16 БӘД 12 сынып Өмір қауіпсіздігінің негіздері…



Тақырыбы: Эвакуациялау және тұрғындарды орналастыру әдістері мен тәртібі, эвакуациядағы адамдардың міндеттері, оларды қажетті жабдықтармен және тамақпен қамтамасыз ету, эвакуация бекетіндегі тәртіп, жүру бағыты.
1.Көшірудің жалпы принциптері, мәні мен әдістері. Көшіру шаралары зілзалаға, апаттарға душар болуы мүмкін аудандардан, зақымдану аумақтарынан халықты алдын ала әкету мақсатында, тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметшілерді табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезіндегі, сондай-ақ осы зақымдау құралдары қолданылған кезінде қорғау тәсілі ретіндегі негізгі әдісі болып табылады.
Көшіру шаралары мынаны қамтиды:
- көшіру – Төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардың құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.
- қоныстандыру – бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларында жұмысын жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйывмшылдықпен апру және оранластыру. Қаладағы ұйымдардатек ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жұмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апрып қайту ең аз уақыты ескере отырып ұйымдастырылады. Көшіру шарларына, сондай-ақ шекаралас аудандардың , аса маңызды объектілерге жақын орналасқан аудандардың халқын көшіру жатады.
Қауіпсіз аймақ – бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралаық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары көшірілетін алықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ. Барлық көшірілген халық қауіпсіз амақтағы қоныстандыру нүктесінде ең қажетті тіршілік көзімен қамсыздандырылуы тиіс.
Көшірудің негізгі принциптері:
- көшірілуге тиіс халықтың барлық санын барынша қамту;
- көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;
- көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу
- көшіру шараларын жүргізу кезінде көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану;
- орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;
- көшірілетін халықты жолда орналастыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру;
- өз қызметін жалғастыратын объектілерді үздіксіз және тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету.
Республика аумағында өндірісінде қатты әсер ететін заттарды шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар. Су басу аумағында тұратын халық үшін 200-ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді. Әртүрлі зілзала түрлері экономика мен ауылшаруашылығы объектілерінде елеулі зала келтіруі, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге дайын болуға тиіс. Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сонжай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда көшіруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті отқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді.

Жапониядағы тайфунының әсерінен Созақ елді мекенінде Қызылағаштағы апаттан
16,6 мың адам зардап шекті су тасқынына байланысты кейінгі жағдай
1100 адам қауіпсіз жер…
Барлық категориядағы халықты көшіруді және оларды қауіпсіз аймаққа орналастыруды оларды жұмыс істейтін, оқитын, тұратын жерлері бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар орналастырады. Халықты көшіру сабақтас тәсілмен – халықты жаяу немесе көлікті барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қауіпі төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен халықтың жеке пайдалануындағы көліктің қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңіне жекеше жасалынады.
Осы заманғы зақымдау құралдарын қауіпі төнген кезде өндірісте істемейтін және қызмет көрсет саласындағы халықты (зейнеткерлер, жоғары оқу орындарының, мамандандырылған арнаулы оқу орындарының төменгі курс студенттері, колледждің, лицейлердің, мектеп-интернаттардың-оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілері, мүгедектер мен қарттар үйлерінде орналасқандар, әкімшілік пен олардың отбасымен бірлесе отырып) көлік жұмысының кестесін бұзбастан қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге асырылады.
Көшіру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу мерзімі оның аяқталуы болып саналады. Қауіпті аймаққа көшірілетін халық өз облысының аумағында орналастырылады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді. Бытыраңқы орналастыру мен көшірілуге жататын барлық халыққа көшіру тізімі жасалады. Тізімдер ұйымдар мен пәтерлерді иеленушілердің кооперативтері (ПИК) бойынша күні бұрын жасалады және көшіру шараларды жүргізуге арналған өкімді алған уақытта нақтыланады. Жұмысшылар мен қызметшілердің өндірісте және қызмет көрсету саласында істемейтін отбасы мүшелері отбасы қожасының жұмыс істейтін орны бойынша тізімге алынады. Көшіру тізімдері үш данада жасалады. Біреуі – ұйымда немесе пәтерлерді иеленуші коопертивінде қалады, екіншісі – көшіру шараларды жүргізуге өкім алысымен жиналатын көшіру пунктте (тізімді анықтағаннак кейін) жіберіледі, үшіншісі – бытыраңқы оранластыру мен көшіру басталысымен көшіру-қабылдау комиссиясына жіберіледі. Көшіру тізімдері мен төлқұжаттар бытыраңқы оранластыратын және көшірілетін халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, ораналастыратын және жабдықтайтын негізгі құжаттар болып табылады.
Көшіру органдары, құрылымдары мен міндеттері анықталып, тасымалдау көліктерінің түрі мен көшу аймағы анықталады, сонымен бірге Көшіру комиссиялары құрылып оның құрамына жергілікті жер басқару орындарынан адамдар тартылады. Көшіру-жиналу пункттері бір объекті негізінде құрылады. Көшіру-жиналу пункттері әкімшілігі жергілікті атқарушы органдарының қаулысымен, ұйымдардың бұйрықтарымен тағайындалады.
Көшіру-қабылдау пункттерінің әкімшілік құрамы келуші халықтың санымен оны қамтамасыз етуге байланысты шаралар көлемін ескере отырып белгіленеді. Көшуге сәйкес
көшіруді қабылдау комиссиялары аудандық селолар аудандар мен көшірілген халықты орналастыру жүргізілетін меншіктің барлық нысанындағы ауылшаруашылық ұйымдарында құрылады
Ұйымшылдық пен тәртіпті қамсызландыру үшін халық арасынан жаяу колонналар бастықтары, жаяу жүру бағыттарының, автомобиль колонналарын, көшіру поездарынң, кемелердің бастықтары тағайындалады.
Көшірілетін азаматтардың кезегін анықтау және оларды орналастырудың нақты жоспарын анықтау үшін көшірілетіндер үш топқа бөлінеді:
Бірінші топ:
- соғыс кезінде қалада өз жұмысын тоқтатпайтын, сондай-ақ оның тіршілікке қабілетін қаматамасыз ететін ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасының мүшелері;
Екінші топ:
- соғыс кезінде өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіруші ұйымдардың жұмысшылары, олардың отбасы мүшелері;
- министрліктер мен департаменттердің орталық аппараттарының қызметкерлері;
- соғыс уақытында өз қызметін тоқтататын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері.
Үшінші топ:
- жоғары оқу орындарының студенттері, орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік-техникалық училищелерінің оқушылары, профессорлар мен оқутышылар және қызмет көрсетушілер;
- мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, оқытушылар, тәрбиешілер мен қызмет көрсетуші құрам;
- мүгедектер мен қарттар үйіндегі зейнеткерлер, қызмет көрсетуші песонал;
- жалғыз басты зейнеткерлер, жұмыссыздар коммерциялық құрылымдардың жеке кәсіпорындардың және өзге мемлекеттік емес мекемелер мен фирмалардың қызметкерлері.
.
Көшіру кезінде өзіңізбен ала жүретін ең қажетті құжаттар: куәлік, әскери билет, еңбек кітапшасы немесе зейнеткердің куәлігі, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом (аттестат), неке және балалардың туу туралы куәлік пен ақша.
Заттар мен азық-түлік мөлшері оны алып жүретін адамға шақ болуы тиіс. Көлік құралдарымен көшіру кезінде бірге алып жүретін мүлік пен азық-түліктің жалпы салмағы әрбір адам үшін 50кг- нана аспауға тиіс.
Жаяу көшірілетіндердің колоналары әдеттегідей, жиналу-көшіру пункктерінің қасында құрылады. Жүруді жақсы ұйымдастыру мақсатында колонналарды цехтарға және басқа өндірістік бөлімшелерге бөлу ұсынылады. Колонналар басына тәжірибелі және беделді басшылар қойылады. Халықты жаяу шығару жолдар, сондай-ақ бағыттар және колонна жолдары бойынша жүргізіледі. Жаяу колонналардың бағыты ықтиамл қирау аумағынан шығу мақсатымен әдетте бір тәуліктілікте өтетін ара қашықтықта жоспарланады.
Жаяу колонналары 500-1000 адамға дейін жасақталады. Колонналардың қозғалыс жылдамдығы 4-5 км/сағ, колонналардың ара қашықтығы 500 м дейін болып жоспарланады. Тәуліктік жүру мөлшері 30-40 км/сағ.
Дамылдау созымдылығы былайша белгіленеді: шағын үзіліс 30-45 мин, үзіліс 2-4 сағат. Шағын үзілістер қозғалыстың әрбір 2-2,5 сағатынан кейін, ал үлкен үзілістер тәуліктік жолдың екінші жартысының басында белгіленеді. Дамылдау кезінде колонна топ құрамы тексеріледі, дәрігерлік көмек көрсетіледі. Үлкен үзілісте ыстық тамақ беріледі.
Марш кезінде белгіленген тәртіпті сақтау керек. Колоннаны оның бастығының рұқсатынсыз тастауға болмайды. Көңіл-күйін нашар сезінсе, дәрігерге көрінгені жөн. Медициналық қызмет тексерілген көзден су ішуге болмайды.
Колоннаға бөгде адамдар қосылса, бұл туралы колонна бастығына хабарлау қажет.
Жер сілкінісі, су тасқыны, селдер және химиялық қауіпті нысандарда апаттардың кезінде тұрғындарды көшірудің ерекшеліктері.

Су тасқыны кезінде адамдарды тасымалдау, алдын алу шаралары
Су тасқыны кезіндегі көшіру ТЖ органдарының өкімдерінің шығарған өкімі бойынша хабарландырылады. Көшіру және оның тәртібі туралы бүкіл каналдар яғни, радио, телевидение арқылы тұрғындарға хабарланады, ал жұмыс істейтіндерге өз әкімшіліктері арқылы хабарланады.Жұмыс жасамайтындарға жергілікті КСК арқылы хабарланады.Тұрғындарға көшіру қабылдау пунктерінің мекен-жайы, келу уақыты және қай маршрутта жүргізілетіні жайлы хабарланады.
Бекітілген уақыт бойынша қауіп төнген аймақтардан тұрғындар мүліктермен бірге көшіріледі. Сол мақсатта әрбір жанұға автомашиналық немесе басқа көлік тағайындалады.
Көшіру жақын орналасқан қауіпсіз аймаққа ұйымдастырылады.Көшірілгендерді әкімшілік орындар мен тұрғын мекен жайларға орналастырады.
Су тасқыны қауіпі төнген аумақтарда уақытша мектеп және мектепке дейінгі орындар тоқтатылады. Балаларды қауіпсіз аумақтағы оқу орындарына орналастырады.
Ал жер сілкінісі қаупі төнген жағдайда көшіру басқаша ұйымдастырылады. Ол жағдайда жартылай көшіру болады. Яғни, балалар, қарттар, мүгедектер, әйелдер ғана көшіріліп, қалған тұрғындар қазба жұмысына қатысады.
Бейбіт уақыттағы химиялық қауіпті нысандарда апат болғанда тұрғындарды тек қана улануға бейім жердің тұрғындары көшіріледі. Көшіру тез арада ұйымдастырылады
Кәсіпорындар мен мекемелерде болған авриялар кезінде мекемелердің басшы орагндары мен жергілікті атқарушы органдарының күшімен жұмыскерлер мен қызметкерлер көшіріледі, ал қажет жағдайда жақын жерде орналасқан тұрғындар да көшіріледі, және жарақат алған тұрғындар да көшіріледі. Болған жағдайға байланысты өзгертулер мен түзетулер енгізулері мүмкін.

Табиғи апат кезіндегі тасымалдаудың түрлі әдістері
Мысалы осыдан бірнеше жыл болған Чернобыльдағы апат кезінде жаяу көшірудің орнына автомобиль көлігімен және жартылай теміржол көлігімен көшіруді дұрыс көрді. Автомобиль көліктері тұрғындардың үйлерінің алдына берілді. Көшірілетін адамдар тек қана керек заттарын ғана ала алды. Құжаттар, ақша, жақындарының фотосуреттері, жылы киім, тамақ.

Приложенные файлы

  • docx 15623784
    Размер файла: 511 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий