Емдік өсімдіктер


Жазғы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№5 «Айгөлек» ересектер тобы
Күні:
Білім беру саласы:Таным
Бөлімдері:Экология
Тақырыбы: «Емдік өсімдіктер». Қазақстан қызыл кітабының өсімдіктері.
Мақсаты: Емдік шөптердің шипалы қасиеттері жайлы, балалардың түсініктерін кеңейтіп, оларды тани білуге, әрқайсысын дұрыс атауға және қалай пайдалану жолдарын үйрету, дұрыс жинау, сақтау ережелерін білуге дағдыландыру. Тақпақтар, тыйым сөздер айтқыза отырып, тілдерін дамыту.
Балаларды қоршаған ортаны,өсімдіктерді қорғай, аялай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: емдік шөптердің гербарийі (кеппе шөптер), кеспе суреттер (түймедақ гүлі), шөптің тұнбасымен қайнатпасы.
Қолданылатын әдіс-тәсілдері: сұрау, түсіндіру, әңгімелеу, дәмін татып көру.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
Қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Қуан шаттан, алақай!
Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң қонақтар! Қайырлы таң достар! Балалар қайталап айтады.
Ұйымдастыру-
ізденушілік Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.Алтын тамыр.Сабағы тік өсетін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Алтын тамырдың құрамындағы экстракт ағзаның дене жұмысына шыдамдылығын арттырады, жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартады, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етеді, қан қысымын реттейді.
Адыраспан. Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған.
Арпа. Бір жылдық шөп тектес дақыл. Халық медицинасында бойға қуат беретін арпа дәнінің қайнатпасы асқазан мен ішек ауруларын, денедегі бөртпелерді жазып, бүйректегі тасты түсіріп, қуықтың қабынуына ем.Женьшень. Ол тіршілік тамыры саналады. Аралия тұқымдасы панак туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 сантиметрдей, тамыры жуан, бұтақталған, сыртқы қабығы ақ, қатты. Өте баяу өсіп, 10-11 жылдан кейін жеміс береді. Марал шөп тамыры. Бұғылар күз, көктемде бұл өсімдіктің тамырын тұяғымен қазып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен. Тамыры қысқа, ірілеу, шашақталған, гүлдері – көк, көкшіл түсті, шар тәрізді тостағанша құрып, сабақтың ұш жағында жеке-жеке орналасқан.
Итмұрын. Жемісінің құрамында илік заттар, С, К, Р, Е, В тобындағы дәрумендер, каротин, қант, лимон, алма қышқылдары, аздаған мөл-шерде белок, май, гликозидтер бар. Итмұрын жемісі, тұнбасы малға да, адамға да өте пайдалы.Орман бүлдіргені. Биіктігі 5-25 сантиметр, көп жылдық шөп тектес. Жемісі шілде, тамызда піседі. Жемісі - дәрумендердің бай қоры.Асқазан – ішек жұмысын жақсартады, адамның тағамға деген тәбетін арттырады, ас қорыту органдарының қабынуын басады, бауыр, бүйрек ауруларына ем.Өгей шөп. Биіктігі 15-20 см, күрделі гүлділер тұқымдас, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Жапырағының астыңғы беті жұмсақ, жылы, үстіңгі беті қатты және суық болғандықтан, халық оны өгей шөп деп атаған. Долана. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады, бұта не ағаш. Қазақстанда 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және
Сергіту сәті: Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған,
Сабақтары салалы,
Желмен бірге жайқалған.
Жетісу (Жоңғар) Алатауында өседі. Жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, дәруменге бай. Долананың 50 түрі қолдан өсіріледі, ол – дәрілік құнды шикізат. Жемісінің құрамында аскорбин, лимон қышқылдары, флавоноидтар, каротин, гиперозид, қант бар.Сүйел шөп(чистотел). Көкнәр тұқымдасына жатады. Халық емшілері сүйелшөп және сүттіген шырынымен бауыр, өт ауруларын, сары ауруды емдеген.Шай шөп(зверобой). Халық оны шөп шай, сары мысық-табан алтын түсті күн сәулелі шай шөп, құрғақ гүл деп атайды. Оны медицинада өт айдайтын дәрі ретінде қолданады, бұл өсімдіктен аренарин деп аталатын антибиотик алынады.Аскөк(Укроп). Одан жасалынған дәрі-дәрмектер медицинада қан қысымын төмендетуге, қан тамырларын кеңейтуге, несеп, өт жүргізу, қақырық түсіру үшін қолданылады.Жалбыз. Ерін гүлділер тұқымдасы, хош иісті, көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдік. Жалбыздың жапырағында ментол бар. Бұл өсімдіктен жасалатын дәрілер жүрек, өт жолдарын емдеуге шипалы. Жаңа сабақпен танысады.
Балалар ойынды ойнайды.

Балалар Дәрігер Салауаттың кеңестерімен танысады.
Сергіту жаттығулары.
Рефлексивті-
түзетушілік ҚорытындыӨз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысып, және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтау керек.Жиі кездесетін улы өсімдіктер Біздің жеріміздегі өсімдіктердің қай-қайсы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі-дәрмек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік, тәжірибелік қажет. Негізінен, біздің даламызда жиі кездесетін улы өсімдіктер мыналар:1.Итсигек. 2.Көкнәр. 3.Сүттіген. 4. У қорғасын. 5.Шытыр. 6.Көкек. 7.Қызғалдақ. 8.Есекмия. 9.Қара пышақ, күшәла. 10.Үшкір азинеума. 11.Шашақ жемісті гелиотроп. 12.Батпақ қалтагүл шөбі. 13. Түйе шырмауық, түйетабан. 14.Жатаған темір тікен. 15.Мүйізді шөңгебас. 16.Дала қылшасы. 17. Дала қырық буыны. 18.Тегеурінгүл. 19.У балдырған. 20.Сасық меңдуана, т.б.Қазақстанда дәрілік өсімдік¬термен емдеу ісіне медицина тарапынан күні бүгінге дейін өз бағасы берілген жоқ. Балалар қорытынды жасайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу: Балаларға емдік өсімдіктер туралы мәлімет беру.
Игеру:Өсімдіктерді және жануарларды қорғау.
Менгерді:Азайып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларға қамқор көрсету.

Приложенные файлы

  • docx 15553365
    Размер файла: 19 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий