сурет 2 саби


Технологиялық карта
Өтілетін тобы: ІІ сәбилер тобы
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет салу
Тақырыбы: Түрлі-түсті орамалдар
Мақсаты:
Білімділік: Заттарды түсіне лайықты сызықша, нүктелер, жолақшалар салып өрнектеу. Элементтерді бір қалыпта орналастыруды үйрету.
Дамытушылық: Қарындашпен жұмыс істеуді дамыту.
Тәрбиелік: Сурет салу барысында кеңістікті дұрыс пайдалануға, таза жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбері, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, сергіту сәті, ойын, жақсы орындаған балаларды мадақтау, бекіту.
Көрнекіліктері: түрлі-түсті орамалдар, олардың қағазға безендірілген түрлері, орамал, көркем әдебиет элементтері.
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы кезеңі Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалар шаттық шеңберіне жиналады.
«Қайырлы күн» деп атаймыз,
Кешке бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Жарайсыңдар балалар! Орнымызға отырамыз. Сәлеметсіз бе?
Балалар шаттық шеңберіне жиналып өлең жолдарын қайталайды.
Балалар орындарына отырады.
Ізденуші ұйымдастырушы кезеңі Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сурет салу. Біз бүгін түрлі-түсті орамалдарды бейнелейміз.
Балалар орамал дегеніміз – адамдардың қажеттілігіне пайдаланатын және гигеналық талаптарға қолданылатын орамал түрі. Орамалдардың көлемі мен пішіндері, безендірілуі әр түрлі болады. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде орамалдарды безендіруді үйренеміз.
Балалар калай ойлайсыңдар орамал не үшін қажет?
Жарайсыңдар балалар. Сонымен қатар орамал тазалықтың белгісі.
Орамалды безендіру үшін алдымен орамалдың көлемін таңдап аламыз. Сосын сол көлем бойынша орамалды безендіруді бастаймыз. Орамалды безендіру үшін әр түрлі сызықшаларды, нүктелерді, жолақтарды пайдаланамыз.
Ендеше балалар жұмысымызды бастаймыз. Ең алдымен орамалдың пішіні болып есептелетін қағазды аламыз. Сосын өзімізге ұнайтын түрлі-түсті қарындаштардың көмегімен орамалды безендіруді бастаймыз.
(Балалардың жұмыстарын бақылау. Ашық түстерді пайдалануын қадағалау. Қарындашпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. Өрнектерді таңдауға нұсқау беру)
Жарайсыңдар, дұрыс.
Сергіту сәті
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолың жу.
Жуынсан сен әрдайым,
Аппақ бетің маңдайың.
Жарайсыңдар балалар енді орнымызға отырайық.
Балалардың жұмыстарын талдау, жақсы орындаған балаларды мадақтау.
Балалар жауаптары тыңдалады.
Балалар түрлі-түсті орамалдарды безендіруді бастайды.
Балалар сергіту сәтін орындайды.
Балалар орындарына отырады.
Рефлексифті коррекциялаушы кезеңі Балалар енді ойын ойнайық.
Тақырыбы: «Бәйге»
Мақсаты: Балардың бойын сергітіп, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын дамыту.
Шарты: Балалар шеңбер бойынша қимылдар жасап жүгіреді. Кіріспе сөз айтылып болған соң тәрбиешінің лақтырған ормалын қағып алған бала жеңімпаз болып саналады.
Кіріспе сөз:
Атқа мініп,
Тұлпар мініп,
Ұшып келем.
Егер қоян ұстасам-
Жіберем!
Түлкіні қуамын-
Қамшымен ұрамын.
Ал қасқырға жетсем-
Таптаймын!
Жарайсыңдар балалар!
Балалар бүгін нені үйрендік?
Түрлі-түсті орамалдарды немен безендірдік?
Қандай ойын ойнадық?
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сіздерге ұнады ма?
Балалар осымен бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сау болыңыздар!
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Рахмет. Сау болыңыз!
Күтілетін нәтиже:
Біледі:
Заттарды түсіне лайықты сызықша, нүктелер, жолақшалар салып өрнектеуді;
Элементтерді бір қалыпта орналастыруды үйренеді;
Істей алады:
Қарындашпен жұмыс істей алады;
Таза жұмыс жасай алады.
Үйренеді:
Сурет салу барысында кеңістікті дұрыс пайдалануды;
«Бәйге» ойынының шартын үйренеді және кіріспе сөзін үйренеді.

Приложенные файлы

  • docx 15615459
    Размер файла: 22 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий