сурет шыгар


Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: сурет салу
Тақырыбы: Дәмді алмалар
Мақсаты : Алманың суретін сала білуді үйрету. Алма жемісін салуда өз еркімен бояу түстерін таңдай білу. Жоғарыдан төмен қарай қылқаламмен сызықтар жүргізе отырып толық, тегіс бояуға үйрету. Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Жеміс-жидектерге деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: күз мезгілінің суреті, ыдыстағы алманың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, магнитафон, баяу әуенді күйтабақ, сурет дәптер.
Билингвальді компонент: алма-яблоко, алуан- разнообразие,әртүрлі-разный , әр түсті-цветной
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Шаттық шеңбері.
Қызыл-жасыл, қарасын,
Қолға кезек аласың.
Қарандашпен әртүрлі,
Алуан сурет саласың.
Міне, қандай көп еді,
Ұштай біл де, ұстай біл.
Түрлі өрнек төгеді.
(Н. Айтов) Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді, қылқалам мен қарандашты естеріне түсіріп, ұстап көріп, сұраққа жауап береді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Тақтаға «Күз»мезгілінің суретін көрсетіп, күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту, үшін әңгіме жүргізеді. Педогог сурет бойынша әңгіме құрайды:
Балалар, мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
Алма туралы сұрақ береді, оның пішіні, түсі, дәмін айтады.Педагог алманы салу жолдарын айтып, түсіндіреді.
«Домала,», «әдемі», «қызыл», «сары», «жасыл» деген сөздермен сөз тіркесін құрастырады.
«Әр түрлі», «алуан түрлі» сөдерін қайталатады.
(Баяу ойнайтын әуен қоюға болады)
-Қылқаламды үш саусақпен ұстап, суға батырып, артық суды стақан ернеуіне сүйкеу арқылы қалдырып, қалаған бояуымызға салып, қылқаламның ұшымен жоғарыдан төмен қарай сызықтар жүргізе отырып, алманы толық бояп шығамыз.Енді қылқаламды жуып, қоңыр бояуға салып, алманың сабағын саламыз. Алманың ішін бояу үшін қылқаламды бояуға толық батырып, жоғарыдан төмен қарай жүргіземіз.
Бой сергіту.
Қолды үстелге қоямыз
Саусақтарды санаймыз
1,2,3,4,5 – 1,2,3,4,5
Екі қолды қос. (Балалар толық жауап беруі тиіс, бір рет хормен айтады, сосын жеке-жеке сұрау қажет.)
Қазір күз мезгілі. Себебі айналаның барлығы сары түсті болып тұр.
Күзде жемістер, көкөністер піседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
Мысалы: Алма-домалақ, қызыл алма, дәмді алма, алмада көп дәрумен болады т.б.
Балалар педагогтің айтуы бойынша қағаз бетіне үлкен бұтаны сала бастайды.
Үлкен бұтадан тармақталып шығатын кішкентай бұталарды салады.
Сергіту жаттығуын жасайды.
Рефлексиялық-
Түзетушілік Педагог сұрақтар арқылы оқу іс- әрекетін пысықтайды.
-Қараңдаршы,балалар,алмаларымыз әр түсті болып шықты .Қызыл,сары,жасыл алмалар – бір сөзбен әр түсті ,алуан алуан түсті деп атауға болады.
«Алуан» сөзін қайталатып айтқызады.
Балалар жұмысын талдап, мадақтайды. Балалар толық жауап береді.
Жеке жеке жауап алынады.
Мысалы: Мен алманың суретін салдым. Алма-жеміс, ол ағашта өседі.(Дыбыстарды дұрыс айтпаса, педогог өзі қайталап, балаларға қайталатады.)
Күтілетін нәтиже:
жасайды: алманың суретін өз еркімен салуды;
түсінеді:үлгі бойынша қарап жоғарыдан төменге қарай бояу әдіс-тәсілдерін;
қолданады:алма суретін салуға дағдыланды
Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: сурет салу
Тақырыбы: Алма бағы
Мақсаты : Алма ағашының суретін сала білуді үйрету. Алма ағашының құрылысына, ерекшелігіне сәйкес оның бөліктерін, бір-біріне қатынасын дұрыс бере білуге үйрету.. Жоғарыдан төмен қарай қылқаламмен сызықтар жүргізе отырып толық, тегіс бояуға үйрету. Ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. Көріністі қабылдауын дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: алма бағының көрінісі
Керекті құралдар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі.
Билингвальді компонент: алма-яблоко, алма бағы-яблоневыйсад.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Педогог балаларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне деген жылы түлектерін айтқызады. Алма ағашының гүлі немесе алманы бір-біріне бере отырып тілек айтады. Балалар бір-біріне мейірлене қарап гүл сыйлайды.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік Педогог күз мезгілі туралы тақпақты мәнерлеп оқиды.
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
«Кім көп жеміс жинады?» дидактикалық ойыны.
Балаларды екі топқа бөліп, жемістерді шашқызып, жинатып, санатқызып, түстерін ажыратқызып, салыстырып, ойнатуға болады. Педогог бақшадағы алма ағаштары туралы әңгіме жүргізеді; оларды бір-бірімен салыстырады, санатады. Жеміс-жидектердің түрлерін айтқызады.
Сергіту сәті; әуен ырғағымен қимыл жасатады.
Тақтадағы суреттерге қарап , алма бағындағы ағаштардың суретін салуды ұсынады. Мына түрдегі түсіндіру жұмысын жүргізеді: суретке алдымен ағаштың діңін қоңыр түспен салып аламыз, қылқаламды қатырақ басып діңін толық бояймыз, содан кейін бұтақтарын саламыз және жапырақтарын жасыл, сары түспен қылқаламның ұшымен сүйкей жаға отырып бояймыз, соңында қызыл, сары түсті алмаларды қылқалам ұшымен домалақтап салып бояймыз, қоысмша жанына гүлдер, шөптер салуымызға болады. - Себебі жеміс-жидек күз мезгілінде піседі.
Сұрақ-жауап.
-Ауылдағы атам мен әжемнің үйінде алма бағы бар.
Біз алма жинауға көмектестік.
-Алма, шие, өрік және т.б.
Мен күз мезгілін жақсы көрем.
Дәптерлерімен жұмыс.
Рефлексиялық-
Түзетушілік Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе, балалардың жұмысына талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, суретін барлық балаға көрсетеді. Мен алма бағындағы ағаштарды салдым.(Балалардан көбірек жауап алуға тырысу керек).
Күтілетін нәтиже:
жасайды: алма ағашының құрылысына, ерекшелігіне сәйкес оның бөліктерін,суретін өз еркімен салуды;түсінеді: Ағаш діңін қылқаламмен бастыра сызуды және жапырақтары мен алмаларын әдемілеп бояуды.
қолданады: Бақшадағы ағаштардың көрінісін сала білуді.
Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: сурет салу
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:
Тақырыбы: Жолақтағы ою элементтері
Мақсаты : қазақ оюларының суретін салу тәсілдерімен таныстыру, қолданылатын бұйымдарды ою-өрнектермен безендіру жолдарын геометриялық фигуралар салу арқылы көрсету, үзік сызықтарды қосу арқылы қандай бейне шығатынын көрсету, балалардың көркемдік талғамын дамыту. Әдемілікті сезіне білуге, әдептілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ою өрнекпен безендірілген тұрмыстық заттар, геометриялық фигуралар.
Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, магнитафон, баяу әуенді күйтабақ, сурет дәптер.
Билингвальді компонент: ою-узор , казахские орнаменты-казақ ою-өрнектері
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Педогог ою-өрнектің суретін көрсетеді, бірнешеуінің «қошқармүйіз», «құс қанаты», «гүл», «ирексу» аттарын атап өтеді және оларды қимыл-қозғалыспен көрсетеді. «Қошқармүйіз» қолдарын жоғары көтеріп, сыртына қарай қодың басын ию, «құсқанат» екі қолды жоғары көтеру т.б.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Ұлттық бұйымдарды(сырмақ, кесе) көрсетеді, сандықтың атауларын сұрайды, олардың ою-өрнектеріне назар аударады. Ою-өрнектер бейнеленген суретті көрсетеді, сұрақ-жауап арқылы олар туралы түсінік береді.
«Қандай пішін жоқ?»дидактикалық ойыны.
Мақсаты: жаңа ою-өрнек элементтеріне балалардың көздерін үйрету және оны басқа пішіндерден ажырата білу.
Шарт: төрт пішінді( шеңбер, төртбұрыш, «ирек» және «тышқанізі») тақтаға іліп қояды да, ішінен бір пішінді жасырады. Балалар қай пішін жасырылғанын айтады.
Сергіту сәті:
Ою-өрнекті салып аяқтау.( Музыка қоюға болады)
«Ирек» өрнегін сынық сызықтарды үшбұрыштан қосу арқылы үзбей сызуға жаттықтыру.( қарындашпен қосу)
Үшбұрыштарды аяқтау.
Жолақшада тұрған үшбұрыштарды бояту, яғни оны балалардың қалаудары бойынша бояуға қылқаламды батырып, дәптердің сол жағынан бастап бояу, дайын ою-өрнекті бояу. Жұмыс барысы туралы пысықтау сұрақтарын өоюға болады. Балаларды толық және жеке-жеке жауап беруге үйрету. Сандықта бейнеленген ою «қошқармүйіз» деп аталады, ал кеседегі ою «құсқанаты» деп аталады.
Үшбұрышқа ұқсайды, түстерін қайталау. Салыстыру, түстерін айтады.
-Үшбұрышқа ұқсайды, себебі үш бұрышы бар.
Балалар атауларын атап қайталайды.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
-Мен ою салып жатырмын.
Балалар педогогтың бағыт беруімен жұмысты бастайды.
Рефлексиялық-
Түзетушілік Жұмысты аяқтаған балалардың дәптерлерін топтағы төсеніш үстіне реттеп қояды, педогог балаларды тыңдайды, баға береді. Педогог балалардың суреттеріне талдау жасайды. Қандай ою салып отырғандарын, оның үшбұрышқа ұқсайтынын айтады.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: қазақ оюларының суретін салуды;
түсінеді: геометриялық фигуралар салуды, үзік сызықтарды қосу арқылы, нүктелеп белгілеу арқылы сурет салуды;
қолданады: геометриялық фигуралар салу арқылы ою-өрнектермен безендіру жолдарын
«Ақбота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы
Күні: 26.09.2016ж.
Тәрбиеші: Алиева А.Т.Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Не салғым келсе, соны саламын.
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дөңгелек және сопақша бейнелер жасай білуге баулу, сурет салуда өзінің көңіл-күйін бейнелей білуге үйрету. Әдемілікті сезіне білуге, әдептілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жемістердің суреттері, бояулар, қылқалам.
Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, баяу әуенді күйтабақтар, сурет дәптер.
Сөздік жұмыс: көкөністер, жемістер.
Билингвальді компонент: дүкен-магазин, жеміс-фрукты.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық «Дүкен»ойыны. Балалар кезекпен келіп, педогогтың сұраған жемістер сатып алады. Педогог «Дина сары жеміс сатып әкел», « Арман қызыл, әрі домалақ жеміс сатып ал» деген тәрізді тапсырмалар береді, балалар ол жемістердің аттарын атайды. Дина үстелдің қасына барып, сары жемісті (банан немесе алмұрт т.б.) атайды т.с.с.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педогог тақтаға көк-өністер мен жемістердің суретін іледі.
Жұмбақ жасырады:
Бақшада піседі,
Көп өнім береді.
Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
Суретпен жұмыс жүргізеді.
Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Айырмашылығы неде?
Түсі қандай?
Пішіні қандай?
Сергіту сәті:
Балалар қалаулары бойынша дөңгелек немесе сопақша пішіннен жемістердің суретін салады.
-Қағаз бетіне дөңгелек пішінді бастырып, қарындашпен домалақ сызып аламыз, таяқшаға бекітілген губкамен дөңгелектің ішін басып-басып қызыл сары түспен бояймыз. Лимонды, алмұртты жасау үшін сопақша пішінін саламыз. Балаларды толық және жеке-жеке жауап беруге үйрету.
Көкөніс.
Жеміс.
Оның түсі қызыл,сары. Пішіні дөңгелек болады. Бананның пішіні сопақша болады, түсі сары т.с.с.
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл көрсетіп, педогогпен бірге қайталайды.
Дәптермен жұмыс.
Рефлексиялық-
Түзетушілік Педогог сұрақ-жауап арқылы балалардың білімін қорытып, жұмыстарына талдау жасайды. Мақтап, мадақтайды. Толық жауап береді
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: қылқаламның ұшын ғана тигізіп, тік бағытта ұстауды.
Түсінеді: жоғарыдан төмен қарай сызу, нүктелерді қосуды.
Қолданады: дөңгелек және сопақша бейнелер жасауды, сурет салуда өзінің көңіл-күйін бейнелей білуді.
Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: сурет салу
Тақырыбы: Не салғым келсе, соны саламын.
Мақсаты : Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дөңгелек және сопақша бейнелер жасай білуге баулу, сурет салуда өзінің көңіл-күйін бейнелей білуге үйрету. Әдемілікті сезіне білуге, әдептілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жемістердің суреттері, бояулар, қылқалам.
Қажетті құрал-жабдықтар: бояулар, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, баяу әуенді күйтабақтар, сурет дәптер.
Сөздік жұмыс: көкөністер, жемістер.
Билингвальді компонент: дүкен-магазин, жеміс-фрукты.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық «Дүкен»ойыны. Балалар кезекпен келіп, педогогтың сұраған жемістер сатып алады. Педогог «Дина сары жеміс сатып әкел», « Арман қызыл, әрі домалақ жеміс сатып ал» деген тәрізді тапсырмалар береді, балалар ол жемістердің аттарын атайды. Дина үстелдің қасына барып, сары жемісті (банан немесе алмұрт т.б.) атайды т.с.с.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педогог тақтаға көк-өністер мен жемістердің суретін іледі.
Жұмбақ жасырады:
Бақшада піседі,
Көп өнім береді.
Аспай піскен,
Қайнамай түскен.
Суретпен жұмыс жүргізеді.
Ненің суретін көріп тұрсыңдар?
Айырмашылығы неде?
Түсі қандай?
Пішіні қандай?
Сергіту сәті:
Балалар қалаулары бойынша дөңгелек немесе сопақша пішіннен жемістердің суретін салады.
-Қағаз бетіне дөңгелек пішінді бастырып, қарындашпен домалақ сызып аламыз, таяқшаға бекітілген губкамен дөңгелектің ішін басып-басып қызыл сары түспен бояймыз. Лимонды, алмұртты жасау үшін сопақша пішінін саламыз. Балаларды толық және жеке-жеке жауап беруге үйрету.
Көкөніс.
Жеміс.
Оның түсі қызыл,сары. Пішіні дөңгелек болады. Бананның пішіні сопақша болады, түсі сары т.с.с.
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл көрсетіп, педогогпен бірге қайталайды.
Дәптермен жұмыс.
Рефлексиялық-
Түзетушілік Педогог сұрақ-жауап арқылы балалардың білімін қорытып, жұмыстарына талдау жасайды. Мақтап, мадақтайды. Толық жауап береді
Күтілетін нәтиже:
жасайды: қылқаламның ұшын ғана тигізіп, тік бағытта ұстауды.
түсінеді: жоғарыдан төмен қарай сызу, нүктелерді қосуды.
қолданады: дөңгелек және сопақша бейнелер жасауды, сурет салуда өзінің көңіл-күйін бейнелей білуді.
Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: сурет салу
Тақырыбы: Үлкен және кіші сәбіздер.
Мақсаты : Сәбидің суретін салуды үйрету. Балалардың сопақша пішіннен бейне жасау, бейнені қабылдау қабілеттерін дамыту, түстер мен ырғақты сезіне білуге үйрету. Сурет салуда батыл қимыл-қозғалыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сәбіздің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі, қарындаш.
Билингвальді компонент: маленкий- кішкентай, үлкен-большой, сәбіз-морковь
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Барлығы бір-біріне деген жылы тілектерін айтады. Балалар шеңбер жасап тұрады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педогог сурет бойынша жыл мезгілдері туралы әңгіме жүргізеді.
Қоянның қолында не бар?
Педогог салыстыру, түстерін ажырату, пішіндерін айту сияқты т.б. жұмыстарын жүргізеді.
Сәбіз қанша түстен тұрады?
Сергергту сәті:
Педогог балалардан қояндардырдың қолындаңы үлкен және кішкентай сәбіздердің суретін салуды өтінеді.
-Алдымен үлкен сәбіздің суретін саламыз. Қарындашпен жіңішке сызық пен ұзын екі сопақша сызықтарды кезекпен сызып бір-біріне қосамыз. Сәбіздің ұш жағы жіңішке, бас жағы жуандау болып келеді. Содан кейін сабағын саламыз. Сәбіз суретін қызғылт сары түспен бояймыз. Ал кішкентай сәбізді де солай саламыз, бірақ ол үлкен сәбізге қарағанда кішілеу болады. Күз мезгілі көкөніс, жеміс-жидектерін береді.
(Қимылмен көрсетеді)
-Қоян сәбізді жақсы көреді. Қоянның қолындағы сәбізі үлкен, ал көжегінің қолындағы сәбізі кішкентай. Балалар толық жауап береді.
- Жасыл түспен сабағын бояймын, сәбізіміз дайын болады.
Рефлексиялық-
Түзетушілік Педогог балалардың суретті жақсы салғандығын, қоянның қуанып, алғыс білдіргенін айтып, көңілдерін көтереді.
Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе балалардың жұмысына талдау жасайды, мақтап, мадақтайды. Не салғандарын әңгімелейді.
Мен алмұрт салдым. Ол сопақшаға ұқсайды т.с.с.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: үлкен-кіші сәбіздер суретін салуды;
түсінеді: бейнені қабылдауды, түстер мен ырғақты қабылдай білуді.
қолданады: пішіндерден бейне жасауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:13.10.2014ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы:Алтын күз
Мақсаты: Күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетінде бейнелеу. Күзгі ағашты, оның бөліктерін анық салуды үйрету. Ағаштың діңін төменнен жоғары қарай жіңішкеретінін, яғниғ жоғары жағы жіңішкеретінін, төмен жағы жуан болатынын айту, бұталарын, жапырақтарын көлденеңінен салуды үйрету, саусақ қимыл-қозғалыстарын еркін пайдалану, сызықтарды батыл жүргізу, түстердің үйлесімділігін сезінуге, заттың пішінін ұқсата салуға үйрету. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Күз көрінісі» суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, магнитафон, баяу әуенді күйтабақ.
Билингвальді компонент: алтын күз- золотая осень,сары алтындай- как желтое золото; жомарт-добрый
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық -Балалар, сендерді аналарың не деп еркелетеді? Сендерге қандай жылы сөздер айтады? Балалар шеңбер жасап отырады. Сұраққа жауап береді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педогог күз мезгілі туралы тақпақ оқып, осы тақырыпта әңгімелеседі. «Алтын күз» (Ғ.Қайырбеков)
Алтын, алтын, сары алтын
Алтын күзде нұр жатыр.
Сары ала тон жамылған,
Күз атамыз секілді,
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі.
Педогог балаларға күз мезгілініңбелгілері туралы айтқызады.
Сергіту сәті.
«тамып, тамып, тамып, тамып» деп айтып отыра кетеді.
Суретке қарап, сурет салғызады.
Ең бірінші ағаштың діңін төменнен жоғары қарай жасаймыз, төмен жағы жуандау болып келеді, бұтақтары екі жақ шетіне, діңінен жіңішке әрі қысқа болып келеді.
Бұған қосымша балалар жерді, бұлтты, күнді салады.
-Қылқаламды бояуға батырып, солдан оңға ұзын толқынды сызық сызамыз, қылқаламның бүкіл ұшымен жерді солдан оңға қарай бояймыз. Жаңбырды қылқаламның ұшымен саламыз. Сұрақтарға жауап береді.- Күз мезгілі.
Алтын күз дейміз.
Жаңбыр жауып тұр.
Ағаштар қозғалып тұр.
Жапырақтар түсіп жатыр.
Аспан бұлттанып тұр.
Күн суыта бастады.
Педогогпен бірге қимыл көрсетеді.
Дәптерді ашып, жеңдерін түріп, сұқ саусақтарын дайындайды. Жер қара, батпақ болады, жерді қоңыр түспен бояймыз. Ағаштардан жапырақтар жерге түсіп жатыр, жапырақтың түсі сары, сары түске саусағымызды батырып, жапырақтар саламыз.
Саусағымызды жуып, сүлгімен сүртіп, бұлттың ішін бояймыз. Саусақпен көк түске бояймыз.
Рефлексиялық-
Түзетушілік -Балалар, бүгін біз не жайлы сурет салдық?
-Өте жақсы, суретті тамаша салдыңдар. Балалар алған суреттерін әңігмелейді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: күзгі табиғаттан алған әсерлерін қағаз бетіне бейнелеуді.
түсінеді: күзгі ағашты, онық бөліктерін анық етіп салуды.
қолданады: ағаштың діңін төменнен жоғары қарай, бұталарын, жапырақтарын көлденеңнен салуды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 20.10.2014ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Орамалды әшекейлеу.
Мақсаты: Ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету, ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын дамыту. Балаларды өренктерді дұрыс орналастыра білуге үйрету. Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің бірі «омыртқамен» таныстыру, оның суретін салу жолдарын меңгерту, эстетикалық сезімдерге тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық ою-өрнегі және қазақтың ұлттық киімдерінің суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі.
Билингвальді компонент: «омыртқа» өрнегі, шапан, сәукеле, қамзол, кимешек- Казахские национальные одежды
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық
Балалар бір-біріне деген жылы тілектерін айтады. Қонаққа әже келіп, қазақтың ұлттық киімдері туралы сұрақтар қояды. Орамал қазақтың ұлттық киіміне жататыны туралы әңгімелейді. Педогог қазақтың ұлттық ою-өрнектерін балалардың естеріне түсіреді.(киімдегі өрнектерді көрсетіп, сұрақ қояды)
Қазақтың ұлттық оюының бірі «Омыртқа» таныстырады.
Балалар шеңберге тұрады.
Амандасады.
Камзол, шапан, кимешек.
Орамалды әжелеріміз және аналарымыз басына салады.
-«ирек», «құсқанаты», «тышқан ізі».
Шаршыға ұқсайды. Менің әжемде, анамда орамал бар.
Өрнек шыршаға ұқсайды т.б.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Сергіту сәті:
Ауада екі қолымен үшбұрышты жүргізе отырып, «омыртқа» өрнегін салады. Педогог балалардан әженің орамалын ою-өрнекпен әшекейлеп беруді сұрайды. Сұрақ-жауап әдісімен қандай өрнек салуды анықтайды.
Балалар қалаулары бойынша бояу таңдап алып, «омыртқа» өрнегін салуға кіріседі.
Үшбұрышты салу арқылы «омыртқа» өрнегімен әжеміздің орамалын әшекелейміз. Шаршы пішінді орамалдың суретін қылқаламмен салып аламыз, содан кейін орамалдың ішіне нүктелердің көмегімен ою саламыз, нүктелер арқылы салынған өрнегімізді бояумен әдемілеп бояймыз. Міне, біздің әжейге арнап салған орамалымыз әшекейлі және әдемі болып шықты. (Саусақтарымен жаңбырдың тырсылы дыбысын салады). Қылқаламды жуып, артық суды стакан ернеуіне қойып, бояуға батырып, тік бағытта ұстап жұмыс жасайды.
Әжеміз қуанып қалды.
Мен орамалды әдемі қылып әшекейледім.
Рефлексиялық-
түзетушілік Көрме ұйымдастыру. Жарайсыңдар, «омыртқа» өрнегіміз неге ұқсайды, балалар?
Әженің риза болғанын, балаларға үлкен алғысын айтып, көңілдерін көтеру, мадақтау.
«Орамал тастау» ойынын ұйымдастыру. Балалар толық жауап беруі керек.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: ою-өрнектермен әшекейлей білуді.
түсінеді: қазақтың ұлттық ою-өрнегінің бірі «омыртқа» туралы.
қолданады: шаршының ішіне өрнектері дұрыс орналастыра білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 27.10.2014ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Қандай заттың пішіні дөңгелекке ұқсайды?
Мақсаты: Дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды үйрету; екі түрлі қылқаламмен жұмыс істеуді;шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту, байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: дөңгелек заттардың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі. Билингвальді компонент: дөңгелек-круглый, шеңбер-круг
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Барлығы бір-бірлеріне жүректен шыққан жылы лебіздерін айтады. Шеңберге тұрып, жүрек пішінді ойыншықтарды бір-біріне береді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік «Қандай пішін жоқ?» дидактикалық ойыны. Дөңгелек пішінге ұқсас ойыншықтардың, заттардың аттары мен белгілерін атап айтады, балалармен бірге анықтайды. Балалар топ ішіндегі заттардан дөңгелекке ұқсас заттарды тауып айтады.
Сергіту сәті:
Педогог:
Қазым, қазым қаңқылда,
Жүз көліңе, салқында.
Жем шашайын, жейсіңбе,
Кәмпит берші, дейсіңбе?..
Қаз:
Жоқ! Жоқ!
Кәмпит маған болмайды ас,
Арпа менен бидай шаш.
«Заттардың суретін аяқта» дидактикалық ойыны. Балаларға берілген фигурадан бейне жаса деген тапсырма беріледі. Сурет салуға кіріспес бұрын педогог салатын суретті нүкте арқылы көз мөлшерімен жасап алуды, содан кейін қылқаламмен бастырып, қалаулары бойынша бейне жасау туралы әңгімелеп түсіндіреді.
Фигураларды еске түсіреді. Балалар ойланады.
-Шар, доп т.б.
Олар домалайды, дөңгелейді, бұрыштары жоқ.
Тамақ ішетін ыдыс, сағат, доп т.б.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Қылқаламды еркін ұстап, дөңгелектің үстінен жүргізіп, қалаған бейнелерін жасайды. Ішін бояған кезде нүктеден бастап айналдыра бояу әдісін қолданады. Жұмбақ, мақал-мәтел, тақпақтар айтып, қалғандары ойланып шешімін табады.
Рефлексиялық-
Түзетушілік Балалар, сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар, жұмыстарыңды әдемі, ұқыпты салыңдар (мақтау, мадақтау) Балалар толық жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: дөңгелек пішінді заттардың суретін салуды.
түсінеді: екі түрлі қылқаламмен жұмыс істеуді.
қолданады: шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыта отырып бейнелер жасауды
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:03.11.2014жТәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Үйдің суретін саламыз.
Мақсаты: түзу сызықтарды дұрыс сызу және бояй білу дағдыларын қалыптастыру. Бояу түсін таңдай білу, сурет салуға қызығушылығын арттыру. Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бір қабатты үй мен көп қабатты үйлердің суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу,гупка таяқшасы, су, сүлгі,қағаз,қарындаш
Билингвальді компонент: қабат-этаж, көпқабатты-многоэтаж
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Балалар бір-біріне деген жылы тілектерін айтады. Балалар, бүгін бізге қонаққа екі қуыршақ келіпті. Күн суытып келеді, ал қуыршақтардың тұратын жері жоқ екен. Бұл қуыршақтар сендерге қайда тұрғысы келетінін айтады. Балалар шеңберге тұрады, бір-біріне тілектерін айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Біздің үй (Ғ.Өкееев) өлеңін оқу.
Тәрбиеші әртүрлі үйлердің суреттерін көрсетіп, үй туралы түсінік беру.
Бір қабатты үй
1.Бір қатарға екі терезе салу үшін жоғарыдан төмен қарай түзу сызық сызылып,шаршы жасалады.
2.Есігі тік төртбұрышқа ұқсайды
3.Шатыры үшбұрыш болып келеді,параұтың жоғарғы жағына нүкте қойып,әртүрлі жаққа екі сызық жүргізіледі.
Бой сергіту.
Мен құрылысшы боламын
Зәулім үйлер саламын
Өз қаламды көркейтіп,
Ел алғысын аламын
Көп қабатты үй
Бірнеше қатарға терезелер салынады. Қабаттардың арасында қылқаламды оңға,солға жылжыта отырып салу керек.Үйдің түсі күлгін ашыұ жасыл,көк болғаны дұрыс екенін түсіндіреді. Терезе,шатыр есіктердің шеттерін бояу керектігі айтылады.
Үй салу жолдарын түсіндіріп, сурет салу. Дәптерлерін ұқыпты ұстаулары қадағаланады. Өлеңді тыңдайды. Өздерінің үйлері туралы әңгімелейді.
Мен көп қабатты үйде тұрамын.Мен қалада тұрамын. Мен төртінші қабатта тұрамын.
Геометриялық фигураларды қайталап естеріне түсіндіреді
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды
Қылқаламды өте қатты баспай түзу сызықтар сызады
Бояған кезде сүйкей жағу әдісін пайдаланады
Рефлексиялық-
Түзетушілік Балалардың жұмысын талдау. Қуыршақтар балаларға алғыстарын айтады. Мақтау, мадақтау. Балалар не салғандарын, қалай салғандарын айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: бояй білу дағдыларын, тәсілдерін.
түсінеді: түзу сызықтарды дұрыс сызуды.
қолданады: бір қабатты үй мен көп қабатты үйлердің суретін салуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 10.11.2014ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Күз бейнесі
Мақсаты: балаларды табиғатты бейнелеу жанрымен таныстыру., балалардың күзгі табиғаттан өздері бақылағандарын суретте бейнелеп көрсете білу дағдыларын қалыптастыру. Отанды, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Қолданылатын керекті құралдар: күз мезгілінің суреті.Саңырауқұлақ суреті
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу,су, сүлгі,қағаз,қарындаш
Билингвальді компонент: күзгі саябақ-осенний парк, орман-лес
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Күзгі орманға саяхат. Тәрбиеші балаларды бір-бірінің артынан тұрғызып жүргізеді, күзгі орманда нені көруге болатыны жайлы сұрайды. Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Тәрбиеші тақтаға күз мезгілінің суретін іліп осы тақырыпта әңгіме жүргізеді.
Д/о: «Кім тез құрастырады?» Балалар қиық суреттерден саңырауқұлақты құрастырады. Сергіту сәті. Суретті салу жолдарын түсіндіру. Қағаз бетін толық пайланау керек екендігін ескертеді. Күзгі орман бейнесін ағаштарды,қызыл-сары жапырақтардың көп түсіп жатқанын бейнелеуді тапсырады.
Соның ішінде орманда саңырауқұлақтар өсетінін,оны қалай салуға болатынын көрсетіп,түсіндіреді.
-Бірінші түзу сызық сызып алып,оның екі ұшын сопаұша дөңгелек жасап отырып қосамыз,бұл саңырауқұлақ қалпағы болады
Саңырауқұлақтың сабағын салу үшін қалпағының астыңғы бөлігінен екі нүкте бөліп алып,оны түзу сызық сыза отырып дөңгелектеп ,екінші жақ бөлігіндегі нүктеге жеткізе сызамыз.
Қылқаламды еркін ұстау,батыл жүргізу туралы кеңестер беріледі. Суретті толықтыру үшін бұлт,күн, ағаш,шөп салуға болатыны айтылады. Егер жақын тұрған саңырауқұлақ бейнеленген болса үлкендеу етіп салу, ал алыста тұрған саңырауқұлақ бейнеленсе кішілеу етіп салу керектігі айталады Күз мезгілінің белгілерін әңгімелейді.
Өлең қимылдарына сәйкес қимылдар жасайды
Саңырауқұлақтарды қылқалам ұшымен жеңіл сүйкей жағу тәсілімен салады.
Суретті ертерек бітірген балаларға қосымша тапсырма беріліп, балалар өз ойларын толықтырады.
Рефлексиялық-
Түзетушілік Тәрбиеші балалардың жұмысына талдау жасап, жақсы салынған суреттерді көрмеге іледі. Балалар бір-бірінің суреттерін көріп, тамашалайды.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: күзгі табиғатта өздері бақылаған жайларды суретте көрсете білуді.
түсінеді: жағу, басу арқылы жалпақ, жуан із қалдыру, көлдеңінен жағуды.
қолданады: фигуралар салу арқылы бейне жасауды
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:17.11.2014ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Тәрелкені әшекейлеу
Мақсаты: балаларды белгілі бір тұтынатын бұйымдардың пішініне сәйкес ою-өрнектермен тәрелкені әшекейлей білуге үйрету, қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды, нүкте арқылы ою жасауды, әсемділікті қабылдай білуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: тәрелкенің суреті, ұлттық ою-өрнегінің суреті, қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдарының суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, су, сүлгі,қағаз,қылқалам, тәрелкенің үлгісі
Билингвальді компонент: тамшы оюы-орнамент капля
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық «Көрме» ойыны. Кесе, тәрелке, торсықты көрсету, оларды бір-бірімен салыстыру, бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атайтынын сұрау (ыдыстар), олардың ою-өрнектермен мән беру. Балалар ыдыстарды ұстап көреді, пішініне, түсіне көңіл аударады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Тәрбиеші балаларға қазақ халқы тұтынатын ыдыстар түсінік береді. Ыдыстарға салынатын «омыртқа», «тышқанізі», «толқын», «құс қанаты» оюлары туралы түсіндіреді. Сергіту сәті. Ыдыстардың ішіндегі тәрелкенің суретін салып, оның ішін өрнектермен әшекейлеу жолын көрсету. Тәрелкеге бейнелейтін ою «су тамшысы» деп аталады. қазақ халқы тұтынатын ыдыстар туралы түсінік алып, оюларды естеріне түсіреді. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Тәрелкені «су тамшысы» оюын салу арқылы әшекейлеу жолын үйренеді.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог мақтау, мадақтау жұмысын жүргізіп, балалардың жұмыстарын көрмеге іледі. Әдемі әшекейленген тәрелкелерді өздері таңдайды.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: белгілі бір тұтынатын бұйымдарды пішініне сәйкес ою-өрнектермен әшекейлеуді.
түсінеді: қылқаламның ұшымен жұмыс жасай білуді.
қолданады: қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:24.11.2014ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Қандай заттың пішіні шаршыға ұқсайды?
Мақсаты: шаршы пішіндес заттардың суретін салуды үйрету, шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту, байқағыштығы мен көз мөлшері, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін алыптастыру. Жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: шаршы тәріздес теледидар формасы, құстың ұясы, орамал т.б.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, су, сүлгі,қағаз,қылқалам,
Билингвальді компонент: телезивор-теледидар, квадратной -шаршы тәріздес.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар шаттық шеңберін құрып бір-біріне жақсы тілектерін айтады.
Д/о:«Кім тапқыр?» Балалар топ бөлмесі ішінен шаршыға ұқсас заттарды табады.
Бір-біріне тілектер айтады. Балалар ойларын толық сөйлемдер арқылы білдіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Тәрбиеші шаршыны сала отырып белгілі бір бейне құрап шығарады.
Педагог шаршыны көрсетеді.Шаршының төртбұрышы бар екенін айтады.
-Шаршыға ұқсайтын тағы да қандай заттарды білесіңдер?
Сергіту сәті:
1,2,3,4,5-5,4,3,2,1
Құмырсқалар жыбыр-жыбыр
Жұмыс істеді күнімен
Дем алды ғой түнімен
Құмырсқалар жыбыр-жыбыр
Суретті топ-топқа бөліп салуға болады.
-Нүкте арқылы шаршы жасап аламыз,содан кейін қарындашпен жоғарыдан төмен қарай бастырып сызамыз.Салу жолдарын түсіндіре отырып бет орамал, шкаф, теледидар, үйдің суреттерін салғызады.
Ол заттардың түстері әртүрлі болғандықтан,түсті өздері қалауынша таңдап алады.
Жұмысын ерте аяқтаған балаларға шкафтың қасына қосымща теледидарды,үйдің өасына ұя салуды ұсынуға болады. Балалар шаршы пішіндес бейне жасауға кіріседі.
- шкаф, теледидар,тақта т.б
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар шаршы пішіндес бейне жасауға кіріседі.
Солдан оңға қарай жоғарыдан тқмен қарай сызықтар сызады, қылқаламды қатты батырмай, ақырындап жүргізеді.
Рефлексиялық-түзетушілік Балалар жұмыстарын талдау. Сурет салудағы жетістіктерін айту. Өздері не жасағандарын, түстерін, пішіндерін сипаттап айтады.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: шаршы пішіндес заттардың суретін салуды.
түсінеді: нүкте арқылы жоғарыдан төмен, оңнан солға қарай сызықтарды қосуды.
қолданады: байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыруды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 08.12.2014ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Ақша қар.
Мақсаты: қардың жауып тұрған бейнесін бере білу; бұлттардың суретін салу үшін суық түстерді таңдап алу; қардың ерекшеліктері жайында түсініктерін қалыптастыру, суретке көркемдік элементтерді кіргізе білуді үйрету, әсемдікке тәрбиелеу.
Керекті құралдар: қыс мезгілінің, қардың суреті.
Билингвальді компонент: алғашқы-первый, суық түс-холодный цвет, мұз-лед
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Тәрбиеші балалармен бірлесіп қарды зерттеп түстерін анықтайды.
Қардың қандай екенін сұрайды. Қарды ұстап көреді. Қасиеттерін айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік Жұмбақ жасыру:
Аппақ-аппақ көбелек
Жерге қонар көлбеңдеп
Ақ жұлдызша себелеп
Ұстатпайды, не керек?
Сергіту сәті:
-Қазір барлығымыз суретшіге айналып, осындай әдемі қардың суретін қылқаламның тек ұшымен жеңіл сызықтар жүргізу арқылы саламыз. Ең бірінші, әр түрлі бейнедегі бұлттар саламыз.Ол үшін сызықтарды анық етіп, басып сызып салу керек. Қарды салғанда оңнан солға қарай сызық, солдан оңнан қарай , түзу сызық салу керек,дәл ортасынан түзу сызық түсіреміз,сызықтар бірдей болу керек.Ол үшін қысқа сызықтарды санай отырып сызамыз. Балалар жұмбақтың жауабын анықтайды.
-Қар
Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.
Тәрбиешінің көрсетуі бойынша сурет салады.
Қылқаламды әртүрлі күш сала қатты, ақырын басып, жуан жіңішке із түсіреді.
Рефлексиялық- түзетушілік Тәрбиеші балалардан қандай мейрам жақындап келе жатқанын сұрайды.
-Балалар, бүгін суретті бәрің жақсы, әдемі салыңдар. Жаңа жылда Аяз ата келгенде осы суреттерді көрсетеді. Балалар өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: қардың ерекшеліктері жайлы қарапайым түсініктерді.
түсінеді: геометриялық фигуралар арқылы бейнелеуді.
қолданады: қардың суретін салуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 15.12.2014ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Торсықты әшекейлейміз.
Мақсаты: Заттардың пішіні, олардың құрылымы, өрнек элементтерінің орналасуына көңіл бөлуді үйрету, сурет салудың дәстүрден тыс әдістері:дымқыл және құрғақ қылқаламмен сурет салу әдісімен таныстыру. Көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ұлттық ою-өрнектермен безендірілген ыдыстар, тосықтың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі.
Билингвальді компонент: торсық-торсык-теріден жасалған ыдыс-кожаных изделий
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Психологиялық сәт
Үш кесе ішем күніне,
Мен қымызды сүйемін.
Ашытылған күбіге,
Ол сүті ғой биенің. Өлеңді мұқият тыңдап, түсінгендерін айтып береді.
Ұйымдастырушылық
-ізденушілік Тәрбиеші ұлттық ою-өрнектермен безендірілген ыдыстарды балалардың есіне түсіруіне көмектеседі. Д/о:«Торсықты құрастыр!»
Торсықтың тұрмыста не үшін қолданылатыны жайлы әңгіме жүргізеді.
-Бұранғы ат-бабамыз ұзақ жолға шыққан кезде торсыққа қымыз толтырып алып,жол жөнекей ішкен. Қымыз шөл қандыратын және күш беретін сусын. Торсық қазір де әрқайсысымыз үйде қолданатын тоңазытқыш сияқты, бізге аса қажетті зат десек болады.
Сергіту сәті.
Торсықты әшекейлеу жолдарын түсіндіреді.
Дәптердегі тапсырманы орындау үшін алдымен өрнектердің үстінен қылқаламмен жүргізіді, сосын бояйды.Торсықты әдемілеп әшекелейді. Педагог бояу түстерінің үйлесімді болуына, бояуды дұрыс таңдауға бағыт береді. Ыдыстардың түрлерін естеріне түсіреді.
Торсықта қандай ою-өрнек түрлері бар екенін, қайда орналасқанын атап береді.
3 бөлікке бөлінген торсықты жылдам құрастырады.
Берілген үлгіге қарап,торсықты ою-өрнектің қарапайым элементтері – «қойдың ізі» «құс қанаты» т.рлерімен әшекелейді
Балалар әшекейлеуге кіріседі.
Қылқаламның көмегімен нүктелердің үстін бастыра жүргізеді,әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып бояйды
Рефлексиялық-түзетушілік Д/о: «Қандай ою?»
Балаларды мақтап, жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. Сұрақтарға жауап береді.
Ең жақсы салған суреттерді балалар өздері таңдайды.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: қылқаламмен жұмыс істеу барысында нақты қозғалыс жасайқылқаламмен жұмыс істеу барысында нақты қозғалыс жасай білуді.
түсінеді: қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін бейнелеуді.
қолданады: ою-өрнек элементтерінің орналасуын қадағалауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:22.12.2014ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Біздің әсем шыршамыз
Мақсаты: жаңа жылдық шыршаның бейнесін сала білуге үйрету, шыршаның бұтақтары мен оның тікендерін көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салуға жаттықтыру, қосымщаөз бетінше шыршаға ойыншықтар салдыру, бейнені қабылдауын дамыту, түстермен ырғақты сезіне білуге үйрету. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жаңа-жылдық шырша суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ
Билингвальді компонент: тікен-шип, аяз-мороз, хош иіс-аромат
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Тәрбиеші «Табиғи өскен шырша» тақырыбында әңгіме жүргізеді, балалардың естеріне шырша туралы мәліметтерді түсіріп, толық жауап алады, анық сөйлеуін қадағалайды. Шыршаны ұстап көреді, сезінеді, ерекшеліктеріне көңіл аударады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Шырша туралы жұмбақ жасырады.
Жасыл тонның бояуы
Жыл он екі ай тозбайды,
Дің, бүршіктер сояуы
Қысқы аязға тоңбайды
-Осы шыршаға ұқсас тағы қандай ағаш бар?
Балалар,біз шыршаны жақсы білемі, Жаңа жыл мерекесінде үйде балабақшада шыршаны ойыншықтар іліп, әдемілеп безендіріп қоямыз
Шырша жайлы түсініктерін кеңейтеді.
Алдымен діңін салуды, Төменгі жағы жуандау, жоғарғы бөлігі жіңішке болып келетінін,бқтақтарын жоғарыдан төмен қарай көлбеу сызықтармен сызу арқылы салуға болатынын түсіндіреді
Сергіту сәті.
Шыршаның суретін салу жолдарнын көрсетеді. Шыршаны салып болған соң балаларға оны ойыншықтармен әшекейлеуді ұсынады. Балалар жұмбақтың жауабын анықтайды.
Шыршаны тәрбиешінің көрсетуі бойынша салады, әшекейлейді.
Қылқаламмен ойыншық ілінген әдемі шыршаның суретін түсті бояулармен салуға кіріседі,көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салады.
Ойыншықтары сопақ және домалақ болып келетін,өлшемі жағынан сәйкес келетініне көңіл бөліп жасайды
Рефлексиялық-түзетушілік Балалардың жұмысына талдау жасау, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды. Шырша туралы әндерін қайталап айтады.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: жаңа жылдық шыршаның бейнесін салуды.
түсінеді: тікендерді көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салуды.
қолданады: түстер мен ырғақты сезіне білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:29.12.2014ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: түрлі-түсті үшбұрыштар.
Мақсаты: үшбұрышты заттарды ажырата білуді үйрету, кеңістікті, түстерді сезіне білуді, шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту, байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру. Ұқыптылыққа, тазалық сқтай білуге тәрбиелеу
Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі түсті үшбұрыштардың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ
Билингвальді компонент: үйдің шатыры-крыша дома, шырша-елка
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Балалар бір-біріне жүректен шыққа жылы лебіздерін айтады. Шеңберге тұрып, тілек айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог суретте қандай геометриялық фигура бейнеленгенін сұрайды.
Д/о: «Қандай фигура?»
Сөйлем арқылы фигураларды сипаттайды.
Сергіту сәті.
Саусақ жаттығуы
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бәрін қосып санасақ
Болады екен он саусақ
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
Педагог суретпен жұмыс жүргізеді, үшбұрыштардың қалай орналасқанын, салынғанын айтады.
Педагог нүкте белгілеп,екі жағынан төменге қарай екі сызық жүргізіп үшбұрышты сызып сурет салады,келесі үшбұрышты төменгі жағына нүсте қойып,екі жағынан жоғарыға қарай сызықтар жүргізеді,іштерін әртүрлі түспен бояйтындарын айтады Балалар үшбұрыш екенін айталы.
Фигуралардың неге ұқсайтынын айтады.
-Үй шатыры, сәукеле шырша
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Балалар тәрбиешінің нұсқауы бойынша сурет салады.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардың жұмысты әдемі, ұқыпты салуын қадағалайды. Мақтап, мадақтайды. Балалар сұрақтарға толық жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: үшбұрышты заттарды атай білуді, суретін салуды.
түсінеді: қылқалам арқылы үзік сызықтарды қосуды, кеңісткті, түстерді сезіне білуді.
қолданады: байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастырады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:05.01.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: көңілді аққалалар
Мақсаты: аққала суретін салу үшін суық түстерді-көгілдір, қара көкті таңдап алу қажеттілігін үйрету. Қылқаламды әртүрлі қатты, ақырын басып, жуан, жіңішке із түсіру, дөңгелекті үзіліссіз салуға жаттықтыру, балалардың көзбен мөлшерлеуін, байқампаздығын дамыту.
Қолданылатын көрнекі құралдар: аққала суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ
Билингвальді компонент: аққала-снеговик, шырша-елка
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Педагог «Аққаланы құрастыр!» ойынын ұйымдастырады. Сұрақтарға толық жауап береді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог қыс туралы әңгіме жүргізеді. Балалардан толық жауап алуды, сөйлем құрап сөйлетуді, дыбыстарды анық айтуларын қадағалау.
Сергіту сәті. Педагог аққаланың суретін салу жолдарын, аққалаға сәйкес бояу таңдауларын қадағалау.
-Ол үшін бізге ақ немесе көгілдір түсті бояулар керек.
Аққала үш бөліктен тұратынын бірінен бірі үлкен дөңгелек пішінді жұмыр кадрлардан болатынын көрсетеді. Суретін салғанда шеткі сызықтарын анық басып,сызып салу керектігін көрсетеді. Бояуды дөңгелектің бойымен домалата бояуға үйретеді. Аққаланың бейнесі жақсы көрінуі үшін басына шелек суретін салуды, мұрны сәбізден бола алатынын ескертеді. Соңынан қарды көгілдір қарындашпен сызып салуға болады.
Д/о: «Тура және кері сана». Қыс туралы әңгімелеседі.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Тәрбиешінің түсіндіруі бойынша сурет салады.
Дөңгелекті үзіліссіз салады Үлкен ,орташа ,кішкентай дөңгелектерді бірінің үстіне бірін ұқыпты орналастырады
Қылқаламды әр түрлі басып: қатты ,ақырын,жуан жіңішке із түсіреді, мұрнын үшбұрыш,шелегін төртбұрыш етіп жасайды.
Ойындықызыға ойнайды.
Рефлексиялық-түзетушілік -Балалар Жаңа жыл мерекесі жылдың қай мезгілінде болады?
-Қыста қандай ойын ойнайсыңдар?
Педагог оқу іс-әрекетін сұрақ –жауап арқылы қорытады,белсенді қатысқан балаларды мақтап,мадақтайды
Педагог далаға барып «Аққала жасау» ойынын ойнауды ұсынады Жақсы жасалған аққалаларды балалар өздері атап айтады.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: суық түстерді ажырата білуді.
түсінеді: аққаланың суретін салуды.
қолданады: қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен, оңнан солға қарай қылқаламды алмай сызуды, бояуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:12.01.2015ж Тәрбиеші
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Қысқы көріністер
Мақсаты:көрініс, көкжиек, кеңістік туралы түсініктерін бекту, суретке байланысты жағымды көңіл күй туындату, мазмұнын нақты жасауды, қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен оңнан солға қарай бояуға дағдыландыру. Сурет салуда қылқаламмен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсіліне көңіл бөлу, жыл мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс көрінісінің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су.
Билингвальді компонент: пейзаж-пейзаж, көкжиек-горизонт, кеңістік-пространство, мамық-пух
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Педагог Е.Елбаевтың «Қыс» туралы өлеңін оқиды.
Көкті бұлт тұмшалап,
Жер ақ тонын киеді
Шұнақ аяз шымшылап
Ақ бетінен сүйеді
Құлақтарын үсіктен
Шынықпаған қай бала?
Осы болар қыс деген,
Айтсақ жауап жай ғана. Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар суретші қыс мезгілін салғанда қандай көріністі көз алдына елестетеді деп ойлайсыңдар? Суретшіге нені салуға болады?
Педагог сұрақ-жауап әдісімен тақырыпты ашады.
Сергіту сәті: (саусақ жаттығуы)
-Балалар ,бүгін біз қыс көрінісінің суретін саламыз. Көкжиек деген-жер мен аспанның қиылысқан жері.Бәріміз қағазымызды дайындап алып,ашық көк түспен қағаз бетін толық бояп аламыз, қылқаламның ұшымен,жеңіл сүйкей жағу тәсілімен,солдан оңға қарай дәптер бетінің орта тұсынан түзу сызық жүргіземіз.Бұл сызық көкжиек деп аталады, сызықтың жоғарғы бөлігі аспанды,төменгі бөлігі жерді бейнелейді. Төменгі бөлігіне ағаштар мен шыршаларды саламыз, ақ түспен ағаштар мен шыршалардың бұтақтарына жартылай жеңіл ізбен қар түскенін жүргіземіз,ал жерде аппақ түспен мамық қардың суретін саламыз.
Көкжиек сызығының жоғары бөлігіне бұлттарды,жауып тұрған қарды салып көреміз. -Далада қар жауып тұр
Шыршаларды қар басқан.
Балалар шанамен сырғанап ойнап жүр.Қыс мезгілін сипаттайды.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Бояулармен жұмыс істейді,суреттің мазмұнын нақты беруге тырысады.
Балалар үлгі бойынша сурет салады.
Рефлексиялық-түзетушілік -Балалар біз бүгін қандай сурет салдық? Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?Педагог балалардың жұмысына талдау жасайды. Балалар салған суреттерін бәрі бірге бағалайды.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: суреттің мазмұнын нақты бейнелеуді.
түсінеді: мазмұнды, пейзаж, көріністі сала білуді.
қолданады: қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен, оңнан солға қарай бояуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 19.01.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Атамның тақиясы.
Мақсаты: қазақтың ұлттық бас киімі- тақияны ою-өрнектермен әшеекйлей білуге үйрету. Ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын дамыту, ою-өрнектегі түс үйлесімділігі мен ырғақты сезінуге, әсемділікті көріп, қабылдай білугетәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық киімдері, бұйымдары, ою-өрнегінің суреттері және тақияның суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,тақия үлгісі,гуашь,қылқалам қоятын тұғыр
Билингвальді компонент: сәукеле, тақия, кимешек- Казахские национальные костюмы
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Педагог алдын ала жасалған көрмеге саяхатқа баруды ұсынады. Балаларды қазақ халқының ұлттық киімдерімен, ыдыстардың түрлерімен таныстырады. Балалар ұлттық бұйымдар мен киімдерді атайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог қазақтың ұлттық баскиімдерінің түрлері бұрыннан сақталып келе жатқаны туралы айтып өтеді.
Д/о: «Қандай баскиім жоқ?»
Тақияның суретін салуды, оның шетін өрнектермен әшекейлеуді, жақсы шыққан суреттерді көрмеге қоюды ұсынады. Тақияны қандай оюмен әшекелеуге болатынын атап өтеді.
-Қылқаламды тіс бағытта ұстап, геометриялық фигуралар арқылы тақияны сызып аламыз,сүйкей жағу әдісімен оңнан солға қарай бояймыз.
Педагог өткен оқу іс –әрекеттерін балалардың естеріне түсіреді. «Қызғалдақ» «Толқын» оюларын салуды ұсынады.
«Тақия тастамақ» ойынын ойнатады.
Ойым бар бір ойын бастамақ,
Аты оның «Тақия тастамақ»
Айналып жүгіріп,жүгіріп
Байқатпай ақырын тастаймыз Қазақтың ұлттық баскиімдері, ою-өрнектері аттарын атайды.
Ойынға белсене қатысады.

Қылқаламмен пішіні дөңгелек тақияның суретін салады,содан кейін қылқаламның ұшымен тақияның шетіне нүетелердің көмегімен ою салып, нүктелер арқылы салынған өрнектерді бояумен әдемілеп бояйды.
Тақияның суретін салады. Ойынды қызыға ойнайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардың жұмысына талдау жасайды. Балалар салған суреттерін бәрі бірге бағалайды.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: қазақтың ұлттық баскиімі – тақияны ою-өрнектермен әшекейлеуді.
түсінеді: ою-өрнектегі түс үйлесімділігі мен ырғақты сезінуді.
қолданады: көріп, қабылдау арқылы есте сақтауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:26.01.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Теңіздегі кит.
Мақсаты: бояуды дұрыс таңдауға, суық және жылы түстерді ажырата білуге, ұқыпты жұмыс істеуге үйрету. Қылқаламды дұрыс ұстау дағдысын меңгерту. Әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: теңіздің, теңіздегі киттің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ,теледидар
Билингвальді компонент: кит-кит, теңіз-море
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Д/о: «Қайда мекендейді?».
Педагог экранмен жұмыс жүргізеді. Ойынға белсене қатысады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Барлығы бірге «теңіздегі кит» әңгімесін құрастырады. Әңгімелесу, сұрақ-жауап арқылы балаларды еркін сөйлетіп дағдыландырады.
Сергіту сәті.
Теңіздегі киттің фотосуреттерін көрсеті сурет салу жолдарын көрсетеді.
Педагог теңіздегі киттің фотосуреттерін көрсетіп,суретте қандай бояу басым болатынына назар аудартады. Балаларға тек суық түстермен жұмыс істейтіндерін ескертеді. Теңіздің суретін салатын болғандықтан қағаз көк болатынын түсіндіреді. Педагог алдымен бояп көрсетеді.
-Гупка арқылы тегістеп бояуға болады,ақ қағазымыз көк түсті теңізге айналды,енді осы теңізде жүзіп жүрген киттің суретін саламыз. Суретті салу жолдарын көрсетіп түсіндіреді.
Домалақтау және сопақша жасау бейнесін бөлек салуға болатынын түсіндіредшін қылқаламның екі түрімен жұмыс жасайды.Қалың ұшты қылқаламмен қағазды тұтас боуға қолайлы екенін,ал жіңішке қылқаламмен киттің бейнесін бөлек салуға болатынын түсіндіреді.
Балалар көргендерін әңгімелеп береді.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Үлгіге қарап сурет салады.

Аққағаз бетін қалың ұшты қылқаламмен көк түске еркін бояйды
Сопақша пішінді естеріңе түсіре отырып,бейне жасайды, қылқаламды қағаздан алмай сызады.
Қылқаламды дұрыс ұстап бояуды қадағалайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытады, белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтайды.
Балалар салған суреттерін бәрі бірге бағалайды.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: суық түстерді ажыратуды.
түсінеді:қылқаламды дұрыс ұстау дағдысын.
қолданады: қылқаламның толық ұшымен, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен оңнан солға қарай бояуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:02.02.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Шана.
Мақсаты: үлгі бойынша заттық сурет салуда, шананың суретін салуда балалардың сызықтарды үйлестіре отырып бейнелеу дағдыларын қалыптастыру; түзу сызықтар сыза білуге, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: шананың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі, баяу әуенді күйтабақ,
Билингвальді компонент: шана-саня, аяз-мороз
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық -Балалар, бүгінгі күн бәрімізге сәтті күн болсын. Балалар бір-біріне тілектерін білдіреді
Ұйымдастырушылық-ізденістік Жұмбақ жасыру:
Шанамен сырғанап келеміз
Шаңғы коньки тебеміз
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Қыс мезгілі жайлы әңгімелеседі. Қыс мезгіліндегі ойын түрлерін еске түсіреді, қыс мезгілін ақ ұлпа қарсыз,аязсыз, аққаласыз, суықсыз елестету мүмкін еместігін айтады.
-Балалар,мына жұмбақтарды шешіп көрейік:
Зулап түсіп төменге,
Шыға алмас мінсіз төбеге
Бой сергіту.
Аппақ,аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан,
Қалың орман,қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан
Енді бәріміз шананың суретін салып көрейік.
Шананың суретін салу жолдарын түсіндіру:
-алдымен қылқаламмен шананың екі жолағын сызып аламыз,бұл шананың сырғанайтын табаны болады.
-жіңішке қылқаламмен отыратын бөлігіндегі таяқшаларын сызып саламыз.
Тәрбиеші балалардың ұқыпты жұмыс жасауларын қадағалайды. Қуыршаққа қуанады.
-Қыс мезгілі
Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтады.
-Шана
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Тәрбиешінің нұсқауы бойынша шананың суретін салуға кіріседі.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытады, белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтайды. Балалар өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: қылқаламды қағаз бетінен алмай түзу сызықтар сызуды.
түсінеді: заттық сурет салу үлгісін жасауды.
қолданады: қылқаламды тік бағытта ұстауды, ұқыптылықты.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:09.02.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Қысқы табиғаттағы шыршалар.
Мақсаты: Қырау жапқан әртүрлі ағаштардың суретін салуға үйрету, аралас техникамен жұмыс істеуге баулу, түрлі бейнелеу құралдарымен жұмыс істеу. Алыс және жақын орналасқан шыршалардың бейнесін салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қысқы табиғаттағы шыршалар көрінісінің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі, баяу әуенді күйтабақ,
Cөздік жұмыс: Омбы қар,қырау,аяз
Билингвальді компонент: омбы қар-омск снег, аяз-мороз.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түссін даламыз.
Қайырлы таң, достарым. Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар,қыстың жылы күндері естеріңде ме?
Педагог әңгіме, сұрақ-жауап әдісімен балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтеді.
Бой сергіту.
Қайта-қайта қар жауады,
Қыс келгеннің белгісі
Бойын түзеп, қар жамылды
Биік,әсем шыршалар
Қуанады,жайнайды
-Ағаштағы қар ериді, Бірақ,түнде аяз қарып,оларды қырау басады.Ормандағы түрлі ағаштарды, шыршаларды қармен, қыраумен жабайық.Ол үшін жасыл шыршаларға ақ бояу мен қарлардың суретін саламыз. Қар жамылғанда ағаштар қандай болады, Естеріңе түсіріп көріңдер?
Тәрбиеші жаңа техника-қылқаламның ұшымен сурет салуды меңгерту жұмыстарын жүргізеді. Қырауды жартылай құрғақ қылқаламмен салу жолдарын түсіндіреді.Ол үшін қылқаламды бояуға малып алып, артығын алып тастау үшін қағаз сүрткішке бір рет тигізіп алу керектігін айтады.
Қыс туралы әңгімелейді.
–Далада қар жауып тұр.
Шыршаларды қар басқан, бірақ балалар қар атысып ойнап жүр
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Қағаз бетіне орналасқан ағаштарының әртүрін қылқаламмен бастыра салады. Ағаш бұтақтарын шыршаның үстін басқан қырауды салады.
Қылқалам ұшымен ағаш бұтақтарындағы қырауларды жасайды. Жақын және алыста орналасқан шыршалардың салыну жолын естеріне түсіреді. Сүйкей жағу тәсілімен ағаштар үстіне дақтар қалдырады.
Рефлексиялық-түзетушілік Сурет салу оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау. Балалар салған суреттерін талдайды
Күтілетін нәтиже:
жасайды: омбы қар, қырау басқан ағаштардың суретін өз ойларынан салуды.
түсінеді: сүйкей жағу тәсілімен дақтар салуды.
қолданады: алыс және жақын орналасқан шыршалардың бейнесін салуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:16.02.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Әжемнің камзолы.
Мақсаты: балаларды қазақтың ұлтты киімі – кмзолмен таныстыру және оны ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету. Ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және көркемдік талғамын дамыту. Балаларды өрнектерді дұрыс орналатыра білуге жаттықтыру, оның суретін салу жолдарын меңгерту, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық ою-өрнегі және қазақтың ұлттық киімі – қамзолдың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су,фломастер
Билингвальді компонент: әшекей-украшение, әшекейлендіру-украшать
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Д/о: «Оюды құрастыр, атын ата!» Педагог балалардан қазақтың қандай ұлттық ою-өрнектерінінің атын білетіндерін сұрайды. Балалар толық жауап береді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог балалардан қазақтың қандай ұлттық киімдерінінің атын білетіндерін сұрайды. Қамзол жайында әңгімелейді. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Қолды белге қояйық
Жоғары,төмен қарайық
Қос аяқтап секіріп,
Бойымызды жазайық
Қамзолды салу үлгісіне қарап, сурет салу әдіс-тәсілдерін түсіндіреді.
-Камзолдың суретін салып,жеңіл сүйкей жағу тәсілімен бояймыз,содан кейін жиегіне ою саламыз. Фломастермен камзол жиегіне үшбұрыш тәріздес өрнек жасаймыз,қолымызды қағаз бетінен алмай салып жаттығамыз. Үлгіде көрсетілген ою-өрнектерді фломастермен жүргіземіз.
Педагог ою-өрнектердің түстерін таңдауға, оларды дұрыс орналастыруға бағыт беріп көмектеседі. Білетін киімдердің аттарын атайды.
-Орамал,камзол,тақия, шапан
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Қылқаламды жеңіл және еркін ұстап,бояуды өздері таңдап,жұмысқа кіріседі.
Балалар үлгі бойынша сурет салады.
Камзолдың пішініне сәйкес ою-өрнектерді жасайды
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытады, белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтайды. Балалар салған суреттерін бәрі бірге бағалайды.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: ұлттық сәндік-қолданбалы өнер деген ұғымның мәнін;
түсінеді: өрнектерді дұрыс орналастыра білуді;
қолданады: ою-өрнектің суретін салу жолдарын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:23.02.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Сүйікті ойыншығым.
Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, белгілі бір бейне жасауда түстердің үйлесімділігін және заттардың суретін салуда ұсақ бөлшектері ғана емес, олардың сипаты мен сапасына сәйкес ерекшеліктерін бере білуге жаттықтыру, өз таңдауымен сурет салуға тапсырма беру. Ойыншықтарды күтіп ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданалатын көрнекі құралдар: бірнеше ойыншықтар. Ойыншықтардың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ,
Билингвальді компонент: айдар, жұмсақ-мягкий
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық М.Әлімбевтың «Ойыншықтар» өлеңін оқу.
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау қозы құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Ақыл,айтсақ бұйырсақ Балалар өлең мазмұнын қимлымен көрсетеді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог ойыншықтар туралы әңгіме жүргізеді.
Д/о: «Ойыншықты тап»
Ойын мақсаты:Ойыншықтарды атау және кеңістікте бағдарлап табу.
Сергіту сәті.
-Олай болса өзіміздің қалауымыз бойынша ең жақсы көретін сүйікті ойыншығымыздың суретін саламыз.
Ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді: жұмсақ,резинадан және пластмассадан жасалған болуы мүмкін
Педагог оңай салынатын ойыншықтардың үлгісін көрсетіп,талдау жасайды.
Суретті салмас бұрын педагог балалардың көздерін жұмғызып,өздерінің ең сүйікті ойыншықтарын елестеткізеді.
Дәптердегі пішінге көңіл бөлулерін сұрап,бір бейнені таңдатады. Ең маңыздысы,қағаз бетін тұтас пайдалана білулеріне,сондай-ақ үлкен заттарды қағазда композиция жасап,орналастыра білуіне аса назар аударады.
Ашық түсті көңілді бояулар таңдату арқылы балалардың көңіл күйін көтеруді көздеп жұмыс істейді.
Сурет алу жолдарын түсіндіру.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Ойынға белсене араласады.
Балалардың өз бетінше жұмыстары
Салған ойыншықтары бөліктерін қылқаламды тік бағытта ұстап анық жүргізіп,қалаған бейнеге келтіріп,оңнан солға қарай немесе жоғарыдан төмен қарайғы бағытта бояйды.
Балалар үлгі бойынша сурет салады
Рефлексиялық-түзету Балалар жұмыстарын талдау. Сурет салудағы жетістіктерін айту.
Балалар не салғандарын, қалай салғандарын айтып береді.
Ойыншықтар туралы өздері білетін өлеңдерді айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: белгілі бір бейне жасау кезіндегі түстердің үйлесімділігін.
түсінеді: бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуді.
қолданады: қылқаламды дұрыс пайдалана отырып өз ойларынан сурет салуға дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:02.03.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Көктемгі гүлдер.
Мақсаты: қылқылыммен салуда қарапайым қозғалысты нақты бере білу, түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіру. Эстетикалық сезімін қалыптастыру, әдемілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: көктем мезгілінің, гүлдердің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ
Билингвальді компонент: нәзік-нежный, хош иісті-аромат, әдемі-красивый т.б.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Педагог көктем мезгіліне байланысты жұмбақ жасырады.
Ақ қар еріп,су көбейіп
Сай-салаға толады
Ағаш басы,бүршік атып
Гүл –бәйшешек толады.
Бұл қай кезде болады
Д/о: «Бұл қай мезгіл?» Шеңбер бойына тұрып жұмбақ жауабын айтады.

Сұраққа жауап береді
Ұйымдастырушылық-ізденістік Тәрбиеші жұмбақ жасырады:
Өзі сондай нәзік
Су құйсақ кетеді,
Алақанын жайып.
Көктемде ең алғашқы,ерте гүлдейтін гүлдер туралы әңгімелейді.
Сергіту сәті:
-Қазір өздерің айтқан гүлдердің бірі –қызғалдақ гүлінің суретін саламыз.Суретті салғанда оның хош иісі сезіліп тұрсын. Педагог дымқыл қылқаламмен сурет салу әдісін таныстырады. Алдымен қағаздың жоғарғы бөлігіне қылқаламның ұшын үшбұрыштап бастыра отырып,қағазды айналдыра бірінің жаныны-бірін қатарластыра орналастыру арқылы гүлдің күлте жапырақтарын,содан кейін сабағы және жапырағын салу керектігін түсіндіреді. Сабағын жасыл бояуға қылқаламды көбірек батырып алып, күлте жапырақтан төмен қарай түзу сызықтар жүргізу арқылы салады, жапырақты екі қисық сызықты бір нүктеден бастап екінші нүктеге жеткізіп қосу арқылы салғызады.
Одан соң қалаған түсті пайдаланып,қызғалдақ гүлін салу жолын көрсетеді.
-Қызғалдақты салғанда жоғарыдан төмен қарай доға тәрізді, ұзынырақ қисық сызық жүргізіп аламыз,оның жоғарғы бөлігінен төмен қарай қисық сызық сызамыз. Жоғары қарай үшбұрыш жасай отырып,ортаңғы күлте жапырағы және шеткі бөлігін қисық сызық арқылы қосамыз.Оны өздерің таңдаған бояумен бояп алған соң сабағы және жапырағын саламыз. Гүлдер жайында мағлұмат алады.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Балалар үлгі бойынша сурет салады
Гүлдің ерекшеліктеріне көңіл аударып,қылқаламды жеңіл қозғалыста ұстап,бейнені нақты беруге тырысады, сабағын түзу сызықпен сызу арқылы салады,жоғарғы бөлігіне гүлін салып, сосын жапырақтарын салады, бояйды.
Рефлексиялық-түзету Балалардың жұмысына талдау жасау, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды. Балалар не салғандарын, қалай салғандарын айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: қылқаламмен салуда қарапайым қозғалысты нақты бере білуді.
түсінеді: эстетикалық сезімін қалыптастыруды.
қолданады: түстерді сезінуді және араластыра білу дағдысын жетілдіруді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:09.03.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар
Мақсаты: аквариумдағы балықтардың ерекшеліктерін білуге, сурет салғанда бір бояудың үстіне екінші бояуды жағуға үйрету; композиция құра білу дағдыларын қалыптастыру, қиялын дамыту; бейнелерді қағаз бетіне түсірудің түрлі техникасын пайдалануға машықтандыру; іскерлікке, еңбек етуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: табиғат бұрышындағы аквариум, аквариумның суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ,
Билингвальді компонент: аквариум-аквариум , қармақ-удочка, балдыр-водоросли
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Психологиялық сәт: «Мен бәрін жасай аламын ойыны»
Мақсаты: жануарлардыың дене бітімін, қимылын ымдап, дененің ырғақты қимылы көмегімен бейнелуге үйрету. Балалар белсенді қатысып отырады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог балалардан балықтар суда не істейтінін сұрайды.
-Балалар ммен сендерге әртүрлі аквариум дайындап қойдым.Олар үшбұрышты,дөңгелек,сопақ пішінді. Оларда балықтар жүзетін болады
Балықтар туралы түсінік береді.Үлгіге қарап аквариум балықтарының алдымен сопақша етіп денесін,одан кейін құйрығы мен жүзу қанаттарын салуға болатынын айтады.
Балықтарды салып болғаннан кейін бояулармен олардың әртүрлі реңін қалай беруге болатынын түсіндіреді. Түс реңктерін жасауды педагог өзі бірнеше бояуды ретімен,кезектестіріп жағып,араластырып көрсетеді.
Балықтың суретін салудың ең оңай жолы- әдістеме бойынша бір нүктеден жоғары және төменге қисық сызық сызу арқылы салғызу,ол үшін бір нүктеден жоғарыдан төменге қарай қисық сызық сызады, дәл осы қимыл-қозғалысты сол нүктеден бастап төменнен жоғары қарай қайталап, соңғы бөліктерін бір-бірімен толқынды немесе ішке қарай қисық сызықпен қосады,сонда үш сызықпен балықтың суретін салуға болады.Көздерін,қанаттарын толықтырып,қалаған түстерімен бояуға болады.Сергіту сәті. Балықтар туралы әңгімелейді.
-Әдемі,кішкентай,қызыл,сары
Балалар балықтардың құйрықтары әр түрлі болатынына назар аударып,үшбұрышты ұшы айыр болып келген балықтарды қылқаламды тік бағытта ұстап салады. Балықтардың түстерін гупкамен ,қылқаламмен салады. Аквариумда болатын балықтардан өзге балдырлар мен тастарды қалың және толқынды сызықтармен салады. Тастардың суретін гупкамен,саусақпен салып көреді.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Үлгіге қарап сурет салады.
Рефлексиялық-түзетушілік Балалар жұмыстарын талдау. Сурет салудағы жетістіктерін айту. Балалар не салғандарын, қалай салғандарын айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: сурет салғанда бір бояудың үстіне екінші бояуды жағуды.
түсінеді: композиция құра білу дағдыларын.
қолданады: аквариумдағы балықтардың ерекшеліктерін ажырата білуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:16.03.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Сырмақты әшекейлейміз.
Мақсаты: қазақтың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен таныстыру, түстік үйлесімділікті сезінуге, ою-өрнек элементтерінің жазықтықта дұрыс орналасуын аңғаруды, әртүрлі әдіспен сурет салуды үйрету, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ,
Қолданылатын көрнекі құралдар: сырмақтың суреті.
Билингвальді компонент: балта, сырмақ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Топқа қонаққа келген Қарлығаш құсы ұшып жүріа адасып кеткеніні айтып, балалардан ауылдың қай жақта екенін сұрайды. Оқу іс-әрекетіне қатысып, ауылға алып кететін сыйлық жасап беруін өтінеді. Қарлығашқа балабақшаға келгенін,ауылда әжелері тұратынын йтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог балаларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен-сырмақ,текемет,алаша,сандық т.б таныстырады.
Мұндай ою-өрнектерді ғимараттар тұрмыстық заттарда т.б көптеп кездестіруге болады.Ою-өрнек арнайы бір ретпен орналасыды.Өзіндік заңдылықтары сақталып,симметриялы ырғақпен байланысты өрнектеледі.Ол бұйымдарға әсемдік береді.
Сырмақ туралы жұмбақ жасыру.
Ою-өрнекпен өрнектелген
Үйге сәндік,көрік берген
Жерге төсесек әрқашанда
Бізге жылулық пен сәндік берген.
Бой сергіту.(саусақты жаттықтыру.)
«Балта» оюымен таныстырады және жасалу жолдарын түсіндіреді.Балалардың түстерді дұрыс таңдауын қадағалайды. Қылқаламмен дұрыс жұмыс жасауға дағдыландырады, сырмақтың шетіне «балта »оюын салуды ұсынады.
Сурет салу жолдарын түсіндіру.
Сырмақтың үстіне отырып,тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
-Сырмақ
Жұмбақтың жауабын табуға тырысады.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Оюмен танысып,үлгіге қарап сурет салады.
«Балта» оюын бастыра сызып шетін жүргізеді, ортасын бояуды өздеріне тапсырады.
Рефлексиялық-түзетушілік Балалар жұмыстарын талдау. Сурет салудағы жетістіктерін айту. Күтілетін нәтиже:
жасайды қазақтың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары туралы ұғымды.
түсінеді: әртүрлі әдіспен сурет салуды.
қолданады: ою-өрнек элементтерінің орналасуын, түстердің үйлесімділігін.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 23.03.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Күннің мол шуағы.
Мақсаты: Балаларды жыл түстер реңктерімен таныстыру, әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл-күйді білдіретінін, түсті бейнелейтінін заттың сипатына қарай қолдану керек екенін түсіндіру, нәзіктікті тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Күн сәулесі» суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ,
Билингвальді компонент: жылы түстер реңктері- Цветы в оттенках
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Педагог жұмбақ жасырады:
Тұрғанымен жырақ өзі,
Тауысылмайтын шырақ көзі. Күн.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог «Күн шуақтары» суретін көрсете отырып әңгімелейді.
«Жылы және суық түстер» дидакт.ойыны.
-Жылы түстерге қандай түстер жатады?
-Қызыл,сары, сарғыш қызыл.Не себептен олар жылы түстер деп аталады? Өйткені олар от тәрізді жылу береді,күннің көзі де жылы сәулесін шашып тұрғандықтан біз жылы түспен-қызылсары немесе сары түспен саламыз деп келісіп алайық.
Тәрбиеші бір түсті атайды,балалар сол түсті көргендегі көңіл күйлерін білдіреді немесе осы түске ұқсас заттарды атайды.
Тәрбиеші күн және оның сәулелерін салу жолдарын түсіндіреді.
-Алдымен қылқаламмен үлкен шеңбер жасап аламыз,дөңгелектің бір нүктеден бастап қылқаламды қағаздан алмай сол нүктеге дейін сызып саламыз,оның ішін бояймыз.
Сурет салу жолдарын түсіндіру.
Енді күннің сәулелерін саламыз. Сәулелер ұзын-қысқа болып келеді,сондықтан бір ұзын,бір қысқа сызықтарды кезектестіріп салуларыңа болады.
Сурет салуды түзу сызықтар мен дөңгелектен бастап, түзу сызықтарды ретімен қағазды айналдыра отырып сызып шығу ұсынылады.
Қонаққа келген Күн «Күнді кім тез жинайды?» ойынын ұйымдастырады. Күн туралы әңгімелейді.
Күннің пішіні неге ұқсайтындығын,түсін,жылы түс реңктерін пайдаланатынын айтады. Қылқаламның тек ұшымен жұмыс жасайды.
Дөңгелекке түзу сызықтарды кезекпен үзіліссіз сызады.
Ойынға белсене араласады. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Түстерді ажыратып ойнайды
Үлгіге қарап сурет салады.
Балалар бояуға қылқаламды батырған соң, бір сәулені бір рет жүргізу арқылы салады,бір ұзын,бір қысқа сәулелер кезектесіп келсе әдемі көрінеді. Дәптерді қолдарымен қозғалтып,айналдыра отырып салып көреді.
Рефлексиялық-түзетушілік Балалардың жұмысына талдау жасау, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды.Күн рақметін айтып шығып кетеді Өз-өздеріне баға береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: жылы және суық түстер реңктерін атай білуді.
түсінеді: әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл-күйдіі білдіретінін.
қолданады: түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдануды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 30.03.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Күннің мол шуағы.
Мақсаты: Балаларды жыл түстер реңктерімен таныстыру, әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл-күйді білдіретінін, түсті бейнелейтінін заттың сипатына қарай қолдану керек екенін түсіндіру, нәзіктікті тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Күн сәулесі» суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ,
Билингвальді компонент: жылы түстер реңктері- Цветы в оттенках
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Педагог жұмбақ жасырады:
Тұрғанымен жырақ өзі,
Тауысылмайтын шырақ көзі. Күн.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог «Күн шуақтары» суретін көрсете отырып әңгімелейді.
«Жылы және суық түстер» дидакт.ойыны.
-Жылы түстерге қандай түстер жатады?
-Қызыл,сары, сарғыш қызыл.Не себептен олар жылы түстер деп аталады? Өйткені олар от тәрізді жылу береді,күннің көзі де жылы сәулесін шашып тұрғандықтан біз жылы түспен-қызылсары немесе сары түспен саламыз деп келісіп алайық.
Тәрбиеші бір түсті атайды,балалар сол түсті көргендегі көңіл күйлерін білдіреді немесе осы түске ұқсас заттарды атайды.
Тәрбиеші күн және оның сәулелерін салу жолдарын түсіндіреді.
-Алдымен қылқаламмен үлкен шеңбер жасап аламыз,дөңгелектің бір нүктеден бастап қылқаламды қағаздан алмай сол нүктеге дейін сызып саламыз,оның ішін бояймыз.
Сурет салу жолдарын түсіндіру.
Енді күннің сәулелерін саламыз. Сәулелер ұзын-қысқа болып келеді,сондықтан бір ұзын,бір қысқа сызықтарды кезектестіріп салуларыңа болады.
Сурет салуды түзу сызықтар мен дөңгелектен бастап, түзу сызықтарды ретімен қағазды айналдыра отырып сызып шығу ұсынылады.
Қонаққа келген Күн «Күнді кім тез жинайды?» ойынын ұйымдастырады. Күн туралы әңгімелейді.
Күннің пішіні неге ұқсайтындығын,түсін,жылы түс реңктерін пайдаланатынын айтады. Қылқаламның тек ұшымен жұмыс жасайды.
Дөңгелекке түзу сызықтарды кезекпен үзіліссіз сызады.
Ойынға белсене араласады. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Түстерді ажыратып ойнайды
Үлгіге қарап сурет салады.
Балалар бояуға қылқаламды батырған соң, бір сәулені бір рет жүргізу арқылы салады,бір ұзын,бір қысқа сәулелер кезектесіп келсе әдемі көрінеді. Дәптерді қолдарымен қозғалтып,айналдыра отырып салып көреді.
Рефлексиялық-түзетушілік Балалардың жұмысына талдау жасау, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды.
Күн рахметін айтып шығып кетеді Өз-өздеріне баға береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: жылы және суық түстер реңктерін атай білуді.
түсінеді: әрбір түстің қандай мінез-құлықты, көңіл-күйдіі білдіретінін.
қолданады: түсті бейнелейтін заттың сипатына қарай қолдануды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 06.04.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Мысығым.
Мақсаты: мысықтың суретін геометриялық фигуралар арқылы салу, дене бөліктерін ретімен сызу жолдарын үйрету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру, ой-қиялын дамыту, үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: мысықтың үлкен етіп салынған суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ,
Билингвальді компонент: пеш-печка, марғау-кот
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Педагог баяу әуен қойып, балаларға көздерін жұмғызып,ертегілер әлеміне саяхатқа шығуды ұсынады.
«Мақта қыз бен мысық» ертегісін сұрақ-жауап арқылы айтқызады.
Балалар көздерін жұмып, ертегіні елестете жауап береді.
«Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісін айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік «Менің мысығым» атты әңгімені балаларға сұрақтар арқылы әңгімелеткізу.
-Бүгін біз мысықтың суретін саламыз.Суретті салу барысында негізгі элемент үшбұрыш пен дөңгелек болады.
Мысықтың суретіне қарап,оның дене бөліктеріне: басы, құлағы,көзі,денесі,мұрты құйрығы,аяғы,т.б талдау жасау.
Сергіту сәті.
Мысық суретін салу әдістемесін көрсетеді.
Ең алдымен денесін,басын,содан кейін аяқтарын, құйрығын салуды ұсынады
Алдымен денесін үшбұрыш тәрізді салып алып,қызғылт сары бояумен бояу қажет.
Мысықтың денесін салғанда,қылқаламды жоғарыдан төмен қарай жылжи қозғалтып,басын,тұмсығын, көздерін,құлағын,мұртын,алдыңғы аяғын салу керек.
Соңында құйрығы сопақша пішінмен салынады.
-Сендерге бір өтінішім бар.Кім сурет салып болды, өзінің салған мысығына қандай ат қоятынын ойлансын және оған қандай қамқорлық жасайтынын айтып берсін.
Тәрбиеші жұмбақ жасырады:
Тонын киіп туған,
Жалап бетін жуған
-Мысық тышқан аулайды.Оның жүні үлпілдек, мамықтай екен.
Суретте,үлгіге қарап мысықтың суретін салуға кіріседі.Дене бөліктерін атайды.
Денесі үшбұрышқа ұқсайтынын айтады. Басын дөңгелектеп үзбей сызып шығады қалаған түспен бояйды.
Мысық туралы әңгімелейді. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Үлгіге қарап сурет салады.
Жұмбақтың шешуін тауып,жұмбақты жаттап алады.
Рефлексиялық-түзетушілік Балалар жұмыстарын талдау. Сурет салудағы жетістіктерін айту.
Балалар не салғандарын, қалай салғандарын айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: мысықтың суретін геометриялық фигуралар арқылы сауды.
түсінеді: үй жануарларын салу дағдысын.
қолданады: шыдамдылықпен еңбек етуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:13.04.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Алма ағашы гүлдеді.
Мақсаты: ағашты салуды естеріне түсіру, қылқаламмен сурет салуда қарапайым қозғалысты нақты бере білу, түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіру. Эстетикалық сезімін қалыптастыру, композиция құра білу, ойларын дамыту, асықпай ойлануға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ,
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Гүлдеп тұрған алма ағашы» суреті.
Билингвальді компонент: перде, араластыру-смешать.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Барлығы бірдей көктем жайлы өлең айтады:
Көктем қандай көңілді
Күміс жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылып,
Күн пердесі сөгілді Шеңбер құрып, өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог жыл мезгілдерінің ерекшеліктеріне тоқталады.
Балалардың толық,анық сөйлеулерін қадағалайды.
-Балалар, көктемде ағаштарда қандай өзгерістер болады? Алма ағаштарында ше?
Біз сендермен осы күнге дейін қандай ағаштар түрлерін салдық?
Сергіту сәті.
-Бүгін біз гүлдеп тұрған алма ағашының суретін саламыз.Бізге бұл тапсырманы орындау үшін жасыл,қоңыр,сары түстер қажет болады.
Ең бірінші ағашты саламыз,төменнен жоғарыға қарай жіңішкерте сызу арқылы діңін саламыз,діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз,жоғарғы жағын ашық қоңыр түспен жеңіл ғана жаға отырып, жіңішкерте ,бұтақтарын көлбеу саламыз.
Ең бірінші ағаштың діңі,бұтақтары, гүлдерін саламыз, діңі жоғарыдан төмен қарай жіңішкереді,сондықтан діңінің төмен жағын қою қоңыр бояумен бояймыз,жоғарғы жағына ашық қоңыр бояуды жеңіл жағамыз.
Саусақ жаттығуы:
Ұшты-ұшты көбелек,
Би биледі дөңгелеп,
Гүлін көріп алманың
Ағашқа қонды көбелек
Сосын бояуды қылқаламмен қағазға жайлап тигіземіз
Қылқаламның қозғалуы ағаштың бұтағының бағытын білдіреді. Жеңіл қозғалыспен сүйкей жағу тәсілімен жапырақтарды,гүлдерін саламыз.
Осының бәріне қосымша шөптерді,күнді , бұлтты салуға болады,композиция жасалады.
Көктемде күн жылынады, айналаның бәрі жасыл түске оранады, ағаштар бүршік атады,құстар ұшып келеді.
Күзгі ағаштар,қысқы ағаш, шыршаларды салдық
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Үлгіге қарап сурет салады.
Берілген түстерді пайдаланып, алма ағашының гүлінің суретін салады. Қай жерде орналасқанын айтады, кеңістікті бағдарлау.
Көкжиек сызып алу, ағашты төменнен жоғары қарай сызу, бұтақтарын діңіне көлбеу, төменнен жоғары қарай сызық сызу арқылы салады, бұлтты жоғары жаққа орналастыру, т.б айта отырып жұмыстарын ұқыпты жүргізеді.
Рефлексиялық-түзетушілік Балалардың жұмысына талдау жасау, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды.
Балалар не салғандарын, қалай салғандарын айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды ағашты салуды естеріне түсіндіру.
түсінеді: түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіруді.
қолданады: композиция құра білуді, ойларын дамытуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:20.04.2015ж Тәрбиеші:.
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Ұлттық баскиімді әшекейлейміз.
Мақсаты: ұлттық баскиімдерді ажырата білуге: ою-өрнек элементтерін үшбұрышқа орналастыра білуге үйрету: көз мөлшерін дамыту; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сәукеленің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ,гуашь,доп.
Билингвальді компонент: сәукеле, әшекейле-украшай, өрнекте
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Педагог алдын ала жасалған ұлттық баскиімдерді балаларға көрсетіп, салыстыртады.
Балалар ұлттық баскиімдерді естеріне түсіреді, әңгімелейді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог қазақтың ұлттық киімдері туралы әңгімелейді. Балалардың анық сөйлеулерін қадағалайды.
Д/о: «Сырмақты әшекейле».
Сәукеле туралы түсінік береді.
Тәрбиеші балалардан үшбұрышқа ұқсас заттарды атауды сұрайды.
Педагог ұлттық баскиім-сәукелені әшекелеуді ұсынады (сәукелені қиып дайындап беруіне болады.)
Салыну жолдары:
Алдымен үшбұрыш сызып алынады,төмен жағына сызық жүргізіледі,төбесіне үкі салынады.Балалардың қалаулары бойынша ашық түстермен жұмыс жасалады. Дайын сәукелені жуан қылқаламмен төменнен жоғары қарай гуашьпен боятып, сәл кепкеннен кейін жіңішке қылқаламның ұшымен әдемі ою-өрнектер салып,өздері қалаған түспен әшекейлетеді.
«Қызғалдақ» және «толқын» өрнектерін салуды ұсынады.
Киімдерді атайды,неден жасалғанын ,қайда киетіндерін айтады, естеріне түсіреді.
Ойынға белсене араласады.
(Көрмені топтағы палас немесе үстел үстіне ұйымдастыруға болады.)
Балалар қылқаламдардыңсуға салып,ыдыстың шетіне сүртіп,бояумен қылқаламның ұшымен жұмыс жасайды. Қандай түспен,қылқаламмен,қай жерін бояп жатқандарын айтады.
Рефлексиялық-түзетушілік Балалар жұмыстарын талдау. Сурет салудағы жетістіктерін айту.
Балалар не салғандарын, қалай салғандарын айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: ұлттық баскиімді ажыратуды.
түсінеді: ою-өрнек элементтерін үшбұрышқа орналастыруды.
қолданады: көз мөлшерін дамыту, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күн: 27.04.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Мені қызықтыратын жануарлар.
Мақсаты: үй жануарларымен таныстыруды жалғастыру, геометриялық пішіндер арқылы және «жапырақ» тәрізді бейнеге келтіру әдіс-тәсілін пайдаланып, қойдың суретін сала білуге үйрету; қол қимылдарын, ойлануға, қиялын дамытуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жануарлардың суреттері, қойдың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ,гуашь
Билингвальді компонент: жүн-шерсть, төлі- животные телят
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Д/о: «Төрт түлік малды ата»
Педагог суретпен жұмыс жүргізеді. Балалардың төлдерін аттарын еске түсіруіне көмектеседі.
Балалар толық жауап береді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог қой малын жаопы сипаттап, ерекшеліктерін айтады.
Әңгімелесу,сқрақ-жауап әдістерімен балаларды толық жауап беруге дағдыландырады.
Бой сергіту. Д/о: «Атауын естіп дыбысын сал»
Тәрбиеші бір түлкінің атауын атайды,балалар төрт түліктің қимылын,дыбыстарын салады.
-Ал,балалар , біз бүгін жануарлардың ішіндегі ең момыны қойдың суретін саламыз.Қойдың денесін салмас бұрын жапырақ тәріздес денесін,басын салып аламыз, құйрығын,ең соңында аяқтары,жапырақ тәріздес қылып екі құлағын саламыз. Бізге керегі екі түс- сұр және қара түстер.
Сурет салуға қиналған балаларға көмек көрсетеді.
Сурет алу жолдарын түсіндіру.
-Дайын бейнені қылқаламмен ретімен бастырып, аяқтарын,жүнін ,құлағын, көздерін , аузын саламыз Балалар сөйлем құрап сөйлейді,анық жауап береді.
Төрт түліктің қимылын,дыбыстарын салады.
Алдымен нүктелер арқылы қосып алып,қойдың денесін, кейіннен аяқтарын, құйрығын қосады,қосылған дене мүшелерін гуашьпен бояйды.
Үлгіге қарап сурет салады.

Қойды басқа бояумен бояғаннан кейін, қылқаламның ағаш басын қара гуашьқа малып алып,нүкте арқылы көзін, тұмсығын жасайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Балалардың жұмысына талдау жасау, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды.
Балалар өз-өздеріне баға береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: үй жануарларын салуды.
түсінеді: геометриялық пішіндер арқылы және «жапырақ» тәрізді келтіру әдіс-тәсілін пайдаланып сурет салуды.
қолданады: қол қимылдарын, қиялын дамытуды
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:04.05.2015ж Тәрбиеші:.
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Түрлі түсті шарлар.
Мақсаты: балаларға сурет алуды үйрету; пішіндерді атап, ажырата білуге, есте сақтау қабілетін дамыту, түстерді атай білуге үйрету, жоғарыдан төмен қарай сызу арқылы суретін салуды, қылқаламмен жұмыс жасауды үйрету, көрсету; достыққа тәрбиелеу, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ,гуашь
Керекті құралдар:шарлардың түрлері, суреттері.
Билингвальді компонент: әртүрлі-разный , әр түсті-разноцветный
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбер құру.
Армысың, алтын күн!
Армысың,асыл жер!
Армысың,көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыма жылу қос. Шеңбер бойында тұрып өлеңді қайталап айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Бірінші мамыр- Халықтардың ынтамақ күні мерекесін түсіндіру.
-Балалар мына суреттен не көріп отырсыңдар? Тәрбиеші әңгіме жүргізіп, балаларды тыңдайды.
Бой сергіту.
Тыныс алу жаттығулары
Д/о: «Кім тез үрлейді?»
-Суретті қылқаламмен саламыз, қылқаламды үш саусағымызбен ұстаймыз. Шарды сопақша немесе дөңгелек пішінде етіп жоғарыдан төмен қарай сызамыз. Шардың домалақ бөлігін салып болғаннан кейін жіп байлайтын жерін саламыз,шарды толығымен бояп, шарымызға жіп байлайық. Жіпті салу үшін қылқаламның ұшын суға жуан,ұшын бояуға тигізіп, жіптің суретін толқынды сызықпен саламыз.
Сурет салу жолдарын түсіндіру. Балалар суретте кімді көріп тұрғандарын, олардың қолында не бар екенін айтады, Шардың ерекшеліктерін айтады. Тыныс алу жаттығуларын жасайды.
Шарлардың түстердің қызыл, сары,жасыл, көкпен бояйды.
Пішіндерін домалақ, сопақ, ұзын,ирек етіп суретін салады.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Үлгіге қарап сурет салады.
Рефлексиялық-түзетушілік Балалардың жұмысына талдау жасау, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды. Балалар не салғандарын, қалай салғандарын айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: мереке туралы мәліметтермен танысады.
түсінеді: есте сақтау қабілетін дамтытады, шардың суретін салуды.
қолданады: пішіндерді атап, ажырата білуге дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:11.05.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Отшашу.
Мақсаты: жеңіс мерекесі туралы түсінік беру; ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білу; отшашу суретін салу және шығармашылық қабілетін дамыту, үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жеңіс күніне арналған суреттер, отшашу суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ,гуашь
Билингвальді компонент: отшашу-салюд
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Педагог балаларды шеңберге тұрғызып өлең айтады.
Сәлем деймін достарға,
Сәлем деймін құстарға
Сәлем деймін ұстазға
Ашық болсын айымыз
Тату болып халқымыз
Аман болсын балалар Өлең жолдарын қайталап барлыы орнына отырады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог балалардан отшашудың қашан,қайда қолданылатынын сұрайды. Қандай мереке жақындап келе жатқанын сұрайды.
Балалардың толық жауап беруін қадағалайды.
Бой сергіту:
Ақ көгершін,көгершін,
Қол қанат құс сен едің
Бар кезіп қайт ел үшін
Кең дүниесін есігін
-Осы мерекеге байланысты отшашудың суретін саламыз
Сурет салу жолдары:
1.Қалың қылқаламмен парақты сулап аламыз
2.Бояуға жіңішке қылқалам ұшын тигізіп, ақ парақтың жоғары жағына нүкте түсіріп алып,жан-жағына үзік сызықтар арқылы түрлі түсті отшашуды саламыз. Отшашудың іздерін немесе жолдарын салу үшін сүйкей жағу тәсілі арқыл төменнен жоғарыға қарай сызықтар сызамыз.
Балаларға бояу түстерін алмастырып қолдану қажеттігін ескертеді. Толық жауап береді.
Отшашу қандай болатынын айтады.
(үлкен,әдемі,жарық. Қызыл,сары ,жасыл, түрлі түсті)
Аспанға отшашуды шашқанда түнгі аспан қандай түрге енетінін естеріне түсіреді.
(Әдемі,жарық түске боялады)
Баяу әнді тыңдай отырып балалар екі түрлі қылқаламмен жұмыс істейді. Сосын қылқаламды тазалап жуады.
Рефлексиялық-түзетушілік Балалардың жұмысына талдау жасау, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды.
Балалар не салғандарын, қалай салғандарын айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: үлкендерді сыйлау, құрметтеу қажет екенін.
түсінеді: өз ойын еркін жеткізе білуді, отшашу суретін салуды.
қолданады: шығармашылық қабілетін дамытады, бояуды алмастырып пайдалануға дағдыланады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 18.05.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Алжапқышты әшекейлейміз.
Мақсаты:сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыруды жалғастыру, ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген
қызығушылықтарын арттыру, алжапқыштың жиегіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге, түсіне қарай сәндік өң бере білуге жаттықтыру. Ою-өрнектің әдемілігіне мән беру арқылы көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: алжапқыштар, алжапқыштардың суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, 6 түсті бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ,гуашь
Билингвальді компонент: алжапқыш-фартук, жиек-обод
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне жылы лебіздерін айтқызады. Жақсы тілектерін білдіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Педагог балаларға күнделікті өмірде аналарымыз ас бөлмеде пайдаланылатын,өздері кезекші болған кезде тағатын алжапқыш туралы әңгімелейді, оның не үшін керек екенін сұрайды.Әр түрлі алжапқыштар болатынын айтады. Балалардың анық сөйлеуін қадағалайды.
Сергіту сәті:
Мен аспазшы боламын,
Алжапқышты тағамын
Дәмді тағам пісіріп
Үлкен алғыс аламын
Тәрбиеші балаларға алжапқыштың жиегін әшекелеуді ұсынады. Жұмыс барысында баяу әуен ойнатып қоюға болады.жұмысты орындау үшін шыдамдылық керек екендігін, дәптердегі суретті аяқтау қажеттілігін түсіндіреді. Бәрі бірге алжапқыштың шетіне толқынды сызықтар сызып, алжапқыштың жиегіне өрнектер салып, бояу жағады. Бөлшектерінің қылқаламмен анық басып алу керек, бірдей түстердің реңіне қарай орналасуына мән береді.
Қарындаштарды да пайдалануға болатыны ескертіледі. Балалар толық және анық жауап береді.
Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді
Балалар дәптерге дайын үлгісі тұрған алжапқышты қылқаламмен үстінен үзбей бастырып,толқынды немесе түзу сызықтармен айнала шетін сызып шығады, белгілі бір элементті қайталау арқылы алжапқышты әшекелейді
Рефлексиялық-түзетушілік Балалардың жұмысына талдау жасау, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды. Балалар не салғандарын, қалай салғандарын айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: сәндік-қолданбалы өнер түрлері-оюларды ойып жасауға болатынын, матадан жапсырмалар жасауды.
түсінеді: алжапқыштың жиегіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттығады.
қолданады: ұлттық сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын қарапайым жолдарын

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 25.05.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «шығармашылық» Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Табиғат аясында.
Мақсаты: көрініс, көкжиек, кеңістік туралы түсініктерін бекіту. Жыл бойындағы жұмыстарының нәтижесіне баға беру, өз ойларынан сурет салуда белсенділігін арттыру, қиялын дамыту, табиғаттың келбетін, әр жыл мезгілдерінің ерекшелігіне тән белгілерді ажаырата білу, пейзаж, композиция, түс және эстетикалық қабылдау сезімдерін дамыту, іскерлікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жыл мезгілдері көрінісінің суреттері.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптер, 6 түсті бояу, қылқалам, су, сүлгі,магнитафон, баяу әуенді күйтабақ,
Билингвальді компонент: көкжиек-горизонт, кеңістік-пространство, мамық-пух, дымқыл-мокрый, гүлзар-клумба
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Педагог суреттегі жыл мезгілі туралы туралы сұрақ қойып, әр жыл мезгілінің ерекшелігі туралы әңгімелейді. Балалар толық жауап береді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Д/о: «Қай мезгіл?» Педагог жыл мезгілдерін с
ипаттап айтып береді.
Д/о: «Қай мезгіл жоқ?»
(Тәрбиеші бір жыл мезгілінің суретін жасырып қояды)
Қай мезгіл жақындап келе жатқандығын сұрайды.(Жаз мезгілі)
Бүгінгі сабақта жаз мезгілі суретін салатындарын хабарлап, дымқылда қағазға табиғат көрінісін салуды ұсынады.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалармен әңгіме жүргізеді.
Сергіту сәті.(саусақ жаттығуы)
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бәрін,бәрін қосқанда,
Болады екен он саусақ.
(Онға дейін санау)
Педагог пейзаж салу кезінде табиғат аясын бейнелеген кезде бояудың қандай түстерді пайдаланатынын айтады. Акварель бояуымен жұмыс істеуді пысықтайды.
-Гуашь –мөлдңр бояу.Ол суда жақсы ериді,оның осы жақсы қасиетін пайдаланып,қағаз бетіне фон түсіреміз. Қылқаламды қағаздың жоғарғы жағынан бастап бір бағытта жүргізу керек. Содан соң қылқаламды аздап құрғату керек,қағаз бетіндегі дымқылдап жайылып жағылған бояу қабатының үстіне табиғат аясын саламыз. Күн,бұлт,ағып жатқан су,шөптер,ағаштар, т.б
Бояу ақырын жайылып,нәзік жеңіл көрініс пайда болады.Сурет салудың жолдарын түсіндіру. Балалар ойланып толық жауап береді.
Өлең жолдарына сәйкес қимлдыра жасайды.
Үлгі бойынша сурет салады.
Жалпақ қылқаламмен керекті бояуды алып,қағаз бетіне жағады, қылқаламды сулап алып, бояуды жағу тәсілімен жасайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Балалардың жұмысына талдау жасау, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды. Балалар не салғандарын, қалай салғандарын айтып береді.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: көрініс, көкжиек, кеңістік туралы түсініктерін бекітеді.
түсінеді: жыл бойындағы жұмыстарының нәтижесін бағалауды.
қолданады: өз ойынан сурет салу белсенділігін, қиялын дамытады.

Приложенные файлы

  • docx 15614862
    Размер файла: 170 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий