19 — 20 дәрістер


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

17 – 18 дәрістер тақырыбы – «Сұрыптау станцияcының пайдалану жұмысын басқару» Мазмұны: 1 Сұрыптау станциясында вагондарды өңдеу технологиясы2 Сұрыптау дөңесінің жұмыс технологиясы 3 Пойыздарды тарқату-құрастыру принциптері4 Сұрыптау паркінде құрамдарды өңдеу5 Жөнелту паркінің жұмыс технологиясы Қолданылатын әдебиет тізімі Негізгі 1. Кочнев Ф.П., Сотников И.Б. Управление эксплуатационной работой железных дорог. - М.: Транспорт. – 1990. - 424 с. 2. Кудрявцев В.А. Основы эксплуатационной работы железных дорог. М.: АСАDEMA. – 2002. - 352 с. 3. Управление эксплуатационной работой и качеством перевозок на железнодорожном транспорте. Под ред. П.С. Грунтова. – М: Транспорт. – 1994. – 450 с. 4. Бекжанов З.С., Башарова Г.С., Богданович С.В. Управление эксплуатационной работой железнодорожных станций. - Алматы: КазАТК. – 2008. - 127 с. 5. Гоманков Ф.С., Бекжанов З.С. Технология и организация перевозок на железнодорожном транспорте. учебник. Алматы: «Бастау», 2002. 308 с. 6. Бекжанов З.С. Теміржол көлігімен тасымалдау технологиясы және оны ұйымдастыру. Оқулық. Астана: «Парасат әлемі», 2005. 352 бет.Қосымша Бекжанов З.С. Сұрыптау стансасының жұмысын ұйымдастыру. Оқу құралы. Алматы: ҚазККА, 2009. 144 бет.Бекжанов З.С., Асанов Ф. Техническое нормирование маневровой работы. Учебное пособие. Алматы: КазАТК, 2001. 56 с. 3. Бекжанов З.С., Богданович С.В., Вахитова Л.В., Киселева О.Г. Методические указания к выполнению лабораторных работ «Организация приема, отправления и пропуска поездов на станциях». - Алматы: КазАТК. – 2010. 30 с. 4. Бекжанов З.С., Богданович С.В., Вахитова Л.В., Киселева О.Г. Методические указания к выполнению СРСП (курсовой работы) «Организация работы сортировочной станции». - Алматы: КазАТК. – 2010. 30 с. 1 Сұрыптау станциясында вагондарды өңдеу технологиясы Поездарды қабылдау және сұрыптауға дайындау Поезды қабылдау, жөнелтуге дайындаужәне жөнелту Сұрыптау Жинақтау Құрамды құрасты-руды аяқтау және ауыстыру Поезды жөнел-туге дайындаужәне жөнелту Қабылдау паркі Өңдеуге келетін өтпелі вагондар ағымы Өтпелі парктер Итермелеу жолдары Дөңес Сұрыптау паркі Құрастыру тартым жолдары Жөнелту паркі Өңделмейтін өтпелі вагондар ағымы Сұрыптау стансаларының жұмыстары негізінен паралельді екі технологиялық үрдістен тұрады: вагондарды өңдеу және тасымалдау құжаттарын рәсімдеу. Құжаттарды өңдеу технологиясы Құрамдарды сұрыптау-құрастыру технологиясы 2 Сұрыптау дөңесінің жұмыс технологиясы Вагондар ауырлық күшiнiң әсерiмен дөңестен сұрыптау паркіне қарай сырғиды. Шағын дөңестерден және арнайы пішінді тартым жолдардан вагондар ауырлық күшiнiң әсерiмен қоса локомотивтiң итеруiмен сырғиды. Бағыттама алқымдары еңістікте орналасқан парктерде вагондарды негiзiнен итермелеп сұрыптайды. Техникалық жарақталуына қарай сұрыптау дөңестері механикаландырылмаған, механикаландырылған және автоматтандырылған сұрыптау дөңестері деп бөлінеді. Құрамды тарату кезінде таратуға дайындалған құрамды қабылдау паркінен вагондарын алдына қойған күйде дөңес төбесіне қарай итереді. Дөңестен төмен қарай сырғыған вагондар сұрыптау паркінің жолдарына түседі. Вагондардың жүріс бөлшектерінің сапасы түрліше болғандықтан ағытпалардың (баратын стансасы бір вагондардың) сырғу жылдамдығын реттеу қажет. Механикаландырылмаған дөңесте тежеуді тежеуіш тоспалардың (башмактардың) көмегімен үш тежеу шебінде қолмен атқарады: біріншісі – айырғыш бағыттама алдында, екіншісі – бағыттама аумағының орта тұсында және үшіншісі – сұрыптау паркінің жолдарында. Бірінші және екінші шебінде ағытпаларды олардың арақашықтығын сақтау үшін тежейді, үшіншісінде – жолдарда тұрған вагондармен рұқсат етілген соқтығысу жылдамдығын сақтау үшін нысаналы тежеу қолданылады. Механикаландырылған дөңестерде вагон баяулатқыштардың көмегімен вагондардың сырғуын реттейді. Бағыттамалардың бұрылуын автоматтандыру үшін механикаландырылған дөңестерді дөңестік автоматты орталықтандырумен (ДАО - ГАЦ) жабдықтайды. Ағытпаның сипаттамаларына қарай тежеу уақыты мен күшін реттейтін дөңес операторлары дөңес баяулатқыштарына басшылық етеді. Автоматтандырылған дөңесте вагон баяулатқыштарын басқару автоматтандырылған. Сонымен қатар, дөңестің еңіс бөлігінде вагондардың жылдамдығын автоматты реттеу жүйесі (ЖАР - АРС), құрамдарды тарату жылдамдығын автоматты белгілеу жүйесі (ТЖАБ - АЗСР) және дөңестік локомотивті телебасқару (ДЛТ - ТГЛ) қолданылуы мүмкін. 3 Пойыздарды тарқату-құрастыру принциптері Құрамдарды дөңестен сұрыптау нәтижесінде вагондар құрастыру жоспарында және ТПЕ-де көзделген тәртіппен сұрыптау жолдарына түседі. Ол үшін сұрыптау жолдарын былайша мамандандырады: пойыздарды құрастыру жоспарында белгіленген пойыздардың баратын стансасына қарай; станциялар ішіндегі бару орындарына қарай (жүк түсіруге, сұрыптау платформасына, өлшеуге, жөндеуге); екі сұрыптау жүйесі бар станцияларда – қайырылма вагон ағындары үшін. Құрастыру жоспарындағы әр станцияға баратын вагондар үшін арналған жолдардың саны вагон ағындарының мөлшеріне және сұрыптау жолдарының жалпы санына байланысты болады. Біртопты пойыздардың әр барар станциясы үшін, сондай-ақ құрама пойыздар үшін кемінде бір сұрыптау жолы, ал вагон ағындары қуатты 200 вагоннан астам болса – екі жол бөлінеді. Топтық пойыздарды құрастыруда вагондардың әрбір тобы үшін бір тартым жолына шығатын сұрыптау жолдарын бөледі. Жергілікті вагондар үшін жеке жолдар бөлінеді. Егер сұрыптау станциясында жергілікті вагондарға арналған қуаты шағын дөңесі бар (осы вагондар қайта өңделетін) арнайы парк болса, сұрыптау паркінде бір жолдың болуы жеткілікті. Кейбір станцияларда тарату барысында баратын станциясына қарай мамандандырылған жолдарға жөнелту тиімсіз болатын вагондар үшін, мысалы құрамдарды қатар таратуда қайырылмалы вагондар үшін бір-екі екшеме жол бөледі. Егер арнайы екшеме жол бөлуге мүмкіндік болмаса, сұрыптау жолдарының (дөңес жағындағы) бос жерлерін пайдаланады 4 Сұрыптау паркінде құрамдарды өңдеу Құрастырылатын пойыздардың құрамын түзеу үрдісі жинақтау деп аталады. Вагондарды құрамға толық жинақтау уақыты – жинақтау периоды деп аталады. Келген вагондардың бірінші тобы бүкіл жинақтау периодын күтіп тұрады, ал соңғы (аяқтау) тобы күтпейді, өйткені оның келуімен жинақтау үрдісі аяқталады. Жинақтауға кететін жалпы мерзімді вагон-сағатпен есептейді, ол жинақтауға қатысатын вагондардың әр жинақтау жолындағы тұратын уақытына көбейтін-дісінің жиынтығынан тұрады. Жинақтау вагон-сағатын слайдыда берілген график бойынша есептеп шығаруға болады. Вагон топтарының сұрыптау жолдарына түсуінің түрліше жағдайы үшін жинақтау вагон–сағатын анықтаудың тәртібі а-суретінде: – келіп түскен топтардағы вагондар саны; – келу интервалдары көрсетілген. Құрамдарды жинақтауға жұмсалатын вагон-сағаттың жалпы шығыны сатылы фигураның ауданына тең болады:Егер вагондардың келуі біркелкі және топтары бірдей болса, ондаЖинақтау үрдісі үздіксіз өтетін жағдайда, жинақтауға жұмсалатын вагон-сағат шығыны үшбұрыштың ауданымен анықталады: Осы станцияға баратын бірнеше құрамның тәулік ішіндегі жинақтау вагон-сағаты барлық үшбұрыштар ауданының жиынтығына тең болады Егер жинақтау тәулік ішінде үздіксіз жүргізілсе, және Жинақтау үзіліспен жүргізілсе ( в-сурет) сағат болады. Егер , онда сағ; . Құрамның орташа санын m деп алғандағы жинақтау вагон–сағатыныңформуласындағы коэффициент жинақтау параметрі с деп аталады. Оны пайдаланғандағы бір станцияға баратын тәуліктік жинақтау вагон-сағат тең болады. Станция үшін с параметрі есептік мөлшер. Ол құрастыру жоспарының барлық станцияларына арналған жинақтау вагон-сағатын баратын станциялар саны мен пойыздың құрамына бөлу арқылы анықталады: мұндағы – құрастыру жоспарындағы станциялардың саны. 5 Жөнелту паркінің жұмыс технологиясы Жөнелту паркінде станцияның өзі құрастыратын құрамдарымен мынадай жұмыстар атқарылады:вагондарды техникалық байқау және ағымдағы ағытпай жөндеу;вагондарды коммерциялық байқау және ақауларын жою;локомотив бригадасына құжаттарды беру;пойыз локомотивін тіркеу және автотежегіштерді тексеріп көру. Құрамды жөнелту паркіне ауыстырған соң станция парк кезекшісі (ДСПП) СТО операторына телефон арқылы құрамды ұсынып, жолдың нөмірін, құрамдағы вагондардың санын, алдыңғы және соңғы вагонның нөмірін және пойызды жөнелту уақытын көрсетеді. Пойыздарды сұрыптау паркінің жолдарынан тікелей жөнелтуде құрамды сұрыптау жолдарында құрастырып болған соң қарап тексереді. Пойыздарды қабылдаушылар мен коммерциялық ақауларды жоятын жұмысшылар вагондарды техникалық байқау және жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар құрамды коммерциялық тексеруден өткізіп, байқаған ақауларды жөндейді. Коммерциялық тексеру қосынының (КТҚ) қызметкерлері құрамды тексеру барысында вагондардағы пломбылардың бар-жоғын, бұзылмауын тексереді, вагондардың нөмірлерін анықтама қағаздағы мағлұматтармен салыстырады. Құрастырылған құрамдарды СТО қызметкерлері де тексереді. Жөнелту жұмысындағы СТО-ның операторы вагондарды жинақтау барысында анықтама қағаздарын толтырады, ол үшін сұрыптау жолдарында вагондардың тұруы мен орналасуын есепке алу қағазы мен құрамға қосылатын вагондардың жүк құжаттарын пайдаланады. Анықтама қағазындағы вагондар туралы мағлұматтар мен жиналған құжаттар құрамдағы вагондардың нақты болуы мен орналасуына сәйкес болуы тиіс. Жөнелту үшін станцияның өзі құрастырған пойыздарды өңдеудің үлгі графигі слайдыда келтірілген. Тексеру сұрақтары 1 Сұрыптау станциясының техникалық және өндірістік сипаттамалары.2 Сұрыптау станциясының қызметі мен темір жол желісінде орналасуы.3 Сұрыптау станциялардың техникалық жабдықталуы. 4 Сұрыптау станциясында вагондарды өңдеу технологиясы.

Приложенные файлы

  • ppt 15626280
    Размер файла: 600 kB Загрузок: 2

Добавить комментарий