гэра каз


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

№1 Ішкі аурулар кафедрасы Асқазан диспепсиясы синдромы. Гастроэзофагеальды рефлюксті ауру. Созылмалы гастриттер. Доцент Данышбаева А.Б. С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Қазіргі заманда гастроэнтерологиялық аурулардың жиілігің артуы байқалады, ал олардың ішінде әсіресе асқазан диспепсия-лық синдромы, гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы, гастриттер көп тарауда. Соңғы уақытта осы аурулардың диагности-касы мен терапиясына көп көңіл бөлінуде. Оған өңеш және асқазанның функциясының бұзылуы,нейтрофиялық және гормональды бұзылыстары, өңештің қабынулық -дегенеративті жарақаттанулары жатады. Негізгі симптомдары - қыжылдау және төс артында не эпигастральды аймақтағы ауру сезімі, сондай - ақ регургитация, т.б. Асқазандық диспепсия синдромыҚыжылдау- ол төстің төменгі жағынан сезіледі. Асқазандағы ас қалдығы өңештің төменгі бөлігіне қайта түсуінен және сол сияқты эзофагит рефлюксінің әсерінен болады.Кекіру - асқазандағы тағамның өңеш арқылы өтіп, ауызға келуі.Ауамен кекіру-асқазанда, өңеште жиналып қалған ауа ауыздан күтпеген жағдайда шығуы. Аспен кекіру-ауамен кекіргенде ауызға асқазан сұйықтығының келуі.Қышқылды кекіру-асқазан сөлінің гиепрсекрециясында және асқазанның ойық жарасында кездеседі. Ащы кекіру- он екі елі ішектен асқазанға қайта өт өткенде, асқазан сөлінің жоғары қышқылдығында және пепсиннің ащы дәміне байланысты.Шірік иіспен кекіру-асқазанның үлкеюіне, онда астың тұрып қалуына байланысты гипохлоргидрия немесе ахлоргидриямен байланысты. Жүрек айну-асқазан аймағында қиын анықталатын, ауыр қысым сезімі байқалады. Кезбе нервтің қозуымен байланысты рефлекторлы акт.Құсу - құсу орталығының қозуынан пайда болады. Құсу жағымсыз тағам қабылдағанда, вестибулярлық, көру, иіс сезу анализаторларының рецепторлары тітіркенгенде, асқазан моторикасы жоғарылағанда пайда болады. Құсық дәмі қышқыл келеді.Тәбеттің төмендеуі - негізінен тәбет гипоталамустың тәбет орталығымен байланысты. Жара ауруында тәбет төмендейді, кейде жоғарылайды. Гастроэзофагеальды рефлюкс Гастроэзофагеальды рефлюкс-асқазан затының өңешке түсуі. Қалыпты жағдайда асқазан ішіндегі заттың өңешке кері өтуіне жол бермейтін-гастроэзофаге альды сфинктер. Бұл сфинктер жұтқанда ғана ашық тұрып, басқа уақытта жабық тұрады. Осы сфинктердің гипотониясы мен оның спонтанды релаксациясы асқазан-өңештік рефлюкс тің дамуына әкеледі. Жіктелуі ГЭРА ауырлық Өңеш шырышты дәрежесі қабатының жағдайы I дәреже өңеш дистальды бөлігінің шырышты қабатының 10% ғана алатын жекелеген эрозияларII дәреже өңеш дистальды бөлігінін. шырышты кабатының 50% алатын қосарланған эрозияларIII-IV дәреже өнеш дистальды бөлігініц шырышты қабатының барлық бетіне таралған циркулярлы орналасқан қосарланған эрозиялар өңештің септикалық жаралары мен стриктуралары, өңеш шырышты қабатыныц цилиндірлі метаплазияның дамуы (Баррет синдромы)ГЭРА сатыларын бөледі: А сатысы шырышты кабығының гиперемиясьмен көрінеді, В сатысы - көрінетін дефектілердін түзілуімен (эрозиялар) және фибриннің жабылуымен көрінеді. Дәреже Эндоскопиялық көрініс 1 дәреже Жеке қиылыспайтын эрозиялар немесе өңештің төменгі бөлігінің эритемасы 2 дәреже Жанасып қиылысатын, шырышты қабаттың көп бөлігін қамтитын эрозиялар 3 дәреже Өңештің шырышты қабатының барлығын алып жатқан жайылмалы эрозиялар 4 дәреже Созылмалы өңеш жарасы, өңештің шырышты қабаттының цилиндірлік (асқазандық немесе ішектік) метаплазиясы (Баррет өңеші) Өңештің төменгі сфинктерінің гипотониясын тудыратын себептер: Өңештің төменгі сфинктерінің тонусын төмендететін дәрмектерді жиі қолдану, оның ішінде кальций антагонистері, нитраттар, миоспазмолитиктер, анальгетиктер, холинолитиктер, теофиллин т.б.Құрамында кофеині көп сусындарды ұзақ қолданғанда, шай, кофе, какао, сонымен қатар кофеин қосылған дәрілерді ұзақ қолдану;Парасимпатикалық нервтің зақымдалуы;Жүктілік (эстрогенемия мен прогестеронемияның жоғарылауы, құрсақішілік қысымның артуы) ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ НЕМЕСЕ ҚОРҒАНЫС ФАКТОРЛАР АГРЕССИВТІ ФАКТОРЛАР өңештің төменгі сфинктерінің антирефлюкстік функциясы өңешке қышқылдың, пепсиннің, өттің, панкреатикалық ферменттердің түсуімен жүретін ГЭР эзофагеальды тазару (клиренс) асқазанішілік және интраабдоминальды қысымның жоғарлауы өңештің шырышты қабатының резистенттілігі шылым шегу уақтылы асқазан затының алкоголь шығарылуы кофеин бар дәрмектер, холинолитиктер, спазмолитиктер жалбыз майлы, қуырылған, ащы тамақ тойып тамақтану жара ауруы диафрагманың жарығы АГРЕССИВТІ ЖӘНЕ ҚОРГАНЫС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ КАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ Өңештің төменгі сфинктерінің спонтанды релаксациясын тудыратын себептер: Невроздан өңеш перистальтикасының бұзылысыЖүйелі склеродермия;Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы;Метеоризм;Жара ауруы;Дуоденостаз;Тамақты қомағайланып көп және тез ішу, осы кезде тамақпен бірге ауа көп жұтылады, сөйтіп асқазан ішіндегі қысым артып, рефлюкс дамиды.Ауыр тағамдарды көптеп жеу (майлы ет, қуырылған тағамдар т.б.) олар асқазанда бөгеліп ондағы қысымды жоғарлатады. Өңеш клиренсі Негізінен өңештің кілегей қабығы асқазаннан түсетін агрессиялық ферменттерге төзімдірек келеді.Қалыпты жағдайда өңештің химиялық зақымдануына өңеш клиренсі көмектеседі. Өңеш клиренсінің механизмдері:Өңеш перистальтикасының қалыпты жүруі;Тамақты және сусынды ішу;Өңеш ішіндегі заттың өз салмағымен түсуі (вертикальды бағытта)Сілекей бездерінің қалыпты функциясы; сау адамда тәулігіне бөлінетін 1,5 л сілекеймен өңеш жуылып отырады.Өңештің кілегейастылық қабығындағы бездер функциясының қалыпты күйде сақталуы. Гастроэзофагеальды аурудың симптомдары:Қыжылдау- науқастардың 80% кездеседі. Асқазанның ферменттері өңештің кілегей қабығына әсер етуінен болады.Кекіру - өңештің төменгі сфинктерінің ауыр жеткіліксіздігінде горизонтальды бағытта жатқанда асқазан ішіндегі тағам ауызға еріксіз шығады.Одинофагия - өңештің тағам өткен кезде ауыруы. Бұл асқазанның гипермоторлы дискинезиясынан да болуы мүмкін.Дисфагия-жұтқан тамақтың өңештен өтуінің қиындауы.Ауру сезімі -эпигастральді немесе семсер тәрізді өсінді тұсындағы тамақ ішкеннен кейінгі сезім. Экстраэзофагеальды симптомдарГЭРА кезіндегі экстраэзофагеальды симптомдар тобы үш механизмге негізделген:- тікелей экстраэзофагеальды әсері;- эзофагобронхиальды рефлекс;эзофагокардиальды рефлекс;ГЭРА-ның негізгі экстраэзофагеальды симптомдарыӨкпелік синдром (бронх демікпесі; созылмалы бронхит; рецидивтеуші певмония, т.б.Оториноларингеальды синдром: ларингит, фарингит; Стоматологиялық синдром - тістер кариесі, пародонтоз, сирек жағдайларда афтозды стоматит дамуы мүмкін. Анемиялық синдром гипохромды теміртапшылықты анемия дамиды, ол өңештегі эрозиялардың салдарынан кішкене мөлшерде қан жоғалту нәтижесінде болады Кардиальды синдром – миокардит, т.б. Қарап тексеру бағдарламасыЖалпы қан, зәр, нәжіс анализі.Нәжісті жасырын қанға зерттеу (Грегерсен реакциясы) Биохим,анализдер: қанда белоктың, белок фракцияларының, аминотрансфераза, натрий, калий, кальций, хлор, глюкоза, темірді анықтау (анемия кезінде)ЭзофагофибродуоденоскопияӨңеш жэне асқазан рентгеноскопиясыІш қуысының ағзаларының УДЗЭКГКөпсағаттык рН-мониторлеу (ФГДС жэне асқазан рентгеноскопиясы кезінде ақпараттың жеткіліксіздігі) Аспаптық дәлелдемелерЭзофагодуоденоскопия ЭКГ-дан кейін жүргізілуі тиіс (әсіресе қарт адамдарда). ГЭРА -да эзофагит, кейде шырышты қабаттың эрозиясы мен өңештің пептидті жарасы анықталады.Эзофагоманометрия - арнайы баллондық зондпен өңештің қысымын өлшейді. Қалыпты жағдайда 20-65 мм. сын.бағ., өңештің төменгі сфинктер аймағында 10-30 мм. сын.бағ. ГЭРА-ға төменгі өңеш сфинктері аймағында қысымның 9 мм. сьн.бағ. дейін түсуі тән.24-сағаттық интроэзафагеальды рН-мониторлеу компьютерлік әндеумен. Бұл өте сезімтал және арнайы тест ГЭРА ны диагностикалаудың «алтын стандарты» болып есептеледі.Метилен көгін қолданып асқазанды зондтау. Стандартты қышқылды рефлюксты сынама Рентгенологиялық зерттеу Асқазан-өңештік рефлюксті анықтау үшін науқасқа тік калпына контрасттық затгы ішкізіп, барийдің өңештен асқазанға өтуін қадағалайды, содан кейін наукасты жатқызып, горизонтальды қалыпта тексереді. ГЭРА болса, асқазан ішіндегі барий өңешке кері оралады, сонымен қатар рефлюкс эзофагиттің белгілері анықталады: өнеш қуысының кеңуі, контурыпың тегіс еместігі, перистальтиканың баяулауы. Қазіргі кезде рентген әдісінің мына түрлері бар:Контрастты ренгеноскопия мен ренгенографияЕкі есе күшейтілген контрастау әдісі;Ренгенотелевидение;Рентгенокиномотография;Компьютерлік томографияЯдерлі-магнитті резонанс т.б. Жалпы ем шарасы Өңештің моторикасына теріс әсер ететін дәрілерді қолданбауға тырысу;Жататын төсектің бас жағын ең кемінде 15см биіктету;Дене салмағын жеңілдету;Жатар алдында тамақ ішпеу,тағамды соңына дейін дұрыс шайнау.Тағамдағы май мөлшерін азайту,тоя ішпеу,Темекі шекпеу;Белді қысатын тар киімдерді кимеу,белбеу тақпау;Протонды насос ингибиторларымен емдеу;Прокинетиктермен емдеу.Антирефлюкстік хирургиялық емКөбіне ГЭРА ағымы қатерлі емес болады. Аурудың асқынуы және ауыр ағымы адекватты емес терапия, оперативті ем туралы шешімді кеш қабылдағанда болады. Созылмалы гастритСозылмалы гастрит-асқазан кілегей қабығының жасушалық инфильтрациясымен, регенерациясының бұзылуымен жүретін және үнемі меңдеуінен бездік эпителийдің атрофиясына, кілегей қабықтың ішектік метаплазиясына алып келіп, асқазанның секрециялық моторикалық инкрециялық функцияларының жетіспеушілігін туғызатын, асқазан кілегей қабығының созылмалы қабыну ауруы. Этиологиясы:Хеликобактерлік инфекцияАутоиммунды факторДуоденогастральдік рефлюксЗиянды әдеттерАлиментарлы факторларСтероидтық емес қабынуға қарсы дәрілерді қолданғандағы әсеріӨзгеде ағзалардың аурулары (анемия, панкреатит, дуоденит т.б.) Патогенезі: Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазан эпителиінің регенерациялық қасиеті төмендейді, қабыну процесі дамиды, жүре келе қалыпты эпителий мен бездер жойылып, асқазанның кілегей қабығында атрофиялық және ішектік метаплазия процестері туындайды. Кілегей қабықтың атрофиясы соңында асқазан секрециясының төмендеуіне әкеледі. Жіктелуі ГАСТРИТ ЖЕДЕЛ Созылмалыгастрит Атрофиясыз Атрофиялы Ерекше түрлері аутоиммунды мультифокальды химиялық радиациялық лимфоцитарлық Инфекциялық емес гранулемалық эозинофильдік инфекциялық Этиологиясы бойынша созылмалы гастриттердің төмендегідей түрлері ажыратылады:геликобактерлік;аутоиммундық;реактивтік (рефлюкспен немесе дәрі-дәрмек қабылдаумен байланысты);ерекше түрлері (гранулематоздық, соның ішінде Крон ауруы, саркоидоз, туберкулез кезіндегі гастриттер, эозинофильдік, лимфоциттарлық гастриттер);антрум гастриті;қарын денесінің гастриті;пангастрит. Гастриттердің негізгі 3 түрін айырады: жіті гаст рит, созылмалы гастрит және ерекше түрлері.Эндоскопиялық өзгерістердің асқазандағы жайылуы (антрум, қарын денесі, пангастрит) мен сипатын (ісіну, гиперемия, экссудация, асқазанның қопсуы, эрозия, гиперплазия және т.б.) көрсетеді. Гастриттердің төмендегідей категорияларын бөлінеді:экссудативті-эритематоздық гастрит;атрофиялық гастрит;геморрагиялық гастрит;гиперпластикалық гастрит.1994 жылы морфолог-гастроэнтерологтардың бір тобы «Сидней жүйесін» түсіндіріліп, Хьюстон классификациясын қабылдады. Бұл классификацияға сәйкес созылмалы гастрит 3 түрге бөлінеді: атрофиясыз –хеликобактерлік гастрит; атрофиялық-аутоиммундық және мультифокалдық гастрит; ерекше түрлері. Клиникалық көріністері: Созылмалы гастриттің клиникалық көріністері оның түріне, фазасына, асқазан секрециясының деңгейіне байланысты.Жалпы белгілері:Эпигастрий аймағының тамақ ішкенге байланысты ауруы;Асқазандық диспепсия;Созылмалы гастриттің салдарынан жалпы күй бұзылыстарының, өзге ағзалардың екіншілік зақымдану белгілері. Объективті тексеру кезінде:Антралдық НР-гастритке тән белгілер:тілі таза немесе көмекейге қарай аздап өңезденген;пилородуоденалдық аймақтың локалды ауыру сезімі (эпигастрийдің оң жағы);қарынның төменгі шегі өз қалпын сақтайды (кіндіктен 3-4 см жоғарауру әбден қозған кезде науқас адам аздап арықтауы мүмкін.Жайылмалы НР-гастритке тән белгілері:дене салмағының төмендеуі (қосымша энтерит синдромы, ұйқы безінің сыртқы секрециясының жеткіліксіздігі);тілі қалың өңезделуі; ауыз ернеуінде "ауыздық" пайда болуы;төс шеміршегі тұсында орташа білінетін жайылмалы ауырсыну сезімі;қарынның төменгі шегі қалыптан көп төмен (кіндік тұсында немесе одан да төмен тұста анықталады);іш кебуі, пальпация кезінде тоқ ішек құрылдауы;осылармен қатар рентгенологиялық, эндоскопиялық және гистологиялық белгілер анықталады. Аспаптық зерттеу әдістері:Фиброгастродуоденоскопия - СГ диагностикасының басты әдісі. Визуальды өзгерістер гастриттің түріне тәуелді.Атрофиясыз гастритте антропилоробульбиттің көрінісі анықталады: алалы қызару, ісінуі, атрофиялануы: кілегей қабықтың қанағыштығы,төмпек эрозиялар. Аутоиммунды гастритте асқазан түбінің, денесінің диффузды атрофиясы анықталады.Асқазанның рентгеноскопиясы-асқазан рагына күдіктенгенде қолданылады.Асқазанның гастринмен немесе пентагастринмен (6мг/кг дозада) стимуляцияланған секрециясын зерттеу.Хеликобактерлік инфекцияны анықтау:Уреазалық экспресс тестГистологиялық-диагнозды анықтауСебіндісін зерттеу-антибиотикке сезімталдықты анықтауСерологиялық-скрининг және диагностикаТыныстық уреазалық тест-эрадикацияны анықтауПолимеразалық тізбектік реакция-диагнозды анықтау НР-инфекциясын анықтау тәсілеріЦитология – гастроскопия кезінде қарынның антрум бөлімінен алынған созылмалы қабыну биоптатынан жағынды дақтардың цитологиялық құрамын зерттеу арқылы жүзеге асырылады.Уреаза сынағы – аталмыш ферменттің қарын зәрнәсілін аммиак пен көмір қышқылына ыдыратып, аммиак қоршаған ортаның сілтілігін көтеретініне негізделген. Сілтіліктің жоғарылауы индикаторлар түсінің өзгеруі арқылы анықталады. С-уреазалық тыныс сынағы – адамға С13изотопымен қосылған зәрнәсілін ішкізген соң тыныс алу кезінде ауамен бөлініп шығатын С13 мөлшерін масс-спектрометр көмегімен есептеу арқылы хеликобактериялармен зарарлану деңгейі анықталады. ГЕЛИК-тест тәсілі – ИТ-NН3 индикаторлық түтікше көмегімен Helicobacter pylori микроорганизмін анықтау Микробиология тәсілі – асқазанның алынған биоптаттардан арнайы қан қосылған қоректік орталарға егу жүргізіліп, өсіп шыққан дақылдарға идентификация жүргізіледі.Гистология тәсілі – гистологиялық зерттеуге биоптат асқазанның ең қатты қабынған жерінен алынады. Биоптаттардан өте жұқа тілінділер дайындалып, Романовский –Гимза әдісімен немесе гемотоксилин және эозинмен бояп зерттейді.Иммунология тәсілі – инфекция организмге түскен уақыттан 3-4 апта өткен соң қан мен сілекейде НР-ге қарсы пайда болатын антиденелерді (қаннан Ig G, Ig A, Ig M, сілекей мен асқазан сөлінен Ig A, Ig M) ИФА әдісін қолданып анықтау арқылы жүргізіледі.Асқазанның секреторлық функциясын зерттеу:Қанның рН-метриясы әдісімен;асқазан сөлін жіңішке зонд көмегімен базалдық және қоздырғыш пайдалану Емі Диета сақтауЭтиологиялық емСекрециялық бұзылыстарды реттеуАсқазанның моторлық функциясын қалпына келтіруАсқазан кілегей қабатының регенерациялық қасиетін жақсарту Этиологиялық ем тек хеликобактерлік гастритте ғана жүргізіледі. Эрадикациялық терапия - асқазанның шырышты қабатындағы Helicobacter pylori-ді толық жоюға бағытталған, ойық жараның жазылуына жағдай жасау мақсатында тағайындалатын стандартты емдік режим. Эрадикацияға қолданылатын дәрмектер санаулы: висмут қосындылары, метронидазол немесе тинидазол, амоксициллин немесе кларитромицин және тетрациклин.Эрадикациялық емнің жобалары:Үш компонентті ем: Ем курсы: 1-2 апта1-схемаВисмут дәрмек (де- нол немесе висмут субсалицилаты 120 мг 3 рет тамақ алдында 30 мин.) және 4 ші рет ұйқы алдында, кешкі тамақтан 2 сағаттан кейін.Тетрациклин 250-500 мг тәул. 4 рет тамақтан кейнДенол 1 табл. 4 ретАмоксициллин 500мг 2ретКлион 250мг 4 рет3-схема 4-схемаБисмофальк 1 таб. 4рет Бисмофальк 1таб.4 ретКлацид 500мг 2 рет клацид 500мг 2 ретКлион 500мг 2 рет Фуразолидон 100мг 4 ретБұл емдегі эрадикацияның тиімділігі 98% Емдәммен емдеу. Аурудың қозуы кезеңінде құрамынан күшті тітіркендіргіш заттар аласталған №1а емдәм тағайындалады. Бұл заттар қатарына тұздалған, маринадталған, қақталған, ысталған, қуырылған тағамдар, қою сорпалар, ащы татымдық заттар мен организмге жағымы нашар тағамдар жатады. Қабыну процессі азайған сайын асқазанның сөл бездерінің қызметін жандандыратын шараларды біртіндеп кеңейтіп, құрамында химиялық қоздырғыштары мол №2 емдәм пайдаланылады.Асқазанның қабыну процессінің қозуын басу үшін мыңжапырақ (тысячелистник), түймедағы гүлінің (ромашка), бақа жапырақ (подорожник) тұндырмаларын 3-4 апта бойы пайдалануға болады. Асқазанын қорғау үшін 1 грамман күніне 3 рет вентерь ішуге болады. Асқазан ауруы және айтарлықтай диспепсия көріністері (секреторлық жетімсіздікке байланысты) кезінде метоклопрамид немесе сульпирид (эглонил), но-шпа немесе галидор егіп немесе ішкізіп емдеуге болады. Асқазан сөл бөлуінің бұзылуларын реттеу:Асқазан сөл бөлуін жандандыру үшін лимон, гистаглобулин, пентагастрин, прозерин, цитохром С, поливитаминдер комплексі, кальций глюконаты сияқты дәрі-дәрмектер қолданылады;САГ-тің қозуы кезеңінде тіпті асқазан секрециясының аса жетімсіздігі жағдайының өзінде оның орнын толтыру емі (заместит. терапия) тағайындалмайды. Мұндай емді тек асқазандағы қабыну процестері басыла бастаған кезеңде, пепсин, ацидин-пепсин, абомин, панзинорм сияқты препараттар беріп жүргізуге болады.Ішек ас қорытуының бұзылыстарын реттеу. Айтарлықтай сөл болу жеткіліксіздігімен қатар жүретін созылмалы А типті аутоиммундық гастрит кезінде ұйқы безінің сыртқы сөл бөлу функциясы төмендеп, ішек асқорытуы бұзылады. Оларды реттеу үшін полиферменттік препараттар тағайындалады. САГ-пен науқас адамдарда гастроинтестинопанкреас синдромы айтарлықтай дәрежеде дамыған кезде ішек дисбактериозы орын алады. Оны ретке келтіру үшін 7-10 күн бойы патогенді флораның өсуін тежеу мақсатымен эубиотиктер тағайындалады. Ол үшін ұзақ уақыт бойы (1-2 айға дейін) бактериалдық препараттармен ем жүргізіледі. Зат алмасу бұзылыстарын реттеу үшін анаболиктер, аминқышқылдар препараттары, тұздар ертінділері тамырдан егіледі. Темір жеткіліксізідігіне байланысты анемия кезінде құрамында темірі бар конферон, ферроплекс, тардиферон қолданылады.Қарын мен ұлтабардың моторикасының бұзылыстарын реттеу үшін церукал, но-шпа, папаверин, ал дуоденогастралдық рефлюкстен құтылу үшін мотилиум, церукал, координакс, урсофальк препараттары пайдаланылады.Асқазандағы репарация және регенерация процестерін жандандыру үшін ретаболил, рибоксин, бақа жапырағы шырсөлі (сок подорожника), плантаглюцид, бефунгин, карнитин, шырғанақ майы қолданылады Фитотерапия жүргізу үшін бақа жапырағы (подорожник), жусан (полынь), шайқурай (звреобой), мың жапырақ (емдік өсімдіктер қолданады.Физиотерапия емшараларынан гипербарооксигенотерапия, қарын тұсын гальванизациялау, Бернар токтары, синусоидалды модельденген токтар (амплипульс), балауызды ем және озокерит, индуктотерапия, эпигастрий тұсына кальций хлоридімен электрофорез жүргізу емі. Минералды сулармен емдеу үшін тамақ ішуден 15-20 минут бұрын жылы күйінде 3-4 апта бойы жарты немесе ширек стаканнан № 4 және №17 Ессентуки, Нарзан, Славяновская, Миргородская, Арзин, Сары ағаш суларын пайдалану абзал.Санаторий және курорт жағдайларында емдеу Друскиникай, Ессентуки, Ижевск минералды сулары, Карачи, Кемери, Моршин, Нальчик, Старая Русса, Юрмала және т.б. жерлерде аурулардың ремиссиясы кезеңінде жүргізіледі.Диспансерлік бақылау. САГ (Атипі) қатерлі ісік алды аурулар қатарына жатады, сондықтан бұл науқастар диспансерлік бақылауға алынып жылына 2 рет тексеруден өткізіліп тұрады: қаны мен зәрін тексеру, қарынның сөл бөлу қабілетін гистамин көмегімен тексеру, нәжістен іш құрттарының жұмыртқалары мен жасырын қан ізін іздеу, стоматолог пен онкологтың кеңесі, биопсиясымен қоса жүргізілетін эндоскопиялық зерттеу (биоптат қарынның антрум, дене тұсынан және асқазанның ең күшті өзгеріске шалдыққан жерінен алынады). РАХМЕТ

Приложенные файлы

  • ppt 15562956
    Размер файла: 496 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий