктерді байлау жүйесіне, сондай-ақ ылғал, температуралар, жел, коррозия әсерлеріне байланысты.
Конструкцияның дұрыс жұмысы үшін ондағы тастардың орналасуы қиманың үш ережесіне жауап беруі керек: қабырғадағы тастар горизонтальды қатармен, яғни негізгі әсер ететін күштерге перпендикуляр орналасуы қажет; қатардағы тастар бойлық және көлденең вертикальды жіктермен бөлінуі керек; қатарлас қатардағы вертикальды жіктер
беттеспеуі керек, мұндай беттесу жіктерді байлау деп аталады. Байлау қабырғадағы тастардың біріккен жұмысын және күштердің біркелкі таралуын қамтамасыз етеді.
Жеңілдетілген кірпіштік қабырғалар . Көтеруші функцияларын беріктігі жоғары бір материал, ал жылу қорғау функцияларын беріктігі мен жылу өткізгіштігі төменірек басқа мтериал орындайтын қабырғаны жеңілдетілген деп атаймыз.
Қабырғаның бұл конструкциясы қабырғаның ішкі сылағын жүргізбей, бояуға немесе түсті қағазбен оларды желімдеуге мүмкіндік береді.
Ұсақ бетонды блоктардан және табиғи тастан қабырғалар. Кірпішпен қатар, қабырғалық материал ретінде керамикалық және жеңілбетонды ұсақ блоктар кеңінен қолданылуда.
55. Діңгекті іргетас.
Іргетас (фундамент) - ғимараттың және имараттың (неғізінен жерасты) бөліғі, олар жүктеменің ғимараттан (имараттан) табиғи немесе жасанды негізғе берілуін қамтамасыз етеді.
Діңгекті іргетас — биіктігі бойынша бір немесе бірнеше кемері болатын шаршы немесе тіктөртбұрыш пішінді болатын жеке тұрған іргетас;
58. Қабат санына қарай ғимараттардың классификациясы
1 Аз қабатты 1-2 қабат
2 Орташа қабатты 3-5 қабат
3 Жоғарғы қабатты 10-25
4 Өте жоғарғы қабатты 25тен жоғары
59. Ғимараттарды отқа төзімділік дәрежесіне қарай 5 топқа бөледі:
I-III тас ғимараттар
IV - сырты салынған ағаш қорамы бар ғимараттар
V – сырты салынбаған ағаш қорамы бар ғимараттар.
65. Баспалдақ торының графикалық сызбасы мен есебі.
Баспалдақ маршын 1:2; 1:1,75; 1:1,5; және т.б еністікпен орнатады. Маршта сатының саны - 3-тен кем емес, ал 18-ден артық болмау қажет. Әрбір баспалдақ алаңының маршы біреуі көтерілуге, ал екіншісі төмен түсуге арналған. Көтерілетін сатылар төменгі әшекейбедерлі сатылардан басталады, ал түсетін сатылар жоғарғы әшекейбедерлі сатылардан басталады.Төменгі және жоғарғы әшекейбедерлі сатылар алаңның еденімен бірдей келеді және олар түрі ерекше болады. Ал қалған сатылар бірдей болады.
Баспалдақтағы әрбір сатының биіктігі - һ, ал ені - в болып сипаталады. Адамға баспалдақгы қолданғанда ыңғайлы болу үшін, сатының биіктігі һ, ені в қосындысы адамның орташа қадамына сәйкес.
Сатының биіктігі 135-180 мм аралықга (көп жағдайда 150 мм алынады), ал ені болса 250-300 мм болады.
Қабатта орналасқан баспалдақ алаңын 1 қабаттық дейді, ал қабат аралығындағы баспалдақ алаңын 1 аралық деп атайды.
Баспалдақ алаңының ені марштың енінен кем, сонымен 1200 мм кем болмау қажет.
Баспалдақ граафикалық бөлу мен есептің тәртібі
Берілген:
Қабаттың биіктігі – Н-3,0 м
Марштың енісі – 1:2
Марштың еңі-l-1.05
Марш арасындағы құыс L1100мм
Сатылардың өлшемдері - hх b=150х300 мм
Аралық баспалдақ ені C1-1,05м
Қабаттық баспалдақ алаңы C2-1,2м

Приложенные файлы

  • docx 15666554
    Размер файла: 808 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий