Өмірбаян жəне оның түрлері


Өмірбаян жəне оның түрлеріӨмірбаян – жеке адамның өмір жолы мен қызметі хронологиялық тəртіппен туған күнінен бастап, бүгінге дейін жазылатын анықтама-ақпараттық іс қағазының бір түрі. Тəжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады:
Біріншісінде адам өзінің өмірі мен қызметі туралы баяндайды. Бұл көбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағаздарына қоса тігу үшін жазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, айын, туған жерін толық көрсетеді. Одан кейін өзінің өмірі мен қызметі туралы деректерді ретімен жазады.Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми іс қағаздары стилімен жазылады да, көлемі жағынан шағын болады.
Өмірбаянның екінші түрі – мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың,өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы.Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын əдеби тілмен, шебер жазылғандығымен оқырманды қызықтырады жəне ол оқырманды жеке адам өмірімен ғана емес, қоғамның дамуымен де таныстырады.Өмірбаянның бұл түрінде жазушының көзқарасы, дүниетанымы көркем сөзбен жан-жақты баяндалады. Яғни ойды, сезімді, оқиғаны көркем сөз арқылы əсерлі жеткізіп, оқушының сана-сезіміне, көңіл-күйіне əсер ету принципі негізге алынады.
Мұндай шығармалардың қай тілде болмасын өте көп жəне қара сөзбен де, өлең сөзбен де жазылатын түрлері кездеседі. Мысалы, Қ.Байсейітовтың « Құштар көңіл» (1977),
Ш. Жиенқұлованың «Өмірім менің – өнерім» (1983),Д. Қонаевтың «Өтті дəурен осылай» атты кітаптары өмірбаянның__осы түріне жатады.
Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердің өмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқа біреулердің тарапынан баяндалады. Мысалы, ұлы жазушылар мен ақындар – А.Құнанбаев, Ш. Уəлиханов, А.С. Пушкиннің өмірлері туралы шығармалар осындай өмірбаян түріне жатады.Атап айтсақ, С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз», М. Əуезовтың «Абай жолы» шығармалары. Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың əр түрлі жанрларында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.
Бұл өмірбаян алдыңғы екеуінен өзгеше, қоғамдық талапқа сай публицистикалық тілмен жазылады. Мұндағы мақсат – мəліметті қоғамның жалпы мəдениеті, экономикасы мен əлеуметтік жағдайына сəйкестендіре беру.Сондықтан, өмірбаянда субъектінің суырыпсалма ақын болғандығы немесе жетім қалғандығы сол кездегі қоғамдық ортаға қатысты баяндалады.Əдеби-публицистикалық өмірбаянның көлемі əр түрлі болып келеді. Мысалы, С. Мұқановтың «Өмір мектебі», Б. Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа», С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешуі» сияқты көлемді,өмірбаяндық шығармалары да кездеседі.Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі –өмірбаян. Ол əркімнің өз қолымен жүйелі түрде бірінші жақта, жекеше формадабаяндалады.
Өмірбаянның құрылымы төмендегідейболып келеді:
1. Құжаттың аты;
2. Өмірбаянын жазушы адамның азаматтық жағдайы туралымəлімет;
3. Білімі, оқыған оқу орны;
4. Кəсіби тəжірибесі жəне кəсіби біліктілігі;
5. Қоғамдық-саяси қызметі;
6. Қосымша мəліметтер;
7. Отбасы жағдайы туралы;
8. Мекен-жайы, аты-жөні, қолы, қай күні жазғандығы, айы, жылы.
Өмірбаянның грамматикалық ерекшеліктеріӨмірбаянда жазылатын құжаттағы барлық мəлімет I жақ жекеше түрде баяндалады, оның жіктік жалғауы: -м. Етістіктің жедел өткен шақ формасы қолданылады, оны жасайтын жұрнақтар: -ды, -ді, -ты, -ті. Мысалы:дүниеге кел+ді+м, оқы+ды+м, бітір+ді+м, қызмет ет+ті+м, т.б.Өмірбаян иесінің əке-шешесіне, жолдасына, балаларына, туғантуысқандарына қатысты мəлімет III жақта баяндалады. Мысалы: ту+ған,бітір+ген, оқы+ған, т.б. Өмірбаян иесінің дəл қазіргі кездегі өмірін, білімін, қызметін баяндайтын мəліметтер етістіктің осы шақ формасы арқылы I жақта беріледі.Мысалы: оқы+п жүр+мін, істе+п жүр+мін, атқар+ып отыр+мын, т.б.
13-апта. 25-сабақ

Приложенные файлы

  • docx 15556387
    Размер файла: 17 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий