ашық сабақ№2 психология слайд


Маңғыстау гуманитарлық колледжі
Бекітемін:
Кайболдиева Н.Ж.___________
Таджибаева Ж.А.___________
Ашық сабақ жоспары
Тақырыбы: «Оқу-кіші мектеп жасындағы балалардың әрекеті»
Өткізген: практикант Аманкелдиева Ш.Ә.
Тексерген:педагогика пәнінің оқытушысы
Кайболдиева Н.Ж.
Уақыты:_________
Тобы:__ИБ-21___
Бағасы:__________
Қолы:____________
Ақтау 2015жыл
Сабақтың тақырыбы: Оқу-кіші мектеп жасындағы балалардың әрекеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кіші мектеп жасындағы балалардың әрекетінің дамуы
туралы түсінік беру;
Дамытушылық: студенттердің психология пәні бойынша алған білімдерін жетілдіру, дамыту.
Тәрбиелілік: студенттерді өзін-өзі бағалауға, меңгерілген білімді саналы қабылдауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, лекция, ойын, сергіту жаттығулары.
Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта (құрал), слайд, видеоролик, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, сабақтың мақсаты, жүру барысын айту.
«Сәлемдесу» ойыны.
Өткен тақырыпқа шолу жасау.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Оқу іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы.
Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктері.
Оқу іс-әрекеті мен оның құрылымы
ІІІ.Сергіту сәті
ІV. Тренинг
V. Қорытынды.
1)Үйге тапсырма
2)Бағалау.
1.2 « Сәлемдесу» ойыны
Барысы:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі бергенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір- бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар.Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен .... қолмен....иықпен....құлақпен..... тіземен.... иекпен... .өкшемен..... арқамен.
1.2 Өткен тақырыпқа шолу жасау.
2.1 Оқу іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы.
«Оқу іс- әрекеті» түсінігі үнемі бір жақты түсінік деп айтуға келмейді. Кең мағынада алғанда ол кейде үйренудің, оқудың және тіпті оқытудың синонимі ретінде қарастырылады.Тар мағынада Д.Б.Эльконин бойынша – кіші мектеп жасындағы жетекші іс-әрекет түрі.
Д.Б.Эльконин анықтауы бойыншағ іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы:
Ол оқу материялын игеруге және оқу міндеттерін орындауға әдейі бағытталған;
Онда әрекеттің жалпы тәсілдері мен ғылыми түсініктер игеріледі;
Әрекеттің жалпы тәсілдері міндеттерді орындаудың алдын алады;
Оқу іс-әрекеті субъектінің өзін өзгеріске түсіреді.
2.2 Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық ерекшеліктері.
Оқушыларға әлемдік деңгейде білім, тәрбие беру –қазіргі заманның талабы.
Оқу іс- әрекетінің негізгі саласы еңбек үрдісінің нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағдыны жүйелі түрде меңгеру. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұра тәжірибесін береді.Оқу материялдары бала психологиясына зор ықпал етеді.Өйткені ұғыну өте қиын оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері болады.Тәрбиелеуде немесе оқытуда мұғалім осы түрткілерді білу керек.Баланың жақсы өскен сайын психикасы да өзгереді.Яғни, білім алуға ұмтылуды тудыратын түрткілер болады.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері- оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөзбен істің бірлігін сақтап, адамгершілік нормаларынан ауытқушылыққа жол бермеуді қалыптастыру.
Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиясы тек жас ерекшелігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар, өскен ортасына, балабақшада болу-болмауына, тұрақтылық жағдайына, табиғи ортасына, әлеуметтік ортаға тағы басқа жағдайларға байланысты.
Кіші мектеп жасындағы балалардың кезеніне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады.Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшық еттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы барлық мойын,арқа, бел бүгілістері дамиды.Бұлшық еттері шапшаң өседі.Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психологиялық іс-әрекеттері мен жүйке жүйесінің қалыптасуына үлкен рөл атқарады.
Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді.Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы беки түседі.
Кіші мектеп жасындағы балалардың кезеніде сөздік материялды есте сақтау мүмкіншілігі күрт жоғарлайды, меңгерілетін оқу материялы үнемі оқушыдан елестету үрдісін талап етіп отырады.Есте сақтау мен елестету баланың күш жігерді керек ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады.
Оқу үрдісінде ой операцияларыда іске асады.Елестету бойынша заттарды дұрыс әрі оңай салыстыра алады.Логикалық ойлаудың дамуы, ой қорытындысын жасай алу, себеп салдар анықтау, түсінік беру сияқты түрлері анық көріне бастайды.
Оқушыларда жоғары дәрежеде, жүйелі түрде және нәтижелі ақыл-ой әрекеті дамып жетіледі.Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді.Осы арқылы баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады.
Кіші мектеп жасындағы балалардың ерік сапаларының дамуы:
бір-бірінің, жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұны мен көлемінің ұлғаюына және өзгеруіне, екіншіден, ішкі және сыртқы қиындықтарды жеңе алуына, үшіншіден, ұзақ уақыт күш жұмсай алуына, психологиясын, өзін ерікті тежеу барысында өзін-өзі меңгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады.
2.3 Оқу іс-әрекеті мен оның құрылымы
Оқу – оқу әрекеті деп аталатын ерекше және адамның іс-әрекетінің жетекші түрінің бірі.Оқудың «ерекше» болуы, оның нәтижесінде, ойын және еңбек әрекеттеріндегідей, субъектінің әрекет ететін заттарының өзгеруі емес,керісінше, әрекет жасаушы субъект – адамның өзінің өзгеруіне байланыстылығында.
Егер оқу әрекеті дұрыс ұйымдастырылса, онда педагогикалық психология тұрғысынан кез келген іс-әрекет сияқты, оның өзіне тән психологиялық құрылымы, ниеттері мен мақсаты, құрал-саймандары және олардың туындайтын соңғы нәтижесі болуы қажет.
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтев, С.Л.Рубинштейннің еңбектерінде оқу-білім, іскерлік, дағдыны иемдену түрінде ( ал даму- қабілеттерді, жаңа қасиеттерді иемдену ) қарастырылады.
П.Я.Гальпериннің анықтауынша оқу субъекті әрекетінің негізінде білімді ұғыну.
Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтардың айтуынша, оқу- оқу әрекетінің арнаулы түрі, ал А.Н.Леонтев теориясы бойынша, оқу (ойын және еңбекпен бірге)- жетекші әрекеттің типі.Оқу полимотивті және полимағыналандырылған.
Қазақстандық психолог С.М.Джакупов оқу әрекетінде оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін белсендіруде бірлескен-диалогтық танымдық әс-әрекетін қалыптастыру ұғымын енгізді.
Қазіргі кезде оқу әрекеті – оқудың арнаулы формасы ретінде, арнайы ұйымдастырылатын (өзін-өзі ұйымдастырылу), басқарылатын (өзін-өзі басқару), бақыланатын (өзін- өзі бақылау) объект түрнде көрінеді.
Оқу-проблемасы пәнаралық болып табылады.Соған сәйкес әртүрлі тұрғыдан қарастырылуы мүмкін.И.Лингарт төмендегідей аспектісін белгілеп көрсеткен:
Биология позициясынан оқу адаптациялық (бейімделушілік ) үрдіс, бұл жағдайда тұқымқуалаушылық, орта, үйрену, реттеу қарастырылады.
Физиология тұрғысынан шартты рефлекстердің қалыптасуы, жоғарғы жүйке әрекетінің заңдылықтарына, мидың аналитикалық-синтетикалық әрекетіне байланысты қарастырылады.
Психология тұрғысынан, оқу әрекеті – субъект белсенділігі, психикалық дамудың факторы түрінде қарастырылады.Оқу әрекеті адам мінез-құлығын әрі қарай жүйелік өзгерістерге жетелейді.Бұл тұрғыдан белгілік-символдық құрылымдардың мәліметтік функциясына, мағыналандыруға, танымдық және мотивациялық құрылымдарға ерекше назар аударылады.
Әлеуметтану тұрғысынан оқу – әлеуметтандыру факторы, жеке- даралық пен қоғамдық сананың әрекеттесуінің шарты.
Педагогика тұрғысынан, « тәрбиелеу мен оқыту, қоғамдық тәжірибені аса тиімді түрмен беруді қамтамасыз ететін қоғамдық жағдайларға байланысты, мақсатталған жүйе» тұрғысынан қарастырылады.
Оқу әрекеттерінің мотивтері өте көп немесе қазір айтылып жүргендей, ол полимативті.Барлық мүмкін мотивтерді теория жүзінде әртүрлі негіздерге сүйеніп, бірнеше түрге бөлуге болады.
Осылайша мотивтерді,
Органикалық ( олар организмнің табиғи қажеттіліктерін тамаққа, жылуға, т.б. қанағаттандыруға және сол үшін жағдайлар жасауға бағытталуы)
Функционалды ( белсенділіктің түрлі мәдени формаларымен, мысалы, ойын, спорт, т.б. қанағаттандырылуы)
Материялдық ( адамның өмір сүруі мендамуына қажетті материялдық құралдар жасау мен өндіру, мысалы, үй-жабдықтары, әртүрлі заттар, аспаптар, т.б.)
Рухани – адамгершілік және парасаттылығы жағынан қасиеттерін жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттері. Мысалы: оқу танымық әрекетеріні
дамытуы.Ниеттерді осылайша бөлу шартты түрде алынады.Өйткені ниеттердің бөліну түрлерінің арасында ажыратуға болатын дәл шекара жоқ.
Ниеттерді: альтруистік, эгоистік, жақын және алыс, жалпы және жеке,, қоғамдық, маңызды, жеке адамдық және т.б., т.с.с. бөлуге болады.Сондай ақ ниеттерді саналы және санадан тыс деп бөлуге болады.
Мәселен, А.Н.Леонтьев ниеттерді түр түрге бөле отырып, мектеп өмірінен, оқу-тәрбие іс-әрекетінен мысалдар келтірді; оқушы жақсы оқудың, кейіннен сауатты және қоғамға, отагнға пайдалы жоғары дәрежелі маман болу керектігін түсінеді.Дегенмен нақты жағдайда басқа ниетті, мысалы; ата-анасының көңілін қалдырмау немесе екілік алмауды жетекшілікке алады.
Оқушылар сабақта, өздігінен оқығанда қажетті мәліметтермен танысып, олардың естерінде сақтай алмай, көптеген бөлігін үмытады.Меңгеруге тиісті оқу материялдарын үмытып, шығынға ұшыраушылардың басты себептері қандай деген қисынды сұрақ туады.Осындай себептерге біріншіден,естілген не оқылған мазмұндардың ішінен кейбіреуі ұғынылмай қалады.Бұл- негізгі шығын, білімді меңгерудегі айтарлықтай олқылық.
Екіншіден;кейбір түсінілген мәліметтердің өзі бірден ұмытылады.Өйткені оқушының бұрыннан белгілі білім қоры ешбір затпен байланыспай ассоциация жасамайды.Мұндай жағдайда оқушылар: «Бәрі де түсінікті болып еді, бірақ ұмытып қалдым»,-дейді. Іс жүзінде қажетті мағұлматтарды есте сақтай алмайды.
Үшіншіден;оқушы сабақ барысында мұғалімнің айтқандарын тыңдап, қажетті әдебиетті оқып, бәрін түсініп,есіне сақтап,біраз уақыи өткенде әлі де есінде сақтағанымен, уақыт өте келе ол білімінің кейбір бөлігін ұмытады, бұл табиғи құбылыс (өте қажетті болған мәліметті іс жүзінде пайдаланбаған соң есте сақтау мүмкін емес). Сонымен ұмыту шығынының тағы бір каналы.
Төртіншіден; оқу әрекетіндегі ниет пен мақсат – алынған ғылыми білімдерді іс жүзінде пайдалана білуге үйрену болса,онда нәтижесі де сондай болуы тиіс.Бұл білімді іс жүзінде пайдаланудағы нақты іскерлік.
Кіші мектеп жасындағы балалар 7-11 немесе 6-10 жас аралығындағы балалар.Осы жаста олардың жеке психологиялық, әлеуметтік адами қасиеттері қалыптасады және оларға тән өзгешеліктер пайда болады.Біріншіден: олардың материялдық, қарым-қатынастық,эмоционалдық қажеттіліктерін отбасы қамтамасыз етеді.Олар ата-анасының қамқорлығында болады.Екіншіден: олардың әлеуметтік-танымдық қызығушылық, құмарлықтарын мектеп қалыптастырады, дамытады.Үшіншіден: ата-ана мектепке арқа сүйей отырып, сыртқы жағымсыз нәрселерден кіші мектеп жасындағы балаларды қорғай алады.
Кіші мектеп жасына дейінгі бала бүгін мектепке келгеннен кейін бұрынғы еркіндіктерінен айырылады.Оларды мектеп тәртібіне шақырады.Сондықтан бостандықта болып қалған баланы тәртіпке бірден көндіре алмайды.Осыдан барып ересектермен түсініспеушілік пайда болады.Бастауыш мектеп жасындағы бала өз іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құра бастайды.Бастауыш мектеп жасындағы бала бұрын ойынмен айналысса, енді оқумен айналысуына тура келеді. Оқу- ойынға қарағанда өте күрделі үрдіс.Оқуда танымдық, адами қасиеттер күрделене түседі.Сондықтан да іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан қайта құру мына төмендегі кезеңнен өтеді:
мектеп өміріне кіру;
мектеп, сынып ұжымдары арқылы қарым- қатынастарды реттеу, ересектермен қарым-қатынас орнату;
мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағыну, оны қабылдау,орындау;
Осы үш кезеңнен сүрінбей өту, ішкі тәртіпті дұрыс қабылдау кіші мектеп жасындағы балалардың ұжымға мүше болып кіріп кетуіне мүмкіндік береді.
Кіші мектеп жасындағы балаға сыныптың өзінде балаға ұнайтын,ұнамайтын пәндер бар.Қандай бір үздік оқушы болса да, оның өте жақсы көретін пәні немесе пәндері болады.Соны әрі қарай дамытқан жөн.Оқуда зорлық болмауы керек.Оқуда қажеттілік, білім алуға міндеттілік болуы керек.
Кіші мектеп жасындағы баланың әлеуметтік мәртебесі өзгеріп, ол өзінің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан қайта құрады.Осы орайда ол көптеген қиындықтарға тап болады.Сол қиындықтарды шешуге мұғалім, ата-ана болып бірлесіп еңбектеніп , балаға көмектескені абзал.
Іс-әрекет теориясы ( Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев ) бойынша психиканың онтогенезде дамуы заттық іс-әрекеттің белгілі бір түрлерінің ұйымдастыруымен байланысты келеді.Сонымен қатар, А.Н.Леонтьев атап өткендей « іс-әрекеттің заты екі түрлі: біріншісі-өзінің дербес тіршілігінде субъектінің іс-әрекетін өзіне бағындырушы және қайта құрушы, екіншісі- заттың бейнесі, субъектінің іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қасиеттерінің психикалық бейнесінің өнімі реінде жүреді».
Кіші мектеп жасындағы балалардың кезеніде ойлаудың дамуы екі кезеңнен тұрады.1-2 сынып ақыл-ой әрекеті мектепке дейінгі жастағы балалардікіне ұқсас болады, яғни көрнекі-әрекеттік негізінде.3-сыныпқа өткен кезде ойлаудың 2 кезеңі дами бастайды, яғни заттар мен құбылыстар туралы біржақты пікірлер басым бола бастайды.Бұл кезде әртүрлі ұғымдар мен белгілердің қарым-қатынасын, байланысын түсіну нәтижесінде тектік-түрлік қатынастар ашылады.Заттардың қасиеттеріндегі мәнді,маңызды жақтарын түсіне білу абстрактілі немесе жалпылауға жол ашады.
Оқу үрдісінде бастауыш мектеп оқушысында ғылыми түсінік меңгеруі териялық ойлаудың дамуын көрсетеді.
ІІІ.Сергіту сәті
Видеоролик арқылы сергіту сәтін жүргізу.
ІV. Тест
«Сізді ренжіту оңай ма?»
Жанымызда жүрген адамдардың іс-әрекеті біздің ойымыздағыдай болмай қалса, оларға ренжиміз. Бұл ренішіміздің орынды болатын кездері де аз емес. Ал сіз жылдам ренжисіз бе? Бұл сұрақтың жауабын төмендегі тестің көмегімен анықтаңыз.1. Сізді ренжіту оңай ма?А) Иә - 0Ә) Кейде ғана - 1Б) Жоқ - 22. Біреу сізді ренжітсе, көпке дейін ұмыта алмай жүресіз бе?А) Иә - 0Ә) Кейде ғана - 1Б) Жоқ - 23. Автобусқа кешігу, ыдысты сындырып алу, киімді былғап алу секілді кішкентай келеңсіздіктерге бола уайымдайсыз ба?А) Иә - 0Ә) Кейде ғана - 1Б) Жоқ - 24. Ұзақ уақыт бойы ешкімді көргіңіз келмей, сөйлеспей жүре беретін күндеріңіз бола ма?А) Иә - 0Ә) Кейде ғана - 1Б) Жоқ - 25. Шулап жатқан ортада отыра аласыз ба?А) Иә - 0Ә) Кейде ғана - 1Б) Жоқ - 26. Ой елегінен өзіңіздің іс-әрекеттеріңіз бен сезімдеріңізді ұзақ уақыт бойы өткізесіз бе?А) Иә - 0Ә) Кейде ғана - 1Б) Жоқ - 27. Жасап жүрген іс-әрекеттеріңіздің барлығы өзіңізге пайдалы ма?А) Иә - 0Ә) Кейде ғана - 1Б) Жоқ - 28. Қорқынышты түстерді жиі көресіз бе?А) Иә - 0Ә) Кейде ғана - 1Б) Жоқ - 29. Өзіңізді өзгелерге қарағанда төмен деп ойлайсыз ба?А) Иә - 0Ә) Кейде ғана - 1Б) Жоқ - 210. Көңіл-күйіңіз жылдам құбыла ма?А) Иә - 0Ә) Кейде ғана - 1Б) Жоқ - 211. Біреумен жанжалдасып жатсаңыз, даусыңыз өзгере ме?А) Иә - 0Ә) Кейде ғана - 1Б) Жоқ - 212. Жылдам ашуланасыз ба?А) Иә - 0Ә) Кейде ғана - 1Б) Жоқ - 213. Тәтті тағам көңіл-күйіңізді көтере ме?А) Иә - 0Ә) Кейде ғана - 1Б) Жоқ - 214. Өзіңізді түсінбейтін адамдарға ашуланасыз ба?А) Иә - 0Ә) Кейде ғана - 1Б) Жоқ - 223-28 ұпай аралығы:Сіз өзгелерге көп ренжімейсіз. Кішкене келеңсіздіктер сіздің көңіл-күйіңізге әсер ете алмайды. Осы қасиетіңізге қарап кейбір адамдар сізді тас жүрек деп ойлауы мүмкін. Оларға еш мән бермеңіз. Олар бар болғаны сізді қызғанады.17-22 ұпай:Сіз тез ренжисіз. Осы қасиетіңіз өзіңізге де, өзгелерге де зиянын тигізеді. Жылдам ашуланып, жақындарыңызды ренжітуге дайын тұрасыз. Жүйке талшықтары қалпына келмейтіндіктен, майда келеңсіздіктерге бола ашулана бермеңіз.0-16 ұпай:Сіз де жылдам ренжисіз. Ренжіп қана қоймай кек қайтарасыз. Көңіл-күйіңіз минут сайын өзгереді. Сабырлы болыңыз. Бұлттардың баяу жылжитынынан сізге келіп-кетер ештеңе жоқ. Әлем сізге қарсылық таныту үшін жаралған жоқ.Ал сіздің нәтижелеріңіз қандай болды?
V. Қорытынды.
1)Үйге тапсырма
2)Бағалау.

Приложенные файлы

  • docx 15577300
    Размер файла: 32 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий