Жауынгерлердің денсаулығын сақтау, жеке және ұж..


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстық ғылымдар факультеті
Денешынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасы
5В010400 «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы
СРО
Тақырыбы: «: Төтенше жағдайларда зақымдану кезінде дәргерлі көмек көрсету. Техникалык улы сұйықтықтармен, көмір қышкыл газынан уланғанда, суға батуда, найзағай тускенде, улы саңырауқұлақтар және улы өсімдіктерден уланғанда, жылан шаққанда алғашқы көмек көрсету. Жасанды түрде тыныс алдыру әдістері»

Семей 2014жыл
Тақырып: Төтенше жағдайларда зақымдану кезінде дәргерлі көмек көрсету. Техникалык улы сұйықтықтармен, көмір қышкыл газынан уланғанда, суға батуда, найзағай тускенде, улы саңырауқұлақтар және улы өсімдіктерден уланғанда, жылан шаққанда алғашқы көмек көрсету. Жасанды түрде тыныс алдыру әдістері
      әскери бөлiм объектiлерiнiң өрт қаупi ерекшелiктерiн бiлуге, өртке қарсы қорғаныс жоспарын және өрт қауiпсiздiгi талаптарын әзiрлеуге қатысуға;      әскери бөлiм бөлiмшелерiнiң офицерлерiмен, сержанттарымен және старшиналарымен өртке қарсы даярлық, өрт сөндiру құралдарын пайдалану бойынша сабақтарды жеке өзi өткiзуге, жеке құраммен өрт қауiпсiздiгi талаптарын орындау жөнiнде түсiндiру жұмыстарын, сондай-ақ өрт сөндiру командасының арнайы даярлығын жүргiзуге, өрт сөндiру нарядына түсетiн жеке құрамға нұсқама беруге және бiлiмiн тексеруге;      барлық объектiлердiң өртке қарсы жай-күйiне тексеру жүргiзуге және жеке құрамның өрт қауiпсiздiгiнiң белгiленген талаптарын орындауына және өрт сөндiру нарядының қызмет атқаруына күн сайын бақылауды жүзеге асыруға; V064126      барлық өрт сөндiру құралдарының, өрт дабылдамасын, өрт сөндiрудi сумен жабдықтау көздерiнiң болуына, уақтылы талап етуге, ақаусыздығы мен дұрыс пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыруға және оларды iс-қимылға ұдайы әзiрлiкте ұстау жөнiнде шаралар қабылдауға, өрт сөндiру құралдарын тексерудi және куәландыруды ұйымдастыруға;      өрт сөндiру құралдарының болуы мен техникалық жай-күйiнiң есебiн жүргiзуге, сондай-ақ олардың формулярлары (паспорттары) мен техникалық құжаттамаларын уақтылы жүргiзуге;      өртке қатысты ақаулы және қауiптi қондырғыларды, жылыту, жарық беру аспаптарын пайдалануға үзiлдi-кесiлдi тыйым салуға;      әскери бөлiм командирiнiң тыл жөнiндегi орынбасарына олар анықталған кезде объектiлердiң өртке қарсы жай-күйiндегi кемшiлiктер туралы уақтылы, ал тұтанудың, өрттiң барлық жағдайлары туралы және қабылданған шаралар туралы дереу баяндауға;      өрт сөндiруге басшылық жасауға;      белгiленген есеп берулердi жоғары тұрған штабқа және жабдықталым органына уақтылы ұсынуға мiндеттi.
Қоршаған ортаны қорғау
Әскери қызметшi табиғатты сақтауға және өзiнiң күнделiктi қызметi барысында оның байлықтарын қорғауға мiндеттi. Бұл үшiн ол әскери бөлiмде (бөлiмшеде) болатын негiзгi ластау көздерiн бiлуi және су ресурстарының, ауаның, жердiң ластануын болдырмау, жануарлар мен өсiмдiктер әлемiн сақтау жөнiндегi ережелермен және нұсқаулықтармен көзделген iс-шараларды қатаң орындауы тиiс.      Өзiнiң iс-қимылы немесе әрекетсiздiгi нәтижесiнде қоршаған ортаны ластауға жол беретiн әскери қызметшiлер заңнамаға  сәйкес жауаптылықта болады.
Улы саңырауқұлақтармен улану.Улы саңырауқұлактардың улылық дәрежесі әртүрлі; алайда адам үшін қауіптілері бозғылт арамқұлақ, шыбынжұт, алдама томарқұлақ пен тілікқұлақ.
Алғашқы көмек. Асқазанды сумен, әлсіз (қызғылтым) марганец қышқылды калий ерітіңдісімен шаю қажет. Бұны зондтың көмегімен немесе күштеп құсу әдісімен жасауға болады, бұдан кейін айдағыш (зығыр майы және тұзды айдағыш) береді, бірнеше рет тазалағыш клизманы қояды. Бұдан кейін сырқатты жылы қымтап, қыздырғыш қойған соң ыстық тәтті шай, кофе берген жөн. Емдеу мекемесіне жеткізу қажет.
Өсімдік уларымен улану. Өкілдері: цикута, аконит.
Алғашқы көмек.Асқазанды шайған соң активтелген көмірді, танинды және тұздық айдағышты ішу қажет. Емдеу мекемесіне жеткізу қажет.
Тамақтан улану.Сапасыз (инфекцияланған) мал өнімдерінен жасалған тағамдарды қабылдаған кезде (ет, балық, шұжық өнімдері, ет және балық консервілері, сүт пен одан жасалған тағамдары – крем, балмұздақ және т.б.) улану пайда болады. Улануды осы тағамдардағы микробтар мен олардың тіршілік өнімдері токсиндер туғызады. Ет пен балық хайуанаттардың тірі кезінде улы болу мүмкін, алайда бұл көп жағдайда тамақты даярлау барысында және тамақ өнімдерін дұрыс сақтамаудан пайда болады. Әсіресе ұсатылған ет оңай бұзылады (паштет, тартылған ет, қатырылған сіңір). Тамақтан улану кенеттен пайда болуымен жөне өте қысқа инкубациялық үзіліспен сипатталады.
Алғашқы көмек – асқазанды әлсіз сода ерітіндісімен, марганец қышқыл калиймен шаю, айдағыш тазартқыш клизма беру көп ыстық су ішкізу.
Хайуанаттардың уымен улану:Жыланның шағуы. Жыланның шағуының әкелер зардабы да өте ауыр. Сондықтан жылан мекендейтін жерлерге барардың алдында ең алдымен жабық аяқ киімді, ең жақсысы етікті киген жөн.Жыланның шағуынан зардап шегуші жағдайының ауырлығы оның түріне байланысты. Қазақстанда сұр жылан, оқ жылан, сарыбас жылан кездеседі.
Алғашқы көмек.Шаққан жердің уын ауызбен жедел сорып тастау керек. Мұны зардап шегушінің өзі немесе оның серіктерінің бірі жасай алады. Ауыз қуысында жара болмаукерек, өйткені у солар арқылы қанға түсуі мүмкін.Егер уды өз уақытында сорып тастаса, зардап шегушінің улану деңгейі әлсіреп, жылдам сауыға бастайды.
Сонаның, араның шағуы. Сонаның, араның шағуы қатты ауыртады және ине сұғып алғандай сезінеді. Шаққан жер күрт күлбірейді, алайда организмге жалпы әсері елеусіздеу: аратұра бас ауырады, жүрек айниды, қалтырауды сезінеді.
Алғашқы көмек.жедел көмекті шақыру; ол келгенге дейін терідегі ара біздерін (сона бізгек қалдырмайды) оны үлкен саусақтың тырнағымен қыса отырып, алып тастау керек; бұдан кейін жараға суық компресс қою немесе оған антигистаминдік май жағу; адамды аяғы оның басынан биік болатындай етіп жатқызу (жастықты, бүктелген киімді және т.б.
 
қоюға болады); оның дем алуын жеңілдету (белбеуді, жағаны ағыту) және оны бір бүйірмен жатқызу (құсатын болса); зардап шегушіге көрпе жабу; оған су мен тамақ бермеу,
темекі тартқызбау; есінен танған немесе құса бастаған жағдайда оның жақсы дем алу үшін етпетінен жатқызу керек.
Шаяндардың шағуы. Шаяндардын шағуы Қазақстанның оңтүстік аудандарында жиі кездеседі.
Алғашқы көмек: шаққан жерге кез-келген өсімдік майын жағу; шаққан жерге ыстық қыздырғыш кою; анальгин мен антигистаминдік дәрі-дәрмектер ішу (супрастин, димедрол, пипольфен); зардап шегушінің жағдайын кәсіби бағалау және соған байланысты сырқатты жазу мен жалпы улануды емдеу шараларын таңдау қажеттігінен жедел дәрігер шақыру.
Қарақұрттың шағуы. Қарақұрттың ұрғашысы ғана улы болады.
Алғашқы көмек. Марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ерітінді, жүрек дәрі-дәрмектерін береді.Жедел көмекті шақырады, немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.
Өрмекшінің, бүйеннің, сколопендрдің шағуы. Өрмекшінің, бүйеннің, сколопендрдін шағуы қауіпсіз, алайда олардың шағуы қатты сырқыратады, шаққан жер ісінеді, алайда олар теріден өтіп, улы бездерін енгізе алмайды.
Алғашқы көмек. Шаққан жерге марганец қышкылды калийдің, мүсәтір спиртінің немесе магний сульфатының ерітіндісімен шайылған суық баспа кояды.
Кененің кіруі.Кенеден дұрыс киілген киім қорғай алады, оның барлық ашық жері түймеленіп, қымталуы тиіс.
Кененің шаққаны білінбейді: ол жараға ауыртпайтын затты сіңіреді. Сондықтан кене бірден байқалмайды. Кене көп жағдайда қолтықтың астын, мойынды, құлақтың ішін, шапты сорады. Басқа жерлерді де шағуы мүмкін.
Алғашқы көмек: Қанды сорған кенені қысуға немесе қатты сілкуге болмайды.Бұл тек энцефалитпен зақымдануды күшейтеді. Ең алдымен кене мен терінің төңірегіне май немесе сұйық май құйып, сөлден соң ұшына дәкі байланған пинцетпен немесе саусақпен ұстап, оны теріден баяу қозғалыспен алып тастау қажет.Басқа жағдайда кененің басы терімен түйіскен жерде жіпті ілгекпен байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады.Кенені алғаннан кейін шақкан жерінен қолды залалсыздандыру қажет.
 Өртті болдырмау жүйесіне қойылатын талаптар
Өртті болдырмауға:       1) жанғыш ортаның;       2) жанғыш ортада жану көздерін мыналардың пайда болуын болдырмай қол жеткізіледі.       12. Жанғыш ортаның пайда болу жағдайларын болдырмауға мына тәсілдермен:       1) жанбайтын заттар мен материалдарды максималды мүмкін қолданып;       2) жанғыш заттар мен материалдардың салмағын және (немесе) көлемін шектеп технология және құрылыс шарттары бойынша максималды мүмкін;       3) жанғыш заттар мен материалдарды, сондай-ақ бір-бірімен өзара байланысы жанғыш ортаның пайда болуына алып келетін материалдарды орналастырудың аса қауіпсіз тәсілдерін пайдаланып;       4) тотықтырғыш және (немесе) жанғыш заттар ортасында қауіпсіз концентрациясын ұстап;       5) қорғалатын көлемге флегматизаторды енгізу арқылы жанғыш ортада тотықтырғыш концентрациясын азайтып;       6) жалынның таралуы болмайтын ортаның температурасын және қысымын ұстап тұру;       7) жанғыш заттармен жұмыс істеуге байланысты технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру;       8) жеке үй-жайда немесе ашық алаңқайда өрт қауіпті жабдықты орнату;       9) жанғыш заттарды үй-жай немесе құрылғы көлеміне шығуын болдырмайтын, үй-жайда жанғыш ортаның пайда болуын болдырмайтын өндірістік жабдықтарды қорғау құрылғысын қолданып;       10) үй-жай, технологиялық жабдық және коммуникациядан өндірістің өртқауіпті қалдықтарын, шаң, мамық жиналуын жойып қол жеткізіледі.       13. Жанғыш ортада жану көздерінің пайда болу жағдайларын болдырмауға мына тәсілдермен:       1) жарылыс қауіпті және (немесе) өрт қауіпті аймақ класына, жарылыс қауіпті қоспа санаты мен тобына сәйкес келетін электр жабдығын қолданып;       2) құрастырылымға электр қондырғысы және жану көздерінің пайда болуына алып келетін басқа құрылғылардың қорғаныш ажыратудың жылдам әсер ететін құралдарын қолданып;       3) статикалық электрдің пайда болуын болдырмайтын технологиялық процестерді жүргізудің жабдықтары мен режімін қолданып;       4) ғимарат, имарат және жабдықты жайдан қорғау құрылғысымен;       5) жанғыш ортамен байланыста болатын заттар, материалдар және беттердің қызуының қауіпсіз температурасын ұстап;       6) жанғыш ортада ұшқын разрядының энергиясын қауіпсіз мәнге дейін шектеу тәсілдері мен құрылғысын қолданып;       7) тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш газдармен жұмыс істеген кезде, ұшқынға қауіпсіз аспапты қолданып;      8) заттар, материалдар және бұйымдардың жылу, химиялық және (немесе) микробиологиялық өздігінен жануы үшін жағдайларды болдырмау;       9) пирофор заттардың ауамен байланысын болдырмау;       10) жанғыш ортаны жану көзінен оқшаулау (оқшауланған бөлік, камера, кабинаны қолданып) қол жеткізіледі.       14. Жану көздері параметрінің қауіпсіз мәндері оның ішінде айналатын заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштері негізінде технологиялық процесті жүргізу шартында анықталады.
Өрттен қорғау жүйесіне қойылатын талаптар
      15. Адамдар мен мүлікті өрттің қауіпті факторының әсерінен қорғау және (немесе) оның салдарын шектеуге мына тәсілмен қол жеткізіледі:       1) көлемдік-жоспарлық шешімдерді және ошақтан тыс өрттің таралуын шектеуді қамтамасыз ететін құралдарды қолданып;       2) өрт кезінде адамдарды қауіпсіз көшіру талаптарын қанағаттандыратын эвакуация жолдары құрылғысымен;       3) өртті анықтау, өрт кезінде адамдарды хабарландыру және көшіруді басқару жүйесі құрылғысымен (өрт сигнал беру жабдығы қондырғысы және жүйесі);       4) өрттің қауіпті факторы әсерінен адамдары ұжымдық қорғау жүйесі (оның ішінде түтінге қарсы) және жеке қорғау жүйелерін қолдану;       5) ғимараттардың, имараттардың және құрылыстардың талап етілетін отқа төзімділігі дәрежесіне және оның құрылымдық өрт қауіпсіздігі класына сәйкес келетін отқа төзімділік шектерімен және өрт қауіпсіздігі кластарымен, сондай-ақ көшіру жолдарында құрылыс құрастырылымдарының беткі қабаттарының (әрлеу, қаптама және оттан қорғау құралдары) өрт қауіпсіздігін шектеумен негізгі құрылыс құрастырылымдарын қолдану;       6) құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділік шектерін арттыру үшін оттан қорғау құрамдарын (соның ішінде антипиренттерді және оттан қорғау бояуларын) қолдану;       7) өртке қауіпті сұйықтықтарды апаттық төгу және жанғыш газдарды аппаратурадан апаттық жою құрылғылары;       8) жарылысқа қарсы қорғау жүйелерінің технологиялық жабдығына орнату;       9) өрт сөндірудің алғашқы құралдарын қолдану;       10) өрт сөндірудің автоматты қондырғыларын қолдану;       11) өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру. . Әрбір ғимараттар мен имараттарда өрт кезінде адамдарды қауіпсіз көшіруді қамтамасыз ететін эвакуациялық жолдарды көлемдік-жоспарлық шешу және құрастырылымдық орындау болуға тиіс. Адамдарды қауіпсіз көшіру мүмкін болмаған жағдайда, ұжымдық қорғау жүйелерін қолдану арқылы оларды қорғау қамтамасыз етілуге тиіс.      17. Адамдарды қауіпсіз көшіруді қамтамасыз ету үшін:       1) көшіру жолдары мен шығатын жолдардың қажетті санын және оларды тиісті құрылымдық орындау белгіленуге;       2) Эвакуация жолдарымен және эвакуациялық шығу жолдары арқылы адамдардың еркін қозғалуы қамтамасыз етілуге;       3) адамдарға хабарландыру тарату және олардың көшіру жолдарымен қозғалуын басқару (соның ішінде жарық көрсеткіштерін пайдаланып, дыбыстап және сөйлеп хабарландыру) ұйымдастырылуға тиіс. Егер өрт анықталған сәттен бастап адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру процесі аяқталғанға дейінгі уақыт аралығы өрт кезінде адамдарды көшірудің қажетті уақытынан аспаса, өрт кезінде адамдарды ғимараттардан, имараттардан және құрылыстардан қауіпсіз көшіру қамтамасыз етілді деп есептеледі.       Қажетті және есептеу уақыты, сондай-ақ адамдарды кедергісіз және өз уақытында көшіру шарттары Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың, құрылыс нормалары мен ережелерінің және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады. Өрттің қауіпті факторлары әсерінен адамдарды ұжымдық қорғау жүйелері мен жеке қорғау құралдары өрттің қауіпті факторлары әсер ететін барлық уақыт ішінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Адамдарды ұжымдық қорғау жүйелері өрттің даму және өртті сөндіру уақыты немесе өртке қауіпті аймаққа адамдарды көшіруді қажетті уақыт ішінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Осы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі ғимараттардағы, имараттардағы және құрылыстарда қауіпсіз аймақтарды көлемдік-жоспарлық және құрастырылымдық орындау арқылы (соның ішінде түтіндемейтін саты торларын салу арқылы), сондай-ақ өрттің қауіпсіз факторлар әсерінен көшіру жолдарына адамдарды техникалық қорғау құралдарын пайдалану арқылы қол жеткізілуге тиіс. Адамдарды жеке қорғау (соның ішінде көру және тыныс алу органдарын қорғау) құралдары қауіпсіз аймаққа адамдарды көшіруді қажетті уақыт ішінде немесе өрт сөндіру жөнінде арнайы жұмыстар жүргізуге қажетті уақыт ішінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Адамдарды жеке қорғау құралдары эвакуацияланатын және құтқарылатын адамдарды қорғау үшін де, сол сияқты өрт сөндіруге қатысатын өрт сөндірушілерді қорғау үшін де қолданылуға тиіс.      Ғимараттарды, имараттарды және құрылыстарды тыныс алу және көру органдарын жеке қорғау құралдарымен, сондай-ақ құтқару құрылғыларымен қамтамасыз ету қажеттігі осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормалары мен ережелерінің және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.      Ғимараттарды, имараттарды немесе құрылыстарды түтінге қарсы қорғау жүйесі көшіру жолдарында және қауіпсіз аймақтарда қауіпті өрт факторлары әсерінен адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіруді қажетті уақыт ішінде немесе өрттің дамитын барлық уақыты және жанатын және термикалық бөлшектенетін өнімдерді жою және (немесе) олардың таралуының алдын алу арқылы өртті сөндірудің барлық уақытында адамдарды қорғау қамтамасыз етілуге тиіс.Түтінге қарсы қорғау жүйесі:       1) өрт кезінде түтіндеумен күресу үшін ғимараттар мен имараттарды көлемдік-жоспарлау орындауды;       2) өрт кезінде түтіндеумен күресу үшін ғимараттар мен имараттарды құрастырылымдық орындауды;       3) қорғалатын үй-жайларда, тамбур-шлюздерде және саты торларында ауаның артық қысымын жасау үшін ағынды түтінге қарсы желдетуді;       4) жану және термикалық бөлшектену өнімдерін жою үшін механикалық және табиғи сору түтінге қарсы желдету құрылғылары мен құралдарын қолданып, қорғау тәсілдерін қарастыруға тиіс.      . Ғимараттар мен құрылымдарды түтіннен қорғау жүйелері осы Техникалық регламенттің, мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласында нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс. Ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстарда ғимараттардың, имараттардың, құрылыстардың отқа төзімділігінің талап етілетін дәрежесіне және олардың құрастырылымдық өрт қауіпсіздігі класына сәйкес келетін отқа төзімділік шектерімен және өрт қауіпсіздігі кластарымен негізгі құрылыс құрастырылымдары қолданылуға тиіс.     Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың қажет етілетін отқа төзімділік дәрежесі және олардың құрастырылымдық өрт қауіпсіздігі класы осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласында нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес белгіленеді. Құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділігі және өрт қауіпсіздігі класы олардың құрастырылымдық орындалуы, тиісті құрылыс материалдарын қолдану, сондай-ақ оттан қорғау құралдарын пайдалану есебінен қамтамасыз етілуге тиіс.      Ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың отқа төзімділік дәрежесіне байланысты таңдалатын құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділігінің талап етілетін шектері осы Техникалық регламентінің  HYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P090000014_" \l "z718" 5-қосымшасының 1-кестесінде берілген.      Өрттің өрт ошағы шегінен тыс таралуын шектеу мынадай тәсілдермен:       1) өртке қарсы бөгеттер салу;       2) өрт бөліктерін және секцияларын салу, сондай-ақ ғимараттардың, имараттар мен құрылыстардың қабаттарын шектеу;       3) өрт кезінде қондырғылар мен кәріздерді апаттық ажырату және қайта қосу құрылғыларын қолдану;       4) өрт кезінде сұйықтықтардың төгілуі мен ағуының алдын алатын немесе шектейтін құралдарды қолдану;       5) жабдық ішіне отты бөгейтін құрылғыларды қолдану;       6) өрт сөндіру қондырғыларын қолдану тәсілдерімен қамтамасыз етіледі. Қалаларды, елді мекендерді және шаруашылық объектілерін ұялы өрт техникасы сапта тұруға тиісті өртке қарсы қызмет бөлімшелері қорғауға тиіс.      Ғимараттарды, құрылымдарды және құрылымдарды жобалау, кеңейту, қайта құрастыру, оларды салудың технологиялық процесін өзгерту кезінде осы Техникалық регламенттің, сондай-ақ "Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасы қауіпсіздігіне қойылатын талаптар"  HYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P090000016_" \l "z4" техникалық регламентінің , "Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылымдарды автоматты өрт сөндіру жүйелерімен және автоматты өрт сигналымен жабдықтау жөніндегі талаптар, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды көшіруді басқару"  HYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000796_" \l "z4" техникалық регламентінің , Қазақстан Республикасы аумағында қолдану үшін рұқсат етілетін санитарлық нормалар мен ережелердің және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптары сақталуға тиіс.       33. Өрт сөндіруді автоматты қондырғылар үй-жайда (ғимаратта):       1) өрттің қауіпті факторларының сыни мәндері туындағанға дейін;       2) құрылыс құрастырылымдарының отқа төзімділігі шектері пайда болғанға дейін;       3) қорғалатын мүлікке ең үлкен жол берілетін зиян тигенге дейін;       4) технологиялық қондырғыларды бұзу қаупі туындағанға дейін өртті жоюды қамтамасыз етуге тиіс. Автоматты өрт сөндіру қондырғысының типі, өрт сөндіретін құралдың түрі және оны өрт ошағына беру тәсілі жанғыш материалдың, ғимаратты немесе құрылымды көлемдік-жоспарлық орындау түріне және қоршаған орта параметрлеріне байланысты анықталады.      Өртті анықтау (өрт сигнализациясы қондырғылары мен жүйелері), өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды көшіруді басқару жүйелері нақты объект жағдайларында адамдарды қауіпсіз (жол берілетін өрт қаупін ескеріп) көшіруді ұйымдастыру мақсатында өрт туралы хабарлау жүйелерін қосуға қажетті уақыт ішінде өртті автоматты анықтауды қамтамасыз етуге тиіс. Ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстар өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін қызмет көрсетуші қызметкерлердің өртті жою қажеттігі жағдайларына сүйеніп алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуға тиіс.       Ғимараттардағы, құрылымдардағы және құрылыстардағы алғашқы өрт сөндіру құралдарының номенклатурасы, саны мен орындары жанғыш материалдың, ғимаратты немесе құрылымды көлемдік-жоспарлық орындау түріне және қоршаған орта параметрлері мен қызмет көрсететін қызметкерлердің орналасқан орындарына байланысты анықталады. Ықтимал өрттерді жою үшін жеке меншік түріне қарамастан ұйым аумағында, ғимараттарында, құрылымдары мен құрылыстарында өртке қарсы сумен жабдықтау көздері болуға тиіс. Өртке қарсы сумен жабдықтау көздері ретінде табиғи және жасанды су қоймаларын, сондай-ақ ішкі және сыртқы су құбырын (соның ішінде ауыз су, шаруашылық-ауызсу, шаруашылық және өртке қарсы) пайдалану керек.      Табиғи су қоймаларын, жасанды су қоймаларын және өртке қарсы су құбырын пайдалану қажеттігі, сондай-ақ олардың параметрлері Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген құрылыс нормалары мен ережелерінің және белгіленген тәртіппен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.
 Төтенше жағдай кезінде қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер
     Төтенше жағдай енгiзiлген кезде қолданылатын               негiзгi шаралар мен уақытша шектеулер      Төтенше жағдай енгiзiлген кезде оның күшiнде болу кезеңiне мынадай негiзгi шаралар мен уақытша шектеулер:      1) қоғамдық тәртiптiң сақталуын, аса маңызды мемлекеттiк және стратегиялық объектiлердiң, сондай-ақ халықтың тыныс-тiршiлiгiн және көлiк қызметiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн объектiлердiң күзетілуін күшейту;       2) төтенше жағдай енгiзiлген жерде жүрiп-тұру еркiндiгiн, оның iшiнде көлiк құралдары қозғалысының еркiндiгiн шектеу;       3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды  HYPERLINK "http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K010000155_" \l "z665" жеке тексеру, олардың жанындағы заттарын, көлiк құралдарын тексеру;       4) төтенше жағдай енгiзiлген жерге немесе Қазақстан Республикасының аумағына кiруге, сондай-ақ олардан шығуға шектеу белгiлеу;       5) жиналыстарды, митингiлер мен демонстрацияларды, шерулер мен тосқауылдарға тұруды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды, сондай-ақ туумен, үйлену тойымен, қайтыс болумен байланысты отбасылық салт-жораларды өткізуге тыйым салу немесе шек қою;      6) ереуiлдерге және заңды тұлғалардың қызметiн тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдiстерiне тыйым салу;       7) жарылғыш, радиоактивтi, сондай-ақ химиялық және биологиялық қауiптi заттарды пайдаланатын заңды тұлғалардың қызметiн тоқтата тұру;       8) егер төтенше мән-жайларға байланысты материалдық және мәдени құндылықтардың жойылуының, ұрлануының немесе бүлiнуiнiң нақты қаупi болса, оларды қауiпсiз аудандарға көшiру;       9) төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде ол қолданылатын бүкiл кезең iшiнде сайлау және республикалық референдумдар өткiзуге тыйым салу;      10) үкiметтiк байланысты қоспағанда, байланыс желiлері мен құралдарының қызметін тоқтата тұру көзделеді.

Приложенные файлы

  • docx 15535040
    Размер файла: 33 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий