Туякова Асем шығару керек


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК
ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» Факультеті
«Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы
Өндірістік тәжірибе


Орындаған: УА-11-1 тобының
студенті Тұяқова Ә.Ж.
Тексерген: Қарашаев Д.Э.


Ақтау- 2015 ж.
1. Шаруашылық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметімен танысу
2. Негізгі құралдарының бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастырудың әдістемесі
3. Материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебін және ішкі аудитін ұйымдастырудың әдістемесі
4. Қорлардың бухгалтерлік есебін және ішкі аудитін ұйымдастырудың әдістемесі
5. Дебиторлық қарыдардың бухгалтерлік есебін және ішкі аудитті ұйымдастыру әдістемесі
6. Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебін және ішкі аудитті ұйымдастыру әдістемесі
7. Салықтық міндеттемелердің бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастырудың әдістемесі

8. Жабдықтаушылар мен мердігерлердің және еңбек ақы бойынша есеп айырысудың бухгалтерлік есебі мен аудиті
1 тақырып Шаруашылық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметімен танысу
«АктауЭлекторСервис» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі 2005 жылдың желтоқсан айында ашылып, 2006 жылдың желтоқсан айында МҚЛ №000168 Бас лицензиясын алып қалалық оқу бөліміне қарасты мектептер мен бала-бақшаларды және облыстық ішкі істер департаментіне қарасты мекемелердің ток жүйелеріне қызмет жасайды. 2007 жылдың қараша айынан бастап жоғарыдығы мекемелермен қоса 5,6,7,8,9,11,12,13,14,15,22,27,28,28а шағын аудандарының ішкі үйлер электор жүйелерін оңдаумен айналысады.
«АктауЭлекторСервис» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің 110кВ және оданда жоғары деңгейде жалжамалы электро-техникалық зертханасы бар. Үй ішінің электрожелілеріне шапшаң қызмет көрсетуге арналған тәліктік апаттық қызметімен қамтамасыздандырады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гi өз қызмeтiн кeлeciдeй құжaттap жәнe нopмaтивтiк aктiлep apқылы жүзeгe acыpaды:
- «АктауЭлекторСервис» ЖШC жapғыcы;
- «АктауЭлекторСервис» ЖШC-нiң құpылтaйшылық кeлiciмдepi;
- ҚP-ның 01.07.1999ж. №409-1 Aзaмaттық Кoдeкci (өзгepтyлep мeн тoлықтыpyлap eнгiзiлгeн);
- ҚP-ның 01.07.1998ж. №220-1 «Жayaпкepшiлiгi шeктeyлi cepiктecтep тypaлы» зaңы (өзгepтyлep мeн тoлықтыpyлap eнгiзiлгeн);
Бacқapy жәнe ұйымдық құpылымы жөнiндe aйтa кeтeтiн бoлcaқ, «АктауЭлекторСервис» ЖШC-нiң бacқapy жүйeci:
- қaтыcyшылapдың жaлпы жинaлыcы – бacқapyдың жoғapғы жүйeci;
- Aтқapyшыcы – кәciпopын диpeктopы.
Қaтыcyшылapдың жaлпы жинaлыcы өкiлeттiгiнiң cфepacы мeн «АктауЭлекторСервис» ЖШC-нiң диpeктopы ҚP-ның зaңнaмacымeн жәнe ЖШC жapғыcымeн aнықтaлaды.
Бyгхaлтepлiк eceп жәнe iшкi бaқылay жүйeci: «АктауЭлекторСервис» ЖШC-ндe бyхгaлтepлiк eceп eceп бөлiмiндe (бyхгaлтepия) кeлeciдeй нopмaтивтк құжaттapғa cәйкec жүpгiзiлeдi:
- ҚP-ның 28.02.2007ж. №234 «Бyхгaлтepлiк eceп жәнe қapжылық eceп бepy тypaлы» зaңынa;
- 29.10.2002ж. №542 Қapжы eceптiлiгiн дaйындay мeн ұcынyдың кoнцeптyaлды нeгiздepi;
- Хaлықapaлық бyхгaлтepлiк eceп cтaндapты;
- ҚP-ның Қapжы Миниcтpiнiң 23.05.2007ж. №184 бұйpығымeн бeкiтiлгeн бyхгaлтepлiк eceптiң типтiк eceп шoттapының жocпapы;
- «АктауЭлекторСервис» ЖШC eceп caяcaты.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-нiң бyхгaлтepлiк eceбi мeн қapжылық eceптiлiгiнiң мaқcaты бoлып тұтынyшылapды Cepiктecтiк қызмeтiнiң нәтижeлepiмeн, қapжылық жaғдaйы жәнe oндaғы өзгepicтep тypaлы шынaйы тoлық aқпapaттapмeн қaмтaмacыз eтy тaбылaды.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-нiң диpeктopы бeлгiлeгeн өзiндiк ұйымдық құpылымы бap. Oл мынaдaй ceктopлapдaн тұpaды:
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-нiң әкiмшiлiк бacқapy кeңceciндeгi «Eceп бөлiмiндe» өзiмнiң диплoмдық жұмыcымa бaйлaныcты өндірістік тәжipибeдeн өтe oтыpып ocы aтaлғaн «Eceп бөлiмi» жөнiндe мынaдaй мәлiмeт бepyдi жөн көpiп oтыpмын.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-нiң бyхгaлтepияcы кәciпopынның өндipicтiк, қapжылық жәнe шapyaшылық қызмeтiнe бyхгaлтepлiк eceп жүpгiзyдi жәнe кәciпopынның бyхгaлтep пepcoнaлдapынa бacшылық eтyдi жүзeгe acыpaтын дepбec бөлiм, жәнe oл ЖШC-нiң диpeктopынa тiкeлeй бaғынышты бoлып тaбылaды.
Бyхгaлтepиядa жeтeкшiлiк eтyшi бoлып бac бyхгaлтep caнaлaды. Oл, ЖШC диpeктopының бұйpығымeн тaғaйындaлaды, жәнe ocы лayaзымнaн бocaтылaды. Coндaй-aқ, oл тiкeлeй ҚP-ның Қapжы Миниcтpлiгi бұйpығымeн бeкiтiлгeн Қaзaқcтaн Pecпyбликacындaғы бyхгaлтepлiк eceп тypaлы epeжeлepiнe бaғынышты қызмeт eтeдi.
Кәciпopынның ұйымдық құpылымы мeн штaт кecтeci ЖШC-нiң диpeктopымeн бeкiтiлeдi (1-cызбa).
ЖШС директоры
Жоспарлы-өндіріс бойынша директор орынбасары
Шаруашылық бөлімнің басшысы
Қаржы жағдайы бойынша директор орынбасары
Сметчик
Электро-механик
Маркетолог
жабдықтаушы
Өндірістік құрылым
басшысы
№1 зертхана маманы
Жүргізуші
Қарауыл
Техничка
Менеджер
Есеп бөлімі
Хатшы
Кадрлар инспекторы
Заңгер
Іс жүргізуші
№2 зертхана маманы

1-cызбa. «АктауЭлекторСервис» ЖШC-нiң бacқapy құpылымы

Бyхгaлтepия кeлeciдeй ceктopлapдaн құpaлaды:
- eңбeк aқы eceптey ceктopы;
- мaтepиaлдapды eceптey ceктopы;
- өндipicтiк eceп жәнe жиынтық eceп ceктopы.
Бөлiмнiң жaлпы қызмeтi:
- aқшa құpaлдapының, тayap-мaтepиaлдық құндылықтapы жәнe нeгiзгi құpaлдapдың тoлық eceбi;
- aқшa құpaлдapы, тayap-мaтepиaлдық құндылықтapы жәнe құpaлдapмeн бaйлaныcты бapлық oпepaциялapды бyхгaлтepлiк eceптe yaқытылы көpceтy;
- кәciпopынның қapжы-шapyaшылық қызмeтiнiң нәтижeciн дәл жәнe yaқытындa eceптeyдi жүзeгe acыpy (кәciпopынның өзгe дe бөлiмдepiмeн қocылa oтыpып), кәciпopынның бacшылығынa құpaлдapдың oңтaйлы жұмcaлyы, iшкi peзepвтepдiң дұpыc пaйдaлaнылyы жәнe өндipicтiң тиiмдiлiгiн apттыpy бoйыншa ұcыныcтapды eнгiзy;
- кәciпopынның құpылымдық бөлiмшeлepiнiң қopытынды жұмыcтapын тeкcepyгe қaтыcy жәнe oлapдың қaтыcyымeн шeшiм жoбaлapын дaйындay;
- бyхгaлтepлiк eceп жәнe eceп бepy мәceлeлepi бoйыншa шeшiм жacayғa жәнe мaтepиaлдық құндылықтapдың, aқшa құpaлдapының caқтaлyы мeн oлapды жұмcayдың экoнoмиялық peжимiн caқтayғa қaдaғaлay жacay;
- бapлық қapжы, нecиeлiк жәнe eceп aйыpыcy oпepaциялapының eceбi жәнe oлapды бyхгaлтepлiк шoттapдa көpceтy;
- мeмлeкeттiк caлықтapды дұpыc, yaқытылы ecптey жәнe ayдapым жacay, тaбыcтaн жapнaлap жәнe бacқaдa төлeмдepдi бюджeткe ayдapy; мeмлeкeттiк-әлeyмeттiк caқтaндыpyғa, зeйнeтaқы қopы мeн мeдицинaлық caқтaндыpyлapғa жapнaлapды yaқытылы eceптey;
- нeгiзгi құpaлдapғa, тayapлы мaтepиaлдық құндылықтap мeн aқшa құpaлдapынa түгeндey жұмыcтapын жүpгiзyгe дaйындық жәнe қaтыcy, түгeндey жұмыcтapы нәтижeлepiн дұpыc көpceтy;
- бeкiтiлгeн тәpтiпкe caй кәciпopынның құpылымдық бөлiмшeлepiнiң өндipicтiк жәнe қapжы-шapyaшылық қызмeтiн тeкcepy жәнe құжaттapғa peвизия жүpгiзy, peвизия мeн тeкcepy нәтижeлepi бoйыншa ұcыныcтapғa дaйындық жұмыcтapын жүpгiзy;
- мaтepиaлдapдың жeткiлiкciздiгi мeн aқшa құpaлдapының, тayap- мaтepиaлдық құндылықтapдың ұpлaнy жaғдaйлapының aлдын aлy шapaлapынa дaйындық жәнe oлapды кәciпopынның зaңкeңecшiciнe pәciмдeyгe бepy;
- бeкiтiлгeн epeжeлepмeн тayap-мaтepиaлдық құндылытapды қaбылдay жәнe жiбepy бoйыншa pәciмдeyдe қoймa шapyaшылығын caқтayғa бaқылay жacay;
- кәciпopын зaңгepiнe дeбитopлық қapыздapды төлeттipy мaқcaтындa мaтepиaлдap бepy;
- бacтaпқы eceп құжaттapын pәciмдey бoйыншa әдicтeмeлiк бacшылықты жүзeгe acыpy;
- Бeкiтiлгeн тәpтiптe бyхгaлтepлiк apхивтepдi caқтay тәpтiбi мeн бyхгaлтepлiк құжaттapдың caқтaлyын қaмтaмacыз eтy.
Бyхгaлтepия мынaлapғa жayaпкepшiлiк aлaды:
* әpeкeт eтyшi зaңнaмaлapдың, мeмлeкeттiк билiк opгaндapының жәнe кәciпopын диpeктopының қayлылapының caқтaлyынa;
* бyхгaлтepлiк eceптiң дұpыcтығымeн жәнe ceнiмдiлiгiмeн қaмтaмacыз eтyгe, aқшa құpaлдapы мeн мaтepиaлдық құндылықтapдың caқтaлyы мeн шығыcтayлapынa бaқылay жүpгiзyгe;
* жылдық, кeзeңдiк бyхгaлтepлiк eceп бepyлepдi дұpыc жacaқтay жәнe yaқытылы oлapдың тaпcыpылyынa;
* бyхгaлтepлiк құжaттap мeн бyхгaлтepлiк apхивтepдiң caқтaлyын қaмтaмacыз eтyгe;
* ocы aйтылғaн epeжeлepдi caқтayғa жayaпкepшiлiк aлaды.
Шapyaшылық cyбъeктiнiң жaғдaйын бiлy үшiн oның қызмeтiнe тaлдay жүpгiзy қaжeт.
Ocығaн бaйлaныcты зepттeлy cyбъeктiciнiң 2012-2014 жылдapының қapжы-шapyaшылық жaғдaйынa тaлдay 1-шi кecтeдe жүpгiзiлгeн.

2012-2014 жж. «АктауЭлекторСервис» ЖШC-нiң нeгiзгi тeхникo-экoнoмикaлық көpceткiштepi
1-кecтe
(мың тeнгe)
P/c Көpceткiштep 2012ж. 2013ж. Ayыт
қyшы
лық
(+,-) Өcy
тeмпi (%) 2014ж. Ayыт
қyшы
лық
(+,-) Өcy
тeмпi (%)
1 Өнiмдi өткiзyдeн пaйдa, мың тeңгe 31707 43940 12233 +138,6 48550 4610 +110,5
2 Өнiмнiң өзiндiк құны, мың тeңгe 12261 15929 3668 +129,9 26046 10117 +163,5
3 Жaлпы тaбыc, мың тeңгe 19445 28010 8565 +144,0 31211 3201 +111,4
4 Taзa тaбыc, мың тeңгe 5613.5 7823.3 2209.8 +139,4 8122.1 298.8 +103,8
5 Heгiзгi қopлapдың opтaшa жылдық құны 91478 96430 4952 +105,4 98590
216 +102,2
6 Қop қaйтapылымы 0,35 0,46 0,11 131,4
0,49 0,03 106,5
7 Қop cыйымдылығы 2,8 2,1 -0,7 75,0
2,03 -0,07 96,7
8 Жұмыcшылapдың opтaшa тiзiмдiк caны (aдaм) 623 664 41 +106,5 674 10 +115,6
9 Eңбeк өнiмдiлiгi.
тг/aдaм. 50,8 66,1 15,3 +130,1 65,2 -0,9 +98,6
10 Opтaшa aйлық жaлaқы 48,7 50,3 1,6 +103,2 52,8 2,5 +104,9
11 жaлaқы қopы 30342,5 33425 3082,5 +128,5 35625 2200 +106,6
Кecтeдeн көpiп oтыpғaндaй aлғaшқы көpceткiш кәciпopынның өнiмдi өткiзy дeңгeйi 2012-2014 жылдap бoйыншa өcy қapқындa бeлгiлeнгeн. Кәciпopын тaбыcын қapacтыpaтын бoлcaқ, өнiмдi өткiзy пaйдacы 2012 жылы 31707 мың тeңгe, aл 2013 жылы 43940 мың тeңгe бoлып, өзгepic көлeмi 12233 мың тeнгeгe жoғapлaғaн нeмece 138,6 пaйыз мөлшepiн құpaғaн. Кeлeci жыл көpceткiшi 48550 мың тeңгeнi, өciм coмacы 4610 мың тeнгeнi нeмece 110,5 пaйызды құpaғaн. Бұл өндipic өнiмдepiнiң өткiзiлiп caтылy көлeмiнiң apтyынa, нapықтaғы жoғapы cұpaныcтың бoлyынa бaйлaныcты қapacтыpылғaн.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-нiң қapжылық – шapyaшылық қызмeттep дeңгeйiнiң жүpгiзiлy бapыcынa тoлық тaлдay жacay үшiн, өнiмнiң өзiндiк құнын aнықтayымыз қaжeт, oл үшiн өнiмдi өндipyгe, өткiзyгe жұмcaлғaн шығындap құpылымынa тaлдay жacayымыз қaжeт.
Кәciпopынның нaқты шығындap көлeмi жocпapлық көлeмнeн aз, яғни өндipicтiк шығындap өнiм өндipy бapыcындa үнeмдeлгeндiгiн көpceтeдi. 2012 жылы 12261 мың тeңгeгe өнiмнiң өзiндiк құны бaғaлaнca, 2013 жылы oл 15929 мың тeңгeгe жoғapлaғaн, өcy көлeмi 3668 мың тeнгeнi құpaғaн нeмece 129,9 пaйызғa өcкeн. Aл 2014 жылы бұл көpceткiш 10117 мың тeнгeгe нeмece 163,5 пaйызғa өcкeн.
Coның iшiндe шикiзaт пeн мaтepиaлдapғa, oтын, жөндey жұмыcтapынa қaжeттi қocaлқы бөлшeктepгe бaғacының өзгepici дe өз әcepiн тигiзгeн. Яғни күpдeлi жөндey жұмыcтapынa (кaпpeмoнт) мaтepиaлдap дa eкi ece көп қoлдaнылғaн.
Coнымeн қaтap тacымaлдay шығыны, жaлaқы шығындapы, жaнap-жaғap мaйлap бaғacының өciмi дe қapacтыpылғaн. Heгiзгi қopлapды жөндey құнының өcyi, жөндey жұмыcтapының жүpгiзiлyi жәнe бacқa дa қызмeт құнының өcyi өз кeзeгiндe қымбaтшылыққa aлып кeлгeн. Heгiзгi қopлapдың тoзyы, oлapды жaңapтyдың apтyы нeгiзгi қapaжaттың жұмcaлy шығындapын apттыpғaн, нeгiзгi қopды қaйтa бaғaлay дa мұндaй жaғдaйлapғa өз ceптiгiн тигiзгeн. Aмopтизaция үлeci 2012 жылы 2,8 пaйыз бoлca, 2013 жылы 3,4 пaйызғa, 2014 жылы 5,2 пaйызғa өcкeндiгiн көpeмiз.
Бacқa дa шығын көздepi нeгiзгi қopлapды игepyгe, тeлeмeхaникaғa, жaңa тeхникa мeн тeхнoлoгияны eнгiзyгe бaйлaныcты жәнe мүлiк, жep пaйдaлaнyшылap caлығының мөлшepi дe ocы caлықтap үлeciнe қocылaды.
Жaлпы тaбыc – бұл кәciпopынның қaндaй дa бip игiлiк түpiн caтқaннaн түcipгeн тaбыcының жaлпы coмacы. Жaлпы тaбыc 2012 жылы 19445 мың тeңгeнi, 2013 жылы 28010 мың тeңгeнi, 2014 жылы 31211 мың тeңгeнi құpaды. 2013 жылы 2012 жылғa қapaғaндa 8565 мың тeңгeгe нeмece 144,0 пaйызғa өciп oтыp, aл 2014 жылы 2013 жылғa қapaғaндa 3201 мың тeңгeгe нeмece 111,4 пaйызғa өcтi. Жaлпы тaбыcтың өcyiн opындaлғaн жұмыc көлeмiнiң жoғapылayымeн түciндipyгe бoлaды.
Taзa тaбыc – кәciпopынның өзiндe қaлaтын пaйдacы, яғни бapлық төлeмдep мeн caлықтapды төлeп бoлғaннaн кeйiн қaлaтын coмacы. Oл өз кeзeгiндe кәciпopынның дaмyы, aқшa қopының құpылyы, әлeyмeттiк қaжeттiлiк жәнe бacқa дa шapaлap үшiн жұмcaлaды. Кәciпopынның тaзa пaйдacы 2012 жылы 5613.5 мың тeңгeнi, 2013 жылы 7823.3 мың тeңгeнi, 2014 жылы 8122.1 мың тeңгeнi құpaды. 2013 жылы 2012 жылғa қapaғaндa 2209.8 мың тeңгeгe нeмece 139,4 пaйызғa өcкeн, aл 2014 жылы 2013 жылғa қapaғaндa 298.8 мың тeңгeгe нeмece 103,8 пaйызғa өcкeнiн көpeмiз.
Жaлaқы қopының шығындapын қapacтыpaтын бoлcaқ көлeмi 2012 жылы 30342,5 мың тeңгe бoлып, 2013 жылы 33425 мың тeңгeгe дeйiн өcкeн, яғни 128,5 пaйызғa apтy дeңгeйi бaйқaлғaн. Aл 2014 жылы жaлaқы қopы 35625 мың тeңгeнi құpaп, тeк өciм 106,6 пaйызғa жeткeн. Мұның ceбeбi жыл бacындaғы үcтeмeлepдiң қocылмaй қaлyынa, т.б. үнeмдeyлep ceбeп бoлып oтыp. Жaлaқы жaлпы шығындap үлeciндe 17%, aл 2014 жылы 13% құpaғaн, яғни 4 пaйызғa төмeндeгeн. Шығындap үлeciндeгi жaлaқы мөлшepiнiң aз бoлyы, кepiciншe aмopтизaция үлeciнiң жoғapы бoлyы кәciпopынның тeхникaлық дeңгeйiнiң жoғapлayын, eңбeк өнiмдiлiгiнiң apтyын көpceтeдi.
Жұмыcшылap жaлaқыcы - бұл eңбeк құны, жacaлғaн жұмыc, өндipic пpoцecci үшiн төлeм. Oл бeлгiлi бip дeңгeйдe жұмcaлғaн жұмыc көлeмi мeн caпacынa бaйлaныcты aнықтaлaды. «АктауЭлекторСервис» ЖШC-дe eңбeкaқы дeңгeйi бapлық yaқыттa өciп oтыpғaн, 2012-2014 жылдap apacындaғы өcy динaмикacын қapacтыpaтын бoлcaқ, өcy тeмпiн бaйқaймыз.
Бұл мeкeмe қызмeтiнiң, eл экoнoмикacы жaғдaйынa бaйлaныcты қapacтыpылaды. Кәciпopындaғы opтaшa eңбeкaқы 2012 жылы 34700 тeңгe бoлca, 2013 жылы 54500 тeңгe нeмece 19800 тeңгe бoлып, пaйыз мөлшepiндe 157,1 құpaғaн; 2014 жылы жaлaқы дeңгeйi 61800 тeңгe бoлып, 112,9 пaйызды құpaды. Жaлaқы дeңгeйiнiң өciмi нapықтaғы жaлпы өciмгe, кәciпopынның қapжылық жaғдaйынa, өткiзy тacымaлдay жұмыcының yaқытындa өткiзiлyiнe бaйлaныcты.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-дe жaлaқы қopы 2012 жылы 2601,5 мың бoлca, 2013 жылы 3082,5 мыңғa өcкeн нeмece 128,5 пaйызғa apтқaн, aл 2014 жылы бұл 106,6 пaйызды құpaғaн.
Кәciпopынның өндipicтiк-шapyaшылық қызмeтiндe мaңызды opынды нeгiзгi өндipicтiк қapaжaттap aлaды. «АктауЭлекторСервис» ЖШC-дe нeгiзгi қopлapдың opтaшa жылдық құнының apтyы бaйқaлaды. Eгep oлapдың құны 2012 жылы 91478 мың тeнгe бoлca, oл 2013 жылы 96430 мың тeнгe бoлғaн, өcy көлeмi 4952 мың тeнгe нeмece 105,4 пaйызды құpaғaн. Aл 2014 жылы 98590 мың тeнгe бoлып, 102,2 пaйызғa өcкeн. Бұл өciм ceбeбi нeгiзгi қopлapды caтып aлyмeн, нeгiзгi қopлap мeн нeгiзгi қapaжaт кaпитaлының қaйтa бaғaлaнyынa бaйлaныcты.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-дe eңбeк өнiмдiлiгi 2012-2014жылдap apacындa мынaдaй түpдe өзгepicкe ұшыpaп oтыpғaн. 2012 жылы 50,8 мың тeңгe / aдaм, 2013 жылы 66,1 мың тeңгe / aдaм бoлып өcкeн, бұл көpceткiштiң 130,1 пaйызғa өcкeндiгiн бaйқaймыз, aл 2014 жылы 65,2 мың тeңгe / aдaмғa өcкeн, яғни өcy дeңгeйi 98,6 пaйызды құpaғaн. Бұл өзгepic ceбeбi өндipic көлeмi мeн жұмыcшылap caнының apтyынa бaйлaныcты жәнe жұмыc yaқытын бoc жoғaлтy жaғдaйлapын үнeмi бacқapып oтыpyғa, eңбeк aқыcының жoғapлayынa бaйлaныcты.
2 тақырып. «АктауЭлекторСервис» ЖШC-нің негізгі құралдарының бухгалтерлік есебі мен аудиті
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарды тартумен ғана жүргізіледі, ал олар өз кезегінде еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Осыған байланысты ұйымдарда еңбек құралдарының негізгі буыны болып негізгі құралдар саналады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-де негізгі құралдардың бухгалтерлік есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруда оны келесі белгілері бойынша жіктеледі:
1) Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
- Өндірістік негізгі құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды.
- Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
2) Иелігіне қарай негізгі құралдар, меншікті және жалға алынған болып бөлінеді. Меншікті дегеніміз – ұйымға тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Меншікті емес немесе белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа ұйымнан алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады.
3) Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар, жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмыс тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып - жұмыс істеп тұрған құрал жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
4) Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүлікті және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүлікті көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары, ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар жатады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі негізгі құралдарын пайдалану мақсатында және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: жер; үйлер; ғимараттар; өткізгіш тетіктер; машиналар және құрал-жабдықтар; күш беретін машиналар және жабдықтар; жұмысшы машиналар және жабдықтар; өлшеу және реттеу аппараты және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; есептеу техникасы; басқа машиналар мен құрал жабдықтар; көлік құралдары; құрал-сайман; өндірістік мүлік және жабдықтар; шаруашылық мүлік; басқа да негізгі құралдар[5].
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі негізгі құрал-жабдықтарын бастапқы, ағымдағы, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары бойынша бағалайды.
Бастапқы құны – негізгі құралды сатып алуға немесе оған кеткен нақты өндіріс шығындарын, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан, сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қоса шығындары, несие үшін пайыздар және т.б. шығындардан тұрады.
Ағымдағы құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдың бастапқы немесе ағымдық құны.
Сату құны – бірін-бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, метал сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне ұйымның шығысы ретінде таратылады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-де негізгі құралдар, өндіріс процесіне қатысыуымен, жылдар өтуімен, табиғат күшінің әсер етуімен, және пайдалануы процесімен байланысты біртіндеп тозады.
Негізгі құрлардың табиғи тозыуы, олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сырқы факторлардың әсерінен, ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басыунан, ескеруінен пайда болады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-нің негізгі құралдар есебі №16 ХБЕС сәйкес ұйымдастырылған. «АктауЭлекторСервис» ЖШC-де, кіріске алынған негізгі құралдарға, үлгілі түрі НҚ-1 санды, қабылдау – тапсыру актісін толтырады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-де басқа тараптарадан келіп түскен, құрылтайшылармен салынған және компанияда орын ауыстырған негізгі құралдардың есепке алу бойынша бухгалтерлік жазбалар 2 кестеде рәсімделген.
Негізгі құралдар келіп түсуінің шоттар корреспонденциясы
Кесте 2
№ Операция мазмұны Дт Кт
1 Негізгі құралдар басқа заңды немесе жеке тұлғадан алынды:
келісім шарттық құнына – ҚҚС сомасына 2410
1420
3310
3310
2 Құрылтайшылардың кәсіпорын жарғылық қорына салған салымдарына салған негізгі құралдар кіріске алынды 2410 5020
3 Тегін алынған негізгі құралдар кірістелді:
- баланстық құнына
- берілген күніне дейін есептелген тозу сомасы 2410
2410 6280
2422-2427
4 Түгендеу барысында есепке алынбаған негізгі құралдар анықталады:
- негізгі құралдардың эксперттік жолмен анықталған қалдық құнына
- негізгі құралдардың эксперттік жолмен анықталған, бірақ есепке алынбаған тозу сомасына 2410
2410 6280
2422-2427
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-нің бухгалтериясында, негізгі құралдардың әрбір обьектісіне үлгілі түрі НҚ–6 типтік ведомстволық түгендеу карточка ашылады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-де толтырылған түгендеу карточкаларының үлгілі түрі НҚ – 10 санды ведомоствоаралық негізгі құралдарды есептейтін түгендеу карточка тізімдемесіне тіркеліп жазылып отырылады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі негізгі құралдардың сақталып және жұмыс істеп тұрған жері бойынша үлгілі түрі НҚ – 13 санды түгендеу тізімі жасалады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-де, негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ-3 «Негізгі құралдарды есептен шығару актісі» немесе үлгілі түрі НҚ-4 «Көлік құралдарын есептен шығару актісінің» тиістілері толтырылады.
Негізгі құралдардың есептен шығарылуы жөніндегі шоттар корреспонденциясы
Кесте 3
№ Операция мазмұны Дт Кт
Негізгі құралдардың барлық түрін жою
1 Негізгі құралдарды есептен шығару актісі негізінде өндіріс құрал-жабдықтары есептен шығарылды 2423,7410 2413
2 Объектіні бөлшектеу үшін еңбекақымен қоса аударымдар бірге есептелінді 7410 3350,3150
3 Жойылған объектіні тасмалдағаны үшін автокөлік шаруашылығының шоты акцептелді 7410 3310
4 Негізгі құралдар объектісін жоюдан түскен материалдар кіріске алынды 1356 6212
5 Негізгі құралдарды сату кезінде 2423,7410 2413
6 Сатылған негізгі құралдардың сомасына 1210 6212,3130
Бухгалтерияда негізгі құралдардың инвентарлық карточкаларында бастапқы құны бойынша көрсетіледі. «АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі негізгі құралдарды есепке алу тәртібін қарастырамыз: 2014 жылы серіктестікте компьютерлік техника соның ішінде пентиум 4 Самсунг компьютері сатып алды. Бұл объектілер (ф. № НҚ - 1) актісімен қабылданды.
«ТехноТрейд» ЖШС 2014 жылдың ақпан айында құны 133104 теңгелік компьютер сатып алынды.
* компьютердің бастапқы құнына Д-т 2415, К-т 3310 115743 теңге;
* салық шот фактурасы бойынша (12%) ҚҚС сомасына Дт-1420, Кт- 3310 17361 теңге;
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі негізгі құралдарға амортизациялық аударымдарды есептеудің мына әдістерін қолданады:
Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі.
Құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне тепе- тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс).
Жылдамдатып есептен шығару әдістері:
а) қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі;
ә) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (куммулятивтік әдіс) әдісі.
Негізгі құралдардың аудиті. «АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің негізгі мақсаты бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін және есеп берудің дұрыс ұйымдастырылуын бақылау болып табылады. Есеп беруді, есеп регистрларын және алғашқы құжаттарды тексеру келесідей кезек бойынша жүргізіледі:
Бухгалтерлік баланс – номері үшінші бухгалтерлік балансқа қосымша – бас кітап –журналдар - өңдеу кестелері – алғашқы құжаттар (НҚ-1; НҚ-2; НҚ-3; НҚ-4; НҚ-6; НҚ-10; НҚ-12 тағы да басқалары).
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі негізгі құралын тексеру барысында аудитор алдымен мыналарды ескеруі қажет:
- топтамалық есептің (синтетикалық) жазуларының бас кітап және бухгалтерлік баланс мәліметтерімен сәйкестілігі;
- негізгі құралдардың қолда бары мен қозғалысының бухгалтерлік балансқа дұрыс жазылнуы;
- негізгі құралдардың қозғалысы және тозуы бойынша жиынтық талдамалық есептің жүргізілетіндігі, сондай-ақ жиынтық талдамалық есеп мәліметтерінің бас кітап және бухгалтерлік баланс мәліметтерімен сәйкестілігі;
- негізгі құралдардың есебі бойынша екі жақты жазулардың дұрыс жазылғандығы;
- негізгі құралдар есебінің баланстан тыс шоттарда есептелініп жүргізілетіндігі.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі негізгі құралдарға аудиторлық тексеру жүргізудің басты мақсаты мына төменде айтылғандарды бақылау болып табылады:
-негізгі құралдардың түрлері және өндіріске қатысуы бойынша дұрыс жіктелінуін;
-бухгалтерлік есепте негізгі құралдардың дұрыс бағалануын;
-негізгі құралдардың қозғалысы бойынша дұрыс құжатталуын және есепте көрсетілуін;
-негізгі құралдарға амортизациялық аударым мөлшерінің дұрыс есептелінуін;
-негізгі құралдарды жөндеудің дұрыс көрсетілінуін;
-бухгалтерлік есепте және есеп беруде негізгі құралдардың қолда бары мен қозғалысының дұрыс көрсетілінуін және тағы да басқа.
Сондай-ақ, «АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің басты мақсатына олардың тиімді пайдалануы мен түгелділігін бақылау жатқызылады. Сонымен қатар кәсіпорындағы негізгі құралдардың қысқа немесе ұзақ мерзімге жалға берілгендігін тексеру және ол операциялар үшін толтырылған құжаттардың (келісім шарттардың, актілердің) дұрыстығын тексеру де аудитордың негізгі мақсаты болып табылады.
Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып аудитор мыналарды тексеруі қажет:
- кәсіпорындағы негізгі құралдардың сақталынуына және түгелдігіне жағдай жасалынғандығын. Бұл үшін кәсіпорын басшысының бұйрығымен негізгі құралға жауап беретін материалдық жауапты адамның белгіленгендігін;
- осы белгіленген адаммен жазбаша келіссөз жасалынғандығын;
- жауапты адамның жұмысты атқаруы, яғни негізгі құралды бақылап қадағалауы үшін жағдай жасалынғандығын (толығымен жабдықталған қоймалардың, шкафтардың, сейфтердің болуы;
- кәсіорынның ауласынан материалдық құндылықты алып шығу үшін белгіленген тәртіптің орнатылынуы;
- түгендеу нәтижесінің құжатталынуы және оларда көрсетілген кемшіліктерді жою уақытының белгіленгендігі;
- жоғарыда аталған түгендеу нәтижесінің барысында кінәлі болып табылған адамдарға қандай жаза қолданылғандығы.
3-тақырып. «АктауЭлекторСервис» ЖШC-де материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебін және ішкі аудитін ұйымдастырудың әдістемесі
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-нің келесі ұзақ мерзімді активтерінің түрі ретінде материалдық емес активтер жатқызылады. Материалдық емес активтер — бұл өндірісте ұзақ мерзім бойында пайдаланатын және табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер.
Материалдық емес активтерге: лицензиондық келісімдер, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар және т.б.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-нің материалдық емес активтерінің нақты қолда бары және қозғалысы 2700 "Материалдық емес активтер" бөлімшесінің шоттарында яғни: 2710 "Гудвилл", 2730-шы бөлімше яғни 2731 "Лицензиялық келісімдер", 2732 "Бағдарламалық жабдықтау", 2733 "Патенттер", 2734 "Материалдық емес басқа да активтер".
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі Материалдық емес активтер бойынша талдамалық есебін "Материалдық емес активтердің мүліктік есеп" карточкасында жүргізеді. Осыған байланысты материалдық емес активтердің әрбір жеке объектісіне бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады. Карточка "Материалдық емес активтерді алу-беру актісінің" негізінде толтырылады. «АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға (ұйымға) берген кезде, оның есептен шығару үшін "Материалдық емес активтерді алу-беру актісі" толтырылады. «АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі бойынша материалдық емес активтерді кіріске алу есебі келесідей шоттардың корреспонденциясы құрастырылады 4-кесте жасалады.
МЕА-ді кіріске алу бойынша шоттар корреспонденциясы
Кесте 4
№ Операциялардың мазмұны Сомма Дебет Кредит
1 2 3 4 5
1 Басқа заңды тұлғалардан материалдық емес активтер алынды:
келісілген құнына
ҚҚС сомасына (12%) 100 000
12 000 2730
1420 3310,
3310
2 Кәсіпорынның жарғылық капиталына құрылтайшылардың салған материалдық емес актвитері кірістелді: 80000 2730 5020
3 Тегін алынған материалдық емес активтер кірістелді: 60000 2730 6220
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі материалдық емес активтердің тозуын есептеу үшін жоғарыда аталған әдістерді пайдаланады: бірқалыпты (түзу сызықты), қалдық құнын азайтатын және кумулятивтік. Ұйым өзінің МЕА-не қалдық құнын азайту тәсілін қолдану арқылы амотризация есептейді.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі материалдық емес активтердің амортизациясын (тозуын) есепке алуда 2740 "Материалдық емес активтердің амортизациясы" деп аталатын бөлімшесінің шоттарын қолданады: 2741 "Материалдық емес активтердің амортизациясы - лицензиялық келісімдер", 2742 "Материалдық емес активтердің амортизациясы-бағдарламалық жабдықтау", 2743 "Материалдық емес активтердің амортизациясы - патенттер", 2744 "Материалдық емес активтердің амортизациясы, тағы басқалары".
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі, МЕА бойынша амортизация (тозу) сомасына: 7110 "Аудиторлық қызметтерді ұсыну бойынша шығындар", 7210 "Жалпы және әкімшілік шығындары", 7010 "Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы", шоттары дебеттеледі де, 2740 шоттары кредиттеледі.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі материалдық емес активтерді есептен шығарған кезде, одан алынған табыстар немесе зияндар қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрініс табады, яғни оны 5610-шотта рәсімдейді.
Материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебін және ішкі аудитін ұйымдастырудың әдістемесі.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі материалдық емес активтердің аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарды көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызметету құны мен мерзімін бағалаудың шынайлығын, амортизациялық есептеуді, істен (есептен) шығарудың негізділігін есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қоланудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі аудитор бұл объектілерді тексергенде 38 ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары), ҚР-ның «Меншік туралы», «Тауарлық белгілер туралы», «Авторлық құқық туралы» және басқа құқықтық- нормативтік актілерді басшылыққа алады.
Ең алдымен, «АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі аудит бағдарламасына сай Бас кітаптың мәліметтеріне баланс көрсеткіштерінің сәйкестігі зияттерлік меншік объектілерінің бар екендігі және оның жағдайы, алу фактосын растайтын материалдық емес активтердің қабылдау- тарсыру актілері, бұл объектілер сипаттарлған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексеріледі.
Объетілерді«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі пайдалануына жарамды жағдайға келтіруге қажетті шығындар көлемін айқындаңдың анықтығы мен материалдық емес активтердің (МЕА) құн бағалаудың дұрыстығын айқындау керек. Аудитор материалдық емес активтердің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдермен анықталатындығын ескергені жөн:
а) жарғы капиталына санткерлік (иентеллектуалдық) меншік салынған жағдайда тараптардың (құрылтайшы) келісімдері бойынша;
ә) бұл объектілерді иелікке алу мен дайын жағдайға келтіру бойынша нақты шығындарға негізделе отырып;
б) басқа кйсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алу күйінде сараптама жолымен.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі материалдық емес активтер аудитінің бағдарламасы келесі 5 кестеде көрсетіледі.
Материалдық емес активтер аудитінің бағдарламасы
Кесте 5
Аудит (процедурасы) Ақпараттың шығу көздері
Баланс көрсеткіштерінің Бас кітабының мәліметтеріне МЕА бойынша сәйкестігін тексері Бас кітап, есеп регистрлері, «МЕМ амортизациясы сомасын есептеу» әзірлеме кестесі және бастапқы құжаттар
Кәсіпорынның бұл объектіге меншіктілік құқығын растайтын МЕА бар екендігі туралы алғашқы құжаттарды тексеру Патент, лицензия, авторлық куәлік, сызба(схема), жоба, үлгі, лицензиялық келісім-шарттар мен кеміту туралы келісім-шарттар
Түскен МЕА бағалаудың дрыстығын тексеру Келісім-шарттық бағалардың хаттамалары, сату-сатып алу шарттары, аудиторлық қорытынды, сарапшылардың қорытындысы және т.б.
МЕА кіріске алу есебіндегі көрсетудің дұрыстығын тексеру Қабылдау тапсыру актісі 1,2,3,4,6,7,8 журнал-ордерлері, Бас кітап
МЕА амортизациясын есептеудің дұрыстығын тексері «МЕА амортизациясының сомасын есептеу» әзірлеме кестесі, 10 журнал-ордер
МЕА істен шығару есебіндегі көрсетудің дұрыстығын тексеру Қабылдау-тапсыру актісі, 10 журнал-ордер
МЕА түгендеу қорытындыларындағы шоттарды көрсетудің дұрыстығын тексеру Түгендеу(инвентарлық)тізімдемесі, (опись),салыстыру ведомосі, түгендеу актісі, 12 журнал-ордер
МЕА қатысты салықтарды есептеу мен есептің дұрыстығын тексеру Салықтар бойынша есеп айырысулар, 5,8 журнал-ордерлер
4-тақырып. «АктауЭлекторСервис» ЖШC-де қорлардың бухгалтерлік есебін және ішкі аудитін ұйымдастырудың әдістемесі
Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарының айырмашылығы еңбек заттары өндірістік процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Тауарлы-материалдық босалқылар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар (детальдар), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-де материалдардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты болып оларды дұрыс бағалау табылады.
Тауарлы-материалдық запастарды бағалау, неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толықтай ескіруі немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайды, өзіндік құнның орнына сату (өткізу) бағасы пайдаланылады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі шикізат пен материалдарын, сатып алынған жартылай шикізаттарын, отын, қосалқы бөлшектер және басқа босалқы материалдарын өз балансында нақты өзіндік құнымен көрсетіледі.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі материалдық құндылықтарды келісімді бағасымен есепке алған жағдайда олардың нақты өзіндік құнына ҚДШ қосылады. ҚДШ құрамына:
- теміржол тарифі, су фрахты, автомобиль, ұшақтар және басқа да көлік түрлері арқылы тасымалдау түрінде жарналарды барлық түрлері кіреді;
- жабдықтаушылардың теміржол және басқа көлік мекемелерінің қоймаларынан материалдарды жеткізу;
- қорларды алу және дайындауға байланысты іс-сапалардың шығындары, қоймалардағы тұрақты қойма жұмыскерлерінің еңбек ақысынан басқа тиеу, түсіру және қаттау шығындар;
- жабдықтаушы, делдал мекемелерге төленген комиссиялық сыйлықтар және босалқыларды алумен тікелей байланысты басқа шығындар жатады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-нің қорларының есебі бухгалтерлік есептің №2 «Қорлар» атты ұлттық стандартына сәйкес ұйымдастырыған.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі бойынша, қорлар есебі 1300 «Материалдар» бөлімінің келесі синтетикалық шоттарында жүргізіледі: 1310 «Шикізаттар мен материалдар», 1350 «Басқада материалдар» 1351 «Жартылай фабрикаттар мен құрамдас бөлшектер, конструкциялар мен бұйымдар», 1352 «Отын», 1353 «Ыдыс және ыдыстық материалдар», 1354 «Қосымша бөлшектер», 1355 «Басқа да материалдар», 1356 «Қайта өңдеуге жіберілген материалдар», 1357 «Құрылыс материалдары».
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі қорларды өндіріске жіберу немесе басқа да шығысталу кезінде келесі әдістер бойынша бағалайды:
жаппай идентификациялау әдісі,
орташа салмақталған құн әдісі,
қорларды бірінші сатып алу бағасымен бағалау әдісі («ФИФО»),
қорларды соңғы сатып алу бағасымен бағалау әдісі («ЛИФО»).
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-нің есеп саясатында ТМҚ-дың құнын анықтаудың, Лифо әдісі бойынша қолданады, осыған байланысты 5-кестеде бастапқы мәліметтер берілген. Ұйым өзінде ТМҚ ретінде Аи-92, Аи-95 маркалы – бензин түріндегі жанар-жағар майды өз шаруашылығында қолданады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-нің бензин түріндегі қорынның құнын бағалаудың әдісі
Кесте 6
Операция мазмұны Саны
(литр) Бағасы
(теңге) Сомасы
(теңге)
Ақпан айының бірінші жұлдызына ұйым қоймасындағы материалдардың қалдығы 50 100 5000
Қаңтар айында кіріске алынған материалдық қорлар
03.02.14ж
09.02.14ж
16.02.14ж
20.02.14ж
25.02.14ж 100
80
90
100
70 110
120
130
140
150 11000
9600
11700
14000
10500
Кіріске алынған материалдық қорлардың жиыны
440 – 56800
Бастапқы қалдықпен қоса есептегендегі қалдығы
490 – 61800
Ай бойы материалдық қорлардың шығыс етілгені
ЛИФО әдісімен бағалағанда 250 34900
Ай соңындағы материалдық қорлардың қалдығы
ЛИФО әдісімен бағалағанда 240 26900
6-ші кестеден көріп отырғанымыздай шығыс етілген 250 литр материалдық қорлардың құны былайша есептелінеді.
ЛИФО әдісі бойынша:
Соңғы кіріс етілгендер, соның ішінде: бесінші топтамада кіріске алынғаны 70 литр, сомасы 10500 теңге, төртінші топтамада кіріске алынғаны 100 литр, 14000 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған 90 литр, бензин сомасы 11700 теңге, 80 литр, сомасы 10400 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (70+100+80) литр, сомасы 34900 (10500+14000+10400) теңгенің бензины шаруашылықта жұмсалды.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-нің материалдар қозғалысы бойынша келесі типтік құжаттар қолданылады.
Сенімхат (ф. № М-2 немесе ф. № М-2а). Материалдық қорларды алу кезінде субъектінің сенімді тұлғасы ретіндегі өкілетті тұлғаның құқықтарын рәсімдеу кезінде қолданылады. Берілген сенімхаттар есебі Журналы (ф. № М-3). Берілген сенімхаттарды тіркеу үшін қолданылады (ф. № М-2). Кіріс ордері (ф. № М-4). Субъектіге жабдықтаушылардан немесе қайта өңдеуден түсетін қорлардың есебі үшін қолданылады. Материалдарды қабылдау актісі (ф. № М-7). Жабдықтаушы құжаттарының мәліметтерімен салыстырғанда сандық және сапалық айырмашылықтары бар қорларды рәсімдеу үшін қолданылады. Материалдық қорлар есебі бойынша келесідей 7-кестеде шоттар корреспонденциялары жүргізіледі:
Материалдық қорлар есебі бойынша шоттар корреспонденциясы
Кесте 7
№ Операциялар мазмұны Дт
шот Кт
шот
1 Жабдықтаушылар мен жеткізушілерден келген жанар май бойынша 1352 3310
2 Сатылып алынған жанар жанар май құны кассадан төленді 1352 1010
3 Есеп беруге тиісті тұлғалар (хатшы референт) арқылы сатылып алынған канцелярлық құндылықтардың құны 1310 1250
4 Нива автокөлігін бұзғаннан, істен шығарғаннан алынған материалдық құндылықтар 1354 6210
5 Түгендеу кезінде артық шыққан материалдарды кіріске алу 1310
1350 6280
6 Шаруашылық қызметке жіберілген материалдар:
- негізгі қызметке
- ұйымның әкімшілік шығындарына 7010
7210 1310,
1350
7 Түгендеу барысында жоқ болған табиғи кему мөлшерінен артық кем шыққан материалдарға жауапты адам табылмаған жағдайда 7470 1310
1350
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі бойынша, қорлардың сақтылығы қамтамасыз ету үшін түгендеу жүргізіледі. Түгендеу материалдық қорлар бойынша жылына екі рет жүргізіледі
Түгендеу – құндылықтың сапалық жағдайын, меншіктің сақталуын, меншік формасына, қызмет түріне және жұмыс тәртібіне байланыссыз олардың қойма есебін жүргізуді қамтамасыз ететін бақылау тәсілдерінің бірі. «АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі бойынша түгендеу процессі, алдын-ала құрылған түгендеу комиссиясымен жүргізіледі.
Түгендеу коммисиясы «Тауарлы-материалдық құндылықтардың түгендеу тізімін» (ф. № Инв – 3) құрастырады. Тізім тауарлы-материалдық құндылықтардың (шикізат, материалдар, ыдыстар, қосымша бөлшектер) нақты барының мәліметтерін көрсету үшін қолданылады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі, түгендеу нәтижесін, бухгалтерияда түгендеу тізімдері негізінде «Тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеу нәтижелерін салыстыру ведомостін» (ф. № Инв-19) толтырады. Оған тек айырмашылықтар болған құндылықтарды ғана енгізеді. Ведомосттерде тауарлы-материалдық құндылықтар атауы және олардың сипаттамасы, түгендеу нәтижелері (артықшылық немесе кемшілік), соңғы артықшылықтарды кірістеу, соңғы кемшіліктерді есептен шығару көрсетіледі.
Материалдық қорлардың ішкі аудитін ұйымдастырудың әдістемесі. «АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі материалдық қорлардың есебінің аудиті негізгі мақсаты олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылалы:
олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен нақты қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;
олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;
өндіріске жұмсалу номаларының сақталуын қамтамасыз ету;
өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және оларды сату;
Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын тауарлы-материалық қорлардың алатын орны өте зор.
Тауарлы-материалдық қорлар баланста: материалдар 1310, дайын өнімдер 1340, тауарлар 1330, аяқталмаған өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға мынадай активтер жатады: шикізаттар, сатып алынған жартылай фабрикаттар (шала өнімдер) мен құрастыру бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берілген материалдар, сондай-ақ шаруашылықтың негізгі қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер түріндегі активтері және әр түрлі мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар және есепті кезеңде технологиялық үрдіс аяқталмаған өндірістік шығындар да жатады .
Аудитордан әр түрлі мақсаттарға қоймадан босатылған материалды құндылықтар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын мұқият тексеруді талап етеді.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі аудиторлық дәлелдемелердің негізгі көздері мыналар болып табылады: бухгалтерлік есептің қолданыстағы заңнамасы, салықтар туралы және басқа да номативтік-құқықтық актілер, бухгалтерлік есеп стандарттары, қаржылық есеп стандарттары, есеп саясатының қағидасы, бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама, қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп тізімдері. Алғашқы құжаттардың ішінен дәлелдеме көздеріне мыналар жатады: смета, шикізат шығындарының нормасы, лимит картасы, жолдағы қағаздар, инвентарлық сипат, салыстыру ведомосттары, хабарлама, төлем құжаттарының көшірмесі, келіп түскен жүктер есебінің журналы, счет фактуралар, ішкі орын ауыстыруларға үстемелер, тауарлы- транспорттық үстемелер, жүктік кедендік декларациялар, сертификаттар, кіріс ордері, сенімхат және т.б.
Ішкі бақылаудың құрылымын түсіну үшін аудитор:
Тауарлы-материалды қорлар табиғатын анықтау мақсатымен, өткен жылғы жұмыс құжаттарына шолу жасау керек;
Тауарлы материалды қорларға бақылаудың қалай жүргізілгендігін зерттеу;
Қандай мәселе табылғанын зерттеу;
Құралған сауалнама бойынша персоналдардарға сұрау, жасау.
5-тақырып. «АктауЭлекторСервис» ЖШC-де дебиторлық қарыдардың бухгалтерлік есебін және ішкі аудитті ұйымдастыру әдістемесі
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-нің ағымдағы активтердің келесі түрі дебиторлық қарыздар болып табылады.
Дебиторлық қарыз болып жеке тұлғалардың, ұйымдардың және басқада дебиторлардың кәсiпорын алдындағы ақшалай нысанындағы мiндеттемелерi табылады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-нің дебиторлық қарыздарын, яғни алынуға тиiстi шоттардың өтелу немесе қарыздардың өтелу мерзiмiне байланысты ағымдағы және ұзақ мерзiмдi және ағымдағы болып жiктейдi. Дебиторлық қарыздар шот-фактура құжатымен расталады.
Негiзiнен дебиторлық қарыздар кәсiпорынның негiзгi қызмет нәтижесiнде өткiзiлген тауарлар және қызметтер бойынша сатып алушылардың мiнедеттемелер және басқада қызмет нәтижесiнде пайда болған дебиторлық қарыздар соммасы болып жiктеледi.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі дебиторлық қарыздардың бухгалтерлiк есебiнде ашып қарайтын негiзгi сұрақтары болып оны тану және бағалау, яғни өндiрiп алу мүмкiншiлiгi табылады. Өндiрiп алу мүмкiндiгi қарыздың көрiнiсiн (анықтау) және оның соммасын (бағалау) әсер етедi.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-нің, сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айрысулар есебі 1210 «Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің қарыздары» шотында жүргізіледі.
Төленуге тиісті шоттар бойынша шоттар корреспонденциясы
Кесте 8
№ Операция мазмұны Сомасы Д-т К-т
1 Электр желілерін тарту қызмет түрі көрсетілді 568000 1210 6010
2 ҚҚС сомасына 85200 1210 3130
3 Есеп айырысу шоты өткізілген өнім бойынша ақаша қаражаттары келіп түсті 653200 1040 1210
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі 1210 «Сатып алушылардың және тапсырыс берушілердің қарыздары» бөлімшесінің аналитикалық есебін №11 журнал-ордерде жүргізеді, және ол бастапқы құжаттар негізінде толтырылады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС- гі жұмысшылары мен қызметкерлердің есепті соммаларын 1250 «Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың қарыздары» шотында есепке алады және онда дебиторлық қарыздардың келесi түрлерi жатады:
Есеп берушi тұлғалармен есеп айырысу бойынша;
Жұмыс iстеушiлерге кредитке сатылған тауарлармен ұсынылған займдар бойынша;
Материалдық шығынды өтеу бойынша.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі шаруашылық қызметi барысында, қызметкерлерiн қызмет бабымен iс-сапарға жiбередi, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, пошта арқылы жiберiлген ақшаларды және басқа да шығындарды төлеу үшiн қызметкерлерге нақты ақша берiледi және олар алған ақшасына есеп беруге тиiстi.
Ақша «АктауЭлекторСервис» ЖШС-нің басшысы бекiткен есепке сай көлемде берiледi. Аванс тек қана басшының жарлығымен есеп берiлетiн сомадан шығын жасау жүктелген қызметкерлерге ғана, сондай-ақ қызмет бабымен iс-сапарға жұмсалған адамдарға ғана берiледi.
Қызмет бабымен iс-сапарға баруға ақша iс-сапарға жiберiлетiн адамға тиесiлi соманың көлемiнде iс-сапар орнына бару және қайту жолына төлеуге, тәулiктiк шығындарды төлеуге берiледi. Есеп берiлетiн соманы жұмсау құжаттарымен айғақталып белгiленген мерзiмде бухгалтерияға ұсынылатын аванс есептерiмен (ү.№286) расталады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі, аванстық есеп беру бойынша, iс-сапаршының артық шығындалған сомалары жұмысшыға кассадан төленедi. Бухгалтерия аванстық есеп берулердi тексередi, содан кейiн оларды кәсiпорын басшысы бекiтедi.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-нің дебиторлық борыштары бойынша аналитикалық есебі №7 журнал-ордерінде жүргізіледі.
Жұмысшылардың және басқада тұлғалардың қарыздары бойынша шоттар корреспонденциясы
Кесте 9
№ Операция мазмұны Сома, тг. Д-тК-тА Б 1 2 3
1 Кассадан есепті сома берілді 120000 1250 1010
2 Іс-сапар шығындары есептен шығарылды:
- әкімшілік басқару персоналы
- 50000 7210 1250
3 Есепті сомма есебінен сатып алынды:
- канцелярия тауарлары
- тауарлар
- ҚҚС сомасына 15000
15000
4200 1355
1330
1420 1250
1250
1250
4 Ақша қалдығы кассаға қабылданды 6800 1010 1250

Дебиторлық қарыдардың ішкі аудитті ұйымдастыру әдістемесі.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-де аудитор дебиторлық борыштарды тексеруге кіріскен кезде тексеру барысында қаралатын және анықтауды талап ететін материалдарын жеке сұрақтарға бөліп, аудиторлық тексерудің бағдарламасын жасап, тексеру барысында анықталған факторларға байланысты толықтырулар мен түзетілер енгізіп, басшылыққа алып қадағалап отырады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-де дебиторлық борыштар бойынша есеп айырысуды тексере отырып, аудитор олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін, жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтарының баланстың «Ұзақ мерзімді активтер» және «Ағымдағы активтер» бөлімдеріне дұрыс топталып көрсетілгендігін тексереді. «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде есеп беретін күннен бастап 12 айдан кейін төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетсе, ол «Ағымдағы активтер» бөлімінде 12 айдың ішінде төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетеді.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-де «Ұзақ мерзімді активтер» бөліміне тексеру жүргізген кезінде де аудитор талап елу мерзімі біткен борыштарға және уақтылы өндірілмеген сомаларға назар аударуға тиіс.
Баланста «Ұзақ мерзімді активтер» бөліміне жатқызылған дебиторлық борыштар мынандай баптар бойынша көрсетіледі:
•алынуға тиісті шоттар;
•алынған вексельдер;
•негізгі серіктестіктер мен еншілес серіктестіктердің арасындағы ішкі топтардың операциялары бойынша борыштары;
•акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларының бдрыштары;
•басқа да дебиторлық борыштар.
Ағымдағы активтерде аталған баптар сол күйінде қайталанып, оған тек ғана «Аванстық төлемдер» бабы қосылады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-де аудитор баланстың сәйкес баптарындағы борыштардың қалдықтарының дұрыс көрсетілгендігін анықтау үшін № 11 жорнал – ордердегі, басқа да синтетикалық есеп регистрларындағы және есеп айырысудың жүзеге асырылғандығын көрсететін шоттардағы мәліметтер бойынша, баланстың сәйкес баптарындағы қалдықтармен тексеру кезеңінің басындағы әрбір есеп айырысу бойынша қалдығын салыстырып, содан кейін есеп айырысудың әрбір түрін тексереді.
Есеп айырысулардың түгендеудің нәтижесінде акт толдырылады. Актыда түгендеу жүргізілген шоттардың аттарын, дебиторлық борыштардың сомасын талап ету мерзімі біткен дебиторлық борыштарын өндіру мүмкін емес, үмітін үзген қарыздарын көрсетеді. Мұндай борыштарды түгендеу түрлері бойынша есеп айырысуларды түгендеу актілеріне дебиторлардың аталуы, мекен-жайы, қарыз сомасы, не үшін қарыз болғандығы, қай уақыттан бері, қандай құжаттардың негізінде көрсетіліп анықтвмв тіркелуге тиісті. Анықтамада талап ету мерзімін өткізіп алған дебиторлық борыштарды бойынша есеп айырысуларды түгендеудің материалдарына талдау жасау немесе түгендеуді аудитордың өзі жүргізгенде анықталған ауытқуларды, сәйкессіздіктер, түсініксіздіктер бойынша, аудиторға есеп айырысуларды өте мұқият тексеруге, ойын жинақтап бағыттауға мүмкіндік береді.
6-тақырып. «АктауЭлекторСервис» ЖШC-де ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебін және ішкі аудитті ұйымдастыру әдістемесі
Ақша қаражаттары - өте өтімді активтер яғни, жалпы қабылданған төлем құралы және басқада баланс баптарының есебін және бағасын белгілеудің негізі болып табылады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі, өздерінің ақшалай қаражаттарын сәйкесінше банк мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Бұл шот арқылы ұйым өзінің басқа ұйымдар алдындағы міндеттемелерін өтеуді қолма-қолсыз есеп айырысу түрінде жүргізіледі. Қолма-қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасын Ұлттық Банкісінің нормативті құжаттарымен бекітілген жағдайларда және мөлшерлерде жүргізіледі.
«АктауЭлекторСервис» ЖШC-гі қолма-қол ақшаларын арнайы жабдықталған бөлмеде – кассада сақтайды. Ұйымда кассалық операцияларды материалды жауапты тұлға болып табылатын кассир жүргізеді.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-нің, кассадағы операциялар 1010 «Кассадағы қолма-қол ақшалар» активті шотында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес жүргізіледі.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі, кассаға ақшаларды қабылдау бас бухгалтердің қолы қойылған кіріс касса ордерімен (ф №КО-1) жүзеге асырылады. «АктауЭлекторСервис» ЖШС-нің, кассасынан ақшаларды беруді шығыс касса ордерімен (ф №КО-2) немесе қажетті түрде толтырылған төлем ведомостерімен, ақша беру арызымен, шоттармен және басшы мен бас бухгалтердің қолдары қойылған басқа да құжаттармен рәсімдейді.
Толтырылған кассалық ордерлер немесе оларды алмастырушы құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарына жекелей ашылатын «кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында» (ф № КО-3) тіркеледі.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі, кассалық операциялардың есебін кассир касса кітабында (ф №КО-4) жүргізеді, ол номерленуі, тігілуі және оған дөңгелек мөр басылуы керек; ондағы беттер саны басшының және бас бухгалтердің қолдарымен расталуы керек. «АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі, кассалық операциялар қозғалысы бойынша бухгалтерлік өткізбелерді 10-шы кесте көрсетілген.
Касса операциялары бойынша шоттар корреспонденциясы
Кесте 10
№ Операция мазмұны Сомасы Д-Т К-Т
1 Дебиторлық қарыздар бойынша өтелімдер бойынша кассаға ақшалар келіп түсті 239400 1010 1210
2 Банктегі шоттан №721414 чек бойынша шаруашылық есеп айырысу қажеттіліктер үшін кассаға ақшалар келіп түсті 250000 1010 1040
3 Б. Құлбарақовқа есепті сома кассадан берілді 100000 1250 1010
5 Кассадан есеп айырысу шотына қолма-қол ақшалар өткізілді 233000 1040 1010

«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі, банктегі есеп айрысу шоты бойынша операцияларды рәсімдеу үшін келесі құжаттар қолданылады:
Чек – шот иесінің көрсетілген сомадағы қаражаттарды еңбекақы төлеуге, іссапар шығындарына, шаруашылық-операциялық және басқа да шығындар үшін қолма-қол ақша түрінде беруі туралы банкке берген бұйрығы.
Қолма-қол ақша салу жарнасы – шот иесінің банктегі шотына түсімді, депонирленген еңбекақыны және қолма-қол ақшамен салынатын басқада сомаларды есепке алу үшін қабылдауы туралы банкке берген бұйрығы.
Төлем тапсырмасы (Ф №0401002) – көрсетілген соманы алушы шотына аудару туралы банкке берілген бұйрық.
Есеп айрысу чегі – онда көрсетілген соманы чек беруші шотынан алушы шотына аудару туралы банкке берілген жазбаша тапсырма.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі, есеп айрысу шоты бойынша операциялар есебі 1040 «Есеп айрысу шотындағы ақшалар» шотында жүргізіледі.
Есеп айырыс операциялар бойынша шоттар корреспонденциясы
Кесте 11
№ Операция мазмұны Сомасы Д-Т К-Т
1 Кассадан есеп айырысу шотына қолма-қол ақшалар тапсырылды 233000 1040 1010
2 Есеп айырысу шотынан № 721414 чек бойынша кассаға ақшалар алынды 250000 1010 1040
3 Есеп айырысу шотындағы ақшалар есебінен бюжет алдындағы жер салығы өтелді 25678 3160 1040
Ақша қаражаттарының ішкі аудитті ұйымдастыру әдістемесі.
Ақша қаражаттарының аудитінің мақсаты қолма-қол ақшамен операцияларды сақтау, жүргізу, және есептеу саласында заңдылықты сақтауын тексеру болып келеді.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-де аудитте ең көп орынды касса мен кассалық операциялардың ревизиялары алады.
Бірнеше себептермен кассалақ опреацияларының аудитінің әдістерін меңгеру негізгі болып келеді:
— Ақша қаражаттары кәсіпорынның тез өтетін активтерінің бірі болып келеді;
— Ақша опреациялары массалық және тез таратылған болып келеді;
— Ақша опреациялары массалығы және тез таратылғаны кәсіпорынның шаруашылық қызметінің осы учаскесінде көптеген зияндарға және бұзуларға әкеледі. Қолма-қол ақшалардың жылжуы кассалық операциялар арқылы жүргізіледі;
— Еңбек ақысын төлеу;
— Административтік шаруашылық шығындарды төлеу үшін қаражаттарды беру;
— Есептегі тұлғаларға қаражаттар беру.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-де аудитор ақша қаражаттарының есебіне тексеру жүргізген кезде, құжаттары бойынша жүргізілетін жаппай тексеру әдісін қолдануға тиісті. Аудитор ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының және шетелдердің банк мекемелерінде ұлттық және шетелдік валютада ашылған шрттарын анықгауға міндетті. Сондай-ақ, шаруашылықтың ішіндегі кассалардың санын да қоса анықтайды.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-де аудитор шаруашылықтың есеп айырысу шоттарының және кассаларының құрылымымен танысқаннан кейін, ақша қаражаттарының есебін тексерудің аудиторлық бағдарламасын жасайды.
Бағдарламада тексеруді талап ететін мәселелер ретімен жазылып, тексеру барысында басшылыққа алынып, кездескен фактілерге байланысты толықтырылулар мен түзетулер енгізіліп отырылады. Ақша қаражаттарының аудиторлық бағдарламасы мынадай іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін;
- баланстық көрсеткішінің, Бас кітаптың және есеп регистрларының, машина жазбалардың мәліметтерімен салыстырып тексеруді;
- ақша қаражаттары шоттарының синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтерінің сәйкестігін және дұрыс жүргізілгендігн тексеруді;
- кассаға түгендеу жүргізуді және касса операцияларын тексеруді;
- есеп айырысу валюталық шоттардың ашылу тәртіптерінің сақталғандығын тексеруді;
- банктегі арнайы шоттардың ашылу тәртібін және жүргізілген операцияларының зандылығын тексеруді;
- есеп айырысу тәртібін бүзуға жол берген үшін қолданылған шараларды тексеруді;
- шаруашылықтың келісімінсіз, олардың шоттарынан қаражаттың аударылу және есептен шығарылу фактілерін тексеруді;
- шаруашылықтағы ақша қаражаттарының есебіне ішкі бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексеруді.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-де ақашы көшіру бойынша кассалық операциялардың шығынға кассалық есепке тіркелген құжаттар бойынша тексеріледі. Тексеріс кезінде келесі құжаттар пайдаланылды:
— № 1 кассалық ордер «Кіріс касса ордері»;
— №3 кіріс және шығыс касса құжаттарының тіркеу журналы;
— №45 «Касса» шоты бойынша есеп регистрлері;
— Бас кітап;
— Ағымдағы жылдың баланстары.
Ақша қаражаттарының аудиті банктік операциялардың тексерісіне үлкен көңіл аударады. Аудиторлық тексерістің бұл сатысы банктегі ақша қаражаттарының шотындағы операциялардың заңдылығын тексереді.
7-тақырып. «АктауЭлекторСервис» ЖШС-нің салықтық міндеттемелердің бухгалтерлік есебі мен аудитін ұйымдастырудың әдістемесі
Салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдері болып табылады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі өз қызметінде мынадай салықтарды төлейді:
корпарациялық табыс салығы;
жеке табыс салығы;
әлеуметтік салық;
жер салығы;
көлік құралдары салығы;
мүлік салығы;
Салықтардың есебі ұйымда салық есебінің ұйымдастырылуы негізінде жүргізіледі. Салық есебі — бұл салық комитетімен қарастырылған тәртіпке сәйкес бекітілген салық түрлері бойынша алғашқы құжаттар негізінде салық базасын анықтау үшін жалпыланған мәліметтер жүйесі.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-нің корпоративтік салық бойынша бюджетпен есеп айырысуларының есебі 3110 "Ағымдағы корпоративтік салық" пассивтік шотында ескеріледі. Салықты төлеушілер салық жылында салық салынатын табысқа ие заңды тұлғалар болып табылады.
Салық салынатын табысты анықтау үшін «АктауЭлекторСервис» ЖШС-нің жылдық жиынтық табыстың, шегерімдер мен зияндардың салық есебін ұйымдастыруы қажет.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі салық есебінде анықталған шегерімдерді алып тастағандағы жылдық жиынтық табысқа 20% ставкасымен салық салынады. «АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі сәйкес салық органына "Заңды тұлғаның есептік жылдағы жылдық жиынтық табысы және жасалған шегерімдері туралы «Декларацияны» тапсыруға міндетті болып саналады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі салық органына "Есептік жылдағы заңды тұлғаның табысынан алынатын табыс салығының сомасы туралы анықтама" тапсыруға міндетті.Анықтаманы құру табыс салығы бойынша төлемдердің бюджетке қалыпты түсуін білдіреді.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі корпоративтік салығын есептегенде 7710 "Табыс салығы бойынша шығыстар" шотын дебеттейді және 3110 "Төленуге тиіс ағымдағы табыс салығы" шотын кредиттейді; заңды тұлғалардың табыс салығы бойынша төлемнің мерзімін ұзартқан жағдайда 7710-ші шотты дебеттейді және 4310 "Төлемі кейінге қалдырылған табыс салығы" шотын кредиттейді.
Қосылған құн салығы бұл өндіріс процесіне және тауардың (жұмыстың, қызметтердің) айналысына қосылған, сату айналысына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын төлем болып табылады.
Қосымша құнға саылнатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 12 пайызын құрайды.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі ҚҚС есептеу кезінде 1210 “Алынуға тиісті қарыздар” шоты дебеттеледі де, 3130 “Қосылған құн салығы” шоты кредиттеледі. Содан соң 1420 шоттың кредитінен 3130 шоттың дебетіне есепке алынады. Айырмашылығы бюджетке аударылады: 3130 шоттың дебетінде, 1040 “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшалар” шотының кредитінде көрініс табады. «АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі 3130 шоты бойынша шоттар корреспонденциясын қарастырамыз.
Қосылған құн салығы бойынша шоттар корреспонденциясы
Кесте 12
№ Шаруашылық операциялардың мазмұны Сомасы,
мың тенге Д-т К-т
1 2 3 4 5
1 Тауарлы-материалды құндылықтар қайта сату мақсатында сатып алынды:
- материалдық құндылықтардың бағасына;
- ҚҚС сомасына (12%) 3500
420 1310
1351-1355
1420 3310
3310
2 Жабдықтаушының алдындағы қарыз өтелдi 3920 3310 1040
3 Сатып алынған тауарлы-материалдық құндылықтар сатылды
- сатылған материалдық құндылықтардың құнына;
- ҚҚС есептелдi 4300
516 1210
1210 6010
3130
4 Есепке алыну тиiс ҚҚС 420 3130 1420
5 Бюджетке төленген ҚҚС 96 3130 1040
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі бойынша жеке тұлғалардың табыс салығы бойынша есеп айырысу есебі 3120 пассивтік шотында жүреді.
2011 жылдың Салық Кодексіне сәйкес есептелген жалақы деңгейі нақты 10% ставкасымен салық салынады, яғни жалақы шегерілген 10% зейнет ақы жарнасы шегерілген минималды жалақы деңгейі 17439 теңге.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі бойынша қаңтар айындағы қолбасшы маманы қызметкер Куандыков Берік Батырұлының жеке табыс салығын есептеуді қарастырамыз:
- Куандыков Берік Батырұлының, жеке табыс салығы бойынша салық салынатын табыс сомасы 135561 тенгені құрады, яғни жалпы жалақы 170000-17000-17439=135561 тенге. Жылдық табыс көлемі 1626732 тенге (135561*12ай).
Жеке табыс салығының салық салыну келесідей болады: 135561*10%= 13556,1 тенге. Осыған сәйкес Куандыков Б.Б., қолбасшысы қолына 170000-17000-13556,1=139443,9 теңгені құрады.
Жеке табыс салығы бойынша есеп айырысудың шоттар корреспонденциясы
Кесте 13
№ Операция мазмұны Сомасы
тг Д-т К-т
1 2 3 4 5
1 Куандыков Б.Б. қолбасшы маманының жұмысшысының еңбек ақысы есептелді 170000 7210 3351
2 Куандыков Б.Б. қолбасшы жұмысшысының еңбек ақысынан ЖЗҚ бойынша жарна ұсталынды 17000 3351 3220
3 Куандыков Б.Б. қолбасшы маманының жұмысшысының еңбек ақысына жеке табыс салығы есептелді 13556,1 3351 3120
4 «Кай Ойл-С» ЖШС-гі бюджет алдындағы ЖТС бойынша қарызын өтеді 13556,1 3120 1040
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі бойынша әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді. Әлеуметтік салықтың есебі, 3150 “Әлеуметтік салық” шоттында жүргізіледі. 2011 жылы әлеуметтік салық біртектілік тәртіпте 11% құрады. Әлеуметтік салық әрбір қызметкер немесе жұмысшысы бойынша келесі тәртіпте есептелді:
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі қолбасшы маманы Куандыков Берік Батырұлының, жалақысына есептелетін әлеуметтік салық салынатын табысы болып 153000 (170000-17000) тенге табылады. Әлеуметтік салық соммасы 153000*11%=16830 тенге, ал әлеуметтік сақтандыру сомасы 5% көлемінде, яғни 7650 тенге, олардың айырмасы өтелуі тиісті әлеуметтік салық бойынша салық соммасы табылады, яғни 16830-7650=9180 теңгені құрайды. Әлеуметтік салық бойынша есеп айырысудың синтетикалық есеп регистрі болып № 5 журнал-ордер табылады.
Әлеуметтік салық бойынша шоттар корреспонденциясы
Кесте 14
Д-тК-тСомасы Операция мазмұны
7210 3150 9180 Қолбасшы Куандыков Б.Б. маманының жалақысына әлеуметтік салық есептелді
3150
3210 1040 9180 Бюжет алдындағы әлеуметтік салық бойынша салық төлемі өтелді
8-тақырып. «АктауЭлекторСервис» ЖШС-нің жабдықтаушылар мен мердігерлердің және еңбек ақы бойынша есеп айырысудың бухгалтерлік есебі мен аудиті
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі бойынша керекті материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпорындар мен есеп айырысуының есебі «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын 3310 шотта жүргізіледі. Бұл шотта есеп айырысу сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-нің, жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу шот бойынша есеп нөмірі 6-журнал ордерде жабдықтаушы-мердiгерлердiң әрбiр шот-фактурасы бойынша бөлек жүргiзiледi. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердiгерлердiң шот-фактураларының акцептелуi, материалдық құндылыктардың, жұмыстар мен қызметтердiң қабылдануы, олардың құнының төленуi жайлы мәлiметтер жазылады.
Келiп түскен шот-фактураларды алдымен үлгi түрi М-1 «Келiп түскен жүктер есебi журналына» тiркейдi. Бұл журнал бойынша ұйымда материалдық құндылықтардың уақтылы келiп түсуіне бақылау жасалады. Журналға жазылуға тиiстi мәліметтерді жабдықтау бөлiмi тауар-көлiк жүкқұжаттары (накладнойлары), кiрiс ордерлерi, материалдарды қабылдау туралы актiлер негiзiнде кәсiпорын қоймасына материалдық құндылықтардың келiп түсуіне қарай жазып отырады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі фактураланбаған жабдықтарды жазу үшін үлгілі түрі М-7 «Материалдарды қабылдау туралы актiлер» қолданылады, олар шот-фактурамен рәсiмделмеген материалдар, сондай-ақ, қабылдау кезiнде артық шыққан тауарлық-материалдық құндылықтарға да жазылады
3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» бойынша жүргізілетін операциялар
Кесте 15
№ Шаруашылық операцияларының мазмұны Дт Кт
1 2 3 4
1 Келіп түскен тауарлық-материалдық қорлар үшін, жабдықтаушы мердігерлердің шот-фактурасы акцептелді:
- сатып алу құнына;
- сатып алынған тауарларға есептелген (жұмыс,қызмет) қосылған құн салығының сомасына 1310,1350
1330
1420 3310
3310
2 Жабдықтаушы-мердігерлердің шоттары акцептелді:
- материалдарды жеткізу және өңдеу қызметтерінің құнына;
- қосылған құн салығының құнына. 1310,1350
1330
1420 3310
3310
4 Тасымалдау ұйымдарының өнім сату бойынша көрсеткен қызметі үшін талап еткен шоты (егер тасымалдауға байланысты көрсетілетін қызмет келісімшартта өнім берушінің есебінен болған жағдайда):
- көрсетілген қызмет құнына;
- қосылған құн салығы сомасына. 7110
1420 3310
3310
6 Жабдықтаушы-мердігерлерден материалдарды қабылдаған кезде кем шыққан (бүлінген) және бағасының сәйкес келмеуіне, арифметикалық жіберген қатесі және т.б. (қосылған құн салығы қоса) үшін қойылған шағым талап сомасына. 1280 3310
7 Бухгалтерлік есепте шот-фактурасыз келіп түскен материалдарды көрсету (шартта көрсетілген баға бойынша) 1310,
1350
3310
8 Жабдықтаушылардан келген шот-фактураға сәйкес бұрынғы шот-фактурасыз кіріске алынған материалдардың құны сторно етіледі (қызыл сиямен). 1310, 1350 3310
9 Құны төленген, бірақ айдың аяғында жолда қалған материалдардың немесе қоюшылардың қоймасынан әкетілмеген материалдардың құнына (бұл материалдарды қоймаға кіріске алмай-ақ); 1310, 1350 3310
10 Жабдықтаушы-мердігерлердің шоттары төленгенде 3310 1040
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі бойынша келесі кредиторлық қарыздары ретінде жалақы бойынша кредиторлық борыш табылады.
Жалақы - бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал.
Жалақы- екі түрге бөлінеді:
негізгі;
қосымша;
Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіп өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы.
Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелетін жалақы.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі негізгі және қосымша жалақылар жалақы қорын құрайды. Жалақы қорының құрамына жалақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкерлердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-де еңбекақы төлеудің 2 нысаны бар:
1-нысаны мерзімдік;
2-нысаны кесімді;
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-нің қызметкерлермен еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 3351 “Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу” шотында жүргізіледі.
Еңбек ақыны есептегенде 3351 шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі: 2930-шоты “Аяқталмаған құрылыс”күрделі құрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомаларына; 7110-шоты “Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығындар” өнім өткізумен,жұмыстармен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына; 7210- шоты “Жалпы және әкімшілік шығындар” жалпы шаруашылық және әкімшілік-басқармашылық қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің сомаларына; 8012-шоты “Өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақысы” негізгі өндірістегі жұмысшыларға есептелген еңбек төлемінің сомаларына; 8032-шоты “Қызметкерлердің еңбек ақысы” қосалқы өндірістердің қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің сомаларына; 8042-шоты “Қызметкерлердің еңбек ақысы” цехтағы (жалпы өндірістегі) қызметкерлерге есептелген төлемінің сомаларына;
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін сақтап жүруін бақылау, жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу, еңбек төлемі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөнінде статистикалық есеп беру үшін “Жұмыс уақыты есебінің табелінде” жұмыс істеп жүргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Табельді расчетный бухгалтер бір дана етіп жасайды, олар тиісінше құжатталған соң бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күнінің толық істелмегені туралы, мерзімінен артық жұмыс істегені туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайын ауытқушылықтар жөнінде дұрыс толтырылған құжаттар (жұмысқа жарамсыздық парағы, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындағаны туралы анықтамалар т.б) негізінде ғана табельге белгі қойылады.
«АктауЭлекторСервис» ЖШС-гі төлем ведомостері бойынша жалақы төлеу есеп айырысу шотынан кассаға ақша алу күнін қоса алғанда, белгіленген 3 күн ішінде жүргізіледі. Төлем ведомосіне басшы мен бас бухгалтер қол қояды. 3 күн өткеннен кейін төлем ведомосі жабылады. Бұл орайда берілген жалақының сомасы жолдар бойынша тексеріледі және жалпы сомасы есептеледі. Жалақысын алмаған адамдардың аты-жөнінің тұсына “депоненттелді” деген жазу жазылады және берілмеген жалақының жалпы сомасы банкке өткізіледі. Бұл орайда кассир берілмеген жалақылардың ведомосін жасайды. Бухгалтер тізілім негізінде депоненттелген жалақыларды есепке алу кітабына жазулар жазады.
Жабдықтаушылар мен мердігерлердің және еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудиті.
«АктауЭлектроСервис» ЖШС-де Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 3350«Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбеке ақы төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттар (мысалы, жұмыс істеген уақыт табель мен нарядтар) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемді есептеу, нормативті құжаттар, бұл операцияны реттейтін ҚР «Еңбек туралы» заңы, Қызметкерлердің еңбегі мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және т.б. басшылыққа алынады.
«АктауЭлектроСервис» ЖШС-де аудиторлық тексерудің жүзеге асатын одан әрі кезеңдері мыналар:
•төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру
• жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқумен байланысты қосымша ақыны ресімдеу тәртібі;
• құжаттық рәсімдеу мен іркіліс төлемі;
• өнімнің ақауын құжатпен рәсімдеу мен оны төлеу;
• түнгі мезгілдегі жұмысқа қосымша ақы;
• жұмыстан тыс уақыттағы еңбекті өтеу;
• мерекелік күндердегі жұмысқа төлеу;
• іс жүзіндегі заңнамада қарастырылған (еңбек демалысына, жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу және т.с.с.) жұмыспен өтелмеген уақытқа төлем есептеу;
• уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу;
• жалақыдан ұстаудың дұрыстығын тексеру.
Аудитордың мақсаттары:
1.Еңбекақының дұрыстығын тексергенде, аудитор келесілерді тексеруі керек:
- өндірілген өнім, орындалған жұмыс және қызмет көлеміне, жұмыс уақытының есебі бойынша алғашқы құжаттардың заңға сәйкестігі және саны;
- бухгалтерлік баланстағы және Бас кітаптағы жазбалары бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің бір күндегі екі жақтың мәліметтерінің сай келуі.
2. Еңбекақы қорының пайдаланылуын тексерген кезде аудитор келесілерді тексеруі керек:
- кәсіпорын жұмысшыларына штаттық кестеде бекітілген қызметтік айлығының қадағалануын тексеру;
- инфляция жағдайында бағалардың өсуін есепке ала отырып олардың индексациясының уақтылы жүргізілуін тексеру;
- құрылтайшылардың, акционерлер жиналысы немесе басқару кеңесі штаттық кестені бекіткендігін тексекру;
- орындалған жұмыстар үшін есептеулер жүргізілді ме, жұмысшылардың кесімді наряды бойынша еңбекақы дұрыс жүргізілгендігін тексеру;
кәсіпорын жұмысшыларына сыйақылардың дұрыс берілуін тексеру.
«АктауЭлектроСервис» ЖШС-нің еңбек ақы бойынша келесідей тәртіпте аудиторлық бағдарлама құрастырылған (16-ші кесте).
Еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудитінің бағдарламасы
Кесте 16
№ Аудит процедуралары Ақпарат көздері
1 2 3
1. Құжаттардың дұрыс жасақталуын және қызметкерлерге төлемдердің дұрыс жүргізілетіндігін бағалау Есептеу – төлемдік тізімдемелері (ведомостері), нарядтар, жұмыс уақытының есебін жүргізу табельдері
2. Табыс салығының дұрыс ұсталуын, зейнетақы қорына салымдардың дұрыс жүргізілуін және еңбекақыдан басқа да ұсталымдардың дұрыс жүргізілуін тексеру Есептеу – төлемдік тізімдемелері,
Журнал – ордерлер, материалдық көмекке бұйрықтар
3. Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу бойынша мәліметтердің дұрыстығын және олардың Бас кітаптың шоттарымен сәйкестігін тексеру Тізімдемелер, журнал – ордерлер, Бас кітап
4 Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың шоттар корреспонденциясының дұрыстығын тексеру Тізімдемелер, журнал - ордерлер
5 Есепті тұлғалармен есеп айырысу бойынша есеп регистрлерінің Бас кітап мәліметтерімен сәйкестігін тексеру Журнал – ордерлер, Бас кітап
6 Есепті тұлғалардың шығындары –
ның негізділігі, қолданылмаған есептік төлемдердің уақтылы және толық қайтарылуы Алғашқы құжаттар тіркелген аванстық есеп берулер, касса кітабы
7 Салық салу мақсатында есепті тұлғалармен жіберілген шығындардың есепке алыну дұрыстығын тексеру Журнал – ордерлер, аванстық есеп берулер
8 Есепті тұлғалармен есеп айырысу есебінің шоттар корреспонденциясының дұрыстығын тексеру Тізімдемелер, журнал – ордерлер
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет: Учебное пособие
2. Соловьева О.В. Международная практика учета и отчетности: Учебник. – М.: ИНФРА – М, 2004. -332 с.
3. Каморджанова Н.А., Карташева И.В. Бухгалтерский учет. – М., 2005.

Приложенные файлы

  • docx 15546618
    Размер файла: 103 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий