6_saba_1179


№ 6 Сабақ.
1.Тақырыбы: Заттар алмасуына кіріспе. Метаболизм, оның негізгі сатылары.Метаболизмнің анаболикалық және катаболикалық жолдары.
Көмірсулар алмасуы. Қорытылуы, сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Гликогенолиз, гликогеногенез. Анаэробты гликолиз. Глюконеогенез, Кори циклі.
2.Мақсаты:
1. Ағзадағы көмірсулар алмасуы бұзылғанда сәйкес ұсыныстар жасап қан мен зәрдің биохимиялық сараптамаларының нәтижелерін интерпретациялауды үйрену.
Оқытудың міндеттері:
Студенттер осы сабақтан кейін тиіс:
Метаболизмнің негізгі сатыларына жалпы сипаттаманы, көмірсулардың ролін, көмірсулардың қорытылуы мен сіңірілуінің молекулярлық механизмдерін, бауырдың глюкостатикалық қызметін, анаэробты гликолизді, глюконеогенез бен Кори циклін білу.
2) Биохимияның басқа тақырыптарын және постреквизиттерді талдағанда бұл тақырыптың мәліметтері бойынша білімдерді қолдану.
3)Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу.
4) Көмірсулар алмасуының бұзылыстыры кезінде және оларды алдын алу үшін өмір салты мен қоректену туралы ұсыныстарды дәлелдеу.
5)Тақырыптың негізгі терминдерін ағылшын және екінші тілде пайдаланып кәсіби коммуникацияға түсу.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Метаболизм, оның негізгі сатылары.
Тағам көмірсулары, олардың жіктелуі және маңызы.
Көмірсулардың қорытылуы.
Моносахаридтердің сіңірілу механизмдері мен сіңірілу жылдамдығы.
Гликогеногенез, түсінік, осы үрдістің биологиялық маңызы.
Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары, маңызы.
Бауырдың глюкостатикалық қызметі. (ағылшын және орыс тілінде)
8) Тіндердегі глюкозаның өзгерістерге ұшырауы: анаэробты гликолиз, глюконеогенез; Кори циклі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
ауызша сұрау, соның ішінде жеке сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және екінші тілде талдау; тест, жазбаша бақылау, шағын топтарда жұмыс, TBL , PBL.
6. Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.
2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.
3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
Орыс тілінде:
4.Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.
5.Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009
Қосымша әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы
1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.
2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.
3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.
3.Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007
4.Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011
Орыс тілінде:
5.Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.
6.Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии
Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
7.Аблаев Н.Р., Бейсембаева Ш.А. Клинически значимые биохимические показатели и их интерпретация: учеб пособие, Алматы, КазНМУ, 2007
8..Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008
7.Бақылау:
Сұрақтар:
1. Метаболизм, және оның сатылары
2. Тағам көмірсулары, жіктелуі, маңызы.
3. Көмірсулардың ас қорыту жолдарында қорытылуы, көмірсулардың қорытылуына қатысатын ас қорыту сөлдерінің ферменттері.
4. Көмірсулардың сіңірілуі, механизмдері, жеке моносахаридтердің сіңірілуі жылдамдығы.
5. Гликогеногенез. Бұл үрдіс қалай жүзеге асады? Маңызы.
6. Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары: фосфоролиз және гидролиз, маңызы.
7. Бауырда өтетін фосфоролиздің ерекшелігі.
8. Глюконеогенез, осы үрдістің маңызы. Қандай тіндерде басымырақ өтеді? Глюконеогенездің жанама жолдары.
9. Қан құрамындағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Гипергликемия, гипогликемия, глюкозурия, глюкозаның «бүйрек межесі (шегі)» туралы ұғымдар.
10. Бауырдың қандағы глюкозаның тұрақты мөлшерін сақтауға қатысуы. (ағылшын немесе орыс тілінде)
Жаттығулар:
Амилаза қандай ас қорыту сөлдерінде кездеседі? Ол қандай реакцияны катализдейді?
Мальтаза, лактаза, сахараза катализдейтін реакцияларды жазыңыз. Осы ферменттер қандай асқорыту сөлдерінде кездеседі?
Қанмен бауырға келетін қан құрамындағы моносахаридтердің сапалық және сандық құрамы тұрақты ма? Ол неге байланысты?
Бауырда өтетін гликоген фосфоролизі басқа ағзалар мен тіндердегі гликоген ыдырауына қарағанда немен ерекшеленеді?
Глюкоза неліктен гликоген түрінде қорға жиналады?
Гликолиз нәтижесінде түзілген лактат қандай өзгерістерге ұшырауы мүмкін?
Пирожүзім қышқылының тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Осы реакцияға қандай ферменттер қатысады? Бұл ферменттердің құрамына қандай витаминдер кіреді?
Жағдайлық есептер:
Қан құрамындағы глюкозаның мөлшері 1) 2,0 және 2) 8,5 ммоль/л тең. Осы жағдай қалай аталады? Аталған глюкозаның мөлшерінде бауырда қандай үрдіс - гликогеногенез немесе гликогенолиз - күшейеді?
Тамақтанғаннан кейін 1 сағат өтті. Қақпа венасының, перифериялық қан тамырларының қанында қандай көмірсулар және қанша мөлшерде анықталады?
Неге лактаза ферментінің активтілігі төмен болатын адамдарда сүт ішкенде іші өтетін болады, ал айран ішсе – өтпейді?
Науқаста бұлшық еттің гликогенфосфорилазаның зақымданғаны анықталды. Осы адам ұзақ уақытта шаршамай дене шынықтыру жаттығуларын жасай алады ма? Себебін түсіндіріңіз.
Шамадан тыс гликолиз кезінде бауырдағы глюконеогенез жылдамдығы қалай өзгереді?
Тесттер:
1.Гликозидазалар ас қорыту жолдарының мына бөлімдерінде түзілмейді:
а) ащы ішекте
б) ауыз қуысында
в) ұйқы безінде
г) асқазанда
2. АТФ энергиясын пайдалана отырып (активті транспорт) сіңіріледі:
а) пентоза мен глюкоза
б) глюкоза мен галактоза
в) фруктоза мендезоксирибозаг) фруктоза мен глюкоза
д) рибоза мен галактоза
3. Жай диффузия арқылы сіңіріледі:
а) глюкоза мен рибоза
б) галактоза мен пентоза
в) фруктоза мен глюкоза
г) пентоза мен фруктоза
д) дезоксирибоза мен галактоза
4. Глюкозаның заттар алмасуының аралық өнімдерінен түзілу үрдісі былай аталады:
а) гликолиз
б) гликогенолиз
в) глюконеогенез
г) гидролиз
д) фосфоролиз
5. Гликогенолиз -амилаза ферментінің қатысуымен басымырақ өтеді:
а) мида
б) ішек қабырғасында
в) май тіндерде
г) бүйректе
д) бауырда
6.Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері құрайды:
а) 0,5-1,0 мМ/л
б) 20-30 мМ/л
в) 3,4-6,0мМ/л
г) 45-55 мМ/л
д) 9-12 мМ/л
7.Бауырда глюкозо-6-фосфатаза бар, сондықтан бұл жерде осы үрдіс қарқынды жүреді:
а) гликогенолизбосглюкозаға дейін
б) гликогеногенез
в) гликолиз
г) глюконеогенез
д) гликоген гидролизі
8. Бауырдың глюкостатикалық функциясы дегеніміз:
а) БМҚ-дан глюкозаның тузілуі
б) Қанда аминқышқылдарының мөлшерін бір деңгейде ұстап тұру
в) Қанда глюкозаның мөлшерін бір деңгейде ұстап тұру
г) Белоктарды синтездеу
д) Гликопротеиндерді түзу
9.Шеткі қан тамырында қандай көмірсу кездеседі:
а) глюкоза
б) гликоген
в)фруктоза
г) крахмал
д) лактоза
10. Гликогенолиздің фосфоролиз жолы бауырда мына фермент арқылы жүзеге асады:
а) лактаза, сахараза
б) фосфорилаза, глюкозо-6-фосфатаза
в) мальтаза, амилаза
г) нуклеаза, сахараза
в) гликогенсинтетаза, липаза
№ 6 тақырып бойынша глоссарийОрыс тіліндегі термин Ағылшын тіліндегі термин Қазақ тіліндегі термин
Глюкостатическая функция печени – способность печени регулировать уровень глюкозы в периферической крови Glucostatic function of liver is a capacity of liver to regulate the level of glucose in the blood Бауырдың глюкостатикалық қызметі-бауырдың қандағы глюкоза деңгейін реттеу қабілеті.
Гликогеногенез – процесс образования гликогена Glycogenolysis is a process of formation of glycogen Гликогеногенез-гликогеннің түзілу процесі.
Гликогенолиз – процесс распада гликогена Glycogenolysis is a process of cleavage of glycogen Гликогенолиз- гликогеннің ыдырау процесі.
Глюконеогенез – процесс образования глюкозы из промежуточных продуктов обмена веществ Gluconeogenesis is a process of formation of glucose from intermediaries Глюконеогенез-заттар алмасуының аралық өнімдерінен глюкозаның түзілу процесі.
Анаэробный гликолиз – процесс окисления глюкозы в анаэробный условиях до лактатаAnaerobic glycolysis is a process of glucose oxidation in anaerobic conditions to lactate Анаэробты гликолиз- глюкозаның анаэробты жағдайда лактатқа дейін тотығу процесі.
Цикл Кори – взаимосвязь анаэробного гликолиза и глюконеогенеза, направленная на поддержание нормального уровня глюкозы и лактата в крови и экономию энергии, заключенной в молекуле глюкозы Cori cycle is an integration of anaerobic glycolysis and gluconeogenesis directed on maintanence of normal level of glucose and lactate in the blood and economy of energy of glucose Кори циклі- анаэробты гликолиз бен глюконеогенездің өзара байланысы, ол қандағы глюкоза мен лактаттың қалыпты деңгейін ұстап тұруға бағытталған және глюкоза молекуласында жиналған энергияны үнемдейді.
ГЛЮТ-белки – это переносчики глюкозы через мембраны, участвуют в облегченной диффузии глюкозы GLUT-proteins are transporters of glucose through membranes, participating in facilitated diffusion of glucose ГЛЮТ-белоктар- бұл мембрана арқылы глюкозаның тасымалдаушылары, глюкозаның жеңілдетілген диффузиясына қатысады.
Гликозидазы – подкласс гидролаз, включающий в себя ферменты, участвующие в переваривании углеводов пищи Glycosidases is a subclass of hydrolases, includingenzymes, participating in digestion of food carbohydrates Гликозидазалар-гидролазалардың тобы, бұл ферменттер тағам көмірсуларының қорытылуына қатысады.
Фосфоролиз – это путь гликогенолиза, при котором молекула гликогена распадается под действием неорганического фосфата с участием фермента фосфорилазыPhosphorolysis is a pathway of glycogenolysis under action of phosphorylase and inorganic phosphate Фосфоролиз-бұл гликогенолиздің бір жолы, гликоген молекуласы бейорганикалық фосфаттың әсерінен және фосфорилаза ферменттің қатысуымен ыдырайды.
Гидролиз гликогена – это путь гликогенолиза с участием воды под действием фермента амилазы Hydrolysis of glycogen is a pathway of glycogenolysis with participating of water under action of amylase Гликогеннің гидролизі- бұл гликогенолиз жолына су мен фермент амилаза қатысады.
Үйге тапсырма:
Тәжірибелік сабаққа-Көмірсулар алмасуы. Коллоквиум.
ОСӨЖ-ге - №1 СӨЖ –ды қорғау.
Көмірсулардың жіктелуі:

Көмірсулар
Моносахаридтер Дисахаридтер
Полисахаридтер
гомополисахаридтер Гетерополисахаридтер
(гликозамингликандар)
1.гексозалар:
А)глюкоза
Б)фруктоза
В)галактоза 1.мальтоза
2.лактоза
3.сахароза 1.крахмал
2.гликоген
3.целлюлоза 1.гиалурон қышқылы
2.хондроитинкүкірт қышқылы
3. гепарин
2.пентозалар:
а) рибоза
б)дезоксирибоза 3.триозалар:
а)глицеральдегид
б)диоксиацетон
№1 кесте «Көмірсулардың қорытылуы»
Ферменттің аталуы, оның түзілетін орны Ферменттің әсер ету орны (АІЖ бөлімі) Фермент катализдейтін химиялық реакция Гидролизге ұшырайтын байланыс

Әрбір фермент үшін келесі түрде реакцияны жазу:
фермент
126966099798 Субстрат өнім

α-амилаза
1269659100153 Гликоген мальтоза
α-амилаза
1269659100153 Крахмал мальтоза
мальтаза
1269659100153 Мальтоза 2 глюкоза
лактаза
1269659100153 Лактоза глюкоза+галактоза
сахараза
1269659100153 Сахароза глюкоза+фруктоза
№2 кесте «Ішектегі моносахаридтердің сіңірілуі»

№ Сіңірілу ретінде моносахаридтердің орналасуы Сіңірілу механизмі Моносахаридтердің сіңірілуіне қатысатын күштер
1 Галактоза Активті АТФ энергиясы
2 Глюкоза Активті АТФ энергиясы
3 Фруктоза Пассивті Концентрация градиенті бойынша
4 Пентозалар Пассивті Концентрация градиенті бойынша
№3 кесте «Моносахаридтердің сіңірілуі»
Сіңірілу жылдамдығы V 21340488546V VСіңірілу әдістері Активті тасымалдау Диффузия
2935339561462520669561468407255614627720056146
Ішек қуысы 4257901564751244157156210Галактоза Глюкоза фруктоза пентозалар
315822476909002371814769090012834416196910102261619250АТФ АТФ
Гексоки-
наза
АДФ АДФ
Ішек қабырғасы Гал-6-ф Глю-6-ф
1138437-1816213404-1816 +Н2О +Н2О
Ф Ф
Қан (V.P.) Галактоза Глюкоза
Бауыр
Галактоза Глюкоза Фруктоза Пентозалар
N= 3.4-6.1 мМоль/л
Фруктоза - жеңілдетілген диффузия.
Пентозалар- жай диффузия.
№1 билет
1.Тағам көмірсулары. Қандай тағамда кездеседі?
2.Глюкозо-6-фосфаттың түзілу реакциясын жазу. Ферментті атап беру. Қай жерде ол кездеседі? №2 билет
1.Көмірсулардың маңызы.
2.Мальтозаның гидролиз реакциясын жазу. Қай фермент бұл реакцияны жылдамдатады? Қай жерде ол түзіледі?
№3 билет
1.Көмірсулардың қорытылуы (ферменттерді және олар кездесетін жерін кесте түрінде көрсету).
2.Глюкозаның фосфорлану реакциясын жазу. Ферментті атап беру. Қай жерде ол кездеседі?
№4 билет
1.Глюкозаның сіңірілуі.
2. Лактозаның гидролиз реакциясын жазу. Қай фермент бұл реакцияны жылдамдатады? Қай жерде ол түзіледі?
№5 билет
1.Тіндердегі глюкозаның өзгерістерге ұшырауы.
2. Сахарозаның гидролиз реакциясын жазу. Қай фермент бұл реакцияны жылдамдатады? Қай жерде ол түзіледі? №6 билет
1.Бауырдың глюкостатикалық қызметі.
2.Амилазаның түрлері. Олар тездететін реакцияларды жазыңыз. Ферменттердің кездесетін жері. Олардың құрылысы.
№7 билет
1.Гликогеногенез, түсінік, сызбанұсқасы. Қандай жағдайларда процесс қүшейеді?
2. Галактозаның фосфорлану реакциясын жазу. Ферментті атап беру. Қай жерде реакция өтеді? Маңызы.
№8 билет
1.Фосфоролиз, негізгі ферменттері, түсінік, сызбанұсқасы. Бауырдағы фосфоролиздің ерекшеліктері.
2. Гликогеннің құрылысы (формуласы). Гликогеногенездің маңызы.
№9 билет
1.Гликогенолиз, түсінік. Жолдары, жүретін жері және негізгі ферменттері. Қандай жағдайларда процесс қүшейеді?
2.Крахмал гидролизінің (декстринизациясының) сызбанұсқасын жазу. Қай фермент бұл процеске қатысады? Қай жерде ол түзіледі? №10 билет
1.Қандағы глюкозаның деңгейі азайғанда қандай процестер күшейеді? Қай жерде олар жүреді?
2. Глюкозо-6-фосфаттың дефосфорлану реакциясын жазу. Ферментті атап беру. Қай жерде реакция өтеді?
№11 билет
1. Глюкозаның маңызы.
2. Лактозаның гидролиз реакциясын жазу. Қай фермент бұл реакцияны жылдамдатады? Қай жерде ол түзіледі? №12 билет
1.Моносахаридтердің сіңірілу ерекшеліктері.
2. Сахарозаның гидролиз реакциясын жазу. Қай фермент бұл реакцияны жылдамдатады? Қай жерде ол түзіледі?

Приложенные файлы

  • docx 15608903
    Размер файла: 60 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий