Zhana_zaman_tarikhy_shpora


2. Еуропалық елдердің отарлық саясаты. XIX ғ. соңығы ширегіндегі отарлау экспанциясының белсенді жүруінің алғышарттары
Отарлау саясаты - [лат. colonia - қоныстану] - жергілікті халықты қанаумен жүргізілетін, күшті державаның артта қалған ел мен халыққа аумақтық бақылау орнату саясаты, іс-әрекеті. Батыс еуропалық отарлау саясаты өзінің қалыптасу кезеңінде әлемдік экономиканың аса күшті даму тетігіне айналды, отар елдер метрополияларда капиталдың жинақталуына және олардың тауарларды өткізуге қолайлы нарық туғызды. Сауданың кеңеюі нәтижесінде әлемдік нарық қалыптасты, ал, экономиканың қайнауы Жерорта теңізінен Атлантикаға ойысты. Көптеген еуропалық портты қалалар (Лиссабон, Севилья, Лондон және т.б.) сауданың күшті орталықтарына айналды. Еуропаның аса бай қаласы Антверпен болды, онда сауданың толық еркіндігі тәртібінің арқасында ірі көлемдегі халықаралық сауда және несие шаралары жүргізілді. Сауданың дамуы жеке банктермен қатар Бүкіл Еуропада кеңінен таралған қоғамдық банктердің құрылуына қолайлы жағдай туғызды. ХӀХ-ХХ ғғ. басында әлемнің аумақтық бөлінісінен кейін әлемдік отарлық жүйе - ең алдымен Африка, Оңтүстік- Шығыс Азияның отар, тәуелді елдеріне әлемдік державалардың үстемдік жүйесі қалыптасты. Негізгі отарлаушы елдер Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей, Германия, АҚШ, Бельгия, Италия, Жапония болды.
Бұл елдердің жиынтық отарлық иеліктері XX ғ. басында Жердің жартысынан көп бөлігіне (72 млн. ш. шақырым), планета халқының үштен бір бөлігіне (560 млн. адам) жүргізілді.
Ұлыбритания әлемнің аса ірі отарлық державасы, Үндістанға, Африкаға, Америкаға, Австралияға және Жаңа Зеландияға үстемдік етті;
АҚШ Кариб бассейнінде,Тынық мұх/да, Орт. Америкада және Қиыр Шығыста билік құрды;
Француз экспансиясы Африка мен Үндіқытайға жүрді;
Германия Африкада отарларға ие болды;
Жапония Маньчжурияны, Кореяны, Қытайды және Оңтүстік-Шығыс Азияны отарлады.
Ресей Қиыр және Таяу Шығыста, Орталық Азияда өз ықпалын жүргізді. II дүниежүзілік соғыстан кейін отар елдерде ұлт-азаттық қозғалыстардың өршуі нәтижесінде әлемдік отарлық жүйе қирады.
10. Шығыс өркениеті. Дәстүрлі қоғамдағы адам және әлеумет
Шығыс өркениет – шығыс мәдениеттерінің әр түрлі уақыт және мекен кеңістігіндегі даму деңгейін бейнелейтін жалпы атау. Шығыс өркениет көп жағдайда Батыс өркениетіне қарама-қайшы ұғым ретінде қолданылып, дәстүрлі қоғамның батыс мәдениетінен ерекшелігін айғақтай түсу үшін пайдаланылады. Шығыстағы дала өркениеті, ислам өркениеті, қытай өркениеті, үнді өркениеті, т.б. сипаты жағынан әр алуан және әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері бар мәдениеттердің болуы олардың бастау алатын рухани, діни, мәдени бастауларының әрқилылығымен анықталады. Жалпы адамзат өркениетінің ішінде өзіндік қайталанбас ерекшелігімен, рухани құндылықтарға қосқан мол үлесімен ерекшеленетін қазақ мәдениеті де дала өркениетінен бастау алатын, ислам өркениетімен құнарлана түскен жалпы Шығыс өркениет аясындағы дербес төл өркениет.
Еуропалық Батыс адамы Шығыс адамының қолынан келмейтін өнерге (машина жасау, техникалық табыстар т.б.) баулыдым деп санап келді. Ал қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Дегенмен қалыптасып қалған қағидатты Шығыс өркениетінің жаңа келбеті мүлдем өзгертті деуге болады. Мәселен, Жапония. Күн Шығыс елі тұрақты экономикасы мен саяси құрылымен әлемнің ең жетекші елдерінің біріне айналды. Және де ғылым, техника, электроника, тіпті басқа мәдени құндылықтарға негізделмеген өзіндік рухани дамуы ең прогрессивті елдер санатына қосты. Ал аспан асты елі – Қытай бүгінде әлемдік нарықта ең байсалды ұстанымға, орасан әлеуетке ие болып отырғанын ең қуатты держава саналып келген Американың өзі мойынсұнып отыр. Қытай ХХІ ғасырда тек экономикалық дамуымен ғана емес, сондай-ақ саяси дамуымен де ерекшеленуде. Ғасырлар бойғы қатталып, сақталып, бүгінгі ұрпаққа жақсы мен жаманның бастауы іспеттес ин мен яннің мәңгілік философиясынан үйлесімдік іздеген рухани құндылықтардың өркендеуімен ерекшеленуде.
19. Кан Юфэйдің роформаторлық қозғалысы
Кан Ювэй 19 наурыз 1858 жылы Наньхай уезіндегі Гуандун провинциясындағы аристократтық жанұясында дүниеге келді. 31 наурызда 1927 жылы қайтыс болды. Оның жанұясының 13 ұрпағы сол дәуірдегі ұлы ғалымдар. Сюань-цзуне императоры кезінде, оның атасы Кан Цзаньсю цзюжэня мәртебесін иеленді. Ал оның әкесі болса Кан Дачу Цзяндигі бір уездің басшысы еді. Қытай философы, Цин эпохасының реформаторы, коллиграф. Ол Қытай национолизмінің алғашқы теоритекы, конституционалдық монархияның апологеті (жандайшабы), 1898 жылғы реформаның басқарушысы еді. Оның негізгі идеялары Гуансю императоры қолдаған реформалық қозғалыста жатты. Циннің соңғы император династиясын тақтан түсірген - Синьхай қозғалысынан кейін 1917 конституциялық монархияның орнауын қолдады.
«Реставрации Мейдзи» болғаннан кейін Японияда қолданған реформаларды негізге ала отырып Кан 1898 жылдың қаңтарында реформа жоспарын құрады.
Оны Кан Лян Цичао мен «Баогохой» (мемлекеттің қорғанышы) ұйымдастырады. Сол жылдың жазында Канды император өзінің жаздық императорлық сарайында қарсы алып оның мемлекетке жүргізілуі қажет реформаның жоспарын құрғызуын тапсырды. Ол жоспар «Жүз күндік реформа» деп аталды. Цыси жағынан қарсылық болғандықтан реформалық қозғалыс аяқталады.
Реформаны жүргізуіне байланысты Канның ағасы Кан Гуанжэнь өлтіріледі, ал император Гуансю үйдегі тұтқындауға орналастырылады. Кан Тимоти Ричард дін қызметшісінің көмегімен Шанхайға жетіп, ағылшын консулстваның қолдауымен Гонконгка барады. Гонконгтан Кан Японияға қашып барады, онда ол өзін императордың уәкілі деп таныстырып «Баохуанхой» (императордың қорғаушы қоғамы).
33. Философиялық-ғылыми революция. Санадағы өзгеріс. Реформация және капитализм.
Ғылым философиясы – философияның ғылымды адам іс-әрекетінің ерекше аясы әрі ұдайы дамудағы таным жүйесі ретінде қарастыратын бір саласы.
Ғылыми танымды гносеология және методология тұрғыдан зерттеу тарихы әріден басталғанымен, Ғылыми философия 20 ғ-да ғана дербес пән ретінде қалыптаса бастады. Ең алғаш бұл термин О.Конт, Э.Литтре, Г.Спенсер, т.б. ғалымдар еңбектерінде қолданылды. Олар ғылым тілін филос. тұрғыдан зерттеу әрекеттері тек формальды логиканың шеңберінде жүзеге асуға тиіс, ал ғыл.-теор. ұғымдарды эмпирикалық таным, тәжірибе сынағы арқылы негіздеуге болады деп тұжырымдады. Бұл тұжырым бойынша, ғылым - адамның ең жоғары ісі, ал ғылым философиясының бір ғана міндеті – тұтастай ғылымды, оның пәндік салаларын логикалық-методол. тұрғыдан қамтамасыз ету. Бертін келе бұл тұжырымдаманың сыңаржақтылығына көзі жеткен ғалымдар ғылым философиясының зерттеу нысандарына елеулі өзгерістер енгізді. Енді ол ғылымның құрылымымен қатар тарихын зерттеуге ден қойып, бұрыннан белгілі проблемалармен қатар жаңа пәндік мәселелерді, олардың қалыптасу үрдісін қарастыра бастады.
Ғылымның теориялық сатысының белгілі бір шамада тәжірибеге тәуелсіз екендігін мойындап, жаңа ғыл. білімнің табиғатында тәжірибесынақ арқылы дәлелдеу мүмкін емес дүниетанымдық көзқарастардың, методол. принциптердің болатынына көз жеткізді. Бірақ ғылымның даму заңдылығын, оның қызметтік міндеттерін дұрыс түсіндіре алатын методол. Ұстын диалект көзқарас қана. Сананың техникаландырылу деңгейінің артып, компьютерлік дүмпудің өркениет өресіне тікелей әсер етуі, сол арқылы ғылым функциясының кеңейіп, қоғамның өзге салаларымен, алуан текті мәдениет тұрпаттарымен байланысының күшеюі ғылым философиясының алдына күрделі мәселелер қойып отыр. Сондықтан ғылым философиясы ғылыми танымның логикалық-гносеология проблемаларымен қатар ғылымның әлеумметтік-философия және этика-этника мәселелерін зерттеуге тиіс. Ғылым философиясы мен методологиясының қазақстандық мектебі (негізін қалаушы Ж.Әбділдин мен Ә.Нысанбаев) отыз жыл бойы осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
36. Модернизация теориясы және оның түрлері
Модернизация (франц.-жаңғырту) артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттік саясаты.Қазіргі жаһанданушы әлемде әлемдік және жалпы планеталық дамудың басым үрдістері айқындалуда. Бұған қатарласа әрі бір мезгілде өздерінің әлеуметтік- экономикалық және технологиялық дамуында артта қалушылықтан арылуға талпынатын көптеген елдерді және тұтастай аймақтарды қамтитын, модернизация процесі жүруде.
Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу:
1-ден, ұлттық мемл/дің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі; 2-ден, мемл/тің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтап экономика, саясат салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы; 3-ден, саяси үрдіске тұрғындардың кеңінен қосылуы; 4-ден, саяси демократияның орнауы н/е билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту.
42. Ағылшын буржуазиялық революциясының экон/лық және әлеуметтік саяси алғышарттары
XVII ғасырдың бірінші жартысында Англия тұтастай аграрлық ел болатын. Шамамен 4,5 млн халықтың басым көпшілігі ауылдық жерлерде мекен етті. Жалғыз ғана ірі қала саналатын Лондон тұрғындары 1534-1660 жылға дейін 8 есе өсті. Осы кезде Англияда ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, аграрлық салада түрлі реформалар жүріп жатты. Реформалар жердің джентрилер мен мануфактура қожайындарының қолына шоғырлануына алып келді.
Ағылшын қоғамындағы жаңы жұмысшылардың мүддесі қалыптасқан феодалдық құқық пен ағылшын жерінің қожайыны – корольдің билігіне қарама-қарсы болды. Шаруалар екі жақты қысымға ұшырады: 1-ден, өз жер иеліктерінде лендлордтар қанады, 2-ден, капиталистік қатынастың дамуы мен ауылдық жерлердегі мүлік теңсіздігінен зардап шекті.
Өнеркәсіп орындарында да өзгеріс болып жатты. Мануфактура дамыды. Шыны, қант, жібек, мата, шұға тоқу өнеркәсіптері дамыды. Металлургия өнеркәсібі өркендеді. Қорғасын, мыс, тұз, темір өндіру қолға алынды.
Елде өте қатаң саяси және рухани цензура орнықты. Корольге наразылармен күресу үшін Жұлдызды палата, Жоғарғы комиссия соттары тағайындалды. Қоғамның идеялық дамуы әлі де болса ортағасырлық діни шырмаудан шыққан жоқ, сондықтан да өз өмірінің ақырғы кезеңдерін бастан кешіп жатқан қоғамдық құрылысқа қарсы күрес діни көрініс тапты. Ежелгі әлеуметтік, саяси және діни мәселелердің шиеленісуі ағылшын революциясының негізгі сипатына айналды.
Кәсіпкерлер мен жаңа дворяндарды ағылшын шіркеулері қанағаттандырмады. Шіркеуді епископтар мен шіркеу соттары билігінен, діни жоралар мен құпиялықтардан тазартуды жақтаушылар пуритандар деп аталды. Пуритандар әрбір адамның сенімі, нанымы діннің негізі деп таныды, дінбасылардың монополиясын теріске шығарды.
Тұрғындардың қалған бөлігі дін әлемінде толық бостандық, еркіндік болуын жақтады. Ондай адамдарды индепендттер (тәуелсіздер) деп атады. Олар мемлекетті дін ісіне араласпауы қажет деп есептеп, діни төзімділікке шақырды. Индепенденттік конгрегацияларға орташа джентрилер, кішігірім шеберханалар мен мануфактура иелері, ұсақ дүкеншіктер бірікті.
Пуританизм өзінің ерекше мәдениетін қалыптастырды. Пуритандар театрға, маскарадттарға және кейбір көңіл көтеру сауықтарына қарсы шықты. Пуритандық әдеп қауымшылдықты, азаматтықты, еңбексүйгіштікті уағыздады.
50. Еуропа өркениеті және отарлық экспанцияның қарқын алуы
Батыстық өркениет - елдер жиынтығы, оларға ортақ қасиеттер: дамыған экономика, жеке түлғаның еркіндігін, жеке меншіктің, адам қүқына басымдық беруді мойындайтын қүндылықтар Жүйесі және т.б. Көне Грециядан бүгінгі күнге дейінгі сақталған Еуропалық халықтар мен елдердің мәдениеттерінің жиынтығы ретіндегі еуропалық мәдениеттің синонимі. Екінші кең таралған мәні – Батыc Еуропа ауқымынан шығып, Солтүстік Америка мен Австралияны, т.б. бірқатар елдерді қосып алатын батыстық әлемнің қүндылықтары мен өмір салтының мәдени өздігінше орындалуының тәсілі. "Батыстық" үғымды шығыстық мәдениеттен бөліп жіктейді, ал, "өркениет" үғымы ішкі тынысты және мәдени үстанымдарды ғана емес, сонымен қатар жиынтығында батыстық мәдениет әсерін туғызатын оның салдарын, нәтижесін, батыстық мәдениеттің технологиялық жабдықталғанын білдіреді. Бүл түрғыда сөз мәдениеттің үстемдік етуші түрі жайлы болып отыр. Қазіргі зерттеулерде әдетте Батыc өркениеті еуропалық техногенді мәдениетпен теңестіріледі. Техника мен ғылыми жетілген технологиялар еуропа өркениетінің мүмкіншілігін арттырды. Еуропалық ғылымға негізделген мәдениет үнемі жаңарып, өндірісті модернизациялап, бүкіл әлеуметтік өмір салтын өзгертуді білдіреді. Батысты ғаламдық өркениеттік сипаттау әдетте Батыc пен Шығыстың арасында айырмашылықты қандай белгілерге сүйеніп жүргізумен шектеледі. Осы орайда, көптеген жаһандық мәселелер бойынша Батыстағы "механистік" ғьшым мен Шығыстағы (Қытайдағы) "организмдік", осыған сәйкес, жеке түлғаның экстравертті және интровертті түрлері, гилозоизм мен ирра¬ционализм Шығыстағы дүниетаным басым түрі және рационализм мен прагматизм Батыстық үлгі ретіндегі сияқты айырмашылықтар бар. Батыстық өркениеттің мызғымас негіздері ретінде көбіне Қайта Өрлеу дәуіріндегі, Ағарту дәуіріндегі, XVII-XVIII ғасырлардағы ғылыми төңкерістің мәдени жетістіктері аталады. Жаһандық түрғыда әлемдік өркениет тарихында Батысқа ерекше орын берілуін, даму динамикасындағы алшақтық бар болса да, Батысты Шығысқа қарсы қою үшін қолданбау керек. Батые әдеттегіден жоғары жаңару мен жүмылудың үлгісін көрсетіп отыр; Шығыс үшінші мыңжылдық қарсаңында өзіндік дәстүрлі мәдени қүндылықтары мен бағдарларына адал күйінде қалуда. Ғылымды әлеуметтік мәдени институт ретінде қалыптастырған дәл осы Батыc. Бүл жерде сөз тек ғылыми-техникалық қоғам қүратын эксперименталдық ғылым жайлы болып отыр. Осы орайда Еуропа өркениетіндегі бүкіл үш мәдени оқиғаның өзара байланысы мен өзара тәуелділігін айтып өту ләзім: Қайта Өрлеу, Реформация, ғылыми-техникалық төңкеріс. Қазіргі әлемде ғылым әлеуметтік жаңару институты ретінде дүниежүзіне кеңінен таралуда. Осыдан келіп, мәдени даму процесін қайта қүру, дәстүрлі өркениеттердің негізгі (Қытай, Үнді, Араб әлемі, Латын Америкасы, Африка) түрлеріне қайта көңіл белуге тура келеді. Бұл жағдайда ежелгі дүниеден бастап, Батыстық өркениеттің ерек- шеліктерін, қайталанбастығын анықтау мүмкін болмақ. Міне, тарихи дамудың осы кезеңінде әлемдік мәдениеттердің көп, түрленген сипаты анықталады. Осы көзқарасқа сай, батыстық өркениет қазіргі әлемнің ғаламдық факторына айналады.
63. Ағылшын-египет кондоминиумның (1899) нығаюына әсер еткен факторлады атаңыз
Судан жерінің көбін Египет билеушісі Мұхаммед Әли басып алды. 19 ғасырдың 2-жартысында Суданда ағылшын ықпалы күшейді. 1899 ж. Судан Ұлыбритания мен Египеттің бірігіп басқаратын аймағы деп жарияланды (кондоминиум), сөйтіп, Ағылшын-Египет Суданы деген атты иеленді. Қс жүзінде Судан ағылшын отарына айналып, негізінен мақта өндіруге бейімделді. 1-дүниежүз. соғыстан кейін елде бірнеше саяси-қоғамдық ұйымдар құрылып, ұлт-азаттық қозғалыс жандана түсті. 2-дүниежүз. соғыс кезінде Судан Ұлыбританияның Африкадағы аса маңызды әскери базаларының бірі болды. 1953 ж. 12 ақпанда Англия мен Египет келісімге келіп, Судандағы кондоминиум тәртібі жойылды. 1955 ж. желтоқсанда Судан парламенті 1956 ж. 1 қаңтардан елді тәуелсіз мемлекет деп жариялау туралы шешім қабылдады. 1958 ж. 17 қарашада елде әскери төңкеріс болып, демократиялық күштер қуғынға ұшырады. 1964 ж. басталған халық қозғалысы нәтижесінде билік басындағылар жиі ауысып тұрды, халық тұрмысы күрт нашарлады. 1986 ж. Суданда Азамат соғысы басталып, 1987 – 88 ж. халық ашаршылыққа ұшырады. 1989 ж. 30 маусымда кезекті әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келген саяси топтар 1998 жылдың жазында жаңа конституция қабылдап, саяси партияларға жол ашты. 2002 ж. орталық үкімет шешімімен оңтүстік аймаққа ішкі автономия берілді. Азамат соғысы тек 2005 ж. көктемде аяқталды. Өз ішіндегі тартыстар нәтижесінде 4 млн-ға жуық судандық босқындар шетелдерде жүр.
64. Махдистер көтерілісінің мақсаты мен нәтижелерін ашып көрсетіңіз
Мысырда оккупация болып жатқан кезде, Мысыр әскерiнiң бір бөлiгi Суданда болған, сол кезде махдист көтерiлiсi болды. Бастапқыда судан өкіметі мысырлық армиялар Мысырдан қолдау алғызбады, премьер-министр Шерифтің өтініші бойынша бас қолбасшы Абдель Кадер-паши Хильми орнына ағылшын генералы Хиксті тағайындалды. Оккупациялық өкiметтер махдист көтерілісін пайдалана отырып, мысыр жауынгерлерiнің көзін құрту туралы шешім қабылдады. Осы мақсатпен Орабидегі қалдық армияларды Канатыр-эль-Хейрияде жинап, оларды Хартумға жіберді. Полковник Стюарттың есеп берген кезде жазғаны, ол жіберілген солдаттар үлкен күйінішті сезінді, яғни оккупацияның салдарынан олардан құтылу үшін жібергені.
Басқыншылардың ең үлкен апаты ол генерал Хикс-паша Кордофондағы Шикана орманына жеткенде, оларды дервиштар қоршап алды. Оның шаршаған, шөлдеген солдаттары түгелдей қырылып қалды. 10 мың әскерден 800 солдаттай тірі қалды.
Осы оқиға мысырлықтардың ұлыбритандық өкіметке күмәнділігін тудырды. Бастапқыда ол Судандағы іс-әрекеттерге араласпайтындығын және кейін Кордофанға баруға рұқсат берді. Осымен Ағылшын жоспары мыңдаған солдаттардың қырылуынан кейін түгелдей іске асып, Мысырға Судан эвакуалациялауға кеңес берді. Шериф-паша бұған құлақ аспады. 1884 ж. қаңтарында колонияның министрі Гренвель телеграмма жибереді, ол жерде бағынбағандар өз орнын босатуды айтты. 1884 ж. 7 қаңтарда Шериф-паша өз орнын босатты, ол былай мәлімдеді: Егер біз Суданды қалдырсақ та, Судан бізді қалдырмайды дейді. Кейін Нубар-паша орнына келіп Суданды эвакуалациялауға нұсқау берді.

65. Шығыс Суданның сипаттамасы: этноәлеуметтік құрамы, діні, шаруашылығы, түрік әкімшілігінің саясатына талдау жасаңыз
Судан Африкадағы мемлекет.Судан Республикасы Африканың солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан (2,5 млн. км2) Африкада 1-орын, әлемде 10-орында. Халқы – 40,2 млн. (2004) адам. Халқының жартысына жуығын арабтар, қалғандарын нубийлер, бежалар, динкалар, нуэрлер, шиллуктер, т.б. халықтар құрайды. Ресми тілі – араб тілі. Тұрғындарының 70%-ы мұсылмандар, 10%-ы христиандар, өзгелері жергілікті діни наным-сенімдерді ұстанады. Астанасы – Хартум қаласы (2,9 млн.). 25 провинцияға бөлінеді, Хартум қ. жеке әкімш. бірлік болып саналады. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 1 қаңтар (1956). Ақша бірлігі – Судан динары. БҰҰ-ның (1956), Африка Одағы (1963), Араб мемлекеттері лигасы (1956), Ислам конференциясы ұйымы, т.б. халықаралық ұйымдардың мүшесі. Мемлекет басшысы – президент, заң шығарушы органы – 1 палаталы парламент (Ұлттық ассамблея), атқарушы билік – Министрлігі Кеңесі.
Африкадағы тұңғыш әліпби жазуы пайда болды (Мероэ тілі). Б.з.б. 4 ғ. басында Суданың көп бөлігін Аксум патшалығы басып алды. 6 ғ. Суданға христиан діні тарап, 7 ғасырда бірнеше христиан мемлекеттері құрылды. 639-642 ж. Египетті жаулап алған арабтар Судан жеріне қоныстана бастады. Осыған байланысты Суданға ислам діні мен араб мәдениеті, жазуы, тілі тарады. 14-16 ғ/да мұнда бірнеше мұсылман мемлекеттері құрылды.
Судан – аграрлы ел. Ауыл шаруашылығының саласы егіншілік. Қант құрағы, құрма пальмасы, маис өсіріледі. Негізгі азық-түліктік дақылдары – сорго, тары, бидай. Мал шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі сипатта дамыған. Ірі қара, түйе, қой мен ешкі өсіріледі. Елде мұнайдың аса ірі қоры бар. Сыртқа – мұнай, күнжіт, мақта, мал, мал өнімдері, алтын шығарылады. Басқа елдерден машина ж/е өндіріс жабдықтары, азық-түлік, химия өнеркәсібінің өнімдері, өндірістік тұтыну тауарлары сатып алынады. Өзен және теңіз қатынастары дамыған. Негізгі сауда серіктестері – араб мемлекеттері, Африка және Азия елдері.
80. Азия және Африка елдеріндегі ислам дінінің ағымдары. Сунниттер мен шииттер. Ваххабизм
Суннизм - ислам дініндегі бағыт. Сунна IX ғ. 6 жинақ түрінде Пайғамбардан қалған құқық ережелері, дәстүр, мінез-құлық ережелерінен құрастырылған. Осы ережелерді Суннизм толығымен мойындайды. Суннидтік дінтанушы-философтар арасында аль-Газалиді (1058- 1111) ерекше айту қажет. Суннизм күрделі мәселелерді шешу төңірегінде бірнеше әдістерді ұсынады: жұмақ - қалам беделділерінің бірін жеке түсіндіру; иджма - көптеген адамдардың өзара келісілген пікірі; қияс - салыстыра отырып қорытындыға келу; истиллах - егер оның мазмұны мойындалған игілікке қайшы келетін болса, онда Суннизм хадистерінің өзгеру мүмкіндігін мойындау.
Сунниттер яғни Аһл ас-Cунна Сүннетке мойынсұнып, оны қолдап-қуаттаушы сунниттер тобының атауы. Сунна- шариғат заңдарының қайнар көзі. Ол Мұхаммедтің іс-әрекеттері мен айтқан өсиет, тұжырымдарынан тұрады. Аһл ас-Суннаның негізгі сипаттары: алғашқы төрт халифты мойындау (Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли), алты хадистер жиынтығын мойындау (Мұхаммад б. Исмайил әл-Бұхари, Муслим б. ан-Найсабури, әл-Хаким ат-Термизи, Әбу Дауд, ан-Насаи, ибн Маджи) және төрт мазһабтың (ағымның) біріне тиістілігі (мәликашылар, ханифашылар, ханбалшылар, шафийшылар). Аһл ас-Суннаға жататындар Иран мен Ирактан өзге (бұл екі елде шииттер саны басым) мұсылман елдерінің бәрінде өмір сүреді. Қазақ халқы да Суннаны мойындаушыларға, яғни аһл ас-Суннаға жатады және ханифшылар ағымын ұстанады.
Шиизм - Ұстанушылары тек қана Құранды мойындап, сүннет амалдарының көп ережелерін терістейтін, мұсылмандардың заңды басшылары имамдар деп есептеп, сүннеттік халифтерді мойындамайтын Исламдағы екі негізгі бағыттың бірі. Шииттер әлемдегі бүкіл мүсылман қауымының он пайызға жуығын қүрайды. Исламның бүл бағытын Иранның түгеліне жуығы,Ирактың жартысынан көбісі, Әзірбайжан, Ливан, Йемен және Бахрейн мүсылмандарының елеулі бөлігі үстанады. Қазақстанда шииттікті әзірбайжан үлт өкілдерінің өте аз бөлігі үстайды.
Шииттер - Исламдағы шииттік бағыт Мухаммед пайғамбардың жалғыз мирасқоры, мүсылман уммасын басқаруға лайықты имам ретінде төртінші "тақуа халиф" Эли мен оның үрпақтарын ғана мойындайтын мүсылмандардың басын біріктіреді. "Шиа" араб тілінен аударғанда топ, партия, жақтаушылар, көмекшілер деген мағынаны білдіреді. Бүл ағым - көптеген бағыттарға бөлініп кеткен өте бытыраңқы ағым. Шииттердің жіктелуі діни-саяси көшбасшылық мәселесіне байланысты қақтығысулар, алауыздықтар нәтижесінде жүріп отырды.
Уахабизм - 18 ғ. Аравия түбегінде пайда болған. Исламның сунниттік бағытындағы ағым. Негізін салушы Муххамед ибн Абд әл-Ваххаб. Сәләфилік һижраның IV ғ. пайда болған; Ханбали мазхабына жататын бұлар барлық көзқарастары мен түсініктері «салаф» түсінігін дүниеге келтірген және бұл түсініктен басқа көзқарастардың барлығына қарсы шыққан Имам Ахмед бин Ханбалға негізделетіндігін айтқан. Сәләфилік бұдан кейін біраз уақыт көрінбей хижри VII ғ-да екінші рет тарих сахнасына шықты. Бұл жолы Сәләфилікті қайта қолға алған Шейхул Ислам ибн Таймия халықты осы жолға шақырып, керекті деген кейбір мәселелерге толықтырулар енгізген. Бұл көзқарастар һижраның XII ғ-да араб түбегінде қайта жанданды. Бұл сенімді қайта тірілткен Мұхаммед бин Абдулуаһаб еді.
81. XIX ғ. соңы – XX ғ. басындағы халықаралық қатынастар ж.йесіндегі Жапония
Қиыр Шығыстағы ұлы державалардың күресі. Жапондық экспансия және Қиыр Шығыс мәселесінің шиеленісуі.
Ағылшын - герман антогонизмнің өрлеу шағында, Қиыр Шығыста да қиын-қыстау кезең туындаған болатын. 1884 жылы Жапонияның Кореяны отарға айналдыру үшін жасаған төңкерісі және 1884-1885 жылдары қытай - француз соғысы осы аймақта жаңа шиеленістердің басталғанын көрсетті. Мұндай тоқыраудың тууына себеп болған: жапон капитализмінің өркендеуі және оның феодалдық-милитаристік элементерінің ықпалға ие болуы.
Жапонияның билеуші табы Кореяда Қытайдың билеуіне төзе алмай, Микадо үкіметі бұл елді басып алуды жоспарлады.
1894 жылға қарай саудамен айналысқан 20 мың жапондық Кореяға табан тіреді. Жапон капиталы үкімет қолдануына сүйене отырып, Корей нарығына тереңдей енуді көздеді. Алайда, бұл ұстанымдар орындалмай, 80-жылдары Жапонияға қарағанда Қытай үлесі артты.
1894 жылы Қиыр Шығыстағы халықаралық жағдай Жапон милитаристеріне күш көрсетпеді. Кореядағы жапон билігі Англияға шығын әкелді. Жапония Қытаймен соғысты қаламады. 1894 жылы 16 шілдеде Ағылшын - жапон арасында сауда келісімі жасалды. Бұл құжат Жапонияға манифестік жағдайда тиімді болды, металлургия иелері және машина жасау Жапонияның индустриализациясынан ұтты.
1994 жылы 9 - шілдеде Сеулдегі Жапон елшілігіне жедел хат жіберді. Онда Корея мен Қытай кез - келген уақытта арадағы байланысты үзуге құқылы болды. Келесі күні елші Корея үкіметіне ультиматум жариялады. Кореядан жедел турде әскерді әкету міндеті енгізілді. Егер Қытайға жауап берілмесе, екінші өзі қалған шешімді қабылдайтынын мәлімдеді.
88. Франциядағы ағартушылық дәуір
ХҮІІІ ғ/ғы француз ағартушыларының ішінде философ-материалистерді ерекше атауға болады. Өз кезіндегі жаратылыстанудың жетістіктерін ескере отырып, олар алдыңғы қатарлы материалистік көзқарастарды дамытты. Материалист-философтар табиғаттағы жалпыға бірдей өзара әрекетті және қозғалысты материяның табиғи қасиеті ретінде мойындады. Дүниені тану мәселелерінде олар Локктың материалистік сенсуализмі көзқарасында болды, бірақ оған бірізділік сипат берді: Локктың "ішкі тәжірибе” туралы ілімін алып тастап, олар тануды сыртқы дүниенің адам санасындағы бейнесі деп дұрыс түсіндіреді.
Француз қоғамы бұл кезеңде үш топқа бөлінді:Бірінші және екінші топтағылар діниелері және дворяндар-бүкіл жерді биледі және өздерінің құқықтары мен жеңілдіктерін арқылы шаруаларды, қолөнершілерді қанады, үшінші топ құрамы әртүрлі болды, шаруалардан басқа купецтер, фабриканттар, банкирлер кірді.
Француз ағартушыларының өзінің философиялық және саяси көзқарастары жөнінен ерекше көрнекіліктері Вольтер, Руссо, материалист-философтар Гельвеций және Дидро болды. Барлық ағартушылар феодалдық өкіметтің деспатизмі мен зұлымдығына, діни фонатизмге қарсы шықты. Француз ағартушыларының көзқарастары төңкерісті идеялогиялық жағынан дайындауда ерекше роль атқарды.
Гельвеций "Ақыл туралы” 1758 жылы шыққан кітаптың авторы ретінде танылды және реакцияның барлық күштерінде, үстем тап өкілдерінің тарапынан қудалауға ұшырады. Кітапқа тыйым салынды және өртеуге шешім алынды. Бұдан да жан-жақты өз идеяларын "Адам оның ойлау қабілеттіліктері туралы және оның тәрбиесі” кітабында дамытты. 1769 жылы жазылған бұл кітапты жаңа қуғындауды болдырмау мақсатында Гельвеций өзі өлгеннен кейін жариялау жөнінде өсиет жазды, ол кітап өзі өлгеннен екі жылдан кейін 1773 жылы жарық көрді. Өзінің еңбектерінде Гельвеций алғаш рет педагогика тарихында адамды қалыптастыратын факторларды толық ашып берді. Сенсуалист ретінде барлық елестетулер мен ұғымдар адамдарда сезгіштік қабылдаулардың негізінде ұйымдасты және ойлауды түйсіну қабілеттілігіне теңеді.
Жан-Жак Руссо – көрнекті француз ағартушы, жазушы және философ-ойшылы. Ол 1712 жылы сағат шеберінің жанұясында дүниеге келді. Руссо біржүйелі білім ала алмады. 16 жасында ол Женеваны тастап, 30 жасына дейін ол әртүрлі жұмыстарды атқарды, қара жұмыс, музыкант, музыка оқытушысы және тағы басқа жұмыстар. Осы жұмыстармен қатар Руссо өз бетімен білім алумен айналысты. Ерекше қызығушылықпен Лейбництің, Декарттың, Локаттың, Вольвтердің және басқа да көрнекті ойшылдардың шығармаларын оқып үйренді.
89. Левеллер және диггерлер қозғалыстары
Солшыл революциялық күштердің түп негізі болып саналатын армияның құрамында 1646-1647 жылдары левеллерлер (to level - теңестіру) саяси партиясы қалыптасты. Бұл партияның негізгі идеясы - жалпыға бірдей сайлау құқығы, адамдар теңдігі, қоғамдық келісім болды. 1645-1646 жылдардың өзінде левеллерлердің жетекшілері Лж.Лильберг, У.Уолвин, Р.Овертон демократиялық заңдардың қабылдануын, парламенттің үстінен бақылау орнату, лордтар палатасының жойылуын талап ете бастады.
1647 жылдан бастап ағылшын революциясы жаңа буржуазиялық демократиялық кезеңге қадам басты. Халық бұқарасының революциялық жігері жоғары еді. Халық бұқарасы арасында революциялық пиғылдағы әскерлер мен офицерлердің болуына байланысты, олар парламенттің корольмен ауыз жасалуына жол берген жоқ. 1648 жылы желтоқсанның басында полковник Прайл парламенттен пресвитерліктерді күшпен қуды. Қалған индепендттер мен әскерлер іс жүзінде елде өз билігін орнатты. 1649 жылы қауымдар палатасы өзін жоғары өкімент деп жариялады, ал лордтар палатасы жойылды. І Карл сатқындығы үшін айыпталып, 1649 жылдың 30-ыншы қаңтарында басы кесілді. Сөйтіп, Англия республика болып жарияланды. Республика жарияланғаннан кейін, соғыс пен дағдарыстан халықтың жағдайы тез нашарлап кетті.
1649 жылдың көктемінде «шынайы левеллерлер» немесе диггерлердің (жер қазушылардың) жаңа қозғалысы басталды. Олар теңдік орнатуды, жердің қоғамдастырылуын, қанауды жою талаптарын ұсынды. Диггерлердің жетекшісі ланкаширлік саудагердің ұлы Джерард Уинстели болды. Олар барлық мүдделі адамдарды бос жатқан жерге баруға, оны өңдеп, дән егуге шақырды. Буржуазиялық республика әскері оларды қуып, таратып жіберді. Диггерлердің еккендері қалып, өздері абақтыға жабылды.

Приложенные файлы

  • docx 15607076
    Размер файла: 34 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий