1_saba_1179


МАМАНДЫҒЫ: Жалпы медицина
КАФЕДРА: Биологиялық химия
ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
№ 1 Сабақ.
Тақырыбы:
Белоктар. Белоктардың атқаратын қызметтері. Белоктардың жалпы қасиеттер. Қауіпсіздік техникасының ережелері.
КУРС: 2
ПӘН: биологиялық химия
ҚҰРАСТЫРҒАН: профессор, б.ғ.д. К.О. Шарипов
АУДАРҒАН: оқытушы Досымбекова Р.С.
Алматы, 2014 ж.
«___»______ 2014 ж.
өткен кафедра мәжілісінде талқыланған
№ ___ хаттама.
Бекіткен
Кафедра меңгерушісі, профессор ________________ Шарипов К.О.

№ 1 Сабақ
1.Тақырыбы: Белоктар.
Белоктардың атқаратын қызметтері. Белоктардың жалпы қасиеттері. Қауіпсіздік техникасының ережелері.
Мақсаты:
Қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру арқылы студенттерде құқықтық құзырлылықты қалыптастыру.
Белоктардың атқаратын функциялары мен кейбір жалпы қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру.
Оқыту міндеттері:
Биохимиялық зертханада жұмыс жасау барысында студенттерді қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.
Белоктардың атқаратын функцияларын қарастыру.
Белоктардың элементтік құрамының біркелкілігі, жоғары молекулалық масса, мөлшерінің үлкен және белгілі бір пішінде болуы, ыдырау өнімдерінің ұқсастығы, белок молекуласындағы амин қышқылдары түзетін байланыс түрлерін қарастыру.
Кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге студенттерді ынталандыру.
5. Белоктардың биологиялық функциялары – құрылымдық,жиырылу, қорғаныштық, ферментативті, реттеуші, электротрансформациялау; дисульфидтік байланыс, полярсыз топтың гидрофобты әсерлесуі, түсті реакциялар – белоктарға жалпы және жеке амин қышқылдарын ашатын реакциялар, құнды және құнсыз белоктар туралы жаңа түсініктерді енгізу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қауіпсіздік техникасының ережелері.
Биохимияға кіріспе.
Белоктардың атқаратын функциялары.
Белоктардың жалпы қасиеттері.
элементтік құрамының ұқсас болуы
жоғары молекулалық массасының болуы;
белоктардың белгілі бір пішінде болуы және көлемінің үлкен болуы;
ыдырау өнімдерінің ұқсастығы;
белок молекуласындағы байланыс түрлері және олардың белок молекуласын тұрақтандыруға қатысуы;
белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған реакциялар. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.
Белоктардың амфотерлік қасиеті. Орта рН-ының белок зарядына әсері.
Белоктардың коллоидтік қасиеттері. Ерітіндідегі белокттардың тұрақтылығы. Тұрақтылық факторлары
Белоктарды тұңбаға түсіру реакциялары.
Белок молекуласының құрылымдары. Денатурация, ренатурация

5. Оқыту әдістері мен құралдары:
«Білім» құзырлылығы жазбаша бақылаудың, блиц-сұрақтың сұрақтарына, жаңа тақырыпты талдау барысында жауап бергеніне қарай бағаланады.
Құқықтық құзырлылық қауіпсіздік техникасы (ҚТ) ережелерінің сұрақтарына берген жазбаша жауаптары бойынша бағаланады.
№1 сабақтың сценариі
Уақыт Жұмыс түрі Ұзақтылық
8.00 – 8.15 Сабақты ұйымдастыру 15 мин
8.15 – 8.30 Білімнің өміршеңдігі (органикалық химиядан алған білімді тексеру) 15 мин
8.30 – 8.50 Қауіпсіздік техникасымен танысу 20 мин
9.00 - 9.10 Қауіпсіздік техникасына жазбаша бақылау (құқықтық құзыреттілікті бағалау) 10 мин
9.10 – 9.50 Сабақты талдау (микродәріс, әңгімелесу түрінде, жаттығуларды талдау, басқасы – мұғалімге байланысты) 40 мин
10.00 – 10.10 Блиц- сұрау 10 мин
10.10 – 10.30 Тәжірибелік жұмыстарды жасау 20 мин
10.30 – 10.50 Дискуссия немесе үштілдік глоссарийді талдау 20 мин
Жаттығулар:
Белоктың жалпы формуласы
осы белок қандай қасиетке ие? рН= 4,7; 7,0; 10 шамаларына тең болғанда, белок заряды қандай болады? Осы белоктың құрамына кіретін амин қышқылдарын анықтаңыздар.
Белоктың жалпы формуласы
Осы белок қандай қасиетке ие? ИЭН-сі қай ортада? Нейтрал ортада заряды қандай? Осы белоктың құрамына кіретін амин қышқылдарын анықтаңыздар.
Белоктың жалпы формуласы
Осы белок қандай қасиетке ие? рН-тың мәні қай шамада бұл бейтарап болады. Осы белоктың құрамына кіретін амин қышқылдарын анықтаңыздар.
Блиц-сұрақ тест немесе төменде берілген сұрақтар бойынша жүргізіледі, оқытушы студентті тақтаға шығарады, ол тестті ішінен оқып, дұрыс жауабын бірден айтуы тиіс, немесе оқытушы қай тестті оқу керектігін нұсқайды, студент жауап береді.
6. Әдебиеттер:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Белоктар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.
2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, витаминдер. – Алматы, 2009 ж.
Қосымша:
Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.
Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.
Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.
Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.
Орыс тілінде:
Северин Е.С. «Биохимия», 2007 г.стр10-17
Николаев А.Я. “Биологическая химия” – Москва, 2004г., с. 16 - 59
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия” – Москва , 2004г., с. 20-74
Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии «Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины», часть 1 – Алматы, 2009.
Строев Е.А. “Биологическая химия” – Москва, 1986г., с. 24-51; 55-58.
Аблаев Н.Р. «Биохимия в схемах и рисунках», 2005г.
Сеитов З.С. “Биологическая химия”, Алматы, 2000, с. 85 – 134
Плешкова С.М., Абитаева С.А., Ерджанова С.С. Петрова Г.И. Практикум по биохимии – Алматы, 2003
Бақылау:
Тесттер:
1. Төмендегі амин қышқылдарының қайсы тобы моноаминомонокарбон қышқылдарына жатады:
лейцин, валин, цистеин, аланин
лизин, глутамин қышқылы, изолейцин
аспарагин қышқылы, оксипролин, глицин, триптофан
фенилаланин, цистеин, аргинин, лейцин
метионин, серин, лизин, тирозин
2. Аталған аминқышқылдарының қайсы тобы циклді амин қышқылдарына жатады:
гистидин, пролин, валин, треонин
изолейцин, серин, аргинин, оксипролин
триптофан, тирозин,метионин, аспарагин қышқылы
фенилаланин, гистидин, триптофан, тирозин
метионин, фенилаланин, орнитин, лизин
3. Алмастырылмайтын амин қышқылдары:
молекулаларында тармақталған радикалдар бар
организмде түзіледі
организмде синтезделмейді
құрамында гетероциклдер бар
организмде түзіледі
4. Алмастырылмайтын амин қышқылдарына жатады:
глицин, цистеин, аргинин
глутамин, аспарагин қышқылдары
триптофан, лизин
треонин, валин, лейцин
фенилаланин, изолейцин, метионин
Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:
А, Б, В
Б, В, Г
В, Г, Д
Г, Д, А
Д, А, Б
5.Төмендегі амин қышқылдарының қайсысы жеңіл амидтенеді:
тирозин
глицин
аргинин
глутамин қышқылы
аспарагин қышқылы
Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:
1,2
1, 3
2, 3
2, 4
3, 5
6. Төмендегі амин қышқылдарының қайсысы зат алмасуында түзілген улы өнімдерді залалсыздандыру процестеріне активті қатысады:
серинвалинглицин
лизин
пролин7. Метилдеу процестеріне қатысады:
аланин
валин
треонин
метионин
изолейцин
8. Алмастырылмайтын циклді амин қышқылдары болып табылады:
тирозин
фенилаланингистидин
триптофан
пролинСәйкес комбинацияны таңдаңыз:
А, Б
А, Д
Б, В
А, Г
Б, Г
9. Белоктарға қышқылдық қасиет беретін аминқышқылдары:
глицин
глутамин қышқылы
валинсеринаспарагин қышқылы
Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:
А, В
Б, Г
Б, Д
А, Б
Б,Г
10. Белоктарға негіздік қасиет беретін амин қышқылдары:
лизин
валинглутамин қышқылы
аспарагин қышқылы
аргинин
Сәйкес комбинацияны таңдаңыз:
А, В
Б, Г
В, Д
А, Д
Г, Д
Сұрақтар:
1. Белоктардың атқаратын функциялары.
2. Белоктардың жалпы қасиеттері.
элементтік құрамының ұқсас болуы
жоғары молекулалық массасының болуы;
белоктардың белгілі бір пішінде болуы және көлемінің үлкен болуы;
ыдырау өнімдерінің ұқсастығы;
белок молекуласындағы байланыс түрлері және олардың белок молекуласын тұрақтандыруға қатысуы;
белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған реакциялар. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.
Белоктардың амфотерлік қасиеті. Орта рН-ының белок зарядына әсері.
Белоктардың коллоидтік қасиеттері. Ерітіндідегі белокттардың тұрақтылығы. Тұрақтылық факторлары
Белоктарды тұңбаға түсіру реакциялары (кесте толтыру)
Белок молекуласының құрылымдары (кесте толтыру). Денатурация, ренатурация
Пікірталасқа берілген сұрақтар
Неліктен ауыр металдармен және олардың тұздарымен уланған адамға жедел жәрдем келгенше көп мөлшерде сүт және жұмыртқаның ақуызын беру керек?
Қандай мақсатпен альбумин ерітіндісі пайдаланылады? Медицинадағы пайдаланылуы неге негізделген?
Қалай зертханада белоктың жеке фракцияларын алуға болады?
Блиц-сұрақтар:
1)Белок құрамына қандай химиялық элементтер кіреді?
2)Белоктардың ыдырау өнімдерін атаңыз.
3) Белок молекуласындағы ковалентті байланыстарды атаңыз.
4) Белок молекуласындағы ковалентті емес байланыстарды атаңыз.
5) Моноаминомонокарбон қышқылдарын (2-3 мысал) атаңыз?
6) Гидрокси амин қышқылдарын атаңыз?
7) Құрамында күкірті бар амин қышқылдарын атаңыз?
8)Моноаминодикарбон қышқылдарын атаңыз?
9) Диаминомонокарбон қышқылдарын атаңыз?
10) Имин қышқылдарын атаңыз?
11)Ароматты амин қышқылдарын атаңыз?
12) Гетероциклді амин қышқылдарын атаңыз?
13) Қандай амин қышқылдары алмастырылатын деп аталады?
14) Қандай амин қышқылдары алмастырылмайтын деп аталады?
15) Алмастырылмайтын амин қышқылдарын атаңыз белгілі?
16) Қандай амин қышқылдары шартты түрде алмастырылатын деп аталады?
17) Неліктен белоктар амфотерлік қасиет көрсетеді?
18) Белоктардың амфотерлігі оның құрамындағы қандай функционалдық топтың болуына тәуелді?
19)Белоктың қандай күйі изоэлектрлік деп аталады (ИЭК)?
20) Изоэлектрлік нүкте (ИЭН) дегеніміз не?
21) Бейтарап белоктың ИЭН-сі неге тең?
22) Белок заряды қандай факторларға тәуелді?
23)Егер белок құрамында МАМҚ басым болса, белок (бейтарап, қышқылды, негіздік) қандай қасиетке ие?
24) Егер белок құрамында МАДҚ басым болса, белок (бейтарап, қышқылды, негіздік) қандай қасиетке ие?
25) Егер белок құрамында ДАМҚ басым болса, белок (бейтарап, қышқылды, негіздік) қандай қасиетке ие?
26) Белок ерітіндісінің тұрақтылық факторларын атаңыз.
27) Жалпы түсті реакциялар қандай мақсатқа пайдаланылады?
28) Жеке амин қышқылдарына арналған түсті реакциялар қандай мақсатқа пайдаланылады?
№1 тақырыпқа глоссарий
Қазақ тілінде термин Орыс тілінде термин Ағылшын тілінде термин
Құнды белок-бұл белоктың құрамында барлық алмастырылмайтын амин қышқылдар болады. Полноценный белок – это белок, в составе которого имеются все незаменимые аминокислоты Fullvalue protein is a protein with all essential aminoacidsҚұнсыз белок- бұл белоктың құрамында алмастырылмайтын амин қышқылының біреуі ғана болмаса. Неполноценный белок – это белок, в составе которого нет хотя бы одной незаменимой аминокислоты Unfullvalue protein is a protein, in which there is no even one essential aminoacids
Алмастырылмайтын амин қышқыл- бұл амин қышқыл ағзада түзілмейді. Незаменимая аминокислота – это аминокислота, которая не синтезируется в организме Essential amino acid is an aminoacid which is not synthesized in the body
Алмастырылатын амин қышқыл- бұл амин қышқыл ағзада түзіледі. Заменимая аминокислота – это аминокислота, которая синтезируется в организме Non-essential amino acid is an aminoacid which is synthesized in the body
Шартты түрде алмастырылатын амин қышқыл- бұл амин қышқыл ағзада жеткіліксіз мөлшерде түзіледі, әсіресе балаларда. Условно-заменимая аминокислота – это аминокислота, которая синтезируется в недостаточном количестве, особенно в детском возрасте Semiessential aminoacid is an aminoacid which is synthesized in the body in small quantity, particularly in childhood
Денатурациялаушы агент- бұл денатурацияны тудыратын фактор. Денатурирующий агент – это фактор, который вызывает денатурацию Denaturating agent is a factor which causes denaturation
Белоктың денатурациясы-бұл белок молекуласындағы екіншілік, үшіншілік, төртіншілік құрылымдарды ұстап тұруға қатысатын байланыстардың бұзылуы. Денатурация белка – это нарушение связей в молекуле белка, поддерживающих вторичную, третичную и четвертичную структуры Denaturation of proteins is a process of derangement of bonds supporting secondary, tertiary and quaternary structures of proteins
Белоктың ренатурациясы- бұл денатурациядан кейін белоктың құрылымдарының қалпына келуі. Ренатурация белка – это восстановление структур белка после денатурации Renaturation of proteins is a process of restoration of protein molecule after denaturation
Тұздалу- бұл бейтарап тұздарды қан сары суына қосу жолымен жай белоктардың (альбуминдер мен глобулиндердің)бір-бірінен бөлу әдісі. Высаливание - это метод разделения простых белков (альбуминов и глобулинов) путем добавления к сыворотке крови нейтральных солей Salting-out method is a method of separating of simple proteins (albumins and globulins) by dint of addition of neutral salts to the blood serum
Электрофорез-бұл қан сары суының белоктарын электр өрісінде бөлу әдісі. Электрофорез – это метод разделения белков сыворотки крови в электрическом поле Electrophoresis is a method of separating blood serum proteins into fractions in the electric field
Химиялық зертханада жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Кіріспе
Химиялық зертханада жұмыс істеу және қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң түрде сақтау керек. Төмендегі себептер кездейсоқ жағдайларға әкеп соғуы мүмкін:
химиялық заттарға немқұрайды қарау (улану, химиялық күйік, өрт, жарылыс, аллергия);
зертханалық құралдармен (электр тогының соғуы, термиялық күйік және травма алу), сонымен қатар әйнек құралдармен және ыдыспен кесіп алу) дұрыс жұмыс жасамау.
Еңбектің жақсы ұйымдастырылуы мен оны қорғау, жұмыс істеу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, еңбек және оқу тәртібін сақтау кездейсоқ жағдайлардың болуын және зертханалардағы апатты толық жоққа шығаруға мүмкіндік береді.
Студенттер қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен танысып, сабақ беретін оқытушыға сынақ (коллоквиум) тапсырған соң ғана, оларға зертханада сабаққа қатысуға рұқсат етіледі. Студенттің сынақ тапсыру фактісі арнайы журналға тіркеліп, қауіпсіздік техникасы ережелерімен танысқан адамның жеке қолы қойылады.
Сынақ (коллоквиум) тапсырмаған студенттер жұмыс істеуге жіберілмейді. Зертханада жұмыс істеу ережесі мен қауіпсіздік техникасын бұзған студенттер коллоквиумды қайта тапсырғанға дейін зертханалық жұмысты орындаудан шеттетіледі.
Зертханада жұмыс істейтін әрбір адам зертханада өрт сөндіру жабдықтарының (құмы бар жәшік, отқа төзімді көрпе, өрт сөндіргіш), алғашқы жәрдем көрсететін арнайы құралдардың (аптечка, натрий бикарбонаты (3%-к), калий перманганаты (1%-к), сірке қышқылының ерітінділері) қайда екенін жақсы білуі тиіс.
Сабақ соңында барлық студенттер өзінің жұмыс орнын ретке келтіруі керек: электр энергиясының, судың, құралдар мен аппараттардың сөндірілуін қарап, тексеруі тиіс, оңай тұтанатын қоқысты алып тастау, әйнек ыдысты жуып, лаборантқа өткізуі тиіс. Содан кейін жұмыс орнын зертханадағы кезекшіге өткізуі, ал кезекші лаборантқа өткізуі керек.
Жұмыс жүргізудің жалпы ережелері
Зертханада жұмыс істейтін әрбір студентке орын бөлінеді, студент өз орнын таза және жинақы ұстауы тиіс. Жұмыс істеу барысында жұмыс орнында артық заттар болмауы тиіс.
Зертханалық жұмыстарды орындағанда төмендегі ережелерді қатаң сақтау керек:
Сабақ алдында студент оқу құралы бойынша тәжірибе жасау барысымен алдын ала танысып, жұмыстың мақсаты мен міндеттерін нақты біліп, әрбір іс-әрекетін ойлап жасауы керек. Студент алдымен есеп (тәжірибенің атын, жұмыс барысын, реакцияларды) беріп және әңгімелесуден өткен соң жұмыс жасауға жіберіледі.
Жұмыс істеген адам қолданылатын заттардың негізгі қасиеттерін, олардың организмге тигізетін әсерін, олармен жұмыс жасау ережелерін біліп, соның негізінде жұмыс істеу қауіпсіздігінің барлық шараларын қабылдауы керек.
Лас ыдыста жұмыс жасауға, сонымен қатар этикеткасыз немесе түсініксіз жазбасы бар ыдыстардағы заттармен жұмыс істеуге тыйым салынған.
Пробиркадағы реактивтің артық мөлшерін реактиві бар басқа ыдысқа қайтадан құюға болмайды. Құрғақ тұздарды таза шпательмен немесе қасықпен алу керек.
Әр түрлі ыдыстардың тығынын алмастырмау керек. Тығынның ішкі беті таза болу үшін тығынды үстелге сырт жағымен қаратып қояды.
Ортақ қолданылатын реактивті өзінің жұмыс үстеліне алып кетуге болмайды.
Тәжірибе жасап болған соң металл қалдығын раковинаға тастамайды, банкаға жинайды. Қымбат реактивтерді (мысалы, күміс тұзының қалдықтарын) арнайы ыдысқа жинайды. Раковинаға еріткіштің қалдықтарын, жанғыш заттарды, реакциялық қоспаны, қышқыл, сілті және басқа да зиянды заттардың ерітінділерін құймау керек. Олар арнайы ыдысқа («органиканың қалдығы») жиналуы тиіс.
Раковина мен су төгетін жерлерге құм, қағаз, сынған ыдыс және басқа да қатты қалдықтар тастауға тыйым салынады, өйткені бұл канализацияның істен шығуына әкеледі. Барлық қатты қалдықтарды қоқыс салатын шелекке тастау керек.
Жұмыс жасау барысында реактивтерді, электр энергиясын және суды үнемдеп жұмсау керек. Қажет болмаған жағдайда электр құралдары мен жанған спиртшамын қосылған күйінде қалдыруға болмайды. Жұмыс аяқталған соң электр құралдары мен спиртшамын сөндіру керек.
Зертханалық жұмысты және әрбір тәжірибені орындау жұмыста берілген барлық нұсқауды қатаң сақтауды талап етеді. Тәжірибе ұқыпты, мұқият және асығыссыз жасалуы тиіс.
Студенттерге оқытушының рұқсатынсыз берілген жұмысқа қатысы жоқ тәжірибені жасауға немесе тәжірибенің ретін өзгертуге үзілді-кесілді тыйым салынады. Қарапайым тәжірибенің өзі қате жасалса, қауіпті болып саналады.
Зертханадан шығарда қолды жақсылап жуу қажет.
Қауіпсіздік техникасы ережелері
Зертханада жалғыз жұмыс істеуге үзілді-кесілді тыйым салынады, өйткені құралдағы болмашы ақау немесе экспериментті орындау кезіндегі қате ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін.
Зертханада артық қимыл-қозғалыс пен әңгімелесуден аулақ болыңыз.
Терінің, көздің және тыныс жолдарының химикаттармен жанасуын болдырмаңыз. Сабақ кезінде үнемі зертханалық халат киіңіз. Сонымен қатар егер шашыңыз ұзын болса, онда оны қыздырғыш құралдарға, реактивтерге тигізбес үшін мұқият жинап қойыңыз.
Улы және өткір иісті заттармен, қышқылдардың, сілтілердің концентрлі ерітінділерімен, сонымен қатар осы ерітіндлерді буландыру тек тартпа шкафтың астында жүргізілуі тиіс. Шкафтың жақтаулары жұмыс кезінде оның жұмыс беткейінен 18-20 см-ге түсіп тұруы керек.
Күйдіргіш шаң түзетін (сілтілер, ізбес, сода, т.б.) қатты заттарды ұнтақтау, концентрлі қышқылдар мен сілтілерді сұйылту, хромды қоспаны, т.б. дайындау тартпа шкафтың астында фарфор ыдыста, көзге арнайы көзілдірік, қолға биялай киіп жүргізілуі керек. Концентрлі қышқылдарды сұйылтқанда (әсіресе, күкірт қышқылын) қышқылды абайлап суға құяды.
Оңай тұтанатын сұйықтықтармен жұмыс жасағанда қыздырғыш құралдардан алыс тұру керек. Ұшқыш, оңай тұтанатын сұйықтықтарды, заттарды (эфирлер, бензин, спирттер, ацетон, т.б.) ашық жалынға ұстауға болмайды. Бұл үшін су немесе май моншасын қолдану қажет.
Спиртшаммен жұмыс істеу. Қолданар алдында спиртшамға этанол (спиртовканың 2/3 көлемінен асырмай) құяды, диск спиртшамның резервуарындағы тесікті тығыз жабады, түтіктегі фитиль түтікке тығыз енбей, одан түсіп қалмайтындай болуы керек. Қолданылмаған спиртшам қалпақпен жабылуы тиіс. Спиртшамды жағу үшін сіріңке не тамызық қолданады. Оны басқа спиртшаммен немесе оттықпен жағуға болмайды. Ыстық спиртшамды үрлеуге болмайды, оны өшіру үшін қалпақпен жабады. Жалынды фитильді қозғалту (жалынды көбейту) немесе оны алып тастау (жалынды азайту) арқылы реттейді. Спиртовшамда қыздыруды былай жүргізеді: алдымен пробиркадағы затты 15-20 секунд жылытып, содан кейін қыздырады. Қыздырған кезде пробирканың түбін фитильге тақауға болмайды. Спиртшамда химиялық әйнектен жасалған ыдысты ғана қыздыруға болады.
Пробирканы қыздырғанда оны тесігіне жақын тұсынан штативке бекітеді, не болмаса пробирка ұстағышқа бекітеді. Пробирканың аузынан заттардың шығуынан сақтану үшін оның аузын өзіңізден және жаныңыздағы адамдардан басқа жаққа қаратып ұстау керек.
Заттың иісін сезу үшін сұйықтығы бар ыдысқа еңкеюге және бүкіл кеудеңізбен иіскеуге болмайды. Бұл үшін қолмен ауаны ыдыстың тесігінен өзіңізге қарай жіберіп, мұрынмен жеңіл иіскеу керек.
Кез келген затты тамшуыр немесе түтікше арқылы ауызбен соруға болмайды. Бұл үшін сифон немесе резинка алмұрт қолданылады.
Әйнектен жасалатын құрылғыны аса ұқыптылықпен жинау керек. Бұл кезде әйнек затты сәйкес төсенішсіз штативке бекітуге болмайды. Әсіресе жұқа қабырғалы ыдыспен, термометрлермен және тоңазытқыштармен жұмыс жасағанда абай болу керек.
Аузы тығыз жабылған кез келген аппаратты, ыдысты қыздыруға болмайды. Сұйықтықты қабырғасы қалың және белгісі бар ыдыста қыздыруға болмайды (ол жарылып кетуі мүмкін).
Реактивтерді құйғанда реактивтің бетке және киімге тимеуі үшін ыдысқа қарай еңкеймеу керек. Пробирка ұстағышты пробирканың ашық жағына жақын бекіту керек. Қыздырып жатқан сұйықтыққа еңкеюге болмайды, себебі ол қайнағанда шашырауы мүмкін. Ешқашан пробирканың ашық жағын өзіңізге немесе көршіңізге қаратып ұстауға болмайды.
Зертханада реактивтердің дәмін татуға, сонымен қатар мұнда тамақтануға, шылым шегуге тыйым салынады.
Сілтілік металдар құрамында суы жоқ керосиннің, толуолдың немесе ксилолдың астында сақталуы керек. Металл натриймен су ағатын кранға жақын жерде жұмыс жасауға болмайды. Металл натриймен жұмыс істерден бұрын үстелді құрғатып сүртіп, онымен реакция жүргізетін ыдысты кептіру керек. Жұмыс аяқталған соң осы ыдысты бірден сумен жууға болмайды, алдымен натрийдің қалдығын спиртте еріту керек. Натрийдің ірілі-ұсақты түйірлерін керосині (толуолы немесе ксилолы) бар жеке банкаға салып қою керек.
Осал ыдыста бромды сақтауға тыйым салынады. Бұл үшін қабырғасы қалың ыдыс қолданады. Броммен жасалатын барлық жұмыс желдеткіші бар тартпа шкафта, резинка биялай мен көзілдірік киіп жүргізілуі керек. Егер бром теріге тисе, зақымданған жерді дереу спиртпен сүрту, содан кейін глицеринмен майлау керек.
Зертханалық үстелге бөгде заттарды (сумканы, бас киімді, т.б.) қоюға, сырт киімді ілуге болмайды.
Зертханада болған жайтты (тіпті шамалы болса да) оқытушыға немесе лаборантқа айту керек.
Егер бір нәрсе сізге күдікті боп көрінсе, онда оны сұрауға ұялмаңыз!
Өртке қарсы қауіпсіздік ережелері
Қыздырғыш құралдармен абайлап жұмыс істеңіз. Бұзылған құрылғылар мен құралдарда жұмыс жасауға тыйым салынады. Өткізгіштері зақымданған электр құралдарын токқа қосуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Егер электр плитасының спиралі жанып кетсе, онда оны электр желісінен ажырату керек.
Өздігінен жануы мүмкін болатын тәжірибелерді жасағанда асбест көрпе, құм, қалақ, т.б. оңай жерде болғаны жөн.
Жанғыш заттар тұтанса, тартпа шкафтың желдеткішін тез сөндіріп, электр қыздырғыш құралдарды токтан ажыратып, отқа қауіпті заттары бар ыдысты жинап, өртті сөндіріңіз:
а) ыстық сұйықтықты асбестпен жабыңыз, содан кейін егер қажет болса құм себіңіз, бірақ су шашуға болмайды;
б) жанған фарфорды ылғалды құммен немесе сумен өшіріңіз;
в) сілтілі металл тұтанғанда отты сумен емес, тек құрғақ құммен сөндіреді;
г) егер адамның үстіндегі киім жанса, оны асбест көрпемен жабу керек;
д) шағын өртті көмірқышқылды өрт сөндіргішпен өшіруге болады; егер түтін көбейсе, противогаз кию керек.
4. Егер зертханада өрт болған жағдайда «01» телефоны (сілтілі металдардың жануына басқа) арқылы өрт сөндіруші команданы шақырыңыз және өрт сөндірушілерді күтпей-ақ, өртті өз күшіңізбен және қолда бар заттармен сөндіруді бастау керек. Студенттер зертхананы босатуы тиіс.
Кездейсоқ жағдайлардағы алғашқы жәрдем көрсету шаралары
Зертханада жедел медициналық жәрдемді қажет ететін жайттар кездесуі мүмкін, қолды әйнекпен кесіп алу, ыстық заттарға, қышқылдарға, сілтілерге күйіп қалу. Алғашқы жәрдем көрсету үшін зертханада аптечка болады.
Ауыр жағдайларда зардап шегушіні дәрігерге апару керек.
Алғашқы жәрдем көрсетудің негізгі ережелері:
Ұсақ әйнек кескенде жараны әйнек сынықтарынан тазартып, қанды жуыңыз, оны йод ерітіндісімен дезинфекциялап, бинтпен таңыңыз.
Қол немесе бет реактивке күйгенде реактивті көп мөлшерде сумен, содан кейін егер сілтіге күйсе, онда 1%-к сірке қышқылының ерітіндісімен, ал қышқыл тисе, 3 %-к натрий гидрокарбонаты ерітіндісімен, содан кейін қайтадан сумен жуу керек. Реактив тиген киімді шешу қажет.
Ыстық сұйықтыққа немесе ыстық затқа күйіп қалғанда күйген жерді суық ағынды сумен 5-10 минут бойы жуыңыз. Содан кейін зардап шегушіні жақын маңдағы емдеу орнына апару керек.
Егер химиялық зат көзге түссе, онда көзді суық ағын судың астында 10-15 минут бойы су мұрыннан самайға қарай ағатындай етіп (немесе көз жуғышты пайдаланып) жуу керек. Көзді жуу кезінде қабақты абайлап көтеру және көзді жуардан бұрын жанаспалы линзаны алып қою керек. Содан кейін зардап шеккен кісіні дереу көз аурулары клиникасына апару қажет.
Егер у ішке еніп кетсе, онда ас тұзының жылы ерітіндісін ішкізіп, содан кейін зардап шегушінің көмейін саусақпен басып, құстырып, оған көп мөлшерде жылы су ішкізу керек. Егер зардап шегуші есінен танып қалса немесе еріткіш, қышқыл, сілті жұтқан жағдайда оны құстыруға болмайды. Оны таза ауаға шығарып, жылы тыныш орынға жатқызу керек. Содан соң дереу жедел жәрдем бригадасын шақыру керек.
Электр тогымен зақымданғанда зардап шегушіні токтың әсерінен босату керек. Оны таза ауаға алып шығып, оған жасанды тыныс алдырып және жүрек тұсын уқалау қажет. Дереу жедел жәрдемді шақыру керек.

Билет 1
Химиялық зертханада жұмыс істеудің жалпы ережелері.
Глюкозаның құрылымдық формуласын жазыңыз Билет 9
1. Электр тоғы соққанда қандай жедел жәрдем көрсету керек\
2.Глутамин қышқылының формуласын жазыңыз
Билет 2
1. Егер зертханада өрт шықса, не істеу керек?
2. Аланиннің формуласын жазыңыз
Билет 10
1.Кесіп алғанда, жарақат, травма алған кездегі жедел жәрдем.
2.Мальтозаның формуласын жазыңыз
Билет 3
1. Химиялық реактивтермен күйген кезде қандай жедел жәрдем көрсету керек?
2. Активті сірке қышқылының формуласын жазыңыз
Билет 11
1.Биохимиялық лабораториядағы жұмыс істеудің жалпы ережелері
2.Лизиннің формуласын жазыңыз
Билет 4
1. Реактивті қыздырғандағы ережелер.
2. Фруктозаның құрылымдық формуласын жазыңыз
Билет 12
1.Егер зертханада өрт шықса, не істеу керек?
2.АМФ формуласын жазыңыз
Билет 5
1. Улы заттармен жұмыс істегендегі ережелер
2. Сериннің формуласын жазыңыз
Билет 13
1.Химиялық реактивтермен күйген кезде қандай жедел жәрдем көрсету керек?
2.Триптофанның формуласын жазыңыз
Билет 6
1.Улану кезіндегі сақтық шаралары мен алғашқы жәрдем көрсету.
2.Тристеариннің формуласын жазыңыз
Билет 14
1.Реактивті қыздырғандағы ережелер.
2.Пиримидин негіздерінің бірін жазыңыз
Билет 7
1.Броммен, концентрленген минералды қышқылдармен, сілтілермен жұмыс жасау кезіндегі сақтық шаралары.
2.Глицериннің формуласын жазыңыз
Билет 15
1.Токсикалық реактивтермен жұмыс жасау ережелері
2. Гистидиннің формуласын жазыңыз
Билет 8
1. Термиялық күйік кезіндегі жедел жәрдем.
2.Фосфатидилхолиннің формуласын жазыңыз
Үй тапсырмасы: № 2 сабақ: Гликопротеиндер, хромопротеиндер, нуклеопротеиндер: өкілдері, қасиеттері, құрылысы, маңызы
№ 2 ОСӨЖ: Белоктар және нуклеин қышқылдарынан коллоквиум
«Белоктар» тақырыбына білімді тексеруге арналған бақылау сұрақтары:
Белоктардың атқаратын қызметтері, атап шығу, мысалдар келтіру
Белоктардың элементік құрамы, молекулалық массасы, молекулаларының мөлшері және пішіні.
Глобулярлы және фибриллярлы белоктар, олардың пішіндері және атқаратын қызметтері.
Белок молекулаларындағы байланыс түрлері, олардың белок құрылымдарын түзудегі рөлдері.
Гидролиз, түрлері. Белок гидролизінің соңғы өнімдері.
Белоктардың амфотерлігі. Белоктардың заряды, изоэлектрлік жағдайы және изоэлектрлік нүктесі-ИЭН туралы түсініктер.
7. Белок ерітінділерінің коллоидты қасиеттері. Белок ерітінділерінің тұрақтылығы қандай факторларға тәуелді?
8. Белок зарядының аминқышқылдық құрамына және ортаның рН-на тәуелділігі.
9. Белок молекулаларының құрылымдық реттілігі. Бірінші реттік құрылым, осы құрылымға байланысты көрсететін қасиеттері, бұл құрылымды тұрақтандыратын байланыс түрі.
10. Екінші реттік құрылым, осы құрылымға байланысты көрсететін қасиеттері, пішіндері, бұл құрылымды тұрақтандыратын байланыс түрі.
11 Үшінші және төртінші реттік құрылымдар, осы құрылымға байланысты көрсететін қасиеттері, бұл құрылымды тұрақтандыратын байланыс түрлері.
12. Денатурация және ренатурация. Денатурациялаушы агенттер.
13. Белоктарды тұнбаға түсіру және бөлу әдістері.
14. Белоктардың жалпы қасиеттерін атап шығыңыз.
15. Белоктардың жіктелуі.
16. Альбуминдер, қасиеттері, маңызы, амин қышқылдық құрамының ерекшелігі,
ағзадағы таралу орыны.
17. Глобулиндер, қасиеттері, маңызы, бөліктері, амин қышқылдық құрамының ерекшелігі,
ағзадағы таралу орыны.
18. Альбуминдер мен глобулиндердің қасиеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Оларды бөлу әдістері.
19. Гистондар, қасиеттері, маңызы, амин қышқылдық құрамының ерекшелігі,
ағзадағы таралу орыны.
20. Протаминдер, қасиеттері, маңызы, амин қышқылдық құрамының ерекшелігі,
ағзадағы таралуы.
21. Гистондар мен протаминдердің қасиеттерінің және маңызының ұқсастықтары мен айырмашылықтары..
22. Склеропротеиндер, қасиеттері, маңызы, өкілдері.
23. Коллагендер, қасиеттері, маңызы, құрылымдары, ағзада таралуы.
24. Эластиндер, қасиеттері, маңызы, құрылымдары, ағзада таралуы.
25. Кератиндер, қасиеттері, маңызы, құрылымдары, ағзада таралуы.
26. Күрделі белоктардың жіктелуі. Негізгі класстарының құрылымдары.
27. Фосфопротеиндер, құрылымы, қасиеттері, маңызы, өкілдері.
28. Хромопротеиндер,жіктелуі, құрылымы, қасиеттері, маңызы, өкілдері.
29. Тынысалу белоктары, құрылымы, қасиеттері, маңызы, өкілдері.
30. Гемоглобин,құрылымы, маңызы. Химическая природа Гемнің химиялық табиғаты.
31. Миоглобин, құрылымы, гемнің химиялық табиғаты, Mgb –нің рөлі.
32. Гемоглобин мен миоглобин, ұқсастықтары мен айырмашылықтары және рөлдері.
ЗЗ. Гликопротеиндер, құрылымы, қасиеттері, жіктелуі.
34. Нағыз гликопротеиндер, құрылымы, маңызы, өкілдері.
35. Протеогликандар, құрылымы, маңызы, өкілдері.
Зб. Гликозаминогликандар, өкілдері, химиялық табиғаты, маңызы.
37. Нуклеопротеиндер, құрылымы, қасиеттері, маңызы, өкілдері.
З8. Липопротеиндер, құрылымы, қасиеттері, маңызы, өкілдері.
39. Металлопротеиндер, құрылымы, қасиеттері, маңызы, өкілдері.
40. Нуклеопротеиндер, жалпы құрылымы, рөлі.
41. Нуклеотидтер - нуклеин қышқылдарының мономерлері,құрылымы, маңызы.
Нуклеозиддифосфорлық (НДФ), и нуклеозидтрифосфорлық (НТФ) қышқылдар, олардың маңызы.
42. Аденилдік жүйелер, құрылымы, маңызы.
43. Циклді АМФ (цАМФ), құрылымы, маңызы.
44. ДНҚ, құрылымы, нуклеотидтік құрамы, комплементарлы нуклеотидті тізбектер,
құрылымының реттелуі, ДНҚ-ның құрылымдарын тұрақтандыратын байланыстар.
45. ДНҚ-ның тірі ағза үшін маңызы.
46. РНҚ, нуклеотидтік құрамы, құрылысы, РНҚ (м-РНҚ, т-РНҚ, р-РНҚ)түрлері.
47. м-РНҚ, оның біріншілік, екіншілік, үшіншілік құрылымдары, м-РНҚ-ның нуклеотидтік коды туралы түсінік.
48. т-РНҚ,құрылымы,рөлі,құрылысы.
49. р-РНҚ, құрылымы,рөлі,құрылысы.
50. Рибосома, полисомалар, құрылымы, рөлі.
51. Амин қышқылдарының химиялық табиғатын білу, олардан три- және тетрапептидтер түзу, қышқылдық-негіздік қасиеттерін, ИЭН анықтау.

Приложенные файлы

  • docx 15608907
    Размер файла: 124 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий