ашық сабақ№1 педагогика


Маңғыстау гуманитарлық колледжі
Бекітемін:___________
Кайболдиева Н.Ж.
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғым, тарихы»
Өткізген: практикант Аманкелдиева Ш.Ә.
Тексерген:педагогика пәнінің оқытушысы
Кайболдиева Н.Ж.
Уақыты:_________
Тобы:__ШБ-31___
Бағасы:__________
Қолы:____________
Ақтау 2015жыл
Сабақтың тақырыбы: Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғым, тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқытуды ұйымдастыру формалары, тарихы
туралы түсінік беру;
Дамытушылық: студенттердің педагогика пәні бойынша алған білімдерін жетілдіру, дамыту.
Тәрбиелілік: студенттерді өзін-өзі бағалауға, меңгерілген білімді саналы қабылдауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: түсіндіру, лекция, ойын, сергіту жаттығулары.
Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта (құрал), слайд, видеоролик, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
Өткен тақырыпқа шолу жасау.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғым, тарихы.
Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы -сабақ.
ІІІ.Сергіту сәті, видеоролик.
«Тұлғаның өзін өзі бағалауы» анықтау
ІV. Қорытынды:
Insert стратегиясы арқылы жаңа тақырыпты бекіту.
V.Үйге тапсырма: тақырып бойынша конспект жасау, дайындау, тапсырмаларды талдау.
VІ.Бағалау.
2.1Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғым, тарихы
Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары болды. Олардың пайда болуы, дамуы, кейбіреулерінің жойылуы қоғамның талабына байланысты еді.Әр заман оқытуды ұйымдастыруға әсер етті. Нәтижесінде педагогика ғылыми тәжірибеден көптеген деректер жинады.Баланы оқытуды ұйымдастырған алуан түрлі жұмыстар зерттеліп, олардың ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді.Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топты, ұжымды оқыту, сыныпта, сыныптан тыс, мектепті, мектептен тыс жерлерде оқыту жолдары анықталды.Жекелеп оқыту.
Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Ол тапсырманы мұғалімнің не өзінің үйіндеорындайды. Тапсырма мұғалім оқулығынан беріледі.
Жекелеп оқыту қазір де қолданылады.Баланы жекелеп Оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты адамдар балаларын жекелеп оқытқан
.Жекелеп оқытудың жақсы жақтары:•    Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды.•    Оқушының қатесін уақытында түзетеді.•    Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді. Кемшіліктері:•    Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен шектеледі.•    Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды.•    Бала ұжымда, әлеумет арасында жұмыс істеуге үйренбейді. Міне, сондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастап азая бастады.Балаларды жекелеп – топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір оқушыға емес, "түрлі жастағы балаларға тапсырма берді. Олардың дайындық деңгейлері де түрліше еді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс жүргізді. Мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар берді. Оқушылар окуға жылдың кез келген уақытында келді.
Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында қоғам сұранысын қанағаттандырмады.X, XI ғасырдағы Еуропаға білімді адамдар өте қажет еді, себебі қолөнер, сауда, өнер, әдебиет, сәулет өнері дамыды. Осыған байланысты оқитын балаларды ұжымға біріктіру туралы ұсыныстар алғаш рет Белоруссия, Украиналық туысқандық мектептерінде жүзеге асты. Оны балаларды сынып-сабақ жүйесі арқылы оқыту деп атады. Сынып-сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп, оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Я.А.Коменский.Оқытудың бұл түрі жетілдірілген түрде дүние жүзінің мектептерінде қолданылуда. Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды.XIII- ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл және мұғалім Джон Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып, бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы дайындық керек екенін көрсетті.
Трамп жоспарын АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті мұғалімдер, профессорлар ОТҚ арқылы 100-150 кісіге дәріс оқып болған соң, 10-15 кісіден тұратын азғантай топтар дәріс материалдарын талдап, ол туралы өз пікірлерін айтады, пікірсайыс өтеді.Аз топтардағы сабақты қатардағы мұғалім не топтағы жақсы оқушы жүргізеді. Мектептің кабинеттерінде, зертханаларында жеке жұмыстар жүреді. Дәріске - 40%, аз топтардағы сабақтарға - 20%, жеке жұмыстарға - 40% оқу уақыты кетеді. Сынып болмайды, топтың құрамы өзгеріп отырады. Трамп жоспарымен эксперименталдық мектептер жұмыс істейді. Көпшілік мектептерде жоспардың кейбір жерлері қолданылады.Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі. Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес береді. Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің, жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау.
Дальтон жоспары. Оны ХХ ғасырдың басында Дальтон қаласының (АҚШ) мұғалімі Елена Паркхерст ұсынады. Оны зертханалық жұмыс деп те атайды. Аталған жоспармен оқытқанда сабақтар болмайды, мұғалім сабақты түсіндірмейді, оқушыларға өз бетімен оқитын әдебиеттер көрсетілген жазбаша тапсырма береді. Оқушылардың әрқайсысы материалды өз бетімен оқып мұғалімге есеп беріп отырды.Бірақ көптеген оқушылар мұғалім көмегінсіз тапсырманы орындай алмады. Сондықтан дальтон жоспарымен оқыту мүмкін болмады.Оқушының әр түрлі сыныптарда оқуы. Ол бір пән бойынша 7-сыныпта, екінші пән бойынша 5-сыныпта оқиды.Оқытуды ұйымдастырудың ерекше түрі оқушылардың бірнеше күн бойы бір не екі пәнді оқуы. Осылай оқыту Вальдорф мектептерінде бар.
2.2 Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы -сабақ.
Сынып-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері:
Жастарды жәнедайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру.Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді.
Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын сабақ түрінде жүреді.
Сынып жылдық жоспар,бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді.Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады.
Жұмыстың негізгі түрі – сабақ.
Сабақ бір оқу пәні, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі.
Оқушының танымдық іс-әрекетінің алуан түрі;
Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жұмыстар жүргізіледі.
Сынып – сабақ жүйесінің
Жақсы жықтары: Оқушылар тәрбиеленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады.Сабақ оқу- тәрбие жұмысын реттейді, оны басқараы, балалар бір- бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді.
Кемшілігі: Үлгерімі нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқйтындардың қабілеті тежеледі. Мұғалімге әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу қиын.Басты кемшілігі « орташа » оқушымен жұмыс істеудің, жеке оқу- тәрбие жұмысын жүргізу мүмкіндігінің оқтығы.
2.3 Сергіту сәті, видеоролик.
2 .4 Түстер психологиясы
2. 5Insert стратегиясы
Не білемін? Не түсіндім? Не білгім келеді?
Қорытынды сұрақтар:
Баланы жекелеп оқыту қай ғасырға дейін қолданды? ( ХІІІ )
Сынып-сабақ ұғымының пайда болуына неше жылдай уақыт болды?( 350ж )
ХІІІ- ХІХ ғ өзара оқыту жүйесін қолданған кімдер? (дін қызмеркері А.Белл және мұғалім Джон Ланкастер )
Трамп жоспарын ұсынған ғалым? ( Ллойд Трамп )
Дальтон жоспарын ұсынған мұғалім? ( Елена Паркхрест )
Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрін ата? ( сабақ )

Приложенные файлы

  • docx 15577228
    Размер файла: 20 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий