12_saba_1179


№ 12 Сабақ
1. Тақырыбы: Заттар алмасуының реттелуі. Гормондардың жалпы қасиеттері. Гормондардың әсер ету механизмдері.
2.Мақсаты:
1.Гормоналдық зерттеулердің нәтижелерін интерпретациялауды және сәйкес ұсыныстарды беруге үйрену.
3. Оқытудың міндеттері:
Студенттер осы сабақтан кейін тиіс:
Химиялық табиғаты мен әсер ету механизмдері бойынша гормондардың жіктелуін, гормондардың әсер ету механизмдерінің қысқа сипаттамасын білу.
2) Биохимияның басқа тақырыптарын және постреквизиттерді талдағанда бұл тақырыптың мәліметтері бойынша білімдерді қолдану.
3)Тақырып бойынша оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу.
4) Тақырыптың негізгі терминдерін ағылшын және екінші тілде пайдаланып кәсіби коммуникацияға түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Нейроэндокриндік реттелудің схемасы.
2. Гормондар, түсінік. Гормондардың түзілетін орны.
3. Гормондардың химиялық табиғаты бойынша жіктелуі.
4. Гормондардың жалпы қасиеттері. (ағылшын және орыс тілінде)
5. Гормондардың рецепторлары, нысана жасушалары.
6. Гормондардың әсер ету механизмдері:
а) біріншілік механизм – жасуша ішілік ферменттердің активтілігінің олардың модификациялану жолымен өзгеруі: аденилатциклазды, гуанилатциклазды, Са-кальмодулинді жүйелер және инозитолтрифосфат пен диацилглицерин арқылы.
б) екіншілік механизм – белоктардың синтезделу жылдамдығының өзгеруі;
в) үшіншілік механизм – ферменттердің активтілігінің және жасуша мембраналарының өткізгіштігінің өзгеруі арқылы әсер етуі.
Білім берудің және оқытудың әдістері:
ауызша сұрау, соның ішінде жеке сұрақтарды және глоссарийді ағылшын және екінші тілде талдау; тест, жазбаша бақылау, бейнекаст пен пікірталас, TBL , гормондардың әсер ету механизмдерін талдағанда «жүзім сабағы» әдісі.
Біріншілік механизмді талдағанда «каскад» әдісі («жүзім сабағы») талданады. Барлық ақпарат ағаштәрізді схема түрінде келтіріледі
6.Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.
2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.
3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
Орыс тілінде:
Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.
Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009
Қосымша әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы
1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.
2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.
3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.
Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007
Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011
Орыс тілінде:
Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.
Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии
Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.
Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.
Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.
Аблаев Н.Р., Бейсембаева Ш.А. Клинически значимые биохимические показатели и их интерпретация: учеб пособие, Алматы, КазНМУ, 2007
16.Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008
7.Бақылау
Сұрақтар:
1. Нейроэндокриндік реттелудің схемасы.
2. Гормондар туралы түсінік. Түзілетін орны.
3. Гормондардың химиялық табиғаты бойынша жіктелуі.
4. Гормондардың жалпы қасиеттері. (ағылшын және орыс тілінде)
5. Гормондардың рецепторлары, нысана жасушалары.
6. Гормондардың әсер ету механизмдері туралы түсінік:
а) біріншілік механизм (аденилатциклазды жүйе, гуанилатциклазды жүйе және Са-кальмодулин жүйесі және инозитолтрифосфат, диацилглицерин арқылы) туралы түсінік;
б) екіншілік механизм туралы түсінік;
в) үшіншілік механизм туралы түсінік;
Тесттер
1.Гормондар химиялық табиғаты бойынша (4):
А) жай белок
В) күрделі белок
С) холестерин туындысы
D)амин қышқылдарының туындысы
Е) көмірсулардың туындысы
2.Қандай гормон құрылысы бойынша гликопротеин болып табылады (1):
А) тиреотропты гормон
В) вазопрессин
С) глюкагон
D)окситоцинЕ) инсулин
3.Гормондар өз әсерін тигізеді (1):
А) лизосомалар арқылы
В) натрий каналдары арқылы
С) АТФ-азаның көмегімен
D) рецепторлар арқылы
Е) тасымалдаушы РНҚ-ң көмегімен
4.Гормондар қанда төмендегі қосылыстармен байланысқан күйде кезедеседі (1):
А) май қышқылдарымен
В) фибриногенмен
С) липопротеидтермен
D)альбуминдерменЕ) коллагенмен
5.Гормонның активті формасы болып табылады (1):
А) белокпен байланысқан
В) липидпен байланысқан
С) гидроксилденген
D)босЕ) гликозилденген
6.Гормондардың жасушаішілік делдалдары болып табылады (3):
А) ДАГ пенинозитолтрифосфат В) Са2+
С) ацетил-КоА D) убихинон
Е) циклді нуклеотидтер
7. цАМФ тәуелдіпротеинкиназатездетеді (3):
А) белоктардың гидролизін
В) мембрана белоктарының фосфорлануын
С) рибосомабелоктарының фосфорлануын
D) фосфорилаза мен липазаның активтенуін
Е) пируваттың фосфорлануын
8. Мембранамен байланысқан гуанилатциклаза кездеседі (3):
А) бүйрек каналдарының жасушаларында
В) май тінінің жасушаларында
С) қан тамырларының тегіс салалы бұлшық етінің жасушаларында
D)ішектің эпителий жасушаларында
Е) сүйек тінінің жасушаларында
№ 12 тақырып бойынша глоссарийОрыс тіліндегі термин Ағылшын тіліндегі термин Қазақ тіліндегі термин
Гормоны – это биологически активные вещества, образующиеся в эндокринных клетках, выделяются в кровь или другую межклеточную жидкость и регулируют обмен веществ в клетках-мишенях Hormones are biologically active substances forming in endocrine cells and excreting in the blood or other extracellular liquid and regulating the metabolism in the target-cells Гормондар- бұл биологиялық активті заттар, олар эндокриндік бездердің жасушаларында түзіліп, қанға немесе басқа жасушааралық сұйықтыққа бөлініп шығып, нысана-жасушаларында заттар алмасуын реттейді.
Клетки-мишени – это клетки, на которые действуют гормоны Target-cells are cells, which are bounded with hormones Нысана-жасушалар—гормондар әсер ететін жасушалар.
Рецепторы – это белки мембран или цитоплазмы (ядра), которые связываются с определенным гормоном. Рецепторы состоят из узнающего, сопрягающего и каталитического участков, по химической природе мембранные рецепторы – истинные гликопротеины Receptors are membrane proteins or proteins of cytosol or nucleus. They are bonded by certain hormone. receptors consist of recognizing, connecting and catalytic parts. Membrane receptors are true glycoproteins Рецепторлар- белгілі бір гормонмен байланысатын мембрананың немесе цитоплазманың (немесе ядрода болатын) белогы. Рецепторлар танушы, ілестіруші және катализдік аймақтардан тұрады, мембраналық рецепторлар химиялық табиғаты бойынша- нағыз гликопротеиндер.
Вторичные посредники – это сигнальные молекулы, образующиеся в результате связывания гормона со своим рецептором и передающие его сигнал внутрь клетки-мишени Secondary messengers are signal molecules, forming due to the binding of certain hormone with receptor and transmitting its signal inside the target-cell Екіншілік делдалдар—бұл сигналдық молекулалар, олар гормон өз рецепторымен байланысқанда түзіліп, оның сигналын нысана-жасушалардың ішіне тасымалдайды.
Циклические нуклеотиды – вторичные посредники действия гормонов, которые участвуют в активации протеинкиназ клетки-мишени Cyclic nucleotides are secondary messengers which take part in activation of proteinkinases of target-cells Циклды нуклеотидтер- гормондардың әсер етуінің екіншілік делдалдары, олар нысана-жасушаларындағы протеинкиназаларды активтендіреді.
Протеинкиназы – это ферменты, которые катализируют фосфорилирование внутриклеточных ферментов и белков Proteinkinases are enzymes which catalyze phosphorylation of intracellular enzymes and proteins Протеинкиназалар- бұл жасушаішілік ферменттер мен белоктардың фосфорлануын катализдейтін ферменттер.
Фосфоэстеразы циклических нуклеотидов – это ферменты, разрушающие циклические нуклеотиды Phosphoesterases of cyclic nucleotides are enzymes destroying the cyclic nucleotides Циклды нуклеотидтердің фосфоэстеразалары- циклды нуклеотидтерді ыдырататын ферменттер.
Протеинфосфатазы – это ферменты, ускоряющие дефосфорилирование фосфопротеиновProteinphosphatases are enzymes catalyzing dephosphorylation of phosphoproteinsПротеинфосфатазалар- фосфопротеиндердің фосфорсыздануын жылдамдататын ферменттер.
Фосфолипаза С – это мембранный фермент, ускоряющий расщепление фосфорноэфирной связи в молекуле фосфатидилинозитолдифосфата, при этом образуются ДАГ и ФИФ2 Phospholipase C is a membrane enzyme, catalyzing the cleavage of phosphor-ester bond in phosphatidylinositoldiphosphate, resulting in the formation of DAG and PIP2 Фосфолипаза С- бұл мембраналық фермент, ол фосфатидилинозитолдифосфат молекуласындағы фосфоэфирлық байланысты ыдыратып ДАГ пен ИТФ түзілуіне әкеледі.
ФИФ2 и ИТФ – фосфатидилинозитолдифосфат и инозитолтрифосфат – вторичные посредники действия гормонов через кальций и ДАГ-ИТФ-ФИФ2 PIP2 and ITP – phosphatidylinositioldiphosphate and inositoltriphosphate are secondary messengers of hormones acting through DAG-PIP2-ITP ФИФ2 мен ИТФ- фосфатидилинозитолдифосфат пен инозитолтрифосфат- гормондардың кальций мен ДАГ-ИТФ-ФИФ2 арқылы әсер етуінің екіншілік делдалдары.
Үйге тапсырма: Тәжірибелік сабаққа- Заттар алмасуының реттелуі. Көмірсулар алмасуын реттейтін гормондар.
ОСӨЖ-ге- Гормондар. Коллоквиум.
№ 1билет
Гормоналдық рецепторлар, құрылысы туралы түсінік, ролі.
Гормондардың гуанилатциклазды әсер ету механизмі. № 2 билетГормондардың жалпы қасиеттері (атап беру).
Гормондардың аденилатциклазды әсер ету механизмі.
№ 3 билетГормондардың әсер ету арнайылығы.
2.Гормондардың аденилатциклазды әсер
ету механизмі № 4 билетГормондардың секрециялануы, қашықтық әсер етуі және жоғары биологиялық активтілігі.
Гормондардың III әсер ету механизмі.
№ 5 билетц-АМФ-тың түзілуі, құрылысы және ыдырауы.
2.Гормондардың цитозольды әсер
ету механизмі.
№ 6 билетПротеинкиназалар, құрылысы, өкілдері, активтену механизмі, маңызы.
Гормондардың әсер етуінде жасушаішілік делдалдар ретінде кальцидің маңызы.
№ 7 билетГормондардың секрециялануы, қашықтық әсер етуі және жоғары биологиялық активтілігі
2.Гормондардың цитозольды әсер
ету механизмі.
№ 8 билетГормоналдық рецепторлар, құрылысы туралы түсінік, ролі.
Гормондардың II әсер ету механизмі.
№ 9 билетГормондардың жалпы қасиеттері (атап беру).
2.Гормондардың цитозольды әсер
ету механизмі.
№ 10 билетГормондардың әсер ету арнайылығы.
2.Гормондардың аденилатциклазды әсер
ету механизмі
Билет № 11
Гормондар, түсінік, химиялық табиғаты бойынша жіктелуі.
Гормондардың III әсер ету механизмі.
Билет № 12
1.ц-АМФ-тың түзілуі, құрылысы және ыдырауы.
2. Гормондардың II әсер ету механизмі.
Билет № 13
цАМФ және цГМФ, түзілуі. Гормондардың әсер етуіндегі бұл заттардың ролі.
Гормондардың әсер етуінде жасушаішілік делдалдар ретінде кальцидің маңызы.
Билет № 14
Гормондардың рецепторлары, нысана-жасушалары. Қай жерде рецепторлар орналасуы мүмкін?
2.Гормондардың II әсер ету механизмі.
Билет № 15
Гормондардың гуанилатциклазды әсер ету механизмі.
Гормондардың әсер ету арнайылығы.
Билет № 16
Аденилатциклаза мен фосфодиэстеразалар катализдейтін реакциялар. Гормондар әсер етуіндегі бұл реакциялардың ролі.
Гормондардың II әсер ету механизмі.

Приложенные файлы

  • docx 15608902
    Размер файла: 33 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий