Репродуктивті денсаулық Адамова Шынар 14-2


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Репродуктивті денсаулық. Орындаған: Адамова Ш.К Курс: 14-2 ЖМ Тексерген: Жоспары:Кіріспе.Әйелдердің репродуктивті денсаулығы.Өзіңнің ұрпақ жалғастыруға қабілетті денсаулығыңды қалай сақтауға болады?Репродуктивті денсаулықты сақтау стратегиясы.Жүктілікті жоспарлау.Алматының 14-тен 18 жасқа дейінгі жас жеткіншек-қыздары репродуктивті құқық туралы не біледі?Бедеуліктің алдын алу. Кіріспе.ДДҰ анықтауы бойынша бұл жай ғана репродуктивті жүйеге және оның прцестеріне қатысты аурулардың болмауымен ғана байланысты емес, ол дене бітімінің, ақыл-ойдың және әлеуметтік аманшылдықтың кезеңі.Біз көп жағдайда бірінші кезекте әлеуметтік және дене бітімінің аманшылдығына назар аударамыз және психологиялық денсаулық туралы ұмытып кетеміз. Ал шын мәнінде психологиялық денсаулық ең маңызға ие мәселе болып табылады. Жүктілік ұрықтану сатысынан бастап анықталады. Мұндай жауапкершілігі мол қадамға алдын ала дайындалған маңызды.Бұл ретте жасты, тұқым қуалаған және жүре пайда болған ауруларды, тамақтануды, зиянды әдеттердің болуы және басқа да факторларды ескеру қажет. Бұның барлығына жүкті болғаннан кейін емес, алдын ала назар аудару қажет. Ең бастысы жүктілік пен дүниеге келетін нәресте көптен күткен қуаныш болуы абзал, бұлар туралы отбасыларының мүшелері армандаулары қажет. Әйелдердің Репродуктивті денсаулығы негізінен экстрогенетальды аурулардың бар жоқтығымен анықталатын жалпы денсаулық жағдайына тәуелді болады. Оларға жүрек, қан тамыр жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер т.б аурулар  жатады. Соматикалық денсаулық жағдайы жүктілік барысына және оның нәтижесіне әсер етеді. Ал жүктілік өз кезегінде экстрогенетальды ауруларды асқындырады. Әйел адамдар денсаулығы ана құрсағындағы кезеңнен бастап , нәресте, жасөспірім кезеңіндегі  денсаулық жағдайына тәуелді болады. Статистика бойынша дүниеге келген сәбилердің 6 пайызы ғана дені сау болып  туылады. Репродуктивті жасқа келгенше қыз балаларда бірнеше аурулар болуы мүмкін. Болашақ  ұрпақ денсаулығын жобалау үшін жүкті әйел денсаулығының жағдайын, жүктілік барысын талдау қажет.  Жүктілікке дейінгі денсаулық жағдайымен жүктілік кезіндегі асқынулар босану кезеңіндегі  асқынулардың пайда болуына әсер етіп, оперативті шаралар қолданылуына мәжбүр етеді.Статистика бойынша қалыпты босану тек 31 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда босану мен босанғаннан кейінгі кезеңдегі қан кету жағдайлары жиілеп кетті. Сонымен қатар әйел денсаулығына көрсетілетін мед. көмек сапасы , мед.мекемелердің дәрі дәрмекпен, қан препараттарымен, құрал жабдықтармен қамтылуы едәуір әсер етеді. Сонғы кезде жыныстық жолмен берілетін аурулармен босануға дейінгі кезеңде санитарлы -гигиеналық нормаларды сақтамаудың нәтижесінде  босанғаннан кейінгі септикалық асқынулар жиілеп кетті. Өзіңнің ұрпақ жалғастыруға қабілетті денсаулығыңды қалай сақтауға болады?Бала тууға қолайлы жас – 20-35 жас. Егер жүктілік бұдан ерте не кеш туатын болса, ол көптеген асқынулармен өтуі мүмкін екендігі және ана мен бала денсаулығының бұзылу мүмкіндігі дәлелденген. Сондықтан асықпауға тырысыңыз, бірақ бала туу мерзімін де кештетпеңіз.Бала туудағы аралық 2-2,5 жыл болу керектігі ұсынылған, осылайша келесі бала тууға дейін ана денсаулығы қалпына келіп, болашақта туатын бала денсаулығына септігін тигізеді.Контрацепцияның заманауи әдістерін пайдалана отырып, қаламаған жүктілікті ескертуге болады.Өкінішке орай біздің арамызда ауыр ауруларға байланысты жүктілік қарсы көрсеткіш болып келетін әйелдер бар ғой, мұндай жұптар үшін отбасын жоспарлау кабинеттерінің дәрігерлерімен және аурулар бойынша маман дәрігерлермен кеңесіп барып жүктілікті болдыру керек. Отбасын жоспарлау – қалаулы балалардың ғана тууын білдіретін әйел өміріндегі маңызды кезең. Қаламаған жүктілікті ескерту үшін контрацепцияның әр түрлі әдістері қолданылады. Әдісті таңдау әйел денсаулығын жақсартуға және гинекологиялық аурулар қатарын ескертуге, әдіс сенімділігі, сондай-ақ әйелдің контрацептивке деген дербес көзқарасын жақсарту үшін қолдануға болатын контрацептивті емес қасиеттерді есепке ала отырып жүзеге асырылады. Негізгі әсер ететін факторлар:Экологияның бұзылуы;Зиянды әдеттер (темекі шегу, маскүнемдік, т.б.)Вирустық аурулар;Дұрыс тамақтанбау; Репродуктивті денсаулықты сақтау стратегиясыЖұма, 30 Желтоқсан, 2011 Медициналық көмектің сапасын бас­қ­а­руды жетілдіру және денсаулық сақтау жү­йе­сіндегі жоғарғы технологиялық даму Қа­­­зақстан Республикасындағы 2011-2015 жыл­­­ғы “Саламатты Қазақстан” денсаулық сақ­­тау­ды дамыту мемлекеттік бағдарла­ма­сын­­­­да басты орын алады. Денсаулық сақ­тауды басқару нәтижелігін жоғарылату мақ­са­тында Қазақстан Республикасында Бірың­ғай ұлт­­­тық денсаулық сақтау жүйесі құ­рыл­ған, ол медициналық көмек көрсету үрді­­сінің тұ­нықтығы, бәсекелестік ортаны құру, нау­қас­тардың медициналық ұйымды және дәрі­герді таңдау еркі қағидатына негізделген. Дүниежүзілік ғылыми қарым-қатынасты ықпалдастыруда, перспективалы ғылыми-зерттеулерді үйлестіруде және анықтауда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша еліміздегі ірі ғылыми мекеме болып табылады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы заманауи жаңа ме­дициналық құрал-жабдықтарымен қамта­ма­сыз етілген, онда шетелдерде және ТМД-ның басты ғылыми орталықтарында дайын­далған және мамандандырылудан өткен, ұйымдастырылған ғылыми және клини­ка­лық мәселелерді шеше білетін, жоғары тә­жірибелі мамандар жұмыс істейді. Мате­ри­алдық техникалық базаның өсуі, мекеменің кадрлық әлеуетінің жоғары деңгейі орта­лықты репродуктивті медицина аймағының қазіргі заманғы ғылым мен тәжірибеде алдыңғы шепке шығарды. Орталық қызметінің негізгі бағыттары: •  Ғылыми-зерттеу; •  Ұйымдастыру-әдістемелік; •  Емдеу-кеңес беру; •  Жоғары білікті кадрларды дайындау; •  Білім беруге арналған лекция оқу; Жүктілікті жоспарлауОтбасын құрып, шаңырақ көтерген кез-келген жұбайлар отын өшірмей, ұрпағын жалғастырар бала сүюді армандайды. Осы ретте болашақ аналарға мамандардың берер кеңесі жетерлік. Құрсағында 9 ай, 9 күн көтерген нәрестесінің дені сау болып туылуына ата-ананың өзі себепші екендігін ескерген жөн. Балалы болу дегеніміз – ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің артуы десек, екі жаққа да артылар міндеттің жүгі ауыр болады. Тек осы сыннан сүрінбей өту үшін сауаттылықтың болу керек. Сонымен, мамандар кеңесіне назар аударайық:1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Есіңізде болсын: темекі шекпек түгіл оның иісінің өзі бала дамуына кері әсерін тигізеді;2. Кез-келген дәрі-дәрмек атаулыдан бас тартыңыз. Әсіресе, гормональды дәрілер өте зиян.3. 3-4 ай бұрын дәрігерге көрініп, денсаулығыңызды кінәратының бар-жоқтығын тексертіп алғанның да айыбы болмас. Өйткені, бала көтергеннен кейін тұрмыс құрғанға дейінгі кезеңде білінбеген аурулар асқына бастайды. Ал, жүктілік кезінде дәрі пайдаланудың болмайтындығын ескерсек, сізді емдеу қиынға түсетіні айтпаса да түсінікті.4. Дәруменге бай азық-түліктерді, мысалы, көкөніс, жеміс-жидектерді күнделікті тамақ рационына енгізіңіз. Егер ондай мүмкіндік болмаса, дәрігермен ақылдасып, дәріханаларда сатылатын дәрумендерді алып ішуге де болады.5. Көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болсын! Өмірде кездесетін түрлі проблемалар мен қиындықтарға қарамастан, бірінші орынға болашақта нағыз ана бақытын сезіндіретін сәбиіңіздің денсаулығын қоя біліңіз! Алматының 14-тен 18 жасқа дейінгі жас жеткіншек-қыздары репродуктивті құқық туралы не біледі? Бүгін Алматыда осы мәселелерге арналған "дөңгелек үстел" отырысы болып өтті. Жиынға жастар орталықтарының, денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ өкілдері мен дәрігерлер қатысты.Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірінше, елімізде жыныстық тақырыптарға сұрақтар ашық түрде айтылмайтын жағдайда. "Жасөспірімдер көп жағдайда мұндай сұрақтар туындағанда қайда барарын, не істерін, кімнен кеңес аларын, тіпті, кіммен сөйлесерін де білмейді. Бұл келеңсіз жағдайларға, тіпті аяғының ауырлауына, түсік тастатуға, тастанды балалар санының ұлғаюына әкеп соғуда", - дейді олар."Әр адам ерте ме, кеш пе, отбасын құруды, ал, әйел адам дені сау сәбиді дүниеге әкелуді ойлайды. Сондықтан, әр жеткіншек репродуктивті денсаулығын ойлауы қажет, жыныстық тәрбие жайында ақпараттануы керек",-дейді "Забота" дағдарыс орталығының ерікті жаттықтырушы Илья Золин. Оның айтуынша, жасөспірімдердің көпшілігі  арнайы көмек алу байланыс телефондарын, кеңес алу орындарын, контрацептік әдістер түрлері жайында білмейді. "Елімізде 16 жастағы қыз балалар кәсіби маманның көмегін ала алмайды, яғни ата-анасымен бірге бармаса қабылдауында бола алмайды. Ақпараттанбағандық, білмегендік әр түрлі жағдайларға әкеліп соғуда. Жүкті болып қалған қыздар, ата-анасының білмеуі үшін жеке меншік емханаларға жүгінуі де сондықтан. Ал, ол жерге барған қыздардың одан кейін сәбилі болатынына ешкім кепіл бермейді. Біз сол себепті, жеткіншек қыздар 14 жастан ата-анасынсыз гинекологқа қаралуы керек деп санаймыз.  Бүгінде бұл тәжірибеге Ресей, Молдова  елдері көшкен", - деді ол. Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірінше, бұл мәселелердің шешімі   әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің, ұйымдар мен мамандар қызметінің үйлесімді жұмыс істеуінің және жастар бағдарламаларын толыққанды қаржыландырудың арқасында ғана мүмкін болмақ. Бедеуліктің алдын алуБедеулік диагнозы туралы қашан айтуға болады?Бедеулік диагнозы 35 жасқа дейінгі жұптың себепті факторлармен толық тексерістен өтулерінен кейін  және тұрақты жыныстық қатынас өмірінде 12 ай бойы жүктілік болмаған жағдайда, сондай-ақ жұбайының жасы 40-тан асқан, өзінің жасы 35-тен асқан пациенттің 6 ай бойы жүкті бола алмау жағдайында қойылады.Бедеулік себептері мен ЭКҰ-ға көрсеткішті анықтау үшін қанша уақыт қажет?Елі-зайыптыны Отбасын жоспарлау және репродукция орталығында толық тексергеннен кейін бедеуліктің консервативті немесе оталы емдеуге жатпайтын себебі анықталғаннан кейін дәрігерлер емдеуді 1,5 – 2 жылдан артық жалғастыра алмайды, сондықтан бедеулікті емдеудің неғұрлым тиімді түрі экстрокорпоралды немесе «құтыда» ұрықтандыру әдістерін ұсынады. Талпыныс сәтсіз болған жағдайда қандай әрекеттер жасау керек?Өз бетімен жүкті болу (30-40%) 100% талпыныста тумайтынындай, жасанды ұрықтандыру да 100% талпыныста тумайды. Сол себепті мынадай сұрақ тууы мүмкін: талпыныс сәтсіз болған жағдайда не істеу керек? ЭКҰ талпынысын қанша рет жасауға болады?Бұл мәселе дербес шешіледі. ЭКҰ шарасы стандартты түрде бақылап отырғанда және дәрігердің сәйкес тәжірибелілігінде қауіпсіз болады және бірнеше рет қайталауға болады. Кейбір жұпта жүктілік 3-4 талпыныста туады. Талпыныс жасаудың санының саналы шегі бар, оны нақты жағдайға байланысты дәрігер анықтайды. Талпыныс қайталанғанда жағдай жасай отырып алған криоэмбриондарды пайдалану орынды. Өкінішке орай, репродуктолог дәрігерлердің ешқайсысы ЭКҰ кезінде жүктіліктің тууына 100% кепіл бере алмайды (әлемдік статистиканың деректері бойынша).Клиникада ЭКҰ әдісімен емдеудің бірінші курсынан кейін жүктілік тумағаннан-ақ дәрігер талпыныс сәттіздігінің себептерін анықтап, оларды жою мүмкіндіктерін қарастырады. Содан кейін ғана дәрігер ерлі-зайыптымен біріге отырып жаңадан жоспар құрып, соңғы қорытынды көптен күткен бала болатындай жолын қарастырады.

Приложенные файлы

  • pptx 15535135
    Размер файла: 164 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий