Сөйленістердегі кірме сөздер


6-модуль Танымдық блок
Сӛйленістердегі кірме сӛздерҚазақ говорлары тек кҿне замандағы ру, тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталып қалған байырғы, дҽстүрлі сҿздер мен тұлғалардан құралмайды. Оның ішінде кейінгі замандарда, тіпті кеше ғана, Ұлы Қазан революциясынан кейін пайда болған сҿздер де бар. Осы кейінгі замандарда келіп қосылған диалектілік ерекшеліктердің бірсыпырасы-кҿрші тілдерден ауысып келген сҿздер мен тұлғалар. Қазақстан жері бірнеше халықтармен шекаралас жатыр. Олардың бірқатарының тілі туыстас та, кейбіреулері басқа типологиялық тілдер тобына жатады. Қазақ халқының кҿршілес елдермен ерте кезден-ақ тығыз қарымқатынас жасап, олармен аралас құралас отырғандығы белгілі. Бұл жағдай қазақ тілінің сҿздік құрамына ҽсер етпей қойған жоқ. Кҿрші халықтың тілі арқылы тілімізге ауысқан сҿздер мен тұлғалар ҽсіресе Қазақстанның шет аймақтарында кҿп кездеседі. Мысалы, Ҿзбекстанмен шектес жатқан Шымкент облысы тұрғындарының тілінде ҿзбек тілінен енген сҿздер кҿп болса, Қырғызыстанмен шектес жатқан Жамбыл облысының оңтүстік аудандарында қырғыз тілінен енген сҿздер бар. Жетісудың шығыс жағын мекендеген қазақтардың тіліне ұйғыр сҿзі араласса, батыс қазақтарының тіліне татар, ноғай, башқұрт сҿздері қосылып кеткен. Ал,орыс, араб, иран тілдерінің ҽсері барлық говорларда да байқалады, бірақ ҽсер ету дҽрежесі барлық жерде бірдей емес. Араб, иран тілдерінің элементтері солтүстік-батыс не шығыстан гҿрі оңтүстік аймақтарда кҿбірек ұшырайды. Орыс тілінен енген сҿздер ҽсіресе солтүстік-батыс жҽне шығыс аймақтарда мекендеген тұрғындардың тілінде кҿбірек кездеседі. Орыс тілінен енген сӛздер. Орыс тілінен енген немесе орыс тілі арқылы Еуропа тілдерінен енген сҿздердің дыбыстық жағынан қабылдануы олардың ҽдеби тілдегі сипатымен бірдей емес. Егер ҽдеби тілдегі орыс тілінен енген бәтеңке, сот, пҧт сияқты бірен-саран сҿздерді есепке алмағанда, айтылуы мен жазылуы жағынан орыс тіліндегі нұсқасын сақтаса, говорларда олар ауызекі тілдің дыбысталу ыңғайына сҽйкес біраз ҿзгеріске түсіп айтылады. Мысалы: бедре (ведро), қҧрамыс(корамысло), кәстеңке (косынка), кәртӛшке (картошка), қарбыз(арбуз),
70

пірнәбес(принавес) т.б. орыс тілінің оңтүстік говорлардан гҿрі батыс, ҽсіресе орталық-солтүстік жҽне шығыс говорларына кҿбірек ҽсер еткендігі диалектологиялық экспедициялардың материалдарынан анық байқалады. Мысалы: Кәстеңке (Орал, Чап). Басқа тартатын үшкіл орамал Кәнеу (Орал, Жымп, ор.канава). Арық, канал. Кәнәуден аттай алмай құлап қалдым. (Орал,Жымп) Манат//мәнет (монета). Сом. Бір манат ақшаң бар ма? (Орал,Чап) Скірт (ор.скирда). Бүгін бірнеше скірт шҿп тасыдық. (Орал.Жым.) Совхоздың далада үюлі тұрған скірттерінен 4 жүк пішенді тиеп апарып үйіп қойды («Қызыл ту») Ағлӛп (Орал,Чап. Ор.оглобли) Тҽрте, арбаның жетегі. Сәтнек. Всадник. Ертеде салт атпен хат-хабар тасушы. Кейде қазақ сҿзі немесе кҿрші тілдерден енген сҿз бен орыс сҿзі синоним ретінде қатар қолданылады. Мысалы, Орал облысы Чапаев, Жымпиты аудандарындағы тұрғындардың тілінде тҿмендегі сыңарлар қатар қолданылады. Қақпыш/тӛшелкі(тушилка). Самауырдың кҽмпҿркесі. Мұны кейде самауырдың томағасы деп те атайды. Теркӛйлек/мәйкі. Майка. Лапас (сирек)// пірнәбес(жиі) (принавес). Жан- жағы ашық, тҿбесі жабық қора. Пияла. Пҿзір(пузырь). Керосин шамның шынысы, шишасы. Орыс тілінен енген сҿздер ҽсіресе солтүстік-шығыс говорларда кҿп кездеседі. Академик В.Радлов 1870 жылдың ҿзінде Қазақстанның солтүстік облыстарында тұратын қазақтардың тілінде орыс сҿздері кҿп ұшырайтынын айтады: «Солтүстікте орыс кҿршілерінің арқасында жҽне оңтүстікте сарттардың арқасында қазақ тілінің сҿздік құрамы едҽуір сҿздермен байып отыр» . Тҿменде келтірілген материалдар В.Радловтың осы сҿзін растайды. Орталық-солтүстік говорлардан мысал келтірейік: Қауаша (Кҿкш.Шуч). жеңіл шана. Кҥмәжнек//куәжнек(бумажник)- ақша салатын былғары бумажник. Қарағым қалтамдағы күмҽжнекті алып берші. (Кҿкш, Щуч) Бӛгіребас(Қар.Шет) - ыдыс-аяқ салып қоятын орын.
71

Қҧнт(кнут) Қамшы. Құнты жоқ кісі кҿсеумен қамшылар(мақал). Құнтымен ашуланғанда қойып қалады. Халықтың сҿйлеу тілінде жеміс-жидек, бау-бақша ҿнімдеріне байланысты біраз сҿздер орысша аталады. Мысалы, солтүстік қазақтарының тілінде сҽбіз, қияр, жүгері, қызылша сияқты сҿздердің орнына мҽркҿп, агүршік, кҿкраз, сбекла сҿздері қолданылады. Бұл ҿңірдің тұрғындары пиязды сарымсақ, сарымсақты шҿшнек (шешнок) дейді. Араб және иран тілдерінің элементтері. Араб жҽне иран тілдерінің элементтері говорларда жиі ұшырайды. Оларды ҽсіресе оңтүстік говорларда кҿп кездестіреміз. Араб, иран тілдерінің элементтерінің басым кҿпшілігі оңтүстік говорларға ҿзбек, ұйғыр тілдері арқылы ауысқан. Мысалдар: Тауша-текше. Қабырғадағы ыдыс-аяқ қоятын қуыс жер. Парсыша тагча. Біз текшеге кҿрпе тҿсекті де қоямыз. (Шымк.Лен.) Дәліз (Шымк.Лен.) Сенек, ауыз үй. Парсыша: даһлиз-сенек, ауыз үй. Айуан. Ауыз үйдің алдындағы веранда. Парсыша:веранда. Жүр, айуанға шығып отырайық. Пиала. Пиялай. Бұл сҿздің парсы тіліндегі мағынасы-кесе, бокал. Бұл сҿз қазақ говорларында бірде кесе мағынасында, бірде шамның шынысы мағынасында жұмсалады. Шиша. Бҿтелке. Дүкенге барып бір шиша лимонад ҽкелші. Парсыша:шише-ҽйнек, бҿтелке деген сҿз. Тандыр. Нан пісіретін пеш. Парсыша: тандур. Тандырды түстен кейін жағайын деп отырмыз. Дарбаза. Қақпа. Қораның дарбазасын түзету керек еді. Ауыздарбаза, сҿз-самал, құдай ұрғанға не амал. Парсыда дарваза сҿзі қорғанның, қаланың қақпасы деген мағынада жұмсалады. Белкҥрек дегендегі бел-араб, иран тілдерінің элементі. Парсы тіліндегі бил сҿзінің мағынасы күрек. Нӛгер. Парсы тілінде ноукар. Ҽдеби тілдегі айтылу нормасынҿкер. Орталық-солтүстік говорларында бұл сҿз нҿгер формасында айтылады. Мысалы: қырық күндей той етіп дҽурен етті, қырық нарға арттырып, қыз жҿнелтті. Шырағым жұрттан жалғыз шықпасын деп, қырық нҿгерді Баянның қасына ертті. Башқұрт тілінде «Нҿгер-күйеу жолдас». Қазақ говорларында ҽр түрлі мағынада жұмсалатын лҽгҿн//леген сҿзі парсының шылапшын, кірлен мағынасындағы сҿзі.
72

Тҥркі тілдерінен енген сӛздер. Араб, иран жҽне орыс тілдерінің элементтерін барлық говорларда кездестіруге болса, кҿрші түркі тілдерінің элементтері барлық говорларға тарамай, тек ҿздерімен шектес аудан, облыстарда ғана айтылады. Шымкент облысын мекендейтін қазақтардың тілінде ҿзбек тілі арқылы енген сҿздер кҿп. Ӛзбек тілінен енген кейбір сӛздер тек бір-екі аудан кҿлемінде ғана айтылса, енді бірқатары бірнеше облыс кҿлеміне тарап, кең түрде қолданылады. Мысалы, жүдҽ//жүде-ҿте, ауқаттамақ, ҽсел-бал, миман-қонақ сияқты сҿздер бірнеше облыста айтылса, мұштау, шақтау-бұтақтау, пісте, бадыраң//бҽдірең, таға сияқты сҿздер ҿзбектермен шектес екі-үш аудан кҿлеміне ғана тараған. Оңтүстік говорларда ҿзбек тілі арқылы енген парсының – хана жұрнағымен жаңа сҿз жасау амалы кең тараған. Батысшығыс жҽне орталық-солтүстікте айтылмайтын айуанхана, мейманхана, наубайхана, атхана сияқты сҿздер оңтүстік говорларда жиі айтылады. Татар, ноғай, башқҧрт тілдерінің элементі Орал облысы Орда, Жҽнібек аудандарын мекендеген қазақтардың тілінде орам-кҿше, қауышу//қауысу-кездесу, аданас-туысқан, іңкҽл-ет наны, ҿтпек-таба нан, шеккі-таразы, опат болу-қайтыс болу сияқты сҿздер кездеседі. Орынбор қазақтарының тілінде тегірмеш-дҿңгелек, сабансоқа, тоқымаш-кҿже, кеспе, сҽндіре-лапас, бастырма, қара бурашыбықтан тоқылған ашық қора сияқты сҿздер бар. Маңғыстау говорында түркімен тілінен енген біраз сҿздер бар. Мысалы, ҽтішкір-шоқ қысқыш, жіптік-кішкене қысқыш, бҽсікнашар-ҽлсіз, тире-ру т.б. түркімен қазақтарының тіліндегі аяққап, жорап, бҿрек, қайыш, шаршақ, қолай сияқтылар Түрікмен тілінен енген сҿздер тобына жатады. Кҿрші тілдер тек лексикаға ғана емес, кейде говордың дыбыстық жҽне грамматикалық құрылысына да ҽсер етеді. Мысалы, Түркіменстанда тұратын қазақтар тіліндегі мақсатты келер шақ мағынаны тудыру үшін жұмсалатын -малы, -мелі жұрнағы Түрікмен тілі ҽсері. Сол сияқты, Қарақалпақстандағы қазақтардың тілінде кҿптік жалғаудың дыбыс үндестігіне бағынбай жалғануы қарақалпақ тілінің ҽсері. Мысалы: қазақлар, кітаплар.

Приложенные файлы

  • docx 15629204
    Размер файла: 21 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий