ЕМТИХАН ПЕРВИЧНАЯ 2018 СТУДЕНТТЕРГЕ ЖІБЕРУГЕ


Кафедра: Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы
Мамандығы: 5ВО80200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»
Пән: «Мал тектес шикізатын алғашқы өңдеу технологиясы»
Малдың ішек шикізаты екі үлкен топқа бөлінеді:
Малдың ішек шикізаты екі үлкен топқа бөлінеді:
Жуан ішектің аш ішектен айырмашылығы:
Малдың ішек шикізатының мал денесінде орналасуы ретін айтыңыз
Малдардың ішектерінің ұзындығы қолданылатын азық түріне байланысты
Бүртік пен крипталар қай ішекте күшті дамыған?
«Осы бүгілістер, бүртіктер, крипталар ішекке тән азықты сіңіру жұмыстарын атқару кезінде созылып, қысқарып, кеңейіп және тарылып тұруына жағдай туғызады және сіңіру қасиетін жоғарылатады» сипаттамасы қай ішек қабығына сай келеді?
Қай қабатта ас қорытуға керекті сөл бөлетін бездер, ағза жұмысына ат салысатын қан және лимфа тамырлары, артериола мен олардың қызметін реттейтін жүйкелер орналасқан?
«Осы бүгілістер, бүртіктер, крипталар ішекке тән азықты сіңіру жұмыстарын атқару кезінде созылып, қысқарып, кеңейіп және тарылып тұруына жағдай туғызады және сіңіру қасиетін жоғарылатады» ерекшелігі қай ішекке тән келеді?
«Осы қабаттардың алма кезек жиырылуы нәтижесінде ішектің толқынданған жұмысы ұлғайып, ішектегі азықтың алға қарай жылжуына жағдай жасалынады» сипаттамасы қай ішек қабығына сай келеді?
Сірілі қабаттан бөлінетін сірі сұйықтығының арқасында?
ГОСТ 33790-2016 техникалық шарт талаптарына сәйкес ірі қара ішек жиынтығы мынадай категорияларға бөлінеді:
Ірі қара түтігі қандай ішектерінен тұрады және не үшін қолданылады?
Ірі қараның жуан түтігі қандай ішектерінен тұрады және не үшін қолданылады?
Ірі қараның дорбасы қандай ішектерінен тұрады және не үшін қолданылады?
Ірі қараның шеңбері қандай ішектерінен тұрады және не үшін қолданылады?
Ірі қараның артқы тесігі қандай ішектерінен тұрады және не үшін қолданылады?
қолданылады
Ірі қараның дорбаның қабықшалары неден тұрады және не үшін қолданылады?
Қой ішек жиынтығы ГОСТ 34107-2017 техникалық шарт талаптарына сәйкес мынадай категорияларға бөлінеді:
Қойдың түтігі қандай ішектерінен тұрады және не үшін қолданылады?
Қойдың дорбасы қандай ішектерінен тұрады және не үшін қолданылады?
Қойдың қуысы қандай ішектерінен тұрады және не үшін қолданылады?
Шошқа ішек жиынтығы ГОСТ 33791-2016 техникалық шарт талаптарына сәйкес мынадай категорияларға бөлінеді:
Шошқа қуысы қандай ішектерінен тұрады және не үшін қолданылады?
Шошқа бұйрасы қандай ішектерінен тұрады және не үшін қолданылады?
Шошқа түтігі қандай ішектерінен тұрады және не үшін қолданылады?
Шошқа бітеуі қандай ішектерінен тұрады және не үшін қолданылады?
Жылқы ішек жиынтығынан қайсысы және не үшін қолданылады?
Қой қырқу мерзімі қалай белгінедеі?
Биязы және биязылау жүнді қойларды неше рет қырқады жылына?
Қой қырқудың Орынборлық әдісі қай елдің әдісіне негізделген?
Қойды қырыққаннан кейін көктемде және күзде, жылына екі рет міндетті түрде .....қосылған суға тоғыту керек?
Қой қырқудың химиялық әдісі туралы айтыңыз?
Малдардың ішегі аш және жуан бөліктен тұрады. Осы екі бөлігінің тоғысар жерінде қандай ішек бар?
Ішек түтікше келесі қабаттардан тұрады
Ірі қара малды сояр алдында дем алдыру уақыты, сағатқа дейін:
Шошқаны сояр алдында дем алдыру уақыты, сағатқа дейін:
Жылқыны сояр алдында деп алдыру уақыты, сағат:
Соңғы рет союға неше сағат уақыт қалғанда суарады?
Өнімділік қуатына қарай неше категориялы ет болады?
Малды есеңгірету кезінде мал неше минут шамасында электрнаркоз алады?
Малды жансыздандыру дегеніміз не?
Қандай малды сояр алдында естен тандырмайды?
Миоглобин-оксимиоглобин-метмиоглобин ненің өзгерісін білдіреді?
Ет құрамындағы миоглобин хромопротейніндегі қандай элементтің болуына байланысты етке қызыл түс береді?
Миоглобин неше градуста ұйыды?
Ет құрамындағы миофибрилл ақуыздарға төмендегі ақуыздардың қайсысы жатады?
Ет құрамындағы сарколемма ақуыздарға төмендегі ақуыздардың қайсысы жатады?
Ет құрамындағы саркоплазма ақуыздарға төмендегі ақуыздардың қайсысы жатады?
Еттің тағамдық құндылығын қалай анықтайды? ақуыздар, майлар, дәрумендер, минералды заттар
Еттің толық құнсыз ақуыз құрамына қандай амин қышқылы кіреді? оксипролин
Еттің құрамындағы қандай амин қышқылдарының ара қатынасымен ақуыздың сапалық көрсеткішін анықтайды? Триптофан мен оксипролин
Ет құрамындағы толық құнсыз сарколемма ақуыздарында ауыстырылмайтын қандай аминқышқыл жоқ?триптофан
Ауыстырылмайтын аминқышқылдарына не кіреді?триптофан, метионин, лизин
Қанның үюы қандай ферментінің әсерімен жүріледі?тромбокиназа
Қанды тұрақтандыру деген не? Қанның ұюйын болдырмау
Тамақтық мақсатқа алынған қанды тұрақтандыру үшін қандай заттар қолданылады? Тамақтақ тұз, фибризол, лимонқышқылды натрий, фосфорқышқылды натрий
Техникалық мақсатқа алынған қанды тұрақтандыру үшін қандай заттар қолданылады? Синатрин-130
Кальций тұздарымен каныққан ақуыздық қандай зат сүйекке қаттылық әкеледі?
Сүйекке майысқақтықты қандай зат береді?
Сүйектер мөлшеріне, формасына және ішкі құрылысына байланысты неше типке бөлінеді?
Өндірістік мақсатына қарай сүйек шикізатын ГОСТ 16147-88 бойынша неше категорияға бөледі?
Фотографиялық желатин өндіруге арналған сүйек шикізатына қандай малдан алынған сүйек шикізатын қолданады?
Түйме, тіс щетканың сабы, пышақтың сабы, горчицке арналған қасық, рояльдің пернесі, шахмат тастары және т.б. көптеген кең қолданыстағы халықтық түтыныс тауарларын өндіруге қандай малдан алынған сүйек шикізатын қолданады?
ГОСТ 16147-88 бойынша қабылданатын 1 категориялы сүйек шикізатына төмендегілердің қайсысы жатпайды?
Шығу тегі мен алынуына байланысты мал сүйектері қандай категорияларға бөлінеді?
Қалқанша бездің негізгі белсенді гормонын атаңыз және осы гормоннан қандай препарат дайындалып, медицинада есі ауысқан, семіздікке қарсы және басқа ауруларға қолданылады?
Қалқанша маңы бездерінің гормонын атаңыз және осы гормоннан қандай препарат дайындалып, медицинада ағзаның функциясы бұзылған кезінде және сіңіру тырысу кезінде қолданылады?
Жүрек, астма, қан қысымы, аддисон ауруларына қарсы дәрі жасауға қолданылатын бүйрек үсті безінің ми затының және қабығының гормондарын атаңыз?
Бауыр, арықтау және қант аздығы ауруларына қолданылатын ұйқы безінің ішкі, сыртқы секрециясын атаңыз?
Тері өңдеу өндірісінде қандай безінен алынған препарат қолданылады?
Ұлтабардан мәйек ашытқысын қалай жасайды?
Мәйек ашытқының бір бөлігімен сүттің неше бөлігін ашытуға немесе ірітуге болады?
Хирургиялық жіптерді неден дайындайды?
Ішектерді өңдеу дәрежесіне байланысты қандай өндірістік категорияларға бөледі?
Тұздаудың ішектер ұлпасына тигізетін әсеріне қайысысы сәйкес келмейді?
Ішектерді тұздағанда 1 кг ішек салмағына қанша мөлшерде тұз салынуы керек?
Ет комбинат құрамындағы мал қорасының мақсаты:
Ішкі мүшелерге (субпродукты) кіреді:
«Жүнді» ішкі мүшелерді көрсетіңіз:
Жұмсақ ішкі мүшелерге (субпродукты) кіреді:
Малды есеңгіретудің жаңа әдістері:
Ет комбинатындағы қорада малды ұстау уақыты:
Етті сіңірлеу дегеніміз не?
Етті не бойынша жіктейміз?
Жұмсақ ішкі мүшелерге (субпродукты) кіреді:
«Еттеу» деген мағынаға түсінік беріңіз.
Ет қандай ұлпалардан тұрады?
Еттің сапасына әсер тигізетін факторларға не жатпайды?
Еттің қызыл түске боялуы қандай ақуызқа байланысты?
Сойыс салмағы деген не?
Етті не бойынша жіктейміз?
Малды электр тоғымен есеңгірету әдісінің дұрыс жауабын көрсетіңіз:
Ірі қара мал (жоғарғы қонды) етінің шығымы, %:
Малды есеңгіретудің жаңа әдістері:
Малды есеңгірету дегеніміз:
Малды тасуға неше күн қалғанда тасу кезеңіндегі азықтандыруға көшіреді?
Тасу кезеңіндегі азықтандыруға біртіндеп көшудің тәсілі деген не?
Қоңдылықты көптеген нышандарды пайдаланып анықтайды, ол нышандарға не кіреді?
Ет шығымы және еттің тамақтық құндылығы тікелей байланысты сойыс малдар сапалылығының негізгі көрсеткіш не?
Сояр алдында малды суарудың мақсаты не? Дұрыс емес жауапты белгілеңіз.
Малды өңдейтін мекемелер қатарына не кірмейді?
Бұлшық еттің қызылдану интенсиві неге байланысты?
Еттің түсі сойылған малдың түріне байланысты болады?
Қоректілігі жағынан ең құнды, әрі жұмсақ бұлшық ет ұлпасы қайда орналасқан?
Ұшаның құрамында не неғұрлым көп болса, соғұрлым еттің тамақтық құны жоғары болады?
Ет қандай ұлпаларынан тұрады?
Бұлшық ет ұлпасының химиялық құрамы?
Мал ұшасындағы сүйектің үлес неше пайызға дейңн келеді?
Субөнімдер мал массасының неше -ын құрайды?
Жұмсақ субөнімдерге не жатады?
Етті-сүйекті субөнімдерге не жатады?
Шырышты субөнімдерге не жатады?
Жүнді субөнімдерге не жатады?
Субөнімдерді қалай жіктейді?
І категориялы субөнімдерге қайсысы жатпайды?
ІІ категориялы субөнімдерге қайсысы жатпайды?
Тағамдық субөнімдерге не жатпайды?
Техникалық субөнімдерге не жатады?
Тағамдық майды өндіру үшін негізгі шикізат көзіне қандай майлар жатады?
Мал майы сапасына қарай неше сұрыпқа бөлінеді?
Өнімділік қуатына қарай 5 категориялы ет комбинаты болады.
Ет комбинаты немен айналысады?
Малды сою алдында дем алдыру себеппен, оларды мал шарбаққа қамап ұстайды. Осы уақыттың ішінде оларды азықтандырмайды. Соңғы рет союға неше сағат қалғанда суарады?
Егерде сойыс малы тәулік бойы су ішпесе, ұлпалардың ылғалдығын жоғалту барасында олар неше пайызға дейін тірі салмағын төмендетеді?
Малды айдағанда қолданылатын электрайдағыштың кұші қандай болу керек?
Малды сою-бөлу цехында өткізелетін алғаш өңдеу түсінігіне мынадай операциялар кіреді:
Жансыздандыру түрлері:
Тамақ өнімдеріне және емдік заттар жасау мақсатымен қандай малдың қанын жинауға болады.
Қанның толық ағуын бағалау өлшемі ретінде ......саналады.
Тірі салмағынан қанша мөлшерде қан алынса қансырату жақсы жүрілді деп есептелінеді? Бұл мөлшер шамамен денедегі барлық қанның 50-60% болып есептелінеді.
Шошқаның ұшасын терісін түсірмей өңдеген кезде қансыратудан соң шошқаның ұшасын конвейрден чанына түсіреді қалай ұстау керек және мақсат неде?
Шошқа ұшасын күйдіретін пешке неше градус ыстықта, қанша уақыт үйтеді?
Ішкі мүшелерді алу (нутровка) процесіне төмендегілердің қайсысы қатысты емес?
Еттің құрамындағы экстрактивті зат қалай бөлінеді?
2018 жылдың 1-ші қантарындағы мәлімет бойынша Қазақстандағы құс саны, мың басы?
2018 жылдың 1-ші қантарындағы мәлімет бойынша Қазақстандағы түйе саны, мың басы?
2018 жылдың 1-ші қантарындағы мәлімет бойынша Қазақстандағы жылқы саны, мың басы?
2018жылдың 1-ші қантарындағы мәлімет бойынша Қазақстандағы қой мен ешкі саны, мың басы?
2018 жылдың 1-ші қантарындағы мәлімет бойынша Қазақстандағы шошқа саны, мың басы?
2018 жылдың 1-ші қантарындағы мәлімет бойынша Қазақстандағы ірі қара саны, мың басы?
Қазақстанда бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағының «Мал шаруашылығы» саласы бойынша екінші кезеңі қай жылы өткізілді?
Қазақстанда бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағының «Өсімдік шаруашылығы» саласы бойынша бірінші кезеңі қай жылы өткізілді?
1кг етте шамамен неше гр азотты экстрактивті зат болады?
Май мөлшері бұлшық ет, май, шеміршек және сүйек ұлпаларында шамамен қандай мөлшерде болады?
Биологиялық қасиеті бойынша қай малдан алынған май ең жақсы деп есептелінеді және себебі неде?
Арахид қышқыл сиыр етіне қарағанда шошқа етінде неше есе көп кездеседі?
Ет өндірісінде шеміршекті не өндіруге пайдаланады?
Мал сойылғаннан кейін етте күрделі ферментативтік үдерістің арқасында жүрілетін өзгерісті не деп атайды?
Еттің түгелдей сіресуі кай кезде жүріледі?
Еттің тереңделген автолиз (өздігінен ыдырау) кай кезде жүріледі?
Қандай малдың етінде бұл пісу үдеріс өте тез жүріледі?
Еттің толық пісіп-жетілуін қандай көрсеткіш арқылы анықтауға болады?
Еттің дұрыс сақталмауы, температураның және ылғалдылықтың ауытқи беруі, ұшаны толық салқындатпаудың себептеріне байланысты пайда болатын ақауды атаңыз?
Еттің тым ылғалдылығы және сақтау орнында ауа алмасуының дұрыс жүрмеуінен пайда болатын ақауды атаңыз?
Жоғары температурада, ылғалдықта және оттегінің шектен тыс енуінің арқасында пайда болған әртүрлі шіріту микро-организмдердің пәрменді өмір сүруінен ақуыздың күрделі жолмен ыдырауынан, микрофлоралардың әсерінен етте пайда болатын ақауды атаңыз?
Антисептиктерді атаңыз?
Микрофлоралардың әсерінен етте пайда болатын ақауды атаңыз?
Малды толық қансыратылмауынан, еттің ылғалдығынан және температурасы жоғары қоймада сақтағаннан қышқыл түзейтін бактериялар пайда болады, осы бактериялардың әсерінен болатын ақауды атаңыз?
Бұл ақау малды сойғаннан кейін, бастапқы сағаттарда етті дұрыс сақтамаудың, яғни температурасы +18 +20 градустан жоғары, я болмаса етті суыту және аяздау ережелерін бұзғанда, жаңа сойылған етті ауа кірмейтін тығыз ыдыста сақтағаннан, дұрыс желдетпеу әсерінен пайда болады. Осы ақауды атаңыз?
Неше сағаттың ішінде тотығу белгілері жоғалмаса, етті тамаққа қолданбайды?
Крипталар болады:
Бұлшық етті қабық тұрады:
Ішектің сыртқы қабығы:
Теріні шірітуші микроорганизмдер терідегі ылғалдың мөлшері қандай жағдайда интенсивті түрде дамиды?
Теріні бүлдіріп алмау үшін қандай шара қолданады?
Микроорганизмдердің теріде өсіп-дамуына ең қолайлы температура қайсысы?
Теріні штабельде жайып қойып ылғалдап тұздау неше күнге созылады?
Теріні жайып қойып ылғалдап тұздағанда тұздың шығымы шикізат салмағының неше пайызы болады?
Теріні жайып қойып ылғалдап тұздағанда штабелінің биіктігі неше метрден аспау керек?
Қой терісін тұздап, консервілегенде қолайлы кесектерінің ірілігі мен тұздың номері қандай болу керек?
Теріні бүлдірмейтін, адамға зияны жоқ және микроорганизмдерді өлтіретін немесе олардың тіршілік әрекетіне бөгет болатын терді консервілегенде қосып қолданатын затты не деп атайды?
Терінің консервілеу сапасы неге байланысты болып келеді?
Майдалылығы-ірілігіне қарай тұз қандай нөмірге бөлінеді?
Теріні консервілеу үшін ауаның температурасы және теріні консервілейтін орындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы қандай болса қолайлы?
Теріні консервілейтін тұздық дайындау үшін температурасы 15-20 градус бір литр суға неше грамм ас тұзын және тұздықтың консервілік қасиетін күшейту үшін неше грамм кремнийлі фторлы натрий қосады?
Техникалық ас тұзының құрамы?
Теріні жайып қойып ылғалдап тұздағанда оның алғашқы салмағы неше пайызға азаяды?
Теріні тұздықпен баптағанда оның алғашқы салмағы неше пайызға азаяды?
Алдын ала тұздалған теріні тұздықтау кезінде тері салмағының неше пайыз мөлшерінде тұз себеді?
Тұздықты күшейту үшін кеспекке салынған тері біраз араластырылғаннан кейін, оған жалпы тұз салмағының неше пайыз есебінде құрғақ тұз қосады?
Кеспекке салынған тері салмағының бір бөлігіне тұздықтың неше бөлігі келу керек?
Тұздықталған теріні жайып тұздағанда тұздың шығымы тері салмағының неше пайыз шамасында болу керек?
Қышқылдап-тұздап консервілеу әдіс қандай шикізаттар үшін ең тиімді әдіс деп танылды?
Қышқылдап-тұздап консервілеу әдіс бойынша теріні баптау үшін қандай консервілеу қоспасы пайдаланылады?
Теріні тұзсыз кептіруге ауаның қолайлы температурасы?
Жібіткенде өте нашар суланады және өңдегенде еңбек пен уақытты көп қажет ететін, бұндай теріден дайындалған өнімнің сапасы төмен болады. Бұл қандай әдіспен консервіленген тері?
Теріні тұзсыз кептіргенде – оның аумағы мен қалыңдығы, салмағы неше пайызға кемиді..
Ішектерді алу және алғашқы-өңдеу кезіндегі операцияларына қайсысы жатпайды?
Тұздалған ішектерде галофильдік бактериялардың әсерінен болатын ақауды қалай атайды?
Ішектердің қызғалттануын болдырмау үшін не жасау керек?
Ішекті калибровкалау деген не?
ГОСТ 33102-2014 мемлекетаралық стандартының атауы?

Приложенные файлы

  • docx 15615790
    Размер файла: 34 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий