Жанұя денсаулығы. Бала денсаулығы. (2)


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина УниверситетіКафедра: Қоғамдық денсаулық сақтауСӨЖТақырыбы: Жанұя денсаулығы. Бала денсаулығы. Орындаған: Мубараков М. Курс: III Топ: 21-01 Факультеті: ЖМ Тексерген: Айтманбетова А. Жоспары: 1. Ана мен баланы қорғаудың анықтамасы.2. Ана мен баланы қорғау мәселелерін шешудің жүйелі әдісі.3. Әйелдерге және балаларға медициналық көмек ұйымдастыру ұстанымдары.4. Ана мен баланы қорғау мекемелері.5. Аналар өлімінің себептері. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (1958 )жарғысы бойынша, “денсаулық деп аурушаңдық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес сонымен қатар адамдардың толық физикалық, әлеуметтік және рухани қолайлы жағдайларын” түсінеміз. Қоғамдық денсаулық қауіпті факторлардың кешенді әсеріне байланысты өзгеріске ұшырайды, бұл факторларды бірнеше топтарға біріктіруге болады: Қоғамдық денсаулықтың өзіндік зерттеу әдістері бар: СтатистикалықТарихиЭкономикалықЭкспериментальдықХрономентраждықәлеуметтік     Репродуктивтік денсаулық – бұл дегеніміз адамның ұрпақ әкелетін дене мүшелерінің және функциясының ауру мен сырқатсыз болуы ғана емес, жалпы адамның физикалық және ой жүйесі мен әлеуметтік жағдайының да сау болуы.   Ана мен баланы қорғау деген – мемлекеттік, қоғамдық және медициналық мекемелер және медициналық шаралар, аналарды мадақтау, баланың дүниеге келуіне және тәрбиеленуіне жағдай жасау, ана мен баланың денсаулығын қамтамасыз ету, жанұяны нығайтуға жан-жақты қолдау жасау. Ана мен баланың денсаулығы -болашақта мемлекетіміздің демографиялық, экономикалық, еңбектік, әлеуметтік, мәдени және қорғаныс қуат- кушін қалыптастырады. Осыған орай, ана мен баланы қорғау мәселелері денсаулық сақтау жүйесі жұмысының басымды бағыты болып есептелінеді. Ана денсаулығы       Республикада халықтың өсіп-өнуінің азаюы әйелдер денсаулығы жағдайының нашарлай түсу үрдісінің белең алуы аясында орын алуда. Әйелдер денсаулығының индексі 30%, ал кейбір аймақтарда 20% және одан да төмен көрсеткіш құрайды. Соңғы 5 жылда аяғы ауыр әйелдердің қаны аздығының жиілігі 1,5 есе, бүйрек аурулары - 1,3 есе, жүрек-қан тамырлар жүйесі аурулары - 1,2 есе, ал тұтас алғанда экстрагенитальдық аурулар 1,7 есеге өскен. Денсаулықтың төмен индексі аясында жүктілік пен босанудың асқыну деңгейі жоғары, толғақтың 60%-і қандай да бір асқынумен өтеді, әрбір дүниеге келген мың нәрестенің 288-і ауру болып туады. Республика әйелдерінің өсіп-өнушілікке қатысты, 100 босануға 66,7 түсік тастаудан келсе, дамыған елдерде 100 босануға 5-10 түсік тастау болады. Түсік-тастау ана өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады, оның деңгейі жоғары да тірі туған 100 мың нәрестеге 76,9-дан келіп отыр. Аналар өлімі Аналардың өлім-жітімі айрықша алаңдаушылық туғызуда және ол тірі туған 100000 бала санына 75,3 адамды құрап отыр, мұның өзі АҚШ үшін тиісті көрсеткіштен (8,0) тоғыз есе артық және Израильден елеулі жоғары. Түркия мен Индияда байқалып отырғанмен салыстырғанда бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен. Аналар өлімі екі топқа бөлінеді: 1) тікелей акушерлік себептеріне байланысты; 2) жанама акушерлік себептеріне байланысты (әйелдердің жүктілік кезінде болған аурулары акушерлік себептеріне байланыссыз, бірақ жүктіліктің физиологиялық әсерінен болған асқыну). Аналар өлімінің себептері кешенді түрде қаралады. Қазақстанда аналар өлімінің ең маңызды себептері: экстрагенитальды аурулар;акушерлік қан кету;гестоздар; түсік тастау. Ана денсаулығын қорғау Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының өлшемдері бойынша жасанды түсік тастау - аналар арасындағы өлім көрсеткіші жағынан 5-ші орында. Ал жасөспірімдер арасындағы өлім көрсеткіші жағынан ол тіпті екінші орында тұр. Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген зерттеулер қорытындысы бойынша -елімізде жасалатын жасанды түсіктердің 3,8 проценті 15-18 жас аралығындағы қыздардың үлесінде.    Қазіргі кезде ерлердің денсаулығы едәуір өзекті әлеуметтік проблема болып табылады. Олар үшін еңбекке қабілетті жаста (16-62 жас) қайтыс болу тән – 100 мың адамға шаққанда 957,23 жағдай, әйелдерде (16-57 жас) бұл көрсеткіш 3 есе төмен – 313,37.Мұның себебі жүйкеге күш түсу, жүйке тозуы, ширыққан жұмыс ырғағы, жүрек-қан тамыры аурулары, атеросклероз, өкпе рагы, ішімдік пен есірткіні пайдалану, жарақаттанудың жоғары деңгейі және басқалар болып табылады.Ерлердің ұрпақ әкелу денсаулығына жыныстық жолмен берілетін аурулар, қуық безі мен ұрық арқауының аурулары, белсіздік және басқалары әсер етеді.  Балалар денсаулығы       Қазіргі уақытта Қазақстанда созылмалы ауруларға шалдыққан балалар саны өсуде, сәбилер өлімі жоғары деңгейде қалып отыр. Негізінен, ауылдық жерлерде тұратын сәбилердің 80%-ға жуығы қан аздығымен, мешелмен ауырады, психикалық және дене бітімінің дамуы кейін қалуда. Қазақстанда көптеген жылдар бойы тосын тыныс жолы жұқпалары және іш өту аурулары балалар, әсіресе сәбилер арасында кең тарала отырып, балалардың сырқаттануы мен шетінеуінің құрылымында алдыңғы орын алады. Жыл сайын 2 миллионға жуық бала тосын вирустық жұқпаға және 600 мыңнан астамы - диареялық ауруларға шалдығады. Бір жасқа дейінгі балалардың шетінеуінің құрылымында тыныс мүшелерінің аурулары әлі алда келеді, ал бұлардың ішінде өкпе қабынуынан осы жастағы балалардың 30%-і шетінеуде, әрбір 7-ші сәбидің шетінеуінің себебі, тосын ішек жұқпасы болып табылады. Сәбилер өлімі халықтың әлеуметтік салауаттылығын, медициналық-әлеуметтік көмектің деңгейі мен сапасын, акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық көмектің тиімділігін бағалайтын шұғыл критерий және индикатор болып саналады. Сәбилер өлім көрсеткіші осы күнтізбелік жылдағы 1 жасқа толмай өлгендер санын осы жылдағы тірі туылғандар санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Туу көрсеткішінің айқын тербелісі кезінде былтырғы туылғандар санына нақты есептеу жүргізіледі – 1 жасқа толмай өлгендер санын биыл туылғандардың 2/3 мен былтыр туылғандардың 1/3 қосындысына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Қазақстан Республикасындағы сәбилер өлімінің себептері: -перинатальды кезеңде туындайтын жағдайлар; -туа пайда болған ақаулар; -тыныс алу жүйесінің аурулары; -қайғылы жағдайлар; -улану және жарақаттар, -жұқпалы және паразитарлық аурулар. Сәбилер өлімі деңгейін бағалау үшін бала өмірінің әр түрлі кезеңіне сай көрсеткіштер есептеледі: перинатальды; Неонатальды; ерте неонатальды; кеш неонатальды; постнеонатальды өлім көрсеткіштері. Ана мен балалардың денсаулығын қорғаудағы ұйымдастырушылық-құқықтық негіздер Жанұя және балалар қорғау мәселелерін Қазақстан Республикасының Конституциясында берілген (27 бап).Қазақстан Республикасының «Азаматтардың денсаулығын сақтау» заңында жүкті әйелдердің және аналардың құқығы, балалардың денсаулығын қорғау жөнінде нақты айтылған (12,13 баптар). Әйелдерге және балаларға медициналық жәрдем көрсетудің ұйымдастырушылық ұстанымдары: - бір педиатр дәрігер ұстанымы яғни бір дәрігер учаскеге тіркелген 0 ден 14 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балаларды бақылауы керек.- учаскелік ұстаным: учаскелік педиатр-дәрігер 800-1000 – ға дейін тіркелген аумақтағы учаскіге қызмет көрсетеді, акушер-гинеколог – жасы 15 –тен асқан 3-3,5 мың әйелдерге қызмет көрсетеді. Аналарды қорғау мекемелері: біріктірілген перзентхана, әйелдерге кеңес беру жекеленген мекеме, жалпы ауруханалардың акушерлік-гинекологиялық бөлімдері, көп салалы ауруханада қосалқы аурулары бар жүкті әйелдерге арналған арнайы бөлімшелер (палаталар), адамның репродукция орталығы, медициналық- генетикалық кеңес беру орны, «Неке және жанұя» кеңес беру орны, медициналық бөлімі, дәрігерлік амбулаториясы, санаторлық-курорттық мекемелер. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет!

Приложенные файлы

  • ppt 15535338
    Размер файла: 1 MB Загрузок: 13

Добавить комментарий