Денсаулық пен байланысты өмір сапасы. Денсаулық..


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНА ЖАНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУБАӨЖТақырыбы:«Денсаулық пен байланысты өмір сапасы. Денсаулықтың валеологиялық аспектілері »Орындаған:Аманжолова А.Қ.320-топ ЖМФ.Тексерген:Блялова А.Қ.Қарағанды 2012ж ЖоспарыКіріспе.Салауатты өмір сүру салты. Салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлар. Денсаулықтың валеологиялық аспектілері.Қорытынды.Қолданылған әдебиеттер. Кіріспе“Бірінші байлық - денсаулық” “Қазақстан - 2030” бағдарламасында көрсетілгендей,өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден – ішімдік,нашақорлық,шылым шегушіліктің денсаулыққа,болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіре отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығына 10% дәрігерлік көмек, 15% – тұқымқуалаушылықтан, 25% – қоршаған ортадан, ал 50% – адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен. Денсаулыққа кері әсер ететін факторларға мыналар енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы. Қоғамдағы денсаулық мәдениеттілікке байланысты. Неғұрлым мәдениет төмен болса, соғұрлым қоғамдағы денсаулық төмен болады. Осыдан шығатын қорытынды: Баланы жас кезінен бастап өзінің денсаулығын сақтай білуге үйрету. Осыған орай денсаулықты сақтау екі бағытта жүргізілуі керек. 1) Әрбір адамға валеологиялық білім беру ең жас кезінен бастап берілуі тиіс; 2) тұлғаның өзін-өзі төрбиелеуі — креативті валеология (сгеаytіо — жасап шығару) өзің жасап шығар. Валеологиялық білімде физикалық, эмоционалдық, интеллектуалдылық, әлеуметтік және тұлғалық аспектілер болады. Физикалық аспект дегеніміз — ағзаларда өтетін физиологиялық үрдістер, интеллектуалдылық-денсаулық жайындағы ақпараттарды қабылдау; эмоционалдық аспект — түсінік және оларды қорыту, екінші біреуге өз мағынасында жеткізу; тұлғалық аспект дегеніміз — тұлғаның өзіндік биологиялық ерекшелігі. Табиғатта жанды да, жансыз да дененің өмір сүруінің негізгі көзі — ауа, күн, су құрылымдары болғандықтан, денсаулықты сақтау үшін осы аталған табиғат құбылыстарын дұрыс пайдалана білу;Жеке бастың тазалығы;Дұрыс тамақтану жүйесі;Экологияның бұзылуына байланысты күнделікті тіршілікте сауықтыру жүйесін өз бетінше саналы түрде шығармашылық жүйемен үйлестіру;Жас ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаның күш-қуатын пайдаланудың міндеттерін білу;Дененің жан-жақты үйлесімді дамуы;Дене шынықтыру — сауықтыру ісін меңгеру процесінде жеке бастың айқындалуы;Серуендеу және саяхат жасау жүйесінен хабардар болу. Қорытынды Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық. Қолданылған әдебиеттер С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. — Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994.Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. — Алматы: Қайнар, 1991.Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі. — Алматы: Мектеп, 1988.Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі. — Алматы: Ана тілі, 1994.Бутин И.М. Лыжный спорт. — Москва: Академия, 2002.Е. Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: Рауан, 1991.Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тәрбиесі. — Алматы: Рауан, 1991. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. — Алматы: Санат, 2000

Приложенные файлы

  • ppt 15534950
    Размер файла: 458 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий